Жайсаңбай ауылдық округінің Жайсаңбай ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қыркүйекте № 3-5-143 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 15.02.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селосы", "селосының", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 05.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Жайсаңбай ауылы тұрғындарының конференциясы хаттамасына сәйкес Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жайсаңбай ауылдық округінің Жайсаңбай ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      Өтебай Қанахин көшесі;
      Жұмахмет Шалтақбаев көшесі;
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл көшесі.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Байтақовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі: Е. СЕРМАҒАНБЕТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады