Аршалы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/3 "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 4/3 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 24 мамырда № 1-4-209 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 06.12.2012 № 10/3 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы аудандық мәслихаттың «Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-4-198 тіркелген, 2012 жылдың 3 ақпанында аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2012 жылдың 9 ақпанында аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінде:
      5 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын, не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
      6 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тағайындайды.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
      уәкілетті органға жүгінген кезде тұтынушының тікелей өзі баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      халыққа қызмет көрсету орталығына өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      7 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «7. Ақпараттың сенімділігінде күмән пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу бойынша өкілетті орган өтініш берушіден немесе тиісті орындардан тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын қосымша мәлімет беруді сұрайды.
      Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
      9 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «9. Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы аудандық
      мәслихаттың сессия төрайымы                И.Слободянюк

      Аршалы аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ю.Сериков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аршалы ауданының әкімі                     Т.Мұханбеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады