Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 180 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 қаңтарда № 7386 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Депозитарлық қызметті жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      1-тармақтың:
      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) есепке алу ұйымы – уәкілетті органның лицензиясы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – тіркеуші), банк-кастодиан, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер;»;
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуымен тіркеушінің;»;
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Депоненттер, олардың клиенттері, орталық депозитариймен тиісті шарт жасасқан эмитенттер және уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар орталық депозитарийдің депозитарлық қызметті жүзеге асыруы кезіндегі клиенттері болып табылады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде тіркеушілер орталық депозитарийдің клиенттері болып табылады.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге арналған үлгі шартты бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 239 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5538 тіркелген) бекітілген үлгі нысанға сәйкес тіркеушілермен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге шарттар жасайды.»;
      40-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тіркеуші лицензиясының қолданылуын бір айдан асатын мерзімге тоқтата тұрған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізуге эмитенттермен жасалған шарттар бұзылса.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағының cегізінші және тоғызыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады