Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селоларының", "селосының" сөзі "ауылдық", "ауылдарының", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 29.12.2014 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Қызылжар ауылдық округі Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал ауылдарының тұрғындары жиналыстарының хаттамаларына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1) Құрлыс ауылының көшелеріне:
Қонқан Құлмырзин көшесі;
Әбілхайыр хан көшесі;
Байжан Белесов көшесі;
Қияс Сәрсенбаев көшесі;
Лайық Шоқпаров көшесі;
Симақ Еңсегенов көшесі;
Амангелді Бимұратов көшесі;
Байқазақ батыр көшесі;
Қожа Ізмағанбет көшесі;
Жаныс би көшесі;
Төкешов Мейірхан көшесі;
Байұзақ Ермекбаев.
2) Жаныс би ауылының көшелеріне:
Өксікбай Ашанбаев көшесі;
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі;
Достық көшесі.
3) Шеңбертал ауылының көшелеріне:
Бейбітшілік көшесі;
Астананың 10 жылдығы көшесі;
Саймағанбет Сәдірбаев көшесі;
Қолғанат Тоқбаев.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А. Ізбасароваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | А. САРИН |