2011 жылға Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-3/72 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 наурызда № 1-9-171 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 07-20/1602 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылда Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) туберкулездiк, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын тұлғалар, адамның қорғаныш тапшылығының
қоздырғышын,жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгiсiн жұқтырған тұлғалар;
      4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзiмi аяқталған тұлғалар.
      2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы» 2010 жылғы 16 маусымдағы № а-6/259 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-155 тіркелген, 2010 жылдың 24 шілдедегі «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылдың 24 шілдедегі «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданының әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мыңжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады