Ырғыз ауданы Қызылжар селолық округі әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 8 "Қызылжар селолық округі Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4188 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 8 «Қызылжар селолық округі Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал селоларының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-138 санымен тіркелген, 2011 жылғы 23 тамыздағы «Ырғыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селоларының», «селосының» сөзі «ауылдық», «ауылдарының», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округінің әкімі Қ. Айтқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады