Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/70 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № А-10/239 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 қарашада № 1-16-137 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 20 бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/70 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-123 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2011 жылдың 8 сәуірде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Сандықтау
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы                          Е.Оразов

Сандықтау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ А-10/239 қаулысына қосымша

1 қосымша
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ А-3/70 қаулысымен бекітілген

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Оразов
Ербол Рахымбекұлы

-

«Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Дерягина
Наталья Александровна

-

«Сандықтау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Бекішев
Азамат Оралбекұлы

-

«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы ішкі істер департаментінің Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Шмаль
Ирма Робертовна

-

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Гербер
Ирина Владимировна

-

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады