Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 қазандағы № 262 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 қарашада № 3-2-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 60 Шешімімен.

       2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен аз қамтылған отбасыларына, ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) І, ІІ, ІІІ топтағы жалпы аурудан, әскер борышын орындауға байланысты емес мертігу, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға ай сайын 3000 теңге мөлшерінде көрсетілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қазаннан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.

        Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                     хатшысы:

          Ж.Касымов                          А.Ермағамбет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады