Ырғыз селолық округі Қалыбай елді мекенінің "Мантай" қыстағында карантин режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округі әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 96 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 қаңтарда № 3-5-152 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округі әкімінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округі әкімінің 09.01.2012 № 1 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 11 қазан 2011 жылғы № 3-4/614 ұсынысының негізінде Ырғыз селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз селолық округінің Қалыбай елді мекенінің «Мантай» қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдың «Қарасан» ауруы ошағының анықталуына байланысты карантиндік режим және шектеу іс-шараларын енгізу арқылы карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Мусинге жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз селолық округінің
      әкімі                                  Н. Қызбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады