Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 ақпандағы № 7409 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2016 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Сурет" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Кескiндеме" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Станокты композиция" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Қолданбалы композиция" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Мүсін" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Пленэр" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Арнайы фортепиано" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің "Скрипка" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Баян" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Флейта арнайы сыныбы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Саксофон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Труба" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Эстрадалық вокал" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Орыс халық аспаптары оркестрі" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Классикалық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Халықтық-сахналық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Акробатика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Гимнастика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Эквилибристика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Жонглерлеу" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Клоунада" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Цирк өнерінің тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Тарихи-тұрмыстық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Бал биі" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Заманауи би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Актерлік шеберлік негіздері" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Дауысты қою (вокал)" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Ритмика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Қазақстан хореографиясы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Соқпалы аспаптар" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Балалайка" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Гобой" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Академиялық ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Гитара" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Альт" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Аккордеон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Домра" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің оркестрлік джаз сыныбының "Аспап" (труба) пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Эстрадалық-джаздық ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Халық әні" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы;

      46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің мектепке дейінгі бес-алты жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы;

      47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің жеті-сегіз жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы;

      48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің тоғыз-он жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы;

      49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің он-он бір жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы;

      50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің бейіндік сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы;

      51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      52) осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Виолончель" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      53) осы бұйрыққа 53-қосымшаға сәйкес балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Компьютерлік сызу өнері және дизайн" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      54) осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Дәстүрлі ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      55) осы бұйрыққа 55-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Этносольфеджио" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      56) осы бұйрыққа 56-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Шетелдік хореография" білім беру бағдарламасы;

      57) осы бұйрыққа 57-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" білім беру бағдарламасы;

      58) осы бұйрыққа 58-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Сахналық қимылдардың негіздері" білім беру бағдарламасы;

      59) осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Театр тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      60) осы бұйрыққа 60-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Сахна қозғалысы" білім беру бағдарламасы;

      61) осы бұйрыққа 61-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Қазақ театрының тарихы" білім беру бағдарламасы;

      62) осы бұйрыққа 62-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Сахна тілі" білім беру бағдарламасы;

      63) осы бұйрыққа 63-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің (театр бөлімі) "Таңдау бойынша пән: "Көркемсөз негіздері", "Сахналық би", "Жеке вокал", "Музыкалық аспап" және басқа" білім беру бағдарламасы;

      64) осы бұйрыққа 64-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің (цирк өнері бөлімі) "Таңдау бойынша пән: "Хореография", "Театр шеберлігі", "Музыкалық сауат және музыканы тыңдау", "Грим" және басқалары" білім беру бағдарламасы;

      65) осы бұйрыққа 65-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Сахна тілі" білім беру бағдарламасы;

      66) осы бұйрыққа 66-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Сыбызғы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      67) осы бұйрыққа 67-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Фагот" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      68) осы бұйрыққа 68-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Сурет" білім беру бағдарламасы;

      69) осы бұйрыққа 69-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Кескіндеме" білім беру бағдарламасы;

      70) осы бұйрыққа 70-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Джаздық сольфеджио" білім беру бағдарламасы;

      71) осы бұйрыққа 71-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Тромбон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      72) осы бұйрыққа 72-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Кларнет" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      73) осы бұйрыққа 73-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Шертер" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      74) осы бұйрыққа 74-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Валторна" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      75) осы бұйрыққа 75-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Грим", "Актерлік шеберлік", "Акробатика", "Қосымша музыкалық аспап", "Сахна өнері" және басқа" білім беру бағдарламасы;

      76) осы бұйрыққа 76-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Сахна қозғалысының негіздері" білім беру бағдарламасы;

      77) осы бұйрыққа 77-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Грим", "Қуыршақ жасау", "Бутафория жасау", "Көркемсөз негіздері" және басқалары" білім беру бағдарламасы;

      78) осы бұйрыққа 78-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Қол пластикасы" білім беру бағдарламасы;

      79) осы бұйрыққа 79-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Дүниежүзілік кино тарихы" білім беру бағдарламасы;

      80) осы бұйрыққа 80-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Режиссура" пәні бойынша білім беру бағдарламасы;

      81) осы бұйрыққа 81-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Қуыршақ жүргізу" білім беру бағдарламасы;

      82) осы бұйрыққа 82-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Алдын ала қарауға арналған семинар" білім беру бағдарламасы;

      83) осы бұйрыққа 83-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Қолөнер", "Компьютерлік графика", "Экспериментальдік үлгілеу" және басқалары" білім беру бағдарламасы;

      84) осы бұйрыққа 84-қосымшаға сәйкес балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Ансамбль", "Қосымша музыкалық аспап", "Электронды пернелі аспаптар", "Сүйемелдеу", "Вокал", "Нотаны парақтан оқу", "Суырып салу", "Композиция", "Дирижерлеу", "Ритмика"" білім беру бағдарламасы;

      85) осы бұйрыққа 85-қосымшаға сәйкес балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Дыбыс жазу және видеоға түсіру", "Сценарийлік шеберлік", "Операторлық шеберлік" және басқалары" білім беру бағдарламасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) Осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралык ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 1-қосымша

Балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспары

      Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Аспаптық сынып

Пән

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Емтихан

Оқыту мерзімі


5 жыл

7 жыл

9 жыл

Оқу аптасының саны

Барлық сағат

Даярлық сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

сыныптар

1.

Арнайы сынып (фортепиано, ішекті аспаптар, (скрипка, альт, виолончель), қазақ халық аспаптары (домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, шертер, сыбызғы), орыс халық аспаптары (домра, балалайка, гитара, баян, аккордеон), үрлемелі (флейта, кларнет, гобой, фагот, саксофон, труба, тромбон, валторна), соқпалы аспаптар

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

34

680

5, 6, 7, 8, 9

2.

Сольфеджио

1

2

2

2

2

2

2

2

2

2

34

646

5, 7


Этносольфеджио қазақ ұлттық аспаптары үшін

3.

Ұжымдық музыкалық пәндер (хор, ансамбль, оркестр)

-

1

1

1

1

3

3

3

3

3

34

646


4.

Қазақ музыка әдебиеті (оқыту мерзімі 5-7 жыл)




1

1

1





34

102


5.

Қазақ музыка әдебиеті (оқыту мерзімі 7-9 жыл)






1

1

1

-

-

34

102


6.

Әлем музыка әдебиеті (оқыту мерзімі 5-7 жыл)



1

1

1

1



-

-

34

136


7.

Әлем музыка әдебиеті (оқыту мерзімі 7-9 жыл)





1

1

1

1



34

136


8.

Тандау бойынша пән (ансамбль, сүйемелдеу, нотаны парақтан оқу, қосымша музыкалық аспап, вокал, электронды пернелі аспаптар, суырып салу, композиция, дирижерлеу, ритмика, оркестрлік дирижерлеу негіздері, аспапты күйге салу негіздері, джаздық сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік және басқа)

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

340


9.

Барлық сағаттар

4

6

6

6

7

10

10

10

8

8


2550


10.

Фортепиано, баян, аккордеон, гитарадан басқа, "Арнай сынып" (музыкалық аспап) пәні бойынша сабақтарды өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

-

-

34

272


11.

"Таңдау пәні" пәні бойынша сабақтарды өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

340


12.

Ұжымдық музыка ойнау (оркестрлер, ансамбльдер және басқалары) бойынша сабақтарды өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

-

1

1

1

1

3

3

3

3

3

34

646


13.

Хорлардың, оркестрлердің және ансамбльдердің жиықтық дайындықтары сабақтарын өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

170


14.

Хорлардың, оркестрлердің және ансамбльдердің жиынтық дайындықтары сабақтарын өткізуге арналған педагогикалық сағаттар

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

170



Барлық сағаттар

3

4

4

4

4

6

6

6

5

5


1598



Вокал сыныбы (ән айту)

Пән

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Емтихан

Оқыту мерзімі

5 жыл

7 жыл

Оқу аптасының саны


Даярлық сынып

1

2

3

4

5

6

7


Барлық сағат

Сыныптар

1.

Арнайы сынып (жеке ән орындау - академиялық ән айту, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән, халықтық ән айту, эстрадалық-джаздық ән айту және басқа)

2

2

2

2

2

2

2

2

34

272

5, 6, 7

2.

Сольфеджио

1

2

2

2

2

2

2

2

34

510

5, 7

Этносольфеджио дәстүрлі ән үшін










3.

Ұжымдық музыкалық пәндер (хор, ансамбль және тағы басқалары)

-

1

1

3

3

3

3

3

34

578


4.

Қазақ музыка әдебиеті

-

-

-

1

1

1

-

-

34

102


5.

Әлем музыка әдебиеті

-

-

1

1

1

1

-

-

34

136


6.

Музыкалық аспап

-

1

1

1

1

1

1

1

34

238


7.

Тандау бойынша пән (ансамбль, сүйемелдеу, нотаны парақтан оқу, қосымша музыкалық аспап, вокал, электронды пернелі аспаптар, суырып салу, композиция, дирижерлеу, ритмика, оркестрлік дирижерлеу негіздері, аспапты күйге салу негіздері, джаздық сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік және басқа)

1

1

1

1

1

1

1

1

34

272



Барлық сағат саны

4

7

8

11

11

11

9

9


2380


8.

"Арнай сынып" (жеке ән айту) пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

34

272


9.

Ұжымдық музыка ойнау (хор, ансамбльдер және басқалары) пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

-

1

1

3

3

3

3

3

34

578


10.

"Таңдау пәні" пәні бойынша сабақтарды өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

34

272


11.

Хорлардың және ансамбльдердің жиынтық дайындықтары сабақтарын өткізуге арналған концертмейстер-лік сағаттар

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

136


12.

Хорлардың және ансамбльдердің жиынтық дайындықтары сабақтарын өткізуге арналған педагогикалық сағаттар

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

136



Барлық сағаттар

3

4

4

6

6

6

6

6


1394



Хор сыныбы (хормен ән айту)

Пән

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Емтихан

Оқыту мерзімі

7 жыл

9 жыл

Оқу аптасының саны

Барлық сағат

Даярлық сыныбы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



Сыныптар

1.

Арнайы сынып (хормен ән айту)

2

3

3

4

4

4

4

4

4

4

34

1224

7, 8, 9

2.

Сольфеджио

1

2

2

2

2

2

2

2

2

2

34

646

7, 8, 9

3.

Қазақ музыка әдебиеті

-

-

-

-

-

1

1

1

-

-

34

102


4.

Әлем музыка әдебиеті

-

-

-

-

1

1

1

1

-

-

34

136


5.

Музыкалық аспап

0,5

1,5

1,5

1,5

2

2

2

2

2

1

34

544


6.

Дирижерлеу негіздері

-

-

-

-

-

-

-

-

0,5

0,5

34

34


7.

Тандау бойынша пән (ансамбль, сүйемелдеу, нотаны парақтан оқу, қосымша музыкалық аспап, вокал, электронды пернелі аспаптар, суырып салу, композиция, дирижерлеу, ритмика, оркестрлік дирижерлеу негіздері, аспапты күйге салу негіздері, джаздық сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік және басқа)

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

340



Барлық сағаттар

4,5

7,5

7,5

8,5

10

11

11

11

9,5

8,5


3026


8.

"Арнай сынып" (хорда ән айту) пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

2

3

3

4

4

4

4

4

4

4

34

1224


9.

"Таңдау пәні" пәні бойынша сабақтарды өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

340


10.

Хорлардың жиынтық дайындықтарын өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

170


11.

Хорлардың жиынтық дайындықтарын өткізуге арналған педагогикалық сағаттар

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

170



Барлық сағаттар

4

5

5

6

6

6

6

6

6

6


1904



Оркестр сыныбы

Пән

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Емтихан

Оқыту мерзімі: 5-7 жыл

5 жыл

7 жыл

Оқу аптасының саны

Барлық сағат

Сыныптар

ПДаярлық сыныбы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Арнайы сынып (оркестр)

-

-

2

3

3

3

3

3

34

578


2.

Аспап

2

2

1

1

1

1

1

1

34

340

5, 6, 7

3.

Сольфеджио

1

2

2

2

2

2

2

2

34

510

5

4.

Ансамбль

-

1

1

1

1

1

1

-

34

204


5.

Қазақ музыка әдебиеті

-

-

-

1

1

1

-

-

34

102


6.

Әлем музыка әдебиеті

-

-

1

1

1

1

-

-

34

136


7.

Аспаптық өңдеу негіздері

-

-

-

-

-

-

-

1

34

34


8.

Оркестрлік дирижерлеу негізі

-

-

-

-

-

-

1

-

34

34


9.

Тандау бойынша пән (ансамбль, сүйемелдеу, нотаны парақтан оқу, қосымша музыкалық аспап, вокал, электронды пернелі аспаптар, суырып салу, композиция, дирижерлеу, ритмика, оркестрлік дирижерлеу негіздері, аспапты күйге салу негіздері, джаздық сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік және басқа)

1

1

1

1

1

1

1

1

34

272



Барлық сағат

4

6

8

10

10

10

9

8


2210


10.

"Аспап" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

34

272


11.

"Таңдау пәні" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

1

1

1

1

1

1

1

1

34

272


12.

"Оркестрлік дирижерлеудің негіздері" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар







1


34

34



Барлық сағат

2

2

2

2

2

2

3

2


578



Джаз сыныбы

Пән

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Емтихандар

Оқыту мерзімі

5 жыл

7 жыл

Оқу аптасының саны

Барлық сағат

Сыныптар

Даярлық сынып

1

2

3

4

5

6

7

1.

Арнайы сынып (оркестр)

-

-

2

3

3

3

3

3

34

578


2.

Аспап (труба, саксофон, флейта, тромбон, бас гитара, джаз гитарасы, соқпалы аспаптар)

1

2

2

2

2

2

2

2

34

510

5, 6, 7

3.

Сольфеджио.
Джаздық сольфеджио

1

2

2

2

2

2

2

2

34

510

5, 6, 7

4.

Ансамбль

-

1

1

1

1

1

1

1

34

238


5.

Қазақ музыка әдебиеті

-

-

-

-

1

1

1

-

34

102


6.

Әлемдік музыка әдебиеті

-

-

-

-

1

1

1

2

34

170


7.

Таңдау бойынша пән (ансамбль, аккомпанемент, нотаны парақтан оқу, қосымша музыкалық аспап, вокал, электронды клавишалы аспаптары, суырып салу, композиция, дирижерлеу, ритмика, оркестрлік дирижерлеу негіздері, аспаптау негіздері, джаздық сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік және басқалары)


1

2

2

2

2

2

2

34

442



Барлық сағат

2

6

9

10

12

12

12

12


2550


8.

"Аспап" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттары


1

1

1

1

1

1

1

34

238


9.

"Таңдау пәні" бойынша концертмейстерлік сағаттар


1

1

1

1

1

1

1

34

238


10.

Хорлардың, оркестрлердің және ансамбльдердің жиынтық дайындықтарын өткізуге арналған концертмейстерлік сағаттар


1

1

1

1

1

1

1

34

238



Барлық сағат


3

3

3

3

3

3

3


714


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 2-қосымша

Балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспары

      Ескерту. Бұйрық үлгілік оқу жоспарымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Пән

Сағаттық апталық жүктеме

Оқу аптасының саны

Барлық сағат саны

Емтихан

Даярлық сыныбы




5-6 жас

7-8 жас

9-10 жас

10-11 жас



сыныптар

1.

Сурет салу

2

3

3

-

34

272


2.

Илеу

2

3

3

-

34

272


3.

Сәндік-қолданбалы өнер

2

3

3

-

34

272


4.

Сурет

-

-

-

2

34

68


5.

Кескіндеме

-

-

-

2

34

68


6.

Композиция

-

-

-

3

34

102


7.

Мүсін

-

-

-

2

34

68


8.

Компьютерлік графика және дизайн

-

1

1

1

34

102


9.

Апталық сағат саны

6

10

10

10

34

1224


10.

Пленэр

-

18

18

18

1

54


Негізгі оқыту сыныбы




1 жыл

2 жыл

3 жыл

4 жыл




1.

Сурет

3

3

4

4

34

476

1, 2, 3, 4

2.

Кескіндеме

3

3

3

3

34

408

1, 2, 3, 4

3.

Станокті композиция

3

2

2

2

34

306

1, 2, 3, 4

4.

Қолданбалы композиция

-

1

1

1

34

102

2, 3, 4

5.

Мүсін

2

2

1

1

34

204

1, 2, 3, 4

6.

Бейнелеу өнерінің тарихы

1

1

1

1

34

136


7.

Компьютерлік графика мен дизайн

1

1

1

1

34

136


8.

Тандау пәні

-

-

1

1

34

68


9.

Апталық сағат саны

13

13

14

14

34

1836


10.

Пленэр

22

22

22

-

2

132


11.

Бітіру жұмысын даярлау

-

-

-

22

2

44


Оқытудың бейіндік сыныбы


1.

Сурет

4

-

-

-

34

136

1

2.

Кескіндеме

4

-

-

-

34

136

2

3.

Композиция

4

-

-

-

34

136

4

4.

Компьютерлік графика

1

-

-

-

34

34

3

5.

Апталық сағат саны

13

-

-

-

-

442


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 3-қосымша

Балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспары

      Ескерту. Бұйрық үлгілік оқу жоспарымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Хореография бөлімі

Пән

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Емтихан

Оқыту мерзімі

Даярлық сынып

5 жыл

9 жыл

Оқу аптасының саны

Барлық сағат

сыныптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Би түрлері бойынша пән: классикалық би

-

2

2

4

4

4

4

4

4

4

34

1088

5, 7, 8, 9

халықтық-сахналық би

-

-

-

-

4

4

4

4

4

4

34

816

балдық би

тарихи-тұрмыстық би







2

2



34

136

2

Ритмика

2

2

2

1

-

-

-

-

-

-

34

238


3

Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау

1

1

1

1

1

-

-

-

-

-

34

170


4

Заманауи би

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

340

7, 8, 9

5

Қазақстан хореографиясы

-

-

-

-

1

1

1

-

-

-

34

102


6

Шетелдік хореография

-

-

-

-

-

1

1

1

-

-

34

102


7

Концертке дайындық

-

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

153


8

Таңдау бойынша пән (қосымша музыкалық аспап, грим, актерлік шеберлік, акробатика, сахна өнері және басқа)

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

340



Барлық сағат саны

5

7,5

7,5

8,5

12,5

12,5

14,5

13,5

10,5

10,5


3485


9

Классикалық, халықтық-сахналық, заманауи, балдық билер, ритмика және концерттік нөмірлерге арналған концертмейстерлік сағаттар

-

4

4

5

6

8

8

8

8


34

1734


10

Ритмикаға арналған концертмейстерлік сағаттар

-

2

2

1

-

-

-

-

-

-

34

170


11

Концерттік нөмірлерге арналған концертмейстерлік сағаттар

-

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

153



Театр бөлімі

Предмет

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

Даярлық сынып

Оқыту мерзімі: 4 жыл

1

2

3

4

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

1

Актерлік шеберлік негіздері

2


2


2


2


2


2

Актерлік шеберлік негіздері


0,5


1


1


1


1

3

Сахна тілі

1


1


2


2


2


4

Сахна тілі


1


1


1


1


1

5

Сахналық қимылдардың негіздері



1


1


1


1


6

Ритмика



1


1


1


1


7

Дауыс қою (вокал)


0,5


0,5


0,5


0,5


0,5

8

Театр тарихы



1


1






9

Қазақ театрының тарихы







1


1


10

Спектакль қою



1


1


2


2


11

Таңдау бойынша пән (көркем сөз негіздері, сахналық би, жеке вокал, музыкалық аспап және басқа)


1


1


1


1


1


Барлығы

3

3

7

3,5

8

3,5

9

3,5

9

3,5

12.

"Оркестрлік шеберлік негіздері" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

2


2


2


2


2


13.

"Сахна қозғалысы негіздері" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар





1


1


1


14.

"Ритмика" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар



1


1


1


1


15.

"Сахна тілі" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар


0,5


0,5


0,5


0,5


0,5

16.

"Дауысты қою" (вокал) пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар


0,5


0,5


0,5


0,5


0,5

      кестенің жалғасы

Театр бөлімі

Сыныптар бойынша сағаттық апталық жүктеме

емтихан

Бейіндік сынып

Оқу апталары

Барлық сағат

сыныптар

топтық

жеке

топтық

жеке


2


34

408


2, 4


1

34

187



2


34

340


2, 4


1

34


204




34

136





34

136




0,5

34


102




34

68





34

68



2


34

272





34

170



6

2,5


1785

306


2


34

204



1


34

136





34

136




0,5

34

102




0,5

34

102




Цирк бөілімі


Пән

Даярлық сынып

Оқыту мерзімі: 9 жыл

Оқу апталары

Барлық сағат

емтихан


1

2

3

4

5

6

7

8

9



Сыныптар

1.

Акробатика

2

3

3

3

2

2

2

2

2

2

34

782

5, 6, 7, 8, 9,

2.

Гимнастика


2

2

2

2

2

2

2

2

2

34

612

5, 6, 7, 8, 9,

3.

Эквилибристика





1

1

1

1

1

1

34

204


4.

Жонглирлеу



2

2

2

2

2

2

2

2

34

544

5, 6, 7, 8, 9,

5.

Клоунада





1

1

1

1

1

1

34

204


6.

Цирк өнерінің тарихы









1

1

34

68


7.

Концерттік нөмірлерді дайындау


0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

153


8.

Ритмика

2

2

2

2

2






34

340


9.

Сахна қозғалысы






1

1

1

1

1

34

170


10.

Таңдау бойынша пән (хореография, театр шеберлігі, музыкалық сауат және музыканы тыңдау, грим және басқалары)


1

1

1

1

1

1

1

1

1

34

306



Барлық сағат

4

8,5

10,5

10,5

11,5

10,5

10,5

10,5

11,5

11,5


3383


11.

"Ритмика" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

2

2

2

2

2






34

340


12.

"Сахна қозғалысы негіздері" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар






1

1

1

1

1

34

170


13.

"Концерттік нөмірлерді дайындау" бойынша концертмейстерлік сағаттар


0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

34

153



Қуыршақ театры бөлімі

Пән

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Даярлық сыныбы

1

2

3

4

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

1.

Актерлік шеберлік негіздері

1


1


2


2


2


2.

Сахна тілі

1


1


2


2


2


3.

Сахна тілі


1


1


1


1


1

4.

Қуыршақ жүргізу


1


1


1


1


1

5.

Қол пластикасы

1


2


2


2


2


6.

Сахна қозғалысының негіздері



1


1


1


1


7.

Ритмика



1


1


1


1


8.

Дауыс қою (вокал)


0,5


0,5


0,5


0,5


0,5

9.

Театр тарихы



1


1






10.

Қазақ театрының тарихы







1


1


11.

Таңдау бойынша пән (грим, қуыршақ жасау және бутафория жасау, көркем сөз негіздері және басқа)


1


1


1


1


1


Барлығы

3

3,5

7

3,5

9

3,5

9

3,5

9

3,5

12.

"Актерлік шеберлік негіздері" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар

1


1


2


2


2


13.

"Сахна тілі" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар


1


1


1


1


1

14.

"Сахна қозғалысының негіздері" пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар



1


1


1


1


15.

"Дауысты қою" (вокал) пәні бойынша концертмейстерлік сағаттар


0,5


0,5


0,5


0,5


0,5

      кестенің жалғасы

Қуыршақ театры бөлімі

Оқыту мерзімі: 4 жыл

емтихан

Бейіндік сынып

Оқу апталары

Барлық сағат

сыныптар

топтық

жеке

топтық

жеке


2


34

340


3, 4

2


34

340


3, 4


1

34


204



1

34


204

2, 4

2


34

374





34

136


1, 3



34

68




0,5

34


102




34

68





34

68





34


170


6

2,5

34




2


34

340




1

34

204





34

136




0,5

34

102



Кино өнері бөлімі

Пән

Даярлық сынып

Оқыту мерзімі: 4 жыл

1

2

3

4

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

топтық

жеке

1.

Мамандыққа кіріспе

1


1


2


2


2


2.

Кинотеледраматургия шеберлігі

1


2


2


2


2


3.

Сахна тілі

1

1

1

1

1

1

2


2


4.

Алдын ала қарауға арналған семинар

1


2


2


2


2


5.

Режиссура



1


2


2


2


6.

Дүниежүзілік кино тарихы



1


1






7.

Қазақ киносының тарихы







1


1


8.

Таңдау бойынша пән (дыбыс жазу және видеоға түсіру, сценарийлік шеберлік, операторлық шеберлік, актерлік шеберлік негіздері және басқалары)

1


1


1


1


1



Барлық сағат

5

1

9

1

11

1

12

-

12

-

      кестенің жалғасы

Кино өнері бөлімі

Пбейіндік сынып класс

Оқу апталары

Барлық сағат

емтихан

сыныптар

топтық

жеке

топтық

жеке




34

272



2


34

374


1, 3

1


34

204

102

1, 2, 3, 4

2


34

374


2, 4

2



306


1, 2, 3, 4




68






68



1


34

204



8

-


1938

102



Киімді көркемдеп үлгілеу бөлімі

Пән

Оқыту мерзімі

Емтиханы

Даярлық сынып

4 жыл

Бейіндік сынып

Оқу апталары

Барлығқ сағат

Сыныптар

1

2

3

4

1.

Тігін бұйымның технологиясы

1

2

3

2

2

2

34

408

2, 3, 4

2.

Тігін бұйымның конструкциясы

1

2

2

2

2

1

34

340

2, 3, 4

3.

Композиция негіздері

1

2

-

-

-

-

34

102

2, 3, 4

4.

Костюм композициясы

-

-

3

3

3

2

34

374


5.

Стилистика

-

1

1

1

1

-

34

136


6.

Матамен жұмыс

-

1

1

2

2 жеке

-

34

136 топтық 68 жеке

3, 4

7.

Киім тарихы

-

1

1

-

-

-

34

68


8.

Қазақ костюмінің тарихы


-

-

1

1

-

34

68


9.

Сурет

1

2

2

-

-

2

34

238


10.

Кескіндеме

-

-

-

1

1

2

34

136


11.

Дефиле

-

-

-

1

1


34

68


12.

Таңдау бойынша пән (қолөнер, компьютерлік графика, экспериментальдік үлгілеу және басқалары)

-

1

1

1

1

1


170



Барлық сағат

4

12

14

14

14

10


2312


      Ескертпе:

      1) балалар өнер мектептерінің музыка бөлімдерінде балаларды оқыту балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес іске асырылады.

      2) балалар өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдерінде балаларды оқыту балалар көркемөнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес іске асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 4-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Сурет" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Сурет" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сурет" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) бейнелеу өнеріндегі жанр – тақырыптардың жалпылығын сипаттайтын түсінік;

      2) интерьер – ішкі құрылыстық формаларды бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      3) кереғарлық – екі өлшемнің қарама-қайшылығы: өлшемі, қозғалысы;

      4) композиция – суретшінің түпкі ойын мейлінше қолжетімді және әсерлі ететін көркемдік шығарманың мақсатты құрылымы;

      5) мата – киімдер мен маталардағы қатпарлардың орналасуын және жалпы сипатын нұсқайтын термин;

      6) модель – суретші үшін натура ретінде қызмет ететін жанды және жансыз нысандар;

      7) модельдеу – көлемді-пластикалық және кеңістіктік қасиеттерін жеткізу;

      8) натура — суретшінің модель ретінде бақылап отырып бейнелейтін, объективті түрде өмірде бар жанды және жансыз заттар;

      9) натюрморт – суретшінің композициялық түрде қойған және суретте бейнелеген заттардың тобы;

      10) нобай – есте сақтау жады немесе натура бойынша жүйрік және жылдам орындалатын графикалық, кескіндемелік және мүсіндік бейне;

      11) өнер – көркемдік кескіндемелік, графикалық немесе мүсіндік бейнелердегі шынайылықтың шығармашылық көрінісі;

      12) пейзаж – табиғатты бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      13) портрет – белгілі, нақты адамды бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      14) пропорция – тұтас нәрсенің белгілі сипатына сәйкес келетін формалардың, көлемі бойынша заттардың бөліктерінің қатынасы;

      15) ракурс – бейнелейтін, заттың немесе адамның перспективадағы жеке бөліктерінің қысқаруы;

      16) ритм – тұтас шығарманың пішінді, заңдылықты реттелуіне алып келетін элементтерінің кезектесуі, шамаластығы;

      17) сурет технологиясындағы бекіту (фиксация, фиксациялау) – суретті сақтау мақсатында қағаздың бетін арнайы өңдеуді білдіретін термин;

      18) сызба – мейлінше маңызды жұмыс немесе жаттығу мақсатында орындалатын натураға қарап салынған сурет;

      19) штрих – қолдың бір қимылымен орындалған және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      20) эскиз – мейлінше ірі жұмыс үшін дайындық нобайы болып табылатын қосымша сипаттағы көркемдік шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: академиялық және шығармашылық сурет арқылы тұлғаның өзін танытуына және дамуына ықпал ету.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) пән бойынша теориялық білім беру, алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға үйрету;

      2) заттарды сызықтық-конструктивтік құруға оқыту;

      3) беттің екі өлшемді жазықтығында үш өлшемді форманы бейнелеуді үйрету;

      4) әртүрлі графикалық материалдармен заттардың материалдылығын және фактурасын жеткізуді үйрету;

      5) суретпен жұмыстың ретін үйрету;

      6) кеңістіктік елестетуді, көркемдік және ассоциативті ойлауды дамыту;

      7) өнермен араласу қажеттілігін дамыту;

      8) өзін шығармашыл тұлға ретінде үнемі дамыту қажеттілігін тәрбиелеу;

      9) шығармашылық даралықты қалыптастыруға ықпал ету;

      10) отандық және әлемдік графика өнері мұрасының араласуға ықпал ету.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ көркемөнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылуы мүмкін.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйрықтың 2-қосымшасында көрсетілгендей балалар көркемөнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) бейнелеу көркемдік қызметіндегі білімді меңгереді;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгереді;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгереді;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алады.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Сурет" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      23. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Бірінші сыныптың Бағдарламасы академиялық суретті сауатты бейнелеуді меңгеру бойынша тұрақты алғашқы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл жерде білім алушылардың жас ерекшеліктері, талдау қабілеттері, арнайы көркемдік дағдылары мен біліктері арқылы шығармашылық қиялды жүзеге асыру ескерілген.

      32. Суретке оқыту кіріспе әңгімелесуден, балаларды пәнмен, оның мақсаттарымен және міндеттерімен қолжетімді және қызықты түрде таныстырады, сабақтарда қажет болатын материалдарды (қағазды, резеңкені, графит және басқа да қарындаштарды, көмірді, сангинді, соусты, тушьті, пастельді және басқалары) көрсетуден басталады.

      33. Педагог білім алушылардың сурет салудағы дайындық жұмысына: қарындаштарды ұштауға, планшетке ватман тартуға және сапалы ластиктің болуына назар аударады.

      34. Көрнекілік және балаларды мейлінше қызықтыру үшін мектептің әдістемелік қорындағы еңбектерді және алуан түрлі графикалық материалдар мен түрлі қағаз түрлерінде орындалған шеберлердің суреттерінің көшірмелерін көрсетіледі.

      35. Білім алушылардың сызықтармен, штрихпен және реңктермен таныстыратын бастапқы жаттығуларды қағаз форматтарында (А4, А3), ал кейінгілері - планшеттерде орындалады.

      36. Суреттің негізгі материалы болып қаттылығы әртүрлі графит қарындаштар табылады. Бөлек тапсырмалар жұмсақ материалмен (көмірмен, сангинмен, пастельмен және басқалары), сонымен қатар қауырсынмен, тушьпен, фломастермен орындалады.

      37. Бірінші және кейінгі сабақтарда педагог білім алушының натуралық қойылымға қатысты дұрыс орналасуын, қарындашты ұстай білуін, тапсырмаларды нақты және мұқият орындауын бақылайды.

      38. Бірінші сыныпта суретке оқыту процесі оның негіздерін, қара қарындаштың мүмкіндіктерін, сызықтар мен штрихтардың түрлілігін үйретуден басталады, кейін білім алушы натураны бақылайды және зерттейді.

      39. Білім алушы классикалық, отандық және әлемдік өнер үлгілері негізінде, яғни форманы, реңкті, пластиканы, үйлесімділік біртұтастықтағы түстерді түсініп қабылдауды дамытатын бейнелеудің, заңдары мен әдістеріне қол жеткізуді үйренеді.

      40. Білім алушы өз жұмыстарын сын көзбен қарауды, оларды үнемі натурамен салыстыруды үйренеді. Педагог сабақтарда сыныпта, үй жұмысы кезінде орындалған тапсырмаларды талдау және сараптауды жүргізеді.

      41. Бағдарламаға сәйкес білім алушы бақылауы, есіне сақтауы және елестетуі бойынша ұзақ мерзімді, сол сияқты қысқа мерзімді тапсырмаларды орындауды үйренеді.

      42. Білім алушы бейнелеу бойынша алған білімдері мен дағдыларын көркемдік бейнені дәлелді, ашық, тұтас жеткізудегі ышғармашылық жұмыстарда қолдануды үйренеді.

      43. Заттардың формасымен, пропорциясымен, танысу үшінші сабақта геометриялық денелердің суреттемелерінен (сымды конструкциялардан) басталады. Білім алушы сызықтық перспектива және суреттің парақ бетінде дұрыс орналасуы туралы алғашқы түсініктерді меңгереді. Педагог балаларға "пропорция" түсінігін түсіндіре отырып, "визалау" әдісін пайдалануды үйретеді.

      44. Оқу суретіндегі орталық орындардың бірін форма мен оның құрылымының мәселесі алады. Заттардың және кеңістіктің сызықтық перспективасын анағұрлым толық түсіну үшін заттардың перспективаларының геометриялық конструкциялары қолданылады.

      45. Геометриялық денелер және олардың сымды конструкциялары форманың, перспективаның құрылымын, сәуле мен көлеңкенің бөліну заңдылықтарын түсінуге көмектеседі, кеңістіктік ойлауды, затты көре білуді дамытады.

      46. Натурамен жұмыстың негізгі кезеңдері:

      1) қойылыммен танысу;

      2) қойылымға деген көзқарасты таңдау;

      3) осы қойылым үшін форматты таңдау және парақ бетіне жалпы композицияны орнату;

      4) осьтік, конструктивті, қосалқы сызықтарды пайдаланумен заттардың формасын жасау;

      5) олардың конструкциясын білуін пайдаланып, осьтік, конструктивтік, қосымша сызықтарды қолданып заттардың формаларының құрылымы,;

      6) конструктивтік суреттің сызықтық перспективаға бағынуы;

      7) заттардың реңкін, оладың жарықтылығын жеткізу.

      47. Педагог әр тапсырманың алдында тапсырманың мазмұнын, қойылымның сипатын, оның ерекшеліктерін, сурет салудың тәсілі мен ретін түсіндіреді, әдістемелік оқулықтарды және білім алушылардың жұмыс үлгілерін көрсетеді.

      48. Заттардың формалары мен пропорцияларын, қойылымның реңктік сипаттарын, білім алушының көз деңгейіне қатысты заттардың кеңістіктікте орналасуын талдау – жұмысты бастаудың қажетті шарты болып табылады.

      49. Суреттің аяқтаушы кезеңінде суреттің жалпы жағдайын тексеру, бөлшектерді біртұтасқа бағындыру, суретті реңкте нақтылау іске асырылады. Суреттің нақтылығын тексеру, ондағы қателерді анықтау және оларды түзету мақсатында ұжымдық көрсетілімдерді өткізген жөн. Білім алушылармен жүргізілетін жеке жұмыста суреттердің жиектерінде немесе жеке парақтарда қателерді түзетулерді көрсету тәсілі қолданылады.

      50. Натюрморттың суреті оқу жұмысының негізгі түрі болып табылады. Мақсаты анық, білім алушының отыратын орнына жақсы көрінетін қойылым көркемдік талғамды және қабылдау мәдениетін қалыптастырады.

      51. Педагог білім алушылардың алған білімдері мен біліктерін, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретіндей қызықты, мүмкіндіктері жететін натюрморттарды таңдайды.

      52. Натюрморттың реңктік суреттерін салуға арналған тапсырмаларда білім алушы парақтың форматын дұрыс таңдауды, бейнеленетін заттарды үйлестіруді, оларды конструктивтік құрып қоюды, реңкі бойынша талдауды, сәуле мен көлеңкенің градациясы арқылы олардың көлемін жеткізуді (сәуле, өз көлеңкесі, жартылай көлеңке, жарқылдау, рефлекс, түсетін көлеңке) үйренеді.

      53. Педагог Бағдарламалық тапсырмалардан басқа өзінің қалауы бойынша сыныпта немесе үйде әртүрлі техника мен материалдарда орындауға арналған қысқа мерзімді тапсырмаларды береді. Көзбен көру арқылы жақсы қабылдауды тәрбиелеуге, ой-өрісін кейейтуге, байқампаздықты және көру арқылы есте сақтауды дамытуға ықсқа мерзімді суреттер, сызбалар, нобайлар ықпал етеді, олар тұтас көруді және көргендерін жылдам қағаз бетіне түсіру білігін қалыптастыруға үйретеді.

      54. Нобайларды, қысқа мерзімді сызбаларды орындау кезінде педагог білім алушылардың назарын заттарға тән ерекшеліктерді жеткізуге, перспектива заңдылықтарын қолдануға аудартады.

      55. Сабақ барысында педагог көрнекілік материалдарды пайдаланады: оқулықтар, слайдтар, оқытудың әртүрлі техникалық құралдары, бұл балаларға жаңа материалды жылдам және сапалы меңгеруге ықпал етеді.

      56. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      57. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      58. "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Компьютерлік сызба өнері және дизайн" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларға заттар әлемін тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сызықтық және әуе перспективасымен, затты жазықтыққа орналастыру, оның конструкциясы, реңкі және осы форматта орналасуымен танысу, суретпен жұмысты ретімен жүргізу дағдылары қалыптастырылады және әрі қарай тапсырмалардың күрделенуіне байланысты бұл дағдылар жетілдіріледі;

      2) натураны зерттеу процесі бейнелеу тілінің барлық элементтерінің үздіксіз байланысы негізінде құрылады: конструктивті суреттің композициясы, реңктік, пластикалық және кеңістіктік қатынастар;

      3) білім алушы жалпыдан жекеге және содан кейн жалпыға қарай ауысу жұмыстарының ретін меңгеру, формат, өлшем, пропорция, ритм, реңктік қатынастар түсініктерімен танысады, практикалық біліктер теориялық білімге сүйенеді, әрбір жұмыс өнер теориясы негіздеріне, перспективаға, пластикалық анатомияның элементтеріне сүйенеді;

      4) қысқа мерзімді композицияларда, сондай-ақ ұзақ мерзімді қойылымдардағы суреттердің тұтатстығы пен балғындығын жұмыстың аяғына дейін сақтаған маңызыды, білім алушыны өз бетінше және ойланып барып өз алдына міндеттерді қоюды, форматты таңдауды, материалды қолдануды, мәнерлеп бейнелеуге талпынуды, орындаудың тиісті техникасын қолдануды үйрету керек.

      60. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Мектепте және 1сыныпта суреттің міндеттері туралы әңгіме. Сурет – оқу пәні және бейнелеу өнерінің түрі. Сызық – маңызды бейнелеу құралы. Сызықтардың түрлері. Сызықтардың пластикалық қасиеттері.

      2-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Реңк. Штрих, дақ, нүкте. Штрихтеу түрлері. Реңк, Реңктік дақ, реңктік диапазон. Реңкті жеткізудің техникалық тәсілдері.

      3-тақырып. Сызықтық перспектива. Көлемді дененің фронтальді және бұрыштық перспективадағы құрылымдық заңдылықтары. Көкжиек сызығы, заттық және суреттік жазықтық, перспективалық қысқартулар, түйісу нүктесі. Шаршы және шеңбер перспективалары.

      4-тақырып. Сурет салудың жүйелілігі. Сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі. Жалпыдан жекеге, күңгірттен ашыққа қарай жұмысты жүргізу қағидаты. Жарық көлеңкесі мен оны қабылдаудағы және заттардың көлемділігін жеткізудегі өрбуі.

      5-тақырып. Сызықтық перспектива туралы білімді бекіту. Заттардың формасы, негізінде цилиндр, конус, шар және олардың үйлесімінің формасы жатқан конструкция ретінде. Заттар пропорциясы.

      6-тақырып. Суреттегі реңктік кереғарлық. Үлкен реңктік диапазонда жұмыс істеу ерекшеліктері. Суретте кереғарлық реңктік қатынастардың тазалығы.

      7-тақырып. Жұмсақ материалмен танысу. Әртүрлі жұмсақ материалдардың түрлері мен қасиеттері. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу техникасындағы графикалық мәнерлілік пен өзгешелік.

      8-тақырып. Сынақ жарты жылдық жұмыс. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Натюрморт көркем суретінде бейне кезеңдерінің жүйелілігі.

      9-тақырып. Суреттемелер. Заттардың көлемділігін жеткізудегі сызба- техникалық тәсілдердің сан алуандылығы.

      10-тақырып. Заттар конструкциясы және олардың ерекшеліктері. Заттардың формасы қойылымның тереңдігінің кеңістігімен бірлікте кеңістік конструкциясы ретінде.

      11-тақырып. Жұмсақ материалмен көлемді форманы жеткізу қағидаты.

      Түрлі беттердегі кеңістікті, көлемді, фактурасын жеткізудегі жұмсақ материалдың қасиеттері: қауырсындануы, керамика және тағы басқалары

      12-тақырып. табиғи формалардың конструкциясының әралуандылығы.

      Пластика мен өсімдіктер фактурасының ерекшеліктері, оларды салу техникасы.

      13-тақырып. Шығармашылық сурет. Натураны шығармашылық тұрғыдан қайта пайымдаудағы нақыш және нақыштық тәсілдер. Қысқа реңктік шешімнің графикалық мәнерлілігі.

      14-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Емтихан жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Натюрморт көркем суретіндегі академиялық міндеттерді орындау жүйелілігі мен бүтінділігі.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қарындашпен жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, оның техникалық мүмкіндіктерін біледі;

      2) жұмсақ материалдармен (көмір, сангина, соус, сепия, пастель), қаламұш, тушьпен жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін біледі;

      3) "пропорция", "симметрия", "асимметрия", "реңк" түсініктерін біледі;

      4) тәжірибеде "перспектива" (көкжиек сызығы, түйісу нүктесі) түсінігін біледі және қолданады;

      5) "жарық (блик)", "жарық", "көлеңке", "жартылай көлеңке", "рефлекс" түсінігін біледі және оларды тәжірибеде қолданады;

      6) "нақыш" түсінігін біледі, шығармашылық жұмыстардағы нақыштау амалдарын;

      7) сызба өнері түріндегі (сызық, штрих, дақ, нүкте) бейнелеу-мәнерлеу құралдарының негізін біледі;

      8) берілген қағаз парағының форматындағы заттарды біріктіре алады;

      9) формаларды, заттардың пропорциялары, сонымен қатар олардың негізгі жарықтық-көлеңкелік градация арқылы (жарқыл, сәуле, жартылай көлеңке, өзінің көлеңкесі, рефлекс, түсіп тұрған көлеңке) немесе бай реңктік "созылымдарды" және реңктік кереғарлықтың тазалығын пайдаланып жеткізеді;

      10) есте сақтау және елестету арқылы натураға қарап жұмыс істейді;

      11) перспективаның заңдылықтарын пайдалана отырып, заттардың ерекшелік сипаттарын және кеңістіктің тереңдігін жеткізе біледі;

      12) көңіл күйді және бейнелеп отырған заттардың жағдайын жеткізу үшін суреттің мәнерлілік тілін білу және түсінеді;

      13) пропорциялар, симметрия, асимметрия, түстердің кереғарлығы, ось, масштаб, тепе-теңдік – суреттің негізгі бейнелеу-мәнерлеу құралдарын түсінеді және қолданады;

      14) педагогтің көмегі арқылы және өз бетінше парақтың форматын дұрыс таңдайды;

      15) жұмысты жүргізудің негізгі кезеңдерінде бейнеленген заттарды біріктіреді;

      16) педагогтің көрсеткен жарық пен көлеңке негіздерінде және қойылымды жарықтандыру сипатын ауызша талдау негізінде түстерді талдай біледі;

      17) адамдардың бет әлпеттері мен сұлбасының пропорциялық құрылымының алғашқы дағдыларын тәжірибеде қолдана біледі.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қойылымдардың кеңістіктік жоспарлығы және олардың перспективалары меңгеру, ұзақ мерзімді қойылымдардың суреті қарапайымнан күрделіге дейінгі техникалық тәсілдерді меңгеруге, көргендерін бақылауға және есте сақтауға, белгілі пропорциялардағы көз өлшемінің өткірлі мен нақтылығын және сәуле мен көлеңкенің қатынастарын дамытуға, форма мен кеңістіктікті қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;

      2) тік, радиал және доға тәріздес бағыттарда ілініп тұрған маталардың қыртыстарының суретін, адамның басының бейнесін және киінген фигураның сызбасын орындау, жеңіл интерьерлік қойылымдағы жеңіл суреттердегі перспектива және еденде орналасқан ірі заттардан құралған натюрморт туралы білімдері бекіту.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Суреттің міндеттері туралы әңгіме.. Натурашының суреттемесі. Баладағы, жасөспірімдегі және ересек адамдағы пропорционалды қатынастардың ерекшеліктері.

      2-тақырып. Сурет салушының көз деңгейінен төмен орналасқан заттардың конструктивті бейнесінің ерекшеліктері. Жоғарыдан бейнеленетін геометриялық денелердің сызықтық перспективасы.

      3-тақырып. Тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасы. Жұмсақ материалмен бейнеленген заттардың формалары мен көлемдерінің әралуандылығы. Жарық көлеңке градацияларына пайдаланылатын жұмсақ материалдардың түсі мен тонының сәйкестігі.

      4-тақырып. Мата қатпарларының негізгі түрлері және формалары.

      Көлемді конструкция ретінде маталар қатпарлары. Қатпарлардың негізгі типтері (цилиндр, конус). Мата қатпарларындағы жарық көлеңкесінің градациялары. Мата қатпарлары мен қарапайым геометриялық денелердің формаларын модельдеудің тепе – теңділік қағидаттары.

      5-тақырып. Жарты жылдық сынақ жұмысы. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Тіреуіштің көлденең және тік жазықтықтарының, қойылым заттарының және қапталған мата қатпарларының перспективті қысқартуларын жеткізудегі бірлік.

      6-тақырып. Интерьерді салудың ерекшеліктері. Бөлме ішкі көрінісінің сызықтық перспективасы. Салушы көзқарасынан қарағанда көкжиек сызығы, түсу нүктесі, интерьер суретіндегі перспективтік қысқартулар.

      7-тақырып. Адам фигурасы суретінің заңдылықтары. Адам фигурасының негізгі пропорциялары. Кеуденің, бастың, қол-аяқтарының коснтруктивтік ерекшеліктері. Ракурсқа байланысты, фигураның суретін салудағы перспективтік қысқартулар.

      8-тақырып. Портрет. Адам басының негізгі пропорциялары. Ракурсты есепке ала отырып бас конструкциясы құрылысының жүйелілігі. Бастың суретін салудағы перспективті қысқартулардың заңдылықтары (қарсап, үште бір, беттің қырынан қарағандағы сұлбасы).

      9-тақырып. Сурет салушы көзінің деңгейінен төмен болатын ірі заттарды бейнелеудің ерекшеліктері. Төбе тұсынан қаралатын қойылымның сызықтық перспективасы. Формат шегінен тыс, биік көкжиек жағдайларында перспективті қысқартулардың өзгеруі.

      10-тақырып. Жылдық емтихандық жұмыс. Емтихандық жұмысқа негізгі талаптар. Табақша плитасының және оюлы бедерлердің сызықтық перспективасы.

      64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бейнелеу өнерінің сызба түрінің ажырамас бөлігі ретінде суреттің ерекшеліктерін түсіну, оның басқа жанрлармен, нақыштармен қарым-қатынасын, көркемдік мәнін түсінеді;

      2) натураны шығрармашылық ойлау арқылы нақыштық тұрғысынан түрлы жанрдың, тарихи кехеңдер мен оларды тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы сызба шығармаларының туындыраны түсіндіре біледі;

      3) салыстыра білу, нысан формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, олардың жазықтықтағы бейнесін салыстыра біледі;

      4) натураны шығармашылық тұрғыдан қайта ойлау арқылы сызба өнері туындысын талдай біледі;

      5) қойылым мен суреттің жалпы реңкін талдай біледі;

      6) форма мен кеңістікті қабылдау дағдыларына ие болады;

      7) сызықтық перспектива заңдарын біледі (койылымға жоғары көзқараспен қарағанда);

      8) суреттегі сызықтар, реңктер, иілгіш формаларды, штрихтарды, дақтарды ерекшеліктерні пайдаланады.

      9) пропорциялар мен сәуле мен көлеңкенің қатынастарын анықтай алады;

      10) бейнеленіп отырған заттар мен үстіңгі бөліктердің фактураларын жеткізе біледі; сызықтық және әуе перспективалары туралы білімдерін пайдаланады;

      11) адамның басын, киінген сұлбасын бейнелеу дағдыларына ие;

      12) реңктік созылымдар арқылы натюрморттағы, портреттегі, интерьердегі, сонымен қатар адам сұлыбындағы және киім қыртыстарының жағдайы мен көңіл-күйін берудің негізгі модельдеу тәсілдерін пайдаланады;

      13) бұрын қалыптасқан машықтардың негізінде күрделендірілген кеңістікті шешімдердің қойылымын бейнелей біледі;

      14) олардың бейнесінің заңдылығын түсіне отырып, алуан түрлі күрделендірілген формадағы заттармен көркем суреттерді сала біледі;

      15) ұзақ мерзімді қойылымдарда суретті жасаудың негізгі техникалық тәсілдерін, сонымен қатар жұмсақ материалдардың мәнерлік мүмкіндіктерін біледі;

      16) бастың, адамның мүсінінің және әр түрлі табиғи формалардың конструктивті ерекшеліктерін біледі;

      17) мата қатпарларының негізгі түрлері мен формаларын модельдеу қағидаттарын біледі;

      18) интерьер мен оның конструкциясы бейнесінің ерекшеліктерін білу;

      19) жаңа терминологияны түсінеді (тондық масштаб, радиалдық қатпарлар, гипс розетка және басқалары);

      20) сызбалық көркем материалдарды пайдалану ерекшеліктерін пайдалана біледі және шеберлігі, оларды біріктіру мүмкіндіктері (бор, сангина, көмір; бор, түрлі түсті қарындаштар; гель қаламдар және қара акварель және басқалары.);

      21) оқу қойылымдарымен жұмыс істеудің негізгі кезеңдеріне ие болады (натюрморт, интерьер, портрет, адамның мүсіні);

      22) педагогтің бақылау сұрақтарына сүйене отырып, көзқарасты өз бетінше сауатты таңдайды;

      23) өз бетінше, алынған білімдердің негізінде тииімді формат түрін таңдайды;

      24) педагогтің жетекші сұрақтарынсыз заттардың, модельдің, нысандардың таңдалған форматта саналы түрде біріктіріледі;

      25) заттардың, бейнелердің, олардың бөліктерінің пропорцияларын педагогтің жетекші сұрақтары бойынша салыстыра білу, сонымен қатар өз бетінше, көркем суреттің құрылуының қосымша сызықтарын пайдаланады;

      26) тапсырмаларда бұрыштық және фронталды сызықтық перспектива туралы алынған білімдерді қолданады;

      27) педагогтің бақылауымен жұмысты жүргізудің кезеңдік жоспарын ұсына отырып, жарық негізгі көлеңкесі градациялары туралы білімін пайдаланады;

      28) педагогтің жеке мысалына, әдістемелік құралдарға сүйене отырып, анағұрлым күрделі оқу қойылымдарымен қарындашпен және басқа да графикалық материалдармен жұмыс жүргізу жүйелілігін иелену, шеберлердің жұмыстарының көркем суреттерін өз бетінше зерттейді;

      29) күрделі ракурстан заттардың көлемі бойынша анағұрлым ірі пропорциялардың формаларын жеткізе біледі (көкжиек сызығынан әлдеқайда төмен);

      30) жаңа қойылымдарда қаңқа пластикасын пайдалана біледі;

      31) ер және әйел натурасының әр түрлі қалыптағы бейнелерінің білімі мен машықтарын игереді. Натураның тән ерекшеліктерін түсіну, пропорционалды ара қатынастарды, тондық құрылымды және қиын емес іс –қимылдарды жеткізеді;

      32) гипстік табақша суретінде анағұрлым күрделі тапсырмаларды орындау үшін конструкциялар, тондық градациялар, пән фактурасы туралы білімді жүзеге асыра біледі.

      65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) академиялық сурет бойынша тұтас білім жүйесін, білім алушынының өзін өзі дамытуын, суреттің күрделі тапсырмаларына деген оның жеке көзқарасын қалыптастыру;

      2) жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай қойылымдардың міндеттері мен сипаты күрделендіру, натураны барынша тереңірек және жан-жақтсы оқуға деген талапты күшейту;

      3) білім алушы пластикалық анатомия (бас сүйек, "экорше") бойынша қарапайым элементтермен танысу, нобайларда мінезді, пропорцияларды, қозғалысты жеткізуді үйрену.

      66. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Міндеттер мен қажетті материалдар жөнінде әңгімелесу. Адам фигурасының формаларының айқындылығын және динамикасын берудегі графикалық материалдардың мүмкіншіліктері.

      2-тақырып. Суреттегі түс. Жұмсақ материалмен жұмыс жасауда техникалық тәсілдердің әртүрлілігі. Қойылым заттарын моделдеудегі фактура, жоспарлылық.

      3-тақырып. Шығармашылық міндеттері бар тақырыптық натюрморттағы суретті бейнелеу құралдары. Ерекше тақырыптағы көп планды кереғарлығы қойылым жұмысының ерекшеліктері. Түрлі графикалық материалдардың айқындауыш мүмкіндіктері.

      4-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Сынақ жұмысына негізгі талаптар. Розетка плитасының және ою бедерінің сызықтық перспективасы. Заттардың көлемдігін моделдеудегі гипс және мата фактурасы.

      5-тақырып. Жұмсақ материалмен күрделі интерьерді бейнелеудегі перспектива. Интерьердегі жарық. Түстік қатынастардың кереғарлығы және айқындылығы.

      6-тақырып. Гипстен мүсінделген адам басының конструктивті және түстік моделдеу. Адам беті бөліктерінің конструктивті ерекшеліктері негізінде басты бейнелеудің бірізділігі.

      7-тақырып. Натурашы басының суретінде конструктивті және түстік моделдеудің ерекшеліктері. Гипстен жасалынған және тірі модель бастарының суретін салудың арасындағы негізгі айырмашылықтар. Адам басының пропорцияларындағы үлгілілер және өзіндік ерекшеліктер. Жұмыс барысында типтеуден индивидуализацияға бірізді көшудің тәсілі.

      8-тақырып. Жылдық емтихандық жұмыс. Көп планды күрделі қойылым суретіндегі сызықтық перспектива. Гипстен жасалынған моделді енгізе отырып жасалынған кереғарлығы қойылымдағы түстік дипазон.

      67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер:

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) графикалық тілдің әртүрлілігі туралы түсінігіне ие болады;

      2) академиялық және шығармашылық суреттің оқу-тәжірибелік жұмысының жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгереді;

      3) мәселелерді өз бетімен шешу негізінде оқу және шығармашылық жұмысты жүргізудің жоспарын жасай алады;

      4) күрделі формалы заттардың, сондай-ақ, тірі моделдің және олардың пропорциясы және перспективті өзгерістерінің конструктивті ерекшеліктері туралы білімін қолдана біледі;

      5) түстік қатынастарды және кереғарлықты ескере отырып заттар мен образдардың көлемін жарық-көлеңке арқылы моделдеуді біледі;

      6) ұзақ мерзімді тақырып бойынша натюрморттарды, гипстен жасалған және тірі моделді, гипстен жасалған күрделі бедерлі розеткаларды жасауда жұмыстық тәжірибелік тәсілдерін жетілдіреді;

      7) қойылымның түстік құрылымын талдай біледі, түстелген қағазда сурет салу жұмысында қажет графикалық материалдарды өз бетінше таңдай біледі, әртүрлі техникалық тәсілдерді қолдана отырып (материалдың бір қабатын басқаға салу, штрихтеу, қарайту, жапасынан жұмыс және басқа) заттардың материалдығын көрсетеді;

      8) тақырыптық көп жоспарлы қойылым суреттерінде заттардың көлем қатынастары, олардың пропорциялары, күрделі түстік диапазонды сақтайды.

      9) таңдалған техникалық құралдарға сәйкес (нүктелер, дөңгелектер және тағы басқа) шығармашылық тапсырмаларды орындайды;

      10) көп жоспарлы интерьерді бейнелеуде суретті моделдеудің негізгі конструктивті және жарық көлеңкелік қағидаттары туралы білімді қолдана біледі;

      11) қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін біледі (дұрыс отыру және жұмыс орнын ұйымдастыру, жарықты бақылау, кескіш құралдармен жұмыс жасай біледі);

      12) оқу және шығармашылық жұмыс барысында жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін орындайды;

      13) оқу қойылымының қызықты көз қарасын өз бетінше таңдау жасайды;

      14) педагогтің бағыттаушы сұрақтарына байланысты, формат және заттарды тұтастырудың сәтті түрін сауатты өз бетінше анықтайды;

      15) бойында бар тәжірибе негізінде, жұмысты жүргізудің басты кезеңдерін өз бетінше жоспарлайды;

      16) педагогтің бағыттаушы және бақылаушы сұрақтары негізінде натуралық қойылымдардың конструктивті және түстік талдауын жасау, өз бетінше;

      17) "кесу" тұрғысынан, натураны жалпыланған, тұтас ретінде қабылдай білу;

      18) ұзақ және қысқа мерзімді суреттерде сызықтық және ауа перспективалары туралы білімді тәжірибеде қолдану;

      19) бейнеленетін суреттердің кеңістікте алатын орнын, түрлі фактуралығын, ол үшін қарындаш және жұмсақ материалдармен жұмыс жасау техникаларының тәсілдерін сауатты таңдай отырып, көрсете біледі;

      20) натуралық қойылымдардың түстік құрылымын талдай біледі;

      21) композиция жағынан күрделі жұмыстарда аяқталған жұмысты көрсете біледі;

      22) қойылған мәселелерді шешу үшін жұмыстың ең айқын тәсіл және әдістерін таңдайды (графит қарындашпен, жұмсақ материалдармен, қылқаламмен және тағы басқа);

      23) зерттелген жұмыс үлгілері және білім алушының жеке ұсыныстары негізінде моделді бейнелеу үшін пластиканың, нақыш және техниканың сәйкес түрлерін таңдайды;

      24) қойылым заттарының жарықтығын, розетка элементтерінің (интерьердің, гипстен жасалған және тірі бастың) жоспарлылығын, гипстің (матаның, бет терісінің және басқалар) материалдылығын көрсету үшін жарық-көлеңкенің негізгі үдемелері туралы білімін қолданады;

      25) суретте моделдерге сәйкес фактураларды көрсету үшін түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді қолданады (гипс, маталар, ағаш, әйнек, метал).;

      26) педагогтің жеке мысалы және өз бетінше меңгерген техникалары негізінде штрихтеу мәдениетін жетілдіреді;

      27) академиялық және шығармашылық жұмысты максималды аяқтайды және айқындай біледі;

      28) суретті, оған сәйкес тұтастық пен эстетиканы бере отырып, жалпылай білу.

      68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) натураны терең әрі жан жақты зерттеу талаптарын жоғарылату, көрнекілік материалдар белсенді тарту: портреттердің көшірмелері, білім алушылар туындыларының үлгілері және пластикалық анатомия бойынша кестелер, үй тапсырмасы ретінде шеберлердің туындыларын қайталап көшіру оырндалады;

      2) білім алушы планшеттің 45 сантиметрде х55 сантиметр өлшеміндегі үлкен форматта жұмыс істеуі, гипстен жасалған бастың мүсінін салуда асқан дәлдік және шыңдалғандықтың ең жоғары деңгейі қажет етеді, онда форма пластикасын, көркемділігін және өнер туындысының эстетикалық құндылығын ұғынуды дамыту қажет, форманың пластикалық ерекшеліктерін түсіндіру үшін білім алушыларды пластикалық анатомияның қарапайым қарапайым мәліметтерімен таныстыру, тірі моделдің натуралық қойылымдары – фигура, портретпен таныстыру жалғастырылады.

      69. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 4 сыныптағы сурет тапсырмалары жөнінде кіріспе әңгіме. Нобайлар мен суреттемелер.

      2-тақырып. Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті. Гипстен жасалған бастың суретінде жұмсақ материалмен салудағы түстік шешімнің айқындылығы және жалпылылығы. Күрделі форманы ықшамды құралдармен бейнелеу.

      3-тақырып. Гипстен жасалған моделден көп планды натюрморттың композициялық бірлігі. Артқы планда орналасқан, жұмыстың түстік тұтастығын есептей отырып, композициялық орталықты айқындаудың тәсілдері.

      4-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Салушы көзінің деңгейінен жоғары орналасқан, күрделі конструкцияның сызықтық перспективасы. Капитель конструкциясын геометриялық денелердің күрделі комбинациясы ретінде түсіну.

      5-тақырып. Жеке портреттік сипаттаманың конструктивтік шешімдерінің тәсілдері. Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының "мүсіндеріндегі" түстік шешімдер. Портреттегі индивидуализация.

      6-тақырып. Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын моделдеудің ерекшеліктері. Фигура мен интерьерлік кеңістіктің сызықтық деңгейінің бірлігі. Интерьер детальдары мен фигура пропорцияларының өлшемдерінің үйлесімділігі. Фигура мен интерьер кеңістігінің жарықтығы.

      7-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Емтихан жұмысына қойылатын негізгі талаптар.

      70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) өз бойындағы графикалық сауаттылықты өз бетінше дамытады және біледі, және оларды тәжірибелік академиялық және жеке шығармашылық жұмыста пайдаланады;

      2) сызықтық және әуе перспективасы тәсілдерімен саналық түрде қолдана біледі;

      3) гипстен жасалған адамның басын, портретін, сұлбасын және тағы басқаларын қонструктивті құру және жарықтық көлеңкемен жасау, заттары жазықтыққа мықтылап орнату;

      4) күрделі заттардың көлемдерін жарық көлеңке арқылы саналы түрде жүргізеді және белсенді түрде модельдейді;

      5) академиялық суретпен жұмыстың барлық негізгі кезеңдерінің ретін сақтай отырып өз бетінше ұзақ қойылымдармен жұмыс жасайды;

      6) реңк арқылы күрделі заттардың формаларын модельдейді;

      7) жарық-көлеңке құралдары арқылы кеңстіктікті, заттардың фактурасын жеткізе алады;

      8) сызық, дақ, штрихтеу мәдениетін сенімді меңгеру: көзбен өлшеуі жетілген, сызықтық және түстік суретті салу дағдылары болады;

      9) нобайлар мен суреттерде негізгі түпкі ойды ерекшелей отырып, мінезді байқата білу;

      10) әртүрлі қалыптардағы заттарды ойша сала білу;

      11) қойылымдардың композициясын шеше біледі, олардың эмоциялық күйін жеткізе алады;

      12) тұрмыстық жанрдағы қойылымдарды, натюрморттар мен портреттердің конструктивтік талдауын жүргізе біледі;

      13) сызық, штрих мәдениетін, дақтарды меңгерген: көз көрегендігі жеткілікті дамыған бола отырып сызықтық және түстік суреттерді құру дағдыларына ие;

      14) жеке ойларын және көркем талғамын негізге ала отырып, суреттің шығармашылық мәселелерін креативті шеше білу;

      15) қойылымдармен жұмыс істеу негізгі кезеңдерін және оларды практикада қолдана біледі;

      16) натуралық қойылымның максималды тиімді ракурсын өз бетінше анықтау, сондай ақ, өз таңдауын сауатты түрде негіздей алу;

      17) қойылымды максималды мәнерлі ететін форматты қатесіз анықтай білу;

      18) адам сұлбасын, тұрмыстық заттар мен жихаздарды енгізе отырып интерьерлі көп жоспарлы қойылымдарды бейнелеу жұмыстарының барлық кезеңдерін жоспарлай алады;

      19) түрлі кеңістіктік жоспарда екінші кезектегі сұлбаларды басты сұлбаға бағындара отырып, пропорциональды бірнеше адам сұлбаларын топтай біледі;

      20) үлкен түстік диапазонды пайдаланып, қойылымды жарықтандыруды жеткізу, алғашқы кезеңдерде жұмысты жалпыдан жекеге, ал аяқтағанда жекеден жалпыға бойынша аяқтайды;

      21) гипстік бетпердені, тамшыны немесе адам бейнелеудегі көкжиек сызығы деңгейі мен перспективалық қысқартуларды ескере отырып алған күрделі формаларды бейнелеу дағдыларын пайдаланады және өзбетінше талдай алады;

      22) алдын ала жасалынған нобайлар негізінде бұрылыс және индивидуалды мінезін көрсетуге сәйкес тірі моделді бейнелей алады;

      23) перспективаға барлық қажетті конструктивті сызықтарды бағындыру арқылы, қойылымға деген бір көзқарасты сақтап, өз бетінше адамның толық бойымен орындайды;

      24) кеңістіктің тереңдігін жеткізудегі әуе перспективаларын ескеру және жалпылай алу негізінде интерьер алдындағы сұлба бейнесінің артықшылығына қол жеткізу, түстік кереғарлық туралы білімін қолданады;

      25) жұмысты аяқталу, тұтастық және жалпылау кезеңіне дейін жеткізеді;

      26) өзінің, сондай ақ өз достарының шығармашылық туындыларын сынай отырып, талдай біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      75. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда, көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      72. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1)1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (бейтарап фондағы екі

      тұрмыстық заттан құралған натюрморт). екінші жартыжылдықта: емтихан (қатпары жоқ бір түсті матаның фонындағы реңкі жағынан кереғар үй ыдыстарының үш затынан құралған натюрморттың ұзақ мерзімді суреті);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (жапырақтардан, гүлдерден, жемістерден құралған бедерлі ою-өрнек композициясы), екінші жартыжылдықта: емтихан (сүйегіштегі қаңқасымен динамика мен көңіл-күйді жеткізе отырып екі-үш сюжеттік композициясы);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (ілінген қатпарлы мата фонындағы үш заттан құралған, оның бір заты геометриялық дене болып табылатын (конус, цилиндр) натюрморт натурасындағы бедер), екінші жартыжылдықта: емтихан (динамикасы ашық көрінетін "Спорт" тақырыбына арналған тіреуіштегі қаңқасымен көпфигуралы композиция);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (мінезді, көңіл-күйді, белге дейінгі бөлікті жеткізетін шығармашылық портрет), екінші жартыжылдықта: емтихан (тіреуіштегі қаңқасымен, "жанры" анық көрінетін еркін тақырыпқа арналған көпфигуралы композиция).

      73. Қорытынды аттестаттаудың бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – тиісті ретін сақтана отырып, жұмыс толық көлемде орындалған, әртүрлі техникалар сауатты қолданылған;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жұмыс композициясында, түстік шешімінде кемшіліктермен орындалған, тапсырманы технологиялық орындауда нақты емес тұстары бар;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – жұмыс композициясында, түстік шешімінде, тапсырманың технологиялық шешімінде кемшіліктермен орындалған;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – оқу жұмысына қойылатын талаптарды сақтамау, жұмысты орындау кезінде өрескел қателер жіберу;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – жұмыс оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 5-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Кескiндеме" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Кескіндеме" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Кескіндеме" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акварель – суда араластырған кезде нәзік пигменттің мөлдір жүзгінін құрайтын, және осының есебінен жеңілдік, әуелік әсерін және назік түстік ауысуларға мүмкіндік беретін арнайы акварельді бояуларды пайдаланатын кескіндемелік техника;

      2) әуе перспективасы – суретші-пейзажшыға өзінің кенептерінде кеңістіктің тереңдік иллюзиясын құруға көмектесетін тәсіл;

      3) гризайль – бір түстің тональді градацияларымен орындалатын, көбінде сепи немесе сұр кескіндеменің түрі, сондай-ақ салынған барельефтерді және архитектуралық немесе мүсін элементтерін құру техникасы;

      4) кескіндеме – қатты немесе иілгіш бетке бояуды жағу арқылы көрінетін бейнелерді жеткізумен байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      5) кескіндемедегі жергілікті түс – бейнеленетін нысандардың негізгі және өзгертілмеген түсі, шартты, реңктері жоқ, олар табиғатта жарықтың, әуе ортасының, қоршаған заттардың рефлексінен пайда болатын түстер;

      6) кескіндемедегі этюд – суретшіге қандай да бір бейнелеу уәждемесін зерттеуге және өңдеуге мүмкіндік беретін, көптеген жағдайда натураға қарап көркемдік шығарманы орындау;

      7) колорит – эстетикалық тұтастықты құрайтын түстік реңктердің жүйесі, өнер шығармашылығындағы олардың үйлесуі және өзара байланыстары;

      8) композиция – көркемдік форманы ұйымдастыратын маңызды компонент, шығармаға бірлік пен тұтастық, оның элементтерін бір-біріне бағындыруды және суретшінің барлық ойын жеткізеді;

      9) қосымша түстер (өзара толықтыру) – оптикалық араласуы ахроматикалық түсті (қара, ақ немесе сұр) психологиялық сезінуді қалыптастыруға алып келетін түстердің жұбы;

      10) натюрморт – бейнелеу өнеріндегі жансыз заттардың бейнесі;

      11) пропорция – көркемдік шығармалардың немесе архитерктуралық ғимараттардың барлық бөліктерінің өлшемділігі, олардың бір-біріне сәйкестігі және тұтаспен белгілі қатынастары;

      12) ритм – өнердегі негізгі кезеңдердің бірі, бейнелеу өнерінде ритм түстердің, объектілердің, сәуле дақтарының және көлеңкенің қайталануы арқылы жасалуы мүмкін;

      13) сәндік – адамды қоршаған заттар әлемінің ортасындадағы пластикалық өнер шығармаларының эмоциялық мәнерлігін және көркемдік ұйымдастырушылық рөлін күшейтетінкөркемдік қасиеттердің жиынтығы;

      14) түстік қатынастар – баяулардың көмегі арқылы көру бейнесін жеткізудегі түстердің бір біріне әсер етуі;

      15) фактура – сәндік-қолданбалы өнер, мүсін немесе кескіндемелік жазықтықтың бұйымының бетін өңдеу сипаты, бейнелеу құралдары арқылы шынайы заттардың ерекшеліктерін жеткізу тәсілі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: кескіндеме құралдары арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) түстану негіздерін меңгеру;

      2) көркемдік сауат негіздерін меңгеру;

      3) кескіндеменің акварель және гуашь техникасын меңгеру;

      4) композицияны құру және әртүрлі материалдарда және техникада қолдану тәсілдерін оқыту;

      5) натюрмортта заттардың материалдылығын жеткізудегі практикалық дағдыларды меңгеру;

      6) кеңістік пен форманы түс арқылы жеткізу дағдыларына оқыту;

      7) заттардың түстік кереғарлығын және реңктік қатынастарын бейнелеу дағдыларын бекіту;

      8) көркемдік талғамды, қиялды, кеңістіктік елесті дамыту, көркемдік қызметке деген шығармашылық көзқарасты тәрбиелеу;

      9) білім алушының шығармашылық маңғаздануы және кәсіби бағдарлануы;

      10) әлемдік және отандық көркемдік мәдениетінің озық үлгілері негізінде білім алушы тұлғасын дамыту.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ көркемөнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін білім алушылардың ата-аналарының сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылуы мүмкін.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгереді;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгереді;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгереді;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алады.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Кескіндеме" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      23. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог осы Бағдарламадан сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Кескіндеме сабақтарында білім алушыларға композиция, форманың пластикалық құрылымы, перспектива, сәулені бөлу және түстердің бір-біріне өзара әсер етуі бойынша білімдерін, сондай-ақ бейнелеудің кескіндемелің әдістерінің дағдыларын пайдаланып екі өлшемді парақтың бетінде түрлі-түсті үл өлшемді форманы көруді, түсінуді және бейнелеуді үйретуге бағдарланған.

      32. Сабақтарда жұмыс жеңілден күрделіге қарай өрбу ретімен, мейлінше өз бетінше орындауға және барынша жұмыстың аяқталуына қарай жүргізіледі. Ұзақ мерзімді қойылымдар қысқа мерзімді қойылымдармен үйлестіріледі, жеңіл түс беруді және көздің нақтылығын қалыптастыру үшін жылдам этют техникасына оқыту енгізіледі.

      33. Білім алушы натурамен жұмысқа сүйене отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді этюдтермен жұмысты жүргізу ретін меңгереді. 34. Сабақ барысында педагог көрнекілік материалдарды: балаларға жаңа материалды жылдам және сапалы меңгеруге мүмкіндік беретін оқулықтарды, слайдтарды, оқытудың әртүрлі техникалық құралдарын пайдаланады.

      35. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      36. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен күрделі тапсырмалар пысықталады. Білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      37. "Кескіндеме", "Сурет", "Композиция", "Компьютерлік сызба өнері және дизайн" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларға заттар әлемін тұтас қабылдауға түрткі болады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      38. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы кесіндеме теориясы негіздерімен, кескіндемелік материалдармен, кескіндемелік құралдар арқылы форманы бейнелеу тәсілдерімен танысады, түсті қабылдауды, түс арқылы заттардың көлемін, сызықтық және әуе перспективаларын жеткізуді үйренеді;

      2) түс, оның қасиеттері, түстік дақ, түстік-реңктік қатынастар, колористикалық тұтастық, түстік сәндік және орындау техникасы (гризайль, пуантилизм, шектеулі түстік гамма, сәндік техника) туралы білім меңгеріледі;

      3) формат, композициялық орналастыру, пропорция, ритм, перспектива туралы білімдері бекітіледі, акварельмен және гуашьпен жазу техникасы меңгеріледі.

      39. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Кесіндеме бойынша 1 сыныптың Бағдарламасымен танысу. Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Күн спектрі және түстік шеңбер. Негізгі және құрамдас түстер. Негізгі сипаттамалар: жылы, суық түстер; қосымша түстер. Бояуларды араластыру.

      2-тақырып. Акварельмен жұмыс істеудің негізгі негіздері. Жлпақ заттарды, қарапайым өсімдік пішінін бейнелеу. Акварельді бояулармен жұмыстың техникалық тәсілдері: бір түсті келесі түске құю, лессировка – акварельдің мөлдір қабаттарын бір біріне қою, формасы, көлемі және бағыты бойынша түрлі бояулар.

      3-тақырып. Кескіндемедегі реңк және сәуле мен көлеңке. Түстің реңктік ерекшеліктері (жарық). "Гризайль" техникасымен танысу. Осы техникада жұмысты ретімен жүргізу. Жалпыдан жекеге реңк тік қатынастарымен жұмыс. Реңктік қатынастарды жеткізудегі су мен бояудың тепе-теңдік маңыздылығы.

      4-тақырып. Көлемді берудегі түс пен реңк . Заттың жергілікті түсі және оның жарықтық ауа кеңістіктегі өзгерісі. Түстердің өзара ықпалдасуы, түс рефлексі туралы түсінік.

      5-тақырып. Гуашьпен салынған кескіндеме. Колорит туралы түсінік. Гуашь бояуларымен жұмыстың ерекшеліктері. Шектеулі түс гаммасы. Кескіндемедегі суық түстер.

      6-тақырып. Түс және оның қанықтығы. Жарықтың әсерінен түстердің өзгеруі. Әр түстердің молдық деңгейлері, өзара әсер етуі. Заттың мол қамтылған түстері бойынша натюмортты орындаудағы бірізділік. Жинақтау туралы түсінік.

      7-тапсырма. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Қорытынды жұмыстың негізгі талаптары. Жұмыс жүргізу кезеңдері. Жарыққа байланысты түстердің арақатынасы. Заттар қойылымдағы түстердің өзара ықпалы.

      8-тақырып. Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі. Пуантилизм. Пуантилизмнің пайда болуына тарихи анықтама. "Пуантилизм" техникасының ерекшелігі. Түстерді көзбен алмастыру. Таяқшаларда бояуларды механикалық араластырусыз құрамдас түстерді алу ұстанымдары. Түс рефлекстері және оларды "пуантилизм" техникасымен беру жолдары.

      9-тақырып. Гуашь кескіндемесіндегі түстердің кереғарлығы Кескіндеменің жеңіл және ауыр түстері. Бояулардың кереғарлығы туралы түсінік. Кереғарлы түстердің өзара ықпалдасуы мен араласуы. Түс рефлекстері.

      10-тақырып. Ақ заттардың кескіндемесі. Ақ заттардың үстіндегі суреттегі түс рефлекстерінің рөлі.

      11-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Емтихан жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Жұмыс кезеңдерінің орындалуы. Жұмыстың аяқталғандығын білдіретін жалпылау және талдап көрсету.

      40. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдер мен түсініктердің мағынасын біледі;

      2) табиғаттағы түстердің сан-алуандылығын ажыратады;

      3) күн сәулесінің түс бояуларын, негізігі және құрамды түс, жергілікті бояу, түстің айқын және мол қамтылған жақтарын біледі;

      4) түстік кереғарлық және олардың құрамдастары болып табылатын, бір-бірін өзара толықтыратын түстерді біледі;

      5) өзара әсер еткен түс бояларын, сонымен қатар түстердің рефлекстердің шығуын көреді, біледі;

      6) тақтайшада күрделі түс реңктерін жасай біледі;

      7) акварель және гуашьпен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктерін түсінеді;

      8) форматтың сипатын ескере отырып композициялық құрылымның негізгі қағидаттарын пайдалана біледі;

      9) ұзақ және қысқа мерзімді этюдтерді гуашьпен және акварельмен орындау барысында негізгі жұмыс түрлерін игереді;

      10) зат көлемін түс реңкі арқылы беруді және түстердің жарыққа байланыстылығын түсінеді;

      11) алған білім, білік, дағдыларды бейнелеу қызметінің тәжірибесінде жүзеге асыра біледі;

      12) қойылымдардың көңіл-күйін беруге арналған мәнерлі шешімдер жасаудың тәсілдерін қолдана біледі;

      13) түрлі қарапайым қалыпта тұрған заттарды есте сақтауы бойынша сала біледі.

      41. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) заттардың санын ұлғайту арқылы натюрморттарды күрделендіру; түс перспективасы, кескіндемедегі сәуле мен көлеңке, қысқа мерзімді этюдтерді орындау, кескіндемедегі сәндік, интерьердің этюдтерімен жұмыс әдістері, суретте көлемді жеткізудің тәсілдері негізгі тақырыптар болып болып табылады;

      2) акварельмен, гуашьпен жұмыс істеу, бейнеленетін заттардың фактурасын жеткізу, шығармашылық этюдтегі стильдеуді жеткізу дағдылары бекітіледі;

      3) жарықтың көмегі арқылы кеңістіктікті жеткізу, жарыққа байланысты заттардың жергілікті түсін өзгерту дағдыларын меңгеру.

      42. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Түстану негіздері, өтілген материалдарды қайталау. Пейзаждағы түс-ауа перспективасы. Пленэрде жұмыс істеу.

      2-тақырып. Кескіндемедегі түс көлеңкелері "Гризайль"."Гризайль" техникасындағы көлемді пішіндегі сурет заңдылықтары. Натюрморт кескiндемесiндегi рең диапазоны.

      3-тақырып. Түс гаммасымен жақындасқан гуашь кескіндемесі. Қарама-қарсылық қатынастағы жақын (немесе жалғызхромды) түс гаммасындағы бояулар үндестігі.

      4-тақырып. Кескiндемедегi түс және реңктік кереғарлығы. Бiр уақыттағы қарама қарсылық. Кереғарлы бояулардың өзара ықпалы. Бояу кереғарлы рефлекстер рөлі.

      5-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Қорытынды жұмыстың негiзгi талаптары. Сынақ жұмыстың орындалу кезеңдері. Этюд жоспарының амалы ретінде детализациялау мен жинақтау.

      6-тақырып. Кескiндемесiндегi интерьердiң сызықты және әуе перспективасы.Интерьер этюдының кеңістікте жоспарлы берілу амалдары. Әуе перспективаларындағы бейнелеу заңдылықтары.

      7-тақырып. Гуашь кескіндемесінің түс-реңк ерекшелігі.Жанасқан болмашы рең диапазоны бар түс гаммасындағы кескiндеме.

      8-тақырып. Портерт кескіндемесі Живопись портрета. Акварельмен жанды үлгiлеу суретiнiң заңдылықтары.

      9-тақырып. Қысқа мерзімді этюдтердегі кескіндеме. Академиялық жұмыс тәсілдері және "дымқыл" мен "құрғақтық" техникаларының қосарлануы. Кескіндемедегі стилизациялау мен сәндеу.

      10-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы.

      43. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қойылымның жалпы құрылымы мен түстер тізбегіне сараптама жасай біледі;

      2) қысқа және ұзақ мерзімді этюдтерді орындауда акварель және гуашьпен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді;

      3) суреттелетiн заттар және беттердiң қарапайым сипатын беруге оңай фактурасын береді;

      4) қарапайым геометриялық денелердiң көлемін үлгілеуді түсіну негізінде бүркелген маталардың күрделі емес көлемдерін үлгілеуді игереді;

      5) интерьердiң бұрыштық және қарсы алдынан келешегін құрастыру заңдылығын бiледі;

      6) адамның басының пропорцияларын біледі;

      7) портрет жасау үрдісінде қарапайым ракурсте адамның басының құрылымын құрастыруды игереді;

      8) күрделi, жақын түс – реңк қатынастарын салыстыра алу және олардың берiлу жолдарын игереді;

      9) әр түрлi түстердің тiркескен үйлесімін түсiнеді;

      10) әртүрлi түстік қатынастар мен әртүрлi реңдік қатынастардың тепе-теңдiгiн алып беруге икемi болады;

      11) натюрморттан шығармашылық этюд жасауда кескiндемедегi нақыштау тәсілдері мен сәндiк әдiстерді қолдана біледі;

      12) толыққанды әрі аяқталған этюд табысына жету үшін әдістер жиынтығының мәнiн түсiнеді;

      13) алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын танымдық, тәжірибелік және шығармашылық қызметті меңгеру негізінде пайдалана біледі.

      44. 3 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы заттарды көптеген реңктік және түстік сипаттамаларын көруді және жеткізуді, технологиялық кескіндемелік міндеттерді шешуді, натюрморттардағы жылы-суық қатынастарды әзірлеуді үйренеді;

      2) негізгі назар зат формаларын түс арқылы модельдеуге, жоспарлықты және материалдылықты жеткізуге аударылаы, жұмыстың түрлі тәсілдерімен, кескіндемелік материалдармен, заттардың және олардың бейнелерінің әртүрлі фактураларымен танысу жалғастырылады;

      3) беттің композициясына, қойылымның кеңістігін анықтауға және заттарды нақты құруға, реңк түсінігіне, колористік шешімге және ұзақ мерзімді жұмысты ретімен, дұрыс жүргізуге үлкен мән беріледі;

      4) қойылымдар күрделендіріледі, тапсымалар ұзақ мерзімді сипатта болады, әртүрлі материалдармен және техникалармен жұмыс жалғастырылады.

      45. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Түстану негіздерін қайталау. Пленэр кескіндемесіндегі колорит және түс–әуе перспективасы. Пейзаждағы кеңістіктік.

      2-тақырып. Алдын ала салынған суретсіз акварельді кескіндеме. Түсті – реңктік дақ, жағу, осы тапсырманың басты бейнелілік құралдары. Кеңістіктегі құрылымдылықтың жиынтығы.

      3-тақырып. Гуаш кескіндемедесіндегі заттар бейнеленген материалдары мен өзгешеліктер бар фактура.Реңк және түс ерекшеліктері туралы түсінік. Фактураны жеткізудегі гуашпен жұмыс.

      4-тақырып. Натюрморт жанрындағы шығармашылық құрылым. Натураға сүйене отырып әртүрлі заттарды нақыштап бейнелеу арқылы шығармашылық құрылысын салу тәсілдері (оңайлату, "жан беру").

      5-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Сынақ жұмыста академиялық тапсырмаларды орындау кезеңдері. Күрделі натюрморттың аварель кескіндемесіндегі әртүрлі беттердегі фактура.

      6-тақырып. Күрделі интерьер қойылымының этюдты кескіндемесі. Интерьерлік кеңістік пен натюморттағы сызықтық перспектива бірлігі. Композицияның жоспарлылығы мен түс-реңк бiрлiгi.

      7-тақырып. Гуашьпен портрет кескіндемесі. Адамның төс портретiнiң композициясы. Негiзгi көлемдердiң пропорционал байланыстары. Портр салуды жеке сипаттамасы. Жанды үлгіде портреттеуде гуашпен жұмыс істеудің техникалық ерекшеліктері. Әртүрлi түстiң реңдерiнiң максимал алудағы материалдың мүмкiндiктерi.

      8-тақырып. Акварель кескіндеменің айнаның фактурасы. Емтихандық жұмыстарға дайындық этюдтері. Заттардың айнаға шағылысуы.

      9-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Күрделi тақырыптық натюрморт кескiндемесiндегi шыны фактурасы және материалдар. Суреттегі заттардың түс пен реңктік ерекшеліктері және олардың айнадағы шағылысуы.

      46. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) күрделі композициялық қойылымдар қатарын композициялық, түстік және реңктік тұрғыдан талдай біледі;

      2) күрделі натюрморттар мен интерьерлардың құрылымдарындағы сызықтық перспектива заңдылықтарын біледі және қолданады;

      3) әуе перспективасы әдістері арқылы көп жоспарлы, күрделі қойылымдарда кеңістікті жеткізе біледі;

      4) әр түрлі фактурадағы бейнелерді жеткізе біледі, ол үшін акварель мен гуашпен жұмыс істеу техникасын сауатты таңдай біледі;

      5) күрделі композиясы мен бояу жұмыстың біткендігін көрсете біледі;

      6) жеке дара портреттің үлгілеу сипатын мен жас айырмашылығын жеткізе біледі;

      7) жеке дара шығармашылық талаптарды қоя біледі;

      8) ойлаған ойға және жұмыстың ерекшелігіне байланысты түсті таңдай білуге нақыштық әдістерді қолдана алады.

      51. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) натюрморттармен жұмыс, оларды орындауға қойылатын талаптарды күйшейте отырып жалғастырылады, натюрморттардың анық көрінетін тақырыптық сипаты болады;

      2) жанды натураның портретіндегі оқу-шығармашылық міндеттер күрделендіріледі, портреттің тақырыбы арқылы көңіл-күйді жеткізумен мейлінше күрделі ракурстағы адамның бел тұсына дейінгі портреті ұсынылады;

      3) көп жоспарлы натюрморттарға гипсті модельдер енгізіледі: табақшалар, бетперделер, бет бөліктері мен ұштарын мүсіндеу, тақырыптық натюрмортта гуашьпен сәндік кескіндеме дағдылары бекітіледі.

      48. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Төртінші сыныпқа арналған "Кескіндеме" Бағдарламасымен, керекті материалдармен танысу. Түстану мен әуе перспективаның заңдылықтарын қайталау.

      2-тақырып. Алдын ала суретсіз жасалған акварель кескіндемесі. Жұмыс жасауды қабылдау және техника. Күрделi көп деңгейлi жарықтық шарттарындағы көркем бейне ретiнде гүл шоғы туралы бүтiндiктің әсері.Түс үндес дақ қысқа мерзімді этюдтегі басты көркемдік құрал.

      3-тақырып. Сәндік кескіндеме. Тақырыптық натюрморттағы гуашьпен жұмыс кезіндегі әрлеу тәсілдері.Натюрморттың шығармашылық этюдтегі әртүрлі техникалық тәсілдері.

      4-тақырып. Портрет. Жасаралық және жеке дара модельге мінездеме.Портрет жұмысының кезеңдері.

      5-тақырып. Жартыжылдық сынақтық жұмыс. Күрделі натюрморттың орындалу кезеңдерінің этюды. Гипстелген дене пішінінің өңдеуіне қоршаған ортаның түс пен жарық жағынан әсері.

      6-тақырып. Интерьер кесіндемесі. Интерьердің суретіндегі кеңістік. Сызықты және әуе перспективасының заңдылықтары.

      7-тақырып. Тақырыптық портрет. Белдеудің суреті бар құрылымдық портреттің көрінісі. Портреттегі күнделікті жанрдағы тақырып, көңіл күй, элементтер.

      8-тақырып. Гипстік модельді жүргізу арқылы гуашьпен күрделі натюрморттың кескіндемесін жасау. Ақ және түрлi түстi беттердегі ақ заттардың кескiндемесiнде, түс берудегі өзара ықпалы. Гуашьтық кескіндеме техникасындағы гипстің және сондай материалдардың фактурасы.

      9-тақырып. Жылдық емтихан жұмысы. Кескіндеменің қорытынды жұмысындағы академиялық міндеттердің орындалу тәртібі. Шығармашылық жұмыстардың фольклорлы сипаты, бояудың ерекшеліктері, тақырыптық натюрморттың өзіндік атрибуты.

      49. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) акварель және гуашьті пайдаланатын академиялық және сәндік кескіндеме жасаудың түрлі тәсілдерін біледі;

      2) қысқа мерзiмдi және ұзақ кескіндемедегі этюдтер үшiн техникалық әдiстерi үшін өз алдына таңдап қолдана алады;

      3) түстану негiзiн бiледі;

      4) натураның түстік ерекшеліктерін талдау және шығармашылық тапсырманың түстік мәнін анықтай алады;

      5) әуе ортасына жарық түстiң өзгерiстерiнiң барлық алуантүрлiгiн түсiнiп дәлелдей біледі;

      6) кескіндеуде басты композицияны таба біледі, оны барлық бөліктерін композициялық, мағыналы орталықтарына бағындыра біледі;

      7) көңіл күйді білдіру үшін түстерді дұрыс қолдана алады;

      8) әртүрлі материалдардың фактурасын кескіндеу құралдарымен жеткізе біледі;

      9) күрделi конструкциялардың суретiндегi сызықты перспективаның заңдарын қолдана алады;

      10) негiзгi заңдар және композицияның ережесiн бiледі;

      11) қарсы кемеңгер тақырыптың ашылуы үшiн әр түрлi композициялық құралдарды дәлелдi қолдана алады (түстердің кереғарлығы, ырғақ);

      12) күрделі этюдтердегі, академиялық және шығармашылық міндеттері бар көп жоспарлы қойлымдардың аяқталғандығы мен түстік тұтастыққа қол жеткізе отырып, жалпылау және әуе перспективасының тәсілдерін игерген.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      50. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда, көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      51.

Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (реңкі түрлі, қалыпты түстік кереғарлықтағы үш тұрмыстық заттан құралған натюрморттың ұзақ мерзімді этюд), екінші жартыжылдықта: емтихан (бірқалыпты түстік кереғарлықтағы үш-төрт тұрмыстық заттардан құралған натюрморттың ұзақ мерзімді этюді);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынып (бірқалыпты түстік кереғарлықтағы, екі-үш түзу боялған қатпары бар маталардың фонындағы үш-төрт тұрмыстық заттардан құралған натюрморттың ұзақ мерзімді этюді), екінші жартыжылдықта: емтихан (түстері жағынан кереғар үш-төрт заттан құралған тақырыптық натюрморттың ұзақ мерзімді этюді);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (сәндік матаны енгізе отырып, құстың тұлыбымен заттардан тұратын натюрморттың ұзақ мерзімді этюді), екінші жартыжылдықта: емтихан (көлденең жазықтыққа шыныны енгізе отырып, "Өнер" тақырыбына арналған натюрморттың ұзақ мерзімді этюді);

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (артқы планға гипсті табақшаны немесе бет әлпеттің жартысының мүсіні қойылған, фактурасы және түсі жағынан әртүрлі болатын бірнеше заттардан құралған натюрморттың ұзақ мерзімді этюді), екінші жартыжылдықта: қорытынды аттестаттау (емтихан) (түсі жағынан кереғар, материалдары әртүрлі, қолданыстағы әртүрлі ұлттық заттардан құралған тақырыптық натюрморттың ұзақ мерзімді этюді).

      52. Бағалау кезінде педагог білім алушы жұмысының келесі өлшемшарттарын ескереді:

      1) заттарды парақта сауатты орналастыру (үйлестіру);

      2) заттардың пропорциясын нақты жеткізу;

      3) қарапайым геометриялық формалар сияқты форманың конструктивті талдауына ие болады;

      4) заттарды кеңістіктікте орналастыру;

      5) түсті анықтау – түспен форманы анықтау – түспен көлемді анықтау – түспен кеңістікті анықтау;

      6) заттарды кеңістіктікпен, қоршаған ортамен байланыстырып отырып, жарықпен және оның түстік ерекшеліктерін ескеріп бейнелеу;

      7) натюрмортты бейнелеудегі жалпылау, тұтастық;

      8) жұмыстарды берілген мерзімде орындау.

      53. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – жұмысты толық көлемде өте жақсы орындау, көркемдік сауаттылықтың деңгейінің оқу кезеңіне сәйкестігі, оқу міндетінің толық орындалуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жұмыс сауатты орындалуы, кескіндемелік сауаттың деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес, шамалы қателері бар, оқу міндеті орындалған, реңктік шешімінде кішкене қателіктер жіберілген;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – тапсырманы орындау кезінде талапқа сәйкес келмейтін тұстары бар, көркемдік сауаттың деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес, натюрморттың композициялық және түстік шешімінде өрескел қателер жіберілген;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – талапқа толық сәйкес келмеу, кескіндемелік сауаттың деңгейі оқу кезеңіне сәйкес келмейді, оқу міндеті орындалмаған;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – жұмысы оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 6-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Станокты композиция" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Станокты композиция" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Станокты композиция" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) асимметрия – кеңістіктік композицияны ұйымдастыру кезіндегі симметрияның болмауы немесе бұзылуы;

      2) әуе перспективасы – әуе ортасының және кеңістіктіктің әсерінен заттардың кейбір белгілерінің өзгергендей болуы, натураның байқаушының көзінен алыстауынан пайда болатын түстердің, келбетінің және заттардың жарықтық деңгейінің өзгерісі;

      3) бейнелеу өнеріндегі нюанс – бір түсті реңктің басқа (кескіндемеде) түске, бір сәуле мен көлеңке градациясының (мүсінде, графикада) басқаға әлсіз ғана байқалып ауысуы;

      4) бейнелеудегі колорит – өнер туындысының түстік сапасының жалпы эстетикалық бағасы, бейненің түстік элементтерінің сипаты, олардың өзара байланысы, түстер мен реңктердің үйлесімділігі;

      5) бейнелеу өнеріндегі формаларды стильдеу – композицияның тәсілдері, бейнеленетін нысандарды саналы жеңілдету;

      6) композиция – көркемдік форманы ұйымдастыратын маңызды компонент, шығармаға бірлік пен тұтастық, оның элементтерін бір-біріне бағындыруды және суретшінің барлық ойын жеткізеді;

      7) сәндік – адамды қоршаған заттар әлемінің ортасындадағы пластикалық өнер шығармаларының эмоциялық мәнерлігін және көркемдік ұйымдастырушылық рөлін күшейтетін көркемдік қасиеттердің жиынтығы;

      8) симметрия – шынайылықтың фундаменталды қасиеттеріне негізделген бейнелеу, қолданбалы-сәндік өнеріндегі және құрылыстағы көркемдік шығармаларды үйлестіру қағидаты;

      9) станокты композиция – ойды мейлінше толық, тұтас және мәнерлеп шешуге қызмет ететін заңдарға, ережелерге және тәсілдерге негізделетін суреттің мазмұнын ашатын құралдардың кешені;

      10) сызықтық перспектива – жазықтықтың бетінде құрылған бейне, перспективалық бейнелердің арналуына байланысты беттің жазықтығы тік, бір жаққа қиғаштау және көкжиектің бойында орналасуы мүмкін.

      3. Бағдарламаның мақсаты: бала тұлғасын көркемдік-эстетикалық тұрғыдан дамытуға, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, Бағдарламаны меңгеру барысында оқу пәні бойынша көркемдік-орындаушылық, теориялық және практикалық білімдерін, біліктері мен дағдыларын меңгеруге жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) композияцияның негізгі заңдарымен, заңдылықтарымен, ережелерімен және тәсілдерімен танысу;

      2) екі және үш дәрежелі кеңістікті сатылап игеру;

      3) түс пен реңктің бейнелеу мүмкіндіктерін үйрену;

      4) көркемдік-орындаушылық қызметіне деген қабілеттерін дамыту;

      5) этюдтермен, сызбалармен, нобайлармен, дайындық материалдарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларына үйрету;

      6) композициялық ойлауды дамыту;

      7) бейнелеу өнері мен көркемдік шығармашылыққа деген қызығушылығын дамыту;

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ көркемөнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір жылға ұлғайтылуы мүмкін.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйрықтың 2-қосымшасында көрсетілгендей балалар көркемөнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгереді;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгереді;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгереді;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алады.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын тақырыптардың мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) саналылық және белсенділік қағидаты педагогтің басшылық рөлімен оқу процесіне деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Станокты композиция" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас бейнеленетін затты ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптың білім алушыларының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. "Станокты композиция" оқу пәні балалардың кескіндеме жұмыстарын орындауы бойынша білім, білік және дағдыларды алуына, олардың көркемдік білім алуларына, білім алушыға эстетикалық тәрбие беру және рухани-адамгершілігін дамытуға бағдарланған.

      33. Білім алушы композицияның құралдарымен танысады (сызық, дақ, түстік гамма). Қысқа мерзімді, эскизсіз тапсырмалар орындалады.

      34. Білімді және қызмет тәсілін меңгеру келесі деңгейлерде іске асырылады:

      1) саналы түрде қабылдау және есінде сақтау;

      2) білімдерін және тәсілдерін қолдану;

      3) білімдері мен тәсілдерін шығармашылықпен қолдану.

      35. Білім алушы кескіндеменің және графиканың әртүрлі жанрларының құралдарымен композицияның тақырыбын ашу білігін меңгереді және дамытады: натюрморт, пейзаж, интерьер.

      36. "Станокты композиция" пәнінің басты түсінігі – түпкі ой және сурет. Түпкі ой жұмыстың мақсаты, оның мәні туралы түсінікті береді: жұмыс нәтижесінде сурет құралдардың жиынтығымен түпкі ойы аяқталған шығарма ретінде шығарады.

      37. Композиция сабақтарындағы тапсырмалардың реті тапсырмаларды біртіндеп күрделендіру тәртібінде орналастырылады. Мұндай қағидат алған дағдылары мен білімдерін қамтамасыз ететіндей алдыңғы және кейінгі тақырыптар арасындағы байланысты болжайды.

      38. Педагог сабақта білім алушының белгілі мазмұнды, тақырыпты ойластыруына, нақты, сюжеттің ойы және сезімін дәл көрсетуін табуына, оны эскизде іске асыра білуіне басты назарды аударады.

      39. Оқу процесі сурет, кескіндеме, мүсін және өнер тарихын үйрену процесінде алған білімдері мен дағдыларына негізделеді.

      40. Композицияны оқыту білім алушыға композицияны, түстік бейнені, ритмдерді іздеу арқылы суретті толық көркемдік шығарма ретінде құруға бағытталатындығын түсінуге көмектеседі.

      41. Білім алушыны көркемдік-шығармашылық дамыту композицияның құралдарын, тәсілдерін және ережелерін, бейнелеу сауатының дағдыларын меңгеруге байланысты іске асырылады.

      42. Білім алушы идеяға саналы қарауды және осы идеяға композициялық сызбаның үйлесімділігінің, түс үйлесімділігінің қалай жұмыс істейтіндігін түснуді үйренеді.

      43. Білім алушы композицияның заңдылықтарымен (тұтастық, типтендіру, кереғарлық, барлық заңдылықтардың, композицияның құралдарының бір түпкі ойға бағынуы), композицияның ережелерімен (сюжеттік-композициялық орталық, ритмді, симметрияны, асиметрияны жеткізу, негізгінің екінші кеңістіктік планда орналасуы), композицияның тәсілдері (көлденең, тік, диагоналды бағыттар) және композицияның құралдарымен (сызық, штрих-сызық, дақ (реңк, түс) меңгереді.

      44. Станокты композицияны орындау кезеңдері:

      1) түпкі ой;

      2) дайындық бейнелеу материалдарын, бақылауларды, қиялды, әдеби және музыкалық материалдарды жинау;

      3) орындау техникасын таңдау;

      4) реңктік фор-эскиздер;

      5) түстану және композицияның заңдылықтары бойынша жаттығулар;

      6) реңкті-композициялық эскиздердің нұсқалары;

      7) түсті реңктік эскиздердің нұсқалары;

      8) жетіспейтін натуралық материалдарды жинау;

      9) жұмысты форматта, материалда орындау;

      10) ресімдеу.

      45. Бағдарламаның әрбір тапсырмасы екі және үш өлшемді кеңістіктікті біртіндеп меңгеруді, композицияның негізгі заңдылықтарымен, ережелерімен, тәсілдерімен танысуды, реңк пен түстің мәнерлік мүмкіндіктерін ретімен үйренуді қамтиды.

      46. Композициямен жұмыс кезінде міндетті түрде фор-эскиздер қолданылады. Суреттердің А4-тен А2-ге дейінгі өлшемдері жұмыстың мазмұны мен материалға байланысты болады.

      47. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      48. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      49. "Станокты композиция", "Сурет", "Кескіндеме", "Компьютерлік сызба өнері және дизайн" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларға заттар әлемін тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      50. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы эскиздерді құру және әзірлеуді қамтитын өз композициялық жұмыстарын мейлінше мәнерлі шығуына қол жеткізу үшін сурет және кескіндеме сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануды үйренеді, композицияның заңдарымен, ережелерімен, тәсілдерімен, бейненің элементтерін құру және біртұтаст түпкі ойға бағындыру қағидаттарымен танысады, жұмысты сауатты түрде кезеңмен жүргізу дағдыларын меңгереді;

      2) білім алушы перспективамен танысады, мейлінше мәнерлі көру нүктесін іздеу, план мен кеңістіктікті жеткізу бойынша жұмыс істейді, композициядағы сәуле мен көлеңке түсініктерін зерттейді;

      3) білім алушы композициялық нобайларды жасау білігін, тиісті форматты таңдау білігін, композициялық түпкі ойға мейлінше сәйкес келетін композициялық орталықты анықтауды және реңктік және түстік гамманы шешуді меңгереді.

      51. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Композиция" түсінігін анықтау. Шығарма бөліктерінің өзара орналасуын, олардың бір-біріне және тұтастай бағынуын ұйымдастыратын шығарма құрылысының құрылымдық қағидаты. Композициямен жұмыс жасау кезеңдері. Композиция түрлері: статикалық, динамикалық, ашық, тұйық, жазықтықтық, кеңістіктік. Форматтағы суретті тұтастыру. Композиция элементтерін тұтастыру нобайлары: диагональдық, толқын тәрізді, шеңбер бойынша, үшбұрышты, текше түрінде және басқалары.

      2-тақырып. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Бейнелеу өнерінің түрлері: көркемөнер, сызба, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер. Бейнелеу өнерінің жанрлары: портрет, пейзаж, натюрморт, интерьер, тұрмыстық жанр, батальды, тарихи, мифологиялық, анималистикалық. "Жанрлық картина" түсінігі.

      3-тақырып. Бейнелеу құралдары: сызық, нүкте, дақ. Негізгі бейнелеу құралдары - сызық, нүкте, дақ, оларды көркемөнерде, сызбада және бейнелеу өнерінің басқа түрлерінде қолдану. Сызық типтері. Штрихтау түрлері. Реңкті, түсті дақтарды жасау тәсілдері.

      4-тақырып. Симметрия, асимметрия. Тепе-теңдік. Симметрия түрлері – осьтік, айналық, орталық. Табиғаттағы симметриялар үлгілері. Симметриядағы станокты және сәндік композиция. Симметриялық композициядағы тұрақтылық, тыныштық күйі. Масса, реңк, түс бойынша сюжеттік композиция бөліктерінің біркелкілігі. Композициядағы ассимметрия. Ассимметриялық композициядағы қозғалысты, тұрақсыздықты көрсету. Нысан, масса, реңк және түс айырмашылығындағы композициялық тепе-теңдікті сақтау.

      5-тақырып. Ырғақ және ырғақтық қозғалыс. Композициядағы динамика және статика. Композиция элементтерінің (реңктік және түсті дақтардың, заттардың, фигуралардың, табиғат нысандарының, ою-өрнек элементтерінің) кезектесуі. Станокты және сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы ырғақ және ырғақтық қозғалыс. Өрнек түрлері - геометриялық, өсімдіктік, зооморфтық. Құрылу қағидаттары: тұйық (шеңберде, текшеде, ромбта және басқалары), ашық (жолақты, торлы).

      6-тақырып. Туынды форматы және оның бейнелеу қасиеттері. Тұйық композиция және "ашық" композиция. Формат – композиция құралдарының бірі. Көркемдік ойды бейнелеу үшін суретшілер таңдайтын формат түрлері. Форматтың бейнелеу қасиеттері және мүмкіндіктері. Сюжетті ашудағы форматтың рөлі.

      8-тақырып. Түстердің кереғарлық заңдылықтары. Нюанс. Колорит түсінігі. Реңктік және түстік кереғарлық. Көлемнің, фактуралардың, сипаттардың, табиғат көріністерінің және басқалардың кереғарлығы. Кереғарлық – композициядағы маңызды мағынаны көрсетуге арналған құрал ретінде. Бояу (колорит) – түстер гаммасы. Бояулардың кереғарлық және жақындатылған эмоциялық қасиеттері.

      9-тақырып. Нысан мен мазмұн бірлігі. Композицияның барлық құрылым заңдылықтары мен құралдарының идея ойына бағынушылығы. Түс, жарық, өң және форма саны мен сапасы, ырғақ пен пластиканы көрсету, қозғалыс пен салыстырмалы тыныштық күйі және тағы басқа саны мен сапасының ара қатынасы. Бүкіл фигуралар мөлшерінің формат мөлшері мен нысанына, сюжеттік орталықтық композицияның басқа бөліктеріне қатынасы. Композиция бөліктері мен элементтері үйлесімділігінің ойымен сәйкестігі. Табиғаттың әртүрлі жанды және жансыз заттарын топтарға, түрлерге, нысан, мөлшер, фактура, мазмұн түсініктеріне біріктіретін белгілер.

      10-тақырып. Түрлерге бөлу заңы. Түрлерге бөлу заңының негізгі үш белгісі. Іс-әрекет дамитын сипаттардың және жағдайлардың түрлері. Бейнедегі элементтердің түрлік, сипаттылық белгілерін (мөлшерлері, нысандары, фактуралары, мазмұны, сипатты элементтердің саны) беру. Іс-әрекеттің уақыттағы қозғалыс және даму сезімін беру, яғни сюжеттің алдындағы және кейінгі дамуы. Жаңалық факторы. Күнделікті өмірдегі әдеттегіні шығармашылық интерпретациялау, ғажайыптағы эстетикалық жаңалық.

      11-тақырып. Сюжеттік-композициялық орталық. Көркемдік шығармадағы сюжеттік-композициялық орталықтың мәні. Композицияның геометриялық және мағыналық орталығы және олардың сипаттамалары. Сюжеттік-композициялық орталықтың орналасуының шығарманың ойына тәуелділігі. Алтын қиманың пропорциясына сәйкес бастының орналасуы – тұтастың үштен бірі, яғни бейненің жазықтықтағы тепе-теңдігі. Бастыны мөлшермен, түсімен, үйлесімімен, қалған бөлшектерін топтаумен ерекшелендіру.

      12-тақырып. Стилизациялау. Бейнеленетін нысандарды суреті және түсі бойынша жинақтау және жеңілдету. Заттың "натуралық" бейнені стилизациялаудә әртүрлі әдістері. Стилизациялаудың белгілі мысалдары: мультипликация, эмблемалар, пиктограммалар, ою-өрнек, карикатура. Стилизациялаудың декоративті-қолданбалы өнерде, көркемөнерде, графикада, скульптурада қолдану. Стилизациялау дизайны құралы ретінде.

      13-тақырып. Сызықтық және әуе перспективасы. Сызықтық перспективаны құру қағидаттары: орталық және бұрыштық. Түйісу нүктелері. Сурет салушыдан алыстаған сайын заттардың мөлшерлері мен түстерінің өзгеруі. Заттардың түсіне жарықтандырудың (күннің және айдың) ықпалы. Колориттің көмегімен тәулік уақытын беру.

      14-тақырып. Көркемдік шығарма, көркемдік бейне. Көркемдік шығарманың мақсаты – көркемдік бейнені жасау. Көркемдік образдың сипаттық ерекшеліктері – нақты құралдар мен композиция әдістерімен құрылған үлгілік және даралық, мәнерлілік және эмоциялық, өміршеңдік және жаңалық. Көркемдік шығарманың белгілері: тақырыпты шешудегі жаңалығы, олардың образдық бірлігіндегі мазмұны мен нысанының мәнерлілігі, нақыштық өзінділігі, бірегей авторлық қолтаңбасы, композиция заңдарын ескере отырып композициялық құрылым. Көркемдік шығармадағы түстің, үйлесімдіктің және колориттің мәні.

      15-тақырып. Көркемдік шығарманы талдау. Көркемдік шығарманы талдай білу – өнерді түсінудің негізі. Шығарманы (композициялық сызбаны) құру тәсілдері, ережелері, заңдары, құралдары. Көркемдік шығарманы талдау жүйелілігі.

      16-тақырып. Сынақ сабағы.

      17-тақырып. Иллюстрациядағы нысан мен түстегі сәнділіктің стилизациясы. Иллюстрациялау мақсаттары мен міндеттері туралы, иллюстрациялар түрлері туралы кіріспе әңгіме. Иллюстрацияларды орындауға қойылатын негізгі талаптар. Жұмысты орындау кезеңділігі. Бейнелерді ашудағы колориттің рөлі, оның мәнерлілігі, сипаты, эмоциялық күйі.

      18-тақырып. Қазақ ою-өрнегі. Оюдың халық мәдениетіндегі маңызы. Қазақ оюлары элементтерінің символикасы. Өсімдік және жануарлар нысандарын өрнектік элементтерге стилизациялау. Өрнектік элементтердің түрлері және оларды құру қағидаттары. Әртүрлі тұрмыстық заттарды ою-өрнекпен декорирлеу қағидаттары.

      52. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) композицияны – белгілі бір заңдарды, ережелерді және құралдарды қолдана отырып, туынды жасаудағы шығармашылық үдеріс ретінде түсінеді; 2) бейненің мәнерлілігін көрсету үшін негізгі бейнелеу құралдарын өз бетімен таңдай біледі;

      3) бейнелеу өнерінің алуан түрлері мен жанрлары туралы түсінеді;

      4) ою-өрнек пен тақырыптық композициялардағы ырғақ тәртібі әдістерін біледі;

      5) бейнелеу қасиеттері мен форматтың мүмкіндіктері туралы түсіну, оларды бейнелеу өнерінің түрлі жанрларында пайдалана біледі;

      6) материалдармен және аспаптармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді;

      7) тапсырмамен жұмыс істеу сатыларын дұрыс жүргізеді;

      8) түсті таңдау негіздерін меңгеру: құрамдас түстерді алу тәсілдері,бір түстің түсі мен өңі, ашық және қара түстерді, жылы және суық гаммалар туралы түсініктің болуы, түстердің эмоциялық-мағыналылық мәндерін сезіне білу дағдыларына ие;

      9) түрлі форматтарда біріктіре алады;

      10) өзара байланысы мен қиысуында композицияның басты элементтеріне қосалқыларды бағындыра біледі;

      11) стилизациялаудың негізгі әдістерін білу және оларды шығармашылық композицияларда қолдана біледі;

      12) образдардың, оқиғалардың, құбылыстардың үлгілік, өзіндік белгілері туралы түсініктерді жалпылай алады;

      13) сызықтық және ауа перспективасы туралы түсініктері бар;

      14) композициялық құрылымның барлық таңдалған құралдарын негізгі ойға сәйкес туындының мазмұнына бағындыра біледі;

      15) көркемдік туындының тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі құрастыру қағидаттарын біледі;

      16) көркемдік туынды және көркемдік образ, олардың ажырамас өзара байланысы туралы түсінеді;

      17) композиция заңдары, ережелері және тәсілдері білімі негізінде көркемдік туындыны өз бетімен талдай біледі;

      18) ығармашылық композиция үшін ақпараттық-теориялық материалды таңдауда өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі;

      19) күрделі шығармашылық жұмысты сауатты кезең-кезеңмен жүргізе біледі;

      20) қазақ ою-өрнектері сарынының ерекшелігі және оларды құру қағидаттары туралы түсінеді.

      53. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы жанрлық суреттегі композицияның заңдарымен және ережелерімен, бейнелеу өнерінің монументалды-сәндік түрлерімен, плакаттың түрлерімен танысады;

      2) білім алушылардың қиялын және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін көркемдік материалдарды, композициямен жұмыс істеу техникасын меңгеру жалғастырылады.

      54. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сюжеттік композиция. Тұрмыстық жанр туралы әңгіме. Жанрлық картинадағы композицияның заңдары мен ережелері. Тақырыпты, сюжетті бейнелеу. Сюжеттік-композициялық орталық. Композицияның түстік және үйлесімдік құрылымы. Композициядағы сызықтық және ауалық композиция.

      2-тақырып. Бейнелеу өнерінің сәнді-монументальді түрлері. Бейнелеу өнерінің сәнді-монументальді түрлері (витраж, мозаика, қабырғалық көркем панно), сондай-ақ гобелен, батик, ши – циновка шим-ши сияқты сәндік түрлер туралы кіріспе әңгіме. Бұл шығармалардың орындау технологиясы және оларды нобайлауға қойылатын талаптар.

      3-тақырып. Плакат. Графика түрі ретіндегі плакат түрі. Плакат тарихы туралы, оның: жарнамалық, экологиялық, саяси, ақпараттық, плакат-афиша және тағы сол сияқты түрлері туралы қысқаша мәліметтер. Плакаттағы шрифтің рөлі. Плакаттағы мәтіннің мазмұны, оның тақырыптың мәнін ашатындай қысқалылығы. Плакат сұлбасымен жұмыс жасау кезінде компьютерлік технологияларды қолдану.

      4-тақырып. Жанрлық көпфигуралық және көпкөріністік композиция. "Наурыз" мейрамын өткізудегі қазақтың ұлттық дәстүрлері. Ұлттық билердің, костюмдердің, ат жарыстық-спорттық ойындардың ерекшеліктері. Тақырыпты ажудағы пейзаж бен сәулет. Әртүрлі елдердегі ұлттық мерекелер.

      54. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) неғұрлым терең кеңістікті бере отырып, көпфигуралы композицияларды орындай алады;

      2) сәулет пен адамдар топтарын пейзажға үйлесімді қосады;

      3) алдыңғы және артқы көріністеріндегі композициялар элементтерін салыстыра біледі;

      4) жанрлық композицияларда сызықтық және әуелік перспективаны береді;

      5) жыл мерзімін және тәулік уақытын ескере отырып, сызықтық, түстік және үндестік шешім арқылы сюжеттің эмоциялы мәнерлілігін бере алады;

      6) адам мен жануарлар фигурасының пропорцияларын, құрылымдарының жастық және жеке-дара ерекшеліктерін білуді және олардың өзара қатынастарындағы қимылдарын бере біледі;

      7) сюжеттік-композициялық орталықты анықтай білу және композициялар заңдарын, ережелері мен құралдарын білуінің негізінде бөліктердің реттелуін жалпы идеялық ойға бағындыра алады;

      8) бейнелеу өнерінің сәнді-монументальді түрлері туралы түсініктерге ие;

      9) нақыштау қағидаттарын түсінеді және оларды өсімдіктерді, жануарларды, құстарды, ұсақ жәндіктерді, адамдарды бейнелегенде қолдануды біледі;

      10) плакатта ықшамды бейнелеу және қысқа мәтін арқылы мазмұнды ашудың тәсілдерін игерген;

      11) өз жұмыстарында түрлі көркемдік техниканы пайдалана білу, сондай-ақ түрлі көркем материалдардың бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалана алады;

      12) алынған білімдерін, дағдылары мен біліктерін тәжірибелік жұмыста дербес, сауатты қолданады;

      13) өзін өзі дамыту уәждемесін ескере отырыпөзінің жетістік деңгейін бағалайды.

      55. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) натурадан және елестетуі бойынша композициялық нобайларды орындау дағдылары меңгеріледі;

      2) білім алушы сызықтық және әуе перспективасын қолдана отырып кеңістіктің тереңдігін жеткізуді және адамдардың топтары мен пейзажға сәулет элементтерін үйлесімді қосадуды үйренеді;

      3) қалалық пейзаж жанрындағы көпжоспарлы композиция орындалады, портрет жанры, кітапты көркемдеп безендіру меңгеріледі.

      56. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қалалық пейзаж жанрындағы көп көріністі композиция. Пейзаждың жанры және оның түрлері. Қала – өркемдік бейне. Қалалық пейзаждың композициялық құрылымы. Сюжеттік-композициялық орталық және композицияның қосалқы орталықтары.

      2-тақырып. Көпжоспарлы композиция. Көркемдік образдардағы қазақ фольклоры. Станокты көркемөнер жанрларындағы фольклор: тарихи, мифологиялық және тұрмыстық. Тілдің байлығы, әлеуметтік түрлердің әралуандылығы, даналық, қазақ ертегілеріндегі, эпосындағы және халық ауыз шығармашылығындағы ғибраттылық пен әзіл-оспақ. Қазақ халқының тұрмысы, үй жиһаздары, халық билері мен ойындары фольклорлық шығармалардың ажырамас бөлігі ретінде.

      3-тақырып Кітаптың көркемдік ресімделуі. Кітап шығару және кітап графикасы тарихынан қысқаша мәліметтер. Кітапты ресімдеу құрылымы және элементтері, иллюстрациялар түрлері. Әдеби шығармамен білім алушының танысуындағы суретші-иллюстратордың рөлі. Кітап графикасының жетекші шеберлерінің шығармашылығындағы иллюстрацияларды орындаудың стилдері мен техникаларының әралуандығы (Е. Кибрик, Кравченко, Агин, Фаворский). Кітап парағының композициясы. Кітапты ресімдеудегі шрифттің рөлі. Иллюстрациялардың сюжеттік мазмұны.

      4-тақырып. Портрет. Портреттік жанр және портрет түрлері (кеудеден жоғары, белден жоғары, толық түскен, жұпталып түскен, топтық портрет). Портреттегі мінез бен көңіл-күй. Портреттің эмоциялық мазмұнын берудегі колориттің рөлі. Портреттік образды ашудағы композицияның қосымша элементтерінің, атрибуттарының рөлі. Портреттің тақырыбын ашуға мүмкіндік беретін жанрлар синтезі (мысалы, портреттік және тұрмыстық жанрларды құрастыру, пейзаждағы портрет).

      57. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) көп фигуралы, көп жоспарлы композицияларда жалпы идеялық ойға сәйкес фигураларды алдыңғы және артқы көріністер арасында бөле отырып, орналастыра білу;

      2) сызықтық және ауалық перспективаларды пайдалана отырып кеңістіктің тереңдігін бере білу және сәулеттік элементтер мен адамдар тобын пейзажға үйлесімді енгізу;

      3) пропорцияларды, жастық ерекшеліктерді, жеке сипаттамаларды, адамдардың бір бірімен өзара қатынастарындағы көрнекі ишараттарын беру дағдаларын иелену;

      4) бас кейіпкерлер бейнелерінің психологиялық сипаттамаларын беру үшін көрнекі құралдардың, композициялық тәсілдердің, орындау техникасының әралуандылығы туралы түсіну;

      5) портреттік бейнені ашу кезінде адамның дара және мінездерінің сипаттарын аша білу, қоршаған ортаның элементтерін, атрибуттарын жинақтауды қолдана білу;

      6) бұрын игерілген білімдері мен біліктерін шығармашылық жұмысқа оны бірегей тәсілмен шешу жолымен дербес ауыстыра білу.

      58. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қорытынды аттестаттау жобаларының тақырыптарын анықтау, бөлімдердің тұжырымдамалары әзірленеді, материалдар жинастырылады және өңделеді, сызбалар, эскиздер жасалады;

      2) білім алушының қорытынды шығармашылық жобамен жұмыс істеу кезеңдерімен, орындаудың болжамды техникалық тәсілдерімен, жобаның станокты және сәндік-қолданбалы түрлеріндегі негізгі эскиздеу ерекшеліктерімен танысуы.

      59. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қорытынды аттестаттау. Қорытынды аттестаттауға арналған тақырыпты іздеу. Бөлімдерінің тұжырымдамаларын құру, материалдарды іздеу және өңдеу, сызбалар, нобайлар. Бір түпкі оймен байланыстырылған бөлімдерді құру. Жеке парақта, толық бөлім түріндегі сызбалық және кескіндемелік шешімдерді табу. Композициядда жеке жұмыс жасау.

      Алдын ала масштабтық эскиздеу. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Болуы мүмкін тақырыптардың сан алуандылығы және оларды көркемдік бейнелерде іске асырудың шығармашылық әдістері. Материалдар технологиясы және оларды орындаудың мүмкін технологиялық әдістері. Дербес шығармашылық қорытынды жобамен жұмыстың кезеңдері.

      2-тақырып. Қорытынды аттестаттаудың бекітілген тақырыптары бойынша негізгі эскиздермен жұмыс. Негізгі эскиздеу – бекітілген тақырыпты шешудің шығармашылық әдісін түпкілікті анықтау процесі. Жобаның станокты және декоративті-қолданбалы түрлеріндегі негізгі эскиздеудің ерекшеліктері: нақты мөлшерінде ("қалың қатырма қағаз"), белгіленген масштабта (А3 форматынан кем емес), материалда (қолданбалы-сәндік өнер, мүсін).

      3-тақырып. Түпнұсқадағы бітіру емтиханының жобасымен жұмыс. Түпнұсқаларды орындау – бұл жобаны пысықтау және кемшіліктерді жою бойынша барслық ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, композициялық шешімдердің нобайларында пысықталып, таңдалып алынған форматтар мен материалға түсіру үрдісі.

      4-тақырып. Бітіру емтиханының жобасымен жұмысты аяқтау. Бітіру емтиханының негізгі бөлігін орындаудың қорытынды кезеңі.

      5-тақырып. Бітіру емтиханының жобасын аяқтау. Жобаны қорғау алдындағы дайындықтар. Бітіру емтиханының жобасын ресімдеу.

      60. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) өз бетінше шығармашылық жұмысты жүргізуде кескіндеме сауатын еркін меңгеруде алған білімдерін, біліктерін мен дағдыларны қолдана біледі;

      2) стилистикалық ұстанымды қалыптастыру, бейнені стилизациялаудың тәсілдерін анықтау, материалдағы тәжірибелер арқылы жобаны орындау техникасын таңдай алады;

      3) диплом жобасының алдын ала әзірлемелеріндегі станокты композиция, сурет, көркемөнер, графика, скульптура, қолданбалы композиция бойынша қалыптасқан практикалық дағдыларын қолдана алады;

      4) ұсынылатын образдардың, нақыштық ерекшеліктің эстетикалық құндылықтарын, көркемдік деңгейін талдай біледі;

      5) шығармашылық жұмыстағы сюжеттік-композициялық орталықты, мағыналық доминантаны, түстік-үйлесімділік шешімді дербес анықтайды;

      6) жалпылаудың практикалық тәсілдерін, бейнені (бұйымды) мұқият бөлшектеуді және оның тұтастығын біледі.

      7) бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлерінің ерекшеліктерін, олардың жанрларындағы, нақыштарындағы өзара байланысты және олардың көркемдік мағынасын түсінеді;

      8) болашақ жоба идеясының бірегейлігін дербес айқындау – кесіндемелерде, суреттемелерде, кішкентай эскиздерде оның шығармашылық іске асырылуының нұсқаларын әзірлеу арқылы тақырыптың шеміні талдамалы іздейді;

      9) бітіру жұмысын қалыптастырудың әртүрлі көркемөнер құралдарымен және тәсілдерімен композицияны шешудің баламасын көре біледі;

      10) түрлі варияциялардағы идеяларды тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндіктерін көрсете біледі;

      11) жазбаша түрде де, диалогтық түрде де өз ойының шығармашылық іске асырылуын әдістерін және тақырыпты таңдаудың сенімді, дәлелді негіздемелерін дербес анықтау міндеттері;

      12) алынған білімдердің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы нықтау, нәтиженің шынайылылығын дербес бағалайды;

      13) көркемдік матиериалдармен жұмыстың түрлі графикалық және көркемөнер техникаларын, техникалық тәсілдерін игереді;

      14) жазықтықты асимметриялық толтырудағы парақтағы композициялық тепе-теңдікті жеткізеді;

      15) сызықтық және ауалық перспективаларды, жарқыты, кеңістікті қолданады;

      16) адамның сыртқы келбетінің даралығын жеткізеді;

      17) түстердің кереғарлықтары мен байланыстарды байқайды;

      18) жұмыстың түрлі техникалары мен тәсілдерін пайдаланады;

      19) композиция мен түсті жүргізудің негізгі заңдылықтарын тәжірибеде қолдануыды меңгереді.

      61. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) композицияның заңдылықтарын: тұтастық, типтендіру, кереғарлық, композицияның барлық заңдылықтар мен құралдарының бір түпкі ойға бағынуы;

      2) композиция ережелерін: ритмді жеткізу, сюжеттік-композициялық орталықты ерекшелеу, симметрия, асимметрия, негізгінің екінші кеңістіктік планда орналасуы, формат және өлшем, статика және динамика;

      3) композицияның тәсілдерін;

      4) композицияның негізгі элементтерін;

      5) көркемдік форманы құрудың заңдылықтарын;

      6) дайындық материалдарын жинау және жүйелеу қағидаттары және шығармашылық ойды іске асырудағы оны қолдану тәсілдерін;

      7) кәсіби терминдердін;

      8) көркемдік форманы құру заңдылықтарын және оны қабылдаудың және іске асырудың ерекшеліктерін біледі.

      Түлек:

      1) композицияның мәнерлік құралары туралы алған білімдерін (ритм, сызық, сұлба, реңктілік және реңктік пластика, түс, кереғарлық) композициялық жұмыстарда қолданады;

      2) кескіндеменің құралдарын, олардың мүмкіндіктерін қолданады;

      3) әрбір шығармашылық міндеттер үшін кескіндемелік-пластикалық шешімдерді табады;

      4) кескіндеме мен суреттің құралдарын, олардың бейнелеу-мәнерлеу мүмкіндіктерін қолдана алады.

      Түлекте:

      1) композиция бойынша жұмыс;

      2) композиция бойынша жұмысты ретімен іске асыру дағдыраы қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      62. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда, көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      63. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (көркемдік шығарманы талдау), екінші жартыжылдықта: емтихан (жануарлардың, құстардың, балықтардың, жәндіктердің, өсімдіктердің фигуралары енгізілген өрнекті композиция);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (витраж эскизі, мозаикалар, қабырға жазбалары, гобелен – білім алушының таңдауы бойынша), екінші жартыжылдықта: емтихан (ұлттық тақырып көрінетін көпфигуралы көпжоспарлы композиция);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (қазақтың ауызша ұлттық шығармашылығының туындыларының желісі бойынша композиция), екінші жартыжылдықта: емтихан (психологиялық мінез бен көңіл-күйді жеткізуге арналған елестетуі бойынша салынған шығармашылық портрет);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (жобаның эскизі), екінші жартыжылдықта: емтихан (қорытынды шығармашылық жобаны қорғау).

      64. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – өз бетінше орындалуы, оқу міндеттері жоғары деңгейде орындалған, жұмыс идеясының ерекшелігімен, сауатты орындалуымен, шығарамашылық тәсілімен ерекшеленеді;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жұмыс орындалған, қойылған оқу міндеттері шешілген, шағын қателері бар;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – жұмыс орындалған, өрескел қателері бар;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес бағасы" – талаптарға толық сәйкес келмеу, жобаның орындалу деңгейі оқу кезеңіне сәйкес келмейді, оқу міндеті орындалмаған;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – жұмыс оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 7-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Қолданбалы композиция" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Қолданбалы композиция" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қолданбалы композиция" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) асимметрия – кеңістіктік композицияны ұйымдастыру кезіндегі симметрияның болмауы немесе бұзылуы;

      2) бейнелеу өнеріндегі үйлесімділік – формалар мен түстердің үйлесімділігі, мейлінше үлкен үйлесімділікке ие болатын және осыға байланысты көру арқылы қабылдауға барынша жағымды бейне бөліктерінің өзара байланысы;

      3) бөлшектеу – бейненің бөлшектерін мұқият өңдеу;

      4) колорит – суреттегі жалпы реңкке бағындырылған барлық түстердің өзара байланысы, оның түстік қатары;

      5) композиция – көркемдік форманы ұйымдастыратын маңызды компонент, шығармаға бірлік пен тұтастық, оның элементтерін бір-біріне бағындыруды және суретшінің барлық ойын жеткізеді;

      6) сәндік – ғимаратты (алдыңғы бетін, интерьерді) немесе бұйымды безендіру жүйесі;

      7) симметрия – шынайылықтың фундаменталды қасиеттеріне негізделген бейнелеу, қолданбалы-сәндік өнеріндегі және құрылыстағы көркемдік шығармаларды үйлестіру қағидаты;

      8) орнамент – құрамдас элементтерінің қайталануы және кезектесуіне негізделген өрнек;

      9) өнердегі стильдеу – стильдерге немесе тарихи кезеңдерге тән ерекшеліктерді арнайы немесе ерекшелеп ұқсату;

      10) тепе-теңдік – барлық элементтері өзара тепе-теңдестірілген композицияның күйі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: Бағдарламаны меңгеру процесінде алған көркемдік-орындаушылық және теориялық білімдері, біліктері және дағдылары негізінде білім алушы тұлғасының рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) композицияның негізгі заңдарымен, заңдылықтарымен, ережелерімен және тәсілдерімен танысу, оларды әртүрлі материалдарда және техникаларда қолдану;

      2) шығармашылық бастамалар анық көрінетін көлөнердің озық үлгілерімен танысу;

      3) реңк пен түстің мәнерлеу мүмкіндіктерін үйрену;

      4) дайындық материалдарымен: этюдтермен, нобайлармен, эскиздермен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

      5) білім алушыларды халықтық және дәстүрлі емес сәндік-қолданбалы өнердің түрлеріне араластыру;

      6) сәндік-қолданбалы өнер тілінің көркемдік-мәнерлік ерекшеліктерін түсіну;

      7) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      8) білім алушылардың шығармашылық белсенділіктерін және көркемдік қабілеттерін дамыту;

      9) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі - үш жылды құрайды. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ көркемөнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір жылға ұлғайтылуы мүмкін.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту 2 сыныптан басталады. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгереді;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгереді;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгереді;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алады.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнер танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын сабақтардың тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін әртүрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты оқу процесіне деген саналы көзқарасты, сабақтарда білім алушылардың алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді.

      19. "Қолданбалы композиция" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптың білім алушыларының дайындық дейңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Бағдарлама сызу, технология пәндері бойынша білімді және құралдарды қолданудың практикалық дағдыларын пайдалана отырып сәндік-қолданбалы өнердің түрлері туралы: көркемдік кермика, жазба және ағашты ою, шыныға жазу, металды көркемдік өңдеу, батик, гобелен, көркемдік кестелеу, жұмсақ ойыншық (мектептің таңдауы бойынша) білімді қалыптастырады.

      33. Білім алушы халықтық сәндік кәсіп пен қолөнердің түрлерінің технологияларын үйренеді, материалдармен, құралдармен, көрнекілік материалдармен жұмыс істеуді үйренеді, сәндік жұмыстарды орындау бойынша дағдыларды меңгереді.

      34. Сабақтардағы жұмыс жеңілден күрделіге қағидаты бойынша жүргізіледі: сызбалық сызықтық әзірлемелерден, реңктік және түстік эскиздерден бастап жұмыстың өзін орындағанға дейін.

      35 Бұйымды жасау технологиясына және материалдармен және құралдармен жұмыс істеу кезіндегі талап етілетін техникалық қауіпсіздікке байланысты, әр сыныпта білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар біртіндеп күрделендіріледі.

      36. Қолданбалы композицияны орындау кезеңдерінің сызбасы:

      1) ұсынылатын тақырыптар туралы шолу әңгіме;

      2) сюжетті және орындау техникасын таңдау;

      3) дайындық бейнелеу материалдарын жинау және материалдық мәдениетті зерттеу;

      4) реңктік фор-эскиздер;

      5) түстану, композиция заңдары, орындау техникасы бойынша жаттығулар;

      6) реңктік-композициялық эскиздердің нұсқасы;

      7) түстік реңктік эскиздердің нұсқалары;

      8) картонды орындау.

      37. Оқыту кезінде педагог сәндік композицияларды құру тәртібін сақтайды:

      1) шығармашылық түпкі ойы (халық өнерінің мазмұны, оның бұйымдарында халықтың эстетикалық идеалының, қоршаған әлемнің әсемдігі туралы түсініктерінің көрінуі; халық өнері бұйымдарының негізгі ерекшеліктері, білім алушылардың озық халықтық қолөнер бұйымдарының түпнұсқа және көшірме түрінде таныстыру; заманауи мәдениеттегі халықтық сәндік-қолданбалы өнердің рөлі мен мәні;

      2) композицияның доминанттарын ерекшелеу;

      3) композицияның субдоминанттарын және кейінгі қызығушылық саласын құру;

      4) композицияның объектілері мен элементтерінің арасында визуалды қызығушылықтарын бөлу.

      38. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      39. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      40. Өз бетінше жүргізілетін сабақтардың түрлері;

      1) композицияның эскиздерімен жұмыс;

      2) практикалық тапсырманың тақырыбына сәйкес қоршаған өмірді бақылау;

      3) втапсырманың тақырыбына байланысты нобайларды, сызбаларды және эскиздерді орындау;

      4) композициялық ойлауды дамытуға арналған жаттығулар (түстің колорит сезімі, композициялық тұтастық сезімі);

      5) композициялық тапсырманы әзірлеуге арналған жаңа материалды меңгеру;

      6) әдеби және мұражай көздері бойынша кейіпкерлердің тұрмыс тарихын және мінездерін зерттеу (кітаптар, костюмдер, журналдар, өнер туындылары).

      41. "Қолданбалы композиция", "Сурет", "Кескіндеме", "Станокті композиция" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларды заттар әлемін тұтас қабылдауға түрткі болады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      42. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы қолданбалы композицияның станокті композициядан айырмашылығын меңгереді, қарапайым композициялық түсініктермен, "сәндік", "өрнек", "симметрия" және "асимметрия" түсініктерімен, дақтың, сызықтың мәнерлілігімен, олардың композициядағы рөлімен танысады;

      2) білім алушы форматты, бейненің жазықтығының өлшемін таңдауды, сәндік композицияның бейнелеу бетін ұйымдастыруды үйренеді, өзара бағыну және үйлесімділік негізінде композицияның бірлігі мен тұтастығын ұстанады, түстік қатынастардың үйлесімділігін сақтайды;

      3) білім алушының бейнелі ойлауы, қиялы, көркемдік байқампаздығы, шығармашылық әлеуеті дамиды.

      43. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Сәндік-қолданбалы өнері, оның түрлері туралы әңгіме. 2 сыныпта ұсынылған ("ши", батик, ағашқа жазу, бетперде, тұзды қамырдан панно, маржан, жіптермен кестелеу) сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын дайындау технологиясы.

      2-тақырып. Сәндік-қолданбалы өнер түрі мен болашақ бұйымның тақырыбын таңдау. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиялары туралы жалпы түсінік. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктері. Қажетті материалдарды таңдау. Құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      3-тақырып. Негізгі эскиздеу. Композициялық және түстік-тондық шешім. Композициядағы тепе-теңдік пен біртұтастық. Материалды түстік эскизде беру ерекшеліктері.

      4-тақырып. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Дайындау технологиясы. Түрлі құрал-жабдықтар мен материалдарды қолдану. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

      5-тақырып.Материалмен жұмыс. Түрлі материалдардың сәндік қасиеттері мен орындау техникасының ерекшеліктері.

      Жұмыстарға қойылатын талаптар:

      1) "ши" - техникасы өте көп еңбек сіңіруді қажет ететіндіктен, кішкене көлемдегі ши. Ою-өрнек, күрделі емес композиция, жазықтықтағы шешім мүмкіндігі, яғни көлемді бермей-ақ. Ши кезең-кезеңмен орындалады: эскизге сәйкес иірілген жіппен шиді орау, негіздерін рейкаға жіппен бекіту.

      Материалдары: ши шырпылары, жүннен иірілген жіп, негіздің жіптері, арқауланған немесе жіңішке қармақ бау, рейкалар;

      2) маржанмен, жіптермен кестелеу – эскизге сәйкес матаның бейтарап фонында күрделі емес мотив орындалады. Фонның кеңістігі бос қалады. Жұмыс орындалғанан кейін кестелеу техникасы. Маржаннан сәндік панно орындалады. Материалдар: негізгі мата немесе канва, кергіш немесе кестелеуге арналған кергіш, маржан немесе "мулине" жіптері, багетті рама, инелер, оймақ;

      3) жұмсақ ойыншық – сәндік-жазықтық (қабырғалық) немесе қарапайым пішілген көлемді. Детальдарды пішу сызу бойынша эскизге сәйкес орындалады. Негізгі форма ішіне поролон немесе синтепон салынып тігіледі. Тігістер – ішкі машиналық немесе қолмен жасырын тігіс түрі. Қатты қағаздан негіз қолданылуы мүмкін. Бұйым сәндік элементтермен безендіріледі.

      Материалдар: түрлі фактуралар маталар, калька немесе миллиметрлік қағаз, қатты қағаз, инелер, поролон, синтепон, жасанды жүн, тесьма, түймелер;

      4) Батик – суық, түйінді аралас техникада. Сызықтық суретті эскизден матаға түсіру. Суреттің контурын резервті құраммен құрсау. Жұмыс батикке арналған бояулармен орындалады. Композицияда кеңістік берілмеген (түстік "растяжкалардың" көмегімен фонды ойластыру), күрделі емес.

      Материал: кергіш, табиғи немесе жасанды жібек, бөз, батикке арналған бояулар, резервті құрам;

      5) папье-маше – адамның бетінің табиғи өлшеміндегі бетперде немесе кішкене бетперделерден композиция немесе ваза. Ермексаздан форма илеп жасалады. Формаға қағаз қабат-қабат бойынша жапсырылады. Толық кепкен соң жұқа наждақ қағазбен жеңіл өңделеді және ПВА желімімен, ақ гуашьпен грунтталады. Нобайға сәйкес жазу жазылады. Қосымша сәндік элементтер қолданылады. Бұйымға лак жағылады.

      Материал: ермексаз, қағаз немесе папье-маше массасы, поливинилацетат (ПВА) желімі немесе клейстер, жұқа наждак қағаз, гуашь немесе акрил, нитроцеллюлоза (НЦ) немесе (пентафталь) (ПФ);

      6) көркем жазу - ағаш, шыны, керамикадан жасалған сувенирлер. Дайын бұйымдар, ағаш, шыны заттар немесе өз бетімен орындалған керамика қолданылады. Оларға гуашь темпера немесе акрилмен жазылады. Дайын жұмысқа лак жағылады.

      Материалдар: ағаш кәдесый пішіндер, сәндік тақтайшалар, қобдишалар, керамикалық бұйымдар немесе шыны ыдыс, гуашь, темпера, акрил шыны мен керамикаға арналған бояулар, нитроцеллюлоза (НЦ) немесе (пентафталь) (ПФ).

      7) тұзды қамырдан илеп жасау – дөңгелек пластика немесе көлемді композиция. Жасалған пішіндер немесе көлемді композиция элементтері суық немесе ыстық тәсілмен кептіріледі, бояу үшін грунтталады (алдын ала боялған қамыр пайдаланылуы мүмкін). Бұйым нобайға сәйкес жазылады және мата, таспа, сым темір, моншақтар, түймелер, ағаш шарлар сәндік элементтермен толықтырылады.

      Материал: түрлі түстегі тұзды қамыр, гуашь, темпера немесе акрил, ағаш-талшықты плитадан жасалған планшет, "Момент" немесе "супержелім" желімі, планшетті қаптау үшін ата, лак.

      44. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі;

      2) қазақ ою-өрнектерінің және ою-өрнектерінің стилистикалық ерекшеліктерін біледі;

      3) тақырып мәселесін шешу үшін алдын ала нобайлауда өз бетінше ізденіс жүргізе алады;

      4) өзінің шығармашылық идеясын жүзеге асыру үшін сәндік-қолданбалы өнерде таңдалған орындау техникасын ескере отырып, композициялық құрылым заңдары, ережелері және тәсілдерін қолдану (кереғарлық пен нюанс, ырғақ пен ырғақтық қозғалыстар, стилизация, симметрия мен асимметрия) дағдыларына ие болған;

      5) нобайда сәндік-қолданбалы өнердің таңдап алынған түрінің сипаттамалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      6) нобайдан дайын шығармаға дейінгі жұмысты бірізді жүргізе алады;

      7) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындалудың түрлі күрделі емес технологиялық тәсілдерін қолдана біледі;

      8) көркемдік бұйымдарды дайындау үшін қажетті материалдарды өз бетімен таңдай алады;

      9) түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктерін қолдана алады;

      10) түрлі аспаптармен және материалдармен жұмыс істеудің алғашқы тәжірибелік дағдыларынына ие;

      11) түрлі құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі және сақтайды;

      12) қауіпсіздік техникасын ескере отырып, өз бетімен жұмыс орнын ұйымдастыра алады.

      45. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қолданбалы композиция бойынша дағдылар бекітіледі және тереңдетіледі, сәндік-қолданбалы өнердің түрлерімен жұмыс дағдылары меңгеріледі, тапсырмалардың "жеңілден күрделіге қарай" реті сақталады, білім алушы жеке қағаз беттерінде қысқа жаттығуларды, ұзақ мерзімді жұмыстардың эскиздерін және материалдарда жұмысты орындайды;

      2) қолданбалы композицияның міндеттері тереңдетіледі және күрделендіріледі, табиғи материалдардан композиция құру технологиялары, панорамалық, табиғи, өсімдіктік нақышында стильдеу тәсілдері меңгеріледі;

      3) білім алушы композицияға сәндікті үйлесімді енгізу, көркемдік бейнені құру, композицияға шынайы және абстрактілі бөлшектерді енгізу дағдыларын меңгереді.

      46. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып: Кіріспе әңгіме 3 сыныптағы қолданбалы композицияның міндеттері. Сәндік-қолданбалы өнері, оның түрлері мен жанрлары туралы әңгіме. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін дайындау технологиясы. Бұл сынып үшін жаңа сәндік-қолданбалы өнер түрлері: гобелен, коллаж, костюм макеті, кілемдер. Композиция тәсілдерін сәндік-қолданбалы сипаттағы жұмыстарды орындауда қолдану.

      2-тақырып: Тақырып пен орындау технологиясын таңдау. Тақырып таңдау. Түрлі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын орындау технологиясы.

      3-тақырып: Негізгі нобайлау. Композициялық орналастыру. Түстік-реңктңк шешім.

      4-тақырып: Қауіпсіздік техникасы. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдану. Жұмыс тәсілдері. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

      5-тақырып: Материалмен жұмыс. Орындау технологиясы. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндік былғары. Қажетті материалды таңдау. Түрлі материалдар мен олардың ерекшеліктері.

      47. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрлерінің негізгі ерекшеліктерін біледі: гобелен, кілем тоқу, көркемдік керамика, коллаж, костюм макеті, былғарыдан көркемдік бұйымдар;

      2) арнайы терминологияны біледі;

      3) өзін-өзі дамыту мақсатында өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, сәндік-қолданбалы өнердің жаңа түрлерін саналы түрде меңгере алады;

      4) өз бетімен сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін таңдай алады және жобалық әзірлеме мен ары қарай дайындау үшін нақты бұйымды анықтай алады;

      5) жинақталған білім негізінде көркемдік және функционалдық қасиеттері, размерлері, болашақ бұйымды дайындаудың материалдары мен технологиясын толық көрсете алатын нобайлық жобаларды әзірлеу алады;

      6) болашақ бұйым үшін өз бетімен оның сәндік және функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес материалдар таңдай алады;

      7) әрекеттің барлық жағдайында өзінің таңдауын негіздей алады;

      8) тәжірибелік жұмысты таңдап алынған қолданбалы өнерде қолданылатын технологиялық тәсілдерді қолдана отырып орындай алады;

      9) форма мен декор бірлігін түсіну негізінде заттарды әшекейлеу тәсілдері және дағдыларын меңгерген;

      10) бұйымды орындауда таңдап алынған техникада жұмысты өз бетімен, бірізділікпен орындайды;

      11) түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларына ие;

      12) жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін туралы білімді ескере отырып, қажетті құрал-жабдықтарды пайдалана алады ;

      13) қауіпсіздік техникасын ескере отырып, жұмыс орнын өз бетімен ұйымдастыра алады.

      48. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы сәндік-қолданбалы өнердің түрлерінің технологияларымен (металды көркемдеп өңдеу, коллаж, гобелен, костюнің макеті), әртүрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктерімен, құралдармен жұмыс істеу тәсілдерімен танысады;

      2) бейнелі ойлау, бейнені стильдеу, қандай да бір материалды таңдау және оны сәндік композиция жасау кезінде сауатты қолдану, шығармашылық процестің мәні туралы түсінікті меңгеру, сәндік композициямен ретімен жұмыс жүргізу білігі әрі қарай жетілдіріледі;

      3) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеу технологиясы меңгеріледі: "чий", батик, ағашқа жазу, тұзды қамырдан панно жасау, бисермен, жіптермен тігу, көркемдік жазу, костюмнің макеті, коллаж, ілмелі кілемше, теріден жасалған көркемдік бұйымдар, ағашқы, металды, тасты көркемдеп өңдеу.

      49. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      Тақырып 1. Кіріспе әңгіме. 4 сыныптағы қолданбалы композицияның міндеттері. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ("ши", батик, ағашқа жазу, тұздалған қамырдан панно, маржанмен, жіптермен кестелеу, көркемдік жазу, костюм макеті,коллаж, гобелен, ілгекті кілемше, былғарыдан көркемдік бұйымдар, ағаш, металл, тасты көркемдік өңдеу) дайындау технологиясы.

      2-тақырып: Тақырып пен сәндік-қолданбалы өнер түрін анықтау. Композициялық орналасу. Сәндік композициядағы түстік-тондық шешім. Орындау техникасы.

      3-тақырып: Негізгі эскиздеу. Композициялық және түстік-реңктік шешімдер. Нобайда аталған түрдің мазмұнды ерекшеліктерінің "имитациясы".

      4-тақырып. Қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме. Түрлі құрал-жабдықтарды қолдану. Түрлі сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиялары туралы жалпы түсінік. Түрлі материалдардың сәндік мүмкіндіктері. Қажетті материалдарды таңдау. Құрал-жабдықтар және материалдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      5-тақырып: Материалмен жұмыс. Жұмыс кезеңдері. Материалдардың ерекшеліктері. Бұйымды дайындау технологиясы. Түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс тәсілдері.

      50. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сәндік-қолданбалы өнер технологияларының мен терминдері біледі;

      2) сәндік-қолданбалы өнер шығармаларында көркем бейнелерді құру үшін бейнелеу мен техникалық құралдарды саналы түрде таңдай алу;

      3) үйлесімді түстік үйлестіру мүмкіндіктерін сауатты пайдалана алады;

      4) өзінің шығармашылық жұмысында материалдардың созылғыштық мүмкіндіктерін біледі және қолдана алады;

      5) қажетті құрал-жабдықтарды сенімді пайдалана алады;

      6) білім алушылардың таңдауына сәйкес ұсынылған сәндік-қолданбалы өнер бойынша бұйымдардың түрлі технологиялық тәсілдерін меңгерген;

      7) композицияны құру кезінде төмендегі ережелер мен құралдарды қолдана біледі: тепе-теңдік, тұтастылық, статика, динамикасы, ашық және жабық композиция, симметрия және асимметрия, сюжеттік-мағыналық орталық;

      8) композициялық ойлау негіздерін біледі;

      9) сәндік композициялардың құрылымын талдай алады;

      10) бұйымдарды нақыштаужәне нақышты композициялар жасай алады;

      11) шығармашылық өзін-өзі дамытуға, эксперименттік ізденістер арқылы жеке жетістіктерді қалыптастыруға, алынған білім мен тәжірбиелік дағдыларды жинақтауға, материалдардың күтпеген комбинациялары мен жаңа өңдеу тәсілдерін, орындаудың аралас техникасын іздеуге, сонымен қатар, композиция негіздері мен көркемдік талғам туралы білімдеріне сүйенге отырып, нақыштықэклектикан қолдануға ұмтылады;

      12) тікенекті және кесетін құрал-жабдықтар, уландыратын материалдармен (лактар, еріткіштер) жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын бұлжытпай орындау.

      51. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) сәндік композицияның заңдарын және берілген тақырыпты ашуда оларды қолдануды;

      2) заманауи өнерді дамытудың негізгі заңдылықтарын;

      3) бейнелеудің негізгі композициялық құралдарын;

      4) композицияны құрудың негізгі заңдылықтарын;

      5) сәндік композицияның мәнерлік және бейнелеу құралдары;

      6) композицияны құру кезіндегі материалдарды, құралдарды және техникаларды;

      7) стильдеудің ережелері мен ерекшеліктерін;

      8) түстанудың негіздерін;

      9) сұлба, өлшемділік, композицияның сюжеттік-композициялық орталығының тепе-теңдігі, ритм, статика, динамика түсініктерін біледі.

      Түлек:

      1) табиғи формаларды өз бетінше стильдей отырып, сәндік композицияны орындауды;

      2) сәндік композицияны құруға арналған бейнелеу элементтерін қолдануды (сызық, ритм, сұлба, символ);

      3) текстильмен, аппликация техникасында қағазбен, табиғи материалдармен жұмыс істеуді;

      4) тушьпен және пастельмен, әртүрлі бояу түрлерімен (акварель, гуашь, акрил, батикқа арналған бояулар) жұмыс істеуді;

      5) сауатты таңдалған реңктік түстік қатынастармен композицияның түстік үйлесімділігін құруды;

      6) композицияға сәндікті үйлесімді енгізуді;

      7) көркемдік бейнелерді жасауды;

      8) бейнелі ойлауды, бейнені стильдеуді, қандай да бір колоритті таңдауды, сәндік композицияның түстік қатарын біледі.

      Түлекте:

      1) табиғи материалдармен жұмыс;

      2) панорамалық, табиғи, өсімдіктік нақышында стильдеу тәсілдерін меңгеру;

      3) әртүрлі фактуралармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      52. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда, көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      53. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (кәдесый мүсіндерінің жиынтығы немесе шағын бедерлі панно), екінші жартыжылдықта: емтихан (тұзды қамырдан илеу);

      2) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (қаңқалы манекенді және костюмді орындау), екінші жартыжылдықта: емтихан (кәдесыйлар жиынтығы немесе шағын сәнді панно);

      3) 4 сынып – бірініш жартыжылдықта: сынақ (болашақ бұйымның табиғи өлшемінде түстік эскизді орындау), екінші жартыжылдықта: емтихан (халық шығармашылығы нақышындағы сәндік композиция).

      54. Бағалау кезінде педагог білім алушы жұмысының келесі өлшемшарттарын ескереді:

      1) композицияның пластикалық шешімінің сәндігі және аяқталғандығы;

      2) форма мен түстің мәнерлігі;

      3) материалмен жұмыс істеу білігі, ерекшелігі.

      55. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – арнайы терминдерді өте жақсы білуі, сәндік композиция құрудың негізгі заңдарын білуі, композицияның базалық қағидаттары мен құралдарын практикада қолдануы (сызық және сұлба, стильдеу, кереғарлық және нюанс, колорит, акцент, симметрия және асимметрия, сюжеттік-композициялық орталық), түстік және ритмикалық құрылымның мәнерлігі, тепе-теңдік заңы, форма мен дақтың кереғарлық заңы, композицияның бөліктерінің шамаластығы және бір-біріне бағынуы, фор-эскиздермен жұмысты жүргізу, композициялық шешімнің көп болуы, жұмысты жүргізу реті: эскиздің идеясынан бастап жұмыстың материалда орындалуы; әртүрлі техникамен жұмыс (гуашь, тушь, аппликация, коллаж), блім алушының материалда композицияның өз бетінше орындауы, идеяның ерекшелігі, сауатты техникалық орындалуы, шығармашылық тәсіл;

      2) "4" "жақсы" бағасы – теориялық материалды Бағдарлама талаптарының деңгейінде білуі, арнайы терминтерді білуі, композициямен жұмысты ретімен жүргізуі, композицияның тақырыбын ашуы, жұмыстың материалды-техникалық сауатты орындалуы, аз мөлшерде қателердің, кемшіліктердің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – теориялық материалды толық білмеуі, бейнелеу өнерінің терминдерін сенімсіз қолдануы, берілген тақырыптың композициялық шешімінің мәнерлі болмауы, жұмыстың материалда техникалық жағынан әлсіз орындалуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – пәннің терминдерін білмеуі, композицияның құралдарымен тақырыпты аша алмауы, материалда жұмыстың техникалық жағынан сауатсыз орындалуы, өрескел қателердің болуы, білім алушының жұмысындағы аяқталмағандығы, ұқыпсыздығы, тиянақсыз орындалуы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – жұмысы оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 8-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Мүсін" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Мүсін" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Мүсін" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) әуе перспективасы – бақылаушы мен заттың арасындағы сәуле мен ауа кеңістігінің ұлғаюы салдарынан, бақылаушының көзінен алыстауы кезінде пайда болатын заттардың түстерінің, сұлбаларының және жарықтың түсу деңгейіне байланысты өзгеруі;

      2) бедер – жазықтықтағы шығып тұратын мүсіндік бейне;

      3) бейнелеу өнеріндегі стильдеу – композицияның тәсілі, бейнеленетін нысандары саналы түрде жеңілдету;

      4) дөңгелек мүсін – үш өлшемді көлемдегі (жан-жағынан көруге болатын) шығарма болып табылатын мүсіннің түрі;

      5) модельдеу – шығармашылық өнердегі сәуле мен көлеңке градацияларының (кескіндемеде, графикада) көмегімен немесе үш өлшемді көлемдегі формаларды (мүсінде әртүрлі материалдардан) пластикалық өңдеу варқылы заттар әлемінің көлемді кеңістіктік қасиеттерін анықтау;

      6) мүсін – шынайылықты кеңістіктік-көлемді формаларда көркемдік іске асырумен байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      7) мүсін технологиясындағы форма беру – түпнұсқалардың көшірмелерінің немесе гипсті модельдердің еденде орындалатын формаларын әзірлеу процесі;

      8) өрнек – заттарды (ыдыс, құрал және қару, текстиль бұйымдары, жихаздар, кітаптар), сәулеттік ғимараттарды, пластикалық өнер шығармаларын, денелерді безендіруге арналған ретті ритмикалық элементтерден құралған өрнек;

      9) перспектива – натурада байқалатын өлшемдердің қысқаруына, формалардың сұлбаларының және сәуле мен көлеңке қатынастарының өзгерістеріне сәйкес қандай да бір жазықтықта кеңістіктік нысандарды бейнелеу техникасы;

      10) ракурс – бейнелейтін заттың немесе адамның перспективадағы жеке бөліктерінің қысқаруы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: мүсін арқылы білім алушынының көркемдік білім, эстетикалық тәрбие алуына, рухани-адамгершілік дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) жабдықтармен, әртүрлі пластикалық материалдармен танысу;

      2) қарапайым формалар мен заттарды мүсіндеу тәсілдерімен танысу;

      3) "мүсін", "көлемділік", "пропорция", "заттардың сипаты", "жазықтық", "сәндік", "бедер", "айнала шолу", "композиция" түсініктерін, пәннің негізгі терминдері туралы түсініктерді қалыптастыру;

      4) заттарды бақылау, оның көлемін, пропорциясын, формасын талдау білігін қалыптастыру;

      5) бедермен, есте сақтауы және елестетуі бойынша тақырыптық композициямен жұмыстын ретін үйрету;

      6) "форма", "ритм", "бұйымдардың пропорциялары мен өлшеміндегі шамаластық" түсініктерін қалыптастыру;

      7) табиғи формалар мен заттарды стильдеуді үйрету, кеңістік және перспектива түсініктеріне сәйкес тапсырмаларды біртіндеп күрделендіруді меңгеру;

      8) заттардың массасын, көлемін, пропорцияларын, тән қасиеттерін жеткізу блігін қалыптастыру;

      9) натураға қарап және есте сақтауы бойынша жұмыс істеу білігін қалыптастыру;

      10) бедерді, көлемді композицияны, жазуды және бұйымдарды сәндеп мүсіндеудің техникалық тәсілдерін қолдану білігін қалыптастыру;

      11) илеудің конструктивті және пластикалық тәсілдерін қалыптастыру;

      12) кеңістіктік елестетуді, көркемдік және ассоциативті ойлауды дамыту;

      13) шығармашылық даралықты қалыптастыру;

      14) отандық және әлемдік өнердің мұрасына араластыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ көркемөнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе олардың орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір жылға ұлғайтылуы мүмкін.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту 2 сыныптан басталады. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгереді;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгереді;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгереді;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алады.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнер танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын сабақтардың тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін әртүрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты оқу процесіне деген саналы көзқарасты, сабақтарда білім алушылардың алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді.

      19. "Мүсін" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптың білім алушыларының дайындық дейңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. "Мүсін" пәні көлем мен пропорцияны сезінуді, бейнелер арқылы өз ойын, эмоциясын жеткізуді, қолғалыс әсемдігін және формалардың пластикасын көруді үйретеді, материалды сезінуді дамытады, көз өлшемін жетілдіреді, қолдардың қимылының үйлесімділігін жақсартады, нәзік қолмен істелетін жұмыстарды істеу қабілетін және назарды ретке келтіруді пысықтайды.

      33. Оқыту білім алушы әрбір тапсырманы қатаң әдістемелік тәртіппен орындайтындай құрылады.

      34. Материалды сезінуді дамыту мақсатында педагог біілім алушыларды пластикалық материалдардың көркемдік және конструктивтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктерімен таныстырады.

      35.Оқытудың барлық кезеңінде педагог білім алушылардың өз бетінше жүргізетін сабақтарына, оның даралығын сақтауға, бейнеленетін формалар мен пропорцияларға әдеттегі көріністерді өзінің табуына, бетті өңдеу тәсілін таңдауға көп көңіл бөледі.

      36. Натурамен жұмыс ұзақтығы жағынан балалардың жасына байланысты ұлғайтылады. Жоғары сыныптарда анатомиялық білімдеріне және жалпы бейнелеу сауатына, бейнені тереңірек шешуіне барынша қатаң талап қойылады.

      37. Білім алушы пластикалық материалдармен жұмыс істей отырып, қоршаған өмірдің нысандарын натураға қарап, есте сақтауы, сызбалары бойынша сауатты орындауды үйренеді: геометриялық денелер, тұрмыстық заттар, жануарлар, өсімдіктер, адамдар.

      38. Көлемді заттарды бейнелеу білім алушының кеңістіктік-бейнелі ойлауын қалыптастырады, көлемді форманы белсенді түрде тануға бағыттайды, білім алушыларға бейнеленетін объектілерге шығармашылық көзқараспен қарау дағдысын қалыптастырады.

      39. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      40. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты

      41. "Мүсін", "Сурет", "Композиция", "Компьютерлік графика және дизайн" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларды заттар әлемін тұтас қабылдауға түрткі болады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      42. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) мүсін бедерімен, оның сан алуандылығымен және бедерде тапсырмаларды орындаумен, илеудің негізгі тәсілдерімен, кеңістіктікте негізгі заттарды құру туралы түсінікпен, мүсінмен жұмысқа кезеңмен сауатты орындау тәсілімен танысу;

      2) натураға қарап және есте сақтауы бойынша заттарды бейнелеудегі алғашқы дағдыларды меңгеру. Фигуралар мен заттардың пластикалық және композициялық байланыстары туралы түсінік.

      43. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіннің түрлері: рельефті және дөңгелек. Құстар мен жануарлардың натурасына қарап сурет салу. Олардың құрылысымен танысу. Түрлі көзқарастан нобайларды орындау.

      2-тақырып. Геометриялық денелер. Күрделі көлемді формалардың негізінде жатқан қарапайым геометриялық денелер туралы түсінік. Көлемді форманы алу әдістері: конусты, цилиндрді, призманы. Қашау туралы түсінік. Жануарлар мен адамның бейнесін стилизациялау. Жұмыстардың декоративтілігі.

      3-тақырып. Бедер. Бедер, оның түрлері және сәулеттегі сәндеудегі ролі туралы әңгімелесу. Бедердің және оны қолдану аясының әр түрлілігі. Оқу бедері, бедерді жасау ерекшеліктері. Бедердегі көлем мен кеңістік.

      4-тақырып. Сынақ жарты жылдық жұмыс. Бедердегі тақырыптық композиция. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар.

      5-тақырып. Дөңгелек мүсін. Дөңгелек мүсін туралы әңгімелесу. Дөңгелек мүсіннің түрлері. Нобайларда формалардың пластикалық шешімін іздеу. Дөңгелек мүсінді жасау кезеңдері.

      6-тақырып. Емтихан жұмысы. Дөңгелек мүсін. Қорытынды жұмысқа қойылатын негізгі талаптар. Дөңгелек мүсінде тақырыптық композицияны орындауға шығармашылық тұрғыдан қарау. Мүсіндік композицияны жасаудың негізгі қағидаттары.

      44. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мүсін түрлерін біледі;

      2) мүсіндік материалдардың ерекшеліктерін біледі және ермексазды, сазды пайдалана біледі;

      3) нобайларда тақырыптың шешімін өз бетінше шығармашылық іздеуді орындайды;

      4) тақырыптық композицияларға арналған нобайларды орындайды;

      5) қарапайым заттарға, құстар мен жануарлаға тән пропорцияларды, жалпы формаларын, ерекшеліктерін жеткізу, натураға қарап бедерде сатылап жұмыс істей алады;

      6) натураға қарап бедермен кезеңмен жұмыс ітеуді біледі;

      7) жануарлардың пластикалық формаларын жеткізе біледі;

      8) мүсінді сатылап илеу дағдысын біледі;

      9) дөңгелек мүсіннің бейнелеу құралдары туралы түсініктері бар;

      10) ұсақ формаларын жасамай адам сұлыбының сызбаларын орындайды;

      11) бір және екі фигуралы қаңқа мүсіні үшін нобайларда тақырыптың шешімін өз бетінше шығармашылық іздеуді орындайды;

      12) тақырыпты ашу мақсатында композициялық құрылымды анықтай алады;

      13) дөңгелек мүсінде пропорцияларды, тән ерекшеліктерді, қиын емес қозғалысты жеткізу дағдыларына ие болады;

      14) кейіпкерлердің мінездерін, көңіл-күйін жеткізе отырып, фигуралардың сюжеттік өзара байланысын анықтай біледі.

      45. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) жұмысқа сауатты келу дағдысы бекітіледі, натуралық, сол сияқты композициялық тапсырмаларды күрделендіру негізінде білім алушылардың шеберліктерін дамыту және жетілдіру;

      2) күрделі бедерді композицияны кеңістіктік шешуді меңгеруді әрі қарай жетілдіру, пропорциялар мен қозғалыстарды, көлемді модельдеуді, фигуралардың эмоциялық өзара байланысын жеткізу дағдыларын жетілдіру.

      46. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Міндеттер мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. 2 сыныптың "Мүсін" пәні бойынша Бағдарлама талаптары.

      2-тақырып. Бедер. Бедердегі өсімдіктер. Натурадан бедерде жұмыс ерекшеліктерімен танысу. Алдыңғы тапсырманың натуралық суреттемелеріне тіреуішпен бедерді жасауды жүргізу жүйелілігі.

      3-тақырып. Жартыжылдық сынақ жұмысы. Бедерді өсімдік өрнегі. Өрнек элементтердің қайталануы және кезектесу реті. Өрнек түрлері: геометриялық, өсімдік, зооморфты. Өрнектің берілген форматтағы композициясы және ырғағы.

      4-тақырып. Жануарлар мен құстар. Жануарлар мен құстарды тұлыптардан және көрнекі құралдардан алып, салу. Олардың құрылымымен танысу.

      5-тақырып. Дөңгелек мүсін және анималистік жанр. Дөңгелек мүсіндегі жануарлар мен құстар. Пластика, пропорциялар және қозғалыс. Тақырыптық мүсіндегі композициялық шешімнің тұтастығы.

      6-тақырып. Емтихан жұмысы. Эмоциялық ахуал мен динамиканы жеткізуге дөңгелек мүсіндегі сюжеттік композиция.

      47. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қажетті материалдарды еркін пайдалана біледі (ермексазды, сазды, папье-маше);

      2) сымдық қаңқа мен көмекші жазықтықты дайындауды орындайды;

      3) жануарлар мен құстардың, сонымен қатар адамдардың түрлі түрлеріне тән ерекшеліктерді және пропорцияларды біледі;

      4) натуралық нобайлардың негізінде болашақ өз бетінше шығармашылық жұмыстың нобайларын орындайды;

      5) қаңқада модельдерді ұсақ формадан үлкен формаға дейін сатылап илеу дағдыларына ие;

      6) этюдтерді натураға қарап және еске түсіру арқылы қаңқа бетіне түсіреді;

      7) эмоциялық күйді (ойын, тыныштық, қорқыныш) жеткізе біледі;

      8) екі фигуралы композицияларды орындайды: пропорциялар, қозғалыстар, өзара байланыстар, ұсақ формаларды жасау.

      48. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының жұмыстарына талап жоғарылайды, композициямен дайындық жұмысына басты назар аударылады;

      2) елестетуі және қиялдауы бойынша тақырыптық композицияны орындау, қозғалыстағы адам фигурасының нобайларымен жұмыс.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 3 сынып Бағдарламасының міндеттері. Қажетті материалдар. Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу.

      2-тақырып. Бедер. Натурадан жасалған бедердің күрделі формаларын модельдеу қағидаты.

      3-тақырып. Сынақ жұмысы. Натуралық қойылым мен бедердің көлемдік ара қатынасы. Сызықтық перспектива, кеңістіктік және пропорциялар натюрморт рельефінде. Көпжоспарлы бедерде көлемдер мен тереңділіктердің ара қатынасын белгілеу.

      4-тақырып. Адамның бет-әлпетінің бөлшектерінің конструктивті ерекшеліктері. Алдын–ала нобайсыз натурадан жұмыс істеу. "Көмкеру" –материалдың тұтас кесегін қысқарту әдісімен жұмыс істеу.

      5-тақырып. Емтихан жұмысы. Дөңгелек мүсін. Қозғалыстағы адам фигурасының нобайларының негізінде түсінігі және елес-қиялы бойынша орындалған тақырыптық композиция.

      49. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бедердегі сызықтық перспективалар заңдылықтарын түсінеді;

      2) бедерде пропорциялық қатынастардығ көлемдерді, ракурстарды, қойылымның заттарының перспективалық қысқартылымдары, көкжиектік және вертикалды күрделі көп жоспарлы дөңгелек мүсіндегі) жазықтықтардың перспективаларын, мусіндік бедердің шарттылығына байланысты натюрморттың кеңістігінің тереңдігін жеткізе біледі;

      3) бедерде маталардың қыртыстарын илеу дағдыларына, сипатты және пластиканы жеткізу арқылы қыртыстардың бағыттарын көрсету цилиндрлік, доға түріндегі және сынған түрі;

      4) технологиялық сатылау бойынша көп жоспарлы бедерді илеуді орындайды;

      5) дөңгелек мүсіндегі көп фигуралы композицияларға арналған нобайларды өз бетінше жүзеге асыра алады;

      6) адам фигурасының пропорцияларын біледі және жеткізе алады;

      7) таңдалған тақырыпқа сәйкес көп фигуралы композицияда бөлек фигуралардың қозғалысының сипатын жеткізе біледі;

      8) динамикалық фигураларды олардың өзара байланысы жетістігі мен көп фигуралы композицияның тұтастығының пластикалық шешімімен ара қатынасын белгілей біледі;

      9) "қозғалыстағы" фигуралардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, өз бетінше қаңқаны орындайды;

      10) мүсіндік композициямен жұмыс істеу барысын өз бетінше сараптай алады және күрделі тән ерекшеліктерді және композицияның сюжеттік мәнерлілігін жеткізудегі мүмкін мәселелердің шешімін табады;

      11) форманың егжей-тегжейлі мұқият модельдеуін орындай алады;

      12) композицияның барлық бөлшектерін ортақ көркемдік арқауына бағындыра алады.

      50. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) натураны тереңірек меңгеру, адам фигурасының анатомиялық құрылымының бөлшектерімен танысу, стильдеу, гротекс тәсілдері қолданылады;

      2) дөңгелек мүсіндегі ұзақ мерзімді емтихан жұмысын орындау – сюжеттік мазмұны жақсы көрінетін, еркін тақырыптағы көп фигуралы композиция.

      51. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. 4 сыныптың міндетері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. Адамның басының көңіл-күйін жеткізумен, натурадан жсалған портреттік суреттемелері.

      2-тақырып. Сынақ жұмыс. Дөңгелек мүсіндегі портрет. Мүсіндік портреттегі шығармашылық тұрғыдан дербес, ұлттық, кәсіби сипаттар, психологиялық ахуалы, жас ерекшеліктері арқылы. Портреттегі көркемдік бейненің мәнерлілігі. Стилизация тәсілдерін пайдалану.

      3-тақырып. Емтихан жұмысы. Тақырыптық көп фигуралы композиция дөңгелек мүсінде. Көп фигуралы жанрлық композициядағы композициялық, пластикалық және бейнелі шешім.

      52. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) білім алушылар өз бетінше дөңгелек мүсінге арналған нобайларды әзірлей алады;

      2) тақырыптың компоненттік шешімін іздеуді жүзеге асырады;

      3) қосымша құжаттық материалдарды пайдаланып, нақты сюжетті таңдай біледі, нобайлармен жұмыс жасай алады;

      4) адам фигурасының пропорцияларын біледі және оларды жеткізе алады;

      5) көп фигуралы композицияда олардың сюжеттік өзара байланысына қол жеткізумен бөлек фигуралардың пропорцияларын, қозғалыстағы сипатын жеткізе біледі;

      6) фигуралардың өзара байланыстарының жетістіктерімен динамикасын салыстырады, композицияның тұтас пластикалық шешімдерін біледі;

      7) қозғалыстағы фигуралардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, нобайлар бойынша қаңқаны өз бетінше орындайды;

      8) композицияның мүсінімен жұмыстың барысын өз бетінше талдайды және композицияға тән күрделі сипаттағы ерекшеліктерді және композицияныі сюжетінің мәнерлілілің шешімдерін табу: форманы егжей-тегжейлі модельдей біледі;

      9) портрет жанрында дөңгелек мүсін дағдыларына ие;

      10) адамның басының құрылым мен пропорциялық қатынастарын біледі;

      11) дөңгелек мүсінде адам басының құрылымын, денесі құрылысы туралы қағидаттарды біледі;

      12) портреттегі қозғалыстарды жеткізе біледі: бұрылу, еңкею, даралық, мінез, экмоциялық күйін.

      13) форманы бөлшектей алады;

      14) жағдайдың сипатын жеткізеді, көлемді-кеңістіктік композияцияны ұйымдастырады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      53. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда, көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      54. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (елестетуі бойынша бедердегі композиция: құстар, балықтар немесе жануарлар), екінші жартыжылдықта: емтихан (көңіл күйді жеткізетін сюжетті екі фигуралы композиция);

      2) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (жапырақтардан, гүлдерден, жемістерден құралған бедерлі өрнекті композиция), екінші жартыжылдықта: емтихан (эмоциялық күйді және динамиканы жеткізуге арналған дөңгелек мүсіндегі композиция);

      3) 4 сынып – бірініш жартыжылдықта: сынақ (дөңгелеу мүсіндегі портрет), екінші жартыжылдықта: емтихан (дөңгелек мүсіндегі тақырыптық көп фигуралы композиция).

      55. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) бейнені бедерде немесе дөңгелек мүсінде үйлестіру;

      2) пропорцияналды және конструктивтік тәсілдерін қолдану және мүсіндік композицияның бөліктерінің қатынасы;

      3) бедерлі бейнелерде сызықтық перспективалардың заңдарын қолдану;

      4) пластикалық шешімнің тұтастығын жеткізу;

      5) берілген тақырыпқа байланысты композицияның заңдарын пайдалану (тұтастық, тепе-теңдік, форма мен мазмұнның тұтастығы, типтендіру;

      6) жұмыстағы тұтастық және аяқталғандық;

      7) сюжетті жеткізу және көлемді-кеңістіктік композиция құралдарымен пластикалық шешімді жеткізу (сыныптың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес).

      56. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – тапсырманы толық көлемде, өте жақсы орындауы, міндеттерді өз бетінше, табысты шешуі, жұмысты ретімен орындауы, заттардың формаларын талдауы, пропорцияларды дұрыс жеткізуі, мәнерлі жұмыс істеуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – тапсырманы толық көлемде орындауы, міндеттерді өз бетінше, табысты шешуі, жұмысты ретімен орындауы, заттардың формаларын талдауы, пропорцияларды жеткізуде қателерінің болуы, мәнерлі жұмыс істеуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – тапсырманы толық көлемде орындауы, міндеттерді өз бетінше, табысты шешуі, жұмысты ретімен орындауы, заттардың формаларын талдауы, пропорцияларды жеткізуде қателіктерінің болуы, жұмысты мәнерлі орындамауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – барлық міндеттердің толық шешілмеуі, жұмысты жүргізу ретінің бұзылуы, заттардың формасын талдауы, пропорцияларды жеткізуде қателіктерінің болуы, жұмыстың мәнерлі орындамауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – жұмысы оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 9-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акварель – суда араластырған кезде нәзік пигменттің мөлдір жүзгінін құрайтын, және осының есебінен жеңілдік, әуелік әсерін және назік түстік ауысуларға мүмкіндік беретін арнайы акварельді бояуларды пайдаланатын кескіндемелік техника;

      2) анимализм жанры – бейнелеу өнерінің жанры;

      3) графика – сызық, штрих, дақ және нүкте сияқты бейнелеудің негізгі құралдары қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі;

      4) дизайн – адам үшін пайдалы, қызмет ететін, әсемділік, қауіпсіздік көзқарастары бойынша заттар әлемін құратын өнердің ерекше саласы;

      5) кескіндеме жанры – бейнеленетін заттары бойынша ерекшеленеді: пейзаж – табиғаттың бейнесі, портрет – адамның бейнесі, заттарды бейнелеу – натюрморт;

      6) өнер – қоғамдық сананың ерекше формасы және адам өмірінің маңызды жақтарын көркемдеп көрсету; адамның қажеттіліктерінің бірін, яғни әсемділікке деген сүйіспеншілігін қанағаттандыруға талпынатын адамзат қызметінің саласы;

      7) өнердің түрлері – өнердің белгілі тұрақты қалыптасқан тарихи формалары: сәулет, мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнер, әдебиет, кескіндеме, музыка, фотосурет, театр, кино, телевидение, эстрада, цирк өнері;

      8) сәндік-қолданбалы өнер – дамуына өмір сүру жағдайы және әр халықтың тұрмысы, табиғаты және оның өмір сүру ортасының ауа райы әсер ететін бейнелеу өнерінің түрі;

      9) сәулет (сәулетшілік) – адамдардың өміріне қажетті кеңістіктік ортаны қалыптастыратын құрылыстың (ғимараттың) белгілі жүйесі;

      10) соғыс суретті жанр – соғыс және соғыс қимылдары тақырыбына арналған бейнелеу өнерінің жанры.

      3. Бағдарламаның мақсаты: бейнелеу өнерінің тарихын меңгеру арқылы білім алушылардың рухани-адамзаттық тәжірибесін алуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) бейнелеу өнерінің тарихын дамытудың негізгі кезеңдері туралы білімді қалыптастыру және жүйелеу;

      2) бейнелеу өнеріндегі негізгі көркемдік мектептер туралы білімді меңгеру;

      3) бейнелеу өнерінің шығармаларында көркемдік стильдің негізгі қасиеттерін анықтау білігін қалыптастыру, мәнерлік құралдарын анықтау;

      4) бейнелеу өнерінің шығармаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

      5) бейнелеу өнерінің шығармаларын талдау білігін қалыптастыру, бейнелеу өнерінің шығармаларына көзқарасын білдіру, өнердің түрлерімен ассоциативті байланысты жүргізу;

      6) өнермен араласуға қажеттілікті дамыту;

      7) тұлғаны дамыту және шығармашылық даралықты қалыптастыру;

      8) отандық және әлемдік өнерге араластыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгереді;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгереді;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгереді;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алады.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнер танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын сабақтардың тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін әртүрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты оқу процесіне деген саналы көзқарасты, сабақтарда білім алушылардың алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді.

      19. "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады

      23. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптың білім алушыларының дайындық дейңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      32. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып, қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      33. "Бейнелеу өнерінің тарихы", "Кескіндеме", "Сурет", "Композиция" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларды заттар әлемін тұтас қабылдауына түрткі болады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      34. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен, әртүрлі өнердің түрлерінің бейнелеу және мәнерлік тілдерінің ерекшеліктерімен танысу;

      2) алғашқы қоғамның, Ежелгі Египет, Алдыңғы Азия, Ежелгі Рим, Византия, Ежелгі Греция, Ежелгі Русь өнерімен танысу.

      35. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе әңгіме. 1 сынып Бағдарламасының міндеттері.

      2-тақырып. Бейнелеу өнерінің жанры мен түрлері. Пластикалық өнер түрлерінің өздеріне тән негізгі ерекшеліктері.

      Архитектура. Ұғымның анықтамасы. Сәулеттің қолданылуы бойынша түрлері.

      Кескіндеме. Ұғымның анықтамасы. Кескіндеме түрлері: станок, монументалды-сәндік, лак миниатюрасы. Кескіндеме материалы.

      Мүсін. Ұғымның анықтамасы. Дөңгелек мүсін, рельеф және оның көптүрлілігі (қысқаша сипаттама). Мүсін түрлері: станок монументальды-декораттік, ұсақ пластика. Мүсін материалы және оның мүсінді қолдану тақырыптарымен байланысы.

      Графика. Ұғымның анықтамасы. График түрлері: станок, кітап, плакат, өндірістік. Графиканы құрушылар (сурет, бір гүлді және көп гүлді эстамп).

      Сәндік-қолданбалы өнер. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлері. Материалдың мәні және оның пәніннің көркемдік бейнесіндегі рөлі. Ою-өрнек – сәндік-қолданбалы өнер шығармаларын безендірудің негізі.

      Бейнелеу өнерінің жанры. Портрет және оның көптүрлілігі. Натюрморт. Пейзаж және оның көптүрлігі. Тарихи, тұрмыстық, анималистикалық және түрлі жанрлар. Бір фигуралы және көп фигуралы композициялар, олардың портреттерден және топтық портреттерден айырмашылығы. Иллюстрациямен жұмыс.

      3-тақырып. Алғашқы қоғам өнері. Палеолит. Палеолит дәуіріндегі бейнелеу шығармашылығы. Климат жағдайы. Алғашқы қоғам адамы мен өнерінің еңбегі. Тасқа салынған суреттердің өзіне тән ерекшеліктері (Альтамир үңгірі). Палеолит мүсіні. Әйел бейнесі - құнарлылық нышаны (Виллендорф әйел статуэткасы).

      Сәулет өнерінің пайда болуы. Тұрғын үй құрылысы.

      Мезолит, неолит. Бұл кезең графикасының палеолит тасқа салынған суреттерімен салыстырғандығы айырмашлық белгілері. Сызба, пиктографияның пайда болуы. Хабарлама композициясының пайда болуы. (Луине махалласындағы бұғы фигурасы). Қолданбалы өнердегі ою-өрнек.

      Қола дәуірі. Діннің пайда болуы. Основные типы мегалитикалық сәулеттің негізгі түрлері (менгирлер, кромлехтер). Керамика, зергерлік өнер.

      4-тақырып. Ежелгі Египет өнері.

      Дамудың негізгі кезеңдері. Ежелгі Египет өнерінің дінмен байланысы. Фараон – тәңір туралы түсініктің мәні. Ежелгі Египеттің құдайлары мен қасиетті малдары.

      Ежелгі патшалық. Сәулет құрылыстарының негізгі түрлері (ғибадатхана, пирамида). Саккарадағы Джосер пирадимасы. Гизадағы пирамида.

      Мүсін мен кескіндемедегі Канон жүйесі. Мүсіндік портреттегі ұқсастық. "Двойник" туралы түсінік пен біздің эрамызға дейінгі 3 мың жылдық ортасындағы "Сельский староста" діни-магиялық көзқарас арасындағы өзара байланыс.

      Орта патшалық. Храм ансамбльдеріндегі жаңа сәулетті конструкциялар. Мүсіндік портреттегі даралық көрініс. Біздің эрамызға дейінгі 19 ғасырда Аменемхет Үшіншінің Сфинксі. Ежелгі және Орта патшалықтағы мүсін мен бедер композициясына салыстырмалы сипаттама. Біздің эрамызға дейінгі 21 ғасыр, "Царица Кавит за туалетом", "Доение коровы" - Кавит табытының бедері.

      Жаңа патшалық. Храм сәулетінің гүлденуі. Карнак пен Луксордағы храм, храмдар конструкциясы ("пилон", "колосс", "гипостиль" ұғымдары). Аменхотеп Төртіншінің (Эхнатон) реформасына байланысты храмдық сәулетті өзгерістер. Тип жартас храмдарына байланысты өзгерістер.

      Абу-Симбелдегі Екінші Рамзес храмы.

      Орта патшалық пен Жаңа патшалық мүсіндерін, рельефтер мен жазбаларына салыстырмалы сипаттама. Жаңа патшалықтың мүсіндегі жаңа белгілер (бет пен фигураның даралығы нақтыланған психологиясының берілуі). Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдағы Ортасындағы Нефертити патшайымының басы мен статуясы. Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдың ортасындағы Эхнатон портреті.

      Рельеф пен жазбалардағы эмоцияның, канондар жүйесінің әлсіреуі. Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдағы Мемфис рельефі: "Плакальщики".

      5-тақырып. Өнер. Алдыңғы Азия. Шумер. Сәулет ерекшеліктерінің табиғат жағдайларымен өзара байланысы. Сәулетті безендіруде ою-өрнектің рөлі. Зиккурат – храмның негізгі түрі. Дворцовая архитектура Шумердің сарай сәулеті. Мүсіндегі канондар. Біздің эрамызға дейінгі 2400 абыздар мүсіні (оңтүстік). Діни бағыт. Шумер рельефтерінің тақырыптары. Глиптика. Ассирия. Шумер мен Ассирия мемлекеттерінің сәулет өнеріне салыстырмалы сипаттама. "Шеду" - сәулет кешеннің ажырамас бөлігі. Біздің эрамызға дейінгі 712-707 жылдардағы Қанатты адам – шеду. Рельеф – ассирия құдіретінің өзін өзі танытуы мен өзіне өзі беркітігінің құралы ретінде. Ассирия рельефінің тақырыптары - біздің эрамызға дейінгі 883-859 жылдардағы Ашшурнасирапал Екінші сарайынан.

      Вавилон. Вавилон жақсы ойластырылған біртұтас архитектуралық ансамбль.

      Иштар құдайдың қақпасы. Шеру жолы. Біздің эрамызға дейінгі 580 жылғы Навуходоносор II сарайы. Төбелер жүйесі. Вавилон архитектурасындағы жаңашылдық. Сарай кешендерін безендірудің мозаикадағы бір бөлігі.

      6-тақырып. Қорытынды сабақ.

      Қорытынды емтихан біріктірілген формада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде бірінші жартыжылдықта өткен материал көрнекі түрінде көрсетіледі.

      Бейнелеу өнерінің түрі және жанры. Иллюстрацияны көрсету (түрді, жанрды анықтау).

      Алғашқы қоғам өнері. Бейнелеу өнерінің түрлеріне салыстырмалы сипаттама. Негізгі сәулетті ғимараттар.

      Ежелгі Египет өнері. Бейнелеу өнерінің түрлеріне салыстырмалы талдау. Архитектураның, скульптураның даму жолы.

      Алдыңғы Азия өнері. Иллюстрация бойынша жұмыс (мемелекетті және шығарманың құрылу кезеңін анықтау).

      7-тақырып. Ежелгі Греция өнері.

      Крит-микен мәдениеті. Крит сәулетінің ерекшелігі – Кносс пен Фест сарайлары. Крит рельефі мен қолтаңбаларының Ежелгі Египетпен салыстырғандағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама. Біздің эрамызға дейінгі 16 ғасырдағы Кносс сарайындағы фреска – "Царьжрец". Крит қолданбалы өнері. Біздің эрамызға дейінгі 16 ғасырдағы Кносстағы "Богиня со змеями" статуэткасы. Микен өнерінің ерекшеліктері. Біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырдағы Микендегі "Арыстан қақпасын" және біздің эрамызға дейінгі 14 ғасырда Тиринф фрескасы – "Арбадағы қыздар". Крит өнерімен салыстыру сипаттамасы.

      Грек архаикасы. Антикалық демократия мен грек өнері. Ежелгі грек храмдарының негізгі типтері – периптер. Құрамдық бөліктер. "Ордер" ұғымы. Ордер түрлері: дорий, ионий, коринф. Грек скульптурасының архаикасы біздің эрамызға дейінгі 525 жыл бұрынғы "Курос", біздің эрамызға дейінгі 520 жыл бұрынғы "Кора", біздің эрамызға дейінгі қара фигуралы керамика.

      Біздің эрамызға дейінгі 530 жылғы "Аякс пен Ахилл бейнеленген Амфора". Грек классикасы. Грек классикасы сәулетіндегі жоспарлау ұстанымдары. Афинадағы Акрополь: біздің эрамызға дейінгі 447-438 жылдар. Парфенон, біздің эрамызға дейінгі 420-406 жылдар Эрехтейон. Храм классикалық сәулетіндегі жеке және типтік ұғым ("агора, "акрополь" ұғымдары). Грек классикасы сәулеті өнері мен скульптурасын талдау. Біздің эрамызға дейінгі. 420-406 жылдардағы Парфенон рельефі – Біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырдағы "Мойра", "Посейдон, Аполлон и Артемида". Архаика мен классика кезеңіндегі сәулет пен скульптураға салыстырмалы сипаттама. Қызыл фигуралы және қара фигуралы сауыт жасау.

      Эллинизм. Грек мәдениетінің таралуы (Камея Гонзаго). Эллинизм кезеңіндегі қала құрылысы. Скульптура. Скульптура мен классикаға салыстырмалы сипаттама. Даралыққа қызығушылық.

      8-тақырып. Ежелгі Рим. Ежелгі Рим мәдениетінің сабақтастығы. Сәулет құрылыстарының негізгі түрлері, олардың практикалық белгісі (қоғамдық ғимараттар, акведуктер).

      Римдік портрет - Рим өнерінің керемет жетістігі. Эволюция. Рим статуялары. Римдік рельеф. Ежелгі Рим өрнегі. Ежелгі Грек өнерімен салыстырмалы сипаттама.

      9-тақырып. Византия өнері. Византия өнерінің негізгі түрлерін қалыптастыруда христиандықтың рөлі. Византия өнері, византия сәулеті өнері (базилик, крест-күмбез храмы). Константинопольдегі әулие Софияның храмы. Декоративті рельеф. Канондар. Тасқа салынған суреттер ордасы. Мозаика. Салыстырмалы сипаттама. 5-14 ғасырлардағы кескіндеме шығармалары.

      10-тақырып. Ежелгі Орыс өнері. Славян тайпалары және олардың көркемөнер мәдениеті. Ежелгі Орыс сәулетіндегі Византия мен Орыс мәдениетін талдау. 12 ғасырдағы крест-күмбез ақтасты храмның түрі – "Владимирдегі Дмитрий шіркеуі", "Нерлидегі Покров шіркеуі".

      14 ғасырдағы жаңақала құрылыстарына тән белгі – Новгородта "Ильин көшесіндегі Преображение Спас шіркеуі".

      Шатр храмының түрі – "Коломенскідегі Вознесение шіркеуі". 16 ғасырда сәулет құрылыстарының әсемдіктер сәндігі. Ежелгі Орыс мұрасының кескіндемесі. Көркемөнер шығармашылығындағы шіркеу мен діннің рөлі. Христиандық мифология мен фольклор дәстүрі. Иконография. Даму эволюциясы.

      Феофан Грек, Андрей Рублев, Дионисий, Симон Ушаков шығармаларының өздеріне тән ерекшеліктері.

      11-тақырып. Қорытынды сабақ. Жартыжылдықта өткен материалдарды қайталау. Жартыжылдық тестілеу.

      36. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) оқу жылының аяғында бейнелеу өнері тарихының негізгі даму кезеңдері, әртүрлі дәуір суретшілердің шығармашылығы мен олардың шығармашылық әдісінің ерекшеліктері туралы түсініктіктері болады;

      2) алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алады;

      3) көркем және мәнерлі қасиеттерін анықтай отырып, шығарманы талдай алады;

      4) бейнелеу өнер туындыларын талдай біледі;

      5) салыстырмалы кестелер, жоспарлар және сызбаларды жасайды;

      6) өнер түрлерін түсіну және жанрға бөлінуін ажырата біледі;

      7) алғашқы қауымдық қоғамдағы өнердің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, діни көзқараспен байланыстылығын түсінеді;

      8) Алдыңғы Азия (Египет, Месопотамия) өркениеті мәдениетінің ерекшеліктерін біледі, бейнелеу тілінің сабақтастығын таниды;

      9) өнер шығармаларын мәдениеттің таралу орны бойынша біледі және теңестіреді;

      10) түрлі тарихи кезеңдерді ажыратады және ежелгі Грек өнерін біледі;

      11) грек сәулет өнерінің; скульптурасының, керамикасының түрлі кезеңдердегі нақыштық ерекшеліктерін ажырата біледі;

      12) сәулеттік орделер жүйесін білу, әрқайсысына сипаттама береді;

      13) Ежелгі Римнің мәдени, әлеуметтік ерекшеліктерін біледі;

      14) римдік сәулет жаңалықтары туралы біледі;

      15) грек және рим мұрасын көркемөнерінің мәнін, оның әлемдік өнерге ықпалын түсінеді;

      16) Византия өнерінің өзіне тән тарихи, мәдени ерекшеліктерін түсінеді;

      17) византиялық өнердің Ежелгі Русь сәулет өнеріне, живописіне, сондай-ақ ортағасырлық өнерге әсері жөнінде көзқарасы қалыптасады;

      18) өнер шығармаларының түрлері мен жанрына талдайды, оларды тарихи дәуірмен байланыстыра біледі;

      19) өнер саласында қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдерді біледі.

      37. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орта ғасырлық өнермен, Батыс Еуропадағы қайта өрлеу кезеңінің тарихымен, еуропалық көркемөнер мәдениетімен (барокко, классицизм, реализм, импрессионизм) танысу;

      2) суретшілер Филиппо Брунеллески, Донателло, Сандро Боттичелли, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, Микеланджело Буонаротти, Диего Веласкес, Рембрандт Харменс ван Рейннің шығармашылығымен танысу.

      38. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. Кіріспе әңгіме.

      2-сыныптағы пәннің міндеттері. Конспектіні жазуға қойылатын талаптар. Рефераттарға қойылатын талаптар. Бірінші жартыжылдықтағы хабарлама тақырыптары. Жартыжылдық соңындағы есепке алынатын сабақтың мазмұны.

      2-тақырып. Батыс Еуропадағы орта ғасырлық өнер.

      Орта ғасырға қысқаша сипаттама. Феодалдық қоғамның барлық саласының өміріне шіркеудің ықпалы.

      Романс стилі. Оның айырмашылық белгілері. Архитектураның басым дамуы. Базилика – ғимараттың негізгі түрі. Роман храмдары мен қамалдары. 17 ғасырдағы Вормстегі собор. Мүсіннің рөлі.

      Готикалық стиль. Қалалардың гүлдену кезеңі. Өнердің жетекші түрі - архитектура.

      Құрылыс қаңқасының пайда болуы ғимараттардың биіктігі артуына себеп болды. Скульптура – готикалық храм әсемдігінің бөлінбес бөлігі. 12-13 ғасырлардағы Нотр-Дам де Пари соборы (Париж құдай ана соборы). Реймстегі Нотр Дам соборы, 13-15 ғасырлар.

      3-тақырып. Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі.

      14-16 ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. "Қайта өрлеу" түсінігі. Италия қалаларының гүлденуі. Мәдени маңызды ошақ ретіндегі Флоренцияның рөлі. Мануфактураның алғашқы капиталистік кәсіпорындары. Көнелік мұрагерліктің мәдени мағынасы. Адамды дәріптеу – Қайта өрлеудің негізгі қағидасы. Ғылым мен өнердің өзара қатынасы. Өнердің жаңа түрінің туындауы. Италия қайта өрлеуінің өнер дамуының үш деңгейі.

      4-тақырып. Орта ғасырдан Қайта өрлеу дәуіріне өту.

      Орта ғасырдың шартты салтынан Джотто ди Бондоне шығармашылығы негізінде Қайта өрлеу дәуірінің реалистік салтына көшу, өнердің бетбұрыс кезеңі. Оның көркемсуретте ашқан жаңалығы үш өлшемді кеңістікті орындауы, жарық пен көлеңкені үйлестіру арқылы көлемді үлгілеу, композиция дәлділігі. Айырықша елеулі шығармалары.

      5-тақырып. 15 ғасыр – Ренессанс "Жаз".

      Қайта өрлеудің "Үш киті". Ерте Қайта өрлеу (кватроченто). Флоренция – гуманистік мәдениет пен реалистік өнер орталығы.

      Филиппо Брунеллески – ренессанс архитектурасының негізін қалаушы. Палаццо ғимаратының ұстанымдарын әзірлеу: ішкі аула, лоджия. Құрылыс ерекшелігі Флоренциядағы Тәрбиелеу үйі. Санта-Мария дель Фьоре шіркеуінің күмбезі – каркас жүйесінің жаңа шешімі.

      Италия скульптурасының реформаторы – Донателло. Ренессанс скульптурасының формасы мен классикалық түрлерін жасау: жеке тұрған статуя, қабырға құлыптасы, ат ескерткіші, кескінді рельеф. Қайта өрлеу өнеріндегі ұлы тұлғаға арналған алғашқы жалаңаш статуя – "Давид".

      Қайта өрлеу өнеріндегі Мазаччо шығармашылығының мәні. Оның болашақ заң шығармаларында әуедей және тізбекті ("Чудо со статиром" немесе "Сбор подати" жұмыстарының үлгісінде) қолдану. Фигуралар мен пейзаж бірлестігі.

      6-тақырып. Леонардоның замандастары.

      15 ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде Флоренция мәдениетін танытушы, скульптор және кескіндемеші – Андреа Верроккьо. Кондотьер Коллеони статуясы бөлшектерінің аяқталуы мен дәлдігі. Верроккьо и Донателло қола статуяларындағы "Давид" бейнесінің берілу өзгешелігі.

      Қайта өрлеудің лирикалық суретшісі – Сандро Боттичелли. Жан жақты суретші және озат сурет салушы. Ең атақты картиналар – "Весна" и "Рождение Венеры". Дантенің "Божественная комедия" туындысына иллюстрацияның драматизмі мен лиризмі.

      Леонардо да Винчи – ғалым және суретші. "Золотой век" италия өнерінің жоғарғы деңгейде қайта өрлеуі. Леонардо да Винчи – ұлы математик, механик және инженер (жалдамалы мүсіндердің, жер қазатын машиналардың, жерасты қайығының, ұшатын құрылғылардың жобалары). Табиғат - Леонардоны шабыттандыратын күш, көркемсурет – әлемді тану құралы. "Мадонна с цветком" – Леонардоның ертеректе салынған шығармасы. "Мадонна Литта" суретінде Христос анасының көркем образы. Нақты кеңістікті жалғастыратын композициядағы симметрия, "Тайная вечеря" қабырғадағы көркемсуреттің ишарат жүйесі мен ымдауы. Май мен темпердің қосылуы қабырғадағы көркемсурет техникасының тәжірибесі. "Сфумато" "Мона Лиза" портретінде биязылық мұратына және адамдық әсерлілікке назар аудартады.

      Рафаэль Сантидің шығармашылығы. Қайта өрлеудің ең жарқын және көңілді суретшісі. "Мадонна Конестабиле" – Рафаэльдің ертеректе салынған туындысы. Ватикан сарайының салтанатты залдардың көркемсурет кезеңі. "Сикстинская Мадонна" Рафаэльдің маңдай алды туындысы. Рафаэль – портретші. Рафаэльдің суреттері. Рафаэльдің архитектуралық шығармалары. Рафаэль мектебі.

      7-тақырып. Жоғары Қайта өрлеу шебері – Микеланджело Буонаротти.

      Итальяндық мүсінші, кескіндемеші, архитектор және ақын Микеланджело Буонароттидің шығармашылығында гуманистік дүниетаным дағдарысын сезіну. Микеланджелоның ертеректе салынған туындылары. "Давид" батырлық екпін мен азаматтық қажырлық ойының зор мәртебесі. Юлий Екіншінің моласына арналған мүсіндер қатары, оның ішінде ұлы "Моисей". Ватикандағы Сикстин каппелаларының ұлы композицияларындағы библиялық көріністер. Медичи тегі қабірінің архитектуралық ансамблі. Римдегі ұлы Петр соборының жобасын әзірлеу және тұрғызу.

      8-тақырып. Солтүстік Ренессанс.

      Питер Брейгелдің шығармашылығы. Солтүстік қайта өрлеудің уақытша және территориялық шекаралары. Итальяндық кескіндеме өнерінің сабақтарын шығармашылық қайта жасаған ірі нидерландық суретші - Үлкен Питер Брейгель . Брейгельдің жұмыстарындағы дөрекі әзіл, лиризм және трагизм, жоғары бақылаушылықы келесі жұмыстарында көрінеді: "Слепые", фламандық мақалдар, тұрмыстық-шаруашылық тақырыптарын алғаш ашушы. Пейжаздағы Брейгельдің басты ержүрегі "Охотники на снегу".

      Неміс өнерінің қайта өрлеуі. Альбрехт Дюрер - неміс қайта өрлеуінің негізін қалаушы, кескіндемеші, суретші, өнер қисыншысы. Суретші үшін Италияға сапардың маңызы. "Апокалипсис" ағашындағы өрнек сериясында болашақ таптық және діни күрестер. Жолақтардың және көлемнің анықтылығы, мыстағы нақыш шеберлігі. "Всадник, смерть и дьявол", "Меланхолия", "Святой Иероним". Дюрердің теориялық еңбектері: "Руководство к измерению", "Четыре книги о пропорциях человека". "Автопортрет" художника. "Четыре апостола" көркемсурет кенептеріндегі төрт жалпыланған мінез, темперамент.

      16 ғасырдағы Испания. Эль Греконың шығармашылығы. Эль Греко – испандық суретші, тегі – грек, 16 ғасырдың басы 17 ғасырдың аяғы – философиялық ойлау және тынышсыз кез. Қоғам мен тұлғаның ішкі трагедиялық қақтығыстарының психологиялық көрінісі. Эль Греко – бояудың ұлы шебері. "Погребение графа Оргаса" - суретшінің ең маңызды туындысы. Суретшінің инквизитор Ниньо де Гевараның керемет портретіндегі көрегендігі. Эль Греконың "Толедо в грозу" танымал пейзажында терең философиялық ой мен дүниені үрейлі сезінуі.

      9-тақырып. 17 ғасырдағы Испания.

      Диего Веласкестың шығармашылығы. Диего Веласкес – шынайы кескіндемеші. Тарихи жанрдың еуропалық кескіндемесінің ең маңызды шығармаларының бірі – "Сдача Бреды". Сарай маңы кескіндемешісі (4 Филипп королі) Индивидуальность образов в портретах Веласкестің портреттеріндегі жеке бейнелер. Оның оныншы Иннокентий папа бейнесіндегі ащы шындық Веласкестің атақты еңбектері "Лас Менинас" ("Фрейлины") және "Пряхи".

      10-тақырып. 17 ғасырдағы Италия.

      Барокко стилінің пайда болуы. Барокко стилі, оның сипаты. Барокко стиліндегі суретшілердің арасындағы негізгі тұлға – архитектор және мүсінші Лоренцо Бернини. "Давид" мүсініндегі серпінділік. "Экстаз святой Терезы" атты мерхаб топтарындағы екіжүзділік, шынайылық пен қиялдың үйлесімділігі. Бернинидің ірі архитектуралық жұмысы, ол Римдегі Ұлы Петр соборының алдындағы алаң.

      11-тақырып. Фламанд бароккосы.

      Нидерландтың екіге бөлінуі: Фландрия және Голландия. Кескіндеме бойынша фламандық мектептің басшысы – Пауль Рубенс. Рубенс – Нидерландыдағы испан наменгерінің сарай суретшісі. Оның шығармашылығында барокко стилінің күшті өзіндік нұсқасы көрінеді. Рубенстің "Воздвижение креста", "Охота на львов" жұмыстарындағы күрестердің, жанжалдардың себептері. "Персей и Андромеда" картинасындағы батырлардың ерліктері. Рубенс – портретші: "Портрет камеристки", "Портрет Елены Фоурмен".

      12-тақырып. Ұлы голланд суретшісі Рембрандт Харменс ван Рейннің шығармашылығы.

      Әлемдік кескіндеменің шыңының бірі – ұлы голландтық суретші Рембрандттың шығармашылығы. Үнемі мәнерлілік құралдарын іздеу, жарық пен көлеңкені жеткізу шеберлігі, жылы және жақындатылған түстерді үйлестіру – суретшіге өз уақытының ең тереңде жатқан идеяларын беруге мүмкіндік берді. Рембрандтың ертеректе салған жұмысы – "Урок анатомии доктора Тульпа". "Ночной дозор" топтық портреті – өзінше бір тарихи картина. Суретшінің буржуазиялық ортамен келіспеушілігі. Ұлы портретші Рембрандтың жұмыстарындағы өмірдің қайғы-қасіретке толы жолдары, библиялық нақылды философиялық жолмен шешуі. "Автопортрет с Саскией на коленях", "Портрет старушки", "Хендрикье у окна". Рембрандт офорттары.

      13-тақырып. 17 ғасырдағы голландтық кескіндемедегі жанрлар көптүрлілігі.

      17 ғасырдағы голландтық кескіндемедегі жанрларлардың көптүрлілігі. Кескіндеме – 17 ғасырдағы голланд өнеріндегі басым өнер болып табылады. Голландтық портреттің, натюрморттың, пейзаж бен тұрмыстық жанрдың қалыптасуындағы шынайы тенденциялар. Франс Хальс – голландтық портреттің негізін қалаушы. Голландтық жанршы Остаденің жұмыстарындағы көңілді әзілдер мен мысқылдар. Голландтық натюрморттың шебері: Питер Класс, Виллем Кальф. Рейсдаль туындыларындағы голландтық пейзаж.

      14-тақырып. Классицизм – 17 ғасырдағы көркем сурет мәдениетінің жетекші стилі.

      Нақыштың сипаты. Николя Пуссен – кескіндемедегі ерте француз классицизмінің негізін қалаушы. "Смерть Германика" – классицизмнің бағдарламалық туындысы. Суық және жылы түстердің кереғарлығы, түрлі қасиеттер мен күйді жеткізу арқылы Пуссеннің "Танкред и Эрминия" туындысындағы бейнелердің қайғы-қасиреттері. "Пейзаж с Полифемом" жұмысын үлгі етіп, стихиялық бастауларды суреттейтін атақты батырлардың әрекет ету алаңы – Пуссеннің жұмыстарындағы табиғи бастамалар болып табылады.

      15-тақырып. 18 ғасырдағы Франция. Ватто шығармашылығындағы рококо стилі.

      Рококо стилінің сипаты. Антуан Ватто – кескіндеменің ішкі көңіл-күй жанрын құрушы, нәзік ішкі сезімнің әншісі. Ашық портреттік бейнелер. Итальяндық комедиялардың (Пьеро, Арлекин) бетпердесіндегі Ваттоның ашық портреттік бейнесі. Романтикалық армандарды сезіну – "Паломничество на остров Киферу" жұмысындағы сөніп бара жатқан күзгі табиғатқа ұқсас.

      16-тақырып. Шарден - 18 ғасырдағы ұлы реалист.

      Реалистік бағыттағы өнердегі үшінші сословиенің иделдары. Реализм мен рококо нақыштарының қатар өмір сүруі.18 ғасырдағы ұлы реалист Жана Батист Симеон Шарденнің шығармашылығы. Шарденнің орталық тақырыбы – натюрморт. Шарден жұмыстарындағы үйреншікті әдемілік. "Натюрморт с зайцем", "Медный бак", "Атрибуты искусства" картиналарындағы үйлесімділік пен ұлылық.

      Шарденнің "Прачка", "Молитва перед обедом" жұмыстарындағы жанрлық кескіндеме. "Автопортрет с зеленым козырьком" жұмысындағы портретті жаңаша түсіну.

      17-тақырып. Давид шығармашылығындағы революциялық классицизм.

      1989 жылғы буржуазиялық революцияның Франция өнерінің дамуына әсері. Жак Луи Давид – революциялық классицизмнің негізін қалаушы, революцияның белсенді қатысушысы. Давидтің "Клятва горациев" картинасы үлгісіндегі революциялық классицизмнің қағидаттары. Көне римдік тарихтың, көнеліліктің Давидтың шығармашылығына әсері. "Смерть Марата" - ұлы және қатал монумент ретінде. Дафидтің осы жұмысындағы портреттік ұқсату арқылы жеткізген нақты шынайылықтың бейнесі.Наполеон императордың алғашқы кескіндемешісі. Давидтің қуғын-сүргіндегі жұмыстары.

      18-тақырып. 19 ғасырдағы озық романтизм өнері.

      Роматизмнің туындауы. Классицизммен күрес. Прогрессивті романтизмнің орталық тақырыбы. Теодор Жерико – революциялық романтизмнің негізін қалаушы. Жериконың "Офицер императорских конных егерей во время атаки" картинасындағы өмірлік бақылауларының көрегендігі, түстердің эмоциялық қанықтылығы, қарқынды серпінділігі. Жериконың ең маңызды жұмысы "Плот Медузы", ондағы ерлікті монументалды жоспар. Жериконың жолдасы, 18 ғасырдағы француз романтизмінің өкілі – Эжен Делакруаның шығармашылығындағы екі кезең. Делакруаның "Данте и Вергилий" атты алғашқы жұмысының демократияшылдар арасындағы жетістігі. "Резня на Хиосе" шығармасы грек халықтарының ерлікті күресіне деген жан дауысы. Делакруа шығармашылығының шыңы – "Свобода, ведущая народ" картинасы. Делакруа шығармашылығына әсер еткен Шығысқа сапары. Суретші шығармашылығындағы кейінгі кезеңдердегі тарихи тақырыптар.

      19-тақырып. 19 ғасырдағы Франциядағы реализм. 19 ғасырдағы Франциядағы таптық күрес және әлеуметтік өткір мәселелер.

      Оноре Домьенің өткір де, ұшталған өнерінің сыни реализмнің дамуына ықпалы. Сатиралық графика мен суретші карикатурасы. "Законодательное чрево" литографиясындағы буржуа келбеті және олардың парықсыздығы. Домьенің кескіндеме жұмыстары: "Прачка", "Вагон 3-го класса". Камиль Коро шығармасындағы 19 ғасырдағы Франция кескіндемесі. "Утро в Венеции", "Порыв Ветра", "Воз сена" шығармаларындағы өмір беретін басты құрал – сәуле. Франсуа Милле – шаруа еңбегінің ақыны. Суретші шығармашылығындағы орталық орынды "Сборщицы колосьев" алады. "Человек с мотыгой" картинасындағы еңбек тақырыбы. Импрессионизм. Он тоғызыншы ғасырдың соңы – жиырмасыншы ғасырдың басындағы жаңа бағыттарға қысқаша сипаттама (окытушының еркіне қарай постимпрессионизм, модерн, абстракционизм).

      39. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орта ғасырлық өнер мен мәдениеттің тарихи, саяси және әлеуметтік жағдайларға байланысты болатындығын түсінеді;

      2) романс пен готикалық өзіндік, нақыштық ерекшеліктері мен айырықша белгілерін таба біледі;

      3) қайта өрлеу дәуірінде Еуропа өнерінің дамуының тарихи және әлеуметтік шарттасуын түсінеді;

      4) Ренессанстың түрлі кезеңдегі өнер өкілдерін, олардың негізгі шығармаларын біледі;

      5) Солтүстік Қайта өрлеу дәуірі және оның ұлы өкілдерін, олардың әлемдік өнерге қосқан үлесі туралы көзқарасын қалыптастырады;

      6) 17-18 ғасырларды Еуропа өнеріндегі негізгі көркемөнер нақыштарын (барокко, классицизм, рококо, реализм, романтизм), олардың тарихи сабақтастығын, дәуірдің ұлы өкілдерінің картиналарын біледі;

      7) 18 ғасырдың аяғы – 19 ғасырдың басындағы өнер шығармаларын революциялық және азаматтық ізгіліктің іске асырылуы ретінде түсінеді;

      8) 19 ғасырдағы француз реализмінің өкілдерін біледі, нақышқа сипаттама бере біледі;

      9) 19 –20 ғасырлардағы жаңа көркемөнер бағыттарын (импрессионизм, постимпрессионизм, модерн), осы нақыштың өкілдерін, ұлы шығармаларын біледі;

      10) түрлі тарихи дәуірдегі көркемөнер нақыштарына тән ерекшеліктеріне қарапайым талдау жасай білу дағдысына ие;

      11) бейнені интерпретациялайды;

      12) көркемдік талғамды қалыптастырады;

      13) өнер шығармасының көркемдік және көңіл күйі жағына, мамұнына назар аударады;

      14) өзінің түсінігін жеткізе алады.

      40. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) Петров кезеңінің кескіндемесімен, барокко, классицизм, критикалық реализм кескіндемесіндегі романтикалық және реалистік тенденцияларымен танусу;

      2) И. Крамской, И. Репин, В. Суриков, И. Айвазовский. И. Шишкин, В. Серов, В. Васнецов, В. Суриков, И. Левитан, М. Врубель сияқты суретшілердің шығармашылығымен танысу.

      41. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе әңгіме. Алдағы оқу жылына арналған негізгі оқу-практикалық міндеттермен танысу.

      17 ғасырдың соңында Ресей реформа қарсаңында. Ресей дамуының ерекшелігі. Ресейдің алдыңғы қатарлы Батыс Еуропа елдерінен артта қалуының мәдени және экономикалық себептері (моңғол басқыншылығы, "смутные времена", поляк басқыншылығы). Патша реформатор – Бірінші Петрдің таққа отыруы.

      2-тақырып. Бірінші Петр дәуірі – елдің жаңа даму кезеңі.

      Петр дәуірі – елдің жаңа даму сапасына көтерілу кезеңі. Ресейдің құрылықтағы және судағы жеңістері арқасында әлемге ұлы ел ретінде танылуы. Мемлекеттік басқару реформасы. Экономикалық даму, өндіріс, сауда дамуы. Орыс мәдениетінің жылдам дамуы, зайырлы және станокты өнердің дамуы. Мамандар даярлауда: инженерлер, суретшілер, архитекторлар даярлаудың рөлі.

      Нева су айырығында Петербургтың орын тебуі. Доменико Трезини-Петербург архитекторларының алғашқыларының бірі, ерте барокко өкілі, астананың жүйелі құрылысын ұйымдастырушы, автор Петропавловск шіркеуінің авторы (1712-1733 жылдар), Бірінші Петрдің жазғы сарайы (1710-1714 жылдар), 12-ші алқа ғимараты (1722-1734 жылдар).

      3-тақырып. Петр дәуірінің кескіндемесі. Парсуна – 17 ғасыр соңындағы орыс кескіндемесіндегі иконжазу дәстүрінің көрінісі. "Яков Тургенов портреті" белгілі суретшінің бояу құралы. Шетел және орыс шеберлерінің шығармашылығындағы портреттік жанрдың дамуы.

      Никитин мен Матвеев Петр пенсионерлерінің шығармашылығы. Олардың портреттерінің жеке сипаттамасының шындығы. Иван Никитин – Бірінші Петр сарайының суретшісі: "Портрет Петра I" (1721 жыл), "Портрет канцлера Головкина" (1720 жыл), "Портрет Петра I на смертном одре" (1725 жыл)

      Андрей Матвеевтің шығармасындағы Петр дәуірінің үдемелі ынтаның бейнеленуі: "Автопортрет с женой" (1729 жыл).

      4-тақырып. Орыс өнеріндегі барокко стилі. 18 ғасырдың біріншісі жартысы – Ресейдегі барокко дәуірі. Әкелі балалы Растрелли. Скульптура мен архитектураның дамуы. Бартоломео Карло Растрелли – барокко өкілі. Оның шығармаларындағы Бірінші Петр бейнесі: "Бюст Петра I" (1723 жыл), "Конный памятник Петру I" (1744 жыл) Барокко салтанаты мен сәнінің "Анна Иоанновна с арапчонком" (1732-1741 жылдар) – мүсін тобы әлеуметтік мінездемедегі дара сипатпен сәйкес келуі. Франческо Бартоломео Растрелли – Б.К.Растреллидің баласы. Орыс архитектурасындағы барокко стилінің гүлденуі. Петербургтың барокко-сарайлық әлпетін қалыптастыру. Орыс барокко архитектурасындағы ұлттық нақыш, түстің рөлі. Ф.Б. Растрелли шығармаларындағы кеңістік пен кереметтік. Петергофтегі үлкен сарай (1747-1752 жылдар), Смольный монастыры (1748-1754 жылдар), Патша селосындағы Екатерина сарайы (1752-1757 жылдар), Қысқы сарай (1754-1762 жылдар).

      5-тақырып. Орыс өнерінде классицизмнің дамуы. Мүсін. Суретшілер Академиясының ашылуы, оның жаңа нақыш қалыптасуындағы рөлі. Екатерина дәуірі – "Золотой век просвещения". Классицизм дәуіріндегі скульптураның дамуы, героика тақырыбы (Мартос, Козловский).

      Этьен Морис Фальконе – Петр Біріншіге ескерткіш қоюшы "Медный всадник" (1866-1878 жылдар), Петербургтың тарихи символының авторы. Петрдің Ресей тарихындағы рөлін ашатын ескерткіштің адамзаттық абыройы мен пафосы. Ұлы орыс скульптор-портретисті Федот Шубин. Психологиялық портрет міндеттерін шешу, оның шығармаларындағы бейнелердің ашылу кеңдігі: "Портрет Голицына" (1775 жыл), "Портрет Ломоносова" (1792 жыл), "Портрет Павла I" (1800 жыл).

      6-тақырып. 18 ғасырдың екінші жартысындағы кескіндеме. Орыс кескіндемесіндегі адам мен табиғаттың классицизмнің дәстүрлі жанрларындағы – тарихи және пейзаждық бейнелермен берілген портреттік жанрдың өзіндік даму сипаты. Портреттік жанрдың гүлденуі. 18 ғасырдың екінші жартысында орыс портреттік кескіндемесіндегі реалистік тенденцияның пайда болуы. Федор Рокотов портреттеріндегі адамның ішкі әлемі мен оның рухани дүниесіне назар аудару: "Портрет Струйской" (1772 жыл), "Портрет неизвестной в розовом платье" (1770 жыл.), "Портрет неизвестного в треуголке" (1770 жыл).

      Дмитрий Левицкий портреттері – сұлулықтың терең мінезбен бірге берудің сирек сәйкестігі: "Портрет А.Ф. Кокоринова" (1869 жыл).

      "Портрет Хованской и Хрущовой" (1773 жыл) из серии портретов "смолянок", "Портрет М.А. Дьяковой" (1778 жыл).

      Владимир Боровиковский – сентиментализм өкілі, интим портретінің, лирикалық әйелдер бейнесінің шебері: "Портрет Е.Н. Арсеньевой" (1795 жыл), "Портрет М.И. Лопухиной" (1797 жыл).

      Тақырып 7: Классицизм архитектурасы (18 ғасырдың соңы –19 ғасырдың басы) Ресейдегі классицизм архитектурасының негізгі даму кезеңдері. Москва мектебі: Василий Баженов – іске асырылмаған жоба Кремль сарайы (1773 жыл), Дом Пашкова (1784-1786 жылдар), Голицина ауруханасы (1796-1801 жылдар).

      1812 жылғы Отан соғысымен байланысты жалпыпартриоттық көтеріліс фонындағы өнердің дамуы.

      Ампир өкілі – 19 ғасырдың бірінші жартысында архитектурадағы орыс классицизмінің жоғарғы жетістіктерін құрушылар: Андрей Воронихин, Нева даңғылындағы Қазан шіркеуі (1801-1811 жылдар).

      Андрей Захаров, Адмиралтейство – орыс архитектурасының шедеврі (1806-1823 жылдар).

      Карл Росси – архитектуралық ансамбльдер шебері: Михайлов сарайы (1819-1825 жылдар, Орыс музейі), Сарай алаңындағы Бас штаб ғимараты (1819-1825 жылдар), Александринск театры мен Театр көшесі (Росси көшесі, 1816-1834 жылдар).

      8-тақырып. Қорытынды сабақ. Бірінші жартыжылдық бойынша қорытынды.

      9-тақырып.19 ғасыр. Бірінші жартысындағы кескіндеме. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы классицизм кескіндемесіндегі тарихи және реалистік тенденция.19 ғасырдың бірінші ширегі – Пушкин дәуірі. Пушкин тұлғасының мәдениет дамуына ықпалы. Бейнелеу өнеріндегі Пушкин бейнесі.

      Василий Тропинин – москва мектебінің өкілі, тас портреттерінің авторы: "Портрет сына" (1818 жыл), "Портрет А.С. Пушкина" (1827 жыл). Оның шығармасындағы портрет және тұрмыстық жанр синтезі: "Гитарист" (1823 жыл), "Кружевница" (1823 жыл). Представитель романтизма – Орест Кипренский. Отражение лучших черт человека в его портретах: "Портрет Е.В. Давыдова" (1809 жыл), "Портрет Е.С. Авдулиной" (1822 жыл) "Портрет А.С.Пушкина" (1827 жыл).

      Алексей Венецианов шығармаларындағы шаруа тақырыбы, оның халық өміріне қызығушылығы: "Гумно" (1821-1822 жылдар), "На пашне. Весна" (1820 жыл), "На жатве. Лето" (1830 жылдың басы), "Захара" (1825 жыл), "Жнецы" (1820 жыл), картиналарындағы шаруа, шаруа еңбегі, орыс табиғаты бейнесі.

      10-тақырып. Классицизм батысының атақты суретшілері. Академизмнің романтизм белгілерімен араласуы және Карл Брюллов шығармасындағы тірі шағындағы "Великий Карл" реализмі. Брюлловтың "Последний день Помпеи" (1830-1833 жылдар) тарихи полотносындағы адамның адамгершілік сұлулығы. Брюлловтың салтанатты портреттері: "Всадница (1832 жыл), Портрет сестер Шишмаревых" (1839 жыл). Интимно-психологические портреты деятелей культуры: "Портрет писателя Кукольника" (1836 жыл), "Портрет И.А. Крылова" (1839 жыл).

      11-тақырып. Сыни реализм – орыс өнеріндегі жаңа бағыт. Жанрлық кескіндемені дамыту. Сыни реализмнің бастауында тұруына, тұрмыстық жанрды әлеуметтік сурет деңгейіне көтеруге ықпал еткен Павл Федотовтың сатиралық таланты. Өткір сатиралық, әшкерелейтін шығармалар: "Жас кавалер" (1846 жыл), "Майордың құдаласуы" (1848 жыл), "Ақсүйектің таңғы асы" (1849-1850 жыл). Драмалық суреттері: "Жесір" (1851 жыл), "Анкор, тағы анкор!" (1851 жыл).

      Сыни реализмнің Василий Перовтың шығармашылығында дамуы. Халыққа жанашырлық танытатын шығармалар: "Өлікті шығарып салу" (1865 жыл), "Үштік" (1866 жыл). Қоғамның түрлі тобындағы бейбастық келбеті: "Монастыр тағамы" (1865-1875 жылдар), "Күтушінің көпестің үйіне келуі" (1866 жыл). Перовтың психологиялық портреттері: "А.Н. Островскийдің портреті" (1871 жыл), "Ф.М. Достоевскийдің портреті" (1872 жыл).

      12-тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысындағы демократиялық өнердің дамуы.

      Классицизм догмасында ескірген академиялық өнердің қоғам өмірінен алшақтап қалуы. Академизмге қарсылық. "Бунт 14-ти" – Академия суретшілерінің қатарындағы жас суретшілердің қарсылығы. Петербург суретшілерінің артелі.

      И.Н. Крамской – суретші, теоретик, идеолог. Мәдениет қайраткерлерінің портреттері. "Портрет Л.Н. Толстого" (1873 жыл), "Портрет И.И. Шишкина" (1880 жыл) "Крестьянин с уздечкой" (1882 жыл) картинасындағы шаруа тақырыбы.

      Көшпелі көркемөнер көрмелерінің серіктестігін құру (1870 жыл). Көшпелілер шығармашылығындағы қоғам өмірінің шынайы көрінісін, әлеуметтік мәселелерді көтеруі. Көшпелілер қызметінің ағартушылық мәні.

      13-тақырып. И.Е. Репин шығармашылығы. И.Е. Репин – ұлы орыс реалист суретшісі. "Бурлаки на Волге" (1870-1873 жылдар), "Крестный ход в Курской губернии" (1880-1883 жылдар) картиналарында әлеуметтік жағдайды өткір көрсеткен. Тарихи сюжеттерде терең тарихи шиеленіс ашық берілген: "Иван Грозный и сын его Иван" (1885 жыл), "Запорожцы пишут письмо турецкому султану" (1880-1891 жылдар). "Не ждали" (1884-1888 жылдар) картинасы революция тақырыбына арналған.

      Репин шығармасындағы композициялық, бояулық шешімнің әр түрлілігі. Репин портретінің ұлы шеберлігі мен психологиялық тереңдігі. "Портрет композитора М.П. Мусорского" (1881 жыл), "Портрет В.В. Стасова" (1883 жыл), "Портрет П.М. Третьякова" (1883 жыл) "Портрет Л.Н. Толстого" (1887 жыл). Репин шығармаларының отандық және әлемдік өнердегі мәні.

      14-тақырып. Тарихи және соғыс жанр. Шығармашылық әдістердің түрлілігі.

      Николай Генің "Петр I допрашивает царевича Алексея" (1871 г.) картинасындағы тарихи шиеленіс драматизмі. Василий Верещагиннің: "Апофеоз войны" (1871-1872 жылдар) соғысқа қарсы шығармаларындағы соғыстың қаhары туралы ащы шындық.

      Орыс фольклорының білгіші Виктор Васнецов – тарихи эпикалық, ертегі және ертегідей сюжетті картиналардың авторы: "После побоища Игоря Святославича с половцами" (1880 жыл), "Богатыри" (1898 жыл), "Витязь на распутье" (1882 жыл), "Аленушка" (1881 жыл).

      Василий Суриков – атақты тарихи кескіндемеші, көпфигуралы композициясының шебері, бояушы. Главный герой в исторических полотнах Суриковтың тарихи полотнодағы басты кейіпкері – халық: "Утро стрелецкой казни" (1881 жыл), "Боярыня Морозова" (1887 жыл), "Покорение Сибири Ермаком" (1895 жыл), "Переход Суворова через Альпы" (1899 жыл).

      15-тақырып. 19 ғасырдың екінші жартысындағы пейзаждық кескіндеме. Ұлттық пейзаждың дамуы. Иван Айвазовский – атақты моринист. Оның теңіздік пейзажындағы романтизм: "Девятый вал" (1850 жыл), "Вид Одессы в лунную ночь" (1846 жыл).

      Көшпелілер шығармаларындағы пейзаж. Бұл жанрдағы екі бағыт лирикалық және эпикалық пейзаж.

      Алексей Саврасовтың: "Грачи прилетели" (1871 жыл), "Оттепель" (1874 жыл) шығармаларындағы сұлулық және үйреншікті ауыл сыры.

      Иван Шишкин – эпикалық пейзаж шебері. Оның: "Сосновый бор" (1872 жыл), "Рожь" (1878 жыл), "Среди долины ровныя" (1883 жыл), "Корабельная роща" (1898 жыл) картиналарындағы табиғаттың кереметтігі.

      Архип Куинджидің: "Березовая роща" (1879 жыл), "Лунная ночь на Днепре" (1880 жыл) пейзаждарындағы қарапайым әрлеу мен жарық эффектісі.

      Василий Поленовтің: "Московский дворик" (1878 жыл), "Заросший пруд" (1879 жыл), "Бабушкин сад" (1878 жыл) шығармашлығындағы пленэр міндеттерінің шешілуі.

      Исаак Левитан – лирикалық орыс пейзажының ірі шебері.Табиғаттың нәзік көрінісін бере білу, әрлеудің түрлішелігі, табиғат бейнесін философиялық тұрғда жалпылау, поэтикалық, Отанға деген сүйіспеншілік "Владимирка" (1892 жыл), "Над вечным покоем" (1894 жыл) "Золотая осень" (1895 жыл), "Март" (1895 жыл), "Озеро. Русь" (1899-1900 жылдар) шығармаларында көрініс тапқан.

      16-тақырып. 19-20 ғасырларда шетелдегі орыс өнері. Қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтың өсуі. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы Ресейдің көркемөнер өміріндегі сан қырлылық.

      Валентин Серовтың шеберлігі мен жаңашылдығы. Оның жұмысының өміршеңдігі, бояуының қанықтығы: "Девочка с персиками" (1887 жыл), "Девушка, освещенная солнцем" (1888 жыл). Острая наблюдательность, глубина социально-психологических характеристик: "Портрет М.Н. Ермоловой" (1905 жыл), "Портрет О.К. Орловой" (1911 жыл).

      Тума талант иесі Михаил Врубель – символизм өкілі. Оның картиналарында әрдің сәндігі, драмалық ұстаным, соимволикалық жинақылық бейнелері басым: "Демон" (сидящий, 1890 жыл), "Царевна-лебедь" (1900 жыл).

      20 ғасыр басындағы Ресейдегі көркемөнер бірлестіктеріне қысқаша сипаттама: "Мир искусства", "Союз русских художников", "Бубновый валет", "Голубая роза".

      17-тақырып. Қорытынды сабақ. Екінші жартыжылдықты қорытындылау.

      42. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер:

      3 сыныпта оқу жылының соңынада білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орыс бейнелеу өнерінің дамуындағы I Петр реформасының мәнін түсінеді;

      2) орыс барокко архитектурасының өзіне тән белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін ажырата біледі, батыс Еуропа бароккосымен салыстырмалы талдау жасай біледі;

      3) 18 ғасырдағы орыс кескіндемесінің негізгі тенденциясын біледі;

      4) 18 ғасырдағы ұлы портретшілердің картиналарын, архитектурадағы, және скульптурадағы барокоо стилінің белгілі өкілдерін біледі;

      5) классизм өнерінің нақыштық ерекшеліктерін ажырата алады;

      6) 18 ғасырдың соңы - 19 ғасыр басындағы орыс классизмнің жоғарғы жетістігі ретінде ірі архитекторларды, скульпторларды, ескерткіштерді біледі;

      7) кескіндемедегі классизмнің нақыштық белгілерін ажырата біледі;

      8) классицизмнің ұлы суретшілердің шығармаларын біледі;

      9) 19 ғасырдың бірінші жартысында орыс портреттік кескіндемесіндегі романтизм белгілерін анықтай білу, ірі портретшілерді біледі;

      10) классикалық академизмнің бәсеңдеуін әлеуметтік алдын алу мен сыни реализмнің және оның өкілдерінің пайда болуын түсінеді;

      11) көшпелілер серіктестігі құрылымның қоғам мен өнер үшінмаңызын түсінеді;

      12) көшпелілер шығармашылығындағы түрлі жанрлардың дамуы туралы көзқарасы бар және ұлы көшпелілерді біледі;

      13) 20 ғасыр басындағы тарихи дағдарыс жағдайында орыс өнерініңқарама-қайшлық сипатындағы байланысты түсінеді;

      14) 20 ғасыр басындағы орыс өнеріндегі нақыштық түрлілікті біледі;

      15) ұлы суретшілердің алдыңғысы мен соңғыларының көркемдік стилі немесе шығармашылық әдістерінің өздеріне тән ерекшеліктеріне қарапайым талдау жасауды игеру.

      43. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орта ғасыр кезеңінде, ежелгі Қазақстанда, Қазақстанның территориясында мекендеген ежелгі тайпалар өнерінің тарихымен, қазіргі заманғы Қазақстанның бейнелеу өнерімен, 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасымен танысу.

      44. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Аталған курс бойынша пәннің мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру. Негізгі тақырыбы: Қазақстан өнерінің тарихи бойынша циклмен таныстыру.

      2-тақырып. Қазақстан өнерінің пайда болуының бастауы. Тарихи мәліметтер (шолу). Қазақстан территориясын мекендейті ежелгі тайпалардың өнерінің қазақтардың халық өнерімен генетикалық байланысы. Шаруашылықтың ұқсас тұрмыстық формалары. Үйсін мен қаңлы дәуірінің шеберлері. Көшпенділер өмірі. Жануарлар, олардың малшылардың өміріндегі маңызы, бейнелеу және тәжім ету.

      Халық өнерін оқып зерттеу тәсілі: бақылау, зерттеу, тәжірибе, эксперимент. Тас – ежелгі дәуірдің тісіз куәсі. Палеолит – ой-сананы оятқан тас ғасыры. Қазақстан территориясында табылған сақ ескерткіштері. Кен ісі және металлугиясымен айналысу қолөнер еңбегін саралауға, оның ауыл шаруашылығынан бөлуге, сауда мен қолөнердің (құю, ұста, ағаш ұстасы, зергерлік ("Ұлы көштер алауы" фотографияларының катологын көру) кең дамуына ықпал етті.

      3-тақырып. Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері. Нақыштау жолдары бойынша өнердің ары қарай дамуы. Жануарларды бейнелеу біртіндеп ою-өрнектік мотивке айналады. Сақ өнеріне тән жануарларды бейнелеу. Жануардың фигурасын оның қандай да бір бөлігімен ауыстыру, ою-өрнектік мотивтегі реалистік және экспрессивтік бейнелерді трансформациялау процесінің басталуы.

      Этнограф-суретші Г. Иляев шығармашылығындағы ою-өрнек.

      Қазақтардың ұлттық киімі. Кіимдердің айырмашылықтары. Әйелдер, ерлер, балалар киімдері. Әшекейлер мен атрибуттар.

      Қазақтардың ертедегі тұрғын үйлері. Киіз үй көшпенділердің тамаша үйі. Ағаш қаңқа мен киізден жабу. Материалдың жеңілдігі мен беріктігі. Киіз үйдің негізін қалайтын төрт элемент. Қазақтың киіз үйінің киіз жабуының үш түрі. Киіз үйді безендіру.

      4-тақырып. Қазақстан территориясындағы ежелгі ескерткіштер мен ғибадаттық құрылыстар.

      Тарихи-археологиялық мәліметтер. Тамғалы петроглифы. Ыстық қорғаны. Ғибадаттық мавзолейлер мен мазарлар ("өлілер үйі") орта ғасырдағы Қазақстанның құрылыстық шеберлік пен сәулет ескерткіштерінің тамашасы болып табылады.

      Бабаджи-Хатун, Айша Бибі, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлері, Жезқазғанның маңындағы Жошы хан мен Алаша хан мавзолейлері; Жұбан Ана, Қайып ата, Маулімберді, Қара хан мавзолейлері.

      "Үйтас" немесе "дің" - шошала – конус немес сфера тәрізді күмбезді бір камералы құрылыстың ежелгі типі. Мемориалдық ескерткіштер құлпы тастар. Құрылыс материалдарының жаңа түрлері: ганч, алебастр, терракот және өрнекті плиткалар. Өткен жүз жылдықтың ең жақсы техникалық және сәулет өнеріндегі жетістіктері.

      5-тақырып. Орта ғасыр. Андрон мәдениеті. Оның Урал мен Тянь-Шань тауларына дейін таралуы. Ежелгі жерлеулерді қазу. Орталық Қазақстандағы андрон мәдениеті (зираттық құрылыстардың монументалдығы мен күрделілігі, жоғары құрылыстық техника). Көрші мемлекеттер. Мәдениет пен өнердің өзара ықпалы. Орта ғасыр кезеңінде Қазақстан территориясында өнердің дамуы. Отырар.

      6-тақырып. Ежелгі Қазақстан өнері бойынша қорытынды бөлім Қазақстанның өнерін дамыту бойынша өткен материалдарды жалпылау. Жарты жылдық тестілеуге дайындық (шағын конференция).

      Екінші жартыжылдық.

      7-тақырып. 20 ғасырдың басындағы Қазақстан өнері. Тарихи асу. Мәдениеттің барлық саласының дамуы: халықтық білім беру, ғылым мен өнер. Республиканың көркемдік өмірінің негізгі бағыттары. Бейнелеу өнерінің көрнекті қазақстандық шеберлерінің шығармашылық портреттеріне қысқаша шолу. Нақты шығармаларды жалпылау талдау, олардың өнердің басқөа түрлерімен тығыз байланысы. Мәдениеттің жалпы қазынасына үлес.

      8-тақырып. Мүсін өнері. Ертедегі өнердегі пластикалық бейнелеу және көлемді фигуралар жасауға көшу. Пластикалық ойлаудың жоғары мәдениеті (силуэттерді бейнелеу және фантастикалық аңдарды модельдеу).

      Композициялық бейнелеудің туындауы. Өткен курстардың тақырыптары (орыс және еуропалық пластика жетістіктері). Кеңес мектебінің дәстүріне негізделген мүсіншілердің шығармашылық тәжірибесі. Портрет-бюст. А. Пономарев шығармашылығы – портреттердің фронталды композициясы, портрет салушының даралық сипаттамасы. Оның жұмысының айрықша әдісі – пластикалық бірдейлік ("Ш. Уалиханов", "Абай", 1938 жыл). Б.Урманче: Формалардың кескіндік көрінісі, портреттерде фигуралар мен детальдардың ерекшеліктерін, көрсету жесті ("Ж. Жабаев портреті", 1945 жыл).

      Жанрлық және сәндік мүсін. Х.Наурызбаев шығармашылығы – ұлттық тақырыпты өн бойымен түсіну, әр алуан бейнелеу тәсілдерінен тұтас пластикалық тілге көшу қозғалысы ("Жас Жамбыл", 1958 жыл, "Абай", 1965 жыл, "Шоқан Уалиханов", 1966 жыл).

      9-тақырып. Әбілхан Қастеев – алғашқы ұлттық суретші.

      Биография мен бірінші кәсіби қазақ суретшісінің талантының қалыптасуы. Оның шығармашылығының Қазақстан өнерінің қалыптасуындағы орны. Портреттер – Ә. Қастеевтің ерте шығармашылығындағы жетекші жанр.

      Шығармашылықтың кемеліне келген кезеңіндегі суретші шығармаларының жанрларының әр түрлілігі. Суретші өнеріне тән сипат – туған өлке табиғатын толық көрсету: "Шөп шабу", "Колхоздың сүт фермасы", "Жайлауда". Оның шығармаларының өзіндігі, хабарлау сипаты қазақ өнерінің халық шеберлері ақындар мен жырауларға жақын.

      10-тақырып. Кескіндеме. Тұрмыстық және тарихи жанрлар

      Республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени ортасының жаңа шарттары. Ұлттық суретшілер –халықтық бейнелер көрінісі, тамашаны бойдан өткізу. А. Исмаилов, К. Тельжанов, М. Кенбаев, А. Ғалымбаева, М. Лизогуб, С. Айтбаев, Н. Хлудов, А. Сыдыханов пен ағайынды Ходжиковтардың шығармашылығы. Тарихи кескіндеме. Л. Леонтьева. А. Черкасский, К. Шаяхметов, Н. Нурмухаммедов шығармашылықтары.

      11-тақырып. Портреттік жанр.

      Қазақстанның станокты кескіндемесіндегі портреттік жанрдың дамуы. Портреттік және пейзаждық жанрлардың синтезі. Жалпылама мазмұндағы типтегі портреттердің алуан түрлілігі, тарихи портреттер, топтық портреттер. В. Антощенко-Оленев ("Жақсы жаңалықтар"), А. Ташбаев ("Автопортрет"), С. Мамбеев ("Студент қыздар") шығармашылықтары. Суретшілердің адамдардың рухани өмірлеріне, тұлғаның ішкі әлемінің заманауилықпен байланысының алуан түрлілігіне терең қызығушылықтары, адамның даралығының қайталанбас сұлулығын бекіту.

      12-тақырып. Қазақстандық суретшілер шығармашылықтарындағы натюрморт. Кескіндеменің осы жанры бізді қоршаған ортаның заттық әлемінің сұлулығына зейін аударуынан туындаған. Натюрморт жанры- суретшілердің таусылмас шабыт, бейненің эмоцияналдығын, пластикалық мәнерлігін көтеру, сонымен қатар, тақырыптық картиналар, портреттік шығармалар мазмұнын тереңдету құралы. Натюрморт бұл заттар әлемі ғана емес, бұл эмоциялық қысым, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері бойынша алуан түрлі адамдық сезімдер әлемі. А. Ғалымбаеваның шығармашылығындағы натюрморттардың ұлттық колориті ("Дастархан"). Суретшімен шеберлік сыныбы (факультатив).

      13-тақырып. Қазақстандық суретшілер шығармашылығындағы пейзаж. Қазақ халқының өмірінің табиғатпен байланысы. Акварельдік техника- кескіндеменің тамаша түрлерінің бірі. Пейзаждық жанрдың дамуы. Сюжетті кескіндеме, портрет, натюрмортпен байланыс. Акварельдік кескіндеме шеберлері. У. Ажиев –шығармашылық жол жүруде пайда болған жұмыстар ("Оралда)". Қазақстанның табиғатын бейнелейтін пейзаж жазған суретшілер шығармашылығы. Ж. Шарденов ("Қыста", "Предгорье"). О. Таңсықбаев (факультатив).

      14-тақырып. Графика өнері.

      Қазақстандағы кітап және станокті баспаны дамыту, шығармашылық ұжымды қалыптастыру. 20-30 жылдардағы Қазақстан- баспа тапсырыстары, журнал және газетадағы, плакаттағы сурет аумағындағы жұмыс (станокті графиканың негізгі техникасы – қарындашпен салынған сурет, акварель, тушь).

      Ұлы Отан соғысы жыладрындағы графиканың дамуы (өнердің дамуына Москва, Ленинград, Украинадан эвакуацияланған суретшілер көмектесті). Қазақтандық суретшілер, гравюра шеберлерінің баға жетпес үлестері. В.Антощенко-Оленев – линогравюраның сәндік қасиетін шеберлікпен қолдану, шрихтың алуан түрлілігі, ақ-қара контрастының мәнерлілігі ("Ұрыстағы 1919" - 1957 жыл; "Мұң" – 1959 жыл). Е.Сидоркин – терең әлеуметтік мазмұнды ашатын графикалық тәсілдердің байлығы. Ертегілер, мысалдар, эпостық жырларға иллюстрациялар ("Алпамыс батыр"). Ф.Дячкин – офорт, монотипия, акватинта, линогравюра техникасын меңгерген суретші. Табиғатты лирикалық қабылдау, компоновкадағы еркіндік пен жеңілдік, салудың жіңішке және жұмсақ мәнері. Кітап иллюстрациялары, супертыстар, "Сұлтанмахмұт Торайғыров" кітабын безендіру.

      15-тақырып. 21 ғасырдың бейнелеу өнері.

      Историческое развитие Казахстана на рубеже 20-21 ғасырлар асуындағы Қазақстанның даму тарихы. Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерді сақтау. 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасы. Қазақстанның бірегей қорықтары, археологиялық табулар, "Әлемдік мұралар каталогына" енген халық ауыз әдебиетінің шығармалары.

      16-тақырып. Жаңа ғасырдағы Қазақстан өнері. Заманауи өнердің жаңа шығармашылық мүмкіндіктері. Заманауи мәдениет құбылысы – акция, перформанс, хэппенинг, инсталляция – көркемдік қағидаттарға қарсылық. Заманауи технологияларды қолдану (бейне, мультимедиа).

      Өзекті өнер өкілдері: М. Нарымбетов, "Қызыл трактор" шығармашылық бірлестігі, С. Нарымов, Г. Трякин-Бухаров, А. Меңлібаева.

      17-тақырып. Қорытынды бөлім. Қазақстан өнерінің дамуы бойынша өткен материалды жалпылау. Екінші жарты жылдық бойынша оқыту қорытындысын шығару. Жылдық тестілеу.

      45. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер:

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Қазақстан өнерінің тарихи және мәдени өзінділік шарттарын түсінеді;

      2) сақтық аңдық нақышқа тән сипаттарды анықтау, бейнелерге мифологиялық сипаттама береді;

      3) аңдық нақыш пен ою-өрнекке тән нақышталған бейнелердің арасындағы өзара байланыс орнатады;

      4) ою-өрнектерді геометриялық, өсімдік, зооморфтық, комогондыққа бөледі;

      5) ою-өрнекті дүниетаным көрінісі ретінде қарастыру, оның символикаларын оқиды;

      6) киіз үйдің құрылымын, жиналуын біледі;

      7) қазақ ұлттық костюмін дәстүр, тарих, әлеуметтік және климаттық шарттардың көрінісі ретінде қабылдайды;

      8) Ұлы жібек жолының Қазақстандағы мәдениет пен өнердің қалыптасуындағы рөлін түсіндіреді (мәдени жетістіктер);

      9) Қазақстандағы орта ғасыр кезең сипаттау және сол кезеңдегі Орта Азия мемлекеттерімен салыстырмалы түрде сипаттама береді;

      10) орта ғасыр кезеңінде Қазақстан өнеріне мұсылман мәдениектінің ықпалы туралы түсініктері қалыптасқан;

      11) Қазақстандағы кәсіби және бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы туралы түсініктері қалыптасқан;

      12) қазақстандық кескіндеме мектебінің негізін салушыларды біледі;

      13) қазақстандық мүсіншілер шығармашылығын, жеке авторлардың шығармашылығының нақыштық ерекшеліктерін біледі;

      14) Қазақстанның станокті кескіндемесіндегі тұрмыстық жанр, натюрморт, пейзаж, портреттік жанрдың өкілдерін, көрнекті жұмыстардың атауларын біледі;

      15) Ә.Қастеевтің шығармашылығы мен оның заманауи Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуындағы рөлін біледі;

      16) 20I ғасырдағы Қазақстандық өнердің негізгі беталыстары; оның өнердің әлемдік жүйесіндегі орны туралы түсінікті біледі;

      17) әлемдік кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің орнын анықтай біледі;

      18) Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына әлемдік мәдениеттің ықпалын біледі;

      19) өнер аумағындағы негізгі терминдер мен ұғымдарды біледі және оларды меңгерген;

      20) мәдениет пен өнер мәселесіне қатысты пікірталастар, қарым-қатынас үдерісінде толеранттықты сақтайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      46. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және бақылау, байқауларда және көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      47. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы түрінде іске асырылады. Бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 және 2 сынып – эссе, презентация;

      2) 3 және 4 сынып – рефератты қорғау, жеке тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру.

      48. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – Бағдарлама материалын өте жақсы меңгеруі, көріністерге әртүрлі көзқарастарды салыстыра білуі, өзінің көзқарасын негіздей білуі, қисынды және ретті ойлауы, шешім шығара алуы және жалпылауы, қойылған сұраққа сауатты және әдеби түрде жауап беруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – Бағдарлама материалын жақсы меңгеруі, өз бетінше сипаттай білуі, қойылған сұраққа сауатты түрде жауап беруі, қателіктерге жол берілген, сұрақты толық ашпауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – негізгі сұрақтарды біршама қателіктермен ашуы, қисынды ойлау қабілетін жеткіліксіз көрсетуі, жауаптары қайталау сипатында;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – оқу жұмысына қойылған талаптарды сақтамауы, практикалық жұмыстарды орындауда өрескел қателерге жол берілуі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 10-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Пленэр" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Пленэр" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Пленэр" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акварель – суда араластырған кезде нәзік пигменттің мөлдір жүзгінін құрайтын, және осының есебінен жеңілдік, әуелік әсерін және назік түстік ауысуларға мүмкіндік беретін арнайы акварельді бояуларды пайдаланатын кескіндемелік техника;

      2) кескіндемедегі жылу мен суықтық – суреттің эмоциялық күшті және табиғи түстік қатарын жасау үшін жылы және суық реңктердің заңды алмасуы;

      3) кескіндеме техникасы – қандай да бір қызмет түрі тәсілдерінің жиынтығы; суретті салу процесі;

      4) колорит – реңк, түстердің қанықтығы бойынша суреттегі бояулардың қатынасы;

      5) композиция – бөліктердің құрылымы, қатынасы және өзара орналасуы; суретшінің суреттеріндегі фигуралардың орналасуы;

      6) пленэр – ашық ауадағы кескіндеме (шеберханадағы кескіндемеге қарама-қайшы);

      7) ракурс – жазықтықта орналасқан бейнелейтін заттың адамнан перспективадағы жеке бөліктерінің қысқаруы;

      8) реализм – шынайылықты, оның барлық жақтарын дәл жеткізу мақсатындағы әдебиет пен өнердегі бағыт;

      9) сурет – салынған бейне, бір нәрсені жасау; суреттегі сызықтық эелементтердің жиынтығы, колоритке, бояуға қарама-қайшылық;

      10) этюд – натураға қарап орындалған сурет.

      3. Бағдарламаның мақсаты: көркемдік-орындаушылық, теориялық білімді алуға жағдай жасау, пейзаждық сурет салу дағдалыры мен біліктерін қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) пленэрлік жарықтың ерекшеліктері туралы білім алу;

      2) натураға қарап салынған пейзажда сызықтық және әуе перспективаларын құру дағдыларын дамыту;

      3) пленэрде этюдтермен жұмыс істеу, адам фигурасын салу дағдыларын алу (натураға қарап салынған өсімдік және архитектуралық нақыштар);

      4) натураны жеткізуде қажетті мәнерлік тәсілін табу білігін қалыптастыру (суреттердегі графикалық немесе кескіндемелік);

      5) колористік пейзажда көңіл-күй мен жағдайын жеткізу дағдыларына оқыту;

      6) сурет, кескіндеме, композиция, пәндері бойынша қалыптасқан дағдыларды қолдану;

      7) композициялық эскиздермен жұмыста этюдтердің, нобайлардың әртүрлі түрлерін меңгеру,

      10) білім алушыға эстетикалық тәрбие беру және рухани-адамгершілік дамыту.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі - үш жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын тақырыптардың мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) саналылық және белсенділік қағидаты педагогтің басшылық рөлімен оқу процесіне деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Пленэр" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас бейнеленетін затты ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптың білім алушыларының дайындық дейңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Пленэр кезінде білім алушы композициямен жұмысқа керекті материалдарды жинайды, сызықтық және әуе перспективаларының, жоспарлықтың заңдылықтарын үйренеді, әртүрлі көркемдік материалдармен жұмыстың техникалық тәсілдерін жетілдіреді, суретші-пейзажшылардың үздік жұмыстарымен танысу жалғастырылады.

      33. Пленэр бойынша тапсырмаларда композициялық ережелер (қозғалысты, тыныш күйді, алтын ортасын жеткізу), композицияның тәсілдері мен құралдарын (ритм, симметрия және асимметрия, сюжеттік-композициялық орталықты ерекшелеу, кереғарлық, ашықтығы және тұйықтығы, тұтастығы), жылдам салынатын сызықтық нобайлардан, қысқа мерзімді сызбалардан бастап реңктік суретке дейінгі суреттің барлық түрлерін қолданады.

      34. Өсімдік және жануар нақышын салу кезінде куб, параллелепипед, шар, конус, пирамида сияқты көлемді геометриялық формаларды құрудағы білім және білікті қолданады.

      35. Кескіндемелік этюдтерді орындау кезінде түстану негіздері туралы білімді, акварельмен жұмыс істеу дағдыларын, реңктік және түстік қатынастарды сауатты іздеу білігі қолданылады.

      36. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      37. Жеке үй тапсырмасы бірнеше тәсілмен және педагогтің нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктерін есепке алып қандай да бір тапсырманы орындауға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      38. "Пленэр" пәнінің "Сурет", "Кескіндеме", "Компьютерлік сызба өнері және дизайн" пәндерімен пәнаралық байланыстары білім алушыларға заттар әлемін тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      39. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) күннің сәулесін жеткізу, жергілікті түсті өзгерту, ағаш, аспан, жануарлар, құстар, адамдардың сызбалары мен этюдтерін ретімен салу; сызықтық және әуе перспективасымен таныстыру.

      40. 1 сыныптығы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пленэрден өту ережелерімен таныстыру. Пленэрдің міндеттері туралы әңгіме.

      2-тақырып. Өсімдіктер суреті. Сурет салу – ұзақ сурет салу үшін дайындық жаттығуы мен жеке шығарма. Суреттің орындалу сипатын анықтайтын міндеттер нақтылығы. Формат, масштаб бейнелеу.

      3-тақырып. Суреттегі сызықтық және әуе перективасы. Перспективтік қысқартулардың көзқарастан тәуелділігі. Сурет салудағы жарық пен реңктік диапазон.

      4-тақырып. Өсімдіктер этюдтері. Этюд – сурет салуға дайындық материалы және өз бетінше шығарма. Пленэрлік этюдтердің түстік ерекшеліктері. Этюдтерді орындау тәсілдері: әрі қарай өңделетін "дымқыл", "алла-прима" немесе "дымқыл".

      5-тақырып. Ашық ауадағы заттардың кескіндемесі. Заттарды конструктивті үйлестіруге көзқарастың ықпалы. Пленэрде натюрмортты кескіндеу ерекшеліктері (колорит, рефлекстердің жарық күші).

      6-тақырып. Сурет пен кескіндемедегі сызбалар. Сызбаларды қоладну аясы. Сызбалардың түрлері; сызықтық, түстік, сұлбалық, қозғалыс пен сипатты жеткізуге арналған. Сызбаларды орындау мәнері мен нақтылығы, толықтылығын анықтайтын міндеттердің нақтылығы.

      41. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сурет пен кескіндеменің (сызық, штрих, дақ) негізгі мәнерлі құралдары туралы түсініктері қалыптасқан;

      2) тапсырмаға байланысты өз бетімен формат түрін (тік, көлденең) таңдайды;

      3) түрлі графикалық материалдардың қасиеттерін білу мен оларды қолдана алады;

      4) сызықтың түрлі типтері арқылы өсімдіктер мен ағаштардың сипатын, фактурасын береді;

      5) флора мен фаунаның алуан түрлілігі туралы түсініктері қалыптасқан;

      6) адамның мүсінінің пропорциялары туралы білімдері бар;

      7) аңдар мен құстар фигураларының жалпы пропорциясы, пластикасын жеткізу үшін нобайлар орындай алады;

      8) сызықтық және әуе перспективасы туралы білімді меңгерген;

      9) пленэрде этюдта түстік рефлекстерді көреді және жеткізеді;

      10) "дымқыл", "алла-прима" техникаларында акварельдік кескіндеменің техникалық тәсілдерін меңгерген.

      42. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) акварельмен және түрлі графикалық материалдармен жұмыс дағдысы бекітіледі, неғұрлым күрделі сәулет ғимараттары мен көп жоспарлы пейзаждарды салу арқылы конструктивтік үйлестірудің перспективалық өзгерістерін оқу жалғастырылады;

      2) пейзаждағы түстік және реңктік қатынастарға қатысты міндеттер шешіледі, пленэрлік жарықты, терең кеңістіктегі жоспарлықты жеткізу дағдылары жетілдіріледі, жануарлардың, құстардың, адам фигурасының, сәулет құрылыстарының нақыштарына орындау кезінде әртүрлі материалдармен танысу жалғастырылады.

      43. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пленэрден өту ережелерімен танысу.

      2-тақырып. Өсімдіктердің суретін салу. Өсімдік түрлерінің детальдық ерекшеліктері. Техника – ары қарай өңделетін акварельдік боямалау. Суреттерде жарық-көлеңке модельдеу шарттары.

      3-тақырып. Құстар мен аңдарды салу. Натураның даралық ерекшеліктері: пропорциялар мен пластика. Бейнеленген жазықтықтың бетінде түрлі фактураларды жеткізу тәсілдері.

      4-тақырып. Адам фигурасын салу. Негізгі пропорциялар. Перспективалық қысқартулар заңдылықтары. Адам фигурасының жас ерекшеліктері.

      5-тақырып. Суреттегі сызықтық және ауа перспективасы. Сәулет ғимараттарының фрагменттері салынған суреттегі сызықтық перспектива. Сәндік детальдармен безендірілген жазықтықты жарық-көлеңкелік модельдеу ерекшеліктері мен формаларының тұтастығы.

      6-тақырып. Өсімдіктердің этюдтері. Ағаш тектерінің ерекшеліктері. Акварельдік кескіндемеде тәсілдері- фактураны жеткізу құралы.

      7-тақырып. Пленэрлік этюдтегі су бетінің кескіндемесі. Судың жағасындағы нысандарды бейнелеу заңдылықтары. Судың беті мен оған түскен сәуленің фактураларын жеткізу фактураларын жеткізу тәсілдері.

      8-тақырып. Кескіндемедегі сызықтық және ауа перспективасы. Суретті сызықтық құрудың көзқарас пен кеңістіктің тереңдігіне тәуелділігі. Ауа перспективасы жеткізуде түс пен тонның өзгеру заңдылықтары. Түрлі жоспардағы көлемдерін жарық-көлеңкелі модельдеу.

      9-тақырып. Тұрмыстық жанр мен пейзаж синтезі (композиция). Дайындық материалы- композицияны құру құралы. Композицияны құрудың негізгі ережелері. Композициядағы сызықтық және ауа перспективасы. Орындау мәнері. Колорит.

      44. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) акварельдік кескіндеменің түрлі тәсілдерін меңгереді;

      2) әуе перспективасын түс және реңкпен жеткізе алады;

      3) сурет пен оның бетіне түскен заттардың сәулесінің фактурасын жеткізу тәсілдерін біледі;

      4) түрлі графикалық материалдарды меңгерген;

      5) сәулет бөлшектері мен ғимарат бөліктерін бейнелеуде сызықтық перспектива заңдылықтарын түсіну және жеткізеді;

      6) аңдар мен құстардың қозғалысындағы пропорцияларын жеткізу шеьерлігін біледі;

      7) адам фигурасының мінез-құлқының ерекшеліктері мен перспективалық қысқартуларының заңдылықтарын түсінеді және жеткізе алады;

      8) жинақталған материалдарды қолдана отырып, өз бетімен композицияны құру (этюдтер, нобайлар, суреттер) дағдыларына ие болады.

      45. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әртүрлі композициялық тәсілдерді шешу жағдайымен пейзаждарды орындаудағы дағдылары мен біліктері дамиды, сызықтық және әуе перспективаларында күрделі архитектуралық фрагменттер мен құрылыстарды салу, түстік реңктердің кең түрін қолданып натюрмортты салу жұмыстары жалғастырылады, әртүрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеу тәсілдерінің техникасы жетілдіріледі;

      2) күрделі пейзаждық түстік және тондық құрылымын талдау шеберлігі жалпы колоритті ескере отырып, кеңістік, нысан, жоспарларды өз бетімен түстік ұйымдастыру дағдылары бекітіледі;

      3) адам фигурасын бейнелеуде пропорция, жас ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар адамдар тобындағы нобайларда күрделі композиция кеңістігі, динамикасын жеткізу іскерлігі де қалыптасады.

      46. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пленэрден өту ережелерімен таныстыру.

      2-тақырып. Суреттегі сызықтық және әуе перспективасы. Күрделі сурет салудағы сызықтық перспектива. Табиғат жағдайы мен сурет салудағы тондық диапазон. Күрделі сәулет формаларын құру заңдылықтары.

      3-тақырып. Аңдар немесе құстармен көп фигуралы этюд кескіндемесі. Натурадан көп фигуралы этюд. Пейзаждық кеңістікте аңдар немесе құстардың топтарын үйлестіру. Фигуралардың алуан түрлі ракурстарын, қозғалысын, пластикасын жеткізу. Жұмыс колоритін талдау. Аңдар мен құстар фигураларының өңдеу есебінен жоспарлықты жеткізу.

      4-тақырып: Көп фигуралы нобайлар. Алуан түрлі нобайлар: алдын ала суретсіз акварельмен салынған нобайлар, сызықтық-реңктік нобайлар. Динамикадағы адамдар тобының нобайы.Фигураларды бейнелеуді үйлестіру.Фигуралардың пропорциясын білу. Фигураларды бойлары мен комплекциясына қарай салыстыру. Түрлі жоспарда орналастырылған фигуралардың динамикасы мен размерлерінің үйлесімін жеткізу.

      5-тақырып. Кескіндемедегі сызықтық және ауа перспективасы. Көп жоспарлы этюдтерде түстің перспективалық өзгерістері. Түстік-реңктікқарым-қатынастың ауа райы жағдайына тәуелдігі. Көше, ғимарат перспективасының жеткізу үшін көзқарасты таңдау. Сызықтық құрылымда сызықтық перспективаның ережелерін сақтау. Этюдте жарық, табиғат жағдайын жеткізу. Маңдайша, дуал, шатыр, ағаш және басқа табиғат жағдайын жеткізу. Ауа перспективасының ережелерін ескере отырып алыс және жақын жоспарларды өңдеу.

      6-тақырып. Пленэрлік этюдтер мен суреттер негізіндегі композиция. Алдын ала этюдтер бойынша пейзажбен жұмыс. Жарық пен түстік өзгерістер арқылы пейзаждық композициядағы табиғат жағдайын жеткізу. Натуралар негізінде салынған суреттерден сәулет композициясын құру.

      Плакат түрлері. Плакаттағы нақыштау. Плакаттың мәнерлілік ерекшеліктері. Плакаттың міндеті. Қаріптердің түрлері мен оларды плакатта қолдану. Плакаттағы реңктік және түстік кереғарлық. Плакаттың негізгі идеясын жеткізу. Композициядағы мәтіннің орнын анықтау. қаріптің стилін таңдау. Түстік-реңктік шешімді таңдау.

      47. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) этюдтердің түрлерін қолдана отырып,(ауылдық, қалалық) табиғаттың жағдайын, жарық, колоритті жеткізе біледі;

      2) сызықтық және әуе перспективасы туралы білімді меңгеру және оны сәулет ескерткіштері, ғимараттарын салғанда қолдана алады;

      3) қозғалыстағы аңдар немесе құстардың нобайын қолдана отырып, өз бетімен композиция құра біледі;

      4) түрлі материалдармен қозғалыс жеткізілетін адамдар топтарының нобайларын орындай біледі;

      5) экологиялық білімді меңгеру және табиғатты жалпы адамзаттық құндылық ретінде түсінеді;

      6) нақыштау тәсілдері туралы білімді меңгеру және оларды шығармашылық композицияда қолданады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      48. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда, көрмелерде алған бағаларынан құралады.

      49. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Екінші жартыжылдықтағы аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – сынақ (жануарлар мен құстардың сызықтық, реңктік және түстік нобайлары);

      2) 2 сынып – сынақ (пейзаж фонындағы көпфигуралы композиция);

      3) 3 сынып – сынақ (қорытынды пейзаж немесе сәулет композициясы немесе экологиялық плакат).

      50. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) бейнені форматта үйлестіруі;

      2) "а ля-прима", "дымқыл" техникаларын білуі;

      3) сызықтық перспективалардың заңдылықтарын білуі;

      4) пейзажда әртүрлі түстік-реңктік жоспар арқылы "кеңістіктікті" жеткзу;

      5) жануарлардың және құстардың жалпы пропорцияларын, пластикасын нобайларда жеткізу;

      6) әртүрлі беттердің фактурасын және материалдылығын жеткізу;

      7) композицияны өз бетінше талдау және пейзаждың түстік гаммасын жеткізу.

      51. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – парақта сауатты үйлестіруі, дайындық суреттің нақты және ұқыпты орындалуы (тсүпен жұмыс істеуде), жұмыс істеудің тәртібін сақтауы, сызық, штрих, реңкті еркін меңгеруі, әуе ортасы есебінен реңктік және түстік қатынастарды еркін меңгеруі, кеңістіктікте заттардың пропорциясы мен көлемдерін сауатты жеткізуі, қолданылатын материалдар мен техникалардың мәнерлік ерекшеліктерін сауатты қолдануы, бейнеленетіндерді тұтас қабылдауы, жұмысты жалпылай білуі, жұмыстағы кемшіліктерді өз бетінше анықтауы және жоюы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – үйлестіруде және дайындық суреттегі біршама кемшіліктерінің болуы, жұмыстағы кемшіліктерді өз бетінше анықтай алмауы, бірақ оларды көрсеткен жағдайда түзете алуы, реңктік және түстік шешімдердегі біршама кемшіліктерінің болуы, көлемді форманы модельдеуінің жеткіліксіздігі, кеңістіктік жоспарларды жеткізудегі жеңіл қателерінің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – үйлестіру кезінде жіберілген маңызды қателіктерінің болуы, суретті орындауда пропорцияны, перспективаны өрескел бұзуы, реңктік қатынастардағы өрескел қателіктерінің болуы, колористік және түстік қатынастардағы маңызды қателіктерінің болуы, ұқыпсыздығы, тиянақсыз орындалуы, жұмысты аяғына дейін орындамауы, жұмыста қателіктерді өз бетінше анықтай алмауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – талаптарға толығымен сәйкес келмеуі, жұмыстың орындалу деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес болмауы, оқу міндетінің орындалмауы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – жұмысы оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 11-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Арнайы фортепиано" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Арнайы фортепиано" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Арнайы фортепиано" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – темптен сәл ауытқу (бәсеңдету немесе жылдамдату), ноталарда белгіленбейді және музыкалық орындау мәнерлігіне шартталады;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу реті және алмасуы, сонымен қатар аталған әдісті нотада белгілеу;

      3) арпеджио – фортопианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      4) артикуляция (латын тілінен articulo – бөлемін, бөліп-бөліп айтамын) – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың қатарын ретпен орындау тәсілі;

      5) баса айту (фразировка) – музыкалық фразаны және музыкалық сөйлеудің мәнін анықтаушы барлық элементтерді қарқынның, динамиканың, акцент орнатылдарының икемді өзгерістері көмегімен анық, мәнерлі орындау;

      6) доминантсептаккорд – терция бойынша орналасқан немесе орналасуы мүмкін төрт дыбыстан тұратын аккорд;

      7) октава – дыбыстар аралығындағы жиіліктің 1:2 қатынасы болатын музыкалық интервал, яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменгіден 2 есе көп;

      8) педализация – пианода ойнаудың негізгі элементтерінің бірі, дыбыстарды байланыстыру, үйлесімділікті ұстап тұру үшін, дыбысталуды күшейту немесе әлсірету үшін қызмет атқарады;

      9) терция – үш сатыдан тұратын музыкалық арақашықтық;

      10) штрих – дыбыс құраушы ноталарды, ноталар тобын орындау (тәсілі және әдісі) амалы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: табиғи қабілеттерін ескере отырып білім алушылардың жалпы музыкалық дамуы, пианизм мен орындаушылық өнерінің негіздеріне үйрету, тұлғаның жалпы рухани мәдениетінің бөлігі ретінде музыкалық-эстетикалық сананы қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту: танымдық қызмет, ой-өрісін кеңейту, музыкалық білімдерді, орындаушылық біліктерді және дағдыларды жүйелі жинақтау.

      Дамыту: музыкалық есту қабілетін, жадын, ырғақ сезімін, эмоциялық ортаны, эмпатияны, шығармашылық қабілеттерді, зейінді, ойлауды, қиялды, фантазияны, рефлексті, салыстыру, жалпылау білігін дамыту.

      Тәрбиелік: музыкалық өнерді тану арқылы рухани, адамгершілік, ақыл-ой, көркемдік, эстетикалық, патриоттық, интернационалды тәрбиелеу, дербестікті, ерік-жігерді тәрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық, дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны игеру мерзімі - тоғыз жыл.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың фортепианода ойнаудың білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық лексиканы және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама фортепианода ойнау техникаларын меңгеруді, қазақ, орыс, халық әуендерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармаларды орындауды үйренгісі келетін балаларды оқыту үшін арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарайғы тәжірибелік қызметі үшін қажетті фортепианода ойнау тәсілдерін меңгеру үшін жағдай жасайды.

      14. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін фортепианода ойнаудың білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      23. "Арнайы фортепиано" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдау үшін жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1)ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы.

      27. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтар педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалықсабақтан құрылады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      29. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан білім алушының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарлама көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталардыпарақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      54. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      56. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      57. "Арнайы фортепиано" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      58. "Арнайы фортепиано" пәнінің мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық тараулар көрсетеді:

      1-тарау. Ерте оқытудың ерекшеліктері.

      1) Балалармен өткізілетін алғашқы сабақтың негізгі мазмұны.

      Тыңдаушылық тәжірибе, музыкалық әсерді молайту. Әндер мен әнге қосылу. Ноталық сауатынсыз ансамбльде ойнау. Есту бойынша және тасымалдау (транспонирование). Білім алушылардың ноталық сауаттылық негіздерімен таныстыру.

      2) Түрлі әдістермен фортепианода алғаш ойнауға үйренудегі ойынның рөлі. Мектепке дейінгі балаларға бағдарланған әдістемелер.

      3) Музыкалық сауаттылық, музыка, үйлесімділік және сольфеджио теориялары, балаға түсінікті түрде музыкалық терминологияның негізгі түсініктері.

      4) Музыкалық тәрбие және фортепианода ойнауға үйретудің кешенді жүйесі.

      2-тарау. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.

      1) Жас пианисті кешенді тәрбиелеу.

      2) Білім алушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту.

      Әуендік, үндестіктік және тембрлік есту қабілетін дамыту, ырғақты есту арқылы, көзбен көру арқылы, қимыл арқылы жеткізу, фортепианода ойнауға үйрету үдерісінде парақтан оқу, тасымалдау, барлық дауыстардың музыкалық мзмұнды орындауы, әуеннің аяғын жазу, пьесалар турлері, дауыс бойынша таңдау, ырғақтық және әуендік суырып салу, ансамбльде ойнау, ноталары бар музыканы тыңдау, нотамен аспапсыз сабақ өту, әуесқой музыка ойнау жолдары арқылы музыкалық есте сақтау жадын (есту арқылы, көзбен көру арқылы, қозғалысты, түйсікті, қисынды) дамыту.

      3) Музыкалық шығармаларды оқу және әртүрлі нақыштар мен жанрлардың шығармаларымен нобайлық танысу барысында жалпы және музыкалық ой-өрісті кеңейту. Музыканы тыңдау бойынша тәжірибені жинақтау. Теориялық және тарихи білімдерді бекіту.

      4) Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, Қазақстан халықтарының музыкалық шығармашылығын, әлемдік музыканың, қазіргі заман Қазақстанжәне әлемдік өнердің классикалық шығармаларын үйрену барысында білім алушылардың негізгі және пәндік құзыреттерін қалыптастыру.

      3-тарау. Музыкалық шығармамен жұмыс жасау, орындаушылық білік пен дағдыларды қалыптастыру.

      1) Білім алушыларды шығармамен таныстыру (педагогтің шығарманы орындауы, жазбаларды тыңдау, қағаз бетінен оқу). Шығарманың баспасын, редакциясын таңдау. Музыкалық бейнелерге сипаттама (басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ассоциациялар). Оқытылатын шығармалардың жанры, түрі, қалыптық (мәнерлік), әуендік, үйлесімдік, ырғақтық, қарқындық ерекшеліктері.

      2) Мәтінмен жете жұмыс жасау: музыкалық арқауды зейін салып тыңдау, үзінділерін баяу және орташа қарқынды (темп) дүркін-дүркін ойнау. Музыкалық шығарманы жаттау тәсілдері.

      3) Музыкалық синтаксис. Шығарманың серпіндік жоспары. Әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование)және оны баса айту (фразировка); артикуляция, агогика, педализация және тағы басқалары.

      4) Ноталық мәтінді еркін оқуға машықтандыру. Әуендік сызықты, тік сызықты шапшаң оқу, "топпен оқу", "үзіліссіз оқу" дағдылары.

      5) Пианистикалық аппараттың еркіндігіне тәрбиелеу. Техникамен жұмыс жасаудағы есту қабілетінің рөлі. "Жылдам тыңдау", "тез ойлау" дағдаларын тәрбиелеу.

      6) Фортепиано техникасымен жұмыс жасау.

      Көркемдік және техникалық міндеттернің бірлігі. Фортепиано техникасының іргетасы – белсенді және нақты саусақ қағысымен үйлестіктегі пернетақтамен байланыс. Қарапайым аппликатуралық дағдыларды тәрбиелеу (әртүрлі позициялық формулаларды, гаммалардың, аккордтардың, арпеджионың аппликатурасын меңгеру). Аппликатураның позициондық қағидасы. Бір позициядан екіншісіне өту кезінде икемділікке, наздылыққа тәрбиелеу.

      Аппликатуралық қағидалар ("салып қою", "ауыстырып қою", "тайғанау"). Жұмыстың әдістері: қиыншылықтарды ұғыну және жеңілдету (ұстанымдар, топтастыру); әртүрлі қарқындар, туше, артикуляция, динамика; нұсқалар (ырғақтық, еселеу, бөліктену немесе бірігу)

      7) Жаттығулар жас музыканттың техникасын дамытудың құралы ретінде. Жаттығу жинақтары. Жаттығулармен жұмыс барысында сипап сезу, есту және қимыл-қозғалыспен әрдайым бақылау жүргізу.

      8) Гаммалар, аккордтар, арпеджиомен жұмыс жасау.

      Гаммаларға дайындық жұмыстары. Гаммаларды оқыту тәртібі. Гаммалар мен арпеджионы жүйелеу. Гаммаларды оқыту кезіндегі міндеттер: мажор-минор жүйесін игеру, аппликатуралық тәртіпке тәрбиелеу, қозғалыстарды автоматтандыруға дағдылану, саусақтық шапшаңдыққа, тегістікке, төзімділікке жету, тетрахордалармен ойнау. Гаммалармен жұмыс кезіндегі нұсқалар (динамикалық, ырғақтық, тембрлік, артикуляциялық).

      Аккордтар (үштен, содан соң төрт дыбыстан).

      Әртүрлі қағыстарды пайдалану. Белсенділікпен, саусақтар ұшының алғырлылығымен үйлестікте пернетақтадағы тіректі сезіну. Аккордты алғаннан кейін қолды босату әдетін қалыптастыру. Шынтақ, иық, жауырын бұлшық еттерінің қатысуы.

      Арпеджио. Түрлері (қысқа, ұзын, сынық).

      Шынтақтың көмегімен бүйір қозғалыстарын тәрбиелеу, "қолды, алақанды ашу" тәсілін қалыптастыру, екпіндік және салмақты тіректерді әртүрлі саусақтарға көшіру.

      9) Этюдтермен жұмыс.

      Білім алушыларға арналған этюдтердың жеке таңдалымы. Техникалық қиыншылықтарды жеңу жолдары. Қозғалыстарды үнемдеуге, қолдардың координациясына және синхрондығына, пианистикалық наздылыққа бағытталған жұмыс.

      10) Педализация – дәл фиксацияға келмейтін, шығармашылық үдеріс.

      Оң жақ және сол жақ басқыштың рөлі. Естіп бақылаудың маңызы. Дайындық жұмыстары. Педализацияның негізгі тәсілдері. Басқыш және орындау стилі.

      11) Полифониялық шығармаларды зерделеу.

      Полифония түрлері – дауысасты, кері, еліктемелік.

      Еліктемелік полифониямен жұмыс жасау.

      Тақырыптың интонациялық сипаттамасы; қосындыға қарсы және оның нысан дамуындағы рөлі. Әрбір дауыстың даму үздіксіздігімен жұмыс жасау. Дауыстардың ұйқасы кезіндегі орындаушылық міндеттер: әрбір дауыстың тембрлік бояуын сақтау, кіріспе мен аяқтамалардың, шарықтау шегі мен бәсеңсудің үйлеспеушілігі.

      12) Бахтың клавирлік шығармаларының орындаушылық дәстүрлері.

      Бах музыкасын насихаттаудағы К.Черни, қиялшыл-сазгерлердің, Ф.Бузони рөлі. Ескі полифонияны орындау кезіндегі мәнерлі құралдар. Артикуляция теориясы. Браудо жіктеуіші. Қарқынды (темп) белгілеу мәселелері. Серпінділік (Динамика). Әуендік әшекей (Орнаментика). Мелизмдерді орындау кезіндегі негізгі ережелер және ерекшеліктер.

      Вильгельм Фридеман Бахтың нота дәптері.

      Анна Магдалена Бахтың нота дәптері. Urtext [Уртекст] және нұсқалары. Шағын кіріспелер (прелюдиялар), инвенциялар, Бахтың "Жақсы темперирленетін клавирі".

      13) Кезеңдік (циклдық) сонаталық нысан (форма), түрлендірме кезеңдер – орындаушылық міндеттер. Балалар музыка мектебінің репертуарындағы веналық классиктерінің шығармалары. Классикалық шығармалардың әртүрлі басылымдары мен нұсқаларын оқу. Сонаталық аllegro [аллегро] нысанымен жұмыс жасаудың ерекшеліктері. Метроритм, артикуляция мәселелері.

      14) Балалар репертуарындағы арманшыл-сазгерлердің музыкасы. Арманшыл сазгерлердің музыкасындағы бағдарламалылық. Арманшылардың шығармашылығында аспаптардың жаңа мүмкіндіктерін ашу.

      15) Қазіргі заман сазгерлерінің шығармашылығында ХХ-ХI ғасырлардағы музыкалық ойлаудың заңдылықтарын игеруге жұмылдыру. Балалар музыка мектебінің репертуарындағы қазіргі заман музыкасы, оның ладтық-үндестік және ырғақтық өзгешелігі.

      16) Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, қазақстандық белгілі композиторлық мектеп өкілдерініңшығармаларын зерделеу.

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы 15-25 музыкалық шығармаларды (жеке музыкалық негіз және қабілеттерін есепке ала отырып) меңгереді: халық әндері, әндік және би сипатындағы пъессалар, полифония элементтерімен пъессалар, этюдтер және ансамбльдер, сонымен қатар ірі нысандағы қиын емес шығармалар.

      60. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін: регистрлерді, октавалардың атауларын; скрипка және бас кілттерді; кіші, үлкен, бірінші, екінші октава ноталарының жазбасын; ұзақтық пен үзілістердің бөлінуін; тактты, қарапайым өлшемдерді; қағыстарды; ладты;

      2) музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын: жылдам, бірқалыпты, баяу қарқындар; серпінді реңктер; лад;

      3) оқытылған жанрлардың атауын (күй, ән, би, марш);

      4) музыкалық аспаптардың атауларын (фортепиано, домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель);

      5) отыру және қол қою ережелерін, дыбыс шығару негіздерін;

      6) музыкалық шығармалардың көңілін және сипатын анықтайды;

      7) екпіні бойынша таныс өлеңдер мен аспаптық пьесаларды анықтайды;

      8) non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] дыбыс шығару амалдарына үйренген кезде пианистикалық аппарат координациясы дағдыларын игерген;

      9) қолдардың әртүрлі дыбыстардан және октавалар бойынша орын ауыстыру шегінде саусақтардың түрлі ілесуі (non legato [нон легато], legato [легато]) түріндегі, legato [легато] орындауды жетілдіруге, саусақтар ұштарын "түзетуге", бірінші саусақты салып қоюға, гаммаларға дайындық жаттығуларды орындай алады;

      10) симметриялық аппликатура кезіндегі бір дыбыстан тура қозғалыста және кері қозғалыста екі октава диапазонында мажорлық гаммаларды (таңдау бойынша бәр-екі); осы үндестілікте әр қолдың бөлек қатысуынсыз үш дыбыстан аккордтармен тоникалық үшдыбысты ойнай алады.

      61. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы түрлі нысандағы 15-20 музыкалық шығармаларды: 2-3 полифониялық шығармаларды, 2 ірі нысандағы шығарманы; 4-5 пьесаны; 2-3 ансамбльді; 5-7 этюдті оқып-үйренеді.

      62. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтиделер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;

      2) халық әндері мен күйлерін;

      3) нысан бойынша қарапайым түсініктерді;

      4) театрда, концертте әдеп ережелерін;

      5) ноталық мәтінді талдай алады;

      6) қағаз бетінен қарапайым ноталық үлгілерді оқи алады;

      7) ән әуендерін естіп таңдап сала алады;

      8) жаттығулардың әртүрлі түрлерінде саусақтардың техникасымен, интервалдарды ойнау жолымен білезіктің бос қимылдау дағдыларын дамытуға жұмыс жасай алады;

      9) мажорлық гаммаларды орындай алады: "До", "Соль", "Ре", "Ля", "Ми" екі қолмен екі октавада тура және кері қозғалыста; "Фа мажор" - екі қолмен тура қозғалыспен;

      10) минорлық гаммалар орындай алады: "ля", "ми", "ре" (табиғи, үйлесімді және әуендік түрде) екі октавада әр қолмен бөлек;

      11) тоникалық үшдыбыстықтар аккордтармен айналыстар үш дыбыстан өткен үндестіліктерде әр қолмен бөлек;

      12) өз орындауында шығарманың сипатын жеткізе алады.

      63. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы 15-20 әртүрлі музыкалық шығарманы, оның ішінде танысуға бірнеше шығарманы: 2-3 полифониялық шығарманы, 1-2 ірі нысанды шығарманы, 5-6 пьесаны; 5-6 этюдті; 2-3 ансамбльді оқып-үйренеді.

      64. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) халық және кәсіби музыкасының жанрлық түрлерін біледі;

      2) қазақ күйшілерінің және қазақстандық сазгерлерінің аттарын біледі;

      3) оқытылатын шығармалардың атауларын біледі;

      4) туған өлкенің музыкалық дәстүрлерін біледі;

      5) тыңдалған шығармалардың жанры мен сипатын анықтай алады;

      6) музыкалық мәнерліліктің құралдарын анықтай алады;

      7) баста үндестіктің тірек дыбыстары түріндегі күрделі емес сүйемелдеумен әндік сипаттағы әуендерді парақ бетінен оқи алады;

      8) әртүрлі позициялық пішіндер, қысқа ән құбылған дыбыстар және мелизмдер, үзілістермен (интервал) дайындықтар (октава арқылы орын ауыстыру немесе секвенциялық) түрінде жаттығуларды ойнай алады;

      9) мажорлық гаммаларды ойнай алады: "До", "Соль", "Ре", "Ля", "Ми","Фа", "Си-бемоль" тура қозғалыста; кері қозғалыста – симметриялық аппликатурасы бар гаммалар; минорлық гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік): "ля", "ми", "ре", "соль" - тура қозғалыста екі қолмен екі октавада; хроматикалық гаммалар әр қолмен барлық пернелерден бөлек; тоникалық үшдыбыстықтар аккордтармен айналыстар үш дыбыстан өткен үндестіліктерде екі қолмен; қысқа арпеджио төрт дыбыстан әр қолмен бөлек.

      10) парақтан ноталарды оқу және басқа үндестіліктерге транспонирлеу, әйгілі әндер мен билерді есту арқылы таңдау дағдыларын меңгерген.

      65. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы 14-20 әртүрлі музыкалық шығарманы, соның ішінде танысуға бірнеше шығарманы: 1-2 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 5-7 пьесаны; 2-3 ансамбльді; 4-5 этюдті оқып-үйренеді.

      66. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындалатын музыкалық шығарманың музыкалық бейнесін, стилін, нысанын мәнерлі түрде жеткізу ұғымдарын біледі;

      2) музыкалық терминологияны біледі;

      3) оқытылатын шығармалар авторларының шығармашылығын біледі;

      4) шығармаларды орындау кезінде естіп бақылауды жүргізеді;

      5) музыкалық әдебиеттің әртүрлі жанрлардағы біртіндеп күрделене түсетін шығармаларды парақтан оқи алады (қиындығы білім алушы оқитын деңгейден шамамен екі сыныпқа төмен);

      6) опералық, симфониялық және балет музыкасынан жеңіл ыңғайланған үзінділерді ойнайды;

      7) үйлесімдік және фактуралық безендірілуі бар таныс шығармаларды естіп таңдай алады; ән әуендерін тасымалдай алады (транспонирование);

      8) октаваларға біртіндеп өтуі бар жаттығулардың материалында білезік техникасын дамыту мақсатында саусақ жүрдектігін дамытумен жұмыс жасай алады;

      9) қоса алғанда төрт таңбаға дейінгі мажорлық гаммаларды тура қозғалыста төрт октавада (симметриялық аппликатурасы бар гаммаларды - кері қозғалыста); минорлық гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік): "ля", "ми", "си", "ре", "соль", "до", "фа" - екі қолмен тура қозғалыста төрт октавада; хроматикалық гаммалар екі қолмен 2-3 пернеден тура қозғалыста; тоникалық үшдыбыстықтар аккордтармен бірге үш немесе төрт дыбыстан (қолдың өлшеміне байланысты) осы үндестіліктерде; қысқа арпеджио екі қолмен; ұзын арпеджио әр қолмен бөлек қимылдамай ақ пернелерден үш-төрт гаммаларда ойнай алады.

      67. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушысы 14-18 әртүрлі музыкалық шығармаларды, соның ішінде танысу үшін бірнеше шығарманы: 2-3 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 5-6 пьесаны (соның ішінде 1 ансамбльді); 5-6 этюдті; 1 сүйемелдеуді оқып-үйренеді.

      68. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) шығарманың жанрын, нысанын біледі;

      2) ірі музыкалық нысанның құрылымын (күрделі үшжиілікті нысан, сюита, соната, симфония) біледі;

      3) оқытылатын шығармалардың ладтық, әуендік, үйлесімдік, ырғақтық, шапшаңдық ерекшеліктерін, аппликатуралық қағидаларын біледі;

      4) музыкалық терминологияны біледі;

      5) оқытылатын шығармалар авторларының шығармашылығын біледі;

      6) музыкалық бейнелерді сипаттай алады (басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ассоциациялар);

      7) орындалатын шығармалардың орындаушылық жоспарын ұсына алады: динамикалық жоспар, әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка), агогика, артикуляция, педализация;

      8) парақ бетінен оқи алады;

      9) шығармалармен өз бетінше жұмыс дағдыларын жинақтай алады: бір-екі пьеса дайындайды (қиындығы бойынша екі сыныпқа төмен);

      10) күрделі емес сүйемелдеуді (аккомпанемент), әріптік белгілеу бойынша сүйемелдеуі бар әуендерді ойнай алады; әуендерді тасымалдай алады (транспонирлеу);

      11) танымал музыканы ойнайды (ыңғайланған түрдегі);

      12) музыкалық тәрбие көрсету, музыка туралы сөйлесулерде қарапайым түсініктер мен музыкалық терминдерді қолданады;

      13) барлық мажорлы гаммаларды тура және кері қозғалыста төрт октавада ойнай алады;

      14) терцияға және децимаға тура қозғалыста екі-үш мажорлық гамманы ойнай алады;

      15) қоса алғанда төрт таңбаға дейін (табиғи, үйлесімді және әуендік) тура қозғалыста екі қолмен төрт октавада минорлық гаммаларды ойнай алады;

      16) екі қолмен барлық пернеден тура қозғалыста хроматикалық гаммаларды ойнай алады;;

      17) үш немесе төрт дыбыспен айналыстармен тоникалық үшдыбыстықтарды ойнай алады (қолдың өлшеміне байланысты);

      18) екі қолмен қысқа арпеджионы; ақ пернелерден әр қолмен бөлек - ұзын арпеджионы ойнай алады;

      19) доминантсептаккордты ойнай алады – құрастыру және шешу, қысқа арпеджио әр қолмен бөлек;

      20) кішірейтілген септаккордты ойнай алады – құрастыру және шешу, қысқа арпеджио әр қолмен бөлек;

      21) сахналық мәдениет дағдыларына ие.

      69. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы 11-17 әртүрлі музыкалық шығарманы, соның ішінде танысу тәртібімен бірнеше шығарманы: 1-2 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 4-5 этюдті; 4-6 пьесаны (соның ішінде 1 ансамбльді); 1-2 сүйемелдеуді оқып біледі.

      70. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындалатын шығармалардың жанрлық, нақыштық ерекшеліктерін біледі;

      2) оқытылатын репертуармен жұмыс жасау әдістерін біледі;

      3) оқытылатын шығармалардың әйгілі орындаушылар жасаған интерпретацияларды біледі;

      4) оқытылатын шығармалардың, ірі нысанды шығармалардың, пьесалардың нұсқаларын біледі;

      5) ұлттық және әлемдік мәдениеттің алдыңғы қатарлы өкілдерін біледі;

      6) серпін, әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка), артикуляция, агогика, педализация мәнмәтінінде шығарманың орындаушылық жоспарын анықтайды;

      7) басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ұқсастықтар (аналогия) және ассоциациялар келтіреді;

      8) күрделі емес сүйемелдеуді (аккомпанемент) ойнай алады;

      9) барлық мажорлық және минорлық гаммаларды; тура және кері қозғалыста төрт октавада - мажорлық; терцияға және децимаға бірнеше гаммаларды ойнай алады;

      10) тура қозғалыста төрт октавада минорлы гаммаларды (табиғи, үйлесімді және әуендік) ойнай алады;

      11) барлық дыбыстардан тура және кері қозғалыста хроматикалық гаммалар ойнай алады;

      12) үш немесе төрт дыбыстан аккордтармен айналыстармен тоникалық үшдыбыстықтарды ойнай алады;

      13) екі қолмен қысқа, ұзын арпеджиоларды, әр қолмен бөлек сынық арпеджионы; әр қолмен бөлек доминантсепт аккордтың дыбыстары бойынша ұзын арпеджионы, екі қолмен екі-үш үндестіліктерде ойнай алады;

      14) доминантсептаккордты ойнай алады – құрастыру және шешу, әр қолмен ақ пернелерден бөлек ұзын арпеджионы ойнай алады;

      15) кішірейтілген септаккордты ойнай алады – құрастыру және шешу, әр қолмен бөлек барлық өткен үндестіктерде кішірейтілген септаккордтың дыбыстары бойынша қысқа арпеджионы ойнай алады.

      71. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы 10-15 шығарманы, оның ішінде бірнешесі танысу үшін: 1-2 полифониялық шығарманы; 1-2 ірі нысанды шығарманы; 4-5 пьесаны (соның ішінде бір ансамбльді); 3-5 этюдті; 1 сүйемелдеуді оқып-үйренеді.

      72. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) классикалық, қазақ музыканы және Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын, музыкалық әдебиет курсының бағдарламасы бойынша қазіргі заман музыкасын біледі;

      2) орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін біледі;

      3) оқытылатын репертуармен жұмыс жасау әдістерін біледі;

      4) оқытылатын шығармалар авторларының шығармашылығын біледі;

      5) аспапта музыкалық шығармаларды ойнағанда алған теориялық білімдерін пайдаланады;

      6) дәуірлерге, бағыттарға және музыкалық нақыштарға сипаттама береді;

      7) музыкалық-эстетикалық және рухани-адамгершілік санаттарын сәйкестендіреді;

      8) музыкалық-қоғамдық өмірдің құбылыстарына бағалау пікірлерін білдіреді;

      9) әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка); серпін, агогика, артикуляция, педализация мәнмәтінде оқытылатын шығармалардың орындаушылық жоспарын анықтайды;

      10) көпшілік алдында музыкалық-шығармашылық орындаулардың тәжірибесі бар;

      11) барлық мажорлық гаммаларды тура және кері қозғалыста төрт октавада ойнай алады; терцияға және децимаға бірнеше гамманы, секстаны орындайды;

      12) минорлық гаммалар (табиғи, үйлесімді және әуендік) тура қозғалыста төрт октавада; бір-екі гамманы (үйлесімді және әуендік) симметриялық аппликатурасымен кері қозғалыста ойнай алады;

      13) хроматикалық гаммаларды барлық пернеден тура және кері қозғалыста ойнай алады;

      14) төрт дыбыс бойынша айналыстармен тоникалық үшдыбыстықтарды; екі қолмен барлық үндестіліктерде қысқа, ұзын, сынық арпеджиоларды ойнай алады;

      15) қысқа және ұзын арпеджиомен ақ пернелерден екі қолмен – доминантсептаккордты ойнай алады;

      16) ұзын арпеджиомен ақ пернелерден екі қолмен - кішірейтілген септаккордты ойнай алады;

      13) "до", "фа", "соль" пернелерінен ұзын арпеджиоларды ойнай алады.

      73. 8-9 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар әртүрлі нысандағы кемінде 10 музыкалық шығармаларды, танысу үшін бірнеше пьесаларды оқып-үйренеді, техникалық дайындықтарын жетілдіру, оқу-педагогикалық репертуарды саналы және дәлелді түрде талдау, парақтан оқу, шығармашылық дағдыларын дамыту жұмыстарын жалғастырады.

      74. 8-9 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі фортепиано репертуарын біледі;

      2) дәуірлерді, бағыттарды және музыкалық нақыштарды біледі;

      3) орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін біледі;

      4) оқытылатын шығармаларға танымалы орындаушылар берген талдауларын біледі;

      5) оқытылатын полифониялық шығармалардың, ірі нысанды шығармалардың, пьесалардың нұсқаларын біледі;

      6) орындау техникасымен және оқытылатын репертуармен жұмыс жасау тәсілдерін біледі;

      7) музыкалық бейнені жасауда музыкалық мәнерлілік құралдарының маңызын біледі;

      8) музыкалық-қоғамдық өмірдің құбылыстарына бағалау пікірлерін білдіреді;

      9) әуеннің сөзін сөйлеу (интонирование) және оны баса айту (фразировка); шығарманың серпін жоспары, агогика, артикуляция, педализация және тағы басқа мәнмәтінде оқытылатын шығармалардың орындаушылық жоспарын анықтайды;

      10) басқа музыкалық шығармалармен және өнер түрлерімен ұқсастықтар (аналогия) және ассоциациялар келтіреді;

      11) сахналық тәртіп дағдыларын меңгереді;

      12) барлық мажорлық және минорлық гаммаларды ойнайды; тура және кері қозғалыста төрт октавада; терцияға және децимаға, секстада ойнай алады;

      13) хроматикалық гаммаларды барлық дыбыстардан тура және кері қозғалыста; терцияға және децимаға, секстаға ойнай алады;

      14) мажорлық және минорлық үшдыбыстықтарды айналыстармен бірге (қысқа, ұзын, сынық арпеджио) ойнайды;

      15) доминантсептаккордтарды (қысқа және сынық арпеджио) ойнайды;

      16) айналыстармен бірге доминантсептаккордтарды (ұзын арпеджио) ойнай алады;

      17) кішірейтілген септаккордтарды (қысқа және сынық арпеджио) ойнай алады;

      18) айналыстармен бірге кішірейтілген септаккордтарды (ұзын арпеджио) ойнай алады;

      19) бір дыбыстан он бір арпеджио түрлерін ойнай алады;

      20) қос терциялармен мажорлық, минорлық (үйлесімділік және әуендік), хроматикалық гаммаларды ойнай алады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      75. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқаулардан алған бағалардан тұрады.

      76. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт, емтихан түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (екі қиын емес әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі ансамбль түрінде); екінші тоқсанда: сынақ (меңгерілген штрих түрлерін есепке ала отырып, екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның біреуі ансамбль түрінде);

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі педагогпен ансамбльде); екінші тоқсанда: сынақ (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі педагогпен ансамбльде; парақтан қиын емес әуенді оқу);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі ансамбль немесе этюд; қиын емес сүйемелдеумен әуенді парақтан оқу); екінші тоқсанда: сынақ (пьеса немесе этюд);

      4) 4 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі ансамбль немесе этюд); екінші тоқсанда: сынақ (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі ансамбль немесе этюд);

      5) 5 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі полифониялық шығарма); екінші тоқсанда: бітіру емтиханы (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі ансамбль немесе этюд; қиын емес сүйемелдеумен әуенді парақтан оқу);

      6) 6 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі ансамбль; қиын емес сүйемелдеумен әуенді парақтан оқу); екінші тоқсанда: емтихан (бір полифониялық шығарма, бір этюд немесе екі әртүрлі сипаттағы шығармалар, оның бірі полифония элементтерімен);

      7) 7 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (бір полифониялық шығарма және этюд; қиын емес сүйемелдеумен әуенді парақтан оқу); екінші тоқсанда: бітіру емтиханы (нота бойынша ірі нысандағы шығарма, бір пьеса);

      8) 8 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (полифониялық шығарма, қиын емес пьесаны немес этюдті парақтан оқу); екінші тоқсанда: емтихан (нота бойынша ірі нысандағы шығарма, бір пьеса);

      9) 9 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (полифониялық шығарма, қиын емес пьесаны немес этюдті парақтан оқу); екінші тоқсанда: бітіру емтиханы (екі әртүрлі сипаттағы шығарма).

      77. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) көркем бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      78. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы ("өте жақсы"): музыкалық шығарма мазмұнының бейнелік мәнерлілік түсіндірмесі; нысан сезімін иланымды түрде ұғу; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; ырғақтық пульсацияның айқындығы; динамикалық көптүрлілік; өз орындауын естіп бақылау; орындау техникасын еркін меңгеру; әртістік және ойнауға берілгендік.

      2) "4" бағасы ("жақсы"): шығарманың нысанын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсіну; ноталық мәтінді орындаудың тұрақтылығы; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; динамикалық көптүрлілік; жеткіліксіз түрде естіп бақылау; сахнада психологиялық жағынан өзін-өзі ұстаудың тұрақсыздығы.

      3) "3" бағасы ("қанағаттанарлық"): авторлық ноталық мәтінді музыканы бейнелік пайымдаусыз үстіртін оқу; өз орындауын нашар естіп бақылау; шапшаңдық-ырғақтық жинақы еместік; дыбысталудың динамикалық біртектілігі және бірсарындылығы; сахнада тұрақсыз психологиялық жай-күй.

      4) "2" бағасы ("қанағаттанарлық емес"): ноталық мәтінді ойнаудағы қателіктер; естіп бақылаудың жоқтығы; метрлік-ырғақтық тұрақсыздық; дыбыс шығару және дыбыс танудың төменгі сапасы; мәнерлілік түсіндірменің жоқтығы; орындау кезіндегі жиі тоқтаулар;

      5) сынақ (бағасыз) – орындау оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 12-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің "Скрипка" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Скрипка" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Скрипка" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      3) арпеджио – фортопианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      4) вибрато (тремоляция) – музыкалық дыбыстың немесе ән салудың жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі. Ішекті аспаптарда ол саусақтардың тербелісі арқылы шығады;

      5) гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      6) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      7) қос нота – ішекті-ысқылы аспаптарда екі немесе одан көп дыбыстарды бір уақытта үйлестіру;

      8) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі;

      9) мартле – ішекті-ысқылы аспартарда ойнау барысындағы негізгі штрихтардың бірі;

      10) нотаны парақтан оқу – қиындығы жағынан білім алушының техникалық мүмкіндіктерінен аспайтын қандай-да бір таныс емес шығарманы тоқтамай, нотаға қарап дұрыс екпінмен және ырғақпен ойнап шығу білігі;

      11) пиццикато – ішекті-ысқылы аспаптарда ысқымен емес, саусақтың ұшымен іліп-қағу әдісі арқылы ойнау тәсілі, сондықтан ысқымен ойнауға қарағанда дыбыс үздік-создық және ақырын шығады. Ноталарда мұндай тәсілге ауысу pizz [пицц] белгісімен белгіленеді, мұндай тәсілді ойнауды тоқтату - arco [арко] ("ысқы") белгіленеді;

      12) саусақтардың жүйріктілігі – музыканттың басты мақтаныштарының бірі және оның тәжірибелігі мен шеберлігінің көрсеткіші;

      13) секстаккорд – үш дыбыстан тұратын аккорд және үшдыбыстылықтың бірінші айналымы болып табылады;

      14) септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан төрт дыбыстан құралған аккорд;

      15) сотийе – "секіретін" штрихтар қатарына жататын ішекті-ысқылы аспаптардың штрихы, ішекте жатқан ысқының жылдам және ұсақ қимылдарымен орындалады, ішектің созылғыштық және серіппелік қасиетіне байланысты сәл ғана кері лақтырады;

      16) спиккато – ішекті-ысқылы аспаптарда қолданылатын музыкалық штрих, ысқыны ішекке лақтыру арқылы шығарылады, қысқа үздік-создық дауыс шығады;

      17) стаккато – бір дыбысты бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих: стаккато — легатога қарама-қайшы келетін, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі түрлерінің бірі;

      18) терция – үш сатыдан тұратын музыкалық арақашықтық, "үш" санымен белгіленеді;

      19) флажолет – обертон дыбысын алу мақсатында ішекті-ысқылы және шертпелі аспаптарда ойнау тәсілі;

      20) хроматикалық гамма – көршілес сатылармен арақашықтығы жартытонға тең, ілгері немесе кейінгі қатарда орналасқан дыбыстардың бірізділігі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: белсенді азаматтық көзқарасы бар, жоғары адамгершілік және басшылық қасиеттері бар, жоғары рухани мәдениет дәрежесі бар тұлғаны қалыптастыру, скрипканы сауатты меңгеру арқылы өзін өзі шығармашылықтық анықтайтын бала тұлғасын дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) скрипкада музыкалық орындаушылыққа қажетті құрал ретінде музыкалық-теориялық пәндер топтамасын меңгеру;

      2) скрипкада ойнау дағдыларын қалыптастыру және орындаушылық қасиеттерін дамыту;

      3) жеке және ансамбльде музыкалық шығарманы сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі дағдыларды меңгеру;

      Дамыту:

      1) білім алушылардың музыкалық қабілеттерінің болашағын және дамуын анықтау;

      2) музыкалық қабілеттерін дамыту: есту, есте сақтау, ырғақ, эмоциялық орта, саздылық және әртістілік;

      3) білім алушылардың есту, орындаушылық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;

      4) музыкалық-эстетикалық талғамды, көру қабілетін, кереметтерді есту және түсінуді қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) музыка мәдениетіне және аспапты шығармашылыққа араластыру;

      2) музыка сабақтарына деген тұрақты қызығушылықтарын тәрбиелеу және музыкалық нақыштарды ажырата білу;

      3) балалардың шығармашылық қызмет және көпшілік алдына шығу тәжірибесін алуы;

      4) отандық және әлемдік мәдениет құныдылықтарын, дәстүрлерін, халық шығармашылығының озық үлгілерін меңгеру арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      5) білім алушының кәсіби оқуын жалғастыруға деген саналы уәждемені қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – тоғыз жыл.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектептебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама жеке, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың басты міндеттер жүйесі арқылы жүзеге асады. Оқу барысында қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылық формаларымен оқу мазмұнымен қарым-қатынаста жүзеге асыруға жағдай жасайды.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың скрипкада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын алуға, шығармашылық қызмет тәжірибесін алуға, жеке және ансамбльде орындау тәсілдеріне меңгеруге арналған жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілге, көркем-бейнелеп ойлауды дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағытталған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыка бойынша сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама скрипкада ойнау техникасын меңгеруді, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайланған классикалық шығармаларды үйренуді қалайтын балаларды оқытуға арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемде скрипкада ойнау тәсілдерін меңгеруге жағдай жасайды.

      14. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      15. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері– ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      23. "Скрипка" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгімелеу, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы.

      27. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездеу.

      29. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог білім алушының дайындық деңгейіне сәйкес Бағдарламадан тақырыптарды таңдайды.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      35. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      37. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      38. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бір- бірінен біршама ерекшеленеді.

      39. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      40. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      41. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      42. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      43. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      44. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      45. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      46. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып, жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      47. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      49. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      50. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      51. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      52. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      53. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      54. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      55. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      56. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      57. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      58. "Скрипка" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспаппен, оны баптау ережелерімен танысу, дене мен қолды дұрыс қою, дыбыс шығару жұмыстары, орындаушылық аппаратты қою, парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру;

      2) мейлінше жеңіл үндестілікте бір октавада гаммалар мен үшдыбыстылықты орындай білу, ойнау қимылдарының мақсатқа сәйкестілігін ұйымдастыру дағдыларын, аспапта ойнаудың алғашқы дағдыларын, ашық ішектерде ойнау барысында ысқыштың даусын шығара білу дағдыларын, аспапты сол қолмен ойнай білуін ұйымдастыруды, пиццикатоны қолдану арқылы дыбыс шығаруды, алғашқы дыбыс шығарудың, интонацияның, ритмнің сапасын бақылай білу дағдысын үйренеді;

      3) бірінші позицияда орындау, орта ішектерді пайдалана отырып, жеңіл пьесалар мен халық әуендерін орындау, жеңіл штрих түрі "деташені" ысқыштың барлық бөлігін қолдану арқылы орындау, ысқышқа 4 нотаға дейінгі легато, ысқыштың алғашқы түрлерін қолдану, бір ішектен екіншісіне көшу, ысқыштың әр түрлі бөлшектеріндегі қимылдарды біртіндеп біріктіру;

      4) музыкалық бейнелі ойлай білу, музыкалық сөз тіркестері мен сөйлемдерді сезіну және жеткізе білу қабілеттерін дамыту және қалыптастыру, музыкалық-ырғақтық сезімді дамыту, қарапайым ырғақтық топтар мен топтардың кезектілігін қабылдай және ойнай білу, алғашқы музыкалық есту дағдыларын, музыкалық – образдық ойлай білуі, мақсатқа сәйкес ойнау қимылдарын ұйымдастыру дағдысын игеру;

      5) бір немесе екі октавадағы 23 мажорлы (минорных) гаммаларды және арпеджионы (тоникалық үшдыбыстылықты), 45 этюдті, 56 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы меңгеру.

      60. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      Тема 1. Аспаппен танысу. Скрипканың және ысқының пайда болу тарихы. Дыбыс шығару принципі. Музыкалық дыбыс туралы түсінігі: жоғарылығы, ұзақтығы, динамикасы. Скрипканы және ысқыны күту.

      2-тақырып. Дене мен қолды дұрыс қою. Сол қолдың шынтақ бөлігін дұрыс қою. Ысқымен жаттығу.

      3-тақырып. Оқытудың ноталық кезеңі. Ноталық сауатты меңгеру. Дыбыстар қатары. Бірінші позицияны үйрену. Бірінші позицияның аппликатуралық белгісі. Мейлінше жеңіл үндестіліктегі гаммалар мен үшдыбыстылық.

      4-тақырып. Музыкалық-есту қабілеттерін дамыту. Пьесаны жаттаудың алғашқы дағдылары. Музыканы тыңдау және аспапта ойнау. Музыкалық ертегілер, оркестрлік топтың аспаптарын тыңдау. Оқытушымен ансамбльде ойнау; музыкалық есте сақтау жадын дамыту.

      5-тақырып. Көркемдік-орындаушылық дағдыларды қалыптастыру. Интонациямен, ритммен, динамикамен жұмыс. Эталонды дыбыстар арқылы дыбыс жоғарылығын бақылау; қарапайым ритмикалық суреттер. F [эф], p [пи], cresc [крэщ], dim [дим] нюанстарын орындау, сол қолдың саусақтарына арналған жеңіл жаттығулар.

      6-тақырып. Дыбысталу сапасы. Ішектерді баяу қосу, ысқыны ауыстыру. Ысқыны бөлу. Фразаны сауатты аяқтау бойынша жұмыс (дыбыстарды саралау).

      7-тақырып. Техникалық тәсілдер. Штрихтар. Деташе, Легато. Үйлестірілген штрихтар. Ысқыны бөлудің алғашқы дағдылары. Ішектерді ауыстыру (біріктіру). Қимылдарды үйлестіру. Бір уақытта ысқы мен саусақты ауыстыру.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңынды білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) скрипка мен ысқының бөліктерінің аталуына, скрипканың құрылымын, бірінші позиция шеңберіндегі ноталық мәтінді, қойылым негіздерін біледі;

      2) қарапайым динамикалы,қ штрихтық және аппликатуралық белгілерді біледі;

      3) ысқыны ішектен ішекке ауыстыру, оның әртүрлі бөліктерінде ысқылардың қозғалысын баяу қосу;

      4) detache [деташе] штрихтарының қарапайым түрлерін толық ысқымен және оның бөліктерімен жүргізуді біледі; әр ысқыға legato [легато] 4 белгіге дейін; detache [деташе] және legato [легато] қарапайым комбинацияларын біледі;

      5) анағұрлым жеңіл үндестіліктердегі гаммалар мен үшдыбыстылықты

      біледі.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қойылыммен, дыбыспен, ритммен, жұмысты жалғастыру, штрихтарды меңгеру, аспапты күйге келтірумен танысу, музыкалық терминдерді кеңейту, нотаны парақтан оқу дағдыларын және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

      2) орындаушылық аппаратты қою, орындаушылық аппаратты ұйымдастыру бойынша алғашқы дағдыларды меңгеру, техникалық тәсілдерді әрі қарай меңгеру және орындаушылық аппаратты бекіту;

      3) "мартле" дыбыс шығару тәсілін меңгеру, дыбысталу динамикасын игеру, бір уақытта екі ішекте ысқыны жүргізу дағдыларын, флажолеттердің қарапайым түрлерін меңгеру, қос ноталардың қарапайым түрлерін (негізінен ашық ішектерді пайдаланып, мейлінше жоғары позицияларда ойындау дағдыларын меңгеру, екі октавалы мажорлы және минорлы гаммларды және үшдыбыстылықтарды (арпеджио), аспапты күйге келтірудің алғашқы дағдыларын, нотаны парақтан оқу дағдыларын меңгеру, штрихтарды жеке, сондай ақ жұппен қолдану арқылы гаммалармен жұмыс;

      4) білім алушының музыканы орындауға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, тек ноталық мәтінді жеткізу ғана емес, сондай-ақ музыкалық шығарманың көңіл-күйі, тактідегі күшті және әлсіз тұстарын анықтауды, жатқа ойнау кезінде қажетті дыбысталу сипатын көрсету, фортепианомен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру, музыкалқы-есту қабілеттерін, музыкалық-бейнелу ойлау дағдыларын меңгеру;

      5) 4-5 гамманы (мажорлы және минорлы) және үшдыбыстылық арпеджиосы (айналымдарымен) екі октавада, 4-5 этюдті, 5-8 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнәні мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мақсатты ойнау қозғалыстарын ұйымдастырудың негізі. Аспапқа арналған жаттығу. Скрипкамен жаттығу. Ысқымен жаттығу.

      2-тақырып. Ноталық сауатты меңгеру. Ноталық стан шеңберіндегі дыбыстар қатары. Екі, үш позициямен танысу. Ауысулардың түрлері. Позициялардағы ауысудың қағидаттары.

      3-тақырып. Музыкалық-есту қабілеттерін дамыту. Фраза туралы түсінік. Фразаның құрылымы. Пьесаларды жаттаудың алғашқы дағдылары.

      4-тақырып. Музыканы тыңдау және аспапта ойнау.

      5-тақырып. Көркемдік-орындаушылық дағдыларды қалыптастыру. Интонациямен, ритммен, динамикамен жұмыс. Эталонды дыбыстардың көмегімен жоғары дыбыстылықты бақылау; қарапайым ритмикалық суреттер. f [эф], p [пи], cresc [крэщ], dim [дим] нюанстарын орындау тәсілдері. Сол қолдың саусақтарына арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Дыбысталу сапасы. Ішектерді баяу қосу, ысқыны ауыстыру; ысқыны бөлу. Фразаны сауатты аяқтау бойынша жұмыс (дыбыстарды филировать ету).

      7-тақырып. Штрихтар. Detache [деташе], legato [легато] штрихтарын (ысқыға 8 нотаға дейін) және олардың алмасуы. Бір немесе екі октавалы мажорлы және минорлы гаммалар мен арпеджио.

      8-тақырып. Қимылдарды үйлестіру. Бір уақытта ысқыны және саусақты ауыстыру.

      9-тақырып. Қос ноталар. Ашық ноталарды қолданып қос ноталарды орындау.

      64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңынды білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) динамикалық дыбыстарды, қос ноталардың қарапайым түрлерін (ашық ішекті қолданып), үшінші, төртінші позицияны, detache [деташе], legatо [легато], martela [мартеле] штрихтарын және олардың ауысуларын біледі;

      2) таза ырғақтауды, бір уақытта ысқыны екі ішекте жүргізуді, бір октавалы гаммаларды және 1 позиция шеңберіндегі үшдыбыстылықтарды біледі;

      3) парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады.

      65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындау техникаларымен жұмысты үйлестіруді дамыту, дыбысты басқару және оның сапасын жақсарту, орындау техникасын кешенді дамыту, алдағы уақытта штрихтарды меңгеру, парақшадан оқу дағдыларын және өз бетінше жұмыс жасауын дамыту;

      2) орындау аппаратын қою, орындау аппаратын ұйымдастыру бойынша алғашқы дағдыларды игеру, алдағы уақытта техникалық тәсілдерді дамыту және орындау аппаратын бекіту;

      3) "деташе", "легато", "мартле" штрихтарын, олардың ауысуын, позицияларын және олардың кезегін, екілік нотаны және бірінші позициядағы күрделі емес аккродтарды орындау және ауысуды қолдана отырып бөлек позиялардағы үш дыбыстылықты гаммаларды, хроматикалық қайталануларды білу, трели мен вибрацияны орындаудың алғашқы дағдыларын (жаттығумен) игеру, білім алушылардың техникалық мүмкіндіктері және қабілеттеріне сәйкес келетін этюдтарды жаттау, фортепиано сүйемелдеуімен этюдтарды және шығармаларды орындау;

      4) "сипаттағы" орындау ептілігі және дағдыларын бекіту, шығармамен жұмыс жасау үрдісінде образдық ойлау сипатын қалыптастыру, алдағы уақытта музыкалық-ырғақтық сезімді, музыкалық ойлауды дамыту, фортепианомен ансамблде ойнау дағдыларын жетілдіру, әртүрлі концерттерде өнер көрсету ерекшеліктерін және тәртіп ережелеріне үйрету;

      5) 4-5 гаммаларды (мажорлық және минорлық), арпеджио (үндеумен) бірінші, екінші, үшінші позициясында және ауысуын, техниканың әртүрлі түрлеріндегі 5-6 этюдтарды, әртүрлі сипаттағы 5-8 пьесаларды, көлемді формадағы 2 шығарманы игеру.

      66. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Форма туралы түсінік: қарапайым үш бөліктік форма. Музыкалық шығарманың құрылымы туралы түсінік.

      2-тақырып. Жанр туралы түсінік. Марш, ән, би.

      3-тақырып. Бейнелу және мәнерлеу. Мәнерлеудің қарапайым құралдары: штрихтар, динамикалық бояулар, темптік өзгерулер.

      4-тақырып. Практикалық дағдыларды қалыптастыру. Интонациялау.

      5-тақырып. Дыбыс шығару. Дыбыс шығарудың сапасымен жұмыс.

      6-тақырып. Жүйріктілікті дамыту. Бірінші позициядағы оң қол саусақтарының жүйріктігін дамыту.

      7-тақырып. Позицияларды үйрену. Позицияларды ауыстыру. Позицияларды ауыстыру кезінде аспап мойнымен баяу сырғу.

      8-тақырып. Қос ноталар. Ашық ішектерді пайдаланып қос ноталармен жұмыс.

      9-тақырып. Динамика. Дыбыстың динамикалық өзгеруі.

      10-тақырып. Штрихтар. деташе, легато штрихтарын және олардың ауысуын меңгеру. Мартлемен жұмысты бастау. Екі октавалы мажорлы және минорлы гаммалар мен арпеджио.

      67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) detache [деташе], legato [легато], martele [мартеле], marcato [маркато], staccato [стаккато] штрихтарын біледі, бірінші, екінші, үшінші позицияларды біледі, қос ноталарды және бірінші позициядағы жеңіл аккордтарды, флажолеттердің қарапайым түрлерін, вибратоны біледі;

      2) штрихтарды алмастыра алады;

      3) staccato [стаккато] штрихына дайындық жаттығуларды орындайды, бірінші позция шеңберіндегі қос ноталар мен аккордтар, ауысуларды пайдаланып екі октавалы гаммаларды орындауды;

      4) трельді орындауға арналған дайындық жаттығуларын біледі;

      5) вибрация дағдыларын біледі;

      6) табиғи флажолеттерді орындайды;

      7) жеңіл шығармалардың ноталарын параққа қарап орындайды.

      68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ойнау кезінде қатты қысылудан және қымтырылудан босану, дыбысты жүргізу және оның сапасын жақсарту бойынша жұмысы, интонация, дыбысталу динамикасы, ритммен жұмыс, штрихтарды орындау техникасын дамыту, музыкалық терминдерді әрі қарай меңгеру;

      2) орындаушылық аппаратты қою, негізгі оқу-жаттықтыру материалын бекіту, баяу қарқында әндету сипатындағы этюдтер мен пьесаларды орындау арқылы дыбыс сапасымен, оның интонациясымен және динамикасымен меңгеру;

      3) гаммаларды күнделікті ойнау әдетін қалыптастыру, "деташе", "легато", "мартле" штрихтарын және олардың алмасуын білу, "стаккато" штрихын орындаудың алғашқы дағдыларына ие болу, алғашқы үш позицияда орындаудың алғашқы дағдыларын үйрену, олардың әртүрлі ауысулары жоғары позицияларда жеңіл жаттығуларды орындау, бірінші позициядағы қос ноталарға арналған жаттығулар мен этюдтерді орындау, аккордтарды, екі октавалы гаммалар мен үш дыбыстылықты орындау дағдысын, вибрация дағдысын, нотаны парақтан оқу дағдысын меңгеру;

      4) зейін қою дағдыларын қалыптастыру және музыкалық зейінді бөлу, ритм сезімін, музыкалық ойлауын әрі қарай жетілдіру, фортепианомен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру, әртүрлі концерттерде өнер көрсету кезіндегі өзін ұстау ережелерін және ерекшеліктерін үйрету;

      5) 4-5 гамманы (мажорлы және минорлы), үшдыбыстылық арпеджиосы (с обращениями) позициялардың ауысуымен, техниканың әр түріне арналған 5-6 этюдті, 6-8 түрлі сипаттағы пьесаларды; 2 ірі нысанды шығарманы.

      69. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Форма туралы түсінік. Қарапайым үш бөліктік форма, варияциялық форма.

      2-тақырып. Жанр туралы түсінік. Ірі нысанды шығармаларда екі билер мен халық әндерін қолдану.

      3-тақырып. Музыкадағы бейнелеу тәсілдері: трель, вибрация, флажолет, штрихтар.

      4-тақырып. Вибрация. Вибрациялаудың қарапайым дағдылары.

      5-тақырып. Дыбыс шығару. Дыбыс мәдениеті. Ысқыны меңгеру.

      6-тақырып. Жүйріктілікті дамыту. Сол қол техникасын жетілдіру.

      7-тақырып. Техникалық тәсілдері. Позицияларды үйрену. Позцияларды баяу қосу.

      8-тақырып. Қос ноталар. Бірінші позициядағы қос ноталар.

      9-тақырып. Штрихтар. Деташе, легато, мартле және олардың алмасуы. Стаккато штрихына дайындық жаттығулары.

      10-тақырып. Ре мажор гаммасы терциясы мысалында сынық тәсілімен қос ноталарды меңгеру.

      70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) detache [деташе], legato [легато], martele [мартеле], staccato [стаккато] штрихтарын, жаттығуларды, қос ноталардағы этюдтерді, аккордтарды, екі октавалы гаммалар мен арпеджионы, вибратоны біледі;

      2) detache [деташе], legato [легато], martele [мартеле], staccato [стаккато] штрихтарын алмастыруды;

      3) этюдтерде, пьесаларда екінші және үшінші позициялардың ауысуларын қолданады;

      4) төртінші және бесінші позицияларда жаттығуларды орындайды;

      5) бірінші позиция шеңберінде қос ноталарды және аккордтарды, ауысуларды қолданып екі октавалы гаммаларды орындайды.

      71. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық техниканы жетілдіру, музыкалық есту қабілетін қалыптастыру және жетілдіру, аспаптың сапалы дыбысталуы – мәнерлі ойнаудың маңызды шарты, шығармашылық және физикалық шыдамдылықты тәрбиелеу;

      2) аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту бойынша жұмысты, бұлшық еттердің қысылулар мен қымтырулардан толық босануы, теңдікпен, тұрақтылықпен, интонациялық тазалықпен, динамикамен жұмыс;

      3) "деташе", "мартле", "легато", "стаккато", "спиккато", "сотийе" және олардың ауысуларын білу, үш октавалы гаммалар, үшдыбыстылық (айналымдарымен), алғашқы үш позицияда қос ноталарды орындаудың алғашқы дағдыларын меңгеру, екі дауыспен ән айту кезіндегі позицияларды біріктіру дағдыларымен, нотаны парақтан оқу дағдыларымен жұмыс;

      4) жоғары позицияларда орындаудың алғашқы дағдыларын меңгеру, хроматикалық гаммаларды орындау, аппликатураның екі түрімен орындалатын – саусақтардың сырғуы және алмасуы, негізгі жаттықтыру материалын пысықтау: дыбыс сапасын, интонацияның тазалығын, барлық регистрлерде дыбыстылуының тегістілігін, орындау компоненттерінің динамикалық түрлілігін жетілдіру мақсатында барлық гаммалар мен арпеджионы орындау; концерттік ойнау нақышын алу; әртүрлі концерттік репертуарды толықтыру, орындаушылық шеберлікті арттыру;

      4) музыкалық шығармаларды түсініп орындау тәсілдерін қалыптастыру, фразировканың екпіндік мәнерлігі және анықтылығымен, орындаудың тұтастығымен жұмыс, орындалатын шығармалардың мазмұнын түсіну бойынша жұмыс және көркемдік бейнені құра білу.

      5) 4-4 екі октавалы гаммаларады (мажорлы және минорлы), үшдыбыстылықтарды (айналымдарымен), 5-7 этюдті, 5-8 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы меңгеру.

      72. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Форма туралы түсінік. Концерт, вариация, соната.

      2-тақырып. Музыкада бейнелеу тәсілдері. Вибрация, штрихтар, трель, динамика, акценттер.

      3-тақырып. Жүйріктілікті дамыту. Үшінші позиция шеңберіндегі сол қолдың саусақтарының жүйріктігін дамыту.

      4-тақырып. Дыбыс шығару. Оң қолға арналған жаттығу. Дыбыс мәдениеті.

      5-тақырып. Вибрато. Вибрациялау дағдылары.

      6-тақырып. Техникалық тәсілдер. Алғашқы бес позицияны меңгеру.

      Позицияларды ауыстырудың әртүрлі түрлері (ашық ішектер арқылы немесе сол қолдың саусағында сырғыту арқылы). 6 және 7 позициялармен танысу.

      7-тақырып. Штрихтар. Деташе, легато, мартле, стаккато штрихтарын және олардың ауысуларын. Спиккато және сотийеге арналған дайындық жаттығулары.

      8-тақырып. Қос ноталар. Аккордтар. Қос ноталардағы жаттығулар мен этюдтер (1 позицияда).

      9-тақырып. Хроматизмдер. Хроматикалық дыбыстар қатарымен танысу.

      73. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) detache [деташе], legato [легато], martele [мартеле], staccato [стаккато], sautille [сотийе], spiccato [спиккато] штрихтарын, біріншіден бесіншіге дейінгі позицияны, үш октавалы гамманы және үшдыбыстылықты, хроматикалық дыбыстар қатарын;

      2) detache [деташе], legato [легато], martele [мартеле], staccato [стаккато], sautille [сотийе], spiccato [спиккато] ноталарын алмастыра алады;

      3) бірінші позициядағы қос ноталарды орындайды, хроматикалық реттілікті.

      74. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық техниканы алдыңғы сыныптарда алынған барлық техникалық және көркемдік дағдылар негзінде музыкалық шығарманы орындауға тұлғалық қатынаспен жұмысты жетілдіру;

      2) орындаушылық аппаратты қою, дыбыс сапасын, оның тегістігін, төзімділігін, дауыс ырғақтық тазалығын, тембрін, серпінін жетілдіруге бағытталған жұмыс, музыкалық-бейнелі ойлау дағдыларын, құбылған әнді (трель) орындау кезінде сол қол техникасын, позицияларды біріктірудің әртүрлі түрлерін, қосарлы ноталарды меңгеру;

      3) "деташе", "легато", "мартле", "стаккато", "сотийе", "спиккато" штрихтарын білу, ноталарды парақтан оқудың тұрақты дағдыларын меңгеру, аккордтарды, флажолеттерді, үш октавалы гаммаларды және үшдыбыстылықты (айналулармен), аппликатураның екі түрімен – сырғану және саусақтарды кезектестірумен орындалатын хроматикалық гаммаларды орындау, жоғары қиындықты техникалық материалды: секстаккордтар, квартсекстаккордтар, септаккордтар, қосарлы ноталармен гаммаларды: терциялар, сексты, октаваларды орындай алу білігі;

      4) орындалатын шығарманың сипатын бейнелеуді жетілдірумен жұмыс жалғастырылады, композитордың көркемдік ойын аша білу және оны тыңдаушыларға жеткізе білу білігі;

      5) 4-5 мажорлық және минорлық екі-үш октавалы гаммалар мен айналулармен үшдыбыстылықтарды, 6-7 этюдтерді, 6-8 пьесаларды, 2 ірі нысандағы шығармаларды меңгеру.

      75. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Форма туралы түсінік. Полифония элементтерімен танысу; секвенциялықты дамыту; ескі сонатаның құрылымы.

      2-тақырып. Жүйріктілікті дамыту. Бес позиция шеңберіндегі сол қолдың саусақтарының жүйріктігі. Үш октавалы гаммаларды, арпеджионың түрлерін меңгеру.

      3-тақырып. Дыбыс шығарумен жұмыс. Дыбыс мәдениеті; ысқыны бөлу; штрихтар техникасын меңгеру, олардың үйлесуі.

      4-тақырып. Вибрато. Вибрацияның түрлері (білек, шынтақ).

      5-тақырып. Техникалық тәсілдер. Жоғары позицияларды меңгеру. Штрихтар. Деташе, легато, мартле, стаккато, сотийе, спиккато. Олардың әртүрлі алмасулары.

      6-тақырып. Қос ноталар. Алғашқы үш позициядағы қос ноталар. Қос нотамен ойнау кезіндегі позицияларды қосу бойынша жұмыс.

      7-тақырып. Хроматикалық гаммалар. Сырғу аппликатурасы және саусақтарды алмастыру.

      8-тақырып. Квартті флажолеттер. Ойнау тәсілдерін меңгеру.

      76. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деташе, легато, мартле, стаккато, сотийе штрихтарын және олардың алмасуларын, алтыншы-жетінші позицияны, қос ноталарды, үш октавалы гаммаларды, айналымдарымен үшдыбыстылықты, хроматикалық гаммаларды, кварттік флажолеттерді біледі;

      2) деташе, легато, мартле, стаккато, спиккато, сотийе штрихтарын біледі;

      3) алғашқы үш позицияда қос ноталарды орындауды біледі;

      4) екі дауыспен орындау кезінде позицияларды біріктіру бойынша жұмысты біледі;

      5) аппликатураны екі түрімен, саусақтардың сырғуымен және алмасуымен хроматикалық гаммаларды, үш октавалы гаммаларды және үшдыбыстылықты (айналымдарымен) орындайды.

      77. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығарманың көркемдік талабына сәйкес келетін орындаушылық техникасын жетілдіру, мәнерлілік тәсілдерін меңгеру, шығармашылық және физикалық төзімділікті қалыптастыру, стилдері және жанрлары бойынша әртүрлі шығармаларды үйрену, музыкалық терминдерді меңгеру;

      2) орындаушылық аппаратты қою, дыбыс сапасымен, интонациялық тазалықпен, тембрмен, филировкамен, вибратомен жұмыс, ойнау кезінде бұлшық ет қысылулары мен кедергілерден толығымен босану, шыдамдылықпен және бірнеше шығармаларды қатарынан орындау қабілетімен жұмыс;

      3) "деташе", "легато", "мартле", "стаккато", "сотийе", "спиккато" штрихтарын меңгеру, үш-төрт октавалы гаммаларды және үшдыбыстылықтарды (қозғалмалы қарқында: легатоның 24 нотасына дейін гаммалар, легатоның 9 нотасына дейін үшдыбыстылықтар), хроматикалық гаммаларды, әртүрлі штрихты нұсқалардағы, қосарлы ноталармен гаммаларды орындау дағдыларын жоғары деңгейде меңгеру;

      4) әртүрлі сипаттағы, стильдегі және жанрдағы пьесалармен (соның ішінде ірі нысандағы шығармалармен) жұмыс, меңгерілген техникалық тәсілдер қызмет атқаратын көркемдік мақсат туралы саналы қатынасты және анық елестетуді дамыту, орындалатын шығарманың мазмұнын түсіну, орындалатын шығармаларға, өзіндік орындаушылық концепцияға тұлғалық қатынасты қалыптастыру;

      5) 5-6 мажорлық және минорлық гаммаларды, айналуларымен үшдыбыстылықтарды, қосарлы ноталармен гаммаларды (терциялар, сексты, октавалар), хроматикалық гаммаларды, 7-8 этюдтерді, 6-8 пьесаларды, 2-3 ірі нысандағы шығармаларды меңгеру.

      78. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Форма туралы түсінік. Полифониямен жұмыс. Көне сонаталар. Кантиленамен жұмыс.

      2-тақырып. Сол қолдың техникасын дамыту. Жүйріктілік, трель, позицияларды қосудың әртүрлі түрлері, қос ноталар. Үш октавалы гаммалар мен үшдыбыстылықты меңгеру. Төрт позиция шеңберінде аспаптың мойнын меңгеру.

      3-тақырып. Дыбыс шығарумен жұмыс. Дыбыс, дауысты жүргізу мәдениеті, ысқыны бөлу, штрих техникасын игеру, олардың әртүрлі үйлестірілуі.

      4-тақырып. Вибрато. Вибрацияның түрлері (буындық, шынтақтық).

      5-тақырып. Жоғары позицияларды меңгеру (жетінші позицияға дейін). Штрих. Деташе, легато, мартле, стаккато, сотийе, спиккато, олардың әртүрлі алмасулары. Глиссандо, рикошет.

      6-тақырып. Қос ноталар. Қос ноталардағы гаммалар: октавалар, секст, терция.

      7-тақырып. Хроматикалық гаммалар. Аппликатура. Саусақтардың сырғу және алмасу аппликатурасы.

      8-тақырып. Аккордтар, флажолеттер. Ойнау тәсілдерімен меңгеру.

      9-тақырып. Қос ноталармен гамманы ойнау бойынша жұмыс (сексталар, терция, октавалар), ысқының бір қимылына 2 және 4 нотадан.

      79. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер:

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деташе, легато, мартле, стаккато, сотийе штрихтарын және олардың қосылуларын, қос ноталарды, үш октавалы гаммаларды, айналымдарымен үшдыбыстылықтарды, қос нотадағы гаммаларды, хроматикалық гаммаларды біледі;

      2) сол қол техникасын біледі (трели, позициялардың әр түрлі қосылуларын, қос ноталарды);

      3) аккордтарды, флажолеттерді, гаммаларды және үшдыбыстылықтарды, хроматикалық гаммаларды орындайды.

      80. 8-9 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) гаммаларды, жаттығуларды, этюдтерді орындау техникасын жетілдіру, стилі және жанры түрлі шығармаларды үйрену, музыкалық-орындаушылық деңгейдің құралдар кешінін меңгеру;

      2) орындаушылық аппаратты қою, дыбыс сапасымен, интонациямен, тембрмен, филировкамен, вибратомен жұмыс.

      3) "деташе", "легато", "мартле", "стаккато", "сотийе", "спиккато", штрихтарын меңгеру, үш-төрт октавалы гаммалар мен үшдыбыстылықты (жылдам қарқында: 24 нотаға дейінгі гамма, легато 9 нотаға дейінгі үшдыбыстылық), хроматикалық гаммаларды, әртүрлі штрихтық нұсқалардағы гаммаларды, қос ноталарды меңгеру;

      4) музыкалық-көркемдік бейнелер, әртүрлі сипаттағы, стильдегі және жанрдағы пьесалармен жұмыс;

      5) 5-6 мажорлы және минорлы гаммаларды, үшдыбыстылықтарды айналымдарымен, қос ноталармен гаммаларды (терции, сексты, октавы), фингерирленген октавалармен, децималармен, хроматикалық гаммалар, 5-7 этюдті, 6-8 пьесаны, 2-3 ірі нысанды шығармаларды меңгеру.

      81. 8-9 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ірі нысанды шығарма. Фразировкамен жұмыс – нюансировка заңдылықтарын іске асырудың негізгі тәсілдерін әрі қарай меңгеру.

      2-тақырып. Пластикалық дағдыларды қалыптастыру. Дыбыс, дауыс жүргізу мәдениеті. Штрих техникасы. Вибрациялау тәсілі.

      3-тақырып. Хроматикалық гаммалар. Хроматизмдерді орындаудың әртүрлі тәсілдері.

      4-тақырып. Үш октавалы гаммалар мен арпеджио. Жылдам қарқындағы үш октавалы гаммалар мен арпеджио.

      82. 8-9 сыныптарының Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер:

      8-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деташе, легато, мартле, стаккато, сотийе штрихтарын және олардың қосылуларын, қос ноталарды, үш октавалы гаммларды, айналымдарымен үшдыбыстылықтарды, қос нотадағы гаммаларды, хроматикалық гаммаларды біледі;

      2) жылдам қарқында үш октавалы гаммаларды және арпеджиоларды орындауды біледі: легатоның 12 нотасына дейінгі гаммалар, ысқыға легатоның 9 нотаға дейінгі арпеджионы, аккордтарды, флажолеттерді, аппликатураның екі түрімен хроматикалық гаммаларды, қос ноталармен гаммаларды (терции, сексты, октавы) орындайды;

      3) қиындығы жағынан қолжетімді репертуарды өз беттерінше талдайды;

      4) жалпы музыкалық шығарманың формасын, шығарманың стилі мен жанрын анықтай алады;

      5) орындалатын шығармаларға сипаттама бере алады;

      6) есінде қалған әуендерді өз бетінше скрипкада тереді;

      7) жаттаған шығармаларын жеткілікті әртістікпен және техникалық жетілдірілген деңгейде орындайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      83. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      84. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау бақылау жұмысы, техникалық сынақ, емтихан түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ысқымен немесе пиццикатода 2 пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (гамма, 2 этюд, пьеса); төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (әртүрлі сипаттағы 3 пьеса немесе кеңейтілген тұрғыдағы пьеса (вариациялар);

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); екінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); үшінші тоқсанда: академиялық концерт (2 пьеса); төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар,пьеса, ірі нысанды шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); екінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); үшінші тоқсанда: академиялық концерт (2 пьеса); төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар,пьеса, ірі формадағы шығарма);

      4) 4 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); екінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); үшінші тоқсанда: академиялық концерт (2 пьеса); төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар,пьеса, ірі формадағы шығарма);

      5) 5 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (2 этюд, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген тұрғыдағы пьеса (вариация); үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (гамма, арпеджио, штрихтар, пьеса, ірі формадағы шығарма (1-2 бөлім концерт немесе 1-2 бөлім соната));

      6) 6 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (этюд, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген тұрғыдағы пьеса (вариация); үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); төртінші тоқсанда: емтихан (гамма, арпеджио, штрихтар, пьеса, ірі формадағы шығарма (1-2 бөлім концерт немесе 1-2 бөлім соната));

      7) 7 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (этюд, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген тұрғыдағы пьеса (вариация); үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (гамма (арпеджио), этюд, виртуозды сипатындағы пьеса, кантилендік сипаттағы пьеса, Қазақстан композиторларының пьесасы, ірі нысанды шығарма);

      8) 8 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (этюд, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген тұрғыдағы пьеса (вариация); үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); төртінші тоқсанда: емтихан (гамма, арпеджио, штрихтар,этюд, виртуозды пьеса, кантилендік сипаттағы пьеса, Қазақстан композиторларының пьесасы,бірінші немесе екінші-үшінші бөлім концерті);

      9) 9 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд, пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (этюд, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген тұрғыдағы пьеса (вариация); үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд); төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (гамма, арпеджио, штрихтар,этюд, виртуозды пьеса, кантилендік сипаттағы пьеса, Қазақстан композиторларының пьесасы,бірінші немесе екінші-үшінші бөлім концерті).

      85. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) көркем бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      86. Бағалау өлшемшарттары:

      1) 5 "өте жақсы" бағасы – осы кезеңде музыкалық-орындаушылық жетістіктердің кешенін көрсету, бағдарламаны сауатты және мәнерлі орындау, интонациясы жақсы, жақсы дыбыстайды және аспапта ойнау қабілетін дамыған;

      2) 4 "жақсы" бағасы – бағдарламаны сауатты және мәнерлі орындауы, интонациясы жақсы, дыбысталуы жақсы, аспапта оайнау қабілеті жақсы дамыған, музыкалық мәнерлігі жеткіліксіз немесе білім алушының техникалық дамыу сәл артта қалуда;

      3) 3 "қанағаттанарлық" бағасы – бағдарламаны формалды орындауы, техникалық дамуы жеткіліксіз және бағдарламаны сапалы орындау үшін аспапта ойнау дағдысын меңгеруі әлсіз, орындалатын шығармалардың стилін түсінбейді, орындау мәнері төмен, интонациялық қателіктерінің болуы;

      4) 2 "қанағаттанарлық" бағасы – аспапта ойнау дағдыларының болмауы, мағынасыз ойнау, интонациясының таза болмауы, аспапта әрі қарай ойнаудың келешегі жоқ;

      5) сынақ (бағасыз) – орындау оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 13-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Баян" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Баян" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Баян" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – темптен сәл ауытқу (бәсеңдету немесе жылдамдату), ноталарда белгіленбейді және музыкалық орындау мәнерлігіне шартталады;

      2) артикуляция (бөлемін, бөліп-бөліп айтамын) – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың қатарын ретпен орындау тәсілі;

      3) вибрато – музыкалық дыбыстың немесе ән салу жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі;

      4) лад – орыс музыка ғылымындағы негізгі түсініктердің бірі, гармония туралы басты түсінік;

      5) октава – сегіз сатылы және алты тонды арақашықтық;

      6) ритм – уақыт бойынша музыканы ұйымдастыру;

      7) штрих – дыбыс құраушы ноталарды, ноталар тобын орындау (тәсілі және әдісі) амалы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: баянда ойнаудың практикалық білігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері:

      1) баянда ойнау дағдыларын қалыптастыру;

      2) музыкалық сауаттылық саласында білім алу;

      3) музыкалық мәдениет және халық шығармашылығының тарихы саласында білім алу;

      4) музыкалық стильдер және жанрлар туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру;

      5) өз жиынтығында әрі қарайғы музыкалық өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу, музыкамен өз бетінше қарым-қатынас жасау үшін базаны қамтамасыз ететін музыкалық қызметтің білім, білік және тәсілдерінің жүйесін иелену;

      6) музыкалық есту қабілетін, жадын, ырғақ сезімдерін, зейінді, ойлауды, елестетуді дамыту;

      7) шығармашылық қабілеттерді, салыстыру, жалпылау білігін дамыту;

      8) ой-өрісін кеңейту, музыкалық білімдерді, орындаушылық біліктер мен дағдыларды жүйелі жинақтау;

      9) музыкалық және орындаушылық талғамды тәрбиелеу;

      10) музыкалық өнерді тану арқылы рухани, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған білім алушылар үшін, ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалардың өтініші бойынша оқыту мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың баянда ойнаудың білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық лексиканы және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама баянда ойнау техникаларын меңгеруді, қазақ, орыс, халық әуендерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармаларды орындауды үйренуді қалайтын балаларды оқыту үшін арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарайғы тәжірибелік қызметі үшін қажетті баянда ойнау тәсілдерін меңгеру үшін жағдай жасайды.

      14. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін баянда ойнаудың білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қолжеткізугебағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      23."Баян" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдау үшін жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету);

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      27. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтар педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалықсабақтан құрылады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      29. Осы бағдарламасы негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог бағдарламадан білім алушының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      35. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      37. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      38. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      39. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      40. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      41. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      42. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      43. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      44. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      45. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      46. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      47. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқиятойластырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      49. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      50. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      51. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      52. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталардыпарақтан оқу дағдылары.

      53. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      54. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      55. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      56. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      57. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      58. "Баян" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. Даярлық сыныбындағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық біліктердің және дағдылардың бастапқы негіздері салынады, дұрыс орындаушылық нұсқаулар мен сезінулер қалыптасады, білім алушы баянның пайда болуының қысқаша тарихымен, аспап құралғысымен, оның оң жақ және сол жақ клавиатурасының құрылымымен, қолдың орнатылуы мен қойылуымен, дыбыс шығару негіздерімен танысады;

      2) білім алушы орындаушылық техникасының қарапайым дағдыларын меңгеру процесінде ноталық белгілердің жазбасымен, олардың аспаптың шынайы дыбысталуының қатынасымен танысады, ноталық сауаттың негіздерін меңгереді;

      3) білім алушы түрлі 10 музыкалық шығарманы (балаларға арналған әуендер мен әндерді, халық әндерінің өңдеулерін, қарапайым пьесаларды) меңгереді.

      60. Даярлық сыныбындағы оқу пәнінің мазмұны:

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық аспаппен танысу. Баян аспабы шығуының қысқаша тарихы.Аспаптың құрылымы. Аспапты күту.

      2-тақырып. Отырғызу, ойын аппаратын қою негіздері.

      3-тақырып. Сол және оң қолмен аспапты ұстау.

      4-тақырып. Аспапсыз алдын-ала ойын дағдыларын қалыптастыру. Қозғалыс аппаратының еркіндігін дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Баянда ойындаудың орындаушылық дағдыларын меңгеру және дамыту. Баян аспабында дыбыс шығару қағидаттары.

      6-тақырып. Баянның көрігін (меха) қарау техникасы. Көрік қозғалысы бағыттарын сауатты ауыстыру, дыбысты тартымды жеңілдету (филировка).

      7-тақырып. "Басу" тушесін меңгеру.

      8-тақырып. Қарапайым музыкалық-есту ұғымын қалыптастыру бойынша жұмыс.

      Баянда орындаудың бейнежазбаларын көру және музыкалық үлгі-нұсқаларды тыңдау. Музыкалық талғам мен музыкалық аспапақа деген қызығушылықты тәрбиелеу.

      9-тақырып. Оқытылып жатқан практикалық материалдар негізінде музыкалық естудің түрлерін дамыту Ырғақ сезімді қалыптастыру және дамыту, сөз бен музыкадағы қарапайым ырғақтар. Ырғақтық жаттығулар.

      10-тақырып. Қолжетімді материалдар негізінде музыкалық сауаттылықты игеру. Музыкалық терминдермен танысу.

      11-тақырып. Музыканы талдау. Музыка бейнесі, сипатын анықтау бойынша практикалық міндеттер, сонымен қатар музыканың дыбыстық сипатын анықтауға қол жеткізу үшін қолжетімді көркемдік мәнерлілік құралдарын зерделеу.

      12-тақырып. Педагогпен бірге ансамбльде ойнау.

      13-тақырып. Есту қабілеті, өлеңге ән шығару, фразалар мен ұсыныстардың соңын аяқтау, музыкалық бейнені салу бойынша әуенді таңдау көмегімен шығармашылық ойлауын дамыту. Музыкалық елестетуді дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды орындау.

      61. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспаптың құрылысын біледі;

      2) алғашқы музыкалық-теориялық білімді меңгереді;

      3) қолды, аспапты қою, аспапты ұстап дұрыс отыру дағдыларын біледі;

      4) баянда ойнаудың алғашқы дағдыларына ие болады.

      62. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық біліктер мен дағдыларды бекіту, дұрыс орындаушылық тұғыр мен сезімдерді қалыптастыру және дамыту жұмыстары жалғастырылады, баян аспабының шығу тарихы, аспаптың құрылысы туралы білімдері толықтырылады, аспап пернетақтасын меңгерудің бастапқы дағдылары бекітіледі, ойын аппаратының дұрыс орналастырылуы мен қойылуын игеру, баяннан дыбысты шығару ерекшелігі жалғастырылады;

      2) білім алушы 10 әр түрлі музыкалық туындыларды меңгереді, практикалық материалдар негізінде білім алушылар орындалатын пьесалардың жалпы сипаттамасын анықтауға, музыканың мінездемесін айыра алуына, қарапайым шағын пьесалар мен әндерді мағынасына жете отырып және көркемдеп ойнай алуы, ойнаудың қажетті орындаушылық дағдыларын игереді.

      63. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дыбыс шығарудың негізгі тәсілдерін біледі;

      2) ноталық сауатты меңгереді;

      3) дайын баянда ойнауда сүйемелдеудің негізгі тәсілдерін меңгеру (бас пен аккордты жұмсақтап кезектестіру);

      4) көрікті басқару дағдыларын меңгереді;

      5) серпінді дыбыстаудың негізгі деңгейлерін (форте, пиано)біледі;

      6) музыканың динамикалық реңктерін біледі;

      7) ансамбльде ойнаудың бастапқы дағдыларын меңгереді;

      8) практикалық материалда минорлық ладты, аспаптың тембрлік мүмкіндіктерін, тіркеудегі шартты белгілерді біледі;

      9) мазмұны және нысаны қарапайым пьесаларды, кішігірім тақырыптық дамуымен және көркемдік бейнесі айқын әндерді орындайды;

      10) әрбір қолмен жеке және екі қолмен ойнау кезінде парақтан ноталарды оқу дағдыларын меңгереді

      64. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының музыкалық-шығармашылық мүмкіндіктерін (музыкалық есту қабілеті, зейін, ойлау, жады), алынған орындаушылық техникалық дағдыларды дамыту жалғастырылады, музыкалық сауаттылық негіздерінен білімін жетілдіреді, кәсіби терминологияны меңгеру (альтерлеудің қарқыны, серпіні, таңбалары), жоғары дыбыстау бағдары және әуеннің уақытша ерекшеліктері дамытылады;

      2) орындаушылық аппаратының орналасуы мен қойылуын тұрақтандыру, қол қозғалыстарын үйлестіру, көрікті жүргізу дағдыларын және оның қозғалыс бағыттарын ауыстыруды жетілдіру, орындаушылық аппараттың еркіндігіне бақылауды іске асыру бойынша жұмыстар одан әрі қарай жалғастырылады;

      3) сапалы дыбысты шығару бойынша және контилендік сипаттағы пьесаларды зерделеу негізінде дыбыс мәдениетін қалыптастыру, түрлі штрихтерде екі октаваны екі қолымен мажорлық гаммаларды, ұзын мажорлық арпеджиоларды, түрлі штрихтағы қысқа арпеджиоларды және екі қолымен бірдей үшдыбысты аккордтарды одан әрі меңгеру, дыбыс шығарудың және штрихтардың неғұрлым күрделі тәсілдерін меңгеру (портаменто, акцент), лад, метр, ырғақ, қарқын сезімдерін әрі қарайғы дамыту бойынша жұмыс ұқыпты түрде жалғастырылады;

      4) білім алушы 8-10 әр түрлі музыкалық туындыларды: балалар әндері, халық әндері, билер, этюдтер, ансамбльдер меңгереді.

      65. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Баянның пайда болу тарихы және аспаптың құрылысы жөнінде білімдерін бекіту.

      2-тақырып. Дайындық сыныбында үйренген отыру, қолды орнына қою негіздерін бекіту. Қозғалыс аппараты еркіндігін дамыту үшін арнайы жаттығуларды қолдану.

      3-тақырып. Баяннан дыбысты шығару техникасын дамыту.

      4-тақырып. Көрік қозғалыстары бағытын дұрыс ауыстырумен, дыбысты әсемдеп жеңілдетумен жұмыс.

      5-тақырып. Тушенің алуан түрлерін игеру.

      6-тақырып. Музыкалық-есту көріністерін дамыту бойынша одан әрі жұмыс.

      7-тақырып. Практикалық материалдар негізінде ырғақ сезімін дамыту. Ырғақтық жаттығуларды қолдану.

      8-тақырып. Практикалық материал негізінде музыкалық сауаттылықты зерделеу Әртүрлі музыкалық терминдермен таныстыру.

      9-тақырып. Баянда қарапайым нысанадағы пьесаларды оқыту. Қолжетімді практикалық материалдар негізінде вариациялар нысандарымен таныстыру.

      10-тақырып. Минорлық ладпен таныстыру. Практикалық материалмен бекіту.

      11-тақырып. Әртүрлі штрихпен мажорлық гаммаларды бір октавада, ұзын арпеджио мен 3 үнді аккордтарды әр қолмен жеке орындауды меңгеру.

      12-тақырып. Практикалық материалда вариация нысаналарын оқып-үйрену.

      13-тақырып. Аспаптың тембрлік мүмкіндіктерімен танысу, баянның реестрлік белгілерін зерделеу.

      14-тақырып. Нотаны парақтан оқу техникасын, тасымалдауды (транспонирование) меңгеру.

      15-тақырып. Ансамбльде ойнау.

      16-тақырып. Репертуармен жұмыс.

      17-тақырып. Концерттік қызметтер.

      66. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтиделер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) оң қолдың позициясын ауыстыру, сол қолды үйлестірудің алғашқы дағдыларына ие;

      2) аспаптың клавиатурасын меңгерудің алғашқы дағдыларына ие;

      3) отыру және ойын аппатарын қою ережелерін біледі;

      4) орындайтын шығармаларын талдай алады;

      5) аккордеонда дыбыс шығарудың ерекшеліктерін біледі;

      6) мехты дұрыс ауыстыру дағдыларына ие;

      7) орындаушылық аппараттың еркіндігіне бақылау жүргізе алады;

      8) бір дауысты әуендерді мәнерлеп орындау дағдыларын дамытады;

      9) түрлі штрихтерде бір октавалы мажорлық гаммаларды, ұзын арпеджиоларды және әрбір қолмен жеке үшдыбысты аккордтарды орындайды.

      67. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалылықты дамыту, білім алушының тембрлік есту қабілетін дамыту, тембрлік бояулар палитрасын кеңейту, тембрлік мәнерліліктің жаңа құралдарын зерттеу, дыбысталудың сапасы (көрік қозғалысы бағыттарын білдірмей ауыстыру), баса айту, интонациялаумен, музыкалық құрылыс құрылымының, музыкалық нысанның мәнін түсіну бойынша жұмыстар;

      2) техникалық, орындаушылық дағдыларын дамыту (баянда оң қолдың бас бармағын, секіруді ішінара пайдалану, қосарланған ноталарды, аккордтар, октавалар техникасын кеңінен қолдану), саусақтық және білезіктік стаккатоны меңгеру (бір дыбыты әуендік бірізділік, қос нота, октавалар, аккордтар), полифония элементттері бар пьесалармен танысу (мүмкіндігінше таңдалған пернетақтада);

      3) ірі нысандағы туындыларды, мысалы сюита ретіндегі, вариация түріндегі пьесалар, екі- және үш бөліктік нысандағы пьесаларды меңгеру (ірі нысандағы туындыларды орындау білім алушылардан көлемі бойынша үлкен, алуан түрлі музыкалық-орындаушылық элементтер енгізілген материалды игеруді талап етеді, нәтижесінде оны білім алушы бүтін, біртұтас туындыны орындау дағдыларын игеру болып табылады), аса күрделі дыбыс шығару тәсілдері мен штрихтерді қолдану арқылы пьесаларды орындау (портаменто, акценттер), аса күрделі ырғақтық топтарды қолдану арқылы пьесаларды орындау;

      4) түрлі штрихтағы екі октаваны екі таңбаға дейін екі қолмен мажорлық гаммаларды, түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджионы және екі қолмен бірлесе 3 дыбысты аккордтарды одан әрі зерделеу, бір октавадағы минорлық гаммаларды, ұзын және қысқа арпеджио, әр қолмен жеке үшдыбысты аккордты меңгеру;

      5) білім алушы 8-10 әр түрлі музыкалық туындыларды меңгереді: балалар әндері, халық әндері, билер, этюдтер, ансамбльдер.

      68. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталық материалдар негізінде техникалық, орындаушылық дағдыларды дамыту. Кантилендік сипаттағы пьессаларды меңгеру.

      2-тақырып. Тасымалдау (транспонирование).

      3-тақырып. Қағаз бетінен оқу.

      4-тақырып. Ансамбльде ойнау.

      5-тақырып. Репертуармен жұмыс.

      6-тақырып. Әртүрлі штрихпен екі қолмен екі белгіде екі октавада мажорлық гаммалармен жұмыс.

      7-тақырып. Мажорлық ұзын және қысқа арпеджионы, екі қолмен үшүндік аккордты зерделеу.

      8-тақырып. Білім алушының тембрлік есту қабілетін дамыту, баянның тіркеуде көрсетілген шартты мәліметтері туралы толықтырулар.

      9-тақырып. Концерттік-байқау қызметтері.

      69. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындалатын шығарманы талдай алады;

      2) есту бойынша ойнаудың алғашқы дағдыларын біледі;

      3) Бағдарлама аясында музыкалық терминдерді біледі;

      4) күрделі емес ноталық материалды өз бетінше талдай алады;

      5) штрихтық техниканы, саусақтардың жүйріктігін, аккордтық техниканы дамытады;

      6) түрлі штрихтағы екі октаваны екі таңбаға дейін екі қолмен бірдей мажорлық гаммаларды, түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджионы және екі қолмен бірдей үшдыбысты аккордтарды, бір октавадағы минорлық гаммаларды, ұзын және қысқа арпеджио, әр қолмен жеке үшдыбысты аккордты меңгереді;

      7) ірі нысанды шығармаларды мейлінші күрделі дыбыс шығару тәсілдерін және штрихтар қолданылған пьесаларды, мейлінше күрделі ырғақтық топтамаларды қолданылған пьесаларды орындайды.

      70. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) меңгерілген арнайы білік пен дағдылар жетілдіру, музыкалық-көркемдік материалдар күрделендіру және тереңдету, музыкалық бейнелердің шеңбері мен орындаушылық міндеттерді кеңейту, білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын, шығармашылық-көркемдік елесін, қиялын дамыту;

      2) музыка тілінің мәнерлілік құралдарын меңгеру, оларды нақты бір көркемдік бейне жасау кезіндегі мәнін түсіну және практикалық қызметте білімдерін қолдану, музыканы, оның мазмұнын және идеялық-эмоциялық бағдарын эмоциямен қабылдау білігін дамыту, музыкалық шығарманың көркемдік ойын түсіну және ашу;

      3) дыбыс серпінінің дәйектелімін (градация) кеңейту, баянда музыкалық туындыны орындауда музыканың сипатына сәйкес қажетті динамикалық реңкін айыру, алу және қолдану білігін қалыптастыру, музыкалық нысанды құрудың негізгі заңдылықтарын меңгеру, ірі музыкалық нысандар құрылысымен танысу (күрделі үш бөлікті нысан, сюита);

      4) музыканың алуан түрлі жанрларындағы туындыларды зерделеу, оқытылып жатқан туындының жанрлық және стилистикалық ерекшелігін, музыканың мазмұнын көркемдеп өрнектеудің маңызын түсіну, орындалатын туындылардың стилдік ерекшелігін талдауды жүзеге асыру білігін қалыптастыру;

      5) баянның оң және сол пернетақтасының дыбыстық тепе-теңдігіне бақылауды қалыптастыру, музыканың тарихы мен теориясы бойынша білім жүйесін кеңейту, бағдарламалық талаптар аясында ойнаудың техникалық және орындаушылық дағдыларын дамыту;

      6) екі октавада екі қолмен үш таңбаға дейін мажорлық гаммаларды, түрлі штрихтармен, жартылай штрихтармен, ұзын арпеджио екі октавада екі қолмен екітаңбаға дейін минорлық гаммаларды, ұзын мажорлық арпеджио, үш және төрт дыбыстық аккордық бірізділіктерді жаттау;

      7) білім алушы 8-10 әр түрлі музыкалық туындыларды меңгереді: балалар әндері, халық әндері, билер, этюдтер, ансамбльдер.

      71. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын жетілдіру.

      2-тақырып. Полифония элементтері бар пьессаларды меңгеру бойынша жұмыс.

      3-тақырып. Ірі нысандағы туындылармен одан әрі жұмыс жасау. Күрделі үш бөлікті нысан, сюита.

      4-тақырып. Екі октавадағы үштаңбалық мажорлық гаммаларды зерделеу, әртүрлі штрихтермен орындау, полиштрихтарды қолдану.

      5-тақырып. Екі октавадағы 2 таңбалық минорлық гаммаларды, ұзын және қысқа арпеджиоларды бірнеше штрихтармен, екі қолмен 4 үндік аккордтарды зерделеу. Түрлі тембрлердегі туындылар және баян тіркелімдерімен жұмыс.

      72. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыканың теориялық негіздері туралы білімге ие;

      2) ойнаудың техникалық және орындаушылық дағдыларына ие;

      3) аспапта дыбыс шығарудың өзіндік ерекшеліктерін, олардың дыбысталу шкаласының болжамды күшін біледі;

      4) музыкалық тілдің мәнерлілік құралдарын ажырата алады, белгілі бір нақты көркемдік бейнені жасаудағы музыкалық тілдің мәнерлілік құралдарының мәнін түсінеді;

      5) орындалатын шығармаларды талдай алады;

      6) екі октавада екі қолмен үш таңбаға дейін мажорлық гаммаларды, , түрлі штрихтармен екі октавада екі қолмен екі таңбаға дейін минорлық гаммаларды, түрлі штрихтармен, полиштрихтармен қысқа мажорлық арпеджиоларды, ұзын мажорлық арпеджиоларды, үш және төрт дыбысты аккордты бірізділіктерді орындайды;

      7) ұжымдық музыка ойнау дағдыларына ие;

      8) дайындық-концерттік жұмыс дағдыларына ие болады.

      73. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық дағдыларды бекіту: есту (қабылдау мен елестету), дыбыс құрағыш (дыбыс шығару, саусақтық артикуляция және көрікті артикулдеу сапасына бақылау), музыкалық көрнекілік құралдарын меңгеру (серпін, қарқын, баса айту);

      2) полифониялық элементі бар шығармаларды орындау, ірі нысанды шығармаларды зерделеуді одан әрі жалғастыру, музыкалық туындының музыкалық нысанымен, оның жанрлық және нақыштық ерекшелігімен жұмыс, музыкалық шығарманы орындаушылық көрнекілігімен, мазмұны мен идеялық-эмоциялық бағытымен жұмыс, шығарманың музыкалық мәтінімен және оның техникалық ерекшелігімен жұмыс, көрікпен ойнаудың әртүрлі тәсілдерімен жұмыс (портато, көріктік стаккато, рикошет, вибрато), агогикамен жұмыс (шұғыл және біртіндеп баяулату, жылдамдату, цезура, аялдау, ферматалар);

      3) шығармалардағы тоналдық желіні ауытқу және модуляцияны пайдалана отырып кеңейту, білім алушының оқытылып отырған музыкалық шығарманың музыкалық мәтіні мен техникалық ерекшелігі бойынша өзіндік жұмысын бақылау, екі қолмен екі октава аралығындағы төрт кілт белгісі бар мажорлық гаммаларды, екі қолмен екі октава аралығындағы үш кілт белгісі бар минорлық гаммаларды, полиштрихтармен, әртүрлі штрихтармен мажорлық және минорлық қысқа арпеджиоларды, полиштрихтармен, ұзақ арпеджио түрлерін, үш және төрт дыбысты үндестіктерді зерделеу;

      4) білім алушы 8-10 әр түрлі музыкалық туындыларды меңгереді: балалар әндері, халық әндері, билер, этюдтер, ансамбльдер.

      74. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Репертуармен жұмыс.

      2-тақырып. Аса күрделі практикалық материалдарды игеру көмегімен аспапта ойнаудың техникалық, орындаушылық дағдыларын жетілдіру.

      3-тақырып. Төрт таңбалы екі октавадағы мажорлық гаммаларды зерделеу, алуан түрлі штрихтармен, оның ішінде бірнеше штрихтерді пайдалану.

      4-тақырып. Түрлі штрихтермен мажорлық ұзын және қысқа арпеджиоларды, оның ішінде екі қолымен төрт үндік акккордтарды үйрену.

      5-тақырып. Екі октавадағы үш таңбалық минорлық гаммаларды, ұзын және қысқа арпеджиоларды бірнеше штрихтармен, екі қолмен төрт үндік аккордтарды зерделеу.

      75. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыканың теориялық негіздері туралы жан-жақты білімге ие, ойнаудың техникалық және орындаушылық дағдыларын біледі;

      2) көрікпен ойнаудың әртүрлі тәсілдерін меңгереді (портато, меховое стаккато, рикошет, вибрато);

      3) екі қолмен екі октава аралығындағы төрт кілт белгісі бар мажорлық гаммаларды, екі қолмен екі октава аралығындағы үш кілт белгісі бар минорлық гаммаларды, полиштрихтармен орындайды;

      4) әртүрлі штрихтармен мажорлық және минорлық қысқа арпеджиоларды, полиштрихтармен, ұзақ арпеджио түрлерін, үш және төрт дыбысты үндестіктерді орындайды.

      76. 6-7 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) алдында үйренген барлық орындау тәсілдерін техникалық және көркемдік мазмұны бойынша мейлінше күрделі нұсқаларда жетілдіру, баса айтудың негізгі элементтерін (сарын, фраза, сөз тіркесі (предложение), бөлік) жеке өз бетімен талдау білігін дамыту, аппликаторлық сауаттылығын және тиімді аппликатураны өз бетімен таңдауды дамыту;

      2) төрт таңбалы екі октавадағы минорлық гаммаларды, алуан түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджиоларды және төрт үнді аккордтарды екі қолмен ойнауды (non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], аралас штрихтар, жартылай штрихтар), пунктирлік ырғақта гаммаларды орындайды меңгеру;

      3) түрлі штрихтерде екі қолмен екі октавада ұзын және қысқа арпеджиоларды (non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], аралас штрихтар, жартылай штрихтар), арпеджионы пунктирлық ырғақта, екі қолмен төрт дыбысты мажорлық және минорлық аккордтер бірізділігінде зерделеу және орындау;

      4) техникалық дағдыларды жетілдіру (ірі – октавалық және аккордтық техника, ұсақ техника), жаттығуды орындауда штрихтер арқылы көрікпен жұмыс (портато, көріктік стаккато, рикошет, вибрато), этюдтер мен басқа да музыкалық шығармаларды орындау;

      5) дыбыс шығару сапасымен жұмыс (көрікті білдірмей ауыстыру, түрлі тушелер мен штрихтерді қолдану), дыбысталу серпінінің үдемелілігін кеңейту, музыканың әртүрлі серпінді реңктерін іздей алу білігін қалыптастыру, шығарманың үндестік желісін ауытқушылық пен модуляция арқылы кеңейту;

      6) білім алушы 8-10 әр түрлі музыкалық туындыларды меңгереді: балалар әндері, халық әндері, билер, этюдтер, ансамбльдер.

      77. 6-7 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Концерттік-байқаулық, емтихандық және бітіру бағдарламаларын дайындау.

      2-тақырып. Аса күрделі практикалық материалдарды игеру көмегімен аспапта ойнаудың техникалық, орындаушылық дағдыларын жетілдіру (асқан шебер пьесаларды зерделеу).

      3-тақырып. 5 таңбалы екі октавадағы мажорлық гаммаларды зерделеу, алуан түрлі штрихтармен, оның ішінде бірнеше штрихтерді пайдалану.

      4-тақырып. Екі қолмен 4 үндестік аккордында мажорлық ұзын және қысқа түрлі штрихтағы арпеджионы зерделеу.

      5-тақырып. 4 таңбалы екі октавадағы минорлық гаммаларды, алуан түрлі штрихтағы ұзын және қысқа арпеджиоларды және 4 үнді аккордтарды екі қолмен ойнауды үйрету.

      6-тақырып. Полифониялық туындылармен (таңдалған пернетақтада), сонымен қатар ірі нысандағы туындылармен жұмыс.

      7-тақырып. Аспаптың тембрлік мүмкіндіктерін қолдану.

      8-тақырып. Концерттік-байқау қызметтері.

      78.6-7 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) баянда аспаптық орындаушылық өнері терминологиясын біледі, музыка теориясының негіздерін;

      2) әртүрлі жанрлар мен стилдердің музыкалық шығармаларын қзбетінше жаттайды;

      3) музыкалық шығарманы орындау кезінде алынған теориялық білімді қолданады;

      4) музыкалық шығарманың партиясын жаттау кезінде техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңеді;

      5) музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасай алады;

      6) музыкаға және баянда ойнаудың орындаушылық өнеріне шығармашылық тұрғыдан қарайды;

      7) баянда орындау техниасының әртүрлі түрлерін және орындау шеберлігінің мәдениетін (еркін, аспапта таби,и дыбыс шығару, әртүрлі дыбыс шабуылын, туше түрлерін, сапалы саусақтық артикуляция және оның көрікті жүргізу техникасымен табиғи өзарабайланысы қолданумен орындау, баянның дыбыстық палитрасының әртүрлі градациясын меңгеру) меңгерген;

      8) әртүрлі дәуірлер, стилдер, бағыттар, жанрлар және формалардың музыкалық шығармаларынан репертуарды өз бетінше жинақтай алады;

      9) дамыған тыңдау бақылауына ие;

      10) дамыған музыкалық есту қабілетіне ие;

      11) кең музыкалық ой-өріске ие;

      12) ансамбльдік орындаушылық дағдыларын меңгерген;

      13) музыкалық аспапты күту дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      79. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      80. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (бір пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (екі пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі октавадағы екі белгіге дейін мажорлық гаммалар, әртүрлі техниканың түрлеріне 2 этюд); екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (мажорлық гаммалар, ұзын және қысқа арпеджиолар, үшдыбысты және төртдыбысты аккордтар); төртінші тоқсанда академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі октавадағы екі белгіге дейін мажорлық гаммалар, әртүрлі штрихтармен орындау); екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (бір октавадағы минорлық гаммалар, ұзын және қысқа арпеджиолар, үшдыбысты аккордтар); төртінші тоқсанда академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма);

      4) 4 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі октавадағы екі белгіге дейін мажорлық гаммалар, әртүрлі штрихтармен орындау); екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (мажорлық гаммалар, ұзын және қысқа арпеджиолар, төртдыбысты аккордтар, екі октавадағы екі белгіге дейін минорлық гаммалар, ұзын және қысқа арпеджиолар, төртдыбысты аккордтар); төртінші тоқсанда академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма);

      5) 5 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі октавадағы төрт белгіге дейін мажорлық гаммалар, әртүрлі штрихтар, әртүрлі штрихтармен ұзын және қысқа арпеджиолардың мажорлық гаммалары, төрт дыбысты аккордтар); екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (екі октавадағы үш белгіге дейін минорлық гаммалар, әртүрлі штрихтармен ұзын және қысқа арпеджиолар, төртдыбысты аккордтар); төртінші тоқсанда қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы (полифониялық шығарма немесе полифония элементімен пьеса, ірі формадағы шығарма, қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақ халық әнінің немесе бидің өңдеуі, орындаушының таңдауы бойынша пьеса );

      6) 6 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі октавадағы бес белгіге дейін мажорлық гаммалар, әртүрлі штрихтармен орындау, әртүрлі штрихтармен ұзын және қысқа арпеджиолардың мажорлық гаммалары, төрт дыбысты аккордтар); екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (екі октавадағы төрт белгіге дейін минорлық гаммалар, әртүрлі штрихтармен ұзын және қысқа арпеджиолар, төртдыбысты аккордтар); төртінші тоқсанда емтихан (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма);

      7) 7 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі октавадағы төрт белгіге дейін мажорлық гаммалар, әртүрлі штрихтар, әртүрлі штрихтармен ұзын және қысқа арпеджиолардың мажорлық гаммалары, төрт дыбысты аккордтар); екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі жанрлардағы, дәуірлердегі және стилдердегі екі-үш шығарма); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (екі октавадағы үш белгіге дейін минорлық гаммалар, әртүрлі штрихтармен ұзын және қысқа арпеджиолар, төртдыбысты аккордтар); төртінші тоқсанда қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы (полифониялық шығарма немесе полифония элементімен пьеса, ірі формадағы шығарма, қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақ халық әнінің немесе бидің өңдеуі, орындаушының таңдауы бойынша пьеса );

      81. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) көркем бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      82. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" ("өте жақсы" бағасы: бағдарламаны техникалық жағынан мінсіз орындауы, техникалық тәсілдерді, сапалы дыбыс шығару тәсілдерін еркін меңгеруі, орындалатын шығарманың көркемдік ойын нақтырақ жеткізудегі жеке тәсілі;

      2) "4" ("жақсы") бағасы: техникалық еркіндігі, түсініп, мәнерлеп орындауы, орындалатын шығарманың сипатын, мазмұныны жеткілікті деңгейде түсінуі, орындалатын шығармаға деген жеке көзқарасы, біршама техникалық және стилистикалық олқылықтары;

      3) "3" ("қанағаттанарлық") бағасы: бағдарламаны солғын, бейнесіз орындауы, техникалық тәсілдерді жетік меңгермеуі, ойын аппаратының еркіндігі мен иілгіштігінің болмауы, дыбыс шығаруда жіберген қателіктері;

      4) "2" ("қанағаттанарлық емес") бағасы: орындап отырған шығармада музыкалық бейнеліліктің болмауы, шығарманы жатқа білмеуі, өрескел техникалық қателіктері және аспапты нашар меңгеруі;

      5) сынақ (бағасыз) – орындау оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 14-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Флейта арнайы сыныбы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Флейта арнайы сыныбы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Флейта арнайы сыныбы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      3) арпеджио – фортопианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      4) гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      5) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      6) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі;

      7) нотаны парақтан оқу – қиындығы жағынан білім алушының техникалық мүмкіндіктерінен аспайтын қандай-да бір таныс емес шығарманы тоқтамай, нотаға қарап дұрыс екпінмен және ырғақпен ойнап шығу білігі;

      8) септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан төрт дыбыстан құралған аккорд;

      9) стаккато – бір дыбысты бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих: стаккато — легатога қарама-қайшы келетін, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі түрлерінің бірі;

      10) хроматикалық гамма – көршілес сатылармен арақашықтығы жартытонға тең, ілгері немесе кейінгі қатарда орналасқан дыбыстардың бірізділігі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: флейтада ойнау білімін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы бала тұлғасын дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) флейтада музыкалық оырндаушылық үшін қажетті құрал ретінде музыкалық сауатты меңгеру;

      2) флейтада ойнау дағдыларын қалыптастыру;

      3) жеке және ансамбльде музыкалық шығармаларды сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі дағдыларды меңгеру;

      4) музыкалық қабілеттерін дамыту: есту қабілеті, есте сақтау, ырғақ, эмоциялық күй, саздылық және әртістік;

      5) классикалық музыкаға және музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін дамыту;

      6) балалардың шығармашылық қызмет пен көпшіліп алдына шығып өнер көрсетуден тәжірибе алуы;

      7) кәсіби оқуды жалғастыруға саналы түрде уәждемелеуді қалыптастыру.

      5. Даярлық сыныбының Бағдарламасын іске асыру мерзімі - төрт жыл (бес-жеті жастағы балалар үшін блокфлейта, wave-system (вэйв-систем флейта жүйесі), негізгі сыныптардың Бағдарламасын іске асыру мерзімі – жеті жыл (аспап – үлкен флейта сопрано).

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған білім алушылар ата-аналарының немесе олардың орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша оқыту мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың флейтада ойнаудың білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық лексиканы және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама флейтада ойнау техникаларын меңгеруді, қазақ, орыс, халық әуендерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармаларды орындауды үйренуді қалайтын балаларды оқыту үшін арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарайғы тәжірибелік қызметі үшін қажетті флейтада ойнау тәсілдерін меңгеру үшін жағдай жасайды.

      14. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      15. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін флейтада ойнаудың білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалықбілімалуыжәнемузыкалықмәдениеткеараласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қолжеткізугебағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      23. "Флейта арнайы сыныбы" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдау үшін жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1)ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      27. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтар педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалықсабақтан құрылады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      29. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан білім алушының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      35. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      37. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      38. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      39. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      40. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      41. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      42. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      43. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      44. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      45. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      46. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      47. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқиятойластырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      49. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      50. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      51. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      52. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталардыпарақтан оқу дағдылары.

      53. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      54. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      55. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      56. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      57. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      58. "Флейта арнайы сыныбы" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. Даярлық сыныбында оқытудың бірінші жылындағы Бағдарлама талаптар:

      1) аспаппен, оны күту ережелерімен, ноталық сауаттылықтың негіздерімен, орындаушылық аппаратты дұрыс қоюмен, орындаушылық тыныс алумен жұмыспен, дыбыс шығарумен, қарапайым орындаушылық дағдыларын меңгерудің аппликатураларын үйренумен танысу;

      2) аспапта ойнаудың негізгі дағдыларын қалыптастыру, орындау техникасын, штрихтар артикуляциясын, орындаушылық аппаратты дұрыс қоюға арналған жаттығуларды дамыту, музыкалық-бейнелі ойлауды, музыкалық баса айту мен сөйлемдер құрылымын сезу және бере алу біліктерін қалыптастыру мен дамыту, музыкалық суретті, қарапайым ритмикалық топтарды айта білу білігін дамыту;

      3) тынысты дұрыс қою амалдарын, дыбысты шығару тәсілдерін меңгеру, аппликатураны және аспапты дұрыс ұстау білігін үйрену, 1,5 октава аралықтары ішіндегі ноталық және музыкалық сауаттылықты меңгеру;

      4) гаммаларды және үшдыбыстылықтың арпеджиосын, 20-25 жеңіл пьесаларды, 8-10 жеңіл этюдтерді, 2-4 күрделі емес ансамбльдік пьесаларды, орындаушылық аппаратты қоюға арналған нұсқаулық жаттығуларды меңгеру.

      60. Даярлық сыныбында оқытудың бірінші жылындағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу. Аспапты күту ережесі. Блокфлейта құрылғысы.

      2-тақырып. Аппликатуралық кестені қолданумен блокфлейта аппликатурасы.

      3-тақырып. Ноталық сауат.

      4-тақырып. Орындаушылық тыныспен жұмыс.

      5-тақырып. Саусақ аппаратын қою.

      6-тақырып. Дыбыс жүргізумен жұмыс.

      7-тақырып. Қарапайым штрихтарды меңгеру.

      8-тақырып. Фортепиано сүйемелдеуімен ойнау.

      9-тақырып. Қарапайым орындаушылық дағдыларын меңгеру.

      10-тақырып. Аспапта орындау техникасын дамыту.

      61. Даярлық сыныбында оқытудың бірінші жылындағы Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқытудың бірінші оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) флейтада ойнаудың негізгі тәсілдерін, музыкалық сауатты меңгереді;

      2) қарапайым музыкалық пьесалардың сипатын анықтай алады;

      3) парақтан оқудың, жеңіл пьесалар мен этюдтерді, ансамбльдік ойнаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.

      62. Даярлық сыныбында оқытудың екінші жылындағы Бағдарлама талаптары:

      1) парақтан оқу дағдыларын, дұрыс дауыс ырғағына салу, тынысты фразаларға бөлу, білім алушының техникалық мүмкіндіктерін асырмайтын қиындықтар бойынша суреттерді орындау білігін меңгеру;

      2) гаммаларды және екі белгіге дейін қоса алғанда үшдыбыстылық арпеджиосын, 20-25 жеңіл пьесаларды, 8-10 жеңіл этюдтерді, 2-4 күрделі емес ансамбльдік пьесаларды меңгеру.

      63. Даярлық сыныбында оқытудың екінші жылындағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аппликатуралық кестемен танысу.

      2-тақырып. Аппликатуралық кестені қолданумен бірінші, екінші октавалар аралықтары ішіндегі блокфлейта аппликатурасын үйрену.

      3-тақырып. Практикалық қолданумен екі октавалар аралықтары ішіндегі ноталық сауатты үйрену.

      4-тақырып. Ноталық сауатты үйрену.

      5-тақырып. Тыныс алу жүйесімен жұмыс.

      6-тақырып. Саусақ аппаратын қою.

      7-тақырып. Дыбыс жүргізумен жұмыс.

      8-тақырып. Қарапайым штрихтарды меңгеру.

      9-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      10-тақырып. Фортепиано сүйемелдеуімен блокфлейтада ойнау.

      64. Даярлық сыныбында оқытудың екінші жылындағы Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқытудың екінші оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гаммаларды және үшдыбыстылық арпеджиосын, әртүрлі сипаттағы бір этюдті және екі пьесаны орындайды;

      2) дұрыс дауыс ырғағына салуды, тынысты фразалар бойынша бөлуді біледі, ритмикалық суреттерді орындай алады.

      65. Даярлық сыныбында оқытудың үшінші жылындағы Бағдарлама талаптары:

      1) интервалдарды үйренумен бірінші, екінші октавалар аралықтары ішіндегі блокфлейта аппликатурасын үйрену, тыныс алу жүйесімен, дыбысты жүргізумен жұмыс жалғастырылады;

      2) үш белгіге дейін, ұстамды қарқында гаммаларды, 20-25 жеңіл пьесаларды, 8-10 жеңіл этюдтерді, 2-4 күрделі емес ансамбльдік пьесаларды меңгеру.

      66. Даярлық сыныбында оқытудың үшінші жылындағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Бірінші, екінші октавалар аралықтары ішіндегі блокфлейта аппликатурасын үйрену.

      2-тақырып. Интервалдарды үйрену: терция және триоль.

      3-тақырып. Тыныс алу жүйесімен жұмыс.

      4-тақырып. Дыбыс жүргізумен жұмыс.

      5-тақырып. Интервалдарды қолданумен саусақ аппаратының ойнау ережесі.

      6-тақырып. Әртүрлі штрихтарды меңгеру.

      7-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      8-тақырып. Ансамбльде ойнау: дуэттер, трио, квартеттер.

      9-тақырып. Фортепиано сүйемелдеуімен блокфлейтада ойнау.

      67. Даярлық сыныбында оқытудың үшінші жылындағы Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқытудың үшінші оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) интервалдарды қолданумен саусақ аппаратының ойнау ережелерін біледі;

      2) штрихтардағы мажорлық гаммаларды, минорлық гаммаларды, үш белгіге дейін қоса алғанда үшдыбыстылық арпеджиосын орындайды.

      68. Даярлық сыныбында оқытудың төртінші жылындағы Бағдарлама талаптары:

      1) ойнау тәсілдерін сауатты орындау: баса айту, тыныс алу, штрихтарды орындау, дауыс ырғағына салу, дыбыс жүргізу, өтілген репертуарлық материалдарды қайталау және жинақтау;

      2) төрт белгіге дейін, ұстамды қарқында гаммаларды, 20-25 жеңіл пьесаларды, 8-10 жеңіл этюдтерді, 2-4 күрделі емес ансамбльдік пьесаларды меңгеру.

      69. Даярлық сыныбында оқытудың төртінші жылындағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Интервалдарды үйренумен бірінші, екінші октавалар аралықтары ішіндегі блокфлейта аппликатурасын үйрену.

      2-тақырып. Тыныс алу жүйесімен жұмыс.

      3-тақырып. Дыбыс жүргізумен жұмыс.

      4-тақырып. Интервалдарды қолданумен саусақ аппаратының ойнау ережесі.

      5-тақырып. Әртүрлі штрихтарды меңгеру. Ноталарды парақтан оқу.

      6-тақырып. Ансамбльде ойнау: дуэттер, трио, квартеттер.

      7-тақырып. Фортепиано сүйемелдеуімен блокфлейтада ойнау.

      70. Даярлық сыныбында оқытудың төртінші жылындағы Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқытудың төртінші оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тыныс және ерін аппаратының, қол қалыптарының ұйымдасуын біледі;

      2) блокфлейтада ойнаудың негізгі дағдыларын және тәсілдерін меңгереді;

      3) төрт белгіге дейін ұстамды қарқындағы гаммаларды, әртүрлі сипаттағы этюдтерді, ірі формаларды, әртүрлі сипаттағы пьесаларды ойнайды;

      4) қарапайым музыкалық пьесалардың сипатын анықтай алады;

      5) қарапайым пьесаларды орындау, есту бойынша қысқа әуендерді таңдау дағдыларын меңгереді;

      6) кілттегі бір белгі үндестілігінде бір октавада мажорлық гаммаларды орындай алады;

      7) негізгі штрихтарды (деташе, легато) меңгереді;

      8) 6-10 жеңіл пьесаларды есте сақтау қабілеті бойынша орындайды.

      71. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспап құрылымын, флейтаны күту ережесін білу, музыкалық сауаттың негіздерін, тыныс және ерін аппаратының, қол қалыптарының ұйымдасуын білу, флейтада ойнаудың бастапқы дағдыларын меңгеру;

      2) негізгі штрихтарды (деташе, легато), ноталарды парақтан оқудың бастапқы дағдаларын меңгеру, кілттегі бір белгімен үшдыбыстылықтармен бір октавадағы мажорлық және минорлық гаммаларды орындау білігі, музыкалық-бейнелі ойлауды қалыптастыру, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдыларын, есту қабілеті бойынша қарапайым әуендерді таңдау білігін дамыту;

      3) есте сақтау қабілеті бойынша 10-12 жеңіл пьесаларды, 5-6 нұсқаулық жаттығуларды, 3-5 этюдтерді және 2-3 ансамбльдік шығармаларды меңгеру және орындау.

      72. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен, оны күту ережелерімен танысу.

      2-тақырып. Денені, қолдарды, басты ұтымды қою ережесі.

      3-тақырып. Флейтада ойнаудың бастапқы дағдылары.

      4-тақырып. Тынысты қоюмен жұмыс.

      5-тақырып. Тыныс алудың көк ет үлгісін дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Тіл техникасын, дыбысты шығаруға арналған жаттығулар. Ерінге қатысты флейта басы саңылауының орналасуы және ауа ағынының дұрыс қалыптасуы.

      7-тақырып. Аппликатураны үйрену. Штрихтармен танысу.

      8-тақырып. Ноталық сауатты меңгеру. Қарапайым музыкалық терминдер.

      9-тақырып. Парақтан оқудың бастапқы дағдылары және тасымалдау.

      10-тақырып. Қарапайым әуендерді есту қабілеті бойынша таңдау. Музыкалық-есту қабілеті бейнелерін дамыту.

      11-тақырып. Формасы бойынша әртүрлі музыкалық шығармаларды жаттау.

      73. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) флейтада ойнаудың негізгі тәсілдерін біледі;

      2) флейтада ойнаудың негізгі дағдыларын меңгереді;

      3) музыкалық сауаттылықтың негіздерін, негізгі штрихтарды біледі;

      4) музыкалық пьесалардың сипатын анықтай алады, әуен қозғалысын талдай алады, пьесалар, фразалар құрылымын анықтай алады;

      5) жеңіл пьесаларды, этюдтерді және ансамбльдік ойынды орындау дағдыларын меңгереді;

      6) әртүрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындау және есту қабілеті бойынша берілген әуендерді таңдау дағдыларын меңгереді.

      74. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық сауаттылық негіздерін меңгеру, бір жарым-екі октава шамасындағы аппликатураларды білу, негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато) меңгеру, кілттегі екі белгіге дейін ладтың екі октавалы негізгі үшдыбыстылықта мажорлық және минорлық гаммаларды орындау, күрделі емес әуендерді есту арқылы таңдау және тасымалдау білігі;

      2) орындаушылық аппаратты ұйымдастыру, музыкалық-образдық ойлауды қалыптастыру, өзін-өзі бақылаудың және үй жұмысын өз бетінше орындау дағдыларын дамыту, жалпы фразировканы, дауыс ырғағына салуды, ноталарды парқтан оқу дағдыларын меңгеру;

      3) формасы бойынша әртүрлі 18-20 музыкалық шығармаларды, 8-10-нан кем емес пьесаларды, 4-6 ансамбльдік шығармаларды, танысу ретінде бірнеше пьесаларды, орындаушылық аппаратын қоюға арналған нұсқаулық жаттығуларды, есте сақтау қабілеті бойынша жоғары күрделіліктегі 10-12 пьесаларды, 5-6 этюдтерді және 3-5 ансамбльдік шығармаларды меңгеру.

      75. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ерінді, қолды, денені қоюмен, орындаушылық тыныс алумен жұмыс.

      2-тақырып. Музыкалық сауаттылықтың негіздерін меңгеру. Музыкалық терминдер білімін кеңейту.

      3-тақырып. Бір жарым-екі октава аралықтары ішіндегі аппликатураны үйрену.

      4-тақырып. Негізгі штирхтар (деташе, легато, стаккато, қос стаккато).

      5-тақырып. Кілттегі екі белгіге дейін ладтың екі октавалы негізгі үшдыбыстылықтағы мажорлық және минорлық гаммалар.

      6-тақырып. Орындаушылық техникасымен жұмыс.

      7-тақырып. Аспапты өз бетінше баптау.

      8-тақырып. Парақтан оқудың дағдыларын дамыту.

      9-тақырып. Формасы бойынша әртүрлі музыкалық шығармаларды жаттау.

      76. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттылықты, негізгі штрихтарды, негізгі музыкалық жанрларды біледі;

      2) оқытудың осы кезеңіндегі флейтада ойнау дағдыларын меңгереді;

      3) стилистикалық ерекшеліктерді түсінеді;

      4) пьесалардың құрылымын анықтай алады;

      5) орындау кезінде дауыс ырғақтық бақылау жүргізеді;

      6) фразировканы, парақтан оқудың және күрделі емес әуендерді таңдау дағдыларын меңгереді.

      77. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық сауаттылықтың негіздерін, екі-екі жарым октава аралықтары ішіндегі аппликатураны білу, орындаушылық аппаратты ұйымдастыру, музыкалық-бейнелі ойлауды қалыптастыру;

      2) негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато) меңгеру, кілттегі үш белгіге дейін ладтың екі октавалы және негізгі үшдыбыстылықтағы мажорлық және минорлық гаммаларды орындау білігі, доминантсептаккорда айналулармен, хроматикалық гаммаларды білу;

      3) жалпы фразировканы, дауыс ырғағына салуды меңгеру, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың дағдыларын меңгеру, күрделі емес секвенцияны орындау білігі, өзін-өзі бақылау, уақытты өз бетінше жоспарлау және үй жұмысын орындау кезіндегі дербестік дағдыларын дамыту;

      4) формасы бойынша әртүрлі 18-20 музыкалық шығармаларды, ірі формадағы 1-2 шығармаларды, 6-8 пьесаларды, 4-6 этюдтерді,4-6 ансамбльдік шығармаларды танысу ретінде пьесаларды, есте сақтау қабілеті бойынша ірі формадағы 1-2 шығармаларды, жоғары күрделіліктегі және әртүрлі стилистикалық бағыттағы 8-10 пьесаларды, нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдтерді және 3-5 ансамбльдік шығармаларды меңгеру.

      78. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Екі-екі жарым октава аралықтары ішіндегі аппликатуралар.

      2-тақырып. Музыкалық сөздік. Негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато) меңгеру.

      3-тақырып. Кілттегі үш белгімен екі октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен мажорлық және минорлық гаммалар

      4-тақырып. Доминантсептаккорда айналулармен.

      5-тақырып.Хроматикалық гамма.

      6-тақырып. Орындаушылық техникасын жетілдіру.

      7-тақырып. Музыкалық-бейнелі елестетуді дамыту.

      8-тақырып. Күрделі емес пьесаларды парақтан оқудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру.

      9-тақырып. Формасы бойынша әртүрлі музыкалық шығармаларды жаттау.

      79. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі штрихтарды біледі және оларды әртүрлі комбинацияларда орындай алады;

      2) интонациялық және ритмикалық дәлдікпен дыбысты жүргізумен жұмыс істей алады;

      3) этюдтерді, пьесаларды, ансамбльдік шығармаларды орындау дағдыларын меңгереді;

      4) фразировканы, парақтан оқу, ансамбльдік ойнау, тасымалдау дағдыларын меңгереді.

      80. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық сауаттылықтың негіздерін, үш октава аралықтары ішіндегі аппликатураны білу, кілттегі төрт белгімен екі октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен, мажорлық және минорлық гаммаларды орындау, доминантсептаккорда айналулармен, төмендетілген септаккорда айналулармен;

      2) хроматикалық гаммаларды білу, негізгі штирхтарды (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато) меңгеру, орындаушылық аппаратты ұйымдастыру, жалпы фразировканы, дауыс ырғағына салуды меңгеру, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың дағдыларын меңгеру, секвенцияларды орындау білігі;

      3) ансамбльдік партитурамен жұмыс істеу дағдыларын, аранжировканың және ноталық редакторларда жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын меңгеру, музыкалық-бейнелі ойлауды қалыптастыру;

      4) формасы бойынша әртүрлі 16-18 музыкалық шығармаларды, ірі формадағы 2-ден кем емес шығармаларды, 6-8 пьесаларды, 4-6 этюдтерді,4-6 ансамбльдік шығармаларды және танысу ретінде бірнеше пьесаларды, есте сақтау қабілеті бойынша ірі формадағы 1-2 шығармаларды, жоғары күрделіліктегі және әртүрлі стилистикалық бағыттағы 8-10 пьесаларды, нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдтерді және 3-5 ансамбльдік шығармаларды меңгеру.

      81. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Үш октава аралықтары ішіндегі аппликатура.

      2-тақырып. Кілттегі төрт белгімен екі октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен мажорлық және минорлық гаммалар.

      3-тақырып. Доминантсептаккорда айналулармен.

      4-тақырып. Төмендетілген септаккорда айналулармен.

      5-тақырып. Хроматикалық гамма.

      6-тақырып. Негізгі штирхтар (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато).

      7-тақырып. Орындаушылық аппаратты ұйымдастыру.

      8-тақырып. Жалпы фразировканы, дауыс ырғағына салуды меңгеру.

      9-тақырып. Ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың дағдылары.

      10-тақырып. Секвенции.

      11-тақырып. Ансамбльдік партитурамен жұмыс.

      12-тақырып. Аранжировка және ноталық редакторларда жұмыс.

      13-тақырып. Формасы бойынша әртүрлі музыкалық шығармаларды жаттау.

      82. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі және көмекші штрихтарды меңгереді, оларды әртүрлі комбинацияларда орындай алады;

      2) интонациялық және ритмикалық дәлдікпен дыбысты жүргізумен жұмыс істей алады;

      3) фразировканы, ноталарды парақтан оқу, ансамбльдік ойнау, тасымалдау, музыканы сандық өңдеудің және ноталық редакторларда жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын меңгереді.

      83. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық сауаттылықтың негіздерін, үш октава аралықтары ішіндегі аппликатураны білу, көмекші аппликатураны қолдану білігі; негізгі штрихтарды және олардың комбинацияларын (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато) меңгеру, кілттегі төрт белгімен екі-екі жарым октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен, мажорлық және минорлық гаммаларды орындау білігі, доминантсептаккорда айналулармен, төмендетілген септаккорда айналулармен, хроматикалық гаммаларды білу;

      2) орындаушылық аппаратты ұйымдастыру, жалпы фразировкамен флейтада ойнаудың заманауи тәсілдерін, дауыс ырғағына салуды, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың, секвенцияны орындауды, ансамбльдік партитурамен жұмыс істеудің, музыкалық шығармаларды аранжировкалаудың, ыңғайландырудың, аспаптандырудың дағдыларын меңгеру;

      3) формасы бойынша әртүрлі 8-ден кем емес музыкалық шығармаларды, 4-6 ансамбльдік шығармаларды және танысу ретінде бірнеше пьесаларды, есте сақтау қабілеті бойынша ірі формадағы 1-2 шығармаларды, жоғары күрделіліктегі және әртүрлі стилистикалық бағыттағы 8-10 пьесаларды, нұсқаулық жаттығулардың қатарын, 5-6 этюдтерді және 3-5 ансамбльдік шығармаларды меңгеру.

      84. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Үш октава аралықтары ішіндегі аппликатура.

      2-тақырып. Көмекші аппликатураны қолдану.

      3-тақырып. Негізгі штрихтарды және олардың комбинацияларын (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато).

      4-тақырып. Кілттегі төрт белгімен екі-екі жарым октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен мажорлық және минорлық гаммалар.

      5-тақырып. Доминантсептаккорда айналулармен, төмендетілген септаккорда айналулармен, хроматикалық гаммаларды білу.

      6-тақырып. Орындаушылық аппаратты ұйымдастыру, жалпы фразировкамен флейтада ойнаудың заманауи тәсілдерін, дауыс ырғағына салуды, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың дағдыларын меңгеру.

      7-тақырып. Секвенцияны орындау.

      8-тақырып. Ансамбльдік партитурамен жұмыс.

      9-тақырып. Музыкалық шығармаларды аранжировкалау, ыңғайландыру, аспаптандыру.

      10-тақырып. Формасы бойынша әртүрлі музыкалық шығармаларды жаттау.

      85. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі және көмекші штрихтарды меңгереді, оларды әртүрлі комбинацияларда орындай алады;

      2) негізгі және көмекші аппликатураны қолдана алады;

      3) негізі музыкалық жанрларды біледі және музыкалық шығармалардың стилистикалық ерекшеліктерін түсінеді;

      4) пьесалар, фразалар құрылымын анықтай алады;

      5) интонациялық және ритмикалық дәлдікпен дыбысты жүргізумен жұмыс істей алады;

      6) әртүрлі стилистикалық бағыттағы шығармаларды орындаудың, фразировканы, ноталарды парақтан оқу, ансамбльдік ойнау, тасымалдау, мультимедиа құралдарын қолдану дағдыларын меңгереді.

      86. 6-7 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) негізгі штрихтарды және олардың комбинацияларын (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато) меңгеру, кілттегі төрт белгімен екі-екі жарым октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен, мажорлық және минорлық гаммаларды орындау білігі, доминантсептаккорда айналулармен, төмендетілген септаккорда айналулармен;

      2) музыкалық-орындаушылық құралдарының, сахналық мәдениеттің кешенін, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың, секвенцияны орындауды, музыкалық шығармаларды аранжировкалаудың, ыңғайландырудың, аспаптандырудың дағдыларын меңгеру;

      3) формасы бойынша әртүрлі 8-ден кем емес музыкалық шығармаларды, 4-6 ансамбльдік шығармаларды және танысу ретінде бірнеше пьесаларды, есте сақтау қабілеті бойынша ірі формадағы 1-2 шығармаларды, жоғары күрделіліктегі және әртүрлі стилистикалық бағыттағы 8-10 пьесаларды, нұсқаулық жаттығуларды, 5-6 этюдтерді және 5-6 ансамбльдік шығармаларды меңгеру.

      87. 6-7 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Негізгі штрихтарды және олардың комбинацияларын (деташе, легато, стаккато, қос стаккато, тенуто, акценты, нон-легато).

      2-тақырып. Кілттегі төрт белгімен екі-екі жарым октавалы және ладтың негізгі үшдыбыстылықтағы айналулармен мажорлық және минорлық гаммаларды орындау.

      3-тақырып. Доминантсептаккорда айналулармен, төмендетілген септаккорда айналулармен.

      4-тақырып. Орындаушылық аппаратты ұйымдастыру, жалпы фразировкамен флейтада ойнаудың заманауи тәсілдерін, дауыс ырғағына салуды, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың дағдыларын меңгеру.

      5-тақырып. Секвенцияны орындау.

      6-тақырып. Ансамбльдік партитурамен жұмыс.

      7-тақырып. Музыкалық шығармаларды аранжировкалау, ыңғайландыру, аспаптандыру.

      8-тақырып. Формасы бойынша әртүрлі музыкалық шығармаларды жаттау.

      88. 6-7 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6-7 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық өнерге, өз бетінше музыкалық орындаушылыққа қызығушылығы болады,

      2) авторлық мәтіннің неғұрлым сенімді интерпретациясының жетістігі үшін флейтаның көпжақты мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін орындаушылық білімнің, біліктің және дағдының қалыптасқан кешеніне ие;

      3) әртүрлі дәуірлер, стилдер, бағыттар, жанрлар және формалардың музыкалық шығармаларынан репертуарды өз бетінше жинақтай алады;

      4) бағдарламалық талапқа сәйкес әртүрлі стилдер мен жанрлардың (полифониялық шығармалар, сонаталар, концерттер, пьесалар, этюдтер, аспаптық миниатюралар) шығармалары кіретін флейтаға арналған репертуарды біледі;

      5) флейтаның көркемдік-орындаушылық мүмкіншіліктерін біледі;

      6) кәсіби терминдерді біледі;

      7) күрделі емес музыкалық шығармаларды парақтан оқи алады;

      8) есту бақылауының дағдыларын, музыкалық шығарманы орындау процесін басқару білігін меңгереді;

      9) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаларға талдау жасау бойынша дағдыларын меңгереді;

      10) орындаушылық техникасының әртүрлі түрлерін меңгереді, көркемдік дәлелденген техникалық тәсілдерді қолдану;

      11) жеке орындаушы ретінде дайындық-концерттік жұмыстың дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      89. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      90. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); екінші тоқсанда: академиялық концерт (3 әртүрлі сипаттағы пьесалар); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда техникалық сынақ (3 әртүрлі стилистикалық бағыттағы түрлі сипаттағы пьесалар);

      2) 2 сынып - бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі нысанды 1 шығарма, пьеса); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда академиялық концерт (3 әртүрлі стилистикалық бағыттағы түрлі сипаттағы пьесалар немесе ірі нысанды1 шығарма және 2 пьеса );

      3) 3 сынып - бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі формадағы 1 шығарма, пьеса); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда академиялық концерт (3 әртүрлі стилистикалық бағыттағы түрлі сипаттағы пьесалар немесе ірі формадағы 1 шығарма және 2 пьеса );

      4) 4 сынып - бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық терминологияны білу); екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі нысанды 1 шығарма және пьеса); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда академиялық концерт (3 әртүрлі стилистикалық бағыттағы түрлі сипаттағы пьесалар немесе ірі формадағы 1 шығарма және 2 пьеса );

      5) 5 сынып - бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық терминологияны білу); екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі нысанды 1 шығарма және пьеса); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда бітіру емтиханы (1 концерттік этюд немесе жеке пьеса немесе толық пьеса, ірі нысанды 1 шығарма, қазақ композиторларының 1 шығармасы, кантилендік сипаттағы 1 пьеса, виртуозды 1 пьеса);

      6) 6 сынып - бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу, 2 түрлі сипаттағы пьесалар немесе 1 жеке пьеса, фортепиано сүйемелдеуіндегі 1 пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі формадағы 1 шығарма, 1 сипатты пьеса); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда академиялық концерт (3 әртүрлі стилистикалық бағыттағы түрлі сипаттағы пьесалар немесе ірі нысанды 1 шығарма, 2 түрлі сипаттағы пьесалар);

      7) 7 сынып - бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу, 2 түрлі сипаттағы пьесалар немесе 1 жеке пьеса, фортепиано сүйемелдеуіндегі 1 пьеса); екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі нысанды 1 шығарма, 1 сипатты пьеса); үшінші тоқсанда техникалық сынақ (гаммалар, этюдтер, ноталарды парақтан оқу, музыкалық сөздікті білу); төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 концерттік этюд немесе жеке пьеса немесе толық пьеса, ірі нысанды 1 шығарма, қазақ композиторларының 1 шығармасы, кантилендік сипаттағы 1 пьеса, виртуозды 1 пьеса).

      91. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) музыкалық шығарманы оның мазмұнына сәйкес көркемдік орындау;

      2) өзінің орындауын тыңдау арқылы қадағалауы;

      3) қажет жағдайда ойнауды түзету;

      4) орындаудың ерекше технологиялық түрлерін меңгеру;

      5) форма сезімін түсіну;

      6) дауыс ырғағына салудың мәнерлілігі;

      7) қарқынның бірыңғайлығы;

      8) метроритмикалық қағыстың анықтылығы;

      9) қанық динамикалық түрлілік;

      10) сахнада өзін әртістік ұстауы.

      92. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы": музыкалық шығарманың мазмұнына сәйкес музыкалық мәнерлілік құралдарын көркем орындауы, форма сезімін нақты түсінуі, қарқынның бірыңғайлығы, дауыс ырғағының мәнерлілігі, ритмикалық қағыстың анықтылығы, динамикалық түрлілік, өзінің орындауын тыңдау арқылы қадағалауы, орындаудың техникаларын еркін меңгеруі, сахнада өзін әртістік ұстауы және қанық беріліп орындауы;

      2) "4" бағасы "жақсы": шығарманың формаларын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерлілік құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді орындаудағы қалыптылығы, қарқынның бірыңғайлығы, дауыс ырғағының мәнерлілігі, динамикалық түрлілік, өзінің орындауын тыңдау арқылы қадағалауы жеткіліксіз, сахнада өзін ұстауындағы аздап психологиялық тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық": музыканы бейнелі түрле түсінбей ноталық мәтінді формалды түрде оқуы, өзінің орындауын тыңдау арқылы бақылауы төмен, темптік-ырғақтық ұйымдастырылмауы, динамикалық дыбысталудың бірсарындылығы және бірқалыптылығы, сахнадағы психологиялық күйінің тұрақсыздығы;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес": ноталық мәтінді дыбыстау кезіндегі қателіктері, тыңдау арқылы бақылауының болмауы, метроритмикалық тұрақсыздығы, дыбыс шығару және дыбыс жүргізу сапасының төмендігі, мәнерлі ырғағының болмауы, орындау барысында жиі тоқтауы;

      5) сынақ (бағасыз) – орындау оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 15-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Саксофон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Саксофон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Саксофон" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасуы және алмасуы;

      3) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда дыбыс бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      4) гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      5) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дауыстарды шығаруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығару тәсілдерінің кейбір нюансировкалық сипаттары, орындаушылық штрихтары, артикуляциялар мен баса айтулар;

      6) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      7) мелизмы – әуеннің темпі мен ритмикалық суретін өзгертпейтін, дыбыстың әртүрлі әуендік бояулары;

      8) стаккато – дыбыстарды үзіп-үзіп орындауды білдіретін музыкалық штрих; стаккато – легатоға қарама-қйшы, дыбыс шығарудың (артикуляция) тәсілдерінің бірі;

      9) үшдыбыстылық –терция бойында орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      10) этюд – виртуозды пассажға негізделген музыкалық шығарма, ірі нысанды шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: саксофон аспабын сауатты меңгеру арқылы шығармашылыө өзін танытуға қабілетті бала тұлғасын дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      1) музыкалық сауатты меңгеру, Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі жанрдағы және формалардағы шығармаларды саксофонда орындау;

      2) музыкалық шығарманы жеке немесе ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі дағдыларды меңгеру;

      3) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, музыкалық ойлауды, шығармашылық қиялды, әртістік қабілеттерді дамыту;

      4) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, шығармашылық қызметке деген білім алушылардың оң көзқарасын қалыптастыру;

      5) білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту, жеке қабілеттерін дамыту.

      6) білім алушылардың бойында аспаппен жеке және ансамбльде музыка ойнау мәдениетін, саксофонда ойнау бойынша алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға талпынуын тәрбиелеу;

      7) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдауды, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      8) жас музыканттың тұлғасын қалыптастыру, әртүрлі концерттерге, байқауларға, фестивальдерге белсенді қатысуы, білім алушыларды ерте кәсіпке бағдарлау;

      9) отандық және әлемнің мәдени құндылықтарын, дәстүрлерін, озық халық шығармашылығын меңгеру негізінде өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған білім алушылар үшін, ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалардың өтініші бойынша оқыту мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралыд. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі – балалардың саксофонда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке орындау тәсілдерін алуға жалпы дамытушылық бағыты.

      9. Бағдарлама дәстүрлі оқытуға, әр балаға жеке-сараланған тәсілмен келу, көркемдік-бейнелі ойлауға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама саксофонда ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайландырылған классикалық шығармаларын үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі саксофонда ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға бағытталған.

      15. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін саксофонда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды білім алушының меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін білім алушының алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын ести білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, өзгермелі икемді ритмде келісілген түрде және көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльдің қатысушыларымен өзара әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, және негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары.

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      23. "Саксофон" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерді, құралдарды, формаларды және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      28. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      30. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      31. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      35. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      37. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      38. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерттік және емтихандық бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      39. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      40. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      41. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      42. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      43. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасын, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын және басқаларды қамтиды.

      44. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      45. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      46. Педагог репертуарды заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      47. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      49. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      50. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      51. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      52. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      53. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      54. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      55. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      56. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріліп анықталады.

      57. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      58. "Саксофон" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспаппен танысу, жаттығуларды, бір-екі нотадамен әндерді ойнау, мажорлы және минорлы терахордтарды меңгеру, legato [легато], non legato [нон легато] негізгі штрихтарын меңгеру;

      2) музыкалық сауаттың элементтерімен танысу, саксофонда сөздердің ырғағымен иллюстрациялық байланыстағы қарапайым ритмикалық жаттығу түріндегі музыкалық ритмді меңгеру. Бір-екі нотадағы ритмикалық суреттерді ойнау. Forte [форте], piano [пиано] – негізгі динамикаларымен танысу, нота бойынша ойнау;

      3) есте сақтауы бойынша 2-3 мажорлы гаммаларды (минорлы) және бір немесе екі октавадағы арпеджионы (тоникалық үшдыбыстылық), 4-5 пьесаны меңгеру және орындау.

      60. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау мәдениеті. Музыкалық сауат негіздері. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру. Тыныс алу техникасы. Амбушюр қалыптастыру.

      2-тақырып. Орындаушылық дағдылардың қалыптастыру. Дыбыстың атакасы. Non legato [нон легато], legato [легато] штрихтары және олардың орындалу ерекшеліктері. Саусақтар аппликатурасы.

      3-тақырып. Негізгі музыкалық терминдер. Динамикалық бояулар.

      4-тақырып. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Тыныс алумен жұмыс. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту. Шығарма бойынша өз бетінше жұмыс. Сахна мәдениеті.

      5-тақырып. Парақтан оқу дағдыларының негіздері. Шағын көлемді шығармалар.

      6-тақырып. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастырудағы біліктілікті қалыптастыру.

      7-тақырып. Техникалық және көркемдік жабдықталуы.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) саксофонның құрылысы мен бөліктерінің атауларын білу;

      2) қарапайым штрихтар мен динамикалық белгілерді, аппликатураны білу, узыканы есту түсініктерінің, көркем-музыкалық ой-өрістің бастапқы дағдыларын, орынды ойнау қимылдарын ұйымдастыру машықтарын, дыбыс шығару, дыбыс тазалығы (интонация), ырғақ сапаларын бақылау дағдыларын игеру;

      3) ойнау аппаратын тиімді ұйымдастыру дағдыларын иелену: жалпы қойылым, орындаушылық тыныстың қойылуы, амбушюр қойылымы, артикуляциялық қойылым, аппликатураның қойылуы;

      4) Non-legato [нон легато], legato [легато] штрихында гаммалар мен үшдыбыстықтарды жеңіл-желпі үндестіліктерде (тональность), халық әуендері мен жеңіл пьесаларды орындай білу.

      5) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұрын меңгерген ойнау тәсілдерін, штрихтарды меңгеруді біртіндеп жетілдіру, ойын қимылдарымен, тіл мен саусақтарды үйлестіру, ұсақ техниканы дамыту, музыкалық-бейнелі ойлау, шығармашылық көркемдік қиялдау бойынша жұмыс;

      2) [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто] штрихтарын меңгеру, мажорлы және минорлы гаммаларды меңгеру;

      3) бұрын меңгерген аспапта ойнаудың музыкалық-орындаушылық дағдыларын жетілдіру оның жалпы мәдени деңгейінің дамуымен, оның шығармашылық дербестіке талпынуымен, белсенділігімен тығыз байланысты іске асырылады;

      4) есте сақтауы бойынша 2-3 мажорлы гаммаларды (минорлы) және екі немесе екі октавадағы арпеджионы (тоникалық үшдыбыстылық), 3-4 этюдті, 4-5 пьесаны, ірі нысанды шығармаларды меңгеру және орындау.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық сауат негіздері. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру. Тыныс алу техникасы. Амбушюр қалыптастыру.

      2-тақырып. Орындаушылық дағдылардың қалыптастыру. Дыбыстың атакасы. Non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато]штрихтары және олардың орындалу ерекшеліктері. Саусақтар аппликатурасы.

      3-тақырып. Музыкалық терминология негіздері. Динамикалық бояулар.

      4-тақырып. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Тыныс алуға арналған жұмыс құралдараның кешені. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту. Шығарма бойынша өзіндік жұмыс қағидаттары. Сахна мәдениетін тәрбиелеу.

      5-тақырып. Шығармашылық дағдыларды жетілдіру. Парақтан оқу дағдыларының негіздері. Шағын көлемді шығармалар. Ірі көлемді шығармалар. Эстрадалық жанрдағы шығармалар.

      6-тақырып. Музыкалық шығармалардың негізгі нысандарын құру зандылықтары. Шығарманы орындау жоспары бойынша біліктіліктің пайда болуы. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастырудағы біліктілікті қалыптастыру.

      7-тақырып. Интонация өнері. Суырыпсалушылық (импровизация) өнер.

      64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдылдарға ие болады:

      1) non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтарын және олардың алмасуын білу.

      2) мarcatto [маркатто]штрихы тәсілінің бастапқы дағдыларын, дыбыстау динамикасын білу.

      3) екі-екі жарым октавалы мажорлы мен минорлы гаммаларды және үшдыбыстықтардай орындалуын білу.

      4) музыканы есту түсініктерінің, көркем-музыкалық ой-өрістің дағдыларын, орындаушылық аппаратты ұйымдастыру машықтарын, дыбыс тазалығы (интонация), дыбыс шығару және ырғақ бойынша жұмыс істеу машықтарын игеру.

      65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто], martele [мартеле] негізгі штрихтарын және олардың алмасуын, трельдер мен мелизмдерді орындаудың алғашқы дағдыларын, олардың дыбысталу динамикасын меңгеру;

      2) бұрын үйренген тәсілдерді мейлінше күрделі техникалық және көркемдік мазмұндағы нұсқада жетілдіру, жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс;

      3) аппликатуралық сауатты, баса айтудың (сарын, фраза, сөйлем, бөлік) негізгі элементтерінде өз бетінше талдау жүргізу алу білігін дамыту, парақтан оқу, гаммалармен жұмыс дағдыларымен жұмыс;

      4) есте сақтауы бойынша 2-3 (мажорлы және минорлы) гаммаларды, арпеджионы (айналымдарымен), техниканың әртүрлі түріне арналған 3-4 этюдті, әртүрлі сипаттағы 4-5 пьесаны, 1 ірі нысанды шығарманы, 1-2 эстрадалық шығарманы меңгеру және орындау.

      66. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық сауат негіздері. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру. Тыныс алу техникасы. Амбушюр қалыптастыру.

      2-тақырып. Дыбыс шабуылы. Non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто], martele [мартеле] штрихтары және оларды орындаудың ерекшеліктері. Саусақтар аппликатурасы. Интонация.

      3-тақырып. Музыкалық терминология негіздері. Динамикалық бояулар. Темптер, агогика.

      4-тақырып. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Тыныс алуға арналған жұмыс құралдараның кешені. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту. Шығарма бойынша өзіндік жұмыс қағидаттары. Сахна мәдениетін тәрбиелеу.

      5-тақырып. Шығармашылық дағдыларды жетілдіру. Парақтан оқу дағдыларының негіздері. Шағын көлемді шығармалар. Ірі көлемді шығармалар. Эстрадалық жанрдағы шығармалар.

      6-тақырып. Музыкалық шығармалардың негізгі нысандарын құру зандылықтары. Шығарманы орындау жоспары бойынша біліктіліктің пайда болуы. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастырудағы біліктілікті қалыптастыру.

      7-тақырып. Интонация өнері. Суырыпсалушылық (импровизация) өнер. Техникалық және көркемдік жабдықталуды жетілдіру.

      67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто], martele [мартеле] штрихтарын және олардың алмасуын біледі;

      2) трель мен мелизмдердің қарапайым түрлерін орындай білу машықтарын, дыбыстау динамикасын біледі;

      3) көркем-музыкалық ой-өрістің дағдыларын ие;

      4) дыбыс тазалығы (интонация), дыбыс шығару және ырғақ бойынша жұмыс істей біледі;

      5) жеңіл-желпі шығармаларды өз беттерінше талдайды және нотаны парақтан оқу дағдыларын игереді.

      68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто], martele [мартеле] негізгі штрихтарымен және олардың алмасуымен, трельдер мен мелизмдерді орындау дағдыларын, vibrato тәсілін меңгеру;

      2) бұрын меңгерген аспапта ойнаудың музыкалық-орындаушылық дағдыларын жетілдіру оның жалпы мәдени деңгейінің дамуымен, оның шығармашылық дербестіке талпынуымен, белсенділігімен тығыз байланысты іске асырылады;

      3) стилі, жанры жағынан әртүрлі репертуарлық тізбе бұрын меңгерген ойнау тәсілдерін, штрихтарды, олардың үйлестірілген нұсқаларын қамтиды, шығармамен өз бетінше жұмыс;

      4) есте сақтауы бойынша 2-3 (мажорлы және минорлы) гаммаларды, бірінші, екінші және үшінші позициялардағы және ауысулардағы арпеджионы (айналымдарымен), техниканың әртүрлі түріне арналған 3-4 этюдті, әртүрлі сипаттағы 4-5 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы, 2-3 эстрадалық шығарманы меңгеру және орындау.

      69. 4 сыныптағы оқу пәнінің маұмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық сауат негіздері. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру. Тыныс алу техникасы. Амбушюр қалыптастыру.

      2-тақырып. Орындаушылық дағдылардың қалыптастыру. Дыбыс шабуылы. Non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто], martele [мартеле] штрихтары және олардың орындалу ерекшеліктері. Саусақтар аппликатурасы. Интонация. Вибрато.

      3-тақырып. Основы музыкальной терминологии. Трели. Мелизмы. Динамические оттенки.

      4-тақырып. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Тыныс алуға арналған жұмыс құралдараның кешені. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту. Шығарма бойынша өзіндік жұмыс қағидаттары. Сахна мәдениетін тәрбиелеу.

      5-тақырып. Шығармашылық дағдыларды дамыту. Парақтан оқу дағдыларының негіздері. Шағын көлемді шығармалар. Ірі көлемді шығармалар. Эстрадалық жанрдағы шығармалар.

      6-тақырып. Кәсіби қасиеттерін қалыптастыру. Музыкалық шығармалардың негізгі нысандарын құру зандылықтары. Қазақ музыкасының интонациялық дәстүрлері. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастырудағы біліктілікті қалыптастыру.

      7-тақырып. Вибрато өнері. Интонация өнері. Суырыпсалушылық (импровизация) өнер. Техникалық және көркемдік жабдықталуды жетілдіру.

      70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) non-legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], marcatto [маркатто], martele [мартеле] штрихтарын және олардың алмасуын біледі;

      2) трель мен мелизмдерді орындай білу машықтарын, vibrato [вибрато] тәсілін игереді;

      3) екі еселенген staccato [стаккато] және күрделі ырғақтық суреті бар техникамен жаттығулар және этюдтерді орындаудың бастапқы дағдыларын игереді;

      4) көркем-музыкалық ойлау дағдыларын игеру; дыбыс тазалығы (интонация), дыбыстау динамикасы және ырғақ бойынша жұмыс істей алады.

      71. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұрын меңгерген саксофонда ойнаудың музыкалық-орындаушылық дағдыларын жетілдіруді жалғастыру, дыбыспен және орындау техникасымен жұмыс, стилі және жанры жағынан әртүрлі шығармаларды үйрену, гаммаларды, жаттығуларды, этюдтерді орындауды жетілдіру; концерттерде, фестивальдерде, байқауларда өнер көрсетуге арналған кәсіби-бағдарланған бағдарламаларды дайындау, бітіру емтиханына дайындық.

      72. 5 сыныптағы оку пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық сауат негіздері. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру. Тыныс алу техникасы. Амбушюр қалыптастыру.

      2-тақырып. Орындаушылық дағдылардың қалыптастыру. Дыбыс шабуылы. Негізгі штрихтар және олардың орындалу ерекшеліктері. Основные штрихи и особенности их исполнения. Саусақтар аппликатурасы. Интонация. Вибрато. Қос [стаккато], frullato [фрулято] техникасы.

      3-тақырып. Музыкалық терминология негіздері. Динамикалық бояулар. Темптер, агогика.

      4-тақырып. Үрлемелі аспаптарда ойнау қабілеттерін кешенді тәрбиелеу. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Тыныс алуға арналған жұмыс құралдараның кешені. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту. Шығарма бойынша өзіндік жұмыс қағидаттары. Сахна мәдениетін тәрбиелеу.

      5-тақырып. Шығармашылық дағдыларды жетілдіру. Парақтан оқу дағдыларының негіздері. Интонациялық дағдыларды жетілдіру техникасы. Шағын көлемді шығармалар. Ірі көлемді шығармалар. Эстрадалық жанрдағы шығармалар.

      6-тақырып. Кәсіби қасиеттерін қалыптастыру. Музыкалық шығармалардың негізгі нысандарын құру зандылықтары. Қазақ музыкасының интонациялық дәстүрлері. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастырудағы біліктілікті қалыптастыру.

      7-тақырып. Вибрато өнері. Интонация өнері. Суырыпсалушылық (импровизация) өнер. Техникалық және көркемдік жабдықталуды жетілдіру.

      73. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) саксофонда негізгі штрихтарын және олардың алмасуын орындауды біледі;

      2) трель және мелизмдерді орындау даңғдыларын, vibrato [вибрато] тәсілін игерген;

      3) екі еселенген staccato [стаккато], frullato [фрулято] техникасымен жаттығулар және этюдтерді орындаудың бастапқы дағдыларын игерген;

      4) күрделі суреті бар жаттығулар мен этюдтерді өз беттерінше талдай алады;

      5) дыбыс тазалығы (интонация), дыбысталу динамикасы, ырғақ, парақтан оқу дағдыларын, музыкалық-көркем ойлау дағдыларына ие;

      6) музыкалық көркем ойлаудың жалғасып жатқан дағдыларын, суырып салушылық өнердің негіздерін біледі.

      74. 6-7 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) күрделігі жоғары гаммаларды, жаттығуларды және этюдтерді орындау техникасын жетілдіру; стилі және жанры жағынан әртүрлі шығармаларды үйрену, музыкалық-орындаушылық деңгейінің құралдар кешеніне ие болу;

      2) есте сақтауы бойынша 5-6 (мажорлы және минорлы) гаммаларды, айналымдарымен үшдыбыстылықты, хроматикалық гаммаларды, 5-7 этюдті, 6-8 пьесаны, 2-3 ірі нысанды шығарманы, суырып салушылық бөлігі бар 2-3 эстрадалық шығарманы меңгеру және орындау.

      75. 6-7 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық сауат негіздері. Орындау аппаратының тиімді ұйымдасуын қалыптастыру. Тыныс алу техникасы. Амбушюр қалыптастыру.

      2-тақырып. Орындаушылық дағдылардың қалыптастыру. Дыбыс шабуылы. Негізгі штрихтар және олардың орындалу ерекшеліктері. Саусақтар аппликатурасы. Интонация. Вибрато.

      3-тақырып. Музыкалық терминдердің негізі. Трель. Мелизмдер. Динамикалық бояулар.

      4-тақырып. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Тыныс алуға арналған жұмыс құралдараның кешені. Қисынды (логикалық) ойлау қабілеттерін дамыту. Шығарма бойынша өзіндік жұмыс қағидаттары. Сахна мәдениетін тәрбиелеу.

      5-тақырып. Шығармашылық дағдыларды дамыту. Парақтан оқу дағдыларының негіздері. Интонациялық дағдыларды дамыту техникасы. Тасымалдау техникасын дамыту. Шағын көлемді шығармалар. Ірі көлемді шығармалар. Эстрадалық жанрдағы шығармалар.

      6-тақырып. Кәсіби қасиеттерін қалыптастыру. Музыкалық шығармалардың негізгі нысандарын құру зандылықтары. Шығарманың орындаушылық жоспары. Қазақ музыкасының интонациялық дәстүрлері. Орындалатын шығарманың сюжеттік-психологиялық астарын құрастыру.

      7-тақырып. Вибрато өнері. Интонация өнері. Суырыпсалушылық (импровизация) өнер. Техникалық және көркемдік жабдықталуды жетілдіру.

      76. 4-7 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6-7 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гаммалар мен үшдыбыстақтарды (жылдам қарқынмен), хроматикалық гаммаларды, түрлі штрих нұсқаларындағы гаммаларды орындау дағдыларының жоғарғы деңгейін игереді;

      2) мелодияны тасымалдай (транспонирование) біледі;

      3) сахна мәдениетін меңгереді;

      4) балалар музыка мектептерінің репертуарындағы негізгі жанрлық және стильдік бағыттардағы музыкалық шығармаларды өз бетінше жаттауды және сауатты, мәнерлі, техникалық жағынан еркін орындауды біледі;

      5) ансамбльде ойнау, парақтан оқу және естуі бойынша теру дағдыларына ие;

      6) музыка өнері саласындағы Бағдарлама талаптарының деңгейінде жеткілікті музыкалық ой-өрісі бар;

      7) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады;

      8) музыкалық формалар туралы түсінігі бар;

      9) теориялық білімдерін орындаушылық практикада қолдана алады;

      10) өзінің музыкалық аспабының тарихын біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      77. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда алған бағаларынан тұрады.

      90. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт, емтихан, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (2 пьеса), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (2 этюд, 1 пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (түрлі сипаттағы 3 пьеса немесе кеңейтілген түрдегі пьеса (вариация);

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихитар, әртүрлі сипаттағы 2 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген түрдегі пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд); академиялық концерт (2 пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 пьеса, 1 ірі нысанды шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд); екінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрих, түрлі сипаттағы 2 этюд); академиялық концерт (2 пьеса); төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 пьеса, 1 ірі нысанды шығарма);

      4) 4 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд); екінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд); академиялық концерт (2 пьеса); төртінші тоқсанда: техникалық зачет (1 пьеса, 1 ірі нысанды шығарма);

      5) 5 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд), екінші тоқсанда: бітіру емтиханының тыңдалымы (ірі нысанды шығарма, эстрада жанрындағы немесе виртуозды сипаттағы 1 пьеса); үшінші тоқсанда: бітіру емтиханының тыңдалымы (ірі нысанды шығарма, түрлі сипаттағы 2 пьеса, қазақстандық композитордың 1 пьесасы); төртінші тоқсанда: қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы (2 ірі нысанды шығарма, эстрада жанрындағы немесе виртуозды сипаттағы 1 пьеса, түрлі сипаттағы 2 пьеса, қазақстандық композитордың 1 пьесасы);

      6) 6 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд); екінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе кеңейтілген пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 этюд); академиялық концерт (2 пьеса), төртінші тоқсанда: емтихан (2 ірі нысанды шығарма, эстрада жанрындағы немесе виртуозды сипаттағы 1 пьеса, түрлі сипаттағы 2 пьеса, қазақстандық композитордың 1 пьесасы);

      7) 7 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (гамма, арпеджио, штрихтар, түрлі сипаттағы 2 пьеса), екінші тоқсанда: бітіру емтиханының бағдарламасының тыңдалымы (ірі нысанды шығарма, эстрада жанрындағы немесе виртуозды сипаттағы 1 пьеса), үшінші тоқсанда: бітіру емтиханының бағдарламасының тыңдалымы (ірі нысанды шығарма, түрлі сипаттағы 2 пьеса, қазақөстандық композитордың 1 пьесасы); төртінші тоқсанда: қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы (виртуозды сипаттағы 1 пьеса, кантиленді сипаттағы 1 шығарма, 1 ірі нысанды шығарма, суырып салушылық бөлімі бар эстрадалық жанрдағы 1 пьеса).

      79. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) музыкалық шығарманы мазмұнына сәйкес көркемдеп орындауы;

      2) өзінің орындауын бақылауы;

      3) қажетті болған жағдайларда ойнауын түзету;

      4) орындаудың арнайы технологиялық түрлерін білуі;

      5) форма сезімін түсінуі;

      6) мәнерлі ырғақтау;

      7) темптің тұтастығы;

      8) метроритмикалық қағыстың анықтығы;

      9) қанық динамикалық түрлілігі;

      10) сахнадағы әртүстік ұстауы.

      92. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – музыкалық шығарманың мазмұнын бейнені мәнерлі жеткізуі, форма сезімін, қарқынның біркелкілігін нақты түсіну, мәнерлі екпіндейді, ырғақтық соғудың (пульсация) анықтылығы, динамикалық түрлілігі, өз орындауын тыңдауы, орындау техникасын еркін игеруі, әртістілігі және беріле орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – шығарманың формасын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді қалыпты орындауы, қарқынның жылдамдығы, екпіндеуінің мәнерлілігі, динамикалық түрлілігі, естуді бақылауының жеткіліксіздігі, сахнада өзін ұстауындағы психологиялық тұрақсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – музыканың бейнесін түсінбей авторлық ноталық мәтінді формальді түрде оқуы, өз орындауын тыңдай отырып бақылауы нашар, темптік-ырғақтық дұрыс ұйымдаспағандығы, динамикалық бірсарындылығы және дыбысталудың бір қалыптылығы, сахнада өзін өзі ұстауының психологиялық тұрақсыздығы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – ноталық мәтінді қателермен орындау, есту арқылы бақылаудың болмауы, метроритмикалық тұрақсыздық, дыбысшығару мен дыбыс жүргізудің сапасының төмендігі, мәнерлі ырғақтаудың болмауы, орындау кезінде жиі тоқтап қалуы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – жұмысы оқытудың осы кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 16-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Труба" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Труба" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Труба" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      2) амбушюрді қою – мүштікті ауызда мейлінше мақсатты орналастыру, амбушюр мен төменгі жақтың формасы мен іс-қимыл сипаты;

      3) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасуы және алмасуы;

      4) аппликатураны қою – саусақтардың аспапта орналасуы, саусақ аппараттарының нақты, үйлестірілген, тұрақты-рефлекторлық, еркін және үнемді қимылын ұйымдастыру;

      6) артикуляцияны қою– тілдің қалпы, ауыз қуысының формасы;

      5) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда дыбыс бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      7) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      8) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дауыстарды шығаруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығару тәсілдерінің кейбір нюансировкалық сипаттары, орындаушылық штрихтары, артикуляциялар мен баса айтулар;

      9) жалпы қою – аспапты қолда ұстаудың ыңғайлы тәсілі, дененің, бастың, қолдың, саусақтар мен аяқтың дұрыс орналасуы;

      10) орындаушылық аппаратты қою – тыныс алуды еркін басқарудың тәсілі және ойнау процесінде тынысты шығаруды алмастыру ережесі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың игерген білімдері, трубада ойнаудың дағдылары мен біліктері негізінде олардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1)трубада музыкалық орындау құралы ретінде музыкалық сауаттылықты

      оқыту;

      2)музыкалық орындау саласында арнайы құзыретті қалыптастыру;

      3)музыкалық шығармаларды жалғыз және ансамбльде сауатты

      орындауға мүмкіндік беретін трубада ойнаудың негізгі орындаушылық әдістерін оқыту;

      4)музыкалық шығармаларды эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан

      орындау дағдыларын қалыптастыру.

      Дамыту:

      1)балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2)композитордың шығармашылық ойын іске асыруға арналған қажетті

      құрал ретінде орындау техникасын дамыту;

      3)ойынның техникалық дағдыларын дамыту;

      4)жеке дара және ұжымда жұмыс істеу дағдысын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1)білім алушылардың әртүрлі халықтың рухани және мәдени

      құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту;

      2)балаларда коммуникативтік дағдыларды, жауапкершілік сезімін және

      тәртіптілікті қалыптастыру;

      3) білім алушыларда эстетикалық көзқарасты, адамгершілік ұстанымдарды және рухани құндылықтармен қатынас жасау қажеттіліктерін қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған білім алушылар үшін, ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалардың өтініші бойынша оқыту мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асырылады. Оқыту мазмұны оқыту процесінде қалыптасатын қимыл тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың трубада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәсілдерін алуға жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      9. Бағдарлама дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға сараланған тәсілмен келу, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама трубада ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерін, әлем халықтарының музыкасы мен классикалық шығармалардың өңдеулерін орындап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі трубада ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама білім алушының шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      15. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім алушының трубада ойнаудың білім, білік және дағдыларын меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжыммен музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру, ансамбльдің шығаратын үнін есту білігі, біркелкі ырғақтық қағысты есту, келісілген және ауыспалы-икемді ырғақта көркем түрде ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен өзара әрекеттесу.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      23. "Труба" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша тәсіл – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің шығарманы орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиялық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен орындалатын жаттығулар, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      27. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы педагогтің білім алушылармен жүргізетін жеке сабақтары болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      29. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      34. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында, жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог репертуарлық тізбеге отандық жән шетел композиторларының композиторларының шығарған үздік пьесаларын енгізе отырып оны жүйелі түрде жаңартады дәне толықтырады.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      54. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. Білім алушылардың өз бетінше жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Өзіндік жұмыс көлемі балалардың жалпы орта білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын, сондай-ақ білім беру ұйымында қалыптасқан педагогикалық дәстүрлерді және әдістемелік дұрыстығын ескере отырып анықталады.

      56. Жеке үй жұмысы бірнеше тәсілмен жүргізіледі және мамандық бойынша педагогтің ұсынысына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      57. "Труба" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      58. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы кіші октаваның барлық регистрін, кілттегі бір белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды, тік қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылықты, тұтас жарты, төрттік ұзақтықтағы гаммалар мен арпеджионы, detache [деташе], legato [легато] штрихтарын, бірінші және кіші октавадағы аппликатураларды, p [пиано], f [форте], mp [меццо-пианно], mf [меццо-форте] динамикалық ерекшеліктерді, секунда, терция, кварта интервалы ширегіндегі жаттығуларды, 6-8 этюдтер мен жаттығуларды, меңгерілген диапазон шеңберіндегі 4-6 жеңіл пьесаны меңгереді.

      59. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаптармен танысу, оларға күтім жасаудың қағидалары. Дұрыс тыныс алумен жұмыс. Денені, қолдарды, басты, амбушюрды ұтымды қою қағидалары. Дыбыс шығарумен жұмыс. Қарапайым ырғақ формулаларын зерделеу. Парақтан оқудың және транспонирлеудің бастапқы дағдыларын игеру.

      2-тақырып. Орындау аппаратын дұрыс қою. Трубада ойнаушының дұрыс тұру қағидаларын – денесін, аяқтарын, басын, саусақтарын, сондай-ақ ойнау кезінде аспапты дұрыс ұстау қағидаларын үйрену. Трубаның тарихы, қазіргі трубалардың құрылысы, оның бөлшектерінің атаулары, ойын кезіндегі олардың өзара байланысы жөніндегі материалдармен; труба мен мундштукке күтім жасау қағидаларымен танысу. Амбушюр түсінігін практикалық игеру. Ерін бұлшықеттерін, тыныс алудың негізгі түрлерін дамыту. Қарапайым орындау дағдыларын игеру: дыбыс шығаруға дайындалу; тыныс алу-шығару; табиғи дыбыс шығару.

      3-тақырып. Техникалық даму. Техникалық тәсілдерді дамыту және қатаң шабуыл арқылы орындау аппаратын нығайту. Шабуыл тәсілдерін практикалық игеру, "ту" деген буынды нақты, дұрыс айтуды (артикуляция) – қатаң шабуылды қолдану. Дыбыстарды шығару, қолдану, біріктіру және аяқтау кезінде (detache [деташе], legato [легато]) қолданылатын негізгі штрихтарды игеру. Біркелкі, таза, дауыс ырғағы жағынан тұрақты, динамикасы жағынан әртүрлі дыбысты пысықтау.

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. Музыкалық образдық ойлауды, музыкалық фразалар мен ұсыныстар құрылымын сезіне білу мен бере білу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту. Музыкалық-ырғақ сезімін, қарапайым ырғақ топтары мен топардың дәйектілігін қабылдау және жасай білу біліктерін дамыту. Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін қабылдау және беру біліктері.

      60. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) трубада ойнаудың негізгі тәсілдерін, музыкалық сауатты біледі;

      2) парақтан оқудың алғашқы дағдыларын, жеңіл пьесалар мен этюдтерді орындауды біледі;

      3) кіші октаваның барлық регистрін пайдланып, кілттегі бір белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды ойнай алады;

      4) тік қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылықты, тұтас жарты, төрттік ұзақтықтағы гаммалар мен арпеджионы, detache [деташе], legato [легато] штрихтарын, бірінші және кішу октавадағы аппликатураларды ойнай алады;

      5) секунда, терция, кварта интервалы ширегіндегі p [пиано], f [форте], mp [меццо-пианно], mf [меццо-форте] динамикалық ерекшеліктерді ажыратуды және ойнауды біледі;

      6) меңгерілген диапазон шеңберінде этюдтерді, жеңіл пьесаларды трубада ойнауды біледі;

      7) аспапта ойнау кезінде шығарманың жанрлық ерекшеліктерін жеткізуді біледі.

      61. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы кіші октаваның барлық регистрін, кілттегі бір белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды, тік қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылықты, тұтас жарты, төрттік ұзақтықтағы гаммалар мен арпеджионы, detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтарын, бірінші және кіші октавадағы аппликатураларды, p [пиано], f [форте], mp [меццо-пианно], mf [меццо-форте]динамикалық ерекшеліктерді, баяу қарқында орындалатын ұзақ дыбысты жаттығуларды, секунда, терция, кварта интервалы шеңберіндегі detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтарын, 8-10 этюдтер мен жаттығуларды, меңгерілген диапазон шеңберіндегі 6-8 жеңіл пьесаны меңгереді.

      62. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Амбушюрмен, дыбыспен, дауыс ырғағымен, ырғақпен жұмыс істеуді жалғастыру. Штрихтарды зерделеу. Аспаптарды баптаумен танысу. Музыка терминологиясын кеңейту. Парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

      2-тақырып. Орындау аппаратын дұрыс қою. Орындау аппаратын piano [пиано] және mezzo forte [меццо-форте] дыбыстарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұру ойыны кіретін жаттығулар кешені арқылы қалыптастыру. Аспаптарды күту және жай-күйін тексеру бойынша дағдыларды бекіту (бұрандалы тетіктерді, крондарды майлау, аспапты жуу, крон мен жалпы құрылымын баптау). Ойын техникасын дамыту үшін тәсілдерді пысықтау (тыныс алу және музыкалық баса айту).

      3-тақырып. Техникалық даму. Техникалық тәсілдерді одан әрі дамыту және қатаң шабуыл, ойын кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту арқылы орындау аппаратын нығайту. Ерінмен жұмыс (төзімділік, қозғалғыштық), саусақтармен жұмыс істеудің (жылдамдық, нақтылық, орындау аппаратының барлық элементтерімен үндестік) функционалдық дағдыларын пысықтау. Штрихтарды (detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато]) жеке және жұптық комбинацияда (legato [легато] и detache [деташе], legato [легато] и staccato [стаккато]) қолдана отырып, гаммалармен жұмыс істеу. Тыныс алуды дұрыс ауыстыра отырып орындаумен жұмыс істеу (кіріспе тоннан кейін тыныс алу).

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. Білім алушының музыкалық орындауға қатысты қызығушылық қатынасын тәрбиелеу. Нота мәтінін ғана емес, музыкалық шығарманың көңіл-күйін беруге ұмтылу. Ырғақта күшті және әлсіз уақытты бере білу, ойын процесінде талап етілетін дыбыс сипатын жатқа білу дағдылары. Фортепианомен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру.

      63. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдфларға ие болады.

      1) кіші октаваның регистрін қолданып, кілттегі екі белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды, қалыпты қарқындағы тік қозғалыстағы апреджионы орындайды;

      2) тұтас жарты, төрттік ұзақтықтармен, detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато]штрихтарымен гаммаларды және арпеджионы, бірінші және кіші октавадағы аппликатураны орындайды;

      3) p [пиано], f [форте], mp [меццо-пианно], mf [меццо-форте] динамикалық ерекшеліктерді қолданып жаттығуларды орындайды;

      4) тактідегі күшті және әлсіз уақыттарды жеткізуді біледі;

      5) жатқа ойнау кезінде дыбысталудың талап етілетін сипатын көртесете алады;

      6) фортепианомен ансамбльде ойнау дағдыларын біледі.

      64. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы кілттегі үш белгіге дейін мажорлы және минорлы гаммаларды, әртүрлі ұзақтықтармен, detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтарымен гаммалар мен арпеджиоларды, p [пиано], f [форте], mp [меццо-пианно], mf [меццо-форте] динамикалық реңктермен, секунда, терция, кварта штрихтарымен жаттығуларды, интервалдар аралығындағы жаттығуларды, 8-10 этюд пен жаттығуларды, меңгерілген диапазон шеңберіндегі 6-8 жеңіл пьесаны меңгереді.

      65. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындау техникасының элементтерімен, дыбыс шығару және оның сапасын жақсартумен үйлестірілген жұмыс істеуді дамыту. Ойын диапазонын кеңейту. Орындау техникасын кешенді дамыту. Штрихтарды одан әрі игеру. Парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

      2-тақырып. Орындау аппаратын дұрыс қою. Жаттығулар, этюдтер, гаммалар, арпеджио, пьесалар ойыны арқылы staccato штрихын орындау техникасын дамыту. Қатаң шабуылды еркін және батыл қолдану арқылы, сондай-ақ буындарды нақты айтуға, еріннің төзімділінін және тілдің қозғалмалылығын нығайтуға көмектесетін жаттығулар арқылы ерін мен тіл техникасын жетілдіру.

      3-тақырып. Техникалық даму. Оқытудың техникалық міндеттеріне сәйкес келетін толық, біркелкі дыбысты орындауды пысықтау. Білім алушының қабілеттері мен техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін этюдтерді үйрену. Негізгі мелизмның барлық түрлеріне арналған дайындық жаттығуларын орындау. Фортепианоның сүйемелдеуімен этюдтерді және шығармаларды жатқа орындау.

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. "Белгілі бір сипатта" орындаудың дағдылары мен біліктерін бекіту. Шығармамен жұмыс істеу процесінде образдық ойлауды қалыптастыру. Музыкалық-ырғақ сезімін, музыкалық ойлауды одан әрі дамыту. Фортепианомен және өзге аспаптармен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру. Әртүрлі концерттерде өнер көрсетудің ерекшеліктері мен өз-өзін ұстай білу қағидаларына үйрету.

      66. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      1) кілттегі үш белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды орындайды;

      2) әртүрлі ұзақтықтармен, detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато]штрихтарымен гаммалар мен арпеджиоларды, секунда, терция, кварта интервалдары аралығындағы жаттығуларды орындайды;

      3) p [пиано], f [форте], mp [меццо-пианно], mf [меццо-форте] динамикалық ерекшеліктерін пайдаланып жаттығуларды орындайды;

      4) staccato [стаккато] штрихын орындау техникасына ие болазы;

      5) парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      6) негізгі мелизмдердің барлық түрлеріне арналған жаттығуларды орындайды;

      7) ансамбльде фортепианомен, аспаптармен ойнау дағдыларына ие болады.

      67. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар кілттегі төрт белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды, тік қозғалыстағы тоникалық үшдыбыстылықтардың арпеджиосын және олардың қалыпты қарқындағы айналымдарын, техниканың әр түріне арналған 8-10 этюдті, әртүрлі сипаттағы 6-8 пьесаны, ансамбльдік пьесаларды және оркестрлік шығармаларды меңгереді.

      68. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойын уақытында ыңғайсыздану мен қысылудан арылу. Дыбыс шығару және оның сапасын жақсартумен жұмыс істеу. Штрихтарды орындауды жетілдіру. Парақтан оқу және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Музыкалық терминологияны одан әрі зерделеу.

      2-тақырып. Орындау аппаратын дұрыс қою. Негізгі оқу-жаттығу материалын бекіту. Баяу ырғақта ән салу сипатындағы этюдтер мен пьесаларды орындау арқылы дыбыс сапасымен, оның ырғағымен және қарқынымен жүйелі жұмыс істеу. Тыныс алуды дамытуға арналған фактуралардың, жаттығулардың барлық элементтерін пысықтау. Дыбысты бақылай отырып, созылмалы ноталарды, әртүрлі интервалдарды қосумен жаттығулар ойынын орындау.

      3-тақырып. Техникалық даму. Күнделікті гаммада ойнау дағдыларын қалыптастыру. Этюдтер мен музыкалық шығармаларда кездесетін мелизмдермен, олардың белгілерімен, ырғақ құрылымының ерекшеліктерімен, жеткілікті орындау дағдылары болған кезде орындау техникасымен жұмыс істеу. Тынысты бөлумен, біртіндеп ұлғайтумен және елеулі шарықтау шегі бар серпінді төмендетумен жұмыс істеу. Қарқынды сrescendo [крэщендо] кезінде жылдамдатуға және diminuendo [диминуэндо] кезінде бәсеңдетуге жол бермеумен жұмыс істеу. Жаттығуларды pp [пианиссимо] дан ff [фортиссимо] дейінгі динамикалық реңктерді пайдалана отырып орындау.

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. Музыкалық назарды шоғырландыру және бөлу дағдыларын қалыптастыру. Ырғақ сезімін, музыкалық ойлауды одан әрі дамыту. Фортепианомен және өзге аспаптармен ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру. Әртүрлі концерттерде өнер көрсетудің ерекшеліктері мен өз-өзін ұстай білу қағидаларына үйрету.

      69. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) pp [пианиссимо] дан ff [фортиссимо] дейінгі динамикалық ерекшеліктерді пайдаланып жаттығуларды орындайды;

      2) оқытылатын Бағдарлама аясындағы музыкалық терминдерді біледі;

      3) баяу қарқындағы ыңылдайтын сипаттағы этюдтер мен пьесаларды орындау арқылы дыбыс сапасымен, оның интонациясымен және динамикасымен жұмыс істейді;

      4) аспапта ойнау кезінде тынысты бөлуді, шарықтау шыңын көрсете отырып динамиканы көтеруді және төмендетуді біледі;

      5) әртүрлі концерттерде өзін ұстау ережелерін және өнер көрсету ерекшеліктерін біледі.

      70. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар кілттегі бес белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммаларды, тік қозғалыстағы тоникалық үшдыбыстылықтардың арпеджиосын және олардың айналымдарын, әр дыбыстың хроматикалық гаммасын, техниканың әр түріне арналған 8-10 этюдті, әртүрлі сипаттағы 6-8 пьесаны (оның ішінде ансамбльдерді) меңгереді.

      71. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындау техникасын жетілдіру, көркем ойнаудың маңызды шарттарының бірі ретінде музыкалық есту қабілетін, аспаптың дыбысты сапалы шығаруын қалыптастыру және дамыту. Шығармашылық және физикалық төзімділікті пысықтау.

      2-тақырып. Қорытынды бағдарламаларды дайындау. Орындау аппаратын дұрыс қою. Аспаптың дыбыс шығару сапасын жақсартумен жұмыс істеу. Ыңғайсыздану мен орындау аппаратының бұлшық еттерін қысылудан түпкілікті арылту. Шығарылатын дыбыстың ауқымын кеңейту, дыбыстың біркелкі, тұрақты болуымен, дауыс ырғағының таза болуымен жұмыс істеу. Динамикамен жұмыс істеу.

      3-тақырып. Техникалық даму. Анағұрлым күрделі ырғақ формулаларын игеру. Staccato [стаккато], оның ішінде "қосарланғанды" орындау. Негізгі жаттығу материалын пысықтау: дыбыс сапасын, дауыс ырғағының тазалығын, барлық тіркелімдерде дыбыстың біркелкі шығуын және динамикалық алуан түрлілік пен орындаудың компоненттерін жетілдіру мақсатында гаммалар мен арпеджионың барлық түрлерінде ойнау. Ірі нысандармен жұмыс, концерттерді, сонаттарды орындау ерекшеліктері; ойынның концерттық мәнерін игеру; алуан түрлі концерт репертуарын жинақтау, орындау шеберлігін арттыру.

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. Музыкалық шығармаларды түсініп орындауды қалыптастыру. Дауыс ырғағының айқындығы мен сөйлемдердің анықтығымен, орындаудың тұтастығымен жұмыс істеуді жалғастыру. Орындалатын шығармалардың мазмұнын түсінумен және көркем образ жасай білумен жұмыс істеу.

      72. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техниканың дағдыларына ие болады;

      2) staccato [стаккато], "қос" staccato [стаккато] орындайды;

      3) дыбыс сапасын, интонацияның тазалығы, барлық регистрлерде дыбысталудың қалыптылығы мақсатында гамма мен арпеджионың барлық түрлерін орындайды;

      4) трубада концерттерді, сонаталарды орындауды біледі;

      5) ойнаудың концерттік нақышын біледі;

      6) трубада әртүрлі концерттік репертуарды біледі және орындайды.

      73. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар мажорлы және минорлы гаммаларды, кілттегі бес белгіге дейінгі үшдыбыстылық арпеджиосын және олардың айналымдарын, жылдам қарқында әртүрлі штрихтарды орындауды, әртүрлі штрихтық және ритмикалық нұсқалардағы хроматикалық гаммаларды, 8-10 жаттығу мен этюдтерді, 4-6 әртүрлі сипаттағы пьесаларды, әртүрлі сипаттағы 4-6 пьесаны (оның ішінде ансамбльдерді), ірі нысанды 1-2 шығарманы, оркестрлік партияларды меңгереді.

      74. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындау техникасын жетілдіру. Алдыңғы сыныптарда алынған барлық техникалық және шығармашылық дағдылар негізінде музыкалық шығармаларды орындауға қатысты жеке көзқараспен жұмыс істеу. Шығармашылық және физикалық төзімділікті пысықтау.

      2-тақырып. Орындау аппаратын дұрыс қою. Дыбыстың сапасымен, оның біркелкі, тұрақты болуымен, дауыс ырғағының таза болуымен, тембрмен жұмыс істеу. Динамикамен жұмыс істеу. staccato, оның ішінде "қосарланғанды" еркін меңгеру. Штрихтық реңктерді игеру үшін қажет орындаушылық дем алу мен тілдің одан әрі өзара іс-қимылы.

      3-тақырып. Техникалық даму. Гаммалармен, оның ішінде хроматикалық гаммамен (әртүрлі штрихтық, ырғақтық және қарқындық нұсқаларда орындау) жұмыс. Барлық тіркелімдердің (бұлшықет және есту сезімдерін бақылау) біркелкі естілуімен жұмыс. Әртүрлі техникаға арналған этюдтер. Қорытынды емтиханға этюд дайындау.

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. Орындалатын шығармалардың сипатын көрсетуді жетілдірумен жұмыс. Композитордың көркем ойын аша білу және оны тыңдармандарға жеткізе білу.

      75. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртүрлі штрихтық, ритмикалық және темптік нұсқалардағы гаммаларды орындайды;

      2) аспапта ойнау кезінде барлық регистрлердің бірдей дыбысталуына қол жеткізеді;

      3) техниканың түрлеріне арналған этюдтерді орындайды;

      4) трубада ойнау кезінде орындалатын шығарманың сипатын жеткізуді, композитордың түпкі ойын ашуды және оны тыңдармаға дейін жеткізуді біледі.

      76. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар мажорлы және минорлы гаммаларды, кілттегі алты белгіге дейінгі үшдыбыстылық арпеджиосын және олардың айналымдарын, жылдам қарқында әртүрлі штрихтарды орындауды, әртүрлі штрихтық және ритмикалық нұсқалардағы хроматикалық гаммаларды, 8-10 жаттығу мен этюдтерді, әртүрлі сипаттағы 4-6 пьесаны (оның ішінде ансамбльдерді), ірі нысанды 1-2 шығарманы, оркестрлік партияларды меңгереді.

      77. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық шығарманың көркем талаптарына сәйкес келетін техниканы жетілдіру; көрнекіліктің агогикалық тәсілдерін игеру, шығармашылық және физикалық төзімділікті, 3-4 шығарманы үздіксіз орындау қабілетін пысықтау. Білім алушының шығармашылық перспективасын айқындау. Анағұрлым дарындыларды арнайы орта оқу орындарына түсуге даярлау. Қабылдау емтихандарының талаптарына сәйкес келетін бағдарламалармен жұмыс. Стилі мен жанры бойынша әртүрлі шығармаларды зерделеу. Концерттерге, конкурстарға, фестивальдарға белсенді қатысу. Музыкалық терминологияларды білу.

      2-тақырып. Орындау аппаратын дұрыс қою. Дыбыстың сапасымен, оның барлық тіркелімдерде біркелкі, тұрақты болуымен, дауыс ырғағының таза болуымен, тембрмен, филировкамен, вибратомен жұмыс. Бет және ерін бұлшықеттерін қалыптастыруды аяқтау. Ойнау кезінде туындайтын ыңғайсыздану мен бұлшықеттің қысылуынан түпкілікті арылу. Төзімділік пен бірнеше шығарманы қатарынан орындау қабілетімен жұмыс.

      3-тақырып. Техникалық даму. Орындау техникасының барлық элементтерін жетілдіру, төзімділік пен сахналық шыдамдылықты пысықтау. Гаммалармен, оның ішінде хроматикалық гаммамен (әртүрлі штрихтық, ырғақтық және қарқындық нұсқаларда орындау) жұмыс. Зерделенген этюдтерді қайталау. Әртүрлі техникаға арналған этюдтер. Қорытынды емтиханға этюд дайындау.

      4-тақырып. Музыкалық-көркем тапсырмалар. Әртүрлі сипаттағы, нақыштағы және жанрдағы (оның ішінде ірі нысанды шығармалармен) пьесалармен жұмыс. Көркем мақсат туралы саналы қатынасты және анық түсінікті дамыту, оған игерілген техникалық тәсілдер, орындалатын шығармалардың мазмұнын түсіну негіз болып табылады. Орындалатын шығармаларға қатысты жеке көзқарасты, өзіндік орындау тұжырымдамасын әзірлеу.

      78. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мыстан жасалған үрлемелі аспаптармен жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді біледі;

      2) музыкалық терминдерді біледі;

      3) музыкалық шығармалардың түрлі интерпретацияларын біледі;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларды қамтитын трубада ойнауға арналған репертуарды біледі;

      5) жеткілікті көркемдік деңгейде музыкалық шығарманы сауатты орындауды біледі;

      6) күрделі емес шығармаларды жаттау кезінде техникалық қиындықтарды өз бетімен жеңуді біледі;

      7) орындаушылық практикада теориялық білімдерін қолдануды біледі;

      8) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады;

      9) музыкалық формалар туралы түсінігі бар.

      10) есту арқылы теру және күрделі емес музыкалық шығармаларды парақтан оқу дағдыларына ие болады;

      11) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану дағдыларын біледі;

      12) естуді бақылау және орындау процесін басқару дағдыларына ие болады;

      13) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау білігіне ие болады;

      14) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке өнер көрсету дағдыларына ие болады;

      15) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      79. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау –бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      80. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қалыпты қарқындағы бір октавадағы C-dur [до мажор], a-moll [ля минор] гаммасы, 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі екі белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммалар, 1 этюд), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі үш белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммалар, 1 этюд), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі төрт белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммалар, 1 этюд), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі төрт белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммалар, тура және айналымдағы арпеджиолар, 1 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма және пьеса немесе 3 түрлі сипаттағы пьеса, оның бірі кантилена, Қазақстан композиторының шығармасы);

      6) 6 сынып – бірінші және үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (кілттегі бес белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммалар, тура және айналымдағы арпеджиолар, 1 этюд), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      7) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 ірі нысанды шығарма), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма және пьеса немесе 3 түрлі сипаттағы пьеса (оның бірі - кантилена). Қазақстан композиторының шығармасын орындау міндетті болып табылады.

      81. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      87. Бағалау өлшемшарттары:

      1) 5 "өте жақсы" - аталған оқу кезеңінің барлық талаптарына жауап беретін техникалық жағынан сапалы және көркем орындауы; дыбыс шығаруды өз бетінше бақылауы; нысанды жеткізуі, көркемдік мазмұнын білуі; батыл, ашық, эмоциялық тұрғыдан және еркін қозғалыспен орындауы;

      2) 4 "жақсы" - техникалық және көркемдік тұрғыдан да біраз кемшіліктермен бар сауатты, тұрақты орындауы; бағдарлама шығармаларындағы музыкалық, техникалық және ырғақтық тапсырмаларды орындауы, бірақ аз ғана кемшіліктерінің болуы; динамикасының жарқындығы жеткіліксіздігі, дауыстардың арақатынасының сараланбауы;

      3) 3 "қанағаттанарлық" - орындауда кемшіліктер санының көп болуы: мәтінді толық жаттамауы, техникалық дайындығының әлсіздігі ойнау көркемдігінің төмендігі, ойын аппаратының еркіндігінің болмауы; орындауы сенімсіз, ырғағы тұрақсыз, дауыс ырғағы ашық емес, қозғалыс үйлесімі жеткіліксіздігі, динамикалық реңктерінің болмауы; мәтіндік қателіктерінің болуы;

      4) 2 "қанағаттанарлық емес" - үй жұмыстарының жоқтығы салдарынан болған кемшіліктер кешені, сондай-ақ сабақтан көп қалуы; мәтінді басынан аяғына дейін орындай алмауы; ноталық мәтінді оқу және орындаудың негізгі талаптарын орындай алмау; орындаудың қозғалыс тәсілдерін игермеу;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңіндегі тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 17-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Эстрадалық вокал" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Эстрадалық вокал" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Эстрадалық вокал" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың жүйелі ретпен орналасқан қатарын орындау тәсілі;

      2) әншілік дауыс – ерекше еркін тыныспен, ауызбен жылдам, шусыз тыныс алу және тынысты жайлап шығарумен, сондай-ақ ауанының үлкен көлемін алумен сипатталатын ән айту кезіндегі дауыс;

      3) вибрато – ән айту дауысының табиғи ерекшелігі; қосымша көркемдік әсерді жасау мақсатында нақты дыбыстардың жоғарылығы немесе жай тербелмелі күші бойынша өзгеруі;

      4) вокалдық өнердегі тірек дыбыс – тембрлік бояуға бай, жақсы шығатын және дөңгелектелген жиынтық дыбыс;

      5) диапазон – әуеннің, дыбыстар қатарының, музыкалық аспаптың, ән айту дауысының дыбыстық көлемі;

      6) дыбыс диапазоны – адамның есту аппараты арқылы қабылдау диапазон жиілігі;

      7) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезіндегі немесе вокалдық партияларды орындау кезіндегі дыбыстарды шығаруға арналған дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; әртүрлі дыбыс шығару тәсілдерінің, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың кейбір нюансировкалық сипаттамалары;

      8) дыбысты шығару – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде музыканы шығару, дыбыстарды туғызу;

      9) примарлы үн – көмейдің әлсіреген кезінде пайда болатын дыбыс;

      10) тесситура – дыбыстардың музыкалық шығармадағы дауыстың (вокалдың) немесе музыкалық аспаптың диапазонына биіктік қатынасы.

      2. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының тұлғасын кешенді дамыту, әншілік қызмет дағдыларын қалыптастыру, арнайы вокалдық дағдыларды жетілдіру, әншілік дауыстың негізгі қасиетттерімен дыбыстық аппараттың қызметін үйлестіру және есту дағдыларын дамыту.

      3. Бағдарламаның міндеттері

      Оқыту:

      1)тұтас тарихи дамушы көрініс ретінде әншілік өнер туралы түсінікті

      қалыптастыру;

      2) жалпы және музыкалық мәдениетін кеңейту, қазақстандық және әлемдік эстрадалық және көпшіліктік музыканың ең үздік үлгілеріне танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, сан алуан нақыш, жанр, орындаушылық мектептерінің туындыларын игеру үдерісінде ассоциациялық ойлауларын дамыту, білім алушылардың көркемөнер-эстетикалық талғамын жетілдіру.

      Дамыту:

      1) сан алуан эстрадалық, бұқаралық музыкаға тән вокалдық техниканы, арнайы тәсілдерді меңгеруді қамтамасыз ететін білім, дағды, шеберліктерін қалыптастыру, музыкалық мүмкіндіктерін дамыту;

      2) шығармалардың көркемдік түпкі ойларын ашу мен жүзеге асыру үшін музыкалық-көркемдік құралдар мен вокалдық-техникалық, орындаушылық шеберліктерінің бірлігіне қол жеткізу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру;

      3) вокалдық репертуармен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, өз ойын білдіру және өзін-өзі дамытуды жалғастыру сұранысын дамыту;

      4) орындаушы ретіндегі болашақ әншілік қызметіне арналған вокалдық-педагогикалық репертуарын байыту;

      5) сахналық мәдениетке тәрбиелеу.

      Тәрбиелік:

      1) алдына қойған мақсатқа жету үшін еңбекқорлық, мақсаттылық және қажырлылық, табандылыққа тәрбиелеу;

      2) өзін-өзі ұйымдастыра алу және өзін бақылай алу дағдыларын, зейін қою, есту қабілетін, ойлау қабілетін, жадын жинақтау дағдыларын тәрбиелеу;

      3) адамгершілік өмір нормалары мен мінез-құлықтарын игеру;

      4) әртүрлі ұлттық дәстүрлер, нақыштар, дәуірлердің музыкалық өнерлері арқылы мәдени төзімділікке тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған білім алушылар үшін, ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалардың өтініші бойынша оқыту мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралыд. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың ән айту бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін меңгеруіне жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарламаның ерекшелігі вокалдық білім негіздерін, вокалдық ән айту техникасын меңгергісі келетін, класскалық, қазақ, орыс әндерін, әлем халықтарының әндерін орындауды үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      13. Бағдарлама әншілік қызметті қалыптастыруға, арнайы вокалдық дағдыларды жетілдіруге, әншілік дауыстың негізгі қасиеттерімен бірге дауыс аппаратының қызметін үйлестіруге және есту қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама білім алушыны шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершіліке дамытуға бағытталған және жеке орындаушылық практика тәжірибесін, музыкалық өнерді үйренуі мен меңгерудегі дербестік дағдысын алуына жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындықтары және жалпы даму деңгейі әртүрлі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес вокалдық ән айтуға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты ән айтудың орындаушылық дағдыларын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      22. "Эстрадалық вокал" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарманы орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      28. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аныталған сыныпта оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) осы сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеен құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      35. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      37. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      41. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      43. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      44. Педагог техникалық дағдыларды дамытуға арналған гаммаларды және жаттығуларды, ірі нысанды шығармаларды, полифонияны, пьесаларды, этюдтерді, ансамбльдерді, аккомпонементтерді енгізе отырып репертуарлық тізбені жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, қазақ, орыс, шетел музыканың шығармалар қатарымен, түрлі пьесалардың қатарымен таныстыру іске асырылады.

      50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) вокализдермен, гаммалармен жұмыс;

      2) артикуляциялық, тыныс алу жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) халық әндерін орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу және тасымалдау дағдылары.

      51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) вокалдық қабілеттерінің деңгейі;

      2) өз бетінше жұмыс істеуі;

      3) шығарманы талдаудағы сауаттылығы, шығармаларды жылдам жаттауы;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (тырысушылығы, қажырлығы);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, дауысты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      54. Өз бетінше жүргізілетін жұмыс ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      55. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізілуі мүмкін және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      56. "Эстрадалық вокал" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      57. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәнінің мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды:

      1) дауысты қою – білім алушыларға дұрыс үн шығаруға мүмкіндік беретін дауыс аппаратының рефлекторлық қозғалысына дағдыландыруға әкелудің ән айтуға оқытудағы жеке үдерісі, дұрыс қойылған дауыс ұғымы оның барлық диапазондағы түзулігін, жатықтығына (регистрлердің тегістігі), үнділік, дауысты дыбыстардың бүркемеленгендігі, тембрдің әсемдігі,икемділігіне саяды, жақсы қойылған дауыс үндегі әншілік форманттың болуымен сипатталады;

      2) әншілік ұстаным (певческая установка) – әншінің фонация (дыбыс шығару) алдында қоятын қалыбы, білім алушының санасында және жүйке-бұлшық ет түйсінуінде тұла бойын, ауыз-тамақ қуысын және барлық дауыс аппаратын табиғи, жайлы және нәтижелі бастапқы қалпына қоя білуін бекіту. Тұрып тұрғандағы әншілік ұстаным: денесін тік жинақы күйде ұстауы, екі аяғына тең тұруы. Қолдары екі жағына еркін орналасқан немесе көкірек тұсына немесе арқасына қарай қолдың білезік бөлігі айқастырыла орналастырылған, кеудесі жазық, иықтары болмашы артқа жіберілген, басын тік, күш түсірілмей тұру. Отыру қалпында да дене мен бастың орналасу қалпы сақталынады, аяқтары тік бұрышта орналасқан. Білім алушыға қажет кезде әншілік қалыпты ұстай білуге үйрету маңызды, өйткені ол дұрыс әншілік дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

      3) әншілік дауыстың негізгі қасиеттері. Дыбыстық диапазон. Тесситура. Примарлық тондар. Жоғары және төмен әншілік форманттар. Дауыс (үдемелілік) күші. Дауыс тембрі (дауыс сыңғырлығы, жарқындығы, көлемі, тығыздығы және жалпы бояуы). Дауыс шарықтауы. Дыбыс тұғырының жоғарылығы. Әншілік вибрато.

      4) негізгі вокалдық дағдылар – дыбыс құрау, әншілік тыныс алу, есту қабілеті дағдылары, артикуляция, эмоциялық көнекілік дағдылары.

      2-тарау. Дауыс аппаратының құрылысы, дауыс құрушы үдеріс.

      1) дауыс аппараты – дауыс пен әндік сөз құруға қатысушы органдар жүйесі.

      Тыныс алу органдары – тыныс алу үдерісін жүзеге асырушы өкпе, тыныс алу жолдары. Тыныс алу жүйесінің қызметтері – газ алмасудың жүзеге асуы.

      Тыныс алу жүйесі органдары: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, өкпе, диафрагма.

      Дыбысты қалыптастыру органдары – резонаторлар, артикуляциялық аппарат.

      Резонаторлар– тыныс алу жолдарының үстіңгі және төменгі жақтарын қоршап тұрған дауыс қатпарларының ауа қуыстары: жоғары бас және төменгі кеуде резонаторлары. Кеуде резонаторлары: кеңірдек, бронхтар.

      2) бас резонаторлары:жұтқыншақ, ауыз қуысы, мұрын қуысы, мұрынның қосалқы қуыстары.

      Артикуляциялық аппарат– сөз және дауыс дыбыстарын қалыптастыратын органдар жүйесі. Сөз сөйлеу белсенді органдары: дауыс қатпарлары, тіл, ерін, жұмсақ таңдай, көмей, төменгі жақ сүйек. Сөз сөйлеудің белсенді емес органдары: тіс, қатты таңдай, үстіңгі жақ сүйек.

      Дыбыс жасаушы органдар: – кеңірдек, дауыс қуыстары.

      3) дауыс жасаушы үдеріс – бас миымен жүйке байланыстарының кең жүйесі арқылы жүзеге асырылатын көмейдің барлық бөліктерімен күрделі және нәзік өзара іс-әрекеттесу нәтижесі. Дауыс қатпарларына күш түсіру және оларды бір-біріне әкелуде, қабырға аралық бұлшық еттер мен диафрагма қимылдарымен күшейтілетін кеңірдек пен бронхта ауа қысымымен күшейтілетін, оны дауыс қатпарларының тесіктері арқылы тербелістер пайда болатын ауық-ауық жарып өтетін ауа ортасының тербелісін қамтамасыз ететін дауыс дыбыстарын қабылдаудың физиологиялық актісі.

      3-тарау. Вокалдық дағдылар. Тыныс алумен жұмыс (әншілік тыныс алу, тыныс алу жаттығулары туралы түсінік).

      1) Вокалдық дағдылар – әншілік акт компоненті болып табылатын іс-әрекеттерді орындаудың ішінере автоматтандырылған тәсілі.

      2) Бастапқы кезең – реттелетін вокалдық-музыкалық бейнені құру, вокалдық іс-әрекеттерді орындау және оларды іске асыруға талпыныс тәсілдерін түсіну. Келесі кезең – берілген акустикалық талаптарға сәйкес шартты рефлекторлық байланыстарды құру. Жаттығу әрекеттеріне қарай бұл байланыстар бекемделеді, артық қозғалыстар мен қателіктер жойылады, кейбір іс-әрекеттерді орындау нақты, дәл бола бастайды, олардың сапасы арттырылады. Олар автоматтандырылады және бірыңғай әншілік актіге құйылады.

      3) Одан әрі дауысқұраушы үдеріс иілгіштік бейімделуі (қалыптасқан серпінділік стереотиптер) дыбысты шығару жағдайын өзгертуге (мысалы, жоғарғы және төменгі бөліктер диапазонындағы дыбыс шығаруды және дауыс құраушы тәсілдерді меңгеру, орындалатын шығарманың және тағы басқа эмоциялық-мәнді мазмұнына байланысты дыбысталудың өзгерісі) әкеледі.

      4) Ән айту негізі ретінде әншілік тыныс алу және оның дамуы әншілік дауыспен жұмыс үдерісінде жүреді, және біртіндеп және жүйелі түрде тәрбиеленеді. Әншілік тыныс алу бір қалыпты, еркін, дауысты құруға қатынасатын барлық жүйелердің табиғи түзетілуіне мүмкіндік береді. Тыныс алу типтері. Костальдық (бұғаналық, жоғарғы кеуделік, көкіректік). Косто-абдоминалдық (аралас, бауыреттік) тыныс алу. Абдоминалдық (құрсақтық, диафрагмалық) тыныс алу. Төменгі қабырғалық-диафрагматикалықтыныс алу. Фонациялық тыныс алу элементтері (музыкалық фразаны әндету кезіндегі тыныс алу, демді іште ұстау және демді ұстап тұруды сақтау жағдайы). Демді ішке алу мен демді шығаруды бақылау, ырғақ және тыныс алуды ұйымдастыру. Жартылай есінеу.

      5) Әншілік тыныс алу - "диафрагманы сүйемелдеу" дыбыстық негізі. Әншілік тірек–күрделі кешендік сезім, тыныс алуды дұрыс ұйымдастыруға, дыбысты құруға және дауысты резонаторлауға байланысты. Әншілік тіректің негізгі өлшемдері – дыбыс шығарудың сапасы. Тіреулі дыбыс. Тіреусіз дыбыс. Тыныс алу жаттығулары. Дыбыссыз жаттығулар. Тыныс алуды, диафрагма, құрсақ тығыршығын сүйемелдеуді дамыту үшін демді ішке тарту және шығару тренажы. Дыбыстық жаттығулар.

      4-тарау. Сөз сөйлеу және ән айтудағы артикуляция қағидаттары (артикуляциялық аппаратты дамыту үшін сөздік және вокалдық жаттығулар).

      1) Сөз сөйлеудегі артикуляциялық аппарат. Ауыз-жұтқыншақтық канал органдары: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, төменгі жақ сүйек бөліктері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Тыныс алу бұлшық еттері мен тамақ бұлшық еттерімен артикуляциялық аппаратты түзету.

      2) Ән айтуда артикуляциялық аппарат жалғамалы түтікшенің ұзындығы мен барынша кең ашылған ауызды өзгерту жағдайында жұмыс жасайды. Резонаторлық қуыстың бұлшық еттерінің жиырылуын көбейту, ауыз-мұрын қуыстары каналының қуыстарын кеңейту, тіл, ерін және жұмсақ таңдайдың сөз сөйлеу құрылысын өзгерту; ауызды ашу дәрежесін арттыру. Артикуляциялық аппаратты жаңа жағдайға және орындарға бейімдеуде қажетті нақты дауысты дыбыс форманттарды құру үшін ұйымдастырылады. Дауыстыларды дөңгелектеу. Ән айтудағы дауысты, дауыссыз дыбыстар. Вокалдық орфоэпия заңдары. Артикуляциялық аппараттарды дамыту үшін сөз сөйлеу және вокалдық жаттығулар.

      5-тарау. Дыбыспен жұмыс (дауысты дыбыстарды әндету, дауыссыздарды айту, дыбысты жүргізу сипаты, дыбыс шабуылдары, дыбыстың жоғары тұғыры).

      1) Ән айтуда дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру. Дауыстың негізгі вокалдық қасиеттеріне дағдыландыру. Дауысты дыбыстың жоғарғы және төменгі форманттары. Ән айтуда дауысты дыбыстарды қалыптастыру бірлігі. Екпінді және редуцияланған дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды тегістеуге арналаған жаттығулар. Дауыссыз дыбыстар (еріндік, тілдік, таңдайлық, қатаң, ұяң, үнді, үнсіз). Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстармен үйлесімдікте қалыптастыру. Шығарманың көркемдік бейнесі, дыбысты жүргізуде дауыссыз дыбыстарды айту сипаты. Ән айтудағы эмоциялық көрнекіліктің вокалдық-фонетикалық құралдары.

      2) Дыбысты жүргізу сипаты. Легато (legato [легато]) – дауысты дыбыстарға тыныс алусыз, түрткісіз созылыңқы, үздіксіз, бір-бірімен байланыста дауыссыз дыбыстарға ауысқан, бір буыннан екінші буынға аяқталатын ән айту, сондай-ақ, дауыссыз үнді дыбыстарда (л, м, н, р) ән салу. Легатодағы дауыссыз дыбыстар–бір-бірімен тығыз байланысқан, айтылу жылдам, тұтас дыбыстың бірлігі бұзылмастан айтылады.

      3) Нон легато (non legato [нон легато]) – бір-бірімен байланыспайтын дыбыстарды бөлуді көздейтін дыбыс жүргізу әдісі, әуеннің кейбір бөліктеріндегі дыбыстарды баса айтылатын, бірақ оның үздіксіздігін сақтау көзделетін әдіс. Дыбыстарды бөлу жаңа дыбыс алдында тыныс алумен (қайта қалпына келтірусіз) қысқа мерзімдік кешігуде жүреді. Дыбыстарды атап айту әдейі істелетін екпінге өтусіз және тіпті – цезура немесе үзіліскеөтпейді. Сонымен қатар көңіл бөлуді азайту әрбір пайда болған дыбыстың немесе аккордтың анық қырларын шайып жіберуге алып келмеуі керек, осылайша, әуенді көрнекі емес тәсілге, орташа легато және нон легатоға әкелмейді.

      4) Стаккато (staccato [стаккато]) – үздік-создықсыз, ұзындықтары қысқа, қысқа түрткілермен, бір дыбысты екінші дыбыстан бөлектеуге апармайтын, орындауды көздейтін дыбыс жүргізу әдісі.

      5) Дыбыстың шабуылы – ән айтудың басында дауыс желбезегін жұмысқа қосу дәрежесі мен сипаты. Білім алушының шабуылдардың барлық түрлерін меңгергені және оларды мәнерлі міндеттерге қарай қолданғаны абзал. Жұмсақ шабуыл– дауыс желбезегі аса тығыз емес жақындап барып, жабылады, дыбыстың ең басталар алдында, оның алдында емес. Жұмсақ шабуыл ән айтудың сипатын: кеңдігін, дөңгелектігін, жұмсақтығын, мәрттігін және эмоциялық мәнерлілілігін білдірген кезде қолданылады. Қатаң шабуыл– дауыстық қуыс дыбыс басталар алдында тығыз жабылады, содан кейін шығарылатын ауаның кернеуімен күшпен атып шығады. Қатты шабуыл ән айтудың сипатын: наразылықты, ашынуды, ынтығу, қорқу және қайғыру сезімін білдірген кезде қолданылады. Тыныс алу алдындағы шабуыл– желбезектер толық емес жабылған кезде, ауа елеулі мөлшерде шығарылғанда. Тыныс алу алдындағы шабуыл ән айту сипатын: абайлауды, әлсіздікті, қорқақтықты, шаршағандықты білдірген кезде.

      6) Дыбыс тұғыры – жоғары дыбысты қабылдауға тембрдің әсерін көрсету. Дыбыстың жоғарғы және төменгі тұғырлары. Тембрде жоғары жиілікті обертондардың жеткілікті санының болуы дыбысты барынша айқын, сыңғырлаған, жарқын, ұшқыр, атап айтқанда тұғыры бойынша жоғары болуын қамтамасыз етеді. Жоғары жиілікті обертондардың жеткіліксіздігі ол сол абсолютті биік болса да қатаң, төмен, жатық ретінде қабылданады. Тұғырлық таза болмауды жоюға болады, ол үшін дауысқұраушы техниканың дәлдігі мен дұрыстығына назар аудару қажет.

      7) Жоғары әншілік тұғыр: "әншілік бетперде", "жартылай есінеу", "дыбыстық тірек" ұғымдарымен байланысты. Жоғары тұғырды сақтау – құрсақ тығыршығын белсенді жұмылдыра отырып, терең, күш түсірілмеген тыныс алуда, онда ауыз және жұтқыншақты жақсы аша отырып, төменгі жақ сүйекті босатып, бүркемеленген дыбысты және жұмсақ, дәл дауыс шабуылын пайдалана ән айту. Осындай тұғырды тауып алу үдерісінде жоғары көтерілген жұмсақ таңдай шешуші рөл атқарады.Мұнда иекашылады, жұмсақ таңдай жұтқыншақты аңқадан (носоглотка) толық бөлектеп, көмей түсіріліп, тіл босатылады, жұтқыншақ жандандырылады.

      8) Вокалдық есінеудұрыс дыбыс құрау үшін қажетті әдіснамалық әдіс болып табылады, ол демді ішке тартқанда дайындалып, дыбысты құраудың бастапқы сатысы және дыбысты дұрыс берудің шартын қалыптастырады. Жоғары дыбыстық тұғырда ән айту әншілік бетпердені пайдалануды қарастырады, атап айтқанда басты резонаторларды, яғни, дыбыстың жоғарғы тірегін, ал тыныс алу, оның төменгі тірегі болып табылады, толық белсендендіруді көздейді. "Бетпердеге" дауысты бағыттау дұрыс дыбыс шабуылына мүмкіндік береді, яғни, дыбыс шығару кезінде тыныс алуды ұйымдастыру. Тыныс жоғарғы тіс тамырларына қарай тар ағынмен жіберіледі. Жоғарғы тіс тамырларынан дыбыс тіреуіш нүктесі алыстаған сайын дыбыс сонша жарқын шығатын болады.

      6-тарау. Әншілік дауыстар жіктеуіші және әншілік дауыс регистрі (бас және кеуде регистрлерін дамытуға арналған жаттығулар есебінен әншілік диапазонды кеңейту)

      1) Әншілік дауыстар жіктеуіші. Диапазон – дауыстың дыбыстық көлемі.Әншілік дауыс регистрі – дыбыстық көлемнің (жоғарғы, орта, төменгі) бірлескен тәсілімен алынатын айқындалған бөліктегі дыбыс тембрі бойынша бірдей фонациялық қатар. Балалар дауысының регистрі. Әншілік дауыстың негізгі регистрлері – төс-кеуде регистрі (Chest voice [Чест войс]), фальцет (Falsetto [Фальцетто]), бас регистрі (head [хэд]), микст (Mixed voice[Миксед войс]), ысқырмалы регистр (Whistle register [Уайстл регистр]), Stroh bass (штро бас). Регистрлік табалдырықтарды тегістеу және дауыс регистрін жұмсарту. Өтпелі ноталар. Балалар дауысы. Сопрано: ми–фа-диез (екінші октавалар), альт: ля–си (бас регистрге өтудегі бірінші октавалар); ре–ми (кеуде регистріне өтудегі бірінші октавалар). Бас және төс-кеуделік регистрлерін дамытуға арналған жаттығулар есебінен әншілік диапазонды кеңейту. Дауыс диапазоны орталығын нығайту арқылы төменгі және жоғарғы дыбыстарды дамыту.

      7-тарау. Есту қабілеті мен дауыс арасындағы түзетулер (интонация тазалығы, дұрыс әншілік тұғырды дағдыландыру үшін жаттығулар)

      1) Есту қабілеті дағдылары. Есту зейіні және өзін-өзі бақылау. Әншілік дыбыстың сапалы жақтарын саралау. Әншілік дыбыс пен оны құру тәсілдері туралы вокалдық-есту түсініктері. Қабылдау және елестету арасындағы есту-қозғалыс байланыстары (есту қабілеті мен дауыс арасындағы түзету). Қабылдаушы және дыбыс бейнелі дыбыс шығарудың сапасына есту қабілеті мен өз бетінше бақылауды жүйелі тәрбиелеу негізінде қалыптастыру. Дыбыстың кейбір элементтерін, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерін санасына сіңіру, түйсіну.

      2) Интонация жиілігінің музыкалық есту қабілеті және есту көріністерінің көлемінің даму дәрежесіне тәуелділігі. Музыкалық есту қабілеттерін дамыту үшін (ладтық, үйлесімділік, ішкі) вокалдық-интонациялық жаттығулар (гамма, интервал, аккорд, секвенциялар, әуендік айналымдарды әндету).

      3) Әншілік дұрыс тұғырды дағдыландыру - ән айту кезінде дененің барлық бұлшық еттер жұмысының жиынтығы, дауыс аппаратының барлық жиынтығының, диафрагма, құрсақ қуысынан бастап және төмен орналасқан кеңірдек пен тілдің босатылған сіңірлерімен аяқталған барлық жиынтығы.

      8-тарау. Дауыс ақаулары және оларды жою (тамақ және мұрын қосымша дауыс құбылысы (призвуки), дыбысты күшейте шығару, ақауларды жоюға арналған жаттығулар)

      Дауыс ақаулары. Тамақтан шығатын қосымша дыбыс құбылысы. Дауыстың көмескі шығуы. Әр түрлі дауысты қысу түрлері. Мұрыннан шығатын қосымша дыбыс құбылысы. Таза емес дыбыс. "Ақшыл" дыбыс. Дикция ақаулары. Форсирлеу. Сип, вибратоның бұзылуы (тремоляция, "күшті тербеліс", "тік дауыс"), жалған интонация, дыбыстың төменгі тұғыры.

      9-тарау. Вокалдық репертуардың көркемдік-орындаушылық қырларымен жұмыс.

      1) Көркем шығарманың мазмұны мен нысанасын қабылдау және түйсіну. Идеялық-көркемдік ойдың жеке дара орындаушылық тұжырымдамасын жасау. Шығармашылық міндеттерді барынша оңтайлы шешуді іздеу. Орындау түрі мен мазмұнын құрастыру, өзінің көркемдік жағынан дұрыс бағыт алу мен орындаушының жасаған түсіндіруінің (трактовка) құндылығына сенімділік сезімін тудыру.

      2) Әншінің эстрадалық бейнесі – қайталанбас және шектелген бейнені (имидж) іздеу. Эстрадалық әннің көрнекілік құралдары - эстрадалық вокалист-әртістің вокалы, сөзі, актерлық шеберлігі, пластикасы, костюмі, жарық беру, мизансцена. Қосымша көрнекі құралдарды қолдану шегі орындаушының даралылығына, әннің мазмұндық, бейнелік, эмоциялық және стилдік өзіне ұқсамауына тәуелді.

      3) Орындаушының даралығы, әннің музыкалық-мәтіндік негізінің сипаты, жанрлық алуан түрі (лирикалық, азаматтық-патриоттық, әзілдік, ойын түріндегі, баллада; классика, ретро, джаз, рок және тағы басқа). Эстрадалық вокалдық репертуар театрландыруға шектеулі бейімделгіш және белсенді театрландыруға қарсылыққа ие. кішігірім сахналық ән - кішігірім спектакль - жаңалықтық қатар құрылады, кейіпкерлердің мінез-құлқы табылады, дау-дамай табиғаты айқындалады, берілген жағдайда іс-әрекеттер қатары құрылады. Кейіпкер тұлғасынан туындаған ән - өз атынан айтылатын әннің кейіпкерінің мінез-құлқын құру, қайта жаңғыруы. Эстрадалық әнді театрландыру - сюжеттік театрландыру, шығарманың мәні мен бейнесі ән мен актерлық көрнекілік арқылы ашылады. Эстрадалық әншінің актерлық психотехникасы ішкі аңғарымы, қиял-елесі, материалдың эмоциялық-мәнді құрылысына ену жетекші орын алады; эстрадалық әншінің өмір сүруі - толық сол бейнеге айналуы емес, ән кейіпкерінің (кейіпкерлерінің) сезімі мен ойы туралы әңгіме; әнге тірідей сүйемелдеу әншінің концертмейстер немесе оркестрмен қарым-қатынасы мағынасындағы ауқымды театрландырылуына мүмкіндік беруі.

      10-тарау. Жаттығулар мен вокализдермен жұмыс.

      1) Дауысты дамыту және қалыптастырудың бастапқы сатысындағы жаттығулардың рөлі. Вокалдық-техникалық дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіру: әншілік диапазонды кеңейту, дыбысты жүргізудің алуан түрі, дауысты дыбыстардың үнін тегістеу, көшпелі ноталар, вокалдық есінеу. Әншілік дауысты дұрыс дауыс жағдайына келтіру, орын алған кемшіліктерді жою. Әншілік тұғырды қалыптастыру. Дыбыстың тегістіне, дауыстың қозғалыстылығына қол жеткізу үшін тыныс алумен, резонаторларды меңгеру. Legato [легато] үшін дұрыс әншілік тонды жасау, ән айту дағдыларын еркін, күш түсірусіз айту дағдыларын құру. Әншілік дұрыс тұғыр: әншілік дыбыстық мақсатқа жету; әншілік жоғары тұғыр; әншілік тыныс алу (аралас) және дыбыс тірегі; ән айтудағы дыбыс шабуыл түрлері; әншілік артикуляция және дикция.

      2) Жаттығуларды мына қағидаттар бойынша: қарапйымнан күрделіге, "жабылған ауыздан" "ашылғанға" жету арқылы ән айту, жеңіл дыбыстармен ән айтудан серпінді және қоюлатылған тембрлыққа, диапазон ортасынан шеткі диапазонға қарай қолдану. Кіші диапазонға арналған жұмыс. Білім алушының өскелең мүмкіндіктеріне сәйкес жаттығуларды біртіндеп күрделіндіру және ұзарту. Барынша күрделі жаттығуларға өту алдыңғы кезеңдерді тұрақты игеруден кейін ғана жүзеге асырылады, жақсы бекітілудің болуы маңызды. Жаттығу типтері: сақталған дыбыс арқылы; гамма құраушы; арпеджио; түрлі секіріске арналған жаттығулар; вокализдер; шығармалардан үзінділер. Жаттығуларды көрнекі орындау міндеттерін вокалдық-техникалық міндеттермен қатар жүргізу. Жаттығуларды білім алушылардың даму деңгейіне, дауыс типтеріне қарай техникалық тапсырмаларға сай іріктеу.

      3) Вокализ - дауысқа арналған сөзі жоқ пьеса. Аралық музыкалық материал жаттығулардан көркем шығармаларға дейін. Жаттығулардан өзгешелігі - күрделіндірілмеген поэтикалық мәтіні жоқ нағыз көркем шығарма болып табылатындығы. Вокалдық-техникалық дағдыларын қалыптастыру - вокализдер материалындағы дыбыс шығарушылық, дауыстық жетекшілік, дауыс тегістігі, жүгірте айту техникасы, кантилен және тағы басқалары Вокалдың анық бір түрін дамытуға есептелген және дауыстардың анық бір типтеріне қарай іріктелген жинақтар түріндегі вокализдер. Ф. Абт, Дж. Конкон, Г. Зейдлер, Б. Лютген, Г. Панофки, Д. Россини, М. Маркезидің вокализдері. Ноталар атауымен (сольфеджиолау), дауысты дыбыстарды, түрлі буындарды қолданумен вокализдерді жаттау. Вокализдерді әндетуді түйсіну, эмоциялық сезімдерді білдіру. Вокализдердің музыкалық мәтіндерін талдау - нысан, баса айту, кульминация, қарқын, ырғақ, серпінді реңктер, орындау сипаты.

      11-тарау. Халық әндерімен жұмыс.

      Халық музыкасы жанрымен танысу. Халық әндерінің кең әндетілуінен шығатын музыкалық әншілік дауысты дамыту. Басқа да халықтардың әндерімен танысу. Вокалдық-техникалық жұмыс. Мазмұн байлығы, жанрдың алуандығы. Салт-дәстүрлік, сатиралық, еңбек, ойнақы, лирикалық және тағы басқа әндер. Әртүрлі елдердің халық әндерінің арнайы келбеті (қазақ әндерінің бір дауыстық тыныс алу кеңдігі, орыс халық әндерінің қосалқы дауыстық полифониясы, немістің төртдауыстық хоралы, көптеген шығыс әуенінің күй таңдағыштық ырғақтық және интонациялық қыры және тағы басқа) Сөз орамдарын анық және нақты бөлу, баяндаудың қарапайымдылығы, сарынды және ырғақты суреттің қарапайымдылығы.

      12-тарау. Эстрадалық шығармалармен жұмыс.

      1) Вокалдық репертуармен жұмыстың ерекшелігі оның мазмұнының тек музыка арқылы ғана емес, сонымен қатар поэтикалық мәтін арқылы ашылуымен байланысты. Вокалдық шығарманы талдау. Музыка мен мәтін авторлары, шығарма сипаты. Әдеби мәтінді саналы және эмоциямен оқу. Мәнінің шарықтау шегін көрнекі декламациялау, өлеңнің фонетикалық және ырғақтық ерекшелігі.

      2) Әуенді ойнау. Әуенді әндету және әуеннің сипатын анықтау, оның серпінділік диапазонын, нысанасын анықтау, шарықтау шегін, тыныс алуды ауыстыруды табу.

      3) Вокалдық-техникалық талдау: тесситура (қолайлы, қолайлы емес). Примарлық дыбыстардың болуы, білім алушының дауыс диапазоның шеткі (төменгі, жоғарғы) дыбысы. Әуен қозғалысының сипаты (толқын тәріздес, біртіндеп, секірістік және тағы басқалары) Дыбыс мінездемесі (жұмсақ, ашық, жеңіл және тағы басқалары). Вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірістер, хроматизмдер, интервалдардың ұлғаюы және кішіреюі және тағы басқалары); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтар (ұзақ фразалар), шабуыл түрлері.

      4) Вокалдық шығармалардың бейнелік жақтарын ашу және орындаудың жоғары көркемдік деңгейіне қол жеткізу. Сүйемелдеу сипаты. шығармалардың аудиотаспаларын тыңдау, бейнежазбаларды, бейнебаяндарды қарау. Шығарманы вокалдық-техникалық жағынан игеру. Орындаудың вокалдық мәдениетімен жұмыс. Шығарманың көркемдік-эмоциялық, сахналық қойылымымен жұмыс. Концерттік орындау.

      58. Даярлық сыныбындағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және шеберлік, дағды қалыптасады. музыканы тыңдау, қабылдау және есте сақтау, музыканы қабылдаудың музыкалық сезімталдық, әсершілену дағдылары қалыптасады;

      2) білім алушы "Әншілік орнығу", "әншілік дауыс", "әншілік тыныс алу", "кантилена" деген ұғымдармен танысу қажет. Әншінің тыныс алу және әншілік дұрыс дауыс дыбысы (қарқынды емес) негіздері қалыптастырылады. Музыкалық-есту қабілеті түсінігі мен ырғақ сезімі, артикуляция дағдылары қалыптасады;

      3) білім алушы 9-10 шығарманы меңгереді.

      59. Даярлық сыныбының Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс, әншілік тыныс алу туралы жалпы түсінік туралы біледі;

      2) әншілік орнығуды нұсқаулығын сақтайды;

      3) тыныс ала алу және музыкалық фразада тынысты бөле біледі;

      4) жеңіл дауыспен ән айту, оны "соза" түсуге талпыныс жасай біледі;

      5) әуенді фрагменттер бойынша аспаптың дыбысқа сүйене отырып, және аспапсыз да интонациялық дұрыс айта алады;

      6) ән сөздерін дұрыс және анық айта біледі, дауысты дыбыстарды бұрмаламай әндету, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айта алады, белсенді түрде артикуляция жасай біледі;

      7) концертмейстердің сүйемелдеуімен және фонограммамен ән айта алады;

      8) микрофонмен жұмыс жасаудың бастапқы дағдыларын игереді.

      60. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік, дағдылар қалыптасады, "дауыстық аппарат" ұғымымен жалпы танысады, әншілік дауыстың негізгі қасиеттерімен танысу (диапазон, тесситура, күш, тембр), ән айту үдерісінде әншілік орнығуды сақтай алу дағдысына, негізгі вокалдық дағдыларға – дұрыс дыбыс шығару (жұмсақ шабуыл), көмейдің тұрақты қалпын, иықты көтермей байсалды дем шығару, ән айту кезінде демді ішке тартатын жағдайды сақтауға, есту қабілеті дағдылары, артикуляция, эмоциялық көрнекілік дағдыларына үйренеді;

      2) әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін қалыптасады (сыңғырлаған дауыс, ұшқыр дауыс, тембр бойынша тегіс дауыс), дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс қалыптастыру, сөздерді анық айтуды қалыптастыру, диапазон дамиды, ән айту, нотаны оқу кезінде өзін бақылауға үйренеді.

      3) білім алушы 9-10 шығарманы меңгереді.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппараты туралы (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбыс шығару органдары), әншілік дауыстың гигиенасы туралы жалпы теориялық білімі болады;

      2) әншілік тұғырды сақтайды;

      3) шығарманың қарқыны мен сипатамасына байланысты тыныс ала біледі (байсалды дем шығару, жылдам дем шығару, белсенді дем шығару), дем шығаруды ұстап тұра алады, тыныс алуды музыкалық фразаларға бөлуді, үнемдеп дем шығаруды біледі;

      4) жеңіл дыбыспен ән айтады, оны күш салусыз "созуға", ауаның шығып кетпеуіне тырысады;

      5) таза және нақты интонациялайды;

      6) ырғақтық суретті дұрыс орындайды, тұрақты қарқынды дұрыс ұстайды;

      7) әннің сөздерін дұрыс және анық айтады, бұрмалаусыз дауысты дыбыстарды әндетеді, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айтады, белсенді түрде артикуляциялайды;

      8) концертмейстердің сүйемелдеуімен фонограммамен ән айтады;

      9) микрофонмен жұмыс жасаудың бастапқы дағдыларына ие болады.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдыларымен, дауыс аппаратының әр түрлі бөліктерінің қызметтерімен танысады, әншілік тұғырды сақтайды, әншілік дауыс қасиеттерін дамытады (диапазонды кеңейту, орта диапазонды нығайту, дауыс күшін дамыту);

      2) әншілік дауыстың негізгі қасиеттері қалыптасады (айқын сыңғырлау, ұшқырлылық, тембр бойынша тегістік), дауысты және дауыссыз дыбыстарды, сөздерді анық айтуды қалыптастырады, дауыстық дара бояулары анықталады;

      3) білім алушылар ырғақ элементтерін пайдаланады, музыкамен қозғалады, сахналық мәдениетін тәрбиелейді, ән айту, нотаны оқу кезінде өзін бақылауға үйренеді;

      4) білім алушы 9-10 шығарманы меңгереді.

      63. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының қызметтері туралы жалпы ұғымы болады (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбыс шығару органдары), әншілік дауыс гигиенасын сақтайды;

      2) әншілік тұғырды сақтайды;

      3) шығарманың қарқыны мен сипаттамасына байланысты тыныс алуды ұйымдастыра біледі (байсалды дем шығару, жылдам дем шығару, белсенді дем шығару), дем шығаруда демді ұстап тұра алады, айтарлықтай ұзын музыкалық фразаларда тыныс алуды бөледі, демді ішке тартуды үнемдеуді біледі;

      4) дауыстың жұмсақ шабуылын пайдалана отырып таза, табиғи, жеңіл дыбыспен ән айтады, дыбысты күш салусыз, тегіс, ауаның шығып кетпеуін қадағалай отырып, дені сау әншілік дауыс дыбысының даралығын сақтайды;

      5) дыбыстың жоғарғы тұғырын сақтай отырып ырғақтық суретті таза және дәл интонациялайды;

      6) ырғақтық суретті дұрыс орындайды, қарқынды үнемі ұстап тұрады;

      7) шығарманың мінездемесіне қарай legato [легато], non legato [нон легато] айта алады;

      8) әннің сөздерін дұрыс және нақты айта алады, дауысты дыбыстарды бұрмалаусыз әндетеді, дауыссыз дыбыстарды дәл және қысқа айтады, белсенді артикуляциялауды біледі;

      9) әнді эмоциялы, көрнекі, әртүрлі серпінділік реңкте айтады;

      10) ритмика элементтерін пайдалану және музыкамен қозғалады;

      11) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен, a cappella [а-капелла] ән айтады;

      12) сахналық бейнелермен жұмыс істей алады;

      13) микрофонмен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.

      64. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұрын алған музыкалық-теориялық, вокалдық білім, дағды, шеберліктерін қайталау, бекіту және тереңдету жүргізіледі, әншілік тұғыр дағдыға айналады;

      2) дауыстың жеткілікті деңгейдегі иілгіштігін қамтамасыз ететін тегіс, байсалды-белсенді, үнемді, ұзын тыныс алу дағдыларымен жұмыс. Диапазонды шамамен бір жарым октаваға кеңейтіледі, регистрлерді тегістеу, аралас дыбыс шығуын қалыптасады, жұмсақ, сыңғырлаған, ұшқыр дыбысталуды қалыптасады, дара тембрді анықталады, әртүрлі сипаттағы шығармаларды орындауды үйренеді;

      3) шығарманың көркемдік мәні мен мазмұнын музыкалық көрнекілік құралдарын, вокалдық-техникалық дағдыларды қолдана отырып, түрлі эмоция, сезім арқылы жеткізу дағдылары дамиды, өзіндік вокалдық орындау мәнерімен және сахналық мәдениетін тәрбиелеу жұмыстары жалғастырылады, би қозғалыстарын қоюды үйренеді;

      4) білім алушы 12-13 шығарманы меңгереді.

      65. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымы болады (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);

      2) әншілік дауыс гигиенасын сақтайды, суық тиіп сырқаттанған кезде дауысты қалпына келтірудің қарапайым әдістерін біледі;

      3) әншілік тұғырды сақтайды;

      4) бір тыныс алумен барынша ұзақ созылған фразаларды оны теңдей бөле отырып, ән айта біледі;

      5) дауыс құраудың негзгі әдісі ретінде жұмсақ дауыс шабуылын қолдана отырып таза, табиғи, жеңіл дыбыспен, кейде, бейнелеу тәсілі ретінде қатаң шабуылды пайдаланып ән айта алады;

      6) дыбысты күш салусыз, ауаны жібермей, тегіс созу, дұрыс әншілік дыбысталудың даралығын сақтай алады;

      7) дыбыстың жоғарғы тұғырын сақтай отырып, таза және дәл интонациялай алады;

      8) қарқынды үнемі сақтай отырып, ырғағтық суретті дұрыс орындайды;

      9) шығарманың мінездемесіне байланысты legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] әндете біледі;

      10) әннің сөздерін саналы түрде, көрнекілікпен айтады, дауысты дыбыстарды бұрмалаусыз әндетеді, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айту, белсенді артикуляциялау, орфоэпия ережелерін сақтайды;

      11) әнді эмоциямен, көрнекілікпен, түрлі серпінділік реңктерімен айта алады;

      12) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен, a cappella [а-капелла] ән айта біледі;

      13) ырғақтық және музыкамен қозғалу элементтерін пайдалана алады;

      14) сахналық бейнеде жұмыс жасай алады;

      15) әншіліктің сахнаға шығар алдындағы және одан кейінгі тәртіп ережелерін біледі.

      66. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-теориялық білімдерін нығайтумен, тереңдетілумен, вокалдық-техникалық дағдыларын одан әрі жетілдіріледі (төменгі қабырғалық- диафрагмалық тыныс алуды қолдану);

      2) тірекпен ән айту, диапазонның кеңейтілуі, регистрлерді тегістеу, жоғары әншілік тұғырда ән айту, дауыстың икемділігі, түрлі дыбыс шабуылдарын меңгеруі, дыбысты жүргізудің түрлі тәсілдерін пайдалану, артикуляциялық аппараттың реттелгендігі;

      3) әншілік дыбыс және оларды құру әдістері туралы вокалдық-естушілік ұғымдарын жетілдірумен жұмыс, есту қабілеттері зейінін және дыбыс қабылдау және шығару сапасын өз бетінше бақылауды қалыптастыру, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау, әнді театрландыру әртістігі, сахналық бейне, даралықпен жұмыс жасау жалғастырылады;

      4) ішкі түйсігі, қиялын дамыту, орындалатын әндердің эмоциялық-мәндік құрылысына ену қасиеттері дамиды, ән репертуарын талдау дағдылары жетілдіріледі (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтін ерекшелігі, ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайсыз) және әуен қозғалысының сипаты (толқын тәріздес, секірмелі, ақырындап және тағы басқалары) жұмыс істеу жалғасады, вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулермен, хроматизмдермен, аралықтың ұлғаюы мен қысқаруы); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқа); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары) жеңе біледі;

      5) білім алушы 12-14 шығарманы меңгереді.

      67. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымы болады (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);

      2) әншілік дауыс гигиенасын сақтайды, суық тиіп сырқаттанған кезде дауысты қалпына келтірудің қарапайым әдістерін біледі;

      3) әншілік тұғырды сақтайды;

      4) дыбыс шығаруға, тыныс алуға қатысатын барлық жүйелерді табиғи үйлестіруге әсер ететін бір қалыптылықты, еркіндікті пайдалана біледі;

      5) дауыс құраудың негзгі әдісі ретінде жұмсақ дауыс шабуылын қолдана отырып таза, табиғи, жеңіл дыбыспен, кейде, бейнелеу тәсілі ретінде қатаң шабуылды пайдаланып ән айтады;

      6) дыбыстың жоғарғы тұғырын сақтай отырып, таза және дәл интонациялайды;

      7) күрделі ырғақтық фигураларды (триоли, сипкопы, пунктирлі ырғақ) орындау, агогикалық өзгертулерімен түрлі жылдамдықта орындау дағдыларына ие болады;

      8) шығарманың сипатына байланысты legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] әндете біледі;

      9) әннің сөздерін саналы түрде, көрнекілікпен айтады, дауысты дыбыстарды бұрмалаусыз әндетеді, дауыссыз дыбыстарды нақты және қысқа айтады, белсенді артикуляциялау, орфоэпия ережелерін сақтайды;

      10) әнді эмоциямен, көрнекілікпен, түрлі серпінділік реңктерімен, дыбысты жұмырлау және күшейте айта алады;

      11) ырғақтық және музыкамен қозғалу элементтерін пайдалана алады;

      12) сахналық бейнемен, түрлі жанрдағы, сипаттағы шығармаларды жеке орындаумен жұмыс істей алады;

      13) көпшілік алдында концерттік ән айту дағдыларына ие болады.

      68. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) меңгерген вокалдық техниканың барлық түрлерін, музыкалық есту қабілеті, есту қабілеті ұғымдары, музыкалық-теориялық білімді жетілдіру және дамытумен жұмыс жалғастырылады, осыған қоса: әншілік аппараттың барлық элементтерінің еркіндігі мен үйлестірушілігі, тыныс алуды игеру, дыбыс сапасы, тембрлік бояудың сан алуандығы, артикуляциялық-штрихтық техникасы, икемділік, дауыстың техникалығы, резонаторларды қолдану шеберлігі, барлық диапазонда дауыс тегістігі;

      2) шығарманың көркемдік мазмұны мен нысанасын қабылдау мен саналы ойлауымен жұмыс, әнді баяндаудағы дара орындаушылық, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістікпен жұмыс жалғастырылады, білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әннің ой-саналық құрылысына ену жұмыстары жалғастырылады;

      3) жалпы және музыкалық ой-өрісі кеңейеді, әндік репертуарға жазбаша талдау жасау дағдылары (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтіннің ерекшелігі), ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайлы емес), әуен қозғалыс сипаты (толқын тәріздес, ақырындап, секірмелі және тағы басқа) дағдылары жетілдіріледі;

      4) вокалдық-техникалық қиындықтарды жеңеді: интонациялық (секірулер, хроматизмдер, аралықтың ұлғаюы және қысқаруы және тағы басқа); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқа); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары және тағы басқа) жеңу жұмыстары жүргізіледі, эстетикалық және сахналық мәдениет, вокалистің қозғалыстары және сахналық бейне жетілдіріледі;

      5) білім алушы 12-14 шығарманы меңгереді.

      69. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымы бар (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);

      2) әншілік дауысты қорғау және гигиена ережелерін біледі;

      3) дауыс құрауға, тыныс алуға қатысушы жүйенің барлық үйлестірілуі мен еркіндігін меңзейтін негізгі әдісімен таза, табиғи, жеңіл дыбысты пайдалана алады;

      4) барлық дауыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлестірушілігін болжайтын дамыған вокалдық техникаға, артикуляциялық-штрихтық техниканың сан алуандығы, икемділігін, дауыс техникасын, резонаторлары қолдна алу білігі, барлық диапазондағы дауыс тегістігі, тембр байлығына ие болады;

      5) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық көрнекілік және вокалдық техника құралдарын шебер пайдаланады;

      6) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және толықтыру дағдыларын меңгеру;

      7) сахналық бейнемен жұмыс жасау білігі, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен жұым істейді;

      8) концерттік ән айту дағдыларына ие.

      70. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық есту қабілетін, естуі арқылы елестету, музыкалық-теориялық білімі, вокалдық техниканың барлық түрін оның ішінде: әншілік аппаратының барлық элементтері еркіндігі мен үйлестірушілігі, дауыс құрауға қатысушы барлық жүйелердің табиғи үйлестірілуіне мүмкіндік беретін: еркін, тең элементтерін, тіркпен ән айту, дыбыстың вокалдық сапасы мен әсемдігі, тембрлік бояудың сан алуандығы, икемділік, дауыстың қозғалғыштығы және техникасы, резонаторларды қолдана білу шеберлігі, артикуляциялық-штрихтық техника, барлық диапазондағы дауыс тегісітігін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстары жалғастырылады;

      2) шығарманың көркемдік мазмұны мен нысанасын қабылдау мен саналы ойлауымен жұмыс, әнді баяндаудағы дара орындаушылық, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістікпен жұмыс жалғастырылады. Білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әннің ой-саналық құрылысына ену қасиеттері дамиды;

      3) жалпы және музыкалық ой-өрісі кеңейеді, әндік репертуарға жазбаша талдау жасау дағдылары (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтіннің ерекшелігі), ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайлы емес), әуен қозғалыс сипатымен (толқын тәріздес, ақырындап, секірмелі және тағы басқалар) жұмыс істеу жалғасады;

      4) вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулер, хроматизмдер, аралықтың ұлғаюы және қысқаруы және тағы басқалары); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары)жеңу жұмыстары жүргізіледі;

      5) эстетикалық және сахналық мәдениеті, вокалистің қозғалыстары және сахналық бейне жетілдіріледі, дара орындаушылық стилін құрумен жұмыс, концерттік нөмірлерді әзірлеу және құру, фонограммамен өз бетінше жұмыс, әндік репертуарды студияда жазумен жұмыс жасау жалғастырылады.

      71. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылымы мен оның қызметін біледі (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);

      2) әншілік дауысты қорғау және гигиена ережелерін біледі;

      3) дауыс құрауға, тыныс алуға қатысушы жүйенің барлық үйлестірілуі мен еркіндігін меңзейтін негізгі әдісімен таза, табиғи, жеңіл дыбысты пайдалана алады;

      4) барлық дауыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлестірушілігін болжайтын дамыған вокалдық техникаға, артикуляциялық-штрихтық техниканың сан алуандығы, икемділігін, дауыс техникасын, резонаторлары қолдана алу білігі, барлық диапазондағы дауыс тегістігі, тембр байлығына ие болады;

      5) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық көрнекілік және вокалдық техника құралдарын шебер пайдалана алады;

      6) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және толықтыру дағдыларына ие;

      7) сахналық бейнемен жұмыс жасау, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен жұмыс жасай алады;

      8) концерттік қойылым дағдыларына ие;

      9) концерттік нөмірлердің драматургиясын әзірлей біледі;

      10) әндік репертуарды студияда өз бетінше жазу жұмыстары дағдыларына ие болады.

      72. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) вокалдық техниканың барлық түрлерін, музыкалық есту қабілеті, есту қабілеті ұғымдары, музыкалық-теориялық білімді, оған қоса: әншілік аппараттың барлық элементтерінің еркіндігі мен үйлестірушілігі, тыныс алуды игеру, дыбыс сапасы, тембрлік бояудың сан алуандығы, артикуляциялық-штрихтық техникасы, икемділік, дауыстың техникалығы, резонаторларды қолдану шеберлігі, барлық диапазонда дауыс тегістігін жетілдіру және дамытумен жұмыс жалғастырылады;

      2) шығарманың көркемдік мазмұны мен нысанасын қабылдау мен саналы ойлауымен жұмыс, әнді баяндаудағы дара орындаушылық, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістікпен жұмыс, білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әннің ой-саналық құрылысына ену жұмысры жалғастырылады;

      3) жалпы және музыкалық ой-өріс кеңейтіледі, әндік репертуарға жазбаша талдау жасау дағдылары (музыка және мәтін авторлары, шығарма сипаты, әдеби мәтіннің ерекшелігі) жетілдіріледі, ән диапазоны, тесситура (қолайлы, қолайлы емес), әуен қозғалысымен (толқын тәріздес, ақырындап, секірмелі және тағы басқалар) жұмыстаржалғастырылады, вокалдық-техникалық қиындықтар: интонациялық (секірулер, хроматизмдер, аралықтың ұлғаюы және қысқаруы және тағы басқалары); ырғақтық (синкоптар, дуолдер, триолдер және тағы басқалары); серпінді; дикциялық; тыныс алуға байланысты қиындықтарды (ұзын сөз орамдары және тағы басқалары) жеңу жұмыстары жүргізіледі;

      4) эстетикалық және сахналық мәдениет, вокалистің қозғалыстары және сахналық бейне жетілдіріледі, дара орындаушылық стилін құрумен жұмыс, концерттік нөмірлерді әзірлеу және құру, фонограммамен өз бетінше жұмыс, әндік репертуарды студияда жазумен жұмыс.

      73. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылысы мен олардың қызметі туралы ұғымды біледі (тыныс алу органдары, дыбысты қалыптастыру органдары, дыбысты құраушы органдар);

      2) әншілік дауысты қорғау және гигиена ережелерін біледі;

      3) дауыс құрауға, тыныс алуға қатысушы жүйенің барлық үйлестірілуі мен еркіндігін меңзейтін негізгі әдісімен таза, табиғи, жеңіл дыбысты пайдалана алады;

      4) барлық дауыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлестірушілігін болжайтын дамыған вокалдық техникаға, артикуляциялық-штрихтық техниканың сан алуандығы, икемділігін, дауыс техникасын, резонаторлары қолдана алу білігі, барлық диапазондағы дауыс тегістігі, тембр дағдыларына ие;

      5) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық көрнекілік және вокалдық техника құралдарын шебер пайдалана алады;

      6) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және толықтырудың қалыптасқан дағдыларына ие болады;

      7) сахналық бейнемен, жанры, сипаты әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен өз бетінше жұмыс істеу алады;

      8) концерттік қойылым дағдыларына ие болады;

      9) концерттік нөмірлердің драматургиясын өз бетінше әзірлей алады;

      10) әндік репертуарды студияда өз бетінше жазу жұмыстары дағдыларына ие.

      11) негізгі терминдер мен түсініктерді біледі, орындалатын шығармалардың стильдері мен бағыттарында бағдарлана алады;

      12) адамның әншілік қызметінің психофизикалық процесі туралы түсініктері бар, дауыс аппаратының анатомиясы, ән айтудағы оның жұмысы туралы жалпы мәліметтерді біледі;

      13) музыкалық және вокалдық есту қабілеті, жалпы және музыкалық дүниетанымы бар;

      14) әншілік тынысты ұйымдастыру, дыбыс тіірегі, резонаторлардың үйлестірілгін жұмысы, дұрыс дыбыс шығару және дыбыс жұргізудің түрлі тұрлері (legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато]) дауыстың сапалы дыбысталуыменг дыбыс жүргізудің түрлері (тембр, жоғары дыбысты және динамикалық диапазон, дауыстың қозғалмалығы, дұрыс әншілік артикуляция және және дикцияның тазалығы) сияқты вокалдық-техникалық және музыкалық-орындаушылық дағдыларына ие және эмоциялық-көркемдік мәнерлігі, шығармаларды сенімді жеткізу;

      15) дауысты қоюдың теориялық дағдыларына және вокалдық дағдыларды практикалық тәрбиелеудің әдістемелік тәсілдеріне ие болады;

      16) орындаушылық қызметке қажетті вокалдық репертуары бар;

      17) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен, a cappella жеке және ансамбльде орындау дағдыларына ие болады;

      18) микрофонмен, аудио және дыбыстық аппаратурамен, фонограммамен, компьютермен жұмыс істеу дағдыларын біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      74. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – техникалық сынақ, академиялық тыңдалым түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      75. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма);

      2) 2 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және шетел тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және шетел тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма);

      4) 4 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма); төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және шетел тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 вокализ, 1 қазақ халық әні немесе Қазақстанның заманауи композиторларының 1 әні, 1 шетел композиторларының әні);

      6) 6 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және шетел тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма);

      7) 7 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық тыңдалым (фортепианоның сүйемелдеуімен 1 вокализ, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдеріндегі 2 вокалдық шығарма); төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 вокализ, 1 қазақ халық әні немесе Қазақстанның заманауи композиторларының 1 әні, 1 шетел композиторларының әні);

      76. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) вокалдық-техникалық және орындаушылық шеберлігі (интонацияның тазалығы, дикцияның анықтылығы, мәтінді түсініп айту, ырғақтық, әншілік диапазонның кеңдігі, баса айтудың мәнерлігі, динамикалық реңктер, тембрдің қанықтығы, стиль сезімі, орындау нақышы, микрофонды игеруі);

      2) шығарманың көркемдік түрленуі (әртістік, пластика, сахналық жеткізу, шығарманың көркемдік бейнесін шешудегі ерекшелік, орындаушылық еркіндік).

      77. Бағалау өлшемшарттары (концерттік бағдарламаны орындау):

      1) "5" бағасы ("өте жақсы") – вокалдық аппаратты еркін игеруі, әншілік тұғыр дұрыс қойылған, дауыс ырғағы таза, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, есту қабілетін өзі бақылауы, ноталық мәтінді нақты оқуы және білуі, шығарманың көркемдік обейнесін ашуы, мәнерлі, әртістікпен орындауы, музыкалық мәнерлілік құралдарын ақындық және музыкалық мазмұнынымен ұштастыруы, орындап отырған шығармасына өз бетінше интерпретация жасау, орындау мәдениетінің жоғары;

      2) "4" бағасы ("жақсы") – вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс қойылған әншілік тұғыр, екпін тазалығы, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетін өзі бақылауы жеткіліксіз, шығарманың күрделі тұстарындағы техникалық олқылықтар (екпіннің таза болмауы), шығарманы орындаудың музыкалық ойы тарапынан дұрыс түсіндірілмеген, сахнадағы жүріс-тұрысының психофизикалық тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы ("қанағаттанарлық") – вокалдық аппаратты меңгеруі, дыбыс шығару тәсілдерінің жеткіліксіздігі, темптік ритмдік ұйымдастырудың болмауы, динамикалық біртектілігі және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, авторлық ноталық мәтінді оқуда музыканы дұрыс түсінбей, формальді түрде орындап шығуы, орындауда есту қабілетін бақылауы әлсіз, орындауында стилистикалық және екпіндік қателері бар, орындау мәдениетінің деңгейі орташа, сахнадағы психологиялық күйі тұрақсыз;

      4) "2" бағасы ("қанағаттанарлық емес") – вокалдық аппаратты, дыбыс шығару тәсілдерін игермеуі, авторлық ноталық мәтіннің мәнін түсінбей формальді түрде орындауы, орындауын естуді бақылауының әлсіздігі, орындауындағы стильдік және екпіндік қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің төмендігі;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 18-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Орыс халық аспаптары оркестрі" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Орыс халық аспаптары оркестрі" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Орыс халық аспаптары оркестрі" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ансамбльде ойнау – бірге ойнау немесе ән айту (мысалы, дуэт, терцет немесе трио, квартет, квинтет);

      2) артикуляция– ән айтуда немесе музықалық аспапта ойнау кезінде дыбыстарды орындау тәсілі;

      3) аспаптау – камералық ансамбльге немесе оркестрге арналған музыканы партитура түрінде баяндау;

      4) орыс халық аспаптары оркестрі – құрамына балалайка және домбыра тобының аспаптар кіретін, сондай-ақ гусли, баян, жалейка және тағы басқа орыс халық аспаптарын қамтитын оркестр;

      5) парақтан ноталарды оқу – шығарма мазмұны мен автордың нұсқауын ескере отырып алдын ала жатталмаған, таныс емес шығарманы нота жазбасы бойынша дауыспен немесе аспапта орындау;

      6) партия – бір дауыспен немесе музыкалық аспапта, сондай-ақ бірдей дауысты топпен және аспаппен орындаудағы көп дауысты шығарманың құрамды бөлігі;

      7) тембр – әртүрлі аспаптардың немесе дауыстардың орындауындағы жоғарылығы бірдей дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік беретін дыбыстардың бояуы;

      8) фразировка - акцентті қою, динамиканы, екпіннің икемді өзгерістерінің көмегі арқылы музыкалық фразаны және музыкалық тілдің мағынасын айқындайтын барлық элементтерді анық, мәнерлі орындау;

      9) фактура – шығарманың техникалық құрылымдарын жасайтын музыкалық баяндау (әуен, аккордтар, полифониялық дауыстардың) әдістерінің жиынтығы; фактура шығарма мазмұнымен, композициялық қағидаларымен, сондай-ақ мәнерлеу мүмкіндері мен музыкалық аспаптардың және дауыстардың техникалық ерекшеліктерімен ескеріледі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: ұжымдық музыка ойнау дағдыларын қалыптастыру және бірігіп шығармашылық музыкалық қызметпен айналысу қажеттілігін тәрбиелеу үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) музыкалық білім мен түсініктерді кеңейту;

      2) ұлттық, классикалық және заманауи музыка әлемімен таныстыру;

      3) ансамбльде және оркестрде ойнау дағдылары мен тәсілдерін қалыптастыру және дамыту, халықтық музыка аспаптарында ойнау арқылы рухани мәдениетті байыту;

      4) аспаптық сыныптарда алған дағдылары мен білімдерін практикада қолдану және бекіту;

      5) ұжымдық шығармашылық және орындаушылық тәртіпті дамыту, тәрбиелеу;

      6) нотаны парақтан оқу дағдысын, музыкалық талғамды, есту қабілетін, ритм сезімін, бейнелі ойлауды, есте сақтау жады мен зейінін дамыту;

      7) ұжымдық музыка ойнау саласында алған білім, білік және дағдылары негізінде музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралады. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың ұжымдық музыка ойнау арқылы орыс халық аспаптарында ойнау бойынша бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін меңгеруіне жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама орыс халық аспаптары оркестрінде ойнау техникасын меңгергісі келетін, әртүрлі стильдер мен кезеңдердің орыс, қазақ, қалық әндерін, әлем халықтарының әндерін, авторлық музыканы, заманауи би музыкасын, замауи балалар әндерін орындауды үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      13. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарайғы практикалық қызметіне қажетті көлемдегі орыс халық аспаптары оркестрінде ойнау тәсілдерін меңгеруге жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама білім алушыны шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершіліке дамытуға бағытталған және жеке орындаушылық ансамбльдік, оркестрлік практика тәжірибесін, музыкалық өнерді үйренуі мен меңгерудегі дербестік дағдысын алуына жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындықтары және жалпы даму деңгейі әртүрлі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес вокалдық ән айтуға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      19. Ұжыммен музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру, ансамбльдің шығаратын үнін есту білігі, біркелкі ритмикалық қағысты есту, келісілген және ауыспалы-икемді ритмде көркем түрде ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен өзара әрекеттесу.

      20. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізін:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      23. "Орыс халық аспаптар оркестрі" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      27. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      29. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аныталған сыныпта оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) осы сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеен құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      35. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      37. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      38. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      39. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      40. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      41. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      42. Педагог ұжымның дайындық деңгейіне ж құрамына байланысты репертуарлық тізбені қалыптастырады, жаға, жаңадан жазылған орыс, қазақ және шетел композиторларының шығармалармен (тұпнұсқалық, өңдеулер және переложения), халық әндерінің өңдеулерімен және өзінің аспаптауымен толықтырады.

      43. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      44. Репертуарлық тізбе келесі бөлімдерден тұрады:

      1) халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар – түпнұсқалық өңдеулер және аспапқа түсірулер;

      2) халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуіндегі әртүрлі аспаптарға арналған шығармалар;

      3) халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуіндегі дауысқа арналған шығармалар;

      4) баян оркестріне, дуэт, трио, баян квартеті, аккордеон дуэті және триосына арналған шығармалар.

      45. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      46. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      47. Педагог заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын енгізе отырып репертуарлық тізбені жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және оркестр репертуарын ойластырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      49. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы оркестрдің репертуарлық тізбесіне енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      50. Оркестр сыныптарының міндеттері: аспаптар сыныбында алған дағдылары мен білімдерін практикада қолдану және бекіту, музыкалық талғамды дамыту, ұжымдық шығармашылықты және орындаушылық тәртіпті тәрбиелеу.

      51. Халық аспаптары оркестрі арнайы сыныптарда таңдау пәні бойынша аспапта ойнаудан алған белгілі дағдыларды меңгерген бес жылдық оқу мерзімі бойынша 3-5-сынып білім алушыларынан және жеті жылдық оқу мерзімі бойынша 3-7-сынып білім алушыларынанқұралады.

      52. Таңдау бойынша пән халықтық бөлімнің білім алушыларына оркестрге келгенге дейін тиісті дайындық алуларына мүмкіндік береді және негізгі аспаптардан басқа сүйемелдеу тобын, альттар тобын, партиялар басын және тағы басқаларды құру керек болатындықтан оркестрдің толықтырылу мүмкіндігін біршама кеңейтеді.

      53. Халық аспаптары оркестрінің негізі ішекті аспаптар тобы – домра мен балалайка екендігі белгілі. Балалайка тобы аз болғанда немесе болмағада оркестр жетекшісі орындалатын шығарманың фактурасын сақтай отырып, балалайкалар жүзеге асыратын сүйемелдеуді домра тобына жүктеледі.

      54. Үш-төрт ішекті домра сыныптары бар музыкалық мектептер үш ішекті домрасы бар аралас оркестрге арналған репертуарды пайдалана отырып домраның екі түрін бір оркестрде біріктіріледі.

      55. Оркестрдің бас партияларын қалыптастыру кезінде дирижер алдына ала бас-оркестрде ойнайтын қатысушыларды дайындайды: бас пен балалайка-контрабас, домра-бас пен домра-контрабас.

      56. Оркестрлік сыныпты дамыту және кеңейту үшін халықтық шертпелі музыкалық аспаптармен таныстыру тәртібі бойынша баяншылар мен аккордеонистерді ішекті халық аспаптарында (бас, контрабас, балалайка-секунда және балалайка-альт) ойнауды үйретуді тәжірибеде қолдану ұсынылады.

      57. Оркестр құрамына соқпалы, дауыс ырғағы аспаптардың және оркестрлік баяндардың, мыстан және ағаштан жасалған үрмелі аспаптардың, контрабастың, кейде фортепианоның енгізілуі оркестрдің дыбыстық политрасын байыта түседі.

      58. Баяншылар ансамблі бес жылдық оқу мерзімі бойынша оқитын 3-5-сынып білім алушыларынан және жеті жылдық оқу мерзімі бойынша оқитын 4-7-сынып білім алушыларынан құрылады. Музыкалық мектептердегі аснамбльдердің негізгі құрамы – дуэттер мен трио, квартеттер, квинтеттер, секстеттер.

      59. Баяншылар оркестрі орыс халық аспаптары секілді көбінесе халықтың ішекті аспаптары (домра, балалайка) сыныптары жоқ немесе аз дамыған музыкалық мектептерде бес жылдық оқу мерзімі бойынша оқитын 3-5-сынып білім алушыларынан және жеті жылдық оқу бойынша оқитын 4-7-сынып білім алушыларынан құрылады.

      60. Баяншылар оркестрінің негізін дайын аккордтары бар баяндар мен оркестрлік баяндар құрайды. Оркестр құрамына кіретін барлық аспаптар бірдей күйленеді.

      61. Тембрлік байлық ұлғайту және оркестрлік бояуларды түрлендіру үшін оркестрге ысқылы немесе балалайка контрабасы, ағаш және мыстан жасалған үрлемелі аспаптар енгізіледі.

      62. Баяншылар оркестрінің негізі болып бірінші және екінші баяннан, альтадан, тенор мен бастар тобынан тұратын квинтет саналады. Дауыстар көлемі оркестр құрамына енгізу есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

      63. Оркестрмен жұмыс істеудегі басты элементтердің бірі – оның қатысушыларын дайындықтар мен концерттерде дұрыс орналастыру. Оркестрдің орындаушылары жинақы отырады.

      64. Оркестрде әр білім алушы оркестрлік аспаптардың түрлі міндеттерімен танысады. Оркестр жетекшісі оркестрге қатысушының осы уақыт ішінде оркестрдің түрлі партияларын – бірінші және екінші баяндарды ғана емес, сондай-ақ альттар, тенорлар және бастар партияларын да орындауын қадағалап отырады. Сонымен бірге әрбір оркестрде ойнаушының оркестрде болған уақыты ішінде жанры, түрі және сипаты әр түрлі болып келетін музыкалық шығармалармен танысып шығуы да маңызды.

      65. Оркестрант өз бетінше ұдайы және жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      66. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізілуі мүмкін және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      67. "Орыс халық аспаптар оркестрі" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      68. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) оркестрдің негізгі аспаптары (кіші домра, балалайка примасы, баяндар) мен қосымша аспаптарында (альт домрасы, балалайканың секундасы және альті, бас тобы) бастапқы ойнау дағдыларын игеру;

      2) мамандандырылмаған сынып білім алушыларының ойнау техникасының негізгі дағдыларын (отырыс, дыбыс шығару әдістері, аппликатура) игеру;

      3) ұжымдық ойнау дағдыларын, оркестрлік партияларды өз бетінше талдау дағдысын дамыту;

      4) автордың түпкі ойы мен оркестр жетекшісінің талаптарын орындай отырып өзінің партиясын орындау дағдысын қалыптастыру;

      5) кәсіби терминдерге қатысты осы кезеңге қажетті білімді игеру;

      6) дирижер қимылымен танысу, ойынды дирижердің қол қимылымен бастау және аяқтау дағдыларын игеру.

      69. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Оркестрлік музыка аспабымен танысу.

      2-тақырып. Ұжымдық музыканың негізгі қағидалары.

      3-тақырып. Дирижерлік қимылмен танысу.

      6-тақырып. Жиынтық дайындықтар.

      70. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) оркестрлік өнердің негізін, орыс халық аспаптары оркестрінің көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі;

      2) кәсіби терминдерді біледі;

      3) оркестрдегі ұжымдық орындаушылық шығармашылығы дағдыларына, оның ішінде әнші мен оркестрдің өзара қатынасын көрсететін дағдыларға ие болады;

      4) композитордың түпкі ойына және дирижердің талаптарына сәйкес оркестр ұжымында өзінің партиясын орындау дағдысын біледі;

      5) арнайы сыныптарда алған аспапта ойнаудың ансамбльдік және оркестрлік ойнаудың практикалық дағдыларын біледі;

      6) оркестрдің барлығы немесе жекелеген оркестрлік топтар орындайтын негізгі тақырыпты, қосалқы дауысты, сүйемелдеуді ести білу дағдысына ие болады;

      7) композитордың ойына және дирижердің талаптарына сәйкес оркестр ұжымында өзінің партиясын орындау дағдысын біледі;

      9) оркестрлік партияны парақтан оқиды және бағдарланады;

      10) дирижердің қимылын түсіну дағдысын игереді;

      11) толық оркестрмен және жеке топтармен орындалатын музыкалық шығарманы түсінеді;

      12) негізгі тақырыпты, қосалқы дауысты, сүйемелдеуді ести біледі;

      13) оркестр орындайтын шығарманы сауатты талдай алады.

      71. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық аспаптарда ойнауды игерудің техникалық мүмкіндіктерін одан ары жетілдіру, ойнаудың жаңа әдістерін енгізу арқылы репертуарды күрделендіру;

      2) партияларды біркелкі аспаптар тобында және өз бетінше үйрену дағдысын; қосалқы дауыстарды, әншінің партиясы мен сүйемелдеуді есту, дирижердің қимылын түсіну дағдысын қалыптастыру;

      3) жылдам екпіндегі ырғақтың тұрақтылығын дағдыландыру, оркестрде орындаушылық және артистік дағдыларын дамыту;

      4) музыкалық жанрлармен, композиторлардың шығармашылықтарымен, үздік орындаушылармен және оркестрлермен таныстыру, олардың ойнаулары мен жазбаларын тыңдау;

      5) дирижерлік етудің негізгі сызбаларын білу, мәнерлі орындау әдістерін (фразировка, динамика, артикуляция) игеру.

      72. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспапта ойнауды жетілдіру және оркестрде ойнаудың негізгі қағидаттарын одан ары дамыту.

      2-тақырып. Қосалқы дауысты, жеке орындаушы мен сүйемелдеу партияларын есту шеберлігін қалыптастыру.

      3-тақырып. Жылдам қарқынды ырғақтық тұрақтылықпен жұмыс.

      4-тақырып. Музыкалық шығарманың орындау айқындығына бағытталған құралдарды меңгеру (баса айту (фразировка), динамика, артикуляция, тембрлік салыстыру).

      5-тақырып. Оркестрлік партиядағы техникалық қиындықтарды анықтау және жеңу шеберлігі.

      6-тақырып. Жиынтық дайындықтар.

      73. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ансамбльде, оркестрде ойнау дағдылары;

      2) музыкалық шығармаларды орындау кезінде тыңдауды бақылауын жүзеге асыра біледі;

      3) музыкалық жанрлар мен нақыштық бағыттардың оларға тән ерекшеліктерін біледі;

      4) музыкалық терминдерді біледі және оларды тәжірибеде қолдана алады;

      5) көркемдік бейне жасай алады;

      6) үйреніп жүрген шығарманың орындаушылық жоспарын интонациялаудың, баса айтудың және динамиканың мәнмәтінінде анықтай біледі;

      7) практикада орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін қолдана біледі;

      8) музыкалық аспапты игерудегі өзінің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіре алады;

      9) сахналық тәртіп дағдыларына ие болады;

      10) оркестрлік өнердің бастапқы негіздері жайындағы, оркестрдің көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктері туралы білімді игереді;

      11) кәсіби терминдерді қатысты білімді игереді;

      12) композитордың ойына және дирижердің талаптарына сәйкес оркестр ұжымында өзінің партиясын орындау дағдысын игереді;

      13) дирижердің қимылын түсіну дағдысын игереді;

      14) негізгі тақырыпты, қосалқы дауысты, сүйемелдеуді ести біледі;

      15) оркестр орындайтын шығарманы сауатты талдай алады.

      74. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ансамбльде ойнау дағдыларын біршама күрделі фактурада жетілдіру, ойнау тәсілдерін синхронды орындау, орындалатын партия унисонының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

      2) біршама жылдам және ақырын екпіндерде ырғақтың тұрақтылығын дағдыландыру;

      3) музыка тілінің негізгін құраушылармен (лад тартылысы, әуен, сүйемелдеу) таныстыру;

      4) ноталық мәтіндерді партиялар бойынша және оркестрдің барлық құрамы болып сауатты оқу;

      5) дыбыс шығарудың негізгі әдістерін, дыбыс атакасының түрлерін, артикуляция амалдарын, аппликатураны дұрыс қолдануды игеру;

      6) партиялардағы техникалық қиындықтарды анықтай және өте білу, үйреніп жатқан шығармасының эмоциялық-бейнелік мазмұнын түсіне білу шеберліктері;

      7) музыкалық шығарманы талдай және құрылу түрін анықтай білуін дамыту, концерт кезіндегі сахналық тәртіп дағдысын қалыптастыру.

      75. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Күрделі фактуралы шығармалардағы ансамбльдік ойнау дағдыларын жетілдіру.

      2-тақырып. Музыкалық тілдің негізгі құрамдастарымен жұмыс (ырғақ, жоғарылығы, ладтық тартылыс, мелодия, сүйемелдеу).

      3-тақырып. Концерт кезіндегі оркестрлік орындаушылық, әртістік, өзін өзі ұстау дағдыларын дамыту.

      4-тақырып. Жоғарғы қиындықты жаңа музыкалық шығармалармен жұмыс.

      5-тақырып. Концерттік көрсетілімге дайындық.

      6-тақырып. Жиынтық дайындықтар.

      76. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық шығарманы аспапта сауатты орындауды;

      2) аспапта ойнау кезінде көркемдік бейнені жасауды біледі;

      3) музыкалық шығарманы орындау кезінде естуді бақылайды;

      4) музыкалық шығарманың негізін біледі (оның негізгі тақырыбын, қосылақы дауысты, варияцияларды, толық оркестрмен, сондай-ақ жеке оркестрлік топтармен);

      5) өз партиясында аппликатурасын қоя біледі;

      6) дирижердің ойына және айтуына сәйкес өз партиясын орындайды;

      7) өз партиясын жатқа ойнайды;

      8) ансамбльде, оркестрде ойнау дағдыларына ие болады;

      9) музыкалық терминдерді және оларды практикада қолдануды біледі;

      10) әртүрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды өз бетінше жаттайды;

      11) оркестрлік партияны парақтан оқи алады және бағдарланады;

      12) аспаптарға арналған оркестрлік репертуарды біледі;

      13) оркестрлік өнердің бастапқы негіздері жайындағы, оркестрдің көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктері туралы білімді игереді;

      14) композитордың ойына және дирижердің талабына сәйкес партияны оркестрлік ұжымда ойнау дағдыларына ие болады;

      15) дирижердің қимылын түсіну дағдысын игереді;

      16) музыкалық жанрлар мен нақыштық бағыттардың оларға тән ерекшеліктерін біледі;

      17) үйреніп жүрген шығарманың орындаушылық жоспарын интонациялаудың, баса айтудың және динамиканың мәнмәтінінде анықтай біледі;

      18) оркестр ұжымында өзінің партиясын орындау дағдысын игереді;

      19) практикада орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін қолдана біледі;

      20) сахналық тәртіп дағдыларына ие болады;

      21) репертуарының мол,шығармаларды өз бетінше талдайды және жаттай алады, шығарманы аспапта айқын және техникалық орындайды;

      22) есту арқылы әуенді және қарпайым сүйемелдеуді теру, ансамбльде музыка ойнау және тасымалдау (транспонирования) дағдыларының болуы.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      77. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, академиялық концерт түрінде іске асырылады.

      78. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (оркестрлік партияларды білу); төртінші тоқсанда: академиялық концерт (түпнұсқалық өңдеулер және аспапқа түсірулер);

      2) 2 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (оркестрлік партияны білу); төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі аспаптарға арналған шығармалар);

      3) 3 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (оркестрлік партияларды білуі); төртінші тоқсанда: академиялық концерт (баяншылар оркестріне, сондай-ақ баяншылар дуэті, триосы, квартетіне және аакордеоншылар триосына арналған шығармалар).

      79. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) оркестрлік орындаушылыққа тән көркемдік-эстетикалық, техникалық ерекшеліктерді білуі;

      2) музыкалық терминдерді білуі;

      3) оркестрдің құрамында партиясын орындаудың практикалық дағдыларының болуы;

      4) оркестрде аспаппен музыкалық шығарманы сауатты орындауы;

      5) парақтан оқу дағдылары;

      6) әртүрлі жанрдағы және стильдегі аспапта орындалатын шығармаларды өз бетінше жаттау білігі;

      7) аспаптарға арналған оркестрлік репертуарды білуі.

      80. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы" – оркестр бойынша сабақтарға үнемі қатысу, оркестрлік сыныпта оқытылатын барлық шығармалардағы өз партиясын білу, сабақтарға белсенді эмоциямен қатысу, ұжымның барлық концерттеріне қатысу;

      2) "4" бағасы "жақсы" – оркестр бойынша сабақтарға үнемі қатысу, сыныпта белсенді жұмыс істеу, бағдарламаның барлық партиясындағы қиын техникалық фрагменттерін пысықтауы жеткіліксіз, оркестрдің концерттеріне қатысу;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық" – оркестр бойынша сабақтарға жиі қатыспау, сыныпта бейжай болу, партияны тапсыру кезінде өз партиясын білмеу, партияны қайта тапсыру кезінде мектептің есептік концертіне міндетті түрде қатысу;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес" – себепсіз сабақтардан қалу, бағдарламаның көптеген партияларында партиясын қанағаттанарлықсыз жеткізу, есептік концертке қатысуына жол берілмеу.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 19-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Классикалық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Классикалық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Классикалық би" пәні бойынша оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) тіректегі немесе ортадағы экзерсис – бұлшық еттердің, сіңірлердің дамуына, бишінің қимылдарын үйлестіруді тәрбиелеуге ықпал ететін балеттегі машықтыратын жаттығулар кешені;

      2) balance [балансе] – аяқты алға жоғары – артқа төмен, алға-арқа, алға – артқа жоғары сермеу;

      3) battement fondu [батман фондю] – жамбас және тізе буынында аяқтарды бір уақытта бүгу және жазу;

      4) battement frappe [батман фраппе] – тірек аяқтың жіліншек буынына табанымен қысқа соғу, сосын тізе буынын жылдам жазу (25°, 45°) башпайға тұру немесе төмен тұру;

      5) battement tendu [батман тандю] – аяқтың башпаймен алға тұру қалпында табанмен сырғып "созылған", жанға, артқа сырқитын қимылдармен қайта қайту;

      6) battu [батю] – тірек аяқтың тек алдыңғы немесе артқы буындарды ұсақ, қысқа ұру;

      7) battement tendu [батман тандю] – өкшемен екі рет басу;

      8) demi plie [деми плие] – толық емес "отыру";

      9) demi rond [деми ронд] – толық емес шеңбер, жарты шеңбер;

      10) en dedans [ан дедан] – өзіне қаратынған шеңберлі қимыл, шеңберлі қимыл ішке;

      11) grand plie [гранд плие] – терең, үлкен "отыру".

      12) passe [пассе] – аяқтың бүгілген күйі, басшпай тізеге қарайды: алға, жанға;

      13) petit battement [пти батман] – тірек аяқпен ку де пье алға және артқа қалыпта табанмен кезек-кезек ұсақ, қысқа соққылар;

      14) relevé [релеве] – аяқтың кез келген позициясында башпайдың ұшымен көтерілу және түсу;

      15) rond dejamb parterre [ронд де жамб партер] – башпаймен еденде шеңбер жасау немесе жарты шеңбер жасау;

      16) rond de jamb en l'air [ронд дежамб ан лер] – әуеде аяқпен шеңбер жасау, сол аяққа тұрып оң аяқты жанға жіберу, жіліншікпен сыртқа немесе ішке шеңбер сызу.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың табиғи қабілеттерін ескеріп техникалық орындаушылық дағдыларды және классикалық бидің комбинациясын меңгеру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) би композицияларын сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі теориялық пен практикалық білімді, білікті және орындаушылық дағдыларын меңгеру;

      2) техникалық дағдыларды оқыту;

      3) музыкалық-ырғақты дағдыларды қалыптастыру;

      4) әртістік шеберлік тәсілдеріне үйрету.

      Дамыту:

      1) орындаушылық техникасын дамыту;

      2) қозғалыс үйлесімділігін, икемділікті, әсемділікті, төзімділікті дамыту;

      3) шығармашылық қабілеттерді, музыкамен қимылдау арқылы өз ойын білдіру қажеттіліктерін дамыту;

      4) жеке және ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту;

      5) шығармашылық қызметке уәждемені дамыту;

      6) жеке және ұжымда жұмыс істеу білігін дамыту;

      7) білім алушылардың дене қабілеттерін дамыту (икемділікті арттыру және сіңірлерді созу, арқаның икемділігі, буындардың қозғалғыштығы, қол буындарының, аяқ саусақтарының моторикасын жақсарту, арқа және пресс бұлшық еттерін жаттықтыру, балтыр және жамбас бұлшық ет күштерін қимылдату);

      8) білім алушылардың музыкалылығы мен ырғағын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) төзімділікті, еңбек сүйгіштікті, ерік күшін тәрбиелеу;

      2) бала тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, көркемдік және эстетикалық талғамын дамыту;

      3) білім алушыларда түрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерін дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - тоғыз жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқытудың негізгі курсына дайындау үшін бес-жеті жастағы балалармен дайындық тобында сабақтар жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептерінің хореографиялық бөлімдері топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

      7. Бағдарлама бал биінің комбинациясы мен қозғалыстарды техникалық орындаудың дағдыларын меңгеруді қалайтын жеті жастағы балаларды оқыту үшін арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Оқу пәнінің мақсаты жеке, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың басты міндеттер жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл оқытудың мазмұнын оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, хореографиямен өзара байланыс формаларымен оқу мазмұнымен байланыста іске асыруға мүмкіндік береді.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, классикалық би бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техниканы және әртістік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог ритмика бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып оқыту процесін құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) бидің сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға класскалық биді орындау біліктерін меңгеруге, Бағдарламада соло, жұпта және ансамбльде, жеке тәжірибеде қарастырылған, қатар қоя, салыстыра және би қимылдарын мағыналы орындай отырып, әрі қарай хореография өнерін өз бетінше меңгеруге көмектесетін білім, білік қорын алуға жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама би дарындылығы, дайындығы және жалпы даму деңгейі әр түрлі балаларға арналған.

      Педагог классикалық билерді орындаудың әртүрлі стильдерін, мәнерлерін және техникаларын меңгерудегі, балаларда хореографияға қызығушылықты оятудағы қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке оятуға ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) классикалық бидің пластика негіздерін, әртүрлі техникаларды және би бағыттарының стильдерін меңгеруіне;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) хореографиялық білім алуына және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушыда хореография өнер саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруі.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, хореографияның теориясы мен тарихы, музыкатану негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды біртіндеп қиындату, педагог дидактиканың ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құруды талап етеді;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын (бір би мен бір бағыттағы билердің элементтерінің, билер мен жаттықтыру жаттығуларының және сол сияқты өзара байланыстың орнатылуын) білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақ барысында білім алушыға қойылған нақты міндеттерді түсінуді қамтиды.

      19. "Классикалық би" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсету, қозғалыстың жеке бөліктерін және тұтас өзін көрсету, көрнекті бишілердің өнер көрсетулерімен бейнематериалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге бару;

      3) практикалық – қайталап орындайтын және шығармашылық жаттығулар, толық пысықтау және әрі қарай тұтасты ұйымдастыру үшін тұтас шығарманы неғұрлым кіші бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту және басқалары.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Барлық оқыту процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары балет станогында, гимнастикалық кілемшелерде және тағы басқада пысықталады;

      2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету.

      23. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ залдың ортасында шынықтырудан, бал биінің элементтерінен, бал биі қимылдарынан, вариациялардан тұрады.

      25. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады:

      1) қимылды орындаудың техникасымен, ырғақтық таратылуымен, тек педагогтің ғана емес, сәйкес келетін бейнематериалдардың көрсетілуімен оның физиологиялық ерекшеліктерімен танысу;

      2) қимылды үйрену, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып музыкамен комбинацияларда қимылдармен жұмыс.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) өз бетімен жүргізілетін сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларда және шеберлік сыныптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтар мен емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс және тағы сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Өз бетімен жүргізілетін сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      35. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдала отырып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      36. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өзінің би элементтерін орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушының күнделігіне бимен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      37. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) бишінің жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) классикалық бидің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      38. "Классикалық би" пәнінің "Халықтық-сахналық би", "Ритмика", "Заманауи би", "Музыкалық сауаттылық және музыканы тыңдау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      39. Класиикалық бидің мақсаты: білім алушылардың эстетикалық дамуына, көркемдік талғамының дамуына мүмкіндік беретін білім алушылардың физикалық қасиеттерін дамыту, қажетті техникалық дағдыларды қалыптастыру.

      40. Классикалық жаттықтырушылар мақсаты: арнайы жаттығулар арқылы би техникасын меңгеруге, классикалық би элементтерін игеруге, әртістік және көркем мәнерінің тәрбиесіне қажетті дағдыларды дамытуға бағытталады.

      41. Классикалық би барлық би пәндер кешенін оқытудағы жалпы іргетасы, классикакалық би жоғары орындаушылық мәдениетінің көз-бұлағы болып саналады. Бұл жүйелік жаттығу түрлері дененінің икемді әрі қозғалмалы болуын қамтамасыз етеді.

      42. Бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін классикалық бидің әліпбиі үйретіледі, алтыншы-жетінші сыныптарда классикалық би дағдыларының негізі қаланады, адажио мен аллегроның жаңаша екпіні, сондай-ақ бұрылу қозғалыстарының техникасы игеріледі. Бағдарламаға жоғарыдан секіру және қарғу еңгізіледі, tours – ты үлкен қалпта үйрену басталады. Бұлшық еттің күші артып, би орындаушылық көркемдік мәнерге және айқындылыққа ие бола бастайды.

      43. Сегізінші-тоғызыншы сыныптарда техникалық шеберлік әрі қарай дамытылады және өтілген материалға сахналық өңдеу жүргізіледі. Білім алушылар оқып үйренген элементтер негізінде қарапайым комбинацияларды ойдан шығарады. Арнаулы орта және жоғары оқу орындарына түсуге дайындалады.

      44. Бағдарламада кез келген нақты жағдайларда сынып құрамындағы білім алушалардың мүмкіндігі мен өзіндік шамасын ескерген педагогтің пайдалануына болатындай материалдың ең жоғарғы деңгейі алдын-ала қарастырылған.

      45. Білім алушалырдың мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты білім алушыларының оқып үйренуіне қиындық келтіретін негізгі Бағдарламаны педагог өз қалауы бойынша қолданыстан шығара алады, немесе оқытуды келесі сыныпқа ауыстыра алады.

      46. Классикалық би сабақтары төрт бөлімнен тұрады:

      1) станок алдындағы және зал ортасындағы экзерсиз;

      2) adagio [адажио];

      3) allegro [аллегро] және башпай жаттығулар;

      4) тыныс алуды қалпына келтіру және ақзаны байсалды жағдайға келтіруге арналған port de bras түрлі нысандары.

      47. Станок алдындағы жаттығулардың реті: plie [плие], battement tendu [батман тандю], battement tendu jete [батмант тандю жете], rond de jambe рar terree [ронд де жамб пар тер], battement fondu батман фондю] немесе battement soutenu [батман сутуню], battement frappe [батмант фраппе], battement double frappe [батман сутуню фраппе], rond de jambe en l’air [ронд де жамб ан лер], petit battement sur le cou-de-pied [пти батман сур ле ку-де-пье], battement developpe [батман девлюппе], grand battement jete [гранд батман жете]. Зал ортасындағы экзерсиз ықшам, қысқа және шебер жасалады.

      48. Сабақ екі академиялық сағатқа есептелген. Бірінші және екінші сыныпта уақыттың көп бөлігі бұлшық ет жүйесі мен тірек-қозғауыш аппараты бекігенше par terre [пар терр] жаттығуларына беріледі. Осылайша омыртқаға түсетін артық жүктеме алынып тасталынады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      50. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) оқытудың бірінші жылының міндеттері - бас, қол, аяқ, тұла бойдың классикалық жаттықтырушының қарапайым жаттығулары арқылы қойылуы, қимыл үйлесімділігінің қарапайым дағдыларын дамыту, орындау кезінде ұқыптылықтың болуы, тәртіп, зейін тәрбиесінің пайда болуын көздейді.

      51. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) классикалық биге оқытудың екінші жылында бірінші сыныптың жаттығуларын пысықтау және бекіту жалғастырылады және мейлінше күрделілері қосылады.

      52. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) классикалық биге оқытудың үшінші және төртінші жылдары қарғу жаттығулары арқылы бұлшық еттердің күші мен созылғыштығы дамытылады, уақытының бір бөлігі асатаяқ алдында жасалатын жаттығуларға бөлінеді. Әр жыл сайын шапшандықты арттыру салдарынан экзерсиз уақыты қысқартылады.

      2) бірінші жартыжылдықта барлық қимылдар бетімен таяққа қарап тұрып, оны екі қолымен ұстап тұрып жүргізіледі. Кейін таяққа қырымен тұрып және оны бір қолымен ұстап тұрып, екінші қолын екінші қалыпта аша отырып жаттығуларды жасайды.

      3) сабақ би маршымен ақырын қарқынмен басталады, оларды жылдамдатуға немесе бәсеңдетуге болады. Марш ағзаны жұмыс күйіне келтіреді, тыныс пен қан айналымды қалыпқа келтіреді.

      53. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылардың аса таяқ алдындағы жаттығуларда тұрақтылығын қалыптастырады, осы жаттығуларды дәл сол кезекпен залдың ортасына қарай ауыстырады, олар станоктың қасындағылардан да мықты жүргізіледі, залдың ортасында экзерсиске біртіндеп денені epaulement [эпольман] күйінде en face [ан фас] қалпынан бұрылады және кері жасайды, бірқатар жаттығуларда қолдың екінші позициясы төмендейді: қолдар жоғары дайындық жағдайында қолдар жайылады, қарғып секірулер күшті және бұлшықеттің иілгіштігін дамытады.

      54. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындау техникасын пысықтау әрі қарай жалғастырылады, жарты башпаймен жаттығу жасаудағы орнықтылығы бекітіледі;

      2) бұлшық еттердің әртүрлі топтарын дамытуды қамтамасыз ететін аllegro [аллегро] арналған жаттығуларды қолдану;

      3) негізгі міндеттері жарты башпаймен жаттығу жасаудағы орнықтылығы бекітіледі, Бағдарламаның жаңа қозғалыстары таза түрде үйретіледі;

      4) үйлестіруді дамыту үшін бірқатар жаттығулар біртіндеп epaulement [эпольман] ауыстырылады, алдымен залдың ортасында орындалады, ең жеңіл және қарапайым croisee позасы үйретіледі, башпаймен секірудегі және жаттығулардағы epaulement [эпольман] қалыбы өзінің бағытын біраз өзгертеді және сыныптың бірінші жоспары бағытына қарай бағыты өзгертіледі және ауысады..

      55. 6 сыныптағы Бағдарламалық талаптары:

      1) тұрақтылықты дамыту, өткен жаттығулардың санын көбейту арқылы аяқтың күшін дамыту, мейлінше шапшаң жылдамдықта жаттығуларды орындау техникасын дамыту;

      2) тұрақтылықты дамыту, өткен жаттығулардың санын көбейту арқылы аяқтың күшін дамыту, мейлінше шапшаң жылдамдықта жаттығуларды орындау техникасын дамыту, еn face және epaulement [ан фас және эпольман] жаттығулары, таяқтың алдында , сонымен қатар ортасында, бірге қосылады, басында екіден артық емес;

      3) музыканың сүйемелдеуімен, қимылдардың үйлесімінде, әуеннің жалпы сызығы сақталады, тактің ішіндегі ырғақтық сурет қана өзгереді, осылайша үйлесімді қимылдардың сипаты қоюлана түседі, секіру жаттығулары секіру биіктігін жетілдіреді және төмен секіру кезінде бұлшық еттер жаттығады.

      56. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) залдың орталығында тұрақтылықты дамыту әрі қарай жалғастырылады, қимылдардың мәнерлігі бойынша жұмыс, әртүрлі тәсілмен рirouette [пируэт] техникасын меңгеру;

      2) орындаудың дұрыстығы мен тазалығы қалыптасады, күш пен шыдамдылық дамиды, залдың ортасында жарты башпайлы жаттығуларда тұрақтылық қалыптасады, қимылдарға көркемдік бояулардың элементтерін енгізу арқылы бишілік дамиды;

      3) тұла бойдың тірек аяққа тура келу қалпын тексеретін тәсіл қолданылады (әрекет соңында тірек аяқтың жарты башпайымен тұрып қалады, бұл кезде қозғалыстағы аяқ cou-de pied [ку-де-пье] немесе кез келген 45,90 градус бағытында болуы мүмкін).

      57. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) en tournant [ан турнант] қимылын үйрену, қимылдардың мәнерлігі бойынша жұмыс жалғастырылады, трамплин сипатындағы қарғулар енгізіледі, ол қысқа, бірақ қатты plié [плие] (бірінші, екінші қалыпта; кейіннен – бір аяқта тұрып екіншісі cou-de pied [ку-де-пье] қалыпты алға және артқа);

      2) тактің сегізінші бөлімімен орындалады, созылмалы жұмсақ қарғулар мен трамплинді ауысырып отыру аяқтарды биіс, жеңіл қарғуларға дайындап, дамытады.

      58. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әртүрлі бұрылыстардағы тұрақтылық бекітіледі, қолдың және дененің созылмалығы дамытылады;

      2) экзерсистің негізгі міндеттері: бір аяқпен жартылай бұрылыс жаттығулары кезіндегі орнықтылықты бекіту және жетілдіру, тұла бойдың салмағы түскен ортаны тепе-теңдікті сақтай отырып ауыстырады, зал ортасындағы экзерсисті қимыл-қозғалыстың өз есебінен, мысалы, rond de jambe par terre [ронд де жамб пар терр] және battement fondu [батмант фондю] кезектестіре отырып немесе үйлесімді қимылдар саның шектей отырып қысқартуға болады;

      2) үлкен қалыптағы tours-ке мұқият дайындық басталадығ әуелі бір орындағы, кейіннен қимыл-қозғалыстағы үлкен секірулер енгізіледі.

      60. 5-9 сыныптың соңында Бағдарламаны меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      5-9 сыныптың соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) экзерсистің негізгі қимылдарын таяқта және ортада, секіру бөлімінде сауатты орындайды;

      2) комбинациялардың қарапайым оқу формаларын жақсы үйлестіріп, түсіндіріп, мәнерлі орындайды, айнау кезінде нүктені "ұстап" тұра алады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      64. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, емтихан түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      65. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (класскалық жаттықтырғыштың қарапайым жаттығуларындағы денені, аяқты, қолды және басты қою, станокка қарама-қарсы тұрып орындалатын жаттығу (бағдарлама бойынша үш қимыл), par terree [па терре] залдың ортасындағы жаттығу, залдың ортасында Demi-plie [деми плие] алтыншы және бірінші позиция бойынша; қолдардың бірінші және үшінші позициясы); екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станокка қарама-қарсы тұрып орындалатын жаттығулар (бағдарлама бойынша алты қимыл), par terree [па терре] залдың ортасындағы жаттығу, залдың ортасында қол мен аяқтың қалпы);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станокка қарама-қарсы тұрып (бағдарлама бойынша жеті қимыл), par terree [па терре] залдың ортасындағы жаттығу, залдын ортасында қолды бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру және бағдарлама бойынша үш қимыл), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станокка қарама-қарсы тұрып орындалатын жаттығу; par terree [па терре] залдың ортасындағы жаттығу; залдың ортасында алғашқы port de bras [пор де брас]);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (залдың ортасында алғашқы port de bras [пор де брас], аяқтардың еркін қалыптары), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы тemps leve sauté [тан леве соте] бірінші позиция бойынша (станокка қарсы тұрып);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станок алдындағы экзерсис; залдың ортасындағы экзерсис (en face [ан фас]); екінші port de bras [пор де брас]; бірінші позиция бойынша залдың ортасындағы тemps leve sauté [тан леве соте]); екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станок алдындағы экзерсис; дененің en face [ан фас] қалпынан epaulement [эпальмант] қалпына және кері бұрылуы; бесінші позиция epaulement croise [эпальмант круазе]; ортада орындалатын секірулер; саусақтардағы экзерсис (табандары мықты бекіген білім алушылар үшін);

      5) 5 сынып – екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (қимылдарды орындау техникасы; станок алдындағы экзерсис, en dehors [ан деор], en dedan [ан деданс] жартылай бұрылулары қосылады; аllegro [аллегро] арналған жаттығулар, epaulement-тегі [эпальмант] жаттығулар;

      6) 6 сынып – екінші жартыжылдықта: емтихан ( тұрақтылықты дамытуға арналған бұрылулар мен жаттығулар; жылдам темптегі жаттығулар, айналулар; en face [ан фас] және epaulement [эпальмант], тіреуде және залдың ортасындағы жаттығулар);

      7) 7 сынып – екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (әртүрлі тәсілдермен рirouette [пирует] техникасы; орындаудың дұрыстығы және тазалығы; залдың ортасындағы жарты башпайда орындалатын жаттығулардағы тұрақтылық, қимылдарға көркемдік бояуды енгізудегі бишілік; бір аяққа тұрғандағы дененің қалпы);

      8) 8 сынып – екінші жартыжылдықта: емтихан (en tournant [ан турнант] қимыл; қимылдардың мәнерлігі; қысқа, бірақ серпінді plie-дегі [плие] трамплин сипатындағы секірулер);

      9) 9 сынып – екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (станок алдындағы экзерсис; залдың ортасындағы экзерсис (ортасында немесе диагональ бойынша айналуды қоса алғанда); үлкен adagio [адажио]; аllegro [алегро] (би комбинацияларын қоса алғанда); саусақтарда экзерсис; port de bras).

      66. Хореографиялық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) би репертуарын меңгеруі;

      2) табиғи қабілеттерін дамытуы (музыкалық есту қабілеті, ритм, үйлестіру, мүсін, сыртқа қайыру, қадам, табан, баллон, апломб, вестибулярлы аппарат);

      3) қарапайым би түсініктерін білуі;

      4) музыкалық бейнелерді қабылдауы (музыкаға деген эмоциялық көзқарасы, суырыпсала білуі).

      67. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы ("өте жақсы") – барлық билерді музыкамен орындау, мінезді, музыкалық өлшемді, темпті, билердегі метроритмикалық суреттерді нақты орындау; билерді техникалық сауатты, мәнерлі, сенімді орындау;

      2) "4" бағасы ("жақсы") – техникалық жағынан алғанда біршама кателермен түсініп көркем орындау;

      3) "3" бағасы ("қанағаттанарлық") – қимылдарды, билерді музыкамен сенімсіз орындау, қимылдардағы ритмикалық акценттердің нақты емес болуы, бағдарламалық билерді орындаудағы өрескел қателері; сенімсіз орындауы;

      4) "2" бағасы ("қанағаттанарлық емес") – бағдарламалық талаптарды орындамау, сабақтарға нашар қатысудың салдарынан туындаған кемшіліктер кешені.

1 сынып. Классикалық биге оқытудың бірінші жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Аяқтың бірінші қалпы; бірінші тік (VI) қалып

4/4; 3/4 (8-16 такт қалып бойынша сақталады)

22

2. Станоктың алдында тұла бойдың дұрыс қойылуы


3. Тұла бойды қою - іштің бұлшық еттері тартылған


4. Бел бөлімінде арқаны дұрыс қою


5. Таяққа қарама қарсы тұрып, қолдарды станокқа қою


6. Қолдардың қалпы – даярлық күйде, I (станокты ұстамай); I, III. – алдымен залдың ортасында оқытылады

4/4 (әр қалыпқа 2 тактіден); 3/4; 6/8

7. Түсінік: "тірек" және "әрекеттегі" аяқ


8. Demi – plié [деми плие] I қалыптан

2 тактіге 4/4 тен баяу, әндете

9. I еркін қалыптан Battement tendu [батман тандю] жанына қарай

4 тактіге 4/4-тен

10. VI қалыптан жарты башпаймен Releve [релеве]

2 тактіге 4/4-тен

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Аяқтың VI қалпы


22

2. Аяқтың I қалпы (еркін)


3. Класиикалық бидегі қолдың сақсақтарын топтау


4. Қолдардың қалпы – даярлық күйде, I, III

4/4, 3/4 және 6/8

5. Басты дұрыс қою


6. Тізе тұсында созылған аяқтарды толық табанға қою


7. Бел бөлігінде арқаны дұрыс қою


8. Тұла бойын дұрыс қою–іштің бұлшық еттері тартылған


9. Тізе тұсында башпайларда созылыңқы аяқтарда тұру


10. Demi-plie [деми плие] VI қалып бойынша

2 тактіден 4/4 баяу, әндете

11. Demi-plie [деми плие] I қалып бойынша.

2 тактіден 4/4 баяу, әндете

Зал ортасындағы
Parterre [па терре]
жаттығулары

Барлық қимылдар жатқан қалыпта ішпен жату, сонымен қатар арқада жату кезінде орындалады.
1. Көтерілуді дамытуға ісер ететін жаттығулар


20

2. Аяқтың қалыптары: I, II


3. Аяқтың түзу қалыптары


4. Жамбас буындарындағы аяқтың қозғалысын дамыту


5. I қалып бойынша аяқтың балеттік сызығын тәрбиелеу


6. II қалып бойынша аяқтың балеттік сызығын тәрбиелеу


7. Қарапайым қымылдардың үйесімін дамытуға арналған жаттығулар (бас, қол)


8. Жамбас буындардағы ашық (выворотность) қалыпты дамыту



Барлығы

64


Екінші жартыжылдық


Станок жанындағы жаттығулар

1. Аяқтың екінші қалпы (еркін)

4/4; 3/4 (қалып 8-16 такт бойына сақталады)

18

2. II қалып бойынша Demi-plie [деми плие]

2 тактіден 4/4

3. Battement tendu [батман тандю] жанына I еркін қалыптан

2 тактіге 4/4

4. Аяқты cou-de-pied [ку-де-пье] қою, VI қалып бойынша

2/4

5. Battements tendus с demi-plie plie [батмантандю с деми плие] жанына қарай

4 такті 4/4 баяу, әндете

6. Releve [релеве] жарты башпайға

4/4,3/4

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Аяқтың қалпы: I, II


18

2. Қолдардың даярлық қалпы


3. Қолдардың бірінші қалпы


4. Қолдардың үшінші қалпы


7. Passe [пассе]

4/4

8. Жанға қарай қадам жасауды дамыту


Зал ортасында
par terree
жаттығулары.

1. Үйлестіруді дамытудың күрделі нұсқасы


36

2. Іш бұлшық етін жаттықтыру (пресс)


3. Тігінші бұлшық ет пен нәзік бұлшық етті жаттықтыру


4. Ашық қалыпты дамыту


5. Белге, аяққа және port de bras [пор де бра] (екі жанына иілу) арналған жыттығулар


6. Passe [пассе] бір аяқпен

4/4

7. Passe de cote releve [пассе де сотте релеве]

4/4

8. Relevelent [релевелянт] 450алдыға және артқа

4/4, 3/4

9. Жамбас буындардың ашық қалыптарын дамыту



Барлығы

72


2-сынып. Екінші оқу жылы. Бірінші жартыжылдық.



Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Аяқтың қалпы: I, II

4/4; 3/4 (қалып 8-16 такт бойынша сақталады)

22

2. Станок алдында тұла бойды қою


3. Бетімен таяққа қарап қолдарын станокқа қою


4. Қолдардың қалпы – даярлық, I (станокты ұстамай); I, III

4/4 (әр қалыпқа 2 такт) ); 3/4; 6/8

5. Түсінік: "тірек аяқ" және "әрекеттег" аяқ


6. Demi – plié [деми плие] I, II қалыпта


7. Battement tendu [батман тандю] I еркін қалыптан жанына және алға

2 тактіден 4/4-тен баяу, әндете

8. Battement tendu [батман тандю] с demi-plie [деми плие] I қалыптан


9. VI қалыпта аяқтарды surlecou-de-pied[сур ле ку-де-пье] қою, plie [плие] тік тірек аяқта

4 тактіде 4/4

10. I қалыпты жарты башпайда Releve [релеве]

әр 2 тактіге 4/4-тен

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Аяқтық қалыптары: I, II,III


18

2. Қолдың қалыптары: I, II, III, даярлық


3. Қолдың екінші қалпы


4. Қолдарды бір қалыптан бір қалыпқа ауыстыру


5. Passe [пассе]


6. Demi – plie [деми плие] I, II қалыпта

4/4

7. Battement tendu [батман тандю] VIжәне I қалыпта жанға және алға

4/4

Зал ортасында
par terree
жаттығулары

1. Passe [пассе] екі аяқпен


24

2. Тұла бойымен айналмалы қимылдар жасау


3. Ақтарды жанына айналдыру(developpe a la second) [девлюппе э ля сисонд]


4. Battements de cote [батман де соте] (жанына)


5. Passe en l’air en dehors [па анлер ан деор]


6. Passe en l’air en dedans [па анлер ан деор]


Барлығы


64

Екінші жартыжылдық

Станок жанындағы жаттығулар

1. Аяқтың үшінші қалпы.

4/4; 3/4 (қалып 8-16 такт бойына сақталады)

24

2. Demi-plie [деми плие] III қалыпта

2 тактіден 4/4

3. Battement tendu [батман тандю] I еркін қалыпта жанына, алға

2 тактіде 4/4

4. Battement s tendus с demi-plie [батман тандю с деми плие] жанына, алға және артқа

4/4

5. Battement tendu jete [батман тандю жетте] I қалыптан жанына, алға

2/4.

6. Аяқты passé [пассе] қалпына қою, plie [плие] тік тірек аяқта тұрып

2/4

7. Releve [релеве] жарты башпайда

4 тактіден 4/4 баяу, әндете

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Аяқ қалпы: I, II, III


18

2. Қолды бір қалыптан бір қалыпқа ауыстыру

4/4, 3/4

3. Demi – plié [деми плие] I, II қалыппен

4/4

4. Battement tendu [батман тандю] I еркін позициядан жанына, алға және артқа


5. Ашылатын және қайта орнына түсетін жамбас бұлшық еттерін дамыту және бекіту


6. Аяқты passé [пассе] қалпына қою, plie [плие] тік тірек аяқта тұрып

4/4

7. Алға және артқа қадам жасауды дамыту


Зал ортасында
par terree [па терре] жаттығулары

1. Battements en avant [батман ан авант] тұла бойды көтеріп

4/4

30

2. Battements en arriere [батман ан арриере] тұла бойды көтеріп

4/4

3. Battements de cote [батман де соте] тұла бойды көтеріп.

2/4

4. Rond de jambe [ронд де жанд] (созылған аяқпен шеңбер жасау)

3/4

5. Іш бұлшық еттерін жаттықтыру


6. Ашық қалыпты дамыту


7. Дененің иілгіштігін дамыту – тік аяқтарға қарай иілу


8. Дененің икемділігіне арналған жаттығулар


9. Бір және кі аяқпен Passe [пассе]

4/4

10. Relevelent [релеве лент] алға және артқа

4/4

11. Жіліншік буындарды алға созу және кейін бүгу

2/4


Барлығы


72

3-сынып. Классикалық биді оқытудың үшінші жылы. Бірінші жартыжылдық


Бөлім

Тақырып

Музыкалық өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Аяқ қалпы: I, II

4/4; 3/4 (қалып 8-16 такт бойы сақталады)

22

2. Станок алдында тұла бойды дұрыс қою


3. Бетімен таяққа қарап қолдарын станокқа қою


4. Қолдардың қалпы – даярлық, I (станокты ұстамай); I, III

4/4 (әр қайсысына 2 тактіден ); 3/4; 6/8

5. Түсінік: "тірек аяқ" және "әрекеттегі" аяқ


6. Demi – plié [деми плие] I, II қалып бойынша


7. Battement tendu [батман тандю] I еркін қалыпта жанға және алдыға

2 такта 4/4баяу, әндете

8. Battement tendu с demi-plie plie [батман тандю с деми плие] I қалыптан


9. VI қалыпта аяқты на surlecou-de-pied [сур-ле-ку-де-пье] қою, тік тірек аяқта және plié [плие] тұрып

4 тактіге 4/4

10. Releve [релеве] I қалыпта жарты башпайда

2 тактіге 4/4

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Аяқ қалпы: I, II,III


18

2. Қолдың қалыптары: I, II, III, даярлық


3. Қолдың екінші қалпы


4. Қолдарды бір қалыптан бір қалыпқа ауыстыру


5. Passe [пассе]


6. Demi – plie I, II қалыпта

4/4

7. Battement tendu [деми плие] VIжәне I қалыпта жаға және алға

4/4

Зал ортасындағы
par terree
жаттығулары.

1. Passe [пассе] екі аяқпен


24

2. Тұла бойымен айналмалы қимылдар жасау


3. Ақтарды жанына айналдыру(developpe a la second) [девлюпе а ля сисонд]


4. Battements de cote [батманн де сотте] (жанға)


5. Passe en l’air en dehors [пассе ан лер ан дорс ]


6. Passe en l’air en dedans [пассе ан лер ан деданс]



Барлығы


64


Екінші жартыжылдық.



Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

Станокқа бетпен қарап: 1. Demi – plie [Деми-плие] I, II, V қалыпта

4/4

54

2. Grand plie [гранд плие] I, II, V қалыпта


3. Battement tendu [батман тандю] V қалыпта

2/4

4. Battement tendu jete [батман тандю жете] V қалыпта

2/4

5. Battement tendu с demi-plie [батман тандю с деми плие] V қалыпта

4/4

6. V қалыпта battement soutenu [батман сутеню] даярлық

2/4

7. Battement frappe [батман фраппе] жанға, алға, артқа ақ ұшын еденге

3/4

8. Тұла бойды артқа, жанға иіліу

2/4

9. Petit battement sur le cou-de-pied [пати батмант сур-ле ку-де-пье] (тең ауыстыру)

2/4 4/4, 3/4

10. Battement double frappe [батман дубль фраппе] жанға

4/4

11. Battement releve lent [батма трелеве лянт]

4/4

12. retire [ретире] аяқ қалпы

4/4

rond de jambe en l’air [ронд де жамб анлер] даярлық жаттығулары

3/4

Releve [релеве] I, II қалыпта жарты башпаймен

4/4, 3/4, 2/4

Pas balance [па балянсе]

3/4

Кейінгі жаттығулардың барлығы станоктан ұстай отырып үйретіледі. 1. Станоктан бір қолмен ұстау қалпы

2/4

2. Қолға арналған Preparation [препоросьен]

2/4

3. Бір қолмен ұстағандағы аяқ қалпы

4/4

4. Battement tendu [батман тандю] I, Vқалыптан

2/4

5. Battement tendu jete [батман тандю жете] I, V қалыптан

4/4

6. Battement tendu с demi-plie [батман тандю с деми плие] I, V қалыптан

4/4

7. Passe par terre [пассе па терре]

4/4

8. Demi-rond de jambe рar terreea. en dehors; b. en dedans [деми-ронд де жамб пар-тер: a. ан деорс; b. ан деданс]

3/4
4/4

9. Rond de jambe рar terree: en dehors; en dedans [ронд де жамб пар-тер: ан деорс; ан деданс]

3/4, 4/4

10. Тұла бойымен алға еңкею

3/4

11. I, V қалыпта battement soutenu [батман сутуню]

4/4

12. Battement frappe [батмант фраппе] жанына, алға, аяқ ұшымен артқа еденге

2/4

13. Battement double frappe [батмант дубль фраппе] жанына

2/4

Зал ортасындағы жаттығулар

Demi – plie [деми плие] I, II, V қалып

3/4

14

Battement tendu [батман тандю] I қалыптан, жанына, алға, артқа.

4/4

Battement tendu jete [батмант тандю жетте] I қалыптан жанына, алға, артқа

2/4

I қалыптан Battement tendu demi-plie [батман тандю с деми плие]

4/4

Pas balance [Па балансе]

3/4

Allegro

Temps leve sauté [тан леве соте] I қалып бойынша (сатнокқа қарама-қарсы)

2/4

4


Барлығы


72

4-сынып. Оқытудың төртінші жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станоктың жанындағы жаттығулар

1. Demi-plie [деми плие] бойынша IV қалып бойынша станокқа қарама-қарсы; жартылдықтың соңында бір қолмен ұстай отырып

1 тактіге 4/4-тен

32

2. Grad plie [грант плие] I, II, V қалып бойынша бір қолмен ұстай отырып

4/4, 3/4

3. Battement tendu pour le pied [батман тандью пур ла пие]

2/4

4. Preparation к rond de jambe parterre [препорьон ронд де жанб партер]: станокқа қарама-қарсы; бір қолмен ұстай отырып

3/4

5. Battement fondu [батман фондю] аяқ ұшымен еденге: станокқа қарама қарсы; бір қолмен ұстай отырып

3/4

6. Battement frappe [батман фраппе] бір қолмен ұстай отырып: аяқ ұшымен еденге; 45 градусқа

2/4

7. Battement double frappe [батман дубль фраппе] бір қолмен ұстай отырып: аяқ ұшымен еденге; 45 градусқа бір қолмен

2/4

8. Petit battement sur le cou-de-pied [пти батман сурлеку-де-пье] бір қолмен ұстай отырып

2/4

9. Бір қолмен ұстап отырғандағы retire [ретире]

3/4

10. rond de jambe en l’air [ронд де жамб анлер] дайындық жаттығулары: станокқа қарама-қарсы; қолмен ұстай отырып

4/4, 3/4

11. Rond de jambe en l’airen dehors dehors [ронд де жамб ан леер ан деорс], en de dans [ан да данс] 45 градусқа станокқа қарама-қарсы

3/4

12. Battement releve lent [батман релеве лянт] 90 градусқа бір қолмен ұстай отырып

4/4, 3/4

13. V қалыптан станоктың алдында en dehors және en dedans [ан деорс және ан деданс] екі аяқтың толық табанымен бұрылу

1 тактіден әр 4/4-ге

14. Grand battement jete [гранд батмант жете] бір қолмен

2/4

15. Releve [релеве] V қалып бойынша станокқа қарама-қарсы

4/4, 3/4

16. Releve мен demi-plie [релеве мен деми плие] I, II, V қалып бойынша станокқа қарама-қарсы

2/4

17. Pas de bourree [па де буре] аяқты алмастыра отырып, en dehors және en dedans [ан деорс және ан деданс]

2/4

Зал ортасындағы жаттығулар

Еn face [эфассе] орындаулындағы жаттығулар тәртібі сақталынатын станок алдындағыдай экзерсис. V қалыптағы epaulement croise және efface [эпольмант круазе және эффасе] үйрену

3/4

16

Сroisee и efface [круазе және эффасе] үлкен қалыптары

4/4, 3/4, 3/4

Pas balance [па балянсе]


II port de bras [пор де бра]


Allegro

Станокқа қарама-қарсы: Temps leve sauté [тан леве соте] II, V қалыптар бойынша

2,4

12

Changement de pieds [шанжман де пье]

2/4

Pas echappe [па эшаппе] II қалыпты

2/4

Pas assemble en dedans [па асамбле ан деданс]

2/4

Зал ортасында: 1.Temps leve sauté [тан леве соте] I, II, V қалып бойынша

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

Releve [релеве] I, II және V қалыпта станокқа қарама-қарсы

4 такті 2/4 әрқайсысы

4


Барлығы


64

Екінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны


1. Battement tendu [батман тандью]: demi-plie [деми плие] II, I қалып бойынша ауыспай; екінші аяққа ауысып

2/4

32

2. Battement tendu [батман тандю] jete pique [жете пике]


3. Rond de jambe par terreeplié-ге en dehors және en dedans (plié-ге айналып келу) [ронд де жамб партер ан деор и ан деданс (плие)]

3/4

4. Бір қолмен дене тұлғасын алға, артқа еңкейту

3/4

5. Бір қолмен вattement fondu [батмант фондю]

3/4

6. Бір қолмен вattement frappe [батмант фраппе]


7. Бір қолмен вattement double frappe [батмант дубль фраппе]
Бір қолмен вattement soutenu [батмант сутуню] аяқтың ұшымен еденге: толық табанмен;жартылай башпаймен

4/4
2/4

8. Battement soutenu [батмант сутуню] бір қолмен аяқ ұшымен еденге: толық табанмен; жартылай башпаймен

2/4

9. Rond de jambe en l’air en dehors, en dedans [ронд де жамб партер ан деорс, ан деданс] бір қолмен

2/4

10. Battement developpe [батман девлоппе] айқастыру

4/4

11. Еn dehors бұрылыс, en dedans [ан деорс, ан дедан] V қалып бойынша жартылай башпаймен 1/4, 1/2 plie [плие] және plie [плие] айналу

4/4

12. Еденде arabesque [араеск] II қалып

4/4

13. Классикалық бидің қалыптары: үлкен және кіші croisee, efface, ecartee [круазе, эфассе, экарте] аяқтың ұшымен еденге

2/4

14. Бір аяқта Releve [релеве],екіншісі cou-de-pied [ку-де-пье] алдында немесе артында

4/4

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Жаттығуларды V қалыпта epaulement croise [эпальмант круазе] бастау және аяқтау ұсынылады. Еcartee [экарте ] алға және артқа үлкен қалыптар

4/4

22

2. Сroisee, efface, ecartee [круазе, эфассе, экарте] кіші қалыптары, алға және артқа аяқтың ұшымен еденге

3/4

3. I, II, III arabesque [арабеск] аяқтың ұшымен еденге (3 немесе 7 класс точкасының бағытына қарай тұру)

4/4

4. Temps lie [тан лие]

4/4, 3/4

5. Pas de bourree [па де буре] аяқтарды ауыстырып en dehors и en dedans [андеорс және андеданс]

2/4, 3/4

6. V қалыпта жартылай басшпаймен бұрылыстар (pas de bourree suivi) [па де буре сюеви]

4/4

7. III port de bras [пордебра]

3/4

8. Pas de basque [па де буре] (сахналық түрі)

3/4

Allegro

1. Залдың ортасында: Changement de pieds [шажмант де пье]

2/4

12

2. Pas echappe [па эшаппе] II қалыпқа (даярлық күйдегі қолдардың қалпы)

1 тактіге 4/4

3. Pas assemble [па асамбле]

2/4

4. Станокқа қарама-қарсы. 1. Sissonne simple [сисон семпль]

2/4

5. Pas jete [па жете]

2/4

6. Pas assemble en dehors [па асамбле андеор]

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Releve [реллеве] I, II, V қалып

2 такті 2/4

6

2. II қалыптағы Pas echappe [па эшаппе]

4 такті 2/4

3. Pas de bourree [па де буре] аяқтарды ауыстырып en dehors және en dedans [ан деор және ан дедан]

2 такті 2/4

4. Pas suivi [па сюеви]

4/4, 2/4, 3/4

5. Pas couru [па кур]

Әр қимылы 1/8; 1/16

Барлығы


72

5-сынып. Оқытудың бесінші жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Сroisee, efface, ecartee [круазе, эфассе, экарте] позаларында жасалатын вattement tendu, battement tendu jete [батман тандью, батман тандю жете]

2/4

32

2. Дене тұлғасын алға, артқа ашық аяқпен аяқ ұшын, артқа

4/4

3. Demi-rond de jambe [деми-ронд де жамб] 45 ° -ке en dehors, en dedans [андеорс, андеданс]

3/4

4. Қолдың жұмысымен Battement fondu [батмант фондью]

4/4

5. Petit battement sur le cou-de pied [пти батмант сур ле ку-де пье]: алға және артқа; жартылай башпаймен

2/4

6. Бір орында Pas tombe [па томбе], басқа аяғы cou-de-pied [ку-де пье]

2/4

7. 45 ° attitude [атетют], tire-bouchon [тир-бушон] қалыптары. Станокка қарама-қарсы; бір қолмен

4/4, 3/4

8. Еn dehors бұрылыстар, en dedans soutenu [ан деорс, ан де данс сутеню] 180 °


9. Battements releve lentes [батман релеве лянд] и battement developpe efface [батмант девлоппе] қалыпында

4/4

10. Grand battement jete pique [гранд батман жете пике]

2/4

11. Сroisee, efface және ecartee [круазе, эфассе, экарте] кіші қалыптарын үйрену, алға және артқа аяқтың ұшымен еденге. Созылған тірек аяғымен алға жіне артқа plie [плие]

2/4, 4/4

12. Бір аяқта Releve [релеве] жасау, "жұмыс істейтін" 45° ашылған алға, артқа және жанына


Зал ортасындағы жаттығулар

Барлық қимылдар epaulement croisee дайындық ретінде жүргізіледі. Battement tendu, battement tendu jete [батмант тандью, батмант тандью жете] croisee [круазе] қалпында жасалады

2/4

12

1. Battement fondu, battement frappe, battement double frappe [батман фондью,батман фраппе, батмант дубль фраппе] en face 450 жасалынады

2/4

2. Бір орында тұрып толық табанмен екі аяқпен бұрылу – айналуға дайындалу

2/4

3. V қалыпта plie-мен [плие] және plie [плие] жарты башпаймен екі аяқпен бұрылу

2/4

4. Releve lent [релеве лянт] үлкен қалыптардағы croisee [круазе]

4/4

5. Pas de bourree [па де бурре] бір жақтан екінші жаққа ауыспай аяқтың ұшымен еденге

2/4

Allegro

Залдың ортасында. II қалыптағы рetit echappe [пти эшаппе] (қолдармен)

1 тактіден 4/4; 2/4

12

1. Pas assemble [па ассамбле] алға және артқа

2/4

2. Sissonne simple [сисон семпль]

2/4

3. Pas jete en face [па жете ан фас]

2/4

4. Petit changement de pied [пти шанжман де пье] croisee-та [круазе]

2/4

5. Grand changement de pied [гранд шанжман де пье]

2/4

Таяққа қарама-қарсы


1. IV қалыпта рas echappe [па эшаппе]

2/4

2. Pas assemble [па ассамбле] croisee [круазе]

2/4

3. Double assemble [дубль ассамбле]

2/4

4. Sissonne ouverte [сиссон уверт] жанына аяқтың ұшымен еденге

2/4

5. Glissade [глиссад] жанына аяқтарды ауыстырып және ауыстырмай қою

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Double echappe [дубль эшаппе] II қалыпта

4/4

8

2. Releve [релеве] IV қалыптағы croisee [круазе]

2/4

3. Assemble soutenu [ассамбле сутунью]

2/4

4. Pas de bourree [па де буре] аяқтарды ауыстырып en dehors және en dedans [ан деорс және ан деданс] кіші қалыпта аяқтау croisee [круазе]

2/4

5. Glissade [глиссад] жанына

4/4

6. Pas de bourree suivi және pas couru [па де буре сюев және па кур] диагональ бойымен қозғалу

2/4

Барлығы


64

Екінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Battement tendu jete en face [батман тандю жете ан фас] әрқайсысы 1/8

2/4

32

2. III рort de bras [пор де бра] plie-да [плие] созылып және дене тұлғасын еңкейтіп (ауысусыз)

3/4

3. Battement fondu [батман фондю]: plie [плие] – releve [ревеле] толық табанда; жартылай башпайға созылып

2/4

4. Вattement frappe [батман фраппе] жартылай башпайда

2/4

5. Pas coupe [па купе] толық табанмен және жартылай башпайда

2/4

6. II arabesque [арабеск] қалыпта 450

2/4

7. Temps releve [темп релеве] 450 en dehors [ан деорс], en dedans [ан деданс] (препоросьен] к rond de jambe en l’air [рон де жамб ан лие]) толық табанмен

3/4, 4/4

8. Battement developpe passé [батман девлопе пассе] 900.

4/4

9. Demi-rond de jambe [деми-ронд де жамб] 900

2/4

10. Grand battement jete [гранд батмант жете] croisee, efface [круазе, эфасе] қалпында


Зал ортасындағы жаттығулар

1. Battement tendu [батман тандю], battement tendu jete [батман тандю жете] үлкен және күші қалыптарда жасалынады

2/4

18

2. Rond de jambe par terre [ронд де жамб партер] plie [плие] айналыммен en dehors, en dedans [ан деор, андедан]

3/4

3. Demi-rond de jambe [деми-ронд де жамб] на 450 en face en dehors, en dedans [анфас андеор, андеданс]

2/4

4. Battement fondu, battement frappe, battement double frappe [батман фондю, батман фрапе, батман дубль фрапе]
Аяқтың ұшымен еденге; 450

2/4

5. Battement soutenu [батман сутунью]: Аяқтың ұшымен еденге; 450 -қа

4/4

6. Rond de jambe en l’air en dehors, en dedans en face [ронд де жамб анлер ан деор ан дедан анфас]

2/4

7. Petit battement sur le cou-de pied [пти батман сурлеку-депье]: тура қалыпта; алға және артқа

2/4

8. Releve [релеве] на 450 I, II, III arabesque [арабеск] қалыпта

2/4

9. Developpes [девлопе] үлкен қалыпқа croisee


10. Grand battement jete [гранд батман жете] үлкен қалыпта croisee [круазе]


11. Pas tombee tcoupe [па томбэ купе] бүтін табанмен


12. Тұла бойды иіп Temps lie [тан лие]


13. V port de bras [пор де бра]


14. Pas de bourree ballotte [па де буре балоте] efface-де [еффасе] және croisee [круазе] аяқтың ұшымен еденге


15. Balance en tournant [балансе ан турнан] на 1/4 бұрылыс


Allegro

1. Зал ортасында Double assemble [дубль ассамбле]

2/4

14

2. Petite chappe [пти эшаппе] қолдармен IVқалыпта

2/4

3. Pas jete [па жете] кіші қалыпта

2/4

4. Temps leve sauté [темп релеве соте] I және II қалыпта үлкен секірумен

2/4

5. Sissonne ouverte [сисон уверт] аяқтың ұшымен еденге

4/4

6. Glissade [глиссад] жанына

4/4

7. Сахналық форма sissonne [сисон] III қалыптарда arabesque [арабеск]

3/4

8. Екі қимылдар тұратын комбинацияны құрайды


Станокқа қарама-қарсы
1. Sissonne ouverte [сисон уверт] 450-қа

4/4

2. Pas echappe [па ешаппе] бір аяққа

2/4

3. Grand echappe [гранд ешаппе] II қалыпқа

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Assemble soutenu [ассамбле сутенью] шағын қалыптармен аяқтау croisee [круазе]

2/4

8

2. Pas sus – sous [па сиссон]

2/4

3. Pas de bourree suivi en tournant [па де буре суеви ан турнан]

2/4

4. Pas debourree [па де буре] аяқтарды ауыстырмай бір жанынан бір жанына

2/4

4. Glissade [глиссад] барлық бағыттарда және шағын қалыптарда croisee және efface [круазе және эфасе] алға және артқа.

4/4

Барлығы


72

6 сынып. Оқытудың алтыншы жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Battement tendu [батман тандю] аяқтар мен қолдардың қалыптарын ауыстырып

2/4

24

2. Вattement tendu jete pique [батман тандю жете пике] 1/8 әрқайсысына

2/4

3. Demi-rond de jambe [деми ронд де жамб] 450-қа demi-plie [деми плие]

3/4, 4/4

4. Дена тұлғасы алға, артқа еңкейту demi-plie [деми плие] тірек аяқта тұрып, екінші аяқ аяқ ұшына созылған алға және артқа

4/4, 3/4

5. Battement soutenu [ватемент сутеню] жартылай башпаймен аяқтың ұшымен еденге 450-қа

4/4, 2/4

6. Pas tombe [па томбе] қимылмен, әрекет етуші аяқтың ұшы еденге. Біріктірілетін қимылға сәйкес


7. Battement frappe [батман фраппе], battement double frappe [батман дубль фраппе] demi-plie-мен [деми плие] аяқтау

2/4

8. Rond de jambe en l’air en dehors [ронд де жамб анлер ан деор], en dedans [ан дедан] жартылай башпайда

2/4, 3/4

9. Temps releve [тан релове] 450–та en dehors [ан деор], en dedans [ан дедан] жартылай башпайда. Біріктірілетін қимылға сәйкес


10. Developpes [девлопе] ecartee [экарте] қалпында алға және артқа

4/4, 3/4

11. Grand battement jete [гранд батман жете] ecartee [экарте] қалпында

2/4

12. Аttitude [атетюд] қалпында 900– қа en face [ан фас]

3/4

13. Soutenu [сутенью] бұрылыста endehors [ан деор], endedans [ан дедан] 1/2 бұрылыста, аяқтың ұшын еденге қоюмен бастау

2/4

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Battement fondu [батман фондю] с plie – releve [плие – ревеле] en face [ан фас]

2/4

22

2. Вattement frappe [батеман фраппе], battement double frappe [батман дубль фраппе] demi-plie [деми плие] аяқтау

2/4

3. Grand battement jete pique [гранд батман жете пике]

2/4

4. IV port de bras [пор де бра]

3/4

5. IV arabesque [арабеск] аяқ ұшымен еденге

4/4

6. Soutenu [сутенью] жартылай бұрылыста endehors, endedans [андеор, андедан] 1/2 бұрылыс, аяқтың ұшын еденге қоюмен бастайды

4/4

7. I, II, IIIқалыптарында arabesque [арабеск] 900-қа

2/4

8. Қарапайымadagio

2/4

9. Pas de bourree [па де буре] аяқтарды ауыстырмай бір жақтан бір жаққа 450.

2/4

10. Pas de bourree ballotte effaceе-де және croisee [па де буре балете ефассе және крузе] 450-қа

2/4

11. Рrouette [пирует] дайындық II қалып бойынша en dehors, en dedans [андеор, андедан]

2/4

Allegro

1. Temps leve sauté [тан леве соте] V қалыпта алғы, жанға, артқа жылжу

2/4

12

2. Petit changement de pied [пти шажман де пье] жылжу

2/4

3. Pas echappe [па эшапе] II қалыпта бір аяқпен аяқтау

2/4

4. Sissonne ouverte [сисон уверт] 450 –қа

2/4

5. Grand echappe [гранд эшапе] II қалыпта

4/4

6. Pas de basque [па де баск]

3/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Temps lie [танлие] алға және артқа

2 тактіге 2/4-тен

6

2. Pas echappe [па эшапе] II қалыпта бір аяқта аяқтау

1 тактіге 4/4-тен

3. Sissonnes simples [сисон семпль]

Әрқайсысына 4/4

Барлығы


64

Екінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырыбы

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Battement tendu jete balance [баман тендю жете балансуар]

2/4

32

2. Demi-rond de jambe [деми ронд де жамб] жартылай башпайда en dehors, en dedans [ан деор, ан дедан]. Біріктірілетін қимылға сәйкес


3. Rond de jambe [ронд де жамб] 450–та en dehors, толық табанмен en dedans [ан деор, ан дедан]

3/4

4. Battement fondu [батман фондю] plie – releve [плие релеве] и demi – rond de jambe [деми ронд де жамб] 450–қа en face en dehors, en dedans [ан деор и ан дедан]

4/4, 3/4

5. Pas tombe [па томбе] қозғалыспен, әрекеттегі аяғы 450-та. Біріктірілетін қимылға сәйкес


6. Petit battement [пти батман] plie – releve-мен [плие - релеве] толық табанмен

4/4

7. Grand rond de jambe developpe en dehors, en dedans en face [гранд ронд де жамб девлопе ан деор и ан дедан ан фас] толық табанмен

4/4

8. Аttitude [атетюд] қалыптары 900–та effaceе және croisee [эфасе и круазе]

2/4

9. Еn dehors және endedans-та [ан деор ан дедан] жартылай бұрылыстар, жартылай башпаймен тұрған аяқтарды ауыстыра отырып

2/4

10. Preparation tours [пре парасьон тура] үшін V қалыптан en dehors және en dedans [ан дедан и ан деор]

2/4

11. Pirouette [пирует] II қалыптан

2/4

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Еn dehors, en dedans [ан деор и ан дедан] бұрылыстар 1/4 және 1/2 бұрылысқа, бір қалыптан бір қалыпқа созылыңқы аяқтың ұшымен еденге


24

2. Pas tombe [па томбе] бір орында


3. Demi-rond de jambe developpe en dehors, en dedans en face [деми ронд де жамб девлопе ан деор ан дедан эфассе]

4/4

4. III port de bras [пор де бра] аяқ ұшына созылған аяқпен demi-plie [деми плие] (созу).

3/4

5. Pas de bourree ballotte [па де буре балете] effaceе және croisee [ефассе және круазе] 450–қа.

2/4

6. II қалыптан рirouette [к перуетам] үшін Preparation [препарасьен]

2/4

Allegro

1. Sissonne fermee [сисон ферме]

4/4

10

2. Grand echappe [гранд эшаппе] IV қалыпқа

2/4

3. Pas de chat [па де ша] passé [пассе] арқылы келе жатқа аяқпен алға

2/4

4. Glissade [глиссад] алға және артқа

4/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Doubles echappes [дубль эшаппе] IV қалпындағы croisee [круазе]

2/4

6

2. Pas de bourree ballotte [па де буре балете] аяқтың ұшымен еденге effaceе және croisee [ефассе және круазе]

2/4

7-сынып. Оқытудың жетінші жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Battement tendu [батман тандю] жартылай бұрылып en dehors және en dedans [ан деор және ан дедан] аяқты ауыстырып ұшымен еденге

2/4

24

2. III рort de bras [пор де бра] plié-ға [плие] созылып (екінші аяққа аударып) тұла бойын еңкейту

3/4

3. Battement fondu [батмант фондю] plie – releve және demi – rond de jambe [плие –релеве и деми ронд де жамб] 450–қа толық табанмен және жартылай башпаймен бір қалыптан бір қалыпқа

2/4

4. Pas tombe [па томбе] қозғалыспен, әрекеттегі аяқ cou-de pied [кудепье] қалпында

2/4


5. Вattement frappe [батман фрапе] әр қайсысына 1/8

2/4

6. Double frappe [дубль фрапе] аяқтың ұшымен еденеге, соғу кезінде жартылай башпайға көтеріліп тұрып

2/4

7. Petit battement [пети батман] әрқайсысына 1/8 екпінсіз

4/4

8. Жартылай бұрылыстар en dehors [ан деор], en dedans [ан дедан] жартылай башпаймен аяқтарды ауыстыра отырып

4/4

9. Battement soutenu [батеман сутенью] 900--қа толық табанмен және жартылай башпаймен

2/4

10. Battement releve lent, battement developpe [батеман релеве лан батман девлопе] жартылай башпайда en face [ан фас]

2/4

11. Grand battement jete [гран батман жете] I қалып арқылы алға және артқа

1 тактіден 4/4

12. Vқалыптағы 3600–қа endehors, endedans бұрылыстар


13. PirouetteV қалыптан en dehors, en dedans [ан деор, ан дедан]


Зал ортасындағы жаттығулар

1. Battement fondu [батман фондю] жартылай башпаймен en face

2/4

22

2. Pas tombe [па томбе] қозғалыспен, әрекеттегі аяқ келесі қалыпта: cou-de-pied [ку де пье]; аяқ ұшымен еденге

2/4

3. Battement frappe [батман фрапе] жартылай башпайда

2/4

4. Petit battement [пти батман] жартылай башпайда

2/4

5. Pas de bourree dessus-dessous [па де буре десю десу]

4/4

6. Typlent [турлан] бір қалыптан бір қалыпқа1/8 бұрылысқа

4/4

7. Grand rond de jambe developpe endehors, endedans en face [гранд ронд де жамб девлопе ан деор, ан дедан анфас] толық табанда

2/4

8. V қалыпта рirouette-ке [пирует] дайындық

2/4

9. II қалыптан Рirouette [пирует]


Allegro

1. Pascoupe [па купе]

2/4

12

2. Temps leve [темп леве] (келесі аяғы sur le cou-de-pied [сюр ле ку депье])

2/4

3. Sissonne tombee croisee [сисон томбе круазе] алға, артқа және жанға

3/4

4. Jete [жете] қозғалыспен croisee [круазе] алға, артқа және жанға

2/4

5. Pas ballonne [па балоне] жанға (бір орында тұрып секіру)

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Pas jete [па жете] қозғалыссыз

2/4

6

2. Pas [па] польки алға және артқа қозғалып

2/4

3. Pas de bourree dessus-dessous [па де буре десю-десу] аяқ ұшымен еденге

2/4

Барлығы


64

Екінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. 1/8 шеңберге бұрылуда Battement tendu [батман тандю]

2/4

30

2. Battement tendu jete [батман тандю жете] demi- plie-де [деми плие] аяқтау


3. Rond de jambe par terre [ронд де жамб партер] әрқайсысына 1/8


4. Толық табанмен және жартылай башпаймен вattement double fondu [батман дубль фондю] орындау


5. Жартылай башпайда тemps releve [темп релеве] жасау


6. Rond de jambe en l’air-мен [ронд де жамб анлер] аяқтау:demi-plie-та [деми плие] шағын қалыптар; demi-plie [деми плие]


7. Tombe [томбе] жартылай бұрылыстар sur le cou-de-pied en dehors, en dedans [сурле ку депье ан деор, ан дедан]


8. Battement double frappe [батман дубль фрапе] 1/4 шеңберде бұрылу


9. IV қалыптан рirouette [пирует] орындау


10. Pirouette sur lecou-de-pied en dehors, en dedans [пирует сурле ку депье ан деор, ан дедан], жанына қарай 450.-қа ашық аяпен бастау


Зал ортасыдағы жаттығулар

1. Еn dehors және en dedans [ан деор және ан дедан] 1/4, 1/2 шеңберге жартылай бұрылу demi-plie [деми плие], әрекеттегі аяқтың ұшымен еденге

2/4

24

2. Сroisee, efface, ecartee [круазе, ефассе, экарте] қалыптарында жартылай башпамен Battement fondu [батман фондю] орындау

2/4

3. Pas coupe [па купе] жартылай башпайда

2/4

4. Rond de jambe en l’air [ронд де жамб анлер] demi-plie [деми плие] аяқтау

3/4, 4/4

5. Бір қалыптан бір қалыпқа ауысып отырып вattement releve lent [батман релеве лан девлопе] және developpe [девлопе] жасау: Тік тұрған аяқтан тік аяққа; demi – plié-мен [деми плие]

4/4

6. IV arabesque [арабеск] қалпында Battement releve lent [батман релеве лан] 900 –қа.

3/4

7. VI port de bras [пор де бра]

2/4

8. Glissade en tournant [глиссад антурнан] 1/2 -ге tour.

2/4

9. II және V қалыптан Pirouette [пирует]

2/4

10. Preparation [препарасьон] рirouette [перует] және рirouette-pique endedans [перует пике андедан] диагональ бойымен (4-6 айналым)

2/4

Allegro

1. Petit changement de pied [пти шажман депье] с 1/8, 1/4 шеңберге бұрыла отырып.

2/4

12

2. Pas ballonne [па балоне] алға және артқа

2/4

3. Аяқтарды артқа лақтыра отырып Pas de chat [па де ша]

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. II қалыпқа Pas echappe entournant [па эшапе ан турнан] 1/4 бұрылыспен

әрқайсысына 2/4

6

2. Pas jete fondu [па жете фондью] (жұмсақ қадамдар) диагональ бойымен алға және артқа

1 тактіге 2/4

3. Pas debasque [па де баск] алға және артқа

2 тактіге 3/4

4. Glissade en tournant [глиссад антурнан] 1/2 -ге tour

2/4

5. Тours sur le cou-de-pied en dehors және en dedans [тур сурле ку де пье андеор және андедан] үшін V қалыптан Preparation [препарасьен]

2/4

Барлығы


72

8 сынып. Оқытудың сегізінші жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станок жанындағы жаттығулар

1. Battement tendu pour batterie (дайындық) [батман тандю пур батри]

2/4

28

2. Қалыптар бойынша Battement soutenu [батман сутенью] 900–қа

2/4

3. Rond de jambe en l’air [ронд де жамб анлер] әрқайсысы 1/8. Жартылай бұрылыстар endehors және endedans [ан деор және ан дедан] созылған аяқпен алға және артқа 450 -қа

2/4

4. Demi rond de jambe developpe endehors, endedans enface [деми ронд де жамб девлопе ан деор, ан дедан]жартылай башпайда

4/4

5. Battement releve lent және developpe en face plie – releve [батман релевелан и девлопе ан фас плие-релеве] толық табанмен

4/4

6. II қалыптан Preparation [препарасьен] к tour endehors, endedans [тур ан деор, ан дедан] 900-қа

4/4

7. Grand battement jete [гранд батман жете] 900-та аяқты ауада ұстап тұрып

2/4

Зал
ортасындағы жаттығулар

1. 1/8 шеңберде вattement tendu en tournant [батман тандю антурнан]

2/4

18

2. Rond de jambe par terre en tournant [ронд де жамб партер антурнан] 1/8 шеңберде en dehors, en dedans [ан деорс, ан дедан]

3/4, 2/4

3. Pas tombe [па томбэ] қозғала отырып, әрекет етуші аяқтың қалпы 450-та. Біріктірілетін қымылдарға сәйкес


4. Battement soutenu [батман сутенью] 900-қа croisee [круазе] қалпында

2/4

5. Tours glissades en tournant [тур глиссад антурнан]

2/4

6. Preparation [препарасьен] к рirouette [пирует] IV қалыптан

2/4, 2/4

Allegro

На середине зала:


12

1. Pas ballonne [па балоне] қалыптар бойынша қозғала отырып

2/4

2. Echappe battu [ешаппе ботю]

2/4

3. Changements de pieds en tournant [шажман де пье антурнан] на 1/2 шеңбер

2/4

4. Tour [тур] ауада (tour en l’air [тур ан лиер]) ерлер сыныбына арналған

2/4

Станокқа қарама-қарсы: 1. Royale [рояль]

2/4

Факультативті: Jete [жете] arabesque [арабеск] V қалыптан

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Sissonnes simples en tournant [сисон сампль антурнан] 1/4 шеңберге

әрқайсысына 2/4

6

2. Pas de bourree suivi [па де буре суеви] алға және артқа жылжу на croisee [круазе]

4/4

3. Preparation [препарасьен] и tour [тур] V қалыптан en dehors және en dedans [ан дедан и ан деор]

2/4


Барлығы


64

Екінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станоктың жаныныдағы жаттығулар

1. Flic-flac en face [флик-фляк анфас], аяқты жанына қарай ашу

2/4

24

2. Grand rond de jambe jete en dehors, en dedans [гранд ронд де жамб джете ан деор, ан дедан]

4/4

3. Double fondu [дубль фондю] demi-rond [плие-ронд] жанына

2/4

4. Жартылай бұрылу plie releve endehors және en dedans [плие релеве ан деор және ан дедан] созылған аяқпен алға және артқа 450 –қа

2/4

5. Battement double frappe [батман дубль фрапе] 1/4 шеңберге бұрылумен

2/4

6. Rond de jambe en l’air с plie-releve [ронд де жамб анлер с плие релеве] тірек аяқта

2/4

7. Battement developpe plie- releve батман деволопе плие релеве] жартылай башпайда

4/4

8. Battement developpe ballotte [батман девелопе балоне]

4/4

9. Жартылай башпайға көтеріле отырып grand battement jete [гранд батман жете]

2/4

Зал ортасындағы жаттығулар

1. Battement tendu en tournant [батман тандю антурнан] 1/4 шеңбер

2/4

26

2. Battement tendu jete en tournant [батман тандю жете антурнан] 1/8 шеңбер

2/4

3. Rond de jambe par terre en tournant [ронд де жамб партер антурнан] 1/4 шеңбер en dehors, en dedans

3/4

4. Battement double fondu en face [батман дубль фондю анфас]: толық табанда; жартылай башпайда

4/4, 2/4

5. Рirouette [пирует] IV қалыптан

2/4

6. VI port de bras-preparation en dehors [порде бра препарасион андеор] толық табанмен attitude croisee [аттитюд круазе] 900 , III arabesque [арабеск] қалыпқа шығу

4/4, 3/4

7. Pas de bourree ballotte [па де буре балоте] efface-те [ан фас], en tournant [антурнан] 1/4 бұрылысқа

2/4

8. Battement developpe plie- releve [батман девлопе плие-релеве] толықтабанда

4/4

9. Tуp lent en dehors және en dedans [турлан андеор и андедан]: a la seconde [а ля сгон] (жартылай бұрылуды алғаш үйрену); passe [пассе] арқылы 900қа қалыптан қалыпқа

4/4

10. Preparation tour a la seconde [препарасион тур а ля сисон] үшін о II қалыпты en dehors и en dedans [андеор және андедан]

4/4

Allegro

Залдың ортасында:
1. Pas echappe entournant [па эшапе антурнан] 1/2 шеңберге

2/4

12

2. Royale [рояль]

2/4

3. Entrechat-quatre [ешапе-катр]

2/4

4. Echappe battu [ешапе батю] күрделі

2/4

Факультативті:
5. Fouette [фуэте] 1/2 шеңберге дейін секіру

3/4, 4/4

6. Jete passé [жете пассе]

2/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Pas de bourree ballotte [па де буре балоте] қалыптар бойынша. Рas de bourree [па де буре] 450-қа барлық түрлері

Әрқайсысына 2/4

10

2. Changements de pieds [шанжман де пье] (қатарынан 4 рет секіруге дейін).

2/4

3. Pas echappe [па эшапе] в IV позиции на 1/4 поворота.

2/4

4. Pas echappe [па эшапе] II қалыпта алға және артқа жылжу.

2/4

5. Pas coupe ballonne [па купе балоне] жанына

2/4

9-сынып. Оқытудың тоғызыншы жылы. Бірініші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станоктың жанындағы жаттығулар

Battement tendu jete pique [батман тандю жете пике] әрқайсысы 1/16.

2/4

24

1. Flic-flac en dehors және en dedans enface [флик фляк андеор және андедан], аяқты аша отырып алға және артқа

2/4

2. Жарты башпайда жартылай бұрылу, endehors и endedans [андеор және андедан]созылған аяқпен алға және артқа 450-қа

1 такт 4/4

3. Battements soutenus en tournant [батман сутеню антурнан] 3600-қа

2/4 3/4

4. Battements fondus [батман фондю] 900-қа

1 такт 4/4

5. Толық табанмен баяу бұрылу endehors [андеорс] и endedans [андедан] аяқпен, алған және артқа 900 ашылған қалыпта

4/4 3/4

6. Battement releve lent [батман релеве лан] и developpe қалыптан қалыпқа с plie- releve и demi-rond [плие релеве және деми ронд]

4/4

7. Grand rond de jambe developpe [гранд ронд де жамб девлопе] жартылай башпайда en face [анфас]

4/4

8. Grand battement jete [гранд батман жете]: жарты башпайда; жылдам developpe enface [девлопе ан фас] толық табанда (жұмсақ)

2/4

Факультативті: Battement battu [батман бату]

2/4

Залдың ортасындағы жаттығулар

1. Tour lent [тур лян] үлкен қалыпта

2/4 әрқайсысы

24

2. VI port de bras-preparation en dedans [пор де бра препарасион ан дедан] I, II [арабеск], attitude efface [атитюд ефассе] и a la seconde [а лазгон] қалыптарында 900 толық табанға жылжу

4 такті 4/4

3. Battements soutenus en tournant [батман сутенью ан турнан] 3600

2/4, 3/4

4. Pas de bourree en tournant [па де буре ан турнан] аяқтарлы ауыстырып

4/4 3/4

5. Pas de bourree dessus-dessous en tournant па де буре десус-дессу ан турнан]

4/4 3/4

6. Temps lie [тан лие] 900алға және артқа

4/4 3/4

7. Battement releve lent және developpe батман релеве лант және девлоппе] толық табанмен баяу жартылай бұрылу en dehors и en dedans [ан деор и ан дедан] 900ашық аяқпен аға және артқа

4/4 3/4

8. Үлкен қалыптардағы Battement developpe ballotte [батман девлопе балоте]

4/4


9. Jete sentournant [жете сантурнан] жанына қозғалып 1/2 бұрылу

4/4, 2/4

Факультативті: 1. Battements divises en quarts en dehors және en dedans [батман дивиси ан куарт ан деор и ан дедан] (төрттілік battements [батман])

4/4

2. Tours chaines [тур шене]

2/4

Allegro

1. Pas emboite [па эмбуате]

2/4

10

2. Grand sissonne ouverte [гранд сисон оуверт]: жанына; croisee [круазе] қалпында алға және артқа; attitude croisee және efface [аттитюд круазе и эфасе] қалыптарында; I, III arabesque [арабеск] қалыптарында

4/4, 3/4, 2/4

3. Pas chass [па шассе] аздап қарғып

3/4

4. Echappe battu [эшаппе бату] бір аяққа

2/4

5. Assamble battu [ассамбле бату] (алғашқы үйретулер)

2/4

6. Ерлер сыныбына арналған Tour en l’air [тур ан лер] для мужского класса (бір немесе екі tours [тур] білім алушының мүмкіндігіне қарай)

2/4

Факультативті: 5. Ауыспалы jete [жете]

2/4, 3/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Pas de bourree en tournant [па да буре ан турнан] аяқты алмастырумен

2/4

6

2. Pas de bourree dessus-dessous en tournant [па де буре десю-десу ан турнан]

2/4

3. Sissonne ouverte [сисон оуверт] барлық бағыттарда 450қа

2/4, 3/4

4. Үлкен қалыптағы Jete [жете]


5. Grand sissonne ouverte [гранд сисон оуверт] алға жылжусыз:
жанына 900; attitude croisee [аттитюд круазе] және efface [эфасе] қалыптарында


6. Tours glissades en tournant [тур глиссад ан турнан] 3600-қа бұрылу


7. Pas echappe en tournant [па эшаппе ан турнан] 1/2 бұрылу


8. Preparation [преперасьон] к рirouette [пируэт] IV қалыптан en dehors [ан деор] и en dedans [ан дедан]


Екінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырыбы

Музыка өлшемі

Сағат саны

Станоктың жанындағы жаттығулар

1. Double battement tendu [дубль батман тандю] қос өкшені түсіру арқылы

2/4

22

2. Flic-flac [флик-флак] 1/2 айналымға бұрылу

2/4

3. Preparation temps releve en dehors и en dedans tour sur le cou-de-pied [препарасьон тан ревеле андеор және андедан [тур сур ла ку-де-пие] үшін

2/4

4. Double fondu [дубль фондю] толық rond en dehors и en dedans [ронд ан деор және ан дедан]

4/4, 3/4, 2/4

5. Battement double frappe [батман девелопе] 1/2 айналысқа бұрылу

2/4

6. Battement developpe [батман девелопе] қысқа balance [балансе]

4/4, 3/4

7. Renverse en attitude [ранверсе анатитюд]

2/4

Факультативті: Developpe tombe [девелопе том]

3/4

Залдың орталығындағы жаттығулар

1. Flic-flac en fac [флик-флак ан фас]

2/4

26

2. Battements fondus [батман фондю] 900

2/4

3. VI port de bras-preparation en dehors [пор де бра-препарасьон ан деор] croisee [круазе] қалпына қарай және efface [эфасе] алға

3/4

4. Preparation [препарасьон] tour sur le cou-de-pied [тур ле ку де пие] терең plie [плие] I қалыптан

3/4, 2/4

5. Temps lie par terree [тан лие партер] c pirouette sur le cou-de-pied [пируэт сур ле ку-де-пие]

4/4, 3/4

6. Tour a la seconde [тур а ля сгон] II қалыптан en dehors и en dedans [ан деор және ан дедан]

4/4

Факультативті:
7. Үлкен қалыптарда айналу

4/4, 3/4

Allegro

1. Grand sissonne ouverte [гранд сиссон оуверт] алға жылжу

2/4

12

2. Pas chasse [па шассе] тәсілімен developpe жартылай башпайға

3/4

3. Entrechat-trois [антраша-труа], entrechat-cinque [антраша-синкю]

2/4

4. Pas jete [пас жете] жанына қарай 1/2 айналыммен

2/4

5. Grand assemble [гранд ассамбле] V қалыптан

3/4, 2/4

6. Факультативті: Petit saut de basque [пти сут де баск]. Grand pas de chat [гранд па де шат]

3/4, 2/4, 3/4

Жартылай башпайлардағы экзерсис

1. Sissonnes simples en tournant [сисон симплесен турнан] 1/2 бұрылыс

2/4

12

2. Releve [релеве] үлкен қалыптарда

2/4, 3/4

3. Pirouette [пируэт] с IV қалыпта

2/4

4. Grand sissonne ouverte [гранд сисон оуверт] в I arabesque [арабеск], алға және артқа ecartee [экарте] қалпында, effaceе [эфасэ] жылжымай

2/4, 3/4

Барлығы


72

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 20-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Халықтық-сахналық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Халықтық-сахналық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Халықтық-сахналық би" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) айналу – тек табанды ғана сыртқа айналдыру ғана емес, сондай-ақ бөксені, тізені, белді, яғни мүсінді толғымен дұрыс қою;

      2) би – әдетте белгілі композицияда құрылатын және музыкалық сүймелдеумен орындалатын ритмикалық, мәнерлі дене қозғалысы;

      3) халықтық-сахналық би – би өнерін кәсіби іске айналдыру процесінде халық биінен пайда болған пайда болған би түрлерінің бірі;

      4) Battement fondu [батман фондю] – аяқтың күшін, ашылуын және созылғыштығын дамытатын баяу және күрделі қимылдардың тобы;

      5) Battement tendu [батман тандю] – қимылдардың барлық тобына арналған жалпы аталуы; tendu — созылыңқы сын есімінің қосылуы арқылы нақтылана түседі;

      6) Battement tendu jete [батман тандю жете] – аяқты 450 және одан биікке шығару;

      7) Demi и grand plie [деми и гран плие] – жартылай отыру және толық отыру;

      8) еffacee [анфас] – аяқтардың ашылған қалпындағы классикалық бидің балеттік позасы; классикалық бидің негізгі қалыптарының бірі;

      9) epaulement [эпольман] – көрерменге қарсы диагональ бойынша фигураны жарты айналымға қою;

      10) Grand battement jete [гранд батман жете] – үлкен саққымен жасалатын қимыл;

      11) port de bras [пор де брас] – барлық дененің, немесе тек қолдың, тек аяқтың қимылы;

      12) Port de bras [пор де брас] – қолдар мен аяқтардың баяу қозғалысы;

      13) Rond de jambe par terre [ронд де жамб пар тер] – жерде аяқпен шеңбер жасау.

      3. Бағдарламаның мақсаты: баланы тұлға ретінде тәрбиелеу, халықтық- сахналық билерді меңгеру арқылы білім алушылардың бойында эстетикалық үлгі қалыптастыру. Білім алушыларға халықтық-сахналық би өнерін меңгерту арқылы олардың іздемпаздығын дамытуға және тұлғаның көркемдік-эстетикалық тәрбиесіне жағдай жасау және халықтық хореографияға қызығушылығын қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) халықтық-сахналық бидің ұлттық стилін, орындалу тәсілін, айқын палитрасын дәл көрсете білу шеберлігін дамыту;

      2) шығармашылық өзін көрсете білу дағдыларын, жалпы мәдениеттілік, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

      3) хореография саласында қиялды және бейнелі түрде ойлауды, сонымен қатар дербестік пен жауапкершілікті дамыту;

      4) би қимылдарын әсерлене отырып мәнерлі түрде орындауға тәрбиелеу;

      5) білім алушылардың өзін шығармашылықпен көрсете білуге оқу уәждемелерін дамыту;

      6) білімі мен біліктерін кең көлемде мерекелік концерттерде, байқауларда, фестивальдарда жүзеге асыруға мүмкіндік жасау;

      7) ансамбльде орындау икемдігі мен кеңістікке бейімделу дағдыларының дамуына көмектесу;

      8) қимыл-қозғалыстарда халықтық музыканың нақыштық ерекшеліктерін, оның ырғағы мен қарқынының әр-түрлілігін жеткізе білу шеберлігін тудыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – алты жыл. Бағдарлама "Классикалық би" пәні бойынша үшінші сыныпты аяқтаған білім алушыларға арналған. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқытудың негізгі курсына дайындау үшін даярлық топтарындағы сабақтар бес-жеті жастағы балалармен жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептерінің хореография бөлімдеріндегі балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан артық емес.

      7. Бағдарлама халықтық-сахналық бидің қимылдары мен комбинацияларын техникалық орындау дағдыларын және тарихи-тұрмыстық билерді меңгеруге тілек білдірген балаларға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама жеке, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың басты міндеттер жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл оқу барысында қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, хореографиямен қатынас формаларымен оқу мазмұнымен қарым-қатынаста жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілге, көркем-бейнелеп ойлауды дамытуға, халықтық-сахналық би би бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техниканы және актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог классикалық би және ритмика бойынша дайындық деңгейін ескере отырып, оқу процесін құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) би бойынша сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға жеке, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған халықтық-сахналық би қимылдарын салыстыра, теңестіре және саналы орындай отырып, хореографиялық өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      13. Бағдарлама би қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген.

      Педагог халықтық-сахналық бидің түрлі стиліне, мәнері мен орындау техникасын меңгерудің қол жетімділігіне, жүйелілігі мен бірізділігіне, балалардың хореографияға қызығушылығының оянуына ерекше көңіл аударады.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) тарихи-тұрмыстық би пластикасының негіздерін, би бағыттарының әртүрлі техникалары мен стильдерін меңгеруіне;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) хореографиялық білім алуы және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында хореография өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, хореографияның теориясы мен тарихы, музыкатану негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір би мен бір бағыттағы би элементтерінің, билер мен жаттықтыру жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Халықтық-сахналық би" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – би қозғалысын және бөліктерін сапалы көрсету, әйгілі бишілердің билерін бейнематериалдардан қарау, білім алушылардың жалпы деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – үлгіні қайталау және шығармашылық жаттығулары, шығарманы егжей-тегжейлі талдау және кейін бүтінді ұйымдастыру үшін жеке бөліктермен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді таңдау, көркемдік әсерлерді жасау.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, бишілік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Барлық оқыту процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары балет станогында, гимнастикалық кілемшелерде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      23. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабаққа залдың ортасында ширату, би элементтері, халықтық-сахналық бидің қозғалыстары, вариациялар енгізіледі.

      25. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, музыкамен сүемелдеу арқылы қимылдармен жұмыс.

      26. Сыныптан тыс жұмыстар үлгілерінің түрлері:

      1) өз бетінше сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сабақтарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтар мен емтихандарға дайындық;

      4) концерттерде, байқауларда өнер көрсетуге дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-танымдық іс-шараларға қатысу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      35. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) халықтық-сахналық бидің ерекшеліктерімен, оның дамуының негізгі кезеңдерімен танысу;

      2) қарапайым элементтерді орындау кезіндегі аяқтар мен қолдардың, бастың және дененің негізгі позицияларын және қалыптарын үйрету;

      3) станок алдында, залдың ортасында және диагональ бойынша элементтерді меңгеру, қимылдарды үйлестірудің қарапайым дағдыларын дамыту;

      4) қазақ, орыс, белорус халық билерінің, балтық елдерінің билерінің элементтерін және шағын композицияларын үйрену;

      5) станок алдындағы жаттығуларды үйрену бірінші жартыжылдықтан басталады, кейіннен залдың ортасына ауыстырылады, барлық жаттығулардың негізі болып халық биінің негізгі элементтерін, қол мен денеге арналған port de bras [пор де брас] жаттығуларын меңгеру болып табылады;

      6) екінші жарты жылдықтың негізгі міндеттері станок алдында және зал ортасында жасалатын жаттығуларда тұла бойдың, аяқ, қол және бастың дұрыс қойылуын игеру болып табылады. қимылдар үйлесімінің жетілдірілуіне жағдай жасайтын аса күрделі би композициялары мен элементтерін оқып-үйрену, аталған жаттығулар мен қимылдардың дұрыс игерілу дәрежесіне қарай, оларға жеңіл композициялар құрылады.

      36. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аяқтың күшін одан әрі шынықтыру, би қимылдарының үйлесімділік дағдыларын жетілдіру, станок жанында және зал ортасында орындалуы жағынан халықтық сипаттағы аса күрделі жаттығуларды үйрену;

      2) станок жанындағы жаттығулардың игерілу деңгейіне қарай, олардын кейбірі зал ортасына шығарылады және тұла бой, қол және бас қимылдарымен үйлестіріле орындалады, халықтық бидің кейбір элементтері бас кезінде станок жанында үйретіледі және олар тиісті бұлшық ет тобының комбинацияларына енгізіледі;

      3) үйлесімділікті дамытуға арналған аса күрделі би әрекеттерін оқып үйрену халықтық бидің өзіне тән орындалу тәсілін аша білу шеберлігі мен тәрбиесіне үлкен мән беріледі;

      4) қазақ, орыс, белорус билерінің ерекшелігі мен мәнерін оқып-үйренуді жалғастыра отырып, Украина және Италия билерінің элементтері енгізіледі;

      5) станок жанындағы жаттығулармен зал ортасындағы қимылдардың күрделенген түрлері, биді орындау тәсілі мен оның өзіндік сипытын көрсете білу шеберлігі меңгеріледі, қыз балалар үшін аяқпен еденді соғу күрделі қимылдары, ер балар үшін шапалақ, шапалақтау және жүрелеп отыру, жартылай жүрелеп отыру қимылдары енгізіледі.

      37. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) станок жанында және зал ортасында күш-қайраттың көп жұмсалуы мен орындалуында тиісті үйлесімділікті талап ететін, техникасы жағынан күрделі элементтерді, күрделі ритмикалық суреті мен қарқыны жеделдетілген этюдтерді одан әрі оқып үйрену, композициясы жағынан өте күрделі әрекет қимылдары игеріледі;

      2) халықтық биді үйрену барысында орындаудың мәнерлігіне және орындалып отырған халық биінің айқын тәсілі мен нақты мінез-құлқын жеткізуге үлкен көңіл бөілнеді, мейлінше күрделі, техникалық жағынан күрделі билерді ансамбльде орындау дағдыларын дамыту, бұрын игерілген аса күрделі үйлесімдегі би элементтерін қайталауға; халықтық хореографияның қалыптасуына әсер ететін өмірдің тарихи жағдайларымен, халық этнографиясымен таныстыратын жаңа халықтық билерді үйренуге ерекше көңіл бөлінеді;

      3) зал ортасында қазақ, орыс, беларус билерінің материалдары негізінде жеңіл комбинациялар мен композицияларды құрастыруға рұқсат етіледі, татар, башқұрт, өзбек билері элементтерін оқып-үйрену басталады.

      4) станок жанындағы жаттығулар күрделене түседі, зал ортасында және диагональ бойымен шыр айналу қимылдарына, ер балалардың жүрелеп отыру және жартылай жүрелеп отыру қимылдарына, қыз балалардың аяқпен еденге соғу қимылдарына да көңіл бөлінеді.

      38. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) станок жанындағы және зал ортасындағы жаттығулар мен элементтерін үйрену, олардың epaulement croisee [эпольман круазе] және efface [анфас] орындалуы, сондай-ақ жарты башпайда тұру және орындау жаттығулары жалғастырылады.;

      2) қанықтылығы жағынан қысқа комбинациялар, техникалық және үйлесімділік жағынан барынша күрделі, ептілік элементтері бар және акробатикалық және жаттығуларға дайындық басталады;

      3) қыздардың айналым және аяқ пен еденге соғу қимылдары мен ер балалардың жүрелеп отырып-тұру және шапалақтау әрекеттері күрделене түседі, қазақ, орыс және украин билері элементтері үйрету молдаван және поляк билерін үйрету;

      4) серіктеспен қарым-қатынасын дамытуға септігін тигізетін жұп болып билеуге үйрету.

      39. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) күрделі ырғақты ритмикалық мәнердегі, жеделдетілген қарқындағы барынша қиын құрастырылған қимылдарды станок жанында және зал ортасында орындау, олардың epaulement croisee [эпольман круазе] және efface [анфас] орындалуы, сонымен қатар жарты башпайға тұру және қарғып-секіруді орындау әдістемесін меңгеру;

      2) орындау кезінде ұлттық ерекшелік пен ұлттық сипаттың ашылуына, түрлі халықтың билерін жұптасып орындау кезінде бір-бірімен қатынас ерекшеліктерін басты назарда ұстай отырып, би қимыл-қозғалсының орындалу мәнерлі түрде болуына қол жеткізу қажеттігіне ерекше көңіл аударылады, аяқ пен еденге соға отырып айналудың барынша күрделендірілген түрі, акробатика және трюк элементтерін жасауға дайындық жұмыстары енгізіледі;

      3) серіктеспен қарым-қатынаста болу дағдыларын дамытатын жұптасып билеу әрекеті үйретіледі, қазақ, орыс билері элементтерін оқып-үйрену жалғастырылады. Грузин, сыған, венгр, испан билері үйретіле бастайды;

      2) білім алушыларды этюдтер мен концерттік номірлерді және көркем безендіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған құрама комбинацияларды ойлап табуға даярлау, станок жанында және зал ортасында техникасы жағынан күрделі жаттығуларды оқып – үйрену, орындаушылық деңгейдің мәнерлі болуымен музыкалық және әртістік қабілеттің жетілдіру; қазақ, орыс, грузин, сыған, венгр, испан билерінің күрделі элементтерін үйрену.

      40. Таңдауы бойынша би репертуары.

      1) Қазақстанның билері: "Қамажай", "Тепеңкөк", "Көбелек", "Қара Жорға", "Домбыра", "Балбырауын", "Қазақ вальсі".

      2) Ресей билері: Орыс кадрилі; "Сегіздік"; "Бестік" переплясы; "Вензеля", "Қызға арналған пляска", "Ойна, гармонь", "Сібір полькасы" - билері; "Алтын цепочка", "Метелица", "Улитушка", "Березка" - хороводтары; Шәлі орамалмен солтүстік хороводы; Матрос биі "Яблочко".

      3) Алтай билері: "Аққулар", "Аққу", "Көңілді мараляталар", "Теленгитский", "Көгілдір таулардың гүлдері", "Урсулай".

      4) Белорус билері: "Крыжачок", "Веселуха", "Бульба", "Лявониха", "Янка".

      5) Литва билері: "Ругучай", "Микита", "Клумпакоис".

      6) Латыш билері: "Руцавиетис", "Цимду парис", "Мельница", "Шестерка".

      7) Эстон билері:"Ямая-лабаялг", "Йоксу-полька", "Качели".

      8) Румын биі: "Калабреазе".

      9) Украин билері:"Веснянка", "Гопак", "Метелица", "Ползунок".

      10) Молдаван билері:"Хора", "Жок", "Молдовеняска", "Сырба", "Букурия".

      11) Татар биі.

      12) Башқурт билері: "Жеті ару", "Гульназира".

      13) Чуваш биі: "Линка-линка".

      14) Орта Азия халықтарының билері.

      15) Тәжік билері: "Бубенчики", "Бақташы биі (Пастух)".

      16) Түрікмен билері: "Пиэла", "Жігіт биі".

      17) Әзірбайжан биі: "Газахы", "Узундара".

      18) Өзбек билері: "Андижан полькасы".

      19) Өзбек биі "Лязги".

      20) Осетин биі "Симд".

      21) Грузин биі "Лезгинка", "Картули".

      22) Поляк билері: "Краковяк", "Куявяк", "Понтозоо", "Оберек", "Мазурка".

      23) Болгар биі.

      24) Венгр билері "Харомугрош", "Чардаш".

      25) Итальян биі "Тарантелла".

      26) Чех биі "Обкрочак".

      27) Словак биі "Яношиковский".

      28) Американ биі "Көңілді ковбойлар".

      29) Испан биі"Фламенко", "Арагонская хота".

      30) Неміс биі "Тиррольский", "Шапалақтармен және бұрылыстармен би", "Полька".

      31) Грек биі "Сиртаки".

      32) Қытай билері: "Лотос биі", "Желпіуіштермен", "Шамдармен".

      33) Мексикан биі "Харбэ Астеко", "Авалюлька".

      34) Еврей биі.

      41. "Халықтық-сахналық би" пәнін оқу барысында білім алушылар халық билерінің ұлттық ерекшеліктерінмен, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі және тарихымен танысады.

      42. Бағдарлама неғұрлым жеңіл меңгерілетін би мәтінін, оның түрленуін таңдап алуға мүмкіндік береді. Станок жанында немесе ортада жасалатын әр элементтің музыкамен сүйемелденуін таңдаған кезде, білім алушылардың музыканы түсіне білуіндегі жас ерекшеліктері ескерілуі қажет, ал бұл техникалық жағынан күрделі элементтердің игерілуін жеңілдетеді және би билеу мен мәнерлілікті жетілдіруге көмектеседі. Сипаты, стилі және ұлттық ерекшелігі жағынан музыка қимыл – қозғалыс мінезіне сай болады.

      43. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дұрыс мүсіні қалыптасқан;

      2) суреттің өзгеруін есіне сақтай отырып белгілі алаңда және белгілі суретте қозғалады;

      3) қимылдарды музыкамен үйлестіреді;

      4) бір қимылдан келесі қимылға ауысады;

      5) қолдан мен аяқтардың қалпын біледі.

      44. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тұла бойдың дұрыс қойылу негіздерін біледі (сонымен бірге педагог білім алушының дене бітімінің табиғи ерекшеліктеріне көңіл аударуы керек);

      2) бұлшық ет аппаратын бірте-бірте шынықтыруға үйренеді (әсіресе, бел және іш прессі);

      3) станок жанындағы халықтық-сахналық экзерсистің қарапайым элементтерін және зал ортасындағы би элементтерін игереді;

      4) кеңістікке бейімдеді;

      5) ракурс пен қалыпты сезінеді;

      6) бұлшық еттің түрлі тобын шынықтыруға үйренді;

      7) музыка өлшемін біледі;

      8) ырғақты сезінуін жетілдіруі, музыканың ерекшелігін қимыл-қозғалыспен көрсете білуге үйренеді.

      45. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) халық билеріндегі башпайлардың топтасу, қолдың қойылу тәртібін біледі;

      2) сымбатты дене бітімін сақтай отырып, музыка ырғағымен дұрыс қозғала біледі;

      3) музыканың ерекшелігін сезіне біледі және сонымен байланысты көңіл-күйді көрсете біледі;

      4) аса қиын емес би қимылдарын орындай біледі;

      5) актерлік айқындылық дағдыларын игереді, би қадамдарында бидің көркем үлгісін көрсете біледі;

      6) түрлі жан толғанысындағы бейнені көрсете біледі.

      46. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) (preparation) жаттығуларға дайындық жұмыстарын орындайды;

      2) қолдың даярлық қимылдарын біледі, қолдың бел тұсында дұрыс ашылуын және жабылуын біледі;

      3) бес қалыптан тұратын станокқа қырынан тұру қалпын игереді;

      4) аяқтың ашық болу қалпы дағдыларын біледі;

      5) орыс билерін немесе жеңіл-желпі билерді орындай біледі;

      6) (ер балалар) жүрелеп отыру және шапалақтау қимылдарын дұрыс орындай біледі;

      7) (қыз балалар) айналым және аяқты еденге соғу қимылдарын біледі.

      47. 8-9 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) (preparation) жаттығуларға дайындық жұмыстарын орындайды;

      2) аяқтың ашық болу қалпы дағдыларын біледі;

      3) қимылдарды тактінің соңғы буынынан басталатын (затактовый) әуендерге сай орындай біледі;

      4) ұлттық билерді орындайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      48. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ, емтихан түрінде, қорытынды аттестаттау – емтиханы түрінде іске асырылады.

      49. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қазақ, орыс және белорус билерінің би комбинациялары; түрлі халықтардың 2 би этюді), екінші жартыжылдықта: сынақ (станоктің алдындағы таза күйдегі жаттығу; қазақ және орыс билерінің би комбинациялары (күрделендірілген нұсқа); Балтық билер сипатындағы этюд);

      2) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (әртүрлі халықтық және сипаттағы станок алдындағы жаттығулар; қазақ, орыс, итальян халық билерінің элементтерінің би комбинациялары; үйретілген билердің 2 би этюді); екінші жартыжылдықта: емтихан (станок алдындағы толық көлемдегі экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; үйретілген билердің 2 би этюді);

      3) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станок алдындағы толық көлемдегі экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; үйретілген билердің 2 би этюді); екінші жартыжылдықта: емтихан (станок алдындағы толық көлемдегі экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында орындау; үйретілген билердің 2 би этюді).

      4) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станок алдындағы толық көлемдегі күрделендірілген экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында диагональ бойынша қозғала отырып айналу; қазақ, орыс, украин халық билері элементтерінің би комбинациялары; үйретілген билердің 2 би этюді; екінші жартыжылдықта: емтихан (станок алдындағы толық көлемдегі күрделендірілген экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында диагональ бойынша қозғала отырып айналу; қазақ, орыс, мексика, поляк, болгар халық билерінің элементтерінің би комбинациялары, үйретілген билердің 2 би этюді;

      5) 8 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станок алдындағы толық көлемдегі күрделендірілген экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында орындау техникасына арналған қысқа жіп; залдың ортасында диагональ бойынша қозғала отырып айналу; қазақ, орыс, сыған халық билері элементтерінің би комбинациялары; үйретілген билердің 2 би этюді; екінші жартыжылдықта: емтихан (станок алдындағы толық көлемдегі күрделендірілген экзерсиз (10 жаттығу); бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында кең түрдегі орындау техникасына арналған қысқа жіп; залдың ортасында диагональ бойынша қозғала отырып айналу; қазақ, орыс, өзбек халық билерінің элементтерінің комбинациялары; молдаван, венгр, испан билерінің негізгі элементтері, үйретілген билердің 2 би этюді;

      6) 9 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (станок алдындағы толық көлемдегі күрделендірілген экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында орындау техникасына арналған қысқа жіп; залдың ортасында диагональ бойынша қозғала отырып айналу; халық билері элементтерінің би комбинациялары: қазақ, орыс, поляк; үйретілген билердің 2 би этюді; екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (станок алдындағы толық көлемдегі күрделендірілген экзерсиз (10 жаттығу); залдың ортасындағы бөлшек комбинацияларды көрсету; залдың ортасында кең түрдегі орындау техникасына арналған қысқа жіп; залдың ортасында диагональ бойынша қозғала отырып айналу; халық билері элементтерінің би комбинациялары: қазақ, итальян, грузин, Молдавия, Испания және Кавказ билерінің негізгі элементтері; үйретілген билердің 2 би этюді.

      50. Балаларды хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) би репертуарын меңгеруі;

      2) табиғи қабілеттерін дамытуы (музыкалық есту қабілеті, ритм, үйлесімділік, мүсінді тік ұстау, айналу, қадам, табан, баллон, апломб, вестибулярлық аппарат);

      3) қарапайым би элементтерін білуі;

      4) музыкалық бейнелерді қабылдауы (музыкаға деген эмоциялық көзқарасы, суырып сала білу).

      51. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – барлық бағдарламалық билерді музыкалық орындауы, билердің мінезін, музыкалық өлшемін, темпін, метроритмикалық суреттерін нақты сақтауы; шынайы нақыштағы әртүрлі кезеңдер мен стильдердің билерін техникалық сауатты, мәнерлі, сенімді орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық жағынан болмашы кемшіліктермен техникалық сапалы және көркемдік мағыналы орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылдарды, билерді сенімсіз музыкалық орындауы, қимылдардағы нақты емес ритмикалық акценттерінің болуы, бағдарламалық билерді орындаудағы өрескел техникалық қателерінің болуы; сенімсіз орындауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламалық талаптарды орындамауы, сабаққа келмеудің салдарынан туындаған кемшіліктер кешені;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      52. Балалар өнер мектептерінің "Халықтық-сахналық би" пәні бойынша оқу-тақырыптық жоспары.

Бөлімнің аталуы

Сағат саны

Оқудың бірінші жылы. 4 сынып

Негізгі элементтер. Қол мен аяқтың орналасуы және қалыптары. Қолға арналған рreparation.

10

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

12

Қазақ билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

12

"Бульба" беларус биінің элементтерін оқып-үйрену

12

Бірінші жарты жылдықтың қорытынды сабағы

2

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

14

Қазақ биі "Қамажайдың" элементтерін оқып-үйрену

14

"Козлик" литва биінің элементтерін оқып-үйрену

12

1-оқу жылының аралық аттестациясы

2

Белоруссия және Прибалтика халықтары билері негізгі элементтерінің орындалу техникасын, стилі мен тәсілін игеру.


Барлығы

102

Оқудың екінші жылы. 5 сынып

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарының орындалу тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Қазақ билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

"Тарантелла" итальян биінің элементтерін оқып-үйрену

12

Бірінші жарты жылдықтың қортынды сабағы

2

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарын орындау тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

20

"Тепеңкөк" қазақ биінің элементтерін оқып-үйрену

16

"Веснянка" украин биінің элементтерін оқып-үйрену

16

2-оқу жылының қорытынды сабағы

2

Украина, Паволжье және Словакия халықтары билері негізгі элементтерінің орындалу техникасын, стилі мен тәсілін игеру. Репертуар – педагогтің таңдауы бойынша


Барлығы:

136

Оқудың үшінші жылы. 6 сынып

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарының орындалу тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі.

18

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Қазақ билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Башқұрт халқының "Жеті сұлу" әйелдер биінің элементтерін оқып-үйрену

12

Бірінші жарты жылдықтың қортынды сабағы.

2

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарын орындау тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

20

"Көбелек" қазақ биінің элементтерін оқып-үйрену

16

Татар биінің элементтерін оқып-үйрену

16

3-оқу жылының аралық аттестациясы.

2

Орта Азия және Қазақстан халықтары билері негізгі элементтерінің орындалу техникасын, стилі мен тәсілін игеру. Репертуар – педагогтің таңдауы бойынша.


Барлығы:

136

Оқудың төртінші жылы. 7 сынып

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарының орындалу тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс биінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Қазақ биінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

18

"Гопак" украин биінің элементтерін оқып-үйрену

12

Бірінші жарты жылдықтың қортынды сабағы

2

Халықтық-сахналық би экзерсисінің негізгі қимылдарын орындау тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс биінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

20

"Қазақ вальсі" қазақ биінің элементтерін оқып-үйрену

16

"Авалюлька" мексика биінің элементтерін оқып-үйрену

16

4-оқу жылының қорытынды сабағы

2

Болгария және Польша халық билері негізгі элементтерінің орындалу техникасын, стилі мен тәсілін игеру. Репертуар – педагогтің таңдауы бойынша


Барлығы

163

Оқудың бесінші жылы. 8 сынып

Халықтық-сахналық би экзерсисінің негізгі қимылдарының орындалу тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс биінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Қазақ биінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Сыған биінің элементтерін оқып-үйрену

16

Бірінші жарты жылдықтың қортынды сабағы

2

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарын орындау тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

20

"Домбыра" қазақ биінің элементтерін оқып-үйрену

16

Өзбек биінің элементтерін оқып-үйрену

16

Емтихан сабағы. 5-оқу жылының қорытынды сабағы

2

Молдавия, Венгрия және Испания халықтары билері негізгі элементтерінің орындалу техникасын, стилі мен тәсілін игеру


Барлығы:

136

Оқудың алтыншы жылы. 9 сынып.

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарының орындалу тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Орыс билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Қазақ билерінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

16

Поляк биінің элементтерін оқып-үйрену

12

Бірінші жарты жылдықтың қортынды сабағы

2

Халықтық-сахналық билер экзерсисінің негізгі қимылдарын орындау тәртібі мен оны оқып білу әдістемесі

18

Итальян биінің негізгі элементтерін оқып-үйрену

20

"Балбырауын" қазақ биінің элементтерін оқып-үйрену

16

"Лезгинка" грузин биінің элементтерін оқып-үйрену

16

Емтихан сабағы. 6-оқу жылының қорытынды сабағы

2

Молдавия, Испания және Кавказ халықтары билері негізгі элементтерінің орындалу техникасын, стилі мен тәсілін игеру


Барлығы:

163



      Пәннің мазмұны. 4 сынып. Бірінші оқу жылы. Бірінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Халықтық биге кіріспе.
Негізгі элементтер.

1. Аяқ қалыптары:
1-ші ашық, түзу және жабық;
2-ші ашық, түзу және жабық;
3-ші ашық және түзу;
4-ші ашық және түзу;
5-ші ашық және түзу.
2. Қол қалыптары:
1-ші, 2-ші, 3-ші классикалық биге ұқсас;
4-ші қол белге қойылған;
5-ші қолдар кеуде тұсында айқасқан;
6-ші қолдар бас сыртынан желкеге тигізіледі;
7-ші қолдар арқа жақтан белге қойылады.
3. Қолдардың орналасу қалпы: дайындық – қолдар еркін түрде төмен түсірілген;
1-ші – дайындық және 2-ші қалып аралығындағы биіктікте екі жаққа ашылған;
2-ші – қолдар 3-ші және 2-ші қалып аралығындағы биіктікте екі жаққа ашылған.
4. Қолға арналған Preparation [препарасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4).

10

2.

Орыс биінің элементте-рін оқып-үйрену.

1. Қолдардың негізгі қалыптары:
2. даярлық, бірінші, екінші,
3. қолдар үшін рreparation [препарасьон] – жаттығу мен қозғауды бастауға дайындық (4 тактіге, музыкалық өлшем 4/4),
4. сыңарлы және "цепочка", "круг", "звездочка", "карусель", "корзиночка" сияқты топтық билердегі қолдардың қалыптары.
5. Қолдарды ашу және жабу:
6. бір қолды;
7. екі қолды,
8. қолдарды кезегімен ашу,
9. қолдарды түрлі қалыптарға ауыстыру.
10. Иілулер:
11. бір орында қолдарды қозғалтып және қолдарды қозғалтпай,
12. Алға және артқа қозғалып еңкею.
13. Бөлшекті қозғалыстар:
14. Бір, екі және үш рет жерту теуіп қалу;
16. Тебулер – түрлі ырғақтық суреттерде толық табанмен еденді тебу;
17. Үш рет теб.
18. Орыс (қарапайым қадамдар):
19. өкшеден басталатын қарапайым қадам;
20. аяқ ұшынан басталатын сахналық қадам;
21. ауыспалы қадам.
22. Қырынан жүру:
23. 3-ші ашық қалып бойынша бір аяққа отырып жүру;
24. "гармошка" және "елочка".
25. Секіру қимыл-қозғалыстары:
26. Бір аяқтан екінші аяққа секіріп түсу (өкшемен еденді соғу қимылдарына дайындық);
27. тұра позиция бойынша екі аяқпен секіру.
28. Бөлшекті қозғалыстар.
29. Аяқпен еденді ұру;
30. бір аяқпен бір рет және үш рет еденді өкшемен ұру;
31. бірден үш рет ұру.
32. Жарты башпаймен алға және артқа жылжып бір орында жүгіру.

12

3.

Қазақ биінің элементте-рін оқып-үйрену.

1. Иілу.
2. Аяқ қалыптары:
1-ші ашық, түзу және жабық.
2-ші ашық, түзу және жабық.
3-ші ашық.
4-ші ашық және түзу.
5- шіашық.
3. Аяқ қозғалыстары мен адымдар: ауыспалы қадам.
жарты башпаймен ауыспалы қадам.
бір аяқтың өкшесімен бүйірлеп жүру.
4. Қол қалыптары:
1-ші – шыңтақ пен алақандары дөнгеленген қолдарды алға созып көтеру.
2-ші – алақан төмен қаратылып, шыңтақ еркін қолдар екі жаққа көтерілген.
3-ші – қолдар шынтақ тұсы дөнгеленіп жоғары көтерілген, алақан төмен қаратылып.
5. Қол кимылдары: қолдардың бір жақтан екінші жаққа ауысу, бір қол 2-ші қалыпта, екінші қол 3-ші қалыпта, алақан төмен қаратылған; алақанды біресе жоғары, біресе төмен қарата отырып, қолдардың 1-ші қалыпта алға ашылуы; қолдарды кезек - кезек жоғары көтеру және төмен түсіру; қолдарды жайлап көтеру және түсіру.
6. Қол қалыптары: "Үшбұрыш"; "Киіз үй төбесі"; "Қос өркеш".
7. Тұла бойдың бүгілуі: алға, екі жаққа, айналып (оң жаққа, төмен қарай, сол жаққа)

12

4.

Белорус биінің элементте-рін оқып-үйрену

1. Биді жеке орындау кезіндегі қол қалыптары:
екі қол алақанымен немесе сырт жағымен белге бүйір жақтан қойылуы; қос қол кеуде тұсында айқастырылуы; екі қолмен фартуктің етегінен ұстау.
2. Жұппен билеу кезіндегі қол қалыптары:
жұптардың қолдары алдыңғы жақта, оң қол оң қолмен, сол қол сол қолмен айқастырылады; "Қақпалар"; бір - бірінің белінен арқа жақтан ұстау.
3. Жеңіл секіріп түсіп қадам жасау
4. Бір жерде адымдай отырып секіріп түсу
5. Екі аяқты ауада қосып бүйірлеп секіру
6. Бір аяқпен үш рет еденді ұру
7. Екі аяқты ауада қосып өкшеге секіріп түсу

12

5.

Бақылау сабағы

Бірінші жарты жылдықтың қорытынды сабағы

2



Барлығы

48

      4 сынып. Бірінші оқу жылы. Екінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок алдында жасалатын жаттығуларды оқып-үйрену

1. Demi және grand plie [деми және гранд плие] 1-ші, 2-ші және 3-ші ашық қалыптар бойынша (1 тактіге, музыка өлшемі 4/4):
жайлап, бірқалыпты түсіру
2. Battement tendu [батман тандю] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4): аяқ ұшынан өкшеге ауыстырып
3. Battement tendu jete [батман тандю жете] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4): ықшамдалған табанмен
4. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] (2 тактіге, музыка өлшемі 3/4, 2/4): классикалық
5. Battement fondu [батман фондю] (музыка өлшемі 3/4, 2/4): классикалық (2 тактіге) дайындық жаттығулары (4 тактіге).
6. Дайындық жаттығулары: "веревочка" тәсіліне дайындық (4 тактіге 2/4); мықынға арналған жаттығу (4 тактіге 2/4).
7. Тоқылдату (музыка өлшемі 3/4) 1-ші тура қалып бойынша дайындық - толық табанмен және өкшемен соғу
8. Grand battement jete [гранд батман жете] (2 тактіге музыка өлшемі 2/4): классикалық
9. Тұла бойға және қолдарға арналған Port de bras [пор де брас]
10. Аяқты астына бүгіп секіру

18

2.

Орыс биінің элементте-рін оқып-үйрену

1. Дөңгелене және алға, артқа қозғала отырып секіріп түсу.
2. "Ковырялочка" тәсілі: аяқ ұшын өкшеге ауыстыру арқылы аяқты жанына созу; жартылай жүрелеп отыру тәсілімен үйлестіре отырып аяқ ұшын өкшеге ауыстыру арқылы аяқты жанына созу.
3. Шапалақ және шапалақтау (бекітілген): алақанмен; мықынға.
4. Толық отырып-тұру қимылдары: отырып-тұруға дайындық (жайлап және шапшаң төмен түсу) 1-ші түзу және еркін қалыптар бойынша; 1-ші түзу және еркін қалыптар бойынша екі аяқпен секіріп түсу.
5. "Ковырялочка" тәсілі: бір аяқпен еденді үш рет ұру; секіріп түсу арқылы.
6. "Моталочка" тәсілі түзу қалыпта жарты башпаймен.
7. Аяқпен еденді соғу қимылдары (толық табанмен соғу) қарапайым аяқпен еденді соққан қадам;
ауыспалы аяқпен еденді соққан қадам.
8. Шапалақ және шапалақтау (бекітілген): дөңгелене және алға қозғала отырып, мықынға шапалақ ұру; алға жылжи отырып, етіктің қонышының алдынғы және артқы жағынан шапалақ ұру.
9. Шапалақ және шапалақтау (тіркелген)өзін айналдыра, санын алдыға қарай жылжыту;яғын артқа және алдыға жылжыта отырып, алға жылжу үшін

16

3.

Қазақ биі элементте-рін оқып-үйрену

1. Қол қалыптары.
2. Тұла бойға және қолдарға арналған Port de bras [пор де брас].
3. Жарты башпаймен ауыспалы қадам.
4. Бір аяқтың өкшесімен бүйірлеп жүру.
5. Өкшеден басталатын ауыспалы қадам.

15

4.

Литва биі элементте-рін оқып-үйрену

1. Бидегі қол және аяқ қалыптары.
2. Жүрелеп жүрудегі қарапайым адымдар.
3. Бір орында және алға жылжып бір аяқтан екінші аяққа секіріп түсу.
4. 1-ші тура қалып бойынша "бірге-бөлек" секірулері.
5. Аяқты жанына созып секіру.
6. Аяқты астына бүгіп орнында және алға - артқа жылжып секіру.

12

5.

Сыныптан сыныпқа көшу емтиханы

Оқудың 1-жылындағы аралық аттестация.

2

6.

Педагогтің таңдауы бойынша репертуар

Қазақ, орыс, литва халықтары сипатындағы этюдтердің қойылымдары.




Барлығы

63

      5 сынып. Оқытудың екінші жылы. Бірінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1

Станок жанында жасалатын жаттығуларды оқып-үйрену

1. Қолға арналған Preparation [препарасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4).
2. Demi және grand plie [деми и гранд плие] 1-ші, 2-ші және 5-ші ашық қалыптар бойынша (1 тактіге, музыка өлшемі 4/4): жайлап, бір қалыпты түсіру.
3. Battement tendu [батман тандю] (4 тактіге, музыка өлшемі 2/4): аяқ ұшынан өкшеге ауыстырып; аяқ ұшынан өкшеге ауысу кезінде тірек аяқпен жартылай отырып - тұру.
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (2 тактіге, музыкаөлшемі 4/4): ықшамдалған табанмен; табанның ықшамдалуы кезінде тірек аяқпен жартылай отырып - тұру.
5. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] (4 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 2/4): дайындық жаттығу; бастың қимылымен.
6. Pas tortilla [пас тортилла] (4 тактіге, музыка өлшемі 2/4): жекелеген бірқалыпты бұрылыс; бастың қимылымен.
7. Battement fondu [батман фондю] (музыкаөлшемі 3/4, 2/4): классикалыққолдың жұмыс істеуімен (2 тактіге); бас қимылымен әдеттегі жаттығулар (4 тактіге).
8. Дайындық жаттығулары: "веревочка" тәсіліне дайындық (4 тактіге 2/4);
мықынға арналған жаттығулар (4 тактіге 2/4).
9. "Веревочка" тәсілі: станокқа қарама-қарсы (2 тактіге 2/4).
10. Flic-flac [флик-флак] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): 1-ші тура қалып бойынша дайындық жаттығуы.
11. Бұрылу (2 тактіге 2/4): 3-ші қалып бойынша толық табанмен және өкшемен.
12. Battement developpe [батман девелоп] (2 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 4/4): бірқалыпты классикалық қолдың жұмыс істеуімен.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (2 тактігемузыкаөлшемі 2/4): классикалық қолдың жұмыс істеуімен.
14. Тұла бой мен қолға арналған Port de bras [пор де брас].
15. Аяқты астына бүгіп секіру.

18 с.

2.

Орыс биі элементтерін оқып-үйрену.

1.Тұла бой мен қолға арналған Port de bras [пор де брас].
2.Орамал ұстаған қолдың қалпын әр түрлі жағадайға келтіру.
3.Бүйірлеп жүру: жарты башпаймен арт жақтан еденді соғып бір аяққа отырып жүру.
4. Жарты башпаймен өзін айнала отырып жасалатын тұра қалыптағы "Моталочка" тәсілі.
5. Бір орында және алға жылжи отырып жасалатын "Молоточка" тәсілі .
6. Жарты башпаймен едендді соғу арқылы бүйірлеп секіріп түсу.
7. Қарапайым 1-ші түрдегі "Кілт" тәсілі.
8. "Веревочка" тәсілі: қарапайым.
9. Толық отырып – тұру қимылдары: бір аяқты жанына лақтыра сермей отырып тұру, екі аяқпен бір жаққа қарай жылжып толық отырып – тұру;
"ковырялочка" тәсілімен толық отырып – тұру.
10. Шапалақ және шапалақтау (бекітілген): алақанмен шапалақтау және тұла бойға шапалақ ұру; етік қоинышының алдынғы жағынан кезек-кезек айқастыра шапалақ ұру.

16

3.

Қазақ биі элементте-рін оқып-үйрену.

1.Қол қалыптары: 4-ші – бір қол 3-ші қалыпта, алақан жоғары қаратылған, екінші қол 1- ші қалыпта, алақан алға қаратылған; 5-ші – бір қол 3- ші қалыпта, екінші қол 2-ші қалыпта, алақанды теріс қаратып көтеру; 6 - ші – қолдар белге қойылған, саусақтармен белдіктен ұстаған қалып.
2. Аяқ қимылдары мен адымдар: жарты башпаймен аяқты айқастыра отырып, кезек-кезек қадам басу; алға өкшеге, артқа жарты башпайға тұрып, бір орында жүру; жай секіру; сырғанаған ауыспалы қадам.
3. Қол қимылдары: "Айдай сұлу" - қолмен бетті айналдыра дөңгелету;
қол білектерін айқасқан түрде өзіне қарай айналдыру; қол білектерін айқасқан түрде өзінен әрі айналдыру; "Зигзаг" тәсілі – кезекпен –кезек бір қолды жоғары көтеру, екіншіні артқа шығару.
4. Қол қалыптары: "Ағаш кереует"; "Өрім"; "Айна".
5. Тұла бойдың бүгілуі: алға, жанына, артқа; дөңгелене (жанына, төмен, жанына)

16

5.

"Тарантел-
ла" итальян биінің элементте-рін оқып-үйрену

1.Аяқ қалыптары.
2.Бидегі қол қалыптары.
3.Тамбуринмен қол қимылдары: саусақтармен соғу; буынның ұсақ, үздіксіз "трель" қимылы.
4. Тұла бойдың жартылай бұрылып артқа жылжыған pique қадамы:
тірек аяқпен бір орында артқа жылжи отырып секіру, кейіннен аяқ ұшымен еденге соғу.
5. Тарантелла (pas emboites [па амбуате]) жүгірісі бір орында және алға жылжи отырып.
6. Бір мезгілде аяқты лақтыра көтеріп және бүгіп секіріп қадам жасау.
7. Бір мезгілде аяқты сермеп және тізеден бүгіп, секіріп қадам жасау (pas ballonne [па балонэ]).
8. Жарты башапайларымен жартылай отырып 3-ші қалып бойынша бір орында және бұрылыста қарғу.
9. Тізеден бүгілген, екінші аяқтың алдынғы жағынан айқасқан аяқты көтеріп, екі аяқпен 2-ші қалыпқа секіріп тұсу.

12

6

Бақылау сабағы

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы.

2

Барлығы

64

5 сынып. Екінші оқу жылы. Екінші жартыжылдық.


Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып - үйрену

1. Қолдар үшін Preparation [препарасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4).
2. Demi және grand plie [деми и гранд плие] 1-ші, 2-ші, 4-ші және 5-ші ашық қалыптары бойынша (1 тактіге, музыка өлшемі4/4): жайлап түсіру;
бір немесе екі табанды бұру арқылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысу.
3. Battement tendu [батман тандю] (4 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): өкшеден аяқтың ұшына ауыстырып, жартылай отырып және demi rond [деми ронд] жанына.
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (2 тактіге, музыкаөлшемі 4/4): ықшамдалған табанмен, plie және demi rond [плие и деми ронд] жанына; қол жұмыстарымен.
5. Rond de jambe par terre [ронд де жамб пар тер] (4 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 2/4): едендегі және ауадағы жаттығу; бас қимылымен.
6. Pas tortilla [па тортилла] (4 тактіге музыка өлшемі 2/4): табанның бір рет бұрылуы (2 тактіге 2/4); екі рет бір қалыпты бұрылыс (4 тактіге 2/4); бас қимылымен.
7. Battement fondu [батман тандю] (музыка өлшемі 3/4, 2/4): классикалық қол жұмысымен (2 тактіге); бас қимылына тән жаттығу және тірек аяқпен demi plie [деми плие] (на 4 тактіге).
8. Даярлық жаттығулар: "веревочка" тәсіліне дайындық (2 тактіге 2/4);
мықынға арналған жаттығу (4 тактіге 2/4).
9. "Веревочка" тәсілі: бір қолмен станоктан ұстап (2 тактіге 2/4).
10. Flic-flac [флик-флак] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): 5-ші ашық қалып бойынша.
11. Тарсылдату (2 тактіге 2/4): бір және екі аяқпен ұсақ тарсыл, № 1 кілт.
12. Battement developpe [батман девелопе] (2 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 4/4): қолдың жұмысымен бірқалыпты классикалық; плие.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (2 тактіге музыка өлшемі 2/4): қол қимылымен классикалық; tombe-coupe [томбэ-купе] дайындық.
14. Тұла бойға және қолға арналған Port de bras [пор де брас].
15. Аяқты астыға бүктеп секіру.

18

2.

Орыс биі элементтерін оқып-үйрену.

1. Тұла бойға және қолға арналған Port de bras [пор де брас].
2. Орамал ұстаған қолдың қалпын әр түрлі жағадайға келтіру.
3. Аяқпен еденді ұрып, ауыспалы қадам жасау.
4. Еденді өкшемен ұру қимылдыры:
"дробная дорожка" - өкшенің еденге бір рет соғылуымен жасалатын ұсақ үзіліссіз қимыл; еденді өкшемен ұрып жай секіру – өкшемен және толық табанмен еденге өкшемен соғып бір аяқпен секіру.
5. Өкшемен еденге соға отырып, бүйірлеп секіріп түсу.
6. Жартылай және өзін айнала бұрылыспен "Молоточки" тәсілі.
7. Жартылай отырып – тұру қимылдары:
алдында шапалақ ұрып, 1-ші қалып бойынша бір жақтан екінші жаққа жай секіру; өзін айнала "доп" тәсілімен отырып-тұру; "қаз қадамы" тәсілі.
8. Шапалақ және шапалақтау (бекітілген соққы): секіру кезінде мықынға шапалақ ұру; өз алдында етік қонышына шапалақ ұрып секіру;
секіру кезінде етік қонышының алдыңғы және артқы жағынан кезек-кезек шапалақ ұру.
9. 1-ші қалып бойынша бір орында айналуға дайындық (ұсақ адымдар)
10.1-ші тура қалып бойынша бір аяқпен айналуға дайындық.
11. Айналымдар: бір орында секіріп; "моталочки" қимылдарымен диагональ бойымен; бір орында "ковырялочки" қимылымен.

20

3.

"Тепенкөк"қазақ биі элементте-рін оқып-үйрену.

1. Қамшы ұстаған қол қалыптары: қос қолмен 3 – ші қалыпта қамшыны бастан жоғары ұстайды; қос қолмен 1 – ші қалыпта қамшыны өзінің алдына ұстайды; бір қол қамышыны ұстап 2-ші қалыпқа ашық болады, екінші қол 3 – ші қалыпқа көтерілген; бір қол қамышыны 3- ші қалыпта ұстап, екінші қол 1 – ші қалыпта болады.
2. Тұла боймен бас қалыптары: алға және жанына бүгілу;артқа шалқаю.
3. Адымдар мен қимыл-қозғалыстар: жай секіре отырып адымдау; шоқырақтап жүгіру ; тізені көтеріп алға жүгіру; өрім түріндегі ауыспалы қадам; кедергі –екінші аяқты тірек аяқтың тізесінің астынан қыстырып, бір аяқпен жай секіру; бір жақтан екінші жаққа секіру; тербеліс.
4. Айналымдар:1-ші қалып бойынша аяқты кезек-кезек басу арқылы айналу; 4-ші қалып бойынша қол ұстасып жұптасып айналу, бір аяқ алды табанда, екінші аяқ артта жарты башпайда.

16

4.

"Веснянка" - украин биінің элементте-рін оқып-үйрену

1. Жеке би орындауындағы қол қалыптары: екі қол жұдырығы белде;
қолдар кеуде тұсында айқасқан; лента ұшынан ұстаған; бір қол моншақтан ұстаған, екінші қол жұдырығы белде.
2. Көпшілік бидегі қол қалыптары: бишінің оң қолы оң жақта тұрған, сол қолы сол жақта тұрғандардың арт жағынан белдеріне қойылған;
әр биші өзінің жанындағыдан кейінгі адамның қолынан ұстайды (алдыңғы жақтан); бишінің қолдары алақан жағымен қасында тұрған адамның иығында жатады.
3. Бір орында қарапайым түрде иілу (қолдың көмегімен, немесе көмексіз);
4. Ауыспалы қадам.
5. Бір аяққа отырып жүру.
6. Бір аяққа қарай құлау.
7. Өрілген жол.

16

5

Бақылау сабағы

Екінші оқу жылының қорытындысы

2

6.

Педагог таңдауы бойынша репертуар.

Орыс биі – "Перепляс", қазақ биі – "Қара жорға", белорус биілері - "Лявониха", "Крыжачок", эстон билері – "Ямая лабаялг". "Йоксу-полька".


Барлығы

72

      6 сынып. Оқытудың үшінші жылы. Бірінші жартыжылдық.

Тақырып

Мазмұны

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып - үйрену.

1. Қолдар үшін Preparation [преперасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4).
2. Demi және grand plie [деми и гранд плие] (ашық қалыптарда 1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): grand plie [гранд плие] қалпында жайлап түсіру; demi plie [деми плие] қалпында тез түсіру;
қолдың жұмыс істеуімен.
3. Battement tendu [батман тандю] (2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): тірек аяқтың өкшесін көтеріп; қолдың жұмыс істеуімен.
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): тірек аяқтың өкшесін көтеріп; қолдың жұмыс істеуімен.
5. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] және rond de pied par terre [рон де пие пар тер] (2 тактіге, музыка өлшемі 3/4, 2/4): ауада; қол және бас қимылымен.
6. Pas tortilla [па тортилла] (2 тактіге музыка өлшемі 2/4): еденді соғып бір рет айналу;
бас қимылымен.
7. Battement fondu [батман фондю] (музыка өлшемі 3/4, 2/4): классикалық қол жұмысымен (1 тактіге); тән жаттығу (2 тактіге); қол және бас қимылымен.
8. Дайындық жаттығулар (музыка өлшемі2/4): "веревочка" тәсіліне дайындық (1 тактіге); мықынға арналған жаттығу (2 тактіге).
9. "Веревочка" тәсілі (музыка өлшемі 2/4): бір орында қадам жасау (бір рет) (1 тактіге).
10. Flic-flac [флик-флак] (музыка өлшемі 2/4): жарты башпаймен 1–ші қалып бойынша бір орындағы қадам (1 тактіге).
11. Тарсылдату (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): 3-ші ашық қалып бойынша толық табанымен және өкшемен.
12. Battement developpe [батман девелопе] (2 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 2/4): бір қалыпты классикалық қол қимылымен; плие қол қимылымен.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (1 тактіге музыкаөлшемі 2/4): классикалық қол қимылымен; tombe-coupe [томбэ-купе] дайындығы.
14. Тұла бой мен қолдарға арналған Port de bras [пор де бра].
15. Аяқты астыға бүктеп секіру.

18

2.

Орыс биі элементте-рін оқып-үйрену

1. "Моталочка" тәсілі: өкшемен және екі аяқпен секіріп түсу.
2. "Веревочка" тәсілі: бір орындағы адыммен.
3. 1- ші тура қалып бойынша бір орында ұсақ адымдар жасай отырып айналу.
4. 1- ші тура қалып бойынша бір аяқта айналу.
5. 3 – ші еркін қалып бойынша айналуға дайындық (бір аяққа отырып жүру).
6. Айналымдар: бір орында жай секіріп; "моталочки" қимылымен диагональ бойынша; "ковырялочки" қимылымен бір орында.
7. Өкшемен еденді соғу: "үш аяқ" тәсілімен өкшемен еденді соғу; бір орында адымдап, "үш аяқ" тәсілімен өкшемен еденді соғу; алға жылжи және айнала отырып, өкшемен еденді соғып жүру.
8. Толық отырып – тұру қимылдары: 1- ші ашық қалып бойынша шапалақтай отырып, бір жақтан екінші жаққа жай секіру; "доп" тәсілімен өзін айналып жүрелеп отырып – тұру; "қаз қадамы";"еңбектеу".
9. Шапалақ және шапалақтау (бекітілген соққылар): жай секіруде мықынға шапалақ ұру; жай секіруде етік қонышының алдыңғы жағынан; жай секіруде етік қонышының алдыңғы және артқы жағынан кезек-кезек шапалақ ұру.
10. "Ястреб" 1-ші ашық қалып бойынша, аяқты астыға бүктеп секіру.

16

3.

Қазақ биі элементтерін оқып-үйрену.

1. Қол қалыптары: "Бүркіт тырнақтары";"Ожау"; "Тақия".
2. Қол қимылдары: "Қошқармүйіз"; "Гүл"; "Қос жылан".
3. Аяқ қимылдары мен адымдары: "Қосаяқ" - біресе өкшемен, біресе аяқ ұшымен секіру; бір аяқты екінші аяққа тақап, еденді соғып жүру;
"Қанаттар".

16

4.

Башқұрт әйелдер биі "Жеті сұлу" элементте рін оқып үйрену.

1. 1-ші қалып бойынша бүйірлеп жүру.
2. Жарты башпаймен аяқты кезектестіріп қадам басу.
3. Тізені 90о-ға көтеру.
4. Жарты башпаймен диагональ бойымен артқа жүру.
5. Бүйірлеп жүру. "Трилистник".
6. Қолдардың шаш бұрымындағы қалпы.
7. Шынашақпен ұстасқан қолдар қалпы.

12

5.

Бақылау сабағы.

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы.

2

Барлығы

64

      6 сынып. Оқытудың үшінші жылы. Екінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып- үйрену.

1. Қолдар үшін Preparation [препарасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 4/4).
2. Demi және grand plie [деми и гранд плие] (ашық қалып бойынша, 1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): grand plie-ге [гранд плие] жайлап түсу; demi plie-ге [деми плие] тез түсу.
3. Battement tendu [батман тандю] (2 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): тірек аяқтың өкшесін көтеріп.
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (2 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): тірек аяқтың өкшесін көтеріп; plie-ге тірек аяқтың өкшесін көтеріп.
5. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] және rond de pied par terre [рон де пие пар тер] (2 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 2/4): ауада.
6. Pas tortilla [па тортилле] (2 тактігемузыкаөлшемі 2/4): бір рет соғып айналу (қарқынмен); екі рет соғып табанмен айналу.
7. Battement fondu [батман фондю] (музыка өлшемі 3/4, 2/4): классикалық, қолды жұмыс істету арқылы (1 тактіге); жарты башпаймен ерекше жаттығу (2 тактіге).
8. Дайындық жаттығулары (музыка өлшемі2/4): "веревочка" тәсіліне дайындық (1 тактіге); мықынның ашық қалпынан ашық емесқалпына және керісінше орындалатын жаттығу (2 тактіге).
9. "Веревочка" тәсілі (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): 2-шіжәне 5-ші қалыптары бойынша аяқты бір рет соға отрып.
10. Flic-flac [флик-флак] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): жарты башпаймен 5-ашық қалып бойынша бір орында қадам басып орындау.
11. Тарсылдату (музыка өлшемі 2/4): үш рет және екі рет өкшемен еденді соғу.
12. Battement developpe [батман девелоп] (2 тактіге, музыкаөлшемі 3/4, 2/4): тірек аяқтың өкшесімен жайлап бір рет соғу арқылы орындау; тірек аяқтың өкшесімен бір рет кенеттен соғу арқылы.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (1/2 тактігемузыкаөлшемі 2/4): классикалық, қолды жұмыс істетіп; tombe-coupe [тумбэ-купе] тұла бойды және қолды жұмыс істету арқылы.
14. Қолға және тұла бойға арналған Port de bras [пор де бра].
15. Аяқты астына бүгіп секіру.

18

2.

Орыс биі элементте рін оқып үйрену.

1. "Веревочка" тәсілі: 2-ші және 5-ші қалыптар бойынша аяқты бір рет соға отырып.
2. Айналым: 1-тура қалып бойынша ұсақ қадамдармен; 1-қалып бойынша бір аяқпен;
3-қалып бойынша (бір аяққа отырып жүру); диагональ бойымен, аяқты артқа сермей отырып; "шене" тәсіліне дайындық.
3. "Моталочка" тәсілі: өкшеге басып адымдау; кесе-көлденең.
4. Өкшемен еденді соғу қимылдары: бір орында еденді екі рет ұрып, алға жылжи отырып қадам басу.
5. Шапалақ және шапалақтау (жылжымалы): өз алдында – жоғарыдан төмен қарай; оң және сол жақтан; жоғардан төмен қарай.
6. Толық отырып-тұру қимыл-қозғалыстары: 1-қалып бойынша тізені бұрып "доп" тәсілімен жүрелеп отыру; жүрелеп отырып – тұру "разножка";
аяқтарды 4-қалыпқа ашу арқылы; 4-қалыпқа тұла бойды жартылай бұрып.
7. Секірулер: қос аяқты кеуде тұсында бүгіп секіру; 1-ші ашық қалып бойынша, аяқты астыға бүгіп секіру "Ястреб".

20

3.

Қазақ биі "Көбелек" элементте рін оқып -үйрену

1. Аяқ қимылдары мен қадамдары: жарты башпаймен аяқты кезектестіріп қадам бастыру; жарты башпаймен шапшандатылған жүгіру; жарты башпаймен артқа жүру;
2. Айналымдар: диагональ бойымен бұрылып адымдау; оңға және солға бұрылу; жартылай отырып-тұрып бұрылу; бір орында айналу (бір орында қадам басу).
3. Кашне ұстаған қол қимылдары: кашнені екі қолмен ұстап арт жаққа жоғары көтеру; кашнені екі қолмен ұстап алдынан көтеру; кашнені алдынғы жақтан жоғары-төмен желпу.
4. Тұла бойдың бүгілуі: кашнемен алға еңкею; кашнемен оңға, солға иілу;
кашнемен артқа шалқая отырып.

16

4.

Татар биі элементте рін оқып-үйрену

1. Қол қалыптары.
2. Жеке және жұптасып билеу кезіндегі тұла бой, бас және қол қалыптары.
3. Жүгірген қадам және орнындағы үш қадам.
4. Бір аяққа отырып бүйірлеп жүру.
5. Аяқты біресе ұшына, біресе өкшеге баса отырып бүйірлеп жүру.
6. "Брма" - аяқты тізе тұсынан ішке қарай бүгіп және сол аяқты жанына карай ашып жай секіру.
7. "Трилистник" тәсілі мен бір орында қадам баса отырып, еденді соғып жүру.
8. Екі және үш рет еденді аяқпен ұру.
9. "Гармошка" және "елочка" тәсілдері жартылай отырып – тұру, "гармошка" мен "кудепье" арт жақтан.
10. "Люлька" - бір аяқты алға сермеу және екінші аяқты артқа жиынқырап соғу.
11. Бір аяқтан екінші аяққа (өкшеге) секіріп түсу және бір орында қадам жасау.
12. 1-ші тура қалып бойынша "доп" айналыммен отырып - тұру.
13. Аяқты жанына ашып және қолды тірей отырып "Качалка" тәсілімен отырып – тұру.

16

5.

Сыныптан сыныпқа көшіру емтиханы.

3 - ші оқу жылының аралық аттестациясы.

2

6.

Педагог таңдауы бойынша репертуар.

Орысбиі – "Тимоня", қазақ биі – "Балбырауын", украин биі – "Метелица", белорус биі – "Кружачок".


Барлығы

72

      7-сынып. Оқытудың төртінші жылы. Бірінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып-үйрену.

1. Қолдар үшін Preparation [препарасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 2/4).
2. Ашық қалыптар бойынша Demi және grand plie [деми және гранд плие] қимылдары. (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): grand plie-ге [гранд плие] жайлап түсіру; demi plie-ге [деми плие] тез түсіру.
3. Battement tendu [батман тандю] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): өкшемен орындау (еденге).
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4):
плие-ге тірек аяқтың өкшесімен ұру; 1-қалып арқылы өтіп.
5. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] және rond de pied par terre [рон де пие пар тер] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4, 3/4): жартылай отырып-тұру арқылы және отырып тұрмай тірек аяқтың өкшесімен еденде бұрылу.
6. Pas tortilla [па тортилле] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): жарты башпайларда бір және екі рет жайлап жасау.
7. Battement fondu [батман фондю] (1тактіге, музыка өлшемі 2/4): жарты башпайда көтеріліп жасалатын ерекше жаттығу.
8. Дайындық жаттығулары (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): жарты башпаймен "веревочка" тәсіліне дайындық; секіру арқылы дайындалу;
мықынға арналған жаттығу.
9. "Веревочка" (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): 2 рет, бір орында қадам басу арқылы; 1 рет, бұрылғанда.
10. Flic-flac [флик-флак] (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): мықынды бұру арқылы жарты башпаймен орындау; "желпуішке" (веер) дайындық.
11. Тарсылдату (музыка өлшемі 2/4): кілт №3;
2 рет тізені көтеру; ұсақ, бірқалыпты.
12. Battement developpe [батман девелоп] (1 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): өкшемен бір және екі рет соға отырып, plie-ге жайлап және тез түсу.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (1 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): tombe-coupe-ге [тумбэ-купе] 1-2 рет табан жастықшасымен ұрып, тұла бой мен қолды жұмыс істете отырып.

18

2.

Орыс биі элементерін оқып-үйрену

1. Айналымдар: 3-ашық қалып бойынша айналу (бір аяққа отырып жүру);
тур en dedan қимылына дайындық, диагональ бойымен; "Шене" диагональ бойымен; жүгіру кезіндегі дайындық; "кілт" 3-түрі; "Веревочка" тәсілі "ковырялочкамен", сырғанай отырып өкшемен ұру.
2. Шапалақ және шапалақтау: жай секіру кезінде етік қонышының алдынғы жағынан екі қолмен шапалақ ұру; созылған аяқ қонышынан шапалақ ұру.
3. Толық отырып-тұру қимылдары: "қаз адымдары"; бір орында "еңбектеу".

13

3.

Қазақ биі элементте рін оқып-үйрену

1. Қиыстырылған қимылдар (қол қимылдары мен қадамдар): "Мүйіз";
"Ер-тоқым"; "Маралмүйіз"; "Бүркіт"; "Әнші"; "Көбелек".
2. Қолдардың әр қалыптағы күйінде тұла бойдың бүгілуі және иілуі.

16

4.

Украин биі "Гопак"-тың элементте рін оқып-үйрену

1. Қол қалыптары.
2. Жұптасып билеу кезіндегі тұла бой, бас, және қол қалыптары.
3. "Бегунец".
4. "Тынок" – падебаск.
5. "Выхилясник" с "угинанием" - аяқты ашып "ковырялочка" жасау.
6. "Голубцы" бір орында, жанына жылжи отырып және аяқты еденге ұра отырып.
7. "Выступцы" бір аяқпен екінші аяқты соғу.
8. "Веревочка" қарапайым, бір орында қадам жасай отырып, бұрылу арқылы, екі рет.
9. "Кружальце" - айналым.
10. "Разножка" өкшенің қырына қарай жанына.
11. Подсечка.
12. Мельница.
13. "Ястреб" - 1-ашық қалып бойынша аяқты астыға бүктеп секіру.

12

5.

Бақылау сабағы

Бірінші жарты жылдық қорытындысы.

2 сағат



Барлығы

64

      7 сынып. Оқытудың төртінші жылы. Екінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып-үйрену

1. Қолдар үшін Preparation [препарасьон] (2 тактіге, музыка өлшемі 2/4).
2. Demi және grand plie [деми және гранд плие] тура қалыптар бойынша (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4, 6/8): grand plie [гранд плие] тез түсу; demi plie [деми плие] тез түсу.
3. Battement tendu [батман тандю] (1 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): өкшемен, мықынды бұра отырып.
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (1/2 тактіге, музыкаөлшемі 2/4): plie – дегі тірек аяқтың өкшесін соғу арқылы;
1 қалып арқылы өтіп.
5. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] және rond de pied par terre [рон де пие пар тер] (1 тактіге, музыкаөлшемі 2/4, 3/4): тірек аяқтың өкшесін ауада плие-мен және плие-сіз бұра отырып;
бас, тұла бой және қолды жұмыс істете отырып.
6. Pas tortilla [па тортилле] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): жарты башпаймен бір және екі соғып.
7. Battement fondu [батман фондю] (2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): tire-bouchon [тир бушон] тұла бой және қолды жұмыс істете отырып.
8. Дайындық жаттығулары (1/2 тактіге 2/4): "веревочка" тәсіліне дайындық;
секіру арқылы дайындық; мықынға арналған жаттығу (жартыбашпаймен).
9. "Веревочка" тәсілі (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): екі рет, өкшеге қойып;
екі рет, бұрылу кезінд.
10. Flic-flac [флик-флак] (1/2 тактіге, музыка өлшемі): "желпуіш" (веер) еденде;
11. Тарсылдату (музыка өлшемі 3/4): 1-ші тура және 3-ші ашық қалыптар бойынша, испан биіне тән.
12. Battement developpe [батман девелоп] (1 такт, музыка өлшемі 2/4): жарты башпаймен, тірек аяқ өкшесімен бір және екі рет соға отырып.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (1 тактіге, музыкаөлшемі 4/4): күшейтілген екпінмен сермеп;
14. Port de bras [пор де бра] тұла бой мен қол үшін.
15. Аяқты астыға бүгіп, секіру.

18

2.

Орыс биі элементтерін оқып-үйрену

1. Айналымдар: 3 - еркін қалып бойынша айналу (бір аяққа отырып-жүру);
диагональ бойымен tour en dedan [андедан] әрекетіне дайындық; "Шене" диагональ бойымен; жүгірудегі дайындық (бегунец); жай секірудегі.
2. Өкшені еденге ұру қимылдары: толық табанмен және өкшемен соғу қимылдарының үйлесімі; жай секірудегі; бір жерден екінші жерге секіріп түсудегі.
3. 1- қалып бойынша толық отырып-тұру қимылдары: аттаған аяққа салмақ түсіріп; бұрылуда аттаған аяққа салмақ түсіріп.
4. Секірулер: Қос аяқты астыға бүгіп, табандарды артқа қаратып; тізені бүгіп және жоғары, алға көтеріп аяқты астыға бүгу арқылы; тізелерді бұрып.
5. Жылжымалы шапалақ және шапалақтау: өзіне қарай және өзінен әрі мықынға шапалақ ұру; аяқ қонышынан өзіне қарай және өзінен әрі шапалақ ұру; мықынды екі қолмен соғу.

20

3.

"Қазақ вальсі" биі элементтерін оқып-үйрену

1. Бидегі бас, тұла бой және қол қалыптары.
2. Қол қимылдары: қолдарды түрлі қалыпқа ауыстыру; қолдың білезік буындарын айналдыру қимылдары; қол мен буынның толқынданған қимылдары.
3. Тұла бойдың жан-жаққа және артқа бүгіліп-иілуі.
4. Адымдар мен қимылдар: алға және артқа вальс ырғағымен қадам жасау;
pas balance [па балансе]; өкшеден айналып бүйірлеп жүру; жарты башпаймен шапшандатып жүгіру.
5. Айналымдар: шеңбер бойымен вальс айналымдары; қолдарды екі жаққа ұстап, бір орында айналу; алға секіру және бір аяқта айналу.

16

4.

"Авалюлька"мексикан биінің элементтерін оқып-үйрену

1. Би кезіндегі тұла бой, бас, қол қалыптары.
2. Би кезіндегі аяқ қалыптары.
3. Жұп болып билеудегі тұла бой, қол қалыптары.
4. Қолдармен ұстаған етектің әр түрлі қалыпта болуы.
5. Алға жылжып және айналып, тарсылдаған қадам жасау (екі рет еденге ұрып).
6. Аяқты алға қарай көтеріп, артқа қадам жүру.
7. Pas de bouree [па де бурре] – аяқтарды алма кезек ауыстыру.
8. "Плетенка" тәсілі қолдың толқынданған қимылдарымен.
9. "Мельница" тәсілімен айналу (ашық етекпен)

16

5.

Бақылау сабағы

Оқудың 4- жылының қорытындысы.

2

6.

Педагог таңдауы бойынша репертуар.

Орыс – "Кадриль" биі, қазақтың жұп биі – "Вальс бақыт құшағында" , мексикан биі– "Сапатео", поляк билері – "Краковяк", "Куявяк", "Мазурка", молдаван биі – "Хора".


Барлығы

72

      8-сынып. Оқытудың бесінші жылы. Бірінші жартыжылдық

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып-үйрену.

1. Қолдар үшін Preparation [препарасьон] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4).
2. Demi және grand plie [деми және гранд плие] тура қалыптар бойынша (музыка өлшемі 3/4, 2/4, 6/8):
demi plie [деми плие] (1 тактіге); grand plie [гранд плие] (2 тактіге); Port de bras [пор де бра], толқын.
3. Battement tendu [батман тандю] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): өкшемен 90о-қа;
әрекеттегі аяқтың өкшесімен еденде сырғып.
4. Battement tendu jete [батман тандю жете] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): pointe [пойнт] аяқ ұшымен және өкшемен.
5. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] және rond de pied par terre [рон де пие пар тер] (1 тактіге, музыкаөлшемі 2/4, 3/4): тірек аяқтың өкшесін ауада бұрып; қарғи отырып дайындалу.
6. Pas tortilla [па тортилле] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): бір және екі рет жайлап секіру арқылы.
7. Battement fondu [батман фондю] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): өзіне тән жаттығу 90о-қа.
8. Дайындық жаттығу.(1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4):секіре отырып дайындалу; секірудегі мықынға арналған жаттығу.
9. "Веревочка" тәсілі (1/2 тактіге, музыка өлшемі 2/4): бір рет кері қарай жасалатын;бұрылуда.
10. Flic-flac [флик-флак] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): tombe-coupe [тумбэ-купе] арқылы бір және екі рет соғып.
11. Тарсылдату (музыка өлшемі 2/4, 3/4): "фламенко".
12. Battement developpe [батман девелоп] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): секіру арқылы.
13. Grand battement jete [гранд батман жете] (1 тактіге, музыка өлшемі 2/4): balancoir [балансир] аяқты соза керу арқылы.
14. Тұла бой және қол үшін Port de bras [пор де бра].
15. Аяқты астыға бүгіп секіру.

18

2.

Орыс биі элементтерін оқып-үйрену

1. Айналымдар: 3-ші еркін қалып бойынша айналым (бір аяққа отырып-жүріп); tour en dedan диагональ бойымен; бигунец (бұрылып жүгіру); жай секіріп; өкшемен еденді ұрып.
2. Шапалақ және шапалақтау (екі реттен): сырғытып соғу – мықынға ұру және шапалақтау; сырғытып соғу –мықынға екі рет ұру.

16


Қазақ биі элементтерін оқып-үйрену

1. Қиыстырылған қимылдар: "Бас киім"; "Беташар"; "Секірулер"; "Қарғулар"; "Домбыраны ұстап отыру"; "Домбыраны жоғары ұстау".

16

3.

Сыған биінің элементтерін оқып-үйрену.

1. Тұла бой, бас және қолдардың күй-қалыптары.
2. Аяқ қалыптары.
3. Толқынданған қол қимылдары (сегіздік).
4. Юбкамен түрлі қимыл-қозғалыстар жасау.
5. Жабық және ашық күйдегі табанды бұра отырып, бүйірлеп жүру.
6. Алға және артқа ауыспалы қадам жасау.
7. Өрім түрінде оңға және солға жасалатын қимылдар.
8. Бір аяққа отырып-жүрудегі айналымдар.
9. Por de bras [пор де бра] тұла бой үшін.
10. Кең жүгіру адымдары.
11. "Чечетки" қимылдары (flic-flac [флик-флак]) жай секіре отырып және бір орында қадам жасай отырып.

16

4.

Бақылау сабағы

Бірініші жарты жылдық қорытындысы.

2

Барлығы

64

      8-сынып. Бесінші оқу жылы. Екінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып-үйрену

1. Demi және grand plie [деми және гранд плие] тура қалыптар бойынша: "Восьмерка" (сегіздік); por de bras [пор де бра], толқын.
2. Battement tendu [батман тандю]: мықынды 90о-қа бұра отырып.
3. Battement tendu jete [батман тандю жете]: бірінші қалыптағы плие-ге өтіп, тірек аяқты өкшесімен соға отырып жасау.
4. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер] және rond de pied par terre [рон де пие пар тер]: қарғи отырып жасау.
5. Pas tortilla [па тортилле]: секіріп бір және екі реттен соғу.
6. Battement fondu [батман фондю]: tize-bouchon [тир бушон] жарты башпаймен.
7. Дайындалу жаттығу: секірумен дайындалу; секіру арқылы мықын үшін жаттығу.
8. "Веревочка": кейін қарай, екі реттен орындалу; бұрылуда.
9. Flic-flac [флик-флак]: секіріп орындалу; "желпуіш" ауада 1/8 такт-ге.
10. Тарсылдату: "фламенко".
11. Battement developpe [батман девелоп]: қарғи отырып.
12. Grand battement jete [гранд батман жете]: balancoir [балансир].

18

2.

"Арагон-ская хота" итальян биінің элементте рін оқып-үйрену

1. Тұла бой мен қол қалыптары.
2. Аяқтың негізгі қимылдары мен адымдары: бір орында үш реттен қадам басып жүгіру; аяқты тізе тұсынан лақтыра отырып жүгіру; аяқ ұшын еденге соғып секіріп кетту.
3. Аяқты өкшесінен ұшына ауыстырып 5 қалып бойынша аяқ ұшымен секіру.
4. Жұмсақ Grand battement [гранд батман] қозғалыс кезінде.

20

3.

"Домбыра" қазақ биі элементте рін оқып-үйрену

1. Домбыра ұстаған қол мен тұла бойдың күй жағдайлары:
1-жағдай –бір қол 3-қалыпта алақаны жоғары қаратылған, екінші қол 1-қалыпта, қолдың білезік буынымен жоғары және төмен сермеледі, ол домбырада ойнауды бейнелейді; 2-жағдай – бір қол 2-қалыпта шынтақтан бүгілген, екінші қолмен "сегіздік" жасайды; 3-жағдай – бір қол 2-қалыпта шынтақтан бүгілген, екінші қол білезік буынымен сол иық деңгейінде сыртқа қарай айналдырылады; 4-жағдай – бір қол 2-қалыпта шынтақтан бүгілген, екінші қол оң иықтан сол иыққа қарай және кері қарай толқынданған қимылдар жасайды; 5-жағдай – бір қол 2-қалыпта шынтақтан бүгілген, екіншісі де шынтақтан бүгілген және оң иықтан жоғары көтерілген, білезік буыны төмен түсірілген, өзінен әрі және өзіне қарай бұлғап сермейді.
2. Адымдар:өкшеден басталатын ауыспалы адым; аяқтын
өкшеге қарай ашылу және бұрылу қадамы;оңға және солға бұрылу қадамдары; өкшемен соғу және кері шегіну арқылы қадамдар; бір аяқпен еденді ұрып жүру және аяқты айқастырып басу; кері шегініп және аяқты ауада көтеріп жүру.

16

4.

Өзбек биі элементте рін оқып-үйрену

1. Қол қалыптары.
2. Аяқ қалыптары.
3. Иілу, бүгілу.
4. Қол буындарының қимылдары: білек тұсынан бүгілу және жазылу; білек тұсының ішке және сыртқа бұрылуы; саусақтармен шерту; алақанмен шапалақтау.
5. Қол қимылдары: қолды түрлі қалыпқа жайымен ауыстыру; ерекше мән берілген қол сермеулері; шынтақтан бүгілу және жазылу; иықтан басталатын толқынданған қимылдар.
6. Иықтардың кезектескен және бірлескен қимылдары: алға, артқа; қысқа қимылдар – жоғары-төмен;айналмалы қимылдар;тез жасалатын қимылдар – (дірілдету).
7. Бастың бір жақтан екінші жаққа қозғалу қимылдары.
8. Адымдар: алға қарай жүру, кейіннен аяқты еденмен сырғаната отырып жүру; бір орында кезек-кезек қадам басу, бір аяқ толық табанмен, екінші аяқ дарты башпаймен.
9. "Гармошка".
10. Бір тізерлеп немесе екі тіземен отыра кету.
11. Бір аяқпен тұрып, екінші аяқты алға созып, тұла бойды артқа шалқайту.

16

5.

Емтихан сабағы

5-оқу жылының қорытынды аттестациясы.

2

6.

Педагог таңдауы бойынша репертуар

Орыс биі – "Сибирская кадриль", қазақ биі – "Былқылдақ", испан биі – "Арагонская хота", молдаван биі – "Молдавеняска", шығыс биі.


Барлығы

72

      9-сынып. Оқытудың алтыншы жылы. Бірінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып-үйрену

1. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер]: еденде сегіздік жасап.
2. Flic-flac [флик-флак]: қарғып және мықынды бұрып.
3. Battement developpe [батман девелоп]: секіріп; tour арқылы en dehor және en dedan.
4. Grand battement jete [гранд батман жете]: balancoir [балансир] тізеге отырумен үйлестіріп.

14 с.

2.

Орыс биі элементте рін оқып-үйрену

1. Шапалақ ұру:етік қонышынан екі қолмен ұру; созылған аяқтың қонышынан ұру; жай секіре отырып, етік қонышынан алдынан және артынан кезек-кезек ұру.
2. Толық отырып-тұру: етік қонышының табанынан, алдынан және артынан ұру арқылы отырып-тұру;"ползунок" тәсілі – қолға тірелу арқылы; "метелочка" тәсілі.
3. Айналымдар: секіру кезінде аяқты астыға бүгіп ауада бұрылу; өкшемен "пируэт"жасау.

26 с.

3.

Қазақ биі элементте рін оқып-үйрену

1. Қиыстырылған қимылдар: "Домбыранытура ұстау";
тізеден тізеге секіру;"Бүркіт" - бүгілген аяқтармен секіру және тізеге отыру; "Қанаттар".
2. Шолпы ұстаған қол қимылдары: өзінің алдынғы жағында шолпыны сыңғырлату; шолпыны бастан жоғары сыңғырлату.
3. Шет жағына бағытталған қадам басу.
4. Өкшеден бастап алға қадам жасау және екінші аяқтың ұшымен еденді ұру.
5. Жұп пен билеуде иықтан иыққа бұрылу.
6. Бір аяқ оңға жылжып өкшеден басталатын қадам жасайды, екінші аяқ оған жақындатылады.
7. Аяқтарды бір-біріне тақап алға-артқа, оңға-солға жасалатын қадамдар.
8. Ауыспалы қадам.
9. Би суреттері: тізіліп жүру; ұлу тәрізді; жұлдызша тәрізді;
Жарты шеңбер.

28 с.

4.

Поляк биі элементте рін оқып-үйрену

1. Аяқ қалыптары мен орналасуы.
2. Бидегі қолдың орналасуы.
3. Қолдың толқынданған қимылдары.
4. "Кілт" - өкшемен еденді ұру: бір және екі реттен.
5. Pas balance [па балансе].
6. "Голубец" тәсілі.
7. pas gala [па гала] - мазурканың негізгі қадамы.
8. pas marche [па маше] – жеңіл жүгіру.
9. Тізеге отыру.
10. Жұптасып айналу.
11. Тура қалпында 45о-қабағытталған "Кабриоль".
12. Қорытынды: қарапайым және екі еселенген.
13. "Переборы" –1-ші тура қалып бойынша бір орында үш ретқадам басу.

28 с.


Испан биі элементте рін оқып-үйрену

1. Бидегі бас және қол қалыптары.
2. Қолдарды түрлі күй-жағдайға ауыстыру.
3. Аяқ қалыптары мен орналасуы.
4. Жартылай отырып-тұру кезіндегі тура қалыпта алға қозғала отырып жасалатын ұзартылған адымдар.
5. Croisee арқылы алға қадам жасаған аяққа шағын салмақ түсіріп, шеңбермен жүру.
6. Croisee [круазе] арқылы артқа қадам жасаған аяққа салмақ түсіріп, шеңбермен жүру.
7. Тура қалып бойынша өкшемен тарсылдатқан қадамдар.
8. Өкшемен және жартыбашпайлармен тарсылдату.


5.

Бақылау сабағы.

Бірініші жарты жылдықтың қорытындысы.

2 с.




64

      9-сынып. Алтыншы оқу жылы. Екінші жартыжылдық.

Бөлім

Тақырып

Сағат саны

1.

Станок жанындағы жаттығуларды оқып-үйрену.

1. Rond de jambe par terre rond de pied par terre [ронд де жамб пар тер де пие пар тер]: ауада сегіздік жасау; еденде сегіздік жасау.
2. Flic-flac [флик-флак]: "желпуіш" 1/16 –ке еденге және ауға.
3. Flic-flac [флик-флак]: қарғып және мықынды бұрып.
4. Flic-flac [флик-флак]: қарғып және мықынды бұрып.
5. Battement developpe [батман девелоп]: tour [тур] арқылы en dehor [андеор].
6. Battement developpe [батман девелоп]: қарғи отырып; tour [тур]арқылы en dedan [андедан].
7. Battement developpe [батман девелоп]: ауадағы tour [тур] арқылы endehor [андеор].
8. "Веревочка" тәсілі: қарғи отырып.
9. Grand battement jete [гранд батман жете]: шеңбер бойымен батман.
10. Grand battement jete [гранд батман жете]: balancoir [балансир] тізеге отырумен үйлестіріп.

18

2.

Орыс биі элементте рін оқып-үйрену

Толық отырып – тұру: "доп" - 1- ашық қалып бойынша негізгі түрі; "доп" - 1- ашық қалып бойынша аяқты бүгіп; "ползунок" тәсілі – сырғи отырып өкшенің қырына ауысу.
2. Шапалақ ұру: етік қонышынан екі рет сырғытып ұру; етік қонышынан ұру және сырғытып шапалақтау.
3. Айналымдар: "мельница" тәсілі; "обертас" тәсілі.
4. Толық отырып – тұру: "закладка" тәсілі - бір орында; "ползунок" тәсілі - бір жағына.
Трюк элементтері: "Щучка" тәсілі - түзу және бүгілген аяқтармен; "Кольцо" тәсілі; "Разножка" тәсілі – ауада; "Колесо" тәсілі - бір қолмен.

20

3.

Қазақ биі элементте рін оқып-үйрену

1. Қол қимылдары мен қалыптары: 3- қалып; 5- қалып;
жұптасып билеудегі айқасқан қолдар.
2. Адымдар мен қимыл – қозғалыстар: "гармошка" тәсілі;
аяқ ұшынан ауыспалы қадам; өкшеден ауыспалы қадам;
"Киіз үй керегесі", "Беташар"; "мойын" қимылы; жай секіру және қол астынан айналу; арттан, алдан және оңға қозғала отырып табан жастықшасымен ұру арқылы адымдау; иілу.
3. Ер-балалар қимыл-қозғалыстары: бір аяқтан екінші аяққа секіріп түсу; 2-қалыпқа секіру және аяқты өкше жағына қарай ашу; 1-ашық қалып бойынша аяқты астыға бүгіп секіру; 1-тура қалып бойынша толық отырып-тұру және аяқты алға қарай ауаға ашу.
4. Аралас қимылдар: "Домбыра оң жақта "; "Өкшеден бастап жүру"; "Сырғыған қадам және өкшемен еденді соғу"; "Қарғу".

16

4.

Грузин биі элементтерін оқып-үйрену

1. Аяқ қалыптары.
2. Қол қалыптары.
3. "Хелсартави": қолдың білезік сүйектері буындарының қимылдары (ішке, сыртқа); шағын айналымдар (әйелдер үшін); білекті толық айналдыру (ерлер үшін).
4. Қол қимылдары:түрлі қалыптарға жайымен ауысу;
"Картули"; "Давлури"; "Самтиулуро" - қолдарды сермей отырып бүгу, бір қолды алдыңғы жақтан (кеуде тұсында), екінші қолды арт жақтан (белдік деңгейінде); "Чагреха" - білектердің дөңгеленіп келіп кезек-кезек ауыспалы қимылдары (ерлер үшін).
5. Адымдар: "Сада сриала" - толық табанмен алға адымдау, кейіннен жарты башпайлармен сырғыған екі қадам жасау; "Ртуала" - алға бір қадам сосын екі қадам жасау, оның біріншісі - жарты башпайлармен, ал кейінгілері – толық табанмен жасалады; "Мухлура" - алға бір қадам жасап аяқты сонынан сырғыта отырып және сонымен қатар тура қалпында екінші аяқ тізе тұсынан бүгіледі; "Свла" - аяқ табанының жастықшасымен еденге ұра отырып, жарты башпайлармен бір орында үш рет қадам жасау (алға, бір жағына, артқа және өзін айнала жылжи отырып).
6. "Гасма" - аяқтың сырғытылған қимылдары: "Сада сриала" - кесе-көлденең алға қарай үш рет сырғу;
"Сарули" - екінші аяқтың ұшына тіреліп тоқтап үш рет кезектестіріп сырғу; "Чакрули" (5-тура қалып бойынша бір аяқтың жарты башпайларымен арт жақтан соғу және алға қарай екі рет сырғу арқылы кезек-кезек соғу).
7. "Чаквра" ( аяқпен соғу қимылдары (ерлер үшін)): "Сада"
- бір аяқпен екі рет жай секіру, екінші аяқ өкшеге қойылып келесі қимыл бойынша екінші аяқ аяқтың ұшына қойылады; "Пехшлили" (2-жабық қалыптағы жарты башпайға секіріп түсу арқылы 5-ашық қалып бойынша жартылай отырып-тұру қимылдары).

16

5.

Бақылау сабағы

Алтыншы оқу жылының қорытындысы

2

6.

Педагог таңдауы бойынша репертуар

Молдаван биі – "Сырба", испан биі – "Фламенко", грузин биі – "Картули", поляк биі – "Краковяк", венгр биі – "Пантазоо"


Барлығы

72

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 21-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Акробатика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Акробатика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Акробатика" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акробатика – цирк өнерінің жанры;

      2) арабеск – класскалық бидің маңызды қалыптарының бірі;

      3) вестибулярлық аппарат – кеңістіктегі бас пен дененің өзгеруін қабылдайтын орган және омыртқалы жануарлар мен адамдардың дене қозғалысының бағыттары;

      4) гимнастикалық және акробатикалық секірудегі рондад – қарқынмен қозғалыс жылдамдығынан айырылмай айналып алдыға қарай аударылып түсу;

      5) курбет, каскад, кульбит, жатып секіру – акробатиканың элементтері;

      6) қарқынды жаттығулар – әртүрлі айналымдар, курбеттер, жартылай бұрылулар және сальто, бұл элементтер ұшу фазасынан орындалады;

      7) пассировка, партерлі акробатикада пассировать ету – орындаушыға қандай да бір көмек көрсету (қажет болған кезде оны лақтыру, қағып алу, сүйемелдеп тұру);

      8) статикалық жаттығу- жаттығу кезінде бұлшықет жиырылмайды, яғни әдеттегідей бұлшықет ширығады, бірақ қозғалыс болмайды;

      9) шеңбер – акробатикалық трюк;

      10) шпагат – пластикалық акробатика және гимнастикадағы трюк, ол кезде орындаушының аяқтары екі жаққа ашылған, олар бір сызықты құрайды.

      3. Пәннің мақсаты: "Акробатика" пәні аясында білім алушылардың физикалық қасиеттерін, дара ерекшеліктері мен әртістік қабілеттерін анықтау.

      4. Пәннің мiндеттері:

      1) акробатика негіздерін білу;

      2) спорт залында жұмыстың қауіпсіздік әдістер техникасы негіздерін білу (пассировка) және оларды сақтау білігі;

      3) арнайы терминдерді білу;

      4) цирк нөмірін немесе топтық цирк нөмірін орындау кезіндегі көркемдік бейнені жасау білігі;

      5) білім алушылардың физикалық аппаратын икемділігінің дамуы (барлық бұлшықет топтарымен жұмыс істеу);

      6) үйлесiмдiлiктiң қимыл-қозғалыс сезiмiн дамыту және кеңiстiкте бағдарлану;

      7) тепе-теңдiк аппараттын жетiлдiру;

      8) реакцияның жылдамдығын дамыту;

      9) адамгершiлiк-ерiк сапасын тәрбиелеу;

      10) салауатты өмiр салтын насихаттау;

      11) ұжымдық қызметтегі шығармашылық дағдыларын дамуы, ұжымның әр мүшесі өз жұмыс нәтижесіне жауапты болады.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - тоғыз жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Негізгі курсқа дайындау үшінг сабақтар дайындық топтарында бес-жеті жастағы балалармен жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан көп емес.

      Білім алушылардың контингенті 6 жастан 16 жасқа дейін: 1-3 сыныптар (кіші топ), 4-6 сыныптар (орта топ), 7-9 сыныптар – жоғары топ.

      7. Бағдарлама цирк өнерінің қимылдары мен комбинацияларын орындау техникасының дағдыларын меңгергісі келетін жеті жастағы балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралады. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, цирк өнері бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог оқыту процесін "Акробатика" пәні бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) цирк өнерінің техникалық тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға жеке, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған жаттығуларды, цирк нөмірлерін салыстыра, теңестіре және саналы орындай отырып, цирк өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      13. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) цирк өнерінің негіздерін меңгеру;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) цирк өнері бойынша білім алуы және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында цирк өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      14. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, цирк өнері теориясы мен тарихы негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір цирк трюгінің, цирк трюгі мен жаттықтырушы жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      5) қайталау қағидаттары – көп рет және үнемі түрде бір трюктерді қайталай беру;

      6) сатылылық қағидаты – жалпыдан жекеге, негізден бөлшектерге, қарапайымнан күрделіге, білімнен дағдыға. Тапсырмалар орындау мүмкіндіктеріне қарай беріледі;

      7) жан-жақтылық қағидаты – белгілі бір трюктарды орындауға ғана қажетті жаттығулармен шектелмеу керек. Денені жан-жақты жаттырғанда ғана мамандық бойынша сабақтар жемісті болады. Күш салатын жаттығуларды созылу қимылдарымен біріктіру қажет. Күштік жаттығуларды, қайталау сандарын және жұмыстағы үзіліктер арқылы өлшеуге болады. Жаттығулардың түрлі болуы және жан-жақтылық сабақтардың тиімділігін арттырады;

      8) даралық қағидаты – білім алушыларға олардың нақты ерекшеліктері түрғысанан келу. Осы қағидат негізінде жеке жүктеме, берілген жаттығуларды, трюктарды меңгеру және орындау қарғындары анықталады;

      5) саналылық қағидаты – орындалатын жаттығулардың рөлі мен маңызын нақты және анық түсінуді талап ету. Білім алушы өзін талдауға, ол ойша орындалатын жаттығуды жеке бөілктерге бөледі, оларды үйлестіреді ұзақтылықта. Идиомоторлық дайындық жүргізіледі, бұл әсіресе үйлестіруге арналған күрделі қимылдар кезінде өте маңызды.

      18. "Акробатика" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, атақты цирк өнерінің әртістерінің көрсеткен өнерлерінің бейнематериалдарын көрсету, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары гимнастикалық кілемшелерде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      22. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      23. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен педагогтің ғана көрсетіп қоюымен емес, сондай-ақ бейнематериалдар арқылы танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, комбинациялардағы қимылдармен жұмыс.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы; 3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық өнер көрсетулерге дайындық;

      5) цирк қойылымдарына, филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      33. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте әртүрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі жаттығулардың элементтері пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      34. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің элементтерді, жаттығуларды, цирк нөмірлерін орындауын бағалайды, жіберілген қателерін анықтайды;

      2) білім алушың күнделігіне цирк нөмірімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      35. Өздік сабақтардың жүйесі келесі элемиенттерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) білім алушының жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) цирк нөмірінің элементтерінің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      36. "Акробатика" пәнінің "Гимнастика", "Клоунадаа" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      37. Акробатика - цирк өнерінiң негiзгi жанрларының бiрi, өйткенi акробатика барлық цирк нөмiрлерiнiң құрылыс iргетасы.

      38. Әр оқыту жылының басында бір сабақ қауіпсіздік техникасына арналады. Қауіпсіздік техникасы – ережелер мен нұсқаулықтарының жинағы, қауіпсіз еңбек етуге және әрбір сабақ өткізуге бағытталған нұсқаулығын қамтамасыз етеді

      39. Сабақтардың қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету келесі факторлармен анықталады:

      1) штаттан тыс жағдайлар туралы мәліметтерді ең төменгі көрсеткішке жеткізу ;

      2) қызметтердің нәтижелерінің тиімділігін көтеру үшін жарақаттар туралы

      мәліметтерді ең төменгі көрсеткішке жеткізу.

      40. Сақтандыру түрлері:

      1) шылбыр көмегімен сақтандыру;

      2) ілмекті пайдалана отырып сақтандыру;

      3) пассировка.

      41. Сақтандыруға жататындар:

      1) трюк әрекеттердi орындаушылар, биiктiгiне қарамастан, күтпеген жағдайда құлау мүмкiндігі;

      2) барлық биiк, қатты және сенiмсiз еден, кiлемге немесе манежге "келу".

      42. Сақтандыру трюкты орындаудың нақты ша шарттарынан, қатысушылардың санды нөмiрдің нақты қауіпсіздік мүмкіндіктер (лонж, торлар, топса тағы басқалар) арнаулы құрылғылар көмегiмен жүзеге асуы керек.

      Білім алушыларөзін өзі сақтаудың негiзгi тәсiлдерiн игереді және iс жүзiнде оларды қолдана алады.

      43. Білім алушылар мойын мен арқа бұлшық еттерiн күшейту үшiн қосымша жаттығулар керек және ол жарақаттануға ұшырағандар дәрежесiн азайтады. Білім алушы тек педагог ұсынған жаттығуларды немесе педагог рұқсатымен жасайтын жаттығуларды ғана орындайды.

      44. Снарядтарында орындаған жаттығулар алдында педагог олардың күйiн тексеріп, мүмкiндігінше құлау аймақта матты төсеп қойылады. Жаттығудың орындауы немесе сақтандыру кезінде алаңдауға және басқаларды алаңдатуға тыйым салынады.

      45. Жаттығуды (трюкты) орындаудың алдында келесі қимылдардың компоненттерін ойша елестетеді:

      1) бастапқы қалып;

      2) қимылдың таы;

      3) орындау тәсілі (сілтеу арқылы, кушпен, иілуп);

      4) қимылдың бағыты (артқа, алға);

      5) қимылдың амплитудасы, жылдамдығы, күші;

      46. Цирктік айналымдағы сабақтарда педагог пен білім алушының өзара байланысы білім алушыларға жеке-дара бағдарлану педагогикалық технологияларды пайдалану негізінде жүзеге асады, бұл педагогтің білім алушыларға жаттығу жасауда және жалпы концерттік нөмердегі міндеттерді таңдауда, әр білім алушының жеке ерекшеліктерін және бұл қабілеттерінің деңгейін есепке алуында көрінеді.

      47. Бағдарламадағы жаттығулар кешенінің мазмұны жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды ескеріп арнайы таңдалған, қалыптасқан тіртібі жоқ, білім алушылардың меңгеру деңгейіне қарай иүрлері өзгертіледі және күрделенеді. Акробатикалық жаттығуларды үйрену толық түсіндіруден басталады. Бастапқы орындаулар жеке үйретуден басталады.

      48. Жалпы дамыту жаттығулары анотомиялық белгi бойынша жiктеледi:

      1) қарын бұлшықеттерінің дамуына жаттығу;

      2) арқалық бұлшықеттерге арналған икемдiлiк жаттығулары;

      3) қол және аяқ қозғалысының жылдамдығына жаттығу;

      4) күш тәртiбіндегі жаттығу;

      5) аяқтардың бұлшықеттерi серпiмдiлiгіне жаттығу;

      6) қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу;

      7) икемдiлiкке жаттығу және созу;

      8) шпагат және жартылай шпагаттар;

      9) аяқтың, қол мен бастың, сосын бастың көмегінсіз арқада жатып көпір жасау;

      10) "бiр қол, бiр аяқты көтерумен шалқаю мен көпiр және тағы басқалар;

      11) асыра лақтыру, кульбиттер, шеңбер.

      49. Негізгі акробатикалық жаттығуларды үйренуге көшпес бұрын,алдын ала дайындық жаттығуларымен танысу қажет:

      1) отырып тұруда, арқада жату және секіріп тұру кезіндегі аяқтарды топтау;

      2) арқада жату қалпында топпен домалау;

      3) жатқан қалыпта тік аяқтарын 900-қа созу;

      4) жартылай шпагат;

      5) түзу аяқпен жартылай кульбит алға, жауырынға тұру;

      6) аяқтың, қолдың, бастың көмегімен арқада жату қалпында көпiр жасау;

      7) орында, жүгіріп келіп, трамплиннан қорқынды секіру;

      8) орында, жүгіріп келу және секірістен, биіктіктен вальсет жасау.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      50. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене шынықтыру жаттығулары, тұла бойды әдемі ұстап, кең еркін қамадармен жүру, қолдарды түрлі қалыпта ұстап жүру, қолдарды қозғалта отырып, аяқтың ұшымен жүру, жартылай отырып өкшемен және жартылай отырып жүру, жүгірумен кезектестіре отырып жүгіру, түрлі бастапқы қалыптардан; жұппен, топпен жүгiру, секіру бiр және екi аяқтардың секiрiсі; бiр орында секiру және жылжумен секіру;

      2) статикалық жаттығулар, бiр аяқтағы тепе-теңдiк (қарлығаш); арқаға қолдары жауырынға тұрып тiрелу; қабырғада қолға тұру; бiр аяқты сермеу, педагог көмегімен қолға тұру;

      3) созылу мен икемділік жаттығулары. "Көпiр" арқада жату қалпы; жартылай шпагат және шпагат (оң аяқты, сол аяққа және көлденең); аяқтармен сермеу; еңкейіп және қадамын қарсы басу; сермеумен секiрiстер;

      4) кульбиттер мен каскадтар, кульбит: тiреуден алға отырып; қарқында алға; алға аяғын айқастыру; тiреуден кейiн отырып; қарқында артқа; артқа аяғын айқастыру; артқа секiріп жоғары, тiреуге құлау;

      5) қарқынды жаттығулар, бүйiр шеңбері: орыннан вальсетамен секіріс.

      51. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспар.

      1-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы пәнімен танысу.

      2-тақырып. Әңгіме: "Балалық шақтан келген цирк".

      3-тақырып. "Сақтандыру жабдығы". Қауіпсіздік техникасы.

      4-тақырып. Енкею және аяққа отыру.

      5-тақырып. Жүрістің түрлері.

      6-тақырып. Жүрістің әр түрлілігі.

      7-тақырып. Жүгірудің әр түрлілігі.

      8-тақырып. "Қарлығаш".Бір аяқта теңдік сақтау.

      9-тақырып. Жауырында тұру.

      10-тақырып. Қолда тіреліп тұру.

      11-тақырып. Арқада жатып көпір жасау.

      12-тақырып. Аяқты айналдыру.

      13-тақырып. Жартылай шпагат.

      14-тақырып. Шпагат.

      15-тақырып. Топтасу.

      16-тақырып. Топтасып домалау.

      17-тақырып. Кульбит алға отырып тірелу.

      18-тақырып. Алға ырғақта кульбиттер орындау.

      19-тақырып. Кульбит алға аяғын айқастыру.

      20-тақырып. Кульбит артқа отырып тірелу.

      21-тақырып. Кульбиты артқа ырғақта.

      22-тақырып. Кульбит артқа аяғын. Айқастыру

      23-тақырып. Бүйірлік шеңбер

      52. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене шынықтыру жаттығулары, жүру, жүгiру, қозғалыста жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерден жаттығу; секiрiстер; бағыттың өзгеруiмен орын ауыстыру;

      2) статикалық жаттығулар, қолға тұру; 1 аяқты сермеу қолға тұру; екі аяқтарды түрткi қолға тұру, 1 аяқты сермеудi бiлектерде табанды тіреп тұрып; баспен тұру; жауырынға тұру жартылай кульбитпен артқа;

      3) созылу мен икемділік жаттығулары, "Көпiр" (оңға, сол аяқ және

      көлденең) сермеулер; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы басу; сермеу секiрiстер; қолға тұру көпiрі; алдыңғы асыра лақтыру шпагаты; қолға тұру шпагаты.

      4) кульбиттер мен каскадтар, жатып секіру; жүгіріп келіп кадкадтық

      кульбит жасау; кульбитпен алға қолға тұру; жүгіріп кульбит жасау; трамплиннан кульбиттер жасау.

      5) арқынды жаттығулар, трамплиннен қарқынды секіру; курбет;"қарқын

      алдыңғы және трамплиннан артқа сальто.

      53. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспар.

      1-тақырып. Акробатика сабақтарда қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жүру, жүгіру.

      3-тақырып. Қозғалыс жаттығулары.

      4-тақырып. Қозғалысты үйлестіру жаттығулары.

      5-тақырып. Жалпы дамыту жаттығулары.

      6-тақырып. Секіріс.

      7-тақырып. Бағытты өзгертіп қозғалу.

      8-тақырып. Қолында тұру

      9-тақырып. Басында тұру

      10-тақырып. Жауырында тұру.

      11-тақырып. Әр қалыптан көпір жсау.

      12-тақырып. Еңкею және аяққа отыру.

      13-тақырып. Шпагаттар.

      14-тақырып. Жатып тұру

      15-тақырып. Курбет.

      16-тақырып. Кульбиттер мен каскадтар.

      17-тақырып. Трамплиннен секіру қарқыны.

      18-тақырып. Шеңбер (орнында, секіруден, жүгіру).

      19-тақырып. Акробатикалық байламдары

      54. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене шынықтыру жаттығулары, жүру, жүгiру, жаттығу қозғалыстары, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу, жергiлiктi жерлерде жаттығу, секiрiстер, бағыттың өзгеруiмен орын ауыстыру;

      2) статикалық жаттығулар, жауырынға тұру, бүйiр арабеспен бiр аяқта тепе-теңдiк, түрткi баспен тұру топтау арқылы,түрткi қолға тұру топтау арқылы;

      3) созылу мен икемділік жаттығулары, көпiр; (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар, аяқтармен сермеу, көлбеу және қарсы шығулар, сермеу секiрiстер, баспен тұру мен түзету мен көпiр, басқа бұрышпен бiр аяққа қолдары көпiр тiректi;

      4) кульбиттер мен каскадтар, биіктіктен каскадты кульбиттер жасау, қолға тұрып алға қарай кульбит жасау, қарқынды жаттығулар. Еркiн жаттығулар (педагогтың таңдауы бойынша алатын кешендер).

      55. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспар.

      1-тақырып. Сабақтағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жүру, жүгіру.

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысының жаттығулары.

      5-тақырып. Жалпы дене шынықтыру жаттығулар.

      6-тақырып. Секіріс.

      7-тақырып. Бағытын өзгерту жылжыма жаттығулар.

      8-тақырып. Жауырында тұру

      9-тақырып. Бір аяқта теңдік сақтау

      10-тақырып. Баста тұру.

      11-тақырып. Қолда тұру.

      12-тақырып. Әр қалпынан көпір.

      13-тақырып. Шпагаттар.

      14-тақырып. Аяқпен сермеу.

      15-тақырып. Енкею және аяқтта отыру.

      16-тақырып. Биіктіктегі кульбит.

      17-тақырып. Қолда тұрып алға қарай кульбит жасау.

      18-тақырып. Акробатикалық буындар.

      19-тақырып. Еркін жаттығулар кешені.

      20-тақырып. Шеңбер.

      21-тақырып. Курбет.

      22-тақырып. Жатып секіру.

      56. 1-3 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1-3 сыныптарда оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді; акробатикалық жаттығулар техника негiздерін; қарапайым акробатикалық жаттығуларды біртұтас нөмірге (этюдке) біріктіру техникасын; акробатикалық жаттығуларды орындаудағы қауіпсіздік техникасының ережелері; гигиена негiздері және салауатты өмiр салты; зиянды әдеттердi алдын алу шараларын біледі.

      2) жалпы дене шынықтыру жаттығуларын, статикалық жаттығуларды, иілгіштік пен созылуға арналған жаттығуларды, кульбиттер мен каскадтарды, қарқынды жаттығуларды, бағдарламаға кіретіндерді орындау; жеке акробаттық элементтерді бір номерге (этюд) біріктіру; сабақ үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолдану; салауатты өмір салтын ұстануды біледі.

      57. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене шынықтыру жаттығулары.

      Акробаттық элементтердң қолданумен эстафета; жүру; жүгiру; қозғалыстағы жаттығулар;қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне арналған жаттығулар; бір орында тұрып жаттығу жасау; секіру; сермеумен секіру.

      2) статикалық жаттығулар, отырып тiреуден қолға тұру, көпiр, (оңға, сол

      аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу, еңкею және қарсы басу, созылу мен икемділік жаттығулары. Көпiр жасау, (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы басу; көпiр бiр аяқты сермеу баяу артқа аунап түсу; сермеулік секiрiстер.

      3) кульбиттер мен каскадтар. Биіктіктен каскадты кульбит, жүгіріп келіп биіктігі 20-30 сантиметрлен кульбит жасау; қолға тұрып алға қарай кульбит жасау; акробатикалық байланыстар мен комбинациялар; шеңбер ішінде каскадты кульбит жасау; жүгіріп келіп копфшпрунг жасау; алға аунау, трамплиннан шеңберге каскад жасау.

      4) Қарқынды жаттығулар. Қарқындысекiрiстерi; қарқындабүйiр шеңбер; рондадшапқылау; баспентұруларменаяқтыңкөпiрiнетүзетубөлек; сальтотоптауменқарқынсекiрiстерi; рондадшапқылау жәневальсета; келесiбұрылыспен курбет 180 гардусқа дейін.

      58. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сабақтағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жүру, жүгіру.

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар.

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысының жаттығулары.

      5-тақырып. Жалпы дене шынықтыру жаттығулар.

      6-тақырып. Секіріс. Акробатикалық элементтерін қолдану жарысы.

      7-тақырып. Жауырында тұру. Теңдік сақтау.

      8-тақырып. Баста тұру.

      9-тақырып. Қолда тұру.

      10-тақырып. Әр қалпынан көпір.

      11-тақырып. Шпагаттар.

      12-тақырып. Аяқпен сермеу.

      13-тақырып. Енкейіп алға басу.

      14-тақырып. Жоғарыдағы кульбит.

      15-тақырып. Кульбит алға отырып қолға тірелу.

      16-тақырып. Акробатикалық буындар.

      17-тақырып. Копфшпрунгтар, аударылым.

      59. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) Қауіпсіздік техникасы.

      2) жалпы дене шынықтыру жаттығулары, жүру; жүгіру; қозғалыстағы

      жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкке жаттығу; бір орында тұрып жаттығу жасау; секiрiстер, статикалық жаттығулар, екі аяқпен отыруға салмақ салып қолға тұру қолда тұрып аяқтарын семеу;

      2) икемділік және созылу жаттығулары, көпір; (оңға, солаяқжәнекөлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу, еңкею жәнеқарсы басу, кульбиттер мен каскадтар, бүйірмен домалау, баспен тұру, кульбит алға басу, кульбитпен жауырынға тұру;

      3) қарқынды жаттығулар, қарқынға 180 рондадқа, 2 рондад бұрыла секiру қарқынында араға лақтыру курбеті.

      60. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сабақтағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жүру, жүгіру.

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар.

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысының жаттығулары.

      5-тақырып. Жалпы дене шынықтыру жаттығулары.

      6-тақырып. Секіріс.

      7-тақырып. Отыру тірегімен қолда. тұру.

      8-тақырып. Бір аяқпен сермеу жасап қолда тұру.

      9-тақырып. Бүйірмен домалау.

      10-тақырып. Жауырында тұрып алға кульбит.

      11-тақырып. Курбет.

      12-тақырып. Әр қалпынан көпір.

      13-тақырып. Шпагаттар.

      14-тақырып. Аяқпен сермеу.

      15-тақырып. Енкейіп алға басу.

      16-тақырып. Қыратын кульбиттер.

      17-тақырып. Кульбит алға отырып басқа тірелу.

      18-тақырып. Қарқынды 2 рондада. Акробатикалық байламдар.

      19-тақырып. Қарқынды лақтырыс.

      61. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздік техникасы;

      2) жалпы дене шынықтыру жаттығулары. Жүру; жүгiру; қозғалыстағы жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; күшке арналған жаттығу.

      3) статикалық жаттығулар. Жұпты жатығулар; жамбасқа сүйеніш; жатып сүйену; "жартылай колонна".

      4). созылу мен икемділік жаттығулары. Көпiр; (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы басу.

      5) кульбиттер мен каскадтар.Бүйiр шеңберіне (3 қарқынға); трамплиннен жасалатын кульбит; кульбит алға және бүгiлген аяқтарға копфшпрунг; трамплиннен созылған кульбитi.

      6) қарқынға 3 рондад; рондад бүйiр шеңбері; (лонж) орыннан флик-фляк.

      62. 6 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сабақтағы қауіпсіздік техникасы

      2-тақырып. Жүру,жүгіру

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысының жаттығулары.

      5-тақырып. Күш салу жаттығулар .

      6-тақырып. Секіріс.

      7-тақырып. Жұп жаттығулар.

      8-тақырып. Жамбасқа сүйену.

      9-тақырып. Жатып сүйену.

      10-тақырып. "Жартылай колонналар".

      11-тақырып. Жүгіріп,келіп бүйір шеңбер (3 ырғақта).

      12-тақырып. Әр қалпынан көпір.

      13-тақырып. Шпагаттар.

      14-тақырып. Аяқпен сермеу .

      15-тақырып. Енкейіп алға басу.

      16-тақырып. Трамплиннен кульбит.

      17-тақырып. Копфшпрунг.

      18-тақырып. Акробатикалық буындар.

      19-тақырып. Флик-фляк.

      63. 4-6 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4-6 сыныптарда оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминалогияны, жаттығулардың техника негiздерін, күрделi акробатикалық жаттығулардың сипаттамасын, бiртұтас нөмiрге акробатикалық жаттығулардың қарапайым қимылдарды қосу техникасын (этюд), шығармашылық жобаны әзiрлеу технологиясын, күрделі акробатикалық жаттығуларды орындау кезінде жарақат алмау үшін алдын алудың және сақтандыру шаралары туралы ескертуді, салауатты өмiр салты және гигиена негiзiн, зиянды әдеттердi алдын алу шараларын біледі;

      2) күрделi акробатикалық жаттығулар, статикалық жаттығулар, икемдiлiк жаттығуларын орындау және созу, кульбит және құламалар, бағдарламаға кіретінi қарқындық жаттығуларды орыйндай алады; бiртұтас нөмiрге жеке акробаттық элементтерді (этюд) біріктіре алады; өз бетiмен шығармашылық жобаны әзірлейді және қорғайды; сабақ үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін жұрыс қолданады, салауатты өмiр салтын ұстанады.

      64. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене шынықтыру жаттығулары, жүру; жүгiру; қозғалыста жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлігіне жаттығу; бір орында тұрып жаттығу жасау; секiрiстер; күш жаттығуы;

      2) статикалық жаттығулар, топтық жаттығулар; пирамидалар, созылу мен икемділік жаттығулары, көпiр; (оңға және сол аяқ көлденең), шпагаттар; аяқтармен сермеу; еңкейю және қарсы басу;

      3) кульбиттер мен каскадтар, трактор; бүгiлген аяқтарға копфшпрунги, (2

      қарқынға) копфшпрунг кульбиталған, қарқынды жаттығулар, бiр қолға бүйiр шеңбері; (3-4) қарқынға рондад (қолдаумен) орыннан флик-фляк; бiраяққа төңкерiс; артқа аунап түсу; фусамен (лонж) трамплиннен, қарқын алдыңғы сальто.

      65. 7 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сабақтардағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жүру, жүгіру.

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар.

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысы жаттығулары.

      5-тақырып. Күштік жаттығулар.

      6-тақырып. Секірістер.

      7-тақырып. Күштік жаттығулар.

      8-тақырып. Топтық жаттығулар.

      9-тақырып. Пирамидалар.

      10-тақырып. Кульбиттер және копфшпрунги.

      11-тақырып. "Трактор".

      12-тақырып. Әр қалпынан көпір.

      13-тақырып. Шпагаттар.

      14-тақырып. Аяқпен сермеу.

      15-тақырып. Енкейіп алға басу.

      16-тақырып. Бір қолында бүйір шеңбері.

      17-тақырып. Домалау (алға,артқа).

      18-тақырып. Трамплиннен алдыңғы сальто.

      19-тақырып. "Фуса" қарқыны.

      66. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене шынықтыру жаттығулары, жүру; жүгiру; қозғалыстағу жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгі жаттығуы; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; күш жаттығуы;

      2) статикалық жаттығулар, серiктесінің иығында тұру, жұптасып жаттығулар, пирамидадағы табан;

      3) созылу мен икемділік жаттығулары көпiр; (оңға және сол аяқ, көлденең)кендiрлер; аяқтармен сермеу; еңкейю және қарсы басу; қолға тұру көпiрі; қарқынмен алға аунап түсу.

      4) кульбиттер мен каскадтар, басқа акробаттық элементтермен әртүрлi

      жағдайлардан байламға кульбиталған; жөнсiз кульбиттер кедергiден кейiн.

      5) қарқынды жаттығулар, жатып секіру; серiктестiң арқасы, флик-флякпен жатып секіру трамплиннен сальто.

      67. 8 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сабақтардағы қауіпсіздік техникасы

      2-тақырып. Жүру, жүгіру.

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар.

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысының жаттығулары.

      5-тақырып. Күш салу жаттығулары.

      6-тақырып. Секіріс

      7-тақырып. Күш салу жаттығулары.

      8-тақырып. Жұпты жаттығулар.

      9-тақырып. Пирамидалар.

      10-тақырып. Ойын серіктестің иығына тұру.

      11-тақырып. Қарқынды алға домалау.

      12-тақырып. Әр түрлі қалыптан көпірге тұру.

      13-тақырып. Шпагаттар.

      14-тақырып. Аяқпен сермеу

      15-тақырып. Еңкейіп алға басу.

      16-тақырып. Акробатикалық элементтермен буынды кульбиттер.

      17-тақырып. Кедергілерден каскадты кульбиттер.

      18-тақырып. Жатып секіру, жұпта жатып секіру.

      19-тақырып. Рондад флик-фляк.

      20-тақырып. Трамплиннен сальто.

      68. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауіпсіздікдік техникасы, жалпы дене жаттығулары, жүру; жүгiру; қозғалыста жаттығу; қимыл қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; күш жаттығуы;

      2) статикалық жаттығулар, қолға, иықта, тiзеде, сан қолдаумен жұптасып жасайтын жаттығулар;

      3) созылу мен икемділік жаттығулары, көпiр; (оңға және сол аяқ, көлденең) кендiрлер; аяқтармен сермеу, еңкею және қарсы басу;

      4) кульбиттер мен каскадтар, фордершпрунг бiр және қарқынға; көп фшпрунги бiр және қарқынға, алдыңғы сальто шапқылаған, сығымдап көтерумен, жөнсiз кульбиттер қолға тұруда шығумен копфшпрунг, баспен тұрып алға кульбиттер;

      5) қарқынды жаттығулар, алдыңғысы сальто топтаудағы "көпiр"; (педагогтің қолдауы немесе лонж) көпiрден артқы сальто; кендiрге бiр аяққа төңкерiс, екi аяқта төңкерiс, артқа аунап түсу.

      69. 9 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сабақтардағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жүру, жүгіру,

      3-тақырып. Қозғалыстағы жаттығулар,

      4-тақырып. Үйлестіру қозғалысының жаттығулары,

      5-тақырып. Жалпы дамыту жаттығулары.

      6-тақырып. Секіріс.

      7-тақырып. Күш салу жаттығулар.

      8-тақырып. Жұпты жаттығулар.

      9-тақырып. Әр түрлі қалыптан көпірге тұру.

      10-тақырып. Шпагаттар.

      11-тақырып. Аяқпен сермеу.

      12-тақырып. Фордершпрунги.

      13-тақырып. Копфшпрунги.

      14-тақырып. Жүгіріп келіп алдыңғы сальто.

      15-тақырып. Каскад кульбиттер.

      16-тақырып. Баста тұру қалпынан қолда қысу қалпына шығу.

      17-тақырып. Артына домалап шпагатқа тұру.

      18-тақырып. Трамплиннен сальто(алдыңғы және артынғы.

      70. 7-9 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жеке немесе топтық нөмірді даяйындау және жасауға үшін акробатиканың негізгі элменттерін (секіру, кульбиттер, каскадтар, еркін секірулер, қарқындық жаттығулар) қолдануға мүмкіндік беретін қалыптасқан орындаушылық білім, білік және дағдылары бар;

      2) арнайы терминалогияны, жаттығулардың техника негiздерін, күрделi акробатикалық жаттығулардың сипаттамасын, бiртұтас нөмiрге акробатикалық жаттығулардың қарапайым қимылдарды қосу техникасын (этюд), шығармашылық жобаны әзiрлеу технологиясын, күрделі акробатикалық жаттығуларды орындау кезінде жарақат алмау үшін алдын алудың және сақтандыру шаралары туралы ескертуді, салауатты өмiр салты және гигиена негiзiн, зиянды әдеттердi алдын алу шараларын біледі;

      3) күрделi акробатикалық жаттығулар, статикалық жаттығулар, икемдiлiк жаттығуларын орындау және созу, кульбит және құламалар, бағдарламаға кіретінi қарқындық жаттығуларды орыйндай алады; бiртұтас нөмiрге жеке акробаттық элементтерді (этюд) біріктіре алады; өз бетiмен шығармашылық жобаны әзірлейді және қорғайды; сабақ үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін жұрыс қолданады, салауатты өмiр салтын ұстанады.

      4) жұмыстың қауіпсіздік техникасы дағдыларын (пассировка), қарқынды жаттығуларды орындауды біледі, акробатика жанрында цирк нөмірін жеке орындаушы немесе қатысушы ретінде жұптық және топтық жаттығуларды, дайындық-концерттік жұмысты орындайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      71. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау бақылау – жұмысы, сынақ, емтихан түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      72. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жүрістің, жүрігудің әртүрлі түрлері; бір аяқта "Қарлығаш" болып тұрып тепе-теңдікті сақтау; жартылай шпагат топтастыру), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (алға, артқа кульбиттер; шалқадан жатып көпір жасау);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (бағыттарды өзгертіп қозғалу; баспен тұру, жауырынмен тұру; шпагаттар; отырып тұру), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қолға тұру; әртүрлі қалыптан көпір жасау; кубрет, кульбиттер және каскадтар; дөңгелену (орында, секіріп, жүгіріп); акробатикалық байланыстырушылар;

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (екі-үш жаттығудан құралған акробатикалық байланыстырушылар; жауырынға тұру, шпагаттар; әртүрлі қалыптан көпір жасау; отырып тұру; орында тұруп, секіріп, жүгіріп келіп жөңгелек жасау), қолға тұру); екінші жартыжылдықта: сынақ (үш-төрт жаттығудан құралған акробатикалық байланыстырушылар; еркін жаттығулардың кешені; курбет; қолда тұрып алға кульбит жасау);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (үш жаттығудан құралған акробатикалық байланыстырушылар: қолға және басқа тұру; шпагаттар; әртүрлі қалыптан көпір жасау, тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар; аяқпен сермеу – үш-төрт байланыстырушы), екінші жартыжылдықта: сынақ (акробатикалық жаттығуларды қолданып эстафета: жоғарыдан кульбиттер жасау: қолда тұрып алға кульбит жасау; копфшпрунги);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықтақ: бақылау жұмысы (этюдке жинақталған, үш-төрт комбинациядан құралған акробатикалық байланыстырушылар); екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (темптік лақтырулар; отырып барып қолға тұру; жанға домалау; арқада тұрып алға қарай кульбиткульбит; баспен тұрып алға қарай кульбит жасау; екі рондад; екі-үш байланыстырушылардан құралған акробатикалық этюд);

      6) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (акробатикалық байланыстырушылар; жүгіріп келіп жанға дөңгелеу; әртүрлі қалыптан көпір жасау; шпагаттар; копфшпрунгтар); екінші жартыжылдықта: емтихан (темптік лақтырулар; жұптық жаттығулар; жамбастарында сүйемелдеу; жатып сүймелдеу; "жартылай еңкеюлер"", тармплиннек кульбит, "флик-фляк" элементі; акробатикалық байланыстырушылар);

      7) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (күштік жаттығу; жүгіріп келіп жанға дөңгелеу; әртүрлі қалыптан көпір жасау; шпагаттар; кульбиттер мен копфшпрунгар; акробатикалық байланыстырушылар); екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (топтық акробатикалық байланыстырушылар, жаттығулар, пирамидалар, "Трактор" элементі; бір қолға жанға дөңгелеу; алға, артқа аударылу; трамплиннан алға қарай сальто жасау; "фуса" темпі);

      8) 8 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (күштік жаттығулар; жүгіріп келіп жанға дөңгелеу; әр түрлі қалыптан көпір жасау; акробатикалық элементтермен байланыстырып кульбиттерді орындау; жұппен секіріп тұру; акробатикалық элементтермен байланыстырып кульбиттерді орындау, акробатикалық байланыстырушылар); екінші жартыжылдықта: емтихан (топтық акробатикалық байланыстырушылар; пирамидалар; серіктесінің иығына тұру; алға, артқа айналу; трамплиннен алға сальто жасау; кедергілер арқылы каскаджы кульбиттер; "флик-фляк" элементі рондад", трамплиннен сальто);

      9) 9 сынып – бірініш жартыжылдықта: бақылау жұмысы (күштік жаттығулар; жұптық жаттығулар; фордершпрунгтар; копфшпрунгтар; жүгіріп келіп алдыңғы сальто айналу – шпагатқа бұрылып отыру – жүгіріп сальто жасау), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (білім алушыға арналған жеке жаттығу – акробатикалық этюд).

      73. Цирк өнеріне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік қойылымдарда алған бағалардан құрылады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) акробатика элементтерін орындау техникасын меңгеруі: орындауының нақтылығы, қимыл қозғалыстарының жылдамдығы және ептілігі, кеңістіктікте бағдарлана алуы, жеке және топта орындалатын элементтердің темп және ритм сезімі;

      2) білім алушының концерттік нөмірден (трюе, этюд) алған жалпы әсері, оның жетістіктері, әртістігі, мәнерлігі.

      74. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – техникалық жағынан түсініп орындауы, оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкестігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық жағынан сәл ауытқумен, сауатты орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылды сауатсыз және мәнерсіз орындауы, техникалық дайындығының әлсіздігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 22-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Гимнастика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Гимнастика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Гимнастика" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) гимнастикалық және акробатикалық секірудегі рондад – қарқынмен қозғалыс жылдамдығынан айырылмай айналып алдыға қарай аударылып түсу;

      2) ерікті жаттығу – спорттық гимнастикадағы жаттығулардың бір түрі;

      3) күштік жаттығу – спорттық жаттықтырудың тиімді жоспарының ажырамас бөлігі.

      4) қозғалысты үйлестіру – қозғалмалы аппараттың артық еркіндік деңгейін меңгеру арқылы белгілі бір қозғалмалы әсерге қол жеткізуге бағытталған кеңістікте жеке бұлшық ет тобының жұмысы және уақытпен келісуі;

      5) қолданбалы жаттығу – жүру, жүгіру, өрмелеп шығу, лақтыру және қағып алу, көтеру және тасу, еңбектеп өту, кедергіден өту секілді қосымша қозғалу ептіліктерін игеруге бағытталған гимнастикалық жаттығулардың бірі;

      6) сермеу жаттығуы – толық шеңбер немесе оның бөліктері бойынша айналу қозғалысы;

      7) серіктес гимнастика –манежге бекітілген снаряд және аппаратта жаттығу;

      8) статикалық жаттығу – жаттығу кезінде бұлшықет жиырылмайды, яғни әдеттегідей бұлшықет ширығады, бірақ қозғалыс болмайды;

      9) тепе-теңдік – әртүрлі кейіпте және қозғалмалы тіректе немесе шектелген қозғалыста дене тұрақтылығын сақтау ептілігі;

      10) трюк – әдеттегідей ешбір дайын емес адам үшін қауіпті немесе орындалмайтын әсерлі епті айла немесе техникалық тәсіл ретінде анықталады;

      3. Пәннің мақсаты: "Гимнастика" пәні аясында физикалық қасиеттерін, жеке ерекшеліктері мен әртістік қабілеттерін анықтау және дамыту.

      4. Пәннің мiндетi:

      1) икемділік, пластика, білім алушылардың дене аппаратының төзімділігі мен күшін дамыту, қозғалыс-қимыл дағдылары мен біліктерін, әдемі дене тұрқын және жүруді қалыптастыру;

      2) үйлестiрудiң сезiмiн дамыту және кеңiстiкте бағдар жасау;

      3) вестибулярлық аспапты жетілдіру;

      4) шапшаңдықты дамыту;

      5) адами ерiк-жігер сапаларын тәрбиелеу;

      6) салауатты өмір салтын насахаттау;

      7) ұжымдық шығармашылық қызмет, ұжымның әр мүшесiн жұмыстың нәтижелiлiгiне жауапкершiлiгi дағдыларын дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - тоғыз жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектептебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Негізгі курсқа дайындау үшін сабақтар дайындық топтарында бес-жеті жастағы балалармен жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан көп емес. Білім алушылардың контингенті 6 жастан 16 жасқа дейін: 1-3 сыныптар (кіші топ), 4-6 сыныптар (орта топ), 7-9 сыныптар – жоғары топ.

      7. Бағдарлама цирк өнерінің қимылдары мен комбинацияларын орындау техникасының дағдыларын меңгергісі келетін жеті жастағы балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралыд. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, цирк өнері бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог оқыту процесін гимнастика бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) цирк өнерінің техникалық тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға жеке, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған жаттығуларды, цирк нөмірлерін салыстыра, теңестіре және саналы орындай отырып, цирк өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      13. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) гимнастика негіздерін меңгеру;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) цирк өнері бойынша білім алуы және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында цирк өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      14. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, цирк өнері теориясы мен тарихы негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір цирк трюгінің, цирк трюгі мен жаттықтырушы жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      18. "Гимнастика" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, атақты гимнастардың көрсеткен өнерлерінің бейнематериалдарын көрсету, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары гимнастикалық кілемшелерде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      22. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      23. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен педагогтің ғана көрсетіп қоюымен емес, сондай-ақ бейнематериалдар арқылы танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, комбинациялардағы қимылдармен жұмыс.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы; 3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық өнер көрсетулерге дайындық;

      5) цирк қойылымдарына, филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      33. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте әртүрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі жаттығулардың элементтері пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      34. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің элементтерді, жаттығуларды, цирк нөмірлерін орындауын бағалайды, жіберілген қателерін анықтайды;

      2) білім алушың күнделігіне цирк нөмірімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      35. Өздік сабақтардың жүйесі келесі элемиенттерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) білім алушының жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) гимнастика элементтерінің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      36. "Гимнастика" пәнінің "Акробатика", "Клоунада" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      37. Гимнастика цирк өнеріне оқытудағы негізгі бейіндік пәндердің бірі болып табылады.

      38. Әр оқыту жылының басында қауiпсiздiк техникасы бойынша бiр сабақ жүргiзiледi. Қауiпсiздiк техникасы – жағдай немесе басқа сабақтар болса да қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ережелер жиыны.

      39. Топта жаттығуларды орындау жайында бір-бірімен соқтығысты болдырмау үшін алдын ала арақашықтық сақталуы қажет (бастапқы орынға құлау, аялдама, қалпына келтіру және тағы басқалар).

      40. Оқытудың бiрiншi кезеңi – пәнге кіріспе, пластикалық мәдениетке тәрбиелеу және осы пән негіздерін меңгеру. Одан әрi оқыту кезеңінде білім алушылардың жеке психофизикалық мәліметтері мен шығармашылық талпыныстары айқындалатын дағдыларға сәйкес жанрды айтарлықтай талдап тексеруді меңгеру іске асырылады.

      41. Сыныптың материалын меңгерудiң сапасын арттыру қозғалыстарды жаттау, тәптіштеп жаттау, қозғалыс-қимыл дағдыларын бекіту және жетілдіру, қозғалыстарды қиыстыру туралы түсінікті алдын ала елестетуді құру ретінде оқытудың осы сатылары бойынша үдерісті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      42. Гимнастикалық жаттығуларға оқытудың кезеңдері:

      1) жаттығу туралы алдын-ала түсінікті құру;

      2) жаттығуды жаттау;

      3) орнықтыру және жаттығу техникасын жетiлдiру.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      43. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, қимыл-қозғалыс ойындары, эстафеталар, күш, ептiлiктi дамытуға арналған жаттығулар, икемдiлiкке арналған жаттығулар, отырғышта орындалатын жаттығулар, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне арналған жаттығулар, екi аяқпен секiргiште секiру, секiргiш эстафетасы, сілтеуге арналған жаттығулар, қолданбалы жаттығулар, тепе-теңдiкке арналған жаттығу, швед баспалдағындағында орындалатын жаттығлар.

      44. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жалпы физикалық дайындық пәнімен танысу.

      2-тақырып. Жабдықтар, сақтандыру. Қауіпсіздік техникасы.

      3-тақырып. Иілу және еңкею.

      4-тақырып. Жүрістің әртүрлі түрлері.

      5-тақырып. Жүргірудің әртүрлі түрлері.

      6 -тақырып Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      7-тақырып. Қимылды ойындар.

      8-тақырып. Қимылды үйлестіру жаттығулары.

      9-тақырып. Күш пен ептілікті дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Эстафеталар.

      11-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      12-тақырып. Орындықтағы жаттығулар.

      13-тақырып. Екі аяқпен секіртпеде секіру.

      14-тақырып. Секіртпе эстафеталары.

      15-тақырып. Сермеу жаттығулары.

      16-тақырып. Қолданбалы жаттығулар.

      17-тақырып. Теңдік сақтау жаттығулары.

      18 –тақырып. Швед баспалдағындағы жаттығулар.

      45. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, қимыл-қозғалыс ойындары, доптармен, секіргіштермен эстафеталар, күш, ептiлiктi дамытуға арналған жаттығулар, икемдiлiкке арналған жаттығулар, топтардағы жаттығу, шеңберлермен жаттығу, шеңберде доптармен жаттығу, аяқты ауыстырумен секiргiште секiрiстер, отырғышта бұрылыстар, отырғышта тепе-теңдiк, отырғыштан секiрiсi, отырғышта секірісі, отырғышта жаттығулар кешендер.

      46. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Қимылды ойындар.

      3-тақырып. Топтағы жаттығулар.

      4-тақырып. Күш пен ептілікті дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Доп, секіртпе, шеңберлер мен эстафеталар.

      6-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      7-тақырып. Шеңбермен жаттығулар.

      8-тақырып. Шеңберге тұрып доппен жаттығу жасау.

      9-тақырып. Шеңберде тұрып доппен жаттығулар.

      10-тақырып. Отырғышта бұрылу.

      11-тақырып. Орындықта теңдік сақтау.

      12-тақырып. Орындыққа және орындықтан секіру.

      13-тақырып. Орындықтағы жаттығулар кешені.

      47. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, допты қолжалғау, секiргiштермен, күш, ептiлiктi дамуға жаттығу, икемдiлiк жаттығу, айналу кезінде, қолдары жұптасқан жаттығулар, жылжумен аз секiргiште секiру және бұрылыстар, үлкен секiргiште, кіру секiрiстері, үлкен секiргiште, шығу секiрiстері, үлкен секiргiште секiрiс екi жағымен, жұптағы секiргiшпен жаттығу, жалаушалармен жаттығу.

      48. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2- тақырып. Жалаушамен жаттығулар.

      3-тақырып. Кіші секіртпемен жылжып, айналып секіру.

      4-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      5-тақырып. Доп және секіртпе эстафеталары.

      6-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      7-тақырып. Денеде, қолда шеңбер айналдыру.

      8-тақырып. Үлкен секіртпемен секіру, кіру.

      9-тақырып. Үлкен секіртпемен секіру, шығу.

      10-тақырып. Үлкен секіртпемен екі жақтан секіру.

      11-тақырып. Жұпта секіртпемен секіру жаттығулары. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      12-тақырып. Жалаушамен жаттығулар.

      13-тақырып. Кіші секіртпемен жылжып, айналып секіру.

      14-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      15-тақырып. Доп және секіртпе эстафеталары.

      16-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      17-тақырып. Денеде, қолда шеңбер айналдыру.

      18-тақырып. Үлкен секіртпемен секіру, кіру.

      19-тақырып. Үлкен секіртпемен секіру, шығу.

      20-тақырып. Үлкен секіртпемен екі жақтан секіру.

      21-тақырып. Жұпта секіртпемен секіру жаттығулары.

      49. 1-3 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1-3 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді, гимнастикалық жаттығулар техникасының негiзiн, гимнастикалық жаттығуларды орындау барысындағы қауiпсiздiк техникасының ережесiн, гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын, зиянды әдеттердi алдын алу іс-шараларды біледі;

      2) жалпы дене-күш жаттығулары, статикалық жаттығулар, икемдiлiк жаттығуларын орындау және отырғышқа, швед баспалдағында созылу, жаттығу доптармен аз және үлкен гимнастикалық секiргiш жалаушалармен бағдарлама аясында орындайды;

      3) сабақ үдерісінде қауіпсіздік техникасы ережелерін дұрыс қолданады, салауатты өмiр салтын ұстанады.

      50. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, допты қолжалғау, секiргiштермен, күш, ептiлiктi дамытуға жаттығу, икемдiлiк жаттығу, тар тiреу алаңдағы алшақтық, отырғышта секiру жаттығулары, аз секiргiште жаттығулар кешені., құрсаумен (ұстап тұру, бұрылыстар, айналу) жаттығуы, тербелген құрсауға секiрiстер, құрсауды айналдыра отырып секiру, гимнастикалық таяқтармен жаттығу, бұрылыстармен үлкен секiргiште секiрiстер.

      51. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Доп және секіртпе эстафеталары.

      3-тақырып. Тірек тар алаңында қайшылық.

      4-тақырып. Күш пен ептілікті дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Орындықта секіру жаттығулары.

      6-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      7-тақырып. Шеңбер айналдыру (айналым,айналдыру, көсеу) жаттығулар.

      8-тақырып. Тербелмелі шеңберге секіру.

      9-тақырып. Шеңберді секіртпе сияқты айналдырып секіру.

      10-тақырып. Гимнастикалық таяқтармен жаттығу.

      11-тақырып. Үлкен секіртпемен айналып секіру

      12-тақырып. Кіші секіртпемен жаттығулар кешені.

      52. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, допты қолжалғау, секiргiштермен, күш, ептiлiктi

      дамуға жаттығу, икемдiлiк жаттығу, доптармен жаттығулар кешен, жұппен аз секiргiште секiрiстер, аз секiргiшпен жаттығулар кешені, доптар пирамидасы, олмен сермеу аяқпен жұптасу, құрсаулармен жаттығу, отырғышта отырумен бұрылыстар, отырғышта әр түрлі тәсілмен жылжыма жаттығулары, отырып, тұру үлкен секiргiште секiрiстер.

      53. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Доп және секіртпе эстафеталары.

      3-тақырып. Доппен кешенді жаттығулар.

      5-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      6-тақырып. Жұпта кіші секіртпемен секіру.

      7-тақырып. Кіші секіртпемен жаттығулар кешені.

      8-тақырып. Доппен пирамидалар.

      9-тақырып. Шеңберді аяқтан қолға ауыстыру.

      10-тақырып. Шеңбермен жаттығулар.

      11-тақырып. Орындықта айналып отыру.

      12-тақырып. Орындықта әр түрлі тәсілмен еңбектену.

      13-тақырып. Үлкен секіртпемен отырып секіру.

      14-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      15-тақырып. Доп және секіртпе эстафеталары.

      16-тақырып. Доппен кешенді жаттығулар.

      17-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      18-тақырып. Жұпта кіші секіртпемен секіру.

      19-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      20-тақырып. Кіші секіртпемен жаттығулар кешені.

      21-тақырып. Доппен пирамидалар.

      22-тақырып. Шеңберді аяқтан қолға ауыстыру.

      23-тақырып. Шеңбермен жаттығулар.

      24-тақырып. Орындықта айналып отыру.

      25-тақырып. Орындықта әр түрлі тәсілмен еңбектену.

      26-тақырып. Үлкен секіртпемен отырып секіру.

      54. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, эстафеталар, күш, ептiлiктi дамыту жаттығулары, икемділік жаттығулары, топтардағы жаттығуы, тепе-теңдiк, қимылсыз қалыптар, екі шеңберлердi айналу әр түрлiге мүшемен, құрсаумен жаттығу, кіші секіртпемен жаттығу кешені, кіші секiргiште секiрiстер, үлкен секiргiште, жатып, таяна отырып секiрiс.

      55. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Эстафеталар.

      3-тақырып. Топтағы жаттығулар.

      4-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      5-тақырып. Теңдік сақтау.

      6-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      7-тақырып. Статикалық қалпы.

      8-тақырып. Екі шеңберді әр дене мүшелерімен айналдыру .

      9-тақырып. Шеңбермен жаттығулар.

      10-тақырып. Үлкен секіртпемен тіреліп жатып секіру.

      11-тақырып. Кіші секіртпемен үштік секірісі.

      12-тақырып. Кіші секіртпемен кешенді жаттығулар .

      56. 4-6 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4-6 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді, гимнастикалық жаттығулардың негізгі техникасын, бiртұтас нөмiрге қарапайым гимнастикалық жаттығуларды қосу техникасы (этюд), гимнастикалық жаттығуларды орындауда қауіпсіздік техникасының ережелерін, гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын, зиянды әдеттердi алдын алу іс-шараларын біледі;

      2) жалпы дене-күш жаттығуларды, статикалық жаттығуларды, икемдiлiк жаттығуларды орындайды және бағдарламаға кiретін гимнастикалық жаттығу бұйымдармен созу жаттығуларын орындайды;

      3) бiртұтас нөмiрге жеке гимнастикалық элементтерді (этюд ) біріктіре алады, қауiпсiздiк техникасы ережесiнiң процесте дұрыс қолданады, салауатты өмiр салтын жүзеге асырады.

      57. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, икемдiлiк жаттығу, күш, ептiлiктi дамытуға жаттығу, құрсауды лақтыру және қағып алу, құрсаумен жаттығу, топтарындағы кіші секiргiштегі секiрiстер, тiреулердегi булардағы үлкен секiргiште секiрiстер, еркiн жаттығулар ,әр түрлi мүшелерімен 2 шеңберлердi айналу, қимылсыздық қалыптары.

      58. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      3-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      4-тақырып. Шеңберді лақтырып, ұстау жаттығулары.

      5-тақырып. Шеңбермен жаттығулар.

      6-тақырып. Топтарындағы кіші секiргiштегі секiрiстер.

      8-тақырып. Әр түрлi мүшелерімен екі шеңберлердi айналу.

      9-тақырып. Еркін жаттығулар.

      10-тақырып. Қимылсыздық қалыптары.

      59. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, икемдiлiк жаттығулар, күш, ептiлiктi дамуға жаттығу, әр түрлi тәсiлдермен шеңберді айналдыру, шеңберлермен жаттығулар кешені, әр түрлi тәсiлдермен жылдамдықтың өзгерiсiмен кіші секiргiште секiрiс, кіші секiргiшпен жаттығулар кешені, үлкен секiргiште рондад, швед баспалдағында күш салу жаттығулары.

      60. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      3-тақырып. Күш пен ептілік дамуына жаттығулар.

      4-тақырып. Шеңберді әр түрлі тәсілді домалату.

      5-тақырып. Шеңбермен кешенді жаттығулар.

      6-тақырып. Кіші секіртпемен әр түрлі тәсілді жылдамдығы секірісі.

      7-тақырып. Кіші секіртпемен кешенді жаттығулар.

      8-тақырып. Үлкен секіртпедегі рондад

      9-тақырып. Швед баспалдақтағы күш салатын жаттығулар.

      61. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, секiру жаттығулары, күш жаттығулары, икемдiлiк жаттығу, ептiлiктiң дамуы, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу, құрсаумен жасалатын жаттығулар кешені, шеңберлермен жаттығулар кешені, кіші секiргiшпен жаттығулар кешені, үлкен секiргiште (2-3 ) қарқынға рондад, швед баспалдағында салу күш жаттығуы.

      62. 9 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гимнастика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Секіру жаттығулары

      3-тақырып. Күш салатын жаттығулар

      4-тақырып. Икемділік жаттығулары.

      5-тақырып. Ептілік дамуына,үйлестрме қимылының жаттығулары.

      6-тақырып. Шеңберді қолын жоғары көтеріп денеге түсіру.

      7-тақырып. Шеңбермен кешенді жаттығулар.

      8-тақырып. Кіші секіртпемен кешенді жаттығулар.

      9-тақырып. Үлкен секіртпедегі рондад (2-3) ырғақта.

      10-тақырып. Швед баспалдақтағы күш салатын жаттығулар.

      63. 7-9 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) нөмірге (көрініске) жеке немесе ұжыммен қатысу саласындағы қалыптасқан дағдылар мен біліктер кешені бар;

      2) снарядтар мен аппараттарда жаттығулардың элементтерін біледі;

      3) қауіпсіздік техникасының негіздерін біледі (пассировка);

      4) негізгі гимнастикалық реквизиттарды біледі (шығыршақ, турник, трапеция, арқан, жиек, кенеп);

      5) арнайы терминдерді, гимнастикалық жаттығулар техникасының негiзiн, күрделi гимнастикалық жаттығулардың сипатын, бiртұтас нөмiрге қарапайым гимнастикалық жаттығуларды қосудың техникасын (этюд) біледі;

      6) алдын алу және орындаудың жанында күрделi гимнастикалық жаттығуларды қауiпсiздiк техникасы ережесiнiң жарақаттарды болдырмау іс-шаралары, гигиена негiздерін және салауатты өмiр салтын ұстануды біледі;

      7) жалпы дене шынықтыру жаттуғуларын, статикалық жаттығуларды, иілгіштікке және созылуға арналған жаттығуларды заттармен жаттығуларды орындай алады;

      8) гимнастиканың жеке элементтерін бір бүтін номерге (этюдке) біріктіре алады, өз бетінше шығармашылық жобаны әзірлеп, қорғайды, сабақ үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолданады, салауатты өмір салтын ұстанады.

      9) снарядтар мен аппараттарда жаттығулардың техникалық және көркемдік элементтерін орындау дағдыларын, шығыршақтарда күш жұмсайтын және серпімелі комбинацияларды орындайды; трапециядағы, арқандағы, батуттағы, турниктегі, жиектегі жаттығуларды орындайды;

      10) гимнастика жанрында цирк нөмірінің солисті немесе қатысушысы ретінде дайындық-концерттік жұмыс дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      64. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады. Цирк өнері біліміне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда алған бағалардан құрылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, сынақ түрінде, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қауіпсіздік техникасы, күшті, ептілікті дамытуға арналған жаттығулар; икемділікке арналған жаттығу), екінші жартыжылдықта: сынақ (сермеу және қолданбалы жаттығулар);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (күшті, ептілікті дамытуға арналған жаттығулар; икемділікке жаттығу), екінші жартыжылдықта: сынақ (орындықтағы жаттығулар кешені);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықтағы: бақылау жұмысы (күшті, ептілікті дамытуға арналған жаттығулар; доптармен, секіргіштермен эстафета), екінші жартыжылдықта: сынақ (шеңберді айналдыру, үлкен секіргіштегі секірулер);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (орындықтағы секіру жаттығулары), екінші жартыжылдықта: сынақ (гимнастикалық таяқтармен жұмыс; кіші секіргіштердегі жаттығулар кешені);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (доптармен жаттығулар кешені), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (шеңбермен жаттығу; отырып үлкен секіргішпен секірулер; отырып үлкен секіргішпен секірулер);

      6) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (шеңберлермен жаттығулар), екінші жартыжылдықта: емтихан (кіші секіргішпен жаттығулар кешені);

      7) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (шеңберлермен жаттығулар), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (еркін жаттығулар);

      8) 8 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (шеңберлермен жаттығулар кешені), екінші жартыжылдықта: емтихан (үлкен секіргіште рондада; швед баспалдағындағы күштемелі жаттығулар);

      9) 9 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (секіру және күштемелі жаттығулар); екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (шеңберлермен жаттығулар кешені; кіші секіргішпен жаттығулар кешені; үлкен секіргіште темптегі рондада; швед баспалдағындағы күштемелі жаттығулар).

      65. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: гимнастикалық жаттығуларды орындау техникасын білуі: орындауының нақтылығы, қимыл үйлесімділігінің жылдамдығы және нақтылықы, кеңістіктікте бағдарлануы, икемділігі, орындаудың пластикалығы, жеке және топта орындалатын элементтердің орындалу темпі және ритм сезімі.

      81. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – техникалық жағынан түсініп орындау, оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкес;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық жағынан сәл ауытқумен, сауатты орындау;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылды сауатсыз және мәнерсіз орындау, техникалық дайындығы әлсіз;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламалық талаптарды орындамау;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 23-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Эквилибристика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Эквилибристика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Эквилибристика" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) баспен тұру – гимнастикалық қалыппен тұру;

      2) жалпы дамытушы жаттығулар – сауықтыру, физикалық қасиеттерін тәрбилеу, сондай-ақ спорттық жаттығулар мақсатында орындалатын жаттғулар;

      3) жалпы физикалық дайындық – барлық физикалық қасиеттерін, оның ішінде гармониялық үйлесімін дамытуға бағытталған физикалық жаттығулармен қамтылған сабақтар жүйесі;

      4) жонглерлеу – бір және бірнеше өнердің нысандарымен бір уақытта, епті түрде айла шарғы жасау;

      5) қозғалысты үйлестіру – қозғалмалы аппараттың артық еркіндік деңгейін меңгеру арқылы белгілі бір қозғалмалы әсерге қол жеткізуге бағытталған кеңістікте жеке бұлшықет тобының жұмысы және уақытпен келісуі;

      6) қолданбалы жаттығу – жүру, жүгіру, өрмелеп шығу, лақтыру және қағып алу, көтеру және тасу, еңбектеп өту, кедергіден өту секілді қосымша қозғалу ептіліктерін игеруге бағытталған гимнастикалық жаттығулардың бірі;

      7) тепе-теңдік – әртүрлі кейіпте және қозғалмалы тіректе немесе шектелген қозғалыста дене тұрақтылығын сақтау ептілігі;

      8) эквилибр – тепе-теңдік бұл қарама-қарсы күштердің әсерінен өзара бейтараптанатын дененің күйі;

      9) эквилибристика – арнайы реквизитті және снарядты қолдана отырып, күрделігі әртүрлі жағдайында тепе-теңдікті сақтап, өнерін көрсететін цирк жанры.

      3. Пәннің мақсаты: "Эквилибристика" пәні аясында дене шынықтыруын және әртістілікті, дара ерекшелiктерін анықтау және дамыту.

      4. Пәннің мiндеттерi:

      1) қимыл-қозғалысының шапшаңдығын дамыту;

      2) кеңістікте үйлестiру сезiмiн және бағдарлану сезімдерін дамыту;

      3) тепе-теңдiк аппараттын жетiлдiру;

      4) дене мәдениетiн тәрбиелеу;

      5) күрделi әрекеттердi орындауға арналған дене шынықтыру аппаратын дайындау.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - алты жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Эквилибристикаға оқыту білім алушылар акробатика, гимнастика пәндері бойынша практикалық дағдыларды, арнайы және теориялық білімдерді меңгерген кезде 4 сыныптан басталады.

      6. Негізгі курсқа дайындау үшін сабақтар дайындық топтарында бес-жеті жастағы балалармен жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан көп емес. Білім алушылардың контингенті 6 жастан 16 жасқа дейін: 1-3 сыныптар (кіші топ), 4-6 сыныптар (орта топ), 7-9 сыныптар – жоғары топ.

      7. Бағдарлама цирк өнерінің қимылдары мен комбинацияларын орындау техникасының дағдыларын меңгергісі келетін жеті жастағы балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралыд. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, цирк өнері бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог оқыту процесін эквилибристика бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) цирк өнерінің техникалық тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға жеке, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған жаттығуларды, цирк нөмірлерін салыстыра, теңестіре және түсініп орындай отырып, цирк өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      13. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) цирк өнерінің негіздерін меңгеру;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      4) цирк өнері бойынша білім алуы және әлемдік мәдениетке араласу;

      5) білім алушының бойында цирк өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеру.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, цирк өнері теориясы мен тарихы негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір цирк трюгінің, цирк трюгі мен жаттықтырушы жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Эквилибристика" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, атақты цирк өнерінің әртістерінің көрсеткен өнерлерінің бейнематериалдарын көрсету, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары гимнастикалық кілемшелерде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      23. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен педагогтің ғана көрсетіп қоюымен емес, сондай-ақ бейнематериалдар арқылы танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, комбинациялардағы қимылдармен жұмыс.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы; 3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық өнер көрсетулерге дайындық;

      5) цирк қойылымдарына, филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      32. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте әртүрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі жаттығулардың элементтері пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      33. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің элементтерді, жаттығуларды, цирк нөмірлерін орындауын бағалайды, жіберілген қателерін анықтайды;

      2) білім алушың күнделігіне цирк нөмірімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      34. Өздік сабақтардың жүйесі келесі элемиенттерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) білім алушының жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) цирк нөмірінің элементтерінің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      35. "Эквилибристика" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      36. Эквилибристика цирк өнердiң жанрларының арасында көсбасшылық орындағы позицияда. Эквилибристика шектi дәлдiкті талап ететiн күрделi өнер және шеберлiкке дейiн жеткiзiлген тепе-теңдiк сезiмi.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, эквилибристика цирк өнерінің жанры ретінде, жалпы дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс үйлестіруге арналған жаттығу, жалпы дамытушы жаттығулар, тепе-теңдiк; орындықтағы тепе-теңдiк, орауышта синхрон жаттығулары, гимнастикалық таяқпен тепе-теңдік сақтау, тәрелкемен жаттығу, арқада тәрелкенiң айналуы.

      38. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эквилибристика, цирк өнерінің жанры ретінде.

      2-тақырып. Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      3-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы.

      4-тақырып. Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Жалпы дамытушылық жаттығулар.

      6-тақырып. Тең салмақты сақтау.

      7-тақырып. Орындықта тең салмақты сақтау.

      8-тақырып. "Тоқаш" баста тұру тұрысы.

      9-тақырып. Қолда тұру тұрысы.

      10-тақырып. Тәрелкемен жаттығу.

      11-тақырып. Тәрелкені арқада айналдыру.

      39. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, жалпы дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу, жалпы дамытушылық жаттығулар, тепе-теңдiк: орауышқа, жоғарыдан тепе-теңдiкте сақтау, орауышқа секiрiп мiну, орауыштан секiру, затпен орауыштың қолдағы тепе-теңдігі, тепе-теңдiктi сақтау.

      40. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы.

      3-тақырып. Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Жалпы дамытушы жаттығулар.

      5-тақырып. Тең салмақты сақтау.

      6-тақырып. Орауышқа секіріп тұру.

      7-тақырып. Орауыштан секіріп түсу.

      8-тақырып. Орауышта тең салмақты сақтау.

      9-тақырып. Қолдағы затты баланстар.

      10-тақырып. Орауышта затты теңестіру.

      11-тақырып. Жоғарыда тең салмақты сақтау.

      41. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, жалпы дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу, жалпы дамытушылық жаттығулар, тепе-теңдiк: орауышқа, (тәрелкемен шабақ, қолшатыр, гимнастикалық таяқ және тағы басқа) бұйымын тепе-теңдікте сақтау, орауышта жонглерлік ету: 1, 2 бұйыммен.

      42. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы.

      3-тақырып. Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Жалпыдамытушы жаттығулар.

      5-тақырып. Тең салмақты сақтау.

      6-тақырып. Орауышта тең салмақты сақтау.

      7-тақырып. Орауышта бір затпен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Орауышта екі затпен жонглерлік ету.

      9-тақырып. Орауышта затпен баланстау тең салмақты сақтау (қолшатыр, таяқ және тағы басқалар).

      43. 4-6 сыныптың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4-6 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді, эквилибра жаттығулары техникасының негiзiн, эквилибра жаттығуларын орындау кезінде техника қауіпсіздігі ережесін, салауатты өмiр салтының негiзi және зиянды әдеттердiң алдын алу негізiн;

      2) сабақ тәжiрибесінде арнайы терминологияны қолдана алады;

      3) орауышқа қарғып міну және түсу;

      4) әр түрлi бұйымдармен орауышта тұрып, шабақта бағдарламаға кiретін тәрелкедегі тепе-теңдiкті сақтайды;

      5) қолға тұруға, баспен тұруға, орауышқа, айналуға қақпа қыл iстеудi орындауға секiруді біледі;

      6) қауiпсiздiк техникасы ережесiн сабақ үдерісінде дұрыс қолдана алады;

      7) салауатты өмiр салтын жүргізеді.

      44. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, жалпы дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу, жалпы дамытушылық жаттығулар, тепе-теңдiк: орауышқа, орындықта, кубте, орауышта қақпақыл iстеу: бір, екі, үш бұйымдармен, тұру: орындықта баспен, аяқты бөлек ұстап, орындықта баспен тұру.

      45. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эквилибристика сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Жалпыдамытушы жаттығулар.

      5-тақырып. Тең салмақты сақтау.

      6-тақырып. Орауышта тең салмақты сақтау.

      7-тақырып. Орауышта жонглерлік ету.

      8-тақырып. Орындақта тең салмақты сақтау.

      9-тақырып. Текшеде тең салмақты сақтау.

      10-тақырып. Орындықта, басында тұру.

      11-тақырып. Орауышта 3 затпен жонглерлік ету.

      46. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, қалпы дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу, жалпы дамытушылық жаттығулар, тепе-теңдiк: орауышта тепе-теңдiк, ілеспе жаттығулар: орауышта тепе-теңдiкте, гимнастикалық таяқпен орауышта тепе-теңдiкте, текшеде статикалық жаттығулар, айналатын (бас, кеуде тiкелейдi, айналдыра ораудың айнала аудармалары) тәрелке шабақта жаттығу, жұпта және баспалдақта қолдау.

      47. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эквилибристика сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жалпы физикалық дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлесімділігіне арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Жалпы дамытушылық жаттығулар.

      5-тақырып. Тепе-теңдік.

      6-тақырып. Орауыштағы тепе-теңдік.

      7-тақырып. Орауышта тепе-теңдікті сақтай отырып үйлесімді жаттығуларды жасау.

      8-тақырып. Текшедегі статикалық жаттығулар.

      9-тақырып. Арқада айналдырған тәрелкемен жаттығулар.

      10-тақырып. Баспалдақта жұппен қолдау жаттығулары.

      48. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, жалпы дене шынықтыру дайындығы; қимыл-қозғалыс үйлесiмділігіне арналған жаттығу, жалпы дамытушылық жаттығулар, тепе-теңдiк: текшеде шынтақта, орауышқа шынтақта, синхронды жаттығулар орауыштарда тепе-теңдiк қақпақыл жұпта бiрiгiп әр түрлi бұйымдарды тепе-теңдiктi сақтаумен орауыштарда тепе-теңдiк; табанды: орындықта баспен, аяқты бөлек ұстап,орындығында баспен, "кіші" текше қолде тұру.

      49. 9 сыныптағы оқу пәнінң мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эквилибристика сабағындағы қауіпсіздік техникасын.

      2-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Жалпы дамытушы жаттығулар.

      5-тақырып. Тең салмақты сақтау.

      6-тақырып. Орауышта тең салмақты сақтау.

      7-тақырып. Шынтақта тең салмақты сақтау.

      8-тақырып. Қолдағы "текшеде" тұрысы.

      9-тақырып. Шынтақта және текшедегі тең салмақты сақтау.

      10-тақырып. Орауышта синхрондық тең салмақты сақтап, жұпта жонглерлі ету.

      11-тақырып. Орауышта әр түрлі заттармен баланстап, салмақты сақтау.

      50. 7-9 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді, эквилибра жаттығулары техникасының негiзiн, эквилибраның күрделі жаттығуларының сипаттамасын біледі;

      2) шығармашылық жобаны әзірлеу технологиясын біледі;

      3) эквилибра жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы негіздерін біледі;

      4) салауатты өмiр салтының негiзi және зиянды әдеттердiң алдын алу негізiн біледі;

      5) сабақ тәжiрибесінде арнайы терминологияны қолданады;

      6) эквилибраның күрделі жаттығуларын орындайды: епе-теңдiк, қолға тұруға, баспен тұруға, орындықта тұру, шынтаққа тұру;

      7) орауышта синхрондық тең салмақты сақтап, жұпта жонглерлі ету, арқамен жатып тәрелкеге айналу;

      8) шығармашылық жобаны өз бетінше әзірлейді;

      9) қауiпсiздiк техникасы ережесiнiң сабақ процесінде дұрыс қолдана алады;

      10) салауатты өмiр салтын іске асырады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      51. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады. Цирк өнері біліміне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқауларда алған бағалардан құрылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      52. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар, жалпы дамытушылық жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (тәрелкелермен жаттығу, арқада тәрелкені айналдыру);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (орауыштағы жаттығу), екінші жартыжылдықта: сынақ (тәрелкелермен жұмыс);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("тұру" жаттығулары), екінші жартыжылдықта: сынақ (арқада тәрелкені айналдыру);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (затты қолда тепе-теңдікте ұстау);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (затпен орауышта тепе-теңдікті сақтау, кеңістіктегі тепе-теңдік);

      6) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (орауышта тұрып жонглерлеу, заттардың тепе-теңдігін сақтай отырп орауышта тепе-теңдікті сақтау);

      7) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (орауышта тұрып екі затпен жонглерлеу);

      8) 8 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (орауышта тұрып үш затпен жонглерлеу);

      9) 9 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (орауышта синхронды тең салмақты сақтап, жұпта жонглерлі ету, орауышта тепе-теңдікті ұстап тұру).

      54. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) эквилибрдің тәсілдерін орындау техникасын меңгеруі: орындауының нақтылығы, қимыл қозғалыстарының жылдамдығы және ептілігі, кеңістіктікте бағдарлана алуы, жеке және топта орындалатын элементтердің темп және ритм сезімі;

      2) білім алушының концерттік нөмірден (трюе, этюд) алған жалпы әсері, оның жетістіктері, әртістігі, мәнерлігі.

      81. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – элементтерді, жаттығуларды нақты орындау, қимылдарды нақты үйлестіру, кеңістіктікте жақсы бағдалану, орындалатын элементтердің орындалу темпі және ритм жақсы, әртістігі, мәнерлігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – элементтерді, жаттығуларды нақты орындау, қимылдарды нақты үйлестіру, кеңістіктікте жақсы бағдалану, орындалатын элементтердің орындалу темпі және ритм жақсы, әртістігі, мәнерлігі, біршама техникалық қателіктері бар;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – элементтерді, жаттығуларды орындау кезінде қателіктерінің болуы, қимылдары пысықталмаған;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – элементтерді орындау кезінде өрескел қателерге жол берілуі, қарапайым жаттығуларды білмеуі;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 24-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Жонглерлеу" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Жонглерлеу" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Жонглерлеу" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) вестибулярлық аппарат – дененің кеңістіктегі қалпын және қозғалуын анықтауға мүмкіндік беретін тепе-теңдікті сақтау органы;

      2) жонглерлеу – цирк өнерінің жанры; әртүрлі заттарды бір уақытта лақтыру және қағып алу білігі;

      3) сандық жонглерлеу – біршама заттардың санын әуеде ұстап тұру білігі;

      4) үйлестіру – әртүрлі бұлшық еттердің үйлесіп жұмыс істеу білігі;

      5) цирк трюгі – барлық цирк жанрларының ең бас мәнерлеу құралы.

      3. Пәннің мақсаты: "жонглерлеу" пәні аясында дене қабілеттерін, жеке ерекшеліктері мен әртістіктерін шынықтыруын дамыту және шеберлiк шеңберiнде әртістік қабілеттерін анықтау және дамыту.

      4. Пәннің мiндетi:

      1) жонглерлеу техникасын меңгеру;

      2) шапшаңдық сезiмiн дамыту және кеңiстiкте қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгі, бағдар, көзбен шамалау қабiлетiнiң дәлдiгi, зейiндігі;

      3) шапшаңдықтың дамуы;

      4) тепе-теңдiк аппаратын жетiлдiру;

      5) адами ерiк-жігер сапаларын тәрбиелеу;

      6) салауатты өмiр салтын насихаттау;

      7) ұжымдық шығармашылық қызмет, ұжымның әр мүшесiн жұмыстың нәтижелiлiгiне жауапкершiлiк дағдыларын дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - алты жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Негізгі курсқа дайындау үшін сабақтар дайындық топтарында бес-жеті жастағы балалармен жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан көп емес. Білім алушылардың контингенті 6 жастан 16 жасқа дейін: 1-3 сыныптар (кіші топ), 4-6 сыныптар (орта топ), 7-9 сыныптар – жоғары топ.

      7. Бағдарлама цирк өнерінің қимылдары мен комбинацияларын орындау техникасының дағдыларын меңгергісі келетін жеті жастағы балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралады. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, цирк өнері бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог оқыту процесін жонглерлеу бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) цирк өнерінің техникалық тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға жеке, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған жаттығуларды, цирк нөмірлерін салыстыра, теңестіре және саналы орындай отырып, цирк өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      13. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) цирк өнерінің негіздерін меңгеру;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) цирк өнері бойынша білім алуы және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында цирк өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      14. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, цирк өнері теориясы мен тарихы негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір цирк трюгінің, цирк трюгі мен жаттықтырушы жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      18. "Жонглерлеу" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, атақты цирк өнерінің әртістерінің көрсеткен өнерлерінің бейнематериалдарын көрсету, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары гимнастикалық кілемшелерде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      22. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      23. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен педагогтің ғана көрсетіп қоюымен емес, сондай-ақ бейнематериалдар арқылы танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, комбинациялардағы қимылдармен жұмыс.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы; 3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық өнер көрсетулерге дайындық;

      5) цирк қойылымдарына, филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      33. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте әртүрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі жаттығулардың элементтері пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      34. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің элементтерді, жаттығуларды, цирк нөмірлерін орындауын бағалайды, жіберілген қателерін анықтайды;

      2) білім алушың күнделігіне цирк нөмірімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      35. Өздік сабақтардың жүйесі келесі элемиенттерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) білім алушының жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) цирк нөмірінің элементтерінің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      36. "Жонглерлеу" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене дайындығы; қимыл-қозғалыс ойындары, доп эстафеталары, реакцияға жаттығу, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу, бір доппен жонглерлік ету, екі доппен жонглерлік iстеу, жұпта екі доппен жонглерлік ету, құламамен екі доппен жонглерлік ету, бір шығыршықпен жонглерлік ету, екі орамалдармен жонглерлік ету.

      38. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Доптар эстафетасы.

      4-тақырып. Қимылды ойындар.

      5-тақырып. Реакцияға жаттығулар.

      6-тақырып. Қимылды үйлестіру жаттығулары.

      7-тақырып. Бір доппен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Екі доппен жонглерлік ету.

      9-тақырып. Жұпта екі доппен жонглерлік ету.

      10-тақырып. Каскадта екі доппен жонглерлік .

      11-тақырып. Бір шығыршықпен жонглерлік ету.

      12-тақырып. Бір, екі орамалмен жонглерлік ету.

      39. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы, жалпы дене дайындығы, қимыл-қозғалыс ойындары. доп эстафеталары, реакцияға жаттығу, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу, бiр қолдағы екі доппен жонглерлік ету, құламада екі қолмен жонглерлік ету, қарсы ұшқан бұйымдардыекі қолмен жонглерлік ету, үш доппен жонглерлік ету, құламамен екі қолмен екі шығыршықпен жонглерлік ету, қарсы ұшқан бұйымдармен, екі шығыршықпен жонглерлік ету.

      40. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау .

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Қимылды үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға жаттығулар

      5-тақырып. Доп эстафеталары.

      6-тақырып. Бір қолмен екі доппен жонглерлеу.

      7-тақырып. Каскадта екі доппен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Қарсы ұшуқан бұйымдарды екі доптармен жонглерлік ету.

      9-тақырып. Допты эстафеталары.

      10-тақырып. Үш доппен жонглерлік ету.

      11-тақырып. Екі шығыршақпен екі қолмен каскад жасап жонглерлеу.

      12-тақырып. Қарсы ұшуқан бұйымдарды екі доптармен жонглерлік ету.

      41. 2-3 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2-3 сыныпта оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді, үйретілетін жонглерлік ету техникасының тәсілдерін орындауды біледі;

      2) жаттығуларды орындау кезіндегі қауiпсiздiк техникасы ережесiн, гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын, зиянды әдеттерінің алдын алу іс-шараларын біледі;

      3) жонглерлі етудің әртүрлі тәсiлдерін біледі;

      4) қауiпсiздiк техникасы ережесiн оқу үдерісінде дұрыс қолданады.

      42. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене дайындығы; доп эстафеталары, реакцияға арналған жаттығу, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне арналған жаттығу, үш доппен жонглерлік ету, жұппен үш доппен жонглерлік ету;

      2) екі тәрелкелермен жонглерлік ету, төмен түсіру, шоқпармен жонглерлік ету, әр түрлi бұйымдармен жонглерлік ету (тәрелкелермен, жасанды алмалар, стакандармен).

      43. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Қимылды үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға жаттығулар.

      5-тақырып. Доп эстафеталары.

      6-тақырып. Үш доппен жонглерлік ету.

      7-тақырып. Жұпта үш доппен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Екі тәрелкемен жонглерлік ету,тастау.

      9-тақырып. Бір шоқпар таяқпен жонглерлік ету.

      10-тақырып. Әр түрлі заттармен жонглерлік ету.

      11-тақырып. Бір қолмен екі доппен жонлрелеу.

      12-тақырып. Екі доппен каскадпен жонглерлеу.

      44. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене дайындығы; допты эстафеталары; реакцияға жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; каскадпен үш доппен жонглерлік ету; қарсы ұшқан бұйымдарды үш доппен жонглерлік ету; жұпта алты доппен жонглерлік ету; екі шоқпарлармен жонглерлік ету; қарсы ұшқан бұйымдармен екі қолдағы екі шығыршықпен жонглерлік ету.

      45. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Қимылды үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға жаттығулар.

      5-тақырып. Доп эстафеталары.

      6-тақырып. Каскадпен үш доппен жонглерлік ету.

      7-тақырып. Қарсы ұшқан бұйымдарды үш доппен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Әр түрлі үш затпен жонглерлік ету

      9-тақырып. Жұпта алты доппен жонглерлік ету

      10-тақырып. Екі шоқпарлармен жонглерлік ету.

      11-тақырып. Қарсы ұшқан бұйымдармен екі қолдағы екі шығыршықпен жонглерлік ету

      46. 6 сыныптың Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене дайындығы; доп эстафеталары; реакцияға жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкке жаттығу; бір қолдағы екі шығыршықпен жонглерлік ету; құламамен үш доптармен жонглерлік ету; әр түрлi асыра лақтырулармен алты доппен жонглерлік ету; қарсы ұшқан шығыршықпен (бір айналған) екі шоқпармен жонглерлік ету; үш шығыршықпен жонглерлік ету; жұпта екі сақиналармен жонглерлік ету.

      47. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасын сақтау.

      2-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға жаттығулар.

      6-тақырып. Бір қолдағы екі шығыршықпен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Қарсы ұшқан шығыршықпен (бір айналған) екі шоқпармен жонглерлік ету.

      9-тақырып. Әр түрлi асыра лақтырулармен жұппен алты доппен жонглерлік ету.

      10-тақырып. 3 шығыршықпен жонглерлік ету.

      11-тақырып. Жұпта екі шығыршықпен жонглерлік ету.

      48. 4-6 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4-6 сыныптарда білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      1) арнайы терминдерді біледі;

      2) жонглерлеудің күрделі тәсілдерінің сипатын, жонглерлік етудің зерделіп отырған күрделі тәсiлдерiн орындау техникасын біледі;

      3) шығармашылық жобаны әзірлеу технологиясын біледі;

      4) жаттығу орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесiн, гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын біледі;

      5) жонглерлеудің күрделі тәсілдерін орындауды біледі.

      49. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене дайындығы; доп эстафеталары; реакцияға жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу, жұпта екі шоқпарлармен жонглерлік ету, шығудың әр түрлi нұсқалары: үш доппен жонглерлік ету және айналымдарды біледі.

      50. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға жаттығулар.

      5-тақырып. Доп эстафеталары.

      6-тақырып. Жұппен екі шоқпар таяқпен жонглерлік ету.

      7-тақырып. Үш допты шығарып лақтырудің әр түрлі нұсқаумен жылжып, айналып жонглерлік ету.

      8-тақырып. Үш шығыршықпен жылжып, айналып жонглерлік ету

      9-тақырып. Жұппен алты доппен жонглерлік ету.

      10-тақырып. Екі шоқпар таяқты қарсы лақтырып жонглерлік ету

      51. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене шынықтыру дайындығы; доп эстафеталары; реакцияға жаттығулар; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; қатарлас ұшумен бір қолдағы екі доппен жонглерлік ету; бір қолмен екі шоқпарлармен жонглерлік ету; үштiктер, топтарындағында доптармен жонглерлік ету; доппен ауысу жонглерлік ету бұрылыспен қайта лақтыру; жұппен шығыршықпен жонглерлік ету.

      52. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жалпы дене дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Доп эстафеталары.

      6-тақырып. Бір қолдағы екі допты қатар лақтырып жонглерлік ету.

      7-тақырып. Бір қолдағы екі шоқпар таяқпен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Үштік,жұпта доппен жонглерлік ету.

      9-тақырып. Доппен жылжып, қайта тұрып,айналып жонглерлік ету.

      10-тақырып. Шығыршықпен жұпта жонглерлік ету.

      53. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қауiпсiздiк техникасы; жалпы дене шынықтыру дайындығы; доп эстафеталары; реакцияға жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкке жаттығу; үш шоқпарлармен доппен жонглерлік ету; төрт доппен жонглерлік ету; топтарындағы әр түрлi бұйымдармен доппен; жонглерлік етудің доппен әр түрлi тәсiлдерiнiң, әр түрлi бұйымдармен байламдарын құрастыру.

      54. 9 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жонглерлік ету сабағында қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жалпы дене шынықтыру дайындығы.

      3-тақырып. Қимылдың үйлестіру жаттығулары.

      4-тақырып. Реакцияға жаттығулар.

      5-тақырып. Доп эстафеталары.

      6-тақырып Төрт доппен жонглерлік ету.

      7-тақырып. Үш шоқпар таяқпен жонглерлік ету.

      8-тақырып. Топта әр түрлі заттармен жонглерлік ету.

      9-тақырып. Әр түрлі заттармен әр түрлі тәсілдермен тізбек құрып жонглерлік ету.

      55. 7-9 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді, жонглерлеу тәсілдерін біледі;

      2) үйретілетін жонглерлеудің күрделі техникасын орныдау тәсілдерін біледі;

      3) шығармашылық жобаларды әзірлейді;

      4) жаттығу орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесiн біледі;

      5) сабақ практикасында арнайы терминдерді қолданады;

      6) доптармен, орамалдармен, шоқпарлармен жонглерлеуді біледі;

      7) жұппен, топпен жонглерлеуді біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      56. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады. Цирк өнері біліміне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттердегі көрсетілімдерінде алған бағалардан құрылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, жылдық және қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (бір доппен, екі доппен жонглерлеу; екі доппен жұппен жонглерлеу; каскадпен екі доппен жонглерлеу; бір шығыршақпен жонглерлеу; бір, екі орамалмен жонглерлеу);

      2) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (бір қолмен екі доппен жонглерлеу; каскадпен екі қолмен жонглерлеу; қарамақа қарсы ұшырып екі доппен жонглерлеу; үш доппен жонглрелеу; каскадпен екі қолмен екі шығыршықпен жонглрелеу; қарама-қарсы ұшырып екі шығыршақпен жонглерлеу);

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (үш доппен жонглерлеу; жұппен тұрып үш топпен жонглерлеу; екі тәрелкемен жонглерлеу, лақтыру; бір шоқпармен жонглерлеу; әртүрлі заттармен жонглерлеу; каскадпен екі доппен жонглерлеу);

      4) 5 сынып – екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (каскадпен үш доппен жонглерлеу; қарама-қарсы ұшырып үш доппен жонглерлеу; әртүрлі үш затпен жонглерлеу; жұппен алты доппен жонглрелеу; қарама-қарсы ұшырып екі қолмен екі шығыршақпен жонглерлеу);

      5) 6 сынып – екінші жартыжылдықта: емтихан (бір қолмен екі шығыршақпен жонглерлеу; каскадпен үш доппен жонглерлеу; қарамама-қарсы ұшырып екі шығыршықпен жонглерлеу (бір айналым); жұппен тұрып әртүрлі лақтыру тәсілдерін қолданып алты доппен жонглерлеу; үш шығыршақпен жонглерлеу; жұппен тұрып екі шығыршақпен жонглерлеу);

      6) 7 сынып – екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (жұппен шоқпарлармен жонглерлеу; әртүрлі лақтыру тәсілдерімен үш доппен жонглерлеу, қозғалып және бұрылып; қозғалып және бұрылып үш шығыршықпен жонглерлеу; жұппен алты доппен жонглерлеу; қарама-қарсы ұшырып екі шоқпармен жонглерлеу);

      7) 8 сынып – екінші жартыжылдықта: емтихан (қосарлана ұшумен бір қолмен екі доппен жонглерлеу; бір қолмен екі шоқпармен жонглерлеу; үш адам болып, топпен доптармен жонглерлеу; қозғала отыры, орын ауыстырып, бұрылып доптармен жонглерлеу; жұппен шығыршықтармен жонглерлеу);

      8) 9 сынып – екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (төрт доппен жонглерлеу; үш шоқпармен жонглерлеу; топпен әртүрлі заттармен жонглерлеу; әртүрлі заттармен жонглерлеуді әртүрлі жонглерлеу тәсілімен байланыстыру).

      57. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) жонглерлеудің әртүрлі тәсілдерін орындау техникасын меңгеру: орындауының нақтылығы, қимыл қозғалыстарының жылдамдығы және ептілігі, кеңістіктікте бағдарлана алуы, жеке және топта орындалатын элементтердің темп және ритм сезімі;

      2) білім алушылардың жонглерлеу тәсілдерін меңгеруі – жонглерлеп тұрған затын бір рет те түсірмей, орнынан еш қозғалмай 1 минут ішінде жаттығуларды қатесіз орындайды.

      3) білім алушының концерттік нөмірден (трюк, этюд) алған жалпы әсері, оның жетістіктері, әртістігі, мәнерлігі.

      58. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – техникалық жағынан түсініп орындауы, оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкестігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық жағынан сәл ауытқумен, сауатты орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылды сауатсыз және мәнерсіз орындауы, техникалық дайындығы әлсіздігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламлық талаптарды орындамауы.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 25-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Клоунада" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Клоунада" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Клоунада" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) буффонада – аса-күлкілі, сайқымазақ жағдайында құрылған сахналық немесе цирктік түсінік;

      2) карикатура – көркемдік түрлендірудің тәсілі, өмірлік көріністердің немесе тұлғаларды сынау, жағымсыз жақтарын мақсатты тұрғыда сынау, әсірелеу және ерекшелеуге арналған шарж және гротекса құралдарын қолдану;

      3) клоунада – цирк өнерінің жанры, эксцентрик, буффонада, гротеск тәсілдерін қолдануға негізделген бетперденің күлкілі бейнесін құру; сайқымазақтардың қатысуымен өткізілетін цирктік қойылым;

      4) пародия – көркемдік шығармаға немесе шығармалар тобына күлкілі еліктеу;

      5) эксцентрика – өте-күлкілі, көп жағдайда кейіпкердің логикаға қарсы- күлкілі, жөнсіз қимылдары.

      3. Пәннің мақсаты: "Клоунада" пәні аясында жеке ерекшелiктер мен әртістікті анықтау және дамыту.

      4. Пәннің мiндеттерi:

      1) болашақ клоунның тұлғасын, білім алушылардың өзін таныту еркіндігіне талпынысын және өзінің жеке даралығын іздеуді тәрбиелеу;

      2) күлдіргі бетпердесін жасау үшін негіз ретінде білім алушының актерлік даралығын анықтау;

      3) клоунада өнерінде күлдірудің негізгі ережелерін игеру және оларды практикада пайдалану (қоршаған ортадан, әдебиеттің көркемөнер шығармаларын, театр, кино, сурет өнерінен, музыкадан алынған материалды өңдеу кезінде);

      4) цирк өнерінің көркемдік құралдарының ең басты құралы – трюкті, оны бейнелік қимылға жеткізе отырып, логикалық және мақсатты пайдалануды дамыту;

      5) білім алушылардың ішкі толғанысы мен сыртқы қайта түрленуі элементтерін меңгеру;

      6) адамгершiлiк-ерiктi қасиеттерін тәрбиелеу;

      7) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын, ұжымның әрбір мүшесі жұмысының нәтижелілігіне деген жауапкершілікті дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – алты жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Клоунадаға оқыту 4 сыныптан, білім алушылар акробатика, гимнастика, эквилибристика, жонглерлеу пәндері бойынша практикалық дағдыларды, арнайы және теориялық білімді меңгерген кезде басталады.

      6. Негізгі курсқа дайындау үшін сабақтар дайындық топтарында бес-жеті жастағы балалармен жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан көп емес. Білім алушылардың контингенті 6 жастан 16 жасқа дейін: 4-6 сыныптар (орта топ), 7-9 сыныптар – жоғары топ.

      7. Бағдарлама цирк өнерінің қимылдары мен комбинацияларын орындау техникасының дағдыларын меңгергісі келетін жеті жастағы балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралыд. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, цирк өнері бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог оқыту процесін клоунада бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) цирк өнерінің техникалық тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға жеке, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған жаттығуларды, цирк нөмірлерін салыстыра, теңестіре және саналы орындай отырып, цирк өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      13. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) цирк өнерінің негіздерін меңгеру;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) цирк өнері бойынша білім алуы және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында цирк өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      14. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, цирк өнері теориясы мен тарихы негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір цирк трюгінің, цирк трюгі мен жаттықтырушы жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      18. "Клоунада" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, атақты цирк өнерінің әртістерінің көрсеткен өнерлерінің бейнематериалдарын көрсету, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары гимнастикалық кілемшелерде және тағы басқада пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      22. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      23. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, қимылдармен жұмыс.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы; 3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық өнер көрсетулерге дайындық;

      5) цирк қойылымдарына, филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе)уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      33. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте әртүрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі жаттығулардың элементтері пысықталады.

      Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      34. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің элементтерді, жаттығуларды, цирк нөмірлерін орындауын бағалайды, жіберілген қателерін анықтайды;

      2) білім алушың күнделігіне цирк нөмірімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      35. Өздік сабақтардың жүйесі келесі элемиенттерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) білім алушының жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) цирк нөмірінің элементтерінің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      36. "Клоунада" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      37. Клоунада – пародия, буффонада, гротеск, эксцентрика сияқты күлдіргі тәсілдер мен көрнекі құралдарды қолданатын цирктiң негiзгi жанрлары тәсiлдерінің бірі; салыстыру, әсірелеу, кішірейту, келемеждеу, ұщтау, контраст.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      38. 4-6 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) Клоунада цирк өнердiң жанры ретінде. Клоунада – әртiстердi күлкiлi бет перде-бейнелерде сөйленген сөзге негiзделген цирк жанры. Клоунада бұл сахналық өнердiң бір түрi.

      2) Клоунаданы жанр ретінде ресiмдеу. Халықтық серуенде мерекелiк-наным-сенімдегі клоунада өнерi. Екi бiр-бiрiнен айырмашылығы болатын клоун амплуалары –Ақ және Сары. Клоун дуэты.

      3) Буффонадалық клоунада. Буффонада – көркемдік тәсіл ретінде. Ойындық буффонада, сахна – антре. Буффонадтық клоунада және актерлік амплуа – клоун-буфф.

      4) Буффонада тәсілдері. Ақ және сары клоундар. Цирктегі буффонадтық клоунада.

      5) Сатиралық клоунада. Кеңес цирк бағдарламасындағы сатиралық клоунада. В.Лазаренко - сатиралық клоунаданың жаңашылы. Сатиралық клоунададағы азаматтық тақырыптар.

      6) Музыкалық клоунада. Клоун – музыканттардың негізін қалаушылар. Тұрмыстық бұйымдарды оларға тән емес қызметтерде – музыкалық аспаптар ретінде пайдалану.

      7) Комедиялық қақтығыс. Комедия бейненің болуы. Аспаптарды кәсіби меңгеру. Аспаптарды ойнату – кейіпкерлер мінезін ашуға мүмкіндік беретін ерекше тәсіл.

      8) Музыкалық эксцентрик. Музыкалық клоунаданың музыкалық эксцентрикасынан айырмашылығы. Эксцентрик әрекеттерінің музыкант мінез-құлқына сәйкессіздігі.

      9) Эксцентрико-пантомимикалық әрекеттер және музыкада ойнау. Эксцентрикалық бейнелердің эксцентрикалық әрекеттермен табиғи үйлесімі.

      10) Эксцентрикалық трюктік әрекеттер. Музыкалық шығарманы трюктік жағдайда сауатты орындауы мен аспапты асқан шеберлікте меңгеруін көрсету. Музыкалық эксцентрика нөмірлеріндегі аспаптар.

      11) Жаттықтырушы-клоун. Клоунаданың түпбейнесi – үйретiлген жануарлардың қатысуымен құрылатын көріністік нысан. Ағайынды Дуровтар - үйретiлген жануарлардың қатысуымен клоунада саласының жаңашылдары.

      12) Ойын-сауықтық шағын әзіл әңгіме арқылы үйретілген жануарлармен клоундық көрсетілімдерді құру. Жаттықтырушы клоундардың тек шағын сахналық көріністермен ғана емес, сонымен қатар сюжеттік қойылымдармен шығуы. Жаттықтырушы клоундардың сатиралық репертуарларды пайдалануы.

      13) "Кiлемдік" (аренада ойнайтын) клоундар. "Кілемдік" клоундар бағдарламаның бөлінбес кейіпкерлері ретінде. "Кілемдік" - әрбір бағдарламаға міндетті қатысушы ғана емес, сонымен қатар жетекші әртіс. "Кілемдіктер" бүкіл көрініс-қойылымға рең берушілер, көрермендер залындағы эмоциялық күйге әсер етушілер.

      14) Заманауи клоунның бетпердесі. "Кілемдік" клоун – әмбебап әртіс. Клоундық бейнені, сахналық жүріс-тұрысты, репертуарды іріктеуді құру.

      39. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Күлдіргі ойын цирк өнерінің жанры ретінде.

      2-тақырып. Буффонадтық клоунада.

      3-тақырып. Сатиралық клоунада.

      4-тақырып. Музыкалық клоунада.

      5-тақырып. Музыкалық эксцентрикасы.

      6-тақырып. Күлдіргі-жаттықтырушы.

      7-тақырып. "Кілемдік" клоун.

      8-тақырып. Жаңылтпаштар.

      9-тақырып. Назар салу жаттығулары.

      10-тақырып. Есте сақтау жадын дамыту жаттығулары.

      11-тақырып. Шығармашылық елестетуін дамыту жаттығулары.

      12-тақырып. Ырғақ сезімін дамыту жаттығулары.

      40. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Байқау-ойындар.

      2-тақырып. Шығармашылық елесті дамыту жаттығулары.

      3-тақырып. Ырғақ сезімін дамыту жаттығулары.

      4-тақырып. Зейінге арналған жаттығулар .

      41. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Комизм ұқсастығы (адам мен өсімдікті салыстыру, адам мен затты салыстыру, адам мен аңдарды салыстыру, затты тағайындамау бойынша пайдалану).

      2-тақырып. "Қайшылықты тегістеу" (зат пен затты салыстыру, этюдтер мен жаттығулар (тапсырыс бойынша, басқаға бер, мынау не? және тағы басқалар).

      3-тақырып. Есте сақтау жадын дамыту жаттығулары. Шығармашылық қиялдауын даму жаттығулары.

      42. 4-6 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4-6 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртiстiң түрленуi туралы, арнайы терминдерді, клоунаданың түр өзгешелiктерін, комизмның қағидаттарын, клоунада өнерінде көркемдік құралдардың сан түрлері, жаттығуды орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесiн біледі;

      2) өлеңді мәнерлеп оқиды, әртүрлi қаhармандар атынан әңгiменi айтып береді, сөздiк диалогты ойлап табады, топта жұмыс істейді, сахнада мәнерлi және эмоциямен ойнайды.

      43. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) Буффонада. Апачтар және тепкiлер. Апач - клоундық ойын тәсілі. Апачтардың өзгермелi нұсқасы. Үш және одан да көп серіктес (топ) апачтар. Аяқпен тебулер.

      2) Каскадтар. Алдыңғы құламаны денеге қарай күш түсіре жасау.

      а) Сүрінулер (спотыкачка); б) Алдыңғы құлама (каскад).

      Алдыңғы құлама - "сия сорғыш".

      Алдыңғы-артқы каскад (бас арқылы басына құлау).

      Алдыңғы-артқы каскад (көлбеу төңкерiлумен)

      Артқы құлама барлық дене бітіміне қарай - "тақтай".

      3) "Сия сорғыш" элементін иық арқылы және артқы құламаға өту қосу арқылы. Артқы құлама (сальто) - артқы сальто-морталені игеру арқылы ғана мiнсiз меңгеруде орындайды. Бедуин каскады (жерге көлденең бүйірмен айналма жасау).

      4) Күлкi және сыңсу. "Күлкi" элементін техникалық өңдеу. Импульстық тыныс алу, демін шығару. Жылау және күлкi жаттығулары. Күлкi палитрасы. Клоунадалар.

      44. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Буффонада. Апачтар және аяқпен соғу. Апач. Апач вариациясы. Серіктестермен апачтар. Аяқпен тебу.

      2-тақырып. Каскадтар. Алдыңғы каскад бар денеге көшу арқылы. Алдыңғы каскад "сия сорғыш". Артыңғы каскад. Алдыңғы-артқы каскад. Бедуин каскады.

      3-тақырып. Күлкі менжылау. Жаттығулар және этюдтер. Клоунада.

      45. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) контраст комизмі. Күлкiлi сәйкессiздiктердi практикалық зерттеу. Білім, білік, күш бiлмеу, жасай алмау, әлсiздiк және керiсiнше болып көрiну. Маңызсыз маңыздыны (керiсiнше) көрсету. Қарапйым тапсырманы күрделендіру (керiсiнше). Сыртқы түрiнiң және мiнез-құлық, сөз және iс, мақсаттар мен құралдар, себеп және салдар тағы басқалар сәйкессiздiгi. Анахрониздер – оқиғаның кәдуілгі барысын бұзу, ескіні жаңамен, түрлі дәуірлердің белгісін, ертегідегіні (фантастикалық) болып жатқан жағдаймен )шындықпен) қосу. Күлкілі бетперденің бiр мәндi емес негiзге сәйкессiздiгі;

      2) жұп бетперде. Клоун серiктестердiң арасындағы кереғарлық мiндеті құрылады. Iштей де, сырттай да қарағанда да бұл көріну мүмкiн болады. Сыртқы кереғарлық - үлкен-кiшi, жұқа және жуан, холерик және меланхолик, флегматик және сангвиник. Клоундық жұп немесе топ үшiн қарама-қайшылық - күлкiлi жағдайларды жасау үшiн негіз, заң;

      3) жеке бетперде (соло). Бетпердені іздеу. Сыртқы және iшкi сапа түрiнiң кереғарлығы оның даралығымен әр күлдiргiште сәйкес көрiнуі. Болашақ бетперденің сипаттамасының негiзi;

      4) анахронизм: ескiсін жаңамен, ертегi (қиял-ғажайып) күнделікті шындықпен, әр түрлi дәуiрлердiң белгілерін байланыстыру.

      46. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Комизм кереғарлығы (контрасты). Өнер-бiлiм, икемдiлiк, күш, әлсiздiк керiсiнше бiлімсіздік етіп көрсету. Маңызсыз маңыздыны керiсiнше көрсету. Қарапайым мiндет күрделену керiсiнше болады Сәйкессiздiк: сыртқы түрi және мiнез-құлық, сөз және iс, мақсат және құралдар, себеп және салдар тағы басқалар. Анахронизм үйреншiктi оқиғаның барысының бұзуы (нақты және қиял-ғажайып және тағы басқалар қосылу).

      2-тақырып. Жұп маска. Жаттығулар мен этюдтер.

      3-тақырып. Жеке бетперде (соло). Жаттығулар мен этюдтер.

      47. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ішкi және сыртқы сахналық іс-әрекеттер. Актерлiк өнер табиғатының белсендiлiгi. Дәлелдiк, мақсатқа лайықтылық, iс-әрекеттiң өнiмдiлiгi. Өзара ішкі қобалжудың байланысы және оның сыртқы iске асырылуы ("елестету және қиял", "егер де...", "берiлген жағдайлар", "сахналық бостандық және назар");

      2) актердің "мені" – ойдан шығарған тіршілік шарттарының орталығы. Білім алушының жеке тұлғалық сапасы жаттығулар мен этюдтерде көрінеді. Актер-клоун үшін жеке қабілеттіліктің маңызы, комикалық бетпердесін табу;

      3) трюк. "Трюк-әрекеті" ұғымы. Трюк цирк iс-әрекетiнің негiзі ретінде. Жанр әр түрлiлiгiне қажеттiлiк және клоунада өнерiнде трюк iс-әрекетiнің мағынасы және ондағы жанрлық алуандық мәселесі. Логика және жаттығулардағы трюк iс-әрекетiн пайдаланудағы қажеттілік және этюдтер;

      4) актерлiк сүйкiмдiлiк және аңқаулық. Клоун-актердiң күлкiлiк бетпердесінің негiзі. Клоун бетпердесі жалпы қасиеттері: балалық, табиғилық, аңқаулық, ақиқаттық және сенiмдiлiк. Сыртқы түрiнiң сәйкессiздiгi және шарт сияқты iшкi сапасы ретінде;

      5) трюктің бүркемелігі. "Күлкілі трюк-әрекеті" ұғымы. Логикадан тыс жағдайды жасауда күлкiлi трюк-әрекетінің рөлі. Бүркемелiлiк - күлкiлi айла-әрекеттi қасиеті. Мына қасиеттерді жаттығуларда және этюдтерде пайдалану;

      6) клоунада. Педагог топтарының жиналуына байланысты өз мүмкiндіктеріне қарай репризаны пайдаланады.

      48. 9 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ішкі және сыртқы сахналық қойылымы. Жаттығулар мен этюдтер.

      2-тақырып. Актердің "мені" – тіршілік ету жалған шарттарының орталығы. Жаттығулар мен этюдтер.

      3-тақырып. АктҰрлік әсерлілік пен аңқаулық. Жаттығулар мен этюдтер.

      4-тақырып. Трюк бүркемелігі. Жаттығулар мен этюдтер.

      5-тақырып. Ішкі және сыртқы сахналық қойылымы. Жаттығулар мен этюдтер.

      49. 7-9 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7-9 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) комизм контрастын, ішкі және сыртқы сахналық іс-әрекеттерін, арнайы терминологияны, клоунада өнерінде көрнекі құралдардың алуан түрлiлiгi, клоунның бетпердесінің айырмашылық ерекшелiктері, жаттығуды орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы ережесi, шығармашылық жобаны әзiрлеу технологиясын біледі.

      2) апачиларды орындай алады, құламаны (каскад) орындайды, сөздiк арқылы сұхбаттасады, клоундың трюктерді меңгереді, әр түрлi эмоциялық күйлерді бере алады, қайта түрленудiң өнерiн меңгереді, өз бетiмен шығармашылық жобаны әзірлейді қорғайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      50. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      51. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (зейінге, ритм сезімін дамытуға, есте сақтау жадын дамытуға, шығармашылық қиялын дамытуға арналған жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ ( "Буффонадты клоунада", "Сатиралық клоунада", "Музыкалық клоунада", "Музыкалық эксцентрикасы", "Күлдіргі-жаттықтырушы". "Кілемдік" клоун" тақырыптарына арналған тапсырмаларды орындау);

      2) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (зейінге, ритм сезімін дамытуға арналған жаттығуларды орындау), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (шығармашылық қиялын дамытуға арналған жаттығулар; байқау-ойындарды, музыка эксцентрикасына арналған жаттығуларды орындау);

      3) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (зейінге, ритм сезімін дамытуға, есте сақтау жадын дамытуға арналған жаттығуларды орындау; клоун трюктарын орындау); екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("Комизм ұқсастығы", "Қайшылықты тегістеу" тақырыптарына арналған жаттығулар);

      4) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("Буффонада". "Апачтар және тепкiлер". "Апачтердің вариациялары", "Үш және одан да көп серіктес (топ) апачиі. "Аяқпен тебулер". "Күлкi және сыңсу" тақырыптарына арналған жаттығуларды орындау. "Сыңсу" және "Күлкi" элементін техникалық өңдеу); екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("Каскадтар". "Алдыңғы каскад бар денеге көшу арқылы". "Артқы каскад (сальто)". "Бедуин каскады (жерге көлденең жанға аударылу)" тақырыптарына арналған тапсырмалар;

      5) 8 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("Кереғар күлкі" тақырыбына арналған тапсырма), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("Жұп-бетперде" тақырыбына арналған тапсырма);

      6) 9 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы ("Ішкі және сыртқы сахналық әрекеттер". Сахналау. Реприза. Трюк. Тақырыптарына арналған тапсырмалар. "АктҰрлік баурап алу және сенгіштік" тақырыбына арналған жаттығулар мен этюдтер), екінші жартыжылдықта: сынақ ("Клоунада", "Реприза" тақырыптарына арналған тапсырма).

      52. Цирк өнері біліміне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттердегі көрсетілімдерінде алған бағалардан құрылады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) клоун трюктерін орындау техникасын біледі: әртүрлі эмоциялық күйлерді жеткізуді, түрленуінің қанықтылығы;

      2) концерттік нөмірден (трюе, этюд) алған жалпы әсері, оның жетістіктері, әртістігі, мәнерлігі.

      53. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – техникалық жағынан түсініп орындауы, оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкестігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық жағынан сәл ауытқумен, сауатты орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылды сауатсыз және мәнерсіз орындауы, техникалық дайындығының әлсіздігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 26-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Цирк өнерінің тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Цирк өнерінің тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Цирк өнерінің тарихы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акробат – цирк гимнасты;

      2) белбеулер – цирк құралы және цирк өнерінің жанры. "Белбеулердің" бауларын қолға байлай отырып, орындаушы сыртынан қарағанда спортшылардың спорт шығыршықтарында жасайтын жаттығуларына ұқсайтын барлық мүмкін болатын "шығу" және тұруларды орындауды;

      3) жонглер – өзінің өнер көрсетуіне бірдей немесе әртүрлі заттарды лақтыру және қағып алудың әртүрлі тәсілдерін қолданатын цирк әртісі;

      4) пантомима – әртүрлі цирктерде және әртүрлі уақыттарда, батыр-соғыстық панмомималардан, жағдайлық мелодрамалардан бастап "жануарлармен пьеса" және клоундардың орындауындағы қысқа миниатюраларға дейін кездесетін ерекше цирк жанры;

      5) турник – спорттық гимнастикадан келген цирк құралы;

      6) хула-хуп – цирк реквизитінің және тиісті цирк жанрының аталуы;

      7) шығыршық – цирк өнерінде әуе, сондай-ақ жұптық нөмірлерде кеңінен қолданатын, қарапайым құралдардың бірі.

      3. Пәннің мақсаты: білім алушыларды эстрадалық-цирк өнерінің тарихымен таныстыру.

      4. Пәннің міндеттері:

      1) эстрадалық-циркт өнерінің түрлері мен жанрларына; ерекшелік, түрі және жанрын айқындайтын типологиялық сипаттамаларына байланысты негізгі ұғымдарын меңгеру;

      2) қазіргі заманғы эстрадалық-цирктік өнерінің түрлері мен жанрларының ерекшеліктерімен танысу;

      3) ұлттық мәдениеттегі эстрадалық-цирктік өнерінің түрлері мен жанрларының ерекшеліктерімен танысу;

      4) білім алушыларды түрлер мен жанрларды қалыптастыру үдерісін оның нақты-тарихи өзіндік айырмашылығын сипаттауды үйрету;

      5) белгілі цирк әртістерінің өмірлік және шығармашылық жолын білу;

      6) білім алушылардың рухани әлемi байыту;

      7) iс жүзiнде алған бiлiмдерін қолдануға үйрету.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Оқыту 8 сыныптан басталады, себебі осы кезеңде білім алушылар акробатика, гимнастика, эквилибристика, жонлерлеу, клоунада пәндері бойынша теориялық және практикалық дағдыларға ие болады.

      6. Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы кемінде 8 адам және 20 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметті дамытудың негізгі міндеттері арқылы іске асыралады. Оқыту мазмұны оқу процесінде қалыптасатын әрекет ету тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен өзара байланыста іске асырылады.

      8. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, цирк өнері бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      9. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог оқыту процесін цирк өнері тарихы бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып құрады.

      10. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) цирк өнерінің техникалық тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      11. Бағдарлама білім алушылардың өнерді әрі қарай өз бетімен меңгеруіне көмектесетін білім, білікті игеруіне мүмкіндік береді.

      12. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) цирк өнері тарихының дамуының тарихи ерекшеліктері туралы білімді меңгеруі;

      2) цирк өнері саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) баяндама, реферат жазу дағдыларын алуы;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет дағдысын алуы.

      13. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      14. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, және негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      15. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, цирк өнері теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді (балалардың жасына және даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды біртіндеп күрделендіру, педагог қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге дидактикасының ережелерін басшылыққа алады);

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысын білдіреді;

      3) көрнекілік қағидаты ( қимылдар техникасы, нақышы және бейнелі жаттау туралы дұрыс түсініктерді құруға ықпал ететін, оқытылатын қимылдар мен билердің мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі саналылық және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, атақты цирк өнерінің әртістерінің көрсеткен өнерлерінің бейнематериалдарын көрсету, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізілетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      23. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы; 3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық өнер көрсетулерге дайындық;

      5) цирк қойылымдарына, филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      32. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең күрделі тапсырмалар пысықталады.

      33. Үй тапсырмалары сыныпта өткен материалдарды бекітуге бағытталған, бұл өткен материалды қайталау, бейнематериалды көру, шығарманы талдауға арналған шығармашылық жұмыстар түрінде болуы мүмкін.

      34. Білім алушылардың үй тапсырмасын орындауды педагог қадағалайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен жабдықтайды.

      35. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) бейне презентациямен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      36. "Бейнелеу өнерінің тарихы" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика" , "Клоунада" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. 8-9 сыныптардағы Бағдарлама талаптары. Оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспарлау.

      1-бөлім: Цирк өнерінің қайнар көзі. Кіріспе. Цирк өнерінiң өзiне тән ерекшелiктері және жанрының алуан түрлiлiгi. Цирк трюктері қызметінің бастапқы негізі.

      Цирк - синтетикалық өнер түрі. Цирктегі пластика, музыка, сөздiң мағынасы. Цирк нөмiрінің рөлi. Цирк бағдарламасының сипаттамасы. Еңбек процестерi, дiни көрсетiлiмдер, салтанатты карнавалдық көңiл көтерулердегi цирк жанрларының пайда болуы.

      Амфораларда фрескалар, суреттердi талдау және әр түрлi ыдыстар, мүсiндiк бейнелер, жазба және ежелгi ойындар, би, спорттық бәсекені бейнелейтiн ескi қолжазбалардағы суреттерi.

      1-тақырып. Ежелгі Мысырда цирк жанрының пайда болуы. Ежелгi Мысырдың дiни табынуларында акробат, жонглерлік ету, эквилибристика, пантомиманың элементтерi. Дрессура өнерiнің пайда болуы және алдамшы көрiнiсі.

      2-тақырып. Ежелгі Грецияда цирк жанрының пайда болуы. Эгей мәдениетi кезеңінде цирк жанрларының элементтерi (2100-1580 жылдарға дейiн) Акробаттар, гимнастар, арқанмен жүрушiлер, жонглерлер, эквилибристер, сиқыршылардың сахнаға шығу өнері. Жануарларға табынулардағы дрессура элементтерi. Бұқалармен ойындар. Мазақылардың ежелгі Грециядадағы халық карнавалдағы бетперделері. Эйрон-цирк сайқымазақтардың ата-бабасы. Цирк жанры өнеріндегі мимдар мен пантомималары.

      3-тақырып. Ежелгі Римде цирк жанрының пайда болуы.Римдiк құлиеленушiлiк қоғам. Римдiк мәдениетінің гректік мәдениеттен өзгешелiктері. Ежелгі рим сатурналияларындағы цирк жанрының элементтері. Халық карнавалдарын қуақы қалқалар. Рим амфитеатрларындағы қойылым: пиррихий, бестиарийы, навмахии. Акробатикалық пирамида, эквилибристика нөмiрлерін көрсету, ежелгi Рим цирктерiндегi шарах, сиқыршыларды сахнаға шығу және тағы басқалар. Шабандоздардың өнері.

      4-тақырып. Ежелгі Қытай цирк жанрының пайда болуы. Шаньдунь, Хэнань, Аньхой, Цзянсу, Сычуань провинцияларында табылған ханьлiк кезеңдерiнiң цирк ұсыныстарының сюжеттерi;Қытай цирк өнерiндегі халықтық ойындар, әндер және билердегі. Акробатика, жоглерлік ету, эквилибр түрлерiндегi еңбек дағдыларды қолдану. Цирк жанр элементтері карнавалдық мінездемесі кең таралған. Сатирикалық қойылымдар сценки халық комиктер - / жүз қойылымдар, байси көрсетудің халыққа әйгiлi болуы.

      2-бөлім. Ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі цирк жанрының дамуы.

      1-тақырып. Ортағасыр және қайта өрлеу дәуірінің сипаттамасы.Салыстырмалы талдау. Адамгершiлiкке, табиғи әдемiлiктi бекiту шын ықылас және орта ғасырдың дәуiрiне шiркеу - аскеттiк пiкiрлерге қарсы қайта өркендеудiң кезеңiндегі адамның күшi.

      2-тақырып. Ортағасыр гистриондарының шығармашылығы . Гистриондардың өнерi және цирк әртiстерiн шеберлiктiң қалыптасуына оның әсерi. Орта ғасырлық мистериялардағы гистриондарының қатысуы. Мамандық бойынша гистриондардың бөлiнуi (18 ғасыр). Цирктық труппалардың пайда болуы. Орта ғасырлық мистериялардың қойылымдарындағы акробатика, қақпақыл iстеу, алдамшы көрiнiс. Жын және Ақымақ тұрақты комедиялық кейiпкерлер. Шiркеу жағынан гистриондарын қудалау.

      3-тақырып Ортағасыр фарстарда цирк өнерінің элементтері. Фарс көрiнiстерiнің цирк драматургиясының дамуындағы рөлі. Ойынның буффон үлгiсi. Фарстардың орындауындағы цирк техникасы. Ауылдық - фарс көрiнiстерiнiң тұрақты кейiпкерлерiнiң бiрi.

      4-тақырып Дель Арте комедиясы. Қайта өркендеу дәуiрiне Италияның көркемдік бiрiншiлiгi (14, 15 және 16 ғасыр). Арта Дель комедиясы - "кәсiби театр". Арта Дель комедиясы ерекшелiктерiнің негiзгi өзiндiк белгілері: қалқа, суырып салу және буффонада. Карнавалдық маскарад киiмдерi – Арта Дель комедия қалқаларының пайда болуы. Бригелла мен Арлекино бетпердесінің сипаттамасы. Клоунаданың кейiпкерлерiмен олардың туыстығы. Италиялық халық комедиясында буффонада. Цирк репертуарында лацци орны.

      3-бөлім. 18 ғасырдағы Батыс Еуропа цирк өнерінің өркендеуі.1-тақырып. Ағарту дәуірінің сипаттамасы. Францияда ағартудың қалыптасуы. Азаматтық парыз ұғымы. Ғылымның көтерілуі және дамуы. Антикалық эстетикалық мұраттарға бағдар. Адам мақсаты - табиғатты әсемдеу. Анықтық, ұйымшылдық, симметриялылықтың басымдылығы.

      2-тақырып. Филипп Астлейдің амфитеатры (Англия). Атбегілік мектептердің кең таралуы. "Ф Астлейдің Лондондағы амфитеатры (1780). Оның бағдарламасы. Цирк нөмiрлерiн атта отыру сабақтарымен қосу. Парижда "Тампль елдi мекеніндегі ағылшын амфитеатры (1782). Атпен жасалатын көріністер, атты ұрысты суреттейтiн акробатика, жұптасқан және топты жекпе-жек "серiлiк". Б. Саундерс –шабандоз, үйретушi, күлдiргiш, ең жақын серiктесі.

      3-тақырып. Франконидың олимпиада циркі (Франция). "Цирк" терминнiң пайда болуы. Олимпиада циркінің ашылуы (1807). Оның құрылымы. Репертуары. Ағайынды Франконилер: Лоренцо және Энриконың - шабандоздық және жылқыларды үйретушiлерiнің шығармашылығы. Сюжеттiк аттылық - балет нөмiр "Аттағы Протей", "Жанна Д,арк", "Дауылдағы матрос" тағы басқалары.

      Олимпиялық театр-цирктің жаңа ғимаратын ашу (1827). Оның архитектурасы. Репертуар: ерлiк - ұрысты суреттейтiн цирк ишарастар "Мазепа", "Генерал Клебераның өлiмi" және тағы басқалары. Ф. Боше шығармашылығы – жаттықтырушы, атта жүруді үйретудiң жаңа жүйесiн құрушы. Ж. - Б. Ориолдің шығармашылығы - акробат, эквилибрист, клоун.

      4-бөлім. Русьтегі цирк өнерінің қайнар көзі және дамуы.

      1-тақырып. Русьтегі сайқымазақтар. Сайқымазақтар – Ежелгі Русьтің алғашқы кәсіби әртістері (11 ғасырдан). Олардың сахналық көрінісіндегі түрлi ала-құлалық - әншiлер, әзiлқойлар, музыканттар, орындаушылар, үйретушiлер, акробаттар. Масқарапаз және 15-17 ғасырлардағы олардың даңқтылығы. Халық өнерін мемлекет пен шіркеудің құғындауы. (1648 жыл).

      2-тақырып. Ресейдегі халық серуені мен балагандар. Халық серуендерде ұсыныстардағы сайқымазақтар дәстүрі. Халық театрлары, балагандар мен жәрмеңкелік көңіл көтерулердің кең дамуы. Халық серуендеріндегі цирктік қойылымдар. Қылжақ қойылымдарда цирк нөмiрлерi. "Ақсақал"– шақырушылар, карусельдік "аталар" репертуарының цирк комиктеріне әсері. Орыс қылжақ күлдiргiштерiн пайда болу. Олардың көкейтестi репертуары. Қылжақтық қойылымдардағы орыс цирк өнерiнiң озық дәстүрлерiн қалыптастыру. Орыс әртiстерiнің кәсiби шеберлiктері.

      3-тақырып. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі ат циркі. Кезеңнің сипаты. Ресейдегі ат жанрының дамуы. Шабандоз, шабандоздар, жiгiттер, атпен өнер көрсететтін акробаттар. Шетел цирктерінiң гастрольдері. Оларды орыс білім алушыларының құрамына енгізу. Симеон көпiрiндегі бiрiншi стационарлық театр - цирк (Петербург, 1827). Оның бағдарламасы. Олимпияда циркінің бағдарламасы А.Гверра (Петербург, 1845), Ж. Лежара және П. Кюзана циркі (Петербург,1846). (Петербург, 1847) император театр әкiмшiлiгiнің циркі. Оның бағдарламасы.

      4-тақырып. Чинизеллийдің циркі. Стационарлық цирктердiң құрылуы. Г.Чинизелли циркі. (Петербург, 1877) Г.Чинизеллидің пантомимасы. Батыс еуропалық цирк дәстүрлерiне елiктеу. Ұлттық дәстүрлерден айырылу. Чинизелли циркінің репертуары: ағайынды Чинизеллилер (ағайынды Прайс және тағы басқалар) күлдiргiштер, (Томсон және тағы басқалар) дерессировщики, (Пончарилло турнистері және тағы басқалар) гимнаст атты нөмiрi, атты және су пантомималары.

      5-тақырып. Саламонскийдің циркі. А. Саламонскийдің циркі (Москва, 1880). Чинизелли және А. Саломонскийдің циркінің ұқсастықтары мен айырмашылығы. Мәскеулiк цирктiң демократиялық әлеуметке бағдары. А.Саламонскийдің цирктік репертуары: жылқы нөмiрлері, күлдiргiш - ағайынды Дуровтар, Бим - Бом, Танти (Бедини), Альперов және тағы басқа шетел гастролерлері – Буффало Билл "Жабайы батыс" және тағы басқалар. Атты, су және балалары циркінің пантомималары А. Саламонский.

      6-тақырып. Ағайынды Никитиндер циркі. Ағайынды Никитиндердің "Орыс циркі" (1873 (Осы цирк бағдарламасында орыс әртiстерiнiң жетiстiктерiн көрсету). Демократиялық аудиторияға цирк бағдарламаларын бағдарлау. Орыс сюжеттерiне спектакльдер. Цирк пантомималарындағы ерлiк-романтиялық бейне және халық қаhармандарының бейнелері. Алдыңғы қатарлы халық дәстүрлерін сақтау және дамыту үшін орыс әртiстерiнің күресі.

      5-бөлім. Қазақстандағы циркі. Қазақ циркі, Алматы циркі, Қарағанды циркі тарихының айтулы күндері, "Астана циркі" пайда болуының тарихы, Шымкент қаласындағы жаңа цирк.

      6-бөлім. Цирк жанрлары – ерекшеліктері, тарихы, атақты есімдер.

      1-тақырып. "Акробатика" жанры. Ерекшелігі. Акробатика – цирк өнердiң негiзгi жанрларының бiрi (гректің akrobateo - аяқтың ұштарында жүру, үстiне өрмелеу) (32 жанр асты: партерлік, секiру, лақтыратын тақтайшалар, икар ойындары, батуттағы, қарқынды және каскадты, атты, әуе секiрiстер және тағы басқалар).

      2-тақырып. Тарихы. Египеттің қашап жасалынған суреттері (біздің эрамызға дейін 1150 дейiн). Бұқалармен акробаттық ойындар (Кносс сарайының фрескалары). Грек тарихшысы Ксенофонт (біздің эрамызға дейін 430-354 дейiн) сиракуз бишiсi туралы. Орта ғасырлық акробаттар өнері (Амбаузедегі Сен-Дени шіркеуіндегі 12-14 ғасырларда бейнелер, "Александр туралы роман" кітабындағы суреттерге арналған); Венециядағы 18 ғасырда Қайта өрлеу дәуіріндегі "тірі архитектура" байқаулары.

      3-тақырып. Әйгілі есімдер.И. Сосин – рондат-флик-фляк-партердегі артқы екі еселенген сальто секiруін әлемде бірінші орындаушы(1888), партерлік секіруді орындаушылар - Д. Маслюков, В. Довейко - И. Үлкен Федосов және тағы басқалар; Крафт – ағайынды Яловтар, Касеев және Манасарян, Лавин және Канарский; вольтижді - Фоменко, Шемшур тобы және тағы басқалар; икарийлік ойындар - Рисли Ричард (1843 жыл), Плинер, Ушаковтар.

      4-тақырып. "Атлетика" жанры. 1. Ерекшелігі. Атлетика – көркемдік пішіндегі адамның бірегей дене күшін көрсетуіндегі цирк өнерінің жанры (гректік athletikos - өзiндiк күрескерлерге тән) (3 жанр асты: күштік жонглерлер, атлеттер, күрес).

      5-тақырып. Тарихы – антикалық әлем мифологиясындағы атлеттер: Геракл, Ахилл, Тезей және тағы басқалар. Ежелгі Грекияның олимпиадалық ойындары. Ежелгi Рим монеталарында атлеттердiң бейнесi. Балаган сахналарындағы атлетика (18-19 ғасырларда).

      Дәрігер В. Краевский - Петербургте атлетика әуесқойларының үйірмелерін ұйымдастырушы (1885жыл).

      6-тақырып. Көрнекті есімдер.Эккенберг - Ресейге 1-шi Петр арқылы шақырылған алғашқы атлеттердің бiрi; күштi палуандар - орыс П.Ступин, атлет - әйел - Сандвина, Баланотти; крафт - жонглер - немiс Раппо, орыс - Крылов, ағайынды Нелиповичтер, Жеребцов, Херц, Новак, Дикуль, Анохин және тағы басқа; күрескерлер - Поддубный, Зайкин, Шемякин, Крылов, (Дядя Ваня) Лебедев және тағы басқалар.

      7-тақырып. "Гимнастика" жанры. Ерекшеліктер.Гимнастика – (грек. gymnastike, gumnazo– жаттығып, жатықтырамын, сонымен бiрге gumnas жалаңаштанған) арнаулы снарядтарда жаттығуларды көрсетілімі бар цирк жанры және (20 жанр асты - желбiршек (партер) турниктер, сақиналар, (әуе) ұмтылыс, трапецияда, корд де воланда және тағы басқалар).

      Тарихы. Өте көне замандағы ежелгі Қытай, Мысыр, Парсы гимнастика элементтері. Ежелгі Грекиядағы гимнасия және палестра. Ежелгі Рим циркуляторлары (пентарион снаряды). Гимнастиканың дамуында Швецияның және Германияның қосқан үлесі. Петербургтегі бiрiншi гимнастикалық үйiрме (1863 ). Париждың қала маңындағы Венсеннедегі гимнастардың бiрiншi халықаралық байқауы-(1900 ).

      Көрнекті есімдер. Леотар (1838-1861). Конев. Лозовик. Николаевтер. Бессараб. Леонтьев. Р. Немчинская. В. Суркова және тағы басқалар.

      8-тақырып. "Дрессура" жанры. Ерекшілігі.Дрессура – (француз тілінде drеsser – оқыту, үйрету) цирк өнерінің жанры, ол жануарларды қолға үйрету және көпшілікте, манежде, көрнекті алаңда өнер көрсетуден тұрады. (11 жанр астында– атты, ұсақ жануарлар, ірі жануарлар, жыртқыш аңдар, құстар және тағы басқалар). Жаттықтырудың үш әдісі (жабайы, ауыртпа, жұмсақ).

      Тарихы. Ежелгі (Египет, Грекия, Рим, Византия,Үндістан, Қытай) дрессурасы. Орта ғасырлық гистриондардың жануарлармен қойылымдары. 16 ғасырдағы Ресейдегі аюды жетектеп жүрушілер. Дрессураның бастаулары бұл дербес цирк жанры - 16 ғасыр ортасынан- 18ғасырларда атты - акробаттық кезбе топтар. Жиhангез жануарлар (18 ғасырдың 2-шi жартысы).

      Көрнекті есімдер. Француз А.Мартэн - цирк аңдарын алғашқы үйретушілерінің бірі (1831- "Майсур арыстаны" нөмiрі). Немiс кәсiпкерлерi Гагенбек ағайынды - хайуанхананың иелерi, жинамалы жасушаны құрушы және аралас дрессура (1890).

      Орыс циркiнiң пионерлерi – ағайынды Дуровтар. Жыртқыш аңдарды үйретушілер - Н. Гладильщиков, Б. Эдер, М. Назарова. А И. Бугримов, В. және Л. Шевченко, М.Запашный; аюлармен - В. Филатов "Аю циркі"; (ит) ұсақ - Ермаков "Ит мектебi", А. Попов "Айболит дәрігердің қабылдауында"; (мысықтар) – Ю. Куклачев және т.б.

      9-тақырып. "Жонглерлік ету" жанры. Ерекшелігі. Жонглерлік ету - белгiлi ырғақта әр түрлі заттарды икемдiлiкте жоғары лақтыруға негiзделген цирк жанры (орта ғасырлық Францияда - өтiрiкшi, бишi, ақын, акробат, арқан бишiсi француз тілінде - jongleur - қыдырма) және (6 жанр асты - жеке, топты, атпен, антипод, хулахуп, дьяболо) түрлi бұйымдарды қағып алу.

      Тарихы. Бедерлi бейнелер және Ежелгi Мысыр, Грекия, Рим, Қытай, Жапония әдебиетіндегі ескерпелер. Салонды және эксцентрикалық жонглерлік ету (19-20 ғасыслар). Сюжеттiк көрiнiстер және "үшпәндік".

      Атақты есімдер. Энрико Растелли (1896-1931) - қақпақыл iстеуде классикалық бағыттың негiзiн салушы. С. Игнатов - "Гинесстың рекордтар" кiтабына енетін 11 сақиналарымен бiрiншi қақпақыл (1978) орындаушы.Труцци, Никольский, Кисс, Ширай, Аберт, Биляуэр, Гато және тағы басқалар.

      10-тақырып "|Иллюзия" жанры.Ерекшелігі. Алдамшы көрiнiс (иллюзия) - (латын тілінен – шаillusio адасу, алдау) негізгі көрнекілік құралы барлық құпиялығына қарамастан шындық әсерін қалдыратын фокус болып табылатын цирк жанры (2 жанр асты – қимыл және иллюзионизм).

      Иллюзионизм - арнаулы аппаратураны қолдануға негiзделген фокустердi көрсету. Қимыл (манипуляция) - (қолдар, саусақтар) қолдың ептiлiгiнде көбiнесе негiзделген фокустердiң көрсетуi (француз "manipulation", латынша "manipulus" - уыс, manus қол). Қимылдың бұрынғы атауы - (итальян сөзі presto шапшаң және digito саусақ) престидижитация.

      Тарихы. Алдамшы көрiнiстiң бастаулары - Ежелгі Сирия, Ежелгi Мысыр, Византия абыздарының "ғажаптары". "Ежелгі Грекияда "Тавматургия". Орта ғасырлық гистриондардың фокустерi. Иллюзия жасайтын ұсынулары тетiктердi қолданып - 18-шi соңы- 19ғасырдың басы). Ескі цирктің иллюзиондық нөмірлері – таңғанарлық-жарнамалық; факир және егов нөмірлері. Ежелгi Мысырдың манипуляторлары. Жәрмеңкелердегi және балагандарда сахналық қойылымдары (18-19ғасырлар).

      Атақты есімдер.Кулибин –иллюзия көрінісітері өнертапқышы (1770); Гудини– ұлы босату шебері (20 ғасырдың басы); үндi факирлары және мысыр жадыгөйлерi - Әли, Д. Лонго және тағы басқа.

      Әртiс - гипнотизер Орнальдо (Смирнов) Ленинградта иллюзия театрын ұйымдастырушы (1935 ). Иллюзионистер және олардың сюжеттiк қойылымдары - О. Ратиани, үлкен Э. Кио және оның ұлдары, А.Сокол, И. Симвалоков және тағы басқалар.

      Ресейде шетелдiк гастролерлер - Апфельбаум, Боско, Герман және тағы басқалар. 19 ғасырдың басы 20 ғасырдың соңындағы орыс манипуляторлары: Леони (Ларионов), Гарди (Иванов), В.Иванов және Г.Иванов, Казини (Казюков ), Пассо, Ю. Писаренко және тағы басқалар.

      11-тақырып. "Клоунада" жанры. Ерекшілігі. Клоунада:1.Буффонада тәсiлдерi, эксцентриктер, пародия, гротеск салынған нөмiрлермен әртiстердi күлкiлi бетперде-бейнелерде сахнаға шығуына негiзделген цирк жанры.

      2. Клоун көрiнiсiнiң атауы (бұрын қабылданған антре орынына).

      Тарихы."Друри - Лейн, "Ковент-Гарден" (1700) және тағы басқа лондондық күлдіргі-фарстық тестр сахналарында сахналық өнер ретінде клоундық түрдің пайда болуы. Клоунада Август (Сары) және Ақ клоундық жұбының және Август (Сары) амплуасының пайда болумен (1830) жанрдың пайда болуы; Халықтық серуендер – русьтегі клоунада өнерінің бастауында; Масқарапаздар, потешниктер-балагурлер, қуақылардың шығармашылығындағы клоунада. Фарс және балагандар (19 ғасыр "арлекиндер") халық театрларының сатиралық көрiнiстерi. Әйгiлi кинокомиктердiң қалқаларына клоундардың ең танымал жүгiнулері - Чарли Чаплин, Гарольд Ллойд, Пат және Паташон. Жаңа реалистiк (кеңестік) клоундары (1930-шi басы). Тақырыптық спектакльдерді құру – (Попов - "Күлкiмен ем", Енгибаров - "Мимның таң қаларлық әрекеттері"). Театрлық клоунаданы тарату – ("Қуақылар", "Бетперделер" және тағы басқалары – 1960жыл).

      Атақты есімдер: Театралдық сайқымазақтар шығармашылығы Гримальди және Дебюро (17 ғасырдың соңы 18 ғасырдың басы).Алғашқы Августер – Беллинг, Гюйон, Чедвик. Париждік Жаңа цирк труппасындағы алғашқы жұп (Ақ Август) сайқымазақ труппасындағы Футтит және Шоколад. Орыс клоундары шығармашылығындағы сайқымазақтар және шуттардың сатирикалық дәстүрлері – ағайынды А. және В.Дуровтар, С.Альперова, Бим-Бом дуэті, В.Лазаренко және тағы басқалар. Кеңес циркінің сайқымазақтары – (соло) Алексеев, Карандаш, Берман, Вяткин, Мусин, О.Попов және тағы басқалар; (жұп және топтар) – Никулин және Шуйдин, "Арбат жігіттері" және тағы басқалар.Клоундар-мимдер –Енгибаров, Ротман және Маковский, Николаев басқалары.Қазіргі заманымыздың буффонад клоундар – Мик и Мак, Шелковниковы, "А" тобы, Долли және Домино және тағы басқа.

      12-тақырып. Жанр "эквилибр". Ерекшелігі.Эквилибр негiзгi цирк жанрларының (латын тілінен aeguilibris - тепе-теңдiкте тұрған деген сөз) бiрi. Әртістердің жеке және топтық қойылымдарын бiрiктiредi, жердегі орнықсыз жағдайды және әртүрлі снарядтардағы дене тепе-теңдiгін сақтауды көрсететiн өнер.

      Тарихы. Ежелгi Шығыс спорттық жарыстарында, халықтық ойындарда, қолөнершіліктегі (жемістерді жинаушылардағы ұзын сырық), Ежелгi Қытай (арқанда ұста шебері шәкірттерінің ойыны), Ежелгі Грекиядағы (сиракуз эквилибрисi) эквилибр жанрының туу. Антикалық әртістердің шығармашылығындағы суреттер мен кітаптар (Ксенофонт, Аристофан) Киевтегі София соборындағы фрескадағы бейнелер (11ғасыр).

      Жәрмеңкелiк әртiстер, шетел гастролерлердiң шығармашылығында эквилибрдiң жанрларының қалыптастыруы (18ғасырдың басы 19ғасырдың соңы).

      Атақты есімдер: Атақты арқанмен жүрушiлер Блонден және Молодцов шығармашылығы, эквилибристер Л. Осинский және В.Волжанский.Ресейлiк эквилибристер: М. Егоров, В. Яковлев және тағы басқалар (қол өнері); С. Черных, П. Лаврик және тағы басқа (орауыштарда); Манукян, Франузовтар, Костюк, Сарач және тағы басқа (сым темірлерде).

      13-тақырып. Цирк пантомимасы. Ерекшелігі. Пантомима (грек сөз pantomimos барлығын елiктеу арқылы елестетумен көрсетуші). Цирк миниатюрасы (немесе аз сөздермен), соло немесе әртiстер тобымен мәтiнсiз орындалатын. Қойылымның негiзiнде тақырыптық сюжеттiк цирктік спектакль, цирк және театр көркемділігі құралдарымен шешiмі табылған қойылым.

      7-бөлім. "Шетел цирктері" – педагог таңдауы бойынша.

      38. 8-9 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8-9 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) эстетикалық көзқарасты, көркемдік талғамды қалыптастыруға, цирк өнеріне деген қызығушылықты оятуға бағытталған цирк өнері туралы қалыптасқан білім кешені бар;

      2) цирк терминдерін, цирк өнері саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттарды, мәдениет жүйесіндегі цирк өнерінің рөлі мен мәнін, цирк өнері жанрының пайда болу тарихын, цирк жанрларын және олардың өнердің басқа түрлерінде қолдануды біледі;

      3) отандық және шетелдік цирк өнерінің басқа өнердің түрлірімен байланыса отырып дамуының негізгі тарихи даму кезеңдерін, цирк жанрларының ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктерін біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      39. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы және техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      40. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 8 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жеке тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру), екінші жартыжылдықта: сынақ (эссе, презентация, реферат, шығармашылық жоба).

      2) 9 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жеке тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру), екінші жартыжылдықта: сынақ (эссе, презентация, реферат, шығармашылық жоба).

      41. Цирк өнері біліміне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен құралады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) эстрадалық – цирк өнерінің түрлері мен жанрларына байланысты негізгі түсініктерді біледі;

      2) ерекшелігін, түрлері мен жанрларын анықтайтын типтік сипаттамаларды біледі;

      3) қазіргі заманғы мәдениеттегі эстрадалық-цирк өнерінің өзіндік түрлері мен жанрлық айырмашылықтарын анықтай алады;

      4) ұлттық мәдениеттегі эстрадалық-цирк өнерінің өзіндік түрлері мен жанрлық айырмашылықтарын біледі;

      5) атақты цирк әртістерінің өмiрлiк және шығармашылық жолдарын біледі.

      42. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – жоспары бойынша кіріспе, негізгі материалы, қорытындысы қамтылып, кең ауқымды, толық жауап, материал толық көлемде меңгерілген, қисынды жеткізілген, қосымша сұрақтарды талап етпейді, қорытындысы теориялық білімге негізделген, дәлелді, әдеби тілдің нормалары;

      2) "4" "жақсы" бағасы – негізгі материалды жеткізудің жоспары сақталған, біршама қателерімен немесе бір маңызды қатесі бар, ең ауқымды, толық ауызша жауап, әдеби тілмен, сәл стильдік қателерімен жеткізілген;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – өз бетінше жеткізілмеуі, жүйеленбеген және ретсіз, маңызды қателері бар, оның ішінде қорытындысында да қтелер жіберілген;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – материалдың негізгі мазмұны ашылмаған;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 27-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Тарихи-тұрмыстық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Тарихи-тұрмыстық би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Тарихи-тұрмыстық би" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) бал биі – кейбірінің халықтық бастауы бар түрлі жұптық билер тобы;

      2) бидің суреті – би композициясының құрамдас бөлігі, сахна алаңында билеушілердің орналасуы және ауысуы;

      3) бранль – тез қимылдармен, кейде әнмен сүйемелденетін, әр шумақтан кейін қайталанатын қайырмасымен орындалатын, ескі француздық халық шеңбер (хормен жүру) биі;

      4) вариация – бір немесе бірнеше орындаушыға арналған, қысқа, бірақ аяқталған асқан шебер би, pas de deux, pas de trois, grand pas бөлігі болып табылады;

      5) галоп – шапшаң, секірмелі қимылдармен орындалатын он сегізінші ғасырдың бал биі;

      6) голубец – "Краковяк", "Мазурка" бал билеріндегі ер адамның қимылы, ауада өкше мен өкшені соғумен сүйемелденетін тірек аяғымен шетке секіруді білдіреді;

      7) кадриль – контрданстың түрі, он сегізінші ғасырдың аяғында пайда болған;

      8) контрданс – ағылшын және француз халық биінің алғашқы түрлерінің бірі;

      9) мазурка – поляк халық биі;

      10) менуэт – старинный народный французский грациозный танец, названный так вследствие своих мелких шажков на низких полупальцах, па меню (pas menus [пас минус]);

      11) монтаньяр – он сегізінші ғасырдағы француз қоғамдық биі, биге саппен құралған сегіз не одан көп жұп қатысады;

      12) павана – салтанатты баяу би, Еуропада он алтыншы ғасырда таралған, он бесінші ғасырда атақты болған бас-данс биінің орнына келген;

      13) падеграс – орыс жұптық бал биі, "гавот" француз биінің музыкалық негізінде он тоғызыншы ғасырдың аяғында Ресейде пайда болған;

      14) падепатинер – бекітілген композициядағы орыс жұптық бал биі;

      15) пластикалық сөйлеу – бейнені көрсететін музыкадан туындаған адам денесінің кез келген қимылы;

      16) полонез – бір қалыпты қарқындағы салтанатты поляк би-шеруі;

      17) романеска – үш үлесті метрде испания және италия би музыкасының жанры;

      18) сюита – аспаптық музыкадағы кезеңдік түрдегі негізгі түрлерінің бірі, театралдық қойылымдарға, опера мен балетке арналған музыкадан құралған;

      19) тарихи билер – қазіргі уақытта орындалатын өткен дәуірлердегі билердің жалпы аталуы;

      20) chaîne [чайн] – он сезінші - он тоғызыншы ғасырлардағы бал биіндегі топтық фигураны көрсету;

      21) coup de talon [купе де талон] – "Мазурка" бал биінің қимылы, қадам-секіру мен өкшемен өкшеге екпінді соғу, қадамның бағытымен басты еңселі бұрумен орындалады;

      22) grand [гранд] – grand plié [гранд плие], grand pirouette [гранд пируэт], grand battement jeté [гранд батман жете], grand pas sauté [гранд па соте], grand pas de chat [гранд па шат] және тағы басқа орындау кезінде барынша амплитуданы білдіретін приставка;

      23) grand pas [гранд па] – классикалық мұрадағы балеттерде күрделі музыкалық-хореографиялық түр;

      24) dos a dos [дос а дос] – бір бірінен 2 тактке вальстік айналым;

      25) pas [па] – би, аяқталған би фразасы, қиысуы немесе толық хореографиялық композициядан тұратын қимылдар, қадам, лейтмотив;

      26) pas boiteux [па бойтекс] – бос аяқты алдыға шығарумен екпінді қадамның негізі қойылған он сезінші - он тоғызыншы ғасырлардағы бал биіндегі қимылдар;

      27) pas chassé [па шаж] – алдымен үшінші, одан кейін келесі қимылды басқа аяқтан бастау үшін бірінші позиция қос pas glissé;

      28) pas coupé [па купе] – он сезінші - он тоғызыншы ғасырлардағы бал биінің элементтері, би қимылын орындау алдындағы көмекші қадамды білдіреді, бұл атауға бос аяқты ауаға шығарудан ие болған;

      29) pas de bourrée [па де бурре] – буре биінің қимылы; әйелдің қимылы, жартылай саусақтарда тұрған аяқты бірізді аздап жүгірту немесе бір орында аяқты ауыстырмай бесінші позицияда саусақтармен өзін (en tournant) айнала не болмаса алдыға, шетке не артқа жылжу;

      30) pas de basque [па де баскю] – аяқтан-аяққа секіру;

      31) port de bras [пор де бра] – басты бұру немесе ию (arrondi [арронди]) немесе ұзартылған (allonge [аллонж]) арқылы, сондай-ақ денені еңкейтумен жасалатын қайталанған немесе ұзартылған негізгі қалыптар арқылы қолдың дұрыс өтуі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: тарихи-тұрмыстық биді үйрету барысында білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Білім беру:

      1) тарихи-тұрмыстық бимен танысу;

      2) әр түрлі дәуірлер мен стильдердегі билерді орындау техникасы мен мәнерін иелену;

      3) тарихи-тұрмыстық биді игеруге қажетті музыкалық сауаттылықты меңгеру;

      4) музыкалық-пластикалық сөйлеу дағдысын меңгеру;

      5) соло, жұпта және ансамбльде биді орындай білуді меңгеру.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық және хореографиялық есте сақтауын дамыту;

      2) қозғалу дағдыларын, қозғалыстағы әсемділік, би-ырғақтық үйлестіру мен мәнерлілікті қалыптастыру;

      3) түрлі сипаттағы, түрлі жанрдағы, түрлі деңгейдегі техникалық қиындықтағы би материалын орындауға білім алушылардың қозғалыс аппаратын дамыту;

      4) ансамбль сезімін (серіктестікті сезіну), қозғалыс-бишілік қабілеттерін, әртістікті дамыту;

      5) хореография өнері саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық, эстетикалық талғамды, өнер мен әлеуметтік мәдениетке қызығушылығын тәрбиелеу;

      2) шығармашылық қызметке уәждемесін дамыту;

      3) өз бетінше және ұжымда жұмыс жасай білуді дамыту;

      4) шығармашылық қызмет пен жұрт алдында билеу тәжірибесін иелену.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Тарихи-тұрмыстық биге оқыту балалар өнер мектебінің хореография бөлімдерінде 6 сыныпта басталады. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйрықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Бағдарлама қимылдарды техникалық орындау және тарихи-тұрмыстық билерді қиыстыру дағдыларын меңгеруге тілек білдірген балаларға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама жеке, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың басты міндеттер жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл оқу барысында қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, хореографиямен қатынас формаларымен оқу мазмұнымен қарым-қатынаста жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      8. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілге, көркем-бейнелеп ойлауды дамытуға, техникалық қабілеттерді қалыптастыруға, орындаушылық техниканы және актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      9. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог классикалық, халық-сахналық билер мен ритмика бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып оқыту процесін құрады.

      10. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      11. Бағдарлама білім алушыларға соло, жұп және ансамбль бағдарламасында қарастырылған тарихи-тұрмыс би қимылдарын салыстыра, теңестіре және саналы орындай отырып, хореографиялық өнерді алдағы уақытта өз бетінше үйренуге көмектесетін білім, білік қорын алуға мүмкіндік береді.

      12. Бағдарлама би қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген.

      Педагог тарихи-тұрмыстық бидің түрлі стиліне, мәнері мен орындау техникасын меңгерудің қол жетімділігіне, жүйелілілгі мен бірізділігіне, балалардың хореографияға қызығушылығының оянуына ерекше көңіл аударады.

      13. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) тарихи-тұрмыстық би пластикасының негіздерін, француз кадрилі, классикалық менуэт, вальс-мазурка, полька, полонез сияқты би бағыттарының түрлі техникасы мен стильдерін меңгеруіне;

      2) білім алушының шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      14. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік пен қолжетімділік қағидасы оқу-тәрбиелік процестің заманауи педагогикалық және психологиялық ғылыми жетістіктері, хореографияның теориясы мен тарихы, музыкатану негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды бірізді қиындату, педагог дидактика ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құрылуын қажет етеді;

      2) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде жүйелілік қағидасы оқытудың барлық элементтердің байланысын – бір би мен бір бағыттағы би элементтерінің, билер мен жаттықтыру жаттығуларының және сол сияқты өзара қарым-қатынасын қалыптастыруды білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарас тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      18. "Тарихи-тұрмыстық би" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – би қозғалысын және бөліктерін сапалы көрсету, әйгілі бишілердің билерін бейнематериалдардан қарау, білім алушылардың жалпы деңгейін көтеру үшін концерттерге және спектакльдерге бару;

      3) практикалық – үлгіні қайталау және шығармашылық жаттығулары, шығарманы егжей-тегжейлі талдау және кейін бүтінді ұйымдастыру үшін жеке бөліктермен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді таңдау, көркемдік әсерлерді жасау.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, бишілік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылары балет станогында, гимнастикалық кілемшелерде және тағы басқада пысықталады;

      2) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету).

      22. Педагог Бағдарламаны іске асыру кезінде заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабаққа залдың ортасында ширату, би элементтері, би қозғалыстары, вариациялар енгізіледі.

      25. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады:

      1) техникамен, қимылды орындаудағы ырғақтық таратумен, оның физиологиялық ерекшеліктерімен танысу;

      2) қимылды зерделеу, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып, музыкамен сүемелдеу арқылы қимылдармен жұмыс.

      26. Сыныптан тыс жұмыстар үлгілерінің түрлері:

      1) өз бетінше сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сабақтарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтар мен емтихандарға дайындық;

      4) концерттерде, байқауларда өнер көрсетуге дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және басқаларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-танымдық іс-шараларға қатысу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Оқытудың бірінші жылына арналған Бағдарлама тарихи-тұрмыстық би элементтерін, бұл элементтерді біріктіретін кішігірім қиыстыруды, және француз кадрилі, менуэт, полонез, полька, қарапайым бранль, қос бранль, репризамен қос двойной, күлдіргі бранль, "Қоңырау шылдыры" бранлі сияқты қарапайым тұрмыстық билерді оқуды есепке ала отырып жасалған.

      35. Оқытудың екінші жылына арналған Бағдарлама тұрмыстық бидің дамуы туралы толық көріністі береді: орта ғасырдағы тұрмыстық билер, Қайта өркендеу дәуірінің тұрмыстық билері, он сегізінші - он тоғызыншы ғасырлардағы билер. Стилистикасы күрделі композициялар, "Крестьяндық бранль", "Павана", "Монтаньяр", "Классикалық менуэт", "Француз кадрилі", "Полонез", "Мазурка" билері білім алушылардан жоғары техникалық орындауды талап етеді.

      36. Педагог 11-15 жастағы балалардың жас және дене ерекшеліктерін есепке ала отырып, жүйелілік, көрнекілік сияқты оқу материалының мазмұнын таңдаудағы педагогикалық қағидаларды басшылыққа алып, тұрмыстық билердің кез келген қимылын техникалық орындауды таңдау үшін вариацияларды құрайды.

      37. Жүйелілілік қағидасы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда барлық элементтердің байланысын болжайды:

      1) бір би элементтері мен бір бағыттағы билердің, билер мен жаттықтыру жаттығулардың арасында өзара элементтерінің байланысы;

      2) оқыту әдістемесінің өзара байланысы (бөлек элементтерді оқытудан биге, биден би бағыттарына);

      3) оқу материалдары мен білім алушылардың жеке тәжірибесі арасындағы байланысты орнату;

      4) сабақтардың ұдайылығы және сабақ бөлімдерінің бекітілген бірізділігі (ширату, жаңа материалды үйрену, бұрын оқығанды қайталау);

      5) экзерсистер қимылдарының белгіленген бірізділігі;

      6) күш түсіруді демалыспен ауыстыру, биді орындаушыға қажетті барлық қабілеттерді біркелкі дамыту.

      38. "Тарихи-тұрмыстық би" пәнінің "Классикалық би", "Халық-сахналық би", "Ритмика", "Заманауи би", "Музыкалық сауаттылық және музыканы тыңдау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      39. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар тарихи-тұрмыстық бидің ерекшеліктерімен танысады, музыкалы-ырғақтық қызмет, тірек-қимыл аппаратын дамыту туралы білім алады, қарапайым техникалық және орындаушылық дағдыларын иеленеді, epaulement [эпольмент]: croise [круазе], efface [анфас] қалыптарын жаттайды;

      2) дене мен басты қою, басты бұру аяқ пен дене қимылын үйлестіруді оқиды; тарихи-тұрмыстық биде қолданылатын қолды қою мен аяқтың қалпы; аяқтың қалпы классикалыққа тән, бірақ аяқты сәл бұратын бірінші, екінші, үшінші, төртінші позициялар қолданылады;

      3) би элементтері, тарихи-тұрмыстық бидің композициялары, қолдың түрлі қалыптарымен басты бұру және ию арқылы айналмалы қозғалыстармен рas chasse [па шаж], рas balance [па балансе], pas de basque [па де баскю] орындау үйретіледі;

      4) "би сызығы бойынша бетпен", "айқастырылған қолдар", "визави", "визави" (екінші нұсқасы) қалыптары, тұрмыстық (қарапайым қадам, өкшеден ұшқа аяқты қою), жеңіл (немесе би) қадамдары жатталады; қадамдар түрлі музыкалық мөлшерлерде орындалады (2/4 кезінде — қимыл әр жартыға, 3/4 кезінде — қимыл бір такті алады, 4/4 кезінде — актіде екі қимыл);

      5) бидің қарапайым элементтері орындалады: полонез, падеграс, полька, тарихи-тұрмыстық биге тән музыкалық қимылдарды, композицияларды орындауға, орындау мәнерін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді;

      6) білім алушылар француз кадрилін, менуэт, полонез, полька, қарапайым бранль, қос бранль, репризамен қос бранль, көңілді бранль, "Қоңырау сыңғыры" бранлін меңгереді.

      40. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Халық мерекелері – тұрмыстық би мәдениетінің көзі. Тұрмыстық би мәдениетінің дамуы. Он бесінші - он алтыншы ғасырлардағы би мәдениеті. Тарихи бидің бастауы. Тарихи-тұрмыстық би негізін зерттеу. Тарихи-тұрмыстық бидің дамуы. "Тарихи би", "тұрмыстық би", "бал биі", "тарихи-тұрмыстық би" түсінігі.

      2-тақырып. Тарихи-тұрмыстық бидің негіздері. Билердің тарихы. Бидегі бағыт. Би суреттері. Биді орындау бейнесі мен мәнері. Музыкалық сүйемелдеудің рөлі. Музыкалық есеп пен ырғақ. Би сызығы. Бал этикеті. Тарихи-тұрмыстық бидің негізгі қимылдары мен мүсіндерін көрсету және үйрену.

      3-тақырып. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы.

      4-тақырып. Қол мен аяқтың қалпы. Жаттауға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Би қадамдары және жолдар. Қадамдар: тұрмыстық, би, жеңіл, сырғымалы.

      6-тақырып. Түрлі музыкалық мөлшердегі, қарқын мен ырғақтағы қадамдарды үйрену.

      7-тақырып. Соло мен жұптағы port de bras [пор де бра] түрлері (4/4 және 3/4).

      8-тақырып. Иілу мен реверанстар. 4/4, 2/4 және 3/4 ұлдар мен қыздар үшін иілу мен реверанстар.

      9-тақырып. 2/4 бірінші және үшінші позиция бойынша pas glissé [па глиссе] сырғымалы қадамы.

      10-тақырып. Қос сырғымалы pas chassé [па шаж] қадамы.

      11-тақырып. Шоқырақ (галоп).

      12-тақырып. Қырымен көтермелі қадам (pas elevé [па эльве]).

      13-тақырып. Pas chassé [па шаж] (оңға және солға айналумен) мен double chassé [дабл шаж] бірінші, екінші, үшінші, төртінші формалар.

      14-тақырып. Pas balancé [па балансе]. Орнында тұрып pas balancé [па балансе]. Кішігірім алдыға және артқа қозғалумен pas balancé [па балансе]. 90° және 180° айналумен Pas balancé [па балансе].

      15-тақырып. Pas dégagé [па дегаже]. Француз кадрилі (бірінші мүсін). 2/4 француз кадрилі үшін иілу және реверанстар.

      16-тақырып. Он бесінші ғасырдағы менуэт. Жұптағы қалып. Рas menuet [па менуэт] негізгі қадамы. Рas balancé [па балансе] – менуэт. Рas grave [па грав]. Рas menuet-pas de bourree [па менуэт-па де бурре]. Орындау мәнері.

      17-тақырып. Полонез. Рas [па] полонеза. Жұппен шеңбер бойынша. Би этюдтерінің қарапайым суреттері.

      18-тақырып. Полька. Орнында тұрып алдыға және артқа полькадағы рas [па]. 90° и 180° айналыммен орындағы полькадағы рas [па] (оң және сол жаққа).

      19-тақырып. Алға және артқа қозғалумен полькадағы рas [па].

      20-тақырып. Полькадағы бір қырын рas [па]. Шеңбер бойынша айналу арқылы полькадағы pas.

      21-тақырып. Польканың қарапайым комбинациялары.

      22-тақырып. Жұпта шеңбер бойынша айналу арқылы полькадағы pas [па].

      23-тақырып. Pas glissé [па глиссе], галоп, қадамдар, иілулер, түрлі port de bras [пор де бра] қолдану арқылы польканың күрделенген композициясы.

      24-тақырып. Вальс. Сызық бойынша алдыға және артқа вальстағы Рas [па].

      25-тақырып. Pas balancé [па балансе] комбинациясындағы алдыға және артқа вальстағы Рas [па].

      26-тақырып. Port de bras [пор де бра] қолданумен алдыға вальстағы рas [па].

      27-тақырып. Соло шеңбері бойынша айналумен вальстағы рas [па].

      28-тақырып. Вальс жолы – алдыға және артқа қозғалу арқылы вальс.

      29-тақырып. Вальстың қарапайым комбинациясы. Жұпта шеңбер бойынша оңға айналу арқылы вальстағы үш pas [па].

      30-тақырып. Солға айналу арқылы вальстағы үш pas [па]: сызық және соло шеңбері бойынша.

      31-тақырып. Жұпта шеңбер бойынша вальс.

      32-тақырып. Pas balancé-пен [па балансе] байланыстағы вальс.

      33-тақырып. Бір орында тұрып вальстағы рas [па].

      34-тақырып. Бақылау күрделендірілген вальс суреттері.

      35-тақырып. 16 ғасыр. Ханымның реверансы және кавалердің салют-иілуі. Ханымның қолды қоюы. Кавалердің қолдың қоюы.

      36-тақырып. Қарапайым бранль. Музыкалық өлшем – 2/4. Жұптық би. Төрт такт. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың позициясы. Аяқтар I айналмайтын позицияда. Такттарды жаттау. Сол аяқпен алға қадам. Оң аяқ сол аяққа жақын қойылады. Оң аяқпен алға қадам. Сол аяқ оң аяққа жақын қойылады.

      37-тақырып. Қос бранль. Музыкалық өлшем – 2/4. Жұптық би. Такт. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың позициясы. Такттарды жаттау. Сол аяқпен қадам. Оң аяқпен қадам. Сол аяқпен қадам. Оң аяқты сол аяққа.

      38-тақырып. Репризамен қос бранль. Музыкалық өлшем – 2/4. Жұптық би. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың позициясы. Такттарды жаттау. Түрлі нұсқадағы бранльдердің қос және қарапайым қимылдардың элементтері. Төртінші ауадағы позицияда еденге өкшемен соққы арқылы бос аяқты алға шығару. Алақанды соғу.

      39-тақырып. Көңілді бранль. Музыкалық өлшем – 2/4. Бірқалыпты жылдам қарқында. Жұптық би. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың позициясы. Такттарды жаттау. Оң аяқпен оңға қарай қадам. Төртінші ауадағы позицияда оң аяқта бір уақытта секірумен сол аяқты алдыға шығару. Оң аяқты еденге түсіру, сол аяқ төртінші ауа позициясында. Екінші такт: "бір" дегенде сол аяқпен солға қадам, "екі" дегенде оң аяқ төртінші ауадағы позицияға шығарылады, сол аяқ еденде. "Үш" дегенде оң аяқ сол аяққа. Сол аяқпен қимылдардың қайталануы.

      40-тақырып. "Қоңырау сыңғырлауы" бранлі. Ескі француз бранлі. Жұптық би. Музыкалық өлшем – 2/4. Биді қоңырау сыңғырлауын еліктіретін ырғақтық қолдың соққысымен, еденге жігерлі соққылармен сүйемелдеу. Қолды қою. Қарапайым қадамнан секіруге дейінгі бидің қимылдары.

      Музыка А. 1 – 8 тактілер. Шеңбер қимылын солға, сол аяқпен позиция. Сегізінші тактің соңында бозбалалармен ішкі шеңбердің пайда болуы. Қыздармен ішкі шеңбердің пайда болуы. Бишілер позициясы.

      Музыка В. Төрт такт. Balancé [балансе]: бозбалар оңға, қыздар солға. Оң аяқтан бастап бір орындағы шеңбер. Вran' [бран].

      Музыка А. 2 такт. Қыздар: үш рет алақанмен соғу, екінші тактің екінші жартысында – үзіліс. Бозбалалар: үш рет оң аяқпен еденді ұру, екінші тактің екінші шеңберінде – үзіліс.

      4 такта. Бозбалалардың қыздарға өтуі, қимылды сол аяқтан бастап секіру арқылы қарапайым қадам.

      Музыка В. 4 такт. Төрт balancé [балансе] қайталануы. 4 такт. Қолды қою, оң аяқтан бастап, бір орнында оңға шеңберді орындау.

      41. 6 сыныптағы Бағдарламаны меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "тарихи би", "тұрмыстық би", "бал биі", "тарихи-тұрмыстық би" түсініктерін біледі;

      2) суреттерді, бидің сызығын, тарихи-тұрмыстық биді орындаудағы бейне мен мәнерді біледі;

      3) музыкалық ырғақпен өзінің іс-әрекеттерін дұрыс үйлестіре біледі;

      4) би музыкасының әуенін саналы және шығармашылықпен қабылдайды;

      5) әуеннің тақырыбын қабылдауын әсем жеткізе алады;

      6) тарихи-тұрмыстық бидің негізгі қимылдарын, мүсіндерін біледі және орындай алады;

      7) аяқтың, дененің және бастың қимылдарын бірқалыпты және жылдам қарқында үйлестіре алады;

      8) бидің көркемдігін орындаушылық құралдарын біледі (қолдың, қалыптардың сәнділігі);

      9) жұпта билерді орындайды: француз кадрилі, менуэт, полонез, полька, қарапайым бранль, қос бранль, репризамен қос бранль, көңілді бранль, бранль "Қоңыраудың сыңғырлауы".

      42. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бірінші оқу жылында алған білім мен дағдылары бекітіледі, тарихи-тұрмыстық бидің элементтерін одан әрі үйрену, бидегі жаңа мүсіндерді игерумен жұмыстар, үйлесуі бойынша күрделі қимылдарды саналы орындауды одан әрі дамыту (pas chass [па шаж], double pas chass [дабл па шаж] мүсіндері) жалғастырылады;

      2) орындауы бойынша күрделі қимылдарды оқу (айналумен қимылдар: шеңбер бойынша айналумен жұптық полькадағы pas [па], жұптық вальстағы оңға және солға pas [па]), pas chass [па шаж] түрлері;

      3) "Классикалық менуэт", "Полонез", "Француз кадрилі", "Вальс-мазурка" билерінің ерекшеліктерімен танысады, музыкалық-ырғақтық қызмет, тірек-қимыл аппараты туралы білімді алады, қарапайым техникалық және орындаушылық дағдыларын иеленеді, билеу элементтерін, композицияларды үйренеді;

      4) білім алушылар "Крестьяндық бранль", "Павана", "Монтаньяр", "Классикалық менуэт", "Француз кадрилі", "Полонез", "Мазурка" билерін меңгереді.

      43. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Крестьяндық бранль" композициясы. Жұптық би. Музыкалық өлшем – 2/4. Костюм. Биді орындау мәнері. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Тактілерді жаттау. Халық хореографиясына тән қимылдар мен қалыптар. Айналмайтын аяқтар, қарапайым қадам, денені бір жақтан екінші жаққа шайқау, серіктесін ауаға сәл көтеру.

      2-тақырып. Қайта өрлеу дәуіріндегі тарихи-тұрмыстық биі. Он төртінші-он бесінші ғасырлардағы билердің техникасы. Қол қимылдарын реттеусіз променадтық билер. Билер композициясы: иілулер, кіші қадамдардан қимылдар. Иілулер, сарай маңындағы этикет ретінде.

      Бассданстар – он бесінші - он алтыншы ғасырлардағы әйгілі билер. Реверанстар, иілулер, негізгі би мүсіндері ретінде. Бидің қалыптарынан негізделген қолдың таңдаулы суреттері. Менуэт.

      3-тақырып. Он жетінші ғасырдың билері. Билердің әлеуметтік, саясаттық рөлі. Куранттың алғашқы жалпы биі. Париждік би академиясын ұйымдастыру туралы жарлық (1661 жыл). Аллеманда, пассакалья, чакона, куранта, жига (немесе джига) билерін меңгеру. Жаңа билердің пайда болуы: ригодон, менуэт, гавот, англез, экосез, контрданс, буррэ, канари, сарабанда, паспье и кадриль.

      Сюита – лютняда орындалатын бірнеше түрлі сипаттағы бранльден тұратын топтама. Сюитаның би бөлімдері: аллеманда, куранта, сарабанда және жига. Бәсең, баяу және жылдам секіріп орындалатын билердің арасындағы кереғарлық қағидаты. Сюитаның билемейтін бөлімдері: прелюдия, ария, каприччио, рондо.

      Аллеманда, немістерден шыққан көне би, екі бөлімді өлшем, темпі қалыпты, әуені баяу, секірмей орындалатын би (Басс-Дансы). Бірінші бөлімінің музыкалық өлшемі (фортанц): 2/4 немесе 4/4, темпі қалыпты. Екінші бөлімі (нахтанц) 3/4 өлшемінде, жылдам темпте. Бидің қимылы: гру, қос бранль, конверсия, па сҰль, па шассе, иілулер, реверанстар.

      Пассакалья, көшеде шеруде жүру сипатындағы испандық қоғамдық би, музыкалық өлшемі – 3/4, темпі бәсең, салтанатты шеру сияқты қатарда тұрып топпен орындалады.

      Чакона, пассакалья сипатындағы еуропалық сарайлық бал биі, музыкалық өлшемі – 3/4, 3/2, темпі бәсең, залда жұппен, баяу, керемет және салтанатты қимылдармен орындалады.

      Куранта, түбі итальяндық биден шыққан, француздардың көне салтанатты биі. Қалыпты темпте 6/4 немесе 3/2 өлшемдерінде, қимылдары баяу және салтанатты, күрделі ритмикалық қатынастарда орындалады.

      Жига (джига), кельттерден шыққан жылдам биленетін көне британ биі, өте биік "жарты саусақтарда" орындалады, әдемі қимылдар, музыкалық өлшемі түрлеріне байланысты 3/8, 6/8, 9/8 немесе 12/8.

      Жига – ирланд билеріне негіз болатын би. Жиганың түрлері: сингл-джига, дабл-джига, требл-джига.

      Ригодон – екі бөліктен (2/2, Alla breve [алла бреве]) немесе төрт бөліктен құралған би. Көңілді сипаттағы би.

      Англез – ағылшын нұсқасындағы балдық би. Музыкалық өлшемі – 2/4. Темпі қалыпты жылдам. Жұптардың ұжымдық орындауы.

      Экосез – көне шотлан халық биі, музыкалық өлшемі 3/4, қалыпты темп.

      Канари – Франция мен Италияда кең таралған балдық және сахналық би. Музыкалық өлшемі 3/8, 6/8 немесе 3/4; темпі жылдам.

      Сарабанда – көне испан халық биі, музыкалық өлшемі 3/4, 3/2, тән ритмі та, иа и ти, та та-а;

      Паспье – көне француз биі, сарай паспьесінің музыкалық өлшемі 3/4 немесе 3/8, затактіден басталған әуен. Музыка негізінің фактурасында ұсақ ұзақтылықтар бар: сегіздіктер немесе он алтылықтар. Көп бөлімді құрылым.

      Кадриль – француз биі, контрданстың өзге түрі. Тізе бүгулеріне жазылған шағын 4 пьесадан тұрады (2/4 немесе 3/8 өлшемінде). Биді төрт жұп болып орындау. Басты жұп. Жанындағы жұп.

      4-тақырып. Гавот, ескі француз шаруа қол ұстасып жүріп орындалатын би, музыкалық өлшемі – 4/4 немесе 2/2, қарқыны орташа.

      Мюзет, ежелгі француз халық биі, өлшемі — 2/4, 6/4 немесе 6/8. Қарқыны жылдам.

      Буррэ, ежелгі француз халық биі, өзіндік нақты өлшемі, жылдам қарқыны, нақты ырғағы, бір тактілі үлеске затактісі бар он жетінші ғасырдан бастау алатын сарай биі (alla breve [алла бреве]).

      5-тақырып. "Павана" биі. Салтанатты баяу би. Жұп биі. Төрт такт. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Биді үйрену. Па - павана қадамы. Қарапайым немесе қосарлы қадамдар, алға, артқа және бір жаққа қадамдар. Комбинация: екі дара және бір қосарлы қадам. Композиция: алға, артқа павана қадамдар, партнерлердің бір-бірін айналып өтуі және тағзым ету.

      6-тақырып. "Монтаньяр" биі. Монтаньяр – волынка мен екі трубаның сүйемелдеуімен орындалатын көпшілік би. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Биді үйрену. Негізгі жүріс: оң аяқпен алға қадам, сол аяқ еденде (бірінші сегіздік). Сол аяқ: алға төмен жартылай саусақта, оң аяқ: жартылай саусақта (екінші сегіздік).

      Келесі такт: сол аяқ бірдей уақытта оң аяқтағы кішкене plie-мен (үшінші сегіздік) төртінші ауалы croisе позициясына тізеде жартылай бүгілген күйі. Оң иық, бас позициясы. Қимылды екінші аяқпен қайталау.

      7-тақырып. Он сегізінші ғасырдың биі. Бұрын болған билерді жетілдіру және дамыту. Буррэ, пасспье, ригодон, гавот және менуэт. Қарқынның шапшаңдылығы, билердің күрделендірілген техникасы. Сарай билері. Реверанс пен тағзым етуді толық меңгеру. Әйел адам реверанстары. Ер адам реверанстары. Көпшілік билер. Контрданс – алғашында ағылшын, кейіннен француз халық биі мен музыкасына айналған форма. Билейтін топтар бір-біріне қарсы тұрады. 5 немесе 6 түрлі би фигураларының алмасуы.

      8-тақырып. "Классикалық менуэт" биі. Жұп биі. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Биді үйрену. Бірінші мүсін 8 такті. Екінші мүсін – 8 такті (balance-menuet [балансе-менуэт]). Үшінші, төртінші такт 8 такті. Қимыл: оңға pas de bourreе [па де бурре], солға pas de bourreе [па де бурре], Plie [плие], Pas menuet [па менуэт] , оң аяқпен Balance-menuet [балансе-менуэт].

      9-тақырып. 19 ғасырдың тарихи-тұрмыстық биі. Көпшілік бал биі. Вальс дәуірі. Мазурка.

      10-тақырып. Төрт нөмірден немесе шағын пьесалардан құралатын, тізе бүгілісінде 2/4 немесе 3/8 өлшемінде жазылған "Француздық кадриль" биі. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Биді үйрену. Le Pantalon [Ле пенталон], Eté [Эте], La Poule [Ля Поуль] (тауықтың қытқылдауын елестетуші әуен), La Pastourelle [Ля пасторелле] (классикалық пастораль) мүсіндері. Финал.

      11-тақырып. "Полонез" биі. Көпшілік би. Бидің музыкалық өлшемі 3/4. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Биді үйрену. Негізгі қадамдар: аяқ ұшына сыртқа қадам (партнерлердің бір-біріне қатынасы бойынша), аяқ ұшына ішке қадам, аяқты табанға қойған күйі сыртқа қадам. Би суреті: аяқ ұшы, аяқ ұшы, табан.

      Полонез мүсіндері: променад, баған, арқалық, траверсе (фр. la traverse [ля траверсе]), фонтан (фр. la fontaine [ля фонтан]), веер (фр. Éventail [Евентайл]), айырылыс, жұлдызшалар, шен немесе шент, тізбек, гирлянда (фр. la chaine) [Ля шайн], сызықтар (четвҰрки), соло дам, кіреберіс, даманы айналып өту.

      12-тақырып. "Мазурка" биі, поляк халық биі, музыкалық өлшемі 3/4 немесе 3/8, қарқыны жылдам. Денені қою. Басты қою. Қолды қою. Аяқтың қалпы. Биді үйрену. "Мазурка" биінің элементтері. Негізгі әйел адам жүрісі – pas couru [па куру].

      13-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Pas gala [па гала] – негізгі ер адамның жүрісі.

      14-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Қарапайым қорытындылар (кілт).

      15-тақырып. "Мазурка" биінің элементі . Мазуркаға тән рas balancé [па балансе].

      16-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Мазурка стиліндегі қарапайым комбинациялар.

      17-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Chaîne [шайн] суреті және оны композицияларда қолдану.

      18-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Рas boiteux [па бойтекс] (хромое па) алға және артқа.

      19-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Рas coupé [па купе] (қиғаш қадам).

      20-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Бір жаққа қозғалумен голубец (coup de talon [куп де талон]).

      21-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Ашық және жабық айналымдар.

      22-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Рas de bourrée –– balancé [па де бурре –балансе].

      23-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Вальс қимылдарымен кеуде тұсында айқастырылған қолдармен dos a dos [дос а дос].

      24-тақырып. "Мазурка" биінің элементі. Рas chassé [па шаж].

      25-тақырып. Классикалық мұра балеттеріндегі тарихи-тұрмыстық би. Балеттен тарихи-тұрмыстық билердің сюитасы. Балеттен романеска.

      44. 7 сыныптағы Бағдарламаны меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әр түрлі би комбинацияларын дұрыс орындау мәнерін біледі;

      2) тарихи-тұрмыстық бидің терминологиясын біледі;

      3) әр түрлі ғасыр билерінің композицияларын біледі;

      4) Бағдарламадағы билердің атауларын, дәуірдің ерекшеліктерін, оларды орындау стилдері мен мәнерлерін біледі;

      5) әрбір үйренген билер туралы сауатты айта алады;

      6) әр түрлі билерде қолданылатын барлық қимылдардың аталуын біледі;

      7) тарихи-тұрмыстық бидің жеке қимылдары мен би комбинацияларын орындаудың әдістемесін біледі;

      8) әр түрлі дәуір билерінің қимылдарын орындаудың стиль, сипаты мен мәнерінің ерекшеліктерін біледі;

      9) орташа және жылдам қарқында аяқ, дене және бас қимылдарын үйлестіре біледі;

      10) тағзым етуді, реверансты, қол, дене, аяқ қалыбын, қарапайым би комбинацияларын орындай алады;

      11) дұрыс денені қою, табанмен жұмыс (созылған күйі, жартылай саусақ), орындалатын би мәнеріне сәйкес қолдың және бастың үйлестірілген жұмысының дағдыларына ие;

      12) нақты сол немесе басқа дәуірге тән, орындау техникасына, стиліне және мәнеріне ие;

      13) әр түрлі дәуір қимылдарын, комбинацияларын, этюдтерін, би композицияларын сауатты, нақты, мәнерлі, музыкалық, эмоциялық, әртістік орындайды;

      14) тарихи-тұрмыстық бидің техникасына ие;

      15) әр түрлі дәуірдің тарихи-тұрмыстық би қимылдарының стилін, мәнерін, орындаудың сипатын нақты жеткізеді;

      16) сахналық жүріс-тұрыстың және бидегі қарым-қатынастың (биге шақыру, тағзым ету) мәдениетіне ие;

      17) көпшілік, жұп билерін орындаудың дағдыларына ие;

      18) "Шаруа бранлі", "Павана", "Монтаньяр", "Классикалық менуэт", "Француз кадрилі", "Полонез", "Мазурка" билерін орындайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      45. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      46. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (pas chassé [па шаж] (оңға және солға бұрылумен) және double chassé [дабл шаж], бірінші, екінші, үшінші, төртінші формалары, бір орындағы Pas balancé [па балансе]. Алға және артқа шағын қозғалумен Pas balancé [па балансе]. 90° және 180°-қа бұрылумен Pas balancé [па балансе], Pas dégagé [па дегаж], француз кадрилі (бірінші мүсін). Француз кадрилі үшін 2/4 тағзым ету және реверанс), екінші жартыжылдықта: емтихан (chassé [шаж] формалары, бранль "Қоңырау сыңғыры", "Падепатинер", "Падеграс", "Он сегізінші ғасырдың жылдам менуэті", "Француздық кадриль (1 мүсін), "Біріктірілген полька", "Полонез" (қарапайым сурет), тағзым етумен pas balance [па балансе], pas de bask [па де баск] комбинациясындағы вальстің қарапайым суреті);

      2) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (бранль "Қоңырау сыңғырлауы", "Біріктірілген полька" биі), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (он жетінші ғасырдағы тағзым ету комбинациясы, "Крестьянский бранль", "Павана", "Монтаньяр", "Он тоғызыншы ғасырдың баяу менуэті", "Полонез" (күрделендірілген сурет), "Вальс-мазурка", "Француз кадрилі");

      47. Хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік қойылымдарда алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) би репертуарын меңгеру;

      2) табиғи қабілеттердің (музыкалық есту қабілеті, ритм, үйлесімділік, келбет, бұрылмалылық, қадам, табан, баллон, апломб, вестибулярлық аппарат) дамуы;

      3) қарапайым би түсініктерін білуі;

      4) музыкалық бейнелерді қабылдауы (музыкаға эмоциялық елгезектік, импровизация жасай алу білігі);

      5) музыкалық сауат саласындағы қарапайым білім (сипаты, қарқыны, динамикалық реңктер, ырғақты сурет, музыкалық шығарманың құрылымы).

      48. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы: барлық бағдарламалық билерді музыкалық орындау, билердің сипатын, музыкалық өлшемін, қарқынын, метроритмикалық суретін нақты қадағалау, әртүрлі дәуір билерін және стильдерін шынайы мәнерде техникалық сауатты, мәнерлі, сенімді орындау;

      2) "4" "жақсы" бағасы: техникалық жағынан болмашы қателіктермен көркемдік мағыналы орындау;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы: би қимылдарын сенімсіз музыкалық орындау, қимылдардағы нақты емес ырғақты акценттер, бағдарламалық билерді орындаудағы өрескел техникалық қателіктер, сенімсіз орындау;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: тұрақты сабақтардың, сонымен қатар оларға қызығушылықтардың болмауының салдары болып табылатын кемшіліктер кешені;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 28-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Бал биі" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Бал биі" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Бал би" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) алемана, веер, нью-йорк, спот-поворот, хоккей таяғы – Латын Америкалық "Ча-ча-ча" биінің қозғалыстары;

      2) аяқтың бұрылмалылығы – бұл en dehors (сыртқа) қалпында аяқты бұру тәсілі;

      3) бал биі – би өнері түрлерінің бірі;

      4) баунс – самба биінің негізі (бір уақытта іш бұлшық еттерін жинаумен тізені бүгу және бүктеу);

      5) биде қолды қою – бал биінде қолданылатын әдеттегі қолдың қалпы;

      6) бота-фого – "Самба" спорттық бал биінің би фигурасының аталуы;

      7) вариация – бишілердің өз таңдауы бойынша жарыс және көрнекі өнер көрсету кезінде орындалатын би фигураларының белгілі жиынтығы;

      8) динамикалық реңктер – музыканың орындалуындағы дыбыс деңгейін анықтайтын музыкалық терминдер;

      9) европалық билер – квикстеп, баяу вальс, танго, баяу фокстрот, Вена вальсі;

      10) кукарача, оң жақ зырылдақ – "Румба" бал биінің қозғалысы;

      11) күшті үлес – тактідегі негізгі метрикалық екпін;

      12) қарқын – музыканың негізгі сипаттамаларының бірі, оның жылдамдығы минутына тактілердің санымен немесе соққылардың санымен есептеледі;

      13) қозғалыс үйлесімділігі – бұл кеңістік пен уақытта дене буындары қоғалысының үйлесімділік процесі (бір уақытта және жүйелі);

      14) Латын Америка билері – самба, ча-ча-ча, румба, пасадобль және джайв;

      15) музыкалық-ырғақты үйлесімділік – музыкаға қарай уақыт пен кеңістікте дене бөліктерін үйлестіре білу;

      16) музыкалылық – биді орындаудың негізгі сипаттамаларының бірі, эстетикалық мақсатта белгілі агогикаға жол беретін, музыка ырғағын көркемдік толтырумен биде музыканың эмоциялық мазмұнын дәлме-дәл берілумен сипатталады;

      17) оң жақ спин-айналым, променад – спорттық бал билерінің қозғалысы;

      18) позиция – хореографиядағы қолдардың және аяқтардың негізгі қалпы; биші денесінің, оның қолы мен аяғының жүйелі қалпы;

      19) пивот – би қозғалыстарына қатысты термин, танго, самба, вальс және фокстрот сияқты әр түрлі би түрлерінде қолданылатын би элементтері;

      20) ритмикалық сурет – дыбыстар ұзақтығының, олардың биіктігінен бөлектенген бірізділігі, қолданбалы музыкада белгі, шеру мен билерді сүйемелдеу үшін қолданылады;

      21) слоуфокс – жеңіл ұзақ қадамды баяу би;

      22) тайм-степ – бидің негізгі ритмикалық суреті бойынша күрделі емес қадамдарды орындауды білдіретін қоғамдық және сахналық билердің термині;

      23) техникалылық – қозғалыстың сапасын сипаттайтын бидегі басты сипаттамалардың бірі;

      24) фигура – белгілі сурет бойынша және музыкалық тактілердің белгілі санына енетін би қозғалыстарының бекітілген жүйелілігі;

      25) фор степ, файв степ променадное звено – "Танго" бал биінің қозғалысы;

      26) чек – қоғамдық бал биінің термині, би қадамын орындау кезінде шұғыл тоқтауды білдіреді;

      27) шассе – үш жеңіл қағыс қадамдардың үйлесуі түріндегі бал биінің қозғалысы;

      28) ырғақ – музыка мен бидің негізгі сипаттамаларының бірі, әр түрлі ұзақтылықтағы дыбыстарды (музыка) немесе қозғалыстарды (би) кезектестірумен сипатталады;

      29) эмоциялылық – биде музыканың эмоциялық мазмұнының берілуі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың бал биі бойынша алған білім, білік, дағдылары негізінде хореографиялық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, оларды биге өнер түрі ретінде тарту.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) би композицияларын сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі теориялық пен практикалық білімді, білікті және орындаушылық дағдыларын меңгеру;

      2) европалық және Латын Америкалық би қимылдарын дұрыс орындау үшін техникалық дағдыларға үйрету;

      3) музыкалық-ырғақты дағдыларды қалыптастыру;

      4) әртістік шеберлік тәсілдеріне үйрету.

      Дамыту:

      1) көркемдік ойды жүзеге асыру үшін қажетті құрал ретінде орындаушылық техникасын дамыту;

      2) қозғалыс үйлесімділігін, икемділікті, әсемділікті, төзімділікті дамыту;

      3) шығармашылық қабілеттерді, музыкамен қимылдау арқылы өз ойын білдіру қажеттіліктерін дамыту;

      4) жеке және ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту;

      5) шығармашылық қызметке уәждемені дамыту;

      6) жеке және ұжымда жұмыс істеу білігін дамыту;

      7) білім алушылардың дене қабілеттерін дамыту (икемділікті арттыру және сіңірлерді созу, арқаның икемділігі, буындардың қозғалғыштығы, қол буындарының, аяқ саусақтарының моторикасын жақсарту, арқа және пресс бұлшық еттерін жаттықтыру, балтыр және жамбас бұлшық ет күштерін қимылдату);

      8) білім алушылардың музыкалылығы мен ырғағын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) төзімділікті, еңбек сүйгіштікті, ерік күшін тәрбиелеу;

      2) бала тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, көркемдік және эстетикалық талғамын дамыту;

      3) білім алушыларда түрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерін дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - жеті жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектептебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ хореографиялық өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, ата-аналарының немесе олардың орын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Оқытудың негізгі курсына дайындау үшін бес-жеті жастағы балалармен дайындық тобында сабақтар жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептерінің хореографиялық бөлімдері топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

      7. Бағдарлама бал биінің комбинациясы мен қозғалыстарды техникалық орындаудың дағдыларын меңгеруді қалайтын жеті жастағы балаларды оқыту үшін арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама жеке, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың басты міндеттер жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл оқытудың мазмұнын оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, хореографиямен қатынас формаларымен оқу мазмұнымен байланыста іске асыруға мүмкіндік береді.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, бал биі бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техниканы және әртістік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог классикалық, халықтық-сахналық билер мен ритмика бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып оқыту процесін құрады.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) бидің сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларға Бағдарламада қарастырылған бал билерін соло, жұпта және ансамбльде, жеке тәжірибеде орындау біліктерін меңгеруге, қатар қоя, салыстыра және би қимылдарын мағыналы орындай отырып, әрі қарай хореография өнерін өз бетінше меңгеруге көмектесетін білім, білік қорын алуға жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама би дарындылығы, дайындығы және жалпы даму деңгейі әр түрлі балаларға арналған.

      Педагог бал билерін орындаудың әртүрлі стильдерін, мәнерлерін және техникаларын меңгерудегі, балаларда хореографияға қызығушылықты оятудағы қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке оятуға ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) бал биінің пластика негіздерін, "Ча-ча-ча", "Самба", "Баяу вальс", "Квикстеп" сияқты би бағыттарының түрлі техникасы мен стильдерін меңгеруіне;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) хореографиялық білім алуына және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) білім алушыда хореография өнер саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, хореографияның теориясы мен тарихы, музыкатану негізінде (балалардың жасы мен даму деңгейіне сәйкес тапсырмаларды біртіндеп қиындату, педагог дидактиканың ережесін басшылыққа алады: қарапайымнан қиынға, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге) құруды талап етеді;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын (бір би мен бір бағыттағы билердің элементтерінің, билер мен жаттықтыру жаттығуларының және сол сияқты өзара байланыстың орнатылуын) білдіреді;

      3) көрнекілік қағидасы (үйренетін қимылдың және билердің мәнін түсінуге көмектесетін, техника, мәнері мен қимылдарды бейнелі жаттау туралы дұрыс түсінік тудыруға көмектесетін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану);

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидасы би сабақтарына саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақ барысында білім алушыға қойылған нақты міндеттерді түсінуді қамтиды.

      19. "Бал биі" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсету, қозғалыстың жеке бөліктерін және тұтас өзін көрсету, көрнекті бишілердің өнер көрсетулерімен бейнематериалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге бару;

      3) практикалық – қайталап орындайтын және шығармашылық жаттығулар, толық пысықтау және әрі қарай тұтасты ұйымдастыру үшін тұтас шығарманы неғұрлым кіші бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту және басқалары.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Барлық оқыту процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары балет станогында, гимнастикалық кілемшелерде және тағы басқада пысықталады;

      2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету.

      23. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ залдың ортасында шынықтырудан, бал биінің элементтерінен, бал биі қимылдарынан, вариациялардан тұрады.

      25. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады:

      1) қимылды орындаудың техникасымен, ырғақтық таратылуымен, тек педагогтің ғана емес, сәйкес келетін бейнематериалдардың көрсетілуімен оның физиологиялық ерекшеліктерімен танысу;

      2) қимылды үйрену, баяу қарқыннан жылдамға өте отырып музыкамен комбинацияларда қимылдармен жұмыс.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) өз бетімен жүргізілетін сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларда және шеберлік сыныптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтар мен емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде осы Бағдарламаға сілтеме;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс және тағы сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Бағдарламаға:

      1) еуропалық баяу вальс, квикстеп;

      2) Латын Америкалық ча-ча-ча, самба билері енгізілген.

      35. Өз бетімен жүргізілетін сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      36. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдала отырып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      37. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өзінің би элементтерін орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне бимен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      38. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратымен жұмыс – түрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) бишінің жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыру;

      3) бал биінің қарапайым (базалық) қимылдарын орындау;

      4) негізгі фигураларды орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамыту;

      6) күш қасиеттерін дамыту;

      7) физикалық төзімділікті дамыту.

      39. "Бал биі" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Классикалық би", "Халықтық-сахналық би", "Ритмика", "Заманауи би", "Музыкалық сауаттылық және музыканы тыңдау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      40. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы денені, қолды, аяқты, тыныс алуды қоюмен танысады, музыкалық-ырғақтық қызметі, қимыл-тірек аппаратын дамыту туралы білім алады, қарапайым техникалық және орындаушылық дағдыларға ие;

      2) білім алушы түрлі бұлшық ет топтарына арналған жаттығуларды, 6 позиция бойынша көтеру мен түсіруді, "ча-ча-чадағы" салмақтың бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды, оң мен сол аяқтың бейтарап позициясын, оңға және солға "шассе", "тайм-степ", "бейсик" (негізгі қимыл), жұптағы оқу варияциясын үйренеді;

      3) білім алушылар "Баяу вальс" биінің негізгі қимылдарын: "аяқтың алтыншы позициясы бойынша көтеру мен түсіруді", "кіші оң және кіші сол шаршыларды", "үлкен оң және сол шаршыларды", "жабық ауысуларды"; "Ча-ча-ча" биінің негізгі қимылдарын, "бейтарап позицияларды", "тайм-степті", "шассені", "бейсикті" меңгереді.

      41. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Денені қоюмен жұмыс.

      2-тақырып. Қолды қоюмен жұмыс.

      3-тақырып. Аяқты қоюмен жұмыс.

      4-тақырып. Тынысты қоюмен жұмыс.

      5-тақырып. Баяу вальстің негізгі жаттығулары: аяқтың алтыншы позициясы бойынша көтеру және түсіру.

      6-тақырып. Баяу вальстің негізгі жаттығулары: кіші оң және кіші сол шаршылар.

      7-тақырып. Баяу вальстің негізгі жаттығулары: үлкен оң және сол шаршылар, жабық ауысулар (оң, сол).

      8-тақырып. "Ча-ча-чаның" негізгі жаттығулары: бейтарап позиция.

      9-тақырып. "Ча-ча-чаның" негізгі жаттығулары: тайм-степ, шассе, бейсик.

      10-тақырып. Жұптағы баяу вальстің вариациясы, жұптағы "Ча-ча-чаның" вариациясы.

      42. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бал хореографиясының шығу тарихын біледі;

      2) еуропалық билердің аталуын біледі;

      3) Латын Америкалық билердің аталуын біледі;

      4) бал биіндегі күрделі емес би композицияларының орындауын біледі;

      5) "Баяу вальс" биінің негізгі қимылдарын орындай алады;

      6) "Ча-ча-ча" биінің негізгі қимылдарын орындай алады;

      7) бал билерін қатесіз анықтай алады және ажырата біледі;

      8) "Баяу вальс" биін жұпта орындау кезінде дұрыс (тік тұру) тұра біледі;

      9) "Ча-ча-ча" биін биін жұпта орындау кезінде дұрыс тұра біледі;

      10) кеңістікте дұрыс бағдарлана алады, үйренген би қимылдарын орындай біледі.

      43. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бал биінің ережесімен, позицияларымен және элементтерімен танысу жалғастырылады, бал терминологиясы меңгеріледі;

      2) би элементтері арқылы қарапайым ырғақтарды қабылдау және орындау білігімен, музыкалық бейнелі ойлаумен, музыкалық-ырғақтық сезіммен, қалыптастыру мен дамытумен жұмыс жалғастырылады;

      3) білім алушы денені, аяқты, қолды, басты қоюды, орындау техникасын дамытуды, жұпта жұмыс жасау мәдениетін, жұптағы қалыпты; "Квикстеп" биінің элементтерін: "алдыға және артқа" қадам техникасын, "оңға және солға" шассе, ширек бұрылуды; "Самба" биінің элементтерін: "баунс", тұрақты қадамдарды, "виск" фигурасы, "бүйірлік самба-қадам", "вольта"; "Ча-ча-ча" биінің элементтерін: "қолдың астынан оңға және солға бұрылу", "Нью-Йорк", "веер", "чек", "иық иыққа" қалыптарын меңгереді.

      44. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны:

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Квикстеп (жылдам фокстрот)" биі: алдыға және артқа қадамдардың техникасы (аударылу).

      2-тақырып. "Квикстеп" биі: оңға және солға шассе.

      3-тақырып. "Квикстеп" биі: ширек бұрылу.

      4-тақырып. "Самба" биі: баунс.

      5-тақырып. "Самба" биі: тұрақты қадамдар.

      6-тақырып. "Самба" биі: фигура-виск, бүйірлік самба-қадам, вольта - фигуралары.

      7-тақырып. "Ча-ча-ча" биі: қолдың астынан оңға және солға бұрылу, "Нью-Йорк", "веер", "чек", "иық иыққа" - фигуралары.

      45. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі би терминологиясын, үйренген билердің музыкалық-ырғақтық сипаттамасын біледі;

      2) "Баяу вальс" және "Ча-ча-ча" биінің ырғағын біледі және дауыстап айтады;

      3) "Баяу вальс" және "Ча-ча-ча" билерінің негізгі қозғалыстарының негізгі фигуралары мен атауларын біледі;

      4) "Ча-ча-ча" биінің жаңа фигураларын біледі;

      5) "Квикстеп" биінің негізгі фигураларын біледі;

      6) "Самбо" биінің негізгі фигураларын біледі;

      7) еуропалық стандарттағы билерді ырғағы бойынша ажырата біледі: "Баяу вальс", "Квикстеп";

      8) "Ча-ча-ча", "Самбо" Латын Америкалық билерді ырғағы бойынша қатесіз анықтайды және ажырата біледі;

      9) "Квикстеп", "Самба" билерінде жұпта (байланыс) дұрыс тұра және қозғала біледі;

      10) денені, аяқты, қолды, басты қоюды, орындау техникасын дамытуды, жұпта жұмыс жасау мәдениетін, жұптағы қалыпты, "Баяу би", "Ча-ча-ча", "Самба", "Квикстеп" билерінің элементтерін біледі;

      11) әртістік шеберлікті, табиғи би қабілеттерін дамытады;

      12) жеке жұмыс, дербестік, өз-өзін бақылау тәсілдеріне үйренеді.

      46. 3 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) техникалық тәсілдерді дамытумен, күш жаттығуларын қайталау арқылы білім алушылардың дене аппаратын нығайтумен жұмыс әрі қарай жалғасады;

      2) бишінің тұлғалық балансы, жұптағы балансы қалыптасады, орындаушылық техниканы кешенді дамытумен, орындау техникасының элементтерімен үйлестірілген жұмыс дамытылады;

      3) білім алушы "Баяу вальс", "Квикстеп" билерінің қимылы мен фигураларын; "Вена вальсі" биінің элементтерін: көтерілу мен түсіру, алдыға және артқа қадамдар, табиғи оңға бұрылу, кері солға бұрылу; "Джайв" биінің элементтерін: бір орындағы негізгі қимыл "бейсик", фолловэй рок, "рок-звено" фигураларды, "американандық спин", "қарапайым спин", "хлыст" меңгереді.

      47. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Вена вальсі" биі: көтерілу және түсіру.

      2-тақырып. "Вена вальсі" биі: алдыға және артқа қадамдар.

      3-тақырып. "Вена вальсі" биі: табиғи (оң) бұрылу.

      4-тақырып. "Вена вальсі" биі: кері (сол) бұрылу.

      5-тақырып. "Джайв" биі: бір орындағы негізгі қимыл (бейсик).

      6-тақырып. "Джайв" биі: фолловэй рок.

      7-тақырып. "Джайв" биі: звено (рок-звено), американдық спин, қарапайым спин, хлыст - фигуралары.

      48. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі би терминологиясын, үйренген билердің музыкалық-ырғақтық сипаттамасын меңгереді;

      2) Бағдарлама бойынша үйренетін билерді орындау мәнерін иеленеді;

      3) "Вена вальсі", "Джайв" билерінің негізгі элементтерін біледі;

      4) Латын Америкалық билерінен еуропалық билерді ырғағы бойынша қатесіз анықтайды және ажырата алады;

      5) "Вена вальсі" биінде "тік тұруды" ұстай алады;

      6) "Джайв" биінде жұпта тұра және байланыста бола біледі;

      7) үйренетін дәуірлердің музыкалық материалдарын біледі;

      8) қимылдарды олардың құрылысын, ырғақтық таралуын сауатты орындау дағдыларына ие, музыканттардың орындауындағы қателіктерді байқай біледі;

      9) жұптық биде денені, басты табиғи және еркін ұстай алады, қолды табиғи еркін ауыстырады;

      10) қимылдарды, биді мәнерлі орындай білуді қалыптастырады;

      11) зерттелетін билердің графикалық суреті туралы түсініктерін кеңейтеді.

      49. 4 сыныптағы Бағдарламалық талаптары:

      1) би фигураларының элементтерін, дұрыс тыныстауды дағдыландыру жаттығуларын пысықтау жалғыстырылады, негізгі оқу-жаттықтыру материалдары бекітіледі, баяу қарқындағы би элементтерінің сапасымен жұмыс жүйелі жүргізіледі;

      2) би лексикасын құрамдастыру мен түрлендіре білуге, қол, саусақ көмегімен байланыста және көзбен байланыста қимылдарды сәйкестендіруге ерекше көңіл бөлінеді;

      3) білім алушы "Танго" биінің элементтерін: "слоу", "квик", "негізгі сол жақ бұрылу", "ашық сол жақ бұрылу" қадамдарының техникасы; "Ча-ча-ча" биінің элементтерін: "ча-ча-чаның" үш фигуралары, "хэнд ту хэнд", "чек", "оңға ашылу"; "Румба" биінің элементтерін: "бейтарап позиция", "шассе", "бейсик", "үдемелі қадамдар" меңгереді.

      50. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Танго" биі: "слоу" қадамдарының техникасы (баяу қадамдардың).

      2-тақырып. "Квик" қадамдарының техникасы (жылдам қадамдардың).

      3-тақырып. "Танго" биі: негізгі сол жақ бұрылу.

      4-тақырып. "Танго" биі: ашық сол жақ бұрылу.

      5-тақырып. "Румба" биі: бейтарап позиция, шассе.

      6-тақырып. "Румба" биі: бейсик, үдемелі қадамдар, локи.

      7-тақырып. "Ча-ча-ча" биі: үш "Ча-ча-ча", "Хэнд ту хэнд" (қол қолдың үстінде), "Чек", "Оңға қарай ашылу" фигуралары.

      51. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дұрыс тыныс алуды қалыптастыру жаттығуларын біледі және орындай алады;

      2) негізгі би терминологиясын, үйренген билердің музыкалық-ырғақтық сипаттамасын біледі;

      2) "Танго", "Румба" билерінің негізгі қимылдарын орындау техникасын біледі;

      3) "Танго" биінде дұрыс тік тұра алады;

      4) "Румба" биінде жұпта дұрыс тұра біледі;

      7) "Ча-ча-ча" биінің жаңа фигураларын біледі;

      8) музыка сипатын анықтай біледі; тангоны, румбаны, ча-ча-чаны есту қабілеті арқылы анықтай алады;

      9) үйретілетін билердің орындау ережелерін, құрылысын, ырғақтық таралуын біледі; жұптағы үйлесімділікті сақтай отырып, жатталған қимылдарды сауатты орындайды;

      10) би қимылдарын орындау барысында қолдың, саусақтар мен көздің арасындағы байланыстың көмегімен қимылдарды үйлестіруді үйренеді;

      11) соло жұмыстағы тәсілдерге, үйренетін билердің қимылдарын сауатты орындау дағдыларына ие.

      52. 5 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) қимылдың механикасы мен динамикасын дамытумен, айналу элементтерімен жұмыс жалғастырылады, музыкалық зейінді шоғырландыру мен бөлу дағдылары қалыптастырылады, жұпта би дағдылары жетілдіріледі, ырғақтық сезім, музыкалық ойлау дамытылады;

      2) орындау техникасы жетілдіріледі, музыкалық есту қабілеті, би қимылын орындау сапасы қалыптасады және дамытылады, физикалық төзімділік қалыптасады, түрлі байқаулар мен концерттерде өнер көрсету әдебінің ережесі мен ерекшеліктерін оқу жалғастырылады;

      3) білім алушы "Баяу вальс" биінің элементтерін: "сыртқы ауысу", "оң спин-бұрылу", "виск"; "Танго" биінің элементтерін: "жабық променад", "променадалық линк", "ашық променад", "фор степ", "файв степ" фигуралары; "Квикстеп" биінің элементтерін: "оң пивот-бұрылу", "сол жақ пивот", "тэлемарк" фигуралары; "Ча-ча-ча" биінің элементтерін: "хоккей таяғы", жабық "хип-твист", күрделендірілген "хип-твист" мүсіндерін; "Самба" биінің элементтерін: "жабық және ашық роктар", "ботафого", "крисс-кросс вольта" фигуралары; "Румба" биінің элементтерін: "чек", "алемана", "оң жақ волчок", "кукарача" фигуралары; "Джайв" биінің элементтерін: "орынды оңнан солға ауыстыру", "орнын солдан оңға ауыстыру", "хлыст" фигураларын меңгереді.

      53. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Баяу вальс" биі: сыртқы ауысым, оң жақ спин-бұрылу, виск фигуралары.

      2-тақырып. "Квикстеп" биі: оң пивот- бұрылу, сол жақ пивот, тэлемарк фигуралары.

      3-тақырып. "Танго" биі: жабық променад, променадалық линк, ашық променад, фор степ, файв степ фигуралары.

      4-тақырып. "Ча-ча-ча" биі: "хоккей таяғы", жабық "хип-твист", күрделендірілген "хип-твист" фигуралары.

      5-тақырып. "Самба" биі: жабық және ашық роктар, "ботафого", "крисс-кросс вольта" фигуралары.

      6-тақырып. "Джайв" биі: орынды оңнан солға ауыстыру, орынды солдан оңға ауыстыру, "хлыст" фигуралары.

      7-тақырып. "Румба" биі: "чек", "алемана", "оң жақ волчок", "кукарача" фигуралары.

      54. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қимылдарды және қолды қою қалыптарын, жұптағы қалыптарды, "Баяу вальс", "Танго", "Квикстеп", "Ча-ча-ча", "Самба", "Румба", "Джайв" билерінің элементтерін сауатты орындау дағдыларына ие;

      2) қойылған тәртіпте жұмыс жасауды, өз бетінше би қимылдарын таңдауды, музыкамен мәнерлі қозғалуды біледі;

      3) үйренген билердің музыкалық-ырғақтық сипаттамасының би терминологиясын біледі;

      4) би мәнерлілігінің орындаушылық құралдары туралы біледі;

      5) музыканың дыбысталуы бойынша бидің сипатын анықтайды;

      6) қимылдарды орындауды талдайды;

      7) сахналық алаңды меңгереді.

      55. 6 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) орындаушылық техника жетілдіріледі, алдынғы сыныптарда алған барлық техникалық және көркемдік дағдылар негізінде би шығармасын орындауға тұлғалық қатынаспен жұмыс жалғастырылады;

      2) дене аппаратын қоюмен, әртістік шеберлікті дамытумен, артық күш жұмсау мен қысымнан толықтай айырылумен, шыдамдылықпен, жұптағы баланспен жұмыс жалғастырылады, музыкалық-көркем міндеттер жүзеге асырылады, би шығармаларын мағыналы орындау тәсілдері қалыптастырылады, би қойылымдарының көркемділігі және анықтылығы бойынша жұмыстар жалғастырылады, қорытынды емтихан бағдарламасы өңделеді;

      3) білім алушы Латын Америкалық би фигураларын: ашық "хип-твист", "түрік орамалы", "кубан-брейки", "спираль", бүйірлік "самба-ход", "променадты самба-ход", "крис-кросс вольта", "крузадо-локи", "спираль", "фэнсинг", "пресс-лайн", "роуп-спиннинг", "аида", "стоп энд гоу", "чикен-уок"; "Пасадобль" биінің негізгі қимылдарын: "свивлы", "телеспин", "жасырын қадамдар"; еуропалық стандарттың кейбір қалыптарын меңгереді.

      56. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Пасадобль" биі: негізгі жүріс.

      2-тақырып. "Пасадобль" биі: шассе.

      3-тақырып. "Пасадобль" биі: аппель (қарсы келу), променад.

      4-тақырып. "Ча-ча-ча" биі: "Түрік орамалы", "Кубан-брейки" фигуралары.

      5-тақырып. "Самба" биі: "Самба-локи, "Контра-ботафого", "Крузадос-локи" көлеңкелі позициялардағы фигуралар.

      6-тақырып. "Румба" биі: "Спираль", "Фэнсинг", "Скользящие дверцы", "Аида", "Роуп-спиннинг" фигуралары.

      7-тақырып. "Джайв" биі: "Қолдан айналдыру", "Чикен-уокс" (балапан жүрісі), "Сол жақ хлыст", "Брейктегі фликтер" фигуралары.

      8-тақырып. "Танго" биі: "Свивлы", "Телеспин", "Жасырын қадамдар" фигуралары.

      57. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "Пасадобль" биінің негізгі қимылдарын біледі және орындай алады;

      2) "Пасадобль" биінде жұпта (тік тұру) тұра алады;

      3) "Ча-ча-ча" биінде жаңа фигураларды біледі және орындай алады;

      4) Самба" биіндегі жаңа және күрделендірілген фигураларды біледі;

      5) "Румба" биіндегі жаңа және күрделендірілген фигураларды біледі;

      6) "Джайв" биінің жаңа қимылдарын біледі;

      7) "Танго" биінің жаңа және күрделендірілген фигураларын біледі;

      8) бал биінің терминологиясын еркін меңгереді;

      9) үйренген қимылдардың терминдері мен әдістерін біледі;

      10) би қимылдарын орындау әдістемесін сауатты пайдалануды біледі.

      58. 7 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) орындалатын бидің сипатын көрсетуді жетілдірумен, көркемдік ойды ашу және оны көрерменге жеткізе білу білігімен жұмыс жалғастырылады;

      2) хореографиялық және музыкалық терминологияны, техникалық тәсілдерді, орындалатын билердің мазмұнын меңгеру жалғастырылады, орындаушылық техникасының элементтері жетілдіріледі, қорытынды емтихан үшін вариациялар жатталады, өз орындаушылық концепциясына, орындалатын би шығармаларына тұлғалық қатынас жетілдіріледі;

      3) білім алушы "Баяу фокстрот" биінің негізгі қимылдары мен фигураларын: "үш қадам" "ход перо", "оң жақ бұрылу"; "Пасадобль" биінің негізгі қимылдары мен фигураларын: "шабуыл", "негізгі ажырау", "плащ", "твисттер", "үлкен шеңбер", "бандерильи", "сол жақ фолловэй"; "Ча-ча-ча" биінің негізгі қимылдары мен фигураларын: "гуапача", "чейнч" аяқты ауыстыру; "Вена вальсі" биінің элементтерін: "оң жақ волчок", "сол жақ волчок" меңгереді; еуропалық билерді қайталайды.

      59. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Баяу фокстрот" (слоу фокстрот) биі: "үш қадам".

      2-тақырып. "Баяу фокстрот" биі: "ход перо".

      3-тақырып. "Баяу фокстрот" биі: "оң жақ бұрылу".

      4-тақырып. "Пасадобль" биі. "Шабуыл", "негізгі ажырау", "плащ", "твисттер" фигуралары.

      5-тақырып. "Пасадобль" биі. "Үлкен шеңбер", "твисты", "бандерильи", "сол жақ фолловэй" фигуралары.

      6-тақырып. "Ча-ча-ча" биі. "Гуапача" фигуралары.

      7-тақырып. Латын Америкалық билердегі "чейнч" аяқты ауыстыруы.

      8-тақырып. "Вена вальсі" биі. "Оң жақ" және "сол жақ волчок".

      60. 7 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бидің негізгі фигураларын, баяу фокстротты біледі және орындай алады;

      2) "Баяу фокстрот" биінде тік тұруды ұстай алады;

      3) "Пасадобль" биінің жаңа фигураларын орындау техникасын біледі;

      4) "Пасадобль" биінде жұпта тұра алады және қозғала алады ;

      5) аралас ырғақты "Ча-ча-ча" биінің фигураларын орындай біледі;

      6) дене салмағын жаңа тірек аяғына еркін (педагогтің тапсырмасы бойынша) ауыстыра алады, яғни аяқты ауыстыруды қолдана біледі;

      7) музыканың ауыспалы сипаты мен ырғағына қарай тез ауыса алады;

      8) қарапайым би вариацияларын өз бетінше шығара алады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      61. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      62. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау жұмысы, техникалық сынақ түрінде бақылау, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (екі түрлі сипаттағы хореографиялық вариациялар), екінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (екі түрлі сипаттағы хореографиялық вариациялар);

      2) 2 сынып – бірінші жарты жылдықта: бақылау жұмысы (екі түрлі сипаттағы хореографиялық вариациялар); екінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (екі түрлі сипаттағы хореографиялық вариациялар).

      3) 3 сынып – бірінші жарты жылдықта: бақылау жұмысы (Еуропалық бал биінің 3 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 3 вариациясы); екінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (Еуропалық бал биінің 3 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 3 вариациясы);

      4) 4 сынып – бірінші жарты жылдықта: бақылау жұмысы (Еуропалық бал биінің 4 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 4 вариациясы); екінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (Еуропалық бал биінің 4 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 4 вариациясы);

      5) 5 сынып – бірінші жарты жылдықта: бақылау жұмысы (Еуропалық бал биінің 5 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 5 вариациясы); екінші жарты жылдықта: бақылау жұмысы (Еуропалық бал биінің 5 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 5 вариациясы);

      6) 6 сынып – бірінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (Еуропалық бал биінің 5 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 5 вариациясы); екінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (Еуропалық бал биінің 5 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 5 вариациясы);

      7) 7 сынып – бірінші жарты жылдықта: техникалық сынақ (Еуропалық бал биінің 5 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 5 вариациясы); екінші жарты жылдықта: бітіру емтиханы (Еуропалық бал биінің 5 вариациясы, Латын Америкалық бал биінің 5 вариациясы).

      63. Хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік қойылымдарда алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) би репертуарын меңгеруі;

      2) табиғи қабілеттерін дамытуы (музыкалық есту қабілеті, ритм, үйлесімділік, мүсінді тік ұстау, айналу, қадам, табан, баллон, апломб, вестибулярлық аппарат);

      3) қарапайым би элементтерін білуі;

      4) музыкалық бейнелерді қабылдауы (музыкаға деген эмоциялық көзқарасы, суырып сала білу);

      5) музыкалық сауат саласындағы қарапайым білімдері (мінез, қарқын, динамикалық бояулар, ритмикалық сурет, музыкалық шығарманың құрылымы).

      64. Қорытынды аттестацияны бағалау өлшемдері:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бал биінің барлық үйренген элементтері туралы білімін көрсету, оқудың аталған кезеңіндегі барлық талаптарға жауап беретін техникалық сапалы және көркемдік мағыналы орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – бал биінің барлық үйренген элементтері туралы білімін көрсету, техникалық жағынан болмашы кемшіліктермен техникалық сапалы және көркемдік мағыналы орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – бал биі элементтерін көп мөлшердегі кемшіліктерімен сауатсыз және мәнерлі емес орындауы, әлсіз техникалық дайындығы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – тұрақты сабақтардың болмауының, сонымен қатар оларға қызығушылықтың, бағдарлама талаптарын орындамауының салдары болып табылатын кемшіліктер кешені;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына 29-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Заманауи би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Заманауи би" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Заманауи би" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) свинг – дененің кез-келген бөлігін (қолмен, аяқпен, баспен, кеудемен) ерекше джаздық ырғақта теңселту;

      2) arch [арч] – арка, кеуденің артқа иілуі;

      3) battement tendu [батман тандю] – сырғымалы қозғалыспен аяқ ұшына алға, артқа немесе жан-жаққа берілетін аяқ қозғалысы;

      4) battement tendu jete [батман тандю жете] – battement tendu-ден айырмашылығы аяқты биіктікке ауаға екпінді лақтыруы;

      5) contraction [контакшн] – дене көлемінің кемуі, қысылуы және омыртқаның дөңгеленуі, жамбас орталығынан басталады, біртіндеп барлық омыртқаны қамти отырып, тыныс шығаруда орындалады;

      6) curve [серв] – омыртқаның жоғарғы бөлігінің ("күн өріміне" дейін) алға немесе жан-жаққа иілуі;

      7) deep body bend [дип боди бэнд] – кеуденің және қолдың түзу сызығын сақтай отырып, кеудемен алға 90°-тан төмен еңкеюі;

      8) developpe [девлоппе] – бидегі қозғалыс, battements [батман] бір түрі. Қозғалыстағы аяқ V позициясынан, бүгіліп, тірек аяқ бойымен аяқтың ұшымен сырғып, тізеге дейін көтеріледі және алға, бір жағына немесе артқа созылады;

      9) flat back [флат бак] – түзу арқамен, кеуденің иілуінсіз кеуденің алға, бір жаққа (90°-қа), артқа еңкеюі;

      10) flex [флекс] – қысқартылған табан, қол буыны немесе тізе;

      11) grand jete [гранд жете] – бір аяқтан екіншісіне алға, артқа немесе бір жаққа қозғалыспен секіру;

      12) grand plie [гранд плие] – толық отырып тұру;

      13) hip lift [хип лифт] – мықынның жоғары көтерілуі;

      14) kick [кик] – developpe тәсілін шығару арқылы аяқты алға немесе бір жаққа 45° немесе 90°-қа лақтыру;

      15) pas de bourree [па де бурре] – demi-plle-ге [деми-плие] аяқтаумен бір аяқтан екіншісіне аттауды алмастырудан тұратын би көмекші қадамы;

      16) pique [пике] – "жұмысшы" аяқ саусақтарының ұштарымен еденге жеңіл шаншу және аяқтың белгіленген биіктікке көтерілуі;

      17) releve [релеве] – жартылай саусаққа көтерілу;

      18) roll down [рол даун] – бастан бастап алға-артқа шиыршықты еңкею;

      19) roll up [рол ап] – кеудені біртіндеп бастапқы қалыпқа айналдырумен және түзетумен байланысты қарсы қозғалыс;

      20) side stretch [сайд стрич] – кеуденің бүйірлі созылуы, кеуденің оңға немес солға еңкеюі;

      21) step ball change [степ бол чейндж] – жан-жаққа немесе алға қадамнан және екі жартылай саусақта аттаудан тұратын байланыстырушы қадам.

      3. Бағдарламаның мақсаты: балаларды би тіліне оқыту көмегімен шығармашылық тұлғаның қалыптасуы үшін жағдай жасау, тәрбиеленушілерді би өнері әлеміне тарту.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) заманауи би пластикасы негіздерімен таныстыру;

      2) заманауи би терминдерін бойынша білімдерді меңгеру;

      3) білім алушылардың табиғи мүмкіндіктерін және қабілеттерін ескерумен заманауи бидің комбинациясы мен қозғалыстарды техникалық орындаудың дағдыларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық жадыны, орындаушылық техниканы дамыту;

      2) білім алушылардың тіректі-қозғалыс аппаратын дамыту;

      3) білім алушыларда заманауи бидің түрлі бағыттарындағы: модерн, джаз, contemporary, олардың түрлі модификациясы элементтерін орындаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) шығармашылық қызметке уәждемені дамыту;

      2) бала тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, білім алушының көркемдік және эстетикалық талғамын дамыту;

      3) әртүрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді білім алушының бойында тәрбиелеу және дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – тоғыз жыл. Негізгі оқыту курсына дайындау үшін бес-жеті жастағы балалармен дайындық топтарында сабақтар жүргізіледі.

      Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Балалар өнер мектептері хореография бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

      6. Бағдарлама заманауи бидің комбинациясы мен қозғалыстарды техникалық орындаудың дағдыларын меңгеруді қалайтын жеті жастағы балаларды оқыту үшін арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) бидің сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      8. Бағдарлама білім алушыларға заманауи билерді жеке, жұпта және ансамбльде орындау біліктерін меңгерулеріне жағдай жасайды.

      Бағдарлама балалардың шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына бағытталған және орындаушылық тәжірибелерін меңгеруге, хореографиялық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      9. Бағдарлама би қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      10. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) заманауи бидің әртүрлі стильдерінің, бағыттарының, түрлерінің пластика негіздерін меңгеруіне;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) хореографиялық білім алуына және әлемдік мәдениетке араласуына;

      5) хореография өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдылар мен біліктерді меңгерту мазмұны, сипаты және стилі бойынша әртүрлі заманауи билермен жұмыс істеу барысында жүзеге асады.

      13. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың заманауи бидің модерн, джаз, contemporary бағыттарының түрлі модификациясы элементтерін орындау бойынша практикалық білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәсілдерін меңгеруге жалпы дамытушылық бағыттылығы болып табылады.

      14. Ұжымдық орындаушылықтың негізгі практикалық міндеті – табысты ынтымақтастық дағдыларын, қатарластарымен, ересектермен ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруді болжайтын бидің арнайы ансамбльдік дағдыларын қалыптастыру.

      15. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, оның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың билеу-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты заманауи биді орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      18. "Заманауи би" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және билеудің стильдері мен бағыттарын іріктеудің вариативті болуына жағдай жасайды.

      Педагог заманауи билерді орындаудың әр түрлі стильдерін, мәнерлерін және техникаларын меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында хореографияға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) музыканы белсенді тыңдау – бейнелі қойылымдарда дауыс ырғағының сақталуы: импровизация, қозғалысты жаттығулар – бейнелер);

      2) ауызша әдіс – музыкалық шығармалардың мазмұнын ашу, музыкалық сауаттың қарапайым негіздерін түсіндіру, музыкамен байланыста қозғалыс техникасын суреттеу, терминология, тарихи анықтама);

      3) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің би элементтерін көрсетуі, биді орындауы, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету);

      4) практикалық – қойылымдық, дайындық жұмыспен байланысты негізгі білік және дағдыларды меңгеру, көркемдік және техникалық шешімді іздестіру);

      4) ойын – сабақтарда кейбір элементтерді неғұрлым жылдам меңгеруге, дамуға ықпал ететін әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды қолдану).

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, бишілік қабілеттерінің даму деңгейі. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) дайындық-концерттік;

      3) байқаулар;

      4) концерттер.

      22. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      23. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта өткізіледі.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) өз бетімен жүргізілетін сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыныптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныпта оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс және тағы сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері және мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдердбағі) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      32. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) неғұрлым күрделендірілген ереже, дене қозғалысы, exercice [экзерсис], қарапайым кростық қозғалыс үйретіледі, біртіндеп джаздық бидің қозғалысы мен элементтері енгізіледі;

      2) білім алушылар орталықтан шығатын қол линиясының сезімін игереді, кейін модерн биі немесе джаздық биге тән әртүрлі позициялар, қол қалыбы мен қозғалысы қолданылады;

      3) қадам мен жүгірудің қарапайым түрлері үйретіледі, әрбір сабақ тынысты қалыпқа келтіруші жаттығулармен және омыртқаны созуға, аяқ, қол және дене бұлшық еттерінің созылуына арналған жаттығулармен аяқталады;

      4) білім алушылар оқшаулануды, оқшауланудағы қарапайым түрлерді және комбинацияны орындау мүмкін болатын джаздық биге тән, дененің негізгі қалыбы – коллапсты меңгереді.

      33. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Аяқ, қол позициялары, негізгі ережелер және джаздық бидегі дененің қозғалысы.

      2-бөлім. Джаздық би техникасының негізгі тәсілі ретіндегі оқшаулану.

      3-бөлім. Станоктағы exercice [экзерсис].

      4-бөлім. Кросс.

      5-бөлім. Афроджаз элементтері.

      6-бөлім. Босаңсуға арналған жаттығулар, stretching [стретчинг].

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Коллапс қалыбы.

      2-тақырып. Ширыққан және босаңсыған арқа. Омыртқаның еркіндігі және қозғалғыштығы. Бұлшық етке түскен күшті үлестіру.

      3-тақырып. Тік қалыптағы дене толқыны.

      4-тақырып. Қолдың бір позициядан екіншіге бірқалыпты ауысуы.

      5-тақырып. Қол позицияларының нақты іліп алуы (кеуде тұсында шынтақта бүгілген, шынтақтар екі жаққа қарай, төмен).

      6-тақырып. Орталықтар ұғымы. Кеуде қуысы.

      7-тақырып. Бөлек орталықтармен жұмыс. Еңкею, бұрылу, квадрат, шеңбер, жылжыту.

      8-тақырып. Бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша станокқа бетімен қараған күйі demi plie [деми плие].

      9-тақырып. Бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша станокқа бетімен қараған күйі алға және жанға battement tendu [батман тандю].

      10-тақырып. Сынып нүктелері (1-8).

      11-тақырып. Жартылай саусақта қадам басу.

      12-тақырып. Жартылай саусақта жоғары қарай бүгілген аяқпен мықынды көтерумен қадам басу.

      13-тақырып. Алға сырғып жүгіру.

      14-тақырып. Кеудені алға лақтыру.

      15-тақырып. Орталықтар (иықтарды, кеуде қуысын алға қою акценті) жұмысымен қадам басу.

      16-тақырып. Тынысты қалыпқа келтіру, қолмен және денемен қарапайым port de bras [порт де бра].

      17-тақырып. Тік денемен алға параллель позиция бойынша, бір жаққа екінші кең бұрылмалы және параллель позиция бойынша қатты еңкеюлер.

      18-тақырып. Коллапс қалыбы.

      19-тақырып. Ширыққан және босаңсыған арқа. Омыртқаның еркіндігі және қозғалғыштығы. Бұлшық еттерге түсетін күшті үлестіру.

      20-тақырып. Тік қалыпта және алға, жанға еңкею арқылы дене толқыны.

      21-тақырып. Кеуде swing [Свинг].

      22-тақырып. Кеуденің flat back (жалпақ арқа) еңкеюі және arch (кеуде қуысының ашылуы).

      23-тақырып. Side stretch [сайд стрейтч] (бір жағына еңкею).

      24-тақырып. Жеке орталықтармен жұмыс. Оқшауланған орталықтармен қозғалыс нұсқалары. Еңкею. Бұрылу. Крест. Шаршы. Шеңбер. Жартылай шеңбер. Сегіздік. Көтеру-түсіру. Жылжу. Шейк.

      25-тақырып. Орталықтар жұмысын алмастыру.

      26-тақырып. Дене жұмысын кезектестірумен бірінші бұрылмалы (bounce [боунс], arch [арч]), бірінші және екінші параллель позициялар бойынша станокқа бетімен қараған күйі demi plie [деми плие].

      27-тақырып. Бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша станокқа бетімен қараған күйі алға, жанға және артқа battement tendu [батман тандю].

      28-тақырып. Сызық, диагональ қозғалыс бағыты.

      29-тақырып. Секіру.

      30-тақырып. Төменгі жүгіру мен биікке секірудің үйлесуі.

      31-тақырып. Кеудені алға лақтыра отырып қадам басу.

      32-тақырып. Орталықтар (бас, иықтар, кеуде қуысы) жұмысымен қадам басу.

      33-тақырып. Тынысты қалыпқа келтіру, қолмен және денемен қарапайым port de bras [пор де бра].

      34-тақырып. Денені алға, бір жағына, бір немесе екінші аяққа, аяқ арасына әртүрлі терең еңкейту.

      34. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аяқ, қол позициялары, негізгі ережелер және джаздық бидегі дененің қозғалысы.

      2) станокта және зал ортасында үйренген қозғалыстардың терминологиясын біледі;

      3) толық табанда және жартылай саусақта қадамның қарапайым түрлерін орындайды;

      4) оқшауланудағы қозғалыстың қарапайым түрлерін және комбинацияны орындайды;

      5) станокта алғашқы exercice қимылын орындайды;

      6) модерн биі немесе джаздық биге тән күрделіндірілген қалыптарды және қол, дене қозғалыстарын орындайды;

      7) қарапайым кростық қозғалысты орындайды;

      8) Бұлшық етті нығайтуға, босаңсытуға арналған жаттығуларды, stretching және тынысты қалыпқа келтіретін жаттығуларды орындайды;

      9) музыкалық сүйемелдеуге сәйкес қозғалысты орындайды.

      35. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындауда сәйкес үйлесімділікті, аталған хореография бағытының стилін түсіну және жеткізу біліктерін талап ететін джаздық бидің техникалық күрделі элементтерін үйрену әрі қарай жалғасады;

      2) зал ортасында exercice меңгеру жалғасады, аяқ жұмысы дене және қол жұмысымен кезектеседі, кросстағы қозғалыс үйлесімділігі күрделенеді;

      3) пресс, арқа, аяқ және қол бұлшық еттерін нығайтуға арналған күш жүктемесі арттырылады, арқаны, престі, аяқты тербету элементтері пысықталады;

      4) білім алушылар джаздық бидің әртүрлі стильдерінің элементтерін меңгере отырып, зерттелетін стильдің сипатына, орындау мәнерлілігі мен мәнеріне ерекше көңіл аударады, сабақтың музыкалық сүйемелдеуі зерттелетін стильдерге (афроджаз, лирикалық джаз, театральды немесе бродвейлік джаз) сәйкес таңдалады, білім алушылардың жасына сәйкес келеді, нақты түсінікті ритмикалық құрылымы болады;

      5) білім алушылар джаздық бидің әртүрлі стилдерінің элементтерін меңгереді, алдымен таза күйдегі негізгі қадамдар және қозғалыстар, кейін дене, қол және аяқ үйлесімділігі пысықталады.

      36. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Оқшаулау.

      2-бөлім. Зал ортасында exercice [экзерсис].

      3-бөлім. Кросс.

      4-бөлім. Афроджаз элементтері.

      5-бөлім. Лирикалық джаз элементтері.

      6-бөлім. Театралды джаз элементтері.

      7-бөлім. Бұлшық етті нығайтуға, босаңсытуға арналған жаттығулар, stretching [стрейтчинг].

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жеке орталықтармен жұмыс.

      2-тақырып. Орталықтар жұмысын кезектестіру.

      3-тақырып. Бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша demi plie [деми плие].

      4-тақырып. Бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша алға, жанға battement tendu [батман тандю].

      5-тақырып. Бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша алға, жанға battement tendu jete [батман тандю жете].

      6-тақырып. Алға қадамдармен таза күйде мықыннан әрі кейін жанға сырғанау.

      7-тақырып. Step ball change [степ бол чейндж] дайындық (bounce [боунс] қадамдары, аяқты жанға шығарумен қадам).

      8-тақырып. Алға, мықынмен жанға chasse [шассе].

      9-тақырып. Орталықтардың әртүрлі жұмысымен қадам (пульсация, еңкею, бұрылу).

      10-тақырып. Жанға сырғанаумен және дененің flat back [флат бак] қалыбымен бүйірлі жүріс.

      11-тақырып. Лирикалық джаз стиліндегі port de bras [пор де бра].

      12-тақырып. Passé мықынды көтерумен және tombe сырғанаумен releve.

      13-тақырып. Алға бродвейлік walk [уолк].

      14-тақырып. Алға 45 градусқа қадамнан kick [кик].

      15-тақырып. Пресс (жоғарғы және төменгі пресс) бұлшық еттерін нығайту.

      16-тақырып. Арқа бұлшық еттерін нығайту.

      17-тақырып. Қол бұлшық еттерін нығайту (тізеде кеудені жерден көтеру).

      18-тақырып. "Планка" қалыбы (йога).

      19-тақырып. Жеке орталықтармен жұмыс.

      20-тақырып. Кеуде қуысы жұмысының комбинациясы: крест (орталық арқылы), шаршы (орталыққа қайта оралусыз).

      21-тақырып. Дене жұмысын кезектестірумен бірінші бұрылмалы (bounce [боунс], arch [арч], swing [свинг], body roll [боди рол], толқын), бірінші және екінші параллель позициялар бойынша demi plie [деми плие].

      22-тақырып. Дене және қол жұмыстарын кезектестірумен бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша алға, жанға және артқа battement tendu [батман тандю] және jete [жете].

      23-тақырып. Шаршы бойымен қарапайым қимылдармен барлық бағыттарға grand battement [гранд батман].

      24-тақырып. Алға қадамдармен, бұрылу кезіндегі қадамдармен мықынға жанға сырғанау.

      25-тақырып. Алға қозғалумен step ball change [степ бол чейндж].

      26-тақырып. Қадамдармен, жүгірумен, секірумен үйлесімділікте алға, мықынмен жанға chasse [шассе].

      27-тақырып. Орталықтардың әртүрлі жұмысымен қадам (пульсация, еңкею, бұрылу, шейк, твист).

      28-тақырып. Жанға сырғанаумен және arch – flat back [арч – флат бак] дененің қалыбын алмастырумен бүйірлі жүріс.

      29-тақырып. Лирикалық джаз стиліндегі port de bras [пор де бра] және қадамдарды үйлестіру.

      30-тақырып. Passé [пассе] қадамы және тарту (оттяжка) қадамы.

      31-тақырып. Барлық бағыттарға бродвейлік walk [уолк].

      32-тақырып. Алға, жанға 45 градусқа, 90 градусқа қадамнан kick [кик].

      33-тақырып. Пресс (жоғарғы, төменгі, іштің қиғаш бұлшық еттері) бұлшық еттерін нығайту.

      34-тақырып. Арқа бұлшық еттерін нығайту.

      35-тақырып. Қол бұлшық еттерін нығайту (кеудені жерден көтеру).

      36-тақырып. "Планка" қалыбы (йога).

      37-тақырып. "Тұмсығы төмен қараған ит" йога қалыбы (йога).

      37. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) станокта және зал ортасында үйренген қозғалыстардың терминологиясын біледі;

      2) зал ортасында аяқ, дене және қол жұмысын кезектестіріп, exercice элементтерін орындайды;

      3) неғұрлым күрделі үйлесімділік түрінде кроста қозғалысты орындайды;

      4) афроджаз, лирикалық джаз және театралды джаз элементтерімен қойылымды би комбинацияларын эмоциялық-мәнерлі орындайды;

      5) бұлшық етті нығайтуға, босаңсытуға арналған, stretching [стрейчинг] және тынысты қалыпқа келтіруші жаттығуларды орындайды;

      6) джаздық бидің техникалық күрделі элементтерін орындау дағдыларын меңгереді.

      38. 3 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) оқшаулау процесінде ықтимал қозғалыс нұсқалары, жамбас бөлігінің қозғалысы қосылуы есебінен дене орталықтары түсінігі кеңейеді, орталықтар жұмысын кезектестіру қосылады;

      2) зал ортасында Exercice [экзерсис] күрделендіріледі, біртіндеп қозғалысқа барлық дененің жұмысы енгізіледі, амплитудалық қозғалыстар зерттеледі, кросс неғұрлым күрделі және алуантүрлі болады, бір комбинацияда қадамдардың, секірулердің әртүрлі түрлерінің үйлесімділігі қолданылады, сызықтар, диагональдар, шеңбер бойымен қозғалыста кеңістік белсенді меңгеріледі;

      3) әртүрлі амплитудамен, жылдамдықпен және динамикамен қарама-қайшы қозғалыс есебінен білім алушылардың бұлшық ет және буын аппаратын нығайту жалғасады, жұмысқа әр түрлі бұлшық ет топтары ендіріледі;

      4) үйренген джаздық бидің әр түрлі стильдерінің элементтері негізінде шағын би комбинациялары құрастырылады, театралды немесе бродвейлік джаз түрлі мюзиклдерден сөздік қорды қолдануды болжайды, әр түрлі стильдер үшін музыкалық сүйемелдеу ретінде ұлттық африка әуендері (барабандар), блюз стиліндегі джаздық музыка таңдалады және танымал мюзиклдерден музыка қолданылады.

      39. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Оқшаулау.

      2-бөлім. Зал ортасында exercice [экзерсис].

      3-бөлім. Кросс.

      4-бөлім. Афроджаз стиліндегі би материалы.

      5-бөлім. Лирикалық джаз стиліндегі би материалы.

      6-бөлім. Театралды джаз стиліндегі би материалы.

      7-бөлім. Бұлшық етті нығайтуға, босаңсытуға арналған жаттығулар, stretching [стрейчинг].

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орталықтар түсінігі. Бел бөлімі (пресс). Пелвис (жамбас бөлігі).

      2-тақырып. Жеке орталықтармен жұмыс. Оқшауланған орталықтармен қозғалыстың барлық мүмкін болатын нұсқалары. Еңкею. Бұрылу. Крест. Шаршы. Шеңбер. Жарты шеңбер. Zundary [зандари]. Сегіздік. Көтеру-түсіру. Жылжу. Шейк. Твист. Shimmi [шимми]. Hip lift [хип лифт].

      3-тақырып. Орталық жұмысын кезектестіру.

      4-тақырып. Дене жұмысын кезектестірумен бірінші және екінші бұрылмалы (bounce [боунс], arch [арч], swing [свинг], body roll [боди рол], толқын, side stretch [сайд стрейтч]), параллель позициялар бойынша demi [деми] және grand plie [гранд плие].

      5-тақырып. Дене және қол жұмыстарын кезектестірумен бірінші бұрылмалы, бірінші және екінші параллель позициялар бойынша алға, жанға және артқа battement tendu [батман тандю] және jete [жете].

      6-тақырып. Rond de jambe par terre [рон де жамб пар тер].

      7-тақырып. Барлық бағыттарға нүктелерді ауыстырумен шаршы бойымен қадамдармен grand battement [гранд батман].

      8-тақырып. Алға 45 градусқа аттаумен kick [кик].

      9-тақырып. Алға 90 градусқа аттаумен kick [кик].

      10-тақырып. Kick [кик] және step ball change [степ бол чейндж] үйлесуі.

      11-тақырып. Барлық мүмкін болатын қадамдарды қолданумен афроджаз стиліндегі би комбинациясы, орталықтар жұмысы, қозғалыстың әр түрлі ырғақтарын және амплитудаларын кезектестіру.

      12-тақырып. Барлық мүмкін болатын қадамдарды қолданумен лирикалық джаз стиліндегі би комбинациясы, сырғанау, қалыпты және екпінді қимылдарды кезектестіру.

      13-тақырып. Барлық мүмкін болатын қадамдарды, бой түзеулерді қолданумен театралды немесе бродвейлік джаз стиліндегі би комбинациясы, амплитудасы және жылдамдығы бойынша әр түрлі қозғалыстарды кезектестіру.

      14-тақырып. Бір созылудан екіншіге бірқалыпты орын алмасулар.

      15-тақырып. Арқа, іш, аяқ бұлшық еттерін нығайтуға жаттығулар (қозғалыс санын арттыру).

      16-тақырып. Орталықтар жұмысын кезектестіру.

      17-тақырып. Орталықтармен қозғалыс комбинациясы.

      18-тақырып. Дененің бір мезгілдегі жұмысымен бірінші, екінші, үшінші бұрылмалы (bounce [боунс], arch [арч], swing [свинг], body roll [боди рол], толқын), параллель позициялар бойынша demi [деми] және grand plie [гранд плие].

      19-тақырып. Бір мезгілдегі дене жұмысы және қолды түрлі позицияларға (бірқалыпты және бірден) алмастырумен бірінші бұрылмалы, параллель позициялар бойынша алға, жанға және артқа [батман тандю] және jete [жете].

      20-тақырып. Дене және қол жұмысымен [рон де жамб пар тер].

      21-тақырып. Параллель және бұрылмалы позициялар бойынша battement developpe.

      22-тақырып. Бір комбинацияда, диагональ, шеңбер бойымен қозғалыста қадамдардың, секірулердің әр түрлі түрлерінің үйлесімділігі (алға және жанға kick [кик], аттаумен kick [кик], step ball change [степ бол чейндж], chasse [шассе], сырғанау, барлық бағытта қадамдар);

      23-тақырып. Айналуларға дайындық.

      24-тақырып. Афроджаз стиліндегі би комбинациясы. Қозғалыс және музыкалық қабілет сапасымен жұмыс.

      25-тақырып. Лирикалық джаз стиліндегі би комбинациясы. Қозғалыс және музыкалық қабілет сапасымен жұмыс.

      26-тақырып. Театралды немесе бродвейлік джаз стиліндегі би комбинациясы. Қозғалыс және музыкалық қабілет сапасымен жұмыс.

      27-тақырып. Арқа, іш, аяқ бұлшық еттерін нығайтуға жаттығулар (қозғалыс санын арттыру).

      28-тақырып. Пилатес және йога элементтерін қолдану.

      40. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) заманауи би стильдерінің: афроджаз, лирикалық джаз және театралды джаз ерекшелігін біледі;

      2) заманауи хореография терминологиясын біледі;

      3) джаз-би стильдерін ажырата біледі;

      4) барлық дененің жұмысымен зал ортасында күрделендірілген еxercice орындайды;

      5) бұлшық ет және буын аппаратын дамытуға және нығайтуға арналған неғұрлым күрделі жаттығулар кешенін орындайды;

      6) бір комбинацияда сызықтар, диагональдар, шеңбер бойымен қозғалыста қадамдардың, секірудің әр түрлі түрлерінің үйлесімділігінде күрделі және алуан түрлі кросс қимылдарын орындайды;

      7) джаз-би стильдерінің неғұрым күрделі қозғалыстары мен комбинацияларын орындау дағдыларына ие;

      8) сабақтарда үйренген қойылымды би комбинациялары мен композицияларын эмоциялық, мәнерлі орындайды.

      41. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тынысқа және тыныс алу процесі кезінде анатомиялық өзгерістерге тәуелді, қозғалыс физикасына жаңа тәсілді тұспалдайтын Марта Грэхем және Хосе Лимон техникасы секілді классикалық модерн техникаларын меңгеруге ауысу жүзеге асады;

      2) алдымен классикалық модерн техникасына тән дененің, қолдың және бастың негізгі қалыптары және қозғалыстары меңгеріледі, әрбір элементті және қозғалысты саналы орындауға және оның тыныспен қосылуына қол жеткізіледі;

      3) еденмен жұмыс істеудің жаңа қағидаларына көңіл қойылады, құлау және домалау техникаларын меңгеру басталады, музыкалық сүйемелдеу аталған кезеңде алуан түрлі, белгілі стильмен немесе бағытпен шектелмейді, ол әрбір жаттығуға немесе музыкалық өлшемі мен сипаты бойынша комбинацияға сәйкес келеді.

      42. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Модерн биіндегі аяқ, қол позициялары, дененің негізгі қалыптары мен қимылдары.

      2-бөлім. Классикалық модерн техникасын қолданумен партердегі exercice [экзерсис].

      3-бөлім. Классикалық модерн техникасын қолданумен зал ортасындағы exercice [экзерсис].

      4-бөлім. Еденмен жұмыс істеу принципі.

      5-бөлім. Құлау және домалау техникалары.

      6-бөлім. Кеңістікті меңгеру.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аяқтың жабық қалыбы.

      2-тақырып. Дененің негізгі қалыптарын және қимылдарын қосумен қолдармен port de bras [пор де бра].

      3-тақырып. Curve back [серв бак] және arch [арч] дененің негізгі қалыптары.

      4-тақырып. Flat back [флат бак], deep body bend [дип боди бенд] дененің негізгі қалыптары.

      5-тақырып. Кеуде қуысымен, ішпен тыныс алу. Қозғалыс пен тыныстың қосылуы.

      6-тақырып. Қос contraction [контракшн].

      7-тақырып. Шиыршыққа arch [арч], contract [контракт], stretch [стрейтч] үйлестіру.

      8-тақырып. Plie [плие], еденде отырған күйі, аяқтар алға созылған.

      9-тақырып. Jete [жете] жоғары [флекс], point [пойнт] табан жұмысымен.

      10-тақырып. Аяқты бір жаққа жіберумен және келтірумен pique [пики] .

      11-тақырып. Аяқты бір жаққа жіберумен және жоғары releve lent [релеве лент] және battement [батман].

      12-тақырып. Марта Грэхем техникасындағы партерлік комбинация.

      13-тақырып. Параллель және ашық позициялар бойынша demi [деми] және grand plie [гранд плие].

      14-тақырып. Дененің негізгі қалыптарымен (curve back [серв бак] и arch [арч], contraction [контракшн]) demi [деми] және grand plie [гранд плие] үйлестіру.

      15-тақырып. Бір және екі қолмен ұстай отырып, станокқа бетімен қараған күйі еден (М. Грэхем) бойымен табанмен сегіздіктер.

      16-тақырып. 90 градусқа иілген мықынмен (М. Грэхем) екі қолмен ұстаған бетімен қараған күйі сегіздіктер.

      17-тақырып. Негізгі қадамдармен, айналулармен үйлесімділікте барлық бағыттарға қадамдармен және қозғалулармен grand battement jete [гранд батман жете].

      18-тақырып. Арқада жату қалпында, аяқтармен swing [свинг], бүйірге тұрумен.

      19-тақырып. Еденде қозғалудың нұсқалары. Тұру, қолға тұрулар.

      20-тақырып. Ауырлық орталығымен жұмыс (Хосе Лимон техникасы).

      21-тақырып. "Баланс" түсінігі. Салмақты ауыстыру. Балансты іздеу.

      22-тақырып. Құлау және домалау процесінде инерцияны қолдану (Хосе Лимон техникасы).

      23-тақырып. Battement-пен [батман] алға және бір жаққа секірулер.

      24-тақырып. Алдыңғы аяқ бүгілген күйі grand jete [гранд жете].

      43. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) модерн биіндегі аяқ, қол позициялары, дененің негізгі қалыптары мен қимылдарын біледі;

      2) Марта Грэхем және Хосе Лимон техникаларының ерекшеліктерін біледі;

      3) классикалық модерн техникасына тән дененің, қолдың және бастың негізгі қалыптарын және қозғалыстарын біледі;

      4) классикалық модерн техникасын қолданумен партерде және зал ортасында exercice [экзерсис] орындайды;

      5) классикалық модерн техникасына тән дененің, қолдың және бастың негізгі қалыптарының және қозғалыстарының дағдыларына ие;

      6) модерн биінің негізгі қимылдары мен комбинацияларын музыкамен орындайды;

      7) құлау және домалау техникаларының дағдыларына ие.

      44. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) модерн-джаз биі бағытында ұсынылған түрлердің модификациясы үйретіледі, қыздырылудың әр түрлі түрлері үйлестіріледі, оқшаулану әр түрлі орталықтарды және барлық мүмкін болатын қозғалыс нұсқаларында полицентриканы, полиритмияны, орталықтар үйлесімін қолдануды болжайды, еденмен жұмыс істеу қағидаларын үйрену жалғасады, зал ортасындағы Exercice [экзерсис] классикалық қағида бойынша құрылады, біртіндеп қол, аяқ және дене үйлесімділігі күрделендіріледі.

      45. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Оқшаулау.

      2-бөлім. Еденмен жұмыс істеу принциптері.

      3-бөлім. Модерн-джаз биі техникасында зал ортасында exercice [экзерсис].

      4-бөлім. Кеңістікте қозғалу, деңгейлер.

      5-бөлім. Модерн-джаз техникасында allegro [аллегро].

      6-бөлім. Модерн-джаз техникасында би материалы.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Оқшауланған орталықтармен барлық мүмкін болатын қозғалыс нұсқалары. Еңкею. Бұрылу. Крест. Шеңбер. Жартылай шеңбер. Zundary [зандари]. Сегіздік. Көтеру-түсіру. Жылжу. Шейк. Твист. Shimmi [шимми]. Hip lift [хип лифт].

      2-тақырып. Полицентрия. Полиритмия. Орталықтар үйлесімділігі.

      3-тақырып. Арқада, іште домалап жылжу.

      4-тақырып. Орталықпен жұмыс: қысылу – созылу, дене жартылары.

      5-тақырып. Demi [деми] и grand plie [гранд плие] дене жұмысымен: [рол даун], roll up [рол ап], flat back [флат бак] и curve back [серв бак].

      6-тақырып. Ауырлық орталығын тірек аяққа ауыстырумен және дене жұмысын алға, жанға қосумен battement tendu [батман тандю].

      7-тақырып. Еденде дене жұмысымен rond de jambe [рон де жамб].

      8-тақырып. Барлық бағыттарға, ашық және параллель позициялар бойынша releve lent [релеве лент].

      9-тақырып. Еркін мықынмен (swing [свинг]) алға және артқа лақтырулар.

      10-тақырып. "Деңгейлер" түсінігі. Жоғарғы, ортаңғы, төменгі деңгей.

      11-тақырып. Жүру, секіру, айналу. Қол, дене, аяқ, бас үйлесімділігінде шағын байланысқа қозғалыстар мен байланыстардың базалық нұсқалары.

      12-тақырып. Айналуға sissonne [сисон] c arch [арч], curve [серв].

      13-тақырып. Дене жұмысымен алға, бір жаққа және артқа battement [батман] секіру.

      14-тақырып. Модерн және джаз билерінің негізгі элементтері бірігетін би комбинациялары.

      15-тақырып. Полицентрия. Полиритмия. Орталықтар үйлесімділігі.

      16-тақырып. Оқшауланған орталықтармен барлық мүмкін болатын қозғалыс нұсқаларын қолданумен комбинация.

      17-тақырып. Дененің әр түрлі бөліктерімен сырғу.

      18-тақырып. Slide [слайд].

      19-тақырып. Flat [флат] және curve back [серв бак], roll [рол] және [свинг], arch [арч] дене қимылдарымен үйлесімділікте барлық ашық және параллель позициялар бойынша demi [деми] және grand plie [гранд плие].

      20-тақырып. Ауырлық орталығын тірек аяққа ауыстырумен және дене жұмысын алға, жанға, артқа қосумен battement tendu [батман тандю] және jete [жете] .

      21-тақырып. 45 градусқа дене жұмысымен rond de jambe [рон де жамб].

      22-тақырып. Алға айқыштап және артқа еркін мықынмен (swing [свинг]) лақтыру.

      23-тақырып. Дене жұмысымен үйлестіруде developpe [девелопе].

      24-тақырып. Бір комбинацияда әр түрлі деңгейлердің үйлесуі (еден, орташа деңгей, секіру).

      25-тақырып. Қадам мен секірудің әр түрлі түрінің үйлесуі.

      26-тақырып. Құлау және домалау арқылы секіру.

      27-тақырып. Айналу мен домалаудың үйлесуі.

      28-тақырып. Жүгірумен үйлесуде төселген grand jete [гранд жете].

      29-тақырып.Жоғарыға екпін қойылған grand jete [гранд жете].

      30-тақырып. Модерн және джаз билерінің негізгі элементтері бірігетін би комбинациялары.

      46. 5 сыныпта Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1)модерн-джаз би ерекшелігін біледі;

      2)үйренген элементтердің терминологиясын біледі;

      3)қол, аяқ және дене қимылдары үйлесімділігін күрделендіру арқылы зал ортасында еxercice орындайды;

      4)заманауи би жаттығуларында, қимылдарында және комбинацияларында кеңістіктің әр түрлі деңгейлерін меңгеру дағдыларына ие;

      5)заманауи бидің үйренген стильдерінде секіруді орындау техникасына ие;

      6)модерн-джаз биі стилінде қойылым би комбинацияларын эмоциялық және мәнерлі орындайды.

      47. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар contemporary [контемпорари] биінің жаңа техникасын меңгереді, заманауи би техникаларының дәстүрлі қимылдарын, өз денесін ұғынумен байланысты қозғалысқа арналған жаңа тәсілдерді қолданылады, свингтік қозғалыс бөлімімен аяқталады.

      2) қарқыны тездетіледі, әр түрлі үйлесімділіктерде қозғалыс үйлесімділігі күрделенеді, қозғалыстың ырғақты суреті алуан түрлі болады, жылдамдықпен және динамикамен жұмыс жалғасады, білім алушылар заманауи бидің әр түрлі техникаларында неғұрлым еркін қозғалады, орындалатын жаттығу мен қозғалыс сараланады;

      3) contemporary [контемпорари] джаз техникасында экспрессивті, динамикалық би комбинацияларының қимылдары орындау барысында оның мүмкіндіктерін ашу бойынша денемен жұмыс жүргізіледі;

      4) contemporary [контемпорари] джаз техникасындағы би комбинациялары үшін музыка smooth [смуз] джаз, саунд, crossover [кроссовер] джаз секілді поп-музыка реңктерімен джаз музыкасы стильдерінің өзара үйлесуін білдіреді.

      48. 6 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Омыртқаға және денеге арналған жаттығулар.

      2-бөлім. Аяқтың әр түрлі буындарына арналған жаттығулар.

      3-бөлім. Swing [свинг] қозғалысы.

      4-бөлім. Кеңістікте қозғалу, деңгейлер.

      5-бөлім. Кеңістікті меңгеру, жылдамдықпен және динамикамен жұмыс.

      6-бөлім. Contemporary [контемпорари] джаз стиліндегі би материалы.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Баспен, кеуде қуысымен, түзу аяқтардағы денемен plie-да [плие], bounce-пен [боунс] шеңберлер.

      2-тақырып. Жеке және аяқ пен қол қимылдарымен бірге денемен сырғу (еңкею, ауысу, бұрылу).

      3-тақырып. Табан, тізе және жамбас буындарын сезіну.

      4-тақырып. Табан және тізе буындарын қыздыру (flex [флекс], point [пойнт], push [пуш], айналу, көтеру).

      5-тақырып. 45 градусқа барлық бағыттарға барлық позициялар бойынша еден бойымен brush [браш] .

      6-тақырып. Жамбас мықын буынын қыздыру, еден бойымен 45 градус rond қимылы.

      7-тақырып. Оралған мықынмен fondu [фондю].

      8-тақырып. Денемен алға, жан-жаққа swing [свинг].

      9-тақырып. Шиыршықтағы swing [свинг].

      10-тақырып. Еркін мықынды (swing [свинг]) алға және артқа лақтыру.

      11-тақырып. Мықынға, мықын арқылы құлау, арқаға жатып домалап жылжу арқылы қадамдар.

      12-тақырып. Аяқты жоғары шығарумен slide [слайд] .

      13-тақырып. Жүгірумен бүйірлі grand jete [гранд жете].

      14-тақырып. Тізеге тұрумен, тұла бойға, секірумен төменгі деңгейде бір жақтан екінші жаққа ауысу.

      15-тақырып. Жылдамдық өзгеруімен (қозғалыс уақытын, кеңістігін және жылдамдығын сезіну) тік қалыптан көлденең қалыпқа және керісінше ауысу.

      16-тақырып. Contemporary [контемпорари] биінің және джаз биінің негізгі элементтері бірігетін би комбинациялары.

      17-тақырып. Аяқтар мен қолдардың қозғалуымен бірге және бөлек дененің қозғалысының ағымы (еңкею, ауысу, бұрылу). Қозғалу амплитудасының, жылдамдығының, динамикасының ауысуы.

      18-тақырып. Барлық үйренген дене қимылдары мен қалыптарын қолданумен комбинация (roll down [рол даун], roll up [рол ап], arch [арч], flat back [флат бак], curve back [серв бак], шиыршық).

      19-тақырып. Аяқты қыздыру. Аяқ буындарына арналған жаттығулар. Табан жұмысы.

      20-тақырып. 45 градусқа барлық бағыттарға барлық позициялар бойынша еден бойымен brush [браш], дене жұмысы үйлесімінде en tournant [ан турнан].

      21-тақырып. Дене жұмысымен rond [ронд], fondu [фондю] қозғалысы арқылы мықынды қыздыру.

      22-тақырып. 90 градусқа барлық бағыттарға brush [браш].

      23-тақырып. Бір жақтан екінші жаққа, алға-артқа қозғалумен swing [свинг] және chasse [шассе]. Свингтік тербелу және салмақты беру.

      24-тақырып. Еркін мықынмен (swing [свинг]) алға және артқа бұрылумен лақтыру.

      25-тақырып. Бір комбинацияда әр түрлі свинг қимылдарының үйлесуі.

      26-тақырып. Прыжок на голень с перекатом.

      27-тақырып. Жүгіруден, секіруден домалап жылжумен құлау.

      28-тақырып. Ауысумен gete en tournant [жете ан турнан].

      29-тақырып. Біртіндеп жылдамдықты арттырумен тізеге тұрумен, толық бойға, секірумен төменгі деңгейде бір жақтан екінші жаққа домалап жылжулар.

      30-тақырып. Арқа арқылы еден бойымен, іште-арқада біртіндеп жылдамдықты арттырумен домалап жылжулар.

      31-тақырып. Contemporary биінің және джаз биінің негізгі элементтері бірігетін би комбинациялары.

      49. 6 сыныпта Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) contemporary [контемпорари] биі техникасының ерекшелігін біледі;

      2) contemporary [контемпорари] биі элементтерінің атауларын біледі;

      3) әр түрлі бұлшық ет топтарын ширатуды, қыздыруды және созуды орындайды;

      4) заманауи би жаттығуларында, қимылдарында және комбинацияларында кеңістіктің әр түрлі деңгейлерін меңгеру дағдыларына ие;

      5) неғұрлым күрделі ырғақты суретте қозғалыс пен комбинацияны жылдамдатылған және динамикалық қарқында орындайды;

      6) заманауи бидің әр түрлі техникаларында неғұрлым еркін қозғалады;

      7) орындалатын жаттығу мен қимылды саралайды;

      8) contemporary [контемпорари] джаз техникасында эмоциялық-мәнерлі би комбинацияларын орындайды.

      50. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар неғұрлым күрделі үйлесімділіктегі қозғалыс дағдыларына ие болады, дененің жеке бөліктеріндегі артық күш түсіруді жою, концентрация, өз денесімен неғұрлым саналы жұмыс үшін комбинациялардағы және жаттығулардағы техникалық неғұрлым күрделі тәсілдерді орындау;

      2) жеке және байланыс импровизациясының қарапайым элементтері ендіріледі, release [релиз] техникасы, әрбір жаттығудың және комбинацияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес музыкалық сүйемелдеу меңгеріледі.

      51. 7 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Release [релиз] техникасының негіздері.

      2-бөлім. Партердегі жаттығуларда release [релиз] қозғалысына тәсілдеме амалдарын қолдану.

      3-бөлім. Зал ортасындағы жаттығуларда release [релиз] қозғалысына тәсілдеме амалдарын қолдану.

      4-бөлім. Импровизация тәсілдері.

      5-бөлім. Кеңістікті меңгеру.

      6-бөлім. Жылдамдықпен және динамикамен жұмыс.

      7-бөлім. Байланыс импровизациясының негіздері.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дененің әр түрлі бөліктеріне зейінді қою және артық күш түсіруді жою.

      2-тақырып. Жұпта жұмыс істеу.

      3-тақырып. Қозғалысты оның физикалық заңдармен өзара әрекеттесуі арқылы үйрену.

      4-тақырып. Арқада жату қалпында, қолдан, орталықтан, аяқтан сырғу.

      5-тақырып. Арқада жату қалпында, аяқтармен (толық табанмен, саусақтармен) шеңбер жасаумен орталыққа бұралу.

      6-тақырып. Бұралу және көтерілу, отырған күйі иыққа тік тұруға өту.

      7-тақырып. Шеңберлермен бұралу және екі аяқты екі жаққа тастау арқылы ауысу.

      8-тақырып. Омыртқа, бас, қол жұмысымен кең port de bras [пор де бра] ықтимал вариациялары.

      9-тақырып. Денені босату арқылы еденге ауысу және тік қалыпқа қайта келу.

      10-тақырып. Әр түрлі деңгейлерде әр түрлі қалыптарда тік тұру және аяқтардың ауысуы.

      11-тақырып. Естілетін стимулдардан импровизация (ырғақты негізді қолдану).

      12-тақырып. Визуалды стимулдардан импровизация. Қозғалыста көрініс табатын кері жауапты тудырушы визуалды материал: түс, алуан түрлі геометриялық фигуралар.

      13-тақырып. Орташа және жоғарғы деңгейге көтерілу мен сырғудың үйлесуі.

      14-тақырып. Аударылып түсу техникаларын меңгеру (иықтан тізеге қарай, созылған аяқтармен ішке қарай, шпагатқа отыру арқылы бір аяққа).

      15-тақырып. Байланыс нүктесі (саусақтар, буындар).

      16-тақырып. Партнер артынан жүру (орталық).

      17-тақырып. Партнерді алып жүру (орталық).

      18-тақырып. Дененің әр түрлі бөліктеріне зейінді қою және артық күш түсіруді жою.

      19-тақырып. Жұппен жұмыс.

      20-тақырып. Денені тіктеу.

      21-тақырып. Жауырынға, иыққа, қолға тік тұрумен сырғудың әр түрлі түрлерінің үйлесуі.

      22-тақырып. Орталықтан саусақ ұштарымен үздіксіз сырғу.

      23-тақырып. Инерция және салмақты көшіруді қолданумен сырғанақтау және домалап жылжу.

      24-тақырып. Омыртқа, бас, қол жұмысымен кең port de bras [пор де бра] ықтимал вариациялары, кеңістікте және деңгейде дене қалыбының өзгеруі.

      25-тақырып. Денені босату арқылы еденге ауысу және кез-келген дене бөлігінен тік қалыпқа қайта келу.

      26-тақырып. Әр түрлі деңгейлерде әр түрлі қалыптарда дене, қол, бас жұмысын қосумен көтерілу және ауысулар, кеңістікте және деңгейде дене қалыбының өзгеруі.

      27-тақырып. Қозғалыс категориялары (жеңіл және ауыр, бағытталған және бағытталмаған).

      28-тақырып. Визуалды стимулдардан импровизация (қозғалыста көрініс табатын кері жауапты тудырушы визуалды материалды таңдау қажет: түс, алуантүрлі геометриялық фигуралар).

      29-тақырып. Орташа және жоғарғы деңгейге көтерілулермен домалап жылжудың үйлесуі, қозғалыс жылдамдығы мен динамикасын түрлендіру.

      30-тақырып. Домалап жылжуды, слайдтарды, жүріп өтулерді, әртүрлі деңгейлерге тұрулармен аударылып түсуді қолданумен комбинацияларды үйрену.

      31-тақырып. Байланыс нүктесі (саусақтар, буындар, бас, кеуде облысы).

      32-тақырып. Байланыс нүктелерінің ауысуы.

      33-тақырып. Партнерді алып жүру (әртүрлі нүктелер).

      52. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) release [релиз] техникасының ерекшеліктерін біледі;

      2) release [релиз] техникасының қозғалыстарын орындауда іске қосылатын физикалық аппаратының құрылымын біледі;

      3) release [релиз] техникасы қозғалыстарының терминологиясын біледі;

      4) күрделі ырғақты суретте, жылдамдатылған қарқында және кеңістіктің әртүрлі деңгейлерінде қозғалыстың күрделі үйлесімділігінің дағдыларын меңгереді;

      5) заманауи бидің үйренген стильдерінде секірулерді неғұрлым еркін орындайды;

      6) жеке және байланыс импровизациясының қарапайым элементтерін орындай алады;

      7) кеңістіктің әртүрлі деңгейлеріне өтумен домалап жылжу мен аударылып түсу техникаларын меңгереді;

      8) release [релиз] техникасында музыкалық-сауатты би комбинацияларын орындайды.

      53. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қыздыру есебінде психосоматикалық техникалар (Фельденкрайс, Александер) мен йоганың тәсілдері қолданылады, денені басқарудың үйренген тәсілдері мен жаңа принциптерін қолданумен қозғалыстың неғұрлым күрделі комбинацияларында release [релиз] техникасын меңгеру жалғасады;

      2) заманауи би сабағына импровизация неғұрлым белсенді енгізіледі, би комбинацияларында release техникасы қолданылады, заманауи биде міндетті болып табылатын (баланс, импульс, инерция және гравитация, ауырлық орталығы, күшпен жұмыс) базалық элементтерге ерекше көңіл бөлінеді, комбинацияда еденмен жұмыс, құлау техникасы мен балансты жылжыту техникасы үйлеседі;

      3) әрбір жаттығудың және комбинацияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес музыкалық сүйемелдеу алуан түрлі.

      54. 8 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Психосоматикалық техникалар, йога.

      2-бөлім. Партердегі release [релиз] техникасы.

      3-бөлім. Импровизация тәсілдері.

      4-бөлім. Импульс және оны ұстану.

      5-бөлім. Байланыс импровизациясының негіздері.

      6-бөлім. Release [релиз] техникасы негізінде би материалы.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Еденге жату арқылы, дене салмағын сезіну, оқшауланған дене бөліктерімен қозғалыс және бұлшық еттерге күш түсіруді біртіндеп арттыру арқылы қыздыру.

      2-тақырып. Йоганың базалық қалыптарын үйрену (статикада).

      3-тақырып. "Дене жартысы" қағидасын қолдану комбинациясы.

      4-тақырып. Денені орталыққа сығу және денені орталықтан созу қағидасын қолданумен комбинация.

      5-тақырып. Мультипликация (жеке орталықтармен жұмыс).

      6-тақырып. Қозғалыс категориялары (тар және кең).

      7-тақырып. Импульс түсінігі, импульсті дененің әр түрлі бөліктерінде сезіну.

      8-тақырып. Бастың соңынан ілесу.

      9-тақырып. Қолдың соңынан ілесу.

      10-тақырып. Орталық соңынан ілесу.

      11-тақырып. Байланыс нүктелерінің ауысуы.

      12-тақырып. Байланыс нүктесінің айналасында айналу.

      13-тақырып. Әр түрлі дене бөліктерінің салмағын қозғалмайтын объектіге ауыстыру.

      14-тақырып. Release [релиз] техникасындағы қозғалысқа негізгі элементтер мен тәсілдер қолданылатын би комбинациясы (баланс, импульс, инерция, гравитация).

      15-тақырып. Дене салмағын сезіну, оқшауланған дене бөліктерімен қозғалыс және арқада жату қалпында, кеңістікте және деңгейде дене қалыбын өзгертумен бұлшық еттерге күш түсіруді біртіндеп арттырумен қыздыру.

      16-тақырып. Йоганың базалық қалыптарын үйрену (динамикада).

      17-тақырып. "Бас - құйрық" қағидасын қолданумен комбинация.

      18-тақырып. Денені орталыққа сығу және денені орталықтан созу қағидасын қолданумен комбинация.

      19-тақырып. Мультипликация (жеке орталықтармен жұмыс және деңгейді өзгертумен бірнеше орталықтар жұмысын үйлестіру).

      20-тақырып. Қозғалыс категориясы (тұрақты және тұрақсыз).

      21-тақырып. Әр түрлі дене бөліктерінің салмағын сезіну, импульсті жұмысты қолдану мүмкіндіктері.

      22-тақырып. Құйымшақтың соңынан ілесу.

      23-тақырып. Аяқтың соңынан ілесу.

      24-тақырып. Әр түрлі орталықтардың ауысуымен соңынан еру.

      25-тақырып. Байланыс нүктелерінің ауысуы.

      26-тақырып. Бастапқы қалыпқа қайта келумен импульсті партнерге беру.

      27-тақырып. Салмақты беру - партнердің арқасы арқылы, еденге домалау арқылы сырғу.

      28-тақырып. Release [релиз] техникасындағы қозғалысқа негізгі элементтер мен тәсілдер қолданылатын би комбинациясы (баланс, импульс, инерция, гравитация).

      55. 8 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) release [релиз] техникасының ерекшеліктерін біледі;

      2) заманауи хореография терминологиясын біледі;

      3) release [релиз] техникасының негізінде қозғалыстың неғұрлым күрделі үйлесімділігінің дағдыларын меңгереді;

      4) release [релиз] техникасындағы қозғалысқа негізгі элементтер мен тәсілдер қолданылатын би комбинацияларын орындайды;

      5) би комбинацияларындағы жеке және байланыс импровизациясының дағдыларын қолданады;

      6) комбинацияда еденмен жұмыс, құлау техникасы мен балансты жылжыту техникалары үйлесетін release [релиз] техникасының би комбинацияларын орындайды.

      56. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қозғалыс техникасы күрделенеді, үйлесімділікті дамытуға көңіл бөлінеді, жеке импровизация қыздыру есебінде қолданылады, әр түрлі категория қозғалысын орындау сапасымен жұмыс жалғасады;

      2) салмақпен жұмыстың жаңа қағидалары есебінен байланыс импровизациясының элементтері және барлық үйренген қағидаларды және бір комбинациядағы тәсілдерді қолдану күрделенеді;

      3) білім алушылар қозғалыстың неғұрлым күрделі үйлесімділігінің дағдыларына ие болады, мәнерлілікті, биге қабілетті, модерн, джаз биі және contemporary [контемпорари] әртүрлі стильдерінде би элементтерін және комбинацияны орындауды, партнермен күрделі жұмысты дамыту;

      4) кеңістіктегі қозғалыс еркіндігін сезінуге, мәнерлілікті, биге қабілетті дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, білім алушылардың модерн, джаз биі және contemporary әртүрлі стильдерін қолданумен жаңа, техникалық күрделі би комбинацияларын үйрену үшін курсты меңгеру процесінде алған білім, білік және дағдылары тексеріледі.

      57. 9 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Жеке импровизация.

      2-бөлім. Байланыс импровизациясы және партнеринг.

      3-бөлім. Джаз биі стилі негізінде би материалы.

      4-бөлім. Модерн биі негізінде би материалы.

      5-бөлім. Contemporary [контемпорари] биі негізінде би материалы.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қозғалыс категорияларыы (үйренген тәсілдер негізінде), бірнеше категориялардың бір комбинацияда үйлесуі.

      2-тақырып. Қозғалыс категориялары (үйренген тәсілдер негізінде), бір комбинацияда бір категориядан екіншісіне ауысу және өту.

      3-тақырып. Дененің әр түрлі бөліктерімен партнерге импульстің үздіксіз берілуі.

      4-тақырып. Партерде партнерге салмақтың берілуі.

      5-тақырып. Орташа деңгейде партнерге салмақтың берілуі.

      6-тақырып. Инерцияның, салмақтың және қозғалыс ағынының соңынан еру.

      7-тақырып. Сырғу, әртүрлі формалар мен нұсқалар.

      8-тақырып. Джаздық бидің әр түрлі стильдері: классикалық джаз, лирикалық джаз, афроджаз, театралды джаз қолданылатын би комбинациясы.

      9-тақырып. Модерн биінің әр түрлі техникалары: Марта Грэхем, Хосе Лимон техникасы, модерн-джаз би техникасы қолданылатын би комбинациясы.

      10-тақырып. Contemporary биінің қозғалысына әр түрлі бағыттар пен тәсілдер қолданылатын би комбинациясы.

      11-тақырып. Қозғалыс категорияларыы (үйренген тәсілдер негізінде), бірнеше категориялардың бір комбинацияда үйлесуі.

      12-тақырып. Қозғалыс категориялары (үйренген тәсілдер негізінде), бір комбинацияда бір категориядан екіншісіне ауысу және өту.

      13-тақырып. Жұпта байланыста жұмыстың барлық дағдыларын қолдану.

      14-тақырып. Көшбасшы соңынан зейінге үштікте жұмыс.

      15-тақырып. Топта, үштікте салмақпен жұмыс.

      16-тақырып. Шағын партнерлі би комбинацияларын құру.

      17-тақырып. Джаздық бидің әр түрлі стильдері: классикалық джаз, лирикалық джаз, афроджаз, театралды джаз қолданылатын би комбинациясы.

      18-тақырып. Модерн биінің әртүрлі техникалары: Марта Грэхем, Хосе Лимон техникасы, модерн-джаз би техникасы қолданылатын би комбинациясы.

      19-тақырып.Contemporary [контемпорари] биінің қозғалысына әр түрлі бағыттар пен тәсілдер қолданылатын би комбинациясы.

      58. 9 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      9 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) джаздық, модерн, contemporary [контемпорари] билерінің ерекшелігін біледі;

      2) джаздық, модерн, contemporary [контемпорари] билерінің терминологиясын біледі;

      3) заманауи биде іске қосылған физикалық аппарат құрылымын біледі;

      4) заманауи бидің әр түрлі стильдерінде қозғалыстың неғұрлым күрделі үйлесімділігінің дағдыларына ие болады;

      5) партнеринг техникасын меңгереді;

      6) джаздық бидің әртүрлі стильдері: классикалық джаз, лирикалық джаз, афроджаз, театралды джаз қолданылатын би комбинацияларын еркін орындайды;

      7) модерн биінің әр түрлі техникалары: Марта Грэхем, Хосе Лимон техникасы, модерн-джаз би техникасы қолданылатын қойылымды би комбинацияларын және композицияларды еркін, эмоциялық-мәнерлі және музыкалық орындайды;

      8) contemporary [контемпорари] биінің қозғалысына әр түрлі бағыттар пен тәсілдер қолданылатын қойылымды би комбинацияларын және композицияларды еркін, эмоциялық-мәнерлі және музыкамен орындайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      59. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушылардың Бағдарламаны игеру нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Балаларды хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      60. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Білім алушының сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – техникалық сынақ (тынысты қалыпқа келтіретін жаттығулар, омыртқаны созуға, нығайтуға, аяқтың, қолдың және дененің бұлшық еттерін созуға арналған жаттығулар);

      2) 2 сынып – техникалық сынақ (афроджаз, лирикалық джаз және театралды джаз элементтерімен қойылымды би комбинациялары);

      3) 3 сынып – техникалық сынақ (джаз-биі элементтерімен қойылымды би комбинациялары);

      4) 4 сынып – техникалық сынақ (модерн биінің қимылдары мен комбинациялары);

      5) 5 сынып – техникалық сынақ (модерн-джаз биі стиліндегі қойылымды би комбинациялары);

      6) 6 сынып – техникалық сынақ (contemporary [контемпорари] джаз техникасындағы би комбинациялары);

      7) 7 сынып – бітіру емтиханы (джаздық, модерн билерінің вариациялары);

      8) 8 сынып – техникалық сынақ (release [релиз] техникасындағы би комбинациялары);

      9) 9 сынып – бітіру емтиханы (джаздық, модерн, contemporary [контемпорари] билерінің вариациялары).

      61. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – оқу-би комбинациясын әдістемелік тұрғыдан дұрыс орындауы, өтілген материалды музыкалық сауатты және эмоциялық-мәнерлі орындауы, айналулар, трюктердің жеке техникасын меңгеруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – күрделі қимылдарда ықтимал болмашы қателіктердің жіберілуі, орындау мәнерлі, сауатты, музыкалық, техникалық;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – оқылмаған қимыл, әлсіз техникалық дайындық, көркемдік орындауы әлсіз, станокта, зал ортасында экзерсисті мәнерсіз орындауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – аудиториялық сабақтарға нашар қатысуы мен өзімен жұмыс жасағысы келмеудің салдары болып табылатын кемшіліктер кешені;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
30-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Актерлік шеберлік негіздері" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Актерлік шеберлік негіздері" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Актерлік шеберлік негіздері" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – автордың мәтіні, режиссердің сахналық нұсқаулары мен көрермендердің қабылдауы арасындағы тірі байланыс;

      2) актерлік өнер – сахналық бейнені (рөлдер) құрудан тұратын, орындаушылық өнер саласындағы кәсіби шығармашылық қызметі, орындаушылық шығармашылықтың түрі;

      3) актерлік шеберлік – өзін өзі жетілдірудің, жеке әлеуетін, тұлғаның эмоциялығы мен ажарлығын ашу жолы;

      4) әртістік техника – әртістің психикалық және физикалық табиғатын жетілдіруді дамытуға бағытталған техника;

      5) безендіру (декорация) – сахнада көрсетілген әрекеттің болған жерін, көркемделіп жасалған архитектуралық бейнесімен көрсету;

      6) бейне – шынайылықты сезімдік-нақты формада жалпылап көрсету;

      7) грим – актерге рөлге қажетті сыртқы көрініс беру өнері;

      8) диалог – екі актер арасындағы өзара сөйлесуді, сөз алмасуды білдіретін театрлық іс-әрекеттің формасы;

      9) дикция – сөздер мен буындарды ашық және анық айту;

      10) жанр – суретшінің бейнелеу нысанына деген эмоциялық көзқарасымен анықталатын шығарманың ерекшеліктерінің жиынтығы;

      11) шиеленіс – өзара мақсаттарды іске асыру кезіндегі күресуші жақтардың қақтығысы;

      12) идея – негізгі, басты ой; шығарманың мазмұнын анықтайтын ой;

      13) классика – жалпыға танымал, өнер мен мәдениеттің озық туындысы;

      14) мимика – қимыл, тұрыс және беттің әртүрлі бейнесін жасау арқылы түпкі ой мен сезімді жеткізу өнері;

      15) міндет – кейіпкер белгілі уақыт аралығында іске асыруға талпынатын мақсат;

      16) ойын – театр өнерінің басты элементі; спектакльдің, көріністің ұсынатын жағдайындағы актердің жағдайы;

      17) орындаушылық шеберлік – онсыз концерттік және басқа сахналық қызметтің болуы мүмкін емес, кәсіби тәсілдердің жиынтығы;

      18) өнер – әлемді рухани-практикалық меңгерудің ерекше түрі, жасампаздық, танудың біртұтастығы, адамзаттың өзара араласуын бағалау, қызметтің кез-келген түріндегі біліктің, шеберліктің жоғары деңгейі;

      19) сахналау (инсценировка) – прозалық немесе поэтикалық шығарманы драмалық шығармаға өңдеу;

      20) сахна өнеріндегі пластика – қозғалыстар мен қимылдардың жалпы гармониясы, үйлесімділігі;

      21) суырып салу (импровизация) – орындау процесінде құрылатын өнер туындысы, немесе оны құру процесі;

      22) реквизит – актер қолданатын немесе пьесаның барысында басқаратын сахнаға қойылатын заттар;

      23) репертуар – бір театрдың бір кезең арасында немесе қандай да бір уақыт аралығында орындайтын пьесалардың жиынтығы; қандай да бір стильдегі немесе қандайда бір ғасырдың пьесаларын іріктеп алу; бір актер ойнап шығу мүмкіндігі бар рөлдердің жиынтығы, оның актерлік шеберлігінің диапазоны, оның өзіне сәйкес рөлі;

      24) репетиция – режиссердің басшылығымен актерлердің орындайтын мәтінді жаттау және сахнада ойнау жұмысы;

      25) рөл – актердің мәтіні мен ойының жиынтығы;

      26) театр – орындаушылық өнердің формасы;

      27) театр педагогикасындағы этюд – актерлік техниканы жетілдіруге арналған жаттығу; оқытудың эмоциялық мағынасындағы этюд – рөлдік ойын;

      28) түсіндіру (интерпретация) – өнер туындысын қабылдау және ойлап түсіну, оның мазмұнын өзінше түсіну арқылы бейнені ашу;

      29) ым (жест) – сөздің мәнерлігін арттыру үшін сүйемелдейтін, тіпті оның орнын басу үшін дене қозғалысы, әсіресе қолмен қимыл жасау;

      30) іс-қимыл – энергияны, әрекетті, ықпалды, әсерді көрсету; сюжеттің (фабула) негізін құраушы оқиғаны өршіту; ұсынылатын жағдайлармен күресудегі қандай да бір мақсатқа жетуге бағытталған психофизикалық процесс.

      3. Бағдарламаның мақсаты: театр қызметінің құралдары арқылы білім алушының шығармашыл белсенді тұлғасын дамытуға жағдай жасау, оның өмірлік және кәсіби өзін анықтауына ықпал ету.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) өнердің бір түрі ретінде театрмен танысу;

      2) сахналық этюд, драматургиялық құрылым, сценарий этюдін және оны жазу формасы туралы білім алады;

      3) қарапайым сахналық әс-әрекетті құру заңдылықтарымен танысу;

      4) сахналық іс-әрекеттің мәнерлік құралдарымен танысу;

      5) психофизикалық тренинг негіздеріне оқыту;

      6) актерлік шеберлік саласындағы теориялық білімді, практикалық білік пен дағдыларды меңгеру.

      Дамыту:

      1) актерлік шеберлікке, сахна пластикасы негіздеріне оқыту арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) этюдтерді құру арқылы басқа бейнеге айнала білу қабілетін дамыту;

      3) психофизикалық тренинг арқылы сахналық іс-әрекетті орындау кезінде қоршаған ортадан абстракциялану дағдысын дамыту;

      4) актерлік жаттығулар арқылы байқампаздықты, есте сақтау жадын, қиялын, елестетуін, тапқырлығын, реакциясының жылдамдығын, ойын және суырып салу қызметін дамыту;

      5) ритмикалық қабілеттерін, қозғалыс үйлесімділігін, өзінің денесін басқару білігін дамыту;

      6) Бағдарламаны меңгеру процесінде алған білімі негізінде бала тұлғасын көркем-эстетикалық дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) театр қызметінің құралдары арқылы көркемдік және эстетикалық талғамды қалыптастыру;

      2) театр өнеріне қызығушылығын қалыптастыру;

      3) ұжымдық шығармашылық, жеке және ұжымдық жұмыстың нәтижесіне жауапкершілікпен қарау дағдысын тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - төрт жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ театр өнері саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, ата-аналарының немесе олардың орын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарлама балалар өнер мектептерінің теоар бөлімінің және қуыршақ бөлімінің білім алушыларына арналған. Негізгі оқыту курсына дайындау үшін дайындық топтарында алты-он екі жастағы балаларға арналған сабақтар жүргізіледі. Дайындық тобындағы білім алушылардың сандық құрамы – 8-10 адам.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Бұл оқытудың мазмұнын оқу процесінде қалыптасатын ритмикамен араласу іс-әрекеті, формаларымен өзара байланыста іске асыруға мүмкіндік береді.

      8. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілді қолдануға, көркемдік-бейнелі ойлауға, пластикалық, сөйлеу дағдыларын және актерлік шеберлікті дамытуға бағытталған.

      9. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      10. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) актерлік шеберлік дағдыларын меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      11. Бағдарлама білім алушыға актерлік шеберлік саласындағы базалық білімді, кейіннен өз бетінше актерлік өнерді бағындыруға көмектесетін актерлік ойын дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      12. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы даму деңгейі әр түрлі балаларға арналған.

      Педагог актерлік шеберлік дағдыларын меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке назар аударады.

      13. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға:

      1) қажетті актерлік дағдыларды және актерлік ойын техникасын психологиямен үйлестіру қабілеттерін меңгеруі;

      2) пластикалық мәнерлік және суырып салу дағдыларын қалыптастыру;

      3) мимика, пантомима, мимика тілі дағдыларын меңгеруі;

      4) қиялдау, ойдан шығару, көркемдік бейнені пластика түрінде іске асыруды дамытуы;

      5) білім алушының шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына ықпал етуге бағытталған.

      14. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен театр режиссерлерінің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесінің психологиялық және педагогикалық ғылым, теориясы және театр өнері тарихының заманауи жетістіктерінің негізінде құрылуын талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын білдіреді;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты актерлік шеберлік негіздері сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      18. "Актерлік шеберлік негіздері" пәніне жеке және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсетілім, сыртқы бейнесін көрсету (пластикалық), сезім, сипат, көңіл-күйді адекватты жеткізу; бейнематериалдарды көру, білім алушының жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге бару;

      3) практикалық – орындалатын және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау және тұтастықты құру үшін тұтас шығарманы мейлінше ұсақ жеке бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) репетициялық-сахналық (көпшілік алда сахналық өнер көрсетілім және дайындық).

      22. Бағдарламаны іске асыру кезінде педагог заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен жеке және топтық жүргізілетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімі педагогтің қажетті теориялық түсініктерді түсіндіруді, үйретілетін жаттығулардың элементтерін, сахналық қойылымдарды көрсетуді, видеоматериалдарды қарауды қамтиды.

      Практикалық бөлім – білім алушылардың жеке тапсырмаларды орындауы бойынша жұмыс.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) театр көрсетілімдеріне дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының шығармашылық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      34. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      35. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бір бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      36. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, қазақ, орыс және шетел әдебиетінің шығармаларын енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      37. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының шығармашылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, театр репертуарының дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      38. Педагог әрбір білім алушының қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      39. Педагог шығармалардың жеке репертуарлық шығармалар тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      40. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел әдебиетінің шығармаларын, көркемдік деңгейі жоғары балаларға, жасөспірімдерге арналған пьесаларды қамтиды.

      41. Педагог репертуарлық тізбеге заманауи отандық және шетел драматургтары жазған үздің пьесаларды енгізе отырып, оны жүйелі жаңартады және кеңейтеді.

      42. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      43. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін анықтайды, жеке жоспар көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      44. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) оқу спектакліндегі рөлмен жұмыс;

      2) комедия жанрындағы пьесадан алынған үзіндідегі рөлмен жұмыс;

      3) фарс жанрындағы пьесадан алынған үзіндідегі рөлмен жұмыс;

      4) драма жанрындағы пьесадан алынған үзіндідегі рөлмен жұмыс;

      5) өлең драматургиясындағы үзіндідегі рөлмен жұмыс.

      45. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында шығармашылық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      46. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) актерлік қабілетінің деңгейі;

      2) жалпы дамуы, эмоциялығы, қиялы, креативті ойлауы, зейінінің дамығандығы;

      3) сабаққа көзқарасы;

      4) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      5) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      6) көркемдік бейнені іске асыру білігі;

      7) шығарманы меңгеру жылдамдығы;

      8) жылдың соңындағы жетістіктері;

      9) білім алушының шығармашылық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      47. Білім алушының жеке қасиеттерін сипаттауда байқампаздығы, шығармашылық қиялы, елестетіп ойлауы, ассоциативті және бейнелі ойлауы, оқиғалар желісін құра білуі, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтау қабілеті, ұсынылатын материалды талдау қабілеті, өз ойын тұжырымдауы, сахналық еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттер белгіленеді.

      48. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      49. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      50. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) этюдтерді ойдан шығару;

      2) жеке тапсырмалармен жұмыс;

      3) рөлмен өз бетінше жұмыс;

      3) күнделікке этюдпен, рөлмен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      4) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп.

      51. "Актерлік шеберлік негіздері" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сахна қозғалысы", "Театр өнері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      52. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "театр" түсінігімен, терминдермен танысады, жалпы дамыту ойындарын, дамытуға арналған театрлық ойындарды, музыкалық-ритмикалық ойын-жатығуларын және басқаларды жаттайды;

      2) білім алушының алғашқы табиғи дарындылығы, актерлік жаттығулар негізінде байқампаздығы және есте сақтау жады, музыканы пайдаланып пластикалық суырып салу арқылы түрлену қабілеті, психофизикалық тренинг арқылы сахналық іс-әрекетті орындау кезінде қоршаған ортадан алшақтау дағдысы дамиды;

      3) білім алушы оқу қойылымымен жұмыс дағдыларын, шығармашылық ұжымдағы жүріс-тұрыстың және қарым-қатынастың жалпы мәдениетін меңгереді, сахнада өнер көрсету тәжірибесін алады.

      53. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Театр туралы әңгіме. "Театр" түсінігі. Театр - өнердің бір түрі. Театрлық терминдер. Органика. Этюд. Бағалау. Органикалық үнсіздік. Реквизит. Сахналық оқиға. Декорация. Іс-әрекет.

      2-тақырып. Жаттығуларды орындау барысындағы қауіпсіздік техникасы. Жалпы дамытуға бағытталған ойындар. Ойындық және танымдық қызметті ұйымдастыру. Психофизикалық кедергілерді және қысылуларды босатуға арналған ойындар.

      3-тақырып. Реакцияның жылдамдығын және іс-әрекеттерді үйлестіруге арналған ойындар. Зейінді дамытуға арналған ойындар.

      4-тақырып. Ойыншықтармен дамыту ойындар. Зейінді, есте сақтау жадын, ойлауды, ерікті және байқампаздықты дамытуға арналған ойыншықтармен орындалатын ойын-тапсырмалар. Ассоциативтілікті және елестетуді дамытуға арналған ойыншықтармен орындалатын ойын-тапсырмалар.

      5-тақырып. Дамытуға бағытталған театрлық ойындар. Қысылуды және ұяңдықты жеңуге арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Зейінді, есте сақтау жадын және байқампаздықты дамытуға арналған ойындар.

      7-тақырып. Ым, мимика, пластика және музыканың көмегімен бейнені жасау білігін дамытуға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Әндер мен өлеңдерді қолданып, ритм сезімін және саздылықты дамытуға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Елестетуді, қиялды және бастамашылдықты дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Ритмикалық қабілеттерді және пластиканы дамытуға арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Дамытуға бағытталған музыкалық-ритмикалық ойындар. Музыканы пайдаланып ритмикалық қабілеттер мен пластиканы дамытуға арналған ойын-жаттығулар.

      12-тақырып. Бейнелерге ену ойындары. Аңдарға және заттарға енуге арналған тапсырмалар.

      13-тақырып. Музыканы және әдеби мәтіндерді қолданып бейнелерге енуге арналған тапсырмалар.

      14-тақырып. Қиялды және музыканы үйлестіруді дамытуға арналған жаңа бейнелерге ену жаттығулары.

      15-тақырып. Ертегілер мен оқиғаларды ұжыммен шығару, оларды орындау. Ертегілер мен оқиғаларды музыкасыз орындау және балалардың таңдаған музыкасымен орындау.

      16-тақырып. Музыкамен пластиканы суырып салу.

      Музыканы, әндерді, өлеңдерді пайдаланып пластикалық суырып салулар.

      17-тақырып. Актерлік тренинг элементтері бар жаттығулар.

      Сахналық еркіндікті дамытуға арналған шығармашылық ойындар.

      18-тақырып. Дамытуға бағытталған музыкалық-ритмикалық бейнелі ойындар. Әртістік батылдылыққа және мінезділікке арналған жаттығулар.

      19-тақырып. Рөлдік суырып салма ойындар. Музыка қолданылатын дамыту ойындары.

      20-тақырып. Оқу қойылымымен жұмыс.

      Оқу қойылымында жұмыс кезінде пластиканы, биді, музыканы қолданып психофизикалық мүмкіндіктерді дамыту.

      21-тақырып. Рөлмен жұмыс.

      Қимылдар. Эмоциялар. Актерлік шеберлік.

      54. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді біледі;

      2) актерлік ойын техникасының негіздерін біледі;

      3) театрда өзін ұстау этикасын біледі;

      4) сахнада өзін ұстау және жаттығуларды орындау барысындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

      5) театрлық ойындарды және еркіндікті, есту және көру зейінін жаттықтыруға арналған жаттығуларды орындау дағдысына ие болады;

      6) сахналық зейін, есте сақтау жады және қиялға арналған актерлік тренинг жаттығуларына орындау дағдыларына ие болады;

      7) этюдте пластикалық бейнені жасауға қатысады;

      8) сахна уақытының қысқа бөлігінде өз кейіпкерінің қарапайым сахналық әрекеттерін құра алады;

      9) өз денесінің жеке ерекшеліктерін біледі және өзінің жетістіктерін қолдана біледі.

      55. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дамытатын музыкалық-ритмикалық ойын-жаттығуларын, ұжымдық рөлдік суырып салма ойындарды, мағынасыз әрекеттерге арналған жаттығуларды, музыканы қолданып пластикалық суырып салуды меңгеру әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушылардың кейіпкерлердің пластикалық бейнесін іске асыру негіздерін, сахна кеңістігі жағдайында жұмыс алдындағы сенімсіздік пен қорқыныштан арылу білігін меңгеру, сахнада және сахна сыртында сахналық жүріс-тұрыс мәдениетін дағдыландыру жалғастырылады;

      3) психофизикалық тренинг жаттығулары арқылы актерлік зейін, елестету және қиял дамиды.

      56. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Театр өнерінің ерекшеліктері, оның басқа өнер түрлерінен өзгешелігі. Театрдың түрлері.

      2-тақырып. Көрермен мәдениетінің негіздері. Театрда өзін өзі ұстау этикеті ережелері туралы әңгіме.

      3-тақырып. Театр терминдері. Түсініктер. Пантомима. Сюжет. Сахналық іс-әрекет. Монолог. Диалог. Жанама құрылыс. Сахналық міндет. Әрекет ету қисыны. Шиеленіс.

      4-тақырып. Музыкалық-ритмикалық дамыту ойын-жаттығулары. Еркін, есту және көру зейіндерін жаттықтыруға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Музыкалық-ритмикалық дамыту ойындары. Психофизикалық қысылуларды босатуға арналған ойын-жаттығулар.

      6-тақырып. Ұжымдық рөлдік суырып салу ойындары. Ойдан шығарған жағдайларды ойнау білігін дамытуға арналған ұжымдық рөлдік суырып салу ойындары.

      7-тақырып. Өзара әрекеттестікке және өзінің қимылдарын серіктестермен үйлестіруге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Қиялды және елестетуді дамытуға арналған рөлдік ойындар.

      9-тақырып. Балаларға арналған әдеби шығармаларды, музыканы және хорда ән айту қолданылған театрлық ойындар – бейнеге ену.

      10-тақырып. Музыканы қолданып, жеке және ұжымдық басқа бейнеге ену ойындары.

      11-тақырып. Аң бейнесіне ену ойыны (пластика, дыбыстық-сөйлеу сипаты).

      12-тақырып. Бейнеге ену ойындары. Оқиғаларды ойлап табу және оларды сахнада ойнау.

      13-тақырып. Балалар әдеби шығармаларын, музыканы және хорда ән айтуды қолданып ойналатын ойындар және тапсырмалар.

      14-тақырып. Қиялды және музыкамен қимылды үйлестіруді дамытуға арналған басқа бейнеге ену жаттығулары.

      15-тақырып. Мағынасыз әрекеттерге арналған жаттығулар.

      Ойдан шығарылған заттарды ойнау білігін дамытуға және өз әрекеттерін үйлестіруге арналған жаттығулар.

      16-тақырып. Театрландырылған бейнеге ену ойындары.

      Ым, мимика және пластиканың көмегімен мақсатсыз әрекеттерді жасау білігін дамытуға арналған жаттығулар.

      17-тақырып. Музыкамен пластикалық суырып салу. Музыкамен, әндермен, өлеңдермен пластикалық суырып салу.

      18-тақырып. Үйлесімділікті және ритмикалықты, икемділікті және пластиканы дамытуға арналған музыкалық-ритмикалық суырып салма ойындар.

      19-тақырып. Актерлік тренинг элементтері бар ойын-жаттығулар.

      Зейіннің барлық түрлерін ұйымдастыру, шығармашылық атмосфера құру.

      20-тақырып. Сахналық еркіндікті, өз бетінше қиялдауды дамытуға, зейінді және есте сақтау жадын дамытуға арналған шығармашылық ойындар.

      21-тақырып. Дамытатын музыкалық-ритмикалық бейнелі ойындар. Әртістік батылдық және мінезділікке арналған жаттығулар.

      22-тақырып. Ұжымдық ойындар. Рөлдік суырып салма ойындар. Дамыту ойын-жаттығулары.

      23-тақырып. Рөлдік тренингтер. Пластиканы, биді, музыканы қолданып психофизикалық мүмкіндіктерді дамыту. Музыкамен дамыту ойындары.

      24-тақырып. Рөлдер мен бейнелер шеңберінде ұжымдық рөлдік суырып салма ойындары.

      25-тақырып. Оқу қойылымымен жұмыс. Рөлдерді жаттау.

      26-тақырып. Сахналық бейнемен жұмыс. Актерлік шеберлік.

      57. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) терминдерді біледі;

      2) бұлшық еттерді босату тәсілдерін біледі;

      3) пластикалық тренинг жаттығулар кешенін біледі;

      4) этюдтермен жұмыс істеу кезінде өз ойын іске асыра алады;

      5) этюдте пластикалық бейнені өзі шығара алады және көрсете алады;

      6) өз бетінше ширату жаттығуларын жасай алады;

      7) актерлік зейінді, елестетуді және қиялды дамытады;

      8) сахнада және сахна сыртында сахналық өзін ұстау мәдениетін меңгереді.

      58. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) терминдерді меңгеру, театрдың түрлерімен және жанрларымен, түрлі жанрлардағы рөлдермен жұмыс істеу кезіндегі білім алушының басқа бейнеге ену техникасымен танысу әрі қарай жалғастырылады;

      2) басқа түрге ену процесі арқылы елестетудің, қиялдаудың дамуы жалғастырылады, сахналық зейінді дамытуға арналған жаттығулар, контактілі, сюжеттік-рөлдік ойындар, есту, көру зейініне және басқаға арналған жаттығулар меңгеріледі;

      3) оқу спектаклін қою бойынша жұмыс дағдылары меңгеріледі.

      59. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Театр өнерінің ерекшелігі. Театр – өнер синтезі.

      2-тақырып. "Театр жанры" түсінігі. Театрдың түрлері және жанры.

      3-тақырып. Сахналық этюд.

      "Сахналық этюд" түсінігі. Жалғыз орындалатын сахналық этюдтер. Жұппен орындалатын сахналық этюдтер. "Кездесу" этюді. "Танысу" этюді. "Ұрыс" этюді. "Қуаныш" этюді. "Таңдану" этюді.

      4-тақырып. Сөзсіз әрекеттер. Сөзсіз әрекеттерге арналған суырып салма этюдтер.

      5-тақырып. Жөнсіз әрекеттерге арналған жаттығулар.

      Өз бетінше қиялдауды дамытуға, зейінді және есте сақтау жадын дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. "Шиеленіс" түсінігі.

      Шиеленіс – әрекет қозғауышы. Әрекет және қарсы әрекет.

      7-тақырып. Шығармашылық ойындар-этюдтер. Ойын тренингі. Этюдтер. Театр дегеніміз – экспромт.

      8-тақырып. Рөлдік тренинг. Драмалау ойынын қолданып, таныс ертегілер, әңгімелер, өзінің жеке оқиға тақырыптарына жеке және ұжымдық суырып салу.

      9-тақырып. Сахнадағы қимыл үйлесімділігіне, зейінді, қиялды және суырып салуды дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Есте сақтау жадын дамыту үшін балалар шығармалары негізінде музыканы қолданып орындалатын, жаттығулар және суырып салу. Рөлдерді жаттау және орындау.

      11-тақырып. Актерлік тренинг.

      Зейінді ұйымдастыру, шығармашылық атмосфераны құру. Еркін, есту және көру зейінін жаттықтыруға арналған жаттығулар. Физикалық әрекеттің темпоритмі. Хронометрмен орындалатын жаттығулар, түрлі ритмикалық ерекшеліктері бар музыкамен қимылдау.

      12-тақырып. Бұлшық еттерді босатуға, эмоциямен қозғалуға, ішкі темпо-ритмдерді ауыстыруға арналған жаттығулар. Есте сақтау жадын, жігерін, зейінін ұйымдастыруға, баланың психофизикалық қасиетін дамытуға арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Сахналық зейінді дамытуға арналған жаттығулар. Байланыстық, сюжеттік-рөлдік ойындар. Есту, көру зейінін дамытуға арналған жаттығулар.

      14-тақырып. Актерлік тренинг және жаттығулар.

      Физикалық және эмоциялық қысылуларды босату. Психотехника тренингі. Суырып салуға және әрекет нақтылығына арналған жаттығулар. Этюдтер мен шығармаларды орындаудағы шынайылық сезімі. Актерге музыкалық-ритмикалық тәрбие беру.

      15-тақырып. Сахналық бейнемен жұмыс.

      Актерлік шеберлік. Актердің мәнерлік құралы. Дауыс, пластика, ым, мимика. Актерлік орындаудың көрінетін және естілетін жақтары. Эмоциялық шапшаңдылық. Ойынның мінезділігі және түрлілігі. Сөйлеу және пластикалық құралдардың мәнерлігі. Рөлдің өмірбаянын құру. Эмоциялық шыпшаңдылық, эмоциялық есте сақтау жадын дамыту. Көпшілік алдындағы көрсетілімде алған білік және дағдыларды практика жүзінде іске асыру.

      16-тақырып. Оқу спектаклін қою бойынша жұмыс.

      Балаларға арналған пьеса бойынша спектакльге дайындық. Оқу қойылымымен жұмыста пластиканы, биді, музыканы қолданып, психикалық мүмкіндіктерін практикада қолдану және дамыту.

      60. 3 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "театр жанры", "шиеленіс" түсініктерін біледі;

      2) театрдың түрлерін және жанрларын біледі;

      3) өздігінен зейінін шоғырландыру және босаңсыту дағдыларына ие болады;

      4) рөлмен өз бетінше жұмыс істейді;

      5) актерлік бейнені көрсету тәсілдерін таба біледі;

      6) актерлік тренингтерді жүргізе алады;

      7) актерлік шеберліктің алғашқы дағдыларына ие болады;

      8) спектакльдегі рөлмен жұмыс істей алады.

      61. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) терминдерді меңгеру, театр өнерінің түрлерімен, театр мамандықтарымен танысу әрі қарай жалғастырылады;

      2) жаттығулар, актерлік тренингтер меңгеріледі, білім алушының өзінің шығармашылық жұмысына деген жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді;

      3) қажетті актерлік дағдыларды меңгеру, пластикалық мәнерлілік, суырып салу дағдылары қалыптастырылады, қиял, ойдан шығару, пластикалық көркемдік бейнені көрсету білігін дамыту жалғастырылады.

      62. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Театр өнерінің түрлері. Драмалық театр. Актерлік өнердегі "бірге күйзелу мектебі" негіздері. Спектакльдің туындауы. Театр мамандықтары. Театрдың іші және сырты. Театр шымылдырығының арғы жағындағы әлем.

      2-тақырып. Сахналық зейін. Сахналық зейіннің түрлері. Сахналық зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар. Көп жазықтықтық зейінді жаттықтыруға және суырып салуға арналған тренингтер. Есту және көру зейіндерін дамытуға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Музыкалық-пластикалық суырып салу. Музыканы қолданып, серіктесіне және топтық іс-әрекетке назар аударуды дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар.

      4- тақырып. Іс-әрекетті суырып салуға арналған жаттығулар. Бейнелі есте сақтау жады мен эмоциялық есте сақтау жадын дамытуға арналған музыкамен орындалатын жаттығулар.

      5-тақырып. Ұсынылатын жағдайлар. Ұсынылатын жағдайлар туралы түсініктер. "Мен" және ұсынылатын жағдайлар. Ұсынылатын жағдайлардағы "Мен" және іс-әрекеттің мақсаты.

      6-тақырып. Ұсынылатын бір жағдайдың өзіндегі әртүрлі мінездер мен әрекеттер. Ұсынылатын жағдайлардағы эмоцияға және кішіпейіл арналған жаттығу-этюдтер.

      7-тақырып. Психотехника тренингтері. Актер психотехникасы тренингі. Тұрақты зейінді жаттықтыру. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар. Көп жазықтықтық зейін тренингі. Серіктесіне және топтық іс-әрекетке назар аудару. Көру арқылы есте сақтау жадын жаттықтыру.

      8-тақырып. Бейнелі есте сақтау жадын және эмоциялы есте сақтау жадын дамыту. Мәтіндік ақпараттарды жаттау дағдыларын жетілдіру. Сезім мүшелерін жаттықтыруға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Акустикалық есту қабілеті, есту зейіні және есту сезімдері. Тактильді есте сақтау жады және сезімі. Физикалық әрекет және сезім жады. Физикалық жағдайы және көңіл-күйі жадын дамытуға арналған жаттығулар. Бейнелі және ассоциативті ойлауды дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Актерлік тренинг. Ауызша және психофизикалық әрекеттермен орындалатын жаттығулар. Көру арқылы есте сақтау жадын жаттықтыру. Физикалық қысылуларды, музыкамен үйлестіруді дамытуға арналған жаттығулар кешені.

      11-тақырып. Пластикалық суырып салу. Жөнсіз әрекеттерге арналған жаттығулар. Физикалық пластиканы дамытуға, музыканы пайдаланып ритмикалықты дамытуға арналған жаттығулар. Сөзсіз әрекеттер. Пантомимикалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Рөлдік тренинг. Рөлмен жұмыс. Ым, мимика, қимыл. Сөйлеу және психофизикалық әсері. Сахналық зейін, оқиға және реакция. Сөзбен әрекет еті және оның қисынды мәні. Рөлмен жұмыс.

      13-тақырып. Актерлік тренинг және жаттығулар. Физикалық және эмоциялық қысылуларды босату. Психотехника тренингі. Суырып салуға және іс-әрекет нақтылығына арналған жаттығулар. Этюдтер мен шығармаларды орындаудағы шынайылық сезімі.

      14-тақырып. Актерге музыкалық-ритмикалық тәрбие беру. Сахналық бейнемен жұмыс. Актерлік шеберлік. Қимылдар. Эмоциялар. Көпшілік алдындағы көрсетілімдерде алған білік пен дағдыларды практикада іске асыру.

      63. 4 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахналық зейіннің түрлерін біледі;

      2) терминдерді біледі;

      3) суырып салу дағдыларына ие болады;

      4) Бағдарлама шегінде актерлік дағдыларға ие болады;

      5) пластикалық мәнерлікпен жұмыс істейді;

      6) пластикалық бейнені іске асыру үшін өзінің денесін басқара алады;

      7) сахнаға шығу кезінде бұлшық ет және психологиялық қысымды жеңе алады;

      8) өз бетінше, сондай-ақ ұжымда шығармашылық жұмыс дағдыларына ие болады;

      9) сахнада өнер көрсету тәжірибесін алады.

      64. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) сахналық зейін түрлерін;

      2) сахна кеңістігін өз бетінше бөлу негіздерін;

      3) жаңа түрге ену қағидаттарын;

      4) актерлік шеберліктің теориялық негіздерін;

      5) спектакльмен жұмыстың кезеңдерін;

      6) сахналық іс-әрекеттердің заңдылықтарын біледі.

      Түлек:

      1) берілген бейнені сезуді және оның өмірін сүруді;

      2) көркемдік бейнені қиялдауды, ойлап шығаруды және пластика жағынан жаңа түрге келтіруді;

      3) жеке қысылуларды басуды;

      4) сахна кеңістігінде бағдарлануды және әрекет етуді;

      5) қарапайым физикалық әрекеттердің дұрыстығын және нақтылығын пысықтауды;

      6) сахналық міндеттерді орындауды;

      7) ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмір сүруді;

      8) суырып салуды;

      9) сахнада ойлау және әрекет етуді;

      10) сахнада әріптесімен өзара әрекеттесуді;

      11) кәсіби лексиканы қолдануды;

      12) оқиға желісін құруды;

      13) өзінің идеясы мен ойын көрерменге жеткізуді;

      14) актерлік ойын техникасын өмір сүру психологиясымен үйлестіруді;

      15) қимылды ойша елестету және бейнелермен ойлауды;

      16) ұсынылатын жағдайларда дұрыс органикалық қимылды табуды;

      17) сахналық бейнемен және рөлмен өз бетінше жұмыс істеуді;

      18) қойылымдық жоспарды өз бетінше талдауды;

      19) нақты және сенімді бейнелерді жасауды;

      20) артикуляциялық жаттығуларды және тыныс алу гимнастикаларын орындауды біледі.

      Түлекте:

      1) суырып салу;

      2) жасаған бейнесін талдау;

      3) актерлік дағдылар;

      4) аутотренинг және релаксация;

      5) сахналық пластика;

      6) шығармашылық тәсіл дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      65. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      66. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 этюд), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (этюд);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 этюд), екінші жартыжылдықта: емтихан (оқу қойылымы);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (оқу қойылымы), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 спектакль);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 спектакль), екінші жартыжылдықта: емтихан (2 спектакль).

      67. Қорытынды аттестаттаудың бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы: сахналық міндеттерді өте жақсы орындауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмірді бастан кешуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы: рөлдің тура әрекетін дұрыс анықтауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмір сүруі; кемшіліктері мен олқылықтарының болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы: сахна алаңында жұмыс істеу кезіндегі кемшіліктері мен олқылықтары, сахна кеңістігін өз бетінше бөлу негіздерін жетік білмеуі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: өзімен жұмыс істеуінің жеткіліксіздігі, сабақтарға қатыспауы, үй тапсырмаларын орындамауы.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
31-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Дауысты қою (вокал)" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Дауысты қою (вокал)" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Дауысты қою (вокал)" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың жүйелі реттегі қатарын орындау тәсілі;

      2) артикуляциялық аппарат – сөздердің дыбыстарын қалыптастыратын дауыс аппаратының бөлігі;

      3) әншілік диапазон – ең жоғары дыбыстан ең төменгі дыбыс арақашықтығымен (ұзақтығымен) анықталатын дыбыстардың көлемі, оның аясында дауыс жақсы дыбысталады;

      4) әншілік позиция – дауыс аппаратының барлық құрамдастарының позициясы, диафрагма, құрсақ қуысынан бастап және көмейдегі төмен жинақталған, босаңсыған желбезектермен және тіпті ән айту кезінде тілдің ұшымен аяқталады;

      5) әншілік ұстаным – әншінің фонация (дыбыс шығару) алдында енетін қалпы;

      6) әншілік тыныс – саналы түрде жүргізілетін процесс, күнделікті өмірдегі тыныстан өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді;

      7) вокалдық техника – әншінің дауысты құрайтын аппаратының барлық бөліктерінің жұмысы және ән айту процесіндегі олардың өзара әрекеттестігі;

      8) вокализ –дауысты дыбыстарды орындауға арналған сөзсіз шығармалар;

      9) дауысты қою – дұрыс дыбыс шығаруға ықпал ететін, дауыс аппаратының рефлекторлық қимылдарын пысықтайтын ән айтуға жеке оқыту процесі;

      10) диапазон – дауыстың ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      11) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      12) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезіндегі немесе вокалдық партияларды орындау кезіндегі дыбыстарды шығаруға арналған дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; әртүрлі дыбыс шығару тәсілдерінің, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың кейбір нюансировкалық сипаттамалары;

      13) дыбыс шығару (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппараты әрекетінің нәтижесі;

      14) дыбысты жүргізу – фонация процесіндегі дыбыстарды байланыстыру тәсілдері, вокалдық ырғақ процесінде әртүрлі штрихтарды қолдануды қамтиды, тыныс алу жұмысының қағидатына, ауызша мәтіннің фонетикалық құрылымына негізделеді;

      15) дыбыстың жоғарылығы – дыбысталатын дененің тербеліс жиілігіне байланысты музыкалық дыбыстың қасиеті;

      16) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық, сол сияқты аспаптық музыка; сондай-ақ термин музыканың өзін айтуды немесе оны орындау нақышын, әншілік дауыстың әуенді ыңылдап айту қабілетін білдіреді;

      17) легато – үздіксіз айту, стаккато – үзік-үзік айту;

      18) музыкалық фраза – жабық құрылым, көп жағдайда ірі музыкалық құрылымның бөлігі болып табылады; әуеннің, тақырыптың салыстырмалы түрде аяқталған бөлігі;

      19) музыкадағы интонация – өзара байланысқан бірнеше мәні бар музыкалық-теориялық және эстетикалық түсінік; музыкалық дыбыстардың (тондардың) ретпен орналасуы бойынша жоғары ұйымдастырылуы;

      20) нон легато – орындау тәсілі, ол кезде бір дыбыстан келесі дыбысқа көшу жеке жүреді, бірақ бөлінбейді, артикуляция мен штрихтардың негізгі түрлерінің бірі;

      21) полифония – көпдауыстылық фактурасындағы жеке дауыстардың (әуендік сызықтардың, кең мағынадағы әуендердің) тең дәрежелі қызметін анықтайтын көпдауысты музыка жүйесі;

      22) романс – көп мағыналы музыкалық және әдеби термин, лирикалық мазмұнды өлеңге жазылған, аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын дауысқа арналған шағын музыкалық шығарма;

      23) сахналық бейне – актердің жеке мінездемесінен, оның психоэмоциялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ сахналық қалауынан құралған актердің немесе әртістің жиынтық бейнесі;

      24) тембр – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыстың ерекше сипаттарының бірі (оның жоғарылығымен, қаттылығымен және ұзақтығымен қатар);

      25) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      26) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеуқұралы;

      27) халық музыкасы – халықтың музыкалық-поэтикалық шығармашылығы, халық шығармашылығының (фольклор) ажырамас бөлігі;

      28) халық әні – халық музыкасының мейлінше көп тараған түрі, ауызша айтылатын ұжымдық шығармашылық жемісі;

      29) ырғақ – вокалмен немесе музыкалық аспаппен дыбыстық үнді таза шығару білігі.

      3. Пәннің мақсаты: білім алушының әншілік мәдениетін қалыптастыруға және шығармашылық тұлғасын тәрбиелеуге жағдай жасау.

      4. Пәннің міндеттері:

      Оқыту:

      1) білім алушыны вокалдық өнердің жанрларымен, музыкалық терминдермен таныстыру;

      2) ноталық сауатты, вокалдық шығармаларды сауатты және мәнерлі көркем орындауға оқыту;

      3) халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын зерделеу негізінде тыныс алу, дикция, интонация, әншілік позиция, орындау нақышын қамтитын вокалдық-әншілік дағдыларды қалыптастыру және дамыту.

      Дамыту:

      1) білім алушының есту қабілетін, дауысты, ырғақ сезімін, музыканы есте сақтау жадын, музыкалық ойлауын, әртістік қабілетін дамыту;

      2) сахналық шеберлік дағдыларын меңгеру;

      3) білім алушының алған білім, білік және дағдылары негізінде музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) вокалдық-орындаушылық дағдыларды меңгеру арқылы музыкалық өнер әлеміне араластыру;

      2) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) әртүрлі ұлттық дәстүрлер, стильдер, дәуірлердің музыка өнеріне ену арқылы мәдени шыдамдылықты тәрбиелеу;

      4) адамгершілік, рухани, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбие беру;

      5) алға қойған мақсаттарға жетуде еңбекқорлыққа, мақсаттылыққа және табандылыққа тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Бағдарлама өнер мектептері театр бөлімдерінің білім алушыларына арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      8. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      9. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      10. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      11. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркем шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады. Музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      12. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының музыкалық талғамын қалыптастыруға, вокалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы болып табылады.

      13. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      14. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      15. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      16. "Дауысты қою" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      17. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      18. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, музыкалық қабілеттерінің даму деңгейі. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      19. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) өзіндік жұмыс;

      3) дайындық-концерттік;

      4) байқаулар.

      20. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      21. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді.

      22. Сабақ жоспары білім алушы теориялық білімді практикамен бір уақытта алатындай құрылады.

      23. Сабақпен қатар жұмыстың сабақтан тыс түрлері жүргізіледі:

      1) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      4) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптың білім алушыларының дайындық дейңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдайды.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      32. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      33. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, күрделілік деңгейі бойынша концерттік бағдарламалар бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      34. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      35. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      36. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      37. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      38. Репертуарлық тізбе халық әндерін, қазақ, орыс, шетел музыкасының классикалық музыкалық шығармаларын, заманауи композиторлардың әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларын, балаларға арналған спектакльдерден алынған балалар, вокалдық және хор партияларын қамтиды.

      39. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      40. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      41. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      42. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      43. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін анықтайды, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      44. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      45. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      46. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      47. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) тыныс алу жаттығуларымен жұмыс;

      2) вокалдық жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың шығармаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің өңдеулері;

      6) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      48. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      49. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) вокалдық дағдыларының деңгейі;

      2) жеке ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуы;

      3) вокалдық техниканы, вокалдық репертуарды меңгеруі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (ынталылық, қажырлылық);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      50. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      51. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне ескеріп қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      52. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) тыныс алу, артикуляциялық, вокалдық жаттығулар;

      2) дикциямен жұмыс (жаңылтпаштар);

      3) техниканы дамытуға арналған жаттығулар (вокализдер);

      4) көркемдік материалдармен жұмыс (балаларға арналған, халық, эстрада әндерінің, романстардың мәтіндерін және әуендерін жаттау);

      5) ноталарды парақтан оқу.

      53. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің айтуын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      54. "Дауысты қою (вокал)" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "Сахна тілі", "Сахна қозғалысының негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      55. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы дауыс аппаратының құрылымымен, дауысты құрау жүйесінің бөліктерімен, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерімен танысады, дұрыс әншілік ұстанымды сақтауды үйренеді;

      2) негізгі вокалдық дағдыларды меңгереді – дыбысты дұрыс құру (жұмсақ шабуыл), көмейдің тұрақты қалпын сақтау, иықтарды көтермей тынысты қалыпты алу, ән айту кезінде демді ішке алу қалпын сақтау және оны баяу, үнемдеп шығару;

      3) әншілік тыныстың негіздері, артикуляция дағдылары қалыптасады, музыкалық есту қабілеті, дауыс (диапазон, жүйріктілік және тембрлік мүмкіндіктер), ән айту процесінде әншілік ұстанымды сақтау білігі дамиды, ән айту кезіндегі көркемдік мәнерлілік элементтеріне назар аударылады;

      4) тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, балаларға арналған 2 ән меңгеріледі.

      56. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Ән айту – музыкалық орындаушылық қызметінің түрі. Дауыс құрау жүйесінің негізгі бөліктері: тыныс алу аппараты, көмей, дауыс желбезектері, артикуляциялық аппарат. Дауыстың тембрлік бояуы. Балалар дауысының жас ерекшеліктері.

      2-тақырып. Әншілік ұстаным: дененің, бастың дұрыс қалпы, бет бұлшық еттерінің, мойынның, барлық артикуляциялық аппараттың табиғи және еркін қалпы. "Отыру", "тұру" қалпында ән айту. Ән айту процесіндегі қол мен аяқтың қалпы. Ән айту кезіндегі беттің мимикасы.

      3-тақырып. Бала дауысын қалыптастыру. Дыбысты құру. Көмейде дауыстың пайда болуы. Дыбыс шабуылы (қатты, жұмсақ, қырылдап шығатын (придыхательная)). Тембрдің пайда болуы. Дауыс ырғағы. Дыбысталудың жоғары позициясы. Дыбыс жүргізу түрлері: legato [легато], non legato [нон легато], staccato [стаккато]. Легатода айту (әуеннің ілгерілемелі қозғалысында). Кантиленді айту.

      4-тақырып. Әншілік тыныс. Тыныстың негізгі түрлері. Тынысты және дыбыс құрауды үйлестіру. Тыныс алуды және баяу тыныс шығаруды дұрыс ұйымдастыру. Тыныс алу ережелері – демді ішке алу, демді шығару, демді ұстап тұру. Тыныс алу жаттығулары.

      5-тақырып. Дикция және артикуляция. Сөйлеудегі артикуляциялық аппарат. Ауыз жұтқыншақ каналының мүшелері: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, кеңірдек, төменгі жақтың бұлшық еттері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Диапазонның ортаңғы тұсында дауыстыларды қалыптастыру және дауыссызарды айту. Жылдам темптегі жаттығуларды орындау арқыры дикцияны пысықтау (жаңылтпаштар).

      6-тақырып. Артикуляциялық аппараттың жұмысын тыныс алу бұлшық еттерімен және тамақтың бұлшық еттерімен үйлестіру.

      7-тақырып. Диапазонның орта тұсында дауыстыларды қалыптастыру және дауыссыздарды айту. Артикуляциялық аппараттың еркіндігі және оны ұйымдастыру. Ән айтудағы артикуляция және дикция. Артикуляцияға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Есту қабілеттері. Есту назары және өзін бақылау. Әншілік дыбысталудың сапалық жақтарын саралау. Әншілік тыныс туралы вокалдық-есту түсініктері және оларды құру тәсілдері. Дыбыстың жеке элементтерін, дыбыс шығару тәсілдерін, артикуляцияны және тынысты түсіну. Вокалдық жаттығулар.

      9-тақырып. Интонация тазалығының музыкалық даму деңгейіне және есту түсініктерінің көлеміне тәуелділігі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Дұрыс әншілік позицияны пысықтау. Есту мен дауыстың арасын үйлестіру (ырғақтың тазалығы, дұрыс әншілік позицияны пысықтауға арналған жаттығулар).

      57. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауысты құрау жүйесінің негізгі бөліктерін біледі;

      2) әншілік ұстанымның арнайы дағдыларына ие болады;

      3) дыбыс шабуылын, дауыс ырғағын біледі;

      4) дауыс, дыбыс жүргізу түрлері туралы жалпы түсініктері бар;

      5) дұрыс әншілік тынысты қалыптастырады;

      6) тыныс алуды және тынысты музыкалық фразаларға бөле алады;

      7) тыныс алу жаттығуларын орындау дағдыларына ие болады;

      8) артикуляциялық жаттығуларды біледі;

      9) әндердің сөздерін дұрыс және анық айтуды, дауыстыларды бұзбай айтуды біледі;

      10) дауыстыларды таза және қысқа айтуды, белсенді артикуляция жасауды біледі;

      11) вокалдық жаттығуларды орындай алады;

      12) ән айтудағы артикуляция және дикция түсініктерін біледі;

      13) музыканы есту қабілеттерін дамытады;

      14) вокалдық-ырғақтық жаттығуларды біледі, әуендерді фрагменттері бойынша дұрыс ырғақтап айта алады;

      15) дұрыс әншілік позициямен жұмыс істейді.

      58. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы ноталық сауатпен, музыкалық-теориялық, вокалдық біліммен, орындаушылық дағдылармен, нотаны парақтан оқумен танысады, вокалдық естуді, дауыс диапазонын дамытады, ән айту кезінде өзін бақылауды үйренеді;

      2) дұрыс әншілік ұстаным бекітіледі, табиғи әншілік тыныс жетілдіріледі;

      3) жоғары әншілік позицияны, әншілік дыбыс мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады, баяу және орта қарқындағы legato айту тәсілдері меңгеріледі;

      4) білім алушы тыныс алу, артикуляциялық, вокалдық жаттығуларды, балаларға арналған 3-4 әндерді меңгереді.

      59. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Ноталық сауат. Терминдер.

      2-тақырып. Дұрыс әншілік ұстанымды бекіту. Тыныс алуды ұйымдастыру. Шусыз демді алу. Оңтайлы дем шығару.

      3-тақырып. Әншілік дауыстың негізгі қасиеттері: диапазоны, тесситурасы, күші, тембрі.

      4-тақырып. Әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін қалыптастыру (сыңғырлауы, қалықтауы, тембрі жағынан қалыпты болуы).

      5-тақырып. Вокалдық өнердің жанрлары. Балаларға арналған әндердің жанрларын меңгеру.

      60. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталық сауатты, вокалдық терминдерді біледі, ноталарды оқи алады;

      2) әншілік ұстанымды сақтайды;

      3) әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін біледі: диапазон, тесситурасы, күші, тембрі;

      4) дикциялық дағдыларды дамытады;

      5) арнайы тыныс алу және вокалдық жаттығулардың көмегімен әншілік дауысты дамытады;

      6) дауыс туралы, дыбыс жүргізудің түрлері туралы жалпы түсінігі бар;

      7) демді алуды және демді музыкалық фразаларға бөлуді біледі;

      8) әндердің сөздерін дұрыс және анық айтуды, дауыстыларды бұзбай айтуды біледі;

      9) дауыстыларды анық және қысқа айтады, белсенді артикуляция жасайды;

      10) музыканы есту қабілетін дамытады;

      11) әуенді фрагменттері бойынша дұрыс ырғақпен айта алады;

      12) вокалдық өнердің жанрларын біледі;

      13) концертмейстердің сүйемелдеуімен балаларға арналған әндерді орындай алады.

      61. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдыларды қалыптасыру, әншілік тынысты және дыбыс сүйемелін дамыту жалғастырылады;

      2) ырғақтың тазалығы бойынша жұмыс жалғастырылады, халық әндері жанры меңгеріледі;

      3) білім алушы балаларға арналған 2 әнді, 1 қазақ, 1 орыс халық әндерін меңгереді.

      62. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Жұмыр дыбыс сезімін пысықтау. Дауыстылар мен дауыссыздарды қалыптастыру, сөздерді анық айту. Диапазонды дамыту.

      2-тақырып. Әншілік тынысты және дыбыс сүйемелін дамыту. Ән айту кезіндегі бақылау. Бала дауысының жеңіл әндете дыбысталуын, сондай-ақ анық артикуляцияны пысықтау.

      3-тақырып. Орындаушылық дағдыларды қалыптастыру. Поэтикалық мәтін мен музыканы талдау және сараптау. Орындаудағы мәнерлілікті дамыту. Музыкалық фразамен жұмыс.

      4-тақырып. Ырғақтың тазалығымен жұмыс: есту мен дауысты үйлестіруді дамыту.

      5-тақырып. Халық әні жанрын, оның ерекшеліктерін меңгеру. Халық музыкасы жанрымен танысу.

      6-тақырып. Халық әндерінің кең шырқалуына байланысты әншілік дауысты, музыкалық қабілеттерін дамыту.

      7-тақырып. Вокалдық-техникалық жұмыс. Мазмұнының ерекше бай болуы, жанрлардың әртүрлілігі.

      8-тақырып. Әдет-ғұрып, сатиралық, еңбек, ойын, лирикалық әндер. Халық әндерінің ерекше сипаттары.

      9-тақырып. Қазақ халық әндері. Бір дауысты қазақ әндерінің тынысының кеңдігі.

      10-тақырып. Орыс халық әндері. Орыс халық әндерінің қосалқы дауыс полифониясы.

      63. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыканы есту қабілетін дамытады;

      2) дауыстың күшін, диапазонын, жүйріктілігін, тембрлік және регистрлік мүмкіндіктерін дамытады;

      3) баса айтудың икемділігіне және мәнерлілігіне талпынады;

      4) сахналық шеберлік дағдыларына ие болады;

      5) суырып салуды біледі;

      6) бейнелі және ассоциативті ойылауды дамытады;

      7) өзін өзі ұйымдастыру және өзін бақылау дағдыларын қалыптастырады;

      8) назарын, есту қабілетін, ойлауын, жадын шоғырландыруды біледі;

      9) вокалдық тәсілдерді және орындау тәсілдерін саналы түрде таңдайды;

      10) қазақ және орыс халықтарының музыка өнерлерінің дәртүрлерін біледі және түсінеді;

      11) концертмейстердің сүйемелдеуімен халық әндерін айта алады.

      64. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптар:

      1) музыкалық-теориялық, вокалдық білімді қалыптастыру, әншілік дауыстың қасиеттерін (диапазонды кеңейту, диапазонның ортасын бекіту, дауыстың күшін дамыту), вокалдық дағдыларды (тыныс алу, дыбысты жүргізу, дыбыс шабуылы, артикуляция, эмоциялы мәнерлілік дағдылары) дамыту жұмыстары жалғастырылады;

      2) әншілік дауыстың негізгі қасиеттері (сыңғырлауы, қалықтауы, тембрінің қалыптылығы), дауыстылар мен дауыссыздарды дұрыс қалыптастыру, сөздерді анық айту, жұмсақ, бірқалыпты дыбыспен айту қалыптасады, дауыстың дара бояулары айқындалады;

      3) баса айту, мағынасы бойынша мейлінше маңызды сөздерді өз бетінше анықтау білігі, аспаптың сүйемелдеуінсіз ән айту бойынша жұмыстар жалғастырылады, заманауи эстрадалық әндерді айту дағдылары меңгеріледі;

      4) білім алушы дыбыстық жаттығуларды, тыныс алу гимнастикасын, балаларға арналған 2 әнді, эстардалық 2 әнді меңгереді.

      65. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Музыкалық-теориялық, вокалдық білімді, білікті және дағдыларды қалыптастыру. Әншілік тыныс және оны дамыту. Тыныс алудың түрлері.

      2-тақырып. Фонациялық тыныс алудың элементтері (тынысты алу, демді ұстап тұру және музыкалық фразаларды айту кезіндегі тынысты алу қалпын сақтау).

      3-тақырып. Тынысты алуды және шығаруды бақылау, ритм және тынысты ұйымдастыру. Жартылай есінеу. Әншілік дауыстың гигиенасы.

      4-тақырып. Тыныс алу жаттығулары. Дыбыссыз жаттығулар. Тыныс алу тірегін, диафрагманы, құрсақ тығыршығы бұлшық еттерін дамытуға арналған демді алу және демді шығару тренажы.

      5-тақырып. Дыбыстарға арналған жаттығулар. Тыныс алу гимнастикасы.

      6-тақырып. Диапазонды кеңейту. Сөйлеу және ән айту кезіндегі артикуляция қағидаттары. Артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған сөйлеу және вокалдық жаттығулар.

      7-тақырып. Ән айту кезіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру. Дауыстың негізгі вокалдық қасиеттерін пысықтау. Дауыстыларды теңестіруге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Шығарманың көркемдік бейнесіне байланысты дауыстыларды айту сипаты, дыбыс жүргізу тәсілдері. Ән айтудағы эмоциялық мәнерліліктің вокалдық-фонетикалық құралдары.

      9-тақырып. Дыбыс жүргізудің сипаты. Легато. Нон легато. Стаккато. Дыбыс шабуылы. Дыбыс позициясы.

      10-тақырып. Алдында меңгерілгендерді байланыстырып, ән айту және таза дикция дағдылары негізінде дауыстың қозғалмалылығын пысықтау.

      66. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылысы және оның міндеттері туралы түсінігі бар;

      2) әншілік дауыстың гигиенасын сақтайды, суық тиіп ауыру кезінде дауысты қайта қалпына келтірудің қарапайым әдістерін біледі;

      3) әншілік ұстанымды сақтайды;

      4) бір демде ұзақ фразаларды, оларды жеткілікті түрде тең бөле отырып айта алады;

      5) тыныстың әртүрлі түрлерін біледі;

      6) таза, табиғи, жеңіл дыбыспен айта алады;

      7) дауыс құраудың негізгі тәсілі ретінде жұмсақ шабуылды қолдана алады;

      8) бейнелеу тәсілі ретінде қатты шабуылды қолдана алады;

      9) дауысты тегіс, қысым түсірмей, ауа жібермей соза алады, сау әншілік дыбысталудың даралығын сақтайды;

      10) дыбыстың жоғары позициясын сақтай отырып, таза және нақты ырғақтауды біледі;

      11) шығарманың сипатына байланысты legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] айта алады;

      12) әндердің сөздерін саналы түрде, мәнерлеп айтуды біледі;

      13) дауыстыларды бұзбай айтуды біледі;

      14) дауыссыздарды нақты және қысқа айтады;

      15) белсенді артикуляция жасауды, орфоэпия ережелерін орындауды біледі;

      16) ритмика және музыкамен бірге қозғалу элементтерін қолданады;

      17) заманауи эстрадалық әндерді орындай алады;

      18) сахналық бейнемен жұмыс жасауды біледі.

      67. Бейіндік сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ән айту кезінде демді қалыпты шығару, шығарманы орындау кезіндегі тынысты бөлу дағдылары бекітіледі, дұрыс әншілік ұстаным сақталады, ерін, тіл жұмыстарының белсене түсуінің есебінен артикуляциялық аппараттың еркіндігі, қозғалмалылығы дамиды;

      2) дауыссыздарды анық айту, тұрақты ырғақ жасау, эмоциямен және мәнерлеп айту, әннің көңіл-күйін және оның мазмұнына деген өзінің көзқарасын жеткізу дағдылары пысықталады;

      3) балаларға арналған классикалық репертуар, оның ішінде романстар (орындаушылықтың мәнерлілік құралдарын меңгеру: динамика, қарқын, баса айту, дыбыс жүргізу әртүрлі типтері) меңгеріледі;

      4) білім алушы балаларға арналған 2 әнді, 2 романсты меңгереді.

      68. Бейіндік сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Дауыстың регистрлік құрылымы.

      2-тақырып. Тыныстың ұзақтығын дамыту. Ұсақ ұзақтылықтарды таза орындау.

      3-тақырып. Жылдам орындалатын жаттығуларда үзік-үзік сызықты ритммен әншілік дикция дағдыларын пысықтау. Вокалдық дағдыларды меңгерудегі түсінушілік.

      4-тақырып. Әншілік тынысты жақсы меңгеруі негізінде екпінді, бірақ қатты емес forte [форте] және жұмсақ, бірақ дыбысталатын piano пысықтау. Дыбыс жүргізудің үздік-создық қасиетін пысықтау. Қозғалмалы нюанстардағы тыныс. Вокалдық дағдыларды меңгерудегі түсінушілік.

      5-тақырып. Жаттығу процесінде сипаты, дыбысталу сапасы және дауыс аппаратының белгілі қозғалыстары арасындағы сәйкестікті бекіту. Қозғалмалы жаттығулардағы әншілік дикция дағдыларын пысықтау.

      6-тақырып. Жасөспірімдер дауыстарының дыбысталуындағы тыныс алу және дыбысты құрау дағдыларын бекіту.

      7-тақырып. Диапазонның кеңеюіне байланысты резонаторлардың жұмыстарын меңгеру.

      8-тақырып. Дауыстың динамикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Көркем орындаушылық дағдыларды дамыту. Әндерді орындау процесіндегі бейнелеу сәттері.

      9-тақырып. Балаларға арналған классикалық вокалдық репертуар. Орындаушылық мәнерлілік құралдары: динамика, темп, фразировка, дыбыс жүргізудің әртүрлі типтері. Романс. Романстарды айтуға оқыту.

      69. Бейіндік сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) барлық дауыс құрау жүйесінің еркіндігін және үйлесімділігін, артикуляциялық-штрихтық техниканың әртүрлілігін, икемділікті, дауыстың техникалылығын болжайтын дамыған вокалдық техникасы бар, резонаторлармен, барлық диапазондағы дауыстың қалыптылығы, тембрдің байлығы қолдану білігі;

      2) шығарманың көркемдік мәнін және бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық мәнерлілік және вокалдық техниканың құралдарын қолдана алады;

      3) әншілік ұстаным, ән репертуарын өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау дағдыларына ие болады;

      4) суырып сала алады;

      5) legato [легато], non legato [нон легато], staccato [стаккато] негіздерін біледі;

      6) стилі, сипаты жағынан әртүрлі шығармаларды орындайды;

      7) жұмсақ және қатты дыбыс шабуылын меңгереді;

      8) музыкалық бейнені жасау барысында қиялды дамытады;

      9) сахналық бейнені жасау, жанры, сипаты жағынан әртүрлі шығармаларды орындау даралығымен өз бетінше жұмыс істей алады;

      10) сахналық шеберлік дағдыларына ие болады.

      70. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) вокалдық өнердің алғашқы негіздерін;

      2) терминдерді;

      3) әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармалардың метроритмикалық ерекшеліктерін;

      4) партитуралардың ерекшеліктерін, вокалшының көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік дейңгейде жеке сауатты орындауды;

      2) күрделі емес ноталық мәтінді өз бетінше талдауды;

      3) музыкалық шығармаларды өз бетінше жаттауды (балаларға арналған, халық, эстрадалық әндер, романстар және басқалары);

      4) музыкалық шығарманы айту кезінде көркемдік бейнені жасауды;

      5) сөз бен музыканың органикалық үйлесімінің көмегімен музыкалық шығарманың авторлық ойын жеткізуді;

      6) орындалатын шығармалардағы мәтінді сауатты айтуды, музыкалық шығарманы қанық, эмоциямен орындауды;

      7) күрделі емес шығармаларды жаттау барысында техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңуді;

      8) теориялық білімді орындаушылық практикада қолдануды;

      9) орындалатын музыкалық шығармаларды талдауды біледі.

      Бітіруші түлекте:

      1) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану;

      2) естуді бақылау және орындау процесін басқару;

      3) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      4) әншілік ұстаным;

      5) ән репертуарын өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау;

      6) халық әндерін, қазақ, орыс, шетел музыкасының классикалық музыкалық шығармаларын және түрлі стильдегі, жанрдағы заманауи композиторлардың шығармаларын, балаларға арналған әндерді, балалар музыкалық спектакльдерінен алынған вокалдық және хор партияларын орындау;

      7) орындаушылық практикасы, көпшілік алдында жеке өнер көрсету;

      8) шығармашылық қызметі;

      9) фонограммамен, микрофонмен, вокалдық-күшейткіш аппаратурамен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      71. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы –концерттік бағдарламаны орындау түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (тыныс алуға арналған жаттығулар, қазақ тіліндегі балаларға арналған 1 ән), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (артикуляциялық жаттығулар, орыс тіліндегі балаларға арналған 1 ән);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (тыныс алуға арналған жаттығулар, қазақ тіліндегі балаларға арналған 1 ән), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (артикуляциялық жаттығулар, орыс тіліндегі балаларға арналған 1 ән);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (балаларға арналған 1 ән, қазақтың 1 халық әні), екінші жартыжылдықтағы: бақылау жұмысы (артикуляциялық жаттығулар, балаларға арналған 1 ән,1 орыс халық әні);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (дыбыстық жаттығулар, тыныс алу гимнастикасына арналған жаттығулар, қазақ тіліндегі балаларға арналған 1 ән, орыс тіліндегі 1 эстрадалық ән), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (дыбыстық жаттығулар, тыныс алу гимнастикасына арналған жаттығулар, орыс тіліндегі балаларға арналған 1 ән, қазақ тіліндегі 1 эстрадалық ән);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (балаларға арналған қазақ тіліндегі 1 ән, қазақ тіліндегі 1 романс), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (кез-келген шетел тіліндегі балаларға арналған 1 ән, орыс тіліндегі 1 романс).

      73. Педагог білім алушылардың жұмысын бағалау кезінде – білім алушылардың вокалдық аппаратты тиісті деңгейде меңгеруін көрсетуі, шығарманың бейнесін толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманы орындаушылық интерпретациядағы стилін түсінуі және көрсетуі сияқты өлшемшарттарды ескереді.

      74. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы: дұрыс әншілік ұстаным, дауыс ырғағы таза, барлық диапазондағы дауыс қалыпты, жұмыр, жоғары әншілік позицияны меңгеруі, ноталық мәтінді өз бетінше сауатты талдауы, өзінің орындауын бақылауы, мәнерлеп, әртістікпен орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы: дұрыс әншілік ұстанымға ие болуы, жұмыр дыбысқа, жоғары әншілік позицияға ие болуы, ноталық мәтінді өз бетінше талдауы, шығарманың күрделі тұстарындағы техникалық кателіктері, музыкалық ой тұрғысынан қарағанда шығарманы толық түсінбей орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы: дыбыс шығару, дыбыс жүргізу дағдыларының тұрақсыздығы, дыбыс шығарудың негізгі тәсілдерін жетік меңгермеуі, ноталық мәтінді өз бетінше талдаудағы әуендік-ритмикалық қателіктері, өзінің орындауын бақылауы төмен, шығарманы мәнерлеп орындамауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: дыбыс шығарудың негізгі тәсілдерін меңгермеуі, орындауын бақылауы төмен, орындауындағы стилистикалық және ырғақтық өрескел қателер, орындау мәдениетінің деңгейінің төмендігі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
32-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Ритмика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Ритмика" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Ритмика" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акцент – ашық айқындалған метроритмикалық қасиеттің қалыбы, ишараты, қозғалысы;

      2) апломб – тірек алаңында күш орталығын ұстай алу қабілеті есебінен қол жеткізілетін бидегі тұрақтылықты орындаушының сақтау білігі;

      3) аяқ бұрылмалылығы - дұрыс қойылған мықын, жіліншік және табанда өзінің ішкі жағымен сыртқа қарай бұрылған күйі en dehors (сыртқа) қалыбына аяқтарды (мықын, сирақ және табан) бұру қабілеті;

      4) би позициясы – би барысындағы бишінің позициясы немесе би жұбының жалпы позициясы;

      5) вестибулярлық аппарат – кеңістікте бас пен дене қалыбының өзгерісін және омыртқалы жануарлар мен адамда дене қозғалысының бағытын қабылдаушы орган;

      6) дирижирлеу – музыканы орындау кезінде оркестр, хор музыканттарын және жеке әншілерді басқару;

      7) каденция – музыкалық құрылымды аяқтайтын үйлесімді немесе әуенді айналым;

      8) қадамдап жүру – марштауға үйрету;

      9) музыкадағы динамика – дыбысталудың қаттылығы реңктерімен байланысқан ноталық белгілеулер мен ұғымдардың жиынтығы;

      10) музыкадағы такт – неғұрлым күшті үлестен басталып және күші бойынша оған тең келетін келесі үлестен бұрын аяқталатын музыкалық метр бірлігі;

      11) музыкалық қозғалыс – музыкалық тәрбиенің, тұлғалық дамудың және еркін биге оқытудың әдісі;

      12) өлшем, музыкадағы тактілі өлшем – тактідегі үлес санын нұсқаушы, тактілі метрдің сандық сипаты;

      13) ритм – бір-біріне ұқсас құбылыстың бірізді алмасуы, уақыттың өтуімен алмасатын қозғалыстағы белгілі реттілік;

      14) ритмика – хореография, дене шынықтыру, музыка, балалар билері мен психологиялық тренингтің қоспасы, ырғақ;

      15) ритмикалық сурет – дыбыс ұзақтылығының бірізділігі; қолданбалы музыкада жекеленген ритмикалық сурет (ұрмалы аспаптарда) сигнал, шеру және билер үшін қолданылады;

      16) тактілеу – тактінің әрбір үлесінің музыкасын орындау кезінде қолдардың қозғалысы немесе аяқпен соғу;

      17) темп – сәйкес музыкалық-ырғақты сүйемелдеумен би қозғалыстарын орындау қарқыны, минутадағы тактілермен немесе минутадағы тактілі соғулармен (бит) өлшенеді;

      18) үйлесім – белгілі мақсатпен психологиялық және физикалық процестерді біріктіру қабілеті.

      3. Бағдарламаның мақсаты: ырғақты және би қимылдарының, музыканың көмегімен білім алушының шығармашылық қабілеттерін, біліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық-ырғақтылық қызметтің әртүрлі түрлерін меңгеру - ырғақты қадам, ырғақты гимнастика, би, пластика;

      2) қозғалыстың әртүрлі түрлерін игеру - музыкалық сүйемелдеумен жүру, жүгіру, гимнастика және би жаттығуларын орындау;

      3) бұлшық ет сезімінің дамуын, кеңістіктегі бағдарлану мен үйлесімділікті, қозғалыстың нақтылығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.

      Дамыту:

      1) музыкалық-шығармашылық қабілеттерді, бейнелі ойлауды, қиялды, ішкі есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық жадыны дамыту;

      2) метроритмді, динамиканы, қарқынды дамыту;

      3) қозғалыс қасиеттері: күш, төзімділік, жылдамдық, икемділік, би дағдыларын дамыту;

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық-ырғақты біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

      2) білім алушының эстетикалық, эмоциялық, физикалық дамуы;

      3) жан-жақты физикалық және шығармашылық дамыған тұлғаны қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі - үш жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқытудың негізгі курсына дайындау үшін бес-жеті жастағы балалармен дайындық тобында сабақтар жүргізіледі.

      Балалар өнер мектептерінің хореографиялық бөлімдері топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

      7. Бағдарлама өнер мектептерінің хореографиялық бөлімдерінде білім алушы жеті жастағы балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың басты міндеттерінің жүйесі арқылы іске асады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдері, ритмикамен қарым-қатынас формаларымен өзара байланыс арқылы іске асырылады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әрбір білім алушыға жеке-сараланған тәсілді, көркемдік-бейнелі ойлауды дамытуға, ритмика бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техника мен әртістік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) би сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушылардың музыкалық-ырғақты жаттығуларды, қозғалыс үйлесімділігін дамытатын жаттығуларды, би ойындарын, хореографиялық этюдтерді, классикалық, халықтық-сахналық билердің элементтерін орындау біліктерін меңгеруге, Бағдарламада, жеке тәжірибеде қарастырылған, қатар қойып, салыстырып және би қимылдарын саналы орындай отырып, әрі қарай хореография өнерін өз бетінше меңгеруге көмектесетін білім, білік қорын алуға жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама би дарындылығы, дайындығы және жалпы даму деңгейі әртүрлі балаларға арналған.

      Педагог музыкалық-ырғақты жаттығуларды, хореографиялық этюдтерді, классикалық, халықтық-сахналық билердің элементтерін орындаудың әртүрлі стильдерін, мәнерлерін және техникаларын меңгерудегі, балаларда хореографияға қызығушылықты оятудағы қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке қасиеттерін дамытуға бағдарланған:

      1) музыкалық-ырғақтылық қызметінің әртүрлі түрлерінде: ырғақты қадам, ырғақты гимнастика, би, пластиканы меңгеруге;

      2) сахналық қозғалыс саласынан арнайы білім негіздерін меңгеруі: пластикалық тренинг, музыкалық-ырғақты суреттер, импровизацияны меңгеруге;

      3) қозғалыстың әртүрлі формаларын: музыкалық сүйемелдеумен жүру, жүгіру, гимнастикалық және би жаттығуларын меңгеруге;

      4) бұлшық ет сезімінің дамуын, кеңістіктегі бағдарлану және үйлесімділікті, қозғалыстың нақтылығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін қозғалыс дағдыларын қалыптастыруы және жетілдіруге;

      5) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуға ықпал етеді.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негізділік және қолжетімділік қағидаты заманауи педагогикалық және психологиялық ғылым, хореография теориясы және тарихы, музыкатану негізінде оқу-тәрбие процесін құрастыруды талап етеді. Педагог дидактика ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге қарай;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды – бір ырғақты жаттығу элементтерінің, бір бағыттағы жаттығулардың арасында, жаттықтыратын жаттығулардың арасында өзара байланыстың орнатылуын;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын ритмика қозғалыстарының мәнін ұғынуды қамтамасыз ететін әртүрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық ететін рөлінде зерделілік және белсенділік қағидаттары ритмика сабақтарына саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақ барысында білім алушыға қойылған нақты міндеттерді түсінуді ескереді.

      19. "Ритмика" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, талдау, саралау;

      2) көрнекілік – сапалы көрсету, қозғалыстың жеке бөліктерін және тұтас көрсету, бейнематериалдарды көрсету, білім алушылардың жалпы даму деңгейін көтеру үшін концерттерге бару;

      3) практикалық – қайталап орындалатын және шығармашылық жаттығулар, толық пысықтау және әрі қарай тұтас шығарманы бүтін ұйымдастыру үшін неғұрлым кіші бөліктерге бөлу;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді құрастыру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, бишілік қабілеттерінің даму деңгейі.

      22. Сабақтардың формалары:

      1) практикалық – тәсілдер мен дағдылар би станогында, гимнастикалық кілемшеде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету.

      23. Педагог Бағдарламаны заманауи өнер мектебінде іске асыру кезінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      24. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      25. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлім педагогтің қажетті теориялық ұғымдарды түсіндіруден, үйретілетін ритмикалық жаттығу элементтерін, бейнематериалдарды көрсетуден тұрады.

      Практикалық бөлім ширату, бой жазу жаттығуларынан, қимылды пысықтаудан, үйренген ырғақты қимылдардан және оларды орындаудан вариация құрастырудан тұрады. Білім алушы әрбір сабақтың соңында педагог жетекшілігімен өз жұмысын талдайды.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) өз бетімен жүргізілетін сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыныптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына дайындық;

      4) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. "Ритмика" пәнінің "Классикалық би", "Халықтық-сахналық би", "Заманауи би", "Музыкалық сауат және музыканы тыңдау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      35. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "ырғақ", "ритмика", "санау", "өлшем", "музыкалық фраза", "такт", "алғысөз", "тақырып", "музыкалық өлшем", "музыкалық жанр" түсініктерімен танысады;

      2) музыкалық-ырғақты жаттығулар, ырғақ сезімі мен музыкалық есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар, кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар, қозғалысты үйлестіруге, бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар, би ойындары, музыкалық-кеңістіктік жаттығулар үйретіледі;

      3) ырғақты қабылдау, музыкалық қабілет, қозғалыс үйлесімділігі, ырғақ сезімі, жады, зейін, музыканы тыңдау және музыкалық тілді түсіну білігі, сипаты, қарқыны, өлшемі бойынша билерді ажырата білу білігі және би музыкасын талдау дамиды;

      4) би қозғалыстары, хореографиялық этюдтер меңгеріледі.

      36. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Музыкалық сауат негіздері.

      2-бөлім. Музыкалық ырғақты жаттығулар.

      3-бөлім. Ұжымдық-реттік жаттығулар, кеңістікте бағдарлануға, сап түзеу және сапты қайта түзеуге арналған жаттығулар.

      4-бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары.

      5-бөлім. Қозғалысты үйлестіруге арналған жаттығулар.

      6-бөлім. Музыкалық ойындар, эстафеталар.

      7-өлім. Би жаттығулары.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабағы. "Ртимика" түсінігі. Негізгі қимылдар, түсініктер. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. Сәлемдесу биін, сызыққа сап түзеуді үйрену.

      2-тақырып. Музыкалық өлшем. Музыкалық есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Ырғақты қабылдауды дамыту. Музыкалық өлшем түрлері: 2/4, 3/4, 4/4. Ырғақ сезімі мен музыкалық есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Музыкалық қабілетті дамыту. Музыкалық жанрлар. Сипаты, қарқыны, өлшемі бойынша би айырмашылықтары.

      5-тақырып. Музыкалық-кеңістіктік жаттығулар.

      6-тақырып. "Қарқын", "ырғақ", "динамика", "музыкалық фраза", "акцент" түсініктерін практикалық меңгеруге арналған музыкалық-ырғақты жаттығулар. Аяқ позицияларымен танысу: бірінші, екінші.

      7-тақырып. Музыкалық ырғақты жаттығулар. Қолды қою қалпымен танысу (негізгі қалып - белге қою). Аяқ позицияларымен танысу: үшінші, төртінші.

      8-тақырып. Мойын, қол облыстарына арналған музыкалық-ырғақты жаттығулар. Әртүрлі амплитудамен басты еңкейту. Бастың айналмалы, жоғары-төмен қимылдары.

      9-тақырып. Денеге арналған музыкалық-ырғақты жаттығулар. Денені алға және жан-жаққа еңкейту. Иық және дене қозғалысы: иықты көтеру және түсіру. Оң және сол иықты алға қарай шығару арқылы бұрылыстар.

      10-тақырып. Аяқ және табанға арналған музыкалық ырғақты жаттығулар. Табанды дамытуға арналған музыкалық ырғақты жаттығулар.

      11-тақырып. Зейінді дамытуға арналған жаттығулар. Кеңістікте сап түзеу түрлерін үйрену: шеңбер, сызық, диагональ. Кеңістікте сап түзеу түрлері: диагональ, жартылай шеңбер.

      12-тақырып. Музыкамен түрлі қарқында тактілеу. Ритмика жаттығуларын орындау бірізділіктерін меңгеру.

      13-тақырып. Басқа арналған қимылдар: оңға және солға бұру.

      14-тақырып. Қол және аяқ қозғалыстарымен үйлестіру арқылы түрлі бағыттарда жүру жаттығулары. Жартылай жүрелеп отырумен үйлескен саусаққа жартылай көтерілу.

      15-тақырып. Билердің музыкалық өлшемдерінің түрлері. Би қадамдары: аяқтың ұшымен, аяқты көтерумен, тізені бүгумен, бір орында және қозғалыста, алға шығыңқы тізелермен жартылай саусақта, қолды ауыстырумен. Оңға-солға, алға-артқа қозғалыс жасау арқылы қадамдар.

      16-тақырып. Кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар. Бастапқы дұрыс қалып. Жүгіру және жүру.

      17-тақырып. Зал бұрыштарындағы нақты бұрылыстармен қабырға бойымен жүріс.

      18-тақырып. Сапқа, бағанға, тізбекке, шеңберге, жұпқа тұру.

      19-тақырып. Шахматты тәртіпте тұру.

      20-тақырып. Шеңберге (шеңберлерге), тізбекке, бағанға (бағаналарға), жұлдызшаға және әткеншекке басқа түрлеріне сапқа түзеу.

      21-тақырып. Қозғалыс бағытына бағдарлану: алға, артқа, оңға, солға, шеңберге, шеңберден.

      22-тақырып. Жүру барысында құралдармен қозғалыс жасау. Таспаны, шеңберді, секіргішті қолдану арқылы сап түзеулердің барлығында дұрыс қашықтықты сақтау.

      23-тақырып. Жалпы дамыту жаттығулары. Басты еңкейту, түзету және бұрулар, иықпен шеңберлі қимылдар.

      24-тақырып. Түрлі бағыттағы құралдармен және құралдарсыз қол қимылдары.

      25-тақырып. Кеудені оңға, солға, тізені бүгумен және тізені бүгусіз, еңкейтуді біріктірумен, жоғары қарай, жан-жаққа, желкеге қарай, белге қою секілді қол қимылдарын біріктірумен бұрулар және еңкеюлер.

      26-тақырып. Құралды берумен денені бұру.

      27-тақырып. Тірекпен және тірексіз, құралдармен жүрелеп отыру. Бір мезетте аяқты алға жан-жаққа қоюмен жүрелеп отыру.

      28-тақырып. Айқастырылған қолдармен, таяқ арқылы асып түсу.

      29-тақырып. Жоғарыға көтеру қалпында аяқты бүгу және жазу, табанды сыртқа және оны ішкі келтіру, табанмен шеңберлі қозғалыстар, аяқты ұшына, алға және жан-жаққа қою, жартылай саусаққа тұру.

      30-тақырып. Қол білезіктерімен бір қалыпты, шұғыл, тез, баяу қимылдар.

      31-тақырып. Аяқ қозғалыстарының барлық ықтимал үйлесулері: аяқты алға, артқа, жан-жаққа, тізе буынында бүгу, шеңберлі қимылдар, табанның ішкі қырымен жүру.

      32-тақырып. Дене мүсінін қалыптастыруға арналған жаттығулар.

      33-тақырып. Қозғалыс үйлесімділігіне арналған жаттығулар. Аяқ пен қолды айқастыра көтеру және түсіру.

      34-тақырып. Бірдей уақыттағы қол және аяқ қимылдары.

      35-тақырып. Қол қалыптарын (позицияларын) үйрену; қол позицияларын жеке және екі қолмен бір уақытта орындау; қол қимылын баспен, көз қараспен шығарып салу.

      36-тақырып. Музыкалық сүйемелдеумен орташа және тездетілген жылдамдықта жай ырғақты бейнелерді тарсылдату, шапалақ ұру, аяқпен топырлату.

      37-тақырып. Оң аяқ пен сол қолдың, сол аяқ пен оң қолдың әртүрлі айқастырмалы және шеңберлі қимылдары.

      38-тақырып. Музыкалық сүйемелдеудің қарқынын өзгертумен сәйкес қозғалысты тездету және баяулату.

      39-тақырып. Берілген қарқында және музыка тоқтағаннан кейін де қозғалысты орындау.

      40-тақырып. Қарапайым ырғақты көріністерді өз бетімен құрастыру.

      41-тақырып. Қол, аяқ, кеуде, білектердің бір мезеттегі қозғалыстарын әртүрлі біріктірулер.

      42-тақырып. Музыканы біртіндеп тездетумен, қозғалыс қарқынын бірден өзгертумен жаттығулар орындау.

      43-тақырып. Бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар. Білекпен серпу.

      44-тақырып. Қолдың еркін айналмалы қимылы.

      45-тақырып. Дененің ауырлығын өкшеден аяқтың ұшына және бастапқы қалыпқа қайта ауыстыру.

      46-тақырып. Қолды бастапқы қалыптан жанына немесе алдына қарай еркін құлату.

      47-тақырып. Тік тұрғандағы және алдыға еңкейген күйі қолды кезектестіріп және бірге алдыға, артқа, оңға, солға серпу.

      48-тақырып. Бірде оң, бірде сол аяғын алдыға лақтыру.

      49-тақырып. Буында қолды түзеу және иықтан саусақ ұшына дейін барлық бұлшық еттің қатаюы.

      50-тақырып. Жартылай саусаққа тұру.

      51-тақырып. Қол салбырап тұрғандағы және бастың төмен қарағандағы қалыппен, бір уақытта жұмсақ босансыған тізе мен денемен бірге орындалатын екі аяқта тұрып секіру.

      52-тақырып. Түрлі бағыттағы қол білегінің қимылы. Музыка жылдамдығының өзгеруімен қол саусақтарын кезектесіп бір уақыттағы жұдырық жұмуы және ашылуы. Бір қолдың және екі қолдың саусақтарын ажырату. Қол саусақтарының ерекшеленуі.

      53-тақырып. Музыканың орындалуымен бірге ойналатын ойындар. Музыканың сипатымен, динамикасына, регистрлеріне сәйкес ырғақты қимылдарды орындау.

      54-тақырып. Музыкалық эстафеталар. Музыкадағы өзгерістерге сай би қимылдарының, жүру, жүгіру, секіру бағытының өзгеруі.

      55-тақырып. Белгілі бір музыканың эмоциялық және динамикалық сипатына сәйкес нақты бейнелерге еліктеуге негізделген, еліктеушілік жаттығулар және ойындарды орындау.

      56-тақырып. Музыкадағы шұғыл акценттерді шапалақ соғу, топырлату және басқа қимылдармен жеткізу.

      57-тақырып. Қимылда екі бөлімді музыканың айырмашылықтарын жеткізу. Музыкалы-қимылды бейнені өз бетімен құрастыру.

      58-тақырып. Заттарды қолданып ойналатын музыкалық ойындар. Би бейнелері: "Лошадка", "Кукла Даша", "Оловянный солдатик" және басқалары.

      59-тақырып. Ән айту немесе ауыз екі сөйлеумен сүйемелденетін ойындар, әндерді сахналау.

      60-тақырып. Дыбысталған әуеннің ырғақты суретін шапалақтау.

      61-тақырып. Қимылда ритмикалық суретті, акцентті, музыкадағы қарқындылық және динамикалық өзгерістерді өз бетімен жеткізе білуге арналған жаттығулар.

      62-тақырып. Бөліктердің, музыкалық фразалардың, аз контрастілі музыка бөліктерінің ауысуына сәйкес қимылдың өз бетімен ауысуы.

      63-тақырып. Қарапайым би композицияларын құру. Би жаттығулары. Тыныш, жоғары қадам, жұмсақ, серпінді қадам.

      64-тақырып. Асықтырылмаған билі жүгіру, қарқынды жүгіру. Бір аяқтан екінші аяққа секіру, жеңіл секіру.

      65-тақырып. Ауыспалы топырлату. Аяқты алдыға лақтыру бойынша секіру.

      66-тақырып. Көңілді орыс биінің элементтері: бір орында топырлатумен қадам, қозғалмалы бір орында топырлатумен қадам, екі аяқта секірумен қадам, ауыспалы қадам.

      67-тақырып. Жұппен қимылдарды орындау: жүгіру, жартылай отырумен жүру, қозғалыспен айналу. Ұлттық билердің негізгі қимылдары.

      68-тақырып. Қазақ, орыс, сыған халық билері, орамалмен хор айту, рок-н-ролл, полька билері негізінде құрылған би этюдтерін үйрену.

      37. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі би қимылдарының және элементтерінің атауларын біледі;

      2) дене, жаттығу киімі гигиенасының ережесін біледі;

      3) кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығуларды, музыкалық ырғақты, би жаттығуларын орындай алады;

      4) қарапайым би элементтерін орындай алады;

      5) музыка мен қимыл ерекшеліктеріне және мазмұнына сай дұрыс бастапқы қалыпты түсінеді және ұстанады;

      6) жұп бойынша сапта ара-қашықтықты дұрыс сақтай алады;

      7) педагогтің сөздік нұсқауын, дыбыстық және музыкалық белгісі бойынша керекті қимылдың бағытын өз бетімен анықтай алады;

      8) музыкаға көңіл бөле отырып, қимыл қарқынын орындайды;

      9) белгілі ырғақ пен қарқындағы жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

      10) "Хор қадамы", "Қосымша, серпінді қадам, соғу", "алға және жанға шоқырақ (галоп)" жаттығуларын дұрыс орындайды.

      38. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) би элементтерін меңгеру, би қимылдарын техникалық жетілдіру, музыкалық ырғақты жаттығулар кешенін бекіту, кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар, ырғақты гимнастикалық жаттығулар, қозғалыс үйлесімділігіне арналған жаттығулар, бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығуларды меңгеру әрі қарай жалғасады;

      2) ырғақ, пластика сезімі, қозғалыс үйлесімділігі және кеңістікте еркін бағдарлану дағдылары, қозғалысты заттармен орындау дамиды, жаңадан бастаушы бишілерді дайындаудың ерекше жүйесі бойынша музыкамен жалпы нығайтушы және дамытушы жаттығуларды үйренеді;

      3) қазақ, орыс, беларусь халық билерінің қарапайым элементтерін бастапқы меңгеру, қимылдарды, этюдтерді, күрделендірілген би элементтерін, қозғалыстарды эмоциялық және әртістік орындау;

      4) орыстың көңілді биінің, қазақ биінің элементтерімен би этюдтері меңгеріледі.

      39. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Музыкалық ырғақты жаттығулар.

      2-бөлім. Ұжымдық-реттік жаттығулар.

      3-бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары.

      4-бөлім. Қозғалысты үйлестіруге арналған жаттығулар.

      5-бөлім. Бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар.

      6-бөлім. Музыкалық-бейнелі, шығармашылық жаттығулар.

      7-бөлім. Би жаттығулары.

      8- бөлім. Халық билерінің негізгі қозғалыстары.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мойын, қолға арналған музыкалық ырғақты жаттығулар, бастың және қолдың айналмалы қимылдары. Қол қалыптарымен танысу. Дайындық қалыптары.

      2-тақырып. Денеге арналған музыкалық ырғақты жаттығулар.

      3-тақырып. Табанға арналған музыкалық ырғақты жаттығулар. Жартылай саусаққа тұру.

      4-тақырып. Аяқты дамытуға арналған музыкалық ырғақты жаттығулар: тізені көтеріп жүгіру, аяқты алдыға сілтеу арқылы жүгіру.

      5-тақырып. "Оңға, солға" зейінін дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Кеңістікте қатарға тұру түрлерін үйрену: шеңбер, сызық, диагональ. Кеңістікте қатарға тұру түрлері: диагональ, жартылай шеңбер.

      7-тақырып. Әр түрлі қарқындылықта музыкамен тактілеу. Ритмика жаттығуларын орындаудың бірізділігін меңгеру.

      8-тақырып. Би көріністерінің түрлері. Аяқ және қол қалыптарын бекіту. Баяу қарқындағы артқа би қадамы. Жартылай саусақта артқа қадам. Жартылай саусақта алға тізені қатты жоғары көтерумен қадам.

      9-тақырып. Негізгі қимылды меңгеру: аяқты артқа бүгумен жүгіру. Негізгі қимылды меңгеру: тік аяқты алдыға сілтеумен жүгіру.

      10-тақырып. Кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар. Метрлік соғуға сәйкес жүру: арқаны тік ұстаған қалыпта отырып тұру, тізені бүгу, аяқтың ұшымен жүру, аяқтың өкшесімен кең және қысқа адымдаумен кезектестіріп ауыстырып отырып жүруді орындау.

      11-тақырып. Қатарға үштен тұру. Бір топ балаларының бір қадам алдыға шығуы, басқасы бір қадам артқа шығуы бойынша, бір шеңберден екеу құрау, үш жеке кішкентай шеңбер және шоғырласқан шеңберлер құру. Ортақ шеңберден екі немесе үш қадам шығып шеңбер жасау және қайтып ортақ шеңберге оралу.

      12-тақырып. Алдыңғы сыныптағыдан күрделірек, заттармен қозғалыс жасау.

      13-тақырып. Ырғақты гимнастикалық жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығулары. Бастың еңкеюі, жанға бұрылуы, айналмалы қимылдары.

      14-тақырып. Қолдың түрлі бағыттағы қимылдары: қолды екі жаққа бағыттау, иықты қамтып кеуде жаққа екі қолды айқастыру; күштеумен қолды екі жаққа созу (резинаны созу).

      15-тақырып. Дененің еңкеюге сәйкес бұрылуы; қолдың қимылымен бірге дененің алдыға, жанға бұрылуы.

      16-тақырып. Күшейту арқылы тізені жанға бағыттап жай отырып тұру, жай бастапқы қалыпқа оралу. Аяқтың ұшына тұрып жартылай отырып тұру. Табанның шеңберлі қимылдары. Аяқты алдыға, жанға қою арқылы отырып тұру қимылын орындау.

      17-тақырып. Таяқша арқылы, өрілген қолдардың арасынан өту. Тік арқаны қалыптастыруға арналған жаттығулар.

      18-тақырып. Қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар. Оң қолдың айналмалы қимылдарына сәйкестендіріп сол аяқтың айналмалы қимылдары.

      19-тақырып. Заттарды қолдану (ту, доп, дөнгелек, скакалка) арқылы қимылдың күрделі үйлесуіне арналған жаттығулар.

      20-тақырып. Дабыл, сылдырмақ сияқты музыкалық сүйемелдеумен орташа және тездетілген жылдамдықта жай ырғақты көріністерді бір уақытта шапалақтау және топырлату. Қарапайым ырғақты суреттерді өз бетімен құрастыру.

      21-тақырып. Бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар. Буында қолды түзеу және иықтан саусақ ұшына дейін барлық бұлшық еттің қатаюы. Қолды жоғары көтеру. Аяқтан аяққа, бір жанынан екінші жанға дене ауырлығын алмастыру.

      22-тақырып. Музыканың орындалуымен бірге ойналатын ойындар. Қимылдарда музыкалық туындылар бөлімдерін жеткізе білу, музыкалық фразаларды алмастыру.

      23-тақырып. Музыкадаға динамикалық көңілді, тактінің күшті бөлігін қимыл-қозғалыста көрсете білу. Түрлі қимылдардың өз бетімен жылдамдатылуы және баяулатылуы.

      24-тақырып. Әнді сахналау кезінде ойын кейіпкерлерін сомдау жаттығулары. Қимылда музыкалы әңгіменің сюжетін жеткізу.

      25-тақырып. Импровизацияда рөлдермен алмасу. Ойын мен көңілді билерге варианттарды ойлап шығару. Бейнелі заттармен іс-әрекет.

      26-тақырып. Ән айтумен және ауызекі сөйлеумен бірге орындалатын қимылды ойындар.

      27-тақырып. Би жаттығулары. Би элементтерін қайталау.

      28-тақырып. Аяқтың ұшымен қадам, полька қадамы.

      29-тақырып. Кең, биік секірулер.

      30-тақырып. Қатты секіру, бүйірлі шоқырақ.

      31-тақырып. Орыс билерінің элементтері: жартылай отырып қосымша қадам жасау, аяқты өкшеге тіреп жартылай отыру, орында тұрып және қимылдап тұрып отыру және жартылай отыру.

      32-тақырып. Жұппен қозғалу: бір жағына шоқырақтау, ыршулар. Ұлттық билердің негізгі қимылдары.

      40. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі би қимылдарының және элементтерінің атауларын біледі;

      2) дене қойылымы ережесін біледі;

      3) кеңістікте еркін бағдарлана алады;

      4) қазақ, орыс, беларусь халық билерінің қарапайым элементтерін орындай алады;

      5) музыка мен қимыл ерекшеліктеріне және мазмұнына сай дұрыс бастапқы қалыпты түсінеді және ұстанады;

      6) би музыкасының сипатын тани біледі;

      7) жұп бойынша сапта дұрыс арақашықтықты сақтай алады;

      8) оқытушының сөздік нұсқауын, дыбыстық және музыкалық белгісі бойынша керекті қимылдың бағытын өзбетімен анықтай алады;

      9) музыкаға көңіл бөле отырып, қимыл қарқынын сақтайды;

      10) белгілі ырғақ пен қарқындағы жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

      11) қарқынды белгілеулерді біледі;

      12) би қадамын, ауыспалы қадамды, бүйірлі қадамды, шоқырақ (галоп), секірулерді, топырлатумен қадамды, полька қадамын орындайды;

      13) орыс биінің элементтерін (ковырялочка, моталочка, маятник) орындайды;

      14) "Сәлем","Сәукеле", "Қол қимылы айналма" билерінің қол қалыптарын қолданады;

      15) өкшеден ауыспалы қадам, дене бүгулері қозғалыстарын орындайды.

      41. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) жалпы би элементтерін, Қазақстан халықтарының би элементтерін, би қимылдарын техникалық жетілдіруді одан әрі меңгеру жалғасады;

      2) білім алушы "пауза", "тұтас бұрылыс", "ширек бойынша бұрылыс" ұғымдарымен танысады, "баяу-баяу-жылдам-жылдам-баяу" ырғақты көрінісін, әлем халық билерінің элементтерін, жалпы дамыту жаттығуларын, би жаттығуларын үйренеді, билерді эмоциялық және әртістік орындау дағдыларын дамытады;

      3) әуен басталғаннан кейін қозғалысты бастай білу, азконтрастілі музыка құрылымдары, музыкалық фразалар бөлімдерінің ауысуына сәйкес өз бетімен қимылды өзгерту білігі дамиды;

      4) неғұрлым күрделі координациясы және жұп бойынша қозғалу элементтері бар билерді меңгеріледі, қозғалыстехникасы пысықталады, музыкалық және ырғақтылық қабілеттеріне қол жеткізіледі, ырғақты қарапайым сызықты және жұптасқан диско-билері үйретіледі.

      42. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Ұжымдық-реттік жаттығулар.

      2-бөлім. Ырғақты гимнастикалық жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығулары.

      3-бөлім. Қозғалысты орындау техникасын дамытуға арналған жаттығулар.

      4-бөлім. Бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар.

      5-бөлім. Музыкалық-бейнелі, шығармашылық жаттығулар.

      6-бөлім. Қимылда ритмикалық суретті, акцентті, музыкадағы қарқындылық және динамикалық өзгерістерді өз бетімен жеткізе білуге арналған жаттығулар.

      7-бөлім. Аз контрастілі музыка құрылымдары, музыкалық фразалардың бөлімдерінің ауысуына сәйкес өз бетімен қимылды өзгерту.

      8-бөлім. Би жаттығулары. Халық билерінің элементтерін үйрену.

      9-бөлім. Диско-билер.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қатардан бір-бірден төртеуден тұратын сызыққа ауысу.

      2-тақырып. Шахматты тәртіпке ауысу.

      3-тақырып. Бірнеше қатардан бірнеше шеңбер құрып тұру, құрған шеңберді кішірейту және кеңейту.

      4-тақырып. Жай және шоғырласқан шеңбер құрудан жұлдызша және әткеншек құру.

      5-тақырып. Бөлме ортасымен жүру, бір бұрыштан екінші бұрышқа диагональды сызықтар.

      6-тақырып. Заттармен орындалатын жаттығулар.

      7-тақырып. Қозғалысты орындау техникасын дамытуға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Денені тік ұстауды қалыптастыруға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Қимыл-қозғалыс координациясына арналған жаттығулар. Бір уақытта орындалатын қол, аяқ, дене, білек қимылдарының түрлі сәйкестіктері.

      10-тақырып. Заттармен, шапалақ соғу және топырлатумен сәйкес келетін, жай ырғақты суретті өз бетімен құру.

      11-тақырып. Музыкалық-бейнелі, "Петрушка" шығармашылық тапсырмасы, бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар. Қол салбырап тұрғандағы және бастың төмен қарағандағы қалыппен, бір уақытта жұмсақ босансыған тізе мен денемен бірге орындалатын екі аяқта тұрып секіру ("петрушка"). "Бәйшешек", бас иілулі, аяқтың ұшымен тізе бүгіп отырыптұру қалпынан біртіндеп басты, денені, қолды жан-жаққа көтеру (ашылып жатқан гүлді имитациялау).

      12-тақырып. Музыканың орындалуымен бірге ойналатын ойындар. Қимылда ритмикалық суретті, акцентті, музыкадағы қарқындылық және динамикалық өзгерістерді өзбетімен жеткізе білуге арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Азконтрастілі музыка құрылымдары, музыкалық фразалардың бөлімдерінің ауысуына сәйкес өзбетімен қимылды өзгерту.

      14-тақырып. Кіріспе әуеннен кейін қимыл-қозғалысты бастай білу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар.

      15-тақырып. Ойынның, би қимылдарының элементтерінің жаңа нұсқасын ойлап шығаруды, оларды үйлестіруді үйрену.

      16-тақырып. Күрделі емес би композицияларын құруды үйрену.

      17-тақырып. Қазақ биінің би жаттығулары."Тәжім" әйел иілімі, "қол қимылы айналма" негізгі қол қимылдары, білек айналымдары "өзіне қарай" және "өзінен әрі", "қайтару" - тік қалыптағы "өзіне қарай" бағытындағы шеңберлі әйел қолдарының қимылдары, "толқын" – бірмезеттегі бүгу және түзетумен толқын тәрізді бүгу және жазу.

      18-тақырып. Қазақ биінің би жаттығулары, негізгі қадамдары: толық табанда қарапайым негізгі жүру, өкшеден қарапайым жүру, ауыспалы қадам.

      19-тақырып. "Бүктелу" - дененің бүгілулері, артқа бүгілулер.

      20-тақырып. Сынып нүктелері бойынша, қарапайым "айналма", "айгөлек" бір орындағы, толық табандағы бұрылулар-басулар.

      21-тақырып. Халық билерінің түрлі элементтеріне жаттығулар. Литва биі "Микита"(таяқтармен), латвия биі "Руцавиетис", эстон биі "Йоксу – полька".

      22-тақырып. Үш қарапайым қадам және бір сырғанамалы қадам, аяқтың ұшы созылған. Серпілі жүгіру. Артқа (арқамен) секірмелі жүру. Толық табанда және жартылай саусақта жылдамдатылған ұсақ қадамдар.

      23-тақырып. Қазақстанның ұлттық билерін үйрену :"Киіз басу", "Айжанқыз","Былқылдақ".

      24-тақырып. Диско-билер: "Зимний вальс", "Сударушка", "Душа моя кадриль", "Кораблик детства", "Рилио".

      43. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әдемі тік арқаны, аяқ ұшымен жеңіл қадамды сақтай отырып, музыканың тактісін дұрыс өте біледі;

      2) қимыл қарқынын өзбетімен жылдамдата және баяулата алады;

      3) қимылда қарапайым ритмикалық суретті, акцентті, музыкалық фразаны жеткізе алады;

      4) Қазақстан, Ресей, Балтық теңізі халықтары биінің негізгі қимылдары туралы түсінігі болады;

      5) музыкалық бейнемен сәйкес мәнерлі қозғала алады;

      6) актерлік мәнерлілік дағдыларына ие;

      7) аяқ қалпының, тұрақтылықтың, қозғалыс координациясының дағдыларына ие;

      8) негізгі би жанрлары: полька, вальс, көңілді би, диско туралы түсінігі болады;

      9) музыка сипатына байланысты – нақты, күшті, баяу, бірқалыпты қозғалысты орындайды;

      10) қарқынды белгілеулерді біледі, қозғалысқа сәйкес темптерді ести алады;

      11) тактілерді санай біледі, есту қабілетіне байланысты музыкалық өлшемдерді анықтайды.

      12) би музыкасының ерекшеліктерін ажырата біледі: марш, вальс, полька, көңілді би.

      13) үйренген билердің музыкасын талдай біледі;

      14) жаттығудағы кіріспе және қорытынды аккордтар ұғымын түсінеді;

      15) классикалық, халықтық-сахналық бидегі аяқ және қол қалыптарын біледі;

      16) дене қойылымы ережесін біледі;

      17) негізгі жаттығуларды залдың ортасында орындай алады;

      18) би терминдерін біледі: аяқ бұрылмалылығының координациясы, жаттығу атаулары;

      19) би қимылдарын: би қадамы, ауыспалы қадам, бүйірлі қадам, шоқырақ (галоп), секірулер, топырлатумен қадам, полька қадамы, орыс биінің элементтерін (негізгі қимылдар, жүрістер): ковырялочка, моталочка, молоточек, маятник; қарапайым комбинацияда халық биінің элементтерін таниды және орындай біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      44. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік қойылымдарда алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы – концерттік бағдарламаны орындау түрінде іске асырылады.

      45. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (ритмикалық этюд), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (ритмикалық этюд);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қарапайым би элементтері, "айналып жүрудегі қадам", "қосымша, серіппелі қадам, ыршу", "алға және бір жағына шоқырақтау" жаттығулары; би қимылдары (би қадамы, ауыспалы қадам, бір жақ жанға жасалатын қадам, шоқырақтау, ыршулар, таптау арқылы қадам жасау, полька палары), орыс биінің элементтері), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қолдардың "сәлем", "сәукеле" қалпы, "қол қимылы, айналма", "өкшемен ауыспалы қадам жасау", "денені майыстыру" қимылдары);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 би этюді (орыс халық билерінің элементтері), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 би этюді ( "Киіз басу", "Айжанқыз", "Былқылдақ" қазақ халық билерінің элементтері); 1 би этюді ("Микита" литва халық биінің, "Руцавиетис" латвия халық биінің, "Йоксу – полька" эстон халық биінің элементтері).

      46. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) хореографиялық репертуарды меңгеруі;

      2) табиғи деректерінің (музыкалық есту қабілеті, ырғақ, үйлесімділік, дене мүсіні, аяқ бұрылмалылығы, қадам, табан, апломб, вестибулярлық аппарат);

      3) қарапайым би түсініктерін білуі;

      4) музыкалық бейнені қабылдауы (музыкаға эмоциялық елгезектік, импровизациялау білігі);

      5) музыкалық сауат саласындағы қарапайым білім (сипаты, қарқыны, динамикалық реңктер, ырғақты сурет, музыкалық шығарманың құрылымы).

      47. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" ("өте жақсы") бағасы – оқытудың аталған кезеңіндегі талаптарға жауап беретін, техникалық сапалы және көркемдік мағыналы орындауы;

      2) "4" ("жақсы") бағасы – көркемдік мағынасында да, техникалық жағынан да шамалы қателіктері бар орындау;

      3) "3" ("қанағаттанарлық") бағасы – қозғалысты сауатты және мәнерлі емес орындау, әлсіз техникалық дайындық, орындау еркіндігінің болмауы;

      4) "2" ("қанағаттанарлық емес") бағасы – бағдарламалық талаптарды орындамауы.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
33-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Қазақстан хореографиясы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Қазақстан хореографиясы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақстан хореографиясы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) әртістік шеберлік – әртіс өзі бейнелейтін кейіпкерінің бейнесіне құбылу қағидасы және оның атынан әрекет ету;

      2) бал биі – халық бастаулары бар, арнайы бөлмелерде орындалатын жұп биінің түрі;

      3) балет – хореографияны, музыканы және драмалық түпкі ойды үйлестіретін театр өнерінің түрі; би және пантомима құралдарымен орындалатын музыкалық-драмалық шығарма;

      4) балетмейстер – балеттердің, билердің, хореографиялық нөмірлердің, би сахналарының авторы және қоюшысы;

      5) би – көркемдік бейнені құрастыратын қимыл мен адам денесінің қалыбы болып табылатын хореографиялық өнер формасы;

      6) динамика – би қимылдарының ауқымы мен шиеленісін түрлендіру;

      7) жанр – өнер әлемінің құбылыстарының неғұрлым елеулі қасиеттері мен байланыстарын бейнелейтін жалпы түсінік, шығарманың формалды және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығы;

      8) заманауи би – америкалық және европалық модерн және пост модерн биінің негізінде қалыптасқан, жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырдың басындағы би техникалары мен стильдерін қамтитын би өнерінің бағыты;

      9) классикалық би – сахналық би түрі, балет өнерінің негізгі көрнекілік құралы;

      10) классикалық мұра – өткен уақытта құрылған,ауыспайтын көркемдік байлыққа ие және дербес қойылымдар ретінде қазіргі уақытта өмірін жалғастырушы хороеграфиялық шығарма;

      11) мимика – ішкі жан күйін көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылы; кейіпкердің жан күйін әртістің бет бұлшық еттерінің мәнерлі қимылдарымен жеткізу өнері;

      12) модерн-биі – он тоғызыншы ғасырдың соңы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы европалық және америкалық өнердегі стильдік бағыт; жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында басым болған би өнерінің жалпы аталуы;

      13) мюзикл – комедиялық сипаты басым болатын оперетта, балет, опера және эстрада элементтерін қолдануға негізделіп құрастырылған музыкалық-сахналық шығарма;

      14) оқытудың классикалық жүйесі – он тоғызыншы ғасырда және жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы мектептерге тән ой жүйесі мен педагогикалық практика;

      15) опера – мазмұны сахналық музыкалық-поэтикалық бейнелерде іске асырылатын инструменттік (оркестрлік) және вокалдық (жеке, хор) музыканың көмегімен көрінетін музыкалық-драмалық шығарма;

      16) орындаушылық қызмет – көркемдік-дыбыстық нәтижені және оны эстетикалық қабылдауға қол жеткізуге бағытталған музыканттың өзін-өзі көрсетудің арнайы ұйымдастырылған шығармашылық белсенді формасы;

      17) өнер түрі – өз бейнелерін нақты материалда: сөзде, дыбыста, таста, металда, дене қозғалыстарында және сол сияқтыларда іске асыратын әлемді көркемдік меңгерудің нақты тәсілі;

      18) өнердің синтезі – адам тіршілігінің материалдық және рухани ортасын эстетикалық ұйымдастыратын көркемдік тұтастыққа әртүрлі өнер мен өнер түрлерінің табиғи бірігуі;

      19) репертуар – театрда, концерттік эстрадада орындалатын шығармалар жиынтығы; әртіс орындайтын рөлдердің, нөмерлердің, музыкалық, әдеби шығармалардың шеңбері;

      20) режиссер – спектакльдің, фильмнің, қандай да бір шығармашылық жобаның көркемдік жетекшісі, қоюшы;

      21) спорттық бал биі – спорт билерінің екі стилін біріктіруші спорттың би түрі;

      22) сурет – композициядағы би қимылдарының үйлесуі;

      23) тарихи би – классикалық би негізінде әртүрлі дәуірдің балдық, тұрмыстық билерінің өңдеуін білдіретін сахналық би түрі;

      24) техника — негізгі қадамдар мен позицияларды орындау кезіндегі денені меңгеру мен шеберлік дәрежесі;

      25) театр – көрермендер алдында әртістің ойыны процесінде пайда болатын, өмір құбылыстарын драматикалық іс-әрекет көмегімен көркемдік суреттеу ерекшелігі болып табылатын өнер түрі;

      26) театр костюмі – әртістің спектакльдегі өз рөлдері үшін қолданатын киімнің барлық түрі, аяқ киім, бас киім, әшекей және басқа да заттар;

      27) темп – би қимылының қарапайым формасы, әр түрлі би үйлесулері қадамды құрайды;

      28) халық биі –табиғи өзінің ортасында орындалатын және аталған өңір үшін белгілі дәстүрлі қимылы, ырғақтары, костюмдері және сол сияқтылары бар фольклорлық би;

      29) халық (фольклорлық) биі - бидің сипатында, қимыл үйлесімділігінде, бидің музыкалық-ырғақты және метрикалық құрылымында, оны орындау мәнерінде көрініс табатын этнос пен этникалық топтың этникалық ерекшеліктерін, хореографиялық тілін, пластикалық мәнерлілігін бейнелеуші этнос өкілдерімен құрастырылған, тұрмыста таралған, халық би шығармашылығының түрі;

      30) халықтық-сахналық би – халық биі қимылдарынан, классикалық бидің түрлендірілген қимылдарынан (демиклассика) және ойлап шығарылатын бидің сипатында хореографпен ойластырылған би;

      31) хореографиялық өнер – екі облыстың: балет өнері мен би өнерінің жиынтығы; би өнері;

      32) хореографиялық бейне – биде сезім мен ойдың, адамзат мінез-құлқының тұтас көрініс табуы;

      33) ырғақ – салыстырмалы түрде жылдам немесе салыстырмалы түрде баяу қайталау және негізгі қозғалыстарды алмастыру;

      34) фольклорлық би – сезімнің, көңіл-күйдің, эмоцияның стихиялық көрінуі, бірінші кезекте өзі үшін, ал кейін көрермендер үшін (қоғам, топтар);

      35) эстрадалық би – эстрадада концерттік орындауға арналған хореографиялық шығарма;

      36) эволюция – даму, біреудің, бір дененің бір күйден екінші күйге өзгеру процесі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның хореографиялық өнері саласында алған білім, білік, дағдылары негізінде білім алушы тұлғасының көркемдік-эстетикалық дамуы үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) білім алушыларды өнер түрі ретіндегі хореографиямен таныстыру;

      2) отандық хореографияның даму тарихының ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру;

      3) Қазақстанның би өнерінің пайда болу көздері мен оның эволюциясын зерттеу;

      4) Қазақстанның хореографиялық өнерінің даму кезеңдерімен танысу;

      5) репертуардың классикалық мұрасының үлгілерімен танысу;

      6) әр түрлі тарихи дәуірлердің, стильдердің және бағыттардың хореографиялық өнерінің ерекше өзгешеліктерімен танысу;

      7) жетекші бишілердің, балет әртістерінің орындаушылық қызметінің білімдерін меңгеру;

      8) хореографияда бейнені жасау құралдары туралы білімдерді меңгеру;

      9) музыкалық және хороеграфиялық мәнерлілік құралдарының өзара әрекеттесу қағидалары туралы білімдерді меңгеру.

      Дамыту:

      1) әр түрлі тарихи кезеңдерде құрылған түрлі стильдер мен жанрлардағы билерді қабылдау дағдылары;

      2) музыкалық тіл элементтерін қабылдаудың, музыкалық шығарманы талдау дағдыларын, сонымен қатар дербес жұмыстың қажетті дағдыларын дамыту;

      3) балалардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      4) хореографиялық өнердің әр түрлі даму кезеңдеріндегі би қоюшысының, балетмейстердің қойылымдық және педагогикалық қызметі туралы ақпаратты жүйелендіру дағдыларын меңгеру;

      5) хореографиялық өнер шығармасын әзірлеу уақытын, стилистикалық ерекшеліктерін, мазмұнын, өнердің әр түрлі түрлерінің өзара әрекеттесуін, хореографиялық бейнені құрудың көркемдік құралдарын ескере отырып, талдау білігін дамыту;

      6) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін дамыту;

      7) рефератпен, баяндамамен, презентациямен көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын қалыптастыру;

      8) реферат, баяндама дайындау дағдыларын меңгеру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушы тұлғасын көркемдік-эстетикалық тәрбиелеу;

      2) хореографияның, музыканың және басқа өнер түрлерінің көрнекті шығармалары негізінде көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) білім алушының кәсіби бағдарлануы және өзін-өзі анықтауы.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Балалар өнер мектептері хореография бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      7. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, әр түрлі тарихи кезеңдерде құрылған түрлі стильдер мен жанрларда билерді қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған.

      8. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      10. Бағдарлама білім алушыға Қазақстан би өнерінің пайда болуы, оның эволюциясы, классикалық мұраның үздік үлгілері туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог хореография тарихы бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      12. Бағдарламасы білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) отандық хореографияның дамуының тарихи ерекшеліктері туралы білімді меңгеруі;

      2) хореографиялық білім саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруге;

      4) реферат, баяндама дайындау дағдыларын меңгеруге;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      13. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      14. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      15. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидалары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, хореография теориясы мен тарихы, музыкатану негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактика ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – зерттелетін сабақ тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезінде саналылық және белсенділік қағидаты оқу процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      17. "Қазақстан хореографиясы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      18. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін концерттерге бару;

      3) практикалық – орындаушылық және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      19. Әдістерді таңдау білім алушының жасы және жеке, физикалық қабілеттері, би қабілеттерінің даму деңгейі сияқты жеке ерекшеліктеріне байланысты.

      20. Бағдарлама заманауи өнер мектебіне интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін енгізуді қарастырады.

      21. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      22. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта жүргізіледі.

      23. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) үй жұмысын орындау;

      2) рефераттар, баяндамалар, презентациялар дайындау;

      3) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады.

      32. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, ол сыныпта өтілген материалды қайталау, музыкалық шығармамен танысу, бейне материалды қарау, шығарманы талдаудағы шығармашылық тапсырма болуы мүмкін.

      33. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      34. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) видеопрезентациямен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      35. "Қазақстан хореографиясы" пәнінің "Классикалық би", "Халықтық-сахналық би", "Заманауи би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      36. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы көшпенді әлемдегі би мәдениетімен, бақсы, көңілді және ойын жарыс билерімен танысады;

      2) көне қазақ биімен, салт-дәстүрлі, жауынгерлік-аңшылық, көпшілік билермен танысады;

      3) көне қазақ билерін орындаудың қарағандылық, жетісулық, батыс қазақстандық, сыньзян-ұйғыр және моңғол стильдерін меңгереді;

      4) он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы би мәдениеті, алғашқы қазақтың халықтық-сахналық билерінің ұлттық хореографиялық құралдары меңгеріледі, кеңестік құрылу жағдайындағы халық биінің кәсіби дамуының сұрақтары, кәсіби сахнада халық билерінің қойылымдары қарастырылады;

      5) оқу материалымен жұмыс істеу, білімді жүйелендіру, эссе, реферат жазу біліктерін меңгереді.

      37. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Қазақ халық биінің пайда болу көздері мен дамуы.

      2-бөлім. Кеңестік қоғам жағдайларында Қазақстанның халық биінің кәсіби дамуы.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Хореография - қоғамдық сананың ерекше формасы. Би мен сөздің бастапқы синкреттік бірлігі. Бидің ертедегі түрлеріндегі қоршаған ортаның, әскери іс-қимылдардың, діни түсініктердің, адамның өндірістік іс-әрекетінің – аңшылық, жер өңдеу, әртүрлі кәсіптердің көрініс табуы.

      Биде қоршаған ортаны, еңбек процестерін, спорттық жарыстарды эстетикалық қабылдаудың көрініс табуы.

      Хореография – өнер түрі. Хореографиялық өнердің негізгі ұғымдары: "би", "қозғалыс", "би суреті", "музыкалық сүйемелдеу", "биші", "балетмейстер". Бейнелі жүйенің ерекшеліктері және хореографияның негізгі мәнерлі құралдары.

      Көшпелі әлемдегі би мәдениеті. Би діни-салттық іс-әрекет ретінде.

      Би - халық шығармашылығының бір көрінісі. Әр үрлі халықтардың мәдениеттеріндегі би дәстүрлерінің, хореографиялық тілдің және пластикалық мәнердің, музыкалық сүйемелдеудің ерекшеліктері. Би сипатында ұлттық мінез-құлықтың, халықтың рухани әлемінің көрінуі.

      Қозғалыс және ырғақ. Бидің тұрмыстық ерекшеліктерді иеленуі. Би түрлері.

      2-тақырып. Би және халық шығармашылығы. Хореография және өнердің басқа түрлері. Би мен музыканың, би, кескіндеме және скульптураның өзара байланысы. Би және пантомима. Қазақ халқының эпос, аңыз және ертегілердегі биі. Өткен уақыттағы қазақтардың тұрмыс салттарының сарындары.

      3-тақырып. Бақсы, көңілді және ойын жарыс билері және олардың халық өміріндегі мағынасы.

      4-тақырып. "Қыз қуу" биі. "Киіз басу" биі. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      5-тақырып. "Шашу" биі. "Жабы ату" биі. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      6-тақырып. Халық биі халықтың өзіндік ерекшеліктерінің бейнесі ретінде. А. Затаевич, этнограф, қазақ әндері мен күйлерінің зерттеушісі. Қазақ музыкалық поэзиялық мәдениетінің жеткізушілері – сал және сері. Ақын-жыршылар шығармашылығының ерекшелігі. Синкреттілік және синтетикалылық, олардың фольклорлық атрибуттары және жеке жаңалықтары.

      Б. Көпенұлы (Ағашаяқ). Н. Жүндібайұлы, Ш. Қошқарбайұлы, Т. Қалмағамбетұлы, Балуан-Шолақ – синкреттік мәдениетті жеткізушілер. Б. Көпенұлы, әнші, биші, спортшы.

      7-тақырып. Ертедегі қазақ биінің ерекшеліктері. Қазақ халқының би мәдениетінің дәстүрлерімен, музыкалық фольклормен, ойын-жарыстармен өткізілетін той салттарымен байланысы.

      Домбыра, қобыз, даңғыра сүйемелдеуімен орындалатын қазақ биінің ерекшеліктері. Орындаудың бейнелілігі, қозғалыс шапшаңдылығы, буындардың қозғалмалылығы, ер адам билеріндегі дененің жинақылығы, әйел адам билерінде белдің икемділігі, қол пластикасы. Пластикалық тіл, ерекше қимыл үйлесімділігі, қимылдың музыкамен қатынасының тәсілдері. Қазақ биінің алуан түрлілігі.

      8-тақырып. Салт-дәстүрлі билер. "Бақсы ойыны" биі. "Айқосақ" биі (бақсының билері). "Жезтырнақ" биі (жалмауыз кемпір биі). "Буынби" биі (Буындар биі). "Жар-жар" биі (салттық әнмен аттас би). "Қоштасу" биі (келіншектің құрбыларымен қоштасуы). "Айда, былпым" биі (келіншек биі). "Келіншек" биі (келіншектің жігітімен биі). "Шалқыма" биі (тақадағы би). Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      9-тақырып. Жауынгерлік-аңшылық билер. "Сайыс" биі (жарыс). "Ақат" биі (көне ер адам пластикасының сарындары бойынша би). "Қылышпен би" биі (қылышпен би). "Мерген" биі (садақпен би). "Қоян-бүркіт" биі (қоян мен бүркіт). "Құсбегі — дауылпаз" биі (дауылпазбен және аңшы құспен би). Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      10-тақырып. Тұрмыстық еліктеуші билер. "Өрмек биі" биі (тігіншілер биі). "Ортеке" биі (секіргіш-текенің биі). "Қаражорға" биі (жорғаның жүгіруі), "Тепең көк" (сәйгүлік жүгіруі). Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      11-тақырып. Көпшілік билер. "Алқа-қотан" биі (іргелес). "Алтынай" биі. "Кербез биі" биі. "Ырғақты" биі. "Қаз-қатар" биі.

      "Балбырауын" биі. "Ұтыс биі" биі. "Көкпар" биі. "Қосалқа" биі. "Шашу" биі. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      12-тақырып. Билерді орындау стильдері. Қарағандылық орындау стилі. Жетісулық орындау стилі. Батыс Қазақстандық орындау стилі. Қазақ билерін сыньзян-ұйғыр және моңғол орындау стильдері.

      13-тақырып. "Қара жорға" биі. "Қара жорға" биінің киелілігі. "Қара жорға" биінің түрлері: "қос жорға", "еркек жорға", "кыз алып қашу", "шайтан көк". А. Ысмайылов, би зерттеушісі.

      Биді қоюдың тарихы. "Қара жорға" биінің кәсіби жазбасы. Б. Ысхак, Д. Әлімбай, бидің алғашқы орындаушылары. Халық билерінің Мәскеу фестивалі (1936).

      14-тақырып. Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы билер. Би мәдениетінің қолданбалы сипаты. Тұрмыстық салт билері. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп.

      15-тақырып. Қазақстанның халық биінің кәсіби дамуы. Драмалық спектакльдердегі халық билері (1917-1934). Кәсіби сахнада халық билерінің қойылымы. Балет спектакльдеріне халық билерінің енуі.

      16-тақырып. Қазақ биі және Қазақстанның театр өнері. Қазақ биінің өрлеуіндегі Ж. Шаниннің, К. Жандарбекованың, К. Байсейітованың музыкалық театр режиссерлерінің рөлі. Би ұжымдарының пайда болуы.

      17-тақырып. Алғашқы қазақ халықтық-сахналық билердің ұлттық хореографиялық құралдары. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп. Қол қимылдарының жалпы бояуы (шартты формада қолдың түрлі қимылдары кезінде қол буындарымен шеңберлі бұрылу алақанмен "өзіне қарай" немесе "өзіннен әрі" аяқталумен).

      Әйел адам биі: қолдың еркін толқын тәрізді және нақты қимылдары. "Өрмекби" биі (матаны өңдеу). "Киіз басу" биі (киіз дайындау).

      Ер және әйел адам билеріне тән қимылдар: қадам кезінде бірдей уақыттағы тізенің шапшаң ырғақты бүгілуімен бірге, иықтың алға, артқа, жоғары, төмен қимылдары.

      Аяқтың негізгі қимылдары: аяқ ұшынан және тақадан қарапайым би қадамдары, ауыспалы және бүйірлі тақа жүрісі, бір жақтан екінші жаққа соққымен аяқталатын би қадамы.

      38. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) хореографияның мәнерлі құралдарын біледі;

      2) би мен музыканың, би, кескіндеме және скульптураның өзара байланысын біледі;

      3) сал-дәстүрлі қазақ билерінің атауларын біледі;

      4) көне қазақ биінің ерекшеліктерін біледі;

      5) қазақ халық биінің пайда болу көздерін біледі;

      6) қазақ биінің алуантүрлілігін біледі;

      7) билерді орындау стильдерін біледі;

      8) "Қара жорға" биінің түрлерін біледі;

      9) кеңес үкіметі кезеңінде халық биінің дамуын біледі;

      10) жиырмасыншы ғасырдың 20-30 жылдарындағы би ұжымдарын біледі;

      11) алғашқы қазақ халықтық-сахналық билердің ұлттық хореографиялық құралдарын біледі;

      12) хореографияда бейнені құрастыру құралдарын біледі;

      13) зерттелетін кезеңнің хореографиялық өнерінің ерекше өзгешеліктерін біледі;

      14) оқу материалымен жұмыс істей алады.

      39. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) классикалық мұраны меңгеру, хореографиялық өнердің дамуымен, балеттің қалыптасуымен танысу әрі қарай жалғасады;

      2) Қазақстанда балет театры, хореографиялық білім жүйесінің қалыптасуының, дамуының және құрылуының сұрақтары зерттеледі;

      3) әр түрлі стильдердегі және бағыттағы хореографиялық өнердің ерекше өзгешеліктерінмен танысады;

      4) музыкалық тіл элементтерін қабылдаудың, биді орындауды талдаудың дағдылары қалыптасады;

      5) өз бетімен жүргізілетін жұмыс дағдылары қалыптасады, шығармашылық қызметтің тәжірибесіне ие болады.

      40. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Жиырмасыншы ғасырдың 1934 жылдан 1940 жылдарына дейін классикалық хореографияның қалыптасуы.

      2-бөлім. Жиырмасыншы ғасырдың 1940 жылдарындағы Қазақстандағы хореографиялық білім.

      3-бөлім. Жиырмасыншы ғасырдың 1950-1960 жылдарындағы Қазақстандағы хореографиялық білім.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Балет - хореграфиялық өнердің жоғарғы формасы. Балеттік спектакльдегі сценарийлік, музыкалық, сценографиялық және хореграфиялық драматургияның тұтастығы. Балеттік спектакльдің хореграфиялық формалары. Балеттік спектакльді талдау негіздері. Сценарийлік, музыкалық, сценографиялық драматургияны талдау. Хореографиялық мәтін - балеттің негізі. Балеттік спектакльдің режиссерлік хореографиялық шешімі.

      Қазақстандық балет театрының қалыптасуы, дамуы және құрылуы. Классикалық хореографияның қалыптасуы. Байырғы халықтың қатарынан кәсіби кадрларды дайындау.

      2-тақырып. Ұлттық балеттің құрылуы. Орыс балетінің дәстүрлерімен байланысы. Балет театрының ашылуы. Қазақ би фольклорының өрлеуі. Балет мектебін құру, жетекші балетмейстерлердің шығармашылықтағы жаңашыл ізденістерінің беталысы. Бірінші музыкалық-драмалық техникумның ашылуы(1932).

      3-тақырып. Халық билеріне оқытудың кәсіби кезеңі. А. Ардобустың қазақ ұлттық хореографиясының пайда болуындағы рөлі. Алғашқы ұлттық сахналық билердің құрушысы. Халықтық би фольклорын жалпылау және жүйелендіру. Сахналық негізде халық билерінің құрылуы.

      Қимылды жандандыру үшін драмалық спектакльдерде халық билерінің пайда болуы. Кәсіби сахнада халық билерінің қойылымы. Балет спектакльдеріне халық билерінің енгізілуі.

      4-тақырып. А. Александровтың Қазақстанның балет өнерінің дамуындағы рөлі. Музыкалық-хореографиялық мектептің балет бөлімінің құрылуы. Қазақ ұлттық хореографияның негізін қалаушы.

      5-тақырып. Балет шеберлігіне үйретудің классикалық жүйесі. Отандық хореографиялық білім беру жүйесінің негізін құрайтын негізгі ережелер.

      6-тақырып. Классикалық хореографияның қалыптасуы. А. Селезневтің шығармашылығы. Балетке оқытудың кәсіби негізге ауысуы. Қазақстанда хореографиялық білім беру жүйесінің қалыптасуы.

      Хореографиялық училищеде дарынды балаларды іріктеу және оқыту жұмысы. "Әртістік шеберлік" пәнінің А. Селезневпен хореографиялық училищеде оқыту жүйесіне енгізілуі.

      7-тақырып. "Қалкаман и Мамыр" бірінші ұлттық балеті (1938). Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп. Музыкалық және хореографиялық мәнерлілік құралдарының байланысының қағидалары. Балеттің музыкалық тілі. Балет билерін орындаудың талдауы.

      8-тақырып. Үлкен театр балет тобының Қазақстанға келуі. Қазақстанда хореографиялық білім беру жүйесінің қалыптасуындағы Үлкен театр балет тобының үлесі. Театрдың әлемдік классикалық мұра спектакльдерімен толығуы.

      9-тақырып. Орыс балеринасы, балет педагогы Г. Уланованың шығармашылығы. Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының жетекші балеринасы (1942-1944ж.).

      Г. Уланова - Б. Асафьевтің "Бақшасарай фонтаны", А. Аданның "Жизель", П. Чайковскийдің "Лебединое озера" балеттері қойылымының қозғаушысы. Б. Асафьевтің "Бақшасарай фонтаны" балетіндегі Марина партиясы.

      Алма-Ата музыкалық-хореографиялық мектебінің ересек балет курстары үшін шеберлік сыныптары.

      10-тақырып. Н.Тапалова, халық билерінің орындаушысы. Балеттің саусақ техникасын меңгеру. Б. Асафьеваның "Бақшасарай фонтаны" балетіндегі Зарема партиясы.

      11-тақырып. "Весна" балеті. Музыкалық және хореографиялық мәнерлілік құралдары байланысының қағидалары. Балеттің музыкалық тілі, балет билерін орындаудың талдауы.

      12-тақырып. Хореографияның ұлттық педагогикасының қалыптасуы. Ұлттық хореографиялық білім беру жүйесінің қалыптасуы. Қазақ би мұрасын зерттеу. Классикалық балет өнерінің әрі қарай дамуы.

      13-тақырып. 4 жылдық оқумен музыкалық-хореографиялық мектебінің халық бөлімінің ашылуы. Қазақ биін оқытудың әдістемесінің құрылуы. Халық биінің кәсіби ұжымдары. Хореографияның ұлттық педагогикасының қалыптасуы.

      14-тақырып. Ш. Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығы. Қазақ бишісі, қазақ хореографиясының негізін қалаушы, педагог. "Келіншек" қазақ биінің орындаушысы (қазақ хореографиясының басы).

      М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" музыкалық драмасындағы, Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр" және "Ер Тарғын" операларындағы халық билерінің орындаушысы. "Қалқаман - Мамыр" бірінші қазақ ұлттық балетіндегі Мамыр партиясы. Классикалық балет репертуарының жаңаруы.

      И. Надировтың "Көктем" балетінің қойылымы. "Тәттімбет", "Айжан қыз", "Қара жорға", "Қырық қыз" билерінің қоюшы-авторы. Бидегі пластикалық шешіммен сахналық бейненің рухани сұлулығының бірігуі.

      15-тақырып. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы (1958). "Қыз Жібек", "Жалбыр" операсы. Қазақстанда кәсіби хореграфияның қалыптасуының аяқталу кезеңі.

      16-тақырып. Қазақстанда хореографиялық білім беру жүйесінің әрі қарай жетілуі. Хореография және балет өнері бойынша білім беру жүйесі құрылымының құрылуы.

      Хореографиялық өнерге оқытудың сатылары: көркемдік өзіндік қызмет үйірмелері, балалар би ұжымдары, кәсіби хореографиялық училищелер, халық биінің алғашқы кәсіби ұжымдары.

      41. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Қазақстанда классикалық хореографияның қалыптасу тарихын біледі;

      2) Қазақстанда балеттің құрылуының тарихын біледі;

      3) көрнекті балет педагогтерінің шығармашылық жолын біледі;

      4) хореографияның ұлттық педагогикасының қалыптасуының тарихын біледі;

      5) қазақ хореографиясының негізін қалаушы Ш. Жиенқұлованың шығармашылығын біледі;

      6) хореографиялық өнерге оқыту сатыларын біледі;

      7) балеттің жетекші әртістерінің орындаушылық қызметі туралы білімге ие;

      8) хореографияда бейнені құру құралдарын біледі;

      9) музыкалық және хореографиялық мәнерлілік құралдарының байланысының қағидаларын біледі;

      10) балет терминдерін біледі;

      11) балетте бейнені құру құралдарын біледі;

      12) балет репертуарының классикалық мұрасының үлгілерін біледі;

      13) хореографиялық өнердің негізгі ерекше өзгешеліктерін біледі;

      14) рефератпен, баяндамамен, презентациямен орындаудың дағдыларына ие.

      42. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) балеттің даму сұрақтарын, отандық хореографияның дамуының заманауи кезеңін зерттеу, жетекші балет орындаушыларының, кәсіби би ұжымдарының шығармашылығымен танысу;

      2) өзіндік жұмыстың, шығармашылық қызметтің дағдыларын бекіту.

      43. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1-бөлім. Жиырмасыншы ғасырдың 1970 жылдары Қазақстандағы балет театры.

      2-бөлім. Жетекші балет орындаушылары.

      3-бөлім. Кәсіби би ұжымдары.

      4-бөлім. Отандық хореография дамуының заманауи кезеңі.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қазақ хореографиясындағы хореографиялық өнердің жаңа жетістіктерін меңгерудегі жетекші балетмейстерлердің, би қоюшыларының рөлі. Отандық балет мектебінің балетмейстерлері.

      Хореографиялық өнер шығармасын оның құрылу уақытын, стилистикалық ерекшеліктерін, мазмұнын, әртүрлі өнер түрлерінің өзара әрекетін, хореографиялық бейнелерді құрудағы хореографиялық құралдарды ескере отырып талдау. Кеңес кезеңінің бал билері. КСРО халықтарының көп ұлтты музыкалық және хореографиялық өнері негізінде бал билерін құру.

      2-тақырып. Балет әртісі, балетмейстер, қазақ халықтық-сахналық бидің негізін қалаушы Д. Абировтың өмірі мен шығармашылығы.

      Негізгі орындалған партиялары: Б. Асафьевтің "Бақшасарай фонтаны" - Нұрәлі, А. Аданның "Жизель" - Альберт.

      Қойылымдар: Н. Тілендиевтің "Достық жолымен" балеті, Г. Жұбанованың "Ақ қанат" балеті, Е. Брусиловскийдің "Қозы Көрпеш және Баян Сұлу". Қазақ халық билерінің кәсіби негізде қойылуы.

      3-тақырып. Қазақ халықтық-сахналық билердің авторы З. Райбаевтың өмірі мен шығармашылығы. "Қосалқа", "Асатаяқ", "Келіншек" қазақ билері. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп. Балеттің музыкалық тілі. Балет билерін орындаудың талдауы.

      4-тақырып. Б. Аюханов. Виртуозды биші, педагог және балетмейстер. Б. Аюхановтың шығармашылық ізденісі және жаңашылдығы. Орындаушылық қызмет. "Аққу", "Балбырауын" қазақ билері. Балеттің музыкалық тілі. Балет билерін орындаудың талдауы.

      5-тақырып. М. Тілеубаевтың өмірі мен шығармашылығы. Орындаушылық қызметі. "Ыңғайтөк" биі. "Ақсақ құлан" билеті. "Дама с камелиями" балеті. Қойылымдардың үйлесімі және мәнерлілігі. Балеттің музыкалық тілі. Балет билерін орындаудың талдауы. "Үш доңыз" балалар балеті.

      6-тақырып. Қазақ балет әртісі, балетмейстер, педагог Р. Баповтың өмірі мен шығармашылығы. Бір актілі балеттер, П. Чайковскийдің "Щелкунчик" балетінен, "Шығыс биі", "Қар қылауларының биі", "Қытай биі" балеттерінен үзінділер. Тақырыптар мен мәнерлілік құралдарының алуан түрлілігі.

      7-тақырып. Балет әртісі, балетмейстер, педагог С. Көшербаеваның өмірі мен шығармашылығы. Орындаушылық қызметі. "Достық жолымен" және "Бақшасарай фонтаны", "Ұйқыдағы ару" балеттері. "Аққу көлі" балетіндегі Одетта партиясы. "Махаббат туралы аңыз" балетіндегі Шырын партиясы. Тақырыптар мен мәнерлілік құралдарының алуантүрлілігі.

      8-тақырып. Д. Накиповтың өмірі мен шығармашылығы. Хореограф-либреттист, сценарист. "Кішкентай сиқыршы - Ерлiк-Бақа" балалар балеті. "Триумф Афины" балеті. "Ер Төстік" ұлттық балалар балеті.

      Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясының "Әлем" шығармашылық бірлестігінің редакторы. Қазақстанның хореографтар кеңесінің төрағасы.

      9-тақырып. Балет әртістері, режиссер-хореографтар апалы-сіңлілі Габбасовалар. "Көршілер", "Тамыр", "Собаки женского рода" және басқа спектакльдер. Визуалды, психологиялық аспектілер, мимика және пластика. Кейіпкерлердің эмоциясы, музыка.

      "Самрұқ" заманауи би театры. Бір актілі "Ұйқыдағы өмір", "Аранхуэсский концерт", "Secondband" балеттері, "По ту сторону…", "Порок" миниатюралары, "Такыр" рок-операсы.

      Қазақ фольклоры материалындағы "Secondhand", "Жезтырнақ" балеттері. "Аранхуэс", "Игра в карты" балеттері. Классиканың, байланыс импровизациясының, акробатиканың және модерн элементтерінің синтезі. Музыка, костюм, шаш үлгісі, әдеп. Балеттің музыкалық тілі. Балет билерін орындаудың талдауы.

      10-тақырып. Отандық балет музыкасының дамуына қазақстандық композиторлардың үлесі. Хореографиялық өнер шығармасын, оның құрылу уақытын, стилистикалық ерекшеліктерін, мазмұнын, әртүрлі өнер түрлерінің өзара әрекетін, хореографиялық бейнелерді құрудағы хореографиялық құралдарды ескере отырып талдау.

      11-тақырып. Халық биінің, би фольклорының, халық би ансамблінің дамуы. Халықтық хореографияның кәсіби өнерге әсері. "Алтынай" мемлекеттік би ансамблі. Салттық, әдет-ғұрыптық, тұрмыстық, лирикалық, ойын билері. Билер үшін музыкалық материал: халық музыкалық және би шығармашылығы бейнелерінде ғасырлар тереңінен жеткен қазақ халық күйлері, әуендері, әндері, көне ритмика. Биді көркемдік ресімдеу үшін костюмдер, атрибуттар.

      "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі. Халық би фольклорының және классикалық би мектебінің синтезі. Қазақ халық билері, әлем халықтарының биі. Б. Жандарбеков шығармасының сарыны бойынша бірактілі "Томирис" балетінің қойылымы.

      "Гүлдер" эстрадалық би ансамблі. Халық билері. Заманауи эстрадалық-би жобалары. "Алтын домбыра" биі.

      12-тақырып. Б. Аюхановтың басшылығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры. Заманауи қазақ балетінің қалыптасуындағы Б. Аюхановтың рөлі.

      "Алма-Атаның жас балеті" ансамблі. Классикалық әдебиет желісі бір актілі балеттердің табиғи репертуары. "Гәкку", "Белое облако Чингисхана" балеттерінің нұсқалары. Хореографиялық опус ("Ромео мен Джульетта" балетінен балкондағы сахна, "Аққу көлінен" жеке сахналар). "Ленинградцы, дети мои, ленинградцы, гордость моя!" балеті.

      13-тақырып. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының құрылу тарихы. Жиырмасыншы ғасыр аяғындағы хореграфияны, аралас өнердің көркемдік тәжірибесін - музыка, бейнелеу өнері, әдебиет, кино, цирк, эстраданы меңгеру. Балет тақырыптарын кеңейту, заманауи түпкілікті мәселелерге көңіл бөлу. Адам, оның психологиясы, рухани әлемі, адамгершілік идеалдары – осының бәрі хореография өнерінің басты назарында.

      Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет тобы. "Қозы-Көрпеш – Баянсұлу", "Достық жолымен", "Легенда о белой птице", "Ақсақ құлан", "Фрески", "Қарагөз" балеттері және басқа.

      Жиырмасыншы ғасыр соңындағы хореграфияны, аралас өнердің көркемдік тәжірибесін - музыка, бейнелеу өнері, әдебиет, кино, цирк, эстраданы меңгеру. Балет тақырыптарын кеңейту, заманауи түпкілікті мәселелерге көңіл бөлу. Адам, оның психологиясы, рухани әлемі, адамгершілік идеалдары – осының бәрі хореграфия өнерінің басты назарында. Драмалық балет формаларының дамуы. "Дама с камелиями", "Мадам Баттерфляй" балеттері.

      Танымал әдебиет желілерін және өнердің әртүрлі түрлерінің синтезін түсіндіру саласында қазақ балетмейстерлерінің ізденісі. "Брат мой, Маугли!" рок-опера-балет.

      14-тақырып. "Астана Опера" ұлттық опера және балет театрының тарихы. "Біржан және Сара" операсы. Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы бойынша эксперименталды қойылым.

      Қазақ балеті дамуының жаңа кезеңі. "Аққу көлі", "Дон-Кихот, "Жизель", "Бақшасарай фонтаны", "Щелкунчик", "Коппелия", "Баядерка", "Тщетная предосторожность", "Корсар", "Шопениана", "Карнавал" балеттері және басқа.

      Отандық балет шеберлерінің шетелдегі қойылымдық және педагогикалық қызметі, біріккен шығармашылық жұмыстары.

      15-тақырып. Отандық хореографияның дамуының заманауи кезеңі. Хореография түсінігі. Замануи қоғамдағы хореография мағынасы. Ерте уақыттан бастап хореографияның тәрбиелік мағынасы. Хореографияның адам денсаулығына әсері. Хореография шығармашылық қабілеттерді іске асыру тәсілі ретінде. Хореография өнерінің заманауи бағыттарының стильдері мен мектептері. Хореографиялық өнердің дамуындағы фестиваль мен байқаулар рөлі.

      16-тақырып. Заманауи бидің дамуы. Заманауи би және оның ерекшеліктері. Би коммуникация тәсілі ретінде. Мюзикл өнер синтезінің формасы ретінде. Заманауи хореография. Бал биі. Тарихи-тұрмыстық билер. Бранль, павана, менуэт, гавот, вальс, полонез, полька. Би мәдениеті: костюмдер, шаш үлгісі, әдеп.

      17-тақырып. Заманауи бал биі. Спорттық бал биі. Европалық билер: баяу вальс, танго, вена вальсі, баяу фокстрот және квикстеп (жылдам фокстрот). Латын Америка билері: самба, ча-ча-ча, румба, пасадобль және джайв. Би мәдениеті: костюм, шаш үлгісі, әдебі.

      44. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қазақ балетінің дамуына үлес қосқан жетекші қазақ балет әртістерінің орындаушылық қызметі туралы біледі;

      2) отандық балет музыкасының дамуына үлес қосқан композиторлардың есімін біледі;

      3) хореографиялық өнер дамуының әртүрлі кезеңіндегі балетмейстерлердің қойылым және педагогикалық қызметі туралы ақпаратты жүйелей алады;

      4) хореографиялық өнер шығармасын оның құрылу уақытын, стилистикалық ерекшеліктерін, мазмұнын, әртүрлі өнер түрлерінің өзара әрекетін, хореографиялық бейнелерді құрудағы хореографиялық құралдарды ескере отырып талдай алады;

      5) оқу материалымен жұмыс істей алады;

      6) хореографиялық репертуардың классикалық мұрасының үлгілерін біледі;

      7) хореография өнерінің негізгі даму кезеңдерін біледі;

      8) заманауи хореография өнерінің негізгі ерекше өзгешеліктерін біледі;

      9) хореографиялық өнердің заманауи бағыттарының стильдері мен мектептерін біледі;

      10) баяндама, реферат жазудың дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      45. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы түрінде – концерттік бағдарламаны орындау түрінде іске асырылады.

      46. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация);

      2) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация);

      3) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (реферат қорғау), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жеке тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап).

      47. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы: кіріспе, негізгі материалдың хабарламасы, қорытындыдан тұратын жоспар қадағаланатын, толық, ашылған жауап, материал толық көлемде меңгерілген, қисынды мазмұндалған, қосымша сұрақтарды қажет етпейтін, қорытындылар теориялық білімге сүйенетін, дәлелді, әдеби тіл нормалары сақталған;

      2) "4" "жақсы" бағасы: негізгі материалды хабарлаудың жоспары қадағаланатын толық, ашылған, болмашы қателіктермен немесе бір елеулі қателігі бар ауызша жауап, болмашы стилистикалық қателіктері бар әдеби тілмен баяндалған;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы: баяндау жеткіліксіз түрде өз бетінше емес, жүйеленбеген және бірізді емес, елеулі қателіктерден тұрады, соның ішінде қорытындыларда.

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: материалдың негізгі мазмұны ашылмаған.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
34-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Соқпалы аспаптар" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Соқпалы аспаптар" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Соқпалы аспаптар" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) адажио – баяу музыкалық темп, басты музыкалық қимылдардың екінші деңгейі, ларгоға қарағанда жылдамырақ (ең баяу ритм), бірақ андантеден баяу;

      2) анданте – музыкалық термин, музыкалық шығарма орындалуға тиіс музыкалық жылдамдықты белгілейді, және минутына 76-дан 108-ге дейінгі соққыға дейін темпіне сәйкес келеді, адажио мен модерато арасында орналасады;

      3) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      4) арпеджио – фортопианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      5) барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұру – барабанда ойнау тәсілі – таяқшалар соққысын жылдам ауыстыру;

      6) вибрато (тремоляция) – саусақтармен жылдам алмастырып ішектерді ұру.

      7) глиссандо – бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғуды білдіретін музыкалық термин, штрих; реңктік әсер береді;

      8) димидуэндо – дыбыс күшінің бірте-бірте азаюын білдіретін музыкалық термин;

      9) доминантсептаккорд – терция бойынша орналасқан немесе орналасуы мүмкін төрт дыбыстан тұратын аккорд;

      10) крещендо – дыбыс күшінің бірте-бірте көбеюін білдіретін музыкалық термин;

      11) метроном – тең соққылармен қысқа уақыт аралығын белгілейтін құрылғы;

      12) мецце форте – дыбысталу деңгейінің ерекшеліктерімен байланысты, музыкадағы серпін түсініктері мен ноталық түсініктердің жиынтығы;

      13) музыка теориясындағы гамма – іргелес сатылары бір-бірінен толық дыбысқа, немесе жартылай дыбысқа қалып отыратын, белгісіз созылыңқылықтағы дыбыстардың қатары. Гамма мектептік орындау тәжірибесінде жоғары немесе баяу октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      14) модерато – ритмнің музыкалық мағынасы: қоңыржай, анданте мен аллегроның арасында;

      15) музыкадағы мажор – үйлесімді үндестіліктің ладтарының бірі. Мажорлық дыбыстар қатарының сипаттық ерекшелігі – бірінші сатыдан үлкен терцияға артта қалатын оның үшінші деңгейі;

      16) музыкадағы минор – үйлесімді үндестілік ладының бірі. Минорлық дыбыстық қатарға тән ерекшелік — бірінші сатыдан кіші терцияға қалып артта қалатын оның үшінші сатысы.

      17) остинато – музыкалық композицияның әдісі мен техникасы, сазды сөз орамын бірнеше рет қайталау (сазды остинато), ритмикалық фигуралар (ритмикалық остинато) немесе үйлесімді айналым (үйлесімді остинато);

      18) орындаушылық аппарат – ойын процесіне қатысатын және өзара күрделі жүйке - бұлшық ет қызметімен байланысқан физиологиялық органдардың кешені;

      19) септаккорд – терция бойынша орналасқан немесе орналасуы мүмкін төрт дыбыстан тұратын аккорд;

      20) тремоло – мелизм түрлері. Ішекті, клавишалық, соқпалы және басқа да музыкалық аспаптарда ойнаудың түрлері: бір дыбысты жылдам көп мәрте қайталау немесе көршілес емес екі дыбыстың, екі дыбыс үндестігінің жылдам алмасуы;

      21) триоль –, дыбысталу уақыты бойынша есепте сол ұзақтықтағы екі нотаға тең келетін, бірдей ұзақтықтағы үш нотадан тұратын топ;

      22) үшдыбысты – терция бойынша орналасқан үш дыбыстан тұратын аккорд;

      23) форте – дыбысталу деңгейінің ерекшеліктерімен байланысты, музыкадағы серпін түсініктер мен ноталық түсініктердің жиынтығы;

      24) штрихтар – дыбыс құрайтын ноталарды, (ноталар тобын) орындау тәсілі (амалы және әдісі).

      3. Бағдарламаның мақсаты: соқпалы аспаптарда ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық шығармаларды соло және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін соқпалы аспаптарда ойнау білімін, білігін және дағдыларын меңгеру;

      2) Бағдарлама талаптарына сәйкес соқпалы аспаптарға арналған әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және орындау;

      Дамыту:

      1) үйлесімді есту қабілетін, ритмді сезуін, музыкалық есте сақтау жадын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауын, музыканы эмоциялық қабылдауын, білім алушылардың шығармашылық қызметке оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық ой-өрісін кеңейту, білім алушының жеке қабілетін дамыту;

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық, орындаушылық талғамды, музыканы дұрыс қабылдауға, музыкалық шығармаларды тыңдай білуге тәрбиелеу;

      2) отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, салттарды, халық шығармашылығының үздік үлгілерін меңгеру арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      3) музыка өнерін тану арқылы рухани, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбие беру;

      3) білім алушының кәсіби оқыды жалғастыруға саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарлама болашақ әуесқой музыканттың әрі қарайғы тәжірибелік қызметі үшін қажетті, соқпалы аспаптарда ойнау тәсілдерін тереңірек меңгергісі келетін тоғыз жастан асқан балаларды оқытуға арналған.

      7. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарында анықталған. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестациямен аяқталады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Педагог бағдарламаның мақсатына жету үшін білім беру процесінің тек өзара байланыстың тиімділігіне себеп болатын келесі негізгі қағидаттарға:

      1) сабақтың жүйелілігі және тұрақтылығы;

      2) оқу процесінің мақсаттылығы;

      3) бірізділік және жүйелілік;

      4) қолжетімділік және дараландыру;

      5) жұмысқа деген талапты бірте-бірте көтеру және бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізу;

      6) саналылық және белсенділік;

      7) материалдың қайталануы;

      8) көрнекілік;

      9) білім алушының теориялық және практикалық қызметінің тұтастығы;

      10) білім алушы жас және жеке ерекшеліктерін белгілеу;

      11) оқытудың жеке және топтық формаларын үйлестіру.

      9. Бағдарлама баланың шығармашылық және рухани-адамгершілігін өзін өзі анықтауын, тұлғаны дамытудың жеке траекториясына бағытталған вариативтік білім беруді қамтамасыз ететін жеке бағдарлану жүйесімен жүзеге асады.

      10. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) қажетті музыкалық сауаттылық деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін соқпалы аспаптарда ойнау білімін, білігін және дағдыларын меңгеру;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

      2) білім алушының бойында оқуға оң уәждемелерін қалыптастыру;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсету;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Пәннің мақсаты қол жеткізу және міндеттерін іске асыру үшін оқытудың келесі әдістері қолданылады:

      1) ауызша – әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру;

      2) көрнекі құралдар – педагогтің аспапта шығарманы орындауы, бақылауы, интерактивтік және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      13. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      14. Сабақтың формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы - сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы және басқалары.

      15. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      16. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың соқпалы аспаптарда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін алуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      17. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      18. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      19. Сыныпта оқу-тәрбие жұмыстың негізгі түрі білім алушының теориялық білімді теориялық білімді практикамен бір уақытта алатын сабақ болып табылады. Сабақтың жеке түрлерін педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен байланыстырған пайдалы. Әр білім алушы үшін сабақты жүргізудің түрлі формалары, темпі мен тәсілдері қолданылады.

      20. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) оқу бағдарламасын дайындау бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақтар;

      2) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      3) концертте, байқауда өнер көрсетуге дайындық;

      4) шығармашылық және мәдени-танымдық іс-шараларға қатысу;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және басқаларға бару;

      6) музыкалық қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер қолданылады.

      21. Жеке оқытудың ерекшелігі әдісті, құралды, оқытудың түрі мен репертуар жиынтығын таңдауға вариативтілігін болжайжы.

      22. Сыныпта жұмыс істеу үшін репертуарды таңдау әр нақты білім алушының жеке ерекшеліктеріне, оның музыкалық қабілеттеріне және еңбекқорлығына байланысты.

      23. Оқу репертуарының түрлі жанрдағы және стильдегі шығармалармен толығуы музыкалық материалды меңгеруге, салыстыруға, жүйелендіруге жақсы жағдай туғызады.

      24. Педагог Бағдарлама репертуарын таңдай келе көркем құндылық, тәрбиелік мәні, музыкалық мәтіннің қолжетімділігі, жанрлар мен стильдердің түрлілігі, болашақ концерттік бағдарламаны құрастыру қисындылығы қағидаларын басшылыққа алады.

      25. Оқу жұмысында автордың ойы сақталған және соқпалы аспаптарға тән ерекшеліктер кеңінен қолданылған, басқа асапатарға арнап жазылған шығармалар қолданылады.

      Музыкалық шығармамен жұмыс істеу барысында меңгеретін шығарманың көркем және техникалық жақтары арасындағы байланыс есепке алынады.

      26. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      27. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы болып табылады. Жеке сабақтар педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      28. Сабақтардың жоспары білім алушы теориялық білімді практикамен бір уақытта алатындай құрылады.

      29. Сабақпен қатар жұмыстың сабақтан тыс түрлері жүргізіледі:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      30. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      31. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      32. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының әрекет ету мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      33. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) оқыту процесінде қолданылатын Бағдарлама, оқу құралдары, оқулықтар;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту барысындағы өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныпта оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзетушілік-дамытушылық, дарынды балалармен және тағы басқа жұмыстар);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерудің себебі мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      34. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      35. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      36. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      37. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      38. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      39. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      40. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      41. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      42. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      43. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      44. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын және басқаларды қамтиды.

      45. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ритмдік және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      46. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      47. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      48. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      49. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      50. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      51. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      52. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      53. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьселарын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      54. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      55. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ритмі, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетімен жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      56. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді және жағымды жақтарын баса назар қойып және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы пайдаланады.

      57. Оқыту мен тәрбие берудің тиімді құралы білім алушының шығармашылық белсенділігін ынталандыратын әртүрлі көркемдік көріністерді тұтас тануына тарта отырып, пәнаралық байланысқа сүйену. "Соқпалы аспаптар" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлем музыка әдебиет", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      58. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы соқпалы аспаптардың тобымен: ксилофон, кіші барабан, аспаптардың құрылымымен танысады, қолды қоюды және дыбыс шығару қағидаттарын меңгереді;

      2) сабақтар "жастықта", сондай-ақ тікелей аспапта жүргізіледі. Жалғыз соққылар әр қолмен жеке, сондай-ақ оң және сол ауыстырумен игеріледі. 1 белгіге дейінгі мажорлық гаммалар, сондай-ақ үшдыбыстылықтар;

      3) кіші барабан: оң және сол қолды қоюға арналған сабақтар әсіресе оқытудың бастапқы кезеңінде маңызды. Жалғыз соққыларды, сонымен қатар түрлі ритмикалық жаттығуларды (төрттік, сегіздік, он алтылық) пысықтау;

      4) тремоло тәсілімен танысу. Тремоло мен ритмдік жаттығуларды орындаудың қарапайым тәсілдерін пысықтау;

      5) білім алушы оқу жылының ішінде ксилофонда 1 белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды, гаммалардағы жаттығуларды, 2-4 этюдті, 4-6 пьесаны меңгереді, кіші барабанда 8-10 ритмикалық этюдтер мен жаттығуларды меңгереді.

      59. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Соқпалы аспаптар тобымен танысу. Теориялық мәліметтер.

      Оркестрлік музыкадағы ксилофон мен кіші барабанның міндеттері. Сабақтағы қауіпсіздік ережелері. Қауіпсіздік техникасының ережелері мен өрт қауіпсіздігі.

      2-тақырып. Ксилофон: аспаптар құрылымы және оны қолдану ережесі. Ксилофонды жасау тарихы. Лад (минор, мажор) туралы түсінік. Мажор мен минорды естуі арқылы анықтау, аталған ладтардың мәнерлік мағынасы.

      Қолдың қалпы, баяу ритмде жалғыз-жалғыз соққылар арқылы жаттығулар.

      3-тақырып. Кіші барабан: аспатар құрылғысы мен онымен қолдану ережесі. Қолдың қалпы, саңылаусыз барабанда жаттығу. Бөлек оң және сол қолымен жалғыз соққылар. Кіші барабанға арналған ритмдік жаттығулар.

      4-тақырып. Музыканы тыңдау. Соқпалы аспаптарда ойнайтын атақты орындаушылардың шығармашылығымен танысу. Шығарманы талдау.

      5-тақырып. Музыкалық сауаттылықтың негіздері. Музыкалық дыбыс туралы түсінік. Дыбыстардың атауы. Жоғарлығына қарай дыбыстарды ажырату. Альтерацияның таңбалары. Ноталық стан (нота ұстаушы). Скрипка кілтінде ноталардың орналасуы. Ұзақтықтары (толық, жарты, тоқсандық, сегізінші, он алтыншы). Өлшемдері 2/4, 3/4, 4/4. Серпіні (форте, пиано). Ритмдер – орыс және итальяндық мағынасы: moderato [модерато], andante [анданте], adagio [адажио].

      6-тақырып. Жаттығулар, гаммалар, этюдтер. Саңырау барабандағы жаттығулар. Жалғыз соқпалылар. Этюдтер мен гаммаларды меңгеру.

      7-тақырып. Ксилофон: қолдың қалпы. Бір ритмде жалғыз-жалғыз соққылармен (тірекке) жатығуларды жаттау және орындау. Баяу ритмде қолдың дұрыс және анық қимылдармен жұмыс істеу. Бірқалыпты ритмде қолдың дұрыс және анық қимылдарымен жұмыс істеу.

      8-тақырып. До мажорды гаммасын жаттау және орындау. Ли минорды гамманы жаттау және орындау. Гаммаларды и арпеджионы жаттау және орындау. Бірқалыпты ритмде (1 немесе 2 октавалар) ширектік және сегіздік созылыңқылықпен до мажор мен ля минор үндестілігінде үшдыбыстылықты жаттау және орындау. Гаммаларда жаттығуларды орындау: гамманың әр сатысында екі және төрт соқыдан. Орындаудың қарапайым тәсілдерін жаттау және өңдеу, оны дамыту үшін тремоло және түрлі жаттығулар.

      9-тақырып. Кіші барабан: қолды қою. Біртіндеп шапшаңдату мен бәсеңдеу арқылы баяу ритмде "қарапайым қос" жатығулары.

      10-тақырып. Шығармалармен жұмыс. Дыбыс шығару. координацияларды, аппликатура, штрихтарды дамыту.

      11-тақырып. Ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, үш дыбыстылықтың арпеджиосы ширектік және сегіздік созылыңқылы бір дыбыспен үндес. Тремолоны дамыту үшін жаттығулар. Пьесаларды жаттау.

      12-тақырып. "Қарапайым қос соққы" жаттығуларын бірқалыпты темпте, баяу темпте, шапшаңдатумен жаттау және өңдеу. "Қарапайым қос" жаттығуларын баяулатумен жаттау және өңдеу (ең қабілетті білім алушылар үшін кері серпіліспен "күрделі қос соққылар" жаттығулары. Ноталар мен үзілістердің ұзақтылығына байланысты жаттығуларды 2/4, 3/4, 4/4 мөлшерлерінде (тактің қатты бөлігіне екпін түсіріп) жаттау және өңдеу (бүтін, жартылық, ширектік, сегіздік, оналтылық).

      13-тақырып. Парақтан оқу. Бағытталған зейінді тәрбиелеу.

      14-тақырып. Тремоло тәсілін меңгеру. Ксилофон: гамманың әр сатысында екі және төрт соққыдан гаммада жаттығулар. Оны дамыту үшін тремоло мен ритмикалық жаттығуларды орындау қарапайым тәсілдер. Этюдтерді, пьессаларды жаттау.

      15-тақырып. Кіші барабан: қайталанған соққыларға мен кері серпілістерге машықтану. Кіші барабанға арналған ритмдік жаттығулар.

      60. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ксилофон мен кіші барабанның құрылысын біледі;

      2) ксилофон мен барабанды ұстау ережесін біледі;

      3) ксифолонда қолды қоюды біледі;

      4) ксифолонда бір ритмде бір соққылы (бір пластинадан) жаттығуды орындайды;

      5) ксифолонда екі тәсілмен: білезікпен және білекпен ойнау жаттығуларын орындай біледі;

      6) талаптарға сәйкес негізгі музыкалық терминдерді біледі;

      7) қолды қоюды, саңырау барабандадағы жаттығуларды біледі;

      8) кіші барабанда гамманың, этюдтың жаттығуларын орындай біледі;

      9) дыбысталу мен ритмнің нақтылығын бақылау дағдыларына ие;

      10) қағаздан оқудың алғашқы дағдыларына ие;

      11) тремолоны орындауды дамытудың тәсілдеріне ие;

      12) ксилофонда ритмдік жаттығуларды, этюд пен пьесаны орындайды.

      61. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ойын аппаратын және техникалық дағдыларды дамыту. Кіші барабанда қолды қою бойынша сабақтарды жалғастыру. Гаммалар, этюдтер жаттығуларды ксилофон мен кіші барабанда жаттап алу. Ноталарды парақтан оқу. Зейінді, өзін-өзі талдауды дамыту. Тремоло тәсілдерін меңгеру;

      2) 2/4, 3/4, 4/4 мөлшеріндегі ауыспалы ритмде түрлі комбинацияларды ноталардың созылыңқылығымен орындауды одан әрі дамыту. Нүктелі нота. 4-6 жаттығулар немесе этюдтер, пионерлік барабанды екі таяқпен кезек-кезеқ жылдам соғу;

      3) оқу жылының ішінде ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды, үшдыбыстылықты, екі октавада 2 белгіге дейін қоса арпеджионы, 8-10 жаттығуларды және этюдтерді, ансамбльді қоса алғанда 4-6 пьессаны меңгереді;

      4) кіші барабанда қажетті оңай ритмикалық жаттығуларды меңгеру қажет: сегіздік, триоли, он алтылық, сегіздік және екі оналтылық, сегіздік нүктемен және оналтылық.

      62. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойын аппаратын бекіту және дамыту. Оң және қолмен соқылардың мөлшерлестік күшін жетілдіру. Ксилофон: тікелей қозғалысты қоса алғанда бір белгіге дейін екі октавадан мажорлық және минорлық гаммалар. Жаттығуларды, пьессаларды жаттау.

      2-тақырып. Музыканы тыңдау. Атақты соқпалы аспаптар орындаушыларымен шығармашылығымен танысу. Шығармаларды талдау.

      3-тақырып. Кіші барабан. "Қарапайым қос соққылар" жаттығуларды шапшаң және баяу, "күрделі қос соққылар" бірқалыпты қоңыржай ритмде орындау. Жаттығуларды, пьессаларды жаттау.

      4-тақырып. Техникалық дағдыларды дамыту. Ксилофон: екі белгіге дейін қоса алғанда екі октавадағы үндестілікте мажорлық және минорлық гаммалар, үшүндестілік арпеджио. Жаттығуларды, пьессаларды жаттау.

      5-тақырып. Кіші барабан: нүктелі нота (пунктирлі ритм, мүмкіндігінше қарапайым түрдегі триоли). Пьессаларды жаттау.

      6-тақырып. Шығармалармен жұмыс. Мәтінді тура орындау, ерекшеліктері. Динамика. Ксилофон: үш белгіге дейін қоса алғанда екі октавадағы үндестілікте мажорлық және минорлық гаммалар, үшдыбысты арпеджио. Гамманың әр сатысында 2, 3, 4 соққыдан гаммалардағы жаттығулар. Жаттығуларды, пьессаларды жаттау.

      7-тақырып. Кіші барабан: кіші барабанға арналған ритмдік жаттығулар.

      8-тақырып. Қағаздан оқу. Өзін-өзі талдау.

      9-тақырып. Тремоло тәсілі. Ксилофон. Жұмсақ ритмде екі октавада өткен гаммаларды қайталау. Жаттығулар және этюдтер. Түрлі сипаттағы пьессалар.

      10-тақырып. Кіші барабан: пионерлік барабан. Этюдтерді жаттау. Тремоло тәсілін дамыту (даңғыр).

      63. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ксилофонда оң және сол қол соққысы күшінің мөлшерлігіне ие болады;

      2) талаптарға сәйкес музыкалық терминдердің негізін біледі;

      3) тура қимылды қоса алғанда ксилофонда бір белгіге дейін екі октавада мажорлық және минорлық гаммаларды орындайды;

      4) дыбысталу мен ритмнің нақтылығын бақылау дағдыларына ие;

      5) қағаздан оқудың алғашқы дағдыларына ие;

      6) кіші барабанда "қарапайым қос соққылар" жаттығуларды шапшаң және баяу, ал "күрделі қос соққылар" тура бірқалыпты қоңыржай ритмдеорындайды;

      7) ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды, екі белгіге дейін қоса алғанда екі октавалық үшдыбыстық арпеджио, ансамбльді қосаа лғанда жаттығуларды, этюдтерді, пьесаларды орындайды;

      8) кіші барабанда ойнаудың техникалық дағдыларына ие болады, жаттығуларды, этюдтерді орындайды.

      64. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) кіші барабанда орындаушылық аппаратты одан әрі жетілдіру. Кіші барабанда ойнаудың техникалық дағдыларын дамыту. Барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып орындаудың қарапайым түрлеріне жаттығуларды жаттау;

      2) ансамбльде ойнау (оркестре). Ксилофонда ойнаудағы қозғалтқыш техникалық дағдыларын дамыту. Түрлі қозғалыстағы жаттығулар: әр қолмен бөлек және қолды алмастыру арқылы ойнау;

      3) мажорлық және минорлық гаммалар төрт белгіге дейін екі октаваны қоса алғанда, тура қозғалыстағы үшдыбыстылық арпеджио. Жаттығуларды, этюдтерді жаттау;

      4) шығармамен жұмыс. Музыкалық шығармаларды талдау. Музыкалық шығармаларды жаттау кезіндегі техникалық қиындықтар;

      5) парақтан оқу дағдысын жетілдіру;

      6) тремоло тәсілін меңгеру;

      7) оқу жылының ішінде ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды төрт белгіге дейін, үш дыбыстылық, екі октавадағы арпеджио үндестілігі 3 белгіге дейін, 6-8 этюдтер мен жаттығуларды, 4-6 этюдтерді қоса алғанда, ансамбльде орындалатын пьессаларды қоса алғанда;

      8) кіші барабанда триольді ритмнің түрлі ритмдік қатынасын меңгеру қажет (сегіздік триоль, оналтылық, ширектік), "барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып" ойнаудың бастапқы дағдылары, парақтан 6-8 этюдтердің ноталарын оқу.

      65. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіші барабандарға арналған ырғақты жаттығулар.

      2-тақырып. Орындау аппаратын одан әрі жетілдіру. Барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып орындаудың қарапайым түрлеріне жаттығулар. "Күрделі қос соққылар", даңғырдың қарапайым түрлерін орындау, триольді, 4/4, 3/4, 4/4 мөлшерлеріндегі сегіздік және он алтылық ноталарда жаттығулар, бір және екі нотадан форшлаг, екпіндер. Жаттығулар мен этюдтерді жаттау. Ансамбльде (оркестрде) ойнау.

      3-тақырып. Музыка тыңдау. Соқпалы аспаптарда ойнайтын атақты орындаушылардың шығармашылығымен танысу.

      4-тақырып. Ксилофон. Жаттығулар, гаммалар, этюдтер. Қозғалыс техникалық дағдыларын дамыту. Төрт белгіге дейін екі октавадағы мажорлық және минорлық гаммалар, тура қозғалыстағы үшдыбыстылық арпеджио. Жаттығулар мен этюдтерді жаттау.

      5-тақырып. Шығармамен жұмыс. Орындауды талдау. Түрлі сипаттағы пьессаларды жаттау.

      6-тақырып. Парақтан оқу. Зейінді тәрбиелеу.

      7-тақырып. Тремоло тәсілін меңгеру. Қайталанған соққыларды және кері серпілістерді жаттықтыру.

      66. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) талаптарға сәйкес негізгі музыкалық терминдерді біледі;

      2) кіші барабанда, ксилофонда ойнаудың техникалық дағдыларына ие;

      3) парақтан оқу дағдыларын жетілдіреді;

      4) тремоло тәсіліне ие;

      5) орындалатын шығармаларды талдай біледі;

      6) төрт белгіге дейін ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды, үшдыбыстылықты, 3 белгіге дейін қоса алғанда үндестілігі екі октавадағы арпеджио, этюдтер мен жаттығуларды, пьессаларды, ансамбльдегі пьессаларды қоса алғанда орындайды;

      7) кіші барабанда түрлі ритмдік ара қатынастағы риольді ритмдерді, этюдтерді орындайды;

      8) "барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып" ойнаудың бастапқы дағдыларына ие.

      67. 4 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) орындаушылық аппаратты жетілдіру бойынша жұмысты әрі қарай жүргізу. Ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды, бір белгіні қоса алғанда екі негізгі үндестілікте тура қозғалыстағы үшдыбысты арпеджионы жаттау. Кіші барабанда "қос" жаттығуын барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойғауға көшіп және бастапқы темпке келу арқылы жылдамдатуды үйрену. 3/8, 6/8 мөлшерлері. Ансамбльде, оркестрде ойнау. 9/8, 12/8 мөлшеріндегі жаттығулар. Триоли. Екі этюд. Нюанстарға жаттығулар: пиано, меццефорто, форте, крещендо, димидуэндо. Үш нотадан құралған форшлаг;

      2) барабанда ойнау техникасын одан әрі қарай дамыту;

      3) ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды, төрт белгіні дейін қоса алғанға дейінгі үндестілігі екі октаваға дейінгі айналымда және тура қозғалыстағы үшдыбысты арпеджио жаттау. Темпте барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойнауға көшіп және бастапқы қайта оралып "Қос соққылар" жаттығуын орындау;

      4) триольді және дуольді ритмді бір-бірімен байланыстыру арқылы одан әрі меңгеру;

      5) оркестрлік партияларды парақтан оқу дағдыларын дамыту. Табақта, үлкен барабанда, дабылда, үшбұрышта ойнау тәсілдерін меңгеру;

      6) білім алушы оқу жылының ішінде ксилофонда: мажорлық және минорлық гаммаларды, барлық үндестіктегі үшдыбысты арпеджионы, екі октавадан тура қозғалыстағы және айналымдағы, тремолоны орындау тәсілдері, ансамбльде орындалатын пьессаларды қоса алғанда 4-6 жаттығулар және этюдтер, 4-6 пьесаларды үйренеді;

      7) білім алушы кіші барабанда триольді және двуольді ритмдердің түрлі ритмдегі ара қатынасын, барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып орындауды дамытуды жалғастыру үшін әр қолмен үш соққыдан жылдамдату арқылы триолиді, 3/8, 6/2 мөлшердегі қос жаттығуларды, үш нотадан форшлагты, парақтан оқудың 4-6 жаттығулары, 5-7 этюдті меңгереді.

      68. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіші барабанға арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Орындаушылық аппаратты жетілдіру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыру: мажорлық және минорлық гаммалар, тура қозғалыстағы екі негізгі үндестіліктегі бір белгіге дейін қоса алғандағы үш дыбыстылық арпеджио. Этюдтерді, пьесаларды жаттау.

      3-тақырып. Музыканы тыңдау. Соқпалы аспаптарда ойнайтын атақты орындаушылардың шығармашылығымен танысу. Шығармаларды талдау.

      4-тақырып. Кіші барабан. Кіші барабанға арналған ритмдік жаттығулар. Темппен, барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойнауға көшу және алғашқы қарқынға келу арқылы "Қос соққы" жаттығулары. Мөлшері 3/8, 6/8. Екі этюд. Фортепианомен екі пьеса.

      5-тақырып. Ансамбльде, оркестрде ойнау.

      6-тақырып. 9/8, 12/8 мөлшеріндегі жаттығулар. Триоли. В. Осадчуктың І дәптерінен екі этюд. Нюанстарға жаттығулар: пиано, меццефорто, форте, крещендо, димидуэндо. Үш нотадан форшлаг.

      7-тақырып. Кіші барабандардарға арналған этюдтер. Ойнау техникасын дамыту. 6 этюд.

      8-тақырып. Шығармалармен жұмыс. Орындалатын шығарманы, талдап, қатесін түзеп, мәтінді нақты орындай білу.

      9-тақырып. Түрлі сипаттағы пьесаларды жаттау.

      10-тақырып. Парақтан оқу. Оркестрлік партиялардың парақтан ноталарды оқу дағдыларын дамыту.

      11-тақырып. Тремоло тәсілдерін иелену. Қайталанған соққылар мен кері серпілістерді жаттықтыру (отдробки).

      12-тақырып. Ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, тура қозғалыстағы екі негізгі үндестліктегі төрт белгіге дейін қоса алғандағы үшдыбыстылық арпеджио. Жеделдетумен, Барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойнауға көшу және алғашқы қарқынға келу арқылы "Қос" жаттығулары.

      13-тақырып. Тремолоны орындау әдістері. Ансамбльдегі орындалатын пьессаларды қоса алғанда жаттығуларды, этюдтерді, пьессаларды жаттау.

      14-тақырып. 3/8, 6/2 мөлшердегі "қос" жаттығуларын кіші барабанда жаттау. Үш нотадан форшлаг, триольді және дуольді ритмді бір-бірімен байланыстырып одан әрі меңгеру.

      15-тақырып. Табақтарда, үлкен барабандарда, дабылда, үшбұрышта ойнау тәсілдерін меңгеру.

      69. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) талаптарға сәйкес негізгі музыкалық терминдерді біледі;

      2) оркестрлік партиялардың парақтан оқу дағдыларын дамытады;

      3) табақтарда, үлкен барабандарда, дабылда, үшбұрышта ойнау тәсілдерін біледі;

      4) ксилофонда мажорлық және минорлық гаммаларды, тура қозғалыстағы және екі октавадағы айналымдағы барлық үлесімділіктегі үшдыбыстылық арпеджионы, ансамбльдегі пьессаларды қоса алғанда этюдтерді, пессаларды орындайды;

      5) кіші барабанда түрлі ритмдік ара қатынастағы триольді және двуольді ритмдерде орындайды, триольді жылдамдатумен әр қолмен үш соққыдан "барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып" орындауды дамытуды жалғастыру үшін, 3/8, 6,2 мөлшердегі қос жаттығулар, үш нотадан, жаттығудан, этюдтан форшлаг;

      6) табақтарда, үлкен барабандарда, дабылда, үшбұрышта ойнау тәсілдерін біледі.

      70. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) барабанда ойнау аппаратын одан әрі жетілдіру. Қос жаттығулар, түрлі ньюанстардағы барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойнау. Ксилофондағы гаммалар. Соқпалы аспаптарда ойнаудың техникалық дағдыларын дамыту;

      2) ноталарды парақтан оқу дағдысын одан әрі дамыту;

      3) мажорлық және минорлық гаммалар, барлық үндестіліктегі үшдыбыстылық және арпеджио, 6-8 этюдтер мен жаттығулар, 5-7 пьессалар айналымдарымен доминантсептаккордтар мен кішірейтілген септаккордтар;

      4) триольдердің, квартольдердің, квинтольдердің, секстольдердің, форшлагтардың түрлі нұсқалары, "фортеға" дейінгі ньюанстармен "барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойнау", 10-15 этюдтер ырқағтық байланысы.

      71. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіші барабанда "барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам қос соққыларды ұру" жаттығулары. Орындаушылық аппараттарды одан әрі жетілдіру. Қос соққыларға арналған жаттығулар, түрлі ньюанстардағы барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып ойнау.

      2-тақырып. Кіші барабандар үшін этюдтер. 1 дәптер. Ксилофондағы гаммалар. Соқпалы аспаптарда ойнаудың техникалқ дағдыларын дамыту.

      3-тақырып. Ксилофон. Тура қозғалыстағы үшдыбысты мажорлық пен минорлық (үйлесімді, сазды), арпеджио және 6 белгіге дейін қоса алғанда айналысы екі октавадан.

      4-тақырып. Кіші барабанға, қоңырау және ксилофонға арналған шығармалармен жұмыс. кіші барабан үшін фортепианомен шығармалар, ксилофон үшін пьессалар, қоңыраулар үшін пьессалар.

      5-тақырып. Шығармалар образдарымен жұмыс.

      6-тақырып. Парақтан оқу, ансамбльде, оркестрде ойнау. Ансамбльдегі пьессалар, оркестрдегі пьессалар.

      7-тақырып. Тремоло тәсілдерін меңгеру. Соқпалы құралдарда ойнау. Кіші барабанда (отдробки) қайталанған соққылар мен кері серпілістерді жаттықтыру.

      8-тақырып. Соқпалы құралдар.

      9-тақырып. Қорытынды емтиханға дайындық.

      72. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлық және минорлық гаммаларды, барлық үндестіліктегі үшдыбыстылық және арпеджио, айналымдарымен доминантсептаккордтар және кішірейтілген септаккордтарды, этюдтерді, жаттығуларды, пьессаларды орындай алады;

      2) кіші барабанда триольдердің, квартолбдердің, квинтольдердің, секстольдердің, форшлагтардың түрлі нұсқаларын, "пианодан" "фортеға" дейінгі ньюанстардағы "барабанды екі таяқшамен кезекпен жылдам ұрып" орындай алады.

      73. Білім беру Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) отандық, шетелдік композиторлардың шығармашылығын;

      2) соқпалы аспаптардың көркемдік орындаушылық мүмкіндіктерін;

      3) музыкалық жанрларды және негізгі стильдік бағыттарды;

      4) түрлі жанрдағы музыкаларды;

      5) әлемдік музыкалық мәдениеттің үздік үлгілерін;

      6) музыкалық сауат негіздерін;

      7) музыка өнерінде қолданылатын музыкалық көркемдіктің негізгі құралдарын;

      8) жиі қолданылатын музыкалық терминдерді;

      9) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стильдер мен жанрдағы шығармалардан тұратын соқпалы аспаптар арналған репертуарды біледі.

      86. Түлек:

      1) соқпалы аспаптарда түрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды өз бетінше үйренуді;

      2) соқпалы аспапта оңай музыкалық шығармаларды жаттау кезінде техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңуді;

      3) соқпалы аспапта музыкалық шығармаларды орындау кезінде көркем бейнені құруды;

      4) үйренген музыкалық шығармаларды сауатты орындауды;

      5) музыкалық шығарма мәнмәтінінде мәнерлеу құралдарының рөлін түсіндіре отырып, ноталық мәтінді талдауды;

      6) соло, ансамбльде және оркестрде ойнауды;

      7) дыбыстық техникамен жұмыс жасауды;

      8) соқпалы аспаптардың тембрлік алуан түрін қолдануды біледі.

      87. Түлекте:

      1) авторлық мәтінді барынша сенімді жеткізуге арналған соқпалы аспаптардың көптеген мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін орындаушылық білім, білік, дағдылар кешені, әртүрлі кезеңдердің, стильдегі, бағыттағы, жанрдағы және формадағы музыкалық шығармалардан құралған репертуарды өз бетінше жинақтау;

      2) музыкалық шығармаларды парақтан оқу білігі, жеңіл музыкалық шығармаларды есту бойынша теру және оқу

      3) ансамбльде ойнау негіздері;

      4) білім алушының көркемдік талғамы;

      5) мәнерліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану дағдылары;

      6) есту қабілетін бақылауды тәрбиелеу және орындау процесін басқара білігін;

      7) мәнерліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану дағдылары, орындалатын шығармаларға талдау жасау, әртүрлі орындау техникасының түрін иелену, көркемдігі жағынан ақталған техникалық тәсілдерді қолдану бойынша дағдысы;

      8) орындалатын шығармаларды теориялық талдау дағдысы;

      9) жеке орындаушы ретінде концертке дайындық жұмыс дағдысы;

      10) ұжымдық шығармашылық қызметі дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      74. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Музыкалық білімге оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау жұмысы, техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      75. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1 сынып – төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, екі белгіні қоса алғанға дейінгі екі октавадағы үшдыбысты арпеджио, 4-6 жаттығу, этюд, 4-6 пьеса, ансамбльдік шығармаларды қоса алғанда, кіші барабан: жеңіл жаттығулар);

      2 сынып – үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, екі белгіні қоса алғанға дейінгі екі октавадағы үшдыбысты арпеджио, 4-6 жаттығу, этюд, 2-3 пьеса, ансамбльдік шығармаларды қоса алғанда, кіші барабан: жеңіл жаттығулар), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, үш белгіні қоса алғанға дейінгі үш октавадағы үшдыбысты арпеджио, 4-6 жаттығу, этюд, 2-3 пьеса, ансамбльдік шығармаларды қоса алғанда, кіші барабан: жеңіл жаттығулар);

      3 сынып – төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, қос соққылармен (қарапайым) ойнаудағы үш белгіге дейін үш октавадағы үшдыбыстық айналымдағы арпеджио, 4-6 жаттығу, этюд, 2-3 пьеса, кіші барабан: жаттығулар (қостан әр қолға үш соққыдан), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, allegro [аллегро] темпінде қоспен соққымен ойнау, (пиано және форте) триольді негізде жаттығулар, үш белгіге дейін үш октавадағы үшдыбыстық айналымдағы арпеджио, кіші барабан: қос соққылар, триоль және әр қолмен төрт соққыдан ұруға арналған жаттығулар (қалыпты ойнай алады), 4-6 жаттығу, этюд, 2-3 пьеса, оның ішінде ансамбльдік шығармалар);

      4 сынып – үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, үш нотадан, төрт нотадан ойнау, диатоникалық мәнер бойынша жоғары 4 белгіге дейін үш октавадан үш дыбыстық айналымдағы арпеджио, 4-6 жаттығу, этюд, оның ішінде 1 этюдті жатқа орындау, аккомпанементпен орындалатын 2-3 пьеса, ансамбльдік шығармаларды қоса алғанда), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, төрт белгіге және соңына дейін үш октавадан үш дыбыстық айналымды арпеджио, соқпалы қондырғыда ойнау: 1 және 2 жаттығу);

      5 сынып – үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (ксилофон: мажорлық және минорлық гаммалар, бес белгіге дейін viva-ға (тез) дейін қосылады үш октавадағы үш дыбыстық айналымдағы арпеджио, соқпалы қондырғыда ойнау: қарапайым ритмдер: 3, 4 жаттығу, кіші барабан: ноталарды парақтан оқу), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (мажорлық және минорлық бір гамма (үйлесімді және сазды), үш дыбысты арпеджио, төрт белгіге дейінгі екі октавадан тура қозғалыстағы және айналымдағы септаккордтар).

      76. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі, кәсіби терминдерді, репертуарды, оның ішінде ансамбльдік репертуарды білуі, орындалатын шығармалардың көркемдік бейнесі мен стилін жеткізу үшін аспапты меңгерудегі жеткілікті техникалық деңгейі, музыкалық шығарманы жеке, ансамбльде/оркестрде, соқпалы аспапта сауатты орындауы.

      77. Бағалау өлшемшарттары.

      1) "өте жақсы" бағасы – көркемдік жағынан мағыналы, техникалық жағынан мәтіндік кемшіліксіз сапалы орындауы, оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкес келетін орындаушылық техникасын, мәнерлік құралдарын меңгеруі;

      2) "жақсы" бағасы – көркемдік-музыкалық жеткізуі анық сауатты орындауы, бірақ көркемдік, сондай-ақ техникалық жағынан біраз кемшіліктерінің болуы;

      3) "қанағаттанарлық" бағасы – көптеген кемшіліктермен орындауы (сәтсіз мәтін, техникалық дамунда, аппаратында ақаулардың болуы, орындалған шығарманың көркем бейнесі туралы түсініктің аздығы);

      4) "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламаны жиі үзіліспен, жаттанды мәтіндік қателермен, үй тапсырмасының үнемі орындалмағандығының салдарынан көлемін толық ашпауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
35-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Балалайка" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Балалайка" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Балалайка" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, түрлі жоғарылықтағы үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімі;

      2) амал – аспапты дыбыс шығару кезіндегі саусақ (тардың), білезіктің, білектің нақты, мақсатты әрекеті, бір амалдың өзі түрлі дыбыс шығару тәсілдерімен орындалуы мүмкін;

      3) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      4) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      5) бөлшек (дробь) – саусақтарды жылдам алмастырып ішектерді ұру;

      6) вибрато (тремоляция) – музыкалық дыбыстың немесе ән салудың жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі. Ішекті аспаптарда ол саусақтардың тербелісі арқылы шығады;

      7) глиссандо – бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғуды білдіретін музыкалық термин, штрих, реңктік әсер береді;

      8) легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілі, дыбыстарды байланыстырып орындау, ол кезде бір дыбыс бір дыбысқа баяу ұласады, олардың арасында үзіліс болмайды;

      9) динамикалық реңктер – музыканы орындау күшінің деңгейін анықтайтын музыкалық термин;

      10) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық, сол сияқты аспаптық музыка. Сондай-ақ, музыканың өзін айту немесе оны орындау нақышы, әншілік дауыстың әуенді орындау қабілеті;

      11) қос ноталар – ішекті-ысқылы аспаптарда екі немесе одан көп дыбыстарды бір уақытта үйлестіру;

      12) қос пиццикато (қос шерту) – оң қолдың бас бармағы және сұқ саусақтарын алмастыра отырып, бір ішекті жоғарыдан төмен бір қалыпты ұру арқылы шығарылатын дыбыс;

      13) метроном – тең соққылармен қысқа уақыт аралығын белгілейтін құрылғы;

      14) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға қалыс қалады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      15) нон легато – орындау тәсілі, ол кезде бірі дыбыстан келесі дыбысқа көшу жеке жүреді, бірақ бөлінбейді. Нон легато – артикуляция мен штрихтардың негізгі түрлерінің бірі;

      16) нотаны парақтан оқу – жаңа музыкалық материалды нотаға қарап тура оқу, оның негізгі міндеті шығарманың жалпы сипатымен танысу;

      17) октава – сегіз саты және алты тондық арақашықтық, әртүрлі жоғарылықтағы екі дыбыстың қарапайым байланыстары;

      18) орындаушылық аппарат – ойын процесіне қатысатын және өзара күрделі жүйке-бұлшықеттік қызметпен байланысқан физиологиялық органдардың кешені;

      19) пиццикато (үлкен саусақпен шерту) – оң қолдың бас бармағымен ішекті жоғарыдан төмен шерту арқылы шығаратын дыбыс;

      20) пюпитр – ноталарды қоюға арналған құрылғы, музыкалық аспапқа монтаждалады немесе еденге қойылады;

      21) стаккато – бір дыбысты бірінен бөліп, үзіліс жасау орындайтын музыкалық штрих;

      22) сылдыр еткізу (бряцание) – білек пен білезіктің қатыстырып, оң қолдың сұқ саусағымен, барлық ішектерді жоғары және төмен алмастырып ұратын ритмделген аламасатын соққылар;

      23) табиғи флажолет – дыбыс шығару кезінде ашық ішекті екі бірдей бөлікке бөлетін нүктесіне жеңіл қағу арқылы шығарылатын флажолет;

      24) тәсіл – дыбыс шығаруға бағытталған, нақты көркемдік міндеттерге шартталған, негізгі тәсілмен ойнау кезіндегі саусақтардың, білезіктің және білектің әрекет кешені;

      25) трель – мелизм түрі, ұзақтылығы бірдей, жылдам қайталанатын екі дыбыстан құралған әуендік фигура;

      26) тремоло – мелизм түрлері. Ішекті, клавишалық, соқпалы және басқа да музыкалық аспаптарда ойнаудың түрлері: бір дыбысты жылдам көп мәрте қайталау немесе көршілес емес 2 дыбыстың, 2 дыбыс үндестігінің жылдам алмасуы.

      27) флажолет – обертон дыбысын алу мақсатында ішекті-ысқылы және шертпелі аспаптарда ойнау тәсілі. Сондай-ақ, флажолет деп обертон дыбысын шығаруды да атайды. Ішекті аспаптарда ішектің ұзындығын 2 бөлетін нүктесін (ішектің дыбысталу жоғарылығы октаваға жоғарылайды), 4 (2 октава) және солай жартылай басу жолымен орындалады;

      28) штрих – дыбыс құрайтын ноталарды (ноталар тобын) орындау тәсілі (амалы және әдісі);

      29) іліп тарту (подцеп) – оң қолдың сұқ саусағымен немесе ортаңғы саусағымен бір ішекті төменнен жоғары шымшып тарту;

      30) үзік-үзік ырғақ – күшті ұзын және әлсіз қысқа бөліктерінің алмасуы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының балалайкада ойнауды үйрену барысында алған білім, білік және дағдылары негізінде музыкалық-шығармашылық қабілетін дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) білім алушыны балалайкада орындаушылықтың негізгі бағыттарымен таныстыру;

      2) музыкалық шығармаларды жеке немесе ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін балалайкада ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдерін үйрету;

      3) жеке, сондай-ақ ансамбльде орындау кезіндегі сахналық бейнені жасау тәсілдерімен таныстыру;

      4) орындаушылық эмоциялықты және мәнерлілік дағдыларын қалыптастыру;

      5) ұжымдағы өзара байланыс және өзін өзі басқару тәсілдерін пысықтау.

      Дамыту:

      1) естуді, ырғақ сезімін, жадын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды және музыканы эмоциямен қабылдауды қалыптастыру;

      3) музыкалық дүниетанымды кеңейту, музыкалық шығармашылыққа танымдық қызығушылықты дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық және орындаушылық талғамды тәрбиелеу;

      2) музыкалық өнерді меңгеру арқылы рухани, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбие беру.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Бағдарлама балалайкада ойнау техникасын меңгергісі келетін орыс, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың өңдеулерін орындап үйренгісі келетін 9 жастан асқан балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарламаның мақсатына қол қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      8. Бағдарлама болашақ әуесқой музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі балалайкада ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      9. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      10. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметтен тәжірибе алу;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушылардың бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушыны тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      13. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың балалайкада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәсілдерін алуға бағытталуы болып табылады.

      14. Ұжыммен музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру, ансамбльдің шығаратын үнін есту білігі, біркелкі ырғақтық қағысты есту, келісілген және ауыспалы-икемді ырғақта көркем түрде ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен өзара әрекеттесу.

      15. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыретттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшелігін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      18. "Балалайка" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас);

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақтардың формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы және басқалары.

      22. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтар формалары педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлеседі.

      24. Сабақ жоспары білім алушы теориялық білімді практикамен бір уақытта алатындай құрылады.

      25. Сабақпен қатар жұмыстың сабақтан тыс түрлері жүргізіледі:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      26. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағында негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезінде өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныпта оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және тағы басқалар);

      4) осы сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      34. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      35. Жеке жоспар құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басында және соңында білім алушының мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленуі мүмкін.

      36. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      37. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      38. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қабілеттерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      39. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      40. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын және басқаларды қамтиды.

      41. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      42. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      43. Репертуар жүйелі түрде жаңартылады және заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып кеңейтіледі.

      44. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      45. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      47. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      48. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпейтін, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      49. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьселарын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) парақтан оқу дағдылары.

      50. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      51. Жылдың соңында берілген мінездеме білім алушы даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      52. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарын баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы пайдаланады.

      53. Өз бетімен жүргізілетін жұмыс ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      54. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер қолданылып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      55. Білім алушының өз бетімен жүргізілетін жұмысты жандандыру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      56. "Балалайка" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      57. Балалайкада ойнайтын білім алушылармен жұмыс сынып педагогінің концертмейстермен бірге жүргізілетіндіктен, кабинетте жақсы күйге келтірілген және өз уақытында жөндеуден өткізіліп тұратын аспаптың (фортепиано) болуы шарт.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      58. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы жеке және оркестрлік аспап ретінде балалайканың шығу тарихы, орындаушылық шеберлікті дамыту бойынша білім алады, аспаптың құрылысымен және техникалық мүмкіндіктерімен танысады;

      2) орындау тәсілдерін үйренеді: оң қолдың сұқ саусағымен шерту, арпеджио, "сылдыр еткізу" ("бряцанье") тартудың элементтерінің бірі ретінде 3 ішекті сұқ саусақпен ұрып тарту;

      3) отырғызу және қолды қою бекітіледі, "Сол қол бірінші позицияда" дағдысы пысықталады;

      4) оқу жылының ішінде білім алушы 15-20 жеңіл пьесаны үйренеді: қарапайым ырғақтық суреттерден тұратын 4-5 этюдті, қиын емес 2-4 ансамбльдік пьесаларды, екі белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды меңгереді.

      59. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізі келесі тақырыптық тараулардан құралады.

      1-тарау. Балалайканың шығу тарихы, құрылымы және аспаптың техникалық мүмкіндіктері.

      2-тарау. Аспапты ұстап отыру. Аспапсыз отыру дағдыларына жаттығу және дайындық жүргізу. Қолды, денені қою, дұрыс ойын қимылдарын ұйымдастыру.

      3-тарау. Ноталық сауатпен танысу. Балалайканың мойнындағы ноталарды білу. Сол қолды қою. Сол қолдың аспап мойнымен сырғуына арналған жаттығулар.

      4-тарау. Оң қолмен ойнау тәсілдерін меңгеру: бас бармақпен тарту, арпеджио, "салдыр еткізу" элементінің бірі ретінде үш ішекті сұқ саусақпен ұру. Қолды орнықтыру және қою. Сол қолды қою.

      60. Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық-есту түсініктерін және музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Музыкалық аспаппен және оның құрылымымен танысу.

      3-тақырып. Ноталық сауатпен танысу.

      4-тақырып. Сол қолдың саусақтарын бекітуге арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Қолды қою бойынша жұмыс. Рizz [пицц] тәсілін игеру.

      6-тақырып. Ішектен ішеке ауысу тәсілдері.

      7-тақырып. Үш ішекте І позициядағы аспап мойнын меңгеру.

      8-тақырып. Қос қолмен ойнау.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспапта ойнаудың негізгі дағдыларына ие болады;

      2) аспап құрылымын және музыкалық сауат негіздерін біледі;

      3) талаптарға сәйкес негізгі музыкалық терминдерді біледі;

      3) қарапайым штрихтық және динамикалық белгілерді біледі;

      4) екі белгіге дейінгі гаммаларды, аккордтарды және жоғары аппликатураның арпеджиосын орындай алады;

      5) дыбыс шығарудың (legato [легато], non legato [нон легато], staccato [стаккато]) негізгі тәсілдерін біледі;

      6) дыбыстың сапасын және ырғақтық нақтылықты бақылау дағдыларына ие болады;

      7) парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      8) қарапайым әуендерді есту арқылы тере алады.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту бойынша жұмыстар әрі қарай жалғастырылады. Ойын аппаратын қойылымдық-қозғалыстық дағдыларымен жұмыс, екпінмен, дыбыс жүргізумен және ырғақпен жұмыс жалғастырылады. Штрихтарды орындау сапасына қойылатын талап күшейтіледі;

      2) мажорлықжәне минорлық пернелердегі гаммалар, акценттер, үзік-үзік ырғақтар, легатоның негізгі қағыстары, орташа қарқындағы нон легато, қос ноталардың қарапайым түрлері (ашық ішектерді падалана отырып) үйретіледі, "Қос тарту" және "сылдыр еткізу" тәсілі бекітіледі;

      3) бірінші позициядағы саусақ артикуляциясымен жұмыс жалғастырылады. Білім алушы екінщі позицияны, позицияларды ауыстырудың алғашқы дағдыларын дамытуды, аспапты күйге келтіруді үйренуге кіріседі;

      4) екі октавалық мажорлық және минорлық гаммалар, үйренген позицияларды қолдану арқылы жасалған арпеджионы, позицияларды ауыстыру кезінде арнайы аппликатураны пайдалану игеріледі;

      5) нотаны парақтан оқу дағдылары, музыкалық және техникалық міндеттерді талдау білігі дамиды;

      6) оқу жылының ішінде білім алушы түрлі қағыстық нұсқаларды пайдаланып, бірінші және екінші позиция шеңберінде екі октавалы мажорлық және минорлық гаммаларды, 6-8 пьесаны, 8-10 этюдты меңгереді.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізі келесі тақырыптық тараулардан құралады.

      1-тарау. Ойын аппаратының қойылымдық-қозғалыс дағдылары. Екпін, дыбыс жүргізу және ырғақпен жұмыс. Қағыстарды орындау сапасы.

      2-тарау. Мажорлық және минорлық пернелердегі гаммалар, акценттер, үзік-үзік ырғақ, легатоның негізгі қағыстары, орташа қарқындағы нон легато, қос ноталардың қарапайым түрлері (ашық ішектерді қолдана отырып). "Қос тару" және "сылдыр еткізіп" қағу тәсілдері.

      3-тарау. Бірінші позициядағы, екінші позициядағы саусақтардың артикуляциясын дамыту, позицияларды ауыстырудағы, аспапты күйге келтірудегі алғашқы дағдыларды дамыту.

      4-тарау. Екі октавалық мажорлық және минорлық гаммалар. Үйретілетін позицияларды қолдану арқылы жасалатын арпеджио. Позицияларды ауыстырудағы арнайы аппликатура. Нотаны парақтан оқу дағдыларын дамыту. Музыкалық және техникалық міндеттерді талдау.

      64. Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталық сауатты үйренуді бекіту.

      2-тақырып. Қолдың қимыл дағдыларымен, екпінмен, дыбыс шығарумен және ырғақпен жұмысты әрі қарай жалғастыру.

      3-тақырып. Аспап мойнында саусақтарды дұрыс орналастыру дағдыларын бекіту.

      4-тақырып. Минорлық перне гаммаларды, акценттерді, пунктирлік ырғақты үйрену.

      5-тақырып. "Қос шертпе" және "сылдыр еткізу" тәсілі дағдыларымен танысу.

      6-тақырып. Екінші позицияны үйрену және позициялардың ауысуындағы алғашқы дағдыларды дамыту.

      7-тақырып. Табиғи флажолет.

      8-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      9-тақырып. Жаттығулар мен этюдтерді жаттау.

      10-тақырып. Нотаны парақтан оқу және ансамбльде ойнау.

      65. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталарды және екі октава деңгейінде аппликатураларды жазуды біледі;

      2) бірінші позиция деңгейінде гаммаларды және үшдыбыстылық айналымдарымен орындай алады;

      3) өзін бақылаудың алғашқы дағдыларына ие;

      4) парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие;

      5) минорлы гаммаларды біледі;

      6) динамикалық бояулардың мағынасын біледі;

      7) қағыстарды (легато, бряцанье), үзік ырғақтық біледі;

      8) бас айтуды (фразировка), екпін тазалығын біледі;

      9) парақтан оқудың және ансамбльде ойнаудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      10) екі октавада гаммаларды екінші позицияға ауысуымен орындай алады;

      11) үшдыбыстылықты және айналымдарымен арпеджионы орындай алады;

      12) легато қағыстарын және түрлі комбинациялардағы "сылдыр еткізу" тәсілін біледі.

      66. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылардың музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту, дыбыс сапасын, аппликатура мен позицияны ауыстыру, екпін және ырғақпен жұмыс әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушы аспап мойнымен баяу сырғу түсінігімен танысады;

      3) үш ішекте тремоло тәсілі, бір ішекте тремоло, сұқ саусақпен іліп тарту, бөлшек, вибрато тәсілі меңгеріледі;

      4) дыбыспен жұмыс, оқу дағдыларын меңгеру, аспапты күйге келтіру бойынша жұмыс жалғастырылады;

      5) білім алушы қиыстырылған қағыстармен, мейлінше күрделі ырғақтармен танысады;

      6) оқу жылының ішінде білім алушы түрлі қағыстар мен ырғақтық суреттерді пайдаланып, орташа және мейлінше жылдам қарқында үш белгіге дейінгі (минорлы екі белгіге дейін) айналымымен екі октавадағы гаммаларды және арпеджиоларды, 5-6 этюдті, 6-8 пьесаны меңгереді.

      67. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізі келесі тақырыптық тараулардан құралады.

      1-тарау. Аппликатура және позиция. Екпін және ырғақ. Саусақтардың аспап мойнымен баяу сырғуы.

      2-тарау. Үш ішек бойымен тремоло. Бір ішектегі тремоло. Сұқ саусақпен іліп тарту. Бөлшек. Вибрато.

      3-тарау. Қиыстырылған қағыстар. Күрделі ырғақтар. Саусақтардың жүйріктілігін дамытуға арналған жаттығулар. Кантиленді сипаттағы пьесаларды үйренуге дайындық. Нотаны парақтан оқу. Ансамбльде ойнау. Аспапты күйге келтіру.

      68. Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық-есту түсініктерін және музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Дыбыс жүргізу сапасымен жұмыс.

      3-тақырып. Ансамбльде ойнау дағдыларын бекіту.

      4-тақырып. Стаккато және тремолоның жаңа қағыстарымен танысу.

      5-тақырып. Саусақ жйүріктілігін дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Тремоло, бөлшекті орындауға арналған даярлық жаттығулары.

      7-тақырып. Позицияларды ауыстыру және аспап мойнымен баяу сырғу дағдыларын дамыту.

      8-тақырып. Кантиленді сипаттағы пьесаларды үйренуге дайындық.

      9-тақырып. Нотаны парақтан оқу және ансамбльде ойнау.

      69. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арпеджионы және оның айналымын орындай алады;

      2) екпінмен және ырғақтық нақтылықпен жұмыс істей алады;

      3) легато қағысын түрлі комбинацияларда орындай алады;

      4) мәнерлі ойынды көрсетеді және музыкалық-бейнелі ойлауды дамытады;

      5) тремоло, дробь, іліп тарту (подцеп) тәсілдерін біледі;

      6) парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие болады;

      7) аспаптың мойнымен саусақтарын баяу қозғап, басқа позицияға ауыса алады;

      8) дыбыс жүргізумен және екпінмен жұмыс істейді;

      9) негізгі қағыстарды орындау дағдыларына ие;

      10) түрлі стильдік бағыттағы шығармаларды біледі;

      11) үш белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады.

      70. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) оқу жылының ішінде екпін, динамика, ырғақпен жұмыс, музыкалық- бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойлатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады.

      2) орындаудың негізгі тәсілдері бекітіледі. Сол қолдың жүйріктілігі мен артикуляциясын дамыту жалғастырылады. Білім алушыларды глиссандо, флажолет түсініктері беріледі.

      3) екпінмен, дыбысталу динамикасымен, қалыпты және мейлінше жылдам қарқындағы негізгі қағыстарды дамыту жұмыстары жүргізіледі, түрлі аппликатураларды, жаттығуларды пайдала отырып арпеджиолар, жаттығулар үйретіледі, вибратомен жұмыс жалғастырылады.

      4) оқу жылының ішінде білім алушы орташа және жылдам қарқындағы, түрлі қағыстық нұсқаларды пайдаланып екі октавалы гаммаларды және арпеджиоларды, 5-8 этюдті, 5-6 пьесаны меңгереді.

      71. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық тарауларды құрайды:

      1-тарау. Екпін, динамика, ырғақ.

      2-тарау. Орындау тәсілдері. Сол қолдың жүйріктілігі және артикуляциясы. Глиссандо. Флажолеттер.

      3-тарау. Түрлі апрликатураларды пайдаланылған арпеджио, жаттығулар. Вибратомен жұмыс. Нотаны парақтан оқу. Репертуармен өз бетімен жұмыс. Аспапты күйге келтіру.

      72. Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ассоциативті ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Қолдың қозғалыс дағдыларымен, екпінмен, дыбыс жүргізумен және ырғақпен жұмыс.

      3-тақырып. Сол қол саусақтарының жылдамдық техникасын дамыту.

      4-тақырып. Алғашқы төрт позицияда ойнау дағдыларын бекіту.

      5-тақырып. Вибрато, тремоло, дыбыс сапасы, динамика және орындау мәнерлілігімен жұмыс.

      6-тақырып. Ұсақ техниканы, табиғи флажолеттерді пайдаланып аккордтық фактураларды үйрену.

      7-тақырып. Жаттығулар мен этюдтерді ойнау.

      8-тақырып. Тремолоны пайдаланып кантиленді сипаттағы шығармалармен жұмыс.

      9-тақырып. Нотаны парақтан оқу және репертуармен өз бетімен жұмыс істеу.

      73. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі қағыстарды және аспапта ойнау тәсілдерін орындау дағдыларына ие;

      2) төрт белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;

      3) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды орындай алады;

      4) парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие;

      5) музыкалық- бейнелі ойдауды дамытады;

      6) аспапта ойнауда музыканың мәнерлілік құралдарын қолдана алады;

      7) глиссандо, флажолеты, вибрато, тремоло, кантиленді сипат, динамика, арпеджио сияқты музыкалық терминдерді біледі.

      74. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) түрлі ырғақ нұсқаларындағы гаммаларды үйрену әрі қарай жалғастырылады, саусақ жылдамдығы және қағыстық техника дамиды.

      2) білім алушы аккордтарды, арпеджиоларды және жылдам қарқындағы олардың айналымдарын үйренуге, түрлі стильдік бағыттағы репертуарларды меңгеруді, оның ішінде мейлінше күрделі фактуралы және мазмұнды пьесаларды үйренуге кіріседі.

      3) оқу жылының ішінде білім алушы жылдам қарқындағы гаммаларды, қағыстардың барлық түрін, арпеджионы, хроматикалық гаммаларды меңгереді.

      75. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізі келесі тақырыптық тарауды құрайды:

      1-тарау. Түрлі ырғақтық нұсқалардағы гаммалар. Легато. Саусақ жүйріктілігін және қағыстық техниканы дамыту. Сол қол техникасы.

      2-тарау. Аккордтар, арпеджиолар және олардың жылдам қарқындағы айналымдары. Түрлі стильдік бағыттағы репертуарлар. Этюдтердегі күрделі қағыстар.

      3-тарау. Ансамбльде музыка ойнау. Музыканы сандық өңдеуге арналған бағдарламалар, аранжировка. Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар.

      Аспапты өз бетімен күйге келтіру.

      76. Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жылдам қарқындағы және түрлі ырғағқтық нұсқалардағы арпеджио гаммалары, саусақ жүйріктілігі мен қағыс техникасын дамыту.

      2-тақырып. Қағыстарды одан әрі жетілдіру.

      3-тақырып. Сол қол техникасы одан әрі дамыту: трельдер, позициялардың бірігуінің алуан түрлері, қос ноталар, аккордтар, табиғи және жасанды флажолеттер.

      4-тақырып. Түрлі стильдік бағыттағы репертуарларды кәсіби меңгеру.

      5-тақырып. Мейлінше күрделі фактуралы және мазмұнды шығармалармен жұмыс.

      6-тақырып. Этюдтердегі күрделі штрихтарды орындау сапасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру.

      7-тақырып. Нотаны парақтан оқу және білім алушы үшін мейлінше күрделі репертуарды өз бетімен үйрену жұмысы.

      8-тақырып. Ансамбльде музыка ойнау.

      9-тақырып. Музыканы сандық өңдеу, аранжировка, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редактор мультимедиялық құралдарымен танысу одан әрі жалғастыру.

      10-тақырып. Аспапты кәсіби, өз бетімен күйге келтіру.

      77. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сол қол техникасын меңгерген: саусақтардың жүйріктілігі, позициялардың қосылуларының алуан түрлерін, жасанды флажолеттер мен қос ноталарды біледі;

      2 аспапта мейлінше күрделі қағыстарды орындау техникасын біледі;

      3) интервалды техника дағдыларын меңгерген;

      4) музыкалық шығармаларды өңдей алады;

      5) аспапта ойнау барысында шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      6) аспапта музыкалық шығармаларды өз бетімен жаттай алады;

      7) аспапты өз бетімен күйге келтіре алады;

      8) парақтан оқу дағдыларына ие;

      9) балалайкада түрлі аккордтарды ойнай алады;

      10) мажорлық және минорлық гаммаларды түрлі позициялара орындай алады;

      11) хроматикалық гаммаларды орындай алады;

      13) мейлінше күрделі қағыстармен және ырғақтық суреттермен орындау дағдыларына ие.

      78. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін;

      2) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктері біледі;

      2) музыкалық терминдерді;

      3) музыкалық шығармалардың түрлі интерпретацияларын;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стильдер мен жанрлардан тұратын балалайка арналған репертуарды;

      5) балалайкада жеке, сондай-ақ ансамбльде, оркестрде ойнау тәсілдері;

      6) музкаларын орындайтын композиторлардың шығармашылығының негізгі заңдылықтарын;

      7) музыкант-орындаушының сахнадағы жұмыс қағидаттарын.

      Түлек біледі:

      1) жеңілдеу ноталық мәтінді өз бетінше талдай алады;

      2) балалайкада жеке шығармаларды ойнайды;

      3) музыкалық ұжымда өз партиясын орындайды;

      4) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік деңгейінде сауатты орындайды;

      5) күрделі емес шығармаларды жаттау барысында кездесетін техникалық қиындықтарды өз бетімен жеңеді;

      6) орындаушылық практикада алған теориялық білімін қолданады;

      7) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады;

      8) музыкалық формалар туралы түсініктері бар.

      Түлектің бойында келесілер қалыптасқан:

      1) жеңіл музыкалық шығармаларды есту арқылы теру және парақтан оқу дағдылары;

      2) мәнерлілік үшін музыкалық-орындаушылық құралдарына пайдалану дағдылары;

      3) естуді бақылауды тәрбиелеу және орындау процесін басқару білігі бойынша дағдылары;

      4) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау дағдылары;

      5) көпшілік алдында көрсетілетін жеке орындаушылық практикасы дағдылары;

      6) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдылары.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      79. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      62. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      80. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (әртүрлі сипаттағы екі-үш пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (бір этюд, екі пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (бір гамма, бір этюд);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (бір этюд, екі-үш пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (бір гамма, бір этюд);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы үш пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (бір гамма, бір этюд);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (бір гамма, бір этюд, әртүрлі сипаттағы үш пьеса), екінші жартыжылдықта: емтихан (әртүрлі сипаттағы үш пьеса.

      81. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      82. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" ("өте жақсы") бағасы – музыкалық шығарманың мазмұнын бейнелі мәнерлі жеткізу, форма сезімін, қарқынның біркелкілігін нақты түсіну, мәнерлі екпіндейді, ырғақтық соғудың (пульсация) анықтылығы, динамикалық түрлілігі, өз орындауын тыңдауы, орындау техникасын еркін игеруі, әртісітілігі және беріле орындауы;

      2) "4" ("жақсы") бағасы – шығарманың формасын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді қалыпты орындауы, қарқынның жылдамдығы, екпіндеуінің мәнерлілігі, динамикалық түрлілігі, естуді бақылауының жеткіліксіздігі, сахнада өзін ұстауындағы психологиялық тұрақсыздығы.

      3) "3" ("қанағаттанарлық") бағасы – музыканың бейнесін түсінбей авторлық ноталық мәтінді формальді түрде оқуы, өз орындауын тыңдай отырып бақылауы нашар, темптік-ырғақтық дұрыс ұйымдаспағандығы, динамикалық бірсарындылығы және дыбысталудың бір қалыптылығы, сахнада өзін өзі ұстауының психологиялық тұрақсыздығы.

      4) "2" ("қанағаттанарлық емес") бағасы – ноталық мәтінді айтудағы қателіктерінің болуы, тыңдауды бақылай алмауы, метриоритмикалық тұрақсыздығы, дыбыс шығарудың және дыбыс жүргізудің сапасының төмендігі, мәнерлеп екпіндеудің болмауы, орындау барысында жиі тоқтауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
36-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Гобой" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Гобой" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Гобой" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – көркемдік мәнерлеудің мақсаттарына бағынышты, қарқыннан және метрден сәл ауытқулар (баяулату, жылдамдату);

      2) амбушюр – кейбір белгілі мүштік құралы бар үрлемелі аспаптарда ойнау кезіндегі музыканттың еріндерін қою тәсілі;

      3) арпеджио – фортепианода, кейбір клавишалық және ішекті аспаптарда аккордтарды орындау тәсілі, ол кезде аккордтардың дыбыстары бірінен кейін бірі шығады;

      4) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың ретті қатарын орындау тәсілі;

      5) деташе – ішекті-ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің түрлілігі;

      6) диминуэндо – дыбыс күшінің біртіндеп азаюын білдіретін музыкалық термин;

      7) доминантсептаккорд – төрт дыбыстан құралған аккорд, олар терция бойында орналасқан немесе орналасуы мүмкін, мажордың бесінші сатысынан (доминанттар) және гармониялық минордан құралады;

      8) дыбысты жүргізу – фонация процесіндегі дыбыстарды байланыстыру тәсілдері;

      9) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезіндегі немесе вокалдық партияларды орындау кезіндегі дыбыстарды шығаруға арналған дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; әртүрлі дыбыс шығару тәсілдерінің, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың кейбір нюансировкалық сипаттамалары;

      10) дыбыс шығару – әуенді шығару, музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде дыбыстарды шығару;

      11) крещендо – дыбыс күшінің біртіндеп жоғарылауын білдіретін музыкалық термин;

      12) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      13) музыкалық баса айту – бір уақытта дыбысты және техникалық дағдыларды меңгеру;

      14) музыкадағы динамика – дыбысталу қаттылығының ерекшеліктеріне байланысты түсініктер мен ноталық белгілердің жиынтығы;

      15) музыкадағы ырғақ – өзара байланысқан бірнеше мәні бар музыкалық-теориялық және эстетикалық түсініктер; музыкалық дыбыстардың (тондардың) жоғары ұйымдастырылуы бойынша ретпен орналасуы; экспрессивтік, синтаксистік, сипаттық және жанрлық мәндеріне шартталған музыканы жеткізу нақышы; музыканы жеткізудегі тондардың мейлінше аз байланысуы, дербес мәнерлілік мәні бар, музыкадағы семантикалық бірлік;

      16) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады; мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      17) нюанс – музыкалық әуенділікті, аз ғана айырмашылықты сипаттайтын термин, дыбыстағы сәл ғана сезілетін ауысу: форте – қатты, dolce [дольче] - нәзік, appassionato [аппассионато] – ынтыға және сол сияқты;

      18) нюансировка – музыканы орындау тәсілі, түрлі ерекшеліктердің көмегімен шығарманың бөліктері өз бедеріне ие болады;

      19) ритм – уақыт аралығында музыканы ұйымдастыру;

      20) октава – дыбыстар аралығындағы жиіліктің 1:2 қатынасы болатын музыкалық интервал, яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменгіден 2 есе көп;

      21) стаккато – бір дыбысты бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих: стаккато – легатоға қарама-қайшы келетін, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі түрлерінің бірі;

      22) тембр – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыстың ерекше сипаттарының бірі;

      23) технологиялық жағы – аспаптың, мүштіктің, ысқының қалпы; денені, басты, қолдарды, амбушюрді қою; орындаушылық тыныс техникасы, тіл техникасы (қатты, жұмсақ, қосымша шабуыл);

      24) үндестілік (тональность) – ладтың жоғары қалпы;

      25) үшдыбыстылық – терциялардың бойында орналасқан, үш дыбыстан құралған аккорд;

      26) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеудің құралы;

      27) штрих – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі);

      28) ішектің амплитудасы – максималды ауытқу сәтінде тербеліс кезіндегі оның мейлінше ауытқитын нүктелерінің және сол нүктемен ішектің қалыпты жағдайдағы, яғни қозғалыссыз күйіндегі сәті аралығындағы арақашықтық.

      3. Бағдарламаның мақсаты: гобойда ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық шығарманы жеке және ансамбльде сауатты түрде орындауға мүмкіндік беретін гобой аспабында ойнау дағдылары мен тәсілдерін меңгеру;

      2) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және гобоймен орындау;

      3) музыкалық сауатты меңгеру, дүниетанымын кеңейту және музыкалық білімді, орындаушылық білік пен дағдыларды жинақтау.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, музыкалық ойлауды, шығармашылық қиялды, әртістік қабілеттерді дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық дүниетанымын кеңейту, білім алушының жеке қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының аспаппен жеке және ансамбльде музыка ойнау мәдениетін, гобойда ойнау бойынша алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға талпынысын тәрбиелеу;

      2) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдау білігін, тәрбиелеу, көркемдік талғамды, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      3) отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының озық үлгілерін үйрету негізінде өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      4) білім алушының бойында кәсіби оқуын жалғастыруға деген саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды гобойда ойнауға оқыту мерзімі – бес жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

      7. Бағдарлама гобойда ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайландырылған классикалық шығармаларын үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама білім алушының әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі гобойда ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға бағытталған.

      10. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін гобойда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды білім алушының меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін білім алушының алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      14. Балалардың гобойда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін алуға бағытталуы бағдарламаның ерекшелігі болып табылады.

      15. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын ести білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, өзгермелі икемді ритмде келісілген түрде және көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльдің қатысушыларымен өзара әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, және негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары.

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      19. "Гобой" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы және басқалары.

      23. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      24. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді.

      25. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      26. Сабақпен қатар жұмыстың сабақтан тыс түрлері жүргізіледі:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      27. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      35. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерттік және емтихандық бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      37. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      41. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасын, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын және басқаларды қамтиды.

      42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      43. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      54. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріліп анықталады.

      55. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      56. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбыстарды дамытуға арналған жаттығулар (дыбыс ұзақтығымен жұмыс);

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс (гаммалар, жаттығулар, этюдтер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) ноталарды парақтан оқу.

      57. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      58. "Гобой" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы аспаппен, құрылымымен, оны күту ережелерімен, ноталардың аталуымен, дыбыстардың ұзақтығына қарай олардың ноталық станның бойында орналасуымен, метрмен және басқа да қарапайым теориялық мәліметтермен танысады;

      2) денені, қолды, аяқты дұрыс қою бойынша жұмыстар жүргізіледі, орындаушылық тыныс туралы түсінік, дыбыс шығарудың алғашқы дағдылары қалыптасады;

      3) білім алушы деташе, стаккато және легато, мажорлық және минорлық гаммаларды, "до", "соль", "фа мажор", "ля", "ми", "ре минор" үндестілігіндегі үшдыбысты арпеджио, 10-12 этюдті, "деташе" штрихындағы жаттығуларды, 6-8 жеңіл пьесаны меңгереді.

      60. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу. Гобойдың құрылымы. Аспапты күту ережелері.

      2-тақырып. Ноталардың аталуымен, дыбыстардың ұзақтығына қарай олардың ноталық станның бойында орналасуымен, метрмен және басқа да қарапайым теориялық мәліметтермен танысу.

      3-тақырып. Орындаушылық тынысты қою. Орындаушылық тынысты дамыту. Орындаушылық тыныстың ерін, тіл, саусақ жұмыстарымен өзара байланысы. Ырғақтың тазалығына қол жеткізу.

      4-тақырып. Ойын барысындағы еріннің қызметі, ерін техникасының мәні және оны дамыту әдістері. Ерін және бет бұлшық еттерінің жүйесі, ерін аппараты түсінігі, "амбушюр" түсінігі. Ерін аппаратының орындаушылық тыныспен өзара байланысы.

      5-тақырып. Денені қою. Жас музыканттардың денені қоюда жіберетін қателіктері.

      6-тақырып. Тіл қызметі, дыбыс шабуылының ерекшеліктері. Тіл техникасын дамыту. Дыбыс шығарудағы тілдің ролі. Тіл бұлшық еттерінің құрылымы және қызметі. Дыбыс шабуылы түсінігі. Шабуыл түрлері. Гобойда ойнау кезінде мейлінше жиі қолданылатын штрихтар. Оларды белгілеу тәсілдері және орындау ерекшеліктері. Штрихтардың музыкалық-мәнерлілік мәні және оларды музыканың стильдік ерекшеліктеріне байланысты қолдану. Штрихтарды орындау кезінде тілді, тыныс алатын ауа ағынын және саусақтарды үйлестіру. Гобойда ойнау кезіндегі тілдің жұмымысымен байланысты техникалық тәсілдерді дамыту.

      7-тақырып. Саусақ техникасы, ойын практикасындағы оның мәні және дамыту тәсілдері. Саусақ техникасы түсінігі. Саусақ қозғалыстарының механизмі. Техникалық дағдыларды меңгерудегі түсінушілік және автоматтандыру. Ойын аппаратының автоматты іс-әрекетке қабілеттілігі. Саусақ техникасын дамытудың ерекшеліктері. Саусақтар мен тілді үйлестіру, өзара синхронды әрекеттестігі. Музыканы орындаудағы есту қабілетін бақылау қызметтері.Саусақтардың техникасын дамыту тәсілдері орындаушылық техниканы жетілдірудің ажырамас бөлігі.

      8-тақырып. Аспапты күйге келтіру.

      9-тақырып. Штрихтар, артикуляция, дыбыс шабуылы, дыбыс жүргізу. Штрих түсінігін анықтау. Штрих дегеніміз музыкалық дыбысты шығару, жүргізу және аяқтау тәсілі сияқты. Деташе, стаккато және легато штрихтары.

      10-тақырып. "До", "соль", "фа мажор", "ля", "ми", "ре минор" үндестіліктеріндегі мажорлық және минорлық гаммалар.

      11-тақырып. "До", "соль", "фа мажор", "ля", "ми", "ре минор" үндестіліктеріндегі үш дыбысты арпеджио.

      12-тақырып. Пьесалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану бойынша дағдылар (штрихтармен, нюанстармен, баса айтулармен жұмыс).

      13-тақырып. Үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланыстарды қадағалау.

      14-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдылары. Музыкалық есте сақтау жадын дамыту.

      15-тақырып. Жаттығуларды жаттау.

      16-жаттығу. Бір белгісі бар үндестіліктегі мажорлық және минорлық гаммалар.

      17-жаттығу. Баяу қарқындағы үшдыбыстылық. Қарқынның тұрақтылығы сезімін дамыту.

      18-тақырып. Жаттығуларды жаттау.

      19-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      20-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының аяғында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) құрылысын және гобойды күту ережелерін біледі;

      2) музыкалық сауат негіздерін біледі;

      3) гобойда ойнағанда тынысты дұрыс қолданады;

      4) амбушюр қойылымдарын біледі,

      5) қолдардың саусақтарын және дене қалпын қоюды біледі және сақтайды;

      6) "штрих" және деташе, стаккато мен легато штрихтары туралы түсініктерді біледі;

      7) до", "соль", "фа мажор", "ля", "ми", "ре минор" үндестіліктеріндегі үшдыбысты арпеджионы орындайды;

      8) "до", "соль", "фа мажор", "ля", "ми", "ре минор" үндестіліктерінде мажорлық және минорлық гаммаларды орындайды;

      9) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      10) қарапайым жаттығуларды, этюдтерді, пьесаларды орындайды.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық техниканы, ерінді, қолды, денені қоюды, орындаушылық тынысты қалыптастыру, этюдтер мен жаттығуларды парақтан оқу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) ырғақ, дыбыс шығару және ритм бойынша жұмыстар жалғастырылады, штрихтарды орындау сапасына қойылатын талаптар күшейтіледі, мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану бойынша дағдылар меңгеріледі, үйретілетін пьесалардағы және ірі нысанды шығармалардағы мейлінше күрделі эпизодтар пысықталады;

      3) білім алушы мажорлық және минорлық гаммаларды, екі белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі үшдыбысты арпеджионы, мүмкіндігі бойынша екі октавада (қалыпты қарқындағы), деташе, стаккато және легато штрихтарындағы 14-16 этюдтер мен жаттығуларды, 10-14 пьесаны, 4-6 ансамбльді меңгереді.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ерінді, қолды, денені, орындаушылық тынысты қою бойынша жұмыс.

      2-тақырып. Екі белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі мажорлық және минорлық гаммалар, мүмкіндігіне қарай екі октавда (қалыпты қарқында).

      3-тақырып. Екі белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі үшдыбысты арпеджио, мүмкіндігіне қарай екі октвада (қалыпты қарқында).

      4-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану бойынша дағдылар.

      5-тақырып. Үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланыс.

      6-тақырып. Білім алушының этюдтер мен жаттығуларды парақтан оқу дағдыларын дамыту бойынша жұмыс.

      7-тақырып. Жаттығуларды жаттау (деташе, стаккато және легато штрихтарында).

      8-тақырып. Этюдтерді жаттау (деташе, стаккато және легато штрихтарында).

      9-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) баса айту кезінде тынысты дұрыс жұмсайды;

      2) әртүрлі штрихтарды және нюансировкаларды қолданады;

      3) екі белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі мажорлық және минорлық гаммаларды біледі;

      4) қалыпты қарқындағы, екі белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі үшдыбысты арпеджионы біледі;

      5) detache [деташе] және legato [легато] штрихтарымен хроматикалық гаммаларды орындайды;

      6) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану бойынша дағдыларды біледі;

      7) үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланысты белгілей алады;

      8) этюдтер мен жаттығуларды парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      9) гаммаларды, этюдтерді әртүрлі нюанстарда және штрихтарда орындайды;

      10) үйретілетін шығарманың қиын тұстарымен, жеке бөліктерімен жұмыс істейді, бөліктерді жалпы тұтастырады.

      65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының музыкалық бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту, орындаушылық техниканы қалыптастыру, этюдтер мен жаттығуларды парақтан оқу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі;

      2) білім алушы көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланыстарды ескеріп, зерделенетін шығармалардың және ірі нысанды шығармалардың мейлінше күрделі тұстарын пысықтайды;

      3) білім алушы мажорлық және минорлық гаммаларды, әртүрлі штрихтық және ритмикалық нұсқаларда, үш белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбысты арпеджионы (жылдам қарқында), деташе, стаккато, легато штрихтарындағы 15-20 этюдті, 12-14 пьесаны, 6-8 ансамбльді меңгереді.

      66. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мажорлық және минорлық гаммалар, жылдам қарқындағы үш белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбысты арпеджио.

      2-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарымен жұмыс. Штрихтармен, нюанстармен, дыбыс жүргізумен жұмыс. Үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланыс.

      3-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      4-тақырып.Пьесаларды жаттау.

      5-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      6-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлық және минорлық гаммаларды, үш белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбысты арпеджионы орындайды. Гаммалар әртүрлі штрихтармен және ритмикалық нұсқаларда жылдам қарқында орындалады;

      2) пьесаларды және ірі нысанды шығармаларды орындау кезінде шығарманың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланысты ескереді;

      3) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану бойынша дағдыларға ие болады (штрихтармен, нюанстармен, дыбыс жүргізумен жұмыс);

      4) этюдтер мен жаттығуларды парақтан оқу дағдыларын меңгереді.

      68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дыбыс сапасына және орындау мәнеріне қойлатын талаптардың жоғары болуы кезіндегі орындаушылық техниканы қалыптастыру бойынша жұмыс жалғастырылады;

      2) пьесаларды, ірі нысанды шығармаларды орындау барысында көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдер пысықталады, парақтан оқу, шығармаларды талдау дағдылары дамиды;

      3) білім алушы жылдам қарқында әртүрлі штрихтардағы мажорлық және минорлық гаммаларды, баяу қозғалыстағы хроматикалық гаммаларды, төрт белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбысты арпеджионы, 15-20 этюдті, 8-10 пьесаны, 8-10 ансамбльді меңгереді.

      69. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық техниканы қалыптастыру. Тыныстың түрлері.

      2-тақырып. Жылдам қарқындағы мажорлық және минорлық гаммалар.

      3-тақырып. Баяу қозғалыстағы хроматикалық гаммалар.

      4-тақырып. Төрт белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбысты арпеджио.

      5-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық жұмыстары. Орындалатын шығармаларды талдау. Орындаушылық техникасының түрлері. Көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолдану.

      6-тақырып. Парақтан оқу дағдыларын дамыту.

      7-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      8-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      9-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жылдам қарқында мажорлық және минорлық гаммаларды (әртүрлі штрихтарда) орындайды;

      2) баяу қозғалыстағы хроматикалық гаммаларды орындайды;

      3) төрт белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбысты арпеджионы біледі;

      4) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын пайдалану бойынша дағдыларға ие болады;

      5) орындалатын шығармаларды талдай алады;

      6) орындаушылық техникасының түрлерін біледі, көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолданады;

      7) жаттығуларды, этюдтерді парақтан оқу дағдыларына ие болады.

      71. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) пьесалармен, ірі нысанды шығармалармен жұмыс, этюдтерді, пьесаларды, ансамбльдерді парақтан оқу дағдыларын дамыту, мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаларға талдау жасау, орындаушылық техникасының әртүрлі түрлерін меңгеру, көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) білім алушы бес белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі мажорлық және минорлық гаммаларды, арпеджионы, барлық үндестіліктердегі доминантсептаккордтарды, әртүрлі штрихтардағы және ритмикалық суреттердегі хроматикалық гаммаларды, екі октавадағы жеке гаммаларды, барлық кілттердегі 18-20 этюдтерді, шағын формадағы 8-10 шығарманы, 1-2 ірі нысанды шығармаларды, 8-10 пьесаны (олардың 2-3 ірі нысанды шығармалар), 4-6 ансамбльді меңгереді.

      72. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Төрт белгіге дейінгі үндестіліктердегі мажорлық және минорлық гаммалар.

      2-тақырып. Барлық үндестіліктегі арпеджио, доминантсептаккордтар.

      3-тақырып. Әртүрлі штрихтардағы және ритмикалық суреттердегі хроматикалық гаммалар, екі октавадағы жеке гаммалар.

      4-тақырып. Мажорлық және минорлық гаммалар, қалыпты қарқындағы барлық үндестіліктегі арпеджио.

      5-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаларды талдау, орындаушылық техниканың әртүрлі тәсілдерін игеру, көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолдану бойынша дағдылар. Этюдтерді, пьесаларды, ансамбльдерді парақтан оқу дағдыларын дамыту.

      6-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      7-тақырып. Шағын формадағы шығармаларды жаттау.

      73. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техникасына ие болады;

      2) төрт белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды орындайды;

      3) барлық үндестіліктердегі арпеджионы, доминантсептаккордтарды орындайды;

      4) әртүрлі штрихтардағы және ритмикалық суреттердегі хроматикалық гаммаларды, екі октавадағы жеке гаммаларды орындайды;

      5) мажорлық және минорлық гаммаларды, қалыпты қарқындағы барлық үндестіліктердегі арпеджиоларды біледі және орындайды;

      6) орындаушылық техниканың әртүрлі түрлерін біледі;

      7) шығармаларды орындау барысында көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолданады;

      8) ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамытады;

      9) орындалатын шығармаларды талдау дағдыларына ие болады.

      74. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) композиторлардың шығармашылығын, музыка өнері саласындағы отандық және шетелдік озық шығармаларды;

      2) гобойдың көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін;

      3) музыкалық жанрларды және негізгі стильдік бағыттарды;

      4) әртүрлі жанрлық музыканы;

      5) әлемдік музыка мәдениетінің озық үлгілерін;

      6) музыкалық сауаттың негіздерін;

      7) музыка өнерінде қолданылатын музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын;

      8) мейлінше көп қолданылатын музыкалық терминдерді;

      9) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармалардан тұратын гобойға арналған репертуарды.

      Түлек істей алады:

      1) жанры және стилі әртүрлі музыкалық шығармаларды аспапта өз бетінше жаттай алады;

      2) гобойда күрделі емес шығармаларды жаттау кезінде туындаған техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңеді;

      3) гобойда музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасай алады;

      4) үйретілген музыкалық шығармаларды сауатты орындайды;

      5) музыкалық шығарма мәнмәтінінде мәнерлілік құралдардың ролін түсіндіре отырып, ноталық мәтінді талдайды;

      6) жеке, ансамбльде және оркестрде ойнайды;

      7) дыбыстық техникамен жұмыс істейді;

      8) гобойдың тембрлік көп түрлілігін қолдандады.

      Бітіруші түлекте:

      1) авторлық мәтінді мейлінше нақты жеткізу, түрлі ғасырлардағы, стильдегі, бағыттардағы, жанрлардағы және формалардағы музыкалық шығармалардың репертуарын өзбетінше жинақтауға қол жеткізу үшін гобойдың көптеген мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін орындаушылық білім, білім және дағдылар кешені;

      2) музыкалық шығармаларды парақтан оқу білігі, есту арқылы теру және күрделі емес музыкалық шығармаларды парақтан оқу дағдылары;

      3) ансамбльде музыка ойнау негіздері;

      4) білім алушының көркемдік талғамы;

      5) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын пайдалану бойынша дағдылар;

      6) естуді бақылауды тәрбиелеу бойынша дағдылар және орындау процесін басқару білігі;

      7) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын пайдалану, орындалатын шығармаларға талдау жасау, орындаушылықтың әртүрлі түрлерін меңгеру, көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолдану бойынша дағдылар;

      8) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау дағдысы;

      9) жеке орындаушы ретінде дайындық-концерттік жұмыс дағдылары;

      10) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      75. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      76. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 этюд, 1 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажорлық және минорлық гаммалар және үшдыбысты арпеджио, 1 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажорлық және минорлық гаммалар және үшдыбысты арпеджио, 1 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммалар, үшдыбысты арпеджио және септаккордтар, 1 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 ірі нысанды концерттік шығарма), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (Қазақстан композиторның 1 пьесасы, түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе 1 ірі нысанды шығарма).

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (әртүрлі сипаттағы 3 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса немесе әртүрлі сипаттағы 3 пьеса, Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау міндетті болып табылады).

      Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      77. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) денені, саусақ аппаратын, аяқты, амбушюрді қою, орындаушылық тынысқа, саусақ аппаратына, көтеру амплитудасына, саусақтарды үйлесімді көтеру, моторлыққа ие болу;

      2) музыкалық дыбысқа (дыбыс шабуылы және тоқтату, артикуляция ,тілдің жұмысы), тембрдің мәнерлігі, дыбыстың ұзақтығы (тыныс шығарудың дамуы), бір нюанстағы дыбыстардың ұзақтығы, динамикадағы дыбыстың ұзақтығы (крищендо, диминуэндо), дыбыс ырғағының тазалығы, нюансировка, негізгі штрихтар;

      3) музыкалық қабілетінің, физикалық шыдамдылығының, музыкалық есте сақтау жадының (музыкалық шығарманы тоқтамай, қатесіз орындау білігі), музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізуі, шығарманың бір қалыпты қарқыныны ұстап тұруы (егер қарқындық ақаулар болмаса), ритмикалық комбинациялардың түзулігі (ритмикалық сурет).

      78. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы" – оқу жылына сәйкес бағдарламаны жатқа, мәнерлеп орындауы; мәтінді жақсы білуі, қажетті техникалық тәсілдерді, штрихтарды білуі; жақсы дыбыс шығаруы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі; автордың ойына сәйкес, көркемдік бейнені жасауға ықпал ететін көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолдануы;

      2) "4" бағасы "жақсы" – бағдарламасының оқу жылына сәйкестігі, анық көркем-музыкалық жеткізуді сауатты орындауы, ұсақ техникалық кемшіліктерінің болуы, орындалатын шығарманың бейнесін сәл сенімсіз жеткізуі;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық" – ноталық мәтінді нашар білуі, мәтіннің толық жатталмауы, техникалық дайындығының әлсіздігі, ойнауындағы көркемдік жағының төмендігі, орындау кезінде қателіктерге жол беруі, шығарманың сипатының анықталмауы;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес" – сабақтарға нашар қатысудың және өздік жұмыстардың әлсіздігінің салдарынан ноталық мәтінді жатқа білмеуі, аспапта ойнау дағдыларын төмен деңгейде меңгеруі;

      5) "Сынақ" баға қойылмайды – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
37-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Академиялық ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Академиялық ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Академиялық ән айту" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ән айтудағы шабуыл – фонацияның басталуы немесе таза дауыстылардың дыбысталуның басталуы;

      2) әншілік тұғыр – әншінің фонация (дыбыс шығару) алдында енетін қалпы;

      3) вибрато, вибрация – жоғарылығы, күші, тембрі бойынша дыбыстың ұдайы өзгеруі;

      4) вокализ – сөзсіз, дауысты дыбыстарды орындауға арналған шығармалар;

      5) дауыс гигиенасы – әншінің жүріс-тұрысқа қатысты белгілі ережелерді, әншілік тәртіпті сақтауы;

      6) дауысты қою – білім алушылардың бойында дұрыс дыбыс шығаруға ықпал ететін, дауыс аппаратының рефлекторлық қимылдарын пысықтайтын ән айтуға жеке оқыту процесі;

      7) диапазон – дауыстың (аспаптың) ең төменгіден ең жоғарығыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      8) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      9) дыбыстың жоғарылығы – дыбысталатын дененің тербеліс жиілігіне байланысты музыкалық дыбыстың қасиеті;

      10) дыбыс шығару (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппаратының іс-қимыл нәтижесі;

      11) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық, сол сияқты аспаптық музыка;

      12) легато – үздіксіз айту, стаккато – үзік-үзік айту;

      14) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      15) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеудің құралы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: вокалшының орындаушылық шеберлік негіздерін практикада меңгеру арқылы білім алушының рухани, музыкалық және шығармашылық дамуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық сауатты, вокалдық терминдерді меңгеру;

      2) дауысты, әншілік тынысты оқыту;

      3) вокалдық орындаушылық техникасын меңгеру;

      4) дикциялық, таза және анық артикуляциялауға дағдыландыру;

      5) қазақ, шетел классикасының және заманауи вокалдық музыканың үлгілерін меңгеру.

      Дамыту:

      1) музыкалық қабілеттерін дамыту: есту, жады, ырғақ сезімі, музыкалылық және әртістік;

      2) вокалдық дауыс ырғақтарын және сольфеджиолау дағдыларын дамыту;

      3) вокалдық орындаушылық білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

      4) музыкалық материалмен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;

      5) бейнелі ойлау және музыканы эмоциямен қабылдауды қалыптастыру;

      6) өзін өзі таныстыру және өзін дамыту қажеттіліктерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық және орындаушылық талғамды тәрбиелеу;

      2) рухани, адамгершіліктік, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбие беру;

      3) түрлі ұлттық дәстүрдің, стильдің, ғасырдың музыка өнеріне ену арқылы мәдени төзімділікті тәрбиелеу;

      4) назар қою, есту, ойлау, есте сақтау білігін тәрбиелеу;

      5) еңбек сүйгіштікке, қойған мақсаттарына жетуде ұмтылушылық және жігерлілікті тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      7. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындықтары және жалпы даму деңгейі әртүрлі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      8. Бағдарлама білім алушының:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      9. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      10. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      11. Бағдарламаның ерекшелігі музыкалық және вокалдық білім негіздерін қалыптастыру, ән айтудың белгілі нақышын меңгеру, аталған нақышта ән айту дағдыларын дамытудағы жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      12. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      13. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      14. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушыныңң музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты ән айтудың орындаушылық дағдыларын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      15. "Академиялық ән айту" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      16. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарманы орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      17. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      18. Сабақтардың формалары:

      1) практикалық;

      2) өздік жұмыс;

      3) дайындық-концерттік;

      4) байқаулар.

      19. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      20. Педагогтің білім алушымен жүргізетін жеке сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақтардың жеке формалары педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      21. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      22. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      4) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      23. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      24. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      25. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      26. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      27. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      28. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      29. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      30. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      31. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      32. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірінен бірі біршама ерекшеленеді.

      33. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтернен тұратын заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      34. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      35. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қабілеттерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      36. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      37. Репертуарлық тізбе халық әндерін, қазақ, орыс, шетел музыкасының классикалық музыкалық шығармаларын және заманауи композиторлардың шығармаларын қамтиды.

      38. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      39. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      40. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      41. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      42. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйренудің кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      43. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      44. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      45. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттауды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      46. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) вокализдермен жұмыс;

      2) тыныс алу және вокалдық жаттығуларымен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьселарын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің өңдеулері;

      6) парақтан оқу дағдылары.

      47. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      48. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) вокалдық қабілеттерінің деңгейі;

      2) білім алушының жеке ерекшеліктерінің, қабілеттерінің дамуы;

      3) вокалдық техниканы, вокалдық репертуарды меңгеруі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (тырысушылығы, қажырлығы);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      49. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескерліп анықталады.

      50. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне ескеріп қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      51. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) тыныс алу вокалдық жаттығулар;

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс (вокализдер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) нотаны парақтан оқу.

      52. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің айтуын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушылардың күнделіктеріне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      53. "Академиялық ән айту" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      54. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "әншілік тұғыр", "әншілік дауыс", "әншілік тыныс", "кантилена" түсініктерімен танысады;

      2) әншілік тыныс және дауыстың дұрыс әншілік дыбысталу (жылдамдатылмаған) негіздері, музыкалық-есту түсініктері және ритм сезімі, артикуляция дағдылары қалыптасады, дикциямен жұмысқа, дыбыстың дұрыс қалыптасуына негізгі көңіл бөлінеді;

      3) білім алушы вокалдық жаттығуларды, 1-2 күрделі емес халық әндерін, 2-3 қарапайым шығармаларды меңгереді.

      55. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Жеке ән айту түсінігі. Ән айту кезінде денені, басты, ауызды қою. Төменгі жақтың, бет бұлшық еттерінің, мойынның, кеуде қуысының шамадан тыс күш түсірмей.

      2-тақырып. Қабілеттер кешені бойынша дауыс типін анықтау. Дауыстағы және сөйлеудегі ауытқуларды анықтау.

      3-тақырып. Әншілік тыныс туралы түсінік. Тыныс алуға арналған жаттығулары.

      4-тақырып. Дауыс аппаратының құрылымы. Дауыс аппаратын қорғау.

      5-тақырып. Ноталық сауат. Ноталық стан. Бірінші октавадағы ноталардың орналасу тәртібі.

      6-тақырып. Дикция. Артикуляцияға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Дауыс диапазоны. Квинта диапазонында қарапайым жаттығуларды қолдану.

      8-тақырып. Қол жетімді диапазонда қарапайым музыкалық шығарманы жаттау және айту.

      9-тақырып. Ноталық сауат. Күшті және әлсіз бөліктері. Ұзақтылығы.

      10-тақырып. Дыбыс жүргізу бойынша жұмыс. Кантиленаны жасау.

      11-тақырып. Вокализдер.

      56. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс, әншілік тыныс туралы жалпы түсініктерді біледі;

      2) әншілік ұстанымды сақтайды;

      3) тыныс алуды және тынысты музыкалық фразаларға бөлуді біледі;

      4) жеңіл дыбыспен ән айтуды біледі, оны "созуға" тырысады;

      5) аспаптың дыбысталуына сүйеніп, сосын аспапсыз фрагменттері бойынша әуендерді ырғағын дұрыс қойып айта алады;

      6) әндердің сөздерін дұрыс және анық айтады, дауыстылырады бұзбай орындайды, дауыссыздарды нақты және қысқа айтады, белсенді артикуляция жасай алады;

      7) бір нотада әуендік айналымдарды (попевка) және қарапайым жаңылтпаштарды айта алады;

      8) терция-квинта аралығында кантиленді сипаттағы қарапайым әндерді айта алады;

      9) қажетті диапазонды октаваға дейін, ал жұмыс диапазонын секстаға дейін кеңейте алады;

      10) квинта-секста арасында кантиленді сипаттағы қарапайым әндерді орындай алады;

      11) концертмейстердің сүйемелдеуімен ән айтуды үйренуде;

      12) фонограммамен ән айтуды үйрену үстінде.

      57. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) жоғары вокалдық позиция және резонанс, дауыс концентрациясы сияқты алғашқы жалпы түсініктер беріледі;

      2) дауыс аппаратына шамадан тыс күш тісірмеу, білім алушының өз дауысының табиғи және ыңғайлы дыбысталуын естерінде сақтау, алған дағдыларын әрі қарай бекіту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      3) дикциямен жұмыс, дұрыс тыныс алу ұстанымдарын саналы түрде қолдану, орындаушылық дағдылар, көркемдік бейнені және музыкалық ойлауды дамыту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады;

      4) білім алушы вокалдық жаттығуларды, 2-3 халық әндерін, 3-4 күрделі емес шығармаларды меңгереді.

      58. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Дененің, астыңғы жақтың, мойынның, кеуде бөлігінің еркін қалпын сақтау дағыларын бекіту.

      2-тақырып. Дұрыс әншілік тыныс алуды жанама жасау.

      Бір қалыпқа келтіру. Жаттықтыруға арналған жаттығулар. Легато айту дағдыларын дамыту.

      4-тақырып. Сөйлеу және ән айтудағы артикуляцияның қағидаттары. Артикуляциялық аппараттарды дамытуға арналған сөйлеу және вокалдық жаттығулар.

      5-тақырып. Дыбыспен жұмыс. Ән айтудағы дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру. Дыбыс жүргізудің сипаты. Дыбыстың жұмсақ шабуылы.

      6-тақырып. Білім алушының диапазоны аралығындағы жаттығулар мен шағын шығармалар.

      7-тақырып. Есту мен дауыс арасындағы үйлесім. Дауыс ырғағының тазалығы, дұрыс әншілік позицияны жасауға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Білім алушының музыканы есту қабілетін дамыту. Аppello-да жаттығуларды айту.

      9-тақырып. Вокалдық репертуардың көркемдік-орындаушылықтың алғашқы дағдылары.

      10-тақырып. Екпіндік тұрақтылыты дамыту.

      11-тақырып. Ән айтудағы дауыстылар мен дауыссыдардың бірігуі. Дикцияның таза шығару бойынша жұмыс.

      12-тақырып. Сахна мәдениеті.

      59. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппараты туралы жалпы теориялық білімі бар;

      2) әншілік дауыстың гигиенасын біледі;

      3) әншілік ұстанымды сақтайды;

      4) шығарманың жылдамдығы мен сипатына қарай тыныс алуды біледі: сабырлы тыныс алу, жылдам тыныс алу, белсенді тыныс алу;

      5) тынысты ұстап тұруды, тынысты музыкалық фразаларға бөлуді, үнемдеп дем шығаруды біледі;

      6) жеңіл дыбыспен ән айта алады, оны ауаны шығармай, қысылмай "созуға" тырысады;

      7) таза және нақты екпіндеуді біледі;

      8) ырғақтық суреттерлі дұрыс орындауды, ән айту барысында қалыпты жылдамдықты ұстап отыруды біледі;

      9) әннің сөздерін дұрыс және анық айтады, дауыстыларды бұзбай жеткізеді, дауыссыздарды нақты және қысқа шығарады, белсенді артикуляция жасайды;

      10) концертмейстердің сүйемелдеуімен фонограммамен ән айтуды біледі;

      11) микрофонмен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын біледі, оны қолдануды үйренуде.

      60. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) legato, staccatto вокализдеудің кейбір түрлері, артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған сөйлеу және вокалдық жаттығулар, ұсақ техниканың күрделі емес тәсілдері және классикалық музыканың шағын шығармаларын айту меңгеріледі;

      2) білім алушы әншілік дауыстың регистрлері, ән айтудағы баса айту туралы білім алады, вокалдық тіл тағдыларын дамытады, тынысты дыбыспен байланыстыру, легатоны айту бойынша жұмыстар жүргізеді;

      3) тыныс алу ұстанымын сақтай отырып, дұрыс әншілік тынысты дамыту, кантиленаны дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      4) білім алушы 1-2 вокализді, 2-3 халық әндерін, шағын диапазондағы 5-6 аралас шығармаларды меңгереді.

      61. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Вокализдеу тәсілдерін жасау (legato [легато], staccatto [стаккато]).

      2-тақырып. Әншілік дауыстың регистрі. Әншілік диапазон. Бас және кеуде регистрлерін дамытуға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Вокалдық тіл дағдыларын дамыту. Ән айтудағы баса айтулар (фразировка).

      4-тақырып. Артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған тілдік және вокалдық жаттығулар.

      5-тақырып. Білім алушының мүмкіндіктері және оның дауыс диапазоны аралығына қойылған міндеттерді ескеріп, репетуарды таңдау.

      6-тақырып. Балалардың әртістік қабілеттерін, олардың ән айтуларын ырғақтық қозғалыстармен үйлестуруді дамыту.

      7-тақырып. Дауыстыларды бүрмелеу. Түрлі регистрлерде оларды қалыптастыру.

      8-тақырып. Тыныс алу ұстанымдарын сақтай отырып (әзірше қысқа мерзімді) дұрыс әншілік тыныс алуды дамыту. Тынысты дыбыспен қосу, легатоны айту.

      9-тақырып. Шығарманың музыкалық және поэтикалық мәтінмен өз бетінше жұмыс.

      10-тақырып. Мажор мен минордың алуан түрлеріндегі шығармаларды екпіндеу.

      11-тақырып. Мейлінше күрделі ырғақтық суреттермен жылдам және баяу қарқындағы ырғақтық тұрақтылық.

      12-тақырып.Сахна мәдениетін қалыптастыру.

      62. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылымын және оның қызметтерін біледі;

      2) әншілік дауыстың гигиенасын сақтайды, суық тиіп ауырған кезде дауысты қайта қалпына келтірудің қарапайым тәдістерін біледі;

      3) бір тынысты жеткілікті дәрежеде тең бөле отырып ұзақ фразаларды айта алады;

      4) тыныстың түрлерін ажырата алады;

      5) сүйемелмен айта алады;

      6) таза, табиғи, жеңіл дыбыспен айтуды, дауыс құраушының негізгі элементі ретінде жұмсақ шабуылды қолдануды, бейнелеу тәсілі ретінде қатты шабуылды сирек қолдану керектігін біледі;

      7) дауысты қыспай, ауаны шығармай соза алады;

      8) сау әншілік дыбысталудың даралығын сақтай алады;

      9) дыбыстың жоғары позициясын сақтай отырып, таза және нақты екпін жасай алады;

      10) ритмикалық суретті дұрыс орындауды, қалыпты қырқынды ұстап отыруды біледі;

      11) шығарманың мінезіне қарай legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] орындай алады;

      12) әннің сөздерін түсініп, мәнерлеп айтады, дауыстыларды бұзбай шығарады, дауыссыздарды нақты және қысқа айтады, белсенді артикуляция жасайды, орфоэпияның ережелерін сақтайды;

      13) эмоциямен, мәнерлеп, динамиканың түрлі реңктерін қолданып айта алады;

      14) концертмейстредің сүйемелдеуімен ән айта алады;

      15) фонограммамен ән айта алады;

      16) a cappella [а капелла] айта алады;

      17) музыкаға сәйкес ритмика элементтерін және қозғалыстарды орындай алады;

      18) сахналық бейне жасау бойынша жұмыс істей алады;

      19) әншінің сахнаға шыққанға дейін және концерт барысында өзін өзі ұстау ережелерін біледі.

      63. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) вокалдық-техникалық дағдыларды бекіту, әуендердің вариативтілігі негізінде шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығарманы жеткізуде өз бетінше жұмыс істеуге талпыну бойынша жұмыстар жалғастырылады, ноталық мәтінді оқу білігі, вокалдық шығармамен өз бетінше жұмыс істеу білігі жетілдіріледі;

      2) білім алушы тыныстың негізгі түрлерімен, әншілік дауыстың классификациясымен, әншілік дауыстың регистрлерімен, "мутациялық кезең" түсінігімен, мутациялық кезеңді өтудің ерекшеліктерімен танысады әншілік тынысты, кантиленді ән айтуды дамытады;

      3) білім алушы дауысының кемшіліктері анықталады, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіледі;

      4) білім алушы 2 вокализді, 2 халық әнін, 1-2 күрделі емес романсты, 3-4 аралас шығармаларды, 1-2 ансамбльді (мүмкіндігіне қарай) меңгереді.

      64. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Жеке ән айту дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Академиялық ән айтудың нақыштарының дағдыларын дамыту бойынша жұмыс.

      3-тақырып. Әншілік тынысты және кантиленді ән айтуды дамыту.

      4-тақырып. Дауыс шығарудағы кемшіліктер. Артикуляциялық аппарат пен кеңірдектің жұмысы.

      5-тақырып. Тыныс алудың негізгі түрлері: бұғаналық, іш, кеуде, аралас.

      6-тақырып. Әншілік дауыстардың классификациясы және әншілік дауыстың регистрі. Әншілік диапазонды кеңейту. Бас және кеуде регистрлерін дамытуға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Есту мен дауыс арасындағы үйлесім. Ырғақтың тазалығы. Дұрыс әншілік позицияны шығаруға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Дауыс кемшіліктері және оларды жою. Тамақ және мұрын дыбыстары, дауыс форсировкасы. Кемшіліктерді жоюға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Вокалдық репертуардың көркемдік-орындаушылық жағымен жұмыс.

      10-тақырып. Мутациялық кезең.

      11-тақырып. Халық әні жанры. Буынмен әндету, ладтық бояу, ритм және орындаушылық стиль. Меңгерілетін әндердің жанрларына сәйкес орындаушылықтың мәнерлілік құралдары.

      65. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мутациялық кезеңді өту ерекшеліктерін біледі;

      2) дауысты қорғау тәртібін сақтайды;

      3) дыбыстың қалықтауымен жұмыс істей алады;

      4) тыныс алу тәсілдерін біледі;

      5) ырғақтың таза болуын, жоғары вокалдық позицияны қадағалайды;

      6) резонаторларды қолдана алады;

      7) орындалатын шығарманың мінезін жеткізе алады;

      8) әуенді, ритмді және динамикалық реңктерді өз бетінше талдайды, оларды нақты орындайды;

      9) дыбыс шабуылының әртүрлі түрлерін қолдана алады;

      10) шығарманың сипатына қарай legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] айта алады;

      11) сахналық бейне жасау, жанры, сипаты жағынан түрлі шағармаларды орындаудағы даралығымен жұмыс;

      12) көпшілік алдында концерттерде өнер көрсету дағдысына ие болады.

      66. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы: романс, ария, ариетта жанрларымен танысады;

      2) тыныс алу бойынша жұмыс жалғастырылады, вокалдық шығармаларды жаттау процесіндегі дағдылар меңгеріледі, дауыс тембріне және ырғақтың тазалығына, регистрлерді түзеуге қадағалау жүргізіледі;

      3) динамикалық ерекшеліктердің техникасын, вокализдеудің түрлерін (кантилена, портаменто, маркато) дамыту және әншілік репертуарды іріктеу дағдысын қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады;

      4) білім алушы октава аясында вокалдық техникаға арналған жаттығуларды, техника элементтері бар 2 вокализді, 2 халық әнін, 1 күрделі емес арияны немесе романсты, 4-5 аралас шығарманы, 1-2 ансамбльді меңгереді.

      67. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Романс. Ария. Ариетта.

      2-тақырып. Дауысты баяу жүргізу. Тыныс алумен жұмыс.

      3-тақырып. Жанрына байланысты вокалдық шығарманы орындау нақышы.

      4-тақырып. Дауыс тембрін және ырғақ тазалығын өз бетінше бақылауды дамыту.

      5-тақырып. Регистрлерді түзету.

      6-тақырып. Бейнелерді жасаудағы динамикалардың мәні.

      7-тақырып. Репертуарды таңдау. Әндердің репертуарын жинақтау. Репертуарды орындау. Музыкалық мейірімділікті тәрбиелеу.

      8-тақырып. Динамикалық реңктер техникасын және вокалдаудың түрлі түрлерін (кантилена, портаменто, маркато) дамыту.

      9-тақырып. Дыбысталудың примарлы аймағын анықтау.

      10-тақырып. Шығарманың көркемдік мазмұны мен формасын қабылдау және мағынасын түсіну бойынша жұмыс.

      11-тақырып. Ән репертуарын талдау дағдыларын үйрету.

      68. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қалыпты еркін тыныс алуды қолдана алады;

      2) дамыған вокалдық техникасы бар;

      3) әншілік репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау дағдысына ие болады;

      4) сахналық бейнені жасай алады, жанры, сипаты жағынан әртүрлі шығармаларды орындай алады;

      5) діріл жаттығуларын, беттің бұлшық еттерін жылыту, оларды жұмысқа дайындауды біледі;

      6) дауыстың қозғалмалылығына арналған жеңіл жаттығуларды орындайды, "стаккато", "нон легато" тәсілдерін біледі;

      7) дыбыс филировкасын қолданады;

      8) жоғары позицияда айта алады және нақты ырғақ жасайды;

      9) дауысты дыбыстар үшін біріңғай артикуляцияны қолданады;

      10) жалғап және үзіп айту элементтерін қолданады (легато стаккато);

      11) вокалдық шығармаларды фразаларға, әуендік сызықтарға бөледі, шарықтау шегін анықтайды;

      12) музыкалық шығарманың көңіл-күйін эмоциямен және мәнерлі түрде жеткізеді;

      13) дыбысталудың примарлы бөлігін біледі және сенімді айтады;

      14) ортаңғы регистрдегі дауыстың тембрлік бояуын көрсетеді.

      69. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дауыс қозғалмалылығы, шығарманың көркемдік мазмұнын, формасын, әндерді жеке орындаушылық орындауды қабылдау, түсіну бойынша жұмыстар жалғастырылады, сүйемелмен ән айту дағдылары қалыптасады;

      2) алған дағдыларды бекіту, әншілік тынысты дамыту және бекіту, ырғақ тазалығы және диапазон бойымен дыбысталуды түзету бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      3) әншілік аппараттың қозғалмалылығын дамытуға арналған жылдам темптегі шығармалар, бір қалыпты дыбыс жүргізуді үйретуге арналған әндету, кантиленді шығармалар - мінезі бойынша кереғар шығармалар қолданылады, білім алушының дауыс бояуларын анықау, жаттығулардағы дауыс қозғалмалылығы, ыңғайлы тесситурадағы динамикалық реңктерді пысықтау жұмыстары жалғастырылады;

      4) білім алушы 2-3 вокализді, 2 халық әнін, 2 романсты, 1-2 күрделі емес арияны, 4-5 аралас шығарманы, 1-2 ансамбльді меңгереді.

      70. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Дыбыс шығару, тыныс алу және дикцияның өзара әрекеттестігі. Вокалдық жаттығулар.

      2-тақырып. Музыкалық материалдарды өз бетінше меңгеру.

      3-тақырып. Сахналық бейне.

      4-тақырып. Білім алушының дауыс аппаратын ұйымдастыратын тәсілдерді саналы қолдануы. Денені орнықтыру. Демді ішке тартып тұруды сақтау. Тыныс алуды және дыбысты байланыстыру. Вокалдық есту қабілеті.

      5-тақырып. Тыныс алу, "есінеу". Тыныс алудағы "дыбыс сүйемелі" сезімін тәрбиелеу. Үзілістермен сrescendo және diminuendo жаттығуларын айту. Әншілік тынысты қалыптастыратын арнайы жаттығулар.

      6-тақырып. Үйретілетін әндердің жанрына сәйкес орындаушылық мәнердің құралдарын меңгеру.

      7-тақырып. Балаларға арналған классикалық вокал репертуарын меңгеру. Орындаушылықтың мәнерлілік құралдарын меңгеру: динамика, қарқын, баса айту, дыбыс жүргізудің түрлі үлгілері және тағы басқа.

      8-тақырып. Заманауи композиторлардың шығармаларындағы екпін қиындықтары, құрылымы және ансамбльмен жұмыс.

      9-тақырып. Төменгі қабырғалық-диафрагмалық тыныстың негізгі техникаларын меңгеру.

      10-тақырып. Көркемдік және вокалдық-техникалық дамытуды біріктіру.

      71. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) артикуляциялық-штрихтық техниканың түрлілігін, икемділікті, дауыстың техникалығын болжайтын дамыған вокалдық техникасы бар;

      2) шығармалардың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық мәнерлілік құралдарын , вокалдық техниканы қолдана алады;

      3) ән репертуарын өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау дағдыларына ие болады;

      4) сахналық бейне жасау, жанры, сипаты жағынан түрлі шығармаларды орындаудағы даралықпен жұмыс;

      5) концерттерде өнер көрсету дағдылары бар;

      6) жұмыс диапазонында қалыпты дыбысы бар;

      7) концерттік нөмірлердің драматургиясын әзірлейді.

      72. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы оқу жылының ішінде музыкалық шығармаларды талдау дағдыларын меңгереді, тынысын бекітеді, жоғары вокалдық позицияны дамытады;

      3) дауыс аппаратының әркелкі дамуын жою, дауыс міндеттері, ырғақты эмоциялық және жоғары дыбыстық есту қабілеттерін дамыту, музыка элементтерін бекіту жұмыстары жалғастырылады, жоғары әншілік позиция сезімі, әсіресе кең арақашықтықтарды орындаудағы дыбыстың жақындығы және тірегі бекітіледі;

      4) білім алушы 2-3 вокализді, 2-4 халық әнін, 2 романсты, 1-2 күрделі емес арияны, 6-8 аралас шығармаларды, 1-2 ансамбльді меңгереді.

      73. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Бітіру емтиханының бағдарламасы.

      2-тақырып. Диапазонды толық дамыту.

      3-тақырып. Музыкалық және вокалдық техниканы дамыту.

      4-тақырып. Білім алушының ішкі түйсігін, қиялын дамыту, орындалатын әндердің эмоциялық мағыналық құрылысына ену.

      5-тақырып. Жүйріктілік техникасын, гаммаларды, групеттоларды, арпеджионы айтуды дамыту.

      6-тақырып. Дауысты дұрыс қоюға негізделген дыбыс филировкасын дамыту.

      7-тақырып. Музыкалық шығармасы стилін және музыкалық формасын талдап орындау. Шығарманың эмоционалды-мағыналық мазмұнын ашу.

      8-тақырып. Динамикалық бояулар техникасын және вокализдаудың алуан түрлерінің (кантилена, портаменто, маркато және тағы басқа) техникасын дамыту.

      9-тақырып. Қорытынды аттестаттау бағдарламаларына дайындық және тыңдау.

      10-тақырып. Бітіру емтиханына дайындық.

      74. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыралға ие болады:

      1) "вокалдық позиция", "резонанс", "қалықтау (полҰтность)", "дыбысты бүрмелеу (округление звука)", "тыныс алу сүйемелі (опора дыхания)" түсініктерін біледі;

      2) дұрыс қалыптасқан дыбысты дұрыс қалыптаспаған дыбыстан ажырата алады;

      3) педагогтің ескертуі бойынша фонация кезіндегі дыбысталуды түзете алады;

      4) әуенді, ырғақты және динамикалық реңктерді өз бетінше талдайды және жаттайды;

      5) кіші октавадағы си - екінші октавадағы соль диапазоны бар;

      6) екінші октаваның бірінші ми бемоль-ге дейін жұмыс диапазонында ән айта алады;

      7) дыбыс шабуылын қадағалап отырады;

      8) ән салу кезінде күшін үнемдеп жұмсауды біледі;

      9) тиісті қиындықтағы вокалдық фразаларда тынысты бөле алады;

      10) ұсақ техника эелементтерін орындайды (стаккато, форшлаг, мордент, группето);

      11) бірізді қимылдарда және ән айту барысында шағын пассаждарды орындайды;

      12) "партитуралық" оқу дағдысына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      75. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      76. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші, төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 ән);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, қазақ тіліндегі немесе орыс тіліндегі 1 ән), екінші, төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (2 қазақ тіліндегі ән, 1 орыс тіліндегі ән);

      3) 3 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 ән, шетел тіліндегі 1 ән), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (қазақ тіліндегі 1 ән, шетел тіліндегі 1 ән);

      4) 4 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, 1 қазақ тіліндегі ән, 1 шетел тіліндегі ән), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (1 қазақ тіліндегі ән, шетел тіліндегі 1 ән);

      5) 5 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 ән, шетел тіліндегі 1 ән), екінші тоқсанда: академиялық концерт (қазақ тіліндегі 1 ән, орыс композиторының 1 романсы), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 ән, орыс композиторының 1 романсы немесе шетел компоиторының 1 ариеттасы);

      6) 6 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 халық әні немесе қазақ композиторының әні), екінші тоқсанда: академиялық концерт (қазақ тіліндегі 1 ән, орыс композиторының 1 романсы), төртінші тоқсанда: емтихан (1 вокализ, қазақтың 1 халық әні, орыс композиторының 1 романсы немесе шетел композиторының ариеттасы);

      7) 7 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 халық әні немесе қазақ композиторының әні), екінші тоқсанда: академиялық концерт (қазақ тіліндегі 1 ән, орыс композиторының 1 романсы), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1ән, орыс композиторының 1романсы, шетел композиторының 1ариеттасы).

      77. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының вокалдық аппаратты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      78. Бағалау өлшемшарттары (концерттік бағдарламаны орындау):

      1) "5" бағасы "өте жақсы": вокалдық аппаратты еркін игеруі, әншілік тұғыр дұрыс қойылған, дауыс ырғағы таза, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, есту қабілетін өзі бақылауы, ноталық мәтінді нақты оқуы және білуі, шығарманың көркемдік обейнесін ашуы, мәнерлі, әртістікпен орындауы, музыкалық мәнерлілік құралдарын ақындық және музыкалық мазмұнынымен ұштастыруы, орындап отырған шығармасына өз бетінше интерпретация жасау, орындау мәдениетінің жоғары;

      2) "4" бағасы "жақсы": вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс қойылған әншілік тұғыр, екпін тазалығы, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетін өзі бақылауы жеткіліксіз, шығарманың күрделі тұстарындағы техникалық олқылықтар (екпіннің таза болмауы), шығарманы орындаудың музыкалық ойы тарапынан дұрыс түсіндірілмеген, сахнадағы жүріс-тұрысының психофизикалық тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық": вокалдық аппаратты меңгеруі, дыбыс шығару тәсілдерінің жеткіліксіздігі, темптік ритмдік ұйымдастырудың болмауы, динамикалық біртектілігі және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, авторлық ноталық мәтінді оқуда музыканы дұрыс түсінбей, формальді түрде орындап шығуы, орындауда есту қабілетін бақылауы әлсіз, орындауында стилистикалық және екпіндік қателері бар, орындау мәдениетінің деңгейі орташа, сахнадағы психологиялық күйі тұрақсыз;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес": вокалдық аппаратты, дыбыс шығару тәсілдерін игермеуі, авторлық ноталық мәтіннің мәнін түсінбей формальді түрде орындауы, орындауын естуді бақылауының әлсіздігі, орындауындағы стильдік және екпіндік қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің төмендігі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
38-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Гитара" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Гитара" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Гитара" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) апояндо – гитарада ойнау кезіндегі дыбыс шығарутәсілі, әуендерді, жекелеген дыбыстарды, гаммаларды, гаммаға ұқсас пассаждарды орындау кезінде арпеджиоланған фактурадағы әуенді ерекшелеу үшін қолданылады;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу реті және алмасуы;

      3) арпеджио – аккордтың дыбыстарын сатылап, кезегімен орындау;

      4) баррэ – сол қол техникасының негізгі тәсілдерінің бірі, сол қолдың сұқ саусағы бір мезетте бірнеше ішекті басып тұрады, баррэ нотасы рим цифрымен белгіленеді, ол ладты көрсетеді, аккордтың алдында тік жақшалар арқылы жазылады;

      5) вибрато – музыканы мәнерлеудің маңызды құралдарының бірі;

      6) гамма (музыка теориясында) – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жанындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      7) динамика – процесс ретінде музыканы ұйымдастыру тәсілдерінің бірі, оның уақытша табиғатымен тығыз байланысты және қаттылықтағы, тығыздылықтағы өзгерістермен сипатталады;

      8) дуоль – үш нотаның ұзақтығы сақталатын екі нота;

      9) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      10) каданс айналымы – екі немесе одан көп аккордтардың байланысқан қатары;

      11) кантилена – ән, сондай-ақ әуені бар шығарма;

      12) квартоль – қалыпты үш нотаның ұзақтығын құрайтын төрт нотадан құралған ерекше фигура;

      13) легато – дыбыстарды байланыстырып орындау, нота сызықтарының (лига) астында немесе ноталардың астында доға сияқты белгімен белгіленеді;

      14) мелизмдер – вокалдық және аспаптық музыкадағы шағын, барынша тұрақты әуендік безендірулер, ерекше шартты белгілермен немесе ұсақ ноталармен белгіленеді;

      15) метроном – бір қалыпты соққылармен қысқа уақыт аралығын белгілейтін құрал;

      16) нон легато – орындау тәсілі, бір дыбыстан басқа дыбысқа ауысу жеке жүргізіледі, бірақ үзілмейді, артикуляция мен штрихтардың негізгі түрлерінің бірі;

      17) орындаушылық аппарат – ойын процесіне қатысатын және өзара күрделі жүйке-бұлшық еттік қызметпен байланысқан физиологиялық органдардың кешені;

      18) ноталарды парақтан оқу – музыканттың аспаппен немесе дауысымен оған таныс емес шығарманы алдын ала жаттамай, оның ноталық жазбасы бойынша орындауы;

      19) полифония – вокалдық немесе аспаптық шығармалардағы бірнеше әуеннің бір уақытта дыбысталу кезіндегі көп дауыстылықтың түрі;

      20) пьеса – шағын музыкалық шығарма;

      21) пюпитр – ноталарды қоюға арналған құрылғы (еденге немесе музыкалық аспапқа қондырылады);

      22) стаккато – дыбыстарды үзіп-үзіп орындау, нотаның астында немесе үстінде нүктемен белгіленеді. Стаккатоны орындаудың екі түрі бар: дыбысты шығарғаннан кейін оң қолдың саусақтары бірден дыбысталып жатқан ішекке қойылады; оң қолмен дыбыс шығарғаннан кейін сол қолдың саусақтары ішектен бірден алынады;

      23) техникалық легато – бірінші дыбыс оң қолдың көмегімен шығарылатын ойын тәсілі;

      24) тирандо – гитарада дыбыс шығару тәсілі, аккордтарды, арпеджионы, сүйемелдейтін дыбыстарды ойнау кезінде қолданылады;

      25) тремоло – бір дыбысты бірнеше рет жылдам қайталау, гитарада тремоло pami төрт қолмен көрсетілген тәртіппен орындалады;

      26) триоль – ұзақтығы бірдей үш нотадан құрылған топ, дыбысталу уақыты бойынша дәл осындай ұзақтықтағы екі нотаға тең;

      27) тюнер – музыкалық аспаптарды күйге келтіруді жеңілдететін жеке құрылғы немесе компьютерлік бағдарлама;

      28) флажолет – флейта сипатындағы дыбыстар (ішекті аспаптардағы жеке дыбысталатын обертондар). Ноталарда флажолеттер ішекті және ладты көрсете отырып "фл" сөзімен белгіленеді, шетелдік басылымдарда флажолеттер "harm" [харм] немесе "аrm" [арм] сөздерімен белгіленеді;

      29) этюд – қандай да бір орындау тәсілін жиі қайталауға негізделген және орындаушының техникасын жетілдіру үшін аспаппен орындалатын пьеса.

      3. Бағдарламаның мақсаты: гитарада ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық және шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін аспапта (алты ішекті гитара) ойнау дағдылары мен тәсілдерін меңгеру;

      2) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және гитарада орындау;

      3) музыкалық сауатты меңгеру, дүниетанымды кеңейту, музыкалық білім, орындаушылық білік және дағдыларды жинақтау.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлау, музыканы эмоциямен қабылдау, білім алушының шығармашылық қызметке оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық дүниетанымын кеңейту, білім алушының жеке қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының музыкалық шығармаға деген қызығушылығы бар біртұтас көзқарасын тәрбиелеу;

      2) отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының үздік үлгілерін үйрету арқылы өнерге деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;

      3) білім алушының саналы түрде кәсіби білім алуын жалғастыруға уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды гитарада ойнауға оқыту мерзімі – бес жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

      7. Бағдарлама гитарада (алты ішекті) ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайланған классикалық шығармаларды үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі гитарада ойнау тәсілдерін меңгеруге жағдай жасайды.

      Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      14. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың гитарада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін алуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      15. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері– ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      19. "Гитара" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс (сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас);

      2) көрнекілік-демонстрациялық (педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету);

      3) практикалық (аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс);

      4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту) және басқалары.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      23. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      24. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарпедагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      25. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездеу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      35. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      37. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      41. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      43. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      44. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістеренгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      54. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      55. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      56. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      57. Өздік жұмыстар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:

      1) ойнауға арналған жаттығулар;

      2) жалпы техникалық жұмыс;

      3) көркемдік материалмен жұмыс;

      4) қосымша материалмен жұмыс;

      5) нотаны парақтан оқу;

      6) есту бойынша әуенді және аккомпоанементті ойнау.

      58. "Гитара" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы дұрыс отырумен, қолдарды қоюмен, мақсатты ойын қимылдарын ұйымдастырумен, аппликатуралық белгілермен танысады, тирандо және апояндо тәсілдерін, ортаңғы позицияларда сол қолды жұмылдырып, оң қолдың бас бармағымен ашық бас ішектерінде ойнауды меңгереді;

      2) білім алушы ашық ішектердегі арпеджионың негізгі түрлерін меңгереді, бірінші позициядағы төрт дыбысты арпеджиоланған аккордтарды, бірінші, екінші позициялардағы ноталарды парақтан оқу, дыбысталу сапасы мен ритмді үйренеді;

      3) білім алушы қос ноталармен, көтеріңкі, түсіңкі легатолармен, аспапты күйге келтірумен танысады, аккордтарды оң қолмен ойнауды, оң қолдың саусақтарын алмастыру арқылы бір ішекте ойнауға ауысу тәсілдерін меңгереді;

      4) білім алушы 20-30 шығармаларды: халық әндері, ән және би сипатындағы пьесаларды, этюдтер мен ансамбльдерді үйренеді. Дайындығы жақсы білім алушы полифония элементтері бар жеңіл пьесаларды, күрделі емес вариацияларды, бірінші позициядағы бір-екі октавадағы гаммаларды, баррэ тәсілін меңгереді.

      60. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Отырғызу және қолды қою, мақсатты ойын қимылдарын ұйымдастыру.

      2-тақырып. Музыкалық есту түсініктерін және музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      3-тақырып. Аппликатуралық белгілер.

      4-тақырып. Тирандо және апояндо тәсілдерін меңгеру.

      5-тақырып. Екі дауыспен ойнау.

      6-тақырып. Ашық ішектерде арпеджионың негізгі түрлерін меңгеру және бірінші позициядағы үш-төрт дыбыстық аккордтарды үйрену.

      7-тақырып. Ноталық сауат, бірінші және екінші позициялардағы ноталарды оқу.

      8-тақырып. Дыбысталу сапасы және ырғақ.

      9-тақырып. До-мажор, ля-минор үндестілігіндегі каданс айналымдары.

      10-тақырып. Жоғары және төменгі легато.

      11-тақырып. Аспапты күйге келтірумен таныстыру.

      12-тақырып. Халық әндері.

      13-тақырып. Кантиленді пьесалар.

      14-тақырып. Би сипатындағы пьесалар.

      15-тақырып. Этюдтер.

      16-тақырып. Ансамбльдер.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гитараның құрылысы және күту ережелерін біледі;

      2) музыкалық сауаттың негізін біледі;

      3) құрама дыбыс шығаруды қолданады: апояндо и тирандо;

      4) қолдың саусақтарын және денені дұрыс қоюды біледі және сақтайды;

      5) "штрих" түсінігін және стаккато, легато, нонлегато штрихтарын біледі;

      6) ашық ішектерде және до-мажор, ля-минор үндестіліктерінде арпеджионы орындайды;

      7) до-мажор, соль-мажор, ля-минор, фа-минор үндестіліктеріндегі мажорлық және минорлық гаммаларды орындайды;

      8) екі дауыстылық тәсілін біледі;

      9) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      10) қарапайым жаттығуларды, этюдтерді, пьесаларды орындайды.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қойылымдық-қозғалыс дағдылары, дыбыс шығару, ритм, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, тирандоны орындау сапасына қойылатын талаптар күшейтіледі;

      2) білім алушы төрт-тоғыз позиция шеңберінде гитараның мойнымен (грифімен), флажолеттердің қарапайым түрлерімен танысады, позицияларды ауыстыру, нотаны парақтан оқу дағдыларын дамытады, баррэ техникасын, қарапайым материалдарды ансамбльде ойнауды меңгереді;

      3) білім алушы әртүрлі 12-20 шығармаларды, оның ішінде ансамбльдер мен этюдтерді меңгереді, дайындығы жақсы және кәсіби бағдарланған білім алушы полифония элементтері бар 2-4 шығарманы, ірі нысанды шығармаларды, бірінші төрт позиция аясындағы гаммаларды меңгереді.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қойылымдық-қозғалыс дағдыларымен, дыбыс шығарумен және ырғақпен жұмыс.

      2-тақырып. Музыкалық бейнелі ойлауды әрі қарай дамыту.

      3-тақырып. Тирандоны орындау сапасына қойылатын талапты арттыру.

      4-тақырып. Дыбысталу динамикасы.

      5-тақырып. Төрт-тоғыз позициясы шеңберінде гитараның мойнымен танысу.

      6-тақырып. Позицияларды ауыстырудың және нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын дамыту.

      7-тақырып. Табиғи флажолеттер.

      8-тақырып. Ансамбльде қарапайым материалдарды ойнауға дайындық.

      9-тақырып. Баррэ техникасын дамыту.

      10-тақырып. Техникалық легатоны дамыту.

      11-тақырып. Минорлық гаммалардың аппликатурасы.

      12-тақырып. М. Каркасси аппликатурасындағы екі октавалы гаммалар.

      13-тақырып. Арпеджионы және М. Каркасси аккордтарын дамытуға арналған жаттығулар.

      14-тақырып. Ре-мажор, ре-минор, ми-мажор, ми-минор, ля-мажор үндестіліктеріндегі каданс айналымдары.

      15-жаттығу. Бірінші позициядағы хроматикалық жаттығулар және хроматикалық гаммалар.

      16-тақырып. Қарапайым ырғақты суреттермен гаммалар ойнау.

      64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық шығармаларды орындау барысында аяпояндо және тирандо тәсілдерін дұрыс қолданады;

      2) түрлі штрихтарды және нюансировкаларды қолданады;

      3) ре-мажор, ля-мажор, ми-мажор, ре-минор, ми-минор үндестіліктеріндегі гаммаларды біледі;

      4) ре-мажор, ля-мажор, ми-мажор, ре-минор, ми-минор үндестіліктеріндегі каданс айналымдарын біледі;

      5) орта қалыпта тік, кері және сынық арпеджионың түрлерін орындайды;

      6) бірінші позицияда "легато" және "стаккато" штрихтарымен хроматикалық гаммаларды орындайды;

      7) мәнерліліктін музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану дағдыларына ие болады;

      8) үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтары арасындағы байланысты орната алады;

      9) этюдтерді, жаттығуларды, шығармаларды парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие;

      10) түрлі нюанстарда және штрихтарда гаммаларды, этюдтерді орындайды;

      11) үйретілетін шығарманың күрделі тұстарымен, жеке фрагменттерімен, фрагменттерді біртұтасқа жинау бойынша жұмыстар жүргізеді.

      65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық бейнелі ойлау, білім алушының орындаушылық дағдылары, дыбыс сапасы, позицияларды ауыстыру, ритм бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) білім алушы саусақтардың жүйріктілігін дамытуға арналған жаттығуларды, легато, баррэ техникасын, аралас легатоны, вибрация, ансамбльде ойнау дағдыларын меңгереді, мордентті, ірі нысанды шығармаларды үйрену бойынша жұмыстар жүргізіледі;

      3) білім алушы 14-18 әртүрлі шығармаларды, оның ішінде 2-4 полифониялық пьесаларды, 1-2 ірі нысанды шығармаларды, техниканың әртүрлі түрлеріне арналған ансамбльдерді, этюдтерді, бірінші позициядағы хроматикалық гаммаларды меңгереді; дайындығы жақсы және кәсіби бағдарланған білім алушы А. Сеговияның аппликатурасындағы i-m и m-a (тирандо и апояндо) формулаларымен күрделі емес мажорлық гаммаларды, арпеджио және легато техникаларын дамытуға арналған жаттығуларды меңгереді.

      66. 3 сыныптағы оқу пәнінің жоспары.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ф. Карулли аппликатурасындағы мажорлық және минорлық гаммалар.

      2-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліктің музыкалық-орындаушылық құралдарымен жұмыс. Штрихтармен, нюанстармен, дыбыс шығарумен жұмыс. Үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланыс.

      3-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      4-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      5-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      6-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      7-тақырып. Жаттығулармен жұмыс.

      8-жаттығу. Арпеджио және аккордтарға арналған жаттығуларда моториканы дамыту.

      9-тақырып. Дыбыс сапасымен жұмыс.

      10-тақырып. Позицияларды ауыстыру.

      11-тақырып. Саусақтардың жүйріктілігіне арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Аралас легато техникасы.

      13-тақырып. Үлкен баррэ.

      14-тақырып. Мордентті орындауға дайындық.

      15-тақырып. Діріл дағдыларын меңгеру.

      16-жаттығу. Ансамбльде ойнау.

      67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дыбыс шығарудың түрлі тәсілдерімен жылдам қарқында Ф. Карулли аппликатурасында мажорлы және минорлы гаммаларды орындайды;

      2) пьесаларды және ірі нысанды шығармаларды орындау барысында шығарманың көркемдік және техникалық жақтары арасындағы байланысты ескереді;

      3) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық дағдыларына ие болады (штрихтармен, нюанстармен, дыбыс жүргізумен жұмыс);

      4) этюдтарды, жаттығулар мен пьесаларды парақтан оқу дағдыларына ие болады;

      5) түрлі динамикалық нұсқаларда жылдам қарқында арпеджиоларды орындайды;

      6) жоғары, төмен және аралас техникалық легатоны орындайды;

      7) позицияны ауыстыру дағдыларына ие болады;

      8) үлкен және кірі баррэде аккордтарды сенімді ойнайды;

      9) кантиленді сипаттағы шығармаларды орындау барысында вибратоларды қолдана алады.

      68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық бейнелі ойлауды, динамика, ритм, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптардың жоғары болуы кезіндегі орындаушылық дағдыларды дамыту, сенімділік пен екі қолдың саусақтарының жүйріктілігін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) білім алушы арпеджионың күрделі түрлерімен, мелизмдермен, жасанды флажолеттермен танысады, аккордты ойын, баррэ техникасы, вибрация, легато жетілдіріледі, позицияларда ойнау тәсілдерін бекітеді;

      3) білім алушы 13-18 әртүрлі музыкалық шығармаларды, оның ішінде 2-4 полифониялық пьесаларды, 1-2 ірі нысанды шығармаларды, ансамбльдер мен этюдтерді, екі октавалы минорлық әуендік гаммаларды меңгереді; кәсіби бағдарланған білім алушы кемінде 4 полифониялық пьесаларды, 2 ірі нысанды шығармаларды, техниканың әр түріне арналған 6 этюдті, оң қолмен әртүрлі аппликатуралық формулалармен А. Сеговия аппликатурасындағы гаммаларды меңгереді.

      69. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық техниканы қалыптастыру.

      2-тақырып. А. Сеговия аппликатураындағы мажорлы және минорлы гаммалар.

      3-тақырып. Жылдам қарқындағы хроматикалық гаммалар.

      4-тақырып. Жоғары, төмен немесе орта дауыстағы арпеджионың күрделі түрлері.

      5-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдары. Орындалатын шығармаларды талдау. Орындаушылық техникасының түрлері. Көркемдік жағынан оңтайлы техникалық тәсілдерді қолдану.

      6-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту.

      7-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      8-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      9-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      10-тақырып. Полифониямен жұмыс.

      11-тақырып. Мелизмдер. Жоғары және төменгі форшлагтар.

      12-тақырып. Октавалармен гаммалар.

      13-тақырып. Терциялармен гаммалар.

      14-жаттығу. Жасанды флажолеттер.

      15-тақырып. Тремоло тәсілімен танысу.

      70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) А. Сеговия аппликатурасында мажорлы және минорлы гаммаларды орындайды;

      2) түрлі штрихтарда хроматикалық гаммаларды орындайды;

      3) белгілі дауысты ерекшелеп, арпеджионың күрделі түрлерін орындайды;

      4) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын пайдалану дағдыларына ие болады;

      5) орындалатын шығармаларды талдай алады;

      6) орындаушылық техниканың түрлерін біледі, көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолданады;

      7) жаттығуларды, этюдтерді және шығармаларды парақтан оқу дағдыларына ие болады.

      71. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының музыкалық-көркемдік ойлауын, орындаушылық дағдылары мен өз бетінше жұмыс істеуін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, мәнерлі орындауға қойылатын талаптар күшейтіледі, ритмикалық міндеттер күрделендіріледі;

      2) дыбыс шығару және оң қолсаусақтарының жүйріктілігі, түрлі арпеджио мен гаммаларды орындау барысындағы қолдардың кезекпен ойнау техникасы бойынша жұмыс жетілдіріледі, жоғары позицияларда ойнау дағдылары, ноталарды парақтан оқу дағдылары бекітіледі;

      3) білім алушы 14-18 әртүрлі музыкалық шығармаларды, оның ішінде 2-3 полифониялық шығармаларды, 1-2 ірі нысанды шығармаларды, 4-6 этюдтерді, ансамбльдерді меңгереді; кәсіби бағдарланған білім алушы А. Сеговия аппликатурасындағы гаммаларды дуоль, триоль, квартольдерде, оң қолдың әр түрлі аппликатуралық формулаларымен гаммаларды меңгереді.

      72. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Түрлі штрихтармен орындалатын, жылдам қарқындағы А. Сеговия аппликатурасындағы гаммалар.

      2-тақырып. Арпеджионың күрделі түрлері.

      3-тақырып. Квартольді және квинтольді тремоло.

      4-тақырып. Жоғары позицияларда ойнау.

      5-тақырып. Қалыпты қарқындағы түрлі ырғақтық суреттермен орындалатын гаммалар.

      6-тақырып. Пьесалармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаларға талдау жасау, орындаушылықтың түрлі техникаларын игеру, көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолдану дағдылары.

      7-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      8-тақырып. Шағын формадағы шығармаларды жаттау.

      9-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      10-тақырып. Полифониямен жұмыс.

      11-тақырып. Үйлесімді және әуенді жеткізуде октавалармен және терциялармен орындалған гаммалар.

      73. 5 сыныптың Бағдарламасын меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техникасына ие болады;

      2) жылдам қарқында А. Сеговия аппликатурасында мажорлы және минорлы гаммаларды орындайды;

      3) арпеджионың күрделі түрлерін орындайды;

      4) түрлі штрихтарда және ырғақтық суреттерде хроматикалық гаммаларды орындайды;

      5) квартольды және квинтольды тремолоны біледі;

      6) қалыпты қарқында түрлі ырғақтық суреттермен А. Сеговиня аппликатурасында мажорлық және минорлық гаммаларды біледі және орындайды;

      7) орындаушылықтың түрлі техникаларына ие болады;

      8) шығарманы орындау барысында көркемдік жағынан ұтымды техникалық тәсілдерді қолданады;

      9) ноталарды парақтан оқу дағдылары дамыған;

      10) орындалатын шығармаларды талдау дағдысына ие болады.

      74. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық терминдерді;

      2) негізгі ойын тәсілдерін (дыбыс шабуылының түрлері, артикуляция, позицияларды ауыстыруды және ішектерді ауыстыруды, штрихтарды біледі);

      3) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді;

      4) музыкалық шығармалардың түрлі өңдеулерін;

      5) Бағдарлама талаптарына сейкес түрлі стильдегі және жанрлардағы шығармалардан тұратын гитараға арналған репертуарды;

      6) гитарада жеке, сол сияқты ансамбльде ойнау қағидаттарын;

      7) музыкасын орындайтын композиторлар шығармашылығының негізгі заңдылықтарын;

      8) музыкант-орындаушының сахнада жұмыс істеу қағидаттарын біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік деңгейде сауатты жеке орындайды;

      2) күрделі емес ноталық мәтінді өз бетінше талдай алады;

      3) жанры және стилі әртүрлі музыкалық шығармаларды аспапта өз бетінше жаттай алады;

      4) музыкалық ұжымда өзінің партиясын орындайды;

      5) аспаппен музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасайды;

      6) күрделі емес шығармаларды жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңеді;

      7) теориялық білімін орындаушылық практикада қолданады;

      8) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады.

      Бітіруші түлекте:

      1) күрделі емес музыкалық шығармаларды есту бойынша ойнау және парақтан оқу;

      2) музыкалық-орындаушылық мәнерлік құралдарын қолдану;

      3) есту қабілетін бақылау және орындау процесін басқару;

      4) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      5) орындаушылық тәжірибе, көпшілік алдында жеке өнер көрсету дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      75. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      76. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (әртүрлі техниканың түріне арналған 2 этюд), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (педагогпен бірге ансамбльде орындалатын бір дауысты 2-3 шығарма), екінші тоқсанда: академиялық концерт (екі дауысты полифония элементтері бар 1 пьеса және 1 біртума шығарма), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (техниканың әр түріне арналған 2 этюд), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (1 ірі нысанды шығарма, 1 біртума пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (әр түрлі сипаттағы 2 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 полифониялық шығарма, 1 біртума шығарма), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (техниканың әр түріне арналған 2 этюд), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (2 ірі нысанды шығарма, 1 біртума шығарма);

      4) 4 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 полифониялық шығарма, 1 біртума шығарма), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (техниканың әр түріне арналған 2 этюд), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (1 ірі нысанды шығарма, 1 біртума пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 ірі нысанды шығарма, 1 виртуозды сипаттағы шығарма), екінші тоқсанда: техникалық сынақ (2 ірі нысанды шығарма), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (17-19 ғасырлардағы композиторлардың гитараға арнап жазған 1 кантиленді, 1 біртума шығармасы), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (5 шығарма (1 ірі нысанды шығарма, 1 виртуозды, 1 кантиленді шығарма, 7-19 ғасырлардағы композиторлардың гитараға арнап жазған 1 біртума шығармасы, білім алушының таңдауы бойынша 1 шығарма). Қазақстан композиторларының шығармасын орындау міндетті болып табылады).

      77. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      78. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы": орындаудың ерекше технологиялық түрлерін еркін меңгеруі, ритмикалық қағыстың анықтылығы, форма сезімін нақты түсінуі, дауыс ырғағының мәнерлілігі, қарқынның бірыңғайлығы, қанық динамикалық түрлілігі, беріліп орындауы, музыкалық шығарманың мазмұнына сәйкес музыкалық мәнерлілік құралдарын көркем орындауы, өзінің орындауын тыңдау арқылы қадағалауы, сахнада өзін әртістік ұстауы;

      2) "4" бағасы "жақсы": шығарманың форма құрауын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерлілік құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді орындаудағы қалыптылығы, динамикалық түрлілікті, қарқынның бірыңғайлығын жеткізуге талпынуы, өзінің орындауын тыңдау арқылы қадағалауы жеткіліксіз, сахнада өзін ұстауындағы аздап психологиялық тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық": музыканы бейнелі түрле түсінбей ноталық мәтінді формалды түрде оқуы, динамикалық, аппликатуралық, технологиялық міндеттер туралы түсінігі шектеулі, темптік-ырғақтық ұйымдастырылмауы, өзінің орындауын есту арқылы бақылауы төмен, фактуралардың, артикуляциялық штрихтардың ауысуына әсері төмен, дыбысталуының бірсарындылығы және бірқалыптылығы, сахнадағы психологиялық күйінің тұрақсыздығы;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес": ноталық мәтінді дыбыстау кезіндегі қателіктері, дыбыс шығару және дыбыс жүргізу сапасының төмендігі, метроритмикалық тұрақсыздығы, орындау барысында жиі тоқтауы, өзінің орындауын есту арқылы бақылауының болмауы, мәнерлі ырғағының болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
39-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Альт" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Альт" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Альт" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      2) альт – құрылымы скрипкаға ұқсас ішекті-ысқылы музыкалық аспап, бірақ көлемі біршама үлкен, сол себепті мейлінше төмен регистрде дыбысталады;

      3) альт кілті – үшінші сызықтағы бірінші октаваға дейінгі нота;

      4) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      5) арпеджио – фортопианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      6) вибрато (тремоляция) – музыкалық дыбыстың немесе ән салудың жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі. Ішекті аспаптарда ол саусақтардың тербелісі арқылы шығады;

      7) гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      8) деташе – ішекті-ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің түрлілігі;

      9) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      10) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық, сол сияқты аспаптық музыка, сондай-ақ, музыканың өзін айту немесе оны орындау нақышы, әншілік дауыстың әуенді орындау қабілеті;

      11) квартсекстаккорд – квинтасы төменде жатқан үшдыбыстылықтың екінші айналымы, үшдыбыстылықтың квинттық тоны бас дауысында орналасады;

      12) квинта – бес сатыны құрайтын музыкалық арақашықтық, "бес" санымен белгіленеді;

      13) кілт – ноталардың жоғары дыбыстық мәнін анықтайтын сызықтық нотация белгісі. Кілттің орталық элементі көрсететін нота сызығындағы позицяиның жоғарылығына қатысты ноталардың өзге жоғары позициялары есептеледі;

      14) құзырет – білім, білік және дағдыларды қолдану қабілеті, жалпы сипаттағы, сондай-ақ белгілі бір кең саладағы міндеттерді шешу барысында практикалық тәжірибесі негізінде табысты іс-әрекет ету;

      15) қос нота – ішекті-ысқылы аспаптарда екі немесе одан көп дыбыстарды бір уақытта үйлестіру;

      16) орындаушылық аппарат – ойын процесіне қатысатын және өзара күрделі жүйке-бұлшық қызметімен байланысқан физиологиялық органдардың кешені;

      17) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі;

      18) мартле – ішекті-ысқылы аспартарда ойнау барысындағы негізгі штрихтардың бірі;

      19) мартеле – деташе ойнау тәсіліне негізделген, скрипка ойнаудағы артикуляция тәсілі;

      20) музыкалық баса айту – келесілерді анықтайтын музыкалық мәнерліліктің құралы: музыкалық құрылымның көркемдік-мағынасын жеке бөліктерге бөлу (дұға, фразалар, сөйлемдер, кезеңдер, бөлімдер, бөліктер), кідірмені (цезура) бекіту және орындау, музыканың динамикалық, агогикалық, штрихтық және екпіндік элементтерін мәнерлі жеткізу;

      21) нотаны парақтан оқу – қиындығы жағынан білім алушының техникалық мүмкіндіктерінен аспайтын қандай-да бір таныс емес шығарманы тоқтамай, нотаға қарап дұрыс екпінмен және ырғақпен ойнап шығу білігі;

      22) октава – дыбыстар аралығындағы жиіліктің қатынасы 1:2 болатын музыкалық интервал, яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменгіден 2 есе көп;

      23) пиццикато – ішекті-ысқылы аспаптарда ысқымен емес, саусақтың ұшымен іліп-қағу әдісі арқылы ойнау тәсілі, сондықтан ысқымен ойнауға қарағанда дыбыс үздік-создық және ақырын шығады. Ноталарда мұндай тәсілге ауысу pizz белгісімен белгіленеді, мұндай тәсілді ойнауды тоқтату - arco ("ысқы") белгіленеді;

      24) пюпитр – ноталарды қоюға арналған құрылғы, музыкалық аспапқа монтаждалады немесе еденге қойылада;

      25) саусақтардың жүйріктілігі – музыканттың басты мақтаныштарының бірі және оның тәжірибелігі мен шеберлігінің көрсеткіші;

      26) секстаккорд – үш дыбыстан тұратын аккорд және үшдыбыстылықтың бірінші айналымы болып табылады;

      27) сексты – алты сатыдан тұратын музыкалық арақашықтық, "алты" санымен белгіленеді;

      28) септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан төрт дыбыстан құралған аккорд;

      29) скрипка кілті – ең кең тараған кілт. Скрипка кілтінде дауыстың белгілі жоғарылығында және жеткілікті жоғары дыбысталатын басқа да аспаптарда, скрипкаға (осыдан келіп атау шыққан), ерін гармоникасына, үрлемелі ағаш аспаптардың көп бөлігіне, үрлемелі, соқпалы аспаптардың мыстан жасалған бөліктеріне арналған кілттер жазылады;

      30) сотийе – "секіретін" штрихтар қатарына жататын ішекті-ысқылы аспаптардың штрихы, ішекте жатқан ысқының жылдам және ұсақ қимылдарымен орындалады, ішектің созылғыштық және серіппелік қасиетіне байланысты сәл ғана кері лақтырады;

      31) спиккато – ішекті-ысқылы аспаптарда қолданылатын музыкалық штрих, ысқыны ішекке лақтыру арқылы шығарылады, қысқа үздік-создық дауыс шығады;

      32) стаккато – бір дыбысты бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих: стаккато — легатога қарама-қайшы келетін, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі түрлерінің бірі;

      33) терция – үш сатыдан тұратын музыкалық арақашықтық, "үш" санымен белгіленеді;

      34) флажолет – обертон дыбысын алу мақсатында ішекті-ысқылы және шертпелі аспаптарда ойнау тәсілі. Сондай-ақ, флажолет деп обертон дыбысын шығаруды да атайды. Ішекті аспаптарда ішектің ұзындығын 2 бөлетін нүктесін (ішектің дыбысталу жоғарылығы октаваға жоғарылайды), 4 (2 октава) және жартылай басу жолымен орындалады;

      35) штрих – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі). Скрипкада және басқа ысқылы аспаптар ойнау кезінде қолданылатын штрих аталған көркемдік ойды іске асыру үшін қажетті дыбыстық нәтиже беретін, ысқы қимылының нақты формасы ретінде анықталады;

      36) ысқы — ішекті-ысқылы аспаптарда дыбысты шығаруға арналған құрал.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының альтта (скрипка) ойнау өнерін практика жүзінде үйрету және орындаушылық шығармашылыққа тарту арқылы олардың өзін-өзі сәтті танытуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) білім алушыларға түрлі музыкалық шығармаларды келешекте көпшілік алдында орындау мақсатында таныстыру және үйрету;

      2) білім алушылардың музыкалық сауаттарын арттыру;

      3) музыкалық орындаушылық саласындағы арнайы құзыреттерді қалыптастыру;

      4) музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі дағдыларды үйрету.

      Дамыту:

      1) музыканы есте сақтау жадын, үйлесімді және әуезді есту қабілетін, ырғақ сезімін дамыту;

      2) негізгі скрипкалық және техникалық дағдыларды дамыту;

      3) білім алушылардың бойында шығармашылық қабілеттерді, эстетикалық көзқарастарды, адамгершілік ұстанымдарды қалыптастыру;

      4) музыкалық дүниетанымын кеңейту, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыканы түсініп қабылдау негізінде білім алушылардың эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу;

      2) білім алушылардың бойында түрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту;

      3) сәтті әлеуметтік бейімделуге қабілетті музыкантты, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу;

      4) адамгершілік, эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру;

      5) ескі музыкалық-тарихи кезеңдердегі қазақ, орыс және шетел музыкасының озық үлгілерімен, заманауи композиторлардың шығармаларымен таныстыру процесінде кең музыкалық дүниетанымдарын қалыптастыру;

      6) көркемдік шығармалармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – төрт жыл.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

      7. Бағдарлама скрипка пәні бойынша төртінші сыныпты аяқтаған және музыкалық аспаптық қабілеттері жақсы білім алушыларға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі альтта ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушылардың әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушылардың бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушылардың бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушылардың тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      14. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      15. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілетін және бейімділігін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      17. "Альт" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      18. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша (әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас);

      2) көрнекілік-демонстрациялық (педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету);

      3) практикалық (аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс);

      4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту).

      19. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      20. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      21. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      22. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді.

      23. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      24. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      33. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      34. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      35. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      36. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      37. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      38. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      39. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      40. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      41. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      42. Репертуар жүйелі түрде жаңартылады және заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып кеңейтіледі.

      43. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      44. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      45. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      46. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      47. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      48. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) парақтан оқу дағдылары.

      49. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      50. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      51. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      52. Өз бетімен жүргізілетін сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      53. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      54. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушылар өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушылардың күнделіктеріне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      55. "Альт" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      56. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) альт кілтін және бірінші, үшінші, бесінші және екінші, төртінші, алтыншы позициядағы дыбыстық диапазонды оқу;

      2) альт және скрипка кілтін үйлестіру;

      3) аспаптың ерекшеліктеріне (көлем) сәйкес қолды дұрыс қою бойынша жұмыс;

      4) позициялардың ауысуы (түрлі аппликатуралық сатылылық), ауысулардың түрлері;

      5) екі октавалы гаммаларды және арпеджиоларды бірінші позицияда, кейін ауысуларымен алдын ала оқу;

      6) орташа қарқындағы үш октавалы гаммалар мен арпеджиолар (мажорлы және минорлы);

      7) альт дыбысын шығару және кең дыбысталатын дірілді (гаммаларда) бірінші және үшінші позиция көлемінде баяу қарқында және кантиленді сипаттағы пьесаларды пысықтау;

      8) деташе, ысқыға екі-үш-төрт-алты-сегіз нотадан легато, мартле, стаккато штрихтарын, штрихтардың үйлесімін үйрену;

      9) екпін тазалығымен және ырғақпен жұмыс;

      10) педагогтің қатысуымен өткізілетін сынып сабақтары, сондай-ақ білім алушының үй тапсырмасының бөлігі ретінде нотаны парақтан оқу;

      11) білім алушы оқу жылының ішінде төрт-бес мажорлық және минорлық екі октавалық позицияларының ауысуымен және үш октавалы гаммалар мен арпеджионы, 7-8 этюдті, 4-5 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы үйренеді;

      12) 6 сыныпқа көшу кезінде гамма және арпеджио, 1 этюд, түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе 1 ірі нысанды шығарма орындалады.

      57. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Альт кілті және бірінші – үшінші – бесінші және екінші –

      төртінші – алтыншы позициядағы дыбыстық диапазон.

      2-тақырып. Альт кілті мен скрипка кілтінің үйлесуі.

      3-тақырып. Аспаптың ерекшеліктеріне (көлеміне) сәйкес қолды қою.

      4-тақырып. Позицияларды ауыстыру (түрлі аппликатуралық реттілік, ауысу түрлері).

      5-тақырып. Екі октавалық гаммалар және бір позициядағы арпеджио, сосын ауысумен.

      6-тақырып. Үш октавалық гаммалар және орташа қарқындағы арпеджио (мажорлы және минорлы).

      7-тақырып. Альт дыбысын шығаруды және баяу қарқында бірінші – үшінші позиция көлемінде және кантиленді сипаттағы пьесаларда кең дыбысталатын вибрацияларды (гаммаларда) пысықтау.

      8-тақырып. Бір ысқыға екі-үш-төрт-алты-сегіз нотадан деташе, легато штрихтары, мартле, стаккато, штрихтардың үйлесімдері.

      9-тақырып. Дауыс ырғағы тазалығымен және ритммен жұмыс.

      10-тақырып. Нотаны парақтан оқу.

      58. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) саусақтарын алшақ орналастыра алады;

      2) альт кілтінде ноталарды оқи алады;

      3) музыкалық бейнелі ойлауды дамытады;

      4) негізгі және үзік штрихтарды орындау дағдыларына ие болады;

      5) түрлі стильдік бағыттағы шығармаларды біледі;

      6) үш белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;

      7) түрлі стильдік бағыттағы шығармаларды орындайды.

      59. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) жұп және тақ позицияларды және олардың алмасуларын әрі қарай меңгеру бойынша жұмыс: екі октавалық гаммалар және жылдам қарқындағы арпеджио, үш октавалық гаммалар және орташа қарқындағы арпеджио (мажор, минор). Үлгерімі жақсы білім алушылар үшін үш дыбысты алмасулардың (секстаккорд, квартсекстаккорд) және септаккордтарды үйрену;

      2) үш позиция көлемінде орташа қарқындағы қос ноталар: терция, сексты, октавалар (бірінші позиция көлемінде қисық қозғалыста қос ноталарды алдын ала үйрену);

      3) аккордтық техникамен, трель, бірінші позициядағы хроматикалық қимылдар (сырғитын аппликатура және саусақтардың алмасуы - нығыздалған аппликатура);

      4) альт дыбысын шығарумен және кең дыбысталатын дірілмен жұмыс;

      5) нюансировка белгілерін іске асыру кезіндегі негізгі техникалық тәсілдерді меңгеру;

      6) штрихтарды меңгеру бойынша әрі қарай жұмыс: деташе, легато, мартле, стаккато, спиккато, сотийе;

      7) флажолеттің табиғи, кварттық және квинттік түрлерімен танысу;

      8) ырғақ тазалығымен және ритммен жұмыс;

      9) педагогтің қатысуымен жүргізілетін сынып сабақтарының, сондай-ақ білім алушының үй тапсырмасының бөлігі ретінде нотаны парақтан оқу;

      10) білім алушы оқу жылының ішінде 5-6 мажорлы және минорлы екі октавалық және үш октавалық гамма мен арпеджио (барлық айналымдарымен үш дыбыстылық), оның ішінде бұрынғы өткен материалдар да кіреді, қос ноталардағы 2 гамма (терциялар, сексталар, октавалар), 8-9 этюд, 5-6 пьеса, 2 ірі нысанды шығарма меңгеріледі;

      11) 7 сыныпқа көшу кезінде үш октавалық гамма және арпеджио (айналымның барлық түрімен үш дыбыстылық), қос ноталардағы гамма (үлгерімі жақсы білім алушылар үшін), 1 этюд, 1 пьеса және 1 ірі нысанды шығарма орындалады.

      60. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жұп және тақ позициялар және олардың ауысуы.

      2-тақырып. Екі октавалық гаммалар және жылдам қарқындағы арпеджио. Үш октавалық гаммалар мен орташа қарқындағы арпеджио (мажор, минор).

      3-тақырып. Үшдыбыстылықтың ауысуы (секстаккорд, квартсекстаккорд) және септаккордтар.

      4-тақырып. Үш позиция көлеміндегі баяу қарқындағы қос ноталар: терция, секстар, октавалар (қос нотаны алдын ала бірінші позиция көлемінде қисық қозғалыста үйрену).

      5-тақырып. Аккордтық техникамен, трель, бірінші позициядағы хроматикалық қимылмен жұмыс.

      6-тақырып. Альттық дыбыс жүргізумен және кең дыбысталатын дірілмен (вибрация) жұмыс. Нюансировка белгілерін іске асыру кезіндегі негізгі техникалық тәсілдерді меңгеру.

      7-тақырып. Деташе, легато, мартле, стаккато, спиккато, сотийе штрихтарын меңгеру бойынша жұмыс.

      8-тақырып. Табиғи, кварттық және квинттік флажолеттер.

      9-тақырып. Ырғақ тазалығымен және ритммен жұмыс. Нотаны парақтан оқу.

      61. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Бағдарлама талаптарына сәйкес альтқа арналған репертуарды біледі;

      2) гаммаларды үш октавада орындай алады;

      3) деташе, легато, мартле, стаккато, спиккато, сотийе штрихтарын орындау дағдыларына ие болады;

      4) нюансировка белгілерін іске асыру кезіндегі техникалық тәсілдерді біледі;

      5) күрделі емес музыкалық шығармаларды парақтан оқи алады.

      62. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-орындаушылық дағдыларды әрі қарай меңгеру және дамыту;

      2) үш октавалық гаммалар және жылдам қарқындағы арпеджио (үлгерімі жақсы білім алушылар үшін - секстаккорд, квартсекстаккордтардың үшдыбыстылық айналымын үйрету) және септаккордтар;

      3) орташа қарқындағы қос ноталардағы гаммалар: терциялар, сексталар, октавалар;

      4) түрлі аппликатуралы хроматикалық гаммалар;

      5) альт дыбысын шығару және кең дыбысталатын дірілмен жұмыс;

      6) баса айту (фразировка) – ерекше белгілерді (нюансировка) іске асыру кезіндегі негізгі техникалық тәсілдерді әрі қарай зерделеу;

      7) штрихтарды және олардың үйлесімдерін еркін игеру тәсілдерін техникалық және көркемдік материалдарда үйрену: деташе, легато, мартле, стаккато, спиккато, сотийе;

      8) ырғақ тазалығымен және ритммен жұмыс;

      9) нотаны парақтан оқу;

      10) білім алушылардың орындаушылық дағдыларын меңгеру бойынша сыныптағы және үй жұмыстарын, білім алушының кәсіби музыкалық оқу орнында әрі қарай оқуына арналған бағдарламаны кеңейту және тереңдету;

      11) білім алушы оқу жылының ішінде 6-7 мажорлық және минорлық үш октавалық гаммалар және арпеджио (үшдыбыстылық барлық айналымдарымен), ертеректе өткен материалдарды қоса алғанда, қос ноталық 3-4 гамма, 2 хроматикалық гамма, 9-10 этюд, 5-6 пьеса, ірі нысанды 2 шығарма меңгеріледі.

      63. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Үш октавалық гаммалар және жылдам қарқындағы арпеджио. Секстаккорд, квартсекстаккорд және септаккорд үшдыбыстылығының айналымдары.

      2-тақырып. Орташа қалыптағы қос нотадағы гаммалар: терциялар, сексталар, октавалар.

      3-тақырып. Аппликатураның түрлерімен хроматикалық гаммалар.

      4-тақырып. Альттық дыбыс шығарумен және кең дыбысталатын дірілмен жұмыс.

      5-тақырып. Баса айту. Нюансировканың белгілерін іске асыру кезіндегі негізгі техникалық тәсілдер.

      6-тақырып. Техникалық және көркемдік материалдарда штрихтарды және олардың үйлесімдерін еркін меңгеру тәсілдері: деташе, легато, мартле, стаккато, спиккато, сотийе. Ырғақ тазалығымен және ритммен жұмыс;

      7-тақырып. Нотаны парақтан оқу.

      64. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) үш октавада мажорлы және минорлы гаммаларды орындай алады;

      2) хроматикалық гаммаларды орындай алады;

      3) сол қол техникасын: саусақ жүйріктілігі, трель, позициялардың қосылуының алуан түрлерін, жасанды флажолеттер мен қос ноталарды біледі;

      4) мейлінше күрделі штрихтармен орындау дағдыларына ие болады.

      65. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыка мектебінде оқу барысында алған білім, білік және дағдыларын әрі қарай жетілдіру;

      2) білім алушылардың музыкалық-орындаушылық деңгейлерін арттыру;

      3) орындау техникасымен тереңірек жұмыс;

      4) Стилі және жанры жағынан түрлі шығармаларды үйрену;

      66. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Білім алушылардың музыкалық-орындаушылық деңгейін арттыру.

      2-тақырып. Орындау техникасы.

      3-тақырып. Стилі және жанры жағынан түрлі шығармаларды үйрену.

      4-тақырып. Репертуар.

      5-тақырып. Сахна мәдениеті.

      6-тақырып. Ансамбльде орындау.

      67. 8 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) интервалды техника дағдысына ие болады;

      2) музыкалық шығарманы түсіндіре алады;

      3) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      4) музыкалық шығарманы өз бетімен жаттай алады;

      5) аспапты өз бетінше күйге келтіре алады;

      6) парақтан оқу дағдысына ие болады.

      68. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) альтта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді;

      2) музыкалық терминдерді;

      3) музыкалық шығармалардың интерпретацияларын;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес, түрлі стильдегі және жанрдағы шығармалардан құралған альтқа арналған репертуарды біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік деңгейде сауатты орындайды;

      2) күрделі емес шығармаларды жаттау кезінде туындағын техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңу;

      3) орындаушылық техникада теориялық білімді қолдану;

      4) орындалатын музыкалық шығармаларды талдау;

      5) музыкалық формалар туралы түсінігі бар.

      Бітіруші түлекте:

      1) күрделі емес музыкалық шығармаларды есту арқылы теру және парақтан оқу;

      2) музыкалық-орындаушылықтың мәнерлілік құралдарын пайдалану;

      3) есту қабілетін бақылау және орындау процесін басқару;

      4) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      5) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке өнер көрсету;

      6) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      69. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      70. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 5 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы екі этюд, пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (этюд, әртүрлі сипаттағы екі пьеса немесе үлкен көлемдегі (вариация) бір пьеса, ірі нысанды бір шығарма), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы екі этюд), төртінші тоқсанда: емтихан (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, бір пьеса, ірі нысанды бір шығарма);

      2) 6 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы екі этюд, пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (этюд, әртүрлі сипаттағы екі пьеса немесе ірі көлемдегі (вариация) бір пьеса, ірі нысанды бір шығарма), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы екі этюд), төртінші тоқсанда: емтихан (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, бір пьеса, ірі нысанды бір шағарма).

      3) 7 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: техникалық сынақ (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы екі этюд, бір пьеса), үшінші тоқсанда: тыңдалым (ірі нысанды бір шығарма (концерт немесе екі бөлімнен тұратын соната), әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (ірі нысанды бір шығарма (концерт немесе екі бөлімнен тұратын соната), әртүрлі сипаттағы екі пьеса, қазақстан композиторының бір пьесасы);

      4) 8 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: техникалық сынақ (бір гамма, бір арпеджио, штрихтар, әртүрлі сипаттағы екі этюд, бір пьеса), үшінші тоқсанда (бітіру емтиханының бағдарламасы тыңдау (ірі нысанды бір шығарма (концерт немесе екі бөлімнен тұратын соната), әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (бір гамма (арпеджио), бір этюд, виртуоздық сипаттағы бір пьеса, кандиленді сипаттағы бір пьеса, Қазақстан композиторларының бір пьесасы, ірі нысанды бір шығарма).

      71. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      72. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бағдарламаны сауатты және мәнерлеп орындау, ырғағы жақсы, дыбысталуы жақсы және аспапты меңгеруі жеткілікті деңгейде дамыған.

      2) "4" "жақсы" бағасы – бағдарламаны сауатты және мәнерлеп орындау, ырғағы жақсы, дыбыстылауы жақсы, бағдарламадағы шығармалардың музыкалық, техникалық және ритмикалық міндеттерін сәл ақаулармен орындайды.

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық" бағасы – мәтіні жатталмаған, техникалық дайындығы төмен, көркемдік жағынан әлсіз ойнау, ойын аппаратының еркіндігі жоқ, сенімсіз орындау, ритмикалық тұрақсыз, ырғағы анық емес, қозғалыс үйлесімділігі жеткіліксіз, мәтінде ақау бар;

      4) "2" "қанағаттанарлық" бағасы – аспапта ойнау дағдылары жоқ, мағынасыз ойнау, ырғағы таза емес;

      5) сынақ (бағасыз) – орындау оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
40-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Аккордеон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Аккордеон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Аккордеон" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – темптен сәл ауытқу (бәсеңдету немесе жылдамдату), ноталарда белгіленбейді және музыкалық орындау мәнерлігіне шартталады;

      2) артикуляция (латын тілінен articulo – бөлемін, бөліп-бөліп айтамын) – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың қатарын ретпен орындау тәсілі;

      3) вибрато – музыкалық дыбыстың немесе ән салу жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі;

      4) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      5) лад – орыс музыка ғылымындағы негізгі түсініктердің бірі, гармония туралы басты түсінік;

      6) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      7) октава – сегіз сатылы және алты тонды арақашықтық;

      8) ритм – уақыт бойынша музыканы ұйымдастыру;

      9) саусақтардың жүйріктігі – музыканттың басты мақтаныштарының бірі және оның тәжірибелігі мен шеребрлігінің көрсеткіші;

      10) стаккато – бір дыбысты бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих;

      11) тембр – жоғарылығы, күштілігі және ұзақтығымен ерекшеленетін музыкалық дыбысқа тән сипаттардың бірі;

      12) үнділік – ладтың жоғары қалпы;

      13) фермата – музыка нотациясының белгісі, орындаушының өзіне ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді;

      14) штрих – дыбыс құраушы ноталарды, ноталар тобын орындау (тәсілі және әдісі) амалы;

      15) ырғақ кідірісі – музыкалық шығарманың бөліктері, бөлімдері, құрылымы арасындағы шекара.

      3. Бағдарламаның мақсаты: аккордеонда ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушының тұлғасын тәрбиелеуге және дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) аккордеонда ойнауға үйрету (парақтан оқу, ансамбльде ойнау, есту қабілеті бойынша теру);

      2) музыкалық сауат негіздеріне оқыту;

      3) аспапта ойнаудың негізгі орындау тәсілдерін меңгеру;

      4) музыкалық-көркемдік мазмұны, стилі және жанры жағынан түрлі шығармаларды мәнерлеп орындауға үйрету;

      5) шығармашылық қызметке қажет техникалық білім, білік және дағдыларды меңгеру.

      Дамыту:

      1) білім алушылардың есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, қиялды, музыканы эмоциямен қабылдауды, орындаушылық ерік пен ұстанымды дамыту;

      3) музыкалық дүниетанымын кеңейту, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;

      4) өзі шығарған пьесаны орындату арқылы музыкалық шығармашылыққа араластыру;

      5) қызмет барысында өзін өзі таныту қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыка өнеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу;

      2) білім алушыны ұлттық және әлемдік музыка мәдениетіне тарту;

      3) көркемдік талғамды, орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      4) жасампаз және шығармашылық еңбекке қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

      5. Балаларды аккордеонда ойнауға оқыту мерзімі - жеті жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

      6. Бағдарлама аккордеонда ойнау техникасын меңгергісі келетін, орыс, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың өңдеулерін орындап үйренгісі балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      8. Бағдарлама білім алушының әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі аккордеонда ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды. Бағдарлама балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      9. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      10. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушылардың әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушылардың бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      13. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың аккордеонда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәсілдерін алуға бағытталуы болып табылады.

      14. Ұжыммен музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру, ансамбльдің шығаратын үнін есту білігі, біркелкі ритмикалық қағысты есту, келісілген және ауыспалы-икемді ритмде көркем түрде ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен өзара әрекеттесу.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізін:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      18. "Аккордеон" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша (әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас);

      2) көрнекілік-демонстрациялық (педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету);

      3) практикалық (аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс);

      4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту).

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      22. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аныталған сыныпта оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) осы сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеен құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      34. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      35. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      36. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      37. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      38. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      39. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      40. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      41. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      42. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      43. Педагог заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын енгізе отырып репертуарлық тізбені жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      44. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      45. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      47. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      48. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      49. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      50. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      51. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      52. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      53. Өз бетінше жүргізілетін жұмыс ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      54. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізілуі мүмкін және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      55. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушылар өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушылардың күнделіктеріне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      56. "Аккордеон" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      57. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы аккордеонның шығу тарихы туралы білім алады, аспаптың құрылысымен және техникалық мүмкіндіктерімен, ноталық белгілердің жазбаларымен, олардың аспапта шынайы дыбысталуы арасындағы байланысымен танысады;

      2) дұрыс отыру және қолды қою бекітіледі, орындау техникасының қарапайым дағдылары меңгеріледі, орындаушылық шеберлікті, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту, ноталарды парақтан оқу дағдыларын, бір октавада әр қолмен жеке до, соль, фа-мажор гаммаларын орындау талаптарын меңгеру бойынша жұмыстар әрі қарай жүргізіледі;

      3) практикалық материал негізінде білім алушы орындалатын пьесаның жалпы сипатын анықтауды, музыканың сипатын ажыратуды, қарапайым пьесалар мен әндерді түсініп және мәнерліеп орындауды үйренеді, сондай-ақ бірінші оқу жылының бағдарламасымен анықталған қажетті орындаушылық ойнау дағдыларын алады;

      8) білім алушы оқу жылының ішінде әртүрлі 8-10 музыкалық шығарманы үйренеді: балаларға арналған әндер, халық әндері, билері, этюдтер, ансамбльдер.

      58. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу.

      2-тақырып. Отырғызу.

      3-тақырып. Аспапты орнықтыру.

      4-тақырып. Аспаптың оң және сол клавиатураларындағы қолдардың бастапқы қалпы.

      5-тақырып. Мехты созу жуне қысу қозғалыстарының алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

      6-тақырып. Оң және сол қолдың саусақтарының қимыл дағдыларын қалыптастыру.

      7-тақырып. Дыбыс шығару. Алғашқы есту түсініктерін қалыптастыру.

      8-тақырып. Ырғақтық әзіл әндердің мәнмәтінін, санамақтарды айту.

      9-тақырып. Оң қол мен сол қолды алмастырып қарапайым пьесаларды ойнау.

      10-тақырып. Бір уақытта оң және сол қолмен қарапайым пьесаларды ойнау.

      11-тақырып. Оң қол мен сол қолдың үйлестіруге арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Қарапайым ноталық сауатты меңгеру.

      13-тақырып. Саусақтарға арналған қарапайым техникалық жаттығулар.

      14-тақырып. Мехты жүргізу техникасын меңгеруге арналған қарапайым жаттығулар.

      15-тақырып. Қолдарды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      16-тақырып. Күрделі емес пьесаларды екі қолмен ойнау.

      17-тақырып. Қарапайым ноталық сауатты меңгеру.

      18-тақырып. Саусақтарға арналған қарапайым техникалық жаттығулар.

      19-тақырып. Мехты жүргізу техникасын меңгеруге арналған қарапайым жаттығулар.

      20-тақырып. Әр қолмен жеке бір октавада до, соль, фа-мажор гаммаралы.

      21-тақырып. Қолдарды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      22-тақырып. Екі қолмен жеңілдеу пьесаларды ойнау.

      23-тақырып. Есту бойынша ойнау дағдыларын жетілдіру.

      24-тақырып. Парақтан оқудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

      59. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспаптың құрылысын біледі;

      2) алғашқы музыкалық-теориялық білімді меңгереді;

      3) қолды, аспапты қою, аспапты ұстап дұрыс отыру дағдыларын біледі;

      4) аккордеонда ойнаудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      5) музыкалық ойлауды дамытады;

      6) гаммаларды, этюдтарды, қарапайым музыкалық шығармаларды орындайды.

      60. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық біліктер мен дағдыларды бекіту, дұрыс орындаушылық тұғыр мен сезімдерді қалыптастыру және дамыту жұмыстары жалғастырылады;

      2) аспаптың клавиатураларын меңгеру бойынша алғашқы дағдылар бекітіледі, дұрыс отыру, ойын аппаратын қою ережелері, аккордеонда дыбыс шығару ерекшеліктері меңгеріледі, мехты жүргізу дағдылары жетілдіріледі, орындау аппаратының еркіндігін бақылау іске асырылады, дыбыс шығару сапасымен жұмыс және музыкалық шығармаларды меңгеру негізінде дыбыс мәдениетін қалыптастыру жалғастырылады;

      3) білім алушы техникалық талаптармен танысады: екі қолмен до, соль, фа-мажор гаммалары, тоникалық үшдыбыстылықты, арпеджионы, меңгереді, екі қолмен бірінші сыныптағы нотаны оқу;

      4) білім алушы оқу жылының ішінде әртүрлі 12-14 шығарманы меңгереді: этюдтер, полифония элементтері бар шығармалар, түрлі сипаттағы пьесалар.

      61. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Бірінші сыныпта өткен материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Ноталық сауатты әрі қарай меңгеру. Гаммалармен жұмысты жетілдіру. Есту бойынша тасымалдау және ойнау.

      3-тақырып. Оң және сол клавиатуралардағы қолдардың бастапқы қалыптары. Қолдарды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Оң қол мен сол қолдың саусақтарының қимыл дағдыларын қалыптастыру. Саусақтарға арналған техникалық жаттығулар.

      5-тақырып. Мехты созуға және қысуға арналған алғашқы қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Мехты жүргізу техникасын меңгеруге арналған қарапайым жаттығулар.

      6-тақырып. Дыбыс шығару. Аккордеонда дыбыс шығарудың ерекшеліктері.

      7-тақырып. Оң қолмен сол қолды кезектестіріп ойнайтын шығармалар.

      8-тақырып. Бір уақытта оң және сол қолмен орындалатын пьесалар.

      9-тақырып. Екі қолмен түрлі сипаттағы пьесаларды ойнау.

      10-тақырып. Гаммалар: екі қолмен до, соль, фа-мажор.

      11-тақырып. Аккордтар: тоникалық үшдыбыстылық және екі қолмен до, соль, мажор үндестілігіндегі олардың айналымдары.

      12-тақырып. Арпеджио: до, соль, мажор үндестілігіндегі қысқа арпеджиолар.

      13-тақырып. Нотаны парақтан оқу.

      14-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      15-тақырып. Полифония элементтері бар шығармаларды, түрлі сипаттардағы пьесаларды жаттау. Орындаушылық аппаратының еркіндігін бақылау. Дыбыс шығарудың сапасымен және музыкалық шығармаларды үйрену негізінде дыбыс мәдениетін қалыптастыру жұмысы. Педагогпен және басқа білім алушылармен ансамбльде ойнау.

      16-тақырып. Түрлі дәуірлердегі және стильдік бағыттардағы композиторлардың өмірімен және шығармашылығымен танысу.

      62. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтиделер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) оң қолдың позициясын ауыстыру, сол қолды үйлестірудің алғашқы дағдыларына ие;

      2) аспаптың клавиатурасын меңгерудің алғашқы дағдыларына ие;

      3) отыру және ойын аппатарын қою ережелерін біледі;

      4) орындайтын шығармаларын талдай алады;

      5) аккордеонда дыбыс шығарудың ерекшеліктерін біледі;

      6) мехты дұрыс ауыстыру дағдыларына ие;

      7) орындаушылық аппараттың еркіндігіне бақылау жүргізе алады;

      8) дыбыс сапасына, ырғақтың нақтылығына және жылдамдыққа бақылау жүргізе алады;

      9) бір дауысты әуендерді мәнерлеп орындау дағдыларын дамытады;

      10) екі қолмен до, соль, фа-мажор гаммаларын орындау дағдыларына ие;

      11) аккордтарды орындау дағдыларына ие: тоникалық үшдыбыстылық және олардың екі қолмен до, соль, мажор үндестілігіндегі айналымдары, арпеджио: до, соль, мажор үндестілігіндегі қысқа арпеджиолар;

      11) полифиониялық элементтері бар шығармаларды орындау, түрлі сипаттағы пьесаларды орындау.

      63. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылардың техникалық дағдыларын жетілдіру, қандай да бір құрылымның оңтайлы аппликатурасын, дыбысталу динамикасын іздеу, түрлі штрихтар мен тушелердің түрлерін қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жасау, сондай-ақ техникалық қиындықтарды жеңу жұмыстары жалғастырылады;

      3) білім алушы техникалық талаптарды меңгереді: екі октавда екі қолмен до, соль, фа мажор; бір октавада оң қолмен ре, си-бемоль, баяу қарқында екі қолмен ұзын, қысқа арпеджиолар, тоникалық аккордтар және олардың айналымдары, екі қолмен екінші сыныптағы ноталарды оқу;

      4) білім алушы оқу жылының ішінде 16-18 шығарма үйренеді: этюдтер, полифония элементтері бар пьесалар, түрлі сипаттағы пьесалар.

      64. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалылықты дамыту. Лад, есту арқылы түсіну, шығармашылық қиял, ассоциативті ойлау қабілеттері, музыкалық ритмикалық сезімді жетілдіру және басқалары.

      2-тақырып. Білім алушының тембрлік есту қабілетін дамыту, тембрлік бояулар палитрасын кеңейту бойынша жұмыстар.

      3-тақырып. Дыбысталу сапасымен жұмыс. Мехтың қозғалысының бағытын ауыстыру.

      4-тақырып. Баса айту. Дыбыс ырғағы. Музыкалық құрылысының құрылымын, музыкалық формасын түсіну.

      5-тақырып. Техникалық, орындаушылық дағдыларды дамыту.

      6-тақырып. Полифония элементтері бар пьесаларды жаттау.

      7-тақырып. Екі бөлімнен, үш бөлімнен тұратын форма. Сюита сияқты ірі нысанды шығармаларды, вариация түріндегі пьесаларды жаттау.

      8-тақырып. Мейлінше күрделі дыбыс шығару тәсілдерін және штрихтарды қолданып пьесаларды орындау (портаменто,).

      9-тақырып. Мейлінше күрделі ырғақтық топтамаларды қолдана отырып, пьесаларды жаттау.

      10-тақырып. Нотаны парақтан оқу дағдыларын, басқа үндестіліктерге тасымалдау және есту арқылы ойнау дағдыларын жетілдіру.

      11 тақырып. Ұжымдық музыка ойнау.

      12-тақырып. Меңгерілген музыкалық терминдерді бекіту.

      13-тақырып. Жаңа кәсіби терминдерді үйрену.

      14-тақырып. Гаммаларды әрі қарай үйрену: екі октавада екі қолмен до, соль, фа мажор; бір октавада оң қолмен ре, си-бемоль.

      15-тақырып. Ұзын арпеджиолар, екі қолмен баяу қарқындағы қысқа арпеджиолар. Тоникалық аккордтар және олардың айналымдары.

      16-тақырып. Түрлі кезеңдердегі және стильдік бағыттардағы композиторлардың өмірімен және шығармашылығымен танысу.

      65. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындалатын шығарманы талдай алады;

      2) есту бойынша ойнаудың алғашқы дағдыларын біледі;

      3) Бағдарлама аясында музыкалық терминдерді біледі;

      4) күрделі емес ноталық материалды өз бетінше талдай алады;

      5) штрихтық техниканы, саусақтардың жүйріктігін, аккордтық техниканы дамытады;

      6) екі октавада екі қолмен до, соль, фа мажор гаммаларын; бір октавада оң қолмен ре, си-бемольді; ұзын, екі қолмен баяу қарқында қысқа арпеджиоларды, тоникалық аккордтарды орындау білігіне ие;

      7) ірі нысанды шығармаларды мейлінші күрделі дыбыс шығару тәсілдерін және штрихтар қолданылған пьесаларды, мейлінше күрделі ырғақтық топтамаларды қолданылған пьесаларды орындайды.

      66. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) меңгерілген арнайы білік пен дағдылар жетілдіріледі, музыкалық-көркемдік материалдар күрделендіріледі және тереңдетіледі, музыкалық бейнелердің шеңбері мен орындаушылық міндеттер кеңейтіледі;

      2) білім алушы оқу жылының ішінде екі октавада екі қолмен ре, ля, си-бемоль мажор, екі октавада екі қолмен ля минордың үш түрі, екі октавада екі қолмен ұзын және қысқа арпеджиолар, екі октавада екі қолмен мажорлы және минорлы аккордтар, пьесалардың ноталарын парақтан оқуды, 16-20 шығарманы (этюдтар, полифониялық пьесалар, ірі нысанды шығармалар, түрлі сипаттағы пьесаларды) меңгереді.

      67. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын, шығармашылық-көркемдік елесін, қиялын дамыту жұмыстары.

      2-тақырып. Музыка тілінің мәнерлілік құралдары, оларды нақты бір көркемдік бейне жасау кезіндегі мәнін түсіну және практикалық қызметте білімдерін қолдану.

      3-тақырып. Музыканы, оның мазмұнын және идеялық-эмоциялық бағдарын эмоциямен қабылдау білігін дамыту, музыкалық шығарманың көркемдік ойын түсіну және ашу.

      4-тақырып. Дыбысталу динамикасы. Аккордеонда музыкалық шығарманы орындау кезіндегі музыканың сипатына сәйкес динамикалық реңктер.

      5-тақырып. Музыкалық форманың құрылысының негізгі заңдылықтарын меңгеру, ірі музыкалық формалардың құрылысымен танысу (күрделі үш бөлікті форма, сюита).

      6-тақырып. Музыканың түрлі жанрларындағы шығармаларды үйрену. Үйретілетін шығармалардың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсіну білігін дамыту. Музыканың мазмұнын жеткізудегі көркемдік форма.

      7-тақырып. Орындалатын шығармалардың стильдік ерекшеліктерін дамыту.

      8-тақырып. Аккордеонның оң және сол клавиатураларының дыбысталуының тепе-теңдіктерін бақылау.

      9-тақырып. Меңгерілген музыкалық терминдерді бекіту. Музыка терихы және теориясы бойынша терминдерді меңгеру.

      10-тақырып. Бағдарлама талаптары шеңберінде техникалық және орындаушылық ойнау дағдыларын дамыту. Аккордеонда дыбыс шығарудың өзіндік ерекшеліктерін жетілдіру. Тушенің алуан түрлері.

      11-тақырып. Білім алушының музыкалық мәтінмен жұмыс істеуін ұйымдастыру. Орындаушылық қиындықтармен жұмыс істеу тәсілдері.

      12-тақырып. Техникалық жаттығулар. Аккордеонда ойнаудың орындаушылық техникаларын дамыту.

      13-тақырып. Полифония элементтері бар пьсеаларды жаттау. Аппликатуралық тәртіппен жұмыс.

      14-тақырып. Білім алушының парақтан оқу техникасын дамыту, тасымалдау және есту қабілеті бойынша ойнау бойынша өзіндік жұмыстары.

      15-тақырып. Гаммаларды жаттау: екі октавада екі қолмен ре, ля, си-бемоль мажор, екі октавада екі қолмен ля минордың үш түрін ойнау.

      16-тақырып. Ұзақ арпеджиолар және екі қолмен екі октавадағы қысқа арпеджиолар.

      17-тақырып. Екі октавада екі қолмен мажорлы және минорлы аккордтар.

      18-тақырып. Ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту.

      19-тақырып. Концерттік-байқау дағдылары. Концерттік репертуар. Сахналық мәдениет.

      20-тақырып. Түрлі кезеңдердегі және стильдік бағыттардағы композиторлардың өмірлері және шығармашылықтарымен танысу.

      68. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыканың теориялық негіздері туралы жан-жақты білімге ие;

      2) ойнаудың техникалық және орындаушылық дағдыларына ие;

      3) аспапта дыбыс шығарудың өзіндік ерекшеліктерін, олардың дыбысталу шкаласының болжамды күшін біледі;

      4) мүмкін болатын динамикалық реңктердің тобын, түрлі тушелерді орындау тәсілдерін және аспаптың оң және сол клавиатураларының қалыпты дыбыстылуын біледі;

      5) регистрлердің шартты белгілерін, музыкалық форма құрылысының заңдылықтарын, орындалатын шығарманың көркемдік бейнелі көріністерінің түрлі жанрларын, ерекшеліктерін біледі;

      6) музыкалық тілдің мәнерлілік құралдарын ажырата алады;

      7) белгілі бір нақты көркемдік бейнені жасаудағы музыкалық тілдің мәнерлілік құралдарының мәнін түсінеді;

      8) ноталық жазбаларды, қарқын, ырғақ, динамика, альтерация белгілерін оқи алады;

      9) орындалатын шығармаларды талдай алады;

      10) екі октавада екі қолмен ре, ля, си-бемоль мажор гаммаларын, екі октавада екі қолмен ля минордың үш түрін, ұзақ арпеджиолар және екі қолмен екі октавада қысқа арпеджиолар, екі октавада екі қолмен мажорлы және минорлы аккордтарды біледі;

      11) ұжымдық музыка ойнау дағдыларына ие болады;

      12) дайындық-концерттік жұмыс дағдыларына ие болады.

      69. 5 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) орындаушылық есту, дыбыс шығару дағдыларын бекіту, музыкалық бейнелі ойлауды қалыптастыру, үйретілетін көркемдік материалдарды күрделендіру арқылы шығармашылық көркемдік ойлауды дамыту жалғастырылады;

      2) білім алушылар музыканы мәнерлеу құралдарын (динамикалар, қарқындар, баса айтулар), гаммаларды меңгереді: екі октавада екі қолмен ля, ми, си мажор; екі октавада екі қолмен ля, соль минордың үш түрін, арпеджио: екі қолмен екі октавада ұзын және қысқа, екі октавада екі қолмен аккордтар, нотаны парақтан оқу;

      3) білім алушы оқу жылының ішінде 12 шығарманы меңгереді: этюдтер, полифониялық шығармалар, ірі нысанды шығармалар, түрлі сипаттағы шығармалар.

      70. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Полифония элементтері бар музыкалық пьесаны және ірі нысанды шығармаларды үйрену.

      2-тақырып. Музыкалық шығарманың музыкалық формасы, оның жанрлық және стильдік ерекшеліктері.

      3-тақырып. Музыкалық шығарманы мәнерлеп орындау, мазмұны және идеялық-эмоциялық бағдарымен жұмыс.

      4-тақырып. Шығарманың музыкалық мәтіні және оның техникалық ерекшеліктері.

      5-тақырып. Блім алушының тыңдау білігін бақылауды дамыту.

      6-тақырып. Дыбыс шығару сапасы. Мехты ауыстыру. Тушенің және штрихтардың түрлі түрлері.

      7-тақырып. Дыбысталу динамикасының өрбуі, музыканың түрлі динамикалық реңктерін іздеу.

      8-тақырып. Аккордеонда ойнаудың орындаушылық дағдыларын дамыту. Ойнау техникалырының түрлері.

      9-тақырып. Мехпен ойнаудың түрлі тәсілдерімен жұмыс. Портато, мехпен стаккато, рикошет, вибрато және басқалары.

      10-тақырып. Агогикамен жұмыс. Кенеттен және біртіндеп баяулату, жылдамдату, кідіру, тоқтау, ферматтар және басқалары.

      11-тақырып. Ақаулар мен модуляцияларды қолдана отырып шығармалардағы үндестілік жоспарын кеңейту.

      12-тақырып. Білім алушының оқып отырған шығарманың музыкалық мәтіні және техникалық ерекшеліктері бойынша өздік жұмысы.

      13-тақырып. Гаммаларды жаттау: екі октавада екі қолмен ля, ми, си мажор; екі октавада екі қолмен ля, соль минордың үш түрі.

      14-тақырып. Арпеджиоларды жаттау: екі қолмен екі октавада ойналатын қысқы және ұзақ арпеджиолар. Екі қолмен екі октавада ойналатын аккордтар.

      15-тақырып. Этюдтарды, полифониялық шығармаларды, ірі нысанды шығармаларды, түрлі сипаттағы шығармаларды жаттау.

      16-тақырып. Нотаны парақтан оқу.

      17-тақырып. Ұжымдық музыка ойнау дағдыларын әрі қарай дамыту.

      18-тақырып. Концерттік-байқау қызметі. Концерттік репертуар. Сахналық мәдениет.

      19-тақырып. Түрлі кезеңдердің және стильдік бағыттардың композиторларының өмірімен және шығармашылығымен танысу.

      71. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыканың теориялық негіздері туралы жан-жақты білімге ие, ойнаудың техникалық және орындаушылық дағдыларын біледі;

      2) аспапта дыбыс шығарудың өзіндік ерекшеліктерін, олардың дыбысталуының болжамды күшін, мүмкін болатын динамикалық реңктердің тобын, түрлі тушелерді орындау тәсілдерін және аспаптың оң және сол клавиатураларының қалыпты дыбысталуын, регистрлердің шартты белгілерін, музыкалық формалардың құрылыстарының заңдылықтарын, түрлі жанрларды, орындалатын шығарманың көркемдік-бейнелі көрінісінің ерекшеліктерін біледі;

      3) музыкалық тілдің мәнерлілік құралдарын ажыратады, нақты көркемдік бейнені жасауда олардың мәнін түсінеді, тапсырылған шығарманы өз бетінше талдайды, оны сараптайды.

      72. 6-7 сыныптардағы Бағдарлама талаптары:

      1) алдында үйренген барлық орындау тәсілдерін техникалық және көркемдік мазмұны бойынша мейлінше күрделі нұсқаларда жетілдіру, баса айтудың негізгі элементтерін өз бетінше талдау білігін дамыту жұмыстары жалғастырылады;

      2) білім алушылар гаммаларды меңгереді: екі қолмен си, ре бемоль мажор, терцияда соль мажор; екі октавада екі қолмен до, ми минор, арпеджио: екі қолмен екі октавада ұзық және қысқа, екі октавада екі қолмен аккордтар, аппликатуралық сауаттылықты және оңтайлы аппликатураны өз бетінше таңдауды дамытады;

      3) білім алушы оқу жылының ішінде 18-20 шығарманы меңгереді: этюдтар, полифониялық шығармалар, ірі нысанды шығармалар, концерттік пьесалар.

      73. 6-7 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гаммаларды меңгеру: екі қолмен си, ре – бемоль мажор, терцияда до мажор, соль мажор. Гаммаларды меңгеру: екі октавада екі қолмен до, ми минор. төрт белгіге дейінгі кілттегі мажорлы гаммалар және екі қолмен екі октавада үш белгіге дейін кілттегі минорлы гаммалар, түрлі штрихтармен (non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], құрама штрихтар, жартылай штрихтар), үзік-үзік ырғақта гаммаларды орындау;

      2-тақырып. Екі қолмен екі октавада ұзын және қысқа арпеджиоларды үйрену және орындау. Түрлі штрихтармен (non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато], құрама штрихи, жартылай штрихтар) екі қолмен екі октавада ұзын және қысқа арпеджиолар, үзік-үзік ырғақтағы арпеджиолар, екі қолмен 4 дыбыстық мажорлы және минорлы аккордық қатарлар.

      3-тақырып. Екі октавада екі қолмен аккордтарды орындау.

      4-тақырып. Техникалық дағдыларды жетілдіру (ірі – октавалық және аккордтық техника, ұсақ техника), жаттығуларды орындау барысында созылмалы жердің штрихтарымен (портато, меховое стаккато, рикошет, вибрато) жұмыс, этюдтарды, музыкалық шығармаларды орындау.

      5-тақырып. Білім алушының музыкалық ойлауын әрі қарай жетілдіру. Музыкалық форманың стилімен, сезімімен жұмыс. Шығарманың қарқыны, жалпы мәнері.

      6-тақырып. Музыкалық шығармалармен өз бетінше жұмыс істеу. Парақтан оқу, тасымалдау, есту арқылы ойнау бойынша өзіндік жұмысты бақылау.

      7-тақырып. Полифониялық шығармалар мен ірі нысанды шығармаларды меңгеру.

      8-тақырып. Шығарманың мәнерлілігімен және оның көркемдік бейнесімен, оның мазмұнымен және идеялық-эмоциялық бағдарымен жұмыс.

      9-тақырып. Шығарманың музыкалық мәтінімен және оның техникалық ерекшеліктерімен жұмыс.

      10-тақырып. Білім алушының есту арқылы өзін өзі бақылауын дамыту.

      11-тақырып. Дыбыс шығарудың сапасымен жұмыс.

      12-тақырып. Дыбысталу динамикасының өрбуін кеңейту, музыканы түрлі динамикалық реңтерін іздеу білігін қалыптастыру.

      13-тақырып. Ауытқулар мен модуляцияларды қолданып шығармалардағы үндестілік жоспарды кеңейту.

      14-тақырып. Агогикамен жұмыс.

      15-тақырып. Концерттік-байқаулық бағдарламаларды дайындау.

      16-тақырып. Концерттік-байқаулық қызмет. Концерттік репертуар. Сахналық мәдениетті дамыту.

      74. 6-7 сыныптардың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      2) аспапта ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдерін біледі;

      3) аккордеонда ойнаудың техникалық дағдыларына ие болады;

      4) түрлі музыкалық-көркемдік мазмұндағы, түрлі стильдер мен жанрлардағы шығармаларды мәнерлеп орындайды;

      5) шығармашылық қызметке қажетті техникалық білім, білік және дағдыларға ие болады;

      6) түрлі музыкалық жанрлардағы, стильдердегі музыкалық шығармаларды орындаудың ерекшеліктерін біледі;

      7) тасымалдауды, есту арқылы теруді, гармоникалық және мелодиялық мазмұндағы қарапайым вариацияларды орындай алады.

      75. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек :

      1) музыкалық терминдерді;

      2) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді;

      3) музыкалық шығармалардың түрлі интерпретацияларын;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стильдер мен жанрлардағы шығармалардан тұратын аккордеонға арналған репертуарды;

      5) аккордеонда жеке, сондай-ақ ансамбльде, оркестрде ойнау қағидаттарын;

      6) музыкасын орындайтын композиторлар шығармашылығының негізгі заңдылықтарын;

      7) музыкант-орындаушының сахнадағы жұмысын біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік деңгейде сауатты түрде жеке орындайды;

      2) күрделі емес ноталық мәтінді өз бетінше талдайды;

      3) түрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды аспапта өз бетінше ойнап үйренеді;

      4) музыкалық ұжымда өз партиясын орындайды;

      5) аспапта музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасай алады;

      6) жеңіл шығармаларды орындау кезінде техникалық қиындықтарды өзі жеңеді;

      7) орындаушылық практикада теориялық білімді қолданады;

      8) орындайтын музыкалық шығармаларды талдай алады.

      Бітіруші түлекте:

      1) есту арқылы ойнау және жеңіл музыкалық шығармаларды парақтан оқу;

      2) музыкалық-орындаушылық мәнерілік құралдарын қолдану;

      3) есту қабілетін бақылау және орындау процесін басқару;

      4) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      5) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке өнер көрсету дағдылары;

      6) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      76. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      77. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 этюд, 1 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 этюд, 1 пьеса), екінші және төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (1 этюд, 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 этюд, 1 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 этюд, 2 пьеса немесе 3 пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд);

      4) 4 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 этюд, 2 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (3 пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 этюд, 2 пьеса немесе 3 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (әртүрлі формадағы және жанрдағы 4 шығарма (полифониялық шығарма немесе полифония элементтері бар шығарма, қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақ халық әнінің немесе биінің өңдеуі, орындаушы таңдаған пьеса);

      6) 6 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 этюд, 2 пьеса немесе 3 пьеса), төртінші тоқсанда: емтихан (әртүрлі формадағы және жанрдағы 4 шығарма (полифониялық шығарма немесе полифония элементтері бар шығарма, қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақ халық әнінің немесе биінің өңдеуі, орындаушы таңдаған пьеса);

      7) 7 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (1 этюд, 2 пьеса немесе 3 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (әр түрлі формадағы және жанрдағы 4 шығарма (полифониялық шығарма немесе полифония элементтері бар шығарма, қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақ халық әнінің немесе биінің өңдеуі, орындаушы таңдаған пьеса).

      78. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      79. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бағдарламаны техникалық жағынан мінсіз орындауы, техникалық тәсілдерді, сапалы дыбыс шығару тәсілдерін еркін меңгеруі, орындалатын шығарманың көркемдік ойын нақтырақ жеткізудегі жеке тәсілі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық еркіндігі, түсініп, мәнерлеп орындауы, орындалатын шығарманың сипатын, мазмұныны жеткілікті деңгейде түсінуі, орындалатын шығармаға деген жеке көзқарасы, біршама техникалық және стилистикалық олқылықтары;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – бағдарламаны солғын, бейнесіз орындауы, техникалық тәсілдерді жетік меңгермеуі, ойын аппаратының еркіндігі мен иілгіштігінің болмауы, дыбыс шығаруда жіберген қателіктері;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – орындап отырған шығармада музыкалық бейнеліліктің болмауы, шығарманы жатқа білмеуі, өрескел техникалық қателіктері және аспапты нашар меңгеруі;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
41-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Домра" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Домра" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Домра" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      2) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      3) глиссандо – бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғуды білдіретін музыкалық термин, штрих; реңктік әсер береді;

      4) деташе – ішекті ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің бір түрі;

      5) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық және аспаптық музыка. Сондай-ақ, музыканың өзін айту немесе оны орындау нақышы, әншілік дауыстың әуенді орындау қабілеті;

      6) қос ноталар – ішекті ысқылы аспаптарда екі немесе одан көп дыбыстарды бір уақытта үйлестіру;

      7) лад – орыс музыка ғылымының негізгі түсініктерінің бірі, гармония туралы ілімдегі орталық түсінік;

      8) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі;

      9) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, көршілес басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      10) нюанс – музыкалық әуенділікті сипаттайтын термин, дыбыстағы әлсіз байқалатын өту: форте – қатты, dolce – нәзік, appassionato – ынтыға және сол секілді;

      11) октава – дыбыстар арасындағы жиілік 1:2 қатынасын құрайтын музыкалық интервал, яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменнен 2 есе үлкен болады;

      12) өлшем, музыкадағы тактілі өлшем – тактідегі үлес санын нұсқаушы, тактілі метрдің сандық сипаты;

      13) пиццикато – ішекті ысқылы аспаптарда ысқымен емес, саусақтың ұшымен іліп-қағу әдісі арқылы ойнау тәсілі, сондықтан ысқымен ойнауға қарағанда дыбыс үзілмелі және ақырын шығады. Кейде "пиццикато" деп осы тәсілмен ойналатын музыкалық шығарманы атайды;

      14) портаменто (сырғу) – орындау тәсілі, онда келесі нота бірден алынбайды, алайда алдыңғы нотадан қажетті биіктікке қысқа және бірқалыпты өту қолданылады;

      15) саусақ қимылының тездігі – музыканттың негізгі қасиеттерінің бірі және оның шеберлігі мен тәжірибелілігінің көрсеткіші;

      16) спиккато – ішекті ысқылы аспаптарда қолданылатын музыкалық штрих, ысқыны ішекке ысқылау арқылы алынады, сонда қысқа үзілмелі дыбыс пайда болады;

      17) стаккато – дыбыстарды бір-бірінен кідірістермен бөлу арқылы үзілмелі орындауды белгілейтін музыкалық штрих, стаккато – легатоға қарама-қайшы келетін, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі әдістерінің бірі;

      18) тремоло – мелизм түрлері. Ішекті, клавишалық, соқпалы және басқа да музыкалық аспаптарда ойнаудың түрлері: бір дыбысты жылдам көп рет қайталау немесе көршілес емес 2 дыбыстың, 2 дыбыс үндестігінің жылдам алмасуы;

      19) үндестілік – ладтың биік орналасуы;

      20) флажолет – обертон дыбысын алу мақсатында ішекті ысқылы және шертпелі аспаптарда ойнау тәсілі. Сондай-ақ, флажолет деп обертон дыбысын шығаруды да атайды. Ішекті аспаптарда ішектің ұзындығын 2 бөлетін нүктесін (ішектің дыбысталу биіктігі октаваға жоғарылайды), 4 (2 октава) және жартылай басу жолымен орындалады;

      21) штрихтар – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі);

      22) ырғақ – музыканы уақытпен ұйымдастыру.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың әртүрлі жанрлар мен стильдердегі шығармаларды домрада орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар негізінде қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, олардың джаз стиліндегі әншілік мәдениетін қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) домрада ойнауға үйрету (ноталарды парақтан оқу, есту қабілеті бойынша таңдау, ансамбльде ойнау);

      2) музыкалық сауаттылықтың негіздеріне үйрету;

      3) аспапта ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдерін үйрету;

      4) домрада ойнаудың техникалық дағдыларын қалыптастыру;

      5) әртүрлі музыкалық-көркемдік мазмұндағы, түрлі стильдер мен жанрлардағы шығармаларды мәнерлі орындауға үйрету.

      Дамыту:

      1) білім алушылардың есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық жадын, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) жеке орындаушылық практикасы мен ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын қалыптастыру;

      3) бейнелі ойлауды, қиялды, музыканы эмоциялық қабылдауды, орындаушылық ерік-жігерді және төзімділікті дамыту;

      4) музыкалық ой-өрісті кеңейту, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылықты дамыту;

      5) өзі шығарған пьесаларды орындау арқылы музыкалық шығармашылыққа тарту;

      6) білім алушының шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушыны ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениет негіздерімен таныстыру;

      2) білім алушылардың эстетикалық көзқарастарын, адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу және дамыту, мәдени құндылықтармен таныстыру;

      3) білім алушылардың музыкалық талғамын, сахналық мәдениетін, сонымен қатар, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын тәрбиелеу және дамыту;

      4) білім алушыны бейіні бойынша оқу орындарына түсуге дайындау.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – тоғыз жыл.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

      7. Бағдарлама домрада ойнау техникасын меңгергісі келетін, орыс, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың өңдеулерін орындап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі домрада ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      Бағдарлама білім алушының шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      10. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім алушының домрада ойнаудың білім, білік және дағдыларын меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін-өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін-өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      14. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың домрада ойнаудың білім, білік және дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәсілдерін алуға жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      15. Ұжыммен музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру, ансамбльдің шығаратын үнін есту білігі, біркелкі ырғақтық қағысты есту, келісілген және ауыспалы-икемді ырғақта көркем түрде ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен өзара әрекеттесу.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      19. "Домра" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша (әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас);

      2) көрнекілік-демонстрациялық (педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиялық таныстыру рәсімін көрсету);

      3) практикалық (аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс);

      4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту) және тағы басқалары.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақтардың формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдыларын аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      23. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      24. Педагогтің білім алушымен жүргізетін жеке сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақтардың жеке формалары педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      25. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      35. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірінен бірі біршама ерекшеленеді.

      37. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      41. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      43. Оқу репертуарының әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      44. Педагог репертуарлық тізбені жүйелі түрде жаңартады және заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып кеңейтеді.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңында берілген мінездеме білім алушы даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (есту, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      54. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      55. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер қолдана отырып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      56. Білім алушының өзіндік сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      57. Өзіндік сабақтар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:

      1) ойнауға арналған жаттығулар;

      2) жалпы техникалық жұмыс;

      3) көркем материалмен жұмыс;

      4) қосымша материалмен жұмыс;

      5) ноталарды парақтан оқу;

      6) есту арқылы әуендер мен аккомпонементті теру.

      58. "Домра" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      59. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы аспаптың құрылысымен, саусақтардың тар және кең орналасуындағы бірінші позициямен, ноталық сауатпен, қарапайым динамикалық, штрихты және аппликатуралық белгілермен танысады;

      2) қойылыммен, мақсатты ойын қозғалыстарын ұйымдастырумен жұмыс жүргізіледі, сол қолға арналған қарапайым жаттығулар машықталады, қарапайым штрих түрлері үйретіледі: бір жаққа соғу (төмен), жан-жаққа соғу, дубль – штрих, қосарланған штрихтар, бір ішектен екінші ішекке өту;

      3) білім алушы ыңғайлы үндестіліктегі гаммалар мен үшдыбыстылықты, үш белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды және арпеджионы, жеңіл пьесалардың ноталарын парақтан оқуды, өтілген штрихтарға 6-8 этюдтерді, 10-12 пьесаларды меңгереді.

      60. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу. Аспаптың құрылымы.

      2-тақырып. Отыру кезіндегі негіздер мен ерекшеліктер, ойын аппаратының қойылымы.

      3-тақырып. Оң қолды қою. Ойын тәсілдерін меңгеру: төмен қарай соғу, жоғары қарай соғу, төмен, жоғары соғуды кезектестіру. Тремоло.

      4-тақырып. Сол қолды қою. Сол қолға арналған қарапайым жаттығулар.

      5-тақырып. Музыкалық сауат элементтерімен танысу. Ноталық сауат, скрипкалық кілтте ноталарды оқу.

      6-тақырып. Аспапта ойнаудың бастапқы дағдыларын дамыту.

      7-тақырып. Медиатормен ойнауды меңгеру. Қарапайым штрих түрлері: бір жаққа соғу (төмен), жан-жаққа соғу, дубль-штрих, қосарланған штрихтар, бір ішектен екінші ішекке өту.

      8-тақырып. Қарапайым динамикалық, штрихті және аппликатуралық белгілер.

      9-тақырып. Саусақтардың тар және кең орналасудағы бірінші позициясын үйрену.

      10-тақырып. Домрада сөздердің ырғағын көрсетумен байланысты, қарапайым ырғақты жаттығу түріндегі музыкалық ырғақты меңгеру.

      11-тақырып. Ашық ішектерде және грифте шығарылатын дыбыстарды алмастырумен ырғақты суреттерді ойнау.

      12-тақырып. Пьесаларды парақтан оқу.

      13-тақырып. Педагогпен ансамбльде ойнау.

      14-тақырып. Халық әуендері мен күрделі емес пьесаларды үйрену.

      61. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) құрылғыны және аспаптың конструктивті ерекшеліктерін біледі;

      2) аспапты күтудің қарапайым ережелерін біледі;

      3) домрада ойнаудың негізгі дағдыларын меңгереді;

      4) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      5) қарапайым динамикалық және штрихті белгілерді біледі;

      6) дыбыстың сапасын және ырғақтық нақтылықты бақылау дағдыларына ие болады;

      7) парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      8) қарапайым әуендерді есту арқылы таңдай алады;

      9) жеңіл пьесаларды парақтан оқи алады;

      10) пьесаларды, өтілген штрихтарға этюдтерді, үш белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды және арпеджионы орындайды;

      11) педагогпен ансамбльде ойнайды.

      62. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту бойынша жұмыс, қойылымдық-қозғалыстық дағдылармен, жүргізумен және ырғақпен жұмыс әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушы мажорлы және минорлы гаммалар, төрт белгіге дейінгі бірінші және екінші позициядағы "жан-жаққа соғу", "дубль – штрих" және "легато" штрихтарымен арпеджионы меңгереді;

      3) ірі нысанды шығарманы үйренуге, ансамбльде ойнауға дайындық жұмыстары жүргізіледі, сахналық өнер көрсету дағдылары дамиды;

      4) білім алушы түрлі сипаттағы 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгереді.

      63. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. 1 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Отыруды тұрақтандыру және орындаушылық аппарат қойылымымен, қолды үйлестірумен әрі қарай жұмыс.

      3-тақырып. Бірінші позициядағы саусақтардың артикуляциясын дамыту.

      4-тақырып. Екінші позиция, позицияларды ауыстырудағы алғашқы дағдыларды дамыту. Позицияларды ауыстырудағы арнайы аппликатураны қолдану.

      5-тақырып. Негізгі штрихтарды (стаккато, легато) орындау технологиясы.

      6-тақырып. "Тремоло" тәсілін меңгеру. Медиатормен ойнауды әрі қарай меңгеру. Күрделірек ырғақты суреттерді меңгеру. Орындаушылық аппараттың еркіндігін бақылау.

      7-тақырып. Аспапты күйге келтіру.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту. Музыкалық және техникалық міндеттерді талдау білігі. Ірі форманы үйренуге дайындық.

      9-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, төрт белгіге дейінгі бірінші және екінші позициядағы "жан-жаққа соғу", "дубль–штрих" және "легато" штрихтарымен арпеджио.

      10-тақырып. Этюдтерді үйрену.

      11-тақырып. Түрлі сипаттағы пьесаларды үйрену.

      12-тақырып. Ансамбльде ойнау. Концерттік өнер көрсетуге дайындық.

      64. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталарды және екі октава деңгейінде аппликатураларды жазуды біледі;

      2) бірінші және екінші позиция шеңберіндегі "жан-жаққа соғу", "дубль – штрих" және "легато" ноталарды гаммаларды және арпеджионы орындай біледі;

      3) өзін бақылаудың алғашқы дағдыларына ие;

      4) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие;

      5) минорлы гаммаларды біледі;

      6) динамикалық бояулардың мағынасын біледі;

      7) парақтан оқудың және ансамбльде ойнаудың алғашқы дағдыларына ие;

      8) екі октавада гаммаларды орындай алады;

      9) концерттік өнер көрсету дағдыларына ие.

      65. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылардың музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту, дыбыс сапасы, позицияны ауыстыру, интонация және ырғақ бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушы қосарланған штрихтармен, тремоло және деташе штрихтарымен, неғұрлым күрделі ырғақтармен танысады, саусақ қимылының тездігін дамытуға арналған жаттығуларды, қос ноталарды үйренуге арналған дайындық жаттығуларын меңгереді;

      3) білім алушы мажорлы және минорлы гаммаларды, бес белгіге дейінгі бірінші, екінші және үшінші позициялардағы түрлі штрихтармен арпеджионы, сонымен қатар позицияларды біріктіруге арналған гаммалар мен арпеджионы, түрлі сипаттағы 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгереді.

      66. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. 2 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Меңгерілген терминдерді бекіту. Жаңа терминдерді үйрену.

      3-тақырып. Қосарланған штрихтар.

      4-тақырып. Тремоло және деташе штрихтары. Күрделі ырғақтар.

      5-тақырып. Саусақ қимылының тездігін дамытуға арналған жаттығу.

      6-тақырып. Қос ноталарды үйренуге арналған дайындық жаттығулары.

      7-тақырып. Позицияларды ауыстыру. Ірі нысанды үйренуге дайындық.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      9-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, бес белгіге дейінгі бірінші, екінші және үшінші позициялардағы түрлі штрихтармен арпеджио.

      10-тақырып. Позицияларды біріктіруге арналған гаммалар мен арпеджио.

      11-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту бойынша жұмыс. Дыбыс сапасымен, позицияларды ауыстырумен, дауыс ырғағы және ритммен жұмыс.

      12-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту бойынша жұмыс. Дыбыс сапасымен, позицияларды ауыстырумен, дауыс ырғағы және ритммен жұмыс.

      67. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлы, минорлы гаммалар мен бірінші, екінші және үшінші позициядағы арпеджионы орындай алады;

      2) ырғақты дәлдікпен жұмыс істей алады;

      3) әртүрлі комбинациялардағы тремоло және деташе штрихтарын, пунктирлі штрихтарды меңгереді;

      4) мәнерлі ойынды көрсетеді және музыкалық-бейнелі ойлауды дамытады;

      5) ноталарды парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие болады;

      6) дыбыс жүргізумен және дауыс ырғағымен жұмыс істейді;

      7) түрлі стильдік бағыттағы шығармаларды біледі;

      8) бес белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;

      9) концерттік өнер көрсетудің алғашқы дағдыларына ие болады.

      68. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары.

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды, техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамыту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады;

      2) штрихтық техниканы және позицияны ауыстырудағы пластиканы дамыту, сол қолдың жүйріктілігі мен артикуляциясын дамыту және алғашқы төрт позициядағы ойнау дағдыларын бекіту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады;

      3) қос ноталар, табиғи флажолеттер, үш октавалық гаммалар және арпеджио (төртішекті домра) меңгеріледі, түрлі аппликатураларды, жаттығуларды қолданумен арпеджио мұқият үйретіледі, білім алушы оқыту кезеңдеріне белсенді араластырылады (аппликатураны, динамиканы белгілеу, тәсілді, штрихті іздеу, көркем бейнені құрастыру);

      4) білім алушы екі октавалық және үш октавалық төрт ішекті домраға арналған мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық реңктермен арпеджионы, 6-8 этюдті, 8-9 пьесаны, ірі нысанды 1 шығарманы, ноталарды парақтан оқуды меңгереді.

      69. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. 3 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Деташе, легато, стаккато. Позицияны ауыстырудағы пластиканы дамыту. Алғашқы төрт позициядағы ойнау дағдыларын бекіту.

      3-тақырып. Сол қолдың жүйріктілігі мен артикуляциясы. Қос ноталарды, табиғи флажолеттерді меңгеру.

      4-тақырып. Қалыпты және мейлінше жылдам қарқындағы негізгі штрихтарды дамыту.

      5-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық реңктермен арпеджио.

      6-тақырып. Үш октавалық гаммалар және арпеджио. Түрлі аппликатуралар, жаттығулар қолданумен арпеджионы үйрену.

      7-тақырып. Этюдтерді үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.

      8-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.

      9-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.

      10-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      70. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) төрт ішекті домрада екі октавалық және үш октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық реңктермен арпеджионы орындай алады;

      2) музыкалық-бейнелі ойлауды дамытады;

      3) негізгі және үзікті штрихтарды орындау дағдыларын меңгереді;

      4) ірі және ауыспалы нысанды шығармаларды орындауға мүмкіндік беретін, техникалық дайындыққа ие;

      5) алты белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;

      6) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды орындай алады;

      7) парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие;

      8) фольклорлы шығарманың музыкалық тілінің ерекшелігін тани алады;

      9) күрделі ырғақты суреттермен этюдтер мен пьесаларды (триолдар, секстолдар, синкоптар, қос ноталар) орындайды.

      71. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұрын меңгерілген ойнау тәсілдерін, штрихтарды бірізді жетілдіру, екі қолдың жеке түрде және олардың үйлесімінің ойын қозғалыстарымен неғұрлым мұқият жұмыс әрі қарай жалғастырылады;

      2) "тремоло" тәсілі, тремолодан ұруға және керісінше өту жетілдіріледі, "тремоло" орындауындағы қос ноталарды меңгереді, позициядан позицияға өту техникасымен жұмыс жалғастырылады, мажорлы, минорлы гаммаларды, екі және үш октавалық орындаудағы түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен арпеджионы үйрену, музыканы сандық өңдеу бағдарламаларын қолдану, Microsoft Office және домрада ойнауды үйрену кезіндегі ноталық редакторлар;

      3) музыкалық-бейнелі ойлауды, шығармашылық көркем қиялды және білім алушының дербестігін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, орындаудың мәнерлілігіне талапшылдық артады, ырғақты міндеттер күрделенеді;

      4) білім алушы екі октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, ал төртішекті домраға үш октавалық гаммаларды және түрлі штрихтармен арпеджионы, түрлі сипаттағы 4 этюдті, 8-10 пьесаларды, оның ішінде ірі нысанды шығарманы, неғұрлым күрделі шығармаларды парақтан оқуды, ансамбльде, оркестрде ойнауды меңгереді.

      72. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. 4 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Екі қолдың жеке түрде және олардың үйлесімінің ойын қозғалыстарымен жұмыс. Ұсақ техниканы дамытуға арналған жұмыс.

      3-тақырып. Әртүрлі техника түріне жаттығулар.

      4-тақырып. "Тремоло" тәсілін, тремолодан соғуға және керісінше өтуді жетілдіру. "Тремоло" орындауындағы қос ноталарды меңгеру. Позициядан позицияға өту техникасымен жұмыс.

      5-тақырып. Мажорлы, минорлы гаммалар және түрлі штрихтармен және ырғақты суреттермен екі октавалық және үш октавалық орындаудағы арпеджио.

      6-тақырып. Күрделі шығармаларды парақтан оқу.

      7-тақырып. Музыканы сандық өңдеу бағдарламалары: Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар.

      8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.

      9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.

      10-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.

      11-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      12-тақырып. Ұжымдық музыкада ойнау. Ансамбльде, оркестрде ойнау.

      73. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспапта жеке орындауға тән көркем-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді біледі;

      2) домрада жеке түрде, ансамбльде, оркестрде ойнаудың қағидаларын біледі;

      3) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі стилдердердегі және жанрлардағы шығармалардан тұратын домраға арналған репертуарды біледі;

      4) музыканың негізгі жанрларын біледі;

      5) ноталық мәтінді сауатты оқи біледі;

      6) ыңғайлы аппликатураны өз бетінше қоя біледі;

      7) үш октавалық гаммаларды орындай алады;

      8) мейлінше күрделі штрихтармен орындау дағдыларына ие;

      9) әріппен белгіленген аккордтарды оқу дағдыларына ие;

      10) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;

      11) жеке орындаушы ретінде, сонымен бірге оркестрлерде және ансамбльдерде концерттік өнер көрсету дағдыларына ие;

      12) Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар бағдарламасында жұмыс істеудің алғашқы дағдыларына ие.

      74. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) мажорлы және минорлы гаммалармен, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен екі және үш октавалық орындаудағы арпеджиомен (төртішекті домраға арналған) жұмысты жетілдіру әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушы виртуозды тұрғыдағы шығармаларда сол қолдың техникасын меңгереді, легато, пиццикато, портаменто, флажолет секілді штрихтардың орындау сапасымен, музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламаларымен, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлармен: Muse Score [Мюс скор], Sibelius 6 [Сибелиус] жұмыс жасайды;

      3) білім алушы әртүрлі штрихтармен және ырғақты топтармен екі және үш октавалық орындаудағы мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі сипаттағы 3-4 этюдті, 6-8 пьесаларды (оның ішінде ансамбльдер), ірі нысанды шығарманы үйренеді.

      75. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. 5 сынып бойынша өтілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, әртүрлі штрихтармен және ырғақты топтармен екі және үш октавалық орындаудағы арпеджиомен (төрт ішекті домраға арналған) жұмыстар.

      3-тақырып. Виртуозды тұрғыдағы шығармаларда сол қолдың техникасын дамыту.

      4-тақырып. Легато, пиццикато, портаменто, флажолет секілді штрихтардың орындау сапасымен жұмыс.

      5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Білім алушының репертуармен өзбетінше жұмысы.

      6-тақырып. Музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламалары: Microsoft Office [Майкрасофт офис].

      7-тақырып. Ноталық редакторлар: Muse Score [Мюс скор], Sibelius 6 [Сибелиус].

      8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқада бұрын меңгерілген барлық тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау білігі.

      9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқада бұрын меңгерілген барлық тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау білігі.

      10-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқада бұрын меңгерілген барлық тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау білігі.

      76. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) үш октавалық әртүрлі штрихтармен және топтастырулармен, ырғақты суреттермен мажорлы және минорлы гаммаларды орындай алады;

      2) ноталарды парақтан оқу және ансамбльдік ойын дағдыларына ие;

      3) шығарманы орындау барысында есту бақылауын іске асыра алады;

      4) сахналық мәдениет, концерттік өнер көрсету дағдыларына ие;

      5) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;

      6) әртүрлі штрихтарды орындау дағдыларына ие;

      7) интервалды техника дағдыларына ие;

      8) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      9) интервалды техника дағдыларына ие;

      10) сол қолдың техникасына ие: трели, позицияларды қосудың әртүрлі түрлері, жасанды флажолеты және қос ноталар;

      11) аспапты өзбетінше күйге келтіре алады;

      12) Microsoft Office, ноталық редактор бағдарламаларын қолдана алады;

      13) берілген музыкалық шығармаға өз көзқарасын және өз түсінігін құрастыра және айта алады;

      77. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы әртүрлі штрихті, ырғақты нұсқалардағы гаммаларды, түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммаларды меңгереді, саусақтардың жүйріктілігі және штрихті техниканы дамытады;

      2) білім алушы неғұрлым күрделі фактура және мазмұнды ірі нысанды шығармаларды меңгереді, емтихан бағдарламасын үйренеді;

      3) білім алушы барлық үндестіліктегі хроматикалық гаммаларды, штрихтың барлық түрін қолдана отырып, жылдам қарқындағымажорлы және минорлы гаммаларды, әртүрлі техника түріне 3-4 этюдті, 6-8 пьесаларды (оның ішінде ансамблдер), ірі нысанды 1-2 шығарманы үйренеді.

      78. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. 6 сыныпта өтілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Әртүрлі штрихті және ырғақты нұсқалардағы гаммалар.

      3-тақырып. Түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммалар.

      4-тақырып. Жылдам қарқындағы мажорлы және минорлы гаммалар.

      5-тақырып. Саусақтардың жүйріктілігі және штрихті техниканы дамыту.

      6-тақырып. Неғұрлым күрделі фактура және мазмұнды ірі нысанды шығармаларды меңгеру.

      7-тақырып. Емтихан бағдарламасына дайындық.

      8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушының аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру.

      9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушының аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру.

      10-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды үйрену. Білім алушының аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру.

      79. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлы және минорлы гаммаларды, барлық үндестіктегі екі және үш октавалық арпеджионы орындай алады;

      2) түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммаларды орындай алады;

      3) сол қолдың техникасына ие: саусақтардың жүйріктілігі, позицияларды қосудың әртүрлі түрлері, қос ноталар және аккордтар;

      4) неғұрлым күрделі штрихті шығармаларды орындау дағдыларына ие;

      5) интервалды техника дағдыларына ие;

      6) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;

      7) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      8) музыкалық шығармаларды өз бетінше үйрене алады.

      80. 8 сынытағы Бағдарлама талаптары:

      1) техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру мақсатында гаммалармен, этюдтармен, жаттығулармен жұмыс, жүйріктілікті дамыту, штрихті және ырғақты алуантүрлілікті кеңейту әрі қарай жалғастырылады;

      2) оқу жылының ішінде білім алушы қос ноталарды, әртүрлі үндестіктегі, үйлесімділіктегі аккордты бірізділікті меңгереді, стилдері мен жанрлары бойынша әртүрлі, техникалық жағынан неғұрлым күрделі шығармаларды үйренеді;

      3) техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру және музыкалық білімді жалғастыруға дайындау мақсатында гаммалар және нұсқаулық-техникалық материалдармен жұмыс жетілдіріледі.

      81. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Әртүрлі үндестіктегі және үйлесімділіктегі аккордты бірізділіктер мен қос ноталарды қайталау.

      2-тақырып. Стилдері мен жанрлары бойынша әртүрлі, техникалық жағынан күрделі шығармаларды үйрену.

      3-тақырып. Фактурасы және мазмұны бойынша неғұрлым күрделі ірі нысанды шығармаларды меңгеру.

      4-тақырып. Қабылдау емтихандарының талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды дайындау.

      5-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушылардың аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаға талдау жүргізу, әртүрлі орындаушылық техникасын меңгеру, көркемдік дәлелденген техникалық тәсілдерді қолдану.

      6-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушылардың аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген орындаушылық дағдыларын жетілдіру. Мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаға талдау жүргізу, әртүрлі орындаушылық техникасын меңгеру, көркемдік дәлелденген техникалық тәсілдерді қолдану.

      82. 8 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлы және минорлы гаммаларды, арпеджионы орындай алады;

      2) әртүрлі қос ноталар мен аккордтарды орындай алады;

      3) әртүрлі штрихтармен және ырғақты суреттермен жылдам екпінді хроматикалық гамманы орындай алады;

      4) интервалды техника дағдыларына ие;

      5) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;

      6) домрада ойнау кезінде шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      7) музыкалық шығармаларды өз бетінше үйрене алады;

      8) аспапты өзбетінше күйге келтіре алады;

      9) парақтан оқу дағдыларына ие;

      10) музыканың, аранжировканың сандық өңдеу бағдарламаларын, Microsoft Office [Майкрасофт офис], ноталық редакторларды қолдана алады;

      83. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) аспап туралы негізгі тарихи деректерді біледі;

      2) аспаптың конструктивті ерекшеліктерін біледі;

      3) аспапты күту бойынша қарапайым ережелерді және оларды қажет кезде қолдана алады;

      4) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      5) ойнау дағдыларының жүйесін және оларды қолдануды біледі;

      6) музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын (ырғақ, динамика, штрих, екпін) біледі;

      7) музыканың негізгі жанрларын біледі;

      8) домра аспабының оркестрлік түрлерін біледі;

      9) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктері біледі;

      10) музыкалық шығармалардың түрлі интерпретацияларын біледі;

      11) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стильдер мен жанрлардан тұратын домраға арналған репертуарды біледі;

      5) домрада жеке, сондай-ақ ансамбльде, оркестрде ойнау тәсілдерін біледі;

      6) музыкаларын орындайтын композиторлардың шығармашылығының негізгі заңдылықтарын біледі;

      7) музыкант-орындаушының сахнадағы жұмыс қағидаттарын біледі.

      Түлек:

      1) аспапты өзбетінше күйге келтіре алады;

      2) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік жеке деңгейінде сауатты орындайды;

      3) аспапта түрлі стильдер мен жанрлардағы музыкалық шығарманы өз бетінше үйрене алады;

      4) бірнеше аппликатура нұсқалары ішінен жеткілікті саналы және ыңғайлысын өз бетінше таңдай алады;

      5) музыкалық ұжымда өз партиясын орындай алады;

      6) аспапта музыкалық шығарманы орындау кезінде көркем бейнені жасай алады;

      7) күрделі емес шығармаларды жаттау барысында кездесетін техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңе алады;

      8) орындаушылық практикада алған теориялық білімін қолданады;

      7) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады.

      Түлектің бойында қалыптасқан дағдылар:

      1) жеңіл музыкалық шығармаларды есту арқылы таңдау және ноталарды парақтан оқу;

      2) ноталар бойынша ойнау;

      3) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану;

      4) естуді бақылауды және орындау процесін басқару білігі;

      5) есту арқылы таңдау және транспонирлеу;

      6) орындалатын шығармаларға теориялық талдау;

      7) жеке орындаушы ретінде де, түрлі ансамбльдер мен оркестрлерде де көпшілік алдында өнер көрсетулер.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      84. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – бітіру емтиханы түрінде іске асырылады.

      85. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 немесе 3 шығарма. Техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма, техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма, техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма, таңдау бойынша шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (түрлі сипаттағы 3 пьеса);

      6) 6 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма), төртінші тоқсанда: емтихан (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      7) 7 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: тыңдалым (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 ірі нысанды шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма, 1 қазақстандық композитордың шығармасы немесе қазақтың халық әуенін өңдеу, таңдау бойынша 2 шығарма),

      8) 8-9 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші, төртінші тоқсандарда: бітіру емтиханы (түрлі сипаттағы 3 шығарма).

      86. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      87. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы: музыкалық шығарманың мазмұнын бейнені мәнерлі жеткізуі, форма сезімін, қарқынның біркелкілігін нақты түсіну, мәнерлі екпіндейді, ырғақтық соғудың (пульсация) анықтылығы, динамикалық түрлілігі, өз орындауын тыңдауы, орындау техникасын еркін игеруі, әртістілігі және беріле орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы: шығарманың формасын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді қалыпты орындауы, қарқынның жылдамдығы, екпіндеуінің мәнерлілігі, динамикалық түрлілігі, естуді бақылауының жеткіліксіздігі, сахнада өзін ұстауындағы психологиялық тұрақсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы: музыканың бейнесін түсінбей авторлық ноталық мәтінді формальді түрде оқуы, өз орындауын тыңдай отырып бақылауы нашар, темптік-ырғақтық дұрыс ұйымдаспағандығы, динамикалық бірсарындылығы және дыбысталудың бір қалыптылығы, сахнада өзін өзі ұстауының психологиялық тұрақсыздығы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: ноталық мәтінді айтудағы қателіктерінің болуы, тыңдауды бақылай алмауы, метриоритмикалық тұрақсыздығы, дыбыс шығарудың және дыбыс жүргізудің сапасының төмендігі, мәнерлеп екпіндеудің болмауы, орындау барысында жиі тоқтауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
42-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің оркестрлік джаз сыныбының "Аспап" (труба) пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің оркестрлік джаз сыныбының "Аспап" (труба) пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Аспап" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасуы және алмасуы;

      3) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда дыбыс бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      4) баса айту (фразировка) – орындаушының музыкалық шығарма мазмұнын мейлінше мәнерлеп ашуы үшін музыкалық фразалардың көркемдік мәнін ерекшелеуі;

      5) блюз – жиырмасыншы ғасырдың 20 жылдары кең тараған блюздың жеке алынған композициясы немесе музыка жанры;

      6) бэкграунд – джазды аспаппен немесе дауыспен сүйемелдеу;

      7) вибрато (тремоляция) – музыкалық дыбыстың немесе ән салудың жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі;

      8) гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      9) глиссандо – бір дыбыстан келесі дыбысқа баяу сырғуды білдіретін музыкалық термин, түстік әсер береді штрих;

      10) деташе – ішекті-ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің түрлілігі;

      11) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дауыстарды шығаруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығару тәсілдерінің кейбір нюансировкалық сипаттары, орындаушылық штрихтары, артикуляциялар мен баса айтулар;

      12) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      13) кварта – музыкалық арақашықтық, аяқталған консонанстардың бірі;

      14) легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілі, дыбыстарды үзбей орындау, бір дыбыс бір дыбысқа баяу ұласады, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      15) мейнстрим – танымал музыкалық бағыт;

      16) музыкалық баса айту – музыкалық құрылымның көркемдік-мағынасын жеке бөліктерге бөлу (дұға, фразалар, сөйлемдер, кезеңдер, бөлімдер, бөліктер), кідірмені (цезура) бекіту және орындау, музыканың динамикалық, агогикалық, штрихтық және дауыс ырғағы элементтерін мәнерлі жеткізу және тағы басқаларын анықтайтын музыкалық мәнерліліктің құралы;

      17) октава – дыбыстар аралығындағы жиіліктің қатынасы 1:2 болатын музыкалық интервал, яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменгіден 2 есе көп;

      18) пентатоника – бес сатылы арақашықтық жүйесі, барлық дыбыстары таза квинталар және (немесе) кварталарда орналастырылады;

      19) регистр – ноталардың, диапазонның салыстырмалы жоғарылығы;

      20) рифф – фигураларға бөлінген ноталар жиынтығы, олар музыкалық композицияны немесе оның бөлігін құрайды; рифф — рок, джаздың әуендік техникасының тәсілі, әсіресе свингке тән, остинатоның бір формасы. Ұдайы қайталанып отыратын қысқа әуендік фраза. Биг-бэндте бір уақытта неше түрлі риффтер орындалады, кей кездері кезекпен алмасып отырады. Рок-музыкада гитаралық риффтар қолданылады;

      21) свинг – биг-бэндтердің орындауындағы джаз стил, ноталық аранжировканың орнына еркін суырып салу басымырақ болады;

      22) секунда – екі сатыны құрайтын музыкалық арақашықтық, 2 санымен белгіленеді;

      23) септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан төрт дыбыстан құралған аккорд;

      24) терция – үш сатыдан тұратын музыкалық арақашықтық, 3 санымен белгіленеді;

      25) үшдыбыстылық – терциялар бойымен орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      26) флажолет – обертон дыбысын алу мақсатында ішекті-ысқылы және шертпелі аспаптарда ойнау тәсілі. Сондай-ақ, флажолет деп обертон дыбысын шығаруды да атайды. Ішекті аспаптарда ішектің ұзындығын 2 бөлетін нүктесін (ішектің дыбысталу жоғарылығы октаваға жоғарылайды), 4 (2 октава) және жартылай басу жолымен орындалады;

      27) форшлаг – қандай да бір әуен дыбысының алдында келетін, келесі дыбыстың ұзақтылығы есебінен орындалатын (ереже бойынша), бір немесе бірнеше дыбыстан тұратын әуендік көркемдеу;

      28) штрих – дыбыс құраушы ноталарды, ноталар тобын орындау (тәсілі және әдісі) амалы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: аспапта ойнау бойынша алған білім, білік және дағдысы негізінде табиғи қабілетін ескеріп, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуге және дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) білім алушылардың Бағдарлама аясында аспапты меңгеруге қажетті музыкалық сауатты меңгеруі;

      2) эстрадалық музыканың барлық стильдерін практика жүзінде меңгеру негізінде орындаушылықтың практикалық дағдыларын және өзіндік ерекшеліктерін үйрету;

      3) білім алушылардың жеке, ансамбльдік және оркестрлік орындаушылықтарына қажетті білік пен дағдыларды меңгеруі;

      4) білім алушылардың бойында әртүрлі жанр мен формадағы шығармаларды қабылдауға, игеруге және джаз трубасында ойнауға мүмкіндік беретін, орындаушылық қабілеттер кешенін қалыптастыру;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет және көпшілік алдында өнер көрсету тәжірибесін жинақтауы.

      Дамыту:

      1) есту қабілетін, ырғақты, жадын, музыкалылықты және әртістікті дамыту;

      2) джаз музыкасына және музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылықты дамыту;

      3) бейнелі ойлауды, қиялды, музыканы эмоциямен қабылдауды, орындаушылық еркіндікті және шыдамдылықты дамыту;

      4) дене бітімін дамыту (қозғалыс дағдылары, қозғалысты реттеу, мүсін, төзімділік).

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық дүниетанымын кеңейту, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;

      2) көркемдік талғамды, орындаушылық шеберлік мәдениетін, музыка өнерге деген қызығушылықты тәрбиелеу;

      3) білім алушыларды ұлттық және әлемдік музыка мәдениеті негіздеріне араластыру;

      4) жасампаз және шығармашылық еңбекке қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны игеру мерзімі - жеті жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. "Труба" аспабы жетекші қызметті атқаратын құрамы бойынша әртүрлі ансамбльдер мен оркестрлерде қолданылады. Оқыту жеке, шағын топтық формаларда іске асырылады. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама жалпы музыкалық білім алуға, дамуға, әрі қарай кәсіби білім алуға бағдарланған білім алушылармен жұмыс істеуге арналған.

      8. Бағдарлама әр баланың музыкалық дамуын мейлінше саралай отырып іске асыруға жағдай жасайды, шығармашылық мүмкіншіліктердің дамуына септігін тигізетін, жеке және жас ерекшеліктеріне сай келетін, оқыту әдістерін қарастырады.

      9. осы Бағдарламаның ерекшелігі классикалық және джаз музыкасының үздік дәстүрлері негізінде тиімді оқыту синтезі болып табылады.

      Бағдарлама мазмұнын барлық стильдердің эстрадалық және джаздық музыкасы құрайды: блюз, свинг, би-боп, латын америкалық жанрлар, джаз-рок, рок, эстрадалық әндер.

      10. Жеке сабақтарда джаз тілімен, негізгі джаз гаммаларымен және импровизация әдістерімен белсенді танысу іске асырылады. Джаз пьесалары бэкграунд сүйемелдеуімен бірге жатталады. Бұл салада жұмыс жасаудың ең маңызды формаларының бірі - "комбо" деп аталатын кішігірім ансамбльдерде ойнау.

      11. Бағдарлама заманауи джаздық мейнстримге бағытталған, білім алушыларды свинг кезеңінің джаз музыкасының эстетикалық стереотиптері, түсініктері, стилистика нормативтерімен жақын таныстырады.

      Бағдарлама негізіне американдық қомпозиторлардың туындылары, Jamey Aebersold [Джейми Аберсольд], Mike Steinel [Майк Штейнел], Shelton G.Berg. [Шелтон Г. Берг] еңбектері алынған. Джаз импровизациясының америкалық әдістемесі республиканың балалар музыка мектептеріне бейімделеді, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, музыка материалдарын біртіндеп қиындатып, 7 жылға бөлінеді.

      12. Джаз мамандығының "Аспап. Труба" сыныбына джаз музыкасы жанрына қызығушылық білдіретін, есту қабілеті, музыкалық есте сақтау жады, ырғақ сезімі үйлестірілген барынша қабілетті білім алушылар іріктеледі. Труба аспабы - джаз музыкасында ең кең таралған аспаптардың бірі, ол әуендік қызмет атқаратын құрамы әртүрлі ансамбльдерде және оркестрлерде қолданылады.

      13. Білім берудің вариативтілігіне сәйкес Бағдарлама мазмұны сараланады.

      Білім алушы теориялық білімді практикамен қатар алады. Бағдарламаны игеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      14. Джаз мамандығының "Аспап "Труба" пәнін оқу "Сольфеджио", "Арнайы сынып (оркестр)", "Ансамбль" сияқты пәндерді игерумен тығыз байланыста іске асырылады.

      15. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      16. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) әңгімелесу, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      17. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      18. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      19. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      20. Жұмыстың сабақтан тыс формалары:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      21. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      22. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      23. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      24. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      25. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      26. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      27. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      28. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      29. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      30. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында, жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      31. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      32. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      33. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      34. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      35. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      36. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      37. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      38. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      39. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      40. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      41. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      42. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) парақтан оқу дағдылары.

      43. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      44. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      45. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      46. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы пайдаланады.

      Оқу материалы білім алушының жеке ерекшеліктеріне, оның көркемдік деңгейіне, техникалық дамуына, оқытудың қандай да бір кезеңінің педагогикалық міндеттеріне сәйкес ұтымды таңдалынады.

      47. Білім алушылардың өз бетінше жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Өзіндік жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын, сондай-ақ білім беру ұйымында қалыптасқан педагогикалық дәстүрлерді және әдістемелік дұрыстығын ескере отырып анықталады.

      Жеке үй жұмысы бірнеше тәсілмен жүргізіледі және мамандық бойынша педагогтің ұсынысына сәйкес құрылады.

      48. Міндеттер күнделікте қысқа және анық жазылады. Үй тапсырмасының болжамды түрлері:

      1) дыбысты дамытуға арналған жаттығулар (нотаны ұстап тұру);

      2) техниканы дамыту жаттығулары (гаммалар, жаттығулар, этюдтар);

      3) шығармашылық материалмен жұмыс жасау (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) парақтан оқу.

      49. Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін білім алушыға кітапхана қоры, сондай-ақ Бағдарлама бойынша жасалған аудио және видео қорлардың қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      50. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы жеке және оркестр аспабы ретінде аспаптың пайда болу тарихы, орындаушылық шеберлікті дамыту туралы білім алады;

      2) орындаушылық аппаратты дұрыс қою бекітіледі: ойын барысындағы денені, қолдардың, бастың, саусақтардың аспаптың қалпы, аспапта орындау тәсілдері меңгеріледі, ноталарды парақтан оқудың және тасымалдаудың алғашқы дағдылары меңгеріледі;

      3) техникалық тәсілдерді дамыту және қатты шабуыл арқылы орындаушылық аппаратты бекіту жұмыстары жүргізіледі, музыкалық-бейнелі ойлау, музыкалық-ырғақтық сезімі қалыптастырылады;

      4) білім алушы джаз музыкасында шабуылды және нотаны қоюды, екі және төрт биттегі акценттерді, Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтарын меңгереді. Swing [Свинг] сегіздік ноталары, төрттік ноталарды орындау, свингте сегіздік және төрттік ноталарды үйлестіру, джаздың артикуляцияның ең қарапайым түрлері, мажорлық және минорлық пентатониктер, мажорлық және минорлық блюздік гаммалар, қысқа джаздық рифтер, паттерндерді (үлгілер) меңгереді;

      5) білім алушы оқу жылының ішінде классикалық музыкада кіші октаваның толық регистрін қолдана отырып, кілт кезіндегі бір белгіге дейінге мажорлық және минорлық гаммаларды, түзу қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылықты, бүтін және жартылық, төрттік ұзақтықтағы, detache [деташе], legato [деташе] штрихтары бар гаммалар және арпеджио, бірінші және кіші октавадағы аппликатураны, p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктерін, секунд, терция, карта аралықтары ішіндегі жаттығуларды, 6-8 этюдті және жаттығуларды, игерілген диапазон шеңберіндегі 4-6 жеңіл пьесаларды меңгереді.

      51. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу, оны күту ережелері.

      2-тақырып. Тыныс алу бойынша жұмыстар.

      3-тақырып. Денені, қолды, басты, амбушюрді оңтайлы қою ережелері.

      4-тақырып. Дыбыс шығару бойынша жұмыстар. Қарапайым ырғақтық формулаларды шығару. Парақтан оқу және тасымалдаудың алғашқы дағдыларын игеру.

      5-тақырып. Шабуылдар және нотаны қою. Екі және төрт биттегі акценттер, Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтар. Swing сегіздік ноталары. Төрттік ноталарды орындау. Свингте сегіздік және төрттік ноталарды үйлестіру. Джаздың артикуляциясымен жұмыс.

      6-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою: денені, қолды, басты, саусақтарды, ойнау кезіндегі аспапты қою. Заманауи трубаның тарихы бойынша материалдармен, оның бөліктерінің атауларымен, олардың ойын барысындағы өзара әрекеттесуімен танысу. Трубадағы және мүштікті күту ережелері. Амбушюр түсініктерін практикада игеру. Ерін бұлшықеттерін, негізгі тыныс алу түрлерін дамыту. Ең қарапайым орындаушылық дағдыларды меңгеру: дыбыстар шығаруға даярлану, дем алу - дем шығару, табиғи дыбыс қатарын ойнау.

      7-тақырып. Техникалық әдістерді дамыту және қатты шабуыл арқылы орындаушылық аппаратты нығайту. Практика жүзінде шабуыл әдістерін меңгеру, "ту" - қатты шабуыл буындарын дұрыс нақты айтуды (артикуляцияны) қолдану. Дыбыс шығару, дыбыстарды созу, қосу және аяқтау кезінде қолданылатын штрихтарды (detache [деташе], legato [деташе]) игеру. Біркелкі, таза, дауыс ырғағының тұрақтылығы, динамикасы әр түрлі дыбысты орындауға жаттығу.

      8-тақырып. Музыкалық бейнелі ойлауды, музыкалық бөліктердің және бөлімдердің құрылымын сезу және жеткізе білу қабілеті. Музыкалық-ырғақтық сезімді, қарапайым ырғақтық топтарды және топтар тізбегін қабылдау және ойнау қабілетін дамыту. Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін қабылдау және жеткізу білігі.

      9-тақырып. Шабуылдар және нотаны қою.

      10-тақырып. Екі және төрт биттегі акценттер.

      11-тақырып. Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтары. Swing [Свинг] сегіздік ноталары. Төрттік ноталарды орындау. Свингте сегіздік және төрттік ноталарды үйлестіру.

      12-тақырып. Джаз артикуляциясының ең қарапайым түрлері. Мажорлық және минорлық пентатоника. Мажорлық және минорлық блюз гаммалары.

      13-тақырып. Қысқа джаздық рифтер, паттерндер (үлгілер).

      52. 1сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бірінші және кіші октавадағы аппликатураны біледі;

      2) демді алу және демді музыкалық бөліктерге бөлуді біледі;

      3) дұрыс дыбыс шығаруды біледі, денесі, қолы, басы, амбушюр дұрыс қойылған;

      4) джаз артикуляциясын біледі, свинг жасай алады;

      5) таза дыбыспен, тұрақты дауыс ырғағымен, әртүрлі динамикамен кіші октаваның толық регистрін ойнай алады;

      6) тік қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылықты ойнай алады; бүтін және жартылық, төрттік ұзақтықтағы, detache, legato штрихтары бар гаммалар және арпеджионы ойнай алады;

      7) мажорлық және минорлық пентатониктерді, мажорлық және минорлық блюздік гаммаларды, кілттегі бір белгіге дейінгі гаммаларды, табиғи дыбыс тізбегін ойнай алады, қарапайым ырғақтық топтар және топтар тізбегін орындай алады;

      8) p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктерін; секунд, терция, карта аралықтары ішіндегі жаттығуларды біледі;

      9) этюдтар мен жаттығуларды, игерілген диапазон шеңберіндегі жеңіл пьесаларды орындайды.

      53. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) амброшюра, дыбыс, дауыс ырғағы, ырғақ, орындаушылық аппаратты қою, жаттығулар кешені арқылы орындаушылық аппаратты қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады;

      2) ойын техникасын дамыту, қатты шабуыл арқылы орындаушылық аппаратты бекітуге арналған тәсілдері пысықталады;

      3) білім алушы тактідегі күшті және әлсіз кезеңді жеткізуді, жатқа ойнау барысында дыбысталудың қажетті сипатын көрсетуді үйренеді, фортепианомен ансамбльде ойнау дағдысын жетілдіреді;

      4) білім алушы джаздық синкопалармен, каммалармен, иониялық мажор, миксолид мажоры, дориялық минор гаммалары кварто-квинттік шеңбер бойынша және оларға сәйкес мажорлық (иониялық), миксолидиялық, минорлық (дориялық) септаккордтар, дайын риффтер мен паттерндер негізінде джаздық баса айтуды үйренеді;

      5) мажорлық және минорлық пентатоника, блюздік гаммалар, джаз музыкасында екі жәнетөрт биттегі акценттер, Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтары, Swing [Свинг] сегіздік ноталар бекітіледі;

      6) классикалық музыкада білім алушы оқу жылының ішінде кіші октава регистрін қолдана отырып, кілт кезіндегі екі белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды, сондай-ақ қалыпты ырғақтағы тік қозғалыстағы арпеджиоланған үш дыбыстылықты, бүтін, жарты, төрттік ұзақтықтағы, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтары бар гаммаларды және арпеджиоларды, бірінші және кіші октавадағы аппликатураны, p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктерін, баяу ырғақта, секунд, терция, кварта аралықтары ішінде, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтарымен ұзақ дыбыстармен орындалатын жаттығуларды меңгереді;

      7) білім алушы классикалық музыкада 8-10 этюд пен жаттығуды, игерілген диапазон аясындағы 6-8 жеңіл пьесаны үйренеді.

      54. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Штрихтарды қарастыру. Аспапты күйге келтірумен танысу. Музыкалық терминдерді кеңейту. Парақтан оқу және өзіндік жұмыс қабілеттерін дамыту.

      2-тақырып. Ішіне piano [пиано] және mezzo forte [меццо-форте] ұзақ ұсталып тұратын дыбыстарды ойнау енетін, жаттығулар кешені көмегімен орындаушылық аппаратты қалыптастыру.

      3-тақырып. Аспапты күту және тексеру бойынша дағдыларды пысықтау - вентиль тетігін, крондарды майлау, аспапты шаю, коронды, жалпы қатарға келтіру.

      4-тақырып. Ойнау техникасын дамытуға арналған жаттығуларды пысықтау - тыныс алу және музыкалық бөлікке бөлу.

      5-тақырып. Қатты шабуыл арқылы орындаушылық аппаратты нығайту және техникалық әдістерді, ойнау кезіндегі дауысты және дауыссыздарды дыбыстауды әрі қарай дамыту.

      6-тақырып. Ерін жұмысының (шыдамдылығы, қозғалмалылығы), саусақтар жұмысы (жылдамдық, нақтылық, барлық орындау элементтерінің әрекеттерімен үйлесім) қызметтік қабілеттерін шынықтыру.

      7-тақырып. legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтарын жеке және жұп комбинацияларда қолдану арқылы гаммалармен жұмыс жасау. Дұрыс тыныс алуды ұйымдастыру арқылы орындаумен жұмыс жасау (кіріс тонынан кейін тыныс алу).

      8-тақырып. Музыкалық-көркемдік міндеттер. Білім алушының музыкалық орындауға қызығушылық қатынасын тәрбиелеу. Тек ноталық мәтінді ғана емес, музыкалық шығарманың күйін бере білуге талпыну. Тактідегі күшті және әлсіз уақытты бере білу, жатқа ойнау барысында дыбыстаудың қажетті сипатын жеткізу білігі.

      9-тақырып. Фортепианомен ансамбльде ойнау қабілеттерін жетілдіру.

      10-тақырып. Екі және төрт биттегі акценттер, Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтары, Swing [Свинг] сегіздік ноталары.

      11-тақырып. Төрттік ноталарды орындау. Сегіздік және төрттік ноталарды свингте үйлестіру.

      12-тақырып. Джаз артикуляциясының ең қарапайым түрлері. Мажорлық және минорлық пентатоника. Мажорлық және минорлық блюз гаммалары.

      13-тақырып. Қысқа джаздық рифтер, паттерндер (үлгілер).

      14-тақырып. Джаздық синкопалар, джаздық гаммалар.

      15-тақырып. Иониялық мажор.

      16-тақырып. Миксолидиялық мажор.

      17-тақырып. Дориялық минор гаммалары кварто-квинттік шеңбер бойынша және оларға сәйкес мажорлық (иониялық), миксолидиялық, минорлық (дориялық) септаккордтар.

      18-тақырып. Мажорлық және минорлық пентатоника және блюздік гаммалар.

      19-тақырып. Джаздық бөлікке бөлу.

      20-тақырып. Классикалық музыка. Кіші октава регистрін қолданып кілт кезіндегі екі белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, қалыпты ырғақтағы тік қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылық.

      21-тақырып. Бүтін, жарты, төрттік ұзақтықтағы, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтары бар гаммалар мен арпеджиолар.

      22-тақырып. Бірінші және кіші октавадағы аппликатура;

      23-тақырып. p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктер.

      24-тақырып. Баяу ырғақта, секунд, терция, кварта аралықтары ішінде, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтарымен ұзақ дыбыстармен орындалатын жаттығулар.

      55. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кілт кезіндегі екі белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды біледі;

      2) кіші октава регистрін, бірінші және кіші октавалық аппликатураны біледі;

      3) қалыпты ырғақтағы тік қозғалыстағы арпеджиоланған үшдыбыстылықты біледі;

      4) бүтін, жарты, төрттік ұзақтықтағы, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтары бар гаммаларды және арпеджиоларды біледі;

      5) p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктерді біледі;

      6) баяу ырғақта, секунд, терция, кварта аралықтары ішінде, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтарымен ұзақ дыбыстармен орындалатын жаттығуларды біледі;

      7) Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот], штрихтарын, Swing [Свинг] сегіздік ноталарды біледі;

      8) төрттік ноталарды екі және төрт битке джаздық акцент қою арқылы орындайды, свингте сегіздік және төрттік ноталарды үйлестіре алады, джаздық артикуляцияның ең қарапайым түрлерін меңгерген;

      9) мажорлық және минорлық пентатониканы, мажорлық және минорлық блюз гаммаларын, қысқа джаздық рифтер, паттерндерді (үлгілер) орындайды;

      10) джаздық синкопаларды (алдыңғы және кейінгі); гаммаларды: ониялық мажор, миксолидиялық мажор, дориялық минор гаммалары және оларға сәйкес мажорлық (иониялық), миксолидиялық, минорлық (дориялық) септаккордтарды біледі;

      11) игерілген диапазон шеңберінде 6-8 жеңіл пьесаларды, 6-8 этюдты және жаттығуларды орындайды.

      56. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық техника элементтері, дыбысты жүргізу, оның сапасын жақсарту бойынша үйлестірілген жұмыс жалғастырылады, білім алушының техникалық мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сәйкес толық, біркелкі, созылмалы дыбысты орындау пысықталады;

      2) "мінезбен" орындау білігі және дағдысы бекітіледі, музыкалық-ырғақтық сезімі, музыкалық ойлауы дамиды, фортепиано және аспаптармен ансамбльде ойнау дағдылары жетілдіріледі;

      3) джаздық музыкада екі және төрт биттегі акценттерді, Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтарын меңгеру. Swing [Свинг] сегіздік ноталары, джаздық синкопалар, джаздық артикуляцияның ең қарапайым түрлері, мажорлық және минорлық пентатониктер, мажорлық және минорлық блюздік гаммалар, қысқа джаздық рифтер, паттерндер (үлгілер) жұмыс жалғастырылады;

      4) классикалық музыкада білім алушы кілттегі үш белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды, әртүрлі ұзақтықтағы, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтары бар гаммалар және арпеджио, p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктері бар секунд, терция, карта аралықтары ішіндегі жаттығуларды меңгереді;

      5) классикалық музыкада білім алушы оқу жылының ішінде 8-10 этюд пен жаттығуларды, 6-8 жеңіл пьесаларды үйренеді.

      57. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық техника элементтерімен, дыбысты жалғау, оның сапасын жақсартумен үйлесімді жұмыс жасауды дамыту. Ойнау диапазонын кеңейту.

      2-тақырып. Орындау техникасын кешенді дамыту. Штрихтарды әрі қарай меңгеру. Нотаны парақтан оқу және өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

      3-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Жаттығуларды, этюдтерді, гаммаларды, арпеджио, пьесаларды ойнау арқылы staccatoны орындау техникасын дамыту. Қатты шабуылды еркін және сенімді қолдану есебінен, буындарды нақты айтуға, еріндердің және тілдің қозғалмалылығын нығайту жаттығуларының көмегімен тіл және еріндер техникасын жетілдіру.

      4-тақырып. Техникалық әдістерді дамыту. Білім алушының техникалық мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сәйкес толық, біркелкі, созылмалы дыбысты орындауды пысықтау.

      5-тақырып. Барлық негізгі мелизмдер түрлеріне дайындық жаттығуларын орындау.

      6-тақырып. Фортепиано сүйемелдеуімен этюдтарды және шығармаларды жатқа орындау.

      7-тақырып. Музыкалық-көркемдік тапсырмалары. Шығарманы өз "сипатына" сәйкес орындау қабілеттерін және біліктілігін арттыру. Шығармамен жұмыс жасау барысындағы образдық ойлауды қалыптастыру. Музыкалық-ритмдік сезімді, музыкалық ойлауды әрі қарай дамыту.

      8-тақырып. Ансамбльде фортепианомен және аспаптармен ойнау қабілеттерін жетілдіру. Әртүрлі концерттерде өз-өзін ұстау және өнер көрсету ерекшеліктеріне оқыту.

      9-тақырып. Джаздық музыкада екі жәнетөрт биттегі акценттерді, Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот]. Swing [Свинг] сегіздік ноталарды пысықтау. Джаздық синкопалармен жұмыс жасау.

      10-тақырып. Джаздық артикуляцияның ең қарапайым түрлері.

      11-тақырып. Мажорлық және минорлық пентатониктер.

      12-тақырып. Мажорлық және минорлық блюздік гаммалар.

      13-тақырып. Қысқа джаздық рифтер, паттерндер (үлгілер).

      14-тақырып. Классикалық музыкада кілттегі үш белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар;

      15-тақырып. Әртүрлі ұзақтықтағы және, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтары бар гаммалар және арпеджио;

      16-тақырып. p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктері бар секунд, терция, карта аралықтары ішіндегі жаттығулары.

      58. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Doo-Bah [Ду-Бах], Dit-Dot [Дит-Дот] штрихтарын, сегіздік ноталар Swing [Свинг] біледі;

      2) джаздық синкопаларды, джаздық артикуляцияның ең қарапайым түрлерін біледі;

      3) мажорлық және минорлық пентатониктерді, мажорлық және минорлық блюздік гаммаларды біледі;

      4) қысқа джаздық рифтер, паттерндерді (үлгілер) орындай алады;

      5) кілттегі үш белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды;

      6) әртүрлі ұзақтықтағы, legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтары бар гаммалар және арпеджионы;

      7) p [пиано], f [пиано], mp [меццо-пиано], mf [меццо-форте] динамикалық реңктері бар секунд, терция, карта аралықтары ішіндегі жаттығуларды орындайды;

      8) игерілген диапазон шеңберінде этюдтарды және жаттығуларды, жеңіл пьесаларды орындайды.

      59. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ойнау барысындағы қысылуды және қобалжуды болдырмау, дыбысты жүргізу, оның сапасын жақсарту, штрихтарды әрі қарай меңгеру, нотаны парақтан оқу дағдыларын дамыту, әртүрлі концерттерде өзін ұстау және өнер көрсету ерекшеліктеріне оқыту жұмыстары жүргізіледі;

      2) негізгі оқу-жаттығу материалдары, музыкалық терминдер бекітіледі, назарды шоғырландыру, музыкалық назарды бөлу дағдылары қалыптасады, ырғақ сезімін, музыкалық ойлауды дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, ансамбльде фортепианомен және аспаптармен ойнау қабілеттерін жетілдіріледі;

      3) джаз музыкасында дайын паттерндер, гаммалар негізінде джаздық баса айтуды үйрену жалғастырылады: иониялық мажор (мажорлық септаккорд), миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд), дориялық минор (минорлық септаккорд), локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд), тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд) кварто-квинттік шеңбер бойынша;

      4) классикалық музыкада білім алушы кілт кезіндегі төрт белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, қалыпты ырғақтағы тік қозғалыстағы тондық үшдыбыстық және олардың айналымдарын, әртүрлі техника түріне арналған 8-10 этюдті, әртүрлі сипаттағы 6-8 пьесаны, ансамбльдік пьесалар және оркестрлік шығармаларды меңгереді.

      60. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ойнау барысындағы қысылуды және қобалжуды болдырмау. Дыбысты жүргізу және оның сапасын жақсартуға жұмыс жасау.

      2-тақырып. Штрихтарды әрі қарай меңгеру. Парақтан оқу және өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту.

      3-тақырып. Музыкалық терминологияны әрі қарай меңгеру.

      4-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Негізгі оқу-жаттығу материалын пысықтау. Баяу ырғақта әндік сипаттағы пьесаларды және этюдтерді орындау арқылы дыбыс сапасымен, оның интонациясымен және динамикасымен жұмыс жасау.

      5-тақырып. Фактураның барлық элементтерін қайталау, тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар. Тыңдау бақылауымен созылмалы ноталарды орындау, әртүрлі аралықтарды үйлестіре отырып жаттығуларды орындау.

      6-тақырып. Техникалық әдістерді дамыту. Күн сайын гаммаларды ойнау.

      7-тақырып. Этюдтерде және музыкалық шығармаларда кездесетін мелизмдермен жұмыс жасау, оларды белгілеу, ритмдік құрылым ерекшеліктері, жеткілікті орындаушылық қабілетпен орындау техникасы.

      8-тақырып. Есептелген тыныс алумен, орта тұстағы белгілі шарықтау тұсы бар динамиканы біртіндеп арттыру және төмендетумен жұмыс жасау.

      9-тақырып. Сrescendo [крещендо] және diminuendo [диминуэндо] кезіндегі бірыңғай ырғақпен жұмыс жасау.

      10-тақырып. Рp [пианиссимо] дан ff [фортиссимо] дейінгі динамикалық реңктерді қолданатын жаттығуларды орындау.

      11-тақырып. Музыкалық назарды шоғырландыру және бөлу қабілеттерін қалыптастыру. Ритм сезімін, музыкалық ойлауды әрі қарай дамыту.

      12-тақырып. Ансамбльде фортепианомен және аспаптармен ойнау қабілеттерін жетілдіру.

      13-тақырып. Әртүрлі концерттерде өз-өзін ұстау және өнер көрсету ерекшеліктеріне оқыту.

      14-тақырып. Джаздық музыка: гаммалар. Иониялық мажор. Миксолидиялық мажор. Дориялық минор. Локриялық минор. Тондық-жарты тондық гамма кварто-квинттік шеңбер бойынша.

      15-тақырып. Дайын үлгілер негізінде джаздық бөлікке бөлуді оқу.

      16-тақырып. Классикалық музыка: кілт кезіндегі төрт белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар.

      17-тақырып. Тондық үш дыбыстылықтың қалыпты ырғақтағы тік қозғалысы және айналымындағы арпеджиосы;

      18-тақырып. Әртүрлі техника түрлеріне арналған этюдтер.

      19-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      20-тақырып. Ансамбльдік пьесалар және оркестрлік шығармалар.

      61. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) иониялық мажор (мажорлық септаккорд), миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд), дориялық минор (минорлық септаккорд), локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд), тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд) кварто-квинттік шеңбер бойынша джаздық гаммаларды біледі;

      2) дайын үлгілер негізінде джаздық бөлікке бөлуді меңгерген;

      3) кілт кезіндегі төрт белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды біледі;

      4) тондық үшдыбыстылықтың қалыпты ырғақтағы тік қозғалысы және айналымындағы арпеджиосы;

      5) әртүрлі техника түрлеріне арналған этюдтерді, әртүрлі сипаттағы пьесаларды, ансамбльдік пьесалар және оркестрлік шығармаларды орындайды.

      62. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық техниканы дамыту, аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту, мейлінше күрделі ырғақтық формулаларды меңгеру, музыкалық дыбыстарды түсінікті "айту" тәсілдерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) джаз музыкасындағы өткен материалдар бекітіледі;

      3) классикалық музыкада білім алушы кілт кезіндегі бес белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды, тік қозғалыстағы тондық үшдыбыстылық арпеджиосы және оның айналымын, әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гаммаларды, әртүрлі техника түріне арналған 8-10 этюдті, әртүрлі сипаттағы 6-8 пьесаны, ансамбльдік пьесалар мен оркестрлік шығармаларды меңгереді.

      63. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мәнерлі және көркем ойнаудың маңызды шарттарының бірі ретінде, аспаптың сапалы дыбыс шығаруын дамыту. Шығармашылық және дене төзімділігін дамыту.

      2-тақырып. Шығарылатын дыбыстар диапазонын кеңейту, дыбыстың біркелкілігімен, тұрақтылығымен, интонациялық жиілігімен жұмыс жасау. Динамика бойынша жұмыс жасау.

      4-тақырып. Күрделі ритмдік формулаларды меңгеру. Staccato-ны [стаккато], оның ішінде "қосарланған" анық орындау.

      5-тақырып. Негізгі жаттығу материалдарын пысықтау: дыбыстың сапасын, интонация тазалығын, барлық регистрлердегі дыбысталу біркелкілігін, динамикалық әртүрлілікті және басқа да орындау компоненттерін жетілдіру мақсатында барлық гаммаларды және арпеджиоларды ойнау.

      6-тақырып. Үлкен форма бойынша жұмыс жасау, концерттерді, сонаталарды орындау ерекшелігі; концерттік ойнау мәнеріне қол жеткізу; әр алуан концерттік репертуарды жинақтау, орындаушылық шеберлікті арттыру.

      7-тақырып. Музыкалық дыбыстарды тыянақты "дыбыстау" әдістерін қалыптастыру. Интонациялық мәнер және бөлікке бөлу нақтылығымен, музыкалық шығарманы орындау мақсаттылығымен жұмысты жалғастыру.

      8-тақырып. Орындалатын шығармаларды түсіну және көркемдік образ жасай білу қабілетімен жұмыс жасау.

      9-тақырып. Джаздық музыка. Гаммалар. Иониялық мажор (мажорлық септаккорд). Миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд). Дориялық минор (минорлық септаккорд). Локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд). Тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд). Бүтін тондық гамма (үлкейтілген септаккорд) кварто-квинттік шеңбер бойынша. Дайын үлгілер негізіндегі джаздық бөлікке бөлуді оқу.

      10-тақырып. Классикалық музыка: кілт кезіндегі бес белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар.

      11-тақырып. Тік қозғалыстағы тондық үшдыбыстылықтың арпеджиосы және олардың әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гамма айналымы.

      12-тақырып. Әртүрлі техника түріне арналған этюдтар.

      13-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      14-тақырып Ансамбльдік пьесалар және оркестрлік шығармалар.

      64. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гаммаларды тез құрап және орындай алады: иониялық мажор (мажорлық септаккорд), миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд), дориялық минор (минорлық септаккорд, локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд, тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд), бүтін тондық гамма (үлкейтілген септаккорд);

      2) дайын үлгілер негізіндегі джаздық бөлікке бөлуді біледі;

      3) кілт кезіндегі бес белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды біледі;

      4) тік қозғалыстағы тондық үшдыбыстылық арпеджиосы және олардың айналымын біледі;

      5) әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гаммаларды біледі;

      6) әртүрлі техника түріне 8-10 этюд; әртүрлі сипаттағы 6-8 пьеса; ансамбльдік пьесалар және оркестрлік шығармаларды орындайды.

      65. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық техниканы жетілдіру, дыбыс сапасын, оның біркелкілігін, тұрақтылығын, ырғақтық тазалығын, тембрін жақсарты бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) оқу жылының ішінде білім алушы екі-бес-бір үйлесімдік айналым негізінде джаздық баса айтуды, иониялық мажор, миксолидиялық мажор, дориялық минор, локриялық минор, тондық-жарты тондық гамма кварто-квинттік шеңбер бойынша гаммаларды, альтталған гамманы үйренеді;

      3) техникалық тәсілдерді дамыту, орындалатын шығарманың сипатын жеткізуді жетілдіру, джаз музыкасындағы дағдыларды бекіту жұмыстары жалғастырылады;

      4) классикалық музыкада білім өзгермелі ырғақта әртүрлі штрихтармен орындау кілті кезінде бес белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды, әртүрлі штрихтік және ритмдік нұсқалардағы әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гаммаларды, әртүрлі техника түрлеріне арналған 8-10 жаттығу мен этюдтерді, әртүрлі сипаттағы 4-6 пьесаларды, оның ішінде ансамбльдік пьесаларды, үлкен көлемдегі 1-2 шығарманы, оркестрлік партияларды меңгереді.

      66. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық техниканы жетілдіру. Алдыңғы сыныптарда алынған барлық техникалық және көркемдік қабілеттерінің негізінде музыкалық шығарманы орындауға тұлғалық қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыстар. Шығармашылық және дене шыдамдылығын арттыру.

      2-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Дыбыстың сапасын, оның біркелкілігін, тұрақтылығын, интонациялық тазалығын, тембрін жақсарту бойынша жұмыстар жасау.

      3-тақырып. Динамикамен жұмыс жасау. Staccatoны, оның ішінде "қосарланған" staccatoны еркін меңгеру.

      4-тақырып. Штрихтік реңктерді меңгеруге қажетті тіл және орындаушылық тыныс алудың өзара әрекеттесуі.

      5-тақырып. Техникалық әдістерді дамыту. Гаммалармен, оның ішінде хроматикалық гаммалармен жұмыс жасау. Әртүрлі ритмдік және ырғақтық нұсқаларда орындау.

      6-тақырып. Регистрлердің біркелкі дыбысталуымен жұмыс жасау. Бұлшықет және есту сезімдерін бақылау.

      8-тақырып. Орындалатын шығарманың ішкі сипатын көрсете білуді жетілдіру жұмыстар. Композитордың көркемдік ойын ашу және оны тыңдаушыға жеткізе білу қабілеті.

      9-тақырып. Джаздық музыка. Гаммалар: Иониялық мажор (мажорлық септаккорд).

      10-тақырып. Миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд).

      11-тақырып. Дориялық минор (минорлық септаккорд).

      12-тақырып. Локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд).

      13-тақырып. Тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд).

      14-тақырып Альтталған гаммамен танысу.

      15-тақырып. екі-бес-бір гармониялық айналымы бойынша дайын үлгілер негізінде джаздық бөлікке бөлу.

      16-тақырып. Классикалық музыка. Өзгермелі ырғақта әртүрлі штрихтармен орындау кілті кезінде бес белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар.

      17-тақырып. Әртүрлі штрихтік және ритмдік нұсқалардағы әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гамма.

      18-тақырып. Әртүрлі техника түрлеріне жаттығулар және этюдтер

      19-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      20-тақырып. Ансамбльдік пьесалар.

      21-тақырып. Үлкен көлемдегі шығармалар.

      22-тақырып. Оркестрлік партиялар.

      67. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылары келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гаммаларда тез құрады және орындай алады: иониялық мажор (мажорлық септаккорд), миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд), дориялық минор (минорлық септаккорд), локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд), тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд) кварто-квинттік шеңбер бойынша;

      2) барлық негізгі "аккордтық гаммаларды" біледі, әріптік белгілеулер бойынша гаммалар құрастыра алады;

      3) аккордтық гаммалар бойынша қарапайым импровизациялар ойнай алады;

      4) альттелген гамманы біледі;

      5) джаздық бөлікке бөлуді біледі, екі-бес-бір гармониялық айналымы бойынша дайын үлгілернегізінде оны орындай алады;

      6) әртүрлі штрихтік және ритмдік нұсқалардағы әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гамманы біледі;

      7) әртүрлі техника түрлеріне 8-10 жаттығу және этюдтерді, 4-6 әртүрлі сипаттағы, оның ішінде ансамбльдік те пьесаларды, үлкен көлемдегі 1-2 шығарманы, оркестрлік партияларды орындайды.

      68. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығарманың көркемдік талаптарына сәйкес келетін орындаушылық техниканы жетілдіру жұмыстары жалғастырылады;

      2) оқу жылының ішінде білім алуша альтталған гамманы, екі-бес-бір гармоникалық айналым бойынша дайын паттерндер негізінде джаздық музыканы меңгереді;

      3) классикалық музыкада оқу жылы ішінде білім алушы кілті кезінде алты белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды, әртүрлі штрихтық және ритмдік нұсқалардағы әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гамманы, әртүрлі техника түрлеріне арналған 8-10 жаттығу мен этюдтерді, әртүрлі сипаттағы 4-6 пьесаны, оның ішінде ансамбльдік пьесаларды, үлкен көлемдегі 1-2 шығарманы, оркестрлік партияларды меңгереді.

      69. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық шығарманың көркемдік талаптарына сәйкес келетін орындаушылық техниканы жетілдіру: агогиялық мәнерлілік әдістерін игеру, шығармашылық және дене төзімділігін қалыптастыру, 3-4 шығарманы үзіліссіз орындау шығып қабілетіне қол жеткізу.

      2-тақырып. Ең дарынды білім алушыларды орта арнайы білім беру мекемелеріне түсуге дайындау. Қабылдау емтихандарының талаптарына сай келетін бағдарламалар бойынша жұмыс. Стиль және жанр жағынан әртүрлі шығармаларды қарастыру. Концерттерге, байқауларға, фестивальдарға белсенді жеке қатысу. Музыкалық терминология білімі.

      3-тақырып. Дыбыс сапасымен, оның барлық регистрлердегі біркелкі шығуымен, интонациялық тазалығымен, тембрімен, филировка, вибратомен жұмыс жасау. Бет және ерін бұлшықеттерін қалыптастыруды аяқтау. Ойнау кезінде болатын бұлшықет қысылуларына және қолайсыздықтарынан ақырғы босату. Шыдамдылықпен және бірнеше шығарманы қатар орындау қабілетімен жұмыс жасау.

      4-тақырып. Орындаушылық техниканың балық элементтерін жетілдіру, шыдамдылықты және сахналық өзін ұстауды қалыптастыру. Гаммалармен, оның ішінде хроматикалық гаммамен жұмы жасау.

      5-тақырып. Әртүрлі штрихтарда, ритмдік ырғақтық нұсқаларда орындау. Өтілген штрихтарды қайталау. Әртүрлі техника түрлеріне арналған этюдтер. Бітіру емтиханына дайындық.

      6-тақырып. Әртүрлі сипаттағы, стильдегі, жандағы пьесалармен, үлкен көлемдегі шығармалармен жұмыс жасау. Игерілген техникалық әдістер қолданылатын көркемдік мақсаттарды саналы және айқын түсінуді дамыту, орындалатын шығармалар мазмұнын түсіну. Өзіндік орындаушылық жинағындағы орындалатын шығармаларға деген тұлғалық қатынасты қалыптастыру.

      7-тақырып. Джаз музыкасындағы дағдыларды бекіту. Гаммалар. Иониялық мажор (мажорлық септаккорд).

      8-тақырып. Миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд).

      9-тақырып. Дориялық минор (минорлық септаккорд).

      10-тақырып. Локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд).

      11-тақырып. Тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд).

      12-тақырып Альтталған гамма.

      13-тақырып. Екі-бес-бір гармониялық айналымы бойынша дайын үлгілер негізінде джаздық бөлікке бөлуді оқу.

      14-тақырып. Классикалық музыка. Өзгермелі ырғақта әртүрлі штрихтармен орындау кілті кезінде алты белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар. Әртүрлі штрихтік және ритмдік нұсқаларда әртүрлі дыбыстардан тұратын хроматикалық гамманы өзгермелі ырғақта орындау.

      15-тақырып. Әртүрлі техника түрлеріне жаттығулар және этюдтер.

      16-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      17-тақырып. Ансамбльдік пьесалар.

      18-тақырып. Үлкен көлемдегі шығармалар.

      19-тақырып. Оркестрлік партиялар.

      70. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гаммаларда тез құрады және орындай алады: иониялық мажор (мажорлық септаккорд), миксолидиялық мажор (миксолидиялық септаккорд), дориялық минор (минорлық септаккорд), локриялық минор (жартылай азайтылған септаккорд), кварто-квинттік шеңбер бойынша тондық-жарты тондық гамма (азайтылған септаккорд);

      2) "аккордтық гаммалар" бойынша, блюздік гаммалар бойынша импровизация жасай алады.

      3) Альтталған гамманы, джаздық бөлікке бөлуді біледі;

      4) екі-бес-бір гармониялық айналымы бойынша дайын үлгілерді орындай алады;

      5) кілті кезінде алты белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммаларды әртүрлі штрихтармен өзгермелі ырғақта орындайды;

      6) хроматикалық гамманы әртүрлі штрихтік және ритмдік нұсқаларда орындай алады;

      7) әртүрлі техника түрлеріне 8-10 жаттығу және этюдтерді; 4-6 әртүрлі сипаттағы, оның ішінде ансамбльдік те пьесаларды. Үлкен көлемдегі 1-2 шығарманы; оркестрлік партияларды орындайды;

      8) оркестрлік партияларды біледі.

3-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      71. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау –емтиханы түрінде іске асырылады.

      76. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (бір қалыпты қарқындағы бір октавадағы C-dur [До мажор], a-moll [ля минор] гаммасы, бір пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (фортепианоның сүйемелдеуімен трубамен орындалатын әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі екі белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, бір этюд), екінші, төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы пьесалар, оның ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен джаздық пьесалар);

      3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі үш белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, бір этюд), екінші, төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса, оның ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын джаздық пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі төрт белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, бір этюд), екінші, төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса, оның ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын джаздық пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші және үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі төрт белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, бір этюд), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (әртүрлі сипаттағы екі пьеса, оның ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын джаздық пьеса);

      6) 6 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кілттегі бес белгіге дейінгі мажорлық және минорлық гаммалар, тура қалпындағы, айналымдардағы арпеджио, бір этюд), екінші, төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса, оның ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын джаздық пьеса);

      7) 7 сынып – бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажорлы және минорлы гаммалар кілттегі жеті белгіге дейін; арпеджио тура түрінде; арпеджио қаратпаларда; бір этюд), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (шығарманың ірі түрі, түрлі сипаттағы екі-үш пьеса, оның ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен джаздық пьесалар).

      73. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      87. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – музыкалық шығарманың мазмұнын бейнені мәнерлі жеткізуі, форма сезімін, қарқынның біркелкілігін нақты түсіну, мәнерлі екпіндейді, ырғақтық соғудың (пульсация) анықтылығы, динамикалық түрлілігі, өз орындауын тыңдауы, орындау техникасын еркін игеруі, әртістілігі және беріле орындауы, техникалық жағынан сапалы және көркемдік жағынан түсініп орындауы, оқытудың аталған кезеңінің барлық талаптарына сәйкестігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – шығарманың формасын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді қалыпты орындауы, қарқынның жылдамдығы, екпіндеуінің мәнерлілігі, динамикалық түрлілігі, естуді бақылауының жеткіліксіздігі, сахнада өзін ұстауындағы психологиялық тұрақсыздығы, сауатты орындау, техникалық, сондай-ақ көркемдік тұрғыдан сәл кемшіліктер бар;

      3) 3 "қанағаттанарлық" бағасы – музыканың бейнесін түсінбей авторлық ноталық мәтінді формальді түрде оқуы, өз орындауын тыңдай отырып бақылауы нашар, темптік-ырғақтық дұрыс ұйымдаспағандығы, динамикалық бірсарындылығы және дыбысталудың бір қалыптылығы, сахнада өзін өзі ұстауының психологиялық тұрақсыздығы, орындауында кемшіліктердің көп болуы, нақтырақ айтқанда мәтін толық жатталынбаған, техникалық дайындығы әлсіз, ойнаудағы көркемдік деңгейі төмен, ойны аппаратының еркін болмауы.

      4) 2 "қанағаттанарлық емес" бағасы – ноталық мәтінді айтудағы қателіктерінің болуы, тыңдауды бақылай алмауы, метриоритмикалық тұрақсыздығы, дыбыс шығарудың және дыбыс жүргізудің сапасының төмендігі, мәнерлеп екпіндеудің болмауы, орындау барысында жиі тоқтауы, үй тапсырмасын орындамаудың, сондай-ақ сабақтарға дұрыс қатыспаудың салдарынан туындаған кемшіліктер кешені;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
43-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Эстрадалық-джаздық ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Эстрадалық джаздық ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Эстрадалық-джаздық ән айту" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде және вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың бірізді қатарын орындау тәсілі;

      2) арпеджио – фортопианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтарды орындау тәсілдері, ол кезде аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығады;

      3) бибоп, би-боп, боп – жиырмасыншы ғасыр 40-шы жылдардың ортасында бастау алған және жылдам ырғақ пен күрделі импровизациялармен сипатталатын, әуенді емес, гармонияны күйіне келтіруге негізделген джаздық стиль;

      4) блюз – жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдары кең таралған, жеке алынған блюз композициясы немесе музыка жанры;

      5) бэкграунд – джаздағы аспапты және дауыс сүйемелдеуі;

      6) вибрато (тремоляция) – музыкалық дыбыстың немесе ән салудың жоғарылығының, күшінің (қаттылығы) немесе тембрінің ұдайы өзгеруі. Ішекті аспаптарда ол саусақтардың тербелісі арқылы шығады;

      7) группето- жоғарғы көмекші, негізгі, төменгі көмекші және негізгі - бірнеше дыбыстардан тұратын әуенді көркемдеу, негізгі нотаның ұзақтылыңы есебінен орындалады;

      8) джаз – он тоғызыншы ғасырдың аяғы – жиырмасыншы ғасырдың басында европалық және африкалық мәдениеттердің белгілерін байланыстыру негізінде АҚШ-та қалыптасқан және кейін халықаралық таралымға ие болған музыкалық өнер түрі мен музыкалық стиль;

      9) джаз-рок – джаз бен рок-музыканың синтезі негізінде пайда болған стильдік бағыт;

      10) джаздық стандарт – жалпытанымал джаздық репертуардың бөлігі ретіндегі музыкалық шығарма;

      11) диминуендо – дыбыс күшінің бірқалыпты кемуін білдіретін музыкалық термин;

      12) дуоли – бұл сол түрдің үш нота ұзақтылығы келетін екі нота;

      13) дыбыс филировкасы - дыбыстың тығыздығы мен қоюлығының біртендеп ыдырауы;

      14) крещендо – дыбыс күшінің бірқалыпты артуын білдіретін музыкалық термин;

      15) легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілдері, бір дыбыстан келесі дыбысқа бірқалыпты ауысу орын алатын, дыбыстар арасында үзіліс болмайтын дыбыстарды байланыстыра орындау;

      16) микст – табиғи регистрлерді (кеуде және бас) араластыру арқылы пайда болатын және соның есебінен олардың дыбысталу сипатында қатты айырмашылық жоғалатын жасанды дауыс регистрі;

      17) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, көршілес басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады. Мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      18) орындаушылық аппарат – ойын процесіне қатысатын және өзара күрделі жүйке-бұлшықетті қызметпен байланысқан физиологиялық органдардың кешені;

      19) пассаж – жылдам қозғалыс кезіндегі дыбыстардың бірізділігі;

      20) пиано – музыкадағы маңызды динамикалық реңктердің бірі, форте динамикалық реңкіне қарсы тұрады;

      21) рок-музыка – танымал музыканың бағыттары қатарының жалпылаушы атауы;

      22) свинг - еркін импровизация ноталанған аранжировка бойынша ойнауға орын беретін, биг-бэнд орындауындағы джаз стилі;

      23) секунда – екі саты көлеміндегі ені бар музыкалық интервал, "2" санымен белгіленеді. Үлкен секунда - екі саты көлеміндегі немесе толық тонға интервал. Кіші секунда - екі саты көлеміндегі немесе жарты тонға интервал;

      24) стаккато - дыбыстарды бір-бірінен кідірістермен бөлу арқылы үзілмелі орындауды белгілеуші музыкалық штрих;

      стаккато – легатоға қарсы тұратын, дыбысты шығарудың (артикуляция) негізгі әдістерінің бірі;

      25) субтон – эстрадалық вокалдағы тәсіл;

      26) таза октава – 8 санымен белгіленетін, 8 сатылы және 6 тонды интервал;

      27) таза прима – 0 саты қашықтығындағы интервал, яғни оның құрылуына бір ғана саты қатысады. Интервал абсолютті консонанстар разрядына жатады;

      28) тесситура – дыбыстардың музыкалық шығармадағы дауыстың (вокалдың) немесе музыкалық аспаптың диапазонына биіктік қатынасы;

      29) терция – қарапайым интервал, кіші терция – 1 1/2 тон, үлкен – 2 тон;

      30) тіректі тыныс – саналы құрылған, үнемі қолдаулы және қысыңқы, күшті кеуде қуысы тыныс шығару бұлшықеттерімен кернеулі қысқартылатын және тыныс шығару бойы серпінді, жаттыққан ерінмен басқарылатын өкпедегі, ауыз қуысындағы және ерін алдындағы ауа қысымы;

      31) үшдыбыстылық – терция бойынша орналасқан, үш дыбыстан тұратын аккорд;

      32) форшлаг – бір немесе бірнеше дыбыстардан тұратын, қандай да бір әуен дыбысына ізашар болатын және келесі дыбыстың ұзақтылығы есебінен орындалатын әуенді көркемдеу;

      33) фруллато – флейта немесе трубамен ойнау кезінде тіл арқылы пайда болатын "трещотка" тәсілі;

      34) штрихтар – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі).

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының вокалдық орындаушылық cаласында алған білім, білік және дағдылары негізінде музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, олардың джаз стиліндегі әншілік мәдениетін қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) мәнерлі ән айтуға үйрету;

      2) ән айтуды үйрету және әншілік қабілеттерін дамыту арқылы білім алушыны вокалдық өнерге тарту;

      3) эстрадалық-джаздық өнер негіздерін меңгеру;

      4) білім алушының әншілік тұғыр қабілеттерін қалыптастыру;

      5) вокалдық артикуляция, музыкалық жадыны қалыптастыру;

      6) орындаушылық вокалдық білік және дағдыларды қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) ладтық сезімді, есту қабілетін, дауысты, музыкалық жадыны, метроритм сезімін дамыту;

      2) вокалдық дауыс ырғағына келтіру және сольфеджиолау дағдыларын дамыту;

      3) эстрадалық-джаздық музыканы орындаудың вокалдық техникаларын дамыту;

      4) оркестрдің, фортепианоның және басқа да аспаптардың сүйемелдеуімен жеке орындау дағдыларын дамыту;

      5) сахна қозғалысы, микрофонмен, вокалдық-күшейткіш аппаратурамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) бірыңғай әншілік мәнерде ән айтудың маңызды факторы ретінде вокалдық есту қабілетін тәрбиелеу;

      2) ән айтуға тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;

      3) орындаушы-вокалшының музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

      4) әншілік қызметке қажеттіліктерді тәрбиелеу;

      5) білім алушыларды әлемдік вокалдық мәдениет негіздеріне тарту.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – жеті жылды құрайды. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Оқыту жеке, кішітоп формаларында жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама жалпы музыкалық білім алуға, дамуға және әрі қарай кәсіби оқуға бағдарланған білім алушылармен жұмыс жасауда қолдану үшін арналған.

      8. Бағдарлама әр баланың музыкалық дамуын барынша саралай отырып іске асыруға жағдай жасайды, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сай келетін, оқыту әдістерін қарастырады.

      9. Осы бағдарламаның ерекшелігі классикалық және джаздық музыканың үздік дәстүрлерінің негізінде оқытудың табиғи синтезі болып табылады.

      Джаз музыкасының ерекшелігі оның импровизациялық негізінде, ол орындаушыға үлкен шығармашылық еркіндік береді.

      10. "Эстрадалық-джаздық ән айту" оқу пәні білім алушының шығармашылық даралығын ашуға, оның тұлғалық және рухани қасиеттерін дамытуға, қажетті ән салу дағдыларын қалыптастыру және жүйелі түрде музыкамен әуестенудегі қажеттіліктерді туындатуға бағытталған.

      11. Бағдарлама мазмұнына барлық стильдердің эстрадалық-джаздық музыкалары енеді: блюз, свинг дәуірінің джаздық стандарттары, би-боп, латино, джаз-рок, рок стиліндегі вокалдық нөмірлер.

      Жеке сабақтарда білім алушы джаз тілімен, негізгі джаз гаммаларымен және импровизация әдістерімен танысады. Джаздық пьесалар бэкграунд сүйемелдеуімен жатталынады.

      Сабақтарда ноталық сауат білімі мен сольфеджиолау дағдылары белсенді қолданылады.

      12. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      13. Бағдарлама балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде орындаушылық тәжірибелерін меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелінген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін ән айтудың білім, білік және дағдыларын меңгеріне

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне

      4) музыкалық білім алуына және музыкалық мәдениетке араласуына;

      5) білім алушылардың бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушылардың бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушылардың тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      18. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың ән айту бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеруге жалпыдамытушылық бағыттылығы болып табылады.

      19. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. "Эстрадалық-джаздық ән айту" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      22. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің шығарманы орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиялық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – вокалдық жаттығулар, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      23. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      24. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) топтық;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы.

      25. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді.

      27. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      4) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      29. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағында негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезінде өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      35. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      37. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      38. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында, жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      39. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық жоспар әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      44. Репертуар жүйелі түрде жаңартылады және заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып кеңейтіледі.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізімді толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (эмтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      50. Жеке жоспардың міндетті бөлімдері:

      1) вокализдермен жұмыс;

      2) жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) парақтан оқу дағдылары.

      51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, оркестрдің, фортепианоның, басқа аспаптардың сүйемелдеуімен жеке орындау дағдыларының болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      54. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      55. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер қолданылып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкінідіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      56. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушылар өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушылардың күнделіктеріне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      57. "Эстрадалық-джаздық ән айту" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      58. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қарапайым вокалдық жаттығуларды баяу ырғақта келесідей аралық үзілістерді: таза прима, үлкен және кіші секундтар, кіші және үлкен терция, таза октаваны пайдалану арқылы айту;

      2) фонограммамен ән айту дағдыларын қалыптастыру;

      3) оқу жылының ішінде білім алушы 1-2 вокализді немесе әндету сипатындағы әнді, 4-5 вокалдық эстрадалық-джаздық шығармаларды үйренеді.

      59. 1 сыныптағы оқу пәнінінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дауыс аппаратының анатомиясы және гигиенасы.

      2-тақырып. Дауыс аппаратының құрылымы және жұмыс жасау қағидалары, оларды меңгеру негіздері.

      3- тақырып. Дауыс режимі, дауыс аппаратын күту, дұрыс тамақтану.

      4-тақырып. Диафрагмалық-қабырғааралық тыныс алуды үйрету.

      5-тақырып. Диафрагманы іске қосу үшін "стаккато" штрихіне жаттығу.

      6-тақырып. Біркелкі тыныс алуды, ағынды тыныс шығаруды дамыту үшін "легато" штрихіне жаттығу.

      7- тақырып. Дұрыс мүсінді сақтау бойынша жұмыс.

      8- тақырып. Парақтан оқу.

      9- тақырып. Қысымды болдырмау үшін бұлшық ет жаттығулары (қозғалыс белсенділігі).

      10 - тақырып. Нота бойынша ән айту.

      11 - тақырып. "Стаккатоға" және "легатоға" жаттығулар.

      12 - тақырып. Дұрыс мүсінді сақтау бойынша жұмыс.

      13- тақырып. Резонаторлық сезімдерді дамыту (кеуде және бас).

      14- тақырып. Вокализмдермен жұмыс.

      15-тақырып. Дұрыс вокалдық қалыпты қалыптастыру, дыбысталу орнын табу, тамақты ашу.

      60. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ашық, жеңіл, сыңғырлап шығатын дұрыс әншілік дыбысты қалай шығаруды біледі, қысыңқы, асығыс дыбыстауларды болдырмауға тырысады;

      2) дикция мен артикуляция негіздерін біледі, дауысты дыбыстарды дұрыс шығарады, дауыссыздарды анық, таза, екпінді дыбыстайды;

      3) сөз соңындағы дауыссыздарды анық айтады, дауыссыздарды келесі буынға қосады;

      4) тыныс ала алады және тынысты музыкалық фразаға бөле алады;

      5) келесідей аралық үзілістерді таза орындай алады: таза приманы, кіші және үлкен секундтарды, кіші және үлкен терцияны, таза октаваны;

      6) джаздық артикуляциямен 1-2 джаздық вокалдық жаттығулар орындай алады;

      7) бэкграунд немесе "комбо" сүйемелдеуімен ағылшын, қазақ тілдеріндегі джаздық стандарттарды және танымал әндерді орындай алады;

      8) ән айту кезінде мүсінін дұрыс ұстай алады;

      9) эстрадалық-джаздық орындау мәнерін меңгереді.

      61. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ән айту және дауысты сақтау ережелерімен танысу;

      2) музыкалық, әншілік, шығармашылық қабілеттерді: музыкалық есту қабілетін, әншілік дауысты, зейінді, музыкалық ойлауды, жадыны, эмоционалдылықты, қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, талғамдарды, шығармашылық еңбекке дайындықты дамыту;

      3) дауыс аппаратының анатомиясын және гигиенасын үйренуді әр қарай жалғастыру: дауыс аппаратының құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, оларды кәсіби меңгерудің негіздері;

      4) дауыс режимі, дауыс аппаратын күту, дұрыс тамақтану;

      5) диафрагмалық-қабырға аралық тыныс алуды оқыту;

      6) диафрагманы іске қосу үшін "стаккато" штрихіне жаттығу;

      7) біркелкі тыныс алуды, ағынды тыныс шығаруды дамыту үшін "легато" штрихіне жаттығу;

      8) дұрыс мүсінді сақтау бойынша жұмыс;

      9) қысымды болдырмау үшін бұлшық ет жаттығулары (қозғалыс белсенділігі);

      10) резонаторлық сезімдерді дамыту (бас және кеуде), сіңірлер жұмысындағы кеуде және бас механизмдері, кеңірдектің біріншілігі және резонаторлардың екіншілігі;

      11) дұрыс вокалдық позицияны дамыту, дыбысталу орнын анықтау, тамақты ашу.

      12) екінші оқыту жылының нәтижесінде білім алушы дауыс диапазонын 1,5 октаваға дейін кеңейтеді, дауысты дыбыстардың үнділігін біркелкі етеді;

      13) тіректі сезінумен байланысты, тынысты ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасады;

      14) вокалдық жаттығулар: вокализдермен жұмыс жасау кезінде білім алушы дыбысты әуезді, жұмсақ жүргізе алады;

      15) оқу жылының ішінде білім алушы 1 вокализ, әртүрлі сипатты және мазмұнды 4 вокалдық шығарманы үйренеді.

      62. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Нотаны парақтан оқу. Эстрадалық-джаздық шығармаларды айту.

      2-тақырып. Жаттығулар. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      3-тақырып. Вокалды дауыстыларды, жоғарғы және төменгі форманттарды қалыптастыру.

      4-тақырып. Сыртқы артикуляция - ерін, төменгі жақ, тіл ұшы.

      5-тақырып. Сөйлеу дауыстыларын қалыптастыру.

      6-тақырып. Дауыссыздарды қалыптастыру және олардың тынысқа әсері.

      7-тақырып. Вокалдық позицияны қалыптастыру бойынша жұмыс.

      8-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      9-тақырып. Ноталарды оқу. Эстрадалық-джаздық шығармаларды айту.

      10-тақырып. Жаттығулар және вокализдер. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      11-тақырып. Дикцияны дамытуға арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Резонаторлық сезімдерді дамытуға жұмыс (тамақтың біріншілігі және резонаторлардың екіншілігі).

      13-тақырып. Дауысты біркелкі ету, тірек сезімін дамыту.

      14-тақырып. Табиғи тембрді ашу бойынша жұмыс.

      15-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      63. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) вокалдық пьесаларды ұйымдастыру қағидаларын біледі: мелодияны фразаларға, сөйлемдерге бөледі, шарықтау шектерін және кодтарды орындай алады;

      2) свинг стилін орындаудың ерекшеліктерін біледі;

      3) әндету сипатындағы вокализдерді орындай алады;

      4) джаздық артикуляцияны орындай отырып, дыбысты жұмсақ, әуенді, шығара алады;

      5) тіректі сезінумен тыныс алуға ие;

      6) 1,5 октавадағы диапазонды пайдалана алады;

      7) әртүрлі сипаттағы және мазмұндағы вокализдер және эстрадалық-джаздық пьесаларды орындай алады.

      64. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ән айту және дауысты сақтау ережелерімен әрі қарай танысу;

      2) музыкалық есту қабілетін, әншілік дауысты, зейінді, музыкалық ойлауды, жадыны, эмоционалдылықты, қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, талғамдарды, шығармашылық еңбекке дайындықты жан-жақты тәрбиелеу;

      3) вокалдық-техникалық білімдерді, біліктерді, дағдыларды әрі қарай қалыптастыру;

      4) орындау барысында әншілік тұғырды сақтау, дыбысты дұрыс шығаруды (жұмсақ "шабуыл"), көмейдің тұрақты қалыбын, ән айту кезіндегі тыныс шығару күйін, бірқалыпты-белсенді, үнемді тыныс шығаруды сақтау қабілетін оқыту;

      5) білім алушыда әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін: ашықтық, шарықтауы, араластық, тембрлік тегістік, вибратомен ән айтуды қалыптастыру;

      6) сау дауыстың жағымды жеке тембрін сақтау, белсенді, асықпай ән айтуды оқыту;

      7) еркін, табиғи, төгілте ән айтуға, дауысын жұмсақ меңгеруге оқыту;

      8) дауысты дыбыстарды дұрыс шығару және білім алушыны дауыссыз дыбыстарды анық айтуға үйрету;

      9) жаттығуларда машықтанған қабілеттерді шығарма орындауда пайдаланып, ән айтудың барлық ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттілігін қалыптастыру;

      10) дауыс диапазонын 1,5 октаваға дейін кеңейту, дауысты дыбыстардың үнділігін біркелкі ету;

      11) тірек сезімімен байланысты тынысты ұйымдастыру жұмыстарымен әрі қарайғы жұмыс, оқу минус фонограммасымен жұмысты жетілдіру;

      12) әуезді әндету қабілеті, дыбысты жұмсақ жүргізу;

      13) орындауға көркем шығармашылықтың элементтерін енгізе білу қабілеті;

      14) әуен қозғалысын сезуді, оның дамуын және шығарманың шырқау шегін анықтай білуі тиіс.

      15) мажорлық және минорлық гаммалар, үшдауыстылық, әндету, октаваға жоғары және төмен секірулер енетін вокалдық жаттығуларды айту;

      16) оқу жылының ішінде білім алушы 1-2 вокализді, әртүрлі сипаттағы және мазмұндағы 4-5 вокалдық шығармаларды үйренеді.

      65. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталарды оқу. Эстрадалық-джаздық шығармаларды айту.

      2-тақырып. Жаттығулар. Оқыту-жаттықтыру материалдарын айту.

      3-тақырып. Дауыс сіңірлерінің кеуде және бас механизмдерінің жұмысы.

      4-тақырып. Үлгілік тондардың диапазон ортасындағы жаттығу.

      5-тақырып. Легатода көршілес дыбыстарды біркелкі қосу бойынша жұмыс.

      6-тақырып. Дұрыс фразаға бөлудегі тыныстың рөлі, бір тонда ұсталған дыбыстар - жаттығулар.

      7-тақырып. Есту бойынша таңдау.

      8-тақырып. Негізгі музыкалық терминдермен танысу.

      9- тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      10-тақырып. Табиғи тембрді ашу бойынша жұмыс.

      11-тақырып. Staccato [стаккато], legato [легато] штрихтері. Оқыту-жаттықтыру материалдарын айту.

      12-тақырып. Фразаға бөлу, ритммен жұмыс, шабуыл түрлері.

      13-тақырып. Бұлшық ет қысымдарын болдырмау бойынша жұмыс.

      14-тақырып. Дұрыс тұғыр және сезінуді қалыптастыру.

      15-тақырып. Крещендо және диминуендоға жаттығулар.

      16-тақырып. Эстрадалық-джаздық шығармаларды орындау.

      17-тақырып. Дауыстың интонациялық мәнерлілігін дамыту бойынша жұмыс.

      18-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      66. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тіректі сезінумен тынысты қалай дұрыс ұйымдастыру керек екендігін біледі;

      2) джаздық артикуляцияны біледі;

      3) мажорлық және минорлық гаммалар, үшдауыстылық, әндету, октаваға жоғары және төмен секірулер кіретін вокалдық жаттығулар мен вокализдерді орындай алады;

      4) дыбысты әуезді, жұмсақ жүргізе біледі, әуен қозғалысын, оның дамуын, шарықтау шегін сезе алады;

      5) 1,5 октаваға дейінгі дауыс диапазонына ие;

      6) минус оқу фонограммасымен 4-5 вокалдық шығармаларды орындай алады;

      7) эстрадалық-джаздық пьесаның бейнелі мазмұнын аша алады.

      67. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары.

      1) вокалдық-техникалық қабілеттерді пысықтау және эстрадалық-джаздық вокалдық репертуарды игеру бойынша жұмыстар жалғасады;

      2) орындалатын шығарманы сараптау және қысқаша сипаттай білу қабілетіне оқыту;

      3) әуен нұсқалары, шығарманы өз ойымен сипаттау дербестігіне ұмтылу негізінде шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      4) кәсіби минус фонограммасымен жұмыс істей алу қабілетін қалыптастыру;

      5) кеуде және бас регистрін қосу (микст);

      6) бұрын алынған вокалдық-техникалық дағдыларды бекіту;

      7) дауыстың қозғалғыштығын меңгеру, дауыс тембрін анықтау;

      8) микрофонмен ән айту қабілеті;

      9) мажорлық және минорлық үшдауыстылық, баяу екпінді арпеджио, жылдам екпінді мажорлық және минорлық гаммалар, тесситуралық секірістер енетін вокалдық жаттығуларды айту;

      10) оқу жылының ішінде білім алушы 6-7 вокализдерді, әндету сипатындағы әндерді, танымал балалар әндерін, отандық танымал әндерді және ретро-әндерді үйренеді.

      68. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Фразаға бөлумен жұмыс жасау. Тыныс сәйкестігі.

      2-тақырып. Д, Б, П дауыссыз дыбыстар арқылы қатты шабуылмен жұмыс.

      3-тақырып. Ноталарды оқу. Эстрадалық-джаздық шығармаларды орындау.

      4-тақырып. Сызықтарға жаттығулар. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      5-тақырып. Ырғақты фразаға бөлу. Триолдар, квинтолдар.

      6-тақырып. Дауыстыларды түзетуге арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      8-тақырып. Есту бойынша таңдау.

      9-тақырып. Ритм және тыныс алуды реттеу.

      10-тақырып. Ритмге арналған жаттығулар. Оқу-жаттығу материалын айту.

      11-тақырып. Staccato [стаккато], legato [легато] штрихтары.

      12 -тақырып. Кантиленаны дамытумен жұмыс.

      13-тақырып. Негізгі музыкалық терминдермен танысу.

      14-тақырып. Легато дыбысталуындағы бұлшық ет динамикасын дамыту.

      15-тақырып. Ноталарды оқу. Эстрадалық-джаздық шығармаларды айт.

      16-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      69. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тіректі сезінумен тынысты қалай дұрыс ұйымдастыру керек екендігін біледі;

      2) би-боп стиліндегі джаз артикуляциясын біледі;

      3) жылдам екпінді мажорлық және минорлық гаммалар, мажорлық және минорлық үшдауыстылық, баяу екпінді арпеджио, тесситуралық секірістер енетін вокалдық жаттығуларды орындай алады;

      4) кеуде және бас регистрін біріктіре алады;

      5) орындалатын шығарманы сараптап және қысқаша сипаттап бере алады;

      6) әртүрлі сипаттағы және мазмұндағы вокализдер мен эстрадалық-джаздық пьесаларды орындай алады;

      7) сахнада микрофонмен минус фонограммасы сүйемелдеуімен джаз мәнеріндегі шығарманы орындай алады.

      70. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) өтпелі ноталармен және регистрлерді тегістеумен әрі қарай жұмыс;

      2) тесситурлық секірістерге , гаммаларға, арпеджиоға жаттығулар;

      3) барлық өтілген вокалдық-техникалық қабілеттерді пысықтау бойынша әрі қарай жұмыс;

      4) дауыстың қозғалғыштығымен және икемділігімен жұмыс, өзіндік тембрді анықтау;

      5) әртүрлі динамикалық реңктерді құрастыру;

      6) эстрадалық-джаздық форшлагтарды, группеттоларды, пассаждарды орындау;

      7) джаз музыкасына тән аккордтарға құрылған жаттығулар;

      8) ырғақты жаттығулар, білім алушыларды ерекше әдістермен: субтонмен, вибратомен, тік дыбыспен, фруллатомен таныстыру, дыбыстың динамикалық шабуылымен (драйв) әр бөлікке мән бере отырып екпінді орындау;

      9) бұрын алынған вокалдық-техникалық дағдыларын бекіту, дауыс қозғалғыштығын, әртүрлі динамикалық реңктерді меңгеру;

      10) мажорлық және минорлық гаммалар, мажорлық және минорлық үшдауыстылық, арпеджио, әндету, квинтаға, октаваға жоғары және төмен секірістер енетін вокалдық жаттығуларды айту;

      11) оқу жылының ішінде білім алушы әртүрлі сипаттағы 7-8 шығарманы үйренеді.

      71. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталарды оқу. Джаздық стандарттардың тақырыптары.

      2-тақырып. Ырғақты топтастырулар: квартоль, квинтоль. Оқыту-жаттықтыру материалдарын айту.

      3-тақырып. Музыкалық терминдер.

      4-тақырып. Ағынды тыныс шығаруды жетілдіру.

      5-тақырып. Жұмсақ шабуылды қайталау әуендерін айту.

      6-тақырып. Үлкен диапазонда резонаторлық сезімдер арқылы дауысты біркелкі ету.

      7-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      8-тақырып. Бұлшық ет қысымдарын жою бойынша жұмыстар.

      9-тақырып. Сызықтарға жаттығулар. Оқыту-жаттықтыру материалдарын айту.

      10-тақырып. Вокализдер.

      11-тақырып. Бояулы фразалармен жұмыс: жылау, ыңырсу, таңдану.

      12-тақырып. Ритм және тынысты ұйымдастыру. Жаттығу.

      13-тақырып. Артикуляция және дикция бойынша жұмыс.

      14-тақырып. Вокализдермен жұмыс. Эстрадалық-джаздық шығармаларды орындау.

      15-тақырып. Кантиленаны дамытумен жұмыс.

      16-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      72. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) субтон, вибрато, тік дыбыс, фруллато - ерекше әдістермен ырғақты жаттығуларды біледі;

      2) джаздық артикуляцияны, эстрадалық-джаздық форшлагтарды, группеттоны, пассаждарды біледі;

      3) тесситурлық секірістерді, гаммаларды, арпеджиоларды орындай алады;

      4) әуенді әр бөлікте ерекшелеумен және дыбыстың динамикалық шабуылымен екпінді мәнерде орындай алады;

      5) мажорлық және минорлық гаммалар, мажорлық және минорлық үшдауыстылық, арпеджио, квинтаға, октаваға жоғары және төмен секірістер енетін вокалдық жаттығуларды орындай алады;

      6) әртүрлі сипаттағы және мазмұндағы вокализдерді және эстрадалық-джаздық пьесаларды микрофонмен минус фонограммасы сүйемелдеуімен орындай алады.

      73. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) барлық өтілген вокалдық-техникалық дағдыларды пысықтау бойынша жұмыстар жалғасады;

      2) дауыс қозғалғыштығымен, дауыстың әдемі тембрін анықтау, әртүрлі динамикалық реңктерді пайдалану бойынша жұмыс;

      3) эстрадалық-джаздық форшлагтар, группето, пассаждар;

      4) кантиленоны қалыптастыратын жаттығулар (көтерілетін және түсетін гаммалар, арпеджио);

      5) сызықтық және синкопирленген ритмге құрылған жаттығулар;

      6) дыбыс түзуге көңіл аудара отырып, артикуляцияны, дикцияны, фразаға бөлу және нюанстарды бақылау;

      7) ріаno-ны айту білігі;

      8) дыбыс филировкасы;

      9) бұрын алынған вокалдық-техникалық дағдыларын бекіту, дауыс қозғалғыштығын, әртүрлі динамикалық реңктерді меңгеру;

      10) мажорлық және минорлық гаммалар, мажорлық және минорлық үшдауыстылық, арпеджио, әндету, квинтаға, октаваға жоғары және төмен секірістер енетін вокалдық жаттығуларды айту;

      11) оқу жылының ішінде білім алушы әртүрлі сипаттағы 7-8 шығарманы үйренеді.

      74. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Эстрадалық-джаздық шығармаларды орындау.

      2-тақырып. Еркін тыныс алумен, жоғарғы вокалдық позиция құрумен жұмыс.

      3-тақырып. Арпеджионы айту жаттығуы. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      4-тақырып. Дауыстыларды араластырумен жұмыс.

      5-тақырып. Тыныс алу техникасын, артикуляцияны жетілдіру.

      6-тақырып. Орындауды жетілдіру, стильді сезінуді дамыту.

      7-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      8-тақырып. Тиімді импеданс, ауыз формасын іздеу, барлық диапазондағы аралас дыбысталу.

      9-тақырып. Қозғалыс белсенділігі арқылы тыныс алу техникасын дамыту, тынысты үнемді шығындау.

      10-тақырып. Штрихтарға жаттығулар. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      11-тақырып. Дыбыс реңктерімен жұмыс, дыбыс фолировкасы.

      12-тақырып. "Пианода" ән салу, дауыстағы вибрато техникасымен жұмыс.

      13-тақырып. Ноталарды парақтан оқу және есту бойынша таңдау. Эстрадалық-джаздық шығармаларды айту.

      14-тақырып. Стильді сезінуді дамыту бойынша жұмыс.

      15-тақырып. Концерттік нөмірлерді қою.

      75. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) джаз артикуляциясын біледі;

      2) үзік сызықты және синкопирленген ритмдерге ие;

      3) динамикалық реңктер, эстрадалық-джаздық форшлагтар, группето, пассаждар орындай алады;

      4) көтерілетін және төмендейтін гаммаларды, арпеджио қолданылатын вокалдық жаттығуларды орындай алады;

      5) нақты дикция, фразаға бөлу, нюанстарды бақылай алады;

      6) "piano" [пиано] және дыбыс филировкасын меңгере біледі;

      7) микрофонмен минус сүйемелдеуімен эстрадалық-джаздық стандарттарды орындай алады.

      76. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) техникалық дағдыларды дамыту және эстрадалық-джаздық вокалдық репертуарды игеру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

      2) әдемі және мәнерлі ән айту қабілеттерін меңгеру;

      3) дикция, артикуляция, "тіректі" тыныс алу, тембрді дамыту, дауыстың әуенділігі;

      4) фонограммамен, вокалдық радиотехникалық аппаратурамен жұмыс жасау дағдылары;

      5) вокалдық шығарманы және шет тілдердегі шығарма мәтіндерін үйрену бойынша өзіндік жұмыс;

      6) динамикалық стереотипті пысықтау;

      7) сөзбен, шығарманың көркемдік мазмұнын ашу және стилистикалық ерекшеліктерін анықтау бойынша жұмысты белсендіру;

      8) вокалдық-техникалық және орындаушылық дағдылар жүре біткен рефлекс деңгейіне жеткізіледі;

      9) оқу жылының ішінде білім алушы әртүрлі сипаттағы 9-10 шығарманы үйренеді.

      77. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Концерттік номерлерді қою.

      2-тақырып. Дыбыс сипатымен, әртүрлі стиль және жанр бойынша фразаларға бөлумен жұмыс.

      3-тақырып. Дыбыс сипатымен жұмыс. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      4-тақырып. Дуолдан октолға дейінгі ырғақты топтастырулар.

      5-тақырып. Бұлшық еттің еркіндігін, дұрыс позицияны иелену.

      6-тақырып. Әртүрлі стилдерде орындаумен жұмыс. Рок, джаз, романс.

      7-тақырып. Бітіру бағдарламасының шығармаларын талдау.

      8-тақырып. Қарапайым араласқан ырғақты топтастырулар.

      9-тақырып. Әртүрлі техника түріне жаттығулар. Оқыту-жаттықтыру материалын айту.

      10-тақырып. Концерттік номерлерді қою.

      11-тақырып. Дыбыстаудың мінсіз сипатын табу.

      12-тақырып. Резонаторлық сезіммен жұмыс.

      13-тақырып. Нотаны парақтан оқу және есту қабілеті бойынша таңдау. Эстрадалық-джаздық шығармаларды айту.

      14-тақырып. Дыбыспен, қатты және жұмсақ шабуылмен жұмыс.

      78. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныптың оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) джаздық артикуляцияны біледі;

      2) жеке тембрмен, анық дикциямен, дұрыс артикуляциямен және дұрыс тыныспен әдемі мәнерлі ән айтуды меңгереді;

      3) 1,5 октавадан кем емес диапозонды игере алады;

      4) субтон, вибрато, түзу дыбыс, фруллато сияқты ерекше тәсілдерді меңгереді;

      5) әр үлеске екпін қоя жігерлі орындау дағдыларына, дыбысқа динамикалық шабуылды меңгереді;

      6) сахнада қозғала алады;

      7) микрофонмен және "минус" фонограммасымен жұмыс істей алады;

      8) джаздық музыканың жанрларын біледі;

      9) орындаудың стилін нақты айта біледі.

      79. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бітіруші түлек:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін;

      2) заманауи эстрадалық және джаздық музыка жанрларын;

      3) музыкалық терминдерді;

      4) эстрадалық - джаздық музыканың түрлі жанрларына тән ерекше тәсілдерді;

      5) эстрадалық орындаушылық өнердің қазіргі талаптарына сәйкес келетін вокалдық шеберлік техникасын;

      6) музыкалық шығармалардың түрлі интерпретацияларын;

      7) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стильдер мен жанрлардан тұратын репертуарды;

      8) музкаларын орындайтын композиторлардың шығармашылығының негізгі заңдылықтарын;

      9) музыкант-орындаушының сахнадағы жұмыс қағидаттарын біледі.

      Бітіруші түлек:

      1) саналы, мәнерлі, көркем вокалды орындаушылықты меңгереді;

      2) күрделі емес шығармаларды үйрену барысында кездесетін техникалық қиындықтарды өзбетінше жеңе алады;

      3) музыкалық-эстетикалық талғамның жоғары деңгейіне ие;

      4) таза интонацияға, әншілік тірекке және әртістік негізге ие;

      5) салауатты өмір салтын ұстанады, дауыс аппаратына ұқыпты қарайды;

      6) орындаушылық практикасында теориялық білімдерін қолдана біледі;

      7) сахнада өнер көрсете біледі, фонограммамен, микрофонмен, вокалдық-күшейткіш аппаратурамен жұмыс істей алады.

      Бітіруші түлекте:

      1) есту қабілеті бойынша таңдау және күрделі емес музыкалық шығармаларды парақтан оқу;

      2) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану;

      3) есту қабілеті бақылауы және орындау процесін басқару қабілеті;

      4) орындалатын шығармалардың теориялық талдау;

      5) жеке көпшілік алдында өнер көрсетудің орындаушылық практикасы дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      80. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      15. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – төртінші тоқсанда: сынақ (қазақ тіліндегі балалар эстрада әні, ағылшын тіліндегі танымал ән);

      2) 2 сынып – екінші тоқсанда: бақылау сабағы (қазақ тіліндегі балалар эстрада әні, ағылшын тіліндегі танымал ән), төртінші тоқсанда: сынақ (қазақ тіліндегі балалар эстрада әні, джаздық стандарт);

      3) 3 сынып – екінші тоқсанда: бақылау сабағы (қазақ тіліндегі балалар эстрада әні, ағылшын тіліндегі танымал ән), төртінші тоқсанда: сынақ (қазақ тіліндегі балалар эстрада әні, джаздық стандарт);

      4) 4 сынып – екінші тоқсанда: бақылау сабағы (қазақ тіліндегі балалар эстрада әні, джаздық стандарт), төртінші тоқсанда: сынақ (заманауи шетелдік хит, өтілген материалдан таңдау бойынша шығарма);

      5) 5 сынып – төртінші тоқсанда: емтихан (заманауи шетелдік хит, өтілген материалдан таңдау бойынша шығарма);

      6) 6 сынып – төртінші тоқсанда: емтихан (джаздық стандарт, өтілген материалдан таңдау бойынша шығарма);

      7) 7 сынып – төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (қазақ тіліндегі әнді эстрадалық өңдеу, екі джаздық стандарт, шетелдік хит).

      82. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      83. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс әншілік тұғыр, интонациялау тазалығы, дыбысты жүргізудің, нюанстердің негізгі тәсілдерін меңгеруі, есту қабілетін өз бетінше бақылау, ноталық мәтінді дәл оқу және білу, шығарманың көркемдік бейнесін ашу, мәнерлеп-әртістік орындауы, музыкалық көрнекілік құралдарын поэтикалық және музыкалық мазмұнмен икемді қосу, орындайтын шығармасын өз бетінше түсіндіруі, орындау мәденитінің жоғарылығы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс әншілік тұғыр, интонациялау тазалығы, дыбысты жүргізудің, нюанстердің негізгі тәсілдерін меңгеруі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетіне бақылаудың жеткіліксіздігі, шығарманың қиын жерлерінде техникалық олқылықтар (интонациялық дәлдіктің жоқтығы), шығарманы орындауда музыкалық ойлау көзқарасынан қараудың, өзінің ой елегінен жеткіліксіз өткізуі, сахнадағы психологиялық тәртібінің тұрақсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – вокалдық аппаратты, дыбысты шығару тәсілдерін жеткіліксіз игеруі, темптік ырғақтық ұйымдастырудың болмауы, біртекті серпін және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, музыканы ой елегінен өткізбестен авторлық ноталық мәтінді оқудың формалдылығы, орындаудың әлсіз есту бақылауы, орындауда стилистикалық және интонациялық қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің орташа деңгейі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – вокалдық аппаратты, дыбысты жүргізу тәсілдерін меңгере алмау, орындауда стилистикалық және интонациялық қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің төмен деңгейі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
44-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Халық әні" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Халық әні" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Халық әні" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) альт – хордағы немесе вокалдық ансамбльдегі партия;

      2) ән айтудағы шабуыл – фонацияның басталуы немесе таза дауыстылардың дыбысталуының басталуы;

      3) әншілік ұстаным – әншінің фонация (дыбыс шығару) алдында енетін қалпы;

      4) вибрато, вибрация – дыбыстардың жоғарылығы, күші, тембрі бойынша ұдайы өзгеруі;

      5) вокализ – сөзсіз, дауысты дыбысты айтуға арналған шығарма;

      6) дауыс гигиенасы – әншінің жүріс-тұрысқа қатысты белгілі ережелерді, әншілік тәртіпті сақтауы;

      7) дауысты қою – дұрыс дыбыс шығаруға ықпал ететін, дауыс аппаратының рефлекторлық қимылдарын пысықтайтын ән айтуға жеке оқыту процесі;

      8) дауыстың икемділігі (қозғалмалылығы) – кәсіби педагогикалық дауыстың сапасы, айтушының еркі бойынша бір жоғарылықтан келесі жоғарылыққа жылдам және жеңіл өту қабілеті; ауыстыру және регистрлерді араластыру;

      9) дауыс ырғағы – вокалмен немесе музыкалық аспапта дыбыс тонын таза айта білу.

      10) диапазон – дауыстың (аспаптың) ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбысының көлемі;

      11) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      12) динамикалық ерекшеліктер – музыканың орындалуының қаттылық деңгейін анықтайтын музыкалық термин;

      13) дыбыс үндестігі (унисон) – жеке дыбысталу, бірдей биіктіктегі екі немесе бірнеше дыбыстың бір уақытта дыбысталуы;

      14) дыбыстың жоғарылығы – дыбысталатын дененің тербеліс жиілігіне байланысты пайда болатын музыкалық дыбыстың қасиеті;

      15) дыбысты жүргізу – фонация процесіндегі дыбыстарды байланыстыру тәсілі;

      16) дыбысты құру (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппараты әрекетінің нәтижесі;

      17) дыбысты шығару – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде музыканы шығару, дыбыстарды туғызу;

      18) кантилена – кең, еркін түрде шырқалатын вокалдық, сол сияқты аспаптық музыка;

      19) квинта – бес сатыны құрайтын музыкалық арақашықтық, "бес" санымен белгіленеді;

      20) қосалқы дауыс – негізгі дауысты сүйемелдейтін және оның әуендік-ритмикалық нұсқаларын ұсынатын қосалқы дауыс полифониясындағы дауыс;

      21) музыка теориясындағы полифония – көпдауыстылық фактурасындағы жеке дауыстардың (әуендік сызықтардың, кең мағынадағы әуендердің) тең дәрежелі қызметін анықтайтын көпдауысты музыка жүйесі;

      22) музыкалық акцент – тактінің күшті сәттеріне дәл келетін екпін;

      23) музыкадағы партия – жеке дауыспен немесе бөлек музыкалық аспаппен орындауға арналған оркестрлік, музыкалық-драмалық немесе ансамбльдік шығарманың құрамдас бөлігі; сонаталық форманың экспозиция (және реприздер) тарауы;

      24) музыкадағы канон – әуен өзінен өзі контрапункт құрайтын полифониялық форма;

      25) музыкадағы аймақ – дыбыстың физикалық сандық сипаты өзгеретін аймақ (тербелістің жиілігі, дыбыстың құрамы, қарқыны, ұзақтығы), ауыса алатын, оның сапасын қабылдау кезінде өзгеріссіз болады;

      26) легато – үздіксіз айту, стаккато – үзік-үзік айту;

      27) орыс халық әні – халықтың жадында сақталатын және ауыздан ауызға таралатын фольклорлық шығарма, орыс халқының ауызша айтылатын ұжымдық шығармашылығының өнімі;

      28) регистр – бір ғана тәсілмен шығарылатын және сондықтан да бірыңғай тембрге ие, әншілік дауыстың дыбыстарының белгілі жоғары дыбыстарды құрайтын қатар; бірыңғай тембрмен сипатталатын әртүрлі музыкалық аспаптардың диапазон бөліктері; ішекті, клавишалық аспаптарда дыбыстың күші мен тембрін өзгерту үшін қолданылатын құрылғы;

      29) суырып салу (импровизация) – орындау процесінде туындайтын өнер туындысы, немесе оны құру процесі;

      30) терция – диатоникалық дыбыстар қатарының үш саты көлеміндегі арақашықтық;

      31) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      32) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеу құралы;

      33) хормен айналып жүру (хоровод) – драммалық іс-қимыл элементтері бар, ежелгі халықтықтардың айналып жүріп орындайтын бұқаралық әдет-ғұрыптық биі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының вокалдық орындаушылық саласында алған білім, білік және дағдылары негізінде музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың халықтық стильдегі әншілік мәдениетін қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) халықтық нақышта орындауға тән вокалдық-әншілік дағдыларды оқыту;

      2) халық әндеріне тән арнайы тәсілдерді меңгеру;

      3) репертуармен жұмыс негізінде музыкалық білімді меңгеру;

      4) халық биінің қозғалыстарын үйрену.

      Дамыту:

      1) музыкалық дауысты, оның регистрлерін, диапазонын, тембрін дамыту;

      2) әншілік есту қабілетін, ритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын дамыту;

      3) ойлауды, қиялдауды, белсенді артикуляция жасауды, вокалдық дағдыларды дамыту;

      4) дауыс ырғағының дағдыларын дамыту;

      5) халық әндерін түсініп орындау дағдыларын дамыту;

      6) театр және хореографиялық қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық және орындаушылық талғамды тәрбиелеу;

      2) адамгершілік, рухани, эстетикалық, интернационалдық тәрбие беру;

      3) музыка туралы білім алу арқылы орыс мәдениетіне деген танымдық қызығушылықты тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бес жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама орыс халық әндерінің тұрмыстық орындаушылық формалары туралы, халықтық орындау нақышына тән оларды айту қағидаттары және вокалдық-әншілік дағдылары туралы білім алғысы келетін балаларды оқытуға арналған.

      Бағдарлама әртүрлі этнографиялық өңірдің орыс дәстүрлі мәдениетін толық көлемде кешенді меңгеруге, фольклор арқылы балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруді іске асыруға мүмкіндік беретін практиканың нақты формаларынан қамтиды.

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы деңгейі әртүрлі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      10. Бағдарлама білім алушының:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Бағдарлама білім алушыға мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі халық шығармаларымен жұмыс істеу барысында қажетті орындаушылық дағдылар мен білікті дағдыландыруға бағытталған, оларға музыкалық тәрбие беру және дамыту орыс халық музыкасын үйретуге негізделеді.

      13. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың орыс халқының халық әндерін айту бойынша білім, білігін және дағдыларын алуға, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке орындаушылық тәсілдерін алуға бағытталуы.

      14. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      15. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас теорисы, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушыныңң музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты халықтық нақышта ән айтудың орындаушылық дағдыларын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      17. "Халық әні" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – музыкалық материалды түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – шығарманың жеке бөліктерін немесе тұтас көрсету, демонстрация жасау, түсіндіру, салыстыру;

      3) практикалық – шығармашылық жаттығулар, тұтатас шығарманы мұқият пысықтау үшін ұсақ бөлшектерге бөлу және тұтасты одан әрі ұйымдастыру, репетициялық сабақтар;

      4) ойын – ойын үлгілерінің әртүрлі формалары.

      18. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      19. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) дайындық-концерттік.

      20. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      21. Педагогтің білім алушымен жүргізетін жеке сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақтардың жеке формалары педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльмен ән айтумен үйлестіріледі.

      22. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      23. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде айту;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      32. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      33. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады. Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірінен бірі біршама ерекшеленеді.

      34. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халық музыкасын енгізу арқылы репетуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      35. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      36. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қабілеттерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      37. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      38. Репертуарлық тізбе мазмұны, темпі, нюансировкасы, күрделілігі жағынан әртүрлі орыс халық әндерін, халықтық стильде жазылған авторлық әндерді қамтиды.

      39. Репертуарды таңдаудың негізгі қағидаттары:

      1) шығарманың көркемдік құндылығы;

      2) балалардың музыкалық-көркемдік ой-өрісін кеңейтудің қажеттілігі;

      3) оқу міндеттерін шешу;

      4) дәстүрлі жанрлардағы және авторлық өңдеудегі халық әндерін орындау;

      5) шығарманың көркемдік бейнесін жасау, идеялық-эмоциялық мағынасын ашу;

      6) мазмұны, дауыс мүмкіндіктері, техникалық дағдылары жағынан қолжетімділігі.

      40. Оқу репертуарының түрлі жанрдағы халық әндеріне қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін қолайлы жағдай туғызады.

      41. Репертуар үздік күнтізбелік әдет-ғұрып әндерін, отбасылық әдет-ғұрып әндерін, халықтық стильде жазылған авторлық әндерді қамти отырып, жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      42. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      43. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйренудің кезеңдерін анықтайды, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      44. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      45. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      46. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттауды талап етпей, түрлі сипаттағы халық әндерінің қатарымен таныстырылады.

      47. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) тыныс алу гимнастикасын орындау;

      2) вокалдық жаттығулармен жұмыс;

      3) дикция және артикуляциямен жұмыс;

      4) интонациямен жұмыс;

      5) халық әндерін орындау;

      6) нотаны парақтан оқу дағдылары.

      48. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      49. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) вокалдық қабілетінің деңгейі;

      2) жеке ерекшеліктері мен қабілетінің дамуы;

      3) вокалдық техниканы, вокалдық репертуарды меңгеруі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (тырысушылығы, қажырлығы);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      50. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескерліп анықталады.

      51. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      52. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің айтуын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) халық әнімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын күнделікке жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      53. "Халық әні" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Әлем музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      54. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "орыс әні", "әндердің түрлері", "орыс халық әндерінің жанрлары", "әншілік тұғыр", "әншілік дауыс", "әншілік тыныс", "артикуляциялық аппарат", "халықтық орындау нақышы" түсініктерімен танысады;

      2) ритм сезімі, дикция, артикуляция дағдылары, тұрып және отырып айту дағдылары, әншілік тыныс негіздері, дауыстың дұрыс әншілік дыбысталуы, дұрыс әншілік дыбыс қалыптасады;

      3) музыканы қабылдау, музыканы есту қабілеті дамиды, вокалдық білік пен дағдылар, қосылып ән айту дағдылары жетілдіріледі, әншілік дыбысты қалыптастыру дағдылары бекітіледі;

      4) әртүрлі сипаттағы 4-6 халық әні меңгеріледі (2 ән концерттік нұсқада).

      55. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орыс халық әні. Әндердің түрлері. Орыс халық әндерінің жанрлары. Халық әндерін орындау.

      2-тақырып. Әншілік ұстаным. Тұрып және отырып ән салу дағдылары.

      3-тақырып. Әншілік ұстаным: ауыз жұтқыншақ қуысының табиғи, ыңғайлы шығу қалпын табу. Дауыс аппаратының билогиялық құрылымы.

      4-тақырып. Артикуляциялық аппарат. Артикуляциялық аппараттың дұрыс ұстанымы: жақтардың еркіндін, еріннің жұмсақтығын, тілді дамытуға арналған жаттығулар. Кемшіліктерді жою: маңқылдау, тістерді қысып айту, қысылып айту.

      5-тақырып. Әншілік дауыстың гигиенасы.

      6-тақырып. Тыныс алумен жұмыс. Диафрагмалық тыныс қағидаты. Әншілік тыныс. Тыныс алуды қалыптастыру. Ішек және астыңғы қабырғалармен тыныс алу. Дыбыссыз қысқа дем алу. Демді үнемдеп шығару. Тынысты қою. Демді алуға және шығаруға арналған жаттығулар. Тыныс алуға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Дыбысты қалыптастыру. Дыбыстың табиғаты. Дауысты жеткізу. Сөздің сөйлеу нақышындағы ерікті дауыс ырғағы боялған серпілісі.

      8-тақырып. Артикуляция. Сөздерді анық, фонетика жағынан дұрыс айту. Ән айтудағы дикция, артикуляция. Дикциялық дағдыларды, ән айту кезіндегі дауыстылар мен дауыссыздардың өзара байланысын дамыту.

      9-тақырып. "Жақын" айту. Дыбыс шығарудың біркелкі мәнері. Дыбыстың тығыздығы. Примарлық аймақты бекіту.

      10-тақырып. Темпоритм. Сөз бен дыбыстың үйлесімділігін, темпоритмде және әннің мінезінде сөз дыбысын сезгенге дейін дыбыс ағымында сөздерді түсініп, нақты айтуды дамыту.

      11-тақырып. Баса айту. Тынысты барлық әуендік фразаға тепе-тең бөлу. Ауызша қисынды екпін. Тірек буындар. Негізгі және қосымша сөздер.

      12-тақырып. Орыс музыкалық фольклорының жанрлары. Балаларды жұбату фольклоры. Шағын жанрлар: әлди әндері, жұбату әндері, жаңылпаштар, мазақтау әндері, өтірік өлеңдер, әзіл әндер, бесік жырлары, санамақтар, іздемек әндер.

      13-тақырып. Отбасылық әдет-ғұрыптарға арналған әндер. Туу және әлдилеу, сыңсу және жоқтау, той, бесікке салу рәсімдері.

      14-тақырып. Халықтық нақышта орындаудың вокалдық дағдыларымен танысу. Дұрыс әншілік дыбысты қалыптастыру. Қозғалып тұрып ән айту дағдыларын қалыптастыру.

      15-тақырып. Вокалдық жаттығулар. Музыкалық айналымдарды (попевка) орындау.

      16-тақырып. Ән айтудың халықтық мәнерін меңгеру. Әлди әндері. Жұбату әндері. Жұбату әндерін, әлпештеу әндерін жаттау.

      17-тақырып. Жұбату фольклоры. Жалбарыну әндері. Олжа алу әндері.

      18-тақырып. Тыныс алу жаттығулары. Дыбыс жүргізу бойынша жұмыс.

      19-тақырып.Тыныс алу жаттығулары. Бесік жырлары.

      56. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) артикуляциялық және дауыстық аппараттың құрылымын біледі;

      2) әншілік дауыстың ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін біледі;

      3) әншілік дауыстың гигиенасын сақтайды;

      4) дұрыс тыныс алу дағдыларына ие болады;

      5) дұрыс әншілік ұстанымды қолданады;

      6) тыныс алу, вокалдық жаттығуларды орындайды;

      7) дикциялық дағдыларын дамытады;

      8) ән айтудың халықтық нақышын меңгереді;

      9) қозғалыста ән айту дағдыларын дамытады;

      10) халық әндерінің жанрларын біледі.

      57. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "квартаға секіру", "интервал", "әндету (распевка)", "дикция" түсініктерімен танысады, тыныс түрлерімен, дауыс диапазонын кеңейтуге арналған жаттығулармен, вокалдық жаттығулармен танысады, кантиленаны меңгереді;

      2) музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытады, дұрыс әншілік ұстаным бойынша жұмыс жалғастырылады, тыныс алуға арналған жаттығулар іріктеледі, әншілік тыныстың негіздері қалыптасады, негізгі назар диапазонды кеңейтуге, дикциямен жұмысқа аударылады, артикуляциялық аппаратты белсендіру үшін жаңылтпаштар қолданылады;

      3) білім алушы вокалдық жаттығуларды, әртүрлі сипаттағы 4-6 халық әнін (2 ән концерттік нұсқадағы) меңгереді.

      58. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Әншілік ұстаным. Ауыз жұтқыншақ қуысының табиғи ыңғайлы шығару қалпын табу. Алғашқы вокалдық дағдыларды бекіту.

      2-тақырып. Тыныс алу. Ерекше тыныс алудың түрлері. Тынысты бөлу, үздіксіз демалыс, эмоциямен тыныс алу, алдыңғы тыныс. Тыныс алу гимнастикасы, вокалдық жаттығулар. Тынысты барлық әуендік фразаларға теңдей бөлу.

      3-тақырып. Дауысты жеткізу. Сөйлеу мәнеріндегі сөздің еріктік интонациялық-реңктік серпілісі. Артикуляция. Сөздерді анық, фонетикалық жағынан дұрыс айту. "Жақын" айту. Дыбыс шығарудың біртекті нақышы. Дыбыстың тығыздығы. Примарлық аймақты бекіту.

      4-тақырып. Темпоритм. Сөз бен дыбыстың үйлесімділігін дамыту. Темпоритмде және әннің сипатында сөз дыбысын сезгенге дейін дыбыс ағымында сөздерді түсініп анық әндету.

      5-тақырып. Метроритм: қарапайым ритмді шығармаларды орындау кезінде ритмикалық тұрақтылықты пысықтау, шығармалардағы ритмикалық қағысты сезіну, күшті бөлігін анықтау.

      6-тақырып. Фразировка. Тынысты барлық әуендік фразаларға тең бөлу. Ауызша қисынды екпін. Тірек буындар. Негізгі және қосымша сөздер.

      7-тақырып. Сөз бен дыбыстың үйлесімділігін дамыту. Темпоритмде және әннің мінезінде сөз дыбысын сезгенге дейін дыбыс ағымында сөздерді түсіну.

      8-тақырып. Квартаға секіру. Халық музыкасындағы арақашықтықтың рөлі. Халық әндерін орындауда барынша жиі қолданылатын квартаға секіруді қолданып айту. Репертуарлық материалды даттау.

      9-тақырып. Диапазонды 6-7 дыбысқа дейін кеңейту. Интервалдар: прима, секунда, терция, кварта, квинта интервалын бекіту.

      10-тақырып. Жаңа интервалдарды енгізу: секста, септима. Жарты тондармен айту, септимаға дейінгі көлемді ән айту.

      11-тақырып. Дикция. Халық әндеріндегі дикциялық тәсілдер. Дикцияны анық шығаруға арналған жаттығуларды орындау.

      12-тақырып. Жабық ауызбен вокализдеу. Дененің қалпы. Кантиленамен жұмыс. Күнтізбелік әндер. Масленица – славян және басқа христиан халықтарында — қысты шығарып салу мейрамы.

      13-тақырып. Хормен айналып жүрудің пайда болу тарихы және олардың ерекшеліктері. Хормен айналып жүруге арналған лирикалық ән. Хорда айналуға арналған әндерді жаттау.

      14-тақырып. Бейнемен, мінезбен, орындаушылық шеберлікпен жұмыс.

      15-тақырып. Хормен айналуға арналған әндерді айналып жүріп, ойын қимылдарымен орындау.

      16-тақырып. Дыбысталу сапасы. Сапасыз орындау себептері. Халықтық орындау кезіндегі кемшіліктерді жоятын жаттығуларды орындау.

      59. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жалпы тынысты дұрыс қолданады;

      2) дауыстылардың дыбысталуын түзей алады;

      3) дауыссыздарды дұрыс, анық айта алады;

      4) ортаңғы регистрді қолдана алады;

      5) баяу темпте интервалдарды айтады;

      6) дауыстың диапазонымен, дауыс ырғағының тазалығымен, музыкалық-мәнерлі орындау бойынша жұмыс;

      7) шығарманың мәтінімен жұмыс істеу кезінде мәтін мен музыканың мағынасы жағынан біртұтас болуына талпынады;

      8) тынысты барлық әуендік фразаларға тең бөледі;

      9) күнтізбелік, билеуге, хорда айналуға арналған лирикалық әндерді біледі және орындайды.

      60. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұрын алған алғашқы вокалдық-техникалық дағдыларды бекіту бойынша жұмыстар жалғастырылады, жұмысқа орындаушылық элементтер қосылады;

      2) білім алушы әншілік репертуардағы екі дауыс элементтерімен, музыкалық жаттығулардағы суырып салу, септима, октава интервалдарымен танысады;

      3) дауыс ырғағының тазалығы, дыбысталудың мәнерлігі, дауыссыздарды анық айту, дауыстылардың дыбысталуын тегістеу, диапазонды кеңейту, дауыстың, мимиканың және қимылдың көмегімен шығарманың мазмұнын эмоциямен жеткізу бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      4) білім алушы әртүрлі сипаттағы 6-8 халық әндерін (концерттік нұсқада 4 ән) меңгереді.

      61. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жаттығулар арқылы әншілік тыныс дағдыларын әрі қарай дамыту.

      2-тақырып. Дауыс диапазонын, дауыс көлемін, тығыздығын, дыбыстың түзулігін, жоғары позицияда айтуды, дауыстың қозғалмалылығын дамыту. Дауысты жеткізу. Сөйлеу мәнеріндегі сөздің дауыс ырғағымен боялған ерікті серпілісі. Жоғары позиция. Дауыстыларды анық, ашық шығару. Жұмсақ шабуыл.

      3-тақырып. Артикуляция. Сөздерді фонетикалық жағынан дұрыс анық айту. "Жақын" айту. Дыбыс шығарудың біртекті нақышы. Дыбыстың тығыздығы. Тіректі сезініп, сөздерді жоғары позицияда жігерлі, ерікті, "жақын" айту. Дыбысты жүргізу: legato-мен жұмыс, non legato тәсілін меңгеру.

      4-тақырып. Темпоритм. Сөз бен дыбыстың үйлесімділігін дамыту. темпоритмде және әннің сипатында сөз дыбысын сезгенге дейін дыбыс ағымында сөздерді түсініп айту. Сөз дыбысын шығарманың әуенімен және темпімен үйлестіру. Метроритм: ритмикалық пішіндер: үзік-үзік ритм, синкопалар (екпінді әлсіз ырғақтан күшті ырғаққа алмастыру).

      5-тақырып. Фразировка. Тынысты барлық мелодиялық фразаға теңдей бөлу. Ауызша қисынды екпін. Тірек буындар. Негізгі және қосымша сөздер.

      6-тақырып. Дауыс көлемі. Дыбыс тірегін бекіту. Дыбыс ағымын сезінгенге дейінгі әндетілетін, ашық, ірі сөйлеу.

      7-тақырып. Дауыстың қозғалмалығы. Жылдам темптегі шығармалар мен вокалдық жаттығулардағы дыбыс ағымын сезінгенге дейінгі әндетілетін, ашық, ірі сөйлеуді сақтау. Сөздің жоғарыдан жұмсақ ерікті серпілісі. Жұмсақ таңдайдың жоғары позициясы.

      8-тақырып. Диапазон. Примарлық аймақты 3-4 сатыға жоғары және төмен кеңейту. Диапазонды 7-8 дыбысқа кеңейту. Интервалдар: прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста интервалдарын бекіту. Жарты тондармен айту. Октаваға дейін көлемді әндету. Ыңылдап әндету.

      9-тақырып. Музыкалық жаттығулардағы суырып салу.

      10-тақырып. Шығармалардағы нюанстармен жұмыс. Бағдарламаны түсініп, әртістікпен орындау.

      11-тақырып. Шумақ, фраза, сарын түсініктері.

      12-тақырып. Частушка (өзіндік әуені бар төрт я екі жолды күлдіргі өлең). Жанрдың пайда болу тарихы. Репертуарлық материалды жаттау, бейнесімен, сипатымен, орындаушылық шеберлікпен жұмыс.

      13-тақырып. Күнтізбелік салт-жоралғы әндер. Қысты ұлықтайтын әндер. Рождестволық олжа алу әндері (коляда). Орындау ерекшелігі. Әншілік репертуарды жаттау.

      14-тақырып. Масленицаға арналған әндер. Көктемге арналған әндер, жер жырту және егін егу, ғибадат ету, үштік-жетілік әндер (троицко-семицкие песни). Жазға арналған әндер (Купала әндері). Түюге (толочные), шабындыққа (покосные), егін оруға (жатвенные) арналған әндер. Әншілік репертуарды жаттау.

      15-тақырып. Білім алушының музыканы түйсікті ұғыну қабілетін дамыту. Әнді қосылып айтудың және бірдей айту нақышымен жұмыс.

      16-тақырып. Дауыс ырғағының тазалығымен жұмыс. Таза және мәнерлі интонациялау. Мажорлық және минорлық лад сатыларын таза интонациялау. Жоғары және төменгі ыңылдап ән орындау ерекшеліктері. "Өзін сырттан тыңдау" дағдысын дамыту.

      17-тақырып. Күрделі сүйемелдеуде бір дауысты әуендерді тұрақты интонациялау. Есту және дауысты үйлестіру жұмысы. Шығарманы ыңғайлы тесситурада және шектелген диапазонда орындау.

      18-тақырып. Алған дағдыларды бекіту. Вокалдық орындаудағы, сондай-ақ көркемдік бейне жасаудағы кемшіліктерді жою.

      62. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) күнтізбелік салт-дәстүр әндердің жанрын және өзгешелігін біледі;

      2) бір дауыстылықты көп дауыстылықтан ажыратады;

      3) дикцияның, артикуляцияның тазалығын қадағалайды;

      4) екі дауыстың элементтерін қолдана алады;

      6) жалпы дұрыс тыныс алуды біледі және тізбекті тыныс алуды қолданады;

      7) халық әндерін орындайды;

      8) көркемдік бейнені жасай алады.

      63. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "бас регистрі", "кеуде регистрі", "квинта", "секста", "септима", "октава" түсініктерімен, музыкалық шығармалардағы динамикалық ерекшеліктермен, кең интервалдарды орындау техникасымен танысады;

      2) дауыстың негізгі қасиеттері, вокалдық-есту дағдылары бекітіледі, дауыстың қозғалмалығы, дауыс ырғағының сапасы, әншілік диапазонды кеңейту, сахнада өзін ұстау тәсілдерімен жұмыс жалғастырылады;

      3) әншілік тынысты дамыту және бекіту, дыбысталуды барлық диапазонның бойымен түзеу, дыбысты жүргізу тәсілдерін жетілдіру жұмыстары жалғастырылады, шығарманы талдау дағдылары, шығарманы мәнерлеп орындауды дамытады;

      4) әндетудің халықтық нақышын практикада меңгеру, әншілік тыныс дағдыларын пысықтау, резонаторлар мен дыбыс шабуылын меңгеру, дыбыстың табиғи-сөйлеу серпілісін пысықтауға ерекше назар аударылады;

      5) білім алушы әртүрлі сипаттағы 6-8 халық әнін меңгереді (концерттік нұсқада 4 ән).

      64. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Оқу-жаттықтыру материалын орындау. Кең секірмелі интервалдар. Мутациялық кезеңде диапазонды шектеу.

      2-тақырып. Тыныс. Тізбектелген тыныс. Диафрагмалық тыныс. Тынысты ұстап тұру. Шығармаларда тынысты бөлу. Кеуде-құрсақ тынысын бекіту. Демді қалыпты шығаруды пысықтау. Біртіндеп ұзақтығы ұлғайтылатын тыныс алуға арналған жаттығулар. Баяу және жылдам темптегі жаттығулар. Әндетулерді орындау, тізбектеп тыныс алуды қолдану.

      3-тақырып. Дауысты жеткізу. Сөйлеу нақышындағы сөздің ерікті дауыс ырғағы боялған серпілісі. Жоғары позиция. Дауыстыларды анық, ашық жеткізу. Жұмсақ шабуыл.

      4-тақырып. Артикуляция. Сөздерді нақты, фонетикалық жағынан дұрыс айту. "Жақын" айту. Дыбыс шығарудың бірдей нақышы.

      5-тақырып. Дыбыстың тығыздығы. Тіректі сезініп, сөздерді жоғары позицияда жігерлі, ерікті, "жақын" айту.

      6-тақырып. Темпоритм. Сөз бен дыбыстың үйлесімділігін дамыту. Темпоритмде және әннің мінезінде сөз дыбысын сезгенге дейін дыбыс ағымында сөздерді түсіну. Сөз дыбысын шығарманың әуенімен және темпімен үйлестіру.

      7-тақырып. Фразировка. Тынысты барлық мелодиялық фразаға тең бөлу. Ауызша қисынды екпін. Тірек буындар. Негізгі және қосымша сөздер. Дауыс көлемі. Дыбыс тірегін бекіту. Дыбыс ағымын сезінгенге дейінгі әндетілетін, ашық, ірі сөйлеу.

      8-тақырып. legato (буындарды әндеті) [легато] және басқа штрихтарды орындау дағдысы. Вокалдық жаттығуларда, әуендік айналымдарда non legato [нон легато] және "non legato" [нон легато] белсенді тынысты жетілдіру.

      9-тақырып. Ритм және қағыс. Жарты, төрттен бір, сегізден бір қатынасындағы қалыпты темптегі ритмикалық тұрақтылық. Оқу процесіндегі мейлінше күрделі ритмикалық суреттері бар жылдамырақ және баяуырақ темптердегі ритмикалық тұрақтылық, музыкамен қозғалу.

      10-тақырып. Нюанстарды меңгеру (дыбыс филировкасы). Тыныс алу процесін белсендіруге арналған жаттығулар, тынысты фразаға бөлу білігі, дыбысты ауамен толтырып, оны сүзіп шығару. Сrescendo [крищендо] және diminuendo [диминуэндо] түсініктері. Ноталық мәтінді партитураға қарап оқу. Шығарманы сауатты талдау. Форма құру: сөз, сөйлем, интонация кідірісі, қайталануы, өзгеруі. Жоғары дыбыстылық: әуен қозғалысының бағыты, дыбыстардың қайталануы, секірмелілігі және басқалары. Музыканы ритмикалық ұйымдастыру: қағыс, темп. Динамикалық ерекшеліктер. Штрихтар.

      11-тақырып. Диапазон. Примарлық аймақты жоғары және төмен 3-4 сатыға кеңейту. Диапазонды 7-8 дыбысқа кеңейту. Интервалдар: прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста арақашықтықтарын бекіту. Жарты тондармен айту. Октаваға дейін көлемді әндету. Музыкалық айналымдар.

      12-тақырып. Кең интервалдарды (квинта, секста, септима, октава) дұрыс орындау техникасы. Бас және кеуде регистрі. Әншілік аппараттың жұмысын дамытуға және бекітуге арналған жаттығулар. Вокалдық аппаратты жұмыс күйіне келтіру (әндету). Жаттығуларды аталған интервалдармен орындау. Жаттығуларды бас және кеуде регистрлерінде орындау.

      13-тақырып. Дыбысты жүргізу. Кантиленді дыбыстау. Рiano динамикалық ерекшелігі бар жаттықтыру материалын орындау. Кантиленаны пысықтайтын жаттығулар: жоғары және төмен гамма, арпеджио, баса айтулар.

      14-тақырып. Орындалатын шығарманың сипатымен жұмыс. Екі бөлікті және төрт бөлікті өлшемдер. Осы өлшемдер қолданылатын жанрлармен танысу. Вокалдық әуендегі және өлең мәтініндегі күшті бөліктерді анықтау.

      15-тақырып. Дауыстың қозғалмалылығы, тембрді анықтау жұмысы. Дұрыс әншілік ұстанымдағы жаттығулар мен шығармалар, отырып және тұрып ән айтуды салыстыру. Дыбыс шабуылы. Регистрлерді тегістеу.

      16-тақырып. Дикция және артикуляция. Музыкалық шығармалардағы динамикалық ерекшеліктермен танысу. Мәтінді оқу кезінде оларды анықтау. Шығармалардағы динамикалық ерекшеліктер. Артикуляциямен, дикциямен, баса айтумен жұмыс.

      17-тақырып. Дауыстың қозғалмалылығы, тембрді анықтау жұмысы. Сөзбен жұмыс. Дауыстылардың дыбысталуының тазалығы. Дауыссыздарды анық, жылдам айтуды бекіту. Дауыс аппаратының еркіндігі және ашылуы.

      18-тақырып. Лирикалық әндер. Орындау сипаты. Шығарманы талдау құрылымы. Орындалатын шығармаларда интонациялау.

      19-тақырып. Шығарманы талдау: шығарманың жанрын, мағынасын, орындау сипатын анықтау, ән айтудағы дыбысты жүргізу, таныс емес сөздерді талдау, әннің құрылымы, динамикалық ерекшеліктері.

      20-тақырып. Концерттік композицияларды қою және өңдеу. Үйретілетін шығарманың сипатына қарай би қозғалыстарын үйрену. Концерттік композицияны қою. Әнді бимен біріктіру. Қозғалыстарды пысықтау, би мен әнді біріктіру кезіндегі вокалдық қателіктерді жою.

      21-тақырып. Көркемдік бейнені құру. Шығарманың көркемдік бейнесін, оның стильдік ерекшеліктерін ашу. Сахнада өзін ұстау тәсілдері. Бимен безендіру арқылы бейнені ашу.

      65. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) таза дикцияға, мәтінді мәнерлеп оқуға ие болады;

      2) шығарманың динамикалық ерекшеліктерін көрсете алады;

      3) дикцияның тазалығын, артикуляцияны қадағалайды;

      4) бас және кеуде регистрлерінде жаттығуларды орындайды;

      5) шығарманы талдау дағдыларына ие болады;

      6) үйретілетін репертуарға тән би қозғалыстарын біледі;

      7) әнді, қозғалысты және көркемдік бейнені біріктіреді;

      8) лирикалық әндерді орындайды.

      66. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әншілік дағдыларды қалыптастыру және дамыту, халықтық орындау нақышын меңгеру, халық әндерінің ладтық ерекшеліктері негізінде ладогармоникалық естуді дамыту жалғастырылады;

      2) дауыс аппараты бекітіледі, жақсы тыныс пысықталады, музыкалық есте сақтау жады және есту дамиды, вокализдердің әртүрлі жанрлары, екі дауысты әндетулерді, күрделендірілген әуезді үш дауыстылық элементтерін орындау меңгеріледі;

      3) білім алушы әртүрлі сипаттағы 6-8 халық әнін (концерттік нұсқада 4 ән) меңгереді.

      67. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Тыныс. Тығыз динамикалық жеткізу. Дыбыс тірегін бекіту. Тыныс алу жаттығулары, өлеңдерді оқу, вокалдық жаттығулар, канон.

      2-тақырып. Кең интервалдар. Өткен вокалдық-техникалық дағдыларды, орындаушылық техника элементтерін бекіту және тереңдету бойынша жұмыс.

      3-тақырып. Дауысты жеткізу. Сөздің сөйлеу нақышындағы ерікті интонациялық боялған серпілісі. Жоғары позиция. Дауысты анық ашық жеткізу. Дыбыс жүргізудің түзулігі.

      4-тақырып. Диапазон. Примарлық аймақты жоғары және төмен 4-5 сатыға кеңейту. Дыбыстың тығыздылығы. Сөзді жоғары позицияда тірек сезімімен жігерлі, ерікті, "жақын" әндету.

      5-тақырып. Темпоритм. Темпоритм. Сөз бен дыбыстың үйлесімділігін дамыту. Темпоритмде және әннің мінезінде сөз дыбысын сезгенге дейін дыбыс ағымында сөздерді түсіну. Сөз дыбысын шығарманың әуенімен және темпімен үйлестіру.

      6-тақырып. Фразировка. Тынысты барлық музыкалық фразаларға теңдей шығындау. Ауызша қисынды екпін. Тірек буындар. Негізгі және қосымша сөздер. Дауыс көлемі. Дыбыс тірегін бекіту. Дыбыс ағымын сезінгенге дейінгі әндетілетін ашық, ірі сөз.

      7-тақырып. Дауыстың қалықтауы. Тығыз тіректе дыбыстың қалқуын сезінгенге дейін "жақын" жоғары позицияда дауысты жеткізу.

      8-тақырып. Дауыстың қозғалмалылығы. Жылдам темпте орындалатын шығармалардағы және вокалдық жаттығулардағы дыбыс ағымында әндетілетін ашық ірі сөзді сақтау. Дауыстың қозғалмалылығымен және икемділігімен, әртүрлі динамикалық ерекшеліктерді пысықтау, диапазонды кеңейту жұмысы.

      9-тақырып. Дауыстың икемділігі. Регистрлік ауысулар. Әуендік айналымдарды орындау және терциядан октаваға дейінгі әртүрлі арақашықтықты алмастырып репертуарды таңдау.

      10-тақырып. Темпоритмикалық нақтылық. Динамика. ff -тен [фортиссимо] pp-ға [пианиссимо] әндету, pp-дан [пианиссимо] ff-ге [фортиссимо] әндету. Дыбыс филировкасы.

      11-тақырып. Ритмикалық қиындықтар. Тактіленген күрделі ритмикалық суреттерді пысықтау. Бір сөйлемді мәнерлі тактілеп әндету. Бөлшектеп, мейлінше ұсақ ұзақтықтармен әндету. Шығармамен жұмыс істеу дағдылары. А cappella [а капелла] айту бойынша жұмыс.

      12-тақырып. Тембр. Сөздің ерекше, табиғи, бейнелі ырғағын табу.

      13-тақырып. Партитураны тактілеумен, қағыспен оқу бойынша жұмыс. Музыкалық мәтінді сөздерін айта отырып сольфеджиолау. Шарықтау тарауларын бөлшектеу.

      14-тақырып. Суырып салу. Музыкалық жаттығулардағы суырып салу. Жоспардан тыс жағдайларда суырып салу білігі. Көркемдік бейнені құрудағы суырып салу.

      15-тақырып. Дикция. Сахна тілі. Мәтінді айтудағы анықтылық, сөйлеудің эмоциялығы. Үйретілетін әндердің мәтінін эмоциямен жеткізе отырып оқу.

      16-тақырып. Идеялық-эмоциялық мағынаны анықтау, көркемдік бейнемен жұмыс. Орындауда қосымша құралдарды қолдану.

      17-тақырып. Үйлену тойына арналған әндер. Үйлену тойына арналған әндерді орындаудағы мағыналық акценттер. Орындау ерекшелігі. Репертуарды жаттау және орындау.

      18-тақырып. Концерттік композицияны қою. Көркемдік бейнені құру. Шығарманың көркемдік бейнесін, оның стильдік ерекшеліктерін ашу.

      68. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтиже.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) вокализдеудің әртүрлі түрлерін қолдануды біледі: non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато];

      2) дыбыс динамикасына ие болады;

      3) өзінің орындауын талдай алады;

      4) дамыған тыныстың талаптарын орындайды;

      5) суырып сала алады;

      6) көпшілік алдында орындау дағдыларына ие болады;

      7) үйлену той өлеңдерін орындау дағдыларын біледі.

      69. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) дауыс аппаратының анатомиясы туралы жалпы түсінікті;

      2) әншілік дауыстың гигиенасын;

      3) әншілік өнердің алғашқы негіздерін;

      4) халық әндерін айтуға тән ерекшеліктерді;

      5) жеке орындаушылықтың негізгі стильдік бағыттарын;

      6) музыкалық терминдерді;

      7) орындаушылық техниканың әртүрлі түрлерін;

      8) мәнерліліктің музыкалық-орындаушылық құралдарын біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығармаларды жеткілікті деңгейде жеке сауатты орындауды;

      2) күрделі емес ноталық мәтінді өз бетінше талдауды;

      3) халық әндерін өз бетінше жаттауды;

      4) музыкалық шығармаларды айту кезінде көркемдік бейнені жасауды;

      5) халық әнін сахналық көрсетуді;

      6) орындау процесін басқаруды;

      7) орындалатын музыкалық шығарманы талдауды;

      8) күрделі емес шығармаларды жаттау кезіндегі қиындықтарды өз бетінше жеңуді;

      9) теориялық білімді орындаушылық практикада қолдануды;

      10) музыкалық шығармалардан репертуарды жинақтауды.

      Бітіруші түлекте:

      1) фольклорлық суырып салу;

      2) әншілік ұстаным;

      3) халық әндерінің репертуары;

      4) есту арқылы бақылау;

      5) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау;

      6) ән репертуарын өз бетінше іріктеу, талдау, орындау және жинақтау;

      7) әртүрлі жанрдағы халық әндерін концерттерде орындау;

      8) шығармашылық қызмет;

      9) фонограммамен, микрофонмен, вокалдық күшейткіш аппаратурамен жұмыс;

      10) өз бетінше музыкалық орындаушылық;

      11) орындаушылық мәнерлілік: шығарманы ерекше жеткізу, әртістік, суырып салу;

      12) халықтық хореографияның элементтерін игеру дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      70. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      71. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы тыныс алу жаттығулары, әртүрлі сипаттағы 1 ән), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (тыныс алу жаттығулары, әртүрлі сипаттағы 1 ән);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (әртүрлі сипаттағы 1 ән), екінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 ән);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 ән), екінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 ән);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 ән), екінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 ән);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 ән), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (жылдам орындалатын сипаттағы 1 халық әні, баяу орындалатын сипаттағы 1 халық әні, халықтық стильдегі 1 авторлық ән, 1 халық әні a kapella).

      72. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының вокалдық аппаратты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      73. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы" – вокалдық аппаратты еркін игеруі, әншілік тұғыр дұрыс қойылған, дауыс ырғағы таза, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, есту қабілетін өзі бақылауы, ноталық мәтінді нақты оқуы және білуі, шығарманың көркемдік обейнесін ашуы, мәнерлі, әртістікпен орындауы, музыкалық мәнерлілік құралдарын ақындық және музыкалық мазмұнынымен ұштастыруы, орындап отырған шығармасына өз бетінше интерпретация жасау, орындау мәдениетінің жоғары;

      2) "4" бағасы "жақсы" – вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс қойылған әншілік тұғыр, екпін тазалығы, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетін өзі бақылауы жеткіліксіз, шығарманың күрделі тұстарындағы техникалық олқылықтар (екпіннің таза болмауы), шығарманы орындаудың музыкалық ойы тарапынан дұрыс түсіндірілмеген, сахнадағы жүріс-тұрысының психофизикалық тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық" – вокалдық аппаратты меңгеруі, дыбыс шығару тәсілдерінің жеткіліксіздігі, темптік ритмдік ұйымдастырудың болмауы, динамикалық біртектілігі және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, авторлық ноталық мәтінді оқуда музыканы дұрыс түсінбей, формальді түрде орындап шығуы, орындауда есту қабілетін бақылауы әлсіз, орындауында стилистикалық және екпіндік қателері бар, орындау мәдениетінің деңгейі орташа, сахнадағы психологиялық күйі тұрақсыз;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес" – вокалдық аппаратты, дыбыс шығару тәсілдерін игермеуі, авторлық ноталық мәтіннің мәнін түсінбей формальді түрде орындауы, орындауын естуді бақылауының әлсіздігі, орындауындағы стильдік және екпіндік қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің төмендігі;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің қажетті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
45-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) дайындық бөлімінің пәндеріне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, бойынша оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ансамбль – қандай да бір тұтастылықты құрайтын бөліктердің үйлесімділігі, біртұтастығы;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасуы және алмасуы;

      3) дауыс ырғағы – дыбыстық тонды вокалмен немесе музыкалық аспаппен таза орындау білігі;

      4) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде музыканы, дауысты шығару;

      5) затакт – келесі тактінің бірінші бөлігінің алдында келетін тактінің жарты бөлігі;

      6) музыка теориясындағы дыбыстар қатары – биіктігі бойынша жоғары немесе төмен орналасқан дыбыстардың қатары;

      7) музыкадағы канон – әуен өзінен өзі контрапункт құрайтын полифониялық форма;

      8) музыкадағы легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілі, дыбыстарды байланыстырып орындау кезінде дыбыстар бірінен біріне баяу ауысады, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      9) музыкадағы мажор – үйлесімді үндестіліктің екі ладының біреуі;

      10) музыкадағы такт – осы тәсілдің арқасында пьесаның графикалық бейнесі толық түсінікті және оқу үшін жеңіл болады;

      11) музыкадағы тасымалдау – көптеген музыканттар қолданатын кәсіби тәсілі;

      12) музыкадағы темп – метрикалық санау бірліктер ретінің жылдамдығы;

      13) музыкадағы өлшем – тактідегі үлестердің санын нұсқайтын тактілік метрдің сандық сипаттамасы;

      14) музыканы тыңдау – атақты орындаушылар мен композиторлардың орындауындағы әр түрлі жанрдағы, формадағы, стильдегі, кезеңдегі музыканы белсенді қабылдауды дамытуға арналған, вокалдық, аспаптық, оркестрлік шығармаларға арналған үздік жұмыс формасы;

      15) музыкалық жанр – шығуына, орындау жағдайына және қабылдауына байланысты музыкалық шығармашылықтың бағытын және түрін сипаттайтын көп мағыналы түсінік;

      16) нон легато – бір дыбыстан басқа дыбысқа ауысу жеке жүргізілетін, бірақ үзілмей орындалатын тәсіл;

      17) полифония – көп дауысты фактураның жеке дауыстарының (әуендік сызықтар, кең мағынадағы әуендер) қызметтерінің теңдігін анықтайтын көп дауысты музыканың құрылымы;

      18) стаккато – бір дыбысты бір-бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих;

      19) тоника – классикалық-романтикалық үндестілік ладының бірінші сатысы, оның басты тіреуі;

      20) үндестілік және модальды ладтардың үйлесімдеріндегі альтерация – тұрақсыз диатоникалық сатының түрлік өзгеруі, ладты тартылысты тұрақтандыруға тырысады;

      21) ұсақ моторика – білектермен немесе қол және аяқтың саусақтарының нақты ұсақ қимылдарды орындауына бағытталған адамдардың үйлестірілген қимылдарының кешені;

      22) халық әні – фольклордың музыкалық-поэтикалық жанры, халық музыкасының кең таралған түрі, ұжымдық ауызша шығармашылықтың өнімі;

      23) штиль – ұзақтығы кемінде тұтас нотаны құрайтын нотаның басына тіркелетін тік таяқша;

      24) этюд – қандай да бір орындаудың күрделі тәсілін жиі қолдануға және орындаушының техникасын жетілдіруге арналған тәсілге негізделген, ереже бойынша шағын көлемді аспаптық пьеса.

      3. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бір жыл.

      Дайындық сыныптарына алты-жеті жастағы балалар қабылданады. Оқыту жеке және топтық формада іске асырылады. Дайындық топтарындағы білім алушылардың сандық құрамы – 6-10 адам.

      4. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілгендей балалар музыка мектептерінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      5. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      6. Бағдарлама музыка мектептерінде және өнер мектептерінде әрі қарай білім алуға бағдарланған білім алушыларға арналған.

      7. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға көңіл бөледі.

      8. Бағдарлама білім алушылардың тұлғалық жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағытталған:

      1) қажетті музыкалық сауаттылық деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін алғашқы білім, білік және дағдыларды меңгеру;

      2) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушылардың әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушылардың бойында балалар музыка мектептерінің білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      9. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушылардың даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушылардың бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушылардың тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруін қалыптастыру және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      10. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      11. Бағдарламаның ерекшелігі – балалардың аспапта ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке орындау тәсілдерін алуға жалпы дамытушылық бағыты.

      12. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылары) қол жеткізуге бағытталған.

      13. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) белгілі педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      14. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, оның музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін тыңдау, үйрену, орындау үшін оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптар арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілетін және бейімділігін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      15. Дайындық сыныбының "Сольфеджио", "Фортепиано", "Домбыра" и "Музыканы тыңдау" пәндеріне оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      16. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – сұхбат, әңгімелесу, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсетуі;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі бейнелі ойлауды дамыту.

      17. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      18. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      3) байқаулар;

      4) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      5) экскурсия сабағы.

      19. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      20. Педагогтің білім алушылармен топтық сабақ ретінде жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      21. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      22. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) концерттік, байқаулық көрсетілімдерге дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      23. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      24. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      25. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының әрекет ету жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      26. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      27. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылар қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      28. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      29. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      30. Педагог білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және репертуарды толықтырады.

      31. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      32. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      33. Репертуар жүйелі түрде жаңартылады, заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып кеңейтіледі.

      34. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      35. "Сольфеджио" пәнінің мақсаты: білім алушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту және оларды әрі қарай музыка мектебінде оқуға дайындау.

      36. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық сауат ашу бойынша білім алу;

      2) вокалдық дауыс ырғағы дағдыларын, лад сезімін қалыптастыру;

      3) жоғары дыбыстық есту қабілетін қалыптастыру;

      4) метроритм сезімін тәрбиелеу;

      5) музыка тілінің құралдары туралы алғашқы музыкалық түсініктерді қалыптастыру;

      6) алғашқы музыкалық түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) ішкі есту қабілетін, музыкалық жадын дамыту;

      2) музыкалық қабілеттерді дамыту: музыканы есту қабілеті, ритм сезімі, жады;

      3) баланың эмоциясын, қиялын, талғамын дамыту;

      4) алғашқы шығармашылық нышандарды дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) балалардың бойында қызығушылықты дағдыландыру;

      2) көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) қоршаған ортаны бейнелеу формасы ретінде музыкалық өнер туралы түсініктерді қалыптастыру;

      4) балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. "Сольфеджио" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы әуенді есту қабілетін дамыту үшін дыбыс шығарудың ерекшелігіне назар аудара отырып, дұрыс дауыс ырғағын жасауды, тыныс алуды, денені, басты және тағы сол сияқтыларды дұрыс қоюды үйренеді.

      2) репертуардың негізін шағын әндер – музыкалық айналымдар (попевка) құрайды, олар таза ырғақты, ладтық есту қабілетін дамытады, вокалдық аппаратты бекітеді;

      3) есту қабілетін талдау жұмыстың қажетті түрі болып табылады, жұмыс істеу үшін әндер – музыкалық айналымдар алынады және сызба карталарында пысықталады (екі, үш, төрт, бес дыбыстан құралған дыбыстар қатары);

      4) теориялық мәліметтер сабақ барысында оқылады және тарауларда бекітіледі. Білім алушылар ұзақтықты, скрипка кілтіндегі бірінші октавадағы ноталарлы, до – соль клавиатурасын, регистрлерді, динамиканы, қарқындарды, штрихтарды, мінездерді, ладтарды, "фраза" түсінігін меңгереді.

      38. "Сольфеджио" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өнер түрлері. Музыка өнері. Адам өміріндегі музыканың рөлі және мәні. Музыканың бейнелі дыбыстау, еліктеп дыбыстау мүмкіндіктері.

      Дамытатын музыкалық ойындар.

      2-тақырып. Фортепианоның клавиатурасымен танысу. Клавиатураны октаваларға және октавалардың аталуына бөлу. Түрлі октавалардағы және комбинациялардағы клавишаларды ойнау реті. Регистрлер (жоғары, орта, төменгі).

      Есту арқылы алатын әсерлерін жинақтау. Музыкалық шығармаларды тыңдау.

      3-тақырып. Жоғары және төмен дыбыстар. Дыбыстардың қайталануы, әуендердің жоғары-төмен қозғалысы. "Дыбыстарды тыңдаймыз", "Бауырсақ кімді кездестірді?" ойындары.

      4-тақырып. Вокалдық дағдылармен жұмыс: дененің дұрыс орналасуы, қалыпты тыныс, күш түсірмей әнді белсенді айту. Дауыстың түрлі регистрлерін қолдана білу. Тыныс алу жаттығулары. Артикуляциялық жаттығулар.

      5-тақырып. Дикциямен жұмыс. Әндердің мәтіндерін мәнерлеп оқу.

      Ритмикалық суреттермен жұмыс. Балаларға арналған әндерді жаттау және түрлі клавишалармен есту арқылы теру.

      6-тақырып. Музыкалық аспаппен танысу. Қазақ халық аспаптары. Орыс халық аспаптары. Симфониялық оркестрдің аспаптары.

      7-тақырып. Негізгі музыкалық жанрлар. Ән. Би. Марш. Мінезді би және марштық қимылдарды жаттау.

      8-тақырып. Музыканың мінезі. Музыкалық мәнерлілік құралдары. Музыкалық шығармаларды тыңдау.

      9-тақырып. Ноталық жазба. Ноталық стан. Скрипка кілті. Бірінші октава ноталарымен жұмыс.

      10-тақырып. Ұзын және қысқа дыбыстар туралы түсінік. "Жүгіретін" (ти-ти), "қадамдайтын" (та) – сегіздік және ширек дыбыстар. Штильдердің (тымық) жазылуы. Таныс әндерді ритмикалық талдау, оларды ритмдік буындармен айту және тақтаға ұзын және қысқа таяқшалармен жазу. Әнді ритм буындарымен шапалақтап сүйемелдеу: алақанмен – ти-ти, тіземен – та-та.

      11. Екі буынды және үш буынды сөздерді метризациялау. Музыкамен метрикалық қағысты тақылдату. Музыкамен қозғалу.

      12-тақырып. Ладтық ырғақ жұмысы. Тониканы түсінуге дайындық. Тоникаға жеткізе отырып, ұзын дәне қысқа әуендік музыкалық айналымдарды айту. Түрлі үнділіктегі және көлемдердегі әндерді есту арқылы жаттау.

      13-тақырып. Мажорлық және минорлық ладтар. Есту арқылы қабылдауды дамыту. Тыңдалған музыканың мінезін анықтау.

      Балалардың орындалған музыкаға тақырып қоюы.

      Тыңдаған музыкаға сурет салу. Орындалған музыканың ладын анықтау. Мажор мен минорды салыстыруға арналған әншілік ойындарды қолдану.

      14-тақырып. Лад. Лад туралы түсінік. Ладтың тіреулі және тіреусіз жалпы бөлінген сатылары туралы түсінік. Әр сатының сипатын даралау. Сатыларды рим сандарымен белгілеу. Дыбыс қатары. Гамма. Тоника. Үш дыбыстылық.

      Әнмен ойналатын ойындарды қолдану. Саусаққа арналған ойындар.

      15-тақырып. Метр және ритм. Күшті және әлсіз метрикалық бөліктер. Сөздерді ритмикамен меңгеру. Екі бөлікті метрикалық қағыс. 2/4 өлшемі, дирижерлеу сызбасы. Ритмикалық суреттердің әртүрлі түрлері.

      16-тақырып. Үш бөлікті метрикалық қағыс. 3/4 өлшем. Дирижерлеу сызбасы. Ритмикалық суреттердің әртүрлі түрлері.

      17-тақырып. Тактінің бір бөлімі (затакт). Үзілістер. Педагог бастаған ритмикалық фразаны әрі қарай еркін шығару, ритм буындарымен ритмикалық жолдарды оқу.

      18-тақырып. Ритмикалық канон. Шапалақпен ритмикалық суретті оқу, музыканың мінезіне сәйкес тактілерді орындау. Балалар соқпалы оркестрінде ойнау.

      19-тақырып. Ритмикалық суырып салу. Ритмикалық жазбаша бақылау. Музыканы тыңдауға тікелей реакция ретінде суырып салма қимыл-қозғалыстарды орындау.

      20-тақырып. Жарты тон және тон түсініктерімен танысу. Альтерация белгілері. Мажорлық гамманың құрылысы. Ре мажор үндестілігі. Екі, жеті тұрақсыздарын біртіндеп енгізу. Дыбыстар қатарын дауыс ырғағына келтіру: бір – екі – үш және кері қарай, тетрахорд, пентахорд, гамма (қатар бойынша, қол белгілерімен, ноталармен).

      Үшдыбыстылық дыбыстары бойынша әндер мен жаттығуларды алдымен төмен, сосын жоғары айту. Тоника сезімін тәрбиелеу.

      21-тақырып. Мажорлық ладтың бес – үш – бір сатысының жеке мінезін сезінуді тәрбиелеу. Мажорлық ладтың осы сатыларын дыбыстардың аталуымен, сатылардың сандарымен айту. Таза ырғақтау және орындау мәнерлігі бойынша жұмыс.

      22-тақырып. Өткен сатылардан және екі бөлікке тактіленген ноталардан құралған әндер мен әуендерді, жұмыс дәптерлері, тақтадағы жазба бойынша сольфеджиолау.

      23-тақырып. Бейнені бейнелеу немесе сипатына байланысты аспаппен суырып салу.

      24-тақырып. Тасымалдау. Таныс әндерді до және ре – мажор үндестіліктерінде, тұрақты және тұрақсыз сатыларды түсіне отырып іріктеу.

      25-тақырып. Музыкалық баса айту. Сатылардың аталуымен белгілі дауыс ырғағының үлгілерінде шағын фразаларды шығару. "Әуен және сүйемелдеу" түсініктері. Жатталған әндерді фразалар бойынша және сүйемелдеумен айту. Кіші октавадағы дыбыстардың дұрыс жазылуы.

      26-тақырып. Музыка тілі. Музыкалық баса айту, До және Ре мажор үндестіліктеріндегі жұмыс. Екі бөлік, үш бөлік өлшеміндегі әндерді сольфеджиолау.

      27-тақырып. Ауызша динтакт. Жатталатын әндердің ноталарын фланелеграфқа, ноталық параққа түсіру. Ритмикалық суреттерді карта түрінде шығарып қою. Дауыстап айтуды іштен айтумен алмастыру. Әуендерді аяқтап жазу. Өткен сатылардағы жатталған және талданған әуендерді жазу. Бағана бойынша жазылған таныс әндерді тану.

      28-тақырып. Мажорлық және минорлық үш дыбыстылықты, дыбыстар қатарын, тұрақты сатыларды естуі бойынша анықтау. Ритмикалық жаңғырық, әуендік жаңғырық. Төрттен екі, төрттен үш өлшемдерін есту арқылы анықтау.

      29-тақырып. Қарапайым үш бөлімді формадағы есту арқылы үш бөлімді (бейнені ауыстыру бойынша) анықтау. Тізбек бойынша айту. Дауыстап айтуды "іштен айтумен" алмастыру. Тақтадағы таныс әуендердің қалып кеткен тактілерін есте сақтау.

      30-тақырып. Музыкалық бейне. Музыка тілі. Музыкалық мәнерліктің негізгі құралдары - әуен, гармония, ритм, лад, тембр, регистр, темп, динамика, фактура, музыкалық шығармадағы олардың өзара байланыстары.

      31-тақырып. Симфониялық оркестр. Оркестрдің құрамы. Аспаптардың тобы.

      32-тақырып. Опера мен балет - синтетикалық жанр. Жалпы сипаттары мен айырмашылығы.

      39. "Сольфеджио" пәнін меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      Біледі:

      1) терминдерді - музыкалық дыбыс, нота, дауыс ырғағы, әуен, тембр, ритм, темп, жанр, скрипка кілті, композитор, орындаушы, тыңдаушы, музыкалық аспаптар, халық аспаптар оркестрі;

      2) музыка тілінің құралдарын: әуен, ритм, темп, лад;

      3) музыка өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын;

      4) классикалық музыкалық аспаптардың аталуы мен дыбысталуын;

      5) қазақ және орыс аспаптарының аталуын және дыбысталуын;

      6) музыкалық шығармаларды тыңдау ережелерін.

      Жасай алады:

      1) нота бойынша шағын әуенді, әнді алақанмен қалыпты шапалақпен сүймелдей отырып, кез келген дыбыстағы таныс әнді орындайды;

      2) тыңдалған музыканың өлшемін анықтайды;

      3) жазылған ритмді тықылдатып немесе шапалақтап шығарады;

      4) аталған әуеннің өлшемін анықтайды;

      5) тыңдалған музыканың сипатын анықтайды (мажор немесе минор);

      6) аяқталмаған әуенді аяқтайды (бір немесе бірнеше дыбыстау);

      7) таныс музыканы дыбысталу сипатына қарай салыстырады;

      8) кез-келген жылда өтілген әнді нота бойынша анықтау және ноталардың аталуымен айта біледі;

      9) музыканың сипатын эмоциямен көрсетеді;

      10) фортепианода таныс әуенді тереді;

      11) қарапайым музыкалық шығарманы орындау: әнді, аспаптық пьесаны;

      12) музыкалық шығармадан алған эмоциялық әсерін сөзбен жеткізеді.

      Дағдыларға ие болады:

      1) таныс әуенді фортепианоға тасымалдау;

      2) қарапайым вокалдық және аспаптық музыка ойнау;

      3) музыкалық оқу қызметі.

      40. "Фортепиано" пәні бойынша Бағдарламаның мақсаты: білім алушыны фортепиано класы бойынша оқытудың негізгі курсын меңгеру үшін дайындау.

      41. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыка туралы анықталған білім алу;

      2) музыкалық сауат ашумен, дыбыс шығарудың әр түрлі тәсілдерімен танысу;

      3) есту қабілетін бақылауды қалыптастыру;

      4) арнайы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

      5) алғашқы пианинода ойнау тәсілдері мен дағдыларына оқыту.

      Дамыту:

      1) есту қабілетін, ритмді, шығармашылық қиялды, музыканы бейнелі қабылдауды дамыту;

      2) білім алушының табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы музыкалық дамыту;

      3) бастапқы шығармашылық нышандарды дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) балаларды музыка әлеміне баулу;

      2) сабаққа деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;

      3) баланың тұлғасын, белсенділігін, дербестігін дамыту;

      4) балалардың эстетикалық көзқарастары мен көркемдік талғамдарын қалыптастыру және дамыту.

      42. "Фортепиано" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) педагог сабақтарда музыканы тыңдау, ән айту, музыканы есту бойынша теру, ритм сезімін дамытуға, ұсақ моториканы алғашқы ұйымдастыруға арналған жаттығулар, отырудың алғашқы дағдыларын және фортепианода ойнау тәсілдерін қалыптастыру сияқты қызмет түрлерін жиі қолданады;

      2) педагог білім алушының қабілеті мен жасына байланысты міндеттерді қиындата отырып, ноталық сауат негіздері мен күрделірек тарауға біртіндеп ауысады;

      3) барлық оқыту сабақтары ойын процесінде өткізіледі;

      4) білім алушы оқу жылының ішінде әр түрлі ойын дағдыларын non legato, legato, staccato, музыкалық шығармалардың жанрларын, формалары бойынша әртүрлі 20-25 музыкалық шығармаларды: халық әндері, этюдтер, әншілік және бишілік сипаттағы пьесалар, ансамбльдер, полифония элементтері бар пьесаларды меңгереді.

      43. "Фортепиано" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Музыка әлеміне кіріспе. Жанрлық музыка туралы әңгіме.

      2-тақырып. Көне клавишалық аспаптармен, дыбыс шығару тәсілдерімен, дыбысталу айырмашылығымен танысу.

      3-тақырып. Фортепианоның шығу тарихы. Клавиатураға шолу жүргізу.

      4-тақырып. Кішкентай пианиношының ережелері. Аспапта дұрыс отыру ережелерін тәрбиелеу. Отыру, дене жағдайы, білектің биіктігі.

      5-тақырып. Орындаушылық аппаратын аспапта ойнауға дайындау. Қолды қою және қолды клавиатурадан алу бойынша жұмыс. Д. Артаболевскаяның жүйесі бойынша сермеу жаттығулары.

      6-тақырып. Нотаға дейінгі кезең. Орындау қимылдарын ұйымдастыру. Шығармашылық дағдыларды жетілдіру. Берілген сөздерге музыкалық сөздерді және есімдерді шығару.

      7-тақырып. Шығармашылық дағдыларды дамыту. Музыкалық есту қабілетін дамыту. Шығарған музыкалық сөздер мен есімдердің ритмін сипаттау үшін шулы музыкалық аспаптарды қолдану.

      8-тақырып. "Финал" бағдарламасындағы компьютерлік технологиялар.

      9-тақырып. Қолмен ойнау, жеңіл әндерді іріктеу. Педагогпен бірге ансамбльде ойнау. Қолдарды алмастыру, пластикалық қимылдарды тәрбиелеу.

      10-тақырып. Білім алушылардың педагогтің сүйемелдеуімен жеңіл әуендерді орындауы.

      11-тақырып. Музыкалық мәнерлілік құралдары туралы әңгіме.

      12-тақырып. Музыканы тыңдау және қабылдау. Музыканың жанрын, мінезін, көңіл-күйін анықтау.

      13-тақырып. Нота парағы, скрипка және бас кілттері, клавиатура.

      14-тақырып. Әуен түсінігі. Сарын, сүйемел, фраза, кезең.

      15-тақырып. Ноталардың ұзақтығы. Паузалар. Динамикалық ерекшеліктер. Лад (мажор, минор).

      16-тақырып. Альтерация белгілері. Музыкалық терминдер.

      17-тақырып. Мажор және минор үш дыбыстылығы. Дауыс ырғағын таза келтіре білу.

      18-тақырып. Орындаушылық штрихтері. Non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтерін меңгеру.

      19-тақырып. Гамма. Жаттығулар. Аппликатура негіздері. Бірінші саусақтың дербестігін дамыту, төртінші және бесінші саусақтарды бекіту.

      20-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      21-тақырып. Этюдтер мен пьесалар. Екі қолмен ойнау. Әр қолмен кезектесіп ойнаудан бір уақытта екі қолмен ойнауға көшу.

      44. "Фортепиано" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      Біледі:

      1) музыкалық сауат ашудың алғашқы негіздерін;

      2) клавишалық музыкалық аспаптарды;

      3) музыканың негізгі жанрларын;

      4) non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] ойын тәсілдерін;

      5) музыканың мәнерлілік құралдарын: әуен, ритм, үзілістер, штрихтер, динамика.

      Жасай алады:

      1) аспапқа дұрыс отырады;

      2) музыкалық пьесаларды кезекпен ойнайды немесе меңгерген теориялық білімдерін қолданып екі қолмен саналы түрде және мәнерлеп орындайды;

      3) non legato, legato, staccato дыбыс шығару тәсілдерін қолданады;

      4) орындау барысында f [форте], p [пиано] крещендо, диминуэндо - динамикалық ерекшеліктерді қолданады;

      5) өзінің бұлшық ет - қимыл - қозғалыс аппаратын басқарады;

      6) ойын аппаратын орындаушының еркіне, алғашқы көркемдік міндеттерге бағындырады;

      7) әр түрлі дыбыстардан құрылған әуендерді іріктеп, оларды айтады;

      8) 2, 3, 4, 5 нотаға берілген ырғаққа әуен шығарады;

      9) музыка жанрларын талдайды;

      10) шығарманың мазмұнын ауызша айтады, ладты сезінеді.

      45. "Домбыра" пәні бойынша Бағдарламаның мақсаты: домбыра сыныбы бойынша оқытудың негізгі курсын ыңғайлы меңгеруі үшін білім алушыларды дайындау, музыкаға және аспапқа деген белсенді қызығушылығын тәрбиелеу, музыкалық және орындаушылық мүмкіндіктерді дамыту.

      46. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық сауаттылықпен танысу;

      2) қарапайым орындаушылық дағдыларды иелену;

      3) есту қабілетін бақылауды қалыптастыру;

      4) бастапқы домбыра тәсілдері мен дағдыларына оқыту.

      Дамыту:

      1) есту қабілетін, ырғақты, шығармашылық қиялды, музыканы бейнелі қабылдауды дамыту;

      2) баланың эмоциясын, қиялын, талғамын дамыту;

      3) білім алушылардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы музыкалық дамыту;

      4) бастапқы шығармашылық нышандарды дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) балаларды музыка әлеміне баулу;

      2) сабаққа деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;

      3) бала тұлғасын, белсенділігін, дербестігін дамыту;

      4) балалардың эстетикалық көзқарастары мен көркемдік талғамдарын қалыптастыру және дамыту.

      47. "Домбыра" пәні бойынша дайындық сыныбының Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар ноталық сауаттың негіздерімен, нота ұзақтығымен, үзілістермен, динамикалық ерекшеліктерімен, ладпен, альтерацияның тональді белгілерімен, музыкалық терминдермен танысады;

      2) педагог сабақтарда музыканы тыңдау, ән айту, музыканы естуі бойынша теру, ритм сезімін дамытуға арналған жаттығулар, отырудың алғашқы дағдыларын және домбырада ойнау тәсілдерін қалыптастыру сияқты қызмет түрлерін жиі қолданады;

      3) барлық оқу сабақтары ойын процесінде жүргізіледі;

      4) білім алушылар оқу жылының ішінде орындаушылық штрихтарды, ойнау тәсілдерін, ноталарды парақтан оқуды, гаммаларды, жаттығуларды, этюдтер мен пьесаларды, музыкалық шығармалардың жанрларын, формасы жағынан әртүрлі 20-25 музыкалық шығармаларды меңгереді.

      48. "Домбыра" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Музыка әлеміне кіріспе. Жанрлық музыка туралы әңгіме.

      2-тақырып. Аспаппен, дыбыс шығару тәсілдерімен, дыбысталу ерекшелігімен танысу.

      3-тақырып. Домбыраның шығу тарихы.

      4-тақырып. Дұрыс отыру және аспапты дұрыс орналастыруды тәрбиелеу. Отыру, дененің қалпы, білектің биіктігі.

      5-тақырып. Орындаушылық аппаратын аспапта ойнауға дайындау. Қолдың қойылымы. Саусақ қойылымымен жұмыс жасау.

      6-тақырып. Нотаға дейінгі кезең. Орындау қимылдарын ұйымдастыру. Шығармашылық дағдыларды жетілдіру. Берілген сөздерге музыкалық сөздерді және есімдерді шығару.

      7-тақырып Шығармашылық дағдыларын дамыту. Музыкалық есту қабілетін дамыту. Шығарған музыкалық сөздер мен есімдердің ритмін сипаттау үшін шулы музыкалық аспаптарды қолдану.

      8-тақырып. "Финал", "Сибелиус" бағдарламасындағы компьютерлік технологиялар.

      9-тақырып. Жеңіл әндерді іріктеу. Педагогпен бірге ансамбльде ойнау.

      10-тақырып. Педагогтің сүйемелдеуімен жеңіл әуендерді орындау.

      11-тақырып. Музыкалық мәнерлілік құралдары туралы әңгіме.

      12-тақырып. Музыканы тыңдау және қабылдау. Музыканың жанрын, мінезін, көңіл-күйін анықтау.

      13-тақырып. Нота парағы, скрипка кілті.

      14-тақырып. Әуен, күй, пьеса туралы түсініктер.

      15-тақырып. Нота ұзақтығы. Үзілістер. Динамикалық ерекшеліктер. Лад (мажор, минор).

      16-тақырып. Альтерация белгілері. Музыкалық терминдер.

      17-тақырып. Дауыс ырғағын таза келтіре білу.

      18-тақырып. Орындау штрихтары. ПV, ПVV, ПVПV штрихтарын меңгеру (төкпе).

      19-тақырып. Гаммалар. Жаттығулар. Аппликатура негіздері. саусақтардың дербестігін дамыту, үшінші және төртінші саусақтарды нығайту.

      20-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      21-тақырып. Этюдтер мен пьесалар. Аспапта ойнау.

      49. "Домбыра" бБғдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      Біледі:

      1) музыкалық сауат ашудың алғашқы негіздерін;

      2) қазақтың халық аспаптарын;

      3) музыканың негізгі жанрларын;

      4) төкпе, шертпе ойнау әдістерін;

      5) музыканың мәнерлік құралдарын – әуен, ырғақ, үзіліс, динамика;

      Істей алады:

      1) аспаппен дұрыс отыруды;

      2) алған теориялық білімін қолдана отырып, шығарманы мәнерлеп ойнауды;

      3) дыбыс шығару әдісі - төкпені орындауды;

      4) орындау барысында f [форте], p [пиано], крещендо, диминуэндо - динамикалық реңктерін қолдануды;

      5) ойын аппаратын басқаруды;

      6) әр түрлі дыбыстардан әуен шығаруды, оны айтуды;

      7) 2, 3, 4, 5 нотаға берілген ырғаққа әуен шығару;

      8) музыка жанрларын талдау;

      9) шығарманы сөзбен айтып, ладты сезіну.

      50. "Музыканы тыңдау" (таңдау бойынша пән) пәні Бағдарламасының мақсаты: білім алушылардың музыкалық және тұлғалық дамуына, әрі қарай меңгеруге және оларды музыка өнеріне араластыруға жағдай жасау.

      51. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) ноталарды оқу және жазу, музыкалық терминдерді білу, лад, темп, музыка өлшемін анықтау сияқты алғашқы музыкалық білім дағдыларын алуы;

      2) би музыкасының жанрларымен және ритмдерімен танысу;

      3) білім алушылардың есту қабілетін бақылау, музыкалық талғамның алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) білім алушының ритм, есту қабілетін, зейінін, есте сақтау жадын, ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, елестетуін, музыкалық-эстетикалық талғамын дамыту;

      2) балалардың музыканы тануға деген қызығушылығын дамыту және оны қоршаған ортамен салыстыру;

      3) музыкалық шығарманы есте сақтау және оны талдау қабілетін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) жаңа музыкалық шығарманы және түсінік беретін материалды әрі қарай меңгеруге қажетті музыканы тыңдау мәдениетін тәрбиелеу;

      2) үздік классикалық және халық өнері үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық талғамын тәрбиелеу;

      3) тұлғаны зияткерлік және рухани дамыту;

      4) музыка мектебіне түсуге уәждемелеу.

      52. "Музыканы тыңдау" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар оқу жылының ішінде әр түрлі музыкалық-шығармашылық қызметтің түрлері бойынша практикалық біліктер мен дағдыларды меңгереді: музыканы тыңдау, ән айту, оның ішінде ноталық жазбаға бағдарлана отырып, аспаппен музыка ойнау, музыкалық-пластикалық қимыл, суырып салу, орындалатын шығармаларды драмалау;

      2) білім алушы музыка, оның ырғақтық-бейнелі табиғаты, жанрлық және стильдік түрлілігі, музыкалық тілдің ерекшелігі, музыкалық фольклор, классикалық мұра және отандық және шетел композиторларының заманауи шығармашылығы, музыканың адамға әсері, оның басқа да өнер түрлерімен және өмірмен өзара байланысы туралы білімді меңгереді;

      3) оқу жылының ішінде білім алушы "Музыканттардың қатарына қосылу мейрамы", "Музыкалық сыйлық", "Күзгі ноталар" және басқалары сияқты ұжымдық шығармашылық істерге дайындауға қатысады.

      53. "Музыканы тыңдау" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      "Әлем және музыка" тарауы.

      1-тақырып. Адамдар мен балалардың өміріндегі музыка. Халық және композиторлық (авторлық) музыка. Шығарманың сипатын талқылау. Музыканы тыңдап отырып сурет салу. Термин сөздердің сөздігін жасау.

      2-тақырып. Музыка және көңіл-күй. Музыканың адамдардың көңіл-күйіне әсер етуі және музыкалық шығарманың көңіл-күйді бере білу қабілеті. Тыңдалған шығарманың сипатын талқылау. Таныстыру слайдтарын қарау. Музыка тыңдап отырып сурет салу. "Көңілді. Көңілсіз" музыкалық ойын.

      3-тақырып. Музыка жанрлары. Ән. Бесік жыры. Сөздікті терминдермен толықтыру жұмысы. "Бесік жыры" фольклорлық шығарманы тыңдау. Шығарманың сипатын талқылау. Ойын-әндерді жаттау арқылы ән жанрын меңгеру. Әннің әуеніне сәйкес қозғалу. Сөздікті толықтыру бойынша жұмыс. Негізгі сөз: ән. Тақырыптық таныстыру слайдын қарау. Музыка тыңдап отырып сурет салу.

      4-тақырып. Музыка жанрлары. Марш. Марш және оның ерекшеліктері туралы әңгіме. Сөздікті толықтыру бойынша жұмыс. Негізгі сөз: марш. Марштармен танысу. Таныстыру слайдын қарау. Жылдам ойналатын ойындар, марштық қадамды жаттау.

      5-тақырып. Музыка жанрлары. Вальс. Вальстің қимылдарын жаттау, пластика арқылы музыканың сипатын жеткізу. Сөздікті толықтыру бойынша жұмыс. Негізгі сөз: вальс.

      6-тақырып. Музыка және ертегі. Адамдардың өміріндегі ертегінің мәні. Терминдік сөздікті толықтыру бойынша жұмыс.

      7-тақырып. Музыкадағы аңыздар. Музыкалық аспаптардың шығуы. Домбыра туралы аңыз. Күйлерді тыңдау.

      8-тақырып. Музыка және мультипликация. Мультипликация – өнердің түрі, оның ерекшеліктері және айрықша белгілері. Өнердің екі түрін біріктіру. Музыкалық бейнелер мен кейіпкерлерді салу.

      9-тақырып. Тоқсанның қорытынды сабағы. Өткен материалдарды қайталау. Музыкалық-ритмикалық жаттығулар мен ойындар. Тоқсанның нәтижесін шығару.

      10-тақырып. Табиғат және музыка: Сары-Арқа. Қазақстан туралы таныстыру слайдын қарау. Күйлерді тыңдау. "Жез киік туралы аңыз" таныстыру слайдын қарау. Музыканы тыңдап отырып табиғат бейнелерін сурет салу. "Құс қанаты", "Қос мүйіз" қазақ халық билерінің элементтерін пайдалана отырып, музыкалық-ритмикалық жаттығуларды орындау.

      11-тақырып. Шөл дала. Әлемнің шөл далалары және оларда мекендейтіндер туралы әңгіме. Қазақстан және әлемнің елдерінің композиторларының музыкалық шығармашылықтарындағы табиғат, жануарлар әлемінің бейнесі. Музыканың мәнерлік құралы. Таныстыру слайдын қарау. Музыканы тыңдап отырып, табиғаттың бейнесін бейнелеу. Аңдардың қимылдарын келтіре отырып, музыкалық-ритмикалық жаттығуларды орындау.

      12-тақырып. Теңіз бен су. Музыка мен су дыбыстарының ұқсастығы. Музының мәнерлік құралы. Негізгі сөз: тембр. Тақырыптық таныстыру слайдын қарау. Музыканы тыңдап отырып, музыкалық шығарманың кейіпкерлерін бейнелеу. Жылдам ойындар.

      13-тақырып. Табиғат. Табиғат пен музыка жанрларының түрлілігі. Музыкалық пародия. Музыканың мәнерлік құралы. Негізгі сөз: регистр. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Таныстыру слайдтарын және табиғат туралы деректі фильмнен үзінді көрсету. Музыка тыңдап отырып, музыкалық шығармалардың кейіпкерлерін бейнелеу. Музыкалық-ритмикалық ойындар.

      14-тақырып. Таулар. Табиғаттың байлығы мен үлкендігі. Таулар және олардың ғажайып тұрғындары. Музыканың мәнерлілік құралдары. Музыканың дыбыстық бейнелеу құралдары. Негізгі сөз: динамика. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Музыкада бейнеленген музыкалық-ритмикалық жаттығулар. Қолдарға арналған музыкалық-ритмикалық жаттығулар.

      15-тақырып. Орман. Табиғаттың әсемдігі және құпиялығы. Орманның ғажайып тұрғындары. Музыканың мәнерлік құралдары және жанрлары туралы әңгіме және балет жанрымен шолу таныстыру. Музыка тыңдап отырып сурет салу. Вальс элементтері бар музыкалық-ритмикалық жаттығулар.

      16-тақырып. Тоқсанның қорытынды сабағы. Қайталау, бекіту. Өткен тақырыптар бойынша ауызша сұрау. Қозғалыстық және зияткерлік ойындар. Өткен шығармалардың материалдары бойынша викторина. Музыка тыңдап отырып сурет салу.

      17-тақырып. Бізді қоршаған әлем. Балалардың өміріндегі музыка. Балалармен олардың өміріндегі музыка туралы әңгімелесу. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Мультфильмдерді қарау. Музыканы тыңдап отырып сүйікті кейіпкерлері мен ойыншықтарын салу.

      18-тақырып. Балалардың орындауындағы музыка. Кішкентай орындаушылар туралы сұхбат-әңгіме жүргізу. Концерттерге бару. Концерттерде өзін ұстау этикасының негізі. Фортепиано кабинетіне саяхат. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Тік аппликация - бояуларды орындау.

      19-тақырып. Ойын – мектеп жасына дейінгі қызметтің негізгі түрі. Музыкалық шығармаларды орындау. Музыканы тыңдап отырып аппликация-бояуларды орындау.

      20-тақырып. Әлем балалардың көзімен. Циркке виртуалды саяхат. Клоундар туралы әңгіме. Цирк туралы музыкалық шығармаларды тыңдау. Музыка тыңдап отырып сурет салу. Клоундар мен цирк туралы әңгіме құрастыру.

      21-тақырып. Классиктер – балаларға. Балалардың орындауына арналған шығармаларды жазған композиторлар туралы әңгіме. Балалардың дүниетанымдық әсері арқылы музыка шығару. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Қуыршақтың суретін салу. Жіптерден қуыршақ дайындау.

      22-тақырып. Музыкадағы тірі табиғат. Музыкада табиғатты бейнелеген композиторлар туралы әңгіме. "Музыканың мәнерлік құралдары" тақырыбы бойынша терминдерді қайталау. Музыкалық шығармаларды тыңдау.

      Тақырыптық таныстыру слайдын қарау. Бояу немесе аппликация техникасындағы суреттермен жұмыс.

      23-тақырып. Музыкалық табиғат. "Музыка сурет сала алады ма немесе музыкалық суреттер қалай салынады" тақырыбына әңгіме. Сөздікпен жұмыс.

      Лад, тембр, регистр, динамика. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Музыка желісі бойынша тақырыптық таныстыру слайдын қарау. Штрихтау техникасындағы суреттермен жұмыс.

      24-тақырып. Музыкада бейнеленген табиғат көріністері. Музыкалық құралдармен қанық жеткізуге болатын табиғат көріністері туралы әңгімелесу.

      Шығармаларды тыңдау. Мультфильмді көру. Бояу техникасындағы суреттермен жұмыс.

      25-тақырып. Ересектерге арналған музыка. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Тыңдалған шығармалардың желісі бойынша таныстыру слайдтарын қарау. Сурет салу немесе қолдан бұйымдар жасау.

      26-тақырып. Тоқсанның қорытынды сабағы. Өткен материалдарды қайталау. Викторина. Білім аушының таңдауы бойынша музыкалық-ритмикалық жаттығулар мен ойындар.

      27-тақырып. Музыкадағы жыл мезгілдері. Қыс пен көктем. Музыкадағы қыс пен көктем табиғатының суреттері. Қыс пен көктемнің айырмашылығы. Музыкалық пейзаж бен суреттеменің мәнерлілік құралдары. Музыкалық шығармаларды саралап қабылдауды, музыканың бейнелеу ерекшеліктерін ажырату білігін дамыту. Жыл мезгілдері туралы музыкалық шығармаларды тыңдау.

      "Қыс. Көктем" таныстыру слайдын қарау. "Қар ұшқыны" және "парақшалар" аппликацияларын орындау.

      28-тақырып. Музыкадағы жыл мезгілдері. Жаз бен күз. Музыкадағы жазғы және күзгі табиғат суреттері. Музыкалық пейзажды жеткізу құралдары. Музыкалық шығармаларды саралап қабылдауды, музыканың бейнелеу құралдарын ажырату білігін дамыту. Жыл мезгілдері туралы музыкалық шығармаларды тыңдау.

      Жыл мезгілдері туралы бейне жазбаны қарау. "Күз" таныстыру слайды. Музыкамен сурет салу. "Күзде жапырақтардың түсуі" музыкалық-ритмикалық қимыл.

      29-тақырып. Оркестр және аспаптар тобы. Симфониялық оркестрдің қалыптасуы туралы қысқа әңгіме. Дыбыс шығару тәсілдері, топтар мен тегіне жіктеу. Симофниялық оркестрдің орындауыдағы музыкалық шығарманы тыңдау. "Смфониялық оркестр" слайд-таныстыру. Филармонияға саяхат. Аспаптарды салу (бояу).

      30-тақырып. Қазақ халық аспаптары. Қазақ халық аспаптары туралы әңгіме, оларды топқа жіктеу. Жетіген туралы аңыз. Күйлерді тыңдау. "Қазақ халық аспаптары оркестрі" таныстыру слайды. Қазақ халық оркестрінің концерттеріне бару. Сөздікпен жұмыс. Аңыз-күй, жырау, күйші, ақын терминдері.

      31-тақырып. Ерекше аспаптар. Шарманкамен, музыкалық сандықшамен, челеста аспабымен, фисгармониямен, ара (пила) танысу. Дыбыс шығару тәсілдерін сипаттау. Аспаптарды тұрмыста қолдану және композиторлар шығармашылығында пайдалану. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Балеттерден күзінді көру.

      32-тақырып. Аспаптардың ғажайып шеберханасы. Халық аспаптарының шеберлері мен шеберханалары туралы әңгіме. Табиғи және қолда бар материалдардан балалардың өздерінің аспап жасауы. Ұжымдық музыка ойнау. Практикалық қызмет арқылы шығармашылық қабілет пен өзін өзі танытуды дамыту. Таңдау бойынша музыканы тыңдау және танымал әнді ұсынылған ритмде өздерінің шулы аспаптарымен сүйемелдеу.

      33-тақырып. Оқу жылында өткен тақырыптарды қайталау. Музыкалық шығармалардың бейнелері мен кейіпкерлерін визуалдау арқылы ассоциацияны дамыту. Музыкалық терминдік сөздікті қалыптастыру. "Аспапты тап?", "Кімнің дауысы дыбысталуда?" ойындары. Музыкалық жұмбақтар.

      34-тақырып. Жаттығулар мен ойындар.

      54. "Музыканы тыңдау" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) өнердің түрі ретінде музының ерекшелігін түсінеді;

      2) шығарманың жалпы сипатын және бейнелі қатарын анықтайды;

      3) музыканың мәнерлік құралдарын анықтайды;

      4) музыкалық терминдерді біледі;

      5) ноталық сауаттың негіздерін біледі;

      6) өз ойларын жеткізуді, тыңдаған шығармалары туралы қысқаша әңгіме құруды біледі;

      7) симфониялық және халық музыка аспаптарын таниды;

      8) сабақтағы өзінің оқу қызметін бағалай алады;

      9) аудиалды мәдениеттің алғашқы дағдыларына ие болады;

      10) коммуникативтік қабілеттерге және сыныпта араласу дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      55. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – портфолио, концерттерге, байқауларға қатысу түрінде іске асырылады

      56. Білім алушының портфолиосына концерттік, байқаулық көрсетілімдердің фото суреттерді, іштей және қашықтықтан өткізілетін музыкалық байқаулардың материалдарын қамтилады.

      57. Тыңдалым, концерттік, байқаулық көрсетілімдер сабақтың маңызды қорытынды кезеңі болып табылады: тыңдалымдар әр сабақтың соңында талдау мақсатында жүргізіледі, концерттік көрсетілімдер – тарауларды, тақырыптарды оқу нәтижесі бойынша, қорытынды концерттік көрсетілімдер оқы жылының аяғында ұйымдастырылады.

      58. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      59. Жылдың соңында берілген мінездеме білім алушы даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      60. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарын баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы пайдаланады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
46-қосымша

Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің мектепке дейінгі бес-алты жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің мектепке дейінгі бес-алты жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі бес-алты жастағы балалар үшін дайындық бөлімінің пәндеріне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акварель – сумен араластыратын бояу; осындай бояулармен орындалған жұмыстар;

      2) батик – көп түсті матаны жасау техникасы;

      3) бейнелеу өнері – көру қабілеті арқылы және көзге көрінетін әлемнің жазықтықтағы және кеңістіктіктегі бейнесін құруға байланысты өнер;

      4) графика – жазықтықта бейнелеуге байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      5) гуашь – мөлдір емес, сумен араластыратын бояу;

      6) жанр – бейнелеу әлемінің мейлінше маңызды қасиеттері мен көріністерінің байланыстарын көрсететін жалпы түсініктер, шығарманың фольмальді және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығы;

      7) кескіндеме – шынайылықты мейлінше толық және өмірдегідей көрсететін картиналардан, кескіндемелік кенептерден құралған бейнелеу өнерінің түрі;

      8) композиция – суретшінің ойын мейлінше түсінікті ететін және әсерлейтін көркем шығарманың мақсатты құрылымы;

      9) көлеңке – натураның мейлінше жарық аз түсірілген бөлігі;

      10) көмір – ағаштың белгілі бір түрлерін жағу арқылы немесе арнайы көмір массасынан тығыздалып (тығыздалған көмір), өсімдік желімімен желімделіп дайындалған қара жіңішке шыбық тәріздес сурет салуға арналған материал;

      11) натура — суретші салып жатқан кезінде алдында тұратын адамдар, заттар және көріністер;

      12) натюрморт –заттар тобын (жемістер, жемістер, гүлдер, құлаған құс немесе тұрмыстық заттар) суретшінің композициямен қоюы және суретте көрсетуі;

      13) нобай – есте сақтау жады немесе натура бойынша жүйрік және жылдам орындалған графикалық, кескіндемелік және мүсіндік бейне, қолды немесе көзді жаттықтыру үшін немесе ағымдағы жұмысқа қажетті қосымша материалды жинақтау мақсатында орындалады;

      14) пастель – сыртқы қабығы жоқ түрлі-түсті қарындаштар, бояулы ұнтақтан әзірленген немесе осы қарындаштармен орындалған кескіндемелік шығарма;

      15) пейзаж – табиғатты бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      16) перспектива – кескіндемеде, графикада кеңістіктікті жеткізу;

      17) портрет – белгілі, нақты адамды белгілеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      18) пропорция – тұтастықтың белгілі сипатына сәйкес келетін заттар формаларының, бөліктері көлемінің қатынасы;

      19) ритм – тұтас шығарманың қалыпты, заңдылықты құрылуына алып келетін элементтердің алмасуы, өлшемділігі;

      20) сангина – орамал түрінде әзірленетін, қызыл-қоңыр түсті сурет салуға арналған материал;

      21) сәуле – натураның жарық түсірілген бөлігі;

      22) сәуле күші – заттың тонының басқа заттарға қарағанда жарығырақ болу дейгейі;

      23) сурет – жазықтықта сызықтардың, штрихтардың, сәуле мен көлеңкелі дақтардың көмегі арқылы сызылған графиканың, бейненің негізгі түрі;

      24) суреттемелер – мейлінше маңызды жұмыс үшін немесе жаттығулар үшін материал жинау мақсатында орындалған, натураға қарап салынатын сурет;

      25) сурет технологиясындағы қарындаш – сурет салуға арналған материал немесе таяқша түріндегі және әдетте ағашпен қапталған арнайы бояйтын заттар түріндегі құралдар;

      26) сұлба – контурдың ішінде бөлшектері жоқ, заттардың көлеңкелі профиль ретіндегі бейнесі;

      27) фактура – туынды бетінің сипаттамасы;

      28) штрих – қолдың бір қимылымен орындалатын және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      29) эскиз – мейлінше ірі жұмысқа дайындық нобайы болып табылатын көмекші сипатындағы көркемдік шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында алған білім, білік және дағдылары негізінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сурет салу техникасы, илеу және сәндік-қолданбалы өнердің алғашқы дағдыларын меңгеру;

      2) әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдаланып, бейнелеу тәсілдерін меңгеру;

      3) көркемдік-бейнелеу мәнерінің құралдарымен танысу.

      Дамыту:

      1) оқу, шығармашылық көркемдік қызметі дағдыларын дамыту;

      2) есте сақтау жадын, байқампаздықты, қисынды ойлауды, моториканы, әсемділікті, қолдардың икемділігін және көз өлшемінің нақтылығын дамыту;

      3) топта бірге жұмыс істеуді қамтамасыз ететін коммуникативтік білік және дағдыларын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) қоршаған әлемге шығармашылық, жасампаздық көзқарасын тәрбиелеу;

      2) эстетикалық, көркемдік талғамды және гармония сезімін тәрбиелеу;

      3) орындаушылықты, жинақылықты, ұқыптылықты тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бір жыл. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндеріне оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, ерте бала жасында бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) бейнелеу, сәндік көркемдік қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері және қолданбалы шығармашылық саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруге;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндеріне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс (түсіндіру, қарастыру, талдау);

      2) көрнекілік (шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару);

      3) практикалық (мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру);

      4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру).

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектебінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Оқу-шығармашылық мақсат пен міндеттерді құру "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндері бойынша баланың білімді қайталауы және жаңа материалдарды бекітуін қарастырады. Тақырыптық жоспар пәнаралық байланыс қағидатын сақтай отырып құрылады. Баланың форманы, кеңістіктікті қабылдауын, сызықты, түстік таңбаны меңгеруін қалыптастыруға бағытталған сурет салу тақырыбы илеу және сәндік жұмыс сабақтарында өзінің қисындылық көрінісін және дәлелін табады.

      34. "Сурет салу", "Илеу", "Сәндік-қолданбалы өнер" пәндерінің пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      35. Бағдарламаның мақсаты: сурет салу дағдыларын және заманауи техникаларын меңгеру, шығармашылық әлеуеттерін ашу, бала тұлғасын рухани-эстетикалық дамыту.

      36. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) қарындаштармен, бояулармен, қылқаламдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

      2) түстік гаммамен танысу;

      3) терминдерді меңгеру;

      4) графикалық материалдарды қолдану дағдыларын меңгеру;

      5) сурет салу техникасының алғашқы дағдыларын меңгеру;

      6) дайындық материалдарымен: нобайлармен, суреттемелермен, эскиздермен жұмыстың алғашқы дағдыларын алу;

      7) қоршаған әлемді графикалық құралдармен шынайы, сауатты бейнелеуге оқыту.

      Дамыту:

      1) көркемдік қабілеттерін дамыту (бейнелі ойлау, шығармашылықпен елестету, көру арқылы есте сақтау);

      2) шығармашылық көркемдік қызығушылықты дамыту;

      3) жеке қабылдау, қоршаған ортаны талдау және шынайы суреттің ғылыми негіздері негізінде бейнелеудің алғашқы тәжірибесін алу;

      4) қоршаған ортаның гармониясы туралы түсінікті қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) қоршаған әлемге шығармашылық, жасампаздық көзқарасты тәрбиелеу;

      2) көркемдік талғамды және гармония сезімін тәрбиелеу;

      3) өнерге, өз еңбегіне ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу.

      37. Білім алушы сурет салу сабақтарында бейнелеу сауатының теориялық және практикалық негіздерін меңгереді, әр түрлі көркемдік материалдарды игеруді үйренеді (акварель, гуашь, фломастерлер, түсті және графикалық қарындаштар және басқалары), парақ кеңістігін ұйымдастыруды, заттардың формаларын, құрылымын, түсі мен көлемін жеткізуді үйренеді.

      Білім алушы натураға қарап сурет салу процесінде белгілі ретпен, тұтас, бейнелі қабылдауға сүйеніп жұмыс істейді, натураны суретпен салыстырады.

      38. Суретпен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары болып оның жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға, қарапайымнан күрделіге қарай ретпен орындалуы болып табылады.

      Балалардың жас ерекшеліктерін және көркемдік қабілеттерінің даму қисынын ескеріп, педагог оқытуды заттарды графикалық жеткізудің толықтылық және нақтылық деңгейінің өсу қағидаты бойынша құрады.

      39. Оқыту процесі натураны зерттеу негізінде жүргізіледі. Сауатты суреттің негіздері:

      1) бейнені парақта үйлесімді құрастыру;

      2) пропорциялық және перспективалық құрылымның нақтылығы;

      3) сәуле мен көлеңкенің үйлесімді қатынасын штрихтық техникамен кәсіби жеткізу.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      40. "Сурет салу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы сурет туралы алғашқы мәліметтермен танысады, натураны эмоциямен қабылдауды, оны беттің жазықтығында бейнелеуді, беттің композициялық тұтастығы міндеттерін шешуді және қойылымның сипатына байланысты форматты таңдауды үйренеді;

      2) білім алушы перспектива заңдылықтарын, сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін, қысқа мерзімді жұмыстарды (адамның, жануарлардың, жеке заттардың, есінде сақталған суреттердің нобайларын), жұмыстарды жұмсақ графикалық материалдармен орындауды үйренеді;

      3) білім алушы графикалық материалдардың мәнерлік құралдарын меңгереді, заттардың формаларын, сипатын жеткізу дағдыларын алады, көрнекі перспектива түсінігімен танысады, қарапайым геометриялық денелердің перспективті құру қағидаттарын меңгереді және әр түрлі формалы заттардағы сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін бөлу зерттеледі;

      4) білім алушы портретті, натюрмортты, өрнекті, пейзажды салудың алғашқы дағдыларын меңгереді.

      41. "Сурет салу" оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Сурет - шынайы бейненің негізі. Бейнелеу тілінің шарттылығы, суретке арналған материалдар, графикалық бейнелеу тәсілдері. Графикалық материалдармен, олардың қасиеттерімен және қолдану тәсілдерімен танысу. Жаттығуларды орындау. Суретке арналған құралдар мен материалдар. Қара қарындаштар: қатты, жұмсақ. Түрлі-түсті қарындаштар. Түрлі-түсті қарындаштармен 5 минуттық ойындық үзілістер.

      2-тақырып. Сызықтар. Сызықтардың негізгі түрлері және бағыттары. Тік, доғал тәріздес, толқын тәріздес, сынық сызықтар. Сызықтардың бағыттары туралы түсінік. Моториканы дамыту.

      3-тақырып. Геометриялық формалар. Негізгі геометриялық формалар мен денелер заттардың формаларының негізі. Заттардың формалары туралы түсінікті, жолақтар арасындағы айырмашылықты, көлемді формалар және көлем сезімін дамыту.

      4-тақырып. Бояулар әлемі. Табиғи формалар мен тұрмыстық заттардың бояқтары арқылы "Түс" түсінігін беру. Жылы және суық түстермен танысу.

      5-тақырып. Құрастыру. Натюрморт жанры. Натюрмортты салу негізінде композициялық орналастырудың қарапайым түсініктері: беттің ортасы, жоғары-төмен, сол жағы-оң жағы, жақын-алыс. Қарапайым пропорциялық қатынастар: биік-аласа, кең-тар, ұзын-қысқа. Көлемдік қатынастар: үлкен-кіші.

      6-тақырып. Өсімдіктер және суретші. Өсімдік тектес өрнек. Өсімдіктерді салу. Өсімдік тектес өрнектердің элементі ретінде өсімдіктермен, гүлдермен, жапырақтармен танысу.

      7-тақырып. Тақырыптық сурет. "Граттаж" техникасы. Қара фонның жаңа жылдық мерекелік көңіл-күйге сәйкес көңілді-ашық түстік шешімдермен кереғарлығының мәнерлігі. Композициямен жұмыс.

      8-тақырып. Түрлі материалдармен жұмыстың техникалық тәсілдері. Аралас техникадағы "Аяз әйнекке әшекейлерін салады" композициясы. Акварельдің балауыз борларымен үйлесімі. Қиялды және бейнелі ойлауды дамыту. Акварельмен және балауыз борлармен жұмыстың техникалық тәсілдері туралы білімді кеңейту. Елестету бойынша композицияның сызықтық суретін құру. Жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеру – балауыз борларымен немесе майлы пастельмен, баяу сызықтармен, штрихтармен, нүктелермен сурет салу. Түстен түске ағатындай акварельді түсіру дағдыларын бекіту.

      9-тақырып. Ритм. Дайындамалар бойынша қарапайым ритмді құруға арналған жаттығулар. "Жыл құстары" тақырыбына құрылған ритмикалық композиция.

      10-тақырып. Өрнек. Геометриялық дайындамалар бойынша жолақтағы, квадраттағы, ромбтағы өрнек. Шеңбердегі өрнек "Тағамды сәндейміз", жолақтағы өрнек "Құмыраны сәндейміз".

      11-тақырып. Портрет. Портрет жанры және портретші-суретші. Портреттегі мінез, сезім, көңіл-күй: мейірімді-қатыгез, мұң-қуаныш. Портрет жанрында "Менің мейірімді атам", "Қатыгез сиқыршы", "Таңғалу", "Қуаныш", "Мұң" тақырыптарындағы композиция. Портрет жанры, жеке ерекшеліктері және адамдардың бет-әлпеттерінің типтері туралы түсінік.

      Ауызды, қастарды, көзді салу кезінде мимикалық өзгерістер арқылы көңіл-күйді, эмоцияны жеткізу тәсілдерімен жұмыс. Портретте адамдардың жас ерекшеліктерін жеткізумен танысу.

      12-тақырып. Натюрморт. Натюрморт жанрындағы аралас техникадағы "Анаға арналған мерекелік гүлшоғы" тақырыбындағы композиция: дымқыл бойынша, монотипия, шашу, үрлеу және басқалары. Натюрморт жанры туралы түсінікті бекіту. Бейнені алу тәсілдері, техникалық тәсілдердің көп түрлілігі және олардың мәнерлеу ерекшеліктері туралы білімді кеңейту.

      Дымқылданған қағазға акварельді жағу дағдыларын бекіту, мәнерлі формаларды табу, жағу, "монотипия", "үрлеу" тағы сал сияқты техниканың көмегімен бейнені (жапырақтарын, қауыздарын) орындау.

      13-тақырып. Тақырыптық сурет салу. Наурызды тойлау дәстүрлерімен, ұлттық тұрмыстың атрибуттарымен танысу. Оқулықтарға, үлгілерге, өрнектердің шаблондарына сүйене отырып адамдардың, жануарлардың, ұлттық бұйымдардың және өрнектердің фигураларын енгізіп, көпфигуралы композицияны құру. Қиялды және елестетуді дамыту. Ұжымда жұмыс істеу білігі.

      14-тақырып. Сұлба. Сұлба, қара бейненің жарық фондағы кереғарлығының мәнерлік ерекшеліктері туралы түсінік. Сұлбалық композиция құру дағдыларын меңгеру. Ақшыл фонда (бұл кезде сұлбаның өзі салынады) күңгірт материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану немесе керісінше күңгірт фонда ашық материалдармен орындау (бұл кезде сұлбаның артындағы фон салынады). Қылқаламмен ғана емес, сондай-ақ поролонды тығынмен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. "Түнгі ағаштар", "Түнгі қала" композициясы.

      15-тақырып. Бедерлі сурет салу. Композицияның сызықтық суреті және суретке желімді бедерді жабыстыру. Бедердің көркем суреті. "Бедер" түсінігін бекіту. Фактура және әр түрлі материалдар сезімін дамыту. Аралас техникада "Әтеш", "Тауыс" композициясы: ПВА (поливинилацетат) желімі, гуашь, акрил бояулары.

      16-тақырып. Пейзаж. Табиғат және суретші. Пейзаж жанры. Суретші – пейзажшы. Ландшафт және оның ерекшеліктері. Жыл мезгілдері, ауа-райы, уақыт және олардың пейзаждық композицияда көрініс табуы. Пейзаж жанрымен, табиғат ерекшеліктерімен және бейнелеу өнерінде оларды жеткізу тәсілдерімен танысу. Табиғат жағдайын жеткізудегі түс. Түрлі ағаштардың бейнесін бейнелеуге арналған жаттығулар.

      Бала жасына қолжетімді болуын ескеріп, ағаштардың құрылымын және олардың діңгектері мен бұтақтарын, түрлі ағаштарды бейнелеу тәсілдерін меңгеру. Кеңістікті жеткізуге қойылатын қарапайым талаптарды сақтай отырып, екі планды композицияны құру: жақын-алыс, алыстаған сайын кішкентай болу.

      "Тауға бару", "Менің әжем тұратын ауыл", "Саяжайда" тақырыптарына құрылған композиция.

      17-тақырып. Архитектура және суретші. Архитектор мамандығы. Өнердегі архитектуралық пейзаж. Архитектуралық құрылыстардың әр түрлілігі. Архитектуралық ғимараттардың түрлерімен танысу: мұнаралар, үйлер, сарайлар. Жинақталған дағдыларын қорытынды жұмыс барысында көрсету. Құрылыстың жеке бөліктерін салуға арналған жаттығулар (терезе, төбесі, күмбезі, қабырғалары және сол сияқты). Дайындамалар бойынша құрылыстарды салуға арналған жаттығулар "Сиқыршының сарайы" шаблоны. "Мен үлкен қалада өмір сүремін", "Менің қаламның бояулары", "Ескі қала" және басқа да тақырыптарға арналған архитектуралық композициялар.

      42. "Сурет салу" пәнін игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сурет туарлы алғашқы мәліметтерді біледі;

      2) қарындашпен, бояулармен, қылқаламмен сурет салуды біледі;

      3) түстік гамманы біледі;

      4) Бағдарлама шеңберіндегі терминдерді біледі;

      5) бет жазықтығында натураны бейнелеуді біледі;

      6) беттің композициялық тұтастық міндетін шеше алады;

      7) қойылымның сипатына қарай форматты таңдай алады;

      8) перспектива, сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігінің заңдылықтарын біледі;

      9) сурет салу техникасының алғашқы дағдыларын біледі;

      10) дайындық материалдарымен: нобайлармен, суреттемелермен, эскиздармен жұмыстың алғашқы дағдыларына ие болады;

      11) қоршаған шынайылықты графикалық құралдармен сауатты түрде жеткізе алады;

      12) портретті, натюрмортты, пейзажды, өрнекті сала алады.

      43. "Илеу" білім беру Бағдарламасының мақсаты: бала тұлғасының өзін өзі танытуына жағдай жасау, көркемдік шығармашылық саласындағы алғашқы білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      44. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) мүсіннің әр түрлі түрлері және жанрларымен танысу;

      2) жұмыстың алғашқы дағдыларын меңгеру;

      3) алақанмен және саусақтармен басқарудың техникалық тәсілдерін меңгеру;

      4) шығармашылық даралықты көрсететін ерекше туындыларды жасау;

      5) созылмалы заттармен жұмыстың негізгі техникаларын және қағидаттарын меңгеру.

      Дамыту:

      1) қисынды ойлауын, есте сақтау жадын, зейінін дамыту;

      2) ұсақ моториканы және қолдың саусақтарының қимылын үйлестіруді дамыту;

      3) көлемді форманы қабылдауды, кеңістіктік ойлауды, елестетуді, есте сақтау жадын дамыту;

      4) форманың пропорциялардағы және пластикасындағы гармония сезімін дамыту;

      5) байқампаздықты және көру арқылы есте сақтау жадын, мүсіндеу материалдарын және олардың мүмкіндіктерін түсінуді дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) мүсіндеу жұмыстарының барлық түрін жеке орындауға дайындықтарын тәрбиелеу;

      2) қоршаған өмірдегі заттар мен көріністерді шығармашылықпен қабылдауды дамыту;

      3) табиғаттағы және қоршаған ортадағы әсемдікті көру қабілетін қалыптастыру және оларды мүсіндеу жұмыстарында көрсете білу;

      4) жұмысты орындау барысында жауапкершілікті тәрбиелеу.

      45. Илеудің негізгі техникалық тәсілдері:

      1) алақанды айналдыра отырып шар тәріздес форманы домалақтау;

      2) алақанның бойымен цилиндр тәріздес ("шұжық" тәріздес) форманы жаймалау;

      3) шар тәріздес және цилиндр тәріздес дайындап қойған заттарды жалпақтау;

      4) бөлшектерді екі немесе үш саусақпен шымшылау;

      5) заттың бетін тегістеу.

      Илеудің негізгі қағидаттары:

      1) болашақ фигуралардың дайындама бөліктерін қысу арқылы қосу;

      2) материалдың тұтас бөлігінен фигураны тартып шығару.

      46. "Илеу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы созылмалы материалдардың қасиеттерімен танысады, стектермен жұмыс істеуді үйренеді, натурамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларына ие болады;

      2) білім алушы табиғатты бақылау негізінде композиция құру дағдыларын меңгереді, мүсіндеу өнерінің озық үлгілерімен танысады, созылмалы заттармен жұмыс ітеу дағдылары мен білігін дамытады.

      47. "Илеу" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Көлемдегі илеу. Жазықтықта илеу. Илеудің негізгі тәсілдері. Илеуге арналған материалдармен және құралдармен танысу. Түрлі-түсті ермексаз, қататын ермексаз, қыш ермексазы, полимерлі ермексаз, кесуге арналған ағаш құралдар, клеенкалар. Моториканы дамытатын қарапайым басқару дағдыларын меңгеру: ермексаздан негізгі дайындамаларды орындау үшін: домалақтарды, "тоқаштарды", жолақтарды және басқаларын илеу, жаю, созу, шымшылау. Ермексазды алақанмен айналдыру және алақан бойымен жүргізу, бас бармақпен және сұқ саусақ арасымен қысу.

      2-тақырып. Түрлі-түсті ермексаздан көлемді илеу. Геометриялық фигуралар мен денелер – заттардың формаларының негізі. Көлемді илеудегі композиция. Көлемді заттарды илеудің негізгі дағдылары. Көлемді форма туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру. Қарапайым геометриялық формалар туралы түсінікті, қолжетімді ассоциативті байланыстар арқылы оларды заттардан тану білігін бекіту: алма – шар, саңырауқұлақтың басы – шардың жартысы, саңырауқұлақтың сабы – цилиндр, қырықбуын құрт – "шұжық" немесе шарлардың тізбегі, ұлудың үйшігі – спиральға бұралған "шұжық". Формамен жұмыс. Подставкада фигуралардың кеңістіктік құрылымы. Илеудің негізгі техникалық дағдыларын дамыту. "Көкөністер мен жемістер", "Саңырауқұлақ салынған себет" композициясы. "Сүйкімді ұлулар", "Көңілді құрттар".

      3-тақырып. Тұзды қамырдан көлемді илеу. Көлемді илеудегі тақырыптық композиция. Жануарлардың және ертегі кейіпкерлерінің формаларының ерекшелігі. Көлемді илеудің қажетті әдістерін меңгеру: қамырдың тұтас кесегінен форманы "тартып" шығару, дайындамалардың жеке бөліктерін бір формаға біріктіру.

      Тұтас кесекті илеу кезінде "шымшып" жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Форманы талдау және фигураның бөліктерін қосу: басы – шар, денесі – конус, аяқтары – цилиндр, мұрны – кішкене домалақ, бас киімі – шеңбер-"тоқаш", аяқ киімдері – жұмыртқаның немесе шардың екі бөлігі және басқалары.

      Кесуге арналған ағаш құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; шарды екіге бөлу, табандарды жасау үшін "шұжықты" теңдей төрт бөлікке бөлу, ойықтар мен тырнауларды орындау. Гуашьпен біраз көркем сурет салу (дақтар). Келесі көркем сурет салумен жалғастырылатын подставкадағы сюжетті композицияны көлемді илеу.

      4-тақырып. Көлемде илеу. Илеудің әртүрлі техникалық тәсілдерін меңгеруді жалғастыру: үшбұрышты дайындаманы қоңырау конусы тәрізді бұрау немесе конус тәріздес дайындамаларды ойып алуды орындау және басқалары. Шыршаның, Аяз Атаның, Ақшақардың, Аққаланың, олардың атрибуттарының, киімдерінің түстерінің сипаттық ерекшеліктерін талдау және жеткізу арқылы бақылауды дамыту. Есте сақтау жады және елестетуі бойынша жұмыс істеу білігін дамыту. Жұмыстағы жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй. Сәндік илеу. Көлемді илеу және жаңа жыл кейіпкерлерімен сюжеттік композиция.

      Жаңа жылдық әшекейлерді жасау: "I-clay" қататын ермексаздан немесе саз балшықтан шарды, қаңырауларды немесе жаңа жылдық кейіпкерді жасау. "Пластилинография" техникасындағы жалпақ ойыншық.

      5-тақырып. Көлемді илеу. Геометриялық денелер – заттардың формаларының негізі. Шар тәріздес, цилиндр және конус тәрізді дайындамаларды қолдану. Ұсақ моториканы дамыту үшін шар тәріздес, цилиндр және конус тәріздес дайындамаларды илеу дағдыларын және фигураларды илеу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Гномдардың бейнелері. Гномдардың формалары, көлемдері, түстері, көңіл-күйлері. Ермексаз, түйме, моншақтар сияқты ұсақ элементтермен фигураларды сәндеу. Түрлі-түсті ермексаздардан подставкадағы көлемді "Гном бауырлар" композициясы.

      6-тақырып. Көлемдегі илеу. "Көлемді форма" түсінігін қалыптастыру. Қарапайым геометриялық формалар туралы түсінікті бекіту. Кеңістікті қабылдауды және фигураларды кеңістіктікте орналастыруды дамыту. Әртүрлі фактура шығару үшін әр түрлі құралдарды қолдану. "Құстардың отбасы", "Қойлар" композициясы.

      Фактураны орындауда "таңба" қою ретінде стектарды, фломастерлердің қақпақтарын қолдану.

      7-тақырып. Сәндік илеу. Илеудің техникалық тәсілдерін шарларды, доғаларды, квадраттарды, үшбұрыштарды, ромбтарды, сондай-ақ гүлдерді, жапырақтарды және басқа элементтерді қолдану. Қажетті реңктерді шығару үшін ермексаздарды араластыру. Қажетті материалдарды: бауды, лесканы, скрепкаларды, сырғытпаларды, жүзіктерді, алқаларды, әшекейлерді жабыстыруға арналған магниттерді қолдану. "Кішкентайларға арналған чеканка" техникасын меңгеру және қолдану. Геометриялық формалар мен өсімдік элементтері негізінде пластиктен жасалған әшекей заттар мен кәдесыйлар. Кішкентайларға арналған чеканка" техникасын қолданып кулон, брошкалар, значоктар, медальдар, мангиттер, брелоктар, моншақтар әзірлеу.

      8-тақырып. Аралас техникадағы сәндік илеу. Түрлі-түсті ермексаздарды табиғи материалдармен (горох, фасоль, қарақұмық және басқалары) үйлестірілген бедерлі және көлемді илеу. Бедерлі және көлемді форманы илеу. Түрлі түсті ермексазды табиғи материалдармен үйлестіріп "Сегізаяқтар", "Тасбақалар" бедерлі композициялары. Түрлі түсті ермексазды табиғи материалдармен үйлестіріп "Қарындаштарға арналған стақан", "Қызықты құмыра" көлемді илеу.

      9-тақырып. Бедерлі илеу. Композицияның қайталануы және элементтерінің (үйлер, вагондар) алмасуы бойынша формасы, көлемі, пропорциясы және түсін ескеріп, орналасу дағдыларын дамыту. "Жақын" және "алыс" орналасқан элементтерді бедерде жеткізу арқылы кеңістік сезімін дамыту. Түстік шешімде тепе-теңділік сезімін дамыту. Түстің алуан түрлі реңктерін алу мақсатында материалдарды араластыру. Фактураларды орындау тәсілдерін қолдану. Пластика, тұзды қамырдан бедерде орындалған "Күлкілі қалашық", "Паровоз", "Ауыл" композициясы.

      48. "Илеу" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында бес-алты жастағы білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мүсіннің әр түрлі түрлерін және жанрларын біледі;

      2) созылмалы заттардың қасиеттерін біледі;

      3) ермексазбен, сазбен және кесуге арналған ағаш құралдармен (стеки) жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      4) алақанмен және саусақтармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      5) натураға қарап жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      6) табиғатты бақылау негізінде композицияны құру дағдыларына ие болады;

      7) созылмалы заттармен жұмыстың негізгі техникаларын және қағидаттарын меңгеру;

      8) шығармашылық даралықты көрсететін ерекше туындыларды жасау.

      49. "Сәндік-қолданбалы өнер" Бағдарламасының мақсаты: сәндік-қолданбалы өнердің бейнелі тілін меңгеру үшін жағдай жасау, білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) композиция, форма құру, түстану, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы білім негіздерін меңгеру;

      2) әр түрлі көркемдік материалдармен және бейнелеу қызметінің техникаларымен танысу;

      3) бейнелі, кеңістіктік ойлау және эскиз, сурет, көлемді формалар арқылы өз ойын жеткізу білігін қалыптастыру;

      4) композициялық орталықты ерекшелеп композицияны сауатты құру білігін алу;

      5) сәндік заттың бейнесін құруда көркемдік мәнерліктің құралы ретінде сызық, ритм, сұлба, пропорция, форма, композицияны қолдану дағдыларын меңгеру;

      6) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау.

      Дамыту:

      1) зейінді, есте сақтау жадын, қиялды, елестетуді дамыту;

      2) түстік түсініктерін дамыту;

      3) көркемдік талғамды, әсемдікті көру және түсіну қабілетін дамыту;

      4) моториканы, созылмалылықты, қолдардың икемділігін және көз өлшемінің нақтылығын жақсарты;

      5) әр түрлі техникаларда түрлі материалдармен жұмыс дағдыларын дамыту;

      6) өз қызметін жоспарлау, өзінің жұмыс орнын реттеп ұстау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

      7) топта бірге қызмет етуді, қызметтестікті, араласуды қамтамасыз ететін коммуникативтік білік пен дағдыларды дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) төзімділікті, жігерді, шыдамдылықты, еңбек сүйгіштікті, ұқыптылықты тәрбиелеу;

      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту;

      3) шығармашылық қызмет тәжірибесін алу.

      50. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша қызметтің негізгі түрлері:

      1) қағазпластика (аппликациялық, бедерлі және көлемді);

      2) флористика (бедерде және көлемде табиғи материалдармен жұмыс);

      3) көркемсуретпен сәндік пластика (тұзды қамырдан бедерде және көлемде);

      4) матада көркемсурет жасау.

      51. "Сәндік-қолданбалы өнер" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы композиция, форма құру, түстану, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы білім негіздерімен, оның ерекшеліктерімен және өзгешеліктерімен, әртүрлі көркемдік материалдармен және бейнелеу қызметінің техникасымен танысады, бейнелі, кеңістіктік ойлау қалыптасады;

      4) білім алушы композициялық орталығын ерекшелей отырып, сауатты түрде құру білігін үйренеді, сәндік-қолданбалы өнердің әр түрлі түрлерінің сызықтарын, бейнелерін қолдану білігін меңгереді;

      2) білім алушы қағазпластиканы, флористиканы, көркем жазуы бар сәндік пластиканы, витражды меңгереді.

      52. "Сәндік-қолданбалы өнер" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сәндік-қолданбалы өнер курсының міндеттері. Материалдармен, жұмыс құралдарымен, олардың қасиеттерімен және жұмыс тәсілдерімен танысу. Білім алушының жұмыс орнын ұйымдастырумен танысу.

      2-тақырып. Қағазпластика. Аппликация техникасымен танысу. Түрлі-түсті қағаз бен картонның сәндік қасиеттері. Аппликация – қағазбен жұмыс істеудің негізгі техникаларының бірі. Аппликацияның жартылай көлемді элементтері. Аппликациядағы өрнек. Қарапайым композицияның сызықтық суретін алдын ала дайындау. Қағазды горомошка тәрізді бүгу және бүктеу дағдысын дамыту және қағаздардан болашак аппликация үшін қажетті формалары бойынша дайындамаларды орындау. Сызықтық сурет бойымен аппликация элементтерін желімдеу кезінде ұқыпты жұмыс дағдыларын дамыту.

      Педагог орындаған, квадрат, үшбұрыш, дөңгелек және басқа формаларындағы дайындамалардан орындалған композиция. "Гүлдер", "Жолақтағы өрнек" композициясы. Гормошкаға бүктелген түрлі-түсті қағаздар мен қағаздардың тең бөліктерімен бедерлі аппликация техникасындағы "Бақшадағы ағаш" композициясы. Елестетуін және жадын дамыту. Моториканы дамыту.

      3-тақырып. Қағазпластика және коллаж. Түрлі-түсті картон мен қағаздан көлемдік құрастыру. Қарапайым формадағы жаңажылдық әшекейлерді құру арқылы құрастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Желіммен жұмыс істеудегі ұқыптылықты дамыту. "Пейп-арт" техникалық тәсілін меңгеру және қолдану. Аппликацияда әртүрлі материалдарды қолдану. Жаңа жылдық сәндеу жұмысына арналған әртүрлі материалдар. Қағаздан және геометриялық формалардың картон дайындамаларынан жаңа жылдық әшекейлер жасау: шырша, жұлдызша, гирлянда және басқа. "Пейп-арт" техникасын қолдану арқылы коллаж техникасындағы Жаңа жылдық панно.

      4-тақырып. Қағазпластика. Аппликация және қарапайым құрастыру. Геометрикалық фигуралар туралы білімді бекіту: квадрат, тікбұрыш, үшбұрыш. Моториканы, композицияның жеке элементтерін желімдеу кезінде желіммен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын дамут. қарапайым көлемді форманы алу үшін бүгілетін сызығы бойынша қағазды бүтеу. Картонды екіге бүктеу әдісімен жауарлар мен құстардың фигураларын жасау.

      5-тақырып. Қағазпластика. Бедерлі аппликация. Елестетуі және жады бойынша композиция құру дағдыларын бекіту. Аппликацияның бедерлі бөлшектерін орындау үшін қағазды бүктеу тәсілдерін бекіту. Артқы пландағы бөліктерді тегіс, ал алдыңғы пландағы бөлшектерді бедерлі орындау арқылы кеңістіктікті қабылдауды дамыту. Түрлі-түсті қағаздардан аппликацияда бедерді құрудың қарапайым әдістері. "пейп-арт" техникасын қолданып, түрлі-түсті қағаздан бедерлі аппликасы техникасында "Мерекелік дастархан", "Сүйікті гүлдер" композициясын орындау.

      6-тақырып. Өрнек. Өрнек - қайталанатын әшекей. Өрнектің түрлері (өсімдік, геометриялық, зооморфизм). Өрнектегі ритм. Өрнектегі құрылым түрлері (жолақта, квадратта, шеңберде және сол сияқты). Аппликация техникасындағы өрнектік композиция (квадратта немесе шеңберде). Әр түрлі бейнелеу құралдарымен және материалдармен қарапайым өрнектік мотивтерді құру дағдысын қалыптастыру. Түрлі-түсті қағаздан қиып алынған геометриялық дайындамалардан өрнек жасаудағы ритм сезімін және түстік гармонияны дамыту. Қалыптау техникасындағы "Ғажайып кілем" өрнектік композиция.

      7-тақырып. Тұрмыстық заттарды сәндеу. Тесьмамен, баулармен сәндеу тәсілдерін меңгеру. Баумен спираль, зигзаг тәрізді сәндеу элементтерін орындау кезінде моториканы дамыту. Бау, тесьма, түймелер арқылы кішкене пластик бөтелкелерді, қорапшаларды қарапайым сәндеу.

      8-тақырып. Коллаж. Коллажды орындау техникасының түрлілігі. Коллажға арналған материалдар. Қарапайым композицияның сызықтық суретін алдын ала құру. Матаны қағазға жабыстыру кезінде ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Бейнеленетін бейненің мінезін және көңіл-күйін жеткізу. Әртүрлі маталардан, тесьмадан, түймелерден аппликация техникасындағы "Ормандағы түнгі ай", "Қиял-ғажайып жануар", "Үлкен қаланың ритмі" композициясы.

      9-тақырып. Сәндік понно-коллаж. "Коллаж" техникасы туралы түсінік. Фотоколлаждың тақырыбын таңдау. Фотофрагменттерді қию. Композиция құру. Қиылған эелементтерді алға жылжыту арқылы құрастыруды таңдау.

      Артқы планды алдыңғы планның элементтерімен қалқалау. Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Үлкен композиция құру үшін түстері бойынша элементтерді таңдау. А 4 форматында ұжымдық жұмыс. Кәмпиттердің сыртқы түсті қабықтарынан "Ғажайып құс" аппликация-фотоколлаж жасау.

      10-тақырып. Ұжымдық жұмыс – аралас техникадағы сәндік панно. Ағаштың діңгегі мен бұтақтарын гуашьпен, ағаштың басын жапырақтар мен гүлдерден – бедерлі аппликация жасау. Қағазды бірнеше қабатқа бүктеу арқылы бірдей элементтерді қию дағдысын бекіту, гүлдердің жапырақтары мен қауыздарына бүгіліңкі форма беру. Аппликация техникасымен және гуашьпен көркем суреттеудә пайдаланып А1 форматында "Мамыр ағашы" композициясын құру.

      11-тақырып. Батик. Түйнектеу техникасы. "Түйнекті батик" техникасында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Әртүрлі формалар мен фактураларды құру. Матаны жіппен әр жерінен түю. Берілген техникалық тәсілді меңгеруге арналған еркін тақырыптағы композиция.

      12-тақырып. Флористика. Кептірілген өсімдіктер, ұрықтар, дәндер шығармашылық жұмысқа арналған материалдар ретінде. Табиғи материалдардың сәндік қасиеттері: олардың түсі, формасы мен фактурасы, олардың формалары мен бояуларының әртүртүрлілігі. Табиғи материалдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Аппликацияның мүмкіндіктері туралы түсінікті кеңейту. Күзгі жапырақтардың түстерінің байлығын талқылау арқылы түсті эмоциямен қабылдауды дамыту. Ұрықтардың, дәндердің формалары мен көлемдерінің әртүрлілігі арқылы бедерде фактураның байлығын құру. Әр түрлі табиғи материалдармен жұмыста фактура сезімін дамыту.

      Аппликация техникасында кептірілген күзгі жапырақтар мен гүлдерден "Гүл шоғы", "Өрнек" композициясын құру. Табиғи материалдардан бедер жасау. "Тасбақа", "Көбелек" композициясы.

      13-тақырып. Витраж. Витраж өнері, оның архитектурадағы мәні. Мөлдір пленкада витраждық бояумен жұмыстың техникалық тәсілдерін меңгеру. Бояулардың техникалық мүмкіндіктері туралы түсінікті кеңейту. Мөлдір пластикада витраж техникасындағы композиция. "Тауыс", "Көңілді клоун", "Ғажайып балық" композициясы.

      14-тақырып. Бедердегі жылы және суық түстер. Тапсырманың түстік гаммасы мен мазмұнының өзара байланысы. Байқампаздығы, есте сақтау жады және елестетуі бойынша жұмыс. Түстердің жаңа реңктерін алу үшін және түсті ермексаздың жылы және суық палитрасын кеңейту үшін ермексазды араластыру дағдысын меңгеру. Бедерлі илеу дағдысын дамыту. Жылы түстік гаммадағы бедер. "Жалын құс", "Күзгі ағаш" композициялары. Суық түстік гаммадағы бедер. "Бұлттар", "Мөлдір бұлақ", "Күлгін қоян" композициялары.

      15-тақырып. Бедердегі портрет. Портрет жанры. Бедерлі портреттегі көңіл-күй. Бедерді илеу дағдыларын меңгеруді жалғастыру. Ермексазды араластыру. Портретті орындау реті. Портретте адамға тән жеке ерекшеліктерді жеткізу: бастың формасын, беттің бөліктерін, шаштарының, көздерінің түсі және сол сияқты. Портретте көңіл-күйді жеткізу. "Мең көңілдімін" бедері.

      16-тақырып. Пластиктан немесе түсті тұзды қамырдан жасалған бедер. Қататын түсті ермексаздың сәндік қасиеті. Бедердегі түс пен фактура. Геометриялық фигураларға ұқсастықтары арқылы қоңыздың, көбелектің, құстың, балықтың фигураларын формалау дағдыларын меңгеру, тұтас алғанда бедердің түстік шешімін талқылау. Ермексаздарды араластыру. Илеуде қолданылатын жаю, жинау, жалпайту, шымшу, басқаруды қайталау. "Штамптармен" әртүрлі заттардың ізтаңбалары арқылы бедерді фактурамен, ұсақ өрнектермен сәндеу. Фактура орындалған бедер. "Көбелек және қоңыз", "Тотықұс", "Алтын балық" композициялары.

      53. "Сәндік-қолданбалы өнер" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) композиция, форма құру, түстану, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы негізгі білімге ие болады;

      2) әртүрлі көркемдік материалдарды және бейнелеу қызметінің техникаларын біледі;

      3) эскиз, сурет, көлемді формалар арқылы өзінің ойын жеткізе алады;

      4) композициялық орталықты ерекшелеп композицияны сауатты құра алады;

      5) сәндік бұйымдардың көркемдік мәнерлік құралдары ретінде сызық, ритм, сұлба, түс, пропорция, форманы қолданады;

      6) сәндік-қолданбалы өнердің бұйымдарын жасай алады.

      54. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында бес-алты жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      Біледі:

      1) негізгі түстерді, бояулардың түстік гаммаларын (жылы және суық түстер);

      2) палитрада түстерді араластыру ережелерін;

      3) композицияның негізгі заңдарын;

      4) бейнелеу өнерінің негізгі жанрларын;

      5) сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін.

      Істей алады:

      1) әр түрлі материалдармен және әр түрлі техникада жұмыс істейді;

      2) сәндік бұйымның бейнесін құруда көркемдік мәнерлік құралдары ретінде сызық, ритм, сұлба, түс, пропорция, форманы қолданады;

      3) формаларды, заттарды сәндейді;

      4) сәндік-қолданбалы өнер композициясы тұрғысынан жұмысты сауатты жүргізеді;

      5) алған білімдерін практикада қолданады;

      6) еңбек қауіпсіздігі ережелерін және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтайды;

      7) қағаз пластикасының әр түрлі тәсілдерін қолданады;

      8) түпкі ойына қарай көркемдік материалдарды дұрыс қолданады;

      9) жеке және ұжымда жұмыс істейді;

      10) жұмыс орнын ұйымдастыруды және ретті ұстайды;

      11) илеудің түрлі тәсілдерін қолдануды (көлемде және жазықтықта);

      12) түрлі-түсті ермексазды араластыру арқылы күрделі түстерді алуды (илеуде);

      13) форматты және беттің орналасуын іріктейді;

      14) жұмыстағы тәртіпті сақтайды (жалпыдан жекеге);

      15) әр түрлі бейнелеу материалдарын және техникасын қолданады;

      16) композициядағы негізгілерді ерекшелейді;

      17) фигуралардың қозғалысын жеткізеді;

      18) өрнектер құрады;

      19) натураға сүйеніп, жұмыс істейді;

      20) өз жұмысын сауатты бағалауды, оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін табады.

      Қалыптасқан дағдылар:

      1) сурет салу, илеу және сәндік-қолданбалы өнер техникасы;

      2) әр түрлі техникаларда әр түрлі материалдармен жұмыс істеу;

      3) әр түрлі материалдар мен құралдарды пайдаланатын бейнелеу тәсілдері;

      4) өз қызметін жоспарлау;

      5) өзінің жұмыс орнын ұйымдастыру.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      55. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – портфолио, байқауларға, көрмелерге қатысу түрінде іске асырылады.

      56. Білім алушының портфолиосы шығармашылық қызметтің өнімдерінің фото, бейнесуреттерін, өз шығармашылығының өнімдерін, өзін өзі талдау материалдарын, сызбаларды, иллюстрацияларды, эскиздерді, балалар шығармашылығы байқауларының фотосуреттерін қамтиды;

      57. Көрме қызметі сабақтың маңызды қорытынды кезеңі болып табылады: бір күндік көрме әр сабақтың соңында талдау мақсатында өткізіледі, тақырыптық көрмелер – тарауларды, тақырыптарды оқу нәтижесі бойынша; білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды көрмесі оқу жылының аяғында ұйымдастырылады.

      58. Педагог оқу жылының соңында білім алушыға мінездеме береді, табыстары, мақсатқа ұмтылу, орындаушылық, ұқыптылық, адалдық, көркемдік елестерінің болуы сияқты жеке сипаттамалары ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
47-қосымша

Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің жеті-сегіз жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің жеті-сегіз жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жеті-сегіз жастағы балалар үшін дайындық бөлімінің пәндеріне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) алғашқы немесе негізгі түстер – үш негізгі түс, оларды араластыру арқылы қалған барлық түстер алынады;

      2) акварель – сумен араластыратын бояу; аталған бояумен орындалған жұмыстар;

      3) бедер – бейнелеу өнерінің түрі, бейнеленетін барлық заттар негізгі тоннан ерекшеленіп шығып тұратын, көлемдердің көмегімен орындалатын мүсіннің негізгі түрлерінің бірі;

      4) бейнелеу өнеріндегі кереғарлық – бірден көрінетін қарама-қайшылық;

      5) графика – жазықтықта бейнелеуге байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      6) дөңгелек мүсін – үш өлшемді көлемдегі (жан-жағынан көруге болатын) шығарма болып табылатын мүсіннің түрі;

      7) жанр – бейнелеу әлемінің мейлінше маңызды қасиеттері мен көріністерінің байланыстарын көрсететін жалпы түсініктер, шығарманың формалды және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығы;

      8) кескіндеме – шынайылықты мейлінше толық және өмірдегідей көрсететін суреттерден, кескіндемелік кенептерден құралған бейнелеу өнерінің түрі;

      9) композиция – суретшінің ойын мейлінше түсінікті ететін және әсерлейтін көркем шығарманың мақсатты құрылымы;

      10) көркем бейне – өнердің барлық түрінің түпкі негізі (мүсін, графика халықтық және сәндік-қолданбалы өнер);

      11) натюрморт – заттар тобын (жемістер, гүлдер, құлаған құс немесе тұрмыстық заттар) суретшінің композициямен үйлестіруі және суретте бейнелеуі;

      12) палитра – суретші жұмыс барысында бояуларды араластыратын төртбұрышты немесе доғалдау келген, шағын ғана жұқа және жеңіл тақта;

      13) парақта бейнені құрастыру – бейнені парақта композициялық орналастыру;

      14) пейзаж – бейнелеудің негізгі заттары алғашқы қалпында болатын, немесе қандай да бір деңгейде адам қайта түрлендірген табиғат болып табылатын бейнелеу өнерінің жанры;

      15) перспектива – кескіндемеде, графикада кеңістіктікті жеткізу;

      16) портрет – шынайы өмірде өмір сүріп жатқан немесе бұрын өмір сүрген қандай да бір адамды немесе адамдардың тобын көркемдік құралдармен бейнелеу немесе сипаттау;

      17) пропорция – тұтастықтың белгілі сипатына сәйкес келетін зат формаларының, бөліктер көлемінің қатынасы;

      18) ритм – тұтас шығарманың қалыпты, заңдылықты құрылуына алып келетін элементтердің алмасуы, өлшемділігі;

      19) сәндік-қолданбалы өнер – әр түрлі материалдарда көркемдік затты жасау өнері (фарфор, ағаш, металл, мата, тері, саз);

      20) симметрия – сәйкестік және өзгеріссіздік (инварианттылық);

      21) сурет – жазықтықта сызықтардың, штрихтардың, сәуле мен көлеңкелі дақтардың көмегі арқылы сызылған графиканың, бейненің негізгі түрі;

      22) сурет технологиясындағы қарындаш – сурет салуға арналған материал немесе таяқша тәріздес, әдетте ағашпен қапталған арнайы бояйтын заттар түріндегі құралдар;

      23) суреттеме – мейлінше маңызды жұмыс жүргізу үшін немесе жаттығулар үшін материал жинау мақсатында орындалатын, натураға қарап салынатын сурет;

      24) стильдеу – шығармашылық туындыға басқа стильдің ерекшелігін беру процесі;

      25) сұлба – контурдың ішінде бөлшектері жоқ, заттардың көлеңкелі профиль ретіндегі бейнесі;

      26) трафарет – әр түрлі беттерге әріптер, сандар және әр түрлі бейнелерді салу үшін қолданылатын құрал; сондай-ақ аталған құралдың көмегімен жасалған бейне;

      27) фактура – сәндік-қолданбалы өнер, мүсін немесе кескіндемелік жазықтықтың бұйымының бетін өңдеу сипаты, бейнелеу құралдары арқылы шынайы заттардың ерекшеліктерін жеткізу тәсілі;

      28) форма – заттың кескіні, сыртқы түрі, контуры;

      29) штрих – қолдың бір қимылымен орындалатын және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      30) эскиз – көркем шығарманың, құрылыстың, тетігінің немесе оның жеке бөліктерінің ойын белгілейтін алдын ала түсірілген нобай.

      3. Бағдарламаның мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сурет салу, илеу және сәндік-қолданбалы өнердің алғашқы дағдыларын меңгеру;

      2) әр түрлі материалдар мен құралдарды қолданып бейнелеу тәсілдерін меңгеру;

      3) көркемдік-бейнелі мәнерлік құралдарымен танысу.

      Дамыту:

      1) оқу, шығармашылық көркемдік қызмет дағдыларын дамыту;

      2) есте сақтау жадын, зейінін, қисынды ойлауын, моторикасын, пластикасын, қолдардың икемділігін және көз өлшемінің нақтылығын дамыту;

      3) топта бірге жұмыс істеуді қамтамасыз ететін коммуникативтік білік пен дағдыларын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) қоршаған әлемге шығармашылық, жасампаздық көзқарасты тәрбиелеу;

      2) эстетикалық, көркемдік талғамды және гармония сезімін тәрбиелеу;

      3) орындағыштық, жинақылықты, ұқыптылықты тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бір жыл. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндеріне оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, ерте бала жасында бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен алуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) бейнелеу, сәндік көркемдік қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері және қолданбалы шығармашылық саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас теориясы, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – бейнелеу өнерінің мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндеріне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс (түсіндіру, қарастыру, талдау);

      2) көрнекілік (шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін арттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару);

      3) практикалық (мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру);

      4) талдау (салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық (ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру).

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектебінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Оқу-шығармашылық мақсат пен міндеттерді құру "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндері бойынша баланың алған білімін қайталауын және жаңа материалдарды бекітуін қарастырады. Тақырыптық жоспар пәнаралық байланыс қағидатын сақтай отырып құрылған. Баланың форманы, кеңістіктікті қабылдауын, сызықты, түстік таңбаны меңгеруін қалыптастыруға бағытталған сурет салу тақырыбы илеу және сәндік жұмыс сабақтарында өзінің қисындылық көрінісін және дәлелін табады.

      34. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндерінің пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      35. "Сурет салу" Бағдарламасының мақсаты: білім алушы тұлғасын өзін өзі танытуға жағдай жасау, көркемдік-бейнелеу құралдары арқылы қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін дамыту.

      36. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) әр түрлі көркемдік материалдармен танысу;

      2) бейнелеу қызметінің техникаларымен танысу;

      3) парақ кеңістігін ұйымдастыру, заттардың формасын, конструкциясын, түсін және көлемін жеткізу білігін қалыптастыру;

      4) табиғи фактураларды бейнелеу тәсілдерін меңгеру.

      Дамыту:

      1) зейінді, есте сақтау жадын, қиялды, елестетуді, көркемдік талғамды дамыту;

      2) реңктік түсінігін дамыту;

      3) моториканы, пластикасын, қолдардың икемділігін және көз өлшемінің нақтылығын дамыту;

      4) көркемдік талғамды және әсемділікті көру және түсіну қабілетін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) өнерге және көркемдік шығармашылық сабақтарына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;

      2) төзімділікті, ерікті, шыдамдылықты, еңбексүйгіштікті, ұқыптылықты тәрбиелеу;

      3) бала тұлғасының мәдениетін қалыптастыру.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. "Сурет салу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "көкжиек сызығы", "негізгі түстер", "қосымша түстер", "симметрия", "кереғар түстер", "тон", "стильдеу", "кереғарлық" түсініктерімен танысады;

      2) композицияның заңдарына сәйкес парақта бейнелерді сауатты үйлестіру, қара қарындаштармен сурет салу, палитрада түстерді араластыру, суретті гуашьпен орындау дағдыларын қалыптастыру әрі қарай жалғастырылады;

      3) жануарлар терісінің, балық қабыршақтарының, құс мамықтарының, адам терісінің фактураларын бейнелеу тәсілдері және табиғат фактуралары: шөп қабаты, су, тас, құм, ағаштардың қабығы меңгеріледі.

      38. "Сурет салу" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Күзгі жапырақ" жаттығу. Парақтың фактурасын жеткізу. Композицияның заңдарына сәйкес бейнелерді сауатты үйлестіру. Қара қарындаштармен сурет салу. Палитрада бояуларды араластыру. "Табиғи" түстермен әртүрлі реңктерді жағу.

      2-тақырып. "Шөп" жаттығуы. Шөптің фатурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындаштармен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстермен әр түрлі реңктерді салу.

      3-тақырып. "Ағаштың қабығы" жаттығуы. Қабық фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес бейнені парақта сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Қолдарды дірілдету арқылы қабықтың қисық сызықтарын салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңтерін салу.

      4-тақырып. "Құм" жаттығуы. Құмның фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындаштармен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін жағу.

      5-тақырып. "Тас қалау" жаттығуы. Тас қалаудың фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Қаланған тастардың арасында доғал формаларды салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әртүрлі реңктерін салу.

      6-тақырып. "Құм" жаттығуы. Құмның фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу.

      7-тақырып. "Су" жаттығу. Судың фактурасын жеткізу. Композицияның заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу.

      8-тақырып. "Бұлт" жаттығуы. Бұлттың фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу.

      9-тақырып. "Тас" жаттығуы. Тастың фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу.

      10-тақырып. "Балық" жаттығуы. Материалдың фактурасын бейнелеу. Балықтың қабыршығын, жүзбе қанаттарының, құйрығын және денесінің формаларын жеткізу. Композицияның заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Берен (кольчуга) штрихы. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу. Жеке жағу техникасында жұмыс істеу дағдыларын бекіту.

      11-тақырып. "Құстың мамығы" жаттығу. Құс мамығының фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындаштармен сурет салу. Бөлек "тағалау" штрихтарын салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңтерін салу. Құс мамығының түрлі түске еніп құлпыруын жеткізу.

      12-тақырып. "Мысық жүні" жаттығуы. Мысық жүнінің фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әртүрлі реңктерін салу.

      13-тақырып. "Жануардың терісі" жаттығуы. Терінің фатурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Қара қарындашпен сурет салу. Қисық штрихпен жұмыс. Бояуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу.

      14-тақырып. "Тері" жаттығуы. Адам терісінің фактурасын жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес парақта бейнені сауатты үйлестіру. Баяуларды палитрада араластыру. "Табиғи" түстердің әр түрлі реңктерін салу.

      15-тақырып. Натуралық материалдарды қолданып композицияны орындау. Гуашь техникасында жұмыс істеу тәсілдері. Гуашьпен кескіндемені салу дағдыларын дамыту. Бояуларды араластыру дағдыларын жетілдіру. "Күзгі жапырақтар" тақырыптық композициясы.

      16-тақырып. Натуралық материалдардан гуашь техникасында күзгі пейзаж композициясын орындау. Гуашьпен жұмыс істеу техникасын жетілдіру. Бөлек бояу түсіру техникасын меңгеру. Кескіндемелік құралдармен күзгі жапырақтардың фактурасын жеткізу. Бейнені парақта сауатты үйлестіру. "Пейзаж", "жылы түсті гамма" түсініктерімен танысу. "Көкжиек сызығы" түсінігімен танысу.

      17-тақырып. "Негізгі түстер", "қосымша түстер" түсініктері. "Симметрия" түсінігімен танысу. Түстерді араластыру жолымен негізгі түстерден қосымша түстерді алу. Араластыру дағдыларын бекіту және палитрада түстерді алу. "Көбелек" композициясы.

      18-тақырып. Жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Бейнені парақта үйлестіру. Бейнені мұқият бөлшектемей суретті гуашьпен орындау. Борлардың немесе пастельдің көмегімен суретті егжей-тегжейлі бөлшектеу. "Ғажайып орман" тақырыптық композициясы.

      19-тақырып. "Кереғар түстер", "тон" түсініктерімен танысу. Ақ бояу, онымен жұмыс істеу ерекшеліктері. "Алғашқы қар" композициясы.

      20-тақырып. Қарапайым геометриялық фигуралардан абстрактілі архитектуралық құрылысты бейнелеу. Қарапайым геометриялық денелермен жұмыс, көз алдына архитектуралық құрылысты елестететіндей оларды абстрактілі форма түрінде үйлестіру. Геометриялық дене формаларының ерекшеліктеріндегі айырмашылықтарды іздеу. Елестету бойынша сурет салу.

      21-тақырып. Елестету бойынша сурет салу. Көз алдына ағаш елестейтіндей абстрактілі бейнені салу. Өзгеше формадағы, өзгеше жемістері бар ағашты бейнелеу. Елестетуді дамыту, композицияны құру, түстерді араластыру. Бейнені егжей-тегжей пысықтамай, суретті гуашьпен орындау. Борлар мен пастельдің көмегімен суретті егжей-тегжейлі пысықтау. Ағаштың ұсақ бұталарын, жемістерін жне жапырақтарын мұқият пысықтау.

      22-тақырып. "Мерекелік ашық хат" тақырыптық композициясы. Ашық хатты аралас техникада орындау. Көркемдік ашық хатпен танысу, "бейне" түсінігін бекіту, сәйкес келетін сюжетті таңдау, парақта үйлестіру, мерекелік көңіл-күйді жеткізу. Композиция заңдарына сәйкес бейнені ұйымдастыру.

      23-тақырып. "Қиял" елестету бойынша сурет салу. Кездейсоқ дақтан абстрактілі жануардың бейнесін жасау. Графика саласындағы білім және білікті бекіту. "Дақтан" шығарған бейненің формасын пысықтап, фактурасын аяғына дейін салу. Елестетуді, бейнелі ойлауды, көркемдік міндеттерді шығармашылық міндеттерді жеткізу білігін дамыту.

      24-тақырып. "Суық гаммадағы натюрморт" натураға қарап сурет салу. Гуашь техникасында натуралық материал негізінде сурет салу. Натурамен жұмыс істеу дағдыларын пысықтау. Түстік шешімді, жұмыс істеу мәнерін табу. "Түстік рефлекс" түсінігімен танысу.

      25-тақырып. "Жылы гаммадағы натюрморт" натураға қарап салу. Гуашь техникасында натуралық материал негізінде сурет салу. Натураға қарап сурет салу дағдыларын бекіту. Натюрморт жанрымен танысуды жалғастыру. Натюрмортты парақ бетінде үйлестіру, жұмыстың көркемдігі және мәнерлігі.

      26-тақырып. "Натюрморт" сәндік сурет салу. Графикалық құралдармен және түсті, заттардың пропорциясын жеткізе отырып, натюрморт композициясын құру және орындау. "Стильдеу" түсінігімен танысу. Бейненің бейнелілігімен, бейнені парақта дұрыс үйлестірумен әрі қарай танысу. Үйлесімді түстік шешімді орындау.

      27-тақырып. Абстрактілі тасбақаның бейнесін графикалық материалдармен орындау. Графикамен танысу. Графикалық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Бейнелеудегі сәндеу.

      28-тақырып. "Менің сүйікті жануарым" елестетуі бойынша салу. Жануардың денесін қарапайым геометриялық фигуралардан құру. Күрделі форманы бірнеше қарапайым формаларға бөлу білігін пысықтау. Бейнені парақта сауатты үйлестіру, жүннің, мамықтың, қабыршақтың фактурасын жеткізу, негізгі пропорцияларды сақтау.

      29-тақырып. Гуашь техникасында табиғи материалдармен композиция құру. Бейнені парақта үйлестіру, фактураны және форманың түстерін жеткізу. Бояулардың ашықтығын және жандылығы жеткізу. Жұмыстың сәнділігі. "Гүлдер" тақырыптық композициясы.

      30-тақырып. Бақылау негізінде гуашь техникасындағы композицияны құру. Түстік гаммалардың көмегімен көңіл-күйді жеткізу. Сюжетті өз бетінше таңдау, жұмысты парақта дұрыс үйлестіру. "Көктемгі тамшы" тақырыптық композициясы.

      31-тақырып. Елестету бойынша сурет салу. Жасыл түсті пайдаланып гуашьпен мәнерлі жұмысты құру. Шектеулі түстік гаммада жұмыс істеу дағдыларын пысықтау. Пластиканы, өсімдіктер мен жәндіктердің формасын жеткізу. Композициядағы тепе-теңдікті жеткізу.

      32-тақырып. Графикалық материалдармен натураға қарап ракушкаларды суреттеу. Қаламұшпен және тушьпен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Пәнді оқу. "Стильдеу" түсінігімен, форманы стильдеу, ірі план, бейненің сәнділігі түсініктерімен танысу. "Ракушки" табиғи формаларын стильдеу.

      33-тақырып. "Қара мысық" жаттығу. Күңгірт гаммамен жұмыс істеу дағдыларын пысықтау, қара түстің және оның реңктерінің мүмкіндіктерін ашу. Палитрамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Ашық тондармен фонды орындау. Мысықтың бейнесін қара түсті қолданып, палитраның әрбір түсін қоса отырып жолақтармен салу.

      34-тақырып. Гуашь техникасында көрнекілік материалдарды қолданып елестетуі бойынша "Саяхат" композициясын орындау. Сюжеттік, түстік және композициялық шешімді іздеу, тақырыбын ашу, білім алушының саяхаттан алған әсерін жеткізу.

      35-тақырып. Гуашь техникасында жарқырау әсерін бере отырып (жұлдыз, комета, планета, ғарыш кемесі) композицияны орындау. Күңгірт түстік гаммалардың мүмкіндіктеріндегі "кереғарлық", "тон" түсініктерімен танысу. Түстік және композициялық шешімнің үйлесімділігі.

      36-тақырып. Оқыту кезінде алған білім, білік және дағдыларын практикада қолданып, өзінің жеке ойы бойынша композиция құру. Елестетуі бойынша сурет салу. Өзінің ішкі дүниесін көркемдік құралдар арқылы көсету. Еркін тақырыпқа арналған композиция.

      39. "Сурет салу" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) композиция заңдарына сәйкес қағаз бетінде бейнені үйлестіруді біледі;

      2) парақтың, шөптің, қабықтың, құмның, құрылыстың, судың, бұлттардың, тастың фактурасын жеткізе алады;

      3) балықтың қабықтарының фактурасын, жүзбе қанаттарының, құйрығының және денесінің формаларын, құс мамықтарының, мысық жүнінің, адам терісінің фактурасын жеткізе алады;

      4) күзгі жапырақтардың фактурасын кескіндеме құралдары арқылы жеткізе алады;

      5) есте сақтау жады, елестетуі, қиялдауы бойынша сурет сала алады;

      6) "көкжиек сызығы", "негізгі түстер", "қосымша түстер", "симметрия", "кереғар түстер", "тон", "стильдеу", "кереғарлық" түсініктерін біледі;

      7) ақ бояумен жұмыс істеудің ерекшеліктерін біледі;

      8) кездейсоқ пайда болған дақтан абстрактілі жануардың бейнесін жасай алады;

      9) қарапайым геометриялық фигуралардан абстрактілі архитектуралық құрылыстардың бейнелерін сала алады;

      10) аралас техникада ашық хаттарды салу дағдыларын ие болады;

      11) шектелген түстік гаммада жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      12) күңгірт гаммамен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      12) гуашь техникасында жарқырау әсерін жеткізе отырып, композицияны орындау дағдыларына ие болады.

      40. "Илеу" Бағдарламасының мақсаты: өнердің созылмалы түрлері саласындағы дағдылар мен пәндік құзыретті қалыптасыру.

      41. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) илеудегі қарапайым бейнелеу дағдылары мен біліктерін дамыту;

      2) әртүрлі созылмалы материалдармен және техникалармен танысу;

      3) бейнелерді мәнерлі жеткізудің тәсілдерімен танысу.

      Дамыту:

      1) елестетуді, бейнелі, ассоциативті есте сақтау жадын, зейінді, ойлауды, көзбен өлшеуді дамыту;

      2) екі қолдың қимылдарын үйлестурді, ұсақ моториканы дамыту;

      3) түс, пропорция, ритм сезімін дамыту;

      4) көркемдік қызметтің қарапайым еңбек дағдыларын, тәсілдерін меңгеру.

      Тәрбиелік:

      1) шыдамдылықты, ұқыптылықты, еңбексүйгіштікті дамыту;

      2) құрдастарымен және ересектермен бірлесіп қызмет істеуге араластыру;

      3) балалардың көркем шығармашылыққа қызығушылығын дамыту.

      42. "Илеу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) қолмен жұмыс істеу дағдыларын, қимылдарды үйлестіру дағдыларын қалыптастыру, саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін, көз өлшемін, кеңістіктікті ойлауды дамыту әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушыны заттың көлемді формасымен, оның бөлшектерінің өзара байланысымен таныстыру, мүсіндеудегі әр түрлі заттардың формаларын, фактураларын, түсін, салмағын, созылмалылығын жеткізуді үйренеді, ойын іске асыру бойынша жұмысты жоспарлау, нәтижесін алдын ала болжау және оған жету білігін қалыптастырады;

      3) білім алушының тегіс сюжеттік-тақырыптық композицияларды мүсіндеуді құрастыру тәсілі арқылы ұсақ мүсіндерді жасау технологиясын, сәндеу элементтерімен, тұзды қамырдан, ермексаздан, сазбалшықтан мүсіндеуді меңгеруі.

      43. "Илеу" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мүсін – бейнелеу өнерінің түрі. Мүсіннің түрлері. Дөңгелек мүсін және бедер. Моториканы дамытатын қарапайым басқарушылық дағдыларды меңгеру. Ермексаздан салынатын кескіндеме. Ермексаздық кескіндеме техникасының алуан түрлілігі. Негізгі жұмыс тәсілдерін меңгеру. Пласт әдісімен (пластты әзірлеу ережесі, жалпақ фигураларды жасау технологиясы, трафареттермен жұмыс істеу ережелері), жабыстыру әдісімен, ермексаздық кескіндемемен танысу. Композициямен және стильдеумен танысу.

      2-тақырып. Илеу, жалпайту, жағу, стектердің көмегімен бөліктерге бөлу. Жалпақ бұйымдарды әзірлеу және оларды сәндеу. Ермексазды картонға жағу, жабыстыру және тырнау арқылы бейнені құру.

      3-тақырып. Тұтас бір кесектен және оның жеке бөліктерінен мүсіндеу тәсілдерін меңгеру. Натураға қарап жасауда көлемі және формасы бойынша заттарды салыстыру. Форманы жалпылау түсінігі. Өлшемі жағынан кереғар және формасы жағынан мәнерлі екі заттан құралған қойылымдарды мүсіндеу: құмыра және алма. Тұтас кесектен мүсіндеу тәсілдерін көрсету. Саз балшықтың тұтас кесегінен жұлып алу тәсілдерін меңгеру. Мүсіндеу тәсілдерін меңгеру.

      4-тақырып. Ленталық тәсілмен қарапайым заттарды жасау. Қыш ыдыстарды таныстыру. Әсемділікті жасау тәсілдерін талдау. Натураны талдау. Ленталық тәсілмен мүсіндеу амалдарымен танысу. Ыдыстарды жасауды және басқа да заттарды мүсіндеуде ленталық тәсілді қолдану. Саз балшықты жұқалап жаю тәсілдерін, лентаның артық ұзындықтарын кесу, жетпейтін ұзындығын қосу, лентаның шеттерін ішінен және сыртынан қосу. Ыдыстарды, сервиздерді, шам қойғыштарды, гүлдерді қоюға арналған құрылғыларды, қуыршақтарға арналған белдемшелерді жасау.

      5-тақырып. Форманы талдау және фигураның бөліктерін қосу: басы – шар, денесі – конус, аяқтары – цилиндр, мұрны – кішкентай шар, бас киімі – диск-"шелпек", аяқ киімдері – шардың немесе жұмыртқаның екі бөлігі және сол сияқты. Стектермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: шарды екіге тең бөлу, ұзын "шұжықты" табандарды жасау үшін 4 тең бөлікке бөлу, ойықтар мен тырнауларды орындау және тағы басқалары.

      6-тақырып. Көлемді мүсіндеу әдісін меңгеру. Ермексаздың тұтас кесегінен форманы жұлып шығару. Дайындамалардың жеке бөліктерін бір тұтасқа біріктіру. Тұтас кесектен мүсіндеу кезінде саусақтарды "шөкімдеп" жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

      7-тақырып. Сәндік ыдыстарды әзірлеу. Шеберлер жасаған бұйымдарымен таныстыру. Үлгілерді талдау. Форманың байланысы және бұйымның арналуы туралы түсінік. Шынайы формалардың өңдеулерін мүсіндік бейнелерге стильдеу тәсілдері. Эстетикалық талғамды түсіну: қанағатсыздық, қанағатттанарлық, көркемдік сезгіштік. Аңдардың, құстардың формасында сәндік ыдыстарды жасау. Қолдарды, аяқтарды, мұрындарды, құмыраларды дайындау кезінде өсімдіктер және жануардың формаларын қолдану.

      8-тақырып. Құрастыру тәсілімен ұсақ мүсіндерді жасау технологиясы, мүсіндеуді стильдеу және ерекшеліктері. Бұйымдарды жасау және сәндеу. Жануарларды, адамды, аққаланы мүсіндеу.

      9-тақырып. Сюжеттік композициялар құру: заттарды бір біріне қатысты кеңістіктікте орналастыру, пропорциялар, пәндердің өзара әрекеттестігіндегі динамика. Стильдеу. Эскиздерді әзірлеудің ретімен танысу. Композицияның кейіпкерлерін мүсіндеу.

      10-тақырып. Сюжеттің негізгі кейіпкерлері мен заттарын әзірлеу. Сюжеттің әрбір кейіпкерін мүсіндеу үшін жеке әдісті таңдау. Кейіпкерлерді ермексаздан жасау, композицияның қосымша элементтерін басқа материалдардан орындау (қағаз, жарамсыз, табиғи материалдар және басқалары).

      11-тақырып. Пейзаж. Парақта ірі массаларды композициялық орналастырудың негізгі ерекшеліктері. "Жайлауда" композициясы.

      12-тақырып. Портрет. Бедер. Адамның портретін бедерде бейнелеу.

      13-тақырып. Құстарды сомдау. Сәндік құстарды жасаудың әр түрлі тәсілдері. Құстардың фигураларын орындау алгоритмі. Құстарды сомдауға арналған эскизді өз бетінше әзірлеу. Құстарды әр түрлі мәнерлі бейнеде сомдау. Құстың басын, мойнын, қанаттарын, арқасын әр түрлі нәрселермен сәндеу.

      14-тақырып. Жануарларды көлемді етіп сомдау. Сомдауды құрастыру, мүсіндеу және аралас тәсілдері. Жануарлар формаларының ерекшеліктері.

      15-тақырып. Түрлі-түсті ермексаздан жасалған жылы түсті гаммадағы екі планды бедер. Түстердің жаңа реңктерін алу үшін және түрлі-түсті ермексаздың жылы реңктерінің палитрасын кеңейту үшін ермексаздарды араластыру. "Керуен" композициясы.

      16-тақырып. Құрастыру және сәндеу элементтерімен мүсіндеу. Тұзды қамырдан мүсіндеу. Ұсақ пластика. Сәндік элементтерін қоланып әшекейлеу. Фигуралар: пілдер, мысықтар, тышқандар, көңілді балапандар және басқалары.

      17-тақырып. Суық түстік гаммадағы ермексаздан жасалған кескіндеме. "Қыс" композициясы.

      18-тақырып. Құрастыру және сәндеу элементтерімен мүсіндеу. Көлемді мүсін. "Керуен" композициясы.

      19-тақырып. I clay [Ай клэй]. саз балшығымен танысу. Қарапайым фигураларды сомдаудағы негізгі тәсілдер. I clay саз балшығынан мүсіндеу. Қаңқасыз ұсақ мүсіндерді жасау.

      20-тақырып. I clay [Ай клэй] саз балшығынан мүсін жасау. Қаңқалы фигураны орындау. Көлемді композицияны орындау.

      21-тақырып. Ермексаздан жасалған суреттермен, пластинографиямен танысу. Түрлі-түсті ермексаздан "жыл мезгілдері" бедерлі картинасын орындау.

      22-тақырып. Ойлауы бойынша мүсіндеу. Ойлауы бойынша мәнерлі мүсіндеудің бейнелерін жасау. Мүсіндеудің әр түрлі тәсілдерін және амалдарын үйлестіру. Қосымша материалдармен жабыстырылған фигураларды әшекейлеу. Композициямен жұмыс.

      23-тақырып. Тұзды қамыр. Жаю, жалпақтау, жағу, стектердің көмегімен бөлшектерге бөлу тәсілдері. Сәнді бедерді мүсіндеу.

      24-тақырып. Түрлі-түсті ермексаз. Әр түрлі қалыпта тұрған цирк аренасындағы жануарлар мен адамдардың фигурасын мүсіндеу. Көлемді композицияны мүсіндеу.

      25-тақырып. Тұзды қамыр. Тұзды қамырдан бедерді жасаудың техникалық тәсілдері. "Жеміс салынған себет" бедерін жасау.

      26-тақырып. Сәндік сандықша жасау. Тұзды қамыр. Сандықшаларды мүсіндеу тәсілдері.

      27-тақырып. I clay [Ай клэй] саз балшығынан бедердегі түстік сарындарды мүсіндеу. Квадратқа немесе шеңберге орналастырылған өсімдік элементтеріне ұқсас жеңіл ою-өрнекті әзірлеу.

      28-тақырып. Ертегілердің кейіпкерлерін мүсіндеу. Ермексаз. Мағыналық жағынан орталық кейіпкерді жасау, кеңістіктікте орталық және кәсіби объектілерді орналастыру. Композиция құру. Ермексаздан көлемді фигураларды жасау тәсілдері.

      29-тақырып. Ермексаз. Қарапайым архитектуралық мүсіндеудегі алғашқы дағдылар. Қуыс көлемдерді тұрғызу ережелері мен тәсілдері. Көлемді үйшікті жасау.

      30-тақырып. Мүсіндеу және модельдеу. Мүсіндік және пластикалық тәсілдермен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру. "Ұшатын тәрелке және ғарыштан келген беймәлім бейнелер" көлемді композициясы.

      31-тақырып. Құрастыру және сәндеу элементтерімен мүсіндеу. Бейнеленетін жануарлардың пропорцияларын зерттеу. Жануарлардың күрделендірілген фигураларын мүсіндеу. "Жайылымда" көлемді композициясын мүсіндеу.

      32-тақырып. Мүсіндеу және модельдеу. Жазғы жарқын көңіл-күйді, түстер мен реңктердің әр түрлілігін жеткізу. Көлемді композицияны мүсіндеу.

      44. "Илеу" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жұмыстың негізгі амалдарын, пластты құру ережелерін, жалпақ фигураларды жасау технологияларын, трафареттермен жұмыс істеу ережелерін біледі;

      2) жаю, жұмырлау, жағу, стектердің көмегі арқылы бөліктерге бөлу;

      3) "композиция", "стильдеу" түсініктерін біледі;

      4) көлемді мүсіндеу әдістерін біледі;

      5) құрастыру тәсілдерімен ұсақ мүсіндерді сомдау технологиясын біледі;

      6) сюжеттік композиция құру дағдыларына ие болады;

      7) эскиздерді әзірлеу ретін біледі;

      8) түстің жаңа реңктерін алу үшін және түрлі-түсті ермексаздың жылы түстер палитрасын кеңейту үшін ермексаздарды араластыруды біледі;

      9) құрастыру және сәндеу элементтермен мүсіндеу дағдыларына ие болады;

      10) тұзды қамырдан, ермексаздан, саз балшықтан мүсіндеу дағдыларын біледі;

      11) қарапайым архитектурада мүсіндеудің алғашқы дағдыларына ие болады;

      12) мүсіндеу немесе пластикалық тәсілмен сомдау дағдыларын біледі.

      45. "Сәндік-қолданбалы өнер" Бағдарламасының мақсаты: сәндік-қолданбалы өнердің көркемдік тілін меңгеру үшін жағдай жасау, білім алушылардың шығармашшылық қабілеттерін дамыту.

      46. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) композиция, форма құру, түстану, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы білім негіздерімен танысу;

      2) әр түрлі материалдарды өңдеу кезінде қажетті құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

      3) үлгілер, суреттер, эскиздер бойынша әртүрлі материалдардан жалпақ және көлемді бұйымдарды, сәндік композицияларды дайындау дағдыларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) бейнелі, кеңістіктік ойлауды, қиялды, шығармашылық елестетуді дамыту;

      2) пропорцияда және формалардың пластикасында үйлесімділік сезімін дамыту;

      3) сызықтық және көлемді объектілермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

      4) түпкі ойды жеткізу, өлшем мен пропорцияны эскизден форматқа түсіруге байланысты білікті дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) сәндік-қолданбалы өнердің түрлеріне қызығушылықты тәрбиелеу;

      2) эстетикалық талғамды тәрбиелеу;

      3) орындалған жұмыстың әсемділігіне эмоциялық ықыласты, оның таңғаларлық ерекшеліктерін байқау білігін қалыптастыру.

      47. "Сәндік-қолданбалы өнер" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) қағазды, созылғыш заттарды өңдеу білігі қалыптасады, сәндік-қолданбалы өнердің түрлері, жалпақ және көлемді бұйымдарды дайындау дағдылары, үлгілер, суреттер, эскиздер бойынша әр түрлі материалдардан сәндік композицияларды әзірлеу дағдылары меңгеріледі;

      2) білім алушы бедерлі аппликацияны орындау тәсілдерін, бедер салу, коллаж техникасында жұмыс істеу амалдарын, бұйымдарды сәндік әшекейлеу, өзінің ойы бойынша сәндік композиция құруды меңгереді.

      48. "Сәндік-қолданбалы өнер" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аппликация техникасы. Сәндеу түсінігі және адамдардың фигураларын жасау үшін әр түрлі геометриялық фигураларды қолдану. Жеңіл қозғалыстарды жеткізу. Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қайшымен және желіммен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Композициямен жұмыс.

      2-тақырып. Қозғалыстағы адам фигурасын стильдеу тәсілдері (конус, цилиндр, доға және басқалары). Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар: бүктеу, умаждау, жұлу, кесу. Қағазбен жұмыс істеу тәсілдерінің қарапайым элементтерін меңгеру.

      3-тақырып. Қағаздан құрастыру. Аппликация техникасымен танысу. Умаждау, бұрау және басқалары. Аппликацияның бейнелерін орындау кезінде техниканы таңдау. Елестетуді және есте сақтау жадын дамыту. Моториканы дамыту.

      4-тақырып. Бедерлі аппликация. Натюрморт. Аппликациядағы натюрморт жанры. Бедерлі аппликацияны орындау тәсілдері: умаждау, бүктеу, қозғалту, бұрау. Аппликациядағы түстердің жылы және суық гаммасы.

      5-тақырып. Жыртылған қағаздардан жасалған аппликация. Жыртылған қағаздардан аппликацияны орындау. Кесілген немесе жыртылған қағаздардан аппликацияны орындау техникасы. Ірі массалардың парақта композициялық орналасуының негізгі ережелері. Саусақ моторикасын, зейінді, ойлауды дамыту. Пейзаждық композициямен жұмыс.

      6-тақырып. Аппликацияда портретті бейнелеу тәсілдері. Аппликация техникасында портретті бейнелеудің негізгі ережелері. Жеке бөліктерден портретті құру. Беттің типіне және бейненің мінезіне сәйкес портретті түрлі-түсті етіп орындауды дамыту. Композициямен жұмыс.

      7-тақырып. Бедер салу (чеканка) өнері. Бедер салу техникасындағы жұмыстың негізгі тәсілдері мен ерекшеліктері. Практикадағы сызықтық стильдеудің қағидаттары. Бедер салу техникасындағы композицияны орындау.

      8-тақырып. "Киригами" өнері. "Киригами" аппликациясының тәсілдері. Композициялық сюжет бойынша жануарлардың фигураларын орындау. "Киригами" техникасындағы жануарлар мен құстардың қарапайым фигуралары. Композицияның жеке элементтерін желімдеу кезінде желіммен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қажетті форманы алу үшін нақты контурлар бойынша қағазды бүктеу. Сәндік композициямен жұмыс.

      9-тақырып. Түрлі-түсті картонда әр түрлі маталардың тілімдерінен аппликация техникасындағы композиция. Мата тілімдерінің көмегімен бейненің әр түрлі фактурасын жасау. Коллаж техникасымен жұмыс. Матамен жұмыс істеу тәсілдері. Композициялық шешім. Қарапайым композицияның сызықтық суреттерін алдын ала жасау. Матаны қағазға жабыстыру кезінде жұмысты ұқыпты орындау дағдыларын дамыту. Бейнеленетін бейненің мінезін және көңіл-күйін жеткізу. Матадан жасалған "Көңілді қолшатырлар" сюжеттік коллаж.

      10-тақырып. "Сәндік" түсінігі. Адамдардың фигураларын дайындау үшін әр түрлі геометриялық фигураларды қолдану. Форманы стильдеу және жеңілдету түсінігі. Жеңіл қимылдарды жеткізу. Түстік гаммаларды іріктеу. "Цирк" тақырыбына арналған қағаздан жасалған аппликация.

      11-тақырып. Қағаздан жасалған аппликативтік композиция. Қағаздан фигура қию дағдыларын қалыптастыру. Қисынды ойлауды, қиялды, зейінді, кеңістіктік елестетуді, орындаушылық білік пен шығармашылық қабілеттерді дамыту. "Алақан", "Хайуанаттар бағы" композициясы.

      12-тақырып. Мата тілімдерінен аппликация жасау. Сәнді пейзажды жасау барысында "мата тілімдерінен жасалатын аппликация" техникасын қолдану. Көп планды пейзажбен жұмыс.

      13-тақырып. Қағаз пластикасы. Кеңістіктік ойлауды, қиялдауды дамыту. Коллажды мысалға алып, сәндеу жұмыстары туралы түсінікті кеңейту. Қағаздың түрлері және механикалық қасиеттері. Көлемді құрастыруда әр түрлі қағаздың түрлерін және оларды пайдаланудың түрлі тәсілдерін қолдану. Қағаз және картоннан жасалған геометриялық формалардан жаңа жылдық әшекейлер жасау: шырша, шар, гирлянда және басқалары. Коллаж техникасындағы жаңа жылдық панно.

      14-тақырып. Жұлу тәсілімен аппликация жасау. Жұлу тәсілімен сұлбалық аппликация жасау. Көшірмеден (калькадан) жасалған пейзаж.

      15-тақырып. Көлемді құрастырулар. Кеңістіктік ойлауды, қиялдауды дамыту. Коллажды мысалға алып, сәндеу жұмыстары туралы түсінікті кеңейту. Жаңа жылдық композициялар құру арқылы көлемді құрастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Жаңа жылдық панно.

      16-тақырып. Қағаздан, мата тілімдерінен, фольгадан және жылтырақтардан көлемді құрастырулар жасау. "Клоун жымияды" қағаз конустан жасалған ойыншықты сәндеп әшекейлеу. Қағаз бумаларынан "Күлкілі адамдар" тобын жасау.

      17-тақырып. Бөлшектерсіз бейне жасау. "Жұмбақ сұлба" сұлбалық аппликация.

      18-тақырып. Күңгірт түсті картонда аппликация орындау. Формаға стиль беру және жеңілдету түсінігі. Жеке аппликациялық композицияны құру. Кереғар түстер туралы білімді бекіту.

      19-тақырып. Жыртылған қағаздың элементтерінен аппликацияны орындау. Кеңістіктікті планды түс арқылы жеткізуді үйрету. Жыртылған қағаздың элементтерінен аппликация орындау.

      20-тақырып. "Киригами" өнері. Композициялық сюжет бойынша құстардың, ағаштардың және жануарлардың фигураларын орындау. Жаңа, мейлінше күрделі конструкцияларды құру үшін балалардың меңгерген тәсілдерін өз бетінше қолдану білігін қалыптастыру.

      21-тақырып. Сұйық тұзды қамырмен жұмыс істеу техникасы. Таңдалған техникаға сәйкес келетін көркемдік міндеттерді өз бетінше табу білігін қалыптастыру.

      22-тақырып. Ою-өрнек. Шығу тарихы, оның бағытталуы. Ою-өрнектің түрлері. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Жолақтағы ою-өрнек. Аппликация. Жолақтағы қазақтың қарапайым ұлттық ою-өрнегінің аппликациясын орындау.

      23-тақырып. Шеңбердегі өрнек. Шеңбердегі өрнек аппликациясын орындау ерекшеліктері. Аппликация. Өсімдікке ұқсас ою-өрнек. Өсімдікке ұқсас ою-өрнектерді стильдеу түсінігі. Шеңбердегі қарапайым өсімдікке ұқсас ою-өрнекті орындау.

      24-тақырып. Түрлі-түсті картондағы симметриялық композицияның аппликациясы. Сәндеу және симметрия түсініктері. "Симметриялық композиция" түсінігі. Сәндік композицияларды жасау кезінде оны қолдану. Аппликация тәсілдерін үйрену және симметриялық және көптеген бірдей бөлшектерді қию дағдыларын алу. Гүлдердің сәндік композицияларын құру.

      25-тақырып. Қағаздан құрастыру. Аппликация техникасымен танысу. Умаждау, бұрау, бөлу және басқалары. Аппликация бейнелерін орындау кезінде техниканы пысықтау. Түрлі-түсті қағаз бен картонның сәндік қасиеттері. Аппликацияның жартылай көлемді элементтері. Аппликациядағы өрнектер. Аппликация техникасындағы композиция.

      26-тақырып. Аппликация түрлері. Композициялық білікті дамыту. Сюжеттік аппликациямен жұмыс.

      27-тақырып. Коллаж. Көлемді композиция. Әр түрлі материалдардан коллаж жасау техникасымен танысу. Әр түрлі материалдардан жасалған аппликация түрлері.

      28-тақырып. Ертегілерге жасалған иллюстрация-аппликациялар. Әдеби шығармалардағы бейнені сәндеудегі бейнелеу білігін дамыту, өзінің ойлағанын орындау кезіндегі елестетуін, қиялын дамыту. Ертегілер желісі бойынша композиция құру.

      49. "Сәндік-қолданбалы өнер" Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдаларға ие болады:

      1) қағазбен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      2) қайшы және желіммен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі;

      3) бедерлі аппликацияны орындау тәсілдерін біледі;

      4) қиылған және жыртылған қағаздан аппликация жасау техникасын біледі;

      5) парақтың бетінде ірі массаларды композициялық орналастыру ережелерін біледі;

      6) аппликацияда портретті бейнелеу тәсілдерін біледі;

      7) бедер салу техникасында жұмыс істеу тәсілдері мен ерекшеліктерін біледі;

      8) аппликацияның "киригами" тәсілдерін біледі;

      9) коллаж техникасын біледі;

      10) матамен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

      11) қағаздан фигураларды қию дағдыларына ие болады;

      12) маталардың тілімдерінен аппликация жасай алады;

      13) жұлу тәсілімен сұлбалық аппликацияны жасай алады;

      14) қағаздан, мата тілімдерінен, фольгадан және жылтырақтардан көлемді құрастыру дағдыларына ие болады;

      15) "киригами" өнерін біледі, сұйық тұзды қамырмен жұмыс істеу техникасын біледі;

      16) жолақта қарапайым қазақтың ұлттық ою-өрнегінің аппликациясын орындауды біледі;

      17) қарапайым өсімдікке ұқсас ою-өрнектің аппликациясын орындауды біледі.

      50. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында жеті-сегіз жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) композияцияның заңдылықтарына сәйкес бейнені парақта үйлестіруді біледі;

      2) "көкжиек сызығы", "негізгі түстер", "қосымша түстер", "симметрия", "кереғар түстер", "тон", "стильдеу", "кереғарлық", "композиция" түсініктерін біледі;

      3) мүсіндеу материалдарының мүмкіндіктерін (ермексаздың, саз балшықтың, тұзды қамырды).

      Істей алады:

      1) табиғи материалдардың фактураларын;

      2) елестету, қиялдау бойынша, бақылау негізінде сурет салуды;

      3) композицияның, суреттің, түстің мүмкіндіктерін қолданып, бұйымға деген өзінің көзқарасын жеткізуді;

      4) тиісті технология бойынша затты мүсіндеуді іске асыруды;

      5) көлемді және жалпақ формаларды ажыратуды;

      6) заттардың формасын жеткізуді, көлемі бойынша заттарды салыстыруды, бұл қатынастарды нақты жеткізуді;

      7) құрамдас түстерді және түстердің реңктерін алуды;

      8) бояулардың жылы және суық түстерін ажыратуды.

      Қалыптасқан дағдылары:

      1) қарапайым геометриялық формаларды қолданып абстрактілі архитектуралық құрылыстарды бейнелеу;

      2) аралас техникада ашық хаттарды салу;

      3) шектеулі түстік гаммада жұмыс істеуді;

      4) күңгірт гаммалармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      5) гуашь техникасында жарқырау әсерін жеткізе отырып, композицияны орындау;

      6) тұзды қамырдан, ермексаздан, саз балшықтан бұйымдар жасау;

      7) жарамсыз материалдарды қолданып, күрделі формадағы заттарды құрастыру;

      8) эскиздердің әзірлемелері.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      51. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – портфолио, байқауларға, көрмелерге қатысу түрінде іске асырылады.

      52. Білім алушының портфолиосы шығармашылық қызметтің өнімдерінің фото, бейнесуреттерін, өз шығармашылығының өнімдерін, өзін өзі талдау материалдарын, сызбаларды, иллюстрацияларды, эскиздерді, балалар шығармашылығы байқауларының фотосуреттерін қамтиды;

      53. Көрме қызметі сабақтың маңызды қорытынды кезеңі болып табылады: бір күндік көрме әр сабақтың соңында талдау мақсатында өткізіледі, тақырыптық көрмелер – тарауларды, тақырыптарды оқу нәтижесі бойынша; білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды көрмесі оқу жылының аяғында ұйымдастырылады.

      54. Педагог оқу жылының соңында білім алушыға мінездеме береді, табыстары, мақсатқа ұмтылу, орындаушылық, ұқыптылық, адалдық, көркемдік елестерінің болуы сияқты жеке сипаттамалары ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
48-қосымша

Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің тоғыз-он жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептері көркемөнер бөлімдерінің тоғыз-он жастағы балалар үшін дайындық бөлімінің пәндері бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) тоғыз-он жастағы балалар үшін дайындық бөлімінің пәндеріне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аппликация – кескінді алу тәсілі, сәндік-қолданбалы өнер техникасы;

      2) бейнелеу графикасындағы композиция – көркем бейнені жақсы ашу үшін шығарманың барлық заттарын, элементтерін және бөлшектерін белгілі жүйемен және ретпен орналастыру;

      3) бейнелеу өнері – көру қабілеті арқылы және көзге көрінетін әлемнің жазықтықтағы және кеңістіктіктегі бейнесін құруға байланысты өнер;

      4) графика – жазықтықта бейнелеуге байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      5) дақ – объектінің тондық, сұлбалық бейнесі;

      6) жанр – бейнелеу әлемінің мейлінше маңызды қасиеттері мен көріністерінің байланыстарын көрсететін жалпы түсініктер, шығарманың формалды және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығы;

      7) ермексазбен сурет салу – бейнелеудің екі классикалық жанрының түйісунен пайда болған өнер: "жазық" кескіндеме және көлемді бейне, яғни мүсін;

      8) илеу – қолдардың және құралдардың (стек) көмегі арқылы созылмалы материалдарға форма беру;

      9) кескіндеме – шынайылықты мейлінше толық және өмірдегідей көрсететін картиналардан, кескіндемелік кенептерден құралған бейнелеу өнерінің түрі;

      10) композиция – суретшінің ойын мейлінше түсінікті ететін және әсерлейтін көркем шығарманың мақсатты құрылымы;

      11) көмір – қара жіңішке шыбық тәріздес сурет салуға арналған материал;

      12) натура — суретші салып жатқан кезінде алдында тұратын адамдар, заттар және көріністер;

      13) натюрморт –заттар тобын (жемістер, гүлдер, құлаған құс немесе тұрмыстық заттар) суретшінің композициямен қоюы және суретте көрсетуі;

      14) нобай – есте сақтау жады немесе натура бойынша жүйрік және жылдам орындалған графикалық, кескіндемелік және мүсіндік бейне, қолды немесе көзді жаттықтыру үшін немесе ағымдағы жұмысқа қажетті қосымша материалды жинақтау мақсатында орындалады;

      15) өнердегі бедер – фон жазықтығына қатысты бейнелер шығыңқы (немесе ойық) болып келетін мүсіндеудің түрі;

      16) пастель – сыртқы қабығы жоқ түрлі-түсті қарындаштар, бояуды ұнтақтап әзірлеген немесе осы қарындаштармен орындалған кескіндемелік шығарма;

      17) пейзаж – табиғатты бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      18) перспектива – кескіндемеде, графикада кеңістіктікті жеткізу;

      19) портрет – белгілі, нақты адамды бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      20) пропорция – тұтастықтың белгілі сипатына сәйкес келетін заттардың формаларының, бөліктернің көлемінің қатынасы;

      21) ритм – тұтас шығарманың қалыпты, заңдылықты құрылуына алып келетін элементтердің алмасуы, өлшемділігі;

      22) сангина – орамал түрінде әзірленетін, қызыл-қоңыр түсті сурет салуға арналған материал;

      23) сәндік-қолданбалы өнер – әр түрлі материалдарда көркемдік затты жасау өнері (фарфор, ағаш, металл, мата, тері және басқалары);

      24) сәуле күші – заттың тонының басқа заттарға қарағанда жарығырақ болу дейгейі;

      25) сурет – графиканың көмегі арқылы сызылған жазықтықтағы сызықтар;

      26) сурет – жазықтықта сызықтардың, штрихтардың, сәуле мен көлеңкелі дақтардың көмегі арқылы сызылған графиканың, бейненің негізгі түрі;

      27) сурет технологиясындағы қарындаш – сурет салуға арналған материал немесе таяқша түріндегі және әдетте ағашпен қапталған арнайы бояйтын заттар түріндегі құралдар;

      28) штрих – қолдың бір қимылымен орындалатын және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      29) эскиз – мейлінше ірі жұмысқа дайындық нобайы болып табылатын көмекші сипатындағы көркемдік шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында алған білім, білік және дағдылары негізінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сурет салу техникасы, илеу және сәндік-қолданбалы өнердің алғашқы дағдыларын меңгеру;

      2) әр түрлі көркемөнер материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

      3) көркемдік-бейнелі мәнерліліктің құралдарын, бейнелеу тәсілдерін меңгеру.

      Дамыту:

      1) оқу, шығармашылық көркемдік қызметі дағдыларын дамыту;

      2) есте сақтау жадын, байқампаздықты, қисынды ойлауды, моториканы, әсемділікті, қолдардың икемділігін және көз өлшемінің нақтылығын дамыту;

      3) топта бірге жұмыс істеуді қамтамасыз ететін коммуникативтік білік және дағдыларын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) бейнелеу қызметіне қызығушылықты тәрбиелеу;

      2) эстетикалық, көркемдік талғамды және гармония сезімін тәрбиелеу;

      3) қоршаған әлемге шығармашылық, жасампаздық көзқарасын тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бір жыл. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндеріне оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру,

      оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, ерте бала жасында бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен алуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) бейнелеу, сәндік көркемдік қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері және қолданбалы шығармашылық саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – бейнелеу өнерінің мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндеріне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектебінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Оқу-шығармашылық мақсат пен міндеттерді құру "Сурет салу", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Илеу" пәндері бойынша баланың алған білімін қайталауын және жаңа материалдарды бекітуін қарастырады. Тақырыптық жоспар пәнаралық байланыс қағидатын сақтай отырып құрылады. Баланың форманы, кеңістіктікті қабылдауын, сызықты, түстік таңбаны меңгеруін қалыптастыруға бағытталған сурет салу тақырыбы илеу және сәндік жұмыс сабақтарында өзінің қисындылық көрінісін және дәлелін табады.

      34. "Сурет салу", "Илеу", "Сәндік-қолданбалы өнер" пәндерінің пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      35. "Сурет салу" Бағдарламасының мақсаты: бейнелеу қызметінде көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

      36. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) бейнелеу сауатының теориялық және практикалық негіздеріне үйрету;

      2) бет кеңістігін ұйымдастыруға, форманы беру білігіне, заттарды құрастыруға үйрету;

      3) әр түрлі көркемдік материалдарды меңгеру;

      4) композицияны құрастыру, түспен жұмыс істеу, көлем мен кеңістікті беру дағдыларын қалыптастыру;

      5) бейнелеу өнеріне тарту.

      Дамыту:

      1) байқампаздықты, көру арқылы есте сақтау жады мен қиялдауды дамыту;

      2) қолды басқару дағдыларын дамыту;

      3) пропорциядағы, түс гаммасындағы үйлесімділік сезімін дамыту;

      4) әр түрлі материалдардың көмегімен заттардың әр түрлі фактурасын беру дағдыларын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) қоршаған әлемге шығармашылық, жасампаздық көзқарасын тәрбиелеу;

      2) көркемдік талғамды және гармония сезімін тәрбиелеу;

      3) өнерге, өз еңбегіне ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу;

      4) бала тұлғасының шығармашылық өзін өзі танытуы.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. "Сурет салу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы көркемдік материалдармен, түспен, ритммен, ритмикалық композициялардағы түстік тепе-теңдік түсінігімен, жазықтықты бөлу әдістерімен, негізгі және қосымша түстермен, бейнелеу құралдарымен, суреттегі сызықтың түрлерімен, түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу техникасымен танысады, "натюрморт", "үйлестіру", "композициядағы тепе-теңдік", "пейзаж", "портрет", "көкжиек сызығы", "жылы түстік гамма", "бүрку" техникасын, "графика" түсініктерімен танысады;

      2) жұмсақ материалдармен жұмыс істеу ережелерін және тәсілдерін, сызықтарды, штрихтарды, дақтарды сызу, жұмсақ материалдармен сурет салу, гуашь техникасында пейзаждық композицияны орындауды меңгеру әрі қарай жалғастырылады, гуашьпен жұмыс істеу техникасы, жеке бояу техникасын меңгеру, күзгі жапырақтардың фактурасын кескіндеме құралдарымен жеткізу, қозғалыс динамикасы, жұмсақ материалдармен портретті салу, түстің көмегі арқылы кейіпкердің мінезін, оның эмоциялық күйін жеткізу жетілдіріледі;

      3) ашық және күңгірт тондар туралы түсініктері, графиканың мәнерлік құралдары бекітіледі, суық, жылы түстер, палитрада суық түстерді араластыру бойынша білімдері тереңдетіледі, адамның қозғалыстағы фигурасын салудың қарапайым түрі, күміс түстес және түрлі-түсті гельді қаламдармен қара қағазға салу, "гризайль" техникасында орындалған натюрморт, "сәндік сурет салу" техникасында орындалған "сәнді натюрморт", әйелдің портретін салу, натураға қарап формасы және түсі жағынан жеңіл заттарды салу, елестетуі бойынша адамдардың фигуралары бейнеленген пейзажды салу, "дымқыл бойынша" салу, "пуантилизм" техникасында сурет салу меңгеріледі.

      38. "Сурет салу" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы. Көркем материалдармен танысу. Гуашь. Гуашьтің қасиеттері және түрлері, гуашьпен жұмыс істеу техникасы, оған сәйкес келетін қылқаламдар және жұмысты жүргізуге арналған беттер. Гуашьпен жұмыс істеу кезіндегі негізгі ережелер. Гуашьпен жұмыс істеудің техникалық тәсілдері. Композициямен жұмыс.

      2-тақырып. Түс және ритм. Жылы және суық түстер. Ритм туралы түсінік. Әр түрлі композицияларда оны құру тәсілдері. Ритмикалық композициялардағы түстік тепе-теңдік түсінігі. Барлық спектрлі түстерді қолданып сәндік композиция құру. Суық түсті композиция. Жылы түсті композиция. Жазықтықты бөлу тәсілдері. Жазықтықты толқын тәзіздес, тік сызықтармен, әр түрлі фигуралармен бөлу.

      3-тақырып. Кескіндеме туралы әңгіме. Негізгі және құрамдас түстер. Қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдері. Бояуларды араластыру. Хроматикалық және ахроматикалық түстер туралы түсінік. Бояуларды араластыруға арналған жаттығулар. Алты секторлық шеңберді орындау. "Кемпірқосақ" шоғырындағы (спектр) түстердің реті, бір түстің келесі түске баяу ауысуы.

      4-тақырып. Графика. Негізгі бейнелеу құралдары. Қара қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдері. Қара қаламмен сурет салу. Суреттегі сызықтың түрлері. Әр түрлі сызықтарды орындауға арналған тапсырмалар. Сызықтың әр түрлі мәнерлік мүмкіндіктерін қолдану. Графикалық композициямен жұмыс.

      5-тақырып. Түрлі-түсті қарындаштар. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу техникасы. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдері. Түстік созылуларды қолдану. Түстерді араластыру бойынша жаттығу. Композициямен жұмыс.

      6-тақырып. "Натюрморт" жанры. Суретті натураға қарап салудың алғашқы кезеңі. "үйлестіру", "Композициядағы тепе-теңдік" түсінігі. Жұмсақ материалдармен жұмыс істеудің негізгі ережелері мен тәсілдері. Жұмсақ материалмен сызықтарды, штрихтарды, дақтарды салу. Жұмсақ материалдармен жұмыс (пастель, сангина көмірі).

      7-тақырып. "Пейзаж" жанры. Гуашь техникасында пейзаждық композицияны орындау. Гуашьпен жұмыс істеу техникасын жетілдіру, жеке бояу техникасын меңгеру, күзгі жапырақтардың фактурасын кескіндеме құралдарымен жеткізу. Бейнені парақта сауатты үйлестіру. "Көкжиек сызығы", "жылы түстік гамма" түсінігі.

      8-тақырып. "Портрет" жанры. Портретті салудың негізгі ережелері. Жұмсақ материалдарды қолданып портретті салу. Түстің көмегі арқылы кейіпкердің мінезін, оның эмоциялық күйін жеткізу. Кәсібіне қайран қалатын адамның портретін кезеңмен орындау.

      9-тақырып. Қозғалыс динамикасын жеткізу. Түстің картинаның эмоциялық күйіне әсері. Сюжеттік композиция.

      10-тақырып. Алдын ала салынған суретсіз орындалған кескіндеме. "Бүрку" техникасындағы сурет. "Алғашқы қар" композициясы.

      11-тақырып. Жылы және суық түстер туралы түсінікті бекіту. Негізгі және құрамдас түстер. Түстерді араластыру. Жылы және суық түстер. Түстерді араластыру. Эмоциялық үйлесімділіктегі және бейнені мәнерлеудегі ақ және қара бояудың рөлі. Түстің эмоциялық мүмкіндіктері. Түстану негіздерін практикада меңгеру. Түстің көмегі арқылы кейіпкердің мінезін, оның эмоциялық күйін жеткізу. "Түн" композициясы.

      12-тақырып. Графика - бейнелеу өнерінің түрі. Графиканың негізгі мәнерлік құралдары: сызық, дақ, штрих. Қаланың пейзажын салу. Графика техникасындағы қаланың пейзажы.

      13-тақырып. Графика. Графиканың мәнерлеу құралдары — сызық, дақ, штрих. Графиканың мәнерлік құралдарын қолдану. Графикалық композицияны құру.

      14-тақырып. Суық түстер туралы білімді тереңдету. Палитрада суық түстерді араластыру, ақ бояулармен бірге араластыру. Қысқа тән суық түстермен бейнелеу. "Бүрку" техникасын қолдану.

      15-тақырып. Қозғалыстағы адамның фигурасын жеңілдетілген тәсілмен салу. Қозғалыстағы фигуралардан құрылған композиция. Адам фигурасының пропорциясы.

      16-тақырып. Ғажайыпты бейнелеу, түстің көмегі арқылы жартылай үйқыдағы нәзік көңіл-күйді жеткізу. Түстердің жылы палитрасы. Ашық және күңгірт тон.

      17-тақырып. Кескіндеме. Түстің көмегі арқылы ауа-райының жағдайын және оған сәйкес көңіл-күйді жеткізу. Бұлыңғыр күннің бейнесі. "Солғын" реңктерді қолдану. Түстердің суық және жылы палитрасы.

      18-тақырып. Қара қағазда орындалған графика. Жаңа техниканы – қара қағазда күміс түстес және түрлі-түсті гельді қаламдармен сурет салуды меңгеру. Түстегі ертегі феясының бейнесін жаңа техникада құру.

      19-тақырып. Гризайль. "Гризайль" техникасында орындалған натюрморт. "Сәндік сурет салу" техникасындағы "сәндік натюрморт". Ақ-қара натюрморт.

      20-тақырып. Қала жолдары мен архитектура мысалындағы перспективаның заңдары. Пропорцияларды жеткізу. Композициямен жұмыс. Туған қаланың сүйікті жерлерін бейнелеу.

      22-тақырып. Натураға қарап формасы және түсі жағынан жеңіл заттарды, адамдардың, жануарлардың фигуралары бейнеленген пейзажды салу.

      23-тақырып. Гуашьпен жұмыс. Өсімдіктер мен жәндіктердің пластикасын, формасын жеткізу. Бейнені парақта орналастыру, композициядағы тепе-теңдікті жеткізу. Елестету бойынша "Жәндіктер әлемі" композициясын салу.

      24-тақырып. "Дымқыл бойынша" сурет салу техникасы, оның амалдары мен тәсілдері. "Дымқыл бойынша" сурет салу техникасының жұмыс істеу кезеңдері. Композицияны орындау.

      25-тақырып. Пейзаж – кескіндеменің жанры ретінде. Оның түрлері, ерекшеліктері, мәнерлік құралдары. Орман пейзажы. Жануарларды кезеңмен салу.

      26-тақырып. Парақта үйлестіру дағдысын, жұмсақ материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін дамыту. Композицияны пастельмен салу.

      27-тақырып. Сәндік натюрморт. Сәндіктің түсінігі. Стильдеудегі алғашқы дағдылар. Сәндік натюрмортты орындау әдісі. Жазықтықтық тәсіл. Жергілікті тәсіл. Ою-өрнектік тәсіл. Құрылымдық тәсіл. Қарапайым натюрмортты құру: негізгі кезеңдері. Сәндік композицияны құру. Гуашь бояуларын қолдану.

      28-тақырып. Графика – бейнелеу өнерінің түрі ретінде. Ауылдың пейзажын графикамен бейнелеу. Графиканың негізгі мәнерлік құралдары. Композицияны құру.

      29-тақырып. "Пуантилизм" түсінігі. Пуантилизм техникасында сурет салу. Пуантилизм техникасында дәстүрлі емес сурет салудың әр түрлі тәсілдері. Пуантилизм техникасында композиция құру.

      30-тақырып. Ғажайып бейнені салу. Жануарлар әлемінің табиғи формаларын стильдеу. Әр түрлі жануарлардың элементтерін біріктіру. Бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін меңгеру: композиция, перспектива, қозғалыс.

      31-тақырып. Гуашь техникасындағы "Жаз бейнесі" пейзаждық композиция. Гуашьпен жұмыс істеу техникасын жетілдіру, жеке бояу техникасын меңгеру, жапырақтың фактурасын көркемөнер құралдарымен жеткізу. Бейнені парақта сауатты үйлестіру. Жылы түстік гамма.

      39. "Сурет салу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында тоғыз-он жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гуашь түрлерін, гуашьпен жұмыс істеу техникасын, оған сәйкес келетін қылқаламдарды және жұмыс беттерін біледі;

      2) гуашьпен жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін, негізгі ережелерін біледі;

      3) жылы және суық түстерді, ритмикалық композициядағы түстік тепе-теңдік түсініктерін біледі;

      4) барлық спектрлі түстерді қолданып сәндік композиция құруды біледі;

      5) негізгі, құрамдас түстерді, қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін, бояуларды араластыруға арналған жаттығуларды біледі;

      6) қара қарындашпен жұмыс істеу тәсілдерін, сызықтың мәнерлеу мүмкіндіктерін біледі;

      7) графикалық композициямен жұмыстың алғашқы дағдыларына ие болады;

      8) түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдеріне ие болады;

      9) жұмсақ материалдармен жұмыс істеудің негізгі ережелерін және тәсілдерін біледі;

      10) гуашь техникасында пейзаждық композиямен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      11) жұмсақ материалдармен портрет салудың негізгі ережелерін біледі;

      12) "бүрку" техникасында сурет салуды біледі;

      13) графика техникасында қаланың пейзажын салуды біледі;

      14) "күміс түстес және түрлі-түсті гельді қаламдармен қара қағазда сурет салу" техникасын біледі;

      15) "гризайль" техникасында орындалған натюрмортты салады;

      16) "дымқыл бойынша" сурет салу техникасын, тәсілдері мен амалдарын біледі;

      17) "пейзаж" жанрын, оның түрлерін, ерекшеліктерін, мәнерлеу құралдарын біледі;

      18) парақта үйлестіру дағдыларына, жұмсақ материалдармен жұмыс істеу тәсілдеріне ие болады;

      19) сәндік натюрмортты орындау техникасын біледі;

      20) графиканың негізгі мәнерлік құралдарын біледі;

      21) пуантилизм техникасында сурет салуды біледі;

      22) бейнелеу өнерінің негізгі түрлерін: композиция, перспектива, қозғалыс.

      40. "Сәндік-қолданбалы өнер" Бағдарламасының мақсаты: сәндік-қолданбалы өнердің көркемдік тілін меңгеру үшін жағдай жасау, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      41. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) композиция, форма құру, түстану саласындағы білім негіздерімен танысу;

      2) материалдармен жұмыс істеу техникасын және қағидаттарын игеру;

      3) сәндік-қолданбалы өнердегі әр түрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес техниканың түрлерімен танысу;

      4) стильдеу қағидаттарын меңгеру;

      5) сәнді заттың бейнесін құрудағы көркемдік мәнерліктің құралы ретінде ритм сызығын, сұлбаны, түсті, пропорцияны, форманы, композицияны қолданудың алғашқы дағдыларын меңгеру;

      6) сәнделетін бұйымның формасы мен ою-өрнектің өзара байланысын түсіну;

      7) сәндік жазбаның түрлерін меңгеру;

      8) әр түрлі техникада және әр түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

      9) сәндік-қолданбалы өнердің бұйымдарын жасау.

      Дамыту:

      1) стиль, ритм, жұмыстағы тепе-теңдік сезімін дамыту;

      2) сәндік-қолданбалы өнер тілінің көркемдік-мәнерлік ерекшеліктерін түсінуді дамыту;

      3) форманың пропорциясындағы және пластикасындағы үйлесімділік сезімін дамыту;

      4) қиялды, шығармашылық елесті және көркем ойлауды дамыту;

      5) колористік түсініктерін, көркемдік талғамды дамыту;

      6) моториканы, пластикалықты, қолдардың икемділігін және көз өлшемінің нақтылығын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) эстетикалық талғамды тәрбиелеу;

      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін іске асыру;

      3) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      42. "Сәндік-қолданбалы өнер" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы аппликация техникасымен, табиғи материалдардың қасиеттерімен, макреме тоқудың ерекшеліктерімен танысады, оригами дайындауды, компакт-дискілерден ерекше әшекейлер әзірлеуді, сәндік панноны, халық өнерінің сарыны бойынша жолақтағы ою-өрнекті орындауды, коллаж техникасын, скрапбукинг, квиллинг техникасын меңгереді;

      2) "аппликация" техникасында сәндік натюрмортты, "жыртылған қағаздан жасалған аппликация" техникасындағы композицияны, "аппликация" техникасындағы портретті орындау дағдысы қалыптасады, "балаларға арналған көркемдік бедер салу" техникасында жұмысты орындау, сұлбалы симметриялық аппликацияны орындау, ғимараттардың симметриялық аппликациялық бейнелері, витражды сурет салу техникасы меңгеріледі.

      43. "Сәндік-қолданбалы өнер" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аппликация техникасымен танысу. "Сәндік гүл" аппликациясы. Көптеген бірыңғай бөлшектерді дайындау тәсілдері – қауыздарды, жапырақтарды. Симметриялы бөлшектерді қиюға арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Табиғи материалдардан жасалған жасанды бұйымдар. Табиғи материалдардың қасиеттерімен, олармен жұмыс істеу тәсілдерімен және амалдарымен танысу. Көлемді кептірудің технологиясы (гүлдер, жапырақтар). Тамырлар мен бұталарды дайындау. Сүректерді тазалау. Жеке бөлшектерін сырлау, кесу және жону, сүректерді бекіту. Сүректерді акварельмен бояу. Композициямен жұмыс.

      3-тақырып. Флористика. Кәсіптің тарихы. Өсімдіктерді дайындау және сақтау. Материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Флористикалық техникалар, стильдер, бағыттар. Флористикалық композиция түрлері. Ыдыстағы композиция. Гүл шоғы. Негізгі техника – байлау. Флористикалық гүлден жасалған шеңбер. Тірі гүлдерден жасалған панно, флористикалық коллаждар, перделер, ойыншықтар. Гирлянда. Флористикалық объект. Композиция құру.

      4-тақырып. Натюрморт. Аппликация. Заттарды парақта үйлестіру. Композициялық теп-теңдік. Түстердің жылы және суық түстері. "Аппликация" техникасында сәндік натюрмортты орындау.

      5-тақырып. Пейзаж. Жыртылған қағаздан орындалған аппликация. Аппликация техникасы. Ірі массалардң парақта композициялық орналаструдың ережелері. "Жыртылған қағаздан жасалған аппликация" техникасындағы композицияны орындау.

      6-тақырып. Портрет. Адамдардың беттері мен мінездерінің көп түрлілігі. Конструкция, адам басының пластикалық құрылымы және бет пропорциясы туралы түсінік. Модельдің мінезін көрсетудегі пропорция және суретшінің түпкі ойы. Шығармашылық жұмыс процесіндегі адам бейнесін салудың алғашқы дағдыларын меңгеру. Суретте және аппликация құралдарымен портретті салу. Аппликация техникасында портретті бейнелеудің негізгі ережелері. "Аппликация" техникасындағы портретті орындау.

      7-тақырып. Бедер салу. Бедер салу технологиясы. Бедер салудың құралдары. "Кішкентайларға арналған көркемдік бедер салу" техникасы. Аталған техникада жұмыс істеудің негізгі тәсілдері мен ерекшеліктері. "Кішкентайларға арналған көркемдік бедер салу" техникасында жұмысты орындау.

      8-тақырып. Симметрия. Форма. Ритм. Жартыға бүктелген квадраттардан немесе тікбұрыштардан көбелектердің сұлбасын жасау. Көбелектерді графикалық немесе аппликациялық немесе құрастыру құралдарымен безендіру. Көбелектің қанаттарының формалары мен безендірулерінің нұсқалары. Сұлбалы симметриялық аппликация.

      9-тақырып. Макраме – сәндік-қолданбалы шығармашылықтың бір түрі. Макраменің қысқаша тарихы. Жіптерді бекіту. Түйіндердің шартты белгілері. Макраме түйіндерінің түрлері. "Геркулес" түйіні. Жалпақ түйін. Репс түйін. Көлденең брида. "Жапырақ" өрнегі. Диагональды түйін. "Зигзаг" өрнегі. "Шырша" өрнегі. Макраме тоқудың ерекшеліктері. Жұмыс объектісін таңдау. Материалды дайындау және бұйыммен жұмыстың жоспарын құру. Макрамені орындау.

      10-тақырып. Жазық симметрия. Симметрияның түрлері. Сәндік-қолданбалы өнердегі жазық симметрия. Симметрия – өнердегі қосылатын әсемділіктің бірі. Қағазды екіге бөлу арқылы ғимараттың симметриялық аппликациялық бейнелерін қолдану. "Күннің батуының бейнесі" аппликациясы. Бейнені салудың ережесі. Колорит түсінігі. Күннің батуы кезіндегі тау тізбегінің бейнесі және оның "аппликация" техникасында суға түскен бейнесі.

      11-тақырып. Оригами сәндік-қолданбалы өнердің түрі ретінде. Оригамидің қысқаша тарихы. Оригамидің түрлері және техникасы. Модульді оригами. Қарапайым оригами. Қағазды бүктеу технологиясы. Қайшының көмегінсіз қағаздан фигураларды бүктеп жасау. Ұңғысы бойынша бүктеу (қатпарлар паттерні). Дымқыл кезінде қатпарлау. Оригамиға арналған мктериал: қағаздың тығыз түрлері.

      12-тақырып. Компакт-дсикілерден ерекше әшекейлерді дайындау. Материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Компакт-дискілерден әшекейлерді дайындау.

      13-тақырып. Аппликация техникасындағы стильденген бейне. Материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Сәндік панноны әзірлеу. Фонды дайындау. Бейненің бөлшектерін дайындау. Бейненің бөлшектерін қию. Бейненің бөліктерін фонға қою. Бейненің бөліктерін жабыстыру. Аппликативтік бейнені сәндік элементтермен толықтыру. Аппликацияны жиектемемен сәндеу.

      14-тақырып. Жолақтағы ою-өрнек. Арналуы, орындау түрлері мен нұсқалары. Ритмикалық түрде қайталанылатын элементтерді орындауға арналған жаттығулар. Халық өнері сарыны бойынша жолақтағы ою-өрнектің эскизін орындау.

      15-тақырып. Коллаж - сәндік-қолданбалы шығармашылықтың түрі. "Коллаж" түсінігі. Коллаждың пайда болу және даму тарихы. Вегетативті коллаж. Сәндік коллаж. Пейзаждық коллаж. Формалы-сызықты коллаж. Техниканың ерекшеліктері. Жұмысты коллаж техникасында орындау. Гуашьпен жазу.

      16-тақырып. Аппликация. Аппликация үшін күңгірт түсті картон негіздеме болады. Стильдеу түсінігі. Табиғи формаларды георметриялық стильдеу. Табиғи объектіні және оны стильдеуді өз бетінше таңдау (эскиздік ізденістер). Материалда композицияны орындау. Таңдалған объектіні сәндік стильдеу.

      17-тақырып. Ашық хаттардан құрастырылған мозаика. Материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Эскиз жасау. Түстік гамманы таңдау. Түстерді дайындау. Композициямен жұмыс.

      18-тақырып. Жыртылған қағаз элементтерінен жасалған аппликация. Материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Бейненің сұлбалық, жазықтықта жалпыланған түрі, түсті дақтың, үлкен түсті дақтардың біркелкілігі (жергілікті). Заттың сіретін салу. Бөлшектерді дайындау. Фон, екінші пландағы заттар, бірінші пландағы заттар. Композицияны әзірлеу.

      19-тақырып. Витраж. Сюжеттік немесе ою-өрнектік сәндік композициясы. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. "Ою-өрнек", "геометриялық ою-өрнек", "витраж", "контур", "витраждық бояулар" түсінігі. Витраждық жазба техникасы. А-3 пішіменде витраждың эскизін гуашьпен орындау. Эскизді әйнекке салу. Материалда жұмыс істеу.

      20-тақырып. Ыдысқа витраждық жазба салу. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Ыдысқа витраждық жазба түсіру техникасы. Тәрелкелерді нүктелермен бояу. Трафареттер және шаблондар бойынша бояу. Тәрелкелерді қолмен көркем бояу. Шыны ыдыстарға витраждық бояулармен сурет салу, контурлармен сәндеу.

      21-тақырып. Шеңбердегі ою-өрнек. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. "Ою-өрнек" түсінігі. Бейнелеу өнеріндегі және әлемдік көркемдік мәдениеттегі ою-өрнектердің түрлері. Шеңберде ою-өрнек композициясын құрудың технологиялық тәсілдері. Әшекейлеуге арналған эскиздерді құру. Шеңбердегі ою-өрнек композициясымен жұмыс. Сызықтар және ою-өрнек фигурасының көмегімен ою-өрнекті салу. Ою-өрнектің түрі. Жасап алған ою-өрнекті ақ түсті тәрелкеге басу. Тәрелкедегі ою-өрнектің суреті. Контурдың көмегімен ою-өрнекті жиектеп сызу. Ою-өрнек элементін витраждық бояулармен бояу.

      22-тақырып. "Аралас техника" түсінігі. Аралас техникада композицияны құру. Композицияны негізі: геометриялық фигуралар. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Қауіпсіздік техникасы. Композицияны орындау.

      23-тақырып. Скрапбукинг – отбасылық немесе жеке фотоальбомдарды дайындаудан және безендіруден тұратын қолөнердің түрі. Материалдар, құралдар және технология. Техниканың түрлері. Сәндік ашықхаттарды, фотоальбомдардың беттерін әзірлеу.

      24-тақырып. Геометриялық фигураларға ұқсас жеңілдетілген формаларды қолданып, стильденген пейзажды құру. Композицияны құру. Аппликация түрінде жасалған стильденген қаланың пейзажы.

      25-тақырып. Контурын сызып жасайтын аппликация. Сәндік композицияны құру. Қағаздан аппликация жасау барысында қолданылатын материалдар мен құралдар. Аппликацияны жасау технологиясы. Аппликацияға арналған түсті дайындамалар. Түсті дайындамалардан құралған толық бейне. Дайындамалардың контурын сызу. Қайшының көмегімен дайындамаларды өңдеу. Контурлық сызығының өлшеміне сәйкестігі. Дайындамаларды кезегімен желімдеу. Контур сызығының қалыңдығын сақтай отырып сыртқы контуры бойынша қайшымен қию.

      26-тақырып. Квиллинг. Квиллинг техникасы. Сәндік композицияны құру. Квиллинг техникасын қолдана отырып, түсті композицияны әзірлеудің технологиялық тәртібі, негізгі базалық формалар. Квиллингке қажетті қағаз және басқа да құралдар.

      44. "Сәндік-қолданбалы өнер" пәнін игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында тоғыз-он жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аппликация техникасын біледі;

      2) табиғи материалдардың қасиеттерін, олармен жұмыс істеу амалдары мен тәсілдерін біледі;

      3) флористикалық композицияны құруды;

      4) "аппликация" техникасында сәндік натюрмортты орындауды біледі;

      5) "жұлынған қағаздардан жасалған аппликация" техникасында композицияны орындау дағдыларына ие болады;

      6) "аппликация" техникасында портретті орындау дағдыларына ие болады;

      7) "балаларға арналған көркемдік бедер салу" техникасында жұмысты орындайды;

      8) сұлбалы симметриялық аппликацияны орындау дағдыларына ие болады;

      9) макраме орындау дағдыларына ие болады;

      10) қарапайым оригами жасай алады;

      11) компакт-дискілерден әшекейлерді дайындау дағдыларына ие болады;

      12) сәндік панно жасаудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      13) халық өнерінің сарыны бойынша жолақтағы ою-өрнекті орындау дағдыларына ие болады;

      14) коллаж техникасында жұмысты орындау дағдыларына ие болады;

      15) сәндік стильдеуді орындау дағдыларына ие болады;

      16) ашықхаттардан мозаикаларды дайындау дағдыларына ие болады;

      17) жыртылған қағаздың элементтерінен аппликация дайындау дағдыларына ие болады;

      18) витраждық көркем сурет салу техникасын біледі;

      19) шыны ыдыстарды витраждық бояулармен жаза алады;

      20) ою-өрнекті шеңберде орындай алады;

      21) аралас техникада композиция құруды біледі;

      22) қолөнердің "скрапбукинг" түрін біледі;

      23) аппликациямен қалалық пейзажды стильдеуді біледі;

      24) контурларын сыза отырып, аппликацияны орындау технологиясын біледі;

      25) квиллинг техникасын біледі.

      45. "Илеу" бағдарламасының мақсаты: мүсіндеуді меңгеру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту үшін жағдай жасау.

      46. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) илеудегі қарапайым бейнелеу дағдылары мен біліктерін дамыту;

      2) әр түрлі созылмалы материалдармен және техникалармен танысу;

      4) мүсіндеудің әр түрлі түрлерімен және жанрларымен танысу;

      3) бейнелерді мәнерлі жеткізудің тәсілдерімен танысу.

      Дамыту:

      1) шығармашылық қызметтің негізі ретінде елестетуді дамыту;

      2) бейнелі, ассоциативті есте сақтау жадын, зейінді, ойлауды дамыту;

      3) екі қолдың қимылдарының үйлесімділігін, қол мен көздің әрекетін, ұсақ моториканы дамыту;

      4) бедерде және көлемді мүсіндеуде пластиканы стильдеу қағидаттарын меңгеру;

      5) созылмалы материалдармен жұмыстың негізгі техникаларын және қағидаттарын әрі қарай меңгеру;

      6) мүсіндеу жұмыстардағы стиль, ритм сезімін дамыту;

      7) талдап отырып ойлауды, форманың пропорцияларындағы және пластикасындағы үйлесімділік сезімін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) балаларға өнерге қызығушылықты және сүйіспеншілікті дарыту;

      2) көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру.

      47. "Илеу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының ермексазбен жұмыс істеу тәсілін, ермексаздан жасалған кескіндемемен жұмыс істеу тәсілдері мен амалдарын, форманы әрлеу амалдарын, қарапайым фигураларды, ыдыстарды, көлемді композицияны, пейзажды, сәндік бедерлі мүсіндеуді меңгеруі;

      2) білім алушының тұзды қамырдан мүсін жасауды, көлемді мүсіндеуді, сәндік бедерлі мүсіндеуді, әр түрлі нәрселерді қойып қамырдан жасалған бұйымдарды сәндеуді, бұйымды гуашьпен және акрил бояуларымен бояуды меңгеруді әрі қарай жалғастыруы;

      3) білім алушының сазбалшықтан мүсіндеу техникасымен және тәсілдерімен, қаңқасыз, қаңқамен қарапайын фигураларды мүсіндеуді, жануарлардың, құстардың фигурасын мүсіндеуді, сәндік бедерлі мүсіндеумен танысуы.

      48. "Илеу" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Мүсіндеу – бейнелеу өнерінің түрі. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Ермексаз және сазбалшық. Ермексазбен жұмыс істеуді тәсілдері: жұмсарту, жаю, илеу. Қарапайым элементтерді дайындау бойынша жаттығуларды орындау: шар, бұрау (жгут), пластина. Жазықтықтағы қарапайым композициялар. Дөңгелек мүсін. I-clay сазбалшығынан әр түрлі бедерлі бейнелерді мүсіндеу.

      2-тақырып. Натюрморт. Түрлі-түсті ермексаздан бедерлі мүсіндеуді орындау. Түрлі-түсті ермексаздан көлемді мүсінді орындау. Түрлі-түсті ермексаздан натюрмортты жасау.

      3-тақырып. Пейзаж. Ермексаздан жасалатын кескіндеме. Ермексаздан жасалатын кескіндемемен жұмыс істеу техникасы. Ермексаздан жасалған кескіндемемен жұмыстың негізгі амалдарын меңгеру. Ермексаздың түстерін араластыру. Ермексаздық кескіндеме техникасында пейзажды құру.

      4-тақырып. Портреттік мүсіндеу. "Кеуіт" ("Бюст") түсінігі. Материалдар, құралдар. Формалардың көмегімен бейнеленетін заттың мінезін жеткізу. Мүсіндеудегі дағдыны жетілдіру.

      5-тақырып. Ермексаздан жасалған көлемді композиция. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Ермексаздан "Құстардың ауласы" көлемді композициясын орындау. Ермексаздың тұтас кесегінен мүсін жасау техникасы. Құстың дене бөліктерін мүсіндеу. Құсты безендіру үшін сәндік нәрселерді жасау.

      6-тақырып. Жануарлардың қарапайым фигураларын көлемде мүсіндеу. Мүсіндеудің құрастыру, мүсіндеу және аралас тәсілдері. Мүсіндеудің негізгі техникалық тәсілдері. Форма құрудың негізгі тәсілдері. Бөлшектерді біріктіру амалдары. Форманы әрлеу амалдары. Есте сақтау жады, елестетуі бойынша, натуарға қарап салу тәсілдері боййынша бейнені мүсіндеу. Жануарлардың қарапайым фигураларын мүсіндеу. Елесетуі бойынша мүсіндеу. Илеудің мүсіндеу тәсілімен әр түрлі фигураларды тарту, езу, жаю.

      7-тақырып. Ыдысты жасау. Ыдысты жасау технологиясы. Ермексаздан ыдыстарды кезеңмен жасау. Форма құру амалдары: езу, қию, шұжық тәріздес жаю.

      8-тақырып. Сәндік бедерлі мүсіндеу. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Ермексаз. Композициямен жұмыстың кезеңдері.

      9-тақырып. I-clay сазбалшығынан әйелдерге арналған әшекейлерді әзірлеу. Жалпақ әшекейлерді әзірлеу тәсілдері. Мүсіндеудің құрастыру тәсілі. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      10-тақырып. Тұзды қамырдан мүсіндеу. Сәндік бедерлі мүсіндеу. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      11-тақырып. Ермексаздық кескіндеме. Ермексаздық кескіндемемен жұмыс істеу тәсілдері. Ермексаздың түстерін араластыру. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      12-тақырып. Ермексаздан көлемді композицияларды орындау. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Ермексаздан көлемді композицияны орындау. Жаңа жылдық ертегілердің кейіпкерлерінен және жаңа жылдық атрибутика фигураларынан құралған комозицияны мүсіндеу.

      13-тақырып. Ермексаздан көлемді мүсіндерді жасау. Сымды қаңқадағы ермексаз. Бұталарын мықтылау үшін сымды немесе тіс тазалағышты пайдаланып, әр түрлі формадағы және түстегі көлемді гүлдерді әр түрлі тәсілдермен жасау.

      14-тақырып. I-clay [Ай клэй] сазбалшығынан мүсіндеу. Қаңқасыз қарапайым фигураларды жасау. Қаңқасыз ұсақ мүсіндерді жасау. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      15-тақырып. I-clay [Ай клэй] сазбалшығынан мүсіндеу. Жануарлар мен құстардың фигурасын мүсіндеу. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      16-тақырып. Сәндік бедерлі мүсіндеу. I clay [Ай клэй] сазбалшығы. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      17-тақырып. Сәндік бедерлі мүсіндеу. Мысықты мүсіндеу. Әр түрлі қосымша заттармен әрлеу. Гуашьпен және акриль бояуларымен бояу.

      18-тақырып. Ермексаздан көлемді мүсіндеу. Елестетуі бойынша түстері әр түрлі және әр түрлі қалыптағы марғауларды мүсіндеу.

      19-тақырып. Тұзды қамырдан көлемді мүсіндерді орындау. Тұзды қамырдан жемістер композициясын дайындау технологиясы. Себетті, жапырақтарды, жемістерді мүсіндеу.

      Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      20-тақырып. Сәндік сандықша. Тұзды қамырдан мүсіндеу. Әр түрлі нәрселермен сәндік сандықша жасау.

      21-тақырып. Сәндік бедерлі мүсіндеу. I clay [Ай клэй] сазбалшығы. Гүлдер композициясы. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      22-тақырып. Сәндік бедерлі мүсіндеу. Ертегілердің кейіпкерлерін мүсіндеу. Мүсіндеуде ертегі кейіпкерлеріне тән ерекшеліктерді жеткізу. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      23-тақырып. Ермексаздан көлемді мүсіндерді орындау. Елестетуі бойынша мүсіндеу. Үйшікті жасау. Қарапайым архитектураларды мүсіндеудің алғашқы дағдылары. Қуыс көлемдерді түрғызудың тәсілдері. Жеке ермексаз модельдерінен жасалған бұйым. Үйшікті жеке модульдерден мүсіндеу: ағаштары, терезелері, шатырды. Жұмысқа арналған материалдар мен құралдар. Жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. Жұмыс кезеңдері.

      24-тақырып. Ермексаздан көлемді мүсіндеу. Жануарлардың фигурасын жасау. Жануарлардың күрделі формаларын жасау; отырған мысық, ит. Форманы, қозғалысты, фактураны (аңдардың жүнін) жеткізу. Композициялық құрылым, бедермен әрлеу (жанауарлардың стильденген фигуралары).

      25-тақырып. Ермексаздан көлемді мүсіндеуді орындау. Сүйікті ертегілердің желісі бойынша мүсіндеу, ермексаз. Жануарлардың фигураларын пропорцияларда мүсіндеу тәсілі. Шағын формаларды мүсіндеу.

      26-тақырып. Ермексаздық кескіндеме. Сәндік бедерлі кескіндеме. Ермексаздың түстерін араластыру. Ермексазды кескіндеме техникасында жазғы пейзажды жасау.

      49. "Илеу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында тоғыз-он жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ермексазбен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

      2) ермексаздан жасалатын пейзажбен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      3) ермексаздан кескіндеме жасау техникасында пейзажды сала алады;

      4) ермексаздың тұтас кесегінен мүсіндеу техникасын біледі;

      5) мүсіндеудің, форма құрудың негізгі техникалық тәсілдерін, бөлшектерді қосуды, форманы әрлеуді біледі;

      6) есте сақтау жады, елестетуі бойынша, натураға қарап бейнелерді жасай алады;

      7) сәндік бедерді жасау дағдыларына ие болады;

      8) I clay [Ай клэй] сазбалшығынан әйелдердің әшекейлерін жасай алады;

      9) тұзды қамырдан мүсіндеу дағдыларына ие болады;

      10) жаңа жылдық ертегілердің кейіпкерлерінің фигураларынан және жаңа жылдық атрибуттарынан құралған композицияны мүсіндеу дағдыларына ие болады;

      11) сымды қаңқадалы ермексаздан көлемді мүсіндер жасау дағдыларына ие болады;

      12) қаңқасыз, I clay [Ай клэй] сазбалшығынан қарапайым фигураларды жасау дағдыларына ие болады;

      13) сымды қаңқамен I clay [Ай клэй] сазбалшығынан қарапайым фигураларды жасау дағдыларына ие болады;

      14) тұзды қамырдан сәндік бедерлі мүсіндеу дағдыларына ие болады;

      15) тұзды қамырдан көлемді мүсіндеуге ие болады;

      16) ертегілердің кейіпкерлерін мүсіндеуді біледі, ертегі кейіпкерлеріне тән қасиеттерді жеткізе алады;

      17) қарапайым архитектураны мүсіндеудің алғашқы дағдыларына ие болады;

      18) қуыс көлемдерді тұрғызу тәсілдерін, жеке модульдерден үйшікті жасауды біледі;

      19) жануарларды мүсіндеуді, жануарлардың фигурасының пропорцяиларын жеткізуді біледі;

      20) ермексаздан жасалған кескіндеме техникасында пейзажды құра алады.

      50. Тоғыз-он жастағы дайындық сыныбының балаларына арналған Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында тоғыз-он жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады.

      Біледі:

      1) қара қарындашпен жұмыс істеу тәсілдерін және гуашьпен жұмыс техникасын;

      2) сызықтың мәнерлік мүмкіндіктерін;

      3) жұмсақ материалдармен жұмыстың негізгі ережелерін және амалдарын;

      4) графиканың негізгі мәнерлік құралдарын;

      5) сәндік натюрмортты орындау тәсілдерін;

      6) бейнелеу өнерінің негіздерін: композиция, перспектива, қимыл;

      7) аппликация техникасын;

      8) табиғи материалдардың қасиеттерін, олармен жұмыс істеу амалдары мен тәсілдерін;

      9) витраждық көркем сурет салу, скрапбукинг, квиллинг техникасын біледі.

      Істей алады:

      1) қара қағазға күміс түстес және түрлі-түсті гельді қаламдармен сурет салуды;

      2) "дмқыл бойынша" сурет салуды;

      3) пуантилизм техникасында сурет салуды;

      4) "бүрку" техникасында сурет салуды;

      5) флористикалық композицияларды құруды, "аппликация" техникасында сәндік натюрмортты орындауды;

      6) қарапайым оригами жасауды, шыны ыдыстарда витражды бояуға арналған бояулармен бояуды, шеңбердегі ою-өрнекті орындауды;

      7) аралас техникада композиция құруды.

      Қалыптасқан дағдылар:

      1) сурет салу, илеу және сәндік-қолданбалы өнер техникасы;

      2) әр түрлі техникада әр түрлі материалдармен жұмыс істеу;

      3) әр түрлі материалдар мен құралдарды қолданып бейнелеу амалдарын орындау;

      4) өз қызметін жоспарлау;

      5) жұмыс орнын ұйымдастыру.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      51. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – портфолио, байқауларға, көрмелерге қатысу түрінде іске асырылады.

      52. Білім алушының портфолиосы шығармашылық қызметтің өнімдерінің фото, бейнесуреттерін, өз шығармашылығының өнімдерін, өзін өзі талдау материалдарын, сызбаларды, иллюстрацияларды, эскиздерді, балалар шығармашылығы байқауларының фотосуреттерін қамтиды;

      53. Көрме қызметі сабақтың маңызды қорытынды кезеңі болып табылады: бір күндік көрме әр сабақтың соңында талдау мақсатында өткізіледі, тақырыптық көрмелер – тарауларды, тақырыптарды оқу нәтижесі бойынша; білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды көрмесі оқу жылының аяғында ұйымдастырылады.

      54. Педагог оқу жылының соңында білім алушыға мінездеме береді, табыстары, мақсатқа ұмтылу, орындаушылық, ұқыптылық, адалдық, көркемдік елестерінің болуы сияқты жеке сипаттамалары ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
49-қосымша

Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің он-он бір жастағы балалар үшін дайындық сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің он-он бір жастағы балалар үшін сыныбының пәндері бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) он-он бір жастағы балалар үшін дайындық бөлімінің пәндеріне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) асимметрия – симметрияның болмауы немесе бұзылуы;

      2) ахроматикалық түстер – түстік тоны жоқ (көрінетін сәулелер, жарық) және жарықтығы бойынша ғана ажыратылатын түстер;

      3) бейнелеу өнері – көру қабілеті арқылы және көзге көрінетін әлемнің жазықтықтағы және кеңістіктегі бейнесін құруға байланысты өнер;

      4) витраж – монументалды өнердің түрі, түрлі-түсті әйнектен жасалған сәндік немесе өрнектік сипаттағы бейнелеу өнерінің туындысы, екі жақтан жарық түсіруге есептелген және терезенің, немесе қандай-да бір архитектуралық құрылыстың ойығын толықтыруға арналған;

      5) графика – сызық, штрих, дақ және нүкте сияқты бейнелеудің негізгі құралдары ретінде қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі;

      6) гризайль – бір түстің тон градацияларымен орындалатын, көбінде сепия немесе сұр түсті кескіндеменің түрі, сондай-ақ салынған барельефтерді және басқа да архитектуралық немесе мүсін элементтерін құру техникасы;

      7) динамикалық композиция – қозғалыс және ішкі динамика әсері туындайтын композиция;

      8) жанр – бейнелеу әлемінің мейлінше маңызды қасиеттері мен көріністерінің байланыстарын көрсететін жалпы түсініктер, шығарманың формалды және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығы;

      9) кескіндеме – көрінетін бейнелерді қатты немесе иілгіш жазықтыққа баяуды жағу арқылы жеткізумен байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      10) колорит – өнер туындысының түстік сапасының жалпы эстетикалық бағасы, бейненің түстік элементтерінің сипаты, олардың өзара байланысы, түстер мен реңктердің үйлесімділігі;

      11) композиция – суретшінің ойын мейлінше түсінікті ететін және әсерлейтін көркем шығарманың мақсатты құрылымы;

      12) мүсін – туындыларының көлемді формасы бар және қатты және пластикалық материалдардан орындалатын бейнелеу өнерінің түрі;

      13) натюрморт – бейнелеу өнеріндегі жансыз заттардың бейнелері;

      14) нобай – суретшінің жүйрік және жылдам орындаған суреті, шағын көлемдегі кескіндеме немесе мүсіндеудің туындысы;

      15) өнердегі бедер – жазықтықтағы фонға қатысты бейне шығыңқы болатын (немесе кіріңкі) мүсіндеудің түрі;

      16) өрнек – құрамдас элементтерінің қайталануы және алмасуына негізделген әшекейлі өрнек;

      17) пейзаж – табиғатты бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      18) перспектива – кескіндемедегі, графикадағы кеңістікті жеткізу;

      19) портрет – белгілі, нақты адамды белгілеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      20) пропорция – тұтастықтың белгілі сипатына сәйкес келетін заттар формаларының, бөліктерінің көлемінің қатынасы;

      21) пуантилизм – негізінде дұрыс, нүктелі немесе тік бұрышты формаларды бөлек (оқшауланбаған) бояу түсіру мәнері жатқан неоимпрессионизм кескіндемесіндегі бағыт;

      22) ритм – өнердегі негізгі кезеңдердің бірі, бейнелеу өнерінде түстердің, объектілердің, сәуле дақтарының және көлеңкенің қайталануы арқылы жасалуы мүмкін ритм;

      23) сәндік-қолданбалы өнер – утилитарлы және көркемдік қызметтермен көркемдік бұйымдарды жасауға бағытталған, шығармашылық қызметтің әр түрлі салаларын қамтитын, бейнелеу өнерінің үлкен тарауы;

      24) сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі – жарық шкаласын құрайтын, объектінің бетінде байқалатын жарықтың бөлінуі;

      25) симметрия – қандай да бір өзгерістерде, қайта түрленулерде көрінетін сәйкестік, өзгермеушілік (инвариативтілік);

      26) сурет – жазықтықта сызықтардың, штрихтардың, сәуле мен көлеңкелі дақтардың көмегі арқылы сызылған графиканың, бейненің негізгі түрі;

      27) фактура – туынды бетінің сипаттамасы;

      28) штрих – қолдың бір қимылымен орындалатын және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      29) эскиз – мейлінше ірі жұмысқа дайындықтың нобайы болып табылатын көмекші сипатындағы көркемдік шығарма;

      30) этюд – зерттеу мақсатында натурадан орындалған туынды; болашақ туындыға арналған дайындама нобай.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың бейнелеу өнері арқылы әлемді эстетикалық және көркемдік тану әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) шартты кеңістікте парақ жазықтығында сурет және кескіндеме құралдарымен натураны шынайы бейнелеудегі алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

      2) композициялық ойлауды және композициямен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту;

      3) заттарды көлемді бейнелеуге оқыту;

      4) әр түрлі материалдар мен құралдарды, көркем-бейнелеудің мәнерлік құралдары арқылы бейнелеу тәсілдерін меңгеру.

      Дамыту:

      1) тұлғаның көркем-шығармашылық, даралығы байқалатын қабілеттерін дамыту;

      2) Бағдарламаның мазмұнын меңгеруді қамтасыз ететін жалпы оқыту біліктері мен дағдыларын дамыту;

      3) балаларды көркемөнер мектебінде оқуға дайындау.

      Тәрбиелік:

      1) өнерге және көркем шығармашылық сабақтарына тұрақты қызығушылықты дамыту;

      2) қоршаған әлемге шығармашылық, жасампаздық көзқарасты тәрбиелеу;

      3) бейнелеу өнерінің құралдары арқылы білім алушыларды эстетикалық дамыту және жоғары рухани қасиеттерін қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бір жыл. "Сурет салу", "Кескіндеме", "Композиция", "Мүсін" пәндеріне оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Бағдарлама он-он бір жастағы білім алушыларды балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдерінің негізгі бөліміне көшуге дайындауды қарастырады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан артық емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы.

      9. Пән он-он бір жастағы білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) бейнелеу, сәндік көркемдік қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері және қолданбалы шығармашылық саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері және әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, атақтыда белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – бейнелеу өнерінің мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Сурет салу", "Кескіндеме", "Композиция", "Мүсін" пәндеріне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектебінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Оқу-шығармашылық мақсат пен міндеттерді құру "Сурет салу", "Кескіндеме", "Композиция", "Мүсін" пәндері бойынша баланың білімді қайталауы және жаңа материалдарды бекітуін қарастырады. Тақырыптық жоспарлар пәнаралық байланыс қағидатын сақтай отырып құрылады. Баланың форманы, кеңістікті қабылдауын, сызықты, түстік таңбаны меңгеруін қалыптастыруға бағытталған сурет салу тақырыбы илеу және сәндік жұмыс сабақтарында өзінің қисындылық көрінісін және дәлелін табады.

      34. Білім алушы көлемді заттарды шынайы салу және кеңістік туралы алғашқы түсініктерді, өнердің түрлері мен жанрлары туралы алғашқы білім алады, академиялық суреттің, кескіндеменің, композицияның негізгі түсініктерін зерттейді, кескіндемелік және графикалық материалдардың қасиетімен танысады, олармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.

      35. Суретте, қағаз бетінде бейнені композициялық орналастыру кезеңінен бастап жұмысты аяқтағанға дейін білім алушы педагогтің көмегімен графикалық бейненің ережелерін, форма құру заңдарын, перспективалық құруды, заттарда сәулені бөлуді меңгереді.

      36. Білім алушы адамның, жануарлардың созылмалы анатомиясы туралы кейбір мәліметтерді алады, фигураны бейнелеуді және адамның портретін жасауды үйренеді. Білім алушы келесі қағида бойынша жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға суретті ретпен жүргізу дағдысын алады, сондай-ақ суреттің ең қарапайымнан ең күрделіге дейін техникалық тәсілдерін меңгереді.

      37. Академиялық сурет салуға оқыту міндетті түрде нобайлармен жүргізетін сабақты қамтиды. Оқу процесінде нобайлар қосымша материал ретінде, жаттығу ретінде қажет, олар оқу процесінде алған білімдерін толықтыруға және дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

      38. Жылдам суреттерді орындау кезінде қабылдаудың өткірлігі, жасампаздық, объектіні көрудің тұтастығы қалыптасады. Нобайлармен және суреттемелермен жұмыс істеу әсерлерді, бейнені бейнелі шешу нұсқаларын, материалдарды, техниканы, тәсілдерді ауыстыруға мүмкіндік береді.

      39. "Кескіндеме" пәнін оқыту білім алушыны дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады, ол көп жағдайда құралдарды зерттеу және форманы құру жүйесін меңгеру деңгейін анықтайды.

      41. "Сурет салу" Бағдарламасының мақсаты: бейнелеу өнерінің құралдары арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      42. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) көркемдік графикалық материалдарды және жұмыс техникасын үйрену;

      2) суреттің көркемдік құралдарымен, заттарды құру негіздерімен, пропорцияларды табумен, суретте көлемді жеткізумен танысу;

      3) сызықтық перспектива ережелерін оқу және алған білімдерін натюрмортта, жаттығуларда және композицияларда қолдану;

      4) бейнелеу сауат ашуы бойынша білімді қалыптастыру;

      5) форманы жеткізу, заттарды үйлестіріп құру дағдыларын, сызықтық перспективаның қарапайым заңдарын, кеңістіктік қатынастарды, графикалық құралдармен сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін меңгеру.

      Дамыту:

      1) бейнелі, көркемдік ойлауды, елестетуді, көру арқылы есте сақтау жадын, көзбен өлшеуді, қиялды дамыту;

      2) қолды жүргізу дағдыларын, әртүрлі материалдардың көмегімен заттардың әртүрлі фактураларын жеткізу дағдыларын дамыту;

      3) бейнелі ойлауды, көркемдік елестетуді, байқампаздықты, шынайылықты, эмоциялық-эстетикалық қабылдауды дамыту;

      4) қоршаған шынайылық пен кескіндеме шығармаларының заттарын, көріністерін көркемдік қабылдау мәдениетін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) қоршаған әлемді тануға қызығушылықты тәрбиелеу;

      2) эстетикалық және көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) еңбекке құрметті, талдау білігін және оқыту процесінде пайда болған қиындықтарды көркемдікпен жеңуге тәрбиелеу.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      43. "Сурет салу" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы сызықтық және әуе перспективаларының ережелерімен, әртүрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеу техникасымен, тұрмыстық заттарды құру және суреттің тоны арқылы көлемді жеткізу ережелерімен танысады;

      2) бейнелетін заттың мазмұнына байланысты қағаз парағының орналасуын таңдау дағдыларын, парақтың өлшеміне сәйкес бейненің көлемін беру, форма, пропорция, құрастыру, кеңістіктің жоспарлығы саласындағы пәндердің мағыналық байланысын жеткізу, бейнені форматта орналастыру, түрлі бағыттағы және сипаттағы сызықтарды салу, тік және горизонталды форматтарды дұрыс таңдау дағдыларын меңгереді.

      44. "Сурет салу" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Дақ. "Суреттің бейнелеу құралдары" түсінігі. "Тірі" дақтарды жасауға арналған жаттығуларды орындау. Дақтардың көмегімен сұлбалық композицияны орындау.

      2-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Сызық. Сызықтың түрлерімен танысу. Сызықтың әр түрлі түрін қолмен түзу сызу дағдыларын меңгеру: тұтас және үзік-үзік, қарапайым және күрделі (сынық, толқын тәрізді, аралас және басқа). Баяу қимылмен және әр түрлі күшпен батырып, тік және ирек сызықтарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Әр түрлі сызықтың түрлерін бейнелеуге арналған жаттығулар. Сызықтық өрнекті құру.

      3-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Тондық дақты құрудың негізгі техникалық тәсілі ретінде штрих туралы түсінік. Формалардың штрихтардың бағытымен байланысы. Штрихтың негізгі түрлері (тор, диагональ, толқын, қарайту және сол сияқты). Әр түрлі бағыттарда тік және доға тәріздес штрихтарды салу техникасын меңгеру. Геометриялық фигураларды штрихтау (квадраттар, үшбұрыштар, ромбтар, тікбұрыштар). Квадратты штрихтау бойынша жаттығу. Зейінді, шыдамдылықты, назарын шоғырландыруды және ұқыптылықты дамыту.

      4-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. "Тон" түсінігі. Ашық және күңгірт түстер, тондық салыстырулар. Тондық созы, геометриялық сәндік композицияны орындау.

      5-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Бейнелеу өнеріндегі "нүкте" түсінігі. "Пуантилизм" техникасы түсінігі. Нүктелермен тондық созылуларды орындау. "Тонды көруді" дамыту. Тондық қатынастарды жеткізе отырып, "пуантилизм" техникасында нүктелердің көмегімен геометриялық сәндік композицияны орындау.

      6-тақырып. Түрлі-түсті гельді қаламдармен жұмыс істеу техникасы. Түрлі-түсті гельді қаламдармен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Негізгі жұмыс тәсілдерімен, түстерді араластыру тәсілдерімен және тондарды (тонды созу) өзгертумен танысу. Түстерді дақтармен, штрихтармен араластыруға арналған жаттығуларды орындау. Түстердің созылуын және оларды араластыруды жеткізе отырып, түрлі-түсті гельді қаламдармен композицияны орындау.

      7-тақырып. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу техникасы. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Жұмыстың негізгі тәсілдерімен танысу: түстерді араластыру және тондарды өзгерту – тондарды созу тәсілі. Түстерді дақпен, штрихмен араластыруға арналған жаттығулар. Композицияны түстердің созылуын және оларды араластыруды жеткізе отырып, түрлі-түсті қарындаштармен орындау.

      8-тақырып. Фломастермен жұмыс істеу техникасы. Фломастермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Жұмыстың негізгі амалдарымен және түстерді араластырудың тәсілдерімен танысу. Штрихтармен немесе нүктелер арасындағы арақашықтықты өзгерту арқылы тонды өзгерту және фактураны жеткізу – тондық созу. Түстерді штрихтармен және нүктелермен араластыруға арналған жаттығуларды орындау. Түстердің созылуын және оларды араластыруды жеткізе отырып, композицияны фломастермен орындау.

      9-тақырып. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу техникасы. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Жұмсақ материалмен жұмыстың негізгі тәсілдерімен және амалдарымен танысу. Жұмсақ материалдың түрлерімен танысу. Суретте фактураны жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Композицияны жұмсақ материалмен орындау.

      10-тақырып. Қара қарындаштармен жұмыс істеу техникасы. Негізгі қасиеттерімен және жұмыс тәсілдерімен танысу. Штрих пен сызғылауды жасау, тонды өзгерту – тонды созу. Қара қарындаштармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге арналған жаттығуларды орындау. Композицияны қаттылығы және жұмсақтығы әртүрлі қара қарындаштармен орындау. Композицияны құру кезіндегі жұмыста тон, штрих, дақты қолдану.

      11-тақырып. Жарықты жеткізу. Жарықтың күші және сипаты туралы түсінік. Тон мен штрихтың көмегі арқылы заттардың формаларын жеткізу. "Жемістер" тақырыбына арналған сызықтық суретті орындау, заттың сипатын және формасын жеткізу. Жасанды және күндізгі жарықты қолданып, тондағы жемістердің суреттемелерін орындау.

      12-тақырып. Сызықтық перспектива. Сызықтық перспектива туралы түсінік. Жиналу нүктесі. Көкжиек сызығы. Заттарды перспективада бейнелеу кезіндегі жұмыстың тәсілдері мен дағдыларын дамыту. Геометриялық денелерді перспективда әр түрлі қырынан құру. Кеңістікті қабылдауды дамыту.

      13-тақырып. Қалалық немесе ауылдық пейзаждың сызықтық перспективалары. Сызықтық перспективаның ережелерін зерттеу бойынша білімдерін бекіту және жетілдіру. Көшелердің, ғимараттардың, транспорттың, соқпақ жолдардың, теміржол төсемдерінің фрагменттерін үйлестіріп құру. Жиналатын нүктесіне қарай заттардың өлшемдерін өзгерту.

      14-тақырып. Заттарды құру. Симметрияның осі. Заттарды үйлестіріп құру туралы түсінік. Заттарды құру кезеңдерімен танысу. Симметрия, симметрияның тік осі туралы түсініктер. Натураға қарап жұмыс істеу: цилиндр мен тобатайды (бидон) барлық осьтері мен қосымша сызықтарын сала отырып құру.

      15-тақырып. Заттардың пропорциялары. Заттардың пропорциялары туралы түсінік. Көру тәсілімен танысу (пропорцияларды өлшеу тәсілі). Жаттығуларды орындау: әртүрлі формадағы тұрмыстық заттарды натураға қарап құрастыру. Негізгі пропорцияларды орындау. Барлық осьтерді және қосымша сызықтарды орындап заттарды құру. Көру тәсілі арқылы пропорцияларды салыстыру.

      16-тақырып. Жарықтан көлеңкеге біртіндеп өрбу. Сәуле мен көлеңке және жарты тондар туралы түсінік. Тұрмыс заттарының құрылымы. Заттардағы сәуленің көлеңкеге біртіндеп өрбуін дұрыс орналастыру (қоңыр түстегі ақ дақ, сәуле, күңгірт көлеңке, жеке көлеңке, рефлекс, құлама көлеңке).

      17-тақырып. Заттардың материалдылығын жеткізу. Сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін тереңірек зерттеу. Қарапайым тұрмыстық заттардың тондық суреттемелерін орындау. Тон мен штрихтың көмегі арқылы заттардың формаларын, материалдылығын жеткізуді оқыту.

      18-тақырып. Натюрмортпен жұмыс істеудің реті. Натюрмортпен жұмыс істеудің кезеңдері туралы түсінік. 2-3 қарапайым тұрмыстық заттардан құралған натюрмортты орындау. Натюрмортпен жұмыс жүргізудің реті туралы түсінік.

      19-тақырып. Сәндік натюрморт. Графикадағы "Сәндік натюрморт" түсінігі. Сәндеу заттарының негіздері туралы түсінік. Елестетуі бойынша натюрмортты құру, заттардың құрылымын орындау, сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігінің градациясы. Заттарды сәндеу. Фактуралық штрихтардың көмегі арқылы көлемді жеткізу.

      45. "Сурет салу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сызықтық және әуе перспективаларының ережелерін біледі және қолданады;

      2) әр түрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеу техникасын біледі;

      3) тұрмыстық заттарды құру ережелерін және суретте тон арқылы көлемді жеткізуді біледі;

      4) бейнені форматқа орналастыра алады;

      5) әр түрлі бағыттағы және сипаттағы сызықтарды салуды біледі;

      6) кеңістіктің жоспарлығын жеткізуді, алыстағы заттарды жақындағы заттармен оқшаулауды біледі;

      7) тік және горизонталды форматтарды дұрыс таңдауды және қолдануды біледі;

      8) мазмұнына, бейнеленетінге байланысты қағаз бетінің қалпын таңдау дағдыларын біледі;

      9) парақтың өлшеміне сәйкес бейнеленетін заттардың көлемін таңдауды біледі;

      10) форма, пропорция, құрастыру саласындағы мағыналық байланыстарды жеткізе біледі.

      46. "Кескіндеме" Бағдарламасының мақсаты: кескіндеме құралдары арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      47. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) көркемдік қызмет білігі мен дағдыларын, натураға қарап, есте сақтау жады, елестетуі, қиялдауы бойынша бейнелеудің әртүрлі формаларын меңгеру

      2) түстанудың негіздерін меңгеру, түспен жұмыс істеу кезіндегі техникалық білік пен дағдыларды меңгеру;

      3) гуашьпен және акварельмен жұмыстың ерекшеліктерімен танысу;

      4) сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін құру заңдылықтарына сәйкес суретті түстік пысықтауды орындауға оқыту;

      5) жазық формаларды түстерімен түстік қатынастарды жеткізуге үйрету;

      6) сәуле-әуе перспективаларын жеткізу дағдыларына оқыту.

      Дамыту:

      1) білім алушылардың түстік қатынастардың барлық түрлерінде форманы көру және бейнелеу қабілеттерін дамыту;

      2) әртүрлі материалдардың көмегімен заттардың әртүрлі фактураларын жеткізу дағдыларын дамыту;

      3) көркемдік-бейнелі ойлауды, шығармашылық елестетуді, байқампаздықты және көру арқылы есте сақтау жадын дамыту;

      4) байқампаздықты және заттарды қабылдаудың өткірлігін, жұмыстағы дағдыларын дамыту;

      5) түстерді қабылдауды дамыту, түсті сезу сезімін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) кескінге деген танымдық қызығушылықты тәрбиелеу;

      2) заттар мен қоршаған ортаның көріністерін көркемдік қабылдау мәдениетін қалыптастыру;

      3) бейнелеу өнері шығармаларын қабылдау мәдениетін тәрбиелеу.

      48. "Кескіндеме" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы түстану негіздерімен, гуашьтің, акварельдің, гуашьтің қасиеттерімен, "а-ля прима", "дымқыл бойынша" техникаларымен, акварельдегі техникалық тәсілдермен танысады;

      2) қарапайым натюрморттарда сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін жеткізу, натураға қарап сурет салудың композициялық біліктерін меңгеру әрі қарай жалғастырылады, бейнеленетін объектінің мазмұнына байланысты қағаз бетінің орналасуын таңдау, беттің өлшеміне сәйкес заттарды бейнелеу көлемін таңдау және әртүрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеу дағдылары бекітіледі.

      49. "Кескіндеме" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Хроматикалық түстер. Кескіндемені бейнелеу өнерінің түрі ретінде түсіну. Түстің физикалық табиғаты және оның негізгі қасиеттері. "Күн спектрі" түсінігі. Сәндік композиция түрінде түстік шеңберді орындау. Негізгі түстер, олардың қасиеттері және мәндері. Палитраларды міндетті түрде қолданып, негізгі үш түсті механикалық араластыру жолымен құрамдас түстерді алу.

      2-тақырып. Ахроматикалық түстер. "Ахроматикалық түстер" және "Гризайль" түсінігі. Гуашьтің көмегімен тонды жасауға арналған жаттығулар, қара және ақ бояуды қолдану. Тондық созуларды орындау. Тондардың әртүрлілігін қолданып гризайль техникасында сәндік композицияны орындау.

      3-тақырып. Қатаң және ұяң түстер. Жергілікті түстер туралы түсінік. Кескіндемедегі қатаң және ұяң түстер туралы түсінік. Түстің ашықтығы мен қанықтылығы туралы түсінік. Ақ және қара бояулардың әртүрлі мөлшерлерінде жергілікті түстерді араластыруға арналған жаттығуларды орындау. Түстердің тонын өзгертуге арналған сәндік композицияларды орындау.

      4-тақырып. Жылы және суық түстер. Түстік гамма туралы түсінік (колорит). Түстерді ретімен механикалық түрде араластыру жолымен кең жылы және суық гаммаларды алуға арналған жаттығулар. Күрделі құрамдас реңтерді алу. Әртүрлі түстік гаммаларда сәндік композицияларды орындау.

      5-тақырып. Кереғар және жақын түстер. Түстік кереғарлық және нюанс туралы түсінік. Кереғар және жақындатылған түстер жұбы.Жұптарды құруға арналған жаттығуларды орындау. Сәндік мәнерде суық фонда жылы реңктік алманың этюді. Сәндік мәнердегі жылы тондағы жылы реңктік алманың этюді.

      6-тақырып. Гуашь. Гуашьтің қасиеттері және түрлері. Гуашьпен жұмыс істеу техникасы. Гуашьпен жұмыстың техникалық тәсілдері. Араластыру және жағындыны жағу әдісі. Пейзаждарды орындау.

      7-тақырып. Акварель. "А-ля прима" техникасы. Акварельді бояулар. Қасиеттері мен сипаттары. Жұмыстың техникалық тәсілдері мен әдістері. Акварельді бояуларды араластыру. Акварельді бояулармен жағындыларды жағу. "А-ля прима" техникасы туралы түсінік. "А-ля прима" техникасында акварельмен жұмыс істеу тәсілдері. "А-ля прима" техникасында сурет салу. "А-ля прима" техникасындағы акварельмен орындалған этюд.

      8-тақырып. Акварель. Акварельмен жұмыс істеудегі техникалық тәсілдер: бояуды құю, лессировка – бояуды бірінің үстіне бірін жағу. Акварель техникасының тәсілдерін меңгеру. Жаттығуларды орындау.

      9-тақырып. Акварель. Акварельдің "дымқыл бойынша" техникасы туралы түсінік. "Сулы" әсерін жасау. "Дымқыл бойынша" техникасында жаттығуларды орындау. Жаңа жыл тақырыбына арналған этюдті орындау. Шығармашылық жұмыста бояулардың көмегі арқылы көңіл-күйді жеткізу.

      10-тақырып. Аралас техника. Көркемдік материалдармен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Акварельді басқа да көркемдік материалдармен араластыруға арналған жұмыстар сериясын орындау. Үйлесімділігі және көркемдік мәнерлігі: акварель және гуашь; акварель және гельді қаламдар; акварельжәне фломастерлер; акварель және жұмсақ материал.

      11-тақырып. Кескіндемедегі сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі. Кескіндемеде сәуле мен көлеңкені жеткізу тәсілдері. Түстердің өзара байланысы. Түстік рефлексия. Заттардың түстерінің өзара әсер етуі, түстік қатынастар. Түстердің өзара әсер етуі негізіндегі түстік қатынастардың кескіндемеде берілуі. Этюдті орындау. Заттың жарығын және көлеңкесін жеткізу. Натураға қарап этюдтерді салу. Бір тондағы перделерде қарапайым тұрмыстық заттарды салу.

      12-тақырып. Пуантилизм. Кескіндемедегі пуантилизм. Осы техникада түстерді оптикалық араластыру. Жаттығуларды орындау. Нүктелермен тонды созу. Түстерді оптикалық араластыру. Этюдті орындау. Жарық тонды және түстік қатынастарды жеткізу.

      13-тақырып. Кескіндемеде заттардың көлемін акварель арқылы жеткізу. Көлем мен сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі түсінігі. Суретте сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі арқылы заттардың көлемін жеткізуге тырысу. Екі-үш тұрмыстық заттан тұратын натюрмортты натураға қарап гуашьпен орындау.

      14-тақырып. Кескіндемеде акварель арқылы заттардың көлемін жеткізу. Натураға қарап екі-үш тұрмыстық заттардан акварельмен натюрмортты орындау.

      16-тақырып. Сәндік натюрморттағы сәуле мен көлеңкенің үйлесуін бөлу. 2-3 тұрмыстық заттан құралған натюрмортты натураға қарап сәндік стильде орындау. Натюрмортты орындаудың реті. Сәндік натюрморттағы сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін бөлуді анықтау. Жазықтықты сәндеу, заттардың формаларын тасымалдау, натураға қарап колористік тұтастықты сақтау.

      50. "Кескіндеме" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) түстанудың негіздерін біледі;

      2) түстің эмоциялы-мағыналық мәнін түсінеді;

      3) гуашьпен және акварельмен жұмыстың негіздерін, олардың қасиеттерін біледі;

      4) жазықтықта кеңістіктікті жеткізе алады;

      5) қарапайым натюрмортта сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін жеткізуді біледі;

      6) бейнені форматта орналастыруды біледі;

      7) суретті натураға қарап орындаудың композициялық біліктеріне ие болады;

      8) мазмұнына, бейнеленуіне сәйкес қағаз бетінің қалпын таңдауды біледі;

      9) парақтың өлшеміне қарай бейнеленетін заттың көлемін таңдай алады;

      10) бейнеленетін заттың мазмұнына байланысты қағаз бетінің орналасуын таңдауды біледі;

      11) әртүрлі материалдармен жұмыс істей біледі.

      51. "Композиция" Бағдарламасының мақсаты: білім алушыға бейнелеу өнерінің құралдарын практикалық жұмыста сауатты қолдануды үйрету.

      52. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) композиция негіздерімен, бейнелеу материалдарымен және орындау техникаларымен таныстыру;

      2) картиналық жазықтықты меңгеру;

      3) түстің эмоциялық сипаты, композицияны бейнелі түрде құрудағы, жағдайды, көңіл-күйді, бейнені құрудағы оның рөлі туралы білім алу;

      4) беттің кеңістігін ұйымдастыру, заттардың формасын, конструкциясын, түсі мен көлемін жеткізу дағдыларына оқыту;

      5) қажетті теориялық білімді, композиция негіздерін меңгерудегі практикалық білік және дағдыларды қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) бейнелі ойлауды, шынайылықты шығармашылықпен қайта түсіну дағдыларын дамыту;

      2) балалардың елестетуін, қиялын, көркемдік байқампаздығын, дербестігін дамыту;

      3) композиция тілінің көркемдік-мәнерлік ерекшеліктерін түсінуді дамыту;

      4) әр түрлі техникаларда әртүрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) шынайылықты үйлесімділікпен қабылдау сезімін тәрбиелеу;

      2) көркемдік талғамды, стиль сезімін тәрбиелеу;

      3) тұтас, үйлесімді, дарынды тұлғаны тәрбиелеу.

      53. "Композиция" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "композиция", "композициядағы формат" түсініктерімен, бейнелеу құралдарымен, композицияның негізгі ережелерімен, композициядағы сюжеттік-композициялық орталықты белгілеу тәсілдерімен танысады;

      2) есте сақтау жады бойынша сюжеттік композицияны орындау бойынша білімді меңгеру, тік, горизонтальды және квадрат формадағы композициялар, ритмикалық композициялар, симметрияға арналған композициялар, асимметриялық композициялар, таңдалған колоритта қозғалысты, жоспарлықты, көңіл-күйді жеткізуге арналған композицияларды меңгеру жалғастырылады;

      3) сәндік композицияны құру тәсілдері, сәндік натюрмортты стильдеу тәсілдері, сәндік пейзажды салу, әйнекке сәндік көркем сурет салу, сәндік портретті жасау меңгеріледі.

      54. "Композиция" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Композицияны көркемдік шығарманы құрудың негізгі заңдылықтарын, ережелерін, тәсілдерін қамтитын жүйе ретінде түсіну. Композицияның негізгі қағидаттары, түрлері және жанрлары. Станокты композиция туралы түсінік. Есте сақтау жады бойынша сюжеттік композицияны орындау.

      2-тақырып. Бейненің форматы және өлшемі. Композицияның әр түрлі форматтары туралы түсінік. Жазықтықты ұйымдастыру, бейненің форматын және өлшемін таңдау. Тік, горизонтальді және квадрат форматтарында үш композицияны орындау. Елестетуі бойынша форманың горизонтальді немесе тік бағытында анық көрінетін жануарларды салу.

      3-тақырып. Бейнелеу құралдары: сызық, дақ, фон. Композицияның мәндік және колористикалық шешіміндегі сызықтың, дақтың және фонның рөлі. Мейірімді және қатыгез бейнені құруға арналған бейнелеу құралдары. Түсті таңдау арқылы мейірімді жне қатыгез бейнені эмоциямен қабылдауды көрсету. "Ертегі кейіпкерінің портреті" композициясын орындау.

      4-тақырып. Бейнелеу құралы: сұлба (силуэт). Сұлбаны анықтау. Графикалық орындаудың ерекшеліктері. Контражурдағы сұлбасына тән ерекшеліктерді жеткізу. "Терезе" композициясын орындау.

      5-тақырып. Ритм – композицияның негізгі элементтерінің бірі. Бейнелеу өнеріндегі ритм. Беттің жазықтығын мәнерлі қолдану, заттардың ритмикалық орналасуын табу. Теңдестірілген композиция. Болжамды тақырыптар: "Қоңыр күз", "Балықтар бейнеленген теңіздің түбі", "Толқындар", "Қалың орман".

      6-тақырып. Симметрия – композицияның негізгі ережелерінің бірі. Табиғаттағы композиция. Симметрияның түрлері және оларды қолдану. Симметрия – композициядағы тепе-теңдікке қол жеткізудің қарапайым тәсілі. Симметрияға арналған композицияны орындау. Геометриялық фигуралардан симметрияға арналған композицияны құру.

      7-тақырып. Асимметрия – композиция ережелерінің бірі ретінде. Асимметриялық композицияны құрастыру – композициядағы күрделі тәсіл. Тепе-теңдікке қол жеткізу асимметриялық композицияны құрастыру кезеңіндегі ең маңызды кезеңдердің бірі.

      8-тақырып. Статика. Статикалық композиция. Анықтамалар, мысалдар. Тыныштықты, қимылдамауды жеткізуге арналған композицияны орындау. Болжамды тақырыптар: "Түс", "Кітап оқу", "Тыныштық", "Тымық".

      9-тақырып. Динамика. Динамикалық композиция. Анықтамалар, мысалдар. Қозғалысты жеткізуге арналған композицияны орындау. Болжамды тақырыптары: "Би", "Спорт", "Жел", "Кометаның ұшуы".

      10-тақырып. Кеңістік, оның қасиеттері. Кеңістіктің жоспарлығы. Әуе және сызықтық перспектива. Әуе перспективасының әсерінен түстің өзгеруі. Алыстайтын (суық және күңгірт) және жақындайтын (жылы және ашық) түстер. Жоспарлықты көрсетуге арналған пейзажды композицияны орындау. Жоспарлығы қанық ерекшеленген пейзаждың этюдтері.

      11-тақырып. Композициядағы колорит. Түстің сипаты және композицияны бейнелі құрудағы оның рөлі. Композициядағы кереғарлық және нюанс түсініктері. Түстік үйлесім. Таңдалған колоритте көңіл-күйді жеткізуге арналған композицияны орындау. Болжамды тақырыптар: "Мұң", "Жалғыздық", "Қуаныш", "Мереке".

      12-тақырып. Сюжеттік-композициялық орталық. Композицияда сюжеттік-композициялық орталықты ерекшелеу тәсілдері. Өлшем, тон, түс. Ертегіге арналған иллюстрацияны орындау.

      13-тақырып. Кіріспе сабақ. Сәндік композицияны құру құралдары. Сәндік композицияны құру тәсілдері. Көбелектің бейнесін орындау (сызықтық, тональдік, фактуралық және түстік).

      14-тақырып. Стильдеу. Сәндік натюрмортты стильдеу тәсілдері. Бейнедегі элементтердің композициялық тұтастығы. Анықтамалар, мысалдар.

      15-тақырып. Форманы және оның эмоцияналды бояғын тасымалдау. Табиғи формаларды сәндік формаларға айналдыру. Заттың созылмалы мәнерін сақтау. Елестетуі бойынша сәндік композицияны орындау. Болжамды тақырыптар: "Көңілді алмұрттар", "Маңғаз шәйнек", "Көңілсіз үтік".

      16-тақырып. Сәндік натюрморт. Сәндік натюрморт туралы түсінік. Сәндік натюрмортты стильдеу тәсілдері. Шынайы бейненің сәнді және абстрактілі бейнеден айырмашылығы. Заттардың жаңа формаларын жасау кезіндегі тұрмыстық формаларды тасымалдау және стиль беру. Сәндік натюрмортты орындау.

      17-тақырып. Сәндік пейзаж. Сәндік пейзаж, оның ерекшеліктері туралы түсінік. Әр түрлі бағыттағы пейзаж жанрындағы туындылар мысалында шынайы бейнені сәндік және абстрактілі бейнелерден ажырату. Сәндік пейзажды орындау.

      18-тақырып. Өрнек. Өрнектің формасын жасау тәсілдері. Әртүрлі формадағы ыдыстардан құралған сәндік натюрмортты орындау. Ыдыстарға өрнекпен көркемдік сурет салу.

      19-тақырып. Кітаптардың дизайны. Кітаптардың мұқабасын дайындау. Кітаптың дизайнының оның ішкі мазмұнына сәйкестігі. Кітап мұқабасының дизайны. Кітаптың мұқабасын дайындау бойынша жұмыс.

      20-тақырып. Витраж – монументалды-сәндік өнердің түрі. Әйнекке көркем сурет салу. Материалда витражды орындау. Витражға арналған бояулармен жұмыс істеу.

      21-тақырып. Коллаж – бейнелеу өнеріндегі техникалық тәсіл ретінде. Коллажды орындау.

      22-тақырып. Сәндеу. Заттарды, ғимараттарды көркемдеп сәндеу. Эксклюзивті әшекейді құру мүмкіндігі ретінде бөтелкелерді сәндеу. Сәндеуді орындау.

      23-тақырып. Портреттегі көркемдік бейне. Портреттік өнердің стилі. Портретті-бейнені орындау реті. Мәнерлеудің графикалық құралдары Натурашының "портрет-бейнесін" салу. Портретін салып жатқан адамның сырқы келбетін және бетін зерттеу және бейнені қабылдау әсерін күшейту үшін оны қандай да бір тарихи кезеңмен, мамандықпен немесе кейіпкермен салыстыру.

      Портретін салушыны және оған сәйкес келетін атрибуттарды орналастыру арқылы бетте жеңіл композициялық құрылым жасау. Сипаттық ерекшеліктерді, бейненің сәуле мен жарықтың үйлесімділігін нақтылау. Көркемдік бейнені жалпылау.

      24-тақырып. Сәндік портрет. Портрет жанры. Портретті сәндік композициялаудың көркемдік тәсілдері. Сәндік портетті жасау. Беттің негізгі пропорциялары. Беттің құрылымының сызбасы. Адамның жағдайын жеткізетін портреттің эскизін салу. Түсті, стильді, техниканы, бейнені таңдау.

      55. "Композиция" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бейнелеу өнерінің әр түрлі түрлерін және жанрларын біледі;

      2) композицияның заңдары мен ережелерін біледі;

      3) композиция құру тәсілдерін біледі;

      4) сәндік композицияның тәсілдерін, ерекшеліктерін және стильдерін біледі;

      5) жазықтықта кеңістікті жеткізе алады;

      6) бейнені форматқа орналастыра алады;

      7) композицияның орталығын белгілей алады;

      8) сурет және кескіндеме дағдыларын композицияда қолдана алады;

      9) сюжетті өз бетінше таңдай алады;

      10) композициямен жұмысты сауатты түрде және ретпен жүргізе алады;

      11) композицияның негізгі заңдары мен ережелерін практикада қолдана алады;

      12) бейнені композициялық тұрғыда ұйымдастыру дағдыларына ие болады;

      13) әр түрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады;

      14) бетті бейненің элементтерімен үйлесімді түрде толтыра алады;

      15) заттардың мағыналық байланыстарын сюжеттік суреттерде жеткізе алады.

      56. "Мүсін" Бағдарламасының мақсаты: өнердің пластикалық түрлеріндегі дағдылар мен пәндік құзыреттерді қалыптастыру.

      57. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) созылмалы материалдармен жұмыстың әртүрлі техникасымен танысу;

      2) мүсіндеудегі стильдеу амалдарын меңгеру;

      3) геометриялық фигура, заттардың пропорциясы, кеңістіктік құрылым, созылмалы композиция түсініктерімен танысу;

      4) мүсіндеудің түрлерімен, дөңгелек және бедерлі мүсінмен жұмыс істеудің ерекшеліктерін зерделеу;

      5) сымды каркасты дайындау технологиясымен танысу;

      6) созылмалы бейнелер мен композицияларды жасау арқылы балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      Дамыту:

      1) көлемді-кеңістіктікті ойлауды және форма сезімін дамыту;

      2) созылмалы түрлілік негізінде композициялық және қисынды оайлауды дамыту;

      3) натураға қарап және есте сақтау жадына сүйеніп мүсіндеу кезінде ерекшеліктерін, дене тұрысын, көлемі мен пропорциясын жеткізу үшін бақылау дағдыларын дамыту;

      4) білім алушының елестетуін, қиялын, шығармашылық белсенділігін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) шынайылыққа, өнерге эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;

      2) мәдени мұраға құрметті тәрбиелеу;

      3) өй-өрісін кеңейту.

      58. "Мүсін" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы мүсін түсінігімен, көлемді мүсіннің ерекшеліктерімен, созылмалы материалдармен, бедермен жұмыс істеуге арналған плинтті әзірлеумен, әр түрлі пластикалық материалдармен жұмыс істеу дағдыларымен танысады;

      2) білім алушы көлемді жануарды сомдау техникасын, жануарлардың фигураларын, бедердегі пейзажды, саз балшықтан жасалған кескіндемені, түрлі-түсті ермексаздан және тұзды қамырдан панно орындауды, адам мен жануардың құрылымының ерекшеліктерін меңгереді.

      59. "Мүсін" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Мүсін түсінігі. Геометриялық денелерден сомдауды орындау. Геометриялық денелерді жемістерге айналдыру.

      2-тақырып. Көлемді жануарды сомдау. Көлемді мүсіннің ерекшеліктерін зерттеу. Көрнекілік материалдарды оқу. Жануарлардың фигурасын сомдау.

      3-тақырып. Бедердегі пейзаж. Мүсінді бедердегі жұмыстың ерекшеліктері. Бедер және оның түрлері. Көрнекілік материалдарды зерттеу. Пейзаждың эскиздерін дайындау, плинта әзірлеу. Бейнені "алып қою" тәсілімен плинтке орналастыру дағдыларын меңгеру. Пейзажды сомдау. Мүсіндік бедердегі бірінші және екінші план түсініктері.

      4-тақырып. Ермексаздан жасалған кескіндеме қолданбалы өнердің түрі ретінде. Ермексаздан жасалған кескіндеме техникасының тәсілдері мен амалдары. Ермексаздарды араластыру, бір түстен келесі түске біртіндеп көшу. Алдын ала жасалған эскиз бойынша ермексаздан жасалған кескіндеме техникасындағы пейзажды орындау.

      5-тақырып. Сәндік панно. Барельеф және мүсін туралы терең түсінік. Түрлі-түсті ермексаздан және тұзды қамырдан панно жасау.

      6-тақырып. Жаңа жылдық ойыншықтарды жасау. Сәндік ұсақ пластика. Тұзды қамырдан көлемді кәдесыйды жасау. Тұзды қамырдан тоңазытқышқа жабыстыруға арналған магниттерді, брошкаларды, ұсақ ойыншықтарды жасау.

      7-тақырып. Саз балшықтан жасалған ойыншық. Созылмалы материалмен – саз балшықпен танысу. Саз балшықтан жасалған ойыншық сәндік өнердің түрі ретінде. Саз балшықтан жасалған ойыншықпен, оның тарихымен және түрлерімен танысу. Саз балшықтан жасалатын ойыншықтың эскизін сызу және оны әрі қарай материалмен іске асыру.

      8-тақырып. Саз балшықтан жасалған тостаған, ыдыс. Саз балшықтан жасалатын тостаған мен ыдыстың эскизін жасау және оны әрі қарай материалмен жасау. Мысал ретіндегі нұсқа – "Қарындаш салғыш".

      9-тақырып. Натюрморт. Жаңа материалмен – мүсіндеуге арналған ермексазбен танысу. Натураға қарап көшірілетін элементтерге тән ерекшеліктер мен пропорцияларды жеткізу дағдыларын дамыту. Ермексаздың көмегімен заттарға көлем беру.

      10-тақырып. Өрнекті жасау. Жолақтағы, шеңбердегі, квадраттағы және көпбұрыштағы өрнекпен танысу. Өрнектік композицияны бедерде сомдау. Таңдалған форматта өрнекті үйлестіру. Берілген форматтағы өрнектің композициясы мен ритмі.

      11-тақырып. Бедерде жануарды сомдау. Бедердегі жануардың мүсіні. Жануардың пропорциясын, оның көлемін, бедердің биіктігінің өзгеруі есебінен қысқарту перспективаларын жеткізу.

      12-тақырып. Каркаспен жануарды мүсіндеу. Сымнан жасалған каркас. Каркаста мүсінді сомдаудың кезеңдері. Көлемдер мен массаларды бөлу. Жануарлардың құрылымының ерекшеліктерін жеткізу.

      13-тақырып. Адамның пропорциясы. Адам фигурасының негізгі пропорцияларын зерттеу. Ересек адамның фигурасының пропорициясының баланың фигурасынан ерекшелігі. "Мен және менің достарым" тақырыбына арналған адамдардың тобын мүсіндеу.

      60. "Мүсін" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында он-он бір жастағы білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мүсіннің бейнелеу құралдарын біледі;

      2) каркасты құру ережелерін біледі;

      3) әртүрлі пластикалық материалдардың сипатын біледі;

      4) көлем мен массаны дұрыс бөлуді біледі;

      5) затты жан-жақтан көлемді түрде көре алады;

      6) қарапайым қозғалысты жеткізуде фигураның орналасуын ескере алады;

      7) адам мен жануарлардың құрылымының ерекшеліктерін жеткізуді біледі;

      8) әртүрлі пластикалық материалдармен жұмыс істеуді біледі;

      9) бедермен жұмыс істеу үшін плинтті әзірлеу дағдыларына ие болады;

      10) каркасты әзірлеу дағдыларына ие болады;

      11) натураға қарап көшірілетін элементтердің сипаттық ерекшеліктері мен пропорцияларын жеткізу дағдыларына ие болады.

      61. Он-он бір жастағы балалар үшін дайындық сыныбының Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) бейнелеу бойынша сауат ашу негіздерін;

      2) әр түрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен ережелерін;

      3) бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын;

      4) түстану негіздерін;

      5) сызықтық және әуе перспективаларының негіздерін;

      6) композицияны құру тәсілдерін;

      7) форматтың әртүрлі түрлерін және оларды заттарды құру үшін жұмыста қолдануды;

      8) дөңгелек мүсін мен бедердің бейнелеу құралдарын біледі.

      Түлек:

      1) әр түрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеуді;

      2) тұрмыстық заттарды құруды және суретте және кескіндемеде көлемді жеткізуді;

      3) композицияның орталығын ерекшелеуді;

      4) натюрмортпен және сюжеттік композициямен жұмыс істеу кезінде сызықтық және әуе перспективаларының ережелерін қолдануды біледі.

      Түлекте:

      1) композицияны құру;

      2) түспен жұмыс істеу;

      3) көлем мен кеңістіктікті жеткізу;

      4) бедермен жұмыс істеу үшін плинтті әзірлеу;

      5) дөңгелек мүсін жасау үшін сымдық каркасты әзірлеу;

      6) қисынды және бейнелі ойлау дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      62. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – портфолио, байқауларға, көрмелерге қатысу түрінде іске асырылады.

      63. Білім алушының портфолиосы шығармашылық қызметтің өнімдерінің фото, бейнесуреттерін, өз шығармашылығының өнімдерін, өзін өзі талдау материалдарын, сызбаларды, иллюстрацияларды, эскиздерді, балалар шығармашылығы байқауларының фотосуреттерін қамтиды;

      64. Көрме қызметі сабақтың маңызды қорытынды кезеңі болып табылады: бір күндік көрме әр сабақтың соңында талдау мақсатында өткізіледі, тақырыптық көрмелер – тарауларды, тақырыптарды оқу нәтижесі бойынша; білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытынды көрмесі оқу жылының аяғында ұйымдастырылады.

      65. Педагог оқу жылының соңында білім алушыға мінездеме береді, табыстары, мақсатқа ұмтылу, орындаушылық, ұқыптылық, адалдық, көркемдік елестерінің болуы сияқты жеке сипаттамалары ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
50-қосымша

Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің бейіндік сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептері және балалар өнер мектептерінің бейіндік сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бейіндік сынып пәндеріне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) басты түйісу нүктесі – суреттің жазықтығына перпендикуляр (қарама-қарсы) жатқан барлық тік сызықтар түйісетін, көкжиек сызығындағы нүктені білдіретін термин;

      2) бейнелеу өнеріндегі бүрмелеу – киімдердегі және маталардағы қатпарлардың орналасуын және жалпы сипатын білдіретін термин;

      3) бейнелеу өнеріндегі көкжиек, көкжиек сызығы – сурет салушының көз деңгейін білдіретін шартты тік сызық;

      4) бейнелеу өнеріндегі жанр –жалпы ортақ тақырыптарды сипаттайтын термин;

      5) графика – бейнелеу өнерінің бұқаралық түрі, оның сипаттық ерекшелігі суреттің бір сарында орындалуы, ығни сызықтармен немесе сәуле мен көлеңкенің үйлесімімен орындалуы болып табылады;

      6) интерьер – ішкі архитектуралық формаларды бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      7) кереғарлық – екі өлшемнің қарама-қайшылығы: өлшемі, қимылы;

      8) композиция – суретшінің ойын мейлінше түсінікті және әсерлі ететін көркемдік шығарманың мақсатты құрылымы;

      9) модель – суретшіге натураның қызметін атқарған жанды және жансыз объектілер;

      10) модельдеу – сәуле мен көлеңкенің үйлесімділік градациясы арқылы заттар әлемінің көлемді-пластикалық және кеңістіктік қасиеттерін жеткізу;

      11) натура — суретін модель ретінде қарап отырып бейнелейтін өмірдегі жанды және жансыз заттар;

      12) натурщик – жұмыс кезінде суретшінің алдында бір қалыпта қозғалмай тұратын адам;

      13) натюрморт – суретшінің комозициямен құрған заттардың тобы және оларды суретте бейнелеуі;

      14) нобай – есте сақтауы бойынша немесе натураға қарап жүйрік және жылдам орындалған графикалық, кескіндемелік немесе мүсіндік бейне;

      15) өнер – көркемдік кескіндемелік, графикалық немесе мүсіндік бейнелердегі шынайылықтың шығармашылық көрінісі;

      16) пейзаж – табиғатты суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      17) портрет – белгілі, нақты адамды бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      18) пропорции – тұтастықтың белгілі сипатына сәйкес келетін зат формаларының, бөліктерінің көлемінің қатынасы;

      19) ракурс – перспективадағы заттың немесе адамның жеке бөліктерінің қысқаруы бірден байқалатын бейне;

      20) ритм – тұтас шығарманың қалыпты, заңдылықты құрылуына алып келетін элементтердің алмасуы, өлшемділігі;

      21) сурет технологиясындағы бекіту (фиксация, белгілеу) – суретті сақтау мақсатында қағаздың бетін арнайы өңдеуді білдіретін термин;

      22) суреттеме – мейлінше маңызды жұмыс немесе жаттығу үшін материал жинау мақсатында натураға қарап орындалатын сурет;

      23) түпнұсқа – автордың өзі ойлап тапқан және орындаған көркем шығарма;

      24) штрих – қолдың бір қимылымен орындалатын және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      25) эскиз – мейлінше ірі жұмысқа дайындықтың нобайы болып табылатын көмекші сипатындағы көркемдік шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: көркемдік білім алуға, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оларды бейнелеу өнері саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына оқуға түсуге дайындауға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) бейнелеу сауатының негіздерін терең және мақсатты оқыту;

      2) сурет техникасын, сурет салу тәртібін, заттар мен кеңістікті бейнелеу дағдыларын игеру;

      3) майлы кескіндеме техникасын меңгеру;

      4) өндірістік графика негіздерін меңгеру;

      5) компьютерлік графика және дизайн негіздерін үйрену;

      6) функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейіне қол жеткізу.

      Дамыту:

      1) бейнелеу өнерінің құралдары арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) шығармашылық елесті, кеңістіктік ойлауды, эстетикалық сезімін және әсемділікті түсінуін дамыту;

      3) көркемдік талғам мен бағалау өлшемдерін рухани-адмгершілік және эстетикалық идеалдар мәнмәтінінде қалыптастыру;

      4) мектеп ортасын эстетикалық ұйымдастыру және безендіру үшін әр түрлі көркемдік материалдармен және құралдармен практикалық жұмыстың негізгі мәдениетін меңгеру;

      5) білім алушылардың танымдық қызметін ынталандыру.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік мәдениетке араластыру;

      2) кәсіби өзін өзі анықтауы;

      3) араласудың әлеуметтік ортасын құру;

      4) ел мәдениетінің тарихына құрметті тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бір жыл. "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Компьютерлік графика" пәндері бойынша апталық оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы –8 адамнан кем емес және 15 адамнан артық емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) бейнелеу көркемдік қызметі бойынша білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері және әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – бейнелеу өнерінің мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі саналылық және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Комьютерлік графика" пәндеріне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – тұтас шығарманы мұқият пысықтау үшін ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектебінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагогтің Бағдарламадан өз сыныбындағы білім алушысының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдап алуына мүмкіндігі бар.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Ең алдымен күрделі тапсырмалар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      34. Оқу-шығармашылық мақсат пен міндеттерді құру "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Компьютерлік графика" пәндері бойынша баланың білімді қайталауы және жаңа материалдарды бекітуін қарастырады. Тақырыптық жоспарлар пәнаралық байланыс қағидатын сақтай отырып құрылады.

      35. Бейіндік сыныпта білім алушының кескіндеме мәдениеті мен техникалық дағдыларының белгілі деңгейі бекітіледі. Кескіндемемен жұмыста педагог басты назарды натурамен жұмыс істеудегі композицияның рөліне аударады.

      36. "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Компьютерлік графика" пәндерінің пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      46. Бағдарламаны іске асыруды оқыту пәнінің бейініне сәйкес келетін арнайы кәсіби (орта және жоғары) білімі бар педагогикалық кадрлар қамтамасыз етеді.

      37. "Сурет" Бағдарламасының мақсаты: бейнелеу сауаты негіздерін оқуға, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың өзін өзі кәсіби анықтауына жағдай жасау.

      38. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) терминдерді меңгеру;

      2) гипстік капительді, гипстен жасалған геометриялық денелерді, фоны бар және заттары тон бойынша қойылған натюрмортты меңгеру;

      3) гипсті геометриялық денелерді салу білімін, білігін және дағдыларын бекіту;

      4) адамның бас сүйегін бірнеше қырынан, гипсті адамның бас сүйегін, адамның гипсті анатомиялық фигурасын, адамның анатомиялық басын суреттеуді меңгеру;

      5) көлемді, форманы, заттардың нақты конструкциясын, олардың орналасқан планын анықтап материалдылығын, фактурасын жеткізу дағдылары қалыптасады;

      6) натураға қарап және есте сақтауы бойынша қоршаған әлемнің заттарын графикалық құралдармен сауатты бейнелеу білігін дамыту;

      7) техникалық және шығармашылық міндеттерді шешу негізінде суретте көркем бейнені құру білігін қалыптастыру;

      8) дайындама материалдармен жұмыс істеу дағдысын алу: нобайлармен, суреттемелермен, эскиздермен.

      Дамыту:

      1) көркемдік-бейнелі ойлауды, көру арқылы есте сақтау жадын, кеңістікті елестетуді, бейнелеу қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, көркемдік елестетуді, байқампаздықты, шынайылықты эмоциялық-эстетикалық қабылдауды дамыту;

      3) қоршаған ортаның заттарын, көріністерін көркем қабылдау мәдениетін қалыптастыру;

      4) суретті суретшінің шығармашылық, дизайнерлік жұмысының шығармашылық қызметі негізінде қарастырып, оған деген байсалды көзқарасты қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) қоршаған әлемді тануға қызығушылықты тәрбиелеу;

      2) эстетикалық және көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу, мәдениет құндылықтарына сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      39. "Сурет" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) адамның бас сүйегін, адамның гипсті бас сүйегін, адамның гипсті анатомиялық фигурасын, натурщик ер адамның жартылай жалаңаш фигурасын салу дағдылары қалыптасады;

      2) білім алушы перспективадағы қарапайым көлемді формаларды салуды, фоны бар және заттар тонға бөлінген гипсті геометриялық денелерден тұратын натюрмортты салуды игереді, гипсті геометриялық денелдерді, гипсті капителилерді салу бойынша білімі, білігі және дағдылары бекітіледі.

      40. "Сурет" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Перспективадағы сызықтар мен жазықтықтарды бейнелеу (натураға қарап жұмыс істеу). Көкжиек сызығын және параллель түзулердің қиылысу нүктесін анықтау бойынша жаттығулар.

      2-тақырып. Қарапайым көлемді формаларды перспективада бейнелеу. Натурамен жұмыс істеу. Ортаңғы және бұрыштық перспективаның әртүрлі қалыптарында геометриялық денелерді көз деңгейінде үйлестіріп құру. Ортаңғы және бұрыштық перспективаның әртүрлі қалыптарында геометриялық денелерді көз деңгейінен төмен үйлестіріп құру. Ортаңғы және бұрыштық перспективаның әртүрлі қалыптарында геометриялық денелерді көз деңгейінен жоғары үйлестіріп құру.

      3-тақырып. Фонын және заттарды тонға бөле отырып гипсті геометриялық денелерден тұратын натюрмортты салу. Гипсті геометриялық денелерді салу білімін, білігін және дағдыларын бекіту. Заттардың бейнелерін парақ бетінде үйлестіру, форматты таңдау. Суретте перспективаның негізгі ережелерін қолдану. Заттарды жазықтықта сауатты үйлестіру. Сұр фон. Жарық жоғарыдан бір жақ қырынан түсірілген.

      4-тақырып. Гипсті капителиді салу (ионикалық, дорикалық ордер). Форманы сәл ғана сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін қоланып құрастыру.

      5-тақырып. Көздің деңгейінде адамның бас сүйегін екі қырынан салу. Бас сүйектің пластикалық ерекшеліктері. Бас сүйек перспективасы және үш деңгейлігі, конструкциялық ерекшеліктері. Алдыңғы жақтың және қырдың жазықтығы. Пропорция және симметриялық. Бейнені парақ бетінде үйлестіру. Адамның бас сүйегін бірнеше қырынан салу. Сызықтық – конструктивтік құрылым.

      6-тақырып. Адамның анатомиялық бас сүйегінің суреттемесі (экорше) немесе адамның бас сүйегінің анатомиялық кестесімен жұмыс. Сызықтық – конструктивтік құрылым.

      7-тақырып. Адамның гипсті бас сүйегін салу. Сызықты – бастың жалпы формасы жеңіл ғана сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігімен модельденген конструктивтік құрылымы.

      8-тақырып. Адамның бас сүйегінің құрылысымен, адам фигурасының бұлшы еттік құрылысымен танысу, анатомиялық кестелермен жұмыс.

      9-тақырып. Адамның гипсті анатомиялық фигурасын салу.

      10-тақырып. Адамның гипсті фигурасын салу (Венераның кеуде мүсіні).

      11-тақырып. Қол білектерінің гипсті көшірмелерін салу.

      12-тақырып. Табандардың гипсті көшірмелерін жасау.

      13-тақырып. Натурщик ер адамның жартылай жалаңаш фигурасын салу.

      15-тақырып. Емтихан жұмысы. "Адамның қолдарымен жартылай фигурасы" этюд.

      41. "Сурет" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сызықтың, тонның, формалардың пластикасының, суретте дақтар мен штрихтарды салу ерекшеліктерін біледі;

      2) түстік үйлесімділік пен колориттің заңдылықтарын біледі;

      3) материалда жұмыс істеудің түрлі техникаларын біледі;

      4) заттардың формасын, пропорциясын, көлемдерін жеткізу, сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігін, перспективалар мен кеңістіктік қатынастарды қолдану дағдыларына ие болады;

      5) түспен жұмыс істеу, кеңістіктік-әуе ортасы жағдайындағы түстік қатынастарды жеткізу дағдыларына ие болады;

      6) есте сақтауы бойынша натурамен жұмыс істей алады;

      7) пропорцияларды және сәуле мен көлеңкенің үйлесімділік қатынасын анықтай алады;

      8) бейнеленетін заттар мен беттердің фактурасын жеткізе алады;

      9) сызықтық және әуе перспективалары бойынша білімін қолдана алады;

      10) қойылым мен бейненің жалпы тондық құрылымын талдай алады;

      11) маталардың негізгі түрлері мен қатпарларының формаларын модельдеу қағидаттарын біледі;

      12) форма мен кеңістіктікті қабылдау дағдыларын меңгереді;

      13) адамның басын сала алады;

      14) киімдегі адамның фигурасын сала алады;

      15) заттың бөлшектерінің конструкциясын және заттың материалдылығын жеткізе алады;

      16) қалыптасқан дағдылары негізінде күрделендірілген кеңістіктік шешімде қойылымдарды бейнелей алады;

      17) заттардың әсемдігін көре алады, суретте өзінің эмоциялық көзқарасын жеткізе алады;

      18) қойылымның көркемдік-графикалық бейнесін құру үшін өзінің ойын іске асыра алады.

      42. "Кескіндеме" Бағдарламасының мақсаты: кескіндемелік сауат білімін және практикалық дағдыларын алуға, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға. олардың өзін өзі кәсіби анықтауына жағдай жасау.

      43. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) кескіндемені майлы бояулармен орындау техникасын, мастихин қолданылатын кескіндеме техникасын меңгеру;

      2) натюрмортта заттардың материалдылығын жеткізудің практикалық дағдыларын меңгеру;

      3) қиғаш сызықтардан құралған тұрмыстық заттардан натюрмортты салуды меңгеру;

      5) натюрмортты адамның гипсті басынан, натурщиктің иық тұсынан бастап басының этюдін, "Венераның" кеуде мүсіні бейнеленген тақырыптық натюрмортты салуды меңгереді.

      Дамыту:

      1) жеке ой-өрісін және бейнелеу техникалық тәсілдерінде бағдарлана алу білігін дамыту;

      2) түс арқылы кеңістік пен форманы жеткізу білімін, білігін және дағдыларын қалыптастыру;

      3) заттардың түстік және тондық қатынастарының кереғарлығын бейнелеу дағдыларын бекіту;

      4) эстетикалық қабілеттерін және табиғаттағы және өмірдегі әсемдікті қабылдау қажеттіліктерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік талғамды және көркемдік қызметке деген шығармашылық көзқарасты тәрбиелеу;

      2) көркемдік мәдениеттің әлемдік және отандық үздік үлгілері негізінде тұлғаны дамыту;

      3) білім алушының шығармашылық маңыздануы және кәсіби бағдарлануы.

      44. "Кескіндеме" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) орындауға қойылатын талаптардың жоғарылығымен натюрмортті орындау,, натюморттардың тақырыптық сипаты болады және үстелдегі немесе едендегі қатпарланған матаның фонына қойылады, қойлымдардағы заттардың саны төртке дейін ұзартылады;

      2) кеңістіктік қатынасты, қойылымның жарығын ескеріп, заттардың көлемі мен материалдылығын жеткізуде макималды аяқталғандықты талап етіледі;

      3) түс арқылы заттардың сапалы сипаттарын жеткізу білігін, түсті сауатты басқару, натюрморттағы кеңістік пен тереңдікті шешу қалыптасады.

      45. "Кескіндеме" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Майлы кескіндеменің материалдары және техникасы. Майлы бояуларды араластыру бойынша жаттығулар және бояуды жағу техникасы: қара-ақ қоспалар (гризайль); негізгі түстерден алынатын қоспалар.

      2-тақырып. Гризайль (май) техникасында формасы және бояуы қарапайым екі-үш заттан құратын натюрморттың этюді.

      3-тақырып. Әртүрлі материалдардан жасалған заттардан тұратын натюрмортының этюді: ағаш, шыны, метал, гипс және сол сияқты. Әртүрлі қалыптағы екі-үш этюд. Материал: май, кенеп, картон, қылқаламдар, мастихин.

      4-тақырып. Формасы мен материалы бойынша әртүрлі, бейтарап фондағы түстері бойынша кереғар үш-төрт заттан тұратын натюрморт. Форматы 40х50. Материалы: май, кенеп, картон, қылқаламдар.

      5-тақырып. Мастихинмен жұмыс істеу техникасын зерделеу. Мастихин техникасында жаттығуларды орындау (алма, саптыаяқ және сол сияқты), А 4 (11 формат) форматы. Кенеп, картон.

      6-тақырып. Мастихинмен жеңіл формадағы қарапайым заттардан құрылған натюрморт, 2-3 мата, А4 форматы (11 формат). Кенеп, картон.

      7-тақырып. Мастихинмен орындалған ұлттық стильдегі натюрморт. Форматы 40х50 см, май, мастихин, кенеп, картон.

      8-тақырып. Белгілі түстегі кереғар фонда орналасқан 2-3 заттан тұратын гипсті бас пен бетперде натюрморты. Форматы 50х60. Материалы: май, кенеп, қылқалам, мастихин.

      9-тақырып. Натущиктің иық белдеуіне дейінгі бастың этюді (гризайль). Өлшемі 30х40, 12 форматы, май.

      10-тақырып. "Венераның" кеуде мүсіні бейнеленген тақырыптық натюрморт (интерьердегі өнердің бұйымдары). Өлшемі 50х60, кенеп, май.

      11-тақырып. Ұлттық костюмдегі фигруа (этюд) немесе тақырыптық қойылым. Өлшемі 55х65 см, картон немесе кенеп, май.

      12-тақырып. Емтихан жұмысы: натюрморт. Өлшемі 55x65, кенеп, май.

      46. "Кескіндеме" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гризайль техникасында формасы және реңкі қарапайым екі-үш заттан тұратын натюрморттың этюдін сала алады;

      2) әртүрлі материалдардан жасалған екі-үш, үш-төрт заттан тұратын натюрморттың этюдін, әртүрлі қалыпта орнасқан этюдтерді сала алады;

      3) формасы және материалы бойынша әртүрлі, бейтарап фондағы түсі бойынша кереғар үш-төрт заттан тұратын натюрмортты сала алады;

      4) заттардың фактурасын жеткізу үшін қылқаламдарды және мастихинді қолдана алады;

      5) мастихинмен жеңіл формадағы қарапайым заттардан тұратын натюрмортты, ұлттық нақыштағы натюрмортты сала алады;

      6) майлы кескіндеменің технологиясын, техникасын, кескіндеме жұмыс істеудің ретін (алғашқы бояулардан аяқтау кезеңіне дейін) біледі;

      7) күрделі түстерді алу үшін бояуларды механикалық араластыру дағдыларына ие болады;

      8) кескіндемелік шығармаларды колориттік тұрғыда талдай алады;

      9) акварельді және гуашь бояуларымен, түрлі түсті қарындаштармен немесе пастельмен натураға қарап, есте сақтау жады бойынша және елестетіп сала алады;

      10) сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі арқылы заттардың формаларының сипаттық ерекшеліктерін жеткізе алады және түстің жарықтың түсуіне байланысты болатындығын түсінеді;

      11) кескіндемедегі колориттік тұтастыққа қол жеткізе алады;

      12) композицияның, түстанудың, сызықтық және әуе перспективаларының заңдарын қолдану бойынша дағдыларға ие болады;

      13) шығармашылық жұмыстарда бейнелі және кескіндемелі-пластикалық шешімдерді аша алады;

      14) сурет пен кескіндеменің бейнелеу-мәнерлік құралдарын қолдана алады;

      15) әртүрлі көркемдік материалдар мен техниканы қолданады.

      47. "Композиция" Бағдарламасының мақсаты: композицияның дәстүрлі базалық заңдарын үйрету арқылы білім алушы тұлғасының көркем-эстетикалық дамуына жағдай жасау.

      48. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) қаріппен, эскизделген қаріппен, әріп элементтерімен, жазбалармен, қаріпке қойылатын негізгі талаптармен танысу;

      2) кітап графикасымен, қаріптік композицияны қолданып мұқабаның эскизін, иллюстарциялық-қаріптік плакаттың эскизін құрумен танысу;

      3) композицияның негізгі элементтері, көркем форманы құру заңдылықтары туралы білімді кеңейту;

      4) дайындама материалдарды жинау және жүйелеу қағидаттарына және шығармашылық ойды іске асыруда оларды қолдануға оқыту;

      5) композиция бойынша жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

      6) композициялық жұмыстарда композицияның мәнерлік құралдары арқылы алған білідерін қолдану: ритм, сызықтар, сұлба, үндестілік, үндестілік пластикасы, түс, кереғарлық;

      7) кескіндеменің құралдарын, кескіндеменің бейнелеу-мәнерлік мүмкіндіктерін қолдану дағдыларын меңгеру;

      8) әр шығармашылық міндетке кескіндемелік-пластикалық шешімдерді таба білу.

      Дамыту:

      1) бейнелі ойлауды, шынайылықты шығармашылықпен қайта түсіну дағдыларын дамыту;

      2) елестетуді, қиялды, көркемдік байқампаздықты, дербестікті дамыту;

      3) композиция тілінің көркемдік-мәнерлік ерекшеліктерін түсінуді дамыту;

      4) әртүрлі техникада әр түрлі материалдармен жұмыс істеу техникасын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) шынайылықты үйлесімді қабылдау сезімін тәрбиелеу;

      2) көркемдік талғамды және стиль сезімін тәрбиелеу;

      3) тұтас, үйлесімді, дарынды тұлғаны тәрбиелеу;

      4) өзін өзі анықтауда және болашақ мамандықты таңдауда психологиялық көмек көрсету.

      49. "Композиция" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) композицияның негізгі элементтері, көркем форманы құрудың заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушы кітап графикасы негіздерімен, безендіру жұмыстарының ерекшеліктерімен танысады, плакаттың иллюстартвиті-қаріптік эскизін салу дағдыларын меңгереді.

      50. "Композиция" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Платкаттық қаламұшпен жазу техникасы бойынша алғашқы жаттығулар.

      2-тақырып. Салынған қаріптер.

      Қаріпке қойылатын негізгі талаптар. Миллиметрлік қағаздарға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Эскизделген қаріппен, трафареттермен танысу.

      4-тақырып. Әріптердің элементтері.

      Жазбалар. Барлық элементтерді ескере отырып, плакаттық қылқаламдармен жаттықтыру жаттығулары.

      5-тақырып. Қаріптің тариххынан қысқаша мәліметтері.

      Латын және орыс қаріптері. Плакаттық қаламұшпен орындалатын жаттығулар.

      6-тақырып. Кітап графикасындағы қаріптік композиция.

      Кітап графикасы. Кітап мұқабасының эскизі. Кітап мұқабасының эскизін салу.

      7-тақырып. Плакат өнері.

      Иллюстративті-қаріптік плакаттың эскизі: саяси, экологиялық, жарнамалық, театр, цирк афишасы және сол сияқты. Плакаттың эскизімен жұмыс.

      8-тақырып. Өндірістік графиканың негіздері.

      Планшеттерде эскиздерді құру – бір ахроматикалық статикалық композицияның түпнұсқасы. Планшетте эскизді құру (бір ахроматикалық динамикалық композицияның түпнұсқасы). Планшетте композицияның эскизін құру (бір ахроматикалық динамикалық композицияның түпнұсқасы);

      9-тақырып. Портрет.

      Адамның бейнесінің шығармашылық негіздері. Шығармашылық портретті құру (портрет-картина). Белдік бейне. Жарты фигура. Фигура.

      10-тақырып. Натюрморттың композициясы.

      Тақырыптық натюрморт. Болжамды тақырыптар: "Менің мамандығым", "Демалыс", "Нан, молшылық", "Мереке", "Адам және оның әлемі".

      51. "Композиция" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) эскиздегі өндірістік графиканың негіздерін біледі;

      2) бейнені композициялық үйлестірудің заң және ереже негіздерін біледі;

      3) қаріптік жұмысты орындаудың ережелерін біледі және қолданады;

      4) шығармашылық жұмыстың әдістемелік ретін біледі және сақтайды;

      5) әртүрлі гарфикалық жіне кескіндемелік техниканы, көркемдік материалмен жұмыстың техникалық тәсілдерін бәледі;

      6) табиғи материалдардан тұратын натюрмортты құра алады;

      7) композицияның барлық заңдарын біледі және қолданады;

      8) өзінің болашақ композициясын орындау үшін материалдар мен техниканы өз бетінше таңдайды;

      9) ритм, сызық, сұлба, үндестілік, тондық пластика, түс, композициялық жұмыстардағы кереғарлы туралы білімдерін қолданады;

      10) әрбір шығармашылық міндет үшін кескіндемелік-пластикалық шешімдер таба алады.

      52. "Компьютерлік графика" ағдарламасының мақсаты: компьютерлік графика және дизайн құралдарымен тұлғаны шығармашылық дамытуға жағдай жасау.

      53. Бағдарламаның міндеттері:

      1) пән бойынша теориялық білімді меңгеру, алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдану;

      2) компьютерлі графика және дизайн құралдарын меңгеру арқылы визуалды бейнелерді құру қағидаттарын, ережелері мен тәсілдерін меңгеру;

      3) компьютерлік сурет салу құралдарына және оларды шығармашылық өзін өзі танытуына үйрету;

      4) графикалық дизайн тілін, оның ерекеліктерін оқыту.

      Дамыту:

      1) техникалық дағдыларды, дизайнерлі білікті дамыту;

      2) білім алушының жаңа технологиялық ортадағы көркемдік-практикалық дағдыларын дамыту;

      3) көркем-орындаушылыққа және жобалық қызметке қабілетін дамыту;

      4) білім алушының визуалды мәдениеттн, кеңістіктік елестетуін, көркемдік және ассоциативті ойлауын, эстетикалық тәжірибесін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) компьютерді меңгеру арқылы өзін өзі танытуға және оның көмегімен жасампаздық қызмет атқаруға талпынуын тәрбиелеу;

      2) компьютердегі жұмысының нәтижесі үшін жеке жауаптылығын тәрбиелеу.

      54. "Компьютерлік графика" пәнінің Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы 3D-Max [3 Д-Макс] технологиясын, көрінетін терезелердің конфигурациясын, түрлерді басқаруды, өлшем бірліктердің;; "Жасау"/"Create" [Грит], "Өзгерту"/"Modify" [Модифи] белгілерін, негізгі объектілердің белгілерін (примитивтер және кеңейтілген примитивтер); командалар және объектілерде жүргізілетір операцияларды - "Объектілерді ерекшелеу"/"Select object" [Селект обжэкт], "Тізімдегі объектілерді белгілеу"/"Select By Name" [Селект бай нейм], "Ауыстыру"/"Select and Move" [Селект энд Мув], "Айналдыру"/ "Select and Rotate" [Селект энд ротет], "Көру"/"Isolate" [Изолет], "Объектілерді қатыру"/"Lock" [Лок], "Объектілерді көшіру"/"Copy" [Копи], "Объектілерді топқа біріктіру"/ "Group" [Груп], "Арту"/"Merge" [Мэрдж]; қарапайым модельдеуді, қисынды операцияларды, стандартты емес геометриялық фигураларды құруды меңгереді;

      2) қарапайым модельдеуді, сплайндарды, "Түйісуі бойынша құру"/"Loft" [Лофт], модификаторларды "Айналдыру"/"Lathe" [Лейз], "Сығу"/"Extrude" [Экструд], "Nurbs қисықтары"/"NURBS Curves" [Нербс Карвес], "Сыртқы қабы"/"Shell" [Шэл], "Тор"/"Lattice" [Латис], "Бүгу"/"Bend" [Бэнд], "Еріту"/"Melt" [Мэлт], "Бұрау"/"Twist" [Твист], "Желіні тегістеу"/"Smooth" [Смуз], "Симметрия"/"Symmetry" [Симметри], материалдар редакторін, стандартты материалдарды, текстуралық картаны, "Карта ОСМ"/"UVW Map", жарықтың түрлерін, түсті бекітуді, жарықтандыру күшін, көлеңкелерді бапқа келтіру, камераны құру және баптау, камераны ауыстыру, көріністі визуалдауды баптау.

      55. "Компьютерная графика" оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. 3D-Max [3 Д-Макс] технологиясына кіріспе. Жұмыс аймағымен танысу. Көрінетін терезелердің конфигурациясы. Объекліредің көрінетін терезелерде бейнеленуі. Түрлерді басқару. Өлшем бірлік. Білім алушыны бағдарламаның графикалық ортасынаенгізу.

      3D-Max [3 Д-Макс] технологиясын кіріспе. Жұмыс аймағымен танысу. "Құру" белгісі. "Өлгерту" белгісі. Объектілерді ерекшелеу. Объектілерді басқару. Бағдарламаны құрал-саймандарын таныстыру. Шәугімді салу, "Құру"/"Create" [Грит], "Өзгерту"/"Modify" [Модифи] белгілері арқылы суретке өзгерістер, толықтырулар енгізу.

      2-тақырып. Командалар және объектілердегі операциялар. Объектілерді клондау. Объектілерді топқа біріктіру. Дайын объектілерді импорттау, эскпорттау. "Жүктеу"/"Merge" [Мэрдж] командасы. Көшіруді, клондауды, объектілерді топтастыру.

      3-тақырып. Қарапайым модельдеу. Қисынды операциялар. Стандарттылар негізінде құрамдас объектілерді алу тәсілдері. Стандартты емес геометриялық объектілерді құру.

      Қарапайым модельдеу. Қисынды операциялар дағдысын практикада бекіту. Қисынды операциялар арқылы ұсынылған геометриялық фигураларды жасау.

      Қарапайым модельдеу. Сплайндар. "Формалар"/"Shapes" [Шейпс] бөлімі. "Loft" [Лофт] құрамдас объект. Сплайндық модельдеуді үйрену және әрі қарай "Loft" [Лофт] объектсіні құру.

      Қарапайым модельдеу. Сплайндар. "Формалар"/"Shapes" [Шейпс] бөлімі. "Айналдыру"/"Lathe" модификаторы. Қолдану нұсқалары. Сплайндық модельдеуді үйрену және әрі қарай "Айналдыру"/"Lathe" [Лэйз] объектсіні құру.

      Қарапайым модельдеу. Сплайндар. "Формалар"/"Shapes" [Шейпс] бөлімі. модификаторы. Қолдану нұсқалары. Сплайндық модельдеуді үйрену және әрі қарай "Езу" объектсіні құру.

      Қарапайым модельдеу Nurbs қисықтары. "Формалар"/"Shapes" [Шейпс] бөлімі. Nurbs қисығы түсінігі. Матаны жасаудың қарапайым тәсілі. Перденің тігінен ілініп тұрған матасын жасау.

      Қарапайым модельдеу. Nurbs [Норбс] қисықтары. "Формалар"/"Shapes" бөлімі. Орамалды, дастарханды модельдеуде "Nurbs [Норбс] қисығы" техникасын қолдану нұсқасы. Материалдардың алуан түрлерін модельдеу.

      Қарапайым модельдеу. Модификаторлар. Модификаторларды зерделеу: сүйеніш, тор. Практикада қолдану нұсқалары. Модификаторларды қолдану.

      Қарапайым модельдеу. Модификаторлар. Модификаторларды зерделеу: бүгу, еріту, бұрау, желіні тегістеу. Практикада қолданылатын нұсқалары. Дайын объектілерде модификаторларды қолдану.

      Қарапайым модельдеу. Практикум. Модельдеу тәсілдері бойынша объектілерді талдау. Үстелге арналған эскизді әзірлеу.

      Қарапайым модельдеу. Практикум. Қарапайым модельдеу білімін және білігін бекіту. Үстелді, дастарханды, орындықтарды модельдеу.

      Қарапайым модельдеу. Білім мен білікті дамыту. Жайылған үстелді модельдеу.

      4-тақырып. Материалдар. Материалдар редакторы. Стандартты материалдардың негізгі баптаулары. Материалды түсіну.

      Материалдар. Материалдар редакторы. Дайын материалдар. "Карта ОСМ" /"UVW Map" модификаторлары.

      Материалдар. Материалдар редакторы. Текстуралық карталарды қолдану. Материалды өз бетінше жасау. Карталарды қолдану тәсілі және баптау.

      Материалдар. Графикалық редакторлерде өздерінің жеке текструралық карталарын жасау. Растрлық графикалық редакторларда тігіссіз материалдарды жасау.

      5-тақырып. Жарық және камера. Жарықтың түрлері. Түсті, жарық күшін, көлеңкені бекіту. 3D-Max-тағы жарық түсінігі. Жарық көздерін құру, әрі қарай күйге келтіру.

      Жарық және камера. Баптау. Орнын ауыстыру. Камераларды ауыстыру. Камераны құру және баптау.

      6-тақырып. Визуалдау. 3D-Max-тағы [3 Д-Макс] визуалдау түсінігі. Визуалдауды баптау. Шығарудың өлшемдерін өзгерту. Сақтау жолы. Көріністі визуалдауды баптау.

      Визуалдау. Практикум. Интерьерді текстуралау, жарықтандыру, визуалдау негіздерін зерделеу. Әзірленген үстелге текстураны салу. Көрініске жарық беру. Визуалдау.

      7-тақырып. Қорытынды жоба. Идеяларды әзірлеу. Эскиз. Кезеңдерді жоспарлау. Таңдалған стильде бөлменің эскизін әзірлеу.

      Қорытынды жоба. Идеячны әзірлеу. Интерьердің бөлшектерінің эскизі. Комнатаның стиліне сәйкес келетін интерьердің бөлшектерінің эскиздерін әзірлеу.

      Қорытынды жоба. Өлшемдері бойынша ғимаратты үлгілеу. Көріністі үлгілеу. Көріністі модельдеу. Өлшем бірліктерді қою. Ғимаратты модельдеу.

      Қорытынды жоба. Ғимараттың безендіру элементтерін модельдеу. Жақтауларды, терезелерді, қия беттерін, есіктерді модельдеу.

      Қорытынды жоба. Жихаздарды модельдеу. Сөрелерді, дивандарды, үстелдерді, орындықтарды модельдеу.

      Қорытынды жоба. Безендірулерді модельдеу. Камераны орнату және күйге келтіру. Шамдардың, картиналардың, құмыралардың, мүсіншелердің эскизін құру.

      Қорытынды жоба. Сахнаны текстуралау. Барлық объектілерге арналған текстураны әзірлеу және түсіру.

      Қорытынды жоба. Жарықты модельдеу. Жарықты орнату. Жарықты орнату және күйге келтіру.

      Қорытынды жоба. Көріністің барлық элементтерін, кезеңдерін тексеру. Визуальдаудың өлшемдерін бекіту.

      Қорытынды жоба. Көріністі визуалдау. Растрлық редакторда бейнені сақтау және модельдеу.

      56. "Компьютерлік графика" пәні бойынша Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      "Компьютерлік графика" пәні бойынша бейіндік сыныпта оқу жылының ішінде білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) 3D-Max [3 Д-Макс] бағдарламасының графикалық ортасын біледі;

      2) шығармашылық жобаларды орындау кезінде "құру", "өзгерту" белгілерін біледі;

      3) қарапайым объектілерді құрады, өзгертеді, көшіреді, клондайды, топтастырады;

      4) стандартты және стандарттық емес геометриялық объектілер негізінде құрамдас объектілерді алу тәсілін біледі;

      5) қисынды операциялардың көмегімен ұсынылған геометриялық фигураны құрады;

      6) әрі қарай "Loft" [Лофт], "Айналу", "Сығу" объектілерін құратындай сплайндық модельдеуді біледі;

      7) маталардың алуан түрлерін үлгілеуде "Nurbs [Норбс] қисықтары" техникасын қолдануды біледі;

      8) модификаторларды және оларды практикада қолдану нұсқаларын біледі;

      9) растрлық графикалық редакторлерде тігіссіз материалдарды құрады;

      10) текстуралау, сәуле түсіру, 3D-Max [3 Д-Макс] визуалдау дағдыларына ие болады;

      11) бөлменің эскизін дайындайды (идеяны әзірлеу, кезеңдерді, бөлшектерді жоспарлау, өлшем бірлікті бекіту, өлшемдері бойынша ғимаратты модельдеу, жақтауларды, терезелерді, құламаларды, есіктерді модельдеу, сөрелерді, үстелдерді, орындықтарды модельдеу, сәндеуді модельдеу, шамдарды, картиналарды, құмыраларды, мүсіншені модельдеу, жарықты бекіту және күйге келтіру, визуалдаудың өлшемдерін бекіту);

      12) растрлық редакторде бейнелерді модельдеу және сақтау;

      13) графикалық бейнелермен жұмыстың заманауи компьютерлік технологиялары саласындағы ақпараттық мәдениетті қалыптастырады;

      14) компьютерге, шығармашылық, жасампаздыққа, өз қажеттіліктерін іске асыру үшін қажетті құрал ретінде қараудағы өз қызметін талдайды;

      15) әрі қарай практикалық қызметті жүргізуге қажетті білім мен практикалық дағдыларға ие болады;

      16) графикалық ақпаратты өңдеудің заманауи компьютерлік әдістеріне ие болады;

      17) компьютерлік өңдеу, графикалық ақпарат саласындағы практикалық білімді өз бетінше алу дағдыларына ие болады;

      18) өзінің жеке графикалық жобаларын әзірлейді;

      19) графикалық планшетпен жұмыс істей алады.

      57. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) түстанудың, сәулелі әуелік және сызықтық перспективалардың заңдарын;

      2) функционалды сауаттың қажетті деңгейін біледі.

      Түлек:

      1) қойылған міндеттерді өз бетінше шешеді және олады көркемдік іске асырады;

      2) натураға қарап және есте сақтауы бойынша қоршаған әлемнің заттарын (обхектілерін) сауатты және бейнелі бейнелеуді;

      3) композициямен жұмыс істеу кезінде елестетулерін және қиялдарын іске асырады;

      4) көркемдік міндеттерді шешу үшін білімін сауатты және түсініп қолданады;

      5) қызметтің бірнеше түрін үйлестіреді жіне оларды сабақтан тыс іс-шараларда қолданады;

      6) алған білімдерін практикада қолдануды біледі.

      Түлекте:

      1) танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктері;

      2) көркемдік қызметке деген тұрақты уәждемелері;

      3) әртүрлі көркемдік материалдарды, техникаларды және жанрларды меңгеру дағдылары;

      4) бейнелеу өнерінің шығармаларын түсініп қабылдау дағдылары;

      5) байқауларға, фестивальдерге, көрмелерге қатысу дағдылары;

      6) жеке жіне ұжымдық шығармашылық қызмет дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      58. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың жұмыстарына қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) бірінші тоқсанда – "Сурет" пәні бойынша емтихан ("Қолдары бейнеленген адамның жартылай фигурасы" этюді);

      2) екінші тоқсанда – "Кескіндеме" пәні бойынша емтихан (қорытынды жоба "Натюрморт". Жобаның тақырыбы білім алушының таңдауы бойынша. Өлшемі 55х65, кенеп, майлы бояу);

      3) үшінші тоқсанда – "Компьютерлік графика" пәні бойынша емтихан (білім алушының таңдауы бойынша қорытынды жоба);

      4) төртінші тоқсанда – "Композиция" пәні бойынша емтихан (білім алушының таңдауы бойынша қорытынды жоба "Натюрморт композициясы"). Жобаның тақырыбы.

      72. Көркемдік білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және байқаулардан және көрмелерден алған бағаларынан тұрады.

      Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – этюдпен өз бетінше жұмыс істеуі, жұмыстың тұтастығы, аяқталуы максималды деңгейдегі заттардың көлемі мен материалдылығын жеткізуі, заттардың әртүрлі қашықтықтарда орналасуын жеткізу білігі, қойылымның көркемдік бейнесін жеткізуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – оқу жымысына қойылатыр талаптарды толық орындамауы, жұмысты жүргізу барысында қателіктердің жіберілуі; этюдке түстік өң беруінің жеткіліксіздігі, түспен жұмыс істеудің аяқталмағандығы, кеңістікті жеткізудегі қателіктері;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – алған білім, білік және дағдыларын дұрыс қолдана алмауы, жұмысты орындаудағы ұқыпсыздығы, үйлестіруді, этюдті колористикалық өңдеуді аяқтамауы және өрескел қателер жіберуі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – оқу жұмысы талаптарының сақтамауы, жұмысты жүргізудегі өрескел қателер.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
51-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ариозо – төменгі формалардан және дауыс партиясындағы үлкен әуендік мазмұнды темптегі речитативтен, үлкен қызығушылықпен және аккомпанемент күрделілігімен ерекшеленетін жоғары речитативті форма;

      2) баркарола – венециялық гондольерлердің халық әні;

      3) барокко – он жетінші – он сегізінші ғасырлардағы еуропа мәдениетінің сипаттамасы;

      4) диапазон – дауыстың (аспаптың) ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстық көлемі;

      5) динамика – қозғалыс күйі, әрекеттегі факторлардың әсерінен пайда болған қандай да бір көріністің даму үрдісі, өзгерісі;

      6) динамикалық ерекшеліктер – музыканы орындаудың қаттылық деңгейін анықтайтын музыкалық термин;

      7) диссонанс – гармонияның, әуенділіктің музыкалық бұзылуы, екі немесе одан да көп сәйкес келмейтін тондардың бір уақытта дыбысталуы;

      8) затакт – келесі тактінің бірінші бөлігінің алдындағы тактінің толық емес бөлігі;

      9) кантата – жеке орындаушыларға, хорға және оркестрге арналған вокалдық-аспаптық шығарма;

      10) консонанс – музыкадағы бірнеше дыбыстың жарасымды үйлесуі;

      11) қол ұстасып айналып жүру – драмалық әрекеттің элементтерінен құралған, ескі халықтық бұқаралық айналып жүріп орындалатын ғұрыптық биі;

      12) марш – адамдардың әскерлік жүріске тән, сымбатты қимылдарымен сүйемелденетін музыканың түрі;

      13) мелодия – музыкалық фактураның бір (монодияда жалғыз) дауыспен орындалады, музыка теориясында композициялық-техникалық және тұтаст лад болып табылады;

      14) метр – ритмикалық құрылымдардың шағын композицияларға дейінгі көлемін анықтайтын шама;

      15) монодия – басты фактуралық ерекшелігі бір дауыстық болып табылатын музыкалық құрылым;

      16) музыка теориясындағы дыбыстар қатары – жоғарылау немесе төмендеу тәртібі бойынша орналасқан дыбыстардың реті;

      17) музыкалық форма – музыкалық шығарманың құрылымын сипаттайтын көп мағыналы музыкалық термин;

      18) мюзикл – музыкалық-театрлық сахналық жанр, музыкалық, драмалық, хореографиялық және опера өнерін қамтитын шығарма және көрсетілім;

      19) ноктюрн – он тоғызыншы ғасырдың басында кең таралған армандау сипатындағы лирикалық пьесалардың аталуы;

      20) оратория – хорға, жеке орындаушыларға және оркестрлерге арналған ірі музыкалық шығарма;

      21) полифониялық музыка – екі немесе одан көп дауыспен дыбысталатын музыка, сондай-ақ әрбір дауыстың өзінің құрылымдық және динамикалық дамуы бар анық көрсетілген жеке сызық;

      22) прелюдия – музыкалық шығармаға кіріспе;

      23) постмодернизм – жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырма бірінші ғасырдың әлемдік қоғамдық өмірі мен мәдениетіндегі құрылымдық ұқсас көріністерді білдіретін термин;

      24) регистр – бір ғана тәсілмен шығарылатын, сол себепті тембрі бірдей әншілік дауыстың дыбыстарының белгілі жоғары қатарын алатын қатар; бірыңғай тембрмен сипатталатын әртүрлі музыкалық аспаптардың диапазонының бөліктері; ішекті клавишалық аспаптарда дыбыстың күші мен тембрін өзгерту үшін қолданылатын құрылғы;

      25) ритм – музыканы уақытта ұйымдастыру;

      26) рондо – басты тақырыпты (рефрена) бірнеше рет өткізу бір бірінен айрықшаланатын эпизодтармен алмасатын музыкалық форма;

      27) серенада – біреуге арналып айтылатын музыкалық композиция;

      28) симфония – оркестрге арналған музыкалық шығарма;

      29) синкопа – тактінің күшті бөлікті акцентінің әлсізге ауысуы, яғни ритмикалық акценттің метрикалыққа сәйкес келмеуі;

      30) такт – мейлінше күшті бөлігінен басталып, келесі күші жағынан бірдей тең бөліктен аяқталатын музыкалық метрдің бірлігі;

      31) тактілік ерекшелік – ноталық станды кесіп өтетін және бір тактіні келесі тактіден бөлетін тік сызық;

      32) тембр – жоғарылығы, қаттылығы және ұзақтығымен қатар музыкалық дыбыстың ерекше сипаттамасының бірі;

      33) үзік-үзік ритм – келесі, мейлінше әлсіз бөлікті екі есе қысқарту есебінен тактінің бөлігін жарты ұзақтыққа ұзарту кезінде пайда болатын ырғақтық сурет;

      34) үшдыбыстылық – терция бойында орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      35) фактура – музыкалық құрылымдардың бірінде (көп дауысты) көп дауысты музыкалық композицияны ресімдеудің әдеттегі тәсілі;

      36) штрих – дыбысты құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі);

      37) шумақ – әуеннің бір шумағынан және қайырмасынан тұратын әннің бөлігі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: музыканы өнердің түрі ретінде түсінуді қалыптастыру негізінде тыңдау мәдениетін және музыканы қабылдауды тәрбиелеуге жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық сауат негіздеріне оқыту;

      2) музыкалық терминдерді меңгеру;

      3) алғашқы музыкалық түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру;

      4) білім алушылардың музыка мен хореография өнерінің байланысын түсіну үшін қажетті теориялық базаны құру;

      5) әншілік және бишілік жанрдағы музыка мәдениетінің тарихи даму жолдары туралы тұтас түсінікті қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) тыңдау мәдениетінің негіздерін және музыкаға саналы көзқарасты қалыптастыру;

      2) білім алушылардың бейнелі ойлауын, елестетуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      3) білім алушылардың музыкалық шығармаларды қабылдау дағдыларын дамыту;

      4) білім алушылардың халықтық, классикалық, заманауи музыканы тануға деген қызығушылығын дамыту;

      5) музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау және сипаттау білігін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) музыка және хореография өнерінің құралдарымен білім алушыларға эстетикалық тәрбие беру;

      2) өй-өрісін кеңейту, музыкалық талғамын тәрбиелеу;

      3) әлемдік және отандық музыка және хореография өнеріне кіріктірілген, үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 3-қосымшасында көрсетілген балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Бағдарлама өнер мектептерінің хореография бөлімдерінде білім алатын білім алушыларға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      8. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, білім алушының музыкалық шығармаларды қабылдау дағдыларын дамыту.

      9. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауат ашуды және музыканы тыңдау дағдыларын меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметінің тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) хореографиялық білім алуы және хореография өнеріне араласуы;

      5) музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      10. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      11. Білім алушыға қажетті музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау дағдыларын үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркем шығармалармен жұмыс істеу барысында, ал музыкалық тәрбие беру және дамыту халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      12. Бағдарламаның ерекшелігі музыка тыңдау дағдысын, шығармашылық тәжірибе алуға бағытталуы болып табылады.

      13. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағытталған.

      14. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      15. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) дара оқыту қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      16. "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      17. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – музыкалық материалды түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – көрсету, шығарманың жеке бөліктерін және тұтас шығарманы көрсету, түсіндіру, салыстыру;

      3) практикалық – шығармалық жаттығулар, тұтас шығарманы мұқият пысықтау үшін мейлінше ұсақ бөліктерге бөлу, кейіннен тұтас шығарманы құру;

      4) ойын – ойын үлгілерінің түрлі формалары.

      18. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      19. Педагог Бағдарламаны заманауи өнер мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      20. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы педагогтің сыныпта білім алушылармен топтық сабақ ретінде жүргізетін сабағы болып табылады.

      22. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      23. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) хореография бойынша сабақ;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      4) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      24. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      26. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      27. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      28. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      29. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      30. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      31. "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәні хореографиялық орындаушылық саласындағы оқу пәндерін меңгерудің қажетті шарты болып табылады. Аталған пәнді оқу білім алушыға музыка мен қозғалыстың байланысын, көркемдік хореографиялық бейнені жасауда барынша түсініп, сауатты және мәнерлі қатысуға мүмкіндік береді.

      32. Музыкалық-теориялық білім хореография бөлімінің ерекшеліктерін есепке ала отырып ұсынылады, білім алушы оқылатын музыканың алуан түрлі метроритмикалық және құрылымдық ерекшеліктерімен танысады. Сабақтарда нотаға қарап ән айту жүргізіледі.

      33. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      34. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      35. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) шулы және халықтық соқпалы аспаптарды қолданып билеу-ырғақтық қойылымдарды жаттау;

      2) балалардың соқпалы-шулы оркестрінде музыка ойнау;

      3) халық әндерімен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын күнделіктерге жазу;

      4) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      36. "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Ритмика", "Классикалық би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) өнердің түрі ретінде музыканың ерекшелігімен, музыкалық шығармалар мазмұнының көп түрлілігімен, музыкалық жанрлармен, музыкалық сауат негіздерімен, музыкалық мәнерлік құралдарымен танысу;

      2) музыкалық шығарманы бейнелі қабылдау білігі дамыту, ритмикалық сезімдер тәрбиеленеді, музыкалық фраза, динамика сияқты түсініктер меңгеріледі;

      3) музыка жанрларымен, қазақ, орыс халық аспаптарының, клавишалық аспаптардың, симфониялық оркестр аспаптарының түрлерімен және тембрлерімен танысу, музыкалық аспаптардың н тыңдау арқылы ажырату білігіне ие болады;

      4) музыка тыңдау, ноталық жазуға бағдарлана отырып айту сияқты әр түрлі музыкалық-шығармашылық қызметтің түрлеріндегі практикалық білік пен дағдыларға ие болады, ұжымдық шығармашылық істерді дайындауға және өткізуге қатысады, хореография, ритмика сабақтарына барады, шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысады.

      38. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыканың өнердің бір түрі ретіндегі негізгі қасиеттері. Музыка туралы аңыз бен мифтер.

      2-тақырып. Музыкалық тілдегі мәнерлік мүмкіндіктері. Шулы дауыстар. Музыкалық дыбыстар.

      3-тақырып. Нота парағы. Дыбыстардың аталуы. Скрипка кілті. Ноталар. Ноталардың жазылуы. Такт. Тактінің ерекшелігі. Бірінші октаваның ноталары.

      4-тақырып. Дыбыстар қатары. Гамма. До мажор гаммасы.

      5-тақырып. Мәнерлік құралдары. Лад. Мажор. Минор.

      6-тақырып. Әуен. Гармония.

      7-тақырып. Тембр. Динамика.

      8-тақырып. Ритм. Метр.

      9-тақырып. Регистрлер. Әуендегі жоғарылайтын және төмендейтін қозғалыстар. Шумақ.

      10-тақырып. Метроритм. Музыкадағы қағыс. Музыканың тембрлік өзіндік ерекшелігі.

      11-тақырып. Ұзақтықтар (жарты, толық). Ритмикалық жаттығулар.

      12-тақырып. 2/4 өлшемі. Күшті үлесі. Әлсіз үлесі. Такт. Тактілік ерекшелік.

      13-тақырып. Үзілістер. Тон. Жарты тон.

      14-тақырып. Метроритм. Жанр.

      15-тақырып. Музыкалық құрылым. Музыкалық форма.

      16-тақырып. Альтерация белгілері: диез, бемоль, бекар.

      17-тақырып. Музыкадағы темп. Хореографиядағы темп.

      18-тақырып. Қазақ халық аспаптары. Ішекті аспаптар. Үрлемелі аспаптар. Тілмен ойналатын аспаптар. Соқпалы аспаптар. Қоңыраулар қолданылатын аспаптар. Музыкалық аспаптар туралы аңыздар. Қазақ халық аспаптарының интонациялық дыбысталуының ерекшелігі.

      19-тақырып. Орыс халық аспаптары. Орыстың үрлемелі аспаптары. Орыстың тілмен ойналатын аспаптары. Орыстың мүштікті үрлемелі аспаптары. Мембраналық орыс халық аспаптары. Өзі дыбысталатын орыс халық аспаптары. Ішекті-шертпелі музыкалық аспаптар. Музыкалық аспаптар туралы аңыздар. Орыс халық аспаптарының ырғақтық дыбысталуының ерекшелігі.

      20-тақырып. Симфониялық оркестр аспаптары. Ішекті аспаптар. Үрлемелі аспаптар. Соқпалы аспаптар.

      21-тақырып. Клавишалық музыкалық аспаптар. Фортепиано. Клавесин. Орган.

      39. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "нота парағы", "скрипка кілті" түсініктерін, нота тасығыштағы ноталардың орналасуын біледі;

      2) тактілік ерекшелікті, бірінші октаваның ноталарын біледі;

      3) "регистрлер", "лад" түсініктерін, "әуендегі жоғарылайтын және төмендейтін қозғалыстарды" біледі;

      4) "лад", "мажор", "минор" түсініктерін біледі;

      5) до-мажор гаммаларын құруды және айтуды біледі;

      6) "әуен", "гармония", "тембр", "динамика", "ритм", "метр" түсініктерін біледі;

      7) музыка және музыкалық аспаптар туралы аңыздар мен мифтерді біледі;

      8) қазақ халық аспаптарының түрлерін біледі;

      9) орыс халық аспаптарының түрлерін біледі;

      10) клавишалық музыкалық аспаптарды, симфониялық оркестрдің аспаптарын біледі;

      11) қазақ, орыс халық аспаптарының интонациялық дыбысталуын біледі;

      12) музыкалық аспаптардың дыбысталуын есту арқылы ажыратады;

      13) до-мажор, ре-мажор, фа-мажор, соль-мажор, си-бемоль мажор гаммаларды құруды және айтуды біледі;

      14) ладта және дыбыстан қарапайым арақашықтықтарды құра алады;

      15) тыңдалған шығармалардың күшті үлестерін анықтай алады;

      16) екі және үш үлесті өлшемдердегі үлестерді құрай алады;

      17) өткен элементтерді есту арқылы анықтай алады;

      18) өткен өлшемдер бойынша тактілеуді біледі.

      40. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "лад", "ритм", "метр", "өлшем", "регистр", "фактура", "динамика", "штрих", "үзілістер", "ритмикалық өрнек", "үндестік", "арақашықтық", "диссонанс", "консонанс", "үшдыбыстылық" түсініктерін меңгеру;

      2) музыканы тыңдау, талдау, салыстыру, қазақ, орыс халықтарының билерін, қазақ, орыс, украин халықтарының әндерін тыңдау арқылы қызығушылықты дамыту білігін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастыру;

      3) тыңдаушылық тәжірибе қалыптастыру, музыкалық шығармалардың мазмұнын олардың интонациялық табиғатын түсіну негізінде эмоциямен және түсініп меңгеру, халық музыкасының, халық билері музыкасының үздік үлгілерін үйрену негізінде еліне, оның тарихы мен мәдениетіне қатыстылығын сезіну жалғастырылады.

      41. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыка тілі. Әуен. Әуендік қозғалыстардың негізгі формалары.

      2-тақырып. Екінші октаваның ноталары.

      3-тақырып. Лад. Ноталардың ұзақтығы (қайталау).

      4-тақырып. Ритм, метр, өлшем. Ритмикалық жаттығулар. Ритмикалық өрнек. Марштың, вальстің, мазурканың, польканың, тарантелланың ритмикалық формулалары.

      5-тақырып. Берілген ритмдерде ноталарды оқу. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін, ритмді, есте сақтау жадын дамыту.

      6-тақырып. Регистрлер. Фактура. Тығыздығы, мөлдірлігі, көп қабаттылығы жағынан фактурасының сипаттамасы.

      7-тақырып. Динамика. Штрихтер. Үзілістер. Ритмикалық жаттығулар.

      8-тақырып. Қарапайым музыкалық формалар. Шумақтық форма. Ән. Әннің түрлері. Жанрдың тарихы.

      9-тақырып. Қазақ музыкасындағы әншілік жанрдың түрлілігі. Әдет-ғұрып өлеңдері (бесік жырлары, балалар мен жастарға арналған әндер, еңбек, диханшының, аңшының, жұмыскердің әндері). Үйлену тойы әндері. Қайғыру, жоқтау әндері. Қоштасу әндері. Ғибрат әндер. Қиял-ғажайып әндер. Сатиралық, сықақ әндер. Эпостық жырлар. Айтыс. Лирикалық әндер. Тарихи оқиғаларды сипаттайтын әндер.

      10-тақырып. Орыс әндерінің жанрлары. Эпостық жырлар. Күнтізбелік әдет-ғұрыптық жырлар. Отбасылық әдет-ғұрыптық жырлар. Дәстүрлі лирикалық әндер. Еңбекке арналған әндер. Хореографиямен байланысты жанрлық әндер: қол ұстасып айналып жүру, ойындық әндер, әндер және аспаппен биді сүйемелдеу.

      11-тақырып. Би – өнердің ежелгі түрі. Жанрлардың белгілері және сызбалары. Музыка мен костюм тұтас нәрсенің құрамдас бөліктері. Бидің жанрлық белгілері. Бидің жанрлары.

      12-тақырып. Орыс халық билері. Орыс халық билерінің жанрлары: қол ұстасып айналып жүру, билер. Балаларға арналған орыс халық билері.

      13-тақырып. Қазақ халық билері. Еңбекке, аңшылыққа арналған билер. Жарысу билері. Әзіл билер (қара жорға, тепеңкөк және басқалары).

      14-тақырып. Украин халық билері.

      15-тақырып. Тарихи-тұрмыстық билер. Менуэт. Вальс. Полька.

      16-тақырып. Марш жанры. Марштың түрлері.

      17-тақырып. Музыкалық дыбыс және оның қасиеттері. Жоғарылығы. Ұзақтығы. Дауыс қаттылығы. Тембрі.

      18-тақырып. Үндестік.

      19-тақырып. Интервалдар. Интервалдарды жіктеу. Жатталған әндердегі интервалдар.

      20-тақырып. Диссонанс. Консонанс.

      21-тақырып. Үшдыбыстылық. Мажорлық үшдыбыстылық. Минорлық үшдыбыстылық. Музыкадағы бейнелеу (интервалдардың фонизмін бекіту).

      22-тақырып. Кинодағы музыка. Театрдағы музыка. Кескіндемедегі музыка тақырыбы. Поэзиядағы музыка тақырыбы.

      42. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "әуен", "ритм", "метр", "өлшем", "ритмикалық өрнек", "ән", "шумақтық форма" түсініктерін біледі;

      2) әуендік қозғалыстардың негізгі формаларын, екінші октаваның ноталарын біледі;

      3) ритмикалық жаттығуларды, марштың, вальстің, мазурканың, польканың, тарантелланың ритмикалық формулаларын біледі;

      4) берілген ритмде ноталарды парақтан оқу дағдыларына ие болады;

      5) есте сақтау қабілетін, ритм сезімін, есте сақтау жадын дамытады;

      6) "регистр", "фактура", "динамика", "штрих", "үзіліс" түсініктерін біледі;

      7) ритмикалық жаттығуларды, қарапайым музыкалық формаларды біледі;

      8) фактураның сипаттамасын біледі;

      9) "ән" жанрын, әннің түрлерін, үлгілерін біледі;

      10) қазақ, орыс халық әндерінің жанрларын біледі;

      11) "би" жанрын, бидің жанрлық белгілерін, бидің жанрларын біледі;

      12) қазақ, орыс, украин халықтарының билерін біледі;

      13) менуэт, вальс, полька тарихи-тұрмыстық билерін біледі;

      14) "марш" жанрын, марштың түрлерін біледі;

      15) "музыкалық дыбыс" түсінігін, дыбыстың қасиеттерін біледі;

      16) "үндестік", "интервал" түсініктерін, интервалдардың жіктелуін, жатталған әндердегі интервалдарды біледі;

      17) "диссонанс", "консонанс" түсініктерін, үшдыбыстылықтың түрлерін біледі;

      18) тыңдалған музыкалық шығармалардың өлшемін, ритмикалық топтарын, шығарманың сипатын, жанрын, музыкалық мәнерлік құралдарын анықтай алады;

      19) әйелдердің және ерлердің негізгі дауыстарын, әндердің түрлерін анықтай алады;

      20) кинодағы, театрдағы, кескіндемедегі, поэзиядағы музыка тақырыбын біледі;

      21) жаттығудың ритмін ритмдік буындармен айта алады және ритмдерді тактінің толық үлесімен және тактінің толық үлесінсіз 2/4, 4/4 өлшемдерінде тоқылдата алады;

      22) тыңдалған музыкалық шығармалардың өлшемін және ритмикалық суреттерін анықтайды;

      23) шығарманың сипатын және жанрын, музыкалық мәнерлік құралдарын анықтайды;

      24) әйелдердің және ерлердің негізгі дауыстарын анықтайды;

      25) әндердің түрлерін анықтайды: халықтық, бұқаралық, эстрадалық, авторлық.

      43. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) "нотация", "бірінші октаваның ноталары", "екінші октаваның ноталары", "ноталардың ұзақтығы" түсініктерімен танысады, метрге сәйкес ритмикалық фигураларды, 4/4 өлшеміндегі ұзақтық топтарын, пунктирлік ритмдердің түрлерін, ритмикалық жаттығуларды тыңдау арқылы меңгеру;

      2) он төртінші және он алтыншы ғасырлардың би мәдениетімен, еуропа, латын американдық бағдарламалардың билері ритмінің, музыкасының ерекшелігімен танысу, салыстыру, талдау, би әуендерін тыңдау арқылы қабылдау мәдениетін және көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) теориялық білімді меңгеру (аспаптық музыкадағы шағын формалар, вокалдық музыканың жанрлары, қазақ вокалдық лирикасы, музыкалық шығармалардың вариациялық формалары);

      4) музыкалық есте сақтау қабілетін дамыту, тыңдау дағдыларын меңгеру бойынша жұмыстар, музыкалық сабақтарға қызығушылық, тыңдалатын және орындалатын музыкаға позитивті жауап беруді.

      44. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Нотация. Нота парағы, скрипка кілті, бірінші октаваның ноталары, екінші октаваның ноталары, ноталардың ұзақтығы (толық, жарты, төрттік, сегіздік).

      2-тақырып. Ноталық мәтінмен өткен өлшемдер және ритмдер бойынша жұмыс. Метрге сәйкес ритмикалық фигураларды тыңдау арқылы меңгеру. Ритмикалық суретті орындау нақтылығы.

      3-тақырып. 4/4 өлшемі. Ұзақтықтарды 4/4 өлшеміне топтастыру.

      4-тақырып. Ұзақтық (он алтылық). Ритмикалық жаттығулар.

      5-тақырып. Штрихтік ритм. Ритмнің ерекшеліктері. Штрихтік ритмдердің әртүрлілігі. Ритмикалық жаттығулар.

      6-тақырып. Он төртінші және он алтыншы ғасырлардағы билеу мәдениеті. Тарихи-тұрмыстық бидің дамуы. "Тарихи би", "тұрмыстық би", "балдық би", "тарихи-тұрмыстық би" түсініктері. Метр және ритм ерекшеліктері. Вальс. Мазурка. Полонез. Полька. Менуэт. Костюм. Билерді орындау нақышы.

      7-тақырып. Замануи балдық билер. Еуропалық бағдарламалардың билері – квикстеп, баяу вальс, танго, баяу фокстрот, вена вальс. Латын америкалық бағдарлама билері – самба, ча-ча-ча, румба, пасадобль және джайв.

      8-тақырып. Заманауи билер. Модерн, джаз биі және contemporary стильдері.

      9-тақырып. Бағдарламалық-бейнелеу музыкасы. "Бағдарламалық музыка", "жалпыланған және нақты бағдарламаланған" түсініктер. Бағдарламалық музыканың үлгілері. "Фортепиано сюитасы" түсінігі. Сюита нақты өмірдегі ғажайып қиял суреттемелері мен өткен шақ үлгілерінің үйлесуі.

      10-тақырып. Вокалдық музыкадағы шағын формалар. "Форма", "сарын", "фраза", "сөйлем", "кезең" түсініктері. Романс жанры. Романстың ерекшелігі. Романстың пайда болуы. Жанрдың дамуы. Қазақ романсы. Орыс романсы.

      11-тақырып. Вокалдық дауыстар. Әйелдердің әншілік дауыстары. Сопрано. Меццо-сопрано. Контральто. Ерлердің әншілік дауыстары. Тенор. Баритон. Бас.

      12-тақырып. Қазақ вокалдық лирикасы. Вокалдық музыканың жанрлары.

      13-тақырып. Аспаптық музыкадағы шағын формалар. Этюд. Этюдтердің пайда болуы. Техникалық тәсілдерді меңгеруі: октавалармен ойнау, қос терция, трель және басқа техникалар.

      14-тақырып. Прелюдия. Перелюдиялардың пайда болуы. Жанрдың дамуы.

      15-тақырып. Баркарола. Баркароланың пайда болуы. Вокалдық және аспаптық баркарола.

      16-тақырып. Ноктюрн. Ноктюрнның пайда болуы. Жанрдың дамуы.

      17-тақырып. Музыкалық шығармалардың формалары. Вариациялық форма. Вариациялардың түрлері. Рондо. Рондо және оның тарихи түрлері.

      18-тақырып. Балет. Балеттің пайда болу тарихы. Балеттің өнер формасы ретінде дамуы. Атақты балет орындаушылары. Орыс балетінің тарихы. Заманауи балет. Заманауи балеттің әлемдік жұлдыздары.

      19-тақырып. Қазақстандағы хореография өнері. Қазақстандағы балет өнерінің даму тарихы. Қазақстандық балет өнерінің атақты қайраткерлері.

      45. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бірінші октаваның ноталарын, екінші октаваның ноталарын біледі;

      2) ноталардың ұзақтығын біледі (бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік);

      3) өткен өлшемдер және ритмдер бойынша ноталық мәтінмен жұмыс істей алады;

      4) музыкалық формаларды біледі;

      5) тарихи-тұрмыстық билерді біледі;

      6) "тарихи би", "тұрмыстық би", "тарихи-тұрмыстық би" түсініктерін біледі;

      7) билердің музыкасын біледі: вальс, мазурка, полонез;

      8) заманауи балдық билерді, модерн стилін, джаз билерін және contemporary біледі;

      9) бағдарламалық-бейнелік музыканы біледі;

      10) вокалдық музыкадағы шағын формаларды біледі;

      11) әйелдерге және ерлерге тән вокалдық дауысты біледі;

      12) қазақ вокалдық музыкасының жанрларын біледі;

      13) аспаптық музыкадағы шағын формаларды біледі;

      14) "перелюдия" жанрының пайда болуын және дамуын біледі;

      15) "баркарола" жанрының шығуын және дамуын біледі;

      16) музыкалық шығарманың формаларын біледі;

      17) балеттің шығу тарихын біледі;

      18) атақты балет орындаушыларын біледі;

      19) Қазақстандағы балет өнерінің даму тарихын біледі;

      20) тыңдалынған музыкалық үзіндіні есту арқылы: пунктирлік ритм, синкопа, он алтыдан екі және сегіздік ритмді, сегіздік және он алтыдан екі ритмін анықтай алады;

      21) өткен аспаптардың тембрін, оркестрлерді біледі: симфониялық, үрлемелі, эстрадалық, орыс халық аспаптары;

      22) музыкалық шығармаларда өткен ритмдерді және өлшемдерді анықтай алады;

      23) композиторлардың өмірбаянын біледі, композиторлардың шығармаларын естігенде таниды.

      46. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) теориялық білімді меңгеру, симфония жанрларымен, полифония түрлерімен балдық және заманау билердің тарихымен, би, балеттің музыканың ерекшеліктерімен танысу жалғастырылады, дауыс ырғағын келтіру дағдылары бекітіледі;

      2) музыкалық мәнерлік құралдарымен және түсініктермен танысуды жалғастыру: тембр, оркестр, симфониялық оркестр, симфония-сюита, симфония-рапсодия, симфония-фантазия, симфония-баллада, симфония-аңыз, симфония-поэма, симфония-реквием, симфония-балет, симфония-драма;

      3) білім алушы түрлі жанрларды және би музыкасының бағыттарын нақты метро-ритмикалық қабылдауды үйрету, музыканы есептеуді тактінің толық емес үлесінен синкопаға дейінгі күшті бөлігін ажыратуды үйренеді;

      4) музыканың мәнерлік құралдарын талдауды үйрету: сипатына, жанрына, әуеніне, темпіне, ритміне, тембріне, динамикасына, олардың өзгеруіне және бұл өзгерістердің музыканың сипатымен байланысын;

      5) полифониялық және гомофондық-гармоникалық стильдермен, жаңа жанрлармен: прелюдия, концерт және басқаларымен таныстыруды жалғастыру, тақырыптардың мазмұны тереңдетіледі: опера, симфония, соната, сюита;

      6) білім алушы үздік шығармалармен, отандық композиторлардың опералық үздік туындыларымен, симфониялық және бағдарламалық музыкамен, орыс халық классикалық музыкасының даму ерекшеліктерімен танысуды жалғастыру;

      7) он тоғызыншы ғасыр музыкасындағы басты жанр ретінде опера жанрына көп көңіл бөліну, опералық спектакльдердің түрлі қойылымдары салыстырылады, мизансценаның ерекшеліктері, жанрдың өзгешелігі талданады, негізгі терминдер үйретіледі;

      8) білім алушы кинодағы музыканың ерекшеліктерімен, отандық авангард композиторлардың шығармаларымен, джаз музыкасымен танысуды жалғастыру;

      9) интонацияны, есту қабілетін, ритмометрді дамыту, көркемдік би және музыка мәдениеті туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, білім алушылардың музыка өнерінің шығармаларын қабылдау қабілеттерін дамыту, көркемдік талғамды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

      47. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Көне полифониялық музыка. "Полифония" түсінігі. Полифония және көп дауыстылық. Полифонияның түрлері. Метр және ритм.

      Он сегізінші ғасыр композиторларының шығармашылығындағы полифониялық музыканың өркендеуі.

      2-тақырып. Орта ғасырдағы және Қайта өркендеу кезеңіндегі би мәдениеті. Шіркеудің би музыкасының дамуына әсері. Би техникасы, орындау мәнері, музыкамен сүйемелдеу. Жұптық билердің пайда болуы. Биді таратудағы орта ғасырлық кезбе актерлердің – шпильмандар, жонглерлер, гистриондардың рөлі.

      Халықтың би мәдениеті – қимылдардың, фигуралардың, би композицияларының бастауы. Қайта өрлеу кезеңіндегі тұрмыстық бидің даму тарихы.

      Сарай билері. Би өнерінің дамуындағы француз хореографтарының рөлі. Жаңа би формаларын құру, биды қатаң ережеге бағындыру.

      3-тақырып. Балет музыкасындағы барокко әлемі. Балдық билердің пайда болуы. Балл биі – би өнері түрлерінің бірі.

      4-тақырып. Заманауи балдық билердің тарихы. Еуропалық бағдарламаның билері – квикстеп, баяу вальс, танго, баяу фокстрот, вена вальсі. Латын америкалық бағдарламаның билері – самба, ча-ча-ча, румба, пасадобль және джайв.

      5-тақырып. Симфониялық оркестр. Симфониялық оркестрдің пайда болу тарихы және дамуы. Симфониялық оркестрдің топтық құрамы.

      6-тақырып. Симфониялық жанрлар. Симфонияның жанр ретінде пайда болу тарихы. Классикалық симфония. Симфония-сюита, симфония-рапсодия, симфония-фантазия, симфония-баллада, симфония-аңыз, симфония-поэма, симфония-реквием, симфония-балет, симфония-драма және театр симфониясы - операның түрлері. Классикалық симфония. Классикалық симфонияның бөлімдері. Бір бөлімді симфониялар. Бағдарламалық симфония.

      Симфония жанрының Қазақстанда дамуы. Қазақстандағы симфониялық музыканың алғашқы үлгілері. Симфониялық шығармаларда халық әндері мен күйлерін қолдану.

      7-тақырып. Концерт жанры. Жанр ретінде концерттің пайда болу тарихы. Концерттің классикалық құрылымы.

      8-тақырып. Музыкалық шығарманың композициясы. Ритмикалық жазудың түрлері. Синкопа. Синкопаның түрлері. Ритмикалық жаттығулар.

      9-тақырып. Вокалық-симфониялық ірі формалар. Опера – вокалдық музыканың ең маңызды жанры. Жанр тарихы. Опералық шығарма бөлімдері: речитатив, ариозо, әндер, ариялар, дуэттер, трио, квартеттер, ансамбльдер және тағы сол сияқтылар.

      Антикалық трагедия. Флоренциялық камерата. Италиядағы музыка театры. Орыс классикалық операсының тарихы. Қазақстандағы опера өнерінің дамуы.

      10-тақырып. Жанр ретінде "мюзиклдың" пайда болу тарихы және оның дамуы.

      11-тақырып. Театрдағы, кинодағы және теледидардағы музыка.

      12-тақырып. Бұқаралық мәдениет. Постмодернизм. Жаңа ғасыр музыкасы.

      Рок-музыка. Рок-музыканың стилдері мен бағыттары.

      Поп-музыка. Заманауи музыканың бағыттары, заманауи бұқаралық мәдениеттің түрлері. Атақты музыканың жанры. Поп-музыканың бұқаралық мәдениет ретіндегі негізгі ерекшеліктері. Поп-музыканың пайда болу тарихы. Поп-музыканың тарихы.

      Джаз. Музыка өнерінің формасы ретінде джаздың пайда болу тарихы. Африка және еуропа мәдениетінің синтезі. Джаз стилі түрлерінің сипаттамасы. Джаздың Совет Одағында және Ресейде таралуы.

      13-тақырып. Вокал. Вокалдың түрлері. Академиялық вокал. Эстрадалық вокал. Джаздық вокал. Рок вокалы.

      48. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) полифониялық музыканың түрлерін біледі;

      2) симфонияның жанрларын біледі;

      3) әлем халықтарының негізгі билерін біледі;

      4) концерттің классикалық құрылымын біледі;

      5) вокалдық-симфониялық ірі нысандарды біледі;

      6) заманауи музыканың бағыттарын біледі;

      7) музыкалық шығармалар құрылымының элементтерін біледі;

      8) музыкалық мәнерлік құралдарын біледі;

      9) музыка тілінің жалпы заңдылықтарын біледі;

      10) негізгі музыкалық түсініктерді біледі;

      11) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      12) би өнерінің стилін, жанрларын біледі;

      13) негізгі метроритмикалық формаларды біледі;

      14) шығарманың жалпы сипатын және бейнелі қатарын анықтай алады;

      15) музыкалық аспаптардың тембрін біледі;

      16) негізгі музыкалық стильдерді, жанрларды және музыкалық мәнерліктің құралдарын түсіне алады;

      19) өнердің түрі ретінде музыканың ерекшеліктерін біледі;

      20) хореография өнері үшін өзекті музыкалық терминдерді біледі;

      21) музыкалық сауаттың негіздерін біледі (өлшем, динамика, темп, музыкалық шығарманың құрылымы);

      22) жеңіл музыкалық шығарманың метрін, ритмін және әуенін шығарады;

      23) жеңіл әуенді нақты интонациялайды;

      24) хореографиялық орындауға арналған музыкалық шығарманы талдай алады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      49. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Хореографиялық білімге оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау жұмысы түрінде іске асырылады.

      50. Аттестаттау формасы және 1, 2, 3 және 4 сыныптардағы бірінші және екінші тоқсандардағы білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары – бақылау жұмысы (жеке тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру).

      51. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – музыкалық шығарма мазмұнын, музыкалық мәнерлік құралдарын сипаттауды қамтитын толық жауап;

      2) "4" "жақсы" бағасы – музыкалық шығарманың мазмұнына, мәнерлік құралдарын сипаттама педагогтің жетектеуші сұрақтарымен ғана берілді;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – музыкалық мәнерлік құралдары жетік ашылмаған, педагогтің бірнеше жетектеуші сұрақтарына жол берілген;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – оқу материалын білмеуі және түсінбеуі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
52-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Виолончель" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Виолончель" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Виолончель" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, "Виолончель" пәніне оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – көркемдік мәнерліліктің мақсаттарына бағындырылған аздап темптен ауытқулар (баяулату, жылдамдату);

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезінде саусақтарды орналастыру және алмастыру тәсілі, сондай-ақ осы тәсілдерді нотада белгілеу;

      3) арпеджио – аккордың дыбыстары бірінен кейін бірі шығатындай аккордтарды фортепиано, кейбір клавишалық және ішекті аспаптарда ойнаудың тәсілі;

      4) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды орындау кезінде дыбыстардың қатарын орындау тәсілі;

      5) деташе – ішекті-ысқылы аспаптарда орындаудың түрлерінің бірі;

      6) дыбысты жүргізу – фонация кезіндегі дыбыстарды байланыстырудың тәсілі;

      7) дыбыс шығару – музыкалық шығару, музыкалық аспапта немесе ән айту кезінде дыбыстарды шығару;

      8) легато – музыкалық аспапта ойнаудың тәсілі, дыбыстарды байланыстырып орындау, ол кезде бірі дыбыстан бір дыбысқа өту баяу жүргізіледі, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      9) музыка теориясындағы гамма – ұзақтылығы белгісіз дыбыстар қатары, көршілес сатылар бір бірінен тұтас бір тонға немесе жарты тонға қалып отырады; мектептің орындаушылық практикасындағы гамма дегеніміз ұзақтығы бірнеше октаваны құрайтын жоғары немесе төменгі дыбыстар қатарын айтады;

      10) музыкадағы діріл – дыбысқа ерекше бояу және мәнерлілік беретіндей орындау тәсілі;

      11) ритм – музыканы уақыт аралығында ұйымдастыру;

      12) стаккато – дыбыстарды үзік-үзік орындауды болжайды, бір бірін үзіліспен бөлетін музыкалық штрих;

      13) үшдыбыстылық – терция бойында орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      14) штрих – дыбысты құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амал, әдісі);

      15) флажолет – музыкадағы ойнау тәсілі.

      2. Бағдарламаның мақсаты: виолончельде ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) жеке және ансамбльде музыкалық шығармаларды сауатты орындауға мүмкіндік беретін виолончельде ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдеріне оқыту;

      2) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және виолончельде ойнау;

      3) музыкалық сауатты меңгеру, ой-өрісін кеңейту және музыкалық білімдерін, орындаушылық біліктері мен дағдыларын жинақтау;

      4) музыкалық орындаушылық саласындағы арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) виолончельде ойнау бойынша алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға талпынысты тәрбиелеу;

      2) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдай білуді тәрбиелеу;

      3) көркемдік талғамды, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлікті тәрбиелеу;

      4) белсенді тыңдаушыны, ой-өрісі кең және музыкалық түсінігі тереу академиялық музыканы қызығушысын тәрбиелеу;

      5) отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының озық үлгілерін меңгеру арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – тоғыз жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Бағдарлама виолончельде ойнау техникасын меңгергісі келетін,орыс, қазақ халық әуендерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың өңдеулерін үйренгісі келетін балаларға арналған.

      7. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      2) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      3) оқу процесінің мақсаттылығы.

      8. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі виолончельде ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      9. "Виолончель" Бағдарламасы музыкалық қабілеттері, дайындықтары мен жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      10. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін виолончельде ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      13. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың виолончельде ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін алуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      Музыкалық білімді меңгеру, балалардың сабақтарға деген қызығушылықтарын ояту кезінде қолжетімділікке, сатылы оқытуға және жүйелілікке ерекше назар аударылады.

      14. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      18. "Виолончель" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативтілігін болжайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      6) экскурсия сабағы.

      22. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтар педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездеу.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      34. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      35. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      36. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      37. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      38. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      39. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      40. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      41. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      42. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      43. Репертуар заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартылады және кеңейтіледі.

      44. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      45. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      47. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      48. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      49. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      50. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      51. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      52. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      53. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      54. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      55. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбысты дамытуға арналған жаттығулар (дыбыс ұзақтығымен жұмыс);

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс (гаммалар, жаттығулар, этюдтер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) нотаны парақтан оқу.

      56. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      57. "Виолончель" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      58. Даярлық сыныбындағы Бағдарлама талаптары:

      17. Даярлық сыныбындағы оқу пәнінің мазмұны.

      1) білім алушы аспаппен, оның құрылымымен танысады, қолды, денені қоюды, аспапты ұстап отыруы меңгеріледі, оңтайлы ойын қимыл-қозғалыстарын ұйымдастырылады.

      2) ноталық сауат туралы алғашқы білім қалыптасады, ысқышты жүргізу және бөлу дағдыларын меңгереді, қарапайым штрихтардың түрлерін оқып-үйрену: тұтас ысқышпен және оның бөлігімен жасалған деташе, әр ысқышқа 2-4 нота бойынша legato.

      3 білім алушы 15-20 жеңіл пьесаны, 4-6 этюдті, 2-4 күрделі емес ансамбльдік пьесаны меңгереді

      59. Даярлық сыныбындағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық-есту елестерін және музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Музыкалық аспаппен танысу (виолончель және ысқыштың бөліктері).

      3-тақырып. Ноталық сауатпен танысу.

      4-тақырып. Сол қол саусақтарын қатайтуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Қолды дұрыс қою бойынша жұмыс. Рizz-да [пицц] ойнау және ашық ішектерді ысқышпен ойнау.

      6. Деташе - штрихын оқып-үйрену, бір ішектен келесі ішекке ауысу тәсілдері.

      7-тақырып. I позицияда үш ішекте мойынды (гриф) меңгеру.

      8-тақырып. Екі қолмен ойнау.

      60. Даярлық сыныбының Бағдарламасын меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) виолончельде ойнаудың алғашқы дағдыларына ие: қолды, денені орнықтыру жұмыстары, оңтайлы ойын қозғалыстарын ұйымдастыру;

      2) аспаптың бөліктерін біледі;

      3) әр ішектегі ноталарды біледі;

      4) ысқышты жүргізу және бөлу дағдыларына ие;

      5) штрихтардың қарапайым түрлерін біледі: тұтас ысқышпен және оның бөліктерімен деташе, ысқышқа 2-4 нотадан legato [легато];

      6) сол қолды бекітуге арналған қарапайым жаттығуларды орындайды;

      7) саусақтарды жақын орналасқандағы, бұдан әрі - кең орналасқадағы бірінші позицияны біледі;

      8) 15-20 жеңіл пьесаларды, 4-6 этюдты, 2- жеңіл ансамбльдік пьесаларды біледі;

      9) бір нотаны "Ре" немесе "Ля" ішегінде басып тұрып, ашық ішектерде және шертпе бойымен ысқышты жүргізеді;

      10) сөздері және суреттері бар балаларға арналған әндерін орындайды.

      61. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-есту елестерін және музыкалық-бейнелі ойлауды әрі қарай дамыту, койылыммен, мақсатты ойын қозқалыстаын ұйымдастыру бойынша жұмыс.

      2) ноталық сауат, бас кілтінде нотаны оқу, қарапайым динамикалық, штрихтық және аппликатуралық түсініктер, саусақтардың жақын орналасуындағы және саусақтардың алшақ орналасуындағы бірінші позициясы, ысқышты жүргізу және бөлу дағдыларын дамыту, қарапайым штрихтарды оқып-үйрену: тұтас ысқышпен және оның бөліктерімен "деташе", әр ысқышқа 2-4 нотадан "легато", үйлестілірген штрихтар, бір ішектен келесі ішекке ауысу меңгеріледі.

      3) білім алушы бірінші позиция шеңберінде бір октавадағы 2-3 мажорлы гаммаларды, 6-8 этюдтерді және 8-10 пьесаларды меңгереді.

      62. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық-есту елестерін және музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Ноталық сауатты қайталау.

      3-тақырып. Екі қолмен I позицияда үш ішекте ойнау дағдыларын бекіту.

      4-тақырып. Қолды үйлестіру және ысқышты бөлу.

      5-тақырып. Ішектерді біріктіруге арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Тасымалдау және естулері бойынша теру дағдылары.

      7-тақырып. Деташемен, легато және гаммадағы аралас штрихтармен жұмыс.

      8-тақырып. Нотаны парақтан оқу және ансамбльде ойнау.

      63. 1 сыныптың Бағдарламасын меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқытудың соңында бірінші сыныптың білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) виолончельде ойнаудың негізгі дағдыларын ие;

      2) аспап пен ысқыш құрылғысын, музыкалық сауат негіздерін біледі;

      3) қарапайым штрихтық және динамикалық мәнін біледі;

      4) дыбысталу сапасын бақылау, ритмикалық нақтылық дағдыларын меңгерген;

      5) парақтан оқудың алғашқы дағдыларыа ие;

      6) есту арқылы қарапайым әуендерді тере алады.

      64. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды даймыту бойынша жұмыстар, қойылымдық-қозғалыстық дағдылар, интонация, дыбыс шығару және ритм бойынша жұмыстар жалғастырылады, штрихтарды орындау сапасына қойлатын талаптар артады, нотаны парақтан оқу дағдылары, музыкалық және техникалық міндеттерді талдау білігі қалыптасады;

      2) мажорлы және минорлы ладтағы гаммалар, ассиметриялық штрихтар, акценттер, триольдар, пунтктирдік ритм, қажетті жылдамдықтағы негізгі жұмсақ штрихтар (деташе, легато ижәне олардың үйлесімділігі) , қос ноталардың қарапайым түрлері (ашық ішектерді пайдалана отырып), саусақтарды аспап мойнында (бірінші және екінші түрі) алшақ орналастыру дағдыларын бекіту, 1 позициядағы саусақтардың артикуляциясын дамыту бойынша жұмыс, позицияларды ауыстырудағы дағдыларды бастапқы дамыту меңгеріледі;

      3) білім алушы түрлі штрихтық нұсқаларды пайдаланып, бірінші-төртінші позиция шеңберінде екі октавалы мажорлы және минорлы гаммаларды, 6-8 пьесаны, 8-10 этюдті оқып-үйренеді.

      65. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық сауат.

      2-тақырып. Қолдардың қозғалыс дағдылары, интонация, дыбыс шығару және ритм бойынша жұмыстар жалғастырылады.

      3-тақырып. Минорлы ладтағы гаммаларды, ассиметриялық штрихтарды, акценттерді, триольдарды, пунктирлік ритмді оқып-үйрену.

      4-тақырып. Бірінші және екінші түрдегі саусақтарды алшақ орналастыру дағдыларымен танысу.

      5-тақырып. IV позицияны және позицияларды ауыстыру дағдыларын алғашқы дамытуды оқып-үйрену.

      6-тақырып. Табиғи флажолеталар.

      7-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      8-тақырып. Аспап мойнында (грифте) саусақтарды дұрыс орналастыру дағдыларын бекіту.

      9-тақырып. Жаттығулар мен этюдтерді жаттау.

      10-тақырып. Нотаны парақтан оқу және ансамбльде ойнау.

      66. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталардың жазылуын және 2 октава көлеміндегі аппликатураларды біледі;

      2) бірінші позицияда және үшдыбыстық шеңберінде гаммаларды орындай алады;

      3) өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдыларына ие;

      4) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие;

      5) минорлы гаммаларды біледі;

      6) динамикалық реңктердің мағыналарын біледі;

      7) штрихтарды (деташе, легато), пунктирлі штрихты біледі;

      8) баса айтуды, интонациялаудың тазалығын біледі;

      9) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын және ансамбльдік ойнауды біледі;

      10) төртінші позицияға ауыса отырып, екі октавада гаммаларды орындай алады;

      11) үшдыбыстылыққты, үшдыбыстылық арпеджиосын орындай алады;

      12) деташе штрихтарын және түрлі комбинациялардағы легатоларды біледі.

      67. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту бойынша жұмыстар және білім алушылардың орындаушылық дағдылары бойынша жұмыстар, дыбыс сапасы, позицияларды ауыстыру, интонация және ритммен жұмыс, дайындық ережелерін ұстана отырып, саусақтардың алшақ орналасуын сақтау және саусақтарды ұстап тұру бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) білім алушы мартле және стаккато жаңа штрихтарымен, тенорлық кілтпен танысады, мейлінше күрделі ритмдерді, саусақтардың жылдамдығын дамытуға арналған жаттығуларды, қос ноталарды оқып-үйренуге арналған дайындық жаттығуларды, вибрациялау дағдыларын оқып-үйренеді;

      3) білім алушы түрлі штрихтық нұсқаларды пайдаланып, жеткілікті және мейлінше қозғалысты жылдамдықта үш белгіге дейінгі (екі белгіге дейін минорлы) екі октавалы гаммалар мен арпеджионы, 6-8 этюдті, 6-8 пьесаны, бір ірі нысанды шығарманы оқып-үйренеді.

      68. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық-есту елестерін және музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Дыбыс шығару сапасымен жұмыс.

      3-тақырып. Саусақтарды алшақ орналастырып ойнау дағдыларын бекіту.

      4-тақырып. Мартле және стаккато жаңа штрихтамен танысу.

      5-тақырып. Саусақтардың жылдамдығын дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Қос ноталарды оқып-үйренуге арналған дайындық жаттығулары.

      7-жаттығу. Позицияларды ауыстыру дағдыларын бекіту және тенорлық кілтпен танысу.

      8-тақырып. Ірі нысанды шығарманы оқып-үйренуге дайындық.

      9-тақырып. Нотаны парақтан оқу және ансамбльде ойнау.

      69. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арпеджио мен доминантсептаккордтарды орындай алады;

      2) интонациямен және ритмикалық нақтылықпен жұмыс істей алады;

      3) бір октавадағы қос нотаны біледі;

      4) түрлі комбинациялардағы деташе және легато штрихтарын, пунктирлік штрихты және мартлені біледі;

      5) мәнерлі ойнауды көрсетеді және музыкалық-бейнелі ойнауды дамытады;

      6) интонациямен жәәне ритмикалық нақтылықпен жұмыс істей алады;

      7) нотаны парақтан оқу, ансамльде ойнау және тасымалдау дағдыларына ие;

      8) саусақтарды алшақ орналастыруды біледі;

      9) ноталарды тенорлық кілтте оқуды біледі;

      10) дыбысты жүргізу және интонациямен жұмыс істей алады;

      11) негізгі және үзік штрихтарды орындау дағдыларына ие;

      12) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды біледі;

      13) үш белгіге дейін гаммаларды орындай алады.

      70. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) штрихтық техниканы (деташе, легато, мартле, стаккато), позиция мен ысқышты ауыстыру кезіндегі иілгіштікті дамыту, нтонациямен, дыбысталу динамикасымен, ритммен жұмыс, дыбыс сапасына және орындау мәнерлілігіне талаптың жоғары болуы кезіндегі орындаушылық дағдыларды әрі қарай жетілдіру жұмыстары жалғастырылады;

      2) алғашқы төрт позицияда ойнау дағдылары бекітіледі, жоғары позициялар (бесінші, алтыншы, жетінші) меңгеріледі, сол қолдын жүйріктігі, артикуляциясы дамытылады, қос ноталар, табиғи флажолеттер, әр ысқыға он екі нотаға дейін legato ойнау, үш октавалы гаммалар, түрлі аппликатуралар мен арпеджиолар меңгеріледі, қалыпты және мейлінше жылдам қозғалыста негізгі штрихтарды дамыту жалғастырылады, екпін, дыбысталу динамикасы, ритм, діріл, нотаны парақтан оқу бойынша жұмыс жалғастырылады;

      3) білім алушы екі октавалы гаммалар мен арпеджионы, ашық және ашық емес ішектермен, қалыпты және жылдам қарқында, әртүрлі штрихтық нұсқаларды пайдаланып, жеке үшоктавалы гаммаларды және арпеджионы: ре, соль және фа мажор және бір атты минорлы, "сынық" терциялар мен "секвенция" кварталарын, 6-8 этюдті, 5-6 пьесаны және концерттің бір бөлігін және сонатаның екі бөлігін оқып-үйренеді.

      71. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ассоциативтік ойлауды дамыту.

      2-тақырып. Қолдарды қозғалту дағдыларымен, интонациямен, дыбыс шығару және ритммен жұмыс.

      3-тақырып. Штрихтық техниканы дамыту: деташе, легато, мартле, екі және үш октавалы гаммалардағы стаккато.

      4-тақырып. Алғашқы төрт позицияда ойнау дағдыларын бекіту.

      5-тақырып. Вибрация, дыбыс сапасы, динамика және орындау мәнерлілігімен жұмыс.

      6-тақырып. Жоғары позицияларды (V, VI, VII) оқып-үйрену және мөлшерлеме позициясымен танысу.

      7-тақырып. Пьесалар мен этюдтарды орындау барысындағы сол қолдың шапшаңдығы мен артикуляциясы.

      8-тақырып. Қос ноталарды, табиғи флажолеттерді игеру.

      9-тақырып. Жатттығулар мен этюдтерді ойнау.

      10-тақырып. Ірі нысанды шығармалармен жұмыс.

      11-тақырып. Нотаны парақтан оқу және білім алушының мүмкіндігі жететін репертуарлармен өз бетінше жұмыс істеу.

      12-тақырып. Аспапты күйге келтірумен танысу.

      72. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) саусақтардың алшақ орналасуын меңгерген;

      2) тенорлық кілтте ноталарды парақтан оқи алады;

      3) музыкалық-бейнелі ойлауды дамытады;

      4) негізгі және үзік штрихтарды орындау дағдыларын игерген;

      5) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды біледі;

      6) үш белгіге дейін гаммаларды орындай алады;

      7) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды орындай алады;

      8) парақтан оқу және ансамльбде ойнау дағдыларына ие.

      73. 5 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушының өз бетімен жұмыс істеуі дамиды, орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптар күйшейтіледі, ритмикалық міндеттерді күрделендіріледі, саусақтардың шапшаңдылығы және артикуляциясымен жұмыс жалғастырылады;

      2) хроматикалық гаммалар, төрт позиция аймағындағы қос ноталар үйретіледі, штрихтық техника әрі қарай дамытылады: деташе, легато, мартле, стакатто, сотие, вибрациялау дағдылары жетілдіріледі, жоғары позицияларда және қою (ставка) позицияларында ойнау тәсілдері бекітіледі, хроматикалық гаммалар меңгеріледі, саусақтардың шапшаңдылығымен жұмыс, мейлінше күрделі шығармаларды парақтан оқу жалғастырылады, ансамльде музыка ойнау, мультимедиа құралдары - музыканы сандық өңдеу бағдарламалары, MicrosoftOffice және ноталық редакторларды пайдалану меңгеріледі;

      3) білім алушы әртүрлі гаммаларды, түрлі штрихтардағы 3-4 белгіге дейінгі арпеджионы, 6-8 этюдті, концерттің бір бөлігін, сонатаның 1-2 бөлігін және 5-6 пьесаны оқып-үйренеді.

      74. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      37.Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Бейнелі және ассоциативті ойлауды әрі қарай дамыту.

      2-тақырып. Хроматикалық гаммаларды, төрт позиция аймағындағы қос ноталарды оқып-үйрену.

      3-тақырып. Штрихтық техниканы әрі қарай дамыту. Деташе, легато, мартле, стаккато, сотийемен жұмыс.

      4-тақырып. Вибрациялау дағдыларын жетілдіру.

      5-тақырып. Жоғары позициялар мен қою позицияларындағы ойнау тәсілдерін бекіту.

      6-тақырып. Жасанды флажолетталармен танысу.

      7-тақырып. Түрлі стильдер мен ғасырлардағы музыка туралы түсінік.

      8-тақырып. Пьесалар мен ірі нысанды шығармаларды орындау мәнерлілігімен жұмыс.

      9-тақырып. Жаттығулар мен этюдтерді ойнау.

      10-тақырып. Күрделірек шығармаларды парақтан оқу.

      11-тақырып. Ансамбльде музыка ойнау.

      12-тақырып. Мультимедиа құралдарымен - Microsoft Office [Майкрасофт офис] бағдарламасымен және ноталық редакторлармен танысу.

      75. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кез-келген ноталардан үшдыбыстылық пен септаккордтар құра алады;

      2) вибрациялау дағдыларына ие;

      3) қолайлы аппликатураны өз бетімен қоя алады;

      4) үш октавада гаммаларды орындай алады;

      5) күрделірек штрихтарда ойнау дағдыларын ие;

      6) әріптермен белгіленген аккордтарды оқу дағдыларына ие;

      7) сахна мәдениетін біледі;

      8) музыкалық шығарманы түсінді;

      9) Microsoft Office [Майкрасофт офис] бағдарламасында және ноталық редакторларда жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын біледі.

      76. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) легатоны он алты нотаға дейінгі мейлінше күрделі тональділіктегі гаммаларды, тоғыз нотаға дейінгі арпеджионы, қос ноталарды (терциялар, секст, актава) оқып-үйренеді, деташе, легато, мартле, сотийе, стаккато штрихтарын жетілдіріледі, виртуозды-романтикалық пьесалардағы сол қол техникасын дамыту: трельдер, позицияларды біріктіруді түрлі түрлендіру, қос ноталар, аккордтар, табиғи және жасанды флажолеттер;

      2) қою позициясында (Давыдов шарнирында) ойнау дағдылары бекітіледі, үш октавалы гаммалар мен үшдыбыстылық, қос ноталар (терциялар мен секстар), октавалар, шығармалардың стильдік ерекшеліктерін түсіну, агогиканы игеру, дыбысты дамыту, әдемі вибрациялау, күрделі штрихтарды орындау сапасымен жұмыс, нотаны парақтан оқу және білім алушының репертуармен өз бетінше жұмыс жалғастырылады;

      3) білім алушы оқу жылының ішінде үш октавалы гаммаларды және түрлі штрихтарды пайдаланып арпеджионы, сондай-ақ әр ысқышқа 8, 12 және 16 нотадан легатоны, мөлшерлеме позициясында ойнау дағдыларын әрі қарай дамыту, 7-8 этюдты, 4-6 пьесаны, концерттің бір бөлігін және сонатының бір-екі бөлігін үйренеді.

      77. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Үш октавалы гаммаларды және біркелкі аппликатурадағы үшдыбыстылықты оқып-үйрену. Легатода он алты нотаға дейін гаммаларды орындау, арпеджионы - тоғыз нотаға дейін, қос ноталарды (терциялар, секстар, октавалар) оқып-үйрену.

      2-тақырып. Деташе, легато, мартле, сотийе, стаккато штрихтарын жетілдіру.

      3-тақырып.Қою позициясында ойнау дағдыларын - Давыдов шарнирын бекіту.

      4-тақырып. Виртуозды-романтикалық пьесалардағы сол қол техникасын дамыту: трельдер, позициялардың біріктірулерінің алуан түрлерін, қос ноталарды, аккордтарды, табиғи және жасанды флажолетталарды.

      5-тақырып. Стильдік ерекшеліктермен, баса айтумен, агогикамен, дыбысты дамытумен, пьесалардағы әдемі вибрациялармен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс.

      6-тақырып. Этюдтердегі күрделі штрихтарды орындау сапасымен жұмыс.

      7-тақырып. Нотаны парақтан оқу және білім алушының шамасы келетін репертуармен өз бетінше жұмысы.

      8-тақырып. Ансамбльмен музыка ойнау.

      9-тақырып. Мультимедиа құралдарымен - музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламаларымен, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және Muse Score [МюсСкор] , Sibelius 6 [Сибелиус] ноталық редакторларымен әрі қарай танысу.

      10-тақырып.Электронды камертонды пайдалану арқылы өз бетімен аспапаты күйге келтіру.

      78. 6 сыныптың Бағдарламасын меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік жіне дағдыларға ие болады:

      1) тенорлык кілттердегі ноталарды оқи алады;

      2) нотаны парақтан оқу және ансамбльде ойнау дағдыларына ие;

      3) шығарманы орындау кезінде естуді бақылауды жүзеге асырады;

      4) сахна мәдениетін біледі;

      5) музыкалық шығарманы орындай алады;

      6) ашық ішектерді пайдаланбай, біркелкі аппликатурадағы үш октавада мажорлы және минорлы гаммаларды орындай алады;

      7) мейлінше күрделі штрихтарды орындау дағдыларына ие;

      8) түрлі аккордтарды ойнауды біледі;

      9) әдемі вибрациялау дағдыларына ие;

      10) интервалды техника дағдыларын біледі;

      11) шығарманың стильдік ерекшеліктерін жеткізе біледі;

      12) парақтан оқу дағдыларына ие;

      13) интервалды техника дағдыларын біледі;

      14) сол қол техникасын біледі: трельдер, позицияларды біріктірудің алуан түрлерін, жасанды флажолеттер мен қос ноталарды;

      15) аспапты өз бетімен күйге келтіре алады;

      16) Microsoft Office [Майкрасофт офис] бағдарламасын және ноталық редакторларды пайдалана алады.

      79. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) түрлі штрихтық нұсқалардағы гаммаларды игеру, саусақтардың шапшаңдығы мен штрихтық техниканы дамыту, екі және төрт легатодан қос ноталардың үш түрін, қозғалысты қалыптағы арпеджионың он бір түрін меңгеру, түрлі стильдік бағыттардағы виолончель репертуары белсенді түрде игеріледі;

      2) білім алушы жылдам қозғалыстағы үш октавалы гамманы, он екі және он алты нотадан легатоно, штрихтардың барлық түрін, үш және алты нотадан арпеджионы, қос ноталарды, хроматикалық гаммаларды, 6-8 этюдты, 5-6 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы оқып-үйренеді.

      80. 7 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Түрлі штрихтық нұсқалардағы гаммалар, саусақтардың шапшаңдығы мен штрихтық техниканы дамытту, үш түрлі қос ноталар екі және төрт легатодан, қозғалысты күйдегі арпеджионың он бір түрі.

      2-тақырып. Деташе, легато, мартле, сотийе, стаккатою штрихтарын жетілдіру.

      3-тақырып. Виртуозды-романтикалық пьесалардағы сол қол техникасын әрі қарай дамыту: трельдер, позицияларды біріктірудің түрлі түрлері, қос ноталар, аккордтар, табиғи және жасанды флажолетталар.

      4-тақырып. Түрлі стильдік бағыттағы виолончельге арналған репертуарларды кәсіби түрде меңгеру.

      5тақырып. Мейлінше күрделі фактуралы және мазмұнды ірі нысанды шығармалармен жұмыс.

      6-таққырып. Этюдтердегі күрделі штрихтарды орындау сапасын жетілдірумен жұмысты әрі қарай жалғастыру.

      7-тақырып. Нотаны парақтан оқу және білім алушыға күрделірек болатын репертуармен өз бетімен жұмыс істеу.

      8-тақырып. Ансамбльде музыка ойнау.

      9-тақырып. Музыканы, аранжировканы сандық өңдеуге арналған мультимедиадық құралдармен, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлармен әрі қарай танысу.

      10-тақырып. Кәсіби, өз бетімен аспапты күйге келтіру және ішектерді құлаққа дұрыс қою.

      81. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) біріңғай аппликатурада төрт октавада мажорлы және минорлы гаммаларды орындай алады (ашық ішектерді пайдаланбай);

      2) хроматикалық гаммаларды орындай алады;

      3) сол қол техникасын меңгерген: саусақтардың шапшаңдылықтарын, трельдерді, позицияларды қосудың түрлі түрлерін, жасанды флажолетталар мен қос ноталарды;

      4) мейлінше күрделі штрихтармен орындау дағдыларын біледі;

      5) интервалды техника дағдыларына ие;

      6) музыкалық шығарманы түсіндіре алады;

      7) шығарманың стильдік ерекшеліктерін жеткізе алады;

      8) музыкалық шығарманы өз бетімен жаттай алады;

      9) аспапты өз бетімен күйке келтіре алады;

      10) парақтан оқу дағдыларына ие;

      11) музыканы, аранжировканы сандық өңдеуге арналған бағдарламаларды, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторларды қолдана алады.

      82. 8-9 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) түрлі штрихтық нұсқалардағы бірыңғай аппликатурадағы гаммалармен, үш түрлі қос ноталарды екі және төрт легатодан, қозғалысты қалыптағы арпеджионың он бір түрімен, мейлінше күрделі фактуралы және мазмұндағы ірі нысанды шығарманы меңгеру жалғастырылады, саусақ жүйріктілігі, штрихтық техника дамытылады;

      2) білім алушы қозғалысты қалыптағы үш октавалы гаммалардыон екі және он алты нотадан легатоны, штрихтардың барлық түрлерін, үш және алтылегатодан арпеджионы және қос ноталарды, хроматикалық гаммаларды, 6-8 этюдті, 5-6 пьесаны және 2 ірі нысанды шығарманы оқып-үйренеді.

      83. 8-9 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Түрлі штрихтық нұсқалардағы гаммалар, саусақ шапшаңдылығы мен штрихтық техниканы дамыту, үш түрдегі қос ноталарды екі және төрт легатодан, қозғалысты күйдегі арпеджионың он бір түрін.

      2-тақырып. Деташе, легато, мартле, сотийе, стаккато штрихтарын дамыту.

      3-тақырып. Виртуозды-романтикалық пьесалардағы сол қол техникасын әрі қарай дамыту:трельдер, позицияларды біріктірудің алуан түрлері, қос ноталар, аккордтар, табиғи және жасанды флажолеттер.

      4-тақырып. Түрлі стильдік бағыттардағы виолончельге арналған репертуарларды кәсіби түрде меңгеру.

      5-тақырып. Мейлінше күрделі фактурадағы және мазмұндағы ірі нысанды шығармалармен жұмыс.

      6-тақырып. Этюдтердегі күрделі штрихтерді орындау сапасын жетілдіру бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру.

      7-тақырып. Нотаны парақтан оқу және білім алушыға күрделі болып келетін репертуармен өз бетінше жұмыс.

      8-тақырып. Ансамбльде музыка ойнау.

      9-тақырып. Мультимедиа құралдарымен - музыканы, аранжировканы сандық өңдеуге арналған бағдарламалармен, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлармен әрі қарай танысу.

      10-тақырып. Мейлінше кәсіби, өз бетінше аспапаты күйге келтіру.

      84. 8-9 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныпта оқу жылының соңында келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) алуан түрлі аккордтарды ойнай алады;

      2) әдемі вибрациялау дағдыларына ие;

      3) бірыңғай аппликатурамен үш октавада мажорлы және минорлы гаммаларды орындай алады (ашық ішектерді пайдаланбай);

      4) екі ысқышқа 16 легатодан хроматикалық гаммаларды орындай алады;

      5) сол қол техникасын біледі: саусақтардың шапшаңдылығы, трельдер, позицияларды біріктірудің алуан түрлері, жасанды флажолеттер және қос ноталар;

      6) мейлінше күрделі штрихтармен орындау дағдыларына ие;

      7) интервалды техника дағдыларына ие;

      8) музыкалық шығарманы түсіндіре алады;

      9) шығарманың стильдік ерекшеліктерін жеткізе алады;

      10) музыкалық шығарманы өз бетімен жаттай алады;

      11) аспапты өз бетімен күйге келтіре алады;

      12) парақтан оқу дағдыларына ие;

      13) музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламаларын, MicrosoftOffice және ноталық редакторларды пайдалана алады.

      85. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      1) виолончельде жеке орындауға тән сипаттағы көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді,

      2) музыкалық терминологияны;

      3) музыкалық шығармалардың түрлі түсіндірулерін;

      4) Бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі стиль мен жанрлардағы шығармалардын тұратын виолончельге арналған репертуарларды біледі.

      Түлек :

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік дәрежеде сауатты орындай алады;

      2) жеңіл пьесаларды жаттау барысында туындайтын техникалық қиындықтардан өз бетімен өте алады;

      3) орындаушылық практикада алған теориялық білімдерін қолдана алады;

      4) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады;

      5) музыкалық формалар туралы түсініктері бар.

      Түлек:

      1) есту бойынша теру және жеңіл музыкалық шығармаларды парақтан оқу дағдылары;

      2) музыкалық-орындаушылық мәнерлілік құралдарын пайдалану дағдылары;

      3) естуді бақылауды тәрбиелеу бойынша дағдылары және орындау процесін басқару біліктері;

      4) орындалатын шығармаларды теориялық талдау дағдылары;

      5) орындаушылық практика дағдылары, көпшілік алдында жеке өнер көрсету дағдылары;

      6) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      86. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруі техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      87. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 1 этюд);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд немесе 1 этюд және пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд немесе 1 этюд және 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд немесе 1 этюд және пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд немесе 1 этюд және 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 1 этюд және 1 пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд немесе 1 этюд және 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: бітіру емтихан (1 пьеса, 1 ірі нысанды шығарма);

      6) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд немесе 1 этюд және 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: емтихан (1 пьеса, 1 ірі нысанды шығарма);

      7) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 гамма, 2 этюд), екінші жартыжылдықта: бітіру емтиханы (ірі нысанды форма, виртуозды пьеса, Қазақстан композиторларының пьесасы);

      8) 8-9 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (гамма, 2 этюд), екінші жартыжылдықта: бітіру емтихан (1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса).

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      88. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы" – музыкалық шығарма мазмұнының бейнелік-мәнерлілік түсіндірмесі; нысан сезімін нақты түрде ұғу; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; ырғақтық пульсацияның айқындығы; динамикалық көптүрлілік; өз орындауын естіп бақылау; орындау техникасын еркін меңгеру; әртістік және ойнауға берілгендік;

      2) "4" бағасы "жақсы" – шығарманың нысанын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсіну; ноталық мәтінді орындаудың тұрақтылығы; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; динамикалық көптүрлілік; жеткіліксіз түрде естіп бақылауы; сахнада психологиялық жағынан өзін-өзі ұстаудың тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық" – авторлық ноталық мәтінді музыканы бейнелік пайымдаусыз үстіртін оқу; өз орындауын нашар естіп бақылау; шапшаңдық-ырғақтық жинақы еместік; дыбысталудың динамикалық біртектілігі және бірсарындылығы; сахнада тұрақсыз психологиялық жай-күй;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес" – ноталық мәтінді ойнаудағы қателіктер; метрлік-ырғақтық тұрақсыздық; естіп бақылаудың жоқтығы; дыбыс шығару және дыбыс танудың төменгі сапасы; мәнерлілік түсіндірменің жоқтығы; орындау кезіндегі жиі тоқтаулар;

      5) сынақ (бағасыз) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
53-қосымша

Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Компьютерлік сызу өнері және дизайн" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Компьютерлік сызу өнері және дизайн" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Компьютерлік сызу өнері және дизайн" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) алгоритм – орындаушыға нұсқалған мақсатқа қол жеткізу және қойылған мақсаттарды шешуге бағытталған іс-әрекеттердің соңғы ретін нақты және түсінікті етіп көрсету;

      2) бағдарламалық интерфейс – бағдарламалық қамтамасыз етудің әртүрлі түрлерінің арасындағы интерфейс;

      3) графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өңдеуге арналған бағдарлама;

      4) деректер – тіркелген белгілер;

      5) диапазон – ретпен орналасқан жолдар мен бағаналардың қиылысын құрайтын электронды кестелер ұяшығының жиынтығы;

      6) жедел жад – тікелей есептеу кезінде бағдарламалар мен деректерді уақытқа сақтауға арналған компьютер жады;

      7) енгізу – объектіні басқа қосымшамен жасалған құжатқа енгізу;

      8) есептеу желісі (компьютер желісі) – байланыс сымдары арқылы екі немесе одан көп компьютерді біріктіру мақсатында жалғау;

      9) интерфейс – ережелер жиынтығы, олар арқылы жүйелердің элементтерінің өзара әрекеттесуі іске асырылады;

      10) команда – орындаушыға соңғы жинақта көрсетілген іс-әрекетті орындауға берілетін бұйрық;

      11) монитор – деректерді визуалды көру құрылғысы;

      12) операциялық жүйе –есептеу жүйесінің ресурстарын басқаратын және қолданушы, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық интерфейстерді қамтамасыз ететін жүйелі және қызметтік бағдарламалардың кешені;

      13) өңдеу – бар құжатты өзгерту;

      14) растрлық редактор – элемент ретінде түсі және ашықтығы бар үкте кескінін қолданатын графикалық редактор;

      15) регистрлер – процессордың ішкі жылдамдығы жоғары жады;

      16) сызықтық алгоритм – командаларды бір қатарлы ретпен орындайтын алгоритм;

      17) сыртқы жады – бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақыт бойы сақтауға арналған үлкен көлемді есте сақтау жады;

      18) терезе – экранның жиектермен шектелген бөлігі, ол арқылы бағдарлама қолданушымен іс-әрекетке түседі;

      19) файл – аты бар бір түрлі деректердің қисынды байланысқан реті; аты бар жад байтының еркін санының реті;

      20) форматтау – мәтінді түзеуді қолданып, әртүрлі штрихтерді пайдаланып, мәтіндік құжаттарға сурет немесе басқа объектілерді қою арқылы сәндеу.

      3. Бағдарламаның мақсаты: компьютерлік графика және дизайн арқылы тұлғаның шығармашылық дамуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) пән бойынша теориялық білімді меңгеру, алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға үйрету;

      2) компьютерлік сызу өнері және дизайн құралдарын игерту арқылы визуалды бейнелерді құру қағидаттары, ережелері мен тәсілдері туралы білімді меңгеру;

      3) компьютерлік сурет салу құралдарын және оларды шығармашылық өзін-өзі танытуда пайдалануға үйрету;

      4) графикалық дизайнның тілін, оның ерекшеліктерін оқыту;

      5) техникалық дағдыларын, дизайнерлік біліктерін жетілдіру;

      6) білім алушылардың жаңа технологиялық ортадағы көркемдік-практикалық дағдыларын дамыту;

      7) көркем орындауға және жобалау қызметіне деген қабілеттерін дамыту;

      8) білім алушылардың визуалды мәдениетін, кеңістіктік елестетуін, көркемдік және ассоциативтік ойлауын, эстетикалық тәжірибесін дамыту.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі - төрт жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 2-қосымшасында көрсетілген балалар көркемөнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту 2 сыныптан басталады. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      6. Топтардағы балалардың сандық құрамы - 8 адамнан кем емес және 15 адамнан көп емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      9. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың Бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      13. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      14. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді:

      1) бейнелеу көркемдік қызметі бойынша білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері және әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, өнертану теориясы мен тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – оқытылатын тақырыптардың мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі саналылық және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      19. "Компьютерлік сызу өнері және дизайн", "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Комьютерлік графика" пәндеріне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша - түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік - шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық - тұтас шығарманы мұқият пысықтау үшін ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау - салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту);

      5) эмоциялық - ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады

      24. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      25. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагогтің Бағдарламадан өз сыныбындағы білім алушысының дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдап алуына мүмкіндігі бар.

      26. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      27. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      28. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      33. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Ең алдымен күрделі тапсырмалар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      34. "Компьютерлік сызу өнері және дизайн", "Сурет", "Кескіндеме", "Композиция", "Компьютерлік графика" пәндерінің пәнаралық байланыстары білім алушыларды заттар әлемін тұтас қабылдауға түрткі болады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      35. Даярлық сыныбындағы Бағдарлама талаптары:

      1) Бағдарлама компьютерлік сауатты меңгерудегі алғашқы тұрақты білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған, компьютерлік графикаға оқыту кіріспе әңгімелесуден, балаларды пәнмен, оның мақсаттары мен міндеттерін, компьютерлік графика туралы, сурет салу тәсілдері, әдістері, сақтау, жұмысты ашу, жұмыс орнын даярлау және қауіпсіздік техникасы туралы түсініктермен таныстыру басталады;

      2) графикалық бағдарламасы болып Paint қарапайым растр редакторы табылады, білім алушылар басқа пәндермен өзара байланыста пішін (формат), композициялық орналастыру, пропорция, ритм, перспектива туралы білім алады.

      3) білім алушы компьютерде жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасын, бас мәзір, "Файл" мәзірі арқылы PAINT [пейнт] графикалық редакторын ашуды, "Шығу" командасы арқылы файлды сақтамай жабуды, графикалық планшеттің құрылымын, графикалық планшетте жұмыс істеу тәсілдерін, құрал-саймандар тақтасымен жұмыс істеуді, сурет файлын сақтауды, "Қылқалам", "Құю", "Түсті таңдау", "Өшіргіш", "Бүріккіш", "Эллипс", "Тікбұрыш", "Дөңгелектенген тікбұрыш", "Сызық", "Қисық сызық", "Қарындаш", "Масштаб", "Көпбұрыш", "Жазба" құрал-саймандарын меңгереді;

      4) "Шығу", "Сурет> сурет атрибуты", "Көрсету. Бұру", "Созу", "Еңкейту", "Ерекшелеу", "Көшіру", "Қою", "Көрсету", "Жазба", "Мәтін" командаларын, сурет салу әдістерін, тапсырмаларды кезеңмен орындауды, пиксельді графика арқылы сурет салуды, композиция қағидаттарын, жұмысты пысықтауды, композицияның негізгі элементтеріне бояу құюды, композицияны бөлшектеуді меңгереді.

      36. Даярлық сыныбының оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Графикалық редакторға кіріспе. Бас мәзір арқылы PAINT [пейнт] графикалық редакторды ашу. "Файл" мәзірі. "Шығу" командасы арқылы файлды сақтамай жабу.

      2-тақырып. Графикалық планшет - сурет салу құралы. Графикалық планшеттің қасиеттері. Жұмыстың амал-тәсілдері. Эргономикалығы. Графикалық планшеттің артықшылықтары.

      3-тақырып. Негізгі құрал. "Сурет > Суреттің атрибуты" командасын үйрену. Құрал-саймандар тақтасымен жұмыс. Қылқалам, бояу құю құралдары. Іс-әрекетті жою. Ақ және қара түс палитрасы. Сурет файлын сақтау.

      4-тақырып. Түстер палитрасы. Түстік реңктерді құру. "Түсті таңдау" құралын үйрену.

      5-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. "Өшіргіш", "Бүріккіш" құралдарын үйрену. Сурет салу әдістері.

      6-тақырып. Практикум. Жаңа идеяларды әзірлеу. Жемістің пішінін (форма) кезеңмен құру, түс құю, бүріккіш арқылы реңктерді түсіру, фон құру.

      7-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. "Эллипс", "Тікбұрыш", "Дөңгеленген тікбұрыш" құралдарын үйрену. "Эллипс", "Тікбұрыш", "Дөңгеленген тікбұрыш" құралдарының қосымша мүмкіндіктері.

      8-тақырып. Практикум. Ертегі қаласының жобасын әзірлеу. Тікбұрыш және эллипс құралдарының көмегімен ертегі қаласын салу.

      9-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. "Сызық" құралын үйрену. "Қисық сызық" құралын үйрену. "Қисық сызық" құралын пайдалану тәсілдері.

      10-тақырып. Практикум. Құмырада тұрған гүлдер. Сурет идеясын әзірлеу. Жобаны сатылап орындау: құмыра, гүлдерді артқы планда орналастыру және құмыраны алдыңғы планда орналастыру. "Қисық сызық", "Эллипс" құралдарының көмегімен құмыра жасау. "Қисық сызық" құралының көмегі арқылы құмыраны гүлдермен толтыру.

      11-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. "Масштаб" құралын үйрену. "Масштаб" құралын пайланудың қажеттілігі. Біздің өміріміздегі масштаб.

      12-тақырып. Практикум. Суреттің идеясын әзірлеу. Жазық пиксельді графика. "Стилизация" түсінігі. "Қарындаш", "Масштаб" құралдарының көмегі арқылы пиксельді графикамен сурет (жеміс, жануар, құс) салу.

      13-тақырып. Практикум. Изометриялық пиксельді графика. Изометрия (көлем) түсінігі. Сурет идеясын әзірлеу (қорап, теледидар, үй). "Қарындаш", "Масштаб" құралының көмегі арқылы пиксельді графикамен сурет кескінін құру.

      14-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. Табиғаттағы симметрия. Ерекшелеу құралдары. "Көрсету/Бұру" командалары. "Көпбұрыш" құралын оқу. "Көпбұрыш" құралын пайдалану.

      15-тақырып. Практикум. Табиғаттағы симметрия. Симметриялы сурет идеясын (қоңыз, көбелек, теңіз жұлдызшасы, гүл) әзірлеу. Алдында үйренген құралдардың көмегімен суреттің жартысын салу. Екі жартыдан тұратын симметриялық суреттерді құру.

      16-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. "Созу (растянуть)", "Еңкейту (наклонить)" командаларын оқып-үйрену.

      17-тақырып. Практикум. Өрнек. Ритм. Ритм түсінігі. Сурет құралдары және "Ерекшелеу", "Көшіру", "Қою", "Көрсету" командаларын пайдаланып өрнек құру.

      18-тақырып. Бағдарламаның құрал-саймандары. "Жазба" құралдарын зерделеу. Мәтіннің атрибуттар тақтасын зерделеу. "Мәтін" құралы, оның белгілерінің өзгеруі.

      19-тақырып. Практикум. Құттықтау ашық хаттың идеясын әзірлеу. Зерделенген құралдардың көмегімен жазу жазылған құттықтау ашық хатын жасау.

      20-тақырып. Композиция негіздері. Шығарма құрылымының құрылымдық қағидаттары. Композициямен жұмыстың кезеңдері. Композицияның түрлері. Кескіндерді пішімде жинақтау. Композиция құрудың негізгі қағидаттары.

      21-тақырып. Қорытынды жоба. Ұсынылған тақырыпта түсті нобайды орындау. Альбомнан алынған суретті қайта салу арқылы нобайды графикалық ортаға ауыстыру. Композицияның негізгі элементтерін жасау және түс құю. Композицияның кемшіліктерін толықтыру, пысықтау. Нобайды сақтау және басып шығару. Қорытынды жоба.

      37. Даярлық сыныбының Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қауіпсіздік техникасын біледі;

      2) компьютер құрылғыларының аталуын және функционалды мәнін, негізгі сипаттарын біледі;

      3) жұмыс орнын дайындай алады;

      4) бағдарламаның құрал-саймандарын, компьютерде сурет салудың тәсілдерін, әдістерін біледі;

      5) "Өшіргіш", "Бүріккіш" құралдарының көмегімен сурет салу әдістерін біледі;

      6) "Эллипс", "Тікбұрыш", "Дөңгеленген тікбұрыш", "Көпбұрыш" құралдарының көмегімен шығармашылық жұмыстарды құра алады;

      7) "Сызық", "Қисық сызық" құралдарын пайдалану тәсілдерін біледі;

      8) "Қарындаш", "Масштаб" құралдарының көмегімен бейнелердің пиксельді графикасын құра біледі;

      9) "Көрсету \ Бұру", "Созу", "Еңкейту", "Ерекшелеу", "Көшіру", "Қою", "Көрсету" командаларын біледі;

      10) "Жазба", "Мәтін" құралдарын біледі;

      11) пішім, пропорциялардың композициялық орналасуы, ырғақ, перспектива терминологиясын біледі;

      12) жұмысты сақтауды және ашуды біледі;

      13) графикалық планшетте жұмыс істей алады;

      14) графикалық ортадағы жұмыс кезеңдерін біледі;

      15) дербес компьютерде жұмыс істеу кезінде алған дағдыларын пайдалана алады;

      16) үлгі бойынша шығармашылық жұмысты жүргізе алады;

      17) Paint [пейнт] растр редакторында жұмыс істеу дағдыларын меңгерген;

      18) Paint [пейнт] графика редакторында жұмыс істеу дағдыларына ие.

      38. Бірінші сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "графикалық редактор", "графикалық ортадағы түсті елестету", "жұмыстарды сақтауға арналған файлдардың пішімдері", "графикалық планшет" түсініктерімен танысады, үйренген құралдардың көмегі арқылы графикалық редакторде суреттерді салу дағдыларын бекіту жалғастырылады.

      2) алушылардың пішім, композициялық орналастыру, пропорция, ритм, перспектива туралы түсініктері бекітіледі, графикалық редакторды (редактордың жұмыс терезесін, мәзірдің ерекшеліктерін, жұмыс алаңын, құрал-саймандардың жиынтығын ұйымдастыруды, қасиеттер панелін, құжатты құруды), компьютерлік графикадағы түсті (монитор экраны мен принтердегі түстік реңктерді), RGB, CMYK түстік үлгілерін, графикалық файлдардың пішіндерін, векторлық пішіндерді, растрлық пішіндерді, "Қылқалам", "Өшіргіш", "Саусақ" құралдарын қолдануды, қылқаламдарды араластыруды баптау, араластыруды түрлі пайдалануды, сурет салудың түрлі техникасына арналған Қылқаламды күйге келтіруді меңгереді;

      3) өздерінің қылқаламдарын жасауы, оның баптауын (настройка) кітапханада сақтау дағдылары қалыптастырылады, бояуды құруды, сызықтық және әуелік перспективаларды құруды, "Акварель, гуашь, пастель" техникасын, растрлық графикалық редактордағы белгілеу құралдарын, түрлі техникаларды имитациялауды, қабаттармен жұмыс істеу негіздерін және қабаттардағы "Өшіру", "Орын ауыстыру", "Масштабтау", "Айналдыру", "Айналы бейнелеу", "Біріктіру", "Бекіту" операцияларын, бейнелерді өңдеуді, ақ-қара нобайдан түрлі-түсті нобай жасауды меңгереді;

      4) "Құю", "Градиент", "Ағарту", "Күңгірттендіру", "Сорғыш (Губка)", "Кескіннің бұзылуы", "Бояудың ашықтығы", "Кескін", "Нобай", "Имитация" құралдары туралы түсініктер қалыптасады.

      39. Бірінші сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Графикалық редактор. Редактордың жұмыс терезесі. Мәзірдің ерекшеліктері. Құрал-саймандар жиынтығын ұйымдастыру. Қасиеттер панелі. Панельдер - қосымша терезелер. Бейнелерді түрлі масштабта көру. Құжатты құру.

      2-тақырып. Компьютерлік графикадағы түстер. Монитор экранындағы және принтердегі (түстік модельдер) түстік реңктерді сипаттау. RGB түстер моделі. Монитор экранында өзінің жеке түстік реңктерін қалыптастыру. CMYK түстік моделі. Негізгі және фондық түстерді таңдау.

      3-тақырып. Пішімдер (формат). Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық пішімдер. Растрлық пішімдер. Бейнелерді стандартты пішімдерде, сондай-ақ графикалық бағдарламалардың өз пішімдерінде сақтау. Пішімдерді оқу, бейнелерді сақтау кезінде пішімдерді таңдау.

      4-тақырып. Графикалық планшет - сурет салу құралы. Графикалық планшеттің қасиеттері. Жұмыс тәсілдері. Эргономиялық. Графикалық планшеттің міндеттері.

      5-тақырып. Графикалық редактордың құрал-саймандары. Қылқаламды, өшіргішті пайдалану, сипаттамаларын баптау (настройка). Құрал-саймандарға бағдарламаларды енгізу. Өлшемдерді өзгерту.

      Графикалық редактордың құрал-саймандары. Қылқаламдарды араластыруды баптау. Араластыруды түрлі қолдану. Сурет салудың түрлі техникаларына арналған қылқаламдарды баптау.

      Графикалық редакторлардың құрал-саймандары. Өз қылқаламын құру. Қылқаламды сақтау. Қылқаламдар кітапханасын құру. Практикалық тапсырма: білім алушылардың өз қылқаламдарын құрып, олардың баптауын кітапханада сақтау.

      Графикалық редакордың құрал-саймандары. "Саусақ" құралы. "Саусақ" құралын пайдалану тәсілдері мен амалдары. Боямаларды (подмалевка) құру. Жүнді имитациялау.

      Графикалық редактордың құрал-саймандары. Перспектива туралы мәлімет, перспективаны салу мүмкіндіктері. Сызықтық және әуе перспективаларын құру.

      Графикалық редактор бағдарламасының құрал-саймандары. Түрлі техникаларды имитациялау. "Акварель, гуашь, пастель" практикумы.

      6-тақырып. Аралық жоба. Идеяны әзірлеу. Нобай. Нобайларды әзірлеу.

      Аралық жоба. Нобайды графикалық ортаға түсіру. Нобайды графикалық ортаға түсіруге арналған бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Аралық жоба. Түсті салу. Реңктер бойынша бөлу. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Аралық жоба. Бөлшектерді пысықтау. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Аралық жоба. Пысықтауды аяқтау. Орындалған жобаны аяқтау және А4, А3 пішімдерінде басып шығару.

      7-тақырып. Аймақтарды ерекшелеу. Растрлық бағдарламалардағы аймақтарды ерекшелуде туындайтын мәселелер. Аймақтармен жұмыс.

      Аймақтарды ерекшелеу. Ерекшелеудің түрлі құралдарын пайдалану. Орын ауыстыру және ерекшелеу шекараларын өзгерту. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Аймақтарды ерекшелеу. Жұмыс істеу барысында ерекшелеуді пайдалану. Бағдарламалық құралдарды пайдалану. Жұмыс барысында ерекшелеу құралдарын пайдалану.

      8-тақырып. Қабаттармен жұмыс істеу негіздері. Қабаттар түсінігі. Қабаттарда жасалынатын операциялар: жою, ауыстыру, өлшемдеу, айналдыру, айналы бейнелеу. Біріктіру, бекіту. Жұмысты құрамдас бөліктерге бөлу, қабаттар бойынша тарату.

      Қабаттармен жұмыс істеу негіздері. Қабаттарды араластыруды баптау. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      9-тақырып. Кескіндерді өңдеу. "Құю", "Градиент" құралдары. Құю барысында бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Кескінді өңдеу. Ағарту, күңгірттендіру, сорғыш құралдары. Ағарту, күңгірттендіру кезінде бағдарламалық құралдарды пайдалану. Түс, реңктер бойынша өңдеуге арналған құралдарды пайдалану.

      Кескінді өңдеу. "Бейненің бұзылуы", "Ашықтық" құралдары. Кескінді өңдеуде бағдарламалық құралдарды пайдалану. Бейненің ашықтығын өңдеуге арналған бағдарламаларды пайдалану.

      Кескінді өңдеу. "Кесу" құралы. Бейненің өлшемін өзгерту. "Кесу" құралының көмегімен бейнені өңдейтін бағдарламалық құралдары пайдалану. Ағымдағы кенептің өлшемін өзгерту.

      Кескінді өңдеу. "Нобай" тобының фильтрі. Кескінді өңдеуде бағдарламалық құралдарды пайдалану. "Нобай" фильтрінің түрлері.

      Кескінді өңдеу. "Имитация" тобының фильтрі. Кескінді өңдеуде бағдарламалық талаптарды пайдалану.

      10-тақырып. Қорытынды жоба. Жоба идеясын әзірлеу. Нобайды әзірлеу.

      Қорытынды жоба. Нобайды графикалық ортаға көшіру. Кескінді өңдеуде бағдарламалық құралдары пайдалану.

      Қорытынды жоба. Түсті түсіру. Түсті түсіруде бағдарламалық талаптарды пайдалану. Ақ-қара нобайдан түрлі-түсті нобай құру.

      Қорытынды жоба. Түстерге бөлу. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Қорытынды жоба. Жобамен жұмыс. Бөлшектерді ірілеп пысықтау. Бағдарламалық құралдары пайдалану.

      Қорытынды жоба. Жобамен жұмыс. Ұсақ бөлшектерді пысықтау. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Қорытынды жоба. Талдап тексеруді аяқтау. Сақтау. Басып шығару. Бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      40. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) компьютердегі ақпараттарды тасушылардың негізгі түрлерін, олардың сипаттамасын біледі;

      2) СD-дискке, DVD-дискке, флеш-картаға немесе дискетке жазылатын жазудың көлемін біледі;

      3) сурет салу құралы - графикалық планшетті, планшетте жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

      4) монитор экранында өздерінің жеке түрлі-түсті реңктерін қалыптастырады;

      5) сурет салудың түрлі техникасына арналған "Қылқалам" құралын күйге келтіре алады;

      6) "Саусақ" құралын пайдаланудың тәсілдері мен амалдарын біледі;

      7) нобайды графикалық ортаға көшіре алады;

      8) ерекшелеудің түрлі құралдарын пайдалана алады;

      9) ерекшелеу шекараларын ауыстыра алады және өзгерте алады;

      10) қабаттармен жұмыс істеу негіздерін біледі;

      11) қабаттарда жасалынатын операцияларды біледі, олар: өшіру, ауыстыру, өлшемдеу, айналдыру, айналы бейне, біріктіру, бекіту, жұмысты құрамдас бөліктерге бөлу, қабаттар бойынша бөлу;

      12) "Құю", "Градиент", "Ағарту", "Күңгірттендіру", "Сорғыш" және түс, реңк бойынша пысықтауға арналған құралдарды пайдаланып, бейнелерді өңдей алады;

      13) "Бейненің бұзылуы", "Ашықтық" құралдарын пайдаланып бейнелерді өңдей алады;

      14) "Кесу" құралын пайдаланып бейнелерді өңдей алады;

      15) "Нобай" фильтрінің түрлерін, "Имитация" тобының фильтрін біледі;

      16) бейнелерді сттандартты пішімдерде, сонымен қатар графикалық бағдарламалардың өз пішімдерінде сақтай алады;

      17) түсті түсіру кезінде, ақ-қара нобайдан түрлі түсті нобай жасау кезінде бағдараламалық құралдарды пайдалана алады;

      18) белгілі пішімде өздерінің жұмыстарын сақтайды және ашады;

      19) шығармашылық жұмысты сатылап жүргізуді біледі.

      41. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптар:

      1) бағдарлама компьютерлік сауатты меңгерудегі алғашқы тұрақты білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған, мұнда білім алушылардың жас ерекшеліктері, олардың талдау жасау мүмкіндіктері, векторлық редакторда суретті салу дағдылары мен біліктері арқылы шығармашылық ойларын жүзеге асыру мүмкіндіктері ескерілген;

      2) білім алушы түстік-реңктік қатынас, түстік тұтастық, композициялық орналастыру, пропорция, перспектива, монтаж, клипарт және коллаж түсініктерімен танысады, дайын суреттерді түзеті және ретушьтеу бойынша бағдарламаның арнайы мүмкіндіктері меңгеріледі, растрлық және векторлық графиканы салыстыру жүргізіледі, олардың ерекшеліктері мен пайдалану саласы оқытылады, векторлық редакторда суреттерді салу бойынша дағдыларды қалыптастыру үшін жағдай жасалынады. Векторлық редакторда сызықты құруға, тірек түйіндерінің түрлілігіне, құру нақтылығына ерекше көңіл бөлінеді;

      3) білім алушы фото суреттерді өңдеуді (ретушь), "Клондаушы штамп", "Жамау", "Архивті қалам" құралдары, бейнелердің бөлшектерін қолмен ағарту және күңгірттендіруді, бейненің ашықтығын арттыру, бұзу және ашықтық фильтрлері, фото суретті кереғарлы өңдеуді, портретті өңдеуді, ескі фотосуреттерді қайта өңдеуді, реңктік және түстік түзетулерді, түстік және реңктік теңгерімді түзету, "Түстілік" режиміндегі қылқаламды, дайын бейнелердегі түстерді қайта қалпына келтіру және өзгертуді, монтаж, клипарт, бейнелерді біріктіру тәсілдерін, коллаждау, түрлендіру (транформация) тәсілдерін, реңктік теңестіруді, векторлық графикалық редакторды, нысандармен жұмыс істеудің негіздерін, "Орын ауыстыру", "Көшіру", "Жою", "Айналы бейне", "Айналдыру", "Масштабтау" нысандарындағы операцияларды меңгереді;

      4) қалыптастыру нысандарын құруды, күрделі құрылымды нысандарды, тәсілдерін, нысандардың орналасу тәртібін топтастыруды, өзгерту дағдылары қалыптасады, нысандарды біртекті, градиентті, өрнекті, текстурлы бояуды, жұмыстың қосымша режимдерін, суреттерді нақтылап салуға арналған құралдарды "Сызғыш", "Бағыттауыш", "Тор", нысандарды экранға шығару режимі: қаңқалы, қалыпты, жақсартылған, нысандарды позициялау және орындарын ауыстыруды, интерактивтілік әсерін, көлемді бейнелерді алуға арналған "Сығу (Выдавливание) әдісін, "Ағып кету (Перетекание)" әдісін, шығыңқы және кіріңкі нысандарды құруды, көркемдік әсерлерді алуды, бұрмалау және олардың түрлерін, мөлдірлікті меңгереді.

      42. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Фотосуреттерді өңдеу. Фотосуреттерден кемшіліктерді алып тастау әдістері. Клондаушы штамп, жамау, архивті қылқалам құралдары. Бағдарламаның құралдарына кіріспе. Теориялық білімдерін практикада бекіту.

      Фотосуреттерді өңдеу. Бейненің бөлшектерін қолмен ағарту және күңгірттендіру. Бейненің ашықтығын арттыру. Бағдарламаның құралдарына кіріспе. Шайылу және ашықтық фильтрлері. Фотосуреттерді кереғарлықпен өңдеу.

      Фотосуреттерді өңдеу. Портреттік өңдеу. Өз бетімен өңдеу. Өңдеу құралдарының көмегімен ескі фотосуреттерді өңдеу. Өңдеу (ретушьтеу) туралы алған білімдерін практикада қолдану.

      2-тақырып. Реңктік және түстік өңдеу. Бейненің реңктік диапазоны туралы түсінік. Пиксельдердің (гистограмма) ашықтығын бөлу кестесі. Реңктің гистограммасы. Түстік теңгерім. Түстер бойынша қисықтар. Фотосуреттердегі түстік және реңктік теңгерімнің өзгеруі. Реңктік және түстік түзетулерді баптау.

      Реңктік және түстік өңдеулер. Түсті қалыпқа келтіру. Аймақтар бойынша түстік теңгерім. "Түстілік/Цветность" режиміндегі қылқалам. Түстің қылқаламы. Сегментті бояу. Дайын бейнелердегі түстерді қайта қалпына келтіру және өзгерту.

      Реңктік және түстік түзету. Практикум - ақ-қара бейнелерді бояу. Ақ-қара фотосуреттердегі түстерді қалпына келтіру.

      3-тақырып. Монтаж. Клипарт. Клипарт түсінігі. Дайын бейнелердің кітапханасы. Бейнелерді біріктіру тәсілдері. Бейне элементтерін біріктіру бойынша жұмыс.

      Монтаж. Коллаждау тәсілдері. Түрлендіру. Реңктік теңдастіру. Коллаждау туралы алған білімдерін практикада қолдану.

      Монтаж. Ұсынылған клипарттардан жеңіл монтажды құру.

      4-тақырып. Аралық жоба. Жобамен жұмыс. Жоба идеясын әзірлеу. Нобайды әзірлеу.

      Аралық жоба. Коллаждау элементтерін іздеу және дайындау. Коллаж элементтерін таңдау және дайындау.

      Аралық жоба. Бейнелерді құру. Өңдеу. Реңктері бойынша қою. Орналастыру және кенептегі элементтерді пысықтау.

      Аралық бақылау. Бөлшектерін пысықтау. Бағдарламалық құралдары пайдалану. Ұсақ бөлшектерін пысықтау.

      Аралық жоба. Пысықтауды аяқтау. Жалпы түстік және реңктік түзету. Сақтау. Басып шығару. Сақтау және дайын жұмысты А4-А3 пішімінде басып шығару.

      5-тақырып. Векторлық графикалық редакторға кіріспе. Жұмыс терезесі. Құрал-саймандар тақтасын ұйымдастыру. Қасиеттер тақтасы. Түстер палитрасы. Қалып-күй жолы.

      6-тақырып. Нысандармен жұмыс істеу негіздері. Практикум. Дайын нысандарды салу. Нысандарды ерекшелеу. Орын ауыстыру, көшіру, жою, айналы бейне, айналдыру нысандарындағы операциялар. Масштабтау.

      Нысандармен жұмыс істеу негіздері. Нысандарды құру, өзгерту және баптау. Нысандарды қалыптастыру арқылы құру. Тәсілдері. Топтастыру. Нысандардың орналасу тәртібін өзгерту.

      7-тақырып. Суреттерді бояу. Нысанды бояу (құю). Біртектес, градиентті, өрнекті және текстурлы құю.

      8-тақырып. Жұмыстың қосымша режимдері. Дәл салуға арналған және нысандардың бір-біріне қатысты орналасуына арналған құралдар: сызғыштар, бағыттауыштар, торлар. Нысандарды экранға шығару режимі: қаңқалы, қалыпты. Нысандарды позициялау және орындарын ауыстыру.

      9-тақырып. Интерактивтілік әсері. Көлемді бейнелерді шығаруға арналған "Сығу/Выдавливание" әдісі. "Көлемді бейнелерді шығаруға арналған "Сығу/Выдавливание әдісі" практикумы.

      Интерактивтілік әдісі. Ағып кету (перетекание). Шығыңқы және кіріңкі нысандарды құру. Көркемдік әсерлерді алу. Бағдарламаның құралдарына кіріспе.

      Интерактивтіліктің әсері. Инерактивті бұрмалау (искажение). Бұрмалаудың түрлері. Көркемдік ресімдеуге арналған бұрмалауды пайдалану.

      Интерактивтіліктің әсері. Мөлдірлік. Тазалылық әсерін пайдалану.

      10-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Қаріп. Қарапайым мәтін. Пішінді мәтіннің ерекшеліктері. Мәтінді ресімдеу. Траекторияның бойында мәтінді орналастыру.

      11-тақырып. Қисық сызықтардан суреттерді құру. Қисық сызықтарды салудың ерекшеліктері. Қисықтардан суреттерді құру. Қисықтардың маңызды элементтері: түйіндер мен траекториялар. Қисықтың пішіндерін түзету. Қисық нүктелер мен нүктелер манипуляторын пайдаланып қисықтарды өзгерту. "Қисықтардан суреттерді салу" практикалық жұмыс.

      12-тақырып. Кіріктірілген модульдер. Модульді құру және баптау. Күнтізбені автоматты режимде құру үшін кіріктірілген модульді пайдалану.

      13-тақырып. Қорытынды жоба. Жобамен жұмыс. Идеяларды әзірлеу. Нобайды әзірлеу.

      Қорытынды жоба. Графикалық ортада нобайды құру. Жобаны құру үшін бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Қорытынды жоба. Түсті таңдау. Жобаны құру үшін бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Қорытынды жоба. Тетіктерін пысықтау. Жобаны құру үшін бағдарламалық құралдарды пайдалану.

      Қорытынды жоба. Сатылы түрде пысықтау әдісін пайдалану. Жобаны сақтау. Жобаны қорытындылау: жұмыс бөлшектерін басып шығару, баптау және слайдтарды көрсету.

      43. 2 сыныптың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ретушь жасау туралы алған білімдерін практикада пайдаланады;

      2) реңктік және түстік түзетулерді біледі, ақ-қара фотосуреттегі түстерді қайта қалпына келтіреді және өзгерте алады;

      3) монтаж, клипарт түсініктерін, коллаждау тәсілдерін біледі;

      4) коллаждау туралы алған білімдерін практикада пайдаланады;

      5) ұсынылған клипарттардан қарапайым монтаж құра біледі;

      6) мәзір ерекшеліктерін, ақұрал-саймандар тақтасын ұйымдастыруды, қасиеттер тақтасын/панель свойств, түстер палитрасын біледі;

      7) нысандармен жұмыс істеу негіздерін, нысандардағы орын ауыстыру, көшіру, жою, айналы бейне, айналдыру, масштабттау операцияларын біледі;

      8) нысандарды құруды, өзгертуді, күйге келтіруді, құюды, топтастыруды біледі, нысандардың орналасу тәртібін өзгертеді;

      9) бейнелерді көлемді етіп шығару үшін сығу әдісін пайдаланады;

      10) қисық сызықтардан суреттерді құра біледі;

      11) векторлық және растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін біледі;

      12) растрлық жәәне векторлық редакторларда жұмыс істей алады;

      13) өз жұмыстарын сайқтайды және белгілі пішімде аша алады;

      14) бейнені бір түрден екінші түрге ауыстыра алады;

      15) пропорциялардың пішіндерін жеткізе алады;

      16) сурет, кескіндеме, композиция сабақтарында алған білімдерін қолданады;

      17) шығармашылық жұмысты жүргізу тәртібін біледі.

      44. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) CorelDraw [КорелДрав], Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламаларының құралдарын терең меңгеру жалғастырылады, графикалық бейнелерді жеткізу әдістері, графикалық файлдардың пішімдері, графикалық мәліметтерді сығу әдістері, графикалық файлдардың пішімдерін қайта құру, CorelDraw [КорелДрав] векторлық бағдарламасын іске қосу алгоритімі, CorelDraw [КорелДрав] бағдарламасының интерфейсі, бағдарламалық интерфейсті баптау, CorelDraw [КорелДрав] графикалық бейнені құру тәсілдері, нысандармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері, экран мен принтерде түстік реңктерді алу тәсілдері, растрлық бейнені импорттаудың алгоритімі, басып шығару өлшемдерін күйге келтіру алгоритімі, CorelDraw [КорелДрав] бағдарламасын іске қосу, бағдарламалық интерфейсті баптау меңгеріледі;

      2) графикалық примитивтер, CorelDraw [КорелДрав] векторлық редактордың құралдарымен жұмыс, CorelDraw [КорелДрав] компьютерлік графикалық редакторымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері, CorelDraw [КорелДрав] редакторының нысандарымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері, зат пен пішімнің пропорциясы, суреттердің контурын түзету, мәтінді құруды, түзетуді, пішімдеуді, макетті басып шығаруға дайындауды, растрлық бейнелерді түзетуді, арнайы әсерлерді пайдалануды, Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасында графикалық бейнелерді құруды, Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] графикалық бағдарламасының түрлі құралдарын, Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасының авторлық қаріптерін және қаріптік композицияларды құру дағдалырын меңгереді;

      3) компьютерлік графиканың Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасында түстерді сипаттау әдістері, экран мен принтерде түстік реңктерді алу амалдары, растрлық және векторлық пішімді файлдарында бейнелерді сақтау тәсілдері, графикалық мәліметтерді сығу әдістері, графикалық файлдардың форматттарын қайта өзгерту, түрлі графикалық бағдарламалардың міндеттері мен функциялары туралы білімдері бекітіледі.

      45. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. CorelDraw [КорелДрав] графикалық бағдарламасының міндеттері мен негізгі мүмкіндіктері.

      2-тақырып. CorelDraw [КорелДрав] бағдарламасында нысандармен жұмыстың негізгі тәсілдері. Нысандардың геометриялық пішіндерін түзету. Контурларды құру және түзету. Түспен жұмыс.

      3-тақырып. Аса жоғары нақтылау құралдары. Фирмалық стильді әзірлеу.

      Мәтінді ресімдеу. Макетті жоспарлау және құру. Растрлық бейнелермен жұмыс.

      4-тақырып. CorelDraw [КорелДрав] бағдарламасында нысандармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері. Нысандарды алдына ала көрудегі өлшемдерді басқару. Құжаттарды алдын ала көру. нысандарды көшіру. Нысандарды орналастыруды рреттеу. Нысандарды топтастыру. Нысандарды құру. Логикалық операциялар.

      5-тақырып. Практикалық жұмыс. Дизайн элементтерін құру.

      6-тақырып. Нысандардың геометриялық пішіндерін түзету. Нысандардың түрлері: графикалық примитивтер мен еркін түзетілетін нысандар. Пішіндерді түзету құралдарының көмегімен геометриялық нысандарды өзгерту. Пышақ құралы арқылы нысандарды бөлу. Өшіргіш құралының көмегімен нысанның бөлігін жою.

      7-тақырып. Практикалық жұмыс. Жарнамалық блок элементтерін құру. Контурларды салу және түзету. Еркін түрдегі нысандарды құру. Еркін сурет салу және Безье қисығы. Контурлармен жұмыс істеу дағдылары. Контурды баптау. Көркемдік контурды салу және түзету. Практикалық жұмыс.

      8-тақырып. Түспен жұмыс. Түстердің табиғаты. Түстік модельдер. Қарапайым және қосалқы түстер. Нысандарды бояу тәсілдері. Нысандардың тазалығы. Түс беру. Практикалық жұмыс.

      9-тақырып. Жоғары нақтылық құралы. Сызғыштар. Торлар. Бағыттауыштар. Нысандарды нақты түрлендіру. Нысандарды түзету және бөлу.

      10-тақырып. Фирмалық стильді әзірлеу. Логотиптерді құру. Фирмалық бланктарды әзірлеу. Визит карталарын әзірлеу ережелері. Мәтінді ресімдеу. Мәтіннің түрлері: қарапайым және пішінді мәтін. Пішінді мәтін. Құру, түзету, пішімдеу, арналып қойылу. Мәтінді қисық сызық бойында орналастыру. Мәтіннің геометриялық пішінін түзету. Қарапайым мәтін. Құру, түзету, форматтау, арналып қою. Мәтіндік блоктармен жұмыс істеу дағдылары. Практикалық жұмыс. Басып шығаруды құру. Мәтіннің дизайны.

      11-тақырып. Макетті жоспарлау және құру. Құжатты баптау. Макетті жоспарлау. Макетті құру. Практикалық жұмыс. Жарнамалық блокты құру. Сыртқы қабатын әзірлеу.

      12-тақырып. Растрлық бейнелермен жұмыс. Растрлық бейнелерді импорттау. Растрлық бейнелерді түзету. Пішінді кесу. Растрлық бейнелерді трассировка жасау. Векторлық және растрлық бейнелердің пішімі. Практикалық жұмыс. Ашықхат жасау.

      13-тақырып. Арнайы әсерлерді пайдалану. Перспективаларды қосу. Көлеңке жасау. Нысан пішінін деформациялау. Линза-нысанын пайдалану. Нысандарды контурлау. Нысандардың ағып кету әсерін жасау. Нысандарға көлем беру. Практикалық жұмыс.

      14-тақырып. Құжатты басып шығару. Қорытынды жұмыс. CorelDraw-тың [КорелДрав] барлық элементтерін пайдаланып макетті жоспарлау және құру. Макетті басып шығаруға дайындау. Басып шығару өлшемдерін баптау. Түске бөлу режимі. Қорытынды жұмыс. Срытын, фирмалық стильді, сыртқы мұқабасын, жарнамалық блокты әзірлеу.

      15-тақырып. Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасының міндеттері мен негізгі мүмкіндіктері. Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасының интерфейсі. Бейнелердің түрлері мен пішімдері. Растрлық бейнелердің ерекшеліктері. Adobe Photoshop-тың [Адоб фотошоп] алдыңғы нұсқаларынан ерекшелігі.

      16-тақырып. Жүйені баптау. Палитраларды ұйымдастыру. Бейнені ашу және жабу. Бейненің өлшемін өзгерту. Интерполяция тәсілі. Канваның өлшемін өзгерту. Бейнелерді кесу. Іс-әрекеттерді тоқтату. Бейненің аймақтарын ерекшелеу тәсілдерін алдын ала көру. Практикалық жұмыс.

      17-тақырып. Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] примитивтерін пайдалану. Бейне аймақтарын ерекшелеу техникасы. Ерекшелеу құралдары. Құралдардың өлшемдерін басқару. Ерекшелеу аймақтарын қосу, оқу және қиып өту. Күрделі формадағы аймақтарды ерекшелеу тәсілдері. Transform selection [Трансформ селекшн], Select-Feather [селект-физер] и Select-Modify [селект-модифи] командаларымен ерекшелеу модификациясы. Ерекшелелеп алған аймақпен жұмыс: өлшемдеу, бұру, ерекшеленген аймақты бұрмалау.

      18-тақырып. аймақтарды түзету: ашықтық пен кереғарлықты түзету. Ерекшелеу барысында сызғышты, торды, бағыттауыштарды пайдалану. Практикалық жұмыс.

      19-тақырып. Көпқабатты бейнені құру. Қабатты құру тәсілдері. Қабаттармен жұмыс. Қабаттың өлшемі. Layers [лайерс] палитрасының көмегімен қабаттарды басқару. Көпқабатты бейнелермен жұмыстың ерекшеліктері. Қабаттарды байланыстыру. Қабаттың ішіндегілерді тасымалдау. Коллаждарды құру. Практикалық жұмыс. Көп қабатты бейнелердің қабаттарымен жұмыс. Layer Set [лайер сет] жиынтығында қабаттарды біріктіру. Мәтіндік қабаттар. Қабаттардағы арнайы әсерлер: көлеңке жасау, ореола, рельефке ұқсату, бейненің контурын жүргізу. Қабаттарды қосу.

      20-тақырып. Практикалық жұмыс. Сурет салу техникасы. Еркін сурет салу құралы. Қылқаламдарды, аэрографты, қарындашты, өшіргішті пайдалану. Қылқаламның түсін таңдау. Түстік модельдер. Pantone кітапханалары. Қылқаламдардың пішінінін таңдау. Қылқаламдар кітапханасын іске қосу. Жаңа қылқаламды құру. Бұлыңғырлықты (непрозрачность) салу режимдері. Графикалық планшетпен жұмыс істеудің ерекшеліктері. Аймақтарды бояу. Градиенттік ауысуларды құру. Сурет салудың түрлі техникаларын имитациялауға арналған фильтрлерді қолдану.

      21-тақырып. Ретушь жасау техникасы. "Штамп" құралының көмегімен бейнелердің бөлшектерін тазалау және қайта қалпына келтіру. “Нistory brush” [хистори браш] құралын пайдалану. Бейнені түзету құралдарын пайдалану. Шаюға (размытия) арналған сүзгілерді пайдалану, ашықтықты арттыру және түстік әсерлерді имитациялау.

      22-тақырып. Күрделі монтажды орындау. Каналдар туралы жалпы мәлеметтер. Каналдардың түрлері. Альфа-каналдарды құру және сақтау. Сапалы монтаж жасау үшін қабат бетперделерін пайдалану. Бейнелерді түзету операцияларының негіздері. Бұзбай түзетуге арналған түзету қабаттарын пайдалану. Бейнелерді сканерлеу және түзету. Снерлеу әдістері. Өлшемдерді таңдау.

      23-тақырып. Растрдың рұқсат етілетін қабілеттері мен сызықтары туралы түсінік. Таза және таза емес материалдарды сканерлеудің ерекшеліктері. Муардың пайда болу себептері. Муармен күрес. Бейнені пайдалануға байланысты түзету өлшемдерін таңдау. Полиграфи мен Интернет желісіне арналған түзетудің ерекшеліктері. Қараның нүктесін, ақтың нүктесін және бейнелердің гаммаларын баптау. Бейнелерді стильдеу үшін фильтрлерді пайдалану. Түсті модельдерді түрлендіру. Түстерді бөлуді орындау. Файлды сақтау. Графикалық файлдардың пішімдері.

      24-тақырып. Adobe Photoshop [адоб фотошоп] бағдарламасында жобалық жұмысты орындау. Жоба және оны әзірлеудің негізгі кезеңдері. Жобалық жұмысты қорғау бойынша талаптар.

      46. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) растрлық және векторлық графиканы қолдануды біледі;

      2) графикалық бейнелерді көрсету әдістерін біледі;

      3) графикалық мәліметтерді сығу әдістерін біледі;

      4) графикалық файл пішімдерін түрлендірудегі мәселелерді біледі;

      5) CorelDraw -та [КорелДрав] графикалық бейнені құру тәсілдерін біледі;

      6) экран мен принтерде түстік реңктерді шығару тәсілдерін біледі;

      7) басып шығару өлшемдерін күйге келтіру алгоритмін біледі;

      8) CorelDraw [КорелДрав] векторлық редакторының құралдарымен жұмыс істеуді біледі;

      9) CorelDraw [КорелДрав] редакторында жазбаларды орындауды біледі;

      10) суреттерді құру барысында түстерді сәйкестендіре алады;

      11) заттар мен пішімдердің пропорцияларын үйлестіре алады;

      12) контурларды жүргізуді және түзетуді біледі;

      13) мәтінді құруды, түзетуді, пішімдеуді біледі;

      14) макетті басып шығаруға арналған дайындықты жасай алады;

      15) векторлық редакторда растрлық бейнелерді түзете алады;

      16) арнайы әсерлерді пайдалана алады (перспективаны, көлеңке жасауды, дөңгелектеуді (огибание) падалану, нысан пішіндерін деформация жасауды, линза-нысандарын қолдануды, нысандарды ағып кету әсерін, нысандарға контур жүргізу және көлем жасау);

      17) Adobe Photoshop-та [адоб фотошоп] графикалық бейне құру тәсілдерін біледі;

      18) бейненің аймақтарын ерекшелеу техникаларын біледі (ерекшелеу құралдары, құралдардың өлшемдерін басқару, күрделі пішіндегі аймақтарды ерекшелеу тәсілдері, белгіленге аймақпен жұмыс: өлшемдеу, бұру, ерекшеленген аймақты бұрмалау);

      19) қабат құру алгоритмін, қабат өлшемдерін біледі;

      20) көпқабатты қабаттарды құру тәсілдерін біледі және көпқабатты бейнелермен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктерін біледі;

      21) күрделі монтажды орындау алгоритмін біледі;

      22) бейнені сканерден өткізу және түзету алгоритмін біледі;

      23) жоба жұмысын қоғау бойынша талаптарды біледі;

      24) бағдарламалық интерфесті күйге келтіруді іске асыра алады;

      25) Adobe Photoshop [адоб фотошоп] редакторындағы нысандармен жұмыстың негізгі тәсілдерін қолдануды біледі (бейненің бөлшегін таңдау, нысандардан алынған суретті монтаждау);

      26) бейнелерде арнайы әсерлерді құра алады;

      27) фильтрлерді қоладана алады;

      28) бейнені стильдеу үшін сүзгіні қолдана алады;

      29) монтаж үшін бетперде қабатын пайдалана алады;

      30) компьютерлік графика бойынша жобалық жұмыстарды орындауға арналған графикалық редактордың міндеттерін қолдана алады.

      47. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аннимациялық векторлық бағдарлама оқытылады, (суреттер тізбегі) раскадровка - қағаз нұсқадағы олардың сценарийлерін құру туралы түсінік меңгеріледі, құрал-саймандар бағдарламасының интерфейсін, монтаждық үстел, кадрды баптауды (сурет салу алаңы), анимацияның негізгі қағидаттарын үйретіледі, ракурстарды ауыстыруға, бейнелерді стильдеуге аса маңызды көңіл бөлінеді;

      2) қосымша анимацияларды пайдаланудағы артықшылықтарды, кемшіліктерді және мысалдарды, өз анимациясына басқару элементтерін қосу мүмкіндіктерін үйретіледі;

      3) Flash [флеш] технологиясы, фильмдерді құрастыратын Flash [флеш] - жалпы схемасы, анимация, сурет салу құралдары, сурет салу пішінін бекіту, "Сызықтық және планшетті сурет салу" құралдары, кадрлық анимацияның негіздері "Негізгі кадрлар", "Құру", "Көшіру", "Орын ауыстыру", "Пияз қабықшасы", "Кері айналдыру", түспен жұмыс, анимацциядағы қабаттарды пайдалану, анимацияларды жасыру және қабаттар бойынша бөлу, көріністі пайдалану, мәтінді құру және өңдеу, мәтіннің түрлер, қаріпті автоматты түрде ауыстыру, мәтінді ресімдеу, анимацияның қосымша түрлері "Символ", "Қос қозғалыс", "Бағыттауыш бойынша қозғалу", "Белгіленген жол бойымен қозғалу", "Мөлдірлікті, түстің ауысу әсері", "Пішіндер анимациясы" меңгеріледі.

      48. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Flash [флеш] технологиясына кіріспе. Жұмыс аймағымен танысу. Графика. Анимация. Фильмдерді пайдалану нұсқасы. Flash [флеш] - фильмдерді құрудың жалпы схемасы. Сценарийді әзірлеу. Комикс. Мультфильм сценарийін әзірлеу.

      Flash технологиясына кіріспе. Жұмыс аймағымен танысу. Жұмыс аймағы, панельдер тақтасы. Мәнмәтін мәзірі мен көмек сөздері (подсказка) падалану. Бағдарламаның графикалық ортасына кіріспе.

      2-тақырып. Анимацияға кіріспе. Нысандарды таңдау және ерекшелеу. Бағдарламаның құрал-саймандарына кіріспе. Нысандарды құру, өзгерту және баптау.

      Анимацияға кіріспе. Сурет салу құралдары. Фигураның сызық пішіндері мен контурларын өзгерту. Сурет салу өлшемдерін орнату. Бағдарламаның құрал-саймандарына кіріспе. Сызықтық және планшетті сурет салу.

      Анимацияға кіріспе. Кадрлық анимацияның негіздері. Кадрлық анимацияның негіздері. Негізгі кадрлар, құру, көшіру, орын ауыстыру. Кадрлық анимацияны құру.

      Анимацияға кіріспе. Кадрлық анимацияның негіздері. Пияз қабығы. Кері айналдыру. Кадрлық анимацияны құру..

      Анимацияға кіріспе. Практикум. Кадрлық анимацияны бекіту. Анимацияның кадрлық анимация түрімен ұшып бара жатқан жәндікті бейнелеу.

      3-тақырып. Түспен жұмыс. Түс құю. Контурды бояу. Бояу баптауларын көшіру. "Алфа" мөлдірлігі. Түрлі құюлар мен олардың баптауларын анимацияда пайдалану.

      Түспен жұмыс. Практикум. Кадрлрық анимацияны бекіту. Анимациядағы физикалық заңдылықтар. Кадрлық анимациямен жүгіріп бара жатқан адамның суретін салу.

      4-тақырып. Қабаттар. қабаттардың қасиеттері. Анимацияда қабатттарды пайдалану. Көрініс. қабаттарды жасыру. Анимацияларды қабаттарға бөлу, көріністерді пайдалану.

      Қабаттар. Практикум. Кадррлық анимация. Түрлі қабаттарда бір уақытта анимация құру.

      5-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді құру және өңдеу. Статикалық мәтін. Динамикалық мәтін. Өңделетін мәтін. Қаріпті автоматты түрде ауыстыру. Бағдарламаның құрал-саймандарына кіріспе. Мәтінді құру, ресімдеу және баптау.

      Мәтінмен жұмыс. Практикум. Flash-тегі басылып жатқан мәтін. Кадрлық анимацияны құру. Басылып жатқан мәтінді құру.

      6-тақырып. Анимацияның қосымша түрлері. Символ дегеніміз - нысан (фильмнің элементі). Символдардың түрлері. Символдарды құру, өңдеу. Символдар кітапханасы. Қос қозғалыс анимациясы. Символдарға негізделген анимацияның жаңа түрі.

      Анимацияның қосымша түрлері. Қозғалыс анимациясын құру. Байғыттаушы сызық бойындағы қозғалысты құру. Белгіленген жолмен қозғалу. Бағыттаушы сызық бойымен символды іске қосу.

      Анимацияның қосымша түрлері. Мөлдірлік пен түсті өзгерту негізіндегі мәтіндік әсерлер. Пішіндердің ағуына, мөлдірліік пен түске негізделген анимацияның жаңа түрін игеру.

      Практикум. Титрлар. Ауысуларды үйрену. Экран беттінде жүргізілетін титрларды құру.

      7-тақырып. Қорытынды жоба. Жобамен жұмыс. Мультфильм идеясын әзірлеу. Комикстың нобайын әзірлеу. Мультфильмді қағаз бетінде құру. Мультфильм суреттерін ретімен орналастыру. Қағаз бетіне түсілірген Мультфильм среттерін қағаз нұсқасында әзірлеу.

      Қорытынды жоба. Жұмыс нобайын графикалық ортаға ауыстырып апару. Орналастыру және кезеңдерді жоспарлау. Сахнаны, фонды құру. Нобайларды әзірлеу және персонаждарды салу. Персонаждардың іс-әрекеттерін жоспарлау.

      Қорытынды жоба. Мультфильмнің анимациясы. Комикс персонаждарын сатылап анимациялау. Практикалық тапсырма: персонаждарды өз бетімен анимациялау және персонаждарды қағаз бетіне түсіру.

      Қорытынды жоба. Уақытты орнату. Жобаны сақтау және жариялау.

      49. 4 сыныптың Бағдарламаларын игеруден күтілетін нәтижелер

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Flash [флеш] технологиясының жұмыс аймағын біледі;

      2) мультфильмнің сценарийін өз бетімен әзірлейді;

      3) сурет салу құралдарын, сызықтық және планшетті сурет салуды, кадрлық анимация негіздерін, кадрлық анимацияны құру, көшіру, орынын ауыстыру, бекітуді біледі;

      4) бейнені бір түрден екінші түрге ауыстыра алады;

      5) түрлі құюларды және олардың анимациядағы баптауларын пайдаланады;

      6) кадрлық анимацияны бекітеді;

      7) түрлі қабаттарда бір уақыттар бірнешеманимациялар құрайды;

      8) Flash-тегі [флеш] мәтіндерді құрады, өңдейді, ресімдейді және баптайды;

      9) пішіннің ағып кетуіне, мөлдірлігі мен түсіне негізделген анимациялардың қосымша түрлерін, үлгілерін біледі;

      10) экран бетінде жүргізілетін титрларды құрады;

      11) жұмыс нобайын графикалық ортаға ауыстырады;

      12) комикс персонаждарын кезеңмен анимациялау дағдыларын меңгерген;

      13) сценарий суреттерінің ретімен орналасуын орындайды;

      14) анимацияны түрлері бойынша бөледі;

      15) орындалған жобаны сақтайды және жариялайды;

      16) Flash [флеш] технологиясының графикалық ортасында кезеңмен жұмыс істейді;

      17) сурет, кескіндеме, композиция сабақтарында алған білімдерін қолдана алады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      50. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      51. Аттестаттау формасы және білім алушыларға қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ ("Құю", "Градиент", "Ақшылдандыру", "Күңгірттендіру", "Сорғыш", "Бұлыңғыр", "Ашықтық", "Қиынды", "Эскиз", "Имитация" тобының фильтрі қолданылған жоба жұмысы);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ ("Құю", "Градиент", "Ақшылдандыру", "Күңгірттендіру", "Сорғыш", "Бұлыңғыр", "Ашықтық", "Қиынды", "Эскиз", "Имитация" тобының фильтрі қолданылған жоба жұмысы);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (Adobe Photoshop [адоб фотошоп] бағдарламасындағы жоба жұмысы);

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (мультфильм анимациясы).

      52. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) пысықталатын тақырыптың мазмұны, оның композициядағы сапалы ерекшелігінің көркемдік бейнесі;

      2) композициялық ұйымдастыру түрінің шешіліп отырған оқу міндеттерінің сипатына сәйкес келуі;

      3) композициялық элементтердің пішінінің құрылуындағы стильдік бірлік (үндестік);

      4) нақты қойылған міндетті шешуге арналған формальды-композициялық және көркемдік-бейнелі құралдарды қолданудағы сандық шараларды сақтауы (құралдардың аз болуы - мейлінше нақтырақ болуы);

      5) композициялық шешімнің өз бетінше жасалуы және оның ішкі құрылымының тұтастығы;

      6) композициялық шығарманың графикалық орындалуының нақты пысықталуы және көркемдік мәдениеті;

      7) тапсырмаларды орындаудағы методологиялық жүйелілік.

      53. Сынақ (баға қойылмайды) бағалау өлшемшарттары – жұмысы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
54-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Дәстүрлі ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Дәстүрлі ән айту" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Дәстүрлі ән айту" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккомпанемент – негізгі әуендік дауысты үйлесімді және ритммен сүйемелдеу; бір немесе бірнеше аспаппен, сондай-ақ жеке партияны оркестрмен сүйемелдеу;

      2) ақжелең – тармақты күй (Батыс Қазақстандық дәстүрдегі төкпе);

      3) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезінде орындауға ыңғайлы болу үшін саусақтарды орналастыру;

      4) балбырауын – домбырамен жылдам орындалатын төкпе күй, ең жақын толқулар мен сезімге арналған лириканың ерекше түрі; адамның нақты психикалық-эмоциялық күйіне сәйкес келетін домбыраның жоғары-регистрлік қатарын білдіреді;

      5) бас буын – Батыс Қазақстанның төкпе күйінің алғашқы бөлімі, кіріспені және күйдің негізгі әуенін қамтиды;

      6) домбыра – екі ішекті шертпелі музыкалық аспап, қазақтардың этномәдени ақпаратының басты көзі;

      7) жар-жар – тойда айтылатын ғұрыптық диалог-ән;

      8) жыр – жанрлар жүйесін (терме, толғау, арнау, хат) қамтитын эпикалық дәстүр;

      9) квинтті шеңбер – диез және бемоль үнділіктеріндегі энгармониялық тең 12 жұптың белгісі, квинта интервалы арқылы шеңбер бойынша орналасқан, осылайша диез саны сағат бағыты бойынша ұлғаяды, ал бемольдің саны сағат бағытына қарсы;

      10) күй – қазақтардың дәстүрлі аспапты музыкасы;

      11) қағыс – домбыралық музыка қағысы; домбыра өнерінің артикуляциялық тілі;

      12) ладтың тұрақты сатылары – музыкалық қозғалысты аяқтауға қабілетті ладтың дыбыстары;

      13) регистр – тембрлік біртектілікпен және дыбыс шығару тетігімен сипатталатын аспаптың немесе әншілік дауыстың диапазонының бөлігі (вокалистерде);

      14) талдау – музыкалық білімдегі музыкалық шығарманың эстетикалық және технологиялық талдауларының атауы;

      15) тармақты күй – 62 күйден тұратын цикл;

      16) тартыс – орындаушылық және шығармашылық суырып салу шеберлігі бойынша аспаптық жарыс;

      17) төкпе күй – Батыс Қазақстанның домбыра дәстүрі, ерекшелігі жылдам формасы-сызбасы, суырып салып шығаратын күйлерде міндетті бас буын, орта буын, сағаны ұйымдастырады;

      18) іле қағыс –қолдың барлық саусақтарымен аспаптың астыңғы және үстіңгі қақпағын және мойнын айналдыра қозғайтын домбыра қағысы;

      19) ұзақтық – дыбыстың негізгі қасиеттерінің бірі, дыбысталып тұрған дененің діріл ұзақтығының нәтижесі;

      20) шертпе күй – Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның домбыра дәстүрі, әншілік қатарды, нәзік камералықты, саусақтармен нәзік шертіп дыбыс шығарумен сипатталады.

      3. Бағдарламаның мақсаты: дәстүрлі әнге оқытуға жағдай жасау, орындаушылық шеберлік негіздерін практикада меңгеру арқылы білім алушыларды рухани және музыкалық дамыту, вокалдық орындаушылық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, балаларды ұлттық музыка мәдениетіне араластыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) дәстүрлі ән өнерімен таныстыру;

      2) дәстүрлі әндерді нотаға қарамай, жанды дауыспен орындауға үйрету;

      3) әндерді домбыраның сүйемелдеуімен орындаудың негізгі тәсілдеріне оқыту;

      4) түрлі өңірлік мектептердің халық әндерін дәстүрлі орындау негіздерімен, аңыз-әндердің пайда болу тарихымен, халық өнерін осы күнге жеткізген, әртүрлі жылдардағы халық әндерін орындаушылардың өз нұсқалары және ерекшеліктерімен таныстыру.

      Дамыту:

      5) музыкалық есту қабілеттерін, метроритм сезімін, музыкалық жадын, музыкалық ойлауын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық ой-өрісін кеңейту, білім алушының жеке қабілеттерін дамыту;

      4) шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, суырып-салу білігін, музыкалық дәстүрлерде бағдарлана алуын дамыту, білім алушының даралығын бекітуге ықпал ету.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының аспапта музыка ойнау мәдениетін тәрбиелеу;

      2) отандық мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының озық үлгілерін меңгеру арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      3) білім алушының кәсіби оқуды жалғастыруға саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды дәстүрлі әнге оқыту мерзімі – бес жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама білім алушы тұлғасын кешенді дамытуға, әншілік қызмет білігін қалыптастыруға, дәстүрлі әннің арнайы дағдыларын жетілдіруге, әншілік дауыстың негізгі қасиеттерімен дауыс аппаратының қызметін үйлестіру және есту дағдыларын дамытуға бағытталған.

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама білім алушыға болшақ музыканттың практикалық қызметіне қажетті көлемдегі дәстүрлі ән айту тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

      Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға бағытталған.

      10. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін дәстүрлі ән айайту бойынша білім, білік және дағдыларды білім алушының меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін білім алушының алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      14. Балалардың дәстүрлі ән айту бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындау тәсілдерін алуға бағытталуы бағдарламаның ерекшелігі болып табылады.

      15. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, және негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      18. "Дәстүрлі ән" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) музыкалық материалды түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар.

      22. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтарды педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіру өте тиімді.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      26. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      34. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      35. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерттік және емтихандық бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      36. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      37. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      38. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      39. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      40. Репертуарлық тізбе қазақтың дәстүрлі әндерін, күйлерін, халық композиторларының, Қазақстанның заманауи композиторларының әндерін қамтиды.

      Қазақтың ұлттық музыка өнерінің бағыттары – ән, күй, жыр өңірлік орналасу орындарына сәйкес бірнеше орындаушылық мектептерге бөлінеді. Бұл мектептер шартты түрде: Арқа (орталық, солтүстік және шығыс облыстар), Жетісу (оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстар) және Батыс (батыс және оңтүстік-батыс облыстар) деп аталады.

      41. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      42. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      43. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      44. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      45. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      46. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      47. Білім алушының музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      48. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) ән, күй, эпос (жыр);

      2) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      3) нотаны парақтан оқу дағдылары.

      49. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      50. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      51. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      52. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріліп анықталады.

      53. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      54. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      55. "Дәстүрлі ән айту" пәнінің "Этносольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      56. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) "ноталық стан", "қазақтың дәстүрлі әні", "дәстүрлі ән айту", "динамикалық дыбыстар", "кварта" (оң бұрау), "квинта" (теріс бұрау), "диапазон", "дыбыс реңкі" (тембр) – түсініктері қалыптасады;

      2) әншілік тыныс алу және дауыстың дұрыс әншілік дыбысталу негіздері қалыптасады. Домбырада ойнау білігі, әндерді ойнау тәсілдері қалыптасады;

      3) білім алушы 10-15 музыкалық шығарма үйретіледі.

      57. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық-бейнелі ойлау мен музыкалық есту қабілетін қалыптастыру және дамыту.

      2 -тақырып. Әлем музыкасы туралы әңгіме.

      3-тақырып. Қазақтың ұлттық өнері туралы әңгіме.

      4-тақырып. Ноталық станмен танысу.

      5-тақырып. Халық әндерін орындау ерекшеліктерімен танысу.

      6-тақырып. Халық әндерін дәстүрлі нақышта орындайтын мектептер.

      7-тақырып. Халық әндерін дәстүрлі нақышта орындайтын мектептердің ерекшеліктері.

      8-тақырып. Дәстүрлі ән айту мектебінің көрнекті өкілдері.

      9-тақырып. Аспап және оның құрылымымен таныстыру. Аспаптың негізгі бөліктері: шанағы (корпус)-тиегі, резонатор, мойыны, бағыттау түймелері; құлағы – күйге келтіру тетігі. Аспапты 1 октавада ре соль-ге келтіру. Домбырада ойнау тәсілдері: қолдың барлық саусақтарымен ішекті қағып ойнау және ішектерді шертіп ойнау.

      10-тақырып. Ойын барысында дұрыс орнығу, оң және сол қолды қою. Аспапты дұрыс орнықтыру. Саусақтарды домбыраның мойнына және ноталық станға орналастыру. Аспаптың мойнындағы дыбыстардың орналасуы.

      11-тақырып. Домбырада ойнаудың дәстүрлі тәсілдерін (штрихтарын) көрсету және білім алушылардың оларды меңгеруі. Жоғары-төмен қағуды орындау. Аппликатура. 2/4.

      12-тақырып. Домбырада ойнаудың түрлі тәсідерін меңгеруге арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Аспапты күйге келтіруді үйрету. Мойын құлақтарын күйге келтіру.

      14-тақырып. Дауыс аппаратын дайындау. Әншілік дауыстың (диапазон) дыбыстық көлемі, дауыс бояуы (тембр, тесситура).

      15-тақырып. Баланың дауыс аппаратымен жұмыс.

      16-тақырып. Дауысты қоюға арналған жаттығулар.

      17-тақырып. Дұрыс тыныс алу. Дұрыс тыныс алудың элементтері. Вокалға арналған тыныс алу жаттығулары.

      18-тақырып. Домбыраның сүйемелдеуімен вокалға арналған жаттығуларды орындау.

      19-тақырып. Музыкалық есту қабілетін дамыту.

      20-тақырып. Білім алушының мүмкіндіктерін ескере отырып, репертуарды таңдау. Музыкалық материалды тыңдау және танысу. Әуендерді жаттау, домбырада дыбыстарды шығару.

      21-тақырып. Балалар әндері. Халық әндері және заманауи Қазақстан композиторларының әндері.

      58. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қазақ музыка мәдениеті тарихының ерекшеліктерін біледі;

      2) дәстүрлі ән туралы түсініктері болады;

      3) музыкалық аспапты (домбыра), оның құрылымын біледі, өз бетінше аспапты күйге келтіре алады;

      4) ойын барысында дұрыс отыруды, оң қол мен сол қолды қоюды біледі;

      5) естуі бойынша домбыраны ажыратады;

      6) терминдер мен түсініктерді біледі: ноталық стан, ноталардың ұзақтығы, аппликатура, ауыспалы штрих, пунктирлі штрих, жоғары, төменгі қағыс;

      7) аспаптың мойнындағы дыбыстардың орналасуын біледі;

      8) шағын шығарманы нота бойынша талдай алады;

      9) жаттығуларды ноталық дәптерге жазуды, аспапта парақтан оқуды, техникалық жаттығуларды ойнауды біледі;

      10) дәстүрлі ән мектептері туралы түсінігі бар;

      11) халық әндерін дәстүрлі нақышта орындау мектептерінің ерекшеліктерін біледі;

      12) дәстүрлі ән мектептерінің өкілдерін біледі;

      13) дәстүрлі ән мектептерінің ерекшеліктерін біледі;

      14) домбыраның көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі;

      15) жеңіл музыкалық шығарманы орындай алады;

      16) естуді бақылауды тәрбиелеу дағдыларына және музыкалық шығарманы орындау процесін басқару білігіне ие;

      17) домбыраның сүйемелдеуімен әндерді орындайды;

      18) орындаудың көркемдік-мәнерлі құралдарын біледі және практикада қолдана алады;

      19) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады;

      20) домбырада ойнаудың түрлі тәсілдерін біледі;

      21) музыкалық шығармаларды жаттау әдістері мен орындаушылық қиындықтармен жұмыс тәсілдері туралы түсініктері қалыптасқан;

      22) музыкалық есте сақтау жадын дамыту;

      23) байқаулық өнер көрсету дағдыларына ие.

      59. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "дауыс аппараты" түсінігімен, әншілік дауыстың негізгі қасиеттерімен (диапазон, тесситура, күш, тембр) танысады, ән айту процесіндегі әншілік ұстаныммен, негізгі вокалдық дағдылармен танысады;

      2) есту дағдылары, артикуляция, эмоциялық мәнерлі дағдылары, әншілік дауыстың негізгі қасиеттері (сыңғырлаушылығы, қалықтаушылығы, тембрінің қалыптылығы), нотаны оқу дағдалары қалыптасады;

      3) домбырада ойнау техникасын меңгеру, домбыраның сүйемелдеуімен әндерді орындау, дәстүрлі әндер мен ән тектес күйлерді орындауды меңгеру жалғастырылады.

      60. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Әншілік дағдыларды дамыту. Әншілік нұсқау, дауыс аппаратының құрылымы, дауыс гигиенасы. Ән айту барысындағы дененің қалпы. Балаларды вокалдық дамыту ерекшеліктері мен вокалдық жаттығулар кешені. Балалардың жеке ерекшеліктерінің есебі. Вокалдық жаттығулар – білім алушылардың вокалдық дағдыларын дамыту құралы. Балаларға дәстүрлі әндерді үйрету процесі.

      2-тақырып. Ән айтуды домбырамен сүйемелдеу техникасын дамыту. Ақындық мелодиялық формула (ән-шақыру).

      3-тақырып. Өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің әндерін орындауға үйрету. Қазақтың дәстүрлі әндерін орындаудың ерекшеліктері. Халық әндерін орындау дағдыларын қалыптастыру.

      4-тақырып. Мазмұны және көлемі жағынан күрделі әндерді орындауға үйрету.

      5-тақырып. Әуендерді домбыраның сүйемелдеуімен орындау техникасына оқыту. Педагогпен ансамбльде ойнау. Сүйемелдеуді тыңдау білігі. Әуеннің интонациялық мәнерлілігі. Жатық әуен. Музыкалық фраза мен музыкалық тепе-теңдікке қол жеткізуді жасау.

      6-тақырып. Әнді орындағанда дыбыс, дыбыстық бояулар (mp [меццо-пиано], p [пиано], mf [меццо-форте], f [форте], ff [фортиссимо]).

      7- тақырып. Тыныс алу. Баланың дауыс аппаратымен жұмыс.

      8-тақырып. Дауыс гигиенасы.

      9-тақырып. Дауыс мүмкіндіктерін жетілдіру.

      10-тақырып. Ән айту кезіндегі дауысты қою. Дұрыс тыныс алу, тыныс алу және тыныс шығару жаттығулары, дыбыс шығару.

      11- тақырып. Артикуляция, дауыс аппаратын дайындау және дамыту.

      12- тақырып. Сахна мәдениетін қалыптастыру.

      61. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылымын біледі және дауыс гигиенасын сақтайды;

      2) ән айту кезінде дене қалпын бақылап тұрады;

      3) тыныс алу жаттығуларын біледі, дауыс гигиенасын сақтайды, кешенді вокалдық жаттығуларды орындайды;

      4) әнді домбырамен сүйемелдеу техникасын біледі және дамытады;

      5) қазақтың дәстүрлі әндерін орындау ерекшеліктерін біледі және оларды орындау дағдыларына ие болады;

      6) халық әндерін дәстүрлі орындау ерекшеліктерін біледі және дәстүрлі әншілік нақышты меңгереді;

      7) құрамы мен мазмұны күрделі әндерді орындайды;

      8) домбыраның сүйемелдеуімен әуендерді орындау техникасы дағдыларына ие;

      9) педагогпен ансамбльде ойнай алады;

      10) музыкалық шығарманы орындау барысында домбыраның сүйемелдеуін естиді, әуендердің мәнерлілігі мен байсалдылығын біледі;

      11) ән айту кезінде дауысты қоюды бақылайды;

      12) домбырада "ән шырқау" штрихын біледі;

      13) орындалатын әуендерді талдай алады;

      14) музыкалық, әншілік және орындаушылық дағдыларға ие;

      15) домбыраның сүйемелдеуімен ән орындау барысында дыбыс тазалығын, дыбыс сапасын, ырғақты бақылай алады.

      16) қарапайым ноталық үлгілерді парақтан оқи алады;

      17) ноталық мәтінді талдайды;

      18) мәні жағынан түрлі музыкалық екпіндерді ажырата алады;

      19) өз бетімен домбырада ойдан музыканы шығара алады;

      20) әнді орындау барысында барлық диапазонда дауыстың қалыптылығын сақтайды;

      21) сахна мәдениетін біледі.

      62. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдылардың әрі қарай қалыптастыру жалғастырылады, білім алушылар дауыс аппаратының түрлі бөліктерінің қызметтерімен танысады, тыныс алумен жұмыс (әншілік тыныс, тыныс алу гимнастикасы туралы түсінік), дыбыспен жұмыс жалғастырылады (дауыстыларды айту, дауыссыздарды шығару, дыбыс жүргізу сипаты, дыбыс шабуылы, дауыстың жоғары позициясы) артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған сөйлеу және вокалдық жаттығулар жүргізіледі;

      2) вокалдық дағдылары дамиды, дәстүрлі әндерді меңгеруде дауыстың дара бояулары анықталады, өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің әншілік нақышына тән штрихтық техника меңгеріледі, орындаушылық шеберліктері, аспаппен сүйемелдеу техникасы жетілдіріледі;

      3) білім алушылар қазақтың дәстүрлі әндерін жаттайды, оларды домбырамен сүйемелдеп орындайды, ән айту кезінде өзін бақылайды.

      63. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қазақ халық әншілік шығармашылығының дәстүрлері. Қазақ халық әншілік шығармашылығындағы өңірлік ән мектептерінің өзгешеліктері. Халық әндерін дәстүрлі орындаудың ерекшелігі.

      2-тақырып. Әншілік мектептің мақамына тән штрихтық техникаға оқыту.

      3-тақырып. Домбыра сүйемелінің дәстүрлі штрихтары. Домбыраның дыбыс аумағы (регистрі).

      4-тақырып. Дыбыспен жұмыс (дауыстыларды айту, дауыссыздарды айту, дыбыс жүргізу сипаты, дыбыс шабуылы, дыбыстың жоғары позициясы). Әннің мәтінімен жұмыс.

      5-тақырып. Дәстүрлі әндерді орындау ерекшеліктері.

      6-тақырып. Аспапты сүйемелдеу, әнге кіріспе, ән-шақыру қайырымдары және қайырмалар.

      7-тақырып. Ән айтудағы дауыс динамикасы (mp [меццо-пиано], p [пиано], mf [меццо-форте], f [форте], ff [фортиссимо]).

      8-тақырып. Жас әншінің аспап сүйемелдеуімен орындаушылық шеберлігін жетілдіру.

      9-тақырып. Өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің әндерін орындау ерекшеліктерімен танысу.

      10-тақырып. Өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің әншілік мақамына тән сипаттағы штрихтық техниканы оқыту.

      11-тақырып. Аспаппен сүйемелдеу – халық әндерінің ажырамас бөліктері.

      12-тақырып. Білім алушының дауыс аппаратын дамыту, дауыс шығару процесі.

      13-тақырып. Вокалдық дағдылар. Тыныс алумен жұмыс (әншілік тыныс, тыныс алу гимнастикасы туралы түсінік). Сөйлеу мен ән айтудағы артикуляция қағидаты (артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған сөйлеу және вокалдық жаттығулар). Дыбыспен жұмыс (дауыстыларды айту, дауыссыздарды айту, дыбыс жүргізу сипаты, дыбыс шабуылы, дыбыстың жоғары позициясы). Әннің мәтінімен жұмыс.

      14-тақырып. Әншілік дауысты бөлу және әншілік дауыстың дыбыс аумағы (Бас және кеуде дыбыс аумақтарын дамытуға арналған жаттығулар есебінен әншілік диапазонды кеңейту).

      15-тақырып. Есту мен дауыс арасындағы үйлесімділік (интонацияның тазалығы, дұрыс әншілік позицияны жасауға арналған жаттығулар).

      16-тақырып. Дауыс кемшіліктері және оларды жою (тамақ және мұрын шығаратын дыбыстар, дыбысты бөлу, кемшіліктерді жоюға арналған жаттығулар).

      64. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қазақ халық әндерін дәстүрлі орындау ерекшеліктерін біледі;

      2) ән мектептерінің өкілдерінің шығармашылығын біледі;

      3) қазақ халық әншілік шығармашылығы мектептерінің өңірлік ерекшеліктерін біледі;

      2) қазақтың дәстүрлі әндерінің мақамына тән сипаттағы штрихтық техниканы біледі;

      3) дәстүрлі ән мектептерінің өкілдерінің репертуарынан 10-15 әнді орындай алады;

      4) дәстүрлі ән мектептерінің дәстүрлі ән айту ерекшеліктерін біледі және дәстүрлі әншілік мақамды меңгеруді жалғастырады;

      5) музыкалық аспапта ойнау техникасын дамытады және жетілдіреді;

      6) көркем-шығармашылық мәнерлілік құралдарын оқып-үйрену, меңгеру және практикада қолдану негізінде музыкалық шығарманы көркем орындау дағдыларын дамыту;

      7) дауыс аппаратының құрылымы мен оның міндеттерін біледі;

      8) әншілік дауысты сақтау ережелері мен гигиенаны сақтайды;

      9) қалыпты, еркін, дауыс шығаруда қатысатын барлық жүйелердің табиғи үйлесуіне ықпал ететін тынысты қолдана алады;

      10) барлық дауыс шығарушы жүйенің еркіндігі мен үйлесімділігін болжайтын вокалдық техниканы, түрлі артикуляциялық-штрихтық техниканы, дауыстың икемділігі мен техникалығын, резонаторлармен, барлық диапазондағы дауыстың қалыптылығын, тембрдің байлығын пайдала алуды біледі;

      11) шығарманың көркемдік бейнесі мен мәнін анықтау және ашу үшін музыкалық мәнерлілік құралдары мен вокалдық техниканы пайдаланады;

      12) ән репертуарын өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау дағдыларына ие;

      13) сахналық бейне, жанры, сипаты, жағынан түрлі шығармаларды жеке орындаумен жұмыс істей алады;

      14) концерттік өнер көрсету дағдыларына ие.

      65. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) алған музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдылары қайталанады, бекітіледі және әрі қарай тереңдетіледі;

      2) музыканы есту қабілеті, есте сақтауы мен зейіні, ырғақтық сезімі, есту зейіндері дамытылады, дикциямен жұмыс, тыныстың дұрыстығын, дыбыс сапасын бақылау жұмысы әрі қарай жалғастырылады;

      3) түрлі эмоциялар, сезімдер арқылы шығармалардың көркемдік мәні мен мазмұнын жеткізу біліктері дамиды;

      4) оң қолмен дыбыс шығару тәсілдеріне –қағыс, квинтада айтуға оқыту жалғастырылады, балалардың жас ерекшеліктері мен дауыс регистрлерінің мүмкіндіктері ескерілген репертуармен жұмыс жалғастырылады.

      66. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өңірдің әншілік дәстүрлері. Танымал өкілдері.

      2-тақырып. Біржан сал Қожағұлұлының әншілік шығармашылығы.

      3-тақырып. Жаяу Мұса Байжанұлының әншілік шығармашылығы.

      4-тақырып. Ақан серінің әншілік шығармашылығы (Ақжігіт Қорамса ұлы).

      5-тақырып. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының музыкалық мұрасы.

      6-тақырып. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының әншілік шығармашылығы.

      7-тақырып. Естай Беркімбайұлының әншілік шығармашылығы.

      8-тақырып. Мәди Бәпиұлының әншілік шығармашылығы.

      9-тақырып. Тайжан Қалмағамбетовтің әншілік шығармашылығы.

      10-тақырып. Әсет Найманбайұлының әншілік шығармашылығы.

      11-тақырып. Өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің мақамы аясында орындаушылықты дамыту. Домбыра сүйемелінің күрделі штрихтарын меңгеру.

      67. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ән айту барысында тыныс алуды дұрыс қолдана алады;

      2) вокалға арналған тыныс алу жаттығуларын орындай алады, тыныс алуды бекіту бойынша жұмыс істейді;

      3) әнді айту барысында дикцияны, тынысты, дыбыс сапасын бақылай алады;

      4) музыкалық есту қабілеті, жады, зейіні дамыған;

      5) Дыбыс ұзақтықтарын санау ретін жаза алады, музыкада қалыптасқан метрлік соғу (метрическая пульсация) сезімін дамытады, оларды ән айту кезінде қол қимылдары мен дауыс арқылы жеткізеді;

      6) дауыс аппаратымен жұмыс істейді;

      7) аудио, видеожазбаларды тыңдап, кейін әндерді орындай алады;

      8) дәстүрлі әндерді айту дағдыларын дамытады;

      9) өңірдің домбыра қағыстарын еркін ойнай алады;

      10) дәстүрлі әндерді орындау нақышында 10-15 әнді орындай алады;

      11) қазақтың дәстүрлі әндерін орындаудағы өзіндік стилімен жұмыс істейді;

      12) әннің сипатына тән тыңдармандардың көңіл-күйін қалыптастыра алады;

      13) ән айту процесінде назар қоюды біледі;

      14) сахна мәдениетін біледі және сақтайды, қимылдардың үйлесімділігін қалыптастыруға бағытталған сахна қозғалыстарымен жұмыс істейді;

      15) Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақан сері (Ақжігіт Қорамсаұлы), Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Естай Беркімбайұлы, Мәди Бәпиұлы, Тайжан Қалмағанбетұлы, Әсет Найманбайұлының әншілік шығармашылықтарын біледі;

      16) дәстүрлі әндердің жазылу тарихын, қазақ халық әндерін дәстүрлі ән нақышында айтатын орындаушыларды біледі.

      68. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әншілік дауыс және оның пайда болу тәсілдері туралы вокалдық-есту түсініктерін жетілдіру жұмыстары, есту зейіндері, қабылдайтын және шығаратын дыбысталудың сапасын өзі бақылауды қалыптастыру жалғастырылады;

      2) білім алушылар өңірлік мектептердің орындау нақыштарымен танысады, домбырамен сүйемелдеу техникасын жетілдіреді (қағыстарды шарықтау), орындаушы дауысының дыбысталуы және домбыра үнінің үйлесімді дыбысталуына талпына отырып, әндерді орындау шеберлігін көтеру;

      3) білім алушы әр дәстүрлі мектептен бір терме, халық композиторларының, Қазақстанның заманауи композиторларының 10 әнін меңгереді.

      69. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын қалыптастыру.

      2-тақырып. Дұрыс әншілік тыныс дағдыларын қалыптастыру.

      3-тақырып. Көркемдік нәтижеге қол жеткізудің қажетті құралы ретінде домбырада ойнау техникаларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру. Домбырада ойнау тәсілдерін бекітуге арналған жаттығулар. Домбырада ән шақыру, тыныс, сабақтас, тыныстама қағыстарын ойнау дағдыларын дамыту.

      4-тақырып. Домбыраның сүйемелдеуімен ән айту барысындағы орындаушылық дағдыларды дамыту.

      5-тақырып. Дауыс диапазонын дамыту. Дауыс диапазонын дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын дамыту. Музыкалық аспаптарда ойнаудың кәсіби орындаушылық дағдыларын дамыту.

      7-ақырып. Қазақ халық әндерінің музыкалық-теориялық сараптамасы.

      8-тақырып. Дәстүрлі әнді орындау білігі мен дағдыларын қалыптастыру.

      9-тақырып. Қазақтың дәстүрлі әндерін мәнерлі және эмоциялы орындау бойынша жұмыс.

      10-тақырып. Батыс Қазақстанның ән мектептері. Өңірлік ерекшеліктері бар дәстүрлі әндер үйрету.

      11-тақырып. Алтай-Тарбағатай дәстүрлі ән мектептерінің әндері. Дәстүрлі әндердің өңірлік ерекшеліктері.

      12-тақырып. Сырдария өңірінің әншілік өнері. Әндердің өңірлік ерекшеліктері.

      13-тақырып. Маңғыстау өңірі әндерінің өңірлік ерекшеліктері.

      14-тақырып. Нақышы, әндердің ладтық-интонациялық құрылымдары. Өңірлік әндер құрылымының, әуезділігінің, диапазоны мен орындау ерекшеліктері. Дәстүрлі қазақ әндерін аспаппен сүйемелдеу. Әндердің көркемдік мазмұны.

      15-тақырып. Халық композиторларының шығармалары.

      16-тақырып. Музыкалық терминдер.

      17-тақырып. Ән тектес күйлерді орындау.

      18-тақырып. Жоғары және төменгі дауыстар. Дауыстың жоғары позициясы. Дыбысталудың жоғары позицияларының шарттары мен кейбір тәсілдері. Дауыстық дыбыстар. Резонаторлар.

      19-тақырып. Концерттік-орындаушылық қызметі. Жобалық-зерттеу қызметі. Балаларды байқаулар мен фестивальдерге дайындау және қатыстыру.

      70. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушысы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталарды парақтан оқи алады;

      2) дұрыс әншілік тыныс алу дағдыларына ие;

      3) домбырада ойнау тәсілдерін бекітуге арналған жаттығуларды біледі;

      4) көркемдік нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті құрал – домбырада ойнау техникаларына ие;

      5) домбырада ән шақыру, тыныс, сабақтас, тыныстама қағыстарын орындай алады;

      6) домбыраның сүйемелдеуімен ән айту барысындағы орындаушылық біліктерге, дағдыларға ие;

      7) дауыс диапазонын дамытуға арналған жаттығуларды біледі және дауыс дипазонын дамытады;

      8) қазақ халық әнін талдай алады;

      9) домбыраның сүйемелдеуімен өңірлердің әншілік мектептерінің сипатына тән дәстүрлі әндерді айту дағдыларына ие;

      10) қазақ дәстүрлі әндерін мәнерлі және эмоциялы орындауға тырысады;

      11) өңірлік әншілік мектептердің нақышын, әндерінің құрылымын, құрылымдарындағы ерекшеліктерін, әуезділігін, диапазоны мен орындаушылығын біледі;

      12) халық композиторларының шығармаларын біледі;

      13) музыкалық терминдерді біледі;

      14) күйлерді өңірлік мектептердің сипаттарына тән орындау әдістерін біледі;

      15) ырғақ элементтерін қолдануды және музыкамен қозғалуды біледі;

      16) концерттерде өнер көрсету дағдыларына ие.

      71. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық есту қабілетін, есту түсініктерін, музыкалық-теориялық білімдерін әрі қарай жетілдіру және дамыту жалғастырылады, ығарманың көркемдік мазмұны мен формаларын қабылдау және түсіну жұмыстары, әндерді жеке орындаушылық түсіндірумен, орындау мәдениетімен, шығармашылық еркіндікпен, әртістікпен жұмыс жалғастырылады.

      2) халық күйлерін, Арқа, Жетісу, Батыс өңірлерінің халық композиторларының күйлерін орындау техникасы меңгеріледі.

      72. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің орындаушылық ерекшелігін сақтай отырып, дәстүрлі әндерді жаттау.

      2-тақырып. Дәстүрлі әндерді жаттау. Суырып салу өнері.

      3-тақырып. Дәстүрлі әндерді жаттау. Әншілік дауысты, дыбыс сүйемелін, резонаторлардың үйлестірілген жұмысын, дұрыс дыбыс шығару және дыбыс жүргізудің алуан түрлерін, дауыстың дыбысталу сапасын жетілдіруді (тембр, жоғары дыбысты және динамикалық диапазон, вокалдық епін жасау, дауыстың қозғалмалылығы, дұрыс ән айту артикуляциясы және дикцияның тазалығы), эмоциялық-көркемдік мәнерлілікті, шығармаларды нақты жеткізуді ұйымдастыру ретінде вокалдық-техникалық және музыкалық-орындаушылық дағдыларын меңгеру.

      4-тақырып. Музыкалық есту қабілетін, музыкалық-теориялық білімді, вокалдық техниканың барлық түрлерін әрі қарай жетілдіру және дамыту. Ән айту аппаратының еркіндігі мен үйлесімділігі. Дауыс шығаруға қатысатын барлық жүйелердің табиғи үйлесімділігіне ықпал ететін қалыпты, еркін тыныс алуға ие болу.

      5-тақырып. Дыбыстың вокалдық сапасы мен әсемдігі. Тембрлік бояулардың түрлілігі, артикуляциялық-штрихтық техникасы, дауыстың икемділігі, қозғалғыштығы және шеберлігі, резонаторларды пайдалану білігі, барлық диапазондағы дауыстың қалыптылығы.

      6-тақырып. Шығарманың көркемдік мазмұны мен формасын қабылдау және түсіну бойынша жұмыс, әндерді жеке орындау, орындау мәдениеті, шығармашылық еркіндік, әртістік бойынша жұмыс. Білім алушының ішкі көріністерін, елестерін дамыту, орындалып отырған әндердің эмоциялық-мәндік күйіне ену.

      7-тақырып. Жалпы және музыкалық дүниетанымды дамыту. Ән репертуарын талдау дағдылары. Әннің диапазоны, тесситура. Әуендердің шығу сипаты. Вокалдық-техникалық қиындықтар. Эстетикалылығы және сахна мәдениеті. Ақынның қозғалыстары мен сахналық бейнесі.

      73. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылымы мен оның қызметтерін біледі (тыныс алу мүшелері, дыбысты қалыптастыру мүшелері, дыбыс шығару мүшелері);

      2) әншілік дауыстың гигиенасын сақтайды;

      3) дыбыс шығаруға қатысатын барлық жүйелердің табиғи үйлесімділігіне ықпал ететін қалыпты, еркін тыныс алуды пайдалана алады;

      4) барлық дыбыс құраушы жүйенің еркіндігі мен үйлесімділігін, артикуляциялық-штрихтық техниканың түрлілігін, дауыс шеберлігін, резонаторлармен жұмыс істеу білігін, барлық диапазондағы дауыстың қалыптылығын, тембрдің байлығын болжайтын дамыған вокалдық техникасы бар;

      5) аңыз-әндердің пайда болу тарихын, қазақтың дәстүрлі әндерін орындау нұсқалары мен ерекшеліктерін біледі;

      6) қазақ халық әндерін дәстүрлі ән нақышында орындай алады;

      7) өңірлік ән мектептеріне тән домбыраның сүйемелдеуімен дәстүрлі әндерді орындау дағдыларына ие;

      8) өңірлік ән мектептерінің әндерінің нақышын, әндердің құрылымын, әемділігін, диапазонын дәне орындаушылығын біледі;

      9) қазақтың дәстүрлі әндерін домбыраның сүйемелдеуімен және сүйемелдеусіз еркін, мәнерлі және эмоциямен орындайды.

      74. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-теориялық білімді, дәстүрлі ән айту нақышын меңгеруді жетілдіреді, домбырада ойнау техникаларын, ойдан шығару және суырып салу дағдыларын меңгеру жалғастырылады;

      2) білім алушы халық композиторларының, Қазақстанның заманауи композиторларының 5-6 жеңіл әндерін немесе дәстүрлі мектептердің 11-12 әндерін (ән, жыр, терме-толғау, желдірме) үйренеді.

      75. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Жеке орындаушылық мақамын құру бойынша жұмыс. Концерттік нөмірлерді әзірлеу және құру. Фонограммамен өзіндік жұмыс. Ән репертуарын студиялық жазбаларымен жұмыс.

      2-тақырып. Дәстүрлі әндерді жаттау. Есту мен дауыс арасындағы үйлесімділік. Интонацияның тазалығы, дұрыс ән айту позициясын жасауға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Аспаппен сүйемелдеу. Домбырада ойнау тәсілдері. Домбырада ойнау тәсілдерін бекітуге арналған жаттығулар. Жоғары, төмен шерту. Ауыспалы, үзік-үзік. Дауыс вибрациясы. Бір ішекте шертіп ойнау. Соққылардың амплитудасы. Әуенді айта отырып шапшаң ойнау. Домбыраны сүйемелдеумен әндерді орындау.

      4-тақырып. Әуендер мен домбыра дыбысын байланыстыратын қағыстар: ән шақыру, сабақтас, тыныс, тыныстама және түйіндеу қағыстар.

      5-тақырып. Дәстүрлі әндерді орындау. Регистрлерді дамытуға арналған жаттығулар есебінен ән айту диапазонын кеңейту. Сөйлеу дауысын қою бойынша жұмыс. Тыныс алумен, артикуляциямен, резонациялаумен, мәнерлілікті дамытумен және дауыс икемділігімен жұмыс. Дауыс аппараты.

      6-тақырып. Дәстүрлі әндерді жаттау. Ән репертуарын таңдау, талдау, орындау және жинақтау.

      7-тақырып. Халық күйлері. Халық композиторларының күйлері. Күйлерді жаттау.

      8-тақырып. "Қазақтың дәстүрлі 1000 әні" антологиясы. Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, А.Исатаева, К.Төленбаеваның үн таспа, бейне таспаларын тыңдау.

      76. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыға ие болады:

      1) өңірлік ән мектептерінің нақышын, құрылымының ерекшеліктерін, әуезділігін, диапазонын және әндерді орындаушылығын біледі;

      2) музыкалық терминтерді біледі;

      3) күйлерді орындаудың өңірлік ән мектептеріне тән дәстүрлі әдістерін біледі;

      4) суырып салу дағдыларына ие (тыңдап отырып, домбыраға түсіру, суырып-салма қасиеттерін дамыту);

      5) әуенді өзі ойдан шығара алады;

      6) шығарманың көркемдік мәні мен бейнесін анықтау және ашу үшін музыкалық мәнерлілік құралдары мен вокалдық техниканы пайдалана алады;

      7) ән репертуарын өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау бойынша қалыптасқан дағдыларға ие;

      8) Сахналық бейне жасаумен, шығармаларды орындау даралығымен өз бетімен жұмыс істей алады;

      9) концерттерде өнер көрсету дағдыларына ие;

      10) ән репертуарын студияда жазу бойынша өз бетімен жұмыс істеу дағдыларына ие.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      77. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау тыңдалым, техникалық сынақ, академиялық концерт түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      78. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: тыңдалым (қолды қою, ноталық сауатты, домбыраның құрылысын білу), екінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні), төртінші тоқсанда: технический сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні).

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 1 әні), екінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторының 1 әні), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 1 әні), екінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 1 әні), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні);

      4) 4 сынып – бірінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 1 әні), екінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 1 әні), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 2 әні);

      5) 5 сынып – бірінші тоқсанда: тыңдалым (1 халық әні, қазақстан композиторларының 1 әні), екінші тоқсанда: тыңдалым (1 халық әні, Қазақстан композиторларының 1 әні), үшінші тоқсанда: тыңдалым (1 халық әні, халық композиторларының 2 әні, Қазақстан композиторларының балаларға арналған 1 әні, өңірлік әншілік мектептердің 2 халық әні), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 халық әні, Қазақстан композиторларының балаларға арналған 1 әні, өңірлік әншілік мектептердің 2 халық әні).

      79. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      ойын кезінде дұрыс отыру, оң және сол қолды қою, аспапты дұрыс қою, домбыраның мойнына және ноталық станға саусақтарды орналастыру; білім алушының дауысына сәйкес халық әнін орындаудың көркемдік деңгейі; әннің әуені мен домбыраның дыбысталуының үйлесімділігі; өңірлік ән айту нақышында халық әндерін орындау;

      вокалдық-техникалық және орындаушылық шеберлігін бағалау кезінде интонация сапасы, дикция нақтылығы мен мәтінді айтуда ой елегінен өткізе білуі, ырғақтылық, әншілік диапазонының кеңдігі, фразировкалау көрнекілігі, серпінді реңктер, тембр ашықтығы, сезімі мен орындау мәнері, микрофонды меңгеруі бағаланады;

      шығарманың көркем орындалуын бағалауда шығарманың көркемдік бейнесін берудегі шешім ерекшелігі және сахналық ұсыну, әртістік, пластика, орындаушылық еркіндік ескеріледі;

      білім алушының дауысты және аспапты тиісті деңгейде меңгеруі, орындалатын шығарманың көркемдік бейнесін толық және дәлелді ашуы, орындаушылық интерпретацияда орындалатын шығарманың стилін түсінуі және көрсете алуы.

      80. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" (өте жақсы) бағасы:

      әншіліктің қыры – аспаппен ән салуды еркін меңгеру, әншілік аппаратты еркін игеруі, дауыста дәстүрлі және табиғи үнінің болуы, дұрыс әншілік тұғыр, дауыс ауқымының кең болуы, дыбысты интонациялау тазалығы, жоғары (бас) орта және төменгі (кеуде) регистрлерді байланыстыра орындау, әншілік дауыста тембрлік бояудың ерекше болуы, дұрыс тыныс алу, аспаппен дауысты еркін үйлестіре орындау;

      аспаппен сүйемелденуі – өңірлік дәстүрлі ән мектептерінің аспапта (домбырада) дәстүрлі қағыс үлгілерінің болуы, әнді орындағанда аспаппен сүйемелденуінің еркін болуы, түйдек, күре, қара қағыстарды еркін меңгеру, ән басталар алды, ән шақыру (шақырғы), шумақ және тармақтар арасында орын алатын тыныс, сабақтас, тыныстама қағыстарды еркін игеру;

      дағдыларын жетілдіру – нюанстардың негізгі тәсілдерін меңгеруі, есту қабілетін өз бетінше бақылау, ноталық мәтінді дәл оқу және білу, шығарманың көркемдік бейнесін ашу, көркем, әртістік жағынан орындауы, дикция, артикуляциялық аппаратты еркін игеруі, музыкалық көрнекілік құралдарын поэтикалық және музыкалық мазмұнмен икемді қосу, орындайтын шығармасын өз бетінше түсіндіруі, орындау мәдениетінің жоғарылығы.

      2) "4" "жақсы" бағасы:

      әншіліктің қыры – аспаппен ән салуды меңгеруі, әншілік аппаратты игеруі, дұрыс әншілік тұғыр, дыбысты интонациялау тазалығы, жоғары (бас) және орта регистрлерді байланыстыра орындау, әншілік дауыста тембрлік бояудың ерекше болуы, дұрыс тыныс алу;

      аспаппен сүйемелденуі – әнді орындағанда аспаппен сүйемелдеуі еркін болуы, ән басталар алды ән шақыру, шумақ және тармақтар арасында орын алатын тыныс, сабақтас, тыныстама қағыстарды игеру;

      дағдыларын жетілдіру – нюанстардың негізгі тәсілдерін меңгеруі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетіне бақылаудың жеткіліксіздігі, шығарманың қиын жерлерінде техникалық олқылықтар (интонациялық дәлдіктің жоқтығы), шығарманы орындауда музыкалық ойлау көзқарасынан қараудың өзінің ой елегінен жеткіліксіз өткізуі, сахнадағы психологиялық тәртібінің тұрақсыздығы;:

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы:

      әншілік қыры – аспаптың сүйемелдеуімен ән салу, вокалдық аппаратты жетік меңгермеуі, біртекті серпін және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, дауыс күшінің және ауқымының тар болуы, темптік ырғақтық ұйымдастырудың болмауы, динамикалық бірсарындылығы және дыбысталуының біртектілігі);

      аспаппен сүйемелденуі – әнді орындағанда аспаппен сүйемелденуі еркін болмауы, ән басталар алды ән шақыру (шақырғы), шумақ және тармақтар арасында тыныстама қағыстарды тұрақсыз игеру;

      дағдыларын жетілдіру – музыканы ой елегінен өткізбестен, авторлық ноталық мәтінді оқудың формалдылығы, орындаудағы әлсіз есту қабілетін бақылауы, орындауда стилистік және интонациялық қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің орташа деңгейі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы;

      4) "2" "қанағаттанарлықсыз" бағасы:

      ән айту – домбыраның сүйемелдеуімен ән салу, әншілік аппараттың болмауы, есту қабілетін бақылаудың болмауы, аспаппен дауысты үйлестіре алмауы;

      аспаппен орындау – аспапты еркін игермеуі, ән басталар алды ән шақыру, шумақ арасында тыныстама қағыстардың болмауы;

      дағдыларды жетілдіру – есту қабілетін бақылаудың болмауы, көрнекі емес интонациялау, метроырғақтық тұрақсыздық, қателер, ноталық мәтінді нашар білуі, орындау мәдениетінің төмендігі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
55-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Этносольфеджио" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Этносольфеджио" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Этносольфеджио" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) затакт – келесі тактінің бірінші бөлігінің алдында келетін тактінің толық емес бөлігі; бірінші такті сызығының алдында жазылатын пьесаның басындағы бір немесе бірнеше дыбыс;

      2) канон – полифониялық форма, ол кезде әуен өздігінен контрапункт құрайды;

      3) кварта – аяқталған консонстардан құралған музыкалық интервал;

      4) квинта – кеңдігі жағынан бес сатыны құрайтын музыкалық интервал, 5 санымен белгіленеді;

      5) консонанс – әртүрлі тондардың бірігуі, бір уақытта үйлесімді дыбысталуы; үйлесімділіктің негізгі элементтерінің бірі;

      6) лига – екі немесе одан көн нотаны құрайтын, орта бөлігі қалыңдау келген доға тәріздес жіңішке сызық;

      7) ритмикалық сурет – дыбыстардың жоғарылығынан шығатын ұзақтығының реті;

      8) тритон – көлемі үш толық тонды құрайтын музыкалық интервал;

      9) үндестілік – музыкалық ладтың қалпын музыкалық тонның белгілі жоғарылықта дыбысталуында бекіту, музыкалық дыбыстар қатарының нақты бөлігіне байлау;

      10) үшдыбыстылық айналымы – аккордтың алғашқы құрылымының өзгерісі, ол кезде сол дыбыстардың өзінен жаңа жақын аккорд пайда болады.

      3. Пәннің мақсаты: музыка теориясы саласында алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушылардың музыкалық-шығармашылық дамуына жағдай жасау, балаларды ұлттың музыка мәдениеті негіздеріне тарту.

      4. Пәннің міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық есту қабілетінің түрлі қырларына оқыту, тәрбиелеу және дамыту;

      2) білім алушылардың музыкалық сауат саласы және музыканың қарапайым теориясы бойынша теориялық мәлеметтерді меңгеруі;

      3) жатталған немесе таныс емес әуенді дұрыс, интонациясы жағынан нақты айтуға оқыту;

      4) күрделі емес әуенді естіп отырып жазуға, әуенді домбырада теруге және оған аккомпонемент жасауға үйрету;

      5) орындалатын шығармаларды теориялық талдау саласындағы алғашқы дағдыларды дамыту.

      Дамыту:

      1) практикалық дағдылардың негізі ретінде білім алушылардың музыкалық есту қабілеттерін, музыкалық ойлауларын және музыкалық жадын мақсатты түрде жүйелі дамыту;

      2) лад сезімін, метроритм, көркемдік талғамды дамыту;

      3) вокалдық интонациялау және сольфеджиолау дағдыларын дамыту;

      4) арнайы дағдыларды дамыту: интонациялаудың тазалығы, парақтан оқу, естуі бойынша және есте сақтау жады бойынша музыканы жазу, музыкалық шығармаларды талдау;

      5) практикалық дағдыларды және оларды музыкалық материалды орындау кезінде, музыка ойнаудың шығармашылық формаларында кешенді түрде қолдану білігін қалыптастыру;

      6) музыкалық түсініктерін және көркемдік талғамдарын қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) балалардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      2) білім алушының бойында музыкалық ақпаратты меңгеруге ықпал ететін жеке қасиеттерді тәрбиелеу;

      3) білім алушыны ұлттық мәдениет негіздеріне оқыту;

      4) қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      5) білім алушының бойында мәдени құндылықтарды өз бетінше қабылдап және бағалауды қалыптастыру.

      5. "Этносольфеджио" пәніне балаларды оқыту мерзімі – бес жыл. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі осы бұйырықтың 1-қосымшасында көрсетілген балалар музыка мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқыту жеке формада іске асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама жалмы музыкалық білім алуға, сондай-ақ әрі қарай кәсіби білім алуға бағытталған білім алушылармен жұмыс істеу үшін қолдануға бағытталған.

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама әр баланы музыкалық дамытуды мейлінше саралап іске асыруға мүмкіндік береді, білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқыту әдістерін қарастырады.

      10. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындықтары және жалпы даму деңгейі әртүрлі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыға қажетті вокалдық интонациялау және сольфеджиолау дағдыларын үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру және дамыту қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениетін үйретуге негізделеді.

      14. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың дәстүрлі ән айту бойынша білім, білік және дағдыларын, жеке және ансамбльдік орындаушылық тәсілдерін алудағы жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      15. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      16. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      17. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушыныңң музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты ән айтудың орындаушылық дағдыларын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      18. "Этносольфеджио" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      19. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарманы орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      20. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      21. Сабақтардың формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) өздік жұмыстар ансамбльде ұжымдық музыка ойнау;

      3) дайындық-концерттік (концерттік нөмірлерді дайындау және көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар.

      22. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      23. Педагогтің білім алушымен жүргізетін жеке сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      24. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс формалары:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      26. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      27. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      28. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      29. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      30. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      31. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      32. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      33. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      34. Өзіндік сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескерліп анықталады.

      35. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне ескеріп қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      35. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау (білім алушы өзінің айтуын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушылардың күнделіктеріне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      36. "Этносольфеджио" пәнінің "Домбыра", "Қобыз", "Қылқобыз", "Қазақ музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      37. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы халық әндерінің, күйлерінің, дәстүрлі домбыра күйлерінің шығу тарихымен, музыкалық сауатпен танысады, қазақ халық әндерінің, күйлерінің дұрыс, интонациясы жағынан нақты айтулуын меңгереді, күйлердің әуенін есту арқылы қабылдауды, музыкалық шығарманың мазмұнын түсінуді, музыкалық бейне жасалатын музыкалық мәнерліктің құралдарын анықтауды үйренеді, домбырада ойнаудың алғашқы дағдыларын меңгереді, домбырада әуендерді тереді;

      2) қабылдауға жеңіл материалдар ретінде музыкалық пьесалар мен әндер арқылы білім алушының музыкалық түсініктері, көркемдік талғамдары, күрделі емес әуенді есту арқылы жазу дағдылары қалыптасады;

      3) білім алушы кварта-квинта көлеміндегі ғұрыптық әндерді, 7-8 буынды әндерді жатқа үйренеді, музыкалық диктанттарды жазуды, күйлерді тыңдауды және талдауды үйренеді, музыкадағы мажорлы-минорлы үнділіктерді, интервал айналымдарын, қарапайым интервалдарды меңгереді.

      38. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Квинта-кварталар көлемі.

      2-тақырып. Домбыра түрлерімен танысу.

      3-тақырып. Аңыз күйлер. Аңыз-күйлерді тыңдау. Күйлерді талдау.

      4-тақырып. Қазақтың өлең өлшемдері. 7-8 буынды әндер. Интонациялық-ритмикалық құрылым.

      5-тақырып. Әлди жыры лирикалық жанр. "Әлди" жанры (бесік әндері).

      6-тақырып. Музыкалық диктант.

      7- тақырып. До мажор мақам жүйесі. Кіріспе сатылар. Тұрақты дыбыстарды айту.

      8-тақырып. Домбыра аспабымен танысу. Күйлерді тыңдау.

      9-тақырып. Соль мажор мақам жүйесі. Тактыдан сырт. (Екі сегіздіктер).

      10-тақырып. Әлди жанры. Ән диктанты. Күйлерді тыңдау және талдау.

      11-тақырып. Мажор мақам жүйелері. "Жар-жар" қазақстың үйлену әндері. Ырғақтық жаттығулар (нүктелі төрттік және сегіздік). Минор сазы. Ре минор,ми минор (Оналтылықтар) Тепен көк. Өлең өлшемдері, Жар-жар.

      12-тақырып. Өлшем 3/4. Диктант (7-8 буынды). Күйлерді тыңдау және талдау.

      13-тақырып. Бақылау сабағы. Фа мажор мақам жүйесі. Диктант. Өлшем 4/4. Сыңсу әндері. Ырғақ түрлері.

      14-тақырып. Тасымал. (түсініктеме) Мажор және минор саздары. Аралық. (түсініктеме). Си бемоль мажор мақам жүйесі. Өлшем 6/8 (Келіншек). Күйлерді тыңдау және талдау. Бақылау сабағы. Диктант. Тест.

      39. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) квинта-кварта көлемді саз туралы түсініктері қалыптасқан;

      2) домбыра үлгілерімен жұмыс дағдыларына ие болады;

      3) аңыз күйлерді тыңдауды, әңгіме-күй тірінде ойнауды;

      4) қазақтың өлең өлшемдерін біледі;

      5) буын және оның түрлерін ажырата алады;

      6) ырқақтарды, оларды әлди жанрында санайды;

      7) до мажор мақам жұйесін;

      8) жар-жар әндерін біледі, орындайды;

      9) музыкалық сауатты;

      10) аспапта ойнау дағдыларына ие болады;

      11) әдеп-ғұрып әндерін әндетуді (кварта-квинта көлемінде, 7-8 буынды);

      12) ән диктантын жаза білуді;

      13) бесік жыры, жар-жар, тойбастар, беташар туралы тусініктерді;

      14) қазақ халық күйлерімен танысу;

      15) күйлерді тыңдау, құрылысын талдау. Мысалы: Кеңес, Жастар биі,

      Қосалқа;

      16) суырып салу, өз әнін шығару және нотаға түсіру;

      17) мажор-минор сазы, жай аралықтар, аралықтар айналымын меңгереді.

      40. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылардың лад сезімін, метроритм, музыкалық-есту қабілеттерін, музыкалық ойлауын және музыканы есте сақтау жадын дамыту жалғастырылады;

      2) музыкалық материалдарда теориялық білімдерін (мажорлы-минорлы үндестіліктегі әуендердің үш түрін айту, әуендердің арасындағы айырмашылықтарды бекіту, қарапайым аралықтарды, аралық айналымдарын құру) қалыптастырады: тұсау кесу жыры, халық және авторлық күйлер;

      3) білім алушы секста, септима, октава, көлеміндегі ғұрыптық әндерді жаттайды, халық және авторлық күйлерді талдайды, оларды домбырамен орындайды, Ре, Ля тірегінде күйлерді нотамен жазады.

      41. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. До мажор, Соль мажор, соль мажор. Октава көлемінде саздар. 7-8 буынды әндер. Секста көлеміндегі дыбыс қатары. Әуендік диктант.

      2-тақырып. Өлшем 2/4. Өлшем 3/4. Ырғақтық диктант.

      3-тақырып. Өлшем 4/4. Минор сазының үш түрі. Т4, Т5 аралықтар. Күйлерде тыңдау және талдау.

      4-тақырып. Халық аңыз-күйлері. Қағыс ерекшеліктері, құрылымы. Қосалқы мақам жүйелері. Фа мажор – Ре минор. Нүктелі төрттік және сегіздік ырғағы. Т1, Т8 аралығы. Күйлерді тыңдау және талдау. Ре-ля тірегі. Күйлердегі бас буын.

      6-тақырып. Берілген қағысқа (бас буын) күй жазу. Күйлердегі Ми – Ля тірегі. Соль мажор – Ми минор. (үш түрі). Ырғақтық диктант.

      7-тақырып. Күйлердегі орта буын. Си – Фа тірегі. Күйлердегі Соль – Ре тірегі.

      8-тақырып. Ре мажор – Си минор үндестіліктері. Кіші, үлкен саға. Күйлердегі Ре – Ля, Ре – Ре тірегі. Үшдыбыстық айналымы. Ауыспалы саз. Канон. Секвенция. Өлшем 6/8. Ән диктанты. Мақам жүйесіндегі аралықтар.

      9-тақырып. Шығармашылық дағдыларды дамыту. Өз әуенін шығару, берілген қағысқа күй шығару, әндерді түсіру. Аталған ритмге әуенді, жаттаған әуендеріне аспапта ритмикалық аккомпонементті шығару. Күрделі емес ритмикалық партитуралар. Әндерге суреттер.

      42. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) до мажор, соль мажор, октава көлеміндегі саздарды орындайды;

      2) секста көлеміндегі дыбыс қатарын шығарады;

      3) әдеп-ғұрып әндерін әндету (секста, септима, октава көлемінде);

      4) секста, септима, октава түсініктерін;

      5) көне және төкпе домбыра күйлерін, олардың құрылыстарын, оларды түсініп тыңдауды;

      6) ре-ля тірегінде күйлерді жазу. Мысалы, Айжан қыз, Қайран шешем;

      7) музыкалық теориялық білімі;

      8) мажор-минор саздарының үш түрін, жай аралықтарды, аралықтар айналымын;

      9) музыкалық аспаптарды тыңдау және анықтай білуді;

      10) қағаз бетінен қарапайым ноталық үлгілерді оқи алады.

      43. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "қара өлең" жанрымен, "төкпе" күйімен, құрылымымен, ритммен, көне қобыз және сыбызғы күйлерінің ладтық ерекшеліктерімен танысады;

      2) "қара өлең", "төкпе" күйі жанрындағы әндер материалымен жұмыс істеу барысында теориялық білімдері қалыптасады.

      44. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Әндердің өлшемдері. Он бір буынды әндердің құрылымы. Лига, Канон. Оналтылықтар ритмикалық топтары. Үш белгіге дейін мажорлы және минорлы үндестіліктер және олардың түрлері.

      2-тақырып. Он бір буынды диктант. "Қара өлеңдерді" тыңдау және талдау. "Қара өлеңдерді" жанрындағы әндерді айту.

      3-тақырып. Қосалқы мақам жүйелері. "Қара өлең" түрлері, Ля мажор – Фа # минор мақам жүйелері. Ноталар бойынша және сөздерімен әндерді орындау. Аралықтар. (қайталау). Үштондық (түсініктеме, құрамы.). Вокалдық және аспаптық топтастыру. Өлшем 4/4 Оналтылықтармен ритмикалық топтар.

      4-тақырып. "Төкпе" күйлері. Ырғағы және қағыстары. Күйлерді тыңдау және оларды талдау. Күй диктанты. Әндердің түрлері мен өлшемдері. Ритмикалық топтар: сегіздік және екі оналтылық тобы. Екі оналтылық және сегіздік тобы. Тритон. Доминантсептаккорд (түсініктеме, құрамы.) "Қара өлең" жанры. Тасымалдау. Ми Ь мажор – До минор мақам жүйелері.

      5-тақырып. Қобыз күйлері, ладтық ерекшеліктері. Ырғақ түрлері. Өлшем 3/8. Диктант.

      6-тақырып. Ля мажор – Фа минор мақам жүйелері. Ладтарды интонациялау. Сыбызғы күйлері. Құрамы, ладтық ерекшеліктері, ритм түрлері. Әндердегі секста және септима аралықтары. Аралықтар айналымы. Диктант.

      45. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қара өлеңді айтуды (11 буынды);

      2) қобыз, сыбызғыда орындалған күйлерді талдауды;

      3) аңыз күйлердің мазмұнын;

      4) төкпе күй және оның құрылысы туралы түсінікті;

      5) төкпе күйлерді нотаға өз беттерімен түсіруді;

      6) халық және авторлық күйлерді нотаға түсіруді;

      7) Бағдарлама аясындағы музыка теориясын;

      8) үштондық, күрделі аралықтар, үшдыбыстылықтың төрт түрін, негізгі үшдыбыстылықтар түсінігін біледі.

      46. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "синкопа", "триоль", "пентатоника", "доминантсептаккорд" түсініктерін меңгереді;

      2) музыкалық материалда "төкпе", "шертпе" күйлері, қазақтың лирикалық әндері бойынша теориялық білімді меңгеру жалғастырылады.

      47. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Әндердің өлшемдері және әндердің түрлері. Негізгі үшдыбысты мақам жүйесі. Минор мақам жүйелері.

      2-тақырып. Төкпе күйлер. Түрлері, ырғағы мен қағыстары. Ырғақ және қағыстар. Пунктирлы ырғақ. Күрделі диатоникалық саз дыбыс қатары. Күй диктанты.

      3-тақырып. Қазақтың лирикалық әндері. Құрылымы, саз ерекшеліктері, ырғақ түрлері. Өлшем 6/8. До # минор.

      4-тақырып. Синкопа ырғағы. Нүктелі төрттік және екі оналтылық ырғағы. Ән диктанты. Үштондық. Мақам жүйесіндегі Т6, Т6/4.

      5-тақырып. Негізгі үшдыбыстықтар. Шертпе күйлер. Құрылымы, саз ерекшеліктері, ырғақ түрлері. Қазанғап күйлері. Ля мажор – Фа минор мақам жүйелері.

      6-тақырып. Триоль ырғағы. Мақам жүйесіндегі аралықтар. Т5/3, S5/3, Д5/3 айналымдары. Мақам жүйесіндегі. Д7. Доминосептаккорд. Күйлерді тыңдау және оларды талдау.

      7-тақырып. Си мажор – Соль # минор. Кіріспе септаккорд. Ауытқу және модуляция. Күйлерді тыңдау және оларды талдау.

      8-тақырып. Халық музыкасының мақам жүйелері. Дәстүрлі әндер. Пентатоника. (Мажор және минор). Күй диктанты.

      48. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) халық және кәсіби музыкасының жанрлық түрлерін;

      2) қазақ күйшілерінің және қазақстандық сазгерлердің аттарын;

      3) оқытылатын шығармалардың атауларын, олардың авторларын;

      4) лирикалық әндерді әндету (күрделі дыбыс қатары, лирикалық әндер);

      5) шертпе күйлердің құрылымын талдауды;

      6) 8-9 рет тыңдағаннан кейін төкпе күйлерін нотаға түсіруді;

      7) "тартыс" күй, "төкпе" күй, "шертпе" күй терминдерін, "доминатсептаккорд" айналымын біледі;

      8) білім алушылар арасында күй тартысын өткізуді біледі.

      49. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары

      1) білім алушы эпикалық шығармалармен, халықтық-кәсіби әндермен танысады, олардың құрылымдарын талдайды, оларды жатқа жаттайды және орындайды;

      2) суырып салу, шертпе күйлерді нотаға түсіру дағдыларына ие болады, кіріспе септаккордтарды, ІІ 7 құрады, олардың өлшемдерін анықтайды.

      50. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Халықтық-кәсіби әндер. Күйлерді тыңдау. Ритмнің түрлері. Квинттік шеңбер. Д7 құрылымы, олардың айналымдары және шектеулері.

      2-тақырып. Ритм түрлері. Ауыспалы мақам жүйесі.

      3-тақырып. 6/8 өлшемі (он алтылықтар тобы). Диктант.

      4-тақырып. Ауыспалы өлшем.

      5-тақырып. Құрылымы және мақамдық ерекшеліктері. Ауыспалы өлшем. 2/4, 4/4 өлшемдері. Нүктесімен төрттік ритмикалық топ және екі он алтылық. Гармоникалық мажор мен минордағы тән аралықтар.

      6-тақырып. Кіріспе 7 (гармоникалық минор мен мажорда. Эпикалық шығармалар. Шығармалардың құрылымы, мақамдық ерекшеліктері. Ритмнің түрлері. Диктант. "Төкпе күйлер", "шертпе күйлер" түсініктері.

      7-тақырып. Ноталардың қаріптік белгілері. Суырып салу. Өз әуендері мен күйлерін шығару. Энгармонизм. Диктант.

      8-тақырып. Тән аралықтар. Д7 айналымдары (дыбыстан). Бақылау сабағы.

      9-тақырып. "Төкпе" күйлерді тыңдау және талдау. Күрделі аралықтар.

      10-тақырып. 6/8 өлшемдері (он алтылықтар тобы). Дәстүрлі әндерді айту.

      51. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) өз орындауындағы шығарманың сипатын береді;

      2) шыдамдылық, еңбекқорлық, бастаған істерін аяқтауға ұмтылуды көрсетеді;

      3) музыкалы сауаттары одан әрі жетілдіреді;

      4) теориялық білімдерін толықтырады;

      5) халықтық - кәсіпқойәндерін әндерді орындайды;

      6) эпикалық шығармаларды жатқа біледі, оларды орындайды, олардың құрылымын талдай алады;

      7) төкпе және шертпе күйлерін нотаға түсіре алады;

      8) өз күйлері мен әндерін шығару және нотаға түсіруді;

      9) суырып салу қабілеттерін дамытады;

      10) күй тартысын өткізуді ұйымдастыру дағдыларына ие болады;

      11) септаккорд, II 7, шығарманың өлшемін анықтап, өлшеміне қарай топтастыруды біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      52. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      53. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – төртінші тоқсанда: бақылау жұмысы (7-8 буындық әндерді сөздерімен диктант жазу);

      2) 2 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (диктант – күйдің бас буынын жазу), екінші және төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (жатталған әндерді айту және күйдің үзіндісін ауызша түсіру);

      3) 3 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (диктант – күйдің орта буынын жазу); екінші және төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (жатталған әндерді сөздерімен айту, мақамдарды айту, күйдің орта буынын түсіру);

      4) 4 сынып – бірінші және үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (диктант – күйдің орта буыны), екінші және төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (жатталған әндерді сөздері мен айту, күйдің үзінділерін орындау);

      5) 5 сынып – бірінші және үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (диктант), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (диктант – әртүрлі жанрдағы жатталған әндерді сөздерімен айту, өз күйін шығару), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (әртүрлі жанрдағы жатталған әндерді сөздерімен айту, халық әуендерінің мақамдарын айту, есту қабілетін талдау, теориялық материалды білу).

      54. Білім алушылардың қорытынды аттесттациясының мазмұнына қойылатын талаптарды (диктант, номерді парақтан оқу, алдын ала жатталған әнді орындау, естуді талдау, теориялық материалды білу) мектеп өз бетінше анықтайды.

      55. Диктантты бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – диктант бір қатесіз толық жазылған;

      2) "4" "жақсы" бағасы – диктант тұтас жазылған. Кейбір анық емес жерлері бар: кездейсоқ белгісі жоқ; немесе (және) екі-үш қате нотасы бар; немесе бірнеше ритмикалық түсініксіз тұстары бар;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – көптеген түсініксіз тұстары бар: ноталардың жартысы қате, кездейсоқ белгілері жоқ; ритм тұтас алғанда дұрыс жазылмаған;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қателері көп.

      56. Номерді парақтан оқу, алдын ала жатталған номерді айтуды бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – нақты интонациялау, түсініп орындау, жеңіл дирижерлік қимыл;

      2) "4" "жақсы" бағасы – толығымен алғанда номер жақсы орындалған, бірақ интонациясы, сондай-ақ дирижерлеу жағынан біршама қателер бар;

      3) "3" "қанағаттанарлық" - интонациялауы әлсіз; түсініксіз орындау; дирижерлік қимылда нақтылық жоқ;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қателері көп.

      57. Есту қабілеті бойынша талдауды бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – барлық ауытқулары мен модуляциялары нықталған (тональді жоспар) – жоғары сыныптар үшін, барлық гармониялық айналымдар анықталған – тұтас және жеке аккордтар (аралықтар), сондай-ақ, музыкалық үзіндінің формасы, оның мінезі түсінікті болған;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жалпы алғанда тональді жоспар анықталған, барлық гармоникалық айналымдар, аккордтар қатары анықталған (аралықтар);

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – музыкалық шығарманың формасын, оның мінезін түсінбеу, тональді жоспар анықталмаған, ауытқулар мен модуляция анықталмаған, бірнеше гармоникалық айналымдар, жеке аккордтар (аралықтар) анықталған;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қателері көп.

      58. Теориялық материалды білуге қойылатын бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – теориялық мәліметтерді еркін меңгеруі, педагогтің ұсынған тапсырмасын қатесіз және жылдам орындауы;

      2) "4" "жақсы" - теориялық білімінде қателіктер бар, педагогтің ұсынған тапсырмаларын нақты орындамауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" - қарапайым теорияда нашар бағдарлануы, ұсынылған тапсырманы толық көлемде орындай алмауы.

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қателері көп.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
56-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Шетелдік хореография" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Шетелдік хореография" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Шетелдік хореография" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актерлік шеберлік – әртіс өзі бейнелейтін кейіпкерінің бейнесіне құбылу қағидасы және оның атынан әрекет ету;

      2) бал биі – арнайы бөлмелерде орындалатын халық бастаулары бар жұп биінің түрі;

      3) балет – хореографияны, музыканы және драмалық түпкі ойды үйлестіретін театр өнерінің түрі; би және пантомима құралдарымен орындалатын музыкалық-драмалық шығарма;

      4) балетмейстер – балеттердің, билердің, хореографиялық нөмірлердің, би сахналарының авторы және қоюшысы;

      5) би – көркемдік бейнені құрастыратын қимыл мен адам денесінің қалпы болып табылатын хореографиялық өнер формасы;

      6) динамика – би қимылдарының ауқымы мен шиеленісін түрлендіру;

      7) жанр – өнер әлемінің құбылыстарының неғұрлым елеулі қасиеттері мен байланыстарын бейнелейтін жалпы түсінік, шығарманың формалды және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығы;

      8) заманауи би – америкалық және европалық модерн және пост модерн биінің негізінде қалыптасқан, жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырдың басындағы би техникалары мен стильдерін қамтитын би өнерінің бағыты;

      9) классикалық би – сахналық би түрі, балет өнерінің негізгі көрнекілік құралы;

      10) классикалық мұра – өткен уақытта құрылған, қайталанбас көркем құндылыққа ие және қазіргі уақытта дербес қойылымдар ретінде өмірін жалғастыратын хореографиялық шығарма;

      11) мимика – ішкі жан күйін көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылы; кейіпкердің жан күйін әртістің бет бұлшық еттерінің мәнерлі қимылдарымен жеткізу өнері;

      12) модерн биі – он тоғызыншы ғасырдың соңы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы еуропалық және америкалық өнердегі стильдік бағыт; жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында басым болған би өнерінің жалпы аталуы;

      13) мюзикл – комедиялық сипаты басым болатын оперетта, балет, опера және эстрада элементтерін қолдануға негізделіп құрастырылған музыкалық-сахналық шығарма;

      14) оқытудың классикалық жүйесі – он тоғызыншы ғасырда және жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы мектептерге тән ой жүйесі мен педагогикалық практика;

      15) опера – мазмұны сахналық музыкалық-поэтикалық бейнелерде іске асырылатын инструменттік (оркестрлік) және вокалдық (жеке, хор) музыканың көмегімен көрінетін музыкалық-драмалық шығарма;

      16) орындаушылық қызмет – көркемдік-дыбыстық нәтижені және оны эстетикалық қабылдауға қол жеткізуге бағытталған музыканттың өзін-өзі көрсетудің арнайы ұйымдастырылған шығармашылық белсенді формасы;

      17) өнер түрі – өз бейнелерін нақты материалда: сөзде, дыбыста, таста, металда, дене қозғалыстарында және сол сияқтыларда іске асыратын әлемді көркемдік меңгерудің нақты тәсілі;

      18) өнердің синтезі – адам тіршілігінің материалдық және рухани ортасын эстетикалық ұйымдастыратын көркемдік тұтастыққа әртүрлі өнер мен өнер түрлерінің табиғи бірігуі;

      19) режиссер – спектакльдің, фильмнің, қандай да бір шығармашылық жобаның көркемдік жетекшісі, қоюшы;

      20) репертуар – театрда, концерттік эстрадада орындалатын шығармалар жиынтығы; әртіс орындайтын рөлдердің, нөмерлердің, музыкалық, әдеби шығармалардың шеңбері;

      21) спорттық бал биі – спорт билерінің екі стилін біріктіруші спорттың би түрі;

      22) сурет – композициядағы би қимылдарының үйлесуі;

      23) техника – негізгі қадамдар мен позицияларды орындау кезіндегі денені меңгеру мен шеберлік дәрежесі;

      24) тарихи би – классикалық би негізінде әртүрлі дәуірдің балдық, тұрмыстық билерінің өңдеуін білдіретін сахналық би түрі;

      25) театр – көрермендер алдында әртістің ойыны процесінде пайда болатын, өмір құбылыстарын драматикалық іс-әрекет көмегімен көркемдік суреттеу ерекшелігі болып табылатын өнер түрі;

      26) театр костюмі – әртістің спектакльдегі өз рөлдері үшін қолданатын киімнің барлық түрі, аяқ киім, бас киім, әшекей және басқа да заттар;

      27) темп – би қимылының қарапайым формасы, әр түрлі би үйлесулері қадамды құрайды;

      28) халық биі – өзінің табиғи ортасында орындалатын және аталған өңір үшін белгілі дәстүрлі қимылдары, ырғақтары, костюмдері бар фольклорлық би;

      29) халық (фольклорлық) биі – бидің сипатында, қимыл үйлесімділігінде, бидің музыкалық-ырғақты және метрикалық құрылымында, оны орындау мәнерінде көрініс табатын этнос пен этникалық топтың этникалық ерекшеліктерін, хореографиялық тілін, пластикалық мәнерлілігін бейнелеуші этнос өкілдерімен құрастырылған, тұрмыста таралған, халық би шығармашылығының түрі;

      30) хореографиялық бейне – биде сезім мен ойдың, адамзат мінез-құлқының тұтас көрініс табуы;

      31) хореографиялық өнер – екі облыстың: балет өнері мен би өнерінің жиынтығы; би өнері;

      32) халықтық-сахналық би – халық биі қимылдарынан, классикалық бидің түрлендірілген қимылдарынан (демиклассика) және ойлап шығарылатын бидің сипатында хореографпен ойластырылған би;

      33) ырғақ – салыстырмалы түрде жылдам немесе салыстырмалы түрде баяу қайталау және негізгі қозғалыстарды алмастыру;

      34) фольклорлық би – сезімнің, көңіл-күйдің, эмоцияның стихиялық көрінуі, бірінші кезекте өзі үшін, ал кейін көрермендер (қоғам, топтар) үшін;

      35) эволюция – даму, біреудің, бір дененің бір күйден екінші күйге өзгеру процесі;

      36) эстрадалық би – эстрадада концерттік орындауға арналған хореографиялық шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: шетелдік хореографиялық өнер саласында алған білім, білік, дағдылары негізінде білім алушы тұлғасының көркемдік-эстетикалық дамуы үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) білім алушыларды өнер түрі ретіндегі хореографиямен таныстыру;

      2) шетелдік би өнерінің пайда болу көздері мен оның эволюциясын зерттеу;

      3) шетелдің хореографиялық өнерінің даму кезеңдерімен танысу;

      4) классикалық хореографиялық мұра үлгілерімен танысу;

      5) әр түрлі тарихи дәуірлердің, стильдердің және бағыттардың хореографиялық өнерінің ерекше өзгешеліктерімен танысу;

      6) жетекші бишілердің, балет әртістерінің орындаушылық қызметінің білімдерін меңгеру;

      7) хореографияда бейнені жасау құралдары туралы білімдерді меңгеру;

      8) музыкалық және хороеграфиялық мәнерлілік құралдарының өзара әрекеттесу қағидалары туралы білімдерді меңгеру.

      Дамыту:

      1) әр түрлі тарихи кезеңдерде құрылған түрлі стильдер мен жанрлардағы билерді қабылдау дағдылары;

      2) балалардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) хореографиялық өнердің әр түрлі даму кезеңдеріндегі би қоюшысының, балетмейстердің қойылымдық және педагогикалық қызметі туралы ақпаратты жүйелендіру дағдыларын меңгеру;

      4) хореографиялық өнер шығармасын әзірлеу уақытын, стилистикалық ерекшеліктерін, мазмұнын, өнердің әртүрлі түрлерінің өзара әрекеттесуін, хореографиялық бейнені құрудың көркемдік құралдарын ескере отырып, талдау білігін дамыту;

      5) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін дамыту;

      6) рефератпен, баяндамамен, презентациямен көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларын қалыптастыру;

      7) реферат, баяндама дайындау дағдыларын меңгеру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушы тұлғасын көркемдік-эстетикалық тәрбиелеу;

      2) хореографияның, музыканың және басқа өнер түрлерінің көрнекті шығармалары негізінде көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) білім алушының кәсіби бағдарлануы және өзін-өзі анықтауы.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Оқыту 5-сыныптан басталады. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Балалар өнер мектептері хореография бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      12. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      13. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      14. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, әр түрлі тарихи кезеңдерде құрылған түрлі стильдер мен жанрларда билерді қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған.

      15. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      16. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      17. Бағдарлама білім алушыға шетелдік би өнерінің пайда болуы, оның эволюциясы, классикалық мұраның үздік үлгілері туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды.

      18. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог шетелдік хореография тарихы бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      19. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағдарланған:

      1) шетелдік хореографияның дамуының тарихи ерекшеліктері туралы білімді меңгеру;

      2) хореографиялық білім саласындағы терминдерді меңгеру;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеру;

      4) реферат, баяндама дайындау дағдыларын меңгеру;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алу.

      20. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      21. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      22. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен хореографтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      23. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, хореография теориясы мен тарихы, музыкатану негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактика ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – зерттелетін сабақ тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлінде саналылық және белсенділік қағидаты оқу процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      24. "Шетелдік хореография" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      25. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін концерттерге бару;

      3) практикалық – орындаушылық және шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау-салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      26. Әдістерді таңдау білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне, дене мүмкіндіктеріне, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты.

      27. Бағдарлама заманауи өнер мектебіне интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін енгізуді қарастырады.

      28. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      29. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта жүргізіледі.

      30. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) үй жұмысын орындау;

      2) рефераттар, баяндамалар, презентациялар дайындау;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      4) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      31. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады.

      32. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, ол сыныпта өтілген материалды қайталау, музыкалық шығармамен танысу, бейне материалды қарау, шығарманы талдаудағы шығармашылық тапсырма болуы мүмкін.

      33. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      34. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) видеопрезентациямен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      35. "Шетелдік хореография" пәнінің "Классикалық би", "Халықтық –сахналық би", "Заманауи би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      36. 5-сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы өнер түрі ретінде хореографиямен, хореографияның төл өзгешеліктерімен, оның бейнелеуші жолдарымен танысады;

      2) жиырмасыншы ғасырдың ежелгі Египет, ежелгі Греция, Англия, Франция, Италияның алғашқы қауымдық қоғамының орта ғасыр дәуіріне дейінгі би түрлерімен танысады;

      3) балетмейстерлердің өмірлік және шығармашылық жолдары туралы біледі;

      4) оқу материалымен жұмыс істеу, білімді жүйелендіру, эссе, реферат жазу біліктерін меңгереді.

      37. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Хореография – өнердің түрі. Бидің шартты табиғаты. Би өнерінің басқа өнер түрлерімен байланысы. Хореографияның төл өзгешеліктері, оның бейнелеуші жолдары. Бейне – бұл нақыш. Бейненің құрылу жолдары. Хореографиялық бейненің құрылуындағы музыканың рөлі. Музыкалық бейне және оның хореографиялық мәтінде іске асырылуы. Қалып, ым, бидің лексикасы, бидің суреті. Көріністің, жанрдың ортақ ұғымы. Классикалық би. Халық биі. Тарихи-тұрмыстық биі. Баяу би. Халықтық-сахналық би. Заманауи би. Джаз биі. Модерн биі. Қазіргі қоғам өмірінде би өнерінің мағынасы.

      2-тақырып. Алғашқы қауымдық қоғамның биі. Бидің туындауы. Алғашқы қауымдық адамның қоршаған әлемге көзқарасы. Алғашқы қауымдық билердің түрлері. Алғашқы қауымдық өнердің синкретикалық сипаты: бидің, пантомималық ойындардың, ән-күйдің өзара тығыз байланысы. Бидегі алғашқы қауымдық қоғам өмірінің маңызды көрінісі: еңбек, аң аулау, соғыс, дін. Биде табиғат құбылыстарының көрініс табуы. Алғашқы қауымдық қоғам өмірінде бидің тәрбиелік және ұйымдастырушылық мәні.

      3-тақырып. Ежелгі өркениеттердің би өнері. Ежелгі әлемдегі хореографияның алуан функциялары (діни, рәсімдік, сиқырлық, ойын-сауық, медициналық, спорттық-жаттығу). Шығыс көріністердің жалпы сипаттамасы. Шығыс театры – өнер синтезі. Драматургиялық құрылымның ерекшеліктері, костюм және сахналық кеңістік шешімі (декорациялар болмауы). Қалып, ым, бидегі ритмикалық қозғалыстар.

      4-тақырып. Шығыс театрына діннің әсері. Қытай. Театр түрлері. Театрландырылған ән-би және фарстық көріністерді тарату. Музыка мен бидің сиқыры, құрбан ету, діни билермен байланысы.

      5-тақырып. Ежелгі Египет билері. Жиырмасыншы ғасырдағы ежелгі Шығыс биі. Заманауи хореографияда Египет би лексикасын қолдану. Египет биінің белгілері: ырғақтық, конструктивтік, суреттің дәлдігі. Салттық билер, жұптық симметриялы би. Египет биінің полифониясы. Шіркеудегі суреттер мен мүсіндерде көрсетілген үнді биінің даму жолдары. Үнді биінің стильдері: бхаратнатьям, катхак, катхакали, манипури, одисси. Үнді мерекелері мен әдет-ғұрпының түрлілігі. Ұлттық костюмнің ерекшеліктері.

      6-тақырып. Ежелгі Греция биі – үйлесімді жеке тұлға қалыптастыру құралы. Грек мифологиясы. 9 муза – өнер және ғылым қамқоршысы. Терпсихора – би музасы. Ежелгі Грекияның би мәдениеті. Би түрлері. Қасиетті билер. Әскери билер. Спорттық билер. Қоғамдық-тұрмыстық билері. Сахналық билер.

      7-тақырып. Орта ғасыр дәуірінің би өнері. Орта ғасырларда қарапайым би түрлерінің пайда болуы. Шіркеудің тұрмысқа, мәдениетке, философияға, әдебиетке, өнерге әсері. Шіркеудің халықтық би өнерімен күресі. Діни би – "киелі әрекет".

      8-тақырып. Жаңа типті маманның – әлем кезіп жүретін әртістің пайда болуы. Кезбе әртістер – жонглер, шпильман, скоморохтардың халық би мәдениетінің салт-дәстүрлерін сақтаудағы, техникалық шеберлікті дамытудағы рөлі. Кезбе актердің делдалдық, "алмастыру" мәдени функциясы.

      9-тақырып. Роман дәуірі (10-12 ғасырлар) – сызықтық түзу композициясымен айналып билеу. Готика дәуірі (12-15 ғасырлар) жұптық би, алғашқы балет интермедияның пайда болуы. Сарайалдындағылар мен деревнялықтардың биінің арасындағы айырмашылық. Орта ғасырлар биінің негізгі сипаттамасы: бранль, бассданс, мореска, фарандола.

      Рыцар мәдениеті. Тамаша ханымдарға табыну. Түстік рәміздердің ерекшеліктері. Орта ғасырдағы әйелдер костюмі (S-тәрізді пішінді нысаны). Ерлер костюмі (үшкір тұмсықты аяқ киім). Бидің сипаты мен орындау мәнеріне костюмнің әсері (деңгейі, күрделілігі).

      Тұрмыстық би (бранли). Алғашқы балет. Балеттің отаны (Италия, 15 ғасыр). Қаланың би мәдениеті. Алуан түрлі би нысандары. Кезбе әртістердің шығармашылығы. Ақсүйектер билері (бас-данстар). Сарай этикетімен байланыс.

      10-тақырып. Қайта өрлеу дәуірінің би өнері (16 ғасыр). Дәуірдің сипаттамасы: ғылым және өнердің дамуы, қоғамдық қызметтің барлық салалардың алға басуы. Адамды биіктету идеясы – қайта өрлеу дәуіріндегі эстетиканың негізі. Көне драма мен орта ғасырлық көріністерді үйлестіретін ән мен биі бар театрлық қойылымдар.

      11-тақырып. Халықтық би шығармашылығының – жаңа би түрлерінің (менуэт, гавот, ригодон, гальярда, вольта, буре) көзі. Музыка мен бидің байланысын орнату. Музыканың әсерінен бидің бірте-бірте кәсіби өнерге айналуы. Халықтық және ақсүйектік би мәдениетінің айырмашылығы. Бидің білім беру жүйесіндегі ақсүйек пен кезбе серінің тұрмысы. Кезбе актердің сарайдағы қызметі. Жонглердің сарай маңындағы би мұғаліміне, хореографқа, мерекелердің церемониймейстеріне айналуы. Жаңа жанрдың бірінші үлгісі. Фабрицио Карозо, Чезаре Негри сияқты алғашқы теоретиктердің – би мұғалімдерінің пайда болуы.

      Қайта өрлеу дәуірінің қоғамдық-тұрмыстық билері. Халықтық және ақсүйектік би мәдениетінің айырмашылығы. Жаңа би нысандары. Алғашқы би мектептері. Би туралы оқулықтар. Мамандығы – би мұғалімі.

      12-тақырып. Он алтыншы ғасырдың би өнері. Франция – балет өнерінің орталығы. Классицизм, барокко стилінің үстемдігі. Корольдік би Академиясының негізі. Пьер Бошанның би өнерін түрлендіруі. Орындау техникасының эволюциясы. Классикалық балеттің қалыптаса бастауы. Бошанның қойылымындағы "Махаббат салтанаты" балеті.

      Франция сахнасындағы алғаш рет кәсіби бишілердің пайда болуы. Музыканың жетекші рөлі.

      Сарай жанындағы композитор Ж.Б. Люллидің шығармашылығындағы би музыкасы. Ж.Б. Мольердің балет-комедиялары. Театр қойылымдары жанрларының әр түрлілігі. Франция: балет-маскарад, драмалық балет, балет шығуымен ("Королевский балет ночи").

      13-тақырып. Италия: театр маскалары – комедия дель арте, аттар балеті.

      14-тақырып. Англияның он жетінші ғасырдағы би өнері. Тұрмыстық билер: куранта, гавот, менуэт, сарабанда, ригодон. Орындау мәнері. Танымал бал билері: менуэт және гавот. Ер және әйелдер киімдерінің негізгі элементтері (силуэттің ұқсастығы). Би орындау мәнеріне киімнің әсері. Шекспир шығармаларындағы би.

      Театрдың жаңа жанрлары – "маска" және антимаска.

      Тұрмыстық билер: мореска, контрданс, джига, броль.

      15-тақырып. Ағарту дәуіріндегі би өнері. Ағарту дәуірінің хореографтары.

      16-тақырып. Хореограф-новаторлардың балет өнерінің дербестігі үшін күресі. Бұқаралық бидің пайдасы.

      17-тақырып. Он сегізінші ғасырдың бал билері: гавот, менуэт, тампет, орамалмен биі, пасспье, контрданс, полонез. Би сюитасының дамуы – аллеманда, куранта, сарабанда және жига билерінің бірлестігі. Балет театрының жағдайы. Билеу техникасының дамуы, хореографиялық мектептің қалыптасуы, аса көрнекті кәсіпқой орындаушылардың пайда болуы.

      18-тақырып. Музыкалық театрлардың пайда болуы. Музыкалық театрдың жетекші жанрлары. Англиядағы пантомима балеті. Дель арте италияндық комедияның әсері. Франциядағы опера және балет театры. Италиядағы ойын-сауық балеті.

      19-тақырып. Он сегізінші ғасырдың балеті – синтетикалық спектакль. Спектакльдің эстетикасын біртіндеп жетілдіру: техникалық тәсілдері, безендіру, киімдері. Мифтерге, тарихи аңыздарға, ғажайып ертегілерге жүгіну. Сөздері, әні жоқ балеттің, би және пантомима көмегі арқылы, сахнада бекіту.

      20-тақырып. Франция. Джон Рич. Пантомима спектакльдеріндегі музыканың рөлі.

      21-тақырып. Мари Салле – биші-хореограф. Сахналық бидің еркіндігі, балет драммасы. Мари Камарго – биші. Би техникасының жаңартылуы және күрделенуі (костюм, тез ырғақ). Жан Жорж Новерр – балет театрының алғашқы режиссеры, балет театрының реформаторы. Балет спектаклі – дербес театр жанры.

      22-тақырып. Қимылды бидің балеттегі бейнелілік құралы ретіндегі негіздемесі, техника мен орындау мәнерлілігі бірлігіне талаптар. Балдық және сахналық хореографияның екіге бөлінуі. Жан Доберваль. Жаңа хореографиялық жанрдың – комедиялық балеттің құрылуы. "Тщетная предосторожность" балеті.

      Италия. Гаспаро Анджолини. Музыка және драматургия – балет спектаклінің негізі. Балет эстетика саласындағы ерлік және трагикалық хореографиялық драманы жетілдіру.

      Ж.Ж. Новер – балет өнерінің реформаторы. Новер реформаларының ағартушылар идеяларымен байланысы.

      Жан Доберваль – балет-комедия жанрының қалыптастырушысы. М. Камарго және М. Салле бишілері. Орындаушылық өнердің балет костюмдерінің түрлендіруімен байланысы.

      Франция буржуазиялық революция дәуіріндегі балет театры. Еуропадағы негізгі балет мектептері: италияндық (К.Блазис, С. Виганго), франциялық (Ш. Дидло).

      23-тақырып. Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысындағы өнердің көркем бағытындағы романтизм. Ф. Тальонидің "Сильфида" романтикалық балеті. Бал биі. Ампир стилі классицизмнен романтизмға өтуі.

      24-тақырып. Карло Блазис – италиялық әртіс , балетмейстер, ұстаз, балет пен бидің теоретигі. "Ла Скала" өнер академиясындағы педагогикалық қызметі. К. Блазистың теориялық мұрасы және оның классикалық бидің дамуына қосқан үлесі.

      25-тақырып. Он тоғызыншы ғасырдың 30 жылдары – романтизм стилінің ұшталуы. Романтизм стилінің негізгі белгілері. Романтикалық дүниетанымын хореографияда, музыкада, модада көрсетілуі. Жаңа бидің түрлері, стильдің өзгеруі, орындау шеберлігі (еркіндік, жеңілдік). Зайырлы этикет.

      Танымал билер: полонез, вальс, мазурка, галоп, полька, полька-галоп, француз кадрилі. Романтизм стиліндегі композиторлардың би жанрына көңіл бөлуі. Би лексикасы мен костюмдерінің өзгеруі. Хореографиядағы романтикалық бейне. Балеттегі романтикалық тұжырымдама. Романтикалық балеттің жалпы сипаттамасы. Қиял және поэтизация бағыты.

      26-тақырып. Балетмейстер Ф. Тальонидің шығармашылығы. Жаңашылдық, педагогикалық жүйелері, тәсілдері. М. Тальонидің ғажайып биі.

      "Сильфида" балетінің жаңа стилінің қағидалары. Аяқтың ұшымен билеу, классикалық балетке нәзіктік, жеңілдік, эстетикалық әсер беру. Ер және әйел би партиясының қатынасы (ер адам "діңгек" ретінде). Кардебалет – жеке бишілердің фоны. Тюник – балет костюмінің өзгеруі.

      "Жизель" балеті – романтикалық хореографияның шыңы. Пантомима мен бидің бірігуі, нақты және қиял әлемдерінің қарама-қарсылығы, жеке орындаушылар мен кордебалеттің өзара әрекеттесуі.

      Карлотта Гризи – Жизель рөлінің бірінші орындаушы балерина. Балетмейстер Ж. Перроның шығармашылығындағы шынайы бейнелер. Цезарь Пунидің "Эсмеральда" балеті. Балерина Ф. Эльслердің шығармашылығы. Ж. Перроның "Падекатр" балеті.

      27-тақырып. Ойын-сауық балеттердің пайда болуы. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы романтикалық балеттің шыңдалуы мен құлдырауы. Классикалық балетке қызығушылықтың құлдырауы, өзгерістердің орын алуы: ойын-сауыққа ұмтылу, көркемдік тәсілдердің әр түрлілігі, сыртқы әсерлер, акробатикаға еліктеу.

      28-тақырып. Дағдарыстың француздық және италияндық классикалық би мектептеріне әсерін тигізуі. Балет театр шығармашылық құрамының қысқартылуы, француз операсының дәстүрлерін үлкен балет спектаклінің жоғалтуы. Тұрмыстық би мәдениеті (көпшілік балы және жаңа бал билері – канкан, желіс, кекуок), лексика және музыкалық жанрлардың әсері.

      29-тақырып. Жаңа музыкалық-сахналық жанрлар (балет-феерия, балет-көрініс, дивертисменттер). Олардың билері, әр шумақ пен сөйлеу мәнерлері, ойын-сауық аттракцион үйлесімділігі. Қойылымның басты мақсаты көрермен көңілін көтеру. Үлкен әдебиет пен балет өнері арасындағы байланыстың үзілуі, күрделі музыка. Дәстүрлі романтикалық балет дәстүрлерінен ажырау (депоэтизациялық би, өзіндік мәні бар виртуозды, жеке орындау техникасының рөлі). Романтикалық балет әсері би өнерінің өркендеуіне зор үлесін қосады.

      30-тақырып. Тұрмыстық хореография. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы балет жанрындағы дағдарыс. Дағдарыстың типтік белгілері. Италия мен Франция балет театрларының жарық жұлдыздары.

      Балет шебері Л. Манцотти. Орасан зор қойылымдар, балет-феериялар, қатысушылардың көптігі, кордебалеттің басты рөлі. Қойылымның құрылымы - үлкен ревю, қиын техникалық нұсқалар, қанық мінездердің болмауы.

      Артур Сен-Леон – балетмейстер, сценарист, композитор, дирижер, скрипкашы. Қойылымдардың ерекшеліктері: сыртқы жарқырау, жеке билердің көптігі, ғажайып киім үлгілері, трюктер, электрлі эффектілер, мюзик-холл және варьете тәсілдері, өзгешелік сипатты билерге еліктеу. "Коппелия" балеті. Балеттің хореографиялық тәсілдері мен музыкалық ерекшеліктері (жаңашыл музыка). Ойын-сауық балеттің оң және теріс жақтары.

      38. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер. 5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) хореографияның мәнерлі құралдарын біледі;

      2) би мен музыканың, би мен кескіндеменің, скульптураның өзара байланысын біледі;

      3) салт-дәстүрлі шетел билерінің атауларын біледі;

      4) ежелгі әлем билерінің ерекшеліктерін біледі;

      5) шетел билерінің пайда болу көздерін біледі;

      6) шетел билерінің алуан түрлілігін біледі;

      7) билерді орындау стильдерін біледі;

      8) алғашқы шетел билерінің хореографиялық тәсілдерін біледі;

      9) хореографияда бейнені құрастыру құралдарын біледі;

      10) оқытылатын кезеңдегі хореографиялық өнердің ерекше өзгешеліктерін біледі;

      11) оқу материалымен жұмыс істей алады.

      39. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) классикалық мұраны одан әрі меңгеру жалғасады, он жетінші ғасырдың, он сегізінші ғасырдың бірінші жартысындағы би өнерімен, Ресейдегі балет театрының қалыптасуымен танысады;

      2) балет театрының хореографиялық білім жүйесінің қалыптасуының, дамуының және құрылуының сұрақтары зерттеледі;

      3) өз бетімен жүргізілетін жұмыс дағдылары қалыптасады, шығармашылық қызметтің тәжірибесіне ие болады.

      40. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орыс ұлттық би мәдениеті. Славян мәдениеті – музыка, сөз және бидің бірігуі. Орыс халық би өнерінің дәстүрлері. Халықтық би көрінісіндегі табиғат құбылысы, халық еңбегі, тұрмысы, әдет-ғұрпы, ұлттық сипаты.

      Би ойындары, серуендер. Славян би түрлері: аңшылық би, әскери, діни-табунышылық. Би өнерінің мифология мен діни жораларға тиесілігі. Айналып билеу ежелгі би түрі. Би билеу – пұтқа табынушылық мерекелерге сай халық салттарының бөлігі. Скоморохтар – орыс жеріндегі алғашқы кәсіби бишілер, актерлік, музыка-вокалдық және хореографиялық өнерді насихаттаушылар. Скоморохтар және халық театры: пайда болу және құлдырау тарихы.

      Халық театрының түрлері: балаган, жәрменке, Петрушка театры, мектеп театры. Би билеу – халық театрының негізгі құралдары. "Потешная палата" театрын құрудың алғашқы әрекеті. Орыс халық биінің ерекшелігі. Орыс халық мәдениетіндегі бидің рөлі.

      2-тақырып. Орыс халық биінің жанрлары: айналма би – думан (әшекейлі, ойын), би билеу (жеке, бұқаралық, жұптық, би сайысы, суырып салмалық). Айналма бидің өзгешелігі – пұтқа табыну дінімен байланысы. Негізгі фигуралар және қозғалыстар. Музыка, ән және би бірлігі. Ерлер мен әйелдердің халық костюмінің элементтері. Сахналық биге эстетикалық талаптардың қалыптасуына халық би өнерінің әсері. Он жетінші ғасырдың халық театры.

      3-тақырып. Он жетінші – он сегізінші ғасырдың бірінші жартысындағы би өнері. Батыс өнерінің әсері, патша сарайының маңында театр құру әрекеті. Қызықты сарайда (Потешный дворец) Кремль театрының ашылуы.

      Н. Лимнің би қойылымдары. Патша сарайы маңындағы "Орфей және Эвридика туралы балет" (негізінде би, пантомима, ән салу, сахналық шендік өнері) алғашқы балеттің премьерасы. І Петрдің реформалары: барлық салалардағы орыс өмірінің жандануы, тұрмыстық тәртіп пен этикеттегі өзгерістер. Мәскеудегі жалпы қол жетімді алғашқы театрдың ашылуы. "Юности честное зерцало, или Показание к житейскому обхождению" нұсқаулықтың басылуы.

      Ассамблеялардың – бұқаралық балдарының ашылуы. Қарапайым салтанатты би орындау. Білім беру жүйесінде дворян жастарды тәрбиелеудегі би. Оқыту стилі мен дайындық деңгейі. Ойын-сауық, маскарад, шерулердің таралуы. Оқу мақсатындағы театрландырылған қойылымдардың жаңартылуы. Опера жанындағы дивертисмент ретіндегі балеттің жағдайы.

      Орыс балет мектебінің құрылуы. Орыс салт-дәстүрінің француз және италия балет мектептерінің ерекшеліктерімен бірігуі. Орыс балетінің негізгі ерекшеліктері. Ресей балет театрының қалыптасуы мен дамуы. Орыс би өнеріне тән ерекшеліктері. Орыс кәсіби хореография өнері дамуының негізі – ұлттық би мәдениеті мен батыс европалық балет өнерінің бірігуі. Классикалық би ұлттық мектебінің болуы, орыс биін орындау стилінің ерекшеліктері.

      4-тақырып. Он сегізінші ғасырдың екінші жартысындағы театр өнері. Орыс тұрмыстық биінің сахналық формалары мен дамуы негізінде орыс балетінің туындауы және өзін-өзі анықтауы. Ресейде хореографиялық білімнің басталуы. Шляхеттік кадет корпусының ұйымдатырылуы. Бал биінің оқу жоспарына енгізілуі.

      Француз әртісі, педагог және балетмейстері Жан Батист Ланде шығармашылығы мен алғашқы балет мектебінің құрылуы. Хореографиялық білім дәстүрінің жасалуы, оқыту әдістерінің құрылуы. Алғашқы орыс балет труппасының қалыптасуы.

      Орыс балет әртістерінің батыс би мектептерінің жетістіктерімен танысуы. Еуропаның ірі хореографтарының Ресейге сапары.

      Дамыған сахналық әрекеттері бар опера-балеттік спектакльдер. Петербург қаласындағы Каменный театрының ашылуы. Орыс сахнасында балеттің өзін-өзі анықтауы. Орыс балетінің драма және операмен байланысы. Тәрбие үйі жанында балет мектебінің ашылуы.

      Австриялық әртіс, педагог және балетмейстер Л. Парадиздің шығармашылық қызметі.

      5-тақырып. Крепостнойлық балет. Крепостнойлық театрлардың құрылу тарихы мен себептері. Ерекшеліктері: сән-салтанаттылық, сәндік, атақты музыканттарды, суретшілерді, балетмейстерді тарту, крепостнойлық труппасының қалыптасуы. Граф Шереметьевтердің труппасы. Крепостной биші және әртісі Т.В. Шлыкова-Гранатованың өмірі мен шығармашылығы. Крепостнойлық театрлардың ыдырауы және орыс балет өнеріндегі өзіндік-тұрмыстық ерекшеліктердің болашақтағы дамуындағы рөлі.

      6-тақырып. Он сегізінші – он тоғызыншы ғасыр тоғысындағы балет театры. Балеттің жалпы ережесі. Мәскеу мен Петербургтың қоғамдық театрлары. Спектакльдерді безендіру үшін жаңа көзқарас (декорациялар, жарықтандыру). Би киімінің өзгеруі. Балеттің негізгі ерекшеліктерін анықтау. Орыс би пластикасының батыс мектептерімен жаңа сападағы үйлесімі. Балет спектакліндегі драматургияның дамуы. Орыс классикалық балет мектебінің қалыптасу басталуы. Балет музыкасының ерекшелігі. Он тоғызыншы ғасырдың басы. Классицизмнің сентиментализмге ауысу. Хореографиялық өнер дамуының жаңа серпіні. Сентиментализмнің негізгі ерекшеліктері.

      7-тақырып. Он тоғызыншы ғасырдың алғашқы ширегінде Россиядағы балет өнерінің үдемелі дамуы. Ұлттық мәдениет, ғылым, әдебиет, өнердің өрлеуі. Орыс әдебиеті мен өнерде сентиментализмнің бекуі. Адамның мүліктен тыс құндылықтар идеясы, қарапайым адамдардың сезімі мен өмірін көрсету. Театр өнерінің дамуы, театр жанрларының өзін-өзі айқындау процесі. Драмалық театрдағы самодержавияның алғашқы сын әрекеті. Балет театрының өзіндік даму ізденісі, дәуір идеяларын жүзеге асыру үшін ұмтылу, жаңа көркем нысандарын іздеу. Бал билерінің ерекшеліктері романтизм стилінің әсері. Бал билерінің көптүрлілігі. Ерлер мен әйелдер киімі.

      8-тақырып. И. Вальберх – алғашқы орыс балетмейстері. Шығармашылығының стилистикалық ерекшеліктері: "адамгершілік" балеттер, ұлттыққа қызығушылық, әсерлі балеттің мазмұндылығына ұмтылу.

      Сентиментализмнің көркем бағыты. Мелодрама жанры. Ең жарқын балеттер: ұлттық-патриоттық дивертисменттер. Орыс әртістердің өзіндік репертуарларды орындауын нығайту, орыс балет сахнасына ұлттық сарынды енгізу.

      9-тақырып. Ш.Л. Дидлон – француз бишісі, балетмейстер, педагог. Шығармашылығының негізгі кезеңдері. Мифологиялық сюжеттерге қойылған балеттер. Тарихи, әдеби тақырыптарға, таңғажайып батырлық, ертегілерге қойылған пантомима балеттері және комедия балеттері. Стилистикалық ерекшеліктері: сентиментализм мен ерте шақтағы романтизм стильдерінің әсері, халық биіне қызығушылығы, мазмұндылық, музыка, әрекет және бидің бірігу принципі, драматургиялық логика және стильдік бірлік.

      Ш.Л. Дидло балетінің биі және әсерлі пантомима. Жеке дара және кордебалет биінің өзара іс-қимылы. Сюжеттің ашылуы мен мінез-құлықтың жасалуындағы драмалық пантомиманың рөлі. Жетістіктер: Новерр шығармашылығына сүйене отырып, жаңа педагогиканы енгізу. Қимылдардың жаңа техникасын құру: әйелдер биіндегі саусақ техникасы, ерлер биінде – жоғары секіру, айналу, аяқ ұшына тұру, топтық ұшу техникасы; балет киімінің өзгеруі, өкшесі жоқ қатты табанды аяқ киімнің пайда болуы. Орыс балетін Европадағы алғашқы орындарының біріне шығару.

      10-тақырып. Он сегізінші ғасыр басындағы орыс балет мектептерінің өкілдері. Классикалық бидің ұлттық мектептердің және балет әртісі кәсібінің өмірге келуі.

      А.И. Истомина – орыс бишісі. Ш. Дидло балетіндегі орталық партиялары. Партияларын драмалық шебер орындауы. Петербург сахналарында пушкиндік бейнелердің жасалуы ("Кавказдық тұтқын немесе Қалындық көлеңкесі", "Руслан мен Людмила"). Орыс балеттік романтизм гүлденуін болжаған шығармашылық ерекшеліктердің іске асуы.

      П. Глушковский – орыс әртісі әрі балетмейстер, орыс хореографиясының тарихшысы және алғашқы теоретигі. Орыс халық тақырыптарға қойылған балет-дивертисменттер. Ұлттық фольклорды насихаттау, орыс биінің театрландырылған мысалдары. Ш. Дидлоның балетін Мәскеу сахнасында сомдау. Орыс әдебиет тақырыптарына спектакльдер қою. А. Пушкин мен В. Жуковский сюжеттеріне қойылған балеттердің алғашқы қойылым тәжірибесі.

      11-тақырып. Ресейдегі романтикалық балет. Орыс романтизмі ерекшеліктері, би техникасы мен киімнің өзгеруі. Ресей мен Европадағы романтикалық балеттердің салыстырмалы талдауы. Үлкен театрдың ашылуы. Мәскеу мен Петербургтегі орыс романтикалық бишілерінің өмірі мен шығармашылығы.

      Е.И. Андречнова – орыс әртісі, романтикалық балет өкілі. Ш. Дидло шығармашылығының әсерлі драматизм балеттері мен Ф. Тальони балеттерінің поэтикалық бимен ұштасуы, пантомималық ойынның бейнелілігі, классикалық және өзіндік ерекше билердің асқан шеберлігі. "Жизель", "Пери", "Пихта", "Сатанилла" балеттерінің басты партияларының алғашқы орыс орындаушысы. Маусымдар – Мәскеудегі және шетелдегі гастрольдер "Бақшасарай фонтаны") балеті репертуарындағы өз туындысының шығуы.

      Е.А. Санковская – орыс романтикалық бишісі. Санковская шығармашылығында жанды адами сезімдердің ашылуы, бидің, оның стилінің, білдіру құралдарының, орындалу техникаларының жандануы. "Сильфида" балеті – таңдаулы поэтикалық партиялардың бірі, осы бейненің өзіндік ерекшелікпен баяндалуы, орыс сахналық өнер мектебіне жақындау.

      12-тақырып. Жетпісінші – сексенінші жылдардағы мәскеулік балет труппасы шығармашылығының құлдырауы. Императорлық театр жетекшілері тарапынан мәскеулік театрды елемеуі. Репертуар сапасының төмендеуі, кәсіби білімді көркем жетекшісінің тұрақты болмауы. 1882 жылы мәскеулік балет труппасының таралу қаупі.

      Мәскеулік балеттің жетекші орындаушылары, олардың көркем идеялар мен дәстүрдің жалғасуы үшін күресуі. Балетмейстер Рейзингердің жұмысы, "Аққу көлі" қойылымның алғашқы әрекеті.

      М.И. Петипа – француз балетмейстері. Эстетика принциптері: партитура күрделілігі, көп актілі спектакльдер, декоративті, сыртқы бай эффектілер; пантомимадан бидің бөлінуі; өзіндік тән билер үйлесімділігі; саусақ техникасының өзгеруі мен дамуы: айналу, секіру (жылдамдық мен санының артуы); көп актілі балет спектаклінің құрылуының нақты пішіні: па-де-деге арқа сүйеу (адажио, ерлер нұсқасы, әйелдер нұсқасы, жалпы қорытынды – кода); кордебалеттің маңызды рөлі; әртүрлі орындау құралдарын пайдалану – іс-қимылды би, симфониялық, классикалық, өзіндік ерекше билері. А.К. Глазуновпен ынтымақтастығы. "Раймонда" балетінің шығу тарихы. Музыкамен танысу мазмұны, құрылымы. Балеттің ерекше ұлттық, жартылай сипатталған және классикалық сюиталармен ұштасуы: симфонизм қағидасы. Балет академизмінің канондарының шығуы, әйел биін жетілдіру, ерлер биінің жандануы.

      13-тақырып. П.И. Чайковскийдің "Аққу көлі" балеті. П. Чайковскийдің балеттегі шығармашылығының үлгісінде симфониялық және театр бастамалары байланысының ерекшеліктері.

      П.И. Чайковский – ұлы орыс композиторы, дирижер, педагог, музыка қайраткері, балет реформаторы. Балет жанрына композитордың опера және симфониялық музыкасының әсері. Балетке лейтмотивтердің, вальс нысанының енгізілуі, маршқа үндеу, контраст қағидаларының қолдануы (музыкалық тақырыптарды салыстыру мен өзара байланысы). П. Чайковский балеттерінің өзіне тән ерекшеліктері: жақсылық пен жамандық қақтығысы; би қимылындағы бейнелер көрінісі, олардың мінездерінің біртіндеп өзгеруі мен баюы. Балеттің шығу тарихы, стилистикалық ерекшеліктер, балет құрылымын егжей-тегжейлі талдау, музыкамен танысу.

      Лирика-драмалық, романтикалық "Аққу көлі" балеті. Аққулар тақырыбы, лирикалық бейненің трагедиялық бейнеге айналуы; сахналық монолог, сахналық диалог, дивертисмент басымдығы. Өзіндік тән ерекшелік пен классикалық сюиталарды, пантомималарды, іс-қимылды және кордебалетті билерді қолдану.

      П. Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару", "Щелкунчик" балеттері. "Ұйқыдағы ару" балет-феерия – Шарль Перро ертегі желісі бойынша қойылған лирикалық эпостық балет.

      Балет музыка саласындағы орыс және әлемдік балет театрының одан әрі дамуы үшін П.И. Чайковский реформаларының мағынасы. Балет және балет музыкасына П.И. Чайковскийдің көзқарасы, симфониялық ойлау принциптерінің балет партитурасына ауысу қажеттілігін түсіну.

      14-тақырып. "Ұйқыдағы ару" балеті. Балеттің мазмұны, шығу тарихы, музыкамен танысу. Қиял сахналары, тамаша ойын-сауықтардың тиімді қойылымдары, көпшілік қойылымдары мен билердің үлкен саны. Сирена перісі мен Карабос перісі бейнесіндегі жақсылық пен жамандықтың қақтығыс тақырыбы. Аврора мен Дезиренің махаббат тақырыбы өмірдің қайнар көзі және бастапқы қозғаушы күші. Биді портреттік сипаттау ретінде қолдану.

      "Щелкунчик" балет-феериясы – Э.Т. Гофманның ертегісі желісі бойынша лирикалық ерекше балет. Балетмейстер Л. Иванов. Шығу тарихы, балет құрылымын егжей-тегжейлі талдау және музыкамен танысу. Бала арманының бозбала арманына айналуы. Маша бейнесі. Қуыршақ өмірін көрсету –музыкалық ойыншық аспаптардың дыбыстық еліктеу Балеттің шарықтау шегі.

      15-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың басы – батыстағы классикалық балеттің құлдырауы. Барлық мәнердегі еркін ырғақты пластикалық билердің пайда болуы. Жаңа тақырып пен образдарға үндеу, би арқылы ішкі дүниеге ұмтылысты көрсету. Хореографиядағы импрессионизм.

      16-тақырып. Қозғалыс (би) саласындағы тәжірибе. Ф. Дельсарттың "дене өрнектері" теориясы мен Э.Ж. Далькроздың ырғақты мектебі. А. Дункан – Америка бишісі, модерн биінің негізін қалаушысы. "Еркін" би, классикалық би қағидаларын мойындамау – көңіл-күйдің импрессионистік өнері. Балеттік емес музыкаға үндеу: Глюк, Бетховен, Вагнер, Лист, Шопен, Чайковский, Шуман композиторлардың музыкасына қойылған би суырып салмалары.

      17-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың хореографиялық өнеріндегі модерн стилі. Ұлы орындаушылар мен хореографтардың аттарымен байланысты жүйе ретіндегі модерн биі. Алғашқы "Денишоун" модерн би мектебінің негізін қалаушылар – А. Дункан, Рут Сен-Дени және Тед Шоунның шәкірттері мен ізбасарлары. Американдық және неміс модерн би мектептерін салыстырмалы талдау. Неміс модерн биінің экспрессионизм көркем бағыты. Германия өкілдері – бишілері мен хореографтары: Рудольф фон Лабан, Мэри Вигман, Курт Йосс.

      Отызыншы жылдар ортасы – АҚШ-тың модерн биінің орталығы. Екінші буын – Марта Грэхем, Дорис Хэмфри, Чарльз Вейдман. Елуінші жылдар – үшінші буын шығармашылығы – Хосе Лимон, Мерс Каннингем (авангард), Пол Тейлор, Алвин Николайс, Алвин Эйли, Пина Бауш, Триша Браун, Ролан Пети, Морис Бежар, Меридит Монк (постмодерн).

      Алпысыншы жылдар – Джек Коул – модерн биі техникасымен джаз биінің одағы.

      Жетпісінші жылдардың басы – қазіргі би техникалары: Грэхем, Хэмфри, Лимон, Каннингем, Хортон. Жетпісінші жылдардың басы – би тәжірибесі мен педагогикадағы жаңа құбылыс – модерн-джаз биі.

      Жиырмасыншы ғасыр соңының хоеографтары – Иржи Киллиан, Матс Эк.

      18-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың музыкалық стильдері мен хореографтары. Он тоғызыншы – жиырмасыншы ғасырларда джаз музыка әсерімен джаз биінің пайда болуы. Негізінде полицентрия мен африкалық билерді оқшаулау. Джаз билерінің әр түрлілігі: чарльстон, твист, буги-вуги, блюз, рок-н-ролл.

      19-тақырып. Жетпісінші жылдар: би музыкасының стилі – диско. 80-ші жылдар: рэп жүргізуші стилі (көркем-ырғақ декламациясы), "брэйк" және "хип-хоп" стиліндегі бишілер музыкасы. Брейк-данс стилі.

      20-тақырып. Тоқсаныншы жылдар: компьютерлік музыка тәжірибелері (техно стилі, рейв клуб мәдениетінің қалыптасуы). Техно музыкасының аспаптары: ырғақты компьютер немесе драм-машинасы. Жиырма бірінші ғасыр басындағы хореография мен музыканың заманауи стильдері мен бағыттары.

      21-тақырып. Эстрадалық би. "Эстрадалық би" түсінігінің анықтамасы. Эстрадалық би түрлері: акробатикалық, сюжетті-сипаттық би, әскери-соғыс биі, степ, гҰрлс билері.

      Би – эстрадалық театрының негізін қалаушы бөлігінің бірі. Эстрадалық театр жанрлары: оперетта, водевиль, варьете, шоу, ревю, мюзик-холл, мюзикл.

      22-тақырып. Заманауи бидің дамуы. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында батыс европа елдерінің хореографиялық өнерінің даму ерекшеліктері. Заманауи би өнеріндегі шығармашыл ұжымдардың, балет труппаларының, стильдік және жанрлық бағыттарының әр түрлілігі.

      23-тақырып. Хореографтардың жаңа буыны, ірі оқу орталықтарының пайда болуы, авторлық және тәжірибелік театрлардың пайда болуы.

      "Палукка-шуле" және "Фолькванг-шуле" (Германия), Печ балеті (Венгрия), Нидерланд би театры, "Мудра" орталығы (Брюссель), Лондон заманауи би театры (Англия). Шығармашылық өзінділік, жетекші би шеберлері шығармаларының проблематикасы: Р. Пети, М. Бежар, Р. Коэн, И. Килиан, А. Прельжокаж, Дж. Кранко, Т. Шиллинг, Д. Ноймайер, У. Форсайт, Р. Обадья, Ж. Руссильо, Й. Экк, Дж. Макмиллан.

      Заманауи би өнеріндегі синкреттік инновациялар. Европаның бас театрларында классикалық би дәстүрін дамыту және сақтау.

      41. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орыс балет өнерінің құрылу тарихын біледі;

      2) жиырмасыншы ғасырдың хореографиялық өнердің негізгі кезеңдерін біледі;

      3) көрнекті балет педагогтерінің шығармашылық жолдарын біледі;

      4) хореографияның әлемдік педагогикасының қалыптасу тарихын біледі;

      5) кеңес үкіметі кезеңінде халық биінің дамуын біледі;

      6) хореографиялық өнерге оқыту сатыларын біледі;

      7) балеттің жетекші әртістерінің орындаушылық қызметі туралы біледі;

      8) хореографияда бейнені сомдау құралдарын біледі;

      9) музыкалық және хореографиялық мәнерлілік құралдары байланысының қағидаларын біледі;

      10) балет терминдерін біледі;

      11) балетте бейнені сомдау құралдарын біледі;

      12) балет репертуарының классикалық мұрасының үлгілерін біледі;

      13) хореографиялық өнердің негізгі ерекше өзгешеліктерін біледі;

      14) реферат, баяндама, презентациямен орындау дағдыларына ие.

      42. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) хореографиялық өнердің әртүрлі стильдері мен бағыттарымен балеттің даму сұрақтарын, шетелдік хореографияның дамуының заманауи кезеңін зерттеу;

      2) жетекші балет орындаушыларының, кәсіби би ұжымдарының шығармашылығымен танысу;

      3) өзіндік жұмыстың, шығармашылық қызметтің дағдыларын бекіту.

      43. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны. Тақырыптық жоспар.

      1-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың балет театры. Хореография өнерінің дамуындағы негізгі кезеңдері және беталысы.

      Бірінші кезең: соғыстан кейінгі жылдар. Академиялық дәстүр мен жаңашыл формаларды іздеудегі қайшылықтар. Сюжетті таңдаудағы жаңашылдық қатынас. Хореографиялық тәжірибелер. Студиялардың, мектептердің, шағын хореографиялық ұйымдардың пайда болуы. Ф. Лопуховтың, К. Голейзовскийдің балетмейстерлік табыстары.

      Екінші кезең: Р. Глиэрдің "Красный мак" балетінің қойылымы. Келесі кезеңдегі балет театрының негізін қалаған ұстанымдарының қалыптасуы: заманауи тақырыптарға бет бұру, мазмұндылылыққа ұмтылу, іс-әрекеттің тараулар бойынша дамуы, драмалық спектакльмен жақындасуы, музыка және би түрлерін жинақтау. Пантомима рөлдерін және бұқаралық көріністерді көбейту.

      "Бақшасарай фонтаны" балетінің қойылымы. Спектакльдің жаңа түрінің пайда болуы – хореодрама ("драмбалет").

      Терең өмірлік шиеленісі бар тақырыптарға қызығушылық: тарихи көтеріліс, батырлық-азаттық. Әлем әдебиетінің біртумаларына үздік туындылары. Бірегей шығармаларды жарыққа шығаруға ұмтылу. Балетмейстерлер Р. Захаров, Л. Лавровский, В. Вайнонен, В. Чабукиани, И. Моисеев.

      Үшінші кезең: елуінші – алпысыншы жылдар аралығы. Отандық балеттің дамуындағы алтын кезең. Ю. Григорович, С. Прокофьев, А. Меликов және И. Бельский, А. Петров, Д. Шостаковтің қойылымдағы балеттер.

      Төртінші кезең: жетпісінші жылдардың басы – сексенінші жылдардың ортасы. Биге тән спектакль түрлеріне еліктеу. Балетмейстерлердің жас буынының пайда болуы: В. Васильев, М. Плисецкая, Б. Эйфман, Н. Боярчиков, Д. Брянцев, А. Петров, В. Гордеев. Модерн би түріне белсенді бет алу. Символдық бейнені қолдану. Хореографиялық лексиканыі одан әрі дамуы. Отандық балеттің шетелдік балетпен бірігіп өзара әрекет жасауы. Балет театрына драмалық театрдың және киноның әсер етуі.

      Бесінші кезең: жаңа (сексенінші жылдардың ортасы). Шығармашылық бостандығы. Көптеген жаңа хореографиялық ұйымдардың және балеттік труппалардың жарыққа шығуы. Тәжірибе жасау. Модерн биінің үстемдік мағынасы.

      2-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы би техникасы және орыс орындаушылары. Орыс өнеріндегі жаңа бағыттардың бекітілуі. Е.В. Гельцер, В.Д. Тихомиров. Балеттегі академиялық дәстүрге бейімділік, классикалық бидің мәнерлі мүмкіндіктерін шыңдауы, тұтастығы, монументалды, балеттің батыл бастамасы. Би қозғалыстарының қайта қарастырылуы, жаңа элементтерінің шығарылуы, ескі тәсілдерді күрделендіру. Адам денесі пластикасының мәнерлі мүмкіндіктерін шыңдау.

      М.М. Мордкин. Классикалық бидің техникасын және стилистикасын қайта қарастыру, тосындылықты, батылдықты кіргізу, партиядағы хореографиялық мәтіннің экспрессивті ұсынылуы және актерлік ойын, балетті драмалық мәнерліліктің суырып салма тәсілдерімен байыту.

      А.М. Мессерер, экспериментші-әртіс. Кейіпкер динамизмі, пластиканың мәнерлігі, хореографиялық форманың ұшталуы – гротеск пен эксцентрикаға әуестену.

      3-тақырып. "Русский сезон"". Гастрольдерді ұйымдастыру. Сурет өнеріндегі, музыкадағы, хореографиядағы орыс мәдениетінің жоғары жетістіктерін әлемге таныту. "Русский сезон" тақырыбының Батыс Европа және Америка балет өнерінің жандануына, әлемдік балет тағдырының жалғасуына әсері. С.П. Дягилев – орыс театрының тұлғасы, меценаты, "Русский балет" труппасының ұйымдастырушысы және шабыттандырушысы. Батыс Европадағы орыс өнерінің жетістіктерін көпшілікке мәлім етудегі С. Дягилевтің рөлі.

      "Русский сезон" қызметінің негізгі кезеңдері. Маусым негізін қалаушылардың бөлінуі. Тұрақты труппаны қалыптастыру. Жаңа балетмейстерлерді және авангардшы суретшілерді тарту. Заманауи өнердің еуропалық ағымдарын кіргізу, олардың ұстанымдарының труппаның тұжырымдамасына әсері.

      "Русский сезон" труппасының балетмейстерлері М. Фокин, В. Нижинский, Л. Мясин, Б. Нижинская, Д. Баланчин, С. Лифарь.

      М.М. Фокин – биші, педагог, балетмейстер және "Русский сезон" көркем жетекшісі. Жиырмасыншы ғасыр балет өнерінің әрі қарай дамуына М. Фокиннің жаңашылдық хореографиясының әсері.

      4-тақырып. "Русский сезон" бишілері А. Павлова, Т. Карсавина, В. Нижинский.

      А. Павлова – балерина, әлемдік балеттегі орыс мектебінің өкілі, париждіктердің алдындағы орыс балетінің бейнесі.

      В.Ф. Нижинский – балеттің орыс әртісі, балетмейстер.

      Т.П. Карсавина – шынайы бағыттағы балерина.

      5-тақырып. 1912 жылдың маусымы. Нижинскийдің балетмейстер ретінде дебюты. В. Нижинскийдің балетмейстерлік жұмыстары. "Послеполуденный отдых Фавна" (К. Дебюссидің әніне) – бейінді қалыптан және мизансценалардан тұратын, крит және классикалық грек барельефтерін еске түсіретін көне антикалық балет. Классикалық бидің және академиялық балеттің тұрақталып қалған дәстүрлерінің қирауы. М. Фокиннің стильдеу ұстанымдарын алып пайдалану, қозғалыстарының сабақтастығы және ырғақсыздығы, балетке қозғалмаушылықты енгізу (кинематографтағы стоп-кадрға масаттану). Пластикалық және психологиялық белгісіздік.

      1913 жылғы маусым. "Ойындар" балеті. Э. Ж. Далькроздың әдістемесінің хореографияға әсері. Музыкалық полиметрияны хореографияда көрсетуге ұмтылу, хореографиялық түрленудің күрделілігі. В. Нижинскийдің мәнерлік жаңа техникасы. Спектакльдің сыртқы безендірілуі: балет қораптарының заманауи спорттық костюмдерге ауысуы, спорттық атрибуттар. Музыка мен хореографияның үйлеспеушілігі (теннис қалыптарының және қозғалыстарының стильденуі, өткір қол кескіні, шынтақтың сенімсіз бүгілуі, қиналған қалып, пуант және аяқ қайыру тәсілдерінен бас тарту). Балет негізі – позициялардың ауысуы. Көрерменнің хореографиялық лексиканың жаңалықтарын қабылдауға дайын еместігі. В. Нижинскийдің ізбасарларына және замандастарына "Ойындар" балетінің хореографиялық стилінің әсері. Жиырмасыншы ғасыр музыкасының озық нормаларын бекіту. "Весна священная" балетін әлемнің мойындауы.

      6-тақырып. Ф. Лопуховтың би симфониясы. Ф.В. Лопухов – көрнекті биші, балетмейстер, педагог және би теоретигі. Шығармашылық бастауы. Жиырмасыншы жылдар спектакльдері, сахналық хореографияның – би симфониясының жаңа түрін шығару. Би симфониясының негізгі ұстанымдары. Бетховеннің төртінші симфониясының әніне "Величие мироздания" би симфониясы, құрылым ерекшеліктері, балет театрының тарихындағы оның рөлі. Қойылған міндеттерді шешу әрекетіндегі шығармашылық сәтсіздік (мазмұнның шатасуы, акробатиканы теріс пайдалануы, әнді ресми түсіндіруі). "Ледяная дева" балеті. Лопуховтың шығармашылық жетістігі (бидің бейнелілігі, жаңа би тәсілдерін органикалық пайдалануы, хореографияның стилистикалық бірлігі, норвегия фольклорының түсіндірмесі). Ф. Лопуховтың әдеби мұрасы, эстетикалық көзқарастар.

      7-тақырып. Жаңашыл-балетмейстер К. Голейзовский шығармашылығына шолу. Балеттің дамуының жаңа жолдарын іздеу, тәжірибе жүргізу қалауы, сахнада адам сезімдерін толығырақ іске асыруға ұмтылу. Қойылымдардың шынайылығы, ерекшелігі. Шығармашылықтың жетекші түрі – миниатюра.

      А. Горскийдің, М. Фокиннің жетістіктерін, А. Дунканның пластикалық биін, классикалық биді жинақтау әрекеттері. Ұлттық мәдениеттерді терең меңгеру. Хореографиядағы және костюмдегі асимметрия ұстанымы. Екі әлемнің қарама-қарсылығы: лирикалық толғаныс және тасбауыр қаталдық. Зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық тақырыбы. Хореография мен көп пішінді мүсіндердің ұқсастығы. Бұқаралық билерді құрастырудың шарттық тәсілдері, би мен пантомиманың бірлігі. Сахналық кеңістіктің жаңа шешімі – алаңдарды, баспалдақтарды қара немесе ақ фондарда пайдалану. Жиырмасыншы ғасыр өнерін египет әуендерімен балеттік костюмдерде біріктіру.

      8-тақырып. Д. Баланчин – жиырмасыншы ғасырдағы балеттің магистралды даму жолын анықтаған хореограф.

      9-тақырып. А.Я. Ваганова – балерина, педагог, хореография пофессоры, классикалық би ғылымы туралы бірінші кітаптың авторы. Шығармашылыққа шолу. Санкт-Петербургтегі А.Я. Ваганова атындағы би академиясы.

      10-тақырып. Р. Захаров шығармашылығының жалпы сипаттамасы. Драмалық балет эстетикасын бекіту. Лирикалық поэма "Бақшасарай фонтаны" Барлық компоненттері Пушкин поэмасының ішкі мазмұнын ашуға бағытталған жаңашыл шығарма. Құлықтылық мәселесі, психологиялық шиеленіс, мінездердің дамуы. Актерлік ойынға талаптар. Пантомималық сахна рөлінің өсуі, пантомима мен бидің ара қатынасы. Г. Уланова (Мария), О. Иордан, Т. Вечеслованың (Зарема) драмалық дарынының ашылуы.

      Р. Захаровтың қойылымындағы "Золушка" балеті. Махаббаттың жоғары күші, мейірімділік салтанаты, еңбексүйгіштік, батылдық туралы спектакль. Балеттің келесі қойылымдары. Р. Захаровтың әдеби мұрасы. Шығармашылық мағынасы.

      Л. Лавровскийдің шығармашылығы. "Жыл мезгілдері", "Фадетта", "Катерина" алғаш балеттері. "Ромео и Джульетта" балеті – советтік балет театрындағы бірінші қайғылы қақтығысты көрсетуі, соғысқа дейінгі жылдардағы хореографикалық драма шығармаларының шыңы. Екі өмірлік ұстанымдардың тартысы – бас кейіпкерлердің психологиялық терең, көптеген – жақты бейнелерін шығару негізі. Оның мазмұнының заманауилығы: тұлғалық проблема, адамның бостандық пен бақытқа деген құқығы. Пластикалық бояулардың байлығы, режиссерлердің әдіс-тәсілдерінің әр түрлілігі және шындыққа ұқсастығы, бұқаралық қойылымдарды шешу шеберлігі. Негізгі рөлдерді орындаушылар – К. Сергеев, А. Лопухов, Р. Гербек, Г. Уланова. Л. Лавровскийдің шығармашылығының мәні мен педагогикалық қызметі.

      11-тақырып. В. Вайнонен шығармашылығы. "Париж жалыны" батырлық-эпикалық балеті. Ұлы тарихи оқиғалардағы халықтың рөлі туралы әңгіме. Халық бейнесі спектакльде бас кейіпкер ретінде ұсынылады. Классикаға тән бидің стилистикасына және би техникасына батырлық бастамасын енгізу. Тарихи-тұрмыстық би лексикасын пайдалану. Советтік балетте батырлық және революциялық тақырыпқа айналудағы спектакльдің мағынасы. В. Вайнонен балеттерінің ерекшеліктері.

      В. Чабукиани шығармашылығы. Биші, балетмейстер, педагог, ерлердің классикалық биіндегі батырлық стилін шығарушылардың бірі. "Синатле", "Горда", "Отелло", "За мир!", "Демон", "Болеро" балеттері.

      В. Чабукианидің грузин би өнеріндегі балет классикасының шынайы дәстүрлерін жинақтау арқылы ұлттық балет классикасының ерекше бір түрін шығаруы.

      12-тақырып. Ю. Григорович шығармашылығы. Сюжеттік балеттің эстетикасын жаңарту. Балалар студиясында бірінші қойылымдар. "Дегелек балапаны", және "Жеті ағайынды" балеттері. Бүтін драматургия, мінездердің психологиялық түрде қарастырылуы және хореографияның музыкамен тығыз бірлестігі. Ю. Григорович балеттерінің ерекшелігі.

      "Тас гүл" суретшінің шығармашылық арманы туралы, жолында тұрған шығармашылық ізденістері және сынақтары туралы балет. С. Прокофьев симфонизмінің ерекшеліктерін терең меңгеру, композицияларды қатал ойластыру. Спектакльдің пластикалық тілінің жарықтығы, бейнелілігі, күрделілігі. Бейнелердің поэтикалық бірлестігі, сыртқы шындыққа жанасуы және тұрмыстылықтың жоқтығы. Батырлық балеттің жанры.

      Ю.Н. Григорович балеттері философиялық-психологиялық драма, тарихи балет жанрына жатады. "Спартак", "Иван Грозный" балеттері. Адамның мәңгі бостандыққа ұмтылуындағы жан дүниесінің өлмейтіндігі туралы идеяны мақұлдау. Би симфонизмінің ұстанымы бойынша дамитын, кеңінен жайылған композициялар арқылы спектакльдің негізгі драматикалық қақтығысын шешу.

      13-тақырып. "Спартак" – ерлер биінің дамуындағы техникалық және мәнерлілік мүмкіндіктерінің жаңа кезеңі, ерлер биінің негізінде кеңінен ашылған хореографиялық ансамбльдер.

      Хореографиялық режиссура шеберлігі. Спектакльдің драматургиялық ұйымдастырылуы анық әрі ықшамды, Спартак пен Крастың қақтығысуы мен күресі.

      Заманауи сюжеттегі балеттер – "Ангара", "Алтын ғасыр". Классикалық мұрадағы спектакльдерді жаңарту бойынша Ю. Григоровичтің жұмысы. Ю. Григоровичтің балеттері "Щелкунчик", "Ұйқыдағы ару", "Раймонда", "Аққу көлі" балеттер редакциясы әлемдік сахнада.

      14-тақырып. Г. Уланова шығармашылығының ерекшеліктері: әдеттен тыс драмалық талант, қалып пен кескіндердің тазалығы мен қаталдығы, жұмсақтығы, әсемдігі, ымның табиғилығы. Негізінде – нақтылықты жинақтау, өмірлікті әдебилеу, әдеттегіні өрлету. Хореографияның мәнерлі құралдарының және элементтерінің үйлесімділігі. Біртіндеп лирикадан трагедияға жылжу, өте жақсы техниканың пластикамен, драматикалық ойынмен бірлестігі. "Жизель", "Ромео и Джульетта", "Бақшасарай фонтаны", "Медный всадник", "Золушка", "Красный мак", "Утраченные иллюзии", "Лауренсия", "Кавказский пленник", "Раймонда", "Шопениана" балеттің негізгі партиялары.

      15-тақырып. М. Плисецкая – орыс балетінің аңызы. Өмірбаяны және шығармашылығына шолу. Ерекше әртістік тұлғаны көрсету: бүлікшіл би динамикасы арқылы, кескіндердің тазалығы мен өктемділікті білдірудің қосындысы. Икемділік, қол мәнері. Қалыптың керемет гармониясымен, қарама-қарсылық пен мүсіндік қалыптың өздігінен биде үйлесуі, драматизм мен романтикалық өсу. "Раймонда", "Аққу көлі", "Ұйқыдағы ару", "Бақшасарай фонтаны", "Дон Кихот", "Спартак", "Тас гүл" балеттеріндегі негізгі партиялар.

      Композитор Р. Щедрин. Кармен партиясы ("Кармен" сюита) – өте мағыналы жұмыстардың бірі. Қысқаша мазмұны, балетті шығару тарихы. Карменнің бейнесінде М. Плисецкаяның драмалық талантын ашуы. Балеринаның жаңалыққа және оның трагедиялық дарынының көлемділігіне ұмтылуды білдіруі. Стилистикалық ерекшеліктері, балеттің композициялық құрылымы. Екі қарсы күресуші күштердің сызбасы: бірқалыпты қатыгез ортаны және Карменнің жарық тұлғасы. Символикалық сахна шешімі. Сахна бірлігі (коррида алаңы).

      16-тақырып. Р.Э. Лиепа – биші, педагог, балетмейстер. Өмірбаяны және шығармашылығына шолу. Балеттің негізгі партиялары: "Дон-Кихот", "Вальпургия түні", "Түнерген соқпақ", "Аққу көлі", "Жизель", "Золушка", "Ромео и Джульетта", "Махаббат туралы аңыз".

      17-тақырып. В.В. Васильевтің шығармашылығы. Ресейлік балет әртісі, балетмейстер және педагог, орыс балетінің ең жақсы шынайы дәстүрлерін алып жүруші. Шығармашылығының ерекшеліктері: сахналық әсерлігі, филиграндық ұшталуы және би тазалығы, әсемдігі, пластика әдемілігі, әртістігі.

      "Аққу көлі", "Ұйқыдағы ару", "Бақшасарай фонтаны", "Жизель", "Шопениана", "Тас гүл", "Щелкунчик" балеттеріндегі әртүрлі жанрдағы және мінездегі партияларды орындау.

      18-тақырып. Е.С. Максимова – ресейлік академия мектебінің балеринасы. Өмірбаяны және шығармашылығына шолу.

      19-тақырып. Р.Х. Нуреевтің өмірбаяны және шығармашылығына шолу. Ленинградтағы опера және балет театрындағы жұмысы. Театрдың прима-балериналарымен сахнаға шығуы. Парижге саяхат. Шет елдегі өмір. Батыстағы мансаптың басы. Лондон патшалығының балет труппасындағы жұмыс. Баланчиннің "Америкэн балле тиэтр", "Ла Скала", Вена операсында балет қойылымдары және орындауы. Заманауи хореографияға бет бұру: "Пол Тейлордың би труппасы" құрамында теледидарда өнер көрсету.

      20-тақырып. Би нысандарының көптүрлілігі. Халық-сахналық би – жиырмасыншы ғасыр хореографиясының ерекше жанры. Халық биінің жанрлық көп түрлілігі, тақырыптарының және сюжеттерінің байлығы. Балетмейстерлердің халық шығармашылығына бет бұруы, би фольклорына қызығушылық. Әуесқой би ұжымдарының бұқаралық дамуы. Жаңа сахналық қалыптың пайда болуы – би топтары ажырамас бөлімі болатын халық би ансамбльдері, өлең және би ансамбльдері, орыс халық хорлары. Жиырмасыншы ғасырдың басында халық-сахналық бидің пайда болуы. Ұжымдардың фольклорлық үлгілерді сақтауы және одан әрі халық би өнерін дамытуы.

      21-тақырып. Халық шығармашылығы театрының ашылуы. Халық биінің бірінші фестивалі. И.А. Моисеевтің басшылығымен СССР Мемлекеттік орыс халық хорының қарамағында би тобының ұйымдастырылуы. М.Е. Пятницкий атындағы Мемлекеттік орыс халық хордың жанында би тобын құру. Мемлекеттік академиялық хореографиялық "Березка" ансамблі. В.М. Захаровтың "Гжель" атты би театры.

      22-тақырып. Тарихи-тұрмыстық және заманауи бал биі. Орта ғасырлық дәуірден осы күнге дейінгі бал билерінің даму тарихы, әдіс-тәсілдерінің және қалыптарының балет театрына әсері. Фольклорлық би негізінде тарихи-тұрмыстық бидің туындауы. Бірінші (зайырлы) бал билерінің пайда болуы. Қатарлы-сапты композициялы билер. Қарапайым халық биіне және ақсүйектер биіне бөлінуі. Сахналық орындарда бал билерінің пайда болуы. Сахналық және тұрмыстық хореографияның бөлінуі. Балдардың және маскарадтардың кеңінен таралуы. Вальс, полька, лансье, полька-мазурка, француз кадрилі билерінің таралуы. Бал билерінің репертуарындағы өзгерістер. Фольклор лексикасы негізінде пайда болған билер. Стильдің ауысуы, ритмнің жылдамдығы, суырып салма сипатында ерекшеленетін жаңа бал билерінің пайда болуы.

      23-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы – жиырма бірінші ғасырдың басындағы Ресейдің би өнері. Хореография түрлері. Бидің әр түрлі бағыттары. Орыс хореография мектебінің және қазіргі заманғы дәстүрлері. Жиырма бірінші ғасырдағы классикалық балет. Модерн ағымдары. Балет труппасының түрлі жанрлары мен бағыттары.

      Қазіргі заманның көрнекті шығармашыл балетмейстерлері мен бишілері.

      В. Гордеев, Н. Павлова, Л. Семеняка, Г. Мезенцева, Н. Семизорова, Н. Ананиашвили, И. Мухамедов, Н. Грачева, У. Лопаткина, Н. Цискаридзе, Д. Вишнева, И. Лиепа.

      44. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) Ресей балетінің дамуына үлес қосқан жетекші балет әртістерінің орындаушылық қызметі туралы біледі;

      2) шетелдік балет музыкасының дамуына үлес қосқан композиторлардың есімдерін біледі;

      3) әлемге әйгілі балет әртістерінің шығармашылығын біледі;

      4) хореографиялық өнер дамуының әр түрлі кезеңіндегі балетмейстерлердің қойылым және педагогикалық қызметі туралы ақпаратты жүйелей алады;

      5) хореографиялық өнер шығармасын оның құрылу уақытын, стилистикалық ерекшеліктерін, мазмұнын, әр түрлі өнер түрлерінің өзара әрекетін, хореографиялық бейнелерді құрудағы хореографиялық құралдарды ескере отырып талдай алады;

      6) оқу материалымен жұмыс істей алады;

      7) хореографиялық репертуардың классикалық мұрасының үлгілерін біледі;

      8) хореография өнерінің негізгі даму кезеңдерін біледі;

      9) заманауи хореография өнерінің негізгі ерекше өзгешеліктерін біледі;

      10) хореографиялық өнердің заманауи бағыттарының стильдері мен мектептерін біледі;

      11) баяндама, реферат жазу дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      45. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Хореография өнеріне оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – тест, бақылау жұмысы түрінде іске асырылады.

      46. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация);

      2) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (эссе, презентация);

      3) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (реферат қорғау), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жеке тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап, тесттер).

      47. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы: кіріспеден, негізгі материалдың хабарламасынан, қорытындыдан тұратын жоспарға сәйкес толық ашылған жауап, материал толық көлемде меңгерілген, қисынды мазмұндалған, қосымша сұрақтарды қажет етпейтін, теориялық білімге сүйенген қорытындылар, дәлелді, әдеби тіл нормалары сақталған;

      2) "4" "жақсы" бағасы: негізгі материалды хабарлау жоспары сақталған, толық ашылған болмашы қателіктермен немесе бір елеулі қателігі бар ауызша жауап, болмашы стилистикалық қателіктері бар әдеби тілмен баяндалған;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы: материалды, оның ішінде қорытындыларды баяндау жеткіліксіз түрде өз бетінше емес, жүйеленбеген және бірізді емес, елеулі қателіктері бар;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: материалдың негізгі мазмұны ашылмаған.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
57-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – көркем мәнерлеу мақсатына тиісті қарқыннан және метрден сәл ғана ауытқуы (бәсеңдеуі, жылдамдауы);

      2) айналмалы ауфтакт – айналмалы аударылған түрінде орындалатын негізгі элементтердің ауфтактісі;

      3) акцент – белгілі ноталардың немесе тактідегі бөлігінің (немесе басқа түрімен) қатты шығуы;

      4) ауфтакт – өнер көрсету алдындағы дирижерлік сермеу, алдын ала сермеу, дыбыс шығарудың басында дем алуды көрсету;

      5) бастапқы ауфтакт – шығарманың басында, оның бөлімдерінің басында, аяқталғаннан кейін немесе музыкалық кідірістен (цезура) кейінгі тактінің дирижерлік бөлігін орындау қарқынын және сипатын айқындайтын ауфтакт;

      6) бұлшық ет сезімі – біздің денеміздің барлық қимылын сүйемелдейтін сезімдер жинағы;

      7) дауыс жүргізу – көп дауысты музыкалық шығармадағы дауыстардың қозғалысы;

      8) дирижерлеу – музыкалық шығарманы жаттау және көпшілік алдында орындау кезінде музыканы орындаушы ұжымды басқару;

      9) дирижерлік аппарат – дирижерлеу кезінде еріктік әсер етуге қажетті есту, эмоциялық және қимыл қабілеттерінің кешені;

      10) дирижерлік аппаратты қою – дирижердің арнайы есту, эмоциялық, қимыл сезімін және олардың арасындағы байланысты қалыптастыратын ұзақ процесс;

      11) дирижерлік қимыл – орындаушыға нақты музыкалық бейнені жеткізетін дирижердің қол, дене немесе бас қимылы, оның мимикасы;

      12) дирижерлік қимыл – орындау кезінде тікелей және "өзінің ішінен" партитураның көп бояулы дыбысталуын анық есту қабілеті;

      13) дирижерлік техника – орындаушыға жеке ішкі музыкалық ұғымды жеткізу үшін дирижерге керекті арнайы дағдылардың күрделі кешені;

      14) динамика – дыбысталу қаттылығының бояуларымен байланысты түсініктердің және ноталық белгілердің жиынтығы;

      15) еріктік әсер – негізгі дирижер қабілеттерінің бірі;

      16) клавир – оркестрлік және симфониялық шығармаларды, опера, балет, опереттаны фортепианомен орындауға ыңғайланған шығармалар;

      17) қарқын – музыкалық шығарма қозғалысының жылдамдығы;

      18) қайтару – ауфтакттың үшінші элементі;

      19) музыкадағы динамика – қатты дыбысталудың бояуларымен байланысты ұғымдар мен нота белгілерінің жиынтығы;

      20) музыкадағы тасымалдау – белгілі бір жоғары немесе төмен интервалдағы музыкалық шығарманың барлық дыбыстарының ауысуы;

      21) оркестр – музыкант-аспапшылардың үлкен ұжымы;

      22) партитура – белгілі бір ретпен берілген барлық партиялары бар (дыбыстардың) көп дыбысты музыкалық шығарманың ноталық жазбасы;

      23) пернелік-шертпелі аспаптар – тетік жүйесінің көмегімен жүзеге асырылатын және перне арқылы басқарылатын дыбыстар шығаратын аспаптар;

      24) регистр – қандай да бір белгілер, оның ішінде ең алдымен тембрлік бойынша біріктірілген дыбыстардың бөлігі;

      25) ритмикалық сурет – дыбыстардың жоғарылығынан туындаған дыбыстар ұзақтығының бірізділігі;

      26) сермеу –ауфтакттың бірінші элементі;

      27) такт – екі жағынан вертикалдық сипатпен шектелген музыкалық шығарманың бөлігі;

      28) тактілеу – белгілі бір қарқындағы және дирижерлік метрден тәуелсіз белгілі сызба бойынша қол қозғалысы тактісінің дирижерлік бөлігін белгілеу;

      29) тактіден тыс – келесі тактінің бірінші бөлігінің алдына келетін тактінің толық емес бөлігі;

      30) тактілеу сызбасы – дирижердің такті ішінде жүйелік ауысуын болжамды бейнелейтін сурет;

      31) төмен түсіру (падение ) – ауфтакттың екінші элементі;

      32) тоқтатылған ауфтакт – музыкадағы баяу әрі жылдам қарқынды динамиканы күшейту үшін қолданылатын дирижерлік техниканың кеңінен тараған тәсілі;

      33) үзіліс – уақытша үнсіздік, музыкалық шығарманың тұтас немесе қандай да бір оның бөлігінде, жеке дауыстың дыбысталуындағы үзіліс;

      34) фактура – сазгердің музыкалық баяндауындағы техникалық және көркем жұмыстың мәнері;

      35) фермата – орындаушының өз білгені бойынша нота ұзақтығын ұлғайтуындағы музыкалық ноталаудың белгісі;

      36) фразировка – музыкалық ойдың мазмұнын, логикасын шығару мақсатындағы кезеңдерді, сөйлемдерді, фразаларды, түрткілерді шектеу жолдары арқылы орындау үрдісінде музыкалық фразаның көркемдік-мағыналық шығуын сипаттайтын музыкалық мәнерліліктің тәсілі;

      37) хейрономия – хорды басқару кезінде қолданылатын және әншіге әнді орындау ырғағын, динамикасын және сипатын көрсететін шартты қол сермеу;

      38) штрихтар – дыбыстарды шығаратын ноталарды, ноталар группасын орындаудың тәсілі (амалдар және әдістер);

      39) ішкі музыкалық дауыстау – музыканы есте сақтау қабілетінің көмегімен музыканы "өзінің ішінен" дыбыстау қабілеті және барлық тембрлік-темпті-ырғақты әртүрліліктен музыкалық екпіндермен еркін қолдану; дирижерлік есту қабілетінің компоненті.

      3. Бағдарламаның мақсаты: дирижерлеу бойынша білім, білік және дағдысын алу негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) дирижерлік аппаратты және оның ерігін қою;

      2) жеке партияларды білу;

      3) тілдің үйлесімділігін және әуезділігін, шығарманың формасн, оның жеке бөліктеріндегі құрылымын, үндестілік жоспарын, оркестрдің, аспаптаудың құрамын, фактураның ерекшелігін меңгеру;

      4) музыкалық сауат ашу негіздерін оқу;

      5) музыкалық терминдерді меңгеру;

      6) оркестрлік сүйемелдеудің дирижерлеу техникасын меңгеру;

      7) басты, мәнерлеу элементтерін бөлу дағдысын, оркестрлік топтардың және барлық оркестрдің бірқалыптылығына қол жету дағдыларын қалыптастыру;

      8) тұтас оркестрдің, сондай-ақ бөлек оркестр топтарының орындауындағы музыкалық шығарманы, оның негізгі тақырыбын, қосалқы дыбысты, вариацияны түсіну;

      9) орыс, шетел музыкасының үздік үлгілерімен, заманауи сазгерлердің туындыларымен, халық шығармашылығымен таныстыру;

      Дамыту:

      1) білім алушының есту, ырғақты сезу, музыкалық есте сақтау, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілетін дамыту;

      2) бейнелі ойлау, қиялдау, музыканы эмоциялық қабылдау, орындаушылық жігерін және шыдамдылығын дамыту;

      3) көркемдік талғамын, стильдік сезімін, музыкалық ой-өрісін қалыптастыру;

      4) музыканы эмоциялық қабылдау, мимика, іс-қимыл арқылы жігерлік қасиеттерін ашу;

      5) оркестрлік ойлау, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылығын дамыту;

      6) оркестрдің дыбысталуын бақылау және басқару қабілеттерін дамыту;

      7) оркестрлік музыка ойнау саласында білім алушының шығармашылық қызметі және көпшілік алдында өнер көрсету бойынша тәжірибе алу.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушыны ұлттық және әлемдік музыка мәдениетінің негіздеріне араластыру;

      2) саналы түрде музыканы қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетіне тәрбиелеу;

      3) эстетикалық көзқарастарын дамыту және қалыптастыру;

      4) өзін-өзі жетілдіруге талпынуды тәрбиелеу;

      5) білім алушының кәсіби оқуды саналы түрде жалғастыруға деген саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Оркестрлік дирижерлеуге оқыту мерзімі – бір жыл. Оқыту 6 сыныптан басталады. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестациямен аяқталады.

      6. Аптадағы сағаттардың саны және оқыту уақытының көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      7. Бағдарлама оркестрлік сүйемелдеуді дирижерлеу техникасын меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық лексиканы және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама білім алушыға болашақ музыканттың практикалық қызметіне қажетті дирижерлік саласындағы білім, білік және дағдыларын меңгеру үшін жағдай жасайды.

      10. Педагог оқу міндеттерін қоюдағы икемділіктің, әрбір баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндігінің есебінен әрбір білім алушыға жеке тәсілді қолдануды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгеруде, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятуда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағдарланған:

      1) дирижерлеу бойынша білім, білік және дағдысын меңгеру;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алу;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      4) музыкалық білім алуға және музыка мәдениетіне тарту;

      5) болашақта музыкалық өнер саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын игеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыға мазмұны, сипаты және стилі бойынша әртүрлі көркем шығармалармен жұмыс жасау процесінде қажетті дирижерлеу біліктерін және дағдыларын үйретуге, музыкалық тәрбиелеу және дамыту халық музыкасын, казақстандық, орыс және шетел сазгерлерінің шығармашылығын зерттеуге негізделеді.

      14. Балалардың дирижерлеу білімін, білігін және дағдысын, шығармашылық қызметінің тәжірибесін игеруі, жалпы дамытушылыққа бағытталуы Бағдарламаның ерекшелігі болып табылады.

      15. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеті – оркестрдің дыбысталуын тыңдауға, бірыңғай ырғақтық соғылуын сезінуді, ауыспалы икемді ырғақта келісілген және көркемдік ойнауды, оркестрдің қатысушыларымен бірге өзара бірлесіп орындауға арналған арнайы оркестрлік ойнау дағдыларын қалыптастыру.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыкатанушылардың теориялық ережелері және әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнау дағдыларын меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      19. "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" аспаптарға жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне, дене мүмкіндіктеріне, музыкалық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты.

      Барлық оқыту процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – дирижерлеу тәсілдері мен дағдыларын жеке және ұжымдық түрде пысықтау;

      2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету.

      23. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде педагог заманауи музыкалық мектепте интерактивті білім беру технологияларын, классикалық және дәстүрлі емес сабақтардың үлгілерін пайдаланады.

      24. Сыныптағы топтық және жеке сабақ педагогтің білім алушылармен жүргізетін жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      25. Сабақ бағдарламасы бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      26. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері:

      1) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға және мұражайларға бару;

      4) музыкалық қайраткерлермен, орындаушылармен, сазгерлермен кездесу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерт және емтихан бағдарламалары күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      37. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      41. Репертуар қазақтың, орыстың, шетелдің музыка шығармалары, заманауи сазгерлердің жоғары көркемдік балалары жасөсірімдерге арналған пьесалары, мультфильмдердегі, балалар кинофильмдеріндегі танымал әндерді, халық музыкасынан құраладыү

      42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      43. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      44. Педагог репертуарды техникалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығуларды, көрнекті формадағы шығармаларды, полифонияны, пьесаларды, этюдтарды, ансамбльді, сүйемелдеуді қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушының музыкалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында берілген шығармалардан бөлек қазақ, орыс, шетел музыкасының, әртүрлі сипаттағы пьесалар іріктеліп, тапсырма беріледі, тапсырмалар жаңа шығармалармен танысу мақсатында жоспарланады.

      50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) жаттығулармен жұмыс;

      2) оркестрлік партияларды талдау;

      3) дирижерлік қимылды пысықтау;

      4) партия бойынша нота мәтіндерін оқу.

      51. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) өз бетінше жұмыс жасау дағдысы;

      3) мәтінді талдаудағы сауаттылық деңгейі, музыкалық шығарманы меңгеру жылдамдығы;

      4) жалпы даму, эмоциялық қабылдау, реакция жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға қарым-қатынасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі; жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жыл соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      54. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      55. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      56. Педагог репертуарлық тізбеге заманауи отандық және шетел сазгерлері жазған үздік пьесаларды енгізе отырып, оны жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      57. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      58. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін анықтайды, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      59. Репертуарда білім алушының жеке ерекшелігі, тұлғалық қасиеттері, оның мықты және әлсіз жақтары, оның жалпы мәдени, музыкалық дамуы, оркестрлік ойлау және мануалды-техникалық дайындалу деңгейі ескеріледі.

      60. Дирижерді оқыту және тәрбиелеу – бұл жан-жақты және көп еңбекті талап ететін процесс. Дирижерлік сыныптағы сабақ келешекте біртұтас кешенді мануалды-пластикалық тәсілдер арқылы өзінің ішкі есту түсінігін жеткізу дағдысының қалыптасуымен бірге оркестрлік ойлауды дамытуға бағытталады.

      61. Педагог білім алушының жеке жоспарын жасай отырып, материалда жеке орындаушылық қасиеттерін толық ашатын, дирижерлік техниканың негізін құраушы барлық тәсілдерді бекітуші шығармаларды таңдайды.

      62. Педагог дыбыс қозғалысының дирижерлік техника нәтижесі, дыбысталудың алдында, қимылдың графикалық анықтылығы қағидаттарын басшылыққа алады.

      63. Білім алушы шығарманы меңгеру және дирижерлеуге дайындық кезінде орындаушылық жоспар құрады, шығарманың музыкалық бейнелерін шығарады, қарқынын, динамикасын анықтайды, шығарма мазмұнын ашуға бағытталған техникалық мәнерлеу тәсілдерін табады.

      64. Білім алушы клавир бойынша дирижерлеу кезінде шығарманың оркестрлік дыбысталуын өзінің көз алдына елестеді.

      65. Білім алушы фактураның әуендік тізбегін, гармоникалық сүйемелдеуін, контрапункт және басқа да элементтерін аспаптардың тиісті регистрде және тембрде шынайы дыбысталуын түсінеді, осы кезде ғана аспаптардың тобын анық көрсетуге болады.

      66. Клавир бойынша дирижерлеу әдісі білім алушыны әрбір дауыстың немесе аспаптың рөлі толық нақты анықталған партитурамен жұмыс жасауға дайндайды.

      67. Оркестрлік ойнауда белгілі бір аспапты меңгерудегі музыкалық-техникалық дағдылар, бірге ойнау сияқты келесі дағдылар талап етіледі:

      1) оркестрлік ойнауда орындаушылық ниеттің бірлігін және орындаушылық ойды жүзеге асыруды көрсетуші ұжымдық шығармашылық-оркестрлік орындаушылық саласындағы біліктер мен дағдылардың қалыптасқан кешені;

      2) музыкалық шығарманың көркемдік мазмұны және формасы, жанры және стилімен шартталған оркестрлік орындаушылықтың музыкалық- орындаушылық міндеттерін шешу бойынша дағдылар.

      68. Педагог орындаушылық ойын сөйлеу, ән айту, аспаптардың бірінде партияны ойнау, дирижерлік қимылдың арнайы тілімен жеткізеді.

      69. Педагог тіл арқылы музыканың бейнелік-мағыналық мазмұнын, баяндаудың сипатын, дыбысталудың күшін түсіндіреді, жіберілген қателерді көрсетеді, өзінің шығармашылық ойларын дұрыс орындауын және ноталар мәтінін дұрыс шығаруына қол жеткізеді.

      70. Дирижерлік қимыл тілі – оркестрмен араласудың негізгі құралы болып табылады. Педагог әрбір қимылды түсінуге үйретеді, сонымен қатар сипаты, қарқыны, күйі және музыканың мазмұны бойынша берілетін қимыл арасындағы айырмашылықтарға назар аударады.

      71. Педагог білім алушылармен бірге әртүрлі пьесалардан бірнеше тактілерді қолмен ойнауға машықтанады, дәл бір уақытта өнер көрсетуге және дирижердің қимылына сәйкес музыканың орындалуына қол жеткізеді.

      72. Білім алушы педагогтің нұсқауларын түсінуге, олардың жылдам орындауға, музыканы орындау кезінде оларды еске сақтауға үйренеді.

      73. Педагог білім алушымен жеке жүргізілетін сабақтарды дирижерлік аппаратты қоюдан, дирижерлік қимылды талдаудан бастайды, білім алушының кемшіліктеріне, яғни басын төмен түсіруі, шынтағының және иық белдеуінің жоғары көтеріңкі болуы, қол буынының бәсеңдеуі және бөгелуіне назар аударады.

      74. Педагог білім алушыны иығы ашық, кеудесі тік болуы үшін денені еркін, табиғи, қалыпты ұстауға үйретеді. Денені дұрыс қойылуы дирижердің жұмысын жеңілдетеді, пультпен жұмыс жасау кезінде толық еркіндікті қамтамасыз етеді.

      75. Қол – дирижерлік аппараттың жетекші бөлігі болып табылады, дирижер қол арқылы өзінің музыкалық шығарма туралы түсінігін жеткізеді, оның ішкі мазмұнын ашады, орындаушыға ықпал етеді.

      76. Қолды қоюдағы негізгі талап – бұлшық еттің еркіндігі, ыңғайлы болуы, табиғилығы, әрбір бөліктің қозғалғыштығы және олардың тұтастығын сезіну.

      77. Қолдың дұрыс қойылуы педагогтің, білім алушының сабырлығын талап етеді, курс бойы дирижерлік қимылды қою бойынша жұмыс барынша дифференциалды болады.

      78. Қол буыны – қолдың айырықша айқын бөлігі – қолдың ең тәуелсіз және қозғалмалы тұсы. Дирижерлік техника бойынша жұмыстың барлығы қозғалғыштыққа, білектік мәнерлігіне, оның иілгіштігіне және созылғыштығына бағытталған.

      79. Педагог оң және сол қолдың өз бетінше қозғалысының нашар жетілуіне, тактілеу сызбасының графикалық айқындығына ерекше назар аударады.

      80. Жұмыс жасау процесінде педагогтің көрсету үлгісі үлкен маңызды орынды алады. Жұмыс жасауда педагогтің қимылын дәл қайталауын талап ету білім алушының жеке ерекшелігін жоғалтуына әкелуі мүмкін.

      81. Әрбір дирижерлік тәсіл шығарманың музыкалық мазмұнына сәйкес мағынасын түсініп қолданады. Педагог білім алушыға өз бетінше ізденудің жолын түсіндіреді.

      82. Шағын, бірақ өз бетінше және аяқталған шығарманы дирижерлеу жолдары арқылы алған білімін бекіту білім алушының сабаққа деген қызығушылығын оятады және шығармамен өз бетінше жұмыс жасауға түрткі болады.

      83. Музыкалық шығарманы жаттау процесі дирижерлік сыныпта алғашқы, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.

      84. Бірінші кезең шығармамен танысу, оны тыңдау жолдары және шығарманың мазмұнды-формалды сызбасы туралы нобайлық ұғымның нәтижесі болып табылатын мәтінді көру арқылы талдауға арналады.

      85. Екінші кезеңде шығарманың эмоциялық-бейнелі мазмұнына біртіндеп ене отырып, оны мұқият, бөлшектеп талдау, орындаушылық ойды қалыптастыру және оны іске асырудағы мануалды-техникалық құралдарын игеру жүргізіледі.

      86. Шығармамен жұмыс істеудің екінші кезеңі ішкі есту көрінісін толық зерттеуден басталады.

      87. Шығарманы зерттеудің барынша қолжетімді тәсілі – фортепианоның көмегімен ішкі есту қабілетінің көмегі арқылы меңгерумен толықтырылады.

      88. Білім алушы шығарманы тиянақты пысықтайды, педагог оның нақты түсініп білуіне қол жеткізеді.

      89. Сабақта білім алушының дирижерлеудегі кемшіліктерін біртіндеп түзетуге қол жеткізуі музыканы мануалды меңгеру процесіндегі педагогтің негізгі әрекетінің қағидаты болып табылады.

      90. Педагог қатені анықтайды, білім алушыға тиісті ескерту жасайды, қабылдаудың дұрыс тәсілдерін көрсетеді.

      91. Педагог орындалған шығарманың жеке бөліктерін тиянақты пысықтау арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізудің қорытынды жолдарын табады.

      92. Шығармамен жұмыс жасаудың үшінші кезеңі – біртұтастыққа қол жеткізу кезеңі. Оның негізгі мазмұнын өзара байланысты анықтау, бөлімдердің өзара шарттылығы, құрылымы, олардың арасындағы ауысу, олардың агогикалық, динамикалық және бейнелік мағыналық өзара байланысын пысықтау құрайды.

      93. Жеке құрылымның шарықтау шегін және шығарманың негізгі шарықтау шегін анықтау бұл процесте маңызды орын алады.

      94. Шығарманың толық көлемін, оның реттелуін, барлық құрылымдық мәнерлі құрамдарының бағынуын жеңілдететін музыканы жатқа білуі бұл жұмыстың қажетті шарты болып табылады.

      95. Орындаушылық түпкі ойын жүзеге асыру, музыканың бейнелік мазмұнын беру білім алушыдан барынша оның шығармашылық күшін және қабілетін жинақтауын талап етеді, осылайша дамуына үлкен әсер етеді.

      96. Педагог шығарманы басынан бастап аяғына дейін тоқтаусыз дирижерлеу үшін мүмкіндік жасайды, толықтай қамтуын жеңілдетеді, орындаушылық еріктілігін және сахналық шыдамдылығын қалыптастырады.

      97. Сыныптағы сабақ барысында білім алушылардың оркестрлік ойлауы, яғни шығарманың фортепианода дыбысталу процесінде оркестрлік фактураның барлық элементтерін, жеке орындалатын аспаптардың дыбысталуын, оркестрлік топтың ойнауын көрсететін елестету қабілетінің дамуы жүреді.

      98. Зерттеліп отырған шығарманың жатталуы, дирижерлеудің есте сақталуы білім алушыға орындаушылармен жақсы байланысты орнатуға мүмкіндік береді, көркемдік міндеттерді орындау үшін зейінін аударады және есте сақтауын дамытуға мүмкіндік береді.

      99. Білім алушының оркестрдегі өзінің рөлін анық түсінуі оқытудың бірінші кезеңіндегі маңызды талаптың бірі болып табылады.

      100. Педагог білім алушының аспаптарды күйге келтіруіне, дұрыс дыбыс шығаруына, динамиканың үйлесімділігіне, штрихты келісуіне, ырғақтық реттілігіне, форма жасаушы элементтердің анық және айқын сызбасына назар аударады.

      101. Бірінші сабақты өткізудің әдістемесі мұқият ойластырылады, оқытудың тек практикалық жағы емес, сондай-ақ музыкалық-тәрбиелік міндеттері де ескеріледі.

      102. Жұмыстың алғашқы кезеңінде дирижердің рөлі, маңызы, оның қызметі ашылады. Сольфеджио, аспаптау негіздері, музыкалық әдебиет пәндері дирижердің жұмысында практикалық қолданыста болады.

      103. Теориялық білім шығармамен жұмыс жасаудағы практикалық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, автор, жанр, шығарма туралы деректер, мазмұндары, музыканың қарқыны және сипаты туралы сазгердің нұсқауы практикалық дирижерлеуге дейін қарастырылады.

      104. Педагогтің негізгі міндеті көркемдік ойын жеткізу үшін музыкалық шығарманың дыбысталуына әсер ететін дирижерлік ықпалдың кешенді түсінігін қалыптастыру процесінде музыканы эмоциялық қабылдау, мимика, қимыл арқылы білім алушының еріктік қасиеттерін ашу болып табылады.

      105. Педагог дирижерлік қимылдың қарқынына, динамикасына, сипатына сүйене отырып шығарманы орындайды, білім алушының оркестрдің дыбысталуын бақылау және басқару қабілеттерін дамытады.

      106. Метрономияға оқыту дирижерлік үлесті, дирижерлік сермеуді талдаудан басталады. Педагог дирижерлеуге үйрете отырып, ауфтакт ұғымын толық түсіндіреді, алып тастаудың қарапайым тәсілдерін көрсетеді.

      107. Ауфтакт арқылы дирижерлеуде тыныс алу, кіріспе, түсіру кезеңдері, жаңа динамиканың, қарқынның, штрихтың басталуы пайда болады.

      Дирижерлеудің сызбасын зерттеу нақты материалда жүргізіледі.

      108. Педагог білім алушыны өз бетінше үй жұмысын орындауға үйретеді, бұл сабақтар сыныпта өткен оқу материалын бекітеді.

      109. Оркестрлік сүйемелдеуді дирижерлеу техникасын меңгеру процесінде білім алушы жеке орындаушы мен оркестрдің бірдей дыбысталу жетістігінің қажеттілігі туралы түсінік алады.

      110. Педагог білім алушының партияларды мүлтіксіз білуіне, басты, айқын элементтерді айыра алуын және оркестрлік топтың, барлық оркестрдің бір қалыптылығына қол жеткізеді.

      111. Теориялық білім кешені партитурамен практикалық жұмыс жасауда іске асады. Оның құрылымдық, стилистикалық, идеялық және шығарманың көркемдік ерекшелігін талдау жүреді.

      112. Білім алушы педгогтің жетекшілігімен партитурамен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Партитурамен жұмыс үйлесімді, әуендік тілді зерттеу, шығарманың формасын және оның жеке бөліктерінің құрылымын, тоналдық жоспарын, оркестрдің құрамын, аспаптауды, фактураның ерекшелігін қамтиды.

      113. Партитурамен жұмыс жасауда білім алушының алдына жаңа міндеттер қойылады, оларды шешуге партитура және аспаптауды оқу курсын зерттеу нәтижесінде алған білім және дағдылары мүмкіндік береді.

      114. Білім алушы партитураны көру арқылы зерттеу дағдысын алады, дауыстардың шығуын есте сақтау үшін музыкалық материалдың аккордтағы дауыстардың орналасуын, әуеннің және үйлесімдік дауыстардың реттілігін, қарқынның өзгеруін, көлемнің ауысуын меңгереді.

      115. Партитураны зерттеу шағын күрделі емес шығармадан бастайды, алдағы уақытта білім алушы бір уақытта күрделі таныс емес шығарманы көру және есту арқылы зерттеуге кіріседі.

      116. Партитура бойынша шығарманы дирижерлеу кезінде жалпы міндеттердің қатарында – музыканың сипатын сезіну және көрсету, темпераменттің, еріктің, айқын орындаушылық ойының пайда болуы және тыңдаушыға шығарманың мазмұнын жеткізуде педагог фактураның басты элементтерін, дыбысталудың тембрлік бояуын анықтау секілді жеке міндеттерді шешеді.

      117. Педагогпен бірге барынша оркестрлік дыбысталудың барлық ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік беретін, барлық әуендік дауыстар сызбасын, үйлесімді сүйемелдеуді, полифониялық дауыстардың шығуын көрсететін дирижерлеудің айқын техникалық тәсілдерін таңдайды.

      118. Білім алушы педагогтің жетекшілігімен практикалық қызметке арналған қажетті шығарманың кең өрісін меңгереді. Партитура ішкі тыңдау жолы, сольфеджиолау, фортепианода ойнау, аудио-бейне жазбалары арқылы меңгереді.

      119. Педагогтің негізгі міндеті – көркем ойды жеткізуге арналған музыкалық шығарманың дыбысталуына әсер ететін дирижерлік ықпалдың кешенді түсінігін қалыптастыру процесінде музыканы эмоциялық қабылдау, мимика, қимыл арқылы білім алушының еріктік қасиеттерін ашу.

      120. Педагог дирижерлеудің базалық техникасын бекіту және жетілдіру қатарында мәнерлік қимылдың практикалық қолданысын, штрихтарды жеткізу, айқын ферматтарды қою және оларды алып тастауды көрсетеді.

      121. Оркестр сабағында педагог білім алушының парақтан ноталарды оқу дағдысын дамытуға көп назар аударады.

      122. Осы дағдыны біртіндеп және жоспарлы түрде дамыту мақсатында аз мөлшердегі альтерация белгілері және қарапайым ритмикалық суреті бар жеңіл шығармамен жұмыс жасаудан басталады.

      123. Парақтағы ноталарды оқу кезінде орындалып отырған шығарманың мазмұны және формасы туралы дұрыс түсінік алу үшін берілген партитураның қарапайым талаптары орындалады.

      124. Жасалған шығармалардың саны, олардың жанр, форма, фактура және сипаты бойынша әр түрлілігі білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейтуде, парақтағы ноталарды оқу дағдысын дамытуда маңызды орын алады.

      125. Өз бетінше дайындық сабақтары ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыстың көлемі үй тапсырмасын дайындауда аз уақыттың бөлінуімен, балалардың жалпы орта білім беру бағдарламасын бір мезгілде меңгеруін есепке ала отырып анықталады.

      126. Жеке үй жұмысы бірнеше тәсілмен өткізіледі және педагогтің ұсынымына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте әр түрлі амалдарды қолдана отырып, ең күрделі музыкалық эпизодтар жасалады. Педагог білім алушының ойлау және физикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, сол немесе өзге де сабақ түрлерімен жұмыс жасайды.

      127. Білім алушының өз бетінше сабаққа дайындалуын жандандыруға арналған жұмыс формалары:

      1) жеке орындауды талдау – білім алушы оркестрді дирижерлеуді өзі бағалайды, жіберген қателіктерін өзі анықтайды;

      2) білім алушы шығармамен жұмыс жасауға қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын күнделікке жазады;

      3) үй тапсырмасына дайындық туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар және қиындықтарды жою туралы айтады;

      128. Өз бетінше жұмыстың мазмұны:

      1) зерттеліп отырған партитураны айқын орындау;

      2) сазгердің шығармашылығы және шығарма мәтінінің авторы туралы әңгімені дайындау;

      3) партитураны ауызша талдау.

      129. Үй жұмысының мазмұны:

      1) қол еркіндігін дамыту жаттығулары;

      2) жалпы техникамен жұмыс;

      3) көркемдік материалмен жұмыс;

      4) қосымша материалмен жұмыс;

      5) парақшадағы ноталарды оқу;

      6) игра мелодии или аккомпанемента по слуху;

      7) фортепианода орындауда оркестрлік шығарманы дирижерлеу;

      8) дайындыққа қатысу;

      9) аудио жазбаларды тыңдау.

      130. " Оркестрлік дирижерлеу негіздері" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыкалық әдебиеті", "Әлем музыкалық әдебиеті" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      131. "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" пәні бойынша сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дирижерлеудің қысқаша тарихымен, дирижерлеу техникасының қарапайым негіздерімен, дирижерлеу техникасының негіздерімен танысу;

      2) дирижерлік техниканың элементтерімен жұмыс: дирижерлік аппаратты қою: қолдар (кеуде деңгейінде ұстап тұратын қол білегінің позициясымен жұмыс), дене (денені еркін, шынайы, қалыпты ұстау, иықтарын артқа салу, кеудені түзету);

      3) дирижерлеудің екі мөлшерлі кестесін, дирижерлеудегі ауфтакт түсінігін, өнер көрсету тәсілдерін (зейін қою сәті, тыныс салу сәті, өнер көрсетудегі ишарат, тактінің барлық бөліктерінде кірісу және қою) меңгереді;

      4) ойнау техникасының негізгі дағдыларын меңгеру (отыру, дыбыс шығару тәсілдері, аппликатура), ұжымдық ойнау дағдыларын дамыту, оркестрлік партияларды өз бетінше талдау;

      5) автордың түпкі ойына және педагогтің (оркестр жетекшісінің) талаптарына сәйкес өз партиясын орындау білігін қалыптастыру, оқытудың осы кезеңіне қажетті кәсіби терминдер туралы білімді меңгеру;

      6) дирижерлік қимылмен танысу, ойынды дирижерлеу қимылы бойынша бастау және аяқтау дағдыларын меңгеру, музыкалық аспаптарды меңгерудегі техникалық мүмкіндіктерді жетілдіру, жаңа ойын тәсілдерін енгізу есебінен репертуарды күрделендіру;

      7) бір топтағы аспаптарды және жеке аспаптарда партияларды жаттау білігін қалыптастыру; қосалқы дауыстарды, жеке орындаушының парияларын және аккомпанементті есту білігі, дирижерлік қимылдарды түсіну дағдысын меңгеру, қалыпты қарқындағы тұрақты ырғақтауды пысықтау, оркестрлік орындаушылық пен әртістік дағдыны дамыту;

      8) музыкалық жанрлармен, композиторлардың шығармашылығымен, үздік орындаушылармен және оркестрлік ұжымдармен танысу, олардың жазбалардағы ойындарын тыңдау;

      9) қолдардың еркіндігін дамытуға арналған жаттығуларды, дирижерлеудің негізгі сызбаларын, дирижерлеу техникасының тәсілдерін, дирижерлік қимылдардың қарқынмен, музыканың сипатымен, динамикамен және ритмикалық суреттермен байланысты болуын меңгеру.

      10) оркестр партияларын, әртүрлі сипаттағы 1-2 шығарманы меңгеру.

      132. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Оркестрдің дирижері – көркем-шығармашылық тұлға. Дирижердің негізгі қызметтері мен міндеттері. Дирижердің тұлғасына қойылатын кәсіби және психологиялық-педагогикалық талаптар. Заманауи дирижер – бұл универсал, музыкалық мәдениеті жоғары, есту қабілеті және есте сақтау жады абсолютті адам.

      2-тақырып. Дирижерлеу – музыкалық-орындаушылық өнердің ерекше түрі.

      Дирижерлеудің қысқаша тарихы. Батыс еуропалық дирижерлік мектебі. Батыс еуропалық дирижерлік мектептің ерекшеліктері (автордың түпкі ойына тереңдеп ену, өте нәзік стильдік сезімі, формасының сымбаттылығы, ритмінің мінсіздігі, ерекше нақты дирижерлік түрлену). Батыс еуропалық мектептің өркендеуі (он тоғызыншы ғасырдың басы). Батыс еуропалық дирижерлік мектептің өкілдері.

      Густав Малер, кемеңгер композитор, кемеңгер дирижер. Малер – өз уақытының симфониялық репертуарының орындаушысы.

      Артур Никиш – дирижер, ұлы суырып салушы. Дирижерлер – В. Фуртвенглер. Ф. Вайнгартнер, Г. Шерхен, Ш. Мюнш, Б. Вальтер.

      Орыс дирижерлік мектебінің тарихы және дамуы. Ресейдегі кәсіби дирижерлеудің құрылуына шетел дирижерлерінің әсері. Отандық дирижерлік мектебінің кәсіби оқуын бастауы.

      Дирижерлер – А. Рубинштейн, Н. Рубинштейн, М. Балакирев. Петербор және Мәскеу консерваторияларында дирижерлік кластардың ашылуы.

      Дирижерлік өнердің атақты шеберлері: Н. Голованов, А. Пазовский, Н. Аносов, А. Гаук, Л. Гинзбург.

      Дирижерлер – Е. Светланов, Г. Рождественский, М. Ростропович, В. Гергиев, В. Федосеев. Жоғары кәсіпқойлық, композиторлық түпкі ойға беріктілік, стильге тереңірек ену және музыкалық шығарманы түсіндіру.

      Байқаулар – отандық дирижерлеудің дамуындағы кезең.

      Қазақстандағы дирижерлеу мектептерінің тарихы және дамуы. Кәсіби дирижерлеудің қалыптасуына шетел дирижерлерінің әсері. Отандық дирижерлеу мектебіндегі кәсіби оқыту. М. Төлебаев, Н. Тілендиев, Ш. Қажығалиев, В. Мансұров, Т. Мыңбаев, А. Бөрібаев – дирижерлік өнердің шеберлері.

      3-тақырып. Дирижерлік ету – орындаушылық өнер. Дирижерлеудің және оның негізгі ерекшеліктерінің пайда болуы. Дирижерлеу процесінің мәні.

      Дирижерлеудің даму кезеңдері. Дирижерлеудің тәсілдері. Тықылдатудың (қолмен, аяқпен, таяқшамен) көмегі арқылы орындаудың ритмикалық қырын басқару. Мнемоникалық тәсіл (хейрономия). Қолдардың, саусақтардың, бастың, дененің қиымылы арқылы дыбыстың жоғарылығы бойынша оның ұзақтығына қатысты белгілер. Аспапта ойнау арқылы орындауды басқару.

      4-тақырып. Дирижерлік аппарат және оны қою. Дирижерлеу техникасының негіздері. Дирижерлік аппаратты қою: денені, басты, қолдарды, аяқтарды қою. Сермеу, соғу, тойтарыс беру. Қолдарды қоюға, қарапайым қимылдар мен музыкасыз тактілеу тәсілдеріне арналған арнайы жаттығулар. Алғашқы дирижерлік қимылдарды меңгеру, көркемдік шығармаларда техникалық тәсілдерді пысықтау. Дирижер аппаратының ішкі және бұлшық еркіндігі. Қолдар, дирижерлеудің қатаң жүйесін құрайтын қимылдардың көптүрлілігі. Мимика, дене бітімі, бастың, денені қалпы. Дирижердің сыртқы түрі.

      Дирижерлік аппаратты дайындау. Дирижерлеу элементтері бар гимнастикалық жаттығулар. Қолдың, білектің, білезіктердің бұлшық еттерін босатуға арналған жаттығулар. Аяқтардың, дененің, бастық, қолдардың қалпы, көзқарасы және мимикасы. Қолдардың позициясы, дирижерлік қимылдардың диапазондары.

      5-тақырып. Дирижерлік қимыл және оның құрылымы. Әртүрлі қимылдық кемшіліктерді жоюға арналған арнайы жаттығулар. Тактілеу дағдыларын меңгеру процесі. Дирижерлеудің алғашқы шарты. Қимылдардың бұлшық еркіндігі, қолдарға және иық белдеуіне түсетін артық қысымның болмауы.

      Дирижерлік қимылдың түрлерін көрсету. Қарапайым өлшемдердегі дирижерлік техниканы қалыптастыру.

      6-тақырып. Ауфтакт, оның қызметтері және түрлері. Ауфтакт және оның дирижерлеу процесіндегі рөлі. Басталуын көрсету және дыбысталуды тоқтату. Тактілеу және оның дирижерлеуден ерекшелігі.

      Дирижерлеудегі ауфтакт. Әртүрлі бөлікте дирижерлеуді тоқтатуда тынысты көрсету білігін пысықтау. Қолдардың толық еркіндігі кезінде қимылдарды үйлестіруге талпыну білігі. Кереғар динамиканың, акценттердің техникалық тәсілдерін меңгеру. Жеке оң және жеке сол қолдармен орындау кезінде орындау және тоқтату тәсілдері. Қолдардың толық еркіндігі кезінде қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар.

      Әртүрлі динамика мен акценттердің түрлі ерекшеліктерімен жұмыс. Орындаудың алғашқы кезеңін анықтау. Қарқынды анықтау. Динамиканы анықтау.

      Дыбыс шабуылының сипатын анықтау. Музыканың бейнелік мазмұнын анықтау. Аутфакт элементтері. Сермеу. Құлау. Қайтару.

      Ауфтакт түрлері. Алғашқы толық ауфтакт. Алғашқы толық емес ауфтакт. Ұстап тұратын аутфакт. Озық ауфтакт. Айналмалы ауфтакт. Үлес аралық ауфтакт.

      Ауфтакті көрсету. Ауфтакт (сермеу, талпыну, нүкте, көрсету). Орындаушылық ұйымдастырудың қимылдары (шабуылдайтын, сүйемелдейтін және белгілейтін). Бейнелі мәнерліктің қимылдары.

      7-тақырып. Тактілеу сызбасы. Сызбаларды таңдау қағидаты. Тактілеудің қарапайым және күрделі сызбалары. Екі үлесті сызба (2/4, 2/2, 6/16, 6/8, 6/4). Үш үлесті сызба (3/2, 3/4, 3,8, 9/4, 9/8). Төрт үлесті сызба (4/2, 4/4, 4/8, 12/8). Бес үлесті немесе аралас сызба. Алты үлесті сызба, тактілеудің түрлері. Төрт үлесті сызба, тактілеудің түрлері.

      8-тақырып. Фермата, оның түрлері, дирижерлік аппликатурадағы олардың техникалық орындалуы. Фермата – музыканың әрекетті мәнерлеу құралы. Ферматаның мазмұны, оның динамикалық қанықтылығы, тұрақсыздығының деңгейлері, созылыңқылығы.

      Тактінің әртүрлі үлестеріне арналған ферматалар. Дыбысталу динамикасын өзгертетін фермата. Дыбысталудың аяқталуын талап ететін ферматалар. Музыканың дыбысталуын үзбейтін ферматалар. Басты үзіліс. Пассивті қимылдар.

      Дыбысталуды аяқтау. Шеңбер қимылмен, шағылысуға, нүктеге бастау. Дирижерлеудегі затакт. Толық және толық емес есептік үлестегі затакт.

      9-тақырып. Үзілістер. Үзілістерді орындау техникасы. Ұзақ және қысқа үзілістер. Дирижерлеудегі синкопалар. Дирижерлеудегі мәнерлеу элементтерінің бірі ретінде синкопа түсінігімен танысу. Үлестік, үлесаралық және үлесішілік синкопалар. Синкопаларды техникалық меңгеру. Тоқтатылған қатты қимылдың көмегімен синкопаларды орындау бойынша жұмыс.

      Акценттер. Оларды мануалды техникада көрсету тәсілдері. Музыкадағы мәнерлеу құралдары, оларды қимылдармен шешу. Дирижердің мәнерлеу қимылдары, мимика және пантомимика. Көркемдік бейнені ашудағы мимиканың, пантомиманың, бастың қимылының, саусақтардың мағынасы.

      Дирижерлеудегі үзілістер. Үзілістерді білдіретін және шабуылдайтын қимылдармен көрсету.

      10-тақырып. Аккомпанемент. Аккомпанемент өнерін меңгерудегі дирижерлік міндеттер. Иілгіштік, стиль сезімі, жеке ойналатын аспаптардың технологиясын білу – аккомпонементпен дирижерлеудің қажетті шарттары.

      11-тақырып. Партитура. Дирижердің партитурамен жұмысының негізгі кезеңдері. Партитураны дирижерлік-орындаушылық талдау.

      Партитурамен практикалық жұмыс. Шығарманың құрылымын, стильдік, идеялық және көркемдік ерекшеліктерін талдау. Партитураны дирижерлі талдау.

      Симфониялық оркестрде аспаптарды жазудың реті (толық партитура): ағаштан жасалған үрлемелі топтар (флейта, гобой, ағылшын кернейі, кларнет, фагот); мыстан жасалған үрлемелі аспаптар тобы (валторна, труба, тромбон, туба); соқпалы топтар: ноталанатын аспаптар (литавр, ксилофон, челеста, маримба); шулы аспаптар (үлкен барабан, кіші барабан, тәрелкелер, үшбұрыш, кастаньеталар); арфа және фортепиано; ішекті-ысқылы аспаптар тобы (квинтет) – скрипкалар I, II, альт, виолончель және контрабас).

      "Толық" және "толық емес" партитуралар. Халық аспаптар оркестрінің толық құрамына арналған партитура: домра тобы, керней, баяндар тобы, оркестрлік гармоника, соқпалы аспаптар тобы, фольклорлық аспаптар, балалайка тобы.

      Партитурамен жұмыстағы кешенді тәсіл. Алған дағдыларымен байланысты шығармашылық әлеуетті дамыту. Халық оркестрі партитурасы бойынша сыныпта дирижерлеу.

      Халық аспаптар партитурасымен танысу, практикалық жұмыс. Оркестрдің құрамы. Дауыстардың орналасуы. Аспаптар тобының тембрлік ерекшеліктері. Музыкалық материалды жеткізу тәсілдері.

      12-тақырып. Дирижерлік таяқша, оның арналуы, оны ұстау тәсілдері. Таяқшалардың негізгі қалыптары.

      13-тақырып. Оркестр. Аспаптық құрамы бойынша оркестрлердің түрлері. Симфониялық оркестр. Үрлемелі оркестр. Халық аспаптар оркестрі.

      Симфониялық оркестрдің түрлері. Ішекті немесе ысқылы оркестр. Камералық оркестр (ішекті аспаптар, ағаштан жасалған үрлемелі аспаптар, флейта, гобой, кларнет, фагот, кей-кездері камералық оркестрлер партитурасында мыстан жасалған үрлемелі, көп жағдайда валторна аспаптары кездеседі).

      Кіші симфониялық оркестр (ішекті аспаптар, ағаштан жасалған үрлемелі аспаптар, валторна, труба, соқпалы аспаптар тобы).

      Үлкен симфониялық оркестр – ысқылы, ағаштан жасалған үрлемелі, мыстан жасалған үрлемелі (валторна, труба, тромбон, туба), соқпалы, пернелі-шертпелі аспаптар тобы.

      Үрлемелі оркестр – бірқатар үрлемелі аспаптардан құралған оркестр: мыстан жасалған және ағаштан жасалған үрлемелі аспаптар.

      Халық аспаптары оркестрі. Қазақ халық аспаптар оркестрі. Қазақс халық аспаптары оркестрінің пайда болу тарихы. Қазақ халық аспаптары оркестрінің аспаптық құрамы.

      Орыс халық аспаптары оркестрінің құрылу тарихынан үзінді. Орыс халық аспаптарының кәсіби және өздері құрған оркестрлері. Халық аспаптарының оркестрінің модификациясы. Орындаушылардың саны бойынша оркестрдің құрамы. Орыс халық аспаптары оркестрін симфониялық оркестрдің аспаптарымен толықтыру.

      Халық оркестрін дирижерлеудің негізгі ерекшеліктері. Дирижерлеу техникасының қарапайым негіздері. Дирижерлік техниканың негіздері. Дирижерлік аппаратты қою. Қолдарды, денені, басты, аяқтарды қою.

      14-тақырып. Дирижерлеудің негізгі сызбалары. Бастауды көрсету. Дыбысталудың аяқталуын көрсету. Ауфтактің ерекше рөлі. Толық және толық емес, үзілістермен және үзіліссіз. Орындау қарқыны. Қарқынды жылдамдату және бәсеңдету.

      Клавир бойынша сыныпта дирижерлеу. Халық оркестрінің партитураларымен жұмыс. Дирижерлік қимылдардың қарқынмен, музыканың сипатымен, динамикамен және ритмикалық суреттермен байланысы. Фразировка. Штрихтар. Үзілістер.

      Оркестрлердің құрамының түрлері. Партитурада дауыстардың орналасуы. Аспаптардың қатары. Дауыстарды тасымалдау. Партитура бойынша шығарманың музыкалық мазмұнын зерттеу. Фактураның басты элементтерін анықтау. Әуен, гармониялық және ритмикаық сүйемелдеу, полифония, басқыш. Дирижерлік қимылда музыкалық шығарманың мазмұнын көрсету.

      15-тақырып. Техникаларды жетілдіру және дирижерлеудің жаңа тәсілдерін меңгеру. Ауыспалы және аралас стильдерді дирижерлеу сызбасы. Қолдардың еркіндігін дамытуға арналған жаттығулар. Халық оркестрінің партитураларымен жұмыс. Сыныпта клавир және халық оркестрінің партитурасы бойынша дирижерлеу.

      Дирижерлік мәнерлеу құралдары. Оң және сол қолдың қызметтері. Қолдардың қимылдарын үйлестіру және еркіндігін адымту. Дирижерлеудің негізгі техникалары. Дирижерлік аппаратты қою: дененің, бастың, қолдардың, аяқтардың қалыптары. Сермеу, соғу, шағылыстыру.

      16-тақырып. Клавир бойынша сыныпта дирижерлеу. Музыкалық шығарманың мазмұны. Автор туралы қысқаша мәліметтер. Шығарманың стилі, жанры, формасы. Дирижерлік таяқшаларды пайдалану. Клавир бойынша дирижерлеу. Сыныпта оркестр партитурасы бойынша дирижерлеу.

      Қимылмен музыканың сипатын көрсету. Орындау динамикасы. Динамикалық реңктерді көрсету тәсілдері. Тактінің әртүрлі бөліктеріне арналған акценттер.

      Метономиялық белгілер. Клавир бойынша сыныпта дирижерлеу.

      17-тақырып. Дирижерлеу техникасын жетілдіру және жаңа тәсілдерді меңгеру. Ауыспалы және аралас өлшемдерді дирижерлеудің сызбасы. Үлестерді бөлу. Қолдардың еркіндігін дамыту бойынша жұмыс. Дирижерлеу кезіндегі өз бетінше жұмыстың рөлі.

      Дирижерлеу техникасын жетілдіру, оркестрлік партияны талдау. Алған дағдыларын бекіту және оларды жетілдіру.

      18-тақырып. Репертуар – оркестрдің көркемдік қызметінің негізі. Дирижердің репетуарды іріктеу қағидаттары. Оркестрге арналған репертуарды іріктеудің жеке қағидаттары. Репертуарды таңдау кезіндегі оркестрдің беделі мен түрін есепке алу.

      Репертуардың көркемдік деңгейі (үздік көркемдік үлгілер мен атақты музыканың қатынасы).

      Музыкалық шығармалардың партитураларының оркестрдің құрамына сәйкестігі (партитураларды түзету мүмкіндіктері). Репертуардың оркестрдің техникалық және көркемдік-орындаушылық деңгейіне сәйкестігі.

      19-тақырып. Партитураның дирижерлік-орындаушылық талдауы. Форманың және музыканың мәнерлеу құралдарын талдау жоспары. Композициялық құрылым-форма. Ладтық-тональдік жоспар. Метроритмдік мінездеме. Қарқындық мінездеме. Динамикалық дамуы. Тембрлік-регистрлік сипаттама. Штрихтар және дыбыс шығару тәсілдері. Әуеннің сипаттамасы. Үйлесімді талдау. Фактураның сипаттамасы. Көркем-орындаушылық және дирижерлік-технологиялық мәндеттерді анықтау.

      20-тақырып. Концертмейстердің сүйемелдеуімен шығарманы дирижерлеу.

      133. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) актерлік өнердің алғашқы дағдыларын, оркестрдің көркем-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі;

      2) кәсіби терминдерді біледі;

      3) ұжымдық оркестрлік орындаушылық шығармашылық дағдыларды біледі;

      4) композитордың түпкі ойына және дирижердің талаптарына сәйкес партияны оркестрлік ұжымда орындау дағдыларына ие болады;

      5) ноталарды парақтан оқи алады;

      6) орындалатын оркестрлік шығармаларды сауатты талдауды біледі;

      7) дирижерлеудің пайда болу тарихын және оның негізгі ерекшеліктерін біледі;

      8) дирижерлеу бойынша музыкалық әдебиетті, атақты орындаушы-дирижерлерді біледі;

      9) партитуралардағы терминдерді біледі;

      10) халық оркестрін дирижерлеу ерекшеліктерін біледі;

      11) дирижерлеу техникасының негіздерін, дирижерлік аппаратты қоюды біледі;

      12) дирижерлік қимылдың құрылымын, дирижерлеудің негізгі сызбаларын біледі;

      13) дирижерлік қимылды музыканың қарқынымен, мінезімен, динамикамен және ритмикалық суретпен байланыстыра алады;

      14) оркестрлердің әртүрлі құрамын біледі;

      15) дирижерлеудің ауыспалы және аралас сызбаларын, дирижерлік мәнерлеудің құралдарын біледі;

      16) ауфтактінің ерекше рөлін, қарқынды жылдамдату және бәсеңдету тәсілдерін біледі;

      17) партитурамен жұмыс істеудің ерекшеліктерін біледі;

      18) қолдардың еркіндігін дамытуға арналған жаттығуларды орындайды;

      19) халық аспаптар оркестрінің партитурасы бойынша сыныпта дирижерлеу дағдыларын біледі;

      20) музыкалық материалды жеткізу тәсілдерін, дирижерлік техниканың амалдарын біледі;

      21) негізгі дирижерлік техника дағдыларын, орындау мәдениетін, қимылдардың еркіндігін, даму үрдісіне ие болады;

      22) ұжымдық шығармашылыққа қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал ететін оркестрлік репертуарды біледі;

      23) орындау мәдениетін, еркін қимылдауды, даму үрдісіне ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      134. "Оркестрлік дирижерлеу негіздері" пәні бойынша үлгірімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      135. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      6 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (сазгердің өмірбаяны, шығармашылығының негізгі кезеңдері, сазгерлік хаттың жанрлық негізі, шығарманы талдау, әртүрлі сипаттағы екі пьесаны жатқа дирижерлеу, басты және қосымша партияларды, символиканы, құрылымдық ерекшеліктерін шығару), шығармадағы көркемдік және идеологиялық ойды ашу), екінші жартыжылдықта: сынақ (әртүрлі сипаттағы екі пьесаны жатқа дирижерлеу, шығарманың мазмұнымен, дирижерлеудің техникалық тәсілдерімен, оркестрдің құрамымен және оркестр жетекшісінің міндеттерімен байланысты сұрақтар, халық оркестріне арналған партитура үзіндісін парақтан оқу).

      136. Музыкалық білім берудегі оқытуды бағалау нәтижелерінің өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерімі және концерттік өнер көрсетуде алған бағаның нәтижесінен қалыптасады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалауда келесі өлшемдерді ескереді:

      1) дирижерлік аппаратты қою;

      2) концертмейстермен бірге дирижерлеу;

      3) дирижерлік техниканы меңгеру;

      4) дирижерлеудің сызбасын білу;

      5) музыканың авторын, орындалатын шығарманың сөзін білу;

      6) орындалатын шығармадағы музыкалық терминдер;

      7) үндестілікті анықтау және партитурада ойнауды есте сақтау;

      8) алған дирижерлік дағдылардың көмегімен шығарманың эмоциялық-мағыналық мазмұнын көрсете білу;

      9) шығарманы жатқа дирижерлеу.

      137. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – мәнерлі және техникалық дирижерлеу, музыкалық шығарманың мазмұнын айқын жеткізу, дирижерлік техниканың негізін, дирижерлеу техникасының тәсілдерін анық түсінуі, сазгерлердің шығармашылығы және шығарманың авторы туралы мазмұнды әңгіме;

      2) "4" "жақсы" бағасы – мәнерлі және техникалық дирижерлеу, шығарма формасын сауатты түсіну, дирижерлік техниканың негіздерін, дирижерлеу техникасының тәсілдерін білу, сазгердің шығармашылығы және шығарма мәтінінің авторы туралы толық әңгіменің жеткіліксіздігі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – шығарманы қателіктермен техникалық жеткіліксіз түрде дирижерлеу, көркем бейнені аса мәнерсіз жеткізу, кейбір партияларды білмеуі, ноталық мәтінді формалды оқуы, музыкалық бейнені түсінбеуі, дирижерлік техниканы жеткіліксіз түрде меңгеруі, дирижерлеу сызбасын жақсы білмеуі.

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – нашар, жігерсіз дирижерлеу, техникалық ескертулердің болуы, дирижерлеу бойынша ағымдық сабақтарға жүйесіз қатысу, ноталық мәтінді оқудағы қателіктер, дирижерлеу техникасының тәсілдерін білмеуі, жиі тоқтала отырып дирижерлеу, музыкалық үлгілер, сазгер туралы әңгіме дайындалмаған;

      5) "Сынақ" (бағалаусыз) – орындаудың осы оқыту кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес келуі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
58-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Сахналық қимылдардың негіздері" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Сахналық қимылдардың негіздері" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сахналық қимылдардың негіздері" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – спектакльде және кинода рөлді орындаушы;

      2) актерлік өнер – сахналық бейнені (рөлдер) құрудан тұратын, орындаушылық өнер саласындағы кәсіби шығармашылық қызметі, орындаушылық шығармашылықтың түрі;

      3) актерлік шеберлік – тұлғаның өзін өзі жетілдіру, жеке тұлғалық әлеуетін, эмоциялығы мен ажарлығын ашу жолы;

      4) әртістік техника – әртістің психикалық және физикалық табиғатын жетілдіруді дамытуға бағытталған техника;

      5) бейне – шынайылықты нақты сезімдік формада жалпылап көрсету;

      6) диалог – екі актер арасындағы өзара сөйлесуді, сөз алмасуды білдіретін театрлық іс-әрекет формасы;

      7) дикция – сөздер мен буындарды ашық және анық айту;

      8) жанр – суретшінің бейнелеу нысанына деген эмоциялық көзқарасымен анықталатын шығарма ерекшеліктерінің жиынтығы;

      9) қозғалыс биомеханикасы – актер денесінің оған берілген актерлік тапсырманы бірден орындауға физикалық дайындығын дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесін сипаттау үшін В.Э. Мейерхольд енгізген театр термині;

      10) мимика – қимыл, тұрыс және беттің әртүрлі бейнесін жасау арқылы түпкі ой мен сезімді жеткізу өнері;

      11) ойын – театр өнерінің басты элементі; спектакль, көрініс ұсынатын жағдайдағы актердің көңіл-күйі;

      12) орындаушылық шеберлігі – кәсіби тәсілдердің жиынтығы, онсыз концерттік және басқа сахналық қызметтің болуы мүмкін емес;

      13) өнер – шынайылықты бейнелі түсіну;

      14) пантомима – негізгі жеткізу құралы актердің қимылы және осы қимылдың ерекше техникасы болып табылатын сахна өнерінің ерекше жанры;

      15) сахналық қимыл – актердің сыртқы техникасының маңызды құрамдасы;

      16) сахна өнеріндегі пластика – қозғалыстар мен қимылдардың жалпы гармониясы, үйлесімділігі;

      17) суырып салу (импровизация) – орындау процесінде құрылатын өнер туындысы, немесе оны құру процесі;

      18) репертуар – бір театрдың бір кезең арасында немесе қандай да бір уақыт аралығында орындайтын пьесалар жиынтығы; қандай да бір стильдегі немесе қандайда бір ғасырдың пьесаларын іріктеу; бір актер ойнап шығу мүмкіндігі бар рөлдердің жиынтығы, актерлік шеберлігінің диапазоны, оның өзіне сәйкес рөлі;

      19) репетиция – режиссердің басшылығымен актерлердің орындайтын, мәтінді жаттау және сахнада ойнау жұмысы;

      20) рөл – актердің мәтіні мен ойының жиынтығы;

      21) театр – орындаушылық өнердің формасы;

      22) театр педагогикасындағы этюд – актерлік техниканы жетілдіруге арналған жаттығу; оқытудың эмоциялық мағынасындағы этюд – рөлдік ойын;

      23) түзету – туылғаннан немесе жүре келе пайда болған, жас әртістің сыртқы келбетін нашарлататын немесе ауырлататын, өзін қанық мәнерлі сахналық формаларда көрсетуіне кедергі келтіретін жеке физикалық және психофизикалық кемшіліктерін түзетуге бағытталған оңалту-педагогикалық және тәрбиелік процесс;

      24) түсіндіру (интерпретация) – өнер туындысын қабылдау және ойлап түсіну, оның мазмұнын өзінше түсіну арқылы бейнені ашу;

      25) ым (ишарат) – сөздің мәнерлігін арттыру үшін сүйемелдейтін, тіпті оның орнын басуға арналған дене қозғалысы, әсіресе қолмен қимыл жасау;

      26) іс-қимыл – энергияны, әрекетті, ықпалды, әсерді көрсету; сюжеттің (фабула) негізін құраушы оқиғаны өршіту; ұсынылатын жағдайлармен күресудегі қандай да бір мақсатқа жетуге бағытталған психофизикалық процесс.

      3. Бағдарламаның мақсаты: жас актердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және биомеханика заңдарына негізделе отырып, оның мәнерлеу қимылдағы қажеттілігін қалыптастыру үшін жасалған жағдай.

      Оқыту:

      1) өз денесін игеруге оқыту, білім алушының пластикалық мәдениетін арттыру;

      2) сахналық әрекеттерді құру заңдылықтарымен таныстыру;

      3) реакцияны, қимылды үйлестіруді, дене тілі арқылы кейіпкердің ішкі әлемін және қобалжуын жеткізу қабілетін пысықтау;

      4) сахналық қимылды мәнерлеу құралдарымен танысу;

      5) психофизикалық тренинг негіздеріне, басқа адамның әрекетін түсінуге оқыту;

      6) қимылды бірыңғай процесс ретінде ишарат фразасының түстік, пластикалық, нақты құру білігін дамыту;

      7) ишаратты дамыту, сахнада түрлену тәсілдерін меңгеру;

      8) өзінің эмоциялық күйін дене тілі арқылы түсіну және жеткізу білігі;

      9) серіктестермен пластикалық диалог жүргізу білігі.

      Дамыту:

      1) жалпы қимыл дағдыларын пысықтау: қимылдың нақтылығы және дәлдігі, бұлшық ет күштерін дұрыс бөлу, ырғақтылық және әуезділік;

      2) өзінің идеяларын пластикалық бейнелерде және пластикалық суырып салуда іске асыру дағдыларын қалыптастыру;

      3) білім алушының бұлшық ет және қозғалыс аппаратының қозғалғыштығын, қимылдарды, икемділікті, пластиканы, күшті және физикалық аппаратының шыдамдылығын дамыту;

      4) этюдтерді құру арқылы түрлену қабілетін дамыту;

      5) сахналық қимылды орындау кезінде психофизикалық тренинг арқылы қоршаған шынайылықтан абстракциялану дағдысын дамыту;

      6) актерлік жаттығулар арқылы байқампаздықты, есте сақтау жадын, зейінді, қиялды, елестетуді, тапқырлықты, реакцияның жылдамдығын, ойындық және сурып салу қабілеттерін дамыту;

      7) сахналық қимылға, сахналық пластика негіздеріне оқыту арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік талғамды және логикамен ойлау білігін тәрбиелеу;

      2) дүниетанымы кең, рухани әлемі бай, театр өнеріне араластыру арқылы әлеуметтік бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;

      3) білім алушының кәсіби бағдарлануы және өзін өзі анықтауы.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – төрт жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Бағдарлама өнер мектебінің театр бөлімінде оқитын білім алушыларға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркем шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      11. Бағдарлама дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, білім алушылардың сахналық қимылдардың объективті заңдылықтары саласында қажетті білімді және оларды қолдану білігіне алуға бағдарланған.

      12. Педагог оқу міндеттерін қоюда икемділік есебінен әрбір білім алушыға жеке тәсілмен келуді, әр баланы оқыту стартегиясын қалыптастыру мүмкіндігіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарламаға қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы сатылылық;

      2) сахналық қимылдардың дағдыларын меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаты.

      14. Бағдарлама білім алушылардың оқу спектакльдерін дайындау процесінде әртүрлі деңгейдегі міндеттерді өз бетінше орындауға көмектесетін театр өнері саласындағы негізгі білімді, сахналық қимылдар дағдысын меңгеруге жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог сахналық қимылдар негіздерін меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке назар аударады.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) қажетті дағдылар мен қабілеттерді меңгеру, қимыл техникасын өмір сүру психологиясымен үйлестуруді меңгеру;

      2) пластикалық мәнерлікті және суырып салу дағдыларын қалыптастыру;

      3) мимика, пантомима, ишарат тілі дағдыларын меңгеру;

      4) қиялдау, ойдан шығару, пластикалық көркем бейнені іске асыру білігін дамыту;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет дағдысын алуы.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәні шеңберінде негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      19. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      20. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесінің психологиялық және педагогикалық ғылым, теориясы және театр өнері тарихының заманауи жетістіктерінің негізінде құрылуын талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын білдіреді;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты сахналық қимылдардың негіздері сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      21. "Сахналық қимылдардың негізі" пәніне жеке және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуына жағдай жасайды.

      22. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, әңгімелеу, диалог;

      2) көрнекілік – педагогтің репродукцияны, фильмді, декорациялар мен киімдердің нобайын көрсетуі, бейне, фото материалдарды қарау, жеке сабақтар;

      3) практикалық – орындайтын және шығармашылық жаттығулар, спектакльдерді қою, этюдтер, репетициялар;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, логикалық ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      23. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      24. Сабақ формалары:

      1) сабақ;

      2) шеберлік сынып;

      3) дайындық;

      4) экскурсия сабағы.

      25. Бағдарламаны іске асыру кезінде педагог заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      26. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      27. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімі педагогтің қажетті теориялық түсініктерді түсіндіруді, үйретілетін жаттығулардың элементтерін, сахналық қойылымдарды көрсетуді, видеоматериалдарды қарауды қамтиды.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың шеберлік сыпыптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) театр көрсетілімдеріне дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының шығармашылық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      33. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      34. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      35. Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бір бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      36. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, қазақ, орыс және шетел әдебиетінің шығармаларын енгізу арқылы театр репертуарын жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      37. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының шығармашылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, театр репертуарының дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      38. Педагог әрбір білім алушының қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      39. Педагог шығармалардың жеке репертуарлық шығармалар тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      40. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел әдебиетінің шығармаларынан үзіндіні, көркемдік деңгейі жоғары балаларға, жасөспірімдерге арналған пьесаларды, музыкалық ертегілерді, мюзиклдарды қамтиды.

      41. Педагог репертуарлық тізбеге заманауи отандық және шетел драматургтарының үздік пьесаларын енгізе отырып, оны жүйелі жаңартады және кеңейтеді.

      42. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      43. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін анықтайды, жеке жоспар көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      44. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында шығармашылық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      45. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) актерлік қабілетінің деңгейі;

      2) жалпы дамуы, эмоциялығы, қиялы, креативті ойлауы, зейінінің дамығандығы;

      3) сабаққа көзқарасы;

      4) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      5) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      6) көркемдік бейнені іске асыру білігі;

      7) шығарманы меңгеру жылдамдығы;

      8) жылдың соңындағы жетістіктері;

      9) білім алушының шығармашылық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      46. Білім алушының жеке қасиеттерін сипаттауда байқампаздығы, шығармашылық қиялы, елестетіп ойлауы, ассоциативті және бейнелі ойлауы, оқиғалар желісін құра білуі, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтау қабілеті, ұсынылатын материалды талдау қабілеті, өз ойын тұжырымдауы, сахналық еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттер белгіленеді.

      47. Педагог білім алушыға әртүрлі тәсілдерді қолданады, олардың зияткерлік, физикалық және эмоциялық қабілеттерін, дайындық деңгейін ескереді. Негізгі міндеттердің бірі жеке қимыл дағдыларын дамыту болып табылады, яғни күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындаудың техникалық тәсілдері, сондай-ақ қимылдың тарихи стилімен танысу.

      48. Сахналық пластика өнері музыкалық ұйымдасқан, адамның денесінің бейнелі-мәнерлі қимылына негізделеді. Пластикалық дамыту актерді дайындаудың қажетті шарты болып табылады. Жүйелі және мақсатты жаттығу арқылы пластикалық елестету дамытуға қол жеткізіледі.

      49. Білім алушылар оқу процесінде алған дағдыларын этюдтер, сахнада өнер көрсету және спектакльдер сияқты нақты шығармашылық жұмыс түрінде іске асырады. Педагог қойылымдардың материалын білім алушы әртүрлі жанрлар мен стильдерде түрлі рөлдерді ойнайтындай етіп іріктейді.

      50. Сабақта келесі әдістер қолданылады:

      1) "тығыз жүктемелер" - жаттығулар кешендермен іріктеледі, олардың арасында логикалық байланыс бар, бір жаттығуды орындау екінші жаттығуға үлеседі;

      2) "жүктемелерді біртіндеп арттыру" - жүктемелерді біртіндеп максимумға жеткізу;

      3) "бірін бірі оқыту" - серіктестік және жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

      4) суырып салу – білім алушылардың шығармашылық қызметке қызығушылығын дамыту.

      51. Педагог балалар ұжымымен жұмыс істеу кезінде балардың жұмысына қойылатын кәсіби талаптар мен педагогикалық құраушының тәрбиелік құрадасының арасындағы тепе-теңдікті табады. Педагог алдымен тәрбиелік сипаттағы, содан кейін ғана көркемдік сипаттағы мақсаттар мен міндеттерді қояды.

      52. Педагог білім алушыны өзінің рөліне және жалпы ұжымдық жұмысқа қатысты жауапкершілікке үйретеді.

      53. Оқытудың алғашқы кезеңінде педагог жиі кездестіретін физикалық кемшіліктердің аз бөлігі – бұл қимылдың бөгелуі, бұлшық еттердің тырысуы, дене мүсіні мен жүрістің бұзылуы. Қатаң шығармашылық жұмысқа үйренбеген балалар сабақ процесіндегі қайталаулардан тез шаршайды, олардың зейіні тұрақтанбаған. Мұндай жағдайда педагог икемділік танытады, ол қызметтің түрін ауыстырады, бірақ оқытудың нақты кезеңіне қойылған міндеттерден ауытқымайды.

      54. Оқу процесін барынша тиімді құру үшін педагог бағдарламаның тарауларына қатысты сараланған тәсілді қолданады, бір сыныпта белгілі бір тарау мұқият пысықталады, ол келесі кезеңге үйлесімді өтуді қамтиды, ал келесі сыныпта білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс басқа тараудан басталады.

      55. Сахналық қимылдар бойынша педагогтің міндеті білім алушылардың өзінің денесі мен қимылын сезінуді үйрету, психофизикалық қасиеттерін дамыту, дұрыс дене мүсініне ерекше назар аударылады.

      56. Актерлік шеберліктің мәнерлеу құралы болып әрекет, яғни психофизикалық процесс табылады, ол жердегі психикалық және физикалық процесс тығыз байланыста болады.

      57. Акробатикалық бөлім пән талаптарының, педагог пен білім алушының жауапкершілігінің айтарлықтай жоғарылағандығын көрсетеді. Алғашқы және қажетті талап – қауіпсіздік техникасы, көптеген күрделі жаттығулар педагогтің бақылауымен төсеніштерде орындалады.

      58. Педагог дайындық жаттығуларына басты назарды аударады. Әр сабақта өткен материалдар қайталанады және бекітіледі. Қимылдарды нақты орындауды талап ету міндеттердің мақсатын түсіндірумен қатар беріледі, педагог ұсынған оқу сызбалары нақты және мағынасын түсініп орындалады.

      59. Дайындық тренингіне арналған жаттығулардың міндеті:

      1) тепе-теңдікті сақтау, бір позициядан екінші позицияға өтуді бақылау;

      2) дененің тырысу өлшемін бақылау, жаттығудың әрбір кезеңін мұқият пысықтау;

      3) ұсынылған құрылым мен міндеттерге сәйкес қимылды үйлестіру;

      4) жаттығуларды әртүрлі жылдамдықтарда меңгеру, қимылдардың максималды амплитудасын, жұмсақтылығын және үздіксіздігін сақтау;

      5) қимылдарды механикалық түрде орындамау, қимылдардың инерциясын басқару;

      6) жаттығуларды орындау кезінде дем шығаруды ұстап тұрмай, үздіксіз, еркін дем алу;

      7) дененің перифериясының жұмысын (аяқ, қол, бет) ұсақ бөлшектерге дейін бақылау;

      8) жаттығуларды орындау кезінде қимылды сезінуді бақылау.

      60. Акробатикалық элементтерді меңгеру процесі біртіндеп жүзеге асырылады, тараумен жұмыс істеу кезінде педагог қауіпсіздіктің беріктілігін сақтауға, білім алушының дұрыс психологиялық ойын құруға көңіл аударады.

      61. Педагог әрбір білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асырады, балалардың өз күштеріне сенуге, өзіне деген сенімділікті алуға көмектеседі.

      62. Алғашқы сабақтардан бастап, педагог тапсырмалардың орындаулының нақтылығын талап етеді, материалды үстіртін меңгеруге жол бермейді, білім алушының орындайтын жаттығуының әрбір элементі шығармашылық сипатқа ие болады.

      63. Басты міндеттердің бірі білім алушының қиялын анықтау және дамыту болып табылады. Педагог тәрбиеленушіге пластикалық суретті орындауды және ол бойынша пластикалық бейнені құру білігіне үйретеді.

      64. Оқытудың қорытынды кезеңі нақты драматургиялық материалда этюдтік-қойылымдық жұмысты қамтиды. Сахналық семсерлесуді ерекше атап көрсетуге болады.

      65. Сахналық семсерлесу – сахналық қимылдардың күрделі түрі, ол білім алушының белгілі дайындығын білдіреді, үйлесімділіктің жоғары деңгейін, дамыған серіктестік сезімін және зейінді шоғырландырудың жоғары деңгейін талап етеді. Кез-келген семсерлесу көрінісі шартты пластикалық құралдармен шешіледі.

      66. Музыка қимылдың үйлесімді ритмін табуға көместеседі, оның мінезі қимылдың мінезіне сәйкес келеді, музыка қимылды бағыттайтын, бояйтын, мәжбүрлейтін арнайы міндеттерден басқа кезде өзіне бағындырмайды.

      67. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      68. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Өзіндік сабақтар балалардың денсаулық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүргізіледі.

      69. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарына жеке тренингтерді құру, жонглерлеу, семсерлесу элементтерін машықтандыру, заттармен жұмыс, педагогтің ұсынымы бойынша бейне жазбаларды қарау (пластикалық және би спектакльдерінің жазбалары) кіреді.

      70. Жеке тренингтің құрамы:

      1) керілуге және созылуға арналған жаттығулары;

      2) айналмалы жаттығулар;

      3) үйлесімділікті дамытуға арналған жаттығулар;

      4) тепе-теңдік сезіміне арналған жаттығулар;

      5) секіргіштікті дамытуға арналған жаттығулар.

      71. "Сахналық қимылдардың негіздері" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "Театр тарихы" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      72. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дененің физикалық қабілеттерін дамыту, нақты механикалық дағдыларды меңгеру, бұлшық еттерді босату, оларды тонусқа келтіру бойынша жұмыс, қарапайым акробатикалық элементтермен танысу, меңгерілген элементтерді тақырыптық акробатикалық суреттемелерге біріктіру;

      2) реакция, батылдық, динамикалық алғашқы дағдыларын қалыптастыру, дененің әртүрлі бөліктерін үйлестіруді, қозғалғыштығын дамыту, пластикалық тренинг арқылы дененің физикалық мүмкіндіктерін, сахна алаңы жағдайында пластикалық және акробатикалық суреттемелерді құру арқылы шығармашылық елестетуді дамыту;

      3) акробатикалық жаттығуларды, денені дұрыс топтастыруды, сахналық құлау техникасын меңгеру, өз денесінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауды және жүктемелерді бөлу кезінде өзінің жеке ерекшеліктерін ескеруді оқыту;

      4) пластикамен айналысу тарихы дененің өзара әрекеттесуін үйлестіруге, абсолютті бұлшық еттің еркіндігіне, жеңілдікке, өз денесімен жұмыс істеудегі сенімділікке қол жеткізуге, физикалық дағдыларды батыл меңгеруге, тырысуларды босату және сенімсіздік пен үрейден орылуға бағытталған;

      5) қимылды, реакцияны, динамикалықты, секіруді, физикалық күшті үйлестіру дағдыларын қалыптастыру, қозғалыс мүмкіндіктерінің диапазонын кеңейту, акробатикалық элементтерді, баланстар мен сүйемелдеулерді, бір қалыпты тоқтамай қозғалуды орындау техникасына оқыту, пластикалық және акробатикалық этюдтерді құру арқылы шығармашылық қиялды дамыту.

      73. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сахна қозғалысы негіздері. Ежелгі Шығыс пен Батыстың тарихи дәстүрлеріндегі дене мәдениеті мысалында психикалық және физикалық денсаулыққа қол жеткізу және сақтау тәсілдері.

      Қауіпсіздік техникасы. Дайындық тренингі. Әр білім алушының жеке мәселелерін бөлшектеу. Жоюға келетін кемшіліктерді түзету стратегиясын әзірлеу. Білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратын дайындау және сабақта белсенді жұмыс істеуге дайындық деңгейін анықтау. Түзету. Тартылу, бұрау, еңкею, айналу жаттығулары. Жүріп, секіріп, жүгіріп орындалатын жаттығулар. Тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығулар (вестибулярлық анализаторды жаттықтыру). Дененің тұрақтылығын арттыруға арналған жаттығулар (орталық күшке сүйену). Позицияны бекітуге арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Дамытуға арналған тренинг. Сүйек-бұлшық ет аппаратының үйлесімді күйін қамтамасыз ететін қасиеттерді дамыту және жетілдіру. Иілгіштікке арналған жаттығулар. Пассивті және белсенді иілгіштікті дамытуға және созылуларға арналған жаттығулар. Күшке арналған жаттығулар (қолдың, арқа бөлігінің, мойынды, арқаны, құрсақ тығыршығын және аяқтың бұлшық еттерін бекіту). Динамикалық жаттығулар. Жарылғыш күшті дамытуға арналған жаттығулар. Статикалық (изометриялық) жаттығулар. Шыдамдылыққа арналған жаттығулар. Үйлесімділікке арналған жаттығулар (қимылды уақыт және кеңістіктікте ұйымдастырудың нақтылығын арттыру, көп қырлы назарды жетілдіру, жаңа қимылдарды, білікті және дағдыларды меңгеру жылдамдығын арттыру).

      3-тақырып. Бірінші, екінші және үшінші жазықтықтарды және жазықтықтарды ауыстырып орындалатын, қолдарға арналған үйлестіру жаттығулары. Қолға арналған үйлестіру жаттығуларын аяқтардың әртүрлі қимылдарымен үйлестіру. Рекцияның жылдамдығына арналған жаттығулар. Секіруге және табанның қимылдауына арналған жаттығулар.

      Бұлшық ет есте сақтауына, бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар. Бұлшық ет тырысуларын еркін басқару; әртүрлі қалыпта бұлшық еттердің жеке топтары мен дененің бөліктерін кезектестіріп тырыстыру және босату; алдын ала тырыстырмай, бұлшық еттердің жеке топтарын босату; бір уақытта басқа бұлшық еттерді тырыстыра отырып, келесілерін босату; бір бұлшық еттердегі тырысулар мен босатуларды келесі бұлшық еттерге "құю"; құлау кезінде және құламай тұрып барлық бұлшық еттерді толық босату; бұлшық ет тырысуларын алдымен ерікті, кейіннен түйсіксіз бақылау.

      Ауырлық орталығын сезінуге арналған жаттығулар. Вестибулярлық аппаратқа арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Пластикалық тренинг. Қозғалысты іштей сезінуді дамыту. Тырыстыруға және босатуға арналған жаттығулар. Қолдардың қозғалмалығына және ептілігіне арналған жаттығулар. Қозғалғыштыққа және ептілікке арналған жаттығулар. Күрделі қимыл және әрекетті міндеттерді шешу кезінде әртүрлі физикалық және психофизикалық қасиеттерді кіріктіру тәжірибесін алу; үздіксіз қозғалу, форма, ишарат, кеңістік сезіміне арналған жаттығулар. Қимылдың әртүрлі түрлері мен қасиеттерін меңгеруге арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Арнайы тренинг. Актердің психофизикалық қасиеттерін дамыту. Тепе-теңдік сезімін дамытуға арналған жаттығулар. Вестибулярлық аппараттың сезімталдылығын арттыру, тепе-теңдік сезімін өршіту және дененің тұрақтылығын арттыру. Кеңістікті сезінуге арналған жаттығулар. Қимылдың инерция сезіміне арналған жаттығулар. Форма сезімін дамытуға арналған жаттығулар. Серіктестік сезіміне арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Сахналық акробатика. Акробатикалық дағдыларды және психофизикалық қасиеттер кешенін дамыту. Акробатикалық дағдыны спорттық дағдыдан сахналық дағдыға айналдыру.

      Дайындық жаттығулары. Жеке аэробика. Жеке акробатиканың негізгі элементтерін меңгеру. Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар. Шпагаттар. Көпірге тұру. Тірену, тұру, аударылу, айналу, аттау, дөңгелек жасап айналу. Жұптық акробатика. Жұптық акробатиканың негізгі элементтерін меңгеру (сүйемелдеулер, отыру, тұру, арқаға шығу). Акробатикалық композициялар мен вариациялар. Эксцентрикалық акробатика элементтері. Акробатикалық композициялар және фраза. Акробатика элементтерін қолданып этюдтерді орындау.

      7-тақырып. Сахналық құлау. Құлау техникасын меңгеру, бұлшық етті тырыстыру және босату, қозғалыс инерциясын басқару қабілетін дамыту. Тепе-теңдікті жоғалтудан туындаған қозғалыс процесін бақылау.

      Сахналық құлаулардың әртүрлі сызбаларының негізгі биомеханикалық қағидаттарын меңгеру бойынша жаттығулар. Пассивті құлауларға арналған дайындық жаттығулары. Отырып, тізерлеп тұрған күйден құлау. Тұрған қалыпта әртүрлі бағытқа пассивті құлаулар. Сақтандыру тәсілдері, әртүрлі бағыттарға белсенді құлау. Жерде құлау. Кедергі арқылы құлау. Қолындағы затымен бірге құлау. Серіктеспен өзара әрекеттесе отырып құлау. Сәндеудегі құлау тізбектері. Ерекше және трюктік құлаулар.

      8-тақырып. Этюдтер. Сахна қозғалысы сабақтарындағы пластикалық этюд түсінігі. Ұсынылған тақырыпқа, музыкаға, жағдайға білім алушылардың өздері шығарған этюд. Алған дағдылардың элементтерін қолданып суырып салу.

      74. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахна қозғалысы сабақтарындағы өзін ұстаудың қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

      2) "тартылу", "бекіту", "бас тарту", "сүйемелдеу", "тепе-теңділік", "отыру" түсініктерін біледі:

      3) бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар кешенін, бұлшық еттерді созудың қауіпсіз тәсілдерін, өз денесінің жеке ерекшеліктерін және оларды сахналық жаттығуларды орындау кезінде ескереді;

      4) заттарды шебер қолдану, қиялды дамытатын және сахна қозғалысында заттармен ойнау кезіндегі актерлік тапқырлық дағдыларын дамытатын жаттығулар;

      4) сахна алаңында өзінің денесі арқылы әртүрлі жануарлардың әдеттері мен қимыл ерекшеліктерін жасауды біледі;

      5) құлаудың әртүрлі түрін орындау кезінде топтасуды біледі, акробатикалық элементтерді орындау кезінде серіктесін қауіптендіруді дұрыс орындайды;

      6) күрделі элементтерді, аяқтарды, қолдарды, арқаны созудың түрлерін орындауға дайындық жаттығулардың кешенін біледі және орындайды;

      7) меңгерілген акробатикалық элементтерді орындау техникасын, пластика бойынша сабақтарда өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

      8) қарапайым және күрделі сүймелдеулерді, жеке, жұптық, топтық тепе-теңдіктерді орындай алады;

      9) этюдте қоршаған әлемнен алынған таныс пластикалық бейнені жасай алады;

      10) ширату және созудың толық кешенін біледі және жүргізе алады;

      11) тепе-теңдіктердің, сүймелдеулердің, акробатикалық элементтердің техникасын түсіндіре алады.

      75. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) мимикалық жаттығуларды, саусақ гимнастикасын, қимылдарды тіл аппаратының жұмысымен үйлестіру дағдыларын, бұлшық етті реттеуді меңгеру, пантомика негіздерін оқыту;

      2) белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір қимылды, мизанценаны көру, есте сақтау және орындау білігі, қозғалысты уақыт және кеңістіктікте тура ұйымдастыру;

      3) әуенді, оның қарқынын және ритмін жылдам қабылдау, барлығын қозғалыс арқылы жеткізу, бұқаралық көріністерде серіктеспен бірге жеңіл және күрделі қимылдарды үйлестіру білігі, әуезділікті, ырғақтылықты, елестетуді, көркемдік талғамды және білім алушының пластикалық мәдениетін дамыту.

      76. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қауіпсіздік техникасы. Тіл және қимыл гимнастикасы. Мимика. Мимикамен жұмыс – актердің маңызды міндеттерінің бірі. Мимиканың түрлері: еріксіз және ерікті. Мимикалық жаттығулар.

      2-тақырып. Тіл және қимыл гимнастикасы. Саусақ гимнастикасы. Тіл және саусақтар. Саусақ ойындары.

      3-тақырып. Тіл және қимыл гимнастикасы. Пантомима, пластика (түсінігі). Тік (өзіне қарай) "толқын техникасы", кері (өзінен кері): бір қолмен – тек білекпен, буын – шынтақ, білек, шынтақ – иық; екі қолмен; денемен; жанмен – "ирек"; аяқпен. Биомеханиканың негізгі қағидаттары, биомеханика тәсілдері (бас тарту, серпіліс, тіреу). Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

      4-тақырып. Қимыл және тіл. Тіл мен қимылды және вокал мен қимылды үйлестіру. Тіл мен қимылды нақты және ретімен ұйымдастыру. Тыныспен жұмыс. Тыныс пен қимылды біріктіруге арналған жыттығулар.

      5-тақырып. Жаңылтпаштар. Тіл мен тынысты біріктіру. Ұзақ уақыт бойы үздіксіз ауызбен дем алуды дамыту бойынша жұмыс. Ерін бұлшық еттері белсендіру. Дұрыс сөйлеуді қимылмен біріктіруге арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Тілді, қимылды және музыканы біріктіру. Дамытуға бағытталған музыкалық-ритмикалық ойындар. Ритмикалық қабілеттер мен пластиканы дамытуға арналған музыкамен орындалатын жаттығулар. Тілді, қимылды және музыканы біріктіру бойынша жұмыс. Музыкалылықтық және ырғақтылықты жаттықтыру.

      7-тақырып. Әндер мен өлеңдерді пайдаланып, ритм және музыкалылық сезімін дамытуға арналған жаттығулар. Елестетуді, қиялды және бастамашылдықты дамыту.

      8-тақырып. Пластикалық тренинг. Қозғалыстағы жылдамдықты, қарқынды және кереғарлықты жаттықтыру: денені жылыту, олардың қабылдау қасиеттерін белсендіру.

      9-тақырып. Уақыт, кеңістік, қарқын-ритм. Әртүрлі жылдамдықтардағы қарқын-ритм түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі – қимылды уақытқа бөлу. Ритмикалық суреттердегі ритм-қозғалыс түсінігі. Қарқынды-ритмикалық жаттығулар.

      10-тақырып. Сахна қозғалысының негізгі дағдылары. Қимылдарды сахна кеңістігіне бөлуге арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Кедергілерден өтудің әртүрлі тәсілдеріне арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Серіктесті көтерудің әртүрлі тәсілдеріне арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Реакцияға және итеру, соғу және басқа да белгілерден кейінгі қимылды дамытуға арналған жаттығулар.

      14-тақырып. Трюктік пластика.

      15-тақырып. Заттармен өзара айналысу. Затпен орындалатын суырып салу ойыны. Заттармен шебер айналысу дағдысын беретін жаттығулар.

      16-тақырып. Сахна әрекетінде заттарды ойнату кезіндегі актердің қиялы мен тапқырлығын дамытатын жаттығулар.

      17-тақырып. Заңдардың, қағидаттардың "классикалық" техникаларын меңгеру: жонглерлеу, басқару және тепе-теңдік элементтері. Заттармен жұмыс: бір түрлі және әртүрлі заттармен жонглерлеу. Плащпен, қалпақпен, цилиндрмен, желпуішпен, таяқшамен (стильдік ұстау әдетін үйрену кезінде); сырықпен (шест), таяқпен, семсермен жұмыс.

      18-тақырып. Доппен жаттығу. Гимнастикалық таяқпен, таяқшамен орындалатын жаттығулар. Секіргішпен, арқанмен орындалатын жаттығулар. Орындықпен, үстелмен орындалатын жаттығулар. Гимнастикалық шығыршықпен орындалатын жаттығулар. Плащпен орындалатын жаттығулар.

      19-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Сенсорлық және бұлшық етті үйлестіруге негізделетін, серіктестің қимылы мен әрекеттеріне немесе серіктеспен қимылдың сипаты мен стилін үйлестіруге сәйкес қимылдың уақыт пен кеңістіктікте үйлесуін талап ететін жаттығулар.

      20-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Гимнастикалық жаттығулар.

      21-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Акробатикалық жаттығулар.

      22-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Қарсы тұруға және күресуге арналған жаттығулар.

      23-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Заттармен орындалатын жаттығулар.

      24-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Түйіспей өзара әрекеттесу және кеңістікке бөлуге арналған жаттығулар. Композиция, суырып салу.

      25-тақырып. Этюдтермен жұмыс. Берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд.

      26-тақырып. Эксцентрикалық этюд. Драматургия негізіндегі этюд.

      77. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкадағы динамикалық өзгерістерді ажырата алады;

      2) музыкалық-қимылды бейнелерді жасай алады;

      3) музыкалық қозғалу тәсілдерін дұрыс қолдана алады;

      4) берілген бейнені пластика құралдары арқылы көрсете алады;

      5) мимикалық жаттығуларды, саусақ гимнастикасын, пантомима техникасын, трюктік пластиканы біледі;

      6) акробатикалық элементтерді орындау кезінде серіктесін қауіпсіздендіруді дұрыс орындайды;

      7) сахналық әрекетті ойнау кезінде заттармен шебер айналысу дағдысын беретін, актердің қиялы мен тапқырлығын дамытатын жаттығуларды біледі;

      8) жонглерлеу, басқару және тепе-теңдікті сақтану элементтерін біледі;

      9) заттармен орындалатын жаттығуларды біледі;

      10) ұсынылған тақырыпқа, музыка, жағдайға эксцентрикалық этюдтерді жасауды біледі.

      78. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тырысу мен бөгелуді босатуға арналған жаттығуларды, инерцияларды басқаруға арналған жаттығуларды, этюд, тренинг, білім алушының белгілі пластикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытатын пластикалық және би номерлері түрінде сабақтарды ұйымдастыруды меңгеру әрі қарай жалғастырылады;

      2) сахна қозғалысына деген қызығушылықты әрі қарай қалыптастыру, бұлшық ет-қимыл аппаратының қозғалғыштығын, қимылды үйлестіруді, қимыл дағдыларын, дене мәнері арқылы шығармашылық қиялын әрі қарай дамыту, қимылдарды орындауды өзі басқару білігін қалыптастыру;

      3) өз идеяларын пластикалық бейнелерде және пластикалық суырып салуларда, байланыс дағдыларында іске асыру білігін қалыптастыру;

      4) сахнада сахналық қимылдардың элементтерін қолданып, спектакльді қою бойынша жұмыс, шығармашылықтың негізгі тәсілдері туралы алған білімдерін көрсету, пластикалық формаларды, шығарманың би сипаттарын ұжымдық іздеу, рөлдің сипатымен жеке өз бетінше жұмыс.

      79. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қауіпсіздік техникасы. Бұлшық еттерді босату бойынша жұмыс. Тырысуды және бөгелуді босату бойынша жұмыс. Бұлшық еттерді тырысудан босату бойынша жұмыс, оларды тонусқа келтіру. Психофизикалық кедергілер мен тырысуларды босатуға арналған ойындар. Инерция сезіміне арналған жаттығулар. Инерцияларды басқаруға арналған жаттығулар.

      Дамыту тренингі. Физикалық аппаратты жаттықтыру. Қауіпсіздік техникасы. Иілгіштікті, бұлшық еттердің күшін, созылуды дамытуға арналған жаттығулар. Дененің жылдамдық қасиеттерін жетілдіру: жылдамдық диапазонын кеңейту, реактивті мүмкіндіктерді арттыру. Тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығулар.

      Психофизикалық тренинг, басқа адамның іс-әрекетін түсіну.

      2-тақырып. Физикалық тәрбиенің мәдени негіздері. Биомеханика қозғалысының негізі. Театр беомеханикасының қағидаттары.

      3-тақырып. Саханада өзін ұстауы. Актердің сахна қозғалысы мен хореография арасындағы айырмашылық.

      4-тақырып. Көркемдік бейне. Спектакльдің көркемдік бейнесін құрудағы өнер синтезі. Көркем бейнемен жұмыс істеу кезеңдері.

      5-тақырып. Вокалдық шығармалардың фрагменттерін пластикамен және сахна қозғалыстарымен үйлестіріп пысықтау. Әнге сахна қозғалыстарын өз бетінше іріктеу.

      6-тақырып. Ритмопластика. Қимыл қабілеттерін дамыту. Үйлестіруге және теп-теңдікке арналған жаттығулар. Ритмикалық пластика. Физикалық тренинг. Физикалық мінез-құлықтың адамның ішкі күйіне әсері. "Уақыт сезімі" бақылау білігі.

      7-тақырып. Этюдтермен жұмыс. Суырып салу жанры. Пластикалық жаттығуларды орындау. Суырып салу жанрындағы этюдтермен жұмыс. Идеяны шығару және ойдан шығарылған идеяны іске асыру. Түрлену шеберлігін дамыту. Пластиканың мәнерлігі.

      8-тақырып. Елестету кеңістігі және заттар. Қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Берілген кеңістіктікте белгілі жылдамдықпен қозғалу. Берілген тақырыпқа құрылған этюд.

      9-тақырып. Байқампаздықты жаттықтыру. Зейінді, есте сақтау жадын, ойлауды, жігерді және байқампаздықты дамытуға арналған ойын-тапсырмалар. Ассоциативтілікті және елестетуді дамытуға арналған ойыншықтармен орындалатын ойын-тапсырмалар. Елестетілген кеңістіктер және заттар.

      10-тақырып. Қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Белгілі жылдамдықпен берілген кеңістіктікте қозғалу. Берілген тақырыпқа арналған этюд.

      11-тақырып. Рөлдік ойын (түсінік). Рөлдік ойындардың түрлері. Мимика және ым. Дене тұрғысы және ым. Сахна қозғалысын алмастыру. Сахна қозғалысының элементтерінен тұратын музыкалық ертегі.

      12-тақырып. Дамытуға бағытталған музыкалық-ритмикалық ойындар. Ритмикалық қабілеттер мен пластиканы дамытуға арналған музыканы қолданып орындалатын ойын-жаттығулар. Тілді, қимылды және музыка бойынша жұмыс. Әуезділікті және ырғақтылықты жаттықтыру. Әндер мен өлеңдерді қолдана отырып, ритм мен музыкалық сезімін дамытуға арналған жаттығулар. Елестетуді, қиялды және бастамашылдықты дамыту.

      13-тақырып. Сахна қозғалыстарын алмастыру. Практика. Шапшаңдыққа, жеңілдікке арналған ойындар мен жаттығулар. Елестетуді, қиял еркіндігін дамытуға арналған жаттығулар.

      14-тақырып. Дайындық тренингі. Жаттықтыру циклі. Зейінді шоғырландыру. Ритмикалық күйге келу.

      15-тақырып. Тіл мен қимылды нақты және ретімен ұйымдастыру. Қалыпты үздіксіз қимыл жасауға үйрету, пластикалықты және әуезділікті дамыту. Қозғалыстағы жалдамдықты, қарқынды және кереғарлықты жаттықтыру: бұлшық еттерді дайындау, оларды қабылдауын белсендіру. Әртүрлі қарқынды-ритмикалық жаттығулар.

      16-тақырып. Ритмопластика. Қозғалыс қабілеттерін, икемділікті және пластикалықты дамыту. Денені жылытуға арналған, негізгі, суырып салу жаттығулары.

      Білім алушының психофизикалық аппаратын, бұлшық ет созылуларын, дене қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Шығармашылық тапсырмалар.

      17-тақырып. Ритмикалық гимнастика. Дене мүсінін және жүрісін бекітуге, жетілдіруге және сақтауға арналған пластикалық жаттығулар жүйесі. Өкшемен қатты ұру, тырпылдап жүру, аяқтарды өте қатты ашу – оларды түзету бойынша өз бетінше жұмысқа арналған тәсілдерді пысықтау.

      18-тақырып. Қозғалыс импульсі. Импульс және босату. Импульс және қимылды босату. Импульс және қимылды кенеттен тоқтату.

      19-тақырып. Биді суырып салу. Қозғалыстағы ритмикалылық және музыкалылық. Музыкалық материалды тыңдау. Би қимылдарын жаттау. Би және пластикалық композицияларын құру. Пластикалық этюдте бейнені құру. Орындаушының ішкі эмоциялық күйімен жұмыс. Сахналық бейнені дамыту.

      20-тақырып. Құрамында сахна қозғалыстарының элементтері бар спектакльді сахнада қою бойынша жұмыс. Пьесамен танысу, пьесаны оқу, рөлдерді талдау. Тренигтер: шығармашылық этюдтер, рөлдерді орындаушылармен жеке жұмыс, ұжымдық мизанценалармен жұмыс. Қарапайым сахналық қимылдарды құру заңдылықтары. Мизанценаларды құру, рөлдерді орындаушылармен жеке жұмыс. Мизанценаларды пысықтау, пластикалық және ырғақтық мәнерлікпен жұмыс. Спектакльдің тұтас көркем бейнесінін мәнерлеу бойынша жұмыс. Сахналық жағдайға жақындатылған жағдайдағы дайындық. Сахнада фонограммамен, сәндеу элементтерімен және реквизиттермен дайындалу. Сахнадағы жиынтық дайындық – сахналық жұмыстың барлық түрін біріктіру. Жеке жұмыс. Басты дайындық (спектакльді бір қойып өту, композицияларды қарау және балалармен жұмыстың нәтижелерін талдау). Жеке жұмыс. Сахналық көріністерді көрсету. Жұмысты талдау.

      80. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қысылу мен именуді, психофизикалық кедергілер мен қысылуларды босатуға, иілгіштікті, бұлшық еттердің күшін, созылғыштықты дамытуға, тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған әртүрлі жаттығуларды біледі және орындайды;

      2) қозғалыс биомеханикасының негіздерін және театр биомеханикасының қағидаттарын біледі;

      3) акердің сахналық қозғалысы мен хореография арасындағы айырмашылықты біледі;

      4) көркемдік бейнемен жұмыс істеу кезеңдерін біледі;

      5) әнге өз бетінше сахналық қозғалыстарды таңдауды біледі;

      6) "уақыт сезімін" бақылауды біледі;

      7) пластикалық жаттығуларды біледі және орындайды;

      8) ұсынылған тақырыпқа этюдтерді шығаруды біледі;

      9) рөлдік ойындардың түрлерін біледі;

      10) ритм және әуезділік сезімін дамытуға, елестетуді дамытуға, қиялдың еркіндігіне арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      11) денені дайындайтын, негізгі, сурып салу қарқын-ритмикалық жаттығуларды, білім алушының психофизикалық аппаратын дамытуға, бұлшық еттерді созуға, дененің қозғалғыштығына арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      12) би және пластикалық композицияларды құра алады;

      13) пластикалық этюдте бейнені жасай алады;

      14) қарапайым сахналық әрекетті құру заңдылықтарын біледі;

      15) сахна әрекеттерінің мәнерлеу құралдарын біледі;

      16) психофизикалық тренингтің негіздерін біледі, сахнадағы серіктесінің әрекеттерін түсінеді;

      17) сахнада түрлену тәсілдерін біледі;

      18) дененің тілі арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізе алады.

      81. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сахнадағы күрес пен төбелес дағдыларын меңгеру, екі немесе бірнеше кейіпкерлер арасындағы дағдыларды пысықтау, көрермендердің алдында қоян-қолтық шайқас иллюзиясын құруға арналған қорғаныс тәсілі техникасын және қарусыз бас салу дағдыларын меңгеру, көрермендер үшін шынайылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін соққылардың биомеханикасын меңгеру;

      2) қозғалыстағы ритм сезімін дамыту, берілген қарқын-ритмді сақтау және өзгерту, орындау кезінде қимылдарды еркін және сенімді біріктіру қабілеттерін дамыту;

      3) қоғамның әртүрлі топтарының өзін ұстауының стильдік ерекшеліктері туралы түсініктер.

      82. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Психофизикалық аппаратты жүктеме түсіруге дайындау: қолдың, аяқтардың, мойынның, арқаның бұлшық еттерін сылау; иық белдеуін, мойын, кеуде, бел, бел омыртқаның жамбас бөліктерін айналдыру қимылдары.

      Композиция негіздері: құру-қайту құру (сапқа, колоннаға тұру, әртүрлі геометриялық фигуралар).

      Қимыл мен тынысты біріктіруге арналған жаттығулар: бір орында тұрып орындалатын қарапайым жаттығулар – еңкею, бұрылу, қолдарды, аяқтарды көтеру, отырып тұруларды тыныспен үйлестіру.

      Жалпы дамытушылық және түзету жаттығулар кешені: ойындардағы қозғалғыштықты дамытуға арналған жаттығулар; арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар; созылуды дамытуға арналған жаттығулар (бұлшық еттер мен сіңірлер); жеке тәртіптегі тепе-теңдікті сақтауға арналған үйлестіру жаттығулары: тірек нүктесінің 1, 2, 3 сүйемелденіп көптеген позицияларды құру (бір аяқта; екі аяқта, бір аяқта және бір қолда).

      Дұрыс дене мүсінін және жүрісті қалыптастыруға арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Қарусыз сахналық күрес. Сахналық күрес пен төбелес дағдыларын меңгеру. Физикалық қарсы әрекеттегі өткір, жанжалды жағдай дағдысы бойынша алған қабілеттерін тексеру.

      Екі немесе бірнеше кейіпкерлердің арасындағы күрес дағдысын пысықтау. Көрермендердің бойында қоян-қолтық күрес әсерін жасау үшін қорғану тәсілдері және қарусыз шабуыл жасау техникасын меңгеру. Көрермендік шынайылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сахна соққыларының биомеханикасын меңгеру.

      Жаттығулар. Соққыны жасау және қабылдау техникасы. Соққыдан қорғану және дыбыстау техникасы. Сахналық төбелесті құру және орындау қағидаттары. Заттарды қолданып төбелесу. Сахналық төбелестегі жанр және стиль.

      Семсерлесу немесе суық қаруды меңгеру өнері. Этикет және тұрмыстық сипаттағы қимылдарды үйрену. Сахналық семсерлесу бойынша теориялық білім мен практикалық білік кешені.

      3-тақырып. Тренинг. Уақыт, кеңістік және қарқын-ритм. Жаттығулар. Әртүрлі жылдамдықтардағы қарқын-қозғалыс түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі және қимылды уақытқа бөлу. Ритмикалық суреттердегі ритм және қимылдарды бөлу. Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      4-тақырып. Қозғалыс пен тіл. Әрекеттегі белсенді міндетті орындау кезінде қозғалыс пен тілді еркін және сенімді қосу қабілетін дамыту.

      Жаттығулар. Белсенді позициядағы тыныс пен дыбысталу. Белсенді қозғалыстағы және бір қалыптағы жағдайда дыбысталу мен тынысты қамтамасыз ету үшін бұлшық ет тырысуларын қайта бөлу. Үздіксіз қимылдарды біріктіру. Дыбыстық белгі – әрекеттің жалғасы. Қимыл мен сөзді алмастыру және біріктіру. Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      5-тақырып. Он алтыншы – жиырмасыншы ғасырлардың басындағы совет қоғамында қабылданған стильдік жүріс-тұрыстың және этикет ережелерінің ерекшеліктері. Он алтыншы-он жетінші ғасырлардағы орыс боярларының жүріс-тұрыстарының ерекшеліктері. Әртүрлі қоғам топтарының стильдік мінез-құлық ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, киімдердің, аксессуарлардың, дене мүсінінің және жүрісінің ерекшеліктері; қару; амандасудағы, әңгімелесудегі, бидегі этикет және жақсы мәнер; серт және ант беру рәсімі; ақ сүйек ер адамның, ақ сүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы). Этюдтер. Өткен материалдарды бекіту.

      6-тақырып. Он алтыншы – он жетінші ғасырлардағы батыс еуропа қоғамының жүріс-тұрыс ерекшеліктері. Әртүрлі қоғам топтарының стильдік мінез-құлық ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, киімдердің, аксессуарлардың, дене мүсінінің және жүрісінің ерекшеліктері; қару; амандасудағы, әңгімелесудегі, бидегі этикет және жақсы мәнер; серт және ант беру рәсімі; ақ сүйек ер адамның, ақ сүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы). Этюдтер. Өткен материалдарды бекіту.

      7-тақырып. Он сегізінші ғасырдағы еуропа қоғамының жүріс-тұрыс ерекшеліктері. Әртүрлі қоғам топтарының стильдік мінез-құлық ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, киімдердің, аксессуарлардың, дене мүсінінің және жүрісінің ерекшеліктері; қару; амандасудағы, әңгімелесудегі, бидегі этикет және жақсы мәнер; серт және ант беру рәсімі; ақ сүйек ер адамның, ақ сүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы). Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      8-тақырып. Он тоғызыншы – жиырмасыншы ғасырлардағы орыс және еуропа қоғамының жүріс-тұрысының ерекшеліктері. Әртүрлі қоғам топтарының стильдік мінез-құлық ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, киімдердің, аксессуарлардың, дене мүсінінің және жүрісінің ерекшеліктері; қару; амандасудағы, әңгімелесудегі, бидегі этикет және жақсы мәнер; серт және ант беру рәсімі; ақ сүйек ер адамның, ақ сүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы). Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      9-тақырып. Он бесінші – он сегізінші ғасырлардағы қазақ қоғамында қалыптасқан стильдік жүріс-тұрысының және этикет ережелерінің ерекшеліктері. Қазақ хандығындағы жүріс-тұрыстың ерекшеліктері. Әртүрлі қоғам топтарының стильдік жүріс-тұрысының ерекшеліктері туралы түсінік. Жалпы мәліметтер, киімдердің, аксессуарлардың, дене мүсінінің және жүрісінің ерекшеліктері; қару; амандасудағы, әңгімелесудегі; батырлардың, хандардың серт және ант беру ресімі; батырдың, ханның, "ақ сүйек" тобының өкілінің (әйел адам, ер адам), қарапайым халықтың пластикасы. Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      10-тақырып. Он тоғызыншы ғасыр – жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан стильдік жүріс-тұрысының және этикет ережелерінің ерекшеліктері. Әртүрлі қоғам топтарының стильдік жүріс-тұрысының ерекшеліктері туралы түсінік. Жалпы мәліметтер, киімдердің, аксессуарлардың, дене мүсінінің және жүрісінің ерекшеліктері; қару; амандасудағы, әңгімелесудегі этикет және жақсы мәнер; серт және ант беру рәсімі; ақ сүйек ер адамның, ақ сүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы. Этюдтер. Өткен материалдарды бекіту.

      83. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) соққыны жасау және қабылдау техникасын, қорғану техникасын және соққыны дыбыстауды, сахналық төбелесті құру және орындау қағидаттарын біледі;

      2) әртүрлі жылдамдықтардағы қарқынды қозғалыс, ритмикалық суреттердегі ритм мен қозғалыс түсініктерін біледі;

      3) белсенді қимылдау кезінде және бір қалыпта тұрған кезде дыбысталуды және тынысты қамтамасыз ету үшін бұлшық етке түсетін жүктемені бөле алады;

      4) әртүрлі қоғам топтарының өкілдерінің стильдік өзін ұстау ерекшеліктерін біледі.

      84. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) сахна қозғалысы бойынша сабақтардағы қауіпсіздік техникасы ережелерін;

      1) "тартылу", "бекіту", "бас тарту", "сүйеу", "тепе-теңдік", "отыру", "сүйемелдеу" теориялық түсініктерін;

      2) бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар кешенін, бұлшық еттерді созудың қауіпсіз тәсілдерін, өз денесінің жеке ерекшеліктерін және оларды сахналық жаттығуларды орындау кезінде ескереді;

      3) заттарды шебер қолдану, қиялды дамытатын және сахна қозғалысында заттармен ойнау кезіндегі актерлік тапқырлық дағдыларын дамытатын жаттығулар;

      4) жонглерлеу элементтерін, басқаруды және тепе-теңдікті сақтауды;

      5) заттармен орындалатын жаттығуларды;

      6) қозғалысы беомеханика негіздерін және театр беомеханика қағидаттарын;

      7) актердің сахналық қозғалысы мен хореография арасындағы айырмашылықты;

      8) рөлдік ойындардың түрлерін;

      9) сахна қозғалысының техникалық тәсілдерін, оның ішінде көркемдік бейненің құру үшін әртүрлі театр аксессуарларын қолдануды;

      10) кәсіби терминдерді біледі.

      Түлек:

      1) денені физикалық жаттығуды орындауға өз бетінше дайындауды, бұлшық еттерге жүктемені дұрыс бөлуді, қарапайым акробатикалық жаттығуларды орындауды;

      2) әртүрлі жануарлардың әдеттерімен қозғалыстарының ерекшеліктерін жасауды;

      3) күрделі элементтерді, аяқты, қолды, арқаны созудың түрлерін орындау үшін дайындық жаттығуларды кешенін орындауды;

      4) көркемдік бейнені жасауды;

      5) қозғалыс арқылы автордың түпкі ойын жеткізуді;

      6) жеңіл және күрделі сүйемелдерді орындауды, жеке, жұптық, топтық тепе-теңдіктерді орындауды;

      7) ұсынылған тақырыпқа, музыкаға, жағдайға эксцентрикалық этюдтерді орындауды;

      8) ұсынылған тақырыпқа этюдтерді шығаруды;

      9) би және пластикалық композицияны құруды;

      10) дене тілі арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізуді;

      11) көркемдік бейнені құру кезінде пластикалық техника элементтерін қолдануды;

      12) көркемдік бейнені құру үшін сахна қозғалысының техникалық тәсілдерін қолдануды;

      13) қозғалысыты уақыт және кеңістікке бөлуді біледі.

      Түлекте:

      1) жалпы қимыл дағдыларын машықтандыру: қимылдың нақтылығы және дәлдігі, бұлшық ет күшін дұрыс бөлу, ырғақтылық, музыкалылық;

      2) тілді, қозғалысты және музыканы біріктіру;

      3) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      4) қазақ, орыс, шетел авторларының шығармаларынан үзінді орындау;

      5) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке өнер көрстеу;

      6) пластикалық мәнерлеу құралдарын, физикалық жаттығулар кешенін орындау дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      85. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      86. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (дайындық, дамыту, пластикалық тренингтер кешені), екінші жартыжылдықта: сынақ (пластикалық этюд);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (тіл және қозғалыс гимнастикасы бойынша тапсырмалар кешені: мимикалық жаттығулар, саусақ ойындары, пантомима), екінші жартыжылдықта: сынақ (эксцентрикалық этюд);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (ұсынылған тақырыпқа этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (оқу қойылымы);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (ұсынылған тақырыпқа, музыкаға, жағдайға этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жұмыс көрсетілімі).

      87. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – сахналық міндеттерді өте жақсы орындауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмірді бастан кешуі, жаттығуларды сапалы меңгеруі және сахна дағдыларын игеруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – рөлдің тура әрекетін дұрыс анықтауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмір сүруі; кемшіліктері мен олқылықтарының болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – сахна алаңында жұмыс істеу кезіндегі кемшіліктері мен олқылықтары, сахна кеңістігін өз бетінше бөлу негіздерін жетік білмеуі, көптеген кемшіліктермен орындауы, физикалық дайындығының әлсіздігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – материалды түсінбеуі және психофизикалық дайындығының болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
59-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Театр тарихы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Театр тарихы" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Театр тарихы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) авангардизм – әлемде, ең алдымен еуропалық өнерде он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырларда пайда болған ағымдардың жалпы аталуы;

      2) актер – автордың мәтіні, режиссердің сахналық нұсқаулары мен көрермендердің қабылдауы арасындағы жанды байланыс;

      3) амфитеатр – әртүрлі бейнелік, көпшілік ойын-сауыққа арналған шатыры жоқ дөңгелек антикалық құрылыс;

      4) андеграунд – жалпы қоғамдық дәстүрлері сақталмайтын әдебиеттегі, музыкадағы, бейнелеу өнеріндегі қарсы бағыт;

      5) басты кейіпкер – спектакльдегі басты тұлға;

      6) бутафор – бутафориямен жұмыс жасайтын театр қызметкері;

      7) бутафория – театр қойылымындағы кәдімгі заттардың орнына арнайы жасалып қолданылатын бұйымдар;

      8) водевиль – ән шумақтары және бимен араласатын комедиялық пьеса, сонымен қатар драмалық өнердің жанры;

      9) гастрольдер – актерлердің басқа театрларға шығып өнер көрсетуі;

      10) гротеск – қияли, әзіл-сықақ стильде орындалатын өнер туындысы;

      11) гистриондар – ортағасырлық алғашқы актерлер;

      12) драма – сахнада орындауға арналған түйінді желісі бар (комедияға қарағанда) диалог формасындағы әдеби шығарма;

      13) драма театры – опера, балет, қуыршақ пантомимасымен қатар театрдың негізгі түрлерінің бірі;

      14) драматург – драмалық шығармалар жазатын жазушы;

      15) жанр – суретшінің бейнелеу нысанына деген эмоциялық көзқарасымен анықталатын шығарма ерекшеліктерінің жиынтығы;

      16) интермедия – драмалық немесе опера спектаклі актілерінің арасында орындалатын шағын пьеса;

      17) кезбе актерлер (скоморохи) – шығыс славян дәстүрлерінің салтанатты театрландырылған әдет-ғұрыптарға және ойындарға қатысушылар, музыканттар, жеңілтек мазмұндағы әндерді және билерді орындаушылар;

      18) кейіпкер – шығармада нысанның әрекеті, күйзелісі, пікірі бейнеленген көркем бейненің түрі;

      19) классика – жалпыға танымал, өнер мен мәдениеттің озық туындысы;

      20) комедия – әзіл-сықақ сипаттағы көркем шығарма жанры, сонымен қатар сол уақыттағы жанжал немесе күрестің шешімі көрсетілетін драма түрі;

      21) комедия дель арте – суырып салу әдістерімен жасалған спектакльдері бар италия халық (алаңдағы) театрының түрі;

      22) комик – комедиялық рөлдерді сомдайтын актердің амплуасы;

      23) қуыршақ театры – қуыршақ ойнатушы актерлердің басқаруымен қуыршақтар ойнайтын театр көрінісінің түрі;

      24) қойылым – спектальді дайындау барысындағы шығармашылық процесс;

      25) лицедей – Ежелгі Русьтегі актерінің аталуы;

      26) моралите – ортағасырлық театр жанрының бір түрі;

      27) миракль – ортағасырлық діни драманың жанры, мистерияның бір түрі;

      28) мюзикл – комедиялық сипаты басым болатын оперетта, балет, опера және эстрада элементтерін қолдануға негізделіп құрылған музыкалық-сахналық шығарма;

      29) мистерия – ескі немесе жаңа інжілден алынған желісі бар ортағасырлық діни драма;

      30) натурализм – Еуропада он тоғызыншы ғасырдың соңғы үшінші ширегінде қалыптасқан әдебиет пен өнердегі бағыт;

      31) опера – мазмұны сахналық музыкалық-поэтикалық бейнелерде іске асырылатын және аспаптық (оркестрлік) және вокалдық (жеке, хор) музыка көмегімен жеткізілетін музыкалық-драмалық шығарма;

      32) оперетта – сөз, сахналық әрекет, музыка және хореография синтезіне негізделген, музыкалық-театрлық жанр, сахналық шығарма;

      33) орхестра – ежелгі театрадағы актерлердің өнер көрсетуіне арналған дөңгелек алаң;

      34) өнер – әлемді рухани-практикалық меңгерудің ерекше түрі, жасампаздық, танудың біртұтастығы, адамзаттың өзара араласуын бағалау, қызметтің кез-келген түріндегі біліктің, шеберліктің жоғары деңгейі;

      35) пастораль – табиғат аясындағы бақташыныңжәне бақташы әйелдің өмірін идиллиялық сипаттайтын драмалық немесе музыкалық шығарма;

      36) пародия – белгілі бір туындынының ерекше сипатын арнайы өзгертілген форма есебінен оқырмандардың бойынша күлдіргі әсерін туғызу мақсатындағы өнер туындысы;

      37) петрушка – орыс халқының қуыршақ көріністеріндегі басты кейіпкер;

      38) пьеса – сахнада орындауға арналған драматургия шығармасының түрнің атауы;

      39) реализм – өнер мен әдебиеттегі стиль және әдіс;

      40) режиссер – спектакльдің, фильмнің, қандай да бір шығармашылық жобаның көркемдік жетекшісі, қоюшы;

      41) репертуар – театрдың бір кезеңінде немесе қандай да бір уақыт аралығында орындалатын пьесалардың жиынтығы; қандай да бір стильдегі немесе қандайда бір ғасырдың пьесаларын іріктеп алу; бір актердің ойнап шығуға мүмкіндігі бар рөлдердің жиынтығы, оның актерлік шеберлігінің диапазоны, оның өзіне сәйкес рөлі;

      42) романтизм – он сегізінші ғасырдың соңы және он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеттің идеялық немесе көркемдік бағыты;

      43) репетиция – режиссердің басшылығымен актерлердің орындайтын мәтінді жаттау және сахнада ойнау жұмысы;

      44) сарказм – позитивті пайымдауды білдіретін мысқыл, алайда жағымсыз бояуларға толы болады және адамның, заттың немесе құбылыстың кемшілігін көрсетеді;

      45) сатира – сарказм, ирония, гипербола, гротеск, пародия сияқты әртүрлі күлдіргі әдістердің көмегі арқылы көріністерді поэтикалық әшкерелеуді білдіретін өнердегі күлдіргінің кенеттен пайда болуы;

      46) скене – ежелгі грек театрындағы актерлердің киім ауыстыруына және сахнаға шығуына арналған ағаштан жасалған уақытша ғимарат;

      47) спектакль – режиисердің түпкі ойы және актерлердің, суретшілердің бірігіп күш салуына сәйкес драмалық немесе музыкалық-сахналық шығарманың негізінде құрылатын театрлық қойылым;

      48) суырып салу (импровизация) – орындау процесінде құрылатын өнер туындысы, немесе оны құру процесі;

      49) сценография – спектакльді безендірумен айналысатын және сахналық уақыт пен кеңістіктегі оның бейнелеу-пластикалық бейнесін құрайтын көркем шығармашылықтың түрі;

      50) сюжет – әдебиеттегі немесе сахналық шығармадағы оқиғаны баяндаудағы бірізділік және байланыс;

      51) театр – актерлердің көрермендер алдында ойнау процесінде туындайтын, өмірлік көріністерді драмалық іс-әрекеттер арқылы көркемдік суреттеу ерекшелігі болып табылатын өнердің түрі;

      52) театрон –шағын драма театры;

      53) труппа – актер, әнші, музыканттардың тұрақты шығармашылық тобы;

      54) фарс – жеңіл, сыртқы көрінісі күлдіргі әсеріне толы ойындық мазмұны бар театр пьеасасы;

      55) "эпический театр"– әлемдік драма театрының дамуына айтарлықтай ықпал еткен драматург және режиссер Бертольт Брехттің театрлық теориясы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: театр өнері тарихы саласында алған білім, білік, дағдылары негізінде білім алушының тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамыту және рухани және мәдени құндылықтарды игеруіне жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) өнердің түрі ретінде театрмен танысу;

      2) театрдың негізгі даму кезеңдері, театрдың даму тарихы және заманауи формаларымен таныстыру;

      3) әлемдік көркем мәдениетінің жалпы тарихи қозғалысының мәнмәтініндегі театр өнерінің дамуы туралы түсінікті қалыптастыру;

      4) негізгі театр терминдерін білуі;

      5) театр жанрларының пайда болу тарихымен, шетел драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлерінің шығармашылық өмірбаянымен таныстыру;

      6) шетелдік және орыс драма өнерінің тарихымен, театр өнерінің ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктері туралы білімдерді игеру;

      7) театр өнері шеңберінде негізгі теориялық білімдерін қалыптастыру;

      8) дәуірдің театр стилін анықтауға, сахналық өнердің ерекшеліктерін (актерлік шеберлік, сценография, тарихи дәуірлерді музыкалық әрлеу) қазіргі заманмен салыстыру білігін үйрету;

      9) классикалық және заманауи, орыс және шетел драматургиясы туралы түсінікті қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) шығармашылық қабілеттерін дамыту, пьеса және спектакльді талдау негіздерін, көркем шығармалардағы әртүрлі режиссерлік түсініктерді талдау негіздерін игеру,

      2) бейнелі және ассоциативті ойлауды, қиялдауды, көру-бейнелі жадын, талғамын, көркемдік қажеттілік дамыту;

      2) қоғам тарихындағы театрдың рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;

      4) білім алушының ішкі әлемін, ой-өрісін және жалпы білгірлігін арттыру;

      5) білім алушының жеке этикалық және эстетикалық сапаларын дамыту;

      6) оқу аясын кеңейту, өнер туралы әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру;

      7) көркемдік-танымдық қызығушылығын тереңдету және жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      8) адам мен қоғамға әсер етуші әлемді игерудегі әлеуметтік-мәдени форма ретінде өнерге деген эмоциялық-құндылықтық көзқарас тәжірибесін дамыту;

      9) реферат, баяндама, презентациямен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) театр қызметі арқылы көркемдік және эстетикалық талғамын қалыптастыру;

      2) театр өнеріне, көркем мәдениеттің көптеген түрлеріне қызығушылығын тәрбиелеу;

      3) әртүрлі халықтар мен уақыттың мәдениетіне, әртүрлі эстетикалық бағыттарға деген сыйластықты дағдыландыру;

      4) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын, жеке және ұжымдық жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу;

      5) кәсіби бағдарлау және білім алушының өзін-өзі анықтауы.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Бағдарлама өнер мектептерінің театр бөлімдеріне және қуыршақ бөлімдерінің білім алушыларына арналған.

      Балалар өнер мектептері театр бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      12. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      13. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен, театр шығармашылығымен байланыста іске асырылады.

      14. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, әртүрлі тарихи кезеңдерде құрылған әртүрлі стильдердегі және жанрлардағы театр қойылымдарын қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған.

      15. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      16. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) шетелдік театр өнерінің даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      17. Бағдарлама білім алушыға әрі қарай теаор өнерін өз бетінше меңгеруге көмектесесін театр өнері тарихы саласындағы негізгі білімдерді меңгеруге жағдай жасайды.

      18. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог театр тарихы бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      19. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағдарланған:

      1) шетел театр өнері дамуының тарихи ерекшелігі туралы білімді меңгеру;

      2) театрлық білім саласындағы терминдерді меңгеру;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;

      4) реферат, баяндама жазу дағдыларын меңгеру;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алу.

      20. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      21. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      22. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселенізерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен театр режиссерлерінің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      23. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, театр теориясы және тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактика ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – зерттелетін сабақ тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлінде саналылық және белсенділік қағидаты оқу процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      24. "Театр тарихы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      25. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін спектакльдерге бару;

      3) практикалық – шығармашылық тапсырмалар, мұқият пысықтау үшін тұтас тапсырмаларды ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау-салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      26. Әдістерді таңдау білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты.

      27. Бағдарлама заманауи өнер мектебіне интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін енгізуді қарастырады.

      28. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      29. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта жүргізіледі.

      30. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) үй тапсырмаларын орындау;

      2) рефераттар, баяндамалар, презентациялар дайындау;

      3) сыныптан тыс іс-шараларға дайындалу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      31. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады.

      32. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, бұл сыныпта өтілген материалды қайталау, театр қойылымымен танысу, бейнематериалды қарау, спектакльді талдауға арналған шығармашылық тапсырмалар.

      33. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      34. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) видео презентациямен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      35. "Театр тарихы" пәнінің "Сахналық қимылдардың негіздері", "Актерлік шеберлік негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      36. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) өнер жүйесіндегі театр өнерінің ерекшелігімен және орнымен, арнайы мәнерлеу құралы ретінде атмосфера және мизансцена түсінігімен, шетел театрының тарихымен, ежелгі грек театрындағы театр көріністерін, архитектурасын ұйымдастырумен танысады;

      2) ежелгі грек театры, ежелгі грек трагедиясының өкілдері, ежелгі грек драматургиясындағы комедия жанрының дамуы, театр өнерінің жанрлары туралы білімін қалыптастырады;

      3) Қайта өрлеу дәуірінің, он жетінші ғасырдың театрымен, италиялық театр мәдениетінің бағыттарымен, опера, дель арте комедиясының пайда болуымен, "алтын ғасыр" драматургтерінің шығармашылықтарымен, ағылшын кәсіби театрының қалыптасуымен, классицизмнің негізгі заңдарымен танысады;

      4) он сегізінші ғасырдың театры, ағылшын комедиясы, француз комедиясының эволюциясы, италия драматургтерінің шығармашылығындағы дель арте комедиясының сахналық мұрасын меңгеру, неміс ұлттық театрын құру туралы білімді меңгеру;

      5) он сегізінші-он тоғызыншы ғасырлардың соңындағы театрлар, француз драматургиясындағы жаңа жанрлардың пайда болуы, он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысындағы романтизмнің, сыни реализмнің туындауы, қалыптасуы, лирикалық опера, француз классикалық опереттаның пайда болуы және дамуы, ағылшын романтизм өкілдері, италиялық романтизмнің ерекшелігі, француз драматургиясындағы натурализм, неоромантизм, символизмнің тууы, ұлттық норвег және швед драматургиясының құуршылар туралы білімді меңгеру;

      6) он тоғызыншы-жиырмасыншы ғасырлардағы шетелдік опера өнерінің үлгілерімен, режиссура өнерімен, психологиялық реализм ерекшеліктерімен, ағылшын драматургиясымен, театр бағыттарымен, формаларымен және стильдерімен танысу;

      7) жиырмасыншы ғасырдағы шетел театрымен және заманауи кезеңмен таныстыру, Еуропаның жетекші театрларының тарихымен, әлем драматургтерінің және режиссерлерінің шығармашылығымен танысу;

      8) оқу материалымен жұмыс істеу, білімді жүйелендіру, эссе, реферат жазу біліктерін меңгеру.

      37. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өнер жүйесіндегі театр өнерінің ерекшелігі және орны. Театр өнерінің түрлері. Драма театры. Музыкалық театр. Қуыршақ театры. Пантомима.

      Драмалық іс-әрекет – сахналық өнердің негізі. Театрдағы көрермендердің рөлі. Театрдың басқа да өнер түрлерімен байланысы: музыка және бейнелеу өнерімен, әдебиетпен. Драма театрындағы музыканың рөлі. Музыка – мәнерлеу құралы. Музыканың драма театрмен байланысы. Музыкалық жанрлар. Музыкалық және драма театр жанрының араласуы. Прологтар – жеке пьесалар, дивертисменттер, опера-водевильдер. Драма театрындағы музыканың қызметі. Музыканың спекткальдің басқа да компоненттерімен өзара әрекеттестігі.

      Театр және бейнелеу өнері. Театрдағы суретшінің міндеттері. Суретші мен режиссердің шығармашылық өзара әрекеттестігі. Суретшінің театрдағы қызметі. Театрдағы спектакльді көркемдік-декорациялық безендірудің түрлері. Кескіндемелік декорациялар және олардың түрлері: пейзаж, интерьер, экстерьер. Безендірудің бейнелілігі. Кереғар немесе сүйемелдеуші қимылды бейнелеу шешімі. Тік және көлденең шешім, көп жоспарлылық. Сахнаның шымылдығы және киімнің шешімі. Сахна қимылына арналған көрнекі түсті жасаушы сәндік мотивтерді енгізу. Жиырма бірінші ғасырдың реалисттік режиссурасының талабына сай сахналық безендіру қағидаларын бағындыру.

      Спектакль құру кезіндегі әлемнің әдеби қазынасын пайдалану. Тақырып пен идея – кез келген өнер туындысының негізі. Кейбір әдеби шығармалардың (әңгімелердің, пьесалардың, өлеңдердің) тақырыбын және идеясын талдау.

      Театр синтетикалық өнер ретінде. Актер. Басқа кейіпке түсу өнері. Амплуа (травести кейіпкері, батыр әйел, инженю; әртістің әзіл-сықақтық, трагедиялық, драмалық қабілеті)."Актерлік штамп" ұғымы.

      Режиссер. Режиссер – спектакльдің авторы. Режиссердің үш түрі: қоюшы режиссер, режиссер-педагог, режиссер-ұйымдастырушы. Суретші. Дыбыс режиссері. Сахнаны жарықпен қамтамасыз етуші. Бутафор. Реквизитор. Костюмер. Гример. Актер – театрдың басты мәнерлеуші құралы. Мәнерлеуші құралы ретіндегі мизансцена және атмостфера түсінігі. Театрдағы ұжымдық бастау (мүдделі ансамбль).

      2-тақырып. Шетел театрының тарихы. Антикалық театр. Антикалық дәуірдің жалпы сипаттамасы. Театр өнерінің пайда болуы, дионсий әдет-ғұрыптары. Ежелгі грек мифологиясы және оның драматургияны дамытудағы рөлі, антикалық драматургтардың мифология желілерін қолдануы. Грекиядағы театр көрсетілімдерін ұйымдастыру. Ежелгі грек театрының сәулет өнері. Актердің, хордың, көрермендердің маңызы.

      Еуропалық театрдың қалыптасуындағы антикалық театрдың рөлі. Ежелгі театрдың кезеңдері.

      Ежелгі грек театрының халықтық бастауы. Демократиялық Афинада театрдың пайда болу заңдылықтары. Театрдың пайда болуындағы және дамуындағы мифологияның рөлі. Дионис құдайына табынушылық және оның маңызы. Болашақ театрлық көрсетілімдердің бейнесі ретінде Дионистің құрметіне арналған мейрамдар және әдет-ғұрыптар.

      Ежелгі грек театрының құрылысы. Амфитеатрдың түрі және оны құрамдастары (орхестра, скене, театрон). Театрдағы хордың рөлі.

      Театрлық көрсетілімдер – драматургтердің сайысы. Жеңімпаздарды анықтаудағы көрермендердің рөлі. Ежелгі Грециядағы актерлік өнердің ерекшеліктері (бетперделер, ер адамдардың әйелдердің рөлін сомдауы және тағы басқалары). Грек драматургтерінің шығармаларындағы мифтерді қайта түсіну.

      Ежелгі грек трагедиясы және оның атақты өкілдері: Эсхил, Софокл и Еврипид. Аталған авторлардың үздік шығармалары және олардың көркемдік ерекшеліктері. Ежелгі грек комедиясы. Аристофон шығармашылығындағы сатиралық бастаулар.

      Ежелгі Римдегі театр. Плавт және Теренций драматургиясындағы комедия жанрының одан әрі дамуы. Театрлық сәулет өнерінің ерекшелігі.

      Жаңа еуропалық театрдың дамуындағы ежелгі мәдениеттің маңызы. Қазіргі замандағы театрдағы антикалық драматургияны қою.

      Ортағасырлық театрдың кезеңдері. Ортағасырлық театрдың халықтық, "карнавалдық" бастаулары.

      Ортағасырлық театр өнерінің негізгі жанрлары. Литургиялық драма, оның діни бағыты және дамуы. Миракль – театрдағы діни және зайырлы бастауларын біріктіруге талпыныс.

      Мистерия – орағасырлық театрдың орталық даму кезеңі. Фарстағы сатиралық бастау. Фарстың орталық кейіпкері және оның театр өнерін одан әрі қарай дамуындағы эволюциясы (кәсіби-актерлердің пайда болуы).

      3-тақырып. Қайта өрлеу және он жетінші ғасырдағы театр кезеңдері. Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің жалпы сипаттамасы. Италия. Италиялық театр мәдениетіндегі бағыттар.

      Оқу-гуманистік театры және дель арте комедиясы. Италиялық оқу-гуманистік театр. Комедия, трагедия және пастораль түрінде кейінгі еуропалық драманың әрі қарай дамуы үшін алғашқы болған, драматургияның жаңа түрін құру.

      Италиялық Қайта өрлеу мәдениетімен, драматургия және гуманистік театрдың музыкалық интермедияларымен дайындалған он алтыншы ғасырдың соңында операның ("музыкадағы драма") пайда болуы. Он жетінші ғасырда италиялық операның өркендеуі, оның Еуропада және басқа елдердің театрында таралуы.

      Театр сәулетінің және операны сипаттаумен байланысты безендірушілік- қойылымдық өнердің дамуы. Барлық Еуропа елдерінде италиялық сахналық техникасы және сатылы театрдың таралуы.

      Он алтыншы ғасырдың ортасында дель арте комедиясының пайда болуы, оның ерекшелігі, пайда болуы, тақырыбы. Дель арте комедиясының басты бөліктері. Бетперделер, суырып салма, буффонада, диалектілер. Дель арте комедиясының еуропалық театрға әсері.

      Испания. Испандық өнерінің "Алтын ғасыры". Мигель Сервантес– испан мәдениетінің ұлы өкілі, жазушы және драматург. Лопе де Вега, Тирсо де Молина, Кальдерон."Шапан және семсер" комедиясының стильдік ерекшелігі.

      4-тақырып. Англия. Кәсіби театрдың және драматугияның қалыптасуы. Вильям Шекспир– ұлы ағылшын драматургы, тарихи деректердің, трагедия және комедиялардың авторы. Әлемдік театр тарихындағы Шекспирдің маңызы. Ағылшын театрының актерлік өнері. "Глобус" театры.

      Франция. Классицизм – он жетінші ғасырлық өнердің жетекші бағыттары. Классицизмнің басты заңдары. Классикалық трагедия: Пьер Корнель, Жан Расин. Жан-Батист Мольер. Париждегі "Комеди Франсез" театрының құрылуы.

      5-тақырып. Он сегізінші ғасырдағы театр. Ағартушылық дәуірдің жалпы сипаттамасы. Эстетиканың ерекшеліктері. Ұлттық театрларды құру. Англия. Ағылшын ағартушылығының ерекшелігі. Он сегізінші ғасырдың ортасындағы ағылшын комедиясы. Шеридан.

      Атақты актер Дэвид Гаррик – ағылшын сахнасының реформаторы. Бейнені дараландыру бойынша жұмыс. Актерлік ансамбльді құру. Дайындық жұмысының жаңа әдістері. Сахнаны, декорацияның және костюмдерді қайта жөндеу. Батыс Еурподағы актерлік өнер мен режиссураның әрі қарай дамуына әсері. Ұлттық ағылшын операсының құрылуы. Генри Перселл.

      6-тақырып. Франция. Еуропаның зияткерлік өміріндегі Француз ағартушылығының жетекші рөлі. Вольтер. Француз комедиясының эволюциясы. Бомарше. Жаңа сахна кейіпкері – үшінші таптың адамы. Актерлік шеберлік және драматургия теориясы. Дени Дидро және оның "Актер туралы парадокс". "Комеди Франсез" театрындағы Лекен реформалары.

      Италия. Ұлттық драматугияны құрудағы Ағартушылық идеялардың әсері.

      Карло Гоции шығармашылығындағы дель арте комедиясының сахналық мұрасын игеру. Карло Гольдонидің театрлық реформалары.

      Неміс театры. Ұлттық театрды құрудың басталуы. "Дауыл және қысым" қозғалысы. Лессинг және Фридрих Шиллердің драматургиясы. Иоганн Вольфганг Гетенің трагедиясының философиясы.

      7- тақырып. Он сегізінші ғасырдың соңы – он тоғызыншы ғасырдағы театр. Франция. Ұлы Француз көтерілісінің әдебиет және өнердің дамуына әсері.

      Театрдың бостандығы туралы декрет. Драматургияда жаңа жанрлардың (мелодрама, водевиль) пайда болуы.

      Романтизмнің пайда болуы және қалыптасуы. Виктор Гюго – француз революциялық романтизмінің басшысы. Романтикалық жалғызбас кейіпкердің бейнесі.

      Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында сыни реализмнің қалыптасуы. Жаңа бағыттың басты ерекшеліктері.

      Он сегізінші ғасырдың соңындағы Франциядағы актерлік шеберлік. Тальма, Бокаж, Дорваль, Леметр, Рашель.

      Лирикалық операның он тоғызыншы ғасырдың ортасында пайда болу және дамуы. Жоржа Бие шығармашылығы – француз опералық реализмінің шыңы.

      Француз классикалық опереттасының пайда болуы және дамуы. Жак Оффенбах опереттасының жалпы еуропалық жетістігі.

      8-тақырып. Англия. Англиядағы романтизм және оның әлемдегі романтикалық өнердің дамуына әсері. Джорж Гордон Байрон ағылшын романтизмінің жарқын өкілі. Эдмунд Кин актер романтик.

      Италия. Италия романтизмінің ерекшелігі. Романтик актерлер: Эрнесто Росси, Томмазо Сальвини. Он тоғызыншы ғасырда опералық театрлардың басым болуы. Атақты "Ла Скала" опералық театры.

      9-тақырып. Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырлардағы шетел театры. Театрдың шығармашылық ізденістерінің түрлілігі.

      Франция. Эмиль Золя және Ромэн Роллан драматургиясындағы реализм және натурализм. Эдмонд Ростанның неоромантизмі. Символизмнің пайда болуы. Морис Метерлинк. Режиссер Андре Антуанның театрлық реформалары.

      10-тақырып. Скандинавия елдері. Генрик Ибсен – ұлттық норвег драматугиясын құрушысы.

      Август Стриндберг – атақты швед драматургі. Драматургияның жиырмасыншы ғасырдағы еуропалық театрларына әсері.

      Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырлардағы шетелдік опера өнері.

      Массне, Сен-Санс, Дебюсси, Равель.

      11-тақырып. Германия. Герхарт Гауптман – он тоғызыншы ғасырдың аяғындағы неміс драматургиясының белгілі өкілі.

      Мейнинген театры. Спектакльмен мұқият жұмыс, бұқаралық көріністерді пысықтау, классикаға жүгіну, спектакльді безендіруге зейін қою.

      Режиссура өнерінің дамуы. Режиссерлер: Отто Брам и Макс Рейнхардт.

      Макс Рейнхардтың актердің даралығын жан жақты ашуға бағытталған актерлік өнердегі психологиялық реализм негіздерін дамытуы.

      Он тоғызыншы ғасырдың аяғы жиырмасыншы ғасырдың басындағы Германиядағы опера театрлары. Рихард Вагнердің бастамасы бойынша және оның опералық шығармаларын қоюға арналған Байрет театрының ашылуы. Вагнерлік опера фестивалі.

      12-тақырып. Англия. Осы кезеңдегі атақты драматургтер. Бернард Шоу, Оскар Уайльд.

      Эдвард Гордон Крэг – актер, режиссер, театр теоритигі. Крэгтің қойылымдық ашылуы және оның жиырмасыншы ғасырдағы еуропалық сценография дамуындағы маңызы.

      Италия. Психологиялық реализмнің қалыптасуы. Элеонора Дузе – ұлы италия трагедиясының актрисасы.

      13-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдағы театр. Бағыттардың, формалардың және стильдердің түрлілігі. Англия. Бернард Шоу, Джон Бойтон Пристли, Джон Осборн, Гарольд Пинтер драматургиясының ерекшелігі.

      Ағылшын классикалық дәстүрлерді сақтаушы "Олд Вик" театрының қызметі. Белгілі ағылшын актерлері – Джон Гилгуд, Лоренс Оливье, Пол Сколфид, Майкл Рейдгрейв, Вивьен Ли.

      14-тақырып. Стратфорде-на-Эйвондегі Корольдік Шекспир театры. Жыл сайын театрда шекспир фестивалін ұйымдастыру. Театр қойылымдарындағы көркемдік тәсілдердің әртүрлілігі. Питер Бруктің режиссерлік тәжірибелері.

      Франция. Жана Кокто, Поля Клодель, Жан Ануя, Поля Сартр, Эжен Ионеско, Самуэл Беккет драматургиясының негізгі ерекшілігі. "Комеди Франсэз" академиялық театры.

      Париждегі "Гранд-Опера" опера театры. Бульвар театрлары. Авангардисттік театрлардың қозғалысы. Антуан Арто, Луи Жуве, Жан Луи Барро, Жан Вилара, Жерар Филип, Мари Казарес, Марсель Марсоның шығармашылықтары. Авиньон фестивалін құру.

      15-тақырып. Германия. Бертольт Брехттің эпикалық театры.

      Италия. Луиджо Пиранделло, Эдуардо де Филиппоның драматургиясы. Джорджо Стрелердің шығармашылық қызметі. "Пиколло Театро" миландық театрдың құрылуы.

      16-тақырып. АҚШ. Теннеси Уильямс, Юджин О’Нил, Артур Миллер, Эдвард Олбидің драматургиясы. Мюзикл жанрының дамуы.

      17-тақырып. Қазіргі кезеңдегі шетел театры. Белгілі режиссерлердің шығармашылығы: П. Штайннің Т. Судзукидің, Э. Някрошюстің, Д. Доннелланның орыс театрымен тығыз байланысы (бірге қойған қойылымдары, онда орыс актерлерінің қатысуы).

      Заманауи театр мәдениетін дамытуда және байытуда театрлық олимпиадалардың, халықаралық фестивальдердің рөлі. Жаңа театр тілін іздеу, өнер түрлерінің өзара байланысуы – заманауи театр үрдісінің ерекше маңыздылығы.

      Том Стоппардтың драматургиясы. Ежи Гротовскийдің, Ариана Мнушкинаның театрлық ізденістері. Роберт Уилсоннің, Франк Касторфтың, Кристофер Марталердің, Михаэл Тальхаймердің шығармашылығы. Тадеши Сузукидің, Кристиан Люпаның, Томас Остермайердің режиссурасы.

      Заманауи режиссерлердің театрлық ізденістерінің алуан түрлілігі. Пина Бауш би театры. Бартабастың "Зингаро" театры.

      38. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр терминологиясын біледі;

      2) негізгі музыкалық жанрлар және олардың басқа өнердің түрлерімен байланысы туралы алғашқы білімді игереді;

      3) театр өнері саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттар туралы алғашқы білімді игереді;

      4) театр өнерінің дамуындағы негізгі кезеңдерді (дәуірлер, стильдер, бағыттар) біледі;

      5) театр өнері жанрларының пайда болу тарихы туралы алғашқы білімді игереді;

      6) театрдың негізігі тарихи даму кезеңдерін, ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерін, театрдың қалыптасуымен, нақты дәуірлік спектакльдерді жасаумен байланысты тарихи есімдерді және деректерді біледі;

      7) театр өнерінің әртүрлі жанрларындағы драматургияның тарихын біледі;

      8) ұлы шетел драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлердің шығармашылығын, олардың өмірбаяндарын біледі;

      9) заманауи еуропалық жетекші театрлардың репертуарын біледі;

      10) жанрлық және стилистикалық ерекшелігін ескере отырып, театр өнерінің шығармаларын талдай алады;

      11) эссе, реферат жазу үшін алған білімдерін жүйелей алады;

      12) театртанумен байланысты ақпараттарды іздеу үшін ақпараттық технологияларды пайдаланады;

      13) заманауи режиссерлердің театрлық ізденістерінің алуан түрлілігі туралы біледі;

      14) заманауи театр мәдениетінің дамуындағы театрлық олимпиадалардың, халықаралық фестивальдердің рөлі туралы біледі.

      39. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) алғашқы кезден бастап он сегізінші ғасырдың басына дейінгі орыс театры тарихымен, мемлекеттік бұқаралық театрдың құрылуымен, кәсіби орыс театрының тарихымен, алғашқы орыс драматургтерінің, актрисаларының өмірбаяндарымен, шығармашылықтарымен танысу;

      2) он тоғызынышы ғасырдағы орыс театры, драматургиядағы ерлік тақырыптарының дамуы, комедияның алғашқы қойылымдары, театр өнері тарихындағы, музыка театрының тарихындағы, орыс водиволесіндегі оның мәні, водевиля актерлері туралы білімді қалыптастыру;

      3) орыс халқының тарихи трагедиялары, комедиялары, драмалары, пьесалары, музыкалық театр, опера және балет спектаклі, орыс театрындағы романтикалық бағыттар, ұлттық орыс репетуарын жасау, театрдағы символизм туралы алғашқы білімін меңгеру;

      4) жиырмасыншы ғасырдағы орыс театрының тарихымен, әлемдік театрлық процестің бөлігі ретінде Ресейдегі театрлар дамуының жаңа кезеңдерімен танысу;

      5) орыс театр өнерінің пайда болу тарихы және жанрларының дамуы, орыс драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлерінің өмірбаяндарымен, шығармашылықтарымен танысу;

      6) өнер туралы арнай әдебиеттерді оқу, реферат, эссе, презентация жазу дағдыларын қалыптастыру.

      40. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орыс театрының қайнар көзі. Алғашқы қауымдық құрылымдық дәуірдегі ежелгі славян діндері және мейрамдары: қыс, көктем, егінді қарсы алу. Русьте христиандықты қабылдау. Святок, масленицаны тойлау. Көше және ойын-сауық кештері. Шарттасқан негізгі бетперделер және басқа біреудің кейпіне ену ойындары.

      Орыстардың мерекелік ойындары. Меркелік ойындардың түрлері: карнавалдық және шеңберге тұру. Негізгі карнавал және айналып билеу ойындарының бетперделері және олардың композициясы. Бет перде жамылу, ряжение, әртістік.

      Кезбе актерлер - алғашқы орыс актерлері. Кезбе актерлер – орыстардың өмірінің көрінісі. Олардың міндеттері және өнер көрсетуінің мазмұны. Кезбе актерлердің тобыры. Кезбе актерлердің түрлері: сарай маңы, отырықшы және кезбе. Шіркеумен күрес. Русьтегі кезбе актерлерге тыйым салу туралы Алексей Михайловичтің жарлығы (1648 жыл).

      Халық драмасы және қуыршақ театры. Халық драмасының түрлері және олардың мазмұны. Интермедия халық драмасының элементі. Халық драмасының үлкен және шағын формаларындағы интермедияның негізі ретіндегі сюжеттік құрылым.

      Қуыршақ театры және оның басты батырлары. Петрушка туралы комедиясы және орыс театрының бастауы ретінде "Қайық" орыс драмасы. Вертептік театр көріністері.

      2-тақырып. I Петр кезіндегі "еуропалаландыру" саясаты және оның театрдың дамуына әсері. Мәскеудегі мемлекеттік бұқаралық театрының құрылуы. Кунста неміс труппасы.

      Он жетінші ғасырдағы Ресейдегі мектеп театры. Мектеп театрының басты мақсаттары және міндеттері. Декламация мектеп театрының негізгі түрі. Мектеп театрындағы спектакльге нормативті талаптар. Декламацияның мазмұны және олардың басты кейіпкерлерінің бейнелері. С. Полоцкий орыс мектеп театрының қалаушысы.

      Он сегізінші ғасырдың бірінші жартысындағы орыс театры. I Петр реформалары және он сегізінші ғасырдағы театрдың міндеті.

      Маскарадтық үрдістер: су және құрғақ. Олардың ұйымдастырылуы және негізгі костюмдегі кейіпкерлер.

      I Петрдің халық үшін демократиялық театрды ұйымдастыруы (1702 жыл) – Қызыл алаңдағы Комедиялық ғимарат. Спектакльдерді ұйымдастыру.

      А. Кунст – орыс сахнасындағы алғашқы актриса. Кунста неміс труппасының спектакльдері және театрдың жаңа міндеттері.

      Комедиялық ғимараттың жабылуы. Он сегізінші ғасырдағы орыс театры. Ф. Волковтың театрлық қызметі және орыс кәсіби театрын құруы.

      Ұлы Екатерина дәуіріндегі орыс театры "Салтанат құрушы Минерва" (1763 жыл). Патшайымның тәж кигізу салтанатының құрметіне қойылған театрландырылған маскарад. Екінші Екатерина патшалық етуіне үш жылдығына орай Мәскеуде және Петербургте барлық халық театрларының ашылуы (1766 жыл).

      Он сегізінші ғасырдың екінші жартысындағы актерлік өнер. Ф.Г. Волков, И. Дмитриевский, Я. Шумский.

      Алғашқы орыс актрисалары. Алғашқы орыс драматургтері. Орыс классицизмінің драматургиясы: А. Сумароков, Я. Княжнин. Д.И. Фонвизиннің драматургиясы. "Бригадир", "Недоросль" комедиялары. Жанрлар бойынша патшалық театрлар ұйымдастыру.

      Он сегізінші ғасырдың жетекші актерлері: И.А. Дмитриевский, Т.М. Троепольская, Я.Д. Шумский. Он сегізінші ғасырдың соңындағы орыс сентиментализмінің драматургтері: В.М. Лукин, М.М. Херасков, классицизм жанрында – Д.И. Фонвизин. Д.И. Фонвизиннің "Бригадир", "Недоросль" пьесаларын талдау.

      Мәскеу бұқаралық театрдың құрылуы. Мәскеу бұқаралық театрын ұйымдастыру жобалары және оны құру. А.П. Сумароков – Мәскеу бұқаралық театрының негізгі драматургі, қоюшысы және театр педагогы. Мәскеуде Петров театрының ашылуы (1780 жыл). "Көріністер және музыканы басқарушы Комитетті" ұйымдастыру және театрларды сарай маңы және "қалалық", мемлекеттік (қазыналық) бөлу.

      Орыс театрының үш түрі: сарай маңы (жабық), бұқаралық сарай маңы (тым ашық) және бұқаралық қалалық (ашық). Ресейдің губернияларында Калуга, Воронеж, Иркутск және басқа қалаларында театрларды ұйымдастыру.

      Крепостниктік театр. Он жетінші ғасырдың аяғы мен он тоғызыншы ғасырдың ортасы кезеңіндегі (крепостниктік құқықты жойылмай тұрған кезде) ақсүйектік, помещиктік үй театры. Труппаның қалыптасу ерекшелігі және крепостниктік театрда спектакль көрсетілімі. Бай княз және помещиктердің сарайында басыбайлы шаруашлардың қатысуымен спектакльдердің ұйымдастырылуы. Крепостниктік театрдың жарқын актерлері: П. Жемчугова, А. Борунова.

      Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысындағы орыс театры. Бұқаралық театрдың қалыптасуы. Әртүрлі көркемдік қоғамның императорлық театр талғамымен күресі. "Театр ағартушыларының" азаматтық қоғамдық институт ретінде шығармашылық саясатқа және театр тәжірибесіне әсері.

      3-тақырып. Отан соғысындағы (1812 жылы) жеңіске жетуіне байланыстыұлттық өзін-өзі тану санасының артуы. Театр өнеріне деген қызығушылықтың артуы. В.А. Озеров драматургиясындағы ерлік туралы тақырып. И.А. Крыловтың комедиялары. Атақты орыс актерлері: А.С. Яковлев және Е.С. Семенова.

      А.С. Грибоедов. "Горе от ума" комедиясы. Жазылу тарихы, өзіндік ерекшелігі және сахналық тағдыры. Комедияның алғашқы қойылымдары және театр тарихындағы маңызы.

      Он тоғызыншы ғасырдың бірінші тоқсанындағы орыс музыкалық театры. Атақты әншілер және бишілер. К.А. Кавостың қызметі. Ш. Дидлоның балеттері.

      Орыс водевилі. Жанрдың ерекшелігі. Актерлік өнер үшін водевиль жанрының маңызы. Водевиль актерлері. Н.О. Дюра, В.Н. Асенкова, В.И. Живокинидің шығармашылықтары.

      4-тақырып. А.С. Пушкин және театр. Пушкин театр және драманың теоритигі. А.С. Пушкиннің драматургиясы. "Борис Годунов" - орыс халқының тарихи трагедиясы. "Шағын трагедиялар" - психологиялық драманың жаңа жанры.

      5-тақырып. Н.В. Гоголь. Гогольдің театрлық көзқарастары. Гоголь – драматург. "Ревизор" комедиясы. "Женитьба" комедиясы. Орыс театрындағы гогольдік сатира дәстүрлері.

      Шағын және Александр театрлары – Ресейдегі ең ірі драма театрлары. Шағын театр – "Екінші Мәскеу университеті". Шағын театрдың репертуары, оның атақты актерлері М. Щепкин және П. Мочаловтан бастап Садовский, М. Ермолова, Г. Федотова, А. Ленскийге дейін.

      Шағын театр – "Островскийдің үйі". Орыс реалистік театрының одан әрі дамуында А.Н. Островский драматургиясының маңызы, көркемдік ерекшелігі, сахналық таризы және А.Н. Островскийдің заманауи интерпретациядағы үздік пьесалары ("Найзағай", "Орман", "Бесприданница").

      Александр театры, оның репертуары және атақты В. Каратыгин және В. Асенковадан бастап до М. Савина, П. Стрепетова, В. Давыдов, К. Варламовқа дейінгі актерлері.

      Александр театрының үздік актерлерінің патшалық сахнаның орнатқан ресми репертуарлық және көркемдік ұстанымдары шеңберлерден шығуға ұмтылуы.

      Он тоғызыншы ғасырдағы орыс провинциялық театры. Актерлік серіктестіктер, Ресейдің ірі қалаларындағы антрепризалар және орыс реалисттік театрының дамуындағы провинциялық театрлардың үлесі және маңызы.

      Он тоғызыншы ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарындағы орыс театрындағы романтикалық бағыт. М.Ю. Лермонтовтың "Маскарад" драмасы – романтикалық қағидалардың реалистік қағидаларға, әлеуметтік өткір реалистік мәселелерге қанығуы. "Маскарад" драмасының көркемдік ерекшелігі, оның сахналық тарихы және заманауи интерпретациясы.

      И.С. Тургенев. "Нахлебник", "Холостяк", "Месяц в деревне" пьесаларындағы психологиялық күйзелістердің тереңдігі.

      6-тақырып. Актер – он тоғызыншы ғасырдағы басты тұлға. Актерлік өнердегі негізгі бағыттар. Ұлы орыс актерлерінің шығармашылығы: П.С.Мочалов, В.А.Каратыгин, М.С.Щепкин.

      Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі музыкалық театр. М.И. Глинка және ұлттық орыс операсының құрылуы.

      7-тақырып. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы орыс театры. Ұлттық орыс репертуарының жасалуы. А.Н. Островскийдің орыс сахна жанрларының дамуындағы рөлі. Сатиралық комеиялар, драмалар, сахналар, тұрмыстық, тарихи пьесалар. А.Н. Островский пьесасының сахналық тағдыры.

      А.К. Толстой, А.В. Сухово-Кобылин, М.Е. Салтыков-Щедрин, Л.Н.Толстойдың драматургиясы.

      8-тақырып. Шағын театр. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы Шағын театрдың атақты актерлері: П.М. Садовский, Л.П. Никулина-Косицкая. П. Ленскийдің шығармашылық қызметі.

      Александр театры. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы атақты актерлер. А.Е. Мартынов, В.В.Самойлов.

      9-тақырып. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы орыс музыкалық театры. Опера және балет спектаклі. С.И. Мамонтов и С.И. Зимин жеке опера театрларының қызметі. Опера режиссурасының қалыптасуы.

      Он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы орыс театры. А. Чехов шығармашылығы – театр өнері дамуының жаңа кезеңі.

      А. Горький драматургиясы. Театрдағы символизм. Л. Андреев, А. Блок драматургиясы.

      10-тақырып. М.Н. Ермолова – ұлы орыс актрисасы. Шағын және Александр театрларының актерлік өнері: А.П. Ленский, А.И. Южин-Сумбатов, М.П. Садовский, О.О. Садовская, М.Г. Савина, В.Н. Давыдов, К.А. Варламов, П. Стрепетова.

      К. Станиславский – жаңа кезеңнің атақты театр қайраткері. К. Станиславский және В. Немирович-Данченко – Мәскеу Көркемдік жалпыға ортақ театрның негізін қалаушылар.

      Мәскеу көркемөнер театрының жаңашылдық сипаттамасы. Мәскеу көркемөнер театрының режиссерлік қағидаларының әлемдік маңызы. Актерлік ансамбль: И. Москвин, О. Книппер-Чехова, В. Качалов.

      К.С. Станиславский жүйесінің қалыптасуы. Мәскеу көркемөнер театрының студиялық қозғалысының басталуы.

      11-тақырып. В.Э. Мейерхольд – жаңа театр өнерінің дүниеге келуі. В. Мейерхольдтың 1917 жылдан кейінгі шығармашылық жолы және театрлық ізденістері. Конструктивизм және биомеханика. В.Э.Мейерхольдтің актерлік жүйесі.

      А.И. Южин Шағын театрдың басшысы. А. Таиров – Камералық театрдың құрылуы. Е. Вахтанговтың театрлық ізденістері, "қиял-ғажайып реализм". В.Ф. Комиссаржевскаяның шығармашылық жолы.

      Жиырмасыншы ғасырдың басындағы музыкалық театр. Атақты әншілер және бишілер: Ф.И Шаляпин, Л.В. Собинов, А.П. Павлова, В.Ф. Нижинский, Т.П. Карсавина. Опера режиссурасының дамуы. Музыкалық драма театры. Жаңа буындағы балетмейстер қызметі.А.А. Горский, М.М. Фокин.

      12-тақырып. Қазан революциясы жылдарындағы (1917 жыл) және жиырмасышы ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы Ресейлік театр. Астана театрларының Революцияға қарым-қатынасы. Театрлар және Кеңес билігі. Алғашқы Халық комиссариатының дипломатиясы. А.В. Луначарскийдің ағартушылығы. Кеңестік Ресейдегі театр үрдісінің екі бағыты: академиялықтеатрлар және "Театрального октября" қозғалысы. Революциялық театрдың жаңа формалары: алаңдағы театрландырылған әрекет, майдан театрларын құру.

      1920 жылдардағы театр үрдісіндегі шығармашылық қарқындылық. Жаңа драматургияның дүниеге келуі. В.В. Маяковскийдің драматургиясы. В. Маяковскийдің, В.Э. Мейерхольдтың "Мистерии Буфф" қойылымы.

      Жаңа театрлардың құрылуы. В. Мейерхольд атындағы театр. Революция театры (Қазіргі Мәскеулік В.Маяковский атындағы театр). Е. Вахтангов атындағы театр.Үлкен драма театры.

      Пролетарлық мәдени-ағартушылық ұйымдардың қызметі (1925). Алғашқы жазушылар Съезді (1935 жыл). Шығармашылық әдіс ретінде әлеуметтік реализм. Горькийдің революциядан кейінгі драматургиясы. ("Егор Булычов и другие", "Достигаев и другие").

      13-тақырып. Е.Б. Вахтанговтың театралдық қызметі және спектакльдері.

      Е.Б. Вахтанговтың "Ханшайым Турандот" спектаклі. Ю.Завадский. Ц. Мансурова. Р.Н.Симонов. 1920 жылдардағы музыкалық театр. К.С. Станиславскийдің опера студиясы.

      14-тақырып. 1930-1950 жылдардағы орыс театрының негізгі үдерістері. М. Булгаков, В. Мейерхольд, К. Станиславский, М. Чехов секілді атақты суретшілердің шығармашылығы және өмірінінің трагедиялық тағдыры.

      Актерлік өнердегі дәстүрлер және жаңашылдықтар. А. Коонен, А. Тарасова, А. Яблочкина, Б. Щукиннің шығармашылығы.

      Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы орыс театры. Ұлы Отан соғысы кезіндегі театрлар. Мәскеу театрларының тылға көшірілуі. Майдан кезіндегі театралар, театр-концерттік бригадалар.

      К. Симонов, Л. Леонов драматургиясындағы Ұлы Отан соғысы тақыптары. Соғыс драматургиясы: А. Корнейчуктің "Фронт", К. Симоновтың "Русские люди", Л. Леонованың "Нашествие".

      Соғыстан кейінгі В. Розовтың, А. Володиннің, А. Арбузовтың драматургиясы.

      Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі уақыттардағы атақты кеңес қайраткерлері: А. Попов, Н. Охлопков, А. Лобанов, И. Акимов, С. Михоэлс, А. Дикий, Ю. Завадский, Р. Симонов, Г. Товстоногов.

      Режиссерлік ізденістер: Н. Охлопковтың, А. Поповтың, А. Лобановтың спектакльдері.

      15-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы орыс театры. Қоғамдық атмосфераның өзгерістері.

      Елуінші жылдардағы театр"оттепель". "Современник" театрының білімі және эстетикалық қағидалары. "Современник" театры және "Таганкадағы театр" – "оттепель" нәтижесі. Орыс театрындағы буынның ауысуы. О. Ефремовтің, Г. Товстоноговтың театрлық қызметі. Ю. Любимовтың шығармашылығы. Таганкада драма және комедия театрының құрылуы. М. Горький атындағы үлкен драма театры.

      Жиырмасыншы ғасырдың атақты режиссерлерінің шығармашылығы. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы драматургияның негізгі бағыттары. В. Розовтың, А. Арбузовтың, А. Гельманның, М. Шатровтың, М. Рощиннің, В. Розовтың, А. Володиннің, А. Штейннің, А. Вампиловтың, Л. Петрушевскийдің драматургиясы.Атақты сахна шеберлері. Музыкалық театр. Б.А. Покровскийдің театрлық қызметі және Мәскеулік камералық музыкалық театрын құруы. Жаңа музыкалық театрының дүниеге келуі: "Геликон-опера", Мәскеулік "Жаңа опера".

      В.А. Гергиевтің Мариин театрындағы қызметі.

      Театр мәдениетінің дағдырысы. Жиырмасыншы ғасырдың соңындағы театр мәдениеті. Театр репертуарының құлдырауы – мемлекеттің театрларды қаржыландырудың төмендігі, мүдделес одақтың шығармашылық белгісі ретіндегі студиялық, ұжымдық атмосфераның жойылуы, заманауи драматургияның көркемдік әлсіздігі. Театрдың қойылымдарда жоғары руханилықты іздеудің және бекітудің орнына ойын-сауыққа ұмтылуы.

      Дағдарыстан шығу жолдары. Л.А. Додиннің Санкт-Петербург қаласындағы Шағын театрдағы қызметі. А.А. Васильев және оның әртүрлі театр сахнасындағы спектаклдері.

      Жаңа театрлық формаларды іздеудегі П. Фоменконың шеберханасы. Жетекші ресейлік театрлардағы басты режиссердің ауысуы.

      Ресейдегі балалар театрының тарихы. "Балалар театры" ұғымы."Петрушки" халықтық жәрмеңке театры.

      Балаларға арналған мектеп және үй әуесқой театрлары. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы кәсіби театрлар сахнасындағы ертеңгіліктер. Кәсіби балалар театрының түрлері: С. Образцовтың "Жас көрермендердің театры", "Жастар театры", "Қуыршақ театры".

      Кеңес билігінің балаларға арналған театрлық концерттік қызметін ұйымдастыру туралы декреті және жарлығы. Г. Паскар және Н. Сац атындағы балалар театрына арнап бағдарлама жасау.

      Мәскеу және Ленинградтағы алғашқы кәсіби балалар театры. Балалар театрының репертуарлық мәселелері (ертегілер, сахналау, классикалық пьесалар).

      Алғашқы балалар драматургтері. Соғыстан кейін балалар театр санының қысқаруы. Балалар театры сахнасындағы жаңа кейіпкер мәселелері. В. Розовтың драматургиясы – балалар театрының дамуындағы жаңа кезеңі.

      Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы балалар театрының жетекші қайраткерлері. Балалар театрындағы синтетикалық актер мәселесі. Травести – жетекші амплуа.

      16-тақырып. Театрдың жанры және формасы. Жанрды анықтау. Драматургиядағы негізгі жанрлар: трагедия, комедия, драма. Жанрлардың дамуы. Трагедия, оның жаңа формалары: "абсурдтық театр", "деректі театр", "зұлымдық театры". Реалистік драма. Комедиялық жанрдың танылуы. Аралас жанрлардың пайда болуы. Театр формалары: бұқара театры, насихат театры, камералық театр, саясат театры, пластикалық театр, зертхана театры, тәжірибелік театр.

      Театр дамуының заманауи формалары. Драма театры. Заманауи кезеңдегі Ресей және шетел театр өнерінің алуан түрлі формалары. Мемлекеттік театрлар. Антеприза. Жеке меншік театрлар. Тұрақты және көше театрлары. Студенттік театрлар. "Заманауи пьеаса мектебі" театры. "Театр-зертхана". "Драма өнерінің мектебі". "Бір актердің театры". "Театр өнерінің студиясы". Режиссурадағы тәжірибе. Чехов фестивалі. Мәскеудегі әлемдік театр олимпиадасы. Еуропа және Америкадағы фестиваль қозғалыстары. Авиньон фестивалі (Франция).

      17-тақырып. Әлемдік театр үрдісінің бөлігі ретінде Ресейдегі театрдың дамуының жаңаша кезеңі. Тоқсаншы жылдардағы әлеуметтік үрдістердің күрделігі және театрлық өмірдің күрделігі. Цензура жоқ кездегі театр. Антреприз театрының дамуы. Мюзикл жанрының дамуы.

      Халықаралық театрлық тәжірибе алмасудың қарқындылығы. Театрлық андеграунд.

      Заманауи орыс театры. Драматургия. А. Вампилов драматургиясының феномені.

      Ермолов атындағы Мәскеу көркемдік академиялық театрындағы қойылымдар: "Современник" театрындағы "Провинциальные анекдоты", "Прошлом летом в Чулимске", "Утинная охота".

      "Жаңа толқын" драматургиясы. Марк Анатольевич Захаров – атақты орыс режиссері, "Ленком" театрының көркемдік жетекшісі. Роман Григорьевич Виктюк – белгілі орыс режиссері. Режиссерлік қолтаңбасының ерекшеліктері – эстетизм, рухани философиямен байланысы, үйлесімділікті іздеу. "Сатирикон" театрындағы Ж. Жененің аңызға айналған "Служанки" спектаклі. Р. Виктюк шығармашылығының бірнеше мәрте бағалануы.

      Петр Наумович Фоменко – атақты орыс режиссері, "Петр Фоменко шеберханасы" театрының жетекшісі. Шығармашылық жолы. Ленинград комедия театрындағы жұмыс. Фоменконың режиссерлік стилі – театр ойындарының апологиясы, өмірге деген құштарлық. Актерлік өнер.

      Деректі пьесалар театры және "verbatim" ағылшын технологиясы. Деректі пьесалар театрының негізін қалаушылар –Михаил Угаров және Елена Гремина.

      Жиырмасыншы ғасырдың аяғы және жиырмасыншы жиырма бірінші ғасырдың басындағы режиссура. Театр авангардисттері.

      41. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр терминологиясын біледі;

      2) орыс театр өнерінің дамуының негізгі кезеңдерін біледі;

      3) театр өнері саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттарды біледі;

      4) орыс театр өнерінің даму кезеңдерін, өнердің басқа да түрлерімен өзара байланысын (бейнелеу, музыкалық, хореографиялық) біледі;

      5) театр өнерінің жанрларының пайда болу және даму тарихын біледі;

      6) театр өнерінің ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктерін біледі;

      7) театр, музыкалық және бейнелеу өнері саласындағы мәнерлілік тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктерін біледі;

      8) театр, музыкалық және бейнелеу өнері саласындағы шығармаларды біледі;

      9) классикалық және заманауи репертуарларды біледі;

      10) орыс драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлерінің шығармашылық жолын, олардың өмірбаянын біледі;

      11) орыс театрының негізгі үдерістерін біледі;

      12) актерлік өнердегі дәстүрлерді және жаңашылдықтарды біледі;

      13) атақты сахна шеберлерінің шығармашылығын біледі;

      14) жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, театр өнерінің шығармаларын талдай алады;

      15) оқу материалдарымен жұмыс жасай алады;

      16) театр, музыкалық және бейнелеу өнері шығармаларын эмоциялық-бейнелік қабылдау дағдыларына ие болады;

      17) театр өнері саласында өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау дағдыларына ие болады;

      18) кәсіби әдебиеттерді пайдалана алады;

      19) өнер туралы арнайы әдебиетті оқу дағдыларын меңгереді;

      20) қажетті ақпаратты іздеу үшін заманауи технологиялармен жұмыс жасау дағдыларына ие болады;

      21) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларына ие болады.

      42. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер:

      Түлек біледі:

      1) театр өнері саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттарды;

      2) театр өнері дамуының негізгі кезеңдерін;

      3) өнердің басқа да түрлерімен өзара байланысатын шетелдік театр өнерінің негізгі тарихи даму кезеңдерін;

      4) театр өнері жанрының пайда болуы және дамуы тарихын;

      5) театр өнеріндегі ұлттық дәстүрлердің ерекшелігін;

      6) классикалық және заманауи театр репертуарын;

      Түлек:

      1) жанрлық және стилистикалық ерекшелігін ескере отырып, театр өнері шығармасын талдай алады;

      2) эссе, реферат жазуда алған білімін жүйелеуді;

      3) театртанумен байланысты ақпаратты іздеу үшін ақпараттық технологияларды қолдануды;

      4) баяндамамен, рефератпен, презентациямен сөйлеуді;

      5) кәсіби лексиканы қолдануды біледі;

      Түлекте дағдылар қалыптасады:

      1) баяндама және эссе жазу;

      2) шығарманы талдау;

      3) театр өнері саласында өз бетінше шығармашылық жұмысты бекітуді;

      4) қажетті ақпаратты іздеу үшін заманауи технологиялармен жұмыс жасау;

      5) театр, музыкалық және бейнелеу өнері шығармаларын эмоциялық-бейнелік қабылдау;

      6) шығармашылық тәсіл.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      43. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      "Театр тарихы" пәні бойынша нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша алған ағымдық үлгерім нәтижелерінен және конференциялардан алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      44. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: сынақ (эссе, презентация);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (реферат қорғау), екінші жартыжылдықта: сынақ (әрбір тақрыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап).

      45. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – кіріспе, негізгі материал туралы ақпарат, қорытындыны қамтитын жоспарға сәйкес толық ашылған жауап, материал толық көлемде меңгерілген, қисынды мазмұндалған, қосымша сұрақтарды қажет етпейтін, теориялық білімге сүйенген қорытындылар, дәлелді, әдеби тіл нормалары сақталған;

      2) "4" "жақсы" бағасы – негізгі материалды жеткізу жоспары сақталған, сәл ғана стильдік кемшіліктермен әдеби тілмен ауызша жауапты ашып, толық, сәл ғана қателерімен немесе бір ірі қатемен жеткізу;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – материалды өз бетінше, жүйелілі және ретпен жеткізудің жетіспеушілігі, айтарлықтай қателерінің, оның ішін қорытынды бөлімінде де қателерінің болуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – материалдың негізгі мазмұны ашылмауы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
60-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Сахна қозғалысы" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Сахна қозғалысы" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сахна қозғалысы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – автордың мәтіні, режиссердің сахналық нұсқаулары және көрерменнің қабылдауының арасындағы тірі байланыс;

      2) актерлік өнер – сахналық бейнені (рөлдер) құрудан тұратын, орындаушылық өнер саласындағы кәсіби шығармашылық қызметі, орындаушылық шығармашылықтың түрі;

      3) актерлік шеберлік – өзін өзі жетілдірудің, жеке әлеуетін, тұлғаның эмоциялығы мен ажарлығын ашу жолы;

      4) аутотренинг - өзін өзі сендіру арқылы адамның өзінің писхикалық және физикалық күйне әсер етуден тұратын терапия әдісі;

      5) әртістік техника – әртістің психикалық және физикалық табиғатын жетілдіруді дамытуға бағытталған техника;

      6) байланысты суырып салу – суырып салу серіктеспен байланысу нүктесі шеңберінде құрлатын би;

      7) бейне – шынайылықты сезімдік-нақты формада жалпылап көрсету;

      8) би – ырғақты, мәнерлі дене қозғалысы, әдетте олар белгілі композиция бойынша құрылады және музыканың сүйемелдеуімен орындалады;

      9) би этюді – аяққа немесе қолға арналған қандай да бір би қимылын пысықтау;

      10) бидің комбинациясы – хореография өнерінің маңызды мәнерлеу құралы;

      11) бидегі және сахна өнеріндегі пластика – жалпы гармония, қимылдар мен ишараттардың үйлесімділігі;

      12) диалог – екі актер арасындағы өзара сөйлесуді, сөз алмасуды білдіретін театрлық іс-әрекеттің формасы;

      13) дикция – сөздер мен буындарды ашық және анық айту;

      14) жанр – суретшінің бейнелеу нысанына деген эмоциялық көзқарасымен анықталатын шығарманың ерекшеліктерінің жиынтығы;

      15) идеомоторлық қимылдао – "идео" (ойша) және "моторика" (қимыл), яғни "ойша қимылдау". Идеомоторика қимылдарды орындауды көрсетуге негізделген және өзін өмірде идемоторлық актілер ретінде көрсететін фундаменталды психофизикалық механизмдер болып табылады;

      16) классикалық би – қимылдың әртүрлі топтарын және аяқтың, қолдың, дененің және бастың қалпын мұқият пысықтауға негізделген хореография өнерінің мәнерлеу құралдарының жүйесі;

      17) мимика – қимыл, тұрыс және беттің әртүрлі бейнесін жасау арқылы түпкі ой мен сезімді жеткізу өнері;

      18) ойын – театр өнерінің басты элементі; спектакльдің, көріністің ұсынатын жағдайындағы актердің жағдайы;

      19) орындаушылық шеберлік – онсыз концерттік және басқа сахналық қызметтің болуы мүмкін емес, кәсіби тәсілдердің жиынтығы;

      20) өнер – әлемді рухани-практикалық танудың ерекше түрі, жасампаздық пен танымның бірлігі, адамзат арасындағы араласуды бағалау, кез-келген қызмет аясындағы білік, шеберлік деңгейі;

      21) пантомима – сахна өнерінің ерекше жанры, мұндағы жеткізудің негізгі құралы актердің қимылы және осы қимылдың ерекше техникасы болып табылады;

      22) пластикалық бейне – көрінетін, бейнеленетін бейнелер; көрінетін бейнелеу өнері эстетикалық қызметтің барлық түрлерінің бейнелі белгілері негізінде жатыр;

      23) пластикалық этюд – суреттемелер, қиялдар, эсперименттере, олардың іріктеу әдісінің салдарынан театр спектакльдері туындайды;

      24) сахна өнеріндегі пластика – қозғалыстар мен қимылдардың жалпы гармониясы, үйлесімділігі;

      25) сахналық қимыл – актердің сыртқы техникасының маңызды құрамдасы;

      26) спектакльдің пластикалық суреттемелері – театрландырылған әрекеттің кеңістіктік шешімі;

      27) суырып салу (импровизация) – орындау процесінде құрылатын өнер туындысы, немесе оны құру процесі;

      28) релаксация – жартылай немесе толық бұлшық етті босатумен байланысты, тыныштықтың еркінен тыс немесе ерікті күйі;

      29) репертуар – бір театрдың бір кезең арасында немесе қандай да бір уақыт аралығында орындайтын пьесалардың жиынтығы; қандай да бір стильдегі немесе қандайда бір ғасырдың пьесаларын іріктеп алу; бір актердің ойнап шығатын мүмкіндігі бар рөлдердің жиынтығы, оның актерлік шеберлігінің диапазоны, оның өзіне сәйкес рөлі;

      30) репетиция – режиссердің басшылығымен актерлердің орындайтын, мәтінді жаттау және сахнада ойнау жұмысы;

      31) рөл – актердің мәтіні мен ойының жиынтығы;

      32) рөлдік ойын – драмалы әрекеттердің түрі, оның қатысушылары өзінің рөлінің мінезін және әрекеттің ішкі логикалық ортасын жетекшілікке алып, таңдалып алынған рөлдер шеңберінше әрекет етеді;

      33) театр – орындаушылық өнердің формасы;

      34) театр педагогикасындағы этюд – актерлік техниканы жетілдіруге арналған жаттығулар; оқытудың эмоциялық мағынасындағы этюд – рөлдік ойын;

      35) театр этюді – суырып салуға негізделген, актерлік техниканы дамытуға арналған жаттығулар;

      36) түсіндіру (интерпретация) – өнер туындысын қабылдау және ойлап түсіну, оның мазмұнын өзінше түсіну арқылы бейнені ашу;

      37) халықтық-сахналық би – халықтық фольклор немесе балейтмейстердің өзінің көзқарасы негізінде туындаған және хореографиялық әрекеттің көркемдік-бейнелі мазмұнын барынша нақты ашуға көмектесетін, мәнерлеу құралдарының әртүрлі бояуларына қанық көркемдік деңгейі жоғары, кәсіби хореографиялық өнер;

      38) іс-қимыл – энергияны, әрекетті, ықпалды, әсерді көрсету; сюжеттің (фабула) негізін құраушы оқиғаны өршіту; ұсынылатын жағдайлармен күресудегі қандай да бір мақсатқа жетуге бағытталған психофизикалық процесс;

      39) ым (ишарат) – сөздің мәнерлігін арттыру үшін сүйемелдейтін, тіпті оның орнын басуға арналған дене қозғалысы, әсіресе қолмен қимыл жасау;

      40) ырғақты пластика – дененің жан-жақты үйлесімді дамуына арналған физикалық жаттығулар кешені;

      41) цирк – орындаушылық өнердің формасы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, олардың пластикалық мәдениеттерін тәрбиелеу, білім алушылардың цирктік нөмірлерді, көріністерді дайындау процесінде күрделілігі әртүрлі деңгейдегі міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін дағдылар кешенін қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) жеке қимыл дағдыларын меңгеру – күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындаудың техникалық тәсілдерін, қимылдардың тарихи стильдерімен танысу;

      2) жаттығулар кешенін, тәсілдерін, элементтерді анық орындауға, сахналық қимылдарының біріктірілулері мен композицияларын, бірқалыпты үздіксіз қимылдауды, музыкалық-қимыл қозғалыстарыныңи дағдыларын үйрету;

      3) қимылдарды, реакцияны, шешімділікті, динамикалықты, секіруді, физикалық күшті үйлестірудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, қимылдардың нақтылығын және анықтылығын пысықтау, бұлшық ет күшін, ырғақтылықты және әуезділікті дұрыс бөлу;

      4) гимнастика, акробатика, ритмика, эквилибристика, жонглерлеу, клоунада негізінде қимыл мәдениетін қалыптастыру;

      5) өз денесін басқару, өзінің физикалық жағдайын бағалау және оқу қызметі процесінде оны реттеу;

      6) музыкалық-ырғақтық дағдыларды қалыптастыру, актерлік шеберлік дағдыларына оқыту;

      7) жаңа сахна қимылдарын жеңіл меңгеру қабілетін дағдыландыру, дағдылар мен біліктерді меңгеру, қимылдау мүмкіндіктерінің диапазонын кеңейту; пластикалық техниканы жетідіру;

      8) жаңа мәнерлеу құралдарымен балалардың білімдерін толықтыру, сахналық және пластикалық мәнерлеу құралдары арқылы қойылымдық және көркемдік міндеттерді шешу.

      Дамыту:

      1) өзінің денесімен жұмыс істеу кезінде бұлшық еттердің абсолютті еркіндігіне, жеңілділігіне және сенімділікке қол жеткізу, физикалық дағдыларды батыл меңгеру, тырысуларды босату және сенімсіздіктен және үрейден арылу;

      2) бейнені пластикалық түрлендіру бойынша жұмысқа қажетті әртүрлі жаттығулар кешендері мен тәсілдеріне оқыту негізінде білім алушылардың икемділігі мен пластикалығын дамыту;

      3) сахналық қимылдар арқылы әртістік, эмоциялық қасиеттерін дамыту;

      4) сахна алаңдарында қоршаған әлемнен алынған пластикалық бейнелерді жасау арқылы зейінді, есте сақтау жадын, байқампаздықты дамыту;

      5) цирктік нөмірлерді, көріністерді, пластикалық этюдтерді құру арқылы шығармашылық қиялды дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) цирк қызметірінің құралдары арқылы көркемдік және эстетикалық талғамды қалыптастыру;

      2) цирк өнеріне, сахна қимылдары бойынша өзіндік сабақтарға деген қызығушылықты тәрбиелеу;

      3) жеке тренингтер арқылы білім алушыны шығармашылық қажеттілігін, дене мәдениетін жетілдіруді тәрбиелеу;

      4) көркемдік талғамды және логикамен ойлау білігін тәрбиелеу;

      5) дүниетанымы кең, рухани әлемі бай, театр өнеріне араластыру арқылы әлеуметтік бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Оқыту бесінші сыныптан басталады. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Бағдарлама өнер мектебінің цирк бөліміндегі балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      12. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, цирк өнерімен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      13. Бағдарлама дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, білім алушылардың сахналық қимылдардың объективті заңдылықтары және оларды қолдану білігі саласында қажетті білімді алуға бағдарланған.

      14. Педагог оқу міндеттерін белгілеуде икемділік есебінен әрбір білім алушыға жеке тәсілмен келуді, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндігіне жағдай жасайды.

      15. Бағдарламаға қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы сатылылық;

      2) сахналық қимылдардың дағдыларын меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаты.

      16. Бағдарлама білім алушылардың цирктік көріністерді дайындау процесінде күрделілік деңгейі әртүрлі міндеттері әрі қарай өз бетінше орындауға көмектесетін цирк өнері саласындағы негізгі білімді, сахналық қимыл дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.

      17. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог сахналық қимылдар негіздерін меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке назар аударады.

      18. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) қимыл техникасын бастан кешіру психологиясымен үйлестірудегі қажетті дағдылар мен қабілеттерді меңгеру;

      2) пластикалық мәнерлікті және суырып салу дағдыларын қалыптастыру;

      3) мимика, пантомима, ишарат тілі дағдыларын меңгеру;

      4) пластикалық көркемдік бейнені қиялдау, ойдан шығару, іске асыру білігін дамыту;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет дағдысын алуы.

      19. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      20. Бағдарлама білім алушының жасының және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      21. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      22. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесінің психологиялық және педагогикалық ғылым, теориясы және цирк өнері тарихының заманауи жетістіктерінің негізінде құрылуын талап етеді. Педагог дидактиканың ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын білдіреді;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты сахналық қимылдары сабақтарына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      23. "Сахналық қимылдардың негізі" және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуына жағдай жасайды.

      24. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, әңгімелеу, диалог;

      2) көрнекілік – педагогтің сахна қимылдарын, репродукцияларды, фильмдерді көрсетуі, бейне, фото материалдарды қарау, жеке сабақтар;

      3) практикалық – қайталап орындалатын және шығармашылық жаттығулар, цирктік көріністерді, нөмірлерді, трюктерді, этюдтерді, репетицияларды қою;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, логикалық ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      25. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      26. Сабақ формалары:

      1) сабақ;

      2) шеберлік сынып;

      3) экскурсия сабағы.

      27. Бағдарламаны іске асыру кезінде педагог заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      28. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      29. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімі педагогтің қажетті теориялық түсініктерді түсіндіруді, үйретілетін жаттығулардың элементтерін, цирктік қойылымдарды, көріністерді, нөмірлерді көрсетуді, бейне материалдарды қарауды қамтиды.

      30. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың шеберлік сыпыптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) театр көрсетілімдеріне дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Пәнді оқытудың негізгі әдістемелік қағидаты сахна жағдайында қимыл заңдылықтарын меңгеру болып табылады. Оның мазмұнының негізінде сахналық пластика, пантомима, актерлік шеберлік элементтерін меңгеру жатыр.

      33. Нөмірлерден және пластикалық суреттемелер негізінде мақсаты сахна қимылдары сабақтары арқылы тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу, өзінің жеке психикасына ғана емес, сондай-ақ денесін сауатты басқару білігін тәрбиелеу болып табылатын, өзінің тақырыбы, идеясы және аса жоғары міндеттері бар пластикалық қойылым құрылады.

      34. Сахна қозғалысы негізін меңгеру білім алушыларға мазмұны жағынан бай, сондай-ақ жоғары мәдени формамен ерекшеленетін қойылымдардағы цирктік және актерлік міндеттерді ашық және қанық көрсетуге қажетті білім мен тәсілдерді береді.

      35. Педагог цирк өнерімен айналысып жүрген баланың даму заңдылықтарын біледі, іріктеліп алынған репетуралардың әсерінен білім алушының даму динамикасын болжайды, оқу-тәрбиелік жоспарда заманауи цирк өміріндегі жаңашылдықтарға икемдік танытады және оларды толық қабылдай біледі.

      36. Педагог білім алушыға әртүрлі әсілдерді қолданады, олардың зияткерлік, физикалық және эмоциялық қабілеттерін, дайындық деңгейін ескереді.

      37. Сахналық пластика өнері адам денесінің музыкалық-ұйымдасқан, шартты, бейне-мәнерлеу қимылдарына негізделеді. Сабақ процесінде педагог көбінесе ритм сезіміне, стильге, көркемдік бейнеге, сахна қимылдарын түсініп және шынайы ойнауға үлкен көңіл бөледі.

      38. Педагог қимылдардың сипатын жеткізу үшін қимылдарды көрсету қолданады. Көрсету білім алушыға кез-келген қимылды, жаттығуды, цирктік нөмірді, көріністі мәнерлі, эмоциямен және техника жағынан дұрыс орындауға көмектеседі.

      39. Білім алушы әр сабақта педагогтің жетекшілігімен өзінің денесін, қимылды сезінуді үйренеді, психофизикалық қасиеттерін дамытады.

      40. Цирк өнеріндегі мәнерлеу құралы болып әрекет табылады, яғни психикалық және физикалық екі бастау тығыз байланыста болатын психофизикалық процесс.

      41. Педагог оқыту процесінде білім алушының қиялын анықтайды және дамытады. Білім алушы педагогтің тапсырған пластикалық суреттемелерін ғана орындап қоймай, сондай-ақ пластикалық бейне жасауды үйренеді.

      42. Пластикалық қиялға арналған жаттығулар оқытудың бірінші жылында жүргізіледі, педагог тапсырмаларды орындауда нақтылыққа тырысады, материалды шамамен,үстіртін оқуға жол бермейді.

      43. Білім алушының орындайтын жаттығуларының әрбір элементі шығармашылық сипатқа ие болады, актерлік ойынның бастамасы. Оқытудың қорытынды кезеңі нақты цирктік материалда қойылымдық материалмен жұмысты қамтиды.

      44. Педагог қимылдың мінезіне сәйкес келетін музыканың сипаттарына ерекше көңіл бөледі. Музыка қимылдардың үйлесімді ритмін табуға көместеседі.

      45. Педагог дайындық жаттығуларына ерекше назарды аударады. Әр сабақта өткен материалдары қайталанады және бекітіледі. Қимылдарды нақты орындауды талап ету міндеттердің мақсатын түсіндірумен қатар беріледі, педагогтің ұсынған оқу сызбалары нақты және мағынасын түсініп орындалады.

      46. Дайындық тренингтеріне арналған жаттығулардың міндеттері:

      1) тепе-теңдікті сақтау, бір позициядан екінші позицияға ауысуды бақылау;

      2) дененің тырысу өлшемін бақылау, жаттығудың әрбір кезеңін мұқият пысықтау;

      3) ұсынылған құрылым мен міндеттерге сәйкес қимылды үйлестіру;

      4) жаттығуларды әртүрлі жылдамдықтарда меңгеру, қимылдардың максималды амплитудасын, жұмсақтылығын және үздіксіздігін сақтау;

      5) қимылдарды механикалық түрде орындамау, қимылдардың инерциясын басқару;

      6) жаттығуларды орындау кезінде дем шығаруды ұстап тұрмай, үздіксіз, еркін дем алу;

      7) дененің перифериясының жұмысын (аяқ, қол, бет) ұсақ бөлшектерге дейін бақылау;

      8) жаттығуларды орындау кезінде қимылды сезінуді бақылау.

      47. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      48. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Өзіндік сабақтар балалардың денсаулық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүргізіледі.

      49. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарына жеке тренингтерді құру, заттармен жұмыс істеу, педагогтің ұсынымы бойынша пластикалық және би спектакльдерінің бейне жазбаларын қарау кіреді.

      50. Білім алушының жеке сабақтарын белсендіру үшін қолданылатын жұмыс формалары:

      1) этюдтерді шығару;

      2) жеке тапсырмалармен жұмыс;

      3) рөлмен өз бетінше жұмыс;

      3) этюдпен, рөлмен жұмысқа қатысты педагогтің басты нұсқауларын күнделікке жазу;

      4) үй тапсырмасын орындау туралы ауызша есеп беру.

      51. Жеке тренингтің құрамы:

      1) созуға және созылуға арналған жаттығулар;

      2) айналмалы жаттығулар;

      3) үйлесімділікті дамытуға арналған жаттығулар;

      4) тепе-теңдік сезіміне арналған жаттығулар;

      5) секіргіштікті дамытуға арналған жаттығулардан тұрады.

      52. Сабақтың құрылымы

      1) пластикалық жаттығулар;

      2) жаңа трюктар мен тәсілдерді меңгеру;

      3) пластикалық этюдтарды өз бетінше әзірлеу;

      4) этюд көрсетілімдері;

      5) көрсетілімдерді талдау;

      6) қатемен жұмыс;

      7) үй тапсырмасын жазу;

      8) сабақтың қорытындысын шығару.

      53. "Сахна қозғалысы" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "Акробатика", "Гимнастика", "Эквилибристика", "Жонглерлеу", "Клоунада", "Ритмика" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      54. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы қауіпсіздік техникасымен, терминдермен танысады, бұлшық еттерді, буындарды бекітуге және дамытуға, тыныс пен қимылды біріктіруге бағытталған жаттығуларды жаттайды;

      2) пластикалық шынықтыру жаттығуларының элементтері, қимыл дағдыларының техникасы туралы білім, арнайы сахналық дағдылар меңгеріледі, дене аппараты жетілдіріледі;

      3) сахнада өнер көрсету, цирктік нөмірлерді, этюдтерді құру тәжірибесі алынады, жүріс-тұрыстың жалпы мәдениеті және шығармашылық ұжымда араласу меңгеріледі.

      55. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Сахна қозғалысы" пәніне кіріспе. Пәннің тарихымен қысқаша таныстырып өту. Сахналық қозғалыс сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы. Актерлік жұмыстың мәнерлеу құралы ретіндегі сахналық қозғалысының мәні мен рөлі. Практика. Білім алушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтауға арналған шығармашылық ойындар. Өз бетінше суырып салу. Араласу және өзара әрекет ету. Өз бетінше талдау, өзара талдау.

      2-тақырып. Сахна қозғалысы негіздері. "Сахна қозғалысы" түсінігі. Бұлшық еттерді босатуға арналған қарапайым жаттығулар.

      Қимылдың жылдамдығын, қарқынын және кереғарлығын жаттықтыру. Ширату – бұлшық еттерді жылыту, олардың қабылдауын белсендіру. Әртүрлі қарқындар мен жылдамдықтарға ие болу. Баяу қимылдан жылдам қимылға ауысу. Жүру, қозғалу, отыру. Тұру, жату, әртүрлі жылдамдықпен тұру.

      Дайындық тренингтері. Білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратын дайындау және сабақта белсенді жұмысқа қаншалықты дайын екендігін анықтау. Түзету. Тартылу, бұрау, еңкею, айналу жаттығулары. Жүріп, секіріп, жүгіріп орындалатын жаттығулар. Тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығулар (ветибуляторлық анализаторды жаттықтыру). Дененің тұрақтылығын арттыруға арналған жаттығулар (орталық күшін бөлу). Позицияны бекітуге арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Дамытуға бағытталған тренингтер. Сүйек-бұлшық ет аппаратының үйлесімді күйін қамтамасыз ететін қасиеттерін дамыту және жетілдіру. Икемділкке арналған жаттығулар. Пассивті және белсенді иілгіштікке және созылуды дамытуға арналған жаттығулар. Күшке арналған жаттығу (қолдың, жауырынның, мойынның, арқаның, құрсақ тығыршығының және аяқтың бұлшық еттерін бекіту). Динамикалық жаттығулар. Жарылғыш күшті дамытуға арналған жаттығулар. Статикалық (изометриялы) жаттығулар. Шыдамдылыққа арналған жаттығулар. Үйлесімділікке арналған жаттығулар (қимылды уақыт пен кеңістіктікте нақты ұйымдастыруды арттыру, көп қырлы зейінді жетілдіру, жаңа қимылдарды, біліктер мен дағдыларды меңгеру жылдамдығын арттыру).

      4-тақырып. Бір, екі неемесе үш жазықтықтарды және жазықтықтарды ауыстырып отырып орындалатын қолға арналған үйлестіру жаттығулары. Қолға арналған үйлестіру жаттығуларын аяқтың әртүрлі қимылдарымен бірге орындау. Реакцияның жылдамдығына арналған жаттығулар. Секіруге және табанның қозғалмалылығына арналған жаттығулар.

      Бұлшық ет жадына, бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар. Бұлшық ет тырысуларын еркін басқару; бұлшық еттердің жеке топтарын және дененің бөліктерін әртүрлі қалыпта алмастырып тырыстыру және босату; жеке бұлшық ет топтарын алдын ала тырыстырмай босату; бір бұлшық еттерді тырыстыру кезінде басқа бұлшық еттерді босату; тырысуларды бір бұлшық еттерден келесілеріне "құю"; барлық бұлшық еттерді құлау және құламау кезінде босату; бұлшық ет тырысуларын алдымен ерікті, кейіннен түйсіксіз орындауды дағдыландыру.

      Орталық күшті сезінуге арналған жаттығулар. Вестибулярлық аппаратқа арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Пластикалық тренинг. Қимылдың ішкі сезімін дамыту. Тырысуға және босатуға арналған жатығулар. Қолдардың қозғалғыштығына және мәнерлігіне арналған жаттығулар. Қолдардың қозғалғыштығына және ептілігіне арналған жаттығулар. Күрделі қимыл және әрекет міндеттерін шешу кезіндегі әртүрлі физикалық және психофизикалық қасиеттерді кіріктіру тәжірибесін алу;

      Дене және қолдың ептілігі. Үздіксіз қозғалу, форма, ишарат, кеңістік сезіміне арналған жаттығулар. Қимылдың түрлері мен сипатын меңгеруге арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Арнайы тренинг. Актердің психофизикалық қасиеттерін дамыту. Тепе-теңдік сезімін дамытуға арналған жаттығулар. Вестибулярлық аппараттың сезімталдылығын арттыру, тепе-теңдік сезімін өршіту және дене тұрақтылығын арттыру. Кеңістіктікті сезінуге арналған жаттығулар. Қимыл инерциясы сезіміне арналған жаттығулар. Форма сезіміне арналған жаттығулар. Серіктесті сезінуге арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Сахналық акробатика. Акробатикалық дағдыларды дамыту және психофизикалық қасиеттер кешенін дамыту. Акробатикалық дағдыны спорттық дағдыдан сахналық дағдыға тасымалдыау.

      Дайындық жаттығулары. Жеке аэробика. Жеке аэробиканың негізгі элементтерін меңгеру. Тепе-теңдіктегі жаттығулар. Шатқа отыру. Көпір жасау. Тіреліп тұру, тұру, домалау, аударылып түсу, лақтыру, дөңгелеп айналу. Жұптық акробатика. Жұптық акробатиканың негізгі элементтерін меңгеру (сүйемелдеу, отыру, тұру, иыққа шығу). Акробатикалық композициялар мен вариациялар. Акробатика элементтері қолданылатын этюдтер. Эксцентрикалық акробатиканың элементтері. Акробатикалық композициялар мен фразалар. Акробатика элементтері қолданылатын этюдтер.

      8-тақырып. Сахнада құлау. Құлаудың техникасын меңгеру, бұлшық еттерді тырыстыру және босатуды, қимыл инерциясын басқару қабілетін дамыту. Тепе-теңдікті жоғалтудың салдарынан туындаған қимыл процесін басқару.

      Сахнада құлаулардың әртүрлі сызбаларынының негізгі биомеханикалық қағидаттарын меңгеру бойынша жаттығулар. Пассивті құлауларға арналған дайындық жаттығулары. Отырған, тізерлер тұрған күйден құлау. Тұрған қалпында әртүрлі бағытқа пассивті түрде құлаулар. Сақтандыру тәсілдері, әртүрлі бағыттарға белсенді құлаулар. Еденге құлау. Кедергілер арқылы құлау. Қолындағы затымен бірге құлау. Серіктесімен өзара байланыста құлау. Декорациядағы құлау тізбектері. Ерекше және трюкті құлаулар.

      9-тақырып. Физикалық күйдің шығармашылық дағдыларын дамытудағы гимнастикалық кешен. Сахнада араласу өнеріндегі жалпы физикалық дайындықтың мәні.

      Байқампаздықты дамыту. Қандай да бір қимылды бергілі бір уақыт аралығында көру, естінде сақтап қалу, қайталау білігі. Топпен, жұппен жұмыс істеу. Тек қимылдың нақтылығын, дене тұрысымен ғана жеткізіп қоймай, сондай-ақ олардың ішкі күйін, сезімін жеткізу. Әртүрлі қырлардағы және мизанценалардағы қимылдар. Өздерінің жеке қырларын және мизанценаларды, серіктесінің мизанценасын қайта құру. Алған білімдерін трюкпен, цирктік нөмірмен жұмыс істеуде қолдану.

      Қимыл дағдыларына арналған жалпы дамытушылық жаттығулар. Дұрыс тыныс алу техникасын, дененің икемділігі мен қозғалғыштығын дамытуды меңгеру. Қимылды үйлестіруді дамытуға арналған жаттығулар. Қимылдардың ішке бағытталуы және нақтылығы. Қимылдардың суреттерінің, ритмдерінің, жылдамдықтарының, қырларының әр түрлілігі, олардың мәнерлігі және ішкі ақталуы. Алған білімдерін трюкпен, цирктік нөмірмен жұмыс істеген кезде қолдану.

      10-тақырып. Пластикалылық. Дене мүсіні. Жүрісі. Нақыштарының шынайылығы және ұдайы бақылаудың қажеттілігі. Практикалық тренингтер. Қолдардың пластикалығын, қозғалғыштығын және мәнерлігін дамытуға арналған жаттығулар. Қолдардың көмегі арқылы ойды жеткізу. Тіл-қимыл дағдыларын тәрбиелеудегі сахналық пластика. Көру-есту сахналық жаттығулары. Сөз-дыбыс театр эффектілері.

      11-тақырып. Сахналық әрекет бірыңғай психофизикалық процесс. "Қарқын", "ритм" түсініктері. Ырғақтылық – қимылды кеңістіктік-уақыттық ұйымдастыру дағдысы.

      Ырғақтауға арналған жаттығулар. Кешенді тренинг. Жаттығулардың кешенді жиыны.

      12-тақырып. Жалпы пластикалық композиция. "Пластикалық этюд", "пластикалық суреттеме" түсініктері. Жеке-топтық дайындық сабақтары.

      13-тақырып. Мимика. Мимикамен жұмыс – маңызды актерлік міндеттердің бірі. Мимиканың түрлері: еркінен тыс және ерікты. Мимикалық жаттығулар. Саусақ гимнастикасы. Тіл және саусақ. Саусақ ойындары.

      14-тақырып. Сахнада өзін ұстауы. Ритмопластика. Қимыл қабілеттерін дамыту. Үйлестіруге және тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар. Ритмикалық пластика. Физикалық тренинг. Физикалық тәртібінің адамның ішкі күйіне әсері. "Уақыт сеземін" бақылау білігі.

      15-тақырып. Этюдтар. Сахна қозғалысы сабақтарындағы пластикалық этюд түсініктері. Ұсынылған тақырыпқа, музыкаға, жағдайда білім алушыларының өздері ойдан шығарған этюдтері. Алған дағдыларының элементтерін қолданып суырып салу.

      16-тақырып. Этюдтар. Практика. Пластикалық жаттығуларды орындау. Суырып салу жанрында этюдтармен жұмыс. Ойдағы идеяны шығару және іске асыру. Түрлену шеберлігін дамыту. Пластиканың мәнерлігі.

      Қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Берілген кеңістіктікте белгілі жылдамдықпен қозғалу. Ұсынылған тақырыпқа этюдтар.

      17-тақырып. "Рөлдік ойын" түсінігі. Рөлдік ойндардың түрлері. Мимика және ишарат. Дене тұрысы және ишарат. Сахналық қимылды ауыстыру. Сахна қимылдарының элементтері бар музыкалық ертегі.

      56. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминологияны біледі;

      2) қауіпсіздік техникасын біледі;

      3) өзінің денесінің дара ерекшеліктерін біледі;

      4) сахна қозғалысының негізін біледі;

      5) икемділік пен қозғалғыштықты дамытуға арналған жаттығулар кешінін біледі;

      6) сахналық және тұрмыстық әрекеттің ерекшеліктерін біледі;

      7) "қарқын", "ритм", "пластикалық этюд", "пластикалық суреттеме", "мимика", "ишарат" түсініктерін біледі;

      8) мимиканың, мимикалық жаттығулардың түрлерін, саусақ гимнастикасын, саусақ ойыындарын біледі;

      9) үйлестіру мен тепе-теңдікке арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      10) рөлдік ойындардың түрлерін біледі;

      11) сахналық зейін, есте сақтау жады және қиялға арналған актерлік тренинг жаттығуларды орындау дағдыларына ие болады;

      12) этюдтегі пластикалық бейнені іске асыруды біледі;

      13) сахналық уақыттың белгілі бөлігінде өзінің кейіпкерінің қарапайым сахналық әрекеттерін құруды біледі;

      14) ұсынылған тақырыпқа этюд құруды және оны манежде орындауды біледі.

      57. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ширатуды жаттықтыру кешені, бұлшық ет аппаратын бекітуге, тырысу мен бөгелуді босатуға, инерция сезіміне, инерцияны басқаруға арналған жаттығуларды, "ишарат", "иллюстративті", "семантикалық", "эмоционалды", "қарқын-ритм", "көркемдік" бейне түсініктерін меңгереді;

      2) сахна тілі мен ән айту жаттығуларын қамти отырып, қимылдардың логикалық сызбасын құру бойынша жұмыс жалғастырылады, сахна қимылдарының арнайы дағдылары, қимылдарды сахна кеңістігіне бөлуге арналған жаттығулар, көркемдік бейнемен жұмыс істеу кезеңдері, манежде орындау меңгеріледі;

      3) спорттық жаттығудың цирктік трюкке айналуы, трюктерді механикалық түрде мағыналы комбинацияға біріктірілуі түсінідіріледі, физикалық жаттығулар, пластикалық этюдтер арқылы көркемдік бейнені құру дағдылары меңгеріледі;

      4) белігі бір уақыт бөлігінде рөл мен мизансценаның пластикалық суретін орындау, әркеттің басталуы, дамуы, аяқталуына сәйкес қимылды үйлестіру дағдылары қалыптастырылады.

      58. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Физикалық аппаратты жаттықтыру. Ширатудың жаттықтыру кешені. Бұлшық ет аппаратын бекітуге арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Сахнада өзін ұстау стиліндегі ишарат пен музыка. "Иллюстративті", "семантикалық", "эмоцияық" ишарат түсініктері. Пластикалық этюдті құру.

      3-тақырып. Бұлшық еттерді босату бойынша жұмыс. Тырысу мен бөгелуді босатуға арналған жаттығулар. Бұлшық еттерді тырысудан босату, оларды тонусқа келтіру бойынша жұмыс. Психофизикалық кедергілер мен тырысуларды босатуға арналған ойындар. Инерция сезімін дағдыландыруға арналған жаттығулар. Инерцияларды басқаруға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Қимылдарды тілмен және ән айтумен ырғақтау және үйлестіру. Шынайы өмірлік жағдайдағы еріксіз үйлестіру. Ерікті үйлестіруді тәрбиелеу. Сахна тілі мен ән айтуды қамти отырып, қимылдарды логикалық сызбалар бойынша құру. Ұсынылған музыкалық композицияның қарқыны мен ритмін анықтау.

      5-тақырып. Мәнерлі-әрекетті практиканы тәрбиелеудегі актерлік шеберліктің элементтері. Бейнелі-пластикалық ойлауды дамыту.

      6-тақырып. Актерлік ойынның бейнелеу құралдары. "Актер", "ойын" түсініктері.

      7-тақырып. "Қарқын-ритм" түсінігі. Уақыт, кеңістік, қарқын-ритм. Әртүрлі жылдамдықтағы қарқынды қимыл түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі –қимылды уақытқа бөлу. Ритмикалық суреттегі қимыл ритмі түсінігі. Қарқынды-ритмикалық жаттығулар.

      8-тақырып. Сахна қимылдарының арнайы дағдылары. Қимылдарды сахна кеңістігінде бөлуге арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Ойын және стильдеу. "Жанр" және "стиль". Ұсынылған жанрда және стильдегі этюд.

      10-тақырып. Көркемдік бейне. Көркемдік бейнені құру. Көркемдік бейнемен жұмыс істеу кезеңдері. Спорттық жаттығуды бейнелі түсіну. Пластикалық этюд.

      11-тақырып. Спорттық жаттығулар, трюктік комбинацияларға түрлендіру. Орындаушының манеждегі бейнесі. Спортты жаттығу – цирктік трюк. Трюктерді мағыналы композицияға дейін механикалық біріктіру. Спортшы-әртіс. Физикалық жаттығулар арқылы белгілі ойды бейнелі бекіту. Пластикалық этюд.

      12-тақырып. Сахналық қимылдар. Сахналық қимылдарды таңдау. Манеждегі жүріс-тұрысы. Сахналық қимылдарды ауыстыру. Елестетуді, қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Пластикалық этюд.

      13-тақырып. Қимылды уақыт және кеңістіктікте бөлуді ұйымдастыру. Рөлдің пластикалық суреті мен мизансценаны белілі бір уақыт бөлігінде нақты ұйымдастыру және іске асыру қабілеті және білігі. Кез-келген қимылды логикалық тұрғыдан негіздей алу білігі. Білім алушының елестетуін, тапқырлығын және қабілеттерін, ұсынылған жағдайларда бағдарлана алуын дамыту. Алға қойылған міндеттергі сәйкес белігі бір уақыт бөлігінде өзін нақты және анық ұйымдастыра алу білігі.

      14-тақырып. Музыкамен бірге қозғалу қабілеттерін қалыптастыру. Трюк, нөмір кезінде музыкамен үйлесімді өмір сүру қабілеттерін дамыту. Әрекеттің басталуы, дамуы және аяқталуына сәйкес қимылды музыкамен ұйымдастыру. Әуен қарқындарының, мінездерінің, көңіл-күйлерінің түрлілігі. Алған білімдерін оқу этюдімен, спектакльмен жұмыс істеуде қолдану.

      15-тақырып. Цирктік манежде сахна қимылдарының элементтері бар пластикалық этюдпен жұмыс. Трюктік композициямен жұмыс.

      59. 6 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ширатудың жаттықтыру кешенін, бұлшық ет аппратын бекітуге, инерция сезімін дағдыландыруға, инерцияны басқаруға, қысылу мен ұяңдылықты босатуға арналған жаттығуларды біледі;

      2) "қарқын" және "ритм", сондай-ақ "қарқын-ритм", "ойын", "стильдеу", "жанр", "стиль" түсініктерін біледі;

      3) күрделі элементтерді орындау үшін дайындық жаттығулардың кешенін біледі;

      4) көркемдік бейнемен жұмыс істеу кезеңдерін біледі;

      5) трюктік композия ретінде спорттық жаттығуды орындай алады;

      6) физикалық жаттығулар, пластикалық этюд арқылы белгілі ойды бейне арқылы жеткізе алады;

      7) рөлдің пластикалық суреті мен мизансценаны нақты және белгілі бір уақыт бөлігінде ұйымдастыруды және орындауды біледі;

      8) қойылған міндеттерге сәйкес өзін белгілі бір уақыт аралығында нақты және дәл ұйымдастыра алады;

      9) кез-келген сахналық қимылды логикалық тұрғыдан негіздей алады;

      10) цирктік трюк, нөмір көрсету жағдайында музыкамен бірге қимылдауды біледі;

      11) пластикалық этюдтерде актерлік ойындарды қолдануды;

      12) қарнық-ритм мен стильдің ерекшеліктерінде бағдарлана алады.

      60. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны:

      1) өнердің түрі ретінде пантомиманың өзіне тән өзгеше ерекшеліктерімен, пантомиманың негізгі қасиеттерімен, белгілерімен, түрлерімен, жанрларымен, пантомимадағы әрекетті жеткізуші ретінде ишаратпен танысу;

      2) пантомимадағы классикалық стильдік жаттығулардың техникасы, стильдік жаттығуларды этюдтерге біріктіру меңгеріледі;

      3) тірек-қимыл аппаратының иілгіштігін дамытуға арналған әртүрлі жаттығуларды орындау дағдылары, алдын ала берілген траекториялар бойынша жергілікті қимыл дағдылары қалыптастырылады.

      61. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өнер ретінде пантомиманың спецификалық ерекшеліктері. Пантомиманың негізгі қасиеттері мен белгілері: мазмұнын максималды түрде жалпылау, формасын стильдеу, шекті мақсаттылық және қимылдардың нақтылығы. Ишарат – пантомимадағы әрекетті жеткізуші және спецификалық поэтикалық тілді тудыратын жер.

      2-тақырып. Өнер ретіндегі пантомиманың синтетикалығы. Пантомиманың "елестегі әлемі". Ишараттар, жұмсақ және "жанды" заттар. Ойдан шығарылған кедергілермен жұмыс заңдылықтары. Ойдан шығарылған орта. Ойдан шығарылған серіктес. "Түрлендірілетін заттар".

      3-тақырып. Пантомиманың түрлері. Классикалық пантомима. Бишілік пантомима. Акробатикалық пантомима (жонглерлеу, секірулер, әртүрлі трюктер). Эксцентрикалық пантомима (күлкілі жағдай, арнайы реквизиттің болуы).

      4-тақырып. Классикалық пантомиманың жанры. Аллергориялық пантомима, оның негізгі қасиеттері. Мимодрама, оның ерекшеліктері. Клоунада. Сюжетті және сюжетсіз пантомима.

      5-тақырып. Мағынасыз пантомима өнері. Жалғыз мималар. Театр пантомимасы. Пантомима техникасы. Пантомимадағы жаттығулардың сараптамалық кешені.

      Цирктік пантомима. Батальді, зоопантомима, су пантомимасы, бұқаралық көріністермен және арнайы эффектілермен, шытырман оқиғаларға толы феерия.

      6-тақырып. Пантомимадағы классикалық стильдік жаттығулар. Классикалық стильдік жаттығуларды орындау техникасы. Стилистикалық жаттығуларды құрудағы атақты мимдардың тәжірибелері. Стильдік жаттығуларды этюдтке біріктіру.

      7-тақырып. Қимылдың әртүрлі техникалары – бейнені құрудағы көркемдік мәнерліктің құралы (марионетка, робот, компьютерлік графика, рапид, мультипликация).

      8-тақырып. Тірек-қимыл аппаратының иілгіштігін дамытуға; дененің кез-келген бөлігінің қимылын басқарушылыққа, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін бұлшық ет топтарының тұрақтылығына және зейінді шоғырландыруға (бір уақытта бірнеше объектілерде); елестетуді, байқампаздықты, қиялды және идеомоториканы дамытуға ықпал етуге арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Алдын ала белгіленген траекториялар бойынша жерлігілікті қимылдарды іске асыру: "алға-артқа", "жоғары-төмен", "крест", "шеңбер", "квадрат", "үшбұрыш" қозғалыстары.

      10-тақырып. Алдын ала белгіленген траекториялар бойынша жергілікті қимылдарды іске асыру: шартты үш кеңістіктікте.

      11-тақырып. Алдын ала белгіленген траекторияларда жергілікті қимылдарды іске асыру: педагогтің тапсырған импульстерінен басталатын қимылдар: жеңіл соққылар, итерулер, жақындау, олар таңдалып алынған дене бөлігінің қимылының бағытын көрсетеді.

      12-тақырып. Алдын ала белгіленген траектория боынша жергілікті қимылдарды іске асыру: айтарлықтай күрделірек қос импульстер, қимылдың түрлері: бірқалыпты, "сөнумен", "бөлінген".

      13-тақырып. Алдын ала белгіленген траекториялар бойынша жергілікті қимылдарды іске асыру: елестетілген бейненің "айтуымен" қимылдау (аңдардың, заттардың, табиғат көріністерінің).

      14-тақырып. Алдын ала белгіленген траекториялар бойынша жергілікті қимылдарды іске асыру: бір уақытта екі немесе одан да көп ойдан шығарылған бейнелердің "айтуымен" қимылдарды орындау,барлық дененің платикасымен шешілетін және "адам – зат", "адам – жануар" сияқты жаттығулардан құралған этюдтарды орындау.

      15-тақырып. Жоқ заттың көлемі мен формасын нақты жеткізу білігіне бағытталған жаттығулар ("ойдан шығарылған заттармен" жұмыс).

      16-тақырып. Беттің сипатына (қатты, жұмсақ, қатпарлы, толқынды, дөңгелек, дөңгелектенген зат); заттардың қасиеттеріне (тікенекті, жабысқақ, дымқыл, ащы зат); температуралық ерекшеліктеріне (ыстық, суық зат) арналған жаттығулар.

      17-тақырып. Мимиалық мәнерлікті дамытуға, өз мимикасын түсініп басқаруға арналған жаттығулар, беттің жоғары және төменгі бөлігін жаттықтыру: "перде" Марсо; "ауруды сезу бұлшық еттері"; "қауіпті сезу бұлшық еттері"; "ойлану бұлшық еттері", "күлкі бұлшық еттері"; "жылау бұлшық еттері".

      Жаттығулар – негізгі стильдік тәсілдерді меңгеру: "орнында тұрып қадамдау"; "орнында тұрып жүгіру"; "арқанға шығу"; "әлсіреген дене"; "ойдан шығарылған баспалдаққа шығу және түсу"; "таяну".

      62. 7 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пантомиманың өзіне тән өзгеше ерекшеліктерін, қасиеттерін және белгілерін біледі;

      2) пантомимадағы әрекеттерді тасушы ретінде ишарат түсінігін біледі;

      3) пантомима түрлерін, жанрын, техникасын біледі;

      4) классикалық стильдік жаттығуларды орындау техникасын, стильдік жаттығуларды этюдте біріктіруді біледі;

      5) бейнені жасаудағы көркемдік мәнерлілік құралы ретінде қимылдың әртүрлі техникасын біледі;

      6) жалпы дамытушылық жаттығуларды біледі және орындайды;

      7) алдын ала берілген траекториялар бойынша жергілікті қимылдарды орындау дағдыларына ие болады.

      63. 8 сыныптағы бағдарлама талаптары:

      1) пластикалық мәнерлеу құралдары, пластикалық концерттік нөмірдің драматургиялық қағидаттары, пластикалық нөмірді құруға арналған мәнерлеу құралдары меңгеріледі;

      2) сюжеттік пластикалық көрсетілімді, әртүрлі сахналық тәсілдерді қолданып цирктік төбелесті қою бойынша алғашқы дағдылар қалыптастырылады.

      64. 8 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пластикалық мәнерлеу құралдары. Пластикалық нөмір. Нөмірдің драматургиясы. Пластикалық концерттік нөмірдің драматургиясының қағидаттары: "қысылу", аяқталуы, жеке және аяқталған шығарманы құру, мобильділік, идентификациялау қағидаттары.

      Музыка, кескіндеме, әдеби шығарма – пластикалық нөмірді құру материалы.

      2-тақырып. Пластикалық нөмірді құруға арналған негізгі мәнерлеу құралдары.

      3-тақырып. Пластиканың құралдары арқылы сахналық бейнені құру. Бейне. Символ. Еркін тақырыпқа арналған этюдті шығару.

      4-тақырып. Пластикалық сипаттылық. Өмірлік тәжірибе мен байқампаздықтың мәні. Ұсынылған тақырыпқа пластикалық этюдті құру.

      5-тақырып. Пластикалық бейнелерді құру. Аталған материалды пластикалық этюдке айналдыру.

      6-тақырып. Сюжетті пластикалық көріністерді қою. Идеяның пайда болуы – пластикалық көріністердің тақырыптары. Сценарий құру.

      7-тақырып. Композициялық және музыкалық жоспар. Музыкалық материалмен жұмыс.

      8-тақырып. Барлық нөмірді, декорацияны, костюмдерді және жарықтық партитураны бейнелі түрде көру.

      9-тақырып. Пластикалық суретті дамыту логикасы және оны сахна алаңына қайта бөлу.

      10-тақырып. Көрсетілімді қоюдағы драматургия заңдылықтарын қолдану (экспозиция, байланыс, әрекеттің дамуы, шарықтау тұсы, соңы). Пластикалық мәнерлеу құралдарының рөлі.

      11-тақырып. Сюжеттік пластикалық көріністі көрсету.

      12-тақырып. Цирктік семсерлесу. Семсерлесу рәсімдері. Семсерлесу тарихы. Әртүрлі сахналық тәсілдерді қолдану арқылы циртік күресті қою.

      13-тақырып. Кешенді тренинг – актерлік шеберлік дағдылары. Жаттығуларды білуін тексеруге арналған өткен материалды бекіту. Жаттығулардың кешенді жиыны.

      65. 8 сыныптағы Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пластикалық мәнерлеу құралдарын, пластикалық концерттік нөмірдің драматургиясын біледі;

      2) пластикалық нөмірді жасауға арналған негізгі мәнерлеу құралдарын біледі;

      3) пластика құралдары арқылы сахналық бейнені жасауды біледі;

      4) сюжетті пластикалық қойылымды қою дағдыларын біледі;

      5) композициялық және музыкалық жоспарды құруды, музыкалық материалмен жұмыс істеуді біледі;

      6) қойылымға арналған декорацияны, костюмдерді және түстік партитураны таңдай алады;

      7) пластикалық суретті сахна алаңына бөле алады;

      8) қойылымды қоюдағы драматургия заңдылықтарын қолдануды біледі;

      9) әртүрлі сахналық тәсілдерді қолданып, манежде цирктік төбелесті жасай алады;

      10) өз бетінше, сондай-ақ ұжыммен шығармашылық жұмыс дағдыларын біледі;

      11) сахнада өнер көрсету тәжірибесі бар;

      12) әрі қарай жетілу үшін тренингтерді және жаттығуларды өз бетінше қолданады.

      66. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) классикалық, халықтық-сахналық билердің негізгі элементтері меңгеріледі, қосымша реквизиттерді пайдаланып, нөмірді қою іске асырылады, бұқаралық хореографиялық нөмірлер, спорттық нөмірлер қойылады;

      2) пластикалық этюдте, биді суырып салуларында бейнені құру бойынша біліктер мен дағдыларды меңгеру жалғастырылады.

      67. 9 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қауіпсіздік техникасы. Бұлшық еттерді созу тәсілдері. Қимыл биомеханикасының негіздері. Хореография тілінің шарттылығы. Бидің суреттемесі және композиция. "Ширату", "созу" түсінігі.

      2-тақырып. Классикалық бидің негізгі элементтері. "Классикалық би" түсінігі. Станок алдында орындалатын жаттығулар, денені қою, аяқтар мен қолдардың қалпы, денен мүсінін ұстау қалпы, классикалық экзерсистің элементтері. Станоктің алдында орындалатын классикалық бидің қимылдарын дамытудың негізгі тәсілдері. Залдың ортасында орындалатын классикалық бидің қимылдарын дамытудың негізгі тәсілдері. "Классикалық бидің қалпы" түсінігіне анықтама. Классикалық бидің қалыптары – классикалық биді дамытудың факторы. Классикалық бидің қалыптарының формаларын анықтау: кіші, орта, үлкен. Классикалық бидің қалыптарының түрлері: croisé [круазе], effacé et ecarté [эфасэ эт экарте]. Классикалық бидің қалыптарын жіктеу. Классикалық бидің қалыптарының "канондық" және "канондық емес" түсініктерін анықтау. Классикалық бидің қалыптарын орындау әдістемелері мен тәсілдері.

      3-тақырып. Би комбинациясы және дене пішіні. "Комбинация" және "дене пішіні" түсініктері. Залдың ортасында орындалатын жаттығулар, иілу, қалыптар, қадамдар.

      Қолдар – классикалық би қалыптарының "тіл" құралы ретінде. "Бастайтын және жетектейтін қол" түсінігін анықтау. Temps lié [тан лие] – классикалық бидің позаларын орындау тәсілдері мен техникасын дамытатын негізгі қимыл ретінде.

      Тemps lié [тан лие] түрлері. Adagio [адажио] – классикалық бидің қалыптарын меңгерудегі құрал ретінде. Port de bras [пор де бра] – орындаушылық шеберлікті тәрбиелеуге бағытталған қимылдардың кешені. Рort de bras [пор де бра] түрлері. Классикалық бидің мәнерлеу құралдарын дамыту бойынша жұмыс.

      4-тақырып. Халықтық-сахналық бидің негізгі элементтері. Халықтық көңіл көтерулердің дәстүрлі би формалары. Керемет көріністің би құрылысы. Денені қою, табанның қозғалмалылығын дамытуға арналған жаттығулар, бөлшектеп тоқылдату, сырқа қайтару және отырып тұру.

      5-тақырып. Халық билерінің негізгі композициялық элементтері. Мінезді бидің әліпбиі, билердің элементтері. Практика. "Барыня", "Цыганочка", "Лезгинка", "Тарантелла" би композициялары.

      6-тақырып. Би-ойын эпизодтары. "Нөмір" және "эпизод" түсініктері. Би-ойын эпизодтары. Практика. "Наурыз", "Масленица", "Үйлену тойы", "Тұсау кесу" тақырыптарына арналған дәстүрлерді қою.

      7-тақырып. Бидің байланыстары. Би композициясының мәнерлігі. Бал билері. Самба. Дайындық жаттығулары. Негізгі қимылдар. Қауіпсіздік техникасы. Виск. Вольта. Бото фого. Бір орында тұрып самба жүрісін орындау. Вариациялар.

      Спорттық билер. Музыкалық сауаттың элементтері. Би әліпбиі. Ширату. Жалпы физикалық дайындық. Партерлі гимнастика. Ырғақтылық, билердің музыкалық өлшемдері.

      Эстрадалық билер. Эстрадалық бидің негізгі әдістері мен ережелері. Сурып салу. Мәнерлеу құралдары, әртүрлі билердің стильдерін үйлестіру. Театрлау.

      Қосымша реквизиттерді қолданып нөмірлерді қою (лента, қалпақ, бетперде, шығыршақ).

      8-тақырып. Заттармен және фондағы жалаушалармен жұмыс. Практика. Қосымша реквизитті қолданып нөмірді қою (лента, қалпақ, бетперде, шығыршақ және басқа да заттар).

      9-тақырып. Ұжымдық-тәртіпті және ритмикалық кешендер. Бұқаралық хореографиялық нөмірлер. Спорттық нөмірлер.

      10-тақырып. Драмалық формаларды пантомима-хореографиялық көріністерге түрлендіру. Материалды түсіндіру.

      11-тақырып. Музыкалық-хореографиялық әрекет. Театрлық-хореографиялық нөмірлерді қою.

      12-тақырып. Би және пластикалық композицияны құру. Пластикалық этюдте бейнені жасау. Орындаушының ішкі эмоциялық күйімен танысу. Сахналық бейнені дамыту.

      13-тақырып. Би суырып салулары. Музыкалық шығармалардың көңіл-күйін сипаттайтын пластикалық тұрғыдан еркін қимылдарды орындау.

      68. 9 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      9 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қимыл биомеханикасының негіздерін біледі;

      2) "бидің суреттемесі", "композиция", "ширату", "созылу" түсініктерін біледі;

      3) классикалық бидің негізгі элементтерін біледі;

      4) халықтық-сахналық бидің элементтерін біледі;

      5) халық билерінің негізгі композициялық элементтерін біледі;

      6) спорт, эстрада және бал билерінің элементтерін біледі;

      7) би пластикалық этюдінде бейнені жасауды біледі;

      8) биді суырып салып орындау кезінде музыкалық шығарманың көңіл-күйін сипаттайтын еркін пластикалық қимылдарды орындауды біледі.

      69. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) сахнада пластикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасын;

      2) сахна қозғалысы негіздерін;

      3) сахна қозғалысының техникалық тәсілдерін;

      4) кәсіби терминдерді;

      5) сахна кеңістігінде өз бетінше бөлу негіздерін;

      6) сахналық әрекеттер заңдылықтарын біледі.

      Түлек:

      1) тапсырмаларды дәл шығаруды, дұрыс орындауды;

      2) музыкалық-қимылды бейнені құруды;

      3) жеке тырысударды босатуды;

      4) сахна кеңістігінде бағдарлануды және әрекет етуді;

      5) қарапайым физикалық әрекеттердің шынайылы мен нақтылығын пысықтау;

      6) сахналық міндеттерді орындауды;

      7) шығармашылық бастамашылықты көрсетуді;

      8) суырып салуды;

      9) ойлануды және сахнада әрекет етуді;

      10) сахнада серіктестігімен өзара әрекет етуді;

      11) кәсіби лексиканы қолдануды;

      12) оқиғалар желісін құруды;

      13) өзінің идеялары мен сезімдерін көрерменге дейін жеткізе алуды;

      14) актерлік ойын техникасын психологиялық бастан кешумен үйлестіруді;

      15) қимылдарды елестету және бейнелермен ойлануды;

      16) ұсынылатын жағдайларда дұрыс үйлесімді әрекетті табуды;

      17) сахналық бейнемен және рөлмен өз бетінше жұмыс істеуді;

      18) қойылымдық жоспарды өз бетінше талдауды;

      19) нақты және сенімді бейнелерді жасауды;

      20) артикуляциялық жаттығулар және тыныс алу гимнастикасын біледі.

      Түлекте:

      1) өз бетінше жұмыс істеу;

      2) зерттеу қызметі;

      3) араласу;

      4) аутотренинг және релаксация;

      5) сахналық пластика;

      6) шығармашылық тәсіл;

      7) көркемдік бейнені жасау кезінде пластикалық техниканың элементтерін қолдану дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      70. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      71. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (дайындық, дамыту, пластикалық тренингтер кешені), екінші жартыжылдықта: сынақ (пластикалық этюд);

      2) 6 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (пластикалық этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (трюкті комбинация);

      3) 7 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (цирк пантомимасы), екінші жартыжылдықта: сынақ (театр пантомимасы);

      4) 8 сынып – бірініші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (ұсынылған тақырыпқа арналған пластикалық этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (сюжеттік пластикалық көрініс);

      5) 9 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (би комбинациясы), екінші жартыжылдықта: сынақ (биді суырып салу).

      72. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – сахналық міндеттерді өте жақсы орындауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмірді бастан кешуі, жаттығуларды сапалы меңгеруі және сахна дағдыларын игеруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – рөлдің тура әрекетін дұрыс анықтауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және шынайы өмір сүруі; сахна қозғалыстарының элементтерін жартылай дұрыс орындауы, орындауында біраз қысылуы, әрі қарай даму, тәртіп пен оқуға деген мүмкіндіктерінің байқалуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – сахна алаңында жұмыс істеу кезіндегі кемшіліктері мен олқылықтары, сахна кеңістігін өз бетінше бөлу негіздерін жетік білмеуі, көптеген кемшіліктермен орындауы, физикалық дайындығының әлсіздігі, өзін өзі басқаруы мен тәртібінің болмауы, алайда оның орындауында меңгерілген материалдың элементтері бар, білім алушы әрі қрай кәсіби жеңгейін өсіруге талпынады;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – сахна қозғалысы бойынша қойылған міндеттерді орындамауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
61-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Қазақ театрының тарихы" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Қазақ театрының тарихы" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қазақ театрының тарихы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) водевиль – ән шумақтарынан және биден құралған комедиялық пьеса, драмалық өнердің жанры;

      2) гастроль – актерлердің басқа театрларға шығып өнер көрсетуі;

      3) грим – актерге рөлге қажетті сыртқы келбетті беру өнері;

      4) декорация – кескіндеме, бейнелеу, сәулет өнері арқылы сахнада жасалған әрекеттердің көру бейнесі;

      5) драма – сахнада орындауға арналған маңызды желісі бар (комедияға қарағанда) диалог формасындағы әдеби шығарма;

      6) драма театры – опера, балет, қуыршақ пантомимасымен қатар жүретін театрдың негізгі түрінің бірі;

      7) драматург – драмалық шығармалар жазатын жазушы;

      8) интермедия – драма немесе опера спектаклі актілерінің арасында орындалатын шағын пьеса;

      9) кейіпкер – көркемдік бейненің түрі, шығармада әрекет, күйзеліс, ойын білдіру субъектісі;

      10) классика – жалпыға танымал, өнер мен мәдениеттің озық туындысы;

      11) комедия – әзіл-сықақ сипатындағы көркем шығарма жанры, сонымен қатар әрекетті жанжал немесе күрес сәті ерекше шешілетін драманың түрі;

      12) қойылым – спектальді құрудың шығармашылық процесі;

      13) қуыршақ театры – қуыршақ жүргізуші актерлер басқаратын қуыршақтар әрекет ететін театрлық көріністің түрі;

      14) мизансцена – актерлердің спектакльдің қандай да бір кезеңінде сахнада орналасуы;

      15) опера – мазмұны сахналық музыкалық-поэтикалық бейнелерге түрленетін аспаптық (оркестрлік) және вокалдық (жеке, хор) музыканың көмегімен жеткізілетін музыкалық-драмалық шығарма;

      16) оперетта – сөз синтезіне, сахналық қимылға, музыка және хореографияға негізделген сахналық шығарма, көрініс, музыкалық театр жанры;

      17) өнер – әлемді рухани-практикалық меңгерудің ерекше түрі, жасампаздық, танудың біртұтастығы, адамзаттың өзара араласуын бағалау, қызметтің кез-келген түріндегі біліктің, шеберліктің жоғары деңгейі;

      18) пародия – белгілі бір туындының бірегей сипатын әдейі арнайы өзгертілген формада қайталау ниетімен оқырмандарда күлдіргі күйді жасау мақсатын қамтитын өнер туындысы;

      19) пьеса – сахнада орындауға арналған драматургия шығармасының көрнекті атауы;

      20) репетиция – режиссердің басшылығымен актерлердің орындайтын мәтіндерін жаттау және сахнада ойнау жұмысы;

      21) реализм – өнер мен әдебиеттегі стиль және әдіс;

      22) режиссер – спектакльдің, фильмнің, қандай да бір шығармашылық жобаның көркемдік жетекшісі, қоюшы;

      23) репертуар – бір театрдың бір кезең арасында немесе қандай да бір уақыт аралығында орындайтын пьесаларының жиынтығы; қандай да бір стильдегі немесе қандайда бір ғасырдың пьесаларын іріктеп алу; бір актер ойнап шығу мүмкіндігі бар рөлдердің жиынтығы, оның актерлік шеберлігінің диапазоны, оның өзіне сәйкес рөлі;

      24) сатира – сарказм, ирония, гипербола, гротеск, пародия секілді әртүрлі күлдіргі әдістердің көмегімен құбылысты поэтикалық әшкерелеуді қамтитын өнердегі күлдіргі көрсетілім;

      25) спектакль – драма немесе музыкалық-сахналық шығарманың негізінде режиссердің түпкі ойымен сәйкес, актердің, суретшінің бірігіп жұмыс жасау барысында жасалатын театр қойылымы;

      26) суырып салу (импровизация) – орындау процесінде құрылатын өнер туындысы, немесе оны құру процесі;

      27) сценография – спектакльді безендірумен айналысатын және сахналық уақыт пен кеңістіктегі оның бейнелеу-пластикалық бейнесін жасаушы көркем шығармашылықтың түрі;

      28) сюжет – әдебиеттегі немесе сахналық шығармадағы оқиғаны сипаттаудағы бірізділік және байланыс;

      29) театр – актердің көрермендердің алдында ойнау процесінде туындайтын драмалық әрекеттің көмегімен көріністердің көркемдік бейнесі ерекшелігі болып табылатын өнердің түрі;29) труппа – актерлердің, әншілердің, музыканттардың тұрақты шығармашылық тобы;

      30) фарс – сыртқы көрінісі күлдіргі әсерін беретін жеңіл, ойындық мазмұндағы театрлық пьеса.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамытуға жағдай жасау, Қазақстанның театр өнері саласында алған білім, білік, дағдылары негізінде рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Білім алу:

      1) өнердің түрі ретінде театрмен танысу;

      2) отандық театр өнері дамуының тарихи ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру;

      3) Қазақстан театр өнерінің және оның дамуының бастауларын зерттеу;

      4) Қазақстандағы театр өнерінің даму кезеңдерімен танысу;

      5) классикалық театр мұрасының үлгілерімен танысу;

      6) әртүрлі тарихи дәуірлердегі, стильдердегі және бағыттардағы театр өнерінің өзгеше ерекшеліктерімен танысу;

      7) қазақ драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлерінің қызметі туралы білімді меңгеру;

      8) театр өнеріндегі бейнелерді жасау тәсілдері туралы білімді меңгеру;

      9) музыкалық және театрлық мәнерлеу құралдарының өзара әрекеттесу қағидалары туралы білімдерін меңгеру.

      Дамыту:

      1) бейнелі және ассоциациялық ойлауды, қиялдау, көру-бейнелік жадын, талғамын, көркемдік тұтынушылығын дамыту;

      2) қоғам тарихындағы театрдың рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;

      3) білім алушының ішкі дүниесін, ой-өрісін және жалпы білгірлігін арттыру;

      4) білім алушының тұлғалық этикалық және эстетикалық сапаларын дамыту;

      5) театр өнері туралы әдебиетке деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

      6) көркемдік-танымдық қызығушылығын тереңдету, балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      7) адам мен қоғамға ықпал етуші әлемді игерудің әлеуметтік-мәдени формасы ретінде өнерге деген эмоциялық-құндылық қарым-қатынасының тәжірибесін дамыту;

      8) балалармен бірге шығармашылық қызметтің тәжірибесін алу, рефератпен, баяндамамен, презентациямен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының тұлғасын көркемдік-эстетикалық тәрбиелеу;

      2) атақты қазақ театр өнері шығармаларының үлгісінде көркемдік талғамға тәрбиелеу;

      3) ұжымдық шығармашылық қызметінің дағдыларына, жеке дара және ұжымдық жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу;

      4) білім алушыны кәсіби бағдарлау және өзін-өзі анықтау.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Бағдарлама өнер мектептерінің театр бөлімдерінің және қуыршақ театры бөлімдерінің білім алушыларына арналған. Оқыту 3 сыныптан басталады.

      Балалар өнер мектептері театр бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      12. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      13. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, театр шығармашылығымен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      14. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, әртүрлі тарихи кезеңдерде жасалған түрлі стильдердегі және жанрлардағы театр қойылымдарын қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған.

      15. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      16. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) қазақ театр өнерінің даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      17. Бағдарлама білім алушыға болашақта театр өнерін өз бетінше түсінуге көмек беретін театр өнері тарихы саласындағы білімді игеру үшін жағдай жасайды.

      18. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог қазақ театр тарихы бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      19. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағдарланған:

      1) қазақ театр өнері дамуының тарихи ерекшелігі туралы білімді меңгеру;

      2) театрлық білім саласындағы терминдерді меңгеру;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеру;

      4) реферат, баяндама жазу дағдыларын меңгеру;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін игеруі.

      20. Психологиялық-педагогикалық қолдау бағытталады:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      21. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      22. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен театр режиссерлерінің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      23. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, театр теориясы және тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактика ережелерін басшылыққа алады: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – зерттелетін сабақ тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлінде саналылық және белсенділік қағидаты оқу процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      24. "Қазақ театрының тарихы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      25. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін спектакльдерге бару;

      3) практикалық – шығармашылық жаттығулар, мұқият пысықтау үшін тұтас жаттығуларды ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау-салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      26. Әдістерді таңдау білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне, дене мүмкіндіктеріне, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты.

      27. Бағдарлама заманауи өнер мектебіне интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін енгізуді қарастырады.

      28. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      29. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта жүргізіледі.

      30. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) үй жұмысын орындау;

      2) рефераттар, баяндамалар, презентациялар дайындау;

      3) сыныптан тыс іс-шараларға дайындалу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      31. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады.

      32. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, ол сыныпта өткен материалды қайталау, театр қойылымымен танысу, бейнематериалды қарау, спектакльді талдауды қорытындылаудағы шығармашылық жаттығулар болуы мүмкін.

      33. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      34. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) бейнепрезентациямен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      35. "Қазақ театрының тарихы" пәнінің "Сахналық қозғалыс", "Актерлік шеберлік негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      36. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) "театр", "драматург", "режиссер", "репертуар", "труппа" ұғымдарымен, дала театрының ерекшелігімен, халық фольклорындағы театр элементтерімен, ұлттық театр өнерінің құрылу және даму тарихымен танысу;

      2) көркемөнер музыкалық, драмалық үйірмелер, қойылымдарға арнап жазылған алғашқы революцияға дейінгі шығармалар, орыс театрларының, халық үйлерінің, театр труппаларының ашылуы, орыс, татар мәдениетінің қазақ театр өнеріне әсері туралы білімді қалыптастыру;

      3) сахналық өнердің дамуымен, драмалық шығармалардың туындауымен, мемлекеттік академиялық драма театрының, мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, республикалық, облыстық музыкалық, драма театрларының құрылу тарихымен танысады;

      4) алғашқы қуыршақ театрларының тарихымен, атақты қазақ театрының драматургтері, режиссерлері, актерлерінің шығармашылығымен танысу;

      5) оқу материалымен жұмыс істеу, білімді жүйелендіру, эссе, реферат жазу біліктерін меңгеру.

      37. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Театр – өнер түрі. Театр өнерінің негізгі терминдері: "театр", "драматург", "режиссер", "репертуар", "труппа". Театр және өнердің басқа түрлері. Театр, музыка, бейнелеу, би өнерлерінің арасындағы байланыс.

      Ежелгі қазақ театрының ерекшелігі. Дала театрының жалпы сипаттамасы. Халық фольклорындағы театр элементтері. Қазақ театр мәдениетінің, ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының арасындағы байланыс.

      Сатиралық миниатюралар. Айтыс. Айтыстағы театр өнерінің элементтері.

      Шешендік сөз өнері. Тұрмыстық-салт жырларындағы театр элементтері. "Жар-жар", "Бет ашар", "Қоштасу", "Қыз кәде", "Жоқтау" тұрмыс-салт жырлары.

      "Алтыбақан", "ортеке", "судыр-судыр", "қыз қуу" ұлттық ойындарының қуыршақ театрының қалыптасуындағы рөлі.

      Ұлттық әдет-ғұрыптардағы, дәстүрлердегі қазақ театрының элементтері. "Наурыз тойы", "Қыз ұзату", "Шашу", "Бесік тойы" мейрамдарды, әдет-ғұрыптарды сараптау.

      Ұлттық дәстүрлердегі және әдет-ғұрыптардағы комедия элементтері. Алдаркөсе, Айдарбек, Торсықбай, Қантай, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Мауқай, Текебай секілді фольклорлық бейнелер. Жиренше шешен бейнесі.

      Қазақ драматургиясының және театрдың қалыптасуындағы батырлар жырының рөлі. Қазақ театрындағы "Қобыланды батыр", "Қырымның қырық батыры", "Арқалық батыр", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырлары.

      2-тақырып. Көркемөнер музыкалық және драмалық үйірмелер (1890 жыл). Ұлттық театр өнері туралы алғашқы түсінік. Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр, Тазша бала туралы қойылымдар. Біржан және Сара айтысы туралы қойылым.

      Революцияға дейінгі қойылымға арналып жазылған алғашқы шығармалар. И. Меңдіхановтың "Малдыбай", "Үйшік-үйшік", "Тамырлар", "Байғұстар" шығармалары. "Шығыс кеші" театр труппасы. Музыкалық және драмалық үйірмелер репертуарында: Абай Құнанбаев шығармаларын сахналау.

      Жиырмасыншы ғасырдың басы. Орыс театр труппаларының және жылжымалы татар театрларының гастрольдері. Семейде, Петропавлда, Үрдеде, Атбасарда, Орынборда қазақ театрының бастаулары болған алғашқы қазақ көркемөнер драмалық үйірмелерінің пайда болуы.

      Халық ертегілерін және аңыздарын сахналаудағы айрықша әуесқой спектакльдер. Алғашқы бір актілі қазақ пьесалары. "Надандықтың құрбаны" драмасы, авторы Қ. Тоғысов. "Малдыбай" комедиясы, авторы И. Меңдіханов.

      Орыс театрларының және халық үйлерінің ашылуы. Қазақ театр өнерінің дамуына орыс мәдениетінің әсері.

      Орал қаласындағы А. Островский атындағы облыстық драма театры (1859 жыл). А. Островскийдің "Бедность и порок" пьесасы бойынша спектакльмен театрдың ашылуы. Театрдың алғашқы құрамы. Қазіргі кездегі театр репертуары. Театр труппасының жетекші әртістері.

      Н. Погодин атындағы облыстық драма театры (1886 жыл). Театрдың қалыптасуы және даму тарихы. Әлемдік классика және қазақ драматургиясына бағытталған өзіне тән қолтаңбаны, бірегейлікті, репертуарлық саясатының маңыздылығын ізденуі.

      "Сайяр", "Нұр", "Ширкат" жылжымалы татар театрының труппалары және олардың қазақ театры өнерінің дамуына әсері.

      Қызылжар, Семей, Ақмешіт қалаларында қазақ театр үйірмелерін ұйымдастыру. Б. Серкебаевтың "Бақсы", "Ғазиза", "Жер дауы" пьесалары. Қ. Тоғысовтың "Қайғы", "Надандықтың құрбаны" пьесалары.

      3-тақырып. 1917-1926 жылдардағы қазақ театры. Қазақ театрының қалыптасуы және құрылуының ерекшеліктері. Актерлік өнердің және режиссураның ұлттық стилінің ерекшелігі.

      Қазақ кәсіби театр өнерінің бастауы – халық шығармашылығы. Сюжеттің тақырыптарының, фольклордың бейнелік және жанрлық жүйесінің, фольклорлық символикасын және сипаттама жасау қағидаларының өзгеруі.

      Театр дәстүрлерінің ерекшеліктері. Қазақ халқының рухани әлемін көрсету. Қазақ драматургиясының негізі – М. Әуезовтің, С. Сейфуллиннің, Ж. Шаниннің шығармалары.

      "Қызыл керуен" труппасы – алғашқы жылжымалы театр труппасы. Труппаның шығармашылық құрамы. Труппаның репертуары: "Малқамбай", "Секіртпелі сеңсең", "Жастарым, жайна", "Қыздар-ай", "Заулатшы", "Япыр-ау", "Шапибай-ау" пьесалары.

      Театрлық жастар клубтарының, актерлік үйірмелердің пайда болуы. Шығармашылық құрамы. Репертуар мәселесі. Ж. Тілепбергеннің "Таңбалылар", Р. Малабаевтың "Қатесіз қарғыс", "Ғұрып күні", Ә. Сұлтановтың "Дариға - Қайдар" пьесалары.

      "Қазақ жастары" ұйымының құрылуы. Ұйымның репертуарлары: І. Біләловтың "Ишанға ықылас", Р. Төлешевтің "Тұрмыс", "Біздің молда".

      "Әртістерді дайындайтын үйірме", "Жоғары дәрежелі білім беру мектебі", "Дене қозғалысын көркейту мектебі" ашылуы.

      "Кино" халық ағарту институтының қызметі. Драмалық труппалардың және көркемөнер үйірмелерінің қызметі. Жұмысшы жастар театры.

      "Ес-аймақ" труппасы. "Ес-аймақ" труппасының құрылу тарихы. Труппаның шығармашылық құрамы. Труппаның театр өнеріндегі драматургия жанрының жандануына ықпалы.

      Труппа репертуарлары: М. Әуезовтің "Ел ағасы", "Бәйбіше мен тоқал", "Еңлік - Кебек" , "Қаракөз", "Қанапия - Шәрбану", "Шернияз", Қ. Кемеңгерұлының "Алтын сақина", С. Сейфуллиннің "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар", Б. Майлиннің "Бетім-ау, құдағи" және "Жүсіп пен Зылиха" халық поэмасы.

      "Ес-аймақ" труппасының актерлері: Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Ж. Шанин, Қ. Байжанов, Ж. Елебеков, М. Ержанов.

      4-тақырып. 1926-1932 жылдардағы қазақ театрының құрылуы. Арнайы театр оқу орындарының ашылуы. Музыкалық және қуыршақ театрларының құрылуы. Орыс режиссерлік мектебінің қазақ театрының дамуына ықпалы.

      Қазақтың ұлтық театрын ұйымдастыру бойынша Қазақ АССР-ның съезі. Қазақтың тұңғыш ұлттық театрының құрылуы.

      Қызылордада ұлттық қазақ театрының ашылуы (1926 жыл). М. Әуезовтің "Еңлік - Кебек" трагедиясы. Қ. Кемеңгерұлының "Алтын сақина" трагедиясы.

      Ұлттық кәсіби қазақ театрының актерлік құрамы: С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Е. Алдоңғаров, А. Еленова, Ж. Еленов, К. Бадыров, Қ. Қуанышбаев, А. Көшубаев, И. Байзақов.

      Театрдың алғашқы қойылымдары – С. Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлар", Ж. Шаниннің "Арқалық батыр", Б. Майлиннің "Шаншар молда" пьесалары.

      Әлемдік классика репертуарынан: Н. Гогольдің "Женитьба", "Ревизор", Д. Фурмановтың "Мятеж", У. Шекспирдің "Отелло" пьесалары.

      Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" пьесасы. М. Әуезовтің, Л. Соболевтің "Абай" (1940 жыл) пьесасы.

      Жұмат Шанин - қазақ кеңес режиссері, драматург, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Казақ АССР-нің халық әртісі.

      Жұмат Шанин және қазақ театры. Ж. Шаниннің "Торсықбай", "Арқалық батыр", "Баян батыр", "Өлімнен үмітке", "Шахта" шығармаларына талдау жасау. Ж. Шаниннің режиссурасы және шығармашылық ізденістері.

      5-тақырып. Сахналық өнердің дамуы және драмалық шығармалардың пайда болуы. Жанр негізін салушылар: Ж. Аймаутов, М. Ауэзов, С. Сейфуллин. Алғашқы драматургиялық шығармалар және берілген шығармалардың тақырыптары. Шығармаларға жалпы шолу. Ж. Аймауытовтың "Рабиға", "Карьеристы", "Қанапия - Шәрбану". С. Сейфуллиннің "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар". Б. Майлиннің "Шаншар молда", "Мектеп", "Неке қияр", "Көзілдірік". Ж. Шаниннің "Арқалық батыр". К. Кеменгерұлының "Алтын сақина". Ж. Тілепбергеновтің "Перизат - Рамазан" пьесалары.

      Қазақ тіліне аударылған шетел драматургтерінің шығармалары.

      Мұхтар Әуезов – драматург. Драмалық шығармалары: "Еңлік - Кебек", "Айман - Шолпан", "Қаракөз", "Қара қыпшақ Қобыланды". М. Әуезовтің түрлі жанрда жазған пьесаларын талдау.

      6-тақырып. М. Әуезов атындағы мемлекеттік қазақ драма театры (1929 жылы Алматыға көшірілуі). "Академиялық" атағына ие болуы. (1937 жыл). Театрға қазақ әдебиеті классигі М.О. Әуезовтің есімін беруі (1961 жыл).

      Шығармашылық құрамы: халық шығармашылығының шеберлері және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер. Актерлік ортадағы режиссерлер: Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов.

      Кеңестік биліктің құрылуы, ескі ауылдың тұрмысы, қазақ халқының революцияға дейінгі өмірі туралы алғашқы спектакльдер.

      Кәсіби орыс режиссерлері М. Насоновты, И. Боровты, М. Соколовскийді ынтымақтастыққа тарту. М. Әуезовтің "Түнгі сарын", Б. Майлиннің "Амангелді" күрделі драмалық шығармаларының қойылымы. .

      Соғыс кезіндегі драматургия. Жалпы шолу. М. Әуезовтің "Сын сағатында", М. Әуезовтің, А. Әбішевтің "Намыс гвардиясы".

      Соғыстан кейінгі драматургия. А. Әбішевтің "Достық және махаббат", "Мансап және ұждан", Ғ. Мұстафиннің "Кеше және бүгін", Ш. Құсайыновтың "Трудные судьбы", Ә. Тәжібаевтің "Одно дерево – не лес", Қ. Мұхамеджановтың "Волчонок под шапкой", "Сваха приехала", "На чужбине", Т. Ахтановтың "Сауле", "Боран", З. Шашкиннің "Ақын жүрегі", З. Қабдоловтың "Неугасимый огонь", Қ. Мұхамеджановтың, Ш. Айтматовтың "Восхождение на Фудзияму" пьесалары.

      Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдердегі театрдың атақты қайраткерлері.

      М. Әуезов атындағы мемлекеттік қазақ драма театры қазақ халқының барлық рухани байлығын көрсететін заманауи Қазақстандағы жетекші театрлардың бірі. Театрдың актерлік труппасы.

      Атақты қойылымдары. "Абай" трагедиясы, "Бейбарыс сұлтан" тарихи драмасы, "Таңсұлу", "Тендерге түскен келіншек" ("Такова жизнь"), "Қоштасқым келмейді..." ("С любимыми не расставайтесь") драмалары, "Қожанасыр тірі екен..." ("Все же жив Ходжа Насреддин...") музыкалық комедиясы. Жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып спектакльді талдау.

      Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры (1929 жыл). Спектакльдердің тақырыптары: революция қозғалысының тарихы, Шығыстағы таптық күрес. Қызыл Әскердегі және флоттағы өмір мен тұрмыс, жаңа тұрмыстың құрылуы, мещандықпен күрес. Труппаның заманауи құрамы, репертуар.

      7-тақырып. 1932-1940 жылдардағы қазақ театры. Қазақ театрының даму және өсу кезеңдері. Орыс драма театрларының ашылуы. Театр үшін кадрларды даярлау туралы өлкелік партия комитетінің қаулысы.

      Түркісібке қызмет көрсету бойынша Қазақ КСР-нің Министрлер кеңесінің театр құру туралы қаулысы (1930 жыл). Семейден Ташкентке дейін жергілікті тұрғындардың арасында мәдени-бұқаралық жұмысты насихаттау бойынша жылжымалы театр.

      Алматы, Риддер, Қарағанды қалаларындағы жас жұмысшы театрларының құрылуы.

      Түркісібке қызмет көрсету бойынша театрдың Қостанайда колхоз-совхоз театры болып қайта құрылуы.

      Кеңес пьесаларындағы басты жағымды кейіпкер бірнеше онжылдықтағы пролетарий – "қарапайым кеңес адамы" жинақталған бейнесі.

      Қостанай колхоз-совхоз театрын Қарағанды облыстық орыс драма театрына ауыстыруы (1936 жыл). Актерлік құрамы: З. Көшкімбаев, А. Шәймерденов, Т. Жабаев, Ж. Шашкина, Н. Атаханов.

      Таиров камералық театрын, Л. Украинка атындағы Киев театрын, Мәскеу теміржолшылар театрын Қарағандыға көшіру (1942 жыл).

      Театр репертуарын кеңейту, ұлттық тарих туралы тақырыптарға көңіл аудару. Б. Шоу, Ж. Мольер, Л. Толстой, П. Бомарше, В. Гюго, М. Лермонтов, Л. Леоновтың пьесалары бойынша спектакльдер. Театр труппасының шығармашылық жетістігі.

      Қарағанды орыс драма театры жанында театр студияларының ашылуы. Кәсіби деңгейдегі театр ұжымдарының артуы, репертуарларының кеңеюі және жандануы.

      Елдің тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңіндегі Қарағанды облыстық драма театры. Жаңа кейіпкерді іздеу, оның рөлін, орнын анықтау. Фольклордың поэтикасына және эстетикасына, оның адамгершілік құндылықтарына, тұрмыс, қайырымдылық пен зұлымдық туралы ұғымға тереңнен бағытталады. Актерлік өнер және режиссураның ұлттық стилінің ерекшелігі.

      М. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры (1933 жыл). Театр тарихы. Алғашқы театр құрамы. Қазіргі уақыттағы театр репертуары. Орыс және әлемдік әдебиет классиктерінің шығармалары бойынша спекпакльдер, балаларға арналған қойылымдар. Театр труппасының жетекші әртістері. Көркемдік үрдісті жаңарту міндеттері. Классикалық шығармаларда жаңа шынайы заманауилыққа қатысты идеяларды және бейнелерді іздеу.

      К. Кужамьяров атындағы мемлекеттік республикалық музыкалық комедиялық ұйғыр театры (1934 жыл). Театрдың ашылу тарихы. Алғашқы қойылымдары: У. Гаджибековтың "Аршин мал алан", Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлу", К. Хасановтың, "Манон", Л. Юхвидтің, Б. Александровтың "Свадьба в Малиновке", И. Саттаровтың "Гарип и Санам". Труппаның шығармашылық құрамы: драмалық, "Нава" фольклорлық группасы, "Яшлык" эстрадалық группасы, балет труппасы.

      Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драмалық театры (1934 жыл). "Ес-аймақ" драмалық труппа базасында театр құру (1920 жыл). И. Жансүгіровтің "Кек" пьесасымен театрдың ашылуы. Театр құрылуындағы Ж. Шаниннің, О. Бековтің, К. Жандарбековтің, композитор Л. Хамидидің рөлі. Театр ұйымдастырушылары М. Әуезов, Қ. Сәтпаев.

      Ғ. Төребаев – алғашқы режиссер. Алғашқы спектакльдер. 300 спектакльден астам репертуар. Актерлік құрамы: Қазақстан Республикасының халық әртістері: Ә. Жаңбырбаев, К.Сақиева, Б. Имаханов; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ш. Бахтинова, мәдениет ісінің еңбек сіңірген қайраткері Б. Ноғайбаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері. Жаңа формалар, режиссерлік интерпретациялардың әртүрлілігін іздеу.

      Семей қаласындағы Ф. Достоевский атындағы облыстық орыс драма театры (1934 жыл). Жас жұмысшылар театры (1935 жыл).

      1930 жылдардағы А. Афиногеновтің "ДалҰкое", В. Гусевтің "Слава", А. Островскийдің "Доходное место", Э. Лессингтің "Эмилия Галотти" пьесалалары.

      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы К. Симоновтің "Парень из нашего села", "История одной любви" спектакльдері. Ағымдағы театр репертуарлары: М. Распутиннің "Живи и помни", А. Петрашкевичтің "Тревога", А.Чеховтың "Чайка", У. Шекспирдің "Ромео и Джульетта" спектакльдері. Жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармаларға талдау жасау. Реалистік театр заңдары бойынша қойылған психологиялық бағыттағы спектакльдер.

      Т. Ақтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры (1935 жыл). Халық комиссары Темірбек Жүргеновтің ұсынысы бойынша қазақ музыкалық-драмалық театрының базасында теміржолшылар драмалық үйірмесінің ашылуы. Театрдың ашылу тарихы. Театрдың актерлік труппасы. Ағымдағы театр репертуары. Жаңа жағдайлардағы шығармашылық жұмысқа бейімделу. Басқа театр мәдениетінің өкілдерімен тәжірибе алмасу.

      Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры (1936 жыл). Театрдың ашылу тарихы. Театрдың репертуары: Е. Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", У. Гаджибековтің "Аршин мал алан" музыкалық спектакльдері. Орыс, кеңес және шетел драматургиясының аудармалары: Ф. Шиллердің "Коварство и любовь", К. Гольдонидің "Слуга двух господ", Н. Гогольдің "Ревизор" және "Женитьба", А. Островскийдің "Без вины виноватые", В. Маяковскийдің "Клоп".

      Р. Абрахманов, М. Майтанов – театрдың алғашқы көркемөнер жетекшілері және режиссерлері. Театрдың актерлік құрамы. Гастрольдік сапарлары.

      Республикалық неміс драма театры (1980 жыл). Театрдың ашылу тарихы. Театрдың актерлік труппасы. Ағымдағы 24 спектакльдер репертуарлары. И. Симонованың "Родина моя", Н. Абельдің "Легенда о Балхаше" қойылымдары.

      И. Лаузундтің "Поле чудес" спектаклі. Жанрлық және стилистикалық ерекшелігін ескере отырып шығармаларды талдау.

      Драма театры – әртүрлі елдердің режиссерлерімен бірге тәжірибелік сахналық жобаларға арналған ашық алаң.

      Г. Белль, С. Мрожек, А. Жарри, Т. Уильямстің шығармалары бойынша қойылымдар. Қойылымдарда әлемге деген мейірімсіз көзқарас, спектакльдің қатал шешімі және театрдың шынайы элементі орын алды.

      Жаңа театр формаларын және мәнерлеу құралдарын қолдану. Репертуардың жанрлық әртүрлігі: спектакль-концерт, спектакль-импровизация, спектакль-перфоманс, физикалық театр. Театрдың өз қойылымдары және бірге жасалған жобаларындағы би-театры.

      Қызылорда қаласындағы мемлекеттік республикалық академиялық корея музыкалық комедия театры (1937 жыл). Театрдың құрылуы мен дамуындағы Ким Диннің, Н.П. Лидің, Ли Хам Дектің қосқан үлесі. Корея халқының өмірін бейнелейтін спектакльдері: Ен Сен Неннің "Поток жизни", "Дорога на Север", "Сыновья" және "Бессмертие", И. Кимнің "Семейная комедия".

      8-тақырып. Қазақ музыкалық опера театрының дамуы. Жырау және айтыс шығармашылығы қазақ операсының қарқынды дамуының тарихи мәдени жағдайы. Мәскеу қаласындағы Қазақ өнерінің декадасы (1936 жыл).

      Қазақстандағы опера өнерінің ашылуы және дамуы. Қазақстандық сахналық музыка өнерінің табысты қарқынды "шарықтауы".

      Е. Брусиловскийдің алғашқы "Қыз Жібек" қазақ операсы – екі дәстүрдің музыкалық-сахналық тәжірибесі.

      Қазақ опера өнерінің биік щыңы: А. Жұбановтың және Л. Хамидидің "Абай", М. Төлебаевтың "Біржан және Сара", Е. Рахмадиевтің "Алпамыс", Ғ. Жұбановтың "Еңлік - Кебек".

      Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Актерлік құрамы: К. Байсейітова, Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Қ. Жандарбеков. Алғашқы репертур: М.Әуезовтің "Айман - Шолпан" музыкалық комедиясы, П. Чайковскийдің "Лебединое озеро" балеті, Ж. Бизенің "Кармен" операсы, Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто" және "Аида", П. Чайковскийдің "Евгений Онегин".

      Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры (1955 жыл). Қаратал, Еңбекшіқазақ және Ақсу аудандарының көркем өнерпаздық колхоздардан және совхоздардан театр құру. Театрдың құрылу тарихы.

      Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері – Ақтоқты" трагедиясының дебюттік шығармасы. Театрдың шығармашылық құрамы. Қазіргі уақыттағы репертуарлық афиша.

      Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театры (1934 жыл). Театрдың құрылу тарихы. М. Әуезовтің "Айман – Шолпан" музыкалық пьеасы. Б. Майлиннің, И. Коцыктің "Шұға" музыкалық драмасы. Ш. Жиенқұлова - балет труппасының жетекші солисті. Қазақ музыкалық-драма театрының балет труппасы. Драмалық және опералық спектакльдердегі би көріністерінің қалыптаса бастауы. Драма театрдың жанында ашылған музыкалық студия. Театрдың шығармашылық құрамы. Қазақ балетінің алғашқы әртістері.

      Қазақ театрының алғашқы режиссерлері. Әлемдік классикалық шығармаларды қоюдағы қазақ режиссерлерінің қосқан үлесі.

      Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры (1938 жыл). "Мұнайшы" клубының базасында театрдың ашылуы. Театрдың негізін қалаушы алғашқы актерлер: Қ. Түлеков, Ш. Жұмабекова, А. Есенбаев, О. Жақсыбаева.

      Қойылған спектакльдер: С. Мұхановтың "Ботагөз", Б. Майлиннің "Шұға", Б. Қорқытовтың "Асыл жандар", М. Ақынжановтың "Исатай - Махамбет". Театрдың фестивальдерге қатысуы. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында алған шығармашылық жетістіктері және марапаттары.

      9-тақырып. Алғашқы қуыршақ театрларының құрылуы. Қуыршақ театрлары туралы алғашқы деректер. Қазақ қуыршақ театрының бастауы. "Ортеке" ойынының ықпалы.

      Алматы қаласында алғашқы қуыршақ театрының ашылу тарихы (1935 жыл). Театрдың негізін қалаушылар: С. Телғараев, О. Гасюк. Театрдың репертуарлары.

      Алғашқы қуыршақ спектакльдері: "Өтеген батыр", "Сказка о царе Салтане", "Алдар Көсе және Шығайбай", "Чемпион Ходжа Насреддин", "Каштанка", "Золотой цыпленок", "Битва в лесу". Шығармашылық құрамы. Қуыршақ театрының техникасы. Халықаралық байланыстары.

      Қуыршақ театр өнерінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Қазақстанның көрнекті қайраткерлері: К. Бадыров, С.Телғараев, В. Гасюк, Ю. Рутковский, П. Поторока.

      Ақтөбе, Жезқазған, Ақтау, Шымкент, Қостанай және Петропавл қалаларында қуыршақ театрларының ашылуы. Қазақстандағы алғашқы қуыршақ театрларының фестивалі.

      Балалар қуыршақ театрлары: Теміртау балалар және жасөспірімдер театры, Қарағанды "Буратино" қуыршақ театры, Қостанай облыстық қуыршақ театры.

      10-тақырып. Мәскеудегі алғашқы қазақ өнерінің декадасы. Музыкалық театрдың спектакльдері: драматург Ғ. Мүсіреповтің "Қыз Жібек" музыкалық драмасы, халықтық көтеріліс туралы "Жалбыр" пьесасы.

      Ахмет Жұбановтың жетекшілік еткен халық аспаптар оркестрі.

      Дәулеткерейдің "Сарыарқа", "Серпер", "Балбырауын", "Көбік шашқан" "Құрманғазы", "Қосалқа" (бірінші нұсқасы) күйлері, "Қызыл бидай" халық әні.

      38. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр терминологиясын біледі;

      2) қазақ театрының шығу тарихын біледі;

      3) театрдың музыкамен, би және ежелгі дәстүрлермен және әдет-ғұрыптармен байланысын біледі;

      4) негізгі музыкалық жанрлар және олардың өнердің басқа да түрлерімен байланысы туралы алғашқы білімді меңгереді;

      5) театр өнерінің саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттар туралы алғашқы білімді меңгереді;

      6) театр өнерінің дамуындағы негізгі кезеңдерді (дәуірлер, стильдер, бағыттар) біледі;

      7) театр өнері жанрларының пайда болу тарихы туралы алғашқы білімге ие болады;

      8) қазақ театры дамуының негізгі кезеңдерін, ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктерін, театрдың қалыптасуымен байланысты тарихи есімдерді және деректерді, нақты дәуірлердегі спектакльдерді жасауды біледі;

      9) театр өнерінің әртүрлі жанрларындағы драматургияның тарихын біледі;

      10) ұлы қазақ драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлердің шығармашылығын, олардың шығармашылық ізденістерін және өмірбаянын біледі;

      11) атақты заманауи драмалық театрлардың репертуарын біледі;

      12) жанрлық және стилистикалық ерекшелігін ескере отырып, театр өнерінің шығармаларын талдай алады;

      13) эссе, реферат жазу үшін алған білімін жүйелей алады;

      14) театртануға байланысты ақпараттарды іздеу үшін ақпараттық технологияларды пайдаланады;

      15) заманауи қазақ режиссерлерінің театрлық ізденістері туралы біледі;

      16) жиырмасыншы ғасырдағы қазақ драматургиясының негізгі сипаттары туралы алғашқы білімін игереді;

      17) зерттеліп отырған кезеңдегі қазақ театр өнерін өзгешелейтін ерекшеліктерін біледі;

      18) театр мәдениетін дамытудағы театр олимпиадаларының, халықаралық фестивальдердің рөлі туралы біледі.

      39. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қазақ театрының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі кездердегі тарихымен, драматургиядағы ерлік туралы тақырыптардың дамуымен, жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып спектакльді талдаудың дағдыларын дамытумен танысады;

      2) қазақ театр өнерінің пайда болу тарихымен, жанрларының дамуымен, драматургтердің, режиссерлердің және актерлердің өмірбаянымен, шығармашылығымен, ғасырлар тоғысындағы қазақ театрының жағдайымен, қазақ театр өнеріне әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, қазақ халқының тарихи кезеңдердегі өміріне жаңа көзқарастармен, ұлттық театр өнерінің тарихы және негізгі мәселелерімен таныстыру;

      3) бейбіт қоғамды, заманауи тұлғалардың өміріндегі шығармашылық еңбектерін бейнелейтін тарихи спектакльдерімен және қойылымдармен таныстыру, қазақ театр өнері туралы білімін қалыптастыру;

      4) тәуелсіздік алған кезеңдегі қазақ театрының тарихымен, классикалық қазақ драматургиясындағы жаңа беталыстармен, театр фестивальдарды ұйымдастырумен таныстыру;

      5) өнер туралы арнайы әдебиеттерді оқу, реферат, эссе, презентация жазу дағдыларын қалыптастыру.

      40. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ театры. Ақтөбедегі қазақ және Шымкенттегі өзбек театрларының жабылуы. Пахта-Аралдағы және Жаркенттегі колхоз-совхоз театрларының жойылуы.

      Қазақ ұлттық опера және балет театры – құрамында жеке хор бөлімі, оркестр және балеті бар театрдың бірі.

      Мәскеудегі және Ленинградтағы театрларды көшіру, олардың жұмысы және перифериясы. Сахналық өнер және шығармашылық тәжірибені кіріктіру. Провинциялық театрлардың көркемдік деңгейін көтеру.

      Драматургиядағы ерлік туралы тақырыптарды дамыту. М. Әуезовтің "Сын сағатта", С. Мұқановтың "Жеңіс жыры", А. Әбішевтің "Намыс гвардиясы" пьесалары. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып спектальді талдау.

      Орыс және қазақ халықтарының бастан кешкен ерліктері, басқыншы фашисттерге қарсы кеңес адамдарының күресі туралы спектакльдер. Туысқан кеңес республикалары өнерінің шығармаларын қоюы.

      2-тақырып. Соғыстан кейінгі кездегі қазақ театры. Орталық комитеттің Бүкіл одақтық Комунисттік партиясы ұйымдастыру бюросының "Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсартудың шаралары" қаулысы (1948 жыл). Театр репертуарындағы тарихи тақырыптағы спектакльдер. Қазақ режиссерлерінің шығармашылық табыстары.

      Қанабек Байсейітов және Құрманбек Жандарбеков – Қазақстанның халық әртістері, атақты режиссерлері, драматургтер. Қазақ музыка театрының негізін қалаушылар.

      Театр және опера қойылымдары: Е. Брусиловскийдің "Айман - Шолпан", М. Магомаевтің "Нэргиз", А. Жұбановтың, Л. Хамидидің "Абай", К.Х. Кужамьяровтің "Назгум", Ж. Шаниннің "Шахта", М. Әуезовтің "Карагөз".

      А. Тоқпанов – атақты режиссер, педагог, актер, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер. А. Тоқпановтың Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының құрылуы және дамуындағы рөлі. А. Тоқпановтың шығарамашылық қызметі. Сахналық өнердің өзекті мәселелері бойынша статьяларды, А. Чеховтың, А. Островскийдің пьесаларын қазақ тіліне аударған автор.

      3-тақырып. Н. Сац атындағы мемлекеттік орыс академиялық балалар және жасөспірімдер театры (1945 жыл). Театрдың құрылу тарихы.

      Н.И. Сац – жас көрермен театрының негізін қалаушы және алғашқы жетекшісі, В. Кавериннің "Два капитана", С. Михалковтың "Особое задание", "Я хочу домой", И. Луковскийдің "Гибель дракона", У. Шекспирдің "Двенадцатая ночь, или Как вам угодно", А. Толстойдың "Золотой ключик" спектакльдерін қоюшы автор.

      Балалар театрының дамуындағы Н. Сацтың қосқан үлесі. Театр студияларының құрылуы. Қазақ труппасының негізін қалаушы. Театрдың марапаттары және танылуы. Театрды басқарған режиссерлер: В. Гродский, Б. Добронравов, Г. Жезмер, М. Қосыбаев, А. Мадиевский, Е. Маркова, А.Токпанов, С. Хайруллина. Театрдың актерлік құрамы.

      4-тақырып. Елдің соғыстан кейінгі жылдардағы театр өнері. А. Әбішевтің "Достық пен махаббат", "Бір семья", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер" пьесалары.

      Ш. Айманов – қазақ кеңес актері, театр және кино режиссері. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрындағы шығармашылық қызметі. Театр спектакльдеріндегі рөлі. "Абай" спектаклі – Ш. Аймановтың ең көрнекті режиссерлік жұмысы. Ш. Аймановтың кинематографиялық өнерін дамытудағы рөлі. Жанр бойынша әртүрлі фильмдері: "Поэма о любви" трагедиясы, "Дочь степей", "Перекресток" драмалары, "Мы здесь живем" кино очеркі, "В одном районе", "Земля отцов", "Ангел в тюбетейке" кино повестері, "Алдар Көсе" трагикомедиясы.

      5-тақырып. 1950 жылдардағы қазақ театрының жағдайы. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардың қазақ театр өнеріне ықпалы. Бейбіт қоғамды, замандас тұлғалардың өміріндегі шығармашылық еңбегін бейнелейтін тарихи спектакльдер және қойылымдар.

      Қазақ драма театры драматургиясының гүлденуі. Театр өнерінде кейіпкердің психолгиясын ашуға деген талпыныс.

      Кеңес адамының бейнесі. Драма театрларының репертуары, спектакльдерді көркемдік дайындаудың сапасын арттыру.

      Жаңа қойылымдар: Ш. Құсайыновтың "Кеше мен бүгін", "Сәуле", "Ақын жүрегі", Ә.Тәжібаевтің "Жалғыз ағаш орман емес", А. Әбішевтің "Күншілдік" пьесалары. Драмалық шығармалардағы шиеленіс мәселесі. Драмалық шығармалардағы адамгершілік мәселелері. Драмалық шығармаларды талдау.

      6-тақырып. 1960-1970 жылдардағы қазақ театры сахнасындағы қойылымдар. Шығармаларда жазылған, театр сахнасында көрсетілген мәселелерді талдау. Т. Ахтановтың "Сәуле", Ш. Кұсайыновтың "Есірткен ерке", "Күн шуақта" шығармаларының идеялық және көркемдік сәйкестігі, сахналық ерекшелігі. Режиссерлердің шығармашылық ізденістері.

      7-тақырып. 1970-1980 жылдардағы қазақ театр өнері. Қазақ театрындағы жаңа серпіліс. Драматургиядағы, режиссурадағы, актерлік өнердегі жаңа есімдер және жаңалықтар.

      Драматургиядағы комедия жанрының пайда болуы. Ұлттық фольклордағы комедия жанрының элементтері. Қазақ комедия жанрының пайда болуына және дамуына әлемдік драматургияның ықпалы. Театр репертуарындағы комедиялық шығармалардың рөлі.

      Б. Майлиннің "Шаншар молда", "Неке қияр", Н. Мұхамбетжановтың "Бөлтірік бөрік астында", Т. Ахтановтың "Сәуле", А. Әбішевтің "Армандастар", Ә. Таразидің "Күлмейтін комедия", С. Жүнісовтың "Ажар мен ажал" шығармалары. Ұлттық классикалық комедиялардың сахналық жолы.

      Қарағанды академиялық комедия театрының қызметі (1973 жыл). М. Дунаевскийдің "Вольный ветер" опереттасымен алғашқы театр маусымының ашылуы. Репертуардың жанрлық өзгешелігі. Атақты отандық, шетел режиссерлерімен, дирижерлерімен және хореографтарымен ынтымақтаса жұмыс жасауы. Дәстүрлерді сақтау, шығармашылық жетістіктерін арттыру, актерлердің шеберлігін жетілдіру.

      8-тақырып. Қайта құру кезеңіндегі қазақ театр өнері. Қазақстандағы көркемөнерпаздар ұжымдары. Қазақ халқы өмірінің тарихи кезеңдеріне жаңа көзқарас. Ұлттық театр өнерінің негізгі мәселелерін зерттеу. Прозалық шығармаларды қоюдағы жетістіктер. Қазақстандық театр өнерінің қайраткерлері.

      Жиырмасыншы ғасырдың соңы және жиырма бірінші ғасырдың басындағы қазақ театр өнері. Жүргізіліп отырған демократиялық реформалардың театрдың дамуына ықпалы.

      Ақмола, Павлодар, Арқалық, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Жезқазған, Атырау, Түркістан қалаларында қазақ театрларының құрылуы.

      Театр фестивальдерінің ұйымдастырылуы. Дәстүрлі "Театр көктемі" театр фестивалі. Таяу және алыс шетелдердің театр сахналарында қазақстандық театр ұжымдарының гастрольдік өнер көрсетуі.

      Кеңес театры дәстүрлеріне арқа сүйеуі. Бұрын жасалған ресурстардың есебінен театрдың дамуы. Әлемдік мәдениеттің жаңа үдерістерін жүзеге асыру. Көркемдік үрдісті жаңартудың міндеттері. Ұлттық бірегейлікті іздеу. Жаһандану жағдайында ұлттық сана сезімінің өсуі. Өткен тарихқа деген қызығушылық.

      Театр репертуарларында басты орын алған тарихи драмалардың жанры. Абылайхан, Махамбет, Әмір Темір, Томирис спектакльдеріндегі басты кейіпкерлер.

      Ұлттық классика, театр репертуарындағы фольклор тақырыбындағы спектакльдер. Қазақ театры сахнасында тарихи және классикалық шығармаларды қоюда режиссерлер шешімдерінің ерекшелігі.

      Театр репертуарындағы тұрмыстық комедиялар, мелодрамалар және коммерциялық пьесалар. Заманауи шынайылықтың көрінісі, біздің заманымыздағы кейіпкерді көрсету. Заманауи тақырыптарды және жарқын кейіпкерлерімен, өзекті мәселелерімен бірге жаңа сапалы драматургияның жоқтығы.

      Орталық Азия өңірінің белгілі театр режиссерлерімен ықпалдаса жұмыс жасауы. Орыс театрындағы ресейлік режиссерлермен ықпалдасып жұмыс жасауы. Жаңа көркемдік бейнелікті, пластикалық мәнерлілікті, театр лексикасын іздеу.

      9-тақырып. Заманауи отандық драматургия. Заманауи драматургтердің және театр режиссерлерінің шығармашылық тәжірибелері, көркемдік ізденістері. Драматургтердің шығармашылығы. Ұлттық драматургия. Драмалық шығармалар. Сахналық қойылымдары. Шығармаларға шолу. Отбасылық мелодрама жанры. Комедия және трагикомедия жанрлары дамуының заманауи үрдісі.

      Т. Нұрмағамбетовтың "Ходжа Насреддин жив!..", "Одна свадьба на пятерых холостяков", Б. Мұкайдың "Шумный дом", "После тоя", А.Ақпанбетұлының "Дүние-думан", Ш. Мұртазаның "Продажа ослов" пьесалары.

      10-тақырып. Қазақ сахнасындағы заманауи шетелдік драматургия. Қойылымдар: Г. Гауптманның "Перед заходом солнца", А. Чеховтың "Три сестры", Т. Уильямстың "Стеклянный зверинец", Ф. Дюмануардың "Дон Сезар де Базан". Драмалық театрдың спектакльдеріне рецензия.

      11-тақырып. Театр өнеріндегі негізгі бағыттар. Заманауи режиссерлердің режиссерлік қызметі және шығармашылық ізденістері. Режиссерлік көзқарасы, театр стилі, көркемдік міндеттерді ұғынуы және оларды іске асыруы. Ұлттық классиканы оқуы. Психологиялық театр. Пластикалық мәнерлілік театры. Символикалық бейнеліліктің шартты театры, сахналық шешімнің ауысуы. Қазақстанның белгілі режиссерлері. Заманауи қазақ театрындағы әйгілі актерлер.

      12-тақырып. Постмодернистік театрдың дамуы. "Артишок" (Алматы) – Қазақстанның алғашқы тәуелсіз труппасы, тәжірибелік театры. "Артишок" театрының негізі: пантомима, дене пластикасы, көше көріністері.

      Театр жобасы: "Театр авторларды іздеуде" заманауи қазақстандық драматургия фестивалі. "АРЛиШОК" "Back in USSR" спектаклі.

      Жеке театр фестивальдері, "АРЛиШОК-сейшн" театр клубы. Актерлік құрамы. Репертуары. Халықаралық фестивальдердегі марапаттары.

      13-тақырып. Қазақстандағы заманауи театрлар. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры (1991 жыл). Алғашқы қойылымы – Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясы.

      Ш. Айтматовтың "Материнское поле", С. Жүнісовтің "Раненые цветы", А. Тауасаровтың "Остров любви", М. Шахановтың "Танакөз" шығармалары бойынша спектакльдер.

      "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры, Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ театры", "Жас сахна" театры. Театрлардың шығармашылық құрамы. Театр репертуары.

      "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры (2010-2013 жылдары). А. Мұхитденовтің және қоюшы режиссер Ю. Александровтың жаңа музыкалық редакциясымен жасалған "Біржан – Сара" операсы.

      "Астана Опера" театрының әлемдік премьерасы, П. Пиццидің қойылымындағы Дж. Вердидің "Аттила" операсы.

      Ю. Григоровичтің қойылымындағы П. Чайковскийдің "Спящая красавица", А. Хачатурянның "Спартак", Ш. Жюдтің қойылымындағы С. Прокофьевтің "Ромео и Джульетта", ресейлік хореограф Б. Эйфманның "Роден", Т. Нұрқалиевтің, Г. Бөрібаеваның қойылымындағы П. Чайковскийдің "Лебединое озеро" балеттерінің премьералары.

      Ресейдің халық әртісі Ю. Александровтың қойылымындағы Дж. Пуччини "Богема" операсы. Луки Ронконидің қойылымындағы "Тоска" операсы. "Жібек жолы" халықаралық фестивальді өткізуі. Дж. Вердидің "Травиата" операсының премьерасы.

      Ф. Дзеффирелли қойылымы – Дж. Вердидің "Аида" операсы. "Астана Опера" театрының бас дирижері А. Бөрібаевтың, режиссер Джанкарло дель Монаконың (Италия) жаңа қойылымындағы А. Жұбановтың, Л. Хамидидің "Абай" операсы.

      "Астана Опера" балетінің көркем жетекшісі, Ресейдің халық әртісі А. Асылмұратованың қойылымымен Л. Минкустың "Баядерка", Луиджи Бониноның қойылымымен, Морис Жарр музыкасының сүйемелдеуімен хореограф Ролан Петидің "Собор Парижской Богоматери" балеттерінің премьерасы. Дж.Пуччинидің "Мадам Баттерфляй" операсы.

      А. Асылмуратованың қойылымымен Л. Минкустың "Дон Кихот" балетінің премьерасы. Дирижер А. Мұхитденовтың жаңа музыкалық редакциясымен Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсы.

      Жюль Массненің музыкасына жазылған Кеннета Макмилланның "Манон" балетінің премьерасы. "Астана Опера" әлемдік сапары.

      14-тақырып. Қазақстандық театрлар үшін кадрларды кәсіби оқыту және даярлау. Қазақстанда театр және кино мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік жоғары оқу орындары.

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Қазақ ұлттық өнер университеті. Театр және бейнелеу өнері саласында жаңа факультеттердің және шығарушы кафедралардың ашылуы. Жоғары оқу орындарының Тәуелсіз мемлекеттердің достастығы елдерінің және шетелдік жетекші оқу орындарымен халықаралық байланыстары. Таяу және шалғай шетел мемлекеттерімен педагогикалық кадрлардың тәжірибе алмасуын жүргізу және студенттердің, аспиранттардың және магистранттардың тағылымдамары. Шығармашылық қызметі.

      Театр костюмі және грим мамандығы. Театр өнеріндегі костюмнің және гримнің рөлі. Ерекшелігі. Дайындау тәсілдері. Қызықты мәліметтер.

      41. 4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр терминологиясын біледі;

      2) қазақ театр өнері дамуының негізгі кезеңдерін біледі;

      3) қазақ театр өнері саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттарды біледі;

      4) қазақ театр өнерінің даму кезеңдерін, өнердің басқа түрлерімен байланысын (бейнелеу, музыкалық, хореографиялық) біледі;

      5) театр өнері жанрларының пайда болу және даму тарихын біледі;

      6) театр өнерінің ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктерін біледі;

      7) театр, музыкалық және бейнелеу өнері саласындағы суреттеу тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері туралы біледі;

      8) театр, музыкалық және бейнелеу өнері саласындағы шығармаларды біледі;

      9) классикалық және заманауи репертуарларды біледі;

      10) қазақ драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлерінің шығармашылық жолын, олардың өмірбаянын біледі;

      11) қазақ театрының негізгі үдерістерін біледі;

      12) актерлік өнердегі дәстүрлерді және жаңашылдықтарды біледі;

      13) атақты сахна шеберлерінің шығармашылығын біледі;

      14) жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, театр өнерінің шығармаларын талдай алады;

      15) оқу материалдарымен жұмыс жасай алады;

      16) театр, музыкалық және бейнелеу өнері шығармаларын эмоциялық-бейнелік қабылдау дағдыларына ие болады;

      17) театрлық, музыкалық және бейнелеу өнері саласында өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау дағдыларына ие болады;

      18) кәсіби әдебиетті пайдалана алады;

      19) өнер туралы арнайы әдебиетті оқу дағдыларын меңгереді;

      20) қажетті ақпаратты іздеу үшін заманауи технологиялармен жұмыс жасау дағдыларына ие болады.

      42. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) театр өнерінің түрлерін;

      2) театр терминологиясын;

      3) қазақ театрының шығу тегін;

      4) театр және музыка, би және ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өзара байланысын;

      5) театр өнері саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттарын;

      6) театр өнері жанрларының пайда болу тарихын;

      7) қазақ драматургтерінің, режиссерлерінің және актерлерінің шығармашылығын, олардың шығармашылық ізденістерін;

      8) театр өнерінің ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктерін;

      9) классикалық және заманауи, қазақ және шетелдік драматургия туралы ұғымын;

      10) театр өнеріндегі дәстүрлер және жаңашылдықтарды;

      11) атақты сахна шеберлерінің шығармашылығын;

      12) классикалық және заманауи репертуарларды;

      13) қазақ театрының негізгі үдерістерін;

      14) қазақ классикалық драматургиясындағы жаңа беталыстарды, театр фестивальдерін ұйымдастыруды;

      15) Қазақстан театрларының өнер саласындағы шығармашылық ізденістерін және жетістіктерін;

      16) театр өнеріне оқу сатыларын;

      17) театрда бейне жасау тәсілін.

      Түлек игереді:

      1) жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, театр өнерінің шығармаларын талдауды;

      2) эссе, реферат жазуда алған білімін жүйелеуді;

      3) театртанумен байланысты ақпаратты іздеу үшін ақпараттық технологияларды қолдануды;

      4) оқу материалдарымен жұмыс жасауды;

      5) кәсіби әдебиетті пайдалануды;

      6) өз бетінше шығармашылық жұмысты орындауды;

      7) баяндамамен, рефератпен, презентациямен сөйлеуді;

      8) кәсіби лексиканы қолдануды;

      Түлекте дағдылар қалыптасады:

      1) баяндама және эссе жазу;

      2) шығарманы талдау;

      3) өз бетінші жұмысты, шығармашылық қызметті бекіту;

      4) қажетті ақпаратты іздеу үшін заманауи технологиялармен жұмыс;

      5) театр, музыкалық және бейнелеу шығармаларын эмоциялық-бейнелік қабылдау;

      6) шығармашылық тәсіл.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      42. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      "Қазақ театрының тарихы" пәні бойынша нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және конференциялардан алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      44. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: сынақ (реферат қорғау);

      2) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жобаны қорғау), екінші жартыжылдықта: сынақ (зерттеу жобаларын қорғау).

      45. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – кіріспеден, негізгі материалдың хабарламасынан, қорытындыдан тұратын жоспарға сәйкес толық ашылған жауап, материал толық көлемде меңгерілген, қисынды мазмұндалған, қосымша сұрақтарды қажет етпейтін, теориялық білімге сүйенген қорытындылар, дәлелді, әдеби тіл нормалары сақталған;

      2) "4" "жақсы" бағасы – негізгі материалды хабарлаужоспары сақталған, толық ашылған, болмашы қателіктермен немесе бір елеулі қателігі бар ауызша жауап, болмашы стилистикалық қателіктері бар әдеби тілмен баяндалған;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – материалды, оның ішінде қорытындыларды баяндау жеткіліксіз түрде өз бетінше емес, жүйеленбеген және бірізді емес, елеулі қателіктері бар;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: материалдың негізгі мазмұны ашылмаған;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
62-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Сахна тілі" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Сахна тілі" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сахна тілі" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – спектакльде және кинода рөлдерді орындаушы;

      2) актерлік өнер – сахналық бейнелерді жасау өнері; орындаушылық өнердің түрі;

      3) артикуляциялық аппарат – сөз дыбыстарын қалыптастыратын дауыс аппаратының бөлігі;

      4) артикуляциялық гимнастика – бірі артикуляциялық мүшелердің қозғалғыштығын жақсартуға көмектесетін, екіншілері – қимылдардың көлемі мен күшін арттыратын, үшіншісі қандай да бір дыбысты шығаруға қажетті еріннің, тілдің қалпын машықтандыратын жаттығулар кешені;

      5) бейнелі ойлау – түпкі ойдың пайда болуы, спектакльді қою, елестету процесіне қажетті өмір суреттерін, өнерді олардың көркемдік мағынасында қабылдау және түсіну қасиеттері;

      6) бұлшық еттердің еркіндігі – тыныс алу процесіне, фонация және дикцияға қатысатын бұлшық еттердің қысылуы және физикалық жиырылуы болмайтын еркін қалпы;

      7) бұлшық еттердің белсенділігі – босаңсуға жол бермейтін, дауыс желбезектерінің, көмей бұлшық еттерінің, кеңірдектің және барлық сөйлеу аппаратының күйі;

      8) бұлшық еттерді босату (дене қысылуларын босату) – мәнерлі және шынайы қозғалу білігін пысықтауға арналған тренингтер, жаттығулар;

      9) дайындық – актерлердің және қосымша қызметтердің көмегімен болашақ спектакльге дайындалу және алдын ала қойып көру; номерді дайындау және сахнада орындау;

      10) дауыс төзімділігі – салдарынан дыбысталу сапасының нашарлауын тудыратын бұлшық еттердің шаршауы жүзеге аспайтын кездегі тіл аппаратын меңгеру түрі;

      11) дауыстың тембрлік қозғалмалығы – дыбысталатын дауыстың әр түрлі сапасымен құбылту білігі, рөлмен жұмыс істеу кезінде дауыстың эмоциялық бояуларын, әр түрлі обертондарды қолдану;

      12) диалог – екі немесе бірнеше тұлғаның әңгімесі, өзара ілеспе сөздер алмасудан құралған сөйлеу формасы;

      13) диапазон – дауыстың ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      14) динамикалық диапазон – актердің дауыстың тембрлік бояуын жоғалтпай, дыбыстың әр түрлі күші кезінде дауысты қолдану білігі;

      15) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      16) дыбыс шығару (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппараты әрекетінің нәтижесі;

      17) жоғары дыбысты диапазон – актердің ең төменгіден ең жоғарғы дыбысқа дейінгі сөйлеу дауысының максималды үн көлемін қолдану білігі;

      18) көлемділік – дауыстың терең, қоңырқай, жұмыр, жұмсақ бола білу қасиеті;

      19) қойылым – спектакльді, фильмді, цирк және эстрадалық көрсетілімді құрудың шығармашылық процесі;

      20) монолог – басым жағдайда драмалық шығармалардағы әрекет етуші тұлғаның сөзі, кейіпкерлердің өзара сөзбен араласу шеңберінен шығу және диалогтан ерекшелігі, тікелей жауап қайтаруды қажет етпейді; көрермендерге немесе өзіне қаратылып айтылған сөз;

      21) орындаушылық өнер – кәсіби тәсілдер жиынтығы, оларсыз концерттік немесе басқа сахналық қызметті елестету мүмкін емес;

      22) өнер – әлемді рухани-практикалық меңгерудің ерекше түрі, жасампаздық, тану, адамзат арасындағы арақатынасты бағалау бірлігі;

      23) сахна тілі – актердің мәнерлігінің негізгі кәсіби құралдарының бірі;

      24) сахналық бейне – актердің жеке мінездемесінен, оның психоэмоциялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ сахналық қалауынан құралған актердің немесе әртістің жиынтық бейнесі;

      25) сахналық зейін – көру, есту, сезу, түйсіну, дәм арқылы сыртқы әлемнің нысандарын қабылдау;

      26) суырып салу – шығармашылықтың ерекше түрі; алдын ала ешқандай дайындық жүргізбей, ойламаған жерден, кенеттен орындау;

      27) сөзбен әрекет ету – серіктестің ойын өзгерту мақсатында оның санасына әсер ету, әрекет етушінің мүддесі үшін "бейімдеу";

      28) тембр – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыстың ерекше сипаттарының бірі (оның жоғарылығымен, қаттылығымен және ұзақтығымен қатар);

      29) тіл мәдениеті – эстетиканың стилистика, фонетика және орфоэпия заңдылықтарын, тіл әдістемесі және қисынын қамтитын бөлімі;

      30) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      31) үзіліс – сөйлеу кезіндегі немесе сахналық әрекеттегі уақытша тоқтау, үзіліс;

      32) ырғақтау – вокалды немесе музыкалық аспапта дыбыстық үнді таза шығару білігі;

      33) этюд – актердің шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаттығудың түрі.

      3. Пәннің мақсаты: сахна тілі негіздерін үйрету арқылы білім алушы тұлғасын кешенді эстетикалық дамытуға жағдай жасау.

      4. Пәннің міндеттері.

      Оқыту:

      1) сахна тілі негіздерін меңгеру;

      2) дұрыс тыныс алу негіздерін оқыту;

      3) тіл техникасы, орфоэпия саласында білім, білік және дағдыларды меңгеру;

      4) анық, таза, дұрыс сөйлеуге оқыту;

      5) дыбысты, сөзді, фразаны, ойды қою заңдылықтарына оқыту;

      6) мәтінді ырғақты-қисынды талдауды оқыту;

      7) әр баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сөйлеу техникасын меңгеру;

      8) қисынды талдау жүргізуге және көркем шығарманы орындау кезінде әсерлі міндеттері алға қоюға оқыту;

      9) алған біліктері мен практикалық дағдыларын шығармашылықпен қолдануға оқыту;

      10) сахна қозғалысы негіздерін, пластиканы меңгеру.

      Дамыту:

      1) білім алушының сөзді естуін, ритм сезімін, зейінін, есте сақтау жадын, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) білім алушылардың тұрмыста және сахна қызметі жағдайында түсінікті анық, сауатты сөйлеуін дамыту;

      3) сөйлеу дауысының диапазонын, қалықтауын, төзімділігін, күшін дамыту;

      4) дикциялық, ырғақтық-әуенділік және орфоэпиялық мәдениетті дамыту;

      5) сөздік қатынас мәдениетін дамыту;

      6) сөйлеу арқылы көрермендердің жігеріне, ойлауына, эмоциялық күйіне, елестетуіне, назарына әсер ету білігін дамыту;

      7) өз бетінше шығармашылықпен бейнелі ойлау дағдысын дамыту;

      8) туған тілге деген тұрақты сүйіспеншілікті дағдыландыру және тіл техникасы бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу;

      2) білім алушының рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) тек театрды ғана емес, сондай-ақ өнерді толығымен дұрыс эстетикалық қабылдау;

      4) театр өнеріне қызығушылығын қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Бағдарлама өнер мектептерінің кино өнері бөлімдеріне арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      12. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      13. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      14. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      15. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар күрделілік деңгейі бойынша бір бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      16. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) тыныс алу жаттығулары;

      2) артикуляциялық гимнастика;

      3) әдеби шығармалардың мәтіндерімен жұмыс.

      17. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының шығармашылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      18. Білім алушыға тіл аппаратын игеруде қажетті дағдыларды және оңтайлы қолдану білігін дағдыландыру мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі шығармалармен жұмыста іске асырылады.

      19. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының эстетикалық талғамын қалыптастыруға, актерлік қабілеттерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      20. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) сахна тілін игерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      21. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      22. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркем шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      23. Педагог сахна тілін меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында кино өнеріне деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      24. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының жұмыс істейтін шығармаларын мұқият ойластырады.

      25. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) тынысты, дауысты, дикцияны, заманауи әдеби тіл дағдыларын, сөзге деген шығармашылық көзқарастары, ауызша тілдің мәнерлік құралдарын меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) мәдени сахналық және әдеби мұраға араластыру;

      5) кино өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      26. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      27. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      28. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      29. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының көркем-эстетикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты оқытудың мазмұны деңгейінде барлық сыныптар арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты тілдің орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      30. "Сахна тілі" пәніне жеке және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      31. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – сахна тілін кешенді меңгеруге арналған жаттығулар, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – артикуляциялық тренингтер, тыныс алу жаттығулары, шығармаларды өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс істеу, дайындық;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      32. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, жеке қабілеттерінің даму деңгейі. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      33. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) өзіндік жұмыс;

      3) тренингтер;

      4) этюдтық дайындықтар;

      5) кино эпизодтарын дайындау.

      34. Сабақ кезеңдері:

      1) дене бұлшық еттерін босатуға және жиыруға арналған жаттығулар;

      2) гигиеналық және вибрациялық сылау;

      3) қабырға-диафрагмалық аралас тыныс;

      4) қозғалыстағы және тыныш күйдегі тыныс;

      5) бүркемелі дыбыс;

      6) дауыс, тіл қисыны, дикция, айту және ырғақтау бойынша тренинг;

      7) саханалық зейін, араласу, эмоциялық есте сақтау жады және қарқын-ритмге арналған жаттығулар мен этюдтер.

      35. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      36. Педагогтің білім алушымен жеке және топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      37. Сабақтан тыс жұмыстың түрлері:

      1) спектакльдерге, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      4) театр актерларымен, өнертанушылармен кездесу.

      38. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген жеке жоспарға өзгерістер енгізеді, жылдың соңында оның дамуына, білім алушының жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      39. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме оның даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) табиғи дауыс-тіл қабілеттері;

      2) жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін дамыту;

      3) тіл техникасын, арнайы іріктеліп алынған репетуарды меңгеру;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (ынталылық, қажырлылық);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) тіл дамуындағы кемшіліктер және оларды жою бойынша міндеттер.

      40. Білім алушының жеке қасиеттерін сипаттауда байқампаздығы, шығармашылық қиялы, елестетіп ойлауы, ассоциативті және бейнелі ойлауы, оқиғалар желісін құра білуі, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтау қабілеті, ұсынылатын материалды талдау қабілеті, өз ойын тұжырымдауы, сахналық еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттер белгіленеді.

      41. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      42. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      43. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      44. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      45. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) өз бетінше жаттығу;

      2) тыныс алу жаттығулары;

      3) аралас-диафрагмалық тынысты меңгеруге арналған жаттығулар;

      4) мимикалық гимнастика;

      5) дикцияға арналған жаттығулар;

      6) артикуляциялық жаттығулар.

      46. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      47. "Сахна тілі" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "дауысты қою (вокал)", "Сахна қозғалысының негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      48. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы дауыс аппаратының құрылымымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерімен танысады;

      2) білім алушы дұрыс дыбыс құрауды (жұмсақ шабуыл) меңгереді, көмейдің тұрақты қалпын, иықты көтермей қалыпты тыныс алуды, сөйлеу кезінде тыныс алу қалпын және қалыпты, үнемдеп тыныс шығаруды сақтайды;

      3) дұрыс тыныс алу негіздері, артикуляция дағдылары қалыптасады, есту қабілеті, дауыс, дұрыс ұстанымды сақтау білігі дамытылады, тілдегі көркемдік мәнерлеу элементтеріне басты назар аударылады;

      4) білім алушы психофизикалық тренингтің 2-3 жаттығуын, ширату және денені дайындау тәсілдерін, 2-4 жаңылтпашты, тіл тренингінің 3-5 жаттығуын меңгереді.

      49. Даярлық сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Балалармен танысу. Сыныпта өзін ұстау ережелерімен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар.

      2-тақырып. Кино өнері туралы әңгіме. Киноның пайда болуының қысқаша тарихы.

      3-тақырып. Шешендік өнер тарихымен танысу. "Сахна тілі" пәнінің мазмұны мен міндеттері.

      4-тақырып. Білім алушының дауыс-тіл аппаратындағы жеке ерекшеліктермен танысу. Дауыс ерекшеліктерін анықтау үшін өлеңдер мен прозалық шағын үзінділерді оқу. Білім алушының тіліндегі жеке кемшіліктерді анықтау.

      Дұрыс тыныс алу және дыбыстауды тәрбиелеуге арналған жаттығулар түрін анықтау.

      5-тақырып. Дауыс-тіл аппаратының құрылымы. Тіл аппараты. Оның құрылымы және жұмысы. Шығармашылық ойын.

      6-тақырып. Дауысты босату. Табиғи ерекшеліктерін және тембрді анықтау. Дауыс аппаратының бұлшық ет қысылуларын босату тәсілдері.

      7-тақырып. Дененің қалпы. Дене бұлшық еттерін босатуға және жиыруға арналған жаттығулар. Сюжеттік-рөлдік ойындар.

      8-тақырып. Тыныш қалыпта жеңіл жаттығулардан бастап, тынысты біртіндеп қалыптастыру. Тыныс алу – ұстап тұру – тыныс шығару. Дұрыс диафрагмалық тыныс алуды қалыптастыру. Фонациялық тыныс негіздерін меңгеру.

      9-тақырып. Тыныс алу аппаратының бұлшық етін жаттықтыру. Бұлшық еттерді жиыру мен босатуды алмастыру. Толық аралас-диафрагмалық тынысты меңгеруге арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Дене мүсіні – бала денесінің әдеттегі қалпы. Дұрыс мүсінді ұстау дағдысын қалыптастыру. Дұрыс мүсінді дамытуға арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Дауысты сөйлеуге дайындау: тыныс, артикуляция, жаңғырық. Тіл-дауыс аппаратының бұзылуының алдын алу. Театрландырылған ойын – бала тілін дамыту құралы.

      12-тақырып. Орфоэпия. Дыбыс шығару кемістіктерін түзету.

      13-тақырып. Тілдің ерекшелігі туралы қысқаша мәлімет. Тілдің ерекшелігі туралы түсінік: диалект, сөйлеу мәнері, акцент, тілдің мәнері. Диалект белгілерін түзету.

      14-тақырып. Буын тіркесі. Дыбыс тіркесі. Таза сөйлеу. Дикция. Тіл дыбыстары: дауысты және дауыссыз. Екпінді дауыстыларды айтуды жаттықтыру. Екпінсіз дауыстыларды айтуды жаттықтыру. Дауыссыздарды дұрыс айтуды жаттықтыру. Дикциялық тренингтер.

      15-тақырып. Дикцияны дамытуға арналған жаттығулар, жаңылтпаштар. Артикуляциялық гимнастика. Жақтың төменгі бөлігін жаттықтыру. Ерін бұлшық еттерін жаттықтыру. Тілдің бұлшық еттерін жаттықтыру.

      16-тақырып. Сөз бен қимылды үйлестіру. Қимыл мен сөздің өзара байланысы. Дауыс және пластикалық міндеттерді қатар орындау.

      17-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Сахналық ертегі қоюға қатысу.

      50. Даярлық сыныбының Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қауіпсіздік техникасын біледі;

      2) кино өнерінің пайда болу тарихын біледі;

      3) шешендік өнер тарихын біледі;

      4) сахна тілінің негізгі сипаттамаларын біледі;

      5) фонациялық тыныс негіздерін біледі;

      6) қарапайым физикалық жаттығуларды орындайды;

      7) диапазон, артикуляциялық аппарат, резонатор, шабуыл, дыбыс тірегі, дикция, дыбысталу әуені түсініктерін біледі;

      8) дикцияны, артикуляцияны дамытуға арналған жаттығулар;

      9) көркем сөз жанрларын біледі: фольклор, мысал, ертегі, проза, поэзия;

      10) сөзді дұрыс айтуды үйренеді;

      11) жаңылтпаштарды дұрыс айтуды біледі;

      12) әдеби-көркем мәтінмен жұмыс істеуді біледі;

      13) денені ширату және дайындау тәсілдерін біледі.

      51. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дауыс аппаратының құрылымдарымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен, артикуляция және тыныспен, көркем сөздің жанрларымен таныстыру жалғастырылады;

      2) гигиеналық сылауды, артикуляциялық аппарат гимнастикасын, фонациялық тынысты, дикциялық тернингті меңгеру жалғастырылады;

      3) дұрыс тыныс алу негіздері, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдысы қалыптасады, әдеби-көркем мәтінмен жұмыс істеуді, таза сөйлеуді өз бетінше суырып салуды үйренеді;

      5) тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, психофизикалық тренингтің 5-10 жаттығуы, денені ширату және дайындау жаттығулары, күрделі дыбыстарға арналған 5-7 жаңылтпаш, тіл тренингінің 5-7 жаттығуы меңгеріледі.

      52. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Сахна тілі сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Білім алушылардың дауыс-тіл аппаратының жеке ерекшеліктерімен танысу. Шағын өлең үзінділерін оқу. Білім алушылардың дауыс ерекшеліктерін анықтау. Білім алушының тіліндегі жеке кемшіліктерін анықтау.

      Дұрыс тыныс алу және дыбыстауды тәрбиелеуге арналған жаттығулар түрін анықтау.

      3-тақырып. Дауыс құраудың негізгі физиологиялық заңдылықтарымен танысу. Сөйлеу аппаратының анатомиясы және физиологиясы. Тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасы.

      4-тақырып. Физиологиялық және сөйлеудегі тыныстың ерекшеліктері. сөйлеу аппаратының құрылымы және жұмысы. Сөйлеу аппаратын дыбыс шығаруға дайындау. Дауыс-тіл аппаратымен танысу.

      5-тақырып. Бұлшық еттің қысылуларын босату. Дененің қалыпты күйі. Дене бұлшық еттерді босатуға және тырыстыруға арналған жаттығулар. Тыныс алу процесіне қатысатын өзінің бұлшық еттерін өзі сылау. Гигиеналық өзін өзі сылау.

      6-тақырып. Дене мүсіні. Сөйлеу дауысын дамыту кезіндегі тыныс алу процесіндегі дене мүсінінің мәні. Өз денесімен жұмыс істеудегі бұлшық еттің абсолютті еркіндігіне, жеңілдігіне және сенімділігіне бағытталған практикалық жаттығулар. Қысылуларды босату, сенімсіздік пен үрейден арылу. Шығармашылық ойындар.

      7-тақырып. Тыныс алу. Тыныс алу – сөйлеу дауысын қою негіздері. Тыныс алу жүйесінің құрылымы. Тыныс алу түрлері. Білім алушылардың тыныс алу түрін анықтау. Тыныс алумен жұмыс.

      8-тақырып. Аралас-диафрагмалық тыныс алу дағдыларын тәрбиелеу. Саралап тыныс алу және тыныс шығаруды меңгеру. Сөйлеу кезінде, сондай-ақ ән айту кезінде барынша ұзақ тыныс шығаруды тәрбиелеу: үнсіздік кезінде, тыныштық кезінде; қозғалыста.

      9-тақырып. Орфоэпия және дикция. Өлең мәтіндерінде екпінді дауыстыларды айтуды жаттықтыру. Өлең мәтіндеріндегі екпінсіз дауыстыларды айтуды жаттықтыру.

      10-тақырып. Әдеби сөйлеу нормалары. Ана тілі мәдениеті. Дауыссыздарды айтуды жаттықтыру.

      11-тақырып. Тіл-дауыс тренингі. Артикуляциялық аппарат. Артикуляциялық аппараттың құрылымы. Артикуляциялық бұлшық еттерді бекіту. Көмей маңындағы бұлшық еттердің бұлшық ет қысылуларын босатуға арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Тыныс алу тірегін және дыбысталуды дамытуға арналған жаттығулар. Сөйлеу аппаратын дикцияға және ән айтуға дайындау үшін –ерін, тіл, төменгі жақ, таңдай перделеріне арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Дауысты дыбыстар және олардың классификациясы. Дауысты дыбыстарды шығару кезіндегі сөйлеу аппаратының қалпы. Жеке дыбыстарды дұрыс айту. Дауысты дыбыстар және сөйлеу әуенділігі. Дауыстыларды дұрыс айту. Әр түрлі сөздерде, оқу мәтіндерінде дауысты дыбыстарды жаттықтыру.

      14-тақырып. дауыссыз дыбыстар. Сөйлеу аппаратының жеке бөліктерінің дұрыс қалпы және дауыссыз дыбыстарды айту кезіндегі олардың функциясы. Жеке дауыстарды айту. Ұяң дыбыстар. Қатаң дыбыстар. Сөздерде, фразаларда, мәтіндерде дауысты дыбыстармен үйлестіріп, дауыссыз дыбыстарды классификациялау.

      15-тақырып. Дикциялық кемістіктер. Тіл кемшіліктері. Кемшіліктерді түзету бойынша жұмыс. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру. Күрделендірілген қимылдармен үйлестірілген дауыс жаттығулар: шабу, секіру, айналу.

      16-тақырып. Сөйлеу ырғағына пародия. Жаттығу – суырып салу. Таза сөйлеу. Ұсынылған жағдайларда сөзбен жұмысқа арналған этюдтер. Сөйлеу қисыны бойынша жаттығулар. Мәтінді қисынды талдау қағидаттарын меңгеру. Мағыналы үзілістерді, екпіндерді дұрыс қолдану.

      17-тақырып. Әдеби-көркем мәтіндермен жұмыс. Көркем сөз жанрлары. Ертегілер. Қиссалар. Проза. Драматургия. Оларға тән ерекшеліктер. Көркем сөздің әртүрлі жанрларымен жұмыс әдістерін бекіту. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

      18-тақырып. Авторлық мәтіннің әуезділігін, ритмикалық ерекшеліктерін, ішкі суреттерін сезіну және жеткізу білігін дамыту. Қорытынды спектакльге қатысу.

      53. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс-тіл аппаратының ерекшеліктерін біледі;

      2) дауыс құраудың негізгі физиологиялық заңдылықтарын біледі;

      3) тіл аппаратының анатомиясын және физиологиясын біледі;

      4) тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасын біледі;

      5) сөйлеу аппаратын дыбыстауға дайындауды біледі;

      6) дененің бұлшық еттерін босатуға және жиыруға арналған жаттығуларды орындай алады;

      7) тыныс алу процесіндегі дене мүсінінің рөлін біледі;

      8) тыныс алу түрлерін біледі;

      9) орфоэпия мен дикцияның негізгі ережелерін біледі;

      10) өлең мәтіндеріндегі екпінді және екпінсіз дауыстыларды айтуды біледі;

      11) әдеби сөйлеудің қарапайым нормаларын біледі;

      12) тыныс алу тірегін және дыбысталуды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды;

      13) мәтінді қисынды талдаудың негізгі қағидаттарын біледі;

      14) көркем тілдің жанрларын: ертегілер, қиссаларды, прозаны, драматургияны біледі.

      54. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ортаңғы регистр аясында тынысты, дауысты үйлестіруді дамыту, өткен жаттығулардың материалдары мысалында тренингті жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) дикциямен жұмыс істеу кезінде тынысты дұрыс қолдану, дауыстың еркін дыбысталуы, табиғи артикуляция үнемі қадағаланады, тыныс шығарудың баяулығын, түзулігін, ұазқтығын дамытатын жаттығулардың саны артады, бір уақытта қарқынды ауыстыруды қолданып, мәтін жолдары бойынша дауысты көтеру және түсіру дағдылары;

      3) оқыған кітаптарынан немесе өз өмірлерінен алынған эпизодтарды ретімен және қисынды айту білігі жаттықтырылады, сөйлеу және дауыс мәнерін тәрбиелейтін мәтіндермен (жатқа) жұмыс жалғастырылады.

      55. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Сахна тілі бойынша сабақтардағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Сөйлеу техникасы. Тыныс алу гимнастикасы. Тыныс және дауыс. Тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасы. Әр түрлі тыныс алу гимнастикаларының түрлерін ойын нысанында орындау. Толық аралас-диафрагмалық тынысты тәрбиелеу.

      3-тақырып. Дене мүсіні. Дұрыс дене мүсінін тәрбиелеу. Тұру, отыру және жату күйінде жаттығуларды орындау. Аралас-диафрагмалық түрімен тыныс алу дағдылары. Сараланған аралас-диафрагмалық тыныс шығаруды меңгеру. Білім алушылардың жұмсақ таңдайының тонусын белсендіру. Мұрынмен тыныс алу дағдысын тәрбиелеу. Аралас-диафрагмалық тыныс – дұрыс сахналық тыныс. Баяу тыныс алуға және дем шығаруға арналған жаттығулар: интенсивті дем шығару; ұзақ мерзімді дем шығару.

      4-тақырып. Дауыс құрау механизмі. Дыбыстың ерекшеліктері: бағыты (фокус), жаңғырту, жоғарылығы (диапазон), күші. Дауыстың орталық дыбысталуын табу. Ортаңғы регистрдегі сөйлеу кезіндегі тынысты және дыбысты үйлестіруга арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Өткен жаттығулардың материалдарында жүргізілетін жүйелі тренинг. Дыбыспен дем шығарудың түзулігін, баяулығын және ұзақтығын жасауды жалғастыру. Мәтін жолдары бойынша дауысты көтеру және түсіру дағдылары.

      6-тақырып. Қарқынды ауыстыру. Жолдың ұзақтығын алты сөзге дейін ұзарту. Есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. Тыныс шығарудың ұзақтығын жаттықтыруға арналған жаттығулар. Қосымша тынысты алу дағдылары. Дұрыс және жылдам қосымша тыныс алу дағдысын жаттықтыру. Арнайы мәтіндерді енгізу. Қисынды талдау.

      7-тақырып. Дикция. Күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндердің мысалында тіл аппаратын жаттықтыру. Жаттықтыру мәтіндерінің көлемін ұлғайту. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру. Дененің жоғарғы бөлігін, қолдарды, мойынды, жақтарды, бетті, ерінді және тілді қысылулардан босатуға арналған жаттығулар кешені.

      8-тақырып. Мақал-мәтел, жаңылтпаш және арнайы іріктеліп алынған материалдар негізінде анық және таза айтуды меңгеру. Айтылуы күрделі тіркестер. Қарқындар: баяу, орташа, жылдам. Дикциямен жұмыс.

      9-тақырып. Дауыстың қалықтауын дамыту. Дауыссыз және "М", "В" дауыстарымен мимикалық нүктелі және вибрациялық сылау. Дыбысты алға шығаруға арналған жаттығулар. Жаңылтпаштар. Күрделі айтылатын дыбыстар тіркесін дұрыс шығару үшін ойын түрінде жаңылтпаштарды орындау.

      10-тақырып. Екпінді және екпінсіз күйдегі дауысты дыбыстарды айту. Әртүрлі қолды сермеу, қадам тәсілдерімен: екпінді буынды ерекшелеуге арналған ойын түріндегі жаттығулар. Екпінді буынды тонның жоғарылығымен музыкалық тәсілмен ерекшелеу. Этюдтер.

      11-тақырып. "СШ" және "ЗШ" дауыссыз тіркестерді айту. "ЕЖ" және "ЗЖ" дауыссыздарының тіркестерін айту. Сөз түбіріндегі "ЗЖ" және "ЖЖ" дауыссыз тіркестерін айту. "ТЧ" және "ДЦ" дауыссыз тіркестерді айту. "СТН", "ЗДН", "СТЛ" дауыссыздар тіркестерін айту.

      12-тақырып. Өнер шеберлерінің орындауындағы әдеби шығармалардың жазбаларын тыңдау. Әдеби концерттерге бару. Тыңдалған материалдарды талдау және талқылау.

      13-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Өткен логикалық ережелерді бекіту бойынша практикалық және теориялық жұмыс. Сын есімдердегі қисынды екпіндер. Зат есімдердің ілік септігінде көрсетілген анықтамаларды қисынды екпінмен ерекшелеу.

      14-тақырып. Мәтіннің логикалық талдауы. Жалпылау сөздерден тұратын сөйлемдердегі қисынды екпіндер. Басты сөздер. Қайталанатын сөздер. Үзілістер. Үзіндінің басты ойы. Прозалық шығармалардағы мәтіндік үзінділерді талдау. Үзіндінің басты ойы. Екпінмен ерекшелек тәсілдері.

      15-тақырып. Тақырыбы. Идеясы. Басты міндеті. Үзінділерді логикалық талдау. Әңгімедегі, ертегідегі, пьесадағы оқиғалар қатары. Алғашқы оқиға. Орталық оқиға. Басты оқиға. Байланыс. Шарықтау шегі. Шешімі.

      16-тақырып. Мәтінді талдау. Шығармаларды талдау. Шағын әңгімелерді немесе әңгімелерден алынған үзінділерді орындау. Идеялық-тақырыптық мазмұны. Авторлық міндет. Орындаушының міндеті. Оқиғалар қатары. Оқиғаларға жеке көзқарасы.

      17-тақырып. Қатынас тілінің мәдениеті. Тыңдаймыз және жауап береміз. Сұхбаттаушыны тыңдау білігін тәрбиелейтін сюжеттік-рөлдік ойындар.

      18-тақырып. Өткен тақырыптар бойынша қорытынды спектальге, концерттерге қатысу, әңгімелерді орындау.

      56. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртүрлі тыныс алу гимнастикасын ойын түрінде орындай алады;

      2) дұрыс дене сымбатына ие болады;

      3) аралас-диафрагмалық түрімен тыныс алу дағдысын біледі;

      4) дауыс құрау механизмдерін біледі;

      5) дауыстың орталық дыбысталуын біледі;

      6) ортаңғы регистрде сөйлеу тынысын және дыбысты үйлестіруге арналған жаттығуларды орындайды;

      7) өлең жолдары бойынша дауысты көтеру және төмендету дағдысын біледі;

      8) қарқынды ауыстыра алады;

      9) жылдам және дұрыс тыныс алуды біледі;

      10) тыңдалған материалды талдауды орындайды;

      11) мәтінмен жұмыс істей алады;

      12) мәтіннің қисынды талдауын орындайды;

      13) шағын әңгімелерді және әңгімелерден алынған үзінділерді орындайды.

      57. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тыныс алу төзімділігін көтеру, ортаңғы регистр шеңберінде дауыс диапазонын кеңейту, оның икемділігін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) парақтан сауатты оқу білігін, білім алушылардың өз бетінше әзірлеген мәтіндерді оқуды және талдауды жүргізу біліктерін пысықтау;

      3) дұрыс және жылдам қосымша тыныс алу дағдысы белсенді жаттықтырылады, жаттығуларда ойын элементтері қолданылады, тілдегі жеке кемшіліктерді түзету бойынша сабақтар, күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тілді жаттықтыру жалғастырылады;

      4) әдеби материалмен практикалық жұмыста автор стилінің ерекшеліктері, үзіндінің басты ойын жеткізу білігі, оқиғаларды қисынды бағалау, әрекет тізбегін ретімен бөлу үйретіледі, 10-15 жаңылтпаш, 8-10 өлең және прозалық шығармалар меңгеріледі.

      58. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Сахна тілі бойынша сабақтардағы қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Сөйлеу техникасы. Тыныс алумен жұмыс. Тыныс алу аппараттарының бұлшық еттерін жаттықтыру. Тыныс алу гимнастикасы. Тыныстың төзімділігін арттыру.

      3-тақырып. Аралас-диафрагмалық тыныс. Статикалық тыныс алу жаттығулары. Ортаңғы регистр шеңберінде дауыс диапазонын кеңейту. Отыру, тұру және жату қалпында орындалатын жаттығулар. Барлық диапазон бойынша дауыстың дыбысталуының түзулігі. Регистрлер. Ортаңғы регистр. Төменгі регистр. Жоғары регистр.

      4-тақырып. Ортаңғы регистр шеңберінде тыныс пен дауысты үйлестіруді дамыту бойынша жұмыс. Тыныс шығарудың түзулігін, баяулығын, ұзақтығын дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Дауысты көтеру және түсіру дағдылары. Дауыстың мәнерлеу құралдары: ритмді ауыстыру, дыбысталу жоғарылығы, дыбыс күші, қарқынды ауыстыру, динамика.

      6-тақырып. Дұрыс және жылдам тыныс алу дағдысын жаттықтыру. Серіктеспен үндестік байланысын жаттықтыру. Қосымша тыныс алу. Қосымша тынысты жылдам және дұрыс алу дағдысын дамыту.

      7-тақырып. Тыныс алу-артикуляциялық кешендер. Еріндерді, тілді жаттықтыруға, төменгі жақтың қозғалғыштығын дамытуға арналған гимнастикадан тұратын кешен. Аралас-диафрагмалық тынысты меңгеруге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Бұлшық еттерді қысылулардан сақтау. Дененің қалпы. Дененің бұлшық еттерін босатуға және жиыруға арналған жаттығулар. Тыныс алу процесіне қатысатын бұлшық еттерді өзі сылау.

      9-тақырып. Дикция. Дикциялық кешендер. Білім алушылардың тіліндегі жеке кемшіліктермен жұмыс. Артикуляциялық аппараттың жұмысы. Үш қарқындағы жаттықтыру мәтіндері.

      10-тақырып. Мәтіндерді ұлғайту және күрделендіру. Дыбыстың күшін, жоғарылығын көтеру және төмендету арқылы дауыстылар мен дауыссыздардың тіркестерін айтуға арналған жаттығулар. Мақалдар мен мәтелдер.

      11-тақырып. Орфоэпия. Екпінді және екпінсіз қалыптағы дауысты дыбыстарды айту. Екпінді буындағы дауыстыларды толық артикуляциялық мәнерлеуді меңгеруге арналған жаттығулар. Есту-айту дағдыларын дамытатын "дирижерлеу" әдісі бойынша жаттығулар.

      12-тақырып. Дауыссыздардың қатаңдануы және ассимиляциясы. Сөз соңының фонетикалық заңдылықтары. Сөз тізбектерін айту. Сөздің соңындағы ұяң дауыссыздың қатаңдануы. Қатаңдығы бойынша ассимиляция.

      13-тақырып. Мәтіннің қисынды талдауы. Сөйлемнің қисынды перспективасы. Сөйлемдер "тізбегінің" логикалық перспективасы. Шағын әдеби үзіндінің логикалық перспективасы.

      14-тақырып. Сөзбен әрекет ету. Шығарманың тақырыбы және идеясы. Айтушының міндеті. Назар аудару нысаны. Көрермен – назар аудару және араласу нысаны. Назардың ішкі нысаны. Назардың сыртқы нысандары. Түсінігі.

      15-тақырып. Шығармаларды талдау. Шағын әңгімелерді және бірінші жақтың әңгімесінен үзіндіні орындау. Тақырыбы. Идеясы. Басты міндеттер. Оқиғалар қатары.

      16-тақырып. Қатынас тілінің мәдениеті. Тіл ойындары. Тіл этикетінің элементтері бар шағын топтық этюдтер. Шиеленіс. Әңгімедегі әрекет және әрекетсіздік. Әдеби шығармалардағы айқын сыртқы және ішкі шиеленістердің мысалдары. Шиеленіс жағдайын құру. Шиеленісті әдепті, байсалды шешу.

      17-тақырып. Тілдің мәнерлігі – тілдің коммуникативті қасиеттерінің бірі. Тілдің мәнерлігін құраудың құралдары мен тәсілдері. Метафора. Метонимия. Синекдоха. Аллегория. Салыстыру. Эпитет.

      18-тақырып. Тіл қызметінің түрлері және оның ерекшеліктері. Сыртқы сөз. Ішкі сөз. Диалог тілі. Монолог тілі. Жазбаша тіл.

      19-тақырып. Жеке авторлардың стилистикалық ерекшеліктері. Балаларға арналған шығармаларды оқу. Концерт немесе спектакль түріндегі қорытынды көрсетілімге қатысу.

      59. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тыныс алумен жұмысты біледі;

      2) ортаңғы регистр шеңберінде дауыс диапазонын кеңейтуді біледі;

      3) сахна тілі бойынша сабақтарда алған білім, білік және дағдыларын рөлмен өз бетінше жұмыс істеу кезінде қолданады;

      4) ортаңғы регистр көлемінде тынысты және дауысты үйлестіруді дамыту бойынша жұмыс істеуді біледі;

      5) дауысты көтеруді және түсіруді біледі;

      6) дауыстың мәнерлеу құралдарын: ритмді ауыстыру, дыбысталу жоғарылығы, дыбыс күші, қарқынды ауыстыру, динамиканы біледі;

      7) аралас-диафрагмалық тынысты меңгеруге арналған жаттығуларды орындау;

      8) жеке кемшіліктермен жұмыс істеуді біледі;

      9) екпінді және екпінсіз күйдегі дауысты дыбыстарды айтуды біледі;

      10) мәтінді қисынды талдауды біледі;

      11) шағын әдеби үзіндінің қисынды перспективасын құруды біледі;

      12) "сөзбен әрекет ету" түсінігін біледі;

      13) назардың аударудың түрлерін біледі;

      14) араласудағы тіл мәдениетін біледі;

      15) этюдтермен жұмыс істеуді біледі;

      16) "диалог тілі", "монолог тілі" түсініктерін біледі.

      60. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) өткен материалдарда артикуляциялық аппаратты жаттықтыру жалғастырылады, дұрыс, таза және анық сөйлеу дағдылары бекітіледі және жетілдіріледі;

      2) ортаңғы регистрді дамытуға және бекітуге арналған жаттығулар мен жаттықтыру мәтіндерінің көлемі кеңейтіледі, сөйлеудің әртүрлі қарқындарын қолдануға арналған жаттығулар мен мәтіндердің саны өсіріледі;

      3) прозалық материалдарда қисын ережелерін қолдану дағдылары бекітіледі, мәтіндердің өлең, прозалық формаларының ерекшеліктерімен танысу жалғастырылады, прозалық және өлең мәтіндерін ерекшелейтін өзгешеліктерін анықтайды, шығармалармен практикалық жұмыс жүргізіледі, 10-15 жаңылтпаш, 8-10 өлең және прозалық шығармалар, 2-4 монолог меңгеріледі.

      61. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Тіл техникасы. Тыныс алу-артикуляциялық кешендер. Дене мүсіні және тыныс алу. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалысы. Қол саусақтарының ұсақ қимылдары. Сөйлеу кезіндегі тынысы. Ойын түріндегі жаттығулар. Ерін мен бетке арналған жаттығулар. Тілге арналған статикалық жаттығулар.

      3-тақырып. Артикуляциялық гимнастика элементтерімен дыбыс тірегін тәрбиелеу үшін тыныс алу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтыруға арналған жаттығулар. Тілге арналған динамикалық жаттығулар. Төменгі жақтың қозғалмалылығын дамытуға арналған жаттығулар. Көмей және жұмсақ таңдайдың бұлшық еттерін жаттықтыру.

      Ертегілерді қарау. Ертегі желісінің негізінде байланыстырушы тілді, есте сақтау жадын және ойлауды дамыту.

      4-тақырып. Дикциялық тренинг. Дауысты дыбыстармен үйлестіріп дауыссыздардың белсенділігін дамытуға арналған жаттығулар кешені. Дұрыс, таза және анық сөйлеу дағдысын бекіту.

      5-тақырып. Сөйлеу қарқыны. Әртүрлі сөйлеу қарқындарын қолдануға арналған жаттығулар мен мәтіндер. Жаңылтпаштар. Баяу қарқын. Жылдам қарқын.

      6-тақырып. Дауыс күшін дамыту. Сонорлы "М", "Н", "Л" қолданып, дыбыстың дұрыс бағытталуына (қалықтауы) арналған жаттығулар. Мақалдар. Мәтелдер. Жаңылтпаштарды әндетіп айту кезінде дауысты бәсеңдету және көтеру.

      7-тақырып. Орфоэпия. Сөздердегі екпін. Күрделі сөздер. Көп түбірлі сөздер. Күрделі сөздердегі екпіндер. Көп түбірлі сөздердегі екпіндер. Ат пен тектегі екпіндер. Септеу және жіктеу кезіндегі екпіннің өзгеруі.

      8-тақырып. Мәтінді логикалық талдау. Өлең түріндегі шығармамен жұмыс. Сөздік екпінді қою. Үзіліс. Өлеңнің ритмикалық заңдылықтары. Өлеңнің ритмдерімен жұмыс. Өлең ритмінің шартты кескіндері. Оқу қарқыны. Өлшем. Римфа. Өлең арасындағы үзілістер. Өлең. Строфа.

      9-тақырып. Өлең түріндегі шығармалардағы тыныс белгілер. Өлең тілінің прозалық тілден айырмашылығы. Өлең арасындағы үзілістердің мағыналық үзілістермен сәйкес келуі және сәйкес келмеуі. Оқу бойынша жеке жұмыс. Сахнада тұрып оқуға дайындалу.

      10-тақырып. Қиял және елестету. Шығармашылық елестетуді дамыту бойынша жұмыс. Таңдап оқу және елестету бойынша "сөзбен суреттеу" көмегі арқылы суреттерді немесе оның мағыналық бөліктерін талдау.

      11-тақырып. Суырып салу. Жаңылтпаштарды шығару. Поэзия сәті. Рөлдік ойындар.

      12-тақырып. Лирикалық сипаттағы поэзия шығармалары. Шығармаларды талдау. Тақырыбы. Автордың идеясы. Оқығанын өз бетінше талдау. Поэзиялық шығармаға деген жеке көзқарасы. Мәнерлеп оқу.

      13-тақырып. Сөздегі авторлық екпін заңдары. Дыбыс жазбасы. Ритм сезімі.

      14-тақырып. Поэтикалық салыстырулар. Эпитеттер. Кейіптеу.

      15-тақырып. Қатынас тілінің мәдениеті. Сөйлеу ойындары. Топтық араласуға арналған этюдтер. Әңгімелесу.

      16-тақырып. Әдеби спектакль немесе ертегі сюжеті бойынша әдеби-музыкалық композиция.

      62. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс-тіл аппаратын дамытуға арналған жаттығулардың негізгі кешенін біледі;

      2) "қимылмен бірге сөйлеу" түсінігін біледі;

      3) дауыс дикциясы, әуезділігі, тембрі және қимылдау кезінде сөйлеу;

      4) алған дағдыларын сахнадағы серіктесімен араласу кезінде диалогта қолданады;

      5) өз кейіпкерінің атынан эмоциялық бояуды жеткізеді;

      6) сахнадағы өзінің серіктесінің эмоциясын қабылдайды және әсерленеді;

      7) сахна қозғалысының алғашқы дағдыларын қолданады.

      63. Бейіндік сыныптың Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылардың артикуляциялық ширатулар мен тыныс алу жаттығулары кезіндегі өз бетінше жұмыс істеуі жалғастырылады, әртүрлі қарқындар, күрделі айтылатын мәтіндер қолданылады;

      2) дауыссыздарды нақты айту, тұрақты ырғақтау дағдылары пысықталады;

      3) логикалық ережелерді қолдану дағдылары бекітіледі, білім алушы әдеби шығарманың сипаты негізінде көрерменмен дұрыс араласу формасын табуды, өзімен өз көрерменіне әсер етуді үйренеді;

      4) өлең түріндегі шығармалар бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі, күрделі поэтикалық формасын бұзбай, көрерменге автордың идеялық түпкі ойын жеткізу білігі пысықталады, 10-15 жаңылтпаш, 10-15 өлең түріндегі және проза түріндегі шығармалар, 6-10 монолог меңгеріледі.

      64. Бейіндік сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Бұлшық еттерді босатуға және буындарды дайындауға арналған ширату жаттығуы. Тіл техникасы. Ширату тренингтері. Тыныс алу-артикуляциялық кешендер.

      3-тақырып. Бас және кеуде резонаторларына арналған вибрациялық массаж. Тілге, ерінге, бетке арналған артикуляциялық гимнастика. Қозғалыс және сюжеттік-рөлдік компоненттері бар дикциялық кешендер.

      4-тақырып. Дауыстың ортаңғы регистрін дамытуға және бекітуге арналған жаттығулар және жаттықтыру мәтіндерінің көлемін кеңейту. Өз бетінше жұмыс.

      5-тақырып. Барынша интенсивті және қарқынды қозғалыс элементтерімен және қойылған актерлік міндеттермен поэзия, фольклор негізіндегі сюжетті жаттығулар.

      6-тақырып. Дауыс күшін дамыту. Дауыстың күші мен жоғарылын көтеру және төмендету арқылы орындауға арналған үзінділер. Қимыл элементтерімен орындау.

      7-тақырып. Қимыл кезіндегі тіл. Қимылдау кезінде дауысты еркін игеру. Тыныс алу жаттығулары. Кешенді тренинг. Тыныс алудан бастап Қимыл кезінде сөйлеуге дейінгі жаттығулар жиынтығының кешені.

      9-тақырып. Мәтіннің қисынды талдауы. Мәтіннің әрекетті талдауы. Ұсынылатын жағдайлар. Басты міндеттер. Тура әрекет. Контрәрекет. Оқиғалар. Бағалар. Рөл тізбегі. Екінші план. Ішкі монолог. Түсінігі. Сипаттылығы.

      10-тақырып. Жалпы басты міндет. Эпизодтардың міндеттері. Басты міндет – әрекеттегі идея. Міндеттерді және эпизодтан эпизодқа дейінгі фактілерді бағалау. Мәтіндегі басты эпизодты анықтау. Тура әрекет.

      11-тақырып. Оқушы мен актердің сөзбен әрекет ету перспективасының түсініктері. Баяндау реті. Әңгіменің құрылымы және кезеңдері. Интрига. Атмосфера.

      12-тақырып. Сөзбен әрекет ету – психологиялық әсердің жоғарғы түрі болып табылады. Белсенді сөзбен әрекет ету арқылы тыңдарманға эмоциялық әсер ету.

      13-тақырып. Шығармаларды талдау. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды орындау. Репертуармен жұмыс. Поэзия. Проза. Әзіл. Мысал. Пьесалардан алынған монолог.

      14-тақырып. Эфирдегі тілдік стилистикасы және мәдениеті. Эфирде сөйлеу – шешендік өнердің бір түрі. Араласудағы тіл мәдениеті. Рөлдік сөйлеу ойындары. Тақырыпты таңдай жіне оны әзірлеу. Қорғау. Басқа білім алушылардың жобаларын талқылау.

      15-тақырып. Сахна тілі. Спектакльде орындалатын үйзінділердегі және әртүрлі жанрлардағы пьесалардағы сөзбен әрекет етумен жұмыс. Сабақ процесінда алған білім, білік және дағдыларын спектакльдегі рөлмен жұмыс істеу кезінде қолдану.

      16-тақырып. Кино өнеріндегі тілдің түрлері. Диалог. Авторлық мәтін. Кадрдан тыс монолог немесе диалог. Ішкі монолог. Актерлік шеберлік дағдылары. Дауыс тембрі. Мимика. Пластика. Ым.

      17-тақырып. Қисынды мәнерлеу құралдары. Сахна тілінің қисыны. Мәтінмен жұмыс істеу. Көркем прозамен жұмыс. Көркем сөз өнерінің қағидаттары.

      18-тақырып. Өлең түріндегі шығармалармен жұмыс істеудің ерекшеліктері. Өлең түріндегі шығармалардың мәнерлгін арттыру құралдары –тасымалдау, инверсия, изохрондылық. Алған дағдыларын өлең түріндегі шығармалармен жұмыста қолдану.

      19-тақырып. Үзінділердегі және спектакльдердегі тілмен жұмыс. Сахна тілі дағдыларын дамыту. Кемшіліктерді түзету.

      20-тақырып. Сахна тілі бойынша білім, білік және дағдыларды бекіту және жетілдіру. Әдеби спектакль немесе ертегі желісі бойынша әлеби-музыкалық композиция.

      65. Бейіндік сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бұлшық еттерді босатуға арналған ширату жаттығуларды орындайды;

      2) дикциялық тренингтерді орындауды біледі;

      3) поэзия, фольклор негізіндегі сюжетті жаттығуларды біледі;

      4) үзінділерді дауыстың жоғарылығын көтеру және түсіру арқылы орындауды біледі;

      4) қимылдау кезінде дауысты еркін жүргізеді;

      5) сюжеттік-рөлдік кешендерді біледі;

      6) мәтіндердің қисынды талдауын жасауды біледі;

      7) мәтіндегі маңызды эпизодтарды анықтауды біледі;

      8) эфирдегі тілдің стилистикасын және мәдениетін біледі;

      9) кино өнеріндегі сөз түрлерін біледі: диалог, авторлық мәтін, кадр сыртындағы монолог немесе диалог, ішкі монолог;

      10) өлең түріндегі шығармалармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін біледі;

      11) алған дағдыларын практикада қолдана алады.

      66. Түлек:

      1) сахна тілі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасын;

      1) фонетика және орфоэпия негіздерін;

      2) шығарманы қисынды талдау заңдылықтарын;

      3) физиологиялық және фонациялық тынысты анықтауды;

      4) барынша күрделі жаттығуларды пайдаланып еркін дыбысталуды, тіректі, дыбыстың қалықтауын бекіту және жетілдіру тәсілдерін;

      5) эмоциялы-экспрессивті сөйлеу кезіндегі дауыс-тіл аппаратындағы бұлшық ет қысылуларын түсіру тәсілдерін;

      6) дикциялық кемшіліктер мен тілдегі бейорганикалық кемістіктерді түзетуге арналған жаттығуларды;

      7) артикуляциялық аппарат жұмысын жетілдіруге арналған жаттығуларды біледі.

      Түлек:

      1) дыбыспен, дене қозғалысымен байланысты, терең тынысты бекітуге және жетілдіруге арналған жаттығуларды орындауды;

      2) күрделі емес мәтінде өз бетінше талдауды;

      3) шығармаларды өз бетінше жаттауды (өлеңдер, қазақ, орыс және шетел авторларының шығармаларынан үзінділерді);

      4) көркем бейне жасауды;

      5) сөз бен қимылды үйлесімді байланыстырудың көмегі арқылы автордың ойын жеткізуді;

      6) орындалатын шығармалардағы мәтінді сауатты айтуды, шығармаларды ашық, эмоциямен орындауды;

      7) күрделі емес шығармаларды жаттау кезінде техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңуді;

      8) теориялық білімді орындаушылық практикада қолдануды;

      9) орындалатын шығармаларды талдауды;

      10) қисынды мәнерлеу құралдарын қолдануды;

      11) тілдің мәнерлеу құралы ретінде дыбыс күшін қолдануды;

      12) регистрлерді "салыстыру" дағдысын тәрбиелеуге арналған жаттығуларды орындауды;

      13) өлеңмен жұмыс істеу барысында қисынды мәнерлеу құралдарын қолдануды;

      14) заманауи әдеби сөйлеу бойынша алған білімдерін тұрмыстық сөйлеу кезінде және сахна практикасы жағдайында қолдануды;

      15) тілдің мәнерлеу құралы ретінде дыбыс күшін пайдалануды біледі.

      Түлекте:

      1) мәнерлеп орындау құралдарын қолдану;

      2) есту қабілетін бақылау және орындау процесін басқару;

      3) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау;

      4) репертуарды өз бетінше таңдау, талдау, орындау және жинақтау;

      5) қазақ, орыс, шетел авторларының шығармаларынан үзінді орындау;

      7) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке орындау;

      8) шығармашылық қызмет;

      9) өнер көрсету алдында болашақ оқушы мен актердің тіл аппаратын дайындау үшін ширатуларды орындау дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      67. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ, емтихан түрінде іске асырылады.

      68. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаттығулар кешені), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаттығулар кешені);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаңылтпаштарды жатқа оқу), екінші жартыжылдықта: сынақ (өлең мәтінін жатқа оқу);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (өлең мәтінін жатқа оқу), екінші жартыжылдықта: емтихан (өлең, прозалық мәтінді жатқа айту);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қара өлең), екінші жартыжылдықта: емтихан (өлең мәтінін және монологты жатқа оқып шығу);

      5) бейіндік сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қара өлеңді жатқа оқу), екінші жартыжылдықта: сынақ (монологты жатқа оқу).

      69. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог білім алушының дауыс аппаратын тиісті деңгейде көрсетуі, шығарманың көркемдік бейнесін толық және нақты ашуы.

      70. Бағалау өлшемдері:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – дикциялық мәдениетті, орфоэпиялық заңдылықтарды, тіл қисынын сақтауы; бағдарламаны игерудің кезеңдеріне сәйкес әртүрлі жанрдағы шығармаларды мәнерлеп, мол ырғақпен, нақты, эмоциямен оқуы, автордың алға қойған міндеттерін, мәнмәтінді жеткізуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техниканың элементтерін, тілдің қисынын жартылай сақтауы, біраз қысылып орындауы, автор ойының қисынымен, ырғақтық мәнерлеу элементтерімен жеткізуі; әрі қарай даму мүмкіндігін көрсете білуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – білім алушының тіл техникасының элементтерін, сөзбен әрекет етуді нашар меңгеруі, өзімен жұмыс істеуі жеткіліксіз, сахна міндеттерін орындамауы, назар аудару нысандарын қолдана алмайды, әсерсіз сөйлейді;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – техника, орфоэпия, қисынды талдау, тіл мәдениеті және дыбысталған сөз өнері бойынша қойылған миіндеттерді орындай алмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
63-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Көркемсөз негіздері", "Сахналық би", "Жеке вокал", "Музыкалық аспап" және басқа" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Көркемсөз негіздері", "Сахналық би", "Жеке вокал", "Музыкалық аспап" және басқа" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) таңдау бойынша пәнге оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың таңдау пәндері бойынша теориялық және практикалық білім, білік және дағдыларын алуына, театр өнері құралдарымен әлемді эстетикалық және көркемдік тануға жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) көркемсөз негіздері, сахналық би, жеке вокал, музыкалық аспап пәндеріне оқыту процесінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

      2) театр өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыру, оның түрлері мен әсемділігін ашу;

      3) қоршаған шынайылықтың көріністеріне тұлғалық тұтас эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

      4) ой-өрісті кеңейту және білімді, орындаушылық білік пен дағдыларды меңгеру.

      Дамыту:

      1) балалардың бағдарламаны меңгеру процесінде алған театрда орындаушылық білім, білік және дағдылар негізінде бала тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамыту;

      2) зейінді, есте сақтау жадын, елестетуді, тілді, эмоциялы-жігерлі саланы, зияткерлік, музыкалық және шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      3) театр өнері арқылы шығармашылық қабілетті дамыту;

      4) шығармашылық қиялды, көркем ойлауды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуді дамыту;

      5) рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнмәтінде көркем талғамды және бағалау өлшемшарттарын қалыптастыру;

      6) білім алушының танымдық қызметін ынталандыру;

      7) білім алушының кәсіби өзін өзі анықтауы үшін жағдай жасау.

      Тәрбиелік:

      1) көркем мәдениетке, өнерге араластыру;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуге тәрбиелеу;

      3) араласудың әлеуметтік мәдени ортасын құру;

      4) отандық мәдениеттің құндылықтарына, халық шығармашылығының озық үлгілеріне, классикалық және заманауи өнерге араластыру.

      4. Оқыту мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      5. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарымен анықталады.

      6. Бағдарлама театр бөлімінде таңдау бойынша пәндерді меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, театр шығармашылығымен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      9. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) театр өнері саласында білім, білік және дағдыларды меңгерудегі сатылық;

      2) реттілік және қолжетімділік, жеңілден күрделіге, белгіліден белгісізге;

      3) саналылық және белсенділік – сабақтарға деген саналы көзқарас, білім алушылардың үйретілетін материалдар меңгеруге және оны түсініп орындауға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу;

      4) сабақтардың жүйелілігі мен ұдайылығы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесінің үздіксіз жүруін көрсетеді;

      5) оқу процесінің мақсаттылығы;

      6) білімнен шығармашылыққа қағидаты білім алушыларға белгілі білім деңгейі кезінде қанық сахналық бейнелерді, мінездерді және көңіл-күйлерді жасауға мүмкіндік береді.

      10. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог көркем сахналық бейнені құруда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      2) әлем хадықтрының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      3) театр бойынша білім алуы;

      4) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыларға қажетті білік және дағдыларды дағдыландыру мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі шығармалармен жұмыста іске асырылады.

      14. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      15. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты мазмұны деңгейі жағынан барлық оқыту сыныптарының арасындағы байланысты және бишілік-орындаушылық қызметін білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты грим өнерін практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      17. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – көрсету, түсіндіру, білім алушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындау;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      18. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, жеке қабілеттерінің даму деңгейі.

      19. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      20. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      21. Сабақтан тыс жұмыс түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) семинарларға және шеберлік сыныптарға қатысу;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындау;

      4) концерттік, байқаулық көрсетілімдерге дайындаулы;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) участие в творческих и культурно-просветительских мероприятиях.

      22. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      23. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      21. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      24. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      25. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      26. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      27. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      28. "Көркемсөз негіздері" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актерлік өнер – сахналық бейнелерді жасау өнері, орындаушылық өнердің түрі, актердің рөлмен жұмыс істеуіне қажетті материалдар өзінің тілі, денесі, қимылы, мимикасы, байқампаздығы, елестетуі, есте сақтауы секілді табиғи қабілеттері болып табылады;

      2) артикуляциялық аппарат – сөз дыбыстарын қалыптастыратын дауыс аппаратының бөлігі;

      3) артикуляциялық гимнастика – артикуляциялық мүшелердің қозғалғыштығын жақсартуға көмектесетін жаттығулар кешені;

      4) бейнелі ойлау – түпкі ойдың пайда болуы, спектакльді қою, елестету процесіне қажетті өмір суреттерін, өнерді олардың көркемдік мағынасында қабылдау және түсіну қасиеттері;

      5) бұлшық еттерді босату (дене қысылуларын босату) – мәнерлі және шынайы қозғалу білігін пысықтауға арналған тренингтер, жаттығулар;

      6) бұлшық еттердің белсенділігі – босаңсуға жол бермейтін, дауыс желбезектерінің, көмей бұлшық еттерінің, кеңірдектің және барлық сөйлеу аппаратының күйі;

      7) бұлшық еттердің еркіндігі – тыныс алу процесіне, фонация және дикцияға қатысатын бұлшық еттердің қысылуы және физикалық жиырылуы болмайтын еркін қалпы;

      8) дауыс төзімділігі – салдарынан дыбысталу сапасының нашарлауын тудыратын бұлшық еттердің шаршауы жүзеге аспайтын кездегі тіл аппаратын меңгеру түрі;

      9) дауыстың тембрлік қозғалмалығы – дыбысталатын дауыстың әр түрлі сапасымен құбылту білігі, рөлмен жұмыс істеу кезінде дауыстың эмоциялық бояуларын, әр түрлі обертондарды қолдану;

      10) динамикалық диапазон – актердің дауыстың тембрлік бояуын жоғалтпай, дыбыстың әр түрлі күші кезінде дауысты қолдану білігі;

      11) дикция – сөздер мен буындарды анық және айқын айту;

      12) жанр – суретшінің бейнелеу объектісіне эмоциялық көзқарасымен анықталатын шығармалардың ерекшеліктерінің жиыны;

      13) жоғары дыбысты диапазон – актердің ең төменгіден ең жоғарғы дыбысқа дейінгі сөйлеу дауысының максималды үн көлемін қолдану білігі;

      14) сахна тілі – актердің мәнерлілігінің негізгі кәсіби құралдарының бірі;

      15) сахналық зейін – көру, есту, сезу, түйсіну, дәм арқылы сыртқы әлемнің нысандарын қабылдау;

      16) сахналау – прозалық немесе поэтикалық шығармаларды драмалық шығармаларға өңдеу;

      17) сөзбен әсер ету – серіктестің ойын өзгерту мақсатында оның санасына әсер ету, әрекет етушінің мүддесі үшін "бейімдеу";

      18) талдау – тұтас түсінікті құрамдас элементтере бөлуден тұратын ғылыми зерттеу әдісі;

      19) тіл мәдениеті – эстетиканың стилистика, фонетика және орфоэпия заңдылықтарын, тіл әдістемесі және қисынын қамтитын бөлімі;

      20) үзіліс – уақытша тоқтау, сөйлеу кезіндегі немесе сахналық әрекеттегі үзіліс;

      21) этюд – актердің шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаттығудың түрі.

      29. Бағдарламаның мақсаты: балалардың театрда орындаушылық бойынша меңгерген білім, білік және дағдылары негізінде оларды көркем-эстетикалық дамыту.

      30. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сөйлеу техникасы, орфоэпия саласында білім, білік және дағдыларды алу;

      2) тынысты, дауысты, тіл аппаратын меңгерудің қарапайым дағдыларына оқыту;

      3) логикалық талдауды және көркемдік шығарманы орындау кезіндегі диалогты қоюды үйрету;

      4) шығарманы әртүрлі орындаушылық жеткізудегі мүмкіндіктерімен танысу;

      5) авторлық сөзді, оның мазмұнын, әрекетті, стильдік табиғатын меңгеру процесін оқыту.

      Дамыту:

      1) табиғи тіл және дауыс мүмкіндіктерін дамыту және жетілдіру;

      2) білім алушының сөзді есту қабілетін, ритм сезімін, зейінді, есте сақтау жадын, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      3) өз бетінше шығармашылық бейнелі ойлау дағдысын дамыту;

      4) байқампаздықты, шығармашылық қиялды және елестетуді дамыту;

      5) зейінді, есте сақтау жадын, ассоциативті және бейнелі ойлауды дамыту;

      6) мәтінді түсініп айту қабілетін қалыптастыру;

      7) сөз арқылы көрермендердің жігеріне, эмоциялық күйіне, елестетуіне, зейініне әсер ету білігін дамыту;

      8) ана тіліне деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру және сөлйеу техникасы бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) дикциялық, ырғақтық – әуендік және орфоэпиялық мәдениетті тәрбиелеу;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық мәдениетті, шығармашылық бастаманы, психофизикалық шыдамдылықты және еңбекке қабілеттілікті тәрбиелеу;

      3) білім алушының рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      4) театрды ғана емес, сондай-ақ өнерді тұтас дұрыс этикалық және эстетикалық қабылдауын тәрбиелеу.

      31. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бір жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      32. Бағдарлама көркем сөз негіздерін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      33. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының дұрыс тыныс алу, дикция, дауысты және дауыссыз әріптерді айтуы, өлең және прозалық мәтіндермен жұмыс істеу бойынша негізгі дағдыларды практикада меңгеруге жалпы бағытталуы болып табылады.

      34. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке сараланған тәсілмен келуде, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруге, театр өнері саласында дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      35. Бағдарлама болашақ актердің практикалық қызметіне қажетті анық, таза, дұрыс сөйлеу дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.

      Бағдарлама білім алушыларды шығармашылық, эстетикалық, рухани-адмгершілік дамытуға бағытталған және сахналық тіл тәжірибесін, дауыс-тіл аппаратымен зерттеу және жұмыс істеу ережелерін меңгеру бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      36. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) тыныс алу жаттығулары;

      2) артикуляциялық гимнастика;

      3) әдеби шығармалардың мәтіндерімен жұмыс.

      37. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген жеке жоспарға өзгерістер енгізеді, жылдың соңында оның дамуына, білім алушының жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      38. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме оның даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) табиғи дауыс-тіл қабілеттері;

      2) жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін дамыту;

      3) тіл техникасын, арнайы іріктеліп алынған репертуарды меңгеру;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (ынталылық, қажырлылық);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) тіл дамуындағы кемшіліктер және оларды жою бойынша міндеттер.

      39. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      40. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      41. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      42. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      43. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) өз бетінше жаттығу;

      2) тыныс алу жаттығулары;

      3) мимикалық гимнастика;

      4) дикцияға арналған жаттығулар.

      44. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      45. "Көркемсөз негіздері" пәні мазмұнының тараулары:

      1) тіл техникасы;

      2) орфоэпия;

      3) прозалық және өлең мәтіндерімен жұмыс.

      46. Практикалық жұмыс алғашқы сабақтардан басталады. Тыныс алу бойынша жаттығуларды орындау сахналық зейінді жаттықтырумен қатар жүргізіледі және "жеңілден күрделіге" қағидаты бойынша күрделендіріледі.

      47. Алғашқы сабақтарда педагог білім алушының дауыс-тілінің жеке ерекшеліктерімен танысады, тіліндегі жеке кемшіліктерді анықтайды және дұрыс тыныс алуды және дыбыстауды оқытуға арналған жаттығулардың түрлерін анықтайды.

      48. Тыныс алу, дауыс, дикция бойынша жаттығулар дыбыс тіркестерімен, сөздермен, мақалдармен және мәтелдермен жұмыста бекітіледі, содан кейін әдеби мәтіндермен жұмыс жалғастырылады.

      49. Білім алушы педагогтің басшылығымен өз денесімен жұмыс істеу кезіндегі жалпы бұлшық ет еркіндігіне, жеңілділікке және сенімділікке қол жеткізуді, тырысуды болдырмауды және сенімсіздік пен үрейден арылуды үйренеді. Ойындар мен жаттығулар арқылы үйлесімділікті, пластиканы, тепе-теңдікті, қиялды, елестетуді, рефлексия, суырып салу дағдыларын жаттықтырады.

      50. Орфоэпия ережелері алдымен арнайы іріктелініп алған сөздерде меңгеріледі, содан кейін жаттықтыруға арналған сөздер дикцияны, дауысты, логиканы дамытуға арналған мәтіндерден іріктеліп алынады. Дұрыс сөйлеу бойынша жұмыс түрлері педагогтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.

      51. Мәтінмен жұмыс істеу кезінде педагог мәтіндерді қолданудың әртүрлі нұсқаларын біріктіреді, біртіндеп олардың комбинациялары күрделендіре отырып, әртүрлі сөйлеу дағдыларын автоматтандыруды жеңілдендіруге қол жеткізеді.

      52. "Көркемсөз негіздері" пәнінің "Актерлік шеберлік негіздері", "Дауысты қою (вокал)", "Сахна қозғалысының негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      53. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) театр терминдерімен, театр өнерінің негізгі түрлерімен таныстыру;

      2) балаларды кеңістікте бағдарлануға, алаңда түзу орналасуды, берілген тақырыпқа серіктесімен диалог құруды, бұлшық еттердің жеке топтарын ерікті түрде тырыстыру және босату қабілетін дамытуды, спектакль кейіпкерлерінің сөздерін жаттауға үйрету;

      3) сөйлеу кезіндегі тынысты, дұрыс артикуляцияны, анық дикцияны, әртүрлі ырғақтауды, сөйлеу логикасын, байланысқан бейнелі сөйлеуді, шығармашылық қиялды дамыту;

      4) шағын әңгімелерді, ертегілерді құрау, қарапайым ұйқастарды іріктеу; жаңылтпаштарды, өлеңдерді айту, негізгі сезімді білдіретін ырғақтарды қолдану, сөздік қорын толықтыру;

      5) көру, есту зейінін, есте сақтау жадын, байқампаздықты, бейнелі ойлауды, елестетуді, сахналық өнерге деген қызығушылықты дамыту;

      6) сөздерді анық айтуға, сөз дыбыстарын дұрыс артикуляциялау (дикцияны пысықтау), балалардың табиғи психомоторлық қабілеттерін, дене қозғалысының еркіндігі мен мәнерлігін қамтамасыз ететін ритмикалық, музыкалық, пластикалық ойындар мен жаттығуларды үйрету;

      7) қимылдарды үйлестіруді дамыту, балаларға берілген қалыптарды есінде сақтауға және оларды бейнелі жеткізуге үйрету;

      8) кез-келген қиялдан туындаған жағдайға балалардың шынайы сену қабілетін дамыту, мәнерлі пластикалық қимылдардың көмегімен жануарлардың бейнесін жасауды үйретеді.

      54. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мәдениеттегі театрдың рөлі. Театрдың пайда болуы. Спектакльді әзірлеушілермен танысу: жазушы, поэт, драматург. Театр жанрлары. Терминдерді меңгеру. Драмалық, қуыршақ театры, спектакль, этюд, серіктес, премьера, актер түсініктері.

      2-тақырып. Театр ойындары. Сахнада өзін ұстау ережелерімен танысу. Диалог ережелері. Берілген тақырыпқа диалог құрау. Өлеңдерді, ертегілерді шығару.

      3-тақырып. Мақалдар әлемінде. Мақалдарды жаттау. Мақалдарды сахналау.

      4-тақырып. Театр – өнердің бір түрі. Театр өнерінің түрлері. Театрдың түрлері. Қуыршақ, музыка, цирк өнерімен танысу.

      5-тақырып. Дикцияны дамытуға арналған жаттығулар. Жаңылтпаштар. Таза сөйлеу.

      6-тақырып. Қуыршақ театры. Саусақтағы қуыршақтармен шағын спекталькдер. Дикцияны пысықтау. Ертегілерді көрсету.

      7-тақырып. Театр әліпбиі. Жаңылтпаштарды, санамақтарды, жұбатуларды жаттау және оларды айту.

      8-тақырып. "Ертегі, ертегі, бізге кел" театр ойыны. Ертегілер бойынша сұрақ-жауап ойыны.

      9-тақырып. Мультипликациялық ертегілерді сахналау. Мультипликациялық ертегілерді іріктеу. Мәтінмен танысу. Рөлдерді бөлу. Кейіпкерлердің диалогтары. Рөлдерді бөлу, дикциямен, мәнерлікпен жұмыс. Ертегіні көрсету.

      10-тақырып. Театр ойындары. Көру, есту зейінін, байқампаздықты дамыту. Сөйлемдердегі негізгі сөздерді табу және оларды дауыспен ерекшелеу. Топтық жұмыс. Ауызша әдістер. Шағын топтарда диалогтарды өз бетінше жаттау.

      11-тақырып. Театр мәдениетінің негізі. Театр – ұжымдық өнер. Спектакль – әртүрлі мамандықты көптеген адамдардың шығармашылық еңбектерінің нәтижесі.

      12-тақырып. Музыкалық пластикалық ойындар мен жаттығулар. Топтық жұмыс, ізденіс әдістері. Таныс ертегілерге музыкалық шығармаларды таңдау.

      13-тақырып. Жануарлар туралы халық ертегілерін сахналау.

      14-тақырып. Қуыршақ театры. Қуыршақтар қолданылатын қойылым. Ертегіні таңдау. Ертегінің мазмұнымен танысу. Рөлдерді бөлу. Кейіпкерлердің диалогтары. Саусақ қуыршақтарымен жұмыс істеу білігін дағдыландыру. Саусақ қуыршақтары ертегілерін дайындау. Қарама-қарсы жұмыс, ауызша әдістер. Ертегіні көрсету.

      15-тақырып. Тұлғалардың атынан өлеңдерді оқу. Әдеби материалды таңдау. Өлеңдердің мазмұнымен танысу. Рөлдерді бөлу. Жеке жұмыс. Үздік өлең оқушыны анықтауға арналған байқау. Кейіпкерлердің диалогтары, дайындықтар, көрсетілім.

      16-тақырып. Театр ойыны. Бейнелі ойлауды, қиялды, елестетуді, сахна өнеріне деген қызығушылықты дамытуға арналған ойындар. Пантомима ойындары. Топтық жұмыс. Ізденіс, көрнекілік әдістері. Пантомима түсінігі. Пантомима ойындары.

      17-тақырып. Ертегі қою. Мазмұнмен танысу, рөлдерді бөлу, кейіпкерлердің диалогтары, дайындықтар, көрсетілім. Ауызша және көрнекілік әдістер. Дайындық, костюмдерді, реквизиттерді іріктеу. Ертегіні көрсету.

      18-тақырып. Тіл мәдениеті және техникасы. Тынысты қоюға арналған жаттығулар. Тынысты қою бойынша жұмыс.

      19-тақырып. Артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған жаттығулар.

      20-тақырып. Тілге арналған жаттығулар. Ерінге арналған жаттығулар. Ауызша және көрнекілік әдістер.

      21-тақырып. Ертегілерді сахналау. Ертегіні дайындау. Ертегінің мазмұнымен танысу, рөлдерді бөлу, кейіпкерлердің диалогі, дайындықтар, ертегіні көрсету.

      22-тақырып. Ритмопластика. Қимылдардың, мимиканың көмегі арқылы бейнелерді жасау. Мәнерлі пластикалық қимылдардың көмегімен жасалған жануарлардың бейнесі. Қимылдар мен мимиканың көмегі арқылы жануарлардың бейнесін жасау бойынша жұмыс. Ауызша және көрнекілік әдістер. Репетициялар, костюмдерді, реквизиттерді іріктеу.

      23-тақырып. Театрдағы орындаушылық қызмет. Мақсатты түрде сөзбен әсер етуді талап ететін этюдтер мен жаттығулар.

      24-тақырып. Ритм сезімін дамытуға бағытталған жаттығулар. Негізінде абстрактілі бейнелер қамтылған жаттығуларды орындау (от күннің жарқылы, қар). Мимика, этюд, дикция, ырғақ, екпін, ұйқас, ритм терминдері.

      25-тақырып. Сахна өнерімен айналысу. Жаттығулар мен ойындар: заттың түрленуі, затқа айналу, тіл әліпбиі, жылғаға, толқынға, жартылай шеңберге айналу.

      26-тақырып. Сахнада дұрыс араласуға қажетті дағдылар. Сахналық мәнерлі қимылдауды дағдыландыруға арналған этюдтер.

      27-тақырып. Алғысты, көңілді білдіру. Сөздердің, мимиканың және қимылдың көмегі арқылы көмек сұрау. "Бетперде", "Шетелдік", "Жақындау" ойындары. Топта өзара әрекеттесу. Әртүрлі жағдайларды талқылау.

      28-тақырып. Театрдағы орындаушылық қызмет. Бейнелермен жұмыс: мен – затпын, мен – табиғатпын, мен – жануармын, мен – қиял-ғажайып жануармын, сыртқы сипаты.

      55. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театрдың рөлі, шығу тарихы, түрлері және театр жанрларын біледі;

      2) театр терминдерін біледі;

      3) сахнада өзін ұстау ережелерін біледі;

      4) мақалдарды, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, таза сөйлеуді, жұбатуларды жатқа біледі;

      5) сөйлемдердегі негізгі сөздерді табуды және дауыспен ерекшелеуді біледі;

      6) музыкалық пластикалық ойындар мен жаттығуларды біледі және орындайды;

      7) саусақ қуыршақтарымен жұмыс істеуді біледі;

      8) өлеңдерді тұлғалардың атынан оқи алады;

      9) бейнелі ойлауға, қиялға, елестетуге, сахна өнеріне деген қызығушылықты дамытуға арналған ойындарды, пантомима ойындарын біледі;

      10) тынысты қоюға арналған жаттығуларды, артикуляциялық аппаратты дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      11) мәнерлі пластикалық қимылдардың көмегі арқылы адамдардың, жануарлардың бейнесін құра алады;

      12) "Мен – затпын", "Мен – табиғатпын", "Мен – жануармын", "Мен – қиял-ғажайып жануармын" этюдтерін құра алады.

      56. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тіл аппаратының анатомиясымен және физиологиясымен, тыныс алу жүйесінің құрылымымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен, артикуляциямен және тыныс алу түрлерімен танысу;

      2) дауыстың резонаторлық дыбысталу негіздері, дыбыс шабуылының түрлері, дауыс тембрі, тілдің қарқыны мен ритмі, артикуляциялық жаттығулар меңгеріледі;

      3) білім алушылар дауысты, дауыссыз дыбыстарды, сөздерді, фразаларды және мәтіндерді дұрыс айтуды үйренеді;

      4) логикалық ережелер алдымен жаттығулар мен арнайы іріктеліп алынған сөйлемдердің көмегімен, содан кейін тынысты, дауысты, дикцияны, орфоэпияны жаттықтыруға арналған әдеби материалдарда меңгеріледі;

      5) тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, психофизикалық тренинг жаттығулары, денені ширату және дайындау тәсілдері, мәселелі дыбыстарға арналған жаңылтпаштар, тіл тренингінің жаттығулары, өлең, прозалық және авторлық мәтіндер меңгеріледі.

      57. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пәнге кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сыныпта өзін ұстау ережелерімен танысу.

      2-тақырып. Театр – өнердің бір түрі. Театр өнерінің мәнерлеу құралдары. Актердің орындаушылық шеберлігі – өнердің негізгі мәнерлеу құралдары. Актердің шығармашылығындағы сөз.

      3-тақырып. Балалардың дауыс-тіл аппаратының жеке ерекшеліктерімен танысу. Тіл паспортын әзірлеу. Талдау. Өлең үзінділерін оқу. Білім алушының тіліндегі жеке кемшіліктерді анықтау. Табиғи ерекшеліктерді және тембрді анықтау. Дұрыс дыбыстауды тәрбиелеуге арналған жаттығулардың түрін анықтау.

      4-тақырып. Анатомия құрылымы туралы қарапайым түсініктер. Тыныс алу және дауыс аппараты туралы қарапайым мәліметтер. Тыныс алу және дауыс аппаратының тазалығы.

      5-тақырып. Физиологиялық және сөйлеу кезіндегі тыныстың ерекшеліктері. Сөйлеу аппаратының құрылымы және жұмысы. Сөйлеу аппаратын дыбыстауға дайындау. Дауыс-тіл аппаратымен танысу.

      6-тақырып. Бұлшық ет тырысуларынан босату. Дененің қалпы. Дененің бұлшық еттерін босатуға және тырыстыруға арналған жаттығулар. Тыныс алу процесіне қатысатын бұлшық еттерді сылау. Гигиеналық сылау.

      7-тақырып. Тыныс алу процесіндегі дене сымбатын тәрбиелеу. Абсолютті бұлшық ет еркіндігіне, өз денесімен жұмыс істеу кезіндегі жеңілділікке және сенімділікке қол жеткізуге бағытталған практикалық жаттығулар. Тырысуларды болсату, сенімсіздік пен үрейден арылу.

      8-тақырып. Тыныс алу. Тыныс алу жүйесінің құрылымы. Физиологиялық және фонациялық тыныстың ерекшеліктері. Тыныстың түрлері. Тыныстың аралас-диафрагмалық түрі – сөйлеу дауысын қоюдың негізі. Мұрынмен тыныс алу. Мұрынмен тыныс алудың ауызбен тыныстаудан артықшылығы. Тыныс алу бұлшық еттері: "дем алатын" және "демді шығаратын" бұлшық еттер. Сөз құрауға қатысатын бұлшық еттерді жаттықтыру.

      9-тақырып. Сөйлеуді есте сақтау. Дауыс және дикциялық ерекшеліктер мен кемшіліктер. Тілдің жылдамдығы. Заманауи әдеби сөйлеу нормаларынан ауытқулардың болуы. Кәсіби тілдің өлшемшарттарын анықтау. Тіл-дауыс аппаратының ауытқуының алдын алу.

      10-тақырып. Релаксация. Бұлшық ет тырысуларынан босату. Тырысу және босату. Тыныс алу, дауыс құрау және дикция процесіне қатысатын бұлшық еттердің еркіндік сезімін ұйымдастыру. Көмей ішіндегі бұлшық еттердің, артикуляциялық аппараттың, иық және мойын бөлігінің бұлшық еттеріне түсетін артық жүктемені түсіруге арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Аралас-диафрагмалық тыныс дағдыларын тәрбиелеу. Сараланған дем алуды және демді шығаруды меңгеру. Сөйлеудегі және ән айту кезіндегі тынысты ұзақ шығаруды тәрбиелеу.

      12-тақырып. Артикуляциялық аппарат. Артикуляциялық аппараттың құрылымы. Артикуляциялық бұлшық еттерді бекіту. Көмей маңындағы бұлшық еттердің тырысуларын босатуға арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Ерінге, тілге, жақтың төменгі бөлігіне, таңдай қабатына арналған жаттығулар. Тіл аппаратын дикцияға және ән айтуға дайындау.

      14-тақырып. Сахналық зейін. Бұлшық еттердің еркіндігін бақылауға, тыныс пен дыбысталуды үйлестіруге бағытталған сахналық зейінді қалыптастыру. Сөзді есту қабілетін дамыту. Дауысты қою. Жеке дикциялық және орфоэпиялық кемшіліктермен жұмыс.

      15-тақырып. Дауысты дыбыстар және олардың жіктелуі. Дауысты дыбыстарды айту кезіндегі тіл аппаратының қалпы. Жеке дыбыстарды дұрыс шығару.

      16-тақырып. Дауысты дыбыстар және тіл әуезділігі. Дауыстыларды дұрыс айту. Дауыстыларды әртүрлі сөздерде, оқу мәтіндерінде жаттықтыру.

      17-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Тіл аппаратының жеке бөліктерінің дұрыс қалпы және дауыссыз дыбыстарды айту кезіндегі олардың қызметі. Жеке дыбыстарды айту. Ұяң дыбыстар. Қатаң дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды сөздердегі, фразалардағы, мәтіндердегі дауыстылармен үйлестіре отырып жіктеу.

      18-тақырып. Дикциялық кемшіліктер. Тіл кемшіліктері. Кемшіліктерді түзету бойынша жұмыс. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру.

      58. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахна тілінің негізгі сипаттамаларын біледі;

      2) қарапайым физикалық жаттығуларды біледі;

      3) өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқуды біледі;

      4) дауысты көтереді және төмендетеді;

      5) сөздерді дұрыс айтуды үйренеді;

      6) ширату және денені дайындау тәсілдерін біледі;

      7) дыбысты регистрлердің негізгі резонаторларына бағыттауды біледі;

      8) диапазон, артикуляциялық аппарат, резонатор, шабуыл, дыбыс тірегі, дикция, дыбысталу әуезділігі түсініктерін біледі.

      59. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дауыс аппаратының құрылымымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен, артикуляциямен танысу жалғастырылады;

      2) дұрыс дыбыс құрау (жұмсақ шабуыл), дұрыс тыныс алу негіздері, артикуляция дағдылары қалыптастырылады, есту қабілетін, дауысты дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады;

      3) дауысты өлең жолдары бойынша көтеру және түсіру, сөздерді әндету және сөйлеу ырғағына арналған арнайы тыныс алу және дауыс жаттығуларын ойын жағдайында орындалады;

      4) үйретілетін мәтіннің жолдары біртіндеп үштен бес сөзге дейін ұлғайтылады, дем әрбір жолдың алдында алынады, жаттығуларға арналған мәтіндер қатаң түрде жеке іріктеліп алынады;

      5) тынысты, дауысты, дикцияны, орфоэпияны жаттықтыруға арналған логикалық ережелер жаттығулардың, арнайы іріктеліп алынған сөйлемдер мен әдеби материалдардың көмегімен меңгеріледі;

      6) тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, психофизикалық тренингтің 5-10 жаттығуы, денені ширату және дайындау тәсілдері, мәселелі дыбыстарға арналған 5-7 жаңылтпаш, тіл тренингінің 5-10 жаттығуы меңгеріледі.

      60. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Жақтың төменгі бөлігіне, ерінге, тілге арналған жаттығулар. Жаңылтпаштардағы, өлең тіліндегі және прозадағы дауыстылар мен дауыссыздардың артикуляциясын жаттықтыру.

      3-тақырып. Диафрагма мен қабырға аралық бұлшық еттерді бекітуге арналған гимнастика. Резонаторларды сылау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциясына жеке және "қатаң-ұяң" дыбыстардың үйлесімділігіне арналған жаттығулар. Вибрациялық сылау.

      4-тақырып. Фонациялық тынысты дамыту. Тыныс алу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтыру. Дем шығару түрлері: "жылы", "бекітілген", "қысқа" және "ұзақ". Тыныс пен қимылды үйлестіру.

      5-тақырып. Фонациялық тынысты, оның жоспарлығын, жаңылтпаштардың, өлеңдердің және сөйлеу кезеңдері ұзақ прозалық мәтіндердегі үздіксіздігін дамыту. Алған дағдыларын жаттықтыру жаттығуларында бекіту.

      6-тақырып. Дауысты жүргізу. Дауысты құрау процесі. Актердің дауыс аппаратының тазалығы және кәсіпке байланысты аурулардың алдын алу. Фонациялық ұстаным. Ішкі және көмей ішіндегі артикуляцияның өзара байланысы.

      7-тақырып. Бұлшық ет қысылуын босату. Дайындық сылаулар. Дыбыс құраудың басталуы. Дауыс орталығын анықтау және бекіту. Дыбысталу диапазонын анықтау және дамыту. Регистрлер.

      8-тақырып. Резонаторлар. Дауыстың резонаторлық дыбысталуының негізі. Дауыспен жұмыс істеудегі резонаторлардың рөлі. Резонаторлық жүйенің құрылымы. Кеуде резонаторы. Бетперде. Бас резонаторы. Дыбыстың алғышарттары.

      9-тақырып. Жұмсақ шабуыл. Қатты шабуыл. Тыныс алды шабуыл. Дауыстың кәсіби қасиеттері. Дауыс тембрі: тереңдігі, эмоциялық қанықтылығы. Күш пен шыдамдылық, тіл дауысының жоғарылығы мен диапазоны (көлемі). Дыбыстың қалықтауы.

      10-тақырып. Дыбысты кеңістікке бөлу. Жақын және қашық арақашықтықтағы қатты және ақырын дыбысталуы. Тілдің қарқыны мен ритмін ауыстыру. Прозалық және өлең мәтіндерін қолданып, алған дағдыларын жаттықтырғыш жаттығуларда бекіту.

      11-тақырып. Дикция. Дикция – тілдің мәнерлеу құралы. Артикуляциялық аппараттың құрылымы. Артикуляциялық бұлшық етті бекіту. Артикуляциялық гимнастика. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалыптастырудағы ерекшелік.

      12-тақырып. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды айту ережелері. Сапалық және сандық редукция. "Қатты" және "жұмсақ" дауыстылар. Дыбысталудың ұзақтығы және сипаты бойынша екпінді және екпінсіз буындардың ұзақтықтары. И, Ы, У, Ю, Э қысқартылмайтын дыбыстарды айту. О және А дыбыстарын сөздің басында, екпін алдындағы және екпіннен кейінгі қалыпта айтудың ерекшеліктері. Әртүрлі позицияларда Я, Ң, Е, Ю йотталған дауыстыларды шығару. АА, АО, ОА, ОО; АИ, ОИ, АУ, ОУ; ЕА, ЕО, ЕУ, ЕИ; ИЕ және ЫЕ тіркестерін шығару. Мәтіннің орфоэпиялық талдауда дауысты дыбыстарды транскрипциялау.

      13-тақырып. Дауыссыз дыбыстарды және тіркестерді шығару. Жіңішкелігі және қатаң-қаттылығы бойынша ассимиляция заңдылықтары. Қатты, қосарланған және жұмсартылған дауыссыздарды айтудың ерекшеліктері. Ч және Щ; Ж, Ш, Ц дауыссыздарын шығару. Г дауыссыз дыбысын шығару.

      Кейбір тіркестерді айту. СШ және ЗШ; СЖ, ЗЖ және ЖЖ; СЧ, ЗЧ және ЖЧ; ДЧ и ТЧ; ТЩ; ДС и ТС; ДЦ, ТЦ тіркестерін айту; ТЩ, ЧН, ЧТ дауыссыз тіркестерін айту.

      14-тақырып. Айту нормаларын меңгеру бойынша практикалық жұмыс. Дауысты және дауыссыздарды, мәтінді орфоэпиялық талдаудағы тіркестердің транскрипциясы. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды орфоэпиялық жағынан дұрыс айтуды және сөздердегі және фразалардағы, мақалдардағы, жаңылтпаштардағы, өлең және прозалық мәтіндердегі тіркестерді жаттықтыру.

      Білім алушылардың орфоэпиялық кемшіліктерін түзетуге арналған жеке тренингтерді құру. Драматургиялық тілдің орфоэпиялық және стильдік ерекшеліктері. Оларды рөлмен жұмыс істеуде және спектакльдің сөйлеу бөлігінде қолдану. Тілдік сипаттама.

      15-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Тіл қисындылығы. Тіл қисындылығының мәні және мәтінді мағыналық талдаудың тәсілдері. Мәтінді қисынды-грамматикалық талдау. Сөйлеу тактісі. Сөйлеудегі үзілістер. Сөйлеу тактілері мен үзілістердің түрлері. Мағыналық екпіндер және оның түрлері. Инверсия. Тыныс белгілері. Жайылма және жай жайылма емес сөйлемдер. Мәтіннің бөліктерін мағынасы бойынша біріктіру. Логикалық перспектива мен ойдың дамуының өзара байланысын іздеу. Мәтінді оқудың логикалық ережелері. Шығарманы жазбаша талдау әдістері.

      16-тақырып. Сөйлеу әуезділігінің жалпы заңдылықтары. Салыстыру. Қарама-қарсы қою. Сұрақ. Нақтылау. Бекіту. Қаратпа сөз. Жіктеу. Қайталау. Тыныс белгілерін ырғақпен жеткізу. Фразаның логикалық-ырғақтық құрылымы. Парақтан оқу. Әдеби мәтіндерді логикалық талдау дағдыларын дамыту.

      Тілдің өзара әрекеттестік және логика заңдылықтары. Мағыналық әсер. Жоғары міндет. Мәнмәтін. Ұсынылатын жағдайлар. Тура әрекет. Логикалық перспектива. Белсендіру. Мәнмәтінді ашу.

      17-тақырып. Прозалық мәтінмен жұмыс. Іріктеліп алынған шығарманың әдеби ерекшеліктерін, авторлық стильді зерттеу. Сөзбен әсер ету. шығармаға деген жеке көзқарасы. Ұсынылатын жағдайлар. Ассоциативті қатар. Жоғары міндет. Тура әрекет. Оқиға. мәнмәтін. Түсінігі. Фраза. Кезең. Авторлық сөз және кейіпкердің сөзі. Прозалық тілдегі ритм.

      18-тақырып. Өлең мәтінімен жұмыс. Прозалық және өлең фразаларының арасындағы айырмашылық. Өлең құраудың негіздері. Адамның өміріндегі ритм және өлең ритмі. Ерікті өлең. Ұйқассыз өлең. Еркін өлең. Үзілісті өлең. Строфа. Бума. Өлең өлшемдері. Өлеңнің ритмикасы және метроритмикасы. Ұйқас. Ұйқас тәсілдері. Өлең үзілістері. Цезура. Тасымалдау (адымдау). Өлең формаларының эмоциялық және мағыналық қанықтылығы.

      19-тақырып. Авторлық мәтінмен жұмыс. Сахналық монологпен жұмыстың ерекшеліктері. Спектакльдегі монологтің алатын орны. Прозалық және өлең түріндегі монолог. Бағытталған монолог және көпшілік алдында жалғыз тұрып айталатын монолог. Монолог оқу – сөздік әрекетін, мінезін, эмоциялық құрағыштарын және логикалық ойлауын меңгеру тәсілі.

      20-тақырып. Сахналық диалогпен жұмыс істеу ерекшеліктері. Өзара әрекеттесу және сөйлеу арқылы араласу дағдыларын дамытудағы сахналық диалогтың мәні. Ұсынылатын жағдайлар және диалогтың оқиғасы. Авторлық көзқарасы. Диалогтағы әрекет етуші тұлғалардың өзара қарым-қатынасы, әрекеттерін уәждемелеу және олардың мінездері. Диалогтың қарқыны мен ритмі.

      21-тақырып. Көркем оқу. Авторлық тілдің жеке ерекшеліктері. Шығарма жанры. Мағынасы және автордың түпкі ойы. Сөйлеушінің мәнерлігі және әрекеттілігі, оның бейнесі және автордың бейнесі. Сөйлеуші мен көрермендер залының байланысы. Сөйлеушінің сыртқы келбеті және пластикалық мәнерлігі. Драматургиядағы және әдеби шығармалардағы әсерлі сөзбен жұмыстың практикалық дағдыларын қолдану.

      61. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пән бойынша терминдерді біледі;

      2) театрдың пайда болу тарихын біледі;

      3) шешендік сөз өнерінің пайда болу тарихын біледі;

      4) бұлшық еттердің тырысуларын босатуға арналған жаттығуларды орындайды;

      5) дикциялық және орфоэпиялық кемшіліктермен өз бетінше жұмыс істеуді біледі;

      6) тіл дауысын қою процесіндегі тыныстың мәнін біледі;

      7) тыныс алу жүйесінің құрылымын біледі;

      8) физиологиялық және фонациялық ерекшеліктерді біледі;

      9) тіл аппаратының анатомиясы мен физиологиясын біледі;

      10) дауыстың жаңғырып дыбысталу негіздерін біледі;

      11) артикуляциялық аппараттың құрлымын біледі;

      12) дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін біледі;

      13) екпінді және екпінсіз буындарды дұрыс айтуды біледі;

      14) дауыстылар мен дауыссыздардың транскрипциясын біледі;

      15) тіл қисынының мәнін және мәтінді мағыналық талдау тәсілдерін біледі;

      16) тіл әуенділігінің жалпы заңдылықтарын біледі;

      17) прозалық мәтінмен жұмыс істеуді біледі;

      18) өлең мәтінімен жұмыс істеуді біледі;

      19) авторлық мәтінмен жұмыс істеуді біледі;

      20) шығарманың жанрын біледі.

      62. "Сахналық би" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) батман – жұмыс істейтін аяқ қимылдарының тобы;

      2) бидің суреті – бишінің сахна алаңында орналасуы және қозғалуы;

      3) джаздық би – би стильдерінің кең диапазонын қамтитын жіктелу;

      4) постмодерн – құрамына өзіндік философиялық мәдениетті, постмодернге дейінгі мәдениетті, сондай-ақ осы дәуірдің бұқаралық мәдениетін қамтитын заманауи мәдениеттің жағдайы;

      5) променад – бал биі композицияның қойылған бөлігінің белгісі;

      6) стретчинг – бұлшық еттерді созуға арналған әртүрлі жаттығулардан құралған аэробиканың бір түрі;

      7) синкопа – музыкадағы ритмикалық тіреуіш тактінің күшті бөлігінен тактінің әлсіз бөлігіне ауыстыру, ритмикалық акценттің метроритмикалық акцентпен сәйкес келмеуі;

      8) сюжеттік би – кейіпкерлері бар шағын пьеса, олардың әрқайсысының өзіне тән жеке мінезі бар, өзінің ішкі әлемі бар;

      9) тіректегі немесе ортадағы экзерсис – бұлшық еттердің, сіңірлердің дамуына, бишінің қимылдарын үйлестіруді тәрбиелеуге ықпал ететін балеттегі машықтыратын жаттығулар кешені;

      10) balance [баланс] – аяқты алға жоғары – артқа төмен, алға-арқа, алға – артқа жоғары сермеу;

      11) battement fondu [батман фондю] – жамбас және тізе буынында аяқтарды бір уақытта бүгу және жазу;

      12) battement frappe [батман фраппе] – тірек аяқтың жіліншек буынына табанымен қысқа соғу, сосын тізе буынын жылдам жазу (25°, 45°) башпайға тұру немесе төмен тұру;

      13) battement tendu [батман тандю] – аяқтың башпаймен алға тұру қалпында табанмен сырғып "созылған", жанға, артқа сырғитын қимылдармен қайта қайту;

      14) battu [ботю] – тірек аяқтың тек алдыңғы немесе артқы буындарды ұсақ, қысқа ұру;

      15) battement tend [батман танд] – өкшемен екі рет басу;

      16) demi plie [деми плие] – толық емес "отыру";

      17) demi rond [деми ронд] – толық емес шеңбер, жарты шеңбер;

      18) en dedans [ан дедан] – өзіне қарай шеңберлі қимыл, ішке қарай шеңберлі қимыл;

      19) grand plie [гранд плие] – терең, үлкен "отыру";

      20) passe [пассе] – аяқтың бүгілген күйі, башпай тізеге қарайды: алға, жанға;

      21) petit battement [пти батман] – тірек аяқпен ку де пье алға және артқа қалыпта табанмен кезек-кезек ұсақ, қысқа соққылар;

      22) plie [плие] – бишінің денесінде кенеттен діріл пайда болу сезімін құратын бұлшық етті тырыстыруға негізделген би стилі;

      23) relevé [релеве] – аяқтың кез келген позициясында башпайдың ұшымен көтерілу және түсу;

      24) rond dejamb parterre [ронд дежам партер] – башпаймен еденде жартылай шеңбер сызу;

      25) rond de jamb en l'air [ронд де жам ен лиер] – башпаймен еденде шеңбер жасау немесе жарты шеңбер жасау;

      26) soul [соул] – қара нәсілділер фольклорының музыкалық би дәстүріне негізделген американдық поп музыканың стилі; энд блюз ритмінің бір түрі.

      63. Бағдарламаның мақсаты: әртүрлі жанрдағы және формалардағы би композицияларын орындауға қажетті алған білім, білік және дағдылар кешені негізінде білім алушылардың бишілік-орындаушылық және көркем-эстетикалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      64. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) классикалық, сюжеттік, заманауи билер саласындағы білім негіздерін меңгеру;

      2) актерлік қызметтің негізгі ерекшеліктерімен, оның хореография өнерімен өзара байланысымен танысу;

      3) актерлік техника элементтерін, оны хореографияда қолдану ерекшеліктерін меңгеру;

      4) бишіге кез-келген жанрдағы және стильдегі хореографиялық шығармамен жұмыс істеуге қажетті орындаушылық сапа мен дағдыларды дамыту;

      5) дамыту, танымдық, қозғалысты, сюжеттік-рөлдік және режиссерлік ойындарды үйрету;

      6) барлық кешенді ойын жаттығуларындағы қимылдың логикасы мен реттілігін үйрету;

      7) спектакльде сахналық бейнені жасау үшін актерлік шеберліктің әдістері мен тәсілдерін практикада меңгеру;

      8) бейнелерді қимылмен, мимикамен, пластикамен және ыммен жеткізу құралдарын табу білігін үйрету.

      Дамыту:

      1) би, сахна пластикасы негізі арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) білім алушының зейінін, жігерін және есте сақтау жадын дамыту, мінездің қатқылдығын, еңбеу сүйгіштікті, табандылықты, жігерлілікті, физикалық және нервтік күш түсірудің жоғары деңгейін ұстау білігін дамыту;

      3) музыкалық есте сақтау қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын дамыту;

      4) ритмикалық қабілеттерін, қимылдарды үйлестіруді, өз денесін басқару білігін дамыту;

      5) Бағдарламаны меңгеру процесінде алған білім, білік және дағдылары негізінде бала тұлғасының көркем-эстетикалық дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) би қызметінің құралдарымен көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру;

      2) би өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыру;

      3) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдысын, жеке және ұжымдық жұмыс нәтижелеріне жауапкершілікті тәрбиелеу;

      4) орындаушылық шеберліктің алғашқы негізі ретінде поза сезімін және музыкалылықты тәрбиелеу, онсыз таңдалып алынған өнер түрінде өзін өзі анықтау мүмкін емес;

      5) ұжымдағы сабақ сапасын арттыру үшін білім алушылардың арасында оң бәсекелестікті қалыптастыру және хореографиялық нөмірде қанық актерлік жұмысты құру;

      6) кәсіби өзін өзі анықтау.

      65. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталған.

      66. Бағдарлама спектакльде сахналық бейнені жасау үшін сахналық би техникасын меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      67. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың классикалық, сюжеттік, заманауи билердің техникасын практикада меңгеруіне жалпы бағытталуы болып табылады.

      68. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, билер бойынша техникалық дағдыларды қалыптастыруға, орындаушылық техниканы және актерлік шеберлікті дамытуға бағдарланған.

      69. Бағдарлама білім алушыны шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуға бағытталған және сахналық бейнені құру тәжірибесін, бидегі актерлік міндеттерді іске асыру бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      70. Бағдарлама білім алушыларға классикалық биді орындау біліктерін меңгеруге, Бағдарламада соло, жұппен және ансамбльде, жеке тәжірибеде қарастырылған, қатар қоя, салыстыра және би қимылдарын мағыналы орындай отырып, әрі қарай хореография өнерін өз бетінше меңгеруге көмектесетін білім, білік қорын алуға жағдай жасайды.

      71. Бағдарлама бишілік дарындылығы, дайындығы және жалпы даму деңгейі әр түрлі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог классикалық билерді орындаудың әртүрлі стильдерін, мәнерлерін және техникаларын меңгерудегі, балаларда хореографияға қызығушылықты оятудағы қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке оятуға ерекше көңіл бөледі.

      72. "Сахналық би" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      73. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, билеу қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Барлық оқыту процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      74. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары балет станогында, гимнастикалық кілемшелерде пысықталады;

      2) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету.

      75. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      76. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Оқыту сатылап жүргізіледі: қарапайым элементтен бастап күрделі қимыл және вариацияға дейн. Педагог қимылдарды орындау техникасымен, оның ритмикалық құрылымымен, физиологиялық ерекшеліктерімен таныстырады.

      77. Сабақ зал ортасында орындалатын ширатуды, би элементтерін, қимылдарын, вариацияларын қамтиды. Қимылдарды үйрену және комбинациялардағы қимылдармен жұмыс музыкамен орындалады, баяу қарқыннан жылдам қарқынға ауысады.

      78. Сабақтар мазмұны (ритмикалық жаттығулар, бағдарлануға арналған жаттығулар, жаттықтыру сипатындағы жаттығуларды жаттау, билерді жаттау және қайталау), сондай-ақ қолданылатын әдістер жиыны бойынша әртүрлі болып келедеді.

      79. Би сабақтарында білім алушылар пластикалық ырғақтарды қалыптастыруды, іске асыруды, эмоциялық бояуы айқын көрінетін көркемдік бейнені құруды үйренеді, суырып салу білігін дамытады.

      80. Қимылдардың жиынтығы педагогке білім алушылардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бидің кез-келген қимылын техникалық орындауды пысықтау үшін вариацияларды құруға шығармашылықпен келуге мүмкіндік береді.

      81. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар келесі тарауларды қамтиды:

      1) қимыл-тірек аппаратын дамыту мақсатында әртүрлі бұлшық ет бөліктеріне арналған жаттығулар;

      2) бишінің жеке балансын (тепе-теңдік) қалыптастыруға арналған жаттығулар;

      3) бидің қарапайым (базалық) қимылдарын қалыптастыратын жаттығулар;

      4) бидің негізгі фигураларын жаттау және орындау;

      5) қимылдың механикасы мен динамикасын дамытуға арналған жаттығулар;

      6) күштік қасиеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар;

      7) физикалық төзімділікті дамытуға бағытталған жаттығулар.

      82. Бағдарламада кез келген нақты жағдайларда сынып құрамындағы білім алушалардың мүмкіндігі мен өзіндік шамасын ескерген педагогтің пайдалануына болатындай материалдың ең жоғарғы деңгейі алдын-ала қарастырылған.

      83. Классикалық бидің сабақтары таяқ алдындағы жаттығулардан және зал ортасындағы жаттығулардан тұрады. Зал ортасында орындалатын жаттығулар экзерсис, adagio [адажио] (классикалық бидің позалары мен қалыптарын үйлестіру), allegro [алегро] (секіру) және саусақтарда орындалатын жаттығуларға бөлінеді.

      84. Таяқ алдындағы жаттығулардың реті plie [плие], battement tendu [батман танд], battement tendu jete [батман тандю жете], rond de jambe рar terree [ронд де жамб пар тер], battement fondu [батман фондю] немесе battement soutenu [батман сотеню], battement frappe [батман фраппе], battement double frappe [батман дубль фраппэ], rond de jambe en l’air [рон де жамб анлер], petit battement sur le cou-de-pied [пти батман сюр ле ку де пье], battement developpe батман давлоппе, grand battement jete [гранд батман жете]. Зал ортасындағы экзерсиз ықшам, қысқа және шебер жасалады.

      85. Бірінші және екінші сыныпта уақыттың көп бөлігі бұлшық ет жүйесі мен тірек-қозғалыс аппараты бекігенше par terre[пар тиер] жаттығуларына беріледі.

      86. "Сахналық би" пәнінің "Көркемсөз негіздері", "Жеке вокал", "Музыкалық аспап" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      87. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) классикалық тренаждың қарапайым жаттығуларында денені, аяқты, қолды және басты дұрыс қою дағдыландыру, қимылды үйлестірудің қарапайым дағдыларын дамыту, ұқыпты орындауды, тәртіпті, зейінді тәрбиелеу;

      2) бишілердің "техникалық" қабілеттерін дамыту, музыкалық сүйемелдеудің ырғақтық-ритмикалық ерекшеліктерін ескеріп, мәнерлі қимылдауды тәрбиелеу;

      3) ойдан шығарылған жағдай және эмоциялық ұстаным атмосферасында би қимылдарын орындау, осылайша дене қимылы арқылы "сөйлеуді", ой мен сезімді жеткізуді үйренеді;

      4) білім алушылардың биде іске асыратын бейнелі мазмұнын шығармашылықпен түсінуге үйрету, мәнерлі пантомиманың және би қимылдарының тілін меңгеру;

      5) көркем-шығармашылықты дамыту – оқытудың басты міндеті, дамыту – соңғы мақсатқа, яғни актер-бишіні тәрбиелеудің міндетті шарты болып табылады;

      6) физикалық шыдамдылықты бекіту, бұлшық ет корсетін, бұлшық еттердің күшін бекітуге ықпал ететін жаттығуларды қолдану балаларды әрі арай орындаушылық қызметке дайындауға мүмкіндік береді;

      7) кез-келген ритмикалық суретте, музыканың кез-келген қарқынында дұрыс және техникамен билеу.

      88. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Хореография өнері әлеміне кіріспе. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. Сабақтарда өзін ұстау мәдениеті, сабақтарла формаға және сыртқы келбетке қойылатын талаптар. Бірінші оқу жылының бағдарламасына кіріспе.

      2-тақырып. Жалпы физикалық дайындық. Әртүрлі би қимылдарын орындау үшін тірек-қимыл аппаратын дайындау. Буын-бұлшық ет аппаратын жаттықтыру және демалдыру.

      3-тақырып. Жалпы физикалық шыдамдылықты пысықтау. Буын-бұлшық ет аппаратты дайындауға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Құрсақ тығыршығын бекітуге арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Арқаның бұлшық еттерін бекітуге арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Партерлік гимнастика – жалпы физикалық дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде. Денедегі, аяқтардағы "кемшіліктерді" түзету. Аяқ бұлшық еттерінің күштерін пысықтауға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Созуға арналған жатығулар. Ойын стрейчинг.

      8-тақырып. Аяқты сыртқа бұру, икемділік, иілгіштік түсініктері. Табан буыны мен табан бұлшық еттерінің қозғалғыштығы мен иілгіштігін дамытуға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Аяқты сыртқа бұру мен би қадамын дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Дене сымбатын қою. Дене сымбатын түзетуге арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Секіргішпен орындалатын жаттығулар.

      12-тақырып. Музыкалық қимылдың әліпбиі. Әуен мен қимыл. Қарқын (жылдам, баяу, қалыпты). Музыкалық өлшемдер: 2/4, 4/4, 3/4. Кереғар музыка: баяу – жылдам, көңілді – көңілсіз. Бір суреттен келесі суретке ауысу ережелері мен қисыны, оңға және солға бұрылу.

      13-тақырып. Музыкалық-кеңістікті жаттығулар. Музыканың әртүрлі сипатына, қарапайым ритмикалық суреттерге сәйкес қимылдар. Музыканың қарқынымен және ритмінде шапалақтау және қадамдау.

      14-тақырып. Музыкалық-ритмикалық ойындар. Қарапайым құрылым, сызықтар мен шеңберді өз бетінше құру.

      15-тақырып. Классикалық би элементтері. Буын-бұлшық ет аппаратын жаттықтыру. Дене сымбатын, тіректі, аяқтардың сыртқа бұрылуын, табан, тізе және жамбас буындарының иілгіштігі мен мықтылығын пысықтау.

      16-тақырып. Аяқ пен қолдың позициясы және қалпы. Станок жанындағы экзерсис. Денені, қолды, аяқты, басты қою.

      17-тақырып. Аяқтардың 1, 3, 6 позицияларын үйрену. Қолдардың позициясын үйрену – дайындық, 1 және қолдарды белге қою. Денені артқа, алға еңкейту, станокқа қарсы тұру.

      18-тақырып. Demi plie және Releve үйрену. Зал ортасындағы экзерсис.

      19-тақырып. 1-ден 8-ге дейін залдың нүктелерінде аяқтардың 1, 3, 6 позицияларын жаттау. Қолдардың дайындық позициясы, 1 және қолдарды белге қою. "Трамплинді", "қысыңқы" секірулер.

      20-тақырып. Би суырып салулары. Суырып салу түсінігі. Берілген және еркін тақырыпқа арналған жаттығулар, этюдтер және экспромтар. Бала қиялына жақын тақырыптар. Табиғатпен, ертегі кейіпкерлерімен байланысты сюжеттер мен көңіл-күйлер.

      21-тақырып. Арнайы би-көркемдік жұмыс. Қойылымдық жұмыс. Хореография өнерінің бағыттарының сипаттамасы. Музыка. Сюжет. Костюм. Белгілі көркемдік бейнені құру.

      22-тақырып. Дайындық жұмысы. Орындау техникасы. Эмоциялық мәнерлік. Зейінді шоғырландыру. Орындау техникасымен, мәнерімен, ритмикалығымен, музыкалылығымен және орындау үйлесімділігімен жұмыс.

      23-тақырып. Концерттік қызмет. Қауіпсіздік техникасының ережелері. Гримдеу бөлмесіндегі өзін ұстау ережелері.

      24-тақырып. Сахналық этикет. Сахнадағы қобалжуды жеңу. Орындаудың белсенділігі және эмоциялық мәнерлігі. Сахналық костюмнің мәні.

      25-тақырып. Сахнада дайындалу. Сахнада өнер көрсету. Зейінді шоғырландыру. Көрсеткен өнерлерін талқылау. Жағымды жақтары. Ескертулер. Кемшіліктерді жою шаралары.

      89. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) терминдерді біледі: жылдам, баяу, жоғары, төмен, музыканың мінезі, такт және тактіден тыс;

      2) классикалық бидің терминдерін біледі;

      3) кез-келген қимылды орындау техникасын біледі;

      4) би қимылдарының құрылымын және ритмикалық таратуды біледі;

      5) дұрыс дене сымбатына ие болады;

      6) музыкалық-ритмикалық және кеңістіктік жаттығуларды орындауды біледі;

      7) классикалық және балалар ойын билерінің қимылдарының би элементтерін орындайды;

      8) музыкалық кіріспе, әуен мен би қимылдарының басталуы мен аяқталуы туралы түсінікті біледі;

      9) би бағдарламасының музыкасын ажыратады;

      10) хореографиялық өнердің негізгі бағыттары, театрда, көрермендер залында және сахнад өзін ұстау мәдениеті туралы түсініктері бар;

      11) салауатты өмір салты және дененің үйлесімділігі туралы түсініктері бар;

      12) хореографиялық өнерге деген тұрақты қызығушылықты білдіреді;

      13) өзінің орындауындағы қателерді байқайды, оларды жою тәсілдерін табады;

      14) классикалық биді тек қана жалғыз емес, сондай-ақ жұппен билеуді біледі.

      90. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) алған білім, білік, дағдылармен жұмыс, жалпы физикалық дайындықты (күшті, шыдамдылықты, ептілікті) дамыту;

      2) би элементтерін таза орындауды дамыту, күрделі емес ритмикалық комбинацияларды меңгеруге зейінді шоғырландыру, өткен қимылдардың нақтылығы мен тазалығын тексеру, практика жүзінде көрсету мен ауызша түсіндіру арқылы жаңа би қимылдарын үйрету;

      3) станок алдындағы экзерсисті, би байланыстыруды жетілдіру бойынша жұмыс;

      4) "сюжеттік би", "сюжеттік бидің элементтері", "ұлу", "прочес", "до-за-до" түсініктерімен танысу;

      5) орындаудың дұрыстылығы мен тазалығын дағдыландыру, хореографиялық қимылдарды меңгеруді бекіту, қандай да бір кейіпкерді өзіне тән пластикалық ерекшеліктермен қимылдар мен әрекеттерді орындау;

      6) қиялды, бейнелерге түрлену білігін, жасау қабілетін дамыту.

      91. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сабақта өзін ұстау мәдениеті. Сабақта формаға және сыртқы келбетке қойылатын талаптар. Екінші оқу жылының бағдарламасына кіріспе.

      2-тақырып. Өткен материалды қайталау. Ритмикалық комбинацияларды күрделендіру. "Синкопа" түсінігі. Бір суреттен келесі суретке ауысу ережелері, оңға және солға бұрылу, тактімен қозғалу. Кеңістіктік құрылымдардың музыкамен қатынасы.

      3-тақырып. Музыкалық-кеңістіктік жаттығулар. Музыканың қарқынымен және ритмімен қадамдау. Бұрылыстар. Диагональ бойынша қадамдау. Шеңберге тұру, шеңберден колоннаға, шеренгаға тұру.

      4-тақырып. "Ирек", "ұлу", "прочес", "до-за-до" суреттері. Бейнелердегі би қадамдары. Бидің қатарымен, бидің қатарына қарама қарсы қимылдау.

      5-тақырып. Сюжеттік бидің элементтері. Дене сымбаты, тірек, иілгіштікті, тобық бөлігінің, тізе, жамбас буындарының мықтылығы. Қолдарға арналған жаттығуларды күрделендіру. Экзерсистің жаңа жаттығуларын меңгеру және өткен жаттығуларды қайталау.

      6-тақырып. Баланың қимыл-тірек аппаратын әрі қарай дамыту. Бұлшық ет және қимыл үйлесімділігін дамыту. Жалпы физикалық шыдамдылықты, дұрыс тыныс алуды пысықтау. Буын-бұлшық ет аппаратын жаттықтыру және демалдыру. Партерлі гимнастика. Акробатика.

      7-тақырып. Буын-бұлшық ет аппаратын дайындауға арналған жаттығулар. Құрсақ тығыршығын бекітуге арналған жаттығулар. Табан буыны мен табанның бұлшық еттерінің қозғалғыштығы мен иілгіштігін дамытуға арналған жаттығулар. Дене сымбатын түзетуге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Би шығармаларының мазмұны. Оның драматургиясын анықтау. Музыкалық форманы талдау. Музыкалық фразаның әуендік және ритмикалық құрылымын талдау.

      9-тақырып. Бидің суреті – мәнерлеу құралы. Бидің бейнелі суреті. Бидің өрнекті суреті. Бидің әрекетті бейнесі. Би суретінің драматургиясы. Бидің суретін ойын арқылы дамыту. Сахналық кеңістікті қабылдаудың ерекшеліктері.

      10-тақырып. Балаларға арналған сюжеттік би. Сюжет – бидің музыкалық-хореографиялық әрекетінің өзегі. Хореографиялық бейнеге тән қасиеттер, оның музыканың драматургиясымен байланысы. Бидің мәнерлеу құралдары, бейнелілікті құрудағы өзара әрекеттестігі.

      11-тақырып. Музыкалық материалды талдау. Музыка – сахналық хореографиялық шығарманың негізгі компоненті. Музыкадағы ырғақ, ритм, қарқын, музыкалық шығарманы ассоциативті қабылдау. Музыкалық фраза. Динамикалық бояулар. Балаларға арналған музыкалық шығармаларды өз бетінше талдау.

      12-тақырып. Балаларға арналған хореографиялық шығарманы қоюдың композициялық жоспары. Хореографиялық шығарманың драматургиясы. Хореографиялық әрекеттің даму кезеңдері: экспозиция, басталуы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі. Хореографиялық ұжымдардың балаларға арналған сюжеттік би мысалында хореографиялық әрекеттің даму кезеңдерін анықтау.

      13-тақырып. Балалардың киімдерінің, бет бояуларының, шаш үлгілерінің ерекшеліктері. Балаларға арналған сахналық киім: негізгі ережелер мен талаптар. Костюм және бейне. Шаш үлгісіне және бет бояуына қойылатын негізгі талаптар.

      14-тақырып. Жеке би. Жұптық биді қою үшін композициялық жоспарды, би фигураларын және лексикалық материалдарды әзірлеу. Би нөмірінің композициялық жоспарын әзірлеу. Музыкалық шығарманы іріктеу. Фигуралар мен қимылдар.

      15-тақырып. Ойын элементтері бар би. Ойын элементтері бар биді қою үшін композициялық жоспарды, би фигураларын және лексикалық материалды әзірлеу.

      16-тақырып. Әдеби кейіпкердің, жануардың, өсімдіктің, ертегі кейіпкерінің бейнесі, табиғаттың күйі. Сюжеттік нөмірлердің, жанрлық көріністердің желісі, либретто – әдеби негіз.

      17-тақырып. Сценарийдегі драматургия заңдылықтары. Оқиғалар қатары. Сценарийдегі көркемдік талаптар. Сюжеттік бидегі, оның драматургиясындағы және бейнелеріндегі музыкалық шығарманың көрінісі.

      18-тақырып. Бидегі ертегі кейіпкерінің бейнесі. Ертегі кейіпкерінің бейнесімен биді қою үшін композициялық жоспарды, би фигураларын және лексикалық материалдарды әзірлеу. Ертегі кейіпкерлерінің бейнелерімен биді қою.

      19-тақырып. Балалар биіндегі табиғаттың, жануарлар әлемінің бейнесі. Табиғат, жануарлар әлемінің бейнесі бар билерді қою үшін композициялық жоспарды, би фигураларын және лексикалық материалдарды әзірлеу.

      20-тақырып. Оқу би композициясын көрсету.

      92. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сабақтарда, сахнада өзін ұстау мәдениетін біледі;

      2) күрделендірілген ритмикалық комбинацияларды біледі;

      3) бір суреттерден келесі суреттерге ауысу ережелерін біледі;

      4) "ирек", "ұлу", "прочес", "до-за-до" суреттерін орындай алады;

      5) сюжеттік бидің элементтерін біледі;

      6) бұлшық ет және қимылдық үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығуларды орындайды;

      7) буын-бұлшық ет аппаратын дайындауға арналған жаттығуларды орындайды;

      8) сюжеттік би туралы қарапайым мәліметтерді біледі;

      9) хореографиялық әрекеттің даму кезеңдерін біледі;

      10) балалар киімдерінің, бет бояуының, шаш үлгісінің ерекшеліктерін біледі;

      11) ойын элементтері бар билерді біледі;

      12) бидегі ертегі кейіпкерінің бейнесін құруды біледі;

      13) балалар биінде табиғаттың, жануарлардың бейнесін жеткізе алады.

      93. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) заманауи хореографияның негізгі стильдерімен және бағыттарымен, заманауи билердің пайда болу тарихымен танысу;

      2) модерн, постмодерн, джаз, соул, афро-джаз, рок-н-ролл, чечетка, диско хип-хоп, поппинг заманауи билерінің элементтерін, би композицияларын меңгеру;

      3) ритмикалықты, музыкалылықты, әртістікті және эмоциялық мәнерлікті тәрбиелеу.

      94. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сабақта өзін ұстау мәдениеті. Сабақтардағы формаға және сыртқы келбетке қойылатын талаптар. Үшінші оқу жылының бағдарламасына кіріспе.

      2-тақырып. Заманауи хореографиядағы негізгі бағыттар. Заманауи билердің пайда болу тарихы. Заманауи хореографияның стильдері мен бағыттары. Чарльстон. Хип-хоп. Рок-н-ролл. Диско. Фанка, тrаnсе & ноusе стильдері. Поппинг стилі.

      3-тақырып. "Хип-хоп мәдениеті" туралы әңгіме. Граффити. Рэп. Музыка. Ескі хип-хоп мектебі. Жаңа хип-хоп мектебі. "Брейк данс", "хип-хоп" стиліндегі би элементтерін жаттау.

      4-тақырып. Модерн. Постмодерн. Джаз. Соул. Афро-джаз. Рок-н-ролл. Чечетка. Диско. Хип-хоп. Поппинг. Би элементтерін жаттау. Композиция құру.

      5-тақырып. Брейк. Хип-хоп. "Брейк", "хип-хоп" стиліндегі би элементтері. Билерді жаттау.

      6-тақырып. Модерн биі. Марта Грэхем техникасын меңгеру: еденде орындалатын жаттығулар, іштің бұлшық еттерін орындау үшін аяқтарды бүгу, орталықты жаттықтыру, параллель жартылай plie, ритм сезімін пысықтау, кеңістіктікте қозғалу, триплет.

      7-тақырып. Еденде орындалатын жаттығулар. Аяқтарды бүгуге арналған жаттығулар. Пресске арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Орталықты жаттықтыру. Параллельді жартылай plie. Ритм сезімін пысықтау, кеңістікте қозғалу, триплет. Модерн стиліндегі би композициясы.

      9-тақырып. Джаздық би. Джаз стиліндегі би жаттығулары. Сырғу. Аударылып түсу. Променад. Секірумен кик орындау. Джаз биініңі тәсілдері. Коллапс. Корпустың ішіндегі би. Үйлестіру. Комбинация. Параллельділік және оппозиция. Импульс. Шейк. Мультипликация. Қолдар мен аяқтардың қимылы. Джаздық гимнастика. Джаздық би композициясы. Шассе. "Біз және джаз" этюдін қою.

      10-тақырып. Джаз биі техникасының заңдылықтары: жартылай орталық, оқшаулау, релаксация.

      11-тақырып. Флеш. Бидің тарихы. Негізгі қадам. Секіріп қадам жасау. Аяқты аяға жіберіп қадам жасау. Алға екі рет алға жіберіп қадам жасау. Аяқты қоса ауыстыру. Крест. Жүру. Екі рет жүру.

      12-тақырып. "Жарылғыш" этюдін қою.

      13-тақырып. "Брейк және хип-хоп". Фанк. Тгапсе&Ноusе [Транс ен хаус].

      14-тақырып. Фанк стилі, "Тrаnсе & Ноusе" [Транс ен хаус] стилі. "Фанк" стиліндегі би комбинациясы. "Тrаns & Ноusе" [Транс ен хаус] стиліндегі би комбинациясы.

      95. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) заманауи бидің терминдерін біледі;

      2) замануи билердің пайда болу және даму тарихны;

      3) эстрадалық хореографияның негізгі бағыттарын біледі;

      4) "Тrаnсе & Ноusе" [Транс ен хаус], хип-хоп, брейк стиліндегі негізгі қимылдарды біледі;

      5) қалыптардың суреттерін және қол, аяқтың деңгейлерін, қолдардың үлкен және кіші қалыптарын біледі;

      6) дененің, қолдың, аяқтың қимылын анық үйлестіруді біледі;

      7) музыканың сипатына және қарқынына байланысты қозғала алады;

      8) меңгерілген материалды өз бетінше қолдануды біледі;

      9) тізбектерді сақтауды және құрылулардағы аралықтарды сақтауды біледі;

      10) этюдтік материалдарда және би композицияларында белгілі тәртіппен би қимылдарын дұрыс орындауды;

      11) "Тгаnсе & Ноusе" [Транс ен хаус], хип-хоп, брейк стилінде қимылдарды орындауды біледі;

      12) классикалық бидің негізгі дағдыларын біледі;

      13) қимылдарды орындайды, бидегі дене мүсінін сақтайды;

      14) музыканың сипатына қарай қимылдарды анық, стильді, баяу, біртіндеп орындайды.

      96. "Жеке вокал" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың жүйелі ретпен орналасқан қатарын орындау тәсілі;

      2) артикуляциялық аппарат – сөздердің дыбыстарын қалыптастыратын дауыс аппаратының бөлігі;

      3) әншілік диапазон – ең жоғары дыбыстан ең төменгі дыбыс арақашықтығымен (ұзақтығымен) анықталатын дыбыстардың көлемі, оның аясында дауыс жақсы дыбысталады;

      4) әншілік позиция – дауыс аппаратының барлық құрамдастарының позициясы, диафрагма, құрсақ қуысынан бастап және көмейдегі төмен жинақталған, босаңсыған желбезектермен және тіпті ән айту кезінде тілдің ұшымен аяқталады;

      5) әншілік ұстаным – әншінің фонация (дыбыс шығару) алдында енетін қалпы;

      6) әншілік тыныс – саналы түрде жүргізілетін процесс, күнделікті өмірдегі тыныстан өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді;

      7) вокалдық техника – әншінің дауысты құрайтын аппаратының барлық бөліктерінің жұмысы және ән айту процесіндегі олардың өзара әрекеттестігі;

      8) вокализ –дауысты дыбыстарды орындауға арналған сөзсіз шығармалар;

      9) дауысты қою – дұрыс дыбыс шығаруға ықпал ететін, дауыс аппаратының рефлекторлық қимылдарын пысықтайтын ән айтуға жеке оқыту процесі;

      10) диапазон – дауыстың ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      11) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      12) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезіндегі немесе вокалдық партияларды орындау кезіндегі дыбыстарды шығаруға арналған дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; әртүрлі дыбыс шығару тәсілдерінің, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың кейбір нюансировкалық сипаттамалары;

      13) дыбыс шығару (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппараты әрекетінің нәтижесі;

      14) музыкалық фраза – жабық құрылым, көп жағдайда ірі музыкалық құрылымның бөлігі болып табылады; әуеннің, тақырыптың салыстырмалы түрде аяқталған бөлігі;

      15) музыкадағы интонация – өзара байланысқан бірнеше мәні бар музыкалық-теориялық және эстетикалық түсінік; музыкалық дыбыстардың (тондардың) ретпен орналасуы бойынша жоғары ұйымдастырылуы;

      16) сахналық бейне – актердің жеке мінездемесінен, оның психоэмоциялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ сахналық қалауынан құралған актердің немесе әртістің жиынтық бейнесі;

      17) тембр – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыстың ерекше сипаттарының бірі (оның жоғарылығымен, қаттылығымен және ұзақтығымен қатар);

      18) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      19) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеу құралы;

      20) халық музыкасы – халықтың музыкалық-поэтикалық шығармашылығы, халық шығармашылығының (фольклор) ажырамас бөлігі;

      21) халық әні – халық музыкасының мейлінше көп тараған түрі, ауызша айтылатын ұжымдық шығармашылық жемісі;

      22) ырғақ – вокалмен немесе музыкалық аспаппен дыбыстық үнді таза шығару білігі.

      97. Бағдарламаның мақсаты: вокалдық ән айту және музыкалық мәдениет саласында білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасау.

      98. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) білім алушыны вокалдық өнердің жанрларымен, музыкалық терминдермен таныстыру;

      2) ноталық сауатты, вокалдық шығармаларды сауатты және мәнерлі көркемдік орындауды үйрету;

      3) халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетелдік композиторлардың шығармашылығын меңгеру негізінде тынысты, дикцияны, ырғақты, әншілік ұстанымды, орындау мәнерін қамтитын вокалдық-әншілік дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

      4) бала дауысын қорғау ережелерін және тазалығын оқыту.

      Дамыту:

      1) білім алушының есту қабілетін, дауысты, ритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, музыкалық ойлауды, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) сахналық шеберлік дағдыларын меңгеру;

      3) метр сезімін, қарқынды, ритмді дамыту;

      4) ән айту бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      Тәрбиелік:

      1) вокалдық-орындаушылық дағдыларды меңгеру арқылы музыка өнері әлеміне тарту;

      2) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) әртүрлі ұлттық дәстүрлер, стильдер, кезеңдердегі музыкалық өнерге енгізу арқылы мәдени төзімділікті тәрбиелеу;

      4) білім алушыны адамгершілік, рухани, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбиелеу;

      5) еңбек сүйгіштікті, мақсатқа ұмтылушылықты және алға қойған мақсатына жету жолындағы табандылықты тәрбиелеу.

      99. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтардың ұзақтықтары үлгілік оқу жоспарында анықталған.

      100. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының музыкалық талғамын қалыптастыруға, вокалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы болып табылады.

      101. Бағдарлама білім алушыларға болашақ актердің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемде вокалдық ән айту тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

      102. Бағдарлама білім алушыны шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған, орындаушылық практика тәжірибесін және музыка өнерін зерттеу және меңгеруде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын алуға жағдай жасайды.

      103. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      104. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркем шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады. Музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      105. "Жеке вокал" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      106. Театр бөлімінің "Жеке вокал" пәнінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Педагог әншілік дағдыларды қалыптастырады, спектакль кейіпкерлерінің бастан кешіруімен, ән айтудың сахналық мәнерлігімен үйлестіреді.

      107. Білім алушы музыкалық спектакльдің вокалдық музыкасын меңгереді, жеке вокалдық репертуармен жұмыс істейді, вокалдық ырғақтың мәнерлігі музыканың әрекетті мағынасын түсіну және елестетуден туындайтын сахналық бейнені жасайды.

      108. Педагог бала дауысының табиғатын, даму ерекшеліктерін, физиологиялық және психологиялық жас ерекшеліктерін біледі, білім алушының вокалдық, жалпы музыкалық, көркемдік дамуының тұтастығы негізінде ән айтуға үйретеді.

      109. Педагог балаларға музыканы тыңдай білуді, күрделі емес әуендерді нақты ритмикалық суреттермен естуі арқылы қайталауды үйретеді. Жұмыс халық және балаларға арналған белгілі әндердің үлгілеріне, классикалық балаларға арналған шығармалармен танысуға негізделеді.

      110. Жұмыс дауыстың табиғи дыбысталуы шеңберінде жүргізіледі. "Сфералық" жұмырландырылған дыбыс, сөздерді анық айту дағдыландырылады. Алғашқы сабақтардан бастап музыкалық ойды көрсету білігі, сөйлемдер мен фразаларды, фразалардың шарықтау шегін, сөздердегі екпінді буындарды нақты анықтау пысықталады.

      Педагог білім алушының музыкалық қабілеттерін (есту қабілеті, ритм, есте сақтау жады), орындаушылық дағдыларын (тыныс, дыбысты жүргізу, қатар, дикция), шығармашылық қабілеттерін, музыкаға деген қызығушылықтарын дағдыландырады, оның дүниетанымын қалыптастырады, репертуарды түсіну арқылы өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

      111. Білім алушы педагогтің басшылығымен шығармаларды орындаушылық түрлендіруді, театрландыру элементтерін қолдануды, көпшілік алдында өнер көрсету тәжірибесін алуды үйретеді.

      112. Оқытудың техникалық құралдары білім алушыларды ән айтудың негізгі дағдыларына оқыту процесінде маңызды рөл ойнайды. Педагог білім алушыларға ағымдағы талаптар мен көмек ретінде білім алушылардың аталған жаттығуларды өз бетінше пысықтауы кезінде өзін өзі бақылаудың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін жаттығулармен сабақтың жазбаларын ұсынады.

      113. Педагог білім алушының әншілік мүмкіндіктерінің диапазонын кеңейте отырып, вокалдық-техникалық дағдыларын қалыптастыруды және дамытуды қадағалайды, өзіне түсінікті, қызықты әндерді мәнерлеп, шынайы орындауды үйретеді.

      114. Педагогтің, концертмейстердің, білім алушының бірге жүргізетін жұмысын ұйымдастыру шығарманың мазмұнын жақсы түсінуге және меңгеруге көмектеседі, ырғақтық және ритмикалық ұйымдастыруды бекітеді және жетілдіреді.

      115. "Жеке вокал" пәнінің "Актерлік шеберлік негіздері", "Дауысты қою (вокал)", "Сахна қозғалысының негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      116. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дауыс аппаратының құрылымымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дұрыс әншілік ұстанымымен танысу;

      2) әншілік тыныс негіздерін қалыптастыру, ән айту процесінде әншілік ұстанымды сақтау білігін дамыту, негізгі вокалдық дағдыларға үйрету – дұрыс дыбыс құрау (жұмсақ шабуыл), көмейдің тұрақты қалпын сақтау, иықты көтермей қалыпты тыныс алу, ән айту кезінде тыныс алу қалпын сақтау және қалыпты, демді үнемдеп шығару;

      3) артикуляция дағдыларын, артикуляциялық аппараттың тыныс алу және тамақтың бұлшық еттерімен жұмысын үйлестіруді қалыптастыру;

      4) музыкалық есту қабілетін, дауысты (диапазон, жүйріктілікті және тембрлік мүмкіндіктерді), вокалдық-орындаушылық мәдениетке деген тұрақты қызығушылықты дамыту;

      5) білім алушы 2 вокализді, 2 әнді меңгереді.

      117. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ән айту – музыкалық-орындаушылық қызметтің түрі. Дауыс құрау жүйесінің негізгі компоненттері: тыныс алу аппараты, көмей, дауыс желбезектері, артикуляциялық аппарат. Дауыстың тембрлік бояуы. Бала дауыстарының жас ерекшеліктері.

      Практика: білім алушылардың музыкалық қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау.

      2-тақырып. Вокалдық-әншілік ұстаным. Дұрыс әншілік тыныс негіздері. Негізгі әншілік дағдылар: әншілік ұстаным, тыныс, дыбысты жүргізу. Денені, бастың дұрыс қалпы, бет, мойын бұлшық еттерінің, барлық артикуляциялық аппараттың табиғилығы және еркіндігі. "Отырып", "тұрып" ән айту. Ән айту процесіндегі қолдардың, аяқтардың қалпы. Ән айту кезіндегі беттің мимикасы.

      3-тақырып. Бала дауысын қалыптастыру. Дыбысты құрау. Дауыстың көмейде құралуы. Тыныстың вокалдық техниканың басқа элементтерімен байланысы: дыбыс шабуылы, қағыс, дикция, ырғақтау. Дыбыс шабуылы (қатты, жұмсақ, тыныс алды). Тембрдің құралуы. Ырғақтау. Дыбысталудың жоғары тұрғысы. Дыбысты жүргізудің түрлері: legato [легато], non legato [нон легато], staccato [стаккато]. Легатода ән айту (әуеннің ілгерілемелі қозғалысында). Кантиленді ән айту.

      4-тақырып. Музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдыларды қалыптастыру. Вокалдық тыныс және оны дамыту. Тыныс алу және демді шығару, демді ұстап тұру және тастау. Әншілік тыныстың түрлері мен фазалары. Фонациялық тыныстың элементтері (тыныс алу, демді ұстап тұру және музыкалық фразаны айту кезінде тыныс алу күйін сақтау). Тыныс алуды және демді баяу шығаруды дұрыс ұйымдастыру. Тыныс алу мен демді шығаруды бақылау, ритм және тынысты ұйымдастыру. Жартылай есінеу. Әншілік дауыстың тазалығы. Тыныс пен дыбыс құрауды ұйымдастыру.

      Практика: дұрыс тыныс техникасын меңгеруге және тыныс алу жүйесін ән айтуға дайындауға бағытталған әртүрлі жаттығуларды қамтитын тыныс алу гимнастикасы.

      5-тақырып. Дикция және артикуляция. Сөйлеудегі артикуляциялық аппарат. Ауыз жұтқыншақ жолдарының мүшелері: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, жұтқыншақ, алқым, жақтың төменгі бөлігі. Дауысты дыбыстар. Сыбыс дыбыстар, шулы дыбыстар, үнді дыбыстар. Сөйлеу мен ән айтудың өзара байланысы. дауыссыз дыбыстар. дауыстыларды қалыптастыру және диапазонның орта бөлігінде дауыссыздарды айту. Қозғалмалы қарқынды жаттығулардағы дикцияны пысықтау (жаңылтпаш). Вокалдық техниканың ережелері.

      Практика: артикуляциялық гимнастика. Дикцияның тазалығына арналған жаңылтпаштар мен жаттығулар. Фонопедия жаттығулары. Қимылдармен сөйлеу ойындары.

      6-тақырып. Есту дағдылары. Есту зейіні және өзін бақылау. Әншілік дыбысталудың сараланған сапалық жақтары. Әншілік дыбыс пен оны құрау тәсілдері туралы вокалдық-есту түсініктері. Дыбыстың жеке элементтерін, дыбыс шығару тәсілдерін, артикуляция мен тынысты түсіну. Вокалдық жаттығулар.

      Ырғақ тазалығының музыкалық есту қабілетінің даму деңгейіне және есту түсініктерінің көлеміне байланыстылығы. Ноталық сауат. Терминдер. Дұрыс әншілік ұстанымды бекіту.

      7-тақырып. Әншілік дауыстың негізгі қасиеттері: диапазон, тесситура, күші, тембр. Әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін қалыптастыру (сыңғырлауы, қалықтауы, тембрі бойныша түзулігі). Жұмыр дыбыс сезімін пысықтау. Дауыстылар мен дауыссыздарды қалыптастыру, сөздерді анық айту. Диапазонды дамыту.

      8-тақырып. Әншілік тынысты және дыбыс тірегін дамыту. Ән айту кезіндегі бақылау. Бала дауыстарының жеңіл дыбысталуын, сондай-ақ анық артикуляциясын пысықтау. Орындаушылық дағдыларды қалыптастыру.

      9-тақырып. Поэтикалық мәтінді және музыканы талдау және сараптау. Орындау мәнерлігін дамыту. Музыкалық фразамен жұмыс. Ырғақтың тазалығымен жұмыс: есту қабілетін және дауысты үйлестіруді дамыту.

      10-тақырып. Вокалдық өнердің жанрлары. Балалар әні жанрын меңгеру. Халық әні жанрын меңгеру, оның ерекшеліктері. Халық музыкасы жанрымен танысу. Әншілік дауысты, халық әндерінің кең әндетілуіне байланысты музыкалық қабілеттерін дамыту. Әр түрлі халықтардың әндерімен танысу.

      11-тақырып. Вокалдық-техникалық жұмыс. Мазмұнының ерекше байлығы, жанрлардың түрлілігі. Ғұрыптық, сатиралық, еңбек, ойын, лирикалық және басқа әндер. Халық әндерінің ерекше қасиеттері. Бір дауысты қазақ әндерінің тынысының кеңдігі, орыс халық әндерінің қосалқы дауыс полифониясы.

      12-тақырып. Вокалдық-ырғақтық жұмыс. Әндету. Вокалдық жаттығулар. Вокалдық техниканың түрлері. Кантиленді дыбысталу. Вокалдық фразировка. Тік қатармен жұмыс. Дыбысталуы бойынша партияны түзету. Канондарды айту. Үш дауыстылық элементтерімен жұмыс.

      13-тақырып. Тембрлерді, регистрлерді түзеу. Аралықтарды, аккордтарды ырғақтау. Тембрді түзету, кантиленаға қол жеткізу, мәнерлі фразировка мақсатымен жаттығуларды вокализдеу.

      14-тақырып. Дамыған қиял. Суырып салу білігі. Суырып салу – мәні, вокалдық өнерде қолданудың маңыздылығы. Қарапайым вокалдық және ритмикалық суырып салу дағдылары.

      Практика: қимыл мен әннің қатынасы. Музыкалық-пластикалық суырып салу.

      15-тақырып. Дауыс туралы. Вокалдық суырып салудың гармониялық негізі. Өткенді қайталау. Квартты-квинтті шеңбердің үндестілігі, аралықтарды, аккордтарды айту, әуенге аккомпанементті іріктеу, вокалдық бақылауларды, мақамның сатылар тізбегін айту (аккордтық қатар).

      Практика: мақамдық-ырғақтық дағдыларды қалыптастыру: әуендерді ережелермен, аралықтармен айту, аккордтардың дыбыстары бойынша ыңылдау, шағын әуендік суырып салу. Гаммаларды орындау, аралықтарды, мақамдарды және суырып салу жаттығуларын қайталау.

      16-тақырып. Музыканың мазмұнын және өлеңнің мәтінін ашу. Музыкалық мәнерлеу құралдарының шығарманың мәтіндік бөліктерімен өзара байланысы. Вокалдық шығармалардың жалпы сипаты және әртүрлі нюанстары. Әншілік бейне: өзгешелігі және қайталанбауы, орындау мәнері және эмоциялық мәнері, рөлі. Өзінің орындауын талдау: қателерді анықтау және оларды түзету тәсілдері.

      Вокалдық шығармамен танысу және оны талдау. Жаттау – шығарманың вокалдық-техникалық, мәнерлік және бейнелі-эмоциялық қатарымен кешенді жұмыс. Орындаудың қиындықтарын жою. Сахналық бейнені қалыптастыру бойынша практикалық жұмыс.

      17-тақырып. Шығармамен кешенді жұмыс. Сахна мәдениеті түсінігі. Вокалдық-орындаушылық мәдениет. "Музыкалық нөмір" түсінігі. Шығармашылық бейнені құру. Көрнекілік-бейнелі әдістер. Қимыл мен ән айтудың қатынасы. Сахна алаңында өзін ұстау дағдыларын меңгеру. Білім алушылардың әртүрлі деңгейдегі концерттерге қатысуы.

      118. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс құрау жүйесінің негізгі компоненттерін біледі: тыныс алу аппараты, көмей, дауыс желбезектері, артикуляциялық аппарат;

      2) бала дауысының жас ерекшеліктерін біледі;

      3) дұрыс әншілік тыныстың негіздерін біледі;

      4) негізгі әншілік дағдыларды біледі: әншілік ұстаным, тыныс, дыбыс жүргізу;

      5) тынысты вокалдық техниканың басқа да элементтерімен байланыстыра алады: дыбыс шабуылы, қағыс, дикция, ырғақтау;

      6) тыныстың түрлерін біледі;

      7) тыныс алу гимнастикасын, артикуляциялық жаттығуларды орындай алады;

      8) дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта алады;

      9) дикцияның тазалығына арналған жаңылтпаштарды дұрыс айта алады;

      10) вокалдық жаттығуларды орындай алады;

      11) әншілік дауыстың негізгі қасиеттерін: диапазон, тесситура, күші, тембрді біледі;

      12) поэтикалық мәтінді және музыканы өз бетінше қарастырады және талдауды орындайды;

      13) вокалдық өнердің жанрларын біледі;

      14) вокалдық суырып салудың гармоникалық негізін біледі;

      15) вокалды-орындаушылық мәдениетті біледі.

      119. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) нақты ырғақтау, ішкі вокалдық есту қабілетін дамыту, әртүрлі вокалдық тәсілдер сезімін пысықтау және нюансировка бойынша жұмыс;

      2) екі, үш дыбысты бір буын – құрамында дауыстылар шығарудан тұратын әндетулерді, жаттығуларды және күрделі емес шығармаларды қолданып, белгілі диапазон шеңберінде дауыстың қозғалғыштық техникасы бойынша жұмыс;

      3) тіл және вокалдық тыныстың айырмашылығын түсіндіру: демді шығарғанда әнді айту, тыныс алғаннан кейін – әнді анық және дұрыс бастау үшін демді ұстап тұру, шығарманың сипаты және эмоциямен орынауына назар аудару;

      4) жеке орындауға тән ерекшеліктермен, әншілік дауысты дамытуға арналған вокалдық жаттығулар кешенімен, бала дауысының примарлық аймағын бекітуге арналған жаттығулармен, әртүрлі буын-фонемаларды үйлестірумен танысу;

      5) жаттығуларды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз айтуды меңгеру, әншілік ұстаным дағдыларын бекіту, әртүрлі динамикамен айту, piano, mezza voce (сыбырлап) айту;

      6) вокалдық артикуляцияның ережелерімен, музыкалық формалармен, ән репертуарын әзірлеумен, вокалдық шығарманың әртүрлі нюанстарымен, әнді орындау мәнерімен танысу;

      7) сахналық бейнені құру білігін қалыптастыру, қимылдарды жаттау, бидің бейнесін жасау үшін ойындық және театрландырылған сәттерді құру, өзінің орындауын талдау;

      8) білім алушының вокалдық қабілетін, дауыстың дыбысталуының артықшылықтары мен кемшіліктерін есту қабілетін, кәсіпқой орындаушылардың, сондай-ақ өзінің орындауындағы ән айту сапасын талдауды қалыптастыру;

      9) микрофонмен жұмыс істеу қағидаттарын, микрофонмен ән айтуды меңгеру, үлгі ретінде жазылған шығарманың музыкалық мәтінін жаттау, музыкалық мәтінде жеткілікті деңгейде дәл жеткізу;

      10) шығарманың стиліне сәйкес орындау дағдыларын жетілдіру, әртүрлі музыкалық аранжировка нұсқаларына сәйкес әуен тізбегінің сипатын өз бетінше өзгерту.

      120. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Дауысты тыңдау. Пәннің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Жеке орындауға тән ерекшеліктер. Білім алушының дауысын тыңдау. Оның музыкалық қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау.

      2-тақырып. Әндету. Вокалдық жаттығулар. Әншілік дауысты дамытуға арналған вокалдық жаттығулар кешені. Әнге оқытудың зейінді шоғырландыру тәсілі, оның негізгі күйлері. Бала дауысының дыбысталуының примарлық аралығын бекітуге арналған жаттығулар. Дыбыстарды олардың "жұмырлану" жағына қарай тегістеу. Дыбыстың жылдамдатылуына жол бермеу үшін mf [меццо-форте] нюансында ән айту. Ән айтуға оқытудың фонетикалық әдісі. Негізгі қалыптар. Әртүрлі буын-фонемдерді үйлестіруге арналған жаттығулар. Дыбысты жаңғыртуды күшейту. Естілген бейнеге жауап еліктеумен сараптамалық көрсетілім әдісі.

      Жаттығуларды музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз айту.

      3-тақырып. Әншілік ұстаным дағдыларын бекіту. Дыбысты жүргізу тәсілдері (staccato [стаккато], marcato [маркато]). Дыбыс жүргізудің мәні. Дыбыс шабуылы. Рөлі мен мәні. Дыбыс шабуылының түрлері. Жұмсақ шабуыл – дыбысты құраудың негізгі формасы. Дыбысты жүргізу тәсілдері (staccato [стаккато], marcato [маркато]). Дыбыс жүргізудің мәні. Тыныстың вокалдық техниканың басқа элементтерімен байланысы: дыбыс шабуылы, қағыс, дикция, ырғақтау.

      4-тақырып. Дыбыс шабуылы түсінігі. Рөлі мен мәні. Дыбыс шабуылының түрлері. Жұмсақ шабуыл – дыбыс құраудың негізгі формасы. Тыныстың вокалдық техниканың басқа элементтерімен байланысы: дыбыс шабуылы, қағыс, дикция, ырғақтау.

      5-тақырып. Динамика. Әртүрлі динамикамен ән айту дағдылары. Әртүрлі динамикамен әндерді айту. Пиано, мецца (сыбырлап) ән айту дағдыларын меңгеру. Рiano, mezza voce [пиано, мецца войс] (сыбырлап) ән айту дағдыларын меңгеру. Дикцияның тембрін және анықтылығын сақтау.

      6-тақырып. Тыныс, оның рөлі мен мәні. Тыныстың түрлері. Тыныстың вокалдық техниканың басқа элементтерімен байланысы: дыбыс шабуылы, қағыс, дикция, ырғақтау.

      7-тақырып. Дұрыс тыныс алу техникасын меңгеруге және тыныс алу жүйесін ән айтуға дайындауға бағытталған әртүрлі жаттығуларды қамтитын тыныс алу гимнастикасы.

      8-тақырып. "Артикуляция" түсінігі. Тіл мен ән айтудың өзара байланысы. Сөйлеу мүшелерінің жұмысы. Ән айтудағы еріннің, тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс желбезектерінің рөлі мен мәні. Вокалдық артикуляция ережелері.

      9-тақырып. Артикуляциялық гимнастика. Дұрыс сөйлеуге арналған жаңылтпаштар мен жаттығулар.

      10-тақырып. Сөйлеуге арналған ойындар мен жаттығулар. Ритм сезімін, дикция, артикуляция, динамикалық реңктер сезімін дамыту. Музыкалық формалармен танысу. Жаттығуларды орындауды оның мәнерлігімен, мимикамен, қимылдармен сүйемелдеу. Шығармашылық елестетуін, қиялды ашу.

      11-тақырып. Ән айту – музыкалық қызметтің түрі. Жеке вокал туралы түсінік. "Дауыс" түсінігі.

      12-тақырып. Бала дауысының тазалығы. Тыныс алу мүшелерінің қалыпты жұмысына қойылатын талаптар мен шарттар. Тамақ пен мұрын аурулары, олардың дауысқа әсері. Кеңірдектің қабынуы. Мұрын-тамақ ауруларының алдын алу шаралары, олардың қажеттілігі.

      13-тақырып. Репертуарды дайындау және шығармашылық қызмет. Репертуарды дайындау. Музыка мен өлең мәтіндерінің мазмұнын ашудағы маңыздылығы. Музыкалық мәнерлеу құралдарының шығарманың мәтіндік бөлігімен өзара байланысы.

      14-тақырып. Вокалдық шығарманың жалпы сипаттамасы және әртүрлі нюанстары. Әншілік бейне: өзгешелігі және қайталанбауы, орындау мәнері және эмоциялық мәнерлігі, рөлі. Өзінің орындауын талдау: қателерді анықтау және оларды жою тәсілдері.

      15-тақырып. Вокалдық шығармалармен танысу және оны талдау. Орындауды жетілдіруге бағытталған әндетулер. Сахналық бейнені қалыптастыру бойынша практикалық жұмыс. Қимылдарды жаттау, әннің бейнесін құру үшін ойын және театрландырылған сәттерді құру.

      16-тақырып. Ойын қызметі, театрландыру. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға, ритмикалық қабілеттерге, білім алушылардың шығармашылық өзін танытуын белсендіруге бағытталған ойындар.

      17-тақырып. Музыкалық ой-өрісті кеңейту және музыкалық мәдениетті қалыптастыру. Аудио және бейне жазбаларды тыңдау. Білім алушының вокалдық қабілеттерін, оның дауыстың дыбысталуының артықшылықтары мен кемшіліктерін есту қабілетін қалыптастыру; кәсіпқой орындаушылардың, сондай-ақ өзінің орындауында ән айту сапасын талдау. Аудио және бейне жазбаларды тыңдау барысында талқылау, талдау.

      18-тақырып. Микрофонмен жұмыстың негізгі қағидаттары. Арналуы бойынша микрофонның түрлері және қолдану аясы. Микрофондардың техникалық ерекшеліктері. Микрофонмен жұмыс істеу кезіндегі негізгі мәселелер. Практика: микрофонмен ән айтуды меңгеру. Микрофонды ұстап тұратын қолды қою.

      19-тақырып. Фонограммамен жұмыс дағдылары. "Фонограмма" түсінігі. Оқу-тәрбие міндеттерін шешудегі, вокалшының өз бетінше жұмысты оңтайлы ұйымдастырудағы фонограмманың ерекшелігі. Практика. Үлгі ретінде жазылған шығарманың музыкалық мәтінін жаттау. Музыкалық шығарманы есту арқылы теру. Музыкалық мәтінді жеткілікті нақтылықпен шығару.

      20-тақырып. Жеке вокалдық тәсілдерді, штрихтарды пысықтау. Шығарманың стиліне сәйкес орындау дағдыларын жетілдіру. Жалпы музыкалық бояудағы өз дауысын есту және түзету білігі. Ноталық мәтін, сондай-ақ есту қабілеті бойынша жұмыс. Аталған шығармаға арналған бірнеше фонограмманың болуы кезінде музыкалық аранжировканың әртүрлі нұсқаларына сәйкес әуендік тізбектің сипатын өз бетінше өзгерту. Акустикалық сүйемелдеу. Сүйемелдеусіз ән айту.

      121. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әншілік дауысты дамытуға арналған вокалдық жаттығулар кешенін біледі;

      2) бала дауысының дыбысталуының примарлық аймағын бекітуге арналған жаттығуларды біледі;

      3) әртүрлі буын-фонемаларды үйлестіруге арналған жаттығуларды біледі;

      4) жаттығуларды музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз орындай алады;

      5) дыбысты жүргізу тәсілдерін біледі;

      6) әртүрлі динамикамен ән айту дағдыларын меңгереді;

      7) piano, mezza voce [пиано, мецца войс] ән айту дағдыларына ие болады;

      8) дұрыс тыныс алу техникасын біледі;

      9) вокалдық артикуляцияның ережелерін біледі;

      10) артикуляциялық гимнастиканы орындайды;

      13) бала дауысының тазалығын біледі және сақтайды;

      14) музыкалық мәнерлеу құралдарының шығарманың мәтіндік бөлігімен өзара байланысын біледі;

      15) әннің бейнесі құру үшін ойын және театрландырылған сәттерді біледі;

      16) кәсіпқой орындаушылардың, сондай-ақ өзінің орындауындағы ән айтудың сапасын талдай алады;

      17) микрофонмен ән айту дағдыларын біледі;

      18) фонограммамен жұмыс істеу дағдыларын біледі;

      19) жеке вокалдық тәсілдерді, штрихтарды біледі, шығарманың стиліне сәйкес орындау дағдыларын жетілдіріледі;

      20) жалпы музыкалық бояудағы өз дауысын естуді және түзетуді біледі;

      21) ноталық мәтін және есту қабілеті бойынша жұмыс істеуді біледі;

      22) музыкалық аранжировканың әртүрлі нұсқаларына сәйкес әуендік тізбектің сипатын өз бетінше өзгертуді біледі.

      122. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ырғақтаудың нақтылығын, дауыссыз дыбыстарды анық айтуды дағдыландыру, дауыстылар кантиленасымен, әншілік тыныспен, диапазонды кеңейтумен, "сфералық" дыбысты дағдыландыру, ауыспалы дыбыстарды жұмсарту бойынша жұмыс;

      2) техникалық және көркемдік тәсілдерге саналы көзқарасты тәрбиелеу, барлық музыкалық мәнерліктің тәсілдерін меңгеру, әнді эмоциялық сипатта орындау бойынша жұмыс;

      3) әншілік дауысты дамыту үшін вокалдық жаттығулар кешенімен, ән айтуға үйретудің шоғырландыру әдістерімен, бала дауысының дыбысталуының примарлық аймағын бекітуге арналған жаттығулармен, дыбыстарды олардың "жұмырлану" жағына қарай түзеу, дыбыстарды жылдам шығаруды болдырмау үшін mf [меццо-форте] нюансында айтумен таныстыру;

      4) жаттығуларды музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз айтуды, дыбысты, ән айтудағы ырғақты дұрыс қалыптастыру, репертуарды дайындау, музыканың мазмұны мен өлең мәтінін ашу білігін меңгеруді әрі қарай жалғастыру;

      5) дыбысты әрі қарай қалыптастыру, дауыс аппаратының, дауыс қызметінің әртүрлі дамуын жою, ырғақтық эмоциялық және жоғары дыбысты ырғақтауды дамыту, музыканың элементтерін, ән айтудағы ырғақты, оның мәнерлік мүмкіндіктерін дамыту;

      6) тыңдалған шығармадағы композитордың музыкалық мәнерлеу құралдарын қолдануын талдау дағдысын дағдыландыру, дауыс аппаратын дауысты құрауға дайындау, ән айту кезіндегі қателерді және оларды түзету тәсілдерін анықтау;

      7) қағыс, дикция, ырғақтау, жоғары дыбысты диапазон, резонатор, кантилена, қарқын, динамика, тембр, регистр, ырғақ, қағыс, дикция, ырғақтау, әншілік бейне, әншілік ұсаным түсініктерін меңгеру;

      8) сахналық бейнені, көркемдік талғамды қалыптастыру, музыкалық өй-өрістерін кеңейту, қимылдарды жаттау, әннің бейнесін жасау үшін ойындық және театрландырылған сәттерді құру, музыкалық аранжировканың әртүрлі нұсқаларына сәйкес әуен тізбегінің сипатын өз бетінше өзгерту;

      9) білім алушының орындаушылық мәдениетін, оның дауыстың дыбысталуындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді есту қабілетін қалыптастыру, микрофонмен ән айтуды, студияда жұмыс істеуге қажетті дағдылар мен білікті меңгеру, жеке вокалдық тәсілдерді, штрихтарды пысықтау, шығарманың стиліне сәйкес орындау дағдыларын жетілдіру, ноталық мәтін және естуі бойынша жалпы музыкалық палитрада өз дауысын есту және түзету білігі;

      10) фонограммамен, микрофонмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, концерттік-орындаушылық қызметті ұйымдастыру.

      123. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Дауыстарды тыңдау. Жеке орындаушылыққа тән ерекшеліктер. Практика: білім алушының дауысын тыңдау. Оның үшінші оқу жылының басындағы музыкалық қабілеттерінің даму деңгейін мұқият диагностикалау.

      2-тақырып. Әндету. Вокалдық жаттығулар. Әншілік дауысты дамытуға арналған вокалдық жаттығулардың кешені. Ән айтуға оқытудың назарды шоғырландыру әдісі, оның негізгі ережелері.

      3-тақырып. Бала дауысының примарлық аймағының дыбысталуын бекітуге арналған жаттығулар; дыбыстарды олардың "жұмырлану" жағына қарай түзеу; дыбыстарды жылдамдатып айтуға жол бермеу үшін mf нюансында айту.

      4-тақырып. Ән айтуға оқытудың фонетикалық әдісі. Негізгі қалыптар. Әртүрлі буын-фонемаларды үйлестіруге арналған жаттығулар. Дыбысты жаңғыртуды күшейту. Тыңдалған үлгіні жауаптық еліктеумен талдауды көрсету әдісі. Жаттығуларды музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз айту.

      5-тақырып. Әншілік ұстаным. Алынған вокалдық дағдыларды пысықтау. "Дыбысты жүргізу" және "дыбысты құрау", "кантиленді дыбысталу" түсініктері. Вокалды техниканың элементтері: қағыс, дикция, ырғақтау. Жоғары дыбысты диапазон. Резонаторлар.

      6-тақырып. Дыбысты дұрыс құрау. Дауыс аппаратының және дауыстық қызметтің қалыпсыз дамуын жою, ырғақтық эмоциялық және жоғары дыбысты есту қабілетін, эмоциялық және жоғары дыбысты ырғақтау қабілеттерін дамыту, музыка элементтерін меңгеру. Ән айтудағы ырғақ, оның мәнерлеу мүмкіндіктері.

      7-тақырып. Дыбысты жүргізу және дыбысты құрау: "кантилена" түсінігі. Музыкалық мәнерлеу құралдарын: қарқын, динамика, тембр, регистр, ырғақты анықтау.

      8-тақырып. Композитордың музыкалық мәнерлеу құралдарын қолдануға арналған тыңдалған шығармаларды талдау және олардың шығарма бейнесін қалыптастырудағы әсері.

      9-тақырып. Вокалды техниканың элементтері: қағыс, дикция, ырғақтау.

      10-тақырып. Дыбысты дұрыс қалыптастыру.

      11-тақырып. Ән айтудағы ырғақ, оның мәнерлеу мүмкіндіктері.

      12-тақырып. Жоғары дыбысты диапазон. Резонатор.

      13-тақырып. Музыкалық мәнерліктің құралдары. Орындау мәнерлігі.

      14-тақырып. Тыныс алу жүйесін дайындау. Тыныс алудың және дем шығарудың түрлері, тыныс тірегі. Дауыс аппаратын дауысты құрауға дайындау. Тынысты ұстап тұру. Тыныс алу тұрғысы және ұстанымы.

      15-тақырып. "Тыныс алу тірегі" түсінігі. Дем алу тұрғысының қалпын бекіту. Әншілік тыныстың фазасы: дем алу, жұтқан ауаны ұстап тұру, демді шығару. Тыныс алудың және дем шығарудың түрлері. Практика: дұрыс тыныс алу техникасын меңгеруге және тыныс алу жүйесін ән айтуға дайындауға бағытталған әртүрлі жаттығуларды қамтитын тыныс алу гимнастикасы.

      16-тақырып. Дикцияның сапасы: талғампаздығы, түсініктілігі, сауаттылығы. Дикциялық тренинг. Теория: дұрыс дикцияны және сауатты тілді дамыту жолдары. Шет тіліндегі және сленг сөздер мен мәндер. Практика: Дикциялық тренинг. Дикцияның тазалығына арналған жаңылтпаштар мен жаттығулар.

      17-тақырып. Бала дауысының тазалығы.

      18-тақырып. Репертуарды дайындау және музыкалық-шығармашылық қызмет. Музыка мен өлең мәтіндерінің мазмұнын ашудың маңыздылығы. Музыкалық мәнерлеу құралдарының шығарманың мәтіндік бөлігімен өзара байланысы. Вокалдық шығармалардың жалпы сипаттамасы және әртүрлі нюанстары.

      19-тақырып. Әншілік бейне: өзгешелігі және қайталанбауы, орындау нақышы және эмоциялық мәнері, рөлі.

      20-тақырып. Өзінің орындауын талдау: қателерді анықтау және оларды түзету тәсілдері. Практика: вокалдық шығармамен танысу және оны талдау. Орындауды жетілдіруге бағытталған әндету.

      21-тақырып. Сахналық бейнені қалыптастыру бойынша практикалық жұмыс. Қимылдарды жаттау, әннің бейнесін жасау үшін ойын және театрландырылған моменттерді құру.

      22-тақырып. Музыкалық мәдениетті, көркемдік талғамды қалыптастыру, музыкалық өй өрістерін кеңейту. Аудио және бейне жазбаларды тыңдау. Білім алушылардың вокалдық есту қабілеттерін, олардың дыбысталудың артықшылықтары мен кемшіліктерін есту қабілеттерін қалыптастыру; кәсіпқой орындаушылардың, сондай-ақ өзінің орындауындағы ән айту сапасын талдау.

      23-тақырып. Микрофонмен жұмыс істеу ережелері. Теория: арналуы бойынша микрофонның түрлері және қолдану салалары. Микрофонмен жұмыс істеу кезіндегі негізгі мәселелер. Практика: микрофонмен ән айтуды меңгеру. Микрофонды ұстайтын қолды дұрыс қою.

      24-тақырып. Студияда жұмыс істеуге қажетті дағдылар мен біліктер. "Фонограмма" түсінігі. Оқу-тәрбие міндеттерін шешудегі, вокалшының жеке жұмысын оңтайлы ұйымдастырудағы оның ерекшелігі. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

      25-тақырып. Үлгі ретінде жазылған шығарманың музыкалық мәтінін жаттау. Музыкалық шығарманы есту арқылы теру. Музыкалық мәтінді жеткілікті нақтылықпен шығару. Жеке вокалдық тәсілдерді, штрихтарды пысықтау, шығарманың стиліне сәйкес орындау дағдыларын жетілдіру. Ноталық мәтін, сондай-ақ есту қабілеті бойынша жұмыс.

      26-тақырып. Музыкалық аранжировканың әртүрлі нұсқаларына сәйкес әуендік тізбектің сипатын өз бетінше өзгерту (аталған шығармаға арналған бірнеше фонограмманың болуы, акустикалық сүйемелдеу, сүйемелдеусіз айту).

      27-тақырып. Сахна мәдениеті. Вокалдық-орындаушылық мәдениет түсінігі: сахнада өзін ұстау ережелері, сахнада қозғалу. Қанық сахналық бейнені жасау жағдайы. Вокалшының қимылдары, мимикасы, көздері мен күлкісі. Сахналық әрекеттің әртүрлі жағдайындағы әншілік ұстаным.

      28-тақырып. Вокалдық-орындаушылық мәдениет түсінігі. Сахнада өзін ұстау ережелері. Сахнада қозғалу.

      29-тақырып. Алған білімдерін сахнада пайдалану. Фонограммамен, микрофонмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сахналық бейнемен жұмыс істеу кезіндегі қимылдың болжамды нұсқалары. Концерттік-орындаушылық қызмет.

      124. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының құрылымы және оның қызметі туралы түсінікке ие болады (тыныс алу мүшелері, дыбысты қалыптастыру мүшелері, дыбысты құрау мүшелері);

      2) әншілік дауыстың тазалығын сақтайды, суық тиіп ауру кезінде дауысты қайта қалпына келтірудің қарапайым әдістерін біледі;

      3) әншілік ұстанымды сақтайды;

      4) бір тыныс алғанда айтарлықтай ұзақ фразаларды жеткілікті тең бөле отырып ән айтуды біледі, тыныстың әртүрлі түрлерін біледі, тірекпен ән айта алады;

      5) таза, табиғи, жеңіл дыбыспен ән айтуды біледі, дыбыс құраудың негізгі тәсілі ретінде жұмсақ шабуылды қолдануды, бейнелеу тәсілі ретінде қатты шабуылды сирек қолдануды біледі;

      6) дыбысты қалыпты, қысылусыз, ауа жібермей тарта алады, жеке сау әншілік дыбысталуды сақтайды;

      7) дыбыстың жоғары позициясын сақтай оытырп, таза және нақты ырғақтауды біледі;

      8) ритмикалық суретті дұрыс орындауды, тұрақты қарқынды ұстап тұруды біледі;

      9) шығарманың сипатына байланысты legato [легато], non legato [нон легато] айтуды біледі;

      10) әндердің сөздерін түсініп, мәнерлеп айтуды, дауыстыларды бұзбай айтуды, дауыссыздарды анық және қысқа айтуды, белсенді артикуляция жасауды біледі, орфоэпия ережелерін орындайды;

      11) эмоциямен, мәнерлеп, әртүрлі динамикалық реңктермен айтуды біледі;

      12) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен ән айтуды біледі;

      13) музыкамен ритмика элементтерін және қимылдарды орындауды біледі;

      14) сахналық бейнеде жұмыс істеуді біледі;

      15) әншінің сахнаға шыққанға дейінгі және өнер көрсетіп жатқан кездегі өзін ұстау ережелерін біледі.

      125. "Музыкалық аспап" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) 2/4 өлшемі – екі үлесі бар өлшем және оның әрбір үлесі нотаның төрттен бір бөлгіне тең болады;

      2) 3/4 өлшемі – үш үлестен тұратын өлшем, олардың әрқайсысы ұзақтығы бойынша нотаның төрттен біріне тең;

      3) 4/4 өлшемі – төрт үлестен тұратын өлшем, олардың әрқайсысы ұзақтығы бойынша нотаның төрттен біріне тең;

      4) аккорд – бір уақытта алынған, жоғарылығы түрлі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі;

      5) амбушюрді қою – мүштікті ауызда мейлінше мақсатты орналастыру, амбушюр мен төменгі жақтың формасы мен іс-қимыл сипаты;

      6) амбушюр – кейбір белгілі мүштік құралы бар үрлемелі аспаптарда ойнау кезіндегі музыканттың еріндерін қою тәсілі;

      7) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасуы және алмасуы;

      8) аппликатураны қою – саусақтардың аспапта орналасуы, саусақ аппараттарының нақты, үйлестірілген, тұрақты-рефлекторлық, еркін және үнемді қимылын ұйымдастыру;

      9) артикуляцияны қою – тілдің қалпы, ауыз қуысының формасы;

      10) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда дыбыс бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      11) дыбыс тірегі – аппараттағы дыбыстың бағытталып таралуы;

      12) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      13) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезінде дауыстарды шығаруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығару тәсілдерінің кейбір нюансировкалық сипаттары, орындаушылық штрихтары, артикуляциялар мен баса айтулар;

      14) ерін аппараты – ерін және бет бұлшық еттерінің жүйесі, ерін мен ауыздың шырышты қабығы, сілекей безі;

      15) жалпы қойылым – аспапты қолда ұстаудың ыңғайлы тәсілі, дененің, бастың, қолдың, саусақтар мен аяқтың дұрыс орналасуы;

      16) музыкалық мәнерлік құралы – оның көмегімен композитор музыкалық шығарманы жасайды және өзінің ойын білдіреді;

      17) музыкалық форма – әуен, гармония, полифония, ритм, динамика, тембр, фактура, сондай-ақ құрылымның композициялық қағидаттарын қамтитын идеялық-бейнелі мазмұнды түрлендіру құралы;

      18) октава – дыбыстар аралығындағы жиіліктің бірдің екіге қатынасы болатын музыкалық интервал (яғни жоғары дыбыстың жиілігі төменгіден екі есе көп);

      19) орындаушылық аппаратты қою – тыныс алуды еркін басқарудың тәсілі және ойнау процесінде тыныс шығаруды алмастыру ережесі;

      20) орындаушылық аппарат – орындаушылық дағдыларға толы және музыкалық санның қызмет атқарушы мүшесі болып табылатын, адамның тиісті қимыл мүшелерінің жүйесі;

      21) өлшем, музыкадағы такт өлшемі – тактідегі үлестердің санын көрсететін тактілік метрдің сандық сипаттамасы;

      22) регистр – қандай да бір белгілермен, атап айтқанда тембрлік белгілермен біріктірілген дыбыстардың бөлігі.

      126. Бағдарламаның мақсаты: трубада ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      127. Бағдарламаның міндеттері.

      Білім беру:

      1) трубада музыкалық орындаушылық құралы ретінле музыкалық сауатқа оқыту;

      2) музыкалық орындаушылық саласында арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру;

      3) музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдерін үйрету;

      4) музыкалық шығармаларды шығармашылықпен және эмоциямен орындау білігін қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) композитордың көркемдік ойын іске асыру үшін қажетті құрал ретінде орындаушылық техниканы дамыту;

      3) ойнаудың техникалық дағдыларын дамыту;

      4) өз бетінше және ұжыммен жұмыс істеу білігін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының әртүрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту;

      2) білім алушылардың коммуникативті дағдыларын, жауапкершілік сезімін және тәртіптілігін қалыптастыру;

      3) білім алушылардың эстетикалық көзқарастарын, адамгершілік ұстанымдарын және рухани құндылықтармен араласу қажеттіліктерін қалыптастыру.

      128. Балаларды трубада ойнауға оқыту мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      129. Бағдарлама трубада ойнау техникасын меңгергісі келетін, орыс, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың ыңғайланған нұсқаларын орындап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      130. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың трубада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылық тәжірибе алу жалпы дамытушылық бағыты болып табылады.

      131. Бағдарлама болашақ актердің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі трубада ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      135. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады. Музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      136. "Труба" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      138. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      139. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      140. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында, жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      141. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      142. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      143. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      144. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      145. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      146. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      147. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      148. Педагог репертуарлық тізбеге отандық жән шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын енгізе отырып, оны жүйелі түрде жаңартады дәне толықтырады.

      149. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      150. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      151. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      152. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      153. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      154. Әр жартыжылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      155. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      156. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      157. Педагог балаларға музыканы сезуді, естуді және өз басынан кешіруді үйретеді, музыкалық бейнелерге деген эмоциямен жауап қатуды тудырады. Ән айту, әуендерді естуі бойынша теру, тасымалдау – анық музыкалық түсініктердің пайда болуына ықпал етеді және аспапта ойнауға үйретуді бастаудың алдында жүргізіледі.

      158. Педагог белсенді есту қабілетін бақылау негізінде әрбір білім алушының дыбыс шығарудағы табиғи және мақсатты тәсілдерін дағдыландырады.

      159. Педагог білім алушыға трубаны меңгеру дағдыларын үйретеді –

      Денені, қолдарды, басты, амбушюрді қою, ерін бұлшық еттерін, тыныстың негізгі түрлерін дамыту.

      160. Педагог алғашқы сабақтардан бастап білім алушыны өзінің орындауын естуді, аспаптың мәнерлі дыбысталуына қол жеткізуді, авторлық мәтінді мұқият және нақты оқуды, техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыстарды жүргізуге үйретеді.

      161. Педагог білім алушының механикалық түрде ойнауына жол бермей, музыкалық шығармамен жұмысқа деген саналы көзқарасын дағдыландырады.

      162. Орындаушылық аппараттың компоненттері:

      1) музыкалық ойлауы;

      2) есту және қозғалу сезімдері;

      3) қозғалыс аппараты;

      4) орындаушылық тыныс;

      5) еріннің жұмысы;

      6) тіл артикуляциясы;

      7) саусақтарды үйлестіру.

      163. Жеке үй жұмысы бірнеше тәсілмен жүргізіледі және мамандық бойынша педагогтің ұсынысына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      164. "Труба" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      165. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспаппен, оның тарихымен, құрылысымен, оны күту ережелерімен танысу;

      2) денені, басты, қолдардың қалпы, ерін аппаратын қою, алғашқы дыбыс шығару, орындаушылық тынысты қою бойынша жұмыс;

      3) ноталарды, ұзақтылықтарды үйрену, табиғи дыбыстарды шығару: бірінші октаваның "до", "соль", екінші октаваның "до" дыбысы;

      4) оқу жылының ішінде бір октавада С-dur [До мажор], G-dur [До мажор] гаммаларын, баяу қалыпта толық және жартылай ұзақтықтармен, 6-8 этюдтар мен жаттығуларды; меңгерілген диапазон шеңберінде 4-6 жеңіл пьесаларды меңгереді.

      166. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Труба аспабының тарихы бойынша қысқаша мәліметтер. Заманауи трубаның құрылымымен, оның бөліктерінің аталуларымен және ойнау кезінде олардың өзара байланысымен танысу. Трубаны және мүштікті күту ережелері.

      2-тақырып. Қойылым ережелерімен танысу. Денені, аяқты, басты, қолдарды және саусақтардың қалпы. Ойнау кезіндегі аспаптың қалпы. Трубаның дыбыстық және техникалық мүмкіндіктерін педагогтің көрсетуі.

      3-тақырып. Тыныстың негізгі техникасы. Кеудемен тыныс алу. Диафрагмалық тыныс. Аралас тыныс. Аспапсыз тыныс алу гимнастикасы. Тыныс алу жаттығуларын орындау.

      4-тақырып. Дыбыс шығаруға дайындық. Мүштікті жеке таңдау. Мүштікті ерінге орналастыру. Оның тұрақты, ыңғайлы орнын анықтау.

      5-тақырып. Орындаушылық аппараттағы бұлшық ет қысылуларынан және тырысулардан босату. Мүштікте орындау.

      6-тақырып. Амбушюр түсінігі, дыбыс шабуылы. Ерін мен тілдің қызметі. Қатты және жұмсақ шабуыл.

      7-тақырып. Дыбыстарды шығару, жүргізу, біріктіру және аяқтау кезінде қолданылатын негізгі штрихтар. Деташе. Легато.

      8-тақырып. Дыбыстардың ноталық жазбалары мен үзілістерді үйрету. Ұзақстық. Аппликатура. 2/4, 3/4, 4/4 өлшемдермен танысу.

      9-тақырып. Оң қолдың саусақтарын қою бойынша жұмыс.

      10-тақырып. Оқу репертуарымен жұмыс. Этюдтер мен жаттығулар.

      167. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық терминдерді түсінеді және қолдана алады;

      2) музыкалық стильдер мен бағыттарды ажыратуды біледі;

      3) ноталық сауат дағдыларын меңгеру;

      4) музыкалық шығармаларды орындау кезнді музыкалық мәнерлеу құралдарын түсініп қолданады;

      5) трубада ойнаудың алғашқы дағдыларын біледі.

      168. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дененің, бастың, қолдардың қалпы, ерін аппаратын қою, орындаушылық тынысты қою бойынша жұмыс жалғастырылады;

      2) білім алушының орындаушылық аппаратын жетілдіру: ерін аппаратын, тынысты, тілдің қозғалғыштығын және саусақтарды қатайту және дамыту;

      3) дыбыс шабуылы түсінігімен танысу;

      4) деташе, легато штрихтарымен жұмыс;

      5) диатоникалық дыбыстар қатарының кіші октавадағы "соль" дыбысынан екінші октаваның "ми" дейінгі дыбыстарды меңгеру;

      6) оқу жылының ішінде білім алушы бая қалыпта кіші октаваның барлық регистрлерін қолданып, тұтас және жартылай ұзақтықтармен B-dur [Си-бемоль мажор], D-dur [До мажор] а-moll [Ля минор] гаммаларын; 6-8 этюдті, 4-6 пьесаны меңгереді.

      169. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қайта қалпына келтіру. Жаттығулар кешенін орындау.

      2-тақырып. Қолдарды, денені, амбушюрді қою бойынша жұмыс. Ерін аппаратын, тынысты және тілдің қозғалғыштығын бекіту және дамыту.

      3-тақырып. Дұрыс орындаушылық ұстанымды сақтау. Орындаушылық аппаратты жетілдіру.

      4-тақырып. Ойнау кезіндегі қолдар мен шынтақтың қалпы. Саусақтардың жылдамдығын бекіту және дамыту.

      5-тақырып. Қолдардың шынтақ тұсында еркін қозғалуы. Қимыл жаттығулары. Қолдар мен саусақтардың қимылы.

      6-тақырып. Рiano [пиано] нюансындағы ұзақ ұстап тұрып шығатын дыбыстар және mezzo forte [меццо форте] әдеттегіден арағанда өте жиі демалыспен шығатын дыбыстар.

      7-тақырып. Бірінші сыныпта өткен гаммалар мен арпеджиоларды қайталау. Әуездік сипаттағы этюдтер.

      8-тақырып. Дыбыс шығару бойынша жұмыс. Тілдің қимылы. Аспаптың дыбысталу сапасын жетілдіру. Деташе, легато штрихтарымен орындау. Стаккато штрихтарымен танысу.

      9-тақырып. Дыбыс тірегі. Тыныс. Орындаушылық тыныс.

      10-тақырып. Артикуляция. Артикуляциялық гимнастика. Дыбыс шабуылы.

      11-тақырып. Техникалық дағдыларды дамыту, оларды жетілдіру бойынша жұмыс.

      12-тақырып. Ойнау техникасын дамытуға арналған жаттығулар. Тыныс. Музыкалық фразировка.

      13-тақырып. Үзіліс кезінде тынысты ауыстыру. Ұзақ шығарылатын дыбыстар кезінде музыкада әртүрлі динамикалық және регистрлік кереғарлықтар болған кездегі тыныстарды ауыстыру.

      14-тақырып. Әртүрлі динамикалық реңктермен ұзақ шығатын дыбыстарды орындау. Бір дыбысты оның күші pp-дан [пианиссимо] ff-ға [фортиссимо] және қайтадан рр-ға [пианиссимо] біртіндеп өзгеруін орындау.

      15-тақырып. Кантиленді сипаттағы пьесаларды баяу қарқында орындау. Этюдтердің баяу бөліктері.

      16-тақырып. Күрделі емес музыкалық шығармалармен жұмыстың негізгі қағидаттары.

      17-тақырып. Орындаушылық аппараттың техникасын дамытуға арналған этюдтермен және пьесалармен жұмыс. Мәнерлеп орындаудың дағдыларын бекіту.

      18-тақырып. Гаммалармен жұмыс.

      19-тақырып. Ұжымдық музыка ойнау. Есту қабілетін, ритм сезімін, ұжымдық ойнау дағдыларын дамыту. Парақтан ноталарды оқу.

      20-тақырып. Бір – үш дыбыста метрикалық суырып салу.

      21-тақырып. Толық дыбысталу мен орындаудың барлық құрамдас элементтеріне зейінді бөлу: дыбыс, тембр, штрих, қарқын, ритм, фразировка.

      170. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға болады:

      1) орындаушылық аппаратты қайта қалпына келтіруге арналған жаттығуларын орындай алады;

      2) дұрыс орындаушылық ұстанымды ұстанады;

      3) саусақтардың жылдамдығын бекіте алады;

      4) деташе, легато, стаккато штрихтарын біледі;

      5) артикуляциялық гимнастиканы орындай алады;

      6) техникалық дағдыларды дамыту бойынша жұмыс істей алады;

      7) үзілістер кезінде тынысты ауыстыруды біледі;

      8) кантиленді сипаттағы пьесаларды баяу қарқында орындай алады;

      9) күрделі емес музыкалық шығармалармен жұмыстың негізгі қағидаттарын біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      171. Білім алушылардың "Көркемсөз негіздері" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      172. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (мақалдарды, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, таза сөйлеуді, жұбатуларды жатқа айту), екінші жартыжылдықта: сынақ (өлеңдерді жатқа оқу);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (тұлғалардың атынан өлеңдерді жатқа оқу), екінші жартыжылдықта: сынақ (прозалық мәтінді жатқа оқу).

      173. Театрлық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және сынақтарда алған бағалардан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының дауыс аппаратын тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) шығарманың көркемдік бейнесін толық және сенімді ашуы.

      174. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – дикциялық мәдениетті, орфоэпиялық заңдылықтарды, тіл қисынын сақтауы; бағдарламаны игерудің кезеңдеріне сәйкес әртүрлі жанрдағы шығармаларды мәнерлеп, мол ырғақпен, нақты, эмоциямен оқуы, автордың алға қойған міндеттерін, мәнмәтінді жеткізуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техниканың элементтерін, тілдің қисынын жартылай сақтауы, біраз қысылып орындауы, автор ойының қисынымен, ырғақтық мәнерлеу элементтерімен жеткізуі; әрі қарай даму мүмкіндігін көрсете білуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – тіл техникасының элементтерін, сөзбен әрекет етуді нашар меңгеруі, өзімен жұмыс істеуі жеткіліксіз, сахна міндеттерін орындамауы, назар аудару нысандарын қолдана алмайды, әсерсіз сөйлейді;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – тапсырмалары үнемі орындап отырмаудың салдарынан техника, орфоэпия, қисынды талдау, тіл мәдениеті және дыбысталған сөз өнері бойынша қойылған міндеттерді орындай алмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      175. Білім алушының "Сахналық би" пәні бойынша Бағдарламасын игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      176. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (классикалық би сипатындағы бір хореографиялық суреттеме);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (сюжеттік би сипатындағы бір хореографиялық суреттеме);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (заманауи би сипатындағы бір хореографиялық суреттеме).

      177. Хореографиялық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) оқу материалын меңгеруі;

      2) қарапайым би түсініктерін білуі;

      3) элементтерді орындау техникасын білуі: орындауының тазалығы, жақсы созылуы, қимылдарды үйлестіруінің нақтылығы, кеңістіктікте бағдарлана алуы, жеке және топта орындайтын элементтердің қарқын және ритм сезімі;

      4) би этюдінен, хореографиялық суреттемеден, би нөмірінен алған жалпы сипаттама;

      5) білім алушының мүмкіндігі (қабілеті), оның жетістіктері, әртістігі.

      178. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "бес" бағасы – бағдарламалық билердің барлық меңгерілген білімдерін көрсетуі, бидің сипатын, музыкалық өлшемді, қарқынды, метроритмикалық суретті нақты сақтануы; әртүрлі кезеңдердің және стильдердегі билердің шынайы нақышта техникалық жағынан сауатты, мәнерлі, сенімді орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техникалық жағынан сәл кемшіліктермен көркемдік түсініп орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылдарды, билерді музыкамен сенімсіз орындауы, қимылдардағы ритмикалық екпіндердің таза болмауы, бағдарламалық билерді орындаудағы өрескел техникалық қателерінің болуы, сенімсіз орындауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      179. Білім алушылардың "Жеке вокал" пәні бойынша Бағдарламаны меңгеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      180. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (1 вокализ), екінші жартыжылдықта: сынақ (1 вокализ және 1 ән);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (1 вокализ, қазақ тілінде 1 ән), екінші жартыжылдықта: сынақ (1 вокализ және орыс тілінде 1 ән);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (1 вокализ, қазақ тіліндегі 1 ән), екінші жартыжылдықта: сынақ (орыс тілінде 1 ән және ағылшын тілінде 1 ән).

      181. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) вокалдық-техникалық және орындаушылық шеберлігі (интонацияның тазалығы, дикцияның анықтылығы, мәтінді түсініп айту, ырғақтық, әншілік диапазонның кеңдігі, баса айтудың мәнерлігі, динамикалық реңктер, тембрдің қанықтығы, стиль сезімі, орындау нақышы, микрофонды игеруі);

      2) шығарманың көркемдік түрленуі (әртістік, пластика, сахналық жеткізу, шығарманың көркемдік бейнесін шешудегі ерекшелік, орындаушылық еркіндік).

      182. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – вокалдық аппаратты еркін игеруі, әншілік тұғыр дұрыс қойылған, дауыс ырғағы таза, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, есту қабілетін өзі бақылауы, ноталық мәтінді нақты оқуы және білуі, шығарманың көркемдік бейнесін ашуы, мәнерлі, әртістікпен орындауы, музыкалық мәнерлілік құралдарын ақындық және музыкалық мазмұнымен ұштастыруы, орындап отырған шығармасына өз бетінше интерпретация жасау, орындау мәдениетінің жоғарылығы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс қойылған әншілік тұғыр, екпін тазалығы, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетін өзі бақылауы жеткіліксіз, шығарманың күрделі тұстарындағы техникалық олқылықтар (екпіннің таза болмауы), шығарманы орындаудың музыкалық ойы тарапынан дұрыс түсіндірілмеген, сахнадағы жүріс-тұрысының психофизикалық тұрақсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – вокалдық аппаратты меңгеруі, дыбыс шығару тәсілдерінің жеткіліксіздігі, темптік ритмдік ұйымдастырудың болмауы, динамикалық біртектілігі және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, авторлық ноталық мәтінді оқуда музыканы дұрыс түсінбей, формалды түрде орындап шығуы, орындауда есту қабілетін бақылауы әлсіз, орындауында стилистикалық және екпіндік қателері бар, орындау мәдениетінің деңгейі орташа, сахнадағы психологиялық күйі тұрақсыз;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – вокалдық аппаратты, дыбыс шығару тәсілдерін игермеуі, авторлық ноталық мәтіннің мәнін түсінбей формалды түрде орындауы, орындауын естуді бақылауының әлсіздігі, орындауындағы стильдік және екпіндік қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің төмендігі;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      183. Білім алушылардың "Қосымша музыкалық аспап" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      184. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (1 этюд), екінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (1 этюд, 1 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (түрлі сипаттағы 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (түрлі сипаттағы 2 пьеса).

      185. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) көркем бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      186. Бағалау өлшемшарттары:

      1) 5 "өте жақсы" - аталған оқу кезеңінің барлық талаптарына жауап беретін техникалық жағынан сапалы және көркем орындауы; дыбыс шығаруды өз бетінше бақылауы; нысанды жеткізуі, көркемдік мазмұнын білуі; батыл, ашық, эмоциялық тұрғыдан және еркін қозғалыспен орындауы;

      2) 4 "жақсы" - техникалық және көркемдік тұрғыдан да біраз кемшіліктермен бар сауатты, тұрақты орындауы; бағдарлама шығармаларындағы музыкалық, техникалық және ырғақтық тапсырмаларды орындауы, бірақ аз ғана кемшіліктерінің болуы; динамикасының жарқындығы жеткіліксіздігі, дауыстардың арақатынасының сараланбауы;

      3) 3 "қанағаттанарлық" - орындауында кемшіліктер санының көп болуы: мәтінді толық жаттамауы, техникалық дайындығының әлсіздігі ойнау көркемдігінің төмендігі, ойын аппаратының еркіндігінің болмауы; орындауы сенімсіз, ырғағы тұрақсыз, дауыс ырғағы ашық емес, қозғалыс үйлесімі жеткіліксіздігі, динамикалық реңктерінің болмауы; мәтіндік қателіктерінің болуы;

      4) 2 "қанағаттанарлық емес" - ноталық мәтінді оқудағы қателері, естуді бақылауының болмауы, метроритмикалық тұрақсыздығы, дыбысты шығару және дыбысты жүргізу сапасының төмендігі, мәнерлі ырғағының болмауы, орындау кезінде жиі тоқтауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңіндегі тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
64-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Хореография", "Театр шеберлігі", "Музыкалық сауат және музыканы тыңдау", "Грим" және басқалары" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Хореография", "Театр шеберлігі", "Музыкалық сауат және музыканы тыңдау", "Грим" және басқалары" білім беру бағдарламасы таңдау пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың таңдау пәндері бойынша теориялық және практикалық білім, білік және дағдыларды алуына, өнер құралдары арқылы әлемді эстетикалық және көркем тануына жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) білім алушының хореография, театр шеберлігі, музыкалық сауат, музыканы тыңдау пәндеріне оқыту процесінде білім алушының шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған білім, білік және дағдыларын қалыптастыру;

      2) таңдау пәндері бойынша толық түсінік қалыптастыру;

      3) манеждегі сахналық бейнені жасауға мүмкіндік беретін білімді меңгеру;

      4) ой-өрісін кеңейту және орындаушылық білім, білік және дағдыларын жинақтау.

      Дамыту:

      1) цирк өнері тәсілі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) шығармашылық қиялын, көркемдік ойлауын, эстетикалық сезімін және әсемдікті түсіну көзқарасын дамыту;

      3) көркемдік талғамын және мәнмәтіндегі рухани-адамгершілік және эстетикалық идеалын бағалау өлшемшарттарын қалыптастыру;

      4) білім алушының танымдық қызметін ынталандыру;

      5) білім алушының кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау.

      Тәрбиелік:

      1) көркем мәдениет, өнерге тарту;

      2) көркемдік талғам, эстетикалық сезім және әсемдікті түсіну көзқарасына тәрбиелеу;

      3) әлеуметтік мәдени қарым-қатынас ортасын құру;

      4) салауатты өмір салтын, толық бос уақытты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

      4. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – тоғыз жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады. Бағдарлама өнер мектептерінің цирк бөлімдеріне арналған.

      5. Балалар өнер мектептері цирк бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес және 20-дан артық емес.

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық тарауларды меңгеру мерзімдерін және уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      12. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      13. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, цирк шығармашылығымен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      14. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      15. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      16. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог оқу материалына байланысты көркемдік-сахналық бейнені жасауда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке басты назарын аударады.

      17. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) әртүрлі бағыттардағы қызметтің синтезін көрсететін цирк өнері бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) цирк бойынша білім алуы және цирк өнеріне араласуы;

      5) цирк өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      18. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      Білім алушыларға әртүрлі мазмұндағы оқу материалы бойынша жұмыс процесінде жүретін қажетті дағдылар мен біліктерді дағдыландыру.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне, оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыка орындау қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) таңдау бойынша пәндер туралы толық түсінікті қалыптастырады;

      4) манеждегі сахналық бейнені жасауға мүмкіндік беретін білімді меңгеру;

      5) ой-өрісін кеңейту және орындаушылық білім, білік және дағдысын жинақтау;

      6) оқытуды дараландыру қағидаты цирк өнерінің пәндік мазмұнын меңгеру процесінде білім алушылардың білім, білік және дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      7) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      22. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылауы, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – гримдеу тәсілдерін көрсету, түсіндіру, білім алушының өз бетінше орындауы;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, бейнелі ойлауды дамыту.

      23. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      24. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      25. Педагогтің білім алушылармен жүргізетін топтық сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      26. Цирк өнері би өнері, дене пластикасы, актерлік шеберлік, грим өнері және костюм дайындау секілді әртүрлі қызмет бағыттарының синтезін білдіреді. Сабақта бейресми жағдай жасау білім алушының жеке шығармашылық әлеуетін ашады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) өз бетінше жүргізілетін сабақтар;

      2) семинарларға және шеберлік сыныптарға қатысу;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) байқаулық қойылымдарға дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға және мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      28. Өз бетінше жүргізілетін дайындықтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      29. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі тапсырмалар пысықталады.

      30. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, ол сыныпта өтілген материалды қайталау, музыкалық шығармамен танысу, бейне материалды қарау, шығарманы талдаудағы шығармашылық тапсырма болуы мүмкін.

      31. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      32. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) бейнепрезентациямен жұмыс;

      4) жобамен жұмыс.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      33. Осы Бағдарламада "Хореография" пәні бойынша келесі түсініктер қолданылады:

      1) ауыспалы қадам – бастапқы қалпына келу – аяқтың үшінші позициясы (оң аяғы алға қойылады), музыканың бір тактісінде орындалады;

      2) заманауи би (Contemporary Dance) [Контемпорари дэнс] – америкалық және европалық модерн және пост модерн биінің негізінде қалыптасқан, жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырдың басындағы би техникалары мен стильдерін қамтитын би өнерінің бағыты;

      3) классикалық би – Италияда он алтыншы ғасырдың соңында пайда болған, әртүрлі қимыл топтарын тиянақты әзірлеуге негізделген және сарай маңындағы балеттің арқасында өзінің дамуын Францияда жалғасын тапқан балеттің мәнерлеу тәсілінің негізі;

      4) классикалық экзерсис – станок алдында жүргізілетін сабақ;

      5) қарқын – музыкалық-ритмикалық сүйемелдеуге сәйкес би қимылдарының орындалу жылдамдығы, бір минуттағы тактіде немесе бір минуттағы тактілік соғумен (ұрумен) өлшенеді;

      6) музыкадағы такт – барынша қатты үлестен басталып, оның келесі алдыңғы күшіне теңесуімен аяқталатын музыкалық метр бірлігі;

      7) мюзикл – өзіне музыкалық, драмалық, хореографиялық және опералық өнерді қамтитын шығарма және көрініс, музыкалық-театр сахналық жанры;

      8) позиция – бидегі қол және аяқтың белгілі бір қалыптағы белгілі бір қалпы;

      9) ритмика – хореография, физкультура, музыка, балалар биінің және психологиялық тренингтің жиынтығы;

      10) ритмикалық суреттер – олардың жоғарылығынан алынған дыбыстар ұзақтығының жүйелілігі; қолданбалы музыкадағы жекеленген ритмикалық сурет (соқпалы аспаптағы) шеру және билерді сүйемелдеуге арналған белгі ретінде қолдынылады;

      11) тарихи би – классикалық би негізінде әртүрлі дәуірдің балдық, тұрмыстық билерінің өңдеуін білдіретін сахналық би түрі;

      12) тарихи-тұрмыстық би – пайда болған жергілікті жердің тарихи ерекшелігін толықтай бейнелейтін билер;

      13) үйлестіру – нақты қозғалу міндеттерін шешу кезінде дене қимылдарын орынды келістірудегі адамның қабілеті;

      14) халық биі – өзінің табиғи ортасында орындалатын және аталған өңір үшін белгілі дәстүрлі қимылдары, ырғақтары, костюмдері бар фольклорлық би;

      15) хореография – биді сахналық жасау және қою өнері, алғашқы мағынасы – балетмейстердің билерді жазу өнері;

      16) экзерсис – классикалық би сабағының негізін құрайтын, бұлшық ет күшін, эластикалық байланысын дамытуға әсер ететін, аударылу, оқушының немесе балет әртісінің қимылын тұрақты және дұрыс үйлестіруге тәрбиелеудің түрлі жаттықтыру жаттығуларының кешені;

      17) аssemble [ассамбле] – екі аяғын жинап жоғары секіру, екі аяқпен жерге түсу;

      18) battement tendu [батман тандю] – жылжымалы қимылмен алға, артқа немесе бір жаққа аяқтың ұшына тұру, аяқ қимылы;

      19) battement tendu jete [батман тандю жете] – battement tendu [батман тандю]қимылынан өзгешеленетін, аяқты жоғарыға қарай белсенді сермеу арқылы жасалатын би қимылы;

      20) battement relevelent [батман релевелян] – барлық жаққа 90 градуста аяқпен баяу көтерілу;

      21) grand battement jete [гранд батман жете] – аяқты алдыға, бір жаққа, артқа сермеу;

      22) рort de bras [пор де бра] – басты бұру немесе ию, сондай-ақ, дененің иілуімен негізгі позициядағы қолдың дұрыс қимылы;

      23) рlié [плие] – би кимылдарын орындаудағы тізенің сыртқа қарай бүгілуі;

      24) rond de jamb parterre [рон де жамб партер] – еденде аяқтың ұшымен шеңбер жасау қиимылы;

      25) kick [кик] – developpe [девелопе] тәсілімен шығару арқылы 45 градуста немесе 90 градуста алға немесе бір жаққа аяқпен секіру;

      26) releve [релеве] – жартылай башпайға тұру.

      34. Бағдарламаның мақсаты: хореография тәсілдері арқылы баланың шығармашылық және жеке қабілеттерін қалыптастыру және дамытуға, хореография және цирк өнерінің үйлесімділігінің бірігуіне жағдай жасау.

      35. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) хореография түсінігімен, цирк өнеріндегі хореографияның маңыздылығымен таныстыру;

      2) әртүрлі қадам түрлерімен таныстыру, аяқ позициялары, қол позициясы, жұптағы позициясы, би сызығы, қимыл бағыттарын зерттеу;

      3) цирк әрекеттерін орындауда би қимылдарымен қоса орындау білігін қалыптастыру;

      4) цирк өнерінің ерекшелегін ескере отырып, классикалық, халық, тарихи-тұрмыстық және заманауи билердің негізін меңгеру.

      Дамыту:

      1) денені қою дағдыларын, аяқты сыртқа шығаруды дамыту;

      2) қимылды үйлестіруді және кеңістікте бағдарлауды дамыту;

      3) музыкалық есту қабілетін және музыкалық-ритмикалық дағдыларды дамыту;

      4) музыканың әртүрлі сипатына сәйкес мәнерлеу қимылының дағдыларын қалыптастыру;

      5) топпен орындауда қимылдың нақтылық және реттілік дағдыларын қалыптастыру;

      6) балалардың шығармашылық ойлау, байқау, шығармашылық қиялын және елестетуін дамыту;

      7) көркемдік талғамын, сезім шамасына тәрбилеу және дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) эмоциялық, өнегелік, еріктік, сахналық мәдениетін қалыптастыру;

      2) қозғалу қызметі процесінде балалардың көркемдік талғамын дамыту;

      3) баланы өз бетінше және ұжымдық жұмыс тәсілдеріне үйрету, өзін-өзі бақылау және өзара бақылау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды дамыту;

      4) сахналық бейне және мінезділікті өз бетінше іздену қажеттілігіне тәрбиелеу;

      5) білім алушының көркемдік талғамын, эстетикалық мәдениетіне тәрбиелеу, дамыту;

      6) цирк хореографиясы саласында шығармашылық еңбекке қабілетті, рухани қызығушылығы және мүддесі мол адамды тәрбиелеу.

      36. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – төрт жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      37. Бағдарлама цирк хореографиясының негізін меңгергісі келетін, цирк қойылымында сахналық бейнені жасап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      38. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының хореография бойынша білім, біліктерін, би жаттығуларын орындау дағдыларын, классикалық, халық би элементтерін орындау және оларды қойылым жұмысында қолдану дағдыларын меңгеруді жалпы дамытуға бағытталуы болып табылады.

      39. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, цирк хореографиясы саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      40. Бағдарлама болашақ цирк әртісінің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемде цирк әрекеттерін би қимылдарымен қоса отырып орындау біліктерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      41. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына, баланың шығармашылық және жеке әртістік қабілеттерін хореография тәсілдері арқылы қалыптастыруға бағытталады.

      42. Хореографиямен тұрақты айналысу кезінде цирк өнеріне қажет болып табылатын дененің тұрақтылығы, қимыл үйлесімдігі, иілгіштік және пластикасы дамиды.

      43. Хореография номерді, қимылдың аяқталуын жалпы шешуде, цирк әртісінің пластикалық өмірін ұйымдастырады, хореографиялық трюкті жинақтайды, трюкті айқындайды, номердің қаншалықты жақсы болуы бидің орындалуына байланысты болады.

      44. Қойылымдық-дайындық жұмысы цирк номерінде бір немесе бірнеше әртістердің орындауындағы номерді (жеке аяқталған өнер көрсету), құруды жобалайды.

      45. Сюжеттік номер өзара қарым-қатынастың айқындығымен, белгілі бір тұрмыстық орынды реквизиті бар белгілі кейіпкерлердің қатысуын айқындайтын қарапайым драматургиялық құрылымды көрсетеді.

      46. Цирк номерінің сюжеттік құрылымы қоюшы тәсілдердегі бейнелік және композициялық міндеттерді шешеді:

      1) цирк жанрын таңдау (акробатика, гимнастика, жонглерлеу, біртума, эквилибристика);

      2) номер орындаушыларды таңдау (қатысушының оқу жылы, қатысушының саны, өнер көрсетушінің дайындалу деңгейі, номерге қатысу үшін рөлдерді үлестіру);

      3) номер аталуы;

      4) номер ұзақтығы;

      5) бағдарламаны орындаудың күрделі деңгейі;

      6) топтық номерге қатысу;

      7) би қимылдарымен бірге акробатика, жонглерлеу, клоунада бойынша алғашқы дағдыларын пайдалана отырып, номерді қою және дайындау;

      8) алғашқы дағдыларды қамтитын топтық номерлер.

      47. Құрылған номерлер үшін үздік ұлттық дәстүрлердегі фольклор киім, музыка, хореографиялық қимылдар таңдалады, фольклорлық элементтерді қолдана отырып, дәстүрлі трюктер орындалады.

      48. "Хореография" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика", "Эквилибристика", "Клоунада", "Жонглерлеу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      49. "Хореография" пәні бойынша 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "ритм", "ритмика", "есеп", "өлшем", "музыкалық фраза", "такт", "өнер көрсету", "тақырып", "музыкалық өлшем", "музыкалық жанр" ұғымдарымен танысады;

      2) музыкалық-ритмикалық жаттығу, ритмді сезіну және музыкалық есту қабілетін дамытуға бағытталған жаттығу, кеңістікте бағдарлау, қимылды үйлестіру, бұлшық етті босаңсыту, би ойындары, музыкалық-кеңістікте жаттығуын жаттайды;

      3) ритмикалық қабылдау, музыкалылық, қимылды үйлестіру, ритмді сезіну, есте сақтау, зейін, музыканы тыңдау және музыкалық тілді түсінуді, сипаты, қарқыны бойынша биді ажырата алуды және би музыкасын таңдауды дамытады;

      4) би қимылдарын, хореографиялық этюдтарды меңгереді.

      50. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабағы. "Ритмика" түсінігі. Негізгі қимыл, түсінік.

      Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. Би өнері арқылы таныстыруды жаттау, сызық бойынша құрылуы. Музыкалық өлшем. Музыкалық есту қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар.

      2-тақырып. Ритмдік қабылдауды дамыту. Музыкалық өлшемнің түрлері: 2/4, 3/4, 4/4. Ритмді сезіну және музыкалық есту қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар. Әуенділікті дамыту. Музыкалық жанрлар. Сипаты, қарқыны, көлемі бойынша билерді танып білу.

      3-тақырып. Музыкалық-кеңістік жаттығулары. "Қарқын", "ритм", "динамика", "музыкалық фраза", "акцент" терминдерін практикалық меңгеруге арналған музыкалық-ритмикалық жаттығулар. Аяқтың позицияларымен танысу: бірінші, екінші.

      Музыкалық-ритмикалық жаттығулар. Қол қалпымен танысу. Негізгі қалып – қолды белге қою. Аяқтың позицияларымен танысу: үшінші, төртінші.

      Мойын, қол тұсына арналған музыкалық-ритмикалық жаттығулар. Әртүрлі ауытқу шегімен бастың еңкеюі. Бастың ауыспалы қимылы: жоғары-төмен.

      4-тақырып. Денеге арналған музыкалық-ритмикалық жаттығулар. Дененің алдыға және жан-жаққа еңкеюі. Иық және дене қимылы: иықты көтеру және түсіру. Оң және сол жақ иықты алдыға қарай шығара отырып айналу. Аяқ және табан тұсына арналған музыкалық-ритмикалық жаттығулар.

      Табанды дамытуға арналған музыкалық-ритмикалық жатттығулар. Зейінді дамытуға арналған жаттығулар. Кеңістік құрылымының түрлерін зерттеу: шеңбер, сызық, диагональ. Кеңістік құрылымының түрлері: диагональ, жартылай шеңбер. Әртүрлі қарқындағы музыка бойынша тактілеу. Ритмика жаттығуларын орындау жүйелілігін меңгеру.

      5-тақырып. Басқа арналған қимыл: оңға, солға айналу. Қол және аяқ қимылымен бірге үйлестікте әртүрлі бағыттарда жүруге арналған жаттығулар. Жартылай отырумен бірге үйлестікте жартылай башпайда тұру. Бидің музыкалық өлшемдерінің түрлері. Би қадамдары: аяқтың ұшымен, аяқты көтеру, тізе бүгу, орнында және қозғалуда, тізені бүгу арқылы , қол қалпын ауыстырумен бірге жартылай башпайда тұру. Оң-сол, алға-артқа қозғалу арқылы орындалған қадамдар.

      Кеңістікте бағдар жасауға арналған жаттығу. Бастапқы дұрыс қалып. Жүру және жүгіру. Зал бұрыштарында нақты бұрылыс жасап, қабырға бойымен жүру. Сапта, колоннада, тізбекте, шеңберде, жұпта тұру. Шахматты тәртіпте тұру.

      6-тақырып. Шеңберде (шеңберлер), тізбекте, колоннада (колонналар), жұлдызшада және басқа саптағы білдекте қайта тұру. Алға, артқа, оң жаққа, сол жаққа шеңберде, шеңберден қозғалу бағытында бағдарлануы. Жүру кезінде заттармен бірге қимылды орындау. Лента, шеңбер, секіргішті пайдалана отырып, барлық сапта дұрыс ара қашықтықты сақтау. Жалпы дамытушы жаттығу. Бастың еңкеюі, түзелуі және айналуы, иықпен шеңбер жасау қимылы.

      7-тақырып. Заттарсыз және заттармен бірге әртүрлі бағыттардағы қолдың қимылы. Денені оң, сол жаққа, тізені бүгіп және бүкпей еңкею және бұру, еңкеюімен үйлестіру, қолдарды жоғары қарай, жанына, желкесіне, беліне қою қимылдарымен үйлестіру. Затты жеткізудегі дененің бұрылысы. Заттармен бірге тірекпен және тірексіз отыру. Бір уақытта аяқты алдыңғы жаққа қою арқылы отыру. Айқастырылған қолдар, таяқ арқылы өрмелеу.

      8-тақырып. Аяқты көтеруде бүгу және жазу, табанды сыртқа шығару және оны ішке кіргізу, табан арқылы шеңбер бойынша қимыл жасау, аяқтың ұшымен алға қарай және жанға тұру, жартылай башпайға тұру.

      Қол буынының бірқалыпты, тік, жылдам, баяу қимылы. Аяқ қимылының әртүрлі үйлесімі: аяқты алға, артқа, жанға қою, тізе буында бүгу, шеңбер бойынша қимыл, табанның ішкі шеттерімен жүру.

      9-тақырып. Дене мүсінін жасауға арналған жаттығу. Қимылды үйлестіру жаттығу. Қол және аяқты айқастырып көтеру және түсіру. Бір уақыттағы қолдың және аяқтың қимылы. Қол позицияларын зерттеу: жеке әрбір және бір уақытта екеуімен бірге қол позицияларын ауыстыру, қол қимылын баспен, көзбен сүйемелдеу.

      10-тақырып. Музыкалық сүйемелдеумен орташа және жылдам қарқында қарапайым ритмикалық суреттерді соғу, шапалақтау, тақылдату.

      Оң аяқпен және сол қолмен, сол аяқпен және оң қолмен әртүрлі айқасқан және шеңбер жасау қимылы. Музыкалық сүйемелдеу қарқынының өзгеруімен сәйкес қимылдың жылдам және баяу болуы. Берілген қарқында және музыка аяқталғаннан кейін қимылды орындау.

      11-тақырып. Қарапайым ритмикалық суреттерді өз бетінше жасау. Қол, аяқ, дене, қол буынының бір уақытта жасаған қимылының әртүрлі үйлесімдігі. Ақырындап жылдамдату, қимыл қарқынын кенеттен ауыстыру арқылы музыкамен жаттығу орындау. Бұлшық еттің босаңсуына арналған жаттығу. Қол буынымен сермеу. Еркін шеңбер жасайтын қол қимылы.

      12-тақырып. Дене күшін өкшеден аяқтың ұшына және керсінше, бір аяқтан екінші аяққа көшіру.

      Бастапқы қалпынан жанға немесе өз алдына қолдың еркін түсуі. Тұру және алға қарай еңкею қалпында қолдың кезекпен алға және артқа, оңға, солға теңселту. Сол, оң аяқпен алға қарай лақтыру. Қол буынын түзету және иықтан бастап саусақ ұшына дейін барлық бұлшық еттерге күш түсіру. Жартылай башпайда тұру.

      13-тақырып. Тізе мен денені жеңіл босаңқы ұстап, қолын салбыратып және басын төмен түсіріп бір уақытта екі аяқпен секіру. Әртүрлі бағытта қол буынның қимылы. Музыка қарқынның өзгеруімен бірге кезектесіп және бір уақытта жұдырықты жұму және қол саусақтарын жазу. Саусақтарды қарама-қарсы қою. Бір қолдың және қос қолдың саусақтарын бұру және келтіру.

      Қолдың саусақтарын анықтау.

      14-тақырып. Музыкамен ойнау. Музыканың әртүрлі сипатына, динамикасына, регистріне сәйкес ритмикалық қимылды орындау. Музыкалық эстафеталар. Музыкадағы өзгерістерге сәйкес жүру, жүгіру, секіру, би қимылдарының бағыты мен формасының өзгеруі.

      Музыканың белгілі бір эмоциялық және динамикалық сипатына сәйкес нақты еліктеу бейнелеріне жасалған имитациялық жаттығуларды және ойындарды орындау.

      15-тақырып. Музыкадағы кенеттен пайда болатын акценттерді жерді тебу, шапалақтау және басқа да қимылдарымен жеткізу. Екі бөлікті музыкадағы қимыл ерекшеліктерін жеткізу. Өз бетінше музыкалық-қозғалмалы бейнені жасау.

      16-тақырып. Бұйымдармен орындалатын музыкалық ойындар. Би бейнелері. Ән айту немесе сөз сөйлеумен сүймелдеу, әндерді сахналаумен орындалатын ойындар. Ойналған әуеннің ритмикалық суретін шапалақпен жеткізу.

      17-тақырып. Музыкадағы ритмикалық суреттің, акценттің, қарқындық және динамикалық өзгерісінің қимылын өз бетінше жеткізу жаттығуы. Музыкалық фраза бөлігінің, музыканың шағын кереғарлық бөліктерінің ауысуына сәйкес қимылдың өз бетінше ауысуы.

      51.1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) би қимылдарының және элементтерінің негізгі аталуын біледі;

      2) дене гигиенасы, жаттығу киімінің ережесін біледі;

      3) кеңістікте бағдарлау жаттығуы, музыкалық-ритмикалық жаттығуы, би жаттығуын орындауды біледі;

      4) қарапайым би элементтерін орындауды біледі;

      5) музыка және қимылдың мазмұны мен ерекшелігіне сәйкес дұрыс бастапқы қалпын түсінеді және қабылдайды;

      6) шеру колоннасындағы дұрыс ара қашықтықты сақтайды;

      7) педагог командасы, дыбыс және музыкалық белгі бойынша қимылдың қажетті бағытын өз бетінше анықтайды;

      8) музыкаға зейін қоя отырып, қимылдың қарқынын сақтайды;

      9) белгілі бір ритм және қарқында жалпы дамыту жаттығуын орындайды.

      52. 2 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) хореографиямен, оның цирк номерін қоюдағы маңызымен танысу;

      2) хореография негізін, музыкалық қимыл әліппесін, қол, бас және мойынға арналған жаттығу, қимылды үйлестіру жаттығуы, кеңістікте бағдарлауды меңгеру;

      3) аяқтан аяққа секіруді, партерлік гимнастика жаттығуын меңгеру.

      53. 2 сынып оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Хореографиямен танысу, цирк нөмерлерінің қойылымында оның маңызы. Арнайы терминдерді түсіндіру.

      2-тақырып. Хореография негіздері. Музыкалық қимыл әліппесі. Әуен және қимыл. Қарқын (жылдам, баяу, орташа). Музыкалық өлшемде: 2/4, 3/4, 4/4. Қарама-қарсы музыка: жылдам - баяу, көңілді - мұңды. Такт және затакт.

      3-тақырып. Би-ритмикалық гимнастика. Ортадағы экзерсис: би қадамдары (аяқ ұшымен, тізені жоғары көтеру, қосымша қадамдар).

      4-тақырып. Ортадағы экзерсис: қолға арналған жаттығу (шынтақ, қол буындарын көтеру, түсіру, бүгу).

      5-тақырып. Ортадағы экзерсис: бас және мойынға арналған жаттығу (еңкею - алға, артқа, иыққа, бұрылыстар).

      6-тақырып. Ортадағы экзерсис: қимылды үйлестіруге арналған жаттығу.

      7-тақырып. Ортадағы экзерсис: кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығу.

      8-тақырып. Ортадағы экзерсис: екі аяқпен секіру; алдымен бір аяқпен, келесі аяқпен.

      9-тақырып. Партерлік гимнастика. Табанға арналған жаттығу.

      10-тақырып. Аяқтың күшіне арналған жаттығу.

      11-тақырып. Табанға арналған жаттығу.

      12-тақырып. Аяқ бұлшық етінің созылуына арналған жаттығу.

      13-тақырып. Омыртқаға арналған жаттығу.

      14-тақырып. Омыртқаға арналған жаттығу.

      15-тақырып. Арқа бұлшық етіне арналған жаттығу.

      16-тақырып. Жауырынмен тік тұру.

      17-тақырып. Аяқпен сермеу. Алға, жанға сермеу "қайшы", "дөңгелек".

      54. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) хореография негізін, оның цирк номерін қоюдағы маңызын біледі;

      2) дене бұлшық еттерін бекітуге арналған жаттығуды орындау дағдыларын меңгереді;

      3) буын қозғалысы және иілгіштігін дамытады;

      4) би өнерімен байланысты негізгі деректерді біледі;

      5) музыкалық шығарманың қарқын және сипатын сезінуді, музыкалық-ритмикалық жаттығуды орындауды үйренеді;

      6) ортада экзерсис орындауды біледі: би қадамдары, қол, бас және мойынға арналған жаттығу;

      7) қимылды үйлестіру жаттығу, кеңістікте бағдарлау, секіру, серіктестік гимнастика жаттығуын орындауды біледі.

      55. 3 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) классикалық терминдерді, ортадағы экзерсис: денені қою, апломбты меңгеру;

      2) таяқта экзерсисті, халық биіндегі қимылды орындау техникаларын меңгеру.

      56. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Хореография негіздері. Классикалық терминдер. Практика. Ортадағы экзерсис: денені қою, апломб. Аяқ позициясын зерттеу: 1, 2, 3, 4. Қол позицияларын зерттеу. Даярлық қалпы: 1, 2, 3 позициялары.

      2-тақырып. Таяқ алдында орындалатын экзерсис. Практика. Battement tendu [батман тандю] бір жаққа. Battement tendu [батман тандю] алға. Бірінші аяқ позициясы. Preparation [преперейшн]. 4 позиция бойынша жыл соңындағы demi-plie [деми плие] 1, 2, 3, 5.

      Demi – rond de jambe par terre [Деми-ронд де жам партер]. Releve [релеве] жартылай башпайға көтерілу. Grand plie [гранд плие]. Grand battement jete [гранд батман жете] жаққа, алға, артқа қарай. Port de bras [пор де брас] – қол, дене, басқа жаттығуы; дененің, бастың еңкеюі.

      3-тақырып. Қазақ биі. Қазақ халықтық-сахналық билерінің ұлттық хореографиялық құралдары. Музыка, костюм, сәнді шаш үлгісі, әдеп. Қол қимылының жалпы ерекшелігі (шартты формадағы әртүрлі қол қимылы кезінде қол буының алақанды "өзінен" немесе "өзіне" қарай айналдыра бұру).

      4-тақырып. Әйел адамдардың биі: еркін толқын тәрізді және нақты қол қимылы. "Өрмек би" биі. "Киіз басу" биі.

      5-тақырып. Ер және әйел адамдарға тән би қимылдары: қадам жасауда бір уақытта ритмикалық кенет тізені бүгу арқылы иықтың алға, артқа, жоғары, төмен қарай қимылы.

      6-тақырып. Аяқтың негізгі қимылы: аяқтың ұшымен және биік өкше тақамен жасалатын қарапайым би қадамдары, ауыспалы және бүйірлік биік өкшемен жасалатын жүрістер, аяқтаушы соққымен бір жақтан екінші жаққа, тақылдатуды акценттеудегі би қадамдары.

      7-тақырып. "Қара жорға" биі. "Қара жорға" биінің рәсімділігі.

      Қара жорға биінің түрлері: "қосжорға", "еркек жорға", "кыз алып қашу", "шайтан көк".

      8-тақырып. Орыс халық биіндегі қимылды орындаудың техникалары. Практика: халық биінің элементтеріндегі тренаж; қолды ашу және жұму; бір қолмен, екі қолмен; алма кезек қолды ашу, қолды әртүрлі қалыпқа қою; иілу; алға және артқа қарай жылжу арқылы иілу; тебістер: қарапайым, үш еселік.

      9-тақырып. Орындау техникасы. Практика: орыс халқының қарапайым қадамы; Практика: орыс халқының қарапайым қадамы; артқа қарай саусақтар арқылы толық табанына; алдыға қарай тебу және қозғалу; артқа қарай тебу және қозғалу; толық табаны жаққа қарай қадам және тура позиция бойынша жартылай башпайда тұру.

      10-тақырып. "Ауыспалы қадам": алға, артқа қарай тебу және қозғалу; балтыр тұсынан бірінші аяқпен екінші аяққа бекітумен алға және артқа қарай қозғалу.

      11-тақырып. "Күзгі жапырақтар биі", "Раушан биі", "Летка-енка", "Үйрек балапандарының биі", "Полонез", "Орыс лирикалық вальсі", "Вальс", "Фигура вальсі", "Падеграс", "Макарена" пластикалық этюдтар.

      12-тақырып. "Үйлесімді би", "Айна биі", "Еркін би", "Еденде билеу", "Экстатикалық би" пластикалық этюдтер.

      13-тақырып. Әртүрлі стиль, жанр, қарқынды музыкамен еркін биді суырып-салу. Құрылымын жасау.

      57. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер. 3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) классикалық терминдерді біледі;

      2) таяқта экзерсисті орындай алады;

      3) қазақ халық биінің түрлерін, орындау стилін, негізгі қимылын біледі;

      4) хореографияда бейне жасау тәсілін біледі;

      5) қазақ биін орындау техникасын біледі;

      6) қазақ халық-сахналық билеріндегі ұлттық хореографиялық тәсілдерді біледі;

      7) орыс халық биіндегі қимылды орындау техникасын біледі;

      8) классикалық экзерсис негіздерін біледі;

      9) созу, айналдыру және иілгіштік жаттығуын дұрыс орындайды;

      10) тақырыптық пластикалық этюдтерді орындай алады;

      11) әртүрлі стильдегі, жанр, қарқындағы музыкада еркін би суырып салма, композицияларды жасай алады.

      58. 4 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) балет терминологиясын, таяқ алдында орындалатын экзерсисті, орыс халық биінің элементтерін, латын америка билерін, заманауи билерді меңгеру;

      2) жаңа стиль және бағыт негізінде қимылдар және комбинациялармен танысу, модерн-джаз негізгі қимылдарын зерттеу;

      3) коллапс позасы, изоляция, полиритмия, мультипликация, үйлестіру түсініктерін меңгеру.

      59. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Балет терминологиясы. Таяқтағы экзерсис.

      Зал ортасындағы жұмыс – рlié [плие], battement tendu [батман тандю], battement tendu jete [батман тандю жете], rond de jamb parterre [ронд де жамб партер], adagio [адажио], grand battement [гранд батман].

      2-тақырып. Терминдерді түсіндіру. Турға дайындық, диагональ бойынша chainé [чейн]. Практика: экзерсис, турға дайындық, секіру –, шатқа отырудағы echappe jete [эшаппэ жете] в шпагате, аssemble [ассамбле].

      3-тақырып. Орыс халқының биі. Практика: "жүгіріп өту" (проходка), "ковырялочка", "припадание".

      4-тақырып. Модерн. Латын америка билерінің элементтері.

      5-тақырып. Заманауи бидің элементтері. Жаңа стильдік және бағыттың негізінде қимыл және комбинациямен танысу.

      6-тақырып. Практика: модерн-джаз биі. Негізгі ұғымдарды зерделеу: коллапстың қалпы, оқшаулау, полиритмия, мультипликация, үйлестіру. Қол позициялары: бейтарап немесе даярлық қалпы – классикалық бидің даярлық қалпына ұқсастығы. 1, 2, 3 позициялары. Аяқ позициялары: 1, 2, 3, 4, 5. Prance [пранс]. Kick [кик] (тепкі). Flat back [флат бак]. Deep body bend [дип боди бенд]. Twist [твист] немесе омыртқаның бүгілуі.

      7-тақырып. Кросс. Модерн-джаз мәнеріндегі қадамдар. Рок мәнеріндегі қадамдар. Мюзикл-джаз мәнеріндегі қадамдар.

      8-тақырып. Секірулер. Қадамдар және айналудың үйлесімдігі: екі аяқпен екеуіне; бірінші аяқтан екінші аяққа көшу арқылы екі аяқпен бірінші аяққа көшу.

      60. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер. 4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) балет терминологиясын біледі;

      2) таяқ алдында экзерсисті орындайды;

      3) орыс халық биінің "жүгіріп өту" (проходка), "ковырялочка", "құлау" (припадание) элементтерін біледі;

      4) латын америка билерінің элементтерін біледі;

      5) модерн-джаз элементтерін біледі.

      61. "Театр шеберлігі" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актерлік техника – кездейсоқ және күрделі өмірлік жағдайларда жылдам бейімделе алу, басқалардан жасырын мүмкіндіктерді көру, лезде түрлену, қажетті әсерді жеңіл жасау және қарым-қатынаста сенімді болу;

      2) актерлік тренинг – актерлік аспаптың жеке ішектерін, жеке психофизикалық көрінісін, оларды талдауды күйге келтіру; шығармашылық қиялы және елестетуінде, сахналық назарда, өздігінен және еріктік жігерін талап етпейтін өмірлік әрекеттегі сахналық қимылдың бөлшекті элементтерін қолдана отырып, дағдылар мен біліктерді саналы түрде пысықтауда олардың көрініс табуы;

      3) актерлік шеберлік – жазылған мәтін немесе пьесаны баяндау және айту, оқиғаны әңгімелеу процесіндегі мінезді сипаттайтын өнер, бейнеге ену өнері, бейнені әсерлеу өнері, ойын өнері;

      4) актерлік шеберлік – цирк өнерінің тәсілдерімен әртістің тип, мінез, бейнені, белгілі бір көріністің шынайылығын түсіну нәтижесін жасау біліктілігі;

      5) алле шеруі – қойылым басталар алдында барлық қатысушылардың аренаға шығуы;

      6) арена – цирктегі қойылым көрсетілетін орын;

      7) аттракцион – әсерлі цирк немесе эстрадалық номер;

      8) қошемет – орындаушының трюк, трюк серияларын, номерді аяқтау кезінде қолданылатын статикалық, салтанатты позаларын ерекше қабылдау немесе шығу кезінде қол шапалақтау;

      9) манеж – цирк номері көрсетілетін цирк ішіндегі дөңгелек алаң;

      10) меланж-акт – әртүрлі трюктерден тұратын номер;

      11) мизансцена – актерлердің сахнада немесе спектакль кезіндегі орны;

      12) номер – цирк бағдарламасында бір немесе бірнеше әртістердің орындауындағы жеке аяқталған өнер көрсетуі;

      13) пантомима – адам денесінің қимылында, пластикада ерекше көріністі сипаттайтын, ыммен орындалатын сахналық қимыл өнері;

      14) психофизикалық дайындық – актердің қызметіне қажетті кезеңдерінің бірі.

      15) реприза – әдетте номерлер арасындағы үзілісте ойналатын қысқа сайқымазақтық интермедия;

      16) сахналық бейне – драматургтің, режиссердің, актердің, өмір көрінісін жасаушы суретшінің қайта келтіруімен жасалған болмыста бейнеленген құбылыстың нақты мазмұны;

      17) сайқымазақ – әзіл-сықақ тәсілдерді және трюктерді орындаушы цирк әртісі;

      18) серіктес жанрлар – манежді жабуды үздіксіз орындайтын немесе манежде төрт-бес метр биіктікте орнатылған қандайда бір қосалқы аппаратта әртістер орындайтын жанрлар;

      19) темпо-ритм – пластикалық композицияның динамикалық сипаттамасы;

      20) театр педагогикасындағы этюд – актерлік техниканы жетілдіруге арналған жаттығу;

      21) тура қимыл – спектакльдегі режиссер, актердің өз мақсатына жүру жолы, рөлдері;

      22) ұран (сайқымазақтық) – әрқашан тек бір ғана сайқымазақтың қолданатын лепті үні, бұл әртістің "визит карточкасы" болып табылады;

      23) униформистер – цирк реквизитін қою және жинау, цирк аппараттарын және цирк номерінің жұмысына манежді дайындауды қадағалайтын манеж қызметшілері;

      24) форганг – манежді ішкі техникалық цирк ғимаратынан бөліп тұратын шымылдық;

      25) цирк номері – белгілі заңдылықтарда алмасып отыратын, орындаушының, топтық орындаушының немесе белгілі бір уақыт аралығында жануардың немесе цирк бейнесіне ерекше әсер ететін сол немесе басқа идеяны, басқа сезімді және одан басқа жағдайларды нақтылайтын біркелкі трюктердің жиынтығы;

      26) цирк трюкі – толығымен дербес және тұйық, міндеттерді шешуді шынайы орындау арқылы көрерменге әсер ететін, қарапайым қойылым шеңберінен тыс және осы шеңберде шешілмейтін немесе орындалмайтындай көрінетін кез-келген цирк номерінің жеке аяқталған үзіндісі;

      27) шеру – әңгімелесушінің кереңдігіне және аңқаулығына негізделген әзіл және көрерменді қызықтыру мақсатында әртістердің әзіл-сықақ диалогы;

      28) шаривари – әдетте бағдарламаның басында қойылатын және жолда, батутта барлық секіруді орындайтын сайқымазақтардың басқаруымен әртістердің костюмді кавалькадасын құрайтын номер;

      29) шлюсс – сайқымазақтық номерлерде қолданылатын термин, соңғы, әсерлі нүкте, ашық қорытынды;

      28) цирктегі қауіпсіздік техникасы – әртістерге жазатайым оқиғаны ескерту бойынша техникалық тәсілдер және іс-шаралар; барынша қолайлы өндірісті және санитарлық-гигиеналық шарттарды құруға, сондай-ақ еңбек және демалыстың мақсатты тәртібіне бағытталған еңбекті қорғаудың негізгі бөлімдерінің бірі.

      62. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының шығармашылық қабілеттерін манежде сахналық бейнені жасауға арналған актерлік шеберлік техникаларын меңгеру арқылы дамыту.

      63. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) цирк номерін дайындау процесінде қолдану мақсатында актерлік шеберлік негіздерін, актерлік мәнерлеу элементтерін меңгеру;

      2) цирк өнерінің ерекшелігін ескере отырып, актерлік өнер негіздерін меңгеру;

      3) көрерменге ықпал ететін тәсіл ретінде цирк номерінде трюк орындау дағдыларын меңгеру;

      4) органикалық әрекет элементтерін меңгеру, сезімтал назар аударуды, зейін қою, ұйымдастырушылық, белсенділік, бақылау және көру арқылы есте сақтау қабілетін, қиялын дамыту;

      5) актер қызметтің негізгі ерекшелігін, оның цирк өнерімен өзара байланысын меңгеру;

      6) актерлік техника элементтерін, оның цирк өнерінде қолдану ерекшелігін меңгеру;

      7) цирк номерімен жұмыс жасауға арналған цирк әртісіне керекті орындаушылық қасиеті және дағдыларын меңгеру;

      8) дамыту, танымдық, қозғалыс, халықтық, сюжеттік-рөлдік және режиссерлік жаттығуларды үйрету;

      9) барлық кешенді ойын жаттығулардағы қисынға және қимылдың жүйелілігіне үйрету;

      10) цирк номерінде сахналық бейнені жасау үшін актерлік шеберлік әдістері және тәсілдерін практикалық қолдану;

      11) қимыл, мимика, пластика және ишарат бойынша бейнені жеткізу тәсілдерін таба білуді үйрету.

      Дамыту:

      1) актерлік шеберлік, сахналық пластика негіздеріне оқыту арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) топтық номерге қатысу, көрермен аудиториясымен қарым-қатынас жасау кезінде серіктестермен өзара әрекет жасау дағдыларын меңгеру;

      3) актерлік жаттығу арқылы музыкалық, бақылау, есте сақтау, назар аудару, қиялдау, елестету, ізденушілік, реакцияға жылдамдылық, ойын және суырып салма қабілеттерін дамыту;

      4) ритмикалық қабілетін, қимылды үйлестіру, өз денесін игере білуді дамыту;

      5) Бағдарламаны игеру процесінде алған білім, білік және дағдылардың негізінде бала тұлғасының көркемдік-эстетикалық дамуы.

      Тәрбиелік:

      1) театр қызметі арқылы көркем және эстетикалық талғамын қалыптастыру;

      2) театр өнеріне қызығушылығын қалыптастыру;

      3) жеке және ұжымдық жұмыс нәтижесіне жауапты қарым-қатынас арқылы ұжымдық шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу;

      4) ұжым тәрбиеленушілерін жоғары жеке жауаптылыққа тәрбиелеу;

      5) ұжымда сабақтың сапасын арттыру және цирк номері, қойылымында жарқын актерлік жұмысты жасау үшін білім алушыда салауатты бәсекелестікті қалыптастыру;

      6) білім алушының өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету.

      64. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      65. Бағдарлама цирк номерінде сахналық бейнені жасауға арналған театр шеберлік техникасын меңгеруді үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      66. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының орындаушылық шеберліктегі актерлік мәнерлілікті практикалық меңгеруді жалпы дамытуға бағытталуы болып табылады.

      67. Бағдарлама білім алушыны шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуына бағытталады және цирк номерінде сахналық бейнені жасау тәжірибесін алуға, манежде актерлік міндеттерді жүзеге асыру бойынша өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      68. "Театр шеберлігі" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын таңдау нұсқалығына жағдай жасайды.

      69. Педагог би тілі арқылы сахналық бейнені және сезімді көркем мәнін түсіну және іске асыру үшін білім алушының әртістік қабілеттерін дамытуға және актерлік дағдыларды игеру үшін жағдай жасайды.

      70. Актерлік шеберлік бойынша сабақта білім алушы пластикалық екпінді қалыптастыруға, іске асыруға, эмоциялық бояулармен ашық бейнеленген көркем бейнені құруды үйренеді, суырып салу қабілетін дамытады.

      71. Балаларды оқытудың алғашқы кезеңі баланың шығармашылыққа деген дайындығын қалыптастыруға бағытталады, алғашқы практикалық сабақтар білім алушы тікелей шығармашылық процеске қатысушы болып табылатын шығармашылық ойындардан құрылады.

      72. Алғашқы сабақтарда актерлік тренингтер мен жаттығулардың ойындық формалары басым болады, олар балаға өзі туралы "айтып беруге", танысуға, ұжымда бейімделуге, сахналық әрекеттер дағдысын алу үшін қызметтің жаңа түріне кірісуге мүмкіндік береді.

      73. Педагогтің негізгі міндеттеріне өнегелі, жылы шырайлы климатты және көңілді, шығармашылық атмосфераны құру, балалардың сабақтан қуаныш сезімін алуы жатады.

      74. Тапсырмалар балалар мен педагогтің бірлесіп белсенді ізденуін талап ететіндей мәселелі жағдайлар ретінде беріледі, ол зейінді шоғырландыру және байқампаздық секілді қасиеттерді дамытады, себебі оларсыз қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдау мүмкін емес.

      75. Келесі кезең пантомима негізінде жеке тапсырмалармен жұмыс жасау болып табылады, бұл жерде әрбір білім алушының елестетуі және қиялы басым болады.

      76. Пантомималық этюдтермен жұмыстың кезеңдері:

      1) этюдтің оқиғасын талдау;

      2) бейне бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақ;

      3) этюдті дайындау және көрсету.

      77. Бала педагогтің басшылығымен пластикалық суырып салуды, ассоциативті ойлауды үйренеді, қоршаған орта жағдайында бағдарлануды үйренеді, еркін есте сақтау жадын және реакциясының жылдамдығын дамытады, тапқырлықты және өз іс-әрекетін серіктесімен келісу білігін тәрбиелейді.

      78. Орындаушылық шеберліктің сапасын қалыптастырудың негізгі әдісі болып актерлік тренинг әдісі, жаттығулар болып табылады. Білім алушы қандай да бір тапсырманы орындауды жаттықтырады (жаттығады), тиісті біліктер мен дағдыларды машықтандырады, өзінің ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

      79. Актерлік тренинг – ойындар мен жаттығуларды үзбей ауыстырып отыру, олардың басты міндеті білім алушының зейінін, байқампаздығын, шығармашылық қиялын, қисынды ойлауын, үйлесімділігін және тапсырмаларды кедергісіз орындауын дамыту болып табылады.

      80. Актерлік техника элементтері біртіндеп енгізіледі, алайда көптеген жаттығулар кешенді сипатта болады, бұл алған дағдыларды бекіту жұмыстарын жаңа материалмен үйлестіруді қатар жүргізуге мүмкіндік береді.

      81. Тренинг білім алушылардың зейінді шоғырландыру тәсілдерін және эмоциялық талаптарын қолданып, оқу материалын қабылдауға деген дайындықтарын қалыптастырудан басталады.

      82. Сабақтарда қолданылатын қағидаттар:

      1) жаттығуларды іріктеудегі кереғарлық;

      2) тапсырмаларды күрделендіру тәсілі;

      3) сабақтағы және әрбір жаттығудағы міндеттер кешені;

      4) педагогтің ауызша тапсырмасы бойынша жаттығулар мен этюдтерді орындау.

      83. Зерттеу әдісі білім алушылардың ұжымындағы шығармашылық атмосфераны қамтамасыз ету үшін негізгі болып табылады, қойылған міндеттерді орындаудың әртүрлі тәсілдерін, сахналық бейнені іске асырудағы жаңа көркемдік құралдарды табуға мүмкіндік береді. Педагог креативті ойлауды дамыту үшін балалардың өзін өз бетінше жүргізілетін шығармашылық, зерттеушілік ізденіске араластыру сияқты тапсырмаларды іріктеп алады.

      84. Педагогтің әдістемелік жұмысына білім алушылармен бірге мәдениет мекемелеріне бару, атақты актерлер мен режиссерлердің спектакльдерінің, шеберлік сыныптарының бейнежазбаларын қарау кіреді. Шығармашылық іс-шараларға, тақырыптық концерттерге және мәдени-ағартушылық қызметке барынша қатысу білім алушыларға өздерінің орындау шеберліктерін практикада тексеруге, бекітуге және біліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

      85. "Театр шеберлігі" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика", "Эквилибристика", "Клоунада", "Жонглерлеу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      86. "Театр шеберлігі" пәні бойынша 1 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) цирк өнері, оның ерекшелігі, қоғам өміріндегі цирктің рөлімен танысу, цирк құрылымы, манежде жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережесімен танысу;

      2) цирк және театр терминологиясын, актерлік шеберлік жүйесінің элементтерін, актерлік шеберлікті меңгеру тәсілі ретінде тренинг және этюдты, цирк номері, қойылымында сахналық бейнені жасау ерекшеліктерін меңгеру;

      3) цирк номері міндеттерін жүзеге асырудың шарты және тәсілі ретінде актерлік техникамен жұмыс, мимикалық бұлшық етті жаттықтыру, зейінді дамыту және жаттықтыруға арналған жаттығу, зейін аударуға арналған жаттығу, қиял және елестетуді дамытуға арналған жаттығу, физикалық қимылды есте сақтау қабілетіне арналған этюдтар және жаттығу;

      4) сахналық қатынасты дамытуға арналған ойындар, әртүрлі жағдайға ұсынылған физикалық қимылға арналған этюдтар, дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығу кешенін меңгеру, бейнені, кейіпкерлердің диалогтарын, әрекеттерін жеткізуге арналған тәсілді таңдай білуді игеру;

      5) музыкалық дыбыстардың ұзақтығы, олардың қатынасын дұрыс қабылдау және дене қимылымен бейнелеу қабілетін дамыту, этюд құрылымы, актерлік мінезділіктегі суреттемемен танысу.

      87. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Цирк өнері және оның ерекшелігі. Цирктің басқа өнер түрлерімен өзара байланысы. Қоғам өміріндегі цирктің орны. Цирктің құрылысымен танысу. Манежбен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережесі.

      Көрермен залындағы манежде өзін ұстау этикалық ережелері. Негізгі ұғымдар: арена, аттракцион, ұран (сайқымазақ), қошемет, меланж-акт, цирк номері, пантомима, шеру, серіктестік жанрлар, реприза, цирк трюкі, униформистер, форганг, шаривари, шлюсс.

      Балалардың қалыптасқан көркемдік тәжірибесін анықтау. Өз бетінше суырып-салу, қарым-қатынас және өзара әрекеттесу. Балалардың қабілетін және мүмкіндігін шығаруға арналған шығармашылық ойындар. Өзін-өзі талдау. Өзара талдау.

      2-тақырып. Актерлік шеберлік жүйесінің элементтері. Отандық театр мектебінің әдістемелік негіздері және дәстүрлері. Станиславский жүйесі – актерді тәрбилеудің негізі. Актердің өзін өзі жетілдіру жұмысы. Актердің рөлмен жұмысы. Сахналық этика. Түрленудің шығармашылық процесіндегі актерлік техниканың ішкі және сыртқы элементтері. Тренинг және этюд – актерлік шеберлікті меңгеру тәсілі. Тренинг жүйесі және әдістеменің әртүрлілігі. Цирктегі актерлік тренингтің түрлері және формалары.

      3-тақырып. Цирк нөмерінде, қойылымында сахналық бейнені жасау ерекшеліктері. Трюктегі бейнені жасаудағы жұмыстың бөліктері және кезеңдері. Цирк нөмерінің міндеттерін жүзеге асырудың шарты және тәсілі ретіндегі актерлік техника. Цирк нөмерін орындаудағы әртістік даралық және ансамбльділік. Цирк нөмеріндегі актерлік күтілетін нәтижелер.

      4-тақырып. Бұлшық ет гимнастикасы. Бұлшық етті босаңсытудың жолы – негізгі назар аудару. Нақты физикалық қимыл жасауда салмақ түсіретін бұлшық етті анықтай білу. "Жарылыс", "Пластилин", "Тоқтау" жаттығулары. Өз бұлшық еттерінің қимылын бақылауды талдау. Дене еркіндігін дамыту. Жаттығу. Манеждегі әрбір қимылдың орындылығы және мақсаттылығы. Поза орындылығына арналған жаттығу.

      Дене тырысуын жеңу. Дене еркіндігін дамыту. Жаттығу. Манеждегі әрбір қимылдың орындылығы және мақсаттылығы. Поза орындылығына арналған жаттығу.

      5-тақырып. Мимикалық бұлшық еттеріне арналған жаттығу. Маңдай бұлшық етінің тартылуы. Көз бұлшық еттеріне арналған жаттығу. Жоғары ерін бұлшық еттеріне арналған жаттығу. Ауыз бұлшық еттеріне арналған жаттығу.

      6-тақырып. Бұлшық ет еркіндігі. Бұлшық етті босату, физикалық дене тырысуын босату. Тыныс алумен жұмыс, демді ұстау және шығару ептілігі, терең және жеңіл тыныс алудың ауысып отыруы. Тынысты бекіту және бекітусіз психо бұлшық ет жаттығуы. Қол, аяқ, дене, мойын бұлшық еттеріне күш түсіру және босаңсыту. Дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне күш түсіру қозғалысы.

      7-тақырып. Зейін, оның түрлері. Теория. Сахналық қимыл кезіндегі белсенді фазаға зейін салу. Көру және есту жады. Эмоциялық және қозғауыш жады. Бұлшық ет және мимикалық жады. Кеңістіктегі үйлестіру. Зейінді дамытуға және жаттықтыруға арналған жаттығу. Зейінді аударуға арналған жаттығу.

      8-тақырып. Елес және қиял. Елес – шығармашылық қызметтің жетекші элементі. Музыкаға сәйкес қимылды суырып-салуда жаттығу. Сөз, фраза бойынша ертегілерді ұжымдық ойлап табу.

      9-тақырып. Қимыл – сахналық өнердің негізі. Қимылдың белгілері: мақсаттың болуы және еріктің пайда болуы. Қимылдың психикалық және физикалық, ішкі және сыртқы түрлері. Физикалық қимылға арналған этюдтер (бұйымдармен) – бұйыммен немесе топтық бұйымдармен логикалық орнықты және нақты қимыл.

      Физикалық қимылдың жадына арналған бұйымдарсыз этюдтер және жаттығулар – бала қимылына таныс. Ішкі қимылға арналған этюдтер (көпшілік алдында өзін жалғыз сезіну).

      10-тақырып. Ұсынылған жағдайлар. Жағдайдың орны. Жағдайдың уақыты. Жеке жағдай. Мәселелік жағдай. Ұсынылған жағдай – сахналық қимыл жүретін шарт пен жағдайдың кешені. "Егер де…" жаттығуы. "Мен – ұсынылған жағдайда" жаттығуы.

      11-тақырып. Темп пен ритм. Темп пен ритмнің градациясы және жылдамдықты ауыстыру. Сыртқы және ішкі темп пен ритм. Ұсынылған әртүрлі жағдайлармен бірге физикалық қимылға арналған этюдтер. Темп пен ритмнің ішкі және сыртқы кереғарлығына арналған этюдтер.

      Белгілі бір жылдамдықпен орындалатын берілген физикалық қимылға ұсынылатын жағдайларды ойлап табу.

      12-тақырып. Актерлік тренингтер және жаттығу. Атмосфера – сахналық қимыл дамитын ортадағы психофизикалық қимыл және сахналық хал-жайы жасалған жағдайдың кейпі, бояуы. Атмосфералардың соғысуына арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Кеңістікті сезіну. Сахнада, сондай-ақ аудиторияда сахна кеңістігін сезіну, саханада бағдарлану, сахна кеңістігін толтыру білігі, серіктесін және серіктесіне қатысты өзін сезіну бойынша жұмыс.

      "Менің әлемімде" атмосферасын құру білігі және ол жерде өмір сүру, "менің айналамда" атмосферасында әрекет ету. Ұжымдық келісімділікке арналған жаттығу, өзін басқа жақтан көру және қалыптастыру, көрерменге түсінікті логикалық көріністі жасау.

      14-тақырып. Суырып салу. "Әсер етуші міндеттер, оқиға, оны бағалау" түсінігі. Сахналық түйсікті, кеңістікті сезіну, ішкі монологты меңгеру.

      15-тақырып. Сахналық қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындар. Жұптық, шағын топтық және топтық ойындар. Ойын жаттығулары. Бейнелерді жеткізу, диалогтарды, басты кейіпкердің әрекетін жеткізуге арналған тәсілді таңдау ептілігі.

      16-тақырып. Ритмика. Музыкалық дыбыстың, олардың қатынасының ұзақтығын дене қимылымен дұрыс қабылдау және көрсету қабілеттерін дамыту. Затакт, қарапайым музыкалық фразалар, музыкалық акценттер және өзгешеліктер. Ритмикалық суреттерді шапалақтау, аяқ қимылымен жеткізу, олардың қатынасы, тактілеу және дирижерлеу. Өз қимылының қажетті және дұрыс ритмін табу ептілігі.

      17-тақырып. Пластика. Қимыл және статикадағы дене мүсіні. К.Станиславский анықтамасындағы "мүсін" ұғымы. Цирк әртісі - актердің дене бітімі мен сымбатына қойылатын эстетикалық талаптар. Дене сымбатында барынша кездесетін кемшіліктер және олардың түзету тәсілдері.

      "Дене сымбаты" ұғымы. Дене сымбаты типтерінің көптүрлілігі. Дене сымбатының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Омыртқаның қисаюына байланысты дене сымбатының бұзылуы. Дене сымбатының типтері және оның сипаттамалары. Дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар кешені.

      Қызметтің әртүрлі түрлерінде өз денесінің қалпын бекіту. Пластика - актерлік шеберлікке жету тірегі.

      18-тақырып. Этюд. "Этюд" ұғымы. Этюдтің суырып салу тәртібіндегі шағын көрінісі. Этюд – спектакльмен жұмыс жасау әдісі. Этюдтің құрылымы. Бастапқы оқиға (сахна артында) – экспозиция.

      Негізгі оқиға – түйіні. Орталық оқиға – кульминация. Басты оқиға –түйіні. Қорытынды оқиға – қорытынды. Зейінді дамытуға арналған этюдтер (жаттығу). Есте сақтау жадын дамытуға арналған этюдтар. Қиялды дамытуға арналған этюдтер.

      19-тақырып. Ойлауды дамытуға арналған этюдтер. Эмоцияны шығаруға арналған этюдтер. Қимыл мәнерлігіне арналған этюдтер. Мінездің жеке сипаттарын қалпына келтіруге арналған этюдтер. Жануарлар, заттар, әртүрлі жас, кәсіп, ұлт, әлеуметтік топтағы адамдарды бақылауды жүзеге асыратын актерлік сипаттағы суреттеме.

      88. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминологияны біледі;

      2) актерлік ойын техникасының негіздерін біледі;

      3) сахнадағы мінез-құлық, жаттығуды орындаудағы қауіпсіздік техника ережесін біледі;

      4) театр ойындарын орындау, еркін, есту және көру зейінін жаттықтыруға арналған жаттығу дағдыларын меңгереді;

      5) сахналық зейін, есте сақтау және қиялға бағытталған актерлік тренинг жаттығуын орындау дағдыларын меңгереді;

      6) "Мен – ұсынылған жағдайда" физикалық қимылды есте сақтауға арналған этюдтер, жаттығуларды біледі;

      7) темпо пен ритм түсінігін, әртүрлі ұсынылған жағдайдағы физикалық қимылға арналған этюдтерді біледі;

      8) бейнені жеткізу, кейіпкерлердің диалогын, әрекетін жеткізуге арналған тәсілді таңдай алады;

      9) шапалақтау, аяқ қимылымен ритмикалық суреттерді жеткізе алады, өз қимылының керекті және дұрыс ритмін таба алады;

      10) дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар кешенін орындайды, әртүрлі қызмет түрлерінде өз дене қалпын бекітеді;

      11) этюдті құра алады, актерлік мінездемеліктегі суреттемені жасай алады.

      89. 2 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) театр тарихы, цирк қойылымындағы сахналық қимыл, сахналық қимылдың ерекшелігі және заңдарымен таныстыру;

      2) мимикалық бұлшық етті жаттықтыруды, зейінді дамыту және жаттықтыру жаттығуын, имитацияға, әртүрлі ерекше қимылды шығару, ұжымдық келісімдікке, сахналық қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындарды меңгеру;

      3) дамытушы музыкалық-ритмикалық ойын-жаттығуларын, ұжымдық рөлдік ойын - суырып салу, театр ойындары, жөнсіз әрекеттерге жаттығу, музыканы пайдалану арқылы пластикалық суырып салуды меңгеру;

      4) кейіпкердің пластикалық бейнесін жүзеге асыруды, сахналық кеңістік жағдайындағы жұмыс алдында сенімсіздікті және қорқынышты жеңе білу, сахнада және сахна сыртында сахналық мінез-құлық мәдениетін енгізу;

      5) қиял және елестету арқылы психофизикалық тренинг жаттығулар арқылы актерлік зейінді дамыту.

      90. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Цирк көрінісіндегі сахналық қимыл. Сахналық өнердің әрекеттік сипаты. Қимыл актерлік өнердің негізгі материалы. Сахналық қимылдың ерекшелігі және заңдары: мақсаттылығы, логикалық дәйектілігі, өнімділігі, үздіксіздігі. Әрекеттік міндет және цирк өнеріндегі оның құрамы.

      2-тақырып. Мимикалық бұлшық еттерді жаттықтыру. Маңдай бұлшық еттерін жаттықтыру. Сіңірлі дуылға тренажы. Көз бұлшық еттерін жаттықтыру. Жоғары ерін бұлшық еттерін жаттықтыру. Мұрынның көлденең бұлшық еттерін жаттықтыру. Ауыздың айналасындағы бұлшық еттерді жаттықтыру.

      3-тақырып. Бұлшық ет еркіндігі. Дене қысымдарын алу. Аяқ, қол, дене, бас, бет бұлшық еттеріне күш салу және босаңсыту.

      4-тақырып. Сахналық зейін. Зейінді дамыту және жаттықтыру жаттығулары.

      5-тақырып. Елес және қиял. Суырып салу. Имитация және әртүрлі ерекше қимылды ойлап табу. Елес және қиялды дамытуға арналған жаттығу.

      6-тақырып. Қимыл сахналық өнердің негізі. Ішкі қимылға арналған этюдтер (көпшілік алдында өзін жалғыз сезіну).

      7-тақырып. Темп пен ритм.Темп пен ритмді пысықтауға арналған жаттығу.

      8-тақырып. Кеңістікті сезіну. Ұжымдық келісімділікке арналған жаттығу. Сахналық қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындар.

      9-тақырып. Мизансцена. "Стоп-кадр" жаттығуы. Темп пен ритмдегі әртүрлі қимыл, команда бойынша "стоп-кадр". Әртүрлі тақырыптарға логикалық мизансценаны барынша құру білігі.

      10-тақырып. Ішкі монолог. Бірінші жоспар – тактика тәртібі, яғни мен не жасаймын, мен өз қалауыма жету үшін қалай әрекет жасаймын. Екінші жоспар – "Мен нені қалаймын? Мен неге жетемін?" сұрағына жауап беретін әрбір актердің жеке әрекеттік міндеті.

      Ішкі монолог – өзіне қатысты ойлар және сезімдер. Бірінші және екінші жоспарды меңгеру. Практика. "Ақыл, сезім, дене" жаттығуының типі. "Ұсынылған жағдайлардағы мен" жағдайы.

      Сөйлеу әрекетін меңгеру. Сөз – серіктестердің өзара қарым-қатынасының қажетті элементі.

      11-тақырып. Актерлік шеберліктің негіздері. Этюдтер. Этюдтерді көрсету. Жұмбақтарды - этюдтерді көрсету. Мақсатқа жетуге қойылған этюдтер. Деректі бағалау. Деректі бекіту және оған деген реакция. Оқиғаға байланысты этюдтер. Атмосфералар соқтығысудың этюдтері. Жануарды, адамды, сүйікті әртісті, әншіні, бір-бірін бақылауға арналған этюдтер. Сөздің туындауына арналған этюдтер. Сюжеттік-рөлдік ойындар. Ұжымдық ойын.

      Бақылау этюдтерін біріктіру. Бейнеге түрлену ойындары. Оқиғаларды ойлап табу және оларды сахнада ойнау. Балалар әдеби шығармаларын, музыка және хормен ән айтуды қамтитын ойындар және тапсырмалар.

      12-тақырып. Музыкамен қиялды және үйлестіруді дамытуға арналған түрлену жаттығу. Жөнсіз қимылға арналған жаттығу. Қиялдағы заттарды ойнау және өзінің әрекетін келісу біліктілігін дамытуға арналған ойындар. Театрдағы түрлену ойыны. Ишара, мимика және пластика көмегімен жөнсіз қимылды жасау біліктілігін дамытуға арналған жаттығу.

      13-тақырып. Музыканы пайдалана отырып, пластикалық суырып салу. Музыка, ән, өлеңді пайдалана отырып, пластикалық суырып салу.

      Үйлестіру және ритмикалық, иілгіштік және пластиканы дамытуға арналған музыкалық-ритмикалық суырып салу ойындары. Актерлік трениг элементтері бар ойын-жаттығулар. Зейіннің барлық түрлерін, шығармашылық атмосфераны жасауды ұйымдастыру.

      14-тақырып. Сахналық еркіндікті, өз бетінше қиялдауға, зейін және есте сақтауды дамытуға арналған шығармашылық ойындар. Дамытуға арналған музыкалық-ритмикалық бейнелік ойындар. Әртістік батылдық және мінезділікке арналған жаттығулар.

      Ұжымдық ойындар. Рөлдік ойындар-суырып салу. Дамытушы ойындар-жаттығулар. Рөлдік тренинг. Пластика, би, музыканы пайдалана отырып, психофизикалық мүмкіндіктерін дамыту. Музыканы пайдаланатын дамыту ойындары. Сахналық әрекеттің мәдениеті.

      15-тақырып. Бақылауға арналған жұптық этюдтер. Көрініске арналған этюдтер. Музыкалық шығармаға арналған этюдтер. Мысал өнегесіне арналған этюдтар. Оқиғалар желісіне талдау.

      16-тақырып. Ертегі желісіне немесе ертегі үзіндісін сахналауға арналған этюдтер.

      17-тақырып. Шағын әңгіменің желісіне арналған этюдтер. Мәтінді талдау. Әңгіме идеясы. Классикалық әдеби шығармалардың үзіндісін сахналау.

      91. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер. 3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр тарихын, театрдың халық көздерін, терминологияны біледі;

      2) бұлшық етті босату тәсілдерін біледі;

      3) пластикалық тренингтің жаттығу кешенін біледі;

      4) этюдпен жұыс жасауда өз ойын жүзеге асыра алады;

      5) этюдта пластикалық бейнені жасайды және жүзеге асырады;

      6) өз бетінше сергіту жаттығуын жасайды;

      7) актерлік зейінді, қиял және елестетуді дамытады;

      8) арена, манеж және сахна сыртында сахналық мінез-құлық мәдениетін меңгереді.

      92. 3 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) цирк номеріндегі көркемдік бейнені жасауда шығармашылықтың негізгі бастауларымен танысу, төменгі ерін төрт бұрышты бұлшық етін жаттықтыру, денеге тән қысымды алу дағдыларын меңгеру;

      2) пластикалық еркіндік, атмосфераның соқтығуына арналған жаттығуларды меңгеру, көрерменге түсінікті болатындай қисынды көріністі жасай отырып, өзін басқа жақтан көре білуді қалыптастыру және дамыту;

      3) бақылау этюдтерін, музыкалық шығармаға арналған этюдтерді жасау, трюкті, айналуды, гимнастикалық элементтерді, аударылып түсу, тік тұру, сальтоның әртүрлі түрлері, трюк комбинацияларын жасау;

      4) цирк номерінің құрылымы ережесін, цирк номерінде сахналық бейнені, цирк номерімен жұмыс жасауда кейіпкердің сыртқы келбетін жасау, жүрісті бейнелеуде пластикалық этюдтерді жасау;

      5) саусақ, қол буыны, шынтақ, иық, жеке және моторлық типтік жаттығудағы қолдың барлық бөлігінің қимылын дамыту, әртүрлі бағыттағы буындардың қимылын дамыту;

      6) жүрек-қан тамырларына, физикалық күш түсіру үшін дем алу жүйелеріне, сол қимылдың күш, өлшем, қарқынның өзгерісіне қарай жасалған, осы өзгерістерден мағыналық және эмоциялық қимылдың маңыздылығына байланыстылығын зерттеу мақсатындағы жаттығуларды меңгеру.

      93. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Цирк қойылымы, номерінде актерлік міндеттерді шешу. Цирк өнеріндегі көркем бейне. Цирк қойылымында, номерінде көркем бейнені жасаудағы негізгі шығармашылықтың қайнар көздері: музыка, әдебиет, кескіндеме, скульптура, тарихи білім, орындаушының жеке ерекшеліктері, оның өмірлік тәжірибесі және бақылау, қиял және елес.

      2-тақырып. "Қастың трагедиялық бұрылысы". Төменгі еріннің төртбұрышты бұлшық еттеріне жаттығу. Он бетперде. Бұлшық ет еркіндігі. Дене тырысуын босату. Пластикалық еркіндікке арналған жаттығу.

      3-тақырып. Атмосфера. Атмосфера соқтығысуына арналған жаттығу.

      Кеңістікті сезіну. Ұжымдық келісімге арналған жаттығу. Көрерменге түсінікті логикалық көріністі жасай отырып, өзін басқа жақтан көре білу біліктілігін қалыптастыратын және дамытатын практикалық жаттығу. Орындаушылық шеберліктің негіздері. Бақылау этюдтері. Музыкалық шығармаларға арналған этюдтер.

      4-тақырып. Трюк – цирк қимылының алғашқы негізі. Жаттығу және этюдтегі трюктерді пайдаланудағы қисын және орындылық. Ішкі қобалжу және трюк қимылының тұтастығындағы әртүрлі көзқарастағы зейінді дамыту.

      5-тақырып. Трюктер. Аунау, гимнастикалық элементтер (шеңбер жасау, мостик, шатқа отыру), рандат, жауырынмен тұру. Аударылып түсу, тік тұру (аяқпен, қолмен, білекпен), тебу, секіру, "араб" дөңгелегін жасау, флиг-фляг. Секіру (батутта), сальто жасаудың түрлері (затпен сальто жасау, екі жақты сальто, алға қарай сальто жасау, артқа қарай сальто жасау, серіктестік қолымен сальто жасау).

      6-тақырып. Трюк комбинациялары. Көрініс қызығушылығының артуы бойынша трюктердің алмасуы.

      7-тақырып. Цирк номерінің жасалу ережесі: жасалған бейне және манеж қарым-қатынасын бекітушінің әсерлі шығуы; қарма-қарсы комбинациядағы трюктер туралы деректер; көрермендер назарын арттыру; соңғы қошемет.

      8-тақырып. Цирк номерінің құрылымы. Әртістің пайда болуы. Қорытынды мизансцена. Цирк нөмерін құраушылар. Нөмердің түрлері. Сюжеттік нөмер. Сюжеттік-ролдік ойындар.

      9-тақырып. Цирк номеріндегі сахналық бейнені жасау жолдары. Мазмұны және формасы. Тура қимыл және ролдің міндеттері. Түпкі ой және түрлену.

      10-тақырып. Ролмен жұмыс. Ролді зерттеу. Жоспарланған номер, трюктегі ролдің орны. Басты кейіпкердің мінездемесі. Басты кейіпкердің мінезін оның қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы арқылы толық ашу. Басты кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктері. Басты кейіпкердің сыртқы келбеті. Басты кейіпкердің сыртқы келбетінің ролмен жұмыс жасауда маңыздылығы. Басты кейіпкердің жүрісінен мінезіне және психологиясына. Грим сыртқы келбетті жасаудың негізі. Жаттығу. Дамыту ойындары.

      11-тақырып. Жалпы дамыту жаттығулары. Сергіту жаттығуларының сенімді және дұрыс орындалуы. Барынша күрделі жаттығулар алдында бұлшық етті дайындау.

      12-тақырып. Жалпы физикалық даму, бұлшық етті бекіту. Деңгей бойынша бұлшық етті дайындау: қимылдың дәлдігін, иілгіштікті дамыту, балалардың белсенділігін қозғаушы сергектігін даярлау.

      13-тақырып. Физикалық жүктемесіне арналған жүрек-қан тамырлары және дем алу жүйелерін дамыту. Дем алу кешені. Жаттығу. Жүру, жүгіру, секіру. Әртүрлі темп пен ритмде орындау. Релаксация.

      14-тақырып. Пластика. Бейненің пластикалық сипаттылығы. Реалистік театрда адамды бейнелеудегі тарихи нактылық талаптары және көркемдік шарттылық. Пластикадағы эстетикалық нормалар және пластикалық сипаттылық.

      Жүрістегі және статикалық дене қалпындағы сипаттылық. Жүріс түрлері. Жүріс және жас. Жүріс және көңіл күй. Жүріс және салмақ. Жаттығу. Суырып салудағы адамдардың әртүрлі жүрісін бейнелеу. Жүрісті бейнелеудегі пластикалық этюдтер.

      15-тақырып. Дене пластикасы. "Дене икемділігі" ұғымы. Денсаулық және көңілді көңіл-күйге арналған икемділікті дамыту қажеттілігі.

      Би-ритмикалық жаттығулардың кешені. Пластикалық этюдтер. Пластикалық суырып салу. Қолдың пластикалық мәнерлігі.

      16-тақырып. Ишарат қимылды көрсету тәсілдерінің бірі. Ишарат формасы және мазмұнының бір тұтастығы. Иллюстрациялық, семантикалық және эмоциялық ишарат. Қимылдың күші, жылдамдығы және (амплитуда) көлемі. Ишарат мағыналық мазмұнының күшке, жылдамдыққа және қимыл амплитудасына тәуелділігі. Ишараттың сапалық сипаты және эмоциялық мәнерлігі. Е. Вахтанговтың қимыл өлшемі және мәтін мәнділігінің қатынасы туралы ережесі.

      Моторлық типтік жаттығуларда саусақ, қол буыны, шынтақ, жауырынның қимылын жеке және жалпы дамыту. Әртүрлі бағыттарда буын қимылын дамыту.

      17-тақырып. Оң және сол қол қимылының симметриялық және асимметриялық (моторлық, би және стильдік сипаты) үйлесімдігі.

      Екі қолдың өзара әрекеттесу немесе олардың қарсы әрекетінің ұстанымы бойынша жасалған жаттығу. Ишараттың мағыналық және эмоциялық маңыздылығының өзгерістеріне тәуелділігін зерттеу мақсатында бір немесе сол қимылдың күші, көлемі, қарқынының өзгерістеріне жасалған жаттығу. Музыкамен қол позицияларын жаттау және қимыл жасау. Иыққа қатысты жауырын және қол буыны қимылын бәсеңдету.

      94. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) цирк номерінде көркем бейнені жасаудағы шығармашылық негізгі бастауларды біледі;

      2) дене қысымдарын алуды біледі;

      3) өзін басқа жақтан көре білуді қалыптастыруға және дамытуға арналған практикалық жаттығуды біледі, көрерменге түсінікті болатындай қисынды көріністі жасайды;

      4) бақылау этюдтерін, музыкалық шығармаға арналған этюдтерді жасай алады;

      5) жаттығу және этюдтарда трюктерді қолдана алады;

      6) көрініс қызығушылығының артуы бойынша трюктерді алмастыруды біледі;

      7) трюкті қошемет арқылы аяқтай алады;

      8) цирк номерін жасау ережесін біледі.

      95. "Музыкалық сауат, музыканы тыңдау" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акцент – қандай да бір анықталған нота немесе тактідегі үлес қаттылығының шығуы;

      2) әртіс – белгілі бір жалпыланған көркем бейнені жасайтын, номерді орындаутын цирктің басты кейіпкері;

      3) әуен – музыка теориясында түсіндірілетін және есту қабілеті арқылы композициялық-техникалық және ладты біртұтас ретінде тікелей қабылданатын музыкалық фактура дауысының (монодиядағы жекелік) бірі;

      4) бас кілті – нотаның жоғары дыбыстылық мәнін анықтайтын сызықты ноталау белгісі;

      5) бір – үйлесімділік үндестілігінің екі ладының бірі;

      6) динамика – қатты дыбысталудың бояуларымен байланысты ұғымның және ноталық белгілердің жиынтығы;

      7) затакт – үлестерді орынды қолдану тәртібінің бұзылуы;

      8) қарқын – тақырыптықты, ритмиканы, артикуляцияны, "тыныс алу", үйлесімді жүйелілікті, үндесті қимылды, контрапункты жалпылама қабылдау;

      9) қойылым – әртүрлі номерлердің үйлесімі;

      10) лад – белгілі бір дыбыстық әсерде жұмыс істейтін тұрақты және тұрақсыз дыбыстар мен үндестіктер қатынасының жүйесі;

      11) марш – адамдардың саптық, өлшемдік қимылын сүйемелдеуші, айрықша әскери музыканың түрі;

      12) метр – шағын композициялық формаларға дейін ритмикалық көлемін анықтайтын өлшем;

      13) музыкадағы тактілік өлшем – тактілік метрдің сандық сипаттамасы;

      14) музыкалық жанр – белгілі сюжеттік, композициялық, стилистикалық және басқа да белгілерін бейнелейтін музыкалық шығарма, музыканың бір түрі;

      15) музыкалық өлшем – метрді сандық көрсету;

      16) ноктюрн – он тоғызыншы ғасырдың басында кеңінен таралған лирикалық, қиялшыл сипаттағы пьесаның атауы;

      17) номер – цирк бағдарламасында бір немесе бірнеше әртістердің орындауымен жеке, аяқталған өнер көрсетілімі;

      18) оратория – хор, жеке орындаушыға және оркестрге арналған ірі музыкалық шығарма;

      19) ойын – заттарды айналдыру және ауысуының трюктік орындауында жасалған цирк номерінің өзге түрлері;

      20) ритм – ұзақтық және акценттің үйлесімділігі, әртүрлі жоғарылықтағы дыбыстардың, шектелген уақыт тәртібіндегі паузаның күрделі тоғысуы;

      21) регистр – қандай да бір, ең алдымен тембрлік белгілерімен біріктірілген дыбыстың бөлігі;

      22) такт – барынша қатты үлестен басталып, келесі алдыңғы теңдік күші бойынша аяқталатын музыкалық метр бірлігі;

      23) тактілік сипат – қиылысушы ноталық стан және бір такті келесі тактіден бөлетін тік сызық;

      24) тактілеу – әрбір такт үлесін қимылмен белгілеу (қолды сермеу, алақандарымен шапалақтау, соғу);

      25) тембр – оның жоғарылығы, деңгейі және ұзақтығымен қатар музыкалық дыбыс сипаттамасы ерекшеліктерінің бірі;

      26) "төрттің екі бөлігі" 2/4 өлшем – екі үлес және әрбір үлес бір нотаның төрттен біріне теңестірілетін өлшемі;

      27) трюк – барлық цирк жанрларының басты мәнерлеу тәсілдері – әсерлі тәсіл, өнерлі және күрделі епті тәсіл, айла-тәсіл;

      28) фраза – әуеннің, тақырыптың біршама аяқталған бөлігі;

      29) шумақ – мәтіннің бір тармағын және әуенді (әнді) бір жүргізуді қамтитын әннің бөлігі;

      30) синкопа – күшті метр үлестерінің әлсіз үлестеріне ауысуымен бірге акценттің ығысуы.

      96. Бағдарламаның мақсаты: өнердің бір түрі ретінде музыка туралы ұғымды қалыптастыру негізінде музыканы тыңдау және қабылдау мәдениетіне тәрбиелеу үшін жағдай жасау.

      97. Бағдарлама міндеттері.

      Білім беру:

      1) музыка сауатының негіздерін үйрету;

      2) музыкалық терминологияны меңгеру;

      3) алғашқы музыкалық ұғым және дағдыларды қалыптастыру;

      4) білім алушының музыкалық және цирк өнерінің байланысын түсіну үшін керекті теориялық базаны жасау;

      5) ән және би жанрларындағы музыкалық мәдениет дамуының тарихи жолдары туралы толық көріністі қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) музыкалық қабылдау, тыңдау мәдениеті негіздерін және музыкаға деген саналы қарым-қатынасын қалыптастыру;

      2) білім алушының бейнелік ойлау, қиял, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      3) музыкалық шығармалрды қабылдау дағдыларын дамыту;

      4) білім алушының халық, классикалық, заманауи музыка деген танымдық қызығушылығын дамыту;

      5) музыканы тыңдау және оны есту, музыкалық шығарманы эмоциялық, бейнелік қабылдау және сипаттау біліктілігін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушыны музыкалық және цирк өнерінің тәсілдері арқылы эстетикалық тәрбиелеу;

      2) ой-өрісін кеңейту, музыкалық талғамын тәрбиелеу;

      3) үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

      98. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – төрт жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      99. Бағдарлама балаларды музыкалық сауат негіздері бойынша оқытуға, цирк номеріндегі айқын бейнені құру білік және дағдыларын қалыптастыруға арналған.

      100. Бағдарламаның ерекшелігі оның музыканы тыңдау дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеруді жалпы дамытуға бағытталады.

      101. Бағдарлама білім алушыны шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуға бағытталады және цирк номерінде сахналық бейнені құру тәжірибесін, манежде музыкалық міндеттерді жүзеге асыру бойынша өз бетінше жұмыс дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      102. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог оқу материалына байланысты көркемдік-сахналық бейнені жасауда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке басты назар аударады.

      103. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауат және музыканы тыңдау дағдыларын меңгеру;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеру;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      4) цирк білімін алу;

      5) цирк өнері саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білім және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      104. "Музыкалық сауат және музыканы тыңдау" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын таңдауға жағдай жасайды.

      105. Цирктегі жанр адам мүмкіндіктерін жүзеге асырудың алуан түрлілігіне, қойылған номердегі әртістің және режиссердің эстетикалық міндеттеріне байланысты дамитын номерді немесе аттракционды композициялық ұйымдастырудың тарихи тұрақты формасы болып табылады.

      106. Музыкалық сүйемелдеу трюктік комбинациялардың ритмін ұйымдастырады, манеждік бейнені шығаруға мүмкіндік жасайды.

      107. Музыкалық сүйемелдеудің түрлері:

      1) фондық;

      2) ритмикалық;

      3) үйлесімділік.

      108. Фондық сүйемелдеу деп номердің шуын құрайтын фонын айтады. Жеке трюктерді, трюк комбинацияларын орындаудағы ілгерілеу сипаты белгілі ритмикалық ретпен жүргізіледі. Комбинациялардың ритмі музыкамен сүйемелденген кезде ерекше мәнерлі бола түседі. Фондық музыкалық сүйемелдеуді көбіне жануарлардың, секіретін акробаттардың, иллюзионистердің өнер көрсетуі кезінде қолдану кеңінен таралған.

      109. Циркте музыканы пайдаланудың басты түрі ритмикалық сүйемелдеу болып табылады. Ол трюкті бірнеше мәрте қайталағанда немесе бір тектес трюктер сериясын орындағанда тиімді. Оркестрдің дыбысталуының ритмикалық қатарының трюктерді орындау ритмімен сәйкес келуі айтарлықтай эмоцияға ие болады және үйлесімді шығады. Акустикалық және пластикалық ритмнің сәйкес келуі бейненің манеждегі әрекеті мен көрермендердің қабылдау тұтастығына қызмет етеді.

      110. Үйлесімді сүйемелдеу – цирк номеірін жеткізудің жоғары формасы болып табылады. Ол кезде музыкалық тақырыптың дамуы номердің композициясына сәйкес келеді, трюктік композициялар музыкалық фразаға енгізіледі, музыканың бейнесі манеждік бейнемен сәйкес болады және оны ерекшелейді.

      111. "Музыкалық сауат, музыканы тыңдау" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика", "Эквилибристика", "Клоунада", "Жонглерлеу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      112. "Музыкалық сауат, музыка тыңдау" пәні бойынша 1 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) музыкалық өнердің пайда болуы және дамуы, музыканың пайда болуы, атақты әнші, орындаушылар туралы әртүрлі халық аңыздарымен, дыбыс көмегімен мазмұнды ашатын музыка ерекшеліктерімен, отандық және шетел композиторларының бояулы музыкалық пейзажымен, жануар және құстарды бейнелейтін шығармалармен, бағдарламалық және бағдарламадан тыс музыкамен, балаларға арнап жазылған әндер және пьесалармен танысу;

      2) музыкалық сауат, ноталық жазба, дыбыс атаулары, октава, фортепианода (синтезаторда) ойнаудың элементарлы дағдылары, түсінікті лад, метр, ритм, қарқын, жанр, метроритм, ритмикалық топтарды меңгеру;

      3) вокалдық-екпіндік дағдыларды, ән айту кезінде дененің дұрыс қалыпын меңгеру, дем алуды дұрыс қоюды білу, педагогтің сүйемелдеуімен әнді сөздерімен бірге орындау, қарапайым әуенді сольфеджиолау, музыканы тыңдау;

      113. 1 сыныптаға оқу пәнінің мазмұны.

      Пән мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер көрсетеді:

      1) теориялық деректер;

      2) метр-ритмикалық дағдылар;

      3) вокальды-екпіндік дағдылар;

      4) музыканы тыңдау.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Адам өміріндегі музыканың рөлі. Музыкалық өнердің ежелгі шығу тегі және дамуы – адамдардың еңбегін және мейрамын сүйемелдеуші қарапайым әндер және билерден, заманауи ірі шығармаларға дейін – опера, балет, симфония, концерттер. Әртүрлі халықтардың музыкасының пайда болуы, өлеңнің музыкалық дыбысы арқылы жабайы аңдарды және жын рухтарды басқан, адамдарды қуантқан атақты әншілер, орындаушылар туралы аңыздары.

      Музыкалық өнердің демократиялық жанрларын: адам өмірінде ән, би, марштың барынша кеңінен таралуы. Музыка театрда, концертте, кинода.

      Ұғымдар: музыкант, композитор, орындаушы, тыңдаушы.

      2-тақырып. Музыкалық шығарманың мазмұны. Музыкалық шығарма мазмұнының байлығы және көптүрлілігі. Дыбыс көмегімен қандай да бір мазмұнын ашатын музыканың ерекшелігі. Композитордың халық ертегілері, аңыздары, мысалдарының бейнесіне үндеуі. Ертегілік аспапты пьесаларды, симфониялық шығармаларды, опера, балеттерді жасау. Ертегілік дыбысталуды жасайтын ерекше тәсілдерді қолдану.

      Музыкадағы қияли және ертегілік кейіпкерлер. Музыкалық және сөйлеу екпіндерінің байланысы, сөйлеу және музыканы мәнерлеу тәсілінің жақындығы (қарқын, тембр, жоғарылық, динамика, паузалар, акценттер, көңіл күй –екпіндік бояу).

      Аталуы бірдей шығармаларды салыстыру. Музыкадағы табиғат бейнелері. Музыканың бейнелеу мүмкіндіктері туралы көрінісін арттыру.

      Отандық және шетел композиторларының көркем "музыкалық пейзаждарды" жасауы, олардың әртүрлілігі. Табиғат суретін салушы шығармадағы бейнелеу кезеңдерінің (толқынның шалпылдауы, жаңбырдың шуы, құстардың ән салуы) үлкен маңызы.

      Композиторлардың жануарлар және құстар бейнесін жасауы. Жануарларды музыкалық сипаттаудағы бейнелеу кезеңдерінің (дыбысты жүргізу сипаты, қарқын, динамика, регистр, дыбысқа еліктеу екпіндері) рөлі. Жануарларды және құстарды бейнелейтін шығармаларды салыстыру.

      3-тақырып. Музыкадағы адамдардың сезімі және күйзелісі. Әзіл-сықақ сипаттағы музыкалық суреттер. Музыкада адамның көңіл-күйін, сезімін, күйзелісін ашу. Музыка арқылы қуаныш, қайғы, толқу, үрей, шаттану, шаршау эмоцияларын жеткізу қабілеті. Бағдарламалық және бағдарламадан тыс музыканы түсіну.

      Балаларға арналып жазылған әндер және пьесалар. Композиторлардың балалық шақ әлеміне жеке үндеуі, бала психологиясын, оның тілегін, көңіл-күйін, қиялын анық ашатын шығарманы жасау.

      4-тақырып. Қоршаған орта және музыка. Музыкалық сөйлеу элементтерінің мәнерлеу мүмкіндіктері туралы ұғым: шу және музыкалық дыбыстар.

      5-тақырып. Музыканың үш киті (марш, ән, би). Марштың әртүлі түрлері. Бидің әртүрлі түрлері.

      6-тақырып. Теориялық деректер. Лад, мажор, минор.

      7-тақырып. Музыкалық сауаттылық. Дыбыс және оның қасиеті. Ноталық жазба. Пернетақта ақ және қара клавиштер жүйелігінің ұйымдастырылуы. Регистрлер. Дыбыстардың, октавалардың аталуы. Скрипка және бас кілттер туралы түсінік. Ноталық орнақ және ноталық жазба (октаваның бірінші ноталары, дыбыстың, паузаның ұзақтығы). Фортепианода (синтезаторда) элементарлы ойнау дағдыларын меңгеру.

      8-тақырып. Әуен. Аккомпанемент. Қарқын, ерекшеліктер. Октаваның бірінші ноталары. Тоника. Гамма. Тұрақтылық сатылары, тұрақсыздық сатылары. Үш дыбыстылық. Лад (мажор және минор).

      Лад тұрақтылық және тұрақсыздық негізінде дыбыстардың жоғары қатынасының жүйесі, оның эмоциялық-мағыналық бояуы (мажор – ашық, ақшыл; минор – бұлыңғыр, күңгірт). До мажор, ре мажор, диез, бемоль үндестігі. Такт, тактілік сипаты. Фраза. Шумақ. Қайырма. Әннің бастамасы. 2/4 өлшемі.

      9-тақырып. Метр, ритм, өлшем, қарқын. Метр – күшті және әлсіз үлестердің кезектесуі. Метрлік тамыр соғуы. Күшті және әлсіз үлес. Дирижерлік сызба (2/4; 4/4;) және дирижҰрлік қимыл. Ритм. Өлшем және оның белгіленуі. Такт. Қарапайым және күрделі өлшемдер. Затакт. Вокалдық және аспапты топталу ережесі.

      Қарқын – баяу, бірқалыпты, жылдам. Әртүрлі қарқында балалар әндерін орындау. Ойналатын шығарманың қарқыны, сипатын есту қабілеті арқылы анықтау.

      Метр-ритмикалық дағдылар. Үлес-қағыс. Үлестің кезектесуін, нотаның ұзақтығын, ритм буындарын сезіну біліктілігін жасау. 2/4 өлшемдегі дирижерлеу дағдыларын жасау. Ритм буындарын пайдалана отырып, ритмикалық суреттерді шапалақтау.

      10-тақырып. Мәтіннің ритм декламациясы. Қарапайым ритмикалық диктанттар. Әртүрлі ритмикалық ойындар. Қасық, үшбұрыш, трещотка және басқа да соқпалы аспаптарды қолдана отырып, әртүрлі ритмдерді соғу.

      11-тақырып. Музыканы тыңдау. Жанрды (ән, марш, би), сипатты, ладты, регистрді, бояуларды, өлшемді (екі үлесті, үш үлесті, төрт үлесті) анықтай отырып, шағын пьесаларды тыңдау.

      12-тақырып. Ән – музыкалық өнердің ежелгі жанрларының бірі. Әнде поэзия және музыканы біріктіру. Құрылымы және орындау формасы бойынша әнді анықтау: бір дауысты және көп дауысты, жеке орындау және хор, сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз. Әннің құрылымы. Шумақ формасы, әннің бастамасы, қайырмасы.

      13-тақырып. Марш – шеруді сүйемелдеуші музыка жанры. Марштың әртүрлілігі – әскери, спорттық, қаралы, әзіл-сықақтық, балалар, ертегілік, құттықтау. Марштың сипаттамалық белгісі: қадамның бірқалыпты қарқыны, шығарма бойы өзгермеуі, екі немесе төрт үлесті өлшем, әуеннің салтанатты құрылымы, сергек, энергиялық сипаты. Нақты, созылмалы (жиі үзік сызылған) ритмнің ұйымдастырушылық рөлі.

      114. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер. 1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық өнердің пайда болуы және дамуын біледі;

      2) музыканың пайда болуы, атақты әншілер, орындаушылар туралы әртүрлі халық аңыздарын біледі;

      3) мына ұғымдарды біледі: музыкант, композитор, орындаушы, тыңдаушы, қарқын, тембр, жоғары, динамика, пауза, акцент, көңіл күй-екпіндік бояу, лад, мажор, минор;

      4) табиғат көрінісін, жануар, құс, балық бейнелерін бейнелейтін шығармаларды, адамдардың күйзелісін ашатын шығармаларды біледі;

      5) балаларға арнап жазылған әндерді және пьесаларды біледі;

      6) музыканың үш китін (марш, ән, би), марш, бидің әртүрлі түрлерін біледі;

      7) пернетақта, регистрлер, ноталық стан, скрипкалық кілт, әуен, аккомпанемент, қарқын, түстер, октаваның бірінші ноталары, тоника, гамма, тұрақты сатылар, тұрақсыз сатылар, үш дыбыстылық, до мажор, ре мажор, диез, бемоль үндестілігі, такт, тактілік белгі, фраза, шумақ, қайырма, әннің бастамасы, 2/4 өлшем ұғымдарын біледі;

      8) ноталарды және ұзақтықты, кілттерді (бас және скрипкалық), регистрлерді біледі;

      9) музыкалық өнердің, музыкалық жанрдың пайда болуы, музыкалық шығармадағы ритмикалық ерекшеліктер туралы түсінік алады;

      10) ноталық хат жазу дағдыларын меңгереді: нота, пауза ұзақтылығын дұрыс жазу;

      11) тыңдалған музыкалық шығарманың лад, қарқын, өлшем және сипатын есту арқылы анықтай алады;

      12) есепті қолдана отырып, ритмикалық суретті көшіре алады;

      13) музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің негізін, 2\4 өлшемдерін, нота ұзақтығын біледі;

      14) музыкалық шығарманың жанрын, сипатын, ладын, регистрін, түрлерін, өлшемін анықтай алады;

      15) 2/4 өлшемде дирижерлеу дағдыларын меңгереді;

      16) әннің құрылымы және орындау формасын ерекшелігін біледі;

      17) марштың әр түрлерін, марштың сипаттық белгілерін біледі.

      115. 2 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) өтілгенді қайталау, жаңа теориялық деректерді әрі қарай меңгеру, вокалды-екпінді дағдыларды меңгеру, ән айту кезінде дененің дұрыс қалпын қою жұмысын жалғастыру, тыныс алуды қою;

      2) өтілген үндестіліктегі әуенді сольфеджиолау, үшдыбыстылық бойынша жүрістерді қолдана отырып, қарапайым қысқа әуенді парақтан оқу, жанр, сипат, лад, регистр, қарқын, өлшемді анықтай отырып, пьесаны тыңдау;

      3) цирктегі музыканың рөлімен, цирк көрінісін жасаудағы музыка фунциясымен, цирк музыкасының ерекшелігімен, цирк қойылымындағы көркемдік бейнені жасау процесімен танысу;

      4) музыкалық-цирк жанрларымен, цирк қойылымына, цирк номеріне, трюкке арналған музыкадағы әртүрлі музыкалық номерлердің үндестігімен, цирк қойылымына, цирк номеріне, композитор шығармашылығындағы трюкке арналған музыканың үздік үлгілерімен танысу.

      116. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өтілгендерді қайталау. Лад, гамма, тоника, өлшем, сатылар. Теориялық деректер. Табиғи және үлесімді минор ұғымы, пауза (төрттен бірі), затакт, легато, стаккато, реприза.

      2-тақырып. Музыкалық сауаттылық. Метрритм. Ритмикалық топтар: нүктесімен ширектік – сегізінші, төрт он алтылық, сегізінші – екі он алтылық, екі он алтылық – сегізінші; 2\4, 3\4, 4\4 өлшемдерінде. Затакт. Күшті және әлсіз үлестегі паузалар. Лигаланған ноталар. Секвенция. Секвенция ұғымы. Секвенция қадамы. Бағыт (жоғары, төмен).

      3-тақырып. Музыкалық шығармалардың формалары. Музыкалық құрылым (түрткі, фраза, сөйлем, кезең). Музыкалық форма музыкалық материалды (шығарма құрылымы ретіндегі форма, музыкалық материалды дамыту процесі ретіндегі форма) көркемдік ұйымдастыру ретінде. Түрткі. Музыкалық фраза. Кезең және оның құрылымы.

      4-тақырып. Екі бөлікті және үш бөлікті формалар. Екі бөлікті форманың әртүрлілігі: қарама-қарсы, репризалық.

      Үш бөлікті форма. Репризаның әр түрлілігі: нақты немесе дәлме-дәл (dacapo [да капо] формасы); түрі өзгертілген; репризасыз, АВС сызбасы бойынша құрылған репризаның орнына жаңа тақырыптық материал болып табылады.

      Рондо және вариациялар. Қол ұстасып жүріп айтатын қайырмасымен бірге өлеңдерден шыққан рондо формасының пайда болуы.

      Вокалдық және аспаппен сүйемелделген музыкада формаларды қолдану.

      5-тақырып. Вариациялар – тақырыпқа негізделген және оның өзгермелі түрлерінің қайталануындағы музыкалық форма. Музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің есебінен тақырыпты түрлендіру: фактура, үйлесімділік, ритм, өлшем, қарқын, лад, регистр. Вариация формасын қолдану саласы. Түрткі. Фраза. Сөйлем. Қезең.

      6-тақырып. Вокалдық-екпінді дағдылар. Ән айту кезінде дененің дұрыс қалпы. Ән айту алдында еркін дұрыс тыныс алу. Тыныс алуды бірқалыпты үйлестіру біліктілігі. Бір-екі дыбыстағы есту қабілеті бойынша қарапайым шағын ән айтуды үйрену. Педагогтің сүйемелдеуімен сөздері бар ән айту.

      Өтілген үндестіліктегі 2/4 өлшемдегі қарапайым әуендерді дирижерлеумен бірге сольфеджиолау.

      7-тақырып. Музыкалық жанрлар. Жанр ұғымы. Жанр – белгілі бір тарихи сипатымен қалыптасқан музыкалық өнердің түрі. Музыкалық өнерінің дамуы барысында музыкалық жанрлардың пайда болуы.

      Ән, би, марш – адамның тұрмыс тіршілігінде барынша таралған жанрлар. Вокалдық және аспаптардың сүйемелдеуі бойынша музыкадағы жанрлар.

      8-тақырып. Соль мажор, фа мажор, ля минор үндестілігі. Есту интервалдары. Үндестілік үшдыбыстылық, кіріспе дыбыстар, үндестілік әндету.

      9-тақырып. Метрритмикалық дағдылар. Ритмикалық суырып салу. Өтілген ұзақтылықты және ритмді пайдалана отырып, ритмикалық суретті жасау. Ритмикалық аккомпанементті жасау, остинато. 3/4 өлшемі (дирижирлеу). Ритмикалық екі дауысты.

      10-тақырып. Вокалды-екпінді дағдылар. Ән айту, тыныс алуды қою кезінде дене қалпын дұрыс қою жұмысын жалғастыру. Педагогтің сүйемелдеуі және сүйемелдеусіз қарапайым, сөздерімен бірге өлеңдерді, әндерді жаттау және орындау. 2/4 және 3/4 өлшемдегі өтілген үндестілікті дирижерлеудегі әуендерді сольфеджиолау. Үшдыбыстылық бойынша жүрістерді, ән айту тоникасын, тұрақты сатыдағы секіргіштікті пайдалана отырып, қарапайым қысқа әуендерді парақтан оқу.

      11-тақырып. Циклды формалар. Әртүрлі бейнелік мазмұн және құрылымы бойынша бірнеше көбірек немесе азырақ дербес бөлімдерді біртұтас ойда біріктіретін музыкалық форма түсінігі.

      Маңызды циклды музыкалық формалар – сюита, сонатно-симфоникалық цикл, концерт.

      Ежелгі би сюита – бір үндестілікпен біріктірілген әртүрлі қарқын, өлшем, ритм, сипаты бойынша бидің көп жиілік циклы. Сюитадағы билер алмасуының кереғарлығы. Сюитадағы міндетті және қосымша билер.

      Соната-симфониялық цикл. Соната және симфония бөліктерінің дәстүрлі сипаты және формалары. Төрт бөліктік құрылымды белгілеу. Цикл бөліктерінің жүйелілігі. Классикалық симфония мен классикалық соната құрылымымен ұқсастығы. Әрбір бөліктің сипаты және формасы. Соната формасының композициясының негізіндегі кереғарлық ұстанымы.

      12-тақырып. Музыканы тыңдау. Жанр, сипат, лад, регистр, қарқын, өлшемді (2/4 и 3/4) анықтай отырып, пьесаны тыңдау.

      Музыканы тыңдау: музыкалық аспаптардың дауысы: қазақ ұлттық аспаптар, орыс ұлттық аспаптар, скрипка және виолончель; флейта және фагот; гобой және кларнет; валторна және труба; литавра және барабан; фортепиано және клавесин.

      13-тақырып. Цирк – синтетикалық өнер. Музыка цирк өнеріндегі тең құқықты құрам. Цирк көрінісін жасаудағы музыканың қызметі. Манежде әртістің шығуына дейін эмоциялық көңілді жасауда музыканың рөлі.

      Орындаушы жасауға ұмтылған бейнені ашуға қажетті атмосфераны құрудағы музыканың рөлі. Музыкалық дамуы және номердің драматургиясы, оның ритмикалық және пластикалық негізі.

      Музыка – цирк көрінісінің ажырамас бөлігі. Цирктегі музыканың рөлі.

      Халық шығармашылығының барлық түрлері болған ежелгі уақыттан, цивилизацияның туындауынан бергі музыка және цирктің өзара байланысы.

      14-тақырып. Цирк музыкасының ерекшелігі. Цирк көрінісі кезінде ойналатын музыка. Адам сезімін және оның қоршаған ортаға деген сезімін бейнелеудегі музыкалық шығарманың ерекшелігі.

      Цирк көрінісінің ашық және толық бейнесін жасау. Музыканың көрерменге эстетикалық ықпал етуі. Аттракцион және пантомиманы қоюда режиссерлер, суретшілер және жазушылармен бірге композиторлардың қатысуы.

      Композиторлар А. Бабаджанян, В. Белинский, Ю. Саульский, О. Фельцман, А. Лепин, В. Владимирцев, А. Эшпай, Т. Ходорковский, В. Горбулькис – цирк аренасындағы қойылымды жаңа музыкалық ресімдеудің негізін қалаушылар.

      15-тақырып. Музыканы циркте ритмикалық сүйемелдеу ретінде қолдану. Музыка және манеждік әрекет. Жонглерлер, антиподистер, қарқынды акробаттар жұмысының қарқындық және ритмдік сипаты.

      Музыкалық ресімдеу – цирк номерін жеткізудің жоғары формасы (үйлесімді сүйемелдеу). Номер композициясының музыкалық тақырыптарының сәйкес келуі. Музыкалық бейне және манеж бейнесі.

      16-тақырып. Музыка – музыкалық драматургия негізінде композициялық түрде номерді құру, трюк комбинациясында темп пен ритмді ұйымдастыруға қабілетті цирк номерінің жаны. Цирк өнерінің басты арнайы сипатының бірі – сүйемелдеуші оркестр мен манеж әрекетінің тығыз байланысы.

      17-тақырып. Музыкалық цирк жанрларының әртүрлігі: цирк көрінісіне, цирк номеріне, трюкке арналған музыка. Цирк көрінісіне, цирк номеріне, трюкке арналған музыкадағы әртүрлі музыкалық номерлер (әндер, билер, симфониялық эпизодтар).

      Цирк көрінісіне, цирк номеріне, композиторлар шығармашылығындағы трюкке арналған үздік музыка үлгілері. Цирк номерін көркемдік-музыкалық ресімдеу кезінде түсіндірме беретін шешім.

      117. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) табиғи және үйлесімді минор, пауза (төрттен бірі), затакт, легато, стаккато, реприза, үндескен үшдыбыстылық, кіріспе дыбыстар, үндестілікті орындау;

      2) соль мажор, фа мажор, ля минор үндестілігін біледі;

      3) есту арқылы интервалдарды біледі;

      4) қатты және әлсіз үлестегі паузаларды, лигаланған ноталарды секвенцияны, музыкалық шығармалардың формасын, музыкалық құрылымды, музыкалық фразаны, оның кезеңі және құрылымы, цикл формаларын біледі;

      5) әртүрлі екі бөлімді формаларды, репризалар, рондо және вариацияларды, вариация формаларын қолданудың саласын біледі;

      6) метрритмикалық дағдыларды меңгереді;

      7) өтілген ұзақтықтарды және ритмдерді қолдана отырып, ритмикалық суретті жасай алады;

      8) музыкалық фрагментті қарапайым ритмикалық сүйемелдеуді жасай алады;

      9) қарапайым ритмикалық остинато, ритмикалық екі дауыстылықты орындай алады;

      10) 2/4 және 3/4 өлшемді дирижерлеуде өтілген үндестіліктегі әуенді сольфеджиолау алады;

      11) үшдыбыстылық бойынша жүрістерді қолдана отырып, қарапайым қысқа әуендерді, үндестілікті айтуды, тұрақты сатыға секіруді парақтан оқи алады;

      12) цирк көрінісін жасаудағы музыка қызметін біледі;

      13) музыкалық дамуды, номер драматургиясын, оның ритмикалық және пластикалық негізін біледі;

      14) музыка және цирктің өзара байланысын біледі,

      15) цирк музыкасының ерекшелігін біледі;

      16) аттракцион және пантомимиканы қоюға қатысқан атақты композиторлардың, режиссерлердің, суретшілер және жазушылардың есімдерін біледі;

      17) музыкалық тақырыптың номер композициясы, музыкалық бейне және манеж бейнесіне сәйкестігі туралы біледі;

      18) музыкалық-цирк жанрлары, цирк қойылымы, цирк номері, композиторлар шығармашылығындағы трюктердегі музыканың үздік үлгілерін біледі;

      19) қимыл арқылы музыканың мағыналық және эмоциялық бояуларын түсінеді;

      20) цирк номерін көркемдік-музыкалық ресімдеу кезінде түсініктеме беретін шешімдерді іздеу процесінде теориялық білімді қолданады.

      118. 3 сыныптың Бағдарламалық талаптары:

      1) теориялық деректерді әрі қарай меңгеру;

      2) дирижерлеу және әртүрлі өлшемдегі нота, ритмді топтастыру ережесімен, ритмикалық екі дауыстылық, ритмикалық остинато, ритмикалық сүйемелдеумен, ритмикалық суырып салумен әрі қарай танысу;

      3) вокалдық-екпіндік дағдыларды меңгеру, өтілген ритмді қолдана отырып, өтілген үндестіліктегі қарапайым әнді сөздері және ноталарымен жаттау және айту, қарапайым әуенді парақтан оқу, гамма, үш дыбыстылықты, жеке сатылықты орындау;

      4) өтілген ритм және өлшемдегі шығармалармен танысуды жалғастыру.

      119. 3сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Теориялық деректер. Параллель гаммалар. Минор, бекардың үш түрі. Ми минор, ре минор, си бемоль мажор, соль минор үндестілігі, үндестігінің әндетілуі. Үндестік үшдыбыстылық. Есту интервалдары және дыбыстың құрылымы. Мажорлық, минорлық үшдыбыстылықтардың құрамы.

      2-тақырып. Метрритмикалық дағдылар. Дирижерлеу және ноталарды топтаудың, 4/4 өлшемнің ережесі. Дирижерлеу және ноталарды топтаудың, 3/8 өлшемнің ережесі. Әртүрлі өлшемдегі ритм. Екі дауысты ритмділік, ритмді остинато, ритмдік аккомпанементті жасау, ритмдік суырып салу, диктант.

      3-тақырып. Вокалдық-екпін дағдылары. Қарапайым әнді сөздерімен және ноталарымен үндестілікте өтілген 2/4, 3/4, 4/4, 3/8 өлшемдегі ритмді пайдалана отырып, жаттау және орындау; парақтан қарапайым әуенді оқу; 4-6 тактілік көлемдегі таныс әуендерді (өз бетінше есте сақтау бойынша) жазу; гаммаларды, олардағы үшдыбыстылықты, жеке сатыларды орындау.

      4-тақырып. Музыканы тыңдау. Жанр, сипат, лад, регистр, бояулар, өлшемді анықтау арқылы пьесаны тыңдау. Педагог таңдауы бойынша өтілген ритм және өлшемдегі шығармамен танысуды жалғастыру; қарапайым үш бөлікті форма, қарапайым екі бөлікті форма.

      5-тақырып. Вокал жанры. Жанр туралы түсінік. Вокалдық жанрлар – ән, романс. Мәтін және әуеннің қатынасы. Композитордың мәтінге қатысы.

      Поэтикалық және музыкалық бейне. Вокалдық-аспапты – кантата, оратория, месса. Құрылым ерекшелігі.

      6-тақырып. Музкалық-сахналық – опера, оперетта, мюзикл. Вокалдық жанрлар: ән, романс, ария, вокалдық ансамбль, хорлар.

      Романс – сүйемелдеу дауысына (фортепиано, гитара, арфа) арналған шығарма. Өлең мәтінінің әуенмен үзіліссіз байланысы және романсты сүйемелдеудегі мәнерлеу рөлі. Романстағы адамның рухани күйзелісін шеберлікпен жеткізу.

      Осы жанрдағы лирикалық бейнелердің басым болуы. Романс жанрларының әр түрлілігі: элегия, баллада, баркарола. Ария – операдағы, ораториядағы немесе кантатадағы оркестрдің сүйемелдеуімен әншінің орындауындағы формасы бойынша аяқталған номер. Арияның әр түрлілігі – ариетта, ариозо, каватина. Опералық ариялар – басты кейіпкерлердің музыкалық портреті.

      7-тақырып. Вокалдық ансамбльдер, орындаушы (дуэт, трио, квартет) санының тәуелділігіне қарай олардың ерекшелігі. Опералық музыкадағы ансамбльдер. Операдағы хор номерлерінің рөлі. Орындаушылар құрамының (үш қор, екі оркестр, қоңырау) артуына байланысты хор дыбысталуының монументтілігі. Симфониялық музыкаға хордың енуі.

      8-тақырып. Вокалдық музыкадағы шағын формалар. "Форма", "түрткі", "фраза", "сөйлем", "кезең" ұғымдары. Романс жанры. Романстың ерекшеліктері. Романстың шығу тегі. Жанрдың дамуы. Казақ романсы. Орыс романсы.

      9-тақырып. Вокалдық дауыстар. Әйел адамның дауысы. Ер адамның дауысы.

      Сопрано. Меццо-сопрано. Контральто. Тенор. Баритон. Бас.

      10-тақырып. Қазақ вокалдық лирика. Вокалдық музыка жанрлары.

      11-тақырып. Аспаптардың сүйемелдеуіндегі музыкадағы шағын формалар. Этюд. Этюдтің пайда болуы.

      12-тақырып. Теориялық деректер. Параллельді гаммалар. Минор, бекардың үш түрі. Ми минор, ре минор, си бемоль мажор, соль минор үндестілігі, оларды тоникада орындау. Тоникалық үш дыбыстылық. Мажорлық, минорлық үш дыбыстылықтың құрамы.

      13-тақырып. Метрритмикалық дағдылар. Дирижерлеу және ноталарды топтаудың, 4/4 өлшемнің ережесі. Дирижерлеу және ноталарды топтаудың, 3/8 өлшемнің ережесі. Әртүрлі өлшемдегі ритм. Екі дауысты ритмділік, ритмді остинато, ритмдік аккомпанементті жасау, ритмдік суырып салу, диктант.

      14-тақырып. Вокалдық-екпін дағдылары. Қарапайым әнді сөздерімен және ноталарымен үндестілікте өтілген 2/4, 3/4, 4/4, 3/8 өлшемдегі ритмді пайдалана отырып, жаттау және орындау; парақтан қарапайым әуенді оқу; 4-6 такт көлеміндегі таныс әуендерді (өз бетінше есте сақтау бойынша) жазу; гаммаларды, олардағы үш дыбыстылықты, жеке сатыларды орындау.

      15-тақырып. Музыканы тыңдау. Жанр, сипат, лад, регистр, бояулар, өлшемді анықтау арқылы пьесаны тыңдау. Педагог таңдауы бойынша өтілген ритм және өлшемдегі шығармамен танысуды жалғастыру; қарапайым үш бөлімді форма, қарапайым екі бөлімді форма.

      120. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) параллельді гаммалардың, минордың үш түрін, бекар ұғымын біледі;

      2) ми минор, ре минор, си бемоль мажор, соль минор үндестілігін, олардың тоникада орындалуын біледі;

      3) үндестілікті үш дыбыстылықты, есту интервалдарын және жаңғырық құрылымын біледі;

      4) мажор, минор үш дыбыстылығының құрамын біледі;

      5) дирижерлеу және нотаны, 4/4 өлшемді топтастыру ережесін біледі;

      6) дирижерлеу және нотаны, 3/8 өлшемді топтастыру ережесін біледі;

      7) әртүрлі өлшемдегі ритмді, ритмикалық екі дауыстылықты, ритмикалық остинатоны біледі;

      8) ритмикалық сүйемелдеуді шығара алады, ритмикалық суырып салуды жасай алады;

      9) 4-6 такт көлеміндегі таныс әуендерді есте сақтау бойынша өз бетінше жаза алады;

      10) сегізінші, төрттен бір, жартылай тұратын әр түрлі ритмикалық суреттерді шапалақтау арқылы шығара алады;

      11) әр түрлі ұзақтықтардың (тұтас, жартылай, төрттен бірі, сегізінші); үйлесімділігі ретінде ритмикалық сурет туралы түсінік алады;

      12) 2\4; 3\4; 3\8; 4\4 өлшемдерін, синкопаны, ұзын және қысқа пунктирді, музыкалық шығарманың формаларын біледі;

      13) сегізінші және екі он алтылықпен және керісінше 3/8; 4/4; 3\4 өлшемдегі екі алтылық сегізіншіні қолдана отырып, бірге әр түрлі ритмикалық суреттерді шығара алады;

      14) 3/4; 4/4 өлшемдегі қатты және әлсіз үлестерді анықтай алады;

      15) есту арқылы бөліктің ауысуын және әртүрлі бөліктердің сипатын анықтай алады;

      16) зерделенген музыкалық үзіндіні есту арқылы біледі;

      17) 2\4, 3\4; 4\4 өлшемдегі ұзын пунктирді (нүктемен бірге төрттен бір, сегізінші), тербеліс фонындағы есепті қолдана отырып, ритмикалық суретті шығаруды, циклдік формаларды, музыкалық шығарма формаларын біледі;

      18) сегізінші және екі он алтылықпен және керсінше 3/8; 4/4; 3\4 өлшемдегі екі алтылық сегізіншімен бірге шапалақтау арқылы әртүрлі ритмикалық суреттерді шығара алады;

      19) музыкалық жанрларды және музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің негізін түсінеді;

      20) шығарманың жалпы сипатын және бейнелік құрылымын анықтайды;

      21) музыкалық аспаптардың тембрін білу;

      22) музыкалық стиль, жанр және музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің негізін түсінеді;

      23) музыкалық сауат негіздерін біледі;

      24) цирк қойылымына арналған музыкалық шығарманы талдай алады;

      25) вокал жанрын, вокал музыкасының формаларын, вокал дауысын, қазақ вокал лирикасын, аспапты музыканың шағын формаларын біледі.

      121. 4 сыныптағы Бағдарламалық талаптар:

      1) теориялық деректерді әрі қарай меңгеру, ритмикалық суырып салумен жұмыс жасауды жалғастыру, гаммаларды, айналмалы үш дыбыстылықты, ладтың басты үш дыбыстылығын, педагогпен бірге және педагог көмегінсіз әндерді және әуендерді орындау;

      2) пьесаны тыңдау, ноталық мәтін бойынша форма, жанр, сипат, лад, регистр, динамикалық ерекшелік, өлшемді талдау;

      3) әлем халқының әр түрлі билерімен танысу, вариацияны, рондоны меңгеру.

      122. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Теориялық деректер. Интервалдар және үш дыбыстылықтың айналымы; әуендегі аккомпанементтің негізі ретінде ладтың басты үшендыбыстылығы (жете түсіну, нота мәтінін анықтау); интервалдар (есту қабілеті және дыбыстан жоғары жасалуы); ля мажор, фа диез минор үндестілігі.

      2-тақырып. Метрритмикалық дағдылар. Ритмикалық суырып салу, ритмикалық сүйемелдеу және остинатомен жұмысты жалғастыру; ритмикалық партитуралар; ритмикалық диктанттар; ритмдер.

      3-тақырып. Вокалдық-екпінді дағдылар. Гаммаларды, айналымдарымен бірге үш дыбыстылықты, ладтың басты үш дыбыстылығын, мұғалімнің сүйемелдеуімен және сүйемелдеусіз ән мен әуенді орындау.

      4-тақырып. Музыканы тыңдау. Пьесаларды тыңдау: форма, жанр, сипат, лад, регистр, динамикалық боялар, өлшемді ноталық мәтін бойынша талдау; әлем халықтарының әр түрлі билерімен танысу; формалар: вариациялар, рондо.

      5-тақырып. Би – ежелгі музыкалық өнердің жанры. Би жанрының демократиялығы. Бидің адам өмірінде кеңінен таралуы. Ұлттық сипатының, тұрмыс тіршілігінің, адамдар еңбегінің, сондай-ақ дәуірдің ерекшелігін бейнелейтін халық билерінің әр түрлілігі, мазмұнының ерекше байлығы. Қимыл және музыканың байланысы. Көшпелі әлемдегі би мәдениеті. Би әдет-ғұрыптық-діни іс-әрекеті.

      6-тақырып. Би халық шығармашылығының көрінісі. Би дәстүрлерінің, хореографиялық тілі және пластикалық мәнерлеудің, әртүрлі халықтар мәдениетіндегі музыкалық сүйемелдеудің ерекшелігі. Бидегі ұлттық сипат, халықтың рухани әлемі көріністерінің орын алуы.

      7-тақырып. Қимыл және ритм. Тұрмыстық ерекшеліктері бар сипаттағы биді меңгеру. Би түрлері. Метрритмикалық құрылымның ерекшеліктері. Екі үлесті билер: гопак, трепак, полька, краковяк. Үш үлесті билер: лендлер, вальс, менуэт, полонез. Төрт үлесті билер: аллеманда, гавот.

      123. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      2) музыкалық терминологияны біледі;

      3) шығарманың музыкалық формаларын, жанрларын біледі;

      4) практикалық қызметте және күнделікті өмірден алған білім және дағдыларын қолдана алады;

      5) негізгі музыкалық стильдерді, жанрларды және музыкалық мәнерлеу тәсілдерін түсіне алады;

      6) музыкалық шығарманың жалпы сипаттамасын және бейнелік құрылымын анықтай алады;

      7) зерделенген музыкалық шығарманы есту арқылы біледі;

      8) музыкалық аспаптардың тембрін біледі;

      9) би музыкасын (вальс, мазурка, полонез), заманауи бал билерін, модерн стильдерін, джаз және contemporary билерін біледі.

      124. "Грим" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) гуммоз – театр гримін жасауға арналған пластикалық мастика;

      2) гримдеу – бетті бояу;

      3) гримдеудің мүсіндік – көлемді тәсілі – гримдеудің техникалық тәсілі, боялау, жабыстырма, жапсырма, аппликация, бұрау, парик жасаушы бұйымдар қолданылады;

      4) грим – сыртқы келбетіне барынша сахналық бейнеге түрленудегі ұқсастық беру мақсатында жасанды шаш, арнайы бояуларды, шаш қылы немесе пластикалық жабыстырманы қолдана отырып, бетке, денеге жағу арқылы актердің сыртқы келбетін өзгерту өнері;

      5) комедия дель арте – бетперде киген актерлердің қатысуымен, қойылымның қысқа сюжеттік сызбалы мазмұны бар, суырып салу әдісімен құрылған спектакльдерін қамтитын италияндық халық (алаңдық) театрының түрі;

      6) монтюр – жасанды шаштың және тоқыма, шілтер, торғын мата, басқа да парик жасаушы бұйымдардың негізі;

      7) нобайлау – драматургиялық шығарма бейнесіне арналған грим жасаудағы шығармашылық процесс;

      8) портрет гримі – гримдеу өнерінің бөлімі;

      9) постиж (пастиж) – қолдан жасалған шаш бұйымдары: жасанды шаш, шиньон, бұрым, шаш, сондай-ақ мұрт, сақал және кірпік;

      10) парик жасаушы бұйым (постиж) – табиғи және жасанды шаштан дайындалған, гримдеуде кеңінен қолданылатын бұйым;

      11) сәндік косметика – сыртқы түрін жақсартуға және терінің кемшілігін жасыруға, бетке опа-далап жағу, қолға және күтім жасауға арналған арнайы тәсілдер;

      12) La commedia delarte [ля комедия дель арте] – бетперде әзіл-сықақ, халық, аумақ театры.

      125. Бағдарлама мақсаты: білім алушының шығармашылық қабілеттерін гримдеудің техникалық тәсілдерін практикалық меңгеру арқылы дамыту.

      126. Бағдарлама міндеттері.

      Білім беру:

      1) гримнің мәнерлеу тәсілдерінің алуан түрлеріне, түрлеріне, жанрларына, стильдеріне, бетке гримді жағу өнерін үйрету;

      2) гриммен жұмыс жасаудың санитарлық-гигиеналық ережесін, гримдеудің негізгі тәсілдер техникасын және жүйелілігін меңгеру;

      3) цирк номерінде сахналық бейнені жасауға арналған білімін қалыптастыру;

      4) көркемдік бейненің құрамды бөлігінің бірі ретінде гриммен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) бақылаушылықты, шығармашылық қиялдауды және елестетуді дамыту;

      2) зейінді, есте сақтауды, ассоциативті және бе йнелік ойлауды дамыту;

      3) көркемдік талғамды, мөлшерді сезінуге тәрбиелеу және дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) сахналық бейнені және мінезділікті өз бетінше іздеудегі қажеттілікті тәрбиелеу;

      2) білім алушының көркемдік талғамын, эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу, дамыту;

      3) жасалған бейненің көрермендік мәдениетін тәрбиелеу.

      127. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады

      128. Бағдарлама гримдеу өнерінің техникасын меңгеруді, биде сахналық бейнені жасауға үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналады.

      129. Бағдарлама білім алушыларды шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуға бағытталады және гримдеудің техникалық тәсілдерін практикалық меңгеру арқылы цирк номерінде сахналық бейнені жасау тәжірибесін алу үшін жағдай жасайды.

      130. "Грим" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқытудың әдістерін, тәсілдерін және формаларын таңдау нұсқалығы үшін жағдай жасайды.

      131. Сахнада мінездің ішкі ерекшеліктерінің цирк қойылымындағы көркемдік бейнеге түрлену үшін педагог білім алушының адам денесінің қимылымен, пантомимика немесе мимика, музыка, костюм және грим арқылы бейнелейтін сыртқы белгілеріне назар аударады.

      132. Грим бойынша Бағдарлама цирк номерінің идеялық-көркемдік ойын сахнада түрлендіруге мүмкіндік жасайды. Грим цирк әртісі үшін мінездің шығармашылық жұмысы процесінде жасалған сыртқы аяқталуда, ішкі түрленуге арналған көмекші тәсілі ретінде маңызды болып табылады.

      133. Сахналық алаңның ерекшелігін ескере отырып, сахналық бейнені жасау үшін кәсіби опа-далаппен бетті бояу, гримдеу сахналық бетті бояудың басты ерекшелігі болып табылады. Сахналық бетті бояудың басты сапасына бірден көзге көрінуі, оқиғаға сәйкестілігі және орындылығы, ашықтығы жатады.

      134. Сабақтың басында педагог білім алушыны гриммен жұмыс жасауда мөлшерлік сезіміне, жинақылыққа, шыдамдылыққа және белгілі бір уақыт шегінде өз жұмысын ұйымдастыруына тәрбиелейді.

      135. Педагог білім алушыны грим өнерінің дамуымен, гримнің мәнерлеу тәсілдерімен, гримнің түрлерімен, жанрларымен және стильдерімен, гримдеу әдістерімен таныстырады.

      136. Білім алушы гримді жағудың алдында жасалған бейненің тарихын, сахналық алаңның ерекшілігімен, сондай-ақ қарқындылық және түс жарығымен, жарықтың бағытымен, сахнада әртістердің тұрақты орын ауыстыруын ескере отырып, сахнадан көрермен залына дейінгі ара қашықтықпен, сахналық костюмдермен, реквизит және декорациямен танысады.

      137. Грим бойынша практикалық сабақ кезінде гигиена ережесі қатаң қадағаланады. Педагог білім алушыға әрбір әртіске тән бояулармен бірге бет түсін сақтау үшін жалпы түсті іздеуге көмектеседі.

      138. Педагог сабақта білім алушының кейін орындаған практикалық тапсырмаларындағы гримдеу тәсілдерінің үйлесімдігін көрнекі көрсетеді.

      139. Педагог оқытудағы шығармашылық қарым-қатынасты дамыту үшін білім алушының орындаған гримге мұқият талдау жүргізеді, оларды осы процеске тартады.

      140. "Грим" пәнінің "Акробатика", "Гимнастика", "Эквилибристика" "Клоунада", "Жонглерлеу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      141. 1 сыныптағы "Грим" пәні бойынша Бағдарламалық талаптар:

      1) грим тарихы саласындағы білімді меңгеру, сахналық және көркемдік бейнелерін жасаудағы оның маңызын ашу;

      2) гримнің әр түрлі түрлерімен, оны жағу техникасымен танысу;

      3) үлгінің ішкі және сыртқы деректеріне, оның бет келбеті және мимикасына байланысты берілген бейнелерді жасауға, грим тәсілдері арқылы бейненің сыртқы мінездемесіндегі акценттерді анықтау үшін бейнені талдауға үйрету.

      142. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Грим сахналық бейненің құраушы. Грим тарихы. "Грим" сөзінің пайда болуы. Табынушылық кезеңіне дейін алғашқы адамның бойындағы грим өнерінің бастамасы. Анималистикалық, әдет-ғұрыптық, діни бетперделердің пайда болуы. Бетперде тілі. Рухтың бетпердесі, бетперде түрлері.

      Бетперденің символикасы және оны қолдану ауқымы. Антикалық мифологиялық театрдағы грим. "Әрекет етуші келбет" ретіндегі грим-бетперде. Қытай театрындағы көлемді және кескіндемелік бетперделер. Бетперденің ерекшелігі, шартты тіл, олардың психологиялық мәнерлілігі.

      Италия театрларының сипаттамалық ерекшеліктері. Ортағасырлық мистерий және моралите бетперделері. Del arte [дель арте] комедиясының жартылай бетперделері.

      Ф.Ж. Тальма – реалистік гримнің негізін қалаушы. Франциядағы театр өнерінің дамуы. Отандық грим мектебін құрудағы ұлы орыс актерлерінің маңызы.

      2-тақырып. Грим режиссерлердің, суретшілердің, әртістердің идеялық-көркемдік ойын ашатын цирк номерін құраушы. Цирк номеріндегі гримнің маңызы.

      Грим – көркемдік мәнерлеу тәсілі. Гримнің жанрға, қойылымның режиссерлік шешіміне, кезеңге, актердің ойнау мәнеріне, баяндау тәсілдері және амалдарына тәуелділігі. Сахналық бейненің ажырамас бөлігі ретінде гримнің ерекшелігі: бейненің көрнекілігін және нақтылығын арттыру, бейне болмысының ішкі типтік және сипаттылығын барынша шығару, бейненің жас, ұлттық, әлеуметтік және психологиялық белгілерін ашуға арналған актердің сыртқы келбетінің маңызы.

      Гримнің шығарманың стилімен, жанрымен, сипатымен байланысы. Гриммен жұмыс жасау: цирк номеріне арналған гримді табу, табылған гримнің техникалық орындалуы. Ойластырылған гримді орындаудағы гримдеу техникасының маңызы.

      3-тақырып. Жанр, стиль, костюмді безендіру грим жасаудың маңызды факторы. Сахналық алаң, көрермен залының көлемін, электрлік, күндізгі жарықтандыруды ескере отырып гримді әзірлеу. Грим және косметика арасындағы ұқсастық, олардың ерекшелігі. Тұрмыстық, дәрігерлік, гигиеналық косметика.

      Косметолог жұмысымен танысу. Терінің құрылымы. Тері түрлері: құрғақ, бос, майлы, қалыпты. Терінің кемшіліктері – қал, секпіл, мең, тыртық, шор.

      Косметикалық процедуралар: массаж, маска жағу. Бет және шашты күту. Сәндік косметика: бояулар, сүрмелер, далаптар.

      4-тақырып. Гримерлеу және бет анатомиясы негіздері процесіндегі даярлық кезең. Гримерлеудегі кескіндемелік тәсіл. "Жылы және суық түстер" ұғымы. "Түстік гамма", "бояу түстері" ұғымы. Гримдеудің түстік ұстанымы – "жылы" және "суық" түстерінің үйлесімдігінің кезектесуі, жарық және көлеңке, күңгірт көлеңке – беттің көлемдік бейнесін береді.

      Жарық – жарқындылық, көлеңке, ойық. "Дақ" ұғымы және оның тағайындалуы. "Жоққа шығарудың" өңдеу тәсілдері. Гримдеу кезіндегі жүйелілік. Практикалық сабақ. Бетке грим бояуларын жағу ережесі. Гримнің негізгі бояу және түстерімен танысу: жалпы бояуды, күңгірт түстерін құрастыру.

      5-тақырып. Гримдеу техникасы. Гримнің анатомиялық негізі. Мимикалық мәнерлілік. Бас сүйек гримі. Бас сүйек құрылымен танысу: сүйектер, ойымдар. Бояулар, күңгірт көлеңке – дөңес сүйектерді бейнелеу тәсілі. "Қайта жасау", грим көмегі арқылы актердің келбетін өзгерту. "Классикалық" пішін, бетті бөлу, "классикалық бет", "түзу сопақша".

      Актердің бетіне жарық түсіру. Бұлшықеттер, олардың жұмысы, бет мимикасына әсер ету. Көрініс: ашу, қуаныш, көңілсіз, қайғы, мұң.

      6-тақырып. Грим жасау процесі. Грим жасау кезеңдері: танымдық процесі, материалды жинау процесі, гримнің түрленуі.

      7-тақырып. Гримнің техникалық тәсілі. Грим комнатасын жабдықтау. Жарық, сумен жабдықтау көздері. Әртістің жұмыс орны. Практикалық сабақ. Грим гигиенасы және гримдегі техникалық тәсіл. Гримдеуге арналған жұмыс орны. Грим кабинетін жабдықтау.

      8-тақырып. Грим бұйымдары. Грим бұйымдарының құрамы және сапасы, олардың өнімдік сипаттамасы. Грим бұйымдары және құралдар.

      Парик жасайтын бұйымдар.

      9-тақырып. Грим гигиенасы. Жұмыс орнының тазалығын қадағалау. Сақтау және күтім. Гримдеу, жағылған гримді сүрту процесінің жүйелілігі.

      Бөлмені жинау, ауаны тазарту, үстелді, айнаны, құралдарды жуу. Қол мен бетті жуу.

      10-тақырып. Нобайлау. Цирк номерінің үлгісіне арналған гримді жасаудағы шығармашылық процесі. Бейненің сауалнамасын құрастыру. Дәуірлерді зерттеу. Рөлді орындаушының бетін бояу. Нобайды құру.

      11-тақырып. Гримдеу техникасы. Гримнің анатомиялық негізі. Мимикалық әлпет. Бас сүйек гримі. Бас сүйек құрылымымен таныстыру: сүйектер, ойымдар.

      Бояулар, күңгірт көлеңке – дөңес сүйектерді бейнелеу тәсілдері. "Қайта жасау", гримнің көмегі арқылы әртістің бетін өзгеруі. Бұлшықеттер, олардың жұмысы, бет мимикасын әсері.

      12-тақырып. Бетті жеке гримдеуге даярлау. Жұмыс орнын даярлау. Бетке негізгі бояуды жағу. Қас, көз, маңдай, иек, жақ, мұрынды үлкейту, кішірейту.

      Практикалық сабақ. Кәрі, жүдеу, толық, бала беттерін зерделеу. Сауалнама, мінездеме құрастыру. Түстік гамманы таңдау. Негізгі бояуды жағу, бет формасымен жұмыс. Парикті, денедегі түктер – сақал, мұрт, жақ сақалын қолдану. Шаштың ағаруы, оның гримдегі рөлі.

      13-тақырып. Гримнің техникалық тәсілдері. Гримдегі кескіндемелік және мүсіндік-көлемдік тәсілдің ерекшелігі. Гримдегі кескіндемелік тәсіл. Жарықтың үйлесімді және үйлесімсіз дыбысталуы. Спектр, түстің кеңістіктегі қасиеттері.

      Жылы және суық түстер, оларды қолдану. Жарықтың шағылысуы және жұтылуы. Түстің көмегі арқылы форманы үлкейту және азайту. Грим бояуларының құрамы, әртүрлі түстер және бояуларды құрастыру.

      Гримдегі негізгі күңгірт бояулары, ақ және қара түстердің көмекші рөлі. Беттің мүсіндік-көлемді бөлшектері. Бөлшек түрлерімен танысу: папье-маше, мақта жабыстырмасы, гуммозды жабыстыру, пластикалық бөлшектер; оларды дайындау и пайдалану. Гуммоз. Монтюр. Гуммозды мұрынды жабыстыру, гриммен бояу, опа жағу процесі.

      14-тақырып. Гримдегі кескіндемелік тәсіл. Бетті бейнелеу. Қас, мұрын, ауыздың әртүрлі формалары. Бетті сызық-кескіндемелік техникамен өзгеру. Гримнің бет әлпетіне әсері. Адамның эмоциялық жағдайы: мейірімділік және ызалану. Осы жағдайды көрсетудегі қас, мұрын, ауыз формаларының рөлі.

      15-тақырып. Көз формасы. Көз, олардың құрылымы, әр түрлілігі. Нәсілдік форманың пластикалық ерекшелігі. Көзді сүрмелеу тәсілдері: айқындылықты арттыру, көлемін кішірейту, көлемін үлкейту. Монғолдық көздің формасы. Әжім, қыртыс және терінің ісіну имитациясы. Әжімдер, қыртыстар және терінің ісінуі. Терінің босауы, бұлшық еттің кәрі жаста салбырауы. Әжімнің қалыптасу процесі.

      Бұлшық етті қысқарту арқылы қыртыс және әжімнің пайда болуы, олардың пайда болуына көңіл аудару, ойымды сыртының ағаруы, екі түсті қарайту, олардың күңгіртке айналуы, күңгірт қара және ақшыл бөлімдеріне акцент жасау, опа жағу.

      16-тақырып. Гримдеудегі мүсінді-көлемдік процесс. Беттің физикалық өзгеруі. Теріні газ және капрон ленталармен тарту арқылы бетті өзгерту.

      Мастика, лак, сабын жағу арқылы қасты, самайды, сақалды, дақты тұтастай кетіру иллюзиясы. Мұрын, көз, жақты тарту техникасы.

      143. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гриммен жұмыс жасау қағидаттарын, жағу ережесін, гигиеналық нормаларын біледі;

      2) бейненің анатомиялық сыртқы келбеті және мінезіне сәйкес грим түрлерін жағу ерекшеліктерін біледі;

      3) алған білім және біліктерін практикада (цирк қойылымы, цирк номері, трюк) қолдана алады;

      4) қарапайым мінездемелік гримдерді таңдай алады және орындай алады;

      5) шығармашылық қызметтің дағдыларын меңгереді;

      6) өзінің еңбегін әділ бағалай алады.

      144. 2 сыныптағы "Грим" пәні бойынша Бағдарламалық талаптар:

      1) грим тарихы саласындағы білімді меңгеру, сахналық және көркемдік бейнені жасаудағы оның маңызын ашу;

      2) гримнің әр түрлі түрлерімен, оны жағу техникасымен таныстыру;

      3) үлгінің ішкі және сыртқы деректеріне, оның бет келбеті және мимикасына байланысты берілген бейнелерді жасауға, грим тәсілдері арқылы бейненің сыртқы мінездемесіндегі акценттерді анықтау үшін бейнені талдауға үйрету.

      145. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Бет фактурасы және жарақат. Бет фактурасы және кейіпкерлердің қимыл кезінде алған жарақаты. Терінің тершеңдік, жел тиген, шешек ауруымен ауырған, бұдырлы, қырылмаған ерекше жағдайы.

      Жара, тыртық, көгерген, күйген, сынық тістер. Осы үлгілерді білім алушының бетіне және қолына жасау техникалары.

      2-тақырып. Жасанды шаш, дене түктерін қолдана отырып, гримдеу тәсілі. Гримдегі парик, дене түктерінің ролі және маңызы. Жасанды шашты қию, бекіту. Жасанды шаштың түрлері. Жасанды шаш арқылы жасаралық ерекшелігін, ұлтты, мінезін, сәнді жеткізу. Жасанды шашты сақтау, күтім.

      3-тақырып. Бейнені толық жасау. Жасаралық грим. Жасаралық гримді орындау кезеңдері. Жасару, орта жастың имитациясы, бетке кәрілік беру иллюзиясы. Қол буынын, мойын, сән үлгісін гриммен өзгерту.

      4-тақырып. Ұлттық грим. Нәсілдер, олардың бас құрылымы, көз, мұрын, ауыз формасы, шаш және терісінің түсі бойынша олардың ерекшеліктері. Ұлттық түрінің ерекшелігі. Шетел классиктерінің пьесаларында ұлттық гримді қолдану.

      5-тақырып. Мінезді сипаттайтын грим және пьеса кейіпкерлерінің психологиялық ерекшелігін ашудағы оның рөлі. Адамның сыртқы келбетінде мінездің басым сипаттарының пайда болуы: ақкөңілділікті, айлакерлікті, көңілсіздікті, зұлымдықты тұрақты көрсету. Беттің эмоциялық-мимикалық әлпеті және оны гриммен бекіту. Кейіпкердің мінезді сипаттайтын гримі. Қарама-қарсы жынысты орындаудағы кейіпкердің мінездемелік гримі.

      Мінезді айқындаудағы сәнді шаш үлгісінің рөлі.

      6-тақырып. Грим портреті. Грим портреті және оның тарихи, өмірбаян және мемуарлы жанрлық пьесалардағы маңызы. Грим портретінің ерекшелігі. Портреттік ұқсастыққа қол жеткізу үшін фото құжаттарды және иллюстративті материалдарды қолдану.

      7-тақырып. Гротеск және ертегілік грим. Гротеск, карикатура, ертегі, шаржа секілді көркемдік жанрлардың тағайындалуы, бейнелеу тәсілдері және өзгеше ерекшеліктері. Кескіндемелік, графикалық, көлемді-мүсіндік, шартты-плакаттық тәсілдері арқылы гримді орындау.

      8-тақырып. Цирк номеріне арналған грим. Оқу цирк номеріндегі өз кейіпкерінің сыртқы келбетін меңгерілген материал базасында жасау.

      9-тақырып. Жасалған номердегі бейнеге сәйкес гримді дұрыс жағу біліктілігі. Сахналық грим.

      10-тақырып. Әзіл-сықақ гримі. Сайқымазақ гримі – оның ажырамас бейнесін қамтитын, әртістік және жеке белгісі. Ақ және жирен сайқымазақ.

      Ақ сайқымазақ бет бояуының белгісі: беттің ақшыл түсі, күңгірт қара немесе қара штрихтар (көздің бояуы, қастары үйшік секілді, кішкентай сүрмелі еріндер немесе ауыз бұрышының салбырауы; кейде көздің жасы суреттеледі).

      Жирен сайқымазақ белгісі: әртүрлі немесе ашық жасанды шаш, қызыл үлкен мұрын, қанық түс және көзді, қасты, ерінді, секпілді немесе басқа да өзгеше бөліктерін салудағы бояулар.

      11-тақырып. Бейнелік грим. Белгілі тарихи, әдеби, саяси немесе ертегілік кейіпкердің, атақты поп-жұлдыздың стилінде көркем бейнені жасау.

      12-тақырып. Сахналық грим. Гримердің басты міндеті – әрбір спектакль кейіпкерінің сыртқы айқын бейнесін табу. Кейіпкердің рухани және физикалық бейнесін, мінезін жасау.

      Гримнің алғашқы нобайлары. Гриммен жұмыс – көркемдік бейненің құрамдас бөлігіндегі жұмыстың бірі.

      Актердің бет, бойы, барлық тұлғасының ерекшелігі. Гримердің міндеті – актердің рөлін ойнап шығуға көмектесу.

      13-тақырып. Әзіл-сықақ гримі. Әзіл-сықақ кейіпкерінің сызбасы: жоғары қысаң маңдай, ерсі бояу жағылған беттің солғын кейпі, таңданған кейіптегі көтеріңкі қас, қысыңқы ерін.

      14-тақырып. Бейнелік грим. Орындау технологиясы.

      146. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) гримнің көмегімен терінің ерекше қалпын, жараны, тыртықты, көгерген жерді, күйікті, сынық тістерді имитациялауды үйренеді;

      2) жасанды шаш, дене түктерін қолдана отырып, гримдеу тәсілдерін біледі, жасанды шаштың көмегімен жасаралық ерекшеліктерді, ұлтын, адамның мінезін жеткізуді біледі;

      3) жасаралық гримді орындау стадиясын біледі, адамның жасын имитациялауды, жас, кәрі беттің иллюзиясын жасауды біледі;

      4) қол буынын гриммен өзгертеді, сәнді шаш үлгісін жасайды;

      5) ұлттық гримді жасауды біледі;

      6) беттің эмоциялық-мимикалық әлпетін жасауды, оны гриммен бекітуді біледі;

      7) портрет гримінің ерекшелігін біледі;

      8) кескіндемелік, графикалық, көлемді-мүсіндік, шартты-плакаттық тәсілдер арқылы гротеск және ертегілік гримді орындайды;

      9) игерілген материал негізінде оқу цирк номеріндегі өз кейіпкерінің сыртқы келбетін жасай алады;

      10) жасалған цирк номеріндегі бейнеге сәйкес сахналық гримді дұрыс жағуды біледі;

      11) жасалған цирк номеріндегі бейнеге сәйкес әзіл-сықақ гримді дұрыс жағуды біледі;

      12) атақты тарихи, әдеби, саяси немесе ертегілік кейіпкер, атақты поп-жұлдыздың стилінде грим арқылы белгілі бір көркемдік бейнені жасай алады;

      13) сахналық, әзіл-сықақты бейнелік гримдердің орындалу технологиясын біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      147. Білім алушылардың "Хореография" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (ритмикалық этюдтер);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (ортадағы экзерсис: би қадамдары, қимылды үйлестіру жаттығуы, кеңістікте бағдарлау, секірулер, партерлік гимнастика жаттығуы);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (қазақ, орыс халықтары билерінің қимылы);

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (заманауи билердің элементтері).

      148. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарын ескереді:

      1) оқу материалын меңгеру;

      2) табиғи қабілеттерін дамыту (музыкалық есту қабілеті, ритм, үйлестіру, дене сымбаты, аяқты сыртқа шығару, қадам, табан, апломб, вестибулярлық аппарат);

      3) элементарлы би түсініктерін білу;

      4) музыкалық бейнені қабылдау (музыкаға деген эмоциялық ықыластылық, суырып салуды білу);

      5) музыкалық сауат саласында элементарлы білімді білу (сипат, қарқындар, динамикалық түрлер, ритмикалық сурет, музыкалық шығарманың құрылымы).

      149. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – қимылды сапалы, мағыналық түрде орындау және белгілі бір би бағытындағы би дағдыларын меңгеру;

      2) "4" "жақсы" бағасы – би қимылдарын техникалық жоспарда, көркемдік мағынада сәл ғана кемшіліктермен сауатты орындау;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – көп кемшіліктер санымен орындау, би элементтерін нашар білуі және би байланыстарын орындаудағы жиі түзетулер;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қимылды сауатсыз және айқынсыз орындау, нашар техникалық дайындық, орындау еркіндігінің болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      150. Білім алушылардың "Театр шеберлігі" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      151. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ ("Жануарды, заттарды менің бақылауым" этюд);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ ("Мен - ұсынылған жағдайларда" этюді);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (ішкі сезіміне әсер ететін этюд, көпшілік алдында өзін жалғыз сезіну);

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (пластикалық этюд, музыкалық-пластикалық суырып салу).

      152. Хореографиялық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен құралады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескереді:

      1) этюд сценарийінің біртумалығы;

      2) этюдті орындау техникасын меңгеру: сценарийлік материалды қою шешімі;

      3) этюд кейіпкерінің ашық бейнесін жасауда орындаушымен жұмыс жасай білуі;

      4) этюдтен жалпы әсер алу: білім алушының (қабілеті) мүмкіндігі, оның жетістігі, әртістік шеберлігі.

      153. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – мимика, пантомима, қимыл, екпін тәсілдері арқылы шығарманы суырып салу, кеңістікте жақсы бағдарлану, қимылды, ишаратты, мәтінді жылдам, дәл есте сақтау; кейіпкердің эмоциялық жағдайын дәл жеткізу, жағдай айқын және жан-жақты суреттелген;

      2) "4" "жақсы" бағасы – мимика, пантомима, қимыл, екпін тәсілдері арқылы шығарманы суырып салу; кеңістікте жақсы бағдарлану; мәтіннің есте сақталуы нормаға сәйкес келеді; кейіпкердің эмоциялық жағдайы көрерменге түсінікті жеткізілуі; жағдай жақсы суреттелген;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – суырып салуда сәл ғана қателіктер жіберілген, кеңістікте қанағаттанарлық деңгейде бағдарлануы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" – оқу бағдарламасы талаптарының орындалмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

      154. Білім алушылардың "Музыкалық сауат, музыканы тыңдау" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (тыңдалған пьесаның жанрын, сипатын, ладын, регистрін, түрін, өлшемін анықтау);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (жанр, мінездеме, лад, регистр, түрлер, цирк номерін музыкалық ресімдеу өлшемі);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (2/4, 3/4, 4/4, 3/8 өлшемдегі өтілген ритммен бірге үндестіліктегі әнді сөздері және ноталарымен орындау; қарапайым әуенді парақтан оқу, 4-6 такт көлемдегі таныс әуендерді есте сақтау бойынша өз бетінше жазу;

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (ноталық мәтін бойынша жанр, сипатын, лад, регистр, динамикалық түрлерді, пьесаның өлшемін талдау).

      155. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) өнер ретінде музыканың ерекшелігін біледі;

      2) цирк өнеріндегі өзекті болатын музыкалық терминологиясын біледі;

      3) музыкалық сауат негіздерін (өлшем, динамика, қарқын, музыкалық шығарманың құрылымы) біледі;

      4) эмоциялық-бейнелік қабылдау және музыкалық шығарманы сипаттауды біледі;

      5) цирк өнерінде өзекті болатын музыкалық терминологияны қолдануды біледі;

      6) жеке музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырата алады;

      7) метр, ритм және күрделі емес музыкалық шығарманың әуенін есте сақтайды және орындай алады (интонациялау, санап шығу).

      156. Бағалау өлшемдері:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – ұғымды және терминдерді дұрыс анықтау; музыкалық шығарма мазмұны сипатын, музыкалық мәнерлеу тәсілдерін қамтитын толық жауап;

      2) "4" "жақсы" бағасы – ұғымды және терминдерді дұрыс анықтау; педагогтің жетекші сұрақтарымен бірге музыкалық шығарманың мазмұны, музыкалық мәнерлеу тәсілдері;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – музыкалық мәнерлеу тәсілдерінің жеткіліксіз ашылған, педагогтің бірнеше жетекші сұрақтары болуы мүмкін;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" – оқу материалын білмеуі және түсінбеуі.

      157. Білім алушылардың "Грим" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      158. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ ("Грим бейнесі" жобасы);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ ("Ақ сайқымазақтың бет бояуы", "Жирен сайқымазақтың бет бояуы").

      159. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) гримнің негізгі элементтерін білу;

      2) гримді мәнерлеудің негізгі тәсілдерін білу;

      3) гриммен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін білу;

      4) гримнің пайда болу тарихын білу;

      5) кәсіби терминологияны білу.

      160. Бағалау өлшемдері:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – пәнге деген қызығушылығы, қойылған сұрақтарға сауатты жауап беру, теорияны тереңнен білу, гриммен жоғары деңгейде жұмыс жасай алуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – қойылған сұрақтарға сауатты жауап беру, бірақ шағын кемшіліктерімен бірге, пәнге деген қызығушылық;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – теориялық дайындығы нашар, меңгерілген материалдағы бірнеше элементтердің болуы, ынтасының болмауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" – теориялық және пркатикалық дайындығының болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
65-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Сахна тілі" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Сахна тілі" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сахна тілі" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – спектакльдерде және кинода рөлдерді орындаушы;

      2) актерлік өнер – сахналық бейнелерді жасау өнері; орындаушылық өнердің түрі;

      3) артикуляциялық аппарат – сөз дыбыстарын қалыптастыратын дауыс аппаратының бөлігі;

      4) артикуляциялық гимнастика – бірі артикуляциялық мүшелердің қозғалғыштығын жақсартуға көмектесетін, екіншілері – қимылдардың көлемі мен күшін арттыратын, үшіншісі қандай да бір дыбысты шығаруға қажетті еріннің, тілдің қалпын машықтандыратын жаттығулар кешені;

      5) бейнелі ойлау – түпкі ойдың пайда болуы, спектакльді қою, елестету процесіне қажетті өмір суреттерін, өнерді олардың көркемдік мағынасында қабылдау және түсіну қасиеттері;

      6) бұлшық еттердің еркіндігі – тыныс алу процесіне, фонация және дикцияға қатысатын бұлшық еттердің қысылуы және физикалық жиырылуы болмайтын еркін қалпы;

      7) бұлшық еттердің белсенділігі – босаңсуға жол бермейтін, дауыс желбезектерінің, көмей бұлшық еттерінің, кеңірдектің және барлық сөйлеу аппаратының күйі;

      8) бұлшық еттерді босату (дене қысылуларын босату) – мәнерлі және шынайы қозғалу білігін пысықтауға арналған тренингтер, жаттығулар;

      9) дайындық – актерлердің және қосымша қызметтердің көмегімен болашақ спектакльге дайындалу және алдын ала қойып көру; номерді дайындау және сахнада орындау;

      10) дауыс төзімділігі – салдарынан дыбысталу сапасының нашарлауын тудыратын бұлшық еттердің шаршауы жүзеге аспайтын кездегі тіл аппаратын меңгеру түрі;

      11) дауыстың тембрлік қозғалмалығы – дыбысталатын дауыстың әр түрлі сапасымен құбылту білігі, рөлмен жұмыс істеу кезінде дауыстың эмоциялық бояуларын, әр түрлі обертондарды қолдану;

      12) диалог – екі немесе бірнеше тұлғаның әңгімесі, өзара ілеспе сөздер алмасудан құралған сөйлеу формасы;

      13) диапазон – дауыстың ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      14) динамикалық диапазон – актердің дауыстың тембрлік бояуын жоғалтпай, дыбыстың әр түрлі күші кезінде дауысты қолдану білігі;

      15) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      16) дыбыс шығару (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппараты әрекетінің нәтижесі;

      18) жоғары дыбысты диапазон – актердің ең төменгіден ең жоғарғы дыбысқа дейінгі сөйлеу дауысының максималды үн көлемін қолдану білігі;

      19) көлемділік – дауыстың терең, қоңырқай, жұмыр, жұмсақ бола білу қасиеті;

      20) қойылым – спектакльді, фильмді, цирк және эстрадалық көрсетілімді құрудың шығармашылық процесі;

      21) қуыршақ жүргізуші – қуыршақтардың өнер көрсетуін жүргізетін адам, қуыршақ театрының актері;

      22) қуыршақ театры – қуыршақ өнерінің бір түрі, оған мультипликациялық және мультипликациялық емес анимациялық кино өнері, эстраданың қуыршақ өнері және телевидениенің көркем қуыршақ өнері кіреді;

      23) мимика – беттің бұлшық еттерінің мәнерлі қимылы, адамның қандай да бір сезімін жеткізетін формалардың бірі болып табылады;

      24) монолог – басым жағдайда драмалық шығармалардағы әрекет етуші тұлғаның сөзі, кейіпкерлердің өзара сөзбен араласу шеңберінен шығу және диалогтан ерекшелігі, тікелей жауап қайтаруды қажет етпейді; көрермендерге немесе өзіне қаратылып айтылған сөз;

      25) орындаушылық өнер – кәсіби тәсілдер жиынтығы, оларсыз концерттік немесе басқа сахналық қызметті елестету мүмкін емес;

      26) өнер – әлемді рухани-практикалық меңгерудің ерекше түрі, жасампаздық, тану, адамзат арасындағы арақатынасты бағалау бірлігі;

      27) пантомима – сөзді қолданбай, дене пластикасы арқылы көркемдік бейнені жасу құралы болып табылатын сахна өнерінің түрі;

      28) сахна тілі – актер мәнерлігінің негізгі кәсіби құралдарының бірі;

      29) сахналық бейне – актердің жеке мінездемесінен, оның психоэмоциялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ сахналық қалауынан құралған актердің немесе әртістің жиынтық бейнесі;

      30) сахналық зейін – көру, есту, сезу, түйсіну, дәм арқылы сыртқы әлемнің нысандарын қабылдау;

      31) суырып салу – шығармашылықтың ерекше түрі; алдын ала ешқандай дайындық жүргізбей, ойламаған жерден, кенеттен орындау;

      32) сөзбен әрекет ету – серіктестің ойын өзгерту мақсатында оның санасына әсер ету, әрекет етушінің мүддесі үшін "бейімдеу";

      33) тембр – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыстың ерекше сипаттарының бірі (оның жоғарылығымен, қаттылығымен және ұзақтығымен қатар);

      34) тіл мәдениеті – эстетиканың стилистика, фонетика және орфоэпия заңдылықтарын, тіл әдістемесі және қисынын қамтитын бөлімі;

      35) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      36) ырғақтау – вокалда немесе музыкалық аспапта дыбыстық үнді таза шығару білігі;

      37) этюд – актердің шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаттығудың түрі.

      3. Пәннің мақсаты: сахна тілі негіздерін үйрету арқылы білім алушы тұлғасын кешенді эстетикалық дамытуға жағдай жасау.

      4. Пәннің міндеттері.

      Оқыту:

      1) театр өнері әлемімен танысу;

      2) сахна тілі негіздерін меңгеру;

      3) сахна тілінің негізгі орфоэпиялық заңдылықтарын меңгеру;

      4) тынысты, дауысты, барлық тіл аппаратының қарапайым дағдыларын және оны дұрыс пайдалану білігін үйрету;

      5) мәтінді ырғақты-логикалық талдауды оқыту;

      6) сахна қозғалысы, пластика негіздерін меңгеру;

      7) алған біліктері мен практикалық дағдыларын шығармашылықпен қолдануға оқыту;

      8) әр баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сөйлеу техникасын меңгеру.

      Дамыту:

      1) білім алушының сөзді естуін, ритм сезімін, зейінін, есте сақтау жадын, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) сөйлеу дауысының диапазонын, қалықтауын, шыдамдылығын, күшін дамыту;

      3) дикциялық, ырғақтық-әуенділік және орфоэпиялық мәдениетті дамыту;

      4) сахна шеберлігі дағдысын игеру;

      5) сөз арқылы көрермендердің жігеріне, ойлауына, эмоциялық күйіне, қиялына, назарына әсер ету білігін дамыту;

      6) туған тілге деген тұрақты сүйіспеншілікті дағдыландыру және тіл техникасы бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу;

      2) білім алушының рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) тек театрды ғана емес, сондай-ақ өнерді толығымен дұрыс эстетикалық қабылдау.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Бағдарлама өнер мектептерінің қуыршақ театры бөлімдерінің білім алушыларына арналған.

      Оқытудың негізгі курсына дайындау үшін алты-он екі жастағы балалармен дайындық топтарында сабақтар жүргізіледі. Дайындық тобындағы білім алушылардың сандық құрамы – 8-10 адам.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс және сол сияқты);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      11. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      12. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      13. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) сахна тілін игерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      14. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог сахна тілін меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында театрға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) тынысты, дауысты, дикцияны, заманауи әдеби тіл дағдыларын, сөзге деген шығармашылық көзқарастары, ауызша тілдің мәнерлік құралдарын меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) мәдени сахналық және әдеби мұраға араластыру;

      5) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыға тіл аппаратын игеруде қажетті дағдыларды және оңтайлы қолдану білігін дағдыландыру мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі шығармалармен жұмыста іске асырылады.

      18. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының эстетикалық талғамын қалыптастыруға, актерлік қабілеттерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының көркем-эстетикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты оқытудың мазмұны деңгейінде барлық сыныптар арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты тілдің орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      22. "Сахна тілі" пәніне жеке және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – сахна тілін кешенді меңгеруге арналған жаттығулар, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – артикуляциялық тренингтер, тыныс алу жаттығулары, шығармаларды өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс істеу, дайындық;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, жеке қабілеттерінің даму деңгейі. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) өзіндік жұмыс;

      3) тренингтер;

      4) этюдтық дайындықтар;

      5) спектакль эпизодтарын дайындау.

      26. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      27. Педагогтің білім алушымен жеке және топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      28. Сабақтың бағдарламасы бір уақытты жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      29. Сабақтан тыс жұмыстың түрлері:

      1) спектакльдерге, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      4) театр актерларымен, өнертанушылармен кездесу.

      30. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      31. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар күрделілік деңгейі бойынша бір бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      32. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) тыныс алу жаттығулары;

      2) артикуляциялық гимнастика;

      3) әдеби шығармалардың мәтіндерімен жұмыс.

      33. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген жеке жоспарға өзгерістер енгізеді, жылдың соңында оның дамуына, білім алушының жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      34. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме оның даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) табиғи дауыс-тіл қабілеттері;

      2) жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін дамыту;

      3) тіл техникасын, арнайы іріктеліп алынған репертуарды меңгеру;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (ынталылық, қажырлылық);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) тіл дамуындағы кемшіліктер және оларды жою бойынша міндеттер.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      35. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      36. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      37. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) өз бетінше жаттығу;

      2) тыныс алу жаттығулары;

      3) аралас-диафрагмалық тынысты меңгеруге арналған жаттығулар;

      4) мимикалық гимнастика;

      5) дикцияға арналған жаттығулар;

      6) артикуляциялық жаттығулар.

      38. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      39. "Сахна тілі" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "Дауысты қою (вокал)", "Сахна қозғалысының негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      40. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы дауыс аппаратының құрылымымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерімен танысады;

      2) дұрыс дыбыс құрауды (жұмсақ шабуыл), көмейдің тұрақты қалпын сақтауды, иықтарын көтермей жайлы тыныс алуды, сөйлеу кезінде тыныс алу күйін сақтауды және қалыпты, үнемді дем шығаруды үйренеді;

      3) дұрыс тыныс алу негіздері, артикуляциялық дағдылары қалыптастырылады, есту қабілеті, дауысы, дұрыс ұстанымды сақтау білігі дамытылады, тілдегі көркем мәнерлеу құралдарына назар аударылады;

      4) білім алушы оқу кезінде автордың ойын логикалық тұрғыдан дұрыс және таза жеткізуді меңгереді, бейнеленген көріністердің мағынасын түсінуді үйренеді;

      5) білім алушы психофизикалық тренинг бойынша 2-3 жаттығуды, денені ширату және дайындау тәсілдерін, 2-4 жаңылтпашты, тілге арналған тренингтің 3-5 жаттығуын меңгереді.

      41. Даярлық сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Балалармен танысу. Сыныпта өзін ұстау ережелерімен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Театр өнері туралы әңгіме. Қуыршақ театры – өнердің бір түрі. Қуыршақ театры өнері. Түрлі жүйелердегі қуыршақтарды көрсету.

      3-тақырып. Ежелгі Грециядан біздің заманымызға дейінгі шешендік өнердің тарихымен танысу. Сөз – театрдағы басты мәнерлеу құралдарының бірі.

      4-тақырып. Білім алушылардың дауыс-тіл аппараттарының жеке ерекшеліктерімен танысу. Өлең үзінділерін оқу. Білім алушылардың дауыс ерекшеліктерін анықтау. Дұрыс тыныс алуды және дыбыстауды тәрбиелеуге арналған жаттығудың түрін анықтау.

      5-тақырып. Дауыстың анатомиялық құрылымы туралы қарапайым мағлұматтар. Тыныс алу және дауыс аппаратының физиологиясы. Тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасы.

      6-тақырып. Физиологиялық және сөйлеу кезіндегі тыныстың ерекшеліктері. Тіл аппаратының құрылымы және жұмысы. Тіл аппаратын дыбыс шығаруға дайындау. Дауыс-тіл аппаратымен танысу.

      7-тақырып. Бұлшық еттің тырысуларын босату. Дененің қалпы. Дене бұлшық еттерін босатуға және тырыстыруға арналған жаттығулар. Тыныс алу процесіне қатысатын бұлшық еттерді сылау. Гигиеналық сылау.

      8-тақырып. Дене мүсіні. Өз денесімен жұмыс істеу кезінде абсолютті бұлшық ет еркіндігіне, жеңілділікке және сенімділікке қол жеткізуге бағытталған практикалық жаттығулар. Дененің тырысуын босату, сенімсіздік пен үрейден арылу.

      9-тақырып. Тыныс. Тыныс – сөйлеу кезіндегі дауысты қою негізі. Тыныс алу жүйесінің құрылымы. Тыныстың түрлері. Білім алушылардың тыныстарының түрін анықтау. Тыныспен жұмыс.

      10-тақырып. Аралас-диафрагмалық тыныс дағдысын тәрбиелеу. Сараланған тыныс алу және демді шығаруды меңгеру. Сөйлеудегі, сондай-ақ ән айтудағы демді ұзақтау шығаруды тәрбиелеу.

      11-тақырып. Артикуляциялық аппарат. Артикуляциялық бұлшық еттің құрылымы. Артикуляциялық бұлшық еттерді бекіту. Көмей маңындағы бұлшық еттерге түскен қысымды босатуға арналған жаттығулар. Ерінге, тілге, жақтың төменгі бөлігіне, таңдай қабатына арналған жаттығулар. Тіл аппартын дикцияға немесе ән айтуға дайындау.

      12-тақырып. Дауысты дыбыстар және олардың жіктелуі. Дауысты дыбыстарды айту кезіндегі тіл аппаратының орналасу қалпы. Жеке дыбыстарды дұрыс айту. Дауысты дыбыстар және тіл әуезділігі. Дауыстыларды дұрыс айту. Дауысты дыбыстарды әртүрлі сөздерде, оқу мәтіндерінде жаттықтыру.

      13-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Тіл аппаратының жеке бөліктерінің дұрыс орналасуы және дауысты дыбыстарды айту кезіндегі олардың қызметі. Жеке дыбыстарды айту. Ұяң дыбыстар. Қатаң дыбыстар. Сөздерде, фразаларда, мәтіндерде дауыстылармен үйлестіре отырып, дауыссыз дыбыстарды жіктеу.

      14-тақырып. Дикциялық кемшіліктер. Тілдегі кемшіліктер. Кемшіліктерді түзету бойынша жұмыс. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру.

      15-тақырып. Орфоэпия. Орфоэпия түсінігі. Жазбаша және ауызша тіл. Әріп және дыбыс. Тіл және оның қызметтері туралы мағлұматтар. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстарды айту. Дауыссыз дыбыстарды жіктеу. Дауыссыз дыбыстарды айту.

      16-тақырып. Дыбыс шығару ерекшеліктері. Бет бұлшық еттерін басқару. Айтылып жатқан сөздердің мағынасын түсіну. Тұрақты сөз тіркестерін түсіну.

      17-тақырып. Релаксация. Бұлшық еттерді тырысудан босату жұмысы, оларды тонусқа келтіру. Психофизикалық кедергілер мен қысылуларды босатуға арналған ойындар.

      18-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Дыбысталатын тілдің мәнерлік мүмкіндіктері туралы әңгіме. Мәтінді логикалық оқу ережелері: сөйлеу тактісі, логикалық үзінділер, тыныс белгілері.

      42. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахна тілінің негізгі сипаттарын біледі;

      2) қарапайым физикалық жаттығуларды орындайды;

      3) өлеңдерді мәнерлеп оқи алады;

      4) дауыстың тонын көтереді және төмендетеді;

      5) сөздерді дұрыс айтуды үйренеді;

      6) денені ширату және дайындау тәсілдерін біледі;

      7) дыбысты үш регистрдің негізгі резонаторына бағыттауды біледі;

      8) диапазон, артикуляциялық аппарат, резонатор, шабуыл, дыбыс тірегі, дикция, дыбысталу әуездігі түсініктерін біледі.

      43. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дауыс аппаратының құрысымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерімен танысу жалғастырылады;

      2) дұрыс дыбыс құрау (жұмсақ шабуыл), дұрыс тыныс алу негіздері, артикуляция дағдылары қалыптасады, есту қабілетін, дауысты дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      3) сөйлеу кезіндегі тынысты жаттықтыру алдымен дыбыссыз басталады, тыныс алуды дамыту бойынша жаттығулар меңгерілгеннен кейін дыбыс енгізіледі, бірінші оқыту жылындағы жаттығулар алдымен ойын түрінде орындалады, кейіннен біртіндеп арнайы тыныс алу және мәтін жолдары бойынша, әндету және сөйлеу ырғақтары бойынша дауысты көтеруге және түсіруге арналған дауысқа арналған жаттығулармен алмастырылады, мәтіннің жолдары үштен беске дейін ұлғайтылады, әрбір мәтін жолының алдында тыныс алынады, жаттығуға арналған мәтінде қатаң түрде жеке-жеке іріктеліп алынады;

      4) логикалық ережелер алдымен жаттығулардың және арнайы іріктеліп алынған сөйлемдердің көмегімен меңгеріледі, кейіннен тынысты, дауысты, дикцияны, орфоэпияны жаттықтыруға арналған әдеби материалдарда меңгеріледі;

      5) тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, психофизикалық тренингтің 5-10 жаттығуы, денені ширату және дайындау тәсілдері, күрделі дыбыстарға арналған жаңылтпаштар, тіл тренингінің 5-10 жаттығуы меңгеріледі.

      44. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Қуыршақ театры – өнердің бір түрі. Қуыршақтар әлеміне саяхат. Театр қызметінің пайда болу және даму тарихы. Қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Театр өнерінің мәнерлеу құралдары. Актердің орындаушылық шеберлігі – театр өнерінің негізгі мәнерлеу құралы. Қуыршақ театрындағы сахна тілінің кино, театр өнеріндегі сахна тілінен ерекшеліктері.

      3-тақырып. Артикуляция. Артикуляциялық аппаратпен танысу. Дауыс аппаратының құрылысы. Жаңа терминдер мен түсініктер: диафрагма, резонатор, артикуляция, вибрациялық сылау. Дауыс аппаратын дамытуға арналған жаттығулардың ерекшеліктері және оларды жүргізу ережелері.

      Жақтың төменгі бөлігіне, ерінге, тілге арналған жатығулар. Диафрагманы және қабырға аралық бұлшық еттерді бекітуге арналған гимнастика. Резонаторларды сылау. Дауысты және дауыссық дыбыстарды жеке және бірге (қатаң, ұяң) артикуляциялауға арналған жаттығулар. Вибрациялық сылау.

      4-тақырып. Тыныс алу және дауыс аппаратының физиологиясы. Тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасы. Тыныстың түрлері.

      5-тақырып. Бұлшық етке түсетін қысымдарды босатуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Аралас-диафрагмалық тыныс түрімен дем алу дағдысы. Сараланған тыныс алуды және демді шығаруды меңгеру. Жұмсақ таңдайдың тонусын белсендіру. Тыныс алу жаттығуларын ойын түрінде орындау.

      7-тақырып. Дауыс құрау мехнизмі және дыбыстың кейбір ерекшеліктері туралы мәліметтер: бағыттау (фокуста), жаңғырту, жоғарылығы (диапазон), күші. Білім алушының дауысының орталық дыбысталуын табу. Тыныс шығарудың ұзақтығына арналған жаттығулар. Қосымша тыныс алу дағдылары.

      8-тақырып. Дауыстың ортаңғы регистрін дамыту және бекіту. Ортаңғы регистрдегі сөйлеу тынысы мен дыбысты үйлестіруге арналған жаттығулар. Дыбыспен дем шағарудың түзулігін, баяулығын және ұзақтығын машықтандыру.

      9-тақырып. Сөйлеудегі тынысты дыбыссыз жаттықтыру. Фрикативті дауыссыз дыбыстарды енгізу. Дауысты дыбыстарды енгізу. Буындар. Сөздер. Фразалар.

      10-тақырып. Дикция. Тіл аппаратының құрылысы және қызметі туралы жалпы мәліметтер.

      11-тақырып. Дауысты дыбыстар, олардың пайда болу орнына және тәсіліне қарай жіктеу. Дауысты дыбыстардың артикуляциясын жаңылтпаштарда, өлең сөздерінде және прозада жаттықтыру.

      12-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды сөздерде, фразаларда, мәтіндерде дауысты дыбыстармен үйлестіріп жіктеу. Дауыссыздардың артикуляциясын жаңылтпаштарда, өлең сөздерінде және прозада жаттықтыру.

      13-тақырып. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру. Дененің жоғарғы бөлігін, қолдарды, мойынды, жақтарды, бетті, ерінді, тілді бұлшық ет қысылуларынан босатуға арналған жаттығулар кешені. Мақалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар және арнайы іріктеліп алынған мәтіндер мысалында екі қарқында жаттықтыру. Тынысты дұрыс қолдануды, дауыстың еркін дыбысталуын, табиғи артикуляцияны бақылау.

      14-тақырып. Орфоэпия. Орфоэпия түсінігі. Арнайы іріктеліп алынған сөздердің мысалында орфоэпия ережелерін меңгеру. Жазбаша және ауызша тіл. Әріптер мен дыбыстар. Тіл, оның қызметі туралы мәліметтер. Сөздегі екпін.

      15-тақырып. Дауысты дыбыстарды айту. Арнайы іріктеліп алынған сөздердің мысалында орфоэпия ережелерін меңгеру.

      16-тақырып. Дауыссыз дыбыстарды айту. Арнайы іріктеліп алынған сөздердің мысалында орфоэпия ережелерін меңгеру.

      17-тақырып. Дыбысталатын тілдің мәнерлеу мүмкіндіктері. Мәтінді логикамен оқу ережелері: сөйлеу тактісі, логикалық үзілістер.

      18-тақырып. Мәтінді логикамен оқу ережелері: тыныс белгілер (нүкте, үтірлі нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, сұрақ белгісі және леп белгісі, көп нүкте, жақша, тырнақша).

      19-тақырып. Сөйлеу тактісіндегі логикалық екпін.

      20-тақырып. Мағыналы үзіндідегі логикалық екпіндер.

      21-тақырып. Басты және қосалқы екпіндер.

      22-тақырып. Қарама-қарсы түсініктерді логикалық екпіндермен ерекшелеу.

      23-тақырып. Логикалық екпінмен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ерекшелеу.

      24-тақырып. Салыстырмалы орамды фразалардағы логикалық екпіндер.

      25-тақырып. Жаңа түсінікті белгілеу заңдылығы.

      26-тақырып. Сұрағы бар сөйлемдердегі логикалық екпіндер.

      27-тақырып. Қарапайым жалаң сөйлемдерді оқу.

      28-тақырып. Парақтан сауатты оқу білігін машықтандыру.

      45. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр өнерінің мәнерлеу құралдарын біледі;

      2) қуыршақ театрындағы сахна тілінің кино, театр өнеріндегі сахна тілінен ерекшелігін біледі;

      3) артикуляциялық аппаратты, дауыс аппаратының анатомиялық құрылысын біледі;

      4) тыныс алу және дауыс аппаратының физиологиясы мен гигиенасын біледі;

      5) бұлшық еттердің тырысуын босатуға арналған жаттығуларды орындайды;

      6) ойын түріндегі тыныс алу жаттығуларын орындайды;

      7) дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыруға арналған жаттығуларды орындайды;

      8) қосымша демді алу дағдыларына ие болады;

      9) ортаңғы регистрде сөйлеу тынысын және дыбысты үйлестіруге арналған жаттығуларды орындайды;

      10) тіл аппаратының құрылысын және қызметін біледі;

      11) бұлшық ет тырысуларынан арылуға арналған жаттығулар орындау дағдыларына ие болады;

      12) тынысты дұрыс қолдануды, дауыстың еркін дыбысталуын, табиғи артикуляцияны бақылауды жүргізеді;

      13) арнайы іріктеліп алынған сөздердің үлгісінде орфоэпия ережелерін біледі;

      14) "сөйлеу тактісі", "логикалық үзілістер", "жаңа түсінікті ерекшелеу заңдылығы" түсініктерін біледі.

      46. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ортаңғы регистр шеңберінде тынысты, дауысты үйлестіруді дамыту, өткен материалдарды қолданып тренингтер жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) дикциямен жұмыс істеу кезінде тынысты үнемі дұрыс қолдануға, дауыстың еркін дыбысталуына, табиғи артикуляцияға назар аударып отыру қажет, тыныс шығарудың баяулығын, түзулігін, ұзақтығын дамытуға арналған жаттығулардың саны артады, қарқынды ауыстыруды қолдана отырып, мәтін жолдары бойынша дауысты жоғарылату және түсіру дағдысы меңгеріледі;

      3) офроэпиялық ережелер келесі тәртіппен пысықталады: сөздерде, дикция, дауыс, логика бойынша жаттықтыру мәтіндерінде, мәтіндердің орфоэпиялық талдауы жүргізіледі, орфоэпиялық диктанттар, әрі қарай қателерді талдау жүргізіледі, өткен логикалық ережелерді бекіту бойынша практикалық және теориялық жұмыс жалғастырылады;

      4) парақтан оқу дағдысы дамытылады, мәтінді талдау барысында оның мазмұнындағы оқиға анықталады, табылған логикалық орталықтардың дұрыстығы тексеріледі, үзілістер қойылады, сонымен қатар қандай да бір тыныс белгісіне тән белгілі ырғаққа көңіл бөлінеді, тыңдарманмен жанды байланыс дағдысы қалыптастырылады;

      5) оқыған кітабынан немесе өзінің өмірінен алынған эпизодтарды ретімен және логикалық тұрғыдан дұрыс айту білігі жаттықтырылады, тіл және дауыс мәнерлігін тәрбиелейтін мәтіндермен (жатқа) жұмыс жалғастырылады.

      47. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тіл аппаратын жаттықтыру.

      3-тақырып. Жақтың төменгі бөлігіне, ерінге, тілге арналған жаттығулар. Дауыстылар мен дауыссыздардың артикуляциясын жаңылтпаштарда, өлең тілімен және прозада жаттықтыру.

      4-тақырып. Диафрагманы және қабырға аралық бұлшық еттерді нығайтуға арналған гимнастика. Резонаторларды сылау. Жеке және үйлестіре отырып, дауыстылар мен дауыссыздардың артикуляциясына арналған жаттығулар (қатаң, ұяң). Вибрациялық сынау.

      5-тақырып. Дауыстылар мен дауыссыздар орфоэпиясы. Сөздерді дұрыс айту. Мәтінді орфоэпиялық талдау негіздері. Орфоэпиялық бақылауды орындау. Әртүрлі дыбыстарды үйлестіру ережесі.

      6-тақырып. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      7-тақырып. Сөздің соңында келетін ұяң дауыссыздарды айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      8-тақырып. "СЧ" және "ЗЧ" дауыссыздардың тіркестерін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық таңдау. Орфоэпиялық диктант.

      9-тақырып. Қатаң дауыссыздардың алдында келетін ұяң дауыссыздарды айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      10-тақырып. Ұяң дауыссыздардың алдындағы қатаң дауыссыздарды айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      11-тақырып. "СШ" және "ЗШ" дауыссыз тіркестерін айту. Мәтінді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      12-тақырып. Сөз алды қосымша мен түбірдің, көмекші сөз бен сөздің түйісуіндегі "СЖ" және "ЗЖ" дауыссыз тіркестерді айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      13-тақырып. Сөздің соңындағы "ЗЖ" және "ЖЖ" дауыссыздар тіркесін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      14-тақырып. "ТЧ" және "ДЦ" дауыссыздардың тіркестерін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      15-тақырып. "СТН", "ЗДН", "СТЛ" дауыссыздардың тіркестерін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      16-тақырып. Сөйлеу дауысын дамыту. Жаңа терминдер мен түсініктер: дауыс күші, дауыс түрткісі, фокус, жаңғырту, диапозон. Тіл аппаратының негізгі қалпы. Фонацияның алғашқы дағдыларының негізі.

      7-тақырып. Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығулар. Бағыты (фокус), жаңғыруы, жоғарылығы (диапазон). Резонаторларды табу және қолдану бойынша жұмыс. "Жабық" дыбыс. Дыбысты "шығару". Фонацияның алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

      18-тақырып. Орфоэпия. Тіл және оның қызметі. Тұрмыстық тіл. Әдеби тіл. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Өнер шеберлерінің орындауындағы әдеби шығармалардың жазбаларын тыңдау. Жазбаларды талдау және талқылау. Тыныс және дауыс. Тынысқа арналған жаттығулар. Дауыс диапазонын кеңейту. Сөздегі логикалық екпіндер. Әдеби тілдің нормаларын бекіту.

      19-тақырып. Ортаңғы регистр төңірегіндегі тыныс пен дауысты үйлестіруді дамыту бойынша жұмыс. Дем шығарудың түзулігін, баяулығын, ұзақтығын дамытуға арналған жаттығулар. Дауысты көтеру және бәсеңдету дағдылары. Дауыстың мәнерлеу құралдары: ритмді ауыстыру, дыбысталудың жоғарылығы, дыбыс күші, қарқынды ауыстыру, динамика.

      20-тақырып. Дұрыс және жылдам тыныс алу дағдысын жаттықтыру. Серіктеспен дыбыстық тонды байланысты жаттықтыру. Қосымша демді дұрыс және жылдам алу дағдысын жаттықтыру.

      21-тақырып. Сын есімдердің логикалық екпіндері. Зат есімнің ілік септігіне жіктелуіндегі анықтауыштардың логикалық екпіндерін анықтау.

      22-тақырып. Жалпылауыш сөздері бар сөйлемдердегі логикалық екпіндер. Қайталанатын сөздерді логикалық екпінмен ерекшелеу заңдылықтары.

      23-тақырып. Кіріспе сөздер және кіріспе сөйлемдер. Қаратпа сөз. Сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орны және оны оқудың түрлері.

      24-тақырып. Мәнерлі тіл. Тіл өнері. Күнделікті өмірдегі тіл. Актердің шығармашылығындағы тіл. Оқу техникасы.

      25-тақырып. Мәтіндерді іріктеу. Мәтінді дикциялық және орфоэпиялық талдау. Дауыс аппаратын жаттықтыру.

      26-тақырып. Өлеңдерді оқудың ерекшеліктері. Ұйқассыз өлеңдерді айту стилі. Автордың стилі. Ауызша тілдің заңдылықтары. Өлеңдердің құрылымы.

      27-тақырып. Театрландырылған ойындар. Артикуляциялық ширату.

      28-тақырып. Дикция. Дыбыстар қатарына арналған жаттығулар. Тыныс және дауыс. Жеке кемшіліктерді анықтау. Күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тіл аппаратын жаттықтыру.

      29-тақырып. Мақалдар. Мәтелдер. Жұмбақтар. Дикциямен жұмыс.

      30-тақырып. Кәсіптермен танысу. Сценарий жазушы, режиссер, мүсінші, музыкалық редактор. Актер-қуыршақ жүргізуші.

      31-тақырып. Театрландырылған ойындарды көрсету.

      48. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орфоэпия ережелерін біледі және оларды өз бетінше мәтінмен жұмыс істеу кезінде қолданады;

      2) сөзді логикалық құру заңдылықтарын біледі;

      3) дыбыстың тыныс алу тірегін қоюды және ұстап тұруды біледі;

      4) этюдтермен ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыруды біледі;

      5) этюдтегі пластикалық бейнені жасауды және іске асыруды біледі;

      6) тіл-дауыс аппаратын дамытуға арналған тренингтер бойынша негізгі материалды біледі;

      7) дауыс күші, сөздің қарқыны-ритмі, дауыс әуезділігінің эмоциялық қызметі түсініктерін біледі;

      8) сергіту және дайындық кезінде тренинг дағдыларын қолданады;

      9) қарқын-ритмнің ерекшеліктерінде және берілген шығармалардың өлең құрылымдарында бағдарлануды біледі;

      10) тиісті мәнерде және тиісті эмоциялық күйде өлең түріндегі және прозалық мәтіндерді оқи алады.

      49. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тыныс шыдамдылығын аттыру, дауыс диапазонын ортаңғы регистр шеңберінде кеңейту, оның икемділігін дамыту жұмыстары жалғастырылады;

      2) дыбыс күшін дамытуға арналған жаттығулар меңгеріледі, өткен материалдарды жүйелі қайталау жалғастырылады, жаттығулардың саны кеңейтіледі;

      3) парақтан сауатты оқу дағдыландырылады, білім алушының өз бетінше дайындаған мәтіндері оқылады және талданады;

      4) қосымша тынысты дұрыс және жылдам алу дағдысы белсенді жаттықтырылады, жаттығуларда ойын элементтері қолданылады, тілдегі жеке кемшіліктерді жою бойынша сабақтар жалғастырылады, күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тіл аппараты жаттықтырылады;

      5) жаттықтыру мәтіндері көлемі жағынан ұлғайтылады, білім алушы таза және анық сөйлеуді мақал, жаңылтпаш және баяу, орташа, жылдам қарқында айтылуы күрделі арнайы іріктелініп алынған мәтіндерде жаттықтырады, дикциямен жұмыс орфоэпия, тыныс және дауыс, логикалық ережелерді білумен қатар үйлестіріледі;

      6) әдеби материалмен практикалық жұмыста автордың стиліндегі ерекшеліктері, үзіндінің басты мағынасы жеткізу білігі, оқиғаларды логикамен бағалау, әрекеттерді тізбекке ретімен бөлу меңгеріледі, 10-15 жаңылтпаш, 8-10 өлең түріндегі және прозалық шығармалар меңгеріледі.

      50. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Тіл техникасы. "Сахна тілінің техникасы" түсінігі.

      3-тақырып. Дауыс-тіл аппаратының анатомиясы және физиологиясы. Дауыстың қасиеттері. Тілді есту қабілеті.

      4-тақырып. Тыныс және дауыс. Дауыстың шыдамдылығын арттыру. Ортаңғы регистр шеңберінде дауыс диапазонын кеңейту. Оның иілгіштігін дамыту. Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Дыбыс тірегі. Регистрлер. Дауысты жүргізу.

      6-тақырып. Дикция. Дұрыс, таза және анық сөйлеу дағдылары. Әртүрлі сөйлеу қарқынын қолдануға арналған жаттығулар мен мәтіндер.

      7-тақырып. Дыбыстар артикуляциясы. Сөздегі екпін. Тіректі белсендіру. Сөйлеу дауысының диапазоны. Дауыс-тіл тренингі.

      8-тақырып. Сөзбен әрекет етудегі сөйлеу логикасы. Сөзбен әрекет ету –психологиялық әсер етудің бір түрі. Қуыршақ театрындағы сахна тілі.

      9-тақырып. Логикалық үзілістер. Сөйлеу тактілері. Тыныс белгілеріне екпін түсіру. Тыныс белгілеріндегі логикалық үзілістерді жою. Логикалық екпіндер. Жай сөйлемдер техникасының ережелері.

      10-тақырып. Мәнерлеп оқу. Ырғақ. Үзіліс. Қарқын. Ритм. Тіл әуезділігі. Дауыс тембрі. Диапазон. Тембр ауыстыру өнері.

      11-тақырып. Дауыстың мәнерлеу құралдары. Ритмді алмастыру. Дыбысталудың жоғарылығы. Дыбыс күші.

      12-тақырып. Қарқын. Динамика. Мәтіндерді логикалық талдау. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқудың ерекшеліктері.

      13-тақырып. Орфоэпия. Әдеби мәтіндерді талдау. Сахнада тұрып оқу. Заманауи әдеби тіл нормаларының тұрмыстық тілде сақталуы.

      14-тақырып. Көркем прозамен жұмыс. Күрделі сөйлемдерді оқу ережелері. Әңгімелеу. Идея. Желісі. Құрылымы.

      15-тақырып. Есте сақтауы бойынша әңгімелеу. Өнер туындысын әңгімелеу-түсіндіру. Тамаша адамдардың өмірінен алынған әңгіме. Көркем шығарманы қайта айтып беру. Ойдан шығарылған әңгіме.

      16-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Сахна тілімен жұмыс. Оқу спектаклін дайындау. Эмоциялылық. Бейнелілік.

      17-тақырып. Өлең түріндегі шығармамен жұмыстың ерекшеліктері. Шығарманы таңдау.

      18-тақырып. Жұмыс кезеңдері: шығарманы таңдау, өлеңді оқу, мәтінді түсіну бойынша жұмыс, тілдің грамматикалық құрылымымен жұмыс.

      19-тақырып. Бұқаралық өнер көрсетудің алдында және одан кейінгі релаксация және аутотренинг. Бұлшық ет тырысуларын босатуға арналған жаттығулар. Артикуляциялық гимнастика элементтері.

      20-тақырып. Сахналық көрсетілімдерге дайындық.

      51. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тілдің логикалық құрылымы заңдылықтарын, оларды рөлмен жұмыс істеу кезінде практикада қолдануды біледі;

      2) өз бетімен жүргізілетін назарды шоғырландыру және босаңсу дағдысын біледі;

      3) сахна тілі сабақтарында рөлмен өз бетінше жұмыс істеу кезінде алған білім, білік және дағдыларын қолданады;

      4) актерлік бейненің түрлену тәсілдерін біледі;

      5) бұлшық ет тырысуларынан арылу және релаксация тәсілдерін біледі;

      6) театр өнерінің негізгі мәнерлеу құралдарын біледі;

      7) дауыс-тіл аппаратын дамытуға арналған жаттығулардың негізгі кешенін біледі;

      8) қарқын-ритм, дауыс күші, тембрлеу өнері түсініктерін біледі;

      9) дауыс дикциясын, әуезділігін және тембрлеуді біледі;

      10) алған білімдерін монолог оқу кезінде қолданады;

      11) тыныс алу және артикуляциялық гимнастиканың негізгі элементтерін меңгеру бойынша тренингтер жүргізеді.

      52. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) өткен материалдарда артикуляциялық аппаратты жаттықтыру жалғастырылады, дұрыс, таза және анық сөйлеу дағдылары бекітіледі және жетілдіріледі;

      2) ортаңғы регистрді дамытуға және бекітуге арналған жаттығулар мен жаттықтыру мәтіндерінің көлемі кеңейтіледі, сөйлеудің әртүрлі қарқындарын қолдануға арналған жаттығулардың саны артады;

      3) жаңа сөздерді пысықтау жалғастырылады, дикцияны, дауысты, орфоэпияны жаттықтыру үшін алынған мәтіндер талданады, әдеби мәтіндер талданады және пысықталады, заманауи тіл нормалары тұрмыстық тілде бекітіледі;

      4) прозалық шығармалар материалында логикалық ережелерді қолдану дағдысы бекітіледі, өлең, проза формаларының ерекшеліктерімен танысу жалғастырылады, прозалық және өлең мәтіндерін ерекшелейтін өзгешіліктерімен танысу жалғастырылады, шығармалармен практикалық жұмыс жүргізіледі, 10-15 жаңылтпаш, 8-10 өлең және прозалық шығармалар, 2-4 монолог меңгеріледі.

      53. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Меңгерілген тренингтерді қайталау.

      2-тақырып. Назарды шоғырландыру. Бұлшық еттердің еркіндігі.

      3-тақырып. "Өмірдегі тыныс" және "Сахнадағы тыныс" түсініктері.

      4-тақырып. "Тыныс алу аппараты" түсінігі. Жоғарғы тыныс. Жиі тыныс. Терең тыныс. Жақын тыныс.

      5-тақырып. Тыныс-дауыс тірегінің бұлшық еттерін бекіту және белсендіру. Мұрынмен тыныс алуды дамыту. Тыныс алумен жұмыс.

      6-тақырып. "Тыныс алу" және "Тынысты қосымша толықтырып алу" түсінігі. Фиксациялық тыныс шығару. Ұзақ тыныс шығару. Алған дағдыларын дамытуға және бекітуге арналған жаттығулар. Театрландырылған этюдпен жұмыс.

      7-тақырып. Артикуляция мүшелерінің дұрыс және белсенді жұмысы. Артикуляция. Артикуляциялық мүшелердің созылғыштығын және қозғалғыштығын дамытуға және сақтауға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Диафрагмалық тынысты қою. Ортаңғы регистрді дамытуға және бекітуге арналған жаттығулар және жаттықтыру мәтіндері.

      9-тақырып. Дауысты жүргізу. Тіл аппаратының негізгі қалпы. Фонацияның алғашқы дағдылары. Резонаторларды табу және қолдану. "Жабық дыбыс". "Дыбысты шығару".

      10-тақырып. Есту қабілетін дамыту. Топтық дыбысталу. Дауыс регистрлері бойынша дыбысталу.

      11-тақырып. Диапазонды кеңейту. Практикалық тренингтер. Диапазондағы "созылмалы" сөздер. Дауыстарды жоғары, төмен "лақтыру".

      12-тақырып. Дауыс күші. "Дауыс күші" түсінігі. Дауыс күшін бекіту және дамыту.

      13-тақырып. Төменгі және жоғарғы дыбысталуды дамыту. Буындарды созуға (филирование) арналған жаттығулар. Актер дауысының күші. Театр этюдтерімен жұмыс.

      14-тақырып. Дикция – бұл актердің негізгі құралы. Дұрыс, таза және анық сөйлеу дағдылары. Артикуляциялық гимнастика. Жаңылтпаштар материалында жеке тіл кемшіліктерін түзету бойынша жұмыс.

      15-тақырып. Тілдің қарқыны-ритмі. "Тілдің қарқыны-ритмі" түсінігі. Жаттығуларды жаттау. Жаңылтпаштар. Спринтер. Әртүрлі сөйлеу қарқынын қолдануға арналған жаттығулар мен мәтіндер. Театр этюдтерімен жұмыс.

      16-тақырып. Қозғалыс кезіндегі сөз. Сахна қозғалысы және тілі –шығарманың театрлық түрлендіру құралы. Қозғалыс кезіндегі дауыстың дыбысталуы.

      17-тақырып. Кешенді тренинг. Өткен жаттығуларды қайталау. Практика: тыныс алудан бастап тембр өнеріне дейінгі жаттығулар жиынтығының кешені.

      18-тақырып. Орфоэпия. Жаңа сөздерді пысықтау. Мәтіндерді талдау. Дикцияны, дауысты, орфоэпияны жаттықтыру. Әдеби мәтіндерді талдау. Заманауи әдеби тілдің нормаларын тұрмыстық тілде бекіту.

      19-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Логикалық екпіндердің ережесін бекіту. Театр этюдтерімен жұмыс.

      20-тақырып. Өлең құрылысы. Өлең құрылысының жүйесі. Ұйқас. Ұйқастыру тәсілдері: қосарланған, айқасқан, айналмалы, ішкі. Строфа. Ұйқассыз өлең. Еркін өлең. Ритм және мағынасы. Театр этюдтерімен жұмыс.

      21-тақырып. Алған білім, білік және дағдыларын бекіту және тексеру.

      54. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс-тіл аппаратын дамытуға арналған жаттығулардың негізгі кешенін біледі;

      2) "қозғалыс кезіндегі тіл" түсінігін біледі;

      3) дауыс дикциясы, әуезділігі, тембрі және қозғалыс кезінде сөйлеуді біледі;

      4) сахнадағы серіктесімен диалог арқылы араласу кезінде алған дағдыларын қолданады;

      5) өзінің кейіпкерінің атынан эмоциялық бояуды жеткізеді;

      6) сахнадағы өзінің серіктесінің эмоциясын қабылдайды және сезінеді;

      7) сахна қозғалысының алғашқы дағдыларын қолданады.

      55. Бейіндік сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) артикуляциялық сергітулер мен тыныс алу жаттығуларын орындау кезінде білім алушының өз бетінше жұмысы жалғастырылады, әртүрлі қарқындар, айтуға күрделі мәтіндер пайдаланылады;

      2) дауыссыздарды анық айту, тұрақты ырғақтау дағдылары қалыптасады;

      3) логикалық ережелерді қолдану дағдысы бекітіледі, білім алушы әдеби шығарманың сипатын білу негізінде көрерменмен араласудың дұрыс түрін табуды, сөзімен тыңдарманға әсер етуді үйренеді;

      4) өлең түріндегі шығармамен практикалық жұмыс жүргізіледі, тыңдарманға автордың идеялық түпкі ойын поэтикалық формасын бұзбай жеткізу білігі пысықталады, 10-15 жаңылтпаш, 10-15 өлең түріндегі және прозалық шығармалар, 6-10 монолог меңгеріледі.

      56. Бейіндік сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Өзін ұстау ережелері, дауыс гигиенасы туралы әңгіме. Қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Дауыс-тіл аппаратының анатомиясы және физиологиясы. Дауыстың қасиеттері. Сөзді есту қабілеті.

      3-тақырып. Тыныс. Дыбыс тірегі. Дыбыстың басталуы. Дауысты жүргізу. Тыныспен жұмыс. Жоғарғы тыныс. Жиі тыныс. Терең тыныс. Жақын тыныс. Фонациялық тыныс, оның түрлері.

      4-тақырып. Дауыс-тіл аппараты және дауыс гигиенасы. Дауыс құрау теориясы. Еркін дыбысталу және "дауыс орталығы".

      5-тақырып. Тілдің "ішкі" және "сыртқы" техникасы. Тынысты дамытуға арналған тренингтер. Бұлшық еттердің тыныштық қалпында және эмоциялық қозу қалпында тілді жаттықтыру.

      6-тақырып. "Дыбыс тірегі". Тыныстың аралас-диафрагмалық түрін меңгеру бойынша практикалық сабақтар.

      7-тақырып. Дыбыссыз және дыбыспен тыныс шығаруға арналған жаттығулар. Мұрынмен тыныс алу: жылдам тыныс алу – тынысты ұзақ шығару.

      8-тақырып. Резонаторлар және регистрлер. Жаңғырту. Резонаторлық дыбысталу негіздері. Тыныс алу гимнастикасы. Тіл тренингіндегі үнді және үзілмелі дауыссыздар.

      9-тақырып. Диапазон. Тіл регистрлері. Жоғары дыбысты диапазон түсінігі. Тіл регистрлерін анықтау және әзірлеу.

      10-тақырып. Дауыс күші. Дауыс күшіне арналған жаттығулар. Дауыспен жұмыс істеу кезіндегі одағай. Дауыстың дыбыс жоғарылығы және динамикалық диапазон бойымен қозғалуы. Дауыстың физикалық әрекеттермен және қозғалыстармен үйлесе отырып дыбысталуы.

      11-тақырып. Артикуляция. Артикуляциялық гимнастика. Артикуляциялық аппаратты әзірлеу.

      12-тақырып. Оқшауланған түрде дауыссыздарды нақты айтуды меңгеру. Жанында тұрған дауыссыздарды "тығыздап" айтуды жаттықтыру. Дикцияның жиірек кездесетін кемшіліктері және оларды жою тәсілдері. Сөздің жеке дыбыстарын анық айтуды жаттықтыратын жаттығулар сериясы.

      13-тақырып. Дикция. Дикциялық жаттығулар. Тілдің, сөздің дыбыстарын дұрыс, анық айтуды жаттықтыру. Күрделі артикуляциялық тіркестерді дикциялық жаттықтыру.

      14-тақырып. Дикцияны дамытуға арналған практикалық тренингтер. Жаңылтпаштар.

      15-тақырып. Сөйлеудегі жылдамдық. Тілдің қарқыны-ритмі. Жылдам және баяу сөйлеу. Әртүрлі қарқын-ритмдегі дикциялық жаттығулар. Дыбысталу жылдамдықты актерлік ақтау.

      16-тақырып. Сөз құрау аймағындағы бұлшық ет тырысуларын босату. Тыныс алу бұлшық еттерін бекіту.

      17-тақырып. Фонациялық тыныс алу дағдылары. Қысқа тыныс алу. Ұзақ тыныс шығару. Тыныс алу гимнастикасы.

      18-тақырып. Дене мүсіні. Арқа және құрсақ тығыршығы бұлшық еттерін бекітуге арналған жаттығулар. Түзету. Дене мүсінін қою. Омыртқаны "сапқа тұрғызу". Практикалық жаттығулар.

      19-тақырып. Жаңылтпаштар. Өзінің ойдан шығарған жаңылтпаштары. Жаңылтпаш негізіндегі дикциялық жаттығулар. Жаңылпаштардан құралған әңгіме.

      20-тақырып. Мизансценаларда қолданатын сөз өнері. "Мизансцена" түсінігі.

      21-тақырып. Сөзбен әрекет ету – психологиялық әрекеттің ең жоғарғы түрі. Белсенді сөзбен әрекет ету арқылы тыңдарманға эмоциялық әсер ету.

      22-тақырып. Қимыл кезіндегі сөз. Қимылдау кезінде дауысты еркін игеру. Тыныс алу жаттығулары. Кешенді тренинг. Тыныс алудан бастап қимылдау кезіндегі сөзге дейінгі жаттығулар кешенінің жиынтығы.

      23-тақырып. Актерлік шеберлік дағдылары. Дауыс тембрі. Мимика. Пластика. Ым.

      24-тақырып. Логикалық мәнерлеу құралдары. Сахна тілі логикасы.

      25-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Көркем прозамен жұмыс. Көркем сөз өнерінің қағидаттары.

      26-тақырып. Шығарманың жанрлық ерекшеліктері, автордың стилі туралы түсінік. Мәнмәтін, әңгімелеудің екпіні түсініктері. Әуестенушілік, қызығушылық, шынайы сезіну – оқудың табысты болуының міндетті шарты. Көркем прозалық шығармаларды іріктеуге қойылатын талаптар.

      27-тақырып. Өлең түріндегі шығармалармен жұмыстың ерекшеліктері. Ритм. Өлеңнің өлшемі. Өлеңнің мәнерлігін арттыратын құралдар – тасымалдау, инверсия, изохрондылық. Алған дағдыларын өлең түріндегі шығармалармен жұмыс істеу кезінде қолдану.

      28-тақырып. Өлең ұйқастары және олардың маңынасы. Шумақ және оның түрлері. Негізгі поэтикалық жанрлар мен формалар. Күрделі жаңылтпаштар қолданылатын тренинг.

      29-тақырып. Бұқаралық мизансценалар. Диалог.

      30-тақырып. Релаксациялық гимнастика. Тіл-дауыс аппаратындағы ауытқулардың алдын-алу. Дауысты динамикада дамыту.

      31-тақырып. Қорытынды сабақ. Сахна тілі бойынша білім, білік, дағдыларын бекіту және жетілдіру.

      57. Бейіндік сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпты оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мизансценалар қолданылатын тіл өнері түсінігін біледі;

      2) дауыс-тіл аппаратын дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі;

      3) қимыл кезінде сөйлей алады;

      4) сахна қозғалысы бойынша алған дағдыларын қолданады;

      5) белгіленген мизансценалар бойынша жұмыс істейді;

      6) жаттаған мәтінді айта алады;

      7) актерлік шеберліктің қарапайым ережелерін қолданады;

      8) спектакльге қатысу үшін алған дағдыларын қолдана алады.

      58. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) сахна тілі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасын;

      1) тіл аппаратының анатомиясын және физиологиясын;

      2) дауыс құрау теориясын;

      3) физиологиялық және фонациялық тынысты анықтауды;

      4) күрделірек жаттығуларда дыбыстың еркін дыбысталуын, тірегін, қалықтауын бекіту және жетілдіру тәсілдерін;

      5) эмоциялық-экспрессивті сөйлеу кезінде дауыс-тіл аппаратынан бұлшық ет қысымдарын босату дағдыларын тәрбиелеу тәсілдерін;

      6) тілдің мәнерлеу құралы ретінде дыбыс күшін қолдану білігіне оқыту тәсілдерін;

      7) дикциялық кемшіліктерді және тілдегі бейорганикалық кемшіліктерді түзетуге арналған жаттығуларды;

      8) артикуляциялық аппарат жұмысын жетілдіруге арналған жаттығуларды біледі.

      Түлек:

      1) дене қозғалысына байланысты жаттығуларда дыбыс шығарып, терең тыныс алуды бекітуге және жетілдіруге арналған жаттығуларды орындайды;

      2) жеңіл мәтінді өз бетінше талдайды;

      3) шығармаларды өз бетінше жаттайды (қазақ, орыс және шетел авторларының өлеңдері, үзінділері);

      4) көркемдік бейнені құрайды;еғ

      5) сөз бен қозғалысты органикалық үйлестірудің көмегі арқылы шығарманың авторлық ойын жеткізеді;

      6) орындалатын шығармалардағы мәтінді сауатты айтады, шығарманы анық, эмоциямен орындайды;

      7) жеңіл шығрамаларды жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңеді;

      8) орындаушылық практикада теориялық білімдерін қолданады;

      9) орындалатын шығармаларды талдайды;

      10) логикалық мәнерлеу құралдарын қолданады;

      11) тілдің мәнерлеу құралы ретінде дыбыс күшін қолдана алады;

      12) регистрлерді "салыстыру" дағдысын тәрбиелеуге арналған жаттығуларды орындайды;

      13) өлеңмен жұмыс істеу кезінде логикалық мәнерлеу құралдарын қолдана алады.

      Түлекте:

      1) мәнерлеудің орындаушылық құралдарын қолдану;

      2) естуді бақылау және орындау процесін басқару;

      3) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жүргізу;

      4) репертуарды өз бетінше іріктеу, талду, орындау және жинақтау;

      5) қазақ, орыс, шетел авторларының шығармаларынан үзінділерді орындау;

      7) орындаушылық практика, көпшілік алдында жеке өнер көрсету;

      8) шығармашылық қызметі дағдысы қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      59. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Театрлық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ, емтихан түрінде іске асырылады.

      60. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаттығулар кешені), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаттығулар кешені);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаңылтпаштарды жатқа айту), екінші жартыжылдықта: сынақ (өлең мәтінін жатқа айту);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (өлең мәтінін жатқа айту), екінші жартыжылдықта: емтихан (өлең, прозалық мәтінді жатқа айту);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (проза түріндегі өлең), екінші жартыжылдықта: емтихан (өлең мәтінін және монологты жатқа оқу);

      5) бейіндік сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (проза түріндегі өлеңді оқу), екінші жартыжылдықта: сынақ (монологты жатқа оқу).

      61. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог білім алушының дауыс аппаратын тиісті деңгейде көрсетуі, шығарманың көркемдік бейнесін толық және нақты ашуы.

      62. Бағалау өлшемдері:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – дикциялық мәдениетті, орфоэпиялық заңдылықтарды, тіл қисынын сақтауы; бағдарламаны игеруінің кезеңдеріне сәйкес әртүрлі жанрдағы шығармаларды мәнерлеп, ырғағы мол, нақты, эмоциямен оқуы, автордың алға қойған міндеттерін, мәнмәтінді жеткізуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техника элементтерін, тіл қисынын жартылай сақтауы, біраз қысылып орындауы, автордың ойының қисынымен, ырғақтық мәнерлеу элементтерімен жеткізуі; әрі қарай даму мүмкіндігін көрсетуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – білім алушының тіл техникасының элементтерін, сөзбен әрекет етуді төмен меңгеруі, өзімен жұмыс істеуі жеткіліксіз, сахна міндеттерін орындамауы, назар аудару нысандарын қолдана алмайды, әсерсіз сөйлейді;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – техника, орфоэпия, қисынды талдау, тіл мәдениеті және дыбысталған сөз өнері бойынша қойылған миіндеттерді орындай алмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
66-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Сыбызғы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Сыбызғы" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сыбызғы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      2) Баян-Өлгей аймағы – Моңғолия аймағы;

      3) дәстүр – ұзақ уақыт бойы белгілі қоғамдардағы және әлеуметтік топтардағы ұрпақтан ұрпаққа берілетін және сақталатын әлеуметтік және мәдени мұраның элементі;

      4) диапазон – адамның немесе қандай да бір музыкалық аспаптың дауысындағы ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      5) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде дыбыстарды шығару, туғызу;

      6) күй – мазмұны жағынан терең және формасы байынша шыңдалған, кейбір жанрлық сипаттарды, сондай-ақ музыкалық дыбысталудың белгілі бір қисынын көрсететін, күрделі ритмі бар және әуезділігі дамыған аспаптық пьеса;

      7) қарқын – қозғалыс жылдамдығы, метрикалық бөліктердің қағысының жиілігі;

      8) лад – арасындағы туыстыққа негізделген жүйеге біріктірілген, тоникасы бар дыбыстар жиынтығы;

      9) мелизм – әшекейлеу, жиі қолданатын әуендік фигуралар, олардың бірі ерекше шартты белгілермен, басқалары ұсақ ноталармен белгіленеді;

      10) метр – акцент қойылатын және акцент қойылмайтын ұзақтығы тең болатын уақыт бөліктерінің жүйелі қайталанатын тәртібі;

      11) пентатоника – барлық дыбыстары таза квинтаның және (немесе) квартаның бойында орналасқан бес сатыдан тұратын аралық жүйе;

      12) ритм –ұзақтықтары бірдей немесе әртүрлі болатын дыбыстардың ұйымдасқан тәртібі;

      13) саусақтардың жүйріктілігі – музыканттың басты жетістіктерінің бірі және оның тәжірибелігі мен шеберлігінің көрсеткіші;

      14) тотемдік жануарлар – рулық қауымның киелі жануары, оның қаны рулық қауымның бірлігін, оның өз құдіретпен ұласуын білдіреді;

      15) үшдыбыстылық – терциялар бойында орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      16) халық әні – фольклордың музыкалық-поэтикалық жанры, халықтық музыканың барынша көп тараған түрі, ұжымдық ауызша шығармашылықтық жемісі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: сыбызғы аспабында ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сыбызғы аспабында ойнауды үйрету;

      2) музыкалық сауаттың негіздеріне оқыту;

      3) аспапта ойнаудың негізгі орындаушылық тәсілдерін меңгеру;

      4) ұлттық өнер дәртүрлерінің негіздерін, әртүрлі мектептердің күйшілік шеберліктерінің әртүрлі орындаушылық ерекшеліктерін меңгеру;

      5) сыбызғы дәстүрін меңгеру;

      6) мазмұны жағынан әртүрлі музыкалық-көркемдік, әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларды мәнерлеп орындауға үйрету;

      7) шығармашылық қызметке қажетті техникалық білім, білік және дағдыларды алу.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық оайлауын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, орындаушылық жігер мен ұстанымды дамыту;

      3) музыка туралы алған білімдері арқылы халықтық музыкаға деген танымдық қызығушылықты дамыту;

      4) білім алушының сыбызғы аспабында жеке және ансамбльде музыка ойнау мәдениетін тәрбиелеу.

      Тәрбиелік:

      1) музыканы түсініп қабылдау негізінде музыка өнеріне деген қызығушылықты, көркемдік талғамды, орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      2) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдай білуді тәрбиелеу;

      3) халық шығармашылығының озық үлгілерін, отандық және әлем мәдениетінің құндылықтарын, дәстүрлерін меңгеру;

      4) білім алушының бойында кәсіби оқуын жалғастыруға деген оң уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды сыбызғы аспабында ойнауға оқыту мерзімі – бес-жеті жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша Бағдарламаны меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарлама сыбызғы аспабында ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайландырылған классикалық шығармаларын үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың сыбызғы аспабында ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге жалпы бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама болашақ кәсіпқой музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі сызыбғы аспабында ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін сыбызғы аспабында ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруіне;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуына;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруіне;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуына;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей білім алушының өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады. Музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      18. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын ести білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, өзгермелі икемді ритмде келісілген түрде және көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльдің қатысушыларымен өзара әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып,білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      22. "Сыбызғы" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Бағдарлама бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      28. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      30. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерт және емтихан бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетелдердің музыкасын, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      54. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игерумен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      56. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      57. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өзінің аспапта ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      58. "Сыбызғы" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Домбыра", "Этносольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      59. Сыбызғы ең көне, құрылымы бойынша ерекше үрлемелі аспаптардың түріне жатады. Сыбызғы аспабында дыбысты шығару техникасы күрделі болып келеді.

      60. Сыбызғы аспабында ойнау өнері он тоғызыншы ғасырда өздерінің жеке орындаушылық дәстүрлері қалыптасқан Шығыс және Батыс Қазақстан өңірлерінде дамыған.

      61. Қазақтың аспаптық музыка мәдениетінің көркемдік мұрасының маңызды бөлігін сыбызғыға арналып жазылған күйлер құрайды. Олардың генетикалық тамырлары өзінің бастауын өте ертедегі ғасырлардан алады. Олардың шығу тарихын күй туралы аңыздар және музыкалық ерекшеліктері растайды.

      62. 19 ғасырдағы көшпенділер өркенитіндегі тарихи, саяси және әлеуметтік өзгерістер сыбызғы өнерінің тоқырауына алып келді.

      63. Сыбызғы күйлері қазақ халқының әдет-ғұрыптық дәстүрлерінде, үйлену және өлім жоралғыларында қолданылады. Сыбызғы күйлері туралы аңыздар аңшылық өмірмен байланысты болды.

      64. Сыбызғы күйлері әдетте екі дауысты болады: бір дауыс аспаптан шығады, екінші дауыс музыкант-орындаушының өзінің тамақтан шығатын дауысы. Екі дауысты бір уақытта орындауды меңгеру қажет.

      65. "Сыбызғы" пәнін оқыту жүйесі шығыс қазақстандық, батыс қазақстандық, баян-өлгелік және башқұрт мектептері, Шыңжаң қазақтарының сыбызғы дәстүрлерін меңгеру арқылы іске асырылады.

      66. Білім алушы музыкалық шығарманың сипатын ашу, мағынасын түсіну және орындау дағдыларын меңгереді.

      67. Педагог білім алушының жалпы және музыкалық дамуына бағыт береді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, оның музыкалық-теориялық білімдерін кеңейтеді, шығармашылық бастамасын дамытады.

      68. Сыбызғы аспабымен танысқаннан кейін білім алушы оның құрылымымен және оның қойылымымен танысады. Сыбызғы – көне аспап. Сыбызғының диатоникалық құрылысы таяқшаның ұзындығына, ойықтардың санына және орналасуына байланысты болады. Үш ойығы бар аспап негізгі төр үнді қамтиды, олардың әрқайсысының бес абертоны бар. Ойықтары бар сыбызғы жиырма дыбысты шығаруға мүмкіндік береді.

      69. Сыбызғының өзіне тән ерекше тембрі бар (тегіс-ысқырықты), ащы емес, әртүрлі бояуларға қанық, осы үрлемелі аспаптың әуезіділігіне қоса, орындаған кез-келген орындаушыға, бақташының ойнауына, халық әніне немесе күйіне – ерекше терең ойлылық және мәнерлік береді. 4 ойығы бар дыбыстар қатар: d1 — е1 — fis1 — g1 — а1; 6 ойықпен: с1 — d1 — е1 — f1 — g 1 — а1 — h1.

      70. Қойылым дегеніміз - музыка аспабын тарту кезінде орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, орналасуы және аспапты ұстау тәсілі. Сыбызғы дыбысын сапалы шығару, ойнау шеберлігін дамыту және оқушы денсаулығын сақтандыру талаптарының дұрыс болуы үшін, сыбызғы қойылымының негізгі ережелерін білу қажет.

      Оқушының сыбызғы үйрену барысында және сахнада жеке күй орындағанда сыбызғы аспабын түрегеліп тұрып тартқаны дұрыс.

      71. Сыбызғыны түрегеліп тұрып тартқанда оң аяқты тік қойып, дененің салмағын осы аяққа түсіреді, ал екінші сол аяқ сәл алдыға қарай шығып тұрады.

      Бас түзу ұсталады, дене тұрысы тік болады (қисайып тұруға болмайды).

      Иықтар мен қолдар қысылмай, емін-еркін тұрады. Кеуде қуысы қысылмау үшін, шынтақтарды денеге жабыстырмай, сәл алға көтеріп ұстайды.

      72. Сыбызғыны оркестр, ансамбль құрамымен бірге қосылып орындағанда, орындыққа отырып тартуға болады.

      Орындықтың алдыңғы шетіне отырып тартқанда оң аяқ артқа қарай қойылады, екінші сол аяқ сәл алдыға қарай шығарып қойылады.

      Басты түзу, денені тік ұстаған дұрыс. Иықтар мен қолдар қысылмай, емін-еркін тұрады. Кеуде қуысы қысылмау үшін, шынтақтарды денеге жабыстырмай, сәл алға көтеріп ұстайды.

      73. Музыкалық үрлемелі аспаптардың ішінде, сыбызғы өзінің дыбыс шығару қиындығымен ерекшеленеді. Сыбызғы тарту үшін біріншіден оның дыбысын шығаруды үйрену керек. Аспаптан таза, сапалы дыбысты меңгеру үшін, сыбызғы үрлеу аппаратына (тіске, ерінге, тілге) дұрыс қойылуына зор мән беру кажет. Сыбызғыдан дыбыс шығарып үйренудің алдында оқушы сыбызғыны еріннің (ауыздың) қай жағына қойып үрлегені өзіне ыңғайлы екенін біліп алғаны абзал.

      74. Адам табиғи тыныс алғанда, ішке тыныс алуы мен сыртқа шығаруы біркелкі болып келеді. Ал, сыбызғы тартқанда тыныс өзгеше алынады, онда тыныс алуы тез-қысқа болса, сыртқа шығаруы жай-ұзағырақ болады. Сыбызғыда тынысты ауызбен ішке қарай алып қолданған дұрыс. Тыныспен дұрыс жұмыс жасай білу, сыбызғышы үшін ең маңыздысы. Өйткені, барлық үрлемелі аспаптарда болатын мүштіктің сыбызғыда болмауы, сыбызғы ойнағанда көп ауаны қажет етеді, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы керек. Аспаптан таза, сапалы дыбыс шығаруда тыныстың дұрыс қойылуына байланысты.

      Тыныс – аспап дыбысының жай, баяу қалыптан, ең жылдам ойнақы қалыпқа дейін және естілер-естілмес ақырын қалыптан, қатаң-күшті қалыпқа дейін реттеп басқаратын ауа толқыны. Тыныстың негізгі жүйесі – демді ішке алу, сақтау және аспапта шығарма орындалған кезде үнемдеп шығару болып табылады. Өкпедегі ауаны музыкалық шығарма орындаған кезде бей-берекет шашыратпай, үнемдеп басқарып отыруы керек. Сыбызғыда ойнау кезінде қолданылатын тыныс алудың үш түрі бар, олар кеудеге алу, ішке алу, аралас алу.

      75. Білім алушыға кәсіби тұрғыдан музыканы есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері жақсы дамыған болуы шарт. Музыкалық шығармаларда өзіндік иірімдермен дыбыстардың интонациялық таза, сапалы да әуезді орындалуын білім алушы өзінің есту қабілеті арқылы қадағалайды, сондықтан білім алушының есту қабілеті өте жақсы болуы тиіс. Есте сақтау қабілетінің де музыкада алар орны өте зор.

      76. Білім алушы оқу барысында қарапайым ән-күйлерден бастап, көлемді шығармаларға дейін орындауды үйренеді. Бірнеше беттік күрделі шығармаларды толықтай жатқа орындау музыканттың есте сақтау қабілетінің деңгейіне де байланысты.

      77. Музыка әлемінде үлкен маңызды роль атқарушы ол –музыкалық ырғақ. Педагог үшін білім алушының ырғақтық сезімін дамытып жетілдіру, ең қиын, күрделі міндеттерінің бірі болып табылады. Әртүрлі музыкалық ән-күйден бастап, күрделі шығармаларды орындау барысында, педагог білім алушының ырғақтық сезімінің нақты айқын болуына ерекше көңіл бөледі. Фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын шығармалар, оркестр, ансамбльдік ойындар орындаушының ырғақтық сезімінің нақты-дәлдігін талап етеді.

      78. Сыбызғы аспабының дыбысын шығаруда орындаушының анатомиялық бірнеше мүше маңызды рольді атқарады. Олар: тіс, ерін, тіл, өкпе. Білім алушы аспаптан дыбыс шығаруды үйрену барысында тезірек ойнап үйренгісі келеді. Сондықтан білім алушының ынтасын арттыру үшін, педагог сабақта халық ән-күйлерінің дәстүрлі үлгілерін орындап көрсетеді, білім алушының алғашқы алған жақсы әсері жадында ұзақ сақталады.

      79. Педагог тыныспен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын білім алушының санасына түсінікті етіп жеткізеді. Дыбыстың сапалы, таза, сазды шығуы тынысты дұрыс пайдалана білуге байланысты. Тыныс алу мен шығару тәсілдерін жетік меңгеруі үшін, көп ізденіп, арнайы жаттығулар жасау керек.

      80. Бірінші сабақтан бастап білім алушының музыканы тыңдап, сезіне білуге және өнерге деген сүйіспеншілігін оята білуге тәрбиелеу – ұстаздың ең негізгі міндеттерінің бірі. Алғашқы кезеңде өте таныс халық ән-күйлерінен бастап үйреткен дұрыс. Сыбызғы күй аспабы болғандықтан, біріншіден, күй орындау дәстүрін, екіншіден, фортепианоның сүйемелдеумен ойналатын көркемдік шығармаларды орындауы қажет. Білім алушылар қарапайым құрылымдағы халық күйлері мен әндерінің орындалу әдістерін, көркемдік мазмұндарын түсініп, күйшілік орындаушылықа машықтанады. Біртіндеп күрделі күйлерге ауысып аймақтық дәстүрлі мектептердің орындаушылық ерекшеліктерін игере отырып, аспаптың мүмкіндігін үнемі жетілдіріп отырады.

      81. Көркемдік шығармалар білім алушының музыкалық қабілетіне сай беріледі. Шығарма орындаудағы шеберлікті арттыруға әртүрлі штрихтарға арналған этюдтерді, гаммалар мен арпеджиоларды орындаудың әсері үлкен болады. Этюд, гамма, арпеджиолар үрлемелі аспаптардағы әртүрлі регистрлік дыбыстардың біркелкілігін, саусақтардың жылдамдығы мен тыныс алудың дұрыстығын, таза интонация жасауды, ырғақтық дәлдіктің дұрыс дағдыланып қалыптасуына көп пайдасын тигізеді. Шеберлікті шыңдағаннан кейін, шығармаларды бірте-бірте күрделендіріп, концерттерде орындалатын классик композиторлардың туындыларының көркемдік мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, кәсіби орындаушылық мәдениетіне қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізіледі.

      82. Шығармалардың көркемдік сипатын ашу үшін дыбыс бояуына жұмсақтық, жылылық, қатаң және дара-дара үзіп немесе бір-біріне жалғанған түрлі әрлеулер штрихтар арқылы жасалады. Сыбызғы тартқанда жиі қолданылатын штрихтар деп атака, деташе, легато, стаккато, нон легато, вибрато штрихтары болып табылады.

      83. Білім алушының нотаны оқып үйренуі, ойнап үйренуі негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Ноталық мәтінді өз бетінше тез, әрі сауатты оқи білу ансамбль және оркестрдің ең қажетті шарты болып саналады. Түрлі партияларды орындау кезінде, білім алушы алдағы бірнеше тактіні байқап отыратын, әуенді іштей ести білуді жетілдіріп меңгеруі тиіс.

      84. Педагог білім алушының сабақ үлгерімін қадағалап, үй тапсырмасымен өзіндік жұмысын тексеріп, өтілген шығарманың жақсы жағын бағалап, кемшіліктерін түзетеді. Қабілетінің өсуіне орай ынталандырады, репертуарын жаңартады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      85. "Сыбызғы" пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды:

      1-бөлім. Сыбызғы аспабында дәстүрлі орындаушылықты меңгеру.

      2-бөлім. Шығыс Қазақстанның сыбызғы дәстүрі.

      3-бөлім. Батыс Қазастанның сыбызғы дәстүрі.

      4-бөлім. Баян-Өлгей қазақтарының сыбызғы дәстүрлері.

      5-бөлім. Шыңжаң қазақтарының сыбызғы дәстүрі.

      6-бөлім. Құрай Башқұрт мектебі.

      7-бөлім. Күйлерді сыбызғы аспабына ыңғайлау.

      8-бөлім. Шығармаларды орындаудың шеберлігі.

      9-бөлім. Сыбызғы аспабында әлем халықтарының шығармаларын орындау.

      10-бөлім. Оркестрде және ансамбльде ойнау дағдысы.

      86. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы сыбызғы аспабының қысқаша шығу тарихымен, аспаптың құрылысымен, тістерді, тілді, еріндерді, қолдарды қою ережелерімен, дыбыс шығару негіздерімен танысады;

      2) білім алушы ноталық белгілердің жазбаларымен, олардың шынайы дыбысталуын салыстырумен танысады, ноталық сауаттың негіздерін меңгереді;

      3) орындаушылық білік пен дағдылардың алғашқы негіздері бекітіледі, дұрыс орындаушылық ұстанымдар мен сезімдер қалыптасады;

      4) орындаушылық аппаратты жетілдіру техникалық шеберлікті, сапалы дыбысты, кең диапазонды, жаттығулар мен этюдтерді орындауды меңгеруді талап етеді;

      5) аспапта әуезді музыкалық дыбысты шығару, гаммалармен, үшдыбыстылықтармен, арпеджио жаттығулары және этюдтерді орындау, саусақтардың жүйріктілігіне арналған этюдтер, жаттығулар, халық күйлерінің үзінділерін үйрену және күйлердің құрылымын талдау, шығармаларды сүйемелдеумен ойнау (баян, фортепиано);

      6) білім алушы 10-12 күйді, халық әндерін меңгереді.

      87. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу. Аспаптың құрылысы. Аспапты күтіп баптау.

      2-тақырып. Тістерді, тілді, еріндерді қою және олардың қызметттері.

      3-тақырып. Оң және сол қолды дұрыс қою. Оң және сол қолды дұрыс қоюға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Дыбысты шығару техникасы (дыбыстың үш түрі). Аспапта әуезді музыкалық дыбысты шығару. Дыбыс сапасына арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Гаммалармен жаттығулар.

      6-тақырып. Үшдыбыстылық, арпеджио бойынша жаттығулар.

      7-тақырып. Саусақтардың жүйріктілігіне арналған жаттығулар, этюдтер.

      8-тақырып. Халық әндерінен үзінділерді үйрену. Күйлердің құрылысын талдау.

      9-тақырып. Шығармаларды сыбызғымен баянның сүйемелдеуімен орындау.

      10-тақырып. Шығармаларды сыбызғымен фортепианоның сүйемелдеуімен орындау.

      11-тақырып. Негізінде дыбысты бейнелеу бастауы жатқан тотем бейнелерімен немесе киелі жануарлармен немесе құстармен байланысты күйлер.

      12-тақырып. Аңыздарында музыканың тікелей сиқырлы мағынасы туралы айтылатын күйлер (тылсым жақтағы сиқырлайтын күштер, жыландар, айдаһарлар; жануарлар мен адамдарға сиқырмен әсер ету).

      13-тақырып. Тарихи оқиғалардың құрылысы және аңыздармен және ертегілермен тығыз байланысы. Табиғаттың күйлерде дыбысталуы.

      14-тақырып. Жоқтау күйлері (зар, жоқтау, естірту, жұбату), ол жерде тек өлгендерді жоқтау дәстүрі ғана емес, сондай-ақ өліммен байланысты ежелгі түсініктер мен сенімдер көрініс тапқан.

      15-тақырып. Жоқтау жанры.

      16-тақырып. Сыбызғыда орындалатын естірту күйі.

      17-тақырып. Арнау жанры.

      18-тақырып. Күй айтыс жанры.

      19-тақырып. Сыбызғымен орындалатын халық әндері.

      20-тақырып. Сыбызғы күйлерін орындау кезінде тамақтан шығатын дауысты қолдану.

      88. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспаптың құрылысын біледі;

      2) Бағдарлама шеңберіндегі музыкалық терминдерді біледі;

      3) дыбысты шығару техникасын біледі;

      4) есту қабілеті арқылы терудің алғашқы дағдыларын біледі;

      5) саусақтардың жүйріктілігін біледі;

      6) аспапта дыбыс құраудың ерекшеліктерін, олардың дыбысталуының болжамды көлемін біледі;

      7) баян, фортепианоның сүйемелдеуімен аспапта ойнаудың негізгі дағдыларын біледі;

      8) есту қабілеті арқылы қарапайым әуендерді теруді біледі;

      9) сыбызғымен аңыз күйлерді орындай алады;

      10) күйлердің "зар", "жоқтау", "естірту", "жұбату", "арнау", "айтыс" жанрларын біледі;

      11) халық әндерін біледі және сыбызғымен орындайды;

      12) сыбызғы күйлерін ойнау кезінде тамақтан шығатын дауысын қолданады.

      89. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы Шығыс Қазақстанның сыбызғы мектебінің сыбызғы дәстүрін, сыбызғы мектебінің көрнекті өкілдерінің орындау шеберлігімен танысады;

      2) сызығымен Батыс Қазақстандық сыбызғы мектебінің күйлерін орындау тәсілдерін меңгереді;

      3) білім алушы 10-12 күйді, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан сыбызғы мектебінің халық әндерін меңгереді.

      90. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Шығыс Қазақстан сызыбғы дәстүрінің күйші-композиторлары. Аңыз күйлердегі ескі сенімдердің көрінісі.

      2-тақырып. Аспапқа оң және сол қолды қоюдың айырмашылығы. Оң және сол қолды дұрыс қоюға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Шығыс Қазақстанның халық әндері. Басқа өңірлердің әндерімен ұқсастығы және айырмашылығы.

      4-тақырып. Әндерді жаттау және сыбызғы аспабында орындау.

      5-тақырып. Шығыс Қазақстанның күйлері. Басқа өңірдің күйлерімен ұқсастығы және айырмашылығы.

      6-тақырып. Күйлерді жаттау және оларды сыбызғы аспабында орындау.

      7-тақырып. Батыс қазақстан сыбызғы мектебінің күйші-композиторлары. Кең диапазонды күйлер. Күйлердің философиялық мағынасы.

      8-тақырып. Батыс Қазақстан сыбызғы мектебінің дәстүрлі орындаушылары. Күйші композиторлардың музыкалық мұрасы.

      9-тақырып. Батыс Қазақстан сыбызғы дәстүрінің күйлері. Батыс Қазақстан күйлерін сыбызғымен орындаудың ерекшеліктері.

      10-тақырып. Күйлерді жаттау және оларды сыбызғымен орындау.

      11-тақырып. Батыс Қазақстан сыбызғы дәстүрінің әндері. Сыбызғымен Батыс Қазақстан әндерін орындаудың ерекшеліктері.

      12-тақырып. Әндерді жаттау және сыбызғымен орындау.

      91. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) шығыс қазақстандық, батыс қазақстандық өңірлердің күйлерін, әндерін орындаудың ерекшеліктерін біледі;

      2) шығыс қазақстандық, батыс қазақстандық өңірлердің әндері мен күйлерін біледі және сыбызғы аспабымен орындайды;

      4) шығыс қазақстандық, батыс қазақстандық сыбызғы дәстүрінің күйші-композиторларының шығармашылығын біледі;

      5) орындалатын шығармаларды талдай алады;

      6) жеңіл ноталық мәтінді өз бетінше талдау дағдыларын біледі.

      92. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сыбызғы аспабында Баян-Өлгей аймағының (Моңғолия) күйлерін жаттау;

      2) білім алушы шыңжаң қазақтарының сыбызғы дәстүрімен, орындаушылық ерекшеліктерімен танысады;

      3) Баян-Өлгей аймағының 6 күйін, Шыңжаң сыбызғы мектебінің 6 күйін меңгереді.

      93. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Баян-Өлгей қазақтарының сыбызғы дәстүрі.

      2-тақырып. Күйші композиторлар. Күйші композиторлардың шығармалары.

      3-тақырып. Баян-Өлгей сыбызғы мектебінің дәстүрлі орындаушылары. Баян-Өлгей аймағының дәстүрлі өнер өкілдерінің күйлерді орындау ерекшеліктері. Баян-Өлгей аймағының сыбызғы күйлерінің ұқсастығы және айырмашылығы.

      4-тақырып. Күйлерді жаттау және оларды сыбызғымен орындау. Оң және сол қолды қоюдың ерекшеліктері.

      5-тақырып. Күй формаларындағы қарқындар мен ритмдердің қайталануы, ұдайылығы.

      6-тақырып. Баян-Өлгей аймағының домбыра күйлері.

      7-тақырып. Баян-Өлгей аймағының домбыра күйлерінің ұқсастықтары және айырмашылықтары.

      8-тақырып. Домбыра күйлерін жаттау және сыбызғыда орындау.

      9-тақырып. Шыңжаң қазақтарының (Қытай) сыбызғы дәстүрі. Шыңжаң аймағының сыбызғы дәстүрінің күйші композиторлары. Көнеаңыз күйлердегі ежелгі сенімдердің көрініс табуы.

      10-тақырып. Күй мелизмдері. Орындаушылықтың ерекшеліктері.

      11-тақырып. Шыңжаң сыбызғы мектебінің дәстүрлі орындаушылары. Шыңжаң қазақтарының күйші композиторларының музыкалық мұрасы.

      12-тақырып. Шыңжаң сыбызғы мектебінің күйлерін жаттау.

      94. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) моңғол күйші - композиторларының шығармашылығын біледі;

      2) Баян-Өлгей аймағының сыбызғы, домбыра күйлерін орындау ерекшеліктерін біледі;

      3) Баян-Өлгей аймағының сыбызғы, домбыра күйлерін орындайды;

      4) Шыңжаң сыбызғы мектебінің күйлерін орындау ерекшеліктерін біледі;

      5) Шыңжаң сыбызғы мектебінің күйлерін біледі.

      95. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспаптық музыканың шығармаларымен, сыбызғының туыс аспаптарына арналып жазылған шығармалармен жұмыс дағдылары қалыптастырылады;

      2) құрайға арналып жазылған жаттығулар, гаммалар, арпеджиолар, башқұртардың халық би әуендері меңгеріледі;

      3) сыбызғы аспабында домбыра және қобыз күйлерін, шығармалардың ыңғайланған нұсқаларын және заманауи композиторлардың күйлерін меңгеру жалғастырылады;

      4) домбыра, қылқобыз, сазсырнай, флейтаға арналып жазылған классик композиторлардың, заманауи композиторлардың шығармалары жатталады;

      5) білім алушы 10-12 күйді, халық әндерін, домбыра, қылқобыз, сазсырнай, флейта аспаптарына арналып жазылған, классик композиторлардың, заманауи композиторлардың 10-15 шығармаларын меңгереді.

      96. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Башқұрт халық күйлері.

      2-тақырып. Құрайға арналып жазылған жаттығулар, этюдтер, гаммалар мен арпеджиолар.

      3-тақырып. Башқұрт халықтық би әуендері. Әуендердің ритмикалық ерекшеліктері.

      4-тақырып. Башқұрт күйлерінің пентатоникалық құрылысы.

      5-тақырып. Фортепиано немесе баянмен сүйемелдеп орындалатын Башқұрт шығармалары.

      6-тақырып. Шығармаларды құрай аспабында орындаудың ерекшеліктері.

      7-тақырып. Башқұрт халықтық күйлерін құрай аспабымен орындаудың ерекшеліктері.

      8-тақырып. Башқұрт халық күйлерін жаттау және құрай аспабында орындау.

      9-тақырып. Башқұрт халық күйлерін жаттау және оларды сыбызғы аспабында орындау.

      10-тақырып. Башқұрт халық әндерін жаттау және олады құрай аспабымен орындау.

      11-тақырып. Башқұрт халық әндерін жаттау және сыбызғы аспабында орындау.

      12-тақырып. Заманауи композиторлардың шығармаларының ыңғайланған нұсқалары.

      13-тақырып. Заманауи композиторлардың ыңғайланған күйлері.

      14-тақырып. Домбыра күйлерін сыбызғы аспабымен орындау.

      15-тақырып. Қобыз күйлерін сыбызғы аспабымен орындау.

      16-тақырып. Заманауи композиторлардың сыбызғыға арналған ыңғайланған күйлері.

      17-тақырып. Заманауи композиторлардың сыбызғыға арналған ыңғайланған шығармалары.

      18-тақырып. Классик композиторлардың, заманауи композиторлардың домбыраға арнап жазған шығармалары.

      19-тақырып. Классик композиторлардың, заманауи композиторлардың қылқобызға арнап жазған шығармалары.

      20-тақырып. Классик композиторлардың, заманауи композиторлардың сазсырнайға арнап жазған шығармалары.

      21-тақырып. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын, шығармашылық көркемдік елестетуін, қиялын дамыту.

      22-тақырып. Музыкалық тілдің мәнерлеу құралы, нақты көркемдік бейнені жасау кезіндегі олардың мағынасын түсіну және білімдерін практикалық қызметте қолдану.

      23-тақырып. Музыканы, оның мазмұнын эмоциямен, идеялық-эмоциялық бағытын қабылдау білігін дамыту, музыкалық шығарманың көркемдік түпкі ойын түсіну және ашу.

      24-тақырып. Меңгерілетін шығармалардың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсіну білігін дамыту. Музыканың мазмұнын жеткізудегі көркемдік форма.

      25-тақырып. Концерттік-байқау бағдарламаларын дайындау.

      26-тақырып. Концерттік-байқаулық қызмет. Концерттік репертуар. Сахна мәдениетін дамыту.

      97. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) башқұрт халық күйлерін құрай аспабымен орындаудың ерекшеліктерін біледі;

      2) құрай аспабымен башқұрттардың халық күйлері мен әндерін орындауды біледі;

      3) башқұрт халық күйлерін сыбызғы аспабымен орындаудың ерекшелігін біледі;

      4) сыбызғы аспабымен башқұрт халық күйлері мен әндерін орындауды біледі;

      5) заманауи композиторлардың ыңғайланған шығармаларын, заманауи композиторлардың ыңғайланған күйлерін сауатты орындайды;

      6) сыбызғы аспабымен домбыраға, қобызға арналған күйлерді сауатты орындайды;

      7) классик композиторлардың, заманауи композиторлардың домбыра аспабына арнап жазған шығармаларын сыбызғы аспабымен орындауды біледі;

      8) классик композиторлардың, заманауи композиторлардың қылқобызға арнап жазған шығармаларын сыбызғы аспабымен орындауды біледі;

      9) класски композиторлардың, заманауи композиторлардың сазсырнайға арнап жазған шығармаларын сыбызғы аспабымен орындайды;

      10) әртүрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды сыбызғы аспабымен орындауды өз бетінше жаттайды;

      11) музыкалық ұжымдағы өзінің партиясын орындайды;

      12) сыбызғы аспабында музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасай алады;

      13) жеңіл шығармаларды жаттау кезінде техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңе алады;

      14) орындаушылық практикада теориялық білімдерін қолданады;

      15) орындалатын музыкалық шығармаларды талдайды;

      16) жеңіл музыкалық шығармаларды есту қабілеті бойынша теруді және парақтан оқуды біледі;

      17) мәнерлеудің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдануды біледі;

      18) есту қабілетін бақылауды қолданады және орындау процесін басқаруды біледі;

      19) орындалатын шығармаларды талдауды біледі;

      20) орындаушылық практикаы, көпшілік алдында жеке өнер көрсету тәжәрибесіне ие болады.

      98. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары.

      1) гобойға, флейтаға, құрайға арналып жазылған шетелдік композиторлардың шығармалары жатталады;

      2) фольклор аспаптарымен (жетіген, домбыра, шертер) дуэтте, триода, сыбызғышылар ансамблінде ойнау, домбыра, қобыз, жетіген аспаптарымен бірге орындау дағдылары меңгеріледі; трио (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз);

      3) білім алушы 10-15 күйді, шертер, домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз аспаптарымен бірге орындауға арналған халық әндерін; гобой, флейта, құрай аспаптарына арналып жазылған шетелдік композиторлардың 10 шығармасын меңгереді.

      99. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Шығарманың мәнерлігімен және көркемдік бейнесімен, оның мазмұнымен және идеялық-эмоциялық бағытымен жұмыс.

      2-тақырып. Шығарманың музыкалық мәтінімен және техникалық ерекшеліктерімен жұмыс.

      3-тақырып. Білім алушының есту қабілетін бақылауды дамыту.

      4-тақырып. Дыбыс шығару сапасымен жұмыс.

      5-тақырып. Дыбысталу динамикасын бөлуді кеңейту, музыканың әртүрлі динамикалық бояуларын іздеу білігін қалыптастыру.

      6-тақырып. Ауытқулар мен модуляцияны пайдаланып шығармалардағы тондық жоспарды кеңейту.

      7-тақырып. Әлем халықтарының шығармаларын сыбызғы аспабында жаттау.

      8-тақырып. Гобойға арналып жазылған шетелдік композиторлардың шығармаларын жаттау.

      9-тақырып. Флейтаға арналып жазылған шетелдік композиторлардың шығармаларын жаттау.

      10-тақырып. Құрайға арналып жазылған заманауи композиторлардың шығармаларын жаттау.

      11-тақырып. Оркестрде және ансамбльде ойнау.

      12-тақырып. Оркестрдің, ансамбльдің сүйемелдеуімен сыбызғы аспабымен жеке орындау.

      13-тақырып. Дуэт болып ойнау.

      14-тақырып. Ансамбльде ойнау. Сыбызғы аспабы және жетіген, домбыра, шертер триосы.

      15-тақырып. Ансамбльде ойнау. Сыбызғышылар ансамблі.

      16-тақырып. Ансамбльде ойнау. Домбыра, қобыз, жетіген аспаптарымен бірге орындау.

      17-тақырып. Ансамбльде ойнау. Сыбызғы аспабы және сыбызғы, сазсырнай және шаңқобыз триосы.

      18-тақырып. Пьесамен және ірі нысанды шығармалармен жұмыс. Мәнерлеудің музыкалық-орындаушылық құралдарын қолдану, орындалатын шығармаларды талдауды орындау, орындаушылық техниканың әртүрлі түрлерін игеру, көркемдігі жағынан тиімді техниканы қолдану дағдылары. Этюдтерді, пьесаларды, ансамбльдерді парақтан оқу дағдыларын дамыту.

      100. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық шығарманы жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін сыбызғы аспабында ойнаудың негізгі орындаушылық дағдылары мен тәсілдерін біледі;

      2) музыкалық сауатты біледі;

      3) гобойға арналып жазылған шетелдік композиторлардың шығармаларын біледі және сыбызғы аспабында орындайды;

      4) флейтаға арналып жазылған шетелдік композиторлардың шығармаларын біледі және орындайды;

      5) құрайға арналып жазылған заманауи композиторлардың шығармаларын біледі және орындайды;

      6) музыкалық шығармаларды жетіген, домбыра, шертер апспаптарымен трио құрамында сауатты орындауға мүмкіндік беретін сыбызғы аспабында ойнаудың орындаушылық тәсілдерін біледі;

      7) музыкалық шығарманы сыбызғышылар ансамблінде сауатты орындауға мүмкіндік беретін сыбызғы аспабында ойнаудың орындаушылық тәсілдерін біледі;

      8) музыкалық шығарманы домбыра, қобыз, жетіген аспаптарымен трио болып сауатты орындауға мүмкіндік беретін сыбызғы аспабында ойнаудың орындаушылық тәсілдерін біледі;

      9) музыкалық шығармаларды сыбызғы, сазсырнай және шаңқобыз аспаптарымен трио болып сауатты орындауға мүмкіндік беретін сыбызғы аспабында ойнаудың орындаушылық тәсілдерін біледі;

      10) ұлттық өнер дәстүрінің негіздерін, әртүрлі мектептердің күйлерін орындаушылық шеберліктерінің ерекшеліктерін біледі;

      11) мектептердің композитор орындаушыларының сыбызғы дәстүрлерін біледі;

      12) Бағдарлама шегіндегі мазмұны әртүрлі музыкалық-көркемдік, әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларды мәнерлеп орындауды біледі;

      13) шығармашылық қызметке қажетті білім, білік және дағдыларды біледі.

      101. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық терминдерді;

      2) негізгі ойнау тәсілдерін;

      3) дұрыс тыныс алу ережелерін;

      4) денені, ерінді, қолдарды қою ережелерін;

      5) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді;

      6) музыкалық шығармалардың түрлі өңдеулерін;

      7) шертерде жеке, сол сияқты ансамбльде ойнау қағидаттарын, ережелерін;

      8) музыкант-орындаушының сахнада жұмыс істеу қағидаттарын біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік деңгейде сауатты жеке орындайды;

      2) күрделі емес ноталық мәтінді өз бетінше талдай алады;

      3) жанры және стилі әртүрлі музыкалық шығармаларды аспапта өз бетінше жаттай алады;

      4) музыкалық ұжымда өзінің партиясын орындайды;

      5) аспаппен музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасайды;

      6) күрделі емес шығармаларды жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңеді;

      7) теориялық білімін орындаушылық практикада қолданады;

      8) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады.

      Бітіруші түлекте:

      1) күрделі емес музыкалық шығармаларды есту бойынша ойнау және парақтан оқу;

      2) музыкалық-орындаушылық мәнерлік құралдарын қолдану;

      3) есту қабілетін бақылау және орындау процесін басқару;

      4) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      5) орындаушылық тәжірибе, көпшілік алдында жеке өнер көрсету дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      102. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарманы игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ, бақылау жұмысы түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      103. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (екі күй), екінші, төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (екі күй); екінші, төртінші тоқсандарда: техникалық сынақ (екі халық әні);

      2) 2 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (бір күй, шығыс қазақстандық сыбызғы дәстүрінің бір әні); үшінші, төртінші тоқсандарда: техникалық сынақ (бір күй, батыс қазақстандық сыбызғы дәстүрінің бір әні);

      3) 3 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (баян-өлгей домбыра дәстүрінің екі күйі); үшінші, төртінші тоқсандарда: техникалық сынақ (шыңжаң сыбызғы мектебінің екі күйі);

      4) 4 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: техникалық сынақ (сыбызғы аспабымен орындалатын екі башқұрт халық әні), үшінші, төртінші тоқсандарда: техникалық сынақ (домбыраға арналып жазылған классик композиторлардың, заманауи композиторлардың екі шығармасы), үшінші, төртінші тоқсандарда: техникалық сынақ (қылқобызға және сазсырнайға арналып жазылған классик композиторлардың, заманауи композиторлардың екі шығармасы);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гобойға арналып жазылған бір шығарма; флейтаға арналып жазылған бір шығарма; құрайға арналып жазылған бір шығарма); үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (дуэтпен орындалатын бір шығарма, сыбызғышылар ансамбліне арналған екі шығарма); төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (сыбызғы аспабында орындауға арналған екі күй және жетіген, домбыра, шертер аспаптарының триосы; домбыра, қобыз, жетіген аспаптарымен сыбызғыда орындауға арналған бір ірі нысанды шығарма; сыбызғы, сазсырнай және шаңқобыз аспаптарымен сыбызғыда бір ірі нысанды шығарманы орындау).

      104. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді: білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі, көркем бейнені толық және сенімді ашуы, орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда ашып көрсетуі.

      105. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы" – оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкес, техникалық жағынан сапалы және көркем орындауы; дыбыс шығаруды өз бетінше есту арқылы бақылау; форманы, бейнелі мазмұнын жеткізу білігі; сенімді, ашық, эмоциямен және қозғалысы бойынша еркін орындауы;

      2) "4" бағасы "жақсы" – техникалық, сондай-ақ көркемдік жағынан сәл ауытқулармен сауатты, тұрақты орындауы; емтихан бағдарламасының шығармаларындағы музыкалық, техникалық және ритмикалық міндеттерді сәл ауытқулармен орындауы; динамиканың ашық болмауы, дауыс қатынастарының сараланбауы;

      3) "3" бағасы "қанағаттанарлық" – көптеген қателіктерге жол беріп орындауы: мәтіннің жатталмауы, техникалық дайындығының әлсіздігі, төмен көркемдік деңгейде орындалуы, ойын аппаратының еркіндігінің болмауы; сенімсіз, ритмикалық тұрақсыз, қозғалысын дұрыс үйлестірмей, динамикалық бояусыз, мәтінде қате жіберіп орындауы;

      4) "2" бағасы "қанағаттанарлық емес" – ноталық мәтінді айтудағы қателіктерінің болуы, есту қабілетін бақылай алмауы, метроритмикалық тұрақсыздығы, дыбыс шығарудың және дыбыс жүргізу сапасының төмендігі, мәнерлеп екпіндеудің болмауы, орындау барысында жиі тоқтауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
67-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Фагот" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Фагот" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Фагот" пәні бойынша оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) амбушюр – кейбір белгілі мүштік құралы бар үрлемелі аспаптарда ойнау кезіндегі музыканттың еріндерін қою тәсілі;

      2) арпеджио – фортепианода, кейбір клавишалық және ішекті аспаптарда аккордтарды орындау тәсілі, ол кезде аккордтардың дыбыстары бірінен кейін бірі шығады;

      3) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың ретті қатарын орындау тәсілі;

      4) барокко – он алтыншы ғасырдың соңы - он сегізінші ғасырдың ортасындағы еуропа архитектурасындағы және өнеріндегі ең басты стильдердің бірі;

      5) диапазон – адамның немесе қандай да бір музыкалық аспаптың дауысындағы ең төменгіден ең жоғарыға дейінгі дыбыстың көлемі;

      6) доминант септаккорд – төрт дыбыстан құралған аккорд, олар терция бойында орналасқан немесе орналасуы мүмкін, мажордың бесінші сатысынан (доминанттар) және гармониялық минордан құралады;

      7) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      8) мартле – ысқылы музыкалық аспаптарда ойнау кезіндегі негізгі штрихтардың бірі;

      9) портато –артикуляцияның түрі;

      10) стаккато – бір дыбысты бір-бірінен бөле отырып, үзік-үзік орындалатын музыкалық штрих; стаккато – легатоға қарама-қайшы, дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі тәсілдерінің бірі;

      11) тембр – дыбыс бояуы; музыкалық дыбыстың ерекше сипаттарының бірі;

      12) штрих – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі).

      3. Бағдарламаның мақсаты: фаготта ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) ерін аппаратын және орындаушылық тынысты қоюды меңгеру;

      2) фаготта ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды алу;

      3) бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және фаготта орындау;

      4) музыкалық терминдерді, олардың мағыналарын меңгеру;

      5) жеке, ансамбльде орындау білігін және дағдысын алу.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, музыкалық ойлауын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоционалды қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық ой-өрісін кеңейту, білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) түрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту;

      2) мәдени құндылықтарды өз бетінше қабылдау және бағалау білігін қалыптастыру;

      3) білім алушыны шығармашылық атмосферада, жағымды ортада, эмоциялық-адамгершілік ізеттілікте, кәсіби қаталдылықта тәрбиелеу;

      4) білім алушылардың бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      5. Балаларды фаготта ойнауға оқыту мерзімі - бес жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады. Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ музыка саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Бағдарлама фаготта ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайланған классикалық шығармаларды үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың фаготта ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық лексиканы және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін тәжірибелік қызметі үшін қажетті деңгейде фаготта ойнау тәсілдерін меңгеру үшін жағдай жасайды.

      13. Балаларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Білім беру бағдарламасы білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін фаготта ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру және дамыту халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      18. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбль қатысушыларымен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қолжеткізугебағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      22. "Фагот" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдау үшін жағдай жасайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету);

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік (дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету);

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану).

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ бағдарламасы бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтан құрылады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      28. Осы бағдарламасы негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      30. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      17. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшелігін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетел музыкасы, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультфильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатын материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталардыпарақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      18.Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. Білім алушының біліктері мен дағдыларын қалыптастыру аспаппен таныстырудан, тынысты қою негіздері мен дыбыс шығаруды үйренуден бастап әлемдік музыка классикасының туындыларын орындауға дейін біртіндеп жүргізіледі.

      56. Музыкалық сауаттың элементтерін, музыкалық оырндаушылықтың теориялық негіздерін меңгеру оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      57. Алғашқы кезеңнен бастап білім алушының еріндерін, қолдарын, денесін, орындаушылық тынысын дұрыс қалыптастыру фаготқа табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады.

      58. Ерін аппаратын (амбушюр), орындаушылық тынысты, қимыл аппаратын және тілді қою, қызмет ету негіздері аспапта ойнау кезіндегі объективті заңдылықтарды, білім алушының жеке физиологиялық-анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп қаланады.

      59. Педагог фаготта ойнаушыны қою бойынша (табиғилық, оңтайлық, еркіндік және әртістік) арнайы қалыпты қалыптастырады, бет және ерін бұлшық еттерінің жұмысын қояды, дыбыс шабуылының анық, таза болуын дамытуға ықпал ететін тілдің әрекетін ұйымдастырады, білім алушының орындаушылық аппаратында, иық бөлігінде бұлшық еттердің қысылуы мен артық күш түсуіне жол бермейді.

      60. Педагог ерін аппаратының әрекетіндегі, орындаушылық тыныстағы және қолдың саусақтарын үйлестірудің алғашқы дағдыларын, тыныс алу аппаратындағы тыныс (дыбыс) шығару тірегін сезінуді дамытады, аспаптың интонациясы жағынан таза, тембрі жағынан толық және ашық, қаттылығы бойынша әртүрлі дыбысталуына талпынады, legato [легато], detache [деташе] негізгі штрихтарымен таныстырады, staccato [стаккато] штрихын дамытады.

      61. Жаттығулармен, гаммалармен және этюдтермен жүйелі түрде жұмыс істеу, тар мағынада айтқанда технгиканы дамытуға (жүйріктілік, анықтылық, түзулік) ықпал етеді.

      62. Гаммаларды, жаттығуларды, этюдтерді және қосымша материалдарды меңгеру кезінде әртүрлі штрихтық, динамикалық, ритмикалық нұсқалар қолданылады.

      63. Дыбыс сапасымен, интонациямен, ритмикалық суретпен, динамикамен жұмыс істеу оқытудың барлық кезеңінде жүйелі түрде жүргізіледі.

      64. Педагог оқу жұмысында автордың түпкі ойы сақталған және фаготқа тән ерекшеліктер кеңінен қолданылған шығармалардың өңдеулерін қолданады.

      65. Педагог фаготта ойнауды үйрету кезінде жеке дыбыстың, техникалық меңгерілген музыкалық эпизодтардың мәнерлі дыдысталуына қол жеткізуге тырысады, білім алушының музыкалық есту түсініктерін, әннің, бидің, марштың жанрлық ерекшеліктерін қабылдау және жеткізу білігін, музыкалық-ритмикалық сезімін, қарапайым ритмикалық топтар мен метроритмикалық заңдылықтармен топтардың ретін қабылдау және шығара білу білігін дамытады.

      66. Педагог алғашқы сабақтардан бастап-ақ, білім алушының назарын фаготпен ансамбльде фортепианомен және біртекті ансамбльде ойнаудың ерекшеліктеріне аудартады, музыкалық ойлауды, музыкалық фразалардың, олардың өзара байланысындағы сөйлемдердің құрылымын сезуді және жеткізуді қалыптастырады және дамытады.

      67. Шабуылдың анық болуы және дыбыс сапасының жақсы болуы орындаушылық аппаратты дұрыс қоюдың нәтижесі болып табылады. Фагот диапазоны меңгерілгеннен кейін гаммаларды үйрену басталады.

      68. Этюдтер мен жаттығулар білім алушының гаммамен жұмыс істеу кезіндегі алған білімдерін дамытады. Этюдтер техниканы дамыту, дыбыс пен музыкалық фразировканы дамыту үшін қолданылады.

      69. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіледі және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      70. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбысты дамытуға арналған жаттығулар (тұрақты ноталар);

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыстар (гаммалар, жаттығулар, этюдтер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) нотаны парақтан оқу.

      71. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      72. "Фагот" пәнінің "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      73. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) жалпы қойылымның негіздері, орындаушылық тыныс, дыбыс шығару, 1-1,5 октава шеңберіндегі аппликатура, ырғағы бойынша таза, тембрі бойынша анық, қаттылығы бойынша әртүрлі аспаптың тұрақты дыбысталуы қалыптастырылады;

      2) detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато] негізгі штрихтары, дұрыс қойылымды қалыптастыру және тынысты дамыту үшін ұзақ ноталарға арналған жаттығулар меңгеріледі, екі белгіге дейінгі (қоса алғанда) мажор және минор гаммалары, фаготтың үлкен отавасындағы "до" дыбысынан бастап бірінші октавадағы "фа" дыбысына дейінгі регистр шеңберінде екі белгіні қоса алғанда үндестіліктегі арпеджио үшдыбыстылығы;

      3) тынысты дұрыс қоюды және дамытуды қалыптастыру үшін білім алушы екі белгіге дейінгі ұзақ ноталарды жаттығуларды меңгереді; таңдау бойынша бір гамманы, нота бойынша 2 этюдті, 8-10 этюдті, ыңғайлы қалыптағы 20-25 жаттығу мен этюдті, негізгі штрихтар мен ритмикалық суреттердің әртүрлі комбинацияларын, 6-8 пьесаны, 2-4 ансамбльді меңгереді.

      74. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Фагот" пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1. Тынысты, денені, қолды қою.

      2. Дыбыс шығару.

      3. Шабуыл.

      4. Аспапта дыбысты шығару.

      5. Ноталық материалмен жұмыс.

      6. Ансамбльде ойнау.

      7. Диапазонды кеңейту. Гаммалар.

      8. Шығармашылық тапсырмалар.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық аспаптың тарихы. Фаготтың құрылысы және аспапты күту. Оркестрдегі, ансамбльдегі, жеке музыка ойнаудағы фаготтың рөлі.

      2-тақырып. Тынысты қою. Орындаушылық тыныстың әдеттегі физикалық тыныстан ерекшелігі. Орындаушылық тыныстың түрлері. Диафрагма бұлшық еттерін дамыту. Тыныс алу жаттығулары.

      3-тақырып. Орындаушының денесі мен қолын қою. Ойнау кезінде денені дұрыс қою. Қолды аспапқа қою.

      4-тақырып. Амбушюр. Дыбыс шығарудағы амбушюрдің рөлі. Еріндерді қою. Амбушюрді дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Тамақ. Дыбыс шығару кезіндегі кеңірдек пен дауыс желбезектерінің рөлі. "Жылы" ауаны ішке алу. Тамақ тұсындағы "есінеу" қалпы.

      6-тақырып. Дыбыс шығару. Аспаптың ұшында дыбысты шығару. "Созылмалы дыбыстар" жаттығуы. Аспаптың ұшындағы әдемі дыбысты табу.

      7-тақырып. Шабуыл. Шабуылдың түрлері. Тіл – дыбыс шабуылының негізгі құралы. Дұрыс шабуыл. Тілдің қалпы, буындар. Тілге арналған жаттығулар. Аспаптың ұшында шабуылмен дыбыс шығару. Аспапта дыбыс шығару.

      8-тақырып. Аспапта ойнау кезіндегі қолдардың үйлесімділігі. Бірнеше процесті бір уақытта бақылау дағдысы: тыныс, амбушюр, саусақтар.

      9-тақырып. Бірінші октаваның "соль" дыбысынан екінші октаваның "до" дыбысына дейін дыбыстарды шығару. Көрсетілген дыбыстарға арналған алғашқы жаттығулар. "Созылыңқы дыбыстар". Тілге арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Ноталық материалмен жұмыс. Белгілі бір, екі, үш және төрт дыбыстарда қарапайым ритмикалық суреттермен жаттығулар мен әндерді мысалға алып ноталық мәтінді оқу дағдыларын дамыту. Қарапайым әуендерді парақтан оқу.

      11-тақырып. Музыкалық есте сақтау жадын дамыту. Материалды нотасыз, жатқа орындау.

      12-тақырып. Ансамбльде ойнау дағдысын дамыту. Біртекті және әртүрлі аспаптар ансамблі.

      13-тақырып. Фортепианоның сүйемелдеуімен ойнау. Концертмейстермен ойнау кезіндегі негізгі ережелер. Аспапты күйге келтіру. Жеке орындаушы мен сүйемелдеушінің міндеттерін бөлу. Шығарманы фортепианоның сүйемелдеуімен ойнау.

      14-тақырып. Педагогпен ансамбльде ойнау. Ансамбльде ойнаудың ерекшеліктері. Аспапты ыңғайлау. Ансамбльдің партиясын білу және тыңдау.

      15-тақырып. Диапазонды кеңейту. Гаммалар. Білім алушының бірінші октаваның "ре" дыбысынан екінші октаваның "ля" дыбысына дейінгі болжамды жұмыс диапазонының көлемдері.

      16-тақырып. Гамма – музыкалық материалдың негізі. Музыкант үшін гамманың рөлі. Шығармаларды талдау. Музыкалық құрылым. Гамма – музыканттың жаттығу құралы.

      17-тақырып. Гаммаларды орындау. Мажор гаммаларының құрылымы. Белгілі штрихтармен гамманы бір октавада орындау. Шығармашылық тапсырмалар. Өзін басқару дағдыларын дамыту.

      18-тақырып. Detache [деташе], legato [легато], staccato [стаккато]негізгі штрихтары.

      19-тақырып. Минор және мажор гаммалары. Минор гаммаларымен танысу. Мажор гаммаларыны түрі.

      20-тақырып. Мажор және минор гаммаларын кілттегі бір белгіге дейін жұмыс диапазоны шеңберінде орындау.

      21-тақырып. Үлкен октаваның "до" дыбысынан бірінші октаваның "фа" дыбысына дейін фагот регистрі шеңберінде екі белгіні қоса алғандағы үндестіліктегі арпеджио үшдыбыстылығы.

      22-тақырып. Әуендерді шығару. Естуі бойынша теру, сурет салу.

      23-тақырып. Плюс және минус фонограммаларын дисктен тыңдап шығармаларды өз бетінше жаттау.

      75. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспаптың құрылысын, аппликатураны біледі;

      2) ноталардың аталуын, штрихтардың аталуын біледі;

      3) аспапты ұстай алады;

      4) деташе, легатоны орындай алады;

      5) концертмейстермен ойнау кезіндегі ережелерді біледі;

      6) аспаты күйге келтіре алады;

      7) ансамбльде ойнаудың ерекшеліктерін біледі.

      76. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) ерін аппаратында фаготтың таяқшасының әрекетін икемді басқаруға қажетті бет және ерін бұлшық еттерін қалыптастыру аяқталады;

      2) орындаушылық тыныста шығару тірегі сезімі бекітіледі және орындаушылық тыныстың білім алушының ерін аппаратымен өзара әрекеттестігі дамытылады;

      3) қимыл аппаратында білім алушы саусақтардың жылдамдығына қол жеткізуге тырысады, қимыл аппараты мен орындаушылық тыныстың өз бетінше әрекет ету дағдылары меңгеріледі, қойылған көркемдік міндеттерді орындауға қажетті деңгейде тіл техникасын дамытады, тіл мен орындаушылық тыныстың өз бетінше әрекет етуіне қол жеткізуге тырысады;

      4) орындаушылық аппаратқа артық күш түсуден және әртүрлі қысылулардан босату бекітіледі, аспаптың дыбысталу сапасы дамытылады, статикада, сондай-ақ динамикада фагот дыбысының қаттылығын басқару диапазоны РР-ден [пиано] FF-ке [форте] дейін кеңейтіледі, фаготтың барлық дыбыстық дипазоны бойынша негізгі және қосымша аппликатуралар меңгеріледі, музыкалық-есту түсініктері дамытылады;

      5) барокко кезеңінің және музыкалық өнердің дамуының классикалық кезеңіндегі пьесалардың жанрлық ерекшеліктерін жеткізу білігін, музыкалық фразалардың көңіл-күйін, шығарманың бейнесін анықтау қалыптастырылады;

      6) музыкалық-ритмикалық сезімді, тактідегі күшті және әлсіз уақытты, фразадағы, музыкалық сөйлемдегі уақытша қатынастарды сезу және жеткізу білігін дамыту, фортепианомен ансамбльде ойнау дағдылары жетілдіріледі, мәтіннің нақтылығына, мәнерлігіне және ырғақтық тазалығына ерекше көңіл бөлінеді;

      7) білім алушы қосымша штрихтарды игереді, үш белгіге дейінгі (қоса алғанда) мажор жән минор гаммаларын, мелизмдерді (форшлаг, мелизм, мордент) меңгереді, аспаптың дыбысталу диапазонын екі жарым октаваға дейін кеңейтеді (бірінші октаваның "ля"), музыкалық ойлауын дамытады, шығармалардың бейнелерін сезуді және эмоциялық жеткізуді үйренеді;

      8) әртүрлі регистрлерде дыбыс жүргізуді жақсарту үшін секвенциялық жаттығуларды, таңдауы бойынша бір гамманы, нота бойынша 2 этюдті, 20-25 жаттығуды, әртүрлі техниканың түрлеріне арналған этюдтерді, үш белгіге дейінгі гаммаларды, хроматикалық гаммаларды, 6-8 пьесаны, 2-4 ансамбльді меңгереді.

      77. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Фагот" пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1. Орындаушылық тыныспен және дыбыс жүргізумен жұмыс. Орындаушылық диапазон.

      2. Штрихтар.

      3. Динамикалық бояулар.

      4. Гаммалармен жұмыс.

      5. Ноталық материалмен, шығармамен жұмыс.

      6. Ансамбльде ойнау.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық тыныспен және дыбыс шығарумен жұмыс. Орындаушылық диапазонды кеңейту. Тыныс шығарудың ұзақтығымен жұмыс. Тыныс шығаруды ұлғайту.

      2-тақырып. Дыбыс жүргізумен және фразировкамен жұмыс. Баяу дыбыс жүргізу дағдысын жетілдіру, ырғақтың түзу шығуымен жұмыс.

      3-тақырып. Жұмыс диапазонын кеңейту. Диапазонды бірінші октаваның "до" дыбысынан бастап үшінші октаваның "ре" дыбысына дейін кеңейту. Жоғарғы және төменгі регистрлерді орындаудың ерекшеліктері.

      4-тақырып. Штрихтар. Практикада әртүрлі штрихтармен танысуды жалғастыру. Акцент қойылған және акцент қойылмаған штрихтар.

      5-тақырып. "Staccato" [стаккато] штрихы. Фаготта орындаудың ерекшелігі. Стаккатоның түрлері (бір, қос, үш). Бір стаккатоны орындау бойынша жұмыс. Тіл мен диафрагма бұлшық еттерімен жұмыс.

      6-тақырып. "Marcato" штрихы. Штрихты қолдану. Фаготта орындау техникасы.

      7-тақырып. Қосымша штрихтар portamento [портаменто], non legato [нон легато], marcato [маркато].

      8-тақырып. Әртүрлі штрихтармен (жаттығу және этюд) үш белгіге дейінгі үндестіліктегі (табиғи және гармониялық әуендер) мажор және минор гаммалары.

      9-тақырып. Мелизмдер: форшлаг, трель, мордент.

      10-тақырып. Динамикалық бояулар – музыкадағы мәнерлеу құралы. Бояулардың әртүрлілігі. Фаготтағы динамикалық бояулардың белгілерімен және оларды орындаумен танысу.

      11-тақырып. Фаготта әртүрлі регистрлерде орындау техникасы.

      12-тақырып. "Пиано". Орындаудың қиындықтары. Тембрмен жұмыс.

      13-тақырып. "Меццо форте және меццо пиано". Осы динамикалық бояулармен шығарманы аспапта орындау. Дыбыстық сызықтың түзулігімен жұмыс.

      14-тақырып. "Крещендо және диминуэндо". Осы динамикалық бояуларды ойнау кезіндегі тынысты шығару күшін бөлу. Дыбысты біртіндеп күшейтуге және өшіруге арналған бір нотада орындалатын жаттығулар.

      15-тақырып. Гаммалармен, әртүрлі штрихтармен және динамикалық бояулармен жұмыс. Әртүрлі белгілі штрихтар мен динамикалық бояулардың үйлесіміндегі бір гаммамен жұмыс.

      16-тақырып. Ноталық материалмен жұмыс. Ритмикалық суреттердің әртүрлі түрлері. Үзік-үзік ритм, "ұсақ ұзақтылықтар", синкопалар.

      17-тақырып. Этюдтерді орындау. Этюд –кандай да бір техниканың түрін жаттықтыруға арналған музыкалық шығарма. Шығармамен жұмыс.

      18-тақырып. Музыкалық жанрдың ерекшеліктері. Музыкалық жанр түсінігі. Ән, би, марш жанры.

      19-тақырып. Музыкалық шығарманың қарқынын және мінезін белгілеу. Қарқындардың негізгі белгілері. Жылдам, орташа және баяу қарқындар. Шет тіліндегі музыкалық терминдер.

      20-тақырып. Кантиленді сипаттағы шығармалармен жұмыс. Штрихтардың, дыбыс жүргізудің ерекшеліктері. Шығарманың бейнесімен жұмыс.

      21-тақырып. Би сипатындағы шығармалармен жұмыс. Штрихтарды, дыбыс жүргізудің ерекшеліктерімен жұмыстың ерекшелігі. Шығарманың мазмұнын ашу.

      22-тақырып. Әртүрлі сипаттағы шығармаларды парақтан оқу. Шығармалармен танысудың ережелері: аталуы, композиторы, жанры, қарқыны, өлшемі, штрихтар. Шығарманы алғашқы талдау.

      23-тақырып. Шығармаларды жатқа жаттау. Ансамбльде ойнау дағдыларын жетілдіру.

      24-тақырып. Басқа білім алушылармен ансамбльде ойнау. Дуэт (фагот, гобой). Трио. Партияларды жаттау. Бірге музыка ойнау. Гармоникалық есту қабілетін дамыту.

      25-тақырып. Көпшілік алдында өнер көрсету. Концерттік көрсетілімге психологиялық дайындық. Концерт алдындағы қобалжумен күрес. Концерттің алдында жүргізілетін сабақтарды құру, алдын ала ойнату. Сахнада өзін ұстау, шығу және кету ережелері, сахналық бейне, концертмейстермен және көрермендермен байланыс орнату.

      78. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жоғарғы және төменгі регистрлерді орындаудың ерекшеліктерін біледі;

      2) акцент қойылған және акцент қойылмаған штрихтарды біледі;

      3) фаготта "staccato" [стакато], portamento [портаменто], non legato [нон легато], marcato [маркато] штрихтарын орындаудың ерекшеліктерін біледі;

      4) мажорлы және минорлы гаммаларды үш белгіге дейінгі үндестіліктерде орындауды біледі;

      5) мелизмдерді біледі: форшлаг, трели, мордент;

      6) фаготта "меццо форте және меццо пиано" орындауды біледі;

      7) шығарманы талдау дағдыларын біледі;

      8) фаготта би сипатындағы шығармаларды орындауды біледі;

      9) ансамбльде басқа білім алушылармен ойнауды біледі;

      10) көпшілік алдында өнер көрсету дағдысына ие болады.

      79. 3 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) ерін аппаратында аспаптың дыбысталуын басқарудағы икемділік, саусақ техникасы дамиды;

      2) тыныс алу аппаратында дыбыс шығару мен дыбыс жүргізудің негізі ретінде дыбыс тірегі сезімі бекітіледі;

      3) орындаушылық тыныстың, қимыл аппаратының және тілдің жеке қызмет ету сезімі машықталады, динамикалық градациялар, fp [форте пиано], sf [сфорцато] тәсілдерін орындау, дыбысты филировка жасау білігі меңгеріледі;

      4) аспаптың барлық дыбыстық диапазоны бойынша тембрі біртекті фаготтың дыбыс шығару сапасы дамытылады, орындаушылық тынысты шығару мен тілдің өзара байланысын құру білігі, дыбыс шабуылын музыкалық-көркемдік міндеттерге байланысты дыбысталудың тембрлік бояуды басқару құралы ретінде қолдану білігі қалыптасады;

      4) музыкалық-есту түсініктері, музыкалық өнердегі романтикалық бағытының стильдік, бейнелі ерекшеліктерін жеткізу, метроритмикалық заңдылықтарды күшті және әлсіз уақыт кезеңін мағыналық құрылымға ауыстыру және ойнау кезінде әсершілдік пен орындаушылық техниканың үйлесімді біртұтастығына қол жеткізу білігі дамиды;

      5) музыкалық ойлауда варияциялық форманы, үш бөлікті жеңіл және күрделі форманы, рондо формасын сезіну және музыкалық бейнеге ауыстыру білігі дамиды, фортепиано және аспаптармен ансамбльде ойнау дағдысы жетілдіріледі;

      6) білім алушы нотаны парақтан оқу дағдысын, жеңіл пьесаларды өз бетінше талдауды, ансамбльдік, оркестрлік партияларды, секвенциялық, октавалық жаттығуларды, үшдыбысты арпеджионы, төрт белгіге дейінгі (қоса алғанда) мажор және минор гаммаларын, оның ішінде доминантсептаккордтарды және олардың айналымдарын, таңдауы бойынша бір гамманы, нота бойынша 2 этюдті, бес белгіге дейінгі гаммаларды, 20-25 жаттығуды, этюдтерді, 6-8 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы, 2-3 ансамбльді меңгереді.

      80. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Фагот" пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1. Диапазонды кеңейту. Регистрлермен жұмыс.

      2. Техниканы дамыту. Гаммалар.

      3. Мелизмдер.

      4. Музыкалық мәнерліктің құралдары.

      5. Шығармамен жұмыс.

      6. Ансамбльде ойнау.

      7. Өз бетінше жұмыс. Концерттік қойылым.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Диапазонды кеңейту. Регистрлермен жұмыс. Бірінші октаваның "до" дыбысынан бастап үшінші октаваның "ля" дыбысына дейін жұмыс диапазонын кеңейту. Жоғарғы регистрдегі ноталардың аппликатурасы. Қосымша аппликатура.

      2-тақырып. Жоғарғы регистрмен жұмыс. Амбушюрдің қалпы, тыныс, динамикалық бояулар, жоғарғы регистрдегі "пиано". Орындаудың техникалық қиындықтары.

      3-тақырып. Төменгі регистрлер. Төменгі регистрде дыбысталудың анықтылығын дамыту, төменгі регистрге арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Техниканы дамыту. Гаммалар. Техниканы дамытуға арналған жаттығулар. Саусақтардың оңтайлы жұмысы. Қарқындарды біртіндеп жылдамдату. Ритмикалық суреттерді ұсақ ұзақтықтармен орындау.

      5-тақырып. Кілттегі екі белгіге дейінгі гаммалар. Әртүрлі қарқында әртүрлі штрихтар мен динамикалық реңктердің үйлесімдерімен екі белгіге дейінгі кілттегі мажор және минор гаммаларын жаттау және орындау. Арпеджио.

      6-тақырып. Мелизмдер. Музыкадағы мелизм түсініктері. Әртүрлі безендірулерді оқу және орындау: форшлаг, трели, мордент.

      7-тақырып. Музыкалық мәнерлеудің құралы. Жаңа штрихтармен танысу. "Тенуто", "портато", "мартеле", "тенутно және байланыстыратын "стаккато" штрихтарын орындау.

      8-тақырып. Күрделі динамикалық реңктер. Күрделі техникалық реңктерді орындау техникасы (пианиссимо, фортиссимо, сфорцандо).

      9-тақырып. Шығармамен жұмыс. Әртүрлі кезеңдердің шығармаларды орындаудың стильдік ерекшеліктері. Барокко, классицизма, романтизм музыкасымен танысуды жалғастыру. Заманауи музыка. Әр стильді орындаудың ерекше қасиеттері. Дыбыс, динамика, штрихтар.

      10-тақырып. Барокко кезеңінің музыкасы. Барокко стилінің түпнұсқалық шығармаларымен танысу. Барокко музыкасының жанрлық әртүрлілігі. Фаготта барокко музыкасын орындаудың ерекшеліктері.

      11-тақырып. Ірі нысанды шығарма. Ірі нысанды шығармалармен танысу: соната (сонатина), сюита, вариациялар.

      12-тақырып. Өз бетінше жүргізілетін жұмыс. Үй тапсырмаларын орындау кезіндегі өзін бақылау әдістері. Есту, көру, ішкі бақылауды дамыту. Метрономен, тюнермен жұмыс. Аудио және бейнежазба.

      13-тақырып. Минустық фонограммамен жұмыс. Партияларды жаттау, аккомпонементті тыңдау. Шығарманы орындау.

      14-тақырып. Өз бетінше жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Есту қабілеті бойынша теру, қарапайым музыкалық құрылымдарды шығару.

      15-тақырып. Ансамбльде ойнау. Ансамбльде музыка ойнаудың қалыптасқан формасы ретінде квартетпен танысу. Ішекті квартет. Ағаш үрлемелі аспаптардың квартеті. Біртекті аспаптар квартеті. Біртекті аспаптардың квартетінің мүмкіндіктері.

      16-тақырып. Квартет (фагот, гобой). Фоготшылар, гобойшылардың квартетіне арналған репертуардың түрлілігі. Партияларды бөлу. Квартетте ойнаудың ерекшеліктері.

      17-тақырып. Концертте өнер көрсету. Тақырыптық концерттер. Концерттің тақырыптарын іріктеу. Сценарий әзірлеу. Репетуарды іріктеу.

      81. 3 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) fp [форте пиано], sf [сфорцато] тәсілдерін орындауды, дыбысты филировка жасауды біледі;

      2) дыбыс шабуылын музыкалық-көркемдік міндеттерге байланысты дыбысталудың тембрлік бояуын басқару құралы ретінде қолдануды біледі;

      3) әртүрлі қарқында әртүрлі штрихтар мен динамикалық реңктердің үйлесімдерімен екі белгіге дейінгі кілттегі мажор және минор гаммаларын орындауды біледі;

      4) әртүрлі безендірулерді орындауды біледі: форшлаг, трель, мордент;

      5) "тенуто", "портато", "мартеле", "тенутолық және созылмалы стаккато" штрихтарын орындауды біледі;

      6) күрделі динамикалық бояуларды пианиссимо, фортиссимо, сфорцандо орындау техникасын біледі;

      7) әртүрлі кезеңдердің шығармаларын орындаудың стильдік ерекшеліктерін біледі;

      8) барокко, классицизм, романтизм музыкасы және заманауи музыка стилін орындаудың ерекше қасиеттерін біледі;

      9) барокко стиліндегі шығармаларды орындаудың ерекшелігін біледі;

      10) ірі нысанды шығармаларды (соната (сонатина), сюита, вариация) болады;

      11) есту қабілеті арқылы іріктеуді, қарапайым музыкалық құрылымдарды шығаруды біледі;

      12) ансамбльде ойнау дағдыларын біледі.

      82. 4 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) гаммаларды терциялармен, әртүрлі штрихтерде кварталармен ойнауды қоса отырып, фаготта орындаушылықтың технологиялық базасын жетілдіру, нотаны парақтан оқу, өз бетінше пьесаларды және оркестрлік партияларды талдау дағдысын дамыту жалғастырылады;

      2) музыкалық шығарманың көркемдік талаптарына сәйкес келетін орындаушылық техниканы жетілдіру жалғастырылады, мәнерліктің агогикалық тәсілдері меңгеріледі, шығармашылық және физикалық төзімділік, төрт-алты музыкалық шығарманы үзіліссіз орындау қабілеті машықтандырылады;

      3) орындаушының эмоционалды мәдениеті қалыптасады, шығарманың эмоцияналды-көркемдік бейнесін құру, шығарманың құрылымын музыкалық бейнемен байланыстыру білігі дамытылады;

      4) білім алушы бес белгіге (қоса алғанда) дейінгі мажор және минор гаммаларын, оның ішінде доминантсептаккордтарды, кішірейтілген кіріспе септаккордтарды және олардың айналымдарын, сынық гаммаларын, кварталарды, квинталарды, сексталарды, септималарды, оларды "стаккато", "легато" ойнауды, хроматикалық гаммаларды, стилі, музыкалық бағыты жағынан әртүрлі 10 концерттік этюдті, пьесаны, ірі нысанды шығармаларды, гаммаларды, 20-25 жаттығуды, этюдтерді, тенор кілтіндегі 4-5 этюдті, 2-3 ірі нысанды шығармаларды, 2-3 ансамбльді меңгереді.

      83. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Фагот" пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1. Аспапты меңгеру дағдысын бекіту.

      2. Қосарланған стаккато.

      3. Гаммалар, жаттығулар, этюдтер.

      4. Вибрато.

      5. Ноталық материалмен жұмыс.

      6. Ансамбльде ойнау.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Тыныс. дыбыс. Тембр. Орындаушылық тынысты сауатты және оңтайлы қолдану. Барлық регистрлерде дыбысты басқару. Орындалатын музыканың сипатына байланысты әртүрлі дыбыстық тембрлерді қолдану.

      2-тақырып. Орындаушылық техника. Аспаптың техникалық мүмкіндіктері. Саусақтардың жүйріктілігі. Техникалық жаттығулар.

      3-тақырып. Қосарланған стаккато. Штрихты орындау техникасы. Әртүрлі қарқында жаттығу: баяудан жылдамға дейін.

      4-тақырып. Гаммалар, жаттығулар, этюдтер. Кілттегі бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларымен танысу. Гаммаларды жылдам қарқында әртүрлі штрихтармен орындау. "Қосарланған стаккато" штрихын орындау. Арпеджио. Доминантсептаккордтар және кішірейтілген кіріспе септаккордтар және олардың айналымдары.

      5-тақырып. Гаммалар. Сынық терциялар.

      6-тақырып. Кварталар, квинталар.

      7-тақырып. Сексталар, септималар.

      8-тақырып. "Стаккато" және "легато" штрихтары.

      9-тақырып. Хроматикалық гаммалар.

      10-тақырып. Этюдтерді тенорлық кілтте жаттау.

      11-тақырып. Жаттығулар мен этюдтер. Әртүрлі техниканың түрлеріне арналған жаттығулар мен этюдтерді орындау.

      12-тақырып. Вибрато. Вибрато түсінігі – музыкалы аспапта ойнаудың ерекше тәсілі. Фаготта вибрато ойнау. Вибратоны қолдану.

      13-тақырып. Вибратоны дамытуға арналған жаттығулар. Вибратоның түрлері. Тыныс алу жаттығулары. Диафрагма бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Вибратоның жылдамдығы.

      14-тақырып. Ноталық материалмен жұмыс. Мәтінмен өз бетінше жұмыс. Музыкалық шығарманы талдау. Шығарманың сипатына және фразировкаға байланысты штрихтарды, динамикалық бояуларды және тынысты бөлу.

      15-тақырып. Бағдарламаның шығармасын нота бойынша және жатқа жаттау. Ансамбльде ойнау.

      16-тақырып. Ансамбльдің әртүрлі құрамында ойнау дағдыларын бекіту.

      17-тақырып. Техникалық сынаққа арналған бағдарламаны таңдау. Шығарманы таңдау және жаттау.

      18-тақырып. Аралық тыңдалым.

      84. 4 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық тынысты сауатты және оңтайлы қолдануды біледі;

      2) орындалатын музыканың сипатына байланысты әртүрлі дыбыстық тембрлерді қолдануды біледі;

      3) әртүрлі штрихтармен жылдам қарқында гаммаларды орындау техникасын біледі;

      4) әртүрлі штрихтармен жылдам қарқында гаммаларды орындайды;

      5) гаммаларды ойнай алады (сынық терциялар, кварталар, квинталар, сексталар, септималар);

      6) "вибрато" ойнау тәсілін біледі;

      7) шығарманың сипатына және фразировкаға байланысты штрихтарды, динамикалық бояуларды, тынысты бөлуді біледі;

      8) әртүрлі ансамбль құрамында ойнау дағдыларын біледі;

      9) минорлы гаммаларды бес белгіге дейін кілтте ойнауды біледі;

      10) ноталық материалмен жұмыс істеуді біледі;

      11) музыкалық шығарманы талдау дағдыларын біледі;

      12) ансамбльдің әртүрлі құрамында ойнау дағдыларына ие болады.

      85. 5 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) техникалық, әртістік және көркемдік дағдыларды дамыту жалғастырылады, музыкалық фразировканың ерекшеліктеріне, стильдер мен формаларды талдауға үлкен назар аударылады;

      2) білім алушы гаммаларды орындауды жетілдіреді, үшдыбысты арпеджионы, доминантсептаккордтарды, әртүрлі штрихты, ритмикалық суретті кіші септаккордтарды, 18-20 этюдті, 1-2 ірі нысанды шығармаларды, 6-8 шағын нысанды шығармаларды, 4-6 ансамбльді меңгереді.

      86. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Фагот" пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1. Аспапты меңгеру дағдысын бекіту.

      2. Гаммалар, жаттығулар, этюдтер.

      3. Шығармамен жұмыс.

      4. Концерттік-байқаулық бағдарламларға дайындалу.

      5. Қорытынды аттестаттаудың шығармаларын жаттау.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Техникалық, әртістік және көркемдік дағдыларды дамыту.

      2-тақырып. Гаммаларды орындау.

      3-тақырып. Үшдыбысты арпеджио, доминантсептаккордтар және әртүрлі штрихтық, ритмикалық нұсқалардағы кішірейтілген септаккордтар.

      4-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      5-тақырып. Ірі нысанды шығарма.

      6-тақырып. Шағын нысанды шығарма, ансамбльдер.

      7-тақырып. Мәнерліктің музыкалық-орындаушылық құралдары. Орындалатын шығармаларды талдау. Орындаушылық техниканың түрлері, көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдерді қолдану. Парақтан этюдтерді, пьесаларды, ансамбльдерді орындау.

      8-тақырып. Концерттік репертуар. Сахна мәдениетін дамыту.

      9-тақырып. Концерттік-байқаулық қойылымдарды дайындау.

      10-тақырып. Қорытынды емтиханға арналған бағдарламаны таңдау. Қорытынды аттесттаудың шығармасын таңдау және оны жаттау. Аралық тыңдалымдар.

      87. 5 сыныптың бағдарламасын игеруден күтіетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталық сауатты біледі;

      2) ойын аппаратын дұрыс қоюды біледі;

      3) әртүрлі музыкалық-көркемдік мазмұндағы, әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларды мәнерлі орындауды;

      4) шығармашылық қызметке қажетті техникалық білімді, білікті және дағдыларды біледі;

      5) тасымалдауды, есту бойынша теруді, гармоникалық және әуендік мазмұндағы қарапайым варияцияларды орындауды біледі;

      6) фаготта орындауға арналған репертуарлы тізбені біледі;

      7) сахнада өнер көрсету тәжірибесіне ие болады.

      88. Білім беру бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық терминдерді;

      2) музыкалық стильдер мен жанрларды;

      3) музыкалық шығарманы жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін фаготта ойнау тәсілін;

      4) әртүрлі отандық және шетел композиторларының ансамбльге арналған репертуарды;

      5) әртүрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды;

      6) орындаушылық қиындықтармен жұмыс істеу тәсілдерін біледі.

      Түлек:

      1) бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды аспапта орындауды;

      2) көркемдік бейнені құру үшін мәнерлік құралдарын қолдануды;

      3) парақтан жеңіл музыкалық шығармаларды оқуды;

      4) музыкалық шығармаларды алғашқы талдауды өз бетінше және сауатты жүргізуді;

      5) жеке өнер көрсетуге және ансамбльде өнер көрсетуге дайындалуды;

      6) орындалатын шығармаларды талдауды біледі.

      Түлекте:

      1) музыкалық шығармаларды орындау (жеке орындау, ансамбльде орындау);

      2) көпшілік алдында өнер көрсету;

      3) музыкалық материалмен өз бетінше жұмыс істеу, мәтінді парақтан оқу дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      89. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау бақылау жұмысы, академиялық концерт, техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      90. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (бір этюд, бір пьеса), екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (гаммалар, арпеджио үшдыбыстылығы, бір этюд және әртүрлі сипаттағы екі пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (үш белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, үшдыбыстылық, staccato [стаккато] (detache [деташе]), legato [легато] штрихтарындағы мажор және минор гаммалары, үшдыбыстылық, штрихтардағы үшдыбыстылықтың айналымдары, екі этюд, екі түрлі сипаттағы пьеса, олардың бірі жылдам қарқында жазылған);

      3) 3 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (legato [легато], detache [деташе], staccato [стаккато] штрихтарымен бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, әртүрлі сипаттағы этюд);

      4) 4 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (терциялармен, detache [деташе] (staccato [стаккато]) және legato [легато] штрихтарымен жылдам қарқындағы жеті белгіге дейінгі гаммалар, екі этюд, ірі нысанды шығарма, түрлі сипаттағы екі пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (үшдыбыстылықтармен және қалыпты қарқындағы екі белгіге дейінгі staccato [стаккато] және legato [легато] штрихтарындағы үшдыбыстылық айналымдарының мажор және параллель минор гаммалары, әртүрлі техниканың түріне арналған екі этюд, әртүрлі сипаттағы екі пьеса, Қазақстан композиторының шығармасын орындау міндетті болып табылады).

      91. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) денені, саусақ аппаратын, аяқты, амбушюрді қою, орындаушылық тынысты, саусақ аппратын меңгеруі, саусақтарды көтерудің амплитудасы және үйлесімділігі; моторлығы;

      2) музыкалық дыбысты меңгеруі (шабуыл және дыбысты тоқтату, артикуляция (тілдің жұмысы), тембрдің мәнерлігі, дыбыстың созылмалылығы (тыныс шығарудың дамуы), бір нюанстағы дыбыстың созылуы, дыбыстың динамикадағы созылуы (крещендо, диминуэндо), дыбыстың интонациялық тазалығы, нюансировкалар, негізгі штрихтар);

      3) музыкалық қабілеттерінің, физикалық төзімділігінің, музыканы есту сақтауының (музыкалық шығарманы тоқтамай және қатесіз орындау) даму деңгейі, музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізуі, шығарманың бірыңғай қарқынын ұстап тұру білігі (егер қарқындық ауытқулар болмаса), музыкалық шығармаларды қарқындық ауытқулармен сезіну және орындау, ритмикалық комбинациялардың қалыптылығы ("ритмикалық сурет);

      4) орындалатын шығармалардың стилін, көркемдік бейнесін түсіну;

      5) композитордың қойған міндеттерін нақты орындау (қарқын, ритм, штрихтар, динамика, фразировка, артикуляция);

      6) концерттік орындауы, әртістігі, орындауға деген қызығушылығы, сенімді жеткізуі, өнер көрсетуінің ашықтығы және түсініктілігі.

      92. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы "өте жақсы" – бағдарламаны әртістік, техникалық жағынан сапалы, ойластырып және тыңдап орындауы, шығарманы жеткізуде стильдік мәдениет және аспапты меңгеру мәдениеті байқалады, композитордың көркемдік түпкі ойын анық түсіну, бағдарламаны сауатты, сенімді, мәнерлі және эмоциямен орындауы;

      2) "4" бағасы "жақсы" – бағдарламаны техникасында, дыбысында, ырғағында сәл қателіктер жіберіп, сенімді, түсініп, жеткілікті деңгейде сапалы орындауы, орындауындағы мәнерліктің және эмоциялықтың жетіспеушлігі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – сыныптың бағдарламалық талаптарына сәйкес шығарманы орындау кезінде орындаушылық бастамасын көтермей, сапасыз орындауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламаның шығармасы техникалық және көркемдік деңгейі жағынан өте төмен деңгейде орналасқан, ноталық мәтінді жатқа білмеуі, аспапта ойнау дағдыларының төмен меңгеруі;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
68-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Сурет" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Сурет" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Сурет" пәні бойынша оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) асимметрия – симметрияның болмауы немесе бұзылуы;

      2) әуе перспективасы – суретші-пейзажшыға салған суреттерінде кеңістіктің тереңдігінің иллюзиясын жасауға көмектесетін тәсіл;

      3) бейнелеу өнері – көру қабілеті арқылы және көзге көрінетін әлемнің жазықтықтағы және кеңістіктіктегі бейнесін құрумен байланысты өнер;

      4) бейнелеу өнеріндегі реңктілік – форманың сыртқы бетінің анық көзге көрінетін қасиеттерінің бірі, текстура және фактурамен бірге шығарманың колорит, реңк, композициясын қамтиды;

      5) валҰрлі сызық – қойылған міндеттерге сәйкес өзінің ұзақтығында қалыңдығын өзгертетін сызық;

      6) графика – сызық, штрих, дақ және нүкте сияқты бейнелеудің негізгі құралдары ретінде қолданылатын бейнелеу өнерінің түрі;

      7) гризайль – бір түстің реңктік градацияларымен орындалатын, көбінде сепи немесе сұр кескіндеменің түрі, сондай-ақ салынған барельефтерді және сәулет немесе мүсін элементтерін құру техникасы;

      8) есіне сақтау жады бойынша сурет салу – көру арқылы есте сақтау жады негізінде суреттер мен нобайларды орындау;

      9) жарық пен көлеңке – ашықтықтың өлшемін құрайтын, жарықтың объектінің бетінде бөлінуінің байқалуы;

      10) жарық пен сәуленің қатынасы – құрылыс объектісінің бетіндегі жарық және көлеңке бөліктерінің қатынасы, олар пластикалық пен көлемділікті көрсетеді;

      11) интерьер – адамға эстетикалық сезімді беретін және өмірге жайлы жағдайды қамтамасыз ететін ғимараттың ішкі кеңістігін сәулеттік және көркемдік әрлендіру;

      12) композиция – суретшінің ойын мейлінше түсінікті ететін және әсерлейтін көркем шығарманың мақсатты құрылымы;

      13) күрделі формадағы заттар – бірнеше геометриялық формалар;

      14) құрастырмалы сурет – құрылым сызықтары арқылы орындалған, заттардың көрінетін, сондай-ақ көрінбейтін сыртқы контурларының суреті;

      15) модельдеу – жарық пен көлеңкені жеткізу техникасы;

      16) натура – суретші оларды бейнелеу барысында бақылайтын нақтылықтың (адам, заттар, ландшафт) шынайы объектілері;

      17) натюрморт – бейнелеу өнеріндегі жансыз заттардың бейнесі;

      18) нобай – суретшінің жүйрік және жылдам орындаған шағын көлемдегі сурет немесе кескіндеме, нобайдың (сурет немесе этюд) негізгі мақсаты – жеке бақылауларды фиксациялау: пропорцияның сипаты, қозғалыс, түстік қатынастардың сипаты және колорит үйлесімділігі;

      19) ою-өрнек – құрамдас элементтерінің қайталануы және алмасуына негізделген өрнек;

      20) перспектива – олардың өлшемдерінің көрінетін қысқартуларына, натурада байқалатын формалардың көріністерінің және сәуле мен көлеңкенің қатынастарының өзгерістеріне сәйкес қандай да бір беттегі кеңістіктік объектілерді бейнелеу техникасы;

      21) пластикалық анатомия – адам денесінің пропорцияларын зерттейтін, дененің сыртқы формаларының қозғалыс нәтижесінде пайда болатын ішкі құрылымы мен өзгерістеріне тәуелділігін қарастыратын анатомияның тарауы;

      22) портрет – белгілі, нақты адамды бейнелеуге арналған бейнелеу өнерінің жанры;

      23) пропорция – тұтастың белгілі қасиеттеріне сәйкес заттардың көлемі бойынша формаларының, бөліктерінің қатынасы;

      24) пуантилизм – неоимпрессионизм кескіндемесіндегі стильдік бағыт, оның негізінде тура, нүктелі немесе тікбұрышты формадағы жеке бояу арқылы жазу нақышы жатыр;

      25) ритм – өнердегі негізгі кезеңдердің бірі, бейнелеу өнерінде ритм түстердің, объектілердің, сәуле мен көлеңке дақтарының қайталануы арқылы құрылады;

      26) сұлба – контурдың ішінде бөлшектері жоқ, заттардың көлеңкелі профиль ретіндегі бейнесі;

      27) симметрия – қандай да бір өзгерістер, түрленулер кезінде пайда болатын сәйкестік, өзгеріссіздік (инвариативтілік);

      28) сурет – сурет салудың техникалық құралдары мен мүмкіндіктеріне негізделген көркемдік графиканың түрі; реңкті бейне, ол көрген заттың көлемін және кеңістігін анықтайды, формасын ерекшелейді;

      29) сурет – жазықтықта сызықтардың, штрихтардың, сәуле мен көлеңкелі дақтардың көмегі арқылы сызылған графиканың, бейненің негізгі түрі;

      30) суреттеме – жеңіл штрихтар түсірілген, бейнедегі объектінің көлемділігі мен жарықтылығын көрсету мақсатында натураға қарап орындалатын сурет;

      31) суреттің формасы – жазықтықта салынған бейне;

      32) сызық – кез-келген материалмен жеңіл жағылатын, мейлінше кең таралған бейнелеу-мәнерлеу құралы;

      33) сызықтық перспектива – жазық бетте құрылған бейне, жазықтық перспективалық бейнелердің арналуына байланысты тік, қисық және жазық орналасады;

      34) тон – штрихтеу, тушевка жасау және бояу арқылы заттардағы жарық пен сәуленің кереғарлығы (градация) жеткізу;

      35) тональді сурет – натурада көрінетін барлық формалардың бетін реңкпен жеткізу;

      36) тушевка – қарындаш графитінің қырымен орындалатын қосылған штрихтардың көмегімен тон беру тәсілі;

      37) фактура – материал салмағының бетінің күйі.

      38) фактура – сәндік-қолданбалы өнер, мүсін немесе кескіндемелік жазықтықтың бұйымының бетін өңдеу сипаты, бейнелеу құралдары арқылы шынайы заттардың ерекшеліктерін жеткізу тәсілі;

      39) штрих – қолдың бір қимылымен орындалатын және көлемді жеткізуге арналған сызық;

      30) эскиз – мейлінше ірі жұмысқа дайындық нобайы болып табылатын көмекші сипатындағы көркемдік шығарма.

      3. Бағдарламаның мақсаты: бала тұлғасын көркем-эстетикалық дамытуға және оқу пәні бойынша теориялық білім, білік және дағдыларды алуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) терминдерді меңгеру;

      2) бейнелеу сауаты бойынша білімді қалыптастыру;

      3) сызықтық перспектива ережелерін оқу және алған білімдерін натюрморттарда, жаттығуларда және композицияларда қолдану;

      4) форманы жеткізу, заттарды конструктивті құру дағдыларын, сызықтық перспективаның қарапайым заңдылықтарын, кеңістіктік қатынастарды, гарфикалық құралдармен сәуле мен көлеңкені жеткізуді меңгеру;

      5) әртүрлі графикалық құралдармен натураға қарап немесе қоршаған әлемнің заттарын есіне түсіру арқылы жарық әуе ортасы жағдайында кеңістіктікте сауатты бейнелеу білігін алу;

      6) техникалық және шығармашылық мііндеттерді шешу негізінде көркемдік бейнені жасау білігін қалыптастыру;

      7) дайындық материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру: нобайлармен, сызбалармен, эскиздермен;

      8) көлемді, форманы жеткізу, материалдылықты, олардың орналасқан жоспарларын анықтай отырып, заттардың фактурасын жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) елестетуін, көру арқылы есте сақтау жадын, қиялын дамыту;

      2) қағаз бетінің жазықтығында суретті сауатты орналастыру дағдылары мен білігін қалыптастыру;

      3) көзбен көру арқылы қабылдау, натураны тұтас көру қабілетін дамыту;

      4) кеңістіктік елестетуін, бейнелі, көркем және ассоциативті ойлауын дамыту;

      5) қолды меңгеру, әртүрлі материалдар арқылы заттардың әртүрлі фактураларын жеткізу дағдыларын дамыту;

      6) байқампаздықты, шынайылықты эмоцияналды-эстетикалық қабылдауды дамыту;

      7) қоршаған шынайылық пен кескіндеме туындыларының заттарын, көріністерін көркем қабылдау мәдениетін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) өнер құралдары арқылы білім алушыға эстетикалық тәрбие беру;

      2) ой-өрісін кеңейту, көркемдік талғамын дамыту;

      3) зейінді, ұқыптылықты, еңбекқорлықты тәрбиелеу;

      4) әлемдік және отандық мәдениет жүйесіне кіріктірілген, үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарында анықталған.

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ көркемөнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылуы мүмкін.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

      7. Бағдарлама балалар өнер мектебінің киімді көркемдеп үлгілеу бөлімінің балаларын, білім алушыларын оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Бұл оқытудың мазмұнын оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асыруға мүмкіндік береді.

      9. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      10. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне бағытталған.

      11. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      12. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      13. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      14. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      15. Білім беру бағдарламасы білім алушының:

      1) бейнелеу, сәндік көркемдік қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері және қолданбалы шығармашылық саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы сияқтыжеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және оқу пәні шеңберінде меңгерген білім, білік және дағды құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      18. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      19. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғилық және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін, үйренуге қолжетімді оқу материалын іріктеуге мүмкіндік береді;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты ритмика сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      20. "Сурет" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуын болжайды.

      21. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      22. Әдістерді таңдау білім алушының жасы және физикалық қабілеттеріне (көркемдік қабілеттерінің даму деңгейі) байланысты болады. Оқытудың барлық процесі жеңілден күрделіге қарай құрылады.

      23. Сабақ формалары:

      1) практикалық (әртүрлі графикалық техникаларды меңгеруге арналған жаттығулар, есте сақтауы бойынша және натураға қарап қысқа мерзімді нобайларды, сызбаларды орындау);

      2) ұзақ мерзімді академиялық қойылымдар, бақылау оқу қойылымдары;

      3) пленэрдегі сабақтар;

      4) көрмелер, байқаулар.

      24. Педагог бағдарламаны іске асыруда заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      25. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      Сабақ жоспары білім алушы теориялық білімді практикамен бір уақытта алатындай құрылады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      27. Білім беру бағдарламасы негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Кескіндеме мен композицияны оқу кезінде "Сурет" пәні негізгі болып табылады, педагог білім алушыларға графикалық құралдармен қоршаған шынайылықты шынайы сауатты бейнелеуге, кескіндеме бетінде мәнерлі көркем бейнелерді құруды үйретеді.

      35. Суретке оқыту барысындағы педагогтің басты міндеті білім алушыға заттың көлемін дұрыс көре білуді және оны қағаз бетінде қисымды ретімен байнелеуді уйрету.

      36. Суретте, бейнені қағаз бетінде композициялық орналастыру кезеңінен бастап оның аяғына дейін білім алушы педагогтің көмегімен графикалық бейнелеудің ережелерін және форманы құру заңдылықтарын, жазықтықта шынайы бейнені перспективалық құруды, заттардағы жарықтың бөлінуін меңгереді.

      37. Білім алушы жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға қағидаты бойынша суретті ретімен жүргізу дағдысын алады, ең қарапайымнан ең күрделіге дейінгі суреттің техникалық тәсілдерін меңгереді.

      38. Ұзақ мерзімді суреттер бойынша сабақтарда "көзді қою" сияқты көркемдік қасиеттерін тәрбиелеу, қолдың қаттылығын дамыту, тұтас көру, бақылау дәне көргендерін есте сақтау білігін, көз өлшемінің өткірлігі және нақтылығын тәрбиелеу.

      39. Сурет бойынша тапсырмалар келесі тәртіппен орындалады:

      1) шағын өлшемдегі эскиз-нобай;

      2) бейнені қағаз бетінде орналастыру;

      3) басты пластикалық массаның пластикалық қасиеттері;

      4) бөлшектерді әзірлеу, оларды біртұтасқа бағындыру.

      40. Әр тапсырманы орындаудың алдында, педагог осы қойылымның міндетін анықтайды. Суреттің аяқталғандығы қойылған міндеттердің шешілу деңгейімен анықталады.

      41. Білім алушы көлемді форманы жазықтықта құру әдісін меңгереді, қоршаған шынайылықты және шынайы суреттің ғылыми негіздерін жеке қабылдау, нақтырақ талдау негізінде бейнелеу тәжірибесін алады.

      42. Суреттің қасиеті мен мәнерлігі пәнді оқытудағы алашқы түсініктер болып табылады. Тапсырманың күрделенуіне қарай бейнеленетін затты бөлшектеудің рөлі арта бастайды: сұлба мен форманы, пропорцияны, басқа заттармен өзара байланысын – кеңістік пен көлем, заттардың фактуралық қасиеттерін барынша нақтырақ жеткізу.

      43. Білім алушылардың сурет салу материалын еркін меңгеруі үшін педагог жұмыстың жалпы түпкі ойына байланысты, форманың нюанстарын жеткізуде графикалық құралдардың кең диапазонын меңгеруге арналған арнайы жаттығуларды жүргізеді.

      44. Тапсырмаларды әзірлеу кезінде педагог білім алушының алғашқы білімін, жасын және даралығын ескереді, оқу міндеттерін күрделендірумен қатар тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптарды күшейтеді.

      45. Білім алушыны жеке сатылап шығармашылық дамыту әдістемесі оқыту курсының негізгі мақсатына қол жеткізудің кепілі болып табылады. Әр сабақтың міндеттерінің нақты болуы педагогке жаңа материалды түсіндіруге жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

      46. Суретке оқыту алғашқы оқыту жылынан бастап натюрморттарды салуға бағытталған. Суретте құрылым, пропорция, көлем, форманың конструктивтілігі, материалдылықты жеткізу, әртүрлі жұмсақтықтағы қарындаштармен сурет салу маңызды рөлді ойнайды.

      47. Әрбір натюрмортпен жұмыс істеу кезінде келесі міндеттер шешіледі:

      1) барынша тиімді композициялық шешімді табу;

      2) заттардың перспективалық құрылымын бақылау;

      3) әртүрлі суреттердегі заттар, заттық жазықтықтардың құрылымы;

      4) реңкпен форма құрудағы дағдыларды бекіту және сызықтық құрылымның негіздерімен танысу;

      5) көзбен көріп есте сақтау жадын, қиялын дамыту;

      6) көптеген бөлшектердің ішінен ең бастыны таба білу.

      48. Қозғалмайтын натураға қарап отырндалатын ұзақ мерзімді оқу жұмысы дәстүрлі түрде оқытудың негізгі формасы болып табылады. Ол натураны ұзақ уақыт бақылауға және мұқият зерттеуге негізделетін көрінетін заттар мен көріністерді, олардың ерекшеліктерін және қасиеттерін шынайы жеткізуді үйретеді, ол білім алушыларға қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды береді.

      49. Бейнені бетте үйлесімді құру, пропорциялы және перспективалық құрылымның нақтылығы, штрихтық техникамен сәуле мен көлеңкенің қатынастарын жеткізу – сауатты суреттің негізі болып табылады.

      Сурет салу бойынша практикалық сабақтарда, педагог шынай орта жағдайында көрінетін нақты формаларды бейнелеуді, қағаз бетінің екі өлшемді кеңістігінде заттардың көлемді формаларын жеткізу білігін алуға үйретеді.

      50. Қойылымдарда педагог алдымен сурет салушының көзіне қатысты қарама-қарсы орналасқан жалпақ заттарды қолданады. Натураға қарап сурет салу суретке оқытудың негізі.

      51. Тұрмыстық заттарды салумен қатар, білім алушы педагогтің жетекшілігімен өсімдіктер мен аңдардың суреттерді орындайды (бөлме гүлдері, ағаштардың жапырақтары мен бұтақтары, құстар, кішкене аңдардың мүсіндері). Қойылымдардағы заттардың саны бірте-бірте көбейеді, жарық жоғарыдан, жанынын түсіріледі, әдеттегі жоғары, солғын жарықтандырылған.

      52. Сурет бойынша оқу жұмысы перспективаны, пластикалық анатомия және көлемді формада сәуле мен көлеңкені бөлу заңдылықтарын практикада меңгерумен тығыз байланысты.

      53. Натураға қарап сурет салу есте сақтау жады және елестетуі бойынша түсірілген сызбалармен толықтырылады. Әр тапсырманы орындау барысында педагог әдістемелік қордағы осы тектес тапсырмалардың озық үлгілерімен, сурет шеберлерінің жұмыстарының көшірмелерін көрсетумен, жұмыстың тәсілдері мен оны жүргузі тәртібін көрсетумен сүйемелдейді.

      54. Тапсырманың күрделене түсуіне байланысты бейнеленетін затты бөлшектеудің рөлі артады: сұлбаны және форманы, пропорцияны, басқа заттармен өзара байланысын – кеңістік пен көлем, заттардың фактуралық қасиеттерін мейлінше нақтырақ жеткізу.

      55. Білім алушылардың сурет материалдарын меңгеруі үшін педагог сабақтарда графикалық құралдардың кең диапазонын меңгеруге арналған арнайы жаттығуларды қоладанады: жұмыстың жалпы мағынасымен байланыстыра отырып форманың ұсақ нюанстарын жеткізуге мүмкіндік беретін сызық, штрих, дақ және сол сияқты.

      56. Суретке оқыту кезінде педагог перспектива, сәуле мен көлеңкенің реңктік ұйымдастыру, заттардың конструктивтік құрылымы, натураға қарап және есіне түсіру арқылы нобайлар мен суреттемелерді орындау сияқты "бейнелеу сауатының" жеке элементтерін меңгеруге арналған тапсырмаларды орындайды.

      57. Нобайлар мен сызбаларды орындау жұмыстары әсерлерді, бейнелерді, материалдарды, техникаларды, тәсілдерді бейнелеу шешімдерін ауыстыруға мүмкіндік береді.

      58. Оқытудың алғашқы кезеңінде педагог әр міндеттің мазмұнын мұқият жеткізеді және оны шешудің практикалық тәсілдерін көрсетеді, бұл өздік жұмысты сауатты орындауды қамтамасыз етеді. Әрбір тапсырма белгілі оқу-шығармашылық міндеттерді шешуді қарастырады, оларды педагог тапсырмаларды орындаудың алдындай айтады.

      59. Бағдарламаны меңгеруде білім алушыдан тек техникалық тәсілдерді пысықтап қана қоймай, сондай-ақ орындалатын жұмыстарға эмоциямен қарауды дамытуды талап етілді.

      60. Бірінші сыныпта суретпен жұмысты ретімен жүргізу дағдысы қалыптастырылады және одан әрі тапсырмалардың күрделенуіне қарай бұл дағдылар жетілдіріледі.

      61. Суретке оқыту процесі оның негізін, қара қарындаштың мүмкіндіктерін, сызықтар мен штрихтардың түрлігін оқытудан басталады. Содан кейін білім алушы натураны бақылауды, зерттеуді және бейнелеуді үйрене бастайды.

      62. Педагогтің жетекшілігімен сызықтық және әуе перспективалары туралы білім, затты жазықтықта орналастыру, осы форматтағы оның конструкциясы, реңкі және орналасуы туралы білімдері қалыптасады.

      63. Екінші сыныпта бірінші оқыту жылының барысында алған біліктері мен дағдылары жетілдіріледі, сызықтық перспектива, тікбұрыштық формалардың перспективасы және қарапайым цилиндр тәрізді формадағы заттарды тік қалыпта құру туралы мәліметтер беріледі.

      64. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өзінің жұмысын бағалайды, жіберілген қателерін анықтайды;

      2) білім алушының тапсырма, жобамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын күнделігіне жазуы;

      3) үй тапсырмасына дайындықтары туралы ауызша есеп – білім алушы қиындықтар туралы және қиындықтарды жою туралы айтады.

      65. Өздік жұмыстар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:

      1) әртүрлі графикалық техникаларды меңгеруге арналған жаттығулар;

      2) есте сақтау жады бойынша немесе натураға қарап қысқа мерзімді нобайларды орындау;

      3) суретті орындау;

      4) ұзақ мерзімді академиялық қойылыммен жұмыс;

      5) қосымша материалдармен жұмыс;

      6) бақылаулық оқу қойылымдары.

      66. "Сурет" пәні мен "Кескіндеме" пәнінің пәнаралық байланыстары білім алушыларға заттар әлемін тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      67. Дайындық сыныбындағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы "сызық", "щтрих", "тон", "нүкте", "жарық-көлеңке", "жартылай тон" сияқты суреттің бейнелеу құралдарымен танысады;

      2) қолмен сызықтың түрлі түрлерін түзу салу дағдылары, баяу қимылмен және әртүрлі қысыммен тік және ирек сызықтарды салу дағдылары қалыптасады;

      3) қарапайым, түрлі түсті гельді қаламдармен, түрлі түсті қарындаштармен, фломастерлермен жұмыс істеу техникасы, әртүрлі бағыттарда доға тәрізді тік штрихты жүргізу техникасы меңгеріледі;

      4) сурет салуға үйрету жалғастырылады, суретпен жұмысты ретпен жүргізу дағдысы қалыптасады және жетілдіріледі;

      5) бейнеленетін заттың мазмұнына сәйкес қағаз бетінің қалпын, беттің өлшеміне сәйкес заттардың бейнесінің өлшемін таңдау дағдылары, форма, пропорция, конструкция саласындағы заттардың мәндік байланысын, кеңістіктің жоспарлығын жеткізу, бейнені форматқа орналастыру қалыптастырылады;

      6) әртүрлі бағыттағы және сипаттағы сызықтарды салу, тік және көлденең форматты дұрыс таңдау және қолдану дағдылары меңгеріледі.

      68. Дайындық сыныбындағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Суретпен жұмыс істеудегі ережелер: натураға қатысты орынды таңдау, сурет салушының көзіне қатысты қағаз бетін орналастыру, денесін дұрыс ұстауы. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.

      Сурет – шынайы бейненің негізі. Бейнелеу тілінің шарттылығы, суретке арналған материалдар, графикалық бейнелеудің тәсілдері. Графикалық материалдармен, олардың қасиеттерімен және оларды қолдану тәсілдерімен танысу. Сурет салуға арналған құралдар мен материалдар. Сурет салуға арналған материалдардың бейнелеу-мәнерлеу мүмкіндіктерін меңгеруге арналған жаттығулар. Қандай да бір графикалық материалмен еркін сәндік композицияны орындау.

      2-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Дақ. "Суреттің бейнелеу құралдары" түсінігі. "Жанды" дақтарды орындауға арналған жаттығулар. Дақтардың көмегі арқылы сұлбалық композицияны орындау.

      3-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Сызық. Сызықтың түрлерімен танысу. Сызықтың созылғыштық қасиеттері. Қолмен сызықтың әртүрлі түрлерін түзу сызу дағдыларын меңгеру: үзіліссіз және үзік-үзік, қарапайым және күрделі (сынық, толқын тәріздес, аралас). Баяу қимылмен және әртүрлі қысыммен басып тұрып тік және ирек сызықтарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Сызықтың әртүрлі түрлерін бейнелеуге арналған жаттығуларды орындау. Сызықтық өрнекті құру.

      4-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Тондық дақты құрудағы негізгі техникалық тәсіл ретінде штрих туралы түсінік. Форманың штрихтаудың бағытымен байланысы. Штрихтың негізгі түрлері (тор, диагональ, толқын, қарайту). Әртүрлі бағыттағы тік және доға тәріздес штрихтарды түсіру техникасын меңгеру. Геометриялық фигураларды штрихтау (квадраттар, үшбұрыштар, ромбтар, тікбұрыштар). Квадратты штрихтау бойынша жаттығулар. Назарды, төзімділікті, назарды шоғырлауды және ұқыптылықты дамыту.

      5-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. "Реңк" түсінігі. Ашық және күңгірт реңктер, реңктік салыстырулар. Реңктік созылмалылықты құру. "Реңк тануды" дамыту. Реңктік үдемелілікті қолданып сәндік геометриялық композицияны жасау. Реңк, тон дағы, тондық диапазон. Реңкті жеткізудің техникалық тәсілдері. Суреттегі реңктік кереғарлық. Үлкен реңктік диапазонда жұмыс істеудің ерекшеліктері. Суреттегі кереғар реңктік қатынастардың мәнерлігі.

      6-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Бейнелеу өнеріндегі "нүкте" түсінігі. "Пуантилизм" техникасы туралы түсінік. Реңктік созылмалылықты нүктелермен орындау. Реңктік қатынастарды жеткізе отырып, "пуантилизм" техникасында нүктелердің көмегі арқылы сәндік геометриялық композицияларды орындау.

      7-тақырып. Түрлі-түсті гельді қаламдармен жұмыс істеу техникасы. Түрлі-түсті гельді қаламдармен жұмыс істеудің дағдыларын меңгеру. Негізгі жұмыс істеу тәсілдерімен, түстерді араластыру және реңктерді өзгерту (реңкті созу) танысу. Түсті дақпен, штрихпен араластыруға арналған жаттығуларды орындау. Түстерді тартуды және оларды араластыруды жеткізе отырып, түрлі-түсті гельді қаламдармен композицияны орындау.

      8-тақырып. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу техникасы. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Жұмыстың негізгі тәсілдерімен танысу: түстерді араластыру және реңктерді өзгерту тәсілдері. Түстерді араластыруға арналған жаттығулар. Түстердің созылуы мен олардың араласуын жеткізе отырып, түрлі-түсті қарындаштармен композицияны орындау.

      9-тақырып. Фломастерлермен жұмыс істеу техникасы. Фломастерлермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Жұмыстың негізгі тәсілдерімен және түстерді араластыру амалдарымен танысу. Штрихтардың немесе нүктелердің арасындағы арақашықтықты өзгерту арқылы реңкті өзгерту жәнге фактураны жеткізу. Түстерді араластыруға арналған жаттығуларды орындау – штрихтармен және нүктелермен. Фломастерлермен түстердің созылуын және оларды араластыруды жеткізе отырып композицияны орындау.

      10-тақырып. Жұмсақ материалдармен танысу. Әртүрлі жұмсақ материалдардың түрлері мен қасиеттері. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу техникасындағы ерекшелік және графикалық мәнерлілік. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу техникасы. Жұмсақ материалмен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Жұмсақ материалмен жұмыстың негізгі тәсілдерімен және амалдарымен танысу. Суретте фактураны жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Жұмсақ материалмен композицияны орындау.

      11-тақырып. Қара қарындашпен жұмыс істеу техникасы. Жұмыстың негізгі қасиеттерімен және тәсілдерімен танысу. Штрихты және тушевка құру, реңкті өзгерту – реңктік созылым. Қара қарындаштармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге арналған жаттығуларды орындау. Қаттылығы және жұмсақтығы әртүрлі қара қарындаштармен композицияны орындау. Композицияны құру кезінде реңкті, штрихты, дақты жұмыста қолдану.

      12-тақырып. Жарықты жеткізу. Жарықтың күші мен сипатын жеткізу, оның затқа әсері. Реңк пен штрихтың көмегі арқылы заттардың формасын жеткізу. Заттың сипаты мен формасын сызықтық суретпен орындау арқылы жеткізу. Жемістердегі жарық пен көлеңкені жеткізу. Жасанды және күндізгі жарықты қолданып реңкте жемістердің суреттемелерін орындау.

      13-тақырып. Жарық пен көлеңке және жартылай реңк туралы түсінік. Жарық пен көлеңке және заттардың көлемділігін қабылдаудағы және жеткізудегі оны градациясы. Жарық пен көлеңке градациялары. Тұрмыстық заттардың құрылымы. Жарық пен көлеңке градацияларын заттарда дұрыс орналастыру (жарқыл, жарық, жартылай көлеңке, өз көлеңкесі, рефлекс, түсетін көлеңке). Суретті салудың реті. Жұмысты жалпыдан жекеге, күңгірттен ашыққа қарай жүргізудің қағидаттары.

      14-тақырып. Заттардың материалдылығын жеткізу. Жарық пен көлеңкені тереңірек зерттеу. Қарапайым тұрмыстық заттардың реңктік суреттемелерін орындау. Реңк және штрихтың көмегімен заттардың формасын, материалдылығын жеткізуді үйрету. Шығармашылық сурет. Натураны шығармашылықпен қайта түсінудегі стиль және стильдеу тәсілдері. Ықшамды реңктік шешімдердің графикалық мәнерлігі.

      15-тақырып. Заттардың конструкциясы және оның ерекшеліктері. Заттардың формасы қойылымның тереңдігінің кеңістігімен біріккен кеңістіктік конструкция ретінде. Табиғи формалардың конструкцияларының түрлілігі. Өсімдіктердің созылмалылығы мен фактурасының ерекшеліктері, оларды салу ерекшеліктері. Ағаштардың құрғақ бұталары мен тамырын натураға қарап салу. Бейнеленетін заттардың пропорциясын, көлемін және конструкциясын жеткізу. Заттардың нақты констуркциясын, барлық құрылымдарымен және осьтарымен салу.

      16-тақырып. Заттардың көлемділігін жеткізудегі графикалық техникалық тәсілдердің түрлілігі. Форманың көлемін жұмсақ материалдармен жеткізу қағидаты. Кеңістіктікті, көлемді, әртүрлі беттердің фактурасын жеткізудегі жұмсақ материалдардың қасиеттері: қауырсындары, керамикалар.

      17-тақырып. Натюрморт. "Үйлестіру", "композициядағы тепе-теңдік" түсініктері. Екі-үш қарапайым тұрмыстық заттардан құралған натюрмортты орындау. Натюрмортпен жұмыстың реті туралы түсінік. Тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасы. Жұмсақ материалдармен бейнеленетін заттардың әртүрлі формалары мен көлемдері. Қолданылатын жұмсақ материалдың түсі мен реңкінің жарық пен көлеңкенің градациясына сәйкестігі.

      69. Дайындық сыныбының бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Дайындық сыныбында оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) суреттің бейнелеу құралдарын біледі;

      2) "жарық пен көлеңке", "жартылай тон" түсініктерін біледі;

      3) суретті ретімен жүргізу бойынша алғашқы дағдыларға ие болады;

      4) әртүрлі көркемдік материалдармен жұмыс істеу техникасын біледі;

      5) тұрмыстық заттарды құру ережелерін және суретте тон арқылы көлемді жеткізуді біледі;

      6) бейнеленетін заттың мазмұнына байланысты бейнені форматқа орналастыруды біледі;

      7) түрлі бағыттағы және сипаттағы сызықтарды салуды біледі;

      8) кеңістіктіктің жоспарлығын, алыс заттардың жақын заттармен қоршалуын жеткізе біледі;

      9) тік және көлденең форматтарды дұрыс таңдауды және қолдануды біледі;

      10) парақтың өлшеміне сәйкес заттардың бейнесінің өлшемін таңдауды біледі;

      11) форма, пропорция, конструкция бойынша заттардың мәндік байланыстарын жеткізе алады;

      12) заттардағы жарық пен көлеңкелік үдемелерді дұрыс орналастыруды біледі;

      13) тонның және штрихтың көмегі арқылы заттардың формасын, материалдылығын жеткізе алады;

      14) өсімдіктердің фактурасының ерекшеліктерін, оларды салу техникасын біледі;

      15) тақырыптық натюрмортта жұмсақ материалдармен жұмыс істеу техникасын біледі.

      70. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы оқу суреттерінің негіздерімен, тік және қисық сызықтарды жүргізумен, оларды теңдей бөліктерге бөлімен танысады, көзбер көріп қабылдауды, натураны тұтас көруді дамытады, көз өлшемі және қолдардың қозғалыс дағдылары пысықталады;

      2) білім алушы қарындашты дұрыс ұстау дағдысын пысықтайды, кіші өлшемді үлкен өлшеммен салыстыруды үйренеді, визуалдау әдісін қоладанады;

      3) бейнені берілген форматта орналастыру, тікбұрышты формаларды қарама-қарсы персективасы және перспективаны ескере отырып, шеңберді құру туралы мәлімет алады;

      4) қағаз бетінің жазықтығында суретті сауатты орналастыру білігі, қарапайым заттарды құру ережесі, олардың көлемін сәуле мен көлеңке арқылы жеткізуді, көрнекілк сызықтық перспектива бойынша алғашқы білімді пайдаланып заттардың кеңістіктіктегі қалпын анықтауды меңгереді;

      5) суретті ретпен жүргізуге оқыту, натураға қатысты орынды таңдау, парақты сурет салушының көз деңгейіне қатысты орналастыру, денені дұрыс ұстау, графикалық материалдарды қолдану жалғастырылады;

      6) сәуле мен көлеңкенің көмегі арқылы заттардың үш өлшемді формасын жеткізудің тәсілдері, әуе перспективасын жеткізу әдістері, кеңістіктіктегі заттардың реңктік шешімдері туралы білімдері бекітіледі;

      7) жоғары, жанынан түсетін жарық жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін орындау дағдыларын меңгереді.

      71. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сурет – барлық бейнелеу өнері түрлерінің негізі. Киімді көркемдеп үлгілеу практикасындағы суреттің рөлі. Суретті бейнелеу құралдары. Түсініктер: сызық, штрих, реңк. Қарындашпен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері, оның техникалық мүмкіндіктерімен танысу.

      2-тақырып. Сурет салу материалдарының бейнелеу-мәнерлік мүмкіндіктерін меңгеруге арналған жаттығулар. Қандай да бір графикалық материалмен еркін сәндік композицияны орындау. Штрихтың, дақтың және реңктің фактуралық мүмкіндіктері.

      3-тақырып. Суреттің бейнелеу құралдары. Сызық. Сызықты жүргізуге арналған жаттығулар. Тік, көлденең, толқын тәрізді, сынық, қалың және жіңішке сызықтар. Үзіктерді теңдей бөліктерге бөлу. Реңкті күшейтуге және әлсіретуге арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Сұлбасы мен өлшемі әртүрлі, көз деңгейінде орналасқан заттардың сызбалары. Қағаздың бір бетіндегі қанаттары әртүрлі конфигурациялы көбелектердің суреттемелері. Композицияның заттарын таңдаудағы, суреттің, сұлбаның мәнерлілігін таңдау кезіндегі есеп. "Пропорция", "симметрия" түсініктерімен танысу.

      5-тақырып. Жалпақ заттардың суреті. Ақ-қара гуашьпен "гризайль" техникасында орындау.

      6-тақырып. Жалпақ бейнеден көлемді бейнеге ауысу. Адамның көзінің құрылысы. Көрнекілік перспектива (көкжиек нүктесі, түйісу нүктесі). Перспективамен танысуға арналған жаттығулар. Заттың конструкциясы туралы түсінік.

      7-тақырып. Ашық фонда, арнайы жарық түсірмей қойылған, сипаты, мамық фактурасы және жүні, бояуы жағынан түрлі құстар мен жануарлардың мүсініне қарап салынған сурет. Қағаз бетінде суретті үйлестіру. Құстардың, жануарлардың пропорцияларын, қозғалыс сипатын, құрылымдарының ерекшеліктерін жеткізу.

      8-тақырып. Есте сақтауы бойынша құстардың сұлбаларының суреттері. Парақ бетінде суретті үйлестіру. Құстардың пропорцияларын, құрылымдарының ерекшеліктерін жеткізу. Штрих арқылы мамықтарының фактурасын жеткізу.

      9-тақырып. Елестету арықылы қозғалыстағы құстар мен аңдардың суреті. Парақ бетінде суретті үйлестіру. Құстардың, жануралардың пропорцияларын, қозғалыс сипаттарын, құрылымдарының ерекшеліктерін жеткізу.

      10-тақырып. Формасы жағынан геометриялық денелердің (гипс, кірпіш, кіреңке) қарапайым комбинацияларын еске түсіретін екі-үш заттан құралған натюрморт.

      11-тақырып. Жарықтың солғын түсуі кезіндегі адам фигурасының нобайлары (фигураның тік қозғалысы). Есте сақтауы бойынша және елестетуі бойынша салынған фигураның нобайы. Сыныптың терезесінен бақылау, ауызша түсіндіру (әдебиет кейіпкерлерін суреттеу) тәсілдерін қолдану. Форманы құру. Шектеулі кеңістікте көлемді жеткізу саласындағы білім мен білікті бекіту және тереңдету. Нобайларда – адамның негізгі пропорцияларын жеткізу.

      12-тақырып. Ашық фондағы формасы және реңкі жағынан кереғар тұрмыста қолданылатын екі заттан құралған натюрморттың суреті. Қағаз бетінде суреттік композициялық орналастыру. Сәуле мен көлеңке туралы түсінікті бекіту. Сызық, штрих, дақ құралдары арқылы форманы анықтау.

      13-тақырып. Конструкциясы бойынша әртүрлі тұрмыстық заттардың суреті (цилиндрлік, конус тәріздес, сфералық және олардың үйлесімі). Жылдам кереғар, жоғарыдан жанына түсетін жарық. "Гризайль" техникасы. Парақтың орналасуы. Жеке заттарды ерекшелемей, барлық топтың жалпыланған нобайы. Суреттің реңктік өңделуі.

      14-тақырып. Формасы жағынан кереғар екі-үш тұрмыстық заттан құралған натюрмортты қатпарсыз матамен немесе матасыз ашық фондағы қорытынды суреті. Алған білімдерін анықтау және бекіту. Жарық пен көлеңкелі суретті орындау.

      72. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "пропорция", "симметрия", "сызық", "штрих", "тон", "жарық пен көлеңке", "заттың конструкциясы" түсініктерін біледі;

      2) қарындаштың техникалық мүмкіндіктерін, қарындашпен жұмыс істеудің әдістерін және тәсілдерін біледі;

      3) штрихтың, дақтың және сызықтың фактуралық мүмкіндіктерін біледі;

      4) сызықты мәнерлеу сипатын біледі;

      5) сызықты қолдану білігін дамытады;

      6) заттарды формасы бойынша салыстыра алады;

      5) сұлбасы мен көлемі түрлі болатын, көз деңгейінде орналасқан тұрмыстық заттарды сызу дағдыларына ие;

      6) формасы, тоны бойынша кереғар тұрмыстық заттардан құралған натюрморттың суретін сала алады;

      7) суретте штрихпен құстың пропорциясын, қауырсындарының фактурасын, қозғалысының сипатын жеткізе алады;

      8) формасы жағынан геометриялық денелердің қарапайым комбинациясына еске салатын заттардан құралған натюрмортты сала алады;

      9) нобайларда адамның негізгі пропорцияларын жеткізе алады;

      10) формасы жағынан кереғар заттардан құралған натюрмортты, қыртысы бар және қыртысы жоқ матаның суретін орындай алады;

      11) жарық пен көлеңкелі суретті орындауды біледі;

      12) перспектива заңдылықтарын біледі;

      13) сызықтық және әуе перспективаларының тәсілдерін қолдана алады;

      14) заттардың формаларын реңкпен модельдей алады;

      15) ұзақ мерзімді қойылымды ретімен жүргізе алады;

      17) сызықтық суретті жүргізу дағдысына ие болады;

      17) заттың фактурасын және материалын жеткізу дағдысына ие болады.

      73. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) бірінші оқу жылы ағымында алған біліктері мен дағдылары жетілдіріледі, мөлдір заттарды, белгілі жарық түсірілген жеке геометриялық денелерді салу дағдылары меңгеріледі;

      2) натураға қарап сурет салу дағдылары меңгеріледі, конструкцияны, көлемді және пропорцияны жеткізудегі алған білімдері мен дағдылары бекітіледі;

      3) адам фигурасының проспорциясы туралы білімі қалыптасады, адам фигурасының сызбалық және натуралық сызбалардың алғашқы дағдылары меңгеріледі;

      4) көлемді және қойылымның реңктік сипатын жеткізу құралы ретінде реңктің сәуле мен жарықтық қатынастарымен жұмыста біліктері мен дағдылары жетілдіріледі;

      5) көптеген көлемді тапсырмалар цилиндрлік формадағы заттардың конструкциясы туралы білімдерін бекіту мақсатында орындалады, сызықтық перспектива, тік формалардың перспективасы және көлденең қалыпта орналасқан цилиндрлік формадағы қарапайым заттарды құру әдісі туралы мәліметтер беріледі.

      74. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Үстел бетінде көлденең күйде орналасқан шаршының сызықтық суреті. Перспективамен танысу. Көкжиек сызығы және екі қиылысу нүктесі бар қысқару перспективасы. Бейнені парақта сауатты үйлестіру.

      2-тақырып. Куб қаңқасының сызықтық-конструктивтік суреті. Куб перспективасын әртүрлі қалыпта құру. Сызықтық және әуе перспективасы және ашық құрылым туралы білімді бекіту.

      Пропорция мен перспективалық қысқартуларды ескеріп, кубтың қаңқасын құру. Кеңістіктегі сызықтар есебінен көлемді жеткізу.

      3-тақырып. Кубтың реңктік суреті. Сызықпен заттық форманы құру. Перспективаның қарапайым заңдылықтарын меңгеру. Сәуле мен көлеңкенің реңктік шешімдері.

      Сәуле мен көлеңкенің көмегі арқылы кубтың көлемін жеткізу әдісімен танысу. Перспективалық қысқартуларды ескеріп кубты құру. Сәуле мен көлеңкенің көмегі арқылы кубтың көлемін жеткізу (сәуле, жартылай тон, өз көлеңкесі, рефлекс, түсетін көлеңке).

      4-тақырып. Әртүрлі сұлбадағы және өлшемдегі көз деңгейінде орналасқан жалпақ заттардың суреттемелері. Сызықтармен заттық форманы құру. Перспективаның қарапайым заңдылықтарын меңгеру.

      5-тақырып. Натураға қарап цилиндрлік формадағы жеке заттарды әртүрлі қалыпта салу. Затты сызықпен құру, шеңбер перспективасын құру.

      6-тақырып. Перспективамен танысуға арналған жаттығулар. Заттардың конструкциясы туралы түсінік. Заттарды перспективада құру.

      7-тақырып. Заттардың формаларын өтпелі етіп салу. Сызықтың қалыңдығын, көрінетін және көрінбейтін сызықтарды көрсету.

      8-тақырып. Ашық фондағы формасы және реңкі жағынан кереғар тұрмыста қолданылатын екі-үш заттан құралған натюрмортты салу. Заттық форманы сызықпен құру. Көз деңгейінен төмен орналасқан интерьер қойылымының суреті. Заттың жергілікті түсі туралы түсінік. Бейнені парақта сауатты үйлестіру. Заттардың бір-біріне қатысты пропорциясын жеткізу. Перспективалық қысқартуларды ескеріп натюрморттың заттарын құру. Заттардың көлемін жеткізу. Жергілікті реңк және кеңістіктегі орналасуы.

      9-тақырып. Екі геометриялық денелерден құрылған топтың немесе формасы жағынан ұқсас екі заттар құралған натюрморттың суреті. Заттарды құру, пропорцияларды, өзара қатынасты жеткізу. Сәуле мен көлеңкенің реңктік шешімі.

      10-тақырып. Мөлдір заттарды натураға қарап салу. Суреттің күрделі сәуле мен көлеңкесін реңкпен жеткізу. Форманы перспективалық өзгерту.

      11-тақырып. Бір түсті ашық матаның суреті. Сәуле мен көлеңкенің матаның қырларына бөлуді жеткізу. Форманы сәуле мен көлеңке арқылы мүсіндеу. Қатпарлардың сипатын, ритмін, пластикалық мәнерлілігін көрсету.

      12-тақырып. Адам фигурасының нобайлары. Жарық: тік-кереғар. Форманы құру, негізгі пропорцияны жеткізу. Сәуле мен көлеңке құралдары арқылы қозғалысты және форманы құру.

      13-тақырып. Натюрмортты бетте үйлестіруге арналған жаттығулар. Екі-үш тұрмыстық заттардан құралған натюрморт. Тік-кереғар, жоғары жанына түсетін жарық. Ашық фон. Есте сақтау бойынша тұрмыстық заттарды салу. Сәуле, көлеңке, рефлекс, жартылай тон, жарқыл, түсетін және өз көлеңкесі арасындағы реңктік айырмашылық.

      14-тақырып. Қорытынды жұмыс: бір-екі қатпары бар бір түсті матаның фонында орналасқан екі-үш тұрмыстық заттардан құралған натюрморт, заттарды құру, пропорцияны, өзара қатынасты жеткізу. Заттардағы және матадағы сәуле мен көлеңкенің реңктік шешімі.

      75. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жалпы терминдерді біледі;

      2) үйренген графикалық көркемдік техникаларын қолдану дағдыларын көрсетеді;

      3) беттің форматын дұрыс анықтай алады және ол жерде заттардың тиімді үйлестіру шешімін табады;

      4) олардың перспективалық қысқартуларын сақтана отырып, заттардың сызықтық-құрылымдық формаларын құру тәсілдерін біледі;

      5) заттардың формалары мен фонды штрихтап сәуле және көлеңкемен модельдеу арқылы көлемін анықтауды біледі;

      6) жұмысты жалпылауды және аяқтаудың негізгі тәсілдерін біледі;

      7) квадраттың сызықтық суретін үстел бетінде көлденең қалпында орындауды біледі;

      8) кубты перспективада салудың ретін біледі;

      9) перспективада қарапайым геометриялық денелерді бейнелей алады;

      10) сұлбасы мен өлшемі әртүрлі жалпақ заттардың сызбасын орындай алады;

      11) натураға қарап және елестетуіне бойынша сызықтық суреттерді сала алады;

      12) цилиндр тәріздес формадағы көлемді заттарды қарапайым кеңістіктік қалыпта бейнелей алады;

      13) суретте мөлдір заттарды бейнелей алады;

      14) заттардың формаларын толассыз сызу дағдыларына ие болады;

      15) натураға қарап сурет салуды, тонның жарық пен көлеңкелік қатынастарын жеткізуді біледі;

      16) бір түсті ашық матаның суретін орындауды біледі;

      17) адам фигурасының нобайын орындауды біледі.

      76. Бейіндік сыныптағы бағдарламалық-талаптар:

      1) натюрмортпен жұмыс істеуде орындауына талапты күшейту, матаның қатпарларын салу, суретті реңктік талдау, натюрморттағы заттардың материалдылығын жеткізу бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылады;

      2) теориялық білім, суретті салудың реті, перспективаның қарапайым заңдылықтары меңгеріледі;

      3) білім алушының өзінің шығармашылық ойын іске асыру білігі, натюрморттың көркемдік-графикалық бейнесін ерекшелеу білігі дамытылады.

      77. Бейіндік сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Күрделі форманың жеке заттарын салу. Негізгі форманы және оның бөлшектерін құру, көрінбейтін сызықтарды қадағалау, құрушылармен форманы үлгілеу. Мәнерлік сызықтарды, валерді сызықтарды және контурдың кеңістіктік әсерін меңгеру.

      2-тақырып. Гипсті жеңіл ою-өрнектің немесе табақшаның суреті. Форманы құру, сәуле мен көлеңке арқылы көлемді мүсіндеу.

      3-тақырып. Көз мөлшерінен төмен рналасқан интерьердегі қойылымдардың суреті. Көкжиегі биік сызықты қаттарды құру. Сәуле мен көлеңкенің реңктік шешімі.

      4-тақырып. Шыны ыдыстардан құралған натюрмортты орындау. Күрделі сәуле мен көлеңкелі суретті реңкпен жеткізу. Форманы перспективалы өзгерту.

      5-тақырып. Қозғалыстағы жануарлардың нобайлары. Жұмсақ қозғалмалы материалмен жұмыс істеу кезінде жануарлардың денелерінің формасын жылдам ұстап қалу. Парақ бетінде бірнеше нобайды үйлестіру.

      6-тақырып. Қатапралы мата фонындағы үш-төрт заттардан құралған тақырыптық қойылым. Мақамның күйін, оның жарықтығын, заттардың сипатын, олардың формаларын реңкпен жеткізу.

      7-тақырып. Пейзажды сызбалар. Мақамды таңдау. Фрагменттің композициялық шешімі.

      8-тақырып. Гипсті ассимметриялық ою-өрнектің және бір-екі тұрмыстық заттардың суреті. Форманы құру, сәуле және көлеңкемен модельдеу.

      9-тақырып. Адам фигурасының нобайлары. Тұрған фигураның қозғалысын, сұлбаның сипатын, пропорцияларын жеткізу.

      10-тақырып. Интерьердің бөліктерінің суреті (мектеп фойесі, баспалдақ алаңы). Заттарды сәл ғана бөлшектеп, реңк арқылы кеңістіктік ортаны жеткізу.

      11-тақырып. Қорытынды жұмыс: гипсті табақшадан немеме гипсті антикалық құмырадан және мата фонындағы әртүрлі материалдаррдан жасалған бір-екі тұрмыстық заттардан құралған натюрморт.

      78. Бейіндік сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) күрделі форманың жеке заттарының суретін орындай алады;

      2) гипстен жасалған жеңіл өрнекті және гүлөрнектің суретін сала алады;

      3) көз деңгейінен төмен орналасқан интерьерді орналастырудың суретін сала алады;

      4) шыны ыдыстардан құралған натюрмортты орындау кезінде графикалық құралдармен шынының материалдылығын жеткізуге тән ерекшеліктерді біледі;

      5) қозғалыстағы аңдардың нобайларын орындай алады;

      6) адамды сызықпен салудың ережелері мен ерекшеліктерін біледі;

      7) пейзаждық сызбаларды орындай алады;

      8) гипстен жасалған асимметриялық өрнекті және бір-екі тұрмыстық заттардың суретін орындай алады;

      9) интерьердің бөліктерін заттарды жеңіл бөлшектей отырып суретті орындай алады;

      10) гипсті гүлөрнектен немесе гипсті антикалық құмырадан және перденің фонында әртүрлі материалдарды бір-екі тұрмыстық заттардан құралған натюрмортты орындай алады.

      79. Білім беру бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) сурет туралы алғашқы мәліметтерді;

      2) бағдарлама аясындағы терминдерді;

      3) перспектива, жарық пен көлеңке заңдылықтарын;

      4) композицияны құрудың негізгі заңдылықтарын;

      5) сәндік композицияны құрудың ерекшеліктері;

      6) өрнекті құру заңдылықтарын;

      7) графиканың негізгі түрлерін және оның ерекшеліктерін;

      8) стильдеудің және форма жасаудың негізгі қағидаттарын;

      9) графикалық техниканы;

      10) перспектива заңдылықтарын;

      11) суретті кезеңмен салуды;

      12) натураға қарап, есте сақтау жады бойынша және елестетуі бойынша сурет салу кезіндегі бетте заттарды үйлестіру.

      Түлек біледі:

      1) эскиздерден және жаттығулардан аяқталған нұсқаға де йін жұмысты сатылап жүргізуді;

      2) дайындық эскиздерін қарындашпен, тушьпен, маркермен орындауды;

      3) композицияны сауатты құруды;

      4) сызықтық және әуе перспектива тәсілдерін қолдануды;

      5) ұзақ қойылымыды сатылап жүргізуді;

      6) әртүрлі жеңіл қалыптағы заттарды есте сақтау жады бойынша салу;

      7) бейнелі ойлауды, абстарциялана алады;

      8) заттар әлемінің әртүрлі фактураларын бейнелеуді;

      9) өсімдіктерді, аңдарды стильдеуді;

      10) сұлба, сызық, дақ арқылы өрнекті орындауды;

      11) қойылымның көркемдік-графикалық бейнесін құруда өз ойын іске асыра алады;

      12) күрделі заттардың формаларын тонмен модельдеуді;

      13) жазық бетке заттарды сауатты түрде орналастыруды, олардың құрылымын жеңіл анықтауды, жарық пен көлеңке арқылы кеңістіктікті жеткізуді;

      14) материалдың фактурасын заттар арқылы жеткізуді;

      15) суретте форманың көлемді шешіміндегі негізгіні анықтау үшін сызық және тон құралдарын үйлестіруді және қолдануды;

      16) эстетикалық мәнерлікке талпына отырып тональді суретті аяқтауды және жалпылауды біледі.

      Түлекте:

      1) дайындық материалдарымен жұмыс істеу: нобайлармен, сызбалармен, эскиздермен;

      2) графикалық композициямен жұмыс;

      3) сызық, штрих, дақпен жұмыс істеу;

      4) сызықтық және кескіндемелі суретті орындау;

      5) заттың фактурасын және материалдылығын жеткізу;

      6) штрих және сәуле мен көлеңке құралдары арқылы кеңістіктікті жеткізу;

      7) форманың кеңістіктік-конструктивтік құрылымы;

      8) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      80. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижеліліктерін анықтау болып табылады.

      81. Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      82. Білім алушылардың оқу шығармашылық жұмыстарына қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар.

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (екі тұрмыстық заттан құралған натюрморттың реңктік суреті);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (бір-екі қарапайым қатпары бар, бір түсті матаның фонындағы екі-үш тұрмыстық заттан құралған натюрморт);

      3) бейіндік сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (гипсті табақшалардан немесе гипсті антикалық вазадан және мата фонындағы әртүрлі материалдардан жасалған бір-екі тұрмыстық заттардан құралған натюрморт).

      83. Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және көрмелерде, байқауларда алған бағаларынан құралады.

      Педагог білім алушыларды бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) жаттығуды дұрыс орындау;

      2) композиция – бейне мен беттің сәйкестігі, парақ бетінде дұрыс орналастыру, орынсыз бос кеңістіктің болмауы;

      3) пропорция – дұрыс пропорциялық қатынастарды жеткізу, бейнеленетін затпен ұқсастық дәрежесі;

      4) конструкция – құрылымның дұрыс реті, ішкі конструкцияны бейнелеу);

      5) перспектива – көру нүктесін және көкжиек сызығын дұрыс анықтауі, суреттің барлығы бір көру нүктесі мен көкжиектің бір сызығын қолдана отырып орындалған, сызықтық перспективаны сақтау, әуе перспективасын сақтау;

      6) көлемді-кеңістіктік шешім – сәуле мен көлеңкенің барлық градацияларының болуы, реңк градациялары арқылы көлемді жеткізу, сызықтың кернеуін өзгерте отырып көлемді жеткізуі, кернеу сызықтарын қолдану білігі, жоспарлылық, кеңістіктік;

      7) графикалық техникаға ие болуы;

      8) жұмыстан алған жалпы әсері, акценттерді дұрыс қою.

      84. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – форматты өз бетінше таңдау, парақта бейнені дұрыс үйлестіру, құрылымды ретімен, сауатты және нақты жүргізу, қолданылатын графикалық материалдың мәнерлік ерекшеліктерін шебер пайдалану, сызықпен, штрихпен, реңкпен жұмыс істей алу, суреттегі қателіктер мен кемшіліктерді өз бетінше түзей алу білігі, суретті жапылай алу және оны тұтас бір наәрсеге айналдыру, шығармашылық тәсілі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – үйлестірудегі бірнеше анық емес тұстарының болуы, конструктивтік құрудағы кемшіліктердің болуы, реңкпен жұмыс істеудегі реттің біраз бұзылуы, реңктік қатынастарды жеткізудегі сәл қателердің болуы, біршама бөлшектілік және суреттің ұқыпсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – үйлестірудегі қателіктер, құрылымдағы және суреттің реңктік шешіміндегі жіберілген қателіктерді өз бетінше талдай алмау және түзете алмау; әртүрлі міндеттерді орындауда графикалық тәсілдерді біртекті қолдану, суреттің аяқтамағандығы, ұқыпсыз орындалуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы: оқу материалын білмеуі және түсінбеуі;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
69-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Кескіндеме" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Кескіндеме" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Кескіндеме" пәні бойынша оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акварель – суда араластырған кезде нәзік пигменттің мөлдір жүзгінін құрайтын, және осының есебінен жеңілдік, әуелік әсерін және нәзік түстік ауысуларға мүмкіндік беретін арнайы акварельді бояуларды пайдаланатын кескіндемелік техника;

      2) аралас немесе бейтарап түсті гамма – композициядағы жылы және суық түстердің тепе-теңдігі (аралас) немесе жылы және суық реңктердің мүлде болмауы (бейтарап);

      3) әуе перспективасы – суретші-пейзажшыға өзінің кенептерінде кеңістіктің тереңдік иллюзиясын құруға көмектесетін тәсіл;

      4) бейнелеу өнері – көру қабілетімен байланысты және көрінетін әлемнің жазықтықтағы немесе кеңістіктіктегі бейнесін жасайтын өнер;

      5) гризайль – бір түстің реңктік градацияларымен орындалатын, көп жағдайда сепи немесе сұр кескіндеменің түрі, сондай-ақ салынған барельефтерді және архитектуралық немесе мүсін элементтерін құру техникасы;

      6) жазықтықтағы натюрморт – бейненің сызықтық және әуе перспективасы синтезделетін натюрморт;

      7) жарқыл – сәуле мен көлеңкенің элементі, жарық жақсы түскен шығыңқы және жалпақ жылтыр беттегі сәулелі көлеңке; заттың басқа бөліктеріне қарағанда жарық ерекше жақсы түскен бөлігі;

      8) жартылай көлеңке – сәуленің көлеңкеге ауысуы;

      9) жылы түсті гамма – жылы реңкті түстерді қолдану арқылы алынған гамма;

      10) кескіндеме – қатты немесе иілгіш бетке бояуларды жағу арқылы көрінетін бейнелерді жеткізумен байланысты бейнелеу өнерінің түрі;

      11) кескіндемедегі жергілікті түс – бейнеленетін нысандардың негізгі және өзгертілмеген түсі, шартты, реңктері жоқ, олар табиғатта жарықтың, әуе ортасының, қоршаған заттардың рефлексінен пайда болатын түстер;

      12) кескіндемедегі этюд – көп жағдайда натураға қарап орындалатын, суретшіге қандай да бір бейнелеу сарынын зерттеуге және өңдеуге мүмкіндік беретін көркемдік шығарма;

      13) кереғарлық – қандай да бір қасиеттері бойынша заттарды анық ерекшеліктері (өлшемі, формасы, түсі, сәуле мен көлеңке), ашық көрінетін кереғарлық. Түстік кереғарлық – түстердің реңктерінің арасындағы айырмашылық;

      14) колорит – эстетикалық тұтастықты құрайтын түстік реңктердің жүйесі, өнер шығармашылығындағы олардың үйлесуі және өзара байланыстары;

      15) композиция – көркемдік форманы ұйымдастыратын маңызды компонент, шығармаға бірлік пен тұтастық, оның элементтерін бір-біріне бағындыруды және суретшінің барлық ойын жеткізеді;

      16) конструкция – заттардың құрылымы, бөліктерінің өзара орналасуы, оның формасының құрылысы;

      17) қатынастар – натурадағы және шығарманы құру кезінде қолданылатын бейнелердің элементтерінің нақты өзара байланысын анықтайтын көркемдік практикадағы термин;

      18) қосымша түстер (өзара толықтыратын) – түстер жұбы, олардың оптикалық араласуы психологиялық тұрғыдан ахроматикалық түс (қара, ақ немесе сұр) сезімін қалыптастыруға алып келеді;

      19) монохромия – бір түсті реңк басым болатын және бірнеше көршілес түстері бар, олар негізгі түстің реңктері болып қабылданатын композиция;

      20) негізгі түстер (алғашқы түстер) – шартты түрде таңдалған, "базалық" түстер, оларды әртүрлі пропорцияда араластыру кезінде барлық басқа түстерді және реңктерді алуға болады;

      21) натюрморт – бейнелеу өнеріндегі жансыз заттардың бейнесі;

      22) өз көлеңкесі – заттың жарық түспеген бөлігінде орналасқан заттың ең күңгірт бөлігі;

      23) пропорция – көркемдік шығармалардың немесе архитектуралық ғимараттардың барлық бөліктерінің өлшемділігі, олардың бір-біріне сәйкестігі және тұтастықпен белгілі қатынастары;

      24) реңк – штрихтау, тушевка жасау және бояу арқылы заттардың суретіндегі сәуле мен көлеңкелік қатынастарын (градациясын) жеткізу;

      25) рефлекс – шағылысқан сәуле және көрші заттардың реңктері;

      26) ритм – өнердегі негізгі кезеңдердің бірі, ритм түстердің, объектілердің, сәуле дақтарының және көлеңкенің қайталануы арқылы жасалады;

      27) сәндік – адамды қоршаған заттар әлемінің ортасындағы пластикалық өнер шығармаларының эмоциялық мәнерлігін және көркемдік ұйымдастырушылық рөлін күшейтетін көркемдік қасиеттердің жиынтығы;

      28) сәуле – заттың жарық түсірілген бөлігі;

      29) симметрия – қандай да бір өзгерістерде, қайта түрленулерде көрінетін сәйкестік, өзгермеушілік (инвариативтілік);

      30) сызық – кез-келген материалмен жеңіл жағылатын, кең таралған бейнелеу-мәнерлеу құралы;

      31) сурет – техникалық құралдар мен сурет салудың мүмкіндіктеріне негізделген көркемдік графиканың бір түрі; реңктік бейне көрінетін нәрсенің көлемі мен кеңістігін анықтайды, формасын ерекшелейді;

      32) сурет формасы – жазықтықта сызылған бейне;

      33) суық түсті гамма – суық реңкті түстерді қолдану арқылы алынған гамма;

      34) сұлба – жазықтықтаға бейне, жұмыс тәсілі, көркемдік мәнерлеудің құралы, сондай-ақ графиканың түрі;

      35) сызықтық перспектива – жазықтықта орналасқан бейне, жазықтық перспективалық бейнелерге байланысты тік, жанына қарай және көлденең орналасады;

      36) түстік үйлесімділік – органикалық тұтастылықты құрайтын және эстетикалық сезімді бастан кешіруге итермелейтін жеке түстердің немесе көптеген түстердің үйлесуі;

      37) түстік қатынастар – бояулардың көмегі арқылы көзге көрінетін бейнелерді жеткізу кезіндегі түстердің бір біріне әсер етуі;

      38) түсетін көлеңке – заттардан түскен көлеңке;

      39) түстік орта – барлық көлемді-кеңістіктік құрылымды құрайтын және кеңістіктікте және уақытта бөлінуі бойынша қабылданатын түстерің элементі болып табылатын жүйе;

      40) түстік гамма – көркемдік шығармаларды құру кезінде қолданылатын түстердің өзара үйлесімді реңктерінің қатары;

      41) түстік композиция – қандай да бір заңдылықтар бойынша ұйымдастырылған және эстетикалық әсерге есептелген түстік дақтардың жиынтығы (жазықтықта, көлемді формада немесе кеңістіктікте);

      42) түстік мәдениет – мәдениетті құрайтын, феномен, психофизиологиялық қабылдауға, колористикаға түстік орта туралы білім көлеміне негізделеді;

      43) түстік рефлекс – шағылысқан сәуленің оптикалық әсері, қоршаған заттардан түсетін сәуленің шағылысуы кезінде пайда болатын немесе бояудың ұлғайтылған күші, жазықтықтағы көршілес жатқан заттарға барынша қатты жарық түсірілген түстің реңкі;

      44) фактура – сәндік-қолданбалы өнер, мүсін немесе кескіндемелік жазықтықта бұйымының бетін өңдеу сипаты, бейнелеу құралдары арқылы шынайы заттардың ерекшеліктерін жеткізу тәсілі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының форманы барлық түстік қатынастарында көру және бейнелеу қабілеттерін дамыту, көркемдік сауаттың алғашқы білік, дағдыларын, тәсілдерін меңгеруі.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) терминдерді меңгеру;

      2) кескіндеме теориясымен, түстану заңдылықтарымен, түстік үйлесімділікпен, кескіндемелік материалдармен, олардың техникалық қасиеттерімен және кескіндеменің әртүрлі техникаларымен танысу;

      3) әуе ортасындағы түс, түстердің өзара байланысы, рефлекс, жылы және суық түстер, кереғар түстер, спектр және қосымша түстер туралы білімді қалыптастыру;

      4) жұмысты сауатты жүргізу дағдысына, көркемдік материалдарды қолдануға, жұмыс кезінде үнемі түстік сәулелік қатынастарды нақтылауды, кескіндемелік жұмыстарда реңкке деген саналы түсінікті қалыптастыруға оқыту;

      5) кеңістіктік-әуе ортасы жағдайында түстік қатынастарды көру және жеткізу білігін қалыптастыру;

      6) заттар әлемінің, кеңістіктіктің нысандарын бейнелеу білігін қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) түс арқылы заттардың фактурасын, сәуле әуе ортасын жеткізу дағдысын қалыптастыру;

      2) елестетуді, көру жадын, қиялын дамыту;

      3) негізгі техника мен материалдарды қолданудағы дағдыларды дамыту;

      4) кескіндемелік жұмысты ретімен жүргізу дағдысын дамыту;

      5) бейнелеу кескіндемелік құралдарын меңгеру және оларды қолдану білігін дамыту;

      6) байқампаздықты, шынайылықты эмоциямен және эстетикалық қабылдауды дамыту;

      7) қоршаған шынайылықтың заттарын, көріністерін және кескіндеменің шығармаларын көркемдік қабылдау мәдениетін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) бейнелеу құралдары арқылы білім алушыны эстетикалық тәрбиелеу;

      2) өй-өрісті кеңейту, көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) назарды, ұқыптылықты, еңбекқорлықты, өзін шығармашылық тұлға ретінде үнемі дамыту қажеттілігін тәрбиелеу;

      4) кескіндемеге деген танымдық қызығушылықты дамыту;

      5) заманауи әлемдік мәдениетке тарту;

      6) үйлесімді және жан-жақты дамыған, әлемдік және отандық мәдениетке кіріктірілген тұлғаны тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл. Оқыту үшінші сыныптан басталады. Оқыту уақытының көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      Негізгі, жалпы орта білімді аяқтамаған, бірақ өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін, білім алушылардың ата-аналарының немесе оның орнын басатын тұлғалардың сұранысы бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі бір-екі жылға ұлғайтылады.

      6. Оқыту топтық формада іске асырылады. Топтағы білім алушылардың сандық құрамы – кемінде 8 адам және 15 адамнан көп емес.

      7. Бағдарлама балалар өнер мектебінің киімді көркемдеп үлгілеу бөліміне арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      9. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың бейнелеу, көркемдік-құрастыру қабілеттерін, ерекше ойлауын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталуы болып табылады.

      10. Пән білім алушыларды дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілді қолдануды, көркемдік-бейнелі ойлаулын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне бағытталған.

      11. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      12. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      13. Бағдарлама білім алушыға өнер мен өмірдің өзара байланыс жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға жағдай жасайды, балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған шынайылықтан нақты мысалдарды кеңінен тартуды қарастырады. Бақылау және қоршаған шынайылықты эстетикалық сезіну негізінде жүргізілетін жұмыс балалардың бағдарлама материалдарын меңгеруінің маңызды шарттары болып табылады.

      14. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог бейнелеу өнері бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      15. Білім беру бағдарламасы білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) көркемдік бейнелеу қызметіндегі білімді меңгеруі;

      2) бейнелеу өнері саласындағы терминдерді меңгеруі;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу білігін меңгеруі;

      4) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) тұлғаға өзін өзі танытуға, өзіне дұрыс баға беруін және шынайы өмірлік жағдайларда бейімделуін қалыптастыруда, қиын жағдайларды жеңуде және тұлғаның жеке өсуіне және өзін өзін дамытуына ықпал ететін эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарғын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      18. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер.

      19. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін, үйренуге лайықты оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты оқу процесіне деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      20. "Кескіндеме" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, оқыту формаларын және оқу-әдістемелік кешенін таңдаудың вариативті болына жағдай жасайды.

      21. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) түсіндіру-иллюстартивті – қарау, бақылау, педагогикалық сурет, әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру, талдау, сараптау;

      2) көрнекілік – шығармашылық жұмыстарды, бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін көрмелерге, мұражайларға бару;

      3) практикалық – мұқият пысықтау үшін тұтас шығарманы ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) репродуктивтік әдіс – оларға берілген білім мен көрсетілген қимыл әрекеттерін бірнеше рет шығару бойынша білім алушының қызметін ұйымдастыру;

      5) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      6) эмоциялық – ассоцияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерлерді құру.

      22. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Барлық оқыту процесі жеңілден күрделіге қарай құрылады.

      23. Сабақ формалары

      1) практикалық – әртүрлі графикалық техниканы меңгеруге арналған жаттығулар, есте сақтауы және натура бойынша қысқа мерзімді нобайларды, сызбаларды орындау;

      2) ұзақ мерзімді академиялық қойылымдар, бақылау оқу қойылымдары;

      3) пленэрдегі сабақтар;

      4) саяхаттар мен шеберлік сыныптар.

      24. Педагог заманауи өнер мектебінде бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      25. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      26. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) тақырыптық көрмелерге бару;

      2) өнер туралы фильмдерді қарау;

      3) мұражайларға, суретшілердің шеберханаларына бару;

      4) байқауларға, балалардың жұмыстарының көрмесіне қатысу.

      28. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      30. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) аталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын нұсқай отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітіледі.

      35. Костюм композициясын құру кезінде түстік үйлесімділік маңызды орынға ие болады. Білім алушы киімнің суретін түрлі-түсті етіп (гуашь, акварель), сәндік-көркемдеп орындау кезінде кескіндемелік-пластикалық шешімді табуды, сурет пен кескіндеменің бейнелеу-мәнерлеу құралдарын қолдануды үйренеді.

      36. "Кескіндеме" пәні жеке заттардың бейнесін, күрделілігі әртүрлі натюрморттарды, этюдтерді орындауды қамтиды. Білім алушының қоршаған әлемді оның барлық түстік сәулелік қатынастарын көру және бейнелеу қабілетін дамыту, түс арқылы форманы "мүсіндеу" білігі, акварельді кескіндеменің техникалық тәсілдерін меңгеру, гуашь және түстану негіздерін үйрету оның міндетіне жатады.

      37. Кескіндеме сабақтарында натураға қарап жүргізетін сабақтар бейнелеу өнеріне академиялық дәстүрде оқытудағы басты компоненттердің бірі болып табылады. Заттар әлемін түс пен реңктің көмегі арқылы бейнелеу білігі білім алушыны кескіндеме өнерін меңгеруін және бейнелеу шығармашылығындағы өз стилін ойлап табуды үйретеді.

      38. Педагог кескіндеме өнерін талдай білуді, әртүрлі кескіндемелік техниканы ажыратуды және қолдануды үйретеді және түспен және түстік байланыстарымен түстерді және кеңістіктікті бейнелеу сауатымен таныстырады.

      39. Педагогтің міндеті балаларға композиция, форманың пластикалық құрылымы, форма, перспектива, сәулені бөлу және түстердің бір біріне әсері, бейнелеудің кескіндемелік тәсілдері дағдыларын қолданып, беттің екі өлшемді жазықтығында үш өлшемді форманы көруді, түсінуді және бейнелеуді үйрету болып табылады.

      40. Педагог ұзақ мерзімді қойылымдарды қысқа мерзімді қойылымдармен үйлестіреді, түсті жеңіл жеткізу және көздің өткірлігін қалыптастыру үшін жылдам этюд техникасын енгізеді. Жұмыс қарпайымнан күрделіге, өз бетінше орындауға, жұмыстың барынша аяқтауға қарай жүргізіледі.

      41. Педагог білім алушыны суреттің сәуле-көлеңке, сызықтық, көлемді, конструктивтік және реңктік түрімен таныстырады.

      42. Оқыту процесінде білім алушы түстік қатынастарды алдымен жалпақ формалардағы қарапайым жергілікті жағдайдағы түстік қатынастарды көруді және жеткізуді, кейіннен жылы және суық түстерді ескере отырып, қарапайым түстік қатынастарды жеткізуді, одан әрі – мейлінше күрделі формаларда мейлінше күрделі түстік қатынастарды және олардың рефлекстерін жеткізуді үйренеді.

      43. Білім алушы түстік қатынастарды жабық ғимараттарда, сондай-ақ ашық аспан астында кеңістіктік әуе ортасы жағдайында көруді және жеткізуді үйренеді.

      44. Педагог түстану негіздері бойынша сабақта өткізуге дайындалу кезінде, осы пән бойынша сабақ мақсатының білім алушының көркемдік талғамын және шығармашылық қиялын дамыту, сондай-ақ балаларға бейнелеу білігі мен дағдысын үйрету, оларға адамның өміріндегі түстік үйлесімділіктің практикалық маңызын көрсету екенін біледі.

      45. Кескіндемеге оқытудың негізгі қағидаты болып түспен және формамен жұмыс істеу процесінің ажырамайтындығы болып табылады. Білім алушы алдымен түсті жалпақ заттарды қарапайым жергілікті қашықтықта көруді және жеткізуді, кейіннен қарапайым түсті жылы және суық түстерді ескеріп, әрі қарай барынша күрделі формаларда және барынша күрделі түстік қатынастарды және рефлекстерде көруді және жеткізуді үйренеді.

      46. Білім алушы кескіндеме сауатының негіздерімен, акварельмен жұмыстағы белгілі техникалық тәсілдер жиынтығымен танысады. Кеңістіктік байланыстар алдымен екі және үш көлемді заттардан тұратын қойылымдарды зерттеуден басталады.

      47. Оқу қойылымдары біртіндеп күрделендіріледі, жарықтың әртүрлі түсу жағдайы ұсынылады, білім алушылардың алдына барынша күрделі түстік міндеттері қойылады. Кескіндеме құралдары арқылы заттарды, маталарды және адам фигурасын бейнелеу - білім алушының жеткілікті дайындығын талап етеді.

      48. Педагог гүлдерді, құстар мен жануарлардың сұлыбын, адамның фигурасын салуды үйретеді, монохром техникасында натураны реңктерге талдауға назар аударады, білім алушыны заттардың түсін көруді, олардың түстік сәулелік қатынастарын талдауды және екі өлшемді жазықтыққа дұрыс үйлестіруді үйретеді.

      49. Кескіндеме сабағында педагогтің негізгі міндеті білім алушының "көзін қою" болып табылады, яғни натураны толығымен көру, формасы, түсі және реңкі бойынша заттарды салыстыру, натураның түстік және реңктік қатынастарын ұстай білу.

      50. Білім алушы біртіндеп кескіндеме әлеміен, бояулар палитрасымен танысады, қылқаламмен жұмыс істеуді үйренеді, акварельмен және гуашьпен жұмыс істеу дағдысын меңгереді. Натюрморттардың оқу қойылымдары негізгі тапсырмалар болып табылады.

      51. Алғашқы сабақтарда білім алушы кескіндемелік материалдармен және олардың техникалық қасиеттерімен (бояу, қағаз, қылқаламдар), "тон", "суық", "жылы", "реңк" түсініктерімен танысады, түстердің жақындығы және кереғарлығы, спектр және қосымша түстер туралы түсініктерді меңгереді, әуе ортасындағы түстерді, түстердің өзара байланысын, рефлекстерді үйренеді, бояуларды араластыруды үйренеді.

      52. Оқытудың басты формасы – оқу қойылымымен ұзақ мерзімді жұмыс, ол ұзақ уақыт бойы бақылауға және натураны мұқият зерттеуге негізделген.

      53. Педагог білім алушыға теориялық білімді және практикалық дағдыларды береді, көрінетін заттарды, көріністерді, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін шынайы жеткізуді үйретеді. Ұзақ мерзімді қойылымдардағы түсініктерді бекіту немесе кеңейту үшін этюдтерді, жаттығуларды қысқа мерзімді сызбалармен алмастырады.

      54. Оқыту процесінде педагог балаларға тән балғындықты, еш кедергісіз қабылдауды, бейнелеу процесіне қызығушылықтарын сақтайды және дамытады, баланың көріністерді қабылдауына және шығармашылық қиялына негізделетін белсенді оқыту әдісін қолданады.

      55. Педагог теориялық білімдерін және алған практикалық дағдыларын бекіту мақсатында әртүрлі тапсырмаларды әзірлейді. Тапсырмалар балалардың дайындық деңгейін сәйкес келетіндей, алдында алған білімдері мен біліктерін ескеріп іріктеледі. Тапсырмалардың қиындығы біртіндеп артады.

      56. Түстануға оқыту бойынша сабақтар педагогтің алдында бірқатар міндеттерді қояды, олар балалардың қоршаған шынайылық туралы түсініктерін тереңдетеді және байытады. Педагог оқу-тәрбие міндетін іске асыруда білім алушының қандай жаста білім, дағдылардың қандай көлеміне меңгере алатындығын біледі, осыған байланысты осы балалармен жұмыстың әдістемесін ойланып әзірлейді.

      57. Тапсырмалар білім алушыны бейнелеу материалдарының қасиеттерімен таныстырады: кескіндемелік, графикалық, көлемді және елестетуді, қиялды дамытуға және балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

      58. Кескіндеме бойынша алғашқы сабақтар жабдықтармен, жұмыс орнымен, кескіндемеге және оларды қолдану техникасына оқыту кезінде пайдаланылатын жабдықтармен таныстырудан басталады.

      59. Білім алушы түстің көмегі арқылы кеңістіктікті және көлемді жеткізу тәсілдерін меңгереді. Педагог түстік шеңберді қолдана отырып, түстің негізгі қасиеттері туралы түсінікті береді, жергілікті түс жайлы, заттың түсіндегі сәуле мен көлеңкенің әсерін түсіндіреді, кескіндеме өнеріндегі реңк түсінігімен таныстырады.

      60. Білім алушы бірінші сабақтан бастап әрбір этюдке қойылған міндеттерді шешуға басты назарды аудара отырып, парақты үйлестіруді және барлық міндеттерді шешуді, натюрмортпен жұмысты жүйелі түрде жүргізуді үйренеді.

      61. Білім алушы педагогтің жетекшілігімен қосымша және кереғар түстердің заңдылықтарымен танысады, реңк пен түстің көмегі арқылы кескіндеменің кеңістігі мен көлемін жеткізу тәсілдері туралы түсінікті тереңдетеді.

      62. Әртүрлі жағдайларда заттардағы түстік нюанстарды бейнелей отырып, білім алушы олардың көлемді формаларын анықтайды, заттардың жергілікті түсін сақтайды, заттарды жазықтықта орналастыруды бақылауды үйренеді.

      63. Педагог парақтың композициясына, қойылымның кеңістігін анықтауға және заттардың нақты құрылымына, реңк беру түсінігіне, колористік шешіміне және ұзақ мерзімді жұмысты ретімен, дұрыс жүргізуге басты назарын аударады.

      64. Оқытудың аяқтау кезеңіндегі жұмыс міндеттері академиялық кескіндеменің негізгі тапсырмаларын қарастырады:

      1) натюрморттағы нақты түстік қатынастар;

      2) заттардың формасын, көлемін, олардың фактурасын жеткізу;

      3) натюрморттағы кеңістіктікті, тереңдікті шешу.

      65. Аталған кезеңдегі өз бетінше жүргізілетін жұмыс білім алушының көркемдік-шығармашылық белсенділігін дамытудың басты формасы болып табылады.

      Жаттығуларды орындау кезінде түс туралы оқу материалы беріледі (жылы-суық, түстерді араластыру, ахроматикалық түстермен жұмыс), бейнені берілген форматта орналастыру туралы білімдері бекітіледі.

      66. Кескіндеме және композиция бойынша сабақтарда әртүрлі техникалар мен материалдарды қолдану - білім алушының түстер туралы түсінігін дамытуда маңызды орынды алады. Акварель, гуашь, пастель – білім алушы бірініші сыныптан бастап жұмыс істейтін материалдар.

      67. Педагог суретте "дақтан" бастап жұмсақ материалдармен жұмыс істеуді оқытады, балалардың назарын көмір, сангина, сепия сияқты материалдардың кескіндемелік қасиетіне аудартады.

      68. Кескіндеме бойынша тапсырмаларды орындау кезеңдері:

      1) натюрморттың түстік қатарын талдау;

      2) суретші-классиктердің түстік шешіміндегі натюрмортты талдау;

      3) орындау техникасын талдау;

      4) әртүрлі композициялық шешіммен берілетін түстік реңктік эскиздерінің нұсқасы;

      5) картонды орындау;

      6) жұмысты материал форматтында орындау.

      69. Бағдарлама натюрморт жанрында оқу тапсырмаларын орындауды қарастырады. Ұзақ мерзімді этюдтің міндеті натураны, оның формаларының мінезін, қозғалысын, пропорциясын, сызықтық-конструктивтік құрылымын, колористикалық ерекшеліктерін, жарықты терең және жан-жақты зерттеу болып табылады.

      70. Қысқа мерзімді этюдте натураның пропорциясы, қозғалысы, формасы, заттардың реңктік-түстік айырмашылығы сияқты қасиеттерін, қойылымның жалпы пластикалық және түстік сипатын жеткізу міндеті қойылады.

      71. Этюдті сауатты орындау үшін білім алушы этюдті бейнелеудің алғашқы кезеңінен бастап аралық кезеңдер арқылы оның аяқталуына дейінгі жұмыстың ретін анықтайды.

      72. Натюрморттың этюдін орындау кезеңдері:

      1) заттардың барлық тобының және жеке бөліктерінің бейнесін қағаз бетінде композициялық орналастыру;

      2) пропорция, қимыл және кеңістіктік қалпын ескеріп, форманың сызықтық-конструктивтік шешімі;

      3) жалпы түстік реңкті анықтау; натураға пропорционалды орналасқан жалпы үлкен және түстік қатынастарды жеткізу;

      4) заттардың көлемді формаларын модельдеу, сәуле мен көлеңкенің градациясын анықтау және оларды әуе перспективасын ескеріп кескіндемелік өңдеу жасау;

      5) этюдті аяқтау бойынша жұмыстың жалпылау кезеңі;

      6) этюдтің түстік қатарындағы басты және екінші деңгейде орналасқандарды анықтау;

      7) бейненің барлық бөлігін біртұтасқа бағындыру.

      73. Бағдарламаның жүйелілігі, әр сабақтың міндеттерінің нақтылығы жаңа материалды түсіндіруге жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Педагог сабақтың көп бөлігін өз бетінше жүргізілетін балалардың жұмысына және әр балаламен жеке жұмыс жүргізуге бөледі.

      74. Сабақтың теориялық бөлігі әр тапсырманы алдын ала түсіндіретін кіріспе әңгімеден құралады, ол кезде педагог білім алушыға тапсырманың мазмұнын түсіндіреді және оны орындау әдісін көрсетеді.

      75. Сабақ барысында өзін түзету және қызметін түзету үшін аралық және соңғы жұмыс нәтижелерін елестету мақсатымен білім алушының өзін талдауы жүргізіледі.

      Сабақтың соңында білім алушының жасаған жұмысына ұжымдық талдау және өзін өзі талдау жүргізіледі (жұмыстарды қарау).

      76. Кескіндеме бойынша практикалық сабақтарды жүргізу жұмысты орындау әдісін көрнекі түрде көрсетуді талап етеді. Педагог оқыту құралдарын тақырыпқа және сабақтың міндетіне байланысты қолданады.

      77. Түсіндіру-иллюстративті әдіс келесі тәсілдерді қамтиды:

      1) қарастыру;

      2) бақылау;

      3) педагогикалық сурет;

      4) түсіндіру;

      5) әңгімелеу.

      78. Педагогикалық сурет ауызша түсіндірумен қатар жүргізіледі, ол білім алушылардың жаңа материалды қабылдауын жылдамдатады және педагогикалық тиімділікті күшейтеді.

      79. Педагогикалық суреттің қызметтері;

      1) ауызша түсіндіруді иллюстрациялау;

      2) натюрмортпен жұмыстың әдістемелік ретін көрсету;

      3) кескіндемелік этюдті орындаудың практикалық кезеңін көрсету;

      4) композициялық шешімнің қағидаттарын көрсету;

      5) әртүрлі кескіндемелік материалдардың техникалық тәсілдерін және мүмкіндіктерін көрсету;

      6) бейнелеу міндеттерін дұрыс және бұрыс шешуді көрнекілік түрде талдау.

      80. Педагог балалардың суретін қолданып, әрбір білім алушыға кескіндемелік материалдармен жұмыстың техникалық тәсілдерін көрсетеді. Білім алушылардың жұмыстарын түзету - суреттің сапасын сыртынан жақсарту мақсатында емес, білім алушыларға тапсырмаларды орындау қағидаттары мен әдістерін түсіндіру мақсатында жүргізіледі.

      81. Сабақ барысында компьютерлік технологияларды пайдаланып, озық педагогтердің, суретшілердің шеберлік сыныптарын, білім алушылардың оқу және шығармашылық жұмыстарын көрсету, мұражайларға экскурсия жасау - оқытудың ақпараттық құралы болып болып табылады.

      82. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің айтуын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушының тапсырманы орындауға қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын күнделікке жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      83. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар жүйесі келесі элементтерді қамтиды:

      1) әртүрлі техниканы меңгеруге арналған жаттығулар;

      2) кескіндемелік этюдтік-нобайларды орындау;

      3) қосымша материалдармен жұмыс.

      84. "Кескіндеме" пәнінің "Сурет" пәнімен пәнаралық байланыстары білім алушыларға заттар әлемін тұтас қабылдауға түрткі болады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      85. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы түстің түрлерімен, олардың табиғаттағы реңкімен танысады, жылы, суық, кереғар, жақын түстерді үйренеді, палитрамен жұмыс істеуді, натюрморттың заттарының барлық түстерін үйлестіруді, бейненің тұтастығына қол жеткізуді, бейнені парақта сауатты орналастыруды, заттардың жергілікті түсін анықтауды және белгілі түстің пайда болуына теориялық негіздеме беруді, акварельмен жұмыстың негізгі тәсілдері мен дағдыларын меңгеруді үйренеді;

      2) әуе перспективасы, реңк, кескіндемедегі қанықтылық және жарық, құюлар, лессировка, формасы бойынша бояу, "дамқыл бойынша" жұмыс, акварельмен жұмыстың техникалық тәсілдері туралы түсінік беріледі, түс арқылы кеңістіктік пен заттардың көлемін жеткізу туралы сұрақтар қарастырылады;

      3) бейнелі ойлау, қиял, көркемдік байқампаздық дамытылады, түстану, мәнерлеу құралдары бойынша тапсырмалараға көп көңіл бөлінеді, жалпақ заттарды бейнелеу, жергілікті түсті жеткізу дағдылары қалыптастырылады, "негізгі", "құрамдас", "бір түстің реңктері" түсініктері бекітіледі;

      4) натюрмортпен жұмысты ретімен жүргізу дағдысы, түстік қатынастарды алдымен жалпақ формаларда қарапайым жергілікті қалыпта жеткізу, жылы және суық түстерді ескеріп, қарапайым түсті қағаздарда, кейіннен мейлінше күрделі формаларды және мейлінше күрделі түстік қатынастарда және жабық ғимараттағы рефлекстермен жеткізу дағдысы меңгеріледі;

      5) білім алушы бейнені парақта үйлестіруді меңгереді, заттардың жергілікті түсін анықтауды, белгілі түстің пайда болуына теориялық негіздеме беруді және акварельмен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері мен дағдыларын үйренеді.

      86. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Кескіндеменің бейнелеу және мәнерлеу құралы. Киімді көркемдеп модельдеу практикасындағы кескіндеменің рөлі. Материалдармен танысу. Акварельді бояулар және олардың қасиеттері. Акварельмен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу. Қылқаламның мүмкіндіктерін меңгеру. Қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдері. Бояулардың атауларын үйрену, палитрада көре білу. Түсті үш-төрт реңкке қарапайым созу.

      2-тақырып. Жылы және суық түстер. Түстік шеңбер. Негізгі және құрамдас түстер. Бояулардың мүмкіндіктерін ашу. Әртүрлі реңктерді шығару. Жылы және суық гаммаларды шығаруға арналған жаттығулар. Палитрамен жұмыс. Бояуларды араластыру. Акварельмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Бір түстің басқа түске баяу ауысуы (түстерді теңдей, пропорционалды араластыру).

      3-тақырып. Бір түсті ашықтан күңгіртке және кері түстік тарту. Негізгі үш түстен құрамдас түстерді алу үшін түстерді созу (көктен сарыға, қызылдан жасылға, көктен сарыға).

      4-тақырып. Қосымша түстер. Бейтарап түстер. Түстік палитраны бейтарап түстермен байыту. Бейтарап түстерді алу тәсілдеріне арналған жаттығулар. Бекіту жаттығулары.

      5-тақырып. Жағу және құю. Акварельді кескіндеменің кейбір техникаларын үйрену. Құю мен жеке бояуды үйлестіруге арналған жаттығулар. Акварельмен жұмыс істеу практикасын жетілдіру. Мөлдір, қанық және тығыз бояуларға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Лессировка. Лессировка техникасын үйрену. Мөлдір бояу қабаттарын бір біріне қою арқылы түстің өзгеруін бақылау. Баяуларды оптикалық араластыруға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. "Дымқыл" жұмыс техникасы. Акварельдің ерекшеліктерін, оның техникалық мүмкіндіктерін үйренуді жалғастыру. Акварельдің ағуына, бір түсті басқа түске құюға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Жалпақ заттарды бейнелеу. Палитраның түстік байлығын қолданып, бояу, түсті түске құю арқылы жапырақтардың жазық формаларының бейнесін құру. Түсі және реңкі жағынан әртүрлі күзгі жапырақтардың, гүлдердің этюді.

      9-тақырып. "Жергілікті түс" түсінігімен танысу. Нақты жергілікті түсті іріктеу. Жарыққа байланысты жергілікті түстің өзгеруі. Жергілікті түстің жарықта және көлеңкедегі өзгерісін көрсету (жарық - жылы, көлеңке - суық). Жарыққа байланысты жергілікті түсті өзгерту тәсілдері. Қыртыссыз бейтарап фондағы қарапайым формадағы екі заттан құралған қойылым (көкөністер, жемістер). Жарық жоғарыдан, қырынан түсірілген. Бояу арқылы форманы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру. Бейтарап фондағы көкөністер мен жемістердің этюді.

      10-тақырып. Рефлекс. Қорғашан ортаның әсерінен жергілікті түстің өзгеруі. Рефлекстердің пайда болуын көрсету. Заттардың өзара әсерлерін көрсету. Екі заттан құралған қойылым.

      11-тақырып. Жылы және суық түстердің кереғарлығы. "Жылы, суық түстер" түсініктері. Жылы түстердің түрлерімен және олардың реңктерімен танысу, түстің әртүрлі қасиеттерін көру және талдау.

      Жылы түстік гаммадағы натюрморт (сары-қоңыр, қызыл-жасыл түстік гаммалар). Жергілікті түстерді құрамдастарына бөлуді орындау. Акварельді кескіндеменің техникалық тәсілдерін қолданып, гүл шоғырының жоспарлығын орындау, түстік рефлекстер, сәуле мен көлеңкені жеткізу.

      12-тақырып. Кескіндемедегі реңк. Монохром. Реңктік құралдар арқылы көлем мен кеңістіктікті жеткізу. Бір түсті матамен, үш жазықтықта орналасқан, қарапайым тұрмыстық заттар мен жемістердің этюді. Әртүрлі реңктегі заттар мен маталар.

      13-тақырып. Суықтағы жылы түстер. Жылы және суық реңктердің кескіндемелік қатынастарының үйлесімділігін құру. Түрлі-түсті мата фонындағы жемістер немесе өсімдіктері бар екі-үш тұрмыстық заттардан құралған натюрморттың кескіндемелік шешімі. Суық фондарда орналасқан жылы заттар.

      Мата: тік, бейтарап түске жақын, көлденең бір түстің спектрлік реңкіне жақын.

      14-тақырып. Жылыдағы суық. Жылы фондардың суық заттарға әсерінің көрінісі. Қатпарсыз түрлі-түсті матадағы екі-үш тұрмыстық заттардан құралған натюрморт. Жылы фондардағы суық заттар. Этюдті сипат. Заттардағы рефлекстерді жақсы көрсетеді. Тік мата.

      15-тақырып. Натюрморт. Жақын түстік қатынастар. Негізгі төрт түс. Жасыл түсті гамма. Үлкен түстік қатынастар ескерілген натюрмортты үйлестіру.

      16-тақырып. Қызыл түсті гамма. Жақын түстік қатынастарға арналған натюрморт.

      17-тақырып. Жасыл түсті гамма. Жақын түстік қатынастарға арналған натюрморт.

      18-тақырып. Көк түсті гамма. Жақын түстік қатынастарға арналған натюрморт.

      87. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) акварельмен жұмыстың техникалық тәсілдерін біледі: құю, лессировка, форма бойынша бояу, "дымқыл бойынша" жұмысы;

      2) түстанудың негізгі түсініктерін біледі;

      3) түстік шеңберді, негізгі және құрамдас түстерді біледі;

      4) жылы және суық түстерді біледі;

      5) қосымша бейтарап түстер, түстік реңктер, кереғарлық түсініктерін біледі;

      6) жергілікті түс және жарыққа байланысты оның өзгеруі туралы түсінікті біледі;

      7) рефлекс түсінігін және ортаға байланысты оның өзгеруі туралы түсінікті біледі;

      8) акварельді кескіндеменің құралдарын біледі;

      9) бояуларды палитрада араластыра алады;

      10) натураға қарап жұмыс жүргізуді біледі;

      11) кескіндеменің бейнелеу және мәнерлеу құралдарын біледі;

      12) кескіндеме құралдары арқылы көркемдік бейнені құру тәсілдерін біледі;

      13) араластыру арқылы түрлі түстік реңктерді таба біледі;

      14) натурадан екі-үш заттан құралған қарапайым қойылымдарды орындай алады;

      15) монохром техникасында жұмыс істеуді біледі;

      16) натюрмортпен жұмысты ретімен жүргізудің алғашқы дағдыларын біледі;

      17) өз жұмыстарын сәндеу тәсілдерін біледі.

      88. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) түстану бойынша теориялық сұрақтар қарастырылады, кескіндеме арқылы кеңістікті, көлемді жеткізу тәсілдері туралы түсініктер тереңдетіледі, суық, жылы гамманы, колоритті және кереғарлықты түсінеді;

      2) түстер перспективасы, кескіндемедегі сәуле мен көлеңке негізгі тақырып болып табылады, жарық пен ортаның әсеріне байланысты заттардың жергілікті түсінің өзгерісін жеткізу білігін, түс арқылы кеңістіктікті жеткізуді меңгереді;

      3) білім алушы жұмысты ретімен жүргізуді, жұмыс кезінде барлық парақты пайдалануды, жеке жазықтықтардың түстік қатынастарын салуды, заттарды түстік нюанстардағы барлық күрделіктерінде бейнелеуді, заттардың жергілікті түсін сақтауды, олардың көлемді формаларын анықтауды және заттарды жазықтықта орналастыруды б үйренуді жалғастырады;

      4) заттардың материалдылығын жеткізудегі жұмыс біліктері мен дағдылары бекітіледі, натюрморттағы кеңістіктің жарықтығын жеткізу дағдылары жетілдіріледі.

      89. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Күзгі натюрморт. Натюрмортты акварельмен орындау. Кереғар ерекшеліктері. Түстік және реңктік үйлесімділік.

      2-тақырып. Гипсті құмырадан және матадан тұратын натюрморт. Түсі жағынан кереғар, гипсті көне құмыра және матадан құралған натюрморт. Қыртыстары бар мата. Алдыңғы жоспардағы бедерлі қатпар. Кеңістіктікті шешу, ортаның кеңістіктіктің түсіне әсері.

      3-тақырып. Әртүрлі екі-үш заттан құралған натюрморт. Фактурасы әртүрлі заттардан құралған натюрморттық қойылым (ағаш, метал, айна). Қатпарсыз мата, бейтарап фон. Материалдылықты, кеңістіктікті жеткізу.

      4-тақырып. Ашық фонда тірі өсімдік формасынан құралған екі-үш шағын қойылымның кескіндемелік бейнесі. Натюрморттың жоспарлығы.

      Гүл шоғырының көлемін, жоспарлығын, түстік реңктерінің байлығын, тұтастығын жеткізу. Гүлдеп тұрған өсімдік немеме гүл шоғыры. Қойылымның этюдтік шешімі. Әртүрлі кескіндемелік техниканы қолдану.

      5-тақырып. Фактура мен кеңістікті жеткізу. Кескіндемедегі реңктік және түстік кереғарлық туралы білім мен қолдану дағдыларын анықтау. Ашық түрлі-түсті фондағы құстың тұлыбымен (немесе әртүрлі фактурадағы тұрмыстық заттармен) натюрморттың кескіндемелік шешімі. Құс тұлыптарының этюдтерін алдын ала орындау.

      6-тақырып. Монохром. Монохромды кескіндеменің мүмкіндіктерін оқуды жалғастыру. Шыны заттардан құралған натюрморт. Алдын ала жаттығуларды орындау. Реңк өлшемінде заттың жергілікті реңкін анықтау. Натюрморттың реңктік байлығын жеткізу. Шыныны бейнелеудің техникалық тәсілдері.

      7-тақырып. Жақын түстік және кереғар реңктік қатынастар. Натюрморттың түстік және реңктік үйлесімділігін ұйымдастыру.

      Реңктері түрлі екі жақын түстік (көк-жасыл) топтың заттары мен маталарынан құралған натюрморттың кескіндемелік шешімі. Реңкі бойынша фонға жақын екінші жоспардағы заттар, реңкі бойынша фонға кереғар бірінші жоспардың заттары.

      8-тақырып. Жақын колориттің үйлесімділігі. Қорытынды натюрморт. Акварельмен кескіндеменің техникалық тәсілдерін қолдану. Колориті анық көрінетін натюрморттың кескіндемелік шешімі.

      90. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әуе перспективасының заңдарын біледі;

      2) жақын колорит, нюанс түсініктерін біледі;

      3) заттардың материалдылығын және фактурасын жеткізу тәсілдерін біледі;

      4) натюрморттың жоспарлығын жеткізе алады;

      5) кескіндемелік бейнемен жұмысты ретпен жүргізе алады;

      6)жұмыс кезінде барлық парақты ұстауды және жеке жазықтықтардың түстік қатынастарын қоюды біледі;

      7) заттардың жергілікті бояуын сақтайды және олардың көлемді формаларын анықтайды;

      8) заттарды жазықтыққа қоюды біледі.

      91. Бейіндік сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) әртүрлі жұмыс тәсілдерімен, кескіндемелік материалдармен, бейнелеу тәсілдерімен, әртүрлі фактуралармен танысу жұмыстары әрі қарай жалғастырылады;

      2) парақ бетіндегі композицияны іздеуге, қойылымның кеңістігін және заттардың нақты үйлесімділігін анықтауға, реңк түсінігіне, колористік шешімге және ұзақ мерзімді жұмысты ретімен, дұрыс жүргізуге көңіл бөлінеді;

      3) негізгі элементтерді парақта үйлестіру (беттің кеңістігін ұйымдастыру), қисынға, іс-қимыл алгоритмін түсінуге негізделетін білімді толықтыру;

      4) байқампаздық, шынайылықты эмоциялық-эстетикалық қабылдау, қиыл, бейнелі ойлау, талдау, салыстыру қабілеті дамиды, заттарды, қоршаған шынайылықтың заттарын және кескіндеменің шығармаларын көркемдік қабылдау мәдениеті қалыптастырылады;

      5) қойылымдар күрделендіріледі, формасы жағынан анағұрлым күрделі заттары енгізіледі, натюрмортпен жұмыс, бірақ оларға орындау талаптарының жоғары болуы жағдайында жалғастырылады;

      6) заттардың формасын түспен модельдеуге, жоспарлық пен материалдылықты жеткізуге басты назар аударылады, білім алушы заттарды әртүрлі түсте және реңкте көруді жеткізуді, технологиялық кескіндемелік міндеттерді шешуді, натюрмортта жылы-суық қатынастарды әзірлеуді үйренеді;

      7) тақырыптық натюрморттарды сәуле мен әуе ортасында түсті жекізіп салу, қойылымның мәнерлі композициялық шешімі – негізгі міндеттері болып табылды;

      8) жарықтың сипатын, сәуле мен көлеңкенің шекарасын қадағалай отырып, заттардың материалдылығын жеткізу, түс арқылы заттардың көлемін анықтауға, жарықтың көзіне байланысты көлеңкеде немесе керісінше сәуле мен көлеңкедегі жылы түстердің өзара байланысын анықтауға қолжеткізу қажет;

      9) аяқтау кезеңінде өңдеп, модельдеп, басты нәрсені ерекшелеп және екінші қатардағы жоспарды жалпылай отырып, парақ бетінің тұтастығына қол жеткізу қажет, әртүрлі техникалық материалдар мен техниканы қолданып, нобайлар мен этюдтерді жасау білігіне назар аударылады.

      92. Бейіндік сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кескіндемелік заттарды натюрмортта қолдану. Реңктік және кескіндемелік шешімді, жоспарлықты, материалдылықты жеткізудегі дағдыларды бекіту.

      2-тақырып. Өсімдік формалары бар тұрмыстық заттардын құралған натюрморт (алдын ала салынған этюдімен). Бөлшектерін мұқият және нақты пысықтап, жоспарлық пен материалдылықты жеткізе отырып, қойылымдардың кескіндемелік шешімі.

      3-тақырып. Фигураның тұтас кескіндемелік шешімі. Сәуле мен көлеңкенің дақтарын жалпылау. Әртүрлі костюмдердегі, жеңіл қалыптағы модельдердің этюдтері.

      4-тақырып. Қараңғы ортадағы ашық түсті зат. Реңктік және реттілік кереғарлықты жеткізу. Екі-үш заттан құралған натюрморттың кескіндемелік шешімі. Түс және реңпен форманы мүсіндеу. Рефлекстер. Реңктік қатынасқа арналған алдын ала салынған этюд.

      5-тақырып. Тақырыптық натюрморт. Түсі жағынан үйлесімді және формасы бойынша түрлі үш-төрт заттан құралған қойылым. Жарықты, жоспарлықты, материалдылықты жеткізу. Кескіндемелік міндеттер кешенін шешу.

      6-тақырып. Жеңіл натюрморттың этюді. Көлеңкедегі, жарықтағы, рефлекстегі түстің жылы-суық реңктік қатынастары. Акварельді кескіндеме дағдыларын қайта қалпына келтіру. Жұмсақ жарық жағдайындағы өсімдік формалары бар жеңіл натюрморттың этюді.

      7-тақырып. Гүлдер шоғырының этюді. Гүл шоғырының түстік байлығын және реңктік қатынастарын, жоспарлықты және материалдылықты жеткізу. Жарық бейтарап фонда орналастырылған, жұмсақ жарық түсірілген гүл шоғырының этюді.

      8-тақырып. Жақын түстердің гаммасы. Бөлшектерді пысықтау, жалпылау. Жақын гаммадағы тұрмыстық заттардан құралған натюрморт. Бір түстік қатардың реңктері. Заттардың жергілікті түсін және оның ортасын іріктау дағдысын дамыту.

      9-тақырып. Колорит. Қойылымның колоритін жеткізу. Натюрморттың реңктік және кескіндемелік шешімін жеткізу дағдыларын бекіту.

      10-тақырып. Белгілі колориттегі өсімдік формалары бар тұрмыстық заттардан құралған натюрморт. Материалдылықты жеткізе отырып, бөлшектерді мұқият және нақты пысықтап, қойылымның кескіндемелік шешімі.

      11-тақырып. Натюрморттың жоспарлығы. Кеңістіктікті, алдыңғы жоспарды анықтау, артқы жоспарларды сыртқа шығару. Өсімдік формаларымен және маталармен натюрморт. Үлкен түстік және реңктік қатынастар, сәндік шешім.

      13-тақырып. Күрделі формадан және жергілікті түстегі немесе оюы бар бірнеше маталардан құралған натюрморт.

      14-тақырып. Материалдарыы әртүрлі бірнеше заттан құралған қойылым (айна, жеміс, мата).

      15-тақырып. Түстік және реңктік қатынастардың үйлесімділігін, жоспарлықты және материалдылықты, жұмысты дұрыс ретімен жүргізуді жеткізу. Әртүрлі кескіндемелік материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

      93. Бейіндік сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) оқу бағдарламасы көлеміндегі түстану негіздерін;

      2) "түстің тереңдігі", "рефлексті байланыстар" түсініктерін біледі;

      3) реңктерді қойылымның негізгі түстеріне бағындыруды біледі;

      4) жұмысты толығымен жүргізе алады, бейнені жалпылайды;

      5) оқу бағдарламасы аясында кескіндемелік материалдармен қолдана алады;

      6) жұмысты жүргізу ретінің қағидаттарын біледі;

      7) сызықтық және әуе перспективасының ережелерін біледі;

      8) композициялық орталықты ерекшелеу тәсілдерін біледі;

      9) түстанудың, композицияның негізгі заңдарын;

      10) оқу бағдарламасы көлеміндегі кескіндемелік терминдерді;

      11) кескіндеменің материалдары мен техникаларын;

      12) көркемдік бейнені бейнелу өнерінің әртүрлі жанрларында және түрлерінде ашу ерекшеліктерін;

      13) парақтың кеңістігін ұйымдастыруды біледі;

      14) этюдтерді, натюрморттарды орындау кезіндегі ретін біледі.

      94. Білім беру бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) кескіндемелік материалдардың қасиеттерін, олардың мүмкіндерін және эстетикалық қасиеттерін;

      2) түстің көркемдік және эстетикалық қасиеттерін, негізгі заңдылықтарды, түстік қатарды құруды;

      3) сызықтық және әуе перспективасының теориялық негіздерін;

      4) сәуле мен көлеңкенің заңдылықтарын;

      5) реңктік және түстік қатынастармен жұмыс әдістерін;

      6) композицияны және колоритті құру заңдылықтары;

      7) түстанудың, түстік үйлесімділіктің негізгі заңдылықтарын (спектр, негізгі және қосымша, жылық және суық, кереғарлық жағынан жақын түстер, түстердің өзара байланысы, рефлекстер туралы түсініктерді);

      8) бейнеленетін заттың формасын реңкпен және түспен "мүсіндеу" көрінісін ("жергілікті түс" түсінігі және оған жарықтың әсері, заттың формасы мен материалдылығын жеткізудегі реңктің рөлі) біледі.

      Түлек:

      1) заттарды парақта сауатты үйлестіруді (үйлестіру);

      2) түс арқылы формасын "мүсіндеу";

      3) заттардың фактурасын, материалын, пропорциясын нақты жеткізуді;

      4) кескіндемелік жұмыстарды құру барысында форматты, ритмді, реңкті, сәндікті, колоритті, композицияның негізгі заңдылықтарын түсіне отырып қолдануды;

      5) жалпақ формаларда жергілікті жерде тапсырмаларды күрделендіре отырып, түстік қатынастарды біртіндеп жеткізуді;

      6) жылы және суық түстерді ескеріп, түстік қатынастарды қарапайым түстік көлемдерде біртіндеп жеткізуді;

      7) анағұрлым күрделі формаларда және анағұрлым күрделі түстік қатынастар мен рефлекстерде түстік қатынастарды біртіндеп жеткізуді;

      8) түстік қатынастарды кеңістіктік-әуе ортасы жағдайында біртіндеп жеткізуді;

      9) заттарды жазықтыққа қоюды;

      10) күрделі заттардың формаларын түс арқылы модельдеуді;

      11) түс арқылы форманы анықтауды;

      12) түс арқылы көлемді анықтауды;

      13) түс арқылы кеңістіктікті анықтауды;

      14) кескіндемелік композицияны құруға арналған сюжетті өз бетінше таңдауды;

      15) берілген тақырыпты ашу үшін мәнерлі бейне жасауды;

      16) заттарды кеңістіктікпен, қоршаған ортамен, жарықпен өзара байланыста және оның түстік ерекшеліктерін ескеріп бейнелеуді;

      17) бейнелеу жазықтығында заттардың көлемді, кеңістіктік және материалдық қасиеттерін жеткізуді;

      18) натюрмортты бейнелеудегі жалпылау, тұтастыққа талпынуды;

      19) алған білім, білік және дағдыларды басқа пәндерде қолдануды;

      20) заттар әлемінің, кеңістіктіктің, адам фигурасын бейнелеуді;

      21) шығармашылық жұмыстарда бейнелі және кескіндемелік-пластикалық шешімді ашуды;

      22) жұмысты өз бетінше жүргізуді және қойылымға бөлінген уақытта қойылған мәселелерді орындауды біледі.

      Түлек:

      1) сызықтық және кескіндемелік суретті орындаудағы сызық, штрих, дақты орындау дағдыларын;

      2) гуашьті және акварельді кескіндеменің техникалық тәсілдерін;

      3) затардың фактурасын жеткізу дағдыларын;

      4) түс арқылы сәуле-әуе ортасын жеткізу дағдыларын;

      5) шынайы бейнелеу сауаты дағдыларын;

      6) негізгі техникалар мен материалды қолдану дағдыларын;

      7) кескіндемелік жұмысты ретімен жүргізу дағдыларын;

      8) есте сақтау жады бойынша әртүрлі жеңіл қалыптардағы заттардың суретін салу дағдыларын меңгереді.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      95. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижеліліктерін анықтау.

      96. Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      97. Білім алушылардың оқу шығармашылық жұмыстарына қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар.

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: шығармашылық жұмыстарды қарау (қатпары жоқ түрлі-түсті матадағы екі-үш тұрмыстық заттардан құралған натюрморт);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: шығармашылық жұмыстарды қарау (колориті жақсы сақталған натюрморттың кескіндемелік шешімі);

      3) бейіндік сынып – екінші жартыжылдықта: шығармашылық жұмыстарды қарау (материалдары түрлу бірнеше заттардан құралға қойылым).

      98. Көркемдік білім беруде нәтижелерді бағалау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және көрмелерде, байқауларда алған бағаларынан құралады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемдерді ескереді:

      1) жаттығудың дұрыс орындалуы;

      2) жұмысты жүргізудің реті;

      3) композиция;

      4) заттардың конструктивтік құрылымы;

      5) форманың мінезін жеткізу;

      6) түстік және реңктік қатынастар;

      7) жергілікті түстің анықтылығына қол жеткізу;

      8) сәуле-әуе ортасын жеткізу;

      9) заттардың материалдылығы;

      10) акварельді кескіндеменің немесе гуашьпен және негізгі түстанудың техникалық тәсілдерін білуі;

      11) жылы және суық түстерді ескеріп форманы жасау;

      12) жұмыстан алған жалпы әсері.

      99. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – тапсырма қатесіз толық орындалған; көркемдік сауатының деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес келеді, оқу міндеті толық орындалған;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жұмысты сәл қателіктермен толық орындауы, кескіндемелік сауатының деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес, біршама ауытқулары бар, оқу міндеті орындалған, білім алушы түстер палитрасымен жақсы жұмыс істейді, реңктік шешімінде қателері бар;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – тапсырманы орындау кезінде талапқа сәйкес келмейтін тұстарының болуы, көркемдік сауатының деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес, оқу міндеті орындалған (немесе толық орындалмаған), натюрморттың композициялық және түстік шешімінде өрескел қателер жіберілген;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – талапқа толық сәйкес келмеуі, кескіндемелік сауатыныңдеңгейі оқу кезеңіне сәйкес келмейді, оқу міндеті орындалмаған;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
70-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Джаздық сольфеджио" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Джаздық сольфеджио" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Джаздық сольфеджио" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккорд – жоғарылығы әртүрлі, бір уақытта алынған үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімділігі, жиырмасыншы ғасырдың музыкасына тән, "аккорд" деп кез-келген тік дыбысталуды атайды, оның ішінде сонордан басқа терциялық емес құрылымдар;

      2) акценттер – белгілі нотаны немесе тактідегі бөлікті дауыс қаттылығымен (немесе басқаша) ерекшелеу;

      3) баса айту – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында ән айту кезінде кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді, сарынды бөлу арқылы музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық бөлуді білдіретін музыкалық мәнерлеу құралы;

      4) би-боп – әуенді емес, үйлесімді ойнауға негізделген, жылдам қарқынмен және күрделі суырып салумен сипатталатын джаздық стиль;

      5) блюз – жиырмасыншы ғасырдың 20 жылдары кең тараған блюздың жеке алынған композициясы немесе музыкадағы жанры;

      6) граунд бит – тактінің метроритмикалық құрылымына сәйкес келетін джаздағы тұрақты қағыс;

      7) дауысты жүргізу – көп дауысты музыкалық шығармадағы дауыстың қозғалуы;

      8) джаз – америка жеріндегі үш жүз жыл бұрынғы батыс африка және еуропа музыкасының мәдениетінің синтезі болып табылатын, жартылай суырып салатын музыка өнерінің түрі;

      9) джем-сейшн – берілген тақырыпқа жеке және жалпы суырып салу;

      10) джаздық стандарт – белгілі джаздық репертуардың бөлігі ретіндегі музыкалық шығарма;

      11) дыбыс филировкасы – дыбыстың тығыздылығы мен қоюлығын біртіндеп сиректету;

      12) инверсия – әуендегі мағынасы сарынды немесе тақырыпты кері қимылда көрсету;

      13) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жандарындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады;

      14) музыкадағы үн – белгілі жоғарылықтағы әрбір дыбысты білдіретін музыкалық термин;

      15) музыкадағы мажор – екі үйлесімді үндестілік ладының (минормен бірге) бірі, минорлы дыбыстар қатарының ерекшелігі – оның үшінші сатысы бірінші сатыдағы үлкен терцияға артта қалады;

      16) музыкадағы минор – екі үйлесімді үндестілік ладынығ бірі, минорлы дыбыстар қатарының ерекшелігі – оның үшінші сатысы бірінші сатыдан кіші терцияға артта қалады;

      17) музыкалық суырып салу – музыка ойнаудың мейлінше көне, тарихи түрі, ол кезде музыканы шығару оны орындау кезінде туындайды;

      18) мажорлы-минорлы үндестіліктердегі хроматизм – диатоникалық дыбыстар қатарының бір атаулы хроматикалық сатысына жарты тонға әуендік қозғалыс;

      19) паттерн – музыкалық тректің күрделі бөлігі, олар көптеген сэмплдерден тұруы мүмкін және оның ұзақтығы шектелмеген;

      20) пентатоника – бес сатылы арақашықтық жүйесі, барлық дыбыстары таза квинталар және/немесе кварталарда орналасуы мүмкін;

      21) ритм – джаздық музыканың ортаңғы, негізін құрайтын элементтерінің бірі;

      22) рифф – фигураларға бөлінген ноталар жиынтығы, олар музыкалық композицияны немесе оның бөлігін құрайды, үнемі қайталанатын қысқа музыкалық фраза;

      23) свинг – джазды орындау техникасына тән элемент;

      24) септаккорд – терцияның бойында орналасқан немесе орналасуы мүмкін болатын төрт дыбыстан тұратын аккорд, септаккордтың шеткі екі дыбысының арасындағы аралықтар септимаға тең, атауы да осыдан шыққан;

      25) синкопа – музыкада ритмикалық тіректің тактінің қатты бөлігінен әлсіз бөлігіне ауысуы, яғни ритмикалық акценттің метрикалыққа сәйкес келмеуі;

      26) сольфеджиолау – дауысты дамытуға арналған, сондай-ақ вокализ деп аталатын арнайы жаттығулар;

      27) суырып салу – джазды музыканың басқа түрінен ерекшелетін негізгі элементтердің бірі;

      28) тасымалдау – кәсіби тәсіл;

      29) тоника – мажорлы немесе минорлы ладтың бірінші сатысы, ең тұрақты дыбыс, ол өзіне басқа сатыларды магнитше тартады;

      30) үшдыбыстылық – терцияның бойында орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      31) свинг – биг-бэндтің орындауындағы джаздың стилі, еркін суырып салу нотаға түсірілген аранжировка бойынша ойнауға орын береді;

      32) тұтас тонды гамма – толық тондардың қатарын құратын дыбыстар қатары, тұтас тонды лад деп аталатын дыбыстар жүйесін біріктіреді;

      33) үйлесімділік – музыкалық дыбыстарды дыбысталуға біріктіретін және лад және үндестілік жағдайында дыбыстардың ретті шығуына негізделген музыкалық мәнерлеу құралы;

      34) үндестілік және модалды ладтар үйлесіміндегі альтерация – ладтық тартылуларды тұрақтылыққа өршіктіретін тұрақсыз диатоникалық сатының хроматикалық өзгеруі;

      35) шабуыл – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияны айту кезінде дыбыстарды құруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығарудың, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың әртүрлі тәсілдерінің кейбір нюансировкалық қасиеттері;

      36) штрихтар – дыбыс құраушы ноталарды, ноталар тобын орындау (тәсілі және әдісі) амалы, дыбысталудың мінезін, тембрін, шабуылын және басқа да қасиеттерін анықтайды;

      37) Backing Track [Бэкинг трэк] – аккомпанемент фонограммасы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: музыка теориясы саласында алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық дамуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық терминдерді білу;

      2) джаздық гармония саласында балалардың білім, білік және дағдыларды алуы;

      3) музыкалық жанрларға тән ерекшеліктерді және негізгі стильдік бағыттарды білу;

      4) үйлесімді және әуезді ойлауды дамыту;

      5) эстрадалық-джаздық әуенді үйлестіру дағдысын білу;

      6) аккордтарды фондық бояу сезімін, көптеген дыбыстарды біртұтас қабылдауды, қатар сезімін, ансамбльді және оның міндеттілік байланыстарын қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) лад сезімін, музыкалық есту қабілетін, жадын, метроритмді, көркемдік талғамды дамыту;

      2) вокалдық ырғақтау және сольфеджиолау дағдысын дамыту;

      3) өзінің практикалық қызметінде арнайы джаздық тәсілдерін қолдану білігін дамыту;

      4) есту арқылы теру білігін дамыту;

      5) орындалатын шығармаларды теориялық талдау саласындағы алғашқы дағдыларды дамыту;

      6) балалардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      7) білім алушылардың музыкалық ақпаратты меңгеруіне ықпал ететін жеке қасиеттерін пысықтау;

      8) арнайы дағдыларды дамыту: ырғақтау жиілігі, ноталарды парақтан оқу, естуі және жады бойынша музыканы жазу, музыкалық шығармаларды талдау;

      9) шығармашылық қызмет дағдысын алу.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушыны әлемдің мәдениет негіздеріне тарту;

      2) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      3) білім алушының мәдени құндылықтарды өз бетінше қабылдау және бағалау білігін қалыптастыру.

      5. Білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі жеті жылды құрайды. Негізгі оқыту курсына дайындау үшін алты-жеті жастағы балалармен дайындық топтарында сабақтар жүргізіледі.

      6. Оқыту жеке, кіші топ формаларында жүзеге асырылады. Оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      7. Бағдарлама жалпы музыкалық білім алуға және дамуға, сондай-ақ әрі қарай кәсіби білім алуға бағдарланған білім алушылармен жұмыс істеуде қолдануға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарлама әр баланың музыкалық дамуын барынша саралай отырып іске асыруға жағдай жасайды, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне сай келетін, оқыту әдістерін қарастырады.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама білім алушыларды шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуға, олардың орындаушылық тәжірибелерін меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуына негіз болуға бағдарланған.

      13. Бағдарлама музыкалық қабілеттері, дайындықтары және жалпы дамуы әртүрлі деңгейдегі балаларға есептелінген. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      14. Білім беру бағдарламасы білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін ән айтудың білім, білік және дағдыларын меңгеріне;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуына;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруіне;

      4) музыкалық білім алуына және музыкалық мәдениетке араласуына;

      5) білім алушылардың бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      15. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушылардың бойында оқуға деген оң уәждемелерін қалыптастыруға;

      3) білім алушылардың тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      16. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      17. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі балалардың ән айту бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеруге жалпыдамытушылық бағыттылығы болып табылады.

      18. Бағдарлама білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттеріне – оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      19. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудағы тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамыту мәнмәтініндегі білім алушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      20. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      21. "Джаздық сольфеджио" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      22. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – нақты уақыттағы немесе ертеде ойналған, тыңдалған музыкалық материалды түсіндіру, талдау, сараптау және салыстыру;

      2) көрнекілік – эстрадалық, джаздық шығармалардың, олардың жеке бөліктерінің орындаушылық тәсілдерінің ерекшеліктерін көрсету, таныстыру, метроритмикалық тәсілдерді, жанрлық және стильдік орындау ерекшеліктерін орындауды көрсету;

      3) практикалық – тұтас шығарманы мұқият пысықтау үшін барынша ұсақ бөліктерге бөлу және артынан біртұтасқа ұйымдастыруға арналған ұжымдық және жеке шығармашылық жаттығулар;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      23. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      24. Сабақ формалары:

      1) практикалық;

      2) топтық;

      3) ойын сабағы (сабақ барысында ойын технологияларын қолдану);

      4) экскурсия сабағы.

      25. Педагог бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      27. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      4) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесулер.

      29. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      30. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      31. Титул парағында негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      32. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезінде өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      33. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      34. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      35. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      36. Джаздық сольфеджио музыкалық-теориялық циклдің пәндерінің арасындағы негізгі орынды алады, музыкалық тілдің заңдылықтарын ғылыми және практикада меңгеруіне арналған, балашақтағы кәсіпқой музыканттардың, сондай-ақ әуесқой музыканттардың музыкалық есту қабілетін, музыкалық ойлауын белгілі деңгейге дейін дамытуға ықпал етеді.

      37. Бағдарламаның мазмұнына барлық стильдегі эстрадалық-джаздық музыка қамтылған: блюз, свинг кезеңінің джаздық стандарттары, би-боп, латино, джаз-рок, рок стиліндегі вокалдық нөмірлер.

      38. Джаздық музыканың музыкалық шығармаларын ұйымдастыру қағидаты: джаздық ритмдер, джаздық штрихтар, джаздық синкопалар, свинг және ерекше джаздық фразировка.

      39. Джаздық музыкада аккордтар мен гаммалар өзара тығыз байланыста (аккордтық гаммалар) болады, септаккордтар мен гаммалар 12 сатыдан бастап құрылады. Педагог суырып салуға ерекше көңіл бөледі, сабақтарды джем-сейшн формасында жүргізеді.

      40. Теориялық мәліметтер білім алушының музыкалық-есту қабілеттері тәжірибесімен тығыз байланысты. Әрбір теориялық жалпылаудың алдында тиісті музыкалық материалды есту қабілетін дайындау жүргізіледі.

      41. Музыка тілінің элементтерін (аралықтар, аккордтар, гаммалар, әуендік және гармоникалық айналымдар) фортепианода ойнау теориялық материалды меңгеруге, үндестіліктерде еркін бағдарлануға үлкен пайдасын тигізеді.

      42. Білім алушы сольфеджио сабақтарында музыкалық шығармаларды, олардың үзінділерін орындайды, жазады, сондықтан оларды негізгі музыкалық терминдермен, қарқындардың белгілерімен, орындау сипатымен таныстыру қажет.

      43. Білім алушы джаздық әуеннің сипаттарымен, джаздық ритмиканың ерекшеліктерімен танысады, естуі арқылы әуендерді тереді, джаздық қарқындарды әріптік-сандық белгілер бойынша үйлесімді сүйемелдеуді орындайды, риффтерді суырып салады, оларды аспапта тереді және ноталарға түсіреді.

      44. Джаздық теория мен практика классикалық теорияға сәйкес келе бермейтін, өздеріне тән дыбыстардың, ладтардың, үйлесімділік қатарынының белгілерін қолданады.

      45. Джаздық музыкадағы дыбыс жоғарылығы ағылшын әліпбиіндегі әріптермен белгіленеді: C [си], D [ди], E [и], F [эф], G [джи], A [эй] және B [би] (джаз теориясында классикалық "си" дыбысын белгілеуде қолданылмайды, дәстүрлі Н [аш] орнына – В [би] әрпі қолданылады).

      46. Джазда "қара" пернелердің өздерінің жеке белгілері болмайды, C# [си] (Db [диби]), Eb [иби], F# [эф], Ab [эйби], Bb [биби] альтерация белгілерінің көмегімен негізгі жетеуден пайда болатын болып табылады.

      47. Аккордтардың белгісіндегі бас әріптер немесе рим сандары дыбысталудың негізгі тонына нұсқайды, құрылымы бірқатар символдармен беріледі. Араб сандарының алдындағы "+" және "–" белгілері дыбыстың жарты тонға – альтерацияға көтерілуін немесе төмендеуін білдіреді. Бас әріптерден кейінгі "#" және "b" белгілері барлық аккордтың жарты тонға жоғарылауын немесе төмендеуін білдіреді.

      48. Джаздық дәстүрдегі аккордтарды жазуға тән ерекшеліктер тонның қосарлана ("дубль-диез" және "дубль-бемоль") жоғарылауын және төмендеуінен бас тартуды білдіреді, олар энгармониялық түрде тиісті дыбыстармен орнын ауыстырады.

      49. Джаздық гармонияда ладтардың аталуы музыка теориясында жалпы қабылданған әдеттегі атауларға сәйкес келмейді. Джаздық музыканттардың ойлауы көбінде гармониялық болып келеді, сондықтан олар үшін лад – гармониялық жүйелілікті әуенмен толықтыру болып табылады.

      50. Джаздық гармонияда жеті сатылықтардан басқа да ладтар кездеседі (пентатоника, блюздік лад, аралас ладтар), олар суырып салуда әртүрлі сатыларды ойнау үшін қолданылады.

      51. Эстрадалық және джаздық әуендердің үйлесімділігі әншілік-бишілік әуендерді сүйемелдеуге тән әдеттегі функционалды формулаларға сүйенеді. Ереже бойынша үйлесімділік айналымдары мен каденциялардың құрылымдары екі сөйлемнен құралған шаршы кезеңінің формасына сәйкес келеді.

      52. Үндестілік тіректердің ауысуы джаздық музыканың кіші формаларына тән емес. Көптеген жағдайда джазжық стандарттардың тақырыптары біртонды болып келеді (бөліктерді қайталау кезіндегі мүмкін болатын тондық қозғалыстарды есепке алмайтын болсақ), олардың үйлесімділік құрылымы ладтың негізгі қызметіне (T [ти], S [эс], D [ди]) және жанама сатылардағы аккордтарға негізделген.

      53. Джаздық гармонияда дауысты жүргізу жалпы алғанда классикалыққа ұқсас, оның негізінде әр дауыстың толық қозғалуы жатыр, ол аккордтық фактураның шеткі дауыстары үшін өте маңызды.

      54. Классикалық үйлесімділіктің ережесінен ерекшелігі, көпдыбысты аккордатрдың қосылуына терциялар мен сексталар сияқты, квинта, септима және секунде үнемі қоса қолданылады.

      55. Джаздық музыкадағы үйлесімділк фактурасының әдеттегі үлгілерімен қатар блок-аккордтар деп аталатын – соло жасап тұрған дауыстардың аккордтық микспен шығару тәсілі кең қолданылады.

      56. Блок-аккордтар техникасы негізгі септаккордтарды, сондай-ақ октавада әуенді қайталау кезіндегі оның айналымдарын қолдануға негізделеді. Бұл тәсілді жүргізу көп жағдайда дауыстардың айқаусуын береді (әуендердегі кең секірулерде).

      57. Педагог ритм сезімін дамыту үшін сабақта ритмді айтуды, тоқылдатуды, ритмикалық диктанттарды, үйренген ритмдік формулаларды қолдану арқылы суырып салуға арналған тапрсырмалардан тұратын тапсырмалар кешенін қолданады.

      58. Естуді талдау жеке ладтарды, сондай-ақ аралықтарды, аккордтарды, сондай-ақ әртүрлі үндестіліктердегі аккодтық тізбектерді анықтауды қамтиды. Естуді талдау ырғақтық жаттығулармен байланысты (секвенция, аралық байланыстары, аккордтар, гармоникалық блюздік сызбалар).

      59. Шығармашылық тапсырмалардың түрлері:

      1) аккордқа, үйлесімділік қатарына арналған суырып салулар;

      2) берілген ритмге әуенді шығару;

      3) берілген ладтық сатысында ырғақтық жаттығуларға ритмикалық суреттерді шығару;

      4) фортепианода таныс әуендерді теру;

      5) әуенге екінші дауысты шығару;

      6) кіріспе-тондық хроматикалық қосымша дыбыстарды аккордтықтарда қолданып суырып салу;

      7) джаздық тақырыптарға өз аккомпанементтерін іріктеу;

      8) аккодтық қатарға әуендерді шығару.

      60. Жылдам, тіпті үйлесімділікте жылдам дұрыс бағдарлану, ладтық тілді білуі, нақты аралықтармен шығаратындай жылдам есту қабілетін дамыту оқыту формасы болып табылады.

      61. Педагог сабақтарда синтезаторды қолданады, бұл аспаптың мүмкіндігі жанды музыка ойнау атмосферасында джаздық ритмдік-ырғақтық материалды үйренуге жағдай жасайды.

      62. Джаздық практикада алғашқы кезден бастап-ақ әріптік-сандық белгілердің мағынасын түсіндіре білу қажет. Білім алушы педагогтің басшылығымен қысқа мерзімде еркін ойнауға арналған мазмұнын ашу технологиясын меңгереді, бұл тапсырмалардан және жаттығулардан тұратын ерекше жұмыс, сызбаларды есінде сақтау және өз уақытында тиісті үйлесімдіікке тура түсу.

      63. Педагог алғашқы кезден бастап білім алушының бойында алдыңғы дыбысталуды алдын ала естуге (озуға) жылдамдық реакциясын қалыптастырады. Мұндай есту өлшемшарттарымен жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

      64. Сабақтарда ерекше орынды синкопалардың әртүрлі түрлерін (алдымен жеңілдерін, артынан күрделілерін) орындау бойынша жұмыс алады. Эстрадалық және джаздық пьесалардың фактурасына сипкоаланған ритмикалық фигуралардың көптеген санын енгізу бұл бағыттағы стильге тән нәрсе болып табылады.

      65. Педагог сабақтарда әртүрлі синкопаның түрлерін меңгеру бойынша арнайы әзірленген метроритмикалық әдістемелік оқулықтарды, метроном ұзақтықтарды бөлетін ерекше түрлермен жаттығуды, аккомпанементтің көптеген мүмкін болатын стильдік және жанрлық метроритмикалық формулаларының жиынтығымен электронды ритм-боксты қолданады.

      66. Сольфеджио сабақтарындағы қажетті жұмыс формаларының бірі болып вокалдық-ырғақтық жаттығулар (гаммаларды, аралықтарды, аккордтарды, секвенцияларды, әртүрлі әуендік айналымдарды орындау) табылады.

      67. Ырғақпен жұмыс істеу кезінде педагог айтудың сапасын қадағалайды (ырғақтың тазалығы, қатары, еркін тыныс алуы, еркін айта алуы, легато).

      68. Ладтық ырғақтық жаттығуларға гаммаларды, ладтың жеке сатыларын, жеке және олардан құралған әуендік айналымдарды, үндестілік секвенцияларын, ладта рұқсат етілген аралықтар мен аккордтарды айту жатады.

      69. Сольфеджиолау сыныптағы жұмыстың негізгі формасы болып табылады. Сольфеджиолау кезінде педагог ноталар бойынша таза, қатарды сақтап, мәнерлі орындалуына талпынады және білім алушының дирижерлік қимылының дұрыс қойылуына және анық болуына басты назарын аударады.

      70. Бірінші сабақтардан бастап, педагог дұрыс дыбыс шығаруды, тынысты, баса айтуды қадағалайды, ән айту кезінде білім алушының дұрыс отыруына назар аударады.

      71. Педагог практикалық дағдыға – парақтан ән айтуға үйретеді. Парақтан ән айту дағдысы біртіндеп машықтандырылады және жұмысты бастау кезеңіне дейін білім алушының есту тәжірибесінің, метроритм сезімінің болуын, ұзақтықтарды топтастыру ережелерін білуін, аспаптың сүйемелдеуінсіз айта білуді,ноталарды және ноталар жазбасын білуді талап етеді.

      72. Педагог ладта бағдарлана алуды, ладтық айналымдарды сезу қабілетін, ладты, үндестілікті ұстап тұруды үйретеді.

      73. Жұмыс процесінде ішкі есту қабілетін дамытуға ерекше назар аударылады (жазылған әуенді ойша елестету, оларда еркін бағдарлану).

      74. Парақтан айту дағдыларын дамыту процесінде түсініп және мәнерлеп айтуға талпынған жөн. Педагог білім алушыны ноталық мәтінді айту кезінде алға қарап тұруды және тоқтамай айтуды, нақты үндестілік сезімін жоғалтпауды үйретеді.

      75. Айтуды бастамас бұрын орындалатын мысал төменгі сыныпта педагогпен бірге, жоғары сыныптарда өз бетінше талданады. Мысалдың құрылымдық, ладтық, метроритмикалық және басқа да ерекшеліктері талданады.

      76. Педагог ноталарды парақтан оқу тәртібін үйретеді:

      1) әуенді бір уақытта фортепианода ойнап отырып жеткізу;

      2) әуенде бір уақытта басқа октвада фортепианода ойнап отырып жеткізу;

      3) педагогтің шығарман гармониялық сүйемелдеуінде әуенді қосарлау арқылы тактімен айту;

      4) педагогтің шығарман гармониялық сүйемелдеуінде әуенді қосарламай тактімен айту;

      5) педагогпен бірге (октава) тактілеп айту;

      6) solo [соло] (өзі сольфеджиолап) тактімен айту.

      77. Жатталған мысалдарды сольфеджиолау, төменгі сыныптарда парақтан айтуды педагог көп жағдайда ұжыммен, топпен жүргізеді және осыдан кейін ғана жеке айтуға ауысады.

      78. Педагог жатталған әуендерді басқа үндестіктерге тасымалдауды, таныс емес әуендерді парақтан тасымалдауды үйретеді.

      79. Педагог жұмыстың кез келген түрінде метроритм сезімін дамытады (сольфеджиолау, бақылау жазу, есту қабілетін талдау), табысты нәтижеге қол жеткізу үшін үйретілетін шығармалардағы метроритмикалық қатынастарды машықтандырады, түсінеді, арнайы ритмикалық жаттығуларды қолданады.

      80. Метроритм сезімін дамыту бойынша жұмыста педагог таныс, жатталаған әуендерді, жаттығуларды айту кезінде, музыканы тыңдау кезінде дирижерлік қимылмен жұмыс істейді.

      81. Педагог білім алушының есте сақтау жадын, ойлауын дамытады, есту қабілетін жүйелі түрде талдайды, бұл ішкі есту түсініктерін жинақтауға мүмкіндік береді, сольфеджионы білім алушының музыкалық практикасымен байланыстырады, оларға шығармаларды талдауға және аспапта ойнауға көмектеседі.

      82. Педагог диктантпен жұмыс жүргізуде білім алушының барлық білімдері мен дағдыларын синтездейді, білім алушының даралығын ескеріп, бақылауды табысты жазуына байланысты болатын оның есту қабілетінің даму деңгейін, оның музыкалық есте сақтау жадын, ладтық есту қабілетін, ладтық ойлауын, әуендік қозғалыста бағдарлануын анықтайды.

      83. Педагог сабақтарда жұмыстың келесі формаларын қолданады:

      1) шығармашылық жұмыс;

      2) жазбаша жұмыс;

      3) ауызша жұмыс;

      4) фортепианомен ойнау;

      5) вокалдық-ырғақтық жаттығулар;

      6) музыкалық диктант.

      84. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      85. Өз бетінше жүргізілетін сабақтардың түрлері:

      1) ауызша және жазбаша тапсырмалар (аспаппен орындалатын музыкалық мысалдарды немесе пьесалардың жеке элементтерін талдау, гаммалардың құрылымы, аралықтарды, аккордтарды және олардың айналымдарын анықтау);

      2) өткен элементтерді (гаммалар, аралықтар, аккордтар, аралық секвенциялар және аккордтар қатарын) қамтитын вокалдық-ырғақтық жаттығуларды айту;

      3) музыкалық мысалдарды парақтан және жатқа сольфеджиолау, тасымалдау;

      4) фортепианода немесе басқа аспаптарда жеке элементтерді немесе әуендерді ойнау, жеңіл сүйемелдеумен музыка ойнау; қарапайым ритмикалық немесе әуендік суырып салу, ноталық мәтінді шығару және жазу, естуі бойынша теру, әріптік белгілермен белгілеу.

      86. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер қолданылып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкінідіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      87. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушылар өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушылардың күнделіктеріне шығармамен жұмысқа қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      88. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) сольфеджиолау;

      2) ән айту;

      3) ырғақтық жаттығулар;

      4) ритмикалық жаттығуларды орындау;

      5) тасымалдау;

      6) әуендерді және аккомпанементті іріктеу, шығармашылық тапсырмалар;

      7) шығармаларды талдау, оның ішінде аспап бойынша орындалатын;

      8) жазбаша теориялық тапсырмалар.

      89. "Джаздық сольфеджио" пәнінің "Эстрадалық-джаздық ән айту", "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      90. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы джаздық музыкада шабуылды, акцентті, штрихтарды, свингті, джаздық синкопаны, тонды, жартылай тонды меңгереді, джаздық гамманың құрылымымен, екі октава диапазонындағы аралықтардың аталуымен, ионий мажорындағы суырып салумен, джаздық музыкадағы негізгі базалық ережелермен, джаздық әуенге тән қасиеттермен, үйлесімділіктермен, блюздік ладпен, джаздық ритмиканың ерекшеліктерімен танысады;

      2) білім алушы әріптік-сандық белгілері бойынша джаздық тақырыптарды үйлесімді сүйемелдей отырып жазуды, естуі бойынша теруді, орындауды, рифф құруды, граунд битті, әуеннің өлшемін анықтауды, үш-төрт нотадан құралған қысқа риффтерді теруді және джаздық ритмдермен, джаздық фразировкамен, свингпен жұмыс істеуді үйренеді.

      91. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Практикалық суырып салу. Джаздық стильдің негізі".

      1-тақырып. Шабуыл. Акценттер. Штрихтар. Свинг. Джаздық синкопалар. Озыңқы синкопа. Артта қалатын синкопа. Үндестілік және жартылай үндестілік. Джаздық гамманың құрылымы. Екі октава диапазонындағы аралықтардың аталуы. Ионий мажорындағы суырып салу. Стандартты мысалға алып штрихтық және джаздық синкопаларды түсіндіру. Суырып салу. Ионий мажоры.

      2-тақырып. Блюзді тор. Мажорлы пентатоника. Минорлы пентатоника. Минорлы блюзді гамма. Мажорлы блюзді гамма. Әріптік белгілеулер. Стандартты мысалға алып, әуендік джаздық суырып салудың заңдылықтарын түсіндіру. Блюздік гаммаларда сұрақ-жауап формасында суырып салу бойынша жұмыс.

      3-тақырып. Мажорлы септаккорд. Миксолидий септаккорды. Минорлы септаккорд. Стандарттың әуеніне арналған суырып салудың негізгі тәсілдері. S, D тасымалдай отырып, миксолидий гаммасында риффтерді құру.

      4-тақырып. Би-боп, латони стильдерімен танысу. Дорий гаммасында суырып салу. Халықтық мақамдар. Квартты-квинтті шеңбер (бас).

      92. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) шабуыл, акцент, свинг, джаздық сипкопа, үндестілік және жартылай үндестілік түсініктерін біледі;

      2) екі октава диапазонындағы аралықтардың аталуын біледі;

      3) стандарт әуендеріне арналған суырып салудың негізгі тәсілдерін біледі;

      4) халықтық ладтардың аталуын біледі, мажорлы, миксолийдий, минорлы септаккордтарды құруды біледі;

      5) есту бойынша свинг, би-боп, латино стильдерін анықтайды;

      6) S [эс], D [ди] тасымалдай отырып, миксолидий гаммасында риффті құруды біледі;

      7) мажорлы пентатоникада, минорлы пентатоникада, мажорлы блюзді гаммада, минорлы блюзді гаммада суырып сала алады;

      8) граунд битті, әуеннің өлшемін естуі бойынша анықтай алады;

      9) үш-төрт нотадан құралған қысқа риффтерді тере алады;

      10) джаздық ритмдермен, джаздық баса айтулармен және свингпен жұмыс істеуді біледі.

      93. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптары:

      "Практикалық суырып салу. Халықтық мақамдар" бөлімі.

      1) білім алушы дәстүрлі джаз стандарттарын, берілген бір мақамға суырып салуды меңгереді, әуенді сольфеджиолауды, аккомпанементтің (бас) әріптік символдарын айтуды, стандарт формасын талдауды, джаздық фразировканы, аккомпанемент септаккордтарын құруды, түпнұсқаны тыңдауды үйренеді;

      2) негізгі джаздық гаммалармен танысу жалғастырылады, әуенді құрудың джаздық заңдылықтары меңгеріледі (джаздық ритмдер, джаздық синкопалар, джаздық фразировка, акценттер);

      3) гамманы еркін игеруді, үйнеріп жатқан гаммалардың дыбысынан қысқа риффтерді құруды, джаздық ритмдерді, джаздық сипкопаларды, джаздық фразировкаларды, акценттерді қолданып барынша созылыңқы паттерндерді құруды меңгереді;

      4) джем-сейшнде үйренген ережелері бекітіледі, білім алушы джаздық әуеннің үйлесімділігін естуді, стандарт формасын үйренеді, суырып салуды өз уақытында бастауды және аяқтауды үйнереді.

      94. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      "Халықтық мақамдардағы суырып салу" бөлімі.

      1-тақырып. Ионий мажорымен және квартты-квинтті шеңбер бойынша септаккордтармен жұмыс. Үндестілік және жартылай үндестілік формуласы бойынша гаммаларды құру. Ионий мажорында риффтерді барлық үндестіліктер бойынша тасымалдау. Backing Track [бэкинг трэк] бойынша ионий мажорында суырып салу.

      2-тақырып. Миксолийдий мажорымен, квартты-квинтті шеңбер бойынша доминантты (максолидий) септаккордтарымен жұмыс. Үндестілік және жартылай үндестілк формулалары бойынша гаммаларды құру. Миксолидий мажорында риффтерді барлық үндестіліктер бойынша тасымалдау. Backing Track [бэкинг трэк] бойынша миксолидй мажорында стандартқа суырып салу.

      3-тақырып. Дорий минорымен, квартты-квинтті шеңбер бойынша минорлы септаккордтарымен жұмыс. Үндестілік және жартылай үндестілік формуласы бойынша гаммаларды құру. Дорий минорында риффтерді барлық үндестіліктер бойынша тасымалдау. Backing Track бойынша дорий минорында суырып салу.

      4-тақырып. Квартты-квинтті шеңбер бойынша үш гаммамен жұмыс. Үндестілік және жартылай үндестілік формуласы бойынша гаммаларды құру. Үш гаммада риффтерді барлық үндестіктер бойынша тасымалдау. Суырып салу. Керемет суырып салу (қарама-қарсы үш гамманы қамтиды). Риффтерді құру. Джаздық ритммен, джаздық фразировкамен және үш гаммадағы свингпен жұмыс.

      95. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дәстүрлі джаздың стандарттарын біледі;

      2) ионийкалық, миксолидий және дорий ладтарында суырып салуды біледі;

      3) жаттаған әуенін сольфеджиолауды біледі;

      4) аккомпанементтің (бас) әріптік символдарын айта алады;

      5) стандарт формаларын, джаздық баса айтуларды талдай алады;

      6) аккомпанементтің септаккордтарын құра алады;

      7) білетін риффтерден суырып салуды құруды біледі, джаздық ритмді, джаздық фразировканы қолданады, үзілістер жасайды, суырып салуды өз уақытында бастайды және аяқтайды, суырып салуды гамманың ортасынан бастайды;

      8) кез-келген дыбыстан ионий мажорын, миксолидий минорын, дорий минорын (формула бойынша) құруды біледі.

      96. 3 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы блюздік гаммада суырып салуды, блюздік торды құру дағдысын үйренеді, негізгі джаздық ережелерді меңгереді, архаикалық, классикалық, заманауи блюздік торының ерекшеліктерімен, чикаго, калифорния, техас блюзінің орындалу ерекшеліктерімен, сол қолмен партияны буги-вигу құрумен танысады.

      97. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Практикалық суырып салу. Блюздер".

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Формула бойынша, C [си], F [эф], Bb [биби], Eb [иби] дыбыстарынан блюздік ноталардан (1,3,7 b [би]) мажорлы блюздік гамманы, минорлы блюзді гамманы құру. Блюздік стандарттармен жұмыс. Берілген стандарттарға суырып салу. Чикаго блюзі. Джем-сейшн.

      2-тақырып. Формула бойынша, Ab [эйби], Db [диби] дыбыстарынан блюздік ноталардан (1,3,7 b [би]) мажорлы блюздік гамманы, минорлы блюзді гамманы құру. Блюздік стандарттармен жұмыс. Берілген стандарттарға суырып салу. Калифорния блюзі. Джем-сейшн.

      3-тақырып. Формула бойынша, Gb [джиби], B [би], E [и], A [эй] дыбыстарынан блюздік ноталардан (1,3,7 [би]) мажорлы блюздік гамманы, минорлы блюзді гамманы құру. Блюздік стандарттармен жұмыс. Берілген стандарттарға суырып салу. Техас блюзі. Джем-сейшн.

      4-тақырып. Формула бойынша, D [ди], G [джи], C [си] дыбыстарынан блюздік ноталардан (1,3,7 [би]) мажорлы блюздік гамманы, минорлы блюзді гамманы құру. Блюздік стандарттармен жұмыс істеу. Берілген стандарттарға арналған суырып салу.

      Буги-вуги.

      98. 3 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) джаздың негізгі ережелерін біледі – свинг, джаздық синкопалар, джаздық ритмдер, джаздық фразировка, блюздік ноталар;

      2) берілген гаммада суырып сала алады;

      3) суырып салуда джаздық фразировканы қолданады, үзілістер жасайды, ойнауды өз уақытында бастайды және өз уақытында аяқтайды;

      3) квартты-квинтті шеңберді, формулалары бойынша блюздік гаммаларды құруды, блюздік торларды құруды біледі;

      4) естуі бойнша тониканы, субдоминанттарды, домининаттарды анықтай алады;

      5) аспапта үш-бес нотадан құралған риффті тере алады;

      6) есту қабілеті арқылы блюз тоникасын, өлшемін, стильдің ерекшеліктерін анықтай алады;

      7) блюздік тор, "қадамдайтын бас" бойынша буги-вугиге аккомпанемент құра алады.

      99. 4 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) гаммалармен жұмыс квартты-квинтті шеңбер бойынша жүргізіледі, гаммалардың саны алтыға дейін ұлғайтылады;

      3) гаммалар джаздық стандарттарды үйрену кезінде бекітіледі, септаккордтар әріптік белгілеулерден құрылады, альтерациясыз бірінші, үшінші, бесінші, жетінші сатыларын қолданп, тік және сынық қозғалыста ойналады;

      4) үйретілетін джаздық стандарттар түпнұсқа түрінде тыңдалынады, олар әртүрлі интерпретацияда болған жөн, тыңдағанын талдап, әр оқу тоқсанының соңында музыкалық викторина өткізіледі;

      5) джем-сейшндер сабақтағы жұмыстың негізгі түрі болып қала береді, Backing Track бойынша суырып салу дағдылары бекітіледі, білім алушы барлық өткен ережелерін практикада қолдануды үйренеді.

      100. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Свинг дәуірі. Суырып салу теориясы".

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілік гаммалар, С-F-Bb-Eb [си-эф-биби-иби] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың негізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілері. Құру формуласы. Сегіз стандартты меңгеру және оларға сәйкес келетін септаккордтарды ойнау. "Ойнау-үзіліс жасау" тәсілі. Үйлеспейтін дыбыстарды қосу. Джаздық синкопаларды қолдану. Үшінші және жетінше блюзді нота айналасында әуенді ұйымдастыру, регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту.

      2-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілікті гаммалар, Ab-Db [эйби-диби] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың негізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілері. Құру формуласы. Бес стандартты меңгеру және оларға сәйкес келетін септаккордтарды ойнау. Суырып салуда (джем-сейшн) "ойнау-үзіліс жасау" әдісі. Регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту.

      3-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілік гаммалар, Gb-B-E-A [джиби-би-и-эй] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың негізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілері. Құру формуласы. Бес стандартты меңгеру және оларға сәйкес келетін септаккордтарды ойнау. Суырып салуда (джем-сейшн) "ойнау-үзіліс жасау" әдісі. Хроматизмдерді қосу. Джаздық синкопаларды қолдану. Регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту.

      4-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілікті гаммалар, D-G [ди-джи] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың негізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілері. Құру формуласы. Жеті стандартты меңгеру және оларға сәйкес келетін септаккордтарды ойнау. Джаздық әуендерді қосу. Джаздық синкопаларды қолдану. Регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту. "Ойнау-үзіліс жасау" әдісі.

      101. 4 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) С -F-Bb-Eb [си-эф-биби-иби], Ab-Db [эйби-диби], Gb-B-E-A [джиби-би-и-эй, D-G [ди-джи] квартты-квинтті шеңбер қатарындағы алты аккордтық гаммалардың формуласы бойынша құруды біледі;

      2) джаздық стандартты суырып салуға арналған үйлесімділік қатарын құруды біледі, аккордтық гамманың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші сатыларын тік және сынық қозғалыста орындайды;

      3) жиырма тоғыз джаз стандарттарын біледі, және оларды есту арқылы таниды;

      4) джаз композиторлары мен орындаушыларының шығармашылығын біледі;

      5) суырып салуды өз уақытында бастайды және аяқтайды;

      6) джаздық суырып салудағы үнемі қолданылатын ережелерді біледі және пайдаланады;

      7) естуі бойынша суырып салуды құруға болатын стандарттың үндестілігін, өлшемін, стилін, гаммасын, тәсілін анықтай алады;

      8) аспапта өзінің шығармасын теруді біледі.

      102. 5 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) квартты-квинтті шеңбер бойынша алты гаммамен жұмыс, свинг кезеңінің жиырма тоғыз стандартымен танысу жалғастырылады, стандарттармен жұмыс істеу формасы келесі: әуендерді сольфеджиолау, фундаменталды үндестіктер мен аккордтық гаммалардың септаккордтарын айту, форма мен үйлесімділікті талдау, білім алушы стандарт тақырыбын кез-келген интерпретацияда естуді үйренеді.

      103. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Свинг дәуірі. Суырып салу теориясы".

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілік гаммалар, С-F-Bb-Eb [си-эф-биби-иби] дыбыстарынан тұтас үндестілік гаммалар. Гамманың нігізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілеу. Құру формуласы. Сегіз стандартты меңгеру, оларға сәйке келетін септаккордтарды барынша еркін ойнау. Backing Track [бэкинг-трэк] (джем-сейшн) бойынша суырып салу – стандарт әуенін сурып салуда қолдану, тақырыпты кеңейту және кішірейту, "ойнау-үзіліс жасау" ойыны, үйлеспейтін дыбыстарды қосу, джаздық синкопаларды қолдану, үшінші және жетінші блюзді ноталар айналысында әуенді ұйымдастыру, регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту, ритмикалық орын ауыстырулар, ұлғайту, кішірейту, синкопалар.

      2-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілік гаммалары, Ab, Db [эйби, диби] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың нігізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілеулері. Құру формуласы. Сегіз стандартты меңгеру, оларға сәйке келетін септаккордтарды барынша еркін ойнау. Backing Track [бэкинг-трэк] (джем-сейшн) бойынша суырып салу – стандарт әуенін сурып салуда қолдану, тақырыпты кеңейту және кішірейту, "ойнау-үзіліс жасау" ойыны, үйлеспейтін дыбыстарды қосу, джаздық синкопаларды қолдану, үшінші және жетінші блюзді ноталар айналысында әуенді ұйымдастыру, регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту, ритмикалық орын ауыстырулар, ұлғайту, кішірейту, синкопалар.

      3-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестіліктегі гаммалар, Gb, B, E, A [джиби, би, и, эй] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың негізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілері. Құру формуласы. Сегіз стандартты меңгеру, оларға сәйке келетін септаккордтарды барынша еркін ойнау. Backing Track (джем-сейшн) бойынша суырып салу – стандарт әуенін сурып салуда қолдану, тақырыпты кеңейту және кішірейту, "ойнау-үзіліс жасау" ойыны, үйлеспейтін дыбыстарды қосу, джаздық синкопаларды қолдану, үшінші және жетінші блюзді ноталар айналысында әуенді ұйымдастыру, регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту, ритмикалық орын ауыстырулар, ұлғайту, кішірейту, синкопалар.

      4-тақырып. Алты аккордтық гамманы құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілік-жартылай үндестілік гаммалар, D, G, C [ди, джи, си] дыбыстарынан тұтас үндестілікті гаммалар. Гамманың негізгі дыбысынан гаммаға сәйкес келетін септаккордты құру. Септаккордтардың әріптік белгілері. Құру формуласы. Сегіз стандартты меңгеру, оларға сәйке келетін септаккордтарды барынша еркін ойнау. Backing Track [бэкинг-трэк] (джем-сейшн) бойынша суырып салу – стандарт әуенін сурып салуда қолдану, тақырыпты кеңейту және кішірейту, "ойнау-үзіліс жасау" ойыны, үйлеспейтін дыбыстарды қосу, джаздық синкопаларды қолдану, үшінші және жетінші блюзді ноталар айналысында әуенді ұйымдастыру, регистрді, динамикалық бояуларды өзгерту, ритмикалық орын ауыстырулар, ұлғайту, кішірейту, синкопалар.

      104. 5 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) С -F-Bb-Eb [си-эф-биби-иби], Ab-Db [эйби-диби], Gb-B-E-A [ждиби-би-и-эф], D-G [ди-джи] квартты-квинтті шеңбер қатарындағы алты аккордтық гаммалардың формуласы бойынша құруды біледі;

      2) джаздық стандартты суырып салуға арналған үйлесімділік қатарын құруды біледі;

      3) аккордтық гамманың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші сатыларын тік және сынық қозғалыста, үйлеспейтін дыбыстарды қосып орындауды біледі;

      4) Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша джаздық суырып салу тәсілдерін біледі;

      5) джаздық стандарттың күрделі тұстарындағы техникалық қателіктерді (ырғағы жағынан тұра емес жерлерді) түзей алады умеет;

      6) орындаудың музыкалық түпкі ойы тұрғысынан нақты жеткізуді түсінеді және біледі.

      105. 6-7 сыныптардағы бағдарламалық талаптар:

      1) квартты-квинтті шеңбер бойынша алты гаммамен жұмыс жалғастырылады, альтерацияланған гамма тоғызыншы, он бірінші, он үшінші сатылардың альтерациясы, аккордтық гамманың жоғары қабаты бойынша суырып салу, аккордтық ауысулар, оның ішінде үш үндестікті ауысулар меңгеріледі;

      2) замануи джаздың жиырма тоғыз стандартымен танысу жалғастырылады, стандарттармен жұмыстың формасы: әуендерді сольфеджиолау, фундаменталды үндестіліктер мен аккордтық гаммалардың септаккордтарын айту, форма мен үйлесімділікті талдау, білім алушы стандарт тақырыбын кез-келген интерпретацияда естуді үйренеді.

      106. 6-7 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны.

      "Заманауи джаз. Суырып салу теориясы" бөлімі.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жеті негізгі аккордтық гаммаларды құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, тонді-жартытонды гаммалар, Bb-B C-Db [биби-биси-диби] дыбыстарынан хроматизм бойынша тұтас үндестілікті гамма. Алтрерацияланған гамма. Сегіз стандартты меңгеру. Backing Track [бэкинг-трэк] (джем-сейшн) бойынша суырып салу. Үйлеспейтін дыбыстарды, хроматикалық әуендерді, секвенцияларды қосу. Джаздық синкопаларды қолдану. Аккордтық ауысулар, ритмикалық орын алмастырулар, ұлғайту, азайту.

      2-тақырып. Жеті негізгі аккордтық гаммаларды құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, тонді-жартытонды гаммалар, D, Eb [ди-иби] дыбыстарынан хроматизм бойынша тұтас үндестілікті гамма. Альтерацияларған гаммамен танысу. Сегіз стандартты меңгеру. Backing Track (джем-сейшн) бойынша суырып салу – үйлеспейтін дыбыстарды, хроматикалық әуендерді, секвенцияларды қосу, джаздық синкопаларды қолдану, аккордтық ауысулар, ритмикалық орын алмастырулар, ұлғайту, азайту.

      3-тақырып. Жеті негізгі аккордтық гаммаларды құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілікті-жартылай үндестілікті гаммалар E, F, Gb, G [и, эф, джиби, джи] дыбыстарынан хроматизм бойынша тұтас үндестілікті гаммалар, альтерацияланған гаммамен танысу. Сегіз стандартты меңгеру. Backing Track [бэкинг-трэк] (джем-сейшн) бойынша суырып салу. Үйлеспейтін дыбыстарды, хроматикалық әуендерді, секвенцияларды қосу. Джаздық синкопаларды қолдану. Аккордтық ауысулар, ритмикалық орын алмастырулар, ұлғайту, азайту.

      4-тақырып. Жеті негізгі аккордтық гаммаларды құру: ионий мажоры, миксолидий мажоры, дорий миноры, локрий миноры, үндестілікті-жартылай үндестілікті гаммалар, Ab, A [эйби, эй], дыбыстарынан хроматизм бойынша тұтас үндестілікті гаммалар, альтерацияланған гаммалармен танысу. Сегіз стандартты меңгеру. Backing Track [бэкинг-трэк] (джем-сейшн) бойынша суырып салу. Үйлеспейтін дыбыстарды, хроматикалық әуендерді, секвенцияларды қосу. Джаздық синкопаларды қолдану. Аккордтық ауысулар, ритмикалық орын алмастырулар, ұлғайту, азайту.

      107. 6-7 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6-7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) формула бойынша хроматизмге арналған аккордтық гаммаларды құра алады;

      2) альтерацияланған гамманы біледі;

      3) джаздық стандартты суырып салуға арналған үйлесімділік қатарын құруды біледі;

      4) аккордтық гамманың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші сатыларын тік және сынық қозғалыста, хроматикалық әндетуді, үйлеспейтін дыбыстарды қосып орындауды біледі;

      5) стандарттардың тақырыптарын кез-келген интерпретацияда естуді үйренеді;

      6) джаздық фразировканы біледі;

      7) гамманың ортасынан суырып салуды, джаздық әуендерді, хроматикалық дыбыстарды, аккордтық ауысуларды қосуды біледі;

      8) есту арқылы стандарттың үндестілігін, суырып салу тәсілін анықтауды біледі, есту арқылы өзінің шығарған әуенін теруді біледі.

      108. Білім беру бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) ноталық мәтінді;

      2) дәстүрлі және джаздық музыканы, негізгі стильдік бағыттарға тән ерекшеліктерді, джаздық орындаушыларды;

      3) джаздық терминдерді;

      4) музыка тілінің негізгі элементтерін (дыбыстар қатары, лад, аралық, аккорд, диатоника, хроматизм, ауытқу, модуляция түсініктерін);

      5) джаздық стандарттардың қатарын;

      6) музыкалық негіздің құрылымын, музыкалық материалды жеткізу түрлерін (алғашқы білім);

      7) джаздық суырып салу тәсілдерін біледі.

      Түлек:

      1) өзінің практикалық қызметінде арнайы джаздық тәсілдерді қолдануды біледі;

      2) суырып салу үшін үйлесімділік қатарын естуді, талдауды және жазуды біледі;

      3) музыкалық тілдің элементтерін талдауды іске асыруды;

      4) берілген музыкалық тақырыптарға немесе ритмикалық құрылымдарға суырып салуды біледі.

      Түлекте:

      1) джаздық стандарттарды парақтан оқу, эстрадалық-джаздық жанрдың әуендерін үйлестіру;

      2) джаздық стандарттың формаларын, үйлесімділіктерін, әуендерін теориялық талдау;

      3) музыка тілінің элементтерін меңгеру (аспапта ойнау, үйлесімділік ретін естуі арқылы анықтау);

      4) ұжымдық суырып салуға, джем-сейшндерге қатысу;

      5) джаздық стандартқа арналған суырып салу тәсілін өз бетінше анықтау (белгілі гамма, стандарты әуені, аккордтық гаммалар бойынша үйлесімділік қатары);

      6) әріптік символдармен жазылған үйлесміділік сызбаларын парақтан оқу;

      7) есту бойынша әуенді теру;

      8) дыбыс жүргізудің негізгі тәсілдері;

      9) орындалатын шығарманы өз бетінше жеткізу;

      10) жоғары мәдени деңгейде орындау дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      109. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау бақылау жұмысы, академиялық концерт, техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      110. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы ("ду", "ба", "дит", "дот" деп аталатын штрихтармен стандарттарды айту, ионий мажоры бойынша бэк-тректі суырып салу, клавиатурадағы тондарды және жартылай тондарды табу, ноталарда джаздық синкопаларды көрсету, ұзақтықтарды биттармен тақылдату, свингтерді санау білігі); екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (мажор пентатоникасының, минор пентатоникасының, минор блюзді гаммасының "до" нотасынан төрт гамманы "формула" бойынша құру, минорлы блюз гаммасы бойынша шығармаларды суырып салу); үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (миксолидий гаммасының "формуласы" бойынша құру, әннің әуеніне суырып салу, миксолидий гаммасында риффті құру, оларды блюз сеткасы бойынша S, D [эс, ди] тасымалдау), төртінші тоқсанда: сынақ (дорий минорын қоса алып, гаммаларды құру, музыкалық шығармаларды мажорлы блюз гаммасы бойынша суырып салу, негізгі ережелерді білу);

      2) 2 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (квартты-квинтті шеңбер бойынша ионий мажорын білу, ионий мажорындағы "свинг", "джаз-рок" стиліндегі ритмдерде әуендерді сольфеджиолау, "Backing Track" [бэкинг-трэк] бойынша ионий мажорында суырып салу), екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (квартты-квинтті шеңбер бойынша миксолидий мажорын білу, миксолидий мажорындағы "свинг", "джаз-рок" стиліндегі ритмдерде әуендерді сольфеджиолау, "Backing Track" [бэкинг-трэк] бойынша миксолидий мажорында суырып салу); үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (квартты-квинтті шеңбер бойынша дорий мажорын білу, дорий мажорындағы "свинг", "джаз-рок" стиліндегі ритмдерде әуендерді сольфеджиолау, "Backing Track" бойынша суырып салу); төртінші тоқсанда: сынақ (квартты-квинтті шеңбер бойынша ионий мажорын, миксолидий мажорын, дорий минорын салыстыру, "ойын-үзіліс" тәсілімен Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша суырып салу, теориялық ережелерді білу, өткен гаммаларды есту қабілетін талдау);

      3) 3 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау сабағы (мажорлы блюзді, минорлы блюзді гаммаларын, C, F, Bb, Eb [си, эф, биби, иби] дыбыстарынан басталатын блюзді торды құру, Б5/3, М5/3, Ум5/3, Ув5/3 үшдыбыстылық инверсиясын (айналымдарын) құру, блюзді суырып салу); екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (мажорлы блюзді, минорлы блюзді гаммаларын Ab, Db [эйби, диби] дыбыстарынан басталатын блюзді торды құру, Б5/3, М5/3, Ум5/3, Ув5/3 үшдыбыстылық инверсияларының баяу дыбысты жүргізумен біріктіру; блюзді суырып салу); үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (мажорлы блюзді, минорлы блюзді гаммаларын Gb, B, E, A [джиби, би, и, эй] дыбыстарынан басталатын блюзді торды құру, ББ7, БМ7, ММ7 инверсияларын (айналымдарын) құру, блюзді суырып салу); төртінші тоқсанда: сынақ (мажорлы блюзді және минорлы блюзді гаммаларды, D, G [ди, джи] дыбыстарынан блюзді торды құру, септаккордтардың инверсияларын баяу дыбыс жүргізумен біріктіру, буги-вугиді орындау);

      4) 4 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (бес аккордтық гамманы білу, "формулалар" бойынша құру, есту қабілетін талдау, берілген свинг дәуірінде тік жіне сынық қозғалыста бірінші, үшінші, бесінші, жетінші секптаккордтарды ойнау, Backing Track бойынша суырып салу, өткен стандарттарға арналған викториналар); төртінші тоқсанда: сынақ (теориялық ережелерді білу, свинг дәуірінің джаздық стандартына арналған джем-сейшн, свинг дәуірінің джаздық стандарттарына арналған викторина, Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша блюзді суырып салу);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (алты аккордтық гамманы білу, "формула" бойынша құру, есту қабілетін талдау, тік және сынық қозғалыста өтпелі дыбыстармен бірінші, үшінші, бесінші, жетінші септаккордтарды ойнау, свинг дәуірінің берілген стандартында секірістерді толтыру, Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша блюзді суырып салу); төртінші тоқсанда: сынақ (гаммаларды құру, теориялық ережелерді білу, свинг дәуірінің джаздық стандарттарына арналған джем-сейшн, Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша блюзді суырып салу);

      6) 6-7 сыныптар – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (жеті аккордтық гаммаларды білу, "формулалар" бойынша құру, есту қабілетін талдау, тік және сынық қозғалыста өтпелі дыбыстармен бірінші, үшінші, бесінші, жетінші септаккордтарды ойнау, хроматикалық әндетулер, аккордтық алмастырулар, ческими опеваниями, аккордовыми заменами, свинг дәуірінің берілген стандартында секірістерді хроматикалық толтыру, Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша блюзді суырып салу), төртінші тоқсанда: сынақ (өткен гаммаларды құру, теориялық ережелерді білу, заманауи джаздың джаздық стандартына арналған джем-сейшн, Backing Track [бэкинг-трэк] бойынша блюзді суырып салу).

      111. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) музыкалық терминдерді білуі;

      2) шетелдік және отандық композиторлардың жанрдағы шығармалардың көркемдік бейнелерін және стилін білуі;

      3) аккордтық, аралықтық және әртүрлі әуендік құрылымдарды білуі және есту арқылы анықтау, жазу, дауыспен айту білігі;

      4) әуенді есту арқылы немесе аспапта ойнау білуі, оны үйлестіре білуі;

      5) музыка өнері және мәдениет саласында өй-өрісінің болуы.

      112. Қорытынды аттестаттауды (сынақ, емтихан) бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – джаздық суырып салу тәсілдерін, вокалдық аппаратты еркін меңгеруі, таза ырғақтауы, дыбысты жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін меңгеруі, есту қабілетін өз бетінше бақылау, ноталық мәтінді дәл оқу және білу, джаздық стандарттың көркемдік бейнесін ашу, мәнерлеп-әртістік орындауы, орындайтын шығармасын өз бетінше түсіндіруі, орындау мәденитінің жоғарылығы;

      2) "4" "жақсы" бағасы - джаздық суырып салу тәсілдерін, вокалдық аппаратты еркін игеруі, ырғақтаудың тазалығы, дыбысты жүргізудің, нюанстердің негізгі тәсілдерін меңгеруі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетіне бақылаудың жеткіліксіздігі, джаздық стандарттардың қиын жерлерінде техникалық олқылықтар (ырғақтық дәлдіктің жоқтығы), шығарманы орындауда музыкалық ойлау көзқарасынан қараудың, өзінің ой елегінен жеткіліксіз өткізуі, сахнадағы психологиялық тәртібінің тұрақсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – джаздық суырып салуды, вокалдық аппаратты, дыбысты шығару тәсілдерін жеткіліксіз игеруі, темптік ырғақтық ұйымдастырудың болмауы, біртекті серпін және дыбыс шығарудың бірсарындылығы, музыканы ой елегінен өткізбестен суырып салуды оқудың формалдылығы, орындаудың әлсіз есту бақылауы, орындауда стилистикалық және интонациялық қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің орташа деңгейі, сахнадағы тұрақсыз психологиялық жағдайы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – джаздық суырып салуды, вокалдық аппаратты, дыбысты жүргізу тәсілдерін меңгере алмауы, орындауда стилистикалық және ырғақтық қателіктердің болуы, орындау мәдениетінің деңгейінің төмендігі, сахнадағы психологиялық жағдайының тұрақсыздығы;

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
71-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Тромбон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Тромбон" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Тромбон" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) альтерация белгілері – аталуы өзгертілмейтін, қандай да бір дыбыстың жоғарылауын немесе төмендеуін білдіретін музыкалық нотацияның белгілері;

      2) амбушюр – белгілі мүштік құрылғысы бар кейбір үрлемелі аспаптарда ойнау кезіндегі музыканттың еріндерін қою тәсілі;

      3) арпеджио – фортепианода, кейбір клавишалық және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбыстарын бірінен соң бірін шығарып аккордтарды орындау тәсілі;

      4) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде және вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың бірізді қатарын орындау тәсілі;

      5) вольта – музыкалық термин, музыкалық шығармалардың біршама өзгерістермен қайталануын білдіретін музыкалық қысқартудың бір түрі;

      6) деташе – үрлемелі музыкалық аспаптарда әрбір дыбысты жеке қатты шабуылмен ойнау тәсілі;

      7) децима – ені он сатыны құрайтын, 10 санымен белгіленетін музыкалық аралық;

      8) диминуэндо – дыбыс қаттылығын біртіндеп азайтуды білдіретін музыкалық термин;

      9) дыбысты жүргізу – фонация процесінде дыбыстарды байланыстыру тәсілі;

      10) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияны орындау кезінде дыбыстарды құруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығарудың, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың әртүрлі тәсілдерінің кейбір нюансировкалық қасиеттері;

      11) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      12) квинтті шеңбер – туыстық деңгейін көрсететін үндестіліктердің алшақ орналасқан екі жақты қатары;

      13) концерт – көп жағдайда оркестрде бір немесе бірнеше аспаптармен орындалатын музыкалық шығарма;

      14) крещендо – дыбыс күшін біртіндеп күшейтуді білдіретін музыкалық термин;

      15) легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілдері, бір дыбыстан келесі дыбысқа бір қалыпты ауысу орын алатын, дыбыстар арасындағы үзілісті болдырмай, дыбыстарды байланыстыра орындау;

      16) лига – екі немесе одан көп нотаны біріктіретін, орта тұсында кішкене жуандау доға тәрізді жіңішке сызық;

      17) минор – екі үйлесімді үндестілік ладының (миномен қатар) бірі, минорлы дыбыстар қатарының ерекшелігі – оның үшінші сатысы бірінші сатыдан кіші терцияға артта қалады;

      18) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, көршілес сатылары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады; мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      19) нюанс – музыкалық әуезділікті сипаттайтын термин, нәзік айырмашылық, дыбыстағы сәл ғана білінетін ауысу: форте – қатты, dolce [долче] – нәзік, appassionato [аппассионато] – құлшыныспен және сол сияқты;

      20) октава – дыбыстар арасындағы жиілік 1-дің 2-ге қатынасын құрайтын музыкалық аралық;

      21) реприза – музыкалық материал түпнұсқа немесе өзгерген түрінде қайталанып жеткізілетін музыкалық шығарма; материалды қайталау, сондай-ақ мұндай қайталауға арналған қысқартулар;

      22) реприза – шығарманың қандай да бір бөлігінің қайталануы;

      23) ритм – музыканы уақыт аралығында ұйымдастыру;

      24) секунда – ені екі сатыны құрайтын, 2 санымен белгіленетін музыкалық аралық;

      25) синкопа – музыкада ритмикалық тіректің тактінің қатты бөлігінен әлсіз бөлігіне ауысуы, яғни ритмикалық акценттің метрикалыққа сәйкес келмеуі;

      26) стаккато – дыбыстарды бір-бірінен кідірістермен бөлу арқылы үзілмелі орындауды белгілеуші музыкалық штрих; стаккато – легатоға қарама-қайшы дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі тәсілдерінің бірі;

      27) тактінің бөліктері – тактіні құрайтын теңдей ұзақтықтардың шағын бөліктері;

      28) тактіден сырт – келесі тактінің бірінші бөлігінің алдында келетін тактінің толық емес бөлігі;

      29) тембр – дыбыстың бояуы; музыкалық дыбыстың өзіне тән ерекше қасиеттерінің бірі;

      30) триоль – ұзақтығы бірдей үш нотадан құрылған топ, дыбысталу уақыты бойынша дәл осындай ұзақтықтағы екі нотаға тең;

      31) фермата – музыкалық ноталар қатарындағы белгі, орындаушыға өзінің қалауы бойынша нотаның ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді;

      32) штрих – дыбысты құрайтын тоталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы мен әдісі).

      3. Бағдарламаның мақсаты: тромбонда ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық сауатты меңгеру;

      2) музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін тромбонда ойнаудың негізгі орындаушылық дағдыларын меңгеру;

      3) композитордың көркемдік түпкі ойын іске асыру үшін қажетті құрал ретінде орындаушылық техниканы дамыту;

      4) музыкалық орындаушылық саласындағы білімді байыту;

      5) музыкалық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын оқыту;

      6) ансамбльде музыка ойнаудың негіздерін, ноталарды парақтан оқуды меңгеру;

      7) репертуарды жинақтау.

      Дамыту:

      1) музыкалық қабілеттерін дамыту: есту қабілеті, есте сақтау жады, ритм, эмоциялық күйі, саздылығы және әртістігі;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке деген оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) табиғи оңтайлы техниканы көркемдік түпкі оймен тығыз байланыстыра отырып қалыптастыру;

      4) білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту, жеке қабілеттерін дамыту;

      5) музыкалық аспаптарда музыкалық шығармаларды орындау кезінде алған теориялық білімдерін қолдану білігін дамыту;

      6) әртүрлі стильдегі және жанрдағы, әртүрлі тарихи кезеңде жазылған музыкалық шығармаларды қабылдау дағдысын дамыту;

      7) музыка тілінің элементтерін қабылдау, музыкалық шығармаларды талдау, есту арқылы музыкалық мәтінді жазу дағдысын дамыту;

      8) музыкалық мәтінді өз жанынан шығару бойынша алғашқы дағдылары мен біліктерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) өз бетінше музыка ойнау дағдылары қалыптасқан, үйлесімді дамыған тұлғаны, дайындығы бар тыңдаушыны, рухани құндылықтарды белсенді тұтынушыны тәрбиелеу;

      2) балалардың шығармашылық қызмет және көпшілік алдында өнер көрсету тәжірибесін алуы;

      3) отандық және әлемдік құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының үздік үлгілерін меңгеру арқылы сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

      4) білім алушының кәсіби оқуын жалғастыруға деген саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды тромбонда ойнауға оқыту мерзімі – жеті жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      6. Бағдарлама тромбонда ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайландырылған классикалық шығармаларын үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың тромбонда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама балашақ кәсіпқой музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі тромбонда ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Білім беру бағдарламасы білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін тромбонда ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық және шетелдік композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      18. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын ести білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, өзгермелі икемді ритмде келісілген түрде және көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльдің қатысушыларымен өзара әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне – оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      22. "Тромбон" аспабына жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      28. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      30. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерттік және емтихандық бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетелдердің музыкасын, көркемдік жағынан деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырып отырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі – естуі, ырғақ, жады;

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      54. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. "Тромбон" пәні әрі қарай жүргізілетін практикалық қызметке қажетті көлемде аспапта ойнау дағдыларын дамытуды қарастырады. Білім алушы музыкалық-орындаушылық дағдыларын, ансамбльде музыка ойнау негіздерін, ноталарды парақтан оқу дағдыларын, музыкалық шығармалармен өз бетінше жұмыс жүргізу дағдыларын меңгереді.

      56. Алғашқы екі-үш жылда білім алушы тенорда және баритонда ойнау техникасын меңгереді, кейіннен тромбонда ойнауға ауысады. Тромбон сыныбы бойынша бірінші оқу жылында білім алушы педагогтің жетекшілігімен ноталық мәтінді бас кілтінде оқуды, әр позицияда табиғи дыбыстарды орындауды үйренеді.

      57. Тромбонға оқытудың алғашқы сабақтары тынысты дұрыс қою тәсілдерін, дыбысты шығару амалдарын меңгеруге, аппликатураны үйренуге және аспапты дұрыс ұстауды үйренуге араналады. Педагог бірінші оқу жылында білім алушылардың оңтайлы қойылым ережелерін меңгеруіне ерекше назарын аударады.

      58. Ерін аппаратын және орындаушылық тынысты дұрыс қою табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады. Тромбонға ерін аппаратын оңтайлы қою еріннің күшін, олардың қозғалмалығын тәрбиелеуге, артық күш салудан арылтуға байланысты болады.

      59. Оқытудың барлық кезеңінде дыбыс сапасы, ырғақ, динамика бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі және үнемі назарда болады.

      60. Бірінші сабақтардан бастап, білім алушы педагогтің жетекшілігімен өзінің шамасы жететін музыкалық шығармаларды үйренеді, авторлық мәтінді оқиды және жеткізеді, өзінің орындауын өзі тыңдайды, техникалық қиындықтарды талдайды, аспаптың дыбысталу сапасына, дыбыс шабуылына, ырғаққа қойылатын талаптарды үнемі арттырады.

      61. Техниканы дамыту ең басты міндетке бағынады – білім алушының музыкалық шығармаларды түсіну және шынайы жеткізу білігі.

      62. Музыкалық-орындаушылық дағдыларды меңгеру бойынша жұмыс музыкалық мәнерліктің мақсатына, шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуға бағынады.

      63. Техникалық дағдыларды дамыту педагогикалық репертуардың барлық шығармаларында іске асырылады (жүйріктілік, анықтылық, қалыптылық). Бұған этюдтермен, гаммалармен, жаттығулармен жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстар ықпал етеді.

      64. Гаммалармен, жаттығулармен және көмекші материалдармен жұмыста әртүрлі штрихтық, динамикалық және ритмикалық нұсқалар қолданылады.

      65. Білім алушы ансамбльде ойнау дағдысын меңгереді, біртекті ансамбльдермен жүйелі түрле айналысады (унисондар, дуэттер, трио, квартеттер).

      66. Ноталарды талдау және парақтан оқу кезінде педагог білім алушының мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын және сұраныстарын ескеріп, музыкалық материалдарды іріктейді, жұмыс процесінде оларға практикалық көмек көрсетеді.

      67. Дыбыстың түзулігі, тұрақтылығы, сапасы, тембрі, интонациялық тазалығы, динамика, дыбыс филировкасы бойынша жұмыс техника элементтерінің бірі болып табылады.

      68. Гаммалармен, жаттығулармен, этюдтермен жұмыс істеу кезінде өңдеудің әртүрлі штрихтық, динамикалық және ритмикалық тәсілдері қолданылады.

      69. Ноталарды талдау және парақтан оқу кезінде педагог білім алушының мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, музыкалық материалды іріктейді.

      70. Музыкалық шығармамен жұмыс істеудің кезеңдері:

      1) ноталық мәтінмен, шығарманың мазмұнымен және формасымен, қарқынды, динамиканы, штрихтарды авторлық және орындаушылық белгілерімен, тыныс алу тәртібімен, музыканы баяу қарқында ойнатумен таныстыру, шығармаға тән ерекшеліктерді түсіндіру (тональділік, метроритмикалық құрылым, динамика), композитор, оның шығармашылығы, шығармамен жұмыс істеу тәсілдері туралы қысқа мәліметтер;

      2) орындау техникасын және пьесаның мазмұнына енуді, фразировкалық лигаға, цезур белгілеріне, динамика белгілеріне, артикуляциядағы айырмашылықтарға көңіл аударуды, пьесаны талдауды, пьесаны басынан аяғына дейін орындап шығуды жетілдіду;

      3) шығарманы аккомпанементпен тоқтамай орындауы, ырғақтық қатынаста жатқа сенімді, тұрақты түрде орындауы.

      71. Аккомпанемент көркемдік шығарманы орындаудың органикалық бөлігі, музыкалық бейнені сомдаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

      72. Сабақтың кезеңдері:

      1) орындаушылық аппаратты дамыту бойынша жұмысы (дыбысты шығару және жүргізу техникасы);

      2) білімдерін бекіту;

      3) үй тапсырмаларын анықтау;

      4) жаңа материалды меңгеру.

      73. Педагог сабақтың жартысын өткен материалдарды қайталауға (гаммалар, этюдтер), ноталарды парақтан оқуға арнайды. Педагог аспаптың дыбысталу диапазонын біртіндеп ұлғайтуды мұқият бақылап отырады.

      74. Жүйелі түрде жүргізілетін сабақтарда концертмейстер білім алушының талғамын қалыптастырады, оған ансамбльде ойнау дағдыларын меңгеруге, үйретілетін шығармалардың мазмұнынын, стилін, формасын түсінуге, таза ырғақ жасау дағдысын меңгеруге, орындаушылық тынысты бөлуге, дәл нюансировка жасауды және әрбір музыкалық фразаны түсінуге көмектеседі.

      75. Сабақ процесінде педагог ұжым құрамында ойнау дағдысын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Білім алушы төменгі сыныптардан бастап дуэт, трио, квартет сияқты құрамда ансамбльде ойнауды үйренеді, ал жоғары сыныптарда оркестрант ретінде тәрбиеленеді.

      76. Педагог білім алушының орындаушылық еркіндігін, өзін өзі танытуын, өзін сахнада ұстау білігін, әртістік қабілетін тәрбиелеуге ықпал ететін концерттерге қатысуын қолдайды.

      77. Концерттерде табысты өнер көрсетудің шарттары:

      1) шығарманы, оның құрамдас бөліктерін қисынды тұтастықта мықты бекіту, жақсы есінде сақтау, аккомпонементтің партиясын қоса алғанда;

      2) орындалып жатқан музығана зейінін шоғырландыру;

      3) аспаптың толық дұрыс жұмыс істеуі, сенімділігі, дұрыс күйге келтірілуі.

      78. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмаларын дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      79. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      80. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      81. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбыстардың ұзақтығы бойынша жұмыс (дыбыстарды дамытуға арналған жаттығулар);

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс (гаммалар, жаттығулар, этюдтер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) ноталарды парақтан оқу.

      82. "Тромбон" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі нәтижелер

      83. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) аспаппен, оның құрылысымен, оны күтіп баптау ережелерімен, ноталардың ноталық станда орналасуымен танысу, диатоникалық дыбыстар қатарының дыбыстарын меңгеру;

      2) денені, қолдарды, орындаушылық тынысты қою бойынша жұмыс, алғашқы дыбыс шығару дағдыларын меңгеру;

      3) білім алушы бір октавада, баяу қарқында толық және жартылай ұзақтықтармен до, си бемоль, ре мажор және ля минор гаммаларын, тура қозғалыстағы үтоникалық үшдыбыстылықты; 8-10 этюдтер мен жаттығуларды; 8-10 әртүрлі сипаттағы пьесаларды меңгереді.

      84. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1) Орындаушылық аппаратты қою.

      2) Техникалық дағдылар.

      3) Музыкалық сауат.

      4) Көркемдік бейнені құру бойынша жұмыс.

      5) Жанрлар мен формаларды меңгеру.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Денені, басты, қолдардың қалпы, ерін аппаратын қою, алғашқы дыбыс шығару бойынша жұмыс. Мүштікті, орындаушылық тынысты қою. Табиғи дауыстарды шығару. Дыбыс шабуылы түсінігімен танысу. Техникалық дағдылар. Аспаппен, оның тарихымен, құрылысымен, оны күтіп баптау ережелерімен танысу.

      2-тақырып. Деташе және легато штрихтарымен жұмыс. Табиғи дыбыстарды шығару. "Дыбыс шабуылы" түсінігімен танысу. Диатоникалық дыбыстар қатарымен танысу. "Дыбыстардың жұмсақ және қатты шабуылы" түсініктері. Деташе және легато штрихтарымен жұмыс. Диатоникалық дыбыстар қатарының дыбыстарын меңгеру.

      3-тақырып. Секунда, терция, кварта және квинта аралықтарын орындау дағдыларын практикада меңгеру.

      4-тақырып. Музыкалық сауат. Музыкалық және музыкалық емес дыбыстар, дыбыстардың жоғарылығы.

      5-тақырып. Жартылай тон, тон, унисон, октава, дыбыстардың аталуы.

      6-тақырып. Дыбыстар қатары. Негізгі дыбыстар қатары. Хроматикалық дыбыстар қатары. Октавалар.

      7-тақырып. Ноталық жүйе. Нота ұстағыш. Ноталық белгілер және кілттер.

      8-тақырып. Қосалқы сызықтар. Октава белгілері. Альтерация белгілері. Дыбыстың ұзақтықтарын жазу. Метрикалық екпіндер.

      9-тақырып. Такт, тактінің бөліктері. Метр, өлшем. Күшті және әлсіз бөліктері. Қарапайым өлшемдер. Күрделі өлшемдер. Төртінші төрттік өлшемдер.

      10-тақырып. Дирижерлеу. Лига. Фермата нүктесі. Үзілістер. Динамика, орындаудың қарқынын және мінезін белгілеу. Тактіден сырт. Ноталық жазуды қысқарту белгілері. Реприза. Вольта.

      11-тақырып. Аралықтар. Лад туралы түсініктер. Триоль. Синкопа.

      12-тақырып. Көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс. Музыканың мінезі. Әуен, ритм. Әуен қозғалысының бағыты.

      13-тақырып. Гаммалармен жұмыс.

      14-тақырып. Этюдтермен және жаттығулармен жұмыс.

      15-тақырып. Пьесалармен жұмыс.

      16-тақырып. Жанрларды меңгеру. Сарабанда. Алеманда.

      85. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тромбонның құрылысын және оны күтіп баптау ережелерін біледі;

      2) музыкалық сауат негіздерін біледі;

      3) тромбонда ойнау кезінде дұрыс тыныс алуды қолданады;

      4) амбушюрді дұрыс қоюды біледі;

      5) деташе, легато штрихтарын біледі;

      6) диатоникалық және хроматикалық дыбыстар қатарының дыбыстарын біледі;

      7) секунда, терция, кварта, квинта аралықтарын орындау дағдыларын біледі;

      8) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларын біледі;

      9) музыкалық шығарманың мінезін жеткізуге қажетті әртүрлі орындаушылық тәсілдермен дыбыс шығару бойынша жұмыс істейді;

      10) қарапайым жаттығуларды, этюдтерді, пьесаларды орындайды.

      86. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) ладпен, аралықтармен танысу, музыкалық сауатты, штрихтарды меңгеру, ритм сезімін дамыту, дыбыстың тембрін жақсарту, тыныс алу техникасы бойынша жұмыс;

      2) музыкалық тілді түсініп қабылдауды меңгеру, музыкалық өнердің жанрлары, бағыттары туралы білімдерін кеңейту, музыкалық шығармаларды жаттау, мәнерлеп және сауатты орындау, ноталарды парақтан оқу, шығармашылықпен музыка ойнаудың алғашқы дағдыларын меңгеру;

      3) бір немесе екі октавада екі белгіге дейін мажор гаммаларын, төрттік белгілермен, баяу қарқындағы тік қозғалыстағы тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын, 10-15 этюд пен түрлі сипаттағы жаттығуларды, түрлі сипаттағы 10-12 пьесаны (оның ішінде ансамбльді) меңгеру.

      87. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ерін аппаратын, тынысты, тілдің қозғалғыштығын және саусақтарды дамыту. Шығаратын дыбыстардың диапазонын кеңейту.

      2-тақырып. Аспаптың дыбысталу сапасын жетілдіру.

      3-тақырып. Деташе және легато штрихтарын орындау.

      4-тақырып. Стаккато штрихтарымен танысу.

      5-тақырып. Секста, септима, октава аралықтарын орындау дағдыларын дамыту.

      6-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Үрлемелі аспаптар ансамблінде ойнау.

      7-тақырып. Үшдыбыстылық (арпеджио), оның айналымдары.

      8-тақырып. Бемоль және диез үндестіліктерінің пайда болуы.

      9-тақырып. Ладпен танысу.

      10-тақырып. Мазмұны және формасы жағынан қарапайым пьесаларды, минималды тақырыптық дамыған және көркемдік бейнесі анық әндерді орындау. Орындаудың мәнерлігі.

      11-тақырып. Музыкалық шығарманың құрылысымен танысу. Пьесаның ішіндегі жеке және жалпы шарықтау шегін анықтау білігін дамыту.

      12-тақырып. Гаммалармен жұмыс.

      13-тақырып. Этюдтермен және жаттығулармен жұмыс.

      14-тақырып. Пьесалармен жұмыс.

      15-тақырып. Би, марш және романс жанрлары мен формаларын меңгеру.

      88. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деташе, легатоны орындау дағдыларына ие болады;

      2) стаккато, секста аралықтары, септима, октава штрихтарын біледі;

      3) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларын біледі;

      4) шығармашылықпен музыка ойнаудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      5) үшдыбыстылықты (арпеджио), оның айналымдарын біледі;

      6) баяу қарқында тура қозғалыстағы тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын орындайды;

      7) мазмұны және формасы жағынан қарапайым пьесаларды, әндерді мәнерлеп орындайды;

      8) пьесаның ішіндегі жеке және жалпы шарықтау шегін анықтауды біледі;

      9) аспапта биді, маршты, романсты орындайды.

      89. 3 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) өз бетінше жаттау білігін қалыптастыру, әртүрлі стильдегі, жанрдағы шығармаларды орындау; ноталарды парақтан оқу дағдыларын меңгеру, ансамбльде ойнау, есту қабілеті арқылы теру;

      2) баяу және орта қарқында октава шеңберінде штрихтармен аралықтарды орындауды, дыбыстың сапасын жақсарту бойынша жұмыс, тромбонда музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасау;

      3) білім алушы бір немесе екі октавада екі белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, орташа қарқында төрттік ұзақтылықтармен, деташе штрихтарымен, орташа қарқында тура қозғалыста (айналымдарымен) тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын, әртүрлі техниканың түріне арналған 10-15 этюдтер пен жаттығуларды, әртүрлі сипаттағы 10-12 пьесаны, оның ішінше ансамбльдерді меңгереді.

      90. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты және тілдің, еріннің, саусақтардың жұмысын үйлестіру дағдыларын жетілдіру, тынысты дамыту. Шығаратын дыбыстардың диапазонын кеңейту.

      2-тақырып. Деташе, легато, стаккато штрихтарымен орындау дағдыларын жетілдіру.

      3-тақырып. Нон легато, маркато штрихтары.

      4-тақырып. Дыбыс сапасын жақсарту бойынша жұмыс.

      5-тақырып. Баяу және орташа қарқында октава шеңберінде аралықтарды орындау дағдыларын дамыту.

      6-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою.

      7-тақырып. Оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша партияларды үйрену.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      9-тақырып. Параллель минор, оның түрлері, оның мажор гаммасынан және кері қарай орналасуы.

      10-тақырып. Бемоль және диез үндестіліктерінің пайда болуы.

      11-тақырып. Квартті шеңбер. Квинтті шеңбер. Квартті-квинтті шеңбер, үшдыбыстылық айналымы.

      12-тақырып. Көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс. Музыканы түсіну, эмоциямен қабылдау қабілетін дамыту. Есту қабілеті дағдыларын қалыптастыру.

      13-тақырып. Гаммалармен жұмыс.

      14-тақырып. Этюдтермен және жаттығулармен жұмыс.

      15-тақырып. Пьесалармен жұмыс.

      16-тақырып. Вокализ, романс, андантино, серенада жанрлары.

      91. 3 сыныптың бағдарламасын игеруден күтіетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тіл, ерін, саусақ жұмыстарын үйлестіру дағдыларын біледі;

      2) деташе, легато, стаккато, нон легато және маркато штрихтарын орындау дағдыларына ие болады;

      3) баяу және орташа қарқында октава шеңберінде аралықтарды орындау дағдыларына ие болады;

      4) оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша партияны біледі;

      5) орташа қарқында төрттік ұзақтықтармен екі белгіге дейін мажор, минор гаммаларын орындайды;

      6) орташа қарқында тура қозғалыста (айналымдарымен) тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын деташе штрихтарымен орындауды;

      7) тромбонда вокализді, романсты, андантиноны, серенаданы орындауды біледі.

      92. 4 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) бас кілтінде ноталық мәтінді оқуды, әр позицияда табиғи дыбыстарды орындау, орташа қарқында нона, децима, ундецима штрихтарын орындау;

      2) қосымша аппликатурамен, хроматикалық гаммамен танысу, оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша партияларды үйрену;

      3) екі октавада үш белгіге дейінгіі мажор және минор гаммаларын, орташа қарқында сегіздіктермен орындау, "до" дыбысынан бастап хроматикалық гаммаларды, орташа қарқында тура қозғалыста айналымдармен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын; әртүрлі техниканың түріне арналған 10-12 этюдті; әртүрлі сипаттағы бір, екі, үш формалы 8-10 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді меңгеру.

      93. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою: ерін аппаратының техникасын және ерін, тіл, саусақ жұмысын үйлестіру дағдысын дамыту. Тынысты дамыту.

      2-тақырып. Шығарылатын дыбыстардың диапазонын кеңейту. Дыбыс сапасын жақсарту бойынша әрі қарай жұмыс.

      3-тақырып. Орташа қарқында нона, децима, ундецима аралықтарын орындау дағдысын дамыту.

      4-тақырып. Қосымша аппликатурамен, хроматикалық гаммалармен танысу.

      5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын жетілдіру, оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша партияны үйрену.

      6-тақырып. Бемоль және диез үндестіліктерінің пайда болуы, ноталық жазбаның қысқарту белгілерін меңгеру. Сенио, қосарланған сенио, фонарь, қосарланған фонарь, ноталарды топтастыру.

      7-тақырып. Ноталық мәтінді сауатты және нақты оқу.

      8-тақырып. Музыканың мәнерлеу құралы. Әуен. Лад. Метроритм.

      9-тақырып. Қарқындармен, әртүрлі өлшемдермен және ритмикалық фигурациялармен танысу.

      10-тақырып. Динамикамен және дыбысты жүргузімен жұмыс.

      11-тақырып. Гаммалармен жұмыс.

      12-тақырып. Этюдтермен және жаттығулармен жұмыс.

      13-тақырып. Пьесалармен жұмыс.

      14-тақырып. Баллада, прелюдия, арабеска, соната жанрлары.

      94. 4 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орташа қарқында нона, децима, ундецима аралықтарын орындау дағдыларына ие болады;

      2) көмекші аппликатураны, хроматикалық гаммаларды біледі;

      3) ноталарды парақтан оқу дағдыларына ие болады;

      4) бағдарлама аясында оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша партияны біледі;

      5) ноталық жазуды қысқарту белгілерін біледі;

      6) ноталық мәтінді сауатты орындауды біледі;

      7) "сенио", "қосарланған сенио", "фонарь", "қосарланған фонарь" түсініктерін біледі;

      8) музыканың мәнерлеу құралдарын біледі;

      9) қарқынды, әртүрлі өлшемдерді және ритмикалық фигурацияларды біледі;

      10) бағдарлама аясында гаммаларды, этюдтерді және жаттығуларды ойнауды біледі;

      1) тромбонда баллада, прелюдия, арабеска, сонаталарды орындауды біледі.

      95. 5 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) орындаушылық аппаратты, ноталарды парақтан оқу дағдыларын жетілдіру, аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту, шығарылатын дыбыстардың диапазонын кеңейту бойынша жұмыс;

      2) білім алушы бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, тура қозғалыстағы және айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын, әртүрлі дыбыстардан басталатын хроматикалық гаммаларды; әртүрлі техниканың түрлеріне арналған 10-12 этюдті, түрлі сипаттағы 8-10 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді меңгереді.

      96. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Білім алушының орныдаушылық аппаратын жетілдіру. Аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту бойынша жұмыс.

      2-тақырып. Ойын аппаратын дамытуға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Гаммалар. Арпеджио.

      4-тақырып. Әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтер. Шығарылатын дыбыстардың диапазонын кеңейту.

      6-тақырып. Деташе, легато, стаккато, нон легато, маркато штрихтарымен орындау дағдысын жетілдіру.

      7-тақырып. Тембрмен жұмыс.

      8-тақырып. Оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша оркестр партиясын үйрену.

      9-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдысын жетілдіру.

      10-тақырып. Септаккорд және оның айналымдары.

      11-тақырып. Музыкалық назарды шоғырландыру және бөлу дағдысын қалыптастыру, музыканы тыңдау, түсініп "орындау".

      12-тақырып. Шығармадағы композитордың түпкі ойын ашу білігімен жұмыс.

      13-тақырып. Ырғақтың мәнерлігімен, баса айтудың анықтылығымен, музыкалық шығарманы орындаудың тұтастығымен жұмыс.

      14-тақырып. Қарқындармен, әртүрлі өлшемдермен және ритмикалық фигурациялармен танысу.

      15-тақырып. Динамикамен және дыбысты жүргізумен жұмыс.

      16-тақырып. Пьесалармен жұмыс. Ірі нысанды шығармалар.

      17-тақырып. Концерт, сюита жанрларын меңгеру.

      18-тақырып. Әртүрлі ритмикалық үйлесімділіктермен жұмыс.

      19-тақырып. Динамикалық бояуларды меңгеру және қолдану. Орындалатын шығармаларға деген шығармашылық көзқарасты дамыту.

      20-тақырып. Емтихан бағдарламасын дайындау.

      97. 5 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтерді орындауды, бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, тура қозғалыстағы және айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын; әртүрлі дыбыстардан басталатын хроматикалық гаммаларды орындауды біледі;

      2) деташе, легато, стаккато, нон легато, маркато штрихтарымен орындау дағдыларын біледі;

      3) оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша тромбон партиясын орындауды;

      5) септаккордтарды және олардың айналымдарын біледі;

      6) ырғақтық мәнерлік, музыкалық шығарманы орындаудың тұтастығымен жұмыс;

      7) қарқын, әртүрлі өлшемдер және ритмикалық фигурациялар түсінігін біледі;

      8) пьесаларды, ірі нысанды шығармаларды, концертті, сюитаны орындауды біледі.

      98. 6 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) екінші октаваның до, си бемоль диапазонын кеңейту, қосымша позицияларды қолдануды үйрену, контроктавадағы дыбыстарды меңгеру;

      2) білім алушы орташа қарқындағы алты белгіге дейінгі тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын; орташа қарқындағы хроматикалық гаммаларды; әртүрлі техниканың түріне арналған 8-10 этюдті; шағын нысанды 6-8 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді меңгереді.

      99. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Екінші октаваның си бемоль" дейін диапазонды кеңейту.

      2-тақырып. Орындау техникасымен жұмыс. Ойын аппаратын дамытуға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Орташа қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары.

      4-тақырып. Тура қозғалыстағы айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосы.

      5-тақырып. Орташа қарқындағы хроматикалық гаммалар.

      6-тақырып. Әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтер.

      7-тақырып. Музыкалық-есту түсініктерін дамыту. Пьесалар және ірі нысанды шығармалар.

      8-тақырып. Әртүрлі ритмикалық үйлесімділіктермен жұмыс.

      9-тақырып. Орындалатын шығармаларға деген шығармашылық көзқарасты дамыту.

      10-тақырып. Емтихан бағдарламасын дайындау.

      100. 6 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техниканы біледі;

      2) орташа қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, тура қозғалыстағы және айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын біледі;

      3) орташа қарқындағы хроматикалық гаммаларды, әртүрлі техниканың түрлеріне арналған этюдтерді, шағын формадағы пьесаларды, оның ішінде ансамбльдерді орындайды.

      101. 7 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) амбушюрмен жұмыс, деташе, легато, нон легато, стаккато, маркато штрихтарымен орындау дағдыларын жетілдіру, көмекші позицияларды қолдану;

      2) квартвентиль, тенор кілті, альт кілті, қосарланған стаккато және үш стаккато түсінігін меңгеру;

      3) білім алушы орташа қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, тура қозғалыстағы айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын; орташа қарқындағы хроматикалық гаммаларды, әртүрлі техниканың түріне арналған 10-12 этюдті, түрлі сипаттағы 8-10 пьесаны, оның ішінде ансамбльді, 1-2 ірі нысанды шығарманы (концерт, соната, поэма) меңгереді.

      102. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындау техникасымен жұмыс. Ойын аппаратын дамытуға арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Деташе, легато, нон легато, стаккато, маркато штрихтары.

      3-тақырып. Квартвентиль, тенор және альт кілті.

      4-тақырып. Қосарланған стаккато және үш стаккато.

      5-тақырып. Орташа қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары.

      6-тақырып. Тура қозғалыстағы айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосы.

      7-тақырып. Орташа қарқындағы хроматикалық гамма.

      8-тақырып. Әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтер.

      9-тақырып. Музыкалық-есту түсініктерін дамыту. Ірі нысанды шығармалардың пьесаларын үйрену.

      10-тақырып. Әртүрлі ритмиклық үйлесімдермен жұмыс.

      11-тақырып. Емтихан бағдарламасын дайындау.

      103. 7 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техниканы біледі;

      2) деташе, легато, нон легато, стаккато, маркато штрихтарымен орындау дағдыларын біледі;

      3) квартвентиль, тенор және альт кілттері, қосарланған стаккато және үш стаккато түсініктерін біледі;

      4) орташа қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын біледі.

      104. Білім беру бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық сауат негіздерін;

      2) музыкалық терминдерді;

      3) музыка өнерінің негізгі бағыттарын және стильдерін;

      4) жеке орындауға тән көркемдік-эстетикалық, техникалық ерекшеліктерін;

      5) тромбонда орындаушылықпен ойнау тәсілдерін біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеке, ансамбльде, оркестрде сауатты орындауды;

      2) әртүрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды өз бетінше жаттауды;

      3) музыкалық шығарманы тромбонда жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңуді;

      4) музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасауды;

      5) музыкалық шығарманы талдауды;

      6) ойдан шығару және суырып салу бойынша алған дағдыларын қарапайым музыкалық құрылымдарда қолдануды біледі.

      Түлекте:

      1) тромбонда ойнау;

      2) жеңіл музыкалық шығармалардың ноталарын парақтан оқу;

      3) музыка тілінің элементтерін қабылдау;

      4) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау;

      5) есту қабілеті арқылы теру;

      6) музыкалық мәтінді есту қабілеті арқылы жазу;

      7) тасымалдау және әртүрлі ансамбльдерде ойнау;

      8) өз бетінше жаттау және тромбонда сауатты мәнерлеп орындау;

      9) көпшілік алдында өнер көрсету дағдыларына ие болады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      105. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау бақылау жұмысы, техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      106. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, екінші, төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, тура қалыптағы арпеджио жәні оның айналымдары, ноталарды парақтан оқу, музыкалық терминдерді білу);

      3) 3 сынып – бірінші, екінші, төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (екі белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, тура қалыптағы арпеджио және оның айналымдары, ноталарды парақтан оқу, музыкалық терминдерді білу);

      4) 4 сынып – бірінші, екінші, төртінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (үш белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, тура қалыптағы арпеджио және оның айналымдары, ноталарды парақтан оқу, музыкалық терминдерді білу);

      5) 5 сынып – бірінші, екінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, тура қалыптағы арпеджио және оның айналымдары, ноталарды парақтан оқу, музыкалық терминдерді білу), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (түрлі сипаттағы 3 пьеса немесе ірі нысанды шығарманың (концерт, соната) екі бөлімі, барлық меңгерілген техникалық формулалармен орындалатын мажор және минор гаммалары);

      6) 6 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: емтихан (түрлі сипаттағы 3 пьеса немесе ірі нысанды шығарманың екі бөлімі, баяу қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, тік қозғалыстағы үндестілік үшдыбыстылық арпеджиосы және айналымдары);

      7) 7 сынып – бірінші, екінші, үшінші тоқсандарда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (түрлі сипаттағы 3 пьеса немесе ірі нысанды шығарманың екі бөлімі, қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындау міндетті болып табылады, баяу қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, тік қозғалыстағы үндестілік үшдыбыстылық арпеджисы айналымдарымен; баяу қарқындағы хроматикалық гаммалар).

      107. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) денені, саусақ аппаратын, аяқты, амбушюрді қою, орындаушылық тынысты, саусақ аппаратын меңгеруі, саусақтарды көтерудің амплитудасы және синхрондылығы; моторлығы;

      2) музыкалық дыбысты меңгеруі (шабуыл және дыбысты тоқтату, артикуляция (тілдің жұмысы), тембрдің мәнерлігі, дыбыстың созылмалылығы (тыныс шығарудың дамығандығы), бір нюанстағы дыбыстың созылуы, дыбыстың динамикадағы созылуы (крещендо, диминуэндо), дыбыстың интонациялық тазалығы, нюансировкалар, негізгі штрихтар);

      3) музыкалық қабілеттерінің, физикалық төзімділігінің, музыканы есту сақтауының (музыкалық шығарманы тоқтамай және қатесіз орындау) даму деңгейі, музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізуі, шығарманың бірыңғай қарқыныны ұстап тұру білігі (егер қарқындық ауытқулар болмаса), музыкалық шығармаларды қарқындық ауытқулармен сезіну және орындау, ритмикалық комбинациялардың қалпытылығы ("ритмикалық сурет).

      108. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бағдарламаны оқыту жылына сәйкес мінсіз, мәнерлеп орындауы, мәтінді жақсы білуі, қажетті техникалық тәсілдерді, штрихтарды білуі, дыбысты жақсы шығаруы, орындалатын шығарманың стилін білуі, автордың түпкі ойына сәйкес, көркемдік бейнені жасауға мүмкіндік беретін көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдерді қолдануы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – анық көркемдік-музыкалық жеткізуді қолданып сауатты орындау, дыбыстарды мәнерлеп шығаруы, ұсақ техникалық қателіктердің болуы, қарқынның сәл сәйкес келмеуі, орындалатын шығарманың бейнесін нақты жеткізуінің жеткіліксіздігі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – шығарманы техникалық және ритмикалық қателіктерімен орындауы, дыбыстық сапаларын анық ашпауы, ноталық мәтінді толық білмеуі, мәтінді жаттамауы, техникалық дайындығының төмендігі, көркемдік жағынан әлсіз ойнауы, орындау кезінде техникалық қателіктер жіберілген, шығарманың мінезі анықталмаған;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – шығарманы көптеген қателерімен орындауы, музыканың мағынасы мен сипатын түсінбеу және дұрыс жеткізбеуі, қарқынды, ритмді сақтамауы, ырғақтың және ансамбльдің болмауы, ноталық мәтінді жатқа білмеуі, аспапта ойнау дағдысының әлсіз болуы;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
72-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Кларнет" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Кларнет" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Кларнет" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) амбушюр – белгілі мүштік құрылғысы бар кейбір үрлемелі аспаптарда ойнау кезіндегі музыканттың еріндерін қою тәсілі;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      3) арпеджио - аккордтардың дыбыстарын бірінен соң бірін шығарып аккордтарды орындау тәсілі;

      4) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде және вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың бірізді қатарын орындау тәсілі;

      5) деташе – үрлемелі музыкалық аспаптарда әрбір дыбысты жеке қатты шабуылмен ойнау тәсілі;

      6) диминуэндо – дыбыс қаттылығын біртіндеп азайтуды білдіретін музыкалық термин;

      7) динамикалық бояулар – музыканы орындаудың деңгейінің жоғарылығын анықтайтын музыкалық термин;

      8) доминантсептаккорд – терция бойында орналасқан немесе орналасуы мүмкін төрт дыбыстан құралған, мажор мен минордың үйлесімділігімен минордың бесінші сатысынан (доминанттар) құрылатын аккорд;

      9) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      10) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияны орындау кезінде дыбыстарды құруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығарудың, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың әртүрлі тәсілдерінің кейбір нюансировкалық қасиеттері;

      11) крещендо – дыбыс күшін біртіндеп күшейтуді білдіретін музыкалық термин;

      12) легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілдері, бір дыбыстан келесі дыбысқа бірқалыпты ауысу орын алатын, дыбыстар арасындағы үзілісті болдырмай дыбыстарды байланыстыра орындау;

      13) маркато – үрлемелі аспаптарда әр дыбысты белгілі қатты шабуылмен орындап ойнау тәсілі;

      14) мартеле – жылдам шабуылдың және күшейтілген тыныс шығарудың көмегі арқылы жеке, ерекшеленген және бір динамикада сақталған дыбыстарды шығару;

      15) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, көршілес сатылары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады; мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      16) музыкадағы аралық – белгілі жоғарылықтағы екі дыбыс арасындағы қатынас;

      17) музыкадағы ырғақ – көп мағыналы музыкалық термин;

      18) музыкадағы диапазон – дауыстың немесе аспаптың дыбыстық көлемі;

      19) музыкадағы регистр – қандай да бір белгілермен, ең алдымен тембрмен біріктірілген дыбыстардың бөлігі;

      20) нон легато – шабуыл кезінде тілді нәзік итеру арқылы сәл ғана қысқартылған жеке дыбыстарды шығару тәсілі;

      21) октава – диатоникалық дыбыстар қатарының сегіз сатысын немесе бүтін алты тонды қамтитын музыкалық аралық;

      22) портато – орындау тәсілі, легато мен стаккатоның арасындағы орташа, дыбыстарды мәнерлеп көрсету;

      23) регистр – бірыңғай тембрмен сипатталатын әртүрлі музыкалық аспаптардың диапазонының бөліктері.

      24) стаккато – дыбыстарды бір-бірінен кідірістермен бөлу арқылы үзілмелі орындауды белгілеуші музыкалық штрих; стаккато — легатоға қарама-қайшы дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі тәсілдерінің бірі;

      25) тембр – дыбыстың бояуы; музыкалық дыбыстың өзіне тән ерекше қасиеттерінің бірі;

      26) тенуто – жеке, анық, бірақ акцент қойылмаған, ұзақтығы сақталған дыбыстарды шығару тәсілі;

      27) штрих – тілмен немесе орындаудың әртүрлі тәсілдерін қолданып дыбыс шығарудың қандай да бір тәсілі;

      28) үзіліс – уақытша үндемеу, музыкалық шығарманы тұтас дыбыстаудағы немесе оның қандай да бір бөлігін немесе жеке дауысты дыбыстаудағы үзіліс, сондай-ақ, үзіліс деп осы үнсіздіктің ұзақтығын білдіретін белгіні айтады.

      3. Бағдарламаның мақсаты: кларнетте ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық шығарманы жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін кларнетте ойнау дағдылары мен тәсілдерін меңгеру;

      2) бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және оларды кларнетте орындау;

      3) музыкалық терминдерді, олардың мағыналарын меңгеру, ой-өрістерін кеңейту және музыкалық білімді, орындаушылық пен дағдыларды жинақтау.

      Дамыту:

      1) музыкалық есту қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық оайлауын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке деген оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық ой-өрісін кеңейту, білім алушының дара қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының аспаппен жеке және ансамбльде музыка ойнау мәдениетін, кларнетте ойнау бойынша алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға талпынуын тәрбиелеу;

      2) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдай білуді тәрбиелеу, көркемдік талғамды, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      3) отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының озық үлгілерін меңгеру арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      4) білім алушының кәсіби оқуларын жалғастыруға саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды кларнетте ойнауға оқыту мерзімі – жеті жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      6. Бағдарлама кларнетте ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайландырылған классикалық шығармаларын үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың кларнетте ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама болашақ кәсіпқой музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі кларнетте ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Білім беру бағдарламасы білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін кларнетте ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      18. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын ести білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, өзгермелі икемді ритмде келісілген түрде және көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльдің қатысушыларымен өзара әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне – оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуғады ықпал етеді.

      22. "Кларнет" аспабына жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      28. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      30. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерттік және емтихандық бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетелдердің музыкасын, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі – естуі, ырғақ, жады;

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      54. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. Білім алушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру біртіндеп іске асырылады: аспаппен, ноталық сауатпен танысудан бастап музыкалық шығарманы өз бетінше талдау және орындауға дейін.

      56. Педагог білім алушылардың зияткерлік, физикалық, музыкалық және эмоциялық қабілеттерін, дайындық деңгейінің бағасын ескере отырып, білім алушыға әртүрлі тәсілдерді қолданады.

      57. Білім алушыны оқытуда және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін педагог келесі саралау және даралау әдістерін қолданады:

      1) қиындығы және көлемі әртүрлі тапсырмалар;

      2) оқу тапсырмаларын орындау кезіде кеңес беру;

      3) оқу материалын меңгеру қарқыныны түрлілігі;

      4) дараланған және сараланған үй тапсырмалары.

      58. Оқыту процесінде педагог бірқатар технологиялық, музыкалық-көркемдік міндеттерді шешеді:

      1) ерін және бет бұлшық еттерін қалыптастыру;

      2) тілдің қимылын ұйымдастыру;

      3) тыныс алу аппаратында тыныс шығару тірегі сезімін дамыту;

      4) ырғағы жағынан таза, тембрі бойынша толық және ашық, қаттылығы бойынша түрлі болып келетін аспаптың тұрақты дыбысталуын бекіту;

      5) негізгі штрихтарды меңгеру;

      6) музыкалық-есту қабілеттерін дамыту;

      7) әннің, бидің, марштың жанрлық ерекшеліктерін қабылдау және жеткізу білігі;

      8) бейнелі ойлауды дамыту;

      9) жатқа ойнау кезінде орындалып жатқа шығарманың бейнесіне ене білу.

      59. Кларнетте дыбыс шығару процесі бірыңғай психофизиологиялық қатардың өзара байланысқан дыбысын білдіреді: ноталық белгі – дыбыс туралы түсінік – бұлшық ет-қимыл қойылымы – орындаушылық қозғалысы – шынайы дыбысталу – есту қабілетін бақылау.

      60. Музыкалық орындаушылық процесінің ерекшелігі ойлаудың, музыкалық есту қабілетінің, тыныс алу аппаратының, тілдің және ойнаушының саусақтарының өзара белсенді байланыстын талап етеді.

      61. Кларнетке табысты оқытудың қажетті шарты алғашқы кезеңде білім алушының ернін, қолдарын, орындаушылық тынысын дұрыс қою болып табылады.

      62. Педагог білім алушыны орындаушылық тыныстың процесімен, осы процеске қатысатын ішкі органдардың қызметімен таныстырады, қойылған міндеттерге сәйкес оларды басқаруды үйретеді. Бірінші оқу жылының соңында білім алушы бір дем алғанда ұзақтығы он секундқа дейінгі музыкалық фразаларды орындайды.

      63. Денені дұрыс қою –тынысты жақсы қадағалауға арналған маңызды шарт. Денені дұрыс қою дыбыс шығарудың барлық саласына үлкен әсер етеді, саусақтардың жақсы техникалық базасы болып табылады. Білім алушы аспапты қысылмай ұстауды және клапандарды ашып және жабу кезінде саусақ жұмыстарының еркін жұмыс істеуіне талпынады.

      64. Қарқынды жылдамдату және жаңа гамманы, этюдті, шығарманы үйрену кезінде кларнетте дыбыс шығару үшін педагог тынысты, денені қоюды, ерінді қоюды және кларнетті қоюды бір уақытта қадағалайды.

      65. "Созылмалы дыбыстар" жаттығулары сапалы дауыспен орындайды, алғашқы сабақтарда оның ұзақтығы біртіндеп төрт-бес секундтан бастап бірінші оқу жылының соңында он секундқа дейін ұлғайтылады.

      66. Кларнетте ойнау кезіндегі артикуляцияның басты органы тіл болып табылады. Тілдің өте жылдам қозғалуы кларнетте ойнау кезінде маңызды.

      67. Заманауи орындаушылық практикада дыбыс шығару кезінде тілдің келесі қимылдары қолданылады: қатты шабуыл, жұмсақ шабуыл және аралас шабуыл.

      68. Саусақ техникасын дамыту үшін білім алушы саусақтарды түсірудің және көтерудің уақытша, кеңістіктік, аппликатуралық нақтылығын меңгереді.

      69. Кларнетте ойнаушының маңызды сапалы көрсеткіші және саусақ техникасының даму шарттары болып оның түсініктілігі және басқармалығы табылады.

      70. Сөздің тар мағынасында техниканы дамытуға (жүйріктілік, анықтылық, қалыптылық) жаттығулармен, гаммалармен және этюдтермен жүйелі жұмыс ықпал етеді. Гаммаларды, жаттығуларды, этюдтерді және басқа қосымша материалдарды меңгеру кезінде әртүрлі штрих, динамикалық, ритмикалық нұсқаларды қолдану ұсынылады.

      71. Дыбыс сапасымен, ырғақпен, ритмикалық суретпен жұмыс оқытудың барлық кезеңінде жүйелі түрде жүргізіледі.

      72. Техникамен жұмыс істеу кезінде педагог білім алушыға әр сабақта жеке тапсырмалар береді және олардың орындалуын үнемі тексеріп отырады.

      73. Оқу жұмысында педагог автордың түпкі ойы сақталған және кларнетке тән ерекшеліктер кеңінен қолданылған, басқа аспаптарға арналып жазылған шығармалардың ыңғайланған нұсқаларын қолданады.

      74. Музыкалық шығармамен жұмыс істеу кезінде педагог үйретілетін шығарманың көркемдік және техникалық жақтары арасындағы байланысты қадағалайды.

      75. Оқытудың маңызды элементі болып көркемдік орындаушылық материалдарды жинақтау, көпшілік алдында жеке және ансамбльде өнер көрсетудің практикасын әрі қарай кеңейту және жетілдіру, репертуарда стилі жағынан әртүрлі шығармаларды қолдану болып табылады.

      76. Штрихтар артикуляциялық қағидат бойынша белгілі топтарға бөлінеді:

      1) қатты дыбыс шабуылының көмегі арқылы орындалатын штрихтар (деташе, стаккато, мартеле, тенуто);

      2) жұмсақ дыбыс шабуылымен орындалатын штрихтар (нон легато, портато, легато);

      3) ерекше артикуляциялық тәсілдерді (қосарланған стаккато, фруллато, глиссандо) талап ететін күрделі және ерекше тәсілдерді орындау.

      77. Педагог әртүрлі штрихтарды үйренуді белгілі тәртіппен жүргізеді, алдымен қарапайым штрихтар, кейіннен мейлінше күрделі және ерекше штрихтарды меңгеруге көшеді.

      78. Жаңадан бастаған кларнетте ойнаушының ойнау процесінде дұрыс ырғақтуы оның әрі қарай кәсіби дайындығындағы маңызды және ажырамас қасиеттерінің бірі болып табылады.

      79. Метроритм музыканың мәнерлеу жәге форма құрайтын негізгі құралдарының бірі болып табылады. Педагог білім алушыға ритм сезімін үйретеді, білім алушыға күрделі метроритмикалық суреттерін түсіндіреді, гаммаларды, этюдтерді ойнау кезінде ноталардың жылдамдатпай немесе баяулатпай қалыпты дыбысталуына талпынады.

      80. Саусақ қимылдарын үйлестіру, тыныс алу, дыбыс шығару білім алушы мен педагогтің тарапынан үлкен назарды талап етеді.

      81. Ноталарды парақтан оқу дағдысын дамытуды педагог белгілі дыбыстардың қарапайым ритмикалық суреттерімен қарапайым әуендерді мысалаға ала отырып іске асырады.

      82. Ансамбльде ойнаудың алғашқы дағдысын алу тәжірибелі концертмейстермен немесе педагогпен фортепианомен дуэтте тиімді іске асырылады. Педагог білім алушыға аспапты күйге келтіруді және аспаптың дыбысталу жоғарылығын етуді үйретеді.

      83. Біртекті аспаптармен дуэтте ойнау – білім алушыны ансамбльдік дайындаудағы келесі күрделі кезең. Педагог солист ретінде өнер көрсетеді (әуендік сызықты ойнайды), ал білім алушы сүйемелдейді.

      84. Оқытудың бірінші жылында біртіндеп амбушюр дамытылады, бұл білім алушының жұмыс диапазонын кеңейтуге мүмкіндік береді, бірінші оқу жылының соңында білім алушының жұмыс диапазоны келесі көлемге ие болады: кіші октавадағы "ми"-дан екінші октавадағы "соль"-ға дейін.

      Диапазон кеңейтілген кезде педагог гаммалармен таныстыруды бастайды. Алдымен бір октавада қарапайым мажор гаммаларын орындау жеткілікті болады.

      85. Білім алушы түсініп және мәнерлеп орындау үшін музыкалық сауат негіздерін меңгереді. Гаммаларды орындау қарқынына байланысты тыныс қатаң түрде әр төртінші, сегізінші, он алтыншы немесе отыз екінші дыбыста алынады.

      86. Бірінші оқу жылында әрбір төрт немесе сегіз дыбыстан кейін жартылай және төрттік ұзақтықпен тыныс алып легато және деташе штрихтарымен бір октавадағы мажор гаммалары орындалады.

      87. Шығармашылық тапсырмалардың түрлері:

      1) ұнаған шығармаларға иллюстрация жасау (сурет салу);

      2) жатталатын әуендеріне сөз шығару;

      3) есту қабілеті бойынша әндерді іріктеу.

      88. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      89. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбыстарды дамытуға арналған жаттығулар (тұрақты ноталар);

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс (гаммалар, жаттығулар, этюдтер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) ноталарды парақтан оқу.

      90. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      91. "Кларнет" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      92. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы құрылғымен, аспапты баптаумен танысады, денені, қолды, басты дұрыс қоюдың алғашқы дағдыларын, орындаушылық тынысты қоюды және қызмет етуін меңгереді;

      2) білім алушы ноталық сауатты, дыбысты шығаруды меңгереді, ансамбльде ойнаудың алғашқы дағдыларын алады, жаттығуларды жақсы дыбыспен орындайды, біртіндеп оның ұзақтығы ұзартады;

      3) шығармаларды өз бетінше талдауда және жаттауда екі нұсқадағы шығармалардың фонограммаларының аудиожазбалары қолданылады: плюс (кларнет партиясы аккомпонемент) және минус (аккомпанемент);

      4) білім алушы мажор гаммалары соль, фа (бір октавада), минор гаммалары, ля, ми (бір октавада), баяу қарқындағы үшдыбыстылық арпеджиосын (төрттіктермен, сегіздіктермен), 10-12 жаттығуларды және этюдтерді; 8-10 пьесаны меңгереді.

      93. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кларнет құрылғысы және аспапты күту.

      2-тақырып. Тынысты қою. Орындаушылық тыныстың түрлері. Диафрагма бұлшық еттерін дамыту. Тыныс алу жаттығулары.

      3-тақырып. Орындаушының денесін және қолын қою. Қолды аспапқа қою.

      4-тақырып. Амбушюр. Дыбыс шығарудағы амбушюрдің рөлі. Еріндерді қою. Амбушюрді дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Тамақ. Дыбыс шығарудағы кеңірдек пен дауыс желбезектерінің рөлі. "Жылы" ауаны шығару. Тамақтағы "есінеу" қалпы. Дауыс желбезектерін қолданып жаттығу және ойнау білігі. "Дұрыс" дыбысты "дұрыс емес" дыбыстан ажырату.

      6-тақырып. Дыбысты шығару. "Ұзақ дыбыстар" жаттығу.

      7-тақырып. Шабуыл. Шабуылдың түрлері. Тілмен шабуыл. Тіл – дыбыс шабуылының негізгі құралы. Дұрыс шабуыл. Тілдің қалпы, буындар. Тілге арналған жаттығулар. Аспапта дыбыс шығару.

      8-тақырып. Аспапта ойнау кезіндегі қимылдарды үйлестіру. Бірнеше процестерді бір уақытта басқару дағдысын дамыту: тыныс, амбушюр, саусақтар.

      9-тақырып. "Соль", "фа", "ми", "ре", "до" дыбыстарын шығару. Осы дыбыстардың аппликатурасы. Төрттен сегіз секундтқа дейінгі дыбыстардың ұзақтығы. Дыбыстарды алдымен екіден, кейін баяу қарқында үштен және төрттен қосу. Тілге арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Штрихтар музыкада мәнерлеу құралдары. Штрих түсінігі үрлемелі аспаптарға қатысты қолданылады. Негізгі штрихтар.

      11-тақырып. "Легато" штрихы. Штрихтың қасиеті. Штрихты ноталық материалда дұрыс оқу. Штрихты қолдана білу.

      12-тақырып. "Деташе" штрихы. "Деташе" штрихын орындаумен танысу. Штрихтың қасиеті. "Деташе" штрихын орындау кезіндегі дыбысты дүрыс жүргузі. "Деташе" штрихымен орындау.

      13-тақырып. Ноталық материалмен жұмыс. Ноталық мәтінді оқу дағдысын дамыту. Ноталық станда орналасқан ноталарды, ұзақтықтарды (тұтас, төрттік, сегіздік) орналасуын үйрену. Қарапайым әуендерді оқу және орындау.

      14-тақырып. Әуенді парақтан оқу. Қарапайым ритмикалық суреттері бар, атақты әуендерді қарапайын әуендер мысалында дағдыларды дамыту.

      15-тақырып. Музыкалық есте сақтау жадын дамыту. Өлеңдерді, әндерді, музыкалық шығармаларды жатқа жаттау. Материалды нотасыз, жатқа орындау.

      16-тақырып. Ансамбльдердің түрлі құрамдарында ансамбльдік ойнау дағдыларын дамыту.

      17-тақырып. Фортепианоның сүйемелдеуімен ойнау. Концертмейстермен ойнау кезіндегі негізгі ережелер. Аспапаты баптау. Жеке орындаушы мен сүйемелдеушінің міндеттері. Фортепианоның сүйемелдеуімен шығарманы ойнау.

      18-тақырып. Педагогпен ансамбльде ойнау. Аспапты баптау. Ансамбльде ойнаудың міндеттері. Жұмыс диапазонын кеңейту.

      19-тақырып. Гаммалар. Гаммалармен танысу. Мажор гаммаларының құрылымы. Соль, фа (бір октавада) мажор гаммаларын орындау. Гаммаларды белгілі штрихтармен бір октавада орындау.

      20-тақырып. Минор гаммалары. Минор гаммалары, ля, ми (бір октавада) орындау.

      21-тақырып. Баяу қарқындағы үшдыбыстылық арпеджиосы (төрттіктермен, сегіздіктермен).

      22-тақырып. Шығармашылық тапсырмалар. Әуендерді шығару. Есту арқылы теру, сурет салу. Өзін-өзі бақылау дағдысын дамыту. Пьесаларды өз беттерінше жаттау.

      94. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспаптың құрылысын, аппликтаруаны біледі;

      2) ноталардың аталуын, штрихтардың аталуын біледі;

      3) аспапты ұстауды біледі;

      4) деташе, легатоны орындай алады;

      5) мажор, минор гаммаларының құрылымын біледі;

      6) белгілі штрихтармен бір октавада гаммаларды орындай алады;

      7) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын біледі.

      95. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) алған білім, білік және дағдыларын жетілдіру, жұмыс диапазонын кеңейту, негізгі музыкалық жанрлардың ерекшеліктерімен, жаңа штрихтармен, күрделендірілген ритмикалық суреттермен, динамикалық бояулармен танысу жалғастырылады;

      2) ансамбльде ойнау, нотаны парақтан оқу дағдылары жетілдіріледі, эстрадада өзін ұстау ережелері меңгеріледі;

      3) білім алушы 10-15 шығарманы: әртүрлі сипаттағы пьесаларды, этюдтер мен ансамбльдерді меңгереді.

      96. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Тыныс шығарудың өнімділігімен жұмыс. Тыныс шығарудың ұзақтығын ұлғайту.

      2-тақырып. Дыбыс жүргізу және баса айтумен жұмыс. Дыбысты баяу жүргізу дағдысын жетілдіру. Ырғақтың қалыптылығымен жұмыс.

      3-тақырып. Жұмыс диапазонын кеңейту. Ортаңғы және төменгі регистрлерді орындау.

      4-тақырып. Штрихтар. Акцент қойылатын және акцент қойылмайтын штрихтар.

      5-тақырып. "Стаккато" штрихы. Кларнетте штрихты ойнаудың ерекшеліктері. Тіл мен диафрагма бұлшық еттерінің жұмысы.

      6-тақырып. "Маркато" штрихы. Штрихты қолдану. Кларнетте штрихты орындау техникасы.

      7-тақырып. Динамикалық бояулар музыкадағы мәнерлеу құралы. Бояулардың түрлілігі. Динамикалық бояулардың белгілерімен және оларды кларнетте орындаумен танысу.

      8-тақырып. "Форте" динамикалық бояуы. Кларнетте әртүрлі регистрлерде орындау техникасы.

      9-тақырып. Пиано. Орындау техникасы. Тембрмен жұмыс.

      10-тақырып. "Меццо форте", "меццо пиано" динамикалық бояулары. Кларнетте "меццо форте", "меццо пиано" динамикалық бояулармен шығармаларды орындау. Дыбыстық сызықтың тепе-теңдігі.

      11-тақырып. "Крещендо" және "диминуэндо" динамикалық бояулары. Аспапта "крещендо" және "диминуэндо" ойнау.

      12-тақырып. Минор гаммалары. Параллельді минор. Минор гаммаларының түрлері. Жұмыс диапазоны шеңберінде кілттегі бір белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын кларнетте орындау.

      13-тақырып. Әртүрлі штрихтармен және динамикалық бояулармен орындалатын гаммалар. Әртүрлі штрихтар мен динамикалық бояулардың үйлесіміндегі гаммалар.

      14-тақырып. Ритмикалық суреттердің түрлері. Үзік-үзік ритм, ұсақ ұзақтылықтар. Синкопа.

      15-тақырып. Этюдтерді орындау.

      16-тақырып. Музыкалық шығарманың қарқыны мен сипаты. Қарқындардың белгілері. Қарқындардың түрлері. Музыкалық терминдер.

      17-тақырып. Кантиленді сипаттағы шығармалар. Штрихтар, дыбыс жүргізу.

      18-тақырып. Би сипатындағы шығармалар. Шығармаларды талдау.

      19-тақырып. Шығармаларды жаттау.

      20-тақырып. Ансамбльде ойнау. Дуэт, трио. Партияларды жаттау. Бірге музыка ойнау.

      21-тақырып. Концерттік көрсетілімдерге практикалық және психологиялық дайындық.

      97. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әр түрлі сипаттағы әуендерді біледі;

      2) динамикамен байланысты белгілерді және терминдердің атауларын біледі;

      3) кларнетте "стаккато", "маркато" штрихтарын орындау техникасын біледі;

      4) кларнетте жұмыс диапазоны шеңберінде кілттегі бір белгіге дейінгі мажор, минор гаммаларын орындауды біледі;

      5) музыкалық жанрларды: ән, би, маршты біледі;

      6) анық және таза шабуылға ие болады;

      7) аспаптың тұрақты дыбысталуына талпынуды біледі;

      8) ансамбльде ойнаудың алғашқы дағдыларын біледі.

      98. 3 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) әртүрлі кезеңдердің музыкасының стильдік ерекшеліктерімен, ірі нысанды шығармалармен танысу, штрихтарды, динамиканы, агогиканы меңгеру жалғастырылады, дыбыс шығаруға есту қабілетін бақылауды қалыптастыру жалғастырылады, пьесалар мен оркестр партияларын парақтан оқу дағдылары жетілдіріледі (қалыпты қарқында), шығармаларды талдау, саусақ техникасы жетілдіріледі;

      2) білім алушы мажор, минор гаммаларын, үш белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктердегі үшдыбыстылық арпеджиосын, хроматикалық гаммаларды, 12-15 этюдті, 8-12 пьесаны, 2-4 ансамбльді меңгереді.

      99. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жұмыс диапазонын "ми" кіші октавасынан "ля" екінші октавасына дейін кеңейту. Ортаңғы регистрдің аппликатурасы. Қосымша аппликатура.

      2-тақырып. Жоғарғы регистр. Амбушюрдің қалпы. Тыныс, динамикалық бояулар, жоғары регистрдегі "пиано".

      3-тақырып. Төменгі регистр. Регистрге арналған жаттығу.

      4-тақырып. Техниканы дамытуға арналған жаттығулар. Ұсақ ұзақтықтармен ритмикалық суреттерді орындау.

      5-тақырып. Кілттегі үш белгіге дейінгі гамма. Әртүрлі қарқынмен, әртүрлі штрихтармен және динамикалық боуларды үйлестіріп орындалатын Ля-мажор, Ми бемоль-мажор, до-минор, фа диез-минор сияқты мажор және минор гаммалары. Арпеджио.

      6-тақырып. "Тенуто", "портато", "мартеле", "тенуто және залиг стаккато" штрихтары.

      7-тақырып. Күрделі динамикалық бояулар. Күрделі динамикалық бояуларды орындау.

      8-тақырып. Әртүрлі кезеңдердің шығармаларын орындаудың стильдік ерекшеліктері. Барокко, классицизм, романтизм музыкасы. Заманауи музыка. Әр стильді орындаудың ерекшеліктері.

      9-тақырып. Ірі нысанды шығармалар. Сонатина. Сюита. Вариациялар.

      10-тақырып. Тапсырманы орындау кезінде өзін бақылауы. Есту, көру, ішкі бақылауды дамыту. Метрономмен және тюнермен жұмыс.

      11-тақырып. Партияларды жаттау, тыңдау. Шығармаларды орындау.

      12-тақырып. Ансамбльде ойнау. Квартет. Ішекті аспаптар квартеті. Үрлемелі аспаптар квартеті. Біртекті аспаптардың квартеті.

      13-тақырып. Кларнеттер квартеті. Квартетте ойнаудың ерекшеліктері. Квартетке арналған репертуар.

      100. 3 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ортаңғы регистрдің ноталарының аппликатурасын біледі;

      2) ортаңғы, төменгі регистрлерге, техниканы дамытуға арналған жаттығуларды орындайды;

      3) әртүрлі қарқынмен, әртүрлі штрихтар мен динамикалық бояуларды үйлестіріп орындалатын кілттегі үш белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын орындауды біледі;

      4) "тенуто", "портато", "мартеле", "тенуто және залиг стаккато" штрихтарын біледі;

      5) үш белгіні қоса алғандағы үндестіктердегі үшдыбыстылық арпеджиосын ойнауды біледі;

      6) кларнетте хроматикалық гаммаларды ойнауды біледі;

      7) күрделі динамикалық бояуларды орындау техникасын біледі;

      8) борокко, классицизм, романтизм кезеңдерінің музыкасын орындаудың стильдік ерекшеліктерін біледі;

      9) парақтан пьесаларды және оркестр партияларын оқу дағдыларын біледі;

      10) кларнетте квартетте ойнаудың алғашқы дағдыларын біледі.

      101. 4 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) орындаушылық аппаратты, тіл, ерін, саусақтарды үйлестіру дағдыларын жетілдіру, тынысты дамыту жалғастырылады, шығарылатын дыбыстардың диапазоны кеңейтіледі, дыбыс сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылады, әртүрлі аралықтарды орындау, оркестр партияларының ноталарын парақтан оқу дағдылары дамытылады;

      2) білім алушы мажор, минор гаммаларын, төрт белгіні қоса алғандағы үндестіліктердегі үшдыбыстылық арпеджиосын, хроматикалық гаммаларды, терциядағы гаммаларды, 10-12 этюдті, 8-10 пьесаны, 2 ансамбльді меңгереді.

      102. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жұмыс диапазонын "ми" октавасына дейін кеңейту. Қосымша аппликатуралармен танысу.

      2-тақырып. Төрт белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары.

      3-тақырып. Үшдыбыстылық және олардың айналымдары.

      4-тақырып. Доминантсептаккордтар.

      5-тақырып. Бір-екі октаваға кішірейтілген кіріспе септаккордтар.

      6-тақырып. Хроматикалық гаммалармен жұмысты жалғастыру. Терциядағы гаммалар. Әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтер мен жаттығулар.

      7-тақырып. Әртүрлі техника түріне арналған этюдтер мен жаттығулар.

      8-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды, оның ішінде ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      9-тақырып. Нотаны парақтан оқу. Оркестр партияларын үйрену.

      103. 4 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жоғары регистрді, әртүрлі аралықтарды орындау дағдыларын біледі;

      2) төрт белгіні қоса алғандағы үндестіктердегі үшдыбыстылық арпеджиосын ойнай алады;

      3) әртүрлі қарқында әртүрлі штрихтармен гаммаларды орындайды;

      4) кларнетте гаммаларды терцияда ойнай алады;

      5) кларнетте әртүрлі техника түріне арналған этюдтер мен жаттығуларды орындай алады;

      6) кларнетте әртүрлі сипаттағы пьесаларды, оның ішінде ірі нысанды шығармаларды орындай алады;

      7) естуі бойынша жеңіл пьесаларды тереді;

      8) аспаптың тұрақты дыбысталуын, ырғағы жағынан таза, тембрі жағынан толық, қаттылығы әртүрлі болатындығын біледі;

      9) көпшілік алдында өнер көрсету дағдысына ие болады.

      104. 5 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) әртүрлі кезеңдердегі музыканың стильдік ерекшеліктерімен, ірі нысанды шығармалармен танысу, штрихты, динамиканы меңгеру, нотаны парақтан оқу дағдысын дамыту, жеңіл пьесалар мен оркестр партияларын өз бетінше талдау және жаттау жалғастырылады;

      2) орындаушылық аппаратты, оның әртүрлі компоненттерін (тыныс, ерін, тіл, саусақ) дамыту, қатты жіне жұмсақ шабуылмен дыбыс шығару тәсілдерін өте жоғары шеберлікпен меңгеру, "деташе", "легато", "стаккато", "нон легато", "маркато" негізгі штрихтарын қолдану жетілдіріледі;

      3) кларнеттің барлық жұмыс диапазонындағы хроматикалық дыбыстар қатарының аппликатурасы меңгеріледі, шығармашылық және физикалық төзімділік, үзіліссіз 4-6 музыкалық шығарманы орындау қабілеті пысықталады;

      4) білім алушы "мелизм", "форшлаг", "трель", "мордент" түсініктерін, барынша жылдам қарқындағы үшдыбыстылық арпеджиосын, доминантсептаккордтарды және қоса алғанда бес белгіге дейінгі оның айналымдарын, 15-20 этюдті, оның ішінде 1-2 ірі нысанды шығармаларды және ансамбльдерді меңгереді.

      105. 5 сыныптағы оқу пәнінің бағдарламасы.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкадағы мелизмдер.

      2-тақырып. Форшлагтар.

      3-тақырып. Трельдер.

      4-тақырып. Морденттер.

      5-тақырып. Барынша жылдам қарқындағы үшдыбыстылық арпеджиосы.

      6-тақырып. Доминантсептаккордтар және бес белгіге дейінгі үндестіліктердегі олардың айналымдары.

      7-тақырып. Жеңіл пьесаларды және оркестр партияларын талдау.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      9-тақырып. Оркестр партияларын үйрену.

      10-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      11-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      12-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      13-тақырып. Ансамбльдерді жаттау.

      106. 5 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкадағы мелизмдерді, форшлагтарды, трельдерді, морденттерді біледі;

      2) барынша жылдам қарқында үшдыбыстылық арпеджиосын біледі;

      3) доминантсетаккордтарды және бес белгіге дейінгі үндестіліктердегі оның айналымдарын біледі және орындайды;

      4) жеңіл пьесаларды және оркестр партияларын талдау білігіне ие болады;

      5) көркем бейнені жасау үшін мәнерлеу құралдарын қолдана алады.

      107. 6 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) мажор, минор гаммалары, диминантсептаккордтар, үшдыбыстылық арпеджиосы және олардың айналымдары, әртүрлі штрихтардағы және жылдам қарқындағы әртүрлі штрихтардағы хроматикалық гаммалар туралы білімдері бекітіледі;

      2) бес белгіге дейінгі мажорлы және минорлы гаммалар, оның ішінде доминантсептаккордтар, кішірейтілген септаккордтар және олардың айналымдары, жылдам қарқында әртүрлі штрихтармен орындау меңгеріледі;

      3) білім алушы бір тонға жоғары және жарты тонға төмен А (ля минор) және С (до мажор) қатарына жеңіл пьесаларды тасымалдауды, 15-20 этюдті, 8-10 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді, 2-3 ірі нысанды шығармаларды меңгереді.

      108. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. Бес белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі мажорлы және минорлы гамммалар.

      2-тақырып. Доминантсептаккордтар, кішірейтілген септаккордтар және олардың айналымдары, әртүрлі штрихтармен жылдам қарқынмен орындау.

      3-тақырып. Үшдыбыстылық арпеджиосын және олардың айналымдарын қайталау.

      4-тақырып. Әртүрлі штрихтарда және ритмикалық нұсқаларда, оның ішінде жылдам қарқындағы терциялармен хроматикалық гаммаларды қайталау.

      5-тақырып. Кішірейтілген кіріспе сектаккордтарды және олардың "деташе", "легато", "стаккато", "нон легато", "маркато" штрихтарындағы айналымдарын қайталау.

      6-тақырып. Әртүрлі техниканың түріне арналған виртозды этюдтерді жаттау.

      7-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды, оның ішінде ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      8-тақырып. Оркестр партияларын үйрену.

      109. 6 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бес белгіні қоса алғанға дейінгі үндестіліктегі мажор және минор гаммаларын орындай алады;

      2) димонантсептаккордтарды, кішірейтілген септаккордтарды және олардың айналымдарын біледі және жылдам қарқында әртүрлі штрихтармен орындайды;

      3) әртүрлі техника түріне арналған виртуозды этюдтерді орындай алады;

      4) әртүрлі сипаттағы пьесаларды, оның ішінде ірі нысанды шығармаларды орындай алады;

      5) үйренген оркестр партияларын біледі.

      110. 7 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) доминантсептаккордтар, әртүрлі қарқындағы, штрихтағы және динамикалық бояулардағы хроматикалық гаммалар, әртүрлі штрихтардағы терциялармен (жылдам қарқында) гаммалар туралы білімдері бекітіледі;

      2) білім алушы 10-12 этюдті, 6-8 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді, 2-3 ірі нысанды шығармаларды меңгереді.

      111. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мажор, минор гаммаларын қайталау.

      2-тақырып. Доминосептаккордтарды қайталау.

      3-тақырып. Әртүрлі қарқындағы, штрихтарғы және динамикалық бояулардағы хроматикалық гаммаларды қайталау.

      4-тақырып. Әртүрлі штрихтармен, терциялармен (жылдам қарқында) гаммаларды қайталау.

      5-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      6-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      7-тақырып. Ірі нысанды шығармаларды жаттау.

      112. 7 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады

      1) ноталық сауатты біледі;

      2) ойын аппаратын дұрыс қоюды біледі;

      3) әртүрлі штрихтарді біледі;

      4) парақтан оқу дағдысына және дамыған музыкалық есте сақтау жадына ие болады;

      5) А және С қатарына тасымалдау дағдысына ие болады;

      6) орындалатын шығармаларды талдау дағдысына ие болады.

      113. Білім беру бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін;

      2) музыкалық стильдер мен жанрларды;

      3) кларнетте ойнау кезіндегі көркем-орындаушылық мүмкіндіктерді;

      4) әртүрлі кезеңдердің композиторларының, музыка өнері саласындағы атақты қайраткерлердің шығармашылығын;

      5) пьесаларды немесе ірі нысанды шығармаларды орындау кезіндегі шығармалардың көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланыстарды біледі.

      Түлек:

      1) кларнетте бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды орындауды;

      2) көркемдік бейнені жасау үшін мәнерлік құралдарын қолдануды;

      3) сабақ кезінде және өнер көрсету кезінде зейінін шоғырландыруды;

      4) шығараманың штрихтық ерекшеліктерін, динамикалық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, музыкалық шығарманы өз бетінше және сауатты алғашқы талдау жасауды біледі.

      Түлекте:

      1) музыкалық шығармаларды орындау (жеке орындау, ансамбльде орындау);

      2) көпшілік алдында өнер көрсету;

      3) музыкалық материалмен өз бетінше жұмыс істеу, мәтінді парақтан оқу.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      114. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау бақылау жұмысы, академиялық концерт, техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      115. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 этюд, 1 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші, төртінші тоқсандарда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажорлы және минорлы гаммалар және үшдыбысты арпеджио, 1 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажорлы және минорлы гаммалар және үшдыбысты арпеджио, 1 этюд) екінші тоқсанда (академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсандағы аттестаттау формасы: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммалар, үшдыбысты арпеджио және септаккордтар, 1 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 ірі нысанды концерттік шығарма), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (Қазақстан композиторының 1 пьесасы, түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе 1 ірі нысанды шығарма);

      5) 5 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммы си-мажор, соль диез-минор үшдыбыстылығы, арпеджио, доминант септаккорд, септаккорд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 ірі нысанды концерттік шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса немесе түрлі сипаттағы 3 пьеса, Қазақстан композиторының шығармасын орындау міндетті болып табылады);

      6) 6 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (кішірейтілген септаккордтар ми, фа, фа диез дыбыстарынан, арпеджио, хроматикалық гамма), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 ірі нысанды концерттік шығарма), төртінші тоқсанда: емтихан (1 Қазақстан композиторының пьесасы, түрлі сипаттағы 2 пьеса немесе ірі нысанды шығарма);

      7) 7 сынып – екінші және үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса немесе түрлі сипаттағы 3 пьеса, Қазақстан композиторының шығармасын орындау міндетті болып табылады.

      116. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) денені, саусақ аппаратын, аяқты, амбушюрді қою, орындаушылық тынысты, саусақ аппратын меңгеруі, саусақтарды көтерудің амплитудасы және синхрондылығы; моторлығы;

      2) музыкалық дыбысты меңгеруі (шабуыл және дыбысты тоқтату, артикуляция (тілдің жұмысы), тембрдің мәнерлігі, дыбыстың созылмалылығы (тыныс шығарудың дамығандығы), бір нюанстағы дыбыстың созылуы, дыбыстың динамикадағы созылуы (крещендо, диминуэндо), дыбыстың интонациялық тазалығы, нюансировкалар, негізгі штрихтар);

      3) музыкалық қабілеттерінің, физикалық төзімділігінің, музыканы есту сақтауының (музыкалық шығарманы тоқтамай және қатесіз орындау) даму деңгейі, музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізуі, шығарманың бірыңғай қарқыныны ұстап тұру білігі (егер қарқындық ауытқулар болмаса), музыкалық шығармаларды қарқындық ауытқулармен сезіну және орындау, ритмикалық комбинациялардың қалпытылығы ("ритмикалық сурет).

      117. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бағдарламаны сенімді, мәнерлі, эмоциямен орындауы, түсініп анық ойнауы, динамикасының мәнерлігі, мәнерлік құралдарының қорының байлығы, орындаушылық техниканы және дыбыс жүргізуді меңгеруі, жоғары көркемдік деңгейде орындауы; шығарманы жеткізуде дара орындаушылық стилі және жағымды жеке құрамы бар;

      2) "4" "жақсы" бағасы – көркемдік-музыкалық анық жеткізе отырып орындауы, өнер көрсетуі қалыпты, сахнада тұрақты, орындау кезінде техникада, дыбыста, ырғақта, мәнерлікте және эмоциямен орындауында сәл қателіктерінің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – техникалық дайындығы орташа, штрих туралы білімі жеткіліксіз, орындаушылық аппараттағы кемшіліктер шығарманың көркемдік түпкі ойын тыңдаушыға жеткізуге кедергі келтіреді, бағдарламаның талаптары орындау техникасында, көркемдік бейнені ашудағы сұрақтары бола тұра, мәтін дұрыс айтылу деңгейінде сақталады;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – жиі тоқтап қалып, бірсарынды динамикамен, фразировканы, ырғақтаудың элементтерінсіз орындау;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
73-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Шертер" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Шертер" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Шертер" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ансамбль – біртұтас көркемөнер ұжымы, өнер көрсететін орындаушылар тобы;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу реті және алмасуы;

      3) аранжировка – әрлеу, өңдеу, дауысқа немесе аспапқа арнап жазылған қандай да бір музыкалық шығарманы басқа аспапқа, дауысқа лайықтап өңдеу;

      4) арпеджио – аккордтың дыбыстарын сатылап, кезегімен орындау;

      5) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың ретті қатарын орындау тәсілі;

      6) дауыс – физиологиялық сөйлеу мүшесі, оның көмегімен адам музыкалық дыбыс шығарады, яғни ән айтады. Дыбыс сапасы – дыбыс ырғағының әдемілігімен, күшімен және дыбыстарды ұзақ ұстау қабілетімен анықталады;

      7) динамика – процесс ретінде музыканы ұйымдастыру тәсілдерінің бірі, оның уақытша табиғатымен тығыз байланысты және қаттылықтағы, тығыздылықтағы өзгерістермен сипатталады;

      8) деташе – ішекті-ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің түрлілігі;

      9) дыбысты жүргізу – фонация процесіндегі дыбыстарды байланыстыру тәсілдері;

      10) дыбыс шығару – әуенді шығару, музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде дыбыстарды шығару;

      11) күй – қазақтардың дәстүрлі аспапты музыкасы;

      12) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      13) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, жанындағы басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады, мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      14) музыкадағы минор – үйлесімді үндестілік ладының бірі. Минорлық дыбыстық қатарға тән ерекшелік – бірінші сатыдан кіші терцияға қалып артта қалатын оның үшінші сатысы;

      15) ноталарды парақтан оқу – музыканттың аспаппен немесе дауысымен оған таныс емес шығарманы алдын ала жаттамай, оның ноталық жазбасы бойынша орындауы;

      16) орындаушылық аппарат – ойын процесіне қатысатын және өзара күрделі жүйке-бұлшық ет қызметімен байланысқан физиологиялық органдардың кешені;

      17) пьеса – шағын музыкалық шығарма;

      18) синкопа – екпін ерекшелігі – акценттің күшті немесе біршама күшті үлестен алдағы әлсіз үлеске ауысуы;

      19) скрипка кілті – соль (G) [джи] жүйесі құлақ күйлерінің бірі, бірінші октаваның соль нотасының ноталық желінің екінші сызығында орналасқанын білдіреді;

      20) стаккато – дыбыстарды үзіп-үзіп орындау, нотаның астында немесе үстінде нүктемен белгіленеді. Стаккатоны орындаудың екі түрі бар: дыбысты шығарғаннан кейін оң қолдың саусақтары бірден дыбысталып жатқан ішекке қойылады; оң қолмен дыбыс шығарғаннан кейін сол қолдың саусақтары ішектен бірден алынады;

      21) талдау – музыкатану ғылымындағы музыкалық шығарманың эстетикалық және технологиялық талдауларының аталуы;

      22) триоль – дыбысталу уақыты бойынша есепте сол ұзақтықтағы екі нотаға тең келетін, бірдей ұзақтықтағы үш нотадан тұратын топ;

      23) үшдыбыстылық – терциялардың бойында орналасқан, үш дыбыстан құралған аккорд;

      24) флажолет – флейта сипатындағы дыбыстар (ішекті аспаптардағы жеке дыбысталатын обертондар). Ноталарда флажолеттер ішекті және ладты көрсете отырып "фл" сөзімен белгіленеді, шетелдік басылымдарда флажолеттер "harm" [арм] немесе "аrm" [арм] сөздерімен белгіленеді;

      25) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеу құралы;

      26) этюд – қандай да бір орындау тәсілін жиі қайталауға негізделген және орындаушының техникасын жетілдіру үшін аспаппен орындалатын пьеса;

      27) шертер – шекті шертпелі музыкалық аспап, домбыраға ұқсас, негізгі ойнау әдісі – дыбысты шерту (шертпе күй) арқылы шығаруға байланысты қойылған;

      28) штрих – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі).

      3. Бағдарламаның мақсаты: шертерде ойнау бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық және шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) шертерде ойнауға үйрету (отыруы, қол қойылымдары, нота сауаттылығын үйрету, есту қабілетін дамыту, ноталардың ноталар тізбегінде орналасуын жаттату);

      2) музыкалық сауаттың негіздеріне үйрету;

      3) музыкалық терминдерді меңгеру;

      4) шертерде ойнаудың техникалық дағдыларын қалыптастыру;

      5) әртүрлі музыкалық-көркемдік мазмұндағы, түрлі стильдер мен жанрлардағы шығармаларды мәнерлі орындауға үйрету;

      6) шығармашылық қызмет үшін қажетті білім, білік және дағдыларға үйрету.

      Дамыту:

      1) білім алушылардың есту қабілетін, ырғақ сезімін, музыкалық жадын, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін ұжымдық музыка ойнау дағдыларын қалыптастыру;

      3) бейнелі ойлауды, қиялды, музыканы эмоциялық қабылдауды, орындаушылық ерік-жігерді және төзімділікті дамыту;

      4) музыкалық ой-өрісті кеңейту, музыкалық шығармашылыққа деген танымдық қызығушылықты дамыту;

      5) үйретілетін музыкалық шығармаларды барында терең және мұқият талдау негізінде әндерді, күйлерді орындаудың көркемдік қырымен жұмысты жетілдіру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушыны ұлттық және әлемдік музыка мәдениетінің негіздерімен таныстыру;

      2) музыканы дұрыс қабылдау, музыкалық шығарманы есту білігін тәрбилеу;

      3) білім алушының музыкалық талғамын, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру және тәрбиелеу;

      4) білім алушының шертер аспабында жеке және ансамбльде музыка ойнау мәдениетін тәрбиелеу;

      5) білім алушының кәсіби оқуын жалғастыруға деген оң уәждемесін қалыптастыру.

      5. Шертерде ойнауға оқыту мерзімі – жеті жыл. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      6. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      7. Бағдарлама шертерде онйау техникасы меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      8. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      9. Бағдарлама білім алушыға болашақ музыканттың әрі қарай аспапты толық меңгеру барысында жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі шертерде орындау тәсілдерін меңгеруге, сонымен қатар шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнердің сырын түсінуіне және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      Педагогтің міндеті білім алушының музыкалық қабілеттерін арттыру, дарынын ашудағы тәжіриебелік ұстанымдарын анықтау, аспапқа деген қызығушылығын арттыру, фольклорлық аспаптар туралы толық мағлұтаттар беру және қазақ аспапты музыкадағы аспаптардың ролін түсіндіру.

      11. Бағдарлама білім алушылардың:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) білім алушының әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      14. Бағдарлама шертер аспабын меңгеру жолдарын анықтаумен, аспапты меңгерумен қатар білім алушылардың музыкалық білімін тереңдетуімен, ансамбльдік орындаушылыққа баулуымен (ансамбльдік біркелкілікті сақтау), білім алушының талғамын шыңдаумен ерекшеленеді.

      15. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын тыңдай білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, келісілген түрде және өзгермелі икемді қағыста көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльге қатысушылармен әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      16. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне (оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылар) қол жеткізуге бағытталған.

      17. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      18. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      19. "Шертер" аспабына жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      22. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта ойнау арқылы пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау мақсатында өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы.

      23. Педагог Бағдарламаны заманауи музыка мектептерінде іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      24. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Жеке сабақтар педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      25. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      26. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) дайындық жұмысы;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      27. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың осы сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      28. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      29. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      30. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) аталған сыныптағы оқыту ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) өзгерістердің себептері мен мақсаттылығын көрсете отырып, бөлек тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      31. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылар қызметінің сипаттарын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      32. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      33. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      34. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      35. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылып, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      36. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілік деңгейі бойынша бірі бірінен біршама ерекшеленеді.

      37. Білім алушының жеке жоспары репертуарлық кең үрдісті, халық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      38. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушылардың музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      39. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      40. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      41. Репертуар қазақтың ән-күйлерін, шетелдердің классикалық және заманауи композиторларының шығармалары, білім алушыларды қызықтыра білетін мультфильмдер мен киноларда орындалған шағын әндерден, аспапты музыканың көрнекті шығармаларынан құралады.

      42. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      43. Оқу репертуарының әр түрлі жанрлардағы және стильдердегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқу, салыстыру, жүйелеу үшін оңтайлы жағдай туғызады.

      44. Педагог репертуарды заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларды қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      45. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға музыкалық мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      46. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін анықтайды, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатындығын ескереді.

      48. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      49. Білім алушының музыкалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында берілген тапсырмадан бөлек, қосымша шығармалар іріктеліп, тапсырма беріледі, тапсырмалар жаңа шығармалармен танысу мақсатында жоспарланады.

      50. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      51. Әр жарты жылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      52. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға деген көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жыл соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      53. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      54. Бірінші сабақтарды өткізу әдістемесі мұқият ойластырылады, оқытудың тек практикалық жағына ғана емес, сондай-ақ музыкалық-тәрбиелік міндеттерге назар аударылады. Бірінші сабақтардан бастап білім алушы ойнау кезінде өзін мұқият тыңдауға, дыбыстың сапасын, интонацияның нақтылығын түсініп бақылауға машықтанады және қолдардың еркін, үйлесімді қимылдауына талпынады. Педагог білім алушыны шертердің бөліктерімен, оны құру тарихымен, ішектердің аталуымен, ноталардың аспап мойнында орналасу ретімен таныстырады.

      55. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      56. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      57. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өзінің аспапта ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      58. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) аспапта ойнауға арналған жаттығулар;

      2) жалпы техникамен жұмыс;

      3) көркемдік материалмен жұмыс;

      4) қосымша материалмен жұмыс;

      5) нотаны парақтан оқу;

      6) есту бойынша әуенді және аккомпанементті ойнау.

      59. Шертер – үш ішекті, шертіп ойнайтын, қазақтың аспаптық музыка мәдениетіндегі көне аспаптардың бірі, көп жағдайда ән-жыр, дастандарды сүйемелдеуге арналған.

      60. Қазіргі уақытта шертердің құрылымы, сыртқы түрі өзгерген, мойны бірнеше пернелерге бөлінген. Жетілдірілген шертердің мойынында пернелер тізбегінің саны жиырма екі (ал көне шертерде пернелер болмаған), үш құлағы бар.

      Шертер шанағының төменгі жағында үш түймесі орналасады, бұл түймелерге үш ішек бекітіледі. Шертердің шанағы жартылай терімен қапталады, терінің сапасына байланысты дыбыс тербелісі де әртүрлі болады. Аспаптан жағымды да сапалы дыбыс шығару үшін шанағындағы теріні арнайы күтіп баптау қажет. Шертердің шанағына келесілер жатады: беткі бөлігі, шанағы (негізі), тері, тиегі және резонаторлық тетігі.

      61. Шертерге үш ішек тағылады, аспаптың құрылымы үш бөлікке бөлінеді: аспаптың шанағы, мойыны және басы. Әрбір ішек өзіне тән дыбыс шығарады, ішектер келесі сандармен белгіленеді: ми ішегі – 3 санымен, ля ішегі – 2 санымен, ре ішегі – 1 санымен белгіленеді.

      62. Аспаптың тиегі орта тұсында орналастырылады, тиек өте биік орналастырылған жағдайда аспапта ойнау барысында оң қолға кедергі келтіреді, ал төмен тұрса жағымсыз дыбыстар пайда болады.

      63. Шертерде жеке орындаушылардың репертуары сақталған екі халық күйінен құралады. Репертуардың басқа шығармалары домбыра күйреінің ыңғайланған нұсқалары болып табылады.

      Шертерде күй орындау барысында білім алушы шертіп ойнау тәсілін қолданады және арнайы медиаторды пайдаланады.

      64. Оркестр, ансамбль құрамындағы шанағы үлкен аспап қолданылады, аспаптың мүмкіндік диапазоны кіші октаваның ре дыбысынан, үшінші октаваның ля дыбысына дейін кеңейтіледі. Жетілдірілген шертер аспабында күрделі шығармалар орындалады.

      65. "Шертер" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      66. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы аспаптың құрылысымен, ноталық сауатпен, аспаптағы лад бойындағы ноталар тізбегімен, қарапайым динамикалық, штрихты және аппликатуралық белгілермен танысады;

      2) дұрыс отыру және қол қойылымдарымен, мақсатты ойын қозғалыстарын ұйымдастырумен жұмыс жүргізіледі, сол қолға арналған қарапайым жаттығулар пысықталады, қарапайым штрих түрлері үйретіледі: бір жаққа соғу (төмен), жан-жаққа соғу, дубль-штрих, қосарланған штрихтар, бір ішектен екінші ішекке өту;

      3) білім алушы ыңғайлы үндестіліктегі гаммалар мен үш дыбыстылықты, үш белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды және арпеджионы, жеңіл пьесалардың ноталарын парақтан оқуды, өтілген штрихтар бойынша 6-8 этюдтерді, 10-12 пьесаларды меңгереді.

      67. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу. Аспаптың құрылымы.

      2-тақырып. Отыру кезіндегі негіздер мен ерекшеліктер, ойын аппаратының қойылымы.

      3-тақырып. Оң қолды қою. Ойнау тәсілдерін меңгеру: төмен қарай қағу, жоғары қарай қағу, төмен, жоғары қағуды кезектестіру. Тремоло.

      4-тақырып. Сол қолдың қойылымы. Сол қолға арналған қарапайым жаттығулар.

      5-тақырып. Музыкалық сауат элементтерімен танысу. Ноталық сауат, скрипкалық кілтте ноталарды оқу.

      6-тақырып. Аспапта ойнаудың бастапқы дағдыларын дамыту.

      7-тақырып. Медиатормен ойнауды меңгеру. Қарапайым штрих түрлері: бір жаққа қағу (төмен), жан-жаққа қағу амалдары, дубль-штрих, қосарланған штрихтар, бір ішектен екінші ішекке өту.

      8-тақырып. Қарапайым динамикалық, штрихті және аппликатуралық белгілер.

      9-тақырып. Бірінші позицияны үйрену.

      10-тақырып. Шертерде сөздердің ырғағын көрсетумен байланысты, қарапайым ырғақты жаттығу түріндегі музыкалық ырғақты меңгеру.

      11-тақырып. Ашық ішектерде және грифтегі ноталар тізбегін жаттату.

      12-тақырып. Пьесаларды парақтан оқу.

      13-тақырып. Ансамбльдік орындаушылық.

      14-тақырып. Халық әуендері мен шағын пьесалармен танысу.

      68. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) шертердің құрылымын және конструктивтік ерекшеліктерін біледі;

      2) аспапты күтудің қарапайым ережелерін біледі;

      3) шертерде ән-күй орындаудың негізгі дағдыларын меңгереді;

      4) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      5) қарапайым динамикалық және штрихті белгілерді біледі;

      6) дыбыстың сапасын және ырғақтық нақтылықты бақылау дағдыларына ие болады;

      7) парақтан оқудың алғашқы дағдыларын біледі;

      8) қарапайым әуендерді есту арқылы таңдай алады;

      9) шағын пьесаларды парақтан оқи алады;

      10) үш белгіге дейінгі бірінші позициядағы гаммаларды, арпеджионы, пьесаларды, этюдтерді орындайды;

      11) педагогпен ансамбль орындау дағдыларына ие болады.

      69. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту, қойылымдық-қозғалыстық дағдыларды меңгеру;

      2) білім алушы мажорлы және минорлы гаммаларды, төрт белгіге дейінгі бірінші және екінші позициядағы "жан-жаққа қағу", "дубль-штрих" және "легато" штрихтарымен арпеджионы меңгереді;

      3) күрделі шығармаларды, ансамбльде ойнау тәсілдері мен әдістерін үйрену бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі, сахналық өнер көрсету дағдылары дамытылады, сахнада өзін ұстау мәдениеті қалыптастырылады;

      4) білім алушы түрлі сипаттағы 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгереді.

      70. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Денені қоюды бекіту, орындаушылық аппарат қойылымы, қолды үйлестірумен әрі қарай жұмыс.

      3-тақырып. Бірінші позициядағы саусақтардың артикуляциясын дамыту.

      4-тақырып. Екінші позиция, позицияларға ауыстыру барысындағы қиындықтарды жеңу жолдарын қарастыру, арнайы жаттығуларды орындау.

      5-тақырып. Негізгі штрихтарды (стаккато, тремоло, легато) орындау технологиясы.

      6-тақырып. "Тремоло" тәсілін меңгеру. Оймақты (медиатор) меңгеру. Күрделі ритмикалық суреттерді меңгеру. Орындаушылық аппараттың еркіндігін бақылау.

      7-тақырып. Аспаптың құлақ күйін келтіру.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту. Музыкалық және техникалық міндеттерді талдау. Күрделі формадағы шығармаларды орындауға дайындық.

      9-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, төрт белгіге дейінгі бірінші және екінші позициядағы "жан-жаққа қағу", "дубль-штрих" және "легато" штрихтарымен арпеджио.

      10-тақырып. Этюдтерді үйрену.

      11-тақырып. Түрлі сипаттағы пьесаларды үйрену.

      12-тақырып. Ансамбльде ойнау. Концерттік өнер көрсетуге дайындық.

      16-тақырып. Қарапайым ырғақты суреттермен гаммалар ойнау.

      71. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталарды және екі октава деңгейінде аппликатураларды жазуды біледі;

      2) бірінші және екінші позиция шеңберіндегі "жан-жаққа қағу", "дубль-штрих" және "легато" ноталарды гаммаларды және арпеджионы орындайды ;

      3) өзін бақылау дағдыларына ие болады;

      4) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгереді;

      5) минорлы гаммаларды біледі;

      6) динамикалық белгілердің мағынасын біледі;

      7) парақтан оқудың алғашқы дағдыларын біледі;

      8) ансамбльде ойнау дағдыларын біледі;

      9) екі октавада гаммаларды орындай алады;

      10) концерттік өнер көрсету дағдыларын біледі.

      72. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-бейнелі ойлауды және орындаушылық дағдыларды дамыту және қалыптастыру, дыбыс сапасы, позицияны ауыстыру, интонация және ырғақ бойынша жұмысты жалғастыру;

      2) білім алушы қосарланған штрихтармен, тремоло және деташе штрихтарымен, неғұрлым күрделі ырғақтармен танысады, саусақ қимылының тездігін дамытуға арналған жаттығуларды, қос ноталарды үйренуге арналған дайындық жаттығуларын меңгереді;

      3) білім алушы мажорлы және минорлы гаммаларды, бес белгіге дейінгі бірінші, екінші және үшінші позициялардағы түрлі штрихтармен арпеджионы, сонымен қатар позицияларды біріктіруге арналған гаммалар мен арпеджионы, түрлі сипаттағы 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгереді.

      73. 3 сыныптағы оқу пәнінің жоспары.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Меңгерілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Меңгерілген терминдерді пысықтау. Жаңа терминдерді үйрену.

      3-тақырып. Қосарланған штрихтар.

      4-тақырып. Тремоло және деташе штрихтары. Күрделі ырғақтар.

      5-тақырып. Саусақ қимылының тездігін дамытуға арналған жаттығу.

      6-тақырып. Қос ноталарды үйренуге арналған дайындық жаттығулары.

      7-тақырып. Позицияларды ауыстыру. Ірі нысанды үйренуге дайындық.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      9-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, бес белгіге дейінгі бірінші, екінші және үшінші позициялардағы түрлі штрихтармен арпеджио.

      10-тақырып. Позицияларды біріктіруге арналған гаммалар мен арпеджиолар.

      11-тақырып. Этюдтерді үйрену. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту бойынша жұмыс. Дыбыс сапасымен, позицияларды ауыстырумен, дауыс ырғағы және ритммен жұмыс.

      12-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Білім алушының музыкалық-бейнелі ойлауын және орындаушылық дағдыларын дамыту бойынша жұмыс. Дыбыс сапасымен, позицияларды ауыстырумен, дауыс ырғағы және ритммен жұмыс.

      74. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлы, минорлы гаммалар мен бірінші, екінші және үшінші позициядағы арпеджионы орындады;

      2) шығармаларды ырғақты дәлдікпен орындау дағдыларына ие болады;

      3) әртүрлі комбинациялардағы тремоло және деташе штрихтарын, үзік-үзік штрихтарды меңгереді;

      4) мәнерлі орындаушылық шеберлікті дамытып, музыкалық-бейнелі бейнені қалыптастырады;

      5) ноталарды парақтан оқу және ансамбльде орындау дағдыларына ие болады;

      6) дыбыстарды таза артикуляциялау, интонациялық мәнерлі шығаруға ие болады;

      7) түрлі стильдік бағыттағы шығармаларды біледі;

      8) бес белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;

      9) концерттік өнер көрсетудің алғашқы дағдыларына ие болады.

      75. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық дағдыларды, техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамыту жұмыстары жалғастырылады, музыкалық-бейнелі ойлауға, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптар жоғарылайды;

      2) штрих техникасын дамыту және позицияларды ауыстыру дағдылары, шапшаңдықты дамыту, сол қолдың артикуляциясы, алғашқы төрт позиция бойынша ойнау дағдыларын бекіту жұмыстары жалғастырылады;

      3) қос ноталардағы тремоло, табиғи флажолеттер, үш октавалық гаммалар және арпеджио меңгеріледі, түрлі аппликатураларды, жаттығуларды қолданумен арпеджио мұқият үйретіледі, білім алушы оқыту кезеңдеріне белсенді араластырылады (аппликатураны, динамиканы белгілеу, тәсілді, штрихті іздеу, көркем бейнені құрастыру);

      4) білім алушы екі октавалық және үш октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық ауытқулармен арпеджионы, 6-8 этюдті, 8-9 пьесаны, күрделі 1 шығарманы, ноталарды парақтан оқуды меңгереді.

      76. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Меңгерілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Деташе, легато, стаккато. Позицияны ауыстырудағы біркелкілікті және дәлдікті дамыту. Алғашқы төрт позициядағы ойнау дағдыларын қалыптастыру.

      3-тақырып. Сол қолдың жүйріктілігі мен артикуляциясы. Қос ноталарды, табиғи флажолеттерді меңгеру.

      4-тақырып. Қалыпты және мейлінше жылдам қарқындағы негізгі штрихтарды дамыту.

      5-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық дәлдікпен арпеджио.

      6-тақырып. Үш октавалық гаммалар және арпеджио. Түрлі аппликатуралар, жаттығулар қолданумен арпеджионы үйрену.

      7-тақырып. Этюдтерді үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.

      8-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Музыкалық-бейнелі ойлауды, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту жұмыстары. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен жұмыс.

      9-тақырып. Күрделі шығармаларды үйрену. Орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жұмыс. Музыкалық-бейнелі ойлауға, дыбыс сапасы мен орындау мәнерлілігіне қойылатын талаптарды мейлінше жоғары болуындағы орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жұмыстар. Техникалық мүмкіндіктерді, динамиканы және ырғақты дамытумен бойынша жұмыс.

      10-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      15-тақырып. Тремоло тәсілімен танысу.

      77. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) шертерде екі октавалық және үш октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі штрихтармен, ырғақты суреттермен, динамикалық дәлдікпен арпеджионы орындай алады;

      2) музыкалық-бейнелі ойлау дағдысы қалыптасқан;

      3) негізгі және үзікті штрихтарды орындау дағдыларын меңгерген;

      4) күрделі шығармаларды орындауға мүмкіндік беретін, техникалық дайындыққа ие болады;

      5) алты белгіге дейінгі гаммаларды орындай алады;

      6) түрлі стильдік бағыттардағы шығармаларды орындай алады;

      7) ноталарды парақтан оқу және ансамбльде орындау дағдыларына ие болады;

      8) фольклорлық шығарманың музыкалық тілінің ерекшелігін біледі және таниды;

      9) күрделі ырғақты этюдтер мен пьесаларды (триолдар, секстолдар, синкопалар, қос ноталар) орындайды.

      78. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) штрихтық техниканы дамыту, екі қолдың біркелкілігін және олардың үйлесімділігін орындаушылық қозғалыстарымен біріктіру;

      2) "тремоло" тәсілін, тремолодан қағып орындауға және керісінше орындау тәсілін жетілдіру, тремоло орындау кезіндегі қос ноталарды меңгеру;

      3) бір позициядан келесі позицияға өту техникасымен жұмысты жалғастыру, мажорлы, минорлы гаммаларды, екі және үш октавалық гаммаларды ойнау тәсілдері, әртүрлі штрихтармен, ритмикалық суреттермен арпеджионы үйрену, музыканы сандық өңдеу бағдарламаларын қолдану;

      4) музыкалық-бейнелі ойлауды, шығармашылық көркем қиялды және білім алушының дербестігін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады, орындаудың мәнерлілігіне талапшылдық артады, ритмикалық міндеттер күрделенеді;

      5) білім алушы екі октавалық мажорлы және минорлы гаммаларды, үш октавалық гаммаларды және түрлі штрихтармен арпеджионы, түрлі сипаттағы 4 этюдті, 8-10 пьесаларды, оның ішінде күрделі шығарманы парақтан оқуды, ансамбльде, оркестрде ойнауды меңгереді.

      79. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Меңгерілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Екі қолдың үйлесімділігі және қозғалыстарымен жұмыс. Ұсақ техниканы дамыту жұмыстары.

      3-тақырып. Әртүрлі техника түріне жаттығулар.

      4-тақырып. "Тремоло" тәсілін, тремолодан қағысқа және керісінше өту амалын жетілдіру. "Тремоло" тәсілін орындау кезіндегі қос ноталарды меңгеру. Позициядан позицияға өту техникасымен жұмыс.

      5-тақырып. Мажорлы гаммалар, минорлы гаммалар, түрлі штрихтар және ырғақты суреттермен екі октавалық және үш октавалық орындаудағы арпеджио.

      6-тақырып. Күрделі шығармаларды парақтан оқу.

      7-тақырып. Музыканы сандық өңдеу бағдарламалары: Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар.

      8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.

      9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген барлық музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс жүргізудің сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.

      10-тақырып. Күрделі шығармаларды үйрену. Аспапта ойнаудың бұрын меңгерілген музыкалық-орындаушылық дағдыларын дамыту және жетілдіру. Дыбыс сапасымен жұмыс, білім алушының өз ойынын әділ бағалауын қалыптастыру.

      11-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      12-тақырып. Ұжымдық музыкамен танысу. Ансамбльде, оркестрде ойнау.

      80. 5 сыныптың Бағдарламасын меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспапта жеке орындауға тән көркем-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді біледі;

      2) шертерде жеке түрде, ансамбльде, оркестрде орындаушылық қағидаларын біледі;

      3) Бағдарлама талаптарына сәйкес әртүрлі стильдердегі және жанрлардағы шығармалардан тұратын шертерге арналған репертуарды біледі;

      4) музыканың негізгі жанрларын біледі;

      5) ноталық мәтінді сауатты оқи алады;

      6) ыңғайлы аппликатураны өз бетінше қоя біледі;

      7) үш октавалық гаммаларды орындай алады;

      8) мейлінше күрделі штрихтарды қолданып орындау дағдыларын біледі;

      9) әріппен белгіленген аккордтарды оқу дағдыларына ие болады;

      10) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;

      11) жеке орындаушы ретінде, сонымен бірге оркестрлерде және ансамбльдерде концерттік өнер көрсету дағдыларын біледі;

      12) Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлар бағдарламасында жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын біледі.

      81. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) мажор және минор гаммаларымен, түрлі штрихтармен, ритмикалық суреттермен екі және үш октавалық орындаудағы арпеджиомен жұмысты жетілдіру әрі қарай жалғастырылады;

      2) білім алушы сол қолдың техникасын, виртуозды шығармаларды меңгереді, легато, пиццикато, портаменто, флажолет сияқты штрихтардың орындау сапасымен, музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламаларымен, Microsoft Office [Майкрасофт офис] және ноталық редакторлармен: Muse Score [Мюс Кор], Sibelius 6 [Сибелиус] жұмыс жасайды;

      3) білім алушы әртүрлі штрихтармен және ырғақты топтармен екі және үш октавалық орындаудағы мажорлы және минорлы гаммаларды, түрлі сипаттағы 3-4 этюдтерді, 6-8 пьесаларды (оның ішінде ансамбльдер), күрделі шығарманы үйренеді.

      82. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Меңгерілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Мажорлы және минорлы гаммалар, әртүрлі штрихтармен және ырғақты топтармен екі және үш октавалық орындаудағы арпеджиомен жұмыстар.

      3-тақырып. Сол қолдың техникасын дамыту. Виртуозды шығармаларды орындау.

      4-тақырып. Легато, пиццикато, портаменто, флажолет сияқты штрихтарды орындау сапасымен жұмыс.

      5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Білім алушының репертуармен өзбетінше жұмысы.

      6-тақырып. Музыканы, аранжировканы сандық өңдеу бағдарламасы: Microsoft Office [Майкрасофт офис].

      7-тақырып. Ноталық редакторлар: Muse Score [Мюс Кор], Sibelius 6 [Сибелиус].

      8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқаларда бұрын меңгерілген тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауаттылықты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өз бетінше талдау.

      9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі нұсқалардағы тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауатты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өзбетінше талдау.

      10-тақырып. Күрделі шығармаларды орындау. Техникалық және көркемдік мазмұны бойынша күрделі тәсілдерді жетілдіру. Жаңа тәсілдермен және штрихтармен жұмыс. Аппликатуралық сауатты дамыту. Фразировканың негізгі элементтерін өз бетінше талдау.

      83. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныптың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртүрлі үш октавалық штрихтармен, топтастырулармен және ырғақты суреттермен мажорлы және минорлы гаммаларды орындайды;

      2) ноталарды парақтан оқу дағдыларына ие болады;

      3) ансамбльде ойнау дағдыларына ие болады;

      4) шығарманы орындау барысында есту бақылауын іске асырады;

      5) әртүрлі стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармаларды концерттерде орындауға өз бетінше дайындалу дағдыларын біледі;

      6) сахнада өзін ұстау дағдыларын, шығараманы концертте орындау дағдыларын біледі;

      7) музыкалық шығармаларды түсіндіре алады;

      8) әртүрлі штрихтарды орындау дағдыларына ие болады;

      9) интервалды техника дағдыларына ие болады;

      10) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізе алады;

      11) сол қолдың техникасын (трель, позицияларды қосудың әртүрлі түрлері, жасанды флажолеты және қос ноталар) біледі;

      12) аспапты өз бетінше күйге келтіре алады;

      13) Microsoft Office [Майкрасофт офис], ноталық редактор бағдарламаларын қолдана алады;

      14) берілген музыкалық шығармаға өз көзқарасын және өз түсінігін құрастырып айта алады.

      84. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы әртүрлі штрихті және ырғақты нұсқалардағы гаммаларды, түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммаларды меңгереді, саусақтардың жүйріктілігі және штрихті техниканы дамытады;

      2) білім алушы неғұрлым күрделі фактура және мазмұнды күрделі шығармаларды меңгереді, емтихан бағдарламасын үйренеді;

      3) білім алушы барлық үндестіліктегі хроматикалық гаммаларды, штрихтың барлық түрін қолдана отырып, жылдам қарқындағы мажорлы және минорлы гаммаларды, әртүрлі техника түріне 3-4 этюдті, 6-8 пьесаларды (оның ішінде ансамблдер), күрделі 1-2 шығарманы үйренеді.

      85. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Меңгерілген материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Әртүрлі штрихті және ырғақты нұсқалардағы гаммалар.

      3-тақырып. Түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммалар.

      4-тақырып. Жылдам қарқындағы мажорлы және минорлы гаммалар.

      5-тақырып. Саусақтардың жүйріктілігі және штрихтық техниканы дамыту.

      6-тақырып. Неғұрлым күрделі фактура және мазмұнды күрделі шығармаларды меңгеру.

      7-тақырып. Емтихан бағдарламасын дайындау.

      8-тақырып. Этюдтерді үйрену. Аспапта орындаушылықтың бұрын меңгерілген дағдыларын жетілдіру.

      9-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесаларды үйрену.

      10-тақырып. Күрделі шығармаларды үйрену.

      86. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мажорлы және минорлы гаммаларды, барлық үндестіктегі екі және үш октавалық арпеджионы орындайды;

      2) түрлі үндестіктегі хроматикалық гаммаларды орындайды;

      3) сол қолдың техникасына ие болады (саусақтардың жүйріктілігі, позицияларды қосудың әртүрлі тәсілдері, қос ноталар және аккордтар);

      4) шертерде күрделі штрихтармен ойнау дағдыларына ие болады;

      5) интервалды техника дағдыларын біледі;

      6) музыкалық шығармаларды түсіндіреді;

      7) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін жеткізеді;

      8) музыкалық шығармаларды өз бетінше үйренеді.

      87. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық терминдерді;

      2) негізгі ойнау тәсілдерін (дыбыс шабуылының түрлерін, артикуляцияны, позицияларды ауыстыруды және ішектерді ауыстыруды, штрихтарды біледі);

      3) аспапта жеке орындауға тән көркемдік-орындаушылық, техникалық мүмкіндіктерді;

      4) музыкалық шығармалардың түрлі өңдеулерін;

      5) Бағдарламалық талаптарға сәйкес түрлі стильдегі және жанрлардағы шығармалардан тұратын гитараға арналған репертуарды;

      6) шертерде жеке, сол сияқты ансамбльде ойнау қағидаттарын, ережелерін біледі;

      7) музыкасын орындайтын композиторлар шығармашылығының негізгі заңдылықтарын;

      8) музыкант-орындаушының сахнада жұмыс істеу қағидаттарын біледі.

      Түлек:

      1) музыкалық шығарманы жеткілікті көркемдік деңгейде сауатты жеке орындайды;

      2) күрделі емес ноталық мәтінді өз бетінше талдай алады;

      3) жанры және стилі әртүрлі музыкалық шығармаларды аспапта өз бетінше жаттай алады;

      4) музыкалық ұжымда өзінің партиясын орындайды;

      5) аспаппен музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасайды;

      6) күрделі емес шығармаларды жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңеді;

      7) теориялық білімін орындаушылық практикада қолданады;

      8) орындалатын музыкалық шығармаларды талдай алады.

      Бітіруші түлекте:

      1) күрделі емес музыкалық шығармаларды есту бойынша ойнау және парақтан оқу;

      2) музыкалық-орындаушылық мәнерлік құралдарын қолдану;

      3) есту қабілетін бақылау және орындау процесін басқару;

      4) орындалатын шығармаларды теориялық талдау;

      5) орындаушылық тәжірибе, көпшілік алдында жеке өнер көрсету дағдылары қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      88. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау академиялық концерт, техникалық сынақ, бақылау жұмысы түрінде, қорытынды аттестаттау – емтихан түрінде іске асырылады.

      89. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – екінші тоқсанда: бақылау жұмысы (түрлі сипаттағы 2 немесе 3 шығарма, техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 күрделі шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2-3 шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 күрделі шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма), техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: бақылау сабағы (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 күрделі шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма (кантилена және техникалық сипаттағы шығарма), техникалық сипаттағы пьеса этюдпен алмастырылуы мүмкін), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: академиялық концерт (1 күрделі шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма, таңдау бойынша шығарма), төртінші тоқсанда: емтихан (түрлі сипаттағы 3 пьеса);

      6) 6 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), екінші тоқсанда: бақылау сабағы (1 күрделі шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма), төртінші тоқсанда: емтихан (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса);

      7) 7 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: тыңдалым (гаммаларды, арпеджионы, этюдтерді орындау, сынып бойынша талаптарға сәйкес терминдерді білу), үшінші тоқсанда: бақылау жұмысы (1 күрделі шығарма немесе түрлі сипаттағы 2 шығарма), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 күрделі шығарма, 1 Қазақстан композиторының шығармасы немесе қазақтың халық әуенін өңдеу, таңдауы бойынша 2 шығарма).

      90. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсету қабілеті;

      2) көркем бейнені толық ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі;

      4) орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      91. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – музыкалық шығарманың мазмұнын бейнені мәнерлі жеткізуі, форма сезімін нақты түсінуі, қарқынның біркелкілігі, динамикасының мәнерлігі, қағысының анықтылығы, динамикалық түрлілігі, өз орындауын тыңдауы, орындау техникасын еркін игеруі, әртістілігі және беріле орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – шығарманың формасын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсінуі, ноталық мәтінді қалыпты орындауы, қарқынның жылдамдығы, екпіндеуінің мәнерлілігі, динамикалық түрлілігі, естуді бақылауының жеткіліксіздігі, сахнада өзін ұстауындағы психологиялық тұрақсыздығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – музыканың бейнесін түсінбей авторлық ноталық мәтінді формалды түрде оқуы, өз орындауын тыңдауы, алайда бақылауының нашарлығы, темптік-ырғақтық дұрыс ұйымдаспағандығы, динамикалық бірсарындылығы және дыбысталудың бір қалыптылығы, сахнада өзін өзі ұстауының психологиялық тұрақсыздығы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – ноталық мәтінді айтудағы қателіктерінің болуы, тыңдауды бақылай алмауы, метриоритмикалық тұрақсыздығы, дыбыс шығарудың және дыбыс жүргізу сапасының төмендігі, мәнерлеп екпіндеудің болмауы, орындау барысында жиі тоқтауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
74-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Валторна" пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Валторна" пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Валторна" пәніне оқытудың мақсатын, оқыту нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) амбушюр – белгілі мүштік құрылғысы бар кейбір үрлемелі аспаптарда ойнау кезіндегі музыканттың ернін қою тәсілі;

      2) арпеджио – фортепианода, бірнеше клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбысы бірінен соң бірі шығатындай аккордтарды орындау тәсілдері;

      3) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияларды айту кезіндегі дыбыстардың ретті қатарын орындау тәсілі;

      4) вольта – музыкалық термин, музыкалық шығармалардың біршама өзгерістермен қайталануын білдіретін музыкалық қысқартудың бір түрі;

      5) деташе – ішекті-ысқылы аспаптарда орындау тәсілдерінің әртүрлілігі;

      6) децима – он сатыны құрайтын музыкалық аралық, 10 санымен белгіленеді;

      7) диминуэндо – дыбыс қаттылығын біртіндеп азайтуды білдіретін музыкалық термин;

      8) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе вокалдық партияны айту кезінде дыбыстарды құруға қажетті дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; дыбыс шығарудың, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың әртүрлі тәсілдерінің кейбір нюансировкалық қасиеттері;

      9) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында музыкалық дыбысты алу, шығару;

      10) дыбысты жүргізу – фонация кезіндегі дыбыстарды байланыстыру тәсілі;

      11) кварта – музыкалық аралық, жетілдірілген консонанстардың бірі;

      12) квинта – бес сатыны құрайтын музыкалық аралық, 5 санымен белгіленеді;

      13) квинтті шеңбер – туыстық деңгейін көрсететін үндестіктердің алшақ орналасқан екі жақты қатары;

      14) крещендо – дыбыс күшінің біртіндеп жоғарылауын білдіретін музыкалық термин;

      15) легато – музыкалық аспаптармен өзара байланысын үзбей, бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы орындау тәсілі, дыбыстар арасында үзіліс болмайды;

      16) минор – үйлесімді үндестіктің екі ладының бірі (мажормен қатар), минор дыбыстар қатарына тән ерекшелік – оның бірінші сатысынан кіші терцияға артта қалатын үшінші сатысы;

      17) музыка теориясындағы гамма – ұзақтығы белгісіз дыбыстардың қатары, көршілес басқыштары бір-бірінен толық бір тонға және жартылай тонға артта болады; мектептің орындаушылық практикасында гамма дегеніміз жоғары немесе төменгі октавалық дыбыстар қатарын білдіреді;

      18) нюанс – музыкалық әуезділікті сипаттайтын термин, нәзік айырмашылық, дыбыстағы сәл ғана білінетін ауысу: форте – қатты, dolce [долче] – нәзік, appassionato [аппосионато] – құлшыныспен және сол сияқты;

      19) реприза – музыкалық материал түпнұсқа немесе өзгерген түрінде қайталанып жеткізілетін музыкалық шығарма; материалды қайталау, сондай-ақ мұндай қайталауға арналған қысқартулар;

      20) ритм – уақыт аралығында музыканы ұйымдастыру;

      21) секунда – ені жағынан екі сатыны құрайтын, 2 белгісімен белгіленетін музыкалық аралық;

      22) синкопа – музыкадағы ритмикалық тірек тактінің күшті бөлігінен әлсіз бөлігіне ауысуы, яғни ритмикалық акценттің метрикалыққа сәйкес келмеуі;

      23) стаккато – дыбыстарды бір-бірінен кідірістермен бөлу арқылы үзіп орындауды белгілеуші музыкалық штрих; легатоға қарама-қайшы дыбыс шығарудың (артикуляция) негізгі тәсілдерінің бірі;

      24) тактіден тыс – келесі тактінің бірінші бөлігінің алдында келетін тактінің жарты бөлігі; бірінші тактінің алдында жазылатын, пьесаның басындағы бір немесе бірнеше дыбыс;

      25) тембр – дыбыстың бояуы; музыкалық дыбыстың өзіне тән ерекше қасиеттерінің бірі;

      26) терция – ені жағынан үш сатыны құрайтын 3 белгісімен белгіленетін музыкалық аралық;

      27) триоль – саны жағынан уақыты бойынша ұзақтығы дәл осындай екі нотаның дыбысталуына дәл келетін, ұзақтықтары бірдей үш нотадан құралған топ;

      28) фермата – музыкалық ноталар қатарындағы белгі, орындаушыға өзінің қалауы бойынша нотаның ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді;

      29) штрих – дыбыс құрайтын ноталарды, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі);

      30) үшдыбыстылық – терциялардың бойында орналасқан, үш дыбыстан құралған аккорд.

      3. Бағдарламаның мақсаты: валторнада ойнау бойынша білім, білік және дағдылары негізінде білім алушылардың музыкалық-шығармашылық дамуына жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльде сауатты орындауға мүмкіндік беретін валторнада ойнаудың негізгі дағдыларын меңгеру;

      2) бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды меңгеру және оларды валторнада орындау;

      3) оқу пәні бағдарламасының шеңберінде валторнада музыкалық орындаушылыққа қажетті музыкалық сауатты меңгеру;

      4) музыкалық материалмен өз бетінше жұмыс істеу, нотаны парақтан оқу дағдысын үйрену;

      5) композитордың көркемдік түпкі ойын іске асыру үшін қажетті құрал ретінде орындаушылық техниканы дамыту.

      Дамыту:

      1) музыкалық есте сақтау қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық жадын, музыкалық ойлауын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке деген оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалық ой-өрісін кеңейту, білім алушының жеке қабілеттерін дамыту;

      4) балалардың шығармашылық қызмет және көпшілік алдында өнер көрсету тәжірибесін алуы;

      5) әлемдік көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде білім алушының классикалық, заманауи, джаздық музыкаға деген қызығушылықтарын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының аспапта жеке және ансамбльде музыка ойнау мәдениетін, валторнада ойнау бойынша алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға талпынысын тәрбиелеу;

      2) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдай білуді тәрбиелеу;

      3) көркемдік талғамды, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      4) білім алушылардың бойында отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының үздік үлгілерін меңгеру арқылы сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      5) білім алушының музыкалық-шығармашылық қызметке деген саналы қатынасын қалыптастыру, оны музыка өнерін белсенді дәріптеуші ретінде тәрбиелеу;

      6) білім алушының кәсіби оқуын жалғастыруға деген саналы уәждемесін қалыптастыру.

      5. Балаларды валторнада ойнауға оқыту мерзімі – жеті жылды құрайды. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      6. Бағдарлама валторнада ойнау техникасын меңгергісі келетін, қазақ, орыс, халық әуендерінің, әлем халықтары әуендерінің өңдеулері мен ыңғайландырылған классикалық шығармаларын үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Оқу пәнінің мақсаты тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың валторнада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      9. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      10. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      11. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздік қорын және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      12. Бағдарлама болашақ кәсіпқой музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі валторнада ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      14. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      15. Білім беру бағдарламасы білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен валторнада ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыкалық мәдениетке араласуы;

      5) музыка өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      18. Ұжымдық музыка ойнаудың негізгі практикалық міндеттері – ансамбльдің дыбысталуын ести білу, бірыңғай ритмикалық қағысты сезіну, өзгермелі икемді ритмде келісілген түрде және көркем ойнау, бірге орындау, ансамбльдің қатысушыларымен өзара әрекеттесу сияқты ансамбльде ойнаудың арнайы дағдыларын қалыптастыру.

      19. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі құзыреттіліктеріне – оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      20. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      21. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып, білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты аспапта ойнаудың орындаушылық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      22. "Валторна" аспабына жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      23. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      24. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      25. Сабақ формалары:

      1) практикалық – ойнау тәсілдері мен дағдылары аспапта пысықталады;

      2) топтық сабақтар ансамбльде ұжыммен музыка ойнау үшін өткізіледі;

      3) дайындық-концерттік – дайындық және концерттік нөмірлерді көпшілік алдында көрсету;

      4) байқаулар;

      5) ойын сабағы – сабақ барысында ойын технологияларын қолдану;

      6) экскурсия сабағы.

      26. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақ жоспары бір уақытта өткізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      27. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) ансамбльде ойнау;

      2) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      3) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға және тағы басқаларға бару;

      5) музыка қайраткерлерімен, орындаушылармен, композиторлармен кездесу.

      28. Осы бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      29. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      30. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      31. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) негіздеме ретінде білім беру бағдарламасы;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және/немесе уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      32. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      33. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      34. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      35. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      36. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      37. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде бағдарламаны іске асырудың жеке жоспарлары, күрделілік деңгейі бойынша концерттік және емтихандық бағдарламалары бір бірінен біршама ерекшеленеді.

      38. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтерінен тұратын заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      39. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      40. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      41. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      42. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетелдердің музыкасын, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      43. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      44. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      45. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      46. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      47. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырып отырады.

      48. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтихандық) орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатынын ескереді.

      49. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      50. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      51. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      52. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      53. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      54. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      55. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға жұмсалатын уақыт шығынын ескеріліп анықталады.

      56. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      57. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбысты дамытуға арналған жаттығулар – дыбыстың ұзақтығымен жұмыс;

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс – гаммалар, жаттығулар, этюдтер;

      3) көркемдік материалмен жұмыс – пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар;

      4) ноталарды парақтан оқу.

      58. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      59. Педагог алғашқы сабақтарды тынысты дұрыс қою амалдарын, дыбыс шығару тәсілдерін меңгеруге, аппликатураны және аспапты дұрыс ұстау білігін үйренуге арнайды. Педагог бірінші оқу жылы ағымында білім алушының оңтайлы қойылым ережелерін меңгеруіне назар аударады.

      60. Білім алушы бірінші сабақтардан бастап өзінің шамасы жететін көркемдік шығармаларды меңгереді, авторлық мәтінді нақты оқиды, техникалық қиындықтарды талдайды, өзінің орындауын мұқтият тыңдайды, дыбыс, ырғақ сапасын үнемі қадағалайды.

      61. Педагог тәсілдерді түсіндіреді, білім алушыны автор талап ететін сипатта пассажды, фразаны немесе жеке дыбысты орындау үшін қажетті амбушюр, бұлшық ет сезімдерін өзі табуына итермелейді, білім алушыны музыкаға үйретеді, музыкалық мәдениетті, талғамды, қажеттілікті, музыка ойнау әдетін дамытады.

      62. Педагог оқытудың барлық кезеңінде ноталық мәтіннің, тәртіптің нақты орындалуына тырысады, білім алушының бойында кәсіпқойлықты тәрбиелейді.

      63. Білім алушы дыбыспен жұмыс істеу кезінде оның қалыптылығына, сапасына, тембріне, ырғағының тазалығына, динамикасына, филировкасына қол жеткізуге тырысады.

      64. Білім алушы гаммалармен, жаттығулармен, этюдтермен жұмыс істеу кезінде өңдеудің әртүрлі штрихтық, динамикалық және ритмикалық тәсілдерін қолданады. Саусақ техникасымен жұмыс түсінікті, механикалық ойнаудан аулақ болуы керек және көркемдік міндеттерге бағынуы тиіс.

      65. Концертмейстермен жүйелі түрде жүргізілетін сабақтар білім алушының талғамын қалыптастырады, оған ансамбльде ойнау дағдыларын меңгеруге, үйретілетін шығарманың мазмұнын, стилін, формасын түсінуге, таза ырғақтау және орындаушылық тынысты бөлу дағдыларын алуға, дәл нюансировка жасау және әрбір музыкалық фразану түсінуге көмектеседі.

      66. Педагог сабақтарда аспаптың дыбыс диапазонының біртіндеп күшеюін бақылайды; саусақтардың қозғалысы, олардың тыныс және амбушюр жұмысымен үйлесуі техниканың орындалуын қамтамасыз етеді.

      67. "Валторна" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті", "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      68. 1 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы аспаппен, оның құрылысымен, оны күтіп баптау ережелерімен, ноталардың аталуымен, олардың дыбыстардың ұзақтығы бойынша ноталық станда орналасуымен және қарапайым теориялық мәліметтермен танысады;

      2) денені, қолдарды, аяқтарды қою бойынша жұмыс жүргізіледі, орындаушылық тыныс, алғашқы дыбыс шығару дағдылары туралы түсініктері қалыптасады;

      3) білім алушы штрих, деташе, стаккато және легато штрихтарын, табиғи дыбыстар қатарының дыбыстарын: бірінші октаваның "до", "ми", "соль", кіші октаваның "соль" екінші октаваның "до" дыбысын, диатоникалық дыбыстар қатарының кіші октавадағы "соль" дыбысынан екінші октаваның "до" дыбысын, тік қозғалыстағы тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын; 10-15 этюд пен жаттығуларды, сипаты жағынан әртүрлі 10-15 пьесаны және халық әндері мен билерін меңгереді.

      69. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық бөлімдер құрайды.

      1) Орындаушылық аппаратты қою.

      2) Техникалық дағдылар.

      3) Музыкалық сауат.

      4) Көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс.

      5) Жанрлар мен формаларды меңгеру.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Еріннің, еріндегі мүштіктің орналасу қалпы. Дененің, бастың, қолдардың қалпы. Тұрып ойнау кезіндегі аспаптың орналасу қалпы. Отырып ойнау кезіндегі аспаптың орналасу қалпы.

      2-тақырып. Орындаушылық тынысты қою. Дыбыс шығару және тілдің қызметі: дыбыс шабуылы туралы түсінік.

      3-тақырып. Техникалық дағдылар. Табиғи дыбыстар қатарының дыбыстарын меңгеру: бірінші октаваның "до", "ми", "соль", кіші октаваның "соль", екінші октаваның "до" дыбысы. Диатоникалық дыбыстар қатарының кіші октавадағы "соль" нотасынан бастап екінші октавадағы "до" нотасына дейінгі дыбыстар. Деташе және легато штрихтарымен орындаудың қарапайым дағдыларын меңгерту. Секунда, терция, кварта, квинта аралықтарымен орындау дағдыларын практика жүзінде меңгеру.

      3-тақырып. Музыкалық сауат. Музыкалық және музыкалық емес дауыстар. Дыбыстың жоғарылығы. Жартылай тон, тон. Унисон. Октава. Дыбыстардың аталуы. Дыбыстар қатары. Негізгі дыбыстар қатары. Хроматикалық дыбыстар қатары. Октавалар.

      4-тақырып. Ноталық жүйе. Нота ұстағыш, ноталық белгілер. Кілттер. Қосалқы сызықтар. Октава белгісі. Альтерация белгілері. Дыбыстың ұзақтығын жазу. Метрикалық екпіндер. Такті, тактінің бөліктері. Метр, өлшем. Күшті және әлсіз бөліктері. Қарапайым өлшемдер. Қиын өлшемдер. Төрттік төртінші өлшем. Дирижерлеу. Лига. Фермата нүктесі. Үзілістер. Динамика. Қарқынды және орындау сипатының белгілері. Затакт. Ноталық жазбаларын қысқарту белгілері. Реприза, вольта. Аралықтар. Лад туралы түсінік. Триоль. Синкопа.

      5-тақырып. Көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс. Музыканың мінезін анықтау, таныс емес әндердің әуенін және ритімін ажырата алу білігін дамыту. Ойнау дағдыларын қолдану үшін естуі бойынша әуеннің қимылының бағытын анықтау.

      6-тақырып. Жанрлар мен формаларды меңгеру: марштар, әндер, билер.

      7-тақырып. Жаттығуларды жаттау. Этюдтерді жаттау. Пьесаларды жаттау. Халық әндерін жаттау. Билерді жаттау.

      70. 1 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) құрылғыны және валторнаны күту ережелерін біледі;

      2) музыкалық сауат негіздерін біледі;

      3) валторнада ойнау кезінде дұрыс тыныс алуды қолданады;

      4) амбушюрды қоюды біледі;

      5) табиғи дыбыстар қатарының дыбыстарын біледі: бірінші октаваның "до", "ми", "соль", кіші октаваның "соль", екінші октаваның "до";

      6) диатоникалық дыбыстар қатарының кіші октавадағы "соль" нотасынан бастап екінші октаваның "до" дыбысын біледі;

      7) деташе және легато штрихтарымен орындау дағдысына ие болады;

      8) секунда, терция, кварта, квинта аралықтарын орындау дағдыларын біледі;

      9) нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      10) қарапайым жаттығуларды, этюдтерді, пьесаларды орындайды.

      71. 2 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) орындаушылық аппараты қою, амбушюрді, орындаушылық тынысты бекіту және дамыту, тіл мен саусақтардың қозғалмалылығын дамыту, шығаратын дыбыстардың диапазонын кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) динамикалық бояулармен секста, септима, октава аралықтарын орындау, үрлемелі аспаптар ансамблінде ойнау, ноталарды парақтан оқу, үлкен секундаға төмен тасымалдау дағдылары меңгеріледі;

      3) музыкалық шығарманың құрылысымен танысу, пьесаның ішіндегі жеке және жалпы шарықтау шегін анықтау білігін дамыту, менуэт, сарабанда, серенада, романс, вальс, галоп жанрлары мен формаларын меңгеру жалғастырылады;

      4) білім алушы бір немесе екі октавада, төрттік ұзақтықтармен екі белгіні қоса алғандағы екі белгіге дейінгі мажор гаммасын; баяу қарқындағы тік қозғалыстағы тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын; 10-15 жаттығу этюдтерін, түрлі сипаттағы 10-12 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді меңгереді.

      72. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Амбушюрды, орындаушылық тынысты бекіту және дамыту, тіл мен саусақтардың қозғалмалылығын дамыту. Шығарылатын дыбыстардың диапазонын кеңейту.

      2-тақырып. Техникалық дағдылар. Деташе, легато, стаккато штрихтарымен орындау.

      3-тақырып. Пиано, меццо форте, акцент, крещендо, диминуэндо динамикалық бояуларымен секста, септима, октава аралықтарын орындау.

      4-тақырып. Үрлемелі аспаптар ансамблінде ойнау, парақтан оқу дағдыларын үйрету.

      5-тақырып. Үлкен позицияға төмен тасымалдау дағдысын меңгеру. Аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту бойынша жұмыс.

      6-тақырып. Музыкалық сауат: үшдыбысты арпеджио, оның айналымдары, бемоль және диез үндестіліктерінің пайда болуы, ладпен танысу.

      7-тақырып. Көркемдік бейнені құру бойынша жұмыс. Мазмұны және формасы жағынан қарапайым және көркемдік бейнелілігі анық пьесаларды орындау. Мәнерлі орындауға қол жеткізу. Әуенді ашық анықтау, әншілік дыбыспен, жақсы легатомен ойнау.

      8-тақырып. Музыкалық-бейнелі ойлауды әрі қарай дамыту. Музыкалық шығарманың құрылысымен танысу. Пьесаның ішіндегі жеке және жалпы шарықтау шегін анықтау білігін дамыту.

      9-тақырып. Жанрлар мен формаларды меңгеру: менуэт, сарабанда, серенада, романс, вальс, галоп.

      10-тақырып. Жаттығуларды жаттау.

      11-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      12-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      73. 2 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деташе, легато, стаккато штрихтарымен орындау дағдыларына ие болады;

      2) пиано, меццо форте, акцент, крещендо, диминуэндо динамикалық бояуларымен секста, септима, октава араықтарын орындау дағдыларына ие болады;

      3) үлкен секундаға төмен тасымалдау дағдыларына ие болады;

      4) пьесаның ішіндегі жеке және жалпы шарықтау шегін анықтай алады;

      5) жанрлар мен формаларды біледі: менуэт, сарабанда, серенада, романс, вальс, галоп.

      74. 3 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушының орындаушылық аппаратын, музыкалық-бейнелі ойлау және орындаушылық дағдыларын дамыту, орындаушылық техниканы қалыптастыру, этюдтер мен жаттығуларды парақтан оқу дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар әрі қарай жүргізіледі;

      2) білім алушы көркемдік және техникалық жақтары арасындағы байланыстарды ескеріп, үйретілетін пьесалардағы және шығармалардағы мейлінше қиын эпизодтарды пысықтайды;

      3) білім алушы екі белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, бір немесе екі октавада, баяу қалыпта төрттік ұзақтықтармен, деташе штрихтарымен, тік қозғалыстағы баяу қалыптағы тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосы (айналымдарымен), әртүрлі техниканың түріне арналған 10-15 этюд пен жаттығуды, әртүрлі сипаттағы 10-12 пьесаны (шағын формадағы), оның ішінде ансамбльді меңгереді.

      75. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою: амбушюр техникасын және ерін, саусақ және тіл жұмысын үйлестіру дағдысын әрі қарай дамыту, білім алушының орындаушылық тынысын дамыту. Шығаратын дыбыстардың диапазонын кеңейту.

      2-тақырып. Техникалық дағдылар. Аспаптық дыбысталу сапасын жақсарту бойынша жұмыс. Әуендік безендірулерді практикада үйрену: қысқа және ұзақ форшлагтар, мордент.

      3-тақырып. Штрихтар: деташе, легато, стаккато, портато, нон легато. Баяу қарқында нона және децима аралықтарын орындау дағдыларын дамыту. Дыбыс тесситурасы бойынша ыңғайлы баяу қарқындағы төрттіктермен хроматикалық гаммаларды орындау дағдыларын машықтандыру. Оң қолдың көмегімен сурдина бойынша ойнау дағдыларын үйрету.

      4-тақырып. Үрлемелі аспаптар ансамблінде ойнау дағдылары. Үлкен және кіші секундаға төмен тасымалдау дағдысы (валторнаның қатары: ми және ми бемоль). Оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша валторнаның партиясын үйрену. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын жетілдіру.

      5-тақырып. Музыкалық сауат. Паралелль минор, оның түрлері, оның мадр гаммасынан және керісінше табу. Бемоль және диез үндестіліктерінің пайда болуы. Квартті шеңбер. Квинтті-квартті шеңбер. Үшдыбыстылық айналымы.

      6-тақырып. Көркемдік бейне жасау бойынша жұмыс. Музыканы түсіну, экмоциямен қабылдау қабілетін дамыту. Есту дағдыларын қалыптастыру (дыбыстарды тыңдау, олардың мәнерлік мағыналарын ажырату, аспапта түсініп орындау, дыбысталуды есту арқылы басқару). Музыкалық шығарманың формасын анықтау білігін дамыту.

      7-тақырып. Жанрлар мен формаларды меңгеру.

      8-тақырып. Жаттығуларды жаттау.

      9-тақырып. Этюдтерді жаттау.

      10-тақырып. Пьесаларды жаттау.

      76. 3 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деташе, легато, стаккато, портато, нон легато штрихтарын біледі;

      2) пьесалар мен ірі нысанды шығармаларды орындау кезіндегі көркемдік және техникалық жақтарының арасындағы байланысты ескереді;

      3) мәнерліктік музыкалық-орындаушылық құралдарын пайдалану дағдыларын біледі (штрихтармен, нюанстармен, дыбыс жүргізумен жұмыс);

      4) аралықтарды, тесситура бойынша ыңғайлы дыбыстарды баяу қарқында төрттіктермен хроматикалық гаммаларды орындау дағдыларын біледі;

      5) оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша валторна партияларын біледі;

      6) ноталарды парақтан оқу дағдылары жетілдіріледі;

      7) "параллель минор" түсінігін, оның түрлерін, оның мажор гаммасынан және кері қарай табылауын біледі;

      8) "бемоль үндестіліктері", "диез үндестіліктері", "квартті шеңбер", "квинтті шеңбер", "квартті-квинтті шеңбер", "үшдыбыстылық айналымы", "соната" түсініктерін біледі.

      77. 4 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) дыбыс сапасы мен орындау мәнерлігініе талап жоғарылаған кезде орындаушылық техниканы қалыптастыру бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылады;

      2) пьесаларды, ірі нысанды шығармаларды орындау кезінде көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдер машықтандырылады, ноталарды парақтан оқу, шығармаларды талдау дағдысы дамытылады;

      3) білім алушы үш белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, екі октавада, қалыпты қарқында сегіздіктермен, "до" дыбысынан хроматикалық гамманы, тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын тік қозғалыста қалыпты қарқында, әртүрлі техниканың түріне арналған 10-12 этюдті, 8-10 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді меңгереді.

      78. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Амбушюр техникасы. Ерін, саусақтардың және тілдің жұмысын үйлестіру. Білім алушының орындаушылық тынысы. Шығатын дыбыстардың диапазоны.

      2-тақырып. Техникалық дағдылар. Аспаптың дыбысталу сапасы. Әуендік әр беруді практикада үйрену.

      3-тақырып. Деташе, легато, стаккато, портато, нон легато штрихтарымен орындау дағдыларын жетілдіру. Баяу қарқында нона және децима аралықтарын орындау дағдыларын жетілдіру. Хроматикалық гаммаларды төрттіктермен баяу қарқында тесситурасы бойынша ыңғайлы дыбыстарда орындау дағдысын үйрету. Оң қолдың көмегімен сурдина бойынша айту дағдысын үйрету.

      4-тақырып. Үрлемелі аспаптар ансамблінде ойнау дағдысын жетілдіру. Үлкен және кіші секундаға төмен тасымалдау дағдысын жетілдіру (валторнаның қатары: ми және ми бемоль).

      5-тақырып. Оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша валторнаның партияларын үйрену. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын жетілдіру.

      6-тақырып. Музыкалық сауат: параллель минор, оның түрлері, оның мажор гаммасынан орналасуы және керісінше, бемоль және диез үндестіктерінің пайда болуы, квартті шеңбер, квартты-квинтті шеңбер, үшдыбыстылық айналымы.

      7-тақырып. Көркемдік бейнені құру бойынша жұмыс: музыканы түсіну, эмоциямен қабылдау қабілетін әрі қарай дамыту. Есту дағдыларын қалыптастыру (дыбыстарды тыңдау, олардың мәнерлік құралдарын ажырату, дыбысталуды есту арқылы бақылау). Өз бетінше ойлауға, шығармашылыққа талпынуды тәрбиелеу. Музыкалық-бейнелі ойлауды дамыту, музыкалық шығарманың формасын анықтауды тәрбиелеу.

      8-тақырып. Музыкалық шығармалардың жанрлары мен формаларын меңгеру. Соната.

      9-тақырып. Жаттығуларды жаттау. Этюдтерді жаттау. Пьесаларды жаттау.

      79. 4 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) оркестр сыныбының бағдарламасы бойынша валторна партиясын біледі;

      2) ноталарды парақтан оқи алады;

      3) параллель минордың түрлерін біледі;

      4) мажор гаммасынан және керісінше параллель минорды таба алады;

      5) "квартты шеңбер", "квинтті шеңбер", "квартты-квинтті шеңбер", "үшдыбыстылық айналымы" түсініктерін біледі;

      6) музыкалық шығарманың формасын анықтайды.

      80. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны:

      1) теориялық материалды үйрену, ырғақтау сапасын жақсарту үшін көмекші және қосымша аппликатураларды қолдану техникасын әрі қарай дамыту, штрихтармен орындау дағдысын жетілдіру, көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс жалғастырылады;

      2) білім алушы бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, тік қозғалыстағы және айналымдағы тоникалық үшдыбыстылық арпеджиосын, әр түрлі дыбыстардағы хроматикалық гаммаларды, әртүрлі техниканың түріне арналған 10-12 этюдті, әртүрлі сипаттағы 8-10 пьесаны (оның ішінде ансамбльді) меңгереді.

      81. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою: орындаушылық тыныс техникасын және жылдам қарқындағы ерін, тіл мен саусақтардың жұмысын үйлестіру дағдысын әрі қарай жетілдіру. Шығатын дыбыстардың диапазонын кеңейту.

      2-тақырып. Техникалық дағдылар: қосарланған валторнада "фа" — "си-бемоль" қатарын ойнау дағдысын жетілдіру, ырғақ сапасын жақсарту үшін көмекші және қосымша аппликатураны қолдану техникасын әрі қарай жетілдіру. Деташе, легато, стаккато, портато, нон легато, маркато штрихтарымен, форшлаг, мордент, группето мелизмдермен орындау дағдысын жетілдіру. Сурдина бойынша орындау, үрлемелі аспаптардың камералық ансамблінде ойнау дағдыларын әрі қарай жетілдіру. Оркестр сыныбының партиясын үйрену, ноталарды парақтан оқу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізу.

      3-тақырып. Музыкалық сауат: септаккорд және оның айналымдары.

      4-тақырып. Көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс: музыкалық назарды шоғырландыру және бөлу дағдысын қалыптастыру (әуенді аспаппен шығару кезінде қабылдау), музыканы тыңдау, музыкалық дыбыстарды түсініп "шығару". Шығармалардағы композитордың түпкі ойын ашу білігі бойынша жұмысты жалғастыру. Ырғақтық мәнерлігімен және фразировканың анықтылығымен, музыкалық шығарманы орындаудың тұтастығымен жұмысты жалғастыру. Қарқындармен, әртүрлі өлшемдермен және ритмикалық фигурациялармен танысу, динамикамен және дыбыс жүргізумен жұмыс.

      5-тақырып. Музыкалық шығармалардың жанрлары және формаларын меңгеру: ноктюрн, рапсодия, концерт.

      82. 5 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техниканы біледі;

      2) орындаушылық техниканың алуан түрлерін біледі;

      3) шығарманы орындау кезінде көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдерді қолданады;

      4) ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамытады;

      5) орындалатын шығармаларды орындау дағдыларын біледі.

      83. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны:

      1) мелизмдерді алдында үйренген штрихтармен және динамикалық бояулармен орындау, оркестрлік партияларды және шағын көлемдегі пьесаларды өз бетінше жаттау, ноталарды парақтан оқу және тасымалдау дағдыларын жетілдіру жалғастырылады, дыбыстың көмекші шабуылы тәсілі машықтандырылады, музыкалық шығармалардың жанрлары мен формалары меңгеріледі: прелюдия, ария, концерт, элегия, менуэт;

      2) білім алушының орындаушылық аппаратын жетілдіру, көркемдік талғамын, музыкалық есте сақтау жадын, ойлауын дамыту, орындалатын шығармалардың фразировкасын (мәнерлеу) және олармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

      3) шығаратын дыбыстардың барлық диапазоны шеңберінде, әсіресе жоғарғы және төменгі регистрлерде (мұңды дыбыстармен жұмысты қоса алғанда) аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту бойынша әрі қарай жұмыс істеу;

      4) білім алушы баяу қарқындағы алты белгіге дейінгі мажор және минор гаммаларын, тік қозғалыстағы айналымдарымен үндестіктегі үшдыбыстылық арпеджиосын; баяу қарқындағы хроматикалық гаммаларды; әртүрлі техниканың түріне арналған 8-10 этюдті, шағын нысанды 6-8 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді; ірі нысанды 1-2 пьесаны (концерт, соната, поэма) меңгереді.

      84. 6 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Білім алушының музыкалық-орындаушылық дағдысын жетілдіру. Орындаушылық тыныс техникасын дамыту. Дыбыс шабуылы. Валторнаның шеткі регистрлерінің (жоғарғы және төмен) дыбыстарын сенімді және тұрақты шығаруға қол жеткізу бойынша жұмыс. Алдында өтілген штрихтармен және динамикалық бояулармен мелизмдерді (форшлаг, мордент, группето, дыбыстың құбылуы) орындау дағдыларын жетілдіру.

      2-тақырып. Техникалық дағдылар. Дыбыстың көмешкі шабуылы тәсілі. Оркестрлік партияларды және шағын нысанды пьесаларды жаттау, ноталарды парақтан оқу және тасымалдау дағдыларын жетілдіру.

      3-тақырып. Музыкалық сауат. Энгармониялық тең үндестіліктер, бір атаулы үндестіліктер, аралықтар октавадан үлкен.

      4-тақырып. Көркемдік бейнені құру бойынша жұмыс. Музыканың мазмұны туралы толық түсінік, музыкалық шығарманы терең түсіну, оның көркемдік мәнін ұғыну.

      5-тақырып. Музыкалық тілдің ерекшеліктерін, композиторлардың көзқарастарын және шығармашылық нақыштарын үйрену. Әуенді талдау (мәнерлік, жоғары дыбыстылық қатынастар, ырғақтық қатар, мінез, дамуы, тембрлік қасиеттері), оны құру заңдылықтарын анықтау білігін қалыптастыру. Сахналық дағдыларды, әртістікті дамыту.

      6-тақырып. Музыкалық шығармалардың жанрлары мен формаларын меңгеру: прелюдия, ария, концерт, элегия, менуэт.

      7-тақырып. Әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтерді жаттау.

      8-тақырып. Пьесаларды, ансамбльдерді жаттау.

      9-тақырып. Ірі нысанды пьесаларды жаттау (концерт, соната, поэма).

      85. 6 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) валторнада ойнаудың орындаушылық техникасына ие болады;

      2) оркестрлік партияларды және шағын формадағы пьесаларды біледі;

      3) ноталарды парақтан оқу және тасымалдау дағдыларын біледі;

      4) "энгармониялық қалыпты үндестіліктер", "бір атаулы үндестіліктер", "аралықтар октавадан үлкен" түсініктерін біледі;

      5) шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені құра алады;

      6) орындалатын шығармалардың әуендерін талдауды біледі;

      7) сахналық, әртістік дағдыларға ие болады;

      8) прелюдия, ария, концерт, элегия, менуэт жанрларын біледі.

      86. 7 сыныптағы бағдарламалық талаптар:

      1) білім алушы баяу қалыптағы алты белгіге дейінгі мажор және мажор гаммаларын, тік қозғалыстағы үшдыбыстылық арпеджиосын және оның айналымдарын, баяу қарқындағы хроматикалық гаммаларды, әртүрлі техниканың түріне арналған 8-10 этюдті, шағын формадағы 6-8 пьесаны, оның ішінде ансамбльдерді, ірі нысанды 1-2 шығарманы (концерт, соната, поэма) меңгереді.

      87. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық аппаратты қою. Білім алушының музыкалық-орындаушылық дағдыларын жетілдіру. Орындаушылық тыныс техникасын, дыбыс шабуылын дамыту. Валторнаның шеткі регистрлерінің (жоғары және төменгі) сенімді және тұрақты дыбыс шығаруына қол жеткізу. Бұрын меңгерілген барлық штрихтармен және динамикалық бояулармен мелизмдерді (форшлагов, мордентов, группето, трелей) орындау дағдыларын меңгеру.

      2-тақырып. Техникалық дағдылар. Дыбыстардың көмекші шабуылдарын немесе "қосарланған" және "үш еселенген" стаккато тәсілдерін жетілдіру. Сурдина бойынша орындау дағдыларын, оркестрлік партияларды және шағын формадағы пьесаларды өз беттерінше жаттау дағдыларын жетілдіру. Ноталарды парақтан оқу және тасымалдау дағдыларын жетілдіру.

      3-тақырып. Көркемдік бейнені жасау бойынша жұмыс. Музыкалық шығармалардың музыкалық жанрлары және формалары туралы білімді кеңейту: үш бөлікті форма (қарапайым және күрдделі), еркін форма, вариациялар. Музыканың метроритмикалық ерекшеліктері туралы түсінікті жетілдіру (ритмикалық қағыс туралы түсінік). Музыканы мейлінше ене тыңдау және оның көркемдік-мәнерлеу құралдарын тереңірек түсіну қабілеттерін тәрбиелеу. Музыкалық бейнені эстетикалық қабылдауды дамыту: әуеннің, үйлесімділіктің, әртүрлі стильдер (ритмикалық, агогикалық ерекшеліктер, осы дәуірдің кескіндемесімен, сәулет өнерімен танысу) шеңберіндегі ритмді. Музыкалық өнердің көркемдік формасы туралы білімді тереңдету.

      4-тақырып. Музыкалық шығармалардың жанрлары мен формаларын меңгеру: концерттік рондо, пастораль.

      88. 7 сыныптың бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орындаушылық техниканы біледі;

      2) валторнаның шеткі регистрлерінен дыбыс шығаруды біледі;

      3) бұрын үйренген штрихтармен және динамикалық бояулармен мелизмдерді орындау дағдыларын біледі;

      4) дауыстың көмекші шабуылы тәсілін біледі;

      5) ноталарды парақтан оқу және тасымалдау дағдыларын біледі;

      6) "үш бөлікті еркін форма", "вариация", "ритмикалық пульс", "концерттік рондо", "пастораль" түсініктерін біледі.

      89. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыка өнері саласындағы атақты отандық және шетел шығармаларының композиторларының шығармашылығын;

      2) валторнаның көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін;

      3) музыкалық жанрларды және негізгі стильдік бағыттарды;

      4) әртүрлі жанрдағы музыканы;

      5) әлемдік музыка мәдениетінің озық үлгілерін;

      6) музыкалық сауаттың негіздерін;

      7) музыкалық өнерде қолданатын музыкалық мәнерліктің негізгі құралдарын;

      8) жиі қолданылатын музыкалық терминдерді;

      9) бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларды қамтитын репертуарлық тізбені біледі.

      Түлек:

      1) әртүрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларды өз бетінше жаттауды;

      2) жеңіл музыкалық шығарманы жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңуді;

      3) музыкалық шығарманы орындау кезінде көркемдік бейнені жасауды;

      4) үйренген музыкалық шығармаларды сауатты орындауды;

      5) музыкалық шығарма мәнмәтініндегі мәнерлік құралдарының рөлін түсіндіре отырып, ноталық мәтінді талдауды;

      6) жеке, ансамбльде және оркестрде ойнауды;

      7) дыбыстық техникамен жұмыс істеуді біледі.

      Түлекте:

      1) авторлық мәтінді барынша дәлелді түсіндіруге қол жеткізуге мүмкіндік беретін орындаушылық білім, білік және дағдылар кешені, әртүрлі кезеңдердегі, стильдердегі, бағыттардағы, жанрлардағы және формалардағы музыкалық шығармалардан құралған репертуарды өз бетінше жинақтау;

      2) музыкалық шығармаларды парақтан оқу білігі, жеңіл музыкалық шығармаларды есту бойынша және парақтан оқу дағдысы;

      3) ансамбльдік музыка ойнау негіздері;

      4) білім алушының көркемдік талғамы;

      5) музыкалық орындаушылықтың мәнерлік құралдарын қолдану дағдылары;

      6) естуді бақылау және орындау процесін басқару білігін тәрбиелеу дағдылары;

      7) музыкалық-орындаушылық мәнерлеу құралдарын қолдану, орындалатын шығармаларға талдау жасау, әртүрлі орындау техникасын меңгеру, көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдерді қолдану дағдылары;

      8) орындалатын шығармаларды теориялық талдау дағдысы;

      9) жеке орындаушы ретіндегі дайындық-концерттік жұмыс дағдысы;

      10) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдысы қалыптасқан.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      90. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының білім беру бағдарламасын игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, академиялық концерт, техникалық сынақ түрінде, қорытынды аттестаттау –емтихан түрінде іске асырылады.

      91. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші тоқсанда: бақылау жұмысы (2 этюд немесе 2 жаттығу, 2 пьеса), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы екі пьеса), үшінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, 2 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, 2 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші, үшінші тоқсандарда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, 2 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (ірі нысанды 1 концерттік шығарма), төртінші тоқсанда: академиялық концерт (Қазақстан композиторның 1 пьесасы, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса немесе 1 ірі нысанды шығарма);

      5) 5 – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, 2 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (әртүрлі сипаттағы 3 пьеса немеме 1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса);

      6) 6 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, оркестрлік партия – орта қиындықтағы 2 этюд) екінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажорлы, минорлы гаммалар, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, оркестрлік партия – орта қиындықтағы 2 этюд), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары және үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, оркестрлік партиялар – орта қиындықтағы 2 этюд, нотаны парақтан оқу), төртінші тоқсанда: емтихан (2 этюд, 1 ірі нысанды шығарма, 1 пьеса);

      7) 7 сынып – бірінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, оркестрлік пария – орта қиындықтағы 2 этюд), екінші тоқсанда: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса), үшінші тоқсанда: техникалық сынақ (мажор, минор гаммалары, үшдыбыстылық арпеджиосы, септаккордтар, оркестрлік партия – орта қиындықтағы 2 этюд, нотаны парақтан оқу), төртінші тоқсанда: бітіру емтиханы (1 ірі нысанды шығарма, әртүрлі сипаттағы 2 пьеса, Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау міндетті).

      92. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) денені, саусақ аппаратын, аяқты, амбушюрды қою, орындаушылық тынысты, саусақ аппаратын меңгеруі, саусақтарды көтерудің амплитудасы және синхрондылығы; моторлығы;

      2) музыкалық дыбысты меңгеруі (шабуыл және дыбысты тоқтату, артикуляция), тембрдің мәнерлігі, дыбыстың созылмалығы (тыныс шығарудың дамығандығы), бір нюанстағы дыбыстың созылуы, дыбыстың динамикадағы созылуы (крещендо, диминуэндо), дыбыстың ырғақтық тазалығы, нюансировкалар, негізгі штрихтар);

      3) музыкалық қабілеттерінің, физикалық төзімділігінің, музыканы есте сақтау жадының (музыкалық шығарманы тоқтамай және қатесіз орындау) даму деңгейі;

      4) музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізуі, шығарманың бірыңғай қарқынын ұстап тұру білігі (егер қарқындық ауытқулар болмаса), музыкалық шығармаларды қарқындық ауытқулармен сезіну және орындау, ритмикалық комбинациялардың қалпытылығы ("ритмикалық сурет).

      93. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" – бағдарламаны оқыту жылына сәйкес жатқа, мәнерлеп орындауы, мәтінді жақсы білуі, қажетті техникалық тәсілдерді, штрихтарды білуі, дыбысты жақсы шығаруы, орындалатын шығарманың стилін білуі, автордың түпкі ойына сәйкес, көркемдік бейнені жасауға мүмкіндік беретін көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдерді қолдануы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – бағдарлама оқыту жылына сәйкес, анық көркемдік-музыкалық жеткізуді қолданып сауатты орындау, ұсақ техникалық қателіктердің болуы, қарқынның сәл сәйкес келмеуі, орындалатын шығарманың бейнесін нақты жеткізуі жеткіліксіз;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – ноталық мәтінді толық білмеуі, мәтінді жаттамауы, техникалық дайындығының төмендігі, көркемдік жағынан әлсіз ойнауы, орындау кезінде техникалық қателіктер жіберілген, шығарманың мінезі анықталмаған;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – шығарманы қателерімен орындауы, музыканың мағынасы мен сипатын дұрыс жеткізбеуі, темпті, ритмді сақтамауы, ырғақтың және ансамбльдің болмауы, ноталық мәтінді жатқа білмеуі, аспапта ойнау дағдысының әлсіз болуы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
75-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Грим", "Актерлік шеберлік", "Акробатика", "Қосымша музыкалық аспап", "Сахна өнері" және басқа" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің (хореография бөлімі) "Таңдау бойынша пән: "Грим", "Актерлік шеберлік", "Акробатика", "Қосымша музыкалық аспап", "Сахна өнері" және басқа" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) таңдау пәндеріне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың таңдау пәндері бойынша теориялық және практикалық білім, білік және дағдыларды алуына, өнер құралдары арқылы әлемді эстетикалық және көркемдік тануына жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      1) грим, актерлік шеберлік, акробатика, қосымша музыкалық аспап, сахна өнері, гимнастика пәндеріне оқыту процесінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

      2) таңдау пәндері бойынша тұтас түсінікті қалыптастыру;

      3) биде сахналық бейнені жасауға мүмкіндік беретін білімдерді меңгеру;

      4) ой-өрісті кеңейту және білімді, орындаушылық білік пен дағдыларды жинақтау.

      Дамыту:

      1) хореография өнері арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      2) шығармашылық қиялды, көркемдік ойлауды, эстетикалық сезімді және әсемдікті түсінуді дамыту;

      3) рухани-адамгершіліктік және эстетикалық идеалдар мәнмәтінінде көркемдік талғамды және бағалау өлшемдерін қалыптастыру;

      4) білім алушының танымдық қызметін ынталандыру;

      5) білім алушының кәсіби тұрғыдан өзін анықтауына жағдай жасау.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік мәдениетке, өнерге араластыру;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық сезімді және әсемдікті түсінуді тәрбиелеу;

      3) араласудың әлеуметтік мәдени ортасын құру.

      4. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, хореография шығармашылығымен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – тоғыз жыл. Бағдарлама өнер мектептерінің хореография бөлімдеріне арналған. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқу уақытының көлемі балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарында анықталған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) гримдеудің техникалық тәсілдерін, парикпен, жабыстырғыштармен жұмыс тәсілдерін меңгерудегі қатаң жүйелілік

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      7. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог хореографиялық шығарманың стиліне байланысты көркемдік-сахналық бейнені жасауда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке басты назарын аударады.

      8. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) гримдеу бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі, сахналық костюмдерді, театр аксессуарларын қолдануы;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) хореографиялық білім алуы және хореография мәдениетіне араласуы;

      5) хореография өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгерулеріне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      9. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыларға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      10. Білім алушыларға қажетті дағдылар мен біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі әртүрлі билермен жұмыс істеу процесінде іске асыралады.

      11. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне, оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдыларына қол жеткізуге бағытталған.

      12. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастыруға деген тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгілеген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) оқытудың дамытушылық мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педгогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      13. Оқу материалын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, тыңдауға, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік бере отырып,білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал етеді;

      2) сабақтастық қағидаты білім алушының музыкалық-орындаушылық қызметі және оның мазмұны деңгейінде оқытудың барлық сыныптары арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты грим өнерін практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, жетістік жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      14. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыру рәсімін көрсету;

      3) практикалық – гримдеу тәсілдерін көрсету, түсіндіру, білім алушының өз бетінше орындауы;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, бейнелі ойлауды дамыту.

      15. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттері, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      16. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      17. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      18. Жұмыстың сабақтан тыс түрлері:

      1) өз бетінше жүргізілетін сабақтар;

      2) семинарларға және шеберлік сыныптарына қатысу;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға және мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      19. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      20. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      21. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекітуге арналған орын.

      22. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат және міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері – дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс;

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептері мен өзгерістердің мақсаттарын нұсқай отырып, жеке тақырыптық блоктарды (тарауларды) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпаратты көрсету.

      23. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      24. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      25. Оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      26. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      27. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі тапсырмалар пысықталады.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      28. "Грим" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) грим – парикті қолдану, бетке (кей кездері денеге) арнайы бояуларды жағу, сомдалатын сахналық бейнеге барынша ұқсау үшін шашты немесе пластикалық жабыстырғыштарды жабыстыру арқылы актердің сыртқы бет әлпетін өзгерту өнері;

      2) гримдеу – бетті бояу;

      3) гримдеудегі көлемді мүсіндеу тәсілі – гримдеудің техникалық тәсілі, бояулар, жабыстырмалар, жабыстырғыштар, аппликациялар, тартқыштар, парик жасайтын бұйымдар қолданылады;

      4) гротеск – шынайылық пен қиял-ғажайыпты, шыншылдық пен карикатураны, гипербола мен алогизмді қисынсыз және кереғар үйлестіру арқылы күлкілі және трагикомедиялық жалпылайтын және өмірлік қарым-қатынастарды әсірелейтін көркемдік түрлендіру тәсілі;

      5) гуммоз – театр гримін құру үшін қолданылатын пластикалық мастика;

      6) дель арте комедиясы – итальян халықтық театрының (алаңының) түрі, бетперде киген актерлердің қатысуымен қойылымның қысқа сюжеттік сызбасынан тұратын сценарий негізінде суырып салу тәсілімен құрылған спектакль;

      7) классикалық бет әлпет – сән үлгілері бизнесінде кең атарған бет әлпеттің типі;

      8) либретто – зайырлы немесе рухани сипаттағы үлкен вокалдық (тек ол ғана емес) шығарманың әдеби негізі; спектакль сюжетінің қысқаша мазмұны;

      9) монтюр – жиектемелерден, шілтерден, жеңіл маталардан жасалған париктің және басқа парик жасайтын бұйымдардың негіздері;

      10) постиж (пастиж) – жасанды шаштардан жасалған бұйым: парик, шиньон, бұрым, бүртіктеу, төгілген шаш, сондай-ақ мұрттар, сақалдар және кірпіктер;

      11) парик жасайтын бұйымдар – табиғи немесе жасанды шаштардан жасалған бұйымдар, гримдеуде кеңінен қолданылады;

      12) портретті грим – гримдеу өнерінің ең күрделі түрінің бірі;

      13) сәндік косметика – сыртқы бет әлпетті жақсартуға және терідегі кемшіліктерді жасыруға, макияж, маникюр және педикюр жасауға арналған арнайы құралдар.

      29. Бағдарламаның мақсаты: гримдеудің техникалық тәсілдерін практикада меңгеру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      30. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) гримнін әрбір түрін, түрлерін, жанрларын, стильдерін, мәнерлеу құралдарын үйрету;

      2) гриммен жұмыстың санитарлық-гигиеналық ережелерін, гримдеудің технкасы мен жүргізу ретінің негізгі тәсілдерін меңгеру;

      3) бидегі сахналық бейнені жасауға қажетті білімді қалыптастыру;

      4) көркемдік бейненің құрамдас бөлігінің бірі ретінде гриммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) байқампаздықты, шығармашылық қиялды және елестетуді дамыту;

      2) зейінді, есте сақтау жадын, ассоциативті жйне бейнелу ойлауды дамыту;

      3) көркемдік талғамды, өлшем сезімін тәрбиелеу және дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) сахналық бейнені және мінездемені өз бетінше іздеу қажеттілігін тәрбиелеу;

      2) білім алушының көркемдік талғамын, эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу, дамыту;

      3) жасалатын бейненің көрермендік мәдениетін тәрбиелеу.

      31. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      32. Бағдарлама гримдеу өнерінің техникасын меңгергісі келетін, бидегі сахналық бейнені жасап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған. Оқыту 4 сыныптан басталады.

      33. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының гримдеудің негізгі тәсілдерін, гримдеуді жүргізудің ретін, гриммен жұмыстың санитарлық-гигиеналық ережелерін практикада меңгеруіне бағытталуы болып табылады.

      34. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, грим өнері, оның техникасы саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      35. Бағдарлама болашақ бишінің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі гримдеу тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      36. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және гримдеу тәжірибесін алуға, заманауи гриммен жұмыс істеу ережелерін зерттеу және үйрену бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.

      37. Бидегі көркемдік бейнені, мінездің ішкі қасиеттерін сахнада іске асыру үшін, педагог білім алушының назарын адам денесінің қозғалысы, пантомима немесе мимика, музыка, костюм және грим арқылы білдіретін сырқты белгілерге аудартады.

      38. Грим бойынша Бағдарлама сахнада бидің идеялық-көркемдік түпкі ойын іске асыруға ықпал етеді. Биші үшін грим шығармашылық процесінде жасаған мінездің сыртқы бетін толықтыратын, сондай-ақ іштей түрленуге арналған көмекші құрал ретінде маңызды болып табылады.

      39. Сахналық макияждың басты ерекшелігі сахна алаңының ерекшеліктерін ескере отырып, сахналық бейнені жасау үшін кәсіби косметиканы, гримді жағу болып табылады. Сахналық макияждың басты қасиеті анықтылығы, оқиғамен сәйкестілігі және орындылығы, ашықтығы болып табылады.

      40. Алғашқы сабақтардан бастап педагог білім алушылардың гриммен жұмыс істеудегі шамалау сезімін, ұқыптылықты, төзімділікті және белгілі уақыт шеңберінде өз уақытын ұйымдастыра алуды тәрбиелейді.

      41. Педагог білім алушыны грим өнірінің дамуымен, гримнің мәнерлік құралдарымен, гримнің түрлерімен, жанрларымен және стильдерімен, гримдеу тәсілдерімен таныстырады.

      42. Грим жағардың алдында білім алушы жасайтын бейненің тарихын зерттейді, әртістердің сахна алаңында үнемі қозғалыста болатындығын, сахналық киімдерін, реквизиттер мен сәндік бұйымдарды ескеріп, жарықтың қарқыны және түсі, сәуленің бағыты, сахнада көрермендер залына дейінгі аралық сияқты ерекшеліктерімен танысады.

      43. Грим бойынша практикалық сабақтарды жүргізу кезінде гигиена ережелері қатаң сақталады. Педагог білім алушының өзіне тән беттің жеке түсін сақтап қалу үшін жалпы реңкті іздеуге әрбір білім алушыға көмектеседі.

      44. Педагог сабақта білім алушылардың әрі қарай практикалық тапсырмаларды орындауымен үйлестіре отырып, гримдеу тәсілдерін көрнекілік түрде көрсетеді.

      45. Оқуға деген шығармашылық көзқарасты дамыту үшін педагог білім алушының орындаған гриміне мұқият талдау жүргізеді, бұл процеске балалардың өздерін де жұмылдырады.

      46. "Грим" пәнінің "Классикалық би", "Бал биі", "Заманауи би", "Тарихи-тұрмыстық би", "Халықтық-сахналық би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      47. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) гримнің ерекшеліктерімен, гримнің негізгі реңктерімен, түстерімен, гримдеудің кескіндемелік тәсілдерімен, гримдеуге арналған бояуларды бетке жағудың ережелерімен танысу;

      2) гримнің қойылымдардың стильдерімен, жанрларымен, сипатымен байланысы, гримнің дәуірге, сахнаға жарық беру тәсілдері мен құралдарына тәуелділігі;

      3) гримдеудің көлемді мүсіндеу тәсілдерін, парик жасау бұйымдарымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

      48. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Грим – сахнадағы бейненің бір бөлігі. "Грим" терминін түсіндіру. Алғашқы қоғамдағы ғұрыптық, діни салтанаттар, гримнің рөлі, денені "сиқырлап бояу". Денені әшекейлеу, беттің бөліктерін – еріндерді, құлақтарды, иектерді бұзу. Мерекелер, бетперделерді қолдану. Баяулар, әшекейлер, бас киімдер. Өсімдік бояуларын қолдану.

      Шығыс (Қытай, Жапония, Үндістан) театрларындағы спектакльдердегі грим. Түстердің символикасы, суреттердің шарттылығы. Баяулар, бетперделер. Жапонияның "Кабуки", "Но" театрлары, ер адамдардың әйел азамдардың рөлін ойнауы. Костюмдер, бас киімдер, грим, әшекейлер.

      Ежергі Греция және Рим уақытының театры. Гримнің сахна алаңына тәуелділігі. Бетперделер, қозғалмайтын әлпет. Гипстен, ағаштан, кенептен жасалған бетперделер, олардың қолданылуы. Орта ғасырлық мистериялық театрдағы гримдер мен бетперделер. "Қара күштің" гримі мен бетперделері, материалдар. Жартылай бетперделерді, итальяндық "Дель арте комедиясындағы" бетперделерді тарату. Патша сарайының театрлардағы әсем киінген, безендірілетін гримдер. Нақты шындықтың болмауы, сәнге соқыр еліктеуі. Француз театры сахнасындағы портреттік грим.

      Қалжыңбастардың қойылымдарының мысалында гримді дамыту. Орыс кәсіби театрындағы грим. Кіші және Александр театрларының актерлерінің шынайы гримдері. Опера әншілерінің жасаған гримдер галереясы. Грим мен костюмнің үйлесімділігі. Көркемдік театрда "грим стилі" түсінігінің пайда болуы.

      2-тақырып. Сахналық бейнені жасау өнеріндегі гримнің мәні. Грим мінездің, бейненің негізгі қасиеттерін анықтайтын мәнерлеу құралы. Гримді құрудағы маңызды фактор ретінде безіндіру мен костюмдердің жанры, стилі. Сахналық алаңның, көрермендер залының өлшемдері, электр, күндізгі жарықты ескеріп гримді әзірлеу.

      Практикалық сабақ. Гримдегі гигиена және гримдегі техникалық құралдар. Гримдеуге арналған жұмыс орны. Гримдеу кабинетін жабдықтау. Гримдеуге арналған құралдардың қасиеттері және сапасы, олардың өндірістік сипаты. Гримдеуге арналған бұйымдар және құралдар. Жұмыс орнын, құралдардың тазалығын сақтау.

      Косметологтардың жұмысымен танысу. Терінің құрылысы. Терінің түрлері: құрғақ, бос, майлы, қалыпты. Терінің кемшіліктері – туылған дақтары, секпілдер, қалдар, тыртықша, тыртықтар. Косметикалық іс-шаралар: массаж, маска жасау. Бетті және шаштарды күту. Сәндік косметика: бояулар, көзге жағатын сүрме, ерін далабы.

      3-тақырып. Гримде процесіндегі дайындық кезеңі және беттің анатомиялық негіздері. Гримдеудің кескіндемелік тәсілі. "Жылы" және "суық" реңктер түсініктері. "Түстік палитра", "Бояулар палитрасы" түсініктері. Гримдеудің түстік қағидаттары – "жылы" және "суық" реңктерді, жарық пен көлеңке үйлесімділіктерін кезектестіру, жартылай көлеңке –беттің көлемді бейнесі береді. Сәуле – шығыңқы, көлеңке кіріңкі. "жарқыл" түсінігі және оның қолданылуы. "Жоққа дейін" тушевка жасау тәсілдері. Гримді сүртугегі реттілік.

      Практикалық сабақ. Гримдеуге арналған бояуларды бетке жағудың ережелері. Гримнің негізгі реңктерімен және түстерімен танысу: жалпы реңктерді, көлеңкелі бояуларды жасау.

      4-тақырып. Гримдеу техникасы. Гримнің анатомиялық негіздері. Мимикалық көрініс. Бас сүйегінің гримі. Бас сүйектің құрылысымен танысу: сүйектер, кіріңкі тұстары. Бояулар, жартылай көлеңке – шығыңқы сүйектерді бейнелеу құралы. Гримнің көмегі арқылы актердің бетін "ауыстыру", өгрету. "Классикалық" профиль, бет бөлігін бөлу, "классикалық бет", "дұрыс сопақтық". Актердің бетіне жарық түсіру. Бұлшық еттер, олардың жұмысы, беттің мимикасына әсер етуі. Беттің көрінісі: ашушаңдық, қуаныш, мұң, қайғы, қасірет.

      Практикалық сабақ "Бас сүйектің гримі".

      5-тақырып. Беттің жеке бөліктерін гримдеуге дайындалу. Жұмыс орнын дайындау. Бояулар, құралдар, керекті заттар. Бетке жалпы реңкті жағу. Гримдеудің тәртібі. Ұқыптылық, тазалық. Қастарды, көздерді, еріндерді, маңдайды, иекті, бетті, мұрынды үлкейту және кішірейту.

      6-тақырып. Гримдегі кескіндемелік тәсіл, сызбалар – кәрілік, арық, әдемі, баланың беті. Гримдеуге арналған бояулармен жұмыс істнеу техникасы. Актердің көлемді бетінде сызықты, жартылай тонды, сәуле мен көлеңкені бейнелеудегі ерекшеліктер. Түстік гамма. Жалпы сипаттар және айырмашылықтар. Кескіндемелік тәсілдің көмегімен беттің бөлшектерінің формаларының өзгеруі: маңдайдың, қастардың, көздердің, мұрынның, еріннің, беттердің, иектің. Қолдардың, беттердің, мойынның гримі. Морилка.

      Практикалық сабақ. Бетті гримдеу. Вазелинді жағу, жалпы реңкті жағу үшін бетті дайындау. Бояуларды іріктеу, оларды араластыру. Қолдың сұқ саусағымен, сіңіргіштің көмегімен бояуды бетке бөліп жағу. Бояуды беттің ортасынан сопақшаға қарай бөліп жағу ережелерін сақтау. Беттің сопақша бөлігіндегі жалпы реңкті жоққа шығару. Бетке қызғылт реңк беретін далапты жағу. Қастардығ, көздердің, еріндердің формасын сызу. Форманы өзгерту – кішірейту, кеңейту, жинақтау.

      Сызбалар – кәрі, арық, әдемі, баланың бет әлпеті. Адам бетінің құрылысы. Тері, бұлшық ет, май қабаты. Қартаю белгілері. Терінің түсі, бос болуы, әжімдер. "Сөнген" көзқарас, беттің бөліктерін бұзу: мұрынды, беттерді, иекті, көздерді. Жоғарғы қабақты түсіру. Бас сұйегінің грммен ұқсастығы. Ойық бөліктерін күңгірттеудің дұрыстығын сақтау.

      Арық, толық бет. Беттің сипатын зерттеу. Жалпы реңкті таңдау, бетке бояуды жағу. Бетке қызғылт реңк беретін далап, көзге жағатын сүрмені бөлу. Беттің бөлшектерін жүргізу. Арық беттің ерекшеліктері – үшкірлеу, толық – дөңгелек. Бейнелейтін кейіпкердің мінезін құру.

      Әдемі, баланың бет әлпеді. Түстерді білу. Бояуларды таңдау. Жалпы реңкті құру. Жас және бала жасындағы бет әлпеттің формасының құрылымы. Беттің формасы, қызғылт реңк беретін жалапты жағу. Шаш үлгісінің мағынасы. Гримді тұрмыстық затпен алмастыру. Бояулар. Реңктер, сүрмелер, ерін далабы, қарындаштар, тушьтар, "жылтырақ".

      Практикалық сабақ. Кәрі, арық, толық, баланың бет әлпетін зерттеу. Сауалнама, мінездеме жасау. Түстік гамманы таңдау. Жалпы реңкті жағу, беттің бөлшектерінің жалпы формаларымен жұмыс. Парикті, өскіндерді – сақалдарды, мұрттарды, бакенбардтарды қолдану. Шаштың ағы, гримдегі олардың рөлі.

      7-тақырып. Гримдеудің көлемді мүсіндеу тәсілі. Көлемді мүсіндеу тәсілінің ерекшелейтін қасиеті. Көлемді мүсіндеу тәсілінің жағымды және жағымсыз жақтары. Материалдар. Гуммозды мастика. Оларды мұрынның, жақ сүйектерінің, иектің, қас үстіндегі доғал формаларын жасау үшін қолдану. Шишкаларды, сүйелдерді жасау. Жабыстырғыштардың, жапсырмалардың көмегі арқылы беттің формасын өзгерту. Матералдар – мақта, ангор түбіті, поролон, бітеуіш. Папье-маше, замш, мәрі, капроннан жасалған бөлшектер. Пласткалық бөлшектер. Оларды киностудиялардың пластикалық цехтарында өндіру. Қолдану, сақтау, күту, тазалау.

      Практикалық сабақ. Гуммозаны әзірлеу. Гуммозаны мұрынға жабыстыру. Әртүрлі формаларды жасау. Гуммозаның көмегі арқылы жақтарды, иекті өзгерту. Беттерге мақтадан жасалған қалыңдатқыштарды жабыстыру. Папье-машеден мұрынды жабыстыру.

      8-тақырып. Парик жасау бұйымдарымен жұмыс істеу тәсілі. Парикті, өскіндерді қолданып грим жасау тәсілдері. Парикті кию, оны бекіту. Париктердің түрлері. Париктің, өскіндердің (сақал, мұрт, бакенбард) көмегі арқылы жастық ерекшеліктерді, ұлтты, әлеуметтік статусын, дәуірді, жеке талғамды, мінезді, сән үлгісін жеткізу. Парикті сақтау, күтіп баптау, тазалау, бұйралау. Шеке тұсы бар, шеке тұсы жоқ, "газдалған" жабыстырғышы бар париктер, күдеріден жасалған, резіңке контуры бар париктер. Кию, шеке тұсын дұрыстау, бекіту.

      Монтюрде жасалған (кірпіктер, қастар, мұрттар, сақал, бакенбардар, вчес-сепинка) дайын өскін. Бекіткіштерден жасалған өскін. Шашты қолдану, бекіту, жасау, жабыстыру. "Қырылмаған" түрді жабыстыру. Бояулардың көмегі арқылы кескіндемелік тәсіл арқылы өскіндерді бейнелеу. Қаңқадан жасалған сақалдар. Аят атаның, Хоттабыч ақсақалдың, Чернобордың сақалы. Өскіндерді сақтау, тазалау, бұйралау, әшекейлеу, жөндеу.

      Практикалық сабақ. Әйел адамның паргін кию және бекіту. Шеке тұсы бар, "газдалған" жабыстырмасы бар ер адамның паригін кию. Жабыстырылған мұрттарды, сақалдарды, бакенбардтарды, дайын жиынтықтарды кию. Аяз атаның, Черномордың қаңқадағы сақалын кию.

      9-тақырып. Шашты сәндеу, оның гримдегі мәні. Беттің сопақтығын зерттеу, беттің жеке ерекшеліктеріне байланысты шаш үлгісін таңдау. Шашты сәндеу және грим – сахналық бейненің сәндік шешімінің элементі. Бұйралау, құрал. Қыздыратын құралдар. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Шаш үлгісінің элементтері – шиньондар, шаштар, бұрымдар. Бекіту, сақтау, тазалау, жөндеу. Париктерді қолдану.

      Практикалық сабақтар. Ыстық тәсілмен (қысқыштармен) шаштарды бұйралау. Бигудиді орау. Шаштарға шаш үлгісін жасау, гүлдермен, қыстырғыштармен, гребешоктармен, айналмалармен сәндеу. Басқа жасанды бұрымдарды, шаштарды, шиньондарды жабыстыру. Бас киімдерді кию жіне бекіту: шляпалар, косынкалар, чептер, шілтерлі қыстырғыштар, ленталар, бантиктар, мамықтар, әшекейлер.

      10-тақырып. Театрдағы, кинодағы, телевидениедегі гримге жарықтық әсері. Жарықтық аппликатура. Түстік гамма. Актердің жұмыс орнын жарықтандыру. Шамдар. Жарық фильтрінің әсерінен беттің түсін өзгерту.

      11-тақырып. Гримдеудің (кескіндемелі, көлемдік мүсіндік) барлық тәсілдерін қолданып "жастық грмдеуді" орындау. Кейіпкерлердің мінездемесін жасау. Парикті, өскіндерді пьесаның белгілі бейнесі үшін дайындау. Актердің бетін зарттеу. Жалпы реңктің түсін табу.Беттің формасы – мұрын, ерін, маңдай. Кескіндемелік және көлемді мүсіндік тәсілдерін қолдану. Жабыстырғыштар, тартатындар, жапсырмалар.

      Практикалық сабақ. Парикті, өскіндердің жабыстырмаларын қолданып бетті гримдеу. Гуммозаның көмегі арқылы беттің, мұрынның формасын, басынның көмегімен қастарды, кескіндемелік тәсіл арқылы беттің басқа да бөліктерін өзгерту. Актердің шашық бұйралау, шашын сәндеу, бұрым, ұзын шаштар, шиньон элементтерін қолдану. Бекіту.

      12-тақырып. Беттің терісіндегі кемшіліктері бар грим. Беттегі кемшіліктерді зерттеу. Жұмыста қолданылатын материалдар. Түс. Жаңа материалдардың пайда болуы – тыртықтарды, жаралардың орындарын жасауға арналған жақпалар. Табғилық, шынайылық. Жұмысты орындаудағы ұқыптылық.

      Практкалық сабақ. Бояулардың көмегі арқылы шешекті, секпілді жасау. Матадан жасалған жұқа пластиннен жасалған тыртық. Беттегі көгергендерді, жараларды орындау. Жаралардың жазылу дәрежесі.

      13-тақырып. Бетті жасартуға арналған грим. Бетті зерттеу. Жалпы реңкті таңдау. Муслиннен бетті тартуды қолдану.

      49. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пән бойынша терминдерді біледі;

      2) гримдеу кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптарды, грим гигиенасын және гримдегі техникалық құралдарды біледі;

      3) гримдеу процесіндегі дайындық кезеңін, беттің анатомиялық негізін біледі;

      4) бетке гримдеу баяуларын жағу ережелерін біледі;

      5) гримнің негізгі реңктерін, түстерін, "жылы" және "суық" реңктер, "түстік гамма", "жарқыл", "бояулар палитрасы" түсініктерін, гримдеудің түстік қағидаттарын біледі;

      6) гримнің түрлерін, гримнің негізгі техникаларын, жағудың әртүрлі тәсілдерін, гримдегі кескіндемелік тәсілдерді біледі;

      7) гримдеу тәсілдерінің мүсіндік-көлемдік түрлерін біледі;

      8) парик жасауға арналған бұйымдарымен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

      9) "жасты көрсетін грим", беттің терісіндегі кемшіліктері бар грим, гримдеу тәсілдерін қолданып бетті жасарту гримін біледі;

      10) заманауи гримдеуге арналған материалдардың ерекшеліктерін біледі;

      11) техникалық құралдармен және гримдеуге арналған бұйымдармен дұрыс қолдануды біледі.

      50. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ұлттық грим, мәнезді жеткізетін грим, ертегі спектакльдегі, операдағы, опереттадағы бейнелердің гримі тәсілдерін меңгеру;

      2) цирктегі, эстардалық, портреттік гриммен, кинодағы және телевидениедегі гриммен, классикалық сахналық гриммен, заманауи концерттік-эстрадалық гриммен танысу.

      51. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Ұлттық грим. Нәсілдер (негроидтық, монголоидтық, европеоидтық). Нәсілдік белгілер. Беттің түсі, бет бас сүйегінің құрылысы, көздің, мұрынның, жақтардың, формасы, шаштардың түсі. Ұлттық сипаттың типтілігі. "Халықтылық", "ұлт" түсінігі. Ұлттық гримдегі шаш үлгісінің рөлі. Оның түрлері, формалары. Өсімдік, оның формалары. Нәсілдердің ұлттық ерекшеліктерін орындаудағы гримнің рөлі. Бояулар. Морилка.

      Негроидтық нәсіл. Этникалық қасиеттері. Терінің түсі (күңгірт-қызғылт, қоңыр, күлгін-қоңыр). Беттің бөліктері, олардың сипаттары. Талпақ мұрын, дөңгелек көздер, қастар, қалың еріндер. Гримдеудің тәртібі. Ашық жалпы реңкті жағу. Күңгірт жалпы реңкті жағу. Оны бетке жағу. Қасты, көздерді гримдеу. Гуммозадан мұрын тесіктерін жапсыру. Еріндерді гримдеу (үлкейту), жарқылдар. Парикті кигізу, крептен өсімдікті жабыстыру (шағын селдір сақал). Күңгірт далаппен далап жағу. Құлақтарды, мойынды, қолдарды гримдеу. Морилка. Шаш үлгісін сәндеу. Сырғаларды, жүзіктерді, алқа әшекейлерін қолдану.

      Практикалық сабақ. Иллюстарциялық материалды таңдау. Этнографиялық мәліметтерді зерттеу. Терінің жалпы реңкін таңдау. Гуммозадан (мұрын тесіктерін) . Ұлттық белгілерге сәйкес беттің бөліктерін өңдеу. Парикті және өскіндерді (сақалдарды) қолдану. Негр халықтарының сәндеп жасалған шаштарының сұлбасымен танысу. Формаларды сызу. Сәндеп жасалған шашты сәндеу.

      2-тақырып. Моңғолоидтық нәсіл. Этникалық мәліметтер. Терінің түсі (сарғыштау реңкті). Беттің бөліктері. Көздерді, мұрынның, еріннің формасы. Қилылық. Гримдеудің реті. Жалпы реңкті таңдау, бояуларды араластыру. Жосаны қосу. Бетке жағу. Қастардың формасын өзгерту, бастың бөліктеріне көлем беру (сабынмен, желіммен). Көздерді, мұрынды, ерінді гримдеу. Опа жағу. Парикті кию. Әйел адамдардың паригі. Жапан, қытайдың шаштарын сәндеудің күрделілігі, қайталанбауы. Шаштарды шпилькалармен, гүлдермен, әшекейлермен, тарақтармен сәндеу. Моғғолоид ер адамның гримніде өскіндерді (сақалдар, мұрттар) жабыстыру.

      Практикалық сабақ. Иллюстарциялық материалдарды таңдау. Этникалық сипаттарды зерттеу. Жалпы реңкті таңдау (терінің түсі). Бояулардың, тартулардың жабыстырғыштардың (көз, мұрын) көмегі арқылы беттің бөліктерін өзгерту. Парикті кию, оны сәндеу (шпилькалар, гүлдер, маталар, тарақтар).

      3-тақырып. Еуропоидтық нәсіл. Этникалық мәліметтер. Сыртқы түрді, тұтастықты, ерекшелейтін қасиеттерін сипаты. Шаштар – сипаты, түсі. Белгілері, өскіндер. Түсі.

      Жалпы реңкті таңдау, беттің бөліктерімен жұмыс. Парикті кию. Өз жаштарын бұйралап, сәндеп әдемі шаш үлгісін жасау. Өскіндер. Оның түрлері.

      Белгілі ұлттың бетінің сипаты. Терініі, шаштарының түсі. Шаш үлгісінің, өскіндердің формалары. Көздердің, мұрынның, еріннің, қастардың, иектің, маңдайдың формасы. Халықтардың тұрмысымен, мінезімен, костюмдерімен, бас киімдерімен, әшекей заттарымен танысу.

      Гримдеу процесі. Жалпы реңкті таңдау, оны бетке жағу. Ұлттық ерекшеліктерін ескеріп беттің бөліктерін гримдеу. Парикті, өскіндерді қолдану. Шаш үлгісінің формасы, оны сәндеу.

      Практикалық сабақ. Иллюстрациялау материалдарымен танысу. Ұлттық грим бейнесінің сипатын жасау. Жалпы реңкті (терінің түсі) таңдау, араластыруарқылы гримдеу процесі, оны бетке жағу. Кескіндемелік және көлемді мүсіндеу тәсілін қолдану. Парикті кию, шаша үлгісін жасау, өскіндерді жабыстыру. Қолдарды, мойынды, бетті, бененің бөліктерін (аяқ, арқа, кеуде) гримдеу. Морилкалар. Опалар.

      Аталған иллюстрацияға байланысты жұмыстарды қарау, талқылау, түзету. Осы нәсілдің әдеби шығармаларымен, бейнелеу өнерімен танысу.

      4-тақырып. Мінезді көрсететін грим. Беттің мимикасы. Мінезді көрсетуге арналған гримнің ерекшеліктері. Адамның сыртқы бейнесі бойынша оның ішкі дүниесінің көрінісі. Адамның типін қалыптастыратын әлеуметтік және биологиялық факторлар. Кәсіби ерекшеліктер. Қоғамдық жағдайы, қызметінің түрі, жасы, жеке әдеттері, талғамы. Аурулардың сырқы түрге, терінің түсіне әсер етуі.

      Орындаушының (актердің) бетінің сипаты. Мимикалық түр сипат. Орындаушының бетінің мимикалық қозғалуы. Мінезге тән типті табу. Сахналық сипаттың типтің қасиеттеріне қойлатын талапқа сәйкес орындаушының бетінің басты бет келбетін анықтауға және жақындатуға ықпал ететін құралдар.

      Практикалық сабақтар. Гриммен жұмыс істеуде иллюстартивті, көрнекілік материалдарды қолдану. Иллюстарциялармен жұмыс. Әдеби материалдармен танысу. Бетті сызу, бетті түзеті. Мінезді көрсететін гримді жасауға қажеті шарт ретінде бейненің шартты "сауалнамасын" құру.

      5-тақырып. Бейненің "көңілді", "мейірімді" бет әлпет сызбасы бойынша мінезін көрсететін грим. Мимикалық сыртқы түрді көрсету. Мейірімді –қатыгез, көңілді – мұңлы бет сызбасы. Беттің бұлшық еттерінің жағдайын зерттеу. Кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілін қолданып гримдеу. Парик, өскін.

      Практикалық сабақ. Сыртқы түріне байланысты бетті, беттің бұлшық еттерін өзгерту. Жалпы реңкті таңдау, беттің бөлшектерін өңдеу: көздерді, қастарды, мұрынды, ерінді. Мимикалық сыртқы түріне байланысты беттің бөліктерінің формасын өзгерту. "Мейірімді", "көңілді" бет сызбасы бойынша көздерді, қастарды, еріндерді дөңгелектеу.

      6-тақырып. "Көңілсіз", "зұлым" бет сызбасы бойынша бейненің мінезін көрсететін грим. Иллюстративті материалдармен танысу. Мимикалық сыртқы түрді зерттеу. "Зұлым", "мұңлы" бет сызбасы. Бұлшық еттердің жағдайына байланысты беттің бөліктерінің өзгерісін зерттеу. "Сауалнаманы" жасау. Кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілдерін қолдану арқылы жасалған грим. Парик.

      Практикалық сабақ. Бетті, бұлшық еттерді зерттеу. Сызбаны ескеріп жалпы реңкті таңдау. Солғын реңк.

      7-тақырып. Батыс Еуропа, орыс, қазақ классикалық шығармаларындағы бейнелердің мінезін ашатын грим. Әдеби материалдармен танысу. Иллюстративті материалдарды қарау. Эскизді, сызбаларды құру. Мінездемелерді жасау.

      Практикалық сабақ. Әдеби шығармаларды оқу. Иллюстарциялар. Пьесаның кейіпкерлеріне арналған гримнің сипаты. "Көңілді", "мейірімді" бет әлпет сызбасы бойынша гримге арналған бөлшектерді табу. Парикті, өскінді қолдану арқылы жасалған грим. Кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілін қолдану. Жұмыстарды қарау, талқылау. Түзету.

      8-тақырып. Спектакль-ертегідегі бейненің гримі. Бетперделер. Ертегі ғажайып бейнелер. Спектакль-ертегідегі гримнің рөлі, оның драмалық спектакльдегі шынайы гримнен ерекшелігі. Формаларды асыра сілтеу, беттің бөлшектерін өзгерту, таңғажайыптылық, баяулардың ашықтығы. Жануарлардың бейнелерінің гримі. "Ертегідей әсемділік", "көріксіздік". Мінездерді сызбалаудағы гротеска. Гримдеудің барлық мәнерлеу құралдарын және техникалық тәсілдерін қолдану. Табиғи материалдарды еліктеп жасау. Ертегі кейіпкерінің гримдеу шешімін табудағы қиялдау талғамының пайда болуы. Гримдеудің мәнерлеу құралдарындағы аяқталғандық, тиімділік, қол жетімділік. Ертегі гриміндегі кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілдерін қолдану. Гримдеу өнеріндегі париктің, өскіндердің рөлі.

      Бетперделер, жартылай бетперделер. Жұмыс процесі. Эскиздер, суреттер. Бетперделердің сыртқы түрі.

      Практикалық сабақтар. Иллюстрациялық материалдармен танысу, мәтінді оқу, мінездеме жасау. Эскиз, суреттер. Парикті қолданып грим жасап көру. Ертегі кейіпкерлерінің гримдерін жасау.

      9-тақырып. Операдағы грим. Музыкалық спектакльдегі гримнің рөлі. Операдағы гримнің ерекшеліктері. Гримдеу процесінің жарыққа, сахна алаңына (көрермендер залының сахнадан алшақтығы) байланыстылығы.

      Практикалық сабақ. Опера спектаклін қарау, грим, шашты жасай бойынша жұмыстарды талдау.

      10-тақырып. Опереттадағы грим. Гримнің ерекшеліктері. Ашықтылық, бутафорлылық, түрлі-түстілігі. Гримнің тәсілдерін қолдану. Париктердің, шаш үлгілерінің, өсімдіктердің гримдегі рөлі.

      Практикалық сабақ. Либреттоны зерттеу. Музыкалық материалды тыңдау. Кейіпкерлердің мінездерін құру. Иллюстрациялық материалды іріктеу. Кейіпкерлердің мінездерін ескеріп гримді жасап көру.

      11-тақырып. Цирктегі және эстрададағы грим. Гримнің қойылымның жанрына байланысты болуы. Сайқымазақтар гриміндегі ашықтылық, түрлі-түстілік, буффоннада. Нөмірлерді орындаушылардың гриміндегі қиял-ғажайыптылық, ерекше әшекейлеу.

      Практикалық сабақ. Цирктік нөмірлерді қарау. Кейіпкердің мінезіне байланысты гримді жағып көру. Жалпы реңкті таңдау, беттің бөліктерін өңдеу.

      12-тақырып. Портреттік грим. Портретті зерттеу. Ұқсастықтарын ескеріп бейнені гримдеу. Парикті қолдану. Оқымыстылардың, жазушылардың, ақындардың портреттерін зерттеу. Олардың шығармашылықтарымен танысу.

      Практикалық сабақтар. Гримді алдын ала жасап көру. Сыртқы ұқсастығы бойынша бетті таңдау.

      13-тақырып. Кино және телевидениедегі грим. Кинемоторгафты құру тарихынан. Кино өндірісінің ерекшелігі. Режиссерлер, сценаристер, операторлар, актерлар. Кинемотографтың даму кезеңдері. Дауысы жоқ және дауысты бар кинолар. Кинофильмді құру бойынша жұмыс. Шығармашылық топ, оның құрамы. Гримнің рөлі, оның өзіне тән ерекшеліктері. Гримнің пленканың сапасына байланысты болуы.

      Телевидениядағы грим. Жұмыстың ерекшеліктері. Телевидение және кино гримінің ұқсастығы. Жұмыстағы анықтылық, нақтылық.

      14-тақырып. Классикалық сахналық грим. Бишінің бейнесін жасау.

      15-тақырып. Гримдегі бейнемен жұмыс істеу әдістері. Композиция – балет спектаклінің сахналық қойылымының жалпы режиссерлік түпкі ойын көрсететін гримдеудің мәнерлеу құралдарының жүйесі. Көркемдік бейне гримнің мазмұны мен формасын анықтайтын негізгі бөлігі. Бейнемен жұмыстың негізгі кезеңдері. Гриммен жұмыстың дайындық кезеңі: рөлді талдау, онығ драматургиялық негізін оқу, әдеби-сипаттамалық және иллюстрациялық материалдармен танысу. Балет спектаклінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескеріп гримнің жобасын (эскизін) құру. Гримді орындау, оны кәсіби практиканың дайындықтарында тексеру, түзетулерді, өзгерістерді енгізу және соңғы гримді белгілеу. Көркемдік бейнемен жұмысты тереңдету негізінде бір қойылымнан екінше қойылымда гримді орындауды жетілдіру.

      16-тақырып. Бейнемен жұмыс. Жастық және концерттік грим. Гримнің және қойылымның көркемдік түпкі ойының тұтастығы. Стильдің тұтастығы: грим, шаш үлгісі, костюм. Нақты орындаушының даралығын ескеріп жас гримді орындау, мінездік қасиеттерін анықтау. Гримді жасау кезіндегі бояу санының аз болуы. Сәндік (тұрмыстық) косметиканың негіздері және оларды гримде қолдану ережелері.

      Адамның сыртық әлпетіне әсер ететін негізгі факторлар: әлеуметтік және ұлттық қатыстылығы, климат жағдайлары, денсаулық жағдайы. "Жас бет" гримінің сызбасы. "Жас беттің" ерекшелейтін қасиеттері: беттің түсінің балғындығы (жалпы реңкі), бет шырайының тегістілігі, жастық қатпарлардың болмауы, беттің негізгі бөліктерінің формаларының анықтылығы.

      Жас әйел адамның ер адамнан ерекшелігі. Шаш үлгісі – гримнің құрамдас элементі. Бұрымдарды, өрілген шаштарды, жасанды шаштарды, жартылай париктерді қолдану. Жасанды кірпіктерді жалғау.

      Концерттік (эстрадалық) грим. Заманауи концерттік-эстрадалық грим. Жас гримнің қағидаты, "жас бет" грим техникасын қолдану.

      52. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қажетті түстік гамманы дұрыс іріктеуді біледі;

      2) қажетті реңкті, жартылай тонды, тонды алуға қол жеткізуді біледі;

      3) сызықтарды, штрихтарды, контурларды, жарқырларды нақты жағуға арналған аспапты меңгерудің әртүрлі тәсілдерін біледі;

      4) гримді жағу технологиясының барлық кезеңдерін сақтай отырып, гримді өз бетінше жағуды біледі;

      5) грим өнерінің теориялық негіздерін біледі;

      6) гримнің негізгі кескіндемелік тәсілдерін, гримдеуге арналған бояуларды жағу ережелерін, гримді кетіру ережелерін біледі;

      7) арнайы материалдар мен гримдеуге арналған құралдарды қолдануды біледі;

      8) парикпен және шаштардан құралған жапсырмалармен гримді орындау;

      9) орындалатын биге арналған гримді өз бетінше әзірлеудә және орындауды, макияж жасауды біледі;

      10) жастық, портреттік, қиялдан шығарылған, нәсілдік және ұлттық гримді жасай алады;

      11) гримдеудің техникалық тәсілдерін қолдануды және парик жасау бұйымдарымен жұмыс істеуді біледі;

      12) көркемдік-хореографиялық бейненің мазмұнына сәйкес келетіндей гримді таңдау дағдыларын біледі.

      53. "Актерлік шеберлік" пәні бойынша Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актерлік техника – күтпеген және күрделі өмірлік жағдайларда жылдам бағдарлана алу білігі, көрінбейтін мүмкіндіктерді көру, жылдам басқа түрге ену, қажетті әсерді жылдам беру және араласу кезінде өзін сенімді ұстау;

      2) актерлік шеберлік – тарихты баяндау процесіндегі, жазылған мәтінді немесе пьесаны айту немесе әндету кезіндегі ойнау өнері, бейнеге ену өнері;

      3) бидегі және сахналық өнердегі пластика – қимылдар мен ымдардың жалпы үйлесімділігі, біркелкілігі;

      4) мизансцена – спектакльдің (түсірілімдердің) қандай ба бір кезеңінегі актерлердің сахнада орналасуы;

      5) ретті іс-әрекет – спектакльдегі, рөлдегі мақсатқа жетудегі режиссердің, актердің жүріп өтетін жолы;

      6) ритм – кеңістіктегі және уақыттағы қимылдар мен үзілістердің қатынасы немесе әрекет ету уақытында болып жатарын ритм, әртүрлі ұзақтықтағы араларында үзілістері бар дыбыстар, сезімдер немесе әртүрлі қарқындағы қимылдардың, дыбыстардың, сезімдердің дұрыс алмасуы;

      7) сахналық бейне – шынайылықтың көріністі көрсететін нақты мазмұны; драматург, режиссер, актер, суретшінің жасаған өмірдің суреттері, олардың жасаған мінеді, кейіпкерлері;

      8) спектакльдің қарқыны мен ритмі – пластикалық композицияның динамикалық мінездемесі;

      9) сценография – спектакльді безендірумен және оның бейнелеу-пластикалық бейнесін құрумен айналысатын, сахна уақытындағы және кеңістіктіктегі көркемдік шығармашылықтың түрі;

      10) театр педагогикасындағы этюд – актерлік техниканы жетілдіруге арналған жаттығулар.

      54. Бағдарламаның мақсаты: бидегі сахналық бейнені жасау үшін актерлік шеберлік техникасын меңгеру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның өзін-өзі және кәсіби анықтауына ықпал ету.

      55. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) хореографиялық сахналық нөмірді дайындау процесінде қолдану мақсатында актерлік шеберлік негіздерін, актерлік мәнерлік элементтерін меңгеру;

      2) актерлік қызметтің негізгі ерекшеліктерін меңгеру, оның хореография өнерімен зара байланысы;

      3) актерлік техника элементтерін, оларды хореографияда қолдану ерекшеліктерін меңгеру;

      4) кез келген жанрдағы және шығармадағы хореографиялық шығармамаен жұмыс істеу үішн бишіге қажетті орындаушылық қасиеттері мен дағдыларын дамыту;

      5) дамытуға арналған, танымдық, қозғалысты, сюжеттік-рөлді және режиссерлік ойныдарды үйрету;

      6) барлық ойындық жаттығулардағы қисындылықты және қимылдардың ретіне оқыту;

      7) хореографиялық қойылымдағы сахналық бейнені жасау үшін актерлік шеберліктің әдістері мен тәсілдерін практикада қолдану;

      8) бейнелерді қимылмен, мимикамен, пластикамен және ыммен жеткізу құралдарын табу білігін үйрету.

      Дамыту:

      1) актерлік шеберлікке, сахналық пластика негіздеріне оқыту арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) актерлік жаттығулар арқылы әуезділікті, байқампаздықты, есте сақтау жадын, зейінді, қиялды, елестетуді, тапқырлықты, реакциясының жылдамдығы, ойындық және суырып салу қабілеттерін дамыту;

      3) ритмикалық қабілеттерді, қимыл үйлесімділіктерін, өз денесін басқару білігін дамыту;

      4) Бағдарламаны игеру процесінде алған білімдері негізінде бала тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) театр қызмет арқылы көркемдік және эстетикалық талғамды тәрбиелеу;

      2) театр өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыру;

      3) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын, жеке және ұжымдық жұмыстардың нәтижелеріне деген жаупты қатынасты тәрбиелеу;

      4) ұжым тәрбиеленушілерінің жоғары жауапкершілігін тәрбиелеу;

      5) ұжымдағы сабақ сапасын арттыру және хореографиялық нөмірдегі қанық актерлік жұмыстарды құру үшін білім алушылардың сау бәсекелестігін қалыптастыру.

      56. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      57. Бағдарлама бидегі сахналық бейнені құру үшін актерлік шеберлік техникасын меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      58. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушылардың орындаушылық шеберліктегі актерлік мәнерлікті практикада меңгеруіне жалпы бағытталуы болып табылады.

      59. Бағдарлама білім алушыларға шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және бидегі сахналық бейнені жасау тәжірибесін алуға, бидегі актерлік міндеттерді іске асыру бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.

      60. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      61. Педагог хореографиялық шығарманың стиліне байланысты көркемдік-сахналық бейнені жасауда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке басты назарын аударады.

      62. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) би нөміріндегі бейнемен жұмыс істеудегі актерлік шеберлік элементтерін меңгеру;

      2) шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) хореографиялық білім алуы және хореография мәдениетіне араласуы;

      5) хореография өнері саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      63. "Актерлік шеберлік" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын таңдауға жағдай жасайды.

      64. Бидің тілі арқылы сахналық бейнелерді және сезімдерді көркемдік түсіну және іске асыру үшін педагог білім алушылардың әртістік қабілеттерін дамытуға және актерлік дағдыларды алуына жағдай жасайды.

      65. Актерлік шеберлік бойынша сабақтарда білім алушылар пластикалық ырғақтарды қалыптастыруды, іске асрыуды, эмоциялық бояуы қанық көркемдік бейнелерді жасауды үйренеді, суырып салу қабілеттерін дамытады.

      66. Балаларды оқытудың алғашқы кезеңі баланың бойында шығармашылыққа деген дайындықтарын қалыптастыруға бағытталған, алғашқы практикалық сабақтар шығармашылық ойындарға негізделіп құрылған, бұл жерде білім алушы шығармашылық процестің қатысушысы болады.

      67. Алғашқы сабақтарда актерлік тренингтер мен жаттығулардың ойындық формалары басым болады, олар балаға өзі туралы "айтып беруге", танысуға, ұжымда бейімделуге, сахналық әрекеттер дағдысын алу үшін қызметтің жаңа түріне кірісуге мүмкіндік береді.

      68. Өнегелі, достыққа толы жағдайды және көңілді, шығармашылық атмосфераны жасау, балалардың сабақтардан ляззат алуы педагог үшін негізгі міндеттер болып табылады.

      69. Тапсырмалар балалар мен педагогтің бірлесіп белсенді ізденуін талап ететіндей мәселелі жағдайлар ретінде беріледі, ол зейінді шоғырландыру және байқампаздық сияқты қасиеттерді дамытады, оларсыз қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдау мүмкін емес.

      70. Келесі кезең пантомима негізінде жеке тапсырмалармен жұмыс болып табылады, бұл жерде жеке әр білім алушының елестетуі мен қиялы басым болады.

      71. Пантомималық этюдтермен жұмыстың кезеңдері

      1) этюдтің оқиғасын талдау;

      2) бейне бойынша өз бетінше жүргізілетін сабақ;

      3) этюдті дайындау және көрсету.

      72. Бала педагогтің басшылығымен пластикалық суырып салуды, ассоциативті ойлауды үйренеді, қоршаған орта жағдайында бағдарлануды, үйренеді, еркін есте сақтау жадын және реакциясының жылдамдығын дамытады, тапқырлықты және өз іс-әрекетін серіктесімен келісу білігін тәрбиелейді.

      73. Орындаушылық шеберліктің сапасын қалыптастырудың негізгі әдісі болып актерлік тренинг әдісі, жаттығулар болып табылады. Білім алушы қандай да бір тапсырманы орындауды жаттықтырады (жаттығады), тиісті біліктер мен дағдыларды машықтандырады, өзінің ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

      74. Актерлік тренинг – ойындар мен жаттығуларды үзбей ауыстырып отыру, олардың басты міндеті білім алушының зейінін, байқампаздығын, шығармашылық қиялын, қисынды ойлауын, үйлесімділігін және тапсырмаларды кедергісіз орындауын дамыту болып табылады.

      75. Актерлік техника элементтері біртіндеп енгізіледі, алайда көптеген жаттығулар кешенді сипатта болады, бұл алған дағдыларды бекіту жұмыстарын жаңа материалмен үйлестіруді қатар жүргізуге мүмкіндік береді.

      76. Тренинг білім алушылардың зейінді шоғырландыру тәсілдерін және эмоциялық талаптарын қолданып, оқу материалын қабылдауға деген дайындықтарын қалыптастырудан басталады.

      77. Сабақтарда қолданылатын қағидаттар:

      1) жаттығуларды іріктеудегі кереғарлық;

      2) тапсырмаларды күрделендіру тәсілі;

      3) сабақтағы және әрбір жаттығудағы міндеттер кешені;

      4) педагогтің ауызша тапсырмасы бойынша жаттығулар мен этюдтерді орындау.

      78. Зерттеу әдісі білім алушылардың ұжымындағы шығармашылық атмосфераны қамтамасыз ету үшін негізгі болып табылады, қойылған міндеттерді орындаудың әртүрлі тәсілдерін, сахналық бейнені іске асырудағы жаңа көркемдік құралдарды табуға мүмкіндік береді. Педагог креативті ойлауды дамыту үшін балалардың өзін өз бетінше жүргізілетін шығармашылық, зерттеушілік ізденіске араластыру сияқты тапсырмаларды іріктеп алады.

      79. Педагогтің әдістемелік жұмысына білім алушылармен бірге мәдениет мекемелеріне бару, атақты актерлер мен режиссерлердің спектакльдерінің, шеберлік сыныптарының бейнежазбаларын қарау кіреді. Шығармашылық іс-шараларға, тақырыптық концерттерге және мәдени-ағартушылық қызметке барынша қатысу білім алушыларға өздерінің орындаушылық шеберліктерін практикада тексеруге, бекітуге және біліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкінікдік береді.

      80. "Актерлік шеберлік" пәнінің "Классикалық би", "Халықтық-сахналық би", "Заманауи би", "Тарихи-тұрмыстық би", "Халықтық-сахналық би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      81. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бишінің "техникалық" қабілеттерін дамыту, музыкалық сүйемелдеудің ырғақтық-ритмикалық ерекшеліктерімен байланысын ескеріп қимылдарының мәнерлігін тәрбиелеу;

      2) қияладан шығарған жағдайдағы асмосферада және эмоциялық тұрғыда би қимылдарын орындау, осылайша дене қимылдары арқылы "сөйлеуді", ойларй мен сезімдерін жеткізуді үйренеді;

      3) балалардың биде көрсететін бейнелі мазмұнын шығармашылықпен түсінуге, білім алушылардың мәнерлі патомималық және би қимылдарының тілін меңгеруге оқыту;

      4) көркемдік-шығармашылық дамыту – оқытудың басты мақсаты, "техникалық дамыту" - актерді, бишінің тәрбиелеу – соңғы мақсатына қол жеткізу үшін міндетті шарт.

      82. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Актерлік шеберлік жүйесінің элементтері. Отандық театр мектебінің әдістемелік негіздері мен дәстүрлері. Станиславский жүйесі – актерді тәрбиелеудің негізі. Актердің өзін жетілдіру жұмысы. Актердің рөлмен жұмысы. Сахналық этика. Түрленудің шығармашылық процесіндегі актерлік шеберліктің ішкі және сыртқы элементтері. Жүйені хореография өнерінде шығармашылықпен қолдану. Тренинг пен этюд – актерлік шеберлікті меңгеру тәсілі. Тренинг жүйесі мен әдістемелерінің алуан түрлері. Хореографиядағы актерлік тренингтердің түрлері мен формалары.

      2-тақырып. Бидегі сахналық бейнені жасаудың ерекшеліктері. Хореографиялық бейнелердің бөліктері және жұмыс істеу кезеңдері. Әртістік даралық. Хореографиялық рөлдегі актерлік шеберліктің даму келешегі.

      3-тақырып. Мимикалық бұлшық еттерді жаттықтыру. Маңдай бұлшық еттерін жиыру. Көз бұлшық еттерін жаттықтыру. Еріннің жоғарғы бұлшық еттерін жаттықтыру. Ауыздың айналасындағы бұлшық еттерін жаттықтыру.

      4-тақырып. Бұлшық ет еркіндігі. Тыныспен жұмыс. Дене қысылуларын босату. Ансамбльділік. Қысылу. Босату.

      5-тақырып. Зейін (сахналық зейін). Зейінді дамытуға және жаттықтыруға арналған жаттығулар. Зейінді аударуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Елестету және қиял. Әртүрлі ерекше қимылдарды еліктеп жасау және өз жанынан шығару. Елестетуді және қиялдауды дамытуға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Әрекет – сахна өнерінің негізі. Әрекеттің белгілері: мақсатының болуы және жіргердің пайда болуы. Әрекеттердің түрлері: психикалық және физикалық, ішкі және сыртқы. Физикалық әрекетке арналған этюдтер мен жаттығулар. Физикалық әрекеттерді жаттауға арналған этюдтер мен жаттығулар. Заттарды елестетіп физикалық әрекеттерді орындау.

      8-тақырып. Ұсынылатын жағдайлар. Орнын пысықтау. Уақыт жағдайы. Жеке жағдайлар. Ситуациялық жағдайлар. "Мен ұсынылған жағдайдамын".

      9-тақырып. Қарқын-ритм. Қарқын-ритмді гардациялау және жылдамдықтарды ауыстыру. Ішкі және сыртқы қарқын-ритм. Әртүрлі ұсынылатын жағдайлардағы физикалық әрекеттерге арналған этюдтер.

      10-тақырып. Халықтық ойындар. Халықтық күнтізбенің ойындары.

      11-тақырып. Саханада араласуды дамытуға арналған ойындар. Жұптық шағын топтық және топтық ойындар. Ойындық жаттығулар.

      12-тақырып. аңдарды, заттарды, әртүрлі жастағы, кәсіптегі, ұлттың, әлеуметтік тобынндағы адамдарды бақылауды іске асыратын өткір актерлік мінездегі хореографиялық сызбалар.

      83. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) арнайы терминдерді біледі;

      2) актерлік ойынның негізгі техникасын біледі;

      3) сахнада өзін ұстау ережелерін және жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды біледі;

      4) еркін, есту және көру зейінін жаттықтыруға арналған театрлық ойындар мен жаттығуларды орындау дағдыларына ие болады;

      5) сахналық зейінге, есте сақтау жадына және қиялға арналған актерлік тренинг жаттығуларын орындау дағдыларын біледі.

      84. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дамытуға бағытталған музыкалық-ритмикалық ойын-жаттығуларды, ұжымдық рөлмен ойналатын суырып салма ойындарды, театрлық ойындарды, затсыз әрекеттерге арналған жаттығуларды, музыканы қолданып пластикалық суырып салуларды әрі қарай меңгеру;

      2) білім алушылардың кейіпкердің пластикалық бейнесін іске асыру негіздерін, сахна кеңістігі жағдайында сенімсіздіктен және жұмыстың алдындағы қорқыныштан арылу білігі, сахнада және сахнаның сыртында өзін ұстау мәдениетін үйрету;

      3) психофизикалық тренинг жаттығулары арқылы актерлік зейінді, елестетуді және қиялды дамыту.

      85. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Хореографиялық шығармалардағы сахналық әрекет. Сахан өнерінің әрекеттік сипаты. Әрекет – актерлік өнердің негізгі материалы. Сахналық әрекеттің ерекшелігі және заңдылықтары: мақсаттылық, қисынды негізділік, өнімділік, үздіксіздік. Хореографиядағы әрекеттік міндет дәне оның бөліктері. "Әрекетті би" түсінігі.

      2-тақырып. Мимикалық бұлшық еттерді жаттықтыру. Маңдай бұлшық еттерін жаттықтыру. Сіңір дулығасының тренажы. Көз бұлшық еттерін жаттықтыру. Еріннің жоғарғы бұлшық еттерін жаттықтыру. Мұрынның көлденең бұлшық еттерін жаттықтыру. Еріннің айналасындағы бұлшық еттерді жаттықтыру.

      3-тақырып. Бұлшық ет еркіндігі. Дене қысылуларын босты. Аяқтардың, қолдардың, тұла бойыдың, бастық, беттің бұлшық еттерін жиыру және босату.

      4-тақырып. Сахналық зейін. Зейінді дамытуға және жаттықтыруға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Елестету және қиялдау. Сурып салу. Әртүрлі ерекше әрекеттерді еліктеп жасау және өз жанына шығару. Елестетуді және қиялдауды дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Әрекет – саханлық өнердің негізі. Ішкі әрекетке арналған этюдтер (көпшілік ортасында жалғыздық).

      7-тақырып. Қарқын-ритм. Қарқын-ритмді өңдеуге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Кеңістіктікті сезіну. Ұжымдық келісімділікке арналған жаттығулар. Сахнада араласуды дамытуға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Мизансцена.

      10-тақырып. Сюжеттік-рөлдік ойындар. Ұжымдық ойындар. Бақлау этюдтерін біріктіру.

      11-тақырып. Бейнелерге түрлену ойындары. Оқиғаларды ойлап табу және оларды сахнада ойнау. Балалар әдеби шығармаларын, музыкасын және көрда ән айтуды қолданылатын ойындар және тапсырмалар.

      12-тақырып. Музыканы тыңдап отырып қиялдауды және үйлестіруді дамыту үшін түрлендіруге арналған жаттығулар. Затсыз әрекеттерге арналған жаттуғлар. Ойлап тапқан заттарын ойнату және өз әрекеттерін үйлестіру білігін дамытуға арналған ойындар.

      13-тақырып. Театрландырылған ойын-түрлену. Қимыл, мимика және пластиканың көмегі арқылы затсыз әрекеттерду құру білігін дамытуға арналған жаттығулар.

      14-тақырып. Музыканы қолданып орындалған пластикалық суырып салулар. Музыканы, әндерді, өлеңдерді қолданып пластикалық суырып салу.

      15-тақырып. үйлестіруді және ритмді, икемділікті және пластиканы дамытуға арналған музыкалық-ритмикалық суырып салу ойындары. Актерлік тренингтері бар ойын жаттығулары. Зейіннің барлық түрін ұйымдастыру, шығармашылық көңіл-күйді жасау.

      16-тақырып. Сахнадағы еркіндікті, өз бетінше қиялдауды дамытуға, назар мен есте сақтау жадын дамытуға арналғн шығармашылық ойындар. Дамытуға бағытталған музыкалық-ритмикалық бейнелі ойындар. Әртістік батылдыққа және мінезге арналған жаттығулар.

      17-тақырып. Ұжымдық ойындар. Рөлмен ойналатын суырып салма ойындар. Дамытға арналған ойны жаттығулары. Рөлдік тренинг. Пластиканы, биді, музыканы қолданып психикалық және физикалық мүмкіндіктерін дамыту. Музыка қолданылатын дамытуға арналған ойындар.

      86. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) терминдерді біледі;

      2) бұлшық еттерді босаты тәсілін біледі;

      3) пластикалық тренингтердің жаттығулар кешенін біледі;

      4) этюдтермен жұмыс істеу кезінде өзінің түпкі ойын іске асыра біледі;

      5) этюдтегі пластикалық бейнені өз жанынан шығаруды және іске асыруды біледі;

      6) өз бетінше ширату жаттығуларын жасай алады;

      7) актерлік зейінді, елестетуді және қиялды дамытады;

      8) сахнада және сахнаның сыртында өзін ұстау мәдениетін меңгереді.

      87. 3 сыныптағы Бағдарлам талаптары:

      1) білім алушыларды адамгершілік және зияткерлік өзара байыту, актерлік шеберлікке оқыту процесінде баланың ойын табиғатын пайдалану және қолдану және көрінбейтін шығармашылық әлеуетін дамыту;

      2) этюдтер, өз бетінше жүргізілетін шығармашылық сабақтар және жұмыстар арқылы сахналық суырып салу және театрлық-сахналық шығармашылық саласында өз бетінше бағдарлану білігін пысықтау;

      3) түрлену ойындарының көмегі арқылы білім алушының білімін және білігін бекіту, бірқатар жауапты жұмыстар мен тапсырмалар арқылы ұялшақ балаларды психологиялық оңалту.

      88. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Бидегі актерлік міндеттерді шешу. Драмалық және хореографиялық өнердегі көркем бейне. Бейнені жасаудағы хореографтың шығармашылығының негізгі бастаулары: музыка, әдебиет, кескіндеме, мүсін, тарихи білім, орындаушының жеке ерекшеліктері, оның өмірлік тәжірибесі мен бақылауы, қиялы және елестетуі.

      2-тақырып. Мимикалық бұлшық еттерді жаттықтыру. Маңдай бұлшық еттерін жаттықтыру. "Қастардың трагедиялық сынуы". Еріннің төменгі төрт бұрышты бұлшық еттерін жаттықтыру. Он бетперде.

      3-тақырып. Бұлшық ет еркіндігі. Дене қысылуларын босату. Пластикалық еркіндікке арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Зейін (сахналық зейін). Жаттығуларды орындау.

      5-тақырып. Елестету және қиялдау. Суырып салу. Елестетуді және қиялдауды дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Атмосфера. Атмосфераларды қақтығыстыруға арналған жаттығулар.

      7-тақырып. Кеңістіктікті сезіну. Ұжымдық келісімге арналған жаттығулар. Көрерменге түсінікті, қисынды картинаны жасай отырып, өзін сырттан көру білігін қалыптастыруға және дамытуға арналған практикалық жаттығулар.

      8-тақырып. Орындаушылық шеберліктің негіздері. Бақылау этюдтері. Музыкалық шығармаларға арналған этюдтер.

      9-тақырып. Сюжеттік-рөлдік ойындар.

      10-тақырып. Бидегі актерлік шеберліктің шешімі. Хореография өнеріндегі көркемдік бейне. Бейнені жасаудағы хореограф шығармашылығының негізгі бастауы: музыка, әдебиет, кескіндеме, мүсін, тарихи білім.

      11-тақырып. Бидегі сахналық бейнені жасау жолдары. Рөлдің әсерлі талдауы. Мазмұны және формасы. Аралық әрекет және рөлдің басты міндеті. Түпкі ой және оны іске асыру.

      12-тақырып. Рөлмен жұмыстың кезеңдері. Хореографияның әртүрлі жанрларында және бағыттарында өмір сүру (актерлік ойынның нақышы) тәсілдері.

      13-тақырып. Бишілік-хореографиялық бейнемен жұмыстың жаттықтыру және этюдтік әдісі.

      14-тақырып. Актерлік мәнерліктің элементтері және көркемдік бейне жасау кезінде оларды іріктеу, бидің барлық компономенттерінің өзара байланысы (музыка, жарық, сценография, костюм).

      89. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) драма теориясының негіздерін, драмалық шығармалардың құрылымдық элементтерін біледі;

      2) актерлік ойын техникасын және орындаушылық мәнерлік негіздерін біледі;

      3) режиссура заңдылықтарын хореографиялық өнерде қолданудың ерекшеліктерін біледі;

      4) би спектаклінің түпкі ойын іске асыру процесінде актермен жұмыстың құралдарын және технологиясын біледі;

      5) рөлмен жұмыстың заманауи тәсілдері мен әдістерін біледі;

      6) композицияны құрудың қағидаттарын және заңдарын біледі;

      7) шығармашылық сезіну, шығармашылық көңіл-күйді жасауға қааажетті шарт ретінде ұжымдық шығармашылықтың этикалық нормаларын біледі;

      8) хореографиялық шығарманың түпкі ойын қалыптастыруды, олардың рөлі және актердің мәнерлеу құралдары арқылы іске асыруды біледі;

      9) ішкі және сыртқы мінездемені, пластикалық мәнерлікті біледі;

      10) пластикалық форма арқылы әрекетті, ойды, сезімді жеткізуді біледі; тиімді талдау әдістерін біледі;

      11) бидегі мизанценалық суретті құруды, қимылдың ракурстарын, радиусын біледі;

      12) дайындық процесіндегі және көрермендердің рөлінің суретін белгілеуді біледі.

      90. "Акробатика" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) акробатика – гимнастиканың бөлімі;

      2) акробатикадағы сүйемелдеу – жоғары жақтағы серіктестің төменгі серіктестің басында, аяқтарында, қолдарында, иығында қозғалмай тұруы;

      3) вестибулярлық аппарат – кеңістіктегі бас пен дененің күйінің өзгеруін және омыртқалы жануарлар мен адамдардың денелерінің қимылдарының бағыттарын қабылдайтын мүше.

      4) жаттығулар – үрену мақсатында бір қимылды көп мәрте қайталау;

      5) музыкалық ойын – музыкалық-ритмикалық міндеттерді орындауға бағытталған белсенді қызмет;

      6) қозғалыс аппараты – физиологиялық жүйе, оның жұмысы есебінен қимылды құру және іске асыру жүргізіледі;

      7) тренинг – мақсаты білімді жеткізу, кейбір біліктер мен дағдыларды дамыту болып табылатын белсенді оқыту формасы;

      8) тұру — басын төмен қаратып қозғалмай тұру;

      9) үйлестіру – қозғалыс міндеттерін табысты орындауға бағытталған дененің бұлшық еттерінің белсенділігін үйлестіру процесі;

      10) ширату – ағзаны жылытуға, бұлшық еттерді дайындауға және буын-сіңір аппараттарын жылдамдатығу бағытталған арнайы жаттығулар кешені;

      91. Бағдарламаның мақсаты: бидегі сахналық бейнені жасау үшін акробатика техникасын практикада меңгеру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      92. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) икемділікті, шыдамдылықты, жылдамдықты және қимыл үйлесімділігін дамытатын және техникалық жағынан күрделі қимылдарды табысты меңгеруге ықпал ететін қимыл белсенділігіның арнайы білім және дағдыларына оқыту және меңгеру;

      2) адам денесінің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгеру;

      3) баланың қозғалыс аппаратын дамытуға ықпал ететін дұрыс тыныс алу тәсілдерін, жаттығуларын кешеніні үйрету;

      4) спорт залында жұмысы істеу әдістерінің (пассировка) қауіпсіздік техникасын және оларды сақтау білігін меңгеру;

      5) кәсіби терминдерді меңгеру;

      6) акробатика, анатомия және травматология, хореография саласындағы арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру;

      7) болшақ бишіге қажетті акробатика саласындағы білім, білік және білік дағдыларын қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) ептілікті, реакциясының жылдамдығын, қимылды үйлестіру сезімін және кеңістікте бағдарлануды дамыту;

      2) ритмикалық суретті қимылмен шығару дағдысын қалыптастыру;

      3) вестибулярлық аппаратты жетілдіру;

      4) әуезділікті, мәнерлікті тәрбиелеу;

      5) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдысын, ұжымның әр мүшесінің жұмысының нәтижелігіне деген жауапкершілікті дамыту.

      Тәрбиелеу:

      1) әрі қарай жұмыс істеу үшін қажетті қимылдарды түсініп үйрену және білімді меңгеру дағдысын қалыптастыру;

      2) салауатты өмір салтына тарту;

      3) тұлғаның моральді және ерікті қасиеттерін үйлестіріп маңызды психикалық-физикалық қасиеттерін, қозғалыс аппаратын тәрбиелеу;

      4) жинақылықты, тәртіптілікті, ұқыптылықты тәрбиелеу.

      93. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      94. Бағдарламаның ерекшелігі акробатика саласындағы хореография өнерін әрі қарай меңгеруге көмектесетін негізгі білімдерді практикада меңгеруге жалпы дамытуға бағытталуы болып табылады.

      95. Бағдарлама болашақ бишінің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметі үшін акробатика арқылы баланы хореография өнері әлеміне араластыруға жағдай жасайды.

      96. Бағдарлама білім алушыларды шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуға бағытталған және музыкалық, қимыл, дене және зияткерлік дамуын классикалық гармониялық үйлестіру негізінде баланы жан-жақты оқыту тәжірибесін, тәрбиеленішінің музыкалық-ойын қызметі арқылы өзін таныту бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуына жағдай жасайды.

      97. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) би қимылдарынан тұратын акробатикалық, музыкалық-ритмикалық жаттығуларды меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) хореографиялық білім алуы және хореография мәдениетіне араласуы;

      5) хореография өнері саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      98. Білім алушыларға қажетті дағдылар мен біліктерді үйрету мазмұны, сипаты жағынан әртүрлі акробатикалық, би қимылдарынан тұратын музыкалық-ритмикалық жаттығулармен, трюктермен жұмыс істеу процесінде іске асырылады.

      99. "Акробатика" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын және формаларын таңдауға жағдай жасайды.

      100. Акробатика болашақ бишінің барлық қозғалыс қабілеттерін дамытуға оң әсер ететін әртүрлі акробатикалық жаттығулардан тұрады.

      101. Білім алушының акробатиканы үйренуі тек классикалық, халықтық, тарихи-тұрмыстық би негіздерін ғана барынша сапалы меңгеруіне көмектесіп қоймай сондай-ақ, спорт элементтері, акробатика, хореографиядағы негізгі заманауи бағыттардың есебінен сахнада өзін ұстау шекарасын кеңейтеді.

      102. Алғашқы оқу жылдарында, жеті-сегіз жастағы баланың омыртқа сүйегі қатаймаған, бұлшық еттері мен байланыстырушы аппараты әлсіз дамыған кезде сабақтың негізгі бөлігіндегі жаттығулар еденде жатып және отырып орындалады. Әрі қарай бастапқы қалпы еденде жату, отыру, ортасында тұру сияқты басқа қалыптармен ауыстырылады.

      103. Педагог білім алушының қимылдарды түсініп орындауына басты назар аударады. Түсініп орындау бұлшық ет сезімдерін машықтандыруды жылдамдатады (қысылу, босаңсу), теориялық түсінігі мен практикалық білігін бекітеді, бұл үйретілетін материалды орындауға жағымды әсер етеді. Оқыту процесінде педагог білім алушыны дененіғ құрылысымен, терминдермен танысады.

      104. Сабақтардың құрылымы бірыңғай формада болады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: дайындық бөлімі, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Алайда бұл сабақты өткізудің нұсқаларын шектемейді, оларды сабақтардың бөлімінің көлемі, амплитуда, қимылдарды орындау қарқынымен ерекшеленеді.

      105. "Акробатика" пәнінің "Классикалық би", "Халықтық-сахналық би", "Заманауи би", "Тарихи-тұрмыстық би", "Халықтық-сахналық би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      106. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұлшық ет топтарын дұрыс жаттықтыруды үйрету, дұрыс жаттықтырудың қажеттілігін түсінуді үйрету;

      2) жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, "ритм", "есеп", "өлшем" түсініктерімен танысу, акробатикалық және би элементтерін үйрену;

      3) кеңістіктікте бағдарлануға арналған жаттығуларды, серіктеспен орындалатын жаттығуларды, жартылай акробатикалық би қимылдарын, музыкалық-ритмикалық ойныдарды меңгеру;

      4) музыкалық, қимыл, дене және зияткерлік дамудың классикалық гармониялық үйлестіру негізінде акробатикаға оқыту.

      107. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Жатығудың негіздеріБұлшық еттің барлық тобына арналған жаттығудың сипатты жаттығулар. Характерные элементы разминки на все группы мышц.

      2-тақырып. Элементтерді орындау.

      3-тақырып. (2/4, 4/4) музыкалық өлшемге қарапайым элементтерді орындау.

      4-тақырып. Секірулермен танысу. Қауіпсіздік техникасы.

      5-тақырып. Орындыққа / орындықтан секіру.

      6-тақырып. Кеңістіктікте бағдарлануға арналған жаттығулар. Нүктелерді нөмірлеу. Сызық. сап. Колонна.

      7-тақырып. Серіктеспен жаттығу. Элементтерді орындау кезіндегі үйлесімдікті өңдеуге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. заттармен орындалатын жаттығулар. Лақтыру элементтерімен жаттығу.

      9-тақырып. Билейтін жартылай акробатикалық жаттығулар.

      10-тақырып. айналу (алға бір \ екі аяқпен).

      11-тақырып. Тепе теңдік (екі қолды созу).

      12-тақырып. Жүгіру: сахналық, жарты башпаймен, жеңіл қадаммен (аяқтары артқа), бір орында.

      13-тақырып. Қолдарға тік тұру (сермеп, көтеріп шығу).

      14-тақырып. Қолдардың жұмысы: "оң" және "сол" қолдар, қолдарды белгі қою.

      15-тақырып. Аяқтардың қалпы: "оң" және "сол" аяқ түсініктері, бірінші позиция еркін, бірінші позиция параллель, екінші позиция параллель.

      16-тақырып. Бастың жұмысы: еңкею және бұрылу.

      17-тақырып. Дененің қимылы: алға, артқа, жанға еңкею.

      18-тақырып. Жатып тіреліп тартылу, қолдарды соғу (сериялармен). Бір аяқпен отырып тұру сериялармен (пистолеттер).

      19-тақырып. Музыкалық-ритмикалық ойындар.

      108. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ширатуға арналған жаттығулар кешінін біледі;

      2) қимылдарды сауатты орындауды біледі;

      3) жаттығулардың негізгі қимылдарын музыкамен орындауды біледі;

      4) жүру, жүгіру, шоқырақтауда қолдардың, аяқтардың, бастың қимылын үйлестіруді біледі;

      5) би сызығымен қозғалып келе жатып бұрылуды орындауды біледі;

      6) қимылдағы және заттарды қолданып орындалатын жаттығуларды орындау кезінде оң мен солды нақты анықтауды біледі;

      7) әртүрлі қалыпта денені, басты және қолдарды еркін ұстауды біледі;

      8) жұппен жұмыс істеудә және қимылдады үйлестіруді біледі.

      109. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкадағы метрмен қарқынмен және динамикамен байланысты негізгі түсініктерді үйрену, баланы би алаңында бағдарлануға және бір суреттен келесі суретке ауырып тұруды үйрету;

      2) би-акробатикалық элементтерді орындау кезінде үйлесімді орындауды машықтандыру, қол моторикасы мен қимылдарды үйлестурді дамыту, бұлшық ет корсетін бекіту, дене бойыд дұрыс ұстауды қалыптастыру, жалпақ табан болудың алдын алу, тыныс алу жүйесінің бұлшық еттерін бекіту, акробатикалық жаттуғларды үйрету.

      110. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ширату негіздері. Жаттығу кезінде ширатудың қажеттілігі.

      2-тақырып. Әртүрлі бұлшық ет топтарына арналған шыратудың ерекшеліктері.

      3-тақырып. Би элементтерінен тұратын ширату.

      4-тақырып. "Жылдам" ширату.

      5-тақырып. Кеңістіктікте бағдарлануға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Диагональ. Шеңбер. Екі шеңбер. Жаттығу "Ұлу". "Жылан".

      7-тақырып. Серіктеспен орындалатын жаттығу. Үйлесімділікті пысықтауға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Заттармен орындалатын жаттығулар. Тепе-теңдікті сақтап тұруға арналған заттармен орындалатын жаттығулар.

      9-тақырып. Би және акробатикалық қимылдар (элементтер). Аяқтың асынан жүрулер және өтулер.

      10-тақырып. Тізерлеп отыру. Жамбасқа отыру. Қолдарға отыру.

      11-тақырып. Жүгіру: жеңіл қадам (аяқтар артқа), бір орында, шапшаң, орында тұрып және қимылдап келе жатып "ат" жасау.

      12-тақырып. Секіру: 1/4 бұрылыста, "аяқтарды ашу", "аяқтарды қысу".

      13-тақырып. Әртүрлі элементтерді орындау барысындағы қолдардың жұмысы.

      14-тақырып. Яқтардың қалпы: екінші еркін.

      15-тақырып. Отырып тұру: жартылай отырып тұру.

      16-тақырып. алғашқы қалыптағы "Май шам" жаттығуы.

      17-тақырып. Шоқыррақпен па: тура, жанға 2.

      18-тақырып. Үйренген элементтердің музыканың сүйемелдеуімен би композицияларында орындау.

      19-тақырып. Музыкалық-ритмикалық ойындар.

      111. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ширату процесінің қажеттілігін және маңыздылығын түсіну;

      2) акробатиканың қарапайым атауларын біледі, оларды дұрыс орындауды біледі;

      3) үйренген өлшемдерде музыкамен заттармен және заттарсыз жаттығулардың негізгі қимылдарын орындайды;

      4) музыкалық дыбысталуындағы өзгерістерді естиді және оларды қимылдарды өзгерту арқылы жеткізе алады;

      5) еліктеу қимылдарын барынша нақты орындайды.

      112. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) акробатикалық жаттығуларды, би қимылдарын әрі қарай үйрену, биге арналған заттармен орындалатын жаттығуларды жаттау;

      2) қимыл дағдыларын қалыптастыру және музыкалық-ритмикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы білім алушының қимыл белсенділігін дамыту.

      113. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ширату негіздері және қорытынды жаттығулар. Қорытынды жаттығулардың рөлі.

      2-тақырып. Қорытынды жаттығулар.

      3-тақырып. Музыкалық қарқын және элементтерді дұрыс орындау.

      4-тақырып. Аударылу. Дөңгелек.

      5-тақырып. Кеңістіктікте бағдарлануға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Диагональ, жұппен шеңбер жасау, "өзен".

      7-тақырып. Серіктеспен орындалатын жаттығулар. Элементтерді үйлесімді орындау.

      8-тақырып. Заттармен орындалатын жаттығулар. Шеңбермен орындалатын жаттығулар.

      9-тақырып. Доппен орындалатын жаттығулар.

      10-тақырып. Би және акробатика элементтері.

      11-тақырып. Алға жылжып, 1 /2 бұрылып, серіктеске қатысыты тұрған қалпын өзгертіп секіру.

      12-тақырып. Шатқа отыру. Оң, сол, тік (көлденең).

      13-тақырып. Қолдардың жұмысы: қолдарды кеуденің алдына қою, қолдарды жұдырыққа қою.

      14-тақырып. Денені қимылдату: баспен бірге алға, артқа, жанға еңкею.

      15-тақырып. Музыкалық-ритмикалық жаттығулар: тепкілеу (екі, үш), секірумен үйлестірілген абанмен соққыны үйрену.

      16-тақырып. Өкшемен қосалқы қадам, теуіп қосалқы қадам.

      17-тақырып. "Көпір". Оған ену және одан шығу вариациялары.

      18-тақырып. Элементтерді орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      19-тақырып. Тұру (спичаг).

      20-тақырып. Музыкалық-ритмикалық ойындар.

      114. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қауіпсіздік техникасы бойынша білімді біледі және қолданады;

      2) ансамбльде элементтерді орындауды біледі;

      3) сахна алаңында дұрыс бағдарлана алады;

      4) әртүрлі қалыптарда денені, басты еркін және дұрыс ұстауды біледі.

      115. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушыны жаңа жаттығулармен таныстыру, музыка және қимыл туралы тұтас әсерді құру, жаңа акробатикалық жаттығуларды жаттау;

      2) музыкалық-ритмикалық қимылдарды тереңіреу жаттау; оның элементтерін нақтылау және музыкалық шығарманың тұтас бейнесін, көңіл-күйін жасау;

      3) музыка және қимыл туралы түсініктерін бекіту, білім алушыны жаттаған қимылдарын өз бетінше орындауға ынталандыру, музыкалық-ритмикалық қимылдарды сапасымен жұмыс жалғастырылады.

      116. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ширату, тартылудың негіздері. Кеудені жерден көтеру. Әртүрлі бұлшық ет топтарына түсетін жүктеменің түрлеру.

      2-тақырып. Пресс жасау. Жаттығу "Бұрыш".

      3-тақырып. Кеңістіктікте бағдарлануға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Күрделі қайта жасаулар, кері жүру.

      5-тақырып. Жұппен жұмыс: қайта жасау, айналу.

      6-тақырып. Би элементтері бар жаттығулар. Қосалқы бұйымдармен жұмыс.

      7-тақырып. Таяқпен жұмыс.

      8-тақырып. Би және акробатикалық жаттығулар. Бір орында және жұппен айналу.

      9-тақырып. "Пол Виклера" трюгін үйрену. Қорытынды жаттығулардан алған дағдыларын қолдану.

      10-тақырып. Жаттығу "Қол арқылы бұрылу".

      11-тақырып. "Мюнхен" трюгі.

      12-тақырып. Секіру: 360 градусқа айналу.

      13-тақырып. Трюктарды орындайтын ритмикалық би комбинациялары.

      14-тақырып. Бірнеше акробатикалық трюктардан тізбектерді жасау.

      15-тақырып. Үйлесімділікке арналған аяқтарды ары-бері лақтыру, сермеу.

      16-тақырып. "Бала сальтосы" трюгі.

      17-тақырып. "Әткеншек" трюгі.

      18-тақырып. Музыкалық-ритмикалық ойындар.

      117. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкадағы метрмен, ритммен, қарқынмен және динамиканымен байланысты негізгі түсініктерді біледі;

      2) барлық бұлшық ет топтарына арналған жаттығулардың ширату кешеніні біледі (жылдам, толық ширату);

      3) акробатика туралы түсініктері бар;

      4) қимылдарды музыкалық ышғармалармен үйлестіруді біледі;

      5) музыкалық-ритмикалық жаттығуларды би қимылдарымен үйлестіруді біледі.

      118. "Қосымша музыкалық аспап" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезіндегі саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі, сондай-ақ осы тәсілді ноталарда белгілеу;

      2) арпеджио – фортепианода, кейбір клавишалық (ксилофон, виброфон) және ішекті аспаптарда аккордтардың дыбыстарын бірінен соң бірін шығарып аккордтарды орындау тәсілі;

      3) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау кезінде және вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың бірізді қатарын орындау тәсілі;

      4) бас кілті – ноталық станда орналасатын шартты графикалық белгі;

      5) группетто – жоғарғы көмекші, негізгі, төменгі көмекші және негізгі сияқты бірнеше дыбыстардан тұратын әуендік әрлеу;

      6) затакт – келесі тактінің алдыңғы бөлігінің алдында келетін тактінің толық емес бөлігі;

      7) қосалқы дауысты полифония – полифониялық көпдауыстылықтың түрі;

      8) лигаланған ноталар – ұзақтығы лигамен біріктірілген барлық барлық ұзақтықтардың соммасына тең болатын бір нота;

      9) мордент – негізгі дыбыстың қосымша дыбыспен алмасуын білдіретін әуендік әрлеу;

      10) октава – дыбыстар арасындағы жиілік 1-дің 2-ге қатынасын құрайтын музыкалық аралық;

      11) полифония – көпдауысты фактурадағы жеке дауыстардың (әуендік сызықтар, кең мағынадағы әуендер) функционалды теңдігін анықтайтын көпдауысты музыка қоймасы;

      12) педальді басу – пианино өнерінің маңызды элементтерінің бірі, дыбыстарды байланыстыру, гармонияны ұстап тұру, дыбысталуды күшейту немесе әлсірету үшін қолданылады;

      13) синкопа – тактінің күшті бөлікті акцентінің әлсізге ауысуы, яғни ритмикалық акценттің метрикалыққа сәйкес келмеуі;

      14) тасымалдау – көптеген музыканттар қолданатын кәсіби тәсіл;

      15) триоль – ұзақтығы бірдей үш нотадан құрылған топ, дыбысталу уақыты бойынша дәл осындай ұзақтықтағы екі нотаға тең;

      16) ұзақтық – музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерінің бірі, дыбысталатын дененің тербеліс ұзақтығының нәтижесі;

      17) музыкадағы үзік-үзік ритм – келесі, мейлінше әлсіз бөлікті екі есе қысқарту есебінен тактінің бөлігін жарты ұзақтыққа ұзарту кезінде пайда болатын ырғақтық сурет;

      18) фразировка – қарқынды, динамиканы, акценттердің орнын икемді өзгерту арқылы музыкалық тілдің мағынасын анықтайтын музыкалық фразану және барлық элементтерін анық, мәнерлеп орындау;

      19) штрих – дыбыс құраушы ноталарды, ноталар тобын орындау (тәсілі және әдісі) амалы.

      119. Бағдарламаның мақсаты: фортепианода ойнау бойынша алған білім, білік және дағдалары негізінде білім алушының музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

      120. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық шығарманы қажетті музыкалық сауат деңгейіне және стильдік дәстүріне байланысты орындауға мүмкіндік беретін фортепианода ойнаудың алғашқы базалық білімін, білікті және дағдыларды алуы;

      2) орындаушылық мүмкіндіктермен және ойнаудың әртүрлі тәсілдерімен танысу;

      3) музыкалық сауат саласындағы білімді алу;

      4) музыкалық стильдер және жанрлар туралы түсінікті қалыптастыру;

      5) қозғалыс дағдыларын меңгеру, саусақтардың жүйріктігін дамыту, әртүрлі орындаушылық штрихтармен және динамикалық гардациялармен меңгеру;

      6) музыкалық терминдермен, музыкалық жанрлармен танысу, музыкалық мәнерлік құралдары.

      Дамыту:

      1) музыкалық есте сақтау қабілетін, метроритм сезімін, музыкалық есте сақтау жадын, музыкалық ойлауын, шығармашылық қиялын, әртістік қабілеттерін дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, музыканы эмоциямен қабылдауды, білім алушының шығармашылық қызметке деген оң уәждемесін қалыптастыру;

      3) музыкалы ой-өрісін кеңейту, білім алушының жеке қабілеттерін дамыту;

      4) көркемдік шығармамен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

      5) бұрынғы музыкалық-тарихи дәуірдегі қазқ, орыс және шетел музыкасының озық үлгілерімен, заманауикомпозиторлардың шығармаларымен танысу процесінде кең музыкалық ой-өрісін қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) музыканы түсініп қабыладу негізінде білім алушының эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

      2) әртүрлі халықтардың рухани және мәдени құндылықтарын құрметтеуге және қабылдауға мүмкіндік беретін білім алушының жеке қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту;

      3) жақсы әлеуметтік бейімделуге қабілетті музыкантты, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу;

      4) адамгершілікті, эстетикалық, дүниетанымдық позициялар.

      121. Балаларды фортепианода ойнауға оқыту уақыты – төрт жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      122. Бағдарлама фортепианода ойнау техникасын меңгергісі келетін, орыс, қазақ халық әндерінің өңдеулерін, әлем халықтарының музыкасын және классикалық шығармалардың өңдеулерін орындап үйренгісі балаларды оқытуға арналған.

      123. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың фортепианода ойнау бойынша білім, білік және дағдыларын, шығармашылық қызмет тәжірибесін, жеке және ансамбльде орындаушылықтың тәсілдерін меңгеруге бағытталуы.

      124. Бағдарлама болашақ бишінің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі фортепианода ойнау тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      125. Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және жеке, ансамбльде, оркестрде орындаушылық дағдыларын меңгеруге, музыкалық өнерді зерттеу және меңгеру барысында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      126. Бағдарлама музыкалық дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог музыкалық білімді меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      127. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) білім алушының музыкалық сауаттың қажетті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін фортепианода ойнау бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

      2) білім алушының шығармашылық қызметі тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын білім алушының меңгеруі;

      4) музыкалық мәдениетке тарту;

      5) білім алушының бойында музыка өнері саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      128. Білім алушыларға қажетті орындаушылық дағдыларды және біліктерді үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі көркемдік шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады, ал музыкалық тәрбие беру халық музыкасын, қазақстандық, орыс және шетел композиторларының шығармашылығын үйретуге негізделеді.

      129. "Қосымша музыкалық аспап" (фортепиано) аспабына жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды.

      130. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      131. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      132. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      133. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      134. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      135. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      136. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      137. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      138. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетелдердің музыкасын, көркемдік деңгейі жоғары заманауи композиторлардың балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаларын, мультифильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық музыкасын қамтиды.

      139. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен қолданады.

      140. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      141. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      142. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      143. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырады.

      144. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      145. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттап алуды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      146. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) гаммалармен жұмыс;

      2) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндерінің және билерінің өңдеулері;

      6) ансамбльдің құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      147. Әр жарты жылдықтың соңында педагог бекітілген жеке жоспардағы репертуарлық тізбеге енгізілген өзгерістерді көрсетіп, жоспардың орындалуын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушының музыкалық және техникалық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      148. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі – естуі, ырғақ, жады;

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      149. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

      150. Педагогтің негізгі міндеті – балаларға музыканы сезінуді, тыңдауды және бастан кешіруді үйрету, оған деген сүйіспеншілікті ояту, музыкалық бейнелерге эмоциялық жауап беруге итермелеу. Ән айту, есту қабілеті бойынша әуендерді теру, тасымалдау нақты музыкалық түсініктердің пайда болуына ықпал етеді және фортепианода ойнауды үйретудің алдын алады.

      151. Педагог белсенді есту қабілеттерін негізге алып, әрбір білім алушының табиғи және мақсатты тәсілдерін машықтандырады.

      152. Педагог білім алушыны фортепианоны меңгерудің дағдыларына – еркін тік отыру, белсенді бұлшық ет тонусын жаттықтыру, қолдар мен саусақтардың үйлестірілген қимылдарына, клавиатураны дәл сезінуге үйретеді.

      153. Қарапайым әуен бастапқы музыкалық тәрбие мен фортепианода ойнауға оқытудың негізі болып табылады. Педагог білім алушыға әуендік сызықты естуді және жүргізуді, созылыңқы фортепиано дыбысын тыңдауды, мәнерлі баса айтуға талпынуды және әншілік немесе бишілік құрылымдағы әрбір әуеннің сипатын жеткізуге талпынуды үйретеді.

      154. Алғашқы сабақтардан бастап педагог білім алушыларды аспаптың мәнерлі дыбысталуына талпына отырып, өзінің орындауын тыңдауға, авторлық мәтінді мұқият және нақты оқуға, техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыстарды жүргізуге дағдыландырады.

      155. Педагог білім алушылардың музыкалық шығармамен жұмыс істеуде механикалық түрде ойнауға жол бермей, түсініп ойнауға деген көзқарастарын қалыптастырады.

      156. Музыкалық шығармаларды жаттау кезінде педагог мейлінше ыңғайлы және мақсатты реті бар аппликатураларды таңдайды. Жоғары сыныптарда бұл жұмысты білім алушылардың өздері орындайды.

      157. Педагог білім алушыларға орындау кезінде олардың мағынасын түсіндіре отырып, музыкалық терминдермен таныстырады.

      158. Мәнерлеп орындау, есту қабілетін бақылауды дамыту, дыбысталудың сапасы мен түрлілігі, ритм және динамикамен жұмыс істеуде оқытудың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде жүргізіледі.

      159. Оқыту процесінде педагог көркемдік және техникалық дағдыларды үйлесімді дамытуға талпынады. Техниканы дамыту білім алушының үйренетін барлық шығармаларымен жұмыс істеу процесінде іске асырылады; тар мағынада алғанда техниканы дамыту (саусақтың жүйріктігі, нақтылығы), гаммалармен, арпеджиомен, этюдтермен және жаттығулармен ұдайы жұмыс істеу ықпал етеді.

      160. Білім алушының жаттығулармен тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты техникалық қиындықтарды жеңу үшін олардың мақсаттарын нақты түсіну: аккордтардың түзулігі, гаммалардың салмақтылығы және түзулігі, сұқ саусақты арпеджиоға білдірмей қою.

      161. Жоғары сыныптарда қарқынды ұлғайтумен қатар, орындау сапасына қойылатын талап та жоғарылайды. Гаммаларда педагог білім алушылардың алдына динамика, артикуляция, топтастыру бойынша әртүрлі тапсырмаларды қояды. Аккордтар мен гаммаларды бір уақытта үйрену білім алушының теориялық білімін бекітуге және алғашқы аппликатуралық дағдыларды машықтандыруға ықпал етеді.

      162. Педагог әрбір білім алушыға стилі, музыкалық-пианистік тапсырмалары бойынша аяқталған, тез жатталатын этюдтерді таңдайды.

      163. Педагог білім алушының бойында шығарманың көркемдік түпкі ойын іске асыруға көмектесетін әртүрлі техникалық тәсілдерді меңгеруге деген саналы көзқарасын дамытады.

      164. Арнайы сыныптардағы жұмыстың маңызды бөлімінің бірі болып білім алушылардың әрі қарай жүргізетін практикалық жұмыстарына қажетті ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту болып табылады.

      165. Білім алушының ноталық мәтінді өз бетінше және сауатты талдай алу білігі мұқият талдау (анализ) және парақтан жылдам оқу дағдысын дамыту бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыс процесін біршама белсендіреді.

      166. Сауатты және түсініп талдаудың алғышарттары ладты үндестілікті, метроритмді түйсіну, әуендік фразаларды қамту білігі, мәтіндегі барлық белгілерді және автордың ескертпелерін байқау, дұрыс түсіну, аппликатураға мұқият назар қою, оның мағынасын тек ойнау ыңғайлығы үшін ғана емес, сондай-ақ дұрыс фразировка жасау, дауысты жүргізу үшін де маңызды болады.

      167. Мұқият талдау жасау дағдыларымен қатар, осы дағдылар негізінде педагог парақтан жылдам оқу дағдысын, музыкалық материалдағы ең бастыны ұғыну білігіне негізделген, музыкалық желіні үздіксіз жүргізу білігін дамытады.

      168. Ноталық белгілерге сенімді және жылдам реакция жасау, барында ұзартылған музыкалық фразаларды қамту, клавиатурада еркін бағдарлану, аппликатуралық тапқырлық парақтан оқу дағдыларын табысты меңгерудің шарты болып табылады.

      169. Ноталарды парақтан оқу бірінші жылдан басталады және оқытудың барлық кезеңдерінде жүйелі сипатта жүргізіледі.

      170. Есту қабілеті арқылы ойнау практикасы (халық және балалар әндерінен шағын үзінділерді іріктеу), тасымалдау барлық оқу кезеңінде жалғастырылады және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

      171. Педагог білім алушының шығармашылық бастамаларын ынталандырады және бағдар береді: суырып салу талпыныстары, шағын пьесаларды (кезең, бір бөлімді, екі бөлімді және үш бөлімді формаларда) шығару. Бұл пьесалар берілген тақырыпқа, сондай-ақ еркін тақырыпқа шығарылуы мүмкін.

      172. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдерді пайдаланып, ең күрделі музыкалық эпизодтар пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      173. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбыстарды дамытуға арналған жаттығулар;

      2) техниканы дамыту үшін жұмыс (гаммалар, жаттығулар, этюдтер);

      3) көркемдік материалмен жұмыс (пьесалар немесе ірі нысанды шығармалар);

      4) ноталарды парақтан оқу.

      174. Білім алушының өз бетінше жұмысын белсендіруге арналған жұмыс формалары:

      1) өзінің орындауын талдау – білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді;

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру – білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады.

      175. "Қосымша музыкалық аспап" (фортепиано) пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Музыкалық сауат ашу және музыка тыңдау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      176. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) клавиатурада ноталарды, тиісті регистрлерді, дыбыс шығару процесіндегі жанасу сезімін табу, дұрыс отыру дағдыларын меңгеру;

      2) пианистік аппараттың физиологиясымен танысу, фортепианода ойнау кезінде қолдардың бұлшық еттерін үйлестіруді дамыту;

      3) музыкалық сауттың негізгі түсініктерін меңгеру (ноталардың, октавалардың аталуы, ноталық станда және клавиатурада скипка және бас кілттерін табу, ноталардың ұзақтықтары, үзілістер, такті, өлшем, тактіден сырт, альтерация белгілері), терминдермен танысу;

      4) ноталық мәтінмен жұмыс істеу кезінде зейінді дамыту, есту қабілеті арқылы теру және әншілік дыбыстың әртүрлі дыбыстарынан айту, білім алушыларды ансамбльде музыка ойнауға тарту (педагогпен бірге төрт қолмен қарапайым пьесаларды орындау);

      5) білім алушы негізгі пианиноға арналған штрихтарды (non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато]), 15-20 пьсаны, ансамбльдерді меңгереді.

      177. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу.

      2-тақырып. Пианист аппаратын ұйымдастыру.

      3-тақырып. Музыкалық сауат негіздері.

      4-тақырып. Мәтінмен жұмыс.

      5-тақырып. Есуі арқылы теру.

      178. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негіздерін біледі;

      2) музыкалық мәнерліктің негізгі құралдарын біледі;

      3) үйренген жанрлардың аталуын біледі;

      4) отыру және қолдарды қою ережелерін, дыбыс шығару негіздерін біледі;

      5) non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] дыбыс шығару тәсілдерін меңгеру кезінде пианистік аппаратты үйлестіру дағдыларын біледі.

      179. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бас кілтін кеңінен қолдану, ноталарда еркін бағдарлану есебінен репертуарды кеңейту, мейлінше күрделі ритмикалық суреттерді жүргізу;

      2) ноталық мәтінді талдау, саусақ техникасы бойынша жұмыс, әртүрлі жаттығулар (оның ішінде морденттер, группеттолар), қарапайым полифониялық шығармаларды үйрену: қос дауысты полифония; гаммаларды орындаумен алғаш рет танысу, гаммаларға дайындайтын дайындық жұмыстар;

      3) ірі нысанды шығармалармен танысу; вариациялар, ноталарды парақтан оқу кезінде қарапайым жатығуларды қолдану, естуді бақылау (өз партиясын, орындаудағы серіктесін тыңдау, метроритмді анық етсуі);

      4) білім алушы 1-2 полифониялық шығармаларды, 3-4 этюдті, ноталарды парақтан оқуды меңгереді, гаммалармен танысу: 2 октавада әр қолмен жеке және әр қолмен жеке 3 дыбысстан арпеджионы орындау.

      180. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. музыкалық сауат негіздері.

      2-тақырып. Мәтінмен жұмыс.

      3-тақырып. Техникамен жұмыс.

      4-тақырып. Полифония.

      5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      6-тақырып. Мәтінмен жұмыс.

      7-тақырып. Гаммалармен танысу, гаммаларға арналған дайындық жаттығулары.

      8-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      12-тақырып. Естуі арқылы теру.

      181. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталық мәтінді талдай алады;

      2) қарапайым ноталық мысалдарды парақтан оқуды біледі;

      3) әртүрлі жаттығу түрлеріне арналған саусақ техникасымен, аралықтарды ойнау арқылы еркін білек қимылдары дағдыларын дамыту бойынша жұмыс істеуді біледі;

      4) өзінің орындауында шығарманың сипатын жеткізуді біледі.

      182. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының техникалық базасын дамыту, негізгі пианиноға арналған штрихтардың сапасы бойынша жұмысты жалғастыру, аралықтарды ойнау арқылы білекті еркін қимылдату дағдыларын дамыту, мейлінше күрделі ритмикалық суреттерді орындау бойынша жұмыс (синкопалар, лигаланған ноталар, үзік-үзік ритм, триоль);

      2) ерекше пьесаларды үйрену, орындаудың көркемдік жағымен жұмыс; ашық өңделмеген сонатинолармен танысу (көне 2 бөлімді); көне билерді мысалға алып кереғар полифониялырмен танысу;

      3) білім алушы 2 октавада екі қолмен гаммаларды, айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылықтарды және әр қолмен жеке 4 дыбыстан арпеджионы; 1 полифониялық шығарманы, әртүрлі техниканың түріне арналған 2-3 этюдті, 1-2 ансамбльді, ноталарды парақтан оқуды меңгереді.

      183. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Этюдтер.

      2-тақырып. Гаммалар. Жаттығулар.

      3-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      4-тақырып. Пьесалар.

      5-тақырып. Педальмен жұмыс істеумен танысу.

      184. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық мәнерліктің құралдарын анықтай алады;

      2) гармонияның тірек дыбыстарының бастағы түрінде жеңіл сүйемелдеулермен ән сипатындағы әуендерді парақтан оқи алады;

      3) тура қозғалыстағы мажор гаммаларын ойнауды біледі;

      4) ноталарды парақтан оқу дағдысына ие болады.

      185. 4 сыныптары Бағдарлама талаптары:

      1) би сипатындағы полифониялық шығармаларды меңгеруді жалғастыру, стильдік ерекшеліктермен жұмыс, ырғақпен, ритммен, дыбысталу динамикасын жетілдіру, шығарманың көркедік бейнесі бойынша жұмыс;

      2) білім алушының техникалық жабдықталуын ұлғайту бойынша жұмыс, психикалық және физикалық сенімділік – техникалық еркіндіктің басты белгісі, репертуарлық мүмкіндіктерді кеңейту: үйрету үшін жанры және стилі әртүрлі шығармаларды қолдану;

      3) ірі нысанмен жұмыс: рондо формасымен танысу, вариациялар мен сонатиноларды үйренуді жалғастыру;

      4) білім алушы екі қолмен бірге 4 октавада гаммаларды, айналымдарымен тоникалық үшдыбыстылықтарды, әр қолмен жеке хроматикалық гаммаларды, 1 полифониялық шығарманы, 1 ірі нысанды шығарманы, әртүрлі техниканың түріне арналған 2-3 этюдті, түрі сипаттағы 2-3 пьесаны, ансамбльді, ноталарды парақтан оқуды меңгереді.

      186. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жсопарлау.

      1-тақырып. Полифония.

      2-тақырып. Этюдтер.

      3-тақырып. Пьесалар.

      4-тақырып. Гаммалар. Жаттығулар.

      5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу.

      6-тақырып. Естуі арқылы теру.

      187. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оуқ жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық бейнені, орындалатын музыкалық шығарманың стилін, формасын мәнерлеп жеткізу түсінігін біледі;

      2) музыкалық терминдерді біледі;

      3) шығармаларды орындау кезінде бақылауды іске асырады;

      4) музыкалық әдебиеттің әртүрлі жанрларының біртіндеп күрделендірілген шығармаларын парақтан оқуды біледі;

      5) саусақ жүйріктілігін дамытуда білек тхникасын дамытуға арналған октавамен жұмысқа біртіндеп ауыса оытырп жұмыс істеуді біледі;

      6) екі қолмен бірге 4 октавадағы гаммаларды ойнай алады;

      7) фортепианода ойнаудың техникалық тәсілдерін біледі (қимыл дағдылары, дыбыс шығару тәсілдері);

      8) орындалатын шығармалардың сипатын дұрыс түсінеді;

      9) музыкалық сауат және әдебиет, орындаушылық және музыкалық мәдениет саласындағы білімдерін практикада қолдануды біледі.

      188. "Сахна өнері" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) жонглерлеу – бір уақытта бір немесе одан көп объектілерді басқару білігі;

      2) коррекциялау – туылғаннан немесе жүре келе пайа болған, жас әртістің сыртқы келбетін нашарлататын немесе ауырлататын, өзін қанық мәнерлі сахналық формаларда көрсетуіне кедергі келтіретін жеке физикалық және психофизикалық кемшіліктерін түзетуге бағытталған оңалту-педагогикалық және тәрбиелік процесс;

      3) пластикалық тренинг – көркемдік бейнелерді таңбалы ойнау арқылы іске асырылатын психодрамалық әрекет;

      4) сахналық акробатика – гимнастиканың ең белгілі және керемет түрлерінің бірі, спорт пен өнердің түйілісуінен пайда болады;

      5) сахналық бейне – актердің жеке мінезінен, оның психоэмоциялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ сахналық талғамдарынан тұратын актердің немесе актрисаның жиынтық бейнесі;

      6) сахналық өнер – театр шығармашылығы саласы; тар мағынада алғанда – спектакльді құру өнері, осыған қажетті кәсіби білім мен шеберліктің жиынтығы;

      7) сахна қозғалысы – актердің сыртқы техникасының маңызды құрамдасы;

      8) суырып салу – орындау процесінде немесе оны құру процесінде туындайтын өнер туындысы;

      9) тепе-теңдікті сақтау – денемен, қолмен қимыл жасауда дененің тұрақсыз күйі кезіндегі тепе-теңдікті сақтау; дененің тұрақсыз күйі жағдайында тепе-теңдікті сақтауды талап ететін цирктік нөмірді сақтау;

      10) тренинг – білімді, білік пен дағдыны және әлеуметтік ұстанымдарды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдісі; мақсаты араласу кезінде тұлғааралық және кәсіби өзін ұстау құзыреттіліктерін дамыту болып табылатын интерактивті оқыту формасы.

      189. Бағдарламаның мақсаты: сахна қозғалысы заңдылықтары туралы алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушы тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамыту үшін жағдай жасау.

      190. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) негізгі би қимылдарын, орындау стилін және нақышын меңгеру;

      2) психологиялық және бұлшық ет қысылуларынан босату;

      3) биді дайындау және орындау процесінде әртүрлі қиындықтағы міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін дағдылар кешенін қалыптастыру;

      4) өз денесін басқаруды, оны бишінің мәнерлік құралы ретінде қолдануды үйрету;

      5) әртүрлі қимыл түрлеріндегі ритмикалықты, музыкалылықты пысықтау;

      6) қимылдардың нақтылығын, дәлдігін және бұлшық ет күштерінің дұрыстылығын пысықтау.

      Дамыту:

      1) театрлық-орындаушылық қабілеттерін дамыту;

      2) пластикалық мәдениетті тәрбиелеу;

      3) қозғалыс-би қабілеттерін, әртістікті дамыту;

      4) қиялды, қимылдық есте сақтау жадын, зейінді, ритм сезімін, кеңістікті жнәе уақыт сезімін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) өнердің әртүрлі түріне деген қызығушылықты ынталандыру;

      2) шығармашылық бастамашылықты, өзін дамытуға талпынуды тәрбиелеу;

      3) көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      4) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы.

      191. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      192. Бағдарлама бидегі бейнені құру үшін сахна қозғалысының заңдылықтарын меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      193. Бағдарламаның ерекшелігі сахна қозғалысының тарихи стилистикасымен таныстыру және білім алушылардың аса күрделі қиындықтағы тапсырмаларды орындауда техникалық тәсілдерді меңгеруіне жалпы бағытталуы болып табылады.

      194. Бағдарлама білім алушыларды шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамытуға бағытталған және бидегі сахналық бейнені жасау тәжірибесін, бидегі актерлік міндеттерді іске асыру бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алу үшін жағдай жасауға бағытталған.

      195. Бағдарлама дарындылықтары, дайындықтары және жалпы дамулары түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог хореографиялық шығарманың стиліне байланысты көркемдік-сахналық бейнені жасауда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке басты назарын аударады.

      196. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) би нөміріндегі бейнемен жұмыс бойынша сахна қозғалыстарының заңдылықтарын меңгеру;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) хореографиялық білім алуы және хореография мәдениетіне араласуы;

      5) хореография өнері саласындағы кәсіптік білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруіне ықпал ететін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.

      197. Педагог баланың жан-жақты пластикалық дамуына жағдай жасайды. Сахна қозғалысы бойынша педагогтің міндеті - өз денесін және қимылды сезінуді үйрету, психофизикалық қасиеттерді дамыту.

      198. Педагог білім алушылардың тұла бойын түзу ұстауға ерекше көңіл бөледі. Сыртқы мүсіні адамның денсаулығымен тығыз байланысты. Дені сау омыртқа ауыр жүктемелерге шыдайды, икемділігі мен қозғалғыштығын сақтайды.

      199. Акробатика бөлімі пәнге қойылатын талапты, педагог пен білім алушының жауапкершілігін арттыруды қарастырады. Сондықтан бірінші және қажетті талап – қауіпарсіздік техникасы.

      200. Білім алушы күрделі жаттығуларды педагогтің қадағалауымен төсеніштерде орындайды. Әр сабақта өткен материалдар қайталанады және бекітіледі.

      201. Педагог міндеттерді мақсатты орындауды түсіндірумен қатар қимылдарды нақты орындауға қойылатын талаптарды қояды. Педагог ұсынған оқу сызбалары нақты және түйсініп орындалады.

      202. Акробатикалық элементтерді меңгеру процесі біртіндеп жүргізіледі. Жұмыс кезінде педагог берік сақтандыруды сақтануға, білім алушының нақты психологиялық көңіл-күйін құруға назарын шоғырландырады.

      203. Бірінші сабақтардан бастап педагог ең қарапайым жаттығуларда тапсырмалардың нақты орындауға, материалды болжамды, үстіртін меңгеруге жол бермеуге талпынады.

      204. Білім алушы орындайтын жаттығудың әрбір элементі шығармашылық сипатқа, актерлік ойын бастамаларына ие болады. Оқыту процесінде педагогтің орындайтын басты міндеттерінің бірі білім алушының қиялын анықтау және дамыту болып табылады.

      205. Педагог ұсынған пластикалық сурет нақты орындау білігінен басқа, білім алушы біртіндеп пластикалық бейнені құруға алып келеді. Осы мақсатпен палстикалық қиялға арналған жаттығулар бірінші оқу жылында өткізіледі.

      206. Оқытудың қорытынды кезеңі нақты драматургиялық материалмен этюдтік-қойылымдық жұмыстарды қамтиды.

      207. Музыка бейнені тәрбиелеудегі өте маңызды рөлді ойнайды, оған ерекше көңіл бөлінеді. Музыка арқылы педагог қимылдың үйлесімді ритмін табуға көмектеседі. Музыканың сипаты қимылдың сипатына сәйкес келеді. Сабақтардағы жанды музыка – оқыту процесіндегі маңызды компонент болып келеді.

      208. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар денсаулық үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында іске асырылады. Педагог сабақтан тыс уақытта Бағдарламаның сахналық акробатика, сахналық күрес, арнайы сахналық дағдылар сияқты кейбір бөлімдерін орындауға қатаң тыйым салады.

      209. Білім алушының өз бетінше жүргізетін жұмысына жеке тренинг орындау, жонглерлеу элементтерін пысықтау, заттармен жұмыс, педагогтің ұсынуымен бейнежазбаларды қарау (пластикалық және би спектакльдерінің жазбаларын) енгізіледі.

      210. Жеке тренинг созу және тартылу жаттығулары, айналу жаттығулары, үйлесімділікті дамытуға арналған жаттығулар, тепе-теңдік сезімін дамытуға арналған жаттығулар, секіруді дамытуға арналған жаттығулардан тұрады.

      211. "Сахна қозғалысы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын таңдаудың вариативті болуына жағдай жасайды. Сахнадағы әрекет актердің сахнада тұруының басты шарты, сахналық бейнені жасаудың негізгі алғышарттарының бірі.

      212. "Сахна қозғалысы" пәнінің "Классикалық би", "Бал биі", "Заманауи би", "Тарихи-тұрмыстық би", "Халықтық-сахналық би" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыларды түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      213. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ритмикалық қимыл дағдыларын, қимылды орындау білігін алуы, білім алушыларға өздерін ашық және мәнерлі сахналық формада көрсетуіне кедергі келтіретін физикалық және психофизикалық кемшіліктерін анықтау;

      2) түзетуге келетін кемшіліктерді түзетуге көмектесетін кешенді әзірлеу, түзетуге келмейтін кемшіліктерді жұмсарту немесе білдіртпеу, білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратын сабақта белсенді жұмыс істеуге дайындау;

      3) білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратының үйлесімді күйін қамтамасыз ететін қасиеттерін дамыту және жетілдіру, қимылдың ішкі сезімін дамыту.

      214. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Даярлық тренингі. Жаттығулар: тартылу, бұралу, еңкею, айналу. Жүріп, секіріп, жүгіріп орындалатын жаттығулар. Тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар: еңкею, бүгілу, айналу, секіру. Жаттығулар: тепе-теңдік сезімін арттыру (вестибулярлық аппаратты жетілдіру), дененің тұрақтылығын арттыру, позицияларды бекіту.

      2-тақырып. Дамытуға арналған тренинг. Күшке арналған жаттығулар (қол мен аяқтың, белдің, мойынның, арқаның бұлшық еттерін бекіту); икемділік (белсенді және селқос икемділіку және созылу. Динамикалық жаттығулар; жарылғыш күшті дамытуға арналған жаттығулар. Статикалық жаттығулар және шыдамдылыққа, үйлесімділікке арналған жаттығулар (қимылдарды уақытта және кеңістіктікте ұйымдастырудың нақтылығын арттыру, жаңа қимылдарды, біліктер мен дағдыларды меңгеруді жетілдіру). Әртүрлі жазықтықтарда орындалатын қолдарға арналған үйлестіру жаттығулары. Қолдарды үйлестіруге арналған жаттығуларды аяқтарды әртүрлі қимылдарымен бірге үйлесімді орындау. Реакицяға, секіруге және табандардың жылдамдығына, бұлшық ет жадына және бұлшық еттерді босатуға (жеке бұлшық ет топтарын және әртүрлі қалыптағы дене бөліктерін еркін түрде босату және жиыру), жігерлік және бейсанада бақылауға арналған жаттығулар. Ауырлық орталығын сезінуге арналған жаттығулар, вестибулярлы аппаратты жаттықтыру.

      3-тақырып. Пластикалық тренинг. Қимылдың ішкі сезімін дамыту. Қолдардыі жиырылу және босаңсуына, жылдамдығына және мәнерлігіне, қозғалмалылығына және ептілігіне (күрделі қозғалыс және әсерлі міндеттерді шешу кезінде; дененің және қолдардың ептілігі), арналған жаттығулар, үздіксіз қимыл, форма, ым,, кеңістіктік сезімі, қимылдың әртүрлі түрлерін меңгеру.

      4-тақырып. Арнайы тренинг. Бишінің психикалық және физикалық қасиеттерін дамыту, жаттығулар әртүрлі қозғалыс міндеттерін шешу кезінде өз мүмкіндіктерін тану құралына айналады. Тепе-теңдік сезімін равновесия (вестибулярлық аппараттың сезімталдылығын арттыру, дененің тепе-теңдік және тұрақтылық сезімін күшейту), кеңістіктікті сезіну, қимыл инерциясы сезімін, форма сезімін, серіктесті сезінуді дамытуға арналған тренингтер.

      5-тақырып. Этюдтер. Сахна қозғалысы сабақтарындағы пластикалық этюд түсініктері. Берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған білім алушылардың өздері ойлап тапқан этюдтері. Алған дағдылардағы элементтерді қолданып суырып салу.

      215. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дайындық, дамыту тренингтерін біледі және орындайды;

      2) пластикалық тренинг, дамытатын қимылдық ішкі сезімін біледі және орындайды;

      3) арнайы тренингті орындау дағдыларына ие болады;

      4) берліген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға пластикалық этюдтерді қоюды біледі.

      216. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тренингтердің төрті түрінің жаттығуларын күрделендіру, акробатикалық дағдыларды меңгеру және психофизикалық қасиеттер кешенін дамыту, акробатикалық дағдыларды спорттықтан сахналыққа тасымалдау;

      2) рөлдің шарықтау шегіне қажетті шешімді тәрбиелеу, шұғыл жағдайдағы серіктестік тәжірибесі, бишының қимылының динамикалық диапазонын кеңейту, кеңістікте және уақытта бағдарлануды күшейту, қосымша біліктер мен дағдыларды алу.

      217. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дайындық тренингі. Жаңа элементтерді, рөлдік компоненттерді қосу. Баяулатылған, жылдам, жылдамдатылған сипаттағы жүрістің, жүгірудің, секірудің түрлерін үйлестіру.

      Рөлдерде ойнауға арналған тапсырмалар. "Арқанмен жүру". "Семсерлескіш". "Спорттық жаттығулар". Икемділікті және күшті дамытуға бағытталған жаттығулар.

      Жерде жатып кеудені көтерудің түрлері, отырып тұру, еңкею, бұрылу.

      Буындардың икемділігін және бұлшық ет динамикасын дамытуға арналған "толқын" тәрізді жаттығулар.

      Тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығулар (вестибулярлық аппаратты жаттықтыру). Дененің тұрақтылығын арттыруға, позицияларды бекітуге арналған жаттығулар. Бұлшық еттерді созу.

      2-тақырып. Дамытуға бағытталған трненинг. Жаңа элементтерді, рөлдік компоненттерді қосу. Пантомима, пластика (түсінігі). "Толқын техникасы" тік (өзіне қарай), керісінше (өзінен кері): бір қолмен – тек білегімен, білек-шынтақ, білек, шынтақ-иық; екі қолмен; тұла боймен; қырынан – "ирек-ирек"; аяқпен. Биомеханиканың негізгі қағидаты, биомеханиканың тәсілдері (бас тарту, түсіру, тоқтау). Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

      Икемділікке, күшке, үйлесімділікке, секіруге және аяқтың қимылына, бұлшық ет жадына, бұлшық еттерді босаңсытуға, орталық ауырлық күшіне, вестибулярлық аппаратқа арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Пластикалық тренинг. Жаңа элементтерді, рөлдік компоненттерді қосу. Босаңсуға және қысылуға, қозғалғыштыққа және ептілікке, үздіксіз қозғалу сезіміне, инерция сезіміне, инерцияны басқаруға арналған жаттығуларды орындау. Қозғалыстың ішкі сезімін дамыту. Әртүрлі жануарлардың немесе басқа бейнелердің пластикасына, кейіпкерлердің мінездеріне еліктеу.

      Қысылуға және босаңсуға, қолдардың қозғалмалығына және мәнерлігіне, қозғалғыштық пен ептілікке (күрделоі қимылдық және әрекеттік міндеттерді шешу кезінде әртүрлі физикалық және психофизикалық қасиеттерді кіріктіру тәжірибесін алу; дене және қолдардың ептілігі), үздіксіз қимылдау, форма, ым, кеңістік сезіміне арналған жаттығулар, қимылдың әртүрлі түрлерін және сипаттарын меңгеру.

      4-тақырып. Арнайы тренинг. Жаңа элементтерді, рөлдік компоненттерді қосу. Білім алушылардың қимылдағы елестетуін және қиялын дамыту, кейіпкердің пластикасы және оның мінездемесі, би қимылдары арқылы бейнені ашу.

      Тепе-теңдік сезімін (вестибулярлық аппараттың сезімталдығын арттыру, тепе-теңдік сезімін күшейту және дененің тұрақтылығын арттыру), кеңістік сезімін, қимыл инерциясы сезімін, форма сезімін, серіктесті сезінуді дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Этюдтер. Білім алушының өзі ойлап шығарған жаңа элементтерді қамтитын этюдтер мен суырып салулар.

      6-тақырып. Сахналық акробатика. Жаттығулар. Жеке акробатика: тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар, шатқа отыру, көпірлер, тіректер, тұрулар, домалау, аунау, дөңгелек болып айналу.

      Жаттығулар: дайындық жаттығулары, жұптық акробатика (жұптық акробатиканың негізгі элементтерін меңгеру: ұстап тұру, отыру, тұру, иыққа шығу), акробатикалық композициялар мен вариациялар (эксцентрикалық акробатиканың элементтері, акробатикалық комбинациялар мен фразалар, акробатика элементтерін қолданатын этюдтер).

      7-тақырып. Жұппен орындалатын акробатика: жұппен орындалатын акробатиканың негізгі элементтері, сүйемелдер.

      8-тақырып. Акробатикалық композициялар: акробатикалық комбинациялар мен фразалар, акробатиканың элементтерін қолданып орындалатын этюдтер.

      9-тақырып. Сахналық құлаулар. Сахналық құлау техникасын, топтасу біліктерін меңгеру, бұлшық еттік жиырылу мен босаңсу, қимыл инерциясын басқау қабілеттерін дамыту, тепе-теңдікті жоғалтудан туындаған қозғалыс процесін бақылау.

      Сахналық құлаулардың әртүрлі сызбаларының негізгі биомеханикалық қағидаттарын меңгеру бойынша жаттығулар: енжар құлауға арналған дайындық жаттығулары (отырған, тізерлеп тұрған қалыптан құлау, тұрған қалыптан әртүрлі бағытта енжар құлау; белсенді құлауға арналған сақтандыру тәсілдері, әртүрлі бағыттарға белсенді құлау; еденде құлау; кедергі арқылы құлау; қолындағы затымен құлау; серіктеспен әрекеттесіп құлау; сәндеудегі құлаулардың тізбегі; ерекші және трюкті құлау).

      10-тақырып. Сахнада құлау сызбаларының негізгі қағидаттарын меңгеру бойынша жаттығулар. Енжар құлауларға дайындық жатығулар: отырған күйде, тірезлеп тұру, тұрған қалпында әртүрлі бағытқа енжар құлаулар, сақтандырудың әртүрлі тәсілдерін қолданып белсенді құлау; еденге құлау; кедергі арқылы құлау; қолындағы затымен құлау; серіктеспен өзара әрекеттесіп құлау.

      218. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) элементтерді және рөлдік компоненттерді қамтитын дайындық, дамыту, пластикалық, арнайы тренингтреді орындау дағдысын біледі;

      2) сахналық, жұптық акробатикалық жаттығуларды біледі және орындайды;

      3) акробатиканың элементтерін қолданып акробатикалық композицияларды, этюдтерді орындау дағдыларын біледі;

      4) сахналық құлаулардың сызбаларының негізгі қағидаттарын біледі;

      5) сахналық құлау техникасын біледі.

      219. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) заттармен шебер араласу дағдыларын беретін, ептілігі жоғары деңгейдегі және қимылдарды үйлестіріп, кеңістік пен уақытты тура есептейтін жаттығулар;

      2) сахналық әрекеттегі әртүрлі заттарды ойнаудағы бишінің қилы мен тапқырлығын дамытатын, заттармен өзара әрекеттесу негіздеріне қол жеткізетін жаттығулар;

      3) серіктеспен өзара әрекеттесу, әрбір жаттығуда қойылған міндеттерге сәйкес серіктестің жеке ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қимылын көру, сезіну және бақылау білігін дамыту;

      4) сахна қозғалысының арнайы дағдыларын меңгеру, сахнада тұрмыстық, күнделікті нұсқада (беттеп ұру, құлау, шалыну, соғу) орындау;

      5) сахна қимылдарының арнайы дағдыларын меңгеру, қимы дағдысынан саналы әрекетке көшу перспективасын анықтау.

      220. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Заттармен өзара әрекеттесуге арналған этюдтер. Заттармен шебер араласу дағдысын беретін, қимылдарды жоғары деңгейде үйлестіруге және нақты кеңістік пен уақытта ескеруге негізделетін жаттығулар. Сахналық әрекетте заттарды ойнау кезінде актердің қиялы мен тапқырлығын дамытатын жаттығулар.

      Классикалық техниканы меңгеру. Жонглерлеу, басқару, тепе-теңдікті сақтау элементтері. Доппен жаттығу.

      2-тақырып. Гимнастикалық таяқтармен, жіңішке таяқшамен орындалатын жаттығулар.

      3-тақырып. Секіргішпен, арқанмен орындалатын жаттығу.

      4-тақырып. орындықпен орындалатын жаттығу. Гимнастикалық шеңбермен жаттығу.

      5-тақырып. Плащпен орындалатын жаттығу. Білім алушылардың таңдаған заттарымен орындалатын жаттығулар.

      6-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Сенсорлық-бұлшық еттік үйлесімділікке негізделетін, серіктестердің қимылдарымен және әрекеттерімен сәйкес қимылдарын уақытта және кеңістіктікте келістіруді немесе серіктесімен қимылдың сипаты және стилін келісуді талап ететін жаттығулар.

      Гимнастикалық жаттығулар.

      7-тақырып. Акробатикалық жаттығулар.

      8-тақырып. Қарсыласуға және күресуге арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Заттармен орындалатын шығармалар.

      10-тақырып. Байланыссыз өзара әрекеттесу және кеңістіктікте бөлуге арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Композициялық жаттығулар.

      12-тақырып. Суырып салуға арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Сахналық кеңістіктікте қимылдарды бөлуге арналған жаттығулар, кедергілерді жеңудің әртүрлі тәсілдері.

      14-тақырып. Сахна қозғалысының арнайы дағдылары. Реакцияға және итеруден, лақтырудан, соғудан кейінгі қимылды дамытуға арналған жаттығулар.

      15-тақырып. Трюк пластикасы.

      16-тақырып. Білім алушылардың өздері ойлап шығарған этюдтері мен суырып салулары. Өткен материалдарды бекіту.

      221. 3 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) заттармен өзара әрекеттесутін классикалық тәсілдерін біледі;

      2) этюдтерде жонглерлеу, басқару, тепе-теңдікті сақтау элементтерін қолданады;

      3) гимнастикалық, акробатикалық, композициялық, суырып салу жаттығуларын орындау дағдыларын біледі;

      4) заттармен орындалатын жаттығуларды, байланыссыз әрекеттерге және кеңістіктікке бөлуге арналған жаттығуларды орындау дағдыларын біледі;

      5) қиындықтарды жеңідің әртүрлі тәсілдеріне арналған жаттығуларды орындау дағдысын біледі;

      6) реакцияға және итеруден, лақтырудан, соққыдан кейнгі қимылды дамытуға арналған жаттығуларды оырндау дағдыларын біледі;

      7) трюктік пластикасны біледі.

      222. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сахналық күрес және соғысу дағдысын меңгеру, екі немесе бірнеше кейіпкерлердің арасында туындаған күрес дағдысын машықтандыру, көрермендердің көз алдында қоян қолтын күрес иллюзиясын жасау үшін қорғану техникасын және қарусыз шабуыл жасауды меңгеру, көрермендер мен қауіпсіздікті үшін олардың дәйектілігі қамтамасыз ететін соққылардың биомеханикасын меңгеру;

      2) қимылдағы ритм сезімін дамыту, берілген қарқындық-ритмді сақтау және өзгерту, орындау кезінде қимылдарды еркін және сенімді қосу қабілетін дамыту;

      3) әртүрлі қоғамның топтарының өзін ұстауының стильдік ерекшеліктері туралы түсініктер.

      223. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сахнадағы қарусыз күрес. Сахнада төбелесу және күресу дағдыларын меңгеру. Алған дағдыларын күшті қақтығыс жағдайларында физикалық қарсы шығу кезінде қабілеттерін қолдануды тексеру.

      Екі немесе бірнеше кейіпкерлер арасындағы күрес дағдыларын пысықтау. Көрермендерге қарусыз күрес әсерін беру үшін қорғану техникасын және қарусыз шабуыл жасау техникасын меңгеру. Көрермендік шынайылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сахналық соққылардың биомеханикасын меңгеру.

      Жаттығулар. Соққы беру және қабылдау техникасы. Соққыдан қорғану және дауысын шығару техникасы. Сахналық төбелесті құру және орындау қағидаттары. Сахналық төбелестің жанры мен стилі.

      2-тақырып. Этюдтер. Өткен материалдарды бекіту.

      3-тақырып. Тренингитер. Уақыт, кеңістік және қарқын-ритм. Жаттығулар. Әртүрлі жылдамдықтағы қарқындық-қозғалыстық түсініктер. Уақыт сезімі түсінігі және қимылды уақытта бөлу. Ритмикалық суреттердегі ритм және қимыл түсінігі.

      4-тақырып. Қимыл және сөз. Әрекеттегі белсенді міндеттерді орындау кезінде қимылдар мен сөздерін еркін және сенімді біріктіру қабілеттерін дамыту.

      Жаттығулар. Белсенді позициядағы тыныс және дыбысталу. Белсенді қозғалыстағы және статикадағы дыбыстауды және тыныс алуды қамтамасыз етуге арналған бұлшық ет қысылуларын бөлу. Қимылдардың үздіксіздігін біріктіру. Дыбыстық негіздеме әрекеттің жалғасы. Қимыл мен сөздерді алмастыру және біріктіру.

      5-тақырып. Он алтыншы – жиырмасыншы ғасырдың басындағы ақсүйектер қоғамында қалыптасқан стильдік өзін ұстаудың ерекшеліктері және этикет ережелері. Он алтыншы – он жетінші ғасырлардағы орыс боярларының өзін ұстау ерекшеліктері. Қоғамның әртүрлі тобындағы стильдік өзін ұстау ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, костюмдердің ерекшелігі, оларға аксессуарлар, тұла бойын тік ұстау және жүру; қару; сәлемдесудегі, әңгімелесудегі, бидегі этика және жақсы мәнер; ерт беру және ант беру рәсімдері; ақсүйек ер адамның, ақсүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы).

      6-тақырып. Он алтыншы – он жетінші ғасырлардағы батыс еуропа қоғамындағы өзін ұстаудің ерекшеліктері. Қоғамның әртүрлі тобындағы стильдік өзін ұстау ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, костюмдердің ерекшелігі, оларға аксессуарлар, тұла бойын тік ұстау және жүру; қару; сәлемдесудегі, әңгімелесудегі, бидегі этика және жақсы мәнер; ерт беру және ант беру рәсімдері; ақсүйек ер адамның, ақсүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы).

      7-тақырып. Он сегізінші ғасырдағы еуропа қоғамындағы өзі ұстау ерекшеліктері. Қоғамның әртүрлі тобындағы стильдік өзін ұстау ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, костюмдердің ерекшелігі, оларға аксессуарлар, тұла бойын тік ұстау және жүру; қару; сәлемдесудегі, әңгімелесудегі, бидегі этика және жақсы мәнер; ерт беру және ант беру рәсімдері; ақсүйек ер адамның, ақсүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы).

      8-тақырып. Он тоғызыншы – жиырмасыншы ғасырдағы орыс және ауропа қоғамындағы өзін ұстаудың ерекшеліктері. Қоғамның әртүрлі тобындағы стильдік өзін ұстау ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, костюмдердің ерекшелігі, оларға аксессуарлар, тұла бойын тік ұстау және жүру; қару; сәлемдесудегі, әңгімелесудегі, бидегі этика және жақсы мәнер; ерт беру және ант беру рәсімдері; ақсүйек ер адамның, ақсүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы).

      9-тақырып. Он бесінші-он сегізінші ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан стильдік өзін ұстау және этикет ережелерінің ерекшеліктері. Қазақ хандығындағы өзін ұстау ерекшеліктері. Қоғамның әртүрлі тобындағы стильдік өзін ұстау ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, костюмдердің ерекшелігі, оларға аксессуарлар, тұла бойын тік ұстау және жүру; қару; сәлемдесудегі, әңгімелесудегі этике және жақсы мәнер; батырлардың, хандардың серт беру және ант беру рәсімдері; "ақсүйек" қоғамының батырларының, хандарының, өкілдерінің (әйелдері, ерлері) пластикасы, қарапайым халық.

      10-тақырып. Он тоғызыншы- жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан стильдік өзін ұстау және этикет ережелерінің ерекшеліктері. Қоғамның әртүрлі тобындағы стильдік өзін ұстау ерекшеліктері туралы түсінік (жалпы мәліметтер, костюмдердің ерекшеліктері, оларға арналған аксессуарлар, тұла бойын тік ұстау және жүру; қару; сәлемдесудегі, әңгімелесудегі этике және жақсы мәнер; серт беру және ант беру рәсімдері; ақсүйек ер адамның, ақсүйек әйел адамның, шенеуніктің пластикасы.

      224. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) соққы жасау және соққыны қабылдау техникасын, соққыдан қорғану техникасы және дыбыстау, сахналық төбелесті құру және орындау қағидатын біледі;

      2) әртүрлі жылдамдықтағы қарқын-қимыл түсініктерін, ритмикалық суреттердегі ритм және қимыл түсініктерін біледі;

      3) белсенді қимылдағы және статикадағы дыбысталуды және тыныс алуды қамтамасыз ету үшін бұлшық ет қысылуларын бөлу білігін біледі;

      4) қоғамның әртүрлі топ өкілдерінің стильдік өзін ұстау ерекшеліктерін біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      225. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижеліліктерін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың "Грим" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      226. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (реферат), екінші жартыжылдықта: сынақ (грим тарихын таныстыру жұмыстары);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (реферат), екінші жартыжылдықта: сынақ ("Бейненің гримі" жоба).

      227. Хореографиялық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескеріледі:

      1) гримнің негізгі элементтерін білуі;

      2) гримнің негізгі мәнерлеу құралдарын білуі;

      3) гриммен жұмыстың негізгі кезеңдерін білуі;

      4) гримнің пайда болу тарихын білуі;

      5) кәсіби терминдерді білуі.

      228. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – пәнге деген қызығушылық, берілген сұрақтарға сауатты жауап беру, теориялық білімінің тереңдігі, гриммен жоғары деңгейде жұмыс істеу білігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – берілген сұрақтарға сауатты жауап беруі, сәл қателерінің болуы, пәнге деген қызығушылығы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – теориялық дайындығының төмендігі, меңгерілген элементтерінің жартысын ғана қолдануы, бастамашылдығының болмауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – теориялық және практикалық дайындығының болмауы;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      229. Білім алушылардың "Актерлік шеберлік" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      230. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (халық биі сипатындағы бір хореографиялық көрініс);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (музыканы қолданып пластикалық суырып салу);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (музыкалық шығармаға арналған этюд).

      231. Хореографиялық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескеріледі:

      1) акробатикалық элементтерді орындау техникасын білуі: орындауының тазалығы, жақсы созылуы, қимылдарды нақты үйлестіруі, кеңістіктікте бағдарлануы, эекен немесе топпен орындалатын элементтердің ырғақ және ритм сезімі;

      2) концерттік нөмірден алған жалпы әсері (трюк, этюд): білім алушының мүмкіндіктері (қабілеттері), оның табыстары, әртістігі.

      232. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – акробатикалық жаттығуларды оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкес техникалық жағынан сапалы түсініп орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – акробатикалық жаттығуларды техникалық жағынан сәл кемшіліктермен сауатты орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылдарды сауатсыз және мәнерсіз орындауы, техникалық дайындығының төмендігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" – бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

      233. Білім алушылардың "Актерлік шеберлік" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      234. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (акробатика элементтері бар ширатуға арналған жаттығулар кешені);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (какробатика элементтері бар жалпы дамытуға бағытталған жаттығулар кешені);

      3) 3 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (кеңістіктікте бағдарлануға арналған акробатикалық жаттығулар кешені);

      4) 4 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (би қимылдары бар музыкалық-ритмикалық акробатикалық жаттығулар кешені).

      235. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескеріледі:

      1) акробатикалық элементтерді орындау техникасын білуі: орындауының тазалығы, жақсы созылуы, қимылдарды нақты үйлестіруі, кеңістіктікте бағдарлануы, жеке немесе топпен орындалатын элементтердің ырғақ және ритм сезімі;

      2) концерттік нөмірден алған жалпы әсері (трюк, этюд): білім алушының мүмкіндіктері (қабілеттері), оның табыстары, әртістігі.

      236. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – акробатикалық жаттығуларды оқытудың осы кезеңінің талаптарына сәйкес техникалық жағынан сапалы түсініп орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – акробатикалық жаттығуларды техникалық жағынан сәл кемшіліктермен сауатты орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қимылдарды сауатсыз және мәнерсіз орындауы, техникалық дайындығының төмендігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" – емтихан бағдарламасы талаптарын орындамауы;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

      237. Білім алушылардың "Қосымша музыкалық аспап" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау сабағы түрінде іске асырылады.

      238. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (пианистік штрихтар (non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато]), екінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (этюдтер);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (екі қолмен бірге 2 октавада орындалатын гаммалар, айалымдарымен тоникалық үшдыбыстылық және әр қолмен жеке 4 дыбыстан арпеджио), екінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (әртүрлі техниканың түріне арналған 2 этюд);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (екі қолмен бірге 2 октавада орындалатын гаммалар, айалымдарымен тоникалық үшдыбыстылық және әр қолмен жеке 4 дыбыстан арпеджио), екінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (екі қолмен бірге 2 октавада орындалатын гаммалар, айалымдарымен тоникалық үшдыбыстылық, екі қолмен бірге орындалатын арпеджио, әр қолмен жеке орындалатын хроматикалық гамма, 1 полифониялық шығарма), екінші жартыжылдықта: бақылау сабағы (әртүрлі техниканың түріне арналған 2-3 этюд, әртүрлі сипаттағы 2-3 пьеса).

      239. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағалардан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының аспапты тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) көркем бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі.

      240. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы ("өте жақсы"): музыкалық шығарма мазмұнының бейнелік мәнерлілік түсіндірмесі; нысан сезімін иланымды түрде ұғу; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; ырғақтық пульсацияның айқындығы; динамикалық көптүрлілік; өз орындауын естіп бақылау; орындау техникасын еркін меңгеру; әртістік және ойнауға берілгендік.

      2) "4" бағасы ("жақсы"): шығарманың нысанын, музыкалық тілді, музыкалық мәнерліліктің құралдарын сауатты түсіну; ноталық мәтінді орындаудың тұрақтылығы; шапшаңдықтың бірлігі; сөзін сөйлеудің мәнерлілігі; динамикалық көптүрлілік;

      3) "3" бағасы ("қанағаттанарлық"): авторлық ноталық мәтінді музыканы бейнелік пайымдаусыз үстіртін оқу; өз орындауын нашар естіп бақылау; шапшаңдық-ырғақтық жинақы еместік; дыбысталудың динамикалық біртектілігі және бірсарындылығы;

      4) "2" бағасы ("қанағаттанарлық емес"): ноталық мәтінді ойнаудағы қателіктер; естіп бақылаудың жоқтығы; метрлік-ырғақтық тұрақсыздық; дыбыс шығару және дыбыс танудың төменгі сапасы; мәнерлілік түсіндірменің жоқтығы; орындау кезіндегі жиі тоқтаулар;

      5) сынақ (бағасыз) – орындау оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес келеді.

      241. Білім алушылардың "Актерлік шеберлік" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      242. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (әртүрлі жаттығулардан құралған композиция);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (әртүрлі тренингтердің бөлімдерін орындау), екінші жартыжылдықта: сынақ (этюд, суырып салу);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жұмыс көрсету).

      243. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескеріледі:

      1) сахна қозғалысының техникалық тәсілдерін, оның ішінде театр аксессуаралырын қолдануды біледі;

      2) пластикалық мәнерлеу элементтерін қолдану кезінде түсініп орындау;

      3) қимылды уақытта және кеңістіктікте бөлу білігі;

      4) сенімді сахналық бейнені жасау;

      5) шығарманың қарқындық-ритмдіс сәйкестігі.

      244. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – жаттығуларды сапалы, түсініп орындау және сахналық дағдыларды меңгеру;

      2) "4" "жақсы" бағасы – сәл ақаулармен сауатты орындау;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – көптеген қателермен орындау, физикалық дайындығының әлсіздігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – материалды дайындау және осы оқу пәнінде психикалық-физикалық дамуының болмауы;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
76-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Сахна қозғалысының негіздері" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Сахна қозғалысының негіздері" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Сахна қозғалысының негіздері" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) әдеп – бекітілген, қабылданған жүріс-тұрыс тәртібі, қатынас түрі;

      2) дене сымбаты – сыртқы келбеті, бойын ұстау мәнері;

      3) дене қалпы – дененің тұру қалпы;

      4) динамикалық – іс-әрекетке қанық қимыл сапасы;

      5) еліктеу – барынша нақтылықпен, еліктеумен шығару;

      6) ептілік – физикалық ептілікті сипаттайтын қимыл сапасы;

      7) иілгіштік – серпінділікті, жеңілділікті, пластиканы қарастыратын қимылдың сапасы;

      8) күш – тірі тіршілік иелерінің бұлшық еттеріне күш салу арқылы физикалық әрекеттер, қимылдар жасау қабілеті;

      9) қимыл – дене күйінің немесе оның бөліктерінің өзгеруі;

      10) қозғалыс үйлесімділігі – әрекеттің ара қатынасы, келісімділігі, реттілігі, басқару қызметінің бірі;

      11) қорғану – қорғайтын, қорған болатын, сахна қозғалысының бір түрі;

      12) лақтыру – жылдам, шапшаң қысқа қимылдау, қозғалу;

      13) мәнерлілік – қандай да бір ерекше көрініспен айқындалу;

      14) мәнер – жүріс-тұрыстың қандай да бір ерекшелігі, әрекеттердің түрі;

      15) метафора – жасырын, бейнелі салыстыру, бір сәтті басқа көрініспен салыстыру, сондай-ақ өнердің әр түріндегі бейнелі салыстырулар;

      16) мимика – ішкі жан дүниесін білдіретін беттің қимылы;

      17) пантомима – сөзсіз, мимика және ишарат арқылы жасалатын көрініс, мимдердің ойыны;

      18) пластика – дененің ырғақпен қозғалу өнері;

      19) пластикалық – бірқалыптылықты сипаттайтын қозғалыс сапасы;

      20) рәсім – бекітілген салтанатты әдет-ғұрып, белгілі бір шараны өткізу тәртібі;

      21) семиотика – белгілер жүйесі туралы ғылым;

      22) стиль – қандай да бір суретшінің, дәуірдің немесе ұлттың өнер туындысына тән көркем құралдардың жиынтығы;

      23) техника – қандай да бір салада қолданылатын тәсілдердің жиынтығы;

      24) тепе-теңдік – тең қарама-қарсы бағытталған күштердің әсерінен қандай да бір дененің, жүйенің тыныштықтағы күйі;

      25) трюк – епті, шебер тәсіл;

      26) шабуыл – жылдам және батыл шабуылдау;

      27) шабуылдау – біреуге қатысты белсенді қимыл жасауды білдіретін сахна қозғалысындағы тәсілдердің бірі;

      18) ым (ишарат) – қандай да бір нәрсені білдіретін немесе сөзді сүйемелдеу үшін қолмен қимыл жасау немесе басқа дене қозғалысы.

      3. Бағдарламаның мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, олардың пластикалық мәдениетін тәрбиелеу, білім алушылардың көріністерді дайындау процесінде күрделілігі әртүрлі деңгейдегі міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін дағдылар кешенін қалыптастыру.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      Оқыту:

      1) жеке қозғалыс дағдыларын меңгеру – күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындаудың техникалық тәсілдерін, қимылдардың тарихи стильдерімен танысу;

      2) актерлік шығармашылық негіздеріне оқыту және қуыршақ театры арқылы есте сақтау жадын, зейінін, елестетуін, ойлауын дамыту;

      3) реакцияны, қимылды үйлестіруді, дене тілі арқылы кейіпкердің ішкі әлемін және қобалжуын жеткізу қабілетін пысықтау;

      4) сахналық қимылды мәнерлеу құралдарымен танысу;

      5) психофизикалық тренинг негіздеріне, басқа адамның әрекетін түсінуді үйрету;

      6) қимылды бірыңғай процесс ретінде дамыту, ишараттың түстік, пластикалық, нақты фразасынын құру білігі;

      7) қолғапты, үстелдегі планшетті, бойы ұзын планшетті, бетперделі және жартылай бетперделі қуыршақтардың әртүрлі жүйесін еркін меңгеруге қажетті дағдыларды игеру;

      8) өзінің эмоциялық күйін дене тілі арқылы түсіну және жеткізу білігі;

      9) серіктестермен пластикалық диалог жүргізу білігі.

      Дамыту:

      1) жалпы қимыл дағдыларын пысықтау: қимылдың нақтылығы және дәлдігі, бұлшық ет күштерін дұрыс бөлу, ырғақтылық және әуезділік;

      2) өзінің идеяларын пластикалық бейнелерде және пластикалық суырып салуда іске асыру дағдыларын қалыптастыру;

      3) білім алушының бұлшық ет және қозғалыс аппаратының қозғалғыштығын, қимылдарды, икемділікті, пластиканы, күшті және физикалық аппараттың шыдамдылығын дамыту;

      4) балалардың жеке қабілеттерін анықтау, дамыту алғышарттарын жасау және оларды қуыршақтармен жұмыс істеу практикасында жетілдіру;

      5) сахна қозғалысын орындау кезінде психофизикалық тренинг арқылы қоршаған шынайылықтан абстракциялану дағдысын дамыту;

      6) актерлік жаттығулар арқылы байқампаздықты, есте сақтау жадын, зейінді, қиялды, елестетуді, тапқырлықты, реакцияның жылдамдығын, ойнау және суырып салу қабілеттерін дамыту;

      7) сахналық қимылға, сахналық пластика негіздеріне оқыту арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік талғамды және қисынды ойлау білігін тәрбиелеу;

      2) дүниетанымы кең, рухани әлемі бай, театр өнеріне араластыру арқылы әлеуметтік бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;

      3) білім алушының кәсіби бағдарлануы және өзін өзі анықтауы;

      4) театрлық ойын қызметіне тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны игеру мерзімі – төрт жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады және өнер мектептерінің қуыршақ театры бөлімдерінің білім алушыларына арналады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптағы білім алушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдап алады.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркем шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      11. Бағдарлама дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, білім алушылардың сахналық қимылдардың объективті заңдылықтары саласында қажетті білімді және оларды қолдану білігіне алуға бағдарланған.

      12. Педагог оқу міндеттерін қоюда икемділік есебінен әрбір білім алушыға жеке тәсілмен келуді, әр баланы оқыту стартегиясын қалыптастыру мүмкіндігіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы сатылылық;

      2) сахна қозғалысының дағдыларын меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаты.

      14. Бағдарлама білім алушылардың оқу спектакльдерін дайындау процесінде әртүрлі деңгейдегі міндеттерді өз бетінше орындауға көмектесетін театр өнері саласындағы негізгі білімді, сахналық қимылдар дағдысын меңгеруге жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог сахналық қимылдар негіздерін меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке назар аударады.

      16. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) қажетті дағдылар мен қабілеттерді меңгеру, қимыл техникасын өмір сүру психологиясымен үйлестіруді меңгеру;

      2) пластикалық мәнерлікті және суырып салу дағдыларын қалыптастыру;

      3) мимика, пантомима, ишарат тілі дағдыларын меңгеру;

      4) қиялдау, ойдан шығару, пластикалық көркем бейнені іске асыру білігін дамыту;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет дағдысын алуы.

      17. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      18. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәні шеңберінде негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      19. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      20. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесінің психологиялық және педагогикалық ғылым, теориясы және театр өнері тарихының заманауи жетістіктерінің негізінде құрылуын талап етеді. Педагог дидактиканың қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге деген ережелерін басшылыққа алады;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтерінің байланысының болуын білдіреді;

      3) көрнекілік қағидаты – актерлік ойынның мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлі кезіндегі түсінушілік және белсенділік қағидаты сахналық қимылдардың негіздері сабағына деген саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушылардың алдына қойылған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      21. "Сахна қозғалысының негіздері" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуына жағдай жасайды.

      22. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, әңгімелеу, диалог;

      2) көрнекілік – педагогтің репродукцияны, фильмді, декорациялар мен киімдердің нобайын көрсетуі, бейне, фото материалдарды қарау, жеке сабақтар;

      3) практикалық – орындайтын және шығармашылық жаттығулар, спектакльдерді қою, этюдтер, репетициялар;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      23. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      24. Сабақ формалары:

      1) практикалық сабақтар;

      2) дайындық;

      3) тренинг;

      4) ойын сабағы;

      5) шеберлік сынып;

      6) спектакль.

      25. Бағдарламаны іске асыру кезінде педагог заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      26. Педагогтің білім алушылармен топтық жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      27. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімі педагогтің қажетті теориялық түсініктерді түсіндіруін, үйретілетін жаттығулардың элементтерін, сахналық қойылымдарды көрсетуін, бейне материалдарды қарауды қамтиды. Оқыту жеңіл жаттығулардан және этюдтерден басталып, байқампаздықты, қиялды, есте сақтау жадын, елестетуді, ырғақ сезімін дамыту арқылы спектакль қоюға қарай жүргізіледі. Бағдарлама жеңілден күрделіге өту қағидаты бойынша тапсырмаларды біртіндеп күрделендіруді қарастырады.

      28. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың шеберлік сыпыптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) театр көрсетілімдеріне дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      29. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      30. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      31. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      32. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының шығармашылық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      33. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      34. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының шығармашылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, театр репертуарының дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      35. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделілігі жоғары тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын мұқият ойластырады.

      36. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында шығармашылық дамуына, жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      37. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) актерлік қабілетінің деңгейі;

      2) жалпы дамуы, эмоциялығы, қиялы, креативті ойлауы, зейінінің дамығандығы;

      3) сабаққа көзқарасы;

      4) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      5) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      6) көркемдік бейнені іске асыру білігі;

      7) шығарманы меңгеру жылдамдығы;

      8) жылдың соңындағы жетістіктері;

      9) білім алушының шығармашылық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      38. Білім алушының жеке қасиеттерін сипаттауда байқампаздығы, шығармашылық қиялы, елестетіп ойлауы, ассоциативті және бейнелі ойлауы, оқиғалар желісін құра білуі, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтау қабілеті, ұсынылатын материалды талдау қабілеті, өз ойын тұжырымдауы, сахналық еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттер белгіленеді.

      39. Педагог білім алушыға әртүрлі тәсілдерді қолданады, олардың зияткерлік, физикалық және эмоциялық қабілеттерін, дайындық деңгейін ескереді. Негізгі міндеттердің бірі – жеке қимыл дағдыларын дамыту болып табылады, яғни күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындаудың техникалық тәсілдерімен, қимылдардың тарихи стилімен танысу.

      40. Педагог адам денесінің музыкалық ұйымдасқан, шартты, бейнелі-мәнерлі қимылдарына негізделген сахналық пластика өнеріне оқытады. Пластикалық дамыту актерді дайындаудың қажетті шарты болып табылады. Пластикалық елестетуді дамытуға жүйелі және мақсатты жаттығу арқылы қол жеткізіледі.

      41. Білім алушылар оқу процесінде алған дағдыларын этюдтер, сахнада өнер көрсету және спектакльдер сияқты нақты шығармашылық жұмыс түрінде іске асырады. Педагог қойылым материалдарын білім алушы әртүрлі жанрдағы және стильдегі түрлі рөлдерді ойнайтындай етіп іріктейді.

      42. Педагог балалар ұжымымен жұмыс істеу кезінде білім алушылардың жұмысына қойылатын кәсіби талаптар мен педагогикалық процестің тәрбиелік құрамдасының арасындағы тепе-теңдікті табады. Педагог алдымен тәрбиелік сипаттағы, содан кейін ғана көркемдік сипаттағы мақсаттар мен міндеттерді алға қояды.

      43. Педагог білім алушыны өзінің жеке рөліне және жалпы ұжымдық жұмысқа қатысты жауапкершілікті сезінуге үйретеді.

      44. Оқытудың алғашқы кезеңінде педагог жиі кездестіретін физикалық кемшіліктердің аз бөлігі – бұл қимылдың бөгелуі, бұлшық еттердің тырысуы, дене мүсіні мен жүрістің бұзылуы. Қатаң шығармашылық жұмысқа үйренбеген балалар сабақ процесіндегі қайталаулардан тез шаршайды, олардың зейіні тұрақтанбаған. Мұндай жағдайда педагог икемділік танытады, ол қызметтің түрін ауыстырады, бірақ оқытудың нақты кезеңіне қойылған міндеттерден ауытқымайды.

      45. Оқу процесін барынша тиімді құру үшін педагог бағдарламаның тарауларына қатысты сараланған тәсілді қолданады, бір сыныпта белгілі бір тарау мұқият пысықталады, ол келесі кезеңге үйлесімді өтуді қамтиды, ал келесі сыныпта білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс басқа тараудан басталады.

      46. Қимылдың әртістік техникасына жүйелі жаттығуларды орындау арқылы қол жеткізіледі және оқытудың барлық кезеңдерінде іске асырылады. Физикалық тренингтің құрамына жаңа жаттығулар мен элементтерді енгізу есебінен ол біртіндеп күрделендіріледі және кеңейтіледі.

      47. Оқытудың алғашқы кезеңінде білім алушылар өзінің психикалық аппаратын басқару ғылымын меңгереді, бұл болашақта актерлік қызметтің құралы болып қызмет атқарады. Аталған мәселені табысты шешу үшін педагогтің анатомия, физиология, биомеханика, психология негіздерін нақты түсінуін талап етеді.

      48. Психофизикалық процесс актерлік өнердің мәнерлеу құралы болып табылады, ол жердегі психикалық және физикалық процестер өзара тығыз байланыста болады.

      49. Сахна қозғалысы бойынша педагогтің міндеті білім алушылардың өзінің денесін және қимылын сезіне білуді үйрету, психофизикалық қасиеттерін дамыту, дұрыс дене мүсініне ерекше назар аударылады.

      50. Акробатикалық бөлім пән талаптардың, педагог пен білім алушының жауапкершілігінің айтарлықтай өскенін көрсетеді. Алғашқы және қажетті талап – қауіпсіздік техникасы, көптеген күрделі жаттығулар педагогтің бақылауымен төсеніштерде орындалады.

      51. Педагог дайындық жаттығуларына басты назар аударады. Әр сабақта өткен материалдар қайталанады және бекітіледі. Қимылдарды нақты орындауды талап ету міндеттерді орындаудың мақсаттылығын түсіндірумен қатар беріледі, педагог ұсынған оқу сызбалары нақты және мағынасын түсініп орындалады.

      52. Жеке физикалық жаттығуларды орындау белгілі қауіппен байланысты. Педагог сахна қозғалысы бойынша жаттығуларды орындау техникасын үйретумен қатар, сақтандыру және өзін өзі сақтандыру тәсілдерін үйретеді.

      53. Дайындық тренингіне арналған жаттығулардың міндеті:

      1) тепе-теңдікті сақтау, бір позициядан екінші позицияға өтуді бақылау;

      2) дененің тырысу мөлшерін бақылау, жаттығудың әрбір кезеңін мұқият пысықтау;

      3) ұсынылған құрылым мен міндеттерге сәйкес қимылды үйлестіру;

      4) жаттығуларды әртүрлі жылдамдықтарда меңгеру, қимылдардың максималды амплитудасын, жұмсақтығын және үздіксіздігін сақтау;

      5) қимылдарды механикалық түрде орындамау, қимылдардың инерциясын басқару;

      6) жаттығуларды орындау кезінде дем шығаруды ұстап тұрмай, үздіксіз, еркін дем алу;

      7) дене перифериясының жұмысын (аяқ, қол, бет) ұсақ бөлшектерге дейін бақылау;

      8) жаттығуларды орындау кезінде қимылды сезінуді бақылау.

      54. Акробатикалық элементтерді меңгеру процесі біртіндеп жүзеге асырылады, тараумен жұмыс істеу кезінде педагог сенімді қауіпсіздікті сақтауға, білім алушының дұрыс психологиялық көңіл-күйде болуына назар аударады.

      55. Педагог әрбір білім алушыға жеке тәсілмен жұмысты іске асырады, балалардың өз күштеріне сенуге, өзіне деген сенімді сезінуге көмектеседі.

      56. Алғашқы сабақтардан бастап, педагог тапсырмаларды орындаудың нақтылығын талап етеді, материалды үстіртін меңгеруге жол бермейді, білім алушының орындайтын жаттығуының әрбір элементі шығармашылық сипатқа ие болады.

      57. Басты міндеттердің бірі білім алушының қиялын анықтау және дамыту болып табылады. Педагог тәрбиеленушіге пластикалық суретті орындауды және ол бойынша пластикалық бейнені құру білігіне үйретеді.

      58. Оқытудың қорытынды кезеңі нақты драматургиялық материалда этюдтік-қойылымдық жұмыс жүргізуді қамтиды.

      59. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      60. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Өзіндік сабақтар балалардың денсаулық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүргізіледі.

      61. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарына жеке тренингтер құру, жонглерлеу, семсерлесу элементтерін машықтандыру, заттармен жұмыс, педагогтің ұсынымы бойынша бейне жазбаларды қарау (пластикалық және би спектакльдерінің жазбалары) кіреді.

      62. Жеке тренингтің құрамы:

      1) керілуге және созылуға арналған жаттығулар;

      2) айналмалы жаттығулар;

      3) үйлесімділікті дамытуға арналған жаттығулар;

      4) тепе-теңдік сезіміне арналған жаттығулар;

      5) ширатуды дамытуға арналған жаттығулар.

      63. "Сахна қозғалысының негіздері" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "Ритмика" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      64. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушылар өздерінің денесімен, физикалық және психикалық қасиеттерімен танысады, дененің физикалық қабілеттерін дамыту, нақты механикалық дағдыларды меңгеру, бұлшық еттерді босату, оларды тонусқа келтіру бойынша жұмыс, қарапайым жаттығулармен танысу;

      2) әр білім алушының жеке мәселелерін анықтау, жоюға келетін кемшіліктерді түзету жоспарын әзірлеу, жеке психофизикалық кемшіліктерді түзету;

      3) шығармашылық ұжымда жалпы өзін ұстау мәдениетін және араласуды тәрбиелеу, дайындық тренингі арқылы дененің физикалық мүмкіндіктерін дамыту;

      4) бұлшық еттерді бекітуге арналған жаттығуларды меңгеру, дұрыс дене сымбатын тәрбиелеу, мойынды дұрыс ұстау, денені дұрыс топтастыру бойынша жұмыс, өз денесінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауды және жүктемені бөлу кезінде өзінің жеке ерекшеліктерін ескеруді үйрету;

      5) пластикамен айналысу дененің әрекеттесуін үйлестіруге, абсолютті бұлшық еттің еркіндігіне, жеңілдікке, өз денесімен жұмыс істеудегі сенімділікке қол жеткізуге, физикалық дағдыларды батыл меңгеруге, бұлшық еттердің тырысуын босатуға, сенімсіздік пен үрейден арылуға бағытталған;

      6) психофизикалық тренингтің 5-10 жаттығуын, ширату және денені қыздыру тәсілдерін біледі.

      65. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Пәнмен танысу. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Сабақта өзін ұстаудың әдептік нормалары. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сахна қозғалысының мәні мен рөлі. Қимыл – сахна әрекетін білдіретін құрал.

      2-тақырып. Қимыл түсінігі. Қимыл мен әрекет – адам психикасы күйінің көрінісі. Қимылдардың формалары. Қозғалыс, жұмыс, семантикалық, иллюстративті және пантомималық немесе эмоциялық – қимылдардың түрлері.

      3-тақырып. Әрекет – саналы, ерікті акт. Әрекеттің түрлері. Физикалық әрекет – уақыт бойынша айтарлықтай ұзақ қимылдардың кешені.

      4-тақырып. Білім алушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтауға арналған шығармашылық ойындар. Өз бетінше суырып салу. Араласу және өзара әрекет ету.

      5-тақырып. Білім алушылардың өз денесімен танысуы. Адам анатомиясы. Физикалық және психикалық қасиеттер. Қимылдау мүмкіндіктері. Мәселелер және шектеулер.

      6-тақырып. Қауіпсіздік техникасы. Әрбір білім алушының жеке мәселелерін анықтау. Түзетуге келетін кемшіліктерді түзету жоспарын әзірлеу. Жалпы дамытуға бағытталған жаттығулар, қимыл аппаратын қалыптастырудағы олардың рөлі мен мәні. Қозғалыс дайындығының ерекшеліктері.

      7-тақырып. Денені қыздыруға арналған жаттығулары. Бұлшық еттерді тонусқа келтіру. Жеке бұлшық ет топтарын және буындардың қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратын дайындау және сабақта белсенді жұмыс істеуге дайындық деңгейін анықтау. Бұлшық еттерді бекітуге арналған жаттығулар. Жаттығуларды орындау технологиясын түсіндіру.

      8-тақырып. Тыныс алу. Тыныс алу бұлшық еттерін бекіту. Табиғи тыныс алу формасын қайта қалпына келтіру. Физикалық жүктеме кезіндегі тұрақты дем алуды арттыру. Тыныс алу жаттығулары. Дұрыс тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар. Физикалық жүктемеден кейін немесе қарқынды қозғалыс кезінде жеке фразаларды айту. Төзімділікке арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Дайындық тренингі. Ағзаны бастапқы қалпына келтіруге қажетті дағдыларды пысықтау. Тыныс алу аппаратына қажетті күйді беретін бұлшық ет жүйесіндегі физикалық жүктеме кезіндегі тыныстың тұрақтылығын босату. Тыныс алу аппаратының бұлшық еттерін бекіту. Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттердің қозғалғыштығын, иілгіштігін, төзімділігін дамыту. Үш фазалық тынысты меңгеру: серпінді дем шығару, үзіліс, табиғи дем алу.

      10-тақырып. Жеке кемшіліктерді түзету. Жеке психофизикалық кемшіліктерді түзету. Дене сымбаты. Актердің арқа бөлігі. Дұрыс дене сымбатын дамытуға арналған жаттығулар. Мойынның қалпы. Мойынның қисаюын түзету. Мойынды дұрыс қою бойынша жұмыс. Иық белдеуінің қалпындағы ауытқуларды жою.

      11-тақырып. Дұрыс дене сымбатын дамытуға арналған жаттығулар. Ішке тартылған құрсақ – дұрыс дене сымбатының белгісі. Бұлшық еттердің тырысуының дұрыс тепе-теңдігін бекіту. Кемшіліктерді жою бойынша қарапайым техниканы меңгеру.

      12-тақырып. Физикалық тренинг. Физикалық мүмкіндіктерді қайта қалпына келтіру. Ағзаның функционалдық күйін арттыру. Физикалық қасиеттерін жақсарту. Физикалық қасиеттерін жақсартуға арналған белсенді құралдар: физикалық жаттығулар, спорт элементтері және спорттық дайындық, жүру, жүгіру.

      13-тақырып. Жүріс. Қысылған жүріс. Еркін жүріс. Актер-адам мен қуыршақтың байланысы. Ішкі және сыртқы байланыстары. Дұрыс жүрісті қалыптастыруға ықпал ететін жаттығулар. Өкшемен жерді қатты басуды жою. Жерді толық табанмен басуды, табанды аяқтың тұмсығымен басуды жою. Табанды салпылдату.

      14-тақырып. Жүрісті түзету. Дұрыс жүрісті қалыптастыруға ықпал ететін жаттығулар. Секіріп жүруді, аяғын бүгіп жүруді жою. Дұрыс дене сымбатын және жүрісті сақтап тұруға арналған нұсқауды дағдыландыру. Дұрыс дене сымбаты мен жүрістің қажеттілігін тәрбиелеу.

      15-тақырып. Дене сымбаты мен жүрісті жетілдіру бойынша өз бетінше жұмысқа қажетті тәсілдер мен жаттығуларды меңгеру. Дұрыс дене сымбаты мен жүрісті түйсікпен сезіну. Бұлшық еттердің есте сақтауын бекіту. Өзінің дене сымбаты мен жүрісін үнемі бақылап тұру үшін "бұлшық ет бақылаушысын" дағдыландыру.

      16-тақырып. Дамыту кешені. Кіріспе жаттығулар. Сапқа тұруға және сапты қайта түзуге арналған жаттығулар. Кеңістіктік ойлауды қалыптастыру. Дененің барлық бұлшық еттерін тең қалыпта жұмыс істеуге дайындау. Денені қыздыруға арналған ширату жаттығуларын деңгейлерге бөлу. Қарапайым жаттығуларды орындау.

      17-тақырып. Тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығулар. Вестибулярлық анализаторды жаттықтыру. Дененің тұрақтылығын арттыруға арналған жаттығулар (ауырлық орталығын бөлу). Позицияны бекітуге арналған жаттығулар.

      18-тақырып. Физикалық аппаратты жаттықтыру. Бұлшық ет аппаратын жұмысқа дайындау. Сүйек-бұлшық ет аппаратының үйлесімді күйін қамтамасыз ететін қасиеттерді дамыту және жетілдіру. Иілгіштікке арналған жаттығулар. Пассивті және белсенді иілгіштікті және созылғыштықты дамытуға арналған жаттығулар.

      19-тақырып. Қауіпсіздік техникасы. Бұлшық еттерді босату бойынша жұмыс. Қысылу және қымтырылуды босатуға арналған жаттығулар. Психофизикалық кедергілер мен қысылуларды босатуға арналған ойындар.

      20-тақырып. Дайындық тренингі. Қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Қимылдаудағы ептілік. Затпен өзара әрекеттесу негіздерін меңгеру. Үстелмен, үстелде орындалатын жаттығулар. Өзін өзі түзету және өзін бақылау дағдыларын қалыптастыру. Бұлшық еттерді қатайту. Ептілікті, батылдықты, төзімділікті дамыту.

      21-тақырып. Пластикалық кешен. Кіріспе жаттығулар. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар. Ширату. Денені қыздыруға арналған жаттығулар. Пластикалық қимылдардың бейнелігі.

      Вестибулярлық аппаратты жаттықтыратын жаттығулар.

      22-тақырып. Күрделі үйлесімді жаттығулар. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін күрделі үйлесімді жаттығулар. Екі немесе одан да көп бұлшық ет және буын топтарының жұмысын бір уақытта бақылау.

      23-тақырып. Жаңғырық. Ритмикалық фраза. Реакцияның жылдамдығына, ептілікке арналған жаттығулар. Білім алушылардың ритмикалық фразамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

      24-тақырып. Ишарат. Қолдардың мәнерлігін дамытуға арналған жаттығулар. Тіл мен қимылды үйлестіруге арналған жаттығулар. Ишарат жасау – араласу құралы.

      25-тақырып. Пластикалық суырып салу. Ұсынылған ритмикалық сызбаға, динамикаға немесе тақырыпқа арналған жаттығулар. Ассоциативті ойлауға арналған тапсырмалар.

      26-тақырып. Қорытынды жаттығулар. Қорытынды шығару. Сабақтағы мейлінше қанық сәтті қайталау.

      66. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахна қозғалысы бойынша сабақтардағы қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

      2) сахна қозғалысының мәнін және рөлін біледі;

      3) адам анатомиясын, физикалық және психикалық қасиеттерін, қимылдау мүмкіндіктерін біледі;

      4) бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар кешенін, бұлшық еттерді созудың қауіпсіз тәсілдерін, өз денесінің жеке ерекшеліктерін және оларды сахналық жаттығуларды орындау кезінде ескереді;

      5) денені физикалық жаттығуларды орындауға өз бетінше дайындауды, бұлшық етке жүктемені дұрыс бөлуді біледі;

      6) күрделі элементтерді, аяқтарды, қолдарды, арқаны созудың түрлерін орындауға дайындық жаттығулардың кешенін біледі және орындайды;

      7) меңгерілген акробатикалық элементтерді орындау техникасын, пластика бойынша сабақтарда өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

      8) дене сымбатын дұрыс тәрбиелеуге арналған жаттығуларды орындайды;

      9) бұлшық ет қысымының дұрыс тепе-теңдігін орнатуды біледі;

      10) физикалық қасиеттерді жақсартуға арналған белсенді құралдарды біледі: физикалық жаттығулар, спорт элементтері және спорттық дайындық, жүру, жүгіру;

      11) дұрыс жүруді қалыптастыруға ықпал ететін жаттығуларды орындай алады;

      10) ширату және созудың толық кешенін біледі және жүргізе алады;

      11) позицияны бекітуге арналған жаттығуларды біледі және орындай алады;

      12) пассивті және активті иілгіштікті және созылуды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды.

      67. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұлшық еттерді қыздыруға бағытталған дайындық жаттығуларын меңгеру, оларды әртүрлі қарқында және ырғақта орындау, бұлшық еттерді тонусқа келтіруге бағытталған жаттығулар, жеке бұлшық ет топтарын және буындардың қозғалғыштығын дамыту, бұлшық ет тырысуларын реттеу;

      2) белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір қимылды, мизансценаны көру, есте сақтау және орындау білігі, қозғалысты уақыт аралығында және кеңістіктікте тура ұйымдастыру;

      3) әуенді, оның қарқынын және ритмін жылдам қабылдау, барлығын қозғалыс арқылы жеткізу, бұқаралық көріністерде серіктеспен жеңіл және күрделі қимылдарды үйлестіру білігі, әуезділікті, ырғақтылықты, елестетуді, көркемдік талғамды және білім алушының пластикалық мәдениетін дамыту.

      68. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Екінші сыныптың мақсаты мен міндеттері. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сабақтарда өзін ұстаудың этикалық нормалары.

      Практика. Меңгерілген дағдылар мен біліктерді қайталауға арналған шығармашылық тапсырмалар, ойындар, суырып салу.

      2-тақырып. Дайындық кешені. Бұлшық етті ширатудың мәні. Жүрек тамыр, тыныс жүйесінің дамуының денеге түсетін ауырлықпен өзара байланысы.

      Практика. Бұлшық еттерді деңгейлеп қыздыру. Бұлшық еттерді қыздыруға арналған әртүрлі жаттығулар. Жүру. Жүгіру. Секіру. Әртүрлі қарқында және ырғақта орындау. Бұлшық еттерді тонусқа келтіруге, жеке бұлшық ет топтарын және буындардың қозғалғыштығын дамытуға бағытталған дайындық жаттығулары. Бұлшық еттерді жаттықтыру. Қозғалыс жылдамдығын, нақтылығын, амплитудасын дамыту.

      3-тақырып. Тыныспен жұмыс. Тыныспен жұмыс істеу дағдыларын үйрету. Тыныс алу жаттығулары. Дұрыс тыныс алуды дамытуға бағытталған жаттығулар. Қарапайым қозғалыстарды қалыпты, байыпты дем алумен үйлестіру.

      Практика. Құрсақ және кеуде тынысын ерекшелеуге арналған жаттығулар. Қалыпты тыныс. Бір орында тұрып, еңкейіп, жартылай башпайда, айналып орындалатын жаттығулар.

      4-тақырып. Ширату жаттығулары. Тыныс алу жаттығуларының түрлері: жоғары қарқында дем шығарумен ерекшеленетін жаттығулар; терең дем алу және дем шығарумен сипатталатын жаттығулар; белгілі ырғақпен сипатталатын жаттығулар: тұрақты, баяулатылған немесе жылдамдатылған; ауа өтетін жолдардың тесіктерінің өзгеруіне негізделген жаттығулар. Бейнелі тыныс алу жаттығулары мен этюдтер.

      5-тақырып. Дамыту тренингі. Білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратының үйлесімді күйін қамтамасыз ететін қасиеттерді дамыту және жетілдіру. Көп қырлы зейінді жетілдіру.

      6-тақырып. Тепе-теңдік. Вестибулярлық аппараттың сезімталдығын арттыру. Тепе-теңдік сезімін нығайту. Дененің тұрақтылығын арттыру. Тепе-теңдік сезімін жетілдіру. Мидың аспалы жүйесін жаттықтыру. Басты әртүрлі жазықтықтарға және бағыттарға жылдам қозғалту. Вестибулярлық анализаторды жаттықтыру. Дененің тұрақтылығын арттыру. Статикалық тепе-теңдік. Тепе-теңдікті сақтау. Динамикалық тепе-теңдік – дененің және оның бөліктерінің инерциясын еркін басқару.

      7-тақырып. Дамыту тренингі. Дененің жеке бөліктерінің қозғалғыштығын және жалпы иілгіштікті арттыру. Бүгу және жазу, түсіру және көтеру, оңға және солға бұру (ішке және сыртқа), айналып қозғалу, дененің жеке бөліктерін "бұрау". Қимылдарды әртүрлі комбинациялармен алмастыру және үйлестіру.

      8-тақырып. Акробатика элементтері. Дене қимылдары мен әрекеттері саласындағы ерікті дамыту. Батылдықты дамыту. Серіктеске деген сенімділікті және серіктес алдындағы жауапкершілікті дамыту. Негізгі психофизикалық қасиеттерді арттыру. Қимылдардың динамикалық диапазонын кеңейту. Барлық психофизикалық қасиеттер кешенін қолдану.

      9-тақырып. Пассивті иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар. Өзінің жеке күшін қолданып орындалатын жаттығулар. Өзінің жеке салмағын қолданып орындалатын жаттығулар. Дененің бөліктері сырттан қосымша тіреудің қолдауымен орындалатын жаттығулар.

      10-тақырып. Белсенді иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар. Дененің жеке бөліктерімен бұлғау, маятник тәрізді қимылдарды орындау. Қозғалыс амплитудасы мен жылдамдығын біртіндеп арттыру. Дененің жеке бөлшектерімен серіппелі қимылдарды орындау. Қозғалыс амплитудасын біртіндеп арттыру. Жұлқына қозғалу. Кереғар орналасқан бұлшық еттерін біртіндеп қысу есебінен бұлшық еттерді созу.

      11-тақырып. Күш. Қолдың бұлшық еттерін қатайту. Иық белдеуін бекіту. Мойынды қатайту. Құрсақ тығыршығын және аяқты қатайту. Динамикалық жаттығулар. Кеудені жерден көтеру, тартылу, отырып тұру, аяқ пен қолдарды жанға ашу және жабу, еңкею, бүгілу, денемен бұрылу және айналып қозғалудың түрлері.

      12-тақырып. "Жарылыс күші" түсінігі. Жарылыс күшін дамытуға арналған жаттығулар. Бұлшық ет тырысуларының жоғары жылдамдығымен кедергілерден өту қабілетін арттыруға арналған жаттығулар. Статикалық жаттығулар. Дененің қозғалуы шектелген бұлшық еттері мен бөліктерінің қысқа мерзімді тырысулары.

      13-тақырып. Ерікті гимнастика. Оқшауланған бұлшық еттерді және бұлшық ет топтарын ерікті түрде тырыстыру және босату. Динамикалық тәртіптегі жаттығулар. Статикалық тәртіптегі жаттығулар. Күш пен иілгіштікті үйлестіру. Жануарлардың қимылдарына еліктеу жаттығулары.

      14-тақырып. Төзімділік. Төзімділікті арттыру. Тұрақтылықты арттыру. Қарқынды және ұзақ мерзімді жүктемелер. Анаэробты, аэробты немесе аралас сипаттағы жаттығулардың көмегімен төзімділікті арттыру. Күштемелі жаттығулар. Қайталау санын және орындау жылдамдығын өсіру. Статикалық немесе статикалыққа жақын қысымды ұзақ уақыт сақтап тұру.

      15-тақырып. Шаршау сезіміне қатысты психикалық тұрақтылықты дағдыландыру. Қарқынды физикалық жүктемеден кейін күшті қайта қалпына келтірудің қарапайым тәсілдері. Релаксациялық-шоғырландыру және тыныс алу жаттығулары. Күшті қайта қалпына келтіруді жылдамдату әдістері. Психикалық-бұлшық еттік жаттықтыру.

      16-тақырып. Жылдамдықпен орындалатын дайындық. Дененің жылдамдықтық мүмкіндіктерін жетілдіру. Уақыт сезімін арттыру. "Қарқын" және "ырғақ" түсініктерін меңгеру. Реактивті мүмкіндіктерді арттыру. Әрекет етуге жылдам дайындықты жаттықтыру, "оперативті тыныштық" сезімін дағдыландыру. Қарапайым қимылдау реакциясына арналған жаттығулар. Қарапайым және күрделі қимыл реакциясына арналған жаттығулар. Дер кезінде әсер етуді жаттықтыру. Еліктеу реакциясы – ойдан шығарылған белгіге реакция беру.

      17-тақырып. Жылдамдық диапазонын кеңейту. Қозғалыс жылдамдығын дамытуға арналған жаттығулар. Баяулықты дамытуға арналған жаттығулар. Қозғалыс жылдамдығын өзгертуге арналған жаттығулар. Жарыс сипатындағы қимылды ойындар. Уақыт сезімін дамытуға және қозғалыстың кеңістіктік-уақыттық өлшемдерін үйлестіруге арналған қарапайым жаттығулар. Қимылдарды қарқынды-ырғақты ұйымдастыруға арналған қарапайым жаттығулар.

      18-тақырып. Қимылдарды үйлестіру. Қозғалысты уақыт және кеңістікте нақты ұйымдастыруды арттыру. Жаңа қимылдарды, біліктер мен дағдыларды меңгеру жылдамдығын арттыру. Дайындық жаттығулары.

      Практика. Бір, екі, үш жазықтықта және жазықтықтарды ауыстырып орындалатын қолға арналған үйлестіру жаттығулары. Дененің әртүрлі бөліктерін артқа айналдыру. Меңгерілген қол қимылдарын дененің басқа бөліктерінің қимылдарымен үйлестіру. Меңгерілген қол мен дененің басқа бөліктерінің қимылдарын аяқтың қимылымен үйлестіру.

      19-тақырып. Тіл мен қимылды үйлестіру. Көп қырлы зейінді, қимыл жадын жаттықтыру. Ырғақтылықты жетілдіру, бұлшық ет тырысуларын реттеу.

      Практика. Тыныс пен қимылды біріктіруге арналған жаттығулар.

      20-тақырып. Пластикалық тренинг. Қозғалыс жылдамдығын, қарқынын және кереғарлығын жаттықтыру: бұлшық еттерді қыздыру, олардың қабылдауын белсендіру.

      Практика. Пластикалық суырып салу. Берілген ритмикалық сызбаға, динамикаға немесе тақырыпқа суырып салу. Ассоциативті ойлауға арналған жаттығулар.

      21-тақырып. Уақыт, кеңістік, қарқын-ырғақ. Әртүрлі жылдамдықтағы қарқынды қозғалыс түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі – қимылды уақытқа бөлу. Қарқынды-ырғақты жаттығулар.

      22-тақырып. Сахна қозғалысының арнайы дағдылары. Қозғалысты сахна кеңістігіне бөлуге арналған жаттығулар. Кедергілерді өтудің әртүрлі тәсілдеріне арналған жаттығулар.

      23-тақырып. Серіктесті көтерудің әртүрлі тәсілдеріне арналған жаттығулар. Реакцияға және итеру, лақтыру, соғу және басқа да белгілерден кейінгі қимылды дамытуға арналған жаттығулар. Трюктік пластика.

      24-тақырып. Заттармен өзара әрекеттесу. Заттармен суырып салып ойнау. Заттармен шебер араласу дағдысын машықтандыратын жаттығулар.

      25-тақырып. Заңдардың, қағидаттардың "классикалық" техникаларын меңгеру: жонглерлеу, басқару және тепе-теңдік элементтері. Заттармен жұмыс: бір түрлі және әртүрлі заттармен жонглерлеу. Плащпен, қалпақпен, цилиндрмен, желпуішпен, таяқшамен (стильдік жүріс-тұрыс әдетін үйрену кезінде); сырықпен (шест), таяқпен, семсермен жұмыс.

      Практика. Доппен жаттығу. Гимнастикалық таяқпен, таяқшамен орындалатын жаттығулар. Секіргішпен, арқанмен орындалатын жаттығулар. Орындықпен, үстелмен орындалатын жаттығулар. Гимнастикалық шығыршықпен орындалатын жаттығулар. Плащпен орындалатын жаттығулар.

      26-тақырып. Серіктеспен өзара әрекеттесу. Сенсорлық және бұлшық етті үйлестіруге негізделетін, серіктестің қимылы мен әрекеттеріне немесе серіктеспен қимылдың сипаты мен стилін үйлестіруге сәйкес қимылдың уақыт пен кеңістіктікте үйлесуін талап ететін жаттығулар.

      27-тақырып. Этюдтермен жұмыс. Берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд.

      69. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дайындық жаттығуларының кешенін біледі және орындайды;

      2) бұлшық еттерді тонусқа келтіруге, жеке бұлшық ет топтарын және буындардың қозғалғыштығын дамытуға бағытталған жаттығуларды біледі және орындайды;

      3) тыныспен жұмыс істеу дағдыларын біледі;

      4) дұрыс тыныс алуды дамытуға, қарапайым қимылдарды қалыпты, байыпты тыныспен үйлестіруге бағытталған жаттығуларды біледі және орындайды;

      5) дамыту тренингтерін біледі және орындайды;

      6) дененің тұрақтылығын арттыруға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      7) сахна әрекетінде заттарды ойнау кезінде актердің қиялы мен тапқырлығын дамытатын, заттармен шебер араласу дағдысын беретін жаттығуларды біледі;

      8) "жарылу күші" түсінігін біледі;

      9) серіктеспен, заттармен орындалатын жаттығуларды біледі;

      10) уақыт сеземін дамытуға және қозғалыстың кеңістіктік-уақыттық өлшемдерін үйлестіруге арналған қарапайым жаттығуларды біледі және орындайды;

      11) берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға эксцентрикалық этюдтерді шығара алады.

      70. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұлшық еттің тырысуын және бөгелуді босатуға арналған жаттығуларды, инерцияларды басқаруға арналған жаттығуларды, этюд, тренинг, білім алушының белгілі пластикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытатын пластикалық және би нөмерлері түрінде сабақтарды ұйымдастыруды меңгеру әрі қарай жалғастырылады;

      2) сахна қозғалысына деген қызығушылықты әрі қарай қалыптастыру, бұлшық ет қимыл аппаратының қозғалғыштығын, қимылды үйлестіруді, қимыл дағдыларын, дене мәнері арқылы шығармашылық қиялын әрі қарай дамыту, қимылдарды орындауды өзі басқару білігін қалыптастыру;

      3) өз идеяларын пластикалық бейнелерде және пластикалық суырып салуда, байланыс дағдыларында іске асыру білігін қалыптастыру;

      4) сахнада сахналық қимылдардың элементтерін қолданып, спектакльді қою бойынша жұмыс, шығармашылықтың негізгі тәсілдері туралы алған білімдерін көрсету, пластикалық формаларды, шығарманың би сипаттарын ұжымдық іздеу, рөлдің сипатымен жеке өз бетінше жұмыс.

      71. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қауіпсіздік техникасы. Бұлшық еттерді босату бойынша жұмыс. Тырысуды және бөгелуді босату бойынша жұмыс. Бұлшық еттерді тырысудан босату бойынша жұмыс, оларды тонусқа келтіру. Психофизикалық кедергілер мен тырысуларды босатуға арналған ойындар. Инерция сезіміне арналған жаттығулар. Инерцияларды басқаруға арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Дайындық кешені. Кіріспе жаттығулар. Дене қалпы – адамның психологиялық қасиеттерінің көрінісі. Араласу кезіндегі ашық, жабық, агрессивті дене қалпы.

      3-тақырып. Қыздыру жаттығулары. Физикалық аппаратты жаттықтыру. Қауіпсіздік техникасы. Иілгіштікті, бұлшық еттердің күшін, созылуды дамытуға арналған жаттығулар. Дененің жылдамдық қасиеттерін жетілдіру: жылдамдық диапазонын кеңейту, реактивті мүмкіндіктерді арттыру. Тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығулар. Психофизикалық тренинг, басқа адамның іс-әрекетін түсіну.

      4-тақырып. Тыныс алу жаттығулары. Дұрыс тыныс алуды дамыту. Мәтінді белсенді әрекет ету кезінде айту.

      5-тақырып. Ырғақтық пластика. Қимыл қабілеттерін дамыту. Үйлестіруге және теп-теңдікке арналған жаттығулар. Ырғақтық пластика. Физикалық тренинг. Физикалық мінез-құлықтың адамның ішкі күйіне әсері. "Уақыт сезімін" бақылау білігі.

      6-тақырып. Байқампаздықты жаттықтыру. Зейінді, есте сақтау жадын, ойлауды, жігерді және байқампаздықты дамытуға арналған ойын-тапсырмалар. Ассоциативтілікті және елестетуді дамытуға арналған ойыншықтармен орындалатын ойын-тапсырмалар. Ойдан шығарылған кеңістіктер және заттар.

      7-тақырып. Пластикалық тренинг. Қимылдың ішкі сезімін дамыту. Әртүрлі физикалық және психофизикалық қасиеттерді пластика арқылы көрсету тәжірибесін алу. Күрделі қимыл және әрекет міндеттерін шешу. Ептілікті дамыту. Қозғалыстың әртүрлі түрлерін және қасиеттерін меңгеру.

      8-тақырып. Қимыл мен тіл. Әрекет үстінде белсенді міндеттерді орындау кезінде қимыл мен тілді еркін және сенімді біріктіру қабілеттерін дамыту.

      9-тақырып. Дамытуға бағытталған музыкалық-ырғақтық ойындар. Ырғақ қабілеттері мен пластиканы дамытуға арналған музыка қолданылатын ойын-жаттығулар. Тілді, қимылды және музыканы біріктіру бойынша жұмыс. Музыкалылықтық және ырғақтылықты дамыту. Әндер мен өлеңдерді қолданып, ырғақ сезімін және музыкалылықты дамытуға арналған жаттығулар. елестетуді, қиялды және бастамашылдықты дамыту.

      10-тақырып. Сахна қозғалысын алмастыру. Практика. Жүйріктілікке, жеңілдікке арналған ойындар мен жаттығулар. Елестетуді, еркін қиялдауды дамытуға арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Дайындық тренингі. Ширату айналымы. Зейінді шоғырландыру. Ырғақтық күйге келтіру.

      12-тақырып. Тіл мен қимылды нақты және ретімен ұйымдастыру. Қалыпты үздіксіз қозғалуды үйрету, пластикалықты және музыкалылықты тәрбиелеу. Жылдамдықты, қарқынды және қимылдағы кереғарлықты жаттықтыру: бұлшық еттерді қыздыру, олардың қабылдау қабілетін белсендіру. Әртүлі қарқынды-ырғақты жаттығулар.

      13-тақырып. Ырғақты пластика. Қозғалыс қабілеттерін, икемділікті және пластикалықты дамыту. Денені қыздыруға арналған, негізгі, суырып салу жаттығулар.

      Білім алушының психофизикалық аппаратын, бұлшық еттің созылуына, дене қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Шығармашылық тапсырмалар.

      14-тақырып. Ырғақтық гимнастика. Дене мүсінін және жүрісін бекітуге, жетілдіруге және сақтауға арналған пластикалық жаттығулар жүйесі. Өкшемен қатты ұру, аяқты сүйретіп басу, аяқтарды өте қатты ашу – оларды түзету бойынша өз бетінше жұмысқа арналған тәсілдерді пысықтау.

      15-тақырып. Қозғалыс импульсі. Импульс және босату. Импульс және қимылды босату. Импульс және қимылды кенеттен тоқтату.

      16-тақырып. Биді суырып салу. Қозғалыстағы ырғақтылық және музыкалылық. Музыкалық материалды тыңдау. Би қимылдарын жаттау. Би және пластикалық композицияларын құру. Пластикалық этюдте бейнені құру. Орындаушының ішкі эмоциялық күйімен жұмыс. Сахналық бейнені дамыту.

      17-тақырып. Акробатика элементтері. Жеке акробатиканың негізгі элементтерін меңгеру. Дайындық жаттығулары. Топтасып, тепе-теңдікте және қарқынды секірулердегі орындалатын қарапайым акробатикалық жаттығулар. Шатқа отыру. Көпір жасау. Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар. Әртүрлі қалыптағы және әртүрлі тірек нүктесіндегі дененің тепе-теңдігі. Тіреліп тұру. Тұру. Айналатын қимылдар. Домалау. Дөңгелеу. Лақтырып аудару. Дөңгелене аунау. Гимнастикалық жабдықтар, жиһаздар және реквизиттер қолданылып орындалатын акробатика элементтері.

      18-тақырып. Құрамында сахна қозғалыстарының элементтері бар спектакльді сахнада қою бойынша жұмыс. Пьесамен танысу, пьесаны оқу, рөлдерді талдау. Тренингтер: шығармашылық этюдтер, рөлдерді орындаушылармен жеке жұмыс, ұжымдық мизансценалармен жұмыс. Қарапайым сахналық қимылдарды құру заңдылықтары.

      19-тақырып. Құлау техникасын меңгеру. Сахналық құлаулардың әртүрлі сызбаларының негізгі биомеханикалық қағидаттарын меңгеру бойынша жаттығулар. Отырып, тізерлеп тұрған күйден құлау. Тұрған қалыпта әртүрлі бағытқа пассивті құлаулар. Сақтандыру тәсілдері, әртүрлі бағыттарға белсенді құлау. Жерде құлау. Кедергі арқылы құлау. Қолдағы затпен бірге құлау. Серіктеспен өзара әрекеттесе отырып құлау. Сәндеудегі құлау тізбектері. Ерекше және трюктік құлаулар.

      72. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қысылу мен именуді, психофизикалық кедергілер мен қысылуларды босатуға, иілгіштікті, бұлшық еттердің күшін, созылғыштықты дамытуға, тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған әртүрлі жаттығуларды біледі және орындайды;

      2) қозғалыс биомеханикасының негіздерін және театр биомеханикасының қағидаттарын біледі;

      3) тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      4) дұрыс тынысты дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      5) әнге өз бетінше сахналық қозғалыстарды таңдауды біледі;

      6) "уақыт сезімін" бақылауды біледі;

      7) пластикалық жаттығуларды біледі және орындайды;

      8) ұсынылған тақырыпқа этюдтерді шығаруды біледі;

      9) ритм және әуезділік сезімін дамытуға, елестетуді дамытуға, қиялдың еркіндігіне арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      10) денені дайындайтын, негізгі, суырып салу қарқынды-ырғақты жаттығуларды, білім алушының психофизикалық аппаратын дамытуға, бұлшық еттерді созуға, дененің қозғалғыштығына арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      11) пластикалық этюдте бейнені жасай алады;

      12) қарапайым сахналық әрекетті құру заңдылықтарын біледі;

      13) сахна әрекеттерінің мәнерлеу құралдарын біледі;

      14) психофизикалық тренингтің негіздерін біледі, сахнадағы серіктесінің әрекеттерін түсінеді;

      15) дене тілі арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізе алады;

      16) құлау техникасын және түрлерін біледі.

      73. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сахнадағы күрес пен төбелес дағдыларын меңгеру, екі немесе бірнеше кейіпкерлер арасындағы дағдыларды пысықтау, көрермендердің алдында қоян-қолтық шайқас иллюзиясын құруға арналған қорғаныс тәсілі техникасын және қарусыз бас салу дағдыларын меңгеру, көрермендер үшін шынайылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін соққылардың биомеханикасын меңгеру;

      2) қозғалыстағы ритм сезімін дамыту, берілген қарқын мен ырғақты сақтау және өзгерту, орындау кезінде қимылдарды еркін және сенімді біріктіру қабілеттерін дамыту;

      3) қоғамның әртүрлі топтарының өзін ұстауының стильдік ерекшеліктері туралы түсініктер.

      74. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Өткен материалды қайталау. Төртінші сыныптың мақсаты мен міндеттері. Актердің пластикалық мәнерінің даралығы. Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыс.

      Практика. Өткен материалдарды қайталауға арналған шығармашылық тапсырмалар, ойындар, суырып салу. Меңгерген дағдылары мен біліктерін бекіту.

      2-тақырып. Ширату. Өткен материалды қайталау. Жаттықтыру жаттығуларын әртүрлі қарқында-ырғақта өз бетінше орындау.

      3-тақырып. Психофизикалық аппаратты жүктемеге дайындау: қолдың, аяқтардың, мойынның, арқаның бұлшық еттерін сылау; иық белдеуін, мойын, кеуде, бел, бел омыртқаның жамбас бөліктерін айналдыру қимылдары.

      4-тақырып. Сахна қозғалысының арнайы дағдылары. Белгілі қасиеттер мен қабілеттер кешені.

      5-тақырып. Жеткілікті дамымаған немесе нашар дамыған қасиеттерді анықтау. Қимылдау дағдысынан саналы түрде қимылдауға көшу келешегін анықтау.

      6-тақырып. Дене сымбаты мен жүрісті жетілдіру. Қолдар әртүрлі қалыпта болатын тұрмыстық жүріс. Қосымша тапсырманы орындау кезіндегі тұрмыстық жүріс. Жылдамдықты, қимылды ауыстыру кезіндегі тұрмыстық жүріс. Тұрмыстық жүріс және қасында тұрған адамдарды бақылау.

      7-тақырып. Сахна кеңістігінде қимылдарды бөлуге арналған жаттығулар. Кедергілерді жеңудің түрлі тәсілдері. Итеру, лақтыру, соққыдан кейінгі реакция және қимылды дамыту. Трюктік пластика.

      8-тақырып. Зейінді жетілдіру және қимылды үйлестіру. Білім алушының зейінін шоғырландыру және үйлестіру қабілеттерін жаттықтыру. Ауызша тапсырмаларға белсенді зейін қоюды жаттықтыру. Бір мезгілде асимметриялық. Бір мезгілде қарама-қарсы. Жан-жақты және қимылдардың түрлі қайталануымен.

      9-тақырып. Қарусыз сахналық күрес. Сахналық күрес пен төбелес дағдыларын меңгеру. Физикалық қарсы әрекеттегі өткір, жанжалды жағдай дағдысы бойынша алған қабілеттерін тексеру.

      Екі немесе бірнеше кейіпкерлердің арасындағы күрес дағдысын пысықтау. Көрермендердің бойында қоян-қолтық күрес әсерін жасау үшін қорғану тәсілдері және қарусыз шабуыл жасау техникасын меңгеру. Көрермендік шынайылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сахна соққыларының биомеханикасын меңгеру.

      Жаттығулар. Соққыны жасау және қабылдау техникасы. Соққыдан қорғану және дыбыстау техникасы. Сахналық төбелесті құру және орындау қағидаттары. Заттарды қолданып төбелесу. Сахналық төбелестегі жанр және стиль.

      10-тақырып. Тренинг. Уақыт, кеңістік және қарқын-ырғақ. Жаттығулар. Әртүрлі жылдамдықтардағы қарқын-қозғалыс түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі және қимылды уақытқа бөлу. Ырғақтық суреттердегі ырғақ және қимылдарды бөлу. Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      11-тақырып. Тіл-қимыл үйлесімділігін дамыту. Қимыл мен тіл. Әрекеттегі белсенді міндеттерді орындау кезінде қимыл мен тілді еркін және сенімді біріктіру қабілетін дамыту. Белсенді позициядағы тыныс пен дыбысталу. Белсенді қозғалыстағы және бір қалыптағы жағдайда дыбысталу мен тынысты қамтамасыз ету үшін бұлшық ет тырысуларын қайта бөлу. Үздіксіз қимылдарды біріктіру. Дыбыстық белгі – әрекеттің жалғасы. Қимыл мен сөзді алмастыру және біріктіру. Этюдтер. Өткен материалды бекіту.

      12-тақырып. Сахнада құлау. Құлауға арналған дайындық жаттығулары. Жанына құлауға арналған дайындық жаттығулар. "Бұралып" құлауға арналған дайындық жаттығулар. Биіктіктегі тепе-теңдік және белгі бойынша құлау. Құлауға арналған жұппен орындалатын жаттығулар.

      13-тақырып. Акробатика элементтері. Дене қозғалысы мен әрекеттегі ерікті дамыту. Батылдықты тәрбиелеу. Серіктеске деген сенімді және серіктес алдындағы жауапкершілікті дамыту. Негізгі психофизикалық қасиеттерді арттыру. Адам денесінің динамикалық диапазонын кеңейту. Барлық психофизикалық қасиеттерді кешенді қолдану.

      14-тақырып. Жұппен орындалатын жаттығулар. Жұппен орындалатын акробатиканың негізгі элементтерін меңгеру. Ұстап тұру. Отыру. Тұру. Иыққа шығу. Айналдыру. Эксцентрикалық акробатиканың элементтері.

      15-тақырып. Гимнастика жабдықтарын, жиһаздарын және реквизиттерін қолданып орындалатын акробатика элементтері. Акробатикалық комбинациялар мен фразалар. Акробатика элементтері қолданылатын этюдтер.

      16-тақырып. "Этикет", "стиль", "ишарат", "мәнер" түсінігі. Этикет –қоғамды әлеуметтік топтарға бөлу формасы. Этикеттің дамуының негізгі кезеңдері.

      17-тақырып. 16-19 ғасырлардағы еуропа және орыс қоғамында қабылданған стильдік жүріс-тұрыстың және ереженің ерекшеліктері. Жалпы мәліметтер. Киім. Дене сымбаты және жүріс. Қару. Иілу. Амандасудағы, әңгімелесудегі, тамақтану кезіндегі, музыкадағы, бидегі және әндегі этикет және жақсы мәнер, жекпе-жекке шақыру ережесі, серт және ант беру ресімі.

      Практика. Жүруді иілулермен, ишараттармен, позалармен, аксессуарларды қолданумен үйлестіру.

      18-тақырып. Пантомима – өнердің түрі. Қимыл, ишарат, поза –пантомиманың негізгі мәнерлеу құралы. Пластиканы стильдеу – пантомимадағы бейнені жасауға қажетті жағдай. Пантомиманың кешенді жаттығулары. Пантомимада бейнені құру тәсілдері. Ойдан шығарылған нысандармен өзара әрекеттесу.

      19-тақырып. Этюдтермен жұмыс. Білім алушының шығармашылық міндеттерді шешу кезінде сахна қозғалысы сабақтарында алған білімдері мен біліктерін қолдануға дайындығы.

      20-тақырып. Сахна қозғалысы сабақтарындағы пластикалық этюд түсінігі. Берілген тақырыпқа арналған этюд.

      21-тақырып. Берілген музыкаға арналған этюдтер. Берілген жағдайға арналған этюдтер. Эксцентрикалық этюд. Драматургия негізіндегі этюд.

      75. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) соққы жасау және қабылдау техникасын, қорғану техникасын және соққыны дыбыстауды, сахналық төбелесті құру және орындау қағидаттарын біледі;

      2) әртүрлі жылдамдықтардағы қарқынды қозғалыс, ырғақтық суреттердегі ырғақ және қозғалыс түсініктерін біледі;

      3) белсенді қимылдау кезінде және бір қалыпта тұрған кезде дыбысталуды және тынысты қамтамасыз ету үшін бұлшық етке түсетін жүктемені бөле алады;

      4) әртүрлі қоғам топтарының өкілдерінің стильдік өзін ұстау ерекшеліктерін біледі;

      5) жұпты акробатиканың элементтерін біледі және орындайды;

      6) пантомима негіздерін біледі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      76. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      77. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – емтихан, бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жалпы дамытуға және түзетуге бағытталған жаттығулар кешені, акробатикалық элементтер кешені, заттармен жұмыс), екінші жартыжылдықта: емтихан (шығармашылық жұмыс көрсетілімі);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (динамикалық жүктеме кешені), екінші жартыжылдықта: сынақ (тілді, қозғалысты және музыканы біріктіруге арналған жаттығулар);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа этюд), екінші жартыжылдықта: емтихан (шығармашылық жұмыс көрсетілімі);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайға арналған этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жұмыс көрсетілімі).

      78. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемдерді ескереді:

      1) биомеханиканы, адам анатомиясын және физиологиясын біледі;

      2) актердің пластикалық мәнерлігін тәрбиелеуге, дамытуға және жетілдіруге арналған тренингтік жаттығулардың негізгі кешенін біледі;

      3) қауіпсіздік техникасы ережелерін, акробатикалық элементтер мен трюкті пластиканың элементтерін орындау кезіндегі сақтандыруды және өзін өзі сақтандыруды біледі;

      4) орындау кезінде өзінің дамыған дене аппаратын қолдана алады;

      5) қимылдарды, пластиканы, иілгіштікті, мәнерлікті, күшті, тепе-теңдік сезімін үйлестіруді жоғары деңгейде біріктіруді талап ететін қозғалыс міндеттерін өз бетінше қолдана алады.

      79. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – сахналық міндеттерді өте жақсы орындауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмірді бастан кешуі, жаттығуларды сапалы меңгеруі және сахна дағдыларын игеруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – рөлдің тура әрекетін дұрыс анықтауы, физикалық қимылдарды шынайы және нақты пысықтауы, ұсынылатын жағдайларда органикалық және табиғи өмір сүруі; кемшіліктері мен олқылықтарының болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – сахна алаңында жұмыс істеу кезіндегі кемшіліктері мен олқылықтары, сахна кеңістігін өз бетінше бөлу негіздерін жетік білмеуі, көптеген кемшіліктермен орындауы, физикалық дайындығының әлсіздігі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – материалды түсінбеуі және психофизикалық дайындығының болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
77-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Грим", "Қуыршақ жасау", "Бутафория жасау", "Көркемсөз негіздері" және басқалары" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Грим", "Қуыршақ жасау", "Бутафория жасау", "Көркемсөз негіздері" және басқалары" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) таңдау пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың таңдау пәні бойынша теориялық және практикалық білім, білік және дағдыларын алуына, театр өнері құралдарымен әлемді эстетикалық және көркемдік тануға жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) грим, қуыршақ жасау, бутафория жасау, көркем сөз негіздері пәндеріне оқыту процесінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

      2) театр өнеріне деген қызығушылықты қалыптастыру, оның түрлері мен әсемділігін ашу;

      3) қоршаған шынайылықтың көріністеріне тұлғалық тұтас эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

      4) ой-өрісті кеңейту және білімді, орындаушылық білік пен дағдыларды меңгеру;

      5) театр қуыршақтарын, реквизиттер мен декорацияларын әзірлеудің әртүрлі технологияларымен танысу.

      Дамыту:

      1) театрлық-орындаушылық білім, білік және дағдылар негізінде бала тұлғасын көркем-эстетикалық дамыту;

      2) зейінді, есте сақтау жадын, елестетуді, тілді, эмоциялық-жігерлік қырын, зияткерлік, музыкалық және шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      3) шығармашылық қиялды, көркем ойлауды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуді дамыту;

      4) білім алушының танымдық қызметін ынталандыру;

      5) білім алушының кәсіби өзін өзі анықтауы үшін жағдай жасау.

      Тәрбиелік:

      1) көркем мәдениетке, өнерге араластыру;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуге тәрбиелеу;

      3) отандық мәдениеттің құндылықтарына, халық шығармашылығының озық үлгілеріне, классикалық және заманауи өнерге араластыру.

      4. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарымен анықталады. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      5. Бағдарлама "Қуыршақ театры" бөлімінің таңдау бойынша пәндерін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, театр шығармашылығымен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      7. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      8. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) театр өнері саласында білім, білік және дағдыларды меңгерудегі біртіндеушілік;

      2) реттілік және қолжетімділік – қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      3) саналылық және белсенділік – сабақтарға деген саналы көзқарас, білім алушылардың үйретілетін материалдарды меңгеруіне және оны түсініп орындауға деген қызығушылықты тәрбиелеу;

      4) сабақтардың жүйелілігі мен ұдайылығы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесінің үздіксіз жүруін көрсетеді;

      5) оқу процесінің мақсаттылығы;

      6) білімнен шығармашылыққа қағидаты білім алушыларға белгілі білім деңгейіне ие болу кезінде қанық сахналық бейнелерді, мінездерді және көңіл-күйлерді жасауға мүмкіндік береді.

      9. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог көркем сахналық бейнені құруда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      10. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      2) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      3) театр саласы бойынша білім алуы;

      4) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруы.

      11. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      12. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      13. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      14. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты мазмұны деңгейі жағынан барлық оқыту сыныптарының арасындағы байланысты және орындаушылық қызметін білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты театр өнерін практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      15. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – көрсету, түсіндіру, білім алушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындауы;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      16. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, жеке қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      17. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      18. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      19. Сабақтан тыс жұмыс түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындау;

      3) концерттік, байқаулық көрсетілімдерге дайындаулы;

      4) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      20. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптағы білім алушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдап алады.

      21. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      22. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      23. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      24. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      25. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      26. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      27. "Грим" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) грим – парикті қолдану, бетке (кей кездері денеге) арнайы бояуларды жағу, сомдалатын сахналық бейнеге барынша ұқсау үшін шашты немесе пластикалық жабыстырғыштарды жабыстыру арқылы актердің сыртқы бет әлпетін өзгерту өнері;

      2) гримдеу – бетті бояу;

      3) гримдеудегі көлемді мүсіндеу тәсілі – гримдеудің техникалық тәсілі, бояулар, жабыстырмалар, жабыстырғыштар, аппликациялар, тартқыштар, парик жасайтын бұйымдар қолданылады;

      4) гротеск – шынайылық пен қиял-ғажайыпты, шыншылдық пен карикатураны, гипербола мен алогизмді қисынсыз және кереғар үйлестіру арқылы күлкілі және трагикомедиялық жалпылайтын және өмірлік қарым-қатынастарды әсірелейтін көркемдік түрлендіру тәсілі;

      5) гуммоз – театр гримін құру үшін қолданылатын пластикалық мастика;

      6) дель арте комедиясы – итальян халықтық театрының (алаңының) түрі, бетперде киген актерлердің қатысуымен қойылымның қысқа сюжеттік сызбасынан тұратын сценарий негізінде суырып салу тәсілімен құрылған спектакль;

      7) классикалық бет әлпет – сән үлгілері бизнесінде кең таралған бет әлпеттің типі;

      9) монтюр – жиектемелерден, шілтерден, жеңіл маталардан жасалған париктің және басқа парик жасайтын бұйымдардың негіздері;

      10) постиж (пастиж) – жасанды шаштардан жасалған бұйым: парик, шиньон, бұрым, бүртіктеу, төгілген шаш, сондай-ақ мұрттар, сақалдар және кірпіктер;

      11) парик жасайтын бұйымдар – табиғи немесе жасанды шаштардан жасалған бұйымдар, гримдеуде кеңінен қолданылады;

      12) портретті грим – гримдеу өнерінің ең күрделі түрінің бірі;

      13) сәндік косметика – сыртқы бет әлпетті жақсартуға және терідегі кемшіліктерді жасыруға, макияж, маникюр және педикюр жасауға арналған арнайы құралдар.

      28. Бағдарлама мақсаты: гримдеудің техникалық тәсілдерін практикада меңгеру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      29. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) гримнің сан түрлі түрін, түрлерін, жанрларын, стильдерін, мәнерлеу құралдарын үйрету;

      2) гриммен жұмыстың санитарлық-гигиеналық ережелерін, гримдеудің техникасы мен жүргізу ретінің негізгі тәсілдерін меңгеру;

      3) спектакльдегі сахналық бейнені жасауға қажетті білімді қалыптастыру;

      4) көркемдік бейненің құрамдас бөлігінің бірі ретінде гриммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) байқампаздықты, шығармашылық қиялды және елестетуді дамыту;

      2) зейінді, есте сақтау жадын, ассоциативті және бейнелі ойлауды дамыту;

      3) көркемдік талғамды, өлшем сезімін тәрбиелеу және дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) сахналық бейнені және мінездемені өз бетінше іздеу қажеттілігін тәрбиелеу;

      2) білім алушының көркемдік талғамын, эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу, дамыту;

      3) көрермендік мәдениетті тәрбиелеу.

      30. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      31. Бағдарлама гримдеу өнерінің техникасын меңгергісі келетін, сахналық бейнені жасап үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      32. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының гримдеудің негізгі тәсілдерін, гримдеуді жүргізудің ретін, гриммен жұмыстың санитарлық-гигиеналық ережелерін практикада меңгеруіне бағытталуы болып табылады.

      33. Сабақтарды жүргізу әдістері:

      1) ауызша әдіс – әңгімелесу, айтып беру, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік – бақылау, бейнефильмдерді, сызбаларды, макеттерді, плакаттарды, иллюстрацияларды көрсету, қойылымның басты кейіпкерлерін көрсету;

      3) практикалық – шығармашылық тапсырмаларды орындау.

      34. Бағдарлама қуыршақ театрының болашақ әртісінің әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемдегі гримдеу тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасайды.

      Бағдарлама шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған және гримдеу тәжірибесін алуға, заманауи гриммен жұмыс істеу ережелерін зерттеу және үйрену бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.

      35. Грим бойынша Бағдарлама сахнада спектакльдің идеялық-көркемдік түпкі ойын іске асыруға ықпал етеді. Қуыршақ театрының актері үшін грим шығармашылық процесінде жасаған мінездің сыртқы әлпетін толықтыратын, сондай-ақ іштей түрленуге арналған көмекші құрал ретінде маңызды болып табылады.

      36. Бағдарлама грим өнерінің теориялық және практикалық негіздерін оқытуды қарастырады. Білім алушылар теориялық сабақ барысында "Грим" пәні бойынша негізгі білімді алады, ал практикалық сабақтарда оларды бекітеді және жұмыстың негізгі дағдыларын меңгереді.

      37. Педагог алғашқы сабақтардан бастап білім алушылардың гриммен жұмыс істеудегі мөлшерлеу сезімін, ұқыптылықты, төзімділікті және белгілі уақыт шеңберінде өз уақытын ұйымдастыра білуді тәрбиелейді.

      Алғашқы кезең балаларды жалпы көркемдік дамытуға және грим өнеріне енгізуге, баланың көркем (гримдеу) шығармашылығы саласындағы әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

      38. Оқытудың екінші жылы өз бетінше жүргізілетін жұмысты белсендіруге, ерекше көркемдік шешімді, өзінің жеке гримдеу стилін, өз ойын жеткізудегі батылдықты іздеуді белсенді ынталандыруға, сондай-ақ гримнің барлық түрлерімен және гримдеу жұмыстарымен танысу кезінде іске асырылатын гримдеу дағдыларын терең меңгеруге және жетілдіруге бағытталған.

      39. Педагог білім алушыны грим өнерінің дамуымен, гримнің мәнерлік құралдарымен, гримнің түрлерімен, жанрларымен және стильдерімен, гримдеу тәсілдерімен таныстырады.

      40. Білім алушы грим жасаудың алдында сомдайтын бейненің тарихын зерттейді, жарық түсірудің қарқындылығы және түсі, жарықтың бағыты, әртістердің сахнада үнемі қозғалып тұратындығын ескере отырып, сахнадан көрермендер залына дейінгі арақашықтық сияқты сахна алаңының ерекшеліктерімен танысады.

      41. Грим бойынша практикалық сабақтарды жүргізу кезінде гигиена ережелері қатаң сақталады. Педагог білім алушының өзіне тән беттің жеке түсін сақтап қалу үшін жалпы реңкті іздеуге көмектеседі.

      42. Пәнді оқу процесінде режиссердің, суретшінің және актердің түпкі ойын ескере отырып, білім алушының шығарма кейіпкерін көркемдік-гримдеудегі шығармашылық, бейнелі ойлау дағдылары қалыптасады.

      43. Педагог сабақта білім алушылардың әрі қарай практикалық тапсырмаларды орындауымен үйлестіре отырып, гримдеу тәсілдерін көрнекілік түрде көрсетеді.

      44. Өз бетінше жұмыс алған білім және дағдыларын бекітуге және тереңдетуге, ақыл-ой еңбегі мәдениетін және шығармашылық ізденістегі және жаңа білімді меңгерудегі дербестігін қалыптастыруға бағытталған, жүйелі және үздіксіз сипатқа ие.

      Өз бетінше жұмысқа эскиздерді, жұмыс материалдарын және орындалған жұмыстардың фото визуалды қатарын дайындау, сондай-ақ сабақ тақырыптары бойынша грим сынамалары кіреді.

      45. "Грим" пәнінің "Қуыршақ жүргізу", "Қуыршақ жасау" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуіне итермелейді.

      46. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) гримнің ерекшеліктерімен, гримнің негізгі реңктерімен, түстерімен, гримдеудің кескіндемелік тәсілдерімен, гримдеуге арналған бояуларды бетке жағудың ережелерімен танысу;

      2) гримнің қойылымдардың стильдерімен, жанрларымен, сипатымен байланысы, гримнің дәуірге, сахнаға жарық беру тәсілдері мен құралдарына тәуелділігі;

      3) гримдеудің көлемді мүсіндеу тәсілдерін, парик жасау бұйымдарымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.

      47. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. "Грим" түсінігін анықтау. Спектакльдегі гримнің мәні. Грим – драматургтің, режиссердің, суретшінің, актердің идеялық-көркемдік ойын ашатын спектакльдің бөлігі. Грим – көркемдік мәнерлеу құралы.

      2-тақырып. Театр гримі өнерінің пайда болу және даму тарихы. Гримнің әртүрлі формаларының пайда болу тарихы. Алғашқы қоғамдағы ғұрыптық, діни салтанаттар, гримнің рөлі, денені "сиқырлап бояу". Әртүрлі діни және салт-жоралғы шараларында бетті бояу.

      3-тақырып. Шығыс (Қытай, Жапония, Үндістан) театрларындағы спектакльдердегі грим. Түстердің символикасы, суреттердің шарттылығы. Бояулар, бетперделер. Жапонияның "Кабуки", "Но" театрлары, ер адамдардың әйел адамдардың рөлін ойнауы. Костюмдер, бас киімдер, грим, әшекейлер.

      4-тақырып. Ежелгі Греция және Рим кезеңіндегі театр. Гримнің сахна алаңына тәуелділігі. Бетперделер, қозғалмайтын әлпет. Гипстен, ағаштан, кенептен жасалған бетперделер, олардың қолданылуы. Шарттыдан шынайы гримге өту.

      Қалжыңбастардың қойылымдарының мысалында гримді дамыту. Орыс кәсіби театрындағы грим. Грим мен костюмнің үйлесімділігі. Көркемдік театрда "грим стилі" түсінігінің пайда болуы.

      5-тақырып. Грим жасау процесі. Грим жасау кезеңдері. Үйрену процесі. Материалды жинақтау процесі. Гримді іске асыру процесі.

      6-тақырып. Гримдеу техникасы. Гримнің техникалық құралдары. Гримдеу бөлмелерін жабдықтау. Жарық, су көздері. Актердің жұмыс орны, үстел, айналар, шамдар. Гримдеуге арналған жұмыс орны. Гримдеуге арналған бұйымдардың қасиеттері мен сапасы, олардың өндірістік сапасы.

      7-тақырып. Гримдеуге арналған құралдар. Гримдеуге арналған бояулардың қорабы. 1-3 бояу жаққыш, қарайтқыш, қайшы, қысқыш, тарақ, ысқыш. Шаш қыстырғыш, шаш қысқыш. Опа, опа жағатын мамық, құрғақ далап, қоянның аяғы. Вазелин, тоник, гуммоз, мастика, желім, майлық. Сабын, орамал, дәке.

      8-тақырып. Гримдегі гигиена және гримдегі техникалық құралдар. Жұмыс орнының тазалығын сақтау. Сақтау және күту. Гримдеу процесінің реті, гримді кетіру.

      9-тақырып. Адам терісінің құрылысы және оның күтімі. Гримдеу техникасы бойынша практикалық дайындық жаттығулар.

      10-тақырып. Гримдегі техникалық тәсілдер. Гримдеуге арналған бояулар. Грим. Түстердің негізгі палитрасы. Сызықтық грим. Сәуле және сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі.

      11-тақырып. Сахналық бейнені жасау өнеріндегі гримнің мәні. Грим мінездің, бейненің негізгі қасиеттерін анықтайтын мәнерлеу құралы. Жанр, безіндіру стилі және костюмдер – гримді құрудағы маңызды фактор.

      12-тақырып. Нобай жасау. Қуыршақ театры актерінің бейнесін жасау үшін гримді жасау процесі. Шығарманы зерттеу. Бейненің мінезін ашатын мәтіндік материалды іріктеу. Бейненің сауалнамасын жасау. Дәуірді зерттеу. Рөлді ойнаушының бетін баяу. Нобай құру.

      13-тақырып. Гримнің анатомиялық негіздерімен танысу. Терінің құрылысы. Терінің түрлері: құрғақ, бос, майлы, қалыпты. Терінің кемшіліктері – туа біткен дақтар, секпілдер, қалдар, тыртықтар.

      14-тақырып. Гримдеу процесіндегі дайындық кезеңі және бет анатомиясының негізі. Гримдеудің кескіндемелік тәсілі.

      15-тақырып. "Жылы және суық реңктер" түсінігі. "Түсті гамма", "бояулар палитрасы" түсінігі. Гримдеудегі сәуле қағидаты – "жылы" және "суық" реңктерді, сәуле мен көлеңкені, жартылай көлеңкені алмастыру бетті көлемді ете түседі. Сәуле – шығыңқы, көлеңке – кіріңкі.

      Практикалық сабақ. Гримдеуге арналған бояуларды бетке жағу ережесі. Гримнің негізгі реңктерімен және түстерімен танысу: жалпы реңкті, көлеңкелі бояуларды құру.

      16-тақырып. Гримдеу техникасы. Гримнің анатомиялық негіздері. Мимикалық әлпет. Бас сүйектің гримі. Бас сүйектің құрылысымен танысу: сүйектер, кіріңкі тұстары. Бояулар, жартылай көлеңке – шығыңқы сүйектерді бейнелеу құралы. Гримнің көмегі арқылы актердің бетін "ауыстыру", өзгерту. "Классикалық" сұлба, бетті бөлікке бөлу, "классикалық бет", "дұрыс сопақтық". Актердің бетіне жарық түсіру. Бұлшық еттер, олардың жұмысы, беттің мимикасына әсер етуі. Беттің көрінісі: ашушаңдық, қуаныш, мұң, қайғы, қасірет.

      Практикалық сабақ "Бас сүйектің гримі".

      17-тақырып. Беттің жеке бөліктерін гримдеуге дайындау. Жұмыс орнын дайындау. Бояулар, құралдар, керекті заттар. Бетке жалпы реңкті жағу. Гримдеу тәртібі. Ұқыптылық, тазалық. Қастарды, көздерді, еріндерді, маңдайды, иекті, бетті, мұрынды үлкейту және кішірейту.

      18-тақырып. Көздердің құрылымын жасау. Көз – беттегі ең айқын бөлік. Көздің түсі мен формасы. Түсіңкі, салбыраңқы қабақ. Кірпіктердің ұзындығы. Үлкен, қысық, қыли, сығырайған көздер. Көздердің үстін сызу. Көзге бояу жағу. Көздерді айқындай түсетін бояулардың түстік гаммасы.

      19-тақырып. Мұрынның құрылымын жасау. Мұрын – беттегі барынша тиімді бөлік. Қысқа мұрын. Ұзын мұрын. Құс мұрын. Пұшық мұрын. Гуммозды қолдану. Мұрынды тарту. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын бояулардың түстік гаммасы.

      20-тақырып. Гуммозды дайындау. Гуммозды мұрынға жабыстыру. Әртүрлі формаларды жасау. Гуммозаның көмегі арқылы жақ сүйектерді, иекті өзгерту. Бетке мақтадан жасалған қалыңдатқыштарды жапсыру. Папье-машеден мұрын жасап жапсыру.

      21-тақырып. Гримдегі кескіндемелік тәсіл, сызбалар – кәрілік, арық, әдемі, баланың беті. Гримдеуге арналған бояулармен жұмыс істеу техникасы. Актердің көлемді бетінде сызықты, жартылай тонды, сәуле мен көлеңкені бейнелеудегі ерекшеліктер. Түстік гамма. Жалпы сипаттар және айырмашылықтар. Кескіндемелік тәсілдің көмегімен беттің бөлшектерінің формаларының өзгеруі: маңдайдың, қастардың, көздердің, мұрынның, еріннің, беттердің, иектің. Қолдардың, беттердің, мойынның гримі. Ағаш бояуға арналған сұйықтық (морилка).

      Практикалық сабақ. Бетті гримдеу. Вазелинді жағу, жалпы реңкті жағу үшін бетті дайындау. Бояуларды іріктеу, оларды араластыру. Қолдың сұқ саусағымен, сіңіргіштің көмегімен бояуды бетке бөліп жағу. Бояуды беттің ортасынан сопақшаға қарай бөліп жағу ережелерін сақтау. Беттің сопақша бөлігіндегі жалпы реңкті жоққа шығару. Бетке қызғылт реңк беретін далапты жағу. Қастардың, көздердің, еріндердің формасын сызу. Форманы өзгерту – кішірейту, кеңейту, жинақтау.

      22-тақырып. Сызбалар – кәрі, арық, әдемі, баланың бет әлпеті. Адам бетінің құрылысы. Тері, бұлшық ет, май қабаты. Қартаю белгілері. Терінің түсі, бос болуы, әжімдер. "Сөнген" көзқарас, беттің бөліктерін: мұрынды, беттерді, иекті, көздерді бұзу. Жоғарғы қабақты түсіру. Бас сүйегінің гриммен ұқсастығы. Ойық бөліктерін күңгірттеудің дұрыстығын сақтау.

      Практикалық сабақ. Кәрі, арық, толық, баланың бет әлпетін зерттеу. Сауалнама, мінездеме жасау. Түстік гамманы таңдау. Жалпы реңкті жағу, беттің бөлшектерінің жалпы формаларымен жұмыс. Парикті, өскіндерді – сақалдарды, мұрттарды, бакенбардтарды қолдану. Шаштың ағы, гримдегі олардың рөлі.

      23-тақырып. Гримдеудің көлемді мүсіндеу тәсілі. Көлемді мүсіндеу тәсілінің ерекше қасиеті. Көлемді мүсіндеу тәсілінің жағымды және жағымсыз жақтары. Материалдар. Гуммозды мастика. Оларды мұрынның, жақ сүйектерінің, иектің, қас үстіндегі доғал формаларын жасау үшін қолдану. Түйіндерді, сүйелдерді жасау. Жабыстырғыштардың, жапсырмалардың көмегі арқылы беттің формасын өзгерту. Матералдар – мақта, ангор түбіті, поролон, бітеуіш. Папье-маше, күдері, тері, капроннан жасалған бөлшектер. Пластикалық бөлшектер. Оларды киностудиялардың пластикалық цехтарында өндіру. Қолдану, сақтау, күту, тазалау.

      Практикалық сабақ. Гуммозды әзірлеу. Гуммозды мұрынға жабыстыру. Әртүрлі формаларды жасау. Гуммоздың көмегі арқылы жақтарды, иекті өзгерту. Беттерге мақтадан жасалған қалыңдатқыштарды жабыстыру. Папье-машеден мұрынды жабыстыру.

      24-тақырып. Парик жасау бұйымдарымен жұмыс істеу тәсілі. Парикті, өскіндерді қолданып, грим жасау тәсілдері. Парикті кию, оны бекіту. Париктердің түрлері. Париктің, өскіндердің (сақал, мұрт, бакенбард) көмегі арқылы жас ерекшеліктерін, ұлтты, әлеуметтік статусты, дәуірді, жеке талғамды, мінезді, сән үлгісін жеткізу. Парикті сақтау, күтіп баптау, тазалау, бұйралау. Шеке тұсы бар, шеке тұсы жоқ, "газдалған" жабыстырғышы бар париктер, күдеріден жасалған, резеңке контуры бар париктер. Кию, шеке тұсын дұрыстау, бекіту.

      Практикалық сабақ. Әйел адамның паригін кию және бекіту. Шеке тұсы бар, "газдалған" жабыстырмасы бар ер адамның паригін кию. Жабыстырылған мұрттарды, сақалдарды, бакенбардтарды, дайын жиынтықтарды кию. Аяз атаның, Черномордың қаңқадағы сақалын кигізу.

      25-тақырып. Шашты сәндеу, оның гримдегі мәні. Беттің сопақтығын зерттеу, беттің жеке ерекшеліктеріне байланысты шаш үлгісін таңдау. Шашты сәндеу және грим – сахналық бейненің сәндік шешімінің элементі. Бұйралау, құрал. Қыздыратын құралдар. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Шаш үлгісінің элементтері – шиньондар, шаштар, бұрымдар. Бекіту, сақтау, тазалау, жөндеу. Париктерді қолдану.

      Практикалық сабақтар. Ыстық тәсілмен (қысқыштармен) шаштарды бұйралау. Бигудиді орау. Шаштарға шаш үлгісін жасау, гүлдермен, қыстырғыштармен, гребешоктармен, айналмалармен сәндеу. Басқа жасанды бұрымдарды, шаштарды, шиньондарды жабыстыру. Бас киімдерді: шляпалар, үшкіл орамалдар, чепецтер, шілтерлі қыстырғыштар, ленталар, бантиктер, мамықтар, әшекейлер кию және бекіту.

      26-тақырып. Жарықтың қуыршақ театрындағы гримге әсері. Актердің жұмыс орнын жарықтандыру. Шамдар. Жарық фильтрінің әсерінен беттің түсін өзгерту.

      48. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр гримінің пайда болу және даму тарихын біледі;

      2) гримдеу кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптарды, грим гигиенасын және гримдегі техникалық құралдарды біледі;

      3) негізгі түстерді және сәуле-көлеңке түсінігін біледі;

      4) гримдеу процесіндегі дайындық кезеңін, бет анатомиясының негіздерін біледі;

      5) гримдеуге арналған құралдармен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын біледі;

      6) бетке гримдеуге арналған баяуларды жағу ережелерін біледі;

      7) гримнің түрлерін, гримнің негізгі техникаларын, жағудың әртүрлі тәсілдерін, гримдегі кескіндемелік тәсілдерді біледі;

      8) гримдеу тәсілдерінің мүсіндік-көлемдік түрлерін біледі;

      9) парик жасауға арналған бұйымдарымен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

      10) заманауи гримдеуге арналған материалдардың ерекшеліктерін біледі;

      11) техникалық құралдарды және гримдеуге арналған бұйымдарды дұрыс қолдануды біледі.

      49. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ұлттық грим, мінезді көрсететін грим, ертегі спектакліндегі, операдағы, опереттадағы бейнелерді гримдеу тәсілдерін меңгеру;

      2) цирктегі, эстрадалық, портреттік гриммен, кинодағы және телевидениедегі гриммен, классикалық сахналық гриммен, заманауи концерттік-эстрадалық гриммен танысу.

      50. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Гримдеудің (кескіндемелік, көлемдік-мүсіндік) барлық тәсілдерін қолданып "жастық гримдеуді" орындау. Кейіпкерлердің мінездемесін жасау. Парикті, өскіндерді пьесаның белгілі бейнесіне арнап дайындау. Актердің бетін зарттеу. Жалпы реңктің түсін табу. Беттің формасы – мұрын, ерін, маңдай. Кескіндемелік және көлемді мүсіндік тәсілдерін қолдану. Жабыстырғыштар, тартқыштар, жапсырмалар.

      Практикалық сабақ. Парикті, өскіндердің жабыстырмаларын қолданып, бетті гримдеу. Гуммоздың көмегі арқылы беттің, мұрынның формасын, Сабынның көмегімен қастарды, кескіндемелік тәсіл арқылы беттің басқа да бөліктерін өзгерту. Актердің шашын бұйралау, шашын сәндеу, бұрым, ұзын шаштар, шиньон элементтерін қолдану. Бекіту.

      2-тақырып. Терісіндегі кемшіліктері бар беттің гримі. Беттегі кемшіліктерді зерттеу. Жұмыста қолданылатын материалдар. Түс. Жаңа материалдардың пайда болуы – тыртықтарды, жаралардың орындарын жасауға арналған жақпалар. Табиғилық, шынайылық. Жұмысты орындаудағы ұқыптылық.

      Практикалық сабақ. Бояулардың көмегі арқылы шешекті, секпілді жасау. Жұқа мақта тіліктерден жасалған тыртық. Беттегі көгергендерді, жараларды орындау. Жаралардың жазылу дәрежесі.

      3-тақырып. Бетті жасартуға арналған грим. Бетті зерттеу. Жалпы реңкті таңдау. Муслиннен бетті тартуды қолдану.

      4-тақырып. Ұлттық грим. Нәсілдер (негроид, монголоид, европеоид). Нәсілдік белгілер. Беттің түсі, бет сүйегінің құрылысы, көздің, мұрынның, жақтардың, формасы, шаштардың түсі. Ұлттық сипаттың типтілігі. "Халықтық", "ұлт" түсінігі. Ұлттық гримдегі шаш үлгісінің рөлі. Оның түрлері, формалары. Өсімдік, оның формалары. Нәсілдердің ұлттық ерекшеліктерін орындаудағы гримнің рөлі. Бояулар. Морилка.

      5-тақырып. Негроидтық нәсіл. Этникалық қасиеттері. Терінің түсі (күңгірт-қызғылт, қоңыр, күлгін-қоңыр). Беттің бөліктері, олардың сипаттары. Талпақ мұрын, дөңгелек көздер, қастар, қалың еріндер. Гримдеу тәртібі. Ашық жалпы реңкті жағу. Күңгірт жалпы реңкті жағу. Оны бетке жағу. Қасты, көздерді гримдеу. Гуммоздан мұрын тесіктерін жапсыру. Еріндерді гримдеу (үлкейту), жылтырату. Парикті кигізу, крептен өсімдікті жабыстыру (шағын селдір сақал). Күңгірт далаппен далап жағу. Құлақтарды, мойынды, қолдарды гримдеу. Морилка. Шаш үлгісін сәндеу. Сырғаларды, жүзіктерді, алқа әшекейлерін қолдану.

      Практикалық сабақ. Иллюстрациялық материалды таңдау. Этнографиялық мәліметтерді зерттеу. Терінің жалпы реңкін таңдау. Гуммоз (мұрын тесіктерін) жапсырмалары қолданылатын грим. Ұлттық белгілерге сәйкес беттің бөліктерін өңдеу. Парикті және өскіндерді (сақалдарды) қолдану. Негр халықтарының сәндеп жасалған шаштарының сұлбасымен танысу. Формаларды сызу. Шаш үлгісін сәндеу.

      6-тақырып. Моңғолоид нәсілі. Этникалық мәліметтер. Терінің түсі (сарғыштау реңкті). Беттің бөліктері. Көздерді, мұрынның, еріннің формасы. Қылилық. Гримдеудің реті. Жалпы реңкті таңдау, бояуларды араластыру. Жосаны қосу. Бетке жағу. Қастардың формасын өзгерту, бастың бөліктеріне көлем беру (сабынмен, желіммен). Көздерді, мұрынды, ерінді гримдеу. Опа жағу. Парикті кию. Әйел адамдардың паригі. Жапон, қытайдың шаштарын сәндеудің күрделілігі, қайталанбауы. Шаштарды шпилькалармен, гүлдермен, әшекейлермен, тарақтармен сәндеу. Моңғолоид ер адамның гриміне өскіндерді (сақалдар, мұрттар) жабыстыру.

      Практикалық сабақ. Көрнекі материалдарды таңдау. Этникалық сипаттарды зерттеу. Жалпы реңкті таңдау (терінің түсі). Бояу, тарту, жабыстырғыштардың (көз, мұрын) көмегі арқылы беттің бөліктерін өзгерту. Парикті кию, оны сәндеу (шпилькалар, гүлдер, маталар, тарақтар).

      7-тақырып. Еуропеоидтық нәсіл. Этникалық мәліметтер. Сыртқы түрді, тұтастықты, ерекшелейтін қасиеттердің сипаты. Орналастыру. Шаштар – сипаты, түсі. Белгілері, өскіндер. Түсі.

      Практикалық сабақ. Көрнекі материалдармен танысу. Ұлттық грим бейнесінің сипатын жасау. Жалпы реңкті (терінің түсі) таңдау, араластыру арқылы гримдеу процесі, оны бетке жағу. Кескіндемелік және көлемді мүсіндеу тәсілін қолдану. Парикті кию, шаш үлгісін жасау, өскіндерді жабыстыру. Қолдарды, мойынды, бетті, дененің бөліктерін (аяқ, арқа, кеуде) гримдеу. Морилкалар. Опалар.

      8-тақырып. Мінезді көрсететін грим. Беттің мимикасы. Мінезді көрсетуге арналған гримнің ерекшеліктері. Адамның сыртқы бейнесі бойынша оның ішкі дүниесінің көрінісі. Адамның типін қалыптастыратын әлеуметтік және биологиялық факторлар. Кәсіби ерекшеліктер. Қоғамдық жағдай, қызметтің түрі, жасы, жеке әдеттері, талғамы. Аурулардың сыртқы келбетке, терінің түсіне әсер етуі.

      Практикалық сабақтар. Гриммен жұмыс істеуде иллюстративті, көрнекілік материалдарды қолдану. Көрнекіліктермен жұмыс. Әдеби материалдармен танысу. Бетті сызу, бетті түзету. Мінезді көрсететін гримді жасауға қажетті шарт ретінде бейненің шартты "сауалнамасын" құру.

      9-тақырып. Бейненің "көңілді", "мейірімді" бет әлпет сызбасы бойынша мінезін көрсететін грим. Мимикалық сыртқы түрді көрсету. "Мейірімді –қатыгез", "көңілді – мұңды" бет сызбасы. Беттің бұлшық еттерінің жағдайын зерттеу. Кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілін қолданып гримдеу. Парик, өскін.

      Практикалық сабақ. Сыртқы түріне байланысты бетті, беттің бұлшық еттерін өзгерту. Жалпы реңкті таңдау, беттің бөлшектерін: көздерді, қастарды, мұрынды, ерінді өңдеу. Мимикалық сыртқы түріне байланысты беттің бөліктерінің формаларын өзгерту. "Мейірімді", "көңілді" бет сызбасы бойынша көздерді, қастарды, еріндерді дөңгелектеу.

      10-тақырып. "Көңілсіз", "зұлым" бет сызбасы бойынша бейненің мінезін көрсететін грим. Көрнекі материалдармен танысу. Мимикалық сыртқы түрді зерттеу. "Зұлым", "мұңды" бет сызбасы. Бұлшық еттердің жағдайына байланысты беттің бөліктерінің өзгерісін зерттеу. "Сауалнаманы" жасау. Кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілдерін қолдану арқылы жасалған грим. Парик.

      Практикалық сабақ. Бетті, бұлшық еттерді зерттеу. Сызбаны ескеріп жалпы реңкті таңдау. Солғын реңк.

      11-тақырып. Батыс Еуропа, орыс, қазақ классикалық шығармаларындағы бейнелердің мінезін ашатын грим. Әдеби материалдармен танысу. Иллюстративті материалдарды қарау. Эскизді, сызбаларды құру. Мінездемелерді жасау.

      Практикалық сабақ. Әдеби шығармаларды оқу. Иллюстрациялар. Пьесаның кейіпкерлеріне арналған гримнің сипаты. "Көңілді", "мейірімді" бет әлпет сызбасы бойынша гримге арналған бөлшектерді табу. Парикті, өскінді қолдану арқылы жасалған грим. Кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілін қолдану. Жұмыстарды қарау, талқылау. Түзету.

      12-тақырып. Спектакль-ертегідегі бейненің гримі. Бетперделер. Ертегілік ғажайып бейнелер. Спектакль-ертегідегі гримнің рөлі, оның драмалық спектакльдегі шынайы гримнен ерекшелігі. Формаларды асыра сілтеу, беттің бөлшектерін өзгерту, таңғажайыптылық, бояулардың ашықтығы. Жануарлар бейнелерінің гримі. "Ертегідей әсемділік", "көріксіздік".

      13-тақырып. Мінездерді сомдаудағы гротеск. Гримдеудің барлық мәнерлеу құралдарын және техникалық тәсілдерін қолдану. Табиғи материалдарға еліктеу. Ертегі кейіпкерін гримдеуде қиялдау талғамының көрінуі. Гримдеудің мәнерлеу құралдарындағы аяқталғандық, тиімділік, қол жетімділік. Ертегі гримінде кескіндемелік, көлемді мүсіндеу тәсілдерін қолдану. Гримдеу өнеріндегі париктің, өскіндердің рөлі.

      14-тақырып. Бетперделер, жартылай бетперделер. Жұмыс процесі. Эскиздер, суреттер. Бетперделердің сыртқы түрі.

      Практикалық сабақтар. Көрнекі материалдармен танысу, мәтінді оқу, мінездеме жасау. Эскиз, суреттер. Парикті қолданып грим жасап көру. Ертегі кейіпкерлерінің гримдерін жасау.

      15-тақырып. Ертегі гримі. Ертегі гримінің ерекшелігі. Мүсінді көлемді формаларды және түстік гамманы әсірелеу. Ертегі кейіпкерлерінің ғажайыптылығы және ерекшелігі – ертегі гримімен жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық қиялдың көзі. Гримдеудің барлық мәнерлеу құралын максималды қолдану мүмкіндігі. Ойлап табу, бастамашылдық, ойлап тапқыштық, жақсы талғам – ертегі гримімен жұмыс істеу кезіндегі қажетті шарт. Ертегі кейіпкерлері. Гримнің негізі – "жас бейне" (әйел) гримінің сызбасы. Басқа да ертегі кейіпкерлері. Бұл гримдердің негізі – кәрі гримнің сызбасы: мінезді, гротескті, цирктік.

      16-тақырып. Ертегі кейіпкерлерінің гримі. Бейнелердің мінездері. Қағазда бейнені құру (нобайлар, суреттер). Басты рөлді, сондай-ақ қосымша рөлді сомдайтын кейіпкерлердің гримін қолдану. Париктер, ертегі гримін құрудағы мәнерлеу құралдарының бірі ретіндегі олардың түрлері, барлық мүмкін болатын арнайы әсерлерді қолдану (беттің әртүрлі бөліктеріне жабыстырылатын жылтырақтар, түсті фольга, шырша ойыншықтары).

      Практикалық сабақ. Гуммоздан құс мұрынды және үшкір иекті жабыстыру. Жалмауыз кемпірдің гримін жасау үшін реңкті таңдау және бөлу. Беттің барлық негізгі бөліктерін қара сүрме бояумен өңдеу. Беттің барлық шығыңқы бөліктерін ақшылдандыру. Опа жағу. Парикті жабыстыру.

      17-тақырып. Аңдардың гримі. Аңдардың гримінің ерекшеліктері. Практикалық сабақтарды орындау үшін келесі нобайлар көмектеседі: көркем репродукциялар, балаларға арналған кітаптардан алынған көрнекі материалдар, карикатуралар, шарж. Алдында меңгерілген гримдеу тәсілдері, қиял, мөлшерлік сезімі мен талғам жартылай бетперделерді және шашты бұйымдарды қолданбай-ақ аңдардың гримін жасауға көмектеседі.

      Практикалық сабақ. Түлкінің, иттің және мысықтың гримін жасау үшін жалпы реңкті іріктеу және бөлу. Негізгі бөліктерді пысықтау: мұрын, ауыз, кескінді мұрын. Бетке опа жағу.

      18-тақырып. Гримдегі бейнемен жұмыс істеу әдістері. Композиция – балет спектаклінің сахналық қойылымының жалпы режиссерлік түпкі ойын көрсететін гримдеудің мәнерлеу құралдарының жүйесі. Көркем бейне – гримнің мазмұны мен формасын анықтайтын негізгі бөлігі. Бейнемен жұмыстың негізгі кезеңдері. Гриммен жұмыстың дайындық кезеңі: рөлді талдау, оның драматургиялық негізін оқу, әдеби-сипаттамалық және көрнекі материалдармен танысу.

      19-тақырып. Балет спектаклінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, гримнің жобасын (эскизін) құру. Гримді орындау, оны кәсіби практикалық дайындықтарда тексеру, түзетулерді, өзгерістерді енгізу және соңғы гримді белгілеу. Көркемдік бейнемен жұмысты тереңдету негізінде бір қойылымнан екінші қойылымда гримді орындауды жетілдіру.

      51. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сызықтарды, штрихтарды, контурларды, жарқылдарды нақты жағуға арналған құралды қолданудың әртүрлі тәсілдерін біледі;

      2) гримді жағу технологиясының барлық кезеңдерін сақтай отырып, гримді өз бетінше жағуды біледі;

      3) грим өнерінің теориялық негіздерін біледі;

      4) гримнің негізгі кескіндемелік тәсілдерін, гримдеуге арналған бояуларды жағу ережелерін, гримді сүрту ережелерін біледі;

      5) арнайы материалдар мен гримдеуге арналған құралдарды қолдануды біледі;

      6) парикпен және шаштардан құралған жапсырмалармен гримді орындайды;

      7) жастық, портреттік, қиялдан шығарылған, нәсілдік және ұлттық гримді жасай алады.

      52. "Қуыршақтар жасау" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) бойлы қуыршақ – костюм мен бетперде тікелей актердің өзіне кигізілген;

      2) вага – марионетка қуыршағын басқаруға арналған жіптер бекітілетін ерекше құрылым, ол көлденең (марионетка-жануарлар үшін) және тік болады;

      3) вертеп – діни сипаттағы қойылымдар қойылатын, тасымалданатын қуыршақ театры;

      4) гапит – қуыршақтың басы орналастырылатын жіңішке таяқ – трость, гапит қарапайым механикамен жабдықталған, басын бұрауға және еңкейтуге мүмкіндік береді;

      5) көлеңке театры – сәуле көзі мен экран арасындағы немесе оған жабылатын, жалпақ қуыршақтарды қолдануға негізделген театрлық қойылымның түрі;

      6) көлеңкелі қуыршақ – адамды, затты немесе жануарларды бейнелейтін және экранға – театр сахнасына көлеңке түсіретін жалпақ селдір сұлба;

      7) қолғапты қуыршақ – қуыршақтың басын және қолдарын басқаруға арналған үш саусақты қолғап түріндегі қуыршақ;

      8) қуыршақ театры – қуыршақ жүргізуші актерлер басқаратын қуыршақтардың қатысуымен қойылатын театр көрінісінің түрі;

      9) марионетка – жіптердің көмегі арқылы басқарылатын сылдырмақты қуыршақ. Ол сахна мен ваганың ерекше құрылымын қажет етеді;

      10) мимика жасайтын қуыршақ – бет әлпеті қозғалатын, жұмсақ материалдардан жасалған қуыршақ. Актердің саусақтары қуыршақтың басына кигізіліп, ал саусақтары оның аузын, көздерін және мұрнын басқарады;

      11) папье-маше – іші гипстен жасалған форманы сыртынан қағазбен жабыстыру арқылы қуыршақтың басын жасаудың мейлінше кең таралған тәсілі;

      12) Петрушка – орыс халық қуыршақ театры қойылымдарының басты кейіпкері, төменнен басқарылатын қуыршақ.

      13) планшетті қуыршақ – актер қуыршақтарды "жанды" түрде басқарады, яғни актер ширманың артына жасырынбайды;

      14) Полишинель – дәстүрлі бүкірдің, көңілді бұзақы және сайқымазақтың бейнесін бейнелетін француз халық театрының кейіпкері;

      15) Пульчинелла – неополитандық дель арте комедиясының кейіпкері, алаяқ Дзанни мен аңқау Дзаннидің қасиеттерін үйлестіретін тапқыр және күлдіргіш;

      16) репетиция – театрлық қойылымды дайындаудың негізгі формасы;

      17) репертуар – театрда орындалатын шығармалардың жиынтығы;

      18) тросты қуыршақ – таяқшалармен басқарылатын театр қуыршақтарының түрі. Жалпы қабылданған "тросты" деп аталуының өзі оны басқару тәсілін білдіреді. Қуыршақтың басы гапитке орналастырылған, оған иықтары мен қолдары бекітілген, ал қуыршақтың қолдарына таяқшалар бекітілген;

      19) ширма – қуыршақ театрының әртүрлі формадағы және өлшемдегі ерекше сахнасы. Ширма қарапайым (бір қатарлы) және көп жоспарлы (2-3 жоспар) болуы мүмкін.

      53. Бағдарламаның мақсаты: театр қуыршағын жасауға және "тірілтуге" араластыру арқылы білім алушының дамыған, шығармашылық белсенді тұлғасын қалыптастыруға қажетті жағдайды жасау.

      54. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) қуыршақ тарихымен және оның түрлерімен танысу;

      2) жабыстыру, сәндеу, әшекейлеудің негізгі дағдыларына, әртүрлі материалдармен жұмыс істеу білігіне үйрету;

      3) жұмысты орындау техникаларымен, көркемдік тәсілдерімен таныстыру;

      4) қуыршақты өз бетімен дайындауға үйрету;

      5) әртүрлі материалдармен жұмыс істеу кезінде білім алушының практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіру.

      Дамыту:

      1) сенсорлық және моторлық дағдыларын дамыту;

      2) балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше бейнелерді жасау, жұмыстың барлық кезеңдерін сауатты орындай отырып, оны іске асыру;

      3) білім алушының шығармашылық әлеуетін және танымдық қызметін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) театр өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

      2) еңбек сүйгіштікті, ұқыптылықты, шыдамдылықты, өз жұмысының және барлық ұжым жұмысының нәтижесіне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

      3) театр саласында кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      55. Бағдарламаны игеру мерзімі – төрт жыл. Бағдарлама қуыршақ театрына арналған қуыршақтарды әзірлеу технологиясын меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      56. "Қуыршақ жасау" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын таңдаудың түрлілігін болжайды.

      57. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      58. Қуыршақ театрының ерекшелігі оқытудың басты формасы, әдісі мен құралы болып театрландырылған ойындар табылатындығын болжайды.

      59. Бағдарлама қуыршақ театрының түрлерін, әрі қарай оларды жасауды, қайта жөндеу жұмыстарын, кәдесыйларды, бутафорияны, декорацияны әзірлеуді үйретуді қарастырады.

      60. Бағдарлама бала тұлғасын, танып білуге және шығармашылыққа, шығармашылық өзін өзі таныту уәждемесін дамытуға жағдай жасауға бағытталған.

      61. Оқыту әдістемесі:

      1) репродуктивті – жаңа материалды меңгеру;

      2) көрнекілік-практикалық – дайындық бұйымдарды, көрнекі материалдарды, сызба, кесте және үлгілердің көмегімен орындалатын жаттығуларды көрсету;

      3) мәселелі-ізденіс – қуыршақтарды өз бетінше сәндеу, костюмдерді әзірлеу және тігу, сценарий іздеу, білім және дағдыларын жетілдіру;

      4) түсіндірмелі-көрнекі – жаңа материалды түсіндіру, сұхбат, әңгімелеу;

      5) шығармашылық қызметті белсендіру тәсілі – қуыршақтар қойылымын әзірлеу және қою;

      6) жартылай ізденісті – өз бетінше жұмысқа арналған үлгіні таңдау.

      62. Педагог Бағдарламада ертегімен жұмысқа ерекше назар аударады, себебі ертегідегі мәселелерге жүгіну тұлғаның шығармашылық қиялын, логикалық ойлауын және танымдық қырын дамытады.

      63. Балалардың сабақ кезінде танысатын ойын түрлері ұсақ моториканы және қолдардың үйлесімділігін дамытуға ықпал етеді, көру және есту қабілеттерін, зейінін, жадын, жүйелі сөйлеуін ынталандырады, сөздік қорын ұлғайтады.

      64. Балалардың еңбекке қабілеттілігін арттыру және қызығушылығын сақтау үшін сабақтарда қызметтің бірнеше түрлері қолданылады: қуыршақтарды әзірлеу, рөлдерді жаттау, ширмамен және спектакльді сәндеу бойынша жұмыс. Әр білім алушы кейіпкердің мінезін жеткізу үшін сөйлеу мәнерінің құралдарын іздейді, сонымен қатар өзінің эмоцияларын, жүріс-тұрысын басқаруды үйренеді.

      65. Оқытудың алғашқы жылында білім алушы қуыршақ театрының тарихымен танысады, өнердің түрі ретінде қуыршақ театры туралы алғашқы түсініктерді, оның қоғам өмірдегі көркемдік-тәрбиелік мәні туралы, театр өнеріндегі ұжымдық шығармашылық еңбегінің рөлі, спектакльдің негізгі компоненттері және олардың мәнерлік мәні туралы түсініктерді алады. Бұл кезеңде білім алушылар қуыршақ әзірлеудегі қарапайым білік және дағдыларды меңгереді.

      66. Екінші оқу жылында қуыршақ әзірлеудің мейлінше күрделі тәсілдері: тігілген аяқтары және қолдары бар, бас киімдерді әзірлеудің қарапайым тәсілдері меңгеріледі. Әртүрлі костюмдермен, киімнің бөлшектерімен танысады.

      67. Оқытудың үшінші кезеңінде қуыршақ жасаудың күрделі тәсілдері: беттің мимикасы, шаштарды тігу меңгеріледі.

      68. "Қуыршақ жасау" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Грим", "Бутафория әзірлеу" пәндерімен пәнаралық байланыс білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      69. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қуыршақтар театрының тарихымен танысу;

      2) білім алушылардың қуыршақ жасау барысында қолданылатын құралдармен және материалдармен танысуы, қуыршақтардың жеңіл түрлерін жасаудың қарапайым дағдыларын меңгеруі;

      3) қуыршақтың түрлерімен, әртүрлі елдердің және халықтардың қуыршақтар театрының негізгі кейіпкерлерімен танысу;

      4) қолда бар заттармен қуыршақ жасаудың негізгі тәсілдерін меңгеру;

      5) қолғапты қуыршақтармен танысу, әртүрлі материалдардан қолғапты қуыршақтарды әзірлеу бойынша жұмыс;

      6) білім алушылар "ширма", "марионетка", "тросты қуыршақ", "қолғапты қуыршақ", "көлеңкелер театры" түсініктерімен, қарапайым ойыншықтарды құрастырумен және жасаумен танысу.

      70. Даярлық сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пәнге кіріспе. Театр туралы жалпы түсінік. Түрлері. Жанрлары. Шығармашылыққа арналған құралдармен танысу. Құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

      2-тақырып. Қуыршақ театры – мәдениеттің көрінісі. Қуыршақ театрының ерекшеліктері. Қуыршақ театрының пайда болуының алғышарттары. Қуыршақтар әлеміне саяхат. Әртүрлі елдерде қуыршақ театрының қалыптасу және даму тарихы.

      3-тақырып. "Қуыршақ театры" тақырыбына сұхбат. Алғашқы қуыршақтардың пайда болу тарихы. Жануарлар түріндегі қуыршақтар. Ойыншық жануарлардың адам өміріндегі рөлі. Қуыршақ театрының түрлі қуыршақтарымен танысу. Сабаннан жасалған қуыршақтар. Қуыршақтардың қатысуымен өткізілетін салт-жоралғылар. Қуыршақтар-жануарлар. Адам-қуыршақтардың пайда болуы туралы қысқаша әңгіме. Қарапайым қуыршақтармен танысу. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Қайшымен жұмыс істеу ережелері.

      4-тақырып. Қуыршақ театрының Египетте пайда болуы. Күлдіргі адам (паяц) – Ежелгі Египет қуыршағы. Ежелгі Египет қуыршақтарының қызметі. Құдайлардың мейрамдарындағы қуыршақтар. Рухтардың шағын мүсіндерін жасау.

      5-тақырып. Ежелгі Грециядағы қуыршақтар театры және спектакль. Вифлеем қорапшасы. Көрнекі материалдарды әңгімелеу және көрсету. Саздан жасалған жануарлардың: құстар, тасбақалар, бақалар, қояндар, жыландар және маймылдардың мүсіндері. Троян аттары. Әскерлер мен офицерлердің мүсіндері. Ойыншықтарды жасайтын шеберлердің пайда болуы. Қуыршақтарды ойнатушылардың қоғамдағы рөлі.

      6-тақырып. Италия – Еуропадағы ең үлкен "қуыршақ" елі. Пульчинелла қуыршағының тарихы. Алғашқы қуыршақ театры қойылымдарының формалары. Көшедегі көрсетілімдер. Қуыршақтарды ойнатушылардың қоғамдағы рөлі. Тақтайда билейтін қуыршақтар. "Бураттини" немесе қолғапты қуыршақтар. "Марионетте" немесе жіпке тағылған қуыршақтар. Қолғапты қуыршақ – Пульчинелланың тарихы.

      7-тақырып. Францияда қуыршақтар театрының дамуы. Полишинель қуыршағының пайда болуы. Лион қуыршағы – Гиньоль туралы әңгіме.

      8-тақырып. Русьтегі қуыршақтар театрының пайда болу тарихы және дамуы. Вертеп – қуыршақ театры қойылымдарының ерекше түрі. Көрермендердің сүйіктісі – Петрушка. Петрушкалар театры. Қойылымдардың сюжеттерінің ерекшеліктері. Петрушка және қойылымдардың басқа да кейіпкерлері.

      9-тақырып. Ширма және декорация. "Ширма", "реквизит" түсінігі. Ширманың құрылымы. Ширманың түрлері. Ширманы құрудың қағидаттары. Ширманың биіктігі. Көру мүмкіндігін дайындау. Көп планды ширма. Жоғары планмен жұмыс. Бір планнан келесі планға ауысу. Төменгі план. Пландарды декоративті сәндеу.

      10-тақырып. Қолда бар материалдардан жасалған қуыршақ театры. Жұмыс үстелін дайындау. Жұмысқа қажетті құралдарды және материалдарды дайындау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Құралдарды сақтау және күту ережелері. Жіптен қуыршақ жасау технологиясы.

      Практика. Жіптен қуыршақ жасау. Тиісті биіктіктегі картонды дайындау. Қайшы. Жіптерді таңдау. Жіптің түсін, құрылымын, өлшемін таңдау. Қуыршақты әзірлеу бойынша қадамдар. Қуыршақтың ұзындығын анықтау. Картонды кесу. Картон кесегінің үстінен оның ұзындығы бойынша жіпті орау. Жіпті картоннан шығару. Басын мықтылап байлау. Қол және аяқтарын бөлу, денесін мықтылап байлау. Дайын қуыршақты басқа түсті жіптермен сәндеу. Киім және бантиктердің көмегімен қуыршаққа ерекше стиль беру.

      11-тақырып. Ұсынылған суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Рөлдерді бөлу. Қиялды, зейінді, есте сақтау жадын дамытуға арналған жаттығулар. Жіптен жасалған қуыршақтармен рөлдік ойындар. Кейіпкерлерді дыбыстау. Тілді дамыту. Әңгімені айтуды қолдың қимылымен біріктіруді дамытуға арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Саусақ театрының түрлері. Қағаздан жасалған саусақ театры. Матадан жасалған саусақ театры. Қалдық және табиғи материалдардан жасалған саусақ театры. Ағаштан жасалған саусақ театры. Тоқылған саусақ театры. Жүннен жасалған саусақ театры. Бейнематериалдарды көрсету. Ұсақ моториканы дамыту. Саусақ театры – баланың қолында тұтас бір ертегіні қойып шығу құралы. Тілді және сенсорлық-қозғалыс қызметін жаттықтыру. Екі қолдың саусақтарының қозғалғыштығын дамыту. Басты кейіпкерлердің сөзін ойдан шығару.

      13-тақырып. Қағаздан жасалған саусақ театры. Бейнематериалдарды қарау. Қауіпсіздік техникасының ережелері. Саусақтарға арналған гимнастика. Қағазбен жұмыс. Қағаздың жаңа қасиеттерін ашу. Қағаз құрылымдарында біріктіру тәсілдері.

      14-тақырып. Қағаздан саусақ қуыршағын әзірлеудің кезеңдері. Желіммен, қайшымен жұмыс істеу ережелері. Жұмыстың реті. Саусақтың өлшеміне сәйкес қуыршақтың денесін-цилиндрді әзірлеу. Қуыршақтың басын әзірлеу. Бөліктерін жинау және денесіне жабыстыру. Қуыршақты сәндеуді орындау. Акварель, түрлі-түсті қарындаштарды қолдану.

      15-тақырып. Помпондардан қуыршақ жасау. Қуыршақты жасау кезеңдері. Қуыршақтың эскизін әзірлеу. Жүннен және жартылай жүннен жасалған жіптердің қасиеттері. Қуыршақтың бөлшектерін біріктірудің тәсілдері мен әдістері. Жинақтау ережелері. Қуыршақтарды әртүрлі аксессуарлармен сәндеу.

      Қажетті материалдар. Көрнекі материалдарға арналған мәтіндер. Жүннен жасалған және жартылай жүннен жасалған жіптер. Түсті фетр. Түймелер. Картон. Циркуль. Қара қарындаштар. Ыстық желім.

      Практика. Халық ертегілерінің кейіпкерлерін әзірлеу.

      16-тақырып. Қалдық материалдардан жасалған қуыршақтар. Қуыршақты жасауға арналған материалдардың қасиеттерімен танысу. Аталған материалдармен жұмыс істеу ережелері мен тәртіптері. Материалдарды өңдеудің күрделілік деңгейін салыстыру.

      Қажетті материалдар. Бір рет қолдануға арналған қасықтар, пластиктен жасалған бөтелкелер, қағаз, картон, текстиль, фетр, жүннен жасалған жіптер, тері.

      17-тақырып. "Ақшақар мен жеті ергежейлі" мультипликациялық фильмін көрсету. Қасықтардан ергежейлі қуыршақтарды дайындау. "Ақшақар және жеті ергежейлі" шағын спектаклін қою. Рөлдерді дыбыстау.

      18-тақырып. Пластилинмен жұмыс. Білектердің бұлшық еттерінің, тұтас қолдың жұмыс дағдыларын, тұтас дененің қозғалысын дұрыс үйлестіруді қалыптастыру. Қолдардың ұсақ моторикасын дамыту. Пластилиннің ғажайып әлемі. Пластилинмен жұмыс істеу ережелері.

      Практика. Пластилиннен жасалған қуыршақты әзірлеу. Берілген тақырыпқа суырып салу.

      19-тақырып. Пластилиннен жасалған театр. Пластилиннен жасалған қуыршақ театры баланың қиялын дамытуға ықпал етеді. Суреттерді көрсету. Ертегі кейіпкерлерін талқылау. Жағымды кейіпкерлер. Жағымсыз кейіпкерлер. Жұмыс аймағын әзірлеу. Пластилиннен ертегі кейіпкерлерін жасау.

      Практика. Өз бетінше жұмыс. Әңгіме құрау. Әңгіме кейіпкерлерін пластилиннен жасау.

      71. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртүрлі материалдармен және құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі;

      2) қуыршақ театрының пайда болуының қысқаша тарихын біледі;

      3) жіптен қарапайым қуыршақтарды жасау технологиясын біледі;

      4) ұсынылған суреттер бойынша әңгіме құрай алады;

      5) жұмыс орнын дайындау ережелерін біледі;

      6) есте сақтау жадын, қиялды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды;

      7) қуыршаққа ерекше стиль беруді біледі;

      8) "ширма" түсінігін, оның түрлерін, құрылым қағидаттарын біледі;

      9) қолда бар материалдардан қуыршақ жасай алады;

      10) саусақ қуыршақтарының түрлерін және оларды дайындау кезеңдерін біледі;

      11) ертегіні талдай алады, ертегі кейіпкерлеріне тән ерекшеліктерді анықтай алады.

      72. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қуыршақтарды әзірлеу кезінде қолданылатын құралдар және материалдармен, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен танысу, алған білім, білік және дағдыларын бекіту жалғастырылады, мейлінше күрделі тәсілдерді меңгеру;

      2) қолғапты қуыршақтардың эскиздері, папье-машеден қуыршақтың басын жасау, бетін көркемдеу, қолдарды дайындау, матаны іріктеу, костюм әзірлеу бойынша жұмыс;

      3) тігін инесімен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын меңгеру, қол тігістерінің негізгі техникасын меңгеру, қарапайым ойыншықтарды құрастыру;

      4) қолғапты қуыршақтармен жұмыс, шағын көріністерді, шағын қойылымдарды көрсету.

      73. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Білім алушылардың қуыршақтарды әзірлеу кезінде қолданылатын құралдармен және материалдармен танысуы. Өзіне зақым келтірген кездегі алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелерін үйрену. Зақым келген саусаққа медициналық жабыстырғышты таңуды жаттықтыру.

      2-тақырып. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Жұмысқа қажетті материалдар мен құралдарды дайындау. Құралдармен жұмыс істеу ережелері. Құралдарды сақтау және күту ережелері.

      3-тақырып. Қолғапты қуыршақтармен танысу. Қолғапты қуыршақтарды жасау тарихымен танысу. Қолғапты қуыршақтардың ерекшеліктері. Қолғапты қуыршақтарды жасау технологиясы.

      4-тақырып. Қуыршақтың эскизін әзірлеу. Болашақ қуыршақтың бейнесін жасау. Эскизді жасау кезеңдері. Эскизді жасау дағдыларын дамыту. Бейнелі ойлауды дамыту. Қуыршақтың эскизі. Эскиздің элементтері. Алдын ала жасалатын суреттердің рөлі. Пьесаны таңдау. Әрекет етуші тұлғалардың тізімін жасау. Нобайлар. Сынамалар. Өз эскизін таңдау. Координаталар сызбасын дайындау. Бойы. Басы. Аяқтары. Денесі.

      Практика. Қуыршақ элементтерін геометриялық пішіндер негізінде сызып алу. Жалпы контурды сызу. Эскиз негізінде техникалық сызбаны дайындау.

      5-тақырып. Қолғапты қуыршақтарды әзірлеудің реті. Тақырыпты әзірлеу. Бейнені таңдау. Материалдарды іріктеу. Қуыршақтың және костюмнің эскизін әзірлеу. Қуыршақты тігу және толтыру. Костюмді дайындау. Қуыршақтың шашын және бетін сәндеу.

      6-тақырып. Қолғапты қуыршақтардың ерекшеліктері. Бастың формасы. Қолдардың формасы. Қуыршақтың сұлбасы. Пропорциялары. Пропорциялармен жұмыс. Әртүрлі көлемдегі бөлшектерді бір нысанға үйлестіру. Құрастыру. Қуыршақтың композициясы, оның сұлбасы, пропорциялары. Басы мен костюмін мұқият пысықтау. Мінездің шарттылығы. Ассоциативтілік. Стильдік тұтастық. Эскиздегі түс. Түстік үйлесімділік. Жақын түстерді үйлестіру қағидаттары. Жылы және суық гамма. Графикалық белгі.

      7-тақырып. Қолғапты қуыршақтың конструкциясы. Қолғапты қуыршақтың конструкциясының ерекшелігі. Қолғапты қуыршақтары басқару жүйесінің тірегі – бұл актердің білегі. Қолғапты оң немесе сол қолға арналып тігілуін жоспарлау.

      8-тақырып. Папье-маше техникасы. Папье-машені жасау тәсілдері: күңгірттеу және қағаз массасынан жапсыру. Қажетті материалдар: араластыруға арналған ыдыс, қағаз, клейстермен жұмыс істеуге арналған қатты қылқаламдар, спонж, қайшылар, пышақтар, ажарлайтын құрал, акрил бояулары, күңгірт акрилді сыр.

      9-тақырып. Папье-машеден басты жасау. Пластилиннен көз, мұрын, ерін және құлақсыз бастың жалпыланған формасын жасау. Беттің бөліктерінің және бас сүйектің мінезін нақтылау. Өлшемдер мен пропорциялар. Мұрынның, көздердің және ауыздың формалары. Бастың беткі қабатын қағазбен егеу.

      10-тақырып. Қуыршақтың бетін көркемдеу. Қуыршақпен жұмыс істеудің соңғы кезеңі. Негізгі түстерді анықтау. Қанықтылық және ашықтылық. Негізгі түстік гамманы анықтау. Болашақ костюмге арналған матаның түсін анықтау. Костюмнің көңіл-күйіне сәйкес бетті көркемдеу. Көркемдеудің жалпы реңкпен, көңіл-күймен, жұмыстың стиліне сәйкестігі. Бейненің тұтастығына және үйлесімділігіне қол жеткізу.

      11-тақырып. Қуыршақтың шашын жасау. Басқа шаштарды жабыстыру.

      12-тақырып. Қуыршақтың қолдарын папье-машеден жасау. Жұмыстың кезеңдері. Әрбір саусаққа арналған әзірлемелерді дайындау. Қағаз жолақтарын сымға орау. Сүйектерді тиісті күйге икемдеу. Қолдың қимылының жалпы сипатын бекіту. Жеке бөліктерді білекке жинау. Дайын формаларға соңғы жалпылайтын қабатты жағу.

      13-тақырып. Матамен жұмыс. Мата туралы түсінік. Арналуы бойынша жіптердің түрлері. Матамен жұмыс істеуге арналған әртүрлі құралдарды көрсету және салыстыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Қолдардың, жіптердің, матаның қалпы. Матаны кесудің ерекшеліктері. Матаны, жіптерді, инелерді, оймақты таңдау. Жіпті анықтау, оны инеге кіргізу. Матаға белгі салу тәсілдері: шақпақ қағаз, қарындаш, бор, сабын, көшірме қағаз. "Тігіс", "майда тігіспен тігу", "қайып тігу" түсініктері. Тігістердің қарапайым түрлерін меңгеру. Дәстүрлі құрап тігу өнері туралы алғашқы түсініктер. Халық шеберлері жасаған әртүрлі көркемдік заттар туралы түсініктер.

      14-тақырып. Матаны таңдау. Матаны таңдау – күрделі, көп қырлы жұмыс. Күрделі, көп түсті, мәнерлі костюмді әзірлеу. Қуыршақтың бейнесі. Түстік үйлесімділікті таңдау. Біртұтас үйлесімділік сезімін құру. Қуыршақтың үстіндегі түс – қуыршақтың бейнесін құрайтын құрамдастардың бірі.

      15-тақырып. Сұлбасы мәнерлі қуыршақ. Қол білезігінің сұлбасын зерттеу. Сүйектер мен олардың өзара байланысы. Эскизбен жұмыс. Қуыршақтың сұлбасын қалыптастыратын қолдың саусақтарының қозғалатын шеткі нүктелерін білу. Қолдың профильді және алдыңғы түрі үшін "алып салу" шарнирін жасау. Қолғапты қуыршақтың ерекшеліктері. Қол саусақтарындағы патронкалар есебінен қуыршақтың қолдарын ұзарту. Қуыршақтың дәстүрлі кішкене аяқтары. Дененің көлемімен эксперименттер жасау.

      16-тақырып. Қуыршақтың костюмі. Костюм тігу. Дене-қолғапты дайындау. Өлшемдерді алу. Қолғапты қуыршақты пішу және тігу. Қолғапты қуыршақтың пішімін жасау ережелері. Қол құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын меңгеру. Жіпті инеге кіргізудің әдістері мен тәсілдерін үйрену. Түйіндерді жасау тәсілдерін меңгеру. Жұмысқа қажетті материалдармен танысу. Құралдарды сақтау ережелері. Ине салғыш.

      Қажетті материалдар. Ине, қайшы, циркуль, сызғыш, матаның қарапайым түрлері, жұқа картон, қағаз, жіп, қара қарындаш.

      Практика. Үлгіні дайындау бойынша өз бетінше жұмыс. Қолғапты қуыршақты (қолғапшаны) пішу және "инені алға жүргізу" тігісімен бүру. Қуыршақтың киімін әзірлеу.

      17-тақырып. Қолғапты қуыршақтармен жұмыс. Қолғапты қуыршақтармен жұмыстың негізгі ережелері. Қуыршақ жүргізу ережелерімен танысу. Қуыршақ жүргізу ережелерін үйрету. Сөйлейтін қуыршақпен жұмыс. Сахна кеңістігі жағдайында бағдарлану.

      18-тақырып. Қолғапты қуыршақтарды сақтау, күту және тазалау ережелері. Қуыршақтарды сақтау бойынша ұсынымдар.

      74. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қуыршақтарды әзірлеуде қолданылатын құралдар мен материалдарды біледі;

      2) алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін біледі;

      3) жұмыс орнын әзірлеуді біледі;

      4) құралдармен жұмыс істеу ережелерін біледі;

      5) қолғапты қуыршақтың тарихын біледі;

      6) қолғапты қуыршақтың ерекшеліктерін, конструкциясын біледі;

      7) папье-машеден қуыршақтың бастарын жасау технологиясын біледі;

      8) қуыршақтардың, костюмдердің эскизін жасай алады;

      9) түстерді үйлестіре алады;

      10) қуыршақтарды сақтау, күту ережелерін біледі.

      75. 2 сыныптағы бағдарлама талаптары:

      1) композицияның түпкі ойына сәйкес қуыршақтың бөлшектерін дайын денеге біріктірудің тәсілдерін меңгеруді жалғастыру;

      2) дененің әртүрлі бөлшектерін әзірлеу (бас, құлақ, қолдың білегі, табан, аяқ киім);

      3) беттің элементтерімен, (көз, мұрын, ерін), бөлшектерді біріктіру (тігу, жабыстыру, бекіту) бойынша жұмыс;

      4) рөлдерді жаттау, музыкалық ертегіні ұйымдастыру және қою.

      76. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Ширманың сыртында жұмыс істеу кезіндегі тәртіп мәдениеті. Ширманың үстінде қуыршақпен жұмыс істеу ережелерін таныстыру. Қуыршақ жүргізушінің этикеті.

      2-тақырып. Гапитті қуыршақтар түсінігі. Презентацияны көрсету. Гапитті қуыршақтың басы. Жіңішке таяқша-гапит. Ең қарапайым гапит – басқа кигізілген таяқша. Гапиттің өлшемдері. Гапиттің ұзындығы. Қысқа гапит. Ұзын гапит. Күрделі және механизмделген гапиттер.

      3-тақырып. Қуыршақтың басы. Басты дайындау ережелерімен танысу. Бастың денеге пропорционалдылығы. Мойынмен жалғасқан бастың сәл алдыға еңкейген күйін дайындау. Ережелерді сақтау. Бас арқылы кейіпкердің жалпы қасиеттерін жеткізу. Көздерді, құлақтарды, мұрынды таңдау. Мұрт пен шашты жабыстыру. Қосымша аксессуарлардың көмегі арқылы кейіпкерлерді өзгерту. Қуыршақтың профилі.

      4-тақырып. Басты жасау технологиясы. Қажетті материалдар: қағаз, мақта немесе поролон тілімдерімен толтырылған трикотажды кенеп, папье-маше, ағаш, пенопласт. Тұтас бейнені жасау. Қағаздан жасалған бас. Көлемді бас. Жалпақ бас. Жұмсақ бас. Папье-машеден жасалған бас.

      5-тақырып. Қолдарды жасау технологиясы. Қолдарды таңдау. Түрлері. Қатты қолдар (ағаштан, шереден, папье-машеден жасалған). Жұмсақ қолдар (трикотаждан тігілген, сым қаңқа кигізілген). "Үлгі" ("патронка") түсінігі. Қолды үлгінің көмегі арқылы әзірлеу.

      Практика. "Түрлену" тапсырмасы. Кейіпкердің белгілі қасиеттерін (жас, мінез) қабылдауға зейінді шоғырландыратын формадағы парикті және мұртты жасау.

      6-тақырып. Тросты қуыршақ. Тросты қуыршақ –жоғарғы қуыршақтың мейлінше қызықты түрлерінің бірі. Жіңішке таяқтағы қуыршақтың пайда болу тарихы.

      7-тақырып. Тросты қуыршақ. Тросты қуыршақтың түрлері. Тросты қуыршақтың конструкциясы. "Таяқ" түсінігі. Бейнематериалдарды көрсету. тросты әзірлеу технологиясы. Ағаштан жасалған жіңішке таяқ (трость. Металдан жасалған жіңішке таяқ (трость). Материалдарды таңдау. Жіңішке таяқтардың қалыңдығы. Ағаш саптарды бекіту.

      8-тақырып. Саптардың түрлері. Жұмыр және тікбұрышты саптар. Жіңішке таяқтың ұзындығы. Жіңішке таяқты бекіту Жіңішке таяқтың түрлері: көрермендерге көрінетін және киімнің қыртыстарымен жасырып қоятын, ішкі – көрінбейтін, қуыршақтың ішінде жасырылған.

      9-тақырып. Жіңішке таяқты бекіту. Бекіту тәсілдері. Жіңішке таяқты бүркемелеу. Жіңішке таяқты бүркемелеу тәсілдері. Жіңішке таяқты халатпен немесе плащпен бүркемелеу. Жіңішке таяқты жасыруға болатын костюмнің бөліктері. Ұзын жеңдер. Лента. Моншақтар. Шарфтар. Қуыршақ жүргізушінің қолының ептілігі.

      10-тақырып. Кейіпкерлерді ағаштан және металдан жасау. Жіңішке таяқтағы қуыршақтың негізгі қаңқасы – бұл иықтары. Иыққа арналған тақтаның қалыңдығы – 1 сантиметр. Гапитке арналған орынды тесу. Ағаштан немесе сымнан жасалған қолды бекіту. Қолдардың бөліктері: білезік, білек және иық. Сымнан жасалған иыққа сымнан жасалған қолдарды бекіту. Сымның тіліктерін шарнирлердің көмегі арқылы біріктіру. Қолдың ағаштан жасалған бөліктерін бірі бірімен тері белдікшелердің көмегімен біріктіру.

      11-тақырып. Қуыршақ басының ішіндегі қарапайым механизмдер. Жіңішке таяқтағы қуыршақтың көзі мен ауызының механикасы. Жіңішке таяқтағы қуыршақтың көзі мен ауыз механикасын әзірлеу тәсілдерін меңгеру.

      Практика. Қалдық материалдардан жіңішке таяқтағы қуыршақ әзірлеу. Қуыршақтың эскизі. Техникалық суретін әзірлеу. Жіңішке таяқтағы қуыршақтың конструкциясын әзірлеу. Жұмыс орнын дайындау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Қуыршақты әзірлеу процесі. Бетін әрлеу.

      12-тақырып. Жіңішке таяқтағы қуыршақпен нөмер әзірлеу. Тақырыпты таңдау. Қуыршақтың мүмкіндіктеріне байланысты сюжетті әзірлеу. Ерекше трюк таңдау. Костюм таңдау. Сахнаны сәндеу. Өнер көрсету.

      13-тақырып. Көлеңкелі қуыршақтар. Көлеңкелі қуыршақтардың пайда болу тарихы. Қытайдың көлеңкелі театры. Фигуралар жасаудың ерекшеліктері. Ява көлеңкелі театры. Таяқшалардың көмегі арқылы қуыршақ жүргізуші актерлердің көлеңкелі қуыршақтарды басқаруы. Көлеңке театрының қуыршақтарын жасау технологиясы.

      14-тақырып. Көлеңкелі қуыршақтың эскизі. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Қажетті материалдарды дайындау. Қатты материалдардан фигураларды кесіп алу. Қара картоннан қуыршақтарды әзірлеу. Басқару жібін картонның бір бетіне бекіту. Экран жасау әдістері. Экранды дайындау. Жарық сәулесінің бағыты. Жалпақ фигуралардың көлемді бола түсуі.

      15-тақырып. Нобай бойынша төменгі жағынан екі штокпен басқарылатын көлеңкелі қуыршақты әзірлеу. Дененің жеке бөліктерін тетік пен тартқыш арқылы қозғалысқа келтіру. Көлденең штоктармен басқарылатын көлеңкелі қуыршақтармен жұмыс. Қуыршақтарды жасау үшін мөлдір пластинкаларды қолдану. Түрлі-түсті маркерлермен бояу.

      16-тақырып. Қуыршақтарды, костюмдерді жөндеу және қайта қалпына келтіру. Қуыршақтардың және қуыршақ киімдерінің бүліну түрлері. Бүліну деңгейін анықтау. Кемшілікті жою тәсілін анықтау.

      Практика. Қуыршақ костюмін тұтасымен қалпына келтіру және сәндеп әшекейлеу бойынша жұмыс.

      17-тақырып. Үлгіні жасау. Қуыршаққа арналған киімдерді пішу. Қуыршақтарға арналған киімдердің жеке үлгілерін әзірлеу технологиясы. Жұмыс сызбасы. Матаны іріктеу ережесі.

      Қажетті материалдар. Үлгі құрылғы (лекала), картон, мата, қайшы, А-3 ақ қағазы, қуыршақты әзірлеу.

      Практика. Белгілі қуыршақтың өлшемі бойынша киімнің үлгісін өз бетінше жасау.

      18-тақырып. Қуыршақтарға арналған аксессуарларды әзірлеу. Қуыршақтарға арналған аксессуарларды әзірлеу ережелері және тәртібі.

      Қажетті материалдар. Қуыршақтар, жұқа киіз, картон, фольга, моншақ, бисер, түйреуіш, сым, леска, қайшы, жіптер, біз.

      Практика. Қуыршақтарға арналған аксессуарларды әзірлеу бойынша өз бетінше жұмыс. Желпуіш. Сөмке. Моншақ. Бант. Шашқа арналған қыстырғыш. Тәж. Диадема.

      77. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ширманың сыртында жұмыс істеу кезіндегі өзін ұстау мәдениетін біледі;

      2) жіңішке таяқтағы қуыршақты және оның конструкциясын біледі;

      3) жіңішке таяқтағы қуыршақтың жеке бөліктерін әзірлеу технологиясын біледі;

      4) қарапайым тігістерді жүргізуді біледі;

      5) эскиздермен жұмыс істеуді біледі;

      6) қөлеңке театрының пайда болу тарихын біледі;

      7) көлеңке театрына арналған қуыршақтарды әзірлеу технологиясын біледі.

      78. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) планшетті қуыршақпен, планшетті қуыршақтың басын жасау технологиясымен танысу;

      3) марионетка қуыршағымен жұмыс, шағын көріністерді қою, қолданбалы сәндік өнер бойынша көрмелерге қатысу;

      4) қазақ халқының "ортеке" қуыршағымен, қуыршақтың пайда болу тарихымен, қимылдауының ерекшеліктерімен танысу.

      79. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Планшетті қуыршақтар. Планшетті – ашық басқарылатын қуыршақтар. Планшетті қуыршақтармен танысу. Жапон қуыршақтары "Бунраку" және "Авадзи". Планшетті қуыршақтардың түрлері.

      3-тақырып. Үстелде ойнатылатын планшетті қуыршақтардың нұсқалары. Планшетті қуыршақтарды әзірлеу. Жұмыс кеңістігін әзірлеу. Қажетті материалдарды әзірлеу. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      4-тақырып. Планшетті қуыршақтың басын жасау технологиясы. Бастың бөліктерін жабыстыру. Түстік шешім. Жіптерді басқа жабыстыру. Денесін дайындау. Ағаш-жаңқалы тақтадан дененің бөліктерін арамен кесу. Былғары баудың көмегі арқылы бекіту. Кейіпкерлерге арналған костюмдерді тігу.

      5-тақырып. Марионетка қуыршақтар. Марионеткалардың түрлері. Штокты марионетка. "Штокты марионетка" түсінігі. Қуыршақпен, оның құрылымымен танысу. Балаларға сызбалар түрінде қарапайым штокты марионеткалардың бірнеше нұсқаларын ұсыну. Бір нұсқасын таңдап, оны материалмен орындау. Басты жабыстыру, денесін дайындау. Штокты вагамен біріктіру.

      6-тақырып. Марионетка қуыршақтар. Жіпке бекітілген марионеткалар. Жіпке бекітілген марионеткалар – театр қуыршақтары жүйесіндегі ең күрделі түрі. Қуыршақтың құрылымы. Марионетка қуыршағын әзірлеу технологиясы. Марионетканы ағаштан (жөке ағашы), қағаз, мата, папье-машеден жасау. Қуыршақтардың бөліктерін жасау тәсілдері. Марионеткалардың ерекшеліктері.

      7-тақырып. Жұмыс үстелін әзірлеу. Қажетті материалдарды дайындау. Қағаздан жасалған марионетка қуыршағымен жұмыс. Жіптер арқылы қуыршақтың бөліктерін бекіту. Папье-маше және ағаштан жасалған қуыршақтың бөліктері былғары жолақшаларының немесе металл түйреуіштердің көмегімен біріктіріледі.

      8-тақырып. Марионетка қуыршақтары. "Вага" түсінігі. Ваганың түрлерімен таныстыру. Тік және көлденең қуыршақтарға арналған вагалар. Аралас вагалар. Эстрадалық трюктік марионеткаларға арналған вагалар.

      Практика. Орамалдардан қуыршақ қызды дайындау. Қажетті материалдар: пинг-понг шары; жеңіл матадан жасалған екі орамал; қалың жіп, қолшатырдың біздері; желім, қайшы, жіп, ине, сызғыш; жиектеме, моншақ, жылтырақ.

      9-тақырып. Жіптерді бекіту. Жіптерді арнайы айқастырылған вагаға бекіту. Крестовинаның қозғалуы. Қуыршақтың тірілуі. Қарапайым крестовина. Күрделі крестовина. Ваганың үлкен бөлігі – өзегі. Барлық бөліктерін өзекке бекіту. Марионетка қуыршақтарын әзірлеу технологиясы. Ағашты кесуді үйрену. Марионетка қуыршағын басқару.

      10-тақырып. Марионеткалар – әзірленуі және басқарылуы күрделі қуыршақтар. Аз ғана жіптерге бекітілген жеңіл қуыршақтарды көрсету. Қораптардан робот жасау әдістемесін көрсету.

      Қажетті материалдар: қораптар, фольга, түсті қағаз, кеңсе қағаз қыстырғыштары, түйме, моншақ, шарикті қаламсаптың серіппелері, қайшы, қара қалың жіптер, желім, ине, қолшатыр біздері немесе сым, пластилин. Жұмыс кезеңдері.

      11-тақырып. Қуыршақтың басындағы ішкі механизация. Марионеткадағы көз бен ауыз механикасы. Марионеткадағы көз бен ауыз механикасын әзірлеудің негізгі тәсілдері.

      12-тақырып. Марионетка қуыршақтарын басқару механикасы. Марионетканың қозғалу заңдылықтары. Қимыл мен сөзді біріктіру. Марионетка қуыршақтарын жүргізудің негізгі ережелері.

      13-тақырып. "Ортеке" – музыкалық қуыршақ өнері. "Қуыршақ жүргізетін музыкант" түсінігі. Қуыршақ жүргізетін музыканттың қуыршақ жүргізетін актерден айырмашылығы. Бейнематериалдарды, көрнекі материалдарды көрсету. "Ортеке" қуыршағының пайда болу тарихымен таныстыру. Кішкене лақтардың ағаштан жасалған мүсіндері. Қазақ қуыршақ театры тарихымен танысу.

      14-тақырып. "Ортеке" қуыршағын жасау технологиясымен танысу. Жануарлардың мүсінін домбыраға бекіту тәсілдері. Қозғалыс шапшаңдығының музыканың қарқынына байланыстылығы. Ежелгі қолданбалы өнер суретшілері. Ағашты өңдеу шеберлері. Қуыршақтарды әзірлеудегі заманауи технологиялар. Біріктіретін бөлшектерді іріктеу. Бояуларды таңдау. Қуыршақтың мүсінін стильдеу.

      15-тақырып. Көрме-сабақты ұйымдастыру. Балалардың әзірлеген қуыршақтарын көрмеге қою. Жұмыстарды талқылау. Қателерін анықтау. Үздік жұмыстарды анықтау. Дайын қуыршақтарды пайдаланып спектакль әзірлеу. Рөлдерді бөлу. Рөлдерді дыбыстау.

      80. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) планшетті қуыршақты және оның жеке бөліктерін дайындау технологиясын біледі;

      2) планшетті қуыршақты әзірлеу кезеңдерін біледі;

      3) марионетка қуыршақтарының пайда болу тарихын біледі;

      4) марионетка қуыршақтарын әзірлеу технологиясын біледі;

      5) қарапайым марионетка қуыршағын әзірлей алады;

      6) марионетка қуыршақтарын басқарудың алғашқы дағдыларын біледі;

      7) "ортеке" қуыршағының пайда болу тарихын біледі.

      81. "Бутафория жасау" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) декорация – театрдағы әрекеттердің орны мен жағдайының сахнада орнатылатын кескіндемелік немесе архитектуралық бейнесі;

      2) спектакль – сахнамен шектелген кеңістіктегі көрініс, театрлық қойылым;

      3) эскиз – спектакль мен костюмдердің болашақтағы сәндеу жұмыстары мұқият бейнеленген алдын ала жасалған нобайлар, суреттер.

      82. Бағдарламаның мақсаты: қуыршақ театрындағы репетициялық-қойылымдық жұмыстағы театрлық-көркемдік шеберлік бойынша білім, білік және дағдыларын практикада қолдану тәжірибесін байытуға және жетілдіруге жағдай жасау.

      83. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) театр тарихы және театр суретшісінің қызметінде қолданылатын технологияларды дамытудың заманауи тенденциялары туралы түсініктерін кеңейту;

      2) реквизиттің мейлінше күрделі заттарын және декорацияның элементтерін әзірлеу технологиялар мен дағдыларының ерекшеліктерін үйрету;

      2) бутафория әзірлеу кезінде қолданылатын құралдармен, бояулармен, материалдармен жұмыс істеуге үйрету;

      3) бутафория әзірлеудің негізгі технологияларын үйрету;

      4) формалардың түрлері және қойылымның ұсынылатын жағдайдағы заттардың кеңістіктік орналасуы туралы білімдерін кеңейту.

      Дамыту:

      1) елестетуді, көркемдік қабылдауды дамыту;

      2) композициялық ойлауды және болашақ бұйымның өлшемдерін аналитикалық есептеу дағдыларын дамыту;

      3) мазмұны, композициясы және безендірудің стильдік тұтастығына қол жеткізе отырып, әртүрлі технологияларды қолданып өзінің ойын іске асыру қабілетін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) өзін өзі ұйымдастыру және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелеу;

      2) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) еңбек сүйгіштікті, алға қойған мақсатқа жетудегі мақсатқа талпынушылықты және табандылықты тәрбиелеу.

      84. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      85. "Бутафория жасау" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      86. Бағдарлама суретші-декоратордың, костюм бойынша суретшінің, суретші-қуыршақ жүргізушінің қызметіндегі технологиялар бойынша практикалық дағдыларды балалардың меңгеруіне жағдай жасайды.

      87. Бағдарлама білім алушылардың әртүрлі реквизит заттарын әзірлеу кезіндегі, нақты қойылымға арналған сахна кеңістігін жобалауда өздерінің шығармашылық ойлары мен идеяларын көрсетуін белсендіруге бағытталған.

      88. Бағдарлама әрбір білім алушыны театрлық көркемдік шеберханалардың қызметіне араластыруға, репетициялық-қойылымдық жұмыстарда алған білім және технологиялық білімдерін қолдануға бағдарланған.

      89. Білім алушылардың театр суретшісі қызметі саласындағы білімдері мен практикалық шеберліктерін арттыру қуыршақтар театрының ұйымдастырылуы, оның құрылымы, спектакльді және сахна кеңістігін дайындау бойынша жұмыс кезеңдері туралы тұтас түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

      90. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) пәнмен, қауіпсіздік техникасымен, Антикалық театр архитектурасымен, орта ғасыр театрымен танысу;

      2) бейнелеу тілін, сызықтарды, негізгі және қосымша түстерді, композициялық шешімді меңгеру;

      3) әртүрлі материалдарды қолданып декорацияларды әзірлеу жұмысы.

      91. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. "Бутафория жасау" пәніне кіріспе. Қауіпсіздік техникасының ережелері.

      2-тақырып. Театрлық-декорациялық өнер. Антикалық театрдың архитектурасы. Сахнаның пайда болуы. Архитектурадағы, театрдағы, кескіндемедегі, қолданбалы сәндік өнердегі түрлі дәуірлердің стильдері. Театрлық-декорациялық өнердің Италияда пайда болуы. Архитектуралық стильдер мен бағыттар. Антикалық әлемнің архитектурасы. Готикалық стиль. Роман архитектурасы. Барокко архитектурасы.

      3-тақырып. Бейнелеу тілінің негіздері. Кескіндеме тарихы бойынша мәліметтер. Стильдер. Бағыттар. Кескіндеме өнерінің дамуы. Суреттің композициясы. Өнердегі сызық. Сызық – мәнерлеу өнері. Заттардың контурының сызықтары арасындағы қатынас. Адамның өміріндегі түстер.

      4-тақырып. Заттардың формасы. Негізгі және қосымша түстер. Композициядағы фигура мен фонның арасындағы қатынас.

      5-тақырып. "Декорация" түсінігімен танысу. Қуыршақ театрының спектаклін сәндеу элементтері. Декорация. Түс. Жарық. Дыбыс. Шу. Декорация және оның түрлері. Қуыршақ театрындағы негізгі декорация – бұл ширма. Еденге орнатылатын және үстелге орнатылатын ширманың түрлері. Декорация – заттарды немесе ғимаратты көркемдеп сәндеу.

      6-тақырып. Декорацияның түрлері. Жалпақ, жартылай жалпақ және көлемді декорациялар туралы түсініктер. Бір планды. Көп планды. Монолитті. Алмалы-салмалы. Түрленетін.

      7-тақырып. Көлемді заттарды декорациялау. Декордың заманауи техникалары. Декупаж. Скрап-букинг. Печ-ворк. Материалға байланысты бұйымдарды сәндеудің ерекшеліктері. Белгілі стильде сәндеу. Статикалық және динамикалық декорация. Декорациялардың қозғалу әсеріне қол жеткізу. Театр қызметінде қозғалмалы декорацияларды қолдану міндеттері.

      Сәндеу стилін анықтау және техниканы таңдау. Материалдарды есептеу. Заттарды кезеңмен сәндеу.

      8-тақырып. Театр реквизиттерін дайындауға арналған материалдардың физикалық-техникалық қасиеттері туралы түсінік. Картон. Мата. Пластик. Гипс. Металл. Ағаш. Үлгілеу. Құрастыру. Аппликация. Ағашты кесу. Мозаика. Матаны өңдеу. Ленталарды өңдеу. Сымдарды өңдеу.

      9-тақырып. Ширма мен декорациялардың құрылғысы. Ширмамен жұмыс істеудің алғашқы дағдылары. Үстелге орнатылатын ширманы дайындау тәсілдері.

      Практика. Қажетті бутафорияны әзірлеу. Декорацияларды әзірлеу және жасау. Сахна кеңістігін және ширманы сәндеу.

      10-тақырып. Материалдың фактурасы. Мата фактурасының түрлері. Капрон ленталардан жүн, құс қауырсынының фактурасын жасау.

      11-тақырып. Бетперделердің түрлері. Карнавал бетпердесі. Дайындау технологиясы. Күрделі маталарды үйлестіру. Нақты костюмдерге арналған бетперделердің нобайын дайындау. Өлшемдерді жүргізу. Бетпердені дайындау.

      12-тақырып. Ірі модельдер. Қаңқа. Бұрыштық болаттан, созылмалы сымнан, ағаш қалдықтарынан жасалған қаңқа.

      13-тақырып. Қағаздан жасалған мүсіндік бұйымдар. Мүсіннің бөлшектері. Дайын мүсінді әрлеу.

      14-тақырып. Картон – театр өндірісіндегі қолдан бұйым жасайтын өзіндік материал. Сәндік қораптар. Тосынсый қораптары. Қалпақтар. Бас киімдер. Кітаптар.

      15-тақырып. Картоннан жасалған әзірлемелер. Желімнің түрлері. Картоннан жасалған бұйымдардың сыртқы бетін жабу. Маталарды қолдану. Фольга. Анилинді, желімді және майлы бояулармен сырлау.

      16-тақырып. Бутафорияларды, реквизиттерді, жұмсақ және қатты декорацияларды, оқу макеттерін сақтау, күту және тазалау ережелері.

      17-тақырып. Спектакль декорациясының эскизі. Эскиздерді қорғау.

      92. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

      2) қуыршақ театрының пайда болу тарихын біледі;

      3) Ежелгі театр архитектурасын біледі;

      4) сахнаның және оның түрлерінің пайда болу тарихын біледі;

      5) архитектуралық стильдер мен бағыттарды біледі;

      6) бейнелеу тілінің негіздерін біледі;

      7) негізгі және қосымша түстерді қолдануды біледі;

      8) бутафория әзірлеу кезінде қолданылатын материалдардың түрлерін біледі.

      93. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) негізгі бутафория бұйымдарымен танысу жалғастырылады;

      2) бутафория бұйымдарын әзірлеу кезінде құрылымы жағынан әртүрлі материалдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады;

      3) материалдарды көркемдеп өңдеудің амалдары мен тәсілдері меңгеріледі.

      94. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұқсау. Өткен материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Картоннан жасалған бутафориялық кітаптар. Дайындау технологиясы. Кітап әзірлеудегі кезеңмен жүргізілетін жұмыстар.

      Практика. Кітап қабының пішініне және өлшеміне сәйкес пішу. Қаптардың ортасына ағаш кесектерін қою, олар кітаптың қалыңдығын көрсетеді. Мейлінше шынайы болуы үшін ағаш кесектерінің сыртқы жағына параллель қатарлармен қалың жіптер жабыстырылады. Бутафорлық қаптар шынайы қаптармен алмастырылады.

      3-тақырып. Сымды қаңқалар. Мүсіндерді және ірі бутафорияларды, бұтақтарды, ағаштарды, абажурларды дайындау кезінде сымды қаңқалардың қолданылуы.

      4-тақырып. Ірі көлемді бутафорияның қаңқасын жасау үшін жұмсақ сым пайдаланылады. Сымдарды біріктіру. Бұтақтардың сабақтары. Ағаштардың жұқа ұшар басы. Қаңқаны матамен орау.

      5-тақырып. Металл-пластика. Әшекейлерді, төс белгілерді, зергерлік бұйымдардағы тастардың жиектерін жасау технологиясы. Металл-пластика қағидаты. Жұқа бетті металды өрнектеу. Арнайы стектерді қолдану. Құралдар жиынтығы. Стектер. Басы жартылай жұмыр стек. Пуансон. Ойғыш. Балға.

      6-тақырып. Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеудің ерекшеліктері. Көркемдеу түрлері. "Бедерлі көркемдеу" түсінігі. Өрнек пен суреттің тәсілдері және түрлері.

      Практика. Сандықшаның нобайын жасау. Жұмысқа қажетті материалдар мен құралдарды таңдау. Сандықшаны көркемдеу.

      7-тақырып. Пластмасса. Фактураның жеңілдігі, иілгіштігі, ерекшелігі. Синтетикалық материалдарды өңдеу технологияларының қарапайымдылығы.

      8-тақырып. Пластмассаның түрлері. Пенопласт. Винипласт. Қаптауға арналған полихлорвинилді пленкалар. Көбіктенетін полистиролдар. Желім. Эпоксидті қарамай. Поливинилацетат эмульсиясы (ПВА). Латекс.

      9-тақырып. Пенопласт. Қатты және жұмсақ пенопластар. Пенопластан ұсақ заттарды, мүсіндерді, капительдерді, жиһаздарға арналған әшекейлерді кесіп алу.

      10-тақырып. Иілгіш пенопласт. Поролон. Поролоннан гүлдерді, жемістерді және тоқашты әзірлеу технологиясы. Декорацияның бөлшектері. Костюмдер. Қалыңдатылған костюмдер. Иілгіш пенопласты өңдеу. Өңдеуге арналған қажетті құралдар. Пышақтар, қайшылар, үккіштер, егеуге арналған құралдар.

      11-тақырып. Мастика. Мастика – желім, ұн, гипс, бор, қағаздан жасалған пластикалық қоспа. Бутафорияларды әзірлеу процесінде және декорацияларды фактуралық өңдеу кезінде мастика папье-машемен, бедерлі пастамен, өңдеуге арналған және пластикалық материалдармен алмастырады. Мастикадан мүсіндер жасайды және жиһаздарды, қаруды, ыдыс-аяқты безендіру үшін бұйымдарды көркемдейді; бутафорлық торттар әзірлейді; ағаш бұтақтарының бедерлі өңдеуін жасайды. Мастиканың құрамы бедерді қажет ететін бұйымның қасиеттеріне және сырланатын заттың физикалық қасиеттеріне байланысты болады.

      12-тақырып. Көркемдеп өңдеудің тәсілдері. Мүсіндеу, жону, дәнекерлеу, бедер салу жұмыстары. Металл-пластика. Мастикамен өңдеу. Папье-маше. Жылтырату. Қолалату. Зеңжарлау. Қолданылатын материалдар. Металдар. Пластмасса. Синтетика. Маталар. Мастика. Бояулар. Желім.

      13-тақырып. Қағаз абажурлар. Парафинделген немесе майланған сызба қағазы. Пішілген бөліктерді жинау қолмен немесе машинкамен тігу арқылы іске асырылады. Кей кездері қағаздың үстіне мата жабыстырылып, оны қосымша жазулармен немесе аппликациямен байытады.

      14-тақырып. Абажурларға арналған күңгірт шыны поливинилацетат эмульсиясымен өңделген шілтерден, жұқа бәтестен жасалады. Шілтер немесе мата органикалық әйнектің таза бетіне жабылады және сәл ғана сумен араластырылған эмульсиямен ортасынан бастап шет жақтарына қарай жағылады. Түстер мен безендірулерді енгізу эмульсияның екінші қабатын жағу кезінде іске асырылады. Бірінші қабаты таза болуы керек. Кейіннен эмульсия әйнектің құрғақ бетіне жағылады.

      95. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) бутафор кітапты әзірлеу технологиясын біледі;

      2) бутафор өндірісінде қолданылатын негізгі материалдардың түрлерін біледі;

      3) мүсіндерді және ірі бутафорияны, бұтақтарды, ағаштарды, абажурларды әзірлеу кезінде сымды қаңқаларды қолдана алады;

      4) жұқа металды бутафорлық бұйымдарға бедер сала алады;

      5) пластмассамен, мастикамен жұмыс істеу тәсілдерін біледі.

      96. "Көркем сөз негіздері" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – спектакльдерде және кинода рөлдерді орындаушы;

      2) артикуляциялық аппарат – сөз дыбыстарын қалыптастыратын дауыс аппаратының бөлігі;

      3) артикуляциялық гимнастика – бірі артикуляциялық мүшелердің қозғалғыштығын жақсартуға көмектесетін, екіншілері – қимылдардың көлемі мен күшін арттыратын, үшіншісі қандай да бір дыбысты шығаруға қажетті еріннің, тілдің қалпын машықтандыратын жаттығулар кешені;

      4) бейнелі ойлау – түпкі ойдың пайда болуы, спектакльді қою, елестету процесіне қажетті өмір суреттерін, өнерді олардың көркемдік мағынасында қабылдау және түсіну қасиеттері;

      5) бұлшық еттердің еркіндігі – тыныс алу процесіне, фонация және дикцияға қатысатын бұлшық еттердің қысылуы және физикалық жиырылуы болмайтын еркін қалпы;

      6) бұлшық еттердің белсенділігі – босаңсуға жол бермейтін, дауыс желбезектерінің, көмей бұлшық еттерінің, кеңірдектің және барлық сөйлеу аппаратының күйі;

      7) бұлшық еттерді босату (дене қысылуларын босату) – мәнерлі және шынайы қозғалу білігін пысықтауға арналған тренингтер, жаттығулар;

      8) дикция – мәтіннің анық, айқын айтылуы;

      9) дыбыс шығару (фонация) – ән немесе сөз дыбыстарын шығару, дауыс аппараты әрекетінің нәтижесі;

      10) жоғары дыбысты диапазон – актердің ең төменгіден ең жоғарғы дыбысқа дейінгі сөйлеу дауысының максималды үн көлемін қолдану білігі;

      11) көлемділік – дауыстың терең, қоңырқай, жұмыр, жұмсақ бола білу қасиеті;

      12) қуыршақ жүргізуші – қуыршақтардың өнер көрсетуін жүргізетін адам, қуыршақ театрының актері;

      13) қуыршақ театры – қуыршақ өнерінің бір түрі, оған мультипликациялық және мультипликациялық емес анимациялық кино өнері, эстраданың қуыршақ өнері және телевидениенің көркем қуыршақ өнері кіреді;

      14) мимика – беттің бұлшық еттерінің мәнерлі қимылы, адамның қандай да бір сезімін жеткізетін формалардың бірі болып табылады;

      15) монолог – басым жағдайда драмалық шығармалардағы әрекет ететін тұлғаның сөзі, кейіпкерлердің өзара сөзбен араласу шеңберінен шығу және диалогтан ерекшелігі, тікелей жауап қайтаруды қажет етпейді; көрермендерге немесе өзіне қаратылып айтылған сөз;

      16) пантомима – сөзді қолданбай, дене пластикасы арқылы көркемдік бейнені жасау құралы болып табылатын сахна өнерінің түрі;

      17) сахна тілі – актер мәнерлігінің негізгі кәсіби құралдарының бірі;

      18) сахналық бейне – актердің жеке мінездемесінен, оның психоэмоциялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ сахналық қалауынан құралған актердің немесе әртістің жиынтық бейнесі;

      19) тыныс (әншілік) – ән айту процесін қамтамасыз ететін тыныс;

      20) ырғақтау – вокалда немесе музыкалық аспапта дыбыстық үнді таза шығару білігі;

      21) этюд – актердің шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаттығудың түрі.

      97. Пәннің мақсаты: сахна тілі негіздерін үйрету арқылы білім алушы тұлғасын кешенді эстетикалық дамытуға жағдай жасау.

      98. Пәннің міндеттері.

      Оқыту:

      1) театр өнері әлемімен таныстыру;

      2) сахна тілі негіздерін меңгеру;

      3) сахна тілінің негізгі орфоэпиялық заңдылықтарын меңгеру;

      4) тынысты, дауысты, барлық тіл аппаратының қарапайым дағдыларын және оны дұрыс пайдалану білігін үйрету;

      5) мәтінді ырғақты-логикалық талдауды оқыту;

      6) сахна қозғалысы, пластика негіздерін меңгеру;

      7) алған біліктері мен практикалық дағдыларын шығармашылықпен қолдануға оқыту;

      8) әр баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сөйлеу техникасын меңгерту.

      Дамыту:

      1) білім алушының сөзді естуін, ритм сезімін, зейінін, есте сақтау жадын, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) сөйлеу дауысының диапазонын, қалықтауын, шыдамдылығын, күшін дамыту;

      3) дикциялық, ырғақтық-әуенділік және орфоэпиялық мәдениетті дамыту;

      4) сахна шеберлігі дағдысын игеру;

      5) көрермендердің жігеріне, ойлауына, эмоциялық күйіне, қиялына, назарына сөз арқылы әсер ету білігін дамыту;

      6) туған тілге деген тұрақты сүйіспеншілікті дағдыландыру және тіл техникасы бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу;

      2) білім алушының рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) тек театрды ғана емес, сондай-ақ өнерді толығымен эстетикалық дұрыс қабылдау.

      99. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      100. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог сахна тілін меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында театрға деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      101. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) тынысты, дауысты, дикцияны, заманауи әдеби тіл дағдыларын, сөзге деген шығармашылық көзқарастарын, ауызша тілдің мәнерлік құралдарын меңгеруі;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) мәдени сахналық және әдеби мұраға араластыру;

      5) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      102. Тіл аппаратын игеруде қажетті дағдыларды және оңтайлы қолдану білігін үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі шығармалармен жұмыста іске асырылады.

      103. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының эстетикалық талғамын қалыптастыруға, актерлік қабілеттерін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      104. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      105. "Көркем сөз негіздері" пәніне жеке және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      106. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – сахна тілін кешенді меңгеруге арналған жаттығулар, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық-артикуляциялық тренингтер, тыныс алу жаттығулары, шығармаларды өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс істеу, дайындық;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      107. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне физикалық қабілеттері, жеке қабілеттерінің даму деңгейі байланысты болады. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      108. Сабақ формалары:

      1) практикалық жұмыс;

      2) өзіндік жұмыс;

      3) тренингтер;

      4) этюдтық дайындықтар;

      5) спектакль эпизодтарын дайындау.

      109. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      110. Педагогтің білім алушымен жеке және топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      111. Сабақтың бағдарламасы бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      112. Сабақтан тыс жұмыстың түрлері:

      1) спектакльдерге, байқаулық қойылымдарға дайындық;

      2) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу;

      3) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      4) театр актерлерімен, өнертанушылармен кездесу.

      113. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      114. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар күрделілік деңгейі бойынша бір бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      115. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) тыныс алу жаттығулары;

      2) артикуляциялық гимнастика;

      3) әдеби шығармалардың мәтіндерімен жұмыс.

      116. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген жеке жоспарға өзгерістер енгізеді, жылдың соңында оның дамуына, білім алушының жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      117. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме оның даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) табиғи дауыс-тіл қабілеттері;

      2) жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін дамыту;

      3) тіл техникасын, арнайы іріктеліп алынған репертуарды меңгеру;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) оқу процесіне көзқарасы (ынталылық, қажырлылық);

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) тіл дамуындағы кемшіліктер және оларды жою бойынша міндеттер.

      118. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      119. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      120. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңмен жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Бірінші кезекте түрлі техникалық тәсілдер пысықталады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктерін ескеріп, қандай да бір шығармамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақыт көлемін анықтайды.

      121. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) өз бетінше жаттығу;

      2) тыныс алу жаттығулары;

      3) аралас-диафрагмалық тынысты меңгеруге арналған жаттығулар;

      4) мимикалық гимнастика;

      5) дикцияға арналған жаттығулар;

      6) артикуляциялық жаттығулар.

      122. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      123. "Көркем сөз негіздері" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Актерлік шеберлік негіздері", "Дауысты қою (вокал)", "Сахна қозғалысының негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      124. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дауыс аппаратының құрылымымен, дауыс құрау жүйесінің компоненттерімен, дыбыс шығару, артикуляция және тыныс алу тәсілдерімен танысу жалғастырылады;

      2) дұрыс дыбыс құрау (жұмсақ шабуыл), дұрыс тыныс алу негіздері, артикуляция дағдылары қалыптасады, есту қабілетін, дауысты дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      3) сөйлеу кезіндегі тынысты жаттықтыру алдымен дыбыссыз басталады, тыныс алуды дамыту бойынша жаттығулар меңгерілгеннен кейін дыбыс енгізіледі. Бірінші оқыту жылындағы жаттығулар алдымен ойын түрінде орындалады, кейіннен біртіндеп арнайы тыныс алу және мәтін жолдары бойынша, әндету және сөйлеу ырғақтары бойынша дауысты көтеруге және түсіруге арналған жаттығулармен алмастырылады, мәтіннің жолдары үштен беске дейін ұлғайтылады, әрбір мәтін жолының алдында тыныс алынады, жаттығуға арналған мәтінде қатаң түрде жеке-жеке іріктеліп алынады;

      4) логикалық ережелер алдымен жаттығулардың және арнайы іріктеліп алынған сөйлемдердің көмегімен меңгеріледі, кейіннен тынысты, дауысты, дикцияны, орфоэпияны жаттықтыруға арналған әдеби материалдарда меңгеріледі;

      5) тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, психофизикалық тренингтің 5-10 жаттығуы, денені ширату және дайындау тәсілдері, күрделі дыбыстарға арналған 5-7 жаңылтпаштар, тіл тренингінің 5-10 жаттығуы меңгеріледі.

      125. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Қуыршақтар театры – өнердің бір түрі. Қуыршақтар әлеміне саяхат. Театр қызметінің пайда болу және даму тарихы. Қауіпсіздік техникасы. Өзін ұстау ережелері.

      2-тақырып. Театр өнерінің мәнерлеу құралдары. Актердің орындаушылық шеберлігі – театр өнерінің негізгі мәнерлеу құралы. Қуыршақтар театрындағы сахна тілінің кино, театр өнеріндегі сахна тілінен ерекшеліктері.

      3-тақырып. Артикуляция. Артикуляциялық аппаратпен танысу. Дауыс аппаратының құрылысы. Жаңа терминдер мен түсініктер: диафрагма, резонатор, артикуляция, вибрациялық сылау. Дауыс аппаратын дамытуға арналған жаттығулардың ерекшеліктері және оларды жүргізу ережелері.

      Жақтың төменгі бөлігіне, ерінге, тілге арналған жатығулар. Диафрагманы және қабырға аралық бұлшық еттерді бекітуге арналған гимнастика. Резонаторларды сылау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жеке және бірге (қатаң, ұяң) артикуляциялауға арналған жаттығулар. Вибрациялық сылау.

      4-тақырып. Тыныс алу және дауыс аппаратының физиологиясы. Тыныс алу және дауыс аппаратының гигиенасы. Тыныстың түрлері.

      5-тақырып. Бұлшық етке түсетін қысымдарды босатуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Аралас-диафрагмалық тыныс түрімен дем алу дағдысы. Сараланған тыныс алуды және демді шығаруды меңгеру. Жұмсақ таңдайдың тонусын белсендіру. Тыныс алу жаттығуларын ойын түрінде орындау.

      7-тақырып. Дауыс құрау мехнизмі және дыбыстың кейбір ерекшеліктері туралы мәліметтер: бағыттау (фокуста), жаңғырту, жоғарылығы (диапазон), күші. Білім алушының дауысының орталық дыбысталуын табу. Тыныс шығарудың ұзақтығына арналған жаттығулар. Қосымша тыныс алу дағдылары.

      8-тақырып. Дауыстың ортаңғы регистрін дамыту және бекіту. Ортаңғы регистрдегі сөйлеу тынысы мен дыбысты үйлестіруге арналған жаттығулар. Дыбыспен дем шығарудың түзулігін, баяулығын және ұзақтығын машықтандыру.

      9-тақырып. Сөйлеудегі тынысты дыбыссыз жаттықтыру. Фрикативті дауыссыз дыбыстарды енгізу. Дауысты дыбыстарды енгізу. Буындар. Сөздер. Фразалар.

      10-тақырып. Дикция. Тіл аппаратының құрылысы және қызметі туралы жалпы мәліметтер.

      11-тақырып. Дауысты дыбыстар, олардың пайда болу орнына және тәсіліне қарай жіктеу. Дауысты дыбыстардың артикуляциясын жаңылтпаштарда, өлең сөздерінде және прозада жаттықтыру.

      12-тақырып. Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды сөздерде, фразаларда, мәтіндерде дауысты дыбыстармен үйлестіріп жіктеу. Дауыссыздардың артикуляциясын жаңылтпаштарда, өлең сөздерінде және прозада жаттықтыру.

      13-тақырып. Артикуляциялық аппаратты жаттықтыру. Дененің жоғарғы бөлігін, қолдарды, мойынды, жақтарды, бетті, ерінді, тілді бұлшық ет қысылуларынан босатуға арналған жаттығулар кешені. Мақалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар және арнайы іріктеліп алынған мәтіндер мысалында екі қарқында жаттықтыру. Тынысты дұрыс қолдануды, дауыстың еркін дыбысталуын, табиғи артикуляцияны бақылау.

      14-тақырып. Орфоэпия. Орфоэпия түсінігі. Арнайы іріктеліп алынған сөздердің мысалында орфоэпия ережелерін меңгеру. Жазбаша және ауызша тіл. Әріптер мен дыбыстар. Тіл, оның қызметі туралы мәліметтер. Сөздегі екпін.

      15-тақырып. Дауысты дыбыстарды айту. Арнайы іріктеліп алынған сөздердің мысалында орфоэпия ережелерін меңгеру.

      16-тақырып. Дауыссыз дыбыстарды айту. Арнайы іріктеліп алынған сөздердің мысалында орфоэпия ережелерін меңгеру.

      17-тақырып. Дыбысталатын тілдің мәнерлеу мүмкіндіктері. Мәтінді логикамен оқу ережелері: сөйлеу әдебі, логикалық үзілістер.

      18-тақырып. Мәтінді логикамен оқу ережелері. Тыныс белгілері: нүкте, үтірлі нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, сұрақ белгісі және леп белгісі, көп нүкте, жақша, тырнақша.

      19-тақырып. Сөйлеу әдебіндегі логикалық екпін.

      20-тақырып. Мағыналы үзіндідегі логикалық екпіндер.

      21-тақырып. Басты және қосалқы екпіндер.

      22-тақырып. Қарама-қарсы түсініктерді логикалық екпіндермен ерекшелеу.

      23-тақырып. Логикалық екпінмен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ерекшелеу.

      24-тақырып. Салыстырмалы орамды фразалардағы логикалық екпіндер.

      25-тақырып. Жаңа түсінікті белгілеу заңдылығы.

      26-тақырып. Сұрағы бар сөйлемдердегі логикалық екпіндер.

      27-тақырып. Қарапайым жалаң сөйлемдерді оқу.

      28-тақырып. Парақтан сауатты оқу білігін машықтандыру.

      126. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театр өнерінің мәнерлеу құралдарын біледі;

      2) қуыршақ театрындағы сахна тілінің кино, театр өнеріндегі сахна тілінен ерекшелігін біледі;

      3) артикуляциялық аппаратты, дауыс аппаратының анатомиялық құрылысын біледі;

      4) тыныс алу және дауыс аппаратының физиологиясы мен гигиенасын біледі;

      5) бұлшық еттердің тырысуын босатуға арналған жаттығуларды орындайды;

      6) ойын түріндегі тыныс алу жаттығуларын орындайды;

      7) дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыруға арналған жаттығуларды орындайды;

      8) қосымша тыныс алу дағдыларына ие болады;

      9) ортаңғы регистрде сөйлеу тынысын және дыбысты үйлестіруге арналған жаттығуларды орындайды;

      10) тіл аппаратының құрылысын және қызметін біледі;

      11) бұлшық ет тырысуларынан арылуға арналған жаттығулар орындау дағдыларына ие болады;

      12) тынысты дұрыс қолдануды, дауыстың еркін дыбысталуын, табиғи артикуляцияны бақылауды жүргізеді;

      13) арнайы іріктеліп алынған сөздердің үлгісінде орфоэпия ережелерін біледі;

      14) "сөйлеу тактісі", "логикалық үзілістер", "жаңа түсінікті ерекшелеу заңдылығы" түсініктерін біледі.

      127. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ортаңғы регистр шеңберінде тынысты, дауысты үйлестіруді дамыту, өткен материалдарды қолданып тренингтер жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады;

      2) дикциямен жұмыс істеу кезінде тынысты үнемі дұрыс қолдануға, дауыстың еркін дыбысталуына, табиғи артикуляцияға назар аударып отыру қажет, тыныс шығарудың баяулығын, түзулігін, ұзақтығын дамытуға арналған жаттығулардың саны артады, қарқынды ауыстыруды қолдана отырып, мәтін жолдары бойынша дауысты жоғарылату және түсіру дағдысы меңгеріледі;

      3) офроэпиялық ережелер келесі тәртіппен пысықталады: сөздерде, дикция, дауыс, логика бойынша жаттықтыру мәтіндерінде, мәтіндердің орфоэпиялық талдауы жүргізіледі, орфоэпиялық диктанттар, әрі қарай қателерді талдау жүргізіледі, өткен логикалық ережелерді бекіту бойынша практикалық және теориялық жұмыс жалғастырылады;

      4) парақтан оқу дағдысы дамытылады, мәтінді талдау барысында оның мазмұнындағы оқиға анықталады, табылған логикалық орталықтардың дұрыстығы тексеріледі, үзілістер қойылады, сонымен қатар қандай да бір тыныс белгісіне тән белгілі ырғаққа көңіл бөлінеді, тыңдарманмен жанды байланыс дағдысы қалыптастырылады;

      5) оқыған кітабынан немесе өзінің өмірінен алынған эпизодтарды ретімен және логикалық тұрғыдан дұрыс айту білігі жаттықтырылады, тіл және дауыс мәнерлігін тәрбиелейтін мәтіндермен (жатқа) жұмыс жалғастырылады.

      128. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы.

      2-тақырып. Күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тіл аппаратын жаттықтыру.

      3-тақырып. Жақтың төменгі бөлігіне, ерінге, тілге арналған жаттығулар. Дауыстылар мен дауыссыздардың артикуляциясын жаңылтпаштарда, өлең тілімен және прозада жаттықтыру.

      4-тақырып. Диафрагманы және қабырға аралық бұлшық еттерді нығайтуға арналған гимнастика. Резонаторларды сылау. Жеке және үйлестіре отырып, дауыстылар мен дауыссыздардың артикуляциясына арналған жаттығулар (қатаң, ұяң). Вибрациялық сынау.

      5-тақырып. Дауыстылар мен дауыссыздар орфоэпиясы. Сөздерді дұрыс айту. Мәтінді орфоэпиялық талдау негіздері. Орфоэпиялық бақылауды орындау. Әртүрлі дыбыстарды үйлестіру ережесі.

      6-тақырып. Сөздің соңында келетін ұяң дауыссыздарды айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      7-тақырып. "СЧ" және "ЗЧ" дауыссыздардың тіркестерін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық таңдау. Орфоэпиялық диктант.

      8-тақырып. Қатаң дауыссыздардың алдында келетін ұяң дауыссыздарды айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      9-тақырып. Ұяң дауыссыздардың алдындағы қатаң дауыссыздарды айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      10-тақырып. "СШ" және "ЗШ" дауыссыз тіркестерін айту. Мәтінді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      11-тақырып. Сөз алды қосымша мен түбірдің, көмекші сөз бен сөздің түйісуіндегі "СЖ" және "ЗЖ" дауыссыз тіркестерді айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      12-тақырып. Сөздің соңындағы "ЗЖ" және "ЖЖ" дауыссыздар тіркесін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      13-тақырып. "ТЧ" және "ДЦ" дауыссыздардың тіркестерін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      14-тақырып. "СТН", "ЗДН", "СТЛ" дауыссыздардың тіркестерін айту. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Орфоэпиялық диктант.

      15-тақырып. Сөйлеу дауысын дамыту. Жаңа терминдер мен түсініктер: дауыс күші, дауыс түрткісі, фокус, жаңғырту, диапозон. Тіл аппаратының негізгі қалпы. Фонацияның алғашқы дағдыларының негізі.

      16-тақырып. Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығулар. Бағыты (фокус), жаңғыруы, жоғарылығы (диапазон). Резонаторларды табу және қолдану бойынша жұмыс. "Жабық" дыбыс. Дыбысты "шығару". Фонацияның алғашқы дағдыларын қалыптастыру.

      17-тақырып. Орфоэпия. Тіл және оның қызметі. Тұрмыстық тіл. Әдеби тіл. Мәтіндерді орфоэпиялық талдау. Өнер шеберлерінің орындауындағы әдеби шығармалардың жазбаларын тыңдау. Жазбаларды талдау және талқылау. Тыныс және дауыс. Тынысқа арналған жаттығулар. Дауыс диапазонын кеңейту. Сөздегі логикалық екпіндер. Әдеби тілдің нормаларын бекіту.

      18-тақырып. Ортаңғы регистр төңірегіндегі тыныс пен дауысты үйлестіруді дамыту бойынша жұмыс. Дем шығарудың түзулігін, баяулығын, ұзақтығын дамытуға арналған жаттығулар. Дауысты көтеру және бәсеңдету дағдылары. Дауыстың мәнерлеу құралдары: ритмді ауыстыру, дыбысталудың жоғарылығы, дыбыс күші, қарқынды ауыстыру, динамика.

      19-тақырып. Дұрыс және жылдам тыныс алу дағдысын жаттықтыру. Серіктеспен дыбыстық тонды байланысты жаттықтыру. Қосымша демді дұрыс және жылдам алу дағдысын жаттықтыру.

      20-тақырып. Сын есімдердің логикалық екпіндері. Зат есімнің ілік септігіне жіктелуіндегі анықтауыштардың логикалық екпіндерін анықтау.

      21-тақырып. Жалпылауыш сөздері бар сөйлемдердегі логикалық екпіндер. Қайталанатын сөздерді логикалық екпінмен ерекшелеу заңдылықтары.

      22-тақырып. Кіріспе сөздер және кіріспе сөйлемдер. Қаратпа сөз. Сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орны және оны оқудың түрлері.

      23-тақырып. Мәнерлі тіл. Тіл өнері. Күнделікті өмірдегі тіл. Актердің шығармашылығындағы тіл. Оқу техникасы.

      24-тақырып. Мәтіндерді іріктеу. Мәтінді дикциялық және орфоэпиялық талдау. Дауыс аппаратын жаттықтыру.

      25-тақырып. Өлеңдерді оқудың ерекшеліктері. Ұйқассыз өлеңдерді айту стилі. Автордың стилі. Ауызша тілдің заңдылықтары. Өлеңдердің құрылымы.

      26-тақырып. Театрландырылған ойындар. Артикуляциялық ширату.

      27-тақырып. Дикция. Дыбыстар қатарына арналған жаттығулар. Тыныс және дауыс. Жеке кемшіліктерді анықтау. Күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тіл аппаратын жаттықтыру.

      28-тақырып. Мақалдар. Мәтелдер. Жұмбақтар. Дикциямен жұмыс.

      29-тақырып. Кәсіптермен танысу. Сценарий жазушы, режиссер, мүсінші, музыкалық редактор. Актер-қуыршақ жүргізуші.

      30-тақырып. Театрландырылған ойындарды көрсету.

      129. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) орфоэпия ережелерін біледі және оларды өз бетінше мәтінмен жұмыс істеу кезінде қолданады;

      2) сөзді логикалық құру заңдылықтарын біледі;

      3) дыбыстың тыныс алу тірегін қоюды және ұстап тұруды біледі;

      4) этюдтермен ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыруды біледі;

      5) этюдтегі пластикалық бейнені жасауды және іске асыруды біледі;

      6) тіл-дауыс аппаратын дамытуға арналған тренингтер бойынша негізгі материалды біледі;

      7) дауыс күші, сөздің қарқыны-ритмі, дауыс әуезділігінің эмоциялық қызметі түсініктерін біледі;

      8) сергіту және дайындық кезінде тренинг дағдыларын қолданады;

      9) қарқын-ритмнің ерекшеліктерінде және берілген шығармалардың өлең құрылымдарында бағдарлануды біледі;

      10) тиісті мәнерде және тиісті эмоциялық күйде өлең түріндегі және прозалық мәтіндерді оқи алады.

      130. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тыныс шыдамдылығын арттыру, дауыс диапазонын ортаңғы регистр шеңберінде кеңейту, оның икемділігін дамыту жұмыстары жалғастырылады;

      2) дыбыс күшін дамытуға арналған жаттығулар меңгеріледі, өткен материалдарды жүйелі қайталау жалғастырылады, жаттығулардың саны кеңейтіледі;

      3) парақтан сауатты оқу дағдыландырылады, білім алушының өз бетінше дайындаған мәтіндері оқылады және талданады;

      4) қосымша тынысты дұрыс және жылдам алу дағдысы белсенді жаттықтырылады, жаттығуларда ойын элементтері қолданылады, тілдегі жеке кемшіліктерді жою бойынша сабақтар жалғастырылады, күрделендірілген дикциялық тіркестер мен мәтіндер мысалында тіл аппараты жаттықтырылады;

      5) жаттықтыру мәтіндері көлемі жағынан ұлғайтылады, білім алушы таза және анық сөйлеуді мақал, жаңылтпаш және баяу, орташа, жылдам қарқында айтылуы күрделі арнайы іріктелініп алынған мәтіндерде жаттықтырады, дикциямен жұмыс орфоэпия, тыныс және дауыс, логикалық ережелерді білумен қатар үйлестіріледі;

      6) әдеби материалмен практикалық жұмыста автордың стиліндегі ерекшеліктері, үзіндінің басты мағынасы жеткізу білігі, оқиғаларды логикамен бағалау, әрекеттерді тізбекке ретімен бөлу меңгеріледі, 10-15 жаңылтпаш, 8-10 өлең түріндегі және прозалық шығармалар меңгеріледі.

      131. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Тіл техникасы. "Сахна тілінің техникасы" түсінігі.

      3-тақырып. Дауыс-тіл аппаратының анатомиясы және физиологиясы. Дауыстың қасиеттері. Тілді есту қабілеті.

      4-тақырып. Тыныс және дауыс. Дауыстың шыдамдылығын арттыру. Ортаңғы регистр шеңберінде дауыс диапазонын кеңейту. Оның иілгіштігін дамыту. Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Дыбыс тірегі. Регистрлер. Дауысты жүргізу.

      6-тақырып. Дикция. Дұрыс, таза және анық сөйлеу дағдылары. Әртүрлі сөйлеу қарқынын қолдануға арналған жаттығулар мен мәтіндер.

      7-тақырып. Дыбыстар артикуляциясы. Сөздегі екпін. Тіректі белсендіру. Сөйлеу дауысының диапазоны. Дауыс-тіл тренингі.

      8-тақырып. Сөзбен әрекет етудегі сөйлеу логикасы. Сөзбен әрекет ету –психологиялық әсер етудің бір түрі. Қуыршақтар театрындағы сахна тілі.

      9-тақырып. Логикалық үзілістер. Сөйлеу тактілері. Тыныс белгілеріне екпін түсіру. Тыныс белгілеріндегі логикалық үзілістерді жою. Логикалық екпіндер. Жай сөйлемдер техникасының ережелері.

      10-тақырып. Мәнерлеп оқу. Ырғақ. Үзіліс. Қарқын. Ритм. Тіл әуезділігі. Дауыс тембрі. Диапазон. Тембр ауыстыру өнері.

      11-тақырып. Дауыстың мәнерлеу құралдары. Ритмді алмастыру. Дыбысталудың жоғарылығы. Дыбыс күші.

      12-тақырып. Қарқын. Динамика. Мәтіндерді логикалық талдау. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқудың ерекшеліктері.

      13-тақырып. Орфоэпия. Әдеби мәтіндерді талдау. Сахнада тұрып оқу. Заманауи әдеби тіл нормаларының тұрмыстық тілде сақталуы.

      14-тақырып. Көркем прозамен жұмыс. Күрделі сөйлемдерді оқу ережелері. Әңгімелеу. Идея. Желісі. Құрылымы.

      15-тақырып. Есте сақтау бойынша әңгімелеу. Өнер туындысын әңгімелеу-түсіндіру. Тамаша адамдардың өмірінен алынған әңгіме. Көркем шығарманы қайта айтып беру. Ойдан шығарылған әңгіме.

      16-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Сахна тілімен жұмыс. Оқу спектаклін дайындау. Эмоциялылық. Бейнелілік.

      17-тақырып. Өлең түріндегі шығармамен жұмыстың ерекшеліктері. Шығарманы таңдау.

      18-тақырып. Жұмыс кезеңдері: шығарманы таңдау, өлеңді оқу, мәтінді түсіну бойынша жұмыс, тілдің грамматикалық құрылымымен жұмыс.

      19-тақырып. Бұқаралық өнер көрсетудің алдында және одан кейінгі релаксация және аутотренинг. Бұлшық ет тырысуларын босатуға арналған жаттығулар. Артикуляциялық гимнастика элементтері.

      20-тақырып. Сахналық көрсетілімдерге дайындық.

      132. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тілдің логикалық құрылымының заңдылықтарын, оларды рөлмен жұмыс істеу кезінде практикада қолдануды біледі;

      2) өз бетімен жүргізілетін жинақталу және босаңсу дағдысын біледі;

      3) сахна тілі сабақтарында рөлмен өз бетінше жұмыс істеу кезінде алған білім, білік және дағдыларын қолданады;

      4) актерлік бейненің түрлену тәсілдерін біледі;

      5) бұлшық ет тырысуларынан арылу және релаксация тәсілдерін біледі;

      6) театр өнерінің негізгі мәнерлеу құралдарын біледі;

      7) дауыс-тіл аппаратын дамытуға арналған жаттығулардың негізгі кешенін біледі;

      8) қарқын-ритм, дауыс күші, тембрлеу өнері түсініктерін біледі;

      9) дауыс дикциясын, әуезділігін және тембрлеуді біледі;

      10) алған білімдерін монолог оқу кезінде қолданады;

      11) тыныс алу және артикуляциялық гимнастиканың негізгі элементтерін меңгеру бойынша тренингтер жүргізеді.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      133. Білім алушылардың "Грим" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      134. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (реферат), екінші жартыжылдықта: сынақ ( "Ертегі гримі" жобасы);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (реферат), екінші жартыжылдықта: сынақ ("Ертегідегі аңдардың гримі" жобасы).

      135. Театрлық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен, сынақтарда алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескереді:

      1) гримнің негізгі элементтерін білуі;

      2) гримнің негізгі мәнерлеу құралдарын білуі;

      3) гриммен жұмыстың негізгі кезеңдерін білуі;

      4) гримнің пайда болу тарихын білуі;

      5) гримді жағудың ретін білуі;

      6) көркемдік бейнені тұтас көру дағдысын білуі.

      136. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – пәнге деген қызығушылық, берілген сұрақтарға сауатты жауап беру, теориялық білімінің тереңдігі, гриммен жоғары деңгейде жұмыс істеу білігі, эскизбен дұрыс жұмыс істеуі, гримдеу техникасының қатесіз ретпен орындалуы, гримдеудің негізгі элементтері туралы түсініктерін еркін меңгеруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – эскизбен жұмыс істеу кезіндегі кейбір кемшіліктері, гримді жағу кезіндегі гигиена сұрақтары бойынша жұмыста, гримдеу техникасын жүргізудегі аздаған қателер, грим курсы бойынша сұрақтарға жауаптардағы біршама кемшіліктердің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – теориялық дайындығының төмендігі, меңгерілген элементтерінің жартысын ғана қолдануы, бастамашылдығының болмауы, гримді ретсіз жағуы, берілген бейнені елестетудегі кемшіліктерінің болуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – теориялық және практикалық дайындығының болмауы, көркемдік бейнені тұтасымен елестету және гримді тиісті ретімен жағу қабілетінің дамымауы, берілген бейне туралы эмоциялық әсерін жеткізе алмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      137. Білім алушылардың "Қуыршақ жасау" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      138. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (қуыршақтың нобайын жасау);

      2) 2 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (өзінің жеке нобайы бойынша қуыршақ дайындау);

      3) 3 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (ұсынылған нобайлар бойынша қуыршақты жасау).

      137. Театрлық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерімінен тұрады.

      139. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескеріледі:

      1) қуыршақтардың негізгі түрлерін, қуыршақтардың пайда болу тарихын білуі;

      2) кеңістіктік формаларды және адам фигурасын әзірлеудің негізгі тәсілдерін білуі;

      3) көркемдік стильдерді ажырата білуі;

      4) бағдарламада меңгерілген қуыршақтардың түрлерін және олардың аксессуарларын өз бетінше жасау алу білігі;

      5) алған білімдерін практикада қолдану білігі.

      140. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – білім алушы меңгеретін қызметке деген анық көрінетін қабілетін білдіреді, қуыршақ жасаудың барлық технологиялық тәсілдерін сауатты қолданады, материалдарды және оларды өңдеу тәсілдерін ажырату;

      2) "4" "жақсы" бағасы – білім алушы қуыршақты әзірлеу және сәндеудің кейбір амалдары мен тәсілдерін біледі, композицияда және түстік шешіммен жұмыста сәл қателер жіберу;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қуыршақ жасауда тек кейбір технологиялық тәсілдерді қолданады, педагогтің көмегімен қуыршақты жасайды;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарлама талаптарын орындамау;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      141. Білім алушылардың "Бутафория жасау" бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ түрінде іске асырылады.

      142. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (теориялық аспектілер, қауіпсіздік техникасы ережелері, әртүрлі көркемдік және текстильді материалдармен жұмыстың ерекшеліктерін білуі);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (бутафория заттарының нобайын жасау).

      143. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі өлшемдерді ескереді:

      1) театрлық-декорациялық өнердің мәнін білуі;

      2) кескіндеме, графика, композицияның бейнелеу тілінің ерекшеліктерін білуі;

      3) декорация, бутафория әзірлеудің кейбір тәсілдерін, амалдарын білуі;

      3) нобайды құру жұмысы кезінде және бутафорлық нысанның түстік шешімі кезінде композициялық құралдардың әртүрлі құралдарын қолдануы;

      4) нобайды жасау және бутафориялық элементтерді безендіруде әртүрлі графикалық тәсілдерді қолдана білуі;

      5) бутафорлық нысандарда әртүрлі фактуралар жасаудың ерекшеліктерін білуі.

      144. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – білім алушы бағдарламаның толық көлемінде пәнді біледі, сұрақтарға өз бетінше, логикалық ретпен жауап береді, оқыған материалды талдайды, салыстырады, жалпылайды, нақтылайды және жүйеге келтіре алады, ондағы маңыздыларды анықтайды, жауаптарын нақты құрады, пәннің теориялық аспектілерін практика жүзінде қолдану міндеттерімен байланыстыра алады;

      2) "4" "жақсы" бағасы – білім алушы бағдарламаның толық көлемінде пәнді біледі, алайда кейбір бөлімдерінде кемшіліктері бар, сұрақтарға жетекші сұрақтар қою кезінде өз бетінше және жартылай жауап береді, мейлінше маңызды нәрселерді анықтай білмейді, алайда жауаптарында үлкен қате жібермейді, теорияны практикамен байланыстыра алады;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – тапсырмаларды орындау кезінде талаптарға сәйкес келмейтін тұстарының болуы; көркемдік сауаттылық деңгейі негізінен оқыту кезеңіне сәйкес келуі, оқу міндеттері негізінен орындалған (немесе толық орындалмаған);

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – талаптарға толығымен сәйкес келмеуі, сауаттылық деңгейі оқыту кезеңіне сәйкес келмеуі, оқу міндеттерінің орындалмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      145. Білім алушылардың "Көркем сөз негіздері" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      146. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаттығулар кешені), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаттығулар кешені);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (жаңылтпаштарды жатқа айту), екінші жартыжылдықта: сынақ (өлең мәтінін жатқа айту);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (өлең мәтінін жатқа айту), екінші жартыжылдықта: сынақ (өлең, прозалық мәтінді жатқа айту).

      147. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог білім алушының дауыс аппаратын тиісті деңгейде көрсетуі, шығарманың көркемдік бейнесін толық және нақты ашуы сияқты өлшемдерді ескереді.

      148. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – дикциялық мәдениетті, орфоэпиялық заңдылықтарды, тіл қисынын сақтауы; бағдарламаны игеруінің кезеңдеріне сәйкес әртүрлі жанрдағы шығармаларды мәнерлеп, ырғағы мол, нақты, эмоциямен оқуы, автордың алға қойған міндеттерін, мәнмәтінді жеткізуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – техника элементтерін, тіл қисынын жартылай сақтауы, біраз қысылып орындауы, автор ойының қисынымен, ырғақтық мәнерлеу элементтерімен жеткізуі; әрі қарай даму мүмкіндігін көрсетуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – білім алушының тіл техникасының элементтерін, сөзбен әрекет етуді нашар меңгеруі, өзімен жұмыс істеуі жеткіліксіз, сахна міндеттерін орындамауы, назар аудару нысандарын қолдана алмайды, әсерсіз сөйлейді;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – техника, орфоэпия, қисынды талдау, тіл мәдениеті және дыбысталған сөз өнері бойынша қойылған міндеттерді орындай алмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
78-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Қол пластикасы" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Қол пластикасы" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қол пластикасы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актерлік шеберлік – тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, тұлғаның әлеуетін, тұлғаның эмоциялығы мен әсерлігін ашу жолы;

      2) әртістік техника – әртістің психикалық және физикалық табиғатын жетілдіруді дамытуға бағытталған техника;

      3) бейне – шынайылықты сезімдік-нақты формадағы жалпы түсінігі;

      4) көлеңке театры – үлкен жартылай күңгірт экран және жұқа таяқшалармен басқарылатын түрлі-түсті жалпақ марионеткалар қолданылатын визуалды өнердің түрі;

      5) қуыршақ-актерлер – спектакльдерде, эстрадалық миниатюраларда, фильмдерде, телебағдарламаларда және осыған ұқсас өнер туындыларында белсенді немесе пассивті әрекет ететін кейіпкерлердің сыртқы бейнесін бейнелеу және белгілеуге арналған жеке құрал түрі;

      6) марионетка – қуыршақ жүргізуші жіптердің немесе металл шыбықтың көмегі арқылы қозғалысқа келтіріп басқарылатын театр қуыршақтарының бір түрі;

      7) мимика – ишарат, дене тұрысы және беттің әртүрлі кейпі арқылы ойды және сезімді бейнелеу өнері;

      8) ойын – театр өнерінің басты элементі; спектакльдің, қойылымның ұсынылатын жағдайларындағы актердің күйі;

      9) планшетті қуыршақ – бұл еденде, паркетте, "планшет" деп аталатын сахна төсенішінде "жүре алатын" театр қуыршағы;

      10) сахна қозғалысы – актердің сыртқы техникасының маңызды құрамдасы;

      11) сахна өнеріндегі пластика – қимылдар мен ишараттардың жалпы гармониясы, үйлесімділігі;

      12) қуыршақ театры – қуыршақ жүргізуші актерлер басқаратын қуыршақтардың қатысуымен қойылатын театр көрінісінің түрі.

      3. Бағдарламаның мақсаты: тұлғаның театрлық және пластикалық мәдениетін дамыту.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) қолды басқаруды үйрету, білім алушының пластикалық мәдениетін арттыру;

      2) театр өнері саласындағы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

      3) реакцияны, қимылды үйлестіруді, дене тілі арқылы кейіпкердің ішкі әлемі мен қобалжуын жеткізу қабілеттерін дағдыландыру;

      4) психофизикалық тренинг негіздерін үйрету;

      5) қимылды біртұтас процесс ретінде дамыту, ишараттың бейнелі, пластикалық, нақты фразасын құру білігі.

      Дамыту:

      1) жалпы қимыл дағдыларын пысықтау: қимылдың нақтылығы және анықтылығы, бұлшық ет күшін дұрыс бөлу, ырғақтылық және әуезділік;

      2) өзінің идеяларын пластикалық бейнелерде және пластикалық суырып салуда іске асыру дағдыларын қалыптастыру;

      3) білім алушының бұлшық ет-қимыл аппаратының қозғалғыштығын, қимылдарды үйлестіруін, физикалық аппаратының иілгіштігін, ептілігін, күшін және шыдамдылығын дамыту;

      4) қолдың ептілігі мен мәнерлігін дамыту;

      5) байқампаздықты, есте сақтау жадын, зейінді, елестетуді, қиялды, тапқырлықты, реакцияның жылдамдығын, актерлік жаттығулар арқылы ойындық және суырып салу қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік талғамды және қисынды ойлау білігін тәрбиелеу;

      2) ой-өрісі кең, рухани әлемі бай, театр өнеріне араластыру арқылы әлеуметтік бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

      5. Бағдарламаны игеру мерзімі – алты жыл. Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады және қуыршақ театры бөлімдерінің білім алушыларына арналады.

      Педагогтің білім алушылармен жеке жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      6. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптағы білім алушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдап алады.

      7. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      10. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Бағдарлама оқыту мазмұнын оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, театр өнерінде араласу формаларымен байланыста іске асыруға мүмкіндік береді.

      11. Бағдарлама дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуге, білім алушылардың сахналық қимылдардың объективті заңдылықтары саласында қажетті білімді және оларды қолдану білігіне алуға бағдарланған.

      12. Педагог оқу міндеттерін қоюда икемділік есебінен әрбір білім алушыға жеке тәсілмен келуді, әр баланы оқыту стартегиясын қалыптастыру мүмкіндігіне жағдай жасайды.

      13. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы сатылылық;

      2) сахна қозғалысының дағдыларын меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаты.

      14. Бағдарлама білім алушылардың қуыршақтармен жұмыс істеу процесінде әрі қарай күрделілік деңгейі әртүрлі міндеттері өз бетінше орындауға көмектесетін театр өнері саласындағы негізгі білімді, қол ептілігі дағдысын меңгеруге жағдай жасайды.

      15. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) қимыл техникасын бастан кешіру психологиясымен үйлестірудің қажетті дағдылары мен қабілеттерін меңгеру;

      2) пластикалық мәнерлікті және суырып салу дағдыларын қалыптастыру;

      3) мимика, пантомима, ишарат тілінің дағдыларын меңгеру;

      4) қиялдау, ойдан шығару, пластикалық көркем бейнені іске асыру білігін дамыту;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет дағдысын алуы.

      16. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      17. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәні шеңберінде негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      18. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен театр режиссерлерінің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      19. "Қол пластикасы" пәніне жеке оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлі болуына жағдай жасайды.

      20. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша – түсіндіру, әңгімелеу, диалог;

      2) көрнекілік – педагогтің репродукцияны, фильмді, декорациялар мен киімдердің нобайын көрсетуі, бейне, фото материалдарды қарау, жеке сабақтар;

      3) практикалық – қайталанатын және шығармашылық жаттығулар, спектакльдерді қою, этюдтер, репетициялар;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркемдік әсерді құру.

      21. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, көркемдік қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      22. Сабақ формалары:

      1) актерлік тренинг;

      2) театрлық ойындар мен жаттығулар;

      3) дамыту ойындары мен жаттығулары;

      4) қуыршақтармен және қуыршақтарсыз орындалатын жағдаяттық ойындар мен этюдтер;

      5) әңгімелер;

      6) экскурсиялар;

      7) кәсіби және қолдан жасалған драмалық және қуыршақ спектакльдерін қарау және талдау;

      8) спектакльдерді қою;

      9) концерттік қызмет.

      23. Бағдарламаны іске асыру кезінде педагог заманауи өнер мектебінде интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      24. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімі педагогтің қажетті теориялық түсініктерді түсіндіруін, үйретілетін жаттығулардың элементтерін, сахналық қойылымдарды көрсетуін, бейне материалдарды қарауды қамтиды.

      25. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың шеберлік сыныптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға дайындық;

      4) театр көрсетілімдеріне дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      26. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушы қызметінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      27. "Оқу процесін оқу-тақырыптық қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі.

      28. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      29. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының шығармашылық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      30. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      31. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық тенденцияларды, қазақ, орыс және шетел әдебиетін тарту арқылы театр репертуарын жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      32. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының шығармашылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, театр репертуарының дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      33. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген репертуарлық тізбеге өзгерістер енгізеді, жылдың соңында шығармашылық дамуына, жетістіктеріне және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      34. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) актерлік қабілетінің деңгейі;

      2) жалпы дамуы, эмоциялығы, қиялы, креативті ойлауы, зейінінің дамығандығы;

      3) сабаққа көзқарасы;

      4) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      5) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      6) көркемдік бейнені іске асыру білігі;

      7) шығарманы меңгеру жылдамдығы;

      8) жылдың соңындағы жетістіктері;

      9) білім алушының шығармашылық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      35. Педагог оқытудың алғашқы кезеңінде қимылдардың қысылуымен, бұлшық еттердің тырысуымен жұмыс істейді. Педагог білім алушылармен жұмыс істеу кезінде икемділік танытады, қызметтің түрін ауыстырады, бірақ оқытудың нақты кезеңіне арналған міндеттерден ауытқымайды.

      36. Қол ептілігі бойынша педагогтің міндеті білім алушыларға өз қолдарын және қимылдарын сезінуду үйрету, психофизикалық қаситеттерін дамыту болып табылады.

      37. Педагог актерлік өнердің мәнерлеу құралы – әрекетті қолданады, бұл психикалық және физикалық тығыз байланыста болатын психофизикалық процесс.

      38. Педагог дайындық жаттығуларына ерекше назар аударады. Әр сабақта өткен материалдар қайталанады және бекітіледі. Қимылдарды нақты орындауды талап ету міндеттерді орындау мақсатын түсіндірумен қатар беріледі. Педагог ұсынатын оқу сызбалары нақты және мағынасын түсініп орындалады.

      39. Алғашқы сабақтардан бастап, педагог тапсырмаларды орындаудың нақтылығын талап етеді, материалды үстіртін меңгеруге жол бермейді, білім алушы орындайтын жаттығудың әрбір элементі шығармашылық сипатқа ие болады.

      40. Бағдарламада театрландырылған қызметке, балалар театрының барлық түрлеріне ерекше назар аударылады, олар заманауи әлемде өз мінез-құлқының дұрыс моделін қалыптастыруға, баланың жалпы мәдениетін көтеруге, оны балалар әдебиетімен, музыкамен, бейнелеу өнерімен, этикет ережелерімен, әдет-ғұрыптармен, дәстүрлермен таныстыруға көмектеседі.

      41. Басты міндеттердің бірі білім алушының қиялын анықтау және дамыту болып табылады. Педагог тәрбиеленушіге пластикалық суретті орындауды және ол бойынша пластикалық бейнені құру білігіне үйретеді.

      42. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      43. Жеке үй тапсырмасы бірнеше кезеңде жүргізіледі, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Өзіндік сабақтар балалардың денсаулық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүргізіледі.

      44. Өз бетінше жүргізілетін жұмыс түрлері:

      1) саусақ гимнастикасы;

      2) артикуляциялық гимнастика;

      3) қуыршақ жүргізу бойынша жаттығулар.

      45. Білім алушының өз бетінше жүргізетін жұмыстарына жеке тренингтерді құру, саусақ гимнастикасы элементтерін пысықтау, қуыршақтармен жұмыс істеу, педагогтің ұсынымы бойынша бейне жазбаларды қарау (әртүрлі спектакльдердің жазбалары) кіреді.

      46. Қол гимнастикасының жаттығулары бірінші меңгеріледі. Педагог біртіндеп жаттығулардың санын және күрделілігін арттырады. Музыкалық сүйемелдеу жаттығуды толығымен игергеннен кейін және суырып салу этюдтерін қою кезінде қолданылады.

      47. "Қол пластикасы" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сахна тілі", "Қуыршақ жүргізу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      48. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) пәнмен, мақсаты және міндеттерімен танысу, қауіпсіздік техникасы ережелерін меңгеру;

      2) саусақ гимнастикасымен, балаларды дамытудағы оның мәнімен, саусақ гимнастикасын жүргізу ережелерімен танысу, шығармашылық ұжымда, қуыршақ театрында жүріс-тұрыстың және араласудың жалпы мәдениетін тәрбиелеу;

      3) саусақ ойындарын, саусақтардың және қол буындарының иілгіштігі мен ептілігін дамытуға арналған жаттығулар кешенін, артық бұлшық ет тырысуларын босатуға арналған жаттығуларды меңгеру, жеке кемшіліктерді анықтау, түзеуге келетін кемшіліктерді түзету жоспарын әзірлеу, өз қолының мүмкіндіктерін бағалауды және жүктемені бөлу кезіндегі өзінің жеке ерекшеліктерін ескеруді үйрету.

      49. Даярлық сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Пәнмен, мақсаты және міндеттерімен танысу. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сыныпта өзін ұстау ережелері. Қуыршақ театрында жүріс-тұрыс ережелері.

      Практика. Танысуға арналған ойындар. Есту зейінін дамытуға арналған ойындар. Көркемдік тәртібі және этикасы. Сыпайы әрекеттер.

      2-тақырып. Қол анатомиясы. Көрнекі материалдарды көрсету. Адам қолының құрылымы. Иық белдеуінің құрылысы. Иықтың құрылысы. Білек. Алақан сүйегі. Сусақтар.

      3-тақырып. Тірек-қимыл аппаратының элементтері. Дәнекер тін. Сіңірлердің түрлері. Қолдың бұлшық еттері: беткі, төменгі. Қолдың негізгі бұлшық еттері. Қолдың функционалдық рөлі. Саусақ және қол буындарының гимнастикасы.

      4-тақырып. Дайындық тренингі. Білім алушының сүйек-бұлшық ет аппаратын дайындау және сабақта белсенді жұмыс істеуге дайындық деңгейін анықтау. Дененің әртүрлі бұлшық ет топтарын тырыстыру мен босатуды алмастыру дағдыларын меңгеру.

      Практика. Кеңістіктікте бағдарлану білігіне арналған ойындар. Бұлшық ет тырысуларын және босатуды басқару білігін дамытуға арналған ойындар.

      5-тақырып. Бұлшық ет тырысуларын босатуға арналған жаттығулар. Қауіпсіздік техникасы. Әр білім алушының жеке мәселелерін анықтау. Түзетуге келетін кемшіліктерді түзету жоспарын әзірлеу.

      6-тақырып. Саусақтарды қыздыруға арналған сылау. Қол саусақтарын босату. Қолдың білезігін босату. Білекті босату. Иықты босату. Саусақ, білезік, білектегі бұлшық ет тырысуларын босату. Көңілді шығармашылық атмосферасын, жаттығуларға деген қызығушылықты туғызу.

      7-тақырып. Пластикалық тренинг. Өз денесінің пластикасын дамыту. Өз денесін еркін басқару дағдысын меңгеру. Сахна алаңында ұйымдасқан түрде бөлу білігін дамыту. Жалпы ширату.

      Практика. Тырыстыруға және босатуға арналған жаттығулар. Қолдардың қозғалғыштығын және мәнерлігіне арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Қолдардың бұлшық сүйектерінің жұмысына бағытталған әртүрлі бағыттардағы жаттығулар кешені. Саусақтарды дененің бойымен немесе үстелдің бойымен қозғалтуға бағытталған жаттығулар. Екі қолдың саусақтары мен буын қозғалыстарын үйлестіру арқылы жануарлар мен заттардың шағын мүсіндерін құру.

      9-тақырып. Саусақ гимнастикасы. Саусақ гимнастикасымен танысу. Саусақ гимнастикасының мәні. Саусақ ойындары. Қысу. Созу. Босату. Ойлау процесін ынталандыру. Бұлшық ет және сүйек тіндерін бекіту. Саусақ гимнастикасының жаттығулары. Саусақ аралық жарғақтарын созу. Буындарды жаттықтыру. Саусақтарды бүгу. Саусақтардың жеке жұмыс істеуі. Саусақтардың жұппен жұмыс істеуі.

      Практика. Саусақ ойындары. Саусақ гимнастикасын жүргізу ережелері. Жаттығуларды орындау техникасын көрсету. Жаттығуларды орындау қарқыны. Қимылды сөзбен біріктіру.

      10-тақырып. Қолғапты театр (бас бармақ қатыспайды). Қолғаптарды қолданып қуыршақ театрын ойнау. Қуыршақтардың қимылына зейінді шоғырландыру. Кейіпкерлерді ілікпе сөзбен сүйемелдеу. Қолғапты қуыршақтарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Координацияға және зейінге арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Қол буындарын жаттықтыру. Қолдардың ұсақ моторикасын дамыту. Қол буындарының бұлшық еттерін қатайту. Қол буындарының қимылын үйлетіруді дамыту. Үлкен ми сыңары аралығындағы өзара әрекеттерді дамыту. Қол ептілігін дамыту. Буын гимнастикасына арналған жаттығулар.

      Практика. Қол ептілігіне арналған жаттығулар. Қол буындарына арналған жаттығулар.

      12-тақырып. Дайындық тренингі. Қолдың саусақтарын ашу. Бірнеше тапсырмаларды орындау: амандасу, иілу, айналу, жүгіру. Саусақ театры. Ұсақ моториканы дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын үйлестіруге арналған жаттығулар.

      13-тақырып. Қол саусақтарын босату. Жаттығуларды орындау техникасы. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Бастапқы қалпына келу.

      14-тақырып. Қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар кешені. Қолдың толығымен жұмыс істейтін қарапайым жаттығуларды орындау. Жаттығулардың негізі – бейне немесе шағын әңгіме. Зейінді бір әрекетке шоғырландыру. Зейінді бірнеше әрекетке шоғырландыру.

      15-тақырып. Қиялды, елестетуді дамытуға арналған тапсырмалар. Білім алушының шығармашылық даралығын еркін көрсете білу қабілетін қалыптастыру. Ерекше суырып салып ойлауды қалыптастыру. Мәнерлі қимылдар арқылы бейнелерді жасау.

      Практика. "Қуыршақ туралы әңгімеле" ойыны.

      50. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қауіпсіздік техникасын біледі;

      2) театрдың қысқаша тарихын біледі;

      3) шығармашылық ұжымда, қуыршақ театрында жүріс-тұрыс ережелерін біледі;

      4) қуыршақ театры, қуыршақтардың түрлері туралы қарапайым мәліметтерді біледі;

      5) саусақтарға арналған гимнастиканы біледі және орындайды;

      6) қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды орындайды.

      51. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) екі қолдың мәнерлігін, ептілігін дамыту, бұлшық еттерді босату, тырысуларды босату, оларды тонусқа келтіру бойынша жұмыс, қуыршақ жүргізу бойынша қарапайым элементтермен танысу, меңгерілген жаттығуларды этюдтерге біріктіру;

      2) қолғапты қуыршақтармен ойнаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ұжымда өзін ұстау және араласудың жалпы мәдениетін әрі қарай тәрбиелеу, пластикалық тренинг арқылы дененің физикалық мүмкіндіктерін дамыту, әртүрлі жаттығуларды меңгеру арқылы шығармашылық қиялды дамыту;

      3) қол ептілігін дамытуға бағытталған жаттығуларды әрі қарай меңгеру, жаттығуларды орындаудың түрлі техникасын меңгеру, этюдтермен жұмыс, суырып салуға арналған түрлі жағдаяттарды құру;

      4) қуыршақ жүргізудің басты ережелерін меңгеру, ширмамен жұмыс.

      52. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Оқу жылына арналған мақсат пен міндеттерді анықтау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Сабақ кезінде өзін ұстау ережелері.

      2-тақырып. Дайындық тренингі. Білім алушылардың сүйек-бұлшық ет аппаратын дайындау. Дененің әртүрлі бұлшық ет топтарын кезегімен тырыстыру және босату дағдыларын дамыту.

      Практика. Бұлшық еттерді тырыстыру және босатуды басқару білігін дамытуға арналған ойындар.

      3-тақырып. Пластикалық тренинг. Тұтас дененің пластикасын дамытуға арналған жаттығулар. Өз денесін еркін басқару дағдыларын дамыту. Жалпы ширату.

      Практика. Тырыстыруға және босатуға арналған жаттығулар. Қолдардың қозғалғыштығына және мәнерлігіне арналған жаттығулар. Қолғалғыштыққа және ептілікке арналған жаттығулар. Күрделі қимыл және әрекет міндеттерін шешу кешінде әртүрлі физикалық және психофизикалық қасиеттерді кіріктіру дағдысын дамыту. Дене және қол ептілігі.

      4-тақырып. Қолдардың ептілігін және мәнерлігін дамыту. Қолға арналған гимнастиканың мәні. Қолға арналған гимнастиканы орындау кезіндегі негізгі ережелер. Қолдың саусақтарын босату. Қолдың білезіктерін босату. Қолдың білегін босату. Иықтарды босату. Саусақ, білезік, білектердегі бұлшық ет тырысуларын босатуға арналған жаттығулар. Қолдың саусақтарына арналған жаттығулар.

      Практика. "Циркуль" жаттығуы. Орындау техникасы. Орындау тәртібі. Әртүрлі саусақпен түрлі жазықтықтарда шеңберді бейнелеу. Қол саусақтарының пластикасы.

      5-тақырып. Арнайы тренинг. Үздіксіз қозғалу, форма, ишарат, кеңістік сезімін дамыту. Қимылдың түрлерін және сипаттарын меңгеру. Арнайы тренингтің жаттығулары. Денені толық қыздыруға арналған жаттығулар.

      Практика. Қолдың саусақтарына арналған жаттығулар. "Г әрпі" жаттығуы. Орындау техникасы. Саусақтарды түзеу. Саусақтардың алғашқы екі қатарын кезегімен бүгу және ашу.

      6-тақырып. Қол ептілігі. Қолдың саусақтарын жаттықтыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Бұлшық еттерді қатайту. Қолдың саусақтарының қимылын үйлестіруді және ептілігін дамыту. Саусақтарды қыздыруға арналған сылау. Саусақ гимнастикасының жаттығулары.

      7-тақырып. Тырыстыруға және босатуға арналған жаттығулар. Вербалды емес белгілер. Дененің және аяқ ұштарының ерікті және еріксіз қимылдары. Пантомима ойнау.

      Қолдың саусақтарына арналған жаттығулар. "Желпуіш". "Серіппе". Орындау техникасы. Жүргізу тәртібі.

      8-тақырып. Қолдың білезіктерін жаттықтыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Қол білезігінің бұлшық еттерін қатайту. Қол білезігінің қимыл координациясын дамыту. Қол ептілігін дамыту.

      Практика. Білезік гимнастикасының жаттығулары. Білезікті ширату. Білезіктің толқын тәрізді жұмысы. Білезіктің иілгіштігін жаттықтыру. Қол ептілігіне арналған жаттығулар. Қол білезігіне арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Иық белдеуінің бұлшық еттерін босатуға және қолдың бұлшық еттерін бекітуге ықпал ететін физикалық жаттығуларды орындау. Қолды тұтасымен дамыту – қуыршақ жүргізу жұмысының шарты. Қолдың, сондай-ақ дененің бұлшық еттерінің артық тырысуын босату. Қиын жаттығуларды денені босаңсытуға арналған жаттығулармен ауыстыру.

      10-тақырып. Қолғапты қуыршақ. Пульчинелланың тарихы. Қиялды дамытуға арналған жаттығулар. Заттарды тірілту. Қуыршақпен қарапайым іс-әрекеттерді орындауды үйрету. Жаттығулар мен этюдтер: "Қуыршақ тіріледі", "Қуыршақ амандасады", "Қуыршақ билейді".

      11-тақырып. Ширманың сыртында жұмыс істеуді үйрету. Сахна кеңістігін құру. Ширманың сыртында бағдарлану білігі. Негізгі әрекет ету орнын және оның шекараларын, жақтарын, ортасын анықтау білігі.

      Практика. Ширманың үстінде жұмыс істеуге үйрету. Қолғапты қуыршақпен ширманың үстінде жұмыс істеу. Созылыңқы қолмен, баяу, секірмей қуыршақты ширманың үстінен жүргізу. Ширмада пьесаның барлық кейіпкерлерінің өзара әрекеттесуі. Қуыршақтың қимылын рөлдегі сөздерімен біріктіру.

      12-тақырып. Қол ептілігін дамытуға арналған жаттығулар. Суырып салуға арналған қимылдарды орындау. Қолдың білегі – бояу жағуға арналған қылқалам. Иық арқылы толқындарды орындау. Баяу толқындарды орындау. Көрінбейтін қабырғаны ұстау. Көрінбейтін арқанды тарту.

      13-тақырып. Сол қолдың саусақтарына арналған жаттығулар. Қолдың саусақтарын уқалауды үйрету. Саусақ қуыршақтарының театрымен таныстыру. "Саусаққа қондырылған шар" түріндегі қуыршақтар. Қуыршақпен қарапайым әрекеттерді үйрету.

      14-тақырып. Тыныс алу гимнастикасын дамытуға арналған жаттығулар. Суырып салу ойындары. Мәнерлік бойынша жұмыс. Акценттерді, екпіндерді анықтау. Қуыршақ жүргізудің негізгі ережелері. Қуыршақтың жүрісі. Қуыршақ жүргізушінің жүрісі.

      15-тақырып. Қол гимнастикасы. Қолдардың ептілігін, мәнерлігін дамыту. Шығармашылық қиялды дамыту. Саусақ гимнастикасының элементтерінен құралған этюд.

      16-тақырып. Қол ептілігі ырғағында. Ырғақтық ширату. "Ырғақ" туралы түсінікті қалыптастыру. Оның өмірдегі және өнердегі мәні. Ырғақ, қимыл мәнерлігі сезімін дамыту. Сахнада өзінің ырғақтық жүріс-тұрысын басқару қабілетін дамыту. Әртүрлі жылдамдықтардағы қарқынды қимыл түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі – қимылды уақытқа бөлу. Ырғақты суреттерде қозғалу.

      17-тақырып. Этюд. Театр өнеріндегі этюдтің рөлі. Сахналық этюд, сахна алаңы туралы түсінікті қалыптастыру. Қиялды, елестетуді, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      18-тақырып. Суырып салу этюдтері. Суырып салуды дамытуға арналған жаттығулар. Мәнерлі қимылдар арқылы бейнелерді құру. Пластикалық суырып салуды құру.

      Практика. Музыкамен орындалатын суырып салу жаттығулары.

      19-тақырып. Репертуармен жұмыс. Педагогтің ұсынған тақырыптарын талдау. Білім алушылардың ұсынған тақырыптарын талдау. Композицияға арналған тақырыптарды анықтау. Эстрадалық нөмірді жобалау.

      20-тақырып. Музыканы қабылдауды дамыту. Музыкалық мәнерлік құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Музыкалық композицияларды тыңдау. Нөмірлерді сүйемелдеуге арналған музыканы таңдау. Алған білім, білік және дағдыларын практикалық қызметте қолдану. Этюдтік нөмірлерді көрсету.

      53. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қол гимнастикасын орындау кезіндегі негізгі ережелерді біледі;

      2) бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар кешенін біледі;

      3) қолдың саусақтарына арналған түрлі жаттығуларды біледі және орындайды;

      4) тырыстыруға және босаңсытуға бағытталған жаттығуларды біледі және орындай алады;

      5) қуыршақ жүргізудің қарапайым ережелерін біледі;

      6) этюдте қоршаған ортадан алынған пластикалық бейнені жасай алады;

      7) қолғапты қуыршақтарды жүргізудің алғашқы дағдыларын біледі;

      8) алған білім, білік және дағдыларын практикалық қызметте қолдана алады.

      54. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) саусақ гимнастикасын, қимылды тіл аппаратының жұмысымен үйлестіру дағдыларын, бұлшық ет тырысуларын реттеуді меңгеру, пантомима негіздерін үйрету;

      2) қандай да бір қимылды, мизансценаны белгілі уақыт аралығында көру, есте сақтау және шығару білігі, қимылды уақыт және кеңістікте нақты ұйымдастыру;

      3) білім алушының әуенді, оның қарқынын және ырғағын жылдам қабылдау, қимылды жеткізу, қолдардың жеңіл және күрделі қимылдарын үйлестіру білігін, әуезділікті, ырғақтылықты, елестетуді, көркемдік талғамды дамыту.

      55. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Кеңістікте бағдарлану білігіне арналған ойын. Есте сақтау жадын, қиялды, ұстанымды дамытуға арналған ойындар. Зейінді дамытуға арналған ойындар.

      2-тақырып. Білім алушының шығармашылық және қимылдау қабілеттерінің дамуын диагностикалу. Дене және қол ептілігіне арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Қолдың бұлшық еттерін жаттықтыруға арналған жаттығулар. Қуыршақ жүргізу – саусақтарды дамыту. Қолдың әлсіз даму мәселелері. Моторикасының нашар болуы. Ақаулармен жұмыс.

      4-тақырып. Актердің шығармашылығындағы маңызды сәттердің бірі – бұлшық ет еркіндігі. Бұлшық ет еркіндігі – әртүрлі қимылдарды шынайы орындау білігі. Факторлардың әсері. Физикалық фактор. Психикалық фактор. Ерекше жеке қасиеттер.

      5-тақырып. Дамыту тренингі. Ептілікті, ширақтылықты, иілгіштікті және шыдамдылықты дамыту. Дененің әртүрлі бұлшық ет топтарын алмастырып тырыстыру және босату дағдыларын дамыту.

      Практика. Бұлшық ет тырысуларын және босатуларын басқару білігін дамытуға арналған ойындар.

      6-тақырып. Пластикалық тренинг. Тұтас дененің пластикасын дамыту. Өз денесін еркін басқару дағдысын жетілдіру.

      Практика. Қолдардың қозғалғыштығына және мәнерлігіне арналған жаттығулар. Арнайы тренинг жаттығулары.

      7-тақырып. Қол ептілігі. Қол саусақтарының ептілігі. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Бұлшық еттерді қатайту. Қол саусақтарының қимылын үйлестіру және ептілігін дамыту.

      Практика. Саусақ гимнастикасының жаттығулары. Барлық буындарды жаттықтыру. Саусақтардың автономды жұмыс істеуі. Саусақтардың жеке жұмыс істеуі. Саусақтардың жұппен жұмыс істеуі.

      8-тақырып. Қолдың бұлшық еттерін қатайтуға арналған жаттығулар. Жаттығулардың ұзақтығы. Саусақ гимнастикасы. Қимылдарды суырып салуға арналған жаттығулар. Саусақтардың және білезіктің көмегімен пластикалық бейнелерді құру.

      9-тақырып. Тіл және қимыл гимнастикасы. Пантомима, пластика (түсініктері). "Толқын техникасы" тік (өзіне қарай), кері (өзінен): бір қолмен – тек білезікпен, білезік – шынтақ, білезік, шынтақ – иық; екі қолмен; денемен; жанына – "ирек"; аяқпен. Биомеханиканың негізгі қағидаттары, биомеханика тәсілдері (бас тарту, түрткі, тежеуіш). Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

      10-тақырып. Қимыл мен тіл. Қимыл мен тілді үйлестіру. Тіл мен қимылды нақты және ретімен ұйымдастыру. Тыныспен жұмыс. Тыныс пен қимылды біріктіруге арналған жаттығулар.

      11-тақырып. Бейнелі жаттығулар. Түрлі бейнелі жаттығуларды орындау. Қол саусақтарының және буындарының жұмысымен байланысты физикалық әрекеттерді есте сақтауға арналған тапсырмалар. Ойша нан илеу, санау, фортепианода ойнау, бояу.

      Практика. Қолдың көмегі арқылы орманның шулауы мен толқуын, балықтың жүзуін, боксшылардың күресін көрсету.

      12-тақырып. Қол буындарын жаттықтыру. Қол буындарының қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар. "Құс" жаттығуы. Білезіктің бұлшық еттерін дамыту. Жаттығуларды орындау кезінде тек білезікпен жұмыс істеу. Білезікті жоғары - төмен, солға - оңға қимылдату. Жаттығуларды орындау техникасы.

      13-тақырып. Сөзді, қимылды және музыканы біріктіру. Дамытуға бағытталған музыкалық-ырғақтық ойындар. Музыканы қолдана отырып, ырғақ қабілетін және ептілікті дамытуға арналған жаттығулар. !уезділікті және ырғақтылықты жаттықтыру.

      Практика. Музыкамен орындалатын суырып салу жаттығулары.

      14-тақырып. Пластикалық тренинг. Жылдамдықты, қарқынды және кереғарлықты жаттықтыру: бұлшық еттерді қыздыру, олардың қабылдауын белсендіру. Пластикалық этюд.

      15-тақырып. "Актердің қолдары" этюді. Қиялды, елестетуді, шығармашылық қабілеттерді дамыту.

      Практика. "Қол – тақырып", "Қол – бейне" жатығулары. Музыкамен орындалатын суырып салу жаттығулары.

      16-тақырып. Қолдың білезіктеріне арналған жаттығулар кешені. Қол ептілігі. Қол мен буындардың иілгіштігін және қозғалғыштығын дамытуға арналған моторлық жаттығулар. Әрбір саусақтың қимылының дербестігін дамытуға арналған үйлестіру жаттығулары. Саусақ қимылдарын әртүрлі үйлесімдерде келістіру.

      17-тақырып. Қол қимылдарын жоғары деңгейде үйлестіруге негізделетін әрекеттегі типтегі ұсақ заттармен жаттығулар. Буын-бұлшық ет сезімін күшейту. Буындардың иілгіштігі. Қолға арналған эксцентрикалық және шоғырландыру жаттығулары. Қолдардың ішкі ептілігін дамытуға арналған жаттығулар.

      18-тақырып. Алған білім, білік және дағдыларын практикалық қызметте қолдану. Сахна қызметі тәжірибесін жинақтау. Нөмірлерді техникалық жағынан дайындау. Эстрадалық нөмірді қою. Білім алушының шығармашылық және қимылдау қабілеттерін қорытынды диагностикалау.

      56. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тіл және қимыл гимнастикасын орындайды;

      2) қол буындарының және білектің ұсақ моторлы бұлшық еттерін босатуға арналған жаттығулар кешенін орындайды;

      3) жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі;

      4) түрлі бейнелі жаттығуларды орындайды;

      5) тынысты және қимылды біріктіруге арналған жаттығуларды орындай алады;

      7) тілді, қимылды және музыканы біріктіруге арналған жаттығуларды орындай алады.

      57. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тырысу мен қысылуды босатуға арналған жаттығуларды, қол қимылдарын басқаруға арналған жаттығуларды меңгеру әрі қарай жалғастырылады; білім алушының белгілі пластикалық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытатын сабақтарды этюд, ойын, тренинг, пластикалық нөмір формасында ұйымдастыру;

      2) сахна қимылдарына деген қызығушылықты әрі қарай қалыптастыру, бұлшық ет-қимыл аппаратын, қимыл координациясын, қимыл дағдыларын, дене мәнері арқылы шығармашылық қиялды әрі қарай дамыту, қимылдарды орындауда өзін-өзі басқару дағдысын қалыптастыру;

      3) қуыршақ жүргізуші актердің иілгіштігі мен қозғалғыштығын жаттықтыру, қолдардың мәнерлігі мен ептілігін дамытуға арналған жаттығуларды орындау.

      58. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Бұлшық еттерді босату бойынша жұмыс. Тырысу мен қысылуларды босатуға арналған жаттығулар. Бұлшық еттерді тырысудан босатуға, оларды тонусқа келтіруге арналған жаттығулар. Психофизикалық кедергілер мен қысылуларды босатуға арналған ойындар.

      2-тақырып. Актердің шеберлігі. Сахналық зейін мен сахналық әрекетке арналған жаттығулар. Сахналық зейін мен сахналық әрекетке арналған қуыршақпен жүргізілетін этюдтік жұмыс. Дұрыс дыбыстауды ұйымдастыруға арналған тіл гимнастикасы.

      Практика. Зейіннің барлық түрлерін дамытуға арналған ойындар.

      3-тақырып. Ептілік – физикалық қасиет. Қол қимылдарының ептілігін дамытуға арналған жаттығулар. Күшті, жылдамдықты, координацияны және мінездің жігерлік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Қол ептілігі. Дененің ептілігі. Жаттығулар мен этюдтер. Классикалық музыка қолданылып орындалатын жұмыс.

      Практика. "Тырнақтар" жаттығуы. Бастапқы қалып – еркін тұру, оң қол алға созылған, шынтақ жартылай бүгілген, алақан төмен қаратылған, саусақтар тырыстырып жан жаққа қойылған. Орындау техникасы. Үш буынды бүгу және ашу. Саусақтардың иілгіштігі мен қозғалғыштығын жаттықтыру.

      5-тақырып. Актердің мәнерлі қимылдауын тәрбилеу. Қол қимылдары мен ишараттарының қисыны мен эмоциялығы. Актер қолының қимылдарын жетілдіру. Білезік пен саусақтардың қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар.

      6-тақырып. Қолдардың иілгіштігі мен қозғалғыштығын дамытуға арналған моторлық жаттығулар. Дайындық жатығулары. Қолдарды көтеру және түсіру. Қатарға тұру. Бастапқы қалып – еркін тұру. Орындау техникасы. Музыкалық сүйемелдеу – баяу вальс. Екі такті шеңберіндегі жаттығу. Қимыл техникасы, алға, алға және жанға аралас жыттығуларды орындауға бағытталған жаттығулар.

      7-тақырып. Қуыршақ жүргізуші актердің шеберлігі. Трюкті қуыршақпен орындалатын жаттығулар мен этюдтер. Трюкті қуыршақпен орындалатын этюдтік жұмыс. Бейнені ашу. Шынайы бейнесін көрсету. Ғажайып түрлену.

      Практика. Қолдардың иілгіштігі мен қозғалғыштығын жаттықтыру. "Ине" ойыны. Тірі ине. Иненің түрлері. Пысық, жұмыс істемейтін, алғыр және жалқау иенелер. Қолды және елестетуді жаттықтыруға арналған жаттығулар. Оң қолмен жұмыс. Иненің қимылын орындау. Иненің шеңберді бейнелейтін қимылы. Саусақтарды бүгу және ашу. Қолды тұтасымен тырысудан босату. Иненің артынан қимылдау. Жылдам қимылдар. Баяу қимылдар. Барлық қимылдарды қол қолмен қайталау. Күрделі қимылдарды орындау.

      8-тақырып. Қол ептілігі. Дененің ептілігі. Этюдтер. "Толқын" жаттығуы. Қатарға тұру, еркін тұру. Бастапқы қалып – оң қол алға қойылған, білезік пен саусақтар арға созылған, алақан төмен қарап тұрады. Орындау техникасы. Жаттығулар екі такті шеңберінде орындалады. Техниканы бір қолмен жеке, екі қолмен бірге орындауды меңгеруге арналған жаттығулар. Қимылдардың үздіксіздігі.

      9-тақырып. Қол ептілігі. Қолдарды екі жаққа айналдыру техникасы. Кәрі жілік-білезік буынының иілгіштігін дамыту. Шынтақтар түзу қойылған. "Тірегіш" жаттығуын орындау. Орындау техникасы. Музыкалық сүйемелдеу –орташа қарқындағы вальс. Жаттығудың әрбір бөлігі төрт тактімен орындалады. Жаттығу техникасын оң қолмен, сол қолмен үйрену. Бір уақытта екі қолмен жаттығуларды орындауды жаттықтыру.

      10-тақырып. Қуыршақ жүргізуші актердің шеберлігі. Қуыршақты жүргізу техникасын пысықтау. Бейненің міндеттеріне қол жеткізуде пластикалық мәнерлікті, пластикалық нақтылықты іздеу. Шағын формадағы планшетті қуыршақ. Жүргізу ережелері. Қайталау. Жаттығулар. Жүргізу техникасын жетілдіру.

      11-тақырып. Қол ептілігі. Дене ептілігі. Бейненің пластикалық мәнерлігін табу. Шынтақ буындарының қозғалғыштығын дамыту. Қимылдардың үздіксіздігіне, жұмырлығына, баяулығына қол жеткізу. Жаттығуларды күрделендіру үшін музыкалық сүйемелдеуді өзгерту. Әртүрлі орындау техникаларын үйрену.

      12-тақырып. Кәрі жілік буындарының қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Практика. "Балық" жаттығуы. Бастапқы қалып – еркін тұру, қолдар жанға қойылған, алақан буындары төмен қаратылған. Орындау техникасы. Қолдың қимылдары балық қанаттарының қимылын еске салу керек. Буындар мен саусақтар барынша созылып жұмылған. Музыкалық сүйемелдеу – баяу қарқындағы вальс. Әрбір алға қарай қозғалыс және кейін бастапқы қалпына қайта келу қимылдары бір тактіде орындалады. Жаттығулар кемінде қатарынан төрт рет орындалады.

      13-тақырып. Қуыршақ жүргізуші актердің шеберлігі. Актердің қуыршақпен араласу техникасы. Қуыршақтан алшақтау. Қол координациясын жетілдіруге арналған жаттығулар. Дайындық жаттығуларының кешені. Түсіндіру. Орындау техникасын көрсету.

      14-тақырып. Саусақтарды жаттықтыру. Сол қолды жаттықтыру. Оң қолды жаттықтыру. Екі қолды жаттықтыру. "Қуыршақ ойнаймыз" жаттығуы. Қуыршақты тірі жан ретінде ойлау. Қуыршақтармен ойнау. Серіктеске беру.

      15-тақырып. Ырғақтық пластика. Қозғалу қабілеттерін дамыту. Координацияға және тепе-теңдікке арналған жаттығулар. Ырғақтық пластика. Физикалық тренинг. Физикалық жүріс-тұрыстың адамның ішкі күйіне әсері. "Уақыт сеземін" бақылау білігі.

      16-тақырып. Қолдардың иілгіштігін және қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Аталған жаттығулар екі қолдың, буындардың және саусақтардың иілгіштігін және қозғалғыштығын дамытуға бағытталған. Сол қолдың қимылдау мүмкіндіктерін арттыру. Жаттығуларды қайталау жиілігі. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін қайталау жиілігі.

      17-тақырып. Этюдтермен жұмыс. Суырып салу жанры. Пластикалық жаттығуларды орындау. Суырып салу жанрындағы этюдтермен жұмыс. Ойлап тапқан идеяны шығару және іске асыру. Түрлену шеберлігін дамыту. Пластиканың мәнерлігі.

      18-тақырып. Ойдан шығарылған кеңістік пен зат. Қиялды дамытуға арналған жаттығу. Берілген кеңістікте белгілі жылдамдықпен қозғалу. Берілген тақырыптарға құрылған этюдтер.

      19-тақырып. Байқампаздықты жаттықтыру. Зейінді, есте сақтау жадын, ойлауды, жігерді және байқампаздықты дамытуға арналған қуыршақтармен орындалатын ойын-тапсырмалар. Ассоциативтілікті және елестетуді дамытуға арналған ойыншықтармен орындалатын ойын-тапсырмалар. Ойдан шығарылған кеңістік және заттар.

      20-тақырып. Дамытуға бағытталған музыкалық-ырғақтық ойындар. Ырғақтық қабілеттерді және пластиканы дамытуға арналған музыканы қолданып орындалатын ойын жаттығулар. Тілді, қимылды және музыканы біріктіру жұмыстары. Әуезділікті және ырғақтылықты жаттықтыру. Әндер мен өлеңдерді қолданып, ырғақ пен әуезділік сезімін дамытуға арналған жаттығулар. Елестетуді, қиялды және бастамашылдықты дамыту.

      59. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қысылулар мен қымтыруларды, психофизикалық кедергілерді және тырысуларды жоюға, иілгіштікті, бұлшық ет күшін, созылуды дамытуға, тепе-теңдік сезімін арттыруға арналған түрлі жаттығуларды біледі және орындайды;

      2) пластикалық жаттығуларды біледі және орындайды;

      3) берілген тақырыпқа этюдтерді шығара алады;

      4) ырғақ сезімін және әуезділікті дамытуға, елестетуді, қиялдау еркіндігін дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      5) пластикалық композицияны құра алады;

      6) пластикалық этюдте бейне жасай алады;

      7) психофизикалық тренинг негіздерін біледі, сахнадағы серіктесінің жүріс-тұрысын түсінеді;

      8) сахнада түрлену тәсілдерін біледі;

      9) дене тілі арқылы өзінің эмоциялық күйін жеткізе алады.

      60. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұлшық еттерді босату бойынша жұмыс, тырысуды, қысылуды босатуға арналған жаттығуларды орындау жалғастырылады, қуыршақпен сахналық зейінге және сахналық әрекетке арналған этюдтік жұмыс жүргізіледі;

      2) ептілік сезімін дамыту, күшті, жылдамдықты, координацияны дамыту;

      3) тұтасымен қолдың және оның бөліктерінің ептілігін және мәнерлігін дамытуға арналған жаттығуларды әрі қарай меңгеру, қолдардың иілгіштігін және қозғалғыштығын жаттықтыру.

      61. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Психофизикалық аппаратты жүктемелерге дайындау: қолдың бұлшық еттерін уқалау. Композиция негіздері: құру - қайта құру (сапқа, колоннаға тұру).

      Практика. Қимылды тыныспен біріктіруге арналған жаттығулар: бір орында тұрып орындалатын қарапайым жаттығулар – еңкею, бұрылу, қолдарды, аяқтарды көтеру, тыныспен үйлестіріп отырып тұру.

      3-тақырып. Жалпы дамытуға және түзетуге бағытталған жаттығулар кешені: буындардың қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Қимыл және сөз. Әрекет етудегі белсенді міндеттерді орындау кезінде қимыл мен сөзді еркін және сенімді біріктіруге арналған қабілеттерді дамыту.

      Жаттығулар. Белсенді қалыптағы тыныс пен дыбысталу. Белсенді қимыл кезінде және статикалық жағдайда дыбысталу мен тыныстауды қамтамасыз ету үшін бұлшық ет тырысуларын қайта бөлу. Үздіксіз қимылдарды біріктіру. Дыбыстық белгі – әрекеттің жалғасы. Қимыл мен сөздерді алмастыру және біріктіру. Этюдтер. Өткен материалдарды бекіту.

      5-тақырып. Актердің шеберлігі. Зейінді, есте сақтау жадын, елестетуді дамытуға арналған тренингтер. Қуыршақ жүргізетін актердің шеберлігі. Үстелде ойнатылатын планшетті қуыршақтармен орындалатын жаттығулар. Реквизиттермен, қуыршақтардың ішіндегі құрылғылармен орындалатын жаттығулар.

      6-тақырып. Актердің мәнерлі қимылдайтын қолдарын тәрбиелеу. Актердің мәнерлі қимылдайтын қолдарын тәрбиелеу – маңызды процесс. Актердің сахналық міндеттерді қолмен шешу қажеттілігін туғызу. Қолдардың қимылдарын жетілдіруге арналған жаттығулар. Жаттығулардың түрлері. Моторлық жаттығулар. Бейнелі жаттығулар. Этюдтер.

      7-тақырып. Моторлық жаттығулар. Қос қолдың, буындардың және саусақтардың иілгіштігі мен қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Сол қолдың қозғалу мүмкіндігін арттыру. Жаттығуларды қайталау саны. Жоғары тиімділікке ие болу үшін қайталау жиілігі.

      8-тақырып. Пластикалық тренинг. "Қанаттар" жаттығуы. Қолға арналған барлық ептілік дағдыларын қолдану. Қол қимылдарының сипатын табу. Бүркіттің қанаттары. Қарлығаштың қанаттары. Торғайдың қанаттары. Ұшақтың қанаттары. Жарқанаттың қанаттары. Көбелектің қанаттары. Сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі қасиеттерін іздеу. Қолдың бұлшық еттерін бақылау. Қажетті тырысуларды сақтау. Қолдардың артық тырысуларын босату. Ауысуға арналған жаттығулар – жылдам арада бүркіттің қанатынан көбелектің қанатына ауысу және керісінше. Шеңберлі лентаны құру.

      9-тақырып. Бейнелі жаттығулар. Қиялды және елестетуді дамытуға арналған жаттығулар. Музыканы таңдау. Жаттығуларды сахналық әрекеттерге айналдыру. Тиісті қарқынды-ырғақты іріктеу. Жаттығуларды мақсатты түрде орындау. Қимылдың сипатына, музыкалық сүйемелдеуге сәйкес әрекеттерді эмоциялық бояу.

      10-тақырып. Қолдарға арналған жаттығулар. "Ойыншықтар қалыпты сақтайды" жаттығуы. Қалыпты сақтауға арналған жұппен орындалатын жаттығулар. Серіктестің ойы. Серіктестің мінезі. Серіктестердің өзара әрекеттері.

      11-тақырып. Қол ептілігі. Этюдтер. Шығармашылық елесті дамытуға арналған этюдтер. Жармасу қимылдары. Жармасу қимылдары – адам үшін ең жеңіл дағды.

      Практика. "Ұстау – лақтыру" этюдін орындау. Аталған сызбаны меңгеру. Материалды елестету. Қимылдың міндеттері. Ойдан шығарылған таяқ. Музыкамен қарқынды-ырғақтық үйлесімділігін сақтау. Жаттығуларды жаттау. Музыканың қарқынын өзгерту. Шығармашылық елестетуді дамыту.

      12-тақырып. Қуыршақ жүргізуші актердің шеберлігі. Тросты қуыршақпен танысу. Тросты қуыршақпен жұмыс. Тросты қуыршақпен жұмыс істеу дағдысы. Актер мен қуыршақтың өзара орналасуы. Тросты қуыршақпен орындалатын жаттығулар. Қолдардың әртүрлі қалыптарын меңгеру. Техникамен, баяу орындау. Педагогтің командасы бойынша бір позицияны екінші позицияға ауыстыру комбинацияларын пысықтау. Техниканы меңгеру. Этюдтерді орындау.

      13-тақырып. Пластикалық тренинг. Қолдың мәнерлігін дамытуға арналған жаттығулар. "Өрмекші" жаттығуы. Қимылдардың сызбасы: бас бармақ көтерілген және жолдың ортасында сұқ саусақтың алдын мықтылап бекітілген. Өрмекшінің қадамдары. Әрбір қадам қатты соққымен орындалады. Өрмекшінің жүріс техникасын меңгеру. Сол қолмен орындалатын қимылдарды меңгеру. Қимылдардың элементтерін меңгеру. Еркін, еріксіз әрекеттер. Мақсаты. Ойдан шығарылған жағдайға байланысты "жүру" немесе "жүгіру". Екі өрмекшінің кездесуі. Серіктеспен орындалатын жұптық жаттығулар. Әртүрлі жағдайдарды ойнау. Мінез. Қорқақтық. Абайлағыштық. Батырлық. Елестетуді және қимылды дамыту.

      14-тақырып. Қол буындарына арналған жаттығулар. "Гүл" жаттығуы. Қолдың білезігі – гүлдің сабағы, гүлдің қауызы және жапырағы. Гүлдің сабағы жер астында. Гүлдің қауызы жоғарыға бағытталған. "Күнге ұмтылу" қимылы. Бұлшық еттердің тырысуын тексеру. Мойынды тырысудан босату. Ойдан шығарылған дүниені орындау. Сыртқа шығып келе жатқан сабақты елестету. Артық тырысуды жою. Қолдың баяу жоғары көтерілуін орындау. Жұмылған қолдың жұдырығы маңдай тұсында орналасады.

      Гүл. Гүлді сипаттау. Тырысуды денені барлық бөліктеріне дұрыс бөлу. Артық тырысудан босату. Қажетті тырысуды сақтау. Жаттығуларды қатарынан бірнеше рет орындау. Гүлмен байланысты әртүрлі жағдайдарды ойдан шығару. Саусақтардың ұсақ қимылдарының ептілігін бақылау.

      15-тақырып. Этюдтер. Бөлшекті әрекеттер. Қимылдардың үздіксіздігі. Этюдтердің логикалық бастамасы, дамуы және аяқталуы бар.

      "Мамық" жаттығуы. Әрекеттердің реті туралы әңгімелеу. Бөлшекті әрекеттер: ұшып жүрген мамыққа қарау, мамықты абайлап алу, мамықпен ойнау, мамықты босатып жіберу. Оң қолмен төрт рет қайталау. Сол қолмен қайталау. Жаттығулар айналымын сегіз рет қайталау толық жаттығуды құрайды. Соңғы сегізінші рет жасаған кезде мамықты умаждау қажет. Жаттығуды әртүрлі саусақтармен, әртүрлі қарқында және амплитудада орындау.

      62. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахналық зейінге және сахналық әрекетке арналған қуыршақпен этюдтік жұмыстарды жүргізуді біледі;

      2) қол қимылдарының ептілігін дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      3) актердің қол қимылдарының және ишараттарының логикасын және эмоциялығын біледі;

      4) моторлы, бейнелі, этюд түріндегі жаттығуларды біледі;

      5) әртүрлі тақырыптарға өз бетінше этюд шығаруды біледі.

      63. Бейіндік сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қимылдағы ырғақтық сезімін дамыту, берілген қарқын-ырғақты сақтау және өзгерту, жаттығуларды, этюдтерді орындау кезінде қимылдарды еркін және сенімді біріктіру қабілеттерін дамыту;

      2) қолдардың иілгіштігі мен қозғалғыштығын, оларды шығармашылық қиялмен күрделендіре отырып, кейіннен кез-келген актерлік ишарат еріксіз еркін, мәнерлі, аяқталған, толық туындауына қажетті дағдылар мен білікті жинақтай отырып, жаттықтыруды жалғастыру.

      64. Бейіндік сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау. Қауіпсіздік техникасының ережелері.

      2-тақырып. Ширату жаттығуларының кешені. Бұлшық еттерді қатайтуға арналған жаттығулар. Қол ептілігін дамытуға арналған жаттығулар.

      3-тақырып. Психофизикалық аппаратты жүктемеге дайындау: қол бұлшық еттерін, мойынды, арқаны уқалау.

      4-тақырып. Қол ептілігін дамытуға арналған тренинг. Қолдардың дұрыс қалпы. Қол буындарына арналған гимнастика. Буындарға арналған статикалық жаттығулар. Буындарға арналған динамикалық жаттығулар.

      Практика. "Жылан" жаттығуы. Шынтағы бүгілген қол – ағаштың бұтағы. Екінші қол – жылан. Қолдың алақан бөлігі – жыланның басы. Жиналған саусақтар – аузы. Жылан денесінің қимылын жасау. Жыланның денесіне ұқсас тұтас қолдың иілгіштігі мен созылғыштығын үйрету. Бұлшық ет тырысуларын босату. Әрбір қимылдың мақсатын білу. Қолдардың рөлін ауыстыру. Екі қолмен ойнау.

      5-тақырып. Қимылдарды құру. Пластикалық фраза. Қимылдардың басталу және аяқталу позицияларын іздеу және меңгеру. Қимылдардың құрылымы. Қимыл – мақсат.

      Практика. Өлең оқу кезіндегі пластикалық этюдтер.

      6-тақырып. Жалпы дамытуға және түзетуге бағытталған жаттығулар кешені: буындардағы қозғалғыштықты дамытуға арналған жаттығулар; арқа бұлшық еттерін және омыртқаның қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар; созылуды дамытуға арналған жаттығулар (бұлшық еттер және сіңірлер); жеке тәртіптегі тепе-теңдікті сақтауға арналған координациялық жаттығулар.

      7-тақырып. Қол саусақтарының бұлшық еттерін бекітуге арналған жаттығулар. Спорттық ойындардан алынған саусақтарға арналған жаттығулар. Қолдардың күшін барынша күшейтуге арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Қолдардың ептілігін дамытуға арналған тренинг. "Мысықтар" ойыны. Қолдың алақан бөлігі – марғаулар. Оң қолмен ойнау. Сол қолмен ойнау. Екі қолмен ойнау. Әртүрлі мінездерді бейнелеу. Артық тырысуларды босату.

      9-тақырып. Қол – қуыршақ жүргізушінің басты аспабы. Саусақтарды жазықтықтарға немесе ширмаға қойып әртүрлі жануарларды бейнелеу.

      Саусақтардың қозғалғыштығын жаттықтыруға арналған жаттығулар. Жаттығуды алдымен бір қолмен, кейін бірден екі қолмен орындау. Қолдардағы тырысуларды босату. Саусақтарды босату. Зейінді кішкене немесе ортаңғы саусаққа тоқтату. Саусақтарды ойша көтеру, бүгу, түсіру.

      10-тақырып. Қуыршақ жүргізу бойынша тренинг. Қуыршақтың деңгейі. Еденнің деңгейі. Қуыршақтың жүрісі. Отыру, тұру, есту, көру білігі. Тренингтердің бейне материалдарын қарау.

      11-тақырып. "Бұлшық етті бақылау" түсінігі. Мақсатты бұлшық ет тырысулары. Бұлшық еттерді шолу. Тырысулардың қалпы. Бұлшық ет энергиясы. Релаксация. Бұлшық ет - қимыл қабылдауларының негізгі тренингтері. Бұлшық ет зейінін дамытуға арналған жаттығулар. Ішкі бұлшық еттік бақылауды құру. Артық тырысуды анықтау. Бұлшық ет тырысуларын босату. Артық тырысуды тексеру және босату процесін механикалық автоматты орындауға дейін жаттықтыру.

      12-тақырып. Жеке тренинг жаттығулары. "Мәнерлік сезіміне" арналған жаттығулар. Қолдардың иілгіштігін және қозғалғыштығын жаттықтыру. Жаттықтыруды шығармашылық қиялмен күрделендіру. Әрі қарай жұмысқа қажетті дағдылар мен білікті жинақтау.

      13-тақырып. Жүйелі тренингтер кешені. Бұлшық еттерді аздап босату. Аутотренингтің бір тәсілі – релаксацияны қолдану. Артық тырысуларды іздеу және тырысуларды жою. Ерекше ішкі бақылауды қалыптастыру.

      14-тақырып. "Тырысу нормасы" түсінігі. Тырысу нормасын тексеру. Бұлшық ет тырысуларын тексеру. Артық тырысуды анықтау. Бұлшық еттердің өте қатты босаңсуын анықтау. Бастан аяққа дейін біртіндеп босату.

      Практика. Өсімдіктердің "қимылын" қайталауға арналған жаттығулар. Жануарлардың қимылын қайталауға арналған жаттығулар.

      15-тақырып. Тренингтер. Уақыт, кеңістік және қарқын-ырғақ. Жаттығулар. Әртүрлі жылдамдықтағы қарқынды қозғалыстар түсінігі. Уақыт сезімі түсінігі және қимылдарды уақыт аралығына бөлу. Ырғақтық суреттердегі ырғақ және қимыл түсініктері. Этюдтер. Өткен материалдарды қайталау.

      16-тақырып. Қимыл және сөз. Әрекеттегі белсенді міндеттерді орындау кезінде қимыл мен сөзді еркін және сенімді үйлестіру қабілеттерін дамыту.

      Жаттығулар. Белсенді позициядағы тыныс пен дыбысталу. Белсенді қимылдағы және статикадағы дыбысталу және тынысты қамтамасыз ету үшін бұлшық ет тырысуларын қайта бөлу. Қимылдардың үздіксіздігін біріктіру. Дыбыстық белгі – әрекеттің жалғасы. Қимыл мен сөзді кезектестіру және біріктіру. Этюдтер. Өткен материалдарды бекіту.

      17-тақырып. Қолдардың ептілігін дамытуға арналған жаттығулар. "Саусақтағы сынап" жаттығуы. Ойдан шығарылған "сынапты" оң қолдың сұқ саусағына құю. Саусақтың буындарымен біртіндеп алақаннан буынның бүгілетін жері арқылы шынтақтың бүгілетін тұсынан иыққа қарай домалату. Қолдарды бір уақытта ақырын көтеру. "Сынапты" ойша кері бағытта құю.

      18-тақырып. "Ғажайып шар" жаттығуы. Бұлшық ет тырысуларының толқындары. Босату. "Шекті тырысу" түсінігі. Денені бөліктерінің тырысуын тексеру. Тренинг арқылы бұлшық ет зейіні дағдысын қалыптастыру. Бұлшық ет бақылаушысының назарын бірден кез-келген бұлшық ет тобына бағыттау білігі.

      Ғажайып шарды елестету. Саусақтардың жұмысы. Ойдан шығарылған шарды саусақтармен алақанда домалату. Қол қимылдарының қарқыны. Ақырын – баяу. Шардың қозғалысын бақылау. Көздерді жаттықтыру. Ойдан шығарылған шарды бақылау. Әртүрлі маршруттарды әзірлеу.

      19-тақырып. Ойдан шығарылған заттар. Ойдан шығарылған заттардың салмағы. Ойдан шығарылған заттармен орындалатын жаттығулардың рөлі. Бұлшық еттерді тырысу және бос болу күйін анықтау. Затсыз әрекеттерге арналған жаттығулар. Қимыл сезімі. Артық тырысуды босату. Әртістердің қимылдары мен ойындарының шынайылығын сақтау. Бұлшық еттерді және қимылдарды басқаруды үйрету. Қажетті тырысуды сезініп құруды үйрету. Ауырлық орталығын іздеу. Тірек нүктесі.

      20-тақырып. Көлеңке театр. Көлеңке театрының тарихы. Өз қолымен жануарлардың көлеңкесін орындау. Қажетті материалдар. Қол саусақтарының көмегі арқылы бейнелерді жасау. Қиялды және елестетуді дамыту. Көрнекі материалдарды көрсету. Кейіпкерді таңдау. Шағын спектакльдерді қою.

      21-тақырып. Дайындық жаттығулары. Ойдан шығарылған айна. Айнаның беткі қабаты сезімін құру. Бір қолмен жұмыс істеу. Екі қолмен жұмыс істеу. Негізгі жаттығулар. Орындау техникасы. Үйренген жаттығуларды дайындық жаттығуларының сызбасы бойынша орындау. "Беткі қабат сезімін" құру. Ойдан шығарылған сезімді көрермендерге жеткізу. Музыкалық сүйемелдеу – орташа қарқындағы вальс. Әрбір штрих бір тактіде, барлық жаттығу – сегіз тактіде орындалады.

      22-тақырып. Эстрадалық нөмірлер. Қол ептілігі арқылы эстрадалық нөмірлерді қою.

      65. Бейіндік сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пластикалық бейнені жеткізу үшін өз денесін жеткілікті деңгейде басқарады;

      2) қолдардың бұлшық еттерін қатайтуға арналған жаттығуларды орындайды;

      3) қолдардың ептілігін дамытуға арналған тренингтерді біледі және орындайды;

      4) жазықтықта немесе ширмада саусақтарының қалпын өзгерте отырып, әртүрлі жануарларды бейнелей алады;

      5) көпшілік алдына шығу кезінде бұлшық ет және психологиялық қысылуларын өз бетінше жеңе алады;

      6) саусақтардың иілгіштігіне және ептілігіне арналған жаттығуларды орындайды;

      7) ойдан шығарылған заттарды біледі және олармен жұмыс істейді;

      8) өз бетінше шағын этюдтерді құра алады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      66. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      67. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – бақылау жұмысы, сынақ түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (дайындық, дамыту, пластикалық тренингтер кешені), екінші жартыжылдықта: сынақ (пластикалық этюд);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (қол буындарының бұлшық еттерін қатайтатын, саусақтарды, қол білезігінің қимылдарын үйлестіруді дамытатын жаттығулар), екінші жартыжылдықта: сынақ (суырып салма этюд);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (дене және қол пластикасына арналған тренинг жаттығулары), екінші жартыжылдықта: сынақ (оқу қойылымы);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа, музыкаға, жағдайда құрылған этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жұмыс көрсетілімі);

      5) бейіндік сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (эстрадалық нөмірді көрсету).

      68. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – гимнастика элементтерін анық орындау, қолға арналған әртүрлі жаттығуларды орындау техникасын білу, қимылдарды нақты үйлестіру, орындалатын элементтердің қарқыны мен ырғағының жақсы болуы, әртістігі, мәнерлігі, иілгіштігі және ептілігі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – гимнастика элементтерін анық орындау, қолға арналған әртүрлі жаттығуларды орындау техникасын білу, қимылдарды нақты үйлестіру, орындалатын элементтердің қарқыны мен ырғағының жақсы болуы, әртістігі, мәнерлігі, иілгіштігі және ептілігі, алайда кейбір техникалық кемшіліктерінің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – гимнастика элементтерін, қолға арналған жаттығуларды орындау кезіндегі қателіктерінің болуы, қолдардың ептілігі мен мәнерлігінің жеткіліксіздігі, қимылдарының пысықталмағандығы;

      2) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – элементтерді орындау кезіндегі өрескел қателердің болуы, қарапайым жаттығуларды білмеуі;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
79-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Дүниежүзілік кино тарихы" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Дүниежүзілік кино тарихы" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Дүниежүзілік кино тарихы" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) абсурд театры немесе абсурд драмасы – жиырмасыншы ғасырдың ортасында пайда болған батыс еуропалық драматургия және театрдағы абсурд бағыты;

      2) анимация – көркем шығарма әлеміндегі және фэнтези жанрының ойындарындағы нысандардың, өлі денелердің қозғалу немесе өмірін көру қабілеттерін беру;

      3) баллада – көп мағыналы әдебиеттану және музыкатану термині;

      4) блокбастер – танымал, көп бюджетті голливудтық фильмдер;

      5) боевик – кинематографиялық өнердің біршама кең бағытының жалпы анықтамасы;

      6) вестерн – Америкаға тән комедия, боевик, детектив, триллер, фантастика секілді әртүрлі жанрларды қамтитын кино өнерінің бағыты;

      7) ғылыми-көпшілік кино – табиғат құбылыстарына, ғылым, техника, өнеркәсіп және ауылшаруашылығының әртүрлі саласындағы процестерге арналған, алдын ала әзірленген әдеби сценарий бойынша түсірілген фильм;

      8) гангстерлік фильм – ұйымдастырылған қылмыс туралы баяндайтын қылмыс туралы фильмнің жанры;

      9) детектив – жағдайды анықтау және жұмбақты ашу мақсатында түсініксіз оқиғаны зерттеу процесін сипаттайтын әдеби және кинематографиялық жанрдың басым түрі;

      10) деректі кино – шынайы оқиғаларды және тұлғаларды түсіруді негізге алатын кинематографияның түрі;

      11) кадр – кеңістіктегі және уақыттағы қасиеттерімен бірге фильмнің алғашқы көркемдік элементі;

      12) кинематография – фильмдер шығару және оларды көрерменге көрсетуді жүзеге асыратын мәдениеттің және өнеркәсіптің саласы, өнер түрі;

      13) кинорежиссер – фильмді жасау бойынша шығармашылық және өндірістік жұмысқа жетекшілік ететін қоюшы;

      14) кинохроника – өзекті оқиғалар және заманауи өмірдің деректері туралы оперативті киноақпарат (репортаж);

      15) киноэпопея – тарихи кезеңдер пайдаланылған, тарихи кезеңдердің немесе фильм фонында әрекеттің дамуы жүретін эпикалық жанрларға қатысты кинематографияның, ойын киносының жанры;

      16) кинопрокат – қандай да бір кинотаспаны белгілі бір уақыт аралығында кинотеатрда жоспарланған көрсетілімі;

      17) кино өнері – шынайы, арнайы сахналанған немесе мультипликациялық оқиғалар тәсілдерімен жасалған кино түсіру көмегі арқылы жасалған шығарма, өнер түрі;

      18) кино түсіру – әртүрлі қозғалыс фазасында түсірілген нысанды бейнелейтін жүйелік кадрлар қатарын кинотаспада алу; фильм жасаудағы көркемдік-шығармашылық және өндірістік-техникалық процесс;

      19) компьютерлік анимация – компьютерлік бағдарламаның көмегімен экран жазықтығында нысандардың және кейіпкерлердің қозғалысын жасау және басқару;

      20) киберпанк – компьютерлік кезеңдегі технологиялық прогресс фонындағы адамгершілік мәдениетінің құлдырауын көрсететін ғылыми фантастиканың жанры;

      21) кино түсірудің ракурсы – фильмнің бейнелік-монтажды композициясын құру үшін қолданылатын, операторлық өнердің белсенді тәсілі, жылжымайтын, сондай-ақ жылжымалы кинокамерамен әртүрлі көзқараста нысанды бейнелеу;

      22) көркем кеңістік – өнер шығармасының кеңістігі, ішкі тұтастықты және аяқталғандықты көрсететін шығарма құрамының жиынтығы;

      23) көркемдік уақыт – көркем шығармадағы уақытты еске түсіру, шығарманың маңызды композициялық құрамы;

      24) киноповесть – сюжеті салыстырмалы түрде күрделі, оқиғалар қатарына толығымен негізделетін, бейнеленген ақиқатты қамтудың эпикалық кеңдігіне жететін кино өнерінің шығармасы;

      25) кинематографияның мәнерлеу құралдары – кинофильмнің тақырыбы және идеясының ашылуына мүмкіндік беретін көркемдік тәсіл;

      26) қорқынышты фильм – көркем фильмнің жанры көрермендердің қорқыныш, үрей және белгісіздік сезімін шақыратын, кең тақырыпты және әртүрлі фильмдердің шеңбері, шиеленіскен қорқыныш атмосферасын жасау немесе қандай да бір қорқынышты азапты күту;

      27) монтаж – бастапқы жазбадан жеке үзінділерді қосу нәтижесінде біртұтас, композицялық толық шығарманы алуға мүмкіндік беретін кинематография, теледидар немесе дыбыс жазатын студиялардағы шығармашылық және техникалық процесс;

      28) мультипликация – бірін бірі кейбір жиілікте ауыстыратын, жылжымайтын бейненің (кадрлардың) жүйелігі арқылы жылжымалы бейненің иллюзияларын жасаудың техникалық тәсілдері;

      29) мюзикл – музыкалық, драмалық, хореографиялық және опера өнерін өзіне байланыстыратын шығарма және көрініс, музыкалық-театрлық сахна жанры;

      30) музыкалық фильм – дыбысты киноның әртүрлі түрлері, фильм актерлерінің диалогта қатысып қана қоймай, мазмұнын сюжетпен толықтыратын әндерді орындаумен ерекшеленетін кино өнерінің жанры;

      31) мультипликациялық кино (анимациялық кино) – салынған (графикалық мультипликация) немесе көлемді нысандардың (көлемді мультипликация) қозғалысының жүйелік фазаларын түсіру жолдары арқылы жасалатын кино өнерінің түрі;

      32) нуар – екінші дүниежүзілік соғыс және бірінші қырғи-қабақ соғыс кезіндегі америкалық қоғамға тән пессимизм, сенімсіздік, түңілу және арсыздық атмосферасы бейнеленген жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдарындағы голливудтық қылмыстық драмаларында қолданылатын кинематографиялық термин;

      33) ойын (көркем) киносы – сценарийге айналған және режиссердің түсіндіруін қамтитын сюжеттік негізі бар кино өнерінің түрі;

      34) продюсер – жобаны шығаруға тікелей қатысушы, қызметтің әкімшілік, технологиялық, шығармашылық немесе заңды акпектілерін реттейтін (немесе реттеуге көмектесетін), қандай да бір жобаны орындау кезінде саясатты реттейтін маман;

      35) режиссҰр – пьеса, музыкалық-драмалық шығарма немесе театр спектакль сценарийі, эстрадалық, цирк көрсетілімі, фильм негізінде жасайтын театр, кинематография, теледидар, цирк, эстрада секілді көрініс беретін өнердің шығармашылық қызметкері;

      36) ремейк – түрі өзгертілген немесе өзіндік сипаттамасы қосылған өнер шығармасының жаңа нұсқалардың шығарылуын білдіретін әртістік-дизайнерлік және коммерциялық термин;

      37) сюрреализм – иллюзия және форманың қарама-қайшы үйлесімін қолданумен ерекшеленетін жиырмасыншы ғасырдағы әдебиет және өнердің бағыты;

      38) тарихи уақыт – адам тұрмысының уақыты, адам қызметінің уақыты;

      39) фабула – бейнеленген құбылысты дамытуда автор қарастырған заңдылықтар негізінде себепті-тергеу, хронологиялық жүйелікпен жинақталып және ресімделетін, хикаяның, оқиғаның, жағдайдың, әрекеттің нақты жағы;

      40) фильм – кадрлардың белгілі бір саны, яғни кинотаспада орналасқан және бір сюжеттік желімен байланысқан фотографиялық бейне;

      41) экранға түсіру – өнердің басқа шығармаларының, әсіресе әдеби шығарма сарыны бойынша кинофильмді қою;

      3. Бағдарламаның мақсаты: әлемдік кино тарихы саласында алған білім, білік, дағдылары негізінде білім алушының тұлғасын көркем-эстетикалық дамыту және рухани, мәдени құндылықтарды игеруіне жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) өнердің түрі ретінде киномен таныстыру, киноның қоғам тарихындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру;

      2) кино өнерінің даму тарихымен және заманауи формаларымен таныстыру;

      3) әлемдік көркем мәдениетінің жалпы тарихи қозғалысының мәнмәтініндегі кино өнерінің дамуы туралы түсінікті қалыптастыру;

      4) әлемдік кино өнері саласындағы негізгі терминологияны білу;

      5) кино жанрларының пайда болу тарихымен танысу;

      6) режиссерлердің және актерлердің шығармашылық өмірбаянымен танысу;

      7) әртүрлі елдердің ұлттық дәстүрлерімен танысу;

      8) классикалық және заманауи әлемдік киноиндустриялар туралы түсінік қалыптастыру;

      9) киноны талдаудың алғашқы дағдыларын игеру.

      Дамыту:

      1) бейнелі және ассоциативті ойлауды, қиялдауды, көру-бейнелі жадын, талғамын, көркемдік қажеттіліктерін дамыту

      2) білім алушының жеке этикалық, эстетикалық сапаларын дамыту;

      3) оқу шеңберін кеңейту, кино өнері туралы әдебиетке қызығушылығын қалыптастыру;

      4) көркем-танымдық қызығушылығын тереңдету, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      5) адам мен қоғамға әсер ететін әлемді танудағы әлеуметтік-мәдени форма ретінде кино өнеріне деген эмоциялық-құндылық көзқарас тәжірибесін дамыту;

      6) реферат, баяндама, презентациямен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының ішкі дүниесін, ой-өрісін және жалпы білгірлігін байыту;

      2) кино өнері тәсілдері арқылы білім алушының көркем және эстетикалық талғамын қалыптастыру;

      3) кино өнеріне, көркем мәдениеттің көптеген түрлеріне қызығушылықты тәрбиелеу;

      4) әртүрлі халықтар мен уақыттың мәдениетіне, әртүрлі эстетикалық бағыттарға деген сыйластықты қалыптастыру;

      5) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын, жеке және ұжымдық жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу;

      6) кәсіби бағдарлау және білім алушының өзін өзі анықтауы.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Бағдарламаны игеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      6. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      7. Педагогтің білім алушылармен бірге топтық жұмыс ретінде өткізілетін сабақ сыныптағы оқу-тәрбиелік жұмыстың негізгі формасы табылады.

      8. Бағдарлама балалар өнер мектептерінің кино өнері бөлімінде білім алушыларға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      9. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      10. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      11. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      12. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      13. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      14. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      15. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      16. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, кино өнеріндегі шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      17. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыны жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, әртүрлі тарихи кезеңдерде құрылған әртүрлі стильдердегі және жанрлардағы кинематографиялық шығармаларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған.

      18. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      19. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) шетелдік және отандық кинорежиссураның даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      20. Бағдарлама білім алушыға әрі қарай кино өнерінің, киноиндустрияның ерекше заңдарын білімді өз бетінше меңгеруге көмектесетін кино тарихы саласындағы негізгі білімдерді меңгеруге жағдай жасайды

      21. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог әлемдік кино өнерінің пайда болу және қалыптасу тарихы бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      22. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағдарланған:

      1) әлемдік кинопроцесс туралы білімді меңгеру;

      2) кино өнері саласындағы терминологияны меңгеру;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;

      4) реферат, баяндама жазу дағдыларын меңгеру;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алу.

      23. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      24. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      25. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен кино режиссерлерінің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      26. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, театр теориясы және тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге деген ережелерін басшылыққа алады;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – зерттелетін сабақ тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлінде саналылық және белсенділік қағидаты оқу процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      27. "Дүниежүзілік кино тарихы" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      28. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін арттыру үшін спектакльдерге бару;

      3) практикалық – шығармашылық тапсырмалар, мұқият пысықтау үшін тұтас тапсырмаларды ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау-салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркем әсерлерді құру.

      29. Әдістерді таңдау білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты. Барлық оқыту процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      30. Бағдарлама заманауи өнер мектебіне интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін енгізуді қарастырады.

      31. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта жүргізіледі.

      32. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) үй тапсырмаларын орындау;

      2) рефераттар, баяндамалар, презентациялар дайындау;

      3) сыныптан тыс іс-шараларға дайындалу;

      4) кинотеатрларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      5) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      33. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады.

      34. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, бұл сыныпта өткен материалды қайталау, кино қойылыммен танысу, бейнематериалды қарау, кино видеоматериалды талдауға арналған шығармашылық тапсырмалар.

      35. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      36. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) видеопрезентациямен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      37. "Дүниежүзілік кино тарихы" пәнінің "Режиссура", "Алдын ала қарауға арналған семинар" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркем түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      38. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әдебиет, бейнелеу өнері, театр, музыка және кинематографиямен тығыз байланысатын өнердің түрі ретінде кино өнерімен таныстыру;

      2) қоғамдық сананың, кинематография түрлерінің, жанрларының ерекше формасы ретінде кино өнерінің әлеуметтік рөлі туралы білім қалыптастыру;

      3) кинематографияның пайда болуына әсер ететін он тоғызыншы ғасырдың ғылым және техника жетістіктерімен, кинематографияны техникалық қамтамасыз етудің негізгі кезеңдерімен, кино өнерінің бейнелік-композициялық тәсілдерімен, кинодағы дыбыс түрлерімен таныстыру;

      4) қисындық бірізділік және мазмұны бойынша фильм кадрларының үйлесімі ретіндегі монтаж, фильм жасау процесіндегі шығармашылық ұжымдық тәсіл туралы білім қалыптастыру;

      5) кино өнерінің "кино", "кадр", "режиссер", "премьера", "блокбастер", "ремейк", "комедия", "драма", "фарс", "экранға түсіру", "суперколосс" терминдерін меңгеру;

      6) кино тарихының ерте кезеңіндегі еуропалық мемлекеттерінің кинематографисымен, америкалық кино өндірісінің пайда болуымен, революцияға дейінгі Ресейдегі киноның қалыптасуымен, кеңес киносының пайда болуымен таныстыру;

      7) киноның жетекші шеберлердің шығармашылығымен, дыбыссыз кино кезеңінде және дыбысты кино тарихының алғашқы кезеңінде жасалған үздік фильмдермен таныстыру;

      8) оқу материалымен жұмыс, білімді жүйелеу, эссе, реферат, пікір жазу дағдыларын меңгеру.

      39. сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тарау. Әлемдік кинематографияның пайда болуы.

      2-тарау. "Дыбыссыз" кино кезеңі (1918-1929 жылдары).

      3-тарау. Дыбысты кино тарихының алғашқы кезеңі (1929-1939 жылдары).

      1-тақырып. Кино өнерінің пайда болу және қалыптасу тарихы. Кино өнері адамзат қызметінің ерекше түрі.

      Кино және өнердің басқа түрлері. Кеңістік өнері (кескіндеме, графика, мүсін, архитектура) және кино. Музыка және кино. Кино және әдебиет. Кино және театр. Театр және кинематографиялық өнердің ерекшелігі. Кино өнерінде ертерек пайда болған бейнелік-мәнерлеу құралдарының синтезі. Өнердің техногендік түрлері (фотография, кино, радио, телевидение).

      Кинематографияның теледидар және видео мәдениетімен байланысы.

      2-тақырып. Кинематографияның пайда болуына әсер еткен он тоғызыншы ғасырдағы ғылым және техника жетістіктері. Кинематографияны техникалық қамтамасыз ету дамуының негізгі кезеңдері.

      Кинематография пайда болуының алғышарттары ретінде он тоғызыншы ғасырдың соңында ғылым және техниканың дамуы. Фотография (Л. Дагерр, Ж. Ньепс, 1839). Қыздыру лампасы (А. Лодыгин, 1873; Т. Эдисон, 1879). Фонограф (Т. Эдисон, 1877). Хронофотографтар (Жюль Марэ, 1882-1887). "Отический театр" (Эмиль Рейно, 1889). Кинематограф (У. Диксон, Т. Эдисон, 1889). Т. Эдисонның кинетоскопы(1894).

      3-тақырып. Кино – өнер. Кинематография классификациясы. Кино өнерінің мәнерлеу құралдары. Кинематография түрлері. Деректі кино.

      Мультипликациялық (анимациялық) кино. Ғылыми-көпшілік кино. Ойын (көркем) киносы.

      4-тақырып. Деректі киноның жанрлары. Кинохроника. Монтажды фильм. Мәселелі фильм. Деректі кино – бейнелі публицистиканың түрі.

      Мультипликация жанрлары: фольклор, сатира, саяси философиялық.

      Ғылыми-көпшілік киноның жанрлық жүйесі: ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-көпшілік, оқу.

      Ойын (көркем) киносының жанрлары. Драмалық жанр (психологиялық, комедиялық, шытырман оқиғалы). Эпикалық жанр (киноэпопея, кинороман, киноповесть). Лирикалық жанр (баллада, аңыз, поэма). Музыкалық жанр (киноопера, кинобалет, мюзикл).

      Жанрлық-тақырыптық қалыптасуы: тарихи фильм, саяси.

      5-тақырып. Кино тілі – басқа өнердің мәнерлеу құралдарының синтезі. Көркемдік шарттылық және фильмнің көркемдік бейнесі

      Кино өнерінің бейнелік-композициялық құралы. Кадр. План (жалпы, орташа, ірі, бөлшек). Адамды экранда көрсетуге қолданылатын план: алыс ( адамның бар тұла бойы және оны қоршаған орта – кадрдың басты мазмұны), жалпы (адамның тұла бойы), орташа план (адамның тізесіне дейін), бірінші план (адамның белінен жоғары), ірі план (адамның басы). Бөлшек.

      Кадр композициясы, ракурс, кадрдағы қозғалыс. Кинодағы дыбыс түлері (музыка, шулар, сөз). Дыбыс және бейнені байланыстыру тәсілдері. Жарық және түс. Фильмнің көркемдік кеңістігі. Фильмнің тарихи және көркемдік уақыты.

      Монтаж – қисынды жүйелігі және мамұны бойынша фильм кадрларының үйлесімі. Көркемдік монтаж – режиссерлік ойлау әдісі.

      6-тақырып. Фильм жасаудың шығармашылық процесі. Фильм жасайтын шығармашылық топтың құрамы. Фильм жасау процесіндегі шығармашылық ұжымдық тәсіл. Продюсер. РежиссҰр. Киноның әртүрлі түрлеріндегі жұмыстың ерекшелігі.

      Сценарий және фильм драматургиясы: әдеби және режиссерлік сценарий.

      Идея және тақырып. Фабула және сюжет. Сценарий және фильм композициясы: экспозиция, басталуы, перипетия, шарықтау шегі, түйіні, қорытынды. Кино суретшісінің шығармашылығы. Қоюшы-суретшінің, костюм бойынша суретшінің, грим бойынша суретшінің міндеттері. Кинооператордың шығармашылығы. Кино түсірудің түрлері және тәсілдері. Фильм жасау процесінде композитор және дыбыс операторының (дыбыс режиссерінің) шығармашылығы. Актерлік шығармашылық және кино. Кино өнерінің терминдері: "кино", "кадр", "режиссер", "премьера", "блокбастер", "ремейк".

      7-тақырып. Кино тарихындағы алғашқы кезең. Еуропа және Америкадағы кинематографияның пайда болуы және дамуы (1885-1914). Кинематографияны ойлап табудың қысқаша бастауы. Ағайынды Люмьер кинематографиясы (1895). Кинематорграфия дамуындағы Люмьерлердің үлесі. Люмьерлердің "деректі" фильмдері. Алғашқы бұқаралық киносеанс. "Жылжымалы фотография" қағидаты. Люмьерлердің әлемдік өнертабыс жетістігі.

      Кинопленканы ойлап шығарудың тарихы. Мылқау кино дәуірі. Дыбысты кинематорграфия дәуірінің басталуы. Филь көшірмесі. Кинодағы түс. Фильмді мәтіндік сүйемелдеу және дубляж жасау. Кинодағы стереофония. Кино көрінісінің әртүрлі түлерін жасау.

      8-тақырып. Франция киносы. Люмьерлердің "деректі" фильмдері. Кино жанрларының пайда болуы.

      Ж. Мельес – әлемдік кинематографияның негізін қалаушылардың бірі, ойын киносының негізін салушы, алғашқы арнайы эффектілерді ойлап табушы және кинофантастика пионері.

      Экрандық өнердің мәнерлеу мүмкіндіктерін меңгеру, бір-бірімен байланысқан өнер (театр, әдебиет) тәжірибесін қолдану.

      Алғашқы табысты фильмдердің және кино жұлдыздарының пайда болуы. Л. Фейадтің "Фантомас" француз картинасы. Алғашқы әлемдік кино жұлдызы –француз актері М. Линдер.

      1920-1940 жылдардағы француз кинематографиясы.

      Л. Бунюэльдің суретші-сюрреалист С. Далимен бірге жасаған фильмдері: "Андалузский пес" (1927), "Золотой век" (1930). Л. Бунюэль, С. Далидің шығармашылығы. Француз кинематографиясы алтын қорының құрылу. Ж. Ренуардың шығармашылығы.

      Француз кинематографиясындағы водевиль және лирикалық комедия жанры. Р. Клердің шығармашылығы (1898-1981). "Соломенная шляпка" (1927), "Под крышами Парижа" (1930), "Последний миллиардер" (1934) фильмдері. Ж. Габен шығармашылығы. Канныдағы алғашқы француз халықаралық кинофестивалінің ашылуы (1946).

      9-тақырып. Англияның киносы. Он тоғызыншы – жиырмасыншы ғасырлар аралығындағы викториандық Англия. Алғашқы киносеанс. Кинокамера және монтаждың техникалық мүмкіндіктерін меңгеру. Жанрлардың қалыптасуы.

      Фантастикалық, трюкті және тұрмыстық комедиялардың жетістігі.

      Ағылшын деректі киносының әлемдік танымалдығы (1920). Режиссер Д. Грирсонның шығармашылығы.

      10-тақырып. Италия киносы. Алғашқы киносеанстар. Француз кино өнімдері және оның бұрынғы италия киносына әсері. Ұлттық кино шығарудың пайда болуы.

      Италия киносының жетекші жанрлары – комедия, драма, фарс, экранизация.

      Костюмді тарихи фильмдер, олардың ұлттық кино және экрандық мифологияның дамуындағы рөлі.

      "Суперколосс" жанрының (орасан, ойын-сауық кино қойылымдар) пайда болуы.

      Фильмдердің сюжеті: ежелгі Рим тарихы. Әлемдік жұлдыздардың қатысуы, ауқымды экранға шығу, орасан зор декорациялар, мыңдаған көріністер, көтермелі кран және тікұшақпен түсіру.

      Венециядағы алғашқы халықаралық кинофестивальді ұйымдастыру (1932).

      11-тақырып. Германия киносы. Ұлттық кино өндірісінің пайда болуы. "М" режиссердің алғашқы дыбысты фильмі (1931).

      1920 жылдардың басында "таулы фильм" ерекше неміс жанрының пайда болуы. Кинопрокат желісінің дамуы, соғыс алдындағы ірі студиялардың құрылысы. Дүниежүзілік соғыстың басталуы алдында кино өндірісінің өсуі.

      Әскери оперетта, насихаттаушы "ұлттық" фильмдерді шығару. Фарс және фильм-спектакльдердің танымалдығы. Сериялық детективтердің және трюктік комедиялардың танымалдығы.

      Германия киносындағы прогрессивті үдерістер (1929-1932). Алғашқы кино жұлдыздары.

      12-тақырып. Америка құрама штаттарының киносы. Алғашқы люмьерлік фильмдердің сеансы. Американдық кино өндірісінің пайда болуы (1896).

      Голливудтың пайда болуы. Қайталанатын тәсілдер мен трюктерді қамтитын сериялық картиналарды шығару.

      Ертедегі кинематографияның танымал жанрлары: мелодрама, комедия, авантюра, вестерн. Кино тілінің жеке тәуелсіз белгілер жүйесі ретінде пайда болуы.

      Бірдей жағдайда тұрақты өнер көрсететін, жоғары ақы төленетін көптеген миллиондаған көпшіліктің кумиріне айналған "кино жұлдыздары" жүйесінің пайда болуы.

      Американдық кинокомедияның "алтын ғасыры". Ч. Чаплин шығармашылығы.

      "Америкалық арман" идеяларды бекітудегі Голливудтың орны. Голливудтың өсуі. Ірі фирмалар және олардың өнімдері.

      Голливудпен бәсекелестік күрес барысында еуропалық кинематографияның әлсіреуі. Америка құрама штаттарына Швеция, Германия, Францияның жетекші кинематографисттердің көшуі. Атақты еуропалық кинематографисттер және олардың шығармашылық жұмыстары.

      Коммерциялық өнімдердің негізгі жанрлары. "Дыбыссыз" кинематографияның пайда болуы.

      Жаңа жанрлардың пайда болуы: гангстерлік фильмдер (Х. Хоукстің "Лицо со шрамом", К. Ридтің "Третий человек"), саяси драмалар (Р. Россеннің "Вся королевская рать"), қорқынышты фильмдер (Т. Браунингтің "Дракула"), нуар фильмдері (Д. Хьюстоннің "Мальтийский сокол", Б. Уайлдердің "Двойная страховка"), мюзиклдер және музыкалық фильмдер (В. Флемингтің "Өз елінің сиқыршысы").

      Американдық деректі киноның пайда болуы. Р. Флаэртидің шығармашылығы.

      Классиканың экранға түсірілуі. Уолт Дисней студиясының мультипликациялық фильмдері. Сериялық қысқаметражды фильмдердегі "америкалық өмір салтын" насихаттау.

      Толық метражды фильмдер. Голливудтың жетекші актерлері және режиссерлері. Америкалық "Оскар" киноакадемиясы премиясының ұйымдастырылуы (1929 жылдан бастап).

      Ч. Чаплин шығармашылығының өрлеуі. "Огни большого города" (1931) және "Новые времена" (1936) бастап "Ұлы диктатор" (1940) кинокомедиясына дейін.

      13-тақырып. Революцияға дейінгі Ресейдегі кино. Ресейдегі ағайынды Люмьерлердің "синематографиясы". Алғашқы киносеанстар. Стационарлық "электр театрларын" құру және прокатты ұйымдастыру.

      Алғашқы кезең (1896-1907) – орыс кино өндірудің басталуына дейін. Ресейдегі осы кезеңді бейнелейтін фильмдердің сипаттамасы.

      Ресейдегі кино өндірісінің пайда болуы. Алғашқы орыс ойын фильмі. Ресейде хроникалық, ғылыми-көпшілік, ойын фильмдерінің тұрақты шығарыла бастауы.

      Екінші кезең (1908-1914). Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі отандық кино өндірісінің пайда болуы. Алғашқы орыс ойын фильмі "Понизовая вольница" (1908). Орыс ұлттық киносын жасау бойынша А. Хонжонковтың қызметі.

      Кино және әдебиет. Орыс классикалық әдебиет шығармаларының экранға түсірілуі: "Пиковая дама", "Русалка", "Өлі жандар". Кино тарихы: "1812 жыл", "Оборона Севастополя".

      Алғашқы ресейлік экран жұлдыздары. И. Мозжухин, В. Холоднаяның шығармашылығы.

      Үшінші кезең (1914-1917) – Бірінші дүниежүзілік соғыс және Ақпан революциясы. Шетелдік картиналарды шеттен әкелуді қысқарту және отандық фильм өндірісінің артуы.

      Салондық мелодрама, кинокомедия, қылмыстық шытырман фильмдердің пайда болуы. Алғашқы орыс кино жұлдыздарының шеберлігі. Мультипликациялық фильмдер. Театр қайраткерлерінің киноға түсуі. Режиссерлердің шығармашылығы.

      14-тақырып. Революция және кинематография. Кино өндірісін жеке иемденудің аяқталуы, кинофабрикалардың және кинотеатрлардың мемлекеттендірілуі. Кеңес киносының пайда болуы. Кеңес үкіметінің кино саласындағы алғашқы ұйымдастырылған іс-шаралары. Кеңес кинематографиясының дамуы. Кеңес фильмдерін өндірудің басталуы.

      Алғашқы Мемлекеттік кинематография мектебінің ашылуы. Жиырмасыншы жылдардағы кинохроника, агитациялық фильмдерді өндіруді ұйымдастыру бойынша алғашқы қадамдар.

      "Фэкс" (эксцентрлі актер фабрикасы) феномені. Дәстүрлі кино баяндаудың акробатика және клоунадамен үйлесімі.

      Д. Вертов және жиырмасын жылдардағы ойынсыз кино. Д. Вертовтың публицистикалық фильмдері "Киноглаз" (1924), "Ленинская киноправда" (1925), "Шагай, Совет"(1926), "Шестая часть мира" (1926).

      Тарихи фильм және отандық кинода әдебиет классиктерінің экранға түсірілуі.

      15-тақырып. 1930-40 жылдардағы кинематография. Ресейде дыбысты киноның пайда болуы. Алғашқы орыс режиссерлері Г. Козинцев, Л. Траубергтің "Одна" (1931) дыбысты фильмі.

      Н. Экктің "Путевка в жизнь" фильмі (1931). Фильмнің Венециядағы алғашқы халықаралық кинофестивальге қатысуы. Н. Экктің үздік режиссер ретінде танылуы.

      Кеңестік кинематографиядағы революция кейіпкерлері. Георгий және Сергей Васильевтердің "Чапаев" фильмі.

      Орыс революциялық кино авангардының қалыптасуы. Режиссер Д. Вертовтың фильмі. "Киноаппараты бар адам" (1929).

      С. Эйзенштейн шығармашылығы. Шығармашылық жолының басталуы. Театрлық жұмысы. "Броненосец "Потемкин" (1926) – кеңестік және әлемдік кинематографияның орасан зор шығармасы. Фильмді қою тарихы. Фильм драматургиясы және режиссурасының жаңашыл сипаты. Кино тілінің өзіндік ерекшелігі (монтаж, бейнелік композиция, бөлшек, кинометафора). Жанрлық шешімнің ерекшелігі. С. Эйзенштейн шығармашылығының тарихи маңызы.

      Кеңес кинематографиясындағы музыкалық комедия жанрының дамуы. Синхронды актерлік ән айтуы басым болатын музыкалық фильмдер. Жаңа кино мамандықтарының пайда болуы. Г. Александров, И. Пырьев режиссерлерінің шығармашылығы. Халықаралық мәскеулік кинофестиваль (1935).

      16-тақырып. Фильмдердің көрсетілімі. Кино өнері шығармаларының жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып талдау. Кинофильмді талдау сызбасы.

      40. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кино өнері әдебиетпен, бейнелеу өнерімен, театрмен, музыкамен тығыз байланысатын өнердің синтетикалық түрі ретінде түсінікке ие болады;

      2) кинематографияның пайда болуына әсер еткен он тоғызыншы ғасырдың ғылым және техника жетістіктерін, кинематографияны техникалық қамтамасыз етудің негізгі даму кезеңдерін біледі;

      3) кинематографияның түрлерін біледі;

      4) деректі кино, мультипликация жанрларын біледі;

      5) ғылыми-көпшілік киноның жанрлық жүйесін біледі;

      6) ойын (көркем) кино жанрларын біледі;

      7) жанрлық-тақырыптық қалыптасуын (тарихи фильм, саяси) біледі;

      8) кино өнерінің бейнелік-композициялық құралдарын біледі;

      9) кино өнері саласындағы терминологияны біледі;

      10) кинодағы дыбыстардың түрлерін, дыбыс және бейнені қосу тәсілдерін біледі;

      11) қисынды жүйелік және мазмұны бойынша фильм кадрларының үйлесімі ретінде монтаж туралы түсінікке ие болады;

      12) фильм жасайтын шығармашылық топтың құрамын біледі;

      13) фильм жасау процесінде қоюшы суретшінің, костюм бойынша суретшінің, грим бойынша суретшінің, кинооператордың, композитор және дыбыс операторының ( дыбыс режиссері) міндеттерін біледі;

      14) Еуропа, Америка, Ресей кинематографиясының пайда болу және даму тарихын біледі;

      15) кеңестік киноның пайда болуын біледі;

      16) алғашқы кино актерлердің, режиссерлердің шығармашылық жолын біледі;

      17) жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, кино өнері туындысын талдаудың алғашқы дағдыларын меңгереді;

      18) эссе, реферат, пікір жазу үшін алған білімдерін жүйелей алады;

      19) ақпараттарды іздеу үшін ақпараттық технологияларды пайдаланады.

      41. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдердегі әлемдік кинематография тарихымен, деректі және көркем фильмдермен, режиссерлердің, актерлердің өмірбаяны және шығармашылығымен танысу;

      2) еуропалық кино, оның әлемдік кино өнеріндегі рөлі, заманауи әлемде еуропалық елдер кинематографиясының дамуы туралы білімін қалыптастыру;

      3) заманауи америкалық киномен, ұлы кино шеберлерінің шығармашылығымен және соңғы онжылдықтағы барынша атақты фильмдермен таныстыру;

      4) жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырлардағы ресейлік кинематография бағыттарымен таныстыру, кеңестік кино өнерінің шығармашылық жетістіктері, фильмнің әртүрлі жанрындағы жаңашыл ізденістер, балалар фильмін дамыту туралы білімін меңгеру, балалар фильміне түскен актерлердің өмірбаяны және шығармашылығымен таныстыру;

      5) мультипликация тарихымен таныстыру, мультипликациялық фильмдерді қарау, сценарий жазу және білім алушымен бірге мультипликациялық фильмді жасау;

      6) заманауи кино өнеріндегі постмодернизм, экрандық өнердегі "бұқаралық" и "элиталық" туралы түсініктерді, жаһандану кезеңіндегі кинематографияның жағдайын меңгеру;

      7) фильмдерді және фильм үзінділерін қарау, негізгі кинематографиялық тәсілдерді және оларды талдауды анықтау мақсатында фильмнің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу.

      42. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ұлыбритания киносы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ағылшын киносы. Көркем-деректі фильм.

      Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1939-1955 годы) ағылшын киносы. Ағылшын киносы дағдарысын жеңу.

      Классиктерді экранға түсіру. Ч. Диккенс романдарын, У. Шекспир трагедияларын заманауи оқу. "Илинг" студиясының комедияларындағы реалистік және гуманистік қағидаттары.

      1950-60 жылдарындағы ағылшын кинематографиясының шарықтауы. Деректі кино. Абсурд театры. П. Бруктың фильмдері. Коммерциялық кино.

      Детектив жанрындағы фильмдердің авторы, режиссер А. Хичкоктың шығармашылығы. Музыкалық фильм жанрының өрлеуі.

      Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында және жиырма бірінші ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын кинематографиясы.

      2-тақырып. Француз киносы. Соғыс жылдарындағы кинематография. М. Карне шығармашылығы. Ж. Габеннің өмірлік және шығармашылық жолы.

      Канныдағы алғашқы халықаралық француз кинофестивалінің ашылуы (1946 жылдан бастап).

      Жаңа буын кинорежиссерлерінің бастамалары. Аға буын шеберлерінің шығармашылық ізденістері. Басты есімдер, фильмдер және жанрлар.

      Жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырлар аралығындағы франуз киносы.

      3-тақырып. Германия кинематографиясы. Фашистік диктатура жағдайындағы кино. Осы кезеңдегі кино өнімнің басты мақсаты – насихаттық, адамдарды нацисттік "жаң тәртіп" бағытында тәрбиелеу.

      Неміс әскерлерінің жауды жеңу туралы фильмдері ("Крещение огнем" – Польшаны басып алу туралы, "Батыстағы жеңіс" – басқыншылық туралы). Сталинград және Солтүстік Африкадағы жеңілістен кейін осы тәріздес фильмдерді шығаруды тоқтатылуы.

      Коммерциялық өнімге бағыт және батыс германиялық кино нарығын Голливудтың бағындыруы.

      Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы неміс кинематографиясы. Жаңа неміс киносын жасау. Осы кезеңнің белгілі режиссерлері және актерлері. Германияның бірігуінен кейінгі неміс киносы.

      4-тақырып. Батыс еуропалық кинематографиясының даму тарихы. Италияның кино өнері. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кинематография.

      Неореалистік өнердің өркендеуі, оның Италия киносындағы орны және әлемдік кинодағы рөлі.

      "Рим – ашық қала" (1945) – антифашистік Қарсылықтың кинематографиялық қорытындысы және неореализм бағдарламасын эстетикалық іске асыру.

      Соғыстан кейінгі Италия кино өнерінің өркендеуі. Р. Росселини, Л. Висконти, Л. Кавани фильмдеріндегі антифашисттік күрес және халық тағдыры үшін жеке жауапкершілік тақырыбы.

      Режиссер Ф. Феллинидің шығармашылығы. Итальяндық жас буын режиссерлері. Б. Бертолуччи шығармашылығы. Заманауи итальяндық кино.

      Швеция киносының тарихы. "Швед мылқау киносының алтын ғасыры". Соғыс жылдарындағы ойын-сауық сипатындағы фильмдер.

      Жаңа швед киносының пайда болуы. И. Бергманның фильмдері.

      Алғашқы "Свенска Биоскоп" швед киностудиясын ұйымдастыру. Жаңа швед киносының режиссерлері және актерлері.

      Испания киносы. Фашистік диктатура жағдайындағы Испания киносының деградациясы.

      Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарындағы Испания киносының дамуына неореализмнің әсері. Ұлттық кинематографияның пайда болуы.

      М. Феррери шығармашылығы. "Жас испандық кино". К. Саура шығармашылығы және оның Испания кинематографиясындағы орны. П. Альмодовардың фильмдері.

      4-тақырып. Америка құрама штаттары киносының дамуы. Америкалық киноавангард. Соғыс кезеңіндегі кинодокументалистика. Ч. Чаплиннің "Месье Верду" (1947), "Огни рампы" (1952) және "Король в Нью-Йорке" (1957) фильмдері – америкалық ақиқаттың бейнесі.

      Жиырмасыншы ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары аралығындағы Голливуд дағдарыстары. Киностудиялар кірістерінің төмендеуі. Теледидармен бәсекелестік.

      Киноның техникалық жаңғыруы: ауқымды экран, стереофония, панорамалы және кең форматты кино.

      С. Поллак, Р. Олтмен, С. Николас. С. Кубрик режиссерлерінің шығармашылығы.

      Әлемдік Голливуд жұлдыздары М. Монро, Э. Тайлер, Б. Ланкастер, К. Дуглас, Н. Вуд, У. Битти, М. Брандо шығармашылығының шыңы.

      Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы кино. Жастар наразылығы және оның дәстүрлі жанрлардағы мәні.

      Негрлердің азаматтық құқығы үшін күресті күшейту және нәсілдікке қарсы бағыттағы фильмдер.

      С. Кубрик, Р. Олтмен, М. Николс режиссерлерінің фильмдеріндегі соғыс тақырыбы. Америкалық экрандағы вьетнам соғысының тақырыбы. Р. Олтман фильмдері.

      Коммерциялық жанрлардың жаңа қырлары. Тарихи блокбастерлерді, әртүрлі триллерді, апат туралы фильмдерді, мистикалық көріністерді, ғарыштық кинобестселлерді жасау.

      Неоконсерватизм және "күлбикеш" туралы, "американдық арман" туралы ескі голливудтық мифтерді қайта жаңғырту. Америкалық кино "жұлдыздары".

      Жанрлардың жаңартылуы. Бродвейлік "блокбастерлер". Кинофантастика жанры. "Звездные воины" (1977-2005), "Инопланетянин" (1982), "Парк Юрского периода" (1993).

      "Киберпанк" фантастикалық фильмдер жанрын жасау. "Бегущий по лезвию бритвы" фильмі (1981).

      Обновление жанра фильма ужасов. С. Спилбергтің "Челюсти" (1975) Р. Скоттың "Чужой" (1979) фильмдері.

      Шытырман фильмнің жаңа үлгісін жасау (С. Спилбергтің "Искатели потерянного ковчега", 1981).

      Режиссер Ф. Копполаның гангстерлік фильм жанрындағы эпикалық бөлім ("Крестный отец" 1972, 1974, 1990), соғыс драма жанрындағы "Апокалипсис сегодня" (1979). "Молчания ягнят" (1991), "Рождественские кошмары" (1993) қорқынышты фильмдері. Фильмді қарау және талдау.

      Танымал жанрлар: вестерн, комедия, мюзикл, детектив, гангстерлік фильм, фантастикалық фильм, қойылымдық боевик.

      Америкалық кинематографияның әлемдік кинопроцеске әсері.

      5-тақырып. Соғыстан кейінгі Шығыс Еуропаның киносы. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Шығыс Еуропа кинематографиясының қалыптасуына кеңес киносының әсері. Антифашистік тақырып – шығыс-еуропа елдерінің кино өнері орталығы.

      Поляк режиссерлерінің шығармашылық ізденістері. З. Фабри, К. Макк, Ф. Мариашши, П. Бачо – жиырмасыншы ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдарындағы венгр режиссерлері.

      Болгария кинематографиясы. З. Жандов, Я. Янков, Б. Шаралиев фильмдері – жаңартылған болгар кино өнері.

      Германия Демократиялық Республикасының кинематографиясына арналған антифашистік тақырып, оны К. Метциг, З. Дудов, В. Штаудте режиссерлерінің әзірлеуі.

      Румын киносының ерекшелігі. Чехословакия киносы – О. Вавра фильмдерінің призмасы арқылы. Жанрлық-тақырыптық диапазон және Югославия киносының даму ерекшелігі.

      Әлемдік кинематографиялық процестегі шығыс-еуропа елдерінің жетекші кинематографтары. Шығыс Еуропа кинематографтарының шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту. Фильмді қарау және талдау.

      6-тақырып. Кеңес киносы. Соғыс жағдайындағы кеңес киносы өнеркәсібінің қайта құрылуы. Ірі киностудияларды елдің шығысына көшірілуі. "Әскери киножинақтар" және қысқа метражды фильмдер шығару.

      Соғыстың маңызды кезеңдеріндегі хроникалық-деректі фильмдер. Кинорепортаж жанрының таралуы. Бірнеше репортаждарды бір атаумен біріктіру және "киножурналдар" жасау ("Союзкиножурнал").

      "Разгром немецких войск под Москвой", "Черноморцы", "Ленинград в борьбе" (1942 жыл) фильмдері. Бұл кезеңді "Берлин" (1945), "Суд народов" (1946) соғыс туралы документалистік фильмдермен аяқтау. Фильмді қарау және талдау.

      7-тақырып. Соғыстан кейінгі кезеңдегі кеңес кинематографиясы. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы кеңес кинематографиясының дамуындағы қиындықтар. Киностудияларды қайта көшіру және кино желісін қалпына келтіру.

      Ұлы Отан соғысының ірі стратегиялық операциялар туралы көркем-деректі фильмдер ("Третий удар", "Сталинградская битва", "Падение Берлина").

      Кинокартинаға арналған басты материал – елдің өткені. В. Пудовкиннің "Адмирал Нахимов" фильмі (1947), С. Эйзенштейннің "Иван Грозный" (1945) фильмінің екінщі сериясы.

      Соғыс тақырыбы. "Повесть о настоящем солдате" (1948), "Подвиг разведчика" (1947), "Секретная миссия" (1950) фильмдері. Фильмді қарау және талдау.

      Орыс және шетел әдебиет классиктерінің сарыны бойынша түсірілген фильмдер. А. Чеховтың "Попрыгунья", "Дама с собачкой", Ф. Достоевскийдің "Идиот", "Братья Карамазовы", "Преступление и наказание", Л. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік", "Тихий Дон" (1957) шығармаларының экранға түсірілуі.

      Аға буын кино шеберлерінің фильмдері ("Возвращение Василия Бортникова", "Урок жизни", "Дело Румянцева"). Жас режиссерлердің кинематографиялық бастамалары. ("Весна на Заречной улице", "Чужая родня", "Земля и люди").

      "Тени забытых предков" (1964) фильмінің фольклорлық-поэтикалық құрылымы.

      Комедия жанрының дамуы. Э. Рязанов, Л. Гайдай режиссерлерінің шығармашылық өрлеуі. А. Тарковский. К. Муратованың шығармашылық жолының бастауы.

      8-тақырып. Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер. "Летят журавли" (1957), "Адам тағдыры" (1959), "Баллада о солдате" (1959), "Мир входящему" (1961), "Иваново детство" (1962) картиналарының бейнелік шешімінің жаңашыл сипаты. Фильмді қарау және талдау. Жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып фильмді талдау.

      9-тақырып. 1950-80 жылдардағы киноклассика. Жанрлық-стильдік ізденістердің негізгі бағыттары. "Живые и мертвые" (1964), "Отец солдата" (1965), "Никто не хотел умирать" (1966) картиналарының бейнелік шешімінің документализмі, халықтық және ұлттық бейнесі. Ю. Озеровтың "Освобождение" (1970-1972), "Солдаты свободы"(1977), "Битва за Москву" (1985) киноэпопеялары. Соғыс туралы фильмдердің жанрлық-стильдік көптүрлілігі. С. Бондарчуктің "Они сражались за Родину" (1975) фильмі.

      Ю. Ильенконың "Белая птица с черной отметиной" (1972) таспасындағы тарихи және мифологиялық синтез.

      С. Ростоцкийдің "А зори здесь тихие..." (1972) фильміндегі лирикалық-драмалық шешім. Э. Лотянудың "Лаутары" (1972), "Табор уходит в небо", (1975) фильмдеріндегі ұлттық фольклор бейнелерін және сарынын белсенді пайдалану. "Мольба" (1968), "Цвет граната" (режиссер С. Параджанов, 1970), "Пиросмани" (режиссер Г. Шенгелая, 1970), "Древо желаний" (режиссер Т. Абуладзе, 1977) фильмдеріндегі суретші тұлғасын және оның поэтикалық дүниесі тақырыбы. Астарлы мәні, негізгі сюжеттік себептер.

      Деректі фильм. Орыс және шетел классиктерінің экранда түсірілуі. Кинокомедия эволюциясы.

      10-тақырып. Балалар және жасөспірімдерге арналған киноны дамыту. Балалар киносын жасау тарихы. "Звонят, откройте дверь" (1966), "Доживем до понедельника" (1967), "Сто дней после детства" (1975), "Не болит голова у дятла" (1975), "Ключ без права передачи" (1974) фильмдері.

      Р. Быковтың фильмдері: "Внимание, черепаха!" (1970), "Телеграмма" (1972), "Автомобиль, скрипка и собака Клякса" (1975). "Чучело" (1984) фильміндегі әлеуметтік-адамгершілік мәселелердің шиеленісуі.

      Балалар фильмінде түскен актерлердің өмірбаяны және шығармашылығы. Балалар фильмдер қатарын қарау және талқылау.

      11-тақырып. Мультипликациялық фильмді дамыту. Мультипликацияның пайда болу тарихы. Ресейлік мультипликация тарихы. Орыс анимациясының алтын кезеңі. Қазіргі кездегі ресейлік мультипликация. Мультиплкациялық фильмдер қатарын қарау және талқылау.

      Практикалық сабақ. Мультипликациялық фильмді талдау. Мультипликациялық фильмді талдау сызбасы. Мультипликациялық фильмді жасау.

      Мультипликациялық фильмді жасау кезеңдері. Көркем сценарий жазу. Кейіпкерлер бейнесін және оқиға жазылу фонын құру. Білім алушының жеке компьютерлік фильмін жасауы.

      12-тақырып. Кейіпкердің жаңа көзқарасы және революция мен Ұлы Отан соғысының драмалық қайшылығы.

      Тарихи-революциялық жанрдың дамуы және өндірістік-тұрмыстық жанрдың дамуы.

      Э. Климовтың "Иди и смотри" (1985) картинасындағы фашизмнің философиялық көзқарасы. Соғысты бастан кешірген буынның психологиялық және адамгершілік бейнесі, әлеуметтік және ұлттық мәселесі мәнмәтінінде оның ауысуы: Н. Губенконың "Пришел солдат с фронта" (1972) және "Подранки" (1977), П. Тодоровскийдің "Военно-полевой роман" (1983), О. Неуландтың "Гнездо на ветру" (1980), П. Симмнің "Что посеешь..." (1982), М. Беликовтың "Ночь коротка" (1981), А. Мкртчянның "Танго нашего детства" (1985). Фильмді қарау және талқылау.

      Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаншы жылдарындағы Ресейдің кино өнері. Сатиралық және комедиялық фильмдері. С. Герасимов, Ю. Райзман, Г. Быков фильмдеріндегі заманауилықтың көрінісі.

      А. Тарковский шығармашылығының философиялық – адамгершілік мәселесі.

      Кинодағы әйелдерді азат ету тақырыбы ("Несколько интервью по личным вопросам" (1979), "Москва слезам не верит" (1980), "Зимняя вишня (1985).

      Деректі кино. М. Ромм, Р. Кармен фильмдері. Кинематографисттердің аға және кіші буын шеберлерінің шығармашылығы.

      13-тақырып. Кеңес Одағының құлауы және Ресей Федерациясының кинематография бойынша Мемлекеттік Комитет білімі.

      Жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырлар аралығындағы демократия және нарық экономикасы жағдайында кинематография дамуының қиындықтары.

      Кинематографияның ерекшеліктері және дамуының негізгі бағыттары. Киностудиялардың техникалық жаңаруы. Кинопроцесстің жаңғыруы.

      Кино экранда америкалық киномен бәсекелестік. Әртүрлі жанрлардағы кинорежиссерлердің ізденістері және жаңалықтары.

      Отандық кино және әлемдік кинематографиялық процесстің жетекші шеберлері. Жас кинематографистердің шығармашылығы және олардың халықаралық жетістігі. Ауқымды ресейлік кинофестивальдер.

      14-тақырып. Азия, Африка және Латын Америка елдерінің кинематографиясы. Жапония киносы. Жапон киносы дамуының негізгі кезеңдері.

      Жапон киносының "алтын ғасыры". К.Мидзогути картинасының гуманизмі. А. Куросава – жапон кинематографиясының классигі. Жапон анимациясын жасаушылар. А. Куросава шығармашылығына ұлттық ерекшеліктер және батыс мәдениетінің әсері.

      Қытай кинематографиясы. Дәстүрлер және жаңашылдық. Жетекші кино шеберлері.

      Үндістан киносы. Х. Аббастың кинодрамасы. Р. Капур шығармашылығы.

      Шығыс Араб елдері кинематографиясының дамуы. Африка жетекші кинематографиясының пайда болуы.

      Латын Америка кинематографиясы. Әлемдік кинематографиялық процестегі жетекші кинорежиссерлер.

      15-тақырып. Заманауи медиа мәдениеттегі киноның орны. Соңғы онжылдықтағы кино өнерінің рөлі және маңызы.

      Заманауи кино өнеріндегі постмодернизм. Экрандық өнердегі "көпшілік" және "элиталық".

      Жаһандану кезеңіндегі кинематографияның негізгі түрлері. Деректі кино

      (кинопублицистика). Ғылыми-танымдық кино. Көркем (ойын) кинематография. Көркем анимация. Электронды кинематография кезеңі.

      16-тақырып. Заманауи кино. Перфекционизмге, максимализмге ұмтылу, жаһандану, типтеу – әлемдік киноны дамыту үдерістері. Соңғы жылдардағы әлемдік кинематография туындыларында қатігездіктің басым болуы. Арнайы эффектілерді, шынайы түсірілім және 3D форматқа айырбастау.

      43. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әлемдік кино өнерінің даму тарихын біледі;

      2) әлемдік кинематография дамуының негізгі бағыттары, заманауи кино мәселелері туалы түсінікке ие болады;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес кинематографиясы дамуының ерекшеліктерін біледі;

      4) соғыстан кейінгі кезеңдегі кеңес кино өнерінің тарихын біледі;

      5) Ұлы Отан соғысы туралы фильмдерді біледі, оларды жанрлық және стилистикалық ерекшеліктері бойынша талдай алады;

      6) кеңес кино классиктерінің жанрлық өзгешелігі туралы түсінікке ие болады;

      7) балалар киносын жасау және дамуын біледі;

      8) балалар фильмдерінде түскен актерлердің өмірбаянын және шығармашылығын біледі;

      9) мультипликацияның пайда болу тарихын біледі;

      10) мультипликациялық фильмдерді талдай алады;

      11) көркем сценарий бойынша мультипликациялық фильм жасай алады;

      12) жиырмасыншы ғасырдың тоқсаншы жылдарындағы ресейлік кино өнерінің тақырыбын біледі;

      13) жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырлар аралығындағы ресейлік кинематографияның ерекшелігін және негізгі бағыттарын біледі;

      14) заманауи кино өнеріндегі постмодернизм, экрандық өнердегі "көпшілік" және "элиталық" түсінігіне ие болады;

      15) жаһандану кезеңіндегі кинематографияның негізгі түрлерін біледі;

      16) кинематографияның телеведение және видео мәдениетімен байланысын біледі.

      44. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек біледі:

      1) әлемдік кино өнері дамуының негізгі кезеңдерін, кино өнерінің заманауи формаларын;

      2) әлемдік көркем мәденеттің жалпы тарихи қозғалысы мәнмәтініндегі кино өнерінің дамуын;

      4) әлемдік кино кино өнері саласындағы негізгі терминологияны;

      5) кино жанрларының пайда болу тарихын;

      6) шетелдік режиссерлердің және актерлердің шығармашылық өмірабаянын;

      7) Азия, Африка және Латын Америка елдері кино өнерінің ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктерін;

      8) өнердің басқа да түрлерімен өзара байланысатын кино өнері дамуының негізгі тарихи кезеңдерін.

      Түлек:

      1) кино шығармасының тақырыбын анықтай алады;

      2) жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып кино өнерінің шығармасын талдай алады;

      3) тақырыбы, жанры бойынша әртүрлі фильмдерді салыстыра алады;

      4) кинематографиялық мамандықтарды ажырата алады;

      5) эссе, реферат жазу үшін алған білімдерін жүйелей алады;

      6) баяндамамен, рефератпен, презентациямен сөйлеуді;

      7) кәсіби лексиканы қолдануды біледі.

      Түлекте дағдылар қалыптасады:

      1) баяндама және эссе жазу;

      2) көркем фильмді талдау;

      3) өз бетінші шығармашылық жұмыс;

      4) кино өнері туындысын эмоциялық-бейнелі қабылдау;

      5) керекті ақпаратты іздеу үшін заманауи технологиямен жұмыс;

      6) шығармашылық тәсіл.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      45. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін сынақ түрінде іске асырылады.

      46. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жоба презентациясы), екінші жартыжылдықта: сынақ (жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, фильмді талдау, шығармашылық жобаны қорғау);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (мультипликациялық фильмді талдау, шығармашылық жобаны қорғау), екінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық жобаны қорғау).

      47. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – оқу материалын жақсы білетінін көрсететін жан-жақты, нақты жауап, дәлелдемеге және өз бетінше қорытындылау үшін сыни материалдарды пайдалана алуы; өнертану терминологиясын еркін меңгеруі; мазмұн және форманың тұтастығындағы фильмді талдау; материалды жүйелі баяндай алу, керекті жалпылау және қорытындылар жасау;

      2) "4" "жақсы" бағасы – оқу материалын жақсы білу және түсіну, керекті мысалдарды келтіре отырып, фильмді талдай білу, материалды жүйелі және сауатты баяндай білу. Жауапта дәлелдеме толық жеткіліксіз ашылмауы, қорытындыны тұжырымдауда жеке кемшіліктердің болуы, көрнекі материалдың аса нақты көрсетілмеуі мүмкін;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – материал дұрыс, жүйелі ашылған, бірақ баяндау жүйелігінен ауытқумен барынша толық емес, талдау жартылай фильм мазмұнын қайта айтылумен ауысады, толық жалпылау және қортындысы жоқ; пікірді тілдік ресімдеудегі жіберілген қателер;

      4) 2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – берілген жауап фильмдердің сюжетін білмеуін және оны талдау алмауын анықтайды; жауапта керекті мысалдардың болмауы; материалды баяндаудағы қисынның бұзылуы, керекті жалпылау және қорытындының болмауы; ауызша сөйлеу дағдылары жеткіліксіз жинақталған;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
80-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Режиссура" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Режиссура" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Режиссура" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) деректі кино (немесе ойынсыз кино) – кинематографтың түрі, шынайы оқиғалар және тұлғалардың түсірілімдері негіз болған фильм;

      2) қойылымдық немесе режиссерлік сценарийдегі сценарийлік кадр – әрбір жеке түсірілген кадр және онда болып жатқан әрекеттің мазмұнын баяндау және жан-жақты сипаттау;

      3) кадр – кеңістіктік және уақыттық сапасы бар фильмнің алғашқы көркем элементі;

      4) кадр композициясы – байланыс, кадрда заттарды орналастыру, эпизодтың және фильмнің тұтас жалпы міндеттеріне сәйкес оларды бір бейнелік тұтастыққа біріктіру;

      5) кино – әдебиет, кескіндеме, музыка, актерлердің, режиссердің, оператордың шеберлігі секілді әртүрлі өнер түрлерінің қосылуы;

      6) кинорежиссер – фильмді жасау бойынша шығармашылық және өндірістік жұмысқа жетекшілік ететін қоюшы;

      7) кинодағы режиссура – бейнелік тұтас фильмді эстетикалық және мағыналық ұйымдастыруға бағытталған кәсіби және шығармашылық қызмет саласы;

      8) кино түсірудің ракурсы – фильмнің бейнелік-монтажды композициясын құру үшін қолданылатын, операторлық өнердің белсенді тәсілі, жылжымайтын, сондай-ақ жылжымалы кинокамерамен әртүрлі көзқараста нысанды бейнелеу;

      9) композиция – кез-келген шығармаға тұтастық және қалыптылық беретін, оның бөліктерін бір-біріне және толықтай бағындыратын маңызды, ұйымдастыру формасының элементі;

      10) мизансцена (спектакль кезінде әртістердің сахнадағы орны) – түсірілім алаңында әрекет етуші тұлғалардың және оларды қоршаған заттарды орналастыру;

      11) монтаж – жеке кадрларды, көріністерді, эпизодтарды тұтас фильмге техникалық қосу мүмкіндіктеріне негізделген шығармашылық процесс;

      12) монтаждық кадр – түсірілім кезінде жылжымайтын немесе орын ауыстыратын кино түсіру аппараттың көмегімен түсірілген қандай да бір әрекет сәтін қамтитын фильмнің құрамды бөлігі;

      13) ойын фильмі – актерлік ойын, операторлық өнердің көмегімен жасалатын, сценарийде іске асырылған және режиссердің түсіндіруімен жасалған сюжет негізіндегі шығарма;

      14) режиссерлік сценарий – түсірілімнің техникалық тәсілдерінің нұсқауымен, барлық эпизодтарды кадрға бөлу арқылы болашақ фильмді кадрлік жазу;

      15) ретроспектива – өткенге көзқарас. Ретроспекция – тыңдаушыларды алдыңғы мазмұнды ақпаратқа жөн сілтейтін тілдік сөйлемнің формасы. Өнер бұйымдары көрмесінің, бір суретшінің жұмыс көрмесінің аталуы.

      16) синхрон – сөйлеуші адамның бейнесін оның сөзінің даусымен сүйемелдейтін, теледидарда және кинематографта таралған жаргонды термин. Синхрон – телевизиялық репортаж немесе деректі фильмнің міндетті құрылымдық элементі және сұхбат үзінділерінен тұрады;

      3. Бағдарламаның мақсаты: режиссура саласында алған білім, білік, дағдылары негізінде білім алушының тұлғасын көркем-эстетикалық дамыту және рухани, мәдени құндылықтарды игеруіне жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) кино өнерімен, әдебиетпен, бейнелеу өнерімен, театрмен, музыкамен тығыз байланысатын өнердің түрі ретінде режиссурамен танысу;

      2) кинематографиялық режиссура, кино теориясы туралы білімді қалыптастыру;

      3) фильмді жасаудағы шығармашылық процесс, оның монтаждық құрылымы, тақырып, фабула, сюжет және экрандық мәтіннің композициясы туралы түсініктер қалыптастыру;

      4) деректі фильмнің сценарийлік жоспарын, ойын фильмінің режиссерлік сценарийін сауатты құруға үйрету;

      5) экрандық режиссура дамуының жаңа фазасы ретінде телевизиялық жарнама режиссурасы туралы білімді игеру;

      6) режиссер мамандығымен және кинодағы қызметімен таныстыру.

      Дамыту:

      1) алаңда және экранда түпкі ойдан ақырғы түрленуге дейін жұмысты құрудың барлық жолдарын қадағалауға мүмкіндік беретін режиссерлік сценарийді сын тұрғысынан талдауды дамыту;

      2) өзінің түпкі ойы бойынша қойылым (фильм) жасауға мүмкіндік беретін шығармашылық қабілетін дамыту;

      3) білім алушының жобаны іске асыру дағдысын дамыту, берілген қойылымды жасауда қатысушылардың шығармашылығын біріктіру және бағыттау;

      4) зерттеу құзыреттілігін, шығармашылық білік және дағдыларын дамыту;

      5) өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру;

      6) бейнелі және ассоциативті ойлауды, қиялдауды, көру-бейнелі жадын, талғамын, көркемдік қажеттіліктерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) режиссура тәсілдері арқылы көркем және эстетикалық талғамды қалыптастыру;

      2) кино өнеріне, көркем мәдениеттің көптеген түрлеріне қызығушылықты тәрбиелеу;

      3) әртүрлі халықтар мен уақыттың мәдениетіне, әртүрлі эстетикалық бағыттарға деген сыйластықты қалыптастыру;

      4) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын, жеке және ұжымдық жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілікті тәрбиелеу;

      5) кәсіби бағдарлау және білім алушының өзін өзі анықтауы.

      5. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны игеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

      6. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      7. Педагогтің білім алушылармен бірге топтық жұмыс ретінде өткізілетін сабақ сыныптағы оқу-тәрбиелік жұмыстың негізгі формасы табылады.

      8. Бағдарлама балалар өнер мектептерінің кино өнері бөлімінің білім алушыларына арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      9. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      10. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      11. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      12. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      13. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан құралады.

      14. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      15. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      16. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, кино өнеріндегі шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      17. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен оқытуға, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, әртүрлі тарихи кезеңдерде құрылған әртүрлі стильдердегі және жанрлардағы киноматографиялық шығармаларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған.

      18. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      19. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) шетелдік және отандық кинорежиссураның даму ерекшеліктерін меңгерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      20. Бағдарлама білім алушыға әрі қарай кино өнері саласындағы білімді өз бетінше меңгеруге көмектесетін режиссура тарихы саласындағы негізгі білімдерді меңгеруге жағдай жасайды.

      21. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы әр түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      Педагог деректі, ойын фильмі, телевизиялық жарнама режиссурасы бойынша білімді меңгеруде қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      22. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етуге бағдарланған:

      1) кинорежиссура дамуының тарихи ерекшелігі туралы білімді меңгеру;

      2) режиссура саласындағы терминдерді меңгеру;

      3) оқу материалдарымен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;

      4) реферат, баяндама жазу дағдыларын меңгеру;

      5) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алу.

      23. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      24. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, оқу пәнінің шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік, дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      25. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселенізерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқыту мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтер мен кино режиссерлерінің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      26. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) ғылыми-әдістемелік негіздеме және қолжетімділік қағидаты оқу-тәрбие процесін заманауи педагогикалық және психологиялық ғылымдардың жетістіктері, театр теориясы және тарихы негізінде құруды талап етеді. Педагог дидактиканың қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге деген ережелерін басшылыққа алады;

      2) жүйелілік қағидаты оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың барлық элементтері байланысының болуын болжайды;

      3) көрнекілік қағидаты – зерттелетін сабақ тақырыптарының мәнін түсінуді қамтамасыз ететін түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдану;

      4) педагогтің басшылық рөлінде саналылық және белсенділік қағидаты оқу процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуді, сабақта білім алушының алдына қойған нақты міндеттерді түсінуді қарастырады.

      27. "Режиссура" пәніне топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      28. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – түсіндіру, қарастыру, талдау;

      2) көрнекілік – бейне материалдарды қарау, білім алушылардың жалпы даму деңгейін аттыру үшін спектакльдерге бару;

      3) практикалық – шығармашылық тапсырмалар, мұқият пысықтау үшін тұтас тапсырмаларды ұсақ бөліктерге бөлу және кейіннен тұтасты ұйымдастыру;

      4) талдау-салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық ассоциацияларды, бейнелерді іріктеу, көркем әсерлерді құру.

      29. Әдістерді таңдау білім алушының жас және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты. Барлық оқыту процессі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      30. Бағдарлама заманауи өнер мектебіне интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін енгізуді қарастырады.

      31. Теориялық және практикалық сабақ бір уақытта жүргізіледі.

      32. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) үй тапсырмаларын орындау;

      2) рефераттар, баяндамалар, презентациялар дайындау;

      3) сыныптан тыс іс-шараларға дайындалу;

      4) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      33. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады.

      34. Үй жұмыстары сыныпта өткізілген материалды бекітуге бағытталған, бұл сыныпта өткен материалды қайталау, кинорежиссурамен танысу, бейнематериалды қарау, кинофильмді талдауға арналған шығармашылық тапсырмалар, қысқаметражды фильмге арналған режиссерлік сценарий жазу.

      35. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      36. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) оқу материалын жинақтау және жүйелеу;

      2) эссе, реферат, баяндама жазу;

      3) қысқаметражды фильмге арналған сценариймен жұмыс;

      4) сөздікпен жұмыс.

      37. "Режиссура" пәнінің "Дүниежүзілік кино тарихы" пәнімен пәнаралық байланысы білім алушыны түрлі көркем түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      38. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) кино өнерімен, әдебиетпен, бейнелеу өнерімен, театрмен, музыкамен тығыз байланысатын өнердің түрі ретінде режиссурамен таныстыру;

      2) режиссура, сценарийлік шеберлік, монтаждау техникалары және актермен жұмыс жасау дағдылары бар синкретикалық процесс ретінде фильмді жасау туралы түсінікті қалыптастыру;

      3) кинематографиялық режиссура туралы білім қалыптастыру;

      4) режиссер мамандығымен және кинодағы қызметімен таныстыру;

      5) актердің шығармашылық жағдайының элементімен таныстыру;

      6) оқу материалымен жұмыс, білімді жүйелеу, эссе, реферат жазу дағдыларын меңгеру.

      39. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Режиссураның пайда болуы және дамуы, оның замануи кинематографиядағы орны. Режиссура – өнер түрі.

      2-тақырып. Режиссура және өнер түрлері. Режиссура және музыка. Режиссураның бейнелеу өнері, әдебиетпен байланысы. Режиссураның театр өнері жүйесіндегі рөлі.

      3-тақырып. Кинодағы режиссура. Театр және кинематографиялық режиссура.

      4-тақырып. Ағайынды Люмьер, Жорж Мельес – кинорежиссер мамандығын бастаушылар. Мәскеу көркемөнер академиялық театры (1898) – Ресейдегі режиссерлік театр. Әлемнің үздік кинорежиссерлері.

      5-тақырып. Режиссер мамандығы туралы ұғымы. Кинодағы режиссер мамандығы. Режиссердің жеке тұлғасы. Режиссерге қойылатын талап. Техникалық дағдылары. Режиссерлік қиял. Ой-өрісі, бейнелік ойлау және ұйымдастырушылық қабілеті.

      6-тақырып. Режиссура – шығармашылық қызметтің бір түрі. Режиссердің қызметі. Режиссер-администратор. Қоюшы-режиссер. Режиссер-әдебиетші. Режиссер-суретші. Режиссер-психолог. Режиссер-мұғалім.

      7-тақырып. Кинодағы көркемдік процесстің ұжымдылығы. Түсіру тобы: режиссер, оператор, дыбыс операторы, жарықпен қамтамасыз етуші, қоюшы жұмысшы.

      8-тақырып. Режиссер шығармашылығының мәнерлеу тәсілі. Атмосфера (мизансцена – спектакль кезінде әртістердің сахнадағы орны, дыбыс, костюмдер, декорациялар, реквизит). Темпоритм. Ракурс (жылжымайтын, сондай-ақ жылжымалы камерамен әртүрлі көзқарастағы нысанның бейнеленуі). Монтаж.

      9-тақырып. Бейненің фотографиялық табиғаты. Кадрдың кеңістіктік және мерзімдік сапасы. Бейненің масштабы.

      10-тақырып. Перспектива және оның түрлері. Сызықты перспектива. Әуе-жарықтық перспектива.

      11-тақырып. Қозғалыс. Кеңістік. Камерамен түсіру.

      12-тақырып. Кинодағы дыбыстар қатары. Фильм жасау кезінде музыканы пайдалану. Фильмде дыбысталушы тіл (дикторлық мәтін, диалог, титрлар). Дыбыс эффектілері. Арнайы эффектілер.

      13-тақырып. Актердің шығармашылық жағдайының элементтері: белсенді зейіні (сахналық зейін), дене қысымынан еркін болуы (сахналық еркіндік), әрекет ету (сахналық қозғалыс) ынтасының негізінде туындайтын, ұсынылған жағдайды (сахналық сенім) дұрыс бағалау. Сахналық зейін.

      14-тақырып. Белгілі кинорежиссерлер, олардың шығармашылық мұрасы.

      15-тақырып. Практикалық сабақ. Фильмдерді қарау, оларды талқылау. Фильмге пікір жазу. Кинофильм туралы негізгі деректер. Фильмнің аталуы және шыққан жылы. Режиссердің есімі. Басты актерлердің есімдері. Жанры. Киноның ерекшелігі: костюмдер, грим, сахна көрінісі, музыка. Фильмдегі бөлімдер (шолу мәнмәтінінде). Желінің өрісі бойынша фильмнің құрылымы туралы белгілер. Фильмнің техникалық кезеңдері.

      Режиссердің жұмысы. Режиссердің баяндауы бойынша оқиға желісі. Операторлық жұмыс. Оператордың түсірілім үшін қолданған тәсілдері. Қажетті әсер алуға мүмкіндік беретін декорациялар және екінші план элементтері. Сценарий. Сценарийді, диалогтарды және бейнелерді бағалау. Сюжетті сипаттау. Монтаж. Ауысулар. Визуалды эффектілерді қолдану. Компьютерлік графиканы қолдану (оның шынайылығы, фильмге жақсы сәйкес келуі).

      Костюмдер. Фильмнің жалпы стиліне арналған басты кейіпкерлердің киімін таңдау. Декорациялар. Фильм әрекеті орнының фильмнің басқа элементтеріне әсері. Музыкалық сүйемелдеу немесе саундтрек. Музыканың фильм мазмұнына сәйкестігі. Фильмді талдау негізінде ойды тиянақтау.

      Қорытынды. Фильмнің әртүрлі элементтерін бақылаудағы өзінің тұжырымдарын дәлелдеу. Негізгі тезисті тиянақтау. Пікір берушінің қабылдауына негізделген шолуды жазу. Сюжеттің қысқаша түйіні.

      Тезистерді негіздейтін фильмнің қызықты ерекшеліктерін талқылау. Актердің ойыны, режиссура, түсірілім, әрекет орны.

      40. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) режиссураның пайда болуын, оның заманауи кинематографиядағы орнын біледі;

      2) режиссураның өнердің басқа түрлерімен өзара байланысын біледі;

      3) режиссура саласындағы терминологияны біледі;

      4) театр және кинематографиялық режиссураның арасындағы айырмашылықты біледі;

      5) режиссер мамандығы туралы түсінігіне ие болады;

      6) режиссер шығармашылығының мәнерлеу тәсілін біледі;

      7) актердің шығармашылық жағдайының элементтерін біледі;

      8) атақты режиссерлердің шығармашылық өмірбаянын біледі;

      9) фильмге пікір жазу дағдыларын игереді.

      41. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) деректі кинематографияның, кинодокументалистика жанрларының, әртүрлі жылдардағы деректі фильмдердің пайда болуы, оның дамуы, деректі кино классиктерінің шығармашылық мұрасымен танысу;

      2) деректі киноның ерекшелігі, құрылымы, фильмдегі музыкалық композиция, кинодағы монтаж туралы білімді қалыптастыру;

      3) деректі фильмнің кинорежиссурасымен, деректі фильмді түсіру кезіндегі операторлық жұмысқа, монтажға, фильмді дыбыстауға үйрету;

      4) сценарийлік жоспарды жазу, деректі фильмді монтаждау бойынша практикалық тапсырмаларды жүргізу.

      42. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны:

      1-тақырып. Деректі кино (ойынсыз кино) – кинематографияның ерекше түрі. Деректі кинематографияның пайда болуы. Киноны ойлап тапқан ағайынды Люмьерлердің алғашқы деректі түсірілімі (1895). Қатысу әсері көрермен үшін өз көзімен оқиғаны көруге арналған мүмкіндік, көрерменнің тікелей куәгер болуы және болмауы.

      2-тақырып. Алғашқы деректі түсірілімдер және фильмдер. Ресейдегі алғашқы деректі түсірілімдер. Деректі түсірілімнің тақырыбы (әскери шерулер, патшалық етуші тұлғалардың салтанатты шығуы, өрт, табиғи апат, түсірілімнің этнографиялық және экзотикалық түрлері).

      3-тақырып. Кинорепортаж жанрының пайда болуы, оның мақсаты және міндеттері. Көркем репортаж, оның мүмкіндіктері. Хроника репортажының пайда болуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы репортаж хроникасы.

      4-тақырып. Деректі киноның дамуы. Д. Вертов, Р. Флаэрти – деректі киноның негізін қалаушылар. Экспедициялық кино, фильмдер – Р. Флаэрти зерттеуі.

      Д. Вертов – деректі киноның негізін қалаушы және теоретигі, кеңес кинорежиссері. "Киноаппараты бар адам" тарихтағы деректі фильмдердің ішіндегі белгілі фильм (1929).

      5-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы кинодокументалистика. Хрониканың дамуы. Кеңес деректі киносындағы дыбыстарды меңгеру. Алғашқы сұхбат. Кинопортрет жанрының қалыптасуы. Кино шығару жүйесін ұлғайту. Деректі фильмдегі жаңа есімдер.

      6-тақырып. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы деректі фильмдер. Майдан хроникасы, әскери киножинақтар, қысқа метражды деректі фильмдер. Кинооператорлар және режиссерлердің шеберлігі. Әскери хрониканың құжат шежіресі ретіндегі рөлі.

      7-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарындағы кеңес деректі киносы. Техниканың дамуы және түсірілімнің жаңа тәсілдері. Деректі кинодағы адамның бейнесі. Кеңес деректі телефильмнің қалыптасуы. Атақты режиссерлер және олардың шығармашылық қызметі.

      8-тақырып. Шетелдік деректі кино. Д. Грирсонның ағылшын деректі фильм мектебі. Түсірілімдегі шығармашылық ізденістер және П. Рот, Б. Райт, Г. Уотт фильмдеріндегі материалды монтаждау.

      Екінші дүниежүзілік соғыс кинохроникасы. Соғыс жылдарындағы Англияның көркем-деректі фильмдері. Атақты ағылшын режиссерлерінің шығармашылық қызметі.

      9-тақырып. Соғыстан кейінгі деректі кинодағы адам бейнесі. Кинотехниканың дамуы. Теледидардың пайда болуы. Кинодокументалистика және ойын киносының өзара әрекеті.

      10-тақырып. Деректі киноның түрлері. Хроника – деректің ақпараттық бейнесі. Репортаж – адамды және кинохроникадағы оқиғаны әлеуметтік зерттеу әдісінің бірі (сұрақтар қою, гипотезаның құрылымы, оқиғаның, басты кейіпкердің әрекеті, ойының даму диалектикасын қадағалау).

      11-тақырып. Оқиғалық репортаж. Құбылыс және деректі нақтылап тиянақтау. Нысандарды таңдау және бөлімдерді анықтаудағы кинооператордың рөлі.

      12-тақырып. Проблемалық репортаж. Киноочерк. Кинопортрет. Дерекке авторлық көзқарас, хроникалық материалдағы (ракурс, жоспарлар, кадр композициясы) операторлық шеберліктің бейнелеу тәсілдерінің көмегімен оның мәнін түсіну. Проблемалық репортаж – деректі фильмнің негізі.

      13-тақырып. Деректі фильмдегі материалды публицистикалық ұйымдастыру. Кино бақылау. "Жасырын камера".

      14-тақырып. Деректі фильм құралдары арқылы өткен оқиғаларды экранда қалпына келтіру. Кинокадр – түпнұсқа құжат. Кинокадр – кинематографиялық бейне.

      15-тақырып. Деректі киноның ерекшелігі. Деректі фильмнің құрылымы. Деректі фильмді ұсыну формасы: басты кейіпкердің баяндауы, күнделік жазбалары, бір күннің тарихы.

      16-тақырып. Фильмдегі музыкалық композиция. Синхронды және фонды шу. Экрандық әрекеттің шынайы дыбыстық атмосферасын құру. Дыбыстық бейнені құру.

      17-тақырып. Кинодағы монтаждың пайда болу тарихы. Кадр – монтаждың көзі. Кадр – фильмнің үзіліссіз түсірілген бөлімі. Кадр және план. План ірілігінің айырмашылығы. Кадр ұзақтығы. Монтаж кадры. Монтаж ритмі. Кадраралық монтаж. Кинокамераның қозғалысы. Ішкі кадрлық монтаж. Кадр композициясы. Терең композиция. Ракурс.

      Бейнелі және дыбысты монтаж. Вертикальді монтаж. Монтажды фраза, сахна, оқиға. Оқиғалы-қисынды монтаж. Ассоциация бойынша монтаж. Кереғарлық бойынша монтаж. Монтажды рифма. Метафоралық монтаж. Монтаж – фильмдегі уақытты ұйымдастыру тәсілі. Монтаждың бейнелігі.

      18-тақырып. Монтажды фильм фильмотекалық материалдардың негізінде құрылған деректі фильмнің ерекше түрі. Кадрдың жаңа мағыналық мазмұны туындайтын тарихи хроникалық материалдың жеке үзінділерін салыстыруы және алмасуы.

      19-тақырып. Деректі киноны монтаждау. Мәнерлеу құралдары: контрапункт, метафора. Деректі фильмді қарау. Фильмді талдау.

      20-тақырып. Экран құжаты және өмірлік материал. Документализм заманауи көркемдік ойлаудың формасы. Өмірлік деректерді таңдау. Нақтылық мәселесі. Экран құжаты және мәнмәтін.

      21-тақырып. Деректі кинодағы бейне. Экранды документализмдегі бейне.

      22-тақырып. Деректі фильмнің кинорежиссурасы. Документалист жұмысының ерекшелігі. Фильмді шығару кезеңдері. Деректі фильмдегі режиссердің міндеттері. "Шынайы басты кейіпкермен (актермен емес)" жұмыс. Сұхбат. Визуалды шешім, монтаждау шешімі, ақпараттық-мәтіндік шешім.

      23-тақырып. Документалистикадағы кинодраматургия. Құрылым. Тақырып. Идея. Түпкі ой. Материалдарды іріктеу. Басты кейіпкерді таңдау. Оқиға. Жанжал. Түпкі ойдың драматургиясы және "шынайы өмірдің драматургиясы".

      24-тақырып. Фильмнің композициясы. Түсірілген материалды талдау және іріктеудің ұстанымдары. Тақырып және басты кейіпкерді іздеу. Режиссердің басты кейіпкермен, сценарий жазушымен, оператор және кино тобымен жұмысы. Бейне бақылау әдісі. Жасырын және ашық түсірілім. Практикалық тапсырмаларды орындау: басты кейіпкерді, жағдайды, адамдардың реакциясын бақылау. Деректі кинодағы жағдайды модельдеу.

      Түсірілімдер, түсірілім алдында және қайта түсіру. Монтаждау-тонировка жасау кезеңі.

      25-тақырып. Деректі фильмді түсіру кезіндегі операторлық жұмыс. Фильмнің бейнелік шешімі. Кадрдың композициясы. Жарық. Оптика. Қозғалыс, операторлық шешім. Документалистикадағы "режиссҰр-оператор" тандемінің жұмысы.

      26-тақырып. Монтаж және дыбыс. Монтаж түрлері. Түсірілген материалды талдау және фильмнің желісін қою. Дыбысты драматургия: тіл, шулар, музыка.

      27-тақырып. Практикалық тапсырмаларды орындау: деректі фильмнің сценарийлік жоспары. Идеяны әзірлеу және сценарий жазу. Тақырып таңдау. Фильмнің мақсатын анықтау. Идеяны әзірлеу.

      Фильмнің әлеуетті аудиториясын анықтау: жалпы құрамы, жасы, саяси және діни көзқарасы, тұрғылықты жері (қала немесе ауыл), білім деңгейі.

      Фильм көрсету орны (телевидение, халықаралық фестиваль).

      Тақырыпты мұқият зерттеу. Зерттеу кезеңдері. Дерек көздерін зерттеу (библиографияның өзектілігі, газета және журналдардағы мақала, ашық күнделіктердегі, хаттардағы, сот хаттамасындағы жазбалар).

      Алғашқы дерек көздерімен – негізгі құжаттармен танысу. Мұрағат құжаттарымен жұмыс. Әңгіме (әңгімелесудің аудио және видеожазбалары). Натуралық зерттеу (болашақ фильм әрекетінің орны зерттелетін даярлаудың қорытынды кезеңі).

      Тарих құрылымын жасау. Тұжырымдамасын, тәсілін, стилін, форма және құрылымын анықтау.

      Сценарий құрылымы: экспозиция, басталуы, әрекеттің дамуы, шарықтау шегі, түйін. Жоспарға сәйкес оқиғаны бөлу. Дикторлық мәтінді жазу. Кадрдан тыс мәтінді жазу. Музыканы таңдау. Продюсер, монтаждаушы, режиссердің көмекшісі және тағы басқа түсірілім тобының мүшелерін бағыттайтын сценарийдің таза нұсқасын жазу. Сұхбаттың, синхрондардың, кадрдан тыс дауыстың, мұрағаттан үзінділердің, титрлардың және ауысулардың мағынасын ашу.

      Стандартты қысқартулар: СНХ (синхрон), ЗК (кадрдан тыс дауыс ), INT (интерьердегі түсірілім), EXT ( натурдағы түсірілім), ЗТМ (қараңғылау).

      28-тақырып. Практикалық тапсырманы орындау. Қызметкерлерді іріктеу: оператор, жарықпен қамтамасыз етуші, сценарий жазушы, зерттеуші, редактор, актерлер, дыбыс режиссер, редактор, техникалық кеңес беруші.

      Түсірілім және монтаждауға арналған құралдарды дайындау. Деректі фильмді түсіру. Тиісті адамдармен сұхбат. Жалпы план түсірілімі. Бейне сюжеттің түсірілімі. Драмалық көріністің түсірілімі.

      Дыбысты көру бейнесі және монтаж. Біртұтас қойылған шығармадағы таспаға түсірілген кадр, көрініс, эпизодты іріктеу және қосу.

      Монтаж қоюшы режиссер және монтаждау бойынша режиссердің қатысуымен фильмді жасау бойынша шығармашылық процесстің жалғасы. Фильмді дыбыстау: тілді, шуды, музыканы жазу. Осы кезеңдегі композитордың рөлі. Бейне таспасы бар дыбыс фонограммасын монтаждау. Қайта жазу. Жасалған фильмді редакциялау.

      43. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) деректі фильмнің қалыптасу терминологиясын біледі;

      2) деректі кинематографияның даму тарихын біледі;

      3) белгілі кинооператорлар және режиссерлердің шығармашылық мұрасын біледі;

      4) деректі киноның түрлерін біледі;

      5) деректі фильмнің ерекшелігін, құрылымын, деректі фильмді ұсыну формасын біледі;

      6) кинематографияның негізгі түсініктерін: тақырып, фабула, желі, экрандық мәтіннің композициясы, кадр, ритм, композиция, жарықтылық және жарық, ауысу, ракурс, монтаж, сценарийлік жоспарды біледі;

      7) өз бетінше тақырыпты таңдауды, сценарийлік жоспарды құра алады;

      8) деректі фильмді шығару кезеңдерін біледі;

      9) деректі фильмдегі режиссердің міндеттерін біледі;

      10) фильмді дыбыстауда монтаж жасай алады;

      11) деректі фильмді түсіру кезінде операторлық жұмысты орындай алады;

      12) керекті ақпаратты іздеу үшін заманауи технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын игереді;

      13) ұжымдық шығармашылық қызмет дағдыларын игереді.

      44. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1) ойын кинофильмінің режиссурасымен, кино шығарудағы режиссер жұмысымен танысу;

      2) ойын фильмін шығару, кино режиссерінің драматург, актермен жұмыс жасау кезеңдері туралы білімін қалыптастыру;

      3) режиссердің қоюшы суретшімен, актермен, костюм бойынша суретшімен және суретші-гримермен жұмысы;

      4) ертегі, әңгіме, ойын фильмінің режиссерлік сценарийі бойынша фильмнің сценарийлік жоспарын жазу бойынша практикалық тапсырмаларды жүргізу.

      45. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кіріспе. Заманауи кинопроцесс. Кино, бейне және өнердің басқа аудиовизуалды түрлері. Театр режиссурасы және кинорежиссура.

      2-тақырып. Ойын кинофильмінің режиссурасы. Кино шығарудағы режиссердің орны.

      3-тақырып. Ойын фильмін шығару кезеңдері. Ойын киносындағы режиссердің міндеттері. Кинодағы жанрлар. Басты кейіпкерді жасау. Тарихтағы жанжал. Фильмнің үш бөлікті құрылымы. Акт, сахна, эпизод.

      4-тақырып. Режиссура ұжымдық шығармашылық процесстің басшылығы ретінде. Режиссер – шығармашылық процесстің ұйымдастырушысы. Режиссердің кәсіби сапасы.

      5-тақырып. Режиссердің драматургпен жұмысы. Фильмге арналған тарихты іздеу. Фильмнің идеясын қалыптастыру. Фабула және сюжет. Уақыт аралығындағы басты кейіпкерлердің жолы. Фильмнің драматургиялық композициясының түрлері.

      6-тақырып. Режиссердің оператормен жұмысы.

      7-тақырып. Режиссердің суретшімен жұмысы. Фильмді жасаудағы қоюшы-суретшінің орны және рөлі. Кино суретшісінің өнері және кескіндеменің, графиканың, мүсіннің дәстүрлері. Қоюшы-суретшінің режиссермен жұмысы.

      Қоюшы-суретшінің жұмыс командасы. Суретші-декораторлар. Реквизит бойынша ассистенттің, реквизитордың міндеттері.

      Костюм бойынша суретші және суретші-гример. Заманауи фильмнің бейнелік шешіміндегі костюм бойынша суретшінің рөлі. Киноны дайындау және түсіру процесінде режиссер және костюм бойынша суретшінің өзара әрекеті.

      Костюм бойынша жұмыс кезеңдері. Нобаймен жұмыс (бейнені іздеу, біртұтас бейнені жасау, матаны таңдау, пішу, тарихи және ұлттық костюмнің үлгісінің ерекшелігін ескере отырып, басты кейіпкерлерге арналған костюмдерді тігу; костюмге қосымша, екінші пландағы кейіпкерлерге арналған костюмдерді іріктеу.

      Кинодағы гример. Гримердің құралдары. Гримді жасау технологиясы.

      Гример в кино. Инструменты гримера. Технология создания грима. Жасанды шаш жасау (парик жасау) өнері.

      8-тақырып. Режиссердің дыбыс режиссерімен жұмысы. Дыбыс режиссері – фильм жасауда ұжымдық процеске қатысушы.

      9-тақырып. Режиссердің кино актерімен жұмысы. Актерлік өнердің табиғаты. Актердің дұрыс сахналық көңіл-күй.

      10-тақырып. К. Станиславскийдің ілімі. К. Станиславский жүйесінің элементтері. Өмірлік шындық қағидаты. Басты міндет қағидаты (шығарма мақсаты). Әрекет белсенділігінің ұстанымы (басты міндетіне сәйкес негізгі шығармашылығы үшін актердің табиғи адами болмысын ояту). Табиғилық қағидаты (табиғи). Түрлену қағидаты (өзіндік менін сақтай отырып, басқаға айналу).

      11-тақырып. Актердің рөлмен және дайындықтағы жұмысы. Актерлік өнердегі мазмұн және форма. Қозғалыс мәнерлігі және пластика. Актерлік мәнерлеу құралы және бейнеге түрлену тәсілі.

      12-тақырып. Актермен жұмыс. Міндеттерді қою. Фильмнің көркемдік шешімін іздеу.

      13-тақырып. Команда, актерлерді, локацияны іріктеу, кастинг.

      14-тақырып. Екінші режиссер. Кинодағы екінші режиссердің міндеттері.

      15-тақырып. Әдеби және қойылымдық сценарий. Өмірдегі драмалық жанжал. Шығармадағы драмалық жанжал. Драмалық жағдайларды әзірлеу. Сценарий композициясы.

      16-тақырып. Жеке мінездерді және көріністі әзірлеу. Ашық және ауыспалы диалогта көріністерді құру. Кейіпкердің ішкі дүниесін ашу тәсілі (ішкі монолог, комментарий, ретроспекция, ассоциативті-көру бейнелері).

      17-тақырып. Тақырып және сюжетті баяндаудың тәсілі ретіндегі шығарманың драмалық барысы.

      18-тақырып. Режиссер және драматургиялық материал. Драматургпен бірге киносценариймен жұмыс. Әдеби шығармалар киносындағы интерпретация.

      19-тақырып. Мінез динамикасы және мәнерлігінің негізі. Психологиялық жанжал. Актерлік бейненің мінезі және құрылымы. Мінездің айқындығы. "Жақсылық" және "жамандық" мәселесі. Мінездің қозғалысы және дамуы. Рөлді құру. Ішкі сурет. Сыртқы сурет.

      20-тақырып. Такт және актермен жұмыс тәсілі. Актермен ынтымақтастық формалары. Эпизодтық рөлдердегі актерлермен жұмыс. Көпшілікпен жұмыс. Рөлді орындаушылармен жұмыс.

      21-тақырып. Материал, тақырып, фильм идеясы. Объективті шынайылық – көркем шығармашылықтың түпнұсқалық материалы. Фильмнің негізіне қойылған өмірлік материал. Заманауи және тарихи материал. Әдеби шығарма – экранизацияға арналған материал.

      Материалдарды тереңнен зерттеу қажеттілігі. Осы зерттеудің тәсілдері. Материалға шығармашылық тәсіл. Суретшімен бірге "жеке" тақырыптарды іздеу және анықтау. Идея фильмде бейнеленген құбылысқа авторлық көзқарастың шығармашылық түрленуі.

      22-тақырып. Фабула, сюжет, фильмнің сюжеті. Фильм фабуласы – оқиғаның, оқиғалық қатардың құрамы. Оқиғаның сыртқы жағы және оның ішкі мағынасы. Оқиғаның мазмұны және мәнерлілігі. Кинематографиядағы "шиеленіскен драмалық" және "әлсіз" фабула.

      Драмалық жанжал түсінігі. Кинодраматургиядағы жанжал – шынайы өмірлік қарама-қайшылықты бейнелеу және нақты көрсету. Ішкі және сыртқы жанжал.

      Фильм композициясы. Композиция элементтері: экспозиция, бастауы, драмалық түйін, шарықтау шегі, шешімі, пролог және эпилог. Әрекеттегі бетбұрыс (перипетия). "Коллизия, жағдай, драмалық шиеленіс" ұғымдары.

      Композиция және фильмнің көлемі. Көлемнің көру арқылы қабылдау ерекшелігімен және фильмді монтаждауды ұйымдастырумен байланысы. Мазмұнды іске асыруға арналған композициялық тәсіл ретінде әрекет ритмі және қайталау жүйесінің ауысуы. Фильмдегі бірінші және екінші пландардың қатынасы. Композициялық тәсіл ретінде параллельді әрекетті қабылдау. Композиция – фабуланың сюжетке ауысу процесі.

      Сюжет. Сюжет – жалпыға бірдей сценарий және фильмнің көркемдік бейнесі, фабуланың ішкі мазмұны.

      23-тақырып. Кино өнеріндегі адамның бейнесі. "Кино драматургиядағы бейнелік мінез" ұғымы. Мінез және тип. Бейнелік мінездегі жеке, өзгешелік арқылы жалпы мағыналықты көрсету. Мінез және қылық. Бейненің сыртқы мінездемесі және ішкі талпынысы. Мінез және сюжет. Мінез және оның басқа да кейіпкерлермен өзара байланысы. Мінез және диалог. Мінез және ішкі монолог. Мінездің ортамен және фильм атмосферасымен байланысы.

      Актердің мінезбен жұмысы. Мінезді дамыту және ашу. Экранда адам бейнесін жасаудағы сыртқы сурет, қимыл, мимиканың рөлі. Зат, бөлшек арқылы мінезді ашу.

      24-тақырып. Практикалық тапсырманы орындау. Ертегі, әңгіме бойынша киносценарий жазу. Киносценарийдің құрамды бөлігі: ескерту, бейнелеу жоспары, монолог, диалог, түсіндірме жазба, кадрдан тыс мәтін.

      Ескерту (пейзажды суреттеу, жағдайлар, тұлғалардың мінез-құлқы, орынды көрсету, әрекеттің уақыты, кейіпкерлердің сахналық әрекеті және психологиялық жағдайы).

      План бейнесі (камераның нысаннан қашықтық деңгейі: жалпы план, ірі план).

      Монолог. Диалог. Ілікпе сөз. Түсіндірме жазбалар.

      Фильмді бастауға арқау болатын тәсілдер. Жалпы план, орта план.

      Фильмнің аталуы. Кадрдан тыс мәтін. Титрлар. Киносценарийдегі негізгілер: басты ой, идея. Әңгіменің композициялық сызбасы. Алғысөз. Басталуы. Шарықтау шегі. Шешім. Қорытынды.

      Диалогы бар көріністің тұжырымы және аталуы. Диалог туралы түсінік. Ілеспе сөзбен алмасу арқылы сөйлеуді қамтитын коммуникация.

      Тұлғалардың тізімін құрастыру. Әрекеттің уақыты. Әрекет орны.

      25-тақырып. Практикалық тапсырманы орындау. Көркем мәтінге киносценарий жазу. Міндеттерді бөлу. Режиссердің міндеті. Режиссер – түсірілім алаңында барлық болып жатқан әрекеттерге басты жауапты тұлға.

      Сценарий жазушының міндеттері (фильмнің композициясын құру, фильм эпизодының санын анықтау, фильмге сценарий жазу).

      Қоюшы-оператордың міндеттері. Суретші-декоратордың міндеттері. Костюм бойынша суретшінің міндеттері. Дыбыс оператордың міндеттері. Авторлық түпкі ойды іске асыру бойынша актерлердің жұмысы.

      26-тақырып. Практикалық тапсырманы орындау. Ойын фильмнің режиссерлік сценарийі. Түсірілімнің техникалық тәсілдерін көрсетілген, барлық эпизодтарды кадрларға бөлінген, болашақ фильмнің кадрлық жазбасы.

      Көрініс және эпизодтар. Кадрға бөлу (фильм кадрларының суреттерін қолмен салу).

      Кәсіби режиссерлік сценарий құру. Сценарийді ресімдеу.

      Сценарийді аяқтау (суреттегі идеяны аудару). Сценарий жазушы және режиссердің бейнеқатармен жұмысы.

      27-тақырып. Практикалық тапсырманы орындау. Фильмнің сценарийлік жоспары. Фильмнің бастапқы идеясының сюжеттік дамуы. Негізгі эпизодтар. Басты кейіпкерлер. Басты кейіпкерлердің жағдайы, олардың әрекеті және салдары. Басталуы және шарықтау шегі. Негізгі сюжеттік бетбұрыстар, қарама-қайшылықтар, жанжалды шешу тәсілдері. Фильмнің драматургиялық құрылымы және ритмі.

      46. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ойын фильмінің терминологиясын біледі;

      2) ойын фильмін шығару кезеңдерін біледі;

      3) ойын киносындағы режиссердің міндеттерін біледі;

      4) ойын киносындағы режиссердің актермен жұмысын біледі;

      5) К. Станиславский жүйесі туралы түсінікті игереді;

      6) қоюшы-суретші, суретші-декоратор, реквизит бойынша ассистент, фильм жасаудағы реквизитордың міндеттерін біледі;

      7) заманауи фильмнің бейнелік шешіміндегі костюм бойынша суретші, суретші-гримердің рөлін біледі;

      8) материал, тақырып, фильм идеясы, фабула, сюжет, фильм композициясы, драмалық жанжал, перипетия (оқыс оқиға), коллизия, жағдай, драмалық шиеленіс;

      9) композиция элементтерін біледі;

      10) фильмнің сценарийлік жоспарын жазу дағдыларын игереді;

      11) ертегі, әңгіме бойынша киносценарий жазу дағдыларын игереді;

      12) ойын фильмінің режиссерлік сценарийін жазу дағдыларын игереді.

      47. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) мизансценамен жұмыс, декорация нобайын әзірлеу, алдыңғы камера кеңістігін ұйымдастыру кезеңдерімен, түсірілім кезінде жарық қою нобайларымен, кеңістіктің режиссерлік шешімімен, кинода түсірілім, монтажды ұйымдастырумен таныстыру;

      2) монтаждың теория, практика негіздері, фильм нысандарын түсіру және қою жұмыстарымен, фильмнің дыбыстық шешімі туралы білімді меңгеру.

      48. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мизансцена. Мизансценамен жұмыс кезеңдері. Монтаждың өзара байланыс және өзара тәуелділігі. Түсірілім нысанын меңгеру. Мизансценаны барлық бөліктерде тексеру, нақтылау, шешу.

      2-тақырып. Декорацияның нобайларын әзірлеу. актерлік әрекеттің ойын алаңы ретіндегі декорациялар.

      3-тақырып. Кинофильмнің бейнелік монтажды құрылымы. Кадр туралы түсінік. Кинокадр фильмнің түсіру, қою және монтажды бірлігі. Сценарийлік кадр.

      4-тақырып. Кинода бейне жасау. Кадр. План. Кадр композициясы. Алдыңғы камералық кеңістікті ұйымдастыру. Мизансцена. Ракурс. Жарық және көлеңке. Түс. Камера қозғалысы. Визуальді бейне жасау.

      5-тақырып. Жарықты түсіру туралы түсінік. Жарық режиссураның мәнерлілік құралы. Жарық сипаты. (әлсіз-өткір, ашық көлеңкелі-жарық тоналды, жазық-көлемді). Жарық түрлері. Жарық түсірудің негізгі сызбалары.

      6-тақырып. Кинодағы заттар, бөліктер. Композицияның негіздері (кескіндеме, фильмдегі фотографиялар және кадрлардағы үлгіде ретінде). Түс және композицияның мағынасы. Кеңістіктің режиссерлік шешімі. Фильмдердегі көрініс және кадр бойынша композицияның сипатын анықтау. Түсірілім.

      7-тақырып. Кино өнерінің мәнерлеу құралдарының жалпы жүйесіндегі киномонтаж. Кинодағы монтаждың ерекшелігі. Режиссерлік сценарийді әзірлеу процесіндегі қоюшы-оператордың рөлі және мүмкіндіктері. Монтаж және кинофильм драматургиясы.

      8-тақырып. Фильмнің монтажды құрылымы. Монтаж ұстанымы – тұтас алғандағы көркем ойлауға тән белгі. Өнердің әр түрлерінің шығармаларындағы монтаждық құрылым. Кинодағы монтаждың пайда болу тарихы.

      Кадр монтаждың ұяшығы. Кадр үзіліссіз түсірілген фильмнің бөлігі. Кадр және план. План ірілігінің айырмашылығы. Кадр ұзақтығы. Монтаж ритмі. Кадраралық монтаж. Кинокамераның қозғалысы. Ішкі кадрлық монтаж. Кадр композициясы. Терең композиция. Ракурс.

      Бейнелік және дыбысты монтаж. Тік монтаж. Монтажды сөйлем, көрініс, эпизод. Оқиғалы-қисынды монтаж, ассоциация, кереғарлық бойынша монтаж. Монтажды рифма. Метафоралық монтаж. Монтаж – фильмдегі уақытты ұйымдастыру тәсілі. Монтаждың бейнелігі.

      9-тақырып. Кинодағы дыбыс. Фильмнің дыбыстық шешімі туралы түсінік. Дыбыстық көру бейнесін жасау. Дыбыс жазу – техникалық және шығармашылық процесс. Тіл, шулар, музыка. Экрандық шығармашылықтың көркем мәнерлеу жүйесіндегі музыка.

      10-тақырып. Фильмнің түстік драматургиясы. Негізгі үндестілік түсінігі. Түс фильтрлерімен жұмыс.

      11-тақырып. Әдеби шығарма үзіндісінің кинофильмге айналуы. Әдеби шығарманы талдау және түсіндіру. Сахналау сызбасына аудару.

      12-тақырып. Драмалық материалды талдау. Жеке мінезді және оқиғаны әзірлеу. Диалогы бар оқиғаны құру. Кейіпкерлердің ішкі дүниесін ашу тәсілі.

      13-тақырып. Режиссерлік түпкі ойдың қалыптасуы және іске асырылуы. Осы түпкі ойды нақтылауда оператормен, суретшімен, композитормен бірге жұмыс. Кейіпкерлердің әрекеті, барлық оқиға бағынатын фильмнің идеясын анықтау. Түсірілімнің стильдік ерекшелігі және тәсілдері. Әрбір эпизодтың, тұтастай алғанда фильмнің бейнелік шешімі.

      14-тақырып. Бейнелер мен кейіпкерлердің режиссерлік түсіндірмесі. Бейнелердің қалыптасуы және дамуы. Негізгі жанжалды ашудағы әрбір кейіпкердің рөлі.

      15-тақырып. Фильмнің композициялық шешіміндегі режиссерлік түпкі ой және оның шешімі. Идеялық-мағыналық екпіндерді қою. Тура әрекет. Сюжеттік бағыт. Фильмдегі эпизодтар және көріністер. Әрекет атмосферасы. Фильмдегі дыбыс және музыка. Барлық кадрлық суреттемелермен бірге фильмді қою жобасы.

      49. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мизансценамен жұмыс кезеңдерін біледі;

      2) "декорация, кадр, план, кадр композициясы, ракурс, жарық, көлеңке, түс, камера қозғалысы, бейне-кейіпкердің режиссерлік түсіндірмесі, режиссерлік түпкі ой" түсінігін біледі;

      3) жарық түсірудің негізгі сызбаларын біледі;

      4) кинодағы монтаждың ерекшелігін біледі;

      5) режиссерлік сценарийді әзірлеу процессіндегі қоюшы-оператордың рөлін біледі;

      6) фильмнің дыбыстық шешімі туралы түсінігіне ие;

      7) ойын фильмін монтаждау және дыбыстау саласында алғашқы дағдыларға ие болады;

      8) ойын фильмін түсіру кезіндегі операторлық жұмыстың алғашқы дағдыларына ие болады.

      50. Бейінді сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) экрандық режиссура дамуының жаңа фазасы ретінде теледидар рекламасының режиссурасымен, теледидар жарнамасының режиссурасы ерекшелігімен танысады;

      2) жарнама режиссурасының ғылыми-практикалық негізі, режиссерлік шығармашылығының ерекшілігі, режиссер шығармашылығының мәнерлеу құралдары туралы білімін қалыптастырады;

      3) режиссерлік сценарийдің ерекшелігімен, жарнамалық бейнені жасау тәсілдерімен таныстыру;

      4) жарнамалық ролик, жарнамалық фильмді монтаждау, телевизиялық жарнамадағы арнайы эффектілердің әр түрлері туралы білімді игеру;

      5) жарнамалық шығарма сценарийін жазуға, жарнамалық роликтерді, жарнамалық бейне түсірілім жасауға, жарнамалық өнімді монтаждауға үйрету;

      6) белгілі теледидар режиссерлерінің шығармашылық жұмысымен таныстыру.

      51. Бейінді сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Телевизиялық жарнама режиссурасы. Жарнама режиссурасы – тапсырыс бойынша шығармашылық. "Теледидар жарнамасы" түсінігі. Теледидар жарнамасының ерекшеліктері.

      2-тақырып. Теледидар жарнамасының даму тарихы.

      3-тақырып. Жарнама режиссурасы – экрандық режиссураның жаңа фазасы. Режиссерлік шығармашылықтың ерекшелігі. Драматург немесе сценарий жазушының түпкі ойын ашатын көзге түсетін көркем бейнелерді жасау. Режиссер шығармашылығының мәнерлеу құралдары.

      4-тақырып. Жарнама режиссері мамандығы. Режиссер жобаның шығармашылық жетекшісі. Режиссер жарнамалық роликті жасаудағы басты тұлға (соңғы нәтижені және оған деген жауаптылықты сезіну).

      5-тақырып. Белгілі жарнама режиссерлері, олардың шығармашылық қызметі.

      6-тақырып. Жарнама режиссерінің қызметі. Режиссерлік өнер (бірыңғай, үйлесімді, біртұтас өнімді жасау мақсатында көркем шығарманың барлық элементтерін шығармашылық ұйымдастыру). Жарнамалық шығарманы жасау бойынша ұжымдық жұмыстағы режиссердің шығармашылық түпкі ойы.

      Режиссердің кәсіби біліктілігі (актерлік орындау мәнерінен нақты табылған көркем формаларды дұрыс шешу қабілеті және осы шешімді актермен жұмыс жасауда практикалық іске асыру дағдысы). Режиссер материалы – өмірлік білім, адамдарды, құбылыстарды, оқиғаларды бақылау, оларды талдау және көркемдік формаға түрлендіру.

      7-тақырып. Жарнамалық роликпен жұмыстағы мәнерлеу және суреттеу құралдары. Композиция. Мизансцена. Түс. Жарық. Музыка. Компьютерлік графика. Арнайы эффектілер. Монтаж. Актер – режиссердің басты мәнерлеу құралы.

      8-тақырып. Жарнамалық режиссурада қолданылатын тәсілдер, стильдер және әдістер.

      9-тақырып. Жарнама режиссерінің басты сценарийлік шеберлігі. Жарнамалық сценарийдің композициясы. "Композиция" түсінігі. Композицияның басты бөліктері. Классикалық сызба: экспозиция – байланыс – шарықтау шегі – түйін – қорытынды (соңы).

      10-тақырып. Роликтің сценарийі. Жарнамалық шығарманың әдеби сценарийі. Жарнамалық роликті құру сызбасы. Сюжет, фабула, эпизод. Эпизод түрлері. Жарнамалық роликті талдау. Жарнамалық шығарманың сценарийін жазу.

      11-тақырып. Режиссерлік сценарий және кадрға бөлу. Режиссерлік сценарий. Режиссерлік сценарийдің ерекшелігі. Теле жарнаманың режиссерлік сценарийі. Роликтің визуальді жоспары. Телевизиялық жарнама режиссерлік сценарийі құрылымының негізі. Сториборд немесе жарнамалық роликті кадрға бөлу.

      Кадрға бөлудің кадрлары. Жарнамалық роликті кадрға бөлудегі суретшінің жұмысы. Анимациялық кадрға бөлу. Роликтің қойылымдық жобасы. Қойылымдық жобаның құрылымы.

      12-тақырып. Режиссерлік түпкі ой. Режиссерлік түпкі ой (қойылымдық жобаның басты бөлігі). Режиссерлік түпкі ойдың бөліктері (тақырып, идея, басты міндет, жанжал, оқиғалық қатар, әрекет етуші тұлғалардың мінездемесі, жарнамалық бейне). Шығарма материалы. Лозунг ретіндегі идея. Жарнамадағы лозунг – ұран. Басты кейіпкерлердің әрекеті және қылығының ынталығы.

      13-тақырып. Жарнамалық бейне. Жарнамалық бейненің табиғаты. Жарнамалық бейненің әсер ету механизмі (экспликация жиілігі). Жарнамалық бейнені жасау технологиясы. Жарнамадағы бейнелер. Жарнамалық бейнені жасау тәсілдері. Жарнамалық бейнені жасау барысындағы режиссердің қызметі.

      14-тақырып. Жарнамалық шығарманың жанры. Жанрды таңдау ерекшеліктері. Режиссерге арналған жанрдың мәні. Жарнаманың жанрлық құрылымын анықтайтын өлшемшарттар. Жарнаманың басты типологиялары. Хабарландыру.

      Жарнамалық ролик. Жарнамалық роликтердің топтамасы. Жарнамалық роликтің құрылымы және жанрлық ерекшелігі.

      Анонс. Анонстың стандарттық түсінігі. Клип. Жарнамалық фильм. Жарнамалық фильмнің композициялық құрылымы. Жарнамалық бағдарлама. Жарнамалық бағдарламаның құрылымы.

      15-тақырып. Теледидар жарнамасын жасау. Теледидар – бұқаралық байланыстың аудиовизуалды құралы. "Теледидар" термині, түсінігі. Теледидардың пайда болу тарихы.

      Баспасөз, радио, бейнелеу өнері және кинематографияның әсерінен теледидар тілінің қалыптасуы. Теледидар ерекшелігі және көрінісінің мәні. Дыбыс көру бейнелерінің синтетикалық тілі. Теледидардың эмоциялық деңгейінде адамға әсер етуі. Экрандық өнер. Бейнелік тілдің, экранның мәнерлеу құралының рөлі.

      16-тақырып. Теледидар жарнамасы. Теледидар жарнамасының ерекшелігі. Тележарнаманың жалпы сипаттамасы. Теледидар жарнамасының ерекшелігі. Тележарнаманың әсерлі ұстанымдары. Тележарнаманың артықшылықтары және кемшіліктері.

      Бір уақытта визуалды және дыбысты әсер ету. Жарнама тұтынушыларына әсер ететін тәсілдер. Аудиовизуалды әсер ету: видео және аудиоэлементтер, қарқын, актерлер, реквизит, декорациялар, жарықтандыру, компьютерная графика және мұрағат материалы. Визуалды элементтер.

      Теледидар жарнамалық роликтері және жарнамалық сериалдар. Жарнамалық сериал. Атақты жарнамалық сериалдар. Product placement (өнімді орналастыру). Рroduct placement түрлері.

      17-тақырып. Жарнамалық роликтердің типологиясы. Жарнамалық хабарлама. Өнім. Өмірлік жағдай. Мәселені шешу. Презентация. Мамандардың және атақты адамдардың ұсынылымы. Көрсету. Болмыстан драмаландыру және сурет салу. Сатып алушымен сұхбат. Музыкалық жарнама. Анимация. Өмірлік стиль. Өзі туралы айту. "Басым мамандықтар" қағидаты бойынша классификация.

      Жарнаманың режиссерлік түрі. Жарнаманың операторлық түрі. Жарнаманың ақпараттық түрі.

      18-тақырып. Жарнама тобының жобасы. Жарнама агенттігі. Креативті деректер және копирайтер.

      Ірі жарнамалық агенттіктердегі креативті директорлардың жұмысы. Көркем директор және продюсер. Өндірістік фирма. Белгілі және сұранысқа ие продакшн-студиялар. Қоюшы-режиссер және оператор. Жарнамадағы операторлық жұмыс. Қоюшы-суретші. Жарнамалық форманың кеңістіктік және стилистикалық шешімін анықтау.

      Жарнамалық роликтердегі қоюшы-суретшілердің жұмысы. Композитор. Түсірілім алаңының қызметкері. Постпродакшн – видеоинженер және дыбыс режиссері.

      19-тақырып. Камера және түсірілім. Кадрды жобалау ережесі. Жарнамалық бейнетүсірілім. "Кадр" түсінігі. Кадрдың біртума композициялық шешімі. Бұқаралық көріністің деңгейін жеткізу өнері. Көркемдік міндеттер. Жалпы план. Орта план. Ірі план. Камера мүмкіндіктерін пайдалану. Нысанның қалыпты бұрышы. Бейненің енсіз бұрышы. Кеңбұрышты нысан. Камераның "объективті" и "субъективті" тәсілдері.

      20-тақырып. Бейне композициясы. Композиция заңдары. Композициялық тұтастық, композициялық бөліктер.

      Тұтастық заңы. Типтеу заңы. Үйлесімдік және салыстыру заңы. Кереғарлық заңы.

      Композицияны құру тәсілдері. Композицияны кеңістікте және уақытта ұйымдастыру. Композиция түрлері.

      Перспектива. Экрандық өнердегі перспектива түрлері. Ауа перспективасы.

      21-тақырып. Кадр құрылымы. Түсірілім нысаны. Композицияның тереңділігі. Көру арқылы қабылдау. Кадрдағы екінші дәрежедегі және елеусіз нысандар.

      Кадрдағы жарық және түс. Жарық. Көркемдік жүйедегі түс.

      22-тақырып. Табиғи жарық және жарықтандыру. Кадрдағы табиғи жарық. Кадрдың тоналдық ритмикасы. Жарықты табиғи шағылдыру және жұту. Табиғи жарық "бұлыңғыр". Табиғи жарықтың негізгі түрлері. Белгілі географиялық және климаттық жағдайда түсірілім ережесі.

      Жарықтандыру. Жарықтандыру өнері. Фондық жарықтандыру. Нысандарды жарықтандыру деңгейі. Деректі материалдағы бейне ерешелігі.

      23-тақырып. Дыбыс. Жарнамадағы дыбыс ерекшелігі. Дыбыстың басты физикалық сипаттамасы. Дыбыстық сүйемелдеудің түрлері.

      Мәтін дыбыстық сүйемелдеудің барынша кең таралған түрі. Диалог.

      Музыка. Жарнамалық мәтіні бар әндер. Дыбыстық эффектілер.

      24-тақырып. Анимация. Анимация – теледидар жарнамасының әрекет ететін және перспективалық тәсілі.

      Анимациялық жарнама. Мультипликациялық ролик. Анимациялық технологиялар. Фотоанимация. Технологияның арнайы ерекшеліктері.

      Екі өлшемде салынған сурет және үш өлшемде салынған кейіпкерлер.

      Анимациялық ролик жасау кезеңдері. Анимациялық жарнамалық роликтің сценарийі. Сценарий және кадрға бөлу. Суретшінің кейіпкерлермен жұмысы. Анимациялық роликті монтаждау. Пластиндік анимация.

      25-тақырып. Жарнамалық фильм монтажы. Монтаж тарихы және дамуы. Монтаждау тәсілдері. Параллельді монтаждың құрылымы. Қашықтықтағы монтаж.

      26-тақырып. Монтаж ұстанымдары және монтаж жүйесін таңдау. Монтаждау қағидаттары. Монтаждау процесі. Монтаж жүйесін таңдау. Негізгі монтаж жүйесі. Жарнамалық роликке монтаж жүйесін таңдау. Кадрлық ритм және эпизод ритмінің қатынасы.

      27-тақырып. Жайлы монтаж және оның ережесі. Жайлы монтаж ұстанымы. Түсірілім кадры немесе план. Түсірілім нысаны. Монтаж парақшасы. Бастапқы материал. Ірілік бойынша монтаж. Макротүсірілім. Микротүсірілім.

      Географиялық ұстаным бойынша монтаждау. Композиция бойынша монтаж. Жарық бойынша монтаж. Түс бойынша монтаж. Нысан қозғалысының бағыты бойынша монтаж. Қозғалыс фазасының ұстанымы бойынша монтаж. Нысанның жылдамдығы және қозғалыс массасы бойынша монтаж. Ішкі кадрлық монтаж.

      28-тақырып. Акценттік және ритмикалық монтаж. Акценттік монтаж. Ритмикалық монтаж. Ритмикалық монтаждың негізгі элементтері. Метрикалық ритм. Ішкі кадрлық ритм.

      29-тақырып. Сызықсыз монтаж және арнайы әсерлер. Жазу процесі және эффектілерді қою. Сызықты монтаж. Сызықсыз монтаж. Арнайы эффектілер.

      30-тақырып. Компьютерлік анимация. Жарнамадағы арнайы эффектілердің түрлері. Виртуалды камераның еркін қозғалысы. Морфинг. Бұлдырлық эффектісі. Қарама-қайшы қасиеттерімен бірге нысандарды жасау. Гравитация күштері бар ойындар. Ғарыштық белгіні қолдану. Жарық түстік эффектілер. Қабылдау шартын тұрақты ауыстыру тәсілі. Күрделі және бірегей арнайы эффектілер.

      31-тақырып. Дыбыс монтажы. Түрлендірілген музыкалық студиялар. Жарнамалық студияларды жабдықтандыруға қойылатын технологиялық талап.

      Дыбыс фонограммасын дайындау процессі. Фонограмма элементтерін іріктеу кезеңдері. Фонограмманың дыбыстық сегменттерінің орналасу тәртібі. Микшерлеу. Дыбысты өңдеу. Акустикалық перспектива. Қатысу эффектісі.

      52. Бейіндік сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер. Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) теледидарда жарнама режиссура саласындағы терминологияны біледі;

      2) теледидарда жарнама режиссурасының ерекшеліктерін біледі;

      3) теледидарда жарнама режиссура саласындағы негізгі эстетикалық және стильдік бағыттарды біледі;

      4) теледидарда жарнама режиссура саласындағы мәнерлеу құралдарын қолдану ерекшеліктері туралы біледі;

      5) белгілі теледидар жарнама режиссерлерінің шығармашылық қызметін біледі;

      6) жарнама режиссерінің міндеттерін біледі;

      7) жарнамалық режиссурадағы қолданылатын тәсілдерді, стильдер және әдістерді біледі;

      8) жарнамалық шығарма сценарийін жазу дағдыларын меңгереді;

      9) тележарнаманың режиссерлік сценарийі туралы түсінегіне ие болады;

      10) жарнамалық шығарма жанрларын, классификациясын, құрылымын және жарнамалық роликтің жанрлық ерекшеліктерін біледі;

      11) теледидардағы жарнама ерекшеліктерін біледі;

      12) жарнамалық видео түсірудің алғашқы дағдыларын меңгереді;

      13) анимациялық роликті, жарнамалық фильмді монтаждаудың алғашқы дағдыларын меңгереді;

      14) компьютерлік анимацияның алғашқы дағдыларын меңгереді.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      53. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Оқу нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша алған ағымдық үлгерім нәтижелерінен және өнер көрсетуде алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін экзамен – сынақ түрінде іске асырылады.

      54. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (эссе, презентация), екінші жартыжылдықта: экзамен (әрбір тақырыптар бойынша теориялық сұрақтарға жауап);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (презентация), екінші жартыжылдықта: экзамен (деректі фильмнің сценарийлік жоспарының жобасы);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (жобаны қорғау), екінші жартыжылдықта: экзамен ("Ойын фильмінің режиссерлік сценарийі" жобасы);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (қысқаметражды фильмге арналған әдеби сценарийді әзірлеу), екінші жартыжылдықта: экзамен (кадрға бөлумен сурет салу арқылы фильмді қою жобасы);

      5) бейінді сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (жарнамалық шығарманың сценарийі), екінші жартыжылдықта: сынақ (жарнамалық роликтің жобасы).

      55. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі өлшемдерді ескереді:

      1) танымдық;

      2) идеяның, сценарийлік түпкі ойдың бірегейлігі (авторлық ұстаным);

      3) форманың тұтастығы және идеяның толықтығы, сюжеттің әсер ету тереңділігі (бейнені ашу);

      4) операторлық шеберлік;

      5) кадрдағы жұмыс (дикция, жеткізілуі, барысы)

      6) дыбыстық қатар (кадрдан тыс мәтін, музыка таңдау, шулар, дыбыстық шешімнің бірегейлігі);

      7) графика (безендіру, шыңдау, титрлар және басқа да сюжеттің графикалық шешімі);

      8) орындаушылық шеберлігі (ойын және қойылымдық фильмдерге, сюжеттерге арналған);

      9) музыка және бейнені синхрондау.

      56. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – оқу-бағдарламалық материалды жүйелі және терең білу, тапсырманы еркін орындау алу;

      2) "4" "жақсы" бағасы – зерттелген оқу материалын жақсы білу, оқу материалын өз бетінше, қисынды және жүйелі баяндау және түсіндіру, ұсынылған мәселенің мағынасын толық ашу; зерттелген курстың негізгі терминдері және ұғымдарын меңгеру; болжамды практикалық тәжірибеге теориялық білімін қолдана білу;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – шығармашылық тапсырманы орындау кезінде жіберілген өрескел қателіктер;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарламада қарастырылған тапсырманы орындаудағы негізгі қателіктер;

      5) сынақ (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
81-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Қуыршақ жүргізу" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Қуыршақ жүргізу" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Қуыршақ жүргізу" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) вага – марионетка қуыршақтарын басқару үшін жіптер бекітілетін ерекше конструкция, вага вертикальді және горизонтальді (марионетка-жануарлар үшін) болады;

      2) вертеп – діни сипаттағы қойылым ойналатын жылжымалы қуыршақ театры;

      3) гапит – тросты қуыршақтың басы орнатылған таяқ, гапит қарапайым механикамен жабдықталған, қуыршақтың басын бұруға және еңкейтуге мүмкіндік береді;

      4) декорация –сахнада ойналатын іс-әрекет жүргізілетін орынның кейпін суреттеу міндеті бар театрдың жабдығы;

      5) жұдырықша қуыршақ театры – қуыршақтың денесі – тысқабы немесе көйлегі қолға киілетін қуыршақ театрының түрі;

      6) төменнен басқарылатын қуыршақ театры (қолғапты, жіңішке таяқша және басқа конструкциялы қуыршақтар) – төменнен басқарылатын қуыршақ театрының түрі;

      7) көлеңкелі театр – жарық көзі мен экран ортасында орналасатын немесе оған түсірілетін жазық қуыршақтарды қолдануға негізделген театр көрінісінің түрі;

      8) қасық қуыршақ театры – төменнен басқарылатын қуыршақтардың қатысуымен театрдың жеңілдетілген нұсқасы, оған боялмаған ағаш қасықтар қажет, қасықтың сырт жағына адамның бетін немесе аңның тұмсығын салады;

      9) қолғапты қуыршақ – қуыршақтың басын және қолдарын басқару үшін үш саусақты қолғап түріндегі қуыршақ;

      10) қолғапты қуыршақ театры – қуыршақтар актер қолының қоспасына киілетін қуыршақ театрының түрі;

      11) қуыршақ жүргізуші –қуыршақты басқаратын және дыбыстайтын әртіс, театр маманы;

      12) қуыршақтар театры – қуыршақ жүргізуші-актермен басқарылатын қуыршақтар әрекет ететін театр көрінісінің түрі;

      13) марионетка – жіптің көмегімен басқарылатын төменгі қуыршақ. Марионетка сахнаның және ваганың ерекше құрылғысын қажет етеді;

      14) мимика жасайтын қуыршақ – жұмсақ материалдардан жасалған қозғалмалы бет кескіні бар қуыршақ. Актердің саусақтары қуыршақтың басында орналасады және оның аузын, көзін және мұрнын басқарады;

      15) орта деңгейде басқарылатын қуыршақ театры – қуыршақтар қуыршақ жүргізуші-актердің деңгейінде басқарылатын қуыршақ театрының түрі;

      16) папье-маше – ішкі жағынан гипстік қалып бойынша қағазбен желімдеуді білдіретін қуыршақтың бастарын дайындаудың кең таралған әдісі;

      17) репертуар – театрда орындалатын, шығармалар жиынтығы;

      18) репетиция – театр қойылымын дайындаудың негізгі формасы;

      19) саусақты қуыршақ театры – қуыршақтар актердің саусағына киілетін қуыршақ театрының түрі;

      20) төменгі қуыршақ театры (марионетка қуыршақтар) – жіптің, шыбықтың немесе сымның көмегімен қуыршақтар жоғарыдан басқарылатын қуыршақ театрының түрі;

      21) тросты қуыршақ театры – қуыршақ жіңішке таяқта орналасатын қуыршақ театрының түрі;

      22) үстел үсті жазықтықтағы қуыршақ театры – шымылдықтың биіктігі 25 сантиметрді құрайтын және кейіпкер пішіннің әрбір жақтарында бейнеленген қуыршақ театрының түрі;

      23) шымылдық – әртүрлі формадағы және өлшемдегі қуыршақ театрының ерекше сахнасы. Шымылдық түрлері: қарапайым (бір жүйекті) және көппланды (2-3 план);

      24) этюд – қандай да бір аяқталған іс-әрекетті бейнелейтін шағын көрініс.

      3. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың қуыршақ жүргізу бойынша теориялық және практикалық білім, білік, дағдыларды алуы, театр өнері құралдарымен әлемді эстетикалық және көркемдік тануы үшін жағдай жасау.

      4. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) қуыршақ жүргізуге оқыту процесінде білім алушының шығармашылық әлеуетін дамыту үшін білім, білік, дағдыларды қалыптастыру;

      2) театр өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, оның көпқырлылығын және әдемілігін ашу;

      3) балаларды қуыршақтарды басқаруға үйрету, спектакльге қатыстыру;

      4) ой-өрісін кеңейту және білімді, орындаушылық біліктер мен дағдыларды жинақтау;

      5) қуыршақпен бірге қимылдарда ойналатын бейнелерді жеткізу білігін қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) Бағдарламаны игеру процесінде оның меңгерген театрда орындаушылық білім, білік және дағдылары негізінде бала тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамыту;

      2) зейінді, жадыны, елестетуді, сөйлеуді, эмоциялық-жігер саласын, интеллектуалды, музыкалық және шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      3) театр өнері құралдарымен шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      4) шығармашылық қиялды, көркемдік ойлауды, эстетикалық сезімді және әсемдікті сезінуді дамыту;

      5) көркемдік талғамды, рухани-адамгершілік және эстетикалық идеалдар мәнмәтінінде бағалау критерийлерін қалыптастыру;

      6) білім алушылардың қолдарының басқару қызметін және сөйлеу мәдениетін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік мәдениетке, өнерге баулу;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық сезімді және әсемдікті сезінуді тәрбиелеу;

      3) қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени ортасын құру;

      4) отандық мәдениеттің құндылықтарына, халық шығармашылығының, классикалық және заманауи өнердің үздік үлгілеріне баулу;

      5) балалар шығармашылығының барынша дербестігі.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – алты жыл. Бағдарламаны меңгеру қорытынды емтихандармен аяқталады.

      6. Сағаттар саны және аптадағы сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      7. Балалар өнер мектептерінің "Қуыршақ театры" бөлімі "Қуыршақ жүргізу" пәнін меңгеруді қалайтын балаларды оқытуға арналған.

      8. Оқыту жеке формада жүзеге асырылады.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      9. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      10. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      11. 8. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      12. 9. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамытушылық, түзету-дамытушылық, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      13. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      14. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      15. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      16. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркемдік шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      17. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      18. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) қуыршақ театры саласындағы білім, білік және дағдыларды меңгерудегі біртіндеушілік;

      2) қатаң реттілік және қолжетімділік: қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге;

      3) саналылық және белсенділік – сабақтарға деген саналы көзқарас, білім алушылардың үйретілетін материалдар меңгеруге және оны түсініп орындауға деген қызығушылықты тәрбиелеу;

      4) сабақтардың жүйелілігі мен ұдайылығы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесінің үздіксіз жүруін көрсетеді;

      5) оқу процесінің мақсаттылығы;

      6) білімнен шығармашылыққа қағидаты білім алушыларға белгілі білім деңгейі кезінде қанық сахналық бейнелерді, мінездерді және көңіл-күйлерді жасауға мүмкіндік береді.

      19. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог көркем сахналық бейнені құруда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      20. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      2) әлем хадықтрының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеру;

      3) театр бойынша білім алуы;

      4) театр өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      21. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      22. Білім алушыларға қажетті білік және дағдыларды дағдыландыру мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі шығармалармен жұмыста іске асырылады.

      23. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      24. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындау қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтердің теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      25. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты мазмұны деңгейі жағынан барлық оқыту сыныптарының арасындағы байланысты және бишілік-орындаушылық қызметін білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты қуыршақ жүргізу өнерін практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      26. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – көрсету, түсіндіру, білім алушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындау;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      6) ойын – сюжеттік-рөлдік ойындардың алуантүрлері.

      27. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, жеке қабілеттерінің даму деңгейі.

      28. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      29. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      30. "Қуыршақ жүргізу" пәні театрда қуыршақтардың әртүрлі түрлерін басқарудан тұрады. Пән білім алушының коммуникативтік мәдениетін, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, қуыршақ жүргізу дағдыларын және сахнада жүру мәдениетін қалыптастыруға, қуыршақпен театралды жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

      31. Балаларды қуыршақтың жұдырықшалы, тросты, қасық түрлерімен ойнауға үйрету кезінде білім алушының қол білегінің, білезігінің, иығының бұлшық ет массасының даму деңгейі ескеріледі, себебі ойнауды ұйымдастыру едендік шымылдықтың қолданылуын болжайды. Күш, ептілік, шапшаңдық сияқты физикалық қасиеттерді дамытуға арналған қосымша ойындар мен жаттығулар жүргізіледі.

      32. Театр ойыны қуыршақ жүргізу техникасына оқытудың басты компоненті болып табылады. Театр ойынының тақырыбы мен мазмұны адамгершілік бағыттылықты (достық, ілтипат, мейірімділік, адалдық, батылдық) анықтайды. Театрға бейімдеу білім алушыға эмоциялық және қоршаған әлемді терең қабылдауды түсінуге көмек береді.

      33. Педагог білім алушылармен оқу қызметіне өз еркімен араласуға мүмкіндік беретін театр-ойын стилінде қарым-қатынас жасайды.

      34. Педагог білім алушының әдетті біліктері, дағдылары, тәсілдері мен қимылдарын қалыптастыра отырып, олардың соңғы нәтижеге (спектакльдерде өнер көрсету, спектакльдерге декорацияны дайындау, жұмыстар көрмесіне қатысу) қызығушылықтарын оятып қана қоймай, сонымен қатар жаңа сюжеттерді немесе жаңа бейнелерді, өз қуыршағын жасау процесіне де қызығушылықтарын қалыптастырады.

      35. Педагог білім алушыны қуыршақ түрлерімен таныстырады: төменнен басқарылатын қуыршақтар (қапшықты (кульковая), саусақты, қолғапты, жұдырықша, тросты, қасық, қол, механикалық); төмен қуыршақтар (марионетка, секірмелі планшетті және едендік), үстелүсті қуыршақтар.

      36. Білім алушы қолына қуыршақты кие отырып, онымен бірге бірігіп кетеді, ол арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларды бастан кешіреді, өз қорқыныштарымен күресе алады, жағымсыз эмоцияларын шығарады немесе керісінше өз қуанышымен бөліседі.

      37. Педагог білім алушының жас ерекшеліктерін ескере отырып репертуарды таңдайды. Білім алушы актер-шығарушы позициясымен таныса отырып, эмоциялық, интеллектуалды, адамгершілік, әлеуметтік, еңбек тәжірибесін жинақтайды және оны дамытады.

      38. Дауысқа және сөйлеуге арналған жаттығулар: баяу, қатты, тыныш, тез, жуан дауыспен сөйлеу елестетуді жаттықтыру үшін қызмет атқарады. Сөйлеу жаттығулары көркемдік оқумен келешекте жұмыс істеу үшін пропедевтикалық рөл атқарады.

      39. Ертегі кейіпкерлерінің рөлі мектепке дейінгі және кіші сынып жасындағы білім алушының театрдағы шынайылық туралы түсінігін кеңейтеді. Педагог әртістік өнердегі "бастан өткеру мектебі" мен "елестету мектебі" түсініктері үшін негіздерді қалайды, үйретуші тапсырмаларға қызығушылықты тудыру үшін негізді қалыптастырады, ол процестерде басты назар сөзбен, мәтінмен, әртүрлі сөз қимылдарымен ойнауға (жазғыру, бұйыру, танып білу, таң қалдыру, сұрау, түсіндіру, шақыру) қойылады.

      40. Сөз сахналық міндетті орындаудың негізгі құралы, мінез-құлықты құраудың негізгі құраушысы ретінде анықталады. Бір қимылды әртүрлі мәтіндермен немесе бір мәтінді әртүрлі қимылдармен алуантүрлі үйлестіру арқылы ойнай отырып, білім алушы сөздің психологиялық мәнерлілігін естуге үйренеді.

      41. Оқыту процесінде педагог балаларға тән балғындықты, елестету пәктігін, ойнау әуесқойлылығын сақтайды, дамытады.

      42. Сабақтарда педагог білім алушылардың қоршаған ақиқаттық туралы түсінігін тереңдетеді және байытады. Оқыту-тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог білім алушы осы және басқа жаста меңгере алатын білім және дағдылар көлемін анықтайды және осыған байланысты ойластырылған балалармен жұмыс істеу әдістемесін құрастырады.

      43. Бірінші сабақтарда педагог білім алушыны қуыршақтар театрымен, қуыршақтарды дайындау процесімен таныстырады. Әңгімелеу және иллюстрациялар көрсету: әруақтар мүсіні және алғақшы адамдардың оларға табынуы, қолғапты қуыршақ (Италия, Ресей), планшетті қуыршақ; марионетка, тросты қуыршақ (Шығыс, Үндіқытай); көлеңкелі театр (Жапония).

      44. Педагог білім алушыларға қуыршақ не болуы мүмкін сұрағына жауап береді. Қуыршақ - жансыз материяны жандандырудың ерекше тіршілік иесі.

      45. Педагог қойылым үшін қуыршақтарды және атрибуттарды дайындау бойынша жұмысты балалардың жас мүмкіндіктерін және олардың даму деңгейін ескере отырып, қолөнер қағидасы бойынша қарапайым қуыршақ конструкцияларынан күрделі қуыршақтарға дейін құрастырады. Қуыршақтарды дайындау процесінде білім алушыда қолдың ұсақ моторикасы, елестету, зейін қою қабілеті, кейіпкерлердің графикалық және пластикалық көрінісі, алынған әсерді шығармашылық қайта өңдеу дағдылары пайда болады.

      46. Сабақ барысында әртіс-қуыршақтарды дайындаудың әртүрлі техникасы қолданылады: табиғи материалды, матаны, қамырды пайдаланумен аппликация, папье-маше, шұлықтан, қолғаптан, биялайдан, қораптан жасау (конустан, цилиндрден) техникасы, үлпілдек қуыршақтар (ауа шарлар), қолда бар материалдан жасалған қуыршақтар.

      47. Білім алушы қуыршақ театрының спецификасын, театр қуыршағының ерекшеліктерін, қуыршақ пьесасының өзгешелігін, театральды қуыршақ пьесасының жанрларын танып біледі.

      48. Бірінші сабақтардан бастап білім алушы қолдың пластикасын дамытады, әртүрлі театралды қуыршақтарды басқарудың бастапқы тәсілдеріне үйрену кезінде театралды қозғалыс ерекшеліктерін танып біледі.

      49. Педагог актердің қолы және заттың көмегі арқылы анимация бойынша сабақтар өткізеді. Орамал, таспа, шарды қолдану арқылы қуыршақтар бейнесін ойластыру. "Жандандырған" кейіпкерлермен оқиға құрастыру. Түстер гаммасы (ақ – жақсылық, қара – жамандық, жасыл - үміт) арқылы символ түсінігі.

      50. Білім алушы қуыршақ жүргізу негіздерін үстелүсті қуыршақтар театрынан бастап меңгереді – бала қуыршақтың басқа жағына үңілмейді, "өзі үшін ойнайды", бұндай тәсіл әртістерге көрермендерге назар аудармай бір-бірімен өзара байланысуға көмектеседі. Театрландырылған қызмет бойынша сабақтарда балалар үстелүсті театры қуыршақтарын таныс музыкалық сүйемелдеумен қозғалтады.

      51. Педагог жетекшілігімен білім алушы саусақты қуыршақты жүргізу технологиясын, театрландырылған ойындарды, этюдтерді, шағын-көріністерді, саусақты қуыршақпен импровизацияны меңгереді.

      52. Педагог балаларды әртүрлі театр қуыршақтарын басқарудың қарапайым тәсілдеріне үйрету кезінде театралды сөйлеу мәнеріне, сөйлеу шеберлігінің негізгі құраушыларына ерекше көңіл аударады. Сахналық сөйлеу мәнері бойынша сабақтарда дауысты қоюмен және дикциямен жұмыс қатары жүргізіледі. Сахналық сөйлеу мәнері бағдарламасы сөйлеу аппаратын дамытумен қатар, оларсыз адамның әлеуметте толыққанды қызметі мүмкін болмайтын басқа да көптеген қасиеттерді: зейін, тәртіп, жауапкершілік, серіктестік, ұжымда үйлесімді өмір сүруді тәрбиелеуді қарастырады.

      Педагог барлық пәндер үшін тиімді театрмен тәрбиелеу әдістерін қолданады:

      1) сөйлеуді қалыптастыру процесінің үздіксіз әдісі. Жаттығулар кешенді түрде таңдалады, олардың арасында логикалық байланыс және үзіліссіз, бірінен бірі пайда болады;

      2) білім алушылардың дауыс жүргізу және сахналық сөйлеу технологиясын меңгеру деңгейі бойынша жүктемелерді біртіндеп ұлғайтуды болжайтын сатылы күрделендіру әдісі;

      3) ойынмен әрекет ету әдісі – педагог білім алушының елестетуіне жүгіну арқылы оң нәтижелерге қол жеткізілетін өте маңызды жұмыс аспектісі;

      4) импровизация әдісі білім алушының жасырын шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, студияда бірге жұмыс істейтіндерді қарым-қатынасқа, ашықтыққа, өзіне және қоршаған ортаға оң көзқарасқа итермелеуге көмектеседі,

      5) әріптестік өзара байланыс әдісі әріптестерге барынша көңіл бөлуге бағытталған.

      53. Сахналық сөйлеудің басты бөлімін орфоэпия құрайды. Әдебиет тілінің дыбысталуының нақты анықталған нормалары бар екендігі анық. Осы нормаларды сақтау – сөйлеу мәдениетінің белгісі және барлық өз тілін сүйетіндер үшін міндетті болып табылады.

      54. Қуыршақ жүргізу бойынша оқу мақсаты біртіндеп күрделенеді – сөйлеу, жүгіру, секіру кезіндегі физикалық күйі, жүріс-тұрысты өңдеу, орын алғанды қуыршақ арқылы бағалау, барлық қойылым барысында қуыршақ деңгейін шымылдықтан жоғары ұстау.

      55. Белгілі нәтижелерге қол жеткізген кезде 70-80 сантиметрлік пердесі бар едендік шымылдық қолданылады, білім алушылар орындыққа орналасады. Физикалық қасиеттерді: күш, ептілік, шапшаңдықты дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар қосымша жүргізіледі.

      56. Шымылдық деңгейінде қуыршақтарды сенімді манипуляция жүргізе алған кезде, диалогқа түсу кезінде, кейіпкер бейнесін ашық интонациялармен жеткізе білгенде педагог перденің биіктігі 1 метрді құрайтын шымлдықта сабақты жүргізе бастайды (білім алушы тұрып тұрады). Шымылдықтың мұндай нұсқасы іс-әрекет көлемін, сюжеттік желіні, декорацияны ауыстыруды арттырады.

      57. Шымылдық артында жүргізілетін сабақ білім алушыдан сахналық кеңістікті құру білігін, яғни шымылдық сыртында бағдарлануды, негізгі іс-әрекеттің орнын және оның шекараларын анықтауды, жақтарын білуді, ортасын және шеттерін анықтауды талап етеді. Кеңістікті көруді және түсінуді үйренген соң, білім алушы өзіне, әріптестеріне және байланысу қажет болатын заттарға орынды тез табады. Декорация элементтері премьера алдындағы соңғы дайындық кезінде өзінің нақты орынын табады.

      58. Қуыршақ спектаклінің кейіпкерлерімен жұмыс психикалық процестерді – жадыны, эмоцияны, сөйлеуді дамытуға ықпал етеді. Білім алушының жеке тәжірибесі әлі үлкен емес болғандықтан, педагог түзетеді және көмектеседі, кейіпкердің барынша ашық жеке бет-әлпетін және ерекшеліктерін айтып тұрады.

      59. Педагог білім алушының бейнелік ойлау қабілетін дамытумен жұмыс істейді: эмоция (сөздерге ойнау, туындайтын эмоцияларды анықтау, эмоцияны суретте, қолдың пластикасында және "қуыршақта" бекіту), форма және мазмұны (затты қарастыру, оның мазмұнының қандай да басқа нәрсемен ұқсастығын зерттеу, мазмұнының сипаттамасын анықтау, "егер де" ойынын ойнау).

      60. Қуыршақ театры үшін пьесаны таңдау кезінде, жоғары көркемдік құндылыққа ие ғана емес, сонымен қатар орындаушының қиялын оятатын, оның эмоциялық құрылымын қозғайтын мәтінді таңдау қажет. Мәтінде көтерілетін мәселелер "Білім алушы тыңдарманға не айтқысы келеді? Ол бұны не үшін істейді?" сұрақтарына жауап секілді түсінікті және нақты құрылған болуы қажет.

      61. Таңдалған мәтінді асықпай, алдымен іштен, кейін дауыстап оқыған жөн. Осы мәтінді ұғыну, оқиғалар қатарын, осы оқиғаларға және кейіпкерге және орындаушыға қатынасты анықтау, іс-әрекеттер сызығын құрастыру және білім алушыдан қойылған міндеттерде үйлесімді өміріне қол жеткізуге тырысу қажет.

      62. Педагог спектакльдің музыкалық ресімделуіне ерекше көңіл бөледі. Көркем сөз бен музыка бір-бірін толықтырады, білім алушының әсерін күшейтеді және оның сол немесе басқа кейіпкердің бейнесімен, музыкамен және бейнемен жұмыста (классикалық, заманауи музыка шығармаларын тыңдау, қолдың пластикасында эмоциялық әсерді бейнелеу) өз қабілеттерінің барынша анық байқалуына себеп болады.

      63. Қуыршақ үйірмесінің сабақтарында педагог импровизацияға үлкен көңіл бөледі. Импровизация күйбең еңбектен, жаттаудан, ілікпе сөзді, қалыпты, қимылды жаттау қажеттілігінен босауға мүмкіндік береді.

      64. Сабақ қызықты ойын түрінде ғана емес, сонымен бірге білім алушы қуыршақ жүргізу, тұлғаны дамыту саласында өзін-өзі жетілдіруге саналы түрде ұмтылатын және өз әлеуетін сезіне білетін толық еркін шығармашылық процесс ретінде құрылуы керек.

      65. Театралды қызмет баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту процесі ретінде процессуалдық болып табылады. Балалар шығармашылық театрында соңғы нәтиже емес, дайындық, шығармашылық алаңдау және іске асыру процесі маңызды болып табылады. Бейнемен жұмыс істеу процесінде бала тұлғасының дамуы жүзеге асады, символдық ойлау, қозғалтқыш эмоциялық бақылау дамиды. Әлеуметтік тәртіп нормаларын меңгеру жүзеге асады, жоғары ықтиярлы психикалық функциялар қалыптасады.

      66. Педагог білім алушының қуыршақ спектаклімен жұмысқа – пьесаны оқу, талқылау: оқиғалар тізбегіне, әрекет етушілердің сипатына, олардың өзара қарым-қатынасына көңіл бөледі. Әрбір кейіпкердің мәселесі: ол нені қалайды және неге қол жеткізеді. Әрекет етушілер мәселелерінің тізбегі соқтығуға әкеледі. Осы соқтығыстардың себебін анықтау. Кейіпкерлердің мақсатын және жүріс-тұрыстарының түрткілері. Пьесаның асқын міндеттері.

      67. Сабақтан тыс жұмыс түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) семинарларға және шеберлік сыныптарға қатысу;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындау;

      4) концерттік, байқаулық көрсетілімдерге дайындаулы;

      5) қуыршақ театрларына бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      68. Оқытудың қорытынды кезеңі нақты драматургиялық материалда этюдті-қойылымдық материалмен жұмысты қамтиды.

      69. Өз бетінше жүргізілетін дайындықтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      70. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Өзбетінше жұмыс денсаулыққа толық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.

      71. Білім алушының өзіндік жұмысына жеке тренингті құру, сөйлеу техникасы, қолдың пластикасы элементтерін пысықтау, әдеби мәтінмен жұмыс істеу, педагог ұсынысы бойынша бейнежазбаларды (қуыршақ театры спектаклдерінің жазбалары) қарау кіреді.

      72. Жеке тренинг құрамы:

      1) иық буынының бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар;

      2) айналма жаттығулар;

      3) үйлестіруді дамытуға арналған жаттығулар;

      4) баланс сезіміне арналған жаттығулар;

      5) секірмелікті дамытуға арналған жаттығулар.

      73. "Қуыршақ жүргізу" пәнінің "Актерлік шеберлік негіздері", "Сахна тілі", "Қол пластикасы" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың қуыршақ театры өнерін тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      74. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушының коммуникативтік мәдениетін, әлеуметтік тәртіп және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, қуыршақ жүргізу және сахнадағы жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру, қуыршақпен театр жұмысының техникалық тәсілдерін меңгеру.

      2) кері жауаптың, батылдықтың, қозғалмалылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыру, координацияны, дененің әртүрлі бөліктерінің қозғалмалылығын дамыту, тәртіптің және шығармашылық ұжымда қарым-қатынастың жалпы мәдениетін тәрбиелеу, пластикалық тренинг арқылы физикалық мүмкіндіктерді, сахналық алаң жағдайында пластикалық суреттеулер құру арқылы шығармашылық елестетуді дамыту;

      3) қол пластикасын, саусақ гимнастикасын, білім алушының қол буыны, білект, иық буынының бұлшық ет массасын дамыту, себебі ойынды ұйымдастыру едендің шымылдықты қолдануды болжайды. Физикалық қасиеттерді: күш, ептілік, шапшаңдықты дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар қосымша жүргізіледі.

      4) пластикамен шұғылдану дененің үйлесімді байланысуына, абсолютті бұлшықет еркіндігіне, жеңілдігіне, өз денесімен жұмыста сенімділікке жетуге, физикалық дағдыларды батыл игеруге, қысымдардан арылуға және сенімсіздіктен және қорқыныштан арылуға бағытталған;

      5) қимылдарды, реакцияларды, динамикалықты, секіргіштікті, физикалық күшті үйлестіру дағдыларын қалыптастыру, қозғалыс мүмкіндіктері диапазонын кеңейту, акробатикалық элементтерді, баланстарды және қолдауларды орындау техникасына, бірқалыпты үзіліссіз қозғалысқа үйрету, пластикалық этюдтерді құру арқылы білім алушылардың шығармашылық елестеуін дамыту.

      6) білім алушының коммуникативтік қабілеттерін, қойылған тақырыпқа партнермен диалог құру білігін дамыту.

      7) білім алушының жадысын, спектакль кейіпкерлерінің сөздерін есте сақтау қабілетін жаттықтыру.

      8) көру, есту зейінін, байқампаздықты, бейнелік ойлауды, қиялды, елестетуді, сахналық өнерге қызығушылықты дамыту.

      75. Даярлық сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Танысу.

      2-тақырып. Қуыршақтың пайда болуы. Қуыршақ театрының тарихы. Қуыршақ театрының түрлері. Қуыршақтармен танысу.

      3-тақырып. Қауіпсіздік техникасы және тәртіп ережелері.

      4-тақырып. Қуыршақ театрындағы мамандықтар. РежиссҰр. Суретші-декоратор. Бутафор. АктҰр.

      5-тақырып. Әлем халықтарының ертегілері.

      6-тақырып. Қуыршақ театры актерлерінің мәдениеті және сөйлеу техникасы. Тыныс алу гимнастикасы. Логопедия жаттығулары және ойындар.

      7-тақырып. Жаңылтпаштарды айту. Артикуляциялық гимнастика. Жаттығу: "Терезе" - ауызды кең ашу – "ыстық", ауызды жабу – "суық"; тістерімізді тазалаймыз – күлу, ауызды ашу, тілдің ұшымен ішкі жағынан кезекпен төменгі және жоғарғы тістерді "тазалау".

      8-тақырып. Қуыршақтарды дайындау ерекшеліктері. Қуыршақты дайындау кезінде қауіпсіздік техникасы.

      9-тақырып. "Шанышпалы және кескіш заттармен жұмыс" қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

      10-тақырып. Декорация және бутафория дайындау.

      11-тақырып. Қуыршақтардың әртүрлі түрлерімен қуыршақ жүргізу ережесі.

      12-тақырып. Жасырын айналулар. Театр өнерінің басты құбылысы "айналу және қайта түрлену" туралы түсінік.

      13-тақырып. Бейнелі жаттығулар. Дамытушы ойындар.

      14-тақырып. Фланелеграфтағы қуыршақ театры. Фланелеграфтағы театр ерекшеліктерімен танысу.

      15-тақырып. Этюдпен жұмыс. Рөлдерді бөлу. Рөлдерді жаттау.

      16-тақырып. Фланелеграфтағы этюдке реквизиттерді дайындау.

      17-тақырып. Басты репетиция. Халық ертегісі негізіндегі қуыршақ этюді. Орындауды талдау.

      18-тақырып. Қолдың пластикасымен жұмыс. "Толқын", "Алфавит" жаттығулары, пластикалық жаттығулар және "Теңіз", "Нені қалайтынымды тап" этюдтері.

      19-тақырып. Қолдың моторикасын дамыту. Пластилиннен илеу. Пластилинмен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Пластилиннен жануарлар және ертегі кейіпкерлерінің мүсінін илеу.

      20-тақырып. Саусақты қуыршақтар. Саусақты қуыршақтарды дайындау.

      21-тақырып. Саусақты қуыршақтарды жүргізу ережесі.

      22-тақырып. Саусақты қуыршақтар этюдтерімен жұмыс. Рөлдерді бөлу. Рөлдерді жаттау

      23-тақырып. Спектакль үшін пластилиннен саусақты қуыршақтарды дайындау.

      24-тақырып. Басты репетиция. Халық ертегісі негізіндегі этюд. Этюдті талдау.

      76. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) театрда жүріс-тұрыстың және қуыршақ дайындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі;

      2) театр лексикасын біледі - режиссҰр, суретші, актҰр, шымылдық, декорация, сценарий;

      3) топта жұмыс істеу дағдыларына ие;

      4) қуыршақ түрлерін біледі және ажырата алады;

      5) өлеңдер, әндер, ертегілер кейіпкерлерінің айқындаушы ерекшеліктерін сөйлеу тембрімен және қарқынымен жеткізе алады;

      6) сөйлеу техникасын дамыту бойынша дайындық жаттығуларының кешенін біледі және орындайды;

      7) қуыршақ жүргізу ережелерін біледі;

      8) өлеңдер мен әндерді сахналай алады.

      77. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушыны театр өнерінің қарапайым түсініктерімен, кәсіби терминологиясымен таныстыру (театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, актерлік шеберлік негіздері, көрермен мәдениеті);

      2) білім алушының сахналық міндетті орындау құралы ретіндегі, мінез-құлықты құраушы негізгі компонент ретіндегі сөз түсінігі. Бір қимылды әртүрлі мәтіндермен немесе бір мәтінді әртүрлі қимылдармен алуантүрлі үйлестіру арқылы ойнай отырып, білім алушы сөйлеудің психологиялық мәнерлілігін естуге үйренеді,

      3) уақыттың нақты аралығында осы немесе басқа қимылды, мизансахнаны көре алу, есте сақтай алу және қайталап ойнау білігі, қимылды уақытта және кеңістікте нақты ұйымдастыру;

      4) әуенді, оның қарқынын және ырғағын тез қабылдау, қимылда барлығын жеткізе алу, көпшілік сахналарда әріптеспен қарапайым және күрделі қимылдарды үйлестіре білу білігі, білім алушының музыкалық қабілетін, ырғақтылығын, елестетуін, көркемдік талғамын және пластикалық мәдениетін дамыту.

      78. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пьеса, кейіпкерлер, қимыл, сюжет туралы түсінік.

      2-тақырып. Театр қуыршақтарының әртүрлі түрлері және оларды дайындау тәсілдері туралы білімді кеңейту.

      3-тақырып. Балаларды қуыршақ қимылдарын басқару қағидаларымен таныстыру (қуыршақ басының, қолдарының қимылдары).

      4-тақырып. Отырған және тұрған күйі тыныс алу жаттығулары.

      5-тақырып. Дикция.

      6-тақырып. Артикуляциялық гимнастика.

      7-тақырып. Дауысты және дауыссыздарды дыбыстауға арналған жаттығу. Жаңылтпаштар.

      8-тақырып. Қуыршақ театры спектаклін ресімдеу элементтерімен (декорация, жарық, түс, дыбыс, шу) таныстыру.

      9-тақырып. Жазықтық, жартылай жазықтық және көлемді декорациялар туралы түсінік. Жазықтық декорацияларды (ағаштар, үйлер) дайындау.

      10-тақырып. Шымылдықпен жұмыстың алғашқы дағдылары. Шымылдықпен қуыршақ жүргізу.

      11-тақырып. Қуыршақ жүргізуші жұмысының ерекшеліктері. Шымылдықтың алдыңғы жармасы бойынша қуыршақтың қозғалысы дағдыларын пысықтау.

      12-тақырып. Шымылдықтың түпкі жағында қуыршақтың қозғалысы дағдыларын пысықтау.

      13-тақырып. Пьесаны таңдау және онымен жұмыс. Пьесаны оқу, оның талдауы. Рөлдерді бөлу. Кейіпкерлердің мінез-құлығымен жұмыс.

      14-тақырып. Үстелүсті қуыршақ театры. Үстелүсті қуыршақ театрының ерекшеліктерімен таныстыру.

      15-тақырып. Қасық қуыршақ театры. Қасық қуыршақ театрының ерекшеліктерімен таныстыру.

      16-тақырып. Қасық қуыршақ театрының қуыршақтарын дайындау технологиясы.

      17-тақырып. Жұдырықшалы, қолғапты қуыршақ театры (петрушка театры). Жұдырықшалы, қолғапты қуыршақ театрының ерекшеліктерімен таныстыру.

      18-тақырып. Жұдырықшалы және қолғапты қуыршақтарды дайындау технологиясы. Жұдырықшалы және қолғапты қуыршақтарды дайындау үшін қолданылатын материалдар.

      19-тақырып. Қолғапты қуыршақ (петрушка қуыршағы). Қуыршақ қалыбының негіздері (қолғапты қуыршақта қол саусақтарының жұмысы). Петрушка қуыршағын басқару тәсілдері. Петрушка қуыршағын бірдей уақытта екі қолмен басқару. Петрушка қуыршағының түрлері. Топтық петрушка- қуыршақтары.

      20-тақырып. Петрушка қуыршағының (қолғап) денесінің құрылысы. Петрушка қуыршағы басының құрылысы, оның оптималды өлшемдері. Петрушка қуыршағы басының пішінінің ерекшеліктері. Петрушка қуыршағының бетінің (маска) бейнелілігі.

      21-тақырып. Петрушка қуыршағын дайындау үшін қолданылатын материалдар. Петрушка қуыршағының басын ағаштан жасау технологиясы.

      22-тақырып. Петрушка қуыршағындағы қолдың құрылысы. Қатты материалдардан жасалған қолдың кемшіліктері. Сым қаңқадағы қолдар. Петрушка қуыршағындағы аяқтың құрылысы.

      23-тақырып. Папье-маше техникасындағы қуыршақтар үшін бастарды дайындау. Папье-маше техникасымен танысу. Қуыршақтар үшін бастарды дайындау бойынша практикалық жұмыс.

      24-тақырып. "Инемен жұмыс" қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. Қуыршақ үшін қолғап-көйлекті дайындау (матаны пішу, бөлшектерді біріктіріп тігу, басты көйлекке жабыстыру).

      25-тақырып. Сөзсіз қимылдарды жеткізудегі сипат және бейне (жүріс-тұрыс, шығу, бұрылыстар, жанға, төменге қарау), оларды бейненің мінез-құлығымен салыстыру, екі персонаждың әңгімесі.

      26-тақырып. Қуыршақ театрына бару. Спектакльді талқылау. Суреттемелер.

      27-тақырып. Петрушка театры үшін пьесаны таңдау және онымен жұмыс. Пьесаны оқу, оның талдауы.

      28-тақырып. Рөлдерді бөлу. Кейіпкерлер мінез-құлығымен жұмыс.

      29-тақырып. Петрушка театры спектаклі үшін қуыршақтарды, декорацияны және бутафорияны дайындау

      30-тақырып. Халық ертегісі негізіндегі қуыршақ этюдпен жұмыс. Басты репетиция. Орындау. Орындауды талдау.

      79. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) практикада қуыршақ жүргізу ережелерін қолдана алады;

      2) жұдырықшалы, қолғапты қуыршақтар қимылдарын дауыс тембрімен, қол саусақтарының ұсақ қимылдарымен жеткізе алады,

      3) халық ертегілері бойынша өлеңдерді, әндерді және шағын пьесаларды сахналандыруға қатысады;

      4) ертегілер соңын "жақсыға" өзгерте алады;

      5) қуыршақты дайындау кезінде нобай, материалдағы қайта түрлену, сәндік фактуралар көмегімен формаларды анықтау жоспары бойынша жұмыс істейді;

      6) шымылдықпен қуыршақ жүргізудің алғашқы дағдылары;

      7) кейіпкердің мінез-құлық ерекшеліктерін жеткізе біледі.

      80. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қысылуды және бөгелуді алып тастауға арналған жаттығуларды, инерцияларды басқаруға арналған жаттығуларды, білім алушының белгілі пластикалық қабілеттерін және мүмкіндіктерін дамытушы этюд, ойын, тренингтер, пластикалық және би номерлері түріндегі сабақтарды ұйымдастыруды әрі қарайғы меңгеру жалғасады;

      2) сахналық қозғалысқа қызығушылықты әрі қарайғы қалыптастыру, бұлшықет-қозғалыс аппаратының қозғалмалылығын, қозғалысты, қимыл дағдыларын үйлестіру, шығармашылық елестетуді әрі қарайғы дамыту, қимылды орындау кезінде өзін-өзі басқару дағдыларын әрі қарайғы қалыптастыру;

      3) коммуникативтік дағдыларды, қуыршақ этюдтерінде өзіндің идеяны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

      4) білім алушының қолдың ұсақ моторикасын, елестетуді, зейін қоя білу қабілетін дамыту, кейіпкерлерді графикалық және пластикалық бейнелеу дағдыларын алу, алған әсерді шығармашылық өңдеу;

      5) шартты сахнада бағдарлану дағдыларын, өзара байланысуды қалыптастыру, бір-бірімен қақтығысудың жоқ болуы.

      81. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қуыршақ театры туралы білімді кеңейту.Тарихи мәліметтер. Қолғапты қуыршақ (Италия, Ресей). Планшетті қуыршақ. Марионетка. Тросты қуыршақ (Шығыс, Индия, Қытай). Көлеңкелі театр (Жапония).

      2-тақырып. Сөйлеу гимнастикасы туралы түсінік. Қуыршақ спектаклінің әртүрлі кейіпкерлері сөздерінің ерекшеліктері (балалардың, ересек кейіпкерлердің, әртүрлі аңдардың).

      3-тақырып. Дауыс модуляциясы.

      4-тақырып. Әртүрлі мәтіндерді (диалог, монолог, табиғат туралы әңгіме, төл сөз, кадр сыртындағы автор сөзі) мәнерлеп оқу және артикуляция түсінігі.

      5-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Монологтар және диалогтар. Әріптеспен жұмыс. Паузалар (логикалық, психологиялық, лифт-пауза). Рөлдер бойынша оқу.

      6-тақырып. Шымылдықты құрудың қағидалары.

      7-тақырып. Қуыршақты еркін жүргізу үшін құралдар және декорация.

      8-тақырып. Қуыршақ жүргізудегі екі кейіпкердің әңгімесі. Сөйлеп тұрған және тыңдап тұрған қуыршақтардың қозғалысындағы айырмашылық.

      9-тақырып. Этюдтер. Халық фолклорын (түлкі мен қоян, аю мен Маша, түлкі мен бауырсақ, ата мен әже) қолданумен жұп этюдтерді құрау.

      10-тақырып. Шымылдығы бар театрдағы қуыршақ жүргізу ережелері. Шымылдыққа қатынас бойынша қуыршақты ұстап тұру қажет деңгейді ұстау.

      11-тақырып. Қол буыны, білек, иықтың бұлшықет массасын дамытуға арналған жаттығуларды жаттау.

      12-тақырып. Этюдтермен жұмыс. Импровизация жанры. Пластикалық жаттығуларды орындау. Импровизация жанрындағы этюдтермен жұмыс. Құрастыру және ойластырылған идеяны жүзеге асыру. Қайта түрлендіру шеберлігін дамыту.

      13-тақырып. Елестетілген кеңістік және зат. Қиялды дамытуға арналған жаттығу. Берілген кеңістікте белгілі жылдамдықпен қозғалу. Берілген тақырыпқа этюд.

      14-тақырып. Байқампаздыққа жаттығулар. Жадыны, есті, ойлауды, ерікті және байқампаздықты дамытуға арналған қуыршақпен ойын-тапсырмалар.

      15-тақырып. Ассоциативтілікті және елестетуді дамытуға арналған қуыршақпен ойын-тапсырмалар. Елестетілген кеңістік және зат.

      16-тақырып. Қиялды дамытуға арналған жаттығу. Берілген кеңістікте белгілі жылдамдықпен қозғалу. Берілген тақырыпқа этюд.

      17-тақырып. Рөлдік ойын (түсінік). Рөлдік ойындардың түрлері. Мимика және ишарат. Қалып және ишарат.

      18-тақырып.Сахналық қозғалысты ауыстыру. Сахналық қозғалыс элементтерімен музыкалық ертегі.

      19-тақырып. Дамытушы музыкалық-ритмикалық ойындар. Ритмикалық қабілеттерді және пластиканы дамытуға арналған музыка қолданылатын ойын-жаттығулар.

      20-тақырып. Қуыршақ жүргізуші сөзін, қуыршақ қимылын және музыканы қосумен жұмыс. Музыкалық және ырғақтықты жаттықтыру. Әндер мен өлеңдерді қолданумен ырғақ және музыкалық сезімді дамытуға арналған жаттығулар. Елестетуді, қиялды және ынта-ықыласты дамыту.

      21-тақырып. Сахналық қозғалысты ауыстыру. Практика. Шапшаңдыққа, жеңілдікке ойындар мен жаттығулар. Елестетуді, қиял еркіндігін дамытуға арналған жаттығулар.

      82. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қолғапты қуыршақ театрының, тросты қуыршақ театрының және көлеңкелі театрдың пайда болу және даму тарихын біледі;

      2) ертегі немесе пьеса мәтінімен жұмыс істей алады;

      3) сөйлеу гимнастикасы бойынша жаттығуларды біледі және орындайды;

      4) қуыршақ спектаклінің әртүрлі кейіпкерлері сөзінің ерекшеліктерін біледі және жеткізе алады;

      5) мәтінді мәнерлі оқиды және паузаларды –логикалық, психологиялық және люфт-паузаны ажыратады;

      6) шымылдық құрылымының негізгі қағидаларын біледі;

      7) диалог барысында қуыршақтар қозғалысында айырмашылықтарды біледі;

      8) берілген тақырыпқа этюд құрайды;

      9) шымылдықты театрдақуыршақ жүргізу ережелерін біледі;

      10) ырғақ және музыкалық сезімді, елестетуді, қиял еркіндігін дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      11) қол буына, білек, иықтың бұлшықет массасын дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды.

      83. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) тросты қуыршақты жүргізу дағдыларын меңгеру;

      2) тросты қуыршақ конструкциясының ерекшеліктері туралы түсінік;

      3) механикалық қуыршақтар туралы түсінік;

      4) жұмсақ мимикалаушы қуыршақ туралы түсінік;

      84. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қозғалыс және сөз. Қозғалыста белсенді тапсырманы орындау кезінде еркін және сенімді түрде қимыл мен сөзді байланыстыру қабілетін дамыту.

      Жаттығу. Белсенді позицияда тыныс алу және дыбыстау. Белсенді қозғалыс және статика кезінде тыныс алу және дыбыстауды қамтамасыз ету үшін бұлшықет қысылуларын қайта бөлу. Қимылдың үздіксіздігін байланыстыру. Қимылдың жалғасы ретіндегі дыбыстық хабарлама. Қимыл мен сөзді алмастыру және байланыстыру. Этюдті тренаж.

      2-тақырып. Тросты қуыршақтар. Тросты қуыршақ конструкциясының ерекшеліктері. Ағаш және металл - тросты қуыршақ қаңқасы үшін негізгі материалдар. Тросты қуыршақтар дайындау технологиясы.

      3-тақырып. Тросты қуыршақтың көркемдік күші.

      4-тақырып. Тросты қуыршақты жүргізу тәсілдері. Тросты қуыршақпен жаттығу: басты еңкейту және бұру, денені еңкейту, қолды көтеру және түсіру, шынтақта қолды бүгу. Санауға жаттығуды орындау, кейін музыкамен. Тросты қуыршақтың затпен қимыл.

      5-тақырып. Трост түрлері. Трост ұзындығы. Сыртқы торсттар және бүркемеленген тросттар.

      6-тақырып. Гапит – тросты қуыршақтың басы орнатылған трост. Бытыра мойынтіректегі гапит. Қысқа және ұзын гапиттің артықшылығы. Қуыршақ басына бекітілген гапиттің ерекшеліктері. Механикаландырылған гапит.

      7-тақырып. Тросты қуыршақтың костюмі. Тросты қуыршақтың механизмдері мен тросттарын жасырудың тәсілдері. Тросты қуыршақтың бір түрі – сырықтағы карнавалдық қуыршақтар.

      8-тақырып. Тросты қуыршақтармен этюдті тренаж.

      9-тақырып. Механикалық қуыршақтар. Петрушка (қолғапты) және тросты қуыршақтарда механикаландырылған бөлшектерді қолдану. Жұмылатын көздер, айналатын көздер, солдан оңға қарай және оңнан солға қарай қозғалатын көздер, тік тұратын шаштар және басқа да қуыршақ жүргізушінің механикаландырылған бөлшектерді қолданатын тәсілдері. Ауызды ашатын ерекше конструкция.

      10-тақырып. Механикалық қуыршақтармен этюдті тренаж.

      11-тақырып. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақ. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақты қолданудың ерекшеліктері. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақта актер қолдарының орналасуы.

      12-тақырып. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақты дайындау үшін материалдар. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақты дайындау технологиясы. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақтың мүсіні. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақтың пішімі.

      13-тақырып. Жұмсақ мимикалаушы қуыршақтармен этюдті тренаж.

      14-тақырып. Қуыршақ театрында қуыршақ жүргізу ережелері. Қуыршақ театрында актерлік шеберлік заңдарының ерекшеліктері. Қуыршақ театрында қуыршақ затымен ойын.

      15-тақырып. Қуыршақ театрының сахнасы. Қуыршақ театрының сахналық қоршауы.

      16-тақырып. Қойылымдағы декорацияның рөлі. Декорация түрлері – жалпақ, жартылай көлемді, көлемді. Декорацияны дайындау технологиясы. Декорацияны дайындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Реквизит.

      17-тақырып. Шымылдықты құру қағидасы. Қуыршақ театрындағы атыз (грядка) ұғымы. Шымылдық биіктігі. Алдыңғы атыздың түрлі сызықтарымен шымылдық.

      18-тақырып. Қуыршақ театрында көрерлік есептері. Көрерлік есептеріндегі екі қателік – көрінуі тиіс нәрсе жасырынған немесе жасырынуы тиіс нәрсе көрінген. Жанынан шымылдыққа көру бұрышы. Төменнен шымылдыққа көру бұрышы. Көрермен залының бірінші қатарынан шымылдыққа дейінгі қашықтық. Қуыршақтың жүйектен кетуге мүмкін болатын қашықтығы. Көп планды шымылдық. Асқын пландарда актерлердің жұмысы. Планнан планға ауысу.

      19-тақырып. Пьесаны таңдау және онымен жұмыс. Пьсеаны оқу, оның талдауы. Кейіпкерлер мінез-құлығымен жұмыс. Рөлдерді бөлу.

      20-тақырып. Әрбір рөлді оқуды пысықтау. Рөлдерді жаттау.

      21-тақырып. Спектаклдің басты дайындығы. Көрермен алдында өнер көрсету.

      85. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қозғалыста белсенді тапсырманы орындау кезінде қимыл мен сөзді байланыстыру техникасын біледі;

      2) ритмикалық суреттерде түрлі жылдамдықтағы, ырғақтағы және қозғалыстағы қарқынды қозғалыс түсінігін біледі;

      3) белсенді қозғалыс және статика кезінде тыныс алу және дыбыстауды қамтамасыз ету үшін бұлшықет қысылуларын қайта бөлуді біледі;

      4) тросты қуыршақ конструкциясының ерекшеліктері мен тросты қуыршақты жүргізу дағдыларын біледі;

      5) механикалық қуыршақтардар құрылысын біледі;

      6) механикалық қуыршақтарды жүргізу дағдыларын біледі;

      7) жұмсақ мимикалаушы қуыршақты қолданудың ерекшеліктерін біледі;

      8) қуыршақ театрында актерлік шеберлік ерекшеліктерін біледі;

      9) қуыршақтың затпен ойнауы кезінде қуыршақты жүргізу дағдыларына ие;

      10) қуыршақ театры сахнасының құрылымын біледі;

      86. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) марионетка қуыршақтарын жүргізу дағдыларын меңгеру;

      2) сахналық сөйлеу дағдыларын меңгеру;

      3) пьесаны талдау дағдыларын меңгеру;

      4) спектакльге өз бетінше дайындық және көрермен алдында өнер көрсету.

      87. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қуыршақ театрындағы декорация. Жүйекке орналастырылатын декорация. Кулиса түрінде орналастырылған декорация.

      2-тақырып. Кескіндемелі кенеп матада (задник) немесе оның қасына орналастырылған декорация. Пландар арасында немесе планмен кескіндемелі кенеп мата (задник) аралығында орналасатын декорация. Қуыршақ театрында "таза алмасу" түсінігі.

      3-тақырып. Қуыршақ театрындағы перде. Перделердің түрлері.

      4-тақырып. Марионетка қуыршағының құрылысы. Вага. Топсалардағы марионетка қуыршағы.

      5-тақырып. Марионетка қуыршағы үшін сахна құрылысы.

      6-тақырып. Марионетка қуыршақтарын жүргізу тәсілдері.

      7-тақырып. Қол буына, білек, иықтың бұлшықет массасын дамытуға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. Сөйлеу техникасын дамытуға арналған жаттығулар. Тыныс алуды қоюға арналған жаттығулар. Артикуляцияға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Дыбыстау үшін жаттығулар. Дикция үшін жаттығулар.

      10-тақырып. Сахналық сөйлеу түрлері.

      11-тақырып. Орфоэпия - сахналық сөйлеудің басты бөлімі.

      12-тақырып. Сахналық сөйлеу курсын жалғастыру ретінде мәтінмен жұмыс.

      13-тақырып. Сахналық шеберліктің құпиялары. Рөл. "Дыбыстау". Практикалық жұмыс – этюдті тренаж.

      14-тақырып. Дайындық тренингі. Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіру үшін қажет дағдыларды қалыптастыру. Тыныс алу аппаратына қажетті баптауды беретін, бұлшықет жүйесіндегі физикалық жүктемелер кезінде тыныс алудың тұрақтылығын босату. Тыныс алу аппаратының бұлшықет жүйесін нығайту. Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттің қозғалғыштығын, ептілігін, төзімділігін дамыту. Үшсатылы тынысалуды меңгеру: созылмалы тыныс шығару, пауза, табиғи тыныс алу.

      15-тақырып. Пьесаны таңдау және онымен жұмыс. Пьсеаны оқу, оның талдауы.

      16-тақырып. Рөлдерді бөлу. Кейіпкерлер мінез-құлығымен жұмыс.

      17-тақырып. Әрбір рөлді оқуды пысықтау, рөлдерді жаттау.

      18-тақырып. Қуыршақ жүргізу тәсілдерін пысықтау.

      19-тақырып. Қуыршақтарды дайындау, спектакльге декорация және бутафория.

      20-тақырып. Спектакльдің басты дайындығы.

      21-тақырып. Спектакль. Көрермен алдында өнер көрсету. Өнер көрсетуді талдау.

      88. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қуыршақ театрындағы декорация түрлерін біледі және спектакльге қарапайым декорацияны дайындау технологиясын меңгерген;

      2) қуыршақ театрындағы перде түрлерін және оның функцияларын біледі;

      3) марионетка қуыршағының құрылысын біледі және осындай қуыршақтарды жүргізу дағдыларын меңгерген;

      4) марионетка қуыршағы үшін сахна құрылысын біледі;

      5) қол буына, білек, иықтың бұлшықет массасын дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      6) сөйлеу техникасын дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      7) сахналық сөйлеу дағдыларының түрлерін біледі және меңгерген,

      8) сахналық сөйлеу орфоэпиясының ережелерін сақтайды;

      9) мәтінмен жұмыс дағдыларына, оқу мәдениетіне ие;

      10) қуыршақшы - актердің сахналық шеберлігі ерекшеліктерін біледі;

      11) пьесаны және оның кейіпкерлерінің мінез-құлығын талдау дағдыларына ие;

      12) спектакльге дайындық бойынша және көрермен алдында өнер көрсетудің практикалық дағдыларына ие.

      89. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) қуыршақты өзбетінше дайындау дағдыларына ие;

      2) импровизация дағдыларына ие;

      3) декорация және бутафорияны дайындау дағдыларына ие;

      4) спектакльді талдау және қателіктермен жұмыс дағдыларына ие.

      90. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қуыршақ театры. Қуыршақ театры туралы білімді кеңейту. Тарихи деректер.

      2-тақырып. Театр әліппесі. АктҰр, режиссҰр, декоратор. Репертуар.

      3-тақырып. Театр әліппесі. Бутафория. Монолог. Диалог. Көрермен. Театралды плакат. Театралды этюд. Практикалық жұмыс: этюдті тренаж, театралды плакатты дайындау.

      4-тақырып. Қуыршақтар және оларды басқару. Қуыршақ түрлері туралы білімді кеңейту. Практикалық жұмыс: қуыршақтарды дайындау.

      5-тақырып. Актерлік шеберлік бойынша жаттығу.

      6-тақырып. Қол, саусақтар гимнастикасы.

      7-тақырып. Сахналық шеберлік құпиялары. Практикалық жұмыс: этюдті тренаж.

      8-тақырып. Бейнелі жаттығулар, дамытушы ойындар.

      9-тақырып. Импровизация. Практикалық жұмыс: этюдті тренаж.

      10-тақырып. Этюдтерді көрсету.

      11-тақырып. Декорация нобайларын ойлап табу.

      12-тақырып. Қуыршақтарды, декорацияны және бутафорияны дайындау. Практикалық жұмыс: ремонт және декорацияны және бутафорияны дайындау.

      13-тақырып. Пьесалар-миниатюралар. Пьесаларды оқу, олардың талдауы. Кейіпкерлер мінез-құлығымен жұмыс.

      14-тақырып. Миниатюра-пьесаларды таңдау. Олардың қойылымы. Практикалық жұмыс: қуыршақ жүргізу, рөлдерді жаттау. Репетиция. Көрермен алдында өнер көрсету. Пьесаларды талдау.

      15-тақырып. Шымылдықпен қуыршақ жүргізу. Практикалық жұмыс: этюдті тренаж.

      16-тақырып. Тросты қуыршақ. Тросты қуыршақтар туралы білімді кеңейту. Тросты қуыршақтарды жүргізу тәсілдері. Практикалық жұмыс: тросты қуыршақтармен этюдті тренаж.

      17-тақырып. Тросты қуыршақтарды жөңдеу және дайындау.

      18-тақырып. Марионетка қуыршақтар. Марионетка қуыршақтар туралы білімді кеңейту. Марионетка қуыршақтарды жүргізу тәсілдері. Практикалық жұмыс: Марионетка қуыршақтармен этюдті тренаж.

      19-тақырып. Марионетка қуыршақтарды жөңдеу және дайындау.

      20-тақырып. Қорытынды спектакль үшін пьесаны таңдау, пьесаны оқу, оның талдауы.

      21-тақырып. Кейіпкерлер мінез-құлығымен жұмыс. Рөлдерді бөлу. Қорытынды спектакльге басты дайындық. Көрермен алдында өнер көрсету. Спектакльге талдау.

      91. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі театралды терминдерді игеру;

      2) қуыршақтардың барлық түрлері туралы білімге ие болу;

      3) тросты қуыршақтармен мен марионетка қуыршақтарды жүргізу дағдыларына ие болу;

      4) қуыршақтардың барлық түрлерін жөңдеу дағдыларын ие болу.

      92. "Қуыршақ жүргізу" Бағдарламасын оқытудың соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қуыршақтар театры тарихымен және қуыршақ әлеміндегі заманауи шығармашылық ізденістермен танысады;

      2) шығарманың идеясын, басты міндетін анықтау білігіне үйренеді;

      3) қарқынды-ырғақты, сахна кеңістігі сезімін меңгерген;

      4) қуыршақ арқылы көрерменмен және әріптеспен қарым-қатынас жасауға үйренеді;

      5) дауыстың тембрлік және интонациялық бояуын меңгереді;

      6) қолғапты, тросты, планшетті, марионетка қуыршақтарды жүргізу техникасын меңгереді;

      7) өзі үшін адамгершілік және эстетикалық құндылықтарды ашады;

      93. Курсты меңгерудің тұлғалық, пәнаралық нәтижелері.

      Аталған курсты оқыту нәтижесінде білім алушыда тұлғалық, реттеуші, танымдық және коммуникативтік әмбебап оқу қызметтері қалыптасады.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      94. Үлгерімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      95. Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау емтихан түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (этюдті тренингтер кешені), екінші жартыжылдықта: сынақ (спектакль);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (сөйлеу және қозғалыс гимнастикасы бойынша тапсырмалар кешені: мимикалық жаттығулар, саусақты ойын, пантомима), екінші жартыжылдықта: емтихан;

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (спектакльдің оқу қойылымы);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа, оқиғаға этюд), екінші жартыжылдықта: емтихан;

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (берілген тақырыпқа этюд), екінші жартыжылдықта: сынақ (спектакль).

      96. Бағалау өлшемдері:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – сахналық тапсырманы өте жақсы орындау, физикалық қимылды шынайы және нақты орындау, ұсынылатын жағдайларда табиғи және үйлесімді әрекет ету, жаттығуларды сапалы орындау және сахналық дағдыларды меңгеру;

      2) "4" "жақсы" бағасы – рөлдің жанама әрекетін дұрыс анықтау, физикалық қимылды шынайы және нақты орындау, ұсынылатын жағдайларда табиғи және үйлесімді әрекет ету, олқылықтардың, кемшіліктердің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – сахналық алаңда жұмыс кезінде олқылықтардың, кемшіліктердің болуы, сахналық кеңістікте өзбетінше бөлініс негіздерін әлсіз меңгеру, үлкен мөлшерде олқылықтармен орындау, әлсіз дене дайындығы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – материалды түсінбеу және психофизикалық дамудың болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
82-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Алдын ала қарауға арналған семинар" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Алдын ала қарауға арналған семинар" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Алдын ала қарауға арналған семинар" пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ақ түстің теңгерімі (қысқаша ақтың теңгерімі деп аталады) – түсірілім объектісінің түстік гаммасына бейнеленетін объектінің түстік гаммасының сәйкес болуын анықтайтын түсті көріністі беру әдісі параметрлерінің бірі;

      2) бейне – көркемдік бейне – көркем өнердің жалпы категориясы, әлемді түсіну және игеру формасы;

      3) бейнелік ойлау – түпкі ойдың пайда болу, спектакль, көрініс қою процесінде қажет болатын, өмірдің, өнердің көріністерін көркемдік мәнінде қабылдау және зерделеу қасиеті;

      4) жанр – өнер әлемі құбылыстарының барынша елеулі қасиеттерін және байланыстарын, шығарманың формалды және мазмұнды ерекшеліктерінің жиынтығын бейнелейтін жалпы ұғым;

      5) желі (завязка) – көркем шығарма сюжетінің негізін құрайтын, кикілжіңнің пайда болуына және дамуына бастау болатын оқиға, желі іс-әрекеттің әрі қарай өрбуін анықтайды;

      6) кикілжің – қақтығыс немесе күрес, дұшпандық қарым-қатынас, қарама-қайшылық;

      7) қойылым – спектакль, фильм, цирк және эстрада көрінісін құрудың шығармашылық процесі;

      8) ракурс – фильмнің бейнелеу-монтаждық композициясын құру үшін операторлық өнердің тәсілі;

      9) режиссерлік сценарий – болашақ фильмнің әдеби негізін режиссердің терең зерделеудің тікелей нәтижесі;

      10) рэпэраунд – кадр сыртындағы мәтіннің жүру барысында жеке сөйлемдердің, репликалардың, табиғи сахналардың, диалогтардың қолданылуы;

      11) сценарий – кино немесе телефильм қойылымы үшін негіз ретінде жазылған әдеби-драмалық шығарма;

      12) сюжет – көркем шығармаларда (театр сахнасында) болып жататын және демонстрациялаудың белгілі ережелері бойынша оқырман (көрермен, ойыншы) үшін құрылған әдебиеттегі, драматургиядағы, театрдағы, кинодағы, комикстердегі және ойындардағы оқиғалар қатары (сахна, актілер реттілігі);

      13) тақырып – зерттеу, бейнелеу, баяндау пәні;

      14) титр – кинофильмдерде және телевидениеда қолданылатын түсіндірме жазу;

      15) түйін (развязка) – эпостық немесе драмалық шығармада кейіпкерлер арасындағы кикілжіңнің немесе іс-әрекеттің аяқталуы;

      16) фабула – баяндаудың нақты жағы, яғни автормен сюжетте заңдылықтар негізінде біріктірілетін және ресімделетін, бейнелетін құбылыстың дамуында автормен қарастырылатын, олардың себеп-салдарлы, хронологиялық реттілігіндегі оқиға, жағдай, іс-әрекет, күй;

      17) шарықтау шегі (кульминация) – бетбұрысты жағдай болып жатқанда, бейнеленетін мінездердің және жағдайлардың қақтығысуын шешетін, сөздік-көркемдік шығарманың іс-әрекетінің дамуындағы ең жоғары шиеленістің сәті, шыңы, одан кейін шығарма сюжеті аяқталуға жақындайды;

      18) экспозиция – көрермен басты кейіпкермен немесе кейіпкерлермен танысатын сценарий бөлігі.

      3. Пәннің мақсаты: білім алушының алдын ала қарауға арналған семинар бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

      4. Пәннің міндеттері.

      Оқыту:

      1) заманауи кинематографтың жанрлық және стилистикалық алуан түрлілігімен таныстыру, экран мәдениетінің үздік үлгілерін зерттеу;

      2) білім алушыда кино үрдісі технологиясы туралы бастапқы білімдерін қалыптастыру;

      3) білім алушыны кинематограф саласындағы түсініктер мен терминдердің белсенді сөздік қорының шеңберіне енгізу;

      4) мультипликацияны өз бетінше дайындау үшін қажет бастапқы практикалық білімдер мен дағдыларды меңгеру;

      5) кинофильм жасау үшін қолданылатын компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) бейнелі, логикалық ойлауды, көркем талғамды, ой-өрісті, ауызша және жазбаша орындау білігін дамыту;

      2) креативті қабілеттерді ашу, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық қабылдауға дайындау, ақпараттық қоғамда әлеуметтік бейімделу;

      3) қоршаған ортаға өз қарым-қатынасын шығармашылық жұмыстарда бейнелеу қабілеттерін дамыту;

      4) өнерді өз бетінше қабылдауда бағыттайтын эстетикалық талғамды қалыптастыру;

      5) талдау білігін және дағдыларын, сыни тұрғысынан ойлау білігін дамыту;

      6) видео, кинофильм құру процесінде тұлғаның зияткерлік қабілеттерін және адамгершілік бағдарларын дамыту;

      7) бала тұлғасының танып-білуге және шығармашылыққа уәждемесін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) балалар кинематографиясы шығармаларының авторларына құрмет сезімін тәрбиелеу;

      2) баламалы көзқарастарды қабылдауға төзімді қарым-қатынасты тәрбиелеу;

      3) білім алушыны кино өнері арқылы өз сезімдері мен ойларын өз бетінше жеткізуге тарту;

      4) білім алушының санасы мен сезімдерінде адамгершілік құндылықтарды, көзқарастарды және сенімдерді нығайту;

      5) білім алушы тұлғасының өзін-өзі танытуы, зияткерлік және ойшыл жетілуі;

      6) кино өнері арқылы жалпы адами құндылықтар негізінде адамгершілік таңдауды тәрбиелеу.

      5. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – бес жыл. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестациямен аяқталады.

      6. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      7. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      8. Бағдарлама балалар өнер мектептері кино өнері бөлімінің білім алушыларына арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      9. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      10. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      11. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      12. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      13. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      14. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      15. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      16. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      17. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      18. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріледі, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.

      Бір сыныптың өзінде Бағдарламаны іске асыру бойынша жеке жоспарлар күрделілік деңгейі бойынша бір бірінен біршама ерекше болуы мүмкін.

      19. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) шығармашылық тапсырмалар (кескіндер көшірмелерін кадрларға бөлу, кеңістікті кадрлеу, зат планының суретін салу, кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекет орындарын, телебағдарламаға өрнек суреттер салу, көрініске музыканы немесе музыкалық фрагментке бейнелеу қатарын таңдау, дыбысталмаған фрагментте кейіпкерлер үшін репликалар құрастыру);

      2) шығармашылық жобалар (мультипликациялық фильм, видеофильм).

      20. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының шығармашылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда сабақтарда білім алушының оқу қызметінің қаншалықты мұқият жоспарлануына тікелей байланысты болады.

      21. Білім алушыға кино өнері шығармаларын талдауда қажетті дағдыларды дағдыландыру мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі шығармалармен жұмыста іске асырылады.

      22. Бағдарламаның ерекшелігі видео, кинофильмдер құру процесінде білім алушы тұлғасының зияткерлік қабілеттері мен адамгершілік бағдарларын дамытуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      23. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) фильмді талдау дағдыларын игерудегі қатаң жүйелілік;

      3) сабақтардың жүйелілігі және ұдайылығы;

      4) оқу процесінің мақсаттылығы.

      24. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      25. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, көркем шығармашылықпен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      26. Педагог оқу материалын меңгерудегі қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың бойында кино өнеріне деген қызығушылықтарын оятуға ерекше көңіл бөледі.

      27. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысып, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді болатындай материалдарды таңдай отырып, шығармашылық тапсырмаларды өткізу әдістемесін мұқият ойластырады.

      28. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) аналитикалық ойлау дағдыларын, бейнелі ойлау білігін меңгеруге;

      2) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуға;

      3) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруге;

      4) мәдени кинематографиялық мұраға араластыру;

      5) кино өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      29. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      30. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      31. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педгогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      32. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының көркем-эстетикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін, үйренуге, талдауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты оқытудың мазмұны деңгейінде барлық сыныптар арасындағы байланысты білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты ойлаудың аналитикалық дағдыларын практикалық меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      33. "Алдын ала қарауға арналған семинар" пәніне жеке және топтық оқытудың ерекшелігі оқыту әдістерін, құралдарын, формаларын және репертуар кешенін таңдаудың түрлілігін болжайды.

      34. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – көру жадын дамытуға, зейінді шоғырландыруға, шығарманы өз бетінше талдауға арналған жаттығу, шығарманың жеке бөлігімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      35. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Оқу процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      36. Педагог заманауи өнер мектептерінде Бағдарламаны іске асыруда интерактивті білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес түрлерін қолданады.

      37. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      38. Сабақтан тыс жұмыстың түрлері:

      1) педагог ұсынған фильмдерді қарау;

      2) шығармашылық және мәдени-ағарту іс-шараларға қатысу;

      3) киностудияларға, кинотеатрларға бару;

      4) кино өнерінің шығармашыл адамдарымен, өнертанушылармен кездесу.

      39. Әр жартыжылдықтың соңында педагог білім алушының тапсырманы орындау сапасын белгілейді және бекітілген жеке жоспарға өзгерістер енгізеді, жылдың соңында оның дамуына, білім алушының жетістіктері және еңбек қабілеттеріне сипаттама береді.

      40. Жылдың соңында білім алушыға берілген мінездеме оның даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) жеке ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуын (жады, зейіні);

      2) бағдарлама материалын меңгеруін;

      3) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      4) оқу процесіне көзқарасы (ынталылық, қажырлылық);

      5) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      6) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      7) өз ойларын жеткізудегі сауаттылық дәрежесі

      8) орындалған шығармашылық тапсырмалар, жобалардың сапасы;

      9) жылдың соңындағы жетістіктері.

      41. Білім алушының жеке қасиеттерін сипаттауда байқампаздығы, шығармашылық қиялы, елестетіп ойлауы, ассоциативті және бейнелі ойлауы, оқиғалар желісін құра білуі, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтау қабілеті, ұсынылатын материалды талдау қабілеті, өз ойын тұжырымдауы, сахналық еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттер белгіленеді.

      42. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына баса назар қояды және дамыта отырып, осы қабілеттерін педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      43. Бағдарлама даярлық, бірінші, екінші сыныптарда ұжымдық қарауды болжайды, сабақтың әдістемесі оның дайындығын, талқылауды жеке өткізуді және ұйымдастыруды қарастырады.

      44. Қарауға дайындық білім алушыны эмоциялық дайындауды, қарау объектісі мен оларда бар тәжірибелер арасында байланыс орнатуды қарастырады.

      45. Сабақ барысында педагог адамның рухани әлемін қалыптастыру үшін балалар кинематографы негізінде білім алушының этикалық дамуы үшін жағдай жасайды, кино өнері арқылы өз сезімдері мен ойларын өз бетінше жеткізе білуге баулиды, сөйлеуді және ой-өрісін дамытады.

      46. Фильмді талқылаудың құрылатын үлгісі, педагог сабақта келесі:

      1) "көрерменнен";

      2) "автордан" позицияларын қолданады.

      47. Фильмді "көрермен" позициясынан талқылай отырып, педагог баланың қарау процесінде сезінген сезімдері тұрғысынан ықпал етеді.

      48. Аталған талқылау сызбасының сұрақтары: "Фильм басталғанда сен қандай сезімде болдың? Ол кейіннен қалай және неге өзгерді? Саған қашан көңілді болды және неге? Саған қашан көңілсіз болды? Саған қорқынышты, үрейлі, қуанышты болған фильм эпизодтарын ата?"

      49. "Автордан" позициясы келесі талдауларды бірінші планға шығарады: кейіпкерлер, оның іс-әрекеттері қалай көрсетілген, автор сол немесе өзге кейіпкерге қалай қарайтындығы, ол кімге жаны ашитындығы. Бұл жерде бөлшектеп зерттеуге және кейіпкердің сыртқы келбетін, оның айналасын (кейіпкерді сипаттайтын тұрғын үйін, заттық әлемін) түсінуге бағытталған сұрақтар маңызды.

      51. Білім алушыға кейіпкер мінез-құлығының, оның қалыптасуының дамуы маңызды. Кейіпкерлер мінез-құлығының өзгерісі, олардың іс-әрекеттерінің қатынасы автордың позициясын суреттеуші адамгершілік тұжырымға әкеледі.

      52. Алдын ала қараудан кейін сұрақтар талқыланады: "Оқиғаның басталуында фильмнің кейіпкері қалай көрсетілді? Оның бойында кейін не өзгереді? Мысалы, оның тұрғын үйіне қарап, мінезі туралы не айтуға болады? Кейіпкердің қандай іс-әрекетін ең маңызды деп санайсыз? Неге? Сіздің ойыңызша, автор осы кейіпкерге қалай қарайды?".

      53. Талқылау түрін таңдау кезінде педагог фильмнің жанрын, фильмнің стилін ескереді, талқылау формасын таңдауға көмектеседі.

      54. Педагог толықметражды фильмдерді талқылау кезінде тәсілдерді үйлестіруді қолданады, онда білім алушыға себеп-салдарлы оқиғаны және кейіпкерлер іс-әрекетін анықтап қана қоймай, сонымен қатар фильмнің бейнелік-ассоциативтік құрылымын сезінуі керек.

      55. Осындай тәсілді көптеген мультипликациялық фильмдер талап етеді, оларда автор сызықтық қана емес, сонымен бірге ассоциативтік және полифониялық құрылымды қолданады.

      56. Фильмді талқылау кезінде әртүрлі тәсілдерді үйлестіру білім алушыға жақсы әсер етеді, себебі өзін басқа арқылы, басқаны өзі арқылы түсіну мүмкіндігі шығарманы экранда толыққанды қабылдауға көмектеседі, бірдей уақытта баланың адамгершілік дамуына ықпал етеді, оның көркемдік және эмоциялық тәжірибесін байытады және кеңейтеді.

      57. Алдын ала қарауды және фильмді талқылауды өткізу сызбасы:

      1) фильм алдындағы кіріспе сөз (қарым-қатынас алдындағы фаза);

      2) фильмді қарау (қарым-қатынас фазасы);

      3) талқылау, фильмнен кейінгі әңгімелесу (қарым-қатынастан кейінгі фаза).

      58. Фильм алдындағы кіріспе сөз фильм туралы ақпараттан тұрады, білім алушыны алдын ала қарауға жетектейді, оған алдын ала қарау кезінде күйге келуге көмектеседі, қабылдауға нұсқау береді: фильмді алдын ала қарау кезінде зейінді фильмге аудару керек немесе оны қарап болған соң қандай сұраққа жауап беруге тырысу қажет.

      59. Фильмді талқылауды белгілей отырып, педагог сабақ барысында әрбір бала өз ойын білдіретін, көруден алған әсерімен бөлісетін еркін жағдай қалыптастырады.

      60. Білім алушының ойы мен пікірі "дұрыс" және "дұрыс емес" деп бөлінбейді, педагогке талқылауды сауалнамаға айналдыруға болмайды.

      61. Білім алушымен фильмді талқылаудың бір формасы драмаландыруды қолдану болып табылады. Балалар арасында фильмнің бас кейіпкері мен кейіпкерлерінің рөлі бөлінеді және олардың әрқайсысы фильмде өз кейіпкері тұрғысынан не болғандығын баяндайды.

      62. Кейіпкер атынан баяндау соншалықты оңай емес, білім алушы осы басты кейіпкер немесе кейіпкер нені көретіндігін және білетіндігін ғана баяндайды.

      63. Кейіпкер атынан өз баяндауына білім алушы өзінің түсінігін және көргенінің интерпретациясын салады. Драмалаудың әрбір қатысушысы сол кейіпкердің сезімдерін баяндауды жүргізушінің атынан жеткізеді.

      64. Білім алушылар жолдастары алдында олардың оқиғаны жеке көруі туралы баяндайды, жолдастары әрқайсысының әңгімесін мұқият тыңдап, қателіктерді дұрыстап, сұрақ қояды.

      65. Білім алушылар кейіпкерлердің қылықтарының себебін және олардың іс-әрекеттерін түсіне бастайды, өз әңгімесінде кейіпкердің дәл солай істеуіне себеп болған түрткіні түсіндіруге тырысады.

      66. Талқылау барысында қосымша кейіпкерлердің мәнін, олардың оқиға барысына әсерін ұғыну пайда болады.

      67. Педагог драмалау тәсілін басты кейіпкерлері мен кейіпкерлері шағын мультипликациялық фильмдерді талдауда қолданады.

      68. Талқылаудың барлық тәсілдері ішінен педагог әрбір нақты сыныптың міндеттері мен балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оның аталған фильмнің жұмысына сай келетінін таңдайды.

      70. Білім алушы өнердің ерекшеліктерін әңгімелеуден және мұғалімнің түсіндіруінен ғана емес, сонымен бірге жеке шығармашылық қызметі процесінде ұғынады.

      71. Педагог балаға өзін шығармада көрсете білу мүмкіндігін береді, оған барыншы қызықты қызмет саласын таңдауға көмектеседі.

      72. Білім алушының шығармашылық қызметі сурет салу, көрініске мәтін құрастыру, музыкалық сүйемелдеуді іріктеу сияқты өнер құралдарымен жүзеге асады.

      73. Медиамәдениет бойынша сабақтар жүйесіндегі балалар шығармашылығының түрлері:

      1) ұғынуға, мәнерлілік құралдары, мүмкіндіктері, медиа тілі туралы білімдерді бекітуге бағытталған тапсырмалар;

      2) әртүрлі медиа құралдарымен өз шығармасын құруға бағытталған тапсырмалар.

      74. Ұғынуға, мәнерлілік құралдары, мүмкіндіктері, медиа тілі туралы білімдерді бекітуге бағытталған тапсырмалар:

      1) формаға, түске, дыбыстық сүйемелдеуге, медиа мәтінін ресімдеуге, әртүрлі медианың тілімен және мәнерлік құралдарымен танысуға зейінді дамытатын жаттығулар (кескіндер көшірмелерін кадрларға бөлу, қандай да бір тақырыпты бейнелеу мақсатында кеңістікті кадрлеу, дәл сол заттың ірі және жалпы планының суретін салу, кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекет орындарын, телебағдарламаға өрнек суреттер салу);

      2) Әртүрлі медиа құралдарымен өз шығармасын құруға бағытталған тапсырмалар:

      1) дыбыс пластикалық бейнені "синтездеу" (көрініске музыканы немесе музыкалық фрагментке бейнелеу қатарын таңдау, дыбысталмаған фрагментте кейіпкерлер үшін репликалар құрастыру);

      2) орындау кезінде білім алушылар іс жүзінде дайын шығарманы құрайтын тапсырмалар (әдеби мәтін бойынша кадрларға бөлуді суретке салу, фотофильмдерді, видеофильмдерді, қарапайым видеофильмдерді жасау).

      75. Жұмыстың әртүрлі кезеңдерін орындай отырып, білім алушылар практикада әртүрлі медианың ерекшеліктерімен: кино, телевидение, фотография; фильмдегі, фотографиядағы баяндаудың бірлігі ретінде кадрмен, көру материалын біртұтас ұйымдастыру тәсілі ретіндегі монтажбен танысады.

      76. Жеке шығармашылық білім алушыларға медианың мәнерлілік құралдары және тілі туралы алынған білімдерді бекітуге көмектеседі, ол қабылдауды жетілдіруге де ықпал етеді.

      77. Автор позициясында болған кезде, білім алушы өзінің түпкі ойын кадрдың, бөлшектердің, монтаждың, музыкалық сүйемелдеудің композициясы көмегімен жеткізу тәсілдерін іздестіреді.

      78. Көрермен рөлінде болған кезде, білім алушы міндетті түрде шығармадағы басқа, тіпті кәсіби автор жасаған осы компоненттерге көңіл аударады, себебі ол аудиокөру мәтінінің "мағынасын ашуға", композицияда, бөлшектерде, монтажда, дыбыста мағынасын іздестіруге дайын тұрады.

      79. Өз бетімен жүргізілетін жұмыс ұдайы және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      80. Жеке үй жұмысы бірнеше кезеңде жүргізіледі және педагог ұсыныстарымен сәйкес құрылады. Бірінші кезекте ең қиын тапсырмалар орындалады, фильмді талдаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Педагог білім алушының ақыл-ой және дене мүмкіндіктеріне байланысты қандай да бір шығармаға жұмсалатын уақытты анықтайды.

      81. Білім алушының үй тапсырмасын орындауын педагог бақылайды және Бағдарлама талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік, аудио, бейне материалдармен қаматамасыз етеді.

      82. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) педагогпен ұсынылған фильмдерді қарау;

      2) фильмдерді өз бетінше талдау;

      3) қабылдау және экран шығармаларын талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін шығармашылық тапсырмаларды орындау;

      4) жобаларды орындау.

      83. Білім алушының өзіндік жұмыстарын белсендіру үшін қолданылатын жұмыс формалары:

      1) өз орындауын талдау – білім алушы өз тапсырмасын бағалайды, жіберілген қателіктерді белгілейді;

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      84. "Алдын ала қарауға арналған семинар" пәнінің "Актерлік шеберлік негіздері", "Сценарийлік шеберлік", "Операторлық шеберлік" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың әртүрлі көркемдік құбылыстарды тұтас түсінуге итермелейді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      85. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) кинематографтың, деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, ойын киноның даму тарихымен танысу;

      2) балалар көркем, мультипликациялық фильмдерін қарау және талқылау, көрермен мәдениеті негіздерін, кино өнері шығармаларын терең ойлы, саналы қарау дағдыларын қалыптастыру;

      3) шығармашылық тапсырманы орындау (фильм кейіпкерлерінің суретін салу, кадрларға бөлу, эссе жазу).

      86. Даярлық сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пәнге кіріспе. Қауіпсіздік техникасы ережелері. Өнер жүйесіндегі кино. Кинематографтың даму тарихы. Заманауи киноиндустрия. Деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, ойын кино. Кинематограф өнерінің негізгі терминологиясы. Фильмді құру. "Василиса Сұлу" балалар киносын қарау және талқылау.

      2-тақырып. Алғашқы оптикалық ойыншықтардан мультипликацияның пайда болуы. Мультипликацияның жанрлық мүмкіндіктері, У. Диснейдің дыбыстық мультипликациясы. Мультипликациялық фильмді қарау және оны талқылау. Суретші шығармасында суреттің мәні туралы тұжырым. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      3-тақырып. "Күлбике" балалар киносын қарау. Фильмді қарау және оны талқылау. Фильмді "көрермен" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      4-тақырып. "Алқызыл гүл" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "көрермен" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      5-тақырып. "Он екі ай" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "көрермен" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      6-тақырып. "Менің атым Қожа" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "көрермен" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      7-тақырып. "Шынашақ бала" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "көрермен" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      8-тақырып. "Алтын елік" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "автор" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      9-тақырып. "Жоғалтылған уақыт туралы ертегі" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "автор" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      10-тақырып. "Бұршақ үстіндегі ханша" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "автор" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      11-тақырып. "Қанатты ат" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "автор" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      12-тақырып. "Алтын қаз" балалар киносын қарау және оны талқылау. Фильмді "автор" позициясынан талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      87. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кино өнері, заманауи киноиндустрия туралы түсінігі бар;

      2) кинематографтың даму тарихын біледі;

      3) деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, ойын кино туралы түсінігі бар;

      4) қаралған фильмдердің мазмұнын біледі;

      5) өз ойын білдере алады;

      6) кейіпкерлер іс-әрекетін салыстырады, оларға баға береді;

      7) өз ойын дұрыс жеткізеді;

      8) фильм кейіпкерлері тағдырларының мүмкін болатын нұсқалары туралы ой қозғайды.

      88. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) балалар көркем, мультипликациялық фильмдерін қарау, фильмді талқылау және талдау дағдыларын дамыту;

      2) фильмді қарау және талқылау процесінде білім алушының қабылдау дағдыларын, фильмді қарау процесінде өз сезімдерін ұғыну білігін дамыту;

      3) кинематограф жанрлары, өнер ретінде кино ерекшеліктері (кино тілінің ерекшелігі, монтаж, дыбыс, түс, музыка, актер, сюжет) туралы білімді қалыптастыру;

      4) ойын фильмінің драматургиясымен, көркем кинематографтың жанрларымен, операторлық шеберлік негіздерімен танысу.

      89. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пәнге кіріспе. Қауіпсіздік техникасы ережелері. "Алтын кілт" балалар киносын қарау. Фильмді қарау және оны талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау: кескін көшірмелерін кадрларға бөлу

      2-тақырып. "Бембидің балалық шағы" балалар киносын қарау. Шығармашылық тапсырманы орындау.

      3-тақырып. "Кощей Бессмертный" балалар киносын қарау және талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау. Қабылдау – бірге шығармашылық жасау. Фильмді талқылау және талдау дағдыларын дамыту.

      4-тақырып. "Етік киген мысықтың жаңадан бастан кешкен оқиғалары" балалар киносын қарау және талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау. Фильмді қарау және талқылау процесінде қабылдау дағдыларын дамыту.

      5-тақырып. "Қар патшайымы" балалар киносын қарау және талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау. Фильмді қарау процесінде балалардың эмоциялық елгезектігін және олардың өз сезімдерін ұғыну білігін анықтау.

      6-тақырып. "Күлбике" балалар киносын қарау және талқылау. Шығармашылық тапсырманы орындау. Фильмнің жалпы көңіл-күйі, фильмді қарау процесінде эмоциялық жағдайдың ауысуы.

      7-тақырып. Кино тарихы. Заманауи кинематограф. Кино тарихы. Алғашқы фильмдер. Кинематографтың техникасы мен жанрлары. Кинодағы ұжымдық шығармашылық, негізгі кино мамандықтар.

      8-тақырып. Кино тілінің ерекшелігі. Кадр фильмнің ең кіші бөлшегі ретінде. План – көрініс масштабы, ракурс – камераның көру нүктесі. Монтаж – фильмді жеке кадрлардан құрастыру. Фильмдерді қарау және талқылау.

      9-тақырып. Өнер ретінде киноның ерекшеліктері. Кинода бейнені жасау. Экран шығармасындағы автор. Фильмдерді қарау және талқылау.

      10-тақырып. Фильмдегі дыбыс және түс. Фильмдерді қарау және талқылау.

      11-тақырып. Кинодағы музыка. Фильмдерді қарау және талқылау.

      12-тақырып. Фильмдегі актер. Фильмдерді қарау және талқылау.

      13-тақырып. Фильмнің сюжеті. Фильмнің көңіл-күйі. Автордың позициясы. Көрермен позициясы. Фильмдерді қарау және талқылау.

      14-тақырып. Фильмнің сюжеті, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары. Оқиғаның тура бірізділігі туралы түсінік. Оқиғаның тура емес бірізділігі. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары. Қабылдау дағдыларын жетілдіру. Фильмдерді қарау және талқылау.

      15-тақырып. Ойын фильмінің драматургиясы. Кино драматургиясы. Ойын фильмі шеңберінде берілген түсініктің терминдері және шартты белгілеулері. Фильмдерді қарау және талқылау.

      16-тақырып. Экрандағы ертегі. Кітаптағы және экрандағы кейіпкер бейнесі. Кейіпкер бейнесін құрудағы автордың рөлі. Кейіпкер туралы автордың елестетуі. Кейіпкердің сыртқы келбетіне, іс-әрекет орнына зейінді дамыту. Деректі фильмді қарау және талқылау. Фильм кейіпкерлерінің суретін салу.

      17-тақырып. Көркем кинематографтың жанрларымен танысу. Ертегі-фильм, шытырман оқиғалы фильм, фантастикалық фильм, детектив-фильм. Әртүрлі жанр фильмдерін және фильм үзінділерін қарау. Жанрлардың ерекшелеуші белгілері. Балалардың көркемдік тәжірибесін жалпылау, оны жүйелеу.

      18-тақырып. Кино тілінің негізі: кадр. Кадр туралы алғашқы түсінік. Кадр кеңістік бөлігі ретінде (фотографиялық кадр). Кадрлау жақтауымен жұмыс. Мультипликациялық фильмді қарау.

      19-тақырып. Кадр туралы түсінік: план, ракурс. Кескіннің масштабы. Ірі, орта және жалпы план. Ертегі, өлең бойынша кадрларға бөлуді суретке салу. Көркем ойын және мультипликациялық фильм үзінділерін қарау.

      20-тақырып. Операторлық шеберлік негіздері. Операторлық жұмыстың техникалық және шығармашылық жақтары, түсіру камераларының құрылымы, кадрдың құрылысы және композициясы, жарықпен жұмыс.

      21-тақырып. Видеокамерамен танысу. Видеоға түсірудің мүмкіндіктері. Камераны қосу және сөндіру. Түсірілімнің басы және соңы. Ірі, орта және жалпы пландар. Панорама. Бір планнан екіншісіне ауысу (жалпы-орта-ірі).

      22-тақырып. Интерьердегі және табиғаттағы видеотүсірілім. Интерьердегі және табиғаттағы түсірілім ерекшеліктері, жарықтандыруды орнату, материалдардың жарыққа сезімталдығы. "Мектеп ералашы" видео суреттемесін жасау.

      90. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қараған фильмдердің мазмұнын біледі;

      2) кейіпкерлердің іс-әрекеттерін және мінез-құлығын талдайды;

      3) ойын фильмі шеңберінде терминдер мен шартты белгілерді біледі;

      4) кинематографтың техникалық жабдықтарын және жанрларын біледі;

      5) кино тілінің ерекшеліктерін, кино тілінің өнердің басқа түрлерінен ерекшелігін біледі;

      6) ойын және деректі фильмдерге өз көзқарасын білдіре алады;

      7) фильмнің басты кейіпкері, оның мінез-құлығы, іс-әрекеттері туралы айта алады;

      8) кинематографтың негізгі түрлерін және жанрларын ажырата біледі;

      9) фильмдегі музыка рөлін түсінеді;

      10) фильмнің негізгі идеясы туралы түсінігі бар (автор позициясы);

      11) кескіннің масштабын, құрылымын және кадр композициясын біледі;

      12) видеоға түсірудің мүмкіндіктерін, табиғатта және интерьерде түсірілімнің ерекшеліктерін біледі;

      13) киновидеофильм жасау кезінде қажетті мамандықтарды біледі;

      14) өнер ретіндегі киноның ерекшеліктерін біледі;

      15) оқу видеокамерасын қолдана алады;

      16) табиғатта және интерьерде видеоға түсіреді.

      91. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) мультипликациялық фильмдерді, қуыршақ мультипликациясын құрудың тарихы туралы білімдерді қалыптастыру;

      2) киносценарий жазуға, мультипликациялық фильмнің режиссерлік сценарийін құруға, жеке мультипликациямен жұмыс;

      3) фильммен жеке және топтық жұмысты ұйымдастыру, мультипликациялық фильмдердің жобаларын талқылау.

      92. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пәнге кіріспе. Қауіпсіздік техникасының ережелері. Өткенді қайталау. Кинематографиялық шығарманың түрлері мен жанрлары.

      2-тақырып. Мультипликациялық кино. Іс-әрекет қағидасы. Мультипликациялық фильмдерді құрудың тарихы. Мультипликациялық фильм "тірі суреттердің" ең көне түрі ретінде. Анимациялық технологиялардың дамуы. Экранда әртүрлі жансыз объекттерді жандандыру негізі болып табылатын анимациялық кино киноөнердің ерекше түрі ретінде. Алғашқы мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      3-тақырып. Мультипликацияның ұлттық мектептері. Америкалық мультипликацияның бірінші онжылдығы. У. Дисней мультипликациялық индустрияның негізгі тұлғасы ретінде. "Дисней" мультипликациялық студиясының кейіпкерлері бейнесінің эволюциясы. Мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      4-тақырып. Кеңес мультипликациясының пайда болуы. 1930 жылдардағы мультипликация. Соғыс және соғыстан кейінгі кезең. "Тоқырау" дәуірінің мультипликациясы. Ертегілерді экранға түсіру. Музыкалық мультфильмдер. Кеңестік сериялы мультфильмдер. Ғылыми-фантастикалық мультфильмдер. Философиялық мультфильмдер. Мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      5-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы мультипликация: танымал мультсериалдар және басты кейіпкерлер. Мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      6-тақырып. Жиырмасыншы ғасырдың мультипликациясы. Мультипликациялық студия. Аниматорлар және режиссҰр-мультипликаторлар. Мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      7-тақырып. Кейіпкерлер. "Cool World" фильмдеріндегі суретке салынған кейіпкерлер. "Кто подставил кролика Роджера" фильмін қарау және талқылау.

      8-тақырып. Заманауи мультипликацияның ерекшеліктері. Компьютерлік технологияларды қолдану. Анимациялық кинодағы беталыс. Шекті натурализация. Үш өлшемді анимация. Мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      9-тақырып. Өткенді қайталау. Сценарий тақырыбы. Сценарий фабуласы. Тақырып. Идея. Сюжет. Композиция. Экспозиция. Желі. Іс-әрекеттің дамуы. Шарықтау шегі. Түйін.

      Фильмнің құрылымы. Кадр. Сахна. Эпизод. Фильмнің желісі. Басты кейіпкердің мақсатын анықтау сәті. "Протагонист – антагонист" қатынасы. Фильмде іс-әрекеттің дамуы. Шытырман. Кинодағы басты кейіпкер. Кинодағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлер. Кейіпкердің кинопортретін жасау үшін мәнерлілік құралдар. Мультипликациялық фильмдерді қарау және талқылау.

      10-тақырып. Практикалық тапсырма. Мультипликациялық фильмнің режиссерлік сценарийі. Түсірілімнің техникалық тәсілдерін көрсетумен, барлық эпизодтарды кадрларға бөлу арқылы болашақ фильмнің кадр бойынша жазбасы.

      Сахналар және эпизодтар. Кадрларға бөлу (фильмнің кадрларын қолмен салу). Кәсіби режиссерлік сценарийді құру. Сценарийді ресімдеу. Сценарийді аяқтау (идеяны кескінге ауыстыру). Видеоқатармен сценаристтің және режиссердің жұмысы.

      11-тақырып. Практикалық тапсырма. Фильмнің сценарийлік жоспары. Фильмнің бастапқы идеясының сюжеттік дамуы. Басты эпизодтар. Басты кейіпкерлер. Басты кейіпкерлер тап болатын жағдайлар, олардың іс-әрекеттері және салдарлары. Шарықтау шегінің желісі. Негізгі сюжеттік бұрылыстар, қарама-қайшылық, жанжалды шешу жолдары. Драматургиялық құрылым және фильмнің ырғағы.

      12-тақырып. Қолдан жасалған мультипликация. Оқу-жаттықтыру жаттығулары. Түпкі ойдан іске асыруға дейінгі қолдан жасалған мультфильмдердің үлгілері. Мультфильмдерді құрудың әртүрлі тәсілдері. Мультипликациялық эффекттің табиғаты. Әртүрлі материалдармен (аппликациялар, пластилин, ойыншықтар, балалар суреттері) жұмыс, экранда әртүрлі жансыз объектілерді жандандыру. Табиғаттың апат күштерін – найзағай, қатты жел, жаңбыр, боран, дауыл, от – дақ, сызық, нүкте түрінде әртүрлі кескіндерді алуан түрлі қимылдың фазаларымен бейнелеу. Мультипликациялық сахнаны үстелде басқа материалдардан жинау.

      13-тақырып. Фототүсірілімнің мүмкіндіктері. Фотокамераны қосу және сөндіру. Фототүсірілім мүмкіндіктерін бақылау. Түсірілімнің басы және соңы. Мультипликациялық фильмнің сахнасының немесе эпизодының фототүсірілімі. Фильмнің әрбір жеке кадрларын экспонирлеу.

      14-тақырып. Суретке салынған фильмдерді өндірудің негізгі қағидалары. Отандық мультипликацияның тарихы. Мамандықтармен (сценарист, режиссер, суретші, мультипликатор, оператор) танысу.

      "Фильм, фильм, фильм" мультипликациялық фильмін қарау және талқылау.

      15-тақырып. Көркем мультипликациялық фильмді жасау. Графикалық жұмыстарды орындау: кейіпкер, фильм кейіпкерінің масштабы, декорация (фон және панорама), бейнелеу (таза суреттер). Мультфильмнің суретке салынған кейіпкерлерін жандандыру. Суретке салынған қарапайым мультипликация. Мультипликациялық фильмдерді қарындашпен қағазға салу.

      16-тақырып. Қуыршақ мультипликациялық фильмдер. Қуыршақ мультипликациясының тарихы. Мультипликатор-қуыршақшы мамандығымен танысу. Дайындық кезеңі. Мультипликациялық қуыршақтарды дайындау. Қуыршақ мультипликациялық фильмін жасау. Жалпақ перекладканың қарапайым тәсілі. "В гостях у гномов", "Чебурашка", "Шарик-фонарик" мультипликациялық фильмдерін қарау және талқылау.

      17-тақырып. Мультипликациялық фильмдердің жобалары. Қиялдағы фильмнің сценарийі. Фильмнің кейіпкерлерін таңдау, жеке элементтерді суретке салу. Безендендіру, фон. Көру бейнелеріндегі фильмнің мазмұны. Табиғи мультфильмдерді фотоаппаратпен түсіру. Топтарда жұмыс. Мультипликациялық фильмдердің жобаларын қарау және талқылау. Фильмдерді ресімдеу және шығару.

      18-тақырып. Мультипликациялық фильмнің сценарийімен жұмыс. Ұжымдық жұмыс. Мультипликациялық фильмнің сценарийі және оның ерекшеліктері. Дайындық мерзімі. Мультипликациялық фильмнің режиссерлік сценарийі. Дайындық мерзіміндегі мультфильмнің бейнелеу шешімі. Сюжеттің негізі болуы мүмкін оқиғаны құрастыру бойынша жеке және топтық жұмыс. Әдеби сценарий. Түсірілім үшін сценарийді дайындау. Түсірілім үшін сценарийді талқылау.

      93. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) мультипликациялық фильмдердің, анимациялық технологиялардың даму тарихын біледі;

      2) киносценарий жаза алады;

      3) мультипликациялық фильмді құрастырумен жұмыстың кезеңдерін біледі;

      4) мультипликациялық фильмнің кейіпкерлерін суретке сала алады;

      5) мультипликациялық сахналарды үстел үстінде әртүрлі материалдардан жинай және құрамдастыра алады.

      94. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) көркем мультипликациялық фильмді құру, жобаларды талқылау;

      2) мультипликациялық фильмнің фототүсірілімі, түсірілген материалды алдын ала қарау, фильмнің монтажы, фильмнің демонстрациясы, видеоны шығару.

      95. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Мультипликациялық фильмнің фототүсірілім. Мультипликациялық түсірілім. Кейіпкер қимылын құрастырудың негізгі қағидалары.

      2-тақырып. Іс-әрекет хронометражы, қарқын, фазалар саны, іс-әрекеттің ұзақтығы, кадрлар саны. Табиғи кадр бойынша мультипликация.

      3-тақырып. Жалпақ перекладка. Фотокамера көмегімен жалпақ перекладканы құру.

      4-тақырып. Фильмнің жеке фрагменттерін түсіру. Түсірілім материалдарын талқылау.

      5-тақырып. Түсірілген материалды алдын ала қарау. Талқылау. Монтаж үшін барынша мәнерлі кадрларды таңдау және талқылау.

      6-тақырып. Титрлердің мүмкін болатын нұсқаларын талқылау (қаріп, әріптер түсі, фон).

      7-тақырып. Фильмнің аталуы. Соңғы қарау және түсірілген материалды талқылау.

      8-тақырып. Фильмнің монтажы. Фильмді көрсетуге дайындау.

      9-тақырып. Компьютерлік бағдарламада түсірілген кадрларды реттеу.

      10-тақырып. Кадр сыртындағы мәтіннің, музыкалық сүйемелдеудің, шулардың жазбасы.

      11-тақырып. Фильмді дыбыстау. Дыбысты жазу және импорттау.

      12-тақырып. Мәтінмен жұмыс.

      13-тақырып. Уақыт бойынша көріністі тексеру. Титрлерді және фильмнің атауын түсіру.

      14-тақырып. Анимацияның әртүрлі түрлерін қолдану.

      15-тақырып. Монтаждалған фильмді алдын ала қарау және талқылау.

      16-тақырып. Фильмді көрсету. Фильмді талқылау.

      17-тақырып. Мультипликациялық фильмнің алғашқы көрсетілімін ұйымдастыру.

      18-тақырып. Видеоны шығару. Шығармашылық есеп.

      95. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) видео және фотокамералар көмегімен табиғи мультфильмдерді түсіре алады;

      2) фильмнің монтажын жүргізеді;

      3) компьютерлік бағдарламада түсірілген кадрларды реттеуді, кадр сыртындағы мәтінді, музыкалық сүйемелдеуді, шуларды жаза алады;

      4) фильмді дыбыстау, дыбысты жазу және импорттау дағдыларына ие;

      5) анимацияның әртүрлі түрлерін қолданады;

      6) фильмді көрсете алады.

      96. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) видеофильмді жасаудың негізгі кезеңдерімен, операторлық шеберлік, видеоға түсіру, монтаж, дыбыстау негіздерімен танысу;

      2) видеокамераны меңгеру, видеофильммен жұмыс (түсірілім, фильмнің құрылымы, композицияның, жарықтандырудың түстік шешімі, кеңістікті бейнелеу, адамды экранда орналастыру);

      3) Windows Movie Maker [Виндовс Муви Мейкер] бағдарламасында видеомонтажды, Pinnacle Studio [Пинакл студио] және Adobe Premiere [Адоб премьер] бағдарламаларында сызықтық емес видеомонтажды меңгеру.

      97. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы. Кинематографтың даму тарихы, фильмнің драматургиясы. Видеофильмді жасаудың негізгі кезеңдері (ойластыру, сценарий, түсірілім жоспары). Операторлық шеберлік, видеоға түсіру, монтаж, дыбыстау негіздері.

      2-тақырып. Видео жабдығы. Видеокамераның техникалық құрылымы және жұмыс істеу қағидасы. Үй жағдайларында фильм жасау үшін қолданылатын құрал-жабдықтар (видеокамера, компьютер). Түрлі-түсті телевидения жүйесі.

      Видеокамераны басқару панелін жеке оқып-зерттеу. Видеофильм жасау үшін қолданылатын қажетті құрал-жабдықтар. Түрлі-түсті телевидения жүйесі. Видеокамера құрылысы (оптикалық жүйе, көрсеткіш тетік, қуаттандыру көзі, камераның кіру және шығу ұясы, қолмен реттеу, трансфокатор). Видеокамераны таңдау.

      3-тақырып. Видеокамера құрылғысы. Видеокамераның жұмыс істеу принципі. Видеокамерамен жұмыс істеудің негіздері. Видеокамераны қолмен дұрыс ұстау. Видеокамерамен жұмыс істеудің басы. Нұсқаулықпен танысу. "Ақ түс балансын" қосу және баптау. Түсірілім режимін баптау (автомат, қолдан түсіру).

      Видеокамераны қолмен дұрыс ұстауды пысықтау және камераны қосу кезіндегі іс-әрекеттер реттілігі. "Күш үштігі" қағидасына сәйкес видеокамераның дұрыс қалыбы.

      Камераны қосу кезінде іс-әрекеттер реттілігін орындау (объективті ашу, қосу, "ақ түс балансын" баптау, түсірілім режимін баптау).

      Видеоның мәнерлі құралдарын қолданудың негіздерін білу: түсірілім нүктелерін, кадрларға бөлуді, жалпы, орта, ірі пландарды, бөлшектерді, ракурстарды, кадр композициясын, үш план ережелерін, фокустық арақашықтықты, жарықты және түсті, камера қозғалысын, дыбысты, монтаж құралдарын.

      Түсірілім нүктесін таңдау білігі, ракурс. Диагональді композицияны құру білігі.

      4-тақырып. Кинематограф тарихы. Обскура камерасы. Кинематографтың пайда болуы. Дыбыссыз кино кезеңі. Дыбыстың келуі. Кинодағы техникалық прогресс. Кинематографтың техникалық ерекшеліктері.

      Сабақ мұрағаттық түсірілімдерді, алғашқы фильмдерді қараумен (Дзиги Вертовтың "Человек с киноаппаратом"), фотографияны қараумен және талқылаумен толықтырылады.

      5-тақырып. Көркем және деректі кино. Көркем (ойын) және деректі (ойынсыз) кино. Кино жанрлары. Қысқаметражды және толықметражды кино. Әртүрлі жанрлардағы фильмдерден үзінді қарау және талқылау. Деректі киноның көркем кинодан, қысқа метраждының толық метраждыдан айырмашылығы.

      Көркем (драма, мелодрама, боевик, триллер, фэнтези, комедия, тарихи, эпостық) және деректі кино (шынайы деректі, оқу фильмі, мокьюментари) жанрларын анықтау.

      6-тақырып. Шетелдік деректі кино. Танымал шетелдік деректі фильмдер. Танымал режиссерлер. Деректі киноның кинофестивальдері. Деректі фильмнен үзінді қарау және талқылау.

      7-тақырып. Видеофильм үш құраушының бірлігі ретінде. Видеоның мәнерлі құралдары. Видеофильмнің үш құраушысы: техникалық жетілу, көркемдік мәнерлілік, мазмұнның айқындылығы.

      Видеоның мәнерлі құралдары. Видеоның мәнерлі құралдарын қолдану үлгілері. Түсірілім нүктелеріне, планға, ракурсқа, диагональ композицияларға арналған жаттығулар. Видеоның мәнерлі құралдарын қолдану негіздерін білу: түсірілім нүктелерін, кадрларға бөлуді, жалпы, орта, ірі пландарды, бөлшектерді, ракурсты, кадр композициясын, үш план ережелерін, фокустық арақашықтықты, жарық пен түсті, камера қозғалысын, дыбысты, монтаждық құралдарды.

      Түсіру нүктесін, ракурсты таңдау білігі. Диагональ композицияны құру білігі.

      8-тақырып. Фильм режиссурасы негіздері. Фильмді жасаудың негізгі технологиясы: тақырып, идея, сюжет, фабула, әдеби және монтаждық сценарий (кадрларға бөлу), түсірілім, монтаж.

      Кадрлар қосылысының ережелері және түсірілім бағыты. Тақырыпты, идеяны, фабуланы анықтауға арналған жаттығулар.

      Кадрлар қосылысының ережелерін ескере отырып, берілген эпизодты кадрларға бөлуге арналған жаттығулар. Фильмді жасаудың негізгі технологиясы. Фильмнің тақырыбын, идеясын, фабуланы анықтау. Кадрлар қосылысының ережелерін қолданумен кадрларға бөлу.

      Түсірілім бағыттарын дұрыс таңдау білігі.

      9-тақырып. Видеофильм құрылымы. Негізгі түсініктер: эпизодтар, сахналар, кадрлар. Фильмнің құрылымы: желі, экспозиция, шарықтау шегі, түйін. Сюжеттің даму ережелері. Жанжал түсінігі және түрлері. Байқау фильм-минуткаларды қарау және талдау. Фильм құрылымы туралы негізгі түсініктер, құрылым бірізділігі. Сюжеттің даму ережелерін білу және қолдану. Жанжал және оның мәні.

      10-тақырып. Түсірілімнің әртүрлі түрлері. Интерьерді, пейзажды, портретті, натюрмортті түсіру ережелері. Қозғалыстағы камерамен түсірілім. Интерьерді, портретті, натюрмортті түсіруге арналған жаттығулар. Табиғатқа пейзажды түсіруге шығу. Алға қарай, артқа қарай қозғалуды, трэвеллингті, панорамалауды қолдануға арналған жаттығулар. Интерьерді, пейзажды, портретті (әйел, бала), натюрмортты түсірудің негізгі ережелері.

      Қозғалыстағы камерамен түсірілімдер.

      11-тақырып. Кадрлың негізгі композициялары. Айнала және сызықтар. Композицияның түстік шешімі. Жарықтандыру. Кеңістікті бейнелеу. Экранда адамды орналастыру. Кадр композициясының негізгі ережелерін білу. Табиғи зейіннің сызықтары мен нүктелері, жарықтандыру, түстік шешім, экранда адамды орналастырудың планы (ірі, орта, жартылай, детальді, жалпы, алыс). Түсірілім уақытында құрастыру кезінде оларды қолдану.

      12-тақырып. Монтаж негіздері. Монтаж түсінігі және түрлері. Кадрларды келісу ережелері. Монтаждық кадр. Дыбыстың монтажы. Кадрларды келісу ережелерімен сәйкес болып жатқанның мәнін өзгерту, белгілі көңіл-күйді беру мақсатында әртүрлі кадрлардың орнын ауыстыру. Монтаждаудың әртүрлі әдістері: бірізді, қатар, салыстырмалы, психологиялық.

      Кадрларды бағдары және іс-әрекет бағыты бойынша құрастыру.

      Видеоқатармен синхронды дыбыстық қатарды монтаждау.

      13-тақырып. Pinnacle Studio [Пинакл студио] және Adobe Premiere [Адоб премьер] бағдарламаларында сызықтық емес видеомонтаж. Бағдарламалармен танысу. Видеоны ұстау. Ойнаушы және альбом. Видео монтажы. Ауысулар. Видеоэффекттер. Статикалық сурет. Үстемеленген жол. Титрлар. Дыбыстың монтажы. Мәзір. Фильмнің тұжырымы.

      Видеосабақтар. Видеосабақтарды қарау және Pinnacle Studio [Пинакл студио] және Adobe Premiere [Адоб премьер] бағдарламаларымен жаттығу. Pinnacle Studio және Adobe Premiere бағдарламаларының интерфейсін білу.

      Бағдарламаларда жұмыс: видеокамерадан видеосигналды қамту, видеоны сақтау және алдын ала қарау, монтаждың базалық операциясы (жолды бөліктерге бөлу, бөліктерді құрастыру, бейнебаянның жиектерін кесу, уақыт сызығында қарау).

      Музыкалық видеоны автоматты құрау. Кадрлар арасында ауысуларды қосу тәсілдері. Видеоэффекттерді қолдану ("ескі кино", "сурет ішіндегі сурет", "түстілік кілті"). Статикалық кескіндермен жұмыс, титрлер құру. Жобаға дыбысты қосу, аудиобейнебаяндармен жұмыс. Мәзір әзірлеу және онымен негізгі іс-әрекеттер (бөлімдер, ауысулар, батырмалар). Сәйкес форматта фильмді шығару (avi [ави], dvd [дивиди], mpg [эмпиджи]).

      14-тақырып. Шығармашылық жоба. Идеяны талқылау. Сценарийлік сұраныс. Әдеби және режиссерлік сценарий. Түсірілімдерді дайындау. Сценарийлік сұранысты жазу, әдеби және режиссерлік сценарийді әзірлеу. Түсірілімдер. Монтаж. Жобаларды алдын ала қарау. Талқылау. Шығармашылық жобаны практикада жасаудың және оны іске асырудың алгоритмін білу.

      15-тақырып. Көркем және деректі фильмдерді қарау және талқылау. Фильмдерді әртүрлі мәселелер бойынша тақырыптық іріктеу. Алдын ала қарау және талқылау. Фильмнің идеясы.

      98. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) видеофильмді жасаудың негізгі кезеңдерін біледі;

      2) видеофильм жасай алады (ойластыру, сценарий, түсірілім планы);

      3) операторлық жұмыс негіздерін біледі;

      4) видеофильм материалдарын түсіру дағдыларына ие;

      5) видеоны монтаждау, музыкалық сүйемелдеу және дыбыстау дағдыларына ие;

      6) Pinacle Studio [Пинакл студио], Adobe Premiere [Адоб премьер] бағдарламаларында видеоны монтаждау негіздеріне ие.

      99. Кәсіби бағдарланған сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) телевидения тарихымен, тележурналистика негіздерімен танысу;

      2) Adobe After Effects (видеоэффекттер) [адоб афтер эфектс], 3ds Max (3D графика) [3д эс макс], Adobe Photoshop (растрлық графика) [адоб фотошоп] бағдарламаларын меңгеру.

      100. Кәсіби бағдарланған сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пәнге кіріспе. Қауіпсіздік техникасы ережелері. Телевиденияның тарихы және қазіргі жағдайы. Телевиденияның қазіргі жағдайы. Телевидения жанрлары. Ақпараттық жанрлар: естелік жазба, мәтін, интервью, оқиға репортажы.

      Аналитикалық жанрлар: мәселелік репортаж, әңгімелесу, пікір-талас, пікір, шолу.

      Көркемдік жанрлар: ойын-сауық бағдарламалар, телеойындар. Телевидение жанрлары бойынша бір апталық телебағдарламаларды қарау және талдау.

      2-тақырып. Телевидениегі мамандықтар. Телевизиялық журналистке қойылатын кәсіби талаптар. Телевидениедегі негізгі мамандықтар: редактор, корреспондент, стрингер, интервьюер, түсініктемеші (комментатор), шолушы, жүргізуші, режиссер, оператор, дыбыс режиссері, жарықтандырушы, диктор.

      Кәсіби тележурналисттің негізгі қасиеттері (табиғи қабілеттері, дүниетанымдық позициялар, білімі және арнайы кәсіби талаптар). Тележурналистке қойылатын кәсіби талаптарды білу және телевидениедегі негізгі мамандықтар мазмұны.

      3-тақырып. Телевизиялық шығарманың құраушылары. Телевизиялық шығарманың негізгі құраушылары. Әдеби негіз (өмірлік материал, тақырып, идея, басты кейіпкерлер, кейіпкерлер, композиция, фабула, сюжет, драматургия, жанжал). Дыбыс (сөз, музыка, шу). Кескін (жарық, түс, пластика).

      Телевизиялық шығарманы жасаудың алгоритмін құрау. Шығармашылық этюдтерді жазу және түсіру. Дыбыспен және жарықпен жұмыс. Телевизиялық шығарманың негізгі құраушыларын және оны құру алгоритмін білу.

      Телевиденияның мәнерлі құралдары ретінде жарықты, түсті және дыбысты қолдану.

      4-тақырып. Телевизиялық сценарий. Сұраныс, сценарийлік план, сценарий (жұмыс, әдеби, режиссерлік). Сценарийдің әртүрлі түрлерін жазу. Сценарийді жазу ережелерін білу және сценарийдің әртүрлі түрлерін құру білігі.

      5-тақырып. Сюжет мәтінін дайындаудың негізгі қағидалары. Негізгі қағидаларды (мәтінмен мен видео қатардың үйлесуі, мәтінді беру формалары, синхрон) және өлшемшарттарды (нақтылық, баяндаудың айқындылығы, қысқалық) білу. Дайын мәтіндермен жұмыс және өзінің жеке мәтіндерін құрау. Мәтін және видеоақпараттың үйлесу негіздері, мәтінді құрастыру ережелері.

      6-тақырып. Телерепортаждың құрылымы және композициясы. Негізгі құрылымдық элементтер: stand-up [стэнд ап], кадр сыртындағы мәтін, синхрон, рэпэраунд. Құрылымдық элементтерді қолдану ережелері. Берілген оқиғалар бойынша репортаж құрылымын реттеуге арналған жаттығулар. Телерепортаждың негізгі құрылымдық элементтерін білу және оларды оқиғаларға байланысты қойып реттеу білігі.

      7-тақырып. Сюжетті дайындау. Түсірілімді ұйымдастыру. Ақпарат алуды және мүмкіндіктерді талдау. Корреспондент пен оператордың өзара әрекеттестігі. Жағдай мысалдарымен жұмыс. Сюжетті дайындау және түсірілімді ұйымдастыру кезінде іс-әрекеттер реттілігін білу.

      8-тақырып. Режиссура және репортаж жанрларын монтаждау негіздері.. Құрылымды құрастыруға ықпал етуші факторлар. Ақпараттық бағдарламаны монтаждаудың негізгі ережелері. Әртүрлі жағдайлар негізінде сюжет пен монтаж құрылымын құрастыру. Құрылымды құрастыруға ықпал етуші факторлар. Ақпараттық бағдарламаны монтаждаудың негізгі ережелері

      9-тақырып. Сөйлеу. Актерлік шеберлік элементтері. Әдеттегі сөйлеу қателіктері. Сан есімдердің септелуі. Орфоэпиялық нормалар. Кадрдағы жүріс-тұрыстың ережелері. Нақты және анық дикцияны қалыптастыруға, сөзді дұрыс айтуға арналған жаттығулар. Әдеттегі сөйлеу қателіктерін білу. Сөздердің дұрыс септелуін және екпіннің түсірілуін білу. Кадрдағы жүріс-тұрыстың ережелерін және оларды қолдану білігін білу.

      10-тақырып. Телевизиялық журналистиканың этикасы. Журналисттің этикалық қағидалары: деректі баяндаудағы анықтылық, ақпараттың толықтығы. Журналисттің жауапкершілігі.

      Журналисттің кәсіби этика кодексі. Журналисттің кәсіби этика кодексін білу.

      11-тақырып. Adobe After Effects (видеоэффекттер) [адоб афтер эфектс], 3ds Max (3D графика) [3д эс макс], Adobe Photoshop (растрлық графика) [адоб фотошоп] бағдарламаларымен танысу. Бағдарламалардың тағайындалуы. Интерфейсті, бағдарламалар терезесін шолу. Видеороликке эффекттерді қосу. Құралдарды шолу. Қабаттарды қосу және редактирлеу. Үш өлшемді қабаттар. Анимациялық эффекттер. Бейнебаяндарды цифрлау. Видеофильмге қосу үшін суреттер мен кескіндерді дайындау. Видеосабақтарды қарау және бағдарламаларда жаттығуларды пысықтау. Бағдарламалар интерфейсінің негізгі элементтері және оларды басқару.

      Бағдарламалардың негізгі терезелері (жобалар терезесі, композициялар терезесі, уақытша шкала, Info [инфо] терезесі және Audio [аудио] қосымшасы, Preview [привью] терезесі, Effects & Presets [эффектс ен пресетс] терезесі, Effect Controls [эффект контролс] терезесі, Flowchart [флоучарт] терезесі, Layer [лайер] терезесі).

      Видеороликке эффекттер қосу білігі (жаңа жобаны жасау, импорт, материалдарды ашу және сақтау, Project терезесінде материалдармен операция, жаңа композицияны құру, эффекттер мен шаблондарды қолдану, видеофильмді цифрлау операциясы).

      Негізгі құралдарды білу: Selection Tool [Селекшн тул], Hand Tool [Ханд тул], Zoom Tool [Зум тул], Rotation Tool [Ротейшн тул], Type Tool [Тайп тул], Brush Tool [Браш тул], Clone Stamp Tool [Клон стамп тул], Eraser Tool [Изер тул]. Жобаға қосудан бұру кескінді өңдеу білігі.

      12-тақырып. Әртүрлі жанрлардағы телевизиялық бағдарламаларды қарау және талқылау. Әртүрлі жанрлардағы бағдарламаларды тақырыптық іріктеу. Алдын ала қарау және талқылау. Бағдарлама құрылымы, жанрын анықтау, жүргізуші жүріс-тұрысының ерекшеліктері, идея.

      Телевиденияның тарихы және негізгі жанрлары. Журналистке қойылатын кәсіби талаптар, этика кодексі, режиссура негіздері және ақпараттық бағдарламалардың монтажы. Дұрыс және анық айту, өз сөйлеуін құрастыру. Adobe After Effects [адоб афтер эфектс], 3ds Max [3д эс макс], Adobe Photoshop [адоб фотошоп] бағдарламаларында жұмыс. Өзінің шығармашылық видеожобасын іске асыру.

      101. Кәсіби бағдарланған сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Кәсіби бағдарланған сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) телевидения жанрларын біледі және анықтай алады;

      2) журналистке қойылатын негізгі кәсіби талаптарды және телевидениядағы негізгі мамандықтардың мазмұнын біледі;

      3) телевизиялық шығарманың негізгі құраушыларын және оны құру алгоритмін біледі;

      4) жарықты, түсті және дыбысты телевиденияның мәнерлі құралдары ретінде дұрыс қолдана алады;

      5) сценарийді жазу ережесін біледі және сценарийдің әртүрлі түрлерін құрастыра алады;

      6) мәтін және видеоақпаратты үйлестіру негіздерін, мәтін құрау ережелерін біледі;

      7) телерепортаждың негізгі құрылымдық элементтерін біледі және оқиғаға байланысты оларды реттей алады;

      8) сюжетті дайындау және түсірілімді ұйымдастыру кезінде іс-әрекеттер ретін біледі;

      9) құрылымды құрастыруға ықпал етуші факторларды біледі және ескереді;

      10) ақпараттық бағдарламаны монтаждаудың негізгі ережелерін біледі және қолданады;

      11) журналисттің кәсіби этикасы кодексін біледі және өз жауапкершілігін түсінеді;

      12) бағдарламалар интерфейстерінің негізгі элементтерін біледі және оларды басқара алады,

      13) бағдарламалардың негізгі терезелерін біледі;

      14) видеороликке эффекттер қосуды біледі (жаңа жобаны жасау, импорт, материалдарды ашу және сақтау, Project [Прожект] терезесінде материалдармен операция, жаңа композицияны құру, эффекттер мен шаблондарды қолдану, видеофильмді цифрлау операциясы);

      15) бағдарлама құрылымын түсінеді, жанрды, жүргізуші жүріс-тұрысының ерекшеліктерін, идеяны анықтайды;

      16) Pinacle Studio [Пинакл студио] және Adobe Premiere [Адоб премьер] бағдарламаларында видеоны монтаждау негіздеріне ие, сонымен қатар Adobe After Effects [адоб афтер эфектс], 3ds Max [3д эс макс], Adobe Photoshop [адоб фотошоп] бағдарламаларымен жалпы таныс.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      102. Үлгірімді бақылаудың мақсаты білім алушының Бағдарламаны игерудегі нәтижелілігін анықтау болып табылады.

      Оқытуды бағалау нәтижелерінің өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерімі және сынақтарда, емтихандарда алған бағаның нәтижесінен қалыптасады.

      Білім алушылардың Бағдарламаны игеруін бақылау – сынақ, емтихан түрінде іске асырылады.

      103. Аттестаттау формасы және білім алушылардың сыныптар бойынша көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (шығармашылық тапсырма), екінші жартыжылдықта: сынақ (видео суреттеме);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (кадрларға бөлу), екінші жартыжылдықта: емтихан (мультипликациялық фильм сценарийінің жобасы);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (фильмнің жеке фрагменттерін түсіру), екінші жартыжылдықта: сынақ (мультипликациялық фильмнің жобасы);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (видеокамера жұмысының принципі), екінші жартыжылдықта: емтихан (фильмнің жобасы);

      5) кәсіби бағдарланған сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (телевизиялық сценарийдің жобасы), екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (видеороликтің жобасы);

      103. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі параметрлерді ескереді: идеяның, сценарийлік түпкі ойдың түпнұсқалығы; форманың тұтастығы және идеяның толықтығы, сюжеттің әсер ету тереңдігі (бейненің ашылуы), операторлық шеберлік; кадрда жұмыс істеу (дикция, жеткізу, жүріс), дыбыс қатары, музыка мен кескінді синхрондау.

      104. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – жобаны сауатты ресімдеу, дайындау технологиясын қадағалау, оқу дисциплинасы ретінде пәннің терминологиясын нақты қолдана отырып, белгілі логикалық бірізділікте материалды сауатты тілмен баяндау; жауап беру кезінде қолданылатын біліктер мен дағдылардың қалыптасқандығы және тұрақтылығы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жобаны сауатты ресімдеу, дайындау технологиясын қадағалау, белгілі логикалық бірізділікте материалды сауатты тілмен баяндау; бірақ жауаптың негізгі мазмұнын баяндау кезінде педагогпен ескертуі бойынша түзетілген бір-екі қателіктердің жіберілуі, пәннің терминологиясын білуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – қойылған талаптарда жобаның бірқатар қателіктермен ресімделуі, орындалуы, материал мазмұнының толық емес немесе бірізді емес ашылуы, бірақ сұрақты жалпы түсінуі және осы бағдарламамен анықталған бағдарлама материалын әрі қарайғы меңгеру үшін жеткілікті біліктер көрсетілген;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қойылған талаптарда жобаның қателіктермен орындалуы, негізгі оқу материалының мазмұны ашылмаған, білім алушының оқу материалын үлкен немесе неғұрлым маңызды бөліктерін білмеуі немесе толық түсінбеуі анықталған, ұғымдарды анықтауда қателіктер жіберілген;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
83-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Қолөнер", "Компьютерлік графика", "Экспериментальдік үлгілеу" және басқалары" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Қолөнер", "Компьютерлік графика", "Экспериментальдік үлгілеу" және басқалары" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) таңдау пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: шығармашылық әлеуетін дамытуға, таңдау пәнін меңгеру процесінде практикалық білім, білік және дағдыларды алуға жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) киім модельдерін немесе үлгілерін жасаумен айналысатын қолданбалы өнерге деген қызығушылықты қалыптастыру;

      2) дәстүрлі қолөнер шеберлігін меңгеру арқылы балалардың табиғи шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      3) киімнің жаңа модельдерін әзірлеу және жобалау кезінде компьютерлік графиканы қолданудың мүмкіндіктері туралы білімді меңгеру;

      4) жұмысқа қажетті материалдармен, құралдармен және құрылғылармен жұмыс істеудің әртүрлі техникаларын меңгеру.

      Дамыту:

      1) білім алушының бейнелеу, көркемдік-кұрастырушылық қабілеттерін, қалыптан тыс ойлауын, шығармашылық даралығын дамыту;

      2) табиғи негіздерін, шығармашылық әлеуетін, қиялды, байқампаздықты, жадын, елестетуді дамыту;

      3) қол моторикасын, көзбен шамалауды, көркемдік талғамын дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) отандық мәдениеттің құндылықтарына, халық шығармашылығының озық үлгілеріне, классикалық және заманауи өнерге араластыру;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуге тәрбиелеу;

      3) қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени ортасын құру;

      4) білім алушының кәсіби өзін өзі анықтауы үшін жағдай жасау.

      4. Оқыту мерзімі – бес жыл. Таңдау бойынша пәндер: қолөнер – екі жыл, компьютерлік графика – бір жыл, экспериментальдік үлгілеу – екі жыл.

      Бағдарламаны іске асыруға арналған оқыту уақытының көлемі балалар өнер мектебінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      5. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      6. Бағдарлама киімді көркемдік үлгілеу бөлімінің таңдау бойынша пәндерін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, киімдердің модельдерін немесе үлгілерін жасаумен айналысатын қолданбалы өнермен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      9. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) қолданбалы өнер саласындағы білім, білік және дағдыларды игерудегі жүйелілік;

      2) қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге қолжетімділік, сатылылық;

      3) саналылық және белсенділік – сабақтарға деген саналы көзқарас, білім алушының үйретілетін материалдарды меңгеруіне және оны түсініп орындауға деген қызығушылықты тәрбиелеу;

      4) сабақтардың жүйелілігі мен ұдайылығы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесінің үздіксіз жүруін көрсетеді;

      5) оқу процесінің мақсаттылығы;

      6) білімнен шығармашылыққа қағидаты білім алушыларға белгілі білім деңгейіне ие болу кезінде киімнің ашық үлгілері және нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді.

      10. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды. Педагог киімнің жаңа формалары мен түрлерін жасауда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке ерекше көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      2) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      3) көркемдік білім алуы;

      4) қолданбалы өнер саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруы.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағытталған.

      14. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) көрнекті педагогтердің, суретші-сәнгерлердің, конструкторлардың, технологтардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      15. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты мазмұны деңгейі жағынан барлық оқыту сыныптарының арасындағы байланысты және орындаушылық қызметін білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты қолданбалы өнерді практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, қолданбалы өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      16. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруларды көрсету;

      3) практикалық – көрсету, түсіндіру, білім алушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындауы;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      17. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттеріне, жеке қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      18. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      19.Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      20. Сабақтан тыс жұмыс түрлері:

      1) конспектілермен және арнайы әдебиетпен жұмыс;

      2) дәрістерге, практикалық сабақтарға дайындық;

      3) фото және бейне таныстырулар;

      4) нобайларды, шығармашылық жобаларды әзірлеу;

      5) хабарлама, баяндама, презентация;

      6) сән мектептерге, көрмелерге, байқауларға, мұражайларға бару;

      7) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      21. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді. Педагог Бағдарламадан сыныптағы білім алушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келетін тақырыптарды таңдап алады.

      22. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      23. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      24. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      25. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      26. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      27. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      28. "Қолөнер" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) айқастап кестелеу – қысқа қиғаш тігістерді мулинде немесе жүннен жасалған жіпті айқастап қою арқылы матада (әсіресе кенепте) сурет салудың тәсілі;

      2) аппликация – қағаз, мата, тері, өсімдік материалдарының бөліктерінен фигураларды, өрнектерді немесе тұтас суреттерді қию және негізгі материалға (фон) жабыстыру (жапсыра тігу);

      3) әдіп – механикалық өңдеу кезінде дайындамадан алынып тасталынатын материал қабаты;

      4) әрлеу тігістері – бөлшектерді, тұтас бұйымдарды әрлеу үшін арналған, сонда й-ақ белгілі біркескінді жасауға қолданылады;

      5) бисер – металдан сирек жасалатын, ұсақ түрлі түсті шыныдан жасалған шар, тізбелеуге, кестелеуге үшін қолданылатын өтпелі тесігі бар;

      6) декупаж – суретті, картинаны немесе ою-өрнекті (әдетте кесілген) затқа жапсыруға негізделген және әрі қарай алынған композицияны сақтап тұру, ұзақ қолдану және ерекше визуалды әсер алу үшін лак жағылатын, әртүрлі заттарды сәндеу техникасы;

      7) декор – сәулет құрылысының немесе оның интерьерінің сыртқы безендіруін құрайтын элементтердің жиынтығы;

      8) кесте тігу (кестелеу) – әртүрлі өрнектермен түрлі маталар мен материалдарды сәндеудегі жалпыға белгілі және кең таралған қолөнердің өнері;

      9) квилт – сырма мата (сырылған мата) – матаның екі бөлігі ортасы қуыс болып тігілген және арасына ватин, мақтаның қабаты қойылады;

      10) квилтинг – материалдарды көркемдеп тігу және сыру, материалдарды және тігістің әртүрлі техникаларын үйлестіру, өрнектерді, ою-өрнектерді, картиналарды дайындау кезінде материалдардың бөліктерін қосып (пэчворк техникасы) тігу;

      11) композиция – нақты көру формасында мазмұны айқын ашылған туындының жеке элементтерін бірдей көркемдік тұтастыққа біріктіру;

      12) қолдың майда тігістері және тігістер – матадан және мата емес текстильден, былғарыдан және басқа материалдардан бұйымды әзірлеу кезіндегі жіппен сабақталған тігін инесінің көмегімен орындалатын ұсақ тігістердің әртүрлі түрлері;

      13) қолөнер – тігу, тоқу, кестелеу қол еңбегінің түрлері; заттарды өз қолымен дайындау өнері; қол еңбегі процесінде орындалатын зат, бұйым;

      14) құрақ тігісі – белгілі бір суретпен әртүрлі түсті және ала түсті мата бөліктерінен мозаика қағидаты бойынша тұтас бұйым тігілетін қолөнердің түрі;

      15) лекало (сызбаүлгі) – сызық сызықтарды құру немесе тексеруге арналған сызба құралы;

      16) мата – тоқыма білдегімен жіптерді өзара перпендикуляр жүйесімен өру арқылы дайындалған тоқыма матасы;

      17) майда тігіс – тігістің жеке ұсақ бөлігі- иненің екі тесігінің арасындағы ара қашықтық;

      18) мережка – матадан жіптерді жұлу арқылы орындалатын шілтерлік тігіс;

      19) нобай – көркем туындының түпкі ойын, ғимараттың, оның механизмі және жеке бөлігін белгілейтін лдына ала түсірілген сызбасы;

      20) ою-өрнек – құрайтын элементтерінің қайталануына және ауысып отыруына негізделген өрнек, әртүрлі заттарды әшекейлеуге арналады;

      21) пошталық немесе бұрамалы шалу – фри-форманың ажырамас элементі, тілшікті инемен тоқу ыңғайлы;

      22) пэчворк – матаның бөліктерінен тігілетін ерекше стиль;

      23) раппорт – матада, трикотажда, кестеде, кілемде, тұсқағазда бірнеше рет қайталанатын ою-өрнектің негізгі элементі, ою-өрнектің бөлігі;

      24) сәндік-қолданбалы шығармашылық – пайдалы және көркемдік қызметі бар көркемдік бұйымдарды жасауға бағытталған шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларын қамтитын бейнелеу өнерінің кең бөлімі;

      25) синтепон – сыртқы киімнің астары ретінде синтетикалық жылу беретін материал;

      26) тігін жіптері – тігін өндірісінде қолданылатын киімнің бөліктерін байланыстыруға арналған жіптер;

      27) тоқыма – иіру-тоқу бұйымдарының жалпы атауы;

      28) үлгі – қағаз, калька, маталардан, теріден немесе басқа материалдардан орындалған болашақ жасалатын бұйымның бөлшегі;

      29) "ілмекпен бекіту" – ілмелі тігіс негізінде жасалған салыстырмалы жаңа тігіс, жекеленген ілмек қатарын қамтиды;

      30) фенечка – бисерден, теріден, баудан, лента немесе жіптен жасалған білезік;

      31) фестон – қолданбалы өнер, бейнелеу, тігін өнеріндегі декоративті элемент, жапырақ, гүл, сатылы тістердің, тең бүйірлі үшбұрыш формасындағы төменге қарай айналған ою-өрнектің жолағы;

      32) фриформ – мозаика қағидаты бойынша тоқу техникасы.

      29. Бағдарламаның мақсаты: тігу, тоқу, кесте тігу тәсілдері және сәндік-қолданбалы өнердің бұйымдарын дайындаудың басқа да әдістері арқылы білім алушының әртүрлі қол еңбегінің түрлерін меңгеру дағдыларын дамыту, бала тұлғасын шығармашылық жүзеге асыру.

      30. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сәндік-қолданбалы шығармашылықтың даму тарихымен және заманауи бағыттарымен танысу;

      2) құралдарды, материалдармен жұмыстың әртүрлі техникаларын меңгеру;

      3) білім алушыларды технологиялық қызметтің әртүрлі түрлеріне араластыру арқылы технологиялық білім және технологиялық мәдениетті меңгеруі;

      4) халықтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы баланың көркемдік мәдениетін қалыптастыру және дамыту;

      Дамыту:

      1) қол моторикасын, көзбен шамалауды, қиялды, елестетуді, байқампаздықты, көркемдік талғамды дамыту;

      2) танымдық қызығушылықтарын, бейнелі ойлауын, кеңістіктік елестетуін, зияткерлік, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;

      3) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және қол еңбегінің әртүрлі түрлерін меңгеру дағдыларын дамыту;

      4) шығармашылық еңбекке қажеттілігін, қиыншылықтарды жеңу ұмтылысын, қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуді дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) еңбекқорлыққа, үнемділікке, ұқыптылыққа, мақсатқа талпынушылыққа, өз қызметінің нәтижесіне жауапкершілікті тәрбиелеу;

      2) көркемдік талғамын, эстетикалық мәдениетін, шығармашылық бастамасын, психофизикалық шыдамдылығын және жұмысқа қабілеттілігін тәрбиелеу;

      3) білім алушылардың ұлттық-көркемдік мұрасына деген сыйластық көзқарасын тәрбиелеу;

      4) білім алушыларды жалпы адамзаттық мәдениетінің байлығын бейнелейтін мәдени құндылықтар жүйесіне араластыру;

      5) кәсіби өзін-өзін анықтау.

      31. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      32. Бағдарлама қолөнерінің әртүрлі түрлерін меңгеруді үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      33. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      34. Бағдарлама қолөнерінің заманауи техникаларын, бұйым нобайларының сызбаларын, материалдарды жұмысқа, үлгілеуге, сәндеуге және дизайн жасауға дайындауды үйрету үшін жағдай жасайды.

      35. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      36. Білім алушыларды қолөнерге араластыру процесі балалардың көркемдік дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      37. Балалардың көркемдік-шығармашылық қызметі бірінші-екінші сыныптардағы сабақта эмоциялық-сезімталдық негізінде өтеді, үшінші сыныптан бастап жұмыс эмоциялық-бейнелік, шығармашылық бастаманың міндетті түрде сақталуымен көбінесе танымдық-аналитикалық деңгейде құрылады.

      38. Білім алушының оқу қызметінің негізгі түрлері:

      1) жұмыс кезінде жұмыс орнында тәртіпті сақтау және жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын жинау;

      2) бұйымды дайындау кезіндегі табиғи және тоқыма материалдарының түрлері және құрамы туралы алған білімдерін қолдану;

      3) педгогтің жетекшілігімен бұйымның құрылысын талдау, оның міндетін анықтау;

      4) практикалық жұмысты орындауға арналған жұмыс орнын ұйымдастыру;

      5) қайшы, тігін инелері, сақинасы бар түйреуіш сияқты қол құралдарын қауіпсіз қолдану тәсілдерін түсіну;

      6) шаблон, көшірме қағаз, калька арқылы материалдарды үнемдеп белгілеп қою;

      7) меңгерілген материалдардың (маталар, жіптер, ленталар) қасиеттеріне байланысты оларды қолмен өңдеудің оңтайлы және қолжетімді технологиялық тәсілдерін іріктеу және орындау;

      8) суретке, сызбаға және мұғалімнің нұсқауына сүйене отырып, практикалық тапсырманы орындау, өз бетінше сызба және бұйым жасау;

      9) күрделі емес техникалық нысандарды құрастыру және үлгілеу;

      10) суретке, сызбаға сүйене отырып, бұйым дайындаудың технологиялық процесін орындау;

      13) ұжыммен жұмыс.

      39. Бағдарламада білім алушылардың шығармашылық немесе жобалық жұмыстарды орындауы қарастырылған. Білім алушылардың шығармашылық немесе жобалық қызметін ұйымдастыру кезінде жасалатын бұйымның тұтынушылық маңыздылығына назар аударылады.

      40. Бағдарламаның ерекшелігі кез келген бұйымды дайындау процесі нобайларды орындаудан, үздік үлгілердің суретін салудан, композициялардың нұсқаларын құрудан басталады.

      41. Макет жасауды орындаудың алдында материалдарды технологиялық қасиеттері, түсі және бетінің фактурасына қарай іріктеу, бұйымның көркемдік әрлеуді таңдау ескеріледі. Бұйымды дайындау кезінде технологиялықпен қатар эстетикалық, экологиялық және эргономикалық талаптарға көп назар аударады.

      42. Педагог сәндік жұмыспен айналысу процесінде утилитарлық пен көркемдік біртұтастыққа сүйене отырып, білім алушының затты жасау кезінде көрінетін композицияны қабылдауын жүйелі және мақсатты бағытталған түрде қалыптастырады.

      43. Білім алушы сабақта материалдан өзі жасаған бейненің тәуелділігін, оның физикалық қасиеттері және ерекшеліктерін меңгереді.

      44. Материал, оның қасиеттері және технологиясы білім алушыны қатаң шектеуге енгізеді, бейнелеудегі сыртқы ұқсастықтарын беруде оны шектейді және соңғы шарттылық және сәндік кескінді береді.

      45. Педагог балалардың шығармашылық жұмыстарын талқылау және бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) сәндік: пластикалық шешімнің қысқа-жалпылау, шартты-мәнерлеу деңгейіне шығу (композиция, форма, түс, бейнелеу элементтері);

      2) мазмұндылық: алған білімдерін оқу-шығармашылық тапсырмаларда жүзеге асырудың толықтығы, мазмұнды формаларды іздеу;

      3) ерекшелік: қиялдың, елестетудің қызметі, жаңа элементтерді енгізу, тапсырманы жеке оқу.

      46. Білім алушылардың білімдерін бағалауда көрмелер, мейрамдар, жәрмеңкелер сияқты драматургиялық түрде құруға болатын қорытынды сабақтар маңызды мәнге ие болады.

      47. Қорытынды сабақ көрме, викторина, топтардың жарысы формасындағы ойындарды қамтиды.

      48. Педагог шығармашылық сәндік жұмыстарға сюжетті іздеу барысында білім алушылармен бірге орманға, саябаққа, қала көшелерінде экскурсия жасайды. Балалардың табиғатта тапқан заттары және суреттері болашақ композицияның негізі болады.

      49. Білім алушы шығармашылық композициямен жұмыс жасауда ертерек орындалған оқу жаттығуларын, оларға дайындалған суреттерді, натуралық суреттемелерді сәндік формаларда және бейнелерде түсіндіре отырып қолданады.

      50. Сабақтың ерекшеліктерінің бірі білім алушының тапсырманы орындауына ұзақ уақытты талап етіледі. Педагог білім алушының қайталанатын затпен жұмыс жасауда қызығушылығын жоғалтып алмас үшін әр сабақтың қорытындысын және нәтижесін шығарады. Бұл жағдайда білім алушы әр сабақта алдағы уақытта жұмыс жемістілігінің ынтасы болып табылатын өз еңбегінің нәтижесін көреді.

      51. Балалардың шығармашылық қызметін арттырудағы тиімді нәтижелер білім алушылардың орындаған жұмыстарын аралық тексеруге мүмкіндік береді. Педагог ағымдық аралық тексеруде қол жеткізген міндеттерді белгілейді, жаңа міндеттерді қояды. Жалпы аралық тексеруді күрделі тапсырманы орындау кезінде жасауға болады және педагог бір қатенің балаларда жиі қайталанатынын байқайды. Білім алушылар талқылауға қатыса отырып өзін-өзі бақылауға үйренеді.

      52. Үй тапсырамасының мазмұны:

      1) рефераттар;

      2) презентациялар;

      3) нобайларды әзірлеу;

      4) шығармашылық жобаларды дайындау және қорғау;

      6) көрмелерге, мұражайларға бару;

      7) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      53. Білім алушының жеке сабақтарын белсендіру үшін қолданылатын жұмыс формалары:

      1) оқу тапсырмасын орындауды талдау (білім алушы бағалайды, жіберілге қателіктерді белгілейді);

      2) жаттығулармен, шығармалармен жұмыс жасауға қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын күнделікке жазады;

      3) үй тапсырмасына дайындық туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар және қиындықтарды жою туралы баяндайды).

      55. "Қолөнер" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Компьютерлік графика", "Экспериментальдік үлгілеу" пәндерімен пәнаралық байланыс білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      56. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сәндік-қолданбалы шығармашылығының даму тарихымен, қолөнердің түрлерімен, қолөнердің заманауи креативті бағыттарымен танысу;

      2) аппликация, көп жоспарлы пейзаждық апплкацияны орындау кезіндегі ерекшеліктер, әртүрлі материалдарды қолдана отырып картонда жазық аппликацияны жасау, көлемді аппликацияны дайындау технологиясы туралы білімдерді меңгеру:

      3) композицияның негізгі заңдарымен, оның суреттеу құралдарымен, мата, тері, драптың қасиеттерімен, әртүрлі материалдардан ойыншықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, кәдесыйларды дайындаумен танысу;

      4) тігудің негізгі түрлері, маталарды біріктіру тәсілдері, түсті суретті іріктеу туралы білімдерді қалыптастыру;

      5) кесте тігудің даму тарихымен, кестелеу тәсілдерімен, кестелеудің ерекшеліктерімен, практикада тігістерді орындаумен, киімді безендіру үшін қолданылатын өрнектен композицияны құрастырумен таныстыру; практикада әртүрлі материалдармен жұмыс жасау тәсілдерін сауатты қолдану.

      57. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасының ережелері. Құралдармен және материалдармен танысу. Сәндік-қолданбалы шығармашылықтың даму тарихы. Қолөнердің түрлері. Креативті қолөнердің заманауи бағыттары.

      Аппликация. Аппликация – көркемдік шығармашылықтың бір түрі. Аппликацияны жасау тарихы. Аппликациялық жұмыстың түрлері. Аппликация – фонда (негізде) бөлшектерді тігу арқылы бейне жасау. Дайын формалардан қарапайым аппликация – материалда орындалған жануарлардың, гүлдердің, жапырақтардың бейнесі.

      Практика. Мақта дискілерінен "Жануар" аппликациясын дайындау. Түрлі-түсті картон немесе түсті тығыз қағаз. Фон. Түрпішіні бойынша табанға, құлаққа ұқсас бөлшектерді дайындау. Қағаз бетіне дайындаманы орналастыру. Түрлі-түсті қағаздан көз және мұрынды дайындау. Аппликацияны безендіру.

      2-тақырып. Өзінің нобайы немесе шаблоны бойынша еркін (немесе пейзаждық) аппликация. Аппликацияның күрделілігі (композицияны жасау және түстік шешімді таңдау). Панно, кілем дайындау кезінде пейзаждық аппликацияны пайдалану. Киімді, сөмкені сәндік безендіру үшін пейзаждық аппликацияны пайдалану.

      Пейзаждық аппликациядағы элементтер (шартты бейнелер): таулар, орманның сұлбасы, күн және бұлттардың бейнесі, ағаштардың және бұталардың, құрылыстардың сұлбалары, адамдардың және жануарлардың дене бітімдері. Мата құрақтарын іріктеу: фактура, түс, сурет, қалыңдығы бойынша. Матаның физикалық-механикалық және техноогиялық қасиеттерін ескеру.

      Пейзаждық аппликацияның көп жоспарлығы. Мата бетінің ерекшеліктерімен (жалтылдауы, жылтырауы, шағылуы, кедір-бұдырлығы, үлпілдек, жұмсақтығы, қаттылығы) байланысты көру иллюзиясының түсін және көру арқылы сезінуді дұрыс пайдалану.

      Әртүрлі қасиеттері бар (созылмалы, бүрмеленген, қатты қатпарлар қалпын сақтаушы) материалдарды, қосалқы материалдарды (атлас ленталар, шілтер, жиектеме, сутаж) пайдалану.

      Машинамен және қолмен кестелеуді қолдану. Қолдан тігілген кесте ("инені алдыға қарай" тігісі, сабақты тігіс, ілмелі тігіс, торлама тігіс, ілмекті бекіту, өрме тігіс, тік және қисық тығыз кестелеу).

      Суретке қосымша бедерлік беру үшін синтепонды қолдану. Құрақтарды бояу беріктілігін тексеру.

      Суретті дайындау, оны негізгі матаға және қағаздың бетіне ауыстыру. Үлгіні дайындау.

      Бөлшектерді түйреуіштермен негізге (фонға) бекіту, оны қосымша көктеу, бөлшек қиындысының шетін зигзаг тәрізді тармақтармен өңдеу.

      Көп жоспарлы пейзаждық аппликацияларды орындау кезіндегі ерекшелік. Композицияның әрбір элементі үшін операцияның біртіндеушілігі: артқы планның бөлшектерінен (аспан, көкжиек сызықтары) бастап және алдыңғы планның бөлшектерімен аяқтайды. Бөлшектерді түсте бастыра тігу үшін жіптерді іріктеу.

      3-тақырып. Бөлшектердің шетін өңдеудің негізгі тәсілдері. Қалыңдығы орташа тығыз тоқылған, жұқа маталардан жасалған бөлшектерге арналған желімдік төсеуді қолдану арқылы машиналық тәсіл.

      Қол тәсілі. Бөлшектің шетін бекіту: қиғаш май тігістермен декоративті тігу; "тығыз" кестелеу техникасымен; крест тәрізді майда тігістермен; торлама тігісімен, сабақты тігісімен; ілмелі тігіспен;

      Практика. Бөлшектің шетін өңдеу тәсілдерін мата кесіндісінде орындау.

      4-тақырып. Көлемді аппликация. Композиция түсінігі. Композицияның құрылысы. Оның негізгі заңдары: тұтастық, тепе-теңдік, қатар бағыну. Композицияның суреттеу құралдары. Декор. Ою-өрнек. Паннодағы жеке бөліктерінің орналасуы. Панно-картиналарды жасау үшін тегіс ойыншықтарды және синтепонды қолдану. Көлемді аппликацияны картонға бекіту.

      Практика. "Күзгі қиялдар", "Балықтар", "Көбелек", "Күз" тақырыбына жеке нобай бойынша панно жасау. "Китти", "Ханқызы" инешек аппликациясы.

      5-тақырып. Халық қуыршақтарының түрлері, олардың жіктелуі және міндеті. Жіптен жасалатын ойыншықтар. Болашақ ойыншықтың қаңқасын дайындау. Ойыншықтың дене бітімін дайындау. Қаңқаны жіптермен орау. Декорациялау және қорытынды бөлшектер (көзі, мұрны). Ойыншықтарға арналған киім дайындау.

      Домалақ түйіншектің негізінде жіптен ойыншық дайындау. Картоннан сақина дайындау. Жіптермен тығыз оралған сақина жасау. Домалақ түйіншекті жасау. Бірнеше домалақ түйіншектерден жасалған қуыршақ. Түймелермен, көзі және мұрнын қағазбен безендіру.

      6-тақырып. Қол тігістерінің түрлерімен танысу: инені алға, инемен бірге, "қайып тігу", ілмекті, "айқас"; ілмеленген және сабақты тігіс.

      Практика. Косметика заттарын салатын сөмкені дайындау. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Тігуге арналған құрылғылар, құралдар және жабдықтар.

      Косметика заттарын салатын сөмкені пішудің сызбаүлгісі. Маталарды іріктеу. Косметика заттарын салатын сөмкені пішу. Тігу технологиясы. "Инемен артқа қарай" тігісі. Машиналық тігіс. Косметика заттарын салатын сөмкенің жоғары бөлшегіне төсем бөлшектерін жапсыру. Косметика заттарын салатын сөмкенің шеткі және төменгі тігістерін қайып тігу. Косметика заттарын салатын сөмкені ылғалды-жылумен өңдеу.

      7-тақырып. Телефонға арналған тысқап. Пішу ережесі. Бұйымды біріктіру және безендіру. Маталардың түрлері, олардың қасиеттері. Инелер, жіптер. Тігіс әдібі. Маталарды біріктіру тәсілдері. "Инені алдыға қарай", "инені артқа қарай", "оралған", "жасырын" тігістері.

      Практика. Пішу және бөліктерді кесу ережесі. Жіпті инеге өткізу, түйінді тоқу. Әртүрлі тігістің түрлерін меңгеру. Инені алға" тігісі, "инені артқа қарай" тігісі, "оралған" және "жасырын" тігістері. Әртүрлі тігіс түрлерімен майлықты кестелеу.

      8-тақырып. Драптан ойыншық дайындау. Тығыз маталармен жұмыс жасаудың ерекшелігі. Драппен, шұғамен, жұқа киізбен танысу. Пішудің, біріктірудің ерекшеліктері. Әрлеу тігістері.

      Практика. Ойыншықтың (жануардың) нобайын құрастыру. Ойыншықтың суретін альбомға салу. Тегіс ойыншықтарды дайындау ерекшеліктерін зерттеуді жалғастыру. Физикалық қасиеттеріне сәйкес маталарды іріктеу. Драптан бөлшектерді пішу. Тұлғаның бөлшектерін "ілмек" тігіс арқылы құрастыру. Құлақ бөлшектерін жұп-жұппен "ілмек" тігісімен тігу. Көзді былғарыдан немесе жұқа киізден, құйрығын жүн жіптерді өру тәсілімен дайындау. Ойыншықты өңдеуді орындау.

      9-тақырып. Теріден ойыншық дайындау. Терінің түрлері. Теріні матамен біріктіру. Конструкциялау және бұйым бөлшектерін біріктірудегі жүйелік. Дизайнерлік қиял, форма, ойыншықтың өлшемі, дайындау ерекшеліктері.

      Практика. Ойыншықты дайындау. Түсі бойынша жасанды теріні іріктеу. Түс бойынша драпты іріктеу. Ойыншықты пішу. Әртүрлі тігіс түрлерін қолдана отырып, ойыншықтың бөлшектерін тігу. Толтыратын материалдармен дайын ойыншықты толтыру. Ойыншықты құрастыру және безендіру.

      10-тақырып. Қуыршаққа, ойыншықтарға (жануарлар, құстар) арналған киімдер дайындау. Киімді пішу әдістері. Үлгілерді қолдану.

      Практика. Пішудің негіздері. Қуыршақтың өлшемін алу. Қағазға дайын киімнің нобайын салу. Матаға дайын киімнің нобайын салу. Бұйымды кесу. Бұйымды тігу.

      11-тақырып. Кесте тігу. Кесте тігудің даму тарихы. Кестелеу тәсілдерінің әртүрлілігі. Кесте тігудің кең таралған түрлері және олардың ерекшеліктері. Жалпы және арнайы композицияның негіздері. Өрнек құрылымының ерекшеліктері, кестелеу ою-өрнегіндегі бейнелеу мотивтерінің түрпішін және түс ерекшеліктері, ырғақ пен симметрияның мәні, өрнектердің түрлері.

      Жұмыс орнын жабдықтау. Кесте тігуге арналған құралдар, материалдар және құрылғылар. Үтікпен, қайшымен, инелермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі. Өрнекті үлкейту және кішірейту. Аппликация түсінігі және оны орындау техникасы. Аппликация үзінділерін матаға бекіту әдістемесі.

      Практика. Асханаға арналған тұтқышты, майлықты, картинаны, қабырғаға ілінетін панноны, үй жайлылығының заттарын дайындау. Тігіс үлгілерін орындау. Кесте тігу үшін суретті үлкейту және кішірейту. Аппликацияға арналған маталарды, жіптерді іріктеу. Аппликацияға арналған матаны пішу және оны жапсыру. Дайын бұйымды безендіру.

      12-тақырып. Кесте тігу. Кестелеудің түрлері. Тігіс үлгілерін орындау. Крестпен кестелеп тігудің негіздері. Крестпен кестелеп тігудің тәсілдері және орындау техникасы. Кенеп және маталар. Кенептің үстіне сурет салу.

      Практика. Матаны немесе кенепке кесте тігу үшін керекті заттарды іріктеу. Суретті арнайы қарындаштың көмегімен салу. Крестпен кестелеп тігу үшін дайын жинақпен жұмыс істеу. Шеттерін безендіру. Бұрыштарды кестелеу. Кестені жуу және үтіктеу. Таңдау бойынша шығармашылық жұмысты ресімдеу.

      13-тақырып. Есепті тігістер. Есепті тігістерінің түрлері, оларды бұйымдарда пайдалану.

      Практика. Жұмысты орындау: қайып тігу тігістері (матаның арқауын тартып алу жолымен жасалған шілтер, қайып тігу); матаның бетінде орындалатын (крест, көркем сурет, қос крест, жинақ, қисық сыру) есепті кестелеулер.

      14-тақырып. Крестпен кестелеп тігу. Теориялық сабақ. Техниканың ерекшелігі. Кресттің түрлері. Тігісті орындау тәсілдері. Майда тігістерді орындау жүйелілігі. Әртүрлі бұйымдарды безендіру үшін крестпен кестелеп тігуді қолдану.

      Практика. Үлгілерді орындау: жартылай крест тігіс (гобелендік); ішкі жағынан тік тігістермен орындалған крест. Таңдау бойынша жұмысты орындау: "Түймеқыз", "Мысық", "Қоян", "Кактус", "Шиелер".

      15-тақырып. Панно дайындау. Лентамен жұмыс. Ені, ұзындығы және түсі әртүрлі ленталармен кесте тігу. Кергішті қолдану. Кергіштің өлшемін таңдау. Түстік гамма бойынша ленталармен жұмыс жасауға арналған іріктеу.

      Практика. Түрлі түсті ленталардан "шахмат" өру. Гүл жасауды орындау. "Гүлдер" панносы. Гүлдері бар себетті және әрбір гүлді жүйелі кестелеу. Кенепте немесе матада кестелеу.

      16-тақырып. Кесте тігу. Киімді сәндік безендіру. Киімді безендіруге пайдаланылатын өрнектер мен тігістер. Композицияны құрастыру және кестелеу. Суретті таңдау және оны матаға көшіру. Жұмысқа арналған жіптерді және инелерді іріктеу. Жақындарына арналған сыйлық: анасына алжапқыш, әжесіне сөмке, әпкесіне көйлек.

      Практика. Қолөнер журналдарымен жұмыс. Кестелеуге арналған мотивтерді іріктеу, өрнектерді алжапқышта, сөмкеде, көйлекте кестелеу. Сәндік-қолданбалы шығармашылық техникаларын қолдану арқылы қабырғаға ілінетін панноны дайындау (топтық жұмыс).

      58. 1-сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1) сәндік-қолданбалы шығармашылықтың даму тарихын, қолөнер түрлерін, креативті қолөнердің заманауи бағыттарын біледі;

      2) аппликациялық жұмыстың түрлерін, қарапайым аппликацияның технологиясын біледі;

      3) көп жоспарлы пейзаждық аппликацияны орындау кезіндегі ерекшеліктерді, композицияның әрбір элементі үшін операциялардың біртіндеушілігін біледі;

      4) әртүрлі материалдардан көлемді аппликацияны жасай алады;

      5) жіптен ойыншықтар дайындайды;

      6) "инені алдыға қарай", "инені артқа қарай", "қайып тігу", "ілмелі", "айқас", "торлама" және "сабақты" қол тігістерінің түрлерін біледі;

      7) жұмыстың қауіпсіздік ережелерін, тігуге арналған жабдықтарды, құралдарды және құрылғыларды біледі;

      8) косметика заттарын салатын сөмкені тігу, телефонға арналған тысқапты дайындау технологиясын біледі;

      9) драппен, шұғамен, жұқа киізбен жұмыс істеу ерекшеліктерін біледі, қалың маталардан ойыншықтар жасайды;

      10) теріден ойыншықтар жасай алады;

      11) қуыршақтарға, ойыншықтарға арналған киім тіге алады.

      59. 2-сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) құрақ техникасының даму тарихымен, нобайды, бұйымның сызбасын орындаумен, қимаүлгі дайындаумен, түсі және фактурасы бойынша матаны іріктеу, пішумен, құрақ мозаикасының бөліктерін өзара біріктіру технологиясымен, құрақ тігісі техникасында бұйымды соңғы әрлеу және безендірумен танысу;

      2) квилт техникасында бұйымдарды дайынмендаумен, матадан гүл түрінде жасалған әйелдердің әшекейімен таныстыру;

      3) көркемдік тоқуды меңгеру, ілмекпен тоқу тәсілдерін, түс танудың негіздерін, бірдей элементтерді тоқу тәсілдеріне тәуелді тоқылған мата фактурасының өзгеруін, бос жіп қосылған шалумен шеңберді, шаршыны, бес қырлықты тоқу ережелерін білу, тоқылған бұйымдарды дайындау;

      4) шыныдан жасалған бисердің тарихымен, бисермен қарапайым бұйымдарды өру тәсілдерімен, бисерден бижутерияларды дайындаумен, жазық негізде жануарлардың дене бітімін дайындауда қолданылатын бисермен өрудің негізгі тәсілдерімен, қармақ баумен бисер өру негіздерімен, "екі жіптегі" бисерді тізумен танысу.

      60. 2-сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Құрақ құрау техникасының даму тарихы. Құрақ тігудің мүмкіндіктері, оның заманауи сән бағыттарымен байланысы. Бұйым ассортименті.

      Жұмыс орны, оны ұйымдастыру. Құрақ тігу (пэчворк) техникасына үйретуге арналған құралдар, материалдар, құрылғылар және жабдықтар.

      Фактура, түс бойынша маталардың гармониялық үйлесімі. Бұйымның түстік шешімі. Төсеме материалдарды қолдану. Құрақ тігу (пэчворк) техникасында қолданылатын қол және машиналық тігістер. Еңбектің қауіпсіздік ережесі.

      Нобай, оның түрлері, міндеті, орындау тәсілдері және ережесі. Сызба, схема туралы түсінік, олардың айырмашылықтары. Өлшемдер, өлшеу ережелері. Қимаүлгі. Қимаүлгілерді, дайын болған үлгілерді қолдану. Материалдарды жұмысқа дайындау. Ою-өрнек элементтерін пішу үшін қимаүлгілерді қолдану.

      Практика. Фактура және түсі бойынша маталарды іріктеу. Құрақ тігу техникасында қолданылатын төсемдік материалдардың қасиеттерін зерттеу. Құрақ тігуде қолданылатын қол, машина тігістерінің үлгілерін орындау. Нобайды орындау. Сызбаны орындау. Картон немесе қатты қағаздан қимаүлгілер дайындау. Құрақ тігу техникасында бұйымды дайындау (жолақтардан жасалған мозаика).

      2-тақырып. Құрақ мозаика. Құрақ тігудің түрлері. Еңбек қауіпсіздік ережесі. Құрақ тігу техникасында қолданылатын негізгі формалар. Жолақтан тігу. "Шырша", "Құдық" схемасы бойынша үлгілерді жинау ережесі. Шаршыдан тігу. "Шахмат" схемасы бойынша үлгілерді жинау ережесі. Тік бұрышты үшбұрыштар тігу.

      "Диірмен", "Жұлдыз" схемасы бойынша үлгілерін жинау ережесі. Фестондар, олардың түрлері. Бөлшектің шетіне фестондарды дайындау, бекіту ережесі. Қабаты бойынша тік фестондарды бұйымның ортасына қарай және ортасынан ары қарай қою техникасы. Құрақ құрау техникасындағы әрлеу материалдары. Сыру, орындау ережесі.

      3-тақырып. Практика. "Шырша", "Құдық" схемасы бойынша құрақ тігу техникасындағы бұйымның нобайын, сызбазын орындау. Өрнек элементтерін орындау. Еңбек қауіпсіздік ережесі. "Шахмат" схемасы бойынша құрақ тігу техникасындағы бұйымның нобайын, сызбасын орындау. Өрнек элементтерін орындау.

      "Диірмен", "Жұлдыз" схемасы бойынша құрақ тігу техникасындағы бұйымның нобайын, сызбазын орындау. Өрнек элементтерін орындау. Үшбұрыш, шаршы фестондарды қолдана отырып құрақ тігу техникасында бұйымның нобайын, сызбасын орындау. Фестондарды бөлшектің шетіне бекіту.

      Қабаты бойынша тік фестондарды бұйымның ортасына қарай және ортасынан ары қарай қою, оларды бекіту. Құрақ бұйымдарда сыруды қолдану. Бұйымды дайындау. Дайын бұйымды әрлеу.

      4-тақырып. Құрақ тігу техникасында бұйымды дайындау технологиясы. Матадан аппликация жасау. Бұйымның нобайын, сызбасын орындау. Қимаүлгілерді дайындау, түс және фактура бойынша маталарды іріктеу. Пішу. Құрақ мозаиканың бөлшектерін өзара біріктіру технологиясы. Соңғы әрлеу және бұйымды безендіру. Бұйымның сапасына қойылатын талаптар. Еңбек қауіпсіздік ережесі. Практикалық жұмыс. Бұйымды дайындау. Тұтқыш, кілемше, сөмке, ыстық заттардың астына қоюға арналған сүйемел, қабырғаға ілетін панно.

      5-тақырып. Құрақ тігу техникасы. "Орыс шаршысы" техникасы. Схеманы құру ережесі. Орындау технологиясы. Тең қабырғалы үшбұрыштар тігу. Тең қабырғалы үшбұрыштардан бұйымды жинау схемалары: "Қар", "Өрмек", "Бұранда". Тең қабырғалы үшбұрыштарды екі бөлікке бөлу схемасы және оны жинау жүйелілігі.

      Көпбұрышты тігу. "Ара ұясы" техникасы. Схеманы құру ережесі. Төрт бұрышты қиықша тігу. Негізде тігу. "Раушангүл" илтинг схемасы бойынша үлгіні жинау тәртібі. Дайын бұйымды әрлеу. Қисық көмкермемен бұйымның шетін өңдеу технологиясы.

      Практика. Бұйымды дайындау: асханаға арналған жинақ, жұмсақ ойыншық, жиһазға арналған тысқап, панно, кілемше, көрпе.

      6-тақырып. Квилтинг – әртүрлі материалдарды тігу және сыру жолдары арқылы ерекше әдемі ою-өрнектерді және толық картиналарды жасау өнері. Квилтингте пэчворк, тігу, кесте тігу, апплицикацияларды біріктіру. Квилтинг тарихы. Квилтинг стильдері. Квилтингке арналған құралдар. Квилтингке арналған маталар. Квилтинг тігістері.

      Квилт қабаттары. Алғашқы декоративті қабат. Пэчворк (құрақ тігу) әдісі немесе қолөнердің басқа стильдерін қолдану. Төсеме. Ішкі қабат. Интерьердегі квилт: көрпе, жамылғы, жастықтар, перделер, кілемдер, жұмсақ жиһазды перделеу, картиналар, панно және квилт техникасындағы киім.

      Практика. Қайшыға арналған кестесі бар, үш бөлімді тысқапты, шай демдейтін шәйнекке арналған жылытқыны, лаванда толтырмасы бар хош иісті періштелерді, себеттерді, дастарханды және сөмкелерді (білім алушының таңдауымен) дайындау.

      7-тақырып. Матадан гүл түрінде жасалған әйелдер әшекейін дайындау. Жұмыс орны, оны ұйымдастыру. Құралдар, материалдар және жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы.

      Практика. Матадан гүлдерді қадамдық дайындау. Органза, атлас немесе шифоннан жасалған жасанды гүлдер.

      8-тақырып. Ілмекпен тоқу. Көркемдік тоқудың даму тарихы. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Жұмысқа қажетті құралдар және материалдар. Тоқуға арналған ілмектермен, қайшы, тігін инелерімен, электр үтікпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері.

      Тоқуға қолданылатын жіптердің шығу тегі және қасиеттері. Талшықтың түрлері (табиғи и химиялық). Химиялық талшықтың түрлері және қолданылуы. Жіптің сапасына және тоқылған кенеп матаның тығыздығына байланысты бұйымдар сапасы мен қасиеті. Трикотаж матаның қасиеті.

      Ілмекпен тоқу тарихы. Ілмек және иірілген жіпті таңдау. Жұмыс кезіндегі қолдың қалпы. Ілмекпен тоқудың негізгі тәсілдері. Алғашқы ілгектің пайда болуы. Шартты белгісі. "Раппорт" түсінігі. Схеманы оқу ережесі. "Үлпілдек ілгекпен өрілген тізбек", "бос жіп қосылмай қысқа шалу", "бос жіп қосылмай шалу", "бос жіп қосылған қысқа шалу", "бос жіп қосылған шалу", "екі жіп қосылған шалу", "бұрамалы шалу", "көпірме шалу", "бос жіп қосылған рельефті оң шалу", "бос жіп қосылған рельефті теріс шалу", "қосымша бос жіп қосылған рельефті теріс шалу", "ұлу қабыршағы", "ұлу қабыршағының аяқшасы", "екі бос жіп қосылған шалуы бар тоқылмаған түйін" түсініктері. Әртүрлі өрнектерді тоқу ерекшеліктері.

      Практика. Тоқу тәсілдерін өңдеу: бастапқы ілгек, үлпілдек ілгек, көтеруге арналған ілгек, жартылай ілгек, бос жіп қосылмаған шалу, қысқа шалу, бос жіп қосылған шалу.

      9-тақырып. Бағаналар және үлпілдек ілгектермен жаттығулар. Тоқудың негізгі тәсілдерінің шартты белгілерін салу: үлпілдек ілгек және бағаналар. Тұтқышты орындауға арналған схеманы салу.

      Практика. Схема бойынша үлгіні тоқу. Шаршы тәрізді тұтқыштың өлшемін анықтауға арналған ілгектің есебі. Тұтқышты тоқу және безендіру.

      10-тақырып. Түстану негіздері. Түс туралы түсінік. Түстің қасиеттері: реңк (жарық күші), түс бояулары, қанықтығы. Жылы және суық түстер, ахроматикалық және хроматикалық. Түс спектрі. Түсті өлшеу шеңбері. Негізгі және қосымша түстер. Түстің нышандық мәні.

      11-тақырып. Өрнекті кенеп матаны тоқу. Қайталанатын элементтерді тоқу тәсілін өзгертуге байланысты тоқылған мата фактурасының өзгеруі. Шеңбер, шаршы, бесқырлықты (көпқырлықты) тоқу. Майлық схемасын талдау.

      Практика. Үш үлгіні бос жіптің қосылуынсыз бағаналармен тоқу: шеңбердің, шаршының, бесқырлықтың үлгілері.

      12-тақырып. Қуыршаққа арналған шәлі. Шәліні бір және бірнеше түстердегі жіптен бұрыштан және жоғары жағынан тоқу. Шәліні жеке мотивтерден және кестелеу арқылы тоқу. Өрнектерді және мотивтерді орындау схемасын салу.

      Практика. Ілгектің үлгісін және есебін орындау. Шәлі тоқу. Орамалға арналған өрнектерді алу. Бұйымды безендіру.

      13-тақырып. Сөмке. Дорба сөмкені және тікбұрыш, сопақша, шеңбер формасындағы түбі бар сөмкені тоқудың ерекшеліктері. Жеке мотивтерден жасалатын сөмке. Өрнектер схемасын салу.

      Практика. Үлгіні тоқу, ілгектерді есептеу. Сөмкені тоқу, оны безендіру, түймелікті орындау. Өрнектерді және мотивтерді тоқу.

      14-тақырып. Бисермен жұмыс. Бисер түрлері. Шыныдан жасалған бисердің тарихы. Бисерді пайдалану. Бисерден қарапайым бұйымдарды өру тәсілдері. Бисерден бижутерия дайындау. Бижутерия түрлері. Жұқа селдір өру негіздерін зерттеу. Бұйымдар нобайларын талдау. Әшекей формаларын іріктеу ережелері. Түстердің үйлесімі.

      Практика. Бисерден бижутерия дайындау. Жұмыс тәртібі. Құралдар, материалдар және құрылғылар. Қауіпсіздік техникасы.

      15-тақырып. Бисерден жасалатын жазық фигуралар. Жазық негізде жануарлар фигураларын дайындау үшін қолданылатын бисермен тоқудың негізгі тәсілдері: параллельді, ілгекті және шанышпалы тоқу. Денесін, қанаттарын, көздерін, мұртын, табандарын орындау техникасы. Үлгілерді талдау. Схемаларды салу.

      Практика. Зерттелген тәсілдердің негізінде жеке элементтерді орындау. Сәнді түйреуішті құрастыру. Сәнді түйреуіштерге арналған негізді дайындау. Композицияны құрастыру. Композиция элементтерін негізге жапсыру. Безендіру.

      16-тақырып. Қармақ бау арқылы бисермен тоқудың негіздері. "Бір жіпке" бисерді тізу. Фенечка тарихы. Нобайлар. Жұмыс сурреттері. Бисермен тоқудың дәстүрлі түрлері. Техниканы зерделеу: қарапайым тізбек, ұсақ моншақтары бар тізбек, дөңесті тізбек, ілгекті тізбек, "зигзаг" тізбегі, "жылан" тізбегі, алты күлтелі гүл тізбегі, сегіз күлтелі гүл тізбегі, "сегіздік", салпыншақты тізбек.

      Практика. Бисермен тоқудың тәсілдерін меңгеру. Әртүрлі фенечкаларды, сақина, бау, алқа, қуыршаққа арналған әшекейді орындау бойынша жаттығу.

      17-тақырып. "Екі жіпке" бисерді тізу. Техникаларды зерделеу: "крест", "сақина" тәрізді тізбек. Тізбектердің "крест" тәрізді тегіс және көлемді бірігуінің әртүрлі тәсілдері. Тізбекке "сақинаны" тоқу. Орындаудың міндеті және жүйелілігі. Шартты белгілері. Қарапайым схемаларды талдау және салу.

      Практика. Бисермен тоқудың тәсілдерін меңгеру. Әртүрлі фенечкаларды сақиналарды, алқаларды орындау бойынша жаттығу.

      61. 2-сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2-сыныпта оқу соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пэчворк жасау тарихын, құрақ тігу және сәннің заманауи мүмкіндіктерін, түстік сауаттылық негіздерін, құрақ тігудің технологиялық негіздерін, құрақ тігу техникалары және тәсілдерінің түрлерін біледі;

      2) әртүрлі өрнекті іріктейді және құрай алады, ою-өрнектерді жасайды, ою-өрнектің түрлерін, бұйымдағы өлшемі мен орнын анықтайды, құрақтан жасалған бұйымның нобайлары мен үлгісін орындайды, құрақ тігудің технологиялық негіздерін орындайды, құрақ тігудің алуан түрлі техникасын орындайды, құрақ тігу техникасында бұйымды дайындайды;

      3) квилтинг туралы түсінікті біледі, квилтинг тарихын, квилтинг стильдерін, квилт техникасында киім дайындау технологиясын біледі;

      4) ілмекпен тоқудың негізгі тәсілдерін, жұмыс кезіндегі қолдың қалпын, тоқудың негізгі тәсілдерін біледі;

      5) тоқу үшін материалдарды дайындай алады, ілмекті және жіпті таңдай алады, тоқу схемасын оқи алады, тоқуға арналған қарапайым бұйымның үлгісін құрастыруды, бұйымды тоқиды және безендіре алады;

      6) матадан гүл түрінде жасалған әйелдер әшекейлерін дайындау техникасын біледі;

      7) бисермен тоқу тарихындағы кейбір деректерді, бисермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техника ережелерін, жұмыс орнын ұйымдастыру ережесін біледі;

      8) бұйымды сапалы орындай алады, дайын схемаларды оқи алады; өз жұмыстарының схемаларын құрастыра алады.

      62. 3-сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) "тенериф" тоқу тарихымен, тоқудың технологиялық жүйелілігімен танысу;

      2) жұмыс орнын ұйымдастыру, құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      63. 3-сынып оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Құралдар, материалдар және құрылғылар.

      "Тенериф" тоқу тарихы. Қолөнер түрі туралы алғашқы білімнің қалыптасуы.

      "Дөңгелек қимаүлгі", "шаршы қимаүлгі", "қимаүлгі", "ою-өрнек", "төсем", "өрнектің раппорты", "торлы кездеме", "үлпілдек ілгекті тізбек", "бос жіп қосылған шалу, бос жіп қосусыз шалу", "торды керу" ұғымдары туралы жалпы түсінік.

      Декорацияланған тұрмыстық заттарды көрсету. "Көркем сурет" техникасы. Тоқуға дайындық. Қимаүлгілерді және материалдарды жұмысқа дайындау. Қимаүлгілерді дайындау тәсілдерін көрсету.

      2-тақырып. Қауіпсіздік еңбек тәсілдері. Ілмекпен тенериф стилінде байланысқан бұйымдарды дайындаудың жүйелілік технологиясы. Дөңгелек мотивті тоқу. Тоқудың технологиялық жүйелілігі. Қимаүлгіде жіптерді керуді орындау бойынша дағдылардың қалыптасуы.

      Дөңгелек мотивті тоқу тәсілдерін орындау. Бұйымның нобайын әзірлеу. Тоқудың дөңгелек мотивтерін дайындау. Оларды бұйымға біріктіру.

      3-тақырып. Төртбұрышты қимаүлгіде тенериф мотивтерін тоқудың негізгі тәсілдері. Төртбұрышты қимаүлгіде тенериф мотивтерін тоқу икемділіктерін қалыптастыру. Төртбұрышты қимаүлгіге жіптерді керу. Жіптерді бекіту.

      4-тақырып. Сызғыш көмегімен тенериф шілтерін тоқу. Үлдір кенепті тоқу техникасы. Сызғышта тоқу тәсілдері.

      5-тақырып. Тоқудың бір тәсілімен тік кенеп матаны тоқу үлгісін орындау. Тік кенеп мата тәсілі. Үлдір мотивтің тәсілі. Дөңгелек мотивтің тәсілі.

      6-тақырып. Декупаж – қолөнердің түрі. "Декупаж" техникасында жұмыстарды дайындау технологиясы. Декупаж түрлері. Декупаждың негізгі тәсілдері. Қолөнерге арналған құралдар және құрылғылар. Техниканың пайда болу тарихы. Декорацияланған үстіңгі бетті дайындау тәсілдері. "Декупаж" техникасы. Затты көркемдік әшекейлеу имитациясы. Жапсырылған ою-өрнекке біршама көлем және "шынайылық" беру.

      7-тақырып. Практикалық жұмыс. Декорациялауға арналған зат (керамикалық тәрелке). Декупажға арналған мотив. Құралдар: акрилды бояулар, акрил бояуларға арналған кебуді баяулатқыш, акрилды лак, акрилды грунт, сорғыш, қылқаламдар, қайшы. Декорацияланатын майлықты дайындау.

      8-тақырып. Үстіңгі бетін дайындау. Бетін тегістеу, бояу, декорды жапсыру. Декорацияланатын керамикалық тәрелкеге бөлшектер суретін салу. Затты декорациялау. Декупаждалған бетін лакпен бояу. Кептіру. Көркемдік декупаж.

      "Декупаж" техниксында жұмыстарды соңғы өңдеу. Соңғы әрлеу. Лак жағу немесе шыны астында безендіру. Жұмыста қосымша эффектілерді орындау. Декоративті тәрелкені соңғы әрлеу жұмыстарын орындау.

      9-тақырып. Жіппен бейнелеу. Жіппен бейнелеудің тарихы. Қазіргі уақыттағы жіппен бейнелеу. Кіріспе сабақ. Жұмыс орны. Құралдар. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жіптер, жіптердің бейнелеу қасиеті. Жіптердің алуан түрлі түрлері. Құрылымы, сапасы. Суретті көшіру түрлері және нүктелер санын анықтау (өтпелі тесік) және оларды белгілеу. Жұмыстан кейін бұйымды өңдеу. Иненің өтпелі тесігіне жіпті кіргізу білігін қалыптастыру бойынша пысықтау жаттығулары.

      10-тақырып. Негізгі графикалық тігістердің техникасымен танысу. Саны бойынша кестелеу техникасымен танысу. Бұрыштар. Бұрышты инемен толтыру. Дағдыны қалыптастыру жаттығулары. Фотосуретке арналған жиектеме. Фотосуретке арналған қос жиектеме.

      Практикалық жұмыстарды орындау. Жіп графикасы – сәндік-қолданбалы шығармашылықтың тарауы. Суреттерді жинау бойынша қимыл координациясын қалыптастыру. Жапырақ. Гүл. Әртүрлі заттарды сәндеуге арналған бұрыштар.

      11-тақырып. Шеңберді жіппен толтыру. Сандар бойынша кестелеу техникасымен танысу. Суреттегі сызықтың аяқталған орнын анықтау. Шеңберді жіппен бейнелеумен толтыру тәсілдері. Шеңбер бойынша жіпті керудің классикалық моделі. Практикалық жұмыстар. Гүл. Хорда ұзындығының және шеңбердің жалпы түрінің өзара байланысы. Дөңгелек. Шеңбер. Практикалық жұмыстарды орындау. "Сабын көпіршіктері". Пысықтау жаттығулары. Хорда ұзындығының және шеңбердің жалпы түрінің өзара байланысы.

      12-тақырып. Шаршыны жіппен толтыру. Хорда ұзындығы. Жұмыс қағидаты. Қолды жаттықтыруға арналған шаршылар. Өтпелі тесік. Хорда ұзындығы. Пысықтау жаттығулары. Суреттерді орындау. Көңілді кубиктер. Практикалық жұмыс. Үлгілердің графикасы. Үйшіктер. Квадраттағы, жолақтағы, шеңбердегі өрнектер.

      13-тақырып. "Шатастырма" техникасымен танысу. Жұмыстың қағидаттары. Сыртқы және ішкі бет жағы.

      14-тақырып. Геометриялық фигураны жазықтықта өтпелі саңылаулар арқылы керілген жіптердің көмегімен шырмалау. Пысықтау жаттығулары. Қарапайым геометриялық пішіндерді жіппен толтыру. Жіп графикасы техникасын өңдеу бойынша практикалық сабақ.

      15-тақырып. Қоршаулар. Практикалық жұмысты орындау. Торлар. Практикалық жұмысты орындау. Зигзагтар. Практикалық жұмысты орындау. Жіптерді өру және қарапайым геометриялық фигураларды алу. Оны аяқтағаннан кейін жұмысты өңдеу.

      16-тақырып. Сиқырлы "өрмекпен" танысу. Қажетті материалдар. Жұмыстың қағидаттары. Берілген техникада жұмыстарды орындаумен танысу. Шарларды өңдеу. Пысықтау жаттығулары – жіптен жасалған қарапайым шар. Шарды дайындау. Аппликацияны қолдана отырып бұйым дайындау. Бұйымды жинау.

      17-тақырып. Жиектемелер. Жіптерді жазықтықта керу. Жіптерді керу үшін жазықтықты қолдану. Картон. Шыртылдақ түймелерді жабыстыру. Тығыз картон шеңберіндегі практикалық сабақ. Тоқуды қолдану.

      18-тақырып. Өтпелі тесік арқылы жіптерді керу. Геометриялық пішіндер. Бұрыштар және шеңберлердің суреттерімен жұмыс жасау кезінде жұмыс қағидаттарының қайталануы. Тұрмыс заттарда жіптерді керу. Жиектемені әшекейлеу. Тұрмыс заттарда жіптерді керу. Дискілерді әшекейлеу. Тұрмыс заттарда жіптерді керу. Майлықтар. Тұрмыс заттарда жіптерді керу. Киімді әшекейлеу.

      19-тақырып. Композицияны жасау кезінде CorelDraw [Корел драв] бағдарламасын қолдану. Композицияны жасау кезінде Компас бағдарламасын қолдану.

      20-тақырып. Киімді безендірудегі жіппен бейнелеу. Интерьердегі жіппен бейнелеу.

      64. 3-сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3-сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) декупаж, "тенериф", "инемен бейнелеу" тоқу техникасымен жұмыс жасау кезінде қолданылатын материалдардың, құралдардың және құрылғылардың қасиеттері туралы алғашқы деректерді біледі;

      2) пропорция туралы түсінікті біледі;

      3) түстік үйлесім туралы алғашқы түсініктерді біледі;

      4) халық дәстүрлері туралы түсінікке ие болады;

      5) жеке бас гигиенасы және қауіпсіздік еңбек ережелерін сақтайды;

      6) өз жұмысын жоспарлай алады;

      7) құралдармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;

      8) дөңгелек, шаршы қимаүлгімен жұмыс жасай алады;

      9) суретті схемалы сипаттауды қолдана алады;

      10) сызғыштың көмегімен шілтерді өру тәсілін меңгереді;

      11) кәдесый бұйымдарды дайындайды;

      12) бұйымды әшекейлеу тәсілін меңгереді.

      65. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Білім алушы біледі:

      1) сәндік-қолданбалы шығармашылықтың түрлерін, қолөнер тарихын;

      2) қол еңбегінің құралдарының және құрылғыларының атауын және тағайындалуын;

      3) материалдардың атауы және тағайындалуын, олардың қарапа йым құрамын, қолданылуын, өңдеудің қолданылуы және қолжетімді тәсілдерін;

      4) жұмыс орнын ұйымдастыру ережесін, әртүрлі материалдармен жұмыс істеу кезінде еңбектің қауіпсіздік және жеке гигиеналық ережелерін;

      Білім алушы:

      1) практикада алған дағдыларын қолдана отырып, өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды, қол еңбегінің құралдарын қолдануды;

      2) әртүрлі материалдармен және құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік еңбек ережесін және жеке гигиенаны сақтауды;

      3) пән бойынша алған білім, білік және дағдыларын қолдана отырып өз бетінше технологияға сәйкес жұмысты орындауды;

      4) сәндік-қолданбалы саласындағы керекті ақпаратты іздеуді жүзеге асыруды біледі.

      Білім алушыда қалыптасқан дағдылар:

      1) өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау;

      2) сәндік-қолданбалы шығармашылықтың заманауи технологиясымен жұмыс жасау;

      3) сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыс алгоритмін дұрыс орындау, сақтау;

      4) қауіпсіз жұмыс.

      66. "Экспериментальдік үлгілеу" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ансамбль – келістілік, қандай да бір тұтастықты құрайтын, бөліктердің тұтастығы, бірнеше заттардан тұратын киімнің жинағы;

      2) ассортиментті топ – нарықтың сол бір сегментінде өндірушілердің ұсынатын тауар түрлерінің өз қызметі бойынша ұқсастықтардың көптігі;

      3) әдіп – тігіске арналған пішу кезіндегі шегініс;

      4) батик – резервте сақталатын құрамдарды қолдана отырып, матада бейнеленген қол өрнегі;

      5) бүгіп көктеу – бөлшектің шеттерін бүгу және тік ұсақ тігістермен уақытша бекіту;

      6) декор – сәулет құрылысының немесе оның ішкі көрінісін сыртқы безендіруді құрайтын элементтердің жиынтығы;

      7) жапсырып тігу – бір бөлшекті екінші бөлшекке немесе тұрақты белгіленгін тігісі бар фурнитураны жапсыру;

      8) жең ойындысы – жеңге арнап үлгіленген ойық, сондай-ақ қолға арналған киімнің ойығы;

      9) иллюзия – үстіртін көрініс, айқын қиял; әсердің заңды өзгерісі;

      10) имидж – өзінің мәртебесіне сай адамның өзін қалай ұстауы керек туралы қоғамдық пікірде қалыптасқан түсініктердің жиынтығы;

      11) киім стилі – ансамбльдың (кең мағынадағы костюмның) келесі белгілері бойынша (немесе олардың жиынтығымен): жасы, жынысы, мамандығы, әлеуметтік мәртебесі, субмәдениетке қатыстылығы, адамның жеке талғамы, қоғам өмірінің кезеңі, ұлты, діни қатыстылығы, орындылығы қызметі, өмір салты және жеке ерекшеліктерімен қабылданған белгілі бір акценттелуі;

      12) киім дизайнері – тігін бұйымдарын жобалаумен және жасаумен айналысатын маман. Киім дизайнердің кәсіби қызметінің саласына киім топтамасының тұжырымдамасын әзірлеу, матаны және фурнитураны іріктеу, киім өндірісін сүйемелдейтін техникалық құжаттамасын құрастыру кіреді;

      13) киім технологиясы – киімді дайындау әдістерінің және тәсілдерінің жиынтығы;

      14) киімді үлгілеу – сәндік-қолданбалы өнердің түрі, адам тұрмысындағы заттарды көркемдік безендіру өнері;

      15) киімді қонструкциялау – адамның дене бітімін өлшеуге негізделген бөлшектер сызбасын жасау жүйесі;

      16) киім бөлшектерін үлгілеу – киім бөлшектерін құрастырудың басты сызбасы негізінде киім үлгілерінің жаңа формаларын әзірлеу;

      17) костюм композициясындағы нюанс – ұқсастықтары бойынша бір-біріне жақындайтын форманың біркелкі элементтерінің қатынасы;

      18) костюмнің композициясы – белгілі бір идеяны, ойды, бейнені білдіретін барлық элементтерін бір тұтастыққа біріктіру. Костюмнің элементтері форма, материал, оның қасиеті, түсі, құрылымдық және сәндік сызықтары болып табылады;

      19) костюм композициясындағы ұқсастық – форманың біркелкі элементтерінің толық ұқсастығы;

      20) көмкерме – тоқыма және тері бұйымдарының қиықтары мен ойықтарын таза өңдеуге арналған, тігінде қолданылатын пішім бөлшегі;

      21) көктеу бұл (көктеу) – көлемі бойынша шамамен тең екі бөлшекті уақытша біріктіру;

      22) конструктивті сызықтар – форманы қалыптастыруға белсенді қатысатын және жиі сәндік жүктеме түсірілмейтін киім бөлшектерінің контурлық сызықтары;

      23) қондыра көктеу – сопақша сұлба бойынша екі бөлшекті біріктіру;

      24) лекало (сызба үлгі) – киімнің жаңа үлгілерін (үлгілік конструкцияларын) жасауға арналған негіз ретінде қолданылатын құрылымның базалық негізгі сызбасынан көшірілген бөлшектер;

      25) нобай – көркем туындының түпкі ойын, құрылыстың, оның механизмі және жеке бөлігін белгілейтін алғашқы сызбасы;

      26) нюанс – элемент сипаттамасының арттыру немесе азайту жағына біртіндеп ауысуы;

      27) оптикалық түзетулер – көркемдік бейненің белгілі бір жағын айқындау үшін қолданылатын композициялық тәсіл, заттардың мөлшері туралы керекті әсерді жасау, басты элементтің мәнерлілігін күшейту, бұйымның монументтігін айқындау;

      28) ритм – салыстырмалы элементтер қасиеттері қатарының заңды түрде кезектесуі, қайталануы, жүйелік өзгеруі; ритмнің қарапайым түрі – бірдей формалардың және интервалдардың (қатпарлардың, рельеф, қарсы ілгекті түйелердің орналасуы) қайталануы;

      29) симметриялық костюм – белгілі бір тәртіпте симметрия осіне біршама тік орналасқан, геометриялық тең бөліктерден және элементтерден тұратын костюм;

      30) суретші-модельер – киімдердің, аяқ киімдердің, бас киімдердің, аксессуарлардың жаңа үлгілерін әзірлеуші маман;

      31) үлгі – өтпелі тесігі бар және тесік жиегінен пластинаның төменгі шетінен өтетін өтпелі қиығы бар пластина, мата жолақтарының еркін формасын көрсететін берілген элементтердің модификациясына сәйкес әртүрлі үйлесімде бір-бірімен қосылған тәсілі, сондай-ақ әртүрлі үйлесімде бір-бірімен қосылған қатты негізде еркін бүрмеленген фигураны еркін пішу.

      32) тарқату – тігіс әдіптерін екі жаққа бөлшектеу және оларды уақытша белгіленген тігістермен бекіту;

      33) тепшу – бірінің екіншісіне қойылған, уақытша белгіленген ұсақ тігістермен екі бөлшекті біріктіру;

      34) торлау – бөлшек қиығын қиғаш ұсақ тігістермен немесе тұрақты белгіленген ілгек тәрізділермен өңдеу;

      35) фасон – пішім, киім, аяқ киім, бас киім дайындалатын үлгі;

      36) фигураға матаны түйреу – конструктивті үлгілеудің және киім үлгілерін жасаудың қызықты әдістерінің бірі;

      37) халық мотивтері – заттарды жасайтын заманауи өнердегі халықтық дәстүрлердің қолданылуы;

      67. Бағдарлама мақсаты: киімді өз бетінше жобалау және жасау негіздерін игеру арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу және эстетикалық талғамын дамытуға жағдай жасау.

      68. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) киімді жобалау, үлгілеу және конструкциялау бойынша теориялық білімдерді және практикалық біліктерді бекіту, жалпылау және кеңейту;

      2) білім алушының қызығушылығы және түпкі ойына сәйкес жаңа шығармашылық коллекциялар жасау;

      3) тігін жабдықтарында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

      4) әртүрлі маталармен, фурнитурамен, арнайы жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;

      5) пайда болған қажеттіліктерге сәйкес жаңа білімді өз бетінше игеру қабілеттерін қалыптастыру;

      6) білім алушыны қазақ халқының және басқа халықтардың мәдениетімен таныстыру;

      7) білім алушының сән, оның заңдары және даму бағыттары туралы түсінігін кеңейту.

      Дамыту:

      1) костюмді жасау кезіндегі кәсіби дағдыларды дамыту;

      2) этникалық сарынмен коллекцияларды жасауда стилін, талғамын, синтез сезімін дамыту;

      2) әртүрлі қызмет түрлерінің процесіндегі танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, көркемдік, конструкторлық ойлауын дамыту;

      3) білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, технологиялық сауаттылығын, кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру;

      4) қауіпсіз еңбек тәсілдерінің, материалдарды экологиялық-экономикалық қолданудың дағдыларын қалыптастыру;

      5) білім алушының өзіне және басқаларға арналған киімді жасау процесіне өзінің түпкі ойына сәйкес конструкциялауға, үлгілеуге және әдемі тігуге үйрету арқылы қызығушылығын ояту.

      Тәрбиелік:

      1) көркемдік-эстетикалық талғамын көркемдік қызмет құралдары арқылы қалыптастыру;

      2) көркем өнерге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

      3) жеке және ұжымдық жұмыстың нәтижесіне деген жауапты қарым-қатынастың, ұжымдық шығармашылық қызметінің дағдыларына тәрбиелеу;

      4) еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, өзінің қызметін жоспарлай алуға тәрбиелеу;

      5) бірегей бұйымдарды ойлау, үлгілеу және жасау қабілеттеріне тәрбиелеу.

      69. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарымен анықталады.

      70. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      71. Бағдарлама өзіндік әсері және түсінігінің негізінде киімді үлгілеу техникасын игеруді, қызығушылығымен және идеяларына сәйкес жаңа шығармашылық коллекцияларды жасауды меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      72. Бағдарлама киімді үлгілеу саласындағы теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыруға, білім алушының әрі қарай кәсіби бағдарлануына, заманауи өмір жағдайында әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.

      73. Сабақ жоспары бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан құралады.

      74. Киімді үлгілеу сәндік-қолданбалы өнердің түрі, адамдардың тұрмыстық заттарын көркемдік безендіру өнері болып табылады.Білім алушы сабақта киім композициясының негіздерімен танысады, эстетикалық талғамды дамытады, сән талаптарын және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып өз гардеробын іріктеуге үйренеді.

      75. Педагог білім алушыны киім түрін таңдау кезінде өзінің даралығын, өз талғамын білдіре отырып, сән туралы ақпаратқа, оның негізгі бағыттарын қолдануға бағдарлайды. Білім алушы сәнді пайымдауға үйренеді, ал ол өз кезегінде суретші-модельер ретінде әрі қарай дамуының көзі болып табылады.

      76. Үлгілеудің маңызды шарты суретшінің адамның дене бітімін, оның пластикасын және үйлесімділігін мінсіз білуі, киімнің жеке бөліктерінің гармониялық үйлесімінің және технологияның заңдары мен ережесін білу болып табылады.

      77. Киімді үлгілеу үш қағидаттарға негізделген:

      1) адамның сыртқы және ішкі келбетіне киімнің сәйкес болуы;

      2) киімнің тағайындалуы бойынша сәйкес болуы;

      3) киімнің формасы және міндетіне қарай қолданылатын материалдың сәйкес болуы.

      78. Үлгіні жасау процесі деңгейлерден тұрады:

      1) үлгінің жобасын (композициясы) әзірлеу;

      2) материалда жобаны орындау.

      79. Үлгіні жасау кезеңдері – идеяның пайда болуынан бастап нобайда көрсетілуі, осы идеяның сәйкес материалдарда іске асырылуы – шығармашылық процесс. Процеске суретші (автор), конструктор, орындаушы шебер, манекенші қатысады. Мұнда жетекші рөл суретшіге тиесілі.

      80. Композицямен жұмыс дайындық кезеңінен басталады, суретші келесі мәселелерді шешеді:

      1) киім үлгісі кімге арналып жасалады;

      2) оның міндеті қандай;

      3) киімнің міндетіне қарай қандай форма барынша нақты сәйкес келеді;

      4) көркемдік түпкі ойды іске асыру үшін қандай түсті және фактуралық шешімді қабылдау керек;

      5) жоба-композицияны орындау үшін қандай материалдарды қолдану керек;

      6) болашақ үлгі қандай өндірісте дайындалады.

      81. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) практикалық тапсырмаларды орындау;

      3) презентацияларды орындау;

      4) үлгілердің, нобайлардың жобасын әзірлеу;

      5) материалда жобаны орындау.

      82. Білім алушының жеке сабақтарын белсендіру үшін қолданылатын жұмыс формалары:

      1) жеке орындауды талдау (білім алушы ойынды өзі бағалайды, жіберген қателіктерін өзі анықтайды);

      2) білім алушы шығармамен жұмыс жасауға қатысты педагогтың маңызды ұсынымдарын күнделікке жазады;

      3) үй тапсырмасының дайындығы туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар және қиындықтарды жою туралы айтады).

      83. "Экспериментальдік үлгілеу" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Компьютерлік графика", "Қолөнер" пәндерімен пәнаралық байланыс білім алушыларды түрлі көркемдік құбылыстарды тұтас түсінуге итермелейді.

      84. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) киімді үлгілеу саласындағы терминологиямен танысу;

      2) киімді үлгілеудің түрлерімен, суреттің негізімен, киім үлгілеудің негізгі қағидаттарымен таныстыру;

      3) мақталы, синтетикалық және жібек маталардың түрлерімен, қасиеттерімен және ерекшеліктерімен, олардың тігін ісіндегі міндеттерімен танысу;

      4) композициялық орталықтың негізі, маталардың түрлері және олардың қызметтік міндеттері туралы білімді меңгеру;

      5) киімнің стильдерімен және әртүрлі стильдердегі киімді дайындау ерекшеліктерімен танысу;

      6) костюм өнеріндегі көркемдік бейне, костюмнің композициясы, композицияның заңдары және ережелері туралы білімді қалыптастыру;

      7) киімнің пайда болу тарихымен таныстыру.

      85. 3-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сән және оның адам өміріндегі рөлі. Сән және жас. Стильдердің әртүрлілігі. Имидж. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі киімнің сәндік бағыттарының негізгі сипаттамалары. Киімді дайындау кезеңдері. Презентация. Стильдің түрлері.

      Фольклорлық стиль. Композицияның заңдары және ережесі. Композицияның тәсілдері: ритм, симметрия, контраст, нюанс. Мәнерлі костюмге қол жеткізуге арналған композициялық құралдың тәсілдері.

      Практикалық жұмыс. Киім үлгілерінің көрсетіліміне бару. Сән, нобай туралы журналдарды қарау. Бірге талқылау. Киімді жобалау және тігу кезінде қолданылатын негізгі түсініктер, терминдер.

      Үлгілердің нобайын орындау. Өлшемдік белгілерін анықтау. Үлгіні қайта өлшеу тәсілдері. Дайын үлгілермен жұмыс. Практика. Үлгіні қайта өлшеу. Өлшемдік деректер бойынша үлгіні түзету.

      2-тақырып. Заманауи сән. Заманауи сән бағыттары (заманауи жастардың сән бағыттары; стильдердің және сұлбалардың, маталардың, түстің, бөлшектердің алуантүрлілігі; ер және әйел адамның киімдеріндегі сәндік бағыттар. Сәннің өзгеру себептері (қоғамдағы өмірдің, сұлулық идеалы түсінігінің өзгеруі).

      Суретші-модельер, киім дизайнері мамандықтары. Мамандықтарды алу жолдары. Жаңа үлгілерді жасау ерекшеліктері.

      Практикалық сабақ. Заманауи жастар костюмінің нобайын және коллажын жасау.

      3-тақырып. Үлгілеу негіздері. Жас топтарын үлгілеудің басты ерекшеліктері. Киімді үлгілеу қағидаттары. Киімді көркемдік безендіру.

      Маусым бойынша киімді бөлу. Киімді ассортименттік топтарға бөлу. Сыртқы киімнің ассортименті. Көйлектердің ассортименті.

      Көп функциялы заттар. Маталар, сұлба, міндеті, көйлектерді әрлеу. Сыртқы киімнің міндеті, түрлері және формалары.

      Киімді жасаудағы маталар және түстер. Фактура. Фактуралардың түрлері. Мталардың ерекшелігі. Жаңа маталар. Материалды таңдау. Колорит. Түстердің сипаттамасы. Түстердің гармониялық үйлесімінің нұсқалары. Түстерді қабылдау. "Иллюзия" түсінігі. Көру иллюзияларының түрлері. Фигураны жолақ маталармен түзету. Практикалық жұмыс. Коллажды орындау.

      Жеке стильді жасау қағидаттары: жеке дене бітімнің пропорциясын анықтау, киім пішімін, бөлшектерді, фасонның сұлбасын және киім пропорциясын түзету есебінен түзету.

      Матаның түстік гаммасын және фактурасын іріктеу, киімнің стилін таңдау, костюмді толықтырулармен жинақтау, тиімді гардероб.

      4-тақырып. Өз коллекциясын жобалау. Шығармашылық қайнар көзі туралы түсінігі. Тақырыптарды таңдау, Нобайларды жасау. Жоба алгоритмі. Коллекцияны пішу, өлшеу және өңдеу. Декорды дайындау.

      Практикалық жұмыс. "Жаңа жылдық қиялдар" атауымен балалар киімінің коллекиясын әзірлеу. Дизайн – жоба.

      Жоғары мектеп тобына арналған сәнді киімдерді жобалау. Түстік палитраны таңдау. Көркемдік бейнені шешуге арналған графикалық беру тәсілдерін іздеу. Көп фигуралы композиция.

      5-тақырып. Киімді конструкциялау. Фигуралардың типтері. Лекалоларды (сызбаүлгілерді) жасау. Иық бұйымдарын конструкциялау. Бел бұйымдарды конструкциялау. Балалар киімін конструкциялау. Ер адамның киімін конструкциялау.

      Киім бөлшектерінің түрлері: мойын ойығы, жең ойындысы, жең, иініш, жаға, қарсы ілгек, бұйымның балағы, декоративті элементтер.

      Түйреу әдісі арқылы киімді үлгілеу. Белдемшені (қарапайым, қос тігісті, бір тігісті), көкірекшені, жағаны түйреуішпен бекіту ережесі.

      Практикалық жұмыс. Бұйымды манекенде түйреу.

      6-тақырып. Киімді әрлеу. Декордың негізгі түрлері. Кестелеудің түрлері: тығыз, крестпен, лентамен, бисермен. Батик, матада аппликацияны орындау техникасы.

      Практикалық жұмыс. Әртүрлі декор түрлерімен жұмыс орындау.

      7-тақырып. Киімді конструкциялау. Сарафандар, көйлектер, жейделер. Жазға арналған жинақтар. Киімде кенет конструкцияларды, каркастарды қолданумен нобайдың серияларын әзірлеу.

      Формадағы авангард. Киімді жобалаудың комбинаторлық әдістерін, шығармашылық әдістерін қолдану.

      8-тақырып. Бел бұйымдары. Белдемшелер. Шешімдерді іздеу. Пропорциялар (ұзындық, ені), конструкциялық и декоративті шешім. Конструкция және декордың өзара байланысы (тор, жолақ, пластикалық сурет, әрлеу). Авторлық үлгілерді әзірлеу.

      86. 3-сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3-сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) жобаның дизайнын жасаудың алгоритмін біледі

      2) костюм композициясының заңдарын біледі;

      3) тігін бұйымдарының негізгі түйіндерін өңдеу технологиясын біледі;

      4) киім үлгісінің жинақтарын, ансамбльдерін, коллекцияларын жобалау қағидаттарын біледі;

      5) дайын үлгілерді қолдануды біледі;

      6) бұйымды пішуді орындай алады;

      8) жобаны құра алады;

      9) киім үлгісінің шығармашылық нобайын орындай алады;

      10) үлгілеудегі оптикалық түзетулерді орындай алады;

      11) ақпарат және технологиялық құжатнамамен жұмыс жасай алады.

      87. 4-сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) белдемше, шалбар, желеткенің авторлық үлгісін әзірлеу, мата шығынын анықтау және технология бойынша тігу;

      2) киімді үлгілеу, жобалау кезінде түсті, формаларды анықтау, бұйымды пішу және тігу кезінде қолданылатын жаңа түсініктерді, терминологияны меңгеру;

      3) күрделі элементтері бар әзірленген авторлық үлгілерді тігу, дене бітімінің ерекшеліктерін ескере отырып типтің сызба үлгі бойынша бұйымды пішу;

      4) халық костюмі негізінде үлгілердің, еркін тақырыптағы үлгілердің нобайларын әзірлеу.

      88. 4-сыныптағы оқу пәнінің мазмұны

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Киімді үлгілеу. Костюмді жобалау кезіндегі түс, формалар. Бұйымды пішу және тігу кезінде қолданылатын негізгі түсініктер, терминология. Келесі жылдың сән бағыттары. Киімдегі түс. Фигура типтері. Киім композициясы, сұлба.

      Практикалық жұмыс. "Мен ең ең ..." жасөспірімдерге арналған үй киімі үлгілері нобайының серияларын әзірлеу.

      2-тақырып. Шалбардың авторлық үлгісін (белдемшенің, жейденің, көйлектің, желеткенің) әзірлеу. Шалбарды өңдеу технологиясы. Мата шығынын анықтау. Пішу, әдіп ережесі. Тігу технологиясы.

      Практика. Шалбар үлгісінің нобайын әзірлеу. Өлшем алу. Дене бітімінің ерекшеліктерін ескере отырып типтік сызбаүлгі бойынша бұйымды пішу.

      3-тақырып. "Мектеп демалыстары" жасөспірімдерге арналған жинақтар нобайының серияларын әзірлеу. Таңдалған стильді, жасөспірімдер киіміндегі заманауи үдерістерін талдау.

      Берілген жас тобына арналған жинақтардың бейнелік, стильдік шешімінің ерекшеліктері. Жобаланған материалдардың ассортиментіне, аксессуарларына, сыртқы түрі бойынша креативті ұсыныстар.

      4-тақырып. Жоғары мектеп тобына арналған сәнді киімді жобалау. Түстік палитрасын таңдау. Көркемдік бейнені шешуге арналған графикалық тәсілін іздеу. Көп фигуралы композиция.

      "Жоғары мектеп топтарына арналған сәнді киімдерді жобалау" тақырыбына презентация.

      5-тақырып. Қазақстан халқының ұлттық киімі. Ұлттық киіммен танысу, оның заманауи сәнге әсері. Ұлттық киімнің ерекшеліктері. Заманауи сәндегі ұлттық мотивтерді қолдану.

      Практика. Халық костюмінің негізінде үлгілердің нобайын әзірлеу.

      6-тақырып. Қазақ ұлттық киімі. Киімдегі түс. Қазақ костюміндегі ою-өрнектің мәні. Формалар және ұлттық костюмдерді декоративті безендіру. Заманауи костюмдегі халық дәстүрлерін қолдану.

      Практикалық сабақ. Халықтық мотивтерді қолдана отырып заманауи костюмнің нобайын орындау.

      7-тақырып. Ұлттық костюмді үлгілеу және конструкциялау. Костюмнің үлгілерін іріктеу. Моделі бойынша үлгіні конструкциялау. Түсі және текстурасы бойынша материалды іріктеу. Ұлттық әшекейлерді үлгілеу, фурнитураны іріктеу. Ою-өрнектердің нобайын түсіру.

      Практикалық сабақ. Әшекейлеуді қолдана отырып сәнді ұлттық киім үлгілерінің нобайын әзірлеу.

      Ұлттық костюмнің авторлық үлгісін әзірлеу. Маталарды таңдау. Нобайға сәйкес бұйымды үлгілеу. Матаны пішуге дайындау. Үлгілерді матаға қою, бормен сызу және пішу.

      Түйінді ылғалды-жылумен өңдеу арқылы дайындау технологиясы. Алғашқы өлшеуге дайындық. Алғашқы өлшеу. Өлшеу жүргізу, өлшеуден кейін өзгерістер енгізу. Иінішті, бедерді, қондырып тігуді, қатпарды қайып тігу.

      Екінші өлшеуде түзетулерді енгізу. Жеңді қондырып тігу, бұйымның қиығын, ойығын, төменгі жағын өңдеу. Ою-өрнекті, сәнді әшекейлік лентаны, ілмекті, түймені үстіне тігу. Көрмеге дайындық. Үлгілердің көрсетілімін қамтитын шығармашылық есеп.

      8-тақырып. Визуалды құралдар. Визаж. Грим. Мимикалық пластика. Сахналық мәдениеті. Актерлік шеберлік негіздері. "Мен" өзіндік бейнесін үлгілеудің біліктері және дағдылары.

      9-тақырып. Дефиле. Жалпы дамыту жаттығулары: жүріс, жүгіру, дем алуды қалпына келтіру, иық кеудесі, жамбас буындары. Дене сымбатына арналған жаттығулар. Корпусты, қол және басты қою. Подиумға арналған классикалық қадам техникасы. Ритм. Координацияға қимыл. Ұсынылған ансамбльдерді ескере отырып қимыл блоктарын талдау және іріктеу.

      89. 4-сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4-сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) киімді үлгілеу саласындағы негізгі түсініктерді біледі;

      2) терминологияны біледі;

      3) өлшем алу жүйелігін біледі;

      4) белгілі бір міндеттелге киім үшін матаны іріктей алады;

      5) киімнің әртүрлі түрлерін үлгілей алады;

      6) халық костюмінің негізінде үлгілердің нобайларын әзірлей алады;

      7) тігін жабдықтарында жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;

      8) бұйымды пішуді өз бетінше жасай алады;

      9) журналдардағы үлгілерді өз бетінше қолдана алады;

      10) маталардың әртүрлі түрлерімен жұмыс жасай алады;

      11) күрделі емес бұйымдарды технологиялық өңдеу бойынша білімдерді меңгереді;

      12) арнайы тігін жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді;

      13) барынша күрделі бұйымдарды технологиялық өңдеу бойынша білімдерді және жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;

      14) бұйымның әртүрлі түрлерін технологиялық өңдеу бойынша білімдерді және жұмыс істеу дағдыларын меңгереді;

      15) сән бағыттары және киімді үлгілеу заңдарын ескере отырып үлгінің нобайын әзірлейді;

      16) сахнада дайын киімді көрсете алады, аяқталған бейнені жасай алады.

      90. "Компьютерлік графика" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) алгоритм – орындаушыға нұсқалған мақсатқа қол жеткізу және қойылған мақсаттарды шешуге бағытталған іс-әрекеттердің соңғы ретін нақты және түсінікті етіп көрсету;

      2) Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] – Adobe Systems [Адоб системс] фирмасының әзірлеген және таратқан көп функционалдық графикалық редакторы, растрлық бейнелермен жұмыс жасайды, кейбір векторлық құралдары бар.

      3) бағдарламалық интерфейс – бағдарламалық қамтамасыз етудің әртүрлі түрлерінің арасындағы интерфейс;

      4) бағдарламалаудағы нысана – берілген қасиеттердің мәні (атрибутты) және оларға жасалатын операцияларды (әдістерді) қамтитын белгілі бір жағдайы және әрекеті бар виртуалды кеңістіктегі болмыс;

      5) бағдарлама – орындау тәртібі көрсетілген командалардың соңғы жүйелігі;

      6) бағдарламалау – қойылған міндеттерді шешу үшін керекті командалардың жүйелігін құрастыру;

      7) векторлық графика – компьютерлік графикадағы нысандарды және бейнелерді көрсету тәсілі (суреттеу пішімі);

      8) графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өңдеуге арналған бағдарлама;

      9) енгізу – объектіні басқа қосымшамен жасалған құжатқа енгізу;

      10) интерфейс – екі функциональды нысандардың арасындағы ортақ шекара; стандарт бойынша анықталатын талап; жүйе элементтерінің арасындағы өзара әрекет (басқару, бақылау) тәсілдерінің, әдістердің және ережелердің жиынтығы;

      11) интерфейс – ережелер жиынтығы, олар арқылы жүйелердің элементтерінің өзара әрекеттесуі іске асырылады;

      12) информатикадағы масштабталулық – жүйенің, желінің немесе ресурстарды қосу кезіндегі жұмыс жүктемесінің (өзінің өнімділігін арттыру) артуын орындайтын процестің қабілеті;

      13) команда – орындаушыға соңғы жинақта көрсетілген іс-әрекетті орындауға берілетін бұйрық;

      14) линза – информатикада және жасанды интеллектте логика қолданылатын зерттеулердің және білім салаларының бағыты;

      15) монитор – деректерді визуалды көру құрылғысы;

      16) муар – екі мерзімді торлы суреттерді қою кезінде пайда болатын өрнек;

      17) операциялық жүйе – есептеу жүйесінің ресурстарын басқаратын және қолданушы, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық интерфейстерді қамтамасыз ететін жүйелі және қызметтік бағдарламалардың кешені;

      18) растрлық бейне – пикселдердің немесе нүктелердің торларынан тұратын бейне;

      19) растр линиатурасы – полиграфиялық және сандық баспаның негізгі сипаттамаларының бірі, баспа процесінің ажыратымдылығын яғни растрлық тордың кезеңін сипаттайды және бейне ұзындығының бірлігіндегі растр сызықтарының санын белгілейді;

      20) трассировка – браузер бойынша алынған деректер өтетін серверлердің адресін, сондай-ақ әрбір серверлерден деректерді жеткізу жылдамдығын анықтауға мүмкіндік беретін операция;

      21) файл – аты бар бір түрлі деректердің қисынды байланысқан реті; аты бар жад байтының еркін санының реті;

      22) форматтау – мәтінді түзеуді қолданып, әртүрлі штрихтерді пайдаланып, мәтіндік құжаттарға сурет немесе басқа объектілерді қою арқылы сәндеу.

      23) фигуралық мәтін – арнайы эффектілерді қолдануға болатын мәтіннің типі;

      24) CorelDraw [Корелдрав] – Corel [Корел] канада корпорациясы әзірлеген графикалық редактор;

      25) Layers [Лейерс] палитрасы – қабаттармен жұмыс жасауға арналған қосымша;

      26) Windows [Виндоус] қабықшасы – Microsoft Windows [Майкрасофт Виндоус] операциялық жүйесіндегі файлдарды қолдануға мүмкіндік беретін, графикалық интерфейсті іске асыратын қосымша;

      89. Бағдарлама мақсаты: компьютерлік графика арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      90. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) графикалық тәсілдердің мәнерлік мүмкіндіктерін зерттеу;

      2) пән бойынша теориялық білімдерді игеру, практикада алынған білім, білік және дағдыларды қолдану;

      3) компьютерлік графика құралдарын игеру арқылы визуалды бейнелерді жасау қағидаттары, ережелері және тәсілдері туралы білімді меңгеру;

      4) компьютерлік сурет салау құралдарына үйрету және оларды шығармашылық өз ойын білдіру үшін қолдану.

      Дамыту:

      1) білім алушының компьютерлік сауаттылығын және даралық ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;

      2) жаңа технологиялық ортада білім алушының көркемдік-практикалық дағдыларын дамыту;

      3) көркемдік-орындаушылық және жобалық қызметке тән қабілеттерін дамыту;

      4) білім алушының визуалды мәдениетін, кеңістіктік түсінігін, көркемдік және ассоциативті ойлауын, эстетикалық тәжірибесін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының көркемдік талғамын тәрбиелеу және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      2) білім алушыны адамгершілікке, руханилыққа, эстетикалыққа, отансүйгіштікке, интернационалдыққа тәрбиелеу;

      3) еңбекқорлыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа және қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа тәрбиелеу;

      4) кәсіби өзін-өзі анықтау.

      91. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      92. Бағдарлама компьютерлік графиканы игеруге және арнайы бағдарламалар көмегімен жаңа киім үлгілерін әзірлеуге және жобалауға үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      93. Бағдарламаның ерекшелігібілім алушының бейнелеулік, көркемдік-конструкторлық қабілеттерін, қалыптан тыс ойлауын, шығармашылық даралығын жалпы дамытуға бағытталуы болып табылады.

      94. Бағдарлама білім алушының графикамен байланысты практикалық тапсырмаларды шешудің тәсілі ретінде компьютерді меңгеру білігін және олардың қоғамның технологиялық жағдайындағы жұмысына дайындығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

      95. Бағдарлама білім алушылардың компьютерлік технологияның тәсілдерімен графикалық жобаларды орындау бойынша білімдерін, біліктерін, дағдыларын игеруге, әрі қарай оларды практикалық және шығармашылық қызметте қолдануға, білім алушылардың көркемдік талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және әрі қарай оқуға деген оқу-танымдық уәждемесін қалыптастыруға бағытталады.

      96. Бағдарламада компьютерлік графиканың теориялық және практикалық негіздерін зерттеуін алдын-ала қарастырады. Теориялық сабақтың процесінде білім алушы пән бойынша негізгі білім алады, оларды практикалық сабақта бекітеді және жұмыстың негізгі дағдыларын меңгереді.

      97. Компьютерлік графика – бұл компьютер көмегімен графикалық ақпаратты құруға, сақтауға, жеткізуге, өңдеуге және көрнекті көрсетуге арналған аппаратты және бағдарламалық құралдардың кешені.

      98. Графикалық редакторлар екі санатқа бөлінеді: түс және ашықтығы жеке берілген нүктелер бойынша бейнені суреттейтін растрлық (Adobe Photoshop [Адоб фотошоп], Corel Paint Shop [Корел пэйнт шоп], Corel Photo-Paint [Корел фото-пейнт], Microsoft Paint [Майкрасофт пэйнт]) және векторлық графикалық редакторлар.

      99. Графикалық редакторларда ұсынудың қол құралдарымен орындалған нобайларды өңдеу мүмкіндіктері: нобайларды бояу, сызба бойынша үлгілеу, түсін түзету, өңдеме, презентациялық материалдарды дайындау.

      100. Растрлық бейне көптеген пикселдерден құралады. Шынайы бейнелерді көрсету үшін тиімді қолданылады. Растрлық картиналардың масштабтау және айналу кезінде бұрмалану пайда болады. Тұтас сызықты – доғаны суреттейтін векторлық болады, ал күрделі сызықтар – осындай доғалардың және бөліктердің жиынтығы.

      101. Векторлық графикалық редакторлар (Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор] және CorelDraw [Корелдрав]) сурет формасының өте күрделі трансформациясын, сығу және созылу, өлшемнің кез-келген өзгерісі, контурлардың қайта құрылуын орындауға мүмкіндік береді.

      102. Векторлық бағдарламалар (Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор], Macromedia Freehand [Макромедия фриханд], CorelDraw [Корелдрав]) дизайн саласындағы иллюстрацияны жасауға, техникалық сурет салуға, безендіру жұмысы үшін қолданылады. Векторлық бейне командалардың жүйелігі ретінде суреттеледі.

      103. Педагог компьютерлік графиканың мүмкіндіктеріне, нысандарды жасауға үйретеді. Тікбұрыштар мен эллипстер және тағы басқа қарапайым фигуралар "қол арқылы" батырмасы арқылы жасалады (құралдар панеліндегі көп бұрыш және автофигуралар).

      104. Нобайлық қатарды жасау. Киім үлгілерінің коллекциясын жасау алгоритмі:

      1) коллекцияның тақырыбын анықтау;

      2) визуалды ақпараттарды жинау (сән журналдарындағы фотографиялар, суреттер);

      3) алдағы коллекцияның сұлбасын анықтау;

      4) коллекцияның түстік гаммасын анықтау;

      5) материалдарды іріктеу.

      105. Педагог CorelDraw көмегі арқылы сұлбаларды жинақтауға үйретеді. Білім алушы өз бетінше сұлбаны, коллекцияның түстік гамманы анықтайды, көркемдік композицияның заңдарын және ережелерін ескере отырып, әрбір киімнің үлгісін жеке пысықтайды.

      106. Қосымша білім беру ұйымдары жағдайында компьютерлік графиканы оқыту ерекшеліктері:

      1) білім алушының қызығушылықтарын және эстетикалық қажеттіліктерін бір уақытта ескеріп қалыптастыруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикаға оқытуға тұлғалық-бағдарлық тәсілді жүзеге асыру;

      2) адамгершілік, эстетикалық мәнін қамтитын шығармашылық, қоғамдық және практикалық маңызы бар компьютерлік жобаларды іске асыру;

      3) зерттеу жобаларды жасауға мүмкіндік беретін және терең және берік білім және біліктердің қалыптасуын қамтамасыз ететін пән аралық байланыстарды қолдану;

      4) білім алушының дәстүрлік, академиялық қызметіне компьютерлік графиканың кіріктірілуі және көрнекі, дидактикалық материалдарды және интерактивті технологияларды қолдану.

      107. Бірінші кезеңде көп графикалық қосымшалар жұмыс істейтін Windows [Виндовс] қабықшасының интерфейсін, компьютермен жұмыс істеудің негізгі ережелерін, "компьютерлік қауіпсіздік" және қарапайым Paint [Пэйнт] графикалық редакторының басты қағидаттарын зерттейді.

      108. Екінші кезең толығымен білім алушының заманауи дизайнердің жұмысына керекті маңызды Photoshop [Фотошоп] және CorelDraw [Корелдрав] графикалық қосымшаларды теориялық және практикалық игеруіне арналады.

      109. Бағдарлама мазмұны жалпы әдістемелік қағидаттарға негізделеді:

      1) оқу материалының оқыту сипаты;

      2) оқу материалының практикамен байланысы;

      3) оқу материалының негізін құраушы және жүйесін құраушы сипаты;

      4) зерттелетін пәндердің кіріктірілуі;

      5) оқу материалының дамыту сипаты;

      6) аралық пәндердің өзара байланысы және өзара шарттылығы;

      7) жас аралық ерекшеліктерін ескеру.

      110.Сабақты өткізуді ұсынылатын формалары: дәрістер, әңгімелесу, көрсетілім, өзіндік практикалық жұмыс, жобалық қызмет. Оқу уақытының көп бөлігі практикалық жаттығуларға және өзіндік жұмысқа бөлінеді.

      111. Теориялық бөлімі білім алушының компьютерлік графиканың теориялық негіздерін зерттеуді болжайды, сонымен қатар әңгімелесу элементтері және оқу материалын көрсететін дәріс оқытудың формасы болып табылады.

      112. Бағдарлама компьютерлік графика тәсілдерімен орындалған жаттығуларды орындау арқылы компьютерлік графиканың негіздерін зерттеуді болжайды.

      113. Оқыту мазмұны меңгеруді болжайды:

      1) білім алушының осы салада білімдер және біліктерді өз бетінше игеруіне қызығушылығының пайда болуын мүмкіндік жасайтын компьютерлік графиканың негізгі элементтерін (түсінік, даму тарихы, міндеттері, проблемалары);

      2) компьютерлік графика жүйесінің құралдары;

      3) оқу қызметінде графикалық жүйені өз бетінше қолдану дағдыларын қалыптастыру;

      4) керекті нәтижеге қол жеткізу үшін компьютерлік графиканы қолдана отырып, пәндік міндеттерді шешудің сәйкес келетін алгоритмін өз бетінше таңдау тәсілдері;

      114. Педагог білім алушыны компьютерлік сурет салу және әртүрлі компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өзінің идеяларын практикалық жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруге үйретеді.

      115. Әрбір сабақтың маңызды құраушысы білім алушының өзіндік жұмысы болып табылады. Білім алушының өзіндік жұмысының тақырыбы алған дағдыларымен анықталады.

      116. Материал келесі түрде баяндалады:

      1) олармен жұмыс істеу үшін негізгі түсініктерді және әдістерді қайталау;

      2) жұмыстың негізгі тәсілдері. Бұл кезең жұмыстың негізгі дағдыларын алу үшін өз бетінше тапсырмаларды орындауды болжайды. Әрбір тапсырмада мақсаты тиянақталады және оған жетудің тәсілдері баяндалады.

      3) өз бетінше орындауға арналған жаттығулар;

      4) өз бетінші орындауға арналған жобалар.

      проекты для самостоятельного выполнения.

      117. Жүйелік қайталау зерттелген материалды тұтас мәнін түсінуге ықпал жасайды, сондықтан да ертерек зерттелген тақырыптарға мақсатты бағытталған жүгінуі білім алушылардың игерілген білімнің жүйесінде жаңа түсініктерді қоюға мүмкіндік береді

      118. Екінші оқу жылында жобалық, күрделі кезеңдік талдауды және орындауды талап ететін жұмыстарды орындауға мән беріледі. Жобалар материалды кешенді бекітуге көмектеседі, көрме қызметінде қолданылады, сондай-ақ алған білімдерін қолдану нұсқаларының көрсетілімі болып табылады.

      119. Оқу және өзіндік жұмысты жүргізудің әдістемесі келесі негізгі кезеңдерін қарастырады:

      1) тапсырманың тақырыбы бойынша теориялық материалды түсіндіру, алдағы өткен тақырыптармен және параллельді пәндерімен ( олардың бар кезінде) байланыс орнату, рөлдерді анықтау, қабілеттері, дағдылары және біліктерінің қалыптасуында берілген тақырыптың орны және маңызы;

      2) әдістемелік мақсатын қою, нақты оқу міндеттерін және алдағы жұмыстың мазмұнын тұжырымдау, шарттарды, талаптарды, шектеулерді және соңғы нәтижені бағалау өлшемшарттарын анықтау;

      3) зерттелетін тақырыптың мазмұнымен байланысты, барынша маңызды мәселелерді ұжымды немесе жеке талдау жүргізу, қойылған міндеттерді шешудің тиімді бағыттарын, әдістерін және тәсілдерін анықтау;

      4) болжамды шешімнің мазмұнын, негізгі көркемдік-бейнелік сипаттаманы және щығармашылық түпкі ойдың практикалық іске асырудың композициялық-мәнерлеу құралдарын қамтитын материалдарды талдаудың қысқаша сипаттау;

      5) есеп беру материалдарын ұжымдық талқылау, ұсынылатын шешімді және оны іске асыру тәсілдерін түзету;

      6) ұсынылған шешімді нобайлық пысықтау, оны талқылау және педагогтермен бірге бекіту;

      7) соңғы пысықтау және электронды түрде таза орындау;

      8) орындалған жұмыстарды қарау, оларды ұжымдық талқылау және ұсынылған бағаларды дәлелдеу.

      120. Үй тапсырмасы ретінде нобайларды әзірлеуге және орындауға, жобаға арналған өз материалын дайындау беріледі. Педагог қалыпты тапсырмалар үшін барлық материалдарды ұсынады. Курс бойынша материалды "спиральдар бойынша" зерттеу – білім алушы алдыңғы кезеңде зерттелген материалды жүйелі түрде қайталайды.

      121. Жобалық жұмыс білім алушылардың өз бетінше шешім қабылдау, көркемдік шешімнің мәнмәтініндегі бастапқы материалды талдау біліктерін көрсетеді.

      122. Жобаның сәтті орындалуы жұмысты дұрыс және нақты ұйымдастыруға және тақырыптарды таңдаудан және дайын жобаны ұсынуға дейін уақытты бөлуге байланысты. Педагог жобаға қойылатын талаптарды анықтайды, белгілі бір кезеңдерді орындау барысында жұмысты қадағалайды.

      123. Нақты бастапқы артықшылықтардың және нақты көркемдік-дизайнерлік өнімді, нысанды, серияны әзірлеудегі шығармашылық шешім міндеттері болуының негізінде жоба әзірленеді.

      124. Жобамен жұмыс жасауда іздену жұмыстарының барысында орындалған, педгогке ұсынылатын іздену шешімдерінің нобайлары және нұсқалары. Жобаларды қорғау жасалған жұмысты рефлексивті бағалауға арналған тиімді алғышарттарын құрады.

      125. Пәнге оқыту процесінде білім алушы біліктерге ие болады:

      1) пәннің формасын, форманың графикалық құрамын талдау;

      2) сурет салуға арналған графикалық редактордың мүмкіндіктерін қолдану;

      3) бейненің жеке үзінділерінен композициялар құру;

      4) файлдар арасындағы бейне үзінділерін импорттау;

      5) қызметтің нәтижесін сыртқы тасымалдаушыға жазып алу.

      126. Келесі білімдердің негізінде білік қалыптасады:

      1) негізгі түсініктер: "нүкте", "сызық", "форма";

      2) қарапайым геометриялық фигуралар;

      3) графикалық редактор ортасындағы жұмыс тәсілдері;

      4) дербес компьютерді және қосымша құрылғыларды қолдану ережесі;

      5) файлдармен жұмыс істеу тәсілдері.

      127. Медициналық талаптар бойынша компьютерде жұмыс жасауға сабақтың аз бөлігі бөлінеді, графикалық редактормен жұмыс жасау кезінде шағын жаттығулар (жұмыстан 15-20 минут үзіліс) қолданылады.

      128. Күрделі жұмыс бөліктерге бөлінеді, үзілісте динамикалық іркіліс жүргізіледі – көзге арналған жаттығулар, физкультуралық минуттар. Компьютердегі жаттығулар жаңа материалды түсіндірумен, күрделі сұрақтарды талқылаумен, дәптерде тапсырмаларды орындаумен, жұмыстарды көрсетумен кезектесіп отырады.

      129. Өзіндік жұмыс алынған білімдерін және дағдыларын бекітуге және тереңдетуге, ой еңбегінің мәдениетін және шығармашылық ізденістегі және жаңа білімдерді игерудегі дербестігін қалыптастыруға бағытталады, жүйелік және үздіксіз сипатта болады. Өзіндік жұмысқа нобайларды дайындау кіреді.

      130. "Компьютерлік графика" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Тігін бұйымның технологиясы", "Тігін бұйымның конструкциясы", "Экспериментальді үлгілеу", пәндерімен пәнаралық байланыс білім алушылардың түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      131. 3-4 сыныптардағы Бағдарламалық талаптары.

      1) CorelDraw [Корелдрав], Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламаларының құралдарын терең меңгеру жалғастырылады, графикалық бейнелерді жеткізу әдістері, графикалық файлдардың пішімдері, графикалық мәліметтерді сығу әдістері, графикалық файлдардың пішімдерін қайта құру, CorelDraw [Корелдрав] векторлық бағдарламасын іске қосу алгоритімі, CorelDraw [Корелдрав] бағдарламасының интерфейсі, бағдарламалық интерфейсті баптау, CorelDraw [Корелдрав] графикалық бейнені құру тәсілдері, нысандармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері, экран мен принтерде түстік реңктерді алу тәсілдері, растрлық бейнені импорттаудың алгоритімі, басып шығару өлшемдерін күйге келтіру алгоритімі, CorelDraw [Корелдрав] бағдарламасын іске қосу, бағдарламалық интерфейсті баптау меңгеріледі;

      2) графикалық примитивтер, CorelDraw [Корелдрав] векторлық редактордың құралдарымен жұмыс, CorelDraw [Корелдрав] компьютерлік графикалық редакторымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері, CorelDraw [Корелдрав] редакторының нысандарымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері, зат пен пішімнің пропорциясы, суреттердің контурын түзету, мәтінді құруды, түзетуді, пішімдеуді, макетті басып шығаруға дайындауды, растрлық бейнелерді түзетуді, арнайы әсерлерді пайдалануды, Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасында графикалық бейнелерді құруды, Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] графикалық бағдарламасының түрлі құралдарын, Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасының авторлық қаріптерін және қаріптік композицияларды құру дағдалырын меңгереді;

      3) компьютерлік графиканың Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасында түстерді сипаттау әдістері, экран мен принтерде түстік реңктерді алу амалдары, растрлық және векторлық пішімді файлдарында бейнелерді сақтау тәсілдері, графикалық мәліметтерді сығу әдістері, графикалық файлдардың форматттарын қайта өзгерту, түрлі графикалық бағдарламалардың міндеттері мен функциялары туралы білімдері бекітіледі.

      132. 3-4 сыныптардағы оқу пәнінің мазмұны

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. CorelDraw [Корелдрав] графикалық бағдарламасының міндеттері мен негізгі мүмкіндіктері.

      2-тақырып. CorelDraw [Корелдрав] бағдарламасында нысандармен жұмыстың негізгі тәсілдері. Нысандардың геометриялық пішіндерін түзету. Контурларды құру және түзету. Түспен жұмыс.

      3-тақырып. Аса жоғары нақтылау құралдары. Фирмалық стильді әзірлеу.

      Мәтінді ресімдеу. Макетті жоспарлау және құру. Растрлық бейнелермен жұмыс.

      4-тақырып. CorelDraw [Корелдрав] бағдарламасында нысандармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері. Нысандарды алдына ала көрудегі өлшемдерді басқару. Құжаттарды алдын ала көру. нысандарды көшіру. Нысандарды орналастыруды рреттеу. Нысандарды топтастыру. Нысандарды құру. Логикалық операциялар.

      5-тақырып. Практикалық жұмыс. Дизайн элементтерін құру.

      6-тақырып. Нысандардың геометриялық пішіндерін түзету. Нысандардың түрлері: графикалық примитивтер мен еркін түзетілетін нысандар. Пішіндерді түзету құралдарының көмегімен геометриялық нысандарды өзгерту. Пышақ құралы арқылы нысандарды бөлу. Өшіргіш құралының көмегімен нысанның бөлігін жою.

      7-тақырып. Практикалық жұмыс. Жарнамалық блок элементтерін құру. Контурларды салу және түзету. Еркін түрдегі нысандарды құру. Еркін сурет салу және Безье қисығы. Контурлармен жұмыс істеу дағдылары. Контурды баптау. Көркемдік контурды салу және түзету. Практикалық жұмыс.

      8-тақырып. Түспен жұмыс. Түстердің табиғаты. Түстік модельдер. Қарапайым және қосалқы түстер. Нысандарды бояу тәсілдері. Нысандардың тазалығы. Түс беру. Практикалық жұмыс.

      9-тақырып. Жоғары нақтылық құралы. Сызғыштар. Торлар. Бағыттауыштар. Нысандарды нақты түрлендіру. Нысандарды түзету және бөлу.

      10-тақырып. Фирмалық стильді әзірлеу. Логотиптерді құру. Фирмалық бланктарды әзірлеу. Визит карталарын әзірлеу ережелері. Мәтінді ресімдеу. Мәтіннің түрлері: қарапайым және пішінді мәтін. Пішінді мәтін. Құру, түзету, пішімдеу, арналып қойылу. Мәтінді қисық сызық бойында орналастыру. Мәтіннің геометриялық пішінін түзету. Қарапайым мәтін. Құру, түзету, форматтау, арналып қою. Мәтіндік блоктармен жұмыс істеу дағдылары. Практикалық жұмыс. Басып шығаруды құру. Мәтіннің дизайны.

      11-тақырып. Макетті жоспарлау және құру. Құжатты баптау. Макетті жоспарлау. Макетті құру. Практикалық жұмыс. Жарнамалық блокты құру. Сыртқы қабатын әзірлеу.

      12-тақырып. Растрлық бейнелермен жұмыс. Растрлық бейнелерді импорттау. Растрлық бейнелерді түзету. Пішінді кесу. Растрлық бейнелерді трассировка жасау. Векторлық және растрлық бейнелердің пішімі. Практикалық жұмыс. Ашықхат жасау.

      13-тақырып. Арнайы әсерлерді пайдалану. Перспективаларды қосу. Көлеңке жасау. Айналдыруды қолдану. Нысан пішінін деформациялау. Линза-нысанын пайдалану. Нысандарды контурлау. Нысандардың ағып кету әсерін жасау. Нысандарға көлем беру. Практикалық жұмыс.

      14-тақырып. Құжатты басып шығару. Қорытынды жұмыс. CorelDraw-тың [Корелдрав] барлық элементтерін пайдаланып макетті жоспарлау және құру. Макетті басып шығаруға дайындау. Басып шығару өлшемдерін баптау. Түске бөлу режимі. Қорытынды жұмыс. Сыртын, фирмалық стильді, сыртқы мұқабасын, жарнамалық блокты әзірлеу.

      15-тақырып. Adobe Photoshop бағдарламасының міндеттері мен негізгі мүмкіндіктері. Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасының интерфейсі. Бейнелердің түрлері мен пішімдері. Растрлық бейнелердің ерекшеліктері. Adobe Photoshop-тың [Адоб фотошоп] алдыңғы нұсқаларынан ерекшелігі.

      16-тақырып. Жүйені баптау. Палитраларды ұйымдастыру. Бейнені ашу және жабу. Бейненің өлшемін өзгерту. Интерполяция тәсілі. Канваның өлшемін өзгерту. Бейнелерді кесу. Іс-әрекеттерді тоқтату. Бейненің аймақтарын ерекшелеу тәсілдерін алдын ала көру. Практикалық жұмыс.

      17-тақырып. Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] примитивтерін пайдалану. Бейне аймақтарын ерекшелеу техникасы. Ерекшелеу құралдары. Құралдардың өлшемдерін басқару. Ерекшелеу аймақтарын қосу, оқу және қиып өту. Күрделі формадағы аймақтарды ерекшелеу тәсілдері. Select-Transform selection [селект-трансформ селекшн], Select-Feather [селект-физер] және Select-Modify [селект-модифи] командаларымен ерекшелеу модификациясы. Ерекшелелеп алған аймақпен жұмыс: өлшемдеу, бұру, ерекшеленген аймақты бұрмалау.

      18-тақырып. Аймақтарды түзету: ашықтық пен кереғарлықты түзету. Ерекшелеу барысында сызғышты, торды, бағыттауыштарды пайдалану. Практикалық жұмыс.

      19-тақырып. Көпқабатты бейнені құру. Қабатты құру тәсілдері. Қабаттармен жұмыс. Қабаттың өлшемі. Layers [лейерс] палитрасының көмегімен қабаттарды басқару. Көпқабатты бейнелермен жұмыстың ерекшеліктері. Қабаттарды байланыстыру. Қабаттың ішіндегілерді тасымалдау. Коллаждарды құру. Практикалық жұмыс. Көп қабатты бейнелердің қабаттарымен жұмыс. Layer Set [лейер сет] жиынтығында қабаттарды біріктіру. Мәтіндік қабаттар. Қабаттардағы арнайы әсерлер: көлеңке жасау, ореола, рельефке ұқсату, бейненің контурын жүргізу. Қабаттарды қосу.

      20-тақырып. Практикалық жұмыс. Сурет салу техникасы. Еркін сурет салу құралы. Қылқаламдарды, аэрографты, қарындашты, өшіргішті пайдалану. Қылқаламның түсін таңдау. Түстік модельдер. Pantone [пантон] кітапханалары. Қылқаламдардың пішінін таңдау. Қылқаламдар кітапханасын іске қосу. Жаңа қылқаламды құру. Бұлыңғырлықты (непрозрачность) салу режимдері. Графикалық планшетпен жұмыс істеудің ерекшеліктері. Аймақтарды бояу. Градиенттік ауысуларды құру. Сурет салудың түрлі техникаларын имитациялауға арналған фильтрлерді қолдану.

      21-тақырып. Ретушь жасау техникасы. "Штамп" құралының көмегімен бейнелердің бөлшектерін тазалау және қайта қалпына келтіру. "Нistory brush" [хистори браш] құралын пайдалану. Бейнені түзету құралдарын пайдалану. Шаюға (размытия) арналған сүзгілерді пайдалану, ашықтықты арттыру және түстік әсерлерді имитациялау.

      22-тақырып. Күрделі монтажды орындау. Каналдар туралы жалпы мәлеметтер. Каналдардың түрлері. Альфа-каналдарды құру және сақтау. Сапалы монтаж жасау үшін қабат бетперделерін пайдалану. Бейнелерді түзету операцияларының негіздері. Бұзбай түзетуге арналған түзету қабаттарын пайдалану. Бейнелерді сканерлеу және түзету. Сканерлеу әдістері. Өлшемдерді таңдау.

      23-тақырып. Растрдың рұқсат етілетін қабілеттері мен сызықтары туралы (түсінік. Таза және таза емес материалдарды сканерлеудің ерекшеліктері. Муардың пайда болу себептері. Муармен күрес. Бейнені пайдалануға байланысты түзету өлшемдерін таңдау. Полиграфи мен Интернет желісіне арналған түзетудің ерекшеліктері. Қараның нүктесін, ақтың нүктесін және бейнелердің гаммаларын баптау. Бейнелерді стильдеу үшін фильтрлерді пайдалану. Түсті модельдерді түрлендіру. Түстерді бөлуді орындау. Файлды сақтау. Графикалық файлдардың пішімдері.

      24-тақырып. Adobe Photoshop [адобфотошоп] бағдарламасында жобалық жұмысты орындау. Жоба және оны әзірлеудің негізгі кезеңдері. Жобалық жұмысты қорғау бойынша талаптар.

      133. 3-4 сыныптардың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3-4 сыныптарда оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) растрлық және векторлық графиканы қолдануды біледі;

      2) графикалық бейнелерді көрсету әдістерін біледі;

      3) графикалық мәліметтерді сығу әдістерін біледі;

      4) графикалық файл пішімдерін түрлендірудегі мәселелерді біледі;

      5) CorelDraw-та [корелдрав] графикалық бейнені құру тәсілдерін біледі;

      6) экран мен принтерде түстік реңктерді шығару тәсілдерін біледі;

      7) басып шығару өлшемдерін күйге келтіру алгоритмін біледі;

      8) CorelDraw [корелдрав] векторлық редакторының құралдарымен жұмыс істеуді біледі;

      9) CorelDraw [корелдрав] редакторында жазбаларды орындауды біледі;

      10) суреттерді құру барысында түстерді сәйкестендіре алады;

      11) заттар мен пішімдердің пропорцияларын үйлестіре алады;

      12) контурларды жүргізуді және түзетуді біледі;

      13) мәтінді құруды, түзетуді, пішімдеуді біледі;

      14) макетті басып шығаруға арналған дайындықты жасай алады;

      15) векторлық редакторда растрлық бейнелерді түзете алады;

      16) арнайы әсерлерді пайдалана алады (перспективаны, көлеңке жасауды, дөңгелектеуді (огибание) падалану, нысан пішіндерін деформация жасауды, линза-нысандарын қолдануды, нысандарды ағып кету әсерін, нысандарға контур жүргізу және көлем жасау);

      17) Adobe Photoshop-та [адоб фотошоп] графикалық бейне құру тәсілдерін біледі;

      18) бейненің аймақтарын ерекшелеу техникаларын біледі (ерекшелеу құралдары, құралдардың өлшемдерін басқару, күрделі пішіндегі аймақтарды ерекшелеу тәсілдері, белгіленген аймақпен жұмыс: өлшемдеу, бұру, ерекшеленген аймақты бұрмалау);

      19) қабат құру алгоритмін, қабат өлшемдерін біледі;

      20) көпқабатты қабаттарды құру тәсілдерін біледі және көпқабатты бейнелермен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктерін біледі;

      21) күрделі монтажды орындау алгоритмін біледі;

      22) бейнені сканерден өткізу және түзету алгоритмін біледі;

      23) жоба жұмысын қоғау бойынша талаптарды біледі;

      24) бағдарламалық интерфесті күйге келтіруді іске асыра алады;

      25) Adobe Photoshop [адоб фотошоп] редакторындағы нысандармен жұмыстың негізгі тәсілдерін қолдануды біледі (бейненің бөлшегін таңдау, нысандардан алынған суретті монтаждау);

      26) бейнелерде арнайы әсерлерді құра алады;

      27) фильтрлерді қоладана алады;

      28) бейнені стильдеу үшін сүзгіні қолдана алады;

      29) монтаж үшін бетперде қабатын пайдалана алады;

      30) компьютерлік графика бойынша жобалық жұмыстарды орындауға арналған графикалық редактордың міндеттерін қолдана алады.

      134. Бейіндік сыныптың Бағдарламалық талаптары.

      Бейіндік сыныптағы Бағдарламалық талаптары:

      1) Adobe Illustrator CS5 [Адоб иллюстратор СиЭс5] бағдарламасын оқыту (векторлық графика);

      2) теориялық деректерді меңгеру: Adobe Illustrator CS5 [Адоб иллюстратор СиЭс5] қызметінің негізгі түсініктері, векторлық графиканың сипаттамасы, басты құралдар, "қарындаш" және "қылқалам" құралдарының көмегімен киім үлгілерінің нобайын салу теориясы, мата текстурасының үлгілерін жасау теориясы, суретті қайта салу, көлемді нысандарды жасау, сызғыш, тор, градиенттер;

      3) бағдарламаның жұмыс ортасын меңгеру, киім үлгілерін салу бойынша жұмыстарды орындау, импорт, экспорт, сақтау;

      4) Adobe Illustrator CS5 [Адоб иллюстратор СиЭс5] бағдарламасын қолдана отырып киім дизайнын жасау.

      135. Бейіндік сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Графикалық бейнені өңдеу және жасау бағдарламалары. Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор]. Компьютерлік графикаға кіріспе. Бағдарламамен жұмыс жасаудың негіздері. Компьютерлік графиканы, графикалық редакторларды, векторлық және растрлық графиканы қолдану. Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор] бағдарламалық пакеті: құрамы, ерекшелігі, костюм дизайнында векторлық графиканы қолдану. Бағдарманың интерфейсін баптау, жұмыс кеңістігін құру және редакциялау. Стандартты нысандарды салу. Нысандарды белгілеу және өзгерту. Нысандарды жинақтаорналастыру, орналастыру, түзету және ерекшелеу.

      Практикалық тапсырма. Әртүрлі көлемдегі нысандардың графикалық композицияларының сериясы.

      2-тақырып. Күрделі бейнелермен жұмыс жасау үшін қабаттарды қолдану. Еркін сурет салуға арналған құралдар. Нысандарды қабаттарда орналастыру, қабаттың өлшемдерін баптау, қабаттарды шектеу. Қабаттардың арасына нысандарды ауыстыру, қабаттардың бірігуі, шаблондық қабаттар. Нысандардың еркін түрдегі пішіндерін салу және редакциялау. Безье қисығы. Нүкте бойынша нысан формаларын редакциялау.

      Практикалық тапсырма. Стандартты қалыптағы нысандарды қиыстыратын әртүрлі көлемдегі нысандардың және Безье қисығы көмегімен жасалған немесе редакцияланған нысандардың графикалық композицияларының сериясы.

      3-тақырып. Күрделі нысандарды салу. Бейнені жоспарлау үшін белгілеуді қолдану. Күрделі қалыпты нысандарды салу үшін логикалық операцияларды қолдану. Нысандарды қосу және ажырату, пішінді кесу. Суреттің элементтеріне бұрмалаушы фильтрлерді қолдану. Перспективалық, еркін және пропорциональды бұрмалау. Құжатты бегілеу, сызғышты, бағыттаушты, торды қолдану. Зияткерлік бағыттауыштары, нысаннан бағыттауыштарды жасау. Практикалық тапсырма. Берілген тақырыпта абстракті композицияны құру.

      4-тақырып. Түспен жұмыс. Түстік үлгілер. Нысанды бояу тәсілдері, түсті. Өрнектерді жасау, қолдану және түзету. Түсті көшіру, бірдей атрибуттарымен бірге нысандарды белгілеу тәсілдері. Өрнектің генераторын қолдану. Нысанға градиентті торды қолдану. Практикалық тапсырма. Түсті белсенді қолданумен бірге композицияны орындау.

      5-тақырып. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді енгізу тәсілдері, Мәтінмен жұмыс жасауға арналған құралдар және палитралар. Жеке әріптің өлшемдерін басқару. Мәтінді енгізу, түзету және пішімдеу. Мәтінді қисық бойы орналастыру. Мәтіндік блоктарды, байланысқан блоктарды жасау, нысанды мәтінмен айнала орау өлшемдерін баптау. Басқа қосымшадан мәтінді импорттау, мәтінді контурға ауыстыру. Практикалық жұмыс. Қаріптік композиция.

      6-тақырып. Ашықтық нысандармен жұмыс. Нысанға бірнеше жиектерді және құйма бояуды беру. Эффектілер және графикалық стильдер. Үш өлшемді нысандарды салу үшін эффектілерді баптау. Эффектілердің қайта құрылуы, эффектілерді растрлау өлшемдері. Түстерді қою тәртіптері, ашықтық бетпердесі. Ашықтықтың қайта құрылуы, ашықтықты қоюды алдына ала қарау. Практикалық тапсырма. Эффектілерді, ашықтық бетпердесін және графикалық стильдерді қолдана отырып өтілген тақырыптарды бекітуге арналған композиция.

      7-тақырып. Бағдарламаның ерекше нысандарының көмегімен күрделі нысандарды құру. Күрделі жиектерді жасау үшін қылқаламды қолдану. Жеке қылқаламды жасау, қылқаламды түзету. Қылқаламды құру жасау үшін растрлық графиканы қолдану. Паттернге арналған бұрышты плиткаларды құру. Графикалық планшетті қолдану (дигитайзер). Нысанның пішімін өзгеру үшін қабықшаны қолдану. Нысандардың ағып кетуі, топтардың траектория бойынша ағып кетуі, ағып кетуді баптау. Суретті кесу үшін бетпердені қолдану, бетпердені баптау.

      Практикалық тапсырма. Бағдарламаның ерекше эффектілерін (жеке қылқаламның, ағып өту, деформация және кесу бетпердесі) қолдана отырып, өтілген тақырыптарды бекітуге арналған композиция.

      8-тақырып. Растрлық бейнемен жұмыс. Бір уақытта Бірнеше бейнелерді импорттау. Растрлық бейнені трассировкалау. Кесу бетпердесі. Практикалық тапсырма. Растрлық бейнелерді қолдана отырып өтілген тақырыптарды бекітуге арналған композиция.

      9-тақырып. Киім дизайнындағы Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор]. Бейнені құру және түзетудің арнайы тәсілдері. Көп санды нысандармен жұмыс жасау тәсілдері. Макрокоманд көмегі арқылы жұмысты жылдамдату. Қалыпты міндеттерді автоматтандыру үшін скриптерді қолдану. Графика. Бір типті құжаттарды жасауды жеңілдету үшін ауыспалы және динамикалық нысандарды қолдану.

      10-тақырып. Градиент және ашықтық бетпердесінің көмегімен шынайы композицияларды құру. Тор градиентімен жұмыс жасау тәсілдері. Нысанның көлемін имитациялау. Күрделі бетін имитациялау. Күрделі градиенттік торлармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері. Торлардың түйіндесуі. Бейненің сапасын арттыру үшін ашықтық бетпердесін қолдану.

      11-тақырып. Өрнектерді қолдана отырып декорациялау. Өрнектердің түрлері және оларды графикалық композицияларда қолдану. Тігісі жоқ геометриялық өрнектерді құру. Өрнектердің көмегімен сыртқы бетін көрсету. Көптеген жиектерді қолдану.

      12-тақырып. Үш өлшемді нысандармен жұмыс. Аксонометрияның түрлері – теория және практика. AdobeIllustrator-дағы [Адоб иллюстратор] бұрмалау типтері. Үш өлшемді композицияны жоспарлау, торларды баптау. Көлемді торға бекіту арқылы нысандарды құру. Үш өлшемді кеңістікте нысанның пішіні және құйма бояуымен жұмыс. 3D [3 Д] торларды және 3D [3 Д] эффектілерді бірге қолданудың ерекшеліктері.

      13-тақырып. Баспа жасау алдындағы дайындықты шешу міндеттері. Бос кеуектіктердегі ақ бояу құймасын жою. Нысандардың өлшемдерін бақылау, түйіндердің санын азайту. Қолданылмайтын элементтерді жою. Түсті басқару, түстік профильдерді қолдану. Нысан сызықтарының қалыңдығын бақылау, растрлық графикалық мазмұндағы құжаттарды бақылау. Бағдарламаны баптаудың ерекшеліктері. Векторлық графиканың экспорты. Қосымша плагиндерді қосу және қолдану. Күрделі деформацияларды және трансформацияларды құру. Паттерндерді құру үшін фракталдарды қолдану.

      136. Бейіндік сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Бейіндік сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дизайн саласындағы жұмысқа арналған компьютерлік техниканың бар типтері;

      2) компьютерлік графиканы жасауға арналған бар бағдарламалық шешімі;

      3) Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор] бағдарламалық өнімінің құрылымын, негізгі мүмкіндіктерін;

      4) интерфейстің негізгі элементтері және Illustrator базалық баптау;

      5) Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор] бағдарламалық өнімін қолданады және баптайды;

      6) базалық нысандардың және сурет салу құралдардың көмегімен иллюстрация жасайды;

      7) өзінің жұмысында мәтіндік және текстуралық элементтерді сауатты қолданады;

      8) тапсырыс бойынша түстермен жұмыс істейді, түстік профильдерді қолданады;

      9) фотографияларды векторлық графикалық редакторда импорттайды және өңдейді;

      10) AdobeIllustrator [Адоб иллюстратор] бағдарламалық өніммен жұмыс жасау дағыдаларын меңгереді;

      11) графикалық планшет арқылы жұмыс жасайды;

      12) жұмысты оңтайландыру үшін дайындамаларды және шаблондарды қолданады және жасайды.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      137. Көркемдік білім берудегі оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойыншаағымдық үлгерім нәтижелерінен және сынақтан алған бағалардан тұрады.

      138. Білім алушылардың "Қолөнер" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      Аттестаттау формасы және білім алушылардың тапсырмаларына, шығармашылық жобаларына қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (сәндік-қолданбалы шығармашылық техникасын қолдана отырып панно жасау);

      2) 2 сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ ("Тоқылған қуыршақ" технологиясы бойынша жоба);

      139. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарын ескереді:

      1) қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;

      2) қол жұмыстарына арналған құралдарды меңгеру;

      3) бұйым сапасына қойылатын талаптарды сақтау;

      4) ұқыптылық, эстетикалық;

      5) композиция заңдарын, түстік үйлесімділікті білу;

      6) форма және мазмұнның сәйкес болуы, үйлесімділік, тұтастық қағидаттарын ескеру;

      7) бірегейлік, ерекшелік, өзгешелік;

      8) бұйымды орындау технологиясын меңгеру;

      9) бұйымды әшекейлеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану;

      10) міндеттерді шешудің барынша тиімді тәсілдерін таңдау(бірегейлік);

      11) мәселелі жағдайды шешудің конструктивті тәсілдерін табу;

      12) жобалау процесіндегі шығармашылық бөлігінің болуы.

      140. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы –оқу материалы игерілген, білім алушы оны өз сөзімен баяндайды, жауапты нақты мысалдармен өз бетінше дәлелдейді, педагогтің қосымша сұрақтарына дұрыс және толық жауап береді; бұйым сызба бойынша дәл орындалған; барлық өлшемдері сақталған; әрлеу нұсқаулық карта немесе үлгі бойынша талаптарға сәйкес орындалған; барлық еңбек тәсілдері дұрыс орындалған, берілген жұмыстың түріне қойылған қауіпсіздік техника ережелерін бұзушылықтар болған жоқ; тапсырма толық көлемде және бекітілген мерзімде орындалды;

      2) "4" "жақсы" бағасы –оқу материалы игерілген, білім алушы оны баяндауда елеусіз қателіктер жібереді, жауапты нақты мысалдармен дәлелдейді, қосымша сұрақтарға дұрыс жауап береді; бұйым сызба бойынша орындалған, өлшемдері сақталған, бірақ әрлеу сапасы талап етілгеннен төмен, жұмысты орындауға норма бойынша 10% дан көп уақыттың шығындалуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – оқу материалының маңызды бөлігі игерілмеген, білім алушы өз сөзімен баяндауда елеулі қателіктерді жібереді, нақты мысалдармен жауапты дәлелдеуге қиналады, қосымша мысалдарға нашар жауап береді; сызба бойынша аздаған ауытқулармен орындау; әрлеу сапасы қанағаттанарлық; жеке еңбек тәсілдері дұрыс емес орындалған, бірақ қателер мұғалімнің ескертуінен кейін түзетілген, берілген жұмыстың түріне қойылған қауіпсіздік техникасы ережелерінің елеусіз бұзушылықтар жіберілген, жұмысты орындауға норма бойынша 25% дан көп уақыттың шығындалуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – оқу материалы игерілмеген, білім алушы оны өз сөзімен баяндай алмайды, нақты мысалдар келтіре алмайды, педагогтің қосымша сұрақтарына жауап бере алмайды; сызбадан бөлек бұйымды орындау, үлгіге сәйкес келмейді; қосымша өңдеу бұйымды қолдану мүмкіндіктеріне әкелмейді, көптеген жұмыс түрлері дұрыс орындалмаған, педагогтің ескертуінен кейін қателіктердің қайталануы, білім алушының жөнсіз әрекетінің жарақат алуына немесе құралдың (жабдықтың) сынуына әкелуі, жұмысты орындауға нормаға қарсы 25% дан көп уақыттың шығындалуы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      141. Білім алушылардың "Экспериментальдік үлгілеу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      142. Аттестаттау формасы және білім алушылардың тапсырмаларына, шығармашылық жобаларына қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сыныпта – бірінші жартыжылдықта: сынақ (дизайн-жоба); екінші жартыжылдықта: сынақ ( нобайлар сериясын әзірлеу);

      2) 2 сыныпта – бірінші жартыжылдықта: сынақ (киімді жобалау); екінші жартыжылдықта: сынақ (дизайн-жоба).

      143. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі бағалау өлшемшарттарды ескеріледі:

      1) жұмысты орындаудың мәдениеті және маңыздылығы (мәселенің өзектілігі және дәлелділігі);

      2) ақпараттылық (мақсаттың айқындығы және зерттеу барысы, зерттеу кезеңдері, оларға қолданған әдістер, тәсілдер);

      3) нәтижесінің практикалық маңыздылығы;

      4) жобаны орындаудың сапалығы және техникасы;

      5) жұмыстың даралығы (дербестіктің және шығармашылықтың болуы, жеке жігерінің және мүмкіндігінің өлшемдестігі, жұмысқа қызығудың нәтижелігі және деңгейі);

      6) жұмыстың келешегі (автор және әлеумет үшін практикалық маңыздылығы, нәтижені қолдану мүмкіндігі, жұмысты жалғастыру мүмкіндігі);

      7) қарым-қатынас мәдениеті (дизайн, жобалық жұмыстың мәтіндік нұсқасын ресімдеу, жобалық жұмыстың құрылымы);

      8) ішкі өнімге талаптар (мультимедиялық презентация, бүктеме, коллаж);

      9) жобаны қорғау.

      144. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бағдарламалық материалды жүйелі, нақты, байланысты, дәлелді және қатесіз баяндау, өзінің тұжырымы бар,қабылданған терминологияны қолдана отырып логикалық жүйеліктегі жауап, негізгі түсініктерді дәл анықтау және түсіндіру; материалды әдеби тілмен баяндау; педагогтің қосымша сұрақтарына дұрыс және байыпты жауаптар;

      2) "4" "жақсы" бағасы – зерттелген бағдарламалық материалды жақсы білу, материалды белгілі бір логикалық жүйелікпен баяндау, жауапты нақты үлгі келтіру арқылы дәлелдеу, педагогтің қосымша сұрақтарына дұрыс жауап беру, жалпылау, тұжырым жасай алу, түрі өзгертілген жағдайдағы практикада алған білімдерін қолдану, ауызша және жазбаша сөз мәдениетінің негізгі ережелерін сақтау, жобаны ресімдеудегі аз ғана қателіктердің болуы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – бағдарламалық материалды меңгерудегі кемшіліктердің болуы, материалды жүйеленбеген, үзінді түрінде, бірізді баяндау, тұжырымдарды нашар дәлелдеу, ғылыми терминологияны қолданудағы қателіктер және олқылықтар;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – қойылған сұрақтардың шегінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлігін білмеу немесе нашар қалыптасқан және толық емес білім, нақты мәселелерді шешуде білімді қолдана алмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейіне сәйкес.

      145. Білім алушылардың "Компьютерлік графика" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      146. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) 4 сыныпта – екінші жартыжылдықта: бақылау жұмысы (Adobe Photoshop [Адоб фотошоп] бағдарламасындағы жобалық жұмыс);

      2) бейіндік сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (Adobe Illustrator [Адоб иллюстратор] бағдарламадағы жоба).

      147. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде педагог келесі өлшемдерді ескереді:

      1) зерттелген тақырыптың мазмұны, композициядағы оның сапалы ерекшелігінің көркемдік бейнесі;

      2) шешілетін оқу міндеттерінің сипатына композициялық ұйымдастыру түрлерінің сәйкес болуы;

      3) композициялық элементтері қалыптасуының стилистикалық бірлігі (үйлесімділігі);

      4) нақты қойылғанміндеттерді шешуге арналған ресми-композициялық және көркемдік-бейнелі тәсілдерді қолданудағы сандық өлшемдерді (тәсілдің аз болуы – барынша мәнерлеу) сақтау;

      5) композициялық шешімнің дербестігі және оның ішкі құрылымының тұтастығы;

      6) композициялық шығарманы графикалық орындаудағы тиянақты пысықтау және көркемдік мәдениеті;

      7) тапсырмамен жұмыс жасаудағы әдістемелік жүйелілік.

      148. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – жобаны сауатты ресімдеу, дайындау технологиясын сақтау, баяндама сапасының жақсы болуы, белгілі бір логикалық жүйелікте сауатты тілмен материалды баяндау, оқу тәртібі ретінде пәннің терминологиясын нақты қолданады; жауаппен байланысты суреттерді, схемаларды орындау; нақты мысалдармен теориялық жағдайды иллюстрациялауды білу; ертерек зерттелген байланысты сұрақтарды меңгеруін көрсету, жауап беруде қолданылатын білік және дағдылардың жетілуі және тұрақтылығы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – жобаны сауатты ресімдеу, дайындау технологиясын сақтау, баяндама сапасының жақсы болуы, белгілі бір логикалық жүйелікпен сауатты тілмен материалды баяндау, бірақ педагогтің ескертуімен түзетілген, жауаптың негізгі мазмұнын түсіндіру кезінде бір-екі кемшілік жіберілген; пәннің терминологиясын білуі; елеусіз кемшіліктермен суретті, схеманы орындау; нақты мысалдармен теориялық жағдайды иллюстрациялай алу; педагогтің ескертуімен жеңіл түзетілген, екінші дәрежедегі немесе қосымшадағы сұрақтарды түсіндіру кезінде қателіктер немесе екіден көп кемшіліктер жіберілген;

      берілген талаптардан елеусіз ауытқушылықтармен жобаны орындау;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – берілген талаптарды елеулі кемшіліктерімен жобаны ресімдеу, орындау, жобалық тапсырманы орындау технологиялары сақталмаған, материадың мазмұны толық емес немесе жүйесіз ашылған, бірақ сұрақты жалпы түсінуі көрсетілген және бағдарламамен анықталған бағдарламалық материалды әрі қарай жеткілікті игеруге арналған біліктер көрсетілген;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – берілген талаптарды кемшіліктерімен жобаны орындау; оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған; білім алушының оқу материалының үлкен немесе барынша маңызды бөлігін білмеуі және толық түсінбеуінің анықталуы; суреттердегі, схемалардағы, қосымшалардағыарнайы терминологияны қолдану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберілген, педагогтің бірнеше жетекші сұрақтарынан кейін түзетілмеген;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
84-қосымша

Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Ансамбль", "Қосымша музыкалық аспап", "Электронды пернелі аспаптар", "Сүйемелдеу", "Вокал", "Нотаны парақтан оқу", "Суырып салу", "Композиция", "Дирижерлеу", "Ритмика"" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Ансамбль", "Қосымша музыкалық аспап", "Электронды пернелі аспаптар", "Сүйемелдеу", "Вокал", "Нотаны парақтан оқу", "Суырып салу", "Композиция", "Дирижерлеу", "Ритмика"" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) таңдау пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: музыка құралдарымен саналы нәтижелі қызметке араластыру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) таңдау пәні бойынша қарапайым теориялық және практикалық білімді меңгеру.

      Дамыту:

      1) пәндер бойынша білікті, дағдыларды дамыту және оларды практикада қолдану;

      2) зейінді, ойлауды, елестетуді, көркем ойлауды, эстетикалық сезімді және әсемдікті түсінуді дамыту;

      3) білім алушының қызығушылығын, танымдық қызметін, білуге және шығармашылыққа деген уәждемесін ынталандыру;

      4) музыка өнері құралдарымен шығармашылық қызметін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) эстетикалық көзқарасты, адамгершілік ұстанымдарды және рухани құндылықтармен араласу қажеттілігін қалыптастыру;

      2) жалпы мәдениетті, эстетикалық және көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) отандық мәдениет құндылықтарына, халық шығармашылығының, классикалық және заманауи өнердің озық үлгілеріне араластыру;

      4) білім алушылардың кәсіби өзін өзі анықтауы.

      4. Таңдау пәндері бойынша оқыту мерзімі:

      1) "Ансамбль" – төрт жыл;

      2) "Қосымша музыкалық аспап" – бес жыл;

      3) "Электронды пернелі аспаптар" – бес жыл;

      4) "Сүйемелдеу" – екі жыл;

      5) "Вокал" – төрт жыл;

      6) "Нотаны парақтан оқу" – бес жыл;

      7) "Суырып салу" – үш жыл;

      8) "Композиция" – жеті жыл,

      9) "Дирижерлеу" – төрт жыл;

      10) "Ритмика – үш жыл.

      5. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестеттаумен аяқталады. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарымен анықталады.

      6. Бағдарлама балалар музыка мектептерінде және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінде әрі қарай оқуға бағдарланған білім алушыларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, музыкалық шығармашылығымен араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      9. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) балалардың табиғи қабілеттерін дамытудағы біртіндеушілік;

      2) музыкалық сөздікті және техникалық тәсілдерді меңгерудегі қатаң реттілік;

      3) саналылық және белсенділік – сабаққа деген саналы көзқарас, білім алушының үйретілетін материалдарды меңгеруіне және оны түсініп орындауға деген қызығушылығын тәрбиелеу;

      4) сабақтардың жүйелілігі мен ұдайылығы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесінің үздіксіз жүруін көрсетеді;

      5) оқу процесінің мақсаттылығы.

      10. Бағдарлама музыкалық дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған. Педагог музыкалық білім алуда қолжетімділікке, сатылылыққа және жүйелілікке, балалардың музыкаға деген қызығушылықтарын оятуға көңіл бөледі.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) музыкалық сауаттың тиісті деңгейіне сәйкес музыкалық шығармаларды шығармашылықпен орындауға мүмкіндік беретін теориялық білім, практикалық білік пен дағдыны меңгеру;

      2) білім алушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      3) білім алушылардың әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      4) музыкалық білім алуы және музыка мәдениетіне араластыру;

      5) білім алушылардың балалар музыка мектептерінің білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыға қажетті білік және дағдыларды үйрету мазмұны, сипаты және стилі жағынан түрлі шығармалармен жұмыс істеу барысында іске асырылады.

      14. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі құзыреттіліктеріне қол жеткізуге, оқу пәні шеңберінде білім, білік және дағдыларды меңгеруіне бағытталған.

      15. Бағдарламаның методологиялық негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, жеке-қызметтік, жеке-сараланған және мәселелі-зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелері;

      5) көрнекті педагогтер мен музыка танушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Оқу материалының мазмұнын іріктеудің педагогикалық қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескеріп, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына көмектесетін, үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты мазмұны деңгейі жағынан барлық оқыту сыныптарының арасындағы байланысты және орындаушылық қызметін білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты пән мазмұнын практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушылардың қабілеттерін және бейімділіктерін ашады, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      17. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – педагогтің аспаппен шығарма орындауы, бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – аспаппен жұмыс, дайындық жаттығулары, шығарманы өз бетінше талдау, шығарманың жеке бөліктерімен жұмыс;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркемдік әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      18. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне, физикалық қабілеттерінің, шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болады.

      19. Жұмыстың сабақтан тыс формаларының түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) білім алушылардың семинарларға және шеберлік сыпыптарға қатысуы;

      3) бақылау сабақтарына, сынақтарға және емтихандарға дайындық;

      4) концерттік, байқаулық көрсетілімдерге дайындық;

      5) филармонияларға, театрларға, концерттік залдарға, мұражайларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

      20. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      21. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      22. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      23. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері мен мәселелері;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      24. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      25. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      26. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      27. Педагог оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әр білім алушыға арналған оқытудың жеке жоспарын құрады. Жеке жоспар білім алушының музыкалық және рухани-адамгершілік дамуының үйлесімді процесін сипаттайды.

      28. Білім алушының жеке жоспары әр жартыжылдыққа құрылады, оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді, журналға немесе білім алушының жеке іс қағаздарына енгізіледі.

      29. Жеке жоспарды құру барысында білім алушының жылдың басындағы және аяғындағы мінездемесіне сәйкес жеке жұмысты жоспарлаудың болашақтағы және ағымдағы міндеттері ескеріледі.

      30. Білім алушының жеке жоспары кең репертуарлық үрдісті, халықтық, классикалық және композиторлық техниканың элементтері бар заманауи музыканы енгізу арқылы репертуарды жаңартуды және байытуды көрсетеді.

      31. Оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуы, білім алушының музыкалық-орындаушылық қабілеттерінің табысты және жан-жақты дамуы толығымен алғанда жұмыстың мұқият жоспарлануына, репертуардың дұрыс іріктелуіне тікелей байланысты болады.

      32. Педагог әрбір білім алушының музыкалық қажеттіліктерін және дарындылық ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына жеке репертуарлық стратегия әзірлейді.

      33. Педагог музыкалық шығармалардың жеке репертуарлық тізбесін қалыптастырады, шығармаларды жүйеге келтіреді және білім алушының жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.

      34. Репертуарлық тізбе қазақ, орыс, шетелдердің музыкасын, заманауи композиторлардың пьесаларын, мультипликациялық фильмдерден, балаларға арналған кинофильмдерден алынған танымал әндерді, халық әуендерін, фортепиано ансамбльдерін, симфониялық, камералық шығармалардың өңдеулерін, балаларға арналған танымал әндердің ыңғайланған нұсқаларын, халықтық нақыштағы өңдеулерін қамтиды.

      35. Педагог оқу процесінде ладтық, үндестілік, ырғақтық және әуендік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халық әндері мен күйлерінің өңдеулерін, қазақстандық композиторлардың шығармаларын кеңінен қолданады.

      36. Оқу репертуарының әр түрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларға қанық болуы музыкалық материалды оқуға, салыстыруға, жүйелеуге оңтайлы жағдай туғызады.

      37. Педагог репертуарға заманауи отандық және шетел композиторлары шығарған үздік пьесаларын қамти отырып, жүйелі түрде жаңартады және кеңейтеді.

      38. Педагог күрделілігі төмендеу тапсырмадан мейлінше күрделі тапсырмаға біртіндеп ауысу, білім алушыға көркемдік мазмұны жағынан, сондай-ақ орындау техникасы жағынан қолжетімді материалдарды таңдай отырып, оқыту әдістемесін және білім алушының репертуарын ойластырады.

      39. Педагог репертуармен жұмыстың аяқталу деңгейін бекітеді, шығармаларды үйрену кезеңдерін белгілейді, Бағдарламаның көлемін және күрделілігін түрлендіреді, әр білім алушының тұлғалық және жеке тәсілдерді ескеретін жаңа репертуардың есебінен репертуарлық тізбені толықтырып отырады.

      40. Педагог репертуармен жұмыс істеу барысында шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте орындауға, қалған бөлігі – сыныпта жұмыс істеуге немесе таныстыру мақсатына арналатынын ескереді.

      41. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық орындаушылық, көркемдік, техникалық мүмкіндіктерінен жоғары және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.

      42. Білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін сыныпта егжей-тегжейлі оқытылатын шығармалардан бөлек, жұмыстың түрлі аяқталу деңгейіне жол бере отырып, жаттауды талап етпей, түрлі сипаттағы пьесалардың қатарымен таныстырылады.

      43. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) этюдтермен және жаттығулармен жұмыс;

      2) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      3) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      4) халық әндері мен билерінің өңдеулері;

      5) ансамбль құрамында жұмыс;

      6) нотаны парақтан оқу дағдылары.

      44. Әр жарты жылдықтың соңында педагог тапсырмалардың орындалу сапасын белгілейді және бекітілген жеке жоспарға өзгерістер енгізеді, оқу жылының соңында білім алушының дамуына, үлгеріміне және еңбек қабілетіне сипаттама береді.

      45. Жылдың соңындағы білім алушыға берілген мінездеме тұлға даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді:

      1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады);

      2) білім алушының аталған аспапқа деген орындаушылық аппаратының сәйкестігі;

      3) аспапқа икемделу деңгейі;

      4) жалпы дамуы, эмоциялығы, қабылдауы, реакциясының жылдамдығы;

      5) музыкамен айналысуға көзқарасы;

      6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы;

      7) өз бетінше жұмыс істеу білігі;

      8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі;

      9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы;

      10) жылдың соңындағы жетістіктері;

      11) білім алушының музыкалық-техникалық дамуындағы кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері.

      46. Білім алушыны сипаттауда мақсатқа жетуге ұмтылуы, көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан еркіндігінің болуы сияқты жеке қасиеттері көрсетіледі.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      47. "Ансамбль" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ансамбль – бірге өнер көрсететін орындаушылардың тобы;

      2) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезінде саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      3) ауфтакт – өнер көрсету алындағы дирижерлік сермеу, алдын ала сермеу, дыбыстың алдындағы дем алуды көрсету;

      4) дауыс ырғағы – музыкалық дыбыстарды (үндерді) олардың ретімен жоғарылатып ұймдастыру;

      5) дауыс ырғағын кетіру – вокалмен немесе музыкалық аспапта дыбыстық үнді тазы шығару білігі;

      6) джаз – африка ырғағы, еуропа гармониясының әсерінен туындаған, афроамерикалық фольклордың элементтері бар музыка өнерінің түрі;

      7) дыбысты жүргізу – фонация процесінде дыбыстарды байланыстыру тәсілі;

      8) дыбыс шығару – музыкалық аспапта ойнау және ән айту барысында дыбысты алу, шығару;

      9) музыкалық композиция техникасындағы секвенция – аталған әуендік фразаның жүйелі қаталауына немесе басқа жоғарылықтағы үйлесімді айналымға алып келетін тәсіл;

      10) музыкалық орындаушылық өнердегі агогика – көркемдік мәнерлеу мақсатына бағындырылған, қарқыннан және метрден сәл ауытқу (баяулату, жылдамдату);

      11) педальді басқару – пианино өнеріндегі маңызды элементтердің бірі;

      12) штрих – дыбыс құрайтын ноталар, ноталар тобын орындау тәсілі (амалы және әдісі);

      13) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеу құралы;

      14) accelerando [аччелерандо] – жылдамдата;

      15) adagio [адажио] – баяу;

      16) allegretto [алегретто] – музыканың жылдамдығы мен кербездігін білдіретін термин, көп жағдайда би элементтері болады;

      17) andante [анданте] – музыкалық термин, музыкада онымен музыкалық шығарма ойналуы тиіс жылдамдықты белгілейді;

      18) contabile [контейбл] – әндете;

      19) dolce [долче] – жұмсақ, нәзік;

      20) grazioso [грациозо] – кербез-нәзік;

      21) presto [престо] – музыкалық шығарманы немесе оның үзіндісін ерекше жылдам орындауды сипаттайтын музыкадағы термин;

      22) ritenuto [ритенуто] – тоқтата, баяулата;

      23) risoluto [ризолюто] – шешімді;

      24) vivo [виво] – жылдам.

      48. Бағдарламаның мақсаты: ансамбльдік орындаушылық бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілетін дамыту үшін жағдай жасау.

      49. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) білім алушының ансамбльде музыка ойнауына қажетті орындаушылық дағдылар кешенін қалыптастыру;

      2) өз партиясын композитордың түпкі ойына сәйкес орындауға үйрету;

      3) ырғағы, қарқыны, епкіндік үйлесімділігі біртұтас мәнерде дыбыс құрауды дағдыландыру;

      4) ансамбльде ойнау, ноталарды парақтан оқу, сүйемелдеу негізін игеру дағдыларын меңгеру;

      5) аспапта ойнау бойынша орындаушылық білік және дағдыларды қалыптастыру және дамыту;

      6) музыкалық шығарманы талдауды үйрену.

      Дамыту:

      1) музыкалық, гармоникалық есту қабілетін, есте сақтау жадын, ырғақ сезімін, қимылды-моторлы дағдыларын дамыту;

      2) ойлауды, елестетуді, әртістікті және әуезділікті дамыту;

      3) ансамбль сезімін дамыту (өз партиясын нақты алып жүру және серіктесін есту білігі);

      4) көркемдік талғамды, орындалатын шығарманың стилін, формасын, мазмұнын түсінуді қалыптастыру;

      5) музыкалық және көркемдік талғамды тәрбиелеу, ансамбльге арналған репертуармен таныстыру арқылы музыкалық ой-өрісін кеңейту;

      6) шығармашылық қызмет және көпшілік алдында өнер көрсету тәжірибесін жинақтау.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының ансамбльде музыка ойнау мәдениетін, аспапта ойнау бойынша алған білім, білік және дағдыларын практикада қолдануға ұмтылысын тәрбиелеу;

      2) музыканы дұрыс қабылдауды, музыкалық шығарманы тыңдау білігін тәрбиелеу, көркемдік талғамды, музыканы түсініп қабылдау негізінде орындаушылық шеберлік мәдениетін тәрбиелеу;

      3) отандық және әлемдік мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, халық шығармашылығының үздік үлгілерін меңгеру арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      4) білім алушылардың кәсіби оқуын жалғастыруға деген саналы уәждемесін қалыптастыру.

      50. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      51. Педагогтің білім алушылармен жеке жүргізетін сабақтары сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақтың жеке формалары педагогпен немесе басқа білім алушылармен ансамбльде ойнаумен үйлестіріледі.

      52. Бағдарлама ансамбльде ойнау, ноталарды парақтан оқу, аккомпанемент негіздерін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      53. Бағдарлама ансамбльде орындаудың практикалық тәжірибесін, ансамбльде музыка ойнауды үйрену және музыка өнерін меңгеру бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алуға жағдай жасайды.

      54. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      55. Педагог білім алушының барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына мән береді және дамыта отырып, бұл қасиеттерді педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      56. "Ансамбль" пәні бойынша сабақтарда педагогпен, кейіннен сыныптағы білім алушылармен төрт қолмен ойнау практикасы қолданылады, бұл баланың қызығушылығын және ансамбльде музыка ойнау процесіне әуестенушілігін оятады.

      57. Сабақтар білім алушының әрекеттерін қатаң ырғақ шеңберінде ұйымдастырады, зейінін шоғырландыруға мәжбүрлейді және серіктесін тыңдай білуге үйретеді.

      58. Педагогтің міндеттерінің бірі – дайындық деңгейі ұқсас білім алушы-серіктестерді іріктеу. Олардың біреуінің артта қалуы ойыннан алатын жалпы көркемдік әсерге әсер етеді.

      59. Пән бойынша табысты оқытудың шарты – екі серіктесті аспапқа дұрыс отырғызу, серіктестер арасында педальді бөлуді қалыптастыру болып табылады. Ансамбльдегі серіктестер орындарын ауыстырады, әртүрлі білім алушылар арасында бірінші және екінші партияны орындауды алмастырады.

      60. Педагог төрт қолмен ойналатын фортепиано ансамбльдерінен басқа, төрт қолмен ойналатын екі фортепианоға арналған ансамбльдермен таныстырады.

      61. Педагогтің үнемі назарында болады:

      1) серіктестердің орындауындағы үйлесімділікпен жұмыс;

      2) олардың партияларының дыбыстық тепе-теңдігі, бірдей фразировка жасау, агогика, штрихтармен, дауыс ырғағымен, фразаны бірге бастап және оны бірге аяқтау білігімен жұмыс;

      3) серіктестер арасында бөлінген қосарланғандарда және аккордарда дыбыс шығаруларының тепе-теңдігі;

      4) дауысты серіктестен серіктеске жеткізу;

      5) ырғақтық қағыстың тұтастығын сақтау.

      62. Педагог білім алушылармен бірге шығарманың формасын талдайды, ірі және ұсақ тараулар белгіленеді, олар білім алушылармен жеке пысықталады. Шығарманың формасы шығарма, оның мағынасы және көркемдік бейнесі туралы жалпы түсініктің маңызды құрамдасы болып табылады.

      63. Репертуар орындаушылардың мүмкіндіктеріне қарай әрбір нақты дуэтке арналып қалыптастырылады.

      64. Педагогтің сабақ жүргізудегі міндеттерінің бірі білім алушылардың энергиясы мен уақытын аз жұмсап, максималды нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

      65. Үнемі музыка ойнап тұратын дайындықтың қарқыны маңызды болады, ол тек педагогтің тұжырымдалған ескертпелері мен ұсынымдарын түсіндіру үшін тоқтатылуы тиіс.

      66. Ансамбльдік техника барлық орындаушылардың көркемдік бейнені түсінудегі біртұтастығын және орындаушылық тәсілдердің үйлесімділігін талап етеді.

      67. Ансамбльдің нақты және бірге ойнау шарты болып қарқынды бекіту және ырғақтық қағыстың тұтас сақталуы болып табылады. Ырғақпен жұмыс фразировкамен және музыкалық мазмұнымен қатар жүргізіледі.

      68. Фразалардың әндетіп шығуы негіз қалаушы мәнге ие. Шығарманы, оның бейнелі-поэтикалық құрылымын, музыкалық драматургиясын талдау қажет.

      69. Педагог білім алушының назарын шығарманың формасына, динамикалық, тембрлік бояуының ерекшеліктеріне, мейлінше күрделі эпизодтарына аудартады.

      70. Педагог білім алушыны өз серіктесін тыңдауды және естуді, онымен өзінің әрекеттері мен тілегін қатаң келісіп отыруға дағдыландырады.

      71. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру бойынша жұмыс оқытудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

      72. Білім алушыға өз бетінше жұмыс істеуді, мәселелі фрагменттерді пысықтау білігін, шығарманың штрихтарын, фразировкасын және динамикасын нақтылауды үйрету маңызды міндет болып табылады.

      73. Білім алушы алдымен өзінің партиясымен жеке, кейін серіктесімен бірге жұмыс істейді. Табысты ойнаудың маңызды шарты педагогпен жүргізілетін тұрақты дайындықтар болып табылады.

      74. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмаларын дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      75. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Білім алушы өзінің жеке партиясын жаттайды, ноталық мәтінге, авторлық нұсқауларға назар аударады, осыдан кейін ансамбль бойынша серіктесімен бірге дайындалуға көшеді.

      76. Білім алушы педагогпен өткізілген әр сабақтан кейін дайындалады, ойнаудағы педагог көрсеткен кемшіліктерін түзетеді. Білім алушы фортепиано ансамблі бойынша серіктесінің партиясымен танысады, нотадағы маңызды тұстарды, барынша үйлесімді дыбысталуға қол жетізу үшін маңыздыларды, орындаушы арасындағы дыбысты балансты белгілейді, педальді дұрыс басқару, жалпы штрихтармен және динамикамен жұмыс істейді.

      77. Білім алушы ансамбльдің құрамында ойнай отырып, бірінші, екінші партияларды оқуды және бір тактіге немесе бірнеше тактіге алдын ала қарауды дағдыландырады.

      78. Бірінші кезекте ең күрделі тапсырмалар пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қандай да бір тапсырмамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақытты анықтайды.

      79. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) ауфтактпен жұмыс;

      2) үйлесімді орындау бойынша жұмыс;

      3) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      4) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      5) халық әндері мен билерінің өңдеулері;

      6) ансабль құрамында жұмыс істеу;

      7) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      80. Үй тапсырмасының мазмұны:

      1) шығармаларды талдау;

      2) техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс;

      3) мәнерлеп орындау бойынша жұмыс;

      4) ноталарды парақтан оқу.

      81. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      82. "Ансамбль" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Фортепиано", "Нотаны парақтан оқу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      83. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) педагогпен, сыныптағы білім алушымен бірге төрт қолмен ойнауды меңгеру;

      2) ырғақты суреті қарапайым, қарапайым өлшемді бір дауысты әуендерді, қарапайым фраза, мотив деңгейіндегі музыкалық құрылымдарды, бір аппликатуралық позиция шеңберінде ойнау тәсілдерін, штрихтарды (non legato [нон легато], legato [легато]) меңгеру;

      3) мейлінше күрделі ырғақты суреттерді, аяқталған құрылымды (кезеңді) білдіретін музыкалық материалды меңгеру;

      4) бір дауысты әуендермен, штрихтармен (non legato [нон легато], 2 дыбыспен legato [легато], мүмкіндігінше staccato [стаккато]);

      5) серіктесін тыңдау дағдысын қалыптастыру;

      6) оқу жылының ішінде 6-8 музыкалық шығарманы меңгеру.

      84. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ансамбль түсінігі. Ансамбльдің түрлері.

      2-тақырып. Ансамбльде ойнаудың ерекшеліктері.

      3-тақырып. Шығармамен танысу. Шығарманы құру тарихы. Композитор туралы мәлімет.

      4-тақырып. Педагог және білім алушы құрамында бірге ойнау.

      5-тақырып. Шығарманы талдау. Шығарма формасын талдау. Дыбыс балансымен жұмыс. Дыбыс шығарудың ұқсас тәсілдерін меңгеру бойынша жұмыс.

      6-тақырып. Үйлесімді бірге ойнау бойынша жұмыс. Әр партияның материалындағы техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс.

      7-тақырып. Дуэтке қатысушылардың орындауын үйлестіру бойынша жұмыс.

      8-тақырып. Музыкалық материалды бөлмей, аяқталмаған фразаны іліп әкету және оны серіктеске беру білігін қалыптастыру бойынша жұмыс.

      9-тақырып. Ұжымдық шығармашылық музыка ойнау дағдыларын қалыптастыру. Ауфтакт. Ішкі үлестік қағыс. Өз партиясының дыбысталуын ести білу. Серіктесінің партиясын ести білу. Ансабльдің тұтас дыбысталуын ести білу.

      10-тақырып. Музыкалық материалдың барлық элементтерінің тең орындалуына қол жеткізу білігін қалыптастыру бойынша жұмыс (штрихтарды, педальді басу, дыбыс шығару, динамика).

      11-тақырып. Үйлесімді, бір қарқында, қимылдың тұтастығын үнемі сезіне отырып ойнау білігін қалыптастыру бойынша жұмыс. Бірігіп орындау процесінде шығарманың көркемдік бейнесінің біртұтастығымен жұмыс істеу білігі.

      85. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталық сауат негіздерін біледі;

      2) (non legato [нон легато], legato [легато], мүмкіндігінше staccato [стаккато]) штрихтарын біледі;

      3) ансамбль, әуен, лад (мажор, минор), үзіліс, мінез түсініктерін біледі;

      4) динамикалық реңктерді біледі (forte [форте], piano [пиано], diminuendo [диминуэндо], crescendo [крещендо]);

      5) non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтарын дұрыс орындайды;

      6) дыбысты белгілі күшпен шығара алады;

      7) өз партиясының және серіктесі партиясының дыбысталуын ести алады.

      86. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ансамбльде музыка ойнау дағдылары, әуендік сызықты тыңдау білігі, оны мәнерлеп жеткізу, серіктесін сауатты сүйемелдеу, шығарманың динамикасымен, музыкалық шығарманың мазмұны мен стилін талдау бойынша жұмыс жалғастырылады:

      2) ырғақтық суреті жеңіл және мейлінше күрделі бір дауысты әуендерді, бір аппликатуралық позиция шеңберінде ойнау тәсілдерін, әуенді бір қолдан екінші қолға ауыстыру тәсілдерін, екпіндік ырғақтарымен фразаларды қайталау нұсқауларын меңгеру;

      3) жанр, фраза, мотив, ырғақ, қарқын, бейнелілік, аппликатура, allegro [аллегро], moderato [модерато], ritenuto [ритенуто] түсініктерін меңгеру;

      4) оқу жылының ішінде жанры және бейнелі-көркемдік мазмұны жағынан әртүрлі 8-10 шығарманы меңгеру.

      87. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ансамбль туралы теориялық мәліметтерді бекіту.

      2-тақырып. Ансамбльдік жұпты іріктеу: білім алушы – білім алушы бір аспапта ойнайды.

      3-тақырып. Үйлесімділікпен жұмыс.

      4-тақырып. Дыбысты үйлесімді аяқтау және тоқтату бойынша жұмыс.

      5-тақырып. Динамикалық өзгерістер кезіндегі қарқынды біртұтастық бойынша жұмыс.

      6-тақырып. Ұжымдық ырғақты, оның анықтылығын және тұрақтылығын тәрбиелеу.

      7-тақырып. Серіктес қате жіберген кезде бірігіп ойнауды жалғастыру білігін дағдыландыру.

      8-тақырып. Дыбыс шығарудың бірдей тәсілдерін меңгеру бойынша жұмыс.

      9-тақырып. Жеке және тұтасымен, жеке тәсілмен және жалпы түпкі оймен үйлесімді бірге ойнау бойынша жұмыс.

      10-тақырып. Әр партия материалында техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс.

      11-тақырып. Дуэтке қатысушылардың орындауын үйлестіру бойынша жұмыс.

      12-тақырып. Дыбыс шығарудың бірдей тәсілдерін меңгеру бойынша жұмыс.

      13-тақырып. Ансамбльде ойнау кезінде педальді басқарудың ерекшеліктері.

      14-тақырып. Түрлі сипаттағы пьесаларды қолдану.

      15-тақырып. Ырғақтық суретті күрделендіру.

      16-тақырып. Тональдік планды кеңейту.

      17-тақырып. Әртүрлі аралықтағы полифониялық элементтері бар пьесаны қолдану.

      88. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қарапайым және мейлінше күрделі ырғақтық суреті бар бір дауысты әуендерді біледі;

      2) бір аппликатуралық позиция шеңберінде ойнау тәсілдерін біледі;

      3) әуенді бір қолдан келесі қолға беру тәсілдерін біледі;

      4) фразаларды дауыс ырғағының өзгерістерімен қайталау нұсқаларын біледі;

      5) ән, би, марш жанрларын біледі;

      6) "фраза, мотив, ырғақ, қарқын, бейнелілік, аппликатура" түсініктерін біледі;

      7) орындайтын шығарма авторларының шығармашылығын біледі;

      8) allegro [аллегро], moderato [модерато], ritenuto [ритенуто] музыкалық терминдерін біледі;

      9) педагогтің және білім алушылардың орындайтын әуендерін ести алады;

      10) ансамбльдің толығымен дыбысталуын ести алады;

      11) динамикалық бояуларды орындай алады.

      89. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ұсақ ұзақтықтарды және мейлінше күрделі ырғақтық суреттерді, негізгі әуендік сызықты бір регистрден келесі регистрге ауыстыру тәсілдерін, ырғақтық және екпіндік өзгерістері бар фразалардың қайталану нұсқаларын меңгеру;

      2) ансамбльде ойнау дағдыларын жалғастыру, репертуарды күрделендіру, партиялар және қолдар арасында дыбысты дұрыс бөлу бойынша жұмыс, авторлық мәтінді нақты оқуға зейін қоюды тәрбиелеу, білім алушының музыкалық ойлауын дамытуды жалғастыру;

      3) "әншілік, бишілік, марштық, халық әндерін өңдеу, джаз стилі, секвенция, екпін, ауфтакт" түсініктерін меңгеру;

      4) allegretto [аллегретто], presto [престо], andante [анданте], dolce [долче], accelerando [аччелерандо], ritenuto [ритенуто], risoluto [ризолюто], adagio [адажио], vivo [виво], contabile [кантабиле], grazioso [грациозо] музыкалық терминдерін меңгеру;

      5) оқу жылының ішінде жанры және бейнелі-көркемдік мазмұны жағынан түрлі 10-12 шығарманы меңгеру.

      90. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Теориялық материалды қайталау.

      2-тақырып. Ансамбльде ноталарды парақтан оқу дағдылары: шағын диапазон, мәтінді талдау.

      3-тақырып. Техникалық жағынан күрделі шығармаларды орындау.

      4-тақырып. Үйлесімді ойнау, эмоциялық мәнерлеу дағдылары.

      5-тақырып. Репертуарда ырғақтық суреті бай заманауи и джаз музыкасын қолдану.

      6-тақырып. Опералық және балет музыкасымен танысу.

      7-тақырып. Фразаны бір уақытта бастау және аяқтау, біркелі қарқынды ұстап тұру білігі.

      8-тақырып. Артикуляциямен, мәнерлікпен, фразировкамен, агогикалық реңктермен жұмыс.

      9-тақырып. Ансамбльде ойнау кезінде педальді басқару бойынша жұмыс.

      10-тақырып. Полифониялық элементтері бар және әртүрлі аралықтағы пьесаны қолдану.

      11-тақырып. Пианистік техниканы, реакцияның жылдамдығын дамыту.

      12-тақырып. Камералық музыканың белгілі орындауларымен және орындаушыларымен танысу.

      13-тақырып. Дыбыстық баланс – партия және қол арасында дыбысты дұрыс бөлу бойынша жұмыс. Авторлық мәтінді нақты оқуға зейін қоюды тәрбиелеу.

      14-тақырып. Музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жасау білігі. Музыкалық шығарманы толық және тұтас орындау.

      15-тақырып. Көпшілік алдында өнер көрсету – орындаушылықтың маңызды элементі.

      91. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ұсақ ұзақтықтарды және мейлінше күрделі ырғақтық суреттерді біледі;

      2) негізгі әуендік сызықты бір регистрден келесі регистрге ауыстыру тәсілдерін біледі;

      3) ырғақтық және екпіндік өзгерістері бар фразаларды қайталау нұсқаларын біледі;

      4) құрамында джаз элементтері бар пьесаларды біледі;

      5) "әншілік, бишілік, марштық, джаз стилі, секвенция, екпін, ауфтакт" түсініктерін біледі;

      6) "allegretto [аллегретто], presto [престо], andante [анданте], dolce [долче], accelerando [аччелерандо], ritenuto [ритенуто], risoluto [ризолюто], adagio [адажио], vivo [виво], contabile [кантабиле], grazioso [грациозо]" музыкалық терминдерін біледі;

      7) орындалатын музыканы түсінеді;

      8) динамикалық тепе-теңдікті сақтайды;

      9) бір қарқында, қимылдардың тұтастығын үнемі сезіне отырып, үйлесімді ойнайды;

      10) тік педальді қолдана алады;

      11) джаз музыкасын ажырата алады.

      92. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ансамбльде ойнау дағдылары бойынша жұмысты жалғастыру, музыкалық ойлауды және мәнерлеу құралдарын дамыту;

      2) агогикамен және педальді басқарумен жұмыс;

      3) концертте өнер көрсету жағдайындағы әртістікті және ансамбль сезімін тәрбиелеу;

      4) оқу жылының ішінде жанры және бейнелі-көркемдік мазмұны жағынан әртүрлі 12-14 шығарманы меңгеру.

      93. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Меңгерілген теориялық материалды бекіту.

      2-тақырып. Педагог – білім алушы құрамында екі аспапта бірге ойнау.

      3-тақырып. Дыбысты үйлесімді аяқтау және тоқтату бойынша жұмыс.

      4-тақырып. Динамикалық өзгерістер кезіндегі қарқынның тұтастығы бойынша жұмыс.

      5-тақырып. Ұжымдық ырғақты, оның анықтылығын және тұрақтылығын тәрбиелеу.

      6-тақырып. Серіктес қате жіберген кезде бірге ойынды жалғастыру білігін дағдыландыру.

      7-тақырып. Дыбыс шығарудың бірдей тәсілдерін меңгеру бойынша жұмыс.

      8-тақырып. Бөліп және тұтас, жеке тәсілмен және жалпы түпкі ойымен бірге үйлесімді ойнау бойынша жұмыс.

      9-тақырып. Әр партияның материалында техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс.

      10-тақырып. Дуэтке қатысушылардың орындауын үйлестіру бойынша жұмыс.

      11-тақырып. Дыбыс шығарудың бірдей тәсілдерін меңгеру бойынша жұмыс.

      12-тақырып. Ансамбльде ойнау кезінде педальді басқарудың ерекшеліктері.

      13-тақырып. Дыбыстық баланс – дыбысты партиялар арасында дұрыс бөлу бойынша жұмыс.

      14-тақырып. Музыкалық шығарманың көркемдік мазмұнына және формасына, жанры мен стилінің ерекшеліктеріне байланысты ансамбльде ойындаудың музыкалық-орындаушылық міндеттерін шешу бойынша дағдылар.

      15-тақырып. Отандық және шетел композиторларының ансамбльдік репертуарын білу (фортепиаоно дуэттеріне арналған музыкалық шығармалар, симфониялық, циклдық (соната, сюита), ансамбльдік, органдық шығармалар, камералық-аспапты репертуар);

      16-тақырып. Мейлінше дарынды түлектердің камералық ансамбльдің пианист-жеке орындаушысының кәсіби орындаушылық кешенін қалыптастыру.

      94. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кәсіби терминологияны біледі;

      2) фортепианоның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін біледі;

      3) фортепианоның көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі;

      4) ансамбльдік репертуарды біледі;

      5) авторлық мәтінді мейлінше нақты жеткізу үшін фортепианоның көптеген мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін қалыптасқан орындаушылық білім, білік және дағдылар кешеніне ие;

      6) әртүрлі кезеңдердің, стильдердің, бағыттардың, жанрлардың және формалардағы музыкалық шығармаларынан алынған ансамбльдік репертуарды біледі;

      7) ансамбльде серіктестермен бірігіп музыка ойнау дағдыларына ие болады;

      8) музыкалық шығармаларды парақтан төрт қолмен оқи алады;

      9) серіктестерге ортақ ырғақ сезімін тәрбиелеу бойынша дағдыларға ие болады;

      10) ансамбльмен музыка ойнау кезінде есту қабілетін бақылауды тәрбиелеу бойынша дағдыларға ие болады;

      11) төрт қолды шығармаларды орындау кезінде фортепиано педалін қолдану дағдысына ие болады;

      12) ансамбльші ретінде репетициялық-концерттік жұмыс дағдыларына ие болады.

      95. "Қосымша музыкалық аспап" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккомпанемент – жеке партияны (әншіні, аспапта орындаушыны, хорды) бір немесе бірнеше аспаппен, сондай-ақ оркестрмен сүйемелдеу;

      2) аккорд – бір уақытта алынған әртүрлі биіктіктегі үш немесе одан көп музыкалық дыбыстардың үйлесімі;

      3) аранжировка – музыкалық шығарманы алғашқы нұсқасынан өзгеше формада жеткізу үшін дайындау және бейімдеу өнері;

      4) аспаптау – оркестрдің қандай да бір құрамымен немесе аспапты ансамбльдің орындауы үшін музыканы жеткізу;

      5) баррэ – сол қолдың сұқ саусағы бір мезетте грифтегі бірнеше ішекті басып тұратын, гитарда және кейбір басқа музыкалық аспаптарда ойнау тәсілі;

      6) бас – ерлердің классикалық әншілік дауыс түрлерінің бірі, дауыстың ең төменгі тесситурасына ие, дыбысталудың тереңдігімен және толықтығымен ерекшеленеді;

      7) бас-гитара – бас диапазонында ойауға арналған, ішекті-шертпелі музыкалық аспап;

      8) вариациялық форма – өзгертілген бірінші бөлімді (тақырыбы) білдіретін, бірнеше бөлімді (вариация) қамтитын музыкалық форма;

      9) вибрация – дыбыс көзінің, сондай-ақ оған баланысты резонатордың тербелуі;

      10) доминантсептаккорд – терциялардың бойында орналасқан төрт дыбыстан тұратын аккорд;

      11) квинтті шеңбер – үйлесімділік, туыстық бойынша үндестіліктердің орналасу жүйесі, графикада сызба түрінде бейнеленеді, ол жердегі мажор және минор үндестіліктері таза квинталар бойынша жоғары, ал бемольда таза квинталармен төмен орналасады;

      12) қос ноталар – ішекті ысқылы аспаптарда екі немесе одан көп дыбыстарды бір уақытта үйлестіру;

      13) легато – музыкалық аспапта ойнау тәсілі, дыбыстар арасында үзіліс болмай, бір дыбыстың екінші дыбысқа баяу ауысатын дыбыстарды байланыстырып орындау;

      14) мелизмы – әуеннің қарқыны мен ырғақты суретін өзгертпейтін, дыбысты әртүрлі әуендік әрлеу, нота жазуында арнайы белгілермен немесе ұсақ ноталармен белгіленеді;

      15) октава – дыбыстар арасындағы жиілік бірдің екіге қатынасын құрайтын музыкалық интервал (яғни биік дыбыстың жиілігі төменгіден екі есе үлкен);

      16) рондо – түрлі мазмұндағы эпизодтармен алмасып отыратын басты тақырыптың (рефрен) бірнеше рет қайталануына негізделген музыкалық форма, рефренді мейлінше кең таралған музыкалық форма;

      17) септаккорд – терциялардың бойында орналасқан, төрт дыбыстан құралған аккорд;

      18) тасымалдау – бір құрылымда жазылған пьесаларды екінші құрылымға ауыстыру, сондай-ақ алдыңғы қатардағы гаммалардың сатылары арасындағыдай оның гаммаларының әртүрлі орналасқан сатыралы арасындағы дәл сол қатынастар жаңа құрылымда да сақталады;

      19) флажолет – обертон шығаратын музыкалық аспапта ойнау тәсілі.

      96. Бағдарламаның мақсаты: қосымша музыкалық аспап (бас-гитара) бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      97. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) аспапты меңгеру, есту арқылы ойнауды, тасымалдауды, ноталарды парақтан оқуды, сүймелдеу білігін үйрету;

      2) білім алушының аспапты игеруіне қажетті музыкалық сауатты меңгеруі;

      3) эстрадалық музыканың барлық жанрларын және стильдерін практикада меңгеру негізінде орындаушылықтың практикалық дағдыларын және өзгеше ерекшеліктерін үйрету;

      4) білім алушының жеке, ансамбльде және оркестрде орындауына қажетті білік пен дағдыларды меңгеруі;

      5) білім алушының әртүрлі жанрдағы және формадағы шығармаларды қабылдауына, меңгеруіне және бас гитарада ойнауына мүмкіндік беретін орындаушылық дағдылар кешенін қалыптастыру.

      Дамыту:

      1) орындаушылық қызығушылықты, музыкалық есте сақтау қабілетін, есте сақтау жадын және ырғақты, әуезділікті және әртістікті дамыту;

      2) музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылықты дамыту;

      3) бейнелі ойлауды, елестетуді, музыканы эмоциямен қабылдауды, орындаушылық жігер мен ұстанымды дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық ой-өрісті кеңейту, музыкалық шығармашылыққа танымдық қызығушылықты дамыту;

      2) орындаушылық шеберлік мәдениетін, музыкан өнеріне қызығушылықты тәрбиелеу;

      3) әртүрлі ұлттық дәстүрлердің, стильдердің, кезеңдердің музыка өнерімен танысу арқылы төзімділікті тәрбиелеу.

      98. Бағдарламаны игеру мерзімі – бес жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      99. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      100. Бағдарлама бас-гитарада ойнауды үйренгісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      101. Бағдарлама бас-гитарада ойнау дағдыларын алуға, музыканы электронды аранжировка жасауды үйретуге, орындаушылық практика тәжірибесін алуға, электронды музыкалық шығармашылықпен байланысты композиторлық және дыбыстық режиссуралық қабілеттерін дамытуға және балаларды компьютерлендірілген аспаптар негізінде өнімді музыкалық шығармалыққа араластыруға жағдай жасайды.

      102. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      103. Бас-гитараға сүйеніп музыканың шынайы өмірдегі және мектепте музыка ойнаудың дәстүрлі дыбыстық материалының электрлік акустикалық аурасы арасындағы айырмашылықты жеңуге ықпал етеді.

      104. Бас-гитараны қолдану білім алушының ой-өрісін байытуға ықпал етеді. Білім алушы өзінің шығармашылық практикасы негізінде музыкалық шығарманың құрылымы, қандай да бір көркемдеу құралының мәнерлігі туралы маңызды білім алады.

      105. Бас-гитарада ойнауды үйрету параллельдігімен және кешендігімен сипатталады, оқытудың алғашқы кезеңінде әуендер, ырғақ, стиль, аранжировка, сүйемелдеу туралы түсініктер меңгеріледі.

      106. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) дыбысты дамытуға арналған жаттығулар (дыбыс ұзақтығымен жұмыс);

      2) техниканы дамыту бойынша жұмыс (гамма, жаттығу, этюд);

      3) көркем материалмен жұмыс (пьеса немесе ірі нысанды шығарма);

      4) ноталарды парақтан оқу.

      107. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      108. "Қосымша музыкалық аспап" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының түрлі көркемдік түсініктерді тұтас түсінуге итермелейді.

      109. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дұрыс отыруды және қолдарды қоюды, ойын қимылдарын ұйымдастыруды, педагогпен ансамбльде ойнауды меңгеру;

      2) жоғары дыбысты жазбамен, ноталар мен үзіліс ұзақтықтарын жазумен, әртүрлі музыкалық түсініктермен танысу;

      3) музыкалық шығармалармен, ноталық мәтінді сауатты және түсініп талдаумен, есту қабілетін бақылауды дамытумен жұмыс;

      4) аспапты игерудің алғашқы дағдыларын, позициялық ойнау және аппликатуралық тәртіп дағдыларын қалыптастыру мақсатында гаммаларды, этюдтерді, жаттығуларды меңгеру;

      5) бірінші позиция шеңберінде ноталарды оқу, позициялық ойнау және аппликатуралық тәртіптің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, қарапайым шығармаларды тасымалдау;

      6) сахналық тәртіпті меңгеру, көпшілік алдында өнер көрсетуге дайындалу;

      7) 4/4 өлшемге барлық ойын соққыларының түрлерімен бес лад төңірегінде позициядағы төртінші ішектен типтік аппликатураларымен мажор гаммаларын және арпеджионы меңгеру;

      8) оқу жылының ішінде 2-4 этюдті, 6-8 пьесаны меңгеру.

      110. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Оқытудың алғашқы кезеңі. Отыру және қолдарды қою. Дыбыс шығарудың алғашқы дағдыларын және ойнау тәсілдерін меңгеруге бағытталған ойын қимылдарын ұйымдастыру. Педагогпен ансамбльде ойнау, педагогтің орындауындағы музыканы тыңдау, музыкалық тәжірибе жинақтау.

      2-тақырып. Теорияны меңгеру. Ноталық және музыкалық сауатты меңгеру. Жоғары дыбысты жазумен, ноталар мен үзілістердің ұзақтықтарын жазумен, әртүрлі музыкалық түсініктермен: қарқын, ырғақ, фраза, динамикалық реңктер, аккомпанемент түсініктерімен танысу.

      3-тақырып. Музыкалық шығармалармен жұмыс. Ноталық мәтінді сауатты және түсініп талдау бойынша жұмыс. Дыбыстау сапасы және ырғақпен, есту қабілетін бақылау бойынша жұмыс, динамикамен жұмыс.

      4-тақырып. Техникамен жұмыс. Аспапты меңгерудің алғашқы дағдыларын, позициялық ойынның және аппликатуралық тәртіптің алғашқы дағдыларын қалыптастыру мақсатында гаммалармен, этюдтермен және жаттығулармен жұмыс.

      5-тақырып. Ноталарды парақтан оқу, тасымалдау. Ноталарды бірінші позиция аумағында оқу. Позициялық ойнаудың және аппликатуралық тәртіптің алғашқы дағдылары. Жеңіл шығармаларды тасымалдау.

      6-тақырып. Көпшілік алдында өнер көрсетуге дайындалу. Жиналу, музыкалық шығарманың бейнесіне ену, шығарманың түпкі ойын көрерменге жеткізу білігін тәрбиелеу.

      111. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) аспаптың негізгі мәнерлеу мүмкіндіктерін біледі;

      2) ноталық сауаттың негізгі компоненттерін біледі;

      3) қарапайым музыкалық құрылымдарды біледі;

      4) қарапайым музыкалық жанрларды біледі;

      5) отыру және тұру кезінде аспапты ұстауда қолдарды дұрыс қоюды біледі;

      6) мақсатты ойын қимылдарын құра алады;

      7) электронды музыка ойнау кезінде ноталарды парақтан оқу, ансамбльде ойнау, есту арқылы теру және суырып салу дағдыларына сүйенеді;

      8) қарапайым музыкалық-екпіндік қызметке деген қабілетін дамытады;

      9) өзінің шығармашылық өнімін бағалай алады.

      112. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) төртінші-тоғызынды позиция шеңберінде грифпен танысу, позицияларды ауыстырудың алғашқы дағдыларын, баррэ техникасын, легатоны дамыту, флажолеттердің қарапайым элементтерін меңгеру;

      2) ноталық мәтінді сауатты және түсініп талдау бойынша жұмысты жалғастыру, динамикамен жұмыс, полифония элементтері бар жеңіл пьесаларды меңгеру;

      3) гаммалармен, этюдтермен және жаттығулармен әрі қарай жұмыс істеу, аспапты басқарудың тұрақты дағдыларын, позициялық ойын дағдыларын дамыту және аппликатуралық формулаларды дұрыс қолдану;

      4) бірінші-екінші позиция шеңберінде нотаны оқуды, жеңіл шығармаларды тасымалдауды меңгеру;

      5) 4/4 өлшемге барлық ойын соққыларының түрлерімен бес лад төңірегінде позициядағы төртінші ішектен типтік аппликатуралармен мажор гаммаларын және арпеджионы меңгеру;

      6) оқу жылының ішінде 4-6 этюдті, 8-10 пьесаны меңгеру.

      113. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Қойылымдық-қимыл дағдыларын дамыту. Шығарманы ойнауға қажетті орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жұмыс. Төртінші-тоғызынды позиция шеңберінде грифпен танысу. Позицияларды ауыстырудың алғашқы дағдыларын дамыту. Баррэ техникасын дамыту. Флажолеттердің қарапайым түрлерін меңгеру. Легото техникасын, аралас легатоны дамыту. Вибрация дағдысын меңгеру.

      2-тақырып. Музыкалық шығармамен жұмыс. Ноталық мәтінді сауатты және түсініп талдау бойынша жұмысты жалғастыру. Есту қабілетін бақылауды дамыту. Динамикамен жұмыс. Орындау сапасына және мәнерлігіне талапты арттыру. Ансамбльде ойнауға жеңіл материалда дайындау. Полифония элементтері бар жеңіл пьесаны меңгеру.

      3-тақырып. Техникамен жұмыс. Гаммалармен, этюдтермен және жаттығулармен жұмысты жалғастыру. Аспапты меңгерудің тұрақты дағдыларын, позициялық ойын және аппликатуралық формулаларды дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.

      4-тақырып. Ноталарды парақтан оқу, тасымалдау. Ноталарды екінші позиция ауқымында оқу. Аспапта ойнау білігін, позициялық ойнау дағдыларын және аппликатуралық тәртіп дағдыларын дамыту. Жеңіл шығармаларды тасымалдау.

      5-тақырып. Көпшілік алдында өнер көрсетуге дайындық. Жиналу, музыкалық шығарманың бейнесіне ену білігін, шығарманың түпкі ойын тыңдарманға жеткізу білігін тәрбиелеу.

      114. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негізгі компоненттерін біледі;

      2) музыкалық форманың компоненттерін біледі;

      3) қарапайым формаларды, вариацияларды және рондоны біледі;

      4) ойын практикасында артикуляция, динамикамен байланысты әртүрлі тәсілдерді қолданады;

      5) ноталарды парақтан оқуды, ансамбльде ойнауды біледі;

      6) есту арқылы жеңіл музыкалық шығармаларды тере алады;

      7) ұсынылған үлгі бойынша музыкалық құрылымдарды суырып сала алады;

      8) музыкалық миниатюраларды шығара алады.

      115. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық дағдыларды, екі қолдың саусақтарының сенімділігі мен жүйріктілігін дамыту, аккордпен ойнау техникасын жетілдіру;

      2) баррэ техникасымен, вибрация, легатомен жұмыс, техниканы жетілдіру, музыкалық шығармамен жұмыс, білім алушының өз бетінше жұмыс істеу деңгейі жоғары болған кезде жанры және стилі әртүрлі шығармаларды сауатты және түсініп талдау бойынша жұмысты жалғастыру, алдында алған дағдыларын бекіту;

      3) мажор және минор гаммаларын, олардың арпеджиоларын, 4/4 өлшеміне барлық ойын соққыларымен бес лад шеңберінде үшінші және төртінші ішектегі типтік аппликатураларды меңгеру;

      4) оқу жылының ішінде 6-8 этюдті, 10-12 пьесаны меңгеру.

      116. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық дағдылармен жұмыс. Шығарманы ойнауға қажетті орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру. Екі қолдың саусақтарының сенімділігін және жүйріктілігін дамыту.

      2-тақырып. Аккордпен ойнау техникасын жетілдіру. Баррэ техникасы.

      3-тақырып. Вибрация, легато техникасын жетілдіру.

      4-тақырып. Мелизмдерді орындауға дайындық. Жоғары позицияларда ойнау дағдыларын бекіту. Жасанды флажолеттер.

      5-тақырып. Музыкалық шығармамен жұмыс. Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуін арттыру кезінде әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларды сауатты және түсініп талдау бойынша жұмысты жалғастыру.

      6-тақырып. Форманың құрылымы бойынша жұмыс, шығармаларды музыкалық-түсінікті және теориялық талдау. Орындау мәнерлігіне талапты арттыру.

      7-тақырып. Техникамен жұмыс. Гаммалармен, этюдтермен және жаттығулармен жұмысты жалғастыру.

      8-тақырып. Екі қолдың саусақтарының сенімділігін және жүйріктілігін дамыту. Әртүрлі арпеджиолар мен гаммаларды ойнау техникасын жетілдіру.

      9-тақырып. Ноталарды парақтан оқу, тасымалдау. Алдында алған дағдыларын бекіту.

      10-тақырып. Позициялық ойын және аппликатуралық тәртіп дағдыларын дамыту. Жеңіл шығармаларды тасымалдау.

      11-тақырып. Көпшілік алдында өнер көрсетуге дайындық.

      117. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық шығармашылықтың түрлерін біледі;

      2) әртүрлі жанрдағы және стильдегі жеңіл музыкалық шығармаларға аранжировка жасай алады;

      3) әртүрлі жанрдағы және стильдегі жеңіл музыкалық шығармаларды орындай алады;

      4) суырып салу және қарапайым шығарма жазу дағдыларын біледі.

      118. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) шығармаларды орындауға қажетті орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру, легато, мелизм, позицияларды біріктірудің түрлерін, қос ноталарды және аккордтық ойындарды орындау техникасын әрі қарай меңгеру;

      2) дыбыс шығару және екі қолдың әрекетін үйлестіру бойынша әрі қарай жұмыс істеу, жоғары позицияларда ойнау дағдыларын бекіту, білім алушының өз бетінше жұмыс істеу деңгейі артқан кезде әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларды талдау бойынша жұмыс;

      3) гаммалармен, этюдтармен және жаттығулармен жұмысты жалғастыру, әртүрлі арпеджио және гаммалардың түрлерін ойнау техникасын жетілдіру, алдында меңгерген позициялық ойын және аппликатуралық тәртіп дағдыларын бекіту;

      4) мажор және минор гаммаларын, арпеджионы, 4/4 өлшеміне барлық ойын соққы түрлерімен бес лад шеңбері позициясында үшінші және төртінші ішектен типтік аппликатураларды, бас сызықтарын меңгеру;

      5) оқу жылының ішінде 8-10 этюдті, 12-14 пьесаны меңгеру.

      119. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық дағдылармен жұмыс. Шығарманы ойнауға қажетті орындаушылық дағдыларды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.

      2-тақырып. Легатоны, мелизмдерді, позицияларды біріктірудің түрлерін, қос ноталарды және аккордпен ойнауды орындау техникасы.

      3-тақырып. Дыбыс шығару және екі қолды үйлестіру бойынша жұмыс.

      4-тақырып. Жоғары позицияларда ойнау дағдыларын бекіту.

      5-тақырып. Музыкалық шығармамен жұмыс. Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері жоғары болған жағдайда әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларды талдау бойынша жұмыс.

      6-тақырып. Форманың құрылымы бойынша жұмыс.

      7-тақырып. Шығармалардың музыкалық-мағыналық және теориялық талдауы.

      8-тақырып. Орындау мәнерлігі. Нақты техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс.

      9-тақырып. Техникамен жұмыс. Қолдарды үйлестіруді дамыту мақсатында гаммалармен, этюдтермен және жаттығлармен жұмыс.

      10-тақырып. Әртүрлі арпеджиоларды және гаммаларды ойнау техникасын жетілдіру.

      11-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Тасымалдау.

      12-тақырып. Алдында меңгерген позициялық ойнау және аппликатуралық тәртіп дағдыларын бекіту.

      13-тақырып. Жеңіл шығармаларды тасымалдау.

      120. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негізгі түсініктерін біледі;

      2) үшдыбыстылық және қосымша сатыдағы септаккордтар түсініктерін біледі;

      3) альтерациямен және тоқтап орындалатын аккордтарды біледі;

      4) ауытқулар мен модуляцияны біледі;

      5) квинтті шеңбер, фактура дауыстарының қызметтері, дауыс жүргізу, тембр мен фактураның өзара әрекеттесуі түсініктерін біледі;

      6) күрделі үш бөлікті, сонаталық және циклдық формадағы композициялық құрылымдарды біледі.

      121. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) шығарманы орындауға қажетті орындаушылық дағдыларды, легато, мелизмдерді, позицияларды біріктірудің әртүрлі түрлерін, қос ноталарды және аккордтық ойындарды орындау техникасын әрі қарай жетілдіру;

      2) дыбыс шығару техникасын жетілдіру, саусақтардың жүйріктілік деңгейін арттыру, әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларды сауатты орындау, форма құрылымы бойынша жұмыс;

      3) шығармаларды музыкалық-мағыналық және теориялық талдау, мәнерлеп орындау, әртүрлі арпеджио және гамма түрлерін ойнау техникасын жетілдіру, жеңіл шығармаларды тасымалдау;

      4) мажор гаммаларын және олардың үш октавадағы арпеджиоларын, доминантсептаккордтар позициясындағы сынық арпеджиоларды, бас сызықтарын меңгеру;

      5) оқу жылының ішінде 10-12 этюдті, 14-16 пьесаны меңгеру.

      122. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Орындаушылық дағдылармен жұмыс. Шығармаларды ойнауға арналған орындаушылық дағдыларды жетілдіру.

      2-тақырып. Легатоны, мелизмдерді, позицияларды біріктірудің әртүрлі түрлерін орындау, қос ноталарды және аккордтарды ойнау техникасын жетілдіру.

      3-тақырып. Дыбыс шығару техникасын жетілдіру және саусақтардың жүйріктілік деңгейін артыру.

      4-тақырып. Музыкалық шығармалармен жұмыс. Әртүрлі жанрдағы және стильдегі шығармаларды сауатты орындау бойынша жұмыс.

      5-тақырып. Форманың құрылысымен жұмыс, шығарманың музыкалық-мағыналық және теориялық талдау. Нақты техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс.

      6-тақырып. Техникамен жұмыс. Әртүрлі арпеджиоларды және гаммаларды ойнау техникасын жетілдіру.

      7-тақырып. Ноталарды парақтан оқу және тасымалдау. Позициялық ойнауды және аппликатуралық тәртіп дағдыларын дамыту. Жеңіл шығармаларды тасымалдау.

      123. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) өзінің музыка қызметінде электронды аспаптардың ерекше құралдарының кең ауқымын қолдана алады;

      2) музыка теория түсініктерінде жылдам бағдарлана алады;

      3) электронды музыка ойнау процесінде музыка теориясы ережелері мен заңдылықтарын сауатты қолдана алады;

      4) әртүрлі жанрға және стильге жататын музыкалық шығармаларды электронды аранжировка құралдарымен анық және бейнелі жеткізе алады;

      5) сенімді түрде ноталарды парақтан оқуды, ансамбльде ойнауды және музыкалық шығармаларды есту арқылы теруді біледі;

      6) электронды аспапқа арналған жеңіл пьесаларды суырып салуды және шығаруды біледі.

      124. "Электронды пернелі аспаптар" ("Пернелі аспаптар") пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккомпанемент – шығармада екінші орында болатын, негізгі әуенге музыкалық фон; бір немесе бірнеше аспаптармен, сондай-ақ оркестрмен жеке партияны (әнші, аспапшы, хор) сүйемелдеу;

      2) аспаптау – музыкалық шығарманы қандай да бір аспаптық құрамға бейімдеу;

      3) аранжировка – музыкалық шығарманы алғашқы нұсқасынан өзгеше формада жеткізу үшін дайындау және бейімдеу өнері;

      4) аранжировка жасаушы – композиторлық дағдылары бар, әуенді музыкалық фактураға айналдыратын музыкант;

      5) әлсіз үлес – такті жүйесіндегі метрикалық тіректі емес үлес;

      6) орнаментика – музыкалық шығарманың негізгі әуенін әшекейлеу тәсілі; әуенді әшекейлеу тәсілдері туралы ілім;

      7) дыбыс режиссурасы – кейіннен көп мәрте қайталап ойнату, эфирге шығару және сақтау, деректі, оқу материалдарды) жазу процесін шығармашылық басқару және ұйымдастыру;

      8) дыбыстық әсер – кинодағы, бейне ойындардағы, музыкадағы көркемдік мазмұнды ерекшелеу үшін қолданылатын қолдан жасалған немесе күшейтілген дыбыс, немесе дыбыстардың өңделуі;

      9) жанр – музыкалық шығармалардың туындауымен және өмірлік маңыздылығымен, орындау және қабылдау тәсілдерімен және шарттарымен, сондай-ақ мазмұны мен формасының ерекшеліктерімен байланысты оның тарихи пайда болу тамыры мен түрлерін сипаттайтын көп мағыналық түсінік;

      10) күшті үлес – такті жүйесіндегі бірінші, тактінің метрикалық тіректі үлесі, оның алдына тактілі сызық қойылады;

      11) қосарлану – фактураның маңызды ерекшелігі, қандай да бір дыбыспен (интервалмен немесе аккордпен) еселенген. Ең кең тараған қосарлану – дыбысталуды қатайту, дыбысталудың толықтылығы үшін қолданылатын фактураның әртүрлі дауыстарын октавамен екі еселеу;

      12) музыкалық акустика – музыкада қолданылатын дыбыстарды құру, тарату және қабылдау мәселелері;

      13) паттерн – музыкалық тректің күрделі бөлігі, көптеген сэмплдерден тұруы мүмкін және оның ұзақтықтары шектелмеген;

      14) реверберация – дыбыстың көп мәрте көрінуі кезінде оның қарқынын біртіндеп азайту процесі. Кей кездері реверберация деп ревербераторлардың көмегі арқылы осы әсерге еліктеу түсіндіріледі;

      15) секвенсор, секвенсер – "MIDI [миди]-мәліметтер ретін, ең алдымен "паттерн" деп аталатын формулалы ырғақтық фигураларды және әуендік фразаларды жазу, өңдеу және ойнатуға арналған аппараттық құрылғы немесе қосымша бағдарлама;

      16) секвенция – аталған әуендік фразаны жүйелі қайталауға немесе басқа биіктіктегі үйлесімді айналымға алып келетін тәсіл;

      17) септаккорд – терцияның бойында орналасқан төрт дыбыстан құралған аккорд;

      18) синтезатор – бір немесе бірнеше дыбыс толқындары генераторының көмегі арқылы дыбыстарды құрайтын (синтездейтін) электронды музыкалық аспап;

      19) синкопа – ырғақтық екпінді күші әлсіз үлеске ауыстыру;

      20) сэмпл – басқаларда қолданылатын бір музыкалық шығарманың үзіндісі; концерт кезінде ойнатылатын қандай да бір музыкалық аспаптың партиясының алдын ала жазылған үзіндісі;

      21) үйлесімділік – дыбысталуына байланысты үндерді біріктіру заңдылықтарына және олардың ретті қозғалысындағы дыбысталудың байланысына негізделетін музыканың мәнерлеу құралдарының саласы;

      22) үйлестіру – гармония ережесі бойынша әуенді аккордтық немесе хормен сүйемелдеудің музыкалық құрылымы;

      23) үлес – музыкалық метрдің қарапайым бірлігі;

      24) фактура – көп дауысты музыкалық композицияны бір (көп дауысты) құрылымында әрлеудің музыкалық түрлендірілген тәсілі.

      25) фактура – сипатын және оны құрайтын дауыстардың құрамдастарының қатынастарын ескеретін музыкалық материалдың құрылымы;

      26) фигура (фигурациияда) – жалпы ағымнан ерекшеленетін, фактураның дауыстарындағы әуендік, гармониялық, ырғақты, аралас немесе кешенді қимылдың сипатты қайталанатын элементі.

      125. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, пернелі синтезаторда ойнау дағдыларын және алған білім, білік және дағдылары негізінде осы қызметтің негізгі түрлерін меңгеру.

      126. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) электронды пернелі синтезаторлардың құрылымы туралы білімді қалыптастыру;

      2) пернелі синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін меңгеру: тембр және стиль қорымен танысу, дыбыстық, көркемдік әсерлермен танысу, синтезатордың есте сақтау қорында таңдалған өлшемдерді сақтау, аспаптар панелін басқару тәсілін меңгеру;

      3) музыка теориясы және музыкалық сауат бойынша тұрақты білімді меңгеру (музыкалық шығарманың үйлесімділігі, фактурасы, формасы туралы мәліметтер);

      4) орындаушылық техниканы меңгеру және жетілдіру (ойнау аппаратын қою, пернелі синтезаторда ойнау кезінде дыбысталу режимін ауыстыру дағдыларын меңгеру);

      5) негізгі функционалды аккордтарды практикада қолдану тәсілдерін меңгеру;

      5) білім алушыны электронды музыкалық қызметтің түрлеріне араластыру: аранжировка жасау, суырып салу, орындаушылық, ойдан шығару және дыбыс режиссурасының жұмысы.

      Дамыту:

      1) әртүрлі шығармашылық қызмет түрлері арқылы музыкалық қабілеттерін ашу;

      2) аранжировка жасау, суырып салу, шығару дағдыларын дамыту;

      3) әуезділікті, стиль сезімін және көркемдік талғамын қалыптастыру;

      4) білім алушының электронды музыкалық шығармашылыққа деген қызығушылығын дамыту;

      5) музыкалық білімі бар, креативті және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

      Тәрбиелік:

      1) электронды музыкалық шығармашылық процесінде білім алушыны эстетикалық дамыту;

      2) музыкалық-шығармашылық қызметке деген тұрақты қажеттілікті қалыптастыру;

      3) тұлғаны рухани және адамгершілік байыту;

      4) өзін өзі дамытуға және өзін өзі жетілдіруге құлшыну сезімін тәрбиелеу;

      5) кәсіби білім алуға уәждемелерін қалыптастыру.

      127. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – бес жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      128. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      129. Бағдарлама алғашқы музыкалық дайындығы жоқ білім алушыға бағдарланған, оларды музыкалық-шығармашылық қызметінің жаңа түрі – пернелік синтезаторда ойнауға тартуға арналған.

      130. Бағдарлама пернелік синтезаторда ойнау дағдыларын алуға, аранжировка, суырып салу, ойдан шығару тәсілдерін үйретуге, орындаушылық практика тәжірибесін алуға, электронды музыкалық шығармашылықпен байланысты композиторлық және дыбыстық режиссерлік қабілеттерін дамытуға және балаларды компьютерлендірілген аспаптар негізінде өнімді музыкалық шығармашылыққа араластыруға жағдай жасайды.

      131. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      132. Бағдарламаның өзектілігі музыкалық білім беруге ақпараттық технологияларды енгізу қажеттелігі болып табылады. Синтезаторға сүйеніп музыканың шынайы өмірдегі және мектепте музыка ойнаудың дәстүрлі дыбыстық материалдарының электр акустикалық аурасы арасындағы айырмашылықты жеңуге ықпал етеді.

      133. Педагог синтезатормен жұмыс істеу арқылы білім алушыға тембрлерді, олардың өңдеулерін таңдауға, музыканы аспаптың жадына сақтауға мүмкіндік бере отырып, оларға өз қызметін композитор, орындаушы және дыбыс режиссері рөлімен үйлестіруге мүмкіндік береді.

      134. Білім алушы педагогтің басшылығымен музыка теориясы бойынша білім алады, пернелі синтезатордың сандық құралдары арқылы функционалдық мүмкіндіктерін меңгереді, орындаушылық техниканы меңгерді және жетілдіреді.

      135. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді және жағымды жақтарына мән бере және дамыта отырып, бұл қасиеттерді педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      136. Синтезаторда ноталық мәтінді дыбыстау үшін, педагог шығарманың музыкалық формасын, оның стилін, оларға тән жанрлық ерекшеліктерді, фразировканы, үндестілікті, ұлттық нақышты, музыкалық материалдың динамикалық дамуын анықтайды.

      137. Педагог шығарманың стилін және оны құру уақытын ұстана отырып, мейлінше сәйкес келетін негізгі үнді іздеуге біртіндеп ауысады. Тембрді анықтағаннан кейін, педагог аранжировканың негізгі кезеңіне кіріседі – қосымша аспаптарды үйлесімді толқытыру және таңдау.

      138. Педагог тембрлерді қою, пернетақтаны бөлу, негізгі үнді үйлестіру, дыбыстық әсерлер сияқты синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін қолданады, дыбысталудың электрлік акустикалық ортасы құрылады.

      139. Шығармашылық қабілет ретінде синтезаторда ойнау қабілетін қалыптастыру негізінде қызметтің екі негізгі түрі: шығармашылық практика және музыка теориясын меңгеру жатыр.

      140. Электронды музыка ойнау процесіне кіретін гармонизациямен жұмыста білім алушы әуен мен гармонияның ұйқасты үйлесімділігіне ұмтылады, сүйемелдеуде дауысты баяу жүргізуге тырысады.

      141. Білім алушы фактурамен жұмыс істей отырып, кереғар тембрлер мен регистрлердің көмегі арқылы бір уақытта дыбысталатын оның әртүрлі қатарларын ерекшелейді, бірыңғай қатарларды бір тембрге біріктіреді және сүйемелеу фактурасының әуендік сызықтың сипатына сәйкес келуін қадағалайды (жанрлық бөлшектер, драматургия, мәнерлеу);

      142. Аспаптау бойынша жұмыста – музыкалық ойды ауыстыру кезінде білім алушы әуеннің тембрін жаңартады, дыбысталудың әрбір жоспарын әртүрлі тембрлермен "сызбаға түсіреді", әуендерді ерекшелеу үшін октавалық немесе қосарланудың кереғар тембрлік үйлесіміне негізделгендерді қолданады.

      143. Аранжировка келесі негізгі әрекеттерден тұратын күрделі шығармашылық қызметті білдіреді:

      1) түпнұсқа мәтінді талдау;

      2) аранжировканың жобасын жасау;

      3) дыбыстық құралдарды іріктеу;

      4) нәтижені тексеру және түзету.

      144. Білім алушыны аранжировка жасау өнеріне араластыру күрделі міндетті ұсақ құрамдастарға бөлшектеу әдісіне сүйену арқылы іске асады.

      145. Аранжировка жасауға үйретудің маңызды әдісі білім алушыға әрекеттердің ретін түсіндіру болып табылады, оның негізінде болашақ аранжировканың жалпы өлшемдерінен ең кіші өлшемдеріне дейінгі шоғырландырылған шеңбер қызметін атқаратын ізденіс қимылы жатыр.

      146. Білім алушының аранжировка жасаудың барлық кезеңдеріндегі жұмысын жетілдіруге авторлық интроспекция әдісі ықпал етеді. Педагог білім алушыны шығармашылық процестің белгілі жақтарын өзінің әрекеттерін түсіндіру арқылы жеткізеді.

      147. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) техниканы дамыту бойынша жұмыс (гамма, этюд);

      2) көркем материалмен жұмыс (пьесалар немесе әртүрлі формадағы және жанрдағы шығармалар);

      3) ноталарды парақтан оқу;

      4) шығарманы ойдан шығару;

      5) аранжировка жобасын құру.

      148. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) рефлексия (өзінің орындауын бағалау);

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      149. "Пернелі синтезатор" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Жалпы фортепиано", "Ансамбль" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      150. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) электронды аспап пернелі синтезаторды, оның функционалдық мүмкіндіктерін, орындаушылық техниканың алғашқы тәсілдерін, аранжировканың музыкалық-теориялық білім және дағдыларын меңгеру;

      2) алғашқы орындаушылық білік және дағдыларды қалыптастыру;

      3) бейнелі ойлауды, музыканың мазмұнын сезіну, түсіну қабілетін дамыту;

      4) музыкалық сауат пен теория бойынша негізгі білімді алу: гармония (интервалдар, аккордтар, лад, үндестілік, үндестілік функциясының жүйесі); фактура (гомофонды-гармоникалық қатардағы фактурадағы дауыстардың функциясы); форма (кезең, қарапайым екі-үш бөлікті формалар); аспаптау (электронды дауыстарды жіктеу және оларды қолдану әдістері); дыбыстық режиссура (дыбысталу көлемін, оның бояуы және әртүрлі түрдегі дыбыстық режиссерлік әсерлердің көмегімен кеңістіктік орналасуын қалыптастыру тәсілдері);

      5) оқу жылының ішінде білім алушы формасы және сипаты бойынша әртүрлі 8-12 шығарманы меңгереді: Normal [Нормал] режимі 1-2 жеңіл менуэт, 1-2 этюд, 1-2 пьеса; "Авто сүйемелдеу" режимінде 1-2 этюд, 4-6 пьеса, полифониялық шығармаларды, ірі нысанды шығармалар, әртүрлі 10 музыкалық шығармаға аранжировка құрады, оларды орындау немесе синтезатордың көп жолдық секвенсерге жазу.

      151. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Пернелі синтезатор аспабымен танысу. Электронды сандық (компьютерлендірілген) музыкалық аспаптар тобының өкілі ретіндегі пернелі синтезатордың жалпы сипаттамасы. Аспапты күту. Қауіпсіздік техникасы. Аспапты жұмысқа дайындау. Электр желісіне қосу. Аспапқа педальді, құлаққаптарды, күшейткіштерді жалғау. Синтезаторды қолдануға дайындау. Басқару панелін үйрену. Курсормен жұмыс, функциялары, жедел режимдер.

      2-тақырып. Білім алушының аспапқа тұрып немесе отырып ойнауға ыңғайлануы. Ойын аппаратын ұйымдастыру. Еркін қимылдау бойынша жұмыс. Дененің қалпымен жұмыс. Қолдарды қою бойынша жұмыс. Қолдарды қоюға арналған жаттығуларды орындау. Саусақпен ойнау дағдыларын қалыптастыру. Гаммаларға дайындық жаттығулары.

      3-тақырып. Ноталық сауаттың негізгі компоненттерін меңгеру: ноталық жүйе, скрипка және бас кілті, нотаның белгілеулері (графикалық, буындық және әріптік).

      4-тақырып. Мажор және минор гаммаларды құру формуласы. Екі белгіге дейінгі мажор және минор үндестіктері. Гамма, арпеджио, аккорд аппликатуралары. Үндестіктер түсінігі. Октавалардың аталуы. 2/4, 3/4, 4/4 өлшемдері. Затакт. Аппликатура.

      5-тақырып. Әуеннің құрылымы. Кезең, сөйлем, фраза, мотив туралы түсінік. Қарапайым екі бөлікті форма. Лад жүйесі: мажор және минор. Есту арқылы жеңіл әуендер мен балаларға арналған әндерді теру.

      6-тақырып. Музыкалық жанрлар: ән, би, марш.

      7-тақырып. Паттерн жинақтарын және аспап дауыстарының аталуы және оларға тән ерекшеліктері: Style [стайл], Tone [тун]. Пернелік синтезатордың негізгі үндері және стильдері. Оркестрдің аспаптары және олардың синтезаторда дыбысталуы.

      8-тақырып. Музыканы орындау сипатына байланысты негізгі терминдер: динамикалық реңктер (forte, piano), штрихтар (non legato, legato, staccato). Ноталардың әріппен және санмен белгіленуі. Сол қолға арналған аккордтарды жазу: С – мажорлы үшдыбыстылық, Cm – минорлық үшдыбыстылық. Аккордтарды жеңіл теру режимі.

      9-тақырып. Синтезаторда ойнау. Normal режимі – бір аспаптың пернесі. Негізгі үнді таңдау. Басқару панеліндегі батырмаларды қолдану. Қарапайым бір дауысты әуендердің ноталарын парақтан оқу. Non legato, legato, staccato ойнау тәсілдерін меңгеру.

      10-тақырып. Ноталардың әріппен және санмен белгіленуі. Сол қолға арналған ноталарды жазу: C – мажорлы үшдыбыстылық, Cm – минорлы үшдыбыстылық. Аккордтарды жеңілдетіп теру режимі.

      11-тақырып. Пернелі синтезатордың фунционалды сипаты. Негізгі басқару пернелері: Family [фамили] [<] [>], Select [селект] [<] [>], Start/Stop [старт/стоп], Sync Start [синк старт]. Family [фамили], Select [селект] пернелері арқылы нөмірді теріп паттерн мен дауысты таңдау, Start/Stop [старт/стоп], пернелерді басу кезінде соқпалы аспаптардың партияларын шығару, Sync Start [синк старт] режимінде әртүрлі дыбыстарды теру.

      12-тақырып. Split [сплит], Dual [дуал] режимдерінде жеңіл алынған аккордтармен сүйемелдеп ойнау. Intro [интро], Fill [фил], Ending [эндинг] функцияларын қолдану.

      13-тақырып. Ноталық мәтінді талдау – әуеннің жоғары дыбыстық құрылымы, өлшемі, қарқыны, ырғақтық суреті, аппликатура, non legato [нон легато], legato [легато], staccato [стаккато] штрихтары, ладтық ерекшеліктер, динамикалық жоспар, Style [стил], Tone [тун], Intro [интро], Fill [фил], Ending [эндинг]. Шығармаларды мәнерлеп орындау дағдысын қалыптастыру. Бейнелі музыкалық ойлауды тәрбиелеу. Музыкалық есте сақтау жадын тәрбиелеу: метроритмикалық, жоғары дыбысты, аспаптық-репертуарлық, орындаушылық. Орындаудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.

      14-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Әуеннің құрылымын талдау, қарапайым өлшемдерде ырғақтық топтарды, гармониялық функциялар туралы түсініктер, Tone [тун], Style [стил]. Шығармаларды Intro [интро], Fill [фил], Ending [эндинг] қолданып, берілген режимде, ұсынылған Tone [тун] және Style [стил] парақтан оқып орындау. Оңтайлы аппликатураны табу.

      15-тақырып. Репертуармен жұмыс. Оқу-жаттықтыру материалы. Гаммалар: до және соль мажор, ля және ми минор әр қолмен жеке екі октавада. Этюдтер. Пьесалар. Музыкалық шығармаларды талдау. Техникалық дағдылармен жұмыс. Репертуарды жинақтау.

      16-тақырып. Концерттік қызмет. Орындаушының сыртқы бейнесі және сахнадағы жүріс тұрысы, оның эмоциялық күйі, өнер көрсетуге психологиялық дайындық. Академиялық концерттерге, іс-шараларға қатысу.

      152. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) электронды сандық (компьютерлендірілген) музыкалық аспаптар тобының өкілі ретінде пернелі синтезаторлардың жалпы сипаттамасын біледі;

      2) синтезатордың құрылымын, аспапты ұстау ережелерін, қауіпсіздік техникасын біледі;

      3) аспапқа педальді, құлаққапты, күшейткішті қоса алады;

      4) ойын аппаратын басқарады;

      5) негізгі дауыс топтарын және электронды аспаптардың паттерндерін біледі;

      6) перненің стандартты диапазонының түрін, регистрді, пернені бөлуді, авто сүйемелдеу аймағын біледі;

      7) пернеде октаваларды таба алады;

      8) Split [сплит], Dual [дуал] режимдерінде ойнайды;

      9) музыкалық сауаттың алғашқы білімін біледі және музыкалық түсініктерді түсінеді;

      10) аккордтардың әріптік белгілеулерін, forte, piano, crescendo, diminuendo сияқты итальян терминдерінің қысқартылған мағыналарын біледі;

      11) әуендердің құрылымын, қарапайым өлшемдердегі ырғақтық топтарды талдай алады, шумақты-қайырма формасы туралы түсінікке ие болады;

      12) берілген, ұсынылған Tone [тун] және Style [стил] тәртібінде, Intro [интро], Fill [фил], Ending [эндинг] қолданып, шығармаларды параққа қарап оқи алады;

      13) оңтайлы аппликатураны таба алады;

      14) алғашқы орындаушылық білік және дағдыларға ие болады;

      15) меңгерілген репертуарды жеткілікті деңгейде мәнерлеп оқи алады;

      16) аранжировка жасаудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      17) академиялық концерттерге қатысады.

      153. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспапты, оның функционалдық мүмкіндіктерін меңгеру, орындаушылық техниканың негізгі тәсілдерін меңгеру, аранжировка жасау дағдылары, музыкалық-теориялық білім;

      2) әртүрлі ойнау режимдерімен және секвенсерді қолданумен байланысты музыкалық дыбысталудың фактурасын басқару тәсілдерін меңгеру;

      3) практикалық аспаптық дағдыларды дамыту, аспаппен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

      4) оқу жылының ішінде әртүрлі сипаттағы 8-12 музыкалық шығарманы меңгеру. Normal [нормал] – режимінде 1-2 полифониялық пьеса, 2 этюд, 1-2 ансамбль, 1-2 пьеса; авто сүйемелдеумен 4-6 пьеса, әртүрлі 10 музыкалық шығарманың аранжировкасы, оларды орындау немесе оларды синтезатордың көп жолдық секвенсерінде жазу.

      154. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Синтезаторға арналған үйлестірудің ерекшеліктері.

      2-тақырып. Метрдің күшті үлесі, стиль мен қарқынды дұрыс таңдау.

      3-тақырып. Гармонияны және қарқынның жылдамдығын өзгерту.

      4-тақырып. Практика. 4/4 және 3/4 өлшемдеріндегі күшті бөліктерді табу. Аталған гармонияға және шығармаға сәйкес стильді табу. Гармонияны ауыстыру кезінде Fill (сбивки) қолдану.

      5-тақырып. Split [сплит], Dual [дуал] Split [сплит] режимінде ойнау – авто сүйемелдеусіз оң және сол қолдармен орындау үшін пернені, тембрді екі дауысқа бөлу.

      6-тақырып. Dual [дуал] – тембрлерді қабаттастыру. Оң қолдың партиясына авто сүйемелдеуді қоса отырып бір тембрді қосу.

      7-тақырып. Практика. Split [сплит] немесе Dual [дуал] қажетті пернені ұстап тұру кезінде пернені тембрлерге бөлу.

      8-тақырып. Әрбір дауыстың қаттылығын реттеу – Volume [волюм]. Әр тембрге арналған тиісті октаваны таңдау.

      9-тақырып. Авто сүйемелдеу. Интерактивті аранжировка жасаушы.

      10-тақырып. Intro [интро], Original [орижинал], Variation [вариэйшн], Fill [фил], Ending [эндинг], Balance [баланс], ырғақтық секвенсер – авто сүйемелдеу стилінің құрылымы.

      11-тақырып. Авто сүйемелдеумен ойнау кезіндегі негізгі әрекеттер.

      12-тақырып. Практика. Орындаудың алдында авто сүйемелдеуді күйге келтіру – Arranger Band [аранжер банд], Start/Stop [старт/стоп]. Стильді таңдау, орындау процесінде панельдегі негізгі басқару пернелерін білу. Function [фанкшн] пернесімен (синтезатор мәзірі) танысу, оның көмегі арқылы Metronome [метроном], Volume [волюм], Octave [октэйв], KeySplit [кейсплит] (пернетақтаның бөліну нүктесі) сияқты күйге келтірулерге рұқсат алады. Function [фанкшн], Family [фамили], Select [селект] пернелерін қолданып, шығармаларды орындауға қажетті өлшемдерді өз бетінше өзгерту.

      13-тақырып. Музыкалық сауат негіздері. Үлкен, кіші, екінші, үшінші октаваның ноталары.

      14-тақырып. Синкопа. Синкопаның әртүрлі түрлері. Ұзақтықтарды тақ санға бөлу. Музыкалық жанрлар мен формалар, күрделі және ауыспалы өлшемдер, әуендік сызықтардың ерекшеліктері, қазақ композиторларының шығармаларындағы ырғақтық суреттер. Музыканың негізгі қарқындарының итальян тіліндегі белгілері. Практика. Пернетақтадағы тиісті ноталарды табу. Қазақ композиторларының шығармаларының стиліне тән стильді табу. Орындалатын музыканың жанрларын табу.

      15-тақырып. Репертуармен жұмыс. Ноталық мәтінді талдау, шығарманың формасы, синтезатордың көркемдік мүмкіндіктерін қолдану. Жанр, композитордың стильдік жанрлары, кезең туралы әңгіме. Практика. Қол қимылдарын үйлестіруді пысықтау, саусақ техникасын дамыту, көркем мәнерлеу құралдарын түсіну, орындаушылық штрихтарды меңгеру, дыбыс шығаруды реттеу бойынша білікті қалыптастыру.

      16-тақырып. Оқу-жаттықтыру материалы. Минордың үш түрі, екі кілтті белгіге дейінгі мажор және минор үндестіктері. Практика. Тік қозғалыстағы гаммалар, арпеджио, аккордтар, әртүрлі техниканың түріне арналған этюдтер.

      17-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Аккордтардың әріптік белгілері, негізгі ладтық функциялары, "тербелме" айналымы - бірінші – төртінші – бірінші – бесінші. Практика. Әріппен белгіленген аккордтарды авто сүйемелдеумен және авто сүйемелдеусіз сол қолмен ойнау. Әртүрлі үндестіктерді табу. До мажор, соль мажор, фа мажор үндестіктерінде "тербелме" айналымын ойнау.

      18-тақырып. Пернелі синтезаторда ойнаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі әуеннің тиісті тембрін іріктеу. Өзінің партиясын әр қолмен жеке ойнау. Екі қолмен біріктіру. Өнер көрсетуін, бәсеңдетуін және аяқталуын анықтау. Dual [дуал] функциясын қосу.

      19-тақырып. Репертуармен жұмыс. Оқу-жаттықтыру материалы. Гаммалар. Этюдтер. Пьесалар. Музыкалық шығармаларды талдау. Ноталық мәтінді, шығарма формасын талдау, синтезатордың көркемдік мүмкіндіктерін қолдану. Қол қимылдарын үйлестіруді пысықтау, саусақ техникасын дамыту, көркемдік мәнерлеу құралын түсіну. Орындаушылық штрихтарды меңгеру, дыбысталуды реттеу саласындағы білікті қалыптастыру. Негізгі техникалық формулаларға арналған дайындық жаттығулары (гамма, арпеджио, аккорд).

      155. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әуендерді үйлестіру негіздерін біледі;

      2) берілген шығармаға тиісті стильді таба алады;

      3) Split [сплит], Dual [дуал] режимдерінде жұмыс істей алады;

      4) орындау процесінде панельдегі негізгі пернелік басқаруды біледі;

      5) авто сүйемелдеу стилінің құрылысы туралы түсінікті біледі;

      6) музыкалық жанрларды және формаларды біледі;

      7) ноталық мәтінді талдай алады;

      8) шығарманың формасын, жанрын, стильдік ерекшеліктерін анықтай алады;

      9) музыкалық сауат негіздері туралы түсініктері бар;

      10) музыканың негізгі қарқындарының итальян тіліндегі белгілерін біледі;

      11) оқыту деңгейіне сәйкес гаммалар жиынтығын біледі;

      12) аккордтарды парақтан оқи алады;

      13) динамикалық бояуларды орындайды (динамикалық сезімтал перне болған жағдайда);

      14) музыкалық-теориялық білімнің белгілі деңгейін, орындау техникасының негізгі тәсілдерін, аранжировка жасау дағдыларын біледі;

      15) ойнаудың әртүрлі режимдерімен және секвенсерді пайдаланумен байланысты музыкалық дыбысталудың фактурасын басқару тәсілдерін біледі;

      16) өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын біледі;

      17) ойын практикасында авто сүйемелдеу тәртібінін, стильді, тембрді, қаттылығын, қарқынды, Split [сплит], Dual [дуал], Auto Harmonize [авто хармонайз] пернелерін бөлуді біледі.

      156. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) синтезатордың жұмысы, оның құрылымы, негізгі функциялары туралы білімді әрі қарай қалыптастыру, аспаппен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

      2) практикалық музыкалық-шығармашылық қызметте алған білім, білік және аспаптық дағдыларын қолдану, музыкалық шығарма аранжировкасы жобасын өз бетінше құру;

      3) жеке жоспарға әртүрлі жанрдағы, стильдегі және бағыттардағы шығармаларды енгізу; меңгерілетін репертуарды біртіндеп күрделендіру: музыкалық материалды фактуралық жеткізудің көп нұсқалығы, оның ырғақтық құрылымы;

      4) оқу жылының ішінде әртүрлі 9-12 музыкалық шығармаларды меңгеру; 1-2 әртүрлі шығармаларға аранжировка құру, оларды орындау. Normal [нормал] – режимінде 1 ірі нысанды шығарма (ансамбльдің құрамында), 1 полифониялық стильдегі шығарма, 1-2 этюд, 1-2 пьеса; авто сүйемелдеу 1 - 2 этюд, 2- 4 пьеса, 2 ансамбль.

      157. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспапқа тән ерекшеліктерді үйрену және меңгеру. Музыкалық шығарманы орындаудың алдында синтезаторлардың өлшемдерін өз бетінше күйге келтіру, авто сүйемелдеу режимі, стиль, тембр, дауыс қаттылығы, қарқын, пернені Split [сплит], Dual [дуал] бөлу, октавалар, [киби сет] өлшемдері.

      2-тақырып. Аранжировканың қарапайым түрлерін меңгеру. Әртүрлі музыканың жанрлары мен стильдері. Әуендерді үйлестіру. Практика. Түпнұсқа мәтінді талдау, аранжировка жобасын құру, дыбыстық құралдарды іріктеу.

      3-тақырып. Суырып салудың қарапайым негіздері. Ырғақ, интервалика, регистр, екпін түсініктерін қайталау және бекіту. Практика. Жануарлар мен құстардың дауысына еліктеу, жануарлардың диалогын бейнелеу. Ассоциациялау жолымен аралықтарды анықтау және есте сақтау бойынша жаттығулар: "трубаның дыбыстық белгісі", "автомобильдің дыбыстық белгісі", "тепловоздың дауысы".

      4-тақырып. Ансамбльде ойнау. Ансамбль, ансамбльдің құрамы, фактура. Практика. Ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастыру, ноталық мәтінді талдау, полифониялық есту дағдыларын дамыту, кез келген тұстан өзінің партиясын жалғастырып кету білігі.

      5-тақырып. Музыкалық сауат негіздері. Альтерация белгілері – дубль-диез, дубль-бемоль; интервалдар. Музыкалық құрылымдардың құрылысы, шығармалардың формасы – күрделі екі және үш бөлімді, соната, вариация. Фактура: әуен, аккомпанемент, гомофония, полифония. Практика. Шығарманың формасын және фактурасын анықтау білігі.

      6-тақырып. Шығарма. Өзінің бағдарламасы анық көрінетін пьеса. Көркемдік мәнерлеу құралдары. Жанр, форма, фактура. Практика. Өткен материалдарға ұқсас, дыбысқа нақты еліктеп, белігілі жанрдағы мәнерлеу тұстарымен пьесаны шығару. Белгілі формада және фактурада нақты әуендік сызықпен пьесаны шығару.

      7-тақырып. Репертуармен жұмыс. Оқу-жаттықтыру материалы. Музыкалық шығарманы талдау және өз бетінше жаттау. Музыкалық шығарманы көркемдеп жеткізумен жұмыс. Жанрды, стильдің ерекшеліктерін өз бетінше анықтау. Шығармаларды көркемдеп жеткізу.

      8-тақырып. Оқу-жаттықтыру материалы. Екі-үш белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары. Диез және бемоль гаммалары. Екі октава диапазонында гаммаларды әр қолмен жеке ойнау. Дыбыстар қатары, арпеджио, аккорд. Аппликатуралық сауттылықты және дыбыс шығаруды есту арқылы бақылау дағдысын бекіту. Әртүрлі техника түріне арналған техникалық сипаттағы этюдтер мен пьесаларды меңгеру. Гаммаларды, арпеджиоларды, аккордтарды барынша жылдам қарқында орындау.

      9-тақырып. Репертуармен жұмыс. Ноталық мәтінді алдын ала талдау. Шығарманың формасы мен фактурасы. Композитор, дәуір, стиль туралы мәліметтер. Практика. Музыкалық шығармаларды талдау және өз бетінше жаттау. Тиісті тембрді және стильді таңдау. Авто сүйемелдеудің құрылымын анықтау.

      10-тақырып. Белгілі әрекет алгоритміне сәйкес аранжировканың жобасын өз бетінше құру. Музыкалық форманы, шығарманың стилін, оған тән жанрлық ерекшеліктерді, фразировканы, үндестілікті, ұлттық нақышты, музыкалық материалдың динамикалық дамуын анықтау. Шығарманың стиліне және оны шығару кезеңіне сәйкес келетін мейлінше тиісті негізгі тонды анықтау. Аранжировканың негізгі кезеңі: үйлесімді толықтыру, қосымша аспаптарды іріктеу, қосымша аспаптар, синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін қолдану.

      11-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Гармоникалық талдау. Әуендік қозғалысты, фактураны, форманы көру арқылы талдау. Күшті және әлсіз үлестер. Синтезаторға арналған ноталаудың ерекшеліктері. Практика. Әртүрлі шығармаларды авто сүйемелдеумен және авто сүйемелдеусіз парақтан оқу. Авто сүйемелдеудегі күшті, әлсіз бөліктерді есту және айыру білігі.

      12-тақырып. Split [сплит] және Dual [дуал] режимдерінде ойнау дағдыларын бекіту. Білім алушының музыкалық мәтінмен өз бетінше жұмысы. Музыкалық шығарманы орындау кезінде белгілі әрекеттерді пысықтау. Синтезатордың басқару панелін сенімді басқару.

      13-тақырып. Музыкалық талғамды және стиль сезімін қалыптастыру. Қабылдауға ыңғайлы және күрделілігі жағынан қол жетімді таныс танымал әуендерді қолдану. Өз бетінше жұмыс істеуді, жауапкершілікті және шығармашылыққа талпынушылықты тәрбиелеу.

      14-тақырып. Сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз аранжировканы құру бойынша білікті бекіту. Суырып салудың қарапайым элементтерін құру. Әртүрлі стильдегі және бағыттардағы шығармалармен жұмыс.

      15-тақырып. Академиялық концерттерде, байқауларда және іс-шараларда өнер көрсету. Сахналық шеберлік дағдыларын бекіту.

      158. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) пернелі синтерзаторларға тән ерекшеліктерді біледі;

      2) аранжировканың қарапайым тәсілдерін біледі;

      3) суырып салудың қарапайым тәсілдері туралы түсініктері бар;

      4) ансамбльде ойнай алады;

      5) альтерация белгілері, музыкалық шығармалардың құрылымын, фактурасын біледі;

      6) қарапайым әуендерді белгілі жанрда, формада және фактурада шығара алады;

      7) музыкалық шығармамен өз бетінше жұмыс істей алады;

      8) оқыту деңгейіне сәйкес гаммалар жиынтығын біледі;

      9) аранжировка жобасын құрудың алгоритмін қолдана алады;

      10) жеңіл музыкалық шығармаларды парақтан оқиды және есту арқылы тереді;

      11) шығармашылық қызметке деген тұрақты қажеттілігі бар;

      12) өз әрекеттерін түсінеді және өз бетінше шешім қабылдайды;

      13) қарапайым әуендерді шығара алады;

      14) түрлі деңгейдегі байқауларға қатысады;

      15) сахнада өзін сенімді ұстайды.

      159. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) пернелі синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін әрі қарай меңгеру, орындаудың алдында синтезаторды өз бетінше күйге келтіру;

      2) халық және заманауи музыка стилінде авто сүйемелдеу режимінде музыкалық шығарманың аранжировка жобасын өз бетінше құру кезіндегі алған білім, білік және дағдыларын қолдану;

      3) әуенді өз бетінше шығару, олардың стилін анықтау, үйлестіру, мәнерлеу құралдары;

      4) жанрлық суырып салудың қарапайым дағдыларын меңгеру;

      5) оқу жылының ішінде әртүрлі 9-12 музыкалық шығарманы меңгеру; әртүрлі 1-2 шығарманың аранжировкасын жасау, оларды орындау. Normal [нормал] режимінде – ірі нысанды 1 шығарма (ансамбльмен болуы мүмкін), полифониялық стильдегі 1 шығарма, 1-2 этюд, 1-2 пьеса; авто сүйемелдеумен 1-2 этюд, 2-4 пьеса, 2 ансамбль.

      160. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Синтезатор өлшемдерін күйге келтіру. Таңдалып алынған өлшемдерді синтезатор қорына сақтау. Авто сүйемелдеу режимі, стиль, тембр, дауыс қаттылығы, қарқын, пернетақталы Split [сплит], Dual [дуал] бөлу, октава, Kb Set [киби сет] өлшемдері. Практика. Музыкалық шығармаларды орындаудың алдында синтезатордың өлшемдерін өз бетінше күйге келтіру және оларды банк жадында сақтау.

      2-тақырып. Синтезаторлық аранжировканың жаңа тәсілдерін меңгеру. Басты үшдыбыстылық пен D7 қолданып, авто сүйемелдеу режимінде әуендерді гармоникалау. Халық және заманауи танымал музыка стилінде сүйемелдейтін паттернді таңдау.

      3-тақырып. Негізгі аспаптың тембрін таңдау. Қандай да бір ішекті, үрлемелі, пернелі аспаптарға жататын әуендік дауысты көркемдік жағынан негіздеп таңдау. Практика. Әртүрлі жанрдағы, стильдегі шығармаларға аранжировка жасау.

      4-тақырып. Шығарылған шығармаларға аранжировка жасау. Әуеннің тірек үні. Әуендік екпін және форма. Қосымша және өтпелі дыбыстар, үйлестіру. Практика. Шығарылған шығарманың стилін анықтау; үйлестіру, көркемдік мәнерлеу құралдарын табу.

      5-тақырып. Музыкалық сауат негіздері. Стиль және жанр туралы түсінік. Әртүрлі халықтардың және жанрдың композиторларының шығармашылықтарының стильдік ерекшеліктері.

      6-тақырып. Жанрлық суырып салу. Жанрлар: марш, би, ән. Осы жанрлардағы сүйемелдеудің фактуралық нұсқалары. Секвенциялар. Әуендік суырып салу және нақыштау.

      7-тақырып. Қазақ халық музыкасының нақышы, гармоникалау ерекшеліктері. Қазақ халық музыкасының әртүрлі жанрларында суырып салу. Әуендерді гармоникалау кезінде ладтың басты қадамдарын қолдану (бірінші – төртінші – бесінші), осы сатыларды қолданып бас кілтін таңдау. Синтезаторда жеңіл секвенцияларды ойнау. Орындалатын шығармалардағы нақыштарды суырып салу.

      8-тақырып. Репертуармен жұмыс. Шығарманың жанрлық ерекшеліктері, формасы, фактурасы, стилі. Практика. Жанрды, стильдің ерекшеліктерін өз бетінше анықтау, шығарманы көркемдеу жеткізу.

      9-тақырып. Оқу-жаттықтыру материалы. Төрт белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, қара пернелерді хроматикалық гаммалар. Төрт белгіге дейінгі гаммаларды, аккордтарды, арпеджионы, қара пернелердегі хроматикалық гаммаларды орындау. Әртүрлі техниканың түрлеріне арналған этюдтер.

      10-тақырып. Нотаны парақтан оқу. Шығармаларды талдау: жанры, формасы, фактурасы, синтезаторға арналған ноталаудың ерекшеліктері. Практика. Авто сүйемелдеумен және авто сүйемелдеусіз ән, би, марш жанрындағы пьесаларды парақтан оқу.

      11-тақырып. Қазақ халық музыкасын аранжировкалау. Қазақ музыка аспаптары – домбыра (Pizzikatto [пиццикато] ішектілердің) және қобыз (Viola [виола], Violin [виолин]) максималды жақындатылған синтезатор үнінің ұлттық нақыш сезімін жеткізу үшін қолдану.

      12-тақырып. Қазақ халық музыкасын үйлестіру. Квартты-квинтті дыбысталу, терциясыз аккордтар, тоникалық органдық нүктелер, ладтық гармоникалық түрлендіру, фактураның көп түрлілігі.

      13-тақырып. Отан сүйгіштік және қазақ халқының музыкалық шығармашылығына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазақ халық музыкасының өзгешелігі, ұлттық ерекшелігі және ладтық заңдылықтары.

      14-тақырып. Байқауларға, іс-шараларға және академиялық концерттерге қатысу. Сахна шеберлігі дағдысын жетілдіру.

      161. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) синтезаторды күйге келтіруді біледі;

      2) таңдалған өлшемдерді аспаптар банкінде сақтай алады;

      3) аталған жанрға немесе музыканың бағытына сәйкес стильді таба алады;

      4) шағын музыкалық шығармаларды шығаруды, оларды үйлестіруді және оларға аранжировка құруды біледі;

      5) жанрлық суырып салу дағдыларын біледі;

      6) қазақ халық музыкасының нақышын және ладтық-гармоникалық ерекшеліктерін біледі;

      7) қазақ халық музыкасы жанрында суырып салуды біледі;

      8) әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды парақтан оқи алады;

      9) қазақ халық музыкасы шығармаларына аранжировка құруды біледі;

      10) қазақ халық музыкасын үйлестіру заңдылықтарын біледі;

      11) әртүрлі деңгейдегі байқауларға, концерттерге, іс-шараларға қатысады;

      12) орындаушылық шеберлік дағдыларына ие болады.

      162. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) орындаушылық шеберлігі дағдыларын жетілдіру, синтезаторға арналған жеке ерекше аранжировкаларлы құру;

      2) суырып салу және ойдан шығару дағдыларын жетілдіру;

      3) дыбыс режиссерінің жұмысы, электрондық композицияны өңдеу;

      4) аспаптың көп жолдық секвенсеріне жазу;

      5) бітіру емтиханына дайындық;

      6) оқу жылының ішінде 6-8 шығарманы меңгеру. Normal [нормал] режимі – полифониялық стильдегі 1 шығарма, 1 ірі нысанды шығарма, 1 этюд, 1-2 пьеса, авто сүймелдеумен 1 этюд, 1-2 пьеса.

      163. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Акустика және әсерлер. Мульти-әсерлер процессоры – MFX, реверберация. Практика. Дыбысты өңдеу үшін Function [фанкшн] пернесінің көмегі арқылы "Effects" [эффектс] функциясын таңдау.

      2-тақырып. Электронды композицияны дыбыстық режиссерлік өңдеу. Дыбыстық әсерлер, қаттылық және кеңістіктік тепе-теңдік. Практика. Мульти-әсерлер процессорын (MFX) қолданып шығармамен жұмыс істеу.

      3-тақырып. Музыканы аспаптың көп жолды секвенсеріне жазу. Музыкалық фактуралы функционалдық бөлшектеу, әуен, бас, гармоникалық дауыстар, қосалқы дауыс – көп жолды секвенсерге жазу кезінде оны бөлудің негізі.

      4-тақырып. Жазу режимдері – ALL [ол], Count [каунт] – In [ин], Single [сингл], Punch [панч] I/O режимдерінде аспаптардың он алты тректік рекордерінде жазу.

      5-тақырып. ALL [ол] жазу режимі. Авто сүйемелдеуді ALL [ол] режимінде жазу. Тректі рекордердің әр жолын қолдану функциясын сипаттау. Практика. Әр дауысты кезеңмен жазу, тиісті тембрлерді таңдау.

      6-тақырып. Джаздық суырып салу. Джаздық гармония, ырғақ. Классикалық гармонияның джаздық аккордикамен салыстырмалы талдау. Септаккордтар – джаздық гармонияның негізі. Практика. Доминантсептаккордтардың айналымдарын қолданып әуендерді үйлестіруге арналған жаттығулар. Джаздағы сүйемелдейтін сол қолдың қарапайым түрлері.

      7-тақырып. Репертуармен жұмыс. Алған барлық білімдерін бекіту. Практикада барлық алған білім және біліктерін қолдану, шығарманың музыкалық бейнесін өз бетінше түсіну.

      8-тақырып. Оқу-жаттықтыру материалы. Бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, аккордтар және арпеджио, хроматикалық гаммалар. Практика. Жылдам қарқында бес белгіге дейнгі мажор және минор гаммаларын, аккордтар мен арпеджиоларды орындау. Әртүрлі техника түріне арналған этюдтер.

      9-тақырып. Ансамбльдік суырып салу. Ансамбльдік суырып салудың түрлері. Композицияның эскизі және жалпы суреті. Психофизикалық күйі және эмоциялық үйлесімділігі. Практика: жеке, аккомпанемент партияларын бөлу.

      10-тақырып. Жанрлық суырып салудың шығармашылық дағдыларын бекіту. Қазақ халық және әлем халықтары музыкасының нақыштары.

      11-тақырып. Әлем халықтары музыкасын үйлестірудің ерекшеліктері. Әртүрлі жанрларда және бағыттарда суырып салу, әлем халықтарының музыкасында ұлттық нақышты қолдану.

      12-тақырып. Бітіру емтихандары. Оң нәтижеге бағыттау және сахнада өнер көрсету құлшынысын ынталандыру. Оқу жылының ішінде емтихандық бағдарламаны орындау. Жылдың аяғында бітіру емтиханында өнер көрсету.

      164. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1) музыкалық фактураны функционалдық бөлшектеуді біледі – әуен, бас, үйлесімді дауыстар, қосалқы дауыс – оны көп жолды секвенсерге жазу кезіндегі бөлудің негізі;

      2) MFX процессоры – пернелі синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін біледі, оның көмегімен аспап тембрін тасымалдауға және өңдеуге болады;

      3) эффектілер мен реверберациялардың көмегі арқылы синтезатордың үнін түрлендіре алады;

      4) музыкалық фактураны функционалды бөлу негіздерін біледі;

      5) көп жолды секвенсерде жазу тәртібін біледі;

      6) фонограмма құру процесінде дыбысталуды түзеу және өңдеу мүмкіндіктерін біледі;

      7) аспаптардың трек рекордері жолында әр дауысты ретімен жазуды біледі;

      8) пернелі синтезатордың ерекше құралдарының кең ауқымын біледі: тембрлік аралық, дыбыстық режиссерлік өңдеу, дыбыстық синтез, авто суйемелдеу, басқару панелі, секвенвер;

      9) музыкалық теория түсініктерін еркін падаланады және оның ережелері мен заңдылықтарын электронды музыка ойнау процесінде сауатты қолданады;

      10) джаздық суырып салудың негізін біледі;

      11) музыканың әртүрлі жанрларына, стильдеріне және бағыттарына жататын музыкалық шығармалардың түпкі ойына сәйкес аранжировка жобасын құру арқыры сандық аспаптардың көркем құралдарымен қанық және бейнелі іске асыра алады;

      12) жеткілікті деңгейде ноталарды парақтан сенімді оқиды;

      13) ансамбльде ойнайды және музыкалық шығармаларды есту арқылы тере алады;

      14) электронды аспапқа арналған жеңіл пьесаларды суырып салуды және шығаруды біледі;

      15) пернелі синтезатордың тембрлері мен стильдерінің негізгі жиынтығын біледі;

      16) музыкалық сауаттың негізгі компоненттерін біледі: аралықтар, хроматикалық гаммалар, аккордтар және олардың айналымдары, тональділік, қарапайым формалар, вариациялар және рондо;

      17) әлем халықтары музыкасының жанрларында және бағыттарында сенімді бағдарланады;

      18) әлем халықтары музыкасының ұлттық колоритін қолдана отырып, әртүрлі жанрларда және бағыттарда суырып сала алады;

      19) сахнада өзін жеткілікті деңгейде еркін және сенімді ұстайды.

      165. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Білім алушы:

      1) отандық және шетел композиторларының шығармашылығын, музыка өнері саласындағы танымал шығармаларды;

      2) синтезатордың құрылысын, оның практикада қолданылуын, пернелі синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін;

      3) музыка өнерінің негізгі бағыттарын, стильдерін және жанрларын;

      4) музыкалық сауаттың теориялық негіздерін;

      5) әуенді үйлестіру негіздерін;

      6) әртүрлі суырып салудың элементтерін;

      7) музыка өнерінде қолданылатын музыкалық мәнерлеу құралдарының негізгі тәсілдерін;

      8) кең таралған музыкалық терминдерді;

      9) Бағдарламалық талаптарға сәйкес әртүрлі стильдегі және жанрдағы шығармаларды қамтитын синтезаторға арналған репертуарды;

      10) осы аспапқа тән негізгі түсініктер мен терминдерді;

      11) дауыстардың негізгі тембрлерін;

      12) лад және гармоникалық негіз түсініктерін, әріптік-сандық белгілерді;

      13) музыкалық стильдерді, бағыттарды және жанрларды біледі.

      Білім алушы:

      1) ноталық мәтінді талдауды, музыкалық шығарманы жаттауды және орындауды сауатты және түсініп қарауды;

      2) музыкалық шығармалармен жұмыс істеу кезінде техникалық қиындықтарды шешу жолдарын өз бетінше табуды;

      3) музыкалық шығарманың аранжирока жобасын жасауға креативтілік және өзгешелікті қолдануды;

      4) көпшілік алдында өнер көрсетудегі ішкі толқыныс пен үрейді жеңуді;

      5) музыкалық шығармаларды сауатты, эмоциямен және мәнерлі орындауды біледі;

      6) пернелі синтезатордың мүмкіндіктерін максималды түрде қолдануды;

      7) суырып салуды және ойдан шығаруды;

      8) парақтан оқуды және есту қабілеті арқылы теруді;

      9) Бағдарлама талаптарының деңгейінде жеке, ансамбльде және оркестрде ойнау;

      10) фонограмма құруды және жазуды;

      11) дыбыспен жұмыс істегенде акустикалық әсерлерді қолдануды;

      12) Normal, Split, Dual оперативті тәртіпте жұмыс істеуді;

      13) музыкалық шығарманың аталған кезеңіне, ұлттық нақышына, жанрлық ерекшеліктеріне тән стильдер мен тембрлерді қолдана отырып, өз бетінше аранжировка жасауды;

      14) синтезатордың басқару панелін қолдануды біледі.

      Білім алушының:

      1) пернелі синтезаторда музыка ойнау негіздері;

      2) авторлық мәтінді барынша қанық, ерекше және креативті жеткізу үшін пернелі синтезатордың функционалдық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін орындаушылық білім, білік және дағдылар кешені;

      3) әртүрлі жанрдағы, стильдегі және бағыттағы классикалық, халық шығармаларынан және заманауи музыкадан тұратын репертуар;

      4) ноталық мәтінді оқуда және шағын музыкалық шығармаларды парақтан оқуда еркін бағдарлануға мүмкіндік беретін білік;

      5) есту қабілеті арқылы әртүрлі әуендерді, оларға сүйемелдеулерді теру дағдысы;

      6) дәстүрлі музыкалық білімнің ауқымынан тыс білік пен дағдылары; білім алушылардың рөлдік диапазоны кеңейтілген: орындаушы, аранжировка жасаушы, суырып салма, дыбыс режиссері және композитор;

      7) орындау процесін басқару дағдысы;

      8) музыкалық орындаудың техникалық дағдылары, пернелі синтезатордың басқару панелін игеру дағдысы;

      9) эстетикалық мәдениет және көркемдік талғам негіздері;

      10) орындалатын шығармаларды теориялық талдау дағдылары;

      11) орындаудың сахналық мәдениеті және өнер көрсету кезінде өзін ұстау дағдылары қалыптасқан.

      166. "Сүйемелдеу" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – көркем мәнерлеу мақсатына бағынатын, қарқыннан және метрден аздаған ауытқулар (баяулату, жылдамдату);

      2) аккорд – бір уақытта алынған әртүрлі жоғарылықтағы үш және одан көп музыкалық дыбыстарды үйлестіру;

      3) акцент – басқалармен салыстырғанда бір дыбыстың қаттырақ, соққымен шығарылуы, әдетте акцент қойылатын дыбыс тактінің басында, бірінші үлесінде болады;

      4) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезінде саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      5) ария – сүйемелдеумен бір дауысқа арналған вокалдық шығарма;

      6) арпеджио – аккордтарды орындау тәсілдері, әсіресе ішекті және пернелі аспаптарға тән, ол кезде аккордтар бірінен соң бірі шығарылады;

      7) дыбыс жүргізу – фонация процесіндегі дыбыстардың байланыс тәсілдері;

      8) кантилена – кең, еркін төгілетін вокалдық және аспапты музыка;

      9) концертмейстер – симфониялық оркестрдегі немесе ұқсас құрамдағы оркестрдегі аспаптар тобын басқарушы, осы ұжымдағы тиісті аспапта орындайтын барынша тәжірибелі және (немесе) дарынды орындаушы;

      10) кульминация – музыкалық шығарманың дамуындағы дыбыстың ең жоғарғы күшею кезі;

      11) музыкадағы динамика – дыбысталудың қаттылық ерекшеліктерімен байланысты түсініктер мен ноталық белгілердің жиынтығы;

      12) партитура – ансамбльде, хорда немесе оркестрде орындауға арналған көп дауысты музыкалық шығарманың ноталық жазылуы, онда барлық партиялар (дауыстар) бірінің үстінде бірі белгілі ретпен орналасқан;

      13) партия – бір дауыспен немесе белгілі музыкалық аспаптар, сондай-ақ біртекті дауыстар тобымен және аспаптармен орындауға арналған көп дауысты шығарманың құрамдас бөлігі; сонаталық форманы экспозиция (және реприза) тарауы;

      14) репертуар – концерттерде (концерттік репертуар) белгілі бір әртістің немесе шығармашылық ұжымның орындауына арналған музыкалық шығармалар жиынтығы немесе меңгеруге арналған жиынтық (оқу-педагогикалық репетуар);

      15) синкопа – музыкадағы ырғақтық тіректі тактінің күшті бөлігінен әлсіз бөлігіне ауыстыру, яғни ырғақтық акценттің метрикалыққа сәйкес келмеуі;

      16) сүйемелдеу – жеке партияны (әншіні, аспапта орындаушыны, хорды) бір немесе бірнеше аспаппен, сондай-ақ оркестрмен сүйемелдеу;

      17) тасымалдау – вокалшылар және оларды сүйемелдеушілер қолданатын кәсіби тәсіл;

      18) тесситура – музыкалық шығармалардағы дауыс диапазонының (вокал) немесе музыкалық аспаптың жоғарылығы бойынша дыбыстардың орналасуының артықшылығы;

      19) транскрипция – музыкалық шығарманың ыңғайланған нұсқалары (аранжировка) немесе оның виртуозды өңделуі (концерттік транскрипция);

      20) үндестілік – орталық санаты тоника болып табылатын лад қағидаты; мажор немесе минор ладының жоғарыда орналасуы;

      21) цезура – музыкалық шығарманың бөліктері, тараулары, құрылымдары арасындағы шекара;

      22) цезура – өлеңді бірнеше бөлікке бөлетін өлеңдегі ырғақты кідіріс; композициямен немесе кереғар түстермен, сәуле және көлеңкемен белгіленген суреттің мағыналық бөліктерінің шекарасы;

      23) ыңғайлау – музыкада қандай да бір аспапта күрделі партитураны орындауда қолданылатын мұндай тәсілді аранжировка, транскрипция деп атайды;

      24) ырғақты сурет – биіктіктен алынған дыбыстардың ұзақтықтарының тәртібі, әуеннің компоненттерінің бірі (жоғары дыбысты суретпен қатар).

      167. Бағдарламаның мақсаты: концертмейстерлік дағдыларды дамыту арқылы балалардың музыкалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

      168. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыка және сүйемелдеу туралы алдында алған білімдері мен түсініктерін бекіту;

      2) негізгі түсініктерді, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

      3) аспапта ойнау тәсілдерін, дағдыларын, есту арқылы ойнауды, тасымалдауды, ноталарды парақтан оқуды, музыкалық шығармаларды талдауды үйрету;

      4) қазақ және шетелдің аспаптық және вокалдық музыкасымен танысу;

      5) әртүрлі музыкалық аспаптармен, олардың дыбысталу ерекшеліктерімен, техникалық мүмкіндіктерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен танысу;

      6) вокалдық орындаушылықтың ерекшеліктерімен танысу (дауыстардың тембрін ажырату, олардың диапазонын, дыбыстық мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін тану).

      7) жанры және стилі бойынша әртүрлі шығармалар мысалында әлемдік музыка мұрасының әртүрлі қырларын ашу.

      Дамыту:

      1) білім алушының дауысты немесе қандай да бір аспапты сүйемелдеуге тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;

      2) техникалық және көркемдік мүмкіндіктерін дамыту арқылы ансамбльде ойнаудың (сүйемелдеу) практикалық дағдыларын жетілдіру;

      3) орындау кезіндегі зейін мен орындау реакциясының жылдамдығын дағдыландыру;

      4) музыкалық қабілеттерін (музыкалық есте сақтау қабілеті, ырғақ сезімі, музыкалық жады, қимылды-моторлық дағдылары), музыкалық-теориялық шығармашылықтарын (аспапты кәсіби игеруі; ноталық мәтінде бағдарлануы, оны жылдам жаттау; жеңіл ноталық мәтінді жаттау білігі);

      5) музыкалық ой-өрісті кеңейту, рухани өй-өрісін байыту.

      Тәрбиелік:

      1) әртүрлі жанрдағы және стильдегі музыкалық шығармаларға, әртүрлі ұлттық мәдениеттің халықтық және кәсіби шығармаларына деген қызығушылықты тәрбиелеу, музыкалық-эстетикалық талғамды тәрбиелеу;

      2) серіктестік, уайымдау және жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

      3) әрі қарай кәсіби оқуға бағдарлау.

      169. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      170. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      171. Бағдарлама дауысты немесе музыкалық аспапты сүйемелдеу дағдыларын алғысы келетін балаларды оқытуға арналған, музыка ойнау, ноталарды парақтан оқу, тасымалдау дағдыларын алуға және қызметтің осы түрлерімен өз бетінше жұмыс істеуді дамытуға бағдарланған.

      172. Бағдарлама біріге сүйемелдеу, музыкалық орындаушылық саласында білім алушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға және біріккен шығармашылық қызмет және көпшілік алдында өнер көрсету тәжірибесін жинақтауға жағдай жасайды.

      173. Гитара, гармонь, баян, аккордеон практикада сүйемелдейтін аспаптар болып табылады. Балалар музыка мектептері жағдайында скрипка мен фортепиано, флейта мен фортепиано, вокал мен фортепиано, саксофон мен фортепиано, домбыра мен фортепианоның дуэттерінде сүйемелдеу мүмкіндігіне ие болады. Аталған Бағдарлама мүмкіндік диапазоны кең, ерекше аспап – фортепианомен жеке орындаушы аспапты сүймелдеуге оқытуды ұсынады.

      174. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      175. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына мән береді және дамыта отырып, бұл қасиеттерді педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      176. Сүйемелдеу сабақтарында білім алушы жаңа орындаушылық дағдыларды алады, дауыстардың тембрін ажыратуды, олардың диапазонын, дыбыстық (қаттылық) мүмкіндіктерін ажыратуды үйренеді, иллюстратормен, жеке орындаушымен бірге шығарманы тыңдауды және біртұтас көркем бейнесін құруды үйренеді.

      177. Білім алушы қазақ, шетелдің аспаптық және вокалдық музыкасының озық үлгілерімен, әртүрлі музыкалық аспаптармен, олардың дыбысталу ерекшеліктерімен, техникалық мүмкіндіктерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен танысады.

      178. Білім алушы педагогтің басшылығымен шығарманы тұтасымен есту, жеке орындаушыны сезіну, оның барлық шығармашылық ойларын қолдау, фортепианоның, жеке орындаушының партияларын бақылау білігіне үйренеді, жеке орындаушымен жұмыстағы дыбыстық баланспен жұмыс істеу дағдыларын алады.

      179. Педагог білім алушының ойнау мүмкіндіктеріне, фортепианолық сүйемелдеудің фактурасын біртіндеп күрделендіру есебінен оны техникалық және музыкалық дамуын ескеріп, оқу материалын іріктейді.

      180. Педагог алғашқы сабақтардан бастап жеке орындаушының фразировкасын, әншілік тынысты сезінуді, цезураларды қабылдауды, фундамент ретінде гармоникалық негіздің (бас) рөлін түсінуді үйретеді.

      181. Педагог білім алушымен жұмысты сүйемелдеудің күрделігіне және білім алушының қабылдауына байланысты кезеңдермен құрады. Білім алушымен жұмыс ноталарды парақтан оқу, сүйемелдеуді іріктеу бойынша жұмысқа, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

      182. Сүйемелдеу сабақтарындағы репертуар көркемдік, тартымдылық, педагогикалық мақсат, тәрбиелік мәні сияқты өлшемшарттарға сәйкес музыкалық шығармаларды қамтиды.

      183. Репертуарды таңдау кезінде педагог оқытудағы біртіндеушілік, жүйелілік қағидаттарын басшылыққа алады, білім алушының ойнау мүмкіндіктерін, фортепианомен сүйемелдеудің фактурасын күрделендіре отырып, оның техникалық және орындаушылық дайындығын ескереді.

      184. Музыка қызметінің түрі жас музыканттың танымына бағытталған музыкалық өнермен өзара әрекеттесудің әртүрлі тәсілдерін білдіреді. Педагог сабақта білім алушының белсенді және әртүрлі музыкалық қызметін құрады, ол музыкалық тәрбиенің нәтижелі процесіне ықпал етеді.

      185. Жұмыс процесінің кезеңдері:

      1) тұтас шығармамен жұмыс (тұтас музыкалық бейнені құру – орындалатын шығарманың ойдан шығарылған сызбалары), оның міндеті орындаушының музыкалық және есту қабілетінің, музыкалық жадын, эмоциялық және есту түсініктерін, музыкалық ойлауын және елестетуінің белсенді жұмыс істеу кезеңіндегі музыкалық және есту түсініктерін құру болып табылады;

      2) аккомпанемент партиясымен жеке жұмыс (фортепиано партиясын жаттау: қиын тұстарын пысықтау, әртүрлі пианистік тәсілдерді қолдану, қолайлы аппликатураны іріктеу, "қарқынды" ұстап тұру, динамиканың мәнерлігі, анық фразировка, педальді басқару, туше);

      3) жеке орындаушымен жұмыс – фортепиано партиясын мінсіз игеруді, жеке орындаушының партиясын білуді, жеке орындаушыға қатысты сүйемелеудің екінші жоспарға "жылжуы", бірге музыка ойнау кезінде серіктесін есту білігі;

      4) шығарманы толығымен орындау, оның негізгі міндеті біртұтас музыкалық және көркем бейнені құру, концертте өнер көрсету үшін алдын ала көңіл-күйін анықтау болып табылады.

      186. Білім алушының шығармамен танысуы осы шығарманы иллюстратордың (жеке орындаушы) педагогпен орындауы түрінде іске асырылады. Осы кезеңде шығарманы талдау, шығармамен тұтасымен танысу жүзеге асады. Бұл кезеңнің міндеті пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру, тұтас музыкалық бейнені құру болып табылады.

      187. Сүйемелдеудің партиясымен жұмыс фортепиано партиясын жаттауды, фактураның түрлерін, ырғақтық және лад ерекшеліктерін анықтауды, қиындықтарды пысықтауды, әртүрлі пианистік дағдылар мен тәсілдерді қолдануды, мелизмдерді дұрыс қолдануды, педальді қолдануды, қарқынды, мәнерлі динамиканы, нақты фразировканы анықтауды қамтиды.

      188. Жеке орындаушының партиясымен жұмыс музыканың сипатын, әуеннің ырғақтық құрылымын, шарықтау шегінің орнын, динамикалық планды анықтауды қамтиды. Педагог білім алушылардың вокалдық шығармаларды сүйемелдеумен жұмыстарында олардың жеке орындаушының партиясын: әуендерді, сөздерін, цезураларды, шарықтау шегінің орнын, мағыналық акценттерді мұқият білуін талап етеді.

      189. Таныс немесе үш жолды партитураны бірден қамтуға деген үрейін жеңу үшін жеке орындаушының жолы және фортепианоның бас кілті ойнатылады, әдеттегі екі жолды көру білігі үш жолға жейін кеңейтіледі.

      190. Жеке орындаушының орындауы кезінде алдын ала жұмыс қарқыны анықталады, ол кезде білім алушы қажетті цезураларды, үзілістерді, шарықтау шегін, мағыналық акценттерді, агогиканы және динамикалық акценттерді орындап үлгереді, дыбыстық балансты құрады. Білім алушының алдында ойнау кезінде жеке орындаушының партиясына бақылау жүргізу білігін үйрену міндеті тұрады.

      191. Концертке дайындалу кезіндегі негізгі кезең болып концерттік зал жағдайындағы дыбыстық баланысты табу – рояльға, акустиканың ерекшеліктеріне үйрену, концерттік жағдайда жеке орындаушының қарқынынан сәл ауытқу мүмкіндігі алдын ала келісіледі.

      192. Концерт жағдайында білім алушы меңгерілген концертмейстерлік дағдыларын бағалайды және тексереді. Концерттік орындаудың басты мақсаты – жеке орындаушымен бірге шығарманың музыкалық-көркемдік түпкі ойын ашу болып табылады.

      193. Сүйемелдеу сабақтарындағы қызметтің түрлері:

      1) тыңдау және оны орындау процесінде вокалдық шығарманы қабылдау;

      2) музыкалық шығарманы орындау;

      3) музыкалық және шығармашылық (есту арқылы теру, тасымалдау, ноталарды парақтан оқу, сүйемелдеуді таңдау, суырып салу, бір әуенді әртүрлі стильдерде орындау);

      4) музыкалық және танымдық (музыкалық түсініктерді қалыптастыру, композиторлардың шығармашылығымен, ұлттық, ұлтаралық және әлемдік музыка туындыларымен танысу).

      194. Вокалдық шығарманы қабылдау музыкалық шығарманы қалыпты қабылдауға бағытталған, ол білім алушының музыкалық және өмірден алынған тәжірибесіне, танымына, эмоциялық көңіл-күйіне және музыкалық шығармаларды бағалауына сүйенеді.

      195. Сүйемелдеу партиясымен жұмыс істеу процесінің кезеңдері:

      1) ноталық мәтінді алдын ала көріп оқу;

      2) вокалдық шығармалармен жұмыстағы мәтіндерді оқу;

      3) шығарманы алғашқы талдау, тұтас ойнау;

      4) шығарманың стилистикалық ерекшеліктерін анықтау;

      5) әртүрлі қиындық элементтері бар эпизодтарды пысықтау;

      6) өз партиясын жаттау және жеке орындаушының партиясын білу;

      7) орындаушылық жоспарды құру;

      8) музыкалық шығарманың көркем бенесін құру;

      9) қарқынды дұрыс анықтау;

      10) мәнерлеу құралдарын табу, динамикалық нюанстар туралы түсінікті құру;

      11) бөлшектерді пысықтау және өңдеу;

      12) шығарманы дайындық ретінде орындау;

      13) музыкалық және орындаушылық түпкі ойды (концерт) іске асыру.

      196. Вокалдық шығармаларды сүйемелдеумен жұмыстың басында педагог білім алушыларды адам дауысының тембрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, вокалдық диапазон түсініктерімен және тесситурамен таныстырады.

      197. Вокалдық шығарманы үйрену кезінде білім алушы әдеби мәтінді түсінеді, эмоциямен оқиды, шығарманың көркемдік міндеттерін анықтайды.

      198. Білім алушымен вокалдық шығармаларды сүйемелдеу бойынша жұмыста педагог олардың жеке орындаушылардың әуен, цезура, шарықтау шегінің орны, мағыналық акценттер сияқты партияларын білуді талап етеді.

      199. Білім алушы фактураның түрлерін, ырғақтық ерекшеліктерін, аппликатуралық қиындықтарын немесе заңдылықтарын, ладтық ерекшеліктерін, акценттерді, динамикалық реңктерін анықтайды.

      200. Білім алушы музыка ойнауды үйрену процесінде ансамбльдік техника дағдыларын үйренеді, әншілік өнердің негіздерімен танысады, музыкалық есту қабілетін, оқу бойынша арнайы музыкалық дағдыларын, партитураларды тасымалдау және фортепинода суырып салып аранжировка жасау дағдыларын дамытады.

      201. Педагог өнердің барлық түрлерінде білім алушының алған музыкалық аспапты еркін меңгеру білігіне және дағдыларына бағдарланады.

      202. Педагог аспаптық шығармаларға сүйемелдеу жасаумен жұмыстың басында білім алушыларға сүйемелдейтін аспап туралы мәлімет береді (тембр, диапазон, күйге келтіру, техникалық және дыбыстық мүмкіндіктері).

      203. Сүйемелдеу бойынша сабақтар пианистің динамикалық диапазонын кеңейту үшін маңызды. Әрбір сүйемелдеуді басқаша, әртүрлі дыбыстардың күштілігімен, фразировкамен, тығыздықпен, фортепианоның төменгі немесе жоғары регистрлерін ерекшелей отырып ойнау қажет.

      204. Әрбір аспаптың, ансамбльде, барлық ансамбльдің үш дыбысталуы ерекше мәнге ие болады. Екінші дыбысталудың бір ерекше мәні бар: ол ең әлсіз аспаптың динамикалық мүмкіндіктерімен анықталады. Орындаушылар үшін осы әлсіз дыбысталу эталон болып қызмет етеді, ол бойынша олар өз партияларының дыбысталу күшін "сәйкестендіреді".

      205. Шығарманың формасын бір тұтас дүние ретінде түсініп, білім алушы шығарманың құрылымын елестетеді (кіріспе, қорытынды, жеке орындау орындары), қарқындық өзгерістер (жылдамдату және баяулату), музыканың сипаты.

      206. Пианист жеке орындаушыны сүйемелдейді, бірдей қозғалуға талпынады, оның партиясынан қалып қалу немесе озып кетуден сақтанады. Педальді қолдану міндетті, себебі ол музыкалық мәнерлеудің қосымша құралы болып табылады. Классикалық тік және кешігетін педальдің түрлерінен басқа пьесаның музыкалық құрылымына сәйкес колористикалық педаль қолданылады.

      207. Педаль гармоникалық құрылымның фактурасын кульминация кезінде байытады, үздіксіз кантиленаның үзілуіне жол бермейді және ұзақ дыбыстардың аяқталуы кезінде көмекке келеді.

      208. Педагог орындалатын музыканың сипатын бұзбау үшін ұзақтықтарды, әсіресе үзілістерді нақты орындауға көңіл бөледі. Сүйемелдеудегі орындаудың негізін бас сызығы құрайды. Бас сызығын барлық шығарманың динамикалық жоспарын құра отырып, жеке жаттау қажет. Тек қана басты жеке орындаушының партиясынамен мәнерлеп орындау үлкен пайда әкеледі. Бас әрқашан жеке орындаушыны сүймелдейді.

      209. Жеке орындаушының партиясын үйрену кезінде музыканың сипаты, әуеннің ырғақтық құрылымы, шарықтау шегінің орны, динамикалық план анықталады. Вокалдық жанр сөздермен, поэтикалық мағынасымен, жалпы эмоциялық көңіл-күймен, әншілік тесситурамен танысуды болжайды.

      210. Фортепиномен сүйемелдеумен танысу кезінде педагог фактураның түрін, оның мүмкін болатын қиындықтарын (негізгі бас дыбыстары, бас-аккорд, бас-арпеджио, аралас ырғақтық сурет, аппликатураны таңдау) анықтайды.

      211. Білім алушының шығармаларды сүйемелдеуі бойынша репертуарында негізінен шағын формадағы шығармалар болады. Пьесалар екі түрлі болады: кантилена, сипатты пьеса.

      212. Вокалдық шығармаларды сүйемелдеу жұмысының өзіне тән ерекшеліктері бар, вокалдық шығарманың мазмұны тек музыкалық қана емес, сондай-ақ поэтикалық бейнелер, дыбыс пен сөздерді байланыстыру арқылы ашылады.

      213. Білім алушы вокалдық шығармалармен жұмыстың басында әншілік дауыстың тембрімен, олардың ерекшеліктерімен, вокалдық диапазон түсініктерімен және тесситурамен танысады.

      214. Аспапты шығармаларды сүйемелдеу жұмысының басында білім алушы өзі сүйемелдейтін аспаппен танысады, оның тембрін, диапазонын, күйге келтіруін, аспаптың техникалық және дыбыстық мүмкіндіктерін зерттейді.

      215. Педагог оқу материалын білім алушының ойнау мүмкіндіктерін, фортепианомен сүймелдеудің фактурасын біртіндеп күрделендіре отырып, оның техникалық және музыкалық қабілеттерін ескеріп таңдайды.

      216. Бірінші оқу жылы процесінде білім алушы дауысты және аспапты сүйемелдеудің қарапайым дағдыларын алады.

      217. Сабақта білім алушы өзі сүйемелдей отырып, ән айтуды, әріптік белгілер және тасымалдау бойынша сүйемелдеумен аккордтары жеңіл әндерді ойнауға назар аударады.

      218. Оқу жылының ішінде әртүрлі жанрдағы, түрлі фактуралы, сүйемелдеудің әртүрлі түрлерімен түрлі сипаттағы шығармалар жатталады.

      219. Жалпы дыбыстық картина жеке орындаушы мен концертмейстердің музыкалық өзара әрекеттестігінен құрылады, келесі факторларға әсер етеді:

      1) сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың ерекшеліктері;

      2) фортепианомен сүйемелдеудің фактурасы;

      3) шығарманың қарқыны;

      4) бастау және аяқтау бойынша жұмыс;

      5) ноталар бойынша ойнау.

      220. Педагог сабақта жұмыстың әртүрлі формаларын қолданады:

      1) үй тапсырмасының орындалуын тексеру;

      2) жаңа шығармаларды көрсету;

      3) ұсынылатын немесе жатталатын шығарманың сипатын түсіндіру;

      4) иллюстратормен ансамбльді құру.

      221. Сабақтың құрылымы:

      1) жатталатын шығарманы педагогтің және иллюстратор-солисттің орындауында тыңдау;

      2) жеке орындаушының (аспапшының немесе вокалшының) партиясын ойнау;

      3) сүйемелдеу партиясын жаттау (музыкалық мәтінді сауатты оқу, екі қолдың партиясын, штрихтарды, белгілерді, динамикалық реңктерді жылдам меңгеру);

      4) педальді басқару, фактура және шығарманың динамикасы бойынша жұмыс;

      5) сабақты талдау;

      6) үй тапсырмасы.

      222. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Білім алушы өзінің жеке партиясын жаттайды, ноталық мәтінге, авторлық нұсқауларға назар аударады, осыдан кейін ансамбль бойынша серіктесімен бірге дайындалуға көшеді.

      223. Педагогпен өткізілген әр сабақтан кейін білім алушы дайындалады, ойнаудағы педагог көрсеткен кемшіліктерін түзетеді. Білім алушы жеке орындаушының партиясымен танысады, нотадағы маңызды тұстарды, барынша үйлесімді дыбысталуға қол жетізу үшін маңыздыларды, орындаушы арасындағы дыбысты балансты белгілейді, педальді дұрыс басқару, жалпы штрихтармен және динамикамен жұмыс істейді.

      224. Бірінші кезекте ең күрделі тапсырмалар пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қандай да бір тапсырмамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақытты анықтайды.

      225. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) үйлесімді орындаумен жұмыс;

      2) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      3) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      4) халық әндері және билерінің өңдеулері;

      5) ансамбль құрамында жұмыс істеу;

      6) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      226. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) композитор туралы ақпаратты дайындау, шығарма атауын талдау, шығарманың жанрын, формасын, үндестілігін, өлшемін, сипатын анықтау;

      2) аппликатурамен, ырғақпен, штрихтармен және үзілістермен мұқият жұмыс істей отырып, фортепиано партиясын талдау, жеке орындаушы-вокалшының немесе аспапшының дауыстап санап, партиясын талдау;

      3) шығарманың мәтінін жаттау;

      4) ноталарды парақтан оқу;

      5) тасымалдау.

      227. Өз бетінше дайындалатын сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмаларын дайындалуға кететін уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      228. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушыны өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателерін белгілейді);

      2) білім алушың күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      229. "Сүйемелдеу" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Ансамбль", "Фортепиано", "Ноталарды парақтан оқу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      230. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сүйемелдеу туралы алдында алған білімдерін бекіту, жаңа түсініктерді, білік пен дағдыларды қалыптастыру;

      2) әртүрлі музыкалық аспаптармен, олардың дыбысталу ерекшеліктерімен, техникалық мүмкіндіктерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен танысу;

      3) вокалдық орындаушылықтың ерекшеліктерімен таныстыру (дауыс тембрін ажырату, олардың диапазонын, дыбыстық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін тану), жеке орындаушының партиясын үйрену;

      4) жеке орындаушыны фортепианомен сүйемелдеумен танысу, үш жолды партитурамен жұмыс, жеке орындаушының шығарманы орындауы;

      5) "сүйемелдеу, концертмейстер, тасымалдау, нотаны парақтан оқу, тесситура, агогика, кульминация, кантилена" түсініктерін меңгеру;

      6) вокалдық орындаушылықтың ерекшеліктерімен танысу (дауыс тембрлерін ажырату, диапазонды, дыбыстық мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін тану), жеке орындаушының партиясында басты мәнерлеп орындау;

      7) оқу жылының ішінде 5-6 түрлі шығарманы меңгеру.

      231. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық аспаптардың ерекшеліктері. Ішекті аспаптар (халық және оркестрлік). Үрлемелі аспаптар. Әртүрлі музыкалық аспаптармен, олардың дыбысталу ерекшеліктерімен, техникалық мүмкіндіктерімен, дыбыс шығару тәсілдерімен танысу;

      2-тақырып. Шығармамен танысу. Жеке орындаушының партиясын үйрену. Музыканың сипаты, әуеннің ырғақтық қатары, шарықтау шегінің орны, динамикалық план.

      3-тақырып. Вокалдық жанр. Сөз, поэтикалық мағына, жалпы эмоциялық күй, әншілік тесситурамен танысу.

      4-тақырып. Фортепианомен сүйемелдеумен танысу. Фактураның түрі, оның мүмкін болатын қиындықтары.

      5-тақырып. Негізгі бас дыбыстары. Бас-аккорд, бас-арпеджио, аралас ырғақтық сурет. Аппликатураны табу.

      Үш жолды партитурамен жұмыс. Жеке орындаушымен орындау. Дыбыстық баланс. Жұмыс қарқыны. Цезура, үзіліс, кульминация, мағыналық акценттер, агогикалық және динамикалық реңктер.

      6-тақырып. Кантилена, сипатты пьеса. Кантиленамен жұмыс істеу қағидаттары – дыбыс, ырғақтық мәнерлік, тыныс, штрихтардың, ритмнің, үйлесімділіктің, динамиканың ерекшеліктері. Техникамен жұмыс.

      Оркестрлік шығармалар (концерттік және опералық арияларды сүйемелдеу).

      7-тақырып. Біліктер кешені: аралас фактураны білу, сахналық ұстанымға ие болу, фортепианоның көп тембрлік дыбысталуын біледі, үш жолды партитурада еркін бағдарлануы.

      8-тақырып. Сүйемелдеу бойынша сабақ. Фортепиано партиясындағы әуендік сызық, қосалқы дауыстар. Ұзақтықтарды, үзілістерді нақты орындау. Бас сызығы. Жеке орындаушының партиясындағы басты мәнерлеп орындау.

      9-тақырып. Сахнада дайындалу. Концерттік зал жағдайындағы баланысты табу – рояльға, акустиканың ерекшеліктеріне бейімделу.

      232. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) терминологияны біледі;

      2) сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың ерекшелігін біледі;

      3) сүйемелдеудегі фактураларды ойнай алады: негізгі бас дыбыстары, бас-аккорд, бас-арпеджио, аралас ырғақтық сурет;

      4) жеңіл вокалдық шығармалардың репертуарын біледі;

      5) жеке партия мен сүйемелдеудің дыбысы арасындағы қатынасты ести алады, жеке орындаушыны сүйемелдей алады;

      6) партиядан ауытқып кетпеу үшін ноталар бойынша екі партияны бақылайды;

      7) вокалдық және аспаптық шығармаларды жеңіл сүйемелдеуді орындайды;

      8) үйренетін шығармалардың композиторлары шығармашылығының ерекшеліктерін біледі;

      9) әртүрлі жанрларды, шығарманың стильдерін біледі;

      10) сүйемелдеудің негізгі қағидаттарын біледі;

      11) жеке орындаушының партиясын талдауды және орындауды біледі;

      12) жеке орындаушы-вокалшының ерекшеліктерін түсінеді, сүйемелдейтін фортепианоның мүмкіндіктерін қолданып, жеке орындаушымен біртұтас көркемдік бейне жасай алады;

      13) қарапайым ырғақ сезіміне ие болады;

      14) жеке орындаушының артынан "жүруді", оның "тынысын", қарқындық ауытқуларын, динамикаларын бақылауды біледі;

      15) дамыған көркемдік ойға, коммуникативтік дағдыларға ие болады.

      233. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспапта ойнау тәсілдерін, дағдыларын, есту арқылы ойнауды, тасымалдауды, ноталарды парақтан оқуды, музыкалық шығармаларды талдауды, басқа аспаптармен үйлестіріп фортепианомен сүймелдеуді әрі қарай үйрету;

      2) шығарманы сүйемелдеумен орындау, жеке пьесаларда өзінің орындауын талдау білігін дамыту, музыкалық бейнені құру, техникалық қиындықтарды жеңу;

      3) әртүрлі сипаттағы 8-10 шығарманы меңгеру, ноталарды парақтан оқу, тасымалдау үшін 3-4 шығарманы қолдану.

      234. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталарды парақтан оқу. Алдында алған дағдылары мен біліктерінің көмегі арқылы ноталарды парақтан оқу жүйріктілігін дамыту.

      2-тақырып. Сүйемелдеуді күрделендіру. Фактураның түрлері: бас-конфигурация; бас - аккорд; бас - қысқа арпеджио; үш үлесті вальс (3/8, 6/8);

      3-тақырып. Фортепиано партиясындағы синкопа. Дауыс пен фортепианоның диалогы. Сабақтардағы практикалық жұмыс.

      4-тақырып. Фортепианомен сүйемелдеудің басқа аспаптармен үйлесімінде: сүйемелдеу партиясындағы айтарлықтай мәні бар фортепианоның басталуы және аяқталуы. Сүйемелдеу партиясы мен басқа аспаптың басты партиясы арасындағы диалог. Сүйемелдеу партиясының басқа аспаптың басты партиясын басып кетпеуін қадағалау.

      5-тақырып. Өзінің сүйемелдеуімен шығарманы орындау (романстарды, әндерді айту). Өзін жақсы есту қабілетін дамыту. Жеке пьесалардағы өзінің орындауын талдау білігін дамыту.

      6-тақырып. Музыкалық бейнені құра білу. Техникалық қиындықтарды жеңу (ойын аппаратымен жұмыс). Ноталар бойынша қолға қарамай екі партияны бақылау білігі. Шығармалардың өңдеулері және оларды сабақта көрсету.

      7-тақырып. шығармамен танысу, фактурасы, сүйемелдеудің күрделілігі бойынша талдау.

      235. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталарды парақтан оқу дағдыларына ие болады;

      2) сүйемелдеулердегі фактураны ойнай алады: бас-конфигурация; бас-аккорд; бас-қысқа арпеджио;

      3) асқа аспаптармен үйлестіре отырып, фортепианомен сүйемелдей алады;

      4) шығарманың музыкалық материалындағы ең маңыздыны көреді және күрделі тұстардағы сүйемелдеудің фактурасын сауатты түрде жеңілдете алады;

      5) қандай да бір түзетулер мен тоқтап қалуларға жол бермей музыкалық сызықтықты үздіксіз жүргізе алады;

      6) ноталар бойынша екі партияны да басқара алады;

      7) жеке орындаушы-аспапшының ерекшелігін біледі, сүйемелдейтін фортепианоның мүмкіндіктерін қолдана отырып, жеке орындаушымен біртұтас көркем бейне құра алады;

      8) өзін сүйемелдей отырып, шығарманы орындай алады, музыкалық бейнені құра алады;

      9) техникалық қиындықтарды жеңе алады;

      10) ноталар бойынша қолдарына қарамай екі партияны басқара алады;

      11) жеке орындаушымен дуэт болып сүйемелдеуші ретінде шығармаларды өз бетінше жаттауды, талдауды, сауатты орындауды біледі;

      12) жеке ойналатын аспаптың дыбысталу ерекшеліктерін және оларға тән ерекшеліктерді ескеріп, музыкалық-көркем бейнені іске асыру үшін барлық білімдері мен біліктерін қолданады.

      236. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Білім алушы:

      1) негізгі концертмейстерлік репертуарды (вокалдық және аспаптық);

      2) музыкалық терминологияны;

      3) қазақ және шетел музыкасының үздік үлгілерін;

      3) жеке орындаушыны сүйемелдеудің негізгі қағидаттарын біледі.

      Білім алушы:

      1) музыкалық шығарманы орындау процесін басқаруды;

      2) жеке орындаушылардың (вокалшылар, аспапшылар) жеңіл музыкалық шығармаларын, оның ішінде тасымалдаумен сүйемелдеуді;

      3) жеке орындаушының орындаушылық мүмкіндіктерін ашуға қажетті жағдайды жасау;

      4) әр партияның сипатын ескере отырып, орындалатын шығарманың тақырыптық материалын талдауды біледі.

      Білім алушының:

      1) есту қабілетін бақылауды, басқа аспаптардың немесе дауыстардың партияларын қоса алғанда шығарманы тұтасымен есту қабілетін тәрбиелеу;

      2) жеке орындаушымен оның репертуарын жаттау;

      3) концертмейстер ретінде дайындық-концерттік қызметінің алғашқы практикалық дағдысы қалыптасқан.

      237. "Вокал" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) агогика – көркем мәнерлеу мақсатына бағынатын, қарқыннан және метрден аздаған ауытқулар (баяулату, жылдамдату);

      2) артикуляция – музыкалық аспапта ойнау немесе вокалдық партияларды айту кезінде дыбыстардың жүйелі ретпен орналасқан қатарын орындау тәсілі;

      3) артикуляциялық аппарат – тіл мен дауыстың дыбыстарын шығаруға қатысатын, көмей, дауыс қыртыстары, тіл, жұмсақ және қатты таңдай (ауыз жұтқыншағы), жоғарғы және төменгі жақтың тістері, мұрын қуысы және резонатор қуыстарынан тұратын анатомиялық-физиологиялық мүшелер жүйесі;

      4) әншілік дауыс – ерекше еркін тыныспен, ауызбен жылдам, шусыз тыныс алу және демді жайлап шығарумен, сондай-ақ ауаның үлкен мөлшерімен тыныс алумен сипатталатын ән айту кезіндегі дауыс;

      5) әншілік ұстаным – дауыс аппаратының жұмысын қамтамасыз ететін дененің дұрыс қалпы;

      6) бекітілген дем шығару – "пф – пф" дыбыстар тіркесін айту кезінде жабылған еріндермен дем шығару сияқты. Дұрыс сөйлеудегі тынысты қалыптастыруға дәл осындай дем шығару қажет, себебі сөйлеу процесінде ауа ағыны артикуляциялық аппарат мүшелерінде кедергіге кезігеді;

      7) вокалдық өнердегі тірек дыбыс – тембрлік бояуға бай, жақсы шығатын және жұмырланған жиынтық дыбыс;

      8) вокалдандыру – дауысты дыбыстармен айту;

      9) вокалдық дағдылар – әншілік актінің құрамдасы болып табылатын әрекеттерді орындаудың жартылай автоматтандырылған тәсілі;

      10) гармония – әуеннің, оны сүйемелдейтін аккордтарымен қатаң, заңды үйлестіру, сондай-ақ аккордарды зерттеу;

      11) гармоникалық есту қабілеті – көп дауысты музыканы қабылдау, оны музыкалық-есту түсініктерімен ойнау, дыбыстарды фондық және функционалдық талдауды іске асыру, аккордтардың құрылымдық компоненттерін, олардың биіктікте орналасуы және бірі-бірімен қатынасын анықтау, сондай-ақ оларды таралған күйде дауыспен (арпеджиолау) немесе қандай да бір музыкалық аспаппен ойнау қабілеті;

      12) дауыс жүргізу – көп дауысты музыкалық шығармаларда дауыстардың қозғалуы;

      13) диапазон – қолжетімді ең төменгі және ең жоғарғы дыбыс арасындағы аралықпен анықталатын әншілік дауыстың немесе музыкалық аспаптың дыбысталу көлемі;

      14) дыбыс жүргізу – фонация кезінде дыбыстарды байланыстыру тәсілі, вокалдық ырғақтау процесінде әртүрлі штрихтарды қолдану техникасын қамтиды;

      15) дыбыс шабуылы – қандай да бір музыкалық аспапта ойнау немесе вокалдық партияларды орындау кезінде дыбыстарды шығаруға арналған дыбыс шығарудың алғашқы импульсі; әртүрлі дыбыс шығару тәсілдерінің, орындаушылық штрихтардың, артикуляция мен баса айтудың кейбір нюансировкалық сипаттамалары;

      16) дыбысты шығару – музыкалық аспапта ойнау немесе ән айту кезінде музыканы шығару, дыбыстарды туғызу;

      17) интервалика – музыканың мәнерлеу құралы;

      18) музыкалық бейне – сипаты, музыкалық-мәнерлеу құралдары, құрудың қоғамдық-тарихи жағдайы, құрылымның ерекшеліктері, композитордың стилі сияқты бірге алынған жиынтық;

      19) мюзикл – музыкалық-театрландырылған сахналық жанр, музыкалық, драмалық, хореографиялық және опера өнерін қамтитын шығарма және қойылым;

      20) нюанс – орындау ерекшелігі; әсіресе музыкалық фразаларды және жеке дыбыстарды (дыбысталуды) орындауға тән термин;

      21) нюансировка – әртүрлі ерекшеліктерге байланысты шығарманың бөлшектері өз бедеріне ие болатын музыкалық орындау тәсілі;

      22) октава – дыбыстар арасындағы жиіліктер бірдің екіге қатынасына ие болатын музыкалық аралық;

      23) регистр – қандай да бір белгімен, бастысы тембрлік белгімен біріктірілген дыбыстардың бөлігі;

      24) тесситура – дыбыстардың музыкалық шығармадағы дауыс диапазонына (вокал) немесе музыкалық аспапқа қатысты жоғарылығы бойынша басым орналасуы;

      25) тірек – тұрақты, дұрыс дайындалған әншілік дыбысты (сүйемелдеп дыбысталу) және дауыс құрау (тіректе айту) мәнерін сипаттау үшін вокалдық өнерде қолданылатын термин;

      26) унисон – бір дыбыстылық, жоғарылығы бірдей екі немесе бірнеше дыбыстардың бір уақытта дыбысталуы;

      27) фермата – орындаушыға өзінің қалауы бойынша ноталардың ұзақтықтарын ұлғайтуға мүмкіндік беретін музыкалық ноталаудың белгісі;

      28) фразировка (баса айту) – мазмұнын, музыкалық ойдың қисынын анықтау мақсатында кезеңдерді, сөйлемдерді, сөздерді бөлу арқылы орындау процесіндегі музыкалық фразаларды көркемдік-мағыналық жағына байланысты ерекшелеуді білдіретін музыканы мәнерлеу құралы;

      29) ішкі есту қабілеті – сыртқы дыбыстарды қабылдамай, музыканы елестету қабілеті, "аспаптың немесе дауыстың көмегінсіз үндерді және олардың қатынастарын ойша елестету қабілеті".

      238. Бағдарламаның мақсаты: вокалдық орындаушылық бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

      239. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық сауат саласында білім алу;

      2) білім алушының табиғи қабілеттерін дамыту, вокалдық орындаушылық техникасын меңгеру (тыныстың аралас түрі, әншілік тірек, дауыстың еркін физиологиялық дыбысталуы);

      3) музыканы есту қабілетін терең дамыту;

      4) пәннің ерекшеліктерін ескеріп, вокалдық-техникалық тәсілдерді оқыту.

      Дамыту:

      1) музыкалық стильдер және жанрлар туралы түсініктерді қалыптастыру;

      2) түсініп орындау, стиль сезімі, ырғақ сезімі;

      3) вокалдық эстрадалық-джаз техникасының элементтерін меңгеру;

      4) орындаудың көркемдік мәнерлеу дағдыларын меңгеру;

      5) шығарманың сөзімен, көркемдік мазмұнымен, стильдік ерекшеліктерін анықтаумен жұмыс (фразировка, нюансировка, агогика, музыкалық бейнеге ену тәсілдері, сахналық, мимикалық мәнерлік);

      6) сахналық қимыл дағдыларын, микрофонмен жұмыс істеу білігін үйрету;

      7) білім алушының музыкалық білімін және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін вокалдық ансамбльдік әдебиеттің әртүрлі шығармаларымен танысу.

      Тәрбиелік:

      1) еңбек сүйгіштікті, алға қойылған мақсатқа жетудегі мақсатқа ұмтылушылықты және жігерлікті тәрбиелеу;

      2) өзін ұйымдастыру және өзін басқару дағдысын, зейінді, есту қабілетін, ойлауды, есте сақтау жадын шоғырландыру білігін тәрбиелеу;

      3) өмірлік және жүріс-тұрыстың адамгершілік гуманитарлық нормаларын меңгеру;

      4) әртүрлі ұлттық дәстүрлердің, стильдердің, кезеңдердің музыка өнеріне ену арқылы мәдени төзімділікті тәрбиелеу;

      5) музыка мәдениетінің тарихы саласында білім алу;

      6) әрі қарай музыкамен өз бетінше айналасу, музыкалық білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу негізін қамтамасыз ететін музыкалық қызметтің білім, білік және тәсілдері жүйесіне бейімдеу;

      7) сабақта, өмірде, ойын-сауық қызметінде алған білім және біліктерін практикада қолдану талпынысын тәрбиелеу.

      240. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      241. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      242. Бағдарлама вокалдық білім негізін меңгеруді, ән айту техникасын игеруді, классикалық шығармаларды, қазақ әндерін, әлем халықтарының әндерін үйренуді қалайтын балаларды оқытуға арналған.

      243. Бағдарлама білім алушының шығармашылық қабілеттерін және даралығын дамытуға, вокалдық орындаушылық туралы білім және түсініктерді меңгеруге, вокалдық эстрадалық шеберлікті практикада қолдануға және музыка өнері саласы бойынша өз бетінше қызметке тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға жағдай жасайды.

      244. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      245. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына мән береді және дамыта отырып, бұл қасиеттерді педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      246. Вокалға оқыту ойын дағдылары мен тәсілдерін қалыптастыру, орындаушылық аппаратты қалыптастыру және вокалдық орындаушылықтың практикалық формаларын дамыту, оның ішінде суырып салу сияқты өзара байланысты бағыттарды қамтиды.

      247. Оқытудың міндеттеріне білім алушылардың келесі қабілеттерін қалыптастыру және дамыту кіреді:

      1) музыканы көркемдік қабылдау;

      2) әншілік дағдылар (тіректегі әншілік тыныс, дауыстың барлық диапазонында қалыпты дыбыстау, нақты ырғақтау, дауыстың саздылығы, таза және анық дикция);

      3) вокалдық мәнерлеудің басты құралдарының бірі – дауыс тембрі;

      4) орындаушылық дағдылар;

      5) академиялық немесе эстрадалық вокал музыкасына тән арнайы тәсілдерді меңгеру дағдылары;

      6) мәтінмен жұмыс істеу дағдылары, сөзге құрметпен қарау;

      7) сүйемелдеусіз, фортепианомен, басқа аспаптармен сүйемелдеумен жеке орындау дағдылары;

      8) жеке жағдайларда – аспапты фонограммамен, микрофонмен жұмыс істеу дағдылары;

      9) вокалдық ансамбльде жұмыс істеу дағдылары;

      10) өз бетінше жұмыс істеу дағдылары.

      248. Педагог дауысты тәрбиелеу бойынша жұмыс істейді – бұл қатаң жеке тәсілді, білім мен тәжірибені талап ететін күрделі процесс. Жеке ән айту білім алушыдан педагогтің нұсқауларына, сол сияқты өз денесінің жұмысына деген қалауы, өткір назары сияқты үлкен берілуді талап етеді.

      249. Педагог білім алушының өз дауысының дыбысталуындағы айырмашылықты есту білігін, өзінің бұлшық ет сезімдерін бақылауды және белгілеуді тәрбиелейді.

      250. Ән айту арқылы педагог әуендегі музыкалық дыбыстардың жоғарылығын түсінуді және орындау қабілеттерін дамытады. Бұл қабілеттерді дамыту ақыл-ой операцияларын болжайды: салыстыру, талдау, салғастыру, есте сақтау.

      251. Жеке ән айту білім алушының зейінін, жинақылығын, жадын шоғырландыру, эмоциясын қалыптастыру арқылы ырғақ сезімін дамытады.

      252. Академиялық дыбыстың басты қасиеттері:

      1) дыбыстың еркіндігі;

      2) дыбыстың шарықтауы, үздіксіздігі (кантилена);

      3) серпінділігі және толықтығы, дыбыстың тыныспен қанықтылығы.

      253. Академиялық дыбысты дағдыландыру әдісі:

      1) дыбыстың еркіндігі ағзаның еркіндігіне тікелей байланысты, бұлшық ет тырысуларының болмауы, педагог аталған қасиетті дамытуды қарапайым тыныс алу жаттығуларынан бастайды (тыныс алу – ұстап тұру – босаңсу) және ән айту процесін басқарады. Педагог білім алушыға еркіндік күйін есте сақтауға (тартылу, есінеу, иықтарды, мойынды, тамақты босаңсыту) және бір уақыттағы жинақылық, ықшамдылық (аяқтар, құрсақ тығыршығы, беттің бұлшық еттері, ауызды ашу, жақтарды қозғалту);

      2) педагог үздіксіз дыбыстар ағымында дыбысталудың әсемдігін түсінуді тәрбиелеу мақсатында білім алушының саналы түрде бақыланатын баяу, үнемді, жеткілікті баяу дем шығару дағдысын қалыптастырады (тыныс алу жаттығулары, үлес ішіндегі қағыс, педагогтің майда ұзақтықтар арасында дауыстап санауы, сыныпта үйретілетін шығармалар үлгісінде негізгі метрикалық үлесті бөлу арқылы айту);

      3) жеке ән айту кезінде әр сабақта білім алушының музыкалық есту қабілетін тәрбиелеу үшін жаттығуларды орындауға жеті-сегіз минут уақыт бөлу ұсынылады.

      254. Жеке ән айту сабақтарынада ноталарды парақтан оқу үлкен мәнге ие болады. Білім алушының "сольфеджио" педагогінің басшылығымен алдымен қолымен ("қол нота станы"), кейін ноталық жазулар бойынша жүйелі орындауы ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамытады.

      255. Педагог әр сабақта білім алушының өзін-өзі бақылауына назар аударады: дұрыс есту білігі, дауыс пен есту қабілетін үйлестіру, өзінің ырғағын түзеу, орындаудың бірыңғай қарқынын ұстап тұру білігі.

      256. Білім алушы сабақта вокалдық жаттығулардың жартысын (үйретілетін шығармалардың үзінділерін) дауыстап, бөлігін "өз ішінен" орындайды. "Вокализдеу" әдісін қолдану, яғни жаттығуды немесе шығарманы аузын жауып немесе таңдалып алынған буынмен айту, ішкі есту қабілетімен айту ("өз ішінен") ырғақ және қарқын сезімін тәрбиелейді.

      257. Вокализдеу шығарманы жеткізу міндеттерімен дауыстың барынша жақсы сапада дыбысталуын тығыз байланыста дағдыландыруға ықпал етеді, сонымен қатар білім алушының белгілі дыбыста жинақы дауыспен айтуын белгілейді, әдетте сөздерімен әнді айту кезінде бұған қол жеткізу қиын болады.

      258. Педагогтің сабақта қолданатын жұмысының кез-келген түрі белгілі вокалдық дағдыларды дамытуға бағытталған. Дыбысты дұрыс шығару, нақты лад жағдайында ырғақтап көру, әуенді әдемі және эмоциямен орындау техникалық қиындық туғызбайтын, белгілі материалдарда айту айтарлықтай жеңіл болады.

      259. Педагог әрбір жаттығуды орындауда жаңа міндеттерді анықтайды, оларды шешу жаңа дағдыларды алуға және меңгерілген дағдыларды жетілдіруге ықпал етеді.

      260. Педагог бір сабақтың барысында әртүрлі вокалдық жаттығулардың жеке компоненттерін (қарқынды күшейту, әуенге жаңа элементтерді қосу) біртіндеп күрделендіру мүмкіндігін қолданады.

      261. Педагог әрбір жаттығуды орындау кезінде түсінікті орындауға, жаттығулардың мақсаты мен міндеттерін білім алушыға жеткізуге талпына отырып, жеңілдетілген нұсқада ұсынады.

      262. Оқытудың алғашқы кезеңі баланың музыкалық мәдениетінің негізін біртіндеп қалыптастыру үшін маңызды. Осы процесті барынша ыңғайлы және қуанышты ету, білім алушының шығармашылық әлеуетін анықтау және ашу міндеті педагогке байланысты.

      263. Білім алушы ойын формалары арқылы вокалдық дағдыларды меңгереді. Ән репертуарын орындау театрландырумен сүйемелденеді.

      264. Бірінші оқу жылындағы білім алушының зейіні негізінен педагогтің қимылдарына еліктеуге, артикуляциялық аппарат органдарының қалпына шоғырланады, сонымен қатар көру және есту арқылы бақылау қолданылады.

      265. Қосымша тактільді-вибрациялық сезімдер қолданылады (ауызға алақанның сырт жағын апару, дыбысты шығару кезіндегі ауа ағымын итеруі немесе сыңғырлаған дыбыстарда дауыс желбезектерінің вибрациясы тексеріледі, ол кезде алақан мойынға қойылады).

      266. Білім алушы талап етілетін қимылдарды орындайтын болса, дауысты қою кезеңіне көшу іске асырылады (артикуляциялық гимнастика, ауа ағымын дағдыландыру).

      267. Оқытудың алғашқы жылдарында сабақтың жеке формаларымен қатар шағын топтық формалар жүргізіледі, ол кезде сабақтың уақыты тұтасымен (немесе жартылай) екі-үш білім алушымен сабақ жүргізу үшін қолданылады. Сабақтың мұндай ұйымдастырылу формасы білім алушылардың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді, олардың зейінін арттырады, оқу процесіне сау "бәсекелесік" рухын енгізеді, баланың шығармашылық белсенділігін ынталандырады.

      268. Дауысты тәрбиелеуде, дұрыс дыбысталуды ұйымдастыруда әншінің бұлшық ет сезімі үлкен рөлге ие болады. Сондықтан ән айтудың алдында белгілі бұлшық ет дайындығын жүргізу қажет. Жеке ән айтуға оқыту процесі алдымен білім алушының әр педагогтің жеке қорында бар кешенді жаттығуларды меңгеруден басталады.

      269. Педагог жаттығуларды біртіндеп ұлғаятын қиындығына сәйкес жүйелендіреді, тыныс алу және дауысты жаттықтырудың әртүрлі кезеңдерінде қолданады.

      270. Дайындық сипатындағы жаттығулар кешені оқытудың бастапқы кезеңіндегі дауыс пен тынысты жаттықтырудың қолайлы негізі болып табылады. Жаттығуларды меңгеруде біртіндеушілік және реттілік қағидаттары маңызды.

      271. Педагог әр жаттығуды үйренуде оларды жүйелі қайталау кезіндегі орындауының дұрыстығына, жеңілдігіне және еркіндігіне талпынуға назар аударады.

      272. Педагог дене сымбатын қалыптастыру жаттығуларын тыныс алуға арналған жаттығулармен үйлестіреді. Бекітілген дем шығару жаттығуларын сөйлеу формаларымен үйлестіру барлық сөйлеу аппаратының белсенді дамуына алып келеді.

      273. Дикцияға арналған жаттығулар білім алушының дайындығын талап етеді. Таза дикцияны дағдыландыру қозғалмалы артикуляциялық органдарды (тіл, ерін, жұмсақ таңдай, төменгі жақ) арнайы жаттықтыруға негізделген.

      274. Дикцияға арналған жаттығулар білім алушының артикуляциялық және мимикалық бұлшық еттерінің артық қысылуынан арылған артикуляциялық аппаратты саналы басқару дағдысын тәрбиелейді (төменгі жаққа, ерінге және тілге арналған гимнастика).

      275. Денені дұрыс қою, дене мен бетті тым тырыстыратын бұлшық еттерді босату дыбысты жылдамдатудан босатады, яғни вокалдық аппараттың шаршауына жол бермейді.

      276. Педгог оқытудың алғашқы кезеңінің соңында білім алушының дамуын диагностикадан өткізеді. Қалыптасқан орындаушылық мүмкіндіктері, дағдылары, сондай-ақ оларды қалыптастыру жолындағы мәселелер мен қиындықтар өлшемшарттар болады.

      277. Музыкалық қабілет, шығармашылық әлеует, әртістік кешені білім алушының дамуының бұдан әрі қарай бағытын анықтайды.

      278. Педагог үшін негізгі міндеттердің бірі болып репертуарды іріктеу болып табылады. Пәннің репертуарын құрайтын шығармаларға қойылатын талаптар:

      1) ауызша және музыкалық материалдың дамыту және тәрбиелік сипаты;

      2) мазмұнының қолжетімділігі, бейнелердің түсініктілігі, балалардың өмірлік тәжірибесі мен жасына сәйкестігі;

      3) вокалдық және ырғақтық материалдың шама жетерлік болуы, шығарманың күрделілік деңгейі білім алушының дайындық деңгейіне сәйкес;

      4) музыкалық бейнелердің қанықтылығы және бедерлігі, әуезділік;

      5) шығарманың гуманистік сипаты, позитивті өмірдің бастамасын бекіту;

      6) қуаныш, аяушылық білдіру, жақсылық, әсемділік, махаббат, жауапкершілік, достық пен отансүйгіштік сезімдеріне апелляция.

      279. Педагог репертуарды білім алушының жас ерекшеліктеріне және "жеңілден күрделіге" қағидаты бойынша іріктейді. Әндердің поэтикалық мәтіндері, олардың бейнелі мазмұны балаларға түсінікті болады.

      280. Педагог оқытудың алғашқы кезеңінде жаттау үшін көбінде білім алушының дауыс мүмкіндіктерін ескере отырып, ыңғайлы тесситурада legato [легато] дыбыс жүргізуін қолданып, дыбысталу диапазоны шағын қарапайым әндерді іріктейді.

      281. Шығармаларды іріктеудің негізгі өлшемшарты оқушыларды вокалдық және адамгершілік тәрбиелеуге ықпал ететін ашық, мәнерлі әуеннің болуы.

      282. Репертуардың түрлілігі және көп қырлылығы үлкен мәнге ие болады, яғни бағдарламаны әртүрлі кезеңдердің, бағыттардың және стильдердің шығармаларынан құру. Классикалық репертуар халық әндерімен, ана тіліндегі және шетел тіліндегі әндермен үйлестіріледі.

      283. Репертуарды іріктеуге қойылатын талаптар:

      1) тәрбиелік құндылық: музыканы іске асырудағы негізгі идеясы мен сипаты;

      2) әдеби мәтін: көркемдік қасиеттерді, мәтіннің ерекшеліктерін жалпы бағалау;

      3) музыкалық мәнерлеу құралдары: әуеннің сипаты, дауыс ырғағының мәнерлігі, аралық, ырғақ, лад, өлшем, сүйемелдеудің рөлі;

      4) қолжетімділік;

      5) шығарманың формалары: бір бөлімді, екі бөлімді, шумақты;

      6) аталған музыкалық материалда меңгерілетін вокалдық дағдыларды анықтау (тыныс, дыбыс құрау, дикция, штрих);

      7) әннің сюжетін ұтымды ету мүмкіндігі.

      284. Орындаушылық дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыстың алгоритмі:

      1) ауызша мәтінді және оның мазмұнын талдау;

      2) ноталық мәтінді сауатты оқу;

      3) шығарманың үндестілік жоспарын, ладтық құрылымын, үйлесімді арқауын талдау;

      4) мотивтерге, кезеңдерге, сөйлемдерге, фразаларға бөлу, формасын анықтау (шумақты, екі бөлімді, үш бөлімді);

      5) музыкалық және мәтіндік мазмұнынан туындайтын фразировка;

      6) динамиканың түрлері;

      7) шығарманы орындаудағы агогикалық мүмкіндіктердің көп түрлілігі (баяу және жылдам қарқындарын салыстыру, баяулату, жыдамдату), ферматаның түрлері.

      285. Педагог сабақта пассивті және белсенді оқыту әдістерін үйлестіреді (ән айту, музыка тыңдау, вокалдық орындау техникасын түсіндіру, дауыспен және аспапта көрсету).

      286. Сабақтағы жұмыс формалары:

      1) балаларға арналған опералардағы, ертегілердегі, мюзклдердегі жеке партиялармен жұмыс;

      2) музыкалық спектакльдерді қою (балаларға арналған опералар, ертегілер, мюзклдер);

      3) музыканы тыңдау және талдау – қабылдау және музыканы есту, шығармашылық қиялы мен эмоциялығы, форма сезімін, теориялық білімді жүйеге келтіру және мәнерлеу құралдарын саралау білігін дамытудың факторы;

      4) вокалдық шығармаларды міндетті түрде аспаппен орындау – фортепианода ойнау дағдыларын қалыптастыру және бекіту, үйлесімді есту қабілетін дамыту.

      287. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмаларын дайындауға жұмсайтын уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      288. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет жүргізіліп, педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады. Білім алушы өзінің жеке партиясын жаттайды, ноталық мәтінге, авторлық нұсқауларға назар аударады, осыдан кейін ансамбль бойынша серіктесімен бірге дайындалуға көшеді.

      289. Бірінші кезекте ең күрделі тапсырмалар пысықталады, әртүрлі техникалық тәсілдер қолданылады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қандай да бір тапсырмамен жұмыс істеуге жұмсалатын уақытты анықтайды.

      290. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) классикалық және заманауи авторлардың пьесаларын орындау;

      2) Қазақстан композиторларының шығармаларын орындау;

      3) халық әндері және билерінің өңдеулері;

      4) ансамбль құрамында жұмыс істеу;

      5) ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      291. Үй тапсырмаларының мазмұны:

      1) шығармаларды талдау;

      2) техникалық қиындықтарды жеңу бойынша жұмыс;

      3) мәнерлеп орындау бойынша жұмыс;

      4) ноталарды парақтан оқу.

      292. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазуы;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      293. "Вокал" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлем музыка әдебиеті", "Ноталарды парақтан оқу" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      294. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық-теориялық, вокалдық білім, біліктері, музыканы тыңдау, қабылдау және есте сақтау дағдыларын, музыканы қабылдауға деген музыкалық ықыласын қалыптастыру;

      2) "әншілік ұстаным", "әншілік дауыс", "әншілік тыныс", "кантилена" түсініктерімен танысу, әншілік тыныс негіздерін және дауыстың дұрыс (жылдамдатылмаған) әншілік дыбысталуын, музыкалық және есту түсініктерін, ырғақ сезімін, артикуляция дағдыларын қалыптастыру;

      3) оқу жылының ішінде 8-10 шығарманы меңгеру.

      295. Даярлық сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ән жанрының пайда болу тарихы. Әндерді жанрлық жіктеу.

      2-тақырып. Музыка тыңдау. Музыкалық шығарманың мінезін сипаттау.

      3-тақырып. Дауысты қою. Әншілік ұстаным. Тұрып тұру кезіндегі әншілік ұстаным. Отырып орындау кезіндегі әншілік ұстаным.

      4-тақырып. Дауыс ырғағын дамыту. Жеңіл айналымдарды айту (ре1-ля1). Әуендерді нақты ырғақтау. "А", "о", "е", "и", "у" (жұмырландыру) дауыстыларын дұрыстап айту.

      5-тақырып. Әншілікке дейінгі тыныс алу жаттығулары. "Демді алу-шығару" түсініктері. Құрсақ тығыршығының жоғарғы бұлшық еттері және тыныс алу бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар. Вибрациялық уқалаудың түрлері.

      6-тақырып. Вокалдық дағдылар. Сөздерді әндетіп дұрыс шығару дағдыларын қалыптастыру. Дикция және артикуляция. Тіл және музыкалық жаңылтпаштарды, арнайы вокалдық жаттығуларды қолданып, тіл аппаратын белсендіру. Дыбыс жүргізуге, дикцияға, артикуляцияға, динамикаға, қарқынға арналған жаттығулар. Орындаушылық шеберліктің алғашқы дағдылары.

      7-тақырып. Хореография элементтері. Би ырғағы. Алғашқы сахналық қимылдар: бастың, қолдың жұмыстары, қадамдар. Микрофонмен қолды қою.

      296. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Даярлық сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс, әншілік тыныс туралы түсініктері бар;

      2) әншілік ұстанымды сақтайды;

      3) тыныс алуды және демді музыкалық фразаға бөлуді біледі;

      4) жеңіл дыбыспен айтуды біледі;

      5) аспаптың дыбысталуына сүйене отырып әуендерді фрагменттері бойынша ырғақтық жағынан дұрыс айтуды біледі;

      6) әндердің сөздерін дұрыс айтуды, дауыстыларды бұзбай айтуды, белсенді артикуляция жасауды біледі;

      7) концертмейстердің сүйемелдеуімен және фонограммамен ән айтуды біледі;

      8) микрофонмен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын меңгереді.

      297. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "дауыс аппараты" түсінігімен, әншілік дауыстың негізгі қасиеттерімен (диапазоны, тесситурасы, күші, тембрі) танысады, ән айту процесінде әншілік ұстанымды сақтауды, негізгі вокалдық дағды – дұрыс дыбыс құрауды (жұмсақ шабуыл), көмейдің тұрақты күйін сақтауды, иықтарды көтермей қалыпты дем алуды, ән айту кезіндегі дем алу күйін сақтауды, қалыпты, үнемді дем шығаруды, есту дағдыларын, эмоциялық мәнерлік дағдыларын үйренеді;

      2) әншілік дауыстың негізгі қасиеттері (сыңғырлау, қалықтау, тембрі бойынша түзулік), дауысты және дауыссыздар қалыптасады, диапазоны дамиды, ән айту кезінде өзін бақылап отыруды, ноталарды оқуды үйренеді;

      3) білім алушы 9-10 шығарманы меңгереді.

      298. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дауыс аппаратының құрылымы, дауыс құрау процесі. Дауыс аппараты. Тыныс алу органы. Дыбысты құрау органы. Резонаторлар, артикуляциялық аппарат.

      2-тақырып. Әншілік дауыс. Әншілік ұстаным қағидаттары (дененің қалпы, бастың дұрыс қалпы, микрофон ұстаған қолды дұрыс қою). Регистрлер. Дауыстың әншілік ұстанымы. Әншілік дауыстың қасиеттері.

      3-тақырып. Вокалдық дағдылар. Вокалдық ән айтудағы тіл мәдениеті және дикция. Дауыссыздарды айту ережелері. Дауыс жүргізу тәсілдері (легато, стаккато, нон легато). Дауыс жүргізудің әртүрлі тәсілдеріне арналған жаттығулар (легато, стаккато). Әншілік тынысты дағдыландыру (тыныс алу кезінде иық емес, диафрагма жұмыс істейді). Алғашқы дыбыс құрау механизмін үйрену (дыбыс шабуылы).

      4-тақырып. Қосылып ән айтуды меңгеру. Жұмсақ жұмыр дыбыспен айту. Регистрлер. Қосылып айту. Екі дауыс элементтері. Жеке және ансамбльде орындалатын әндерді жаттау.

      5-тақырып. Екі дауыспен ән айту. Тыныс алу, дыбыс құрау, артикуляция дағдыларын қайталау және бекіту. Тынысты дағдыландыру. Екі дауысты әндерді айту. Дыбыстар қатарын әуендік қозғалыста, канонмен айту.

      299. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппараты туралы жалпы теориялық білімі бар (тыныс алу мүшелері, дыбысты қалыптастыру мүшелері, дыбысты құрау мүшелері);

      2) әншілік дауыстың гигиенасын біледі;

      3) музыка сабақтарында өзін ұстау ережелерін біледі;

      3) әншілік ұстанымды сақтайды;

      4) шығарманың қарқынына және сипатына байланысты тыныс алуды біледі, демді ұстап тұрады, тынысты музыкалық фразаға бөледі, үнемді дем шығарады;

      4) жеңіл дыбыспен айтады, қысылмай, ауа жібермен оны "созуға" тырысады;

      5) таза және нақты ырғақтайды;

      6) ырғақтық суретті дұрыс орындайды, тұрақты қарқынды ұстап тұрады;

      7) әндердің сөздерін дұрыс және анық айтады, дауыстыларды бұзбай шығарады, дауыссыздарды анық және қысқа айтады, белсенді артикуляция жасайды;

      8) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен ән айтуды біледі;

      9) микрофонмен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын біледі.

      300. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы дауыс аппаратының әртүрлі бөліктерінің қызметтерімен танысады, әншілік ұстанымды сақтайды, әншілік дауыс қасиеттерін дамытады (диапазонды кеңейту, диапазонның ортасын бекіту, дауыс күшін дамыту), вокалдық дағдылар (тыныс, дауыс жүргізу, дыбыс шабуылы, артикуляция, эмоциялық мәнерлік дағдылары);

      2) әншілік дауыстың негізгі қасиеттері қалыптасады (қаттылық, қалықтау, тембрі бойынша түзулік), дауыстылар мен дауыссыздар дұрыс қалыптасады, сөздерді анық айтуы, дауыстың дара бояулары анықталады;

      3) білім алушы ритмика элементтерін қолданады, музыкамен қозғалады, сахна мәдениетін тәрбиелейді, ән айту кезінде өзін бақылау білігін, ноталарды парақтан оқуды үйренеді;

      4) білім алушы 9-10 шығарманы меңгереді.

      301. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өлшем, ырғақ, ұзақтықтар, дыбыс жоғарылығы, үзілістер, акценттер.

      2-тақырып. Тынысқа арналған жаттығулар. Дұрыс әншілік тыныс – иықты көтермей дем алу, демді ұстап тұру, ән айту кезінде бір қалыпты дем шығару.

      3-тақырып. Дыбыс шабуылы: қатты, жұмсақ. Алғашқы дыбысты құрау.

      4-тақырып. Баланың дара әншілігін дамыту. Кемшіліктермен жұмыс: жалпақ, мұрыннан шығатын дыбыс, мимиканың бұзылуы, төменгі жақтың алға жылжуы, дене сымбатының бұзылуы.

      5-тақырып. Регистрлер (кеуде, бас). Бас арқылы резонациялауға ауысу (фальцетті дыбыс және ол туралы алғашқы түсінік). Ән айту кезінде дауыстыларды дұрыс айту білігі. Жұмсақ, жұмырланған дыбыспен айту. Әндерді жеке жаттау. Педагогпен бірге айту.

      6-тақырып. Халық әні, оның түрлері, дыбысталу сипаты. Қазақ тіліндегі дауыстыларды және кейбір дауыссыз дыбыстарды шығарудың ерекшеліктері.

      7-тақырып. Хореография элементтері. Қазақ халқының костюмі және би мәдениеті. Микрофон ұстайтын қолды қою. Эстрадалық қозғалыстардың негізгі түсініктері. Әнді орындаумен қатар жүретін би қимылдары. Қимыл координациясын дамыту – марш тәрізді әндердегі қадамдар. Әндетіп айтатын әндердегі баяу қозғалыстар (әр ырғағымен қозғалу).

      302. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дауыс аппаратының қызметі туралы жалпы түсініктері бар;

      2) әншілік дауыстың гигиенасын сақтайды;

      3) әншілік ұстанымды сақтайды;

      4) шығарманың қарқынына және сипатына байланысты тынысты ұйымдастыруды біледі, демді ұстап тұрады, тынысты мейлінше ұзақ музыкалық фразаларға бөледі, тынысты үнемдеп шығарады;

      4) дыбыстың жұмсақ шабуылын қолданып, таза, табиғи, жеңіл дыбыспен айтады;

      5) дыбысты қысылмай, ауа жіребмей түзу шығара алады, сау әншілік дыбысталудың даралығын сақтайды;

      6) дыбыстың жоғары позициясын сақтай отырып, таза және нақты ырғақтауды біледі;

      7) ырғақтық суретті дұрыс орындауды, тұрақты қарқынды ұстап тұруды біледі;

      8) шығарманың сипатына байланысты legato, non legato айтуды біледі;

      9) әндердің сөздерін дұрыс және анық айтуды, дауыстыларды бұзбай айтуды, дауыссыздарды анық және қысқа айтуды, белсенді артикуляция жасауды біледі;

      10) эмоциямен, мәнерлеп, әртүрлі динамикалық реңктермен айтуды біледі;

      11) музыкамен ритмиканың элементтерін және қимылдарды қолдана алады;

      12) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен ән айтуды біледі;

      13) сахналық бейнемен жұмыс істеуді біледі;

      14) микрофонмен жұмыс істеу дағдыларын біледі.

      303. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бұрын меңгерілген музыкалық-теориялық, вокалдық білім, білік және дағдылар қайталанады, бекітіледі және әрі қарай тереңдетіледі, әншілік ұстаным дағдыға айналады;

      2) дауыстың жеткілікті иілгіштігін қамтамасыз ететін түзу, қалыпты-белсенді, үнемді, ұзақ тыныс алу бойынша жұмыс жүргізіледі, диапазон шамамен бір жарым октаваға дейін кеңейтіледі, аралас дыбысталу, жұмсақ, сыңғырлаған, қалықтап дыбысталу қалыптасады, дара тембр анықталады, түрлі сипаттағы шығармаларды орындайды;

      3) мәнерлеудің музыкалық құралдарын, вокалдық-техникалық дағдыларды қолданып, әртүрлі эмоциялар, сезімдер арқылы шығарманың көркемдік ойын және мазмұнын жеткізу білігі дамиды, вокалдық орындаудың өзіндік нақышымен, сахналық мәдениетті дамытумен, би қимылдарын қою бойынша жұмыс жалғастырылады;

      4) оқу жылының ішінде жанры және бейнелі-көркем мазмұны жағынан әртүрлі 10-12 шығарманы меңгереді.

      304. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Теориялық материалды қайталау. Дұрыс әншілік ұстанымды сақтау. Дұрыс әншілік тынысты қолдану білігі. Бір демде ұзақ музыкалық фразаларды айту білігі. Дауыстың дыбысталуын түзету. Табиғи әншілік артикуляция. Анық, таза дикция. Дауыстың ортаңғы регистрде жұмыр дыбысталуы.

      2-тақырып. Жаттығулардағы дауыс қозғалғыштығымен жұмыс. "Жоғары әншілік позиция", тіректе айту сияқты түсініктер. Динамикалық реңктерді қолдану білігі. Вокалдық партияларды өз бетінше жаттау.

      3-тақырып. Вокализдерді жаттау.

      4-тақырып. Халық әндерін жаттау.

      5-тақырып. Орыс немесе шетел классикасының шығармаларын жаттау.

      6-тақырып. Заманауи композиторлардың әндерін жаттау.

      305. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дұрыс әншілік ұстанымды сақтайды;

      2) дұрыс әншілік тынысты қолдануды біледі;

      3) бір демде ұзақ музыкалық фразаларды айта алады;

      4) диапазонды кеңейту, дауыстың дыбысталу түзулігі, табиғи әншілік артикуляция, анық, таза дикция, дауыстың орта регистрінде жұмырлы дыбысталуы бойынша жұмыс;

      5) дыбыстың жоғары позициясын сақтай отырып, таза және анық ырғақтауды біледі;

      6) ырғақтық суретті дұрыс орындауды, тұрақты қарқынды ұстап тұруды біледі;

      10) шығарманың сипатына қарай legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] орындай алады;

      11) әннің сөздерін түсініп, мәнерлі айтуды, дауыстыларды бұзбай шығаруды, дауыссыздарды анық және қысқа айтуды, белсенді артикуляция жасауды, орфоэпияның ережелерін сақтай алады;

      13) эмоциямен, мәнерлеп, әртүрлі динамикалық реңктермен айта алады;

      13) концертмейстердің сүйемелдеуімен, фонограммамен айтуды біледі;

      14) музыкамен ритмика элементтерін және қимылдарды қолдануды біледі;

      15) сахналық бейнемен жұмыс істей алады;

      16) әншінің сахнаға шыққанға дейінгі және өнер көрсету кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін біледі.

      306. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) вокалдық-техникалық дағдыларды әрі қарай жетілдіру, төменгі қабырға-диафрагмалық тынысты қолданады;

      2) тіректе ән айту, диапазонды кеңейту, регистрді түзеу, жоғары әншілік позицияда айту, дауыстың серіппелігі, әртүрлі дыбыс шабулын біледі, дыбысты жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қолданады, артикуляциялық аппараттың үйлесімді жұмысы;

      3) әншілік дыбыс және оны құру тәсілдері туралы вокалдық-есту түсініктерін жетілдіру, есту зейінін, қабылдайтын және шығаратын дыбысты бақылау қасиеттерін бақылау, әртістікпен, сахналық бейнемен, жанры, сипаты жағынан әртүрлі шығармаларды орындаудың даралығы, әндерді театрландыру бойынша жұмыс;

      4) білім алушының ішкі түйсігі, қиялы, орындалатын әндердің эмоциялық-мағыналық құрылымына енуді дамыту, ән репертуарын талдау дағдыларын жетілдіру (музыка мен мәтіннің авторлары, шығарманың сипаты, әдеби мәтіннің ерекшеліктері) әннің диапазоны, тесситура (ыңғайлы, ыңғайсыз), әуеннің қозғалу сипаты (толқын тәрізді, сатылы, секірмелі түрде) бойынша жұмыс жалғастырылады, вокалдық-техникалық қиындықтарды жеңеді: екпіндік (секіру, хроматизмдер, ұлғайтылған және кішірейтілгін аралықтар); ырғақтылық (синкопалар, дуольдер, триольдер); динамикалық; дикциялық; тыныс алумен байланысты қиындықтар (ұзақ фразалар);

      4) оқу жылының ішінде жанры және бейнелі-көркем мазмұны әртүрлі 12-14 шығарманы меңгеру.

      307. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Вокалдық-техникалық дағдыларды жетілдіру. Тірекпен айту. Диапазонды кеңейту. Регистрлерді түзеу. Жоғары әншілік позицияда айту. Дыбыстың әртүрлі шабуылын меңгеру. Дыбыс жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қолдану. Артикуляциялық аппарат жұмысының реттілігі.

      2-тақырып. Әншілік дыбыс және оны құрау тәсілдері туралы вокалдық-есту түсініктері.

      3-тақырып. Қабылданатын және шығарылатын дыбыс сапасын есту зейінін және өзін бақылауды қалыптастыру. Әртістік. Сахналық бейне. Жанры, сипаты бойынша әртүрлі шығармаларды орындаудың даралығы.

      4-тақырып. Орындалатын әндердің эмоциялық-мағыналық құрылымы.

      5-тақырып. Ән репертуарын талдау.

      6-тақырып. Әннің диапазоны. Тесситура. Әуеннің қозғалыс сипаты. Вокалдық-техникалық қиындықтар: екпіндік, ырғақтық, динамикалық, дикциялық.

      308. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дыбыстың жоғары позициясын сақтай отырып, таза және нақты ырғақтауды біледі;

      2) агогикалық өзгерістерімен әртүрлі қарқындағы күрделі ырғақтық фигураларды орындаудың алғашқы дағдыларына ие болады;

      3) шығарманың сипатына байланысты legato [легато], non legato [нон легато], marcato [маркато], staccato [стаккато] айтуды біледі;

      4) эмоциямен, мәнерлерлеп, әртүрлі динамикалық ерекшеліктермен айтуды біледі, дыбыстарды шапшаңдатуды және күшейтуді біледі;

      5) музыкамен ритмиканың элементтерін және би қимылдарын қолдануды біледі;

      6) сахналық бейнемен, жанры, сипаты бойынша әртүрлі шығармаларды орындаудың даралығымен жұмыс істей алады.

      309. "Нотаны парақтан оқу" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккомпанемент – жеке партияны (әншінің, аспапшының, хордың) бір немесе бірнеше аспаппен, оркестрмен сүйемелдеу;

      2) аккорд – бір уақытта дыбысталатын және біртұтас ретінде қабылданатын үш немесе одан да көп тонның үйлесімі;

      3) Альберти бастары – фактураның түрі, фортепианолық пьесадағы сол қолдың партиясын жеткізу;

      4) аппликатуралық техника – музыкалық-көркем бейнені құруға және композитордың түпкі ойын сенімді жеткізуге көмектесетін құрал;

      5) арпеджио – аккорд дыбыстары бірінен кейін бірі шығатын, көп жағдайда ішекті және пернелі аспаптарға тән аккордтарды орындау тәсілі;

      6) бас кілті – таралуы бойынша скрипка кілтінен кейінгі екінші кілт. Бұл кілтті төмен дыбысталатын аспаптар: виолончель, фагот қолданады. Бас кілтінде әдетте фортепианоға арналған сол қолдың партиясы жазылады;

      7) буррэ – ежелгі француз халық биі;

      8) гавот – француз биі;

      9) гамма – көрші сатылары бір бірінен толық тонға немесе жарты тонға артта қалатын, белгісіз ұзақтықтағы дыбыстар қатары;

      10) гомофонды-гармоникалық құрылым – музыкалық "мәтінді" жеткізу тәсілі, ол кезде дауыстардың бірі – әуен – басты, ал қалғандары – бағынушы рөл ойнайды;

      11) интервал – белігілі биіктіктегі екі дыбыс арасындағы қатынас;

      12) каданс – типовой гармонический оборот, завершающий музыкальное построение любого уровня (фразу, период, раздел формы, всю композицию);

      13) квартты-квинтті шеңбер – барлық үндестіктер мен олардағы кілтті белгілерді ыңғайлы және жылдам есте сақтауға арналған сызба;

      14) лад үндестілігі – басты тонның белгілі биіктік күйіндегі мажор немесе минор лады;

      15) менуэт – ескі француз халқының кезбез биі, төменгі жартылай башпаймен ұсақ қадамдар жасалатындығынан аталып кеткен, па меню (pas menus [пас менус]);

      16) пассаж – жылдам қозғалыстағы дыбыстардың реті;

      17) полифония – көп дауысты фактураның жеке дауыстар (әуенді сызықтар, кең мағынадағы әуендер) қызметінің тепе-теңдігімен анықталатын көп дауысты музыканың құрылымы;

      18) секвенция – музыкалық композицияның техникасы;

      19) секста – ені алты сатыны құрайтын музыкалық интервал;

      20) сольмизация – нота бойынша ән айтуға оқыту тәсілі;

      21) сольфеджио – көп мағыналы музыкалық термин, келесілерді білдіреді: сольфеджиолауды (сальмизация), музыкалық диктант, ауызша талдауды қамтитын, музыкалық есту қабілетін және музыкалық жадын дамытуға арналған оқу пәні;

      22) терция – ені үш сатыны құрайтын музыкалық интервал;

      23) фигурация – дыбыстар мен аккордтарды (ырғақты фигурация) қайталаудың көмегі арқылы музыкалық фактураны күрделендіру, аккордтардың дыбыстары бойынша әуендік қозғалыстар (гармоникалық фигурация), әуенде аккордтық емес дыбыстарды қолдану (әуендік фигурация).

      310. Бағдарламаның мақсаты: ноталарды парақтан оқу жылдамдығын дамыту бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру және өз бетінше музыка ойнауға қабілетті тұлғаның шығармашылық белсенділігін дамыту.

      311. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) ноталық мәтінді парақтан сауатты оқуды, музыкалық терминологияны меңгеруді, шығарманың музыкалық мағынасын мәнерлеп жеткізуді үйрету;

      2) білім алушылардың оқу пәні бағдарламасы аясында аспапты меңгеруге қажетті музыкалық сауатты игеруі;

      3) арнайы сынып сабақтарында ноталарды парақтан оқу бойынша алған білімдерін практикада қолдану;

      4) білім алушының музыкалық материалдардың кең көлемімен танысуы;

      5) музыкалық материалмен және ноталарды парақтан оқу бойынша өз бетінше жұмыс дағдыларын үйрету;

      6) орындалатын шығармалардың құрылымын өз бетінше талдау, орындалатын музыканың стильдері мен жанрларының бағыттарын анықтау білігін оқыту;

      7) шығармаларды сауатты және мәнерлеп көркем орындауға үйрету;

      8) қимылдың әртүрлі түрлері мен фактураның түрлерін аппликатуралық іске асыру дағдыларын меңгеру;

      9) артикуляция (штрихтар), динамика сипаты және қарқын (музыкалық терминология) белгілерімен байланысты авторлық нұсқауларды орындау.

      Дамыту:

      1) музыкаға тұрақты қызығушылықты және сүйіспеншілікті қалыптастыру; білім алушының ақыл-ой қызметін белсендіру;

      2) жадын, зейінін, зеректілігін дамыту;

      3) "таныс емес нәрседен таныс нәрсені көру" қағидатына сүйеніп, шығарманы оқуда және талдауда өз бетінше жұмыс істеуді және бастамашылдықты дамыту;

      4) білім алушының музыкалық мәтіндердің көптеген белгілерін, ноталарды парақтан оқуды, штрихтарды, аппликатураларды, альтерация белгілерін, шығарманың өлшемдерін, фактурасын көру арқылы қабылдауын дамыту;

      5) көру және есту арқылы қабылдауды дамыту: көріп – жасаймын, сараптаймын – басқарамын;

      6) музыкалық орындау саласындағы білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      7) ішкі әуезділікті, гармоникалық есту қабілетін, музыкалық талғамды, білгірлікті, ырғақ сезімін, музыкалық жадын және эмоциялық ықыласын дамыту;

      8) білім алушының көркемдік, бейнелі, ассоциативті ойлауын, шығармашылық қиялын дамыту және музыкалық ой-өрісін кеңейту.

      Тәрбиелік:

      1) еңбек сүйгіштікті, алға қойған мақсатқа жетудегі мақсатқа талпынуды және табандылықты тәрбиелеу;

      2) өзін өзі ұйымдастыру және өзін өзі басқару дағдысын тәрбиелеу;

      3) әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін түсіну және құрметтеу;

      4) кәсіби өзін өзі анықтауы.

      312. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш-бес жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      313. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      314. Аталған Бағдарламаның өзектілігі – ол балаға қысқа мерзім ішінде ойнау дағдыларын меңгеруге, көптеген шығармаларды өтуге, музыкалық-орындаушылық дағдысын, музыкалық әсерді жинақтауға, өзіндік үй тапсырмаларын орындауда сенімді болуға, музыка сабағымен айналысуға қызығушылығын сақтап тұруға көмектеседі.

      315. Ноталарды парақтан оқу музыкалық шығармамен танысу кезеңіндегі білім алушының жұмысының негізгі тәсілі болып табылады. Ноталық мәтінді жылдам оқу музыкалық қабілеттер кешенін дамытады.

      316. Ноталық жазу – музыкалық шығарманың әуендік, метроритмдік, гармоникалық және динамикалық суретінің белгілі формасымен музыкалық фраза құрылатын шартты белгілер, сонымен қатар ноталардың қасында бір қатар қосымша белгілер болады (штрих, аппликатура, динамикалық бояулар).

      317. Мұндай көлемдегі белгілерді бірден қамту үшін білім алушыға ретімен және мықты пысықталған музыкалық-теориялық дағдылардың жеткілікті қоры қажет: жақсы дамыған (ішкі) есту қабілеті, ырғақ сезімі, әртүрлі ұзақтықтарды топтастыру білігі, үндестіктерді, позицияларды және штрихтарды білуі.

      318. Жаңадан бастаған білім алушы педагогтің қадағалауымен парақтан оқу кезінде ноталық белгінің әрқайсысын басқа дағдылармен өзара байланыстыра отырып түсінеді және айту кезінде оларды біртұтасқа біріктіреді.

      319. Аталған өзіндік талдау мен синтез ноталарды парақтан оқу процесінің негізін құрайды. Тұрақты жаттығудың көмегімен оқу процесі жалдамдыққа ие болады, уақыт өте келе орындаушы оймен тек жеке ноталарды ғана қамтып қоймай, сонымен қатар олардың тұтас бір топтарын қамтитын болады.

      320. Шығарылатын дыбыстардың арасындағы қателіктерге, кідірістерге жол бермеу үшін санаға қажетті қимылдарды біршама уақыт қорымен "жоспарлау" мүмкіндігін беру қажет, яғни ойналатын парақтың алдындағы парақтарды көру білігі. Алға қарай білу – ноталарды парақтан оқудың ең қажетті дағдысы, педагог оны оқытудың алғашқы жылынан-ақ бастайды.

      321. Музыкаға оқыту кезінде педагог білім алушыны алдымен нотасыз таза айтуды, кейіннен нота бойынша сольфеджиолауды үйретеді.

      322. Оқытудың бірінші жылынан бастап педагог әрбір жаңа дағдыны жақсы меңгеруге зейін қояды және дағдыларды қатаң ретімен өтеді.

      323. Ноталарды прақтан оқу бойынша қағидалар мен талаптар:

      1) оқу белгілі тәртіппен жүргізіледі;

      2) есту түсініктерін дамыту (әсіресе алғашқы кезеңдерде) ноталарды оқудың алдында жүргізіледі;

      3) ырғақтың, әуезділіктің жаңа элементтері алдымен ауызша, кейін ноталық жазуда меңгеріледі;

      4) білім алушы ноталық мәтінді, оны орындағанға дейінгі көзбен қарапайым талдауды үйренеді;

      5) нотаны оқуды үйрену біртұтас (айналымдар, фразалар, сөйлемдер);

      6) ноталарды парақтан оқу штрихтарға, аппликатураға қарағанда максималды нақты болады;

      7) "алға қара" дағдысын меңгерту;

      8) ойнаудың "қарамау әдісін" (қолға қарамай) қолдану;

      9) пьесаны көп мәрте орындау;

      10) ноталарды парақтан оқу күнделікті жүргізіледі.

      324. Орындаушы музыканттың шығармашылық процесінің негізінде: көру – есту – ойнау қосындысы жатыр. "Көру" – орындаушының ноталық мәтінді көзбен көру кезеңі.

      325. Педагог білім алушының ноталық мәтінді барынша толық қабылдауына талпынады: үндестілікті, қарқынды, тактінің өлшемін, фактураны, шығарманың сипатын, штрихтарды көру.

      326. Педагог білім алушының зейінін жеке, барынша қиын тұстарға: секіру, альтерацияның кездейсоқ белгілері, ырғақты суреттерге шоғырландырады.

      327. "Көру" кезеңінен кейін "есту" кезеңі басталады. Оның жазбасын көре отырып және аспапқа тиіспей музыканы тыңдау, бұл өте күрделі білік, оны дағдыландыру көп уақыт шығынын қажет етеді. Педагог білім алушының ішкі есту қабілетін дамытады.

      328. Педагог білім алушыға дыбыстық бейнелерді еске түсіруге, қайта жандандыруға, олардың жазуы ретінде дыбыстық бейнелерді қайта құруға көмектесетін ноталық жазуды қолданады. Оқыту алғашқы кезеңде білім алушыға таныс материалдар жүргізіледі.

      329. Педагог білім алушының санасында мәтінді "тыңдауы" және қимыл түсініктері арасында ассоциация пайда болғаннан кейін шығармашылық процестің үшінші кезеңіне – "ойнауға" кіріседі.

      330. Ноталарды парақтан оқудың сапасы көптеген жағдайда білім алушының күнделікті өзіндік жұмыстарына байланысты болады.

      331. Ноталарды парақтан оқу дағдысын қалыптастыру педагогтен материалдың қолжетімділігінің дидактикалық қағидаттарын: ноталық мәтін білім алушының негізгі жоспарындағы негізгі материалдан жеңіл болуын мұқият сақтауын талап етеді.

      332. Орындаушының ноталық мәтіннен көз алмауы ноталарды парақтан оқу кезіндегі ерекшелік болып табылады. Тек осы жағдайда ғана үздіксіз, логикалық түсінікті дыбыстық әрекетті қамтамасыз етуге болады. Қолға қарамай ойнау ноталық мәтінді табысты оқудың маңызды шарты болып табылады.

      333. Бір қарағанда әуен ырғақтары суреттерінің жалпы конфигурациясын, олардың дыбыстық кеңістіктегі қимылдарының бағытталуын қамту, мәтінде сыртқы түрі бойынша аккордтық стереотиптерді тану – музыкалық шығармаларды парақтан оқу процесін жақсартады.

      334. Бағдарламаны іске асыру келесі қағидаттарға негізделеді:

      1) білім, білік және дағдыларды меңгерудегі қатаң реттілік;

      2) материалды біртіндеп күрделендіру;

      3) әр білім алушыға жеке тәсіл қолдану;

      4) оқытудың сапалы нәтижелеріне қол жеткізу.

      335. Педагог білім алушының мәтінді түсініп қарауын тәрбиелейді, барлық белгілерді көруді, оларда музыкалық толықтыруларды естуді, яғни музыкалық шығармалардың ноталық мәтінін сауатты және толық оқуды үйретеді.

      336. "Ноталарды парақтан оқу" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Сольфеджио", "Қазақ музыка әдебиеті", "Әлемдік музыка әдебиеті" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      337. Фортепиано сыныптарында ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту пианистің алдына күрделі міндеттерді қояды, себебі фортепианолық фактура көп қабатты, бір уақытта көлденең және тік оқуды талап етеді.

      338. Ноталарды парақтан оқуды меңгерудің алғашқы кезеңі – аспапсыз оқу (ішкі есту) екінші кезеңге дайындық – аспаппен оқу (оқып-ойнау) ретінде қарастырылады.

      339. Ноталарды оқуға үйретудің міндеттерінің бірі алдын ала көру қабілеттері мен дағдыларын, бірнеше тактіні алдын ала көру қабілетін дамыту болып табылады.

      340. Мәтінді жылдам оқудың басқа шарты фортепиано фактурасында жылдам бағдарлану болып табылады. Көру, есту және қимылдау жадына фортепинолық музыкаға тән айналымдар қоры, модуляциялық құрылымға тән жиі қолданылатын аккордтық құрылымдарды меңгеру қажет.

      341. Бұл қорды тиімді пайдалану үшін білім алушы мәтінде жеке "буындармен" емес, мотивтермен, фразалармен, сөйлемдермен кешенді оқиды. Үшінші маңызды шарты жас пианистің ноталық мәтіннен көз алмауын талап етіледі.

      342. Ноталарды парақтан жылдам оқуды қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі тәсілдер:

      1) алдын ала көзбен оқу;

      2) салыстыра оқу (ноталық бас тиектерінің графикалық контурлары және ноталық топтардың бейнелері бойынша);

      3) жалпылап оқу (фортепианолық фактураның үлгілі формулаларына сүйену – гамма, фигурация, секвенция, каданс);

      4) ноталарды мағыналық топтастыру (интервалдар, аккордтар, шағын әуендік құрылымдар деңгейінде);

      5) фактураны жеңілдету (басты және әуендік сызықты тиіспейтін);

      6) "қарамай" ойнау (аппликатуралық техниканы жетілдіруге мүмкіндік береді, ноталық белгілерге есту-қимыл реакцияларын жылдамдату);

      7) ойша алға шығу (орындаудың үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, келесі фрагментті қысқа есте сақтауды қамтамасыз етеді).

      343. Ноталарды парақтан жылдам оқуды дамыту кезеңдері:

      1) үйлестіру. Білім алушы музыкалық мәтіннің дыбыстарын дұрыс ретімен шығарады. "Моншақ" жаттығуы. Мақсаты – мәтінді қатесіз ойнау;

      2) ырғақтық ұйымдастыру. Мәтіннің ырғақтық суретін пысықтау. Ең дұрысы – мүдірмей және үзіліссіз ойнау;

      3) метрикалық ұйымдастыру. Білім алушы тоқтамай ойнауға талпына отырып, музыканың қарқынын, қағысын пысықтайды. Кеңістіктегі қозғалысы барынша түсінікті және ұйымдасқан бола түседі, пианист өз қадамдарының жылдамдығын түсініп "санайды";

      4) орындаушылық. Музыкалық бейненің динамикасы мен нюанстарын өңдеу. Кеңістіктікте қозғалудың негізгі дағдыларын меңгергеннен кейін, бала шығармашылыққа дайын болады.

      344. Фортепианода ойнауға үйретудің ерекшеліктерінің бірі музыкалық және адамның күнделікті өміріне қажетті қабілеттерді қарқынды дамыту болып табылады:

      1) қолдардың жақсы координациясы, ол бір уақытта екі қолмен ойнаудың нәтижесінде дамиды;

      2) педальді басқару тәсілі аяқтардың орындаушылығын қамтуды болжайды, осылайша бас миының екі сыңары да бір уақытта дамиды;

      3) есте сақтау жадын дамыту, ноталарды парақтан оқу көптеген спецификалық музыкалық терминдер мен белгілерді меңгеруді қарастыратын болғандықтан, олардың көбісінің белгісі итальян тілінде беріледі;

      4) перспективалық ойлауды дамыту білім алушылардың орындауды тоқтатпай, саусақтардың ойнауының алдында алдын ала ойлау қабілеттерін дамытумен қол жеткізіледі;

      5) балалардың сөйлеу дағдыларымен тікелей байланысты саусақ моторикасын дамыту;

      6) ойлаудың ептілігін және вариативтілігін дамыту.

      345. Ноталық мәтінді жылдам оқу үшін педагог білім алушылармен келесі бағытта жұмыс істейді:

      1) фортепианоның клавиатураларын білу;

      2) үндестіліктерде бағдарлану;

      3) әртүрлі ырғақты суреттермен танысу;

      4) ноталық жазуларды түсіну және техникалық блоктармен қамту;

      5) фортепианолық фактураның әртүрлі түрлерімен танысу;

      6) мақсатты аппликатураны қолдану;

      7) авторлық нұсқауларды (динамика, штрихтар, сипат, қарқын) қолдану білігі;

      8) шығарманың құрылымдық құрамдастарын (фразировка, мотив, қайталануы, вариативтілігі) көру білігі.

      346. Педагог шығармамен жұмыс істеуде білім алушыға ноталарды парақтан оқу дағдыларын, мәтінді мұқият талдауды және жылдам оқуды үйретеді.

      347. Парақтан жылдам оқуды қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі тәсілдер (әрекет ету тәсілдері):

      1) алдын ала көзбен оқу;

      2) біркелкі оқу (нота бастарының графикалық контуры бойынша және ноталық топтардың бейнелері бойынша);

      3) жалпылай оқу (фортепианолық формуланың үлгілі формулаларына сүйені – гамма, фигурация, секвенция, каданс);

      4) ноталарды мағынасы бойынша топтастыру (интервалдар, аккордтар, шағын әуендік құрылымдар деңгейінде);

      5) жеңілдетілген фактуралар (басқа және әуендік сызыққа тиіспейтін);

      6) "қарамай" ойнау (аппликатуралық техниканы жетілдіруге мүмкіндік береді, ноталық белгілерге есту-қимылдау реакциясын жылдамдатады);

      7) ойша озу (орындаудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп, келесі фрагментті қысқа уақытқа есте сақтауды қамтамасыз етеді).

      348. Жеке үй тапсырмасы бірнеше рет және педагогтің ұсынымдарына сәйкес құрылады.

      349. Шығарманы меңгеру тәсілдері:

      1) нотамен аспаппен;

      2) нотамен аспапсыз;

      3) аспаппен нотасыз;

      4) аспапсыз нотамен.

      350. Ноталарды парақтан жылдам оқу үшін:

      1) сольмизациялауда жаттығу, яғни ноталарды тиісті ырғақпен айту;

      2) әуендік қимылдарды талдау;

      3) әуендерді сольфеджиолау;

      4) ноталардың пернелік музыкалық аспаппен ара қатынасын белгілеу.

      351. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ырғақ сезімін дамытуға арналған дайындық жаттығулары, клавиатурада және жоғары дыбысты өлшемде ноталық станда бағдарлануға арналған жаттығулар;

      2) бас гармонияның тірек дыбыстары түрінде мүмкіндігінше қарапайым сүйемелдеу бойынша мейлінше жеңіл пьесаларды парақтан оқу, қарапайым ырғақты суреттерді меңгеру, ноталық мәтіннің әртүрлі типтеріндегі фигураларда көріп бағдарлануды дамыту;

      3) халық әндерінің 10-15 әуенін, санамақтарды, қарапайым ырғақтағы ән және би сипатындағы пьесаларды, көбінесе 2/4, 3/4, 4/4 өлшеміндегі екі нота қойғышта скрипка кілтінде (оң және сол қолдарымен кезегімен); "оқытушы-оқушы" түріндегі 10-15 ансамбль пьесалары; гомофонды-гармоникалық құрылымдағы сүйемелденетін партиядағы квинттермен және "тірек" дыбыстармен 8-12 пьесаны, мейлінше күрделі ырғақты суреті бар түрлі сипаттағы 8-12 пьесаны, 3/8, 6/8, 6-8 өлшеміндегі нүктелі ноталарды, бас кілтіндегі пьесаларды қоса меңгеру.

      352. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Оқу пәні мазмұнының базалық негізін келесі тақырыптық тараулар құрайды.

      1-тарау. Музыкалық шығармалардың ноталарын парақтан оқу білігі деңгейін және негізгі қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау.

      2-тарау. Ноталық белгілерді, интервалдарды және аккордтарды жылдам және анық тануды дамыту.

      3-тарау. Ноталық белгілерге, интервалдарға және аккордтарға жылдам және анық қимылдар реакциясын дамыту.

      4-тарау. Ырғақты және әуенді суреттердің, штрих ерекшеліктерінің ішкі көру-есту-қимыл түсініктерін қалыптастыру.

      5-тарау. Штрихтарды көру-есту-қимыл түсініктерін қалыптастыру және оларды орындаудың ерекшеліктері.

      6-тарау. Динамикалық ерекшеліктерді, тұтас ырғақты екпінді кешенді көру-есту-қимыл түсініктерін қалыптастыру.

      7-тарау. Ноталарды парақтан оқу білігін қалыптастыру. Музыкалық қиялын дамыту. Музыкалық ойлауын дамыту.

      8-тарау. Қорытынды кезең. Музыкалық шығармалардың ноталарын парақтан оқу білігін қалыптастыруды диагностикалау.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ырғақ сезімін дамытуға арналған дайындық жаттығулары. Метроритмикалық суретті қимылға сүйеніп, есептеп оқу (шапалақ, тоқылдату). Музыкамен орындалатын ырғақты остинато.

      2-тақырып. Жоғары дыбысты өлшем жазуында клавиатурада және ноталық станда бағдарлану бойынша жаттығулар.

      3-тақырып. Гармонияның тірек дыбыстары баста тұрған кездегі қарапайым сүйемелдеумен әуендерді парақтан оқу.

      4-тақырып. Қарапайым ырғақты суреттерді меңгеру.

      5-тақырып. Ноталық мәтіннің фигураларының әртүрлі түрлерін көру арқылы бағдарлануды дамыту.

      6-тақырып. Халық әндерінің, санамақтардың, қарапайым ырғақтағы ән және би сипатындағы пьесалардың әуендері.

      7-тақырып. "Оқытушы-оқушы" үлгісіндегі пьеса-ансамбльдер.

      8-тақырып. Гомофонды-гармоникалық құрылымдағы пьесалар.

      9-тақырып. Мейлінше күрделі ырғақты суретті әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      10-тақырып. Бас кілтіндегі пьесалар.

      353. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ноталық белгілерді біледі;

      2) интервалдар мен аккордтарды таниды.

      354. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) екі ноталық станда және екі кілтте ноталарды парақтан оқу, бірнеше дыбысқа арналған қарапайым мысалдардан бастап, сол және оң қолдың позицияларына дейінгі әуендерде дипазонды біртіндеп кеңейту;

      2) әуендерді квинта түріндегі сүйемелдеумен, жеке дыбыстармен, ірі ұзақтықтармен парақтан оқу; мүмкіндігінше бастағы гармонияның тірек дыбыстары түріндегі қарапайым сүйемелдеумен барынша жеңіл әуендерді оқу, қарапайым ырғақты фигураларды меңгеру, ноталық мәтін фигураларының әртүрлі түрлерінде көру арқылы бағдарлануды дамыту;

      3) фактураның бірнеше түріне арналған жеңіл 10-12 пьесаны (марш, бесік жыры, полька, вальс), айналымдарымен үшдыбыстылық (2 белгіге дейінгі үндестіліктерде) түріндегі сүйемелденетін 10-12 этюдті; 8-10 ансамбльді (балалар әндері, халық әндерінің өңдеулері), қос ноталарға арналған 8-10 этюдті (терция, квинта, секста), полифония элементтері бар кантиленді сипаттағы 5-8 пьесаны меңгеру.

      355. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Екі ноталық стандағы екі кілттегі ноталарды парақтан оқу.

      2-тақырып. Парақтан квинта түріндегі сүйемелденетін әуендерді, жеке дыбыстарды, ірі ұзақтықтарды оқу.

      3-тақырып. Бас кілтіндегі тірек дыбыс түріндегі қарапайым сүйемелденген әуендерді парақтан оқу. Қарапайым ырғақты суреттерді меңгеру.

      4-тақырып. Фактураның әртүрлі типтеріне арналған пьесалар. Марш. Бесік жыры. Полька. Вальс.

      5-тақырып. Ансамбльдер. Балалар әндері. Халық әндерінің өңдеулері.

      6-тақырып. Қос ноталарға арналған этюдтер (терция, квинта, секста).

      7-тақырып. Полифония элементтері бар кантиленді сипаттағы пьесалар.

      356. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) лад, үндестілік, үшдыбыстылық және олардың айналымдары туралы түсініктері бар;

      2) ноталық жазуларды, интервалдарды және аккордтарды таниды;

      3) қарапайым ырғақты суреттерді және штрихтық ерекшеліктерді біледі және ажыратады.

      357. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бағдарлануға және квартты-квинтті үндестілікті меңгеруге арналған жаттығулар, диапазоны сәл кеңейтілген әуенді көбінесе бір позицияда парақтан оқу;

      2) мәтінді өз бетінше, сауатты және түсініп талдау дағдысын жетілдіру, лад үндестілігін, метроритмді түсіну, әуенді фразаны қамту білігі, қол жетімді материалды белгілердің минималды санымен, екі қолмен парақтан оқу, барынша күрделі ырғақты суретті меңгеру;

      3) 8-10 этюдті (гамма тәрізді пассаж, "Альберти бастары", қысқа арпеджио); 8-10 үш белгіге дейінгі үндестіктегі би пьесалары; жолдары қосылған балалар әндерінің 12-15 сүйемелдеулері; 8-10 ескі би формасындағы полифониялық шығармалар (менуэт, гавот, буррэ), 8-10 классикалық фактурадағы әртүрлі сипаттағы пьесалар, 3-5 ансамбль.

      358. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Бағдарлануға және квартты-квинтті шеңбердің үндестілігін меңгеруге арналған жаттығулар.

      2-тақырып. Диапазоны сәл кеңейтілген әуендерді парақтан оқу.

      3-тақырып. Аккомпанемент – ірі ұзақтықтармен берілген интервалдар. Мәтінді өз бетінше, сауатты және түсініп талдау дағдысын жетілдіру, лад үндестілігін, метроритмді түсіну, әуендік фразаны қамту білігі.

      4-тақырып. Екі қолмен, белгілердің минималды санымен материалды парақтан оқу. Мейлінші күрделі ырғақты фигураларды меңгеру.

      5-тақырып. Этюдтер. Гамма тәрізді пассаж, "Альберти бастары", қысқа арпеджио.

      6-тақырып. Би пьесалары.

      7-тақырып. Балалар әндерін сүйемелдеу.

      8-тақырып. Ескі би формасындағы полифониялық шығармалар.

      9-тақырып. Классикалық фактурадағы әртүрлі сипаттағы пьесалар. Ансамбльдер.

      359. 3 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) үндестіліктерді біледі;

      2) қарапайым ырғақты және әуенді суреттерді, штрихтық ерекшеліктерді біледі;

      3) ноталық мәтінді еркін ойнайды;

      4) ладтың басты сатылары туралы түсінігі бар.

      360. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әуендердегі диапазонды кеңейту, аппликатурадағы позицияларды ауыстыру, бір дауысты жеткізудегі сол және оң қолдарға тең назар қою;

      2) үшдыбыстылықты қолданып шығармаларды гармоникалық және әуендік түрде, интервалдарды қолданып әуендік сызықта және сүйемелдеумен ойнау;

      3) 10-15 этюдті (гамма тәрізді пассаж, қысқа, ұзақ арпеджио, "Альберти бастары"); үш белгіге дейінгі үндестіліктегі 10-15 әртүрлі сипаттағы пьесаны, қосылған жолдарымен балалар әндерінің 12-15 аккомпанементтерін; 8-10 полифониялық шығармаларды; 8-10 әртүрлі сипаттағы пьесаларды, 3-5 ансамбльді меңгеру.

      361. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Әуендердегі диапазонды кеңейту, аппликатурадағы позицияны ауыстыру.

      2-тақырып. Үшдыбыстылықтар қолданылатын гармоникалық және мелодикалық түрдегі шығармалар.

      3-тақырып. Интервалдарды қолданып, әуендік сызықта және сүйемелдеумен орындалатын шығармалар.

      4-тақырып. Этюдтер. Гамма тәрізді пассаждар. Қысқа, ұзын арпеджиолар. "Альберти бастары").

      5-тақырып. Үш белгіге дейінгі үндестіліктегі әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      6-тақырып. Балалар әндерінің аккомпанементтері.

      7-тақырып. Полифониялық шығармалар.

      8-тақырып. Әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      9-тақырып. Ансамбльдер.

      362. 4 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) үш белгіні қоса алғандағы үндестіліктерде бағдарланады;

      2) күрделі ырғақты және әуенді суреттерді біледі;

      3) штрихтық ерекшеліктерді біледі;

      4) өз деңгейінен екі сыныпқа төмен ноталық мәтінді еркін ойнайды;

      5) T-S-D ладтың негізгі сатылары, T6-S6-D6 және T6/4-S6/4-D6/4 айналымдары туралы түсініктері бар.

      363. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) гомофонды-гармоникалық фактураларды парақтан оқу, оқылатын мәтінді терең естуді дамыту, ноталық мәтіннің графикалық бейнесін көру- қимыл реакциясы, аппликатуралық қағидаттарды автоматтандыру, есту арқылы теру, тасымалдау – алдында алған дағдыларын жетілдіру;

      2) классикалық шығармалардың өңдеулерін, вокалдық музыканың ноталарын, қиындығы жағынан қолжетімді атақты классиктердің шығармаларын педагогпен немесе білім алушымен ансамбльде парақтан оқу;

      3) 10-15 этюдті, төрт белгіге дейінгі үндестіліктегі 10-15 әртүрлі сипаттағы пьесаларды, 8-10 полифониялық шығармаларды, 3-5 ірі нысанды шығармаларды, 15-20 әртүрлі сипаттағы пьесаларды, 3-5 ансамбльді, 8-10 аккомпанементті меңгеру.

      364. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Гомофонды-гармоникалық фактураны парақтан оқу.

      2-тақырып. Классикалық шығармалардың өңдеулерін, вокалдық музыканы парақтан ансамбльмен оқу.

      3-тақырып. Классиканың танымал шығармаларын парақтан оқу.

      4-тақырып. Этюдтер, төрт белгіге дейінгі үндестіліктегі әртүрлі сипаттағы пьесалар.

      5-тақырып. Полифониялық шығармалар. Ірі нысанды шығармалар. Әртүрлі сипаттағы пьесалар. Ансамбльдер. Аккомпанементтер.

      365. 5 сынып Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) төрт-бес белгіні қоса алғандағы үндестіліктерде бағдарланады;

      2) күрделі ырғақты және әуенді суреттерде, штрихтық ерекшеліктерде бағдарланады;

      3) педальді басқарады;

      4) деңгейінен екі сынып төмен ноталық мәтінді еркін ойнайды;

      5) гармоникалық функцияларды қолданады.

      366. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) мәнерлеудің орындаушылық құралдарының кәсіби терминологиясын;

      2) отандық және шетел композиторларының шығармаларынан тұратын репертуарды, парақтан оқу қабілетін қалыптастыруға ықпал ететін халық әндерінің бай мұрасын;

      3) музыкалық терминдерді;

      4) атақты композиторлар мен музыканттардың аттарын;

      5) аспапта кәсіби ойнауды жалғастыруға деген уәждемені біледі.

      Түлек:

      1) орындаушылық практикада теориялық білімдерін қолдана отырып, орындалатын музыкалық шығарманы талдауды;

      2) нота белгілерін, интервалдар мен аккордтарды, күрделі ырғақты және әуенді суреттерді, штрихтық ерекшеліктерді жылдам және нақты таниды;

      3) тұтас ырғақты-екпінді кешендерді түсінуді;

      4) квартты-квинтті шеңбер үндестілігінде бағдарлануды;

      5) негізгі жанрлық және стильдік бағыттардағы музыкалық шығармаларды сауатты, мәнерлі орындауды біледі.

      Түлекте:

      1) өз бетінше репертуар жинақтауға мүмкіндік беретін;

      2) орындаушылық техниканың әртүрлі түрлерін игеру;

      3) көркемдік жағынан тиімді техникалық тәсілдерді қолдану;

      4) ноталарды парақтан оқу және музыкалық шығармаларды тасымалдау;

      5) музыкалық шығармаларды жаттау;

      6) аспапта ойнау дағдылары қалыптасқан.

      367. Орыс халық аспаптары (гитара, домра, балалайка, баян, аккордеон) сыныптарында парақтан оқу дағдыларын дамыту.

      368. Баянда немесе аккордеонда ойнау кезінде білім алушы сол қол клавиатурасын көзбен басқара алмайды. Жаттығуларды орындау кезінде білім алушы бұл дағдыны автоматты түрде алады.

      369. Гаммаларды орындау кезінде клавиатураны қабылдау дамиды: алдымен білім алушы гамманы бір октавада non legato [нон легато] штрихымен, кейін әртүрлі артикуляциямен, оң клавиатураға қарамай ойнайды. Басында жеңіл аппликатуралы гаммаларды таңдаған жөн.

      370. Педагог көзді бейімдеуге алып келетін және бір уақытта үлкен кеңістікті (ноталық мәтінді шолу) көруге мүмкіндік беретін саналы жаттықтыруды үйретеді. Оқылатын мәтінге қимыл реакциясының жылдамдығы мен нақтылығы көп жағдайда аппликатуралық мәтінге байланысты болады.

      371. Аппликатуралық техниканың негізін дамыту клавиатурада бағдарлану білігін: әуезді, баяу легатоны меңгеру, саусақтардың нақты артикуляциясына қол жеткізуді қалыптастырумен тығыз байланысты. Аппликатуралық жаттығулар клавиатураны "қарамай" орындау әдісін меңгеру бойынша жұмыспен бір уақытта қолданған кезде ғана ең жақсы нәтиже береді.

      372. Әрбір кезекті тапсырманы орындау міндетті түрде ойша дайындалады. Білім алушы болашақ мотивті, оның ырғағын, әуездік сызығын ойша естиді және орындайды, саусақтардың қозғалысын елестетеді.

      373. Жаттығулар келесі ережелерге байланысты құрастырылады:

      1) мажор мен минор жүйесіне ғана сүйенбей мотивтер шығарылады; толық тондарды және жартылай тондарды әртүрлі комбинацияларда қолданылады;

      2) әуендік сызық диатоникалық және хроматикалық қатардан қисық сызықтар мен секірулерге дейін біртіндеп күрделендіріледі.

      374. Баян музыкасы көлденең (скрипка және үрлемелі музыка) және тік жазылады, ноталарды парақтан оқу жұмысы екі бөлікке бөлінеді: көлденең және тік қабылдау.

      375. Ноталарды парақтан оқу әрекет ретінде алдымен ноталық мәтінді дыбыстық қабылдаудың көмегімен орындаушының санасында пайда болатын, аспапта дыбыстық бейнені іске асыруды білдіреді.

      376. Ноталарды парақтан оқудың маңызды құрамдасы:

      1) ноталық жазуды жылдам оқу техникасы;

      2) оңтайлы аппликатураны жылдам таңдау және клавиатурада еркін бағдарлану білігі болып табылады.

      377. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) аспаппен, ерекшеліктерімен, ойнау ерекшеліктерімен танысу, ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру;

      2) шығарманың метр ырғақтық ерекшеліктері туралы түсініктері, аталған шығарманың үндестілігін анықтау білігі, аппликатураның, музыкалық форманың ерекшеліктері;

      3) парақтан оқуға қажетті қимыл біліктерін қалыптастыру, жоғары графиканы меңгеру, бір кілтті белгіде мажор және минор үндестіліктеріндегі гаммалар негізінде көлденең әуендік құрылымдарды парақтан оқу дағдыларын қалыптастыру;

      4) мәтінмен көзбен танысу және оның талдауы, педагогтің ұсынған музыкалық үлгілерін шығару, білім алушының өзіндік үй жұмысы және сабақта нәтижелерді көрсету;

      5) ноталық мәтінге саналы көзқарасты, музыкалық шығарманы талдау білігін, музыкалық тілдің ерекшеліктерін анықтауды тәрбиелеу;

      6) қиындығы жағынан қолжетімді, оның ішінде бір қолмен 15 пьесаны меңгеру.

      378. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Аспаппен танысу. Аспапта ойнаудың ерекшеліктері.

      2-тақырып. Ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдылары. Көру, есту, қимыл құрамдастарын үйлестіру. Динамиканы, штрихты, аппликатураны көрсету белгілері. Қарапайым бір дауысты ілеспелерді жеке қолмен, қолдармен кезектесіп оқу. Музыкалық материалды біртіндеп күрделендіру. Орындалатын шығармалардың формаларын сезінуді, үндестілікті тұрақты сезінуді дағдыландыру. Қосалқы ноталық белгілерді, итальян терминдерін бір уақытта меңгеру.

      3-тақырып. Меңгерілетін шығарманың метроритмдік ерекшеліктері, аталған шығарманың үндестілігі. Аппликатураның ерекшеліктері. Музыкалық форма. Музыкалық фразалардың, сөйлемдердің қайталануы және айырмашылығы.

      4-тақырып. Музыкалық шығарманы талдау. Музыкалық тілдің ерекшеліктерін анықтау.

      379. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық сауаттың негізін біледі;

      2) терминологияны;

      3) дыбыс шығарудың қарапайым түрлерін, аспаптың диапазонын біледі;

      4) парақтан жеңіл пьесаларды, әндерді-әуендерді оқи алады;

      5) таныс емес шығармаларды мәнерлі орындауды біледі;

      6) парақтан оқуға арналған пьесаны нотамен сольфеджиолайды;

      7) шығарманың өлшемін анықтай алады;

      8) қолмен тактілеу, қағысты аяқпен белгілей отырып, ырғақты суретті ырғақты буындарға шапалақтауды және айтуды біледі;

      9) үндестілікті анықтай алады;

      10) 8-16 тактідегі музыкалық форманы анықтай алады;

      11) аппликатураның ерекшеліктерін біледі;

      12) есту зейіні дағдыларын біледі;

      13) аспапта ойнаудың негізгі тәсілдерін біледі.

      380. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ноталарды парақтан оқудың дағдыларын алу бойынша әрі қарай жұмыс істеу, шығарманың метроритмдік ерекшеліктері туралы түсініктері;

      2) орындалатын шығарманың үндестілігін, құрылымын анықтау, техникалық жағынан қиын тактілерді талдау, орындалатын шығармадағы бірыңғай ыңғайлы аппликатураны іріктеу, орындауда ырғақты тазалыққа қол жеткізу білігі;

      3) қиындығы жағынан қолжетімді, оның ішінде бір қолмен ойналатын 15 пьесаны меңгеру.

      381. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ноталарды парақтан оқу дағдыларын меңгеру. Шығарманың метроримдік ерекшеліктері.

      2-тақырып. Орындалатын шығарманың үндестілігі, құрылымы.

      3-тақырып. Техникалық жағынан қиын тактілерді анықтау және талдау.

      4-тақырып. Орындалатын шығармадағы бірыңғай ыңғайлы аппликатураны іріктеу. Орындаудың ырғақтық тазалығына қолжеткізу.

      382. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық пьесаның құрылымын біледі: әуен, фраза, сөйлем, мотив, кезең, цезура;

      2) ырғақты үйлесімдерді біледі;

      3) "артикуляция", "штрих", "стаккато", "нон-легато" түсініктерін біледі;

      4) бағдарламаға сәйкес келетін аспапта ойнау тәсілдерін біледі;

      5) аспапта әуендік фразаларды немесе пьесаларды мәнерлеп ойнауды біледі;

      6) мақсатты ойын қимылдарын, штрихтарды қолдануды біледі;

      7) жеңіл пьесаларды парақтан оқуды біледі;

      8) парақтан оқуға арналған пьесаларды ноталармен сольфеджиолауды біледі;

      9) үндестілікті анықтай алады;

      10) шығармаларды алдын ала қарау дағдыларын біледі;

      11) есту зейіні дағдыларына ие болады;

      12) аспапта ойнаудың негізгі тәсілдерін біледі.

      383. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) оқығанды қайталау және бекіту, ырғақты формулаларды оқу дағдыларын әрі қарай қалыптастыру, ырғақты графиканы, белгілі нота жазуының заңдылықтарын меңгеру, диапазоны октавадан үлкен болатын әуендердегі дыбыстық қатынастарды, екі кілтті белгіге дейінгі үндестіктегі музыкалық материалды меңгеру. Мәтінмен көзбен танысу және оны талдау. Педагог ұсынған музыкалық үлгілерді шығару;

      2) ноталарды парақтан оқу дағдыларын әрі қарай меңгеру, шығармалардағы ырғақты суреттерді күрделендіру, тональді планды анықтау білігі, орындалатын шығарманың құрылымы;

      3) жанрлық негізін, пьесаның сипатын анықтау, музыкалық терминологияны, динамикалық бояуларды және шығарманың шарықтау шегін сауатты қолдану;

      4) қиындығы жағынан қолжетімді 20 пьесаны меңгеру.

      384. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Шығармалардағы ырғақты суреттерді күрделендіру, тональді планды анықтау.

      2-тақырып. Орындалатын шығарманың құрылымы. Техникалық жағынан қиын тактілер.

      3-тақырып. Пьесаның жанрлық негізін, сипатын анықтау.

      4-тақырып. Шығарманың динамикалық бояулары және шарықтау шегі. Орындалатын шығармалардағы бірыңғай ыңғайлы аппликатураны іріктеу.

      385. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық терминдерді біледі;

      2) көркемдік бейнелерді біледі;

      3) аппликатураның мақсатын біледі;

      4) екі бөлімді және үш бөлімді формалар туралы түсінігі бар;

      5) ойынның орындаушылық тәсілдерін біледі;

      6) бір позициядан екінші позицияға өтуді біледі;

      7) ырғақты үйлесімдерді біледі;

      8) мақсатты ойын қимылдарын, штрихтарды қолданады;

      9) жеңіл пьесаларды парақтан оқиды;

      10) парақтан оқуға арналған пьесаларды ноталармен сольфеджиолайды;

      11) шығарманың өлшемін анықтай алады;

      12) ырғақты суретті тактілей алады;

      13) үндестілікті анықтай алады;

      14) оларды ноталар тобымен, мотивтермен қабылдай отырып, талдау дағдыларына ие болады;

      15) көлденең қозғалысты және музыканың дамуын сезінеді;

      16) алған білімдерін қолданып, ноталық мәтінді сауатты оқиды;

      17) есту зейіні дағдыларына ие болады.

      386. Бағдарламаны меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      Білім алушы:

      1) музыкалық сауат негіздерін біледі;

      2) ойын дағдылары жүйесін, оны өз бетінше қолдануды біледі;

      3) музыкалық мәнерлеудің негізгі құралдарын біледі (тембр, динамика, штрих, қарқын).

      Білім алушы:

      1) жеңіл музыкалық шығарманың техникалық қиындықтарын өз бетінше анықтайды және оларды шешу тәсілдерін табуды;

      2) мейлінше ыңғайлы және оңтайлы аппликатураны өз бетінше таңдауды;

      3) ноталық мәтінді парақтан кідірмей сауатты орындауды біледі.

      387. "Ішекті аспаптар" сыныбында ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту. Жаңа материалды оқудың алдында лад үндестілігін, метроритмді, ырғақты, штрихты, аппликатура, динамика ерекшеліктерін түсіну, әуеннің формасы мен құрылымын анықтау мақсатында музыкалық мәтін алдын ала қарастырылады және талданады.

      388. Педагог оқытудың алғашқы айларынан бастап білім алушыны таныс емес пьесаны орындаудан бұрын ноталық мәтінді мұқият қарауды, метроритмді, ырғақты ерекшеліктерді, үндестілікті, саусақтардың грифте орналасуын (тон, жартылай тон) анықтауды, үндестіліктің, ырғақтың, штрихтың байланысын талдауды, ысқыны, аппликатураны және динамикалық бояуларды, әуендердің бағыттарын, фразировкаларды және пьесаның сипатымен қарқынды бөлу.

      389. Міндеттерді шешу білім алушының сараптамалық ойлауын және логикалық жадын дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде ноталық мәтінді сауатты талдауға және меңгерілетін шығармаларды жаттауға жұмсалатын уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

      390. Әр сабақта 4-10 пьеса оқылады. Пьесаны ойнаудың алдында міндетті ауызша талдау жүргізіледі (үндестілік, әуен қозғалыстарының, ырғақты суреттердің ерекшеліктері, секірулер, интервалдар, сатылар, аппликатура позициясын таңдау, ырғақты буынды мәнмәтін, музыкалық құрылымның формасы, функциялық дамуы).

      391. Ноталарды парақтан оқу сабақтарында оқыту жеңіл әуеннен күрделі әуенге қарай өсу мөлшерімен жүргізіледі, пьесаның тек әуендік және ырғақты сызықтары ғана емес, сонымен қатар орындаудың техникалық тәсілдері, штрихтар мен аппликатура күрделендіріледі.

      392. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ноталарды парақтан оқудың алғашқы дағдыларын дамыту;

      2) көлемі жағынан шағын музыкалық пьесаларды талдау және оқу дағдылары;

      3) 3-4 этюдті, 3-4 пьесаны меңгеру.

      393. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Есту бойынша теру. Парақтан оқу дағдыларын қалыптастыру және ноталық графиканы меңгеру. Парақтан халық әндерін және ысқымен немесе pizz [пицц] бір ішекпен жеңіл пьесаларды орындау.

      2-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау техникасын дамыту.

      3-тақырып. Парақтан ойнау процесінде ноталық мәтінді қабылдау және орындау тәжірибесін жинақтау. Ойнау процесінде ноталарды парақтан оқу. Тасымалдау.

      394. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) октавалардың аталуын, скрипка кілтін біледі;

      2) бірінші октаваның ноталарын жазуды біледі;

      3) ноталардың бөлінуін және үзілістерді біледі (толық, жарты, төрттік, сегіздік ұзақтықтар);

      4) тактіні, 2/4 өлшемін, ұзақтықтарды ұлғайту белгілерін біледі;

      5) штрихтарды (легато, нон легато, стаккато), динамикалық реңктерді, "қарқын", "лад" түсініктерін біледі;

      6) қарапайым өлшемдердегі ырғақты суреттерді ойнай алады (толық, жарты, төрттік және сегіздік ұзақтықтарды үйлестіру);

      7) музыкалық құрылымды талдай алады;

      8) фразалардың шекараларын бекіте алады;

      9) парақтан 8 такті көлеміндегі жеңіл шығармаларды оқи алады;

      10) парақтан жеңіл пьесаларды оқудың қарапайым дағдыларын біледі;

      11) оқыған шығарманы талдау дағдыларын біледі.

      395. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бір позиция шеңберінде екі ішекті ысқымен пьесаларды оқу, парақтан оқудың алғашқы дағдыларын бекіту;

      2) 2-3 жол аумағында мәтінді қамту, музыкалық шығарманы кідірмей, нақты екпінмен, ырғақпен және аппликатурамен орындау білігі.

      396. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Есту арқылы теру. Парақтан оқу дағдыларын қалыптастыру және ноталық графиканы меңгеру.

      2-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және ойнау техникасын дамыту.

      3-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және ойнау тәжірибесін жинақтау. Парақтан ойнау процесі. Тасымалдау.

      397. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) альтерация белгілерін (бемоль, диез, бекар), 4/4 өлшемін, динамикалық бояуларды біледі;

      2) графикалық контурларды, секунда, терция, үшдыбыстылық, әуендік фигурация элементтерін біледі;

      3) ойын кезінде дыбысты дұрыс шығаруды біледі;

      4) пьесаны орындау кезінде ысқыны дұрыс бөлуді біледі;

      5) пьесадағы ырғақты және әуендік суретті нақты шығарады;

      6) жеңіл пьесаларды парақтан оқу дағдыларын, музыкалық құрылымды талдау дағдыларын біледі.

      398. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) бір позиция шеңберінде төрт ішекте пьесалар мен этюдтерді оқу;

      2) 3-4 жол аумағында мәтінді қамту, кідірмей, нақты екпінмен, ырғақпен, аппликатурамен және нақты штрихтармен орындау білігі.

      399. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық мәтінді талдау және оқу дағдылары. Көлемі жағынан шағын музыкалық пьесаларды талдау.

      2-тақырып. Музыкалық шығармалардағы метроритмнің рөлі. Мелодика мен метроритм синтезі. Өзара байланысы. Біртұтас ойнау дағдылары.

      3-тақырып. Музыкалық шығармалардың динамикалық суреттері (штрихтар, аппликатура, динамикалық бояулар). Ноталық жазуларды, шартты белгілерді, музыкалық фразаларды талдау. Музыкалық шығарманың динамикалық дамуы.

      4-тақырып. Ноталарды парақтан оқу кезіндегі аппликатура және штрихтар. Дұрыс аппликатураны, аспапта ойнау тәсілдерін меңгеру дағдыларын қалыптастыру.

      5-тақырып. Әртүрлі ұзақтықтардағы ноталарды қарапайым өлшемдерде топтастыру. Әр ұзақтықты жеке, кейін біртіндеп оларды ауыстыруды меңгеру және түсіну. Қарапайым өлшемдегі пьесаларды парақтан оқу кезінде ноталарды қарапайым топтастыру.

      6-тақырып. Ноталық мәтіндегі альтерация белгілері. Пьесаның үндестілік жоспарындағы бағыт (үндестілікті анықтау). Альтерация белгілерімен ноталарды парақтан оқу дағдылары.

      7-тақырып. Репертуар және оның түрлері. Орыс және шетел классикалық музыкасының мазмұны және формасы, стилі, фактурасы бойынша әртүрлі шығармалармен, кеңес композиторларының шығармашылығымен және заманауи шетел композиторларының шығармаларымен танысу. Көркем және эстетикалық талғамды қалыптастыру.

      400. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық терминологияны, орындалатын шығармалардың стилін біледі;

      2) жанрларға тән маңызды қасиеттерді біледі;

      3) музыкалық формалар туралы түсінігі бар;

      4) музыкалық шығарманы өз бетінше жаттауды біледі;

      5) өзін тыңдауды және бақылауды біледі;

      6) практикада теориялық білімдерін қолданады;

      7) орындалатын шығарманың мағынасы мен сипатын сенімді жеткізеді;

      8) шығарманы тасымалдау дағдыларын біледі;

      9) оқылатын шығарманы көркем орындау дағдыларын біледі;

      10) орындайтын шығарманы талдау дағдыларына ие болады.

      401. "Үрлемелі және соқпалы аспаптар" сыныбында ноталарды парақтан оқу дағдыларын дамыту. Педагог білім алушының мәтінді түсінуге қатынасын тәрбиелейді, тек белгілерді көріп қана қоймай, сондай-ақ олардың музыкалық сүйемелдеуін естуді дағдыландырады.

      402. Ноталарды парақтан оқу, есту арқылы теру және тасымалдау дағдыларын дамыту жүйелі сипатқа ие.

      403. Педагог білім алушымен келесі бағыттарда жұмыс істейді:

      1) үндестіліктерде бағдарланады;

      2) әртүрлі ырғақты суреттермен танысу;

      3) ноталық жазуды түсіну және оларды техникалық блоктармен қамту;

      4) мақсатты аппликатураны қолдану;

      5) автордың ұсынымдарын ұстану білігі (динамика, штрих, сипат, қарқын);

      6) шығарманың құрылымдық құраушыларын көру білігі (фразировка, мотив, қайталануы, вариативтілік).

      404. Педагог музыкалық материалды өз бетінше іріктейді. Репертуар жинақтарын, сондай-ақ сольфеджио бойынша оқулықтарды қолдану, осылайша оқытудың кіріктірілген әдісін қолдану қажетті шарт болып табылады.

      405. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ноталарды парақтан ойнау дағдысын қалыптастыру, ноталық графиканы меңгеру, аспапты есту арқылы терудің екпіндік және метроритмдік дағдыларын тұрақтандыру;

      2) биік графиканы меңгеру, екі белгіге дейінгі мажор үндестіліктеріндегі гаммалар, арпеджиолар негізінде көлденең мелодикалық құрылымдарды парақтан оқу дағдыларын қалыптастыру;

      3) ноталарды парақтан оқуға қажетті қимыл біліктерін қалыптастыру, дыбыстық қатынастарды меңгеру, қимыл және есту-қимыл координациясын жетілдіру;

      4) сатылап қозғалу және секіруде квинтаға жақын төртінші сатыны меңгеру; кіріспе тондарды меңгеру, екінші тонға секіру, сатылы қимылмен және секіремн тоникаға енетін төменгі кіріспе тонды меңгеру;

      5) ладтық үндестілік күйге келтіруге арналған жаттығуларды орындау, парақтан ойнау процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру, әуендерді кілттегі екі белгіге дейінгі мажор үндестілігіне тасымалдау.

      406. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Есту арқылы теру. Парақтан ойнау дағдыларын қалыптастыру және ноталық графиканы меңгеру. Теория. Есту арқылы теру. Жеңіл ноталық мәтінді көріп-естіп қабылдауға арналған қарапайым есту түсініктері. Дыбыстардың ұзақтықтары мен жоғарылықтарының жазуын біледі. Алғашқы ойын дағдылары. Аспапта теру арқылы ойнауда екпіндік және метроритмикалық дағдыларды тұрақтандыру. Биік графиканы меңгеру, екі белгіге дейінгі мажор үндестілігіндегі гаммалар, арпеджио негізінде көлденең әуендік құрылымдарды парақтан оқу дағдыларын қалыптастыру.

      2-тақырып. Практика. Қарапайым әуендерді естуі бойынша іріктеу.

      3-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау техникасын дамыту. Парақтан оқуға қажетті қимыл біліктерін қалыптастыру. Бір дауыстылық. Мажор лады. Тұрақты дыбыстарға сатылы жәнге секірістермен әуендік қозғалыстар. Бірінші-үшінші, бірінші-бесінші дыбыстық қатынастарды меңгеру. Қимыл және есту-қимыл координациясын жетілдіру.

      4-тақырып. Мажор лады. Сатылы қозғалыста және секіріспен квинтаға жақын төртінші сатыны меңгеру. Жоғарғы тоника. Кіріспе тондарды, екінші сатыға секіруді, тоникаға сатылы қозғалыспен және секіріп төменгі кіріспе тонды меңгеру.

      5-тақырып. Практика. Ладтық үндестілік күйге келтіруге арналған жаттығулар. Мәтінмен көзбен танысу және оны талдау. Ұсынылған музыкалық үлгілерді ойнау.

      6-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау тәжірибесін жинақтау. Парақтан оқу процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Тасымалдау.

      7-тақырып. Теория. Парақтан ойнау процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Ноталық материалды талдаудың ерекшелігі. Әуендерді кілттегі екі белгіге дейінгі мажор үндестіліктеріне тасымалдау. Білім алушының өзіндік үй жұмысы.

      407. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) екі белгіге дейінгі мажор үндестілігіндегі гаммалар, арпеджио негізінде көлденең әуендік құрылымдарды парақтан оқу дағдыларын біледі;

      2) есту қабілеті бойынша қарапайым әуендерді іріктей алады;

      3) парақтан таныс музыкалық шығармаларды оқи алады.

      408. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ырғақты графиканы, нота жазуының белгілі заңдылықтарын, ырғақты формулаларды оқу дағдысын қалыптастыруды меңгеру;

      2) есту арқылы үш белгіге дейінгі мажор үндестілігіндегі қарапайым әуендерді теру, ноталық мәтінді қабылдау және орындау техникасын дамыту;

      3) ноталарды парақтан оқуға қажетті қимыл біліктерін қалыптастыру, ноталарды парақтан оқудағы ептілікті дамыту, қиындығы жағынан әртүрлі музыкалық материалды қолдану;

      4) жоғары тетрахорд (төменнен алынған) және төменгі пентахорд көлеміндегі дыбыстық қатынастарды меңгеру, диапазоны октавадан үлкен әуендердегі дыбыстық қатынастарды меңгеру;

      5) ладты үндестілікке арналған жаттығуларды меңгеру, парақтан оқу процесінде әрекеттер кешенін қалыптастыру.

      409. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Есту арқылы теру. Парақтан ойнау дағдыларын қалыптастыру және ноталық графиканы меңгеру. Теория. Өткен материалды қайталау. Ырғақты графиканы меңгеру, ырғақты формулаларды оқу дағдысын қалыптастыру. Нота жазудың белгілі заңдылықтарын меңгеру. Биік графиканы меңгеру, тік дыбыстық кешенді оқу дағдыларын қалыптастыру. Сатылы қозғалыстағы және секірістегі әрі қарай квинтаға ауысатын алтыншы саты.

      2-тақырып. Практика. Білім алушының өзі білетін және педагог ұсынған дауыспен, аспаппен үш белгіге дейінгі үндестіліктегі жеңіл әуендерді есту арқылы теру. "Сольфеджио" пәнінен алынған әуендерді парақтан оқу. Білім алушының өзі білетін және педагогтің ұсынған дауыстағы және аспаптағы үш белгіге дейінгі мажор үндестіліктеріндегі, минор ладындағы жеңіл әуендерді есту арқылы теру.

      3-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау техникасын дамыту. Теория. Парақтан оқуға қажетті қимыл білігін қалыптастыру. Әуенді аяқталған құрылымдармен белгілеу. Музыкалық ойды көру арқылы қабылдауды тәрбиелеу. Мажор лады. Ноталық мәтінді талдау, музыкалық-теориялық ойлауды белсендіру. Парақтан оқудағы ептілікті дамыту, күрделілік деңгейі әртүрлі музыкалық материалдарды қолдану. Минордың үш түріндегі жоғары тетрахордтың сипаты. Ладтың екінші, төртінші сатысындағы жүрістерді меңгеру. Табиғи және гармоникалық минордың төртінші сатысын меңгеру. Сатылы қозғалыстағы және секірістегі табиғи минордың жетінші сатысын меңгеру.

      4-тақырып. Практика. Ладтық үндестілік күйге келтіру. Жоғарғы тетрахорд (төменнен алынған) және төменгі пентахорд көлеміндегі дыбыстық қатынастарды меңгеру. Диапазоны октавадан үлкен әуендердегі дыбыстық қатынастарды меңгеру. Тұрақты және тұрақсыз сатыларда секірулерді қамтитын әуендер. Үш кілтті белгіге дейінгі мажор үндестіліктеріндегі музыкалық материал.

      Ладтық үндестілік күйге келтіруге арналған жаттығулар. Төменгі пентахорд көлемінде құрылған әуендер. Ладтың тұрақты және тұрақсыз сатыларына секірулер. Сатылы қозғалыстағы және секірудегі әуендердің диапазоны, олардың біртіндеп квинтаға ауысуы. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау тәжірибесін жинақтау. Парақтан оқу процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру.

      5-тақырып. Теория. Парақтан ойнау процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Ноталық материалды талдаудың ерекшеліктері. Практика. Білім алушының өзіндік үй жұмысы және сабақта нәтижелерін көрсету. Мажордың үш белгісіне, минордың екі белгісіне дейінгі үндестіліктерге тасымалдау.

      410. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) парақтан оқу дағдыларына ие;

      2) ноталық графиканы біледі;

      3) ырғақты формулаларды оқи алады;

      4) көлденең кешендерді (гамма, арпеджио, мелизм) оқу дағдыларын біледі.

      411. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ырғақты графиканы әрі қарай меңгеру, ырғақты формулаларды оқу дағдысын қалыптастыру; "қарамай" ойнау, биік графиканы меңгеру, тиісті ойын дағдыларын қалыптастыру;

      2) сатылы қозғалыстағы және секірістегі табиғи және гармоникалық минордың жетінші сатысын меңгеру, сатылы дамудағы әуенді минордың алтыншы және жетінші сатыларын меңгеру;

      3) параллель-ауыспалы бір дауысты ладты және табиғи, гармоникалық және әуендік минорды қолданып үш-төрт кілтті белгіге дейінгі үндестіліктерді меңгеру;

      4) ладтық үндестілік күйге келтіруге арналған жаттығулар, парақтан оқу процесінде әрекеттер кешенін қалыптастыру.

      412. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Есту арқылы теру. Парақтан ойнау дағдыларын қалыптастыру және ноталық графиканы меңгеру. Теория. Үшінші сыныпта меңгерілген материалдарды қайталау. Ырғақты графиканы әрі қарай меңгеру, ырғақты формулаларды оқу дағдысын қалыптастыру. "Қарамай" ойнау. Жоғары графиканы меңгеру, тиісті ойын дағдыларын қалыптастыру. Музыкалық материалда жылдам бағдарлану қабілетін дамыту.

      2-тақырып. Практика. Білім алушыға таныс және ұсынылған дауыстан немесе аспаптан үш-төрт белгіге дейінгі мажор үндестілігінде, екі-үш белгіге дейінгі минор ладында әуендерді есту арқылы теру. "Сольфеджио" пәнінен алынған әуендерді парақтан оқу. Алдын ала талдамай ноталық мәтінді орындау. Биік графиканы меңгеру, тиісті ойын дағдыларын қалыптастыру.

      3-тақырып. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау техникасын дамыту. Теория. Ноталық мәтінді талдау, музыкалық-теориялық ойлауды белсендіру. Ноталарды парақтан оқудағы ептілікті дамыту, күрделілік деңгейі әртүрлі музыкалық материалдарды қолдану. Сатылы қозғалыстағы және секірудегі табиғи және гармоникалық минордың жетінші сатысын меңгеру, сатылап дамудағы әуендік минордың алтыншы және жетінші сатысын меңгеру. Бір дауысты параллель-ауыспалы ладты және табиғи, гармоникалық және әуендік минорды қолданып үш-төрт кілтті бейнеге дейінгі үндестілікті меңгеру.

      4-тақырып. Практика. Ладтық үндестілік күйге келтіруге арналған жаттығулар. Сатылы және секіру тәрізді дамудағы табиғи және гармоникалық минордың алтыншы және жетінші сатыларын меңгеруге арналған әуендер. Параллель-ауыспалы ладты меңгеруге арналған әуендер. Ноталық мәтінді қабылдау және шығару тәжірибесін жинақтау. Парақтан оқу процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Тасымалдау.

      5-тақырып. Теория. Парақтан оқу процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Ноталық мәтінді талдау, қиындығын анықтау. Музыкалық форманы талдау. Үш белгіге дейінгі мажор үндестілігіне, екі белгіге дейінгі минорға тасымалдау. Ноталық мәтінді талдау, қиындықтарын анықтау. Практика. Өзіндік жұмыс.

      413. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) ырғақты формулаларды оқу дағдыларына ие;

      2) "қарамай" ойнауды біледі;

      3) парақтан оқуға қажетті ("қарамай" бағдарлану, аппликатура техникасының негізін дамыту).

      414. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) биік графиканы меңгеру, тиісті ойын дағдыларын қалыптастыру, парақтан оқудағы ептілікті дамыту, күрделілік деңгейі әртүрлі музыкалық материалдарды қолдану;

      2) парақтан ойнау процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру, төрт белгіге дейінгі мажор үндестілігіне, кілттегі үш белгіге дейінгі минорға тасымалдау.

      415. 5 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Есту арқылы теру. Парақтан ойнау дағдыларын қалыптастыру және ноталық графиканы меңгеру. Теория. Төртінші сыныпта өткен материалдарды қайталау. Ырғақты графиканы әрі қарай меңгеру, ырғақты формулаларды оқу дағдыларын қалыптастыру, "қарамай" ойнау. Биік графиканы меңгеру, тиісті ойын дағдыларын қалыптастыру. Баса айтылатын лига, ноталарды үлкен әуендік топтарға топтастыру. Дыбысталудың нотографикалық стереотиптері. Төрт кілтті белгіге дейінгі үндестіліктегі паралеллель-ауыспалы ладты меңгеру.

      2-тақырып. Практика. Білім алушыға таныс және дауыстан және аспаптан ұсынылған төрт белгіге дейінгі мажор үндестілігіндегі, үш белгіге дейінгі минор ладындағы әуендерді есту арқылы теру. "Сольфеджио" пәні бойынша әуендерді парақтан оқу. Алдын ала талдамай ноталық мәтінді орындау. Биік графиканы меңгеру, тиісті ойын дағдыларын қалыптастыру. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау техникасын дамыту.

      3-тақырып. Теория. Ноталық мәтінді талдау, музыкалық-теориялық ойлауын белсендіру. Парақтан оқудағы ептілікті дамыту, күрделілік деңгейі әртүрлі музыкалық материалдарды қолдану. Параллель-ауыспалы лад. Мажор элементтерін және төрт кілтті белгіге дейінгі үндестіліктегі табиғи, үндестілік және әуендік минорды үйлестіретін, бір дауысты параллель-ауыспалы ладты меңгеру.

      4-тақырып. Практика. Ладтық үндестілік күйге келтіруге арналған жаттығулар. Параллель-ауыспалы ладта, жақын үндестіліктерде жазылған парақтан оқуға арналған жаттығулар. Ноталық мәтінді қабылдау және орындау тәжірибесін жинақтау. Парақтан оқу процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Тасымалдау.

      5-тақырып. Теория. Парақтан ойнау процесіндегі әрекеттер кешенін қалыптастыру. Ноталық мәтінді талдау, қиындықтарды анықтау. Музыкалық форманы талдау. Төрт белгіге дейінгі мажор үндестіліктеріне, кілттегі үш белгіге дейінгі минорға тасымалдау. Өзіндік жұмыс.

      416. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) парақтан оқу, есту арқылы теру, тасымалдау дағдыларын біледі;

      2) ырғақты, биік ноталық графиканы біледі;

      3) ноталық мәтінді қабылдау және орындаудың қалыптасқан техникасына ие;

      4) кең музыкалық ой-өріске ие;

      5) музыка ойнауға тұрақты қызығушылығы бар;

      6) парақтан оқуға қажетті қимылдау және оны тасымалдау білігіне ие (клавиатурада "қарамай" бағдарлану, аппликатуралық техника негіздерін дамыту);

      7) ноталық мәтінді жылдам қабылдау техникасын біледі (ноталық мәтіннің ірі фрагменттерін жылдам қамту, музыкалық синтаксистің заңдылықтарын практикада меңгеру).

      417. "Суырып салу" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) альтерация – қандай да бір дыбыстың аталуын өзгертпей көтеру немесе төмендету;

      2) а капелла – аспаптың сүйемелдеуінсіз айту (әдетте хор);

      3) аранжировка – бастапқы қалпынан өзгеше жеткізу үшін музыкалық шығарманы дайындау және бейімдеу өнері;

      4) әндету – мінезді әуенді айналым, белгілі дауысқа тиесілі әуендік формула;

      5) әуен – музыка теориясында берілетін және композициялық-техникалық және ладтық бір бүтін ретінде есту арқылы қабылданатын музыкалық фактурадағы бір (монодияда жалғыз) дауыс;

      6) орнаментика – музыкалық шығарманың негізгі әуенін әшекейлеу тәсілі және әуенді әшекейлеу тәсілі туралы ілім;

      7) вокалдандыру – тек дауысты дыбыстармен айту;

      8) гармоникалық айналым – екі немесе одан көп аккордтардың байланысқан реті;

      9) гомофонды-гармоникалық әдіс – музыкалық "мәтінді" жеткізу тәсілі, осы кезде дауыстардың бірі – әуен басты рөлді, ал басқалары – бағынышты (гармоникалық сүйемелдеу, аккомпанемент) рөл ойнайды;

      10) дауыс жүргізу – көп дауысты музыкалық шығармадағы дауыстардың қозғалысы;

      11) динамика – дыбысталудың қаттылық бояуларымен байланысты түсініктер мен ноталық белгілердің жиынтығы;

      12) екі дауыстылық – екі дауыспен, екі дауыста айту;

      13) екі бөлімді форма – екі бөлімнен тұратын, олардың алғашқысы кезең болып табылатын, екіншісі кезеңнен күрделі емес форманы қамтитын музыкалық форма;

      14) модуляция – "дұрыс" сандық қатынастармен, музыкалық интервалдармен өлшенген әуен;

      15) музыкадағы интервал – белгілі биіктіктегі екі дыбыс аралығындағы өзара қатынас;

      16) музыка ойнау – музыкалық аспапта ойнау, музыкамен айналысу;

      17) остинато – музыкалық композицияның әдісі мен техникасы, әуендік фразаны (әуенді остинато), ырғақты фигураны (ырғақты остинато) немесе гармоникалық айналымды (гармоникалық остинато) көп мәрте қайталау;

      18) пентатоника – бес сатылы интервалды жүйе, олардың барлық дыбыстары таза квинта және (немесе) кварталар бойында орналасады;

      19) регистр – қандай да бір белгімен, ең алдымен тембрлік белгілермен біріктірілген дауыстардың бөлігі;

      20) рондо – түрлі мазмұндағы эпизодтармен алмасып отыратын басты тақырыптың (рефрен) бірнеше рет қайталануына (кемінде үш) негізделген музыкалық форма;

      21) суырып салу – орындау процесінде құрылатын өнер туындысы немесе оны құру процесі;

      22) тасымалдау – музыкалық шығарманы немесе оның бөліктерін жаңа үндестілікке ауыстыру;

      23) үшдыбыстылық – терцияның бойында орналасқан үш дыбыстан құралған аккорд;

      24) ырғақтылық – белгілі ырғаққа келтіру;

      25) ырғақты ұйымдастыру – мәтіннің жеке элементтерін белгілі уақыт аралығында ретпен қайталау;

      26) хроматизм – мажор-минор үндестілігінде – диатоникадан дыбыстар қатарының бір атаулы хроматикалық сатыларға жарты тонға әуендік өзгеруі (немесе керісінше).

      418. Бағдарламаның мақсаты: суырып салу негіздері бойынша алған білім, білік және дағдыларын меңгеру арқылы өзінің тиімді қызметі негізінде білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      419. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) пән бойынша қарапайым теориялық білімді меңгеру, суырып салудың қарапайым негіздерін үйрену;

      2) музыкалық материалды аранжировкалаудың ықтимал тәсілдерімен, өлең мәтіндерін ырғақтаудың шығармашылық амалдарын, оларға әуен шығарумен таныстыру;

      3) отандық және шетел композиторларының формасы, стилі және жанры әртүрлі шығармалары мысалында әуендердің ерекшеліктерімен танысу;

      4) әндерге, билерге ритмдік және әуендік сүйемелдеудің қарапайым түрлерін және сүйемелдеулерді тиісті партитура түрінде жазуды оқыту;

      5) аккомпанементтің қарапайым дағдыларын меңгеру;

      6) суырып салу жолдарын дамытудың амалдары мен тәсілдерін, жиі қолданылатын гармоникалық сызбаларды меңгеру.

      Дамыту:

      1) музыкалық қызметтің шығармашылық түрлерін белсендіру, зейінді, ойлауды, қиялды дамыту;

      2) ішкі есту қабілетін, әуендік-гармоникалық ойлауды, ырғақ сезімін дамыту;

      3) есту арқылы теру және суырып салу дағдыларын дамыту;

      4) аспаппен музыка ойнау дағдысын дамыту;

      5) жеке суырып салу дағдыларының жеңіл түрлерін дамыту;

      6) теориялық және практикалық дағдылардың байланысын іске асыру;

      7) ансамбльдік және жеке суырып салу дағдыларын дамыту;

      8) білім алушының музыкалық қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту;

      2) танып білуге деген қызығушылығын, уәждемесін ынталандыру;

      3) білім алушының жалпы мәдениетін, эстетикалық және көркемдік талғамын тәрбиелеу;

      4) кәсіби оқуын жалғастыруға уәждемесін қалыптастыру.

      420. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл. Оқыту жетінші сыныптан басталады.

      Аптадағы сағаттардың саны және оқыту уақытының көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      221. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      422. Бағдарлама музыкалық шығармаларды жоғары көркем және орындаушылық деңгейде жеткізуді, қарапайым музыканы шығаруды қалайтын балаларды оқытуға арналған.

      423. Бағдарламаның ерекшелігі суырып салудың қарапайым негіздерін меңгеруге, жеке музыка ойнаудағы меңгерілген дағдыларды тексеруге, музыкалық қабілеттерін дамыту және білім алушының шығармашылық қызмет тәжірибесін алуға жалпы бағдарлануы болып табылады.

      424. Бағдарлама болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемде білім алушының суырып салу және шығарудағы білім, білік және дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.

      425. "Суырып салу" пәні мамандық бойынша сыныптағы сабақтарда алған дағдыларды дамытады. Жұмыстағы кезеңділік және жүйелілік кез-келген қиындықтағы ырғақты суретті, сондай-ақ әуендік айналымдарды парақтан оқу, ырғақты партитураларды, жеке суырып салуды шығару дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

      426. Пән білім алушының келесі білім, білік және дағдыларды алуына бағдарланған:

      1) музыкалық жанрларға тән ерекшеліктерді және негізгі стильдік бағыттарды білу;

      2) музыкалық терминологияны білу;

      3) музыкалық шығармаларды жеке, сондай-ақ ансамбльде ойнау кезінде сауатты орындау білігі;

      4) әртүрлі жанрдағы және стильдегі классикалық, джаз және эстрада музыкасын өз бетінше жаттау білігі;

      5) музыкалық шығарманы орындау кезінде көркем бейнені құру білігі;

      6) өзінің практикалық қызметінде ерекше суырып салу тәсілдерін қолдану білігі;

      7) жеңіл музыкалық шығармаларды жаттау кезіндегі техникалық қиындықтарды өз бетінше жеңу білігі;

      8) суырып салу технологияларын және оларды ұйымдастыру қағидаттарын меңгеру;

      9) жеңіл музыкалық шығармалардың ноталарын парақтан оқу дағдылары;

      10) есту арқылы теру, қарапайым формаларда суырып салу және шығару дағдылары;

      11) орындалатын шығармаларға теориялық талдау жасау бойынша алғашқы дағдылары;

      12) көпшілік алдында өнер көрсету.

      427. Білім алушыларға суырып салу бойынша қажетті білік және дағдыларды үйрету отандық және шетел композиторларының әртүрлі формадағы, стильдегі және жанрлардағы шығармалар үлгісіндегі әуендердің ерекшеліктері бойынша жұмыс процесінде іске асырылады.

      428. Бағдарлама білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейтуге, теориялық білімдерін практикалық тәжірибеде қолдануға, әрі қарай әртүрлі қызмет салаларында іске асырылатын шығармашылық әлеуетін анықтау, ашу және дамытуға бағытталған.

      429. Оқыту әдістері:

      1) көрсету әдісі (барынша дәстүрлі, бірақ тиімді; жеке тәсілдерді, әуендік-ырғақты айналымдарды көшіру өзінің түсіндіруі үшін қорды жинақтау ретінде ұсынылады);

      2) сұрақ-жауапты суырып салу (сұрақты әуенді-ырғақты айналым серіктесіне басқаша сөзбен жауап беруге мүмкіндік береді; әдіс ансамбльде (дуэт) музыка ойнауды білдіреді; дуэтке қатысушылар аккомпанементтің партиясын кезегімен орындауда серіктестің екпіндік айналымдарын қамти отырып, жеке орындауға зейін қою, өзінің түсіндіруінде тасымалдауға мүмкіндік береді);

      3) гомофонды-гармоникалық әдіс (барынша дәстүрлі гармоникалық сызбаны меңгеру қажеттілігін анықтайды; мұндай сызбалар форма мәселесін жояды; әуендік айналымдарды, осы аккорд үшін мүмкін болатын дыбыстық жолдарды меңгеру, шығармашылық процесінде суырып салуды түрлендіретін танымал әлеуетті құрады);

      4) вокалдау және нотациялау әдісі (суырып салуды бастау кезеңі барынша қиын болып табылады; қиындықты жеңуге өз дауысына бағдарлануға мүмкіндік береді, үй жұмысы процесінде бірінші аккордты алып, музыкант өз дауысының жазуына жүгінеді; қысқа ырғақты кенеттен вокализдей отырып, одан әрі алған нәтижелерін йоттандырады, оны қажетті дамуға итермелейді, аталған гармоникалық сызбаға толық биік дыбысты сызықты жазады);

      5) тасымалдау әдісі (барлық үндестіліктерде ойнау дағдыларын қалыптастырады; әрбір жаңа үндестілік, алдында жаттаған аппликатураны ауыстыра отырып, жаңа үндестіліктегі аппликатураға барынша ыңғайлы жаңа әуенді-ырғақты айналымдарды "ойлап табуға" итермелейді);

      6) классикалық үлгілерді тыңдау және талдау (фонограммамен жұмыс – шығармашылық өсудің міндетті шарты; әдіс алдында қолданылмаған жаңа элементтерді анықтауға, дағдыландырылған стереотиптер аясынан шығу мүмкіндігін береді; тыңдаудың білім алушының музыкалық талғамы мен қалауын қалыптастыруға әсері).

      430. Суырып салу дағдыларын меңгеру әртүрлі пәндердің, ең алдымен мамандық және сольфеджио бойынша педагогтердің күштерін үйлестіруді талап етеді.

      431. Педагог әрбір білім алушының даралығын, оның шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін, аспапты игеру деңгейін және суырып салу дағдыларын меңгеруін назарға алады.

      432. Суырып салу сабақтарындағы жұмыс формасы:

      1) шығармалармен жұмыс (еркін шығару);

      2) музыкалық шығармаларды байыту (музыкалық шығармаларды талдау);

      3) суырып салу.

      433. Шығарма білім алушының қанық бейнелі мазмұны, жанрлық сипаты, формасы жағынан үйлесімді шағын әуенді музыкалық шығармаларды шығаруын болжайды. Шығарылған пьесалар (бір дауысты әуендерден екі бөлімді және үш бөлімді формадағы, рондо формасындағы пьесаларға дейін) ноталық жазумен белгіленеді.

      434. Шығарманы талдау композитордың алдында тұрған көркемдік міндетті анықтауға, олардың музыкалық мәнерлеудің қандай құралдарының көмегімен шешілгендігі, әуенге, гармонияға, метроритмдік ұйымдастыруға, фактураға тән ерекшеліктер қандай да бір бейнені құрудағы мәнерлі мағынасын және мәнін ашатындығын анықтауға көмектеседі.

      435. Суырып салу білім алушы суырып салатын музыканың мазмұнын (сипаты, музыкалық бейнелігі) анық түсінетін кезде, аспаппен еркін қиялдау формасында музыкамен жеткізуін болжайды.

      436. Сабақта білім алушының мамандық бойынша оқитын музыкалық аспап белсенді қолданылады. Шығармашылық тапсырмалардың күрделілігі білім алушының дайындық деңгейімен анықталады.

      437. Оқыту музыкалық материалды орындауды, білім алушының суырып салудың қарапайым тәсілдерін меңгеру, музыка тілінің маңызды элементтерін белсенді меңгеру, оларды өзінің шығармашылығында қолдану мақсатында музыкалық мәнерлеу құралдарын талдау, сараптауды болжайды.

      438. Музыканың жанрын, олардың дамуын, әртүрлі шығармаларды құрудың уақытын, жағдайын білу, атақты музыкант-орындаушылардың жеткізудегі стильдік ерекшеліктерін және орындау мәнерін анықтау – суырып салу сыныбындағы білім беру процесінің міндеттеріне кіреді.

      439. Сабақтарда тыңдалған аудио жазбалар талданады, оның мазмұны, бейнелі құрылымы, шығарманың көркемдік маңызы талқыланады. Педагог үйде тыңдауға арналған музыкалық үлгілерді ұсынады.

      440. Шығарманың формасын талдау сызбасы:

      1) форманың ірі және ұсақ тарауларын (бөлімдерін) алмастыру және өзара әрекеттестіру;

      2) қосалқы жеке эпизодтар (жеке суырып салу);

      3) музыкалық ойды дамыту қисыны;

      4) аталған шығармадағы бейнені дамыту ықтимал болатын нұсқалары;

      5) композитор, орындаушы қолданатын музыкалық-мәнерлеу құралдары;

      6) шығарманың үндестілік жоспары;

      7) үндестілік-гармоникалық модуляция және ауытқулар;

      8) фактуралық жеткізудің ерекшеліктері;

      9) фондық бояулар;

      10) метроритмдік негіз;

      11) көркемдік идеяны іске асыру.

      441. Білім алушының суырып салуды орындауының техникалық жақтары келесілерге:

      1) оның аспапты игеру деңгейіне;

      2) мамандық сыныбындағы оның жеке сабақтарындағы табыстарына;

      3) гаммаларды, әртүрлі суырып салу жаттығуларын, арнайы этюдтерді, пьесаларды, сыныптағы әртүрлі штрихтау жұмыстарын орындау техникасына;

      4) сапалы дыбыс шығару тәсілдеріне;

      5) динамикамен жұмысқа;

      6) ойынды метроримдік ұйымдастыруға байланысты болады.

      442. Суырып салу сыныбындағы жұмыстың негізгі бағыттары:

      1) суырып салу жылдам есту арқылы ойлауды, тез, бірден гармонияға дұрыс бағдарлауды дамыту;

      2) музыкалық ойларды жеткізуді нақты ырғақтау;

      3) әртүрлі ладтық гармоникалық тілді, аспапты интервалды орындаудың тазалығын білу;

      4) функционалды гармоникалық өзара қатынастардың қисынын, форманы динамикалық дамыту процесіндегі модуляция мен ауытқулардың мәнін, музыкалық материалды регистрлік-фондық безендіруді түсіну;

      5) қайта гармоникалау тәсілдерін қолдану;

      6) музыкалық бейненің дамуына байланысты шығармашылық шешімдерді жылдам қабылдау қабілетін дамыту.

      443. Суырып салу және шығару сыныбындағы практикалық жұмыс білім алушыдан сыныптағы практикалық жұмысқа қажетті музыкалық білімді алдын ала меңгеруді талап етеді.

      444. Педагог оқытудың басынан бастап білім алушыны аккордтардың әріптік-сандық белгілерінің мағынасын ашуды, гаммалар мен интервалдардың әртүрлі түрлерімен, мажор мен минордағы қарапайым гармоникалық өзара қатынастардың қисынымен таныстырады.

      445. Педагог сабақтарда синтезатор және компьютер сияқты заманауи технологияларды қолданады, музыкалық-қимыл суырып салуларына зейін қояды.

      446. Сабақтағы жұмыс формасы:

      1) аспапта тақырыпты суырып салу;

      2) вокалдық суырып салу, әндерді шығару;

      3) есту арқылы теру;

      4) шығармаларды ноталар бойынша жаттау;

      5) ноталық мәтінді жазу (шығарма, әндер, суырып салу).

      447. "Суырып салу" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Аспапты сынып", "Вокалдық сынып (ән айту)" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      448. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық материалды орындау, білім алушының композицияның қарапайым тәсілдерін меңгеруі, музыка тілінің маңызды элементтерін белсенді игеруі, оларды өзінің жеке шығармашылығында қолдануы мақсатында музыкалық мәнерлеу құралдарын талдау, сараптау;

      2) білім алушының жалпы эстетикалық өй-өрісін кеңейту, оның бейнелі ойлауын және шығармашылық қиялын дамыту.

      449. 7 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Интервалдар және олардың аккомпанементте қолданылуы.

      2-тақырып. Аккордтар-үшдыбыстылықтар. Үшдыбыстылықтардың айналымы.

      3-тақырып. Аккордтарды фактуралық жеткізудің әртүрлі түрлері және олардың дауысын жүргізу.

      4-тақырып. Суырып салу және шығару бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындау.

      5-тақырып. Өткен аккордтарды қайталау және бекіту, оларды әуендерге теру.

      6-тақырып. Гармоникалық айналымдарды кеңейту.

      7-тақырып. Полька, вальс, марш жанрларында суырып салу және шығару.

      8-тақырып. Ауыспалы ладта, тасымалдаумен әуендерді суырып салу және шығару, сөздерге ән, шағын вариацияларды, этюдтерді шығару.

      450. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыканың негізгі бейнелеу құралдарын біледі (регистр, лад, қарқын, ырғақ, әуен, динамика);

      2) әуендердің құрылымын біледі – мотив, фраза, кезең, сөйлем;

      3) интервалдарды және музыкалық бейнелерді құру кезіндегі олардың мәндерін біледі;

      4) интервалдарды, айналымдарымен үшдыбыстылықтарды, сүйемелдеудің фактуралық жеткізілуін біледі;

      5) әуендердің, секвенциялардың вариациялық дамуын үлгілеуді біледі;

      6) ладты – бөлшектерінен музыкалық бейнені жасауға болатын "конструктор" қолдануды біледі;

      7) ырғақты еркін біледі;

      8) талдауды, берілген әуенге, ырғақтарды өзгертіп басқа аккомпанемент шығаруды біледі;

      9) әртүрлі үндестіліктерде түрлендіру элементтерімен тасымалдай отырып, суырып салуды және шығаруды, қарапайым дыбысты бейнелейтін ырғақтарға еліктеуді біледі;

      10) музыкалық шығарманы талдауды біледі;

      11) берілген сөздерге ауыспалы ладта гармоникалық айналымдарды қолданып, альтерациямен және хроматизммен марш, вальс, полька жанрларында шығаруды біледі;

      12) өткен үндестіліктерде, гармоникалық айналымдардың әртүрлі фактураларында ансамбльде сурып салуды біледі.

      451. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) ерекше ладтарды, пентатониканы, талдауды, халық мақамдарында шығаруды және суырып салуды, сүйемелдеумен, а капеллада халық әндерін шығаруды меңгеру;

      2) дыбысқа еліктеудің үлгілі тәсілдерінің "сөздігі" ретінде ұсынылатын, осының негізінде ол бейнелеу және дыбысқа еліктеу нұсқасын таба алатын әртүрлі бейнелі салаларда музыкалық ойлауды және қиялды әрі қарай дамыту;

      3) білім алушының әртүрлі қимыл түрлерін жеткізу үшін остинатоның өз нұсқасын іздеуі және олардың негізінде қарапайым екі және үш бөлімді формаларда пьесаны шығару, суырып салу.

      452. 8 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ерекше ладтарды, пентатониканы меңгеру.

      2-тақырып. Халықтық мақамдарды талдау, шығару және суырып салу.

      3-тақырып. Сүйемелдеумен және а капеллада екі дауысты, үш дауысты, төрт дауысқа арналған халық әндерін шығару.

      4-тақырып. Қимылдардың әртүрлі түрлерін жеткізуге арналған остинатоның өзіндік нұсқасы. Олардың негізінде қарапайым екі және үш бөлімді формалардағы пьесаларды шығару, суырып салу.

      453. 8 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық пьесаларды, халық әндерін талдай алады;

      2) халық әндеріне тән баяу ырғақпен созып ырғақты және әуенді суырып салуды орындай алады;

      3) үзілген айналымды қолданып, сүйемелдеуді тере алады;

      4) әртүрлі үндестіліктерде түсіңкі және көтеріңкі сатылармен, пентатоникамен шумақты, екі бөлімді формадағы пьесаларды шығара алады;

      5) халық әндері стиліндегі қосалқы дауыс полифониясымен екі дауысты әндерді шығара алады;

      6) музыкалық пьесаларды талдай алады;

      7) берілген остинаталық қимылға қарапайым екі және үш бөлімді формаларда әртүрлі аспаптарға басталуы және аяқталуы бар әндерді суырып салуды және шығаруды біледі;

      8) музыкалық ертегіге музыкалық тақырыптық бейнелерді шығара алады.

      454. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әуендік әшекейімен полифониялық құрылымдағы шығармаларды талдау, суырып салу, шығару, қосалқы дауысты суырып салу;

      2) әндерді, вокализдерді, романстарды талдау, суырып салу, шығару.

      455. 9 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау.

      2-тақырып. Полифониялық құрылымдағы әуенді әшекейлі шығармаларды талдау, суырып салу, шығару, қосалқы дауысты суырып салу.

      3-тақырып. Әндерді, вокализдерді, романстарды талдау, суырып салу, шығару.

      456. 9 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      9 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) музыкалық пьесаларды талдайды;

      2) тасымалдаумен және әртүрлі үндестіліктерде, әуен әшекейімен еркін суырып салады;

      3) ауытқу және модуляция элементтерімен, полифониялық және гомофонды құрылымда шығарады;

      4) екі, үш бөлімді формада және қосымшасы бар кезең формасына шығарады;

      5) вокализдерді, романстарды шығарады.

      457. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Білім алушы:

      1) интервалдар және музыкалық бейнелерді құру кезіндегі олардың мәнін;

      2) кәсіби терминологияны;

      3) музыкалық аспаптардың көркем-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі.

      Білім алушы:

      1) музыкалық шығармаларды парақтан оқуды;

      2) музыка туралы ойлауды және оны талдауды;

      3) шығарылған шығармаға өз бағасын беруді;

      4) біліктерін практикалық қызметте және өз бетінше шығармашылық жүргізу және өзін өзі дамыту үшін күнделікті өмірде қолдануды;

      5) музыкалық шығармаларды суырып салуды және шығаруды біледі.

      Дағдылар қалыптасқан:

      1) өз бетінше музыкалық орындаушылық;

      2) авторлық мәтінді мейлінше сенімді көрсетуге қол жеткізуге арналған аспаптың көптеген мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік беретін;

      3) ырғақ сезімін тәрбиелеу бойынша;

      4) музыканың ырғақты кезеңі, музыкалық жанрлар, стильдік бағыттар, музыканың бейнелі саласы және музыкалық драматургия туралы алған білімдері негізінде суырып салу және композициялау;

      5) музыкалық шығарманы сауатты безендіру.

      458. "Композиция" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) аккордтық техника – пианистің ірі техникасына қатысты, көп күшті, төзімділікті, оңтайлы есепті және музыканың қатты жылдамдықта қозғалуы кезінде және үлкен секірістер кезінде нақты қозғалысты талап қимылды фортепианолық формуланың күрделі түрі;

      2) айналымды музыкалық шығарма – көп бөлімді музыкалық шығарма: соната, камералық ансамбль, симфония;

      3) аппликатура – музыкалық аспапта ойнау кезінде саусақтардың орналасу және алмасу тәртібі;

      4) аранжировка – бастапқы қалпынан өзгеше жеткізу үшін музыкалық шығарманы дайындау және бейімдеу өнері;

      5) аспаптау – оркестрдің қандай да бір құрамымен немесе аспапты ансамбльмен орындау үшін музыканы жазу;

      6) әндету – сипатты әуенді айналым; белгілі дауысқа жататын әуенді формула;

      7) әуен – бір дауысты әндетумен берілетін музыкалық шығарманың негізгі ойы, музыкалық мәнерлеудің маңызды құралы;

      8) әуендік фигурация – гомофондық шығармадағы бір дауысты фигуралармен әшекейлеу, белгілі әуендік фигураны полифониялық шығарманың барлық дауыстары бойынша жүргізу, ондағы әрбір дауыс бірдей әуендік мәнге ие болады;

      9) дыбыстар қатары – жоғары және төменгі тәртіпте биіктігі бойынша орналасқан дыбыстардың қатары;

      10) интермедия – негізгі пьесаның (драма немесе опера) әрекеттері арасында ойналатын, әдетте күлкілі сипаттағы шағын пьеса немесе көрініс;

      11) каданс – қандай да бір музыкалық шығарманы аяқтайтын және ырғақты үзілістермен сүйемелденетін музыкалық гармоникалық айналым;

      12) кезең – азды көпті аяқталған музыкалық ой ұсынылған құрылым, кей-кездері кезең формасында тұтас шығарма құрылады: романс; прелюдия;

      13) композиция – музыкалық шығарманы құру теориясы, музыкалық шығарманың құрылымы;

      14) қарсы қосу – әртүрлі тақырыпты немесе еліктеу полифониясында басқа дауысқа серік болатын дауыс, қарсы қосудың басты қасиеті эстетикалық құндылығы және негізгі дауысқа қатысты техникалық дербестігі;

      15) музыкалық форма – музыкалық шығарманы құрудың ерекшеліктерін, музыкалық-тақырыптық материалдың қатынастары мен дамыту тәсілдерін, үндестіліктердің қатынастары мен алмасуын қамтитын музыкалық шығарманың композициялық жоспары;

      16) музыкадағы модуляция – тониканы жылжытып, үндестілікті алмастыру;

      17) нотография – ноталық жазбалардың мазмұнын және сыртқы безендіруін сипаттау, музыкалық шығармалардың тізбелерін, шолуларды, нұсқауларды құру;

      18) остинато – көп мәрте қайталанатын әуендік және ырғақты айналым, остинатоның көмегімен қобалжып күту көңіл-күйі беріледі, күлкілі жағдай бейнеленеді;

      19) полифония – бір уақыттағы гармоникалық үйлесімділікке және гармоникалық әуендер қатарын дамытуға негізделген көп дауыстың түрі; полифониялық форма болып фуга, фугетта, инвенция, канон табылады;

      20) реприза – бастапқы және өзгерген түрдегі музыкалық материалдарды қайталауға негізделген музыкалық шығарманың тарауы;

      21) рефрен – шығармада бірнеше рет қайталанатын бастапқы тақырып, белгілі музыкалық материал;

      22) рондо – түрлі мазмұндағы эпизодтармен алмасып отыратын басты тақырыптың (рефрен) бірнеше рет қайталануына (кемінде үш) негізделген музыкалық форма;

      23) суырып салу – қиялдың шарықтау, әрекеттер мен тәжірибе жасаудың еркін шығармашылық процесінде шығарманы құруды болжайтын шығармашылық әдіс;

      24) секвенция – қайталанатын тізбекті құрайтын және бірі бірінен белгілі биіктікке артта қалатын ұқсас әуендік немесе гармоникалық айналымдардың тәртібі;

      25) сонаталық aллегро – жылдам (allegro [аллегро]) қарқынды сақтайтын, соната мен симфонияның бірінші бөлімі жазылатын форма;

      26) сонаталық-симфониялық айналым – құрамындағы бір бөлігі (жиі –біріншісі) сонаталық формада жеткізетін жанрдың (симфония, концерт, соната, трио, квартет, квинтет) біріне жататын шығарманың айналмалы музыкалық формасы;

      27) стретта – фугадағы тақырыптарды канонмен өткізу, ол кезде тақырыпқа еліктейтін дауыс алдыңғы дауыстың аяқталуының алдында басталады, тақырыптық жеке бөлімдері әртүрлі дауыстарда бір уақытта дыбысталады, яғни контрапункт жағынан бірі-бірімен үйлеседі;

      28) тасымалдау – бір қатарда жазылған пьесаны келесі қатарға тасымалдау, жаңа қатарда алдыңғы қатардағы гамманың тиісті сатылары арасындағы сияқты оның гаммаларының әртүрлі орналасқан сатылары арасында дәл сондай қатынастар сақталады;

      29) тесситура – дыбыстардың музыкалық шығармадағы дауыс диапазонына (вокал) немесе музыкалық аспапқа қатысты жоғарылығы бойынша басым орналасуы;

      30) тік-қозғалысты контрапункт – дауыстардың өзара ауысуына негізделген күрделі контрапунктің түрі;

      31) фуга – композициялық техника және полифониялық музыканың формасы, классикалық бір тақырыпты фугада бірнеше дауыс болады, олардың әрқайсысы берілген тақырыпты қайталайды (еліктейді);

      32) фугато – жеткізу тәсілі бойынша фугаға ұқсас еліктеу формасы, фугадан ерекшелігі анық көрсетілетін полифониялық репризасы жоқ, әдетте, ірі тұтас нәрсенің тарауы ретінде қолданылады;

      33) хор партитурасы – хор музыкасының ноталық жазуының түрі, ол кезде вокалдық партиялар бір-біріне орналасқан жеке жолдарға орналастырылады, ал хордың қатысушыларының бір уақытта орындайтын дыбыстарына сәйкес ноталар бір тік сызықтың бойында орналасады.

      459. Бағдарламаның мақсаты: композиция бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде тұлғаның шығармашылық даралығын дамытуға, өзін өзі анықтауға және өзін өзі танытуға жағдай жасау.

      460. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) әуендерді шығарудың, жазудың негізгі тәсілдерін үйрету және фактуралардың түрлерін меңгеру;

      2) композиция бойынша теориялық, практикалық білімді меңгеру және орындаушылық қабілеттерін арттыру;

      3) әртүрлі композиторлық мектептермен, классик композиторлар мен заманауи композиторлардың стильдерінің ерекшеліктерімен танысу;

      4) музыкалық шығармалардың құрылымдарының техникалық және логикалық аспектілерін түсіну.

      Дамыту:

      1) есту қабілетін, жадын, форма сезімін, көркемдік және эстетикалық талғамын дамыту;

      2) мәнерлеудің музыкалық құралдарын таңдаудағы дербестігін дамыту;

      3) білім алушының өз шығармаларын жазудағы стилі мен мәнерін дағдыландыру;

      4) шығармашылық елестетуін, қиялын және композициялық ойлауын дамыту;

      5) білім алушының эмоциялық күйін, оның сенсорлық қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушының көркемдік және эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

      2) білім алушының рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

      3) музыкалық және көркем-әдеби ой-өрісін кеңейту;

      4) білім алушының шығармашылық еңбекке, өзін өзі тануға, өзін өзі дамытуға және кәсіби өзін өзі анықтауға қажеттілігін тәрбиелеу.

      461. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – 7 жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      462. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады. Сабақтардың бағдарламасы бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      463. Бағдарлама суырып салу, шығару, өз шығармаларын нотамен жазуды қалайтын балаларды оқытуға арналған.

      464. Бағдарламаның ерекшелігі музыка өнерінің танымдық аспектісін түсінуге және практикада меңгеруге, қиялдан шығармашылыққа жол табуға көмектесетін дағдыларды меңгеруге жалпы бағытталуы болып табылады.

      465. Бағдарлама музыканы шығару бойынша алған білім, білік және дағдылары негізінде тұлғаның өзін өзі таныту үшін жағдай жасайды.

      466. "Композиция" пәні мамандық бойынша сыныптағы сабақтардан алған дағдыларын дамытады. Жұмыстағы кезеңділік және жүйелілік білім алушының креативтілігін, тыңдау қызметін қабылдаудағы шығармашылық біліктерін, шығарманы дамытуға мүмкіндік береді.

      467. Бағдарлама сольфеджио курсын табысты меңгерген, белгілі музыкалық-есту тәжірибесі бар және өзінің музыкалық қабілеттерін дамытқысы келетін білім алушыларға есептелген.

      468. Білім алушыға музыка шығару бойынша қажетті білік және дағдыларды үйрету отандық және шетел композиторларының әртүрлі формадағы, стильдегі және жанрлардағы шығармаларының үлгісіндегі әуендердің ерекшеліктері бойынша жұмыс процесінде іске асырылады.

      469. Бағдарлама әртүрлі қызмет салаларында әрі қарай іске асырылатын білім алушының шығармашылық әлеуетін анықтауға, ашуға және дамытуға бағытталған.

      470. "Композиция" пәні "Мамандық" (қандай да бір аспапта ойнауды меңгеру), "Сольфеджио", "Музыка әдебиеті" пәндерінің арасында қорытынды, соңғы орынды алады.

      471. Композиция сабақтарында педагог білім алушыға:

      1) музыканың көркемдік бейнелері мен өнердің түрлері арасындағы ассоциативті байланысты табуды;

      2) музыкалық шығармаларды талдауды;

      3) негізгі идеялар туралы, оны жеткізудің құралдары мен формалары туралы пікірін жеткізуді;

      4) ән айтудағы, музыкалы ырғақты қимылдағы, ақындық сөздегі, бейнелеу қызметіндегі музыкалық шығарманың мазмұнын шығармашылықпен жеткізуді;

      5) ұжымдық орындаушылық қызметке қатысуды (ән айту, пластикалық ырғақтау, суырып салу, аспапта ойнау);

      6) өзінің музыкалық әсерін ауызша және жазбаша түрде жеткізу;

      7) өз бетімен музыкалық эстетикалық білім алу білігі мен дағдыларын дамыту;

      8) концерттерге қатыса отырып, шығармашылық бастамашылдықты көркейтуді үйретеді.

      472. Білім алушы музыкалық-шығармашылық қызметінің әртүрлі түрлеріндегі практикалық біліктер мен дағдыларды меңгереді: музыка тыңдау, ән айту, оның ішінде нота жазуына бағдарлану, аспаппен музыка ойнау, музыкалық-пластикалық қимыл, суырып салу, орындалатын шығармаларды драмалау.

      473. Композициямен айналысу білім алушы тұлғасының қалыптасуына әсер етеді, оның өмірге деген белсенді шығармашылық көзқарасын дамытады, білім алушы өзін музыкалық шығарманы тудырушы, шығарушы ретінде сезінеді.

      474. Оқытудың бірінші жылында педагог баланың музыкалық қабілеттерімен танысады, оның музыкамен айналысуға деген қалауын анықтайды. Педагогтің басты міндеті – гармония мен әуеннің эмоциялық мағынасы арасындағы тұтастыққа талпына отырып, білім алушыны әуенді аккомпанементпен жазуға үйрету.

      475. Педагог білім алушының оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескереді және осыған байланысты өзінің жұмысын құрады: жеңіл тақырыптарды үйлестіреді, күрделірек тақырыптарды таныстыру мақсатында үйретеді. Жоғары сыныптарда практикалық жаттығулар күрделендіріледі, есту арқылы қабылдау барынша күрделі құрылымды музыкалық үлгілерде құрылады.

      476. Келесі кезеңде білім алушы музыка тілін меңгереді (музыкалық мәнерлеу құралы және форма құрайтын элементтер). Педагог жеке жоспарды құру кезінде білім алушының оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескереді.

      477. Жеке оқытудың білім беру процесіне және баланың жалпы музыкалық дамуына:

      1) мамандық бойынша үйренетін музыкалық аспаптарды меңгеру деңгейі;

      2) білім алушының жеке дара психологиялық ерекшеліктері, оның мінезі, бастамашылдығы және музыка шығарумен айналысуға деген талпынысы;

      3) үй тапсырмаларын орындаудағы адалдығы және ұқыптылығы, еңбекке қабілеттілігі;

      4) шығармашылық дарындылығы мен музыкалық материалды қабылдауға дайындық деңгейі әсер етеді.

      478. Композицияны оқыту әдістемесі музыкалық бейнеге сүйенуді талап етеді. Пәннің тақырыптары мен міндеттері әлемді сезімдік-эмоциялық қабылдау, бейне арқылы шешіледі.

      479. Музыкалық бейнеге жүгіну педагогке білім алушыға музыка тілінің кез-келген элементін оның мазмұны жағынан түсіндіруге мүмкіндік береді. Бағдарлама баланы дыбыстармен ойлауды үйрететін форма құрау қағидаттарына негізделеді.

      480. Оқытудың алғашқы жылын меңгере отырып, білім алушы материалды эскпонирлеуді, музыкалық ойдың аяқталуы мен сенімділігін көрсетуді үйренеді.

      481. Қарапайым үш бөлімді формаға ауыса отырып, білім алушы дамыту элементтерін (дамытатын немесе кереғар орталықты) меңгереді, музыкадағы реприза және қайталану мәселелерімен танысады. Бірінші оқу жылын аяқтап, білім алушы форманың аяқталу және тұрақтылық қажеттілігін түсінеді, бастау және аяқтауды жеткізе біледі.

      482. Композиция сабақтары қызметтің келесі түрлерін қамтиды:

      1) әртүрлі стильдегі музыкалық шығармаларды меңгеру және талдау;

      2) шығару;

      3) суырып салу.

      483. Суырып салудың формалары:

      1) ырғақты сурет немесе ақындық мәтінге суырып салу;

      2) остинаталық әуенді фигурациямен суырып салу;

      3) берілген гармоникалық қатарға суырып салу;

      4) музыка тілінің берілген элементтеріне суырып салу;

      5) белгілі жанрда суырып салу.

      484. Білім алушы сабақта әртүрлі кезеңдердің, стильдердің, жанрлардың әлемдік музыка өнерінің туындыларымен, композитордың туындыларында қолданған әртүрлі композиторлық техникасымен, музыкалық мәнерлеу құралдарымен (аспаптау, тақырыптарды музыкалық дамыту және шығарманың негізгі ойын жеткізу) танысады.

      485. Шығармамен жұмыс істеу кезеңдері:

      1) музыкалық шығарманың түпкі ойына зейінді шоғырландыру;

      2) ықтимал форманы және орындаушылық құрамды анықтау;

      3) тиісті тақырыптық материалды іздеу және іріктеу;

      4) драматургиялық дамуын қатарға қою;

      5) орындауға дайын шығармашылық өнім ретінде эскизді материалдарды өңдеу және пысықтау.

      486. Сабақтағы жаттығулардың түрлері:

      1) есту арқылы теру және тасымалдау;

      2) тоника сезімін пысықтауға арналған жаттығулар;

      3) аспаппен орындалатын ауызша диктант;

      4) әуендерді гармонизациялау;

      5) өзінің сүйемелдеуімен ән айту.

      487. Есту арқылы терілетін материалдарға жеңіл әндер мен өлеңдер жатады. Педагог теруге арналған материалдарды біртіндеп күрделендіреді, әуеннің құрылымын, оның ырғақты ерекшеліктерін талдау білігін тәрбиелейді.

      488. Тасымалдау үшін әуендер, таныс әндер, жеңіл пьесалар, жатталатын шығармалардың үзінділері, негізгі үндестіктердің аппликатураларын сақтай отырып, этюдтер, әртүрлі әуендік және ырғақты нұсқалардағы каданс айналымдары іріктеледі.

      489. Балалардың шығармашылығын ынталандыру формалары:

      1) аңдар, құстар, ертегілер мен мультфильмдерден алынған белгілі кейіпкерлер бейнеленген суреттерге өлең сөздерін, әндерді шығару;

      2) сүйікті ертегілерге, мультфильмдерге музыкалық иллюстрацияларды шығару;

      3) білім алушыға белгілі марш, вальс және таныс жанр түріндегі әндерді аранжировкалау (мысалы, полька, мазурка, менуэт);

      4) ырғақты және суырып салудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру ("жаңғырық" ойыны, қарапайым ырғақты және әуенді үлгілерді зерттеу, сөздерді, фразаларды ырғақтау және әуендету, ырғақты контрапункт, жабық формаларды суырып салу);

      5) суырып салуды шығарудың алғашқы тәжірибесі (әуенді үзіндіні жалғастыру, "сұраққа" "жауап" шығару, бас немесе әуенге әртүрлі фактуралық нұсқадағы сүйемелдеуді шығару, берілген ауызша мәтінге музыкалық суырып салу);

      6) білім алушылардың бірігіп шығармашылықпен айналысуын ынталандыру (сахналау үшін музыкаға мәтін жазу, музыкалық-әдеби және бейнелеу альбомдарын жасау).

      490. Шығарманы жазу кезеңдері:

      1) әуендерде қолданылатын дыбыстарды анықтау үшін дыбыстар қатарын жылдам ойнап үйрену;

      2) әуенді теруге ыңғайлы болатын аппликатураны ойлап табу;

      3) әуенмен жұмыс процесінде сол қолмен жеке ойнау үшін негізгі үшдыбыстылық түріндегі педагогтің аккомпанементін қабылдай алады, содан кейін үшдыбыстылықтарды өзара салыстырудың әртүрлі нұсқаларының көмегімен іріктелген фактураны үлгілік үшдыбыстылықпен байыта отырып, өз әуенін сүйеуді біледі;

      3) таза ырғақтай отырып, ән айтуды үйрену;

      4) музыкалық фразаның аяқталуының әртүрлі нұсқаларын әндете отырып, оны түсініп (аспапта ойнауды пайдаланбай, ішкі түсінігін нақтырақ көрсететін дауыспен) аяқтау;

      5) білім алушы музыкалық әдебиет, аспап бойынша сабақтарда кездескен музыкалық форманы талдау.

      491. "Композиция" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Аспапты сынып", "Сольфеджио" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      492. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығармаларды үйрену және талдау;

      2) кезең формасындағы шағын бейнелі пьесаларды шығару (еркін бейне). Вальс, марш, бесік жыры;

      3) музыкалық ойын: ұсынылған әуенді бастау және аяқтау, бейнені құруға арналған суырып салу (аю, құс, қоян, түлкі).

      4) қарапайым үш бөлімді формадағы екі бейнені қамтитын кең көлемдегі, бейнелі пьесаларды шығару;

      5) бейнені құруға арналған суырып салу бойынша сабақты жалғастыру.

      493. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Музыкалық сауат және нотография туралы алғашқы мәліметтер.

      2-тақырып. Өз шығармаларын жазудың тәсілдерін меңгеру.

      3-тақырып. Әуен, ырғақты негіз. Кезең аралығында әуенді дамыту. Кезең.

      4-тақырып. Қарапайым үш бөлімді форма. Реприза түсінігі (нақты және өзгертілген). Дамытатын немесе кереғар орталық. "Кульминация" түсінігін меңгеру. "Алтын қима нүктесі" түсінігімен танысу. Білім алушының форманың аяқталуына және тұрақтылығына талпынуын дамыту.

      5-тақырып. Музыкалық материалды жеткізу тәсілі ретінде фактура түсінігімен танысу. Шығарманың музыкалық бейнесін құру үшін фактураның маңыздылығын түсіну.

      6-тақырып. Алғысөз және қорытынды.

      494. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) материалды эскпонирлеуді, музыкалық ойдың аяқталуы мен сенімділігін көрсетуді үйренеді;

      2) дамыту элементтерін меңгереді;

      3) музыкадағы реприза және қайталану мәселелерін біледі;

      4) алғысөз бен қорытындыны жеткізуді біледі;

      5) кезең түріндегі шағын бейнелі пьесаларды шығарады;

      6) қарапайым үш бөлімді формадағы екі бейнені қамтитын бейнелі пьесаны шығарады.

      495. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығармаларды үйрену және талдау;

      2) рондо формасындағы пьесаларды шығару;

      3) өз тақырыбына немесе халықтық тақырыпқа 5-6 вариацияны шығару;

      4) берілген жанрда педагогпен төрт қолмен суырып салумен айналысу (марш, вальс).

      496. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Рондо формасы. Рефрен және эпизод түсінігімен танысу. Форманың тарихы. Үндестіліктердің кереғарлығының ерекше мәні. Жалғаулықтардың және эпизодтардың арасындағы ауысулардың қисындылығы.

      2-тақырып. Секвенция және модуляция тәсілдерімен танысу.

      3-тақырып. Форманың бөліктерінің қызметі – алғысөз және қорытынды.

      4-тақырып. Вариация. Музыкалық материалдарды меңгеру және дамыту тәсілдерін іздеу.

      5-тақырып. Өзгертудің фактуралық әдісі.

      6-тақырып. Тақырыпты бейнелі қайта түсіну. Вариацияның тақырыбын іздеу – шығару процесіндегі ерекші және маңызды кезең. Тақырыпты вариациялық өзгертудің тәсілдері.

      7-тақырып. Модуляциямен айналысуды жалғастыру.

      497. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) әртүрлі тақырыптарды кереғар салыстыру тәсілдерін біледі;

      2) музыкадағы кереғарлықтың рөлін біледі;

      3) вариация формалары арқылы материалды басқаруды үйренеді;

      4) рондо формасында пьесаларды шығарады;

      5) вариацияларды шығарады.

      498. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығармаларды меңгеру және талдау;

      2) ескі билерге сюита шығару (екі дауысты): аллеманда, куранта, сарабанда, жига (оқу мақсатында жұмыстың бұл түрінде стильдеу элементтеріне рұқсат беріледі);

      3) сонатино шығару;

      4) берілген тақырыпқа фактураны суырып салу;

      5) берілген тақырып-бейнеге әуенді суырып салу.

      499. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дамытудың полифиониялық тәсілдерін меңгеру, олардың ерекшеліктері.

      2-тақырып. Полифонияның қарапайым түрлерімен – екі дауыстылықпен танысу.

      3-тақырып. Еліктеу, канон. Полифониялық әуеннің ерекшеліктері. Дауыстардың ырғақты өзара әрекеттесуі, диссонанстар мен консонанстардың қатынасы.

      4-тақырып. Орналастырудың сонато қағидатын меңгеру және музыкалық материалды дамыту. Сонатолық аллегроны құрумен танысу.

      5-тақырып. Экспонирлеу тәсілі және материалды дамыту: элементтерді мүшелеу, модульдеу, жоспарлау және үндестіліктердің өзара қатынасы. Негізгі кезең – екі тараулы тақырыптарды іздеу. Әртүрліліктегі біртұтастық қағидаты бойынша бейнелердің қатынасы.

      500. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) қарапайым екі дауыстылардың полифониялық тәсілдерін біледі;

      2) өз бетінше дауыс жүргізуді үйренеді;

      3) сонатиноны шығара алады;

      4) ескі билердің сюиталарын шығара алады.

      501. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығарманы үйрену және талдау;

      2) фортепианоның сүйемелдеуімен әндерді немесе романстарды шығару;

      3) ұсынылған төрт жол өлеңдерге немесе ырғақты кестеге әуенді шығару;

      4) a capella [а капелла] немесе сүйемелдеумен үш дауысты хорды шығару;

      5) вокалдық суырып салуды жалғастыру;

      6) кезең формасында суырып салу.

      502. 4 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Вокалдық музыканың ерекшеліктерімен танысу. Адам дауысының диапазоны және мүмкіндіктері.

      2-тақырып. Вокалдық әуеннің ерекшеліктері.

      3-тақырып. Мәтінді айтудың, оның сипатының ерекшеліктері. Дауыс пен аспаптың арақатынасы.

      4-тақырып. Өлеңнің ырғақты кестесі – вокалдық шығармамен жұмыстың алдындағы кезең.

      5-тақырып. Дауыс жүргізу және гармония туралы алғашқы мәліметтер.

      6-тақырып. Хор партитурасымен танысу. Тесситура түсінігі.

      503. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) вокалдық музыкадағы форманы құруды біледі;

      2) көп дауыстылық тәсілдерін дамытады;

      3) фортепианоның сүйемелдеуімен ән, романс шығарады;

      4) ұсынылған төрт жол өлеңдерге және ырғақты торға әуен шығарады;

      5) a capella [а капелла] немесе сүйемелдеумен үш дауысты хорларды шығарады.

      504. 5 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығармаларды үйрену және талдау;

      2) фортепианомен сүйемелденген скрипкаға (альт, виолончель) пьесаларды шығарады;

      3) берілген гармоникалық реттілікте суырып салу;

      4) фортепиано немесе ағаштан жасалған үрлемелі аспаптармен үрлемелі аспаптарға арналған пьесаларды шығарады;

      5) ұсынылған ырғақты реттілікте суырып салу.

      505. 5 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Ішекті аспаптарды меңгеру. Дыбысталудың ерекшеліктері, штрихтар, позициялар, диапазон, аккордтық техника. Ішекті оркестр партитурасымен танысу.

      2-тақырып. Ағаштан жасалған үрлемелі аспаптарды (флейта, гобой, кларнет, фагот) меңгеру. Әр аспапқа тән диапазон, ойнау техникасы, бейнелі тәсіл.

      506. 5 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      5 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дыбысталу ерекшеліктерін, штрихтарды, позицияларды, диапазонды, аккордтық техниканы, ішекті оркестрдің партитурасын біледі;

      2) фортепианомен сүймелденетін скрипкаға (альт, виолончель) пьесаны шығарады;

      3) фортепиано немесе ағаштан жасалған екі үрлемелі аспаппен сүйемелденетін үрлемелі аспапқа арналған пьесаны шығарады.

      507. 6 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығармаларды үйрену және талдау;

      2) фортепианоға, фортепианомен ішекті немесе үрлемелі аспаппен үш бөлімді соната шығару;

      3) берілген дауыс ырғағына прелюдияны суырып салу;

      4) үш дауысты фуга немесе фугатоны шығару;

      5) үш бөлімді формадағы шағын пьесаларды суырып салу.

      508. 6 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Соната формасын жаңа, барынша терең деңгейде меңгеру. Қалыптасу идеясы, материалдың өсуі, оны бейнелі қайта түсіну. Тезис – антитезис – синтез. Сонаталық-симфониялық айналым.

      2-тақырып. Фуга, фугато. Тақырып, жауап, интермедия, кері қосу, стретта, тік қозғалысты контрапункт.

      509. 6 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      6 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) фортепианоға арналған сонатаны шығарады;

      2) фортепианомен ішекті немесе үрлемелі аспаптарға арналған үш бөлімді сонатаны шығарады;

      3) үш дауысты фуганы немесе фугатоны шығарады.

      510. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) музыкалық шығармаларды үйрену және талдау;

      2) трио, ішекті квартет немесе басқа ансамбльді шығару (көп бөлікті шығарма);

      3) вариация формасында суырып салу.

      511. 7 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Камералық ансамбль (трио немесе квартет). Ансамбльге қатысушылардың өзара әрекеттесуі және әрқайсысының рөлі. Аспаптардың үйлесімді өзара әрекеттесуін жасау іске асыру үшін жеткізу фактурасының мәні. Бөлімдердің саны және қатынасы.

      512. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) триомен орындауға арналған шығарманы шығарады;

      2) ішекті квартетпен орындауға арналған шығарманы шығарады.

      513. Бағдарламаны меңгеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) музыкалық формаларды (мотив, фраза, сөйлем, кезең, екі бөлімді, үш бөлімді форма, рондо, вариация, соната және полифониялық форма);

      2) музыкалық жанрларды және бейнелі (әшекейлеу, регистрлер, тембрлер), вокалдық, аспаптық жанрларды біледі.

      Түлек:

      1) ноталық мәтінді дұрыс, сауатты ресімдеуді;

      2) шығарманың фактурасы күрделі болса, онда жеңілдетуді біледі.

      Қалыптасқан дағдылар:

      1) вокалдық және аспаптық әуендерді шығару;

      2) Finale [финал] немесе Sibelius [сибелиус] музыкалық ноталық редакторларды меңгеру.

      514. "Дирижерлеу" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) а капелла – аспапты сүйемелдеусіз ән айту (әдетте хорда);

      2) ауфтакт – өнер көрсету алдындағы дирижерлік сермеу, алдын ала сермеу, дыбыс шығарудың басында дем алуды көрсету;

      3) дауыс жүргізу – көп дауысты музыкалық шығармалардағы дауыстардың қозғалысы;

      4) диапазон – адам дауысының немесе музыкалық аспаптың шамасы жететін төменгі және жоғарғы шекаралары арасындағы жоғары дыбысты қамту;

      5) дирижерлеу – музыкалық шығарманы жаттау және көпшілік алдында орындау кезінде музыканы орындайтын ұжымды басқару;

      6) динамика – дыбысталу қаттылығының бояуларымен байланысты түсініктердің және ноталық белгілердің жиынтығы;

      7) дирижерлік аппарат – қолды, басты (бет, көз), денені (кеуде, иық), аяқтарды басқару құралы;

      8) дирижерлік қимыл – орындаушыға нақты музыкалық бейнені жеткізетін дирижердің қол, дене немесе бас қимылы, оның мимикасы;

      9) дирижерлеу техникасы – дирижерлеу ережелеріне негізделген тәсілдердің жиынтығы;

      10) дирижерлік аппарат – дирижерлеу кезінде орындаушыларға еріктік әсер етуге қажетті есту, эмоциялық және қимыл қабілеттерінің кешені;

      11) дирижерлік техника – орындаушыға жеке ішкі музыкалық ұғымды жеткізу үшін дирижерге керекті арнайы дағдылардың күрделі кешені;

      12) дирижерлік аппаратты қою – дирижердің арнайы есту, эмоциялық, қимыл сезімін және олардың арасындағы байланысты қалыптастыратын ұзақ процесс;

      13) діни музыка – діни мінәжатпен байланысты музыка;

      14) еріктік әсер – дирижердің негізгі қабілеттерінің бірі;

      15) кантата – жеке орындаушыларға, хорға және оркестрге арналған вокалдық-аспапты шығарма;

      16) қарқын – тактінің метрлік немесе сандық бөліктерінің уақыт бірлігіне алмасу жылдамдығы;

      17) қарқын – музыкалық шығарма қозғалысының жылдамдығы;

      18) қайтару – ауфтактінің үшінші элементі;

      19) музыкадағы динамика – қатты дыбысталудың бояуларымен байланысты ұғымдар мен нота белгілерінің жиынтығы;

      20) легато – тіл шабуылынсыз орындалатын штрихтар (дыбыстарды баяу біріктіру);

      21) месса – католиктер шіркеуіндегі латын әдет-ғұрыптарындағы негізгі литургиялық қызмет;

      22) партитура – белгілі бір ретпен берілген барлық партиялары бар (дыбыстардың), ансамбльмен, хормен немесе оркестрмен орындауға арналған көп дыбысты музыкалық шығарманың ноталық жазбасы;

      23) оратория – хорға, жеке орындаушыларға және оркестрге арналған ірі музыкалық шығарма;

      24) реквием – католиктер шіркеуіндегі латын әдет-ғұрыптарындағы марқұмға бағышталған месса;

      25) сермеу – ауфтактінің бірінші элементі;

      26) сюита – аспапты музыкадағы циклдық форманың негізгі түрлерінің бірі;

      27) тактілеу – белгілі бір қарқындағы және дирижерлік метрге байланысты белгілі сызба бойынша қолдың қимылымен тактінің дирижерлік бөлігін белгілеу;

      28) тесситура – дыбыстардың музыкалық шығармадағы дауыс диапазонына (вокал) немесе музыкалық аспапқа қатысты жоғарылығы бойынша басым орналасуы;

      29) фразировка – музыкалық ойдың мазмұнын, логикасын анықтау мақсатымен кезеңдерді, сөйлемдерді, фразаларды, мотивтерді бөлу арқылы орындау процесінде музыкалық фразаны көркемдік-мағыналық ерекшелеуді сипаттайтын музыкалық мәнерліліктің тәсілі.

      515. Бағдарламаның мақсаты: дирижерлеу саласында алған білім, білік және дағдылары негізінде білім алушының музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      516. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) хор дирижері мамандығы, хор музыкасының үздік шығармаларын, атақты дирижерлер, композиторлар туралы білім алу;

      2) дирижерлеу техникасын және тәсілдерін үйрену;

      3) хор партитураларын оқу дағдыларын меңгеру, хор шығармаларын талдау;

      4) хор өнерінің даму кезеңдері, хордың типтері, түрлері, әншілік дауыстың негізгі түрлері, көркемдік мәнерлеудің құралдары туралы білімді қалыптастыру;

      5) хор репертуарын білу.

      Дамыту:

      1) білім алушының музыкалық ой-өрісін кеңейту;

      2) хор мәдениетіне деген қызығушылықты, өнердің маңызды түрлерінің бірі ретінде хорда ән айтуға деген сүйіспеншілікті дамыту;

      3) көркемдік талғамды, сараптамалық ойлауды қалыптастыру;

      4) білім алушының музыкалық қабілеттерін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық-қимыл мәдениетін тәрбиелеу;

      2) кәсіби бағдарлану;

      3) дирижерлік қызметке қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу (көшбасшылыққа бейімділігі, жауапкершілігі, оптимистік көзқарасы және әлемді қабылдауы, әлемге деген гуманистік қатынасы).

      517. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – төрт жыл. Оқыту жетінші сыныптан басталады.

      Аптадағы сағаттардың саны және оқыту уақытының көлемі үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      518. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      519. Бағдарлама хорды дирижерлеу техникасын меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      520. Бағдарлама білім алушыларға болашақ музыканттың әрі қарай жүргізетін практикалық қызметіне қажетті көлемде дирижерлеу бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеруіне жағдай жасайды.

      521. Бағдарламаның ерекшелігі балалардың дирижерлеу бойынша білім, білік және дағдыларды, шығармашылық қызмет дағдысын алуға жалпы бағытталуы болып табылады.

      522. Білім алушыларға қажетті дирижерлеу білігі мен дағдыларын үйрету мазмұны, сипаты және стилі бойынша әртүрлі көркем шығармалармен жұмыс істеу процесінде іске асырылады, музыкалық тәрбие мен дамыту халық музыкасын, қазақстандық және шетел композиторларының шығармашылығын меңгеруге негізделеді.

      523. Педагог жартыжылдық оқу жоспарында сүйемелденбейтін шығармаларды, әртүрлі құрамды хорларға арналған шығармаларды қамтиды.

      524. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      525. "Дирижерлеу" пәнін хорда ән айту, вокалдық жұмыспен таныс, музыкалық сауатты білетін және фортепианода ойнауды білетін білім алушылармен жүргізіледі.

      526. Бағдарламаның мазмұны тұлғаны көркем-эстетикалық дамытуды қамтамасыз етуге және олардың көркем орындау білімі, білігі және дағдыларын алуына бағытталған.

      527. Бағдарламаны іске асыру:

      1) негізгі вокал-хор репертуарын білуді;

      2) хор ұжымының, жеке орындаушының орындаушылық мүмкіндіктерін ашуға қажетті жағдайдарды жасау, әр партияның сипатын ескеріп, орындалатын шығарманың тақырыптық материалын түсіну білігін;

      3) хор ұжымымен музыкалық шығарманы жаттау бойынша алғашқы практикалық тәжірибенің болуын;

      4) дирижерлік қимылды қолданудағы қажетті дағдылар мен біліктерді меңгеруін қамтамасыз етеді.

      528. Оқытудың барлық кезеңінде педагог міндеттерді біртіндеп күрделендіреді және балалардың әншілік мүмкіндіктерінің диапазонын кеңейте отырып, вокалдық-хор дағдыларын (тыныс алу, дыбыс жүргізу, ансамбль, құрылым, дикция) қалыптастыруды, дамытуды бақылайды.

      529. Педагог сабақта балаларға музыканың сипатын өз бетінше анықтауды, динамиканың өзгеруін, қарқындардың, әуен қозғалыстары бағыттарының ауысуын, дыбыстардың төмендеуі мен жоғарылауын естуді, дыбыстарды жоғарылығы және ұзақтығы бойынша дыбыстарды ажыратуға көмектеседі.

      530. Сөз, музыкалық, поэтикалық фраза, барлық шығарманың формасымен, тұтас шығармадағы, сондай-ақ оның жеке бөліктерінің шарықтау шектерін сезіну және ерекшелеу білігі бойынша жұмыс ерекше мәнге ие болады.

      531. Дирижерлеу техникасы дегеніміз дирижерлік қимылдардың мақсаттылығы, уақыттылығы (ырғақтылығы), оңтайлығы (артық қимылдардың болмауы) және нақтылығы.

      532. Ұжымның дирижерлік қимылды қабылдау әсерлігі дирижерлеу техникасын меңгеру деңгейіне байланысты болады.

      533. Техниканың жақсы болуы басқарудағы нақтылыққа, жеңілдікке және орындаудың шығармашылық еркіндігіне қол жеткізуге көмектеседі. Дирижерлік қимылдар үнемі анық, үнемді, шынайы, епті және мәнерлі болуы қажет.

      534. Дирижерлеу белгілі ретпен орналасатын және бұлшық ет тырысуларын саралауды қажет ететін әртүрлі қимылдар қатарынан тұрады.

      535. Дирижерлік аппаратты меңгеру денені қоюдан басталады. Дұрыс қою, практикалық негізделуі және мақсаттылығы – пультпен қимылдың толық еркіндігін қамтамасыз ете отырып, дирижердің жұмысын жеңілдетеді.

      536. Денені қою дирижердің сыртқы келбетінен де тікелей көрінеді, бұл өз кезегінде орындаушылардан алатын жалпы жағымды және жағымсыз әсерді құруға ықпал етеді.

      537. Дирижердің тұтас келбеті орындаушы мен тыңдармандар үшін эстетикалық, тартымды, ал пульттегі жүріс-тұрысы – бір уақытта жинақы және еркіндік әсерін береді.

      538. Оқытудың бірінші жылында педагог тәрбиеленушіні денесін еркін, шынайы, байсалды, иықтары артқа салынған, кеудесі тіктелген күйде ұстауға үйретеді.

      539. Қолдар – дирижерлік аппараттың маңызды бөлігі, хормен қатынас жасаудың басты құралы болып табылады. Дирижер қолдар арқылы музыкалық шығарманы өзінің түсінуін жеткізеді, оның ішкі мазмұнын ашады, орындаушыларға әсер етеді. Қол барлық бөліктерінде еркін болады, сонымен қатар біртұтас болады.

      540. Қолдарды қою кезіндегі негізгі талаптар толық бұлшық ет еркіндігі, ыңғайлығы, шынайылығы, әр бөлігінің қозғалғыштығы және олардың тұтастық сезімі болып табылады.

      541. Білек – қолдың ең мәнерлі бөлігі – қолдың ең тәуелсіз және қозғалғыш бөлігі. Педагог дирижерлік техника бойынша жұмыста білектің қозғалғыштығын, мәнерлігін, ептілігін және созылғыштығын дамытады.

      542. Негізгі дирижерлік позицияда білек кеуденің орта тұсы деңгейінде көлденең қалыпта болады. Формасы жағынан білек дөңгелек, шарды немесе допты ұстауға даяр тұрған сияқты қалыпта болады: алақаны ашық және төмен "қараған". Білектің негізгі позциясындағы қол саусақтары жұмсақ бүгілген, баяу жұмырландырылған, саусақ сүйектері анық белгіленген.

      543. Қолды дұрыс қою педагогтен, сондай-ақ білім алушыдан үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Сонымен қатар асығушылық, кемшіліктердің өзі жоғалатындығына, уақытқа сену әдеттері зиян.

      544. Пәнді оқытудың алғашқы кезеңінде педагог білім алушыны қолдарын кеуде деңгейінде ұстауды үйретеді. Әрі қарай, курс бойы дирижерлік қимылды қою мейлінше саралана түседі.

      545. Білім алушы дирижерлік аппараттың барлық компоненттерін, дирижердің негізгі позициясын талдап болғаннан кейін, педагог тактілеуге, такті сызбаларындағы қолдардың қимылын меңгеруге ауысады.

      546. Педагог білім алушыға тактілеу (метрлік тактілеу) және дирижерлеу арасындағы айырмашылықты түсіндіреді. Метрлік тактілеу – дирижерлеу емес, оның көркемдік элементтері жоқ, бірақ ол дирижерлеу сүйенетін негіз.

      547. Метрлік тактілеудің негізгі міндеттері орындау ырғағын ұйымдастыруға, тактілеу сызбасының анық суретін жеткізуге, тактідегі күшті және әлсіз уақытты көрсетуге алып келеді.

      548. Педагог метрономдауға оқытуды дирижерлік үлесті, дирижерлік сермеуді талдаудан бастайды. Дирижерлік үлес сермеуден, үлестік қимылдан, соғу нүктесінен және нүктеден шағылысу кезеңінен құралады.

      549. Сермеу немесе ауфтакт қарапайым дайындықсыз қимыл болып табылады, себебі оған қолдар бастапқы қалпынан көтеріледі. Сермеудің негізгі функциясы – ескерту, әрі қарай жүргізетін әрекетке қажетті энергияны жинақтау.

      550. Ауфтакт түсінігі үлесті дайындауға қарағанда айтарлықтай кең, ол орындаудың көптеген кезеңдерін алдын ала дайындауды қамтиды. Дирижерлеуде ауфтактінің көмегімем тыныс алу, бастау, аяқтау сәттері, жаңа динамиканың, қарқынның, штрихтың басталуы жүргізіледі.

      551. Басталу нүктесіндегі ауфтакт импульсті болады, бұл барлық қимылға ерекше әрекеттілікті және мінезділікті береді. Ауфтактінің импульстивтігі қимылдағы "нүктені" көрсету қарқындылығына және қимылдың басында "нүктені" көрсеткеннен кейін қолды жоғары көтеру қимылының жылдамдығына байланысты болады.

      552. Ауфтакт саусақтың ұшымен "дирижерлік жазықтықты" жеңіл "жанауды", сондай-ақ кері серпілісті, түрткіні, кері қайтаруды және музыканың сипатына және орындаушылық міндеттерге байланысты осыған ұқсас сезімдерді еске түсіреді.

      553. Ауфтактілер ұзақтықтары мен күші тұтасымен орындалатын музыканың сипатына байланысты болғандықтан әртүрлі болады. Ауфтактілерге қойылатын басты талап – нақтылық болып табылады.

      554. Педагог дирижерлеуге оқытуды бастай отырып, ауфтакт түсінігін мұқият және толық түсіндіреді.

      555. Екінші оқу жылында білім алушы бірінші үлестегі және фразаның аяқталуын соңғы үлеске түсетін ауфтактіні көрсетеді. Оқу материалы ретінде екі және үш үлесті өлшемдегі, кезең формасындағы қарапайым ырғақты суретті шығарманы қолданады.

      556. Педагог білім алушылармен такті сызбаларын үйренуге кірісе отырып, тек құрғақ метрономдаумен, тактілеумен шектелмейді. Техника орындаушылық практикада музыкалық бейнені жеткізу құралы болып табылады.

      557. Хорда орындау кезінде бастау тәсілімен қатар дыбыстауды аяқтау сәті де жауапты болып табылады. Аяқтау қимылында түсіру "нүктесі" өте маңызды.

      558. "Нүкте" қою сәтінде дыбысталу аяқталады, ол айқын, анық бола түседі. Оқытудың алғашқы кезеңінде педагог аяқтаудың мейлінше қарапайым тәсілдерін көрсетеді.

      559. Үшінші оқу жылында білім алушы дирижерлеу дағдыларын, тактінің әртүрлі үлестерінде бастау және аяқтауды көрсетуді меңгереді, legato [легато] дыбыс жүргізу тәсілін меңгереді.

      560. Дирижерлеудегі legato [легато] тәсілі барлық қимылдардың байланысымен сипатталады. Legato-ны [легато] ерекшелейтін қасиеттер баяу қимылдар мен жұмсақ "нүктелер" болып табылады. Legato-ны [легато] орындай отырып, қолдар сызбаның суреттері бойынша өте түзу, түрткісіз қозғалады. Үлестердің арасындағы "нүктелер" жоғалып кетеді, қолдың сәл жанасуымен орындалады.

      561. Legato [легато] техникалық тәсілі үнемі жұмсақ, еркін, "әнші" қолдармен орындалады. Алдымен дыбысталуы тым қанық емес орташа қарқындағы шығармаларда legato [легато] тәсілі білім алушымен пысықталады.

      562. Хор партитурасымен танысу міндетті түрле педагогтің бақылауында жүргізіледі. Шығарманы жаттаудың алдында педагог дұрыс аппликатураны қамтиды, оның бақылауымен білім алушы әрбір хор партиясын нақты ырғақтай отырып, ноталық мәтінді мәнерлеп орындайды.

      563. Шығарманы алғашқы талдау ноталық мәтінмен өз бетінше танысу кезінде туындайтын, кейіннен дирижерлеу процесіне айналатын көптеген қателердің пайда болуының алдын алады.

      564. Педагог дауыстар мен ойын партитурасын меңгерумен қатар меңгерілетін шығарманың музыкалық-теориялық, вокалды хор және орындаушылық талдауды тереңдетеді.

      565. Білім алушы шығарманың музыкалық-көркемдік мазмұнын жеткілікті терең меңгергеннен кейін дирижерлеуге ауысады.

      566. Дирижерлеудегі дыбыс жүргізудің негізгі түрлерін меңгеру оларды фортепианода үйренген кезде ғана мүмкін болады.

      567. Партитураны ойнау кезінде саусақ бұлшық ет легатосын дамыту, музыкалық және әдеби мәтіннің бейнелі мазмұнының логикасын сақтау білігі хор партитурасын ойнау кезіндегі негізгі міндет болып табылады.

      568. Педагог партитураны ойнау кезінде саусақ бұлшық еттерінің легатосын дамытуды қадағалайды және хорға арналған шығармаларды сауатты орындауды өзінің үлгісінде көрсетеді. Педагог фортепианода дыбысталудың вокалдық хор сипатына талпынады.

      569. Білім алушының басты оқу міндеттерінің бірі қажетті дирижерлік тәсілдерді – дирижерлеу техникасын меңгеру болып табылады. Дирижерлеу өнері тарихи дамыған ишараттар жүйесіне негізделген.

      570. Дирижерлік техниканың бірінші сыныбы аппаратты босату және дұрыс қоюға арналады. Дирижерлік практикада әртүрлі жаттығулар кең қолданылады, оларды музыкалық материалда орындайды.

      571. Жаттығулар екі санатқа бөлінеді. Бірінші санатта бұлшық еттер мен буындарды босатуға, білек қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар тобы беріледі. Екінші санатта дирижерлік техникамен байланысты жаттығулар беріледі.

      572. Тыныс алу жаттығулары белгілі психоэмоциялы жүктемемен байланысты жұмыстарды орындауда жақсы дайындалуға көмектеседі. Олар физикалық және психологиялық жүктемеден кейін күшті қайта қалпына келтіреді.

      573. Тынысты реттеу үшін демді ұстап тұру, жылдам дем алу және демді шығару, белгілі дыбыстарды айту немесе тыныс алғанда және демді шығарғанда фразаларды ойша айту, сондай-ақ әртүрлі комбинацияларда ырғақты, жиілікті, тыныстың тереңділігін және қысылуы сияқты тәсілдер қолданылады.

      574. Дирижерлік практикада оң және сол қолдың функцияларын бөлу анықталған. Дирижер оң қолымен белгіленген метрлік суреттегі тактілеуді жүргізеді, қимылдың қарқыны мен сипатын көрсетеді.

      575. Сол қол музыка тартады, байсалды дыбыстарды көрсетеді, оң қолдың мәнерлігін толықтырады. Дирижерлеу техникасы үшін қолдардың бір біріне тәуелді болмауы маңызды, алайда дирижердің екі қолы да мәнерлеу функциясына ие болады.

      576. Кей жағдайларда олардың толық өзара байланысуы қажет. Дирижердің қолдары орындау талаптарына байланысты өз функцияларын алмастыруы мүмкін.

      577. Педагог әр жартыжылдықтың басында білім алушының жеке ерекшеліктері мен дағдыларына сүйеніп, барлық білім алушыларға қойылатын міндетті талаптарды ескеріп, дирижерлеу бойынша жеке жоспарларды құрады.

      578. Білім алушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарының түрлері:

      1) a capella шығармаларымен жұмыс;

      2) сүйемелденетін шығармалармен жұмыс;

      3) өткен репертуарды қайталау.

      579. "Дирижерлеу" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Аспапты сынып", "Вокалдық сынып (ән айту)" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      580. 7 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) терминологиямен, әншілік-хор өнерінің негізгі даму кезеңдерімен, хордың типтерімен және түрлерімен, хорда қолданылатын көркемдік мәнерлеу құралдарымен, әншілік дауыстың негізгі түрлерімен таныстыру;

      2) репертуарлық талаптарды ескеріп, білім алушының жеке жоспарын бірге құру;

      3) дирижерлік аппаратты ұйымдастыруға арналған жаттығулар кешенін, төзімділікті, пластиканы, қол буындарының қозғалғыштығын тәрбиелеуге бағытталған гимнастикалық жаттығулар тобын, дирижерлеудің қол дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды жаттау;

      4) шығарманың, хор партитурасының вокалдық-хор талдауды меңгеру.

      581. 7 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дирижерлеу өнерінің бастауы. Дирижерлеу өнері. Дирижердің функционалдық рөлі. Дирижерлік кәсіби қасиеттер. Дирижердің шығармашылық ұжыммен араласу формасы. Дирижердің орындаушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық қызметтері. Дирижердің кәсіби қасиеттері: музыкалық қабілеттері, кәсіби білімі, техникалық жабдықталуы, эмоциялық-жігерлік реакциялары. Дирижерлік орындаушылық процесс. Партитурамен жұмыс. Репетициялық кезең. Концертте өнер көрсету.

      2-тақырып. Хор музыкасының тарихы. Хор музыкасы – өнердің демократиялық түрі. Хор музыкасының бөлінуі. Халық музыкасы. Кәсіби музыка. Шын музыка. Діни музыка. Алғашқы кәсіби хорлардың тарихы.

      Хорда ән айтудың дәстүрлі ұлттық орыс мектебін қалыптасуы. Атақты кеңестік ресейлік хор ұжымдары және олардың жетекшілері. Қазақ хор ұжымдары.

      3-тақырып. Хордың типтері мен түрлері. Хор ұжымдарының формалары мен бағыттары.

      Хордың біртекті және аралас түрге бөлінуі. Хордың кіші (камералық), орта және үлкен құрамдары. Хордың бір дауысты, екі дауысты, үш дауысты, төрт дауысты түрлері. Орындаудың әртүрлі екі формасы: сүйемелдеумен ән айту және сүйемелдеусіз ән айту (a cappella [а капелла]).

      Әйелдердің, ерлердің, балалардың әншілік дауыстары. Хор. Хор және оларды құрайтын дауыстардың партиясы. Әйелдердің балалардың дауыстарынан айырмашылығы. Балалар хорының репертуары.

      4-тақырып. Хор музыкасының жанрлары. Орыс хор музыкасы. Дәстүрлері және жанрлардың әртүрлі түрлері. Оратория – концерттік орындаудағы опера, жанрдың пайда болуы және драматургияның құрамдас бөліктері. Кантата – басқа жанрлармен ұқсастығы және айырмашылығы. Кантата жанрының классикалық үлгілерінің нұсқалары. Реквием – аза сипатындағы циклдық вокалдық-орындаушылық шығарма. Месса. Хор музыкасының шағын формалары. Миниатюра. Ән. Сюита. Хор миниатюрасы. Ірі нысанды хор. Өңдеудер, ыңғайланған нұсқалар.

      5-тақырып. Білім алушының жеке жоспары. Репертуарлық талаптар. Жеке жоспарды құру. Бағдарламаның міндеттері мен талаптары.

      6-тақырып. Дирижерлік аппарат (дирижердің қолдары, беті, денесі). Дирижерлеу техникасы. Дирижерлік ишараттың негізгі функциялары. Денені және қолдарды дұрыс қою.

      Дирижерлік аппаратты ұйымдастыруға арналған жаттығулар кешені. Төзімділікті, пластиканы, қол буындарының қозғалғыштығын тәрбиелеуге бағытталған гимнастикалық жаттығулардың тобы.

      7-тақырып. Дирижерлеудің қол дағдыларын дамытуға арналған жаттығулардың түрлері (алғашқы). Дирижерлеу техникасы. Ишараттар жүйесі.

      8-тақырып. Дирижерлік аппаратты ұйымдастыруға арналған жаттығулар кешені. Төзімділікті, пластиканы, қол буындарының қозғалғыштығын тәрбиелеуге бағытталған гимнастикалық жаттығулардың тобы.

      9-тақырып. Бұлшық ет сезімін "тырыстыру-босату" саналы түрде бақылауды дамытуға арналған жаттығулар. Оң және сол қолдардың қимылдарын үйлестіруге арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Бұлшық еттер мен буындарды босатуға, білек қимылдарын дамытуға арналған жаттығулар тобы. Дирижерлік техникамен тікелей байланысты жаттығулар.

      11-тақырып. Шығарманың вокалдық хор талдау. Партитурамен жұмыс.

      Шығарманы талдау. Талдаудың сызбасы: мазмұны, сюжеті, әдеби мәтіннің авторы және композиторы. Музыкалық-теориялық талдау. Талдаудың сызбасы: үндестілік, фактура, метр-ырғақ, интервалика, аккомпанементтің рөлі.

      Вокалдық хор талдау. Талдау сызбасы: хор партиясының мінездемесі, диапазон, тесситура, дауыс жүргізу.

      Хор партитурасының ерекшеліктерін анықтау. Көркем орындаудың жоспары. Дирижердің шығармашылық ойын білдіретін дирижерлік тәсілдер.

      582. 7 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      7 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дирижердің функционалдық рөлін, дирижерлік кәсіби қасиеттерді, дирижердің функцияларын, дирижердің кәсіби қасиеттерін біледі;

      2) хор музыкасының түрлерін, жанрларын біледі;

      3) хорлардың түрлерін, орындау формаларын, әншілік дауыстың жіктелуін біледі;

      4) білім алушының жеке жоспарын құра алады;

      5) дирижерлік аппарат туралы түсінікті, дирижерлеу техникасын, дирижерлік қимылдың функцияларын, денені және қолдарды қоюды біледі;

      6) дирижерлік аппаратты ұйымдастыруға арналған жаттығулар кешенін, төзімділікті, пластиканы, қол буындарының қозғалғыштығын тәрбиелеуге бағытталған гимнастикалық жаттығуларды, дирижерлеудің қол дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      7) хор партитурасының ерекшеліктерін біледі;

      8) шығарманы вокалдық-хор талдау дағдыларын біледі.

      583. 8 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дирижерлік техниканың элементтері бойынша жұмысты жалғастыру;

      2) дирижерлеудің екі үлесті кестесін, дирижерлеудегі ауфтакт түсінігі, 2/4 өлшеміндегі бірінші бөліктерін бастау тәсілдерін (зейін қою сәті, тыныс алу сәті, бастау ишараты); тактінің барлық үлестерінде бастау және аяқтауды меңгеру;

      3) ауфтакті көрсету және тактінің барлық бөліктерінде фразалардың аяқталуын тоқтату, оқу материалы ретінде екі үлесті өлшемдегі қарапайым ырғақты суретті қолдану.

      584. 8 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дирижерлік аппаратты қою. Денені тік ұстау білігі. Концертмейстермен дирижерлеу. Аудио және бейне материалдарды көру және тыңдау.

      2-тақырып. Дирижерлік техниканы меңгеру. Дирижерлеудің екі үлесті кестесін меңгеру.

      3-тақырып. Партитурамен жұмыс. Сыныпта партитураны, дауыстарды және дирижерлеуді талдау. Партитураны ойнау, дауыспен айту білігі. Музыканың, сөздердің авторын білу. Шығармаға қатысты терминологияны білу.

      4-тақырып. Концертмейстермен дирижерлеу. Хор партиясын концертмейстермен ойнау білігі. Аудио және бейне материалдарды көру және тыңдау. Вокал және хор өнерінің тыңдалатын шеберлерінің негізінде білім алушының қызметін жоспарлау.

      585. 8 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      8 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) денені және қолдарды дұрыс ұстауды біледі;

      2) партитураны ойнауды, дауыстарды айтуды біледі;

      3) музыка, сөздердің авторларын біледі;

      4) шығармаға қатысты терминдерді біледі;

      5) концертмейстермен дирижерлеудің алғашқы дағдыларына ие;

      6) концертмейстермен хор партиясын ойнауды біледі;

      7) вокал және хор өнерінің шеберлерін тыңдау негізінде өз қызметін жоспарлайды.

      586. 9 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) екі және үш үлесті кестесін дирижерлеу дағдыларын, тактінің әр түрлі үлестерінде бастауды және аяқтауды көрсетуді меңгеру;

      2) денені және қолдарды қою, фразаны бастау және аяқтау бойынша жұмысты жалғастыру;

      3) legato [легато] дыбыс жүргізу тәсілін, үндестілікті анықтау және партитураны жатқа ойнау білігін меңгеру.

      587. 9 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дирижерлік аппаратты қою. Денені тік ұстап тұру білігі.

      2-тақырып. Дирижерлік техниканы меңгеру. Дирижерлеудің екі үлесті сызбасын бекіту. Дирижерлеудің үш үлесті сызбасын меңгеру.

      3-тақырып. Партитурамен жұмыс. Партитураны, дауыстарды және дирижерлеуді талдау. Партитураны ойнау, дауыстарды айту білігі.

      4-тақырып. Концертмейстермен дирижерлеу. Хор партиясын концертмейстермен ойнау білігі.

      5-тақырып. Аудио және бейне материалдарды қарау және тыңдау. Вокал және хор өнерінің тыңдалатын шеберлерінің негізінде білім алушының қызметін жоспарлау.

      588. 9 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      9 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) шығарманың музыкасы мен сөздерінің авторларын біледі;

      2) үйретілетін шығармалардағы музыкалық терминдерді біледі;

      3) үндестілікті анықтауды және партияны жатқа ойнай алады;

      4) жеке дирижерлік аппараты және оның мүмкіндіктері;

      5) дирижердің негізгі позициясын;

      6) дирижерлеудегі мимиканың рөлін түсінеді;

      7) дирижерлік қимылдың негізгі қағидаттарын біледі.

      589. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Түлек:

      1) негізгі вокал-хор репертуарының шығармаларын;

      2) дирижерлеудің функциясын: эмоциялық-мағыналық мазмұнының мәнін және орындауын басқару;

      3) дирижерлік сермеудің элементтерін – үлестерін (сермеу, талпыну, нүкте, қайтару) біледі;

      4) дирижерлік ақпараттың көптігін қамтамасыз ететін дирижерлік сермеудің қасиеттерін түсінеді (қарқыны, амплитуда, ұзақтықтар, күші, салмағы, бағыты, формасы);

      5) ишарат арқылы жеткізуге тиісті дыбысталудың негізгі компоненттерін (метр, қарқын, сипат, дыбыс жүргізу, ырғақ, динамика, дыбысталудың басталуы, дыбысталудың аяқталуы);

      6) дирижерлік орындауды бастаудың элементтерін ("зейін", "тыныс", "бастау");

      7) ишарат арқылы метрді жеткізудің негізгі заңдылықтарын;

      8) орташа динамикада және қалыпты қарқында екі және үш үлесті өлшемдегі ырғақты суретті жеткізу қағидаттарын;

      9) дирижерлеу бойынша музыкалық әдебиеттерді, атақты орындаушы-дирижерлерді, атақты хор ұжымдарын біледі.

      Түлек:

      1) хор ұжымының, жеке орындаушының орындаушылық мүмкіндіктерін ашу үшін қажетті жағдайларды жасауды;

      2) әр партияның сипатын ескеріп, орындалатын шығармадағы тақырыптық материалдарды ажыратуды;

      3) дыбысталудың аяқталуын көрсетуді (дыбысталудың аяқталуын көрсетуге арналған дайындық қимылдары және оны түсіру);

      4) фразалар бойынша тынысты көрсетуді;

      5) үлесті сақтап тұруды көрсетуді;

      6) қысқа мерзімді қозғалғыш нюанстарды орындауды;

      7) музыкалық терминологияны;

      8) хор партиясын оқуды және орындауды біледі.

      Түлекте:

      1) алғашқы қолдарды айыруды;

      2) дирижерлеу техникасын;

      3) тактілеуді;

      4) legato [легато] штрихын біледі;

      5) хор ұжымымен музыкалық шығармаларды жатау бойынша алғашқы практикалық дағдылар қалыптасқан.

      590. "Ритмика" пәні бойынша осы Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) алға және жанға қадам жасау – аяқ бұлшық еттерін кешенді жаттықтыруға арналған көп буынды жаттығу;

      2) алға қарай қадам жасау – дене салмағының көп бөлігін қадам жасайтын аяққа түсіре отырып жылдам орындалатын қадам;

      3) акцент – белгілі нотаны немесе тактідегі үлесті дауыс қаттылығымен (немесе басқа тәсілмен) ерекшелеу;

      4) әннің бастамасы – бір немесе бірнеше әншілер (ән бастаушы) орындайтын хор әнінің бастамасы;

      5) би композициясы – толық қойылған би, жарты минуттан бес минутқа дейін жалғасады;

      6) би этюді – аяқталған формаға ие шағын би шығармасы;

      7) бишілік (дансантность) – билеуге ыңғайлы ететін және биді білдіретін музыканың формалды қасиеттерінің жиынтығы;

      8) дирижирлеу – музыканы орындау кезінде оркестр, хор музыканттарын және жеке әншілерді басқару;

      9) есеп – маңызды түсінік, оның көмегінсіз биді құрамдас бөліктерге бөлшектеуге болмайды;

      10) күрделі өлшем – екі немесе бірнеше жеңіл өлшемдердің бірігуінен құралатын музыкалық өлшем;

      11) қайырма – шумақтың соңында орындалатын шумақты әннің бөлігі, хор әнінде – жеке айтқаннан кейін хормен айтылады;

      12) қарқын – тиісті музыкалық-ырғақты сүйемелдеумен би қозғалыстарын орындау қарқыны, минуттағы тактілермен немесе минуттағы тактілі соғулармен (бит) өлшенеді;

      13) музыкадағы динамика – дыбысталу қаттылығының ерекшеліктерімен байланысқан ноталық белгілеулер мен ұғымдардың жиынтығы;

      14) музыкадағы такт – неғұрлым күшті үлестен басталып және күші бойынша оған тең келетін келесі үлестен бұрын аяқталатын музыкалық метр бірлігі;

      15) музыкалық жанр – белгілі сюжеттік, композициялық, стилистикалық белгілермен сипатталатын музыканы, музыкалық шығармалардың түрі;

      16) музыкалық қозғалыс – музыкалық тәрбиенің, тұлғалық дамудың және еркін биге оқытудың әдісі;

      17) музыкалық-қимыл бейнелері – бейнелі музыкалық тілді түсіну, бөлшектелген музыкалық бейнені қабылдау білігін дамытуға арналған материал;

      18) өлшем, музыкадағы тактілі өлшем – тактідегі үлес санын нұсқайтын, тактілі метрдің сандық сипаты;

      19) реприза – бастапқы немесе өзгерген түрдегі, қайталанатын шығарманың бөлігі;

      20) ритм – бір-біріне ұқсас құбылыстың бірізді алмасуы, уақыттың өтуімен алмасатын қозғалыстағы белгілі реттілік;

      21) ритмика – хореография, дене шынықтыру, музыка, балалар билері мен психологиялық тренингтің қоспасы, ырғақ;

      22) ритмикалық сурет – дыбыс ұзақтығының бірізділігі; қолданбалы музыкада жекеленген ритмикалық сурет (ұрмалы аспаптарда) сигнал, шеру және билер үшін қолданылады;

      23) тактілеу – тактінің әрбір үлесінің музыкасын орындау кезінде қолдардың қозғалысы немесе аяқпен соғу;

      24) үйлесім – белгілі мақсатпен психологиялық және физикалық процестерді біріктіру қабілеті;

      25) үзік-үзік ритм – келесі мейлінше әлсіз үлестің екі есе азаюы есебінен үлестің жарты ұзақтықтарға ұлғаюынан құрылатын ырғақты сурет.

      591. Бағдарламаның мақсаты: хореография негіздерін меңгеру арқылы шығармашылық өзін өзі танытуға қабілетті білім алушы тұлғасын дамытуға жағдай жасау, би жаттығуларын орындау дағдыларын қалыптастыру.

      592. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) музыкалық-ырғақты қызметті, қимылдың әртүрлі формаларын (музыкалық сүйемелдеумен жүру, жүгіру, гимнастикалық және би жаттығуларын орындау);

      2) музыканы есту, тыңдау білігін және оның мазмұнын қимылмен жеткізу білігі;

      3) би қимылдары негізінде музыкалық мәнерлеу саласындағы білімді меңгеру;

      4) бұлшық ет сезімін, кеңістікте бағдарлануды, үйлесімділікті, қимылдардың анықтылығы мен нақтылығын дамытуды қамтамасыз ететін қимыл дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;

      5) алғашқы хореографиялық дайындық, бейімділіктері мен қабілеттерін анықтау.

      Дамыту:

      1) хореографиялық қимыл дағдыларын дамыту және меңгеру;

      2) бейнелі ойнауды, елестетуді, ішкі есту қабілетін, музыкалық жадын дамыту;

      3) ырғақ сезімін, музыкалық-ырғақты жадын, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеу;

      4) сахналық пластиканы дамыту, театрландыру тәсілдерін үйрету, орындалатын музыкалық шығармалардың актерлік шешімі;

      5) қимылды музыкамен үйлестіру, ән айтуды әртүрлі би қимылдарымен, мимикамен, ишаратпен, пластикамен үйлестіру білігін дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) музыкалық-қимыл мәдениетін тәрбиелеу;

      2) білім алушының психологиялық ашылуы, эмоциялық, физикалық дамуы;

      3) шығармашылық өзін өзі таныту қажеттілігін дамыту.

      593. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – үш жыл. Аптадағы сағат саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      594. Педагогтің білім алушымен жеке жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      595. Бағдарлама хореография негіздерін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      596. Бағдарлама бишілік орындаушылық туралы білімді меңгеруге, тұлғаның өзін өзі танытуына, білім алушының музыка өнері саласында өз бетінше жұмыс істеуге тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

      597. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушыны кешенді хореографиялық дайындауды іске асыруға мүмкіндік беретін ритмика және бірнеше бидің бағыттарын біріктіру болып табылады.

      598. Бағдарлама бір уақытта жүргізілетін теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

      599. Бағдарлама практикалық бағытқа ие, себебі білім алушының ырғақ сезімін, қимыл үйлесімділігін дамытады, әртүрлі сипаттағы және жанрдағы музыкалық шығармаларды қабылдау дағдысын дамытады.

      600. Бағдарлама тұлғаның өзін өзі шығармашылық таныту мүмкіндігін кеңейтеді, музыкалық шығарманың сахналық бейнесін жасауға арналған қимыл дағдыларын, хореография элементтерін үйренуге мүмкіндік береді.

      601. Ритмика бойынша тапсырмаларды орындау келесі қимылдарға негізделген: жүру, жүгіру, әртүрлі секірулер, қимылдау және тоқтау кезінде дененің дұрыс қалпын сақтау, әртүрлі бұлшық ет топтарын жаттықтыратын, заттармен және заттарсыз орындалатын гимнастикалық (жалпы дамытуға бағытталған) жаттығулар, сапқа тұру және қайта тұру, би қмылдары – билер.

      602. Жұмыстың кезеңдері:

      1) дайындық немесе кіріспе;

      2) негізгі;

      3) қорытынды.

      603. Дайындық кезеңі қарапайым қимылдардан құралған, бұлшық еттерді, буындарды, сіңірлерді қыздыруға ықпал ететін, маршпен жүруді және барынша бейнелі элементтермен ширатуды қамтиды.

      604. Дайындық кезеңінің басты міндеті білім алушының зейінін ұйымдастыру, бұлшық еттерді, буындарды, сіңірлерді қарқынды физикалық жұмысқа дайындау болып табылады.

      605. Негізгі кезең классикалық, халық билерінің элементтерінен, музыкалық сауат негіздерінен, би қимылдарынан, оларды үйлестіруден, физикалық қабілеттері бойынша жұмыстан, этюдтар, композициялар бойынша жұмыстан тұрады.

      606. Педагог дене сымбатын қалыптастыру (қолдарды, аяқтарды, басты, денені қою), күшті, төзімділікті, жаттықтыру және би қимылдарын меңгеру арқылы үйлестірудің алғашқы элементтерін дамыту, сазды және мәнерлеп орындау үшін жағдай жасау – негізгі бөлімнің міндеттері болып табылады.

      607. Қорытынды кезеңі музыкалық-ырғақты материалды ойын арқылы бекітуді, би-ойын жаттығуларын қамтиды. Қорытынды бөлімнің міндеті –физикалық және жүйке тырысуларын босату, ойын арқылы эмоциялық тонусты көтеру.

      608. Педагог сабақты жүргізу кезінде әр жаттығуды элементтерге бөле отырып, жеңіл жаттығулардан мейлінше күрделірек жаттығуларға түсетін жүктемені арттырады, білім алушының еркін, дұрыс тыныс алуын және жалпы күйін бақылайды.

      609. Педагог сабақтың әр тапсырмасын түсініп, дұрыс, сазды орындауға, қимылдарды орындау мәдениетін қалыптастыруға талпынады.

      610. Балалармен жұмыстың негізгі педагогикалық қағидаттары қолжетімділік, жүйелілік, жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылық, перспективалық.

      611. Педагог музыкалық шығармаларды іріктеуге және оларды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Музыкалық материал халық, классикалық музыканы, заманауи ырғақтағы музыканың үлгілерін қамтиды.

      612. Педагог мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуге арналған формасы, жанры, стилі және сипаты жағынан қолжетімді, мәнерлі әуенді және анық фразировкасы бар, мазмұны жағынан балалардың қызығушылықтарына жақын музыкалық материалдарды таңдайды.

      613. Репертуарды іріктеу қағидаттары:

      1) музыкалық шығармалардың көркемдігі, олардың бейнелерінің ашықтығы, динамикалығы;

      2) қимылдауға ("дансантность") итермелейтін музыкалық шығарманың моторлық сипаты;

      3) халық, классикалық және заманауи музыка үлгісіндегі музыкалық шығармалардың тақырыбының, жанрларының, сипатының түрлілігі;

      5) қимылдардың әртүрлілігі (би, сюжеттік-бейнелі, физикалық жаттығулар).

      614. Ән айтуға және ритмикаға оқыту музыкалық шығармаларда бағдарланудың кейбір дағдыларын қалыптастырумен байланысты. Білім алушы шығарманың динамикасы мен қарқынын біртіндеп өзгеруін ажыратуды үйренеді.

      615. Музыканың тыңдап болғаннан кейін, педагог білім алушыға өз бетінше оның сипатын қимылмен жеткізуді ұсынады. Бұл балалардың аталған шығармаға көзқарасын анықтауға, сондай-ақ олардың шығармашылық мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды.

      616. Музыканы тыңдап және оның сипатын (қалыпты, ширақ, көңілді) анықтап болғаннан кейін, педагог білім алушыларға музыкаға дұрыс әсер етуді және қимылдарды мәнерлеп орындауға қол жеткізуге талпына отырып, белгіленген қимылдарды (гимнастикалық, би) көрсетеді.

      617. Музыканы мәнерлеп орындау балаларға түсінікті және қимыл арқылы жылдам жеткізуге болатын қанық көркемдік бейнелерді құруға ықпал етеді.

      618. Музыкалық-ырғақты жаттығулар қимылдардың үйлесімділігін жетілдіруге және қимыл кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

      619. Музыкалық-ырғақты қызметтің заңдылықтары метр, қарқын және өлшем түсініктерінің ерекшеліктерін және өзара әрекеттестігін сезіну-түсіну, музыкалық шығарманың композициялық формасының тарауларының пропорционалдығы арқылы ашылады, музыканы шығару, орындау және қабылдау процесін практикада меңгеру музыканттың ырғақты мәдениетін анықтайды.

      620. Ритмика бойынша жұмыс келесі негізгі қимылдарға негізделіп құрылады: жүру, жүгіру, секірудің түрлері, қимылдау және қозғалу кезінде дұрыс дене қалпын сақтау (көбінесе доппен жұмыс істеу кезінде), әртүрлі бұлшық ет топтарын жаттықтыратын, заттармен және заттарсыз орындалатын гимнастикалық (жалпы дамытуға бағытталған) жаттығулар, сапқа тұру және қайту тұру, би қимылдары – билер, ойындар.

      621. Педагог баланың барлық ерекшеліктерін ескереді, жағымды жақтарына мән береді және дамыта отырып, бұл қасиеттерді педагогикалық процесте оңтайлы қолданады.

      622. Ритмика бойынша жұмыстар келесі бағыттарда жүргізіледі:

      1) музыкалық-есту түсініктерін қалыптастыру. Музыканың сипатын, қарқынын, динамикасын, регистрлік бояуын, музыкалық шығармалардың метроритмін және құрылымын қабылдау;

      2) қимылдарды жетілдіру бойынша жұмыс.

      623. Балаларды шығармашылық дамытуда этюдтерге белгілі орын бөлінген. Этюдтерде балалар өз беттерінше тиісті қимылдарды және олардың үйлесімдерін табады. Музыкалық-ырғақты ойындар балалардың шығармашылық белсенділіктерін, актерлік және музыкалық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

      624. Педагог білім алушылардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін, олардың жылдам шаршауын, зейіндерінің тұрақсыздығын ескереді. Педагог балалардың зейінін белсендіре отырып, қызметтің әртүрлі түрлерін алмастырады.

      625. Музыканың сипатын қабылдау бойынша жұмыста, педагог музыкаға деген ықыласты дамытуға ықпал етеді, балаларға қимыл арқылы шығарманың бейнелі мазмұнына енуге көмектеседі.

      626. Білім алушылармен жүргізілетін сабақтар материалдар мен жаттығуларды қайталаудан басталады, кейін біртіндеп жаңа материалды аздап меңгеруге ауысады. Жаңа шығармамен танысу кезінде оның атауы анықталады, оны қандай қимылмен жеткізу керектігі қарастырылады.

      627. Қарқынмен жұмыс оқшау жүргізілмейді, ол аталған шығарманың сипатымен және мәнерлеу ерекшеліктері бойынша жұмыспен байланысты жүргізіледі.

      628. Динамикамен жұмыста, қимыл кезіндегі динамикалық бояуларды орындау бұлшық еттердің тырысуларына және босаңсуына байланысты болуы ескеріледі. Білім алушы динамикаға сәйкес жүктемені бөле отырып, өзінің денесін басқаруды үйренеді.

      629. Қимылмен музыканың сипатын, қарқынын, динамикасын жеткізу бойынша жұмыс өзара тығыз байланыста іске асырылады. Сабақтарда әуендік сызық, лад, регистрлік бояу сияқты музыка тілінің компоненттері ескеріледі.

      630. Ырғақты суреттерді орындау музыкамен алақанды шапалақтау, адымдар жасау түрінде жүргізіледі немесе шартты белгілермен бекітіледі. 2/4 және 3/4 өлшемдерімен танысу алақанмен күшті үлестерді соғу және дирижерлеу арқылы іске асырылады.

      631. Педагог дирижерлік қимыл бойынша ұзақтықтарды анықтау кезінде білім алушының зейінін әр үлеске неше дыбыстан келетініне аударады. Ырғақты жадын дамыту бойынша жұмыс "жаңғырық" жаттығуымен беріледі – орындалған әуенді шапалақпен, адымдармен немесе музыкалық аспапта ойнау арқылы қайталау.

      632. Әртүрлі тәсілдер қолданылады – әр фразаның ырғақты суретін кезегімен алақанмен шапалақтау, жеңіл шапалақпен фразаның басталуын белгілеу. Педагог барлық жаттығуларда дене сымбатының дұрыс болуына, қолдар мен аяқтарды дұрыс үйлестіруге, білім алушының бір қалыпты тыныс алуын бақылайды.

      633. Екінші оқыту жылында білім алушыға музыкалық шығарманы талдауда өз бетінше жұмыс істеуге көп мүмкіндік беріледі, қимылдардың сапасы, аяқталғандығы және мәнерлігіне қатысты талаптар жоғарылайды.

      634. Динамикалық кереғарлықтармен жұмыста барынша қысқа фразалар мен мотивтер беріледі. 4/4 өлшемін жаттау кезінде білім алушы "күрделі өлшем" түсінігімен танысады. Баяу қарқындағы төрт үлесті өлшем анық көрінетін пьесалар таңдалынады.

      635. Музыкамен арнайы жаттығуларды орындау процесінде (берілген бағыттарға байланысты тізбекпен немесе колоннамен жүру, шеңбер, квадрат, "жұлдызша", "карусель" құрып қайта тұру, белгілі мақсатқа жылжу) білім алушының кеңістік туралы түсініктерінің және ол жерде бағдарлану білігі дамиды.

      636. Шығыршық, доп, шар, ленталармен орындалатын жаттығулар ептілікті, реакцияның жылдамдығын, қимылдардың нақтылығын дамытады. Музыкамен қимылдау оның сипатын қабылдауды және бағалауға мүмкіндік береді, музыкалық бейненің мазмұнын сезіну қабілеті дамиды.

      637. Әртүрлі техникалық тәсілдерді қолданып, ең алдымен ең күрделі тапсырмалар пысықталады. Педагог білім алушының зияткерлік және физикалық қабілеттерін ескеріп, қандай да бір тапсырмамен жұмыс істеуге арналған уақытты анықтайды.

      638. Жеке жоспардың міндетті тараулары:

      1) кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар;

      2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар;

      3) би жаттығулары;

      4) қимылды ойындар;

      5) этюдтар.

      639. Әр тарауда жүйеленген түрде жаттығулар берілген, олардың көлемі анықталған, музыкалық-ырғақты қызметтің белгілі түрімен айналыса отырып, білім алушы ие болатын білім және біліктер көрсетілген.

      640. Әр сабақта белгілі ретпен барлық тараулар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алайда сабақтың міндеттеріне байланысты педагог әр сабақтың басы мен аяғында тырысуды босатуға, босаңсуға, сабырлыққа арналған жаттығулардың орындалатынын ескере отырып, әр тарауға бөлінетін уақытты бөледі.

      641. Сабақтары дұрыс ұйымдастырылған жұмыстардың реті, жеңіл материалды күрделі материалмен алмастыру, қысым түсіру мен босату сабақтарды өнімді және әрекетті етеді.

      642. Сабақта бағдарламаның тақырыбына, тарауына байланысты жұмыстың келесі формалары қолданылады:

      1) вокалдық тәсілдерді, жаттығуларды дұрыс орындауды көрсету;

      2) меңгерілетін шығармаларды, қандай да бір танымал әншінің орындауындағы оның жеке партиясын тыңдау;

      3) тыңдағандарын (көргендерін) ауызша талдау қимылдарды, ырғақты дұрыс түсінуге ықпал етеді;

      4) элементтерін, бөліктерін, тұтас күйінде жаттау, музыкалық материалды, би элементтерін жаттау;

      5) репетициялық сабақтар.

      643. Өз бетінше жүргізілетін сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмаларын дайындауға жұмсайтын уақыт шығынын ескеріп анықталады.

      644. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің ойнауын бағалайды, жіберілген қателерін белгілейді);

      2) білім алушының күнделігіне шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазуы;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      645. "Ритмика" пәнінің үлгілік оқу жоспарындағы "Аспапты сынып", "Вокалдық сынып (ән айту)" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушының музыка өнерінің түрлі көркемдік түсініктерін тұтас түсінуге итермелейді.

      646. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) білім алушы "ырғақ", "ритмика", "есеп", "өлшем", "музыкалық фраза", "такт", "бастау", "тақырып", "музыкалық өлшем", "музыкалық жанр" түсініктерін біледі;

      2) музыкалық-ырғақты жаттығулар, ырғақ сезімін және есту қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар, кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар, қимылдарды үйлестіруге, бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар, билейтін ойындар, музыкалық-кеңістік жаттығулары меңгеріледі;

      3) ырғақты қабылдау, саздылық, қимылдарды үйлестіру, ырғақ сезімі, есте сақтау жады, зейіні, музыканы ести білу, музыка тілін түсіну, сипаты, өлшемі бойынша билерді ажырату және биге арналған музыканы талдау білігі дамытылады;

      4) би қимылдары, хореографиялық этюдтер меңгеріледі.

      647. 1 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. "Ритмика" түсінігі. Негізгі қимылдар, түсініктер. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау. Бидегі амандасуды, қатар бойынша сапқа тұруды үйрену. Музыкалық сауат элементтері.

      2-тақырып. Жеке бұлшық ет топтарын және буындардың қозғалғыштығын дамыту. Тірек-қимыл аппаратын дамыту. Дененің әртүрлі бөліктеріне арналған жаттығулар: бас, мойын, иық бөлігі, қол, дене, аяқ. Бұлшық еттерді қыздыруға, координацияны дамытуға, бұлшық ет реакциясының жылдамдығына ықпал ететін жаттығуларды іріктеу. Жаттығулардың ырғақ негіздерінің музыкалық материалға сәйкес келуі.

      3-тақырып. Музыкалық шығарманың сипаты, оның қарқыны, динамикалық бояулары. Музыканы есту білігі. Музыканың сипатын анықтау. Қимыл арқылы музыкалық пьеса сипатының әртүрлі бояуларын көрсету білігі. Көңілді, байсалды, жігерлі, салтанатты.

      4-тақырып. Қарқын туралы түсінік. Музыка қарқынын мәнерлеу мәнімен танысу – баяу, қалыпты, жылдам. Қарқынды біртіндеп бәсеңдету түсініктері және дағдылары. Қимылдарды әртүрлі қарқында орындау білігі. Бір қарқыннан екінші қарқынға ауысу білігі. Қимылдарды біртіндеп жылдамдату және бәсеңдету. Музыканың динамикалық бояулары. Музыкадағы және қимылдағы legato (байланысқан) және staccato (үзік-үзік) түсініктері. Музыкалық-ырғақты жаттығулар.

      5-тақырып. Ұзақтықтар. Ырғақты сурет. Акценттер. Күшті және әлсіз үлестер. Музыкалық өлшем. Ұзақтықтар туралы түсініктер – тұтас, жарты, төрттік және сегіздік. Ырғақты суреттегі түсініктер.

      6-тақырып. Әртүрлі ұзақтықтарды үйлестіру. Шапалақтау және адымдау арқылы сегіздіктерден, төрттіктерден және жарты нотадан тұратын әртүрлі ырғақты суреттерді орындау білігі. Акцент, метроримдік қағыс туралы түсініктер. Күшті және әлсіз үлестер. Есту арқылы күшті және әлсіз үлестерді анықтау білігі. 2/4, 3/4, 4/4 музыкалық өлшемдері. Музыкалық-ырғақты жаттығулар.

      7-тақырып. Музыкалық шығарманың құрылымы. Әуен және аккомпанемент, фраза, кульминация, қайталау, бөліктері, реприза, басталуы, аяқталуы, шумақ, әндету, қайырма туралы түсініктер. Бөліктері мен фразалардың ауысуына байланысты қимылдарды ауыстыру білігі. Әртүрлі бөліктердің сипатын анықтау және музыка сипатымен қимылдау білігі. Музыкалық-ырғақты жаттығулар. Ырғақты жаттығулар.

      8-тақырып. Қолдарды, аяқтарды, денені, басты қозғалтуға арналған гимнастикалық жаттығулар. Музыкамен басты еңкейту, бұру, денені еңкейту және бұру, басты, қолдарды, иықтарды, денені айналдырып қозғалту. Отырып тұруды, алғы және жанға аттау, бар бағытқа аяқтарды сермеуді орындау. Кілемшелерде аяқ пен қолдың иілгіштігін, бұлшық еттерінің күшін дамытатын жаттығуларды орындау.

      9-тақырып. Ырғақты гимнастиканың кешені. Басқа арналған қимылдар. Иық пен денені қозғалту. Музыкамен қимылдарды анық және сауатты орындауды үйрету. Аяқтардың, қолдардың, бастың, дененің қимылдау функцияларын дамыту. Қимылдың сипатын өзгерту есебінен шыдамдылық пен күшті дамыту. Жаттығулардағы қимылдардың санын арттыру және қарқынды жылдамдату.

      10-тақырып. Жаттығу жасау кезінде дұрыс тыныс алу ережелерін меңгеру.

      11-тақырып. Кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар. Сапқа тұру және қайта сапқа тұру. Секіру.

      12-тақырып. Бал, халық және заманауи билердің элементтері. Халық билерінің негізгі элементтері. Би арқылы музыкадағы эмоциялық әсершілдікті дамыту. Музыкалық және актерлік қабілеттерін жетілдіру.

      13-тақырып. Би композициялары, этюдтер. Музыканың сипаты, қарқыны, ырғағы. Би этюдтерін құру. Музыкалық қимыл бейнелерін жеткізу. Әртүрлі бейнелерге түрлену білігін дамыту.

      14-тақырып. Елестетуді дамытуға арналған ойындар. Көңіл-күйді көтеруге арналған ойындар. Психологиялық кедергілерді жоюға арналған ойындар. Эмоциялық күйді түзетуге арналған ойындар.

      15-тақырып. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Практика. Музыкалық шығарманың үзіндісіне өз бетінше талдау жасауға және қимылдағы сипатын, қарқынын, ырғағын, динамикасын жеткізуге арналған тапсырмаларды орындау.

      648. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) тірек-қимыл аппаратын дамытуға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      2) музыкалық шығарманың сипатын, оның қарқынын, динамикалық бояуларын біледі;

      3) қимыл арқылы музыкалық пьесалардың сипатының әртүрлі ерекшеліктерін көрсете біледі;

      4) қимылдарды әртүрлі қарқында орындай алады;

      5) шапалақтау және адымдау арқылы сегіздік, төрттік және жарты ноталардан тұратын әртүрлі ырғақты суреттерді орындай алады;

      6) есту арқылы күшті және әлсіз үлестерді анықтай алады;

      7) қолдарды, аяқтарды, денені, басты қозғалтуға арналған гимнастикалық жаттығуларды біледі және орындайды;

      8) жаттығу жасау кезінде дұрыс тыныс алуды біледі;

      9) кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығуларды біледі және орындайды;

      10) бал биі, халық және заманауи билердің элементтерін біледі және орындайды;

      11) алған білімдері негізінде би композицияларын құруды біледі.

      649. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) би элементтерін меңгеру, музыкалық-ырғақты қимылдарды техникалық жетілдіру, музыкалық-ырғақты қимылдар кешенін бекіту, кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар, ырғақты-гимнастика жаттығулары, музыкамен қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар, ойындар, бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығуларды меңгеру әрі қарай жалғастырылады;

      2) ырғақ сезімі, пластика, қимылдарды үйлестіру және кеңістікте еркін бағдарлану дағдысы дамиды, қимылдарды заттармен орындау, жаңадан бастаған бишілерді дайындаудың арнайы жүйесі бойынша музыкамен жалпы бекітуге және дамытуға арналған жаттығулар жатталады;

      3) би қимылының музыкамен өзара байланысын дамыту, есту арқылы шағын екі бөлімді және үш бөлімді репризді шығармаларды фразаларға, бөлімдерге логикалық мүшелеуді анықтау, балалар музыка аспаптарымен орындалатын жаттығуларды меңгеру.

      650. 2 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Кеңістікте бағдарлануға арналған жаттығулар. Дұрыс бастапқы қалып. Тізені жоғары көтеріп, тік аяқты алға лақтырып және аяқтың ұшын артқа тартып жүру және жүгіру. Саптан, тізбектен шеңберге тұру. Қимылдардың алға, артқа, оңға, солға, шеңберге, шеңберден шығу, қимылдау бағытына бағдарлану. Қарапайым заттармен орындалатын қимылдар.

      3-тақырып. Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар. Басты еңкейту, түзету және бұру. Иықтарды айналдырып қозғалту. Қолдарды әртүрлі бағыттарға заттармен және заттарсыз қимылдату. Денені еңкейту және оңға, солға бұру. Сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз заттармен отырып тұру. Шығыршық. Таяқша. Жалауша. Доп. Көтеріп тұрып аяқтарды бүгу және ашу. Табанды сыртқа ашу және ішке қалпына келтіру. Табанмен айналу қимылдарын жасау. Аяқтың ұшын алға және жанға қою. Жартылай башпайға тұру. Дене сымбатын дағдыландыруға арналған жаттығулар.

      4-тақырып. Қимылдарды үйлестіруге арналған жаттығулар. Қолдарды айқастырып көтеру және түсіру. Бір уақытта оң қолды жоғары, сол қолды жанға; оң қолды алға, сол қолды жоғары қимылдату.

      5-тақырып. Қол позицияларын үйрену. Қол позицияларының әрқайсысын жеке және бір уақытта екеуін бірге ауыстыру. Қолдардың қимылдарын баспен, көзбен сүйемелдеу. Қарапайым ырғақты суреттерді соғу, шапалақтау, жерді тебу арқылы шығару.

      6-тақырып. Бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар. Қолдарды еркін айналдыру қимылдары. Ауырлықты өкшеден аяқ ұшына және кері, бір аяқтан келесі аяққа түсіру.

      7-тақырып. Музыканың сипаты, қарқыны, ырғағы, динамикасы. Барынша күрделі шығармаларды ауызша талдау. Музыка сипатының өзгеруіне әсер ету білігі. Қарқынның рөлі және оның өзгерістері. Музыканың дыбысталуы аяқталғаннан кейін берілген қарқынды ұстап тұру білігі. Музыкадағы жылдамдату және баяулатудағы қимылдардың анықтылығын сақтап тұру. Шапалақ және қимыл арқылы ырғақты суретті жеткізу.

      8-тақырып. Музыка және би. Музыка мен қимылдың өзара байланысы. Әуеннің және би қимылының аяқталғандығы. Музыканың басталуы және бишінің бастапқы тұру қалпы түсінігі. Музыка басталғаннан кейін қимылдарды орындауды бастау. Қимылдармен музыкалық шығарманың құрылымын көрсету. Үш музыкалық жанр туралы түсінік: марш, би, ән.

      9-тақырып. Есту арқылы шағын екі бөлімді және үш бөлімді репризді шығармаларды фразаларға, бөліктерге логикалық мүшелеуді анықтау. Қимылдарда музыкадағы бөліктерін, фразировкаларды, вариацияларды ауыстыруға сәйкес би композициялары мен жаттығуларды, бағыттар мен қимылдарды өзгертуді үйрету.

      10-тақырып. Балалар музыка аспаптарымен орындалатын жаттығулар. Қол буындарының әртүрлі бағытта қимылдауы. Музыка қарқынының өзгеруіне сәйкес қол саусақтарын кезегімен және бір уақытта жұму және ашу. Музыкадағы әрбір акцентке бірінші саусақты қалғандарына қарсы қою. Бір қолдың және екі қолдың саусақтарын ашу және жұму.

      11-тақырып. Балалар музыка аспаптарымен орындалатын жаттығулар. Балалар пианиносында қолдың саусақтарына арналған жаттығулар. Орта қарқында оң қолмен және сол қолмен жеке бір октаваның бес нотасы шеңберінде көтеріңкі және бәсең гаммаларды орындау. Педагогтің есептеуімен өлеңдерді, әндерді айтып және айтпай екі таяқшамен жеке және бірге барабанда ырғақты суреттерді соғу.

      12-тақырып. Музыкамен орындалатын ойындар. Музыканың әртүрлі сипатына, динамикаға (қатты, ақырын), регистрлеріне (жоғары, төмен) сәйкес ырғақты қимылдарды орындау. Музыкадағы өзгерістерге сәйкес жүрістің, жүгірістің, секірудің және би қимылдарының бағыттарын және формаларын өзгерту. Жеңіл, билеп жүгіру. Екпінді, спортты жүгіріс. Жеңіл, ойындық секірулер. Ауыр, күлкілі секірулер.

      13-тақырып. Нақты еліктейтін бейнелерге құрылған еліктеу жаттығулары мен ойындарын орындау. Аңдардың, құстардың, көліктің қозғалысы, адам қызметінің дағдылары. Музыканың белгілі эмоциялық және динамикалық сипатына сәйкес еліктеу жаттығуларын орындау. Музыкадағы қатты акценттерді жерді тебу, шапалақтау арқылы жеткізу.

      14-тақырып. Заттармен орындалатын музыкалық ойындар. Бейнелі жаттығулар және музыкалық ойындар. Көркем-шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға арналған жаттығулар. Қиялды, ойдан шығаруды, белсенділікті таныту. Жеке кейіпкерлерді – ертегі немесе шынайы кейіпкерлерді бейнелеу. Түрлену білігін дамытуға, мінезді қимылдарды, ишаратты және мимиканы табуға арналған ойындар.

      15-тақырып. Музыкалық ойындар. Сөзбен сүймелденетін ойындар.

      16-тақырып. Ойындағы би шығармашылығы. Музыкаға қимылдарды, костюмдерді, атрибуттарды дұрыс таңдауды үйрету. Ырғақты этюдтерді шығару. Шағын би үзінділерін шығару. Әндерді сахналау. Таныс би элементтерін нақты биге жинақтау.

      17-тақырып. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Музыкалық шығарманың үзіндісін өз бетінше талдауға және заттарды қолданып, қимылдармен музыканың сипатын, қарқынын, ырғағын, динамикасын жеткізуге арналған тапсырмаларды орындау. Әуендерді шартты қимылдармен көрсету білігі.

      651. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) негізгі би қимылдары мен элементтерінің атауын біледі;

      2) денені қою ережелерін біледі;

      3) кеңістікте еркін бағдарлануды біледі;

      4) ырғақты-гимнастикалық жаттығуларды біледі және орындай алады;

      5) музыка мен қимылдардың мазмұнына және ерекшеліктеріне сәйкес дұрыс бастапқы қалыпты түсінеді және қабылдайды;

      6) музыканың сипатын, қарқынын, ырғағын және динамикасын біледі;

      7) музыкаға назар аудара отырып, қимылдардың қарқынын сақтайды;

      8) жалпы дамытуға бағытталған жаттығуларды белгілі ырғақта және қарқында орындайды;

      9) нақты еліктеу бейнелеріне құрылған еліктеу жаттығуларын орындайды;

      10) музыкаға қимылдарды, костюмдерді, атрибуттарды дұрыс таңдауды біледі;

      11) ритмикалық суреттерді, шағын би үзінділерін шығаруды біледі.

      652. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) үзік-үзік ритммен, ырғақ ұзақтықтарымен: төрт он алтылық, нүктесімен сегіздік және он алтылық, нүктесімен төрттік және сегіздік, "үзіліс" түсігінімен танысу;

      2) ритмиканың жалпы элементтерін, қимыл мен музыканы үйлестіруге арналған арнайы жаттығуларды меңгеру, әртүрлі бұлшық ет топтарын жаттықтыру, қолдардың, аяқтардың, бастың, дененің негізгі қимылдарын жаттықтыруды әрі қарай жалғастыру;

      3) гимнастикалық қимылдар арқылы музыка тілін және оның эмоциялық мазмұнын логикалық бөлшектеуді жеткізу білігі, қимылды әуен басталғаннан кейін бастау білігі, музыка бөліктерінің, музыкалық фразалардың, аз кереғар бөліктерін ауыстыруға сәйкес қимылдарды өз бетінше ауыстыру білігі дамиды.

      653. 3 сыныптың оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Сабақта, жаттығуларды орындау, билерді жаттау кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы әңгіме.

      2-тақырып. Үзік-үзік ритм туралы түсінік. Ырғақты ұзақтықтар: төрт он алтылық, нүктесімен сегіздік және он алтылық, нүктесімен төрттік және сегіздік. Ырғақты фигуралардағы үзілістер. Дауыс ырғағы. Мотив. Фраза. Сөйлем.

      3-тақырып. Жалпы дамытуға бағытталған жаттығулар. Сапқа тұру және қайта тұру. Координацияға арналған гимнастика, жаттығулар. Бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар. Бастапқы қалпынан қолдардың еркін жанына немесе алдына құлауы. Негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру) жеңіл, серіппелі орындау. Қолдардың және барлық иық өлігінің еркіндігімен жұмыс.

      4-тақырып. Қимылдарды музыкамен үйлестіруге арналған арнайы жаттығулар. Әртүрлі бұлшық ет топтарының қимылдарын жаттықтыру. Қолдардың, аяқтардың бастың, дененің негізгі қимылдарын жаттықтыру. Гимнастикалық қимылдар арқылы музыканың сөздерін және оның эмоциялық мазмұнын логикалық талдауды жеткізу білігі.

      5-тақырып. Музыкамен келесі қимылдарды үйлестіру білігі: жылдам жүгіру. Музыкалық-теориялық тапсырмаларды орындауға арналған жаттығулар. Қимылдармен берілген қарқынды, сондай-ақ оның жылдамдауын және бәсеңдеуін жеткізу. Музыканың қарқынына байланысты қимылдың жылдамдығын, күшін және амплитудасын өзгерту. Музыканың дыбысталуы аяқталғаннан кейін қимылдардың біыңғай қарқынын сақтау.

      6-тақырып. Барынша жиі қолданылатын динамикалық бояуларды қимылдармен жеткізу. Музыкалық шығарманың эмоциялық сипатын қимылдармен көрсету. Есту арқылы 2/4, 3/4, 4/4 өлшемдерін қабылдау. Жатталған ырғақты суреттерді бір уақытта орындап және берілген өлшемдерде дирижерлеу. Төрт он алтылық, нүктесімен сегіздік және он алтылық, нүктесімен төрттік және сегіздік ырғақты формулаларын қамтитын ырғақты суреттерді орындау. Бұл ырғақты құрылымдарды шығарудағы абсолютті нақтылыққа қол жеткізу.

      7-тақырып. Билер. Музыканы, оған тән екпіндік және стильдік ерекшеліктерді, эмоциялық-поэтикалық мазмұнын логикалық бөлшектейтін қимылдарды орындау. Меңгерілген ырғақты суреттерде құрылған билерді орындау.

      8-тақырып. Шеңберге тұру және шеңбермен әртүрлі бағыттарда қозғалу. Фигуралық құрылымдар. Қатты-динамикалық нюанстарды жеткізу.

      9-тақырып. Музыкамен орындалатын ырғақты жаттығулар. Бет-бетімен сапқа тұру, бет-бетімен жүгіру. Бір қатардан бағыттары бойынша бірнеше қатарға тұру.

      10-тақырып. Әртүрлі сипаттағы ойын бейнелерін жеткізу. Екі дауыс элементтерімен ән айту дағдыларын дамыту. Хормен айту.

      11-тақырып. Таныс қимылдарға тән элементтер. Әндерді жаттау. Шығармашылық дағдыларды дамыту. Қимылдарды суырып салу – әртүрлі жанрдағы музыкаға пластикалық ырғақтау. Музыкалық үзіндіге тән қасиеттерді жеткізу. Ырғақты пластика арқылы орындалатын шығармаға, оған тән ырғақтарға жеке көзқарасын жеткізу.

      12-тақырып. Заттармен орындалатын жаттығулар. Қимылдарды заттармен және заттарсыз баяу және жігерлі орындау. Музыканың тактісімен шапалақтау. Хормен ән айту.

      13-тақырып. Бейнелі-қимыл әрекетіндегі акробатикалық жаттығулар комбинациялары.

      14-тақырып. Музыкамен орындалатын ырғақты жаттығулар. Әншілік тынысты қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

      15-тақырып. Еліктеу, бейнелі жаттығулар. Халық әндерін тыңдау білігін қалыптастыру. Шығармашылық дағдыларды тәрбиелеу. Суырып салу және жаттығулар арасындағы байланыстырушыларды шығару. Берілген рөлдерді жеке ойындарда және жаттығуларда орындау немесе оларда белгілі бейнені құру.

      16-тақырып. Би қадамдарынан тұратын комбинация. Арнайы композициялар және жаттығулар кешені.

      17-тақырып. Музыкамен орындалатын ырғақты жаттығулар. Әндер сүйемелдеу кезіндегі әртүрлі оркестрлердің дыбысталуымен таныстыру. Хореографиялық жаттығулар.

      18-тақырып. Өткен материалдарды қайталау және бекіту. Музыкалық этюдтар.

      654. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сымбатты дене мүсінінің дұрыс қалпын сақтай отырып, музыканың тактісімен аяқтың ұшымен жеңіл қадаммен дұрыс жүруді біледі;

      2) өз бетінше қозғалыстардың қарқынын жылдамдатады және баяулатады;

      3) қозғалыс кезінде музыкалық фразаларды, акценттерді, жеңіл ырғақты суреттерді ажырата алады;

      5) музыкалық бейнеге сәйкес мәнерлі қозғалады;

      6) актерлік мәнерлік дағдыларын біледі;

      7) қимылдардың тұрақтылығы, үйлестіру дағдыларын біледі;

      8) негізгі би жанрлары туралы түсініктері бар: полька, вальс, пляска, диско;

      9) қимылдарды музыканың сипатымен орындайды – анық, қатты, баяу, бірсарынды;

      10) қарқынды белгілерді біледі, қимылдарға қатысты қолданылатын қарқындарды біледі;

      11) тактілерді санауды, есту арқылы музыкалық өлшемдерді анықтауды біледі;

      12) билеуге арналған музыканың ерекшеліктерін ажыратады – марш, вальс, полька, би (пляски), хоровод;

      13) жаттаған билерінің музыкасын талдай алады;

      14) жаттығулардағы бастайтын және аяқтайтын аккордтардың мәнін біледі;

      15) қимылды музыкамен үйлестіруге арналған арнайы жаттығуларды орындай алады;

      16) қимыл арқылы музыкалық үзіндіге тән мәнерлеу ерекшеліктерін жеткізуді біледі.

3-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      655. Білім алушылардың "Ансамбль" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      656. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1 этюд), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1 этюд, 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 этюд, 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1-2 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 этюд, 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (2 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (2 этюд, 2 пьеса).

      657. Музыкалық білім беруде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және концерттік көрсетілімдерден алған бағаларынан тұрады.

      Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) білім алушының тиісті деңгейде аспапты меңгеруін көрсетуі;

      2) көркемдік бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі;

      4) музыкалық шығармаларды орындау сапасы (мәтінді анық айтуы, фразировка, метроритм, дауыс ырғағы);

      5) орындаушылық қабілеттері (психофизикалық мүмкіндіктері, музыкалық қабілеттері, эстрадалық-орындаушылық қасиеттері);

      6) ансамбль партиясының үйлесімді дыбысталуы;

      7) музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізудің біртұтастығы.

      658. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – мәнерлеп орындауы, стиль және форма сезімінің болуы, партиялар арасындағы баланстың жақсы сезілуі, сапалы дыбыс жүргізуі, дыбыс шығаруы, аспапты еркін меңгеруі, орындаушылық аппаратының еркіндігі, әр партияда есту қабілетін толық басқаруы, тембрлік, регистрлік міндеттері шешілген, ноталық материалды сауатты орындауы, шығарманы ұсынылған қарқында орындауы, орындайтын бағдарламасының сынып бойынша талаптарға сәйкес келуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – түсініп орындауы, стиль және форма сезімінің болуы, дауыс ырғағында қателерге жол берілуі, ноталық материалды анық орындамауы, жақсы дыбыс шығаруы, дыбысты жүргізуі, партиялар арасындағы баланстың жақсы болуы, аспапты еркін меңгеруі, орындайтын бағдарламасының сынып бойынша талаптарға сәйкес келуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – формалды түрде орындауы, стиль және форма сезімінің болмауы, бағдарлама қанағаттанарлықтай жатталған, партиялар арасындағы дыбыстық баланстың нашарлығы, орындауындағы үйлесімділіктің болмауы, техникалық қателерінің болуы, білім алушыға аспапты төмен деңгейде меңгерген, аппарты қысылған, қарқыны автордың ұсынған қарқынына сәйкес емес, педальді басқаруда қателерінің болуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарлама дайындалмаған, жиі тоқтап, жаңылысып орындау;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      659. Білім алушылардың "Қосымша музыкалық аспап" (бас-гитара) пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      660. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1 этюд), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1 этюд, 1 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 этюд, түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (1-2 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (1 этюд, түрлі сипаттағы 2 пьеса);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2 пьеса), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (2 этюд, түрлі сипаттағы 2 пьеса).

      661. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының тиісті деңгейде аспапты меңгеруін көрсетуі;

      2) көркемдік бейнені толық және сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі және орындаушылық интерпретацияда көрсетуі;

      4) музыкалық шығармаларды орындау сапасы (мәтінді анық айтуы, фразировка, метроритм, дауыс ырғағы);

      5) орындаушылық қабілеттері (психофизикалық мүмкіндіктері, музыкалық қабілеттері, эстрадалық-орындаушылық қасиеттері);

      6) ансамбль партиясының үйлесімді дыбысталуы;

      7) музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін жеткізудің біртұтастығы.

      662. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – түпнұсқаның мазмұнына, формасын сәйкес және білім алушының ұсынылған шығармаларға жеке көзқарасы көрінетіндей қанық, бейнелі музыкалық дыбысталуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – ұсынылған шығармалардың мазмұны мен формаларының ерекшеліктерін түсінуін көрсетіп, айтарлықтай түсініп музыкалық дыбыстауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – білім алушының теориялық біліміндегі және практикалық дағдыларындағы белгілі кемшіліктердің бар болуы, жеткілікті қанық орындамауы, аранжировкадағы қателерінің болуы форма құру элементтері арасындағы логикалық байланыстың алшақтығынан болуы мүмкін, орындауы дәлсіздігімен және қателіктерімен бірге жүреді. Ұсынылған шығармаларға деген жеке көзқарасы әлсіз көрінеді;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – орындайтын шығармаларындағы музыкалық бейнеліліктің болмауы, өрескел қателерінің болуы және аспапты әлсіз меңгеруі;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      663. Білім алушылардың "Электронды пернелі аспаптар" (Пернелі синтезатор) пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      664. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (әртүрлі сипаттағы 2-3 пьеса, оның ішінде авто сүйемелдеумен 1-2 пьеса), екінші жартыжылдықта: академиялық концерт (түрлі сипаттағы 2-3 пьеса, оның ішінде авто сүйемелдеумен 1-2 пьеса);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2-3 пьеса, оның ішінде авто сүйемелеумен 1-2 пьеса); екінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2 пьеса, оның ішінде авто сүйемелеумен 1-2 пьеса).

      3) 3 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (этюд, үш белгіге дейінгі диезді мажор және минор гаммалары, аккордтар, арпеджио, әртүрлі дыбыстардан құралған хроматикалық гамма); екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (этюд, үш белгіге дейінгі бемоль гаммалары, аккордтар, арпеджио, хроматикалық гамма);

      4) 4 сынып – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (этюд, төрт-бес белгіге дейінгі диезді мажор және минор гаммалары, аккордтар, арпеджио, хроматикалық гамма); екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (этюд, төрт-бес белгіге дейінгі мажор және минор гаммалары, аккордтар, арпеджио, хроматикалық гамма); академиялық концерт (әртүрлі сипаттағы 2-3 пьеса, оның ішінде авто сүйемелдеумен 1-2 пьеса);

      5) 5 сынып – бірінші жартыжылдықта: бітіру бағдарламасын тыңдау (4 шығарма, оның ішінде 2 шығарма авто сүйемелдеусіз, 2 шығарма авто сүйемелдеумен: полифония; авто сүйемелдеумен және авто сүйемелдеусіз 1 вариация немесе сонатина; авто сүйемелдеумен және авто сүйемелдеусіз орындалатын пьеса, авто сүйемелдеумен және авто сүйемелдеусіз орындалатын Қазақстан композиторының пьесасы);

      665. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) музыкалық шығарамның күрделілік деңгейі;

      2) орындаушылық шеберлігінің білім алушының дайындық деңгейіне, қабілетіне және мүмкіндіктеріне сәйкестігі;

      3) орындауының эмоциялығы және қанықтылығы, көркемдік бейненің анық көрінуі;

      4) музыкалық шығарманың ерекше және креативті жеткізілуі;

      5) шығарманы орындау сапасы (мәтінді нақты айтуы, фразировка, метроритм, дауыс ырғағы);

      6) орындаушылық қабілеттері (психофизикалық мүмкіндіктері, музыкалық қабілеттері, эстрадалық-орындаушылық қасиеттері);

      7) барлық партияның үйлесімді дыбысталуы;

      8) заманауи кәсіби талаптарға сәйкес музыкалық-орындаушылық аппаратты қою;

      9) өнер көрсетуі кезінде орындау және жүріс-тұрыс мәдениеті (сыртқы келбеті, жинақылығы, тыңдармандарға көзқарасы).

      666. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – бағдарламаны сауатты және техникалық жағынан мінсіз орындауы, шығарманың көркемдік мазмұны толық көлемде ашылған және өзгешілігімен және жаңашылдығымен ерекшеленеді; бағдарламаны жатқа орындауы – эмоциямен, мәнерлі, креативті, қабылдауға қолайлы, түсінікті және стилистика жағынан сауатты, сенімді және формасы жағынан аяқталған; орындалатын шығармаларға деген көзқарасын байқатады; музыкалық шығарманың түпкі ойын мейлінше қанық түрлендіруге қол жеткізуде аспаптың функционалдық мүмкіндіктерін максималды қолдануы; көркемдік жағынан негізделген техникалық тәсілдерді қолдануы, ойын аппаратының еркіндігі, ептілігі; дыбыс шығарудың түрлі тәсілдерін, пернелі синтезатордың қандай да бір тембрінің қатынасындағы артикуляция тәсілдерін білуі; синтезаторда ойнауға тән тәсілдерді және басқару панелін еркін меңгеруі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – түсініп, техника жағынан еркін және мәнерлі орындауы, шығарманың бейнесі мен сипатын, оның мазмұнын және құрылымын жеткілікті түрде түсінуі байқалады; бағдарлама жатқа орындалады, орындалатын шығармаларға деген жеке көзқарастары көрінеді, сәл техникалық және стилистикалық қателіктер байқалады, ойын аппартын аздап қысылыңқы ұстайды; дыбыс шығарудың әртүрлі амалдарын және пернелі синтезатордың қандай да бір тембрін дыбыстау үшін ерекше артикуляция тәсілделін игерудегі ұсақ нақты емес тұстарының болуы; синтезаторға тән ойнау тәсілдерін және басқару панелін игеруде сәл кемшіліктерінің болуы, ол аранжировканың тұтас құрылымын бұзбайды;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – орындауы білім алушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін толық көлемде ашпайды, көрсетіп отырған бағдарламасы жетік орындалмауымен ерекшеленеді; жатқа ойнауы кезінде көптеген кемшіліктер мен қателіктер жіберілген; орындалатын шығарамаларға деген саналды және тұлғалық көзқарасы көрінбейді, техникалық дағдылары мен тәсілдері әлсіз дамыған, ойын аппараты қысылған; дыбыс шығару және синтезатордың қандай да бір тембрін дыбыстауға тән артикуляциялауда көптеген қателері бар; пернелі синтезаторда ойнау тәсілдерін және басқару панелін жетік білмеуі;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – орындалатын бағдарламасында мағыналық жүктеменің болмауы, шығарманы жатқа білуінің төмендігі, өрескел қателерінің болуы және аспапты төмен деңгейде игеруі;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      267. Білім алушылардың "Сүйемелдеу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      268. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі жанрдағы түрлі 2 шығарма), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (стилі, сипаты, қарқыны және фактурасы әртүрлі 2 шығарма);

      2) 2 сынып – бірінші жартыжылдықта: академиялық концерт (әртүрлі жанрдағы түрлі 2 шығарма), екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (стилі, сипаты, қарқыны және фактурасы әртүрлі 2 шығарма).

      669. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) білім алушының тиісті деңгейде аспапты меңгеруін көрсетуі;

      2) техникасының деңгейі, дыбысты білуі, мәнерлі орындауы, музыкалық бейнені ашу және көрсету;

      3) шығарманы ансамбльде орындау сапасы;

      4) орындаушылық қабілеттері (психофизиологиялық мүмкіндіктері, музыкалық қабілеттері, эстрадалық-орындаушылық қасиеттері);

      5) ансамбль партияларының дыбысталуының үйлесімділігі;

      6) музыкалық шығарманың көркем бейнесін жеткізудің тұтастығы.

      670. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – мәнерлі орындауы, стиль және форма сезімінің болуы, партиялар арасындағы жақсы баланс, сапалы дыбыс жүргізу, дыбыс шығару, аспапты еркін меңгеру, орындаушылық аппаратының еркіндігі, әр партияда есту қабілетін толық басқаруы, тембрлік, регистрлік міндеттері шешілген, ноталық материалды сауатты орындауы, шығарманы ұсынылған қарқында орындауы, орындайтын бағдарламасының сынып бойынша талаптарға сәйкес келуі;

      2) "4" "жақсы" бағасы – түсініп орындау, стиль және форма сезімінің болуы, дауыс ырғағында қателерге жол беру, ноталық материалды анық орындамау, жақсы дыбыс шығару, дыбысты жүргізу, партиялар арасындағы баланс, аспапты еркін меңгеру, орындайтын бағдарламаның сынып бойынша талаптарға сәйкес келуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – формалды түрде орындау, стиль және форма сезімінің болмауы, бағдарлама қанағаттанарлықтай жатталған, партиялар арасындағы дыбыстық баланстың нашарлығы, орындаудағы үйлесімділіктің болмауы, техникалық қателердің болуы, білім алушыға аспапты төмен деңгейде меңгерген, аппараты қысылған, қарқыны автордың ұсынған қарқынына сәйкес емес, педальді басқаруда қателердің болуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – бағдарлама дайындалмаған, жиі тоқтап, жаңылысып орындау;

      5) "сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      671. Білім алушының "Вокал" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      672. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (1 вокализ, қазақ және орыс тілдерінде 2 вокалдық шығарма);

      2) 2 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (1 вокализ, қазақ және орыс тілдерінде 2 вокалдық шығарма);

      3) 3 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (1 вокализ, қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде 3 вокалдық шығарма);

      4) 4 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3 вокалдық шығарма).

      673. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) вокалдық-техникалық және орындаушылық шеберлігі (дауыс ырғағының сапасы, дикцияның тазалығы, мәтінді түсініп айту, ырғақтық, әншілік диапазонының кеңдігі, баса айтудың мәнерлігі, динамикалық ерекшеліктер, тембрдің қанықтығы, стиль сезімі, орындау нақышы, микрофонды игеруі);

      2) шығарманың көркемдік түрленуі (әртістік, пластика, сахналық жеткізу, шығарманың көркемдік бейнесін шешудегі ерекшелік, орындаушылық еркіндік).

      674. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы ("өте жақсы") – вокалдық аппаратты еркін игеруі, әншілік тұғырдың дұрыс қойылуы, дауыс ырғағының тазалығы, дыбыс жүргізудің, нюанстардың негізгі тәсілдерін білуі, есту қабілетін өзі бақылауы, ноталық мәтінді нақты оқуы және білуі, шығарманың көркемдік бейнесін ашуы, мәнерлі, әртістікпен орындауы, музыкалық мәнерлілік құралдарын ақындық және музыкалық мазмұнымен ұштастыруы, орындап отырған шығармасына өз бетінше интерпретация жасау, орындау мәдениетінің жоғарылығы;

      2) "4" бағасы ("жақсы") – вокалдық аппаратты еркін игеруі, дұрыс қойылған әншілік тұғыр, дыбыс жүргізудің негізгі тәсілдерін, нюанстарды білуі, ноталық мәтінді білуі, есту қабілетін өзі бақылауы жеткіліксіз, шығарманың күрделі тұстарындағы техникалық олқылықтар (дауыс ырғағының таза болмауы), музыкалық түпкі ой тұрғысынан алғанда түсініп орындауы жеткіліксіз, сахнадағы жүріс-тұрысының психофизикалық тұрақсыздығы;

      3) "3" бағасы ("қанағаттанарлық") – вокалдық аппаратты меңгеруі, дыбыс шығару тәсілдерінің жеткіліксіздігі, қарқын-ырғақтық ұйымдастырудың болмауы, дыбысталудың динамикалық біртектілігі және бірсарындылығы, авторлық ноталық мәтінді оқуда музыканы дұрыс түсінбей, формалды түрде орындап шығуы, орындауда есту қабілетін бақылауы әлсіз, орындауында стилистикалық және екпіндік қателері бар, орындау мәдениетінің деңгейі орташа, сахнадағы психологиялық күйі тұрақсыз;

      4) "2" бағасы ("қанағаттанарлық емес") – вокалдық аппаратты, дыбыс шығару тәсілдерін жекіліксіз меңгеруі, есту қабілетін бақылауының әлсіздігі, мәнерсіз дауыс ырғағын келтіру, метроритмикалық тұрақсыздығы, ноталық мәтінді нашар білуі, орындау мәдениеті деңгейінің төмендігі, сахнадағы психологиялық күйі тұрақсыз;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      675. Білім алушының "Нотаны парақтан оқу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      676. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (2 әртүрлі сипаттағы этюд, пьеса);

      2) 2 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (3 әртүрлі сипаттағы этюд, пьеса, ансамбль);

      3) 3 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (3 әртүрлі сипаттағы этюд, пьеса, ансамбль, полифониялық шығарма);

      4) 4 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (3 әртүрлі сипаттағы пьеса, ансамбль, полифониялық шығарма);

      5) 5 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (3 әртүрлі сипаттағы пьеса, ансамбль, полифониялық шығарма).

      677. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) аспапты меңгерудің техикалық деңгейінің жеткіліктігі;

      2) музыкалық шығарманың көркем бейнесін сенімді ашуы;

      3) орындалатын шығарманың стилін түсінуі.

      678. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – музыкалық шығарманы қатесіз, педагогтің кеңестері мен ұсынымдарын ескеріп орындау; ырғақты орындау; әртүрлі орындаушылық құралдарды (динамика, артикуляция, штрих) және шығарманың сипатына, мазмұнына және стиліне, қарқындық белгілеріне сәйкес келетін аспаптың техникалық мүмкіндіктерін түсініп, эмоциямен орындау;

      2) "4" "жақсы" бағасы – дыбыс шығарудың жеткілікті еркін болмауы, жеке ырғақты суреттерді орындаудағы кейбір қателіктері; музыкалық материалдарды сәл мәтіндік кемшіліктермен орындауы; шығарманы эмоциямен орындауы, аспаптың әртүрлі орындаушылық мәнерлеу құралдарын және техникалық мүмкіндіктерін сәл анық емес және сенімсіздеу орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – музыканың бейнесін түсінбей, ноталық мәтінін формалды түрде оқу; өзінің орындауын басқаруы әлсіз; динамикалық, аппликатуралық, технологиялық міндеттерді түсінуі шекті; қарқынды-ырғақты ұйымдастырылмауы, дыбысталуының біртектілігі және бірсарындылығы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – ноталық мәтінді шығарудағы қателіктері; өзінің орындауын басқара алмауы; дыбыс шығару сапасының төмен болуы; метрлік-ырғақтық тұрақсыздығы; орындау кезінде жиі тоқтауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      679. Білім алушының "Суырып салу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      680. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 7 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (берілген жанрларда – полька, вальс, марш шығару, суырып салу);

      2) 8 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (сүйемелдеумен, сондай-ақ а капеллада екі дауыс, үш дауыс, төрт дауысқа арналған халық әндерін шығару);

      3) 9 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (ән және романс жанрларында берілген тақырыпқа шығару, суырып салу);

      681. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) композиция негіздерін, форма құрайтын элементтерді, бастапқы материалдың дамуының жалпы қағидаттарын (мотив және оның дамуы), фразировканы білуі;

      2) әртүрлі стильдегі артикуляцияның, акцент қоюдың ерекшеліктерін білуі;

      3) суырып салу технологияларын және оларды ұйымдастыру қағидаттарын меңгеру;

      4) әртүрлі ырғақты, гармоникалық, әуендік үлгілерді меңгеру;

      5) тасымалдау дағдылары (секвенциялау);

      6) әріптік немесе сандық белгілермен жазылған гармоникалық сызбаларды парақтан оқу дағдылары;

      7) есту арқылы ойнау дағдылары.

      682. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – суырып салуда әуенді "әшекейлеудің" барлық үйренген тәсілдерін сауатты қолдануы, оқытудың осы кезеңінің барлық талаптарына сәйкес техникалық жағынан сапалы және көркемдік түсініп орындауы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – суырып салудың құрылымындағы аздаған кемшіліктер, техникалық, сондай-ақ көркемдік жағынан аздаған кемшіліктермен орындауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – суырып салудың құрылымындағы аздаған кемшіліктердің болуы, көптеген қателермен орындауы, төмен көркемдік деңгейде ойнауы, ойын аппаратының еркін болмауы, орындау кезінде уақытша тоқтауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – суырып салудың құрылымындағы кемшіліктердің көп болуы, бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      683. Білім алушының "Композиция" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      684. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (қарапайым үш бөлімді формада екі бейнені қамтитын бейнелі пьесалар);

      2) 2 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (вариациялар);

      3) 3 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (сонатина);

      4) 4 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (а капелламен үш дауысты хор);

      5) 5 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (фортепианомен үрлемелі аспапқа арналған немесе ағаштан жасалған екі үрлемелі аспапқа арналған пьеса);

      6) 6 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (фуга немесе фугато);

      7) 7 сыныпта – екінші жартыжылдықта: сынақ (әртүрлі сипаттағы және әртүрлі жанрдағы 4 шығарма, оның ішінде жеке аспапқа арналған 2 шығарма (білім алушының таңдауы бойынша кез-келген аспап), 1 камералық шығарма және 1 ән немесе романс).

      685. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) аспаптау;

      2) тақырыптық музыкалық дамуы;

      3) шығарманың негізгі ойын түрлендіруі;

      4) композицияның ережелерін орындауы;

      5) дауыстау ырғағы.

      686. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – музыкалық сауат негіздерін, музыка теориясын, гармонияны (аккомпанементтің қарапайым түрлерін), музыкалық форманы жақсы білуі, аспапта техникалық жағынан сапалы және көркем түсініп орындау, өз шығармалардың ноталық мәтінін дұрыс, сауатты жазу және оларды сахнада мінсіз орындау;

      2) "4" "жақсы" бағасы – суырып салудың құрылымындағы аздаған кемшіліктер, техникалық, сондай-ақ көркемдік жағынан сәл қателермен орындауы.

      687. Білім алушының "Дирижерлеу" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      688. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 7 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (шығармаларды вокалды-хор талдау);

      2) 8 сыныпта – бірінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (бір шығарманы дирижерлеу (бір-екі дауысты а’caрpella [а капелла]); хор партиясын жатқа орындау және дауыстарды айту (көлденең); екінші жартыжылдықта: техникалық сынақ (екі шығарманы дирижерлеу (екі дауысты); шығарма партитурасын а’caрpella [а капелла] орындау және дауыстарды жатқа айту);

      3) 9 сыныпта – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (а’caрpella [а капелла] дирижерлеу; сүйемелдеумен хорды шығарманы дирижерлеу).

      689. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) дирижерлік аппаратты қою: денені (кеуде, иық), басты (бетті, көздерді), қолды, аяқты қою;

      2) хор шығармасының мазмұнына, сипатына музыкалық мәнерлеу құралдарына сәйкес дирижерлеудің практикалық тәсілдерін меңгеру;

      3) дирижерлік қимылдарға қойылатын талаптар (қанықтылық және мәнерлілік, мазмұндылық және аяқталғандық; анықтылық және нақтылық; жігер және эмоциялық негізінің болуы; еркіндік және табиғилық; дыбыстық толықтыру).

      690. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – мәнерлі және техникамен дирижерлеу, берілген партитуралардағы дауыстарды жатқа жақсы білу, хор партияларын таза ырғақтау, сахнада өзін әртістік ұстау;

      2) "4" "жақсы" бағасы – мәнерлі және техникамен дирижерлеу, дауыстарды жатқа білу, алайда кейде дауыс ырғағы нақты емес, төрттен кем музыкалық нұсқаны орындауы, сахнада әртістік ұстауы;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – шығарманы техникалық дәлсіздіктермен, қателермен дирижерлеу, көркем бейнені аса мәнерсіз жеткізу, дауыстарды немқұрайлы орындау, кейбір партияларды білмеуі, төрттен кем музыкалық нұсқаны орындауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – ешқандай бастамашылдықсыз дирижерлеу, көптеген техникалық қателіктерінің болуы, бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

      691. Білім алушының "Ритмика" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау техникалық сынақ түрінде іске асырылады.

      692. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптар:

      1) 1 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (жалпы дамытуға бағытталған жаттығулар кешені, музыкалық-теориялық тапсырмаларды орындауға арналған жаттығулар);

      2) 2 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (жалпы дамытуға бағытталған жаттығулар кешені, музыкалық-теориялық тапсырмаларды орындауға арналған жаттығулар, екі бөлімді формаға арналған ырғақты жаттығулар);

      3) 3 сынып – бірінші және екінші жартыжылдықтарда: техникалық сынақ (музыкамен орындалатын ырғақты ойындық жаттығулар, шапалақпен, адымдармен немесе қолдың шартты қимыларымен орындалатын ырғақты суреттер, ырғақты этюдтер).

      693. Білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі бағалау өлшемшарттары ескеріледі:

      1) музыканың метрі және ырғағымен, қарқыны және динамикасымен байланысты негізгі түсініктерді білуі;

      2) музыкадағы лад түсінігін білуі және би қимылдарында лад ерекшелігін көрсету білігі;

      3) музыкалық синтаксис туралы алғашқы білімі;

      4) би қадамдарына қатысты ноталардың ұзақтықтары туралы түсініктер;

      5) қимылды музыкалық шығарманың құрылымымен үйлестіру білігі;

      6) алған теориялық білімдерін қолданып, музыкалық шығарманы ауызша талдау білігі;

      7) ырғақты суреттерді қимылмен орындау дағдылары;

      8) музыкалық-ырғақты жаттығуларды би қимылдарымен үйлестіру дағдылары.

      694. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" бағасы ("өте жақсы") – тапсырманы сенімді, еркін, сауатты және дұрыс орындауы, теориялық білімі мен практикалық дағдыларының жақсы сапасын көрсетуі;

      2) "4" бағасы ("жақсы") – жұмыстың жеке түрлерінде жіберілген қателіктері: практикалық тапсырмаларды орындау қарқынындағы аздаған қателіктері, ауытқулары, теориялық біліміндегі аздаған қателердің болуы;

      3) "3" бағасы ("қанағаттанарлық") – би қимылдарын сауатсыз және мәнерсіз орындауы, техникалық дайындығының әлсіздігі, орындау еркіндігінің болмауы;

      4) "2" бағасы ("қанағаттанарлық емес") – өрескел қателер, теориялық материалды білмеуін көрсетуі, практикалық дағдыларының болмауы, бағдарламалық талаптарды орындамауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың аталған кезеңінің тиісті деңгейіне сәйкес.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 543 бұйрығына
85-қосымша

Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Дыбыс жазу және видеоға түсіру", "Сценарийлік шеберлік", "Операторлық шеберлік" және басқалары" білім беру бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық білім беру бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Балалар өнер мектептерінің "Таңдау бойынша пән: "Дыбыс жазу және видеоға түсіру", "Сценарийлік шеберлік", "Операторлық шеберлік" және басқалары" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) таңдау пәніне оқытудың мақсатын, нәтижелерін және мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешенін анықтайды.

      2. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың таңдау пәндері бойынша теориялық және практикалық білім, білік және дағдыларды алуына, кино өнері құралдары арқылы әлемді эстетикалық және көркем тануына жағдай жасау.

      3. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) білім алушының дыбыс жазу және видеоға түсіру, сценарийлік шеберлік, операторлық шеберлік пәндеріне оқыту процесінде білім алушының шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған білім, білік және дағдыларын қалыптастыру;

      2) кино өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, оның көпқырлылығын және әдемілігін ашу;

      3) қоршаған шынайылықтың көріністеріне тұлғалық тұтас эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

      4) ой-өрісті кеңейту және білімді, орындаушылық білік пен дағдыларды меңгеру.

      Дамыту:

      1) балалардың бағдарламаны меңгеру процесінде алған білім, білік және дағдылар негізінде бала тұлғасын көркемдік-эстетикалық дамыту;

      2) зейінді, есте сақтау жадын, елестетуді, тілді, эмоциялы-жігерлі саланы, зияткерлік, музыкалық және шығармашылық қабілеттерді дамыту;

      3) кино өнері арқылы шығармашылық қабілетті дамыту;

      4) шығармашылық қиялды, көркем ойлауды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуді дамыту;

      5) рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнмәтінде көркем талғамды және бағалау өлшемшарттарын қалыптастыру;

      6) білім алушының танымдық қызметін ынталандыру;

      7) білім алушының кәсіби өзін өзі анықтауы үшін жағдай жасау.

      Тәрбиелік:

      1) көркем мәдениетке, өнерге араластыру;

      2) көркемдік талғамды, эстетикалық сезімді және әсемділікті түсінуге тәрбиелеу;

      3) араласудың әлеуметтік мәдени ортасын құру;

      4) отандық мәдениеттің құндылықтарына, халық шығармашылығының озық үлгілеріне, классикалық және заманауи өнерге араластыру.

      5) өмірде алған білімдері мен дағдыларын қолдану қабілеті бар шығармашылыққа бағдарланған тұлғаны тәрбиелеу.

      4. Бағдарламаны меңгеру қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарымен анықталады.

      5. Педагогтің білім алушымен топтық жүргізетін сабағы сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы болып табылады.

      6. Бағдарлама кино өнері бөліміндегі таңдау бойынша пәндерді меңгеруді қалайтын балаларды оқытуға арналған.

2-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, оқытудың тәсілдері мен әдістері

      7. Бағдарлама тұлғалық, танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамытудың негізгі міндеттер жүйесі арқылы іске асырылады. Оқытудың мазмұны оқу процесінде қалыптасатын іс-әрекет тәсілдерімен, кино өнері шығармашылығымен және араласу формаларымен байланыста іске асырылады.

      8. Педагог оқу міндеттерін белгілеудегі икемділік, әр баланы оқыту стратегиясын қалыптастыру мүмкіндіктері есебінен әр білім алушыға жеке тәсілмен келуді іске асыруға жағдай жасайды.

      9. Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу қағидаттары:

      1) кино өнері саласында білім, білік және дағдыларды меңгерудегі сатылылық;

      2) кинематографиядағы мамандық негіздерін игерудегі реттілік және қолжетімділік;

      3) саналылық және белсенділік – сабақтарға деген саналы көзқарас, білім алушылардың үйретілетін материалдарды меңгеруге және оны түсініп орындауға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу;

      4) сабақтардың жүйелілігі мен ұдайылығы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесінің үздіксіз жүруін көрсетеді;

      5) оқу процесінің мақсаттылығы;

      6) "білімнен – шығармашылыққа" қағидаты білім алушыларға белгілі білім деңгейі кезінде кино өнерінің әртүрлі салаларында өзінің шығармашылық қолтаңбасын жасауға мүмкіндік береді.

      10. Бағдарлама дарындылығы, дайындығы және жалпы дамуы түрлі деңгейдегі балаларға арналған.

      11. Бағдарлама білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін:

      1) шығармашылық қызмет тәжірибесін алуы;

      2) әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын меңгеруі;

      3) кинематография саласында білім алуы;

      4) кино өнері саласындағы негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын әрі қарай меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру.

      12. Психологиялық-педагогикалық қолдау:

      1) білім алушының даралығына сәйкес оның тұлғалық, зияткерлік және әлеуметтік дамуына, өзін өзі кәсіби анықтауына, зияткерлік-тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға;

      2) білім алушының бойында оқуға деген оң уәждемесін қалыптастыруға;

      3) білім алушының тұлға ретінде дамуына және өзін өзі жетілдіруіне ықпал ететіндей тұлғаға өзін өзі тануда, олардың өзіне шынайы баға беруіне және нақты өмірлік жағдайларда бейімделуінде, қиын жағдайларды жеңуде және эмоциялық тұрақтылыққа қол жеткізуде көмек көрсетуге;

      4) Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес білім алушыға психологиялық көмек көрсетуге және қолдауға бағытталған.

      13. Білім алушыларға қажетті білік және дағдыларды дағдыландыру мазмұны, сипаты және стилі жағынан әртүрлі кино өнері шығармаларымен жұмыста іске асырылады.

      14. Бағдарлама білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескереді, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және оқу пәні шеңберінде меңгерілген арнайы білім, білік және дағдылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған.

      15. Бағдарламаның әдістемелік негізі:

      1) тұлғаны қалыптастырудың тұтастық тәсіл тұжырымдамасы;

      2) оқытудағы жас, тұлғалық қызметтік, жеке сараланған және мәселені зерттеу тәсілдері;

      3) заманауи педагогиканың жалпы дидактикалық постулаттары, білім беру процесінің белгіленген мазмұны, формалары және тәсілдері;

      4) дамыта оқытудың мәнмәтініндегі білім алушының шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту мәселелерін әзірлеу;

      5) кинематография саласындағы көрнекті педагогтер мен өнертанушылардың теориялық ережелері мен әдістемелік нұсқаулары.

      16. Бағдарлама мақсатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары:

      1) табиғи сәйкестілік және қолжетімділік қағидаты білім алушының жас ерекшеліктерін ескереді, білім алушының рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін үйренуге, орындауға лайық оқу материалын іріктеп алуға мүмкіндік береді;

      2) сабақтастық қағидаты мазмұны деңгейі жағынан барлық оқыту сыныптарының арасындағы байланысты және бишілік-орындаушылық қызметін білдіреді;

      3) оқытуды дараландыру қағидаты кино өнерін практикада меңгерудің негізгі тәсілі болып табылады;

      4) шығармашылық қағидаты білім алушының қабілеттерін және бейімділіктерін ашуды болжайды, табыстылық жағдайын құруға, өнермен қуана араласуға ықпал етеді.

      17. Қойылған міндеттерді орындау үшін қолданылатын оқыту әдістері:

      1) ауызша әдіс – сұхбат, әңгіме, түсіндіру, пікірталас;

      2) көрнекілік-демонстрациялық – бақылау, интерактивті және мультимедиалық таныстыруды көрсету;

      3) практикалық – көрсету, түсіндіру, білім алушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындауы;

      4) талдау – салыстыру және жалпылау, қисынды және сыни ойлауды дамыту;

      5) эмоциялық – ассоциацияларды, бейнелерді, көркем әсерлерді таңдау, музыкалық бейнелі ойлауды дамыту.

      18. Әдістерді таңдау білім алушының жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты: физикалық қабілеттері, жеке қабілеттерінің даму деңгейі.

      19. Сабақ формалары:

      1) теориялық;

      2) практикалық.

      20. Осы Бағдарлама негізінде педагог білім беру процесін ұйымдастырудың анықталған сынып үшін ұтымды және барынша тиімді мазмұнын, әдістерін және тәсілдерін анықтайтын оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

      21. Оқу жұмыс бағдарламасының құрылымдық элементтері:

      1) титул парағы;

      2) түсінік хат;

      3) оқу қызметін жоспарлау;

      4) оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

      22. Титул парағындағы негізгі мағлұматтар:

      1) білім беру ұйымының аталуы;

      2) оқу пәнінің аталуы;

      3) оқу жұмыс бағдарламасы арнайы әзірленген сыныпты көрсету;

      4) оқу жұмыс бағдарламасының жұмыс мерзімі (оқу жылы);

      5) педагог туралы қысқа мағлұмат;

      6) білім беру ұйымы басшысының оқу жұмыс жоспарын бекіткендігін белгілеуге арналған орын.

      23. Түсінік хаттың мазмұны:

      1) осы Бағдарлама негіздеме ретінде;

      2) анықталған сыныпта пәнді оқыту кезіндегі өзекті педагогикалық мақсат пен міндеттер;

      3) анықталған сыныптағы оқытудың ерекшеліктері (дамыту, түзету-дамыту, дарынды балалармен жұмыс);

      4) аталған сыныпта жұмысты ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен мәселелер;

      5) себептер мен өзгерістердің мақсаттарын көрсете отырып, жеке тақырыптық блоктарды (бөлімдерді) меңгеру мерзімдерін және (немесе) уақытын өзгерту туралы ақпарат.

      24. "Оқу қызметін жоспарлау" тарауы білім алушылардың қызметтерінің сипатын ерекшелейтін тақырыптық күнтізбелік жоспардан, сыныптар бойынша репертуарлық тізбеден құралады.

      25. "Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету" тарауының мазмұны:

      1) білім алушыларға арналған танымдық әдебиеттер тізбесі;

      2) педагогке арналған әдістемелік әдебиеттер тізбесі;

      3) оқу-көрнекілік құралдар тізбесі.

      26. Педагогтің оқу жұмыс бағдарламасы әдістемелік кеңестің отырысында қарастырылады және білім беру ұйымының басшысы оқу жылы басталғанға дейін бекітеді.

      27. Теориялық және практикалық сабақтар бір уақытта жүргізіледі.

      28. Сабақтан тыс жұмыс түрлері:

      1) өзіндік сабақтар;

      2) семинарларға және шеберлік сыныптарға қатысу;

      3) бақылау сабақтарына және сынақтарға дайындау;

      4) шығармашылық есеп беруге, концерттік көрсетілімдерге дайындау;

      5) киностудияларға, кинотеатрларға бару;

      6) шығармашылық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу.

3-тарау. Оқыту мазмұны және Бағдарламаны меңгерудегі күтілетін нәтижелер

      29. "Дыбыс жазу және видеоға түсіру" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) алғашқы дыбыс жазу – түсіру процесінде жүзеге асырылатын дыбыс жазу;

      2) видеосигнал – телевизиялық сигналдың негізгі құраушысы, телевизиялық немесе факсимильдік көрініс туралы кодталған ақпараттан тұратын күрделі кеңжолақты электр сигналы. Видеосигнал радиолокацияда қолданылады. Видеосигнал түсінігі электрондық-сәулелік түтіктерге негізделген аналогтық, сандық телевидениеде, компьютерлердің ақпаратты бейнелеу жүйелерінде қолданылады;

      3) видеостудия – кино және видео түсірілім жүргізу үшін жарық және дыбыс аппараттарымен жабдықталған бөлме;

      4) видеосюжет – деректі желінің қысқа видеожазбасы;

      5) дыбыс – қатты, сұйық немесе газ тәрізді ортада механикалық тербелістердің серпінді толқын түрінде таралуын білдіретін физикалық құбылыс;

      6) екінші рет дыбыс жазу – монтаждау-тон беру кезеңде іске асырылатын дыбыстау;

      7) зарядты байланысы бар құрал (ПЗС-матрица) немесе charge-coupled device [чардж коуплед девайс] (CCD-матрица) – жарыққа сезімтал фотодиодтардан құралған, кремний негізінде жасалған, ПЗС технологиясын – зарядты байланысы бар құралдарды қолданатын мамандандырылған аналог интегралды микросызба;

      8) қараңғылау (тонировка) – түсірілім барысында сол немесе басқа себептермен сапалы жазылмаған актерлер ілікпе сөздерінің дыбыстық жазбасы;

      9) магниттік фонограмма – маниттік таспадағы фонограмма;

      10) микрофон – акустикалық тербелісті электрлік сигналға айналдыратын электроакустикалық құрал;

      11) микшерлі пульт – дыбыстық сигналдардың мәәліметтері үшін электронды құрал: бірнеше шығу көздерін бір жерге немесе бірнеше шығуларға жинақтау. Микшерлі пульт көмегімен сигналдарды бағдарлау жүзеге асырылады. Микшерлі пульт дыбыстық жазу, дәйектендіру және концерттік дыбысты күшейту кезінде қолданылады;

      12) монофондық фонограмма – жазудың бір каналы, дыбыс көздерінің кеңістіктегі орналасуы туралы ақпарат болмайды;

      13) оптикалық фонограмма – кинотаспадағы фонограмма;

      14) сандық камера – сурет құралдың зарядты байланысымен (ПЗС-матрица) тіркелетін және сандық түрде сақталатын фототүсірілімге арналған құрал. Сандық камера суретті тіркейді және сандық формаға түрлендіреді, дыбысты, түсірілім параметрлерін жазады;

      15) синхронды дыбыс жазу – бір уақытта сахнаны түсірумен қатар жүргізілетін жазба;

      16) синхронды емес дыбыс жазу – сахнаны түсірусіз жазба;

      17) синхронды шуылдар – шығу көздері экранда көрінетін және экрандағы көрініспен нақты сәйкес келуі тиіс дыбыстар;

      18) стереофондық фонограмма – дыбыс көздерінің кеңістікте орналасуы туралы ақпараты бар жазудың екі каналы;

      19) фонограмма – дыбыс жазу нәтижесінде алынған және аналогты немесе сандық тасымалдағышта болатын, немесе белгілі бір файлда кодталған дыбыстық сигналдар;

      20) шартылдақ (хлопушка) – екі жалпақ және жіңішке ағаш немесе пластмасса тақтайшадан тұратын топсамен біріктірілген құрал. Жалпақ тақтайшада фильмнің атын, кадр және дубль нөмерін жазады, магнитофон және камера қосылған соң жіңішке тақтайшаны жалпақ тақтайшаға соғады;

      21) шу-дыбыс жинақтары – әртүрлі шуылдарды тасығышта арнайы жинау.

      30. Бағдарламаның мақсаты: білім алушы шығармашылығының өз бетінше жетілуі үшін жағдай жасау, дыбыс жазу және видеоға түсіру бойынша алған білім, білік дәне дағдылар арқылы болашақ мамандықты таңдауға бейіндік бағдарлау.

      31. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) кәсіби кино және видео аппаратураны меңгерудің негіздеріне үйрету;

      2) дыбыс жазу және видеоға түсіру техникасына үйрету;

      3) түсініктер мен терминологияны меңгеру;

      4) дыбыс жазу және видео аппаратураларының даму тарихымен таныстыру;

      5) техникамен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне үйрету;

      6) дыбыс жазу және видеоға түсіру саласындағы кәсіби білімге дайындау үшін білім алушының білімін жүйелендіру.

      Дамыту:

      1) зейінділігін, зеректілігін, жадын дамыту;

      2) бейнелі ойлауды, көркемдік талғамды, әсемдікті сезінуді дамыту;

      3) шығармашылық қиялды дамыту және іске асыру;

      4) танымдық және кәсіби қызығушылықтарды дамыту;

      5) өз бетінше жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

      Тәрбиелік:

      1) ой-өрісті, әуесқойлықты кеңейту және білім берудегі және зияткерлік дамудағы қажеттілікті қалыптастыру;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарымен жоғары көркемдік талғамды тәрбиелеу;

      3) тұлғаның зияткерлік, мәдени, эстетикалық жетілуін қамтитын адамның жан-жақты дамуы;

      4) өзін-өзі реттеудегі, күрделі және жауапты тапсырмаларды орындау кезінде дербестікті және жауапкершілікті тәрбиелеу;

      5) кино әлемінде өз бағытын таңдау, нақты мамандық талаптарымен өзінің жеке қабілеттерін байланыстыра білу білігін қалыптастыру.

      32. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      33. Оқытудың бірінші жылы видеоға түсірудің теориясымен, видео түсіру өндірісінің талаптарымен және видео құрал-жабдықтарымен танысады.

      Оқытудың екінші жылында дыбыс жазудың теориясы мен практикасы мәселелері қарастырылады. Бағдарламаның тақырыптық мазмұны жалпы білік және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Шығармашылық жобаларды орындау процесінде білімдері бекітіледі.

      34. Бағдарлама дыбыс жазу және видеоға түсіру негіздерін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      35. Бағдарлама білім алушының телекино негіздерін, фильм өндіру технологиясын, кино және телевидение тарихын практикалық меңгеруге бағытталған.

      36. Бағдарлама авторлық шығармашылық жұмысты құру бойынша жобалық қызметке араластыра отырып, білім алушыларға экран шығармашылығын, оқу-зерттеу, іздеу-құрастыру, шығармашылық қызметке үйретеді.

      37. Педагог кино өнері саласындағы шығармашылық арқылы білім алушыларға әлемдік, ұлттық рухани және мәдени құндылықтарға араласуға жағдай жасайды, әртүрлі жанрдағы бейне жұмыстарын құру бойынша қызмет жобасы барысында техникалық прогресс әлеміне еркін және саналы түрде енуге ықпал етеді.

      38. Бағдарламаның ерекшеліктері:

      1) оқыту процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жан-жақты қолдану, заманауи сандық технологияларды қолдану, экран технологиясы негіздері арқылы білім алушының визуалды қабілеттерін дамыту, ақпаратты қабылдау – ақпаратты сандық тасымалдағыштарға тасымалдау – жеке компьютерде сандық тасымалдағыштарды өңдеу – ақпаратты практикалық қолдану;

      2) білім алушыны шығармашылық жобалауға және өнертапқыштыққа, өз бетінше әрекет етуге және жасампаздыққа тартатын оқыту формаларын қолдану;

      3) білім алушы өзара байланысу тәжірибесіне ие болатын, шешім қабылдауды, өзіне жауапкершілік алуды үйренетін ойын және іскерлік жағдайларды ұйымдастыру.

      39. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, балалардың рухани және мәдени құндылықтарды меңгеруіне, теле және киноиндустрия саласындағы дарынды балаларды анықтауға бағдарланған.

      40. Практикалық сабақтар әртүрлі құралдармен, электр тоғымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерінен және сабақ барысында жіберілген қателерді талдаудан басталады.

      41. Сабақ процесінде техникалық құралдар мен процестерді жүйелі талдауға үлкен зейін беріледі. Мұндай тәсіл оқу материалын түсініп және шығармашылықпен меңгеруге мүмкіндік береді. Оқыту барысында әртүрлі еңбек құралдарымен, тұрмыстық және кәсіби техникамен жұмыс істеу дағдылары меңгеріледі.

      Сабақтың мазмұны, оқытудың алғашқы кезеңінде оқытуды әрекетті тәсіл негізінде оқу процесін ұйымдастыру әрі қарай білім алушылардың болашақ мамандығын таңдау үшін өзін өзі алғашқы анықтауға ықпал етеді.

      42. Оқытудағы әрекетті тәсіл оқытудың барлық процесінің мағынасы болып табылады.

      43. Теориялық сабақтар әдістемелік материалдарды көрсетумен сүйемелденеді (таныстыру материалдары, фото суреттер, дидактикалық материал, әдебиет, журнал, слайд, бейне материалдар, мультипликациялық фильмдер).

      44. Практикалық сабақтарға студиядағы құрылғылармен жұмысты (фото, видеокамера, компьютер), ойын және деректі фильмдерді, мультипликациялық фильмдерді (әдеби шығармалар бойынша, өзінің жеке сценарийі бойынша) құру енгізіледі.

      45. Оқытудың оң нәтижесін өзара байланысқан және бірін-бірі толықтыратын әртүрлі формаларды, әдістерді және тәсілдерді қолдану қамтамасыз етеді.

      46. Педагогке әртүрлі біліктер мен құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту бойынша міндеттерді шешуге көмектесетін жобалық әдіс сабақтағы негізгі білім беру технологиясы болып табылады.

      47. Жобалық әдіс киноның білім беру-тәрбиелік мүмкіндіктерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді, кино жұмыстарын құру бойынша өз бетінше шығармашылық қызмет атқару тәжірибесін алуға ықпал етеді.

      48. Әртүрлі жанрдағы сапалы видео, видеоклиптер, минуттық фильмдер, мультипликациялық фильмдер, ойын және деректі кино түсіру кезінде білім алушылар алған білімдері мен шығармашылық тәжірибелерін қолданады.

      49. Жобамен жұмыс келесіні қамтиды:

      1) сценарий құру;

      2) рөлдерді және кино үзіндіні бөлу;

      3) видео түсіру және суретке түсіру;

      4) монтажға арналған компьютерлік бағдарламаның көмегімен жиналған материалды өңдеу;

      5) таныстыру (ашық сабақтарда жобасын таныстыру, шығармашылық есептерде жобалар қорғау, балалар мен жасөспірімдердің кино-видео шығармашылығы).

      50. Обучающийся реализует авторские видеопроекты, которые требуют знания основ драматургии, режиссуры и операторского дела.

      51. Авторлық түсірілім аяқталған видео жобаны құруды болжайды. Жобалық қызмет педагогтен білім алушылардың білімдерін практикада қолдану процесінде өз бетінше білім алуына жағдай жасайды.

      52. Білім алушылардың дербестік деңгейі балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, олардың алдында алған жобалық қызмет тәжірибесіне, жоба тақырыбының қиындығына, сыныптағы қарым-қатынас сипатына байланысты анықталады.

      53. Педагог сабақта әр баланың жеке даралығын ескереді, үйретілетін материалды меңгеруіне байланысты біілім алушылар бағдарламаны іске асырудың әртүрлі деңгейінде болады.

      54. Психологиялық тұрғыдан оқыту процесін педагог:

      1) қызықтылығына тікелей реакция – танымдық ерекшеліктеріне;

      2) ойлаудың көрсете отырып әрекет етуіне – түсініктерінде ойлау;

      3) білім алушының белгілі пән бойынша ақпараттандырылуы – білім жүйесіндегі жаңалықтар динамикасына байланысты бағаланады.

      55. Оқыту барысында педагог бақылаудың әртүрлі түрлерін жүзеге асырады:

      1) ағымдық бақылау – видеоға түсіру, дыбыстау және монтаж үшін әртүрлі техниканы практикалық меңгеру деңгейі;

      2) аралық бақылау – авторлық ойды түсірілімнің жоспары түрінде ресімдей алу білігі;

      3) қорытынды бақылау – монтаждық жоспарды құру және сол бойынша дыбысы бар түсірілген кескіннің монтажын жүзеге асыру білігі, қаралған видеоматериалды оның идеялық-көркемдік мүмкіндіктерінің көзқарасы тұрғысынан талдау және бағалау білігі.

      56. "Дыбыс жазу және видеоға түсіру" пәнінің "Сценарийлік шеберлік", "Операторлық шеберлік", пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың әртүрлі көркемдік құбылыстарды тұтас түсінуге итермелейді.

      57. Екінші сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) кескінді жазу теориясымен танысу;

      2) кино өндіруге қойылатын талаптармен, техникалық тәсілдермен және видео құрал-жабдықтарымен, жарық және дыбыс құрал-жабдықтарымен танысу;

      3) видеомонтаж негіздерін білу.

      58. Екінші сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сауалнама. Білім алушылардың ой-өрісі, қызығушылықтары және әуестік, экран шығармашылығының ерекшелігін білуі (білмеуі), фотоға және видеоға түсіру тәжірибесінің болуы.

      2-тақырып. Сабақ жүргізу барысында, видеотехниканы және басқа құралдарды қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы және еңбекті сақтау бойынша нұсқаулық.

      3-тақырып. Телевидеостудия, бұқаралық ақпарат құралдары, визуалды шығармашылықпен байланысты бейінді бірлестіктер жұмысы туралы жалпы түсінік. Қалалық телевидеостудияларға экскурсия.

      4-тақырып. Техникалық құралдар, таңдау және аппаратураны қолдану. Тұрмыстық фотоаппаратураның жалпы сипаттамасы. Техникалық және функционалдық мүмкіндіктердің кең диапазоны. Оны қолданудың кешенді сипаты. Негізгі техникалық параметрлер, сыныптың сәйкестігі. Аппаратураны таңдау ерекшеліктері: тұрмыстық, кәсіби, сандық, форматы бойынша.

      5-тақырып. Аппаратураны қолдану, күтім, сақтау ережелері және қауіпсіздік техникасы.

      6-тақырып. Кескінді жазудың ойлап табылуы, дамуы және жетілуі. Алғышарттар. Фотографияның ойлап табылуы. Визуалды ақпаратты жазу тәсілінің ашылуы. Қысқаша тарихы. Ғылымда, техникада және қоғамдық өмірде қолданылуы. Фото – көркемдік шығармашылықтың түрі, заманауи адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші.

      7-тақырып. Кескінді жазудың негізгі түсініктері (компьютерлік бағдарлама үзінділерін қолдану арқылы әңгіме-сабақ). Кескінді берудің қағидалары. Түрлі-түсті көріністі беру. Кескіннің форматы.

      8-тақырып. "AdobePhotoshop" [адоб фотошоп] бағдарламасы және онымен жұмыс. Photoshop [фотошоп] бағдарламасындағы қарапайым файлдық операциялар: бағдарламаны іске қосу, файлдарды ашу және жабу, редакторланған кескінді сақтау. Photoshop [фотошоп] ортасындағы қарапайым іс-әрекеттер: облысты белгілеу, белгіленген үзінділерді біріктіру және бөліп алу, олардың трансформациясы, орын ауыстыруы және екі еселенуі, кескінді кесу. Бағдарламаны іске қосу. Қолданушының интерфейсі. Стандарт элементтер. Палитралар.

      9-тақырып. Photoshop [фотошоп] монтажын құру. Күрделірек монтажды жасау тәсілдері. Photoshop-пен ұсынылатын құралдар қоры.

      10-тақырып. "Өз суретін компьютерде монтаждау және оны файлда сақтау" өзіндік жұмысы.

      11-тақырып. "Кескінді редакциялау. Фитодизайн" практикалық жұмысы.

      12-тақырып. Видео – көркемдік шығармашылықтың түрі, заманауи адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші.

      13-тақырып. Видеоға түсірудің техникалық құралдары. Жалпы түсініктер. Қолданылуы, жіктелуі, сипаттамасы. Видео ойнағыш (видеопроигрыватель). Видеокамера. Камкордер (самera + recorder) [камера + рекордер] – видео ойнағышпен біріктірілген видеокамера. DV, DVD, AVI, MPEG форматы. Видеокассета. Видеодиск.

      14-тақырып. Видеоаппаратура – зерттеудің және бізді қоршаған шынайылықты танудың заманауи құралы және бұқаралық насихаттау құралы.

      15-тақырып. Түсірілімге дайындық кезінде және түсірілім барысында қолданылатын видеоаппаратураға қатысты заттар (оптикалық, механикалық, экспонометрикалық және жарықтандыру құралдары, адаптерлер).

      16-тақырып. Кескінді жазудың негізгі түсініктері. Адамзаттың ақпаратты сымсыз үлкен қашықтыққа жеткізу байырғы арманын іске асыру.

      17-тақырып. Кескінді біртіндеп беру қағидасы. Беруші және қабылдаушы телевизиялық "түтікшелер". Сәуле (видеосигнал). Түрлі-түсті суретті беру.

      18-тақырып. Телевизиялық стандарттар: Pal [пал, Secam [сикэйм].

      19-тақырып. "Pinnacle Studio" [пинакл студио] бағдарламасы және онда жұмыс істеу.

      20-тақырып. Авторлық ойды іске асырудың тәсілі – экрандық шығарма формасы.

      21-тақырып. Видеоға түсіру тәсілдерінде жүзеге асырылған автор стилінің ерекшелігі.

      22-тақырып. Авторлық бастама және монтаждық құрылымның ерекшелігі.

      23-тақырып. Авторлық видеожобалардың жанрлары.

      24-тақырып. Деректі видеожобаның авторлық концепциясы. Шынайылық бейнесін жасау. Әртүрлі операторлық тәсілдерді қолдану.

      25-тақырып. Ойын (көркемдік) видеожобасының авторлық тұжырымдамасы.

      26-тақырып. Видеокамераның құрылысымен танысу. Видеокамераны күтіп ұстау. Сандық және видеокамераның пайда болу тарихы.

      27-тақырып. Жуық сценарийден немесе түсірілім жоспарынан басталатын видеоматериалдың түсірілімі. Видеокескінді қоса алу. Бастапқы видеоматериалды қатты дискке енгізу.

      28-тақырып. Экран тілінің мәнерлілігі. Видеоқатарда мән-мағынаны құру. Экрандық шығарманың мәнерлілігін құру және мағыналық аяқталуы қағидалары тұрғысынан телешығарманың үзінділерін талдау.

      29-тақырып. Редакторлау. Видематериалды қалаған реттілікте орналастыру. Эпизодтарды қайта реттеу және артығын алып тастау. Визуалды эффектілерді қосу – алмасу, титрлер және графикалар.

      30-тақырып. DVD-дисклерді және VCD-дисклерді жазу кезінде көрермендерге көру параметрлерін баптауға мүмкіндік беретін интерактивті мәзір.

      31-тақырып. Фильмнің қорытындысы. Аяқталған фильмнің жазбасын сәйкес келетін форматта таңдалған тасымалдағышқа: видеокассетаға, VCD-диск, S-VCD-диск, DVD-диск, AVI, MPEG, RealVideo [реалвидео] немесе WindowsMedia [Виндовс медиа] файлға шығару.

      32-тақырып. PinnacleStudio [пинакл студио] бағдарламасында видеофильмді монтаждау. "Өз сюжетін компьютерде монтаждау және оны файлда сақтау" өзіндік жұмысы. Компьютерді қолданумен видеосюжетті монтаждау дағдыларын пысықтау.

      33-тақырып. Жеке жобаны құру.

      59. Екінші сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Екінші сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) өз бетінше басымдықтарды анықтайды, оларды талдайды;

      2) өз бетінше әуесқой фотоаппаратураны және видеотехниканы қолдана алады;

      3) видеофильмді компьютерлік монтаждау және фотодизайн дағдыларын меңгерген;

      4) "AdobePhotoshop" [Адоб фотошоп] бағдарламасында сандық фотоны, "Pinnacle Studio" [пинакл студио] бағдарламасында сандық видеоны редактирлеу дағдыларын әуесқой деңгейде меңгерген;

      5) видеооператор, видеомонтаж операторы, фотодизайнер мамандықтары туралы түсінікке ие.

      60. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) дыбыс жазу теориясымен танысу;

      2) дыбыс жазатын аппаратура құралының жұмысымен және қағидасымен танысу;

      3) дыбыс жазудың компьютерлік бағдарламаларын білу.

      61. 3 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Дыбыс табиғаты.

      2-тақырып. Дыбыс жазудың пайда болуы және дамуы. Эдисон дыбыс жазу аппараты. Граммофонды Берлинердің ойлап табуы.

      3-тақырып. Кинематографта кескін мен дыбыстың үйлесімділік мәселесі.

      4-тақырып. Дыбыс – кино өнерінің мәнерлі, көркемдік және ақпараттық маңызды құралдарының бірі.

      5-тақырып. Магниттік таспаға дыбыс жазу технологиясы. Аналогтық және сандық стереофондық дыбыс жазу.

      6-тақырып. Дыбыс жазудың технологиялық кезеңдері. Алғашқы дыбыс жазу және дыбыстау. Монтаждық-қараңғылау кезеңі. Кино және видеоға түсіруде бөлек (синхронды емес) дыбыс жазудың қажеттілігі.

      7-тақырып. Кинематографтағы дыбысқа қойылатын негізгі талаптар. Кинематографтағы алғашқы дыбыс жазу технологиясы. Синхронды шуылдар. Синхронды емес шуылдар. Дыбыстар жинағы (шумотека). Акустикалық павильондар – тон-студиялар.

      8-тақырып. Қайта жазу – барлық фонограммаларды бір мангиттік тасымалдағышқа мәліметтерді жазу.

      9-тақырып. Видеоға түсіру кезіндегі дыбыс.

      10-тақырып. Дыбыс жазатын және дыбыс күшейтетін аппаратура.

      11-тақырып. Дыбыс жазатын және дыбыс күшейтетін аппаратурамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

      12-тақырып. Микрофон түрлері. Микрофондармен және құлаққаптармен жұмыс жасау ережелері.

      13-тақырып. Микшерлі пульт. Аналогтық және сандық микшерлі пульттер. Фейдерлер. Эквалайзерлер.

      14-тақырып. Дыбыстық жиілікті күшейткіш. Акустикалық жүйелер.

      15-тақырып. Дыбыс жазу бағдарламалары. Audacity [аудасити]. Jet Audio [жет аудио].

      16-тақырып. Аудиоредактор. Nero Wave Editor [неро вейв едитор].

      17-тақырып. Аудиоредактор. Mp3 Direct Cut [дайрект кат].

      18-тақырып. Дыбыстау үшін аралықшуылдарды және музыкалық үзінділерді қолдану.

      19-тақырып. Авторлық видеоға түсірудің жанрлық формасы ретінде музыкалық бейнебаянның түсірілімі.

      20-тақырып. Бейнебаян үшін музыкалық шығарманы таңдау және аудиовизуалды бейнені құрау.

      21-тақырып. Музыкалық бейнебаянның көрермен қатарын қалыптастыру және оның жарық және түстік шешімі.

      22-тақырып. Музыкалық бейнебаянның монтажы. Синхронды үзінділерді қою және әртүрлі визуалды арнайы эффектілерді қолдану.

      23-тақырып. Жеке жобаны құру. Ойын, деректі видеосюжеттің немесе музыкалық бейнебаянның түсірілімі және монтажы. Шулы және музыкалық дыбыстау.

      24-тақырып. Қорытынды шығару. Жобалық жұмысты қорғау.

      62. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) дыбыс жазу негіздерін біледі;

      2) дыбыс жазатын және дыбыс күшейтетін аппаратура құралдарын және жұмыс жасау қағидаларын біледі;

      3) микрофонмен, дыбыс жазатын және дыбыс күшейтетін аппаратурамен және радиоқұралдармен жұмыс жасау дағдыларына ие;

      4) дыбыс жазу бағдарламаларымен жұмыс жасау дағдыларына ие;

      5) фонограммаларды аранжировкадан кейінгі дыбыс жазу кезеңі (микширование) және өңдеу туралы негізгі мәліметтерді біледі;

      6) видеофильмнің дыбыстық жолағын монтаждай алады.

      63. Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер:

      1) өз бетінше басымдықтарды анықтайды, оларды талдайды;

      2) әуесқой және кәсіби видеотехниканы өз бетінше қолдана алады;

      3) видеофильмді компьютерлік монтаждау негіздерін меңгереді;

      4) арнайы медиатехнологияларды меңгереді;

      5) видеооператор, видеомонтаж операторы, дыбыс жазу операторы мамандықтары туралы түсінікті алады.

      64. "Сценарийлік шеберлік" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) асқын міндет – пьесаны, спектакльді, актерлік бейнені құраудың идеялық-шығармашылық мақсаты;

      2) бейне – көркемдік бейне – көркем шығарманың жалпы категориясы, эстетикалық әсер ететін нысандарды құрастыру арқылы белгілі эстетикалық идеал позициясы тұрғысынан әлемді түсіну және игеру формасы;

      3) драматургиялық жол – сценарийдің барлық эпизодтары тізілетін бірегей бейнелі тәсіл, мақсатты түрде сюжеттік желіні дамытуға көмектеседі;

      4) жанжал (конфликт) – қақтығыс немесе күрес, дұшпандық қарым-қатынас, қарама-қайшылық. Егер онда сюжет болса, әдебиеттанудағы эпоста, драмада, лиро-эпикалық жанрдағы шығармаларда, лирикада әрекет етушілердің қарама-қайшы көзқарастарының қақтығысуы;

      5) оқиға желісі (завязка) – іс-әрекеттің бастауы болып табылатын оқиға, бар қарама-қайшылықты анықтайды немесе өзі жанжалды құрады;

      6) каммершпиле – камералы драма, он тоғызыншы ғасырдың 20-жылдары неміс театрында және киносында пайда болған драманың бір түрі;

      7) пеплум – келесі белгілер тән тарихи кино жанры: сюжеттің тарихи сипатына қарамастан фильмдерде ойын-сауық пайдасы үшін тарихтан біршама ауытқушылық байқалады, тарихи оқиғаларды анық қайта құру міндеті әрдайым қойылмайды;

      8) питчинг – жобаны қаржыландыруға дайын инвесторларды табу мақсатында киножобаның немесе сценарийдің презентациясы;

      9) продюссер – кинофильм (телесериал, телебағдарлама) құру үшін жағдай жасайтын маман және оны басынан бастап соңғы нәтижесіне дейін іске асырады;

      10) ремарка – сценарийдің үздіксіз іс-әрекетін сөзбен жеткізу, театралды ремарка – пьесадағы суреттеуші бөлік; сценарийлік ремарка іс-әрекеттің қайда, қашан және қалай өтетіндігін сипаттайды;

      11) ремарка –осы сәтте жүзеге асатын іс-әрекеттің бейнелі сипаттамасы, кейіпкерлердің, оқиғалардың, романтикалық оқиғаның және жағдайдың сипаттамасы. Сценарийлік ремарка іс-әрекетті жай ғана атап қоймайды, нақты және көрінетін болып, оның бейнелі-кинематографиялық, әдеби оқылуын береді. Сыртқы іс-әрекеттер жүйесінде ремарка сценарийдің мазмұнын және драмалық жағдайдың ішкі қозғалысын анықтайды;

      12) режиссҰр – түсіру алаңында немесе сахнада барлық болатындарға жауап беретін басты адам, актерлердің, операторлардың, дыбыс режиссерлерінің, сценаристердің, декораторлардың іс-әрекеттерін басқарады және соңғы нәтижеге жауап береді;

      13) режиссерлік экспликация – болашақ спектакльдің түпкі ойын әзірлеу. Экспликация еркін формада жазылады және тұлғалық сипатқа ие;

      14) сеттинг – көркем шығарманың орын алатын ортасы, орны, уақыты және іс-әрекет шарты;

      15) синопсис – сценарийдің қысқаша баяндалуы;

      16) сценарий – кез-келген фильмнің немесе бағдарламаның әдеби негізі, дербес драматургиялық шығарма;

      17) сценарист – фильмге сценарий жазатын адам;

      18) сюжет – әдебиетте, драматургияда, театрда, кинода, комикстарда және ойындарда оқырмандар, көрермендер, ойнаушылар үшін демонстрацияның белгілі ережелері бойынша құрылған оқиғалар қатары, сахналардың, актілердің реттілігі;

      19) тақырып – зерттеу, бейнелеу, әңгімелеу нысаны;

      20) тритмент – сценарийдің бірнеше бетте еркін баяндалуы;

      21) түйін (развязка) – эпикалық немесе драмалық шығармада кейіпкерлер арасындағы жанжалдың немесе іс-әрекеттің аяқталуы;

      22) фабула – әңгімелеудің, оқиғаның, жағдайдың, іс-әрекеттің нақты жағы, олар бейнеленетін құбылыстарды дамытуда автор қарастыратын заңдылықтар негізінде автор желіде біріктіреді және ресімдейді;

      23) шарықтау шегі (кульминация) – бетбұрысты жағдай болып жатқанда, бейнеленетін мінездердің және жағдайлардың қақтығысуын шешетін, сөздік-көркемдік шығарманың іс-әрекетінің дамуындағы ең жоғары шиеленістің сәті, шыңы, одан кейін шығарма сюжеті аяқталуға жақындайды;

      24) экспозиция – көрермен басты кейіпкермен немесе кейіпкерлермен танысатын сценарий бөлігі.

      65. Бағдарламаның мақсаты: сценарист жұмысының дағдыларын практикалық меңгеру арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      66. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) қолдану мақсатында киноновелланың сценарийін құру процесінде сценарист жұмысының негіздерін меңгеру;

      2) сценарист қызметінің негізгі ерекшеліктерін меңгеру, оның кино өнерімен байланысы;

      3) драматургия элементтерін, оны кино өнерінде қолдану ерекшеліктерін меңгеру.

      Дамыту:

      1) сценарийлік шеберлікке, драматургия негіздеріне оқыту арқылы білім алушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) сценарист жұмысының негіздерін үйрету арқылы байқампаздықты, жадыны, зейінді, қиялды, елестетуді, тапқырлықты дамыту;

      3) Бағдарламаны меңгеру процесінде алынған білім, білік және дағдылар негізінде бала тұлғасының көркемдік-эстетикалық дамуы.

      Тәрбиелік:

      1) драматургиялық қызмет құралдарымен көркемдік және эстетикалық талғамды қалыптастыру;

      2) кино өнеріне қызығушылықты қалыптастыру;

      3) шығармашылық әріптестіктің практикалық аспектісінде сценарист және режиссер, сценарист және продюсер арасында іскерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

      67. Бағдарламаны меңгеру мерзімі – екі жыл. Пәнге оқыту 3 сыныптан басталады. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      68. Бағдарлама кино өнері саласында мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сценарийлік шеберлікті меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      69. Бағдарлама білім алушының кино өнеріндегі сценарийлік шеберлікті практикалық меңгеруге, шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына, сценарийді құру тәжірибесін, сценарийдегі көркемдік ойды іске асыру бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын алуға бағытталады.

      70. Балаларды оқытудың бастапқы кезеңі сценарийлік шеберлік теориясын тануға, классикалық және заманауи кинокартиналардың сценарийлерін аналитикалық талдауға, киноның тарихы мен теориясына кіріспеге, драматургия қағидаларын және анимациялық фильмдерді қоса алғанда әртүрлі жанрлар заңдарын оқытуға бағытталған.

      71. Теория сценарийлерді, этюдтерді және қысқа метражды фильмдерді жазу, талдау және аналитикасы бойынша жүйелі практикалық сабақтармен бекітіледі. Бастапқы кезең киноновелланың сценарийін презентациялаумен аяқталады.

      72. Оқытуда болашақ фильмнің желісі (фабула) қысқаша сипатталатын "манжеттердегі сценариустардан" бастап ерекше әдебиет жанры – кинодраматургияға дейінгі сценарийдің даму тарихы ерекше орын алады.

      73. Педагог болашақ сценаристің табиғи алғышарттарының – шеберліктің және әңгімелеуші, жазушы талантының дамуына көңіл бөледі.

      74. Сценарийлік шеберлікке оқытуда сценарий үшін тақырып таңдау мәселесі ерекше орын алады. Тақырып – жай ғана зерттеу пәні және әңгімелеу ғана емес, пән сценаристтің жеке қызығушылықтары мен автордың және қоғамдық қызығушылықтың қиылысуында жатады.

      75. Педагог сценарий бөлшектерінің негізгі аспектілеріне ерекше көңіл бөледі – қиын кезеңді құрайтын бөлшек – пән барлық фильм назарының ортасында орналасады, іс-әрекетке себеп болып табылады; бөлшек – актермен белсенді қарым-қатынаста болады, оған кейіпкер мінезін келтіруге көмектеседі; бөлшек – көрермен тұтас алғанда не болып жатқандығын түсінетін бөлік; бөлшек-кейіпкер – пән жанданады және оған адам қызметтері ауысады; көңіл-күйді құрайтын бөлшек.

      76. Педагог жанрларға, көріністі жазуға, көріністерден сценарийді жинауға тереңдету арқылы құрылымдық үлгілерді терең оқытуды үйретеді.

      77. Бағдарлама сценаристер үшін психологияны қамтиды – кейіпкердің шынайы бейнесін, олардың әрекеттерін және өзара қарыс-қатынасын жасау үшін маңызды құрал. Аталған бөлімде педагог өз қызметінде "Практикалық психология" пәнімен пәнаралық байланысты жүзеге асырады.

      78. Сценарийлік шеберлікке оқытудағы маңызды сәт – оқиға екі-бес бетте қысқаша баяндалатын – синопсис жазу білігі болып табылады. Синопсисте басты кейіпкердің немесе кейіпкерлердің сипаттамасы, олардың мақсаттары, кедергілер және кедергілерден өту тәсілдері беріледі. Синопсис кезеңінде сценарийдің бұрылыс сәттері қалай болатындығы және акт шекаралары қайда болатындығы белгілі болады.

      79. Педагог білім алушының эпизодтық жоспар (тритмент) құру білігіне ерекше көңіл бөледі, тритмент – көлемі 20-30 беттен тұратын, сахналар бойынша ажыратылған сценарийдің баяндалуы.

      80. Эпизодтық жоспардың сахнасы іс-әрекет орнын және уақытын суреттеуден басталады. Орынды және уақытты суреттеу сюжеттік желімен жұмыс кезінде шатаспауға мүмкіндік береді.

      81. Педагог жеке сабақты сценарийдегі іс-әрекетті суреттеуге – ремаркаға арнайды. Өте қысқа және барынша іс-әрекетті режиссер немесе актерлерге қалдыратын театралды ремаркадан айырмашылығы кино ремарка сценарийдің елеулі көлемін алады.

      82. Сценарист шығармашылығында кейіпкерлер диалогын жазу білігі маңызды болып табылады. Кейіпкердің әрбір репликасы – оны мақсатқа жақындата түсетін іс-әрекет. Диалог оның қатысушыларының мақсаты және олардың арасында жанжал болғанда қызықты бола түседі.

      83. Практикалық блок жобаларды бейімдеу бойынша дағдыларды пысықтауға бағытталған. Білім алушылар идеяның питчингінен сценарийді талқылау және редактирлеуге дейінгі жұмыстың барлық кезеңдерін өте отырып, қысқа метражды және толық метражды картинаның сценарийімен жұмыс жасайды.

      84. Адамгершілік, жылы шырайлы климатты және қуанышты, шығармашылық атмосфераны құру, балалардың сабақтан ляззат сезімін алуы педагогтің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

      85. Педагог білім алушылардың ұжымында шығармашылық атмосфераны қамтамасыз ету, қойылған міндеттерді орындаудың әртүрлі тәсілдерін, драматургиядағы көркемдік ойдың жаңа көркемдік құралдарын іздеу мүмкіндігін құру үшін зерттеу қызметі әдісін қолданады. Педагог сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін дербес шығармашылық, зерттеу ізденісіне араластыратын тапсырмаларды ұсынады.

      86. "Сценарийлік шеберлік" пәнінің "Дыбыс жазу және видеоға түсіру", "Операторлық шеберлік", "Актерлік шеберлік негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың әртүрлі көркемдік құбылыстарды тұтас түсінуге итермелейді.

      87. 3 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) жазбаша және ауызша жанрларда білім алушының әдеби қабілеттерін дамыту;

      2) кино теориясы мен тарихын білу;

      3) сценарийлік шеберлік теориясын, сценарий құрылымын білу;

      4) драматургиялық шығармалардың құрылымын білу;

      5) сценарийдің әдебиет шығармашылығының басқа түрлерінен түбегейлі айырмашылықтарын білу;

      6) жанжал, сценарийлік жүріс және оқиғалар қатары арасында байланысты орнату білігі,

      7) шығарма композициясын талдау білігі.

      88. 3 сыныптығ оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кино теориясы мен тарихына кіріспе. Ағайынды Люмьер. Кино өнеріндегі алғашқы бағыттардың бірі. "Кинематография" аталуының пайда болуы. Жорс Мельес – кино өнеріндегі екінші бағыттың – ойын киносының бастаушысы. Кеңес кинорежиссурасының классиктері.

      2-тақырып. Оқиғаларды айту өнері, әңгімелеушінің шеберлігі және таланты – болашақ сценаристтің табиғи алғышарттары.

      3-тақырып. Сценарий үшін тақырыпты таңдау.

      4-тақырып. Ғаламдық тақырыпты оқшаулау. Түпкі ой – сюжетке және шығарманың негізгі идеясына алғашқы жақындау.

      5-тақырып. Мәселелерді зерттеу және материалдарды жинау – сценарийді құрудың маңызды кезеңі. Сценарийдің болашақ кейіпкерлерімен, олардың бүгінгі және кешегі өмірімен, кейіпкерлердің жақын адамдарымен, достарымен және дұшпандарымен танысу. Болжамды кейіпкерлердің тұру орнын зерттеу.

      6-тақырып. Идея, сценарийдің асқын міндеті. Сценарий – әдеби туынды.

      7-тақырып. Кинодағы сценарий түрлері: киносценарий, режиссерлік сценарий, экспликация (қалай түсіру), режиссҰрлік экспликация.

      8-тақырып. Сценарий элементтері – суреттеу бөлігі (ремарка немесе сценарийлік проза), диалог, кадр сыртындағы дауыс, титрлар.

      9-тақырып. Сценарий жанрлары. Трагедия (трагикомедия), драма (психологиялық драма, каммершпиле), шытырман оқиғалы фильм, детектив, триллер, фильм-катастрофа, тарихи фильм (биографиялық фильм, плащ және семсер фильмі (фильм плаща и шпаги), пеплум, тарихи драма), музыкалық сценарий (мюзикл, фильм-ревю, рок-опера), кинокомедия.

      10-тақырып. Сценарий құрылымы. Сюжет және фабула.

      11-тақырып. Жанжал оқиғаны негізгі жүргізуші күш. Сценарийдегі жанжал.

      12-тақырып. Кейіпкерлер арасындағы сыртқы жанжал.

      13-тақырып. Ішкі жанжал – кейіпкер ішіндегі жанжал. Драманың мелодрамадан айырмашылығы – ішкі жанжалдың болуы.

      14-тақырып. Драматургиялық жүріс.

      15-тақырып. Сеттинг және оның сценарий құрылымына әсері. Әдеби, драмалық немесе кинематографиялық шығармадағы іс-әрекет уақыты және орыны.

      16-тақырып. Сценарийдің ұсақ әлементі ретіндегі "кадр" түсінігі. Кадр құрылымы.

      17-тақырып. Сценарийдің келесі ірілеу элементі ретіндегі уақыттың, орынның және іс-әрекеттің тұтастығымен сипатталатын "сахна" түсінігі. Сахна құрылымы.

      18-тақырып. Сахнаның талдауы.

      19-тақырып. "Эпизод" түсінігі. Эпизод құрылымы. Әдеби сценарийді кино шарттарына бейімдеу, оның киносценарийге трансформациясы.

      20-тақырып. Басты кейіпкердің бірегей іс-әрекетімен біріктірілген және күшті сюжеттік бұрылыстармен шектелген бірнеше эпизодтардың жиынтығы ретіндегі "акт" түсінігі.

      21-тақырып. Сценарийдегі байланыс, даму, дағдарыс, кульминация, түйін (развязка).

      22-тақырып. Драматургияның заманауи мәселелері және оларды шешу жолдары.

      23-тақырып. Оқиғалар қатары, экспозиция, оның мәні.

      89. 3 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      3 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кино теориясы мен тарихын біледі;

      2) дамыған әдеби жазбаға ие;

      3) сценарий жазу үшін материал жинақтау дағдысына ие;

      4) сценарийдің түрлері мен жанрларын біледі;

      5) сценарийдің құрылымын біледі;

      6) сценарийдегі жанжалдың рөлін біледі.

      90. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) сценарист жұмысының ерекшелігімен танысу;

      2) сценарист өнімінің соңғы тұтынушысы – көрермен психологиясы негіздерін білу;

      3) кәсіби питчингтерде өз жобасын таныстыру дағдыларын меңгеру.

      91. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Сценарист жұмысының әдістері. Сценаристтің көрермен талғамы мен қажеттіліктеріне бағдарлануы.

      2-тақырып. Сценарийді талдау.

      3-тақырып. Қабылдау психологиясы, сценарийлік шеберлікте көрермен зейінін және эмоциясын басқару. Сценарий деңгейінде жасалатын мәнерлі құралдар.

      4-тақырып. Сценарийдегі бөлшек мәнерлі құрал ретінде.

      5-тақырып. Сценарийдің өндірістік редакциясы – фильмнің ұзақтығын, түсірілім нысандарының санын, павильонды декорацияны, актерлер санын анықтау.

      6-тақырып. Сценарийлік шеберліктегі сұраныс, тритмент, сценарий, синопсис. Өтініш туралы түсінік. Тритмент – сценарий жарнамасы. Синопсис (сценарийдің қысқаша баяндамасы).

      7-тақырып. Экранизация, сериалдар, телеформаттың негізгі талаптары.

      8-тақырып. Телебағдарламаның сценарийі.

      9-тақырып. Танымал фильмдерді және тақырыптық бағдарламаларды қарау, жіктеу және талдау.

      10-тақырып. Танымал сценарийлерді жіктеу және солар бойынша түсірілген фильмдермен оларды салыстыру.

      11-тақырып. Сценаристердің және режиссерлердің қателіктерін талдау.

      12-тақырып. Практикалық жұмыс – жеке жобаны қорғауға дайындық: тақырыпты таңдау және білім алушының жеке сценарийінің түпкі ойымен жұмыс.

      13-тақырып. Практикалық жұмыс – жеке жобаны қорғауға дайындық: мәселені зерттеу және сценарий үшін материалды жинақтау. Сценарий тақырыбы бойынша документтерді, фотосуреттерді, мұрағат құжаттарын зерттеу.

      14-тақырып. Сценарийді ресімдеу ережелері.

      15-тақырып. Практикалық жұмыс. Питчингте жеке сценарийді таныстыру.

      92. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сценарист жұмысының әдістерін біледі;

      2) сценарийді талдау дағдыларын меңгерген;

      3) практикалық психология негіздерін біледі;

      4) сценарийдің тритментін және синопсисін құру дағдыларына ие.

      93. "Операторлық шеберлік" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) ағарту – бір түстің ағартылған реңктерінің қатарын алу үшін бір және дәл сол қанық түске ақ түстің арттырылған порциясын қосу;

      2) акцент – монтажда іс-әрекет сәтін ерекшелеу, мысалы, актерлік ірі планды;

      3) алға қарай қозғалу – камера объектіге қарай бағыты бойынша оптикалық осі бойымен қозғалады, басты объектінің біртіндеп үлкейтілуі және қоршаған элементтердің кадрдың жиектерінен шығуы байқалады;

      4) артқа қарай қозғалу – камера объектіден әрі кете отырып, оптикалық осі бойымен қозғалады, басты объекті суретінің масштабы кішірейеді, кадрға біртіндеп жаңа бөлшектер енеді;

      5) ашық композиция – сызықтар кадр шекараларынан шығуға тырысатын объектілердің байланысын бейнелей отырып, сюжеттік-композициялық орталықтан ажырайды;

      6) жабық композиция – сюжеттік-композициялық орталыққа бағытталатын бейнеленетін объектілердің өзара байланысу сызықтары;

      7) жалпы план – адамды камераға бүкіл бойын ала отырып түсіру;

      8) жарық – адам көзімен қабылданатын, физикалық оптикадағы электромагниттік сәулелену;

      9) жарықтандырудың экспонометрикалық бақылауы – фотоға түсірілетін жарықтандырылған объектінің жарықтехникалық сипаттамасын өлшеу;

      10) жарықтоналдық акцент – көрермен зейінін ұйымдастыру және кадрдағы ауқымды нәрсені ерекшелеу құралы;

      11) жоғарғы кілт – түсірілім объектісі жұмсақ жарықпен жақсы жарықтандырылған, ашық, нәзік тонға ие және қалың көлеңкелер жоқ;

      12) кадр – фильм, очерк, сюжеттің негізгі элементі, оның қойылым, түсірілім және монтаждық бірлігі. Бұл монтаждық фразадағы әріптер, сөздер. Әрбір кадр біртұтас және оның мазмұны онда толығымен қамтылған. Экран жиектемесіне алынған кеңістік бөлігінің суреті оның кеңістіктік қасиетімен бірге кадр деп аталады;

      13) кадр ішіндегі монтаж – бір монтаждық кадр ішінде болып жатқан іс-әрекетті біртұтас мизанкадрға біріктіретін композициялық құрылыс;

      14) кинокадр композициясы – нысандардың кадрда орналасуы композиция деп аталады, бейнелеу өнерінде, фотосуретте, видеода композиция ережелері бірдей;

      15) кинокадрдың форматы – суреттің форматын сипаттайтын фотографиядағы, кинематографиядағы және телевидениедегі түсінік, барлық кинематографиялық жүйелер мен телевизиялық стандарттардың негізгі параметрлерінің бірі;

      16) контраст – оптикадағы қарама-қайшылық, объект пен фонның ашықтық айырмашылығының олардың суммасына қатынасы немесе кескіннің жарықтылығы үшін дәл осындай қатынас. Көру контрасты көру қабылдауының ерешелігін сипаттайды, бақыланатын объектінің ашықтығын бағалауы қоршаған фонға байланысты немесе алдыңғы көру әсерлеріне байланысты өзгереді;

      17) қараңғылау – бір түстің қараңғыланған реңктерінің қатарын алу үшін бір және дәл сол қанық түске қара түстің арттырылған порциясын қосу;

      18) қозғалыста түсіру (динамикалық панорамалау) – кеңістікте қозғалатын камерамен түсіру, қозғалыстағы поездан, пароходтан, самолеттен, автомобильден түсіру, арнайы операторлық арбалардан, крандардан түсіру;

      19) материалдардың оптикалық қасиеті – оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындардың жұтылуын, өткізілуін және шағылуын сипаттайтын қасиет;

      20) мизанкадр – уақыт ішіндегі, ойын алаңы кеңістігіндегі немесе кейіпкерлердің бір-біріне, декорацияға немесе түсіру камерасына қатысты қозғалыс, экран өнерінің барлық мәнерлі құралдарын (мизансахна, ракурс және түсірілім нүктелері, планның ірілігі, пластика, статика, динамика) ескере отырып кадрдағы актерлер іс-әрекетінің бейнелік шешімі;

      21) монтаж – бастапқы жазбалардың жеке үзінділерін біріктіріу нәтижесінде біртұтас композициялық шығарма алуға мүмкіндік беретін кинематографиядағы, телевидениедегі немесе дыбыс жазу студияларындағы шығармашылық және техникалық процесс;

      22) объективті камера – фильмді монтаждау тәсілі, бұл жағдайда іс-әрекетке көзқарас қырынан жүзеге асады;

      23) оператор – түрі және қолдану мақсаты әртүрлі құрал-жабдықтарды басқару жұмысы, оның ішінде фото, кино және видеоға түсіруді өткізу және қамтамасыз ету бойынша мамандар тобы; кинооператор – кинематографиядағы мамандық, фильмді кинокамераға түсіретін адам;

      24) операторлық экспликация – сценарийдің режиссерлік көркемдік түсіндірмесі негізінде қабылданған, экранда болашақ фильмнің операторлық шешімінің шығармашылық түпкі ойын бекіту. Операторлық экспликация –режиссерлік сценарийдің түсірілім бөлігіндегі арнайы қосымша әзірлемесі;

      25) оптикалық перспектива – анық объект, шайылған фон және керісінше;

      26) орта план – адамды камераға тізесіне дейін түсіру;

      27) панорама – кино немесе үлкен кеңістіктің немесе камераның вертикаль немесе горизонталь осі айналасында бірдей уақыттағы баяу айналуымен орын ауыстыратын объектілердің видео түсірілімі;

      28) ракурс – кеңістіктегі көру объектісі, нүктесі, аталған нүктеде объектінің алынатын проекциясы. Проекция тасымалдағышқа: қағазға, кенепке, фотоплҰнкаға, киноплҰнкаға, сандық матрицаға бекітілуі мүмкін;

      29) субъективті камера – фильмді монтаждау тәсілі, бұл жағдайда іс-әрекетке көзқарас кейіпкер көзімен жүзеге асады;

      30) сызықтық перспектива – объектілердің перспективті қысқаруы, олардың қашықтату шамасы бойынша азаюы, жарық сәулелерінің жүрісіне сәйкес келетін тура сызықтар бойынша құрылады;

      31) сюжеттік-композициялық орталық – сюжеттік байламнан (завязка), негізгі іс-әрекеттен және басты әрекет ететін адамдардан құралған, кинодағы, картинадағы, скульптурадағы, архитектурадағы, сәндік өнердегі басты немесе маңызды сюжеттік элементтен тұратын орталық;

      32) тональді немесе жеңіл перспектива – объектілердің бақылаушыдан әрі кету шамасы бойынша тоналдық қанықтығының өшу эффектісі;

      33) төменгі жарық кілті – кинематографиядағы көркем тәсіл: барынша аз жарықтандыру, қараңғы тон, түсірілімнің кейбір объектілерін ерекшелеу, кескінді (портретті) және заттық түсірілімде қолданылады;

      34) трансфокация – кинода, фотографияда түсірілімнің алыс объектісін үлкейту үшін объективтің фокустық арақашықтығын өзгерту;

      35) тұрақты композиция – негізгі композициялық сызықтар кадр жазықтығының ортасында тура бұрыштармен қиылысатын композиция түрі;

      36) тұрақты емес композиция – объектілердің әсерлесу сызықтары динамика және мазасыздық сезімін жасай отырып, өткір бұрыштармен қиылысады;

      37) түсірілімнің күрделі ракурстары – қозғалатын немесе қозғалмайтын кинокамерамен көрудің әртүрлі нүктелерінен объектіні бейнелеу, іс-әрекетті, оқиғаны, құбылысты, мимиканы, адамның ым-ишараттарын және қозғалысын, монтажды метафораны барлық қырынан көрсету мүмкіндігі;

      38) түсірілім нүктелері – түсіру кезінде фотоаппаратты, кинокамераны немесе видеокамераны орнату орындары;

      39) фильмнің қойылымдық жобасы – сценарийдің толық режиссерлік кадрға бөлінуі;

      40) ірі план – адам басының суреті;

      41) экспонометрия – фотода және кино түсірілімде фотографиялық материалдардың экспонирлеу шарттары анықталатын фотографияның бөлімі.

      94. Бағдарламаның мақсаты: операторлық шеберліктің және видеоға түсірудің теориясы мен практикасын оқыту арқылы білім алушылардың операторлық мамандықтың заманауи беталысын меңгеруі үшін жағдай жасау.

      95. Бағдарлама міндеттері.

      Оқыту:

      1) операторлық шеберліктің негізгі түсініктерімен танысу;

      2) заманауи киноның техникалық құралдары туралы білімді қалыптастыру;

      3) операторлық шеберлік негіздерін, оператор жұмысының кәсіби ерекшеліктерін зерттеу;

      4) фильмді өңдеу үшін видеокамерамен, заманауи видео құрал-жабдықпен, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру;

      5) операторлық шеберлік сауатын игеру, видеомонтаждың негіздерін және құралдарын меңгеру және зерттеу.

      Дамыту:

      1) білім алушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту;

      2) операторлық түсірілімді қабылдау және талдау арқылы зейінді және байқампаздықты дамыту;

      3) шығармашылық елестетуді, қиялды, композициялық ойлауды, көркемдік талғамды дамыту;

      4) кино өнері құралдарымен білім алушыларда әртістік қасиеттерді дамыту;

      5) өз ойларын жеткізе білу білігін, байланысқа бейімділікті дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) білім алушыларда сабақ барысында жағымды көңіл-күйін қалыптастыру;

      2) кинематографтың негізгі түрлеріне көркемдік-эстетикалық талғамды және құрмет сезімін тәрбиелеу және дамыту;

      3) ақыл-ой және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

      4) жеке жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;

      5) кәсіби бағдарлану.

      96. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – екі жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      97. Бағдарлама операторлық шеберліктің негізін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      98. Бағдарлама білім алушының операторлық шеберліктің негізгі дағдыларын практикалық меңгеруге бағытталған.

      99. Өзіндік сабақтар үнемі және жүйелі түрде жүргізіледі. Жұмыс көлемі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларын игеруімен қатар үй тапсырмасына дайындалуға кететін уақыт шығыны ескеріліп анықталады.

      100. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін сабақтың келесі формалары қолданылады:

      1) өзінің орындауын талдау (білім алушы өзінің орындауын бағалайды, жіберілген қателіктерін белгілейді);

      2) күнделікке шығармамен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      3) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру (білім алушы қиындықтар туралы және оларды жою туралы айтады).

      101. Бұл бағдарламамен қойылған міндеттер оқытудың курсы ішінде оқытудың арнайы әдістемелері және механизмдері көмегімен шешіледі. Материалды күрделендіру оқытудың бір сатысынан басқасына біртіндеп енгізіледі.

      102. Операторлық шеберлік мысалдарын – кинематографтың әлемдік классикасының үздік туындыларын қарау теоретикалық курспен қатар жүргізіледі. Оператор жұмысымен таныстыру мақсатында телевизиялық және кино түсірілімдерге оқу экскурсиясы міндетті.

      103. Оқыту барысында білім алушы негізгі операторлық тәсілдерді қолданумен этюдтер түсіру үшін күрделілігін арттыру бойынша әдеби үзінділер алады.

      104. Білім алушыны кинематограф тарихымен және операторлық шеберлік мысалдарымен таныстыру процесінде педагог әлемдік классикасының шығармаларымен қатар отандық кинематографтың киноөнері шығармаларын қатар ұсынады.

      105. "Кинокамера құралы" және "Кинопроектор құралы" тақырыптарын түсіндіру кезінде педагог білім алушының түсіру аппаратурасын қолдану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауына ерекше көңіл бөледі.

      106. "Фильмнің және эпизодтың бейнелеу-монтаждық композициясы" тақырыбын түсіндіру кезінде педагог білім алушының назарын сахна мен эпизодтардың бейнелеу-монтаждық композициясын, кадрдың кескін жазықтығында түсірілетін материалдың ұйымдастырылуын талап ететін кинематографиялық шығармаға аудартады. Ойын фильмінде эпизод кадрларының композициясымен жұмыс сценарийіндегі оның драматургиялық композициясы негізінде осы эпизодтың бейнелеу-монтаждық шешімімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

      107. Кадр композициясы фильмді құрудың барлық кезеңдерінде – режиссерлік (қойылымдық) сценарийді әзірлеуде, фильм эпизодтарының бейнелеу-монтаждық шешімін анықтауда, түсіру алаңында кадрды таңдауда, мизансахнаны құруда, жарықтандыру шешімі, түсірілім операциясын орындауда, түсірілген материалдан фильмді монтаждау процесінде, фильм бейнелері, оның бейнелеу стилистикасы анықталғанда және соңғы ресімделгенде қалыптастырылады.

      108. Бағдарламада кинооператор еңбегін ұйымдастырудың маңызды құралы ретіндегі кадрларға бөлуді үйрету қарастырылған. Әрбір сурет – жеке кадр ("Жазу" тетігін басқаннан "Тоқтату" тетігін басқанға дейінгі жазу аралығы).

      109. Кадрға бөлу – сценарий бойынша белгілі әрекетке сәйкес келетін жеке кадрлар. Режиссер мен оператор кадрға бөлуді қарайды, оператор камераны тиісті жерге қояды және түсіреді.

      110. Кадрлардың бірізді тізімін құрғаннан кейін, білім алушы тікелей кадрлардың үлгілік композициясын салуға көшеді, ол бөлшектерге терең қарауға мүмкіндік береді: тоналдық, басты нысанды, монтажды, кадрда кейіпкердің орналасу орнын ерекшелеу тәсілдері.

      111. Педагог оқыту процесінде білім алушының монтажды ойлауын дамытады (көрші кадрлар қарай монтаждалатынын алдын ала ойлайды). Білім алушы көріністің (эпизодтың, фильмнің) біртұтас стилін құруды; әрекет ету кеңістігін дұрыс қабылдауды, кадрдағы бастыны ерекшелеуді, эмоциялық әсерлерді (тәсілдер, қимылдар, ырғақтар, қақтығыстар) ескеруді үйренеді.

      112. Білім алушы педагог жетекшілігімен әртүрлі – ірі, орта және жалпы пландарда объектіге камераға түсіру дағдыларын алады.

      113. "Операторлық шеберлік" пәнінің "Дыбыс жазу және видеоға түсіру", "Сценарийлік шеберлік", "Актерлік шеберлік негіздері" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың әртүрлі көркемдік құбылыстарды тұтас түсінуге итермелейді.

      114. 4 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) кинематографтың даму тарихын білу;

      2) кинематографтың әлемдік классиканың үздік туындылары бойынша операторлық шеберлік тәсілдерімен танысу;

      3) камера құралын, түсіру ережесін игеру, видеокамерамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру;

      4) операторлық тәсілдермен танысу: "тұрақты кадр", "тұрақты" және "динамикалық панорамалау", "жақындау-алыстау (наезд-отъезд)", "баяулатылған түсірілім", "жылдамдатылған түсірілім";

      5) қойылған режиссерлік тапсырмаға сәйкес келетін түсірілім нүктелерін таңдау дағдыларын меңгеру;

      6) түсірілген материалды барынша қызықты, бірегей ететін түсірілімнің әртүрлі ракурстарын меңгеру;

      7) әдеби шығарманы кадрларға бөлу дағдыларын меңгеру;

      8) операторлық тәсілдерді қолданудың практикалық дағдыларын дайындау.

      115. 4 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кинематографтың ойлап табылуы. Кинематографтың тұрмыс-тіршілікке енгізілуі. Өткен уақыттағы түсіру құрал-жабдықтарының түрі. Жиырмасыншы ғасырдағы техниканың даму прогресі, телевидениенің жаңа стандарттары мен форматтарының пайда болуы. Қазіргі қоғам өміріндегі телевидениенің рөлі.

      2-тақырып. Кинокамера құралы. Кинокамера оптикасы.

      3-тақырып. Кинопроектор құралы.

      4-тақырып. Видеокамера құралы және жиынтығы.

      5-тақырып. Фильмнің және эпизодтың бейнелеу-монтаждық композициясы.

      6-тақырып. Кинокадр картина ретінде. Кинокадр форматы. Кадрдың кеңістіктік және уақыттық қасиеттері.

      7-тақырып. Кадрдың ірілігін қолдану. Симметрия және асимметрия. Кадрдың экспрессивтілігі.

      8-тақырып. Түсіру пландарын қолдану. Ірі план – адамның ішкі-жан дүниесінің жағдайын берудің күштірек құралы.

      План – кинематографиялық кеңістікті (экранда бейнеленген кеңістік) шартты бөлу жүйесі. Ірі план.

      Фоннан объектіні ерекшелеу үшін ірі план, оған назар аударту (бас, портретті түсірілім).

      Орта план (екі немесе одан да көп объектілердің өзара байланысын көрсету үшін).

      Жалпы план (іс-әрекет орындарын көрсету үшін).

      Алыс план (іс-әрекет орындарын көрсету үшін). Адрестік план – іс-әрекет орындарын және уақытын белгілеу үшін арналған жалпы планның бір түрі.

      9-тақырып. Түсірілім ракурстары. Өткір ракурсты түсірілім. Ракурс – түсірушінің болып жатқан жағдайға көзқарасы.

      10-тақырып. Түсірілім нүктелері. Жоғары нүктеден түсірілген кадрмен жеткізілетін сезімдер. Төменгі нүктеден түсірілген кадрмен жеткізілетін сезімдер.

      11-тақырып. Горизонтальды панорама.

      12-тақырып. Вертикальды панорама.

      13-тақырып. Ілесуші панорама.

      14-тақырып. Динамикалық панорама.

      15-тақырып. Күрделі панорама.

      16-тақырып. Субъективтік камера.

      17-тақырып. Монтаж – экрандық ойлаудың тәсілі. Монтаждың даму тарихы. Кезекпен жүргізілетін монтаж. Қатар жүргізілетін монтаж. Ассоциативтә монтаж. Кулешов әсері. С. Эйзенштейн монтажының үш түрі. Монтаждың үш кезеңі.

      18-тақырып. Түсірілім материалының монтажға жарамдылығы және монтажға жарамсыздығы. Монтажды ауысымдар. Көру дыбыстық ақпаратты қабылдаудың физиологиялық заңдылықтары. Монтаж мәдениетіне қойылатын талаптар. Ірілігі бойынша монтаж. Кеңістіктікте бағдарлану бойынша монтаж. Қимылдың бағыты бойынша монтаж. Қимыл фазасы бойынша монтаж. Композицияның орталығы бойынша монтаж. Жарық бойынша монтаж (үндестілік). Түс бойынша монтаж (колорит). Қайта жасау.

      19-тақырып. Алға қарай қозғалулар мен артқа қарай қозғалуларды қолдану.

      20-тақырып. Кадрішілік монтаж. Оператор С. Урусевскийдің "Летят журавли" фильмі – кадрішілік монтаждың ашық мысалы. Кадрішілік монтажды іске асыру құралдары. Кадрішілік монтаждың автордың ойымен байланысы.

      21-тақырып. Әдеби шығарманы кадрларға бөлу.

      22-тақырып. Әдеби шығармадан үзінді негізінде этюдтің түсірілімі.

      23-тақырып. Оператор жұмысымен таныстыру мақсатында телевизиялық және кино түсірілімдерге оқу экскурсиясы.

      24-тақырып. Кинематографтың әлемдік классикасының үздік туындылары бойынша операторлық шеберлік мысалдарын қарау.

      25-тақырып. Қорытынды сабақ.

      116. 4 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      4 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кинематографтың және түсіру құрал-жабдықтарының даму тарихын біледі;

      2) кинооператор, видеооператор, видеомонтаж операторы мамандықтары туралы түсініктері болады;

      3) кинематографтың әлемдік классикасының үздік туындылары бойынша операторлық шеберлік мысалдарын біледі;

      4) кино, видеокамера құралдарын біледі және түсіру аппаратураларымен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген;

      5) қойылған режиссерлік тапсырмаға сәйкес келетін түсірілім нүктелерін таңдайды;

      6) түсірілген материалды барынша қызықты, бірегей ететін түсірілімнің әртүрлі ракурстарын меңгерген;

      7) кино жарықтандыру тәсілдерін меңгерген, жарық эффектілерін қолданады.

      117. Кәсіби бағдарлау сыныбындағы Бағдарлама талаптары:

      1) әдеби үзінділер негізінде этюдтерді түсіру дағдыларын меңгеру;

      2) кинопортретпен жұмыс жасау техникасы туралы білімді қалыптастыру;

      3) түсірілім техникасына және түсірілім процесіне қатысты мамандықтар бойынша еліміздің кинематографиялық жоғары оқу орындарына түсу үшін жеткілікті болатын терең білім көлемін игеру.

      118. Кәсіби бағдарланған сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Актерлік эпизодпен жұмыс.

      2-тақырып. Экран бейнесі.

      3-тақырып. Кадр және мизансахна композициясы. Көрерменге белсенді әсер ететін элементтер. Күңгірт фондағы ашық дақ. Жалпы динамика кезіндегі қозғалмайтын бейне. Өткір емес фондағы анық зат. Түссіз фондағы түсі қанық нысан. Кадрдың шекаралары. Сюжеттік композициялық орталық. Пропорционалдық. Тепе-теңдік.

      4-тақырып. Кинопортрет. Кескіндемедегі және фотографиядағы адамның суреті. Портретті фотография. Портрет – көркемдік құралдармен айқындалған адамның сипаттамасы. Кейіпкердің рухани сипаттамасы. Кинопортрет жасаудағы оператордың рөлі.

      5-тақырып. Кинопортретпен жұмыс жасау техникасы. Жарық. Мәнерлі жарықтандыруды құру. Кейіпкердің бетін жарықтандырудағы маңызды міндет – мимикалық бұлшық еттің жұмысын анықтау. Беттің жарықпен түзету. Көлеңкесіз жарықтандыру әдісі.

      6-тақырып. Кинопортретпен жұмыс жасау техникасындағы оптика. Кескіннің оптикалық суретінің сипаты. Анық сурет. Жұмсартылған сурет. Объектілердің кадрішілік қозғалысымен байланысты өзгерістер (қолданылатын объективтің анық бейнеленетін кеңістігінің тереңдігі).

      7-тақырып. Грим. Гримдегі техникалық тәсілдер. Гримдейтін бояулар. Грим. Түстердің негізгі палитрасы. Сызықтық грим. Түс және түспен көлеңкелеудің үйлесімділігі.

      8-тақырып. Практикалық сабақтар. Бетті гримдеу. Вазелин жағу, беттің жалпы өңін келтіруге дайындау. Бояуларды таңдау, оларды араластыру. Сорғыш (губка), қолдың сұқ саусағымен бетте бояуды жағу. Бояуды орталықтан беттің сопағына қарай жағу ережелерін сақтау. Беттің сопағының жалпы өңі. Далапты жағу. Қастың, көздің, еріннің формасын келтіру. Форманы өзгерту – кішірейту, кеңейту, тарылту.

      9-тақырып. Сахналық бейнені жасау өнеріндегі гримнің мәні. Грим кейіпкердің, бейненің негізгі қырларын ашатын мәнерлі құрал ретінде. Грим жасауда безендіру мен костюмнің жанры, стилі маңызды фактор ретінде.

      10-тақырып. Киносынаманы түсіру.

      11-тақырып. Кинематографтың әлемдік классикасының мысалдарында экран бейнесімен жұмыс жасаудың үлгілері.

      12-тақырып. Жарық деген не? Киноны жарықтандыру өнері. Кадрдың жарықтоналдық шешімі.

      13-тақырып. Павильонда жарықпен жұмыс.

      14-тақырып. Түрлі-түсті түсірілім.

      15-тақырып. Оператордың көру мәдениеті.

      16-тақырып. Экспонометрикалық бақылау.

      17-тақырып. Шынайы болмыста жарықпен жұмыс жасау. Жарық көздері. Ауа-райы және климат. Мұнар. Жарықтандырудың спектрлік құрамы.

      18-тақырып. Бұлтты ауа-райындағы түсірілім.

      19-тақырып. Қарлы мезгілдегі түсірілім.

      20-тақырып. Сулы мезгілдегі түсірілім.

      21-тақырып. Режимдік түсірілім.

      22-тақырып. "Күндіз түнді" түсіру.

      23-тақырып. Павильонда табиғи кадрлардың түсірілімі. Жарық түрлері. Жарық кілті. Жарық үйлесімі.

      24-тақырып. Жарық эффектілері. Бөлмедегі күн жарығының эффектісі. Ай жарығының эффектісі.

      25-тақырып. Арнайы эффектілер: жаңбыр, қар, бет-аспан-жасыл.

      26-тақырып. Табиғи экспонометрия.

      27-тақырып. Кинематографтың әлемдік классикасының үздік туындылары бойынша операторлық шеберлік мысалдарын қарау.

      28-тақырып. Әдеби шығармалардан үзінді негізінде этюдтің түсірілімі.

      29-тақырып. Қорытынды сабақ.

      119. Кәсіби бағдарланған сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      Кәсіби бағдарланған сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) кинопортретпен жұмыс жасау дағдыларына ие;

      2) әдеби шығармалардан үзінді негізінде этюдтер түсірілімінің бастапқы дағдыларын меңгерген;

      3) жарық теориясы туралы түсінігі бар;

      4) павильонда және табиғатта жарықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген;

      5) операторлық қолөнер және шеберлік туралы түсінігі бар;

      6) отандық және шетелдік операторлық шеберлік мысалдарын біледі;

      7) бұлтты ауа-райында, қарлы мезгілдегі, сулы мезгілдегі түсірілімдер, режимдік түсірілім, "күндіз түнді" түсіру туралы түсінігі бар;

      8) павильонда табиғи кадрлардың түсірілімі дағдыларына ие;

      9) жарық түрлері, жарық кілті, жарық үйлесімі туралы түсінігі бар;

      10) операторлар шамнан, үстел шамынан, оттан, күннен, айдан барлық мүмкін болатын жарық эффектілерін алу үшін актерді (әрекет етуші тұлғаны), декорацияны (интерьер) және фонды бөліп жарықтандыру принципін қолданады.

      120. "Актерлік шеберлік негіздері" пәні бойынша Бағдарламада келесі түсініктер қолданылады:

      1) актер – автордың мәтінімен, режиссердің сахналық нұсқауларымен және көрермен қабылдауымен шынайы байланыс;

      2) актерлік өнер – орындау шығармашылының түрі, сахна бейнелерін құрудан тұратын орындаушылық өнер саласындағы кәсіби шығармашылық қызмет;

      3) актерлік тренинг – білім алушыларда зейінді, байқампаздықты, елестетуді, шығармашылық қиялды, логикалық ойлауды, тапсырманы орындауда үйлесімділікті және табиғилықты дамыту басты міндет болып табылатын ойындар мен жаттығулардың үздіксіз ауысуы;

      4) актерлік шеберлік – өзін-өзі жетілдірудің, жеке әлеуетті, эмоциялықты және тұлғаның көркемдігін ашу жолы;

      5) әртістік техника – әртістің психикалық және физикалық табиғатын жетілдіруді дамытуға бағытталған техника;

      6) бағалау – сахнада пайда болған бейнеге қатынас, іс-әрекеттің мақсаты енді санада пайда бола бастағанда, субъектпен барлық саналы іс-әрекеттің алғашқы сәті;

      7) бейне – сезімдік-нақты формада шынайылықты жалпыланған елестету;

      8) берілетін жағдайлар – көзделген іс-әрекетті ақтау үшін актердің өзі құрайтын жағдай;

      9) бұлшық ет еркіндігі – бұлшық ет энергиясын мақсатты бөлу және жұмсау;

      10) грим – актерге рөл үшін қажетті келбетті келтіру өнері;

      11) диалог – екі актер арасындағы өзара әңгімелесуді, репликалармен алмасуды білдіретін сахна іс-әрекетінің формасы;

      12) дикция – сөздер мен буындарды айтудағы анықтық және нақтылық;

      13) жанжал – бірін-бірі жоққа шығаратын мақсаттардың жүзеге асуы кезінде қарсы күресетін жақтардың қақтығысуы;

      14) жанр – кескін объектісіне суретшінің эмоциялық қатынастарының жиынтығы;

      15) жапсарлас (пристройка) – субъектінің мақсатына қарайғы жолында кезіндегі физикалық тосқауыл, кедергілерді өткеруі, оның зейіні әлі оларға аударылмаған, ал мақсаты келесі іс-әрекет;

      16) зейін – іріктеуші қабылдаудың объектіге бағыттылығы, зейіннің өзгеруі адам қызметінің нысаны болып табылатын анықтық деңгейін өткеру мен мазмұн айқындылығының өзгеруінде анықталады;

      17) зейін объектісі – адам үшін дәл қазіргі сәтте тұрақты немесе ситуативті маңыздылығы бар объект, ол объект қасиеттерінің адамның өзекті қажеттіліктерімен, адам қызметінің құрылымында аталған объектінің орналасу сәйкестігімен анықталады;

      18) идея – негізгі, басты ой; шығарманың мазмұнын анықтайтын түпкі ой;

      19) импровизация – орындау процесінде немесе оны жеке құру процесінде құрылатын өнер шығармасы;

      20) классика – өнердің және мәдениеттің жалпы қабылданған, үлгілік шығармасы;

      21) мимика – ойлар мен сезімдерді ишарат, қалыптар және әртүрлі бет әлпеті арқылы көрсету өнері;

      22) міндет – кейіпкердің нақты уақыт аралығында жүзеге асыруға тырысатын мақсаты;

      23) ойын – актерлік шеберліктің басты элементі; спектакльде, қойылымда, кинофильмде берілетін жағдайлардағы актердің күйі;

      24) өнер – әлемді игерудің арнайы рухани-практикалық тегі, жасампаздықтың, танудың бірлігі, адами қарым-қатынасты бағалау, кез-келген қызмет саласындағы біліктің, шеберліктің жоғары деңгейі;

      25) релаксация – қаңқа бұлшық еттерінің тонусын төмендету. Релаксация арнайы психофизиологиялық техникаларды, физиотерапияны және дәрілік препараттарды қолдану нәтижесінде қол жеткізіледі;

      26) ритм – энергия мен жылдамдық күшінің қатынасы;

      27) рөл партитурасы – оқиғаның логикасын және реттілігін бекіту, сахналық жанжалдың дамуы;

      28) салмақ – актерлік шеберлікте дене салмағының адамның күшіне қатынасында салыстырмалы өлшем. Іспен құштарлық, табысты келешек, үміттер адам денесінің салыстырмалы салмағын азайтады;

      29) сахна міндеті – белгілі бір мақсатқа бағытталған бейненің іс-әрекеттер қатары;

      30) сахналық ақтау – актердің сахнадағы іс-әрекетін уәждемелеу.

      121. Бағдарламаның мақсаты: білім алушыны актерлік орындау бойынша меңгерген білім, білік және дағдылары негізінде көркем-эстетикалық дамыту.

      122. Бағдарламаның міндеттері.

      Оқыту:

      1) сахна тәртібі, актерлік тренинг негіздерін зерттеу;

      2) кәсіби тілмен, түсініктермен және категориялармен танысу;

      3) қарапайым сахналық іс-әрекетті құру заңдарымен танысу;

      4) сахналық іс-әрекеттің мәнерлі құралдарымен танысу.

      Дамыту:

      1) білім алушының тұлғалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      2) ішкі қысымдардан арылу;

      3) табысты жеке шығармашылық іс-әрекетті дамыту;

      4) этюдтерді құру арқылы қайта түрленулерге қабілеттерді дамыту;

      5) психофизикалық тренинг арқылы сахна іс-әрекетін орындау кезінде қоршаған шынайылықтан абстракциялау дағдысын дамыту;

      6) актерлік жаттығулар арқылы байқампаздықты, жадыны, зейінді, қиялды, елестетуді, тапқырлықты, кері жауап жылдамдығын, ойын және импровизациялық қабілеттерді дамыту.

      Тәрбиелік:

      1) тұлғааралық қарым-қатынас және әріптестік дағдыларын меңгерудегі көмек;

      2) танымдық қызығушылықтың уәждемесі, таным көкжиегін кеңейту;

      3) ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетіне, жұмысқа жауапты және ұқыпты қатынасты тәрбиелеу;

      4) көрермен мәдениетін тәрбиелеу;

      5) көркемдік талғамды, эстетикалық мәдениетті, шығармашылық бастамаларды, психофизикалық төзімділікті және жұмысқа қабілеттілікті тәрбиелеу.

      123. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Аптадағы сағаттар саны және сабақтың ұзақтығы үлгілік оқу жоспарында анықталады.

      124. Бағдарлама актерлік шеберліктің негізін меңгергісі келетін балаларды оқытуға арналған.

      125. Бағдарламаның ерекшелігі білім алушының актердің табиғаты (психология, биотехника, сөйлеу, психофизика) біліміне негізделетін актерлік шеберліктің негізгі дағдыларын практикалық меңгеруді жалпы дамытуға бағытталуы болып табылады.

      126. Пән дәстүрлі оқытуға, әр білім алушыға жеке-сараланған тәсілмен келуді, көркемдік-бейнелі ойлауын дамытуға, орындау техникасы мен актерлік шеберлікті қалыптастыруға бағдарланған.

      127. Бағдарлама білім алушының шығармашылық, эстетикалық, рухани-адамгершілік дамуына және сахна бейнесін құру тәжірибесін, кинода актерлік міндеттерді іске асыру бойынша өз бетінше жұмыс дағдыларын алу үшін жағдай жасауға бағытталады.

      128. Бағдарлама білім алушының киноның әртүрлі жанрларында, практикада рөлдерді орындау білігін, салыстыра және актерлік міндетті саналы орындай отырып, алдағы уақытта кинопортретті өз бетінше құруға көмектесетін білім, білік қорын меңгеру үшін жағдай жасайды.

      129. Бағдарлама білім алушының тұлғалық қасиеттерін дамытуға:

      1) қажетті актерлік дағдыларды және әрекет ету психологиясымен актерлік ойын техникасын келісу қабілеттерін меңгеруге;

      2) пластикалық мәнерлілік және импровизация дағдыларын қалыптастыруға;

      3) мимика, пантомима, ишарат тілі дағдыларын игеруге;

      4) қиялдау, құрастыру, пластикалық көркемдік бейнені жүзеге асыру білігін дамытуға;

      5) білім алушының шығармашылық қызмет тәжірибесін алуға бағдарланған.

      130. Әдістерді таңдау білім алушының физикалық қабілеттері, актерлік алғышарттарының даму деңгейі сияқты жеке ерекшеліктері мен жасына тәуелді. Оқытудың барлық процесі қарапайымнан күрделіге қарай құрылады.

      131. Бағдарламаны іске асыру кезінде педагог интерактивті білім беру технологияларын, заманауи өнер мектебіндегі классикалық және дәстүрлі емес сабақтар типологиясын қолданады.

      132. Білім алушының өз бетінше жүргізетін сабақтарын белсендіру үшін жұмыс формалары:

      1) этюдтерді құрау;

      2) тапсырмалармен жұмыс;

      3) рөлмен өз бетінше жұмыс;

      4) күнделікке этюдпен, рөлмен жұмыс істеуге қатысты педагогтің маңызды ұсынымдарын жазу;

      5) үй тапсырмаларын орындау туралы ауызша есеп беру.

      133. Әр сабақ тыныс алу гимнастикасынан басталады. Білім алушы жаттығуларды ырғақты дәлме-дәл орындайды, педагог тыныс алудың тереңдігін, негізгі бұлшық ет топтарының еркіндігін бақылайды.

      134. Тыныс алуды жаттықтыруда негізгі қағида – біртіндеушілік. Бастапқы кезеңде білім алушы тыныс шығаруда ойын формасында жеке дыбыстарды, кейін буындарды айтады.

      135. Келесі кезеңдерде білім алушы тыныс шығаруда біртіндеп тапсырманы күрделендіре отырып үлкен емес сөздерді айтуға көшеді. Педагогтің міндеті – білім алушыны ауаны қалыпты шығара отырып дыбыстарды айтуға үйрету.

      136. Сөйлеу тынысын дамыту үшін ойындар мерзімді қозғалмалы түрлеріне көшеді. Білім алушы кез-келген ойынды аяқтай келе, педагог жетекшілігімен тынысты қайта қалпына келтіруге арналған жаттығуларды орындайды.

      137. Артикуляциялық гимнастика сөз дыбыстары қалыптасуының негізі болып табылады. Ол артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалғыштығын жаттықтыруға, дыбыстарды дұрыс айту үшін қажетті еріннің, тілдің, жұмсақ таңдай белгілі қалыптарын пысықтауға арналған жаттығулардан тұрады.

      138. Артикуляциялық гимнастиканың міндеттері:

      1) артикуляциялық аппарат мүшелерінің (ерін, тіл, жұмсақ таңдай, жақ) қозғалғыштығын жаттықтыру, олардың белгілі қозғалыстарын пысықтау;

      2) сөйлеу мүшелері қозғалыстарының нақтылығын қалыптастыру;

      3) қимылды белгілі күшпен және белгілі қарқында орындау білігін қалыптастыру;

      4) бір қимылдан басқасына ауысуды қалыптастыру;

      5) берілген қалыпта сөйлеу мүшелерін ұстап тұру ұзақтығын қалыптастыру;

      6) бір қимылдан басқасына ауысу қабілетін қалыптастыру және жетілдіру;

      7) қимылды толық көлемде орындау қабілетін дамыту;

      8) берілген қарқында қимылдың нақтылығы мен жылдамдығын дамыту;

      9) кинестетикалық түйсіктерді дамыту;

      10) есту қабылдауын, зейінді және жадыны дамыту;

      11) көру қабылдауын, зейінді және жадыны дамыту;

      12) өзін-өзі бақылауды дамыту.

      139. Артикуляциялық гимнастика үшін жаттығуды дұрыс таңдау үшін, педагог артикуляциялық аппараттың әртүрлі мүшелеріне қандай қимылдар тән екенін біледі.

      140. Артикуляциялық гимнастиканы жүргізуді ұйымдастыру:

      1) педагог ойын тәсілдерін қолдана отырып жүргізілетін жаттығу туралы айтады;

      2) педагог жаттығуды орындауды көрсетеді;

      3) жаттығуды білім алушы орындайды, педагог орындауды бақылайды.

      141. Педагог білім алушы орындайтын артикуляциялық гимнастиканың сапасын бақылайды: қимылдың дәлдігі, қалыптылығы, орындау қарқыны, төзімділігі, бір қимылдан басқасына өту.

      142. Артикуляцияның әрбір мүшесінің қимылы беттің сол және оң жағына қатынасы бойынша симметриялы орындалады, олай болмаған жағдайда артикуляциялық гимнастика өз мақсатына жетпейді.

      143. Артикуляциялық моториканы дамыту бойынша жаттығулар жүйесі тұрақты жаттығуларды және сөйлеу қимылдарының динамикалық үйлесімін дамытуға бағытталған жаттығуларды қамтиды.

      144. Артикуляциялық гимнастика бойынша күтілетін нәтижелер:

      1) артикуляциялық аппарат (ерін, тіл, жұмсақ таңдай, жақ) мүшелерінің қозғалғыштығы, белгілі қимылдарды пысықтау;

      2) берілген қарқында қажетті қимылды толық көлемде орындау;

      3) бір қимылдан басқасына ауысу білігі;

      4) берілген қалыпта сөйлеу мүшелерін ұстап тұру білігі.

      145. Логопедиялық гимнастика жаттығулары:

      1) ерінге арналған жаттығулар;

      2) еріндердің қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар;

      3) тілге арналған динамикалық жаттығулар;

      4) астыңғы жақтың қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар;

      5) жұтқыншақ бұлшық еттерін және жұмсақ таңдайды жаттықтыру.

      146. Актерлік шеберлік негіздері бойынша сабақтарда қолданылатын қағидалар және арнайы әдістемелік тәсілдер:

      1) жаттығулар мен этюдтерді педагог айтқан ауызша тапсырма бойынша орындау. Көрсету бірінші сигналдық жүйеге (көру анализаторына) әсер етеді. Бірнеше анализаторлардың қоздырғышы болып табылатын кәсіби дағдылар сөздің көмегімен тапсырманы түсіну процесінде қалыптасады. Екінші сигналдық жүйеде сөздік тітіркену кезінде керекті шартты байланыстар түзіледі. Шартты байланыстар негізінде қажетті дағдылар қалыптасады.

      Педагог педагогикалық көрсетудің (үлгілік) даралықтан арылту қауіпінде, бастаманы тұсайтындығында, логикалық ойлауды және шығармашылық елестетуді басыбайлы ететіндігінде екендігін біледі;

      2) жаттығуды іріктеуде және орындауда қанықтық қағидасы эмоциялықты және тәртіптің қарқынды ырғағын тез ауыстыру қабілетін дамытады. Ағзаға әртүрлі ықпал ететін жаттығуларды сабақ барысында алмастыру педагогке сабақты қызықты және алуан түрлі өткізуге мүмкіндік береді;

      3) қарапайымнан күрделіге қарай тапсырманы күрделендіру қағидасы оқыту кезінде міндетті. Жаттығулар олар орындалмайтынға дейін ғана, оларда "күрделілік қоры" қалғанша ғана мәні болады.

      Жаттығуды қайталай келе, байқалатын өзгерістер енгізіледі, кері жауаптың жаңалығы, мезеттілік және тренингке қатысушылар іс-әрекетінің шынайылығы жеңіл қамтамасыз етіледі.

      Дағдыларды пысықтау процесінде тапсырманы күрделендірудің белсенді құралдары болып білім алушыны үнемі шығармашылық кернеуде үздіксіз ұстауға мүмкіндік беретін күрделендіру сұрақтары, нақтылау сұрақтары болып табылады;

      4) сабақ және әрбір жаттығу міндеттерінің кешенділігі. Кешенді жаттығулар педагогикалық міндеттерді бір уақытта немесе бірізді шешеді: жаттығу білім алушының, болашақ актердің психофизикалық аппаратына әсер ете отырып, максималды пайда әкеледі;

      5) педагогикалық іс-әрекеттің шынайылығы және үздіксіздігі. Актер шеберлігі бойынша сабақ барысында педагог өзі шынайы өмір сүреді: қарайды және көреді; тыңдайды және естиді; шынайы зейін қояды; міндеттерді қызықты және нақты қояды; уақытында өз тәрбиеленушілерінің дұрыс және табысты іс-әрекеттеріне жауап қайтарады; жаттығуды орындауда кемшіліктерді шынайы іздестіреді; аудиторияны эмоциямен толтырады.

      147. Актерлік тренинг кешеніне арнайы жаттығулар кіреді:

      1) тыныс алу және дем шығаруда қатысатын бұлшық еттердің үйлестірілген жұмысы дағдыларын қалыптастыруға, олардың күші мен қозғалғыштығын қалыптастыруға арналған;

      2) мұрынмен тыныс алу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар;

      3) ішкі және сыртқы артикуляция мүшелері (астыңғы жақ, ерін, тіл және жұтқыншақ) бұлшық еттерінің жұмысында үйлестіруді қалыптастыруға арналған жаттығулар;

      4) дұрыс еркін дауысты дыбыстауды және рөлдің мәтінімен жұмысты дамытуға арналған жаттығулар.

      148. Актерлік техника элементтері біртіндеп енгізіледі, көпшілік жаттығулар кешенді сипатқа ие, ол жаңа материалды меңгерумен бірге алынған дағдыларды бекіту бойынша жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

      149. Сабақ барысында жеңіл меңгерілетін, қиындықтар тудыратын актерлік тренинг элементтері анықталады. Осыдан шыға келе, алда болатын- сабақтың міндеттерін ескере отырып, сол немесе басқа жаттығулар мен ойындар таңдалады.

      Тренингте қолданылатын ойындар мен жаттығулар үнемі ауысады, жаңартылады, бала тұлғасының бірізді дамуы үшін қажетті жаңа формалар пайда болады.

      150. Актерлік тренингтерде педагог жаттығулармен қатар этюдтерді кең қолданады. Этюд әртістік техника мен сахна әдісі арасындағы байланыстыру буыны болып табылады. Этюд актердің өзімен жұмыс жасаудың бастапқы дағдыларын бекітеді.

      151. Этюдтер білім алушыларда зейінді, қиялды, жадыны, іс-әрекет логикасын, ассоциативтік ойлауды, сахнада жүру мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Педагог әртүрлі өмірлік жағдайларды және адам сезімдері мен эмоцияларының пайда болуын қамтитын тақырыптар бойынша алуан түрлі этюдтерді таңдайды.

      152. Этюдті жұмыстағы бағыттар:

      1) адам эмоциясының пайда болуына арналған этюдтер;

      2) ишараттың мәнерлілігіне арналған этюдтер;

      3) үйлесімді үндемеуге арналған этюдтер;

      4) пластикалық этюдтер;

      5) бірнеше берілген сөздер немесе заттар бойынша этюдтер;

      6) стоп-кадрларға негізделген этюдтер;

      7) кескіндеме немесе әдебиет шығармалары, мақалдар, мәтелдер және тұрақты сөз тіркестері негізіндегі этюдтер;

      8) ойдан шығарылған заттармен (әріптестермен) этюдтер;

      9) физикалық іс-әрекеттің жадына этюдтер;

      10) импровизациялық блиц-этюдтер.

      153. Импровизациялық блиц-этюдтер жаңадан бастаған жас актерлер үшін импровизацияның күрделі саласы болғанына қарамастан, педагог сабақтарда жұмыстың осы түрін қолданады, себебі импровизациялық сезінуді тәрбиелеу тәрбиеленушілердің актерлік дарындылығын дамытудың ажырамас шарты болып табылады.

      154. Спектакльмен жұмыс жасаудың кезеңіне тәуелсіз, сабақтың үш құраушысы өзгеріссіз қалады:

      1) бой жазу;

      2) сөйлеу тренингі;

      3) психофизикалық тренинг.

      Бұл өзгерудің шығармашылық процесіне енгізуге тәрбиеленушілер дайындығының қажетті шарты болып табылады.

      155. Аталған курстың бағдарламасы жас актерді "табиғи ортада", сахнада, репетицияларда, рөлмен жұмыс жасау процесінде тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оқытудың және баланың дамуының тиімділігіне теория мен практиканың бірігуі арқасында қол жеткізіледі. Мұндай тәсіл білім алушыны әрі қарайғы жетілуі үшін қажет тәжірибемен және техникалық дағдылармен қамтамасыз етеді.

      156. "Алып тастау" әдісі бейнені құру және жүзеге асыру жолында ішкі кедергілер мен қысымдарды анықтауға және шешуге көмектеседі.

      157. "Толық көрініс" әдісі білім алушының біртұтас психофизикалық аппаратын қамтиды.

      158. Педагог қызметі психологиялық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған қарапайым физикалық іс-әрекет негізінде рөлдің партитураларын құрастыруда тұжырымдалатын "физикалық іс-әрекет" әдісіне негізделеді.

      159. "Психологиялық ишарат" әдісі сыртқы сипатты іздеуге бағытталған. Барлық әдістер актерлік шеберлікке үйрету үшін бейімделген.

      160. Жеке қызмет нәтижелерінің рефлексиясы педагогке тек қана білім беру процесін ғана емес, сонымен бірге балада шығармашылық елестетуді, белсенді зейінді, жадыны, ырғақты, логиканы, сахналық көңіл-күйді табысты дамыта отырып психикалық процесті қарқындатуға көмектеседі.

      161. "Актерлік шеберлік негіздері" пәнінің "Дыбыс жазу және видеоға түсіру", "Сценарийлік шеберлік", "Операторлық шеберлік" пәндерімен пәнаралық байланысы білім алушылардың әртүрлі көркемдік құбылыстарды тұтас түсінуге итермелейді.

      162. Даярлық сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) актерлік шеберліктің, терминологияның теориялық негіздерін білу;

      2) актердің рөльмен жұмысы кезеңдерін білуі;

      3) актердің ішкі техникасы элементтерін меңгеруі;

      4) актерлік тренингтің жаттығуларын дұрыс орындау білігі;

      5) актерлік этюдтерді өз бетінше құрастыру және қою білігі;

      6) білім алушының табиғи дарындылығын, актерлік жаттығу арқылы байқампаздығын және жадын, музыканы қолданумен пластикалық импровизация арқылы қайта түрленуге қабілетті, психофизикалық тренинг арқылы сахна іс-әрекетін орындау кезінде қоршаған шынайылықтан абстракциялау дағдыларын дамыту.

      163. Даярлық сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Кіріспе сабақ. Сауалнама. Еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша нұсқау.

      2-тақырып. Актерлік шеберлікке кіріспе. Театрдың пайда болуы және мәні. Актер. Оның кинодағы рөлі. Актерлік өнер табиғаты. Актерлік өнердің негізгі заңы (үшбірлік: актер – материал, актер – құрал және актер – өз бейнесін жасаушы).

      3-тақырып. Актердің өзіндік жұмысы. Тренинг. Релаксация тәсілдері, зейіннің шоғырлануы, тыныс алу. Сахна зейінінің ерекшеліктері. Актер жұмысында тыныс алудың мәні.

      Жаттығулар: "Сүмелек мұз" ("Сосулька"), "Қар үлпегі", "Ыстық-суық", "Шүберектен жасалған қуыршақ-солдат", "Шалтай-болтай", "Зілтемір".

      4-тақырып. Актердің шығармашылық психотехникасының негізгі элементтері (сахна зейіні, бұлшық ет еркіндігі, елестету, қарым-қатынас). Бұлшық ет қысымдарын жою. Бұлшық ет еркіндігі туралы түсінік.

      Жаттығулар: "Ұйқы – ояну", "Онға дейінгі санақ бойынша босаңсу", "Босаңсу және қысым", "Дененің бір бөлігінен басқа дененің босаңсуы".

      5-тақырып. Шығармашылық ақталу және қиял. Ұсынылатын жағдайлар туралы түсінік. Ұсынылатын жағдайлардың шиеленісуі – шығармашылыққа бастар жол. Актердің шығармашылық қиялы арқылы ақталуға бастар жол. Актер жұмысындағы қиялдың маңызы. "Егер де" – шығармашылық процестің негізі. Байқампаздық, өмірді зерттеу – шығармашылық қиялдың басты көзі.

      Жаттығулар: "Фотосурет бойынша әңгіме", "Саяхат", "Ертегі құрастыру", "Таңғажайып тіршілік иесі".

      6-тақырып. Сахна қатынасы және дәлелді бағалау. Сахна қатынасы – бейнеге бастар жол. Қатынас – іс-әрекет негізі. Сахна іс-әрекетінің пайда болуы. Ақиқат және сенім сезімі. Сахна сенімі рөлмен қойылған сахналық жалғандыққа байыпты қатынас ретінде. Актердің "ішкі монологы" және оның мәні. Ішкі ишарат. Елестету кинотаспасы. Актердің дұрыс сахналық хал-жайы – соңғы және мақсатты сахналық іс-әрекеттің нәтижесі.

      Жаттығулар: "Абдырап қалма", "Тақырып – жануар", "Доптар және сөздер", "Семафор".

      7-тақырып. Формалды және шығармашылық зейін. Өмірдегі және сахнадағы зейін. Ерікті және еріксіз, сыртқы және ішкі зейін. Зейіннің үздіксіз тізбегі. Шығармашылық зейін және қиыл.

      8-тақырып. Қабылдау және байқампаздық. Актердің қоржаған дүниені көру, есту, сезіну және бақылау қабілеті. Жадында қабылдаған сезімдері мен көрген бақылауларын сақтау білігі.

      Көру және есту арқылы қабылдауды, сезінуді дамытуға, сезімді жадында сақтаудағ және ішкі түйсігін жаттықтыруға арналған жаттығулар.

      9-тақырып. Сахналық қарым-қатынас. Сахналық қарым-қатынастың негізгі элементтері: қабылдау, бағалау, әсер ету. Бағалау және ырғақ. Бағалау –сахнада пайда болған бейнеге қатынас. Энергия мен жылдамдықтың қатынасы ретінде ырғақ туралы түсінік.

      Жаттығулар: "Жылдамдықтар корапшасы", "Мінбе", "Шапалақ бойынша ырғақты қозғалыстар", "Олжа", "Отыр, оқып жатыр, бірақ біреу кедергі келтіреді".

      10-тақырып. Ақиқат және бақылау сезімі. Ақиқат сезімі актердің сахналық жүріс-тұрысты өмірлік ақиқатпен салыстыру қабілеті ретінде.

      Жаттығулар: "Күту", "Ағашты аралау", "Пианист", "Шаштараз", "Есікке кіру", "Суретші", "Айна".

      11-тақырып. Сахна міндеті және сезімі. Сахна іс-әрекеті. Сахна міндетінің үш элементі. Міндет пен қарсы әрекеттің қақтығысуы нәтижесінде пайда болған оларды бейнелеу сезімдері және формалары.

      Әртүрлі міндеттері бар жаттығулар: "Хат жазып отырмын", "Демалып жатырмын", "Бақылап отырмын", "Конвейер", "Жол", "Бұл кітап емес".

      12-тақырып. Ой және бүкпе мән. Бүкпе мән мағынасы (актердің сол немесе басқа сөйлемге бергісі келетін мағынасы).

      "Әртүрлі интонациялардағы – сөздер және сөйлемдер", көңілсіз, қуанышты, таңғалған, ренжулі, салтанатты күйде "Өлеңді оқу" жаттығулары.

      13-тақырып. Сахналық бейне – "қарым-қатынас кешені". Қарым-қатынастың үш сәті: әріптестің пиғылын және іс-әрекетін бағалау, әріптеске қарай ыңғайлану, қалаған бағытта партнерге өзіне-өзі әсер ету.

      Жаттығулар: "Сыйлық", "Сезімдерді дирижирлеу", "Әткеншек", "Көлеңке", "Сиам егіздері", "Қалыпты ақтап алу", "Ойлап тап", "Жапсарлас құрылыс".

      14-тақырып. Гримнің тарихы мен түрлері. Кинодағы грим өнерінің ерекшеліктері. Гримдеу материалдары. Постижерлік бұйымдар.

      15-тақырып. Гримдеудің мүсіндік-көлемдік тәсілдері.

      2-бөлім. Актердің бейнелермен жұмысы. Іс-әрекет логикасы.

      13-тақырып. Мен – затпын. Сахналық бейне түсінігі. Сахналық бейнені жасау. Актердің шығармашылықпен қайта түрленуі. Қайта түрлену қағидалары. Актерлік мәнерліктің құралдары және бейнеге түрлену тәсілдері. Түрленуге жол ретінде іс-әрекет логикасын меңгеру. Рөлдің асқын міндеті, кейіпкердің тура іс-әрекеті. Рөлдің ықпалды партитурасы. "Алаңдаудың психотехникасы" түсінігі. Сахналық бейненің түрленуінің әртүрлі формаларын меңгеруге мүмкіндік беретін алаңдау психотехникасы.

      "Мен – затпын" тақырыбына этюдтер (сәнсәулені (торшерді), тоңазытқышты, шаңсорғышты, шәйнекті, кіржуғыш машинаны бейнелеу).

      14-тақырып. Мен – апатпын. Жаттығулар: "Жер, ауа, су".

      "Мен – апатпын" тақырыбына этюдтер (теңізді, желді, отты, жанартауды бейнелеу).

      15-тақырып. Мен – жануармын.

      "Мен – жануармын" тақырыбына этюдтер (қалаған кез-келген жануарды бейнелеу).

      16-тақырып. Мен – таңғажайып жануармын.

      "Мен – таңғажайып жануармын" тақырыбына этюдтер (тіршілікте жоқ жануарды бейнелеу).

      17-тақырып. Этюд түсінігі. Этюд түрлері.

      Физикалық іс-әрекеттерді есте сақтауға арналған этюдтер (бөлмені жинаймын, балық аулаймын, кір жуамын), зейінге арналған этюдтер, қиялға арналған этюдтер, заттарға қатынасқа арналған этюдтер (заттарды ойнау), қимылдарға арналған этюдтер, көпшілік алдындағы жалғыздыққа арналған этюдтер. Жұп этюдтер.

      3-бөлім. Репетициялық-қойылымдық жұмыс.

      18-тақырып. Сценарийді оқу. Рөлдерді бөлу.

      19-тақырып. Есептік-көрсету бағдарламасының репетициясы (көрсету сабақтары, ойын бағдарламасы, өлеңдерді, этюдтерді сахналау).

      3-бөлім. Актердің бейнелермен жұмысы. Іс-әрекет логикасы.

      20-тақырып. Мысал әңгіме. Мысал әңгімені сахналау. "Мысал әңгіме" түсінігі. Материалды (жанрын, идеясын, стилдерін) зерттеу. Мысал әңгімедегі оқиға және оқиғалар қатары. Мәнерлілік құралдарды іздеу. Мысал әңгіме жазушылар: И. Крылов, С. Михалков.

      21-тақырып. Мысал әңгімелердің құрастыру, репетициясы және көрсетілімі.

      22-тақырып. Физикалық іс-әрекет әдісі бойынша бейнемен жұмыс. Бағалау процесінің кезеңдері: белгілерді жинақтау, жаңа қатынасты орнату сәті, кейіпкер мінез-құлығының пайда болуы.

      Этюдтік импровизациялар (мен ормандамын, аралдамын, су астындамын, таныс емес қаладамын, шөлдемін).

      23-тақырып. Прозалық үзінділер бойынша киноновеллада құрастыру, репетиция және түсірілім. "Көркемдік проза" түсінігі. Сахналау үшін прозалық шығарманы таңдау. Прозалық шығармаларды оқу. Прозалық үзінділер бойынша киновелла құрастыру, репетиция және түсірілім.

      24-тақырып. Өмірді зерттеу. Актерлік қиялдың әрі қарай жұмысы үшін шығармашылық азықтың қорын жинақтау. Өмірді бақылау, өз бақылауларын жалпылау. Кейіпкер өмірін зерттеу. Кейіпкер өмір сүрген дәуірмен танысу.

      25-тақырып. Рөл туралы қиялдау. Актер пьеса фабуласында қарастырылмаған өмірлік жағдайларды құрастырады, кейіпкер ретінде өзін осы жағдайларға ойша қояды және сұрақтарға дәлелді жауап табуға тырысады. Кейіпкердің өткені туралы қиялдау.

      26-тақырып. Бүкпе мәнді ашу. Оның бүкпе мәнінің терең ойын ашу мақсатында мәтінді талдау.

      27-тақырып. "Сыртқы сипаттылық" түсінігін түсіндіру. Кейіпкердің костюмін таңдау. Сыртқы келбет. Ұсынылатын кейіпкердің қылықтарын, кәсіби әдеттерін пысықтау. Жоғары сипаттаманың элементтерін әзірлеу.

      28-тақырып. "Бейнелерге этюдтер" үй жұмысы. Рухани және физикалық түрлену үшін сахналық бейненің дәлелді нұсқаларын іздеу.

      29-тақырып. Актер ретінде фильм өндірісіне қатысу.

      164. Даярлық сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1) терминологияны біледі;

      2) бұлшық етті босаңсыту тәсілдерін біледі;

      3) пластикалық тренинг жаттығуларының кешенін біледі;

      4) этюдтермен жұмыс кезінде өз ойларын жүзеге асыра алады;

      5) этюдте пластикалық бейнені құрастыра және жүзеге асыра алады;

      6) өз бетінше бой жаза алады;

      7) актерлік зейінді, елестетуді және қиялды дамытады;

      8) сахнада және сахна сыртында сахналық жүріс-тұрыс мәдениетін меңгереді.

      165. 1 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) әрі қарай терминологияны меңгеру, киноның түрлері және жанрларымен, білім алушының әртүрлі жанрлардағы рөлдермен жұмыс процесінде түрлену техникасымен танысу жалғастырылады;

      2) қайта түрлену арқылы елестетуді, қиялды дамыту жалғастырылады, сахналық зейінді, байланыс, сюжеттік-рөлдік ойындарды, есту, көру зейінін дамытуға арналған жаттығулар меңгеріледі;

      3) оқу фильмінің қойылымымен жұмыс дағдылары меңгеріледі.

      166. 1 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      1-тақырып. Кинематографиялық өнердің ерекшеліктері. Кинематографтың бейнелеу қағидасынан, суреттің "фотографизмінен" шынайылықты моделдеу қағидасына қарай жасанды шынайылықпен тәжірибе жүргізу жолымен ауытқуы.

      2-тақырып. "Кино жанры" түсінігі. Кино түрлері және жанрлары.

      3-тақырып. "Киноэтюд" түсінігі. Жалғыз киноэтюдтер. Жұптасқан киноэтюдтар. "Кездесу" этюді. "Танысу" этюді. "Ұрыс-жанжал" этюді. "Қуаныш" этюді. "Таң қалу" этюді.

      4-тақырып. Үйлесімді әрекеттің элементтері. Актерлік тренаж – білім мен дағдыларды қайталау, бекіту жетілдіру. Үйлесімді қимылдау процесін, оның элементтерін меңгеруге арналған жаттығулар: әрекет етуге дайындалу, ашылу дағдылары, қимылдардың келісімділігі, ұжымдық шығармашылық жұмыс. Шығармашылық зейін мен қиялды, шоғырландыру дағдыларын, зейінді аудару, сыртқы және ішкі зейінді дамытуға арналған жаттығулар.

      5-тақырып. Сөзсіз іс-әрекеттер. Бағалау, жапсарлас, салмақ, мобилизация – іс-әрекетті құраушылар. Сөзсіз іс-әрекеттерге жаттығулар. Сөзсіз іс-әрекеттерге импровизациялық этюдтер.

      6-тақырып. Сөзбен әрекеттесу. Серіктесті тыңдау және есту білігін дамыту, тек дыбыстарды қабылдап қана қоймай, серіктестің айтқан сөздерінің мағынасын түсіну. Диалог – сахна тілінің негізгі формасы. Физикалық әрекет – сөзбен әрекет етудің негізі.

      Серіктесті тыңдау және есту дағдылары мен біліктерін дамытатын жаттығулар.

      7-тақырып. Затсыз іс-әрекеттер. Затсыз іс-әрекеттер жаттығулар. Өз бетінше қиялдауды, зейін мен жадыны дамытуға арналған жаттығулар.

      8-тақырып. "Жанжал" түсінігі. Жанжал – іс-әрекеттің қозғаушысы. Іс-әрекет және әрекетсіздік.

      9-тақырып. Шығармашылық ойындар-этюдтер. Ойын тренингі. Актерлік шеберлікте экспромт.

      10-тақырып. Рөлдік тренинг. Таныс ертегілер, әңгімелер, өзі құраған оқиғалар тақырыбына ойын-драматизацияны қолданумен жеке және ұжымдық импровизация.

      11-тақырып. Сахнада іс-әрекеттің келісімділігіне, зейінді, қиялды және импровизацияға қабілеттілікті дамытуға арналған жаттығу.

      12-тақырып. Жадыны дамыту үшін музыканы қолданумен балалар шығармалары негізіндегі жаттығулар мен импровизациялар. Рөлдерді жаттау және орындау.

      13-тақырып. Актерлік тренинг. Зейінді шоғырландыру, шығармашылық атмосфераны құру. Еркін, есту және көру зейінін жаттықтыру үшін жаттығулар. Физикалық іс-әрекеттің қарқын-ырғағы. Хронометрмен жаттығу, әртүрлі ритмикалық бояулы музыкамен іс-әрекет.

      14-тақырып. Әрекеттің қарқыны-ырғағы. Қарқын – орындалатын әрекеттердің жылдамдығы. Жүріс-тұрыстың ырғағы. Қарқын мен ырғақтың өзара байланысы, олардың ұсынылатын жағдайларға байланыстылығы.

      15-тақырып. Бұлшық етті босаңсытуға, эмоциялық қозғалғыштыққа, ішкі қарқын-ырғақты өзгертуге арналған жаттығу. Білім алушының жадын, ерік-жігерін, зейінін, психофизикалық қасиеттерді дамытуға арналған жаттығулар кешені.

      16-тақырып. Сахна зейінін дамытуға арналған жаттығулар. Байланыс, сюжеттік-рөлдік ойындар. Есту, көру зейінін дамытуға арналған жаттығулар.

      17-тақырып. Актерлік тренинг және жаттығулар. Физикалық және эмоциялық қысулардан арылу. Психотехника тренингі. Импровизацияға және іс-әрекет нақтылығына арналған жаттығулар. Этюдтер мен шығармаларды орындаудағы ақиқат сезімі. Актердің музыкалық-ритмикалық тәрбиесі.

      18-тақырып. Сахналық бейнемен жұмыс. Актерлік шеберлік. Актердің мәнерлілік құралдары. Дауыс, пластика, ишарат, мимика. Актерлік орындаудың көрінетін және естілетін жақтары. Эмоциялық қозғалғыштық. Ойынның сипаттылығы және алуан түрлілігі. Сөйлеу және пластикалық құралдардың мәнерлілігі. Рөл биографиясын құру. Эмоциялық қозғалғыштық, эмоциялық жадыны дамыту.

      19-тақырып. Оқу фильмінің қойылымымен жұмыс. Әдеби үзінді бойынша түсірілімдерге дайындық. Оқу қойылымымен жұмыс кезінде пластиканы қолданумен психофизикалық мүмкіндіктерді практикада қолдану және дамыту.

      20-тақырып. Кинопортретпен жұмыс. Актер ретінде фильм өндірісіне қатысу.

      167. 1 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      1 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) "кино жанры", "конфликт" түсініктерін біледі;

      2) киноның түрлері мен жанрларын біледі;

      3) өзіндігімен болатын концентрация және босаңсу дағдыларына ие;

      4) рөлмен өз бетінше жұмыс істей алады;

      5) актерлік бейнені жүзеге асыру тәсілдерін іздеп таба алады;

      6) актерлік тренинг жүргізе алады;

      7) актерлік шеберліктің бастапқы дағдыларын меңгереді;

      8) кинодағы рөлмен жұмыс жасай алады.

      168. 2 сыныптағы Бағдарлама талаптары:

      1) терминологияны әрі қарай меңгеру, кино өнер түрлерімен, кинематографиялық мамандықтармен танысу жалғастырылады;

      2) жаттығулар, актерлік тренингтер меңгеріледі, білім алушының өзінің шығармашылық жұмысына жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді;

      3) қажетті актерлік дағдыларды меңгеру, пластикалық мәнерлілікті, импровизация дағдыларын қалыптастыру жалғастырылады, қиял, құрастыру білігі, пластикалық көркемдік бейнені жүзеге асыру дамиды.

      169. 2 сыныптағы оқу пәнінің мазмұны.

      Тақырыптық жоспарлау.

      1-тақырып. Актерлік шеберлікте "алаңдау мектебінің" негіздері. Кинофильмнің пайда болуы. Кинематографиялық мамандық. Түсірілім алаңы.

      2-тақырып. Сахна зейіні. Сахна зейінінің түрлері. Сахна зейінін шоғырландыруға арналған жаттығу. Көпжазықтық зейіннің және импровизацияның тренингі. Есту және көру зейінін дамытуға арналған жаттығу.

      3-тақырып. Музыкалық-пластикалық импровизациялар. Әріптеске және топтық іс-әрекеттерге музыканы қолданумен зейінді дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар.

      4-тақырып. Іс-әрекеттің импровизациялығына арналған жаттығу. Бейнелік жадыны және эмоциялық жадыны дамытуға арналған музыкамен жаттығулар.

      5-тақырып. Ұсынылатын жағдайлар. Ұсынылатын жағдайлар туралы түсінік. "Мен" және ұсынылатын жағдайлар. Ұсынылатын жағдайлардағы "Мен" және іс-әрекет мақсаты.

      6-тақырып. Қайталанатын ұсынылатын жағдайлардағы әртүрлі мінез-құлықтар және әрекеттер.

      7-тақырып. Психотехника тренингі. Актер психотехникасы тренингі. Тұрақты зейінді жаттықтыру. Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар. Көпжазықтық зейіннің (зейіннің ауысуы) тренингі. Әріптеске және топтық іс-әрекеттерге зейін. Іс-әрекеттің жинақылығына арналған жаттығулар. Көру жадын жаттықтыру.

      8-тақырып. Бейнелі жадыны және эмоциялық жадыны дамыту. Мәтіндік ақпаратты есте сақтау дағдыларын жетілдіру. Сезім мүшелерін жаттықтыруға бағытталған жаттығу.

      9-тақырып. Акустикалық есту қабілеті, есту зейіні және есту түйсіктері. Жанасу жадысы және түйсіктері. Физикалық іс-әрекеттер және түйсіктер жадысы. Физикалық хал-жағдай және көңіл-күй жадын дамытуға арналған жаттығу. Бейнелі және ассоциативтік ойлауды дамытуға арналған жаттығулар.

      10-тақырып. Актерлік тренинг. Сөздік және психофизикалық іс-әрекеттермен жаттығулар. Көру жадын жаттықтыру. Физикалық қысымдардан арылуға арналған жаттығулар кешені, музыкамен үйлесімдікті дамыту.

      11-тақырып. Пластикалық импровизация. Затсыз іс-әрекетке жаттығулар. Физикалық пластикалықты дамыту үшін жаттығулар кешені, музыканы қолдану арқылы ырғақтылықты дамыту. Сөзсіз іс-әрекет. Пантомимикалық дағдыларды дамытуға арналған жаттығу.

      12-тақырып. Рөлдік тренинг. Рөлмен жұмыс. Ишарат, мимика, қимыл. Сөйлеу және психофизикалық әсер. Сахна зейіні, оқиға және кері жауап. Сөздік іс-әрекет және оның логикалық мағынасы. Рөлмен жұмыс.

      13-тақырып. Актерлік тренинг және жаттығу. Физикалық және эмоциялық қысымды жою. Психотехника тренингі. Импровизацияға және іс-әрекет нақтылығына арналған жаттығулар. Этюдтерді және шығармаларды орындаудағы ақиқат сезімі.

      14-тақырып. Актердің музыкалық-ырғақтық тәрбиесі. Сахналық бейнемен жұмыс. Актерлік шеберлік. Қозғалыс. Эмоция. Көпшілік алдында орындауда алынған білік және дағдыларды практикалық жүзеге асыру.

      15-тақырып. Топтастыру және мизансценалар. Топтастыру мен мизансценаларды құру – актерлік шеберліктің элементі. Мизансцена – актер мен режиссердің біріккен шығармашылығы. Мизансценаның мәнерлеу мүмкіндіктері. Мизансценаны құру тәсілдері.

      170. 2 сыныптың Бағдарламасын игеруден күтілетін нәтижелер.

      2 сыныпта оқу жылының соңында білім алушы келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:

      1) сахна зейіні түрлерін біледі;

      2) терминологияны біледі;

      3) импровизация дағдыларына ие;

      4) Бағдарлама шеңберіндегі актерлік дағдыларды меңгереді;

      5) пластикалық мәнерлілікпен жұмыс жасайды;

      6) пластикалық бейнені жүзеге асыру үшін өзінің денесін меңгереді;

      7) түсірілім кезінде бұлшық ет және психологиялық қысымдарды жеңе біледі;

      8) өз бетінше де, ұжымда да шығармашылық жұмыс дағдыларын меңгерген;

      9) кино түсірілім тәжірибелеріне ие.

      171. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.

      Білім алушы:

      1) актерлік шеберліктің теориялық негіздерін;

      2) актердің рөлмен жұмыс кезеңдерін;

      3) сахналық іс-әрекет заңдарын;

      4) әр түрлі мінез-құлық кейіпкерлердің гримінің түрлерін және бірнеше әртүрлі жағу техникаларын;

      5) сахналық сөздің теориялық негіздерін;

      6) әртүрлі дәуірлердегі жүріс-тұрыс әдебі мен мәнерін;

      7) сахна ұрысының тәсілдерін;

      8) сахна шығармасын режиссерлік әзірлеудің кезеңдерін (этюдтер, үзінділер);

      9) сахналық әзірлемені жазу кезеңдерін;

      10) режиссураның қарапайым заңдарын;

      11) акробатикалық элементтерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасын біледі.

      Біліктері:

      1) актерлік тренинг жаттығуларын дұрыс орындау;

      2) өз бетінше актерлік этюдтерді құрастыру және қою;

      3) берілген жағдайда өз іс-әрекеттерін ойнау;

      4) қиялдауда қимылды елестету және бейнелермен ойлау;

      5) ұсынылатын жағдайларда дұрыс үйлесімді тәртіпті табу;

      6) сахналық бейнелермен және рөлдермен өз бетінше жұмыс жасау;

      7) қойылымдық планды өз бетінше талдау;

      8) нақты және дәлелді бейнелерді құру;

      9) бейнеге сәйкес гримді өз бетінше қондыру;

      10) артикуляциялық және тыныс алу гимнастикасы жаттығуларын орындау;

      11) сахналық құлауды жүзеге асыру;

      12) сахналық алаңда өз бетінше құрастырылған этюдтің, үзіндінің режиссерлік түпкі ойын жүзеге асыру;

      13) сахналық шығармамен (этюд, үзінді) жұмыста аллегориялық және бейнелі тәсілдерді қолдану;

      14) әртүрлі техникаларда әртүрлі сипатты гримді кондыру;

      15) дененің пластикалық мәдениеті, сахна сөзі және рөлмен жұмыста актерлік шеберлік саласында барлық алынған дағдылар мен біліктерді қолдану;

      16) байламда акробатикалық элементтерді орындау.

      Дағдылары:

      1) актердің ішкі және сыртқы техникасы элементтерін;

      2) аутотренинг және релаксация тәсілдерін;

      3) рөлдегі сөздік іс-әрекетті;

      4) трюктік техниканы;

      5) сахналық пластиканы;

      6) сөйлеу қарым-қатынастарын;

      7) гримдеудің мүсіндік-көлемдік тәсілдерін;

      8) шығармашылық элементтерді:

      а) объектіге зейінді;

      б) қабылдау мүшелері: көру, есту;

      в) түйсіктерге жады және оның негізінде бейнелі көрулерді құру;

      г) елестету;

      д) өзара әрекеттестікке қабілет;

      е) іс-әрекеттің және сезімдердің қисындылығы және жүйелілігі;

      ж) ақиқат сезімі;

      з) сенім және аңқаулық;

      и) іс-әрекет және ойдың келешегін түйсіну;

      к) ырғақ сезімі;

      л) сүйкімділік, ұстамдылық;

      и) бұлшық ет еркіндігі және әсемділігі;

      к) дауысты меңгеру және дыбыстау;

      л) фразаны сезіну;

      м) сөзбен әрекет ету білігі.

4-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдері

      172. Білім алушылардың "Дыбыс жазу және видеоға түсіру" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      173. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) екінші сыныпта – бірінші жартыжылдықта: сынақ (кескінді жазудың теориясын білуі, екінші жартыжылдықта: сынақ (видеомонтаж негіздерін білуі);

      2) үшінші сыныпта – бірінші жартыжылдықта: сынақ (дыбыс жазудың теориясын білуі, екінші жартыжылдықта: сынақ (дыбыс жазудың компьютерлік бағдарламаларын білуі);

      174. Кино өнерінде оқыту нәтижелерін бақылау өлшемшарттары пән бойынша ағымдық үлгерім нәтижелерінен және сынақтарда алған бағалардан тұрады.

      Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) дыбыс жазудың және видеомонтаж теориясын тиісті деңгейде меңгергенін көрсетуі;

      2) видео және дыбыс жазатын аппаратурамен жұмыс дағдыларын меңгеруі.

      175. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – пән бойынша білімін көрсетуі, қойылған сұраққа толық жауап, тапсырманың барлық өлшемшарттарына сәйкестігінде барлық жұмыстардың болуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – барлық жұмыстардың аз кемшіліктермен болуы және аз ғана олқылығы бар жауап;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – барлық жұмыстың болуы және толық емес жауап немесе бір өрескел қателікпен жауап, бірақ қойылған талаптарға сәйкес жұмысты аяқтау немесе түзету ұсынылады;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – ең болмағанда бір жұмыстың болмауы немесе жұмыстың тапсырма талаптарына сәйкес болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      176. Білім алушылардың "Сценарийлік шеберлік" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      177. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) үшінші сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (сценарийлік шеберлік теориясын білуі);

      2) төртінші сынып – екінші жартыжылдықта: сынақ (өз сценарийінің жобасын көрсету).

      178. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) білім алушының жазбаша және ауызша жанрларда әдеби қабілеттерін дамуын;

      2) киноның теориясы мен тарихын білуі;

      3) сценарийлік шеберлік теориясын, сценарий құрылымын білуі;

      4) сценарист жұмысының ерекшеліктерін;

      5) сценарист өнімінің соңғы тұтынушысы – көрермен психологиясының негіздерін білуі;

      6) өз сценарийінің жобасын кәсіби питчингтарда көрсету дағдыларын меңгеруі.

      179. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – сценарийлік шеберлік теориясы туралы білімін көрсетуі, қойылған сұраққа толық жауап, тапсырманың барлық өлшемшарттарына сәйкес келетін барлық жұмыстардың болуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – оқу материалын оның айтуында аз қателіктермен білуі, жауапты нақты мысалдармен дәлелдеуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – оқу материалын өз сөздерімен жеткізуде бірталай қателіктердің болуы, жауапта нақты мысалдардың болмауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – тапсырмалы жүйелі орындамауы, оқу материалының меңгерілмеуі;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      180. Білім алушылардың "Операторлық шеберлік" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      181. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) төртінші сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (операторлық шеберлік және түсіру құрал-жабдығының теориясын білуі), екінші жартыжылдықта: сынақ (операторлық шеберлік және түсіру құрал-жабдығының теориясын білуі);

      2) кәсіби бағдарлау сыныбы – бірінші жартыжылдықта: сынақ (операторлық шеберлік теориясын меңгеруі, әдеби үзіндіні кадрларға бөлу), екінші жартыжылдықта: сынақ (әдеби шығармадан үзінді негізінде этюдтің түсірілімі).

      182. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) кинематографтың әлемдік классикасының үздік туындылары бойынша операторлық шеберлік мысалдарын білуі;

      2) операторлық шеберлік теориясын білуі;

      3) түсіру құрал-жабдықтарын меңгеру.

      183. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – операторлық шеберлік теориясы бойынша білімін көрсетуі, қойылған сұраққа толық жауап, тапсырманың барлық өлшемшарттарына сәйкес келетін барлық жұмыстардың болуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – оқу материалын кейбір қателіктермен білуі;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – оқу материалын баяндауда бірталай қателіктердің болуы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – ең болмағанда бір жұмыстың болмауы немесе жұмыстың тапсырма талаптарына сәйкес болмауы;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

      184. Білім алушылардың "Актерлік шеберлік негіздері" пәні бойынша Бағдарламаны игеруін бақылау сынақ түрінде іске асырылады.

      185. Аттестаттау формасы және білім алушылардың көрсетілімдеріне қойылатын бақылау-бағдарламалық талаптары:

      1) бірінші сынып – бірінші жартыжылдықта: сынақ (актерлік шеберлік теориясын меңгеруі);

      2) екінші сынып – екінші жартыжылдықта – сынақ (жобалық фильмде кинопортрет жасау;

      186. Педагог білім алушының жұмысын бағалау кезінде келесі өлшемшарттарды ескереді:

      1) актерлік шеберлік теориясының жалпы негіздерін білуі;

      2) киножанрлардың ерекшеліктерін және алуан түрлілігін білуі;

      3) актерлік мәнерліктің тәсілдерін және бейнеге түрленудің әдістерін меңгеруі.

      187. Бағалау өлшемшарттары:

      1) "5" "өте жақсы" бағасы – оқу-бағдарлама материалын жан-жақты, жүйелі және терең білуі, бағдарламамен қарастырылған тапсырманы еркін орындау білігі, оқу-бағдарлама материалын қолдануда шығармашылық қабілеттердің байқалуы;

      2) "4" "жақсы" бағасы – оқу-бағдарлама материалын толық білуі, бағдарламада қарастырылған тапсырманы табысты орындауы, әрі қарай оқу қызметінде білімін өз бетінше толықтыру және жаңарту қабілеті;

      3) "3" "қанағаттанарлық" бағасы – оқу материалын әрі қарай оқу және оқылатын пән бойынша алда күтіп тұрған қызмет көлемінде білуі, бағдарламамен қарастырылған тапсырманы орындауы;

      4) "2" "қанағаттанарлық емес" бағасы – негізгі оқу бағдарламасы материалы білімінде олқылықтарды анықтаған, бағдарламамен қарастырылған тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберген білім алушыларға қойылады;

      5) "Сынақ" (баға қойылмайды) – орындауы оқытудың осы кезеңіндегі қажетті деңгейге сәйкес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады