Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № А-3/526 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № А-9/1873 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 қазанда № 1-1-155 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 01-33-282 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № А-3/526 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (№ 1-1-140 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінде жарияланған)қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі
      міндетін атқарушы                          О.Титова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облыстық денсаулық
      сақтау басқармасы» мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін атқарушы      Г.А.Маженова

      «Қазакстан Республикасының
      Ішкі Істер министрлігі Ақмола
      облысының ішкі істер департаменті
      Көкшетау қаласының Ішкі істер
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.К.Мәдиев

      «Көкшетау қаласының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.К.Балғожинов

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ А-9/1873 қаулысына қосымша

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-3/526 қаулысына
№ 1 қосымшасы

Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

1. Балгожинов Серік Кенесұлы

- «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы

2. Күлтеміров Өмір Есенұлы

- Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі,комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

3. Балғожин Айбек Тоқтарұлы

- «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

4. Волкова Ирина Геннадьевна

- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

5.Сағадиева
Маржан Сүлейменқызы

- Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі – комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады