2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 29 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 желтоқсанда № 1-1-159 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 01-33-282 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3337 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережелеріне» сәйкес, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ж.Т.Естеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Көкшетау қаласының
      Қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.К.Балғожинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады