Қарғалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулылардың күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 190 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қарғалы ауданы әкімдігінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Байсеуповке жүктелсін.
      Қарғалы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Қ.Ізтілеу

  Аудан әкімдігінің
  2016 жылғы 16 мамырдағы
  № 190 қаулысына қосымша

Қарғалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылатын тізімі

      1.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 246 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 3-6-126 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 55 санында ресми жарияланған);
      2.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 183 "Қарғалы ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 3648 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 41 (4748) санында ресми жарияланған) қаулысы;
      3.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қаңтардағы № 25 "Қарғалы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 29 қаңтарында № 3769 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында және 2014 жылдың 14 ақпанында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысы;
      4.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 наурыздағы № 63 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 08 сәуірінде № 4291 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 20 (4832) санында және 2015 жылдың 13 сәуіріндегі "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған);
      5.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 50 "Қарғалы аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурыздағы № 4781 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінің 2016 жылғы 31 наурызда № 20 (4890) және 2016 жылдың 04 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады