Шортанды ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қазандағы № А-2/277 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 қарашада № 1-18-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № А-2/41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № А-2/41 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының, 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады