Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С 33/1 "2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 4С 37/2 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 1-5-169 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 65 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.04.2013 № 65 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы» Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С 33/1 (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-161 тіркелген, 2011 жылғы 4 наурыздағы «Атбасар» және «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары анықталсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қамбатыров А.Т.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының әкімі                    Әубәкіров Р.Ш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады