Сарыбұлақ ауылының шағын ауданына атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 мамырда № 1-19-199 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сарыбұлақ ауылының шағын ауданына «Саяжай» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай кентінің әкімі                     Қ.Әшімянов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Бурабай ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлкеттік мекемесінің бастығы             Д.Қарсыбаева

      «Бурабай ауданының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады