Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 95 "2011 жылға Зеренді ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 533 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 1-14-168 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 30.12.2011 № 651 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 78 тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің «2011 жылға Зеренді ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 95 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-155 тіркелген, 2011 жылы 29 наурызда «Зеренді» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген, 2011 жылға Зеренді ауданы бойынша ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, жағдайлары, жалақы мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері тізбесінде:
      1, 17 реттік нөмірлі жолдары жаңа редакцияда баяндалсын:

1

«Зеренді
селолық
округі
әкімінің
аппараты»
мемлекеттік
мекемесі

Аулалық
аралау

2429
үй

Еңбек
шарты

Ең төменгі
жалақы
мөлшерінен
кем емес

Жергілікті
бюджет

Аумақты
тазалауда
көмектесу

500 м2

17

«Приречен
селолық
округі
әкімінің
аппараты»
мемлекеттік
мекемесі

Аумақты
тазалауда
көмектесу

233 м2

Еңбек
шарты

Ең төменгі
жалақы
мөлшерінен
кем емес

Жергілікті
бюджет

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        Ә.Таласбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады