Астана қаласының көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 78 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 19 қазандағы № 503/71-IV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 696 болып енгізілді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 18 шешімінің негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Алматы ауданының № 23-13 жобалау атауы көшесіне Қасым Аманжоловтың есімі берілсін.
      2. Астана қаласы Алматы ауданының әкімі, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                     И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А. Ким

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    Е. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады