Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № А-5/113 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 мамырда № 1-16-126 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-14/421 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 11.04.2013 № 04-14/421 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 334 ұсынымына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Сандықтау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 3 мамырдағы  
№ А-5/113 қаулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға
жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2011 жылы
Сандықтау ауданы бойынша егіс жұмыстарын
бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері

№ р/б

Міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдері

Жазық аймақ

1

орташа-кеш жаздық бидай

мамырдың 10-нан – мамырдың 26-сына дейін

2

орташа піскен жаздық бидай

мамырдың 12-нен – мамырдың 28-іне дейін

3

орташа-ерте жаздық бидай

мамырдың 15-нен – мамырдың 30-на дейін

4

жаздық арпа мен сұлы

мамырдың 26-нан маусымның 5-іне дейін

5

рапс

мамырдың 15-нен мамырдың 25-іне дейін

6

күнбағыс

мамырдың 8-нен мамырдың 18-іне дейін

7

майлы зығыр

мамырдың 15-нен мамырдың 25-іне дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады