Целиноград ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/63 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № А-7/213 қаулысы. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қазанда № 1-17-155 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/63 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-150 тіркелген, 2011 жылғы 8 сәуірінде аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград ауданының әкімі                 М.Жунусов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Целиноград
      Ауданының қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н.Хамидуллин

       «Ақмола облысының Денсаулық
      сақтау басқармасы жанындағы
      «Целиноград аудандық емханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігерінің
      міндетін атқарушы                          З.Жақып

Ақмола облысы Целиноград
ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ А-7/213 қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Хамидулин Наиль Равильевич

«Ақмола облыс Целиноград ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Байдильдина Жанар Еркеновна

«Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

комиссия мүшелері:

Медеубаев Ермек Муратбекович

«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Целиноград ауданының Ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Балтабаева
Айтбала Жакеновна

«Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының терапевт –дәрігері, аға дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Кишикова Ақыт Кайдаровна

«Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Целиноград аудандық емханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады