Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы № С-37/4 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 1-10-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 29.03.2018 № С-22/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының "Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай бекітілген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 15 маусымдағы № С-16/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-88 тіркеліп, 2009 жылғы 19 маусымда аудандық "Жаңа дәуір" газетінде және 2009 жылғы 20 маусымда "Сельская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Қ.Хамитова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
М.Исажанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы Еңбекшілдер
ауданының әкімі
Т.Хамитов
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Ақмола облысы
бойынша Салық департаментінің
Еңбекшілдер ауданы бойынша
Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ж.Тубеков

  Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 10 қарашадағы
№ С- 37/4 шешіміне қосымша

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметін
жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы (боулинг, кегельбан)

20

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады