1. Ырғыз селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 94 "Ырғыз селосының көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-149 тіркелген, 2011 жылғы 27 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі | А. САРИН |