Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы № С-46/5 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 маусымда № 1-1-145 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 маусымдағы № С-6/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.06.20 № С-6/9 (бекітілген күннен бастап күшіне енеді)шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 бөліміне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      46 сессияның төрағасы                      Ж.Балғабаев

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Көкшетау қаласының әкімі                   М.Батырханов

Көкшетау қалалық мәслихатының
2011 жылғы 11 мамырдағы
№ С-46/5 шешімімен бекітілді

Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы (бұдан әрi-Қағида) қаланың абаттандыру, санитарлық ұстау, аумағын таза ұстау және тазалық ұйымдастыру, Көкшетау қаласындағы инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау тәртібін белгілейді және меншiк түрiне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.
      Қағида "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      

     2. Осы Қағидада қолданылатын негiзгi
     ұғымдар мен түсiнiктер

       2. Көркейту – адамның қолайлы, жайлы және қауiпсiз өмiр сүру ортасын қамтамасыз ететiн элементтер мен жұмыстардың кешенi. Бұл жұмыс кешенi аумақты тазалау, көркейту объектiлерi мен элементтерін күтiп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғау жұмыстарын келесi негiзгi бағыттар бойынша ұйымдастыруды қарастырады: инженерлiк көркейту, үй маңындағы аумақты көрiктендiру, жерде жұмыс жасау, көгалдандыру, дыбыстық және шулы режимі.
      3.Тазалаудың тапсырыстық жүйесi – жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша қалдықтарды жинау және жою.
      4. Бекiтiлген аумақ – заңды және жеке тұлғаға бөлінген аумаққа тікелей түйісетін, оны күту, санитарлық ұстау, тазалау, қызмет көрсету үшін бекітілген жер учаскесi.
      5. Тұрмыстық қатты қалдықтар – арнайы қоқыс тасушы автокөлiктерге тиелетiн стандарттық сыйымдылықтағы типтiк контейнерлерге салуға жарайтын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда (пәтерлердi ағымдағы жөндеуден шыққан қалдықтарды қоса есептегенде) пайда болатын тұтынудың тұрмыстық қалдықтары, пеш күлi, смет, түскен жапырақ, үйде тұтынатын заттар және бөлшектелген қатырғы қораптар.
      6. Тұрмыстық сұйық қалдықтар – халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған сұйық түрдегі қалдықтары
(орталықтандырылмаған канализацияның фекалды қалдықтары).
      7. Iрi көлемдi қоқыстар - өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан, стандартты қалыптағы контейнерлерге сыймайтын, өздерiнiң көлемдiк-салмақтық сипаттарына сай арнайы қоқыс жинаушы машиналармен тасуға жарамайтын тұтынудың және шаруашылық қызметтің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз, жылытатын және санитарлық-техникалық приборлар және тағы басқалар).
      8. Инженерлiк желiлер және қондырғылар – қала тұрғындары мен кәсiпорындарды жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ететiн, сондай-ақ ағын суларды жинап, басқа жаққа ағызуға арналған қаланы инженерлiк көркейтудiң техникалық элементтерi.
      9. Шағын сәулеттiк нысандар – сәндiк сипаттағы және күнделiктi қолданымдағы объектiлер, (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, клумбалар мен гүл вазалары, павильондар, күркелер, отырғыштар, урналар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған қондырғылар мен конструкциялар, сәндiк хауыздар, көркемдеп жасалған қоршаулар, аркалар, флагштоктар, дүңгiршектер, телефон автоматтары, көшелер мен үйлердiң тақталары, сыртқы көрнекі жарнаманың тұрақты объектiлерi, будкалар, билбордтар, лайтбокстар, қалқандар, стеллалар, пилондар, электронды және жалюзды экрандар, витриналар, транспаранттар).
      10. Автотұрақ- жобалық-сметалық құжаттама негiзiнде ұйымдастырылып, автомобиль көлігін орналастыруға арналған аумақ.
      11. Уақытша объект – арнайы бөлiнген орындарда орналастырылған (рыноктар мен тұрақты орындардан өзге), санитарлық-гигиеналық жағдайлардың қажетті деңгейде қамтамасыз етiлген уақытша сауда объектiсi және тағы басқа уақытша объектiлер. Маусымдық бөлшек сауда объектiлерi, қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң ашық (жазғы) алаңшалары, жәрмеңкелiк сауда объектiлерi, көшпелi сауда кешендерi (автодүкендер), киiз үйлер, шатырлар, сауда автоматтары, жайма сөрелер, металл дүңгiршектер, будкалар, әжетханалар, құрылыстағы тұрмыстық (күзетшi үйшiгi) және басқа да объектiлер.
      12. Жасыл өсiмдiктер – қаланың жобалық шешiміндегi санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайын қамтамасыз етiп, көрiктендiру мен сәулет-ландшафтық әсемдеу деңгейiн көтеруге әсер ететiн, өсiмдiк текті объектiлер (ағаштар, бұталар, көгал алаңдар, гүлзарлар).
      13. Бөлiнген аумақ – алаңы, шекарасы, орналасқан жерi, құқықтық мәртебесi және басқа да сипаттамалары қала құрылысы құжаттарында және мемлекеттiк жер кадастрында көрсетiлген, заңнамамен қарастырылған құқығында жеке және заңды тұлғаларға берiлген қала аумағының бөлiгi.
      14. Құрылыс салушы – жаңа құрылысқа, қайта өңдеуге, жөндеуге, сондай-ақ бұзуға, бөлшектеуге, ғимаратты, құрылысты, үйлерді қиратуға тапсырыс берушi.
      15. Iргелес аумақ – жеке және заңды тұлғалардың меншiгiндегi, иелiгiндегi және жалға алынған ғимараттың, құрылғының, құрылыс алаңы қоршауының, сауда мен жарнама объектiлерiнiң шекараларына тiкелей түйiсетiн аумақ.
      16. Өтпе жол – автомобиль көлiктерінің шағын аудан, орамдар iшiндегi тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға басқа да қалалық құрылыс объектiлерiне келіп жетуiн қамтамасыз ететiн жол бөлiгi.
      17. Үй иеленушi – жеке меншiгiнде не басқалай заңды негiзде тұрғын (жеке, көппәтерлi) үйi және тұрғын емес (әкiмшiлiк, сауда, өндiрiстiк, мәдени-тұрмыстық және басқа мақсаттағы) ғимараттар немесе солардың бiр бөлiгi (бiрiгiп иелену) бар заңды және жеке тұлғалар.
      18. Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы уәкiлеттi органы (әрi қарай - тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы бөлімі) - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қалалық инфрақұрылым саласындағы уәкiлеттiлiгiн Көкшетау қаласының әкiмдiгi белгiлеген мемлекеттiк мекеме.
      19. Басқа уәкiлеттi органдар – Көкшетау қаласының әкiмi мен әкiмдiгiне қарайтын мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттiк басқару орталық атқару органдарының аумақтық құрылымдары.

3. Аумақты жинау мен санитарлық ұстау тәртiбi

      20. Барлық заңды және жеке тұлғалар меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан тұрғын үй, әкiмшiлiк, өндiрiстiк, сауда ғимараттар мен қондырғыларды, сондай-ақ бөлінген, бекітілген және iргелес жатқан аумақтарды, жүйелi түрде (қолмен және механикалық) тазалау жұмыстарын жүргiзедi.Қоқысты, ал қысқы мезгiлде қарды арнайы белгiленген орынға уақтылы тасып шығару үшiн барлық қажеттi шараларды қолданылады.
      21. Жалпыға бiрдей қолданылатын аумақтар жеке және заңды тұлғаларға іргелес емес және бекiтiлiп келiсiм-шартқа сәйкес берiлмеген, қалалық бюджет қаражаты есебінен мамандандырылған кәсiпорындар жинап, тазалайды.
      22. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып-жоюды мамандандырылған кәсiпорын жоспарлы-тұрақты жүйе бойынша аталған кәсiпорындармен және заңды және жеке тұлғалармен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде жиналған нормаға сәйкес жүзеге асырылады, егер олар тұрмыстық қатты қалдықтарды өз күштерiмен полигонға уақтылы тасып шығарып тұруға техникалық мүмкiндiктерi жоқ болған жағдайда.
      23. Егер тұрмыстық қатты қалдықтарды және басқа да қоқысты өз күштерiмен тасып шығаратын болса, қоқысты полигонға қабылдап алғаны жөнiндегi белгi мен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген қоқыстың жинақталу нормасы дәлелдейтiн құжат болып табылады.
      24. Мамандандырылған кәсiпорынның басшылары тұрмыстық қатты қалдықтарды толық көлемінде тасып шығару кестесiнiң қатаң сақталуына жеке жауапкершiлiк алады.
      Контейнерлік алаңшалары мен оған іргелес аумақтардың қоқыстануын болдырмау үшін контейнерлік алаңшалардағы контейнерлерді тазалау оның толуына қарай жүргізіледі. Іске жарамды, жыл сайын сырланған, иеленушінің маркировкасы болатын контейнерлер пайдаланылады. Контейнерлер орнатылатын алаңша су өткізбейтін жабындыны, қоршауды және арнайы техника үшін қолайлы кіреберісті қамтиды.
      25. Iрi көлемдi қоқыстар арнайы бөлiнген алаңға жиналып, жиналу көлемiне қарай, кемiнде аптасына бiр рет тұтынушының жеке тапсырысы бойынша мамандандырылған кәсiпорын, мердігер-ұйым тасып шығарады.
      26. Арнайы техникаға тиеген соң шашылып-төгiлген қоқыстарды жинау арнайы техника иесiнiң күшiмен дереу жүргізіледі.
      27. Канализация жүргiзiлмеген үй иелектерi аумағында тұрмыстық сұйық қалдықтарды жинау үшiн белгiленген нормаларға сай су өтпейтiн шұңқырлар жасалады. Сұйық қалдықтарды тасып шығару мамандандырылған кәсiпорынның ваккумды көлiгiмен қажеттiлiкке орай, осы мақсатқа арнайы бөлiнген орындарға жүзеге асырылады.
      28. Қала шеңберiнде орналасқан темiржолдар, оқшаулау тiлiмдерi, қима жолдар, төсенiштер, виадуктер, өтпежолдар, вокзал перрондары, аялдамалық платформалар, темiр жол кәсiпорынның күшi мен құрал-жабдықтарымен тазаланады. Темiр жолдың оқшаулау тiлiмдерi ведомстволық нормативтерімен алдын ала келiсiлген жеке көлемге ие. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмiнiң келiсiмiне сәйкес iргелес жатқан аумақты да қоса тазалау үшiн көлем деңгейiне ұлғайту бағытына қарай өзгерiс енгiзiп келiсiм шарт жасалуы мүмкiн.
      29. Жаға шегiне іргелес аумақтар мен айлақтар өздерi қарайтын немесе келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiлген кәсiпорын мен ұйымдардың күшiмен тазартылады.
      30. Қоғамдық көлiктерге арналған аялдамалық павильондар мен аялдама алаңдары, сондай-ақ оларға iргелес аумақтар мамандандырылған кәсiпорынның күшi мен құрал-жабдықтарын пайдалана отырып тазаланады; ал қоғамдық көлiктерге арналған аялдамалық павильондар мен аялдама алаңдары жеке және заңды тұлғалардың жекеменшiгi болған жағдайда – соңғылардың күшiмен тазартылады.
      31. Жалпыға бірдей пайдаланылатын орындарды тазалау мемлекеттiк тапсырысқа сай кәсіпорындар мен ұйымдар келiсiм шарт негiзiнде жиналған қоқыстар тез арада қалалық қоқыс үйiндiсiне тасып әкету арқылы жүргiзiледi.
      Барлық заңды және жеке тұлғалар меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан:
      1) смет, қоқыс қалдықтарын көгал алаңдарда, тротуарларда, өтпежолға үюге;
      2) кез келген қоқысты үй иесінің шекарасына шығаруға және жалпыға бірдей пайдаланылатын қалалық аумақтарда қалдыруға, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтар;
      3) тұрғын үй құрылысы аумақтарында, скверлерде және саябақтарда ағаш және жапырақтарды жағуға;
      4) үй иеліктері аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің келісімінсіз коммерциялық және сауда ұйымдары мен мекемелеріне арнайы мамандандырылған кәсіпорынмен қызмет көрсету үшін қосымша контейнерлер орнатуға;
      5) қоқысты шығаратын кәсіпорынмен келісім-шартсыз барлық түрлердегі меншіктегі тұрғын үй қорында орнатылған, жалпыға пайдаланудағы қалалық аумақтарда орналасқан контейнерлермен пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз етеді.
      32. Жер пайдаланушылар мен үй иелерi, меншiк түрiне қарамастан:
      1) өздерiне тиесілі немесе өздерi пайдаланатын:
      Тұрғын, тұрғын емес ғимараттарды, іргелес аумақтарымен объектілерді, өткел құрылғыларын, тротуарларды, жаяу жүргiншiлер жолын, орамiшiлiк өтпежолдарды, аула аумағын, жағажайды, демалыс зонасын, рыноктарды, сауда алаңдарын және уақытша (маусымдық) бөлшек сауда үшiн арнайы бөлiнген орындарды, қалалық бейіттерді қорымын, автотұрақтарды техникалық түзулікте өз есебiнен ұстайды:
      2) көпқабатты үйлердiң кiреберiстерiнiң тазалығы мен тәртiбiн сақтауға, олардың тұрақты жарық болып тұруын, лифттердiң, қоқыс құбырларының дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      3) ведомстволық қатыстылығына қарамастан жасыл өсімдіктерді сақтау, уәкiлеттi органдармен келiсiлген жобалар бойынша жасыл өсімдіктерді отырғызу жүргізеді, агротехникалық iс шаралардың толық кешенiн жүргiзеді, оның санында санитарлық кесуді, зиянкестер мен карантиндi арам шөптердi жою жұмыстарын өз күштерiмен немесе келiсiм шарт негiзiнде жүргiзiп отырады.
      Магистралдық инженерлiк коммуникацияның күзетiлетiн зонадағы жер үстi желiлерiндегi жасыл өсімдіктерді санитарлық қию, қиылған материалдарды тез арада қалалық қоқыс үйiндiсiне апарып тастауымен жүргізіледі;
      4) кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында және күтімінде тұрған жүйелерден басқа, жаңбыр мен жерасты суларына арналған арықтарды, құбырлар мен дренаждарды уақтылы тазалап тұруды iске асырады;
      5) құрылыс және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарды жасағанда жұмыс аумағы мен оған iргелес жатқан аумақты көрiктендiрудiң бұзылған элементтерiн қалпына келтiруімен уақтылы тазалап отырады;
      6) мемлекеттiк меншiктегi объектiлерге келтiрiлген залал туралы тиiстi органдарға хабарлайды;
      7) шатырдың асты және жертөлелердiң есiгiне құлып салып, желдету шараларын орындауымен ұстайды.
      33. Қаладағы, тұрғын үйлер мен оларға iргелес аумақтардағы қалыптасқан сәулеттiк бейненi сақтап және жақсарту үшiн оларға сауда объектiлерiн (кеңселердi) орналастырған кезде, заңды және жеке тұлғалар меншігіне қарамастан алдын ала жасалған және келiсiлген жоба бойынша ғимараттардың қасбеттерiн әрлеу және iргелес аумақтарды көрiктендiру жөнiндегi шаралар атқаруды қамтамасыз етеді:
      1) қасбеттi әрлеу;
      2) ғимараттың жалпы стилiне сәйкес келетiндей есік алдын, арбамен жүретiн мүгедектер кіруге пандустар, маңдайшалар орнату;
      3) өткел құрылғыларын, тротуарларды, орамiшiлiк өтпежолдармен қосылған жерлерін, автокөлiк тұрақтарын, көгалдарды, жасыл өсімдіктерді орнату;
      4) орындықтар, урналар, қоршаулар орнату;
      5) ғимаратқа iргелес жатқан және көлiк жолына немесе өтпежолға дейiнгi көше аумағын жарықтандыруға жететiн сыртқы жарық құрылғыларын, жарықты жарнама, қасбеттерге шам орнату;
      6) ең аз көлемдегi қажеттi ақпаратты қамтитын, жалпыға ортақ стилдегi, көркемдеп жасалған iлмелер орнату.
      34. Ғимаратта жалғыз объектi орналасқан жағдайда, оның иесi сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен қасбеттiң бiр бөлiгiн немесе толықтай әрлеуді қамтамасыз етеді, ал басқа ие немесе жалға алушы пайда болған жағдайда шыққан шығынын қайтарып ала алады. Бiрнеше объект болған жағдайда қасбеттi безендiру, іргелес аумақты көрiктендiру және санитарлық тазалау жұмыстары олардың иелерiнiң үлестерiне сай бiрыңғай сәулеттiк–көркемдiк бейне мен жұмыстың бiр уақытта жүргiзiлуiн қадағалай отырып жасалады.

4. Жалпыға бірдей пайдаланылатын орындар мен бекiтiлген
аумақтарды жинау және күтiп ұстау

      35. Жалпыға бірдей пайдаланылатын орындар мен бекiтiлген аумақтарды жинау және күтiп ұстау меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан заңды және жеке тұлғалармен жүргізіледі.
      36. Жалпыға бірдей пайдаланылатын орындар мен бекiтiлген аумақтарды жинау және күтiп ұстау жұмыстарына мынадай жұмыс түрлерi кiредi:
      1) аумақты сыпыру, қалдықтар мен қоқыстарды жинап арнайы бөлiнген орындарда жарақтандырылған контейнерлiк алаңдарға қойылған типтік контейнерлерге салу;
      2) тұрмыстық қатты қалдықтар мен iрi көлемдi қоқысты жинап, қалалық үйiндiге тасу. Тасып-төгу тиiстi құжатпен расталуы керек;
      3) шөптердi, бұталарды және басқа да жабайы өсетін өсімдікті шауып, тасып шығару;
      4) шағын сәулеттiк нысандарды және қоршауларды жөндеп, сырлау.
      37. Көктемгі-күзгі кезеңде жинаудан басқа, ауа райына байланысты көшелердi, алаңдар мен басқа да жалпыға бірдей пайдаланылатын орындарды сумен жуу жұмыстары жүргiзiледі.
      38. Жер пайдаланушылар арасында жинайтын аумақтың шекарасын анықтау заңды және жеке тұлғаларға бекiтiлген аумақтарға сәйкес және көше-жол желiсi, алаңдар, қоғамдық орындар бойынша аталған қызмет түрiне мемлекеттiк тапсырыстан бөлiнген қаржы көлемiн есепке ала отырып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
      39. Орамiшiлiк және басқа аумақтарды жинау шекарасы осы Қағидаға сәйкес бөлiнген жер учаскелерi мен бекiтiлген аумақтар шегінде анықталады.
      40. Құрылысы бар ауданда жоспарлы-тұрақты тазалаудың кезектілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмi мен санитарлық қызмет органдарының келiсiмiмен белгіленеді.
      41. Жер пайдаланушылар маусымдық жағдайға және ауа райына байланысты өздерiне бөлiнген, бекiтiлген аумақтың шекарасында тазалау, суару, тротуарға құм себу, қоқысты, қар мен мұзды шығару, су қоймалары мен дренаждарды тазалау жұмыстарын жүйелі түрде орындайды.
      42. Бөлiнген және бекiтiлген аумақтар мен оларға қала көшелерiнен тақап келетiн жолды жинау, күту жұмыстарын осы аумақта орналасқан құрылыстың иесi немесе пайдаланушысы болып табылатын тұлға өз бетiмен немесе тазалаудың тапсырыстық жүйесi арқылы жүзеге асырады.
      43. Сапаржайларды, автостанцияларды, қоғамдық көлiктiң диспетчерлiк пункттерiн, такси тұрақтарын жинау мен ұстауды аталған объектiлердiң иелерi немесе пайдаланушылары жүргiзедi.
      44. Жанар-жағар май құю станцияларын, көлiк жуу, ақылы автотұрақтарды, гараждар мен iргелес аумақтарын (өтетін жол бөлігіне дейін) және оларға кіреберістерді жинау, аумақтың тазалығын сақтау жұмыстарын олардың иелерi жүзеге асырады.
      45. Өнеркәсiптiк кәсiпорындарды санитарлық-қорғау аймақтары мен сумен қамтамасыз ету негiздерiн санитарлық күзету аймақтарының аумағын жинау жұмыстарын олардың иелерi iске асырады.
      46. Инженерлiк-техникалық және гидротехникалық құрылғыларға iргелес аумақты осы құрылғылардың иелерi жинап, күтедi.
      47. Жоғарыдағы және жер астындағы суларды қала аумағынан ағызып әкетуге арналған каналдар, құбырлар мен дренаждарды алдын ала тексерiп, тазалауды, жаңбыр суын жинайтын коллекторларды, жаңбырқабылдағыш құдықтарды тазалап, пайдаланатын кәсiпорын, аула аумағында – пәтер иелерiнің кооперативтерi, жекеменшiк учаскелер мен кәсiпорын аумақтарында аумақ иелерi жүзеге асырады.
      48. Сыртқы жарық көздерi бағанасының және байланыс желiсi айналасындағы аумақтарды осы аумақ бекiтiлiп берiлген тұлғалар тазалайды. Құлаған шам бағаналарын бағана иесi негiзгi жол үстiнен дереу алып кетуi тиiс; басқа аумақтардан, сондай-ақ бұзылып алынған бағаналарды – бiр тәулiк iшiнде тасып әкетуi керек.
      49. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан және игерiлмеген бөлiнген аумақтарды, бұзылып алынған құрылғылардың орнын тазалау жұмыстарын жер пайдаланушы немесе құрылысшы өз бетiмен немесе тазалаудың тапсырыстық жүйесiмен жүзеге асырылады.
      50. Сауда объектiлерiнiң иелерi, уақытша объектiлердi қоса есептегенде iргелес аумақты қоқыстан тазартып, тазалықты сақтайды.
      51. Базар аумағын, оған iргелес жатқан базар алаңын, қоқыс жинағыштарды жинау және оларды тиісті күтiп ұстауды базар иелерi өздерi атқарады. Базар аумағына қатты төсенiш төселуi керек. Жылдың жылы мезгiлiнде, базар аумағы сыпырылып жуылады.
      52. Жалпыға бірдей пайдаланылатын аумақтарда жеткiлiктi мөлшерде қоқыс салынатын урналар орнатылады, оларды ара қашықтығы - адам көп жүретiн жерлерде 40 метрден, адам аз жүретiн жерде 100 метрден артық болмауы керек.
      53. Қалалық көлiк аялдамаларында, тұрақты (стационарлық) объектiнiң әр кiру (шығу) есiгiнде кемiнде екi урна, уақытша объектiде – бiр урна орнатылады.
      54. Жер пайдаланушылар мен басқа да тұлғалар өздерiне бөлiнген және бекiтiлiп берiлген аумақтарда урналар орнатып, олар толған кезде тазалап, сондай-ақ ластану деңгейiне қарай, ең кемiнде аптасына бiр рет жуып тұруды қамтамасыз етеді.
      55. Жағажайлардың, демалыс аймақтарының аумағын тазалау, жыл сайын таза құм төгу, құмның үстiңгi бетiн механикалық қопсыту, жиналған қалдықтарды жою жұмыстарын меншiк иелерi, жалға алушылар және ол аумақтар бекiтiлiп берiлген тұлғалар атқарады. 56. Жағажай аумағы шешiнетiн орындармен жабдықталады. Жағажайлар мен саябақтарда, басқа да демалыс аймақтарында қоғамдық әжетханалар орнатылады.
      57. Саяжайлар мен жағажайлар, орнатылған урналардан басқа, контейнер орнатуға арналған үш жағынан қоршалған қатты төсегішімен арнайы алаңшалармен жабдықталынады. Жағажайдың техникалық қызметкерлерi жағажай жабылғаннан кейiн жағалауда, шешiнетiн орында, әжетханада, көгалда негiзгi тазалау жұмыстарын жүргiзiп, астауларды тазалап, әжетханаларды залалсыздандыруы қажет. Күндiз ағымдағы тазалық жұмыстары жүргiзiледi.
      58. Жалпыға бірдей пайдаланылатын демалыс аумағында қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық актiлерге, оның iшiнде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай сауда объектiлерiн орналастыруға рұқсат етiледi. Осы объектілерді күтіп ұстау және жөндеу, күн ағымында бекітілген аумақты тазалау, қоқысты шығару міндетімен иеленушілер есебінен жүргізіледі
      59. Стадиондарды, спорт алаңдарын, күту, жинау жұмыстары баланс ұстаушылардың техникалық қызметкерлерi арқылы жүзеге асырылады.
      60. Ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелер, сауда объектiлерi, демалыс және көпшiлiк орындарға келушiлер үшiн ақысыз тұрақтармен қамтамасыз етiледi.
      61. Жеке адамдардың иелiгiндегi жеңiл автокөлiктердiң гараждарын орналастыру үшiн бөлiнiп, бекiтiлiп берiлген аумақтар, күзетiлетiн ашық автотұрақтар, жалпыға бірдей пайдаланылатын тұрақтар, техникалық қызмет көрсететiн станциялар, такси тұрақтарын тазалап, күтiп ұстау олардың иелерi және пайдаланушылармен атқарылады.
      62. Жеңiл автокөлiктердiң ашық автотұрақтары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан санитарлық және өрт қауiпсiздiгiне сай алшақ қашықтықта орналастырылады.
      Автотұрақтар мен техникалық қызмет көрсету станцияларында, такси тұрақтарында қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін урналар мен контейнерлер орналастырылады, жүйелі түрде қалдықтарды жинау мен төгу жүргізіледі.
      63. Қорым аумағы қоршалып, өтпе жолдарға қатты төсенiштер төселiп, қоқыс жинағыштар қойылады. Қорым аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару мамандандырылған кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі.
      64. Ойпат жерде орналасқан аумақты жаңбыр немесе қар суы басып кетуiн ескерту үшiн, жаңбыр қабылдағыш пен қарау құдықтар, сондай-ақ қалалық және орамiшiлiк суағарлар маусымына кемiнде екi реттен осы құрылғылар балансында болып табылатын тиiстi қызметтердiң күшiмен тазартылады.
      65. Су түсіруден пайда болған (инженерлiк желiлердегi апатты жағдай салдарынан) су басып кету қаупiн жою мiндетi осы қателiктi жiберген ұйымның жауапкершiлiгiнде болады.
      66. Жапырақтар түсе бастаған кезде өздерiне бөлiнген, бекiтiлген аумақтарды тазалауға жауапты барлық тұлғалар көгалдардан, көшелерден, жолдар мен өтпежолдардан, аула аумақтарынан түскен жапырақтарды жинап шығарады. Жиналған жапырақтар арнайы бөлiнген учаскелерге немесе көму орнына шығарылады.
      67. Кәсiпорындар мен инженерлiк жүйелердiң аумағынан шыққан жерүстi суларын шаруашылықтық, фекалды және жаңбыр канализациясына ағызуы, тек канализация желiлерiн пайдаланушы кәсiпорынның келiсiмi және келiсiм шарты болғанда рұқсат етіледі.

5. Көшенiң өтпежол бойын, аялдама және отырғызу
алаңшаларын қысқы және жазғы кезеңде тазалау

      68. Көшенiң көлiк жүретiн бөлiгiн, қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңшаларын көлденеңiнен, алаңдарды, қалалық жол желiсiнiң жолдары мен өтпе жолдарын, тұрақ қалташаларын, көпiрлердi, автобус маршруттарының соңғы аялдамаларындағы тұру-бұрылу алаңдарын тазалауды және ұстауды, осы жұмыстың өндірісінде мемлекеттік тапсырыс келісім-шарт негізіндегі мердігер-кәсiпорындар немесе осы мақсатқа бекітілген ұйымдар мен кәсіпорындар немесе жер телімін пайдаланушы жүргiзедi.
      69. Жолдардың жүру бөлiгi, сондай-ақ жолдың жағалауы ластанудың барлық түрлерiнен толық тазаланады.
      70. Бөлу сызығының көгал жақ бөлiгiн тазалау, көлiк жолындағы, тротуарлардағы, көгалдардағы қоршауларды және басқа да көрiктендiру элементтерiн күту жұмыстарын оларды баланста ұстаушы кәсiпорындар iске асырады.
      71. Меншiк түрлерiне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалар:
      1) көшенi механикалық тазалау кезiнде көлiктi жол бойына тастап кетуге;
      2) автокөлiктерден жол үстiне және жиегiне тротуарларға қоқыс лақтырып кетуге;
      3) тазалау жұмыстары кезiнде қоқысты бөлiнген немесе бекiтiлген аумақтың жол үстiне не керiсiнше тасуға;
      4) көлiк құралдармен жол жиектерiне шығып кетуге, әрi асып өтуге және тротуарларға, көгалдарға тоқтап, көлiктерiн қоюға, олар арқылы басқа жаққа өтуге;
      5) жол төсенiштерiн, жол құрылғыларын, белгiлердi, жол қозғалысын реттеу құралдарын бүлдiруге;
      6) ғимараттар мен қондырғыларға, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiне апаратын көшелерді, жолдарды, өтпежолдарды, кіреберістерді жауып тастауға бөгет жасауға;
      7) канализацияның, өнеркәсiптiк және iркiндi суларды көшенiң көлiк жолына және жолдарға ағызып жiберуге;
      8) арнайы келiсiмсiз жасалатын, жол жабынын бүлдiруi мүмкiн жұмыстарды атқаруға жол бермеуге шара қолданады.
      72. Қалалық қоғамдық көлiкке отырғызу алаңшаларын, аялдама кешені мен оған іргелес аумақты тазалауды және жууды сауда-аялдама кешенінің иелерi, жалға алушылары, олар болмаған жағдайда тікелей жақын орналасқан (бекiтiлген аумақ шегiнде) сауда кешендерiнiң, тұрғын емес жайлардың, ғимараттардың иелерi, жалға алушылары, жүретін жол бөлігіне тазалау жүргізетін кәсіпорындар жүзеге асырады.
      73. Қала көшелерiнiң көлiк жүретiн жолдарын және өтпе жолдарын қысқы кезеңде тазалау жұмысы жұмыс технологиясын анықтайтын регламенттерге сәйкес жүргiзiледi.
      74. Қала аумағын тазалауға жауап беретiн ұйымдар көктайғаққа қарсы материалдардың қажеттi мөлшердегi қорын жасап, тасып әкелiп, жинап қоюларын қамтамасыз етеді.
      75. Жол жиегiндегi қарды тазалау мен шығару осы көшенiң немесе өтпе жолдың жүретін бөлігіне тазалауға жауапты кәсiпорындардың күшiмен атқарылады.
      76. Саябақтарда, орман бақтарда, бақтарда, скверлерде, гүлзарларда және басқа да жасыл аймақтарда жолды тазалау кезiнде химиялық реагенттерi жоқ қарды үйiп қоюға, алдын-ала арнайы дайындалған алаңда көк желектерге зиян келмейтiндей шартымен және ерiген қар суы ағып кететiндей етiп рұқсат етіледі.
      77. Қыс кездерiнде жолдар, бақтағы отырғыштар, урналар, басқа да элементтер мен шағын сәулеттiк нысандар, сондай-ақ олардың алдындағы және екi жағындағы кеңiстiктер, оларға келетiн жол қар мен мұздақтан тазаланады.
      78. Тротуарлар мен көлiк жүретін жолындағы, инженерлiк желiлердегi апат салдарынан пайда болған мұздақтар желi иелерi кәсiпорындардың күшiмен ойылып, тазаланады. Ойылған мұз белгiленген жерге тасылады.
      79. Көлiк жолындағы, өтпежолдардағы, тротуарлар мен аула аумақтарындағы тазалау жұмыстарының технологиясы мен өндiрiс режимі ауа-райының жағдайына қарамастан көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасамайтындай жағдайды қамтамасыз етеді.
      80. Тазалау жұмыстары өндірісі кезеңінде:
      1) магистралдардың, көшелер мен өтпежолдардың көлiк жолдарына, тротуарлар мен көгалдарға орамiшiлiк жолдардан, аула аумақтарынан, кәсiпорындардың, ұйымдардың, құрылыс алаңдарының, сауда объектiлерiнiң аумақтарынан, жиналған қарды тасып, үюге;
      2) көктайғаққа қарсы реагент ретiнде техникалық тұзды, сұйық хлорлы кальцийдi тротуарларға, қалалық жолаушылар көлiгiне отырғызатын алаңшаларға, саябақтарға, скверлерге, аулалар мен басқа да жаяу жүргiншiлер және жасыл желек зоналарына пайдалануға;
      3) былғанған және тұздалған қарды, сондай-ақ мұз сынықтарын көгалдарға, гүлзарларға, бұталарға және басқа да жасыл өсімдіктерге ротормен лақтыруға, тасуға;
      4) барлық жолдар мен көшелердiң және өтпежолдардың қиылысында бiр деңгейде және темiржол өткеліне көрiну үшбұрышы аймағында немесе жоғарлатылған бордюрмен жабдықталған жол учаскелерінде қар үйiндiлерiн жасауға жол берiлмейдi.
      81. Тәулiк бойы кезекшiлiкте тұратын көктайғаққа қарсы материалдарды тарататын барлық машиналар жұмыс үшін белгiлi бiр көшелер мен жолдарға бекiтiледi, маршруттық кестенің көшiрмесi жол қағазымен бiрге жүргiзушiнiң қолына берiледi.
      82. Қар жауа бастаған бойда ең бiрiншi кезекте көлік қозғалысына ең қауіпті көшелердің учаскелері: тік түсулер мен көтермелер, көпірлер, жол қиылыстары, қоғамдық көлiк аялдамалары, сондай-ақ жедел түрде тежеу талап ететін тағы басқа жерлер көктайғаққа қарсы материалдармен өнделеді.
      83. Бiр жақты қозғалысты көшелер мен өтпежолдар қыс бойы қар мен мұздақтардан борттық тасқа дейін тұрақты тазартылады.
      84. Қарды төгу тек қана белгіленген тәртіппен келiсілген орындарға жүзеге асырылады.
      85. Уақытша қар үю орындары қар ерiгеннен кейiн қоқыстан тазартылады және көрiктендіріледі.
      86. Аула аумақтары, тротуарлар мен өтпежолдар қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылып, қар мен мұз қартөккiштерге шығарылады. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өндеу жүргізіледі.
      87. Аула аумақтары мен орамiшiлiк өтпежолдардан шығарылған қарды көлiк пен жүргiншiлер қозғалысына бөгет жасамайтындай етiп аулаға үюге рұқсат берiледi.
      88. Аула iшiнде, аумағында қар үйген кезде ерiген қар суының қайда ағатынын ескереді.
      89. Қыс мезгiлiнде ғимараттардың иелерi мен жалға алушылары үй төбесiн қардан, мұздақтан уақтылы тазалауды ұйымдастырады.
      90. Ғимарат шатырын қар мен мұздақтан тазалаған кезде тротуарға қар лақтыру жұмысы тек жарық кезде және көше жаққа қараған еңiс беттен жаяу жүргiншiлердiң қозғаласына қауiп тумайтындай сақтық шаралары жасалуымен жүргiзiледі. Қарды басқа еңiс беттен, жазық еңіс беттен лақтырған кезде iшкi аула аумағына тастау керек.
      91. Ғимарат төбесiнiң жаяу жүргiншiлер жолына шығатын жағын тазалау, қауiптi учаскеге алдын ала орнатылған қоршау қойылып, қарды, мұз бен қоқысты суағар құбырының құйғысына тастауға жол берiлмеуімен жүргізіледі.
      92. Көшелер мен өтпежолдардың жол жабынын сыпыру жол төсенiшiн алдын ала ылғалдандырып, күндiзгi уақытта, ал көлiк қозғалысы көп болатын алаңдарда мен көшелерде түнде тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімі бекіткен кестеге сәйкес жүргiзiледi.
      93. Көшелер мен өтпежолдардың, алаңдардың жүретін бөлiгiнiң жол жабынын жуу түнде, ал қажет болған жағдайда күндiз жүргiзiледi.
      94. Көлiк жолын жуғанда су ағынымен қоқыстарды тротуарларға, көгалдарға, көк желектерге, аялдама павильондары мен жолаушылар көлiгiне, жақын орналасқан ғимарат қасбеттерi мен сауда объектiлерiне шашусыз рұқсат етіледі.
      95. Ыстық күндерде жол жабындарын жуу сағат 12-ден - 16 дейiн (екi сағаттық үзiлiспен) жүргiзiледi.

6. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау,
    тасу және қайта өңдеу

      96. Тұрғын үй алабы аумағында көлiк үшiн кiрме жолы ыңғайлы контейнерлердi орналастыру үшiн арнайы алаңдар бөлiнеді. Алаңдар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорттық алаңдардан және тұрғындардың демалу орындарынан санитарлық қызмет органымен мiндеттi түрде алдын ала келiсе отырып, 25 метрден кем емес қашықтықта орналасады. Алаңдардың аумағы контейнерлердiң қажеттi санын орналастыруға есептеледi.
      97. Құрылыстың көркейту алабындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшiн сыйымдылығы 0,75 куб метр стандартты, металдан жасалған контейнерлер қолданылады. Жазғы кезеңде контейнерлердi ауыстырылмайтын жүйе болғанда 10 күнде бiр реттен кем емес, ал ауыстырылатын жүйеде әрбiр төккеннен кейiн жуылады. Жеке үй иеліктерінде қақпақтары бар еркiн конструкциядағы ағаштан, металдан жасалған ыдыстар қолданылады.
      98. Аумақтарында контейнерлiк алаңдары бар, меншік түрлеріне қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
      1) контейнерлiк алаңдардың кiрер жолдарында қатты бүркеулерi болып, қоқыстың іргелес жатқан аумақтарға таралмауы үшiн жабық қоршауын болуды;
      2) контейнерлiк алаңдар мен оған іргелес аумақтардың қалыпты санитарлық ұстауды, сонымен бірге алаңдар мен контейнерлердiң дезинфекциялануы мен дезинсекциялануын, үнемi жуылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануды;
      3) тұрмыстық қатты қалдықтар мен iрi көлемдi қоқыстарды уақтылы тасымалдауды;
      4) тұрмыстық қалдықтардың контейнерлерде жануын болдырмауды;
      5) контейнерлiк алаңдарға кiру жолдарын қардан және мұздан тазартуды қамтамасыз етеді.
      99. Қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен жоюдың жоспарлы-тұрақты жүйесi әрекет етедi. Ол мамандандырылған ұйымдарымен шарт бойынша қоқыстардың тұрақты шығарылуын бекiтiлген кезеңiмен өтiнiшсiз және қаланың санитарлық қызметiнiң келісімімен қарастырады:
      1) тұрғын үй алабы үшiн – үй иелерiмен келiсiлiп, мамандандырылған ұйыммен бекiтiлген және контейнерлердiң толып кетпеуiн болдырмайтын кесте бойынша;
      2) қоғамдық және мәдени бағыттағы обьектiлер үшiн – қажеттiлiк бойынша, аптасына екi реттен кем емес;
      3) шағын қабатты үйлер үшiн, жеке тұрғын үйдi қоса – қажеттiлiк бойынша, аптасына бiр реттен кем емес.
      100. Жоспарлы-тұрақты жинап отыру үшiн әрбiр мамандандырылған ұйымға уәкiлеттi тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы органымен анықталған шекарадағы аумақтар бекiтіледi. Қалдықтар таңертеңгi сағат 7-ден ерте емес және кешкi сағат 23 сағаттан кеш емес уақытта шығарылуы тиiс. Арнайы машинаның әрбiр рейсi полигон әкiмшiлiгiмен жол жүру парағында тiркеледi.
      101. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару, сақтау, залалсыздандыру, жинау және көму арнайы бөлiнген орында немесе залалсыздандырып, қайта өңдейтiн арнайы құрылғыда жүзеге асырылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын ұстауға пайдаланушы, мамандандырылған ұйым жауап бередi.
      102. Ауладағы, канализацияға қосылмаған және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан балалар ойнайтын және ересектер демалатын алаңдардан кемiнде 25 метр, бiрақ 100 метрден артық емес қашықтықта орналасуы керек. Аула әжетханаларының шұңқырлары олар толған сайын, бiрақ жарты жылда бiр реттен кем емес тазартылады.
      103. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы пайда болатын қалдықтарды жинау, сақтау, шығару медицина ұйымдарының қалдықтарын жинауға, пайдалануға, залалсыздандыруға, тасуға, сақтауға және көмуге қойылатын талаптарға сай болуы керек.

7. Уақытша объектiлер үшiн арнайы бөлiнген
орындарды орналастыру және күтiп ұстау,
олардың қызметін ұйымдастыру

      104. Қалада уақытша объектiлердi орналастыру үшiн арнайы орын бөлу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және сәулет және қала құрылысы уәкiлеттi органдардың келiсiмiмен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      105. Арнайы бөлiнген орындар мен уақытша объектiлерге көрсететiн көлiк қызметi іргелес жолдар, өткелдер, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер бағытында көлік және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысының қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады. Тауар әкелген көлiктiң кiрiс жолы, уақытша объектiнiң тiкелей жанына көлiк тоқтату орны, жол полициясы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жүзеге асырылады, бұл мақсат үшiн тротуарлар, көгал алаңдар пайдаланылмайды.

8. Шағын сәулеттік нысандарын, сыртқы жарықтандыру қондырғыларын, қаланы жарықтандыру элементтерiн
орнату және күтiп ұстау

      106. Тұрғын құрылыс аумақтары және жалпыға бірдей пайдаланылатын орындары шағын сәулет нысандарымен – күрке, көлеңкелi бастырмалар, гүлзарлар, отырғыштар, урналар, субұрқақтар, балалар ойынына, ересектердiң демалысына арналған құрылғылар, стендтер, қоршаулар, телефон будкалары, автокөлiктi күту павильондарымен жабдықталады.
      107. Шағын сәулеттік нысандарын жобалау, салу, дайындау және орнату қалалық сәулет және қала құрылысы уәкiлеттi органымен келiсiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      108. Шағын сәулеттік нысандарының иелерi оларды ауыстыру, жөндеу және сырлауды өз есебiнен жүргiзеді.
      109. Аумақты жарықтандыру сыртқы жарықтандыру қондырғылары арқылы қамтамасыз етiледi, оларға:
      1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлерi;
      2) электр желiлерiн қорғау және жерлестiру қондырғысы;
      3) басқару қондырғысы;
      4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.

9. Заңды және жеке тұлғалардың Қағиданы бұзғандығы
үшiн жауапкершiлiгi

      110. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн кiнәлi заңды және жеке тұлғалар 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне сәйкес жауапқа тартылады.
      111. Әкiмшiлiк жауапқа тарту шаралары, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес бұзушыларды олармен келтiрiлген материалдық шығынды өтеуден босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады