"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 646 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 20 қаңтарда № 7393 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде:
      Ережеге 1-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы 1-ГЗ есептің нысаны»;
      Ережеге 2-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны»;
      Ережеге 2-1-қосымшадағы атау мынадай редакцияда жазылсын:
      «Орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептің нысаны»;
      3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық
мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып,
есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесіне
қосымша

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпарат

Тапсырыс берушінің атауы

ҰҚНК

Шарт нөмір

Шарт күні

Сатып алу тәсілі

Шарт соммасы

шарттың мәнінің саны

қазақстандық мазмұн, теңге

қазақстандық мазмұн, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенің жалғасы

оның ішінде

Тауарлар

жұмыстар

көрсетілетін қызметтер

Сомма, барлығы

тауардағы қазақстандық мазмұн, теңге

тауардағы қазақстандық мазмұн, %

Сомма, барлығы

жұмыстағы қазақстандық мазмұн, теңге

жұмыстағы қазақстандық мазмұн, %

Сомма, барлығы

көрсетілетін қызметтегі қазақстандық мазмұн, теңге

көрсетілетін қызметтегі қазақстандық мазмұн, %

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанының бағандағы сипаттамасы

Есептік деректер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде атқарушы шарттар бойынша қалыптасады Электронды түрдегі есепте келесі бағандар көрсетіледі:
«Тапсырыс берушінің атауы» 1-бағанында тапсырыс берушінің толық атауы болады «КОПФ» 2-бағанында тапсырыс берушінің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды болады «Шарт нөмірі» 3-бағанында шартқа берілген нөмір көрсетіледі
«Шарт күні» 4-бағанында "жылы, айы, күні" нысанында (00.00.0000) шарт жасасу күні көрсетіледі «Сатып алу тәсілі» 5-бағанында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың нақты тәсілі көрсетіледі «Шарт соммасы» 6-бағанында шарттың нақты соммасы көрсетіледі «Шарт мәнінің саны» 7-бағанында шарттың мәнінің саны көрсетіледі
«Қазақстандық мазмұн, теңге» 8-бағанында осы шарттағы қазақстандық мазмұнының жалпы соммасы теңгеде көрсетіледі «Қазақстандық мазмұн, %» 9-бағанында осы шарттағы қазақстандық мазмұнының үлесі пайызда көрсетіледі «оның ішінде» 10-18-бағандарында сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің қазақстандық мазмұнының көрсеткіштері жеке көрсетіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады