Шортанды ауданының селолық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № С-42/4 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қазанда № 1-18-140 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 тамыздағы № С-41/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 17.08.2015 № С-41/5 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданының селолық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін үш айлық есептік көрсеткіште жыл сайын бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының селолық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылы бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылдың 14 қазандағы № С-31/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-121 тіркелген, 2010 жылдың 27 қарашасында «Вести» газетінде және 2010 жылдың 27 қарашасында «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            А.Коровина

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Скирда

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады