Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. "Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 8 қарашадағы № 353 және "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 8 қарашадағы N 354 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 130 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) "Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а 2011 жылғы 8 қарашадағы № 353 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7319 тіркелді, 2012 жылы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) "Казахстанская правда", 2012 жылғы 18 мамырдағы № 71 "Юридическая газета" газеттерінде жарияланған);
      2) "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011 жылғы 8 қарашадағы N 354 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7320 тіркелді, 2012 жылы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) "Казахстанская правда", 2012 жылғы 4 мамырдағы № 64 "Юридическая газета" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.А. Құдайбергенова) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                              Е.Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады