Жарқайың ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № А-5/118 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 маусымда № 1-12-148 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 10 маусымдағы № 04-350 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 04-350 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 402 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарқайың ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының іс-әрекеті 2011 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Д.Ә.Шәкіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі                         А.Қалжанов

Жарқайың ауданы
әкімдігінің 2011 жылғы
11 мамырдағы № А-5/118
қаулысына қосымша

Жарқайың ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидия
алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері
және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының
әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері

Субсидиялана
тын ауыл шаруашылығы басым дақылда
рының атауы

Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер-
дің ұсыну мерзімдері

1

Орташа кеш пісетін жаздық бидай

12 мамырдан 27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

2

Орташа пісетін жаздық бидай

14 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

3

Орташа ерте пісетін бидай

18 мамырдан 1 маусымға дейін

2 маусымға дейін

4

Жаздық арпа, сұлы

5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

5

Бұршақ

18 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

6

Ноқат

7 мамырдан 14 мамырға дейін

15 мамырға дейін

7

Күнбағыс май тұқымына

7 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

8

Рапс

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

9

Сүрлемдік жүгері

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

10

Суданка шөбі тұқымына

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

11

Көпжылдық шөптер мен бұршақ шөптердің ерте көктемгі егісі

5 мамырға дейін

6 мамырға дейін

12

Көпжылдық шөптер мен бұршақ шөптердің көктемгі егісі

1 мамырдан 12 мамырға дейін

13 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады