Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.01.2015 С-33/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-1-143 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырда «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 5 мамырда «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 2 тармағы жаңа редакциямен баяндалсын:
«2. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
Электрқуатын беру (тұтыну) нормасы 1 адамға айына 150 квт. сағат белгіленсін.»;
6 тармақ жаңа редакциямен баяндалсын
«6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге қабылданған шешім жөнінде жазбаша хабарлайды».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
47 сессияның төрағасы Ж.Балғабаев
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Қ.Мұстафина
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов
«Көкшетау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Ахметов
«Көкшетау қаласының
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы» Ө.Ыдырысов
«Көкшетау қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Омарова