Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2012.04.12 № С-4/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 10 мамырдағы № С–38/5 «Шортанды ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-134 тіркелген, 2011 жылдың 24 маусымында аудандық «Вести» газетінде және 2011 жылдың 24 маусымында «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы А.Коровина
Аудандық мәслихат
хатшысының м.а. И.Фишер
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудан әкімі С.Қамзебаев