Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің м.а. 30.07.2013 № 107-1266 қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 22-610қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдедегі № 587 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 103 (2424), "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 111 (2412) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2013 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармақта:
"2009-2010 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2009-2013 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"2009-2010 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2009-2013 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2009-2013 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов