Зеренді ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 185 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 мамырда № 1-14-161 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.12.2011 № 651 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 335 қорытындысының негізінде, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Зеренді ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 10 мамырдағы
№ 185 қаулысына қосымша

Зеренді ауданы бойынша 2011 жылға арналған субсидияларды
алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі және
субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының
әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері

р/с №

Субсидияланатын ауыл шаруашылық басым дақылдарының атаулары

Ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері

Субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімдері

1

Жаздық бидай

10 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

2

Арпа

15 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

3

Сұлы

15 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

4

Қарақұмық

25 мамырдан 4 маусымға дейін

5 маусымға дейін

5

Дәнбұршақтылар

10 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

6

Майлылар

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

7

Картоп

10 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

8

Көкөністер

10 мамырдан 15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

9

Азықтықтар (өткен жылдары себілген көпжылдық шөптерден басқалары)

5 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

10

Сүрлемдік жүгері

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

11

Жабық топырақ көкөністері

10 мамырдан 15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады