Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қаңтарда № 7388 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу бойынша оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2000 жылғы 29 тамызда № 211 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) екінші деңгейдегі банктер - екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.»;
      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық Банк Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банктің филиалдарына, шет елдердің орталық (ұлттық) банктеріне және қаржы полициясы органдарына айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерін ауыстыру талаптары мен мерзімдерін назарда ұстау үшін жібереді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерін жібереді.»;
      11-тармақ алып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырады.».
      Қабылданған ақша белгілерінің төлемділігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) белгіленген тәртіппен айқындалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г.Марченко 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады