Сандықтау ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 25/9 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 мамырда № 1-16-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 6/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 6/2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 бөлігіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Сандықтау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдыртудың қоса берілген Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудан
      мәслихатының хатшысы                       Ш.Сабержанов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасының ішкі
      істер министрлігі Ақмола облысының
      ішкі істер департаменті Сандықтау
      ауданының ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т.Шектыбаев

      Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      Мемлекеттік инспекция Комитетінің
      Сандықтау аудандық аумақтық
      инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Кряжевских

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық – эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Ақмола облысы
      бойынша департаментінің Сандықтау
      ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық –
      эпидемиологиялық қадағалау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж.Маханов

Сандықтау аудандық
мәслихатының 2011 жылғы
29 наурыздағы № 25/9
шешімімен бекітілді

Сандықтау ауданының елді мекендерінде иттер мен
мысықтарды ұстау және қыдырту Ережесі

1 тарау. Жалпы ереже

      1. Сандықтау ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту осы Ережелер (әрi қарай-Ереже) Сандықтау ауданы аумағында иттер мен мысықтардың ұстауын және қыдыртуын регламенттеу мақсатымен әзiрленген.
      2. Ереже, меншiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бiрдей таратылады. Ережеге қызметтiк иттердi ұстайтын құқық қорғау органдардың мекемелерi жатпайды.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзiрленген.

2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау жағдайлары

      4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелерiне санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерiн сақтау керек.
      5. Көпқабатты үйлердiң қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәлiздерде) сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттердi ұстауға тыйым салынады.
      6. Жеке үй иелерiне иттердi ұстау олардың қашып кетпеуiн және үйдiң шекарасында ұстауды қадағалау. Үй ауласына кiреберiсiнде, дарбазада иттер бар екендiгi туралы белгi болуы тиiс.
      7. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсіпорындар мен мекемелерде иесі байлап кеткен жануарлардан басқасы, қаңғыбас деп есептеледі және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтерімен міндетті аулауға жатады.
      Бақылаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
      8. Иттер мен мысықтар жеке ветеринарлық паспорттар беру жолымен бiрдейлендiрiледi.

3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі

      9. Иттер мен мысықтардың иелерi заңды мәртебесiне және меншiк нысанына қарамастан:
      1) иттер мен мысықтардың ұстауын осы Ереженiң талаптарына сәйкес қамтамасыз етедi;
      2) қоршағандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, санитарлық ережелерiн сақтау үшiн қажеттi шараларды қолдайды;
      3) иттер мен мысықтарды қыдыртқанда пайда болған жалпыға ортақ қолданылатын және басқа да ластанған қоғамдық орындарды тазартады;
      4) жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты шығындарын осыларды жүзеге асырған органдардың барлық шығындарын өтейдi;
      5) жануарлармен тiстелген сонымен қатар жануарлардың қапыда жұт болған барлық жағдайлар жөнiнде селолық округтiң ветеринарлық инспекторын немесе ветеринарлық қадағалау бөлiмiн және денсаулық сақтау органдарын хабарландырады; ауруға күмән болған жағдайда, ветеринарлық қызметiнiң мамандары келгенше, жануарды жеке ұстау, немесе жануарды қоғамдық көлiктi қолданбай мал дәрiгерiне жеткiзуi тиiс;
      6) құлаған жануарлардың өлекселерi мал қорымдарында өртеуге, немесе өлексе жағатын пештерде өртеуге мiндеттi;
      7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткiзу үшiн олардың талабы бойынша бередi.
      10. Жануарлардың құтыру ауруға шалыққан күдiктi фактiсi анықталған жағдайда, осы инфекцияға қарсы бұрын идентификация және иммунизация процедураларын өтпегенде-оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынады және жойылады.

4 тарау. Иттер мен мысықтарды қыдырту тәртібі

      11. Жануарларды қыдырта жүрiп, олардың иелерi мына ережелердi ұстану керек:
      1) иттердi аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
      2) иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттердiң қыдыртуын құла далада жүзеге асыру;
      3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көлiктерде және қоғамдық орындарда иттердi қысқа жiппен және мұрынға киетiн құралмен шығару керек. Адам аз жерлерде иттердi ұзын жiппен және мұрынға киетiн құралмен қыдыртуға рұқсат етiледi. Қоршалған жерлерде және алыс жерлерде, адамдар жоқ кезде иттердi бос және мұрынға киетiн құралды шешпей жiберу рұқсат етiледi;
      4) иттердi түнгi уақытта қыдыртқан кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етедi.

5 тарау. Қорытынды Ереже

      12. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады