"Облыс әкімдігінің кейбір актілері туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 291 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 261 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29111 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыс әкімдігінің кейбір актілері туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 291 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3375 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 223-бабына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады