Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 2 тармағының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесінің 2 және 4 тармақтарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 3-1-140 санымен тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 115 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесіндегі:
1 тармақтың 1) тармақшасындағы "күрделі жөндеу" сөздерінен кейін "және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналарына" сөздерімен толықтырылсын;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегі Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
1) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынғаны;
2) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
3) жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталық-тандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, суық сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газбен, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару, техникалық қызмет көрсету), кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналарына, тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін шығындар жағдайында беріледі.
Коммуналдық қызметтерді тұтынғанына ақы төлеуге арналған шекті мүмкін шығындар, кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналарына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметіне шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді;
3 тармақта "күрделі жөндеу" сөздерінен кейін "және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналары" сөздерімен толықтырылсын;
4 тармақта "күрделі жөндеу" сөздерінен кейін "және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналары" сөздерімен толықтырылсын;
15 тармақта "күрделі жөндеу" сөздерінен кейін "және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналары" сөздерімен толықтырылсын;
бірінші азат жолдағы "күрделі жөндеу" сөздерінен кейін "және (немесе) күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинақтау жарналары" сөздерімен толықтырылсын;
екінші азат жол төмендегі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісінің басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
М.Әбдірахманова | С. Шынтасова |