Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № А-6/259 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 шілдедегі № 1-9-155 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-3/72 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № а-3/72 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылданартық);
      2) 27 жасқа дейінгі жастар;
      3) туберкулездік, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауратын тұлғалар, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын, жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгiсiн жұқтырған тұлғалар;
      4) зейнеталды жастағы тұлғалар (заңнамамен анықталған 50 жастан зейнеткерлікке шығу жасына дейін);
      2. «Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосымша нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қаматамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқық қатынастарына таратылады
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі                 Н. Ережепов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      "Ерейментау ауданы жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                     Сердцева Марина Леонидовна

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады