2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 63 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылдың 13 сәуірде № 3-5-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012.05.28 № 84 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 192023-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ырғыз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының қатарына мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
      2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Селолық округтер әкiмдерi мен меншік нысанына қарамастан аудандық ұйымдардың басшылары өз құзыреттері шегiнде азаматтардың мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын уақытылы және ұйымшылдықпен өткiзу мақсатында:
      1) әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтардың шақыру учаскесiне толық және уақытылы келуiн;
      2) әскерге шақырылушыларды тасымалдауды селолық округтер әкiмдерi аппараттары өкiлдерiнiң алып баруын;
      3) аудандық шақыру комиссиясына қажеттi құжаттарды дайындап, тапсыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Ырғыз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріне (Ж.Сүлейменов): медициналық комиссияның жұмысын, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушы азаматтардың сапалы куәландырылуын бақылауға алу;
      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің медициналық комиссиясын маман дәрiгерлермен, орта дәрiгерлiк қызметшiлермен жасақтау шараларын қабылдау ұсынылсын.
      5. Ырғыз ауданы iшкi iстер бөлiмiне (М.Бижанов): әскери қызметке шақырудан бұлтартқан азаматтарды iздеу, облыстық жинақтау пунктiне жiберу кезiнде шақыру пункттерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету;
      Ырғыз ауданы қорғаныс icтеpi жөнiндегi бөлiмінiң аумағында полиция қызметкерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Ырғыз аудандық ішкi саясат (Ж.Таңқаев), мәдениет және тiлдердi дамыту (Н.Жүсіп) бөлiмдерi шақыру кезеңiнде әскери қызметке шақырылушы жастармен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге белсенділікпен қатысып, әскери қызметке шақырылушылардың соғыс және еңбек ардагерлерiмен кездесулерін және оларды салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастырсын.
      7. Ырғыз аудандық қаржы бөлiмi (Ә.Аяпберген) 2011 жылға арналған аудандық бюджетпен белгiленген мөлшерде азаматтарды шақыруды ұйымдастыру шараларын қаржыландыруды жүргiзсiн.
      8. Ырғыз ауданы қорғаныс icтеpi жөнiндегi бөлiміне (М.Ыбраев) әскери қызметке шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктiне жiберу үшін автокөлік ұйымдастыру;
      азаматтарды әскери қызметке шақырудың барысы туралы 2011 жылдың 30 маусымына және 20 желтоқсанына аудан әкімдігін хабардар ету ұсынылсын.
      9. Аудандық шақыру комиссиясының мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің міндеттерін атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және орташа жалақысы сақталсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Шахинге жүктелсiн.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ырғыз ауданының
      әкімі                             М.ДУАНБЕКОВ

Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы «30» наурыздағы
№ 63 қаулысына қосымша

2011 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Ыбраев Манас

Ырғыз ауданы қорғаныс icтepi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасы

Назарбаев Еркін

Ырғыз ауданы iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары, төраға орынбасары (келiсiм бойынша)

Комиссия мүшелерi:

Айтқұлов Қайрат

Ырғыз ауданы әкімі аппаратының бас маманы

Дербіс Жандос

аудандық орталық аурухананың бас хирургі, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша)

Жаспанова Жаңыл

аудандық орталық аурухананың мейірбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)

Резерв:

Кенжебаев Дулат

Ырғыз ауданы қорғаныс icтepi жөнiндегi бөлiмi бастығының орынбасары

Сәдриев Сәбит

Ырғыз ауданы ішкі істер бөлімінің учаскелік аға инспекторы (келiсiм бойынша)

Комиссия мүшелері

Өтемұратов Айдарбек

аудандық орталық аурухананың хирургі (келiсiм бойынша)

Әлжанова Шынасыл

аудандық орталық аурухананың мейірбикесі (келiсiм бойынша)

Сулейменов Жасулан

Ырғыз ауданы әкімі аппаратының бас маманы (заңгер)

Жаңаберген Қанат

Ырғыз ауданы әкімі аппаратаның жетекші маманы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады