Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 04-350 хатымен).
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт жұмыс істемеген (бір жылдан көп) азаматтар;
3) мигранттар;
4) азаматтық қызметтен босатылғандар;
5) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілері;
6) ауырғаннан кейін емделу курсынан өткен, туберкулезбен ауыратын тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов