Астана қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 41-979қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 697 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Өсімдіктер карантині туралы" заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2011 жылғы 12 шілдедегі № 04-13/1505 Астана қаласының аумағында аса қауіпті карантиндік арамшөп Қызғылт укекіре (Acroptilon repens) (бұдан әрі - карантинді объект) табылғаны туралы ұсынысы негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласының аумағында карантинді объектіні толық жойғанға дейін карантин режимін енгізу арқылы қосымшаға сәйкес, карантин аймағы белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантинді объектілердің таралу ошағын оқшауландыру және жою бойынша іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлеу және олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. "Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіп кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция комитеті
      Астана қаласы бойынша
      Аумақтық инспекциясының бастығы            А.А. Қожұмратов
      2011 жылғы 27 қыркүйек

Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 41-979қ қаулысына   
Қосымша        

Астана қаласы аумағының карантиндік аймақтары

Р/с № Карантиндік аймақтардың атауы

1.

Ескі Көкшетау тас жолы, Орталық базардан "Рубеж" бекетіне дейін

2.

Қорғалжын тас жолы, Қазақ гуманитарлық заң университеті аумағынан "Рубеж" бекетіне дейін

3.

Қарағанды тас жолындағы транзиттік айналма жолынан Алаш тас жолына дейін

4.

"Сороковая" стансасынан Малахов 805 көшесіне дейінгі темір жол жүйесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады