Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 231 қаулысы. Ақтөбе облысы Алға ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 08 шілдеде № 3-3-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012.06.14 № 200 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған халықтың мақсатты тобы ішінен жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелердің тізбесі 1-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін меншік түрлеріне қарамастан аудан ұйымдарына «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, сонымен қатар келісім-шартқа сәйкес алты ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Нұржан) белгіленген тапсырмаға және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдасын. Жұмыс берушілермен келісім шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы шығындарын жұмыс берушілерге 50 пайыз көлемінде, бірақ 26000 теңгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу жергілікті бюджеттен жүргізілсін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады.
      4. Алға ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 51 «Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Нормативтік - құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-71 болып тіркелген 17.02.2009 жылғы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 8-9 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              Қ.Сәрсенғалиев

Қосымша 1.
Алға ауданы әкімдігінің 2011 жылғы
15 маусымдағы № 231 қаулысымен бекітілген

Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелер тізбесі

р/с

Ұйымның атауы

Жұмыс орыны

Айлық жалақы
(теңге)

Жұмыс мерзімі (ай)

Сомасы
(мың теңге)

1

Ш/қ «Исламбек»

5

20000-00

6

600,0

2

Ш/қ «Ақжол»

3

20000-00

6

360,0

3

Ш/қ «Құлагер»

3

20000-00

6

360,0

4

Ш/қ «Каир-А»

3

20000-00

6

360,0

5

Ш/қ «Бажа»

3

20000-00

6

360,0

6

Ш/қ «Құлагер»

1

20000-00

4

80,0


Барлығы

18



2120,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады