Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011 жылғы 8 қарашадағы N 354 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7320 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 130 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 02.05.2013 № 130 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ереженің 10-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Жауапты хатшысы Д.М.Шәженоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                      М.Құсайынов

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму 
және сауда министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 8 қарашадағы № 354     
бұйрығымен бекітілген        

Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізу, әзірлеу және мониторингілеу қағидасы мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) мемлекеттік қызметтер тізілімі - мемлекеттік қызметтерді алушылар, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар және олардың басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылатын тізбесін қамтитын нормативтік құқықтық акт (бұдан әрі - Тізілім).
      2) мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын өзге де жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі.
      3) мемлекеттік қызметті алушы - оның өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға.
      4) мемлекеттік қызметті көрсету субъектісі - мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілері).
      Тізілім әзірлеуді, жүргізуді және мониторингілеуді Тізілімді қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады;
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметі мына өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
      мемлекеттік қызметтерді алушылармен өзара іс-қимылы;
      мемлекеттік қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын және міндеттерін жүзеге асыруға бағытталуы; белгілі бір нәтиженің болуы.

2. Тізілімді әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу тәртібі

      3. Тізілімді әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілері көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы анық және толық ақпаратпен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік қызмет мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      мемлекеттік қызметті алушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған;
      мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған;
      дара сипатта болуы;
      мемлекеттік қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы.
      Тізілімге енгізуге мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілері көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер жатады.
      5. Тізілімді әзірлеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді айқындау мәніне қарау жолымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларына жыл сайынғы түгендеу мен талдау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
      6. Тізілімді жүргізу және мониторингілеу Мемлекеттік қызметті тізілімге қосу және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің, орталық мемлекеттік органның, мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, ведомстволық бағынысты ұйымның, өзге де жеке және заңды тұлғаның, өтініштер қабылдайтын және ресімделген құжаттарды беретін ұйымдардың атауларының, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны түрлерінің өзгеруі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтиды.
      7. Уәкілетті орган жыл сайын (қажеттілігі бойынша):
      1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілері көрсететін мемлекеттік қызметтерді қосу/алып тастау (редакциясын өзгерту) арқылы Тізілім мазмұнын жаңартады;
      2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қарау жолымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларына жыл сайынғы түгендеу мен талдау жүргізеді;
      3) мазмұнының өзектілігі тұрғысынан Тізілімге мониторинг жүргізеді;
      4) бекітілген тәртіпте Тізілімге енгізілетін және/немесе Тізілімде бар ақпаратты нақтылау үшін қажет мәліметке сұрау салады.
      8. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
      1) олардың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде Тізілімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді. Егер, мемлекеттік қызметке қатысты ақпаратты ұсынуды ұйымдастыруға бірнеше орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қатысатын болса, ұсынысты мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынатын болады;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өкілеттілігі берілген, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өкілеттікті өзгертетін немесе жоятын нормативтік құқықтық акті күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсынады.
      9. Тізілімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу үшін негіздемелер:
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өкілеттікпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік қызметтерді түзетуге немесе алып тастауға өкілеттік беретін нормативтік құқықтық актілері;
      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жыл сайынғы түгендеу және талдау нәтижелерінің деректері;
      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары болып табылады.
      10. Тізілімде мынадай мәліметтер қамтылады:
      мемлекеттік қызметтің атауы;
      мемлекеттік қызметтерді алушылар (жеке/заңды тұлғалар);
      мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік органның атауы;
      мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, ведомстволық бағынысты ұйымның, өзге де жеке және заңды тұлғаның атауы;
      өтініштер қабылдайтын және ресімделген құжаттарды беретін ұйымдардың атауы;
      мемлекеттік қызметті көрсету нысанының түрі (электрондық, қағаз түрінде). 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады