2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С33/1 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 28 ақпанда № 1-5-161 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 65 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 04.04.2013 № 65 хатымен).

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары анықталсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2011.09.05 № 4С 37/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
      2. Атбасар ауданының әкімдігіне (келісім бойынша) 2011 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын берген кезде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген, жоғарыда көрсетілген Ережені басшылыққа алу ұсынылсын.
      3. Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 4С24/3 «2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-132 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Атбасар» және «Простор» газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының әкімі                    Әубәкіров Р.Ш.

      «Атбасар ауданының
      экономика және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Серкебаева М.Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады