Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 ақпандағы № С-30/2 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқарамасында 2011 жылғы 9 наурызда № 1-19-194 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 маусымдағы № 01-15/105 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.06.2013 № 01-15/105 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағына сәйкес және Бурабай ауданы әкімінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 01-10-37 хаты негізінде Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.10.21 № С-38/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Бурабай ауданының әкімдігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесін басшылыққа алуы керек.
      3. Осы шешiм Ақмола облысының Бурабай аудандық Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың XXX
      (кезектен тыс) сессиясының төрағасы        М.Қаржасбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Г.Марченко

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

      «Бурабай ауданының экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В.Корнеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады