Ескерту. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 495 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5 тармақшасына сәйкес,Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі Б.Сұлтанов