Бiрiктiрiлген көрсеткiш пен кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке ең жоғары арақатынас мөлшерiн, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмiтсiз берешектi кешiру негіздері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 185 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7360 тіркелді

      Қолданушылар назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз. 

      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Бiрiктiрiлген көрсеткiш пен кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке ең жоғары арақатынас мөлшерiн, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмiтсiз берешектi кешiру негіздері мен тәртібін айқындау ережесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және қоса алғанда 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Министр Б.Б. Жәмішев
      _________________
      2011 жылғы 12 желтоқсан
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 25 қарашадағы
№ 185 қаулысымен
бекітілді

Бiрiктiрiлген көрсеткiш пен кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке ең жоғары арақатынас мөлшерiн, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, үмiтсiз берешектi кешiру негіздері мен тәртібін айқындау ережесі

      1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бiрiктiрiлген көрсеткiш пен кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке ең жоғары арақатынас мөлшерiн айқындау тәртібін, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін айқындау тәртібін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) үмiтсiз берешектi кешiру негіздері мен тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереженің мақсаттары үшін үмiтсiз берешек деп кредит бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі – № 296 Ереже) сәйкес үмітсіз ретінде айқындалған берешек түсініледі.
      Үмітсіз берешекке өзара байланысты тараптарға не «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (бұдан әрі – Салық кодексi) сәйкес айқындалатын өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға банк берген берешек кірмейді.
      3. Кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке арақатынасының ең жоғары мөлшерi 0,1 коэффициентіне тең.
      Бiрiктiрiлген көрсеткiш № 296 Ережеге сәйкес жіктелетін берілген кредиттер бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасына (күнтізбелік жылдың басындағы) тең.
      Банк үмiтсiз берешектi кешіру туралы шешім қабылдаған күні есептік көрсеткіштің банктің күнтізбелік жылдың басында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегi № 358 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес айқындалған меншікті капиталының он пайызынан асуына жол берілмейді.
      4. Заемшыға үмітсіз берешекті кешіру үшін мынадай жағдайлардың бірі негіз болып табылады:
      1) банктің үмітсіз берешекті өндіруге байланысты күтілетін шығыстарының берешектің немесе қамтамасыз ету немесе заемшының өзге мүлкінен асып кетуі;
      2) «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шартты жасау күнiне негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз ететiн кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде кредиттің кепiлге берiлген мүлiк сатылғаннан кейін өтелген сомасына кредитті қайтару жөніндегі міндеттемені тоқтату (есептен шығару);
      3) банктің заемшыға және (немесе) заемшымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаға берешекті өндіріп алу бойынша мынадай шараларды қолдануы, егер кешірілетін үмітсіз берешек үмітсіз берешектің қамтамасыз ету немесе заемшының өзге мүлкінің сомасынан және (немесе) заемшымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның мүлкінен асып кету мөлшерін құраса (заемды қайта құрылымдау және (немесе) заемшыға қатысты сауықтыру рәсімдерін жүргізу жағдайларын қоспағанда):
      заемшыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені банктің уәкілетті органының қарауына енгізу. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау банктің Ішкі кредиттік саясат туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
      заемшы жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде алатын, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін, заемшының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарындағы ақшаны қоспағанда, заемшының және (немесе) заемшымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның кез келген банк шотындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алу (егер осындай өндіріп алу банктік заем шартында келісілген жағдайда).
      5. Ереженің осы тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген шаралар банктің мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы алдында қолданылады:
      1) заемшыға банктік заем шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және заемшының өз міндеттемелерін орындамау салдарлары, банк хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заемшыдан төлемдер енгізу бойынша бас тарту алу не заемшыдан жауаптың болмауы немесе почта байланысы қызметін көрсететін тұлғаның хабарламаны заемшы көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлау;
      2) заемшымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаға банктік заем шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және көрсетілген үшінші тұлғаның өз міндеттемелерін орындамау салдарлары, банк хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген үшінші тұлғадан төлемдер енгізу бойынша бас тарту алу не көрсетілген үшінші тұлғадан жауаптың болмауы немесе почта байланысы қызметін көрсететін тұлғаның хабарламаны көрсетілген үшінші тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлау;
      3) уәкілетті мемлекеттік органдарға заемшының және (немесе) заемшымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның меншігінде Қазақстан Республикасының аумағында басқа кредиторлардың құқықтарымен ауыртпалығы жоқ жылжымайтын мүліктің немесе автокөлік құралдарының болуы туралы сұрату жіберу. Уәкілетті мемлекеттік органдар осындай мүліктің болуы немесе болмауы туралы жауап берген немесе осындай мүліктің болуы туралы мәліметтер беруден бас тартқан не жоғарыда көрсетілген жауаптарды банктің "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде алмаған кезде осы шара орындалған болып саналады;
      4) почта байланысы қызметін көрсететін тұлғаның растауын алған, хабарламаны заемшының және (немесе) үшінші тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдарға заемшының және (немесе) заемшымен ортақ немесе қаражаттандыру жауапкершілігін атқаратын үшінші тұлғаның орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау туралы сұрату жіберу.
      6. Үмітсіз берешекті кешіру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) үмітсіз берешекті кешіру осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады;
      2) банктің басқару органы бекіткен Ішкі кредиттік саясат туралы ережеде айқындалған банк органының әрбір кредит бойынша осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша үмітсіз берешекті кешіру туралы шешімі қабылданады, онда сондай-ақ заемшы туралы мәліметтер, кешіру туралы шешім қабылданған өтелмеген үмітсіз берешектің жиынтық мөлшері, банктің үмітсіз берешекті өндіруге байланысты шығыстарының мөлшері көрсетіледі;
      3) кешірілген үмітсіз берешектің сомалары банктің берілген кредиттер бойынша талаптарын азайтады, олар осы кредиттер бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебінен банктің бухгалтерлік балансынан есептен шығарылады;
      4) заемшы үмітсіз берешекті кешіру туралы хабардар етіледі. Заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын заемшылардың кредиттері бойынша үмітсіз берешек кешірілген жағдайда, банктер сондай-ақ Салық кодексінің 581-бабының 10) тармақшасында айқындалған тәртіппен заемшы – салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша заемшының міндеттемелерін есептен шығару туралы салық органын хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады