Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/3 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 қаңтарда № 1-4-198 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 06.12.2012 № 10/3 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Аршалы аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            Р.Федорова

      Аршалы аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Е.Маржықпаев

Аршалы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 43/3 шешімімен    
БЕКІТІЛДІ       

Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері (бұдан әрі- Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен аудан аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемiн арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - егер отбасының жиынтық табысының 15 % мөлшері белгіленді.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
      2. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
      Электр қуатын беру нормасы бір адамға айына 75 киловатт белгіленсін.
      Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады, көмір нормасы бір рет алынады. Отын шығыны бір айға 1 шаршы метрге 199 килограмм мөлшері есепке алынады.
      Аудан бойынша көмір бағасын есептеу үшін «Аршалы ауданының статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын тұрғын үй көмегін есептеу тоқсанының алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша орташа бағасы қолданылсын.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды, бюджет қаражатын тарату бойынша өкілетті орган болып «Аршалы ауданының экономика және қаржы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамсыздандырылған меншігінде бір бірліктен көп тұрғын үйі (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға беретін, сондай-ақ еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында емес және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылардан (күтім көрсетуге мұқтаж адамдардың күтімін жүзеге асыратындардан басқалары) басқа отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргізіледі, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады.
      Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын, не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
      4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      6) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
      7) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;
      9) жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу мөлшері туралы шоттар.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берілген кезде ұсынылатын қажетті құжаттарды салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      Өзгерістер пайда болған жағдайда (тұрғын үй түрі, отбасы құрамы) өтініш беруші өзгерістер пайда болғаннан бастап он күнтізбелік күн ішінде өкілетті органды хабардар етеді.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.04.23 № 4/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тағайындайды.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
      уәкілетті органға жүгінген кезде тұтынушының тікелей өзі баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      халыққа қызмет көрсету орталығына өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.04.23 № 4/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      7. Ақпараттың сенімділігінде күмән пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу бойынша өкілетті орган өтініш берушіден немесе тиісті органдардан тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын қосымша мәлімет беруді сұрайды.
      Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен  аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.04.23 № 4/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      8. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облысы Аршалы аудандық пошта байланысы торабы филиалындағы есепшоттарға түсіру жолымен белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегін төлеу қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      9. Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Кұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.04.23 № 4/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады