Ырғыз ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 94 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 3-5-149 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында, бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 21.09.2016 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халқының пікірін ескере отырып, Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз ауылдық округінің атаусыз көшесіне - Есболғанов Жақсылық есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық
округінің әкімі
Н. ҚЫЗБЕРГЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады