Ескерту. Әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының басшысының 2012.03.20 № 05-11/599 хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 734 «2011 жылдың көктемі-күзiнде 1983-1993 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысына (2011 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-1-152 болып тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 55-56 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қалалық шақыру комиссиясы құрамынан Глушко Владимир Николаевич, Мырзашов Қайрат Аманғалиұлы шығарылсын;
2) қалалық шақыру комиссиясы құрамына «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Сәрсенбинов Айдын Жақыпбекұлы - комиссия төрағасы, «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Глушко Владимир Николаевич – резервтік комиссия төрағасы болып енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сәрсенбиновке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н.Әбдібеков