Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай бекітілген салықтың ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 маусымдағы № С-16/3 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 маусымда № 1-10-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы № С-37/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2011.11.10 № С-37/4 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай бекітілген салықтың ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 маусымдағы «Белгіленген салық сомасының ставкасын бекіту туралы» № С-46/5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-61 тіркеліп, 2007 жылғы 17 тамызда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2007 жылғы 18 тамызда «Сельская Новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне еніп, ресми түрде жарияланған уақыттан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       И.Усанин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М.Исажанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      әкімі                                      Т.Хамитов

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      «Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Бекенова

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы министірлігінің
      Салық комитеті Ақмола облысы
      бойынша Салық департаментінің
      Еңбекшілдер ауданы бойынша
      Салық басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Д.Нұрахов

      Ақмола облысы Еңбекшілдер
      ауданының «Экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Р.Нұрғалиев

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 15 маусымдағы № С-16/3 шешіміне
қосымша

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы аумағында қызметті жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер
үшін біріңғай бекітілген салықтың ставкалары

Рет

Салық салу нысандарының атауы

Бекітілген салықтың ставкалары (бір айлық есептік көрсеткіштері)

1

2

3

1

Ойын өткізу мақсатында жеке компьтерді пайдалану үшін

1

2

Бильярд столы

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады