2012 жылға жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/366 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 қаңтарда № 1-3-170 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № А-6/260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2012.06.27 № А-6/260 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармақтың 13)-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5-тармағына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады